Поможем написать учебную работу
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы білім берущілердің бірлескен еңьегі. Тәжірибені жүеге келтірген Джинни Л. Ситл, Куртис с. Мередит, Чарльз Тэмпл. Жобаның негізі Ж.Пиаже, Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады. Бұл жобаның мақсаты сабақ барысында оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірден саналы шешім қабылдауға үйрету. Сын тұрғысына ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен тұрады.
Қызығушылықты ояту.
Үйрену үрдісі бұрынғы білетін мен жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Яғни жаңа мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойлауды қозғау, ояту, ми қыртысына тітіркенгіш арқылы әсер ету жүзеге асады. Осы кезеңге қызмет ететін «топтау», «түртіп алу», «ойлану, жұпта талқылау», «болжау», «әлемді шарлау» т.б. стратегиялар жинақталған.
Осы кезеңде оқушының белсенділігі артады. Оқушы ӛз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, кӛршісімен бӛліседі, тобында талқылайды. Бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны байырғы біліммен ұштастырады.
Мағынаны тану
Бұл кезеңде оқушы жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның ӛз бетімен жұмыс жасап, белсенділік кӛрсетуіне жағдай жасалады. Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауына оқыту страгеиялары кӛмектеседі. Соның бірі INSEPT (белгі қою) әдісі. Ол бойынша оқушыға оқу, тақырыппен танысу барысында
V «білемін»
- - білмеймін,
+ - мен үшін жаңа ақпарат ...
? мені таңқалдырады белгілерін қойып отыру тапсырылады.
INSEPT оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал. Үйренушілер білетіндерін анықтап, білмейтіндерін белгілеп сұрауға әзірленеді. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білім арасында кӛпірлер құрастыруға дағдыландырады.
Ой толғаныс Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасында бұл сабақтағы аса қажетті мәнді, маңызды әрекет болып табылады. Дәл осы кезеңде үйренуші не үйренгенін саралп, салмақтап, оны қандай жағдайда, қалай қолдану керектігін ой елегінен ӛткізеді. Осы кезеңде «Бес жолды ӛлең, Венн диаграммасы, Еркін жазу, семантикалық карта, Т кестесі» сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне қарай қолданылады. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасында мұғалім оқу үрдісі кезінде оқушыларға кӛмекші, ұйымдастырушы болып, олардың ӛз ойын айтуға (дұрыс) қолдау кӛрсетіп отырады.
Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына тӛмендегі шаралар орындалуы керек:
1. сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт керек.
2. оқушыларға ойланып-толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру керек;
3. әртүрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау.
4. оқушылардың белсенді іс-әрекетін қолдау;
5. кейбір келеңсіз жағдайларды әжазға айналдырмау;
6. оқушылардың бір-бірінің жауабына жасаған сынынң дәлелді, дәйекті болуын талап ету.
7. сын тұрғысынан ойлауды бағалау.
Ал оқушылардан осыған байланысты:
- сенімділікпен жұмыс жасау;
- бар ынтасымен оқуға берілу;
- пікірлерді тыңдау, құрметтеу;
- ӛз пікірін ашық білдіруді талап ету қажет.
Тек сонда ғана олар:
- мен осы мәселе туралы не ойлаймын?
- Осы мазмұннан алған ақпарат менің бұрынғы осы мәселе туралы білетініме сәйкес пе?
- Осы ақпаратты үйрене отырып мен бірдеңе жасай аламын ба?
- Маған бұл жаңа ойлар, идеялар қншалықты әсер етті? Деген сауалдар тӛңірегінде ойлануға үйренеді. Жоба 80-ге жуық стратегиялардан тұрады Проблемалық оқыту әдісі Проблемалық оқыту - бұл оқушылардың танымдық дербестілігін қалыптастыруға, олардың ғылыми танымдық қабілеттері мен шығармашылық, сыншыл, ұтымды және қисынды ойлауын дамытуға бағытталған дидактикалық жүйе. Проблемалық оқыту әдісі оқу мақсатында туындаған проблемалық жағдайды біртіндеп шешу.
Проблемалық оқыту оқушылардың эвристикалық біліктерін дамыту, оларды ізденіс үрдісіне тартып, талдаушы білікті кемелдендіру мақсаты кӛзделеді. Психологиялық ойлаудың заңдылықтарына, ғылыми зерттеулердің қисынына сүйене отырып, оқушының зиятын, оның эмоциялық саласын дамытуға және осының негізінде дүниетанымын қалыптастыруға себепші болады. Проблемалық оқыту ғылыми таным нәтижелерін ғана емес, таным жолдарының ӛзін, шығармашылық іс-әрекет тәсілдерін меңгеруді де кӛздейді. Проблемалық жағдайды есеп, проблема немесе проблемалық есеп д.а. Проблеманың ерекшеліктері:
- проблемалық жағдайдың туындауы;
- нақтылы дайындық және есепті шешуге деген қызығушылықтың болуы;
- шешімнің әртүрлі мүмкіндігінің болуы әр бағытта ізденуге алып келеді.
Проблема оқушыларға түсінікті болуы керек, ал оның түйінделуі оқушыларда қызығушылық пен ниет тудыруы керек. Проблема мен прблемалық есепті ажырата алу керек. Проблеманың мағынасы кең, ол ӛз кезегінде біртіндеп және тармақталған проблемалық есептерге бӛлінеді. Мысалы, ромбты оқу бұл проблема. Осы оқу есебінен туындайтын проблемалық есеп ретінде ромбтың диагоналдарының қасиеттерін анықтауды айтуға болады.
Проблемалық оқытудың құрылымы:
1. оқу материалын ӛзектендіру
2. проблемалық жағдайды тудыру
3. оқу проблемасын қою
4. проблемалық есепті құрастыру (построение)
5. проблеманың шешімін іздеу және табу (гипотезаны түйіндеу, гипотезаны дәлелдеу, әдістерді талдау, жалпылау)
6. проблеманың шешімін тексеру. Зерттеу. Ізденіс нәтижелерін талдау.
