Поможем написать учебную работу
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Билет 1
1996 жылдың 1 қаңтарынан бастап 26 желтоқсан 1995 жылғы №2732 « Бухгалтерлік есеп туралы » заң күші бар ҚР Президентінің Жарлығы күшіне енді, ал ол қазір 2004 жылдың 24 маусымынан бастап « Бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есеп беру туралы » ҚР Заңы деп аталды. Осы заң бухгалтерлік есеп пен есеп берудің барлық сауалдары бойынша кәсіпорын басшылары, бухгалтерлері мен баска да лауазымды тұлғалары басшылыққа алуға міндетті нормаларды анықтайды.
« Бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есеп беру туралы » ҚР Заңы 5 бөлімнен және 26 баптан тұрады.
1-бөлім.Жалпы ережелер. Бөлімде: заңның қызмет ету саласы; бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру жүйесінің мемлекеттк реттелуі; бухгалтерлік есеп стандарттары мен бухгалтерлік есепшоттарының үлгі жоспары; бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп берудің мақсаттары мен қағидалары берілген.
2-бөлім. Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесі. Бөлімде бухгалтерлік есеп, бухгалтерлік құжаттандыру және ішкі бақылауды ұйымдастырудың негізгі талаптары қарастырылған.
3-бөлім. Қаржылық есептілік. Бұл бөлімде қаржылық есеп берудің элементтері, олардың бағалануы мен есебі қарастырылған. Қаржылық есеп беру мен құрамы, консолидирленген қаржылық есеп беру; есептік кезң туралы түсінік; қаржылық есеп беруді ұсыну мерзімдері.
4-бөлім. Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін реттеу. Бұл бөлімде бухгалтерлік есеп беру жүйесін реттейтін мемлекеттік және мемлееттік емес уәкілетті органдары қаралған, кәсіби бухгалтерлерге кандидаттарды сертификаттау жағдайлары және ішкі бақылау талаптары қарастырылған.
5-бөлім. Қорытынды ережелер. Бұл бөлімде « Бухгалтерлік есепке алу жәнеқаржылық есеп беру туралы » Қазақстан Республикасының заңдылықтарын бұзғандығы үшін жауапкершіліктер көрсетіледі.
Билет 2
Бухгалтерлік есеп ұйымның қаржылық ақпаратын белгілі бір әдістер мен тәсілдеп бойынша есептейтін, өлшейтін және оны өңдеп тасымалдайтын жүйе. Ол кәсіпорынның жұмысын толығымен бақылап, оны басқару үшін, бағыт беріп, экономикалық талдау жасауға өте қажетті ғылым болып табылады.Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп нарықтық қатынас жағдайында ерекше мәнге ие болады, ол:
Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп туралы заң
Қарж.есеп.халықаралық стандатры ҚЕХС
Қарж.есеп.ұлттық стандарты ҚЕҰС
Шоттардың типтік жоспарында
Кәсіпорынның есеп саясатында
Бекітілген принциптердің және ережелердің негізінде құрылуы керек.
Билет 3
Бухгалтерлік есеп жүйесін жүргізудің жалпы қағидасы мен ережесі нормативтік-құқықтық құжаттарда белгіленген.
Оларды жүзеге асыру барысында нақты кәсіпорынның есептік саясаты келесідей жорамалдардан алынғаны жөн:
- кәсіпорын өз мүлкімен өзімен-өзі болушылығы (кәсіпорын өз балансында тек заң бойынша танылған мүліктерді ғана көрсетеді, ал қалған барлық құндылықтар мен міндеттемелер баланстан тыс шоттарда есепке алынады);
- толассыз қызметі (есеп саясатының мәселесі бойынша қандай да бір қабылданатын шешім, кәсіпорын өз қызметін болашақ кезеңде тоқтатпайтындығы немесе қызмет масштабын қысқартпайтындығы басшылыққа алынуы керек);
- есеп саясатын пайдаланудың жүйелілігі (шаруашылық операциясын көрсету әдісінің тұрақтылығы, есеп беру жылының барысында міндеттеме мен мүлікті бағалау, сондай-ақ бір есептік жылдан басқасына еткен кезде де);
- шаруашылық қызметіндегі фактілердің мерзімділік анықтылығы (әр фактілердің түскен немесе төленген кезіне қарамастан, олар өзінің орындалған немесе орын алған кезеңіне жатқызылуы керек).
Есеп саясатын негіздеу және таңдау кезінде барынша жалпы танылған талаптар мен қағидалар басшылыққа алынады және оны сақтаған жағдайда кәсіпорын үшін де, жалпы республика бойынша да шаруашылық жағдайына бейімделген есеп саясатын қалыптастыру мүмкіндігі туады.
