Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

Халы~аралы~ туризм м~ні мен т~сінігі

Работа добавлена на сайт samzan.net:

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 27.11.2024

Мазмұны

Кіріспе

   1. Халықаралық туризм мәні мен түсінігі.....……………..……6

   1.1 Халықаралық туризмнің жіктелуі..........................................6

   1.2 Халықаралық туристік іс-құжаттардың түсінігі...................7

   2. Виза жайлы жалпы түсінік......................................................13

   2.1 Қазақстандық визаларды алу ережелері..............................13

   2.2 Шенген визасының типі мен спецификасы ........................25

Қорытынды.......................................................................................30

Пайдаланған әдебиеттер..................................................................31

Қосымшалар.....................................................................................32

Кіріспе

Курстық жұмысымның негізгі өзектілігі визаның әлем елдері арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасының айнасы екенін айқындап көрсету.

Әлем күннен күнге инновациялық жаңалықтармен толығуда. Технологияның дамуы жаңа салалардың дүниеге келуіне алып келуде. Еліміз әлемде бар салалардың түгел дерлігімен игеруде деп айтсақ артық айтпағанымыз. Сол жаңа да жас салалардың бірі туризм саласы. Туризм – еліміз тәуелсіздігін алғаннан соң қолға алынған салалардың бірі.

Әңгімемізді осы туризмдегі ең басты құжат – виза жайында қозғасақ.

Виза халықаралық туризмнің дамуына өз септігін тигізер бірден бір фактор. Неге десеңіз, бүгінгі замануи талап шетелге шыққан кез келген адамнан ең бірінші визаның бар-жоқтығы сұралады, тексеріледі.

Виза – бұл тек қана құжат емес. Ол мемлекеттер арасындағы тұрақтылықты нығайтатын құрал.

Бүгінде өркениеті дамыған «кәрі құрлық» Еуропа елдері бүкіл әлемге үлгі болып, бір-біріне виза ашпастан-ақ шекара асып жүрген жайы бар.

Жалпы бұл жоғарыда айтылған толлеранттылықтың да бір көрінісі деп айтсақ қателеспейміз.

Ғылыми жаналық. Радикалды экономикалық реформаның Қазақстанда объективті және туристік қызметтің жаңа құқықтық негізін қалауды талап етті, осы шеңберде нормативтік құқықтық актісінің төлқұжат-визалық қызметі күшіне енеді.

Практикалық маңыздылығы. Қазіргі таңда шекара асу төлқұжатының мақсаты осы елден шыгатын азаматтарды қадағалау.

Жалпы, курстық жұмысымның негізгі мақсаты визаның құрылымын ашып көрсету және виза толтырудағы негізгі шарттарға тоқталу. Қазақстандағы және шет елдердегі.

Курстық жумыстың міндеті:

- туристік формальдылықтардың теориялық негіздерін қарау

- ортақ  визалық формальдылық ұғымын ашу

- туристік формальдылық ұйымдарының негізін қарау

Зерттеу нысаны. Халықаралық туристік формальдылық болып табылады.

Зерттеу пәні. Туризмдегі визалық формальдылық ұйымының үдерісін жақсарту.

Жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және қолданылған әдебиеттерден, қосымшадан тұрады.

1. Халықаралық туризм мәні мен түсінігі

1.1 Халықаралық туризмнің жіктелуі

Халықаралық туризм - халықаралық экономикалық байланыстардың айрықша түрі болып табылады, қазіргі кезде жедел дамып келеді. Оған жеке аймақтар мен елдердегі рекреациялық ресурстар алғышарт болады. Халықаралық туризм үлесіне шамамен дүниежүзілік жиынтық ішкі өнімнің және жалпы жұмыс істейтін халықтың 10%-ы тиесілі; туризм күшті дамыған кейбір елдерде бұл көрсеткіш одан да жоғары. Мальдив Республикасында туризм мен оған бағдарланған салалар жиынтық ішкі өнімнің 25%-ын береді; Кубада мемлекет қазынасына түсіретін пайдасы жағынан халықаралық туризм 1-орында тұр. Жалпы шетел туристерін қабылдау жөнінен Еуропа жетекші орын алады, оның үлесіне барлық туристердің 60%-дан астамы тиесілі. Америкаға шетел туристерінің 20%-ы, Азияға 10%-ы келеді.