Проблемалық оқытуда мұғалім оқушыларға дайын жауапты айтпайды., оларды ізденіске ұйымдастырады. Математикалық түсініктер, заңдылықтар, теориялар ізденіс үстінде талданып, бақылау жасалып айтылады. Мұғалім мен оқушының проблемалық оқыту әдісі кезіндегі қызметін қарастырайық (кесте 1)
Мұғалімнің қызметі |
1. проблемалық жағдайды тудырады |
2. проблема мен оның түйіндемесі туралы ойлауды ұйымдастырады |
3. гипотезаны іздеуді ұйымдастырады |
4. гипотезаны тексеруді ұйымдастырады |
5. нәтижені жалпылауды және алынған білімді қолдануды ұйымдастырады. |
Оқушының қызметі |
1. осознают противоречия в изучаемом явлении |
2. проблеманы формулирует |
3.Қарсылықты тудырған ойдың гипотезасын ұсынады. |
4. гипотезаны эксперимент, есеп шығару арқылы тексереді. |
5. нәтижені талдайды, қорытынды шығарады, алынған білімді қолданады. |
Проблеманы баяндау
|
Частично-поисковой уровень Жалпы тапсырманы құрастырады, оны кӛмекші тапсырмаларға бӛледі, іздеу жоспарын жобалайды, кеңес береді және ізденіс кезеңдерінде кӛмектеседі өз бетімен құрылған жоба бойынша тапсырманың шешімін табудың кезеңдеріне өтеді. Зерттеушілік қызметтің қарапайым біліктері мен дағдыларын қалыптастырады |
Зерттеушілік деңгей Тақырыпты айтады, зерттеудің барлық кезеңдерінен біртіндеп ӛтудің қажеттілігін жасайды: проблеманы қою, шешу, қорытынды өз бетімен проблеманы түйіндейді, шешу жолдарын табады, қорытынды жасайды Зерттеушілі, шығармашылық қызмет біліктері қалыптасады
Проблеманы баяндау. Мұғалімнің қызметі. Проблеманы қояды, гипотезаны ұсынады, оны шешудің жолын кӛрсетеді, қорытындыны түйіндейді Оқушының қызметі .Логикалық дәлелдеу мен шығармашылық ойлау үрдісін ойша қарайды. Деңгей көрсеткіші. Проблемалық жағдайда ақыл-ой қызметінің қалыптасуы.Зерттеушілік деңгей Мұғалімнің қызметі. Тақырыпты айтады, зерттеудің барлық кезеңдерінен біртіндеп әтудің қажеттілігін жасайды. Оқушының қызметі өз бетімен проблеманы түйіндейді, шешу жолдарын табады, қорытынды жасайды. Деңгей көрсеткіші Зерттеушілі, шығармашылық қызмет біліктері қалыптасадыЗерттеушілік біліктері: - есеп шартындағы барлық мәліметтерді ӛзара және есеп талабымен ескеру және сәйкестендіру, олардың қарама-қайшылығын және нақтылығын анықтау. - Жетіспейтін және артық мәліметтерді анықтау - Есеп шартымен оны табу жолдарын сәйкестендіру
- әрбір қорытындыны дәлелдеу
- барлық мүмкін дәлелдеулерін алуға және олардың жеткіліктілігін анықтауға ұмытлу
- есеп шартындағы барлық мүмкін қортындыларды жасауға ұмытлу
- есептің шығарылу жолын оның шартына сәйкестілігін тексеру.
Проблемалық оқытудың жетістіктері: оқушылардың ойлау қабілеттерін, математикалық қабілеттерін дамытады; оқуға деген қызығушылықтар арттырады; шығармашылық негізін, оқуға деген белсенділікті тәрбиелейді. Кемшілігі: уақыттың кӛп жұмсалуы, мұғалімнің арнайы әдістемелік дайындығының болуы. Алгоритмдік білік пен дағды деп біз оқушылардың алгоритмді құрастыруға, орындауға және қолдануға қажет негізгі іс-әрекетінің қалыптасқан жүйесін айтамыз. Бұл ретте, алгоритмді «алға қойылған мақсатқа жету жолында біртіндеп, қандай әрекеттер жасау керектігін орындаушыға түсінікті түрде әрі дәл көрсететін жарлық» деп түсінеміз /5/.
В. М. Монахов /14/, Н. Г. Демидович /15/ т.б. әдіскерлердің зерттеу нәтижелерін басшылыққа ала отырып, орта мектеп математика курсында оқушыларда тӛмендегідей алгоритмдік біліктілік пен дағдысын қалыптастыруға көңіл бөлініп отыр.
1. Алгоритм ұғымы мен оның қасиеттерін оқушылардың интуициялық деңгейде игеруі. Алгоритмнің орындаушыға арналған жарлық ретінде берілген түсініктің жеке-жеке бӛліктерден тұратынын, оның кӛмегімен кӛптеген есептер шешілетінін, кӛрсетілген амалдар тізбегінің қайталану мүмкіндігі бар екенін оқушы жете түсінуі керек. Сондықтан алынған алгоритмді орындау барысында оның бөліктерінің реті, әрбір нұсқауы жазылуында келтірілгендей қатал сақталып, дәлме-дәл орындалуы қажет.
2. Алгоритмнің кейбір жазылу әдіс-тәсілдерін, яғни оның толық жазылуын және кӛрнекі блок-схема ретінде берілуін білу.
3. Математиканы оқып-үйрену барысында есептеулер желісін құру, кестелер толтыру, алгоритмді жазудың формальдық түрін пайдалану.
4. Алгоритмді жазудың бір түрінен екінші түріне кӛшу.
5. Бастауыш сыныптан белгілі алгоритмдерді білу және қолдана алу.
6. Бір есептің әр түрлі шешуі болатын бірнеше алгоритмдердің ішінен ең тиімдісін таңдай білу.
7. Бұрыннан белгілі немесе есепті шығару барысында құрастырылған алгоритмді ұқсас есептер шығару үшін пайдалану. Сонымен «алгоритм деп берілген типтес есептердің ішінен оның кез келген дербес түрін шешуде қандай әрекеттерді және қандай ретпен атқарудың қажеттігін анықтайтын көпшілікке түсінікті және дәл жарлықты айтады». Алгоритм, алгорифм математиканың негізгі ұғымдарының бірі болғандықтан тікелей тәжірибеге сүйеніп түсіндіріледі және қарапайым ұғымдардың терминдері арқылы оған формальды анықтама беріледі. Жалпы алғанда, «алгоритм деп қандай да бір бастапқы деректерден (ұсынылып отырған алгоритм үшін бастапқы деректер болатын мүмкін жиынтықтан алынатын) басталатын және осы деректер бойынша толық анықталатын нәтижені алуға бағытталған есептеу жүргізу үрдісін кӛрсетіп беретін нақты және дәл жарлықты түсінеді». Жарлықтың мазмұнында алгоритмдік үрдісті атқарудың нұсқауынан басқа, мыналар да кіреді:
1. Мүмкін болатын бастапқы деректердің жиынтығы;
2. Нәтиженің алынуына байланысты үрдістің аяқталғандығын білдіретін ереже. Нәтиже әрдайым міндетті түрде алынады деуге болмайды, ӛйткені нақты мүмкін болатын бастапқы деректерге алгоритмді қолдану үрдісі (яғни осы деректерден басталып ӛрбитін алгоритмдік үрдіс) нәтижесіз болуы, үзіліп қалуы немесе тіпті мүлде аяқталмауы да мүмкін. Егер үрдіс нәтиженің алынуымен аяқталатын (аяқталмайтын) болса, онда қарастырмақшы мүмкін болатын бастапқы деректерге алгоритм жарамды (жарамды емес) болады. Алгоритм ұғымы тек есептеу үрдісімен ғана емес, сонымен бірге есептің түріне, типіне немесе қандай есептің түріне, типіне және оның қандай топқа немесе класқа тиісті екеніне сәйкес болатын есептің шешуімен байланысты.
«Алгоритм есептің беріліп отырған түріне жататын кезкелген есепті шешуге арналған саны шектеулі қайсы бір әрекеттерді орындау туралы дәл және нақты нұсқаулардың жиынтығы» /16/. «Алгоритм (алгорифм) белгілі бір класс құрайтын жиынтықты есептерді шешуге арналған нақты операциялар жүйесін ретімен орындау жайындағы дәл және нақты жарлық» /17/. Жалпы алғанда, алгоритм бастапқы деректермен ізделінеді, нәтижеге қарай ӛрбиді де саны шектеулі қадам жасағаннан кейін нәтижеге жеткізеді, алайда деректердің белгілі шекарада өзгеруі мүмкін.
«Алгоритм» сөзі позициялы ондық санау жүйесінде көп таңбалы сандармен арифметикалық амалдар орындаудың ережесін алғаш рет тұжырымдаған ІХ ғасырдағы ӛзбектің ұлы математигі - әл-Хорезми (арабша Хорезмнен шыққан дегенді білдіреді немесе латыншалағанда Algorithmi) есімінен шыққан. Оның еңбектері арқылы ондық санау жүйесіндегі сандарға амалдар қолдану тәсілі Европаға тарады және бұл есептеу тәсілдері ғалым есімінің латынша оқылуына орай алгоритмдер деп аталып кетті. Әр түрлі алгоритмдерді талдау олардың бәріне тән ортақ қасиеттердің бар екендігін кӛрсетіп отыр. Соларға қысқаша тоқталайық.