Есеп саясатын құрудың негізгі қағидалары мен талаптары №1 БЕС жан-жақты берілген.
Билет 4
Кассалық операциялардың жүргізілу тәртібін реттейтін негізгі құжат «нұсқау» болып табылады, оған сәйкес барлық ұйымдар есеп айырысу шотындағы еркін ақшаны сақтауға міндетті. Кассадағы ақша келесі мақсаттар үшін берілді: еңбекақы беру үшін, іссап шығындары үшін, ішкі әкімшілік шаруашылық шығындар үшін.
Кассаға түскен ақша Кассалық кіріс ордермен бір данада рәсімделеді, ол екі бөлімнен тұрады. Кассадан берілген ақша Кассалық шығыс ордермен немесе тиісті рәсімделген (төлем ведомості, орындалған жұмыстар үшін келісім шарт) құжаттармен беріледі. Кассалық кіріс және шығыс ордерлері «Кіріс және Шығыс кассалық ордерлерін тіркеу журналдарына» тіркелуге тиісті.
Билет 5
Кәсіпорын келіп түскен немесе берілген ақшалардың барлығын Кассалық кітапқа есепке алады, бір ғана кассалық кітапты жүргізеді, бухгалтер оның беттерін нөмірлейді және бау өткізеді, кітаптық соңында беттердің саны көрсетіліп, жетекшінің және бас бухгалтердің қолы қойылып, мөрмен бекітіледі. Жазбалар көшірме қағаз арқылы екі данада жүргізіледі. Жазбалар бастапқы қалдықты жазудан басталады, содан соң Кіріс және Шығыс кассалық ордерлердің түсу мөлшеріне қарай Кассалық кітапқа жазба жүргізіледі, кассалық ордердің әрқайсы жеке жолға жазылады.
Кассир белгіленген мерзімдерде операцияларының көлеміне қарай кассирдің есебі құрастырылады, кіріс бойынша, шығыс бойынша қорытынды есептейді, есеп айырысу арқылы қалдықты шығарады, кассалық ордерлердің барлығын есепте жазылған ретпен тіркейді, бухгалтерлік тексеруге және өңдеуге тапсырады.
Билет 6
Кассадағы синтетикалық есеп
Кассадағы ақшаның есеьін жүргізуге арналған шот-1010. Дебеттік сальдо есеп беру кезеңінің басындаткассда қалған ақшаны білдіреді. Шоттағы дебет бойынша кассаға ақша түсуі немесе түгендеу барысында анықталған артық ақша. Шоттағы кредит бойынша кассадан ақшаның шығуы немесе түгелдеу барысында кем шығуы. 1010 шот бойынша аналитикалық есеп №1 жорнал ордерде және №1 ведомосте
Кассадағы аналитикалық есеп
1010 шоты бойынша аналитикалық есеп №1 журнал ордерде және №1 ведомосте жүргізіледі. 1010 шоытндағы дебет және кредит бойынша топтастыру ведомостері жазба жүргізуге негіз болады. Әрбір топтастыру ведомості жеке жолда жазылады. Ведомостегі жазбалар қалдықты көрсетуден басталады, олар өткен №1 ведомостен алынады. 1010 шотындағы дебет бойынша операциялар №1 журнал ордерде жүргізіледі. Айдың соңында қорытындылар есептелінеді және ведомостегі есеп айыру жолымен соңғы сальдо шығарылады.
Билет 7
Түгендеу (inventarium, латын тілінен аударғанда шаруашылық заттардың нақты тізімі) бұл бухгалтерлік есептің әр түрлі объектілерінің нақты қолда бар болуын және жағдайын тексеруді көздейтін, есептік мәліметтердің нақтылығы мен шынайылығын анықтауға бағытталған бақылау құралы.
Түгендеудің мақсаты қолда бар барлық құндылықтар мен қарыздардың дұрыс пайдалануын және құжаттармен расталуын қамтамасыз ету.