Тау шаңғысы туризмі. Әлемдегі ең ірі тау шаңғысы туризмінің орталығы Альпі болып табылады, жылына бұл аудан 60 млн-нан астам туристерді қабылдайды. Сол себепті альпілік елдерде, әсіресе Швейцария мен Австрияда туристерге қызмет көрсетумен байланысты салалар (шаңғы жолдары мен тауға көтеретін қондырғыларды жабдықтау, аса жайлы қонақүйлер, көлік пен сауда қызметін ұйымдастыру) жоғары дәрежеде дамыған. Әлемнің басқа бөліктерінде де туризмнің бұл түрі дамуда, бірақ бұл жөнінен Альпіге тең келетін аудан жоқ. Біздің елімізде тау шаңғысы туризмін дамытуға қажетті жағдайлар бар, сондықтан Алматы маңындағы Шымбұлақ мекенін халықаралық дәрежедегі туристік орталыққа айналдыру жоспарлануда.

Теңіз жағалауындағы курорттар.Қамтылатын туристердің саны жөнінен теңіз жағалауындағы курорттар жетекші орын алады. Туристердің айрықша жиі баратын ауданы — Еуропа, Азия және Африканың Жерорта теңізі жағалауы. Мұнда әлемге әйгілі Көгілдір жағалау (Француз және Италия Ривьерасы), Кипр жәнө Мальта аралдары, Испания жағалауы мен Балеар аралдарындағы, Солтүстік Африканың курортты қалалары орналаскан. Сонымен қатар Таиланд пен Мұхит аралдарында, Калифорния мен Флориданың құмды жағалауларында, Бразилия мен Мексиканың теңіз курорттарында демалушылар саны артып келеді. Қазақстандағы бірқатар туристік агенттіктер аталған аудандарда еліміз азаматтарының демалысын ұйымдастыру бағытында жұмыс істеуде. [1].

Круиз.Қазіргі кезде теңізді айналып жүзу (круиз) халықаралық туризмнің маңызды түріне айналып отыр. Бұл аса жайлы кемелермен саяхаттау және құмды жағалауларда демалу, бірнеше елмен танысу мүмкіншілігінің ұштастырылуымен түсіндіріледі. Туризмнің бұл түрінің дәстүрлі аудандарына Жерорта теңізі, Кариб алабы мен Мұхит аралдары жатады.

Туристердің көп баратын нысандарының бірі — қалалар. Бұл тұрғыда әсіресе тарихи ескерткіштерімен әйгілі ежелгі қалалар айрықша көзге түседі. Еуропалық өркениет пен сәулет өнерінің түрлі кезеңдерінің ескерткпптері сақталған Европа қалаларына жыл сайын дүниенің түкпір-түкпірінен туристер легі ағылады.

Франция, Италия және Испанияның әрқайсысына жылына 30 млн-нан астам туристер келіп, оларды қабылдаудан елдер қазынасына 10 млрд доллар шамасында пайда түседі.

Қасиетті діни орындар. Халықаралық туризмнің айрықша түріне қасиетті діни орындарға құлшылық ету жатады. Барлық мұсылмандар үшін Сауд Арабиясындағы Мекке мен Мәдине қалаларына қажыға бару қасиетті борыш деп есептеледі. Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Йассауи кесенесі сәулет өнерінің озық үлгісі ретінде ғана емес, мұсылмандардың қадір тұтатын нысаны ретінде де кеңінен танымал. Ал христиан дінінің қасиетті жәдігерлері Иерусалим қаласында шоғырланған. Халықаралық туризмнің басқа да салыстырмалы түрде аз тараған түрлері жеткілікті. [А].

    1.2 Халықаралық туристік іс-құжаттардың түсінігі

Туристік фирманы мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін ұйымдастырушылық кезеңнің келесі сатысы бекітілген қызмет құқығына лицензияны алу болып табылады. ҚР-ның «Лицензиялау туралы» 1995 жылғы 17 сәуірдегі заңы шыққаннан кейін туристік әрекет лицензияланатын түріне кіретін болды. Қазіргі уақытта барлық турфирмалар «Туристік қызметті лицензиялау ережесі» 2001 жылғы 14 қыркүйектегі заң негізінде лицензияны алу керек.

Лицензия – лицензиялайтын органмен заңды тұлғаға немесе жеке кәсіпкерге берген лицензиялау талаптары мен шарттарын міндетті қадағалауымен нақтылы түрін жүзеге асыруға арнайы рұқсат. Жалпы лицензия белгілі бір мерзім ішінде туристік әрекетті жүзеге асыруға рұқсат беретін ресми құжат. Лицензияланатын қызмет түрлеріне өз артынан азаматтардың құқытарына, заңды қызығушылықтарына, денсаулығына, мемлекет қауіпсіздігі мен қорғалуына, ҚР-ның мәдени мұрасына зиян келтіруі мүмкін қызметтер жатады. [2].