1. Алгоритм жалпылығымен кӛпшілікке бірдейлігімен сипатталады, яғни алгоритм бір ғана есепті шешуге емес, типтес есептердің қандай да бір түрінің кез-келгенін шешуге арналады, демек әлденеше есептің шешімін табу үшін қолдануға кепілдік береді.
2. Алгоритм анықтығымен ерекшеленеді, яғни алгоритм қатаң анықталған қадамның немесе әрекеттің ретін кӛрсетеді, ол есеп шығарушыға ӛз қалауынша келесі қадамды таңдауға ешқандай мүмкіндік бермейді, бірінші қадамды және әр қадамнан кейін қандай қадам келетінін бір мәнді анықтайды. Демек алгоритмде не істеу керектігінің барлығы алдын ала анықталып кӛрсетіледі, яғни ол еркіндікке жол бермейді.
3. Алгоритм нәтижелілігімен сипатталады, яғни есептің берілген түрінің кезкелген есебін сәйкес алгоритм бойынша шешу шектеулі санды қадамнан кейін нәтижеге жеткізеді, демек қадамдардың шектелген санынан кейін қажетті қорытындыны нәтижені алу мүмкіншілігін білдіреді.
4. Алгоритм формальдығымен ерекшеленеді, яғни алгоритмді орындаушы өз әрекетінің мән-мағынасын егжей-тегжейіне жеткізе түсінбесе де, қажетті нәтижені алады. Бұл жағдайда орындаушы формальды әрекет атқарады, яғни қойылған мәселенің мазмұнын ескермей-ақ, кейбір ережелерді, нұсқауларды қатаң орындайды. Демек, алгоритмді атқару үрдісінде ойлаудың қажеті жоқ, алгоритмде не кӛрсетілсе, тек соны атқару керек болады.
5. Алгоритмнің кӛпшілікке, жалпыға түсінікті болуы, яғни орындаушының қандай тобы болса да олардың бәріне бірдей түсінікті тұжырымдалған жарлық беріледі.
6. Алгоритм дәлдігімен ерекшеленеді, яғни алгоритмде бір мәнді қабылданбайтын нұсқаулар болмайды, сондықтан да әр түрлі орындаушыларға түсінікті болатын бірдей нұсқауларды орындағанда атқарушылардың әрқайсысы бірдей нәтиже алуы тиіс.
7. Алгоритм үздік (дискретті) үрдіс болып табылады, яғни сипатталмақшы үрдіс тізбектей атқарылатын қарапайым жеке әрекеттерге бӛлініп және бір нұсқаудың талабын орындағаннан кейін ғана, келесісін орындауға кӛшуге болатындығы тағайындалады. Демек алгоритмге тиісті әрекеттер де үздікті болып табылады. Оперативті-логикалық құрылымның әр түрлілігіне байланысты алгоритмдерді: сызықтық, тармақталған, циклді деп бӛлінеді. Тек қана жай командалардан тұратын алгоритмдер сызықтық деп аталады. Құрылымы бастапқы деректерге байланысты ізделінді нәтижені алудың бірнеше әр түрлі жолдарын қарастыратын алгоритмдер тармақталған деп аталады. Бірнеше әрекеттер қайталанатын алгоритмдер циклді деп аталады. Әр түрлі орындаушыға арналған алгоритмдерді жазудың немесе кӛрсетіп берудің бірнеше формасы бар, атап айтқанда:
1. сөзді-формальды форма;
2. көрнекі блок-схема;
3. оперативті схема немесе бағдарлама.
АЙЫРМАЛАП ОҚЫТУ
Айырмалап оқытудың тарихына кӛз жүгіртсек, ол басталған оқу жоспарын, бағдарламаны бӛлектеп оқыту дегенге келеді. Француздың differentiation сөзі латынның differentia - айырма, айырмасы деген сӛзінен алынған. Мектепке ыңғайлап айтсақ, жоғары сыныптардағы білім көлемін оқу жоспары бойынша әртүрлі оқыту, сондай-ақ, мамандық алуға (ауылшаруашылық, техникалық т.т.) ыңғайлап білім беру. Айырмалап оқыту қоғамның әлеуметтік талабын қанағаттандыру мағынасында ӛзгеріп отырады. Мысалы, Ресейдің білім беру жүйесінде 1864 жылы қабылданған Устав бойынша гимназияның екі жетісыныптық және реальдық типтерінде екі түрлі даярлық берілді. Жетісыныптық гимназия университетке түсуге мүмкіндік берсе, реальдық гимназияны бітірушілер әрі жұмыс істеуге, әрі арнайы жоғары оқу орнына түсуге мүмкіндік алды. Кеңес заманының алғашқы жолдарында (1918 1923 ), халық шаруашылығын қалпына келтіру жылдарында оқу кәсіби мамандықпен байланыстырылды. Әртүрлі тәжірибелік жұмыстар жүргізіліп, мектептер, мектеп ішінде сыныптар ашылды. Мұндай жағдай, Қазақстанда да болып, оқу құралдары аударылып, бастырылды. Әрине аталған мектептер алға қойылған мақсаттарды біршама орындағанымен, толық іске асыра алмады, себебі оған деген мектептің материалдық базасы, дайын маманы жетіспеді, тіпті терминалогия мәселесі де қиындық келтірді. ХХ ғасырдың екінші жартысында мектепке факультативтер ерікті шұғылданыстар енгізілді. Мәселен, осы авторы Шалқар қаласы, Ақтӛбе облысында, ауданға қажет медециналық және техникалық кадрлерді даярлау мәселесін қойып, факультативтік шұғылданыстар ұйымдастырды, осы кезде мектептің ӛз кадрлері, базасы болмады. Мұнан кейінгі жылдары да факультативтік шұғылданыстар қарқынды дами алмай отыр. Оның себептері де баршылық. Мәселен, оқу құралдарының жетіспеуі, материалдық базаның нашарлығы.т.б. Факультативтік сабақтарды енгізудің бір мақсаты математикаға, т.б. пәндерді оқуға қызығушылық тудыру арқылы, осы пәндерді жақсы оқу болды. Осыдан да ресми білім ордалары, мұғалімдер, оқу үрдісін зерттеуші ғалымдар сабаққа оқыту әдістері мен түрлеріне кӛңіл бӛлді. Сөйтіп, арнаулы мектептер ашыла бастады, жаңа техналогиялық ӛмірге келе бастады. Әуелде олар физика математика, хореография, кеміс балалар мектебі сияқты болса, қазір олар лицей, гимназия, мектеп гимназия, институт, академия, магистратура, университет болып сан тарауға жіктелді. Олардың бағдарламалары әртүрлі болғанымен, білім стандартына, пән бағдарламаларын басшылыққа алады. Білім берудің қазіргі бағыты қоғамдандыру, практикамен байланыстыру. Айырмалап оқытудың түпкі мақсаты әркімді жеке тұлға ретінде қарап, оның мүмкіндігін қоғамды дамытуға пайдалану. Ол үшін оқушы шығармашылығын, интелектісін, кәсіби шеберлігін дамыту қажеттігі туады. Дидактикалық кӛзқарастан айырмалап оқытудың әдістемелік жүйесін шешіп, бағдарламасын, оқу құралдарын жазып, кадрлерін даярлау қажеттігі туады. Математиканы айырмалап оқыту бұл оқыту мазмұнын, түрін оқу талабын айырмайтын топты оқыту. Мұнда әрбір оқушы ӛзінің бейімділігіне байланысты пәнді, оны оқыту деңгейін таңдай алады. Айырмалап оқытуда оқушының математиккаға деген қабілетін дамыта отырып, кез келген жоғары оқу орнына түсе алуы үшін жалпы білім береді. Арнайы мектептер мен сыныптарда математика тереңдетіле оқытылады. Білім берудің жаңа құрамдары (лицейде, гимназияда, кәсіби мектептерде т.