Поможем написать учебную работу
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
http://www.kau.kz/news-mo/gosudarstvennaya-programma-razvitiya-obrazovaniya-respubliki-kazahstan-na-2011-2.html?lang=kz
Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік білімді дамыту бағдарламасы
Әзірлеу негізі
Қазақстан Республикасы Президентінің 1 ақпан 2010 ж. № 922 «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі дамуының стратегиялық жоспары туралы»жарлығы;
Қазақстан Республикасы Президентінің 19 наурыз 2010 ж. № 957 «Мемлекеттік бағдарламалар тізімін бекіту туралы» жарлығы
Бағдарламаны әзірлеуші
Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі
Мақсаты
Білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, экономиканың тұрақты өсуі үшін, сапалы білімнің қол жетімділігін қамтамасыз ету арқылы адам капиталын дамыту
Бағдарламалық мақсаттар
Білім беру қызметтеріне тең рұқсатты қамтамасыз етуге бағытталған, қаржыландыру жүйесін жетілдіру;
Педагог мамандығының беделін арттыру;
Білімді басқарудың мемлекеттік қоғамдық жүйесін қалыптастыру;
Үздік қорлар мен технологияларға білім үдерісінің барлық қатысушыларының тең қол жетімділігін қамтамасыз ету;
Балаларды сапалы мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеумен толық қамтуды қамтамасыз ету, балаларды мектепке дайындау үшін олардың мектепке дейінгі тәрбие және оқу бағдарламаларына тең қол жетімділігін қамтамасыз ету;
Жалпы білім беру мектептерінде зияткерлік, дене және рухани жағынан дамыған Қазақстан Республикасының азаматын қалыптастыру, жылдам өзгеретін әлемде жетістікке жетуді қамтамасыз ететін, білім алуға деген оның сұраныстарын қанағаттандыру, мемлекеттің экономикалық саулығы үшін бәсекеге қабілетті адам капиталын дамыту.
Оқудың 12 жылдық үлгісіне өту;
Әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдастық, экономиканың индустриялы инновациялық дамуы мен қоғам сұраныстарына сәйкес, техникалық және кәсіби білім жүйесін (ары қарай ТжКБ) жетілдіру;
Білім саласындағы үздік әлемдік тәжірибелерге сәйкес келетін және тұлғаны, мемлекетті индустриялық инновациялық дамыту міндеттерін, еңбек нарығының қажеттіліктерін қанағаттандыратын жоғары білімнің сапасының жоғары деңгейіне жету;
Бүкіл өмір барысында оқу жүйесінің қызмет етуін қамтамасыз ету;
Жастардың белсенді азаматтық ұстанымын, әлеуметтік жауапкершілігін, отансүйгіштік сезімдерін, жоғары рухани және көшбасшылық қасиеттерін қалыптастыру.
Міндеттері
Сапалы білімнің қол жетімділігіне бағытталған білімді қаржыландырудың жаңа механизмдерін жасау; білім жүйесін біліктілігі жоғары кадрлармен қамтамасыз ету;
Мемлекеттік қолдауды күшейту және педагогикалық жұмысшылардың еңбегін ынталандыру;
Білімдегі менеджментті жетілдіру, сонымен қатар, корпоративтік басқару қағидаларын енгізу, білімдегі мемлекеттік жеке серіктестік жүйесін қалыптастыру (ары қарай - МЖС);
Білімді жетілдіру мониторинг жүйесін жетілдіру, сонымен қатар, ұлттық білім беру статистикасын халықаралық талаптар есебімен жетілдіру;
Оқу үдерісін автоматтандыруға арналған жағдайлар жасау;
Мектепке дейінгі ұйымдар желісін арттыру;
Мектепке дейінгі тәрбие беру және оқыту құрамын жаңарту;
Мектепке дейінгі тәрбие беру және оқыту ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз ету;
Білім мазмұнын жаңарту арқылы 12 жылдық оқу үлгісіне ауысуды жүзеге асыру;
Шағын жинақты мектептер мәселесін шешу (ары қарай - ШЖМ);
Мектептегі инклюзивті білім беру жүйесін жетілдіру;
Экономиканың индустриялы инновациялық дамуының сұранымдарын есепке ала отырып, ТжКБ мазмұнының құрылымын жаңарту;
Экономика салаларына арналған кадрларды дайындау инфрақұрылымын дамыту;
ТжКБ оқу беделін көтеру;
Мемлекеттің индустриялық инновациялық қажеттіліктеріне сәйкес келетін, жоғары оқу орнынан кейінгі және жоғары білімді кадрлармен қамтамасыз ету;
Жоғары білімнің европалық аймаққа өтуін қамтамасыз ету;
Білімнің, ғылымның және өндірістің ілгерілеуін қамтамасыз ету, зияткерлік жеке меншік өнімдері мен технологияларды коммерциялауға арналған жағдайлар жасау. Біліктілігі жоғары ғылыми және ғылыми педагогикалық кадрларды даярлау;
Бүкіл өмірі барысында, барлығының білім алуы үшін жағдайлар жасау;
Азаматтық белсенділік, әлеуметтік жауапкершілік және жастар әлеуетін ашу механизмін қалыптастыру және отан сүйгіштік тәрбие беру бойынша шаралар кешенін жүзеге асыру.
Қаржыландыру көздері және көлемдері
Бағдарламаның бірінші сатысын республикалық бюджеттен қаржыландыру көлемі 461,1 млрд. теңгені құрайды. Жергілікті бюджеттен қаржыландыру, жыл сайын жергілікті бюджеттерден білім беру жүйесін дамытуға бөлінетін қаржылар шегінде жүзеге асырылады.
Орындау мерзімдері (сатылары)
2011-2020 жылдар
Бағдарлама екі сатыда жүзеге асырылады:
Бірінші саты: 2011 - 2015 жылдар
Екінші саты: 2016 - 2020 жылдар