Лицензиялайтын органның өкілеттілігіне мыналар жатады:

- лицензияны ұсыну;

- лицензияның барын растайтын құжаттарды қайта рәсімдеу;

- лицензия әрекетін тоқтату;

- лицензия әрекетін қалпына келтіру;

- лицензияны жою;

- лицензияның ресстрін жүргізу;

-лицензианттардың қызметтерінің лицензия талаптарына сәйкестігін қадағалау.

Лицензияның әрекет мерзімі – 5 жылдан аз емес және лицензианттың өтініші бойынша ұзартылуы мүмкін. Мерзімін сзоу лицензия барын растайтын құжаттарды қайта рәсімдегендегідей жүзеге асырылады.

Лицензия мынадай туристтік қызмет түрлерінің әр қайсысына беріледі:

1) туроператорлық;

2) турагенттік;

3) туризм нұсқаушысының қызмет көрсетуі;

Туроператорлық қызметті лицензиялау үшін келесідей құжаттар тізімі қажет:

1) бекітілген форма бойынша өтініш;

2) лицензиялық алымның төленгендігін дәлелдейтін құжат;

3) нотариалды куәлендірілген устав көшірмесі;

4) офис үшін жалға алынған немесе жекменшік мүліктің барын растайтын құжат;

5) жеке не бір ұйымнан жалға алынған болса материалды-техникалық базаның барын растайтын құжат;

6) жұмысшылардың білімі және стажы туралы құжаттың көшірмесімен жұмысшылардың тізімі;

7) туристтік қызмет көрсетуіне келісім шарты бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру жөніндегі келісм шарт көшірмесі;

8) тілмашпен келісім шарт көшірмесі;

9) туримтке ескертпе мен туристтік жолдаманың көшірмесі, экскурсиялық қызметке лицензиясы бар турфирмамен келісім шарт көшірмесі немесе жоғары оқу орнын бітіргендігін растайтын және психикалық жай-күйі жайында медициналық анықтамалры бар гидтер, экскурсоводтардың тізімдері;

10) жарнамалық-ақпаратты материалы;

11) туристтік маршруттар реестрі, туристтерге қызмет көрсету бағдарламасы;

12) заңға сәйкес туристтік қызмет көрсетуге келісім шарттың нұсқасы;

13) келу және шығу елі жайында туристтер үшін ақпарат.

Турагенттік қызметке келесідей құжаттар тізімі керек:

  •  белгіленген нысан бойынша өтініш;
  •  лицензиялық алым төленгенін растайтын құжат;
  •  мыналардың: жарғының, мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің, жеке куәліктің, жеке кәсіпкерді тіркеу туралы куәліктің немесе патенттің нотариалды куәлендірілген көшірмелері;
  •  кеңсеге арналған меншікті немесе жалға алынған үй-жайы бар екендігін растайтын құжат;

меншікті немесе жалға алынған материалдық-техникалық базасы бар екендігін растайтын құжат не туристтерді орналастыру орындарды, туристтік жарақтар, көлік ұсынуға арналған қажетті материалдық-техникалық базасы бар ұйыммен қызметтер көрсетуге жасалған шарт; [3].

  •   білімі және жұмыс өтілі туралы құжатардың көшірмесін қоса отырып, қызметкерлердің тізімі;
  •  туристтік қызмет көрсету шарты бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру шартының көшірмесі;
  •  тасымалдаушымен шарттың көшірмесі;
  •  туристтік жолдаманың және турист жаднамасының көшірмесі;
  •  жарнамалық-ақпараттық материалдар;
  •  «ҚР-дағы туристтік қызмет туралы» Заңның 17-бабының талаптарына сәйкес туристтік қызмет көрсетуге арналған шарттың үлгісі;
  •  Туристтерге арналған келетін және баратын елі туралы ақпарат.

Ал, енді туризм нұсқаушысының қызмет көрсетуін жүзеге асыруға лицензия алу үшін мынадай құжаттар қажет:

1) белгіленген нысан бойынша өтініш;

2) лицензиялық алым төленгенін растайтын құжат;

3) тиісті кәсіптік дайындығын, біліктілігін және туристтік бағыттармен жүріп өту тәжірибесін растайтын құжаттар;

4) әзірленген турситтік бағыттардың карта-сызбалары және сипаттамалары;

5) ленсаулығының психикалық жай-күйі туралы медициналық анықтама.

Туристтік қызметті (туроператорлық, турагенттік және туризм нұсқаушысының қызмет көрсетуін) жүзеге асыру құқығы үшін берілетін лицензия – бас лицензия болып табылады.