т.) тіректік және нұсқалық білім беріледі. Тіректік білім беруге жалпы дамуға, мәдениетке кӛңіл бӛлінсе, нұсқалық оқытуда оқушының қызығуы мен мүмкіндігіне қарай оқыту әдістерін, құралдарын, мазмұнын икемдейді. Айырмалап оқытудың ішкі және сыртқы мағынасы болады. Ішкі айырмалауда сынып топтарға бӛлінеді. Олардың әрқайсысына әртүрлі талап қойылады. Мәселен, білім беру мазмұнына, серпініне қарқынына. Осылай оқыту арқылы бүкіл топқа тіректік білім меңгертіледі. Сыртқы айырмалауда оқу орындары алуан түрлі болады. Мысалы, күндізгі және сырттай оқулар, мамандандырылған сыныптар (математикалық, техникалық т.т.), мектеп кешендер. Оқу үрдісіне әртүрлі бағдарламаларды енгізу де сыртқы айрмалауға жатады. Айырмалап оқыту модульдік оқыту негізінде іске асырылады. Ол үшін оқушы бір пәнді тұрақты оқи отырып, соның негізінде ӛзіне қажет модульді таңдайды. Мысалы, математикалық сыныпта оқыған оқушы: эканомикалық модульді таңдаса, экономикалық сипаттағы арнаулы курстарды ( бухгалтерлік есеп, менеджмент т.т.) оқиды, ғылымижаратылыстану модулін таңдаса жаратылыстану сипатындағы арнаулы курсты (химияны, биологияны т.т.) таңдайды, физикаматематика сипатындағы курсты (математикалық модельдеу, ықтималдық теориясы мен статистика түзгіштері т.т.) таңдайды. Жоғарыда біз қазіргі білім берудің бір бағыты оны қоғамдандыру дедік. Бұл жағдайда математиканы ӛз тіліңде мәдениетті сӛйлете білуін қажет, яғни оқушы ойын қысқа, дәл, орамды жеткізіп, сӛйлемді дұрыс жазып, пікірін әртүрлі әдіспен түсіндіре алуы керек деген сӛз, атауларды орынды қолданып, мағынасын (ғылыми және тұрмыстық) дұрыс аша алуы деген сӛз. Демек, мұғалім ӛз оқушыларын, қысқасын айтқанда, тіл мәдениетіне үйретіп, математиканың басқа жерлеріндегі қолданысын философиялық мағынада ашу деген сӛз. Мысалы, у=кх+в математикше сызықтық функция, графигі түзу сызық, физикше бұл түзу сызықты қозғалыстағы жол, себебі формуланы деп қайта жазуға болады. Тек әріптерді басқаша жазып, оларға басқаша мағына бердік. Әсіресе геометрияны оқытқанда мұндай байланысты химия, сызу, кристоллография, геодезия, архитектура, машинатану, т.б. ілімерінен келтіру тиімді. 0 S vt S Жоғарыда біз білімді гуманитарлаудың бір саласы оқушының тіл мәдениетін дамыту дедік. Оқушының тіл мәдениетінің бір түрі оның алгоритмдік мәдениеті. Енді осы мәслеге тоқталайық.
ОҚУШЫНЫҢ АЛГОРИТМДІК ТІЛ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Алгоритм бұл ереже, реттілік, кейіп, нұсқау, формула. Мысалы:
- бӛлшекті ортақ бӛлімге келтіру;
- кесіндіні қақ бӛлу;
- квадрат теңдеуді шешу формуласы;
- туындыны табу ережесі, ... .
Математикалық ойлау мен білікті дамытуда оның қызметі ерен. Дайын алгоритмді жазу, оның түзгіштерін мағыналап, тура және кері түрлендіру, түрленген алгоритмді мағыналау ой жұмысы мен біліктің астарласуы. Бұл дайын алгоритмнен жаңа алгоритм құрастырумен бірдей. Бұлай үйрету әдісі эвристикалық әдіс деп аталады. Үйретілген алгоритмді жаңа жағдайға бейімдеп, басқа бір есепті, мәселені шешуге бағыттау шығармашылыққа, ой елегіне, таным білігіне үйрету болып табылады. Мұғалімнің сабақ үстіндегі іс-әрекеті күнібұрын жоспарланатыны белгілі. Осы кезде мұғалім ӛзі не істейді, оқушысы не істейді, оның бәрін реттеп жазады. Мәселен, есеп шығаратын болса, есеп шығару кезеңдерін анықтайды, амал реттерін есепке алады. Шынтуайттап қарасақ, бұл педагогикалық технология, оның ішінде жобалау және алгоритмдік технология болып табылады. Оқушының алгоритмдік мәдениетін:
- алгоритмді дұрыс жаза және түрлендіре (тура және кері) алуы;
- дайын және ӛзгерген алгоритмді мағыналай алуы;
- жасанды тілді табиғи тілге, табиғи тілді жасанды тілге аудара алуы;
- алгоритмді жазудың тілдік, символдық құралдарын (формула, кесте, блок схема т.б.) білуі;
- программалау тілдерін білуі т.б. анықтайды. Әрбір адам қадамын есеппен басатыны белгілі. Бұл жердегі есеп деп отырғанымыз алгоритм. Демек, алгоритмсіз күн жоқ. Ойлаудың алгоритмдік мәнерін қалыптастыруда оқу материалын қадамдап, буындап, желілеп, амалдап, алгоритмдеп түсіндірудің мәні зор, себебі әрекет реттеліп, белгілі тәртіпке түсіріледі. Осыдан да қиын мәселе жеңілдейді, түсінбестік болмайды. Ойлаудың алгоритмдік мәнерін программалап оқыту арқылы да іске асыруға болады. Программалау дегеніміз есепті компютер кӛмегімен шешуге даярлау.
Ол : - есепті шешу алгоритмін құруды;
- программалау тілінде программа құруды;
- программаны командалар ретімен машина тіліне хабарлауды қамтиды. Программалап оқыту оқылатын материалды қатал логикалық тізбек негізінде жасалған кадр арқылы оқыту әдісі. Әрбір кадрде жаңа материал сыбағасы мен тексеру сұрағы болады.
Программалау екі жүйеде ӛтеді: сызықтық программалау және тармақталған программалау. Сызықтық программалау үйретуші мағына алатындықтан, оқу материалының сыбағасы аз мӛлшерде болады, әрі үйретілген материалға ұқсастырып тапсырма беріледі. Тапсырманы оқушы түгел дерлік ӛзі орындайды. Мұнда үлгірім 95 процент болады. Тармақталған программалауда да кадрден кадрге ӛтіледі. Бірақ кадрдегі тапсырманы оқушы орындай алмаса, қосымша кадрден білімін толықтырып, «қиын» кадрдегі тапсырмасын орындап, келесі кадрге кӛшіп отырады.