Түгендеу мәліметтері шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін зерттеуге негіз болып табылады. Қазіргі уақытта түгендеуді төмендегі түрлерге жіктейді
Өткізу мерзімі бойынша |
Жоспарлы (кезеңдік) алдын-ала белгіленген мерзімде кесте немесе жоспар бойынша жүргізіледі; Жоспардан тыс өте қажетті жағдайларда ғана (ұрлау, құндылықтарды бүлдіру және асыра пайдалану фактілері анықталғанда; материалды-жауапты тұлғалар ауысқанда; өрттен, табиғи апаттардан кейін және т.б.) жүргізіледі. |
Қамту көлемі бойынша |
Толық нұсқаулықтарда көрсетілген мерзімде жүргізіледі және тек тауарлық материалдық құндылықтар мен ақша қаражаттарын тексеруге ғана емес, сонымен қатар басқа ұйымдармен есеп айырысу дұрыстығы, жылдық (тоқсан-дық) есеп беруді жасау бойынша қалдықтарды салыстыру және тексеруге бағытталады; Ішінара тек жеке есеп объектілерін қамтиды (мысалы, ТМҚ-ды қайта бағалау); Іріктемелі толық түгендеуді жүргізу қажеттілігі жоқ болған жағдайда жүргізіледі (мысалы, тауарлардың жеке атаулары бойынша табиғи есепте, жабдықтаушының тауар-лардың жеткіліксіздігі үшін кінарат-талабын өтеуден бас тартуы); Тұтас қандай да бір жүйенің барлық құрылымдық бө-лімшелерінің құндылықтары немесе есеп объектілерін бір мезгілде тексеру; |
Өткізу нысаны бойынша |
Заттай нақты қолда бар мүлік объектілерін бағалау мақсатында жүргізіледі, ал олардың мөлшері есептеу, өл-шеу, таразыға тарту және басқа да көзге көрінетін әдістер-мен тізім жасау арқылы анықталады; Бастапқы құжаттарды түгендеу бухгалтерлік есеп шоттарында көрсетілуге негіз болған материалдық емес ак-тивтерді, патенттерді, дебиторлық берешек пен басқа да құжаттарды тексерумен байланысты; Бухгалтерлік (кітаптық түгендеу) ұйымның шоттар жоспарының жағдайын және баланстың құрылуын олардың сенімділігі мен ақпараттылығын арттыру мақсатында тексе-руге бағытталған; |
Ұйымдастыру дәрежесі бойынша |
Өзекті операциялық жылдың аяғында баланстың жабы-луына дейін немесе кейін 10 күн ішінде жүргізіледі. Жабу күні мен түгендеуді жүргізу арасындағы қолда бар түген-деудегі өзгерістер рәсімделетін құжаттарға сәйкес есепке алынуы тиіс; Перманентті (жалғасушы) түгендеу түрі, саны және құны бойынша түгендеу тізімінің жасалуы. Ол материалдық мүлікті түгендеумен үйлеседі. Оны жүргізу күні бухгалтер-лік балансты құру күніне байланысты; Жылдық баланстың құру күніне 3 ай қалғанда немесе оны құрудан кейінгі алғашқы 2 ай ішінде бүкіл номенклату-ра бойынша толық немесе ішінара жүргізіледі. |
Билет 8
ЕАШ ашу және ЕАШ бойынша операцияларды құжатпен рәсімдеу.
Заңнамаға сәйкес, барлық ұйымдар, меншік түріне қарамастан, еркін ақшаны ЕАШ сақтауға міндетті. ЕАШ ашу үшін банкке келесі құжаттарды ұсыну қажет.
Банк көшірмелері жеке шоттың көшірмесі, демек ұйымға арналған шотты ашып ақша аудару немесе есеп айыру шотындағы ақшаны есептен шығару бойынша жазбаларды жүргізеді, жеке шоттан айырып алатын данасы банк көшірмесі б.т. Бухгалтер көшірмені алғаннан кейін, бухгалтерлік есептің мәліметтерімен сәйкестігін тексереді, құжаттарды мерзімдер бойынша салыстырады. Егер қателескен жазулар болмаса, оны өңдеуге кіріседі. Жазбаның қолайлы болуы үшін «Өңдеу ведомостін құрастырады». Егер қателесіп жазылған немесе есептен шығарылған сомалар анықталса, онда банкке бір қаладан болса 10 күнде, басқа қаладан болса 20 күн ішінде хабар беру қажет, түзетулер банктің келісімі бойынша ғана жүргізу керек.
Билет 9
Банктегі ЕАШның синтетикалық есебі 1030 «Банктің ағымдағы шотындағы ақша қаражаты» шотында жүргізіледі.
1030-активті, негізгі, ақшалай.
ЕАШ бойынша аналитикалық есеп №2 Жорнал ордерде жүргізіледі. Оның бір жағы «Жорнал ордер » ведомосі, яғни осы жақта 1030Дт көрсетіледі. Ал екінші жақта Жорнал ордер, онда 1030Кт көрсетіледі.