Әрине кадрдегі ақпарат кӛлемі де мазмұны да сызықтық программалаудағыдан кӛптеу, әрі күрделілеу болады. Ӛз жауабын оқушы берілген 5 жауап ішінен таңдап белгілейді де соңынан кадрде кӛрсетілген дұрыс жауаппен салыстырады. Программалап оқытудың ӛз жетістіктері мен кемшіліктері де бар.
Жетістіктері :
- оқу материалын дұрыс таңдап және тиімді мӛлшерлеу;
- оқушының ӛз бетіндік қызметінің болуы;
- әр оқушының ӛз мүмкіндігіне қарай алға жылжуы;
- білім нәтижесінің тез тексерімділігі.
Кемшілігі: - оқу материалы түгел программаланбайды, себебі кадр тым кӛп болып кетеді;
- кадрді жасауға мұғалімнің уақыты кӛп кетеді. Осыдан да мұғалім бұл әдісті сирек пайдаланады;
- тармақталған программалауда қайталау біраз уақыт алады, себебі оқу құралы тым қалың, әрі қайталау сұрақтары кітаптың әр жерінде орналасады;
- оқушы қатесі уақытылы тексерілмегендіктен, түзетілмегендіктен білімде олқылық болады. Десекте, андасанда болса да мұғалім программалап оқытуды пайдаланып отырса (машинасызақ), білімдегі кемшіліктер тез жойылады. Программалап оқытудағы берілген жауаптарды былай құрған тиімді: Бір жауап дұрыс жауап, бір жауап ойға келмейтін қате жауап, қалған үш жауап - оқушы жіберетін қателер тӛңірегінде болғаны дұрыс. Оқушы білімін тексерудегі сынау әдісі осы мағынада құралады. Машина кӛмегімен программалап оқыту үшін компьютер қолданылады. Мұндай оқыту әдісі компютерлік техналогия делінеді.
ОҚЫТУДЫҢ ТӘУЕЛДІ БІРЛІК ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Педагогикалық технология құрылымы:
а) концепциялық негізі;
ә) оқытудың мазмұндық бӛлімі:
- оқыту мақсаттары жалпы және нақты;
- оқу материалының мазмұны;
б) технологиялық үрдіс:
- оқу үрдісін ұйымдастыру;
- оқушы қызметінің арналары мен әдістері;
- мұғалім қызметінің арналары мен әдістері;
- материалды меңгеру үрдісін басқарудағы мұғалімнің қызметі;
- оқу үрдісін диагностикалау, енгізу және түзету;
- бағалау
енеді.
Педагогикалық технологияға қойылатын әдіснамалық талаптар
Әрбір технологияға қойылатын әдіснамалық талаптарды технологиялықтың критерийлері дейді. Олар түрліше болады. Концепциялылығы. Әрбір педагогикалық технология белгілі бір ғылыми концепцияға, яғни білім беру мақсаттарына жету үшін философиялық негіздеуге сүйенеді. Жүйелілігі. Педагогикалық технологияда үрдістің логикасы, оның барлық бөліктерінің өзара байланысы, өлшемділігі (толымдылығы), информативтігі, бүтіндігі сияқты жүйе құрау белгілері болуы тиіс. Басқарушылығы. Бұл критерий бойынша оқыту үрдісін диагностикалық мақсатты жайғастыру, жоспарлау, жобалау, кезедеп диагностикалау, нәтижені түзету мақсатында құралдар мен әдістерді өзгерту. Тиімділігі. Қазіргі педагогикалық технология бәсекелестік жағдайында өмір сүретіндіктен, нәтижесі бойынша әсерлі және жұмсалатын шығыны бойынша тиімді болуы керек, әрі оқытудың белгілі стандартына жетуге мүмкіндік беруі мен кепілдік жасауы тиіс. Жарамдылық талабы бойынша педагогикалық технологияны басқа бірдей білім беру орындарында қайталап пайдалана алуы, жаңғырта алуы тиіс, яғни пайдалануға жарамды болуы тиіс.
Педагогикалық технологияны жіктеу Педагогикалық технологияны жіктеумен В.П.Беспалько, В.Т. Форменко, Г.К.Селевколар айналысқан. Біз Г.К.Селевконың жіктеуін аламыз. Пайдалану деңгейі бойынша: жалпы педагогикалық, пәндік және модульдік техногллогия болып бӛлінеді.Философиялық негізі бойынша: материалистік және идеалистік, диалектикалық және метафизикалық, ғылыми (сцентистикалық), діни, ізгілік және биізгілік, антропософтық және теософтық, прагматикалық және экзсизстенттік, еркін тәрбиелеу және күштеу технологияларына жіктеледі. Психикалық дамудың алдыңғы қатарлы айғақтары бойынша: биогендік, социогендік, психогендік және идеалистік технология болып бөлінеді. Егер даму нәтижесі адамның өз тәжірибесіне, психологиялық дамуына байланысты болса, онда мұндай психикалық дамуды психогендік технология дейді. Егер оқу нәтижесі адамның әлеуметтік тәжірибесінің көрінісі десек, онда мұндай технологияны социогендік технология дейді. Биогендік технология психиканың биологиялық, тұқымқуалаушылық астарларына байланысты. Жалпы алғанда бір айғақты, әдісті, қағиданы пайдаланатын технология болмайды, әдетте, педагогикалық технология шоғырлы болады. Тек қана оқыту үрдісінің бір ілігін басымдылықпен көрсетіп, солай атайды. Мысалы, компьютерлік технологияда мұғалім оқыту үрдісін компьютер арқылы ұйымдастырады. Компьютерлік технология мен алыстан оқыту технологиясы, ақпараттық технологиясы астарласып жатыр. Дара тұлғаның құрылым бағдары бойынша: ақпараттық технология, операциялық технология, эмоциялық-көркемөнерлік және эмоциялық- адамгершілік технология, өз бетінше даму технологиясы, эвристикалық және қолданбалы технология болып топталады;
Мазмұн сипаты мен құрылымы бойынша: үйретуші және тәрбиелеуші, жалпы білімдік және кәсіби-бағдарланушылық,қоғамдану және технократтық, әртүрлі өнеркәсіптік, пәндік, кешендік және өткір т.б. технологиялар болып жіктеледі; Таным қызыметін ұйымдастыру мен басқару типі бойынша В.М.Беспалько сегіз түрлі технология ұсынады. Оқыту әдістері, тәсілдері, құралдары бойынш: догмалық, өнімсіз, түсіндірмелі- бейнелік, программалап оқыту, проблеммалық оқыту, дамыта оқыту, өз бетінше даму оқуы, кезексөз, коммуникативтік, ойын, шығармашылық технологиялары болып жіктеледі. Оқушы категориясы бойынша:
- көпшілік( дәстүрлік) мектеп технологиясы;
- алға жылжыған деңгейлі технология;
- толықтырып оқыту технологиясы; - виктимологиялық технологиялары;
- көпшілікке арналған мектептерде ауытқуы бар (тентек, дарынды) балалармен жұмыс істеу технологиялары болып жіктеледі. Мазмұны жетілдіру және түрлендіру технологиялары. Оларда жеті тарамға бӛлінеді. Мысалы, В.Ф. Шаталовтың тірек нышандары дәрістігі негізінде оқыту технологиясы активтендіру және ыждағаттау негізіндегі педагогикалық технология болса, П.М.Эрдниевтің дидактикалық бірлік технологиясы «әдістемелік жетілдіру және дидактикалық қайта құру» негізіндегі педагогикалық технология.
ДАМЫТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ХХ ғасырдың 30шы жылдарының басында орыстың ұлы психологы гуманист Л.С.Выгодский баланы дамытуға бағытталған оқудың пайдалылығын және мүмкіндігін негіздеді. Сөйтіп, баланы дамытуды басты мәселе етіп қойды. 5060 жылдары бұл көзқарасты іске асыруды Л.В.Занкова қолға алып, бастауыш оқытудың жаңа жүйесін жасады. Л.С.Выгодскийдің идеясын толығырақ, әрі бірізді психология теориясындағы қызмет түсінігі шеңберінде дамытушылар А.Н.Леонтьев, П.Я.Гальперин және тағы басқалар болды. Олар адам қызметінің алуан түрі мен арнасының субъектісі ретінде алдыңғы шепте баланың қалыптасуы дегенді айтты. ХХ ғасырдың 60-жылдары Д.Б.Эльконин оқушылардың оқу қызметін талдау арқылы оның мәні не ол, не бұл білімді меңгеруде емес, осы оқу қызметінің субъектісі ретінде баланың өз-өзін өзгертуі деп тұжырым жасады. Сөйтіп, осы негізде дамытушы оқыту тұжырымдамасының іргетасы қаланды. Мұнда бала мұғалім әсер ететін үйренуші объект емес, ілімнің өзі өзгеретін субъектісі, оқушысы болды. Осындай субъект болу деген сөз, өзін-өзі өзгертуге қажеттіктің және оны ілім көмегімен қанағаттандыра алатын қабілетінің болуы. Аталған мүмкіндіктер дәстүрлік педагогиканың «дербестен жалпыға, нақтыдан - дерексіздікке» деген қағидасын жоққа шығарады. Дамытушы оқыту тұжырымын жасаушылар оқытудың бастауыш кезеңі үшін не ол, не бұл әрекеттің құрылуының жалпы қағидасын ашу мүмкіндігін іс жүзінде көрсетіп берді. Мәселен, әуелі бір орынды, кейін көпорынды сандарға қолданатын төрт амалды орындаудың дербес әдістерін меңгеру орнына, мұғаліммен біріге отырып, екі шаманың қатынасы ретінде сан ұғымын талдап, соның негізінде әртүрлі сандармен (бүтін және бӛлшекпен, оң және теріс санмен) әрекет жасаудың әдістерін саналы түрде құра алатындық мүмкіндікке ие болады. Дамытушы оқыту мақсаттарына жетуді қамтамасыз ететін оқушы белсенділігін қолдаушы, әрі ұйымдастырушылар оның әдістерінің байланыстырушысы болады. Оқушының осындай белсенділігін ұйымдастыру меңгеруге ұсынған әрекет әдістерін оқушы тап басып, ұстайды; белгілі дәрежеде оның мағынасы мен құрылымын түсінеді; сондай жаттығуларды орындағанда белгілі дәрежеде қалыпына келтіре алады. Оқушының қалыпына келтіретін маңызды осы үш шартты қамтамасыз ету үшін мұғалім өз күшжігерін салуы керек. Ұсынылған шешу әдісін меңгеру үшін мұғалім үлгіні көрсетуі керек, оны мүмкіндігінше түсінікті етіп айтып, жаттығу есептерін орындаған кезде дұрыс қолданылуына сенімді бақылаумен қамтамасыз етуі тиіс. Дамытушы оқыту бұл тұтасқан педагогикалық жүйе. Ол негізгі сипаттаушы мақсаттарымен байланысты.
Дальтон-технология Дальтон технологиясы жоболоу әдісіне ұқсас. Дальтон деген АҚШ қаланың аты? Осындай мектеп алғаш осы қалада ашылған. Қазір мұндай мектептер АҚШ пен Голландияда, т.б. елдерде бар. Американдық педагог Хелен Паркерхерст балаларды социумда өмір сүруге, олардың денесі мен ақыл-ойын дамытуды алдына міндет етіп қояды. Ол осы ойын «Лабораторялық жоспар» деген технолгияда іске асырады. Ол біріншіден жекедара оқуға көңіл аударады, себебі бұл оқушының тұлғалық дамуына кӛп әсерін тигізеді. Дальтон технологияның мақсаты:
- оқушының жеке-дара дамуын қамтамасыз ету;
- ынтымақтастық дағыдысын, жауапкершілік пен өз бетімен жұмыс істеуде және оқу-ізденімпаздығын қамтамасыз ету.
Дальтон-жоспар дегеніміз негізінен үш қағидаға сүйенген сыныптық оқу үрдісі. Үш қағида, еркіндік, өз бетімен жұмыс істеу, ынтымақтастық гумандық қағидаға бірігеді. Еркіндік оқушының сабақты, тақырыпты, білім көздерін, екпінді, жұмыстың әдіс-тәсілдерін таңдауы. Оқу пәні оқу жоспарында көрсетіледі. Бұл еркіндік жауапкершілікпен алынады. Оқушы өз бетімен еркін оқиды, өзіне бақылау жасайды, ӛзара бақылау болады. Еркін дайындалған тапсырмаларды тексере отырып, соңғы нәтижені мұғалім бағалайды. әр оқушы мұғалімге жеке келіп тапсырады. өз бетімен жұмыс істеу бұл оқушының ізденімпаздық қызметінің деңгейін өзі анықтап, өз бетімен шешім қабылдап, оған жауап беру. Ынтымақтастық оқу-ізденімпаздық қызметтің түрін таңдау, жеке дара, жұпық, кіші топпен. Оқушы көмекті қалаған адамынан сұрауына болады, ол ата-анасы, мұғалім, құрбысы болуы мүммкін. Ол өзінің білмейтінін мойындаудан қорықпауы керек. Бұл оқушыларды біреуді, сыйлауға, оны тыңдауға, түсінуге онымен қатынас орнатуға, бірігіп шешім қабылдауға, бір-біріне сенуге үйретеді. Сонымен Дальтон-технологиясының негізгі қағидасы: кіммен жұмыс істегің келсе, сонымен істе; қалаған адамыңнан сұра, бірақ тапсырманың орындалуына жауапты өзің бересің (жауапкершілік). Дальтон-технология тапсырмалар, зертхана және «үйден» тұрады. Тапсырмалар Дальтон-технологияның мазмұнын құрайды. әр тапсырмадан есепті (проблеманы) анықтау керек, ал тапсырмалар деңгейлеп құрастырылған. Тапсырмалар зерттеушілік сипатта болуы мүмкін, эксперимент қоюға, жоба жасауға берілуі мүмкін. Тапсырмаларді мұғалім ғана тексеріп қоймай, олардың дұрыстығына көз жеткізу үшін барлығына тексеру жұмыстары беріледі. Жұмыстың нәтижесі бағаланады, оның орындалуы тексеріліп, мұғалім ауызша баға беріледі. Зертхана- оқушының өз бетімен жұмыс істеуге берілге уақыты мен оқу сабақтарына қатысу кестесі. «Үй» - үйге ұқсаған орын, мұнда оқушы жұмыс істеуіне барлық жағдай жасалады. Біреумен ықтымақтасып жұмыс істеуі, кеңес сұрай алуы, т.б. Дальтон-технологияның орындалуынының 4 түрін көрсетуге болады. Сыныптық оқу сабағы, ұжымдық сабақ, зертханалық жұмыстар, конференция. Сыныптық оқу сабағы- негізінен теориялық материалды игеріледі және білік пен дағдыларды өңдеуге, оларды бекітуге арналады. Ол лекция, бақылау сабақтары т.б. мұнда сабақтан қалуға болмайды.
Ұжымдық сабақ оқушылардың көбінде болған проблеманы шешуге тырысу. Келесі этапқа кӛшу үшін ұжымдық талдау, шешу.
Зертханалық сабақ. Белгілері:
- керекті әдебиеттер, құралдар, анықталықтар бар орын;
- оқушының жұмысын орындауына үшін ұзақ уақыт зертхана жұмыс ітеуі керек;
- бір немесе бірнеше кеңесшінің болуы. Бұл жерде оқушы, жеке, топпен, жұппен жұмыс істейді. Ол репетитор ретінде кӛпшілік алдында сӛйлеуіне болады. Осы сабақ барысында оқушы мұғалімнен кеңес ала алады. Көпшілік жағдайда мұғадім бақылап отырады. Жалпы пікір талас өткізуге болмайды. Конференция. Белгілері: - дайындалуға қажеттілік;
- баяндама жасау (хабарлама емес)
- өзінің көзқарасын білдіру.
Жобалау (латын тіл. projectus алдыға лақтырылған) бұл жобалауды жасаудың айтарлықтай жинақталғанған процесі, ойластырылған мәселенің іске асырылуы. «Жобалау әдісі», «педагогикалық жобалау» және «білім беруді жобалау» түсініктері бір-бірінен ерекшеленеді.
Жобалау әдісі бұл білім алушылардың әлеуметтік жағдайларды ұсынып, оларды шешудегі педагогикалық технологияны моделдеу және білім беру жағдайларын ұйымдастыру. Мектептегі жобалау әдісін іске асыру шарттарын ұсыну өзінің проблемаларын шешу болып табылады.
Жобалау өнімі жобалаудың қызметтік мақсаты мен нәтижесі. Ол теория немесе үлгі, формула, алгоритм, парадигма, материалдық объект түрінде болуы мүмкін.
Педагогикалық жобалау оқу технологиясы ретінде қолданылады бұл педагогикалық жобаның пайда болу процесі және оны іске асыру, тәжірибелі-бағытталған қызмет, осымен қатар жаңа білім беру жүйесі тәжірибесінде қолданылмаған педагогикалық қызмет түрлерінің жасалынып шығарылуы. Мысалы, келешектегі бағдарламалардың, оқулықтардың, үйрету технологияларының үлгілерін жобалау құралдары болуы мүмкін. Білім берудегі жобалау оқытудың әдістері ретінде танылады. Бұған оқулық (дипломдық, курстық) жобалауды орындау мысал бола алады.
Жобалаудың негізгі принциптері
болжау принципі алдымыздағы болатын жетістіктерді, идеяларды болжайды;
«потенциалдардың ерекшелігі принципі» жобалау құралының шын мәніндегі жағдайының және біздің ойымызша оның қандай болу керектігінің айырмашылығын көрсетеді;
сұраныстарды қадағалау принципі барлық қатысқан жақтардың сұраныстарының көп түрлерін қадағалауды қажет етеді;
ерекшелік принципі жобалауға қатысушылардың шығармашылық ұмтылуға дамытуын қамтамасыз етеді;
шынайылық принципі жобалық мақсаттарға жету кепілдігін қамтамасыз етумен байланысты;
қадамдық принципі болашақтың сұраныстарын сатылы кезеңдермен қамтамасыз етуін қарастырады;
нормаландыру принципі жобаны құрудағы кезендерде көрсетілген іс-жосығының шегінде өтуін қарастырады;
белсенділік принципі жобалауға қатысушылардың бірігіп жасалатын әрекеттерді жасау жоспарынан бөлек, жан-жақты белсенділігін қарастырады;
қайтымды байланыс принципі әр жобалық іс-жосығының және одан әрі болатын іс-әрекеттерді қадағалаудың нәтижелілігі туралы мәліметтерді алуды қарастырады;
өнімділік принципі жобалық тұлғалардың, мәліметтерді алудағы тікелей байланысындағы бағдары міндеттілігі мен прагматикасын белгілейді.
Жобалауға үйрету
Жоба тұлғалары бұл, қатысушылардың негізгі компетенциялары құралатын және бағалануы мүмкін болатын орта. Жобалық үйрету, басым бӛлігі жобалау әдістерімен құралған үйрету процесін қарастырады. Жобалау әдістері бұл, жобада үйрету және жобамен үйрету. Жоба оқытушының арнайы ұйымдастырған және білім алушының өздігімен орындайтын іс-әрекеттерінің жиынтығы. Сонымен қатар білім алушы субъект, өз білімінің жемісі,
ӛзінің білімдерінің ұйымдастырушысы, ӛздігімен даму кезендерінің жобалаушысы болады.
Осындай үйретудің басты ерекшелігі білім алушылардың өздерінің жеке білімдік ӛнімдерін жаңалықтарын, есептерін, болжамдарын, оқу бағдарламаларын, жобалауын жарату болып табылады.
Жоба субъектілері Жобалауға жеке, қос, топтық субъектілер қатысуы мүмкін.
Бұлар жеке білім алушылар; сыныптар, сынып ішіндегі шағын топтар; эксперименттерге арналған әр сыныптан алынған іздеуші, пилоттық топтар; жағдайларға байланысты қосылымдар, мысалы, компьютерлік жүйемен қолданушылар болуы мумкін. Жобалау тұлғаларының шегінде білім алушылар әр түрлі жобалаумен шығуына болады. Бұл: тапсырыс беруші, жұмысты шығарушы, қосбасшы, үйлестіруші, басқарушы, жобалау орындаушысы, эксперт ретінде. Мұғалім жобалау басқарушысы ретінде рөл атқарады. Кеңесші, маман, үйлестіруші, эксперт, энтузиаст (сұрақ қоятын адам) ретінде де. Мұғалімнің рөлі, яғни, жобалау басқарушының рөлі білім алушыларға өз бетімен жұмыс істеуге ниет беруі керек.
Нәтижелі жобалап оқыту Нәтижелі жобалап оқыту жобалық оқытуға сәйкес жасалған бұл қазіргі кездегі білм беру жүйесіндегі ең өзекті мәселенің бірі білім алушының білм мазмұнынан оқшауланып бөлектенуі. Нәтижелі жобалап оқытудың мақсаты бұл білім алушыны белсендірек ету. Оның басты тіректері жоба мен нәтижелік және осы арқылы жобалау көмегімен жоба нәтижелігін алу.
Жоба түрлері
Оқу жобалауы бұл аяқталған оқу тақырыбын, оқу бөлімін, оқу курсын немесе бірнеше курстарды оқып, аяқтауға бағдарланған және оқушылардың біріккен оқу-танымдық, зерттеушілік, ойындар барысында ұйымдасқан жұмыс түрі.
Кәсіби даярлық жүйесіндегі жобалау бұл бүгінгі күнде кәсіби оқытудың міндетті бӛлігі. Курстық жұмыстар, дипломдық жобалау дәстүрлі түрде мамандарды даярлаудағы білм берушілік және бақылаушылық түрлер болып табылады.
Бос уақыттарды өткізу үшін жасалған жобалау оқытушылар мен білім алушылардың демалысын ұйымдастыру. Осы саладағы ен кең тараған түрі каникулярлық: кешенді, кәсіби, қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді бағдарламалар.
Әлеуметтік-педагогикалық жобалау қоғамдық мәнге ие және балалар мен жастар клубтарымен, қоғамдық ұйымдар және бірлестіктермен ұсынылып ұйымдастырылады.
өзіндік қалыптасу жобалауы жеке тұлғаның кәсіби (өмірлік жолын) өзіндік жобалауға (биографиялық жобалау) негізделген.
Оқу жобаларын жіктеу
Қатысушылар құрамына сәйкес: жеке, топтық, ұжымдық, корпоративті жобалар.
Мазмұнына орай:
моножобалар бір оқу пәнінің немесе білім аумағы аясында жүзеге асады;
пәнаралық, интегративті сабақтан тыс уақытта мұғалімнің немесе маманның жетекшілігімен жүргізіледі.
Байланыс сипатына орай (таралу территориясы): ішкі сыныптық, ішкі мекетептік, мектеп аралық, аймақтық, халықаралық, жоғары оқу орны аралық, ағымдық жобалар.
Басым қызметтер сипатына сәйкес: тәжірибелік-бағдарланған; зерттеушілік; ізденушілік; эксперименттік; ақпараттық; коммуникациялық; рӛлдік; шығармашылық жобалар.
Оқу жобасының типіне байланысты:
конструктивті жобалар нақты, пайдалы нәтижені алу: жаңа кранды орнату, ас үй үшін сӛрме жасау, сән үлгісіндегідей шаш қию, қуыршақ театры үшін сцена жасау;
ойын жобалары, мақсаты - білім алушыларды топтық қызметке қатыстыру, бұл - әр түрлі ойындар, халықтық билер, драмалық қойылымдар;
экскурсиялық жобалар қоршаған орта мен қоғамдық ӛмірмен байланысты проблемаларды тұтастай зерттеу.
Күн тәртібіндегі жобалар білім алушыға ауызша, жазбаша, вокалды, музыкалық түрде қанағаттануды қамтамасыз етеді;
Телекоммуникациялық жобалар білім алушылардың оқу танымдық, творчествалық және ойын әрекеттері барысында бірігіп қамтамасыз етіледі, бұл компьютерлік телекоммуникация негінде ұйымдастырылады.
Ұзақтығы бойынша:
шағын жобалар бір сабақ немесе оның бӛлігі кіреді;
қысқа мерзімді 4-6 сабақтар кіреді;
апталық 30 40 сағаттар талап етеді, яғни сыныптық және сыныптан тыс жұмыс формаларын қолдануды жобалайды;
кӛпмерзімді (жылдық) негізі сабақтан тыс уақытта жеке және сынып жағдайында орындалады.
Оқу жобаларына негізгі талаптар
жоба мәселесі тұлғалы немесе әлеуметтік маңызды творчествалы, танымды, мәліметті, қолданбалы, сыртқы тапсырыс беретін тапсырыс болу керек;
Тақырыптық таңдау ерікті (бірақ, заңға және басқалардың мүддесіне зиян келтірмеу керек), оқушылардың жеке мүдделерін анықтайды және бекітілген бағдарламаға сәйкес білім беру мамандарымен талқыланады;
жобаларды жоспарлау ӛнім түрлерін кӛрсетумен, олардың презинтация формаларын кӛрсету, жауаптылар және негізгі процедулар кӛрсету арқылы іске асады;
жобалардың бағалау критериялары түсінікті және жоба қатысушыларға түсінікті болу қажет, сонымен қатар олар 7-10 аспау қажет, презентация ғана емес басынан бастап жұмыс сапасы бағалау қажет;
мәлімет іздеу білім алушының зерттеу жұмысын жоба жағдайының міндеттемесі сияқты қабылдау қажет;
ӛнім жобалардың нақты нәтижесі болып табылады;
жобалар жүзеге асыру міндетті жағдайы ӛнім презентациясы, жобаны қорғау, жоба бойынша есеп.
Жобалардың нәтижесін жариялау (презентация) түрлері
ғылыми баяндама; ғылыми кеңесте қорғау;
табиғи объекттілер; олардың суреттері;
видеофильмдерді демонстрациялау; телехабарлар;
ғылыми конференция; пресс-конференция;
қойылымдар; спектакль;
саяхат;
альбом; электронды газеттер;
спорттық және іскерлік ойын.
Сонымен, жобаны оқытудың мәні мынада, оқушы оқу жобасының барысында нақты істерге, объектілерге қол жеткізу керек. Бұл оқушылардың нақты жағдайды бастан кешіру, жаңа объектілер құру, процесстер, кӛріністер ішіне енуге бағыттау.
1. Жобалау әдісі, әлемдік педагогикада мәселелер әдісі деп аталып кеткен принципиалды жаңалық емес. Ол философия мен білім берудің гуманистік бағыты арнасында пайда болып, АҚШ пен басқа елдерде ӛткен ғасырдың басында қалыптасты.
2. Уақыт ӛтісімен жобалау әдісі ойы кей эволюцияға ұшырады сынып-сабақтың оқу жүйесін құртуға бағытталған бұл әдіс білім алушылардың еркін тәрбиелену ойы ретінде туындады. Жобалау әдісі қазіргі дәстүрлі оқыту тәсілдеріне осы заманғы білім беру жүйесінің кешені болып ұласты.
3. Дегенмен, бұл әдістің мән-мағынасы ӛзгерген жоқ, ең бастысы ол-білім алушылардың белгілі бір мәселелерге назарын аударта білу, академиялық білім мен прагматикалық дағдыны кілтті құзіреттіліктерде қалыптастырып, оқытудың әр кезеңінде қажетті тепе-теңдікті сақтап тұру.
4. Жобалау әдісін қолданудағы қоятын негізгі талаптар:
Білім алушылардың ӛздік (жекелей зерттеушілікті, интеграциялық білімді талап ететін тұлғалық маңызды мәселенің айқындалуы;
Оқушылардың (жеке, жұп, топтық) жұмыстары;
Зерттеу тәсілдерін қолдану: белгілі бір мәселелер, одан туындайтын зерттеу жолдары, гипотезаны ұсыну мен оны пысықтау, берілген мәліметтердің талқылауы, қорытындылау, дұрыстау,нәтижелер.
5. Жобалау әдісінің сыртқы нәтижесі жобалау нәтижесінде алынған ӛнім, оны кӛзбен кӛріп, тұжырымдап, практиакда қолдануға болады. Жобалау әдісінің ішкі нәтижесі мәеслелер шешудегі білімгерліктің қалыптасуы; коммуникативті, ақпараттық, кілтті білім құзіреттілігін құрайтын, білім алушының іс әрекеттер тәсілдерін меңгеруі; олардың қалыптасуын қазіргі заманға сай келетін мұғалім әрі мектеп қамтамасыз етуі шарт.
6. Жобалық еңбектің құрылымында мынандай жалпы кезеңдер мен іс-жосықтар орын алады:
- Жобаға дейінгі деңгейде:
Шынайы объектінің, заттың кемшіліктерінің анықталуы;
әлеуметтік және индивидуалды деңгейде белгілі бір талаптар айқындалады;
проблемалар біліне бастайды;
зерттеу бағдарламасы мен қойылған мақсаттарға жету жоспары қарастырылады.
- Жобаның іске асыру кезеңі келесідей сипатталады:
Білім алушының ӛздік жұмысының;алдын ала құрастырған бағдарламаға сай жобалау, бұл арада білім алушылар ӛздері шешімдерді қабылдап, оны жүзеге асырады, нәтижелерді бағалайды;
Мұғалім бұл жағдайда кеңесші, яғни күтпеген жағдайда тез арада шешім қабылдауда, оның мән мағынасын түсіндіруде кӛмекші рӛлін атқарады.
- Жобадан кейінгі кезең, ӛзіне жалпы нәтиженің бағасы мен жобалау мәнін қосады.
7. Жобалау әдісіне жәрдем ретінде компьютерлік құрылғының бүкіл кешені керек.