Өтінуші лиценщия алғаннан кейін лицензия берілген кезден бастап 7 ай ішінде ҚР-ның Үкіметі бекіткен тізбеге сәйкес көрсетілетін туристтік қызметтерге сертификат алуға мәндетті, содан кейін олардың көшірмелерін лицензиарға тапсырады.

Лицензияны облыстық атқарушы орган лицензиатқа заңды тұлғалар үшін – оның әділет органдарында тіркелген жері бойынша, жеке тұлғалар үшін – салық органдарында тіркелген жері бойынша береді. Лицензия өтініш берушіге немесе оның уәкілетті өкіліне сенімхат негізінде беріледі. Лицензия 1 данадан беріледі, лицензия жоғалған жағдайда лицензиаттың жазбаша өтініші бойынша алуға құқығы бар. Бұл ретте лицензиат туристтік қызметтің тиісті түрімен айналысу құқығы үшін алым төлейді. Заңды тұлғаның атауы, орналасқан жері өзгерген жағдайда, ол 1 ай ішінде көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттарды қосып, лицензияны қайта рәсімдеу туралы өтініш беруге міндетті. Лицензиат тиісті жазбаша өтініш берген күннен бастап лицензиар 10 күн ішінде лицензияны қайта рәсімдейді. Лицензиардың басшысы не осыған уәкілетті адам лицензияға қол қояды және лицензиардың мөрімен куәлендіріледі.

Лицензия беруден мына жағдайларда бас тартылады егер:

1)Туроператорлық, турагенттік қызметтерді және туризм нұсқаушысының қызметін көрсетуді жүзеге асыруға заңнамалық келісімдермен адамдардың осы санаттары үшін тыйым салынса;

2)Лицензия алу үшін қажетті құжаттардың барлығы ұсынылмаса. Лицензиар лицензия беруден бас тартқан себептерді өтінуші жойған ретте, өтініш оны алу үшін көзделген жалпы негіздерде қаралады;

3)Лицензиялық алым енгізілмесе;

4)Өтінуші біліктілік талаптарына сай келмесе;

5)Өтінушіге қатысты оның осы қызмет түрімен айналысуына тыйым салынған сот шешімі бар болса.

Анық емес және бұрмаланған мәліметтерді бергені үшін өтінуші ҚР-ның Заңына сәйкес жауапкершілік тартады. Лицензиялайтын орган лицензияны беру не бас тарту шешімін өтініш түскеннен бастап 60 күн ішінде қабылдайды. Осы уақыт аралығында ол өтінушіге ескертпе хат қағазын жіберу қажет. Егер турагенттік, туроператорлық және туризм нұсқаушысының қызметін көрсетуді жүзеге асыруға лицензия беруден бас тартылған жағдайда, өтінушіге бас тарту себептері көрсетілген жазбаша түрде дәлелді жауап беріледі. Егер заңнамамен белгіленген мерзімде лицензия бермеген жағдайда немесе лицензия беруден бас тартудан немесе өтінушінің құқығын бұзудан туындаған шығындарды өтеу заңнамада белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады. Лицензияны беруден бас тартуға өтінушімен жоспарланған немесе өндіріліп жатқан өнім (тауар, қызмет) көлемінің кеңдігі негіз бола алмайды.

Өтінушімен лицензия берілу үшін лицензиялық алымды төленгенін растайтын құжаттардың берілуінен бастап 3 күн ішінде лицензиялайтын орган лицензияны ұсынады. Лицензияны беру туралы шешімдегі құжатта мыналар көрсетілуі мүмкін:

- лицензияланып жатқан ұйым аты;

-заңды тұлғаның ұйымдастырушылық-құқықтық формасы және аты, орналасуы, фамилия, аты және тегі, тұрғылықты жері;

- лицензияланып жатқан қызмет түрі;

- лицензияның әрекет ету мерзімі;

- салық төлеушінің иденфикациялық нөмірі;

- лицензия нөмірі;

- лицензияны беру туралы шешім қабылданған уақыт.

Лицензияны бас заңды және жеке тұлғаларға беруге тыйым салынған.

     Лицензиялайтын орган мынаған құқылы:

-лицензия талаптары мен шарттарына сәйкестігіне байланысты лицензиаттың әрекетін тексеріп тұруға;

- тексеріс кезінде лицензиаттан түсіндірмені және құжаттарды сұрауға;

- тексеріс нәтижесі негізінде нақтылы бұзушылықты көрсете отырып, актілер (хаттамалар), құрастыруға;

- табылған бұзушылықтарды жою үшін шешім қабылдауға және оны жою үшін мерзімге белгілеуге;

- лицензиатқа ескертпе шығаруға.

Бұзушылықты жою үшін мерзімді көрсету қажет. Бұл уақыт 6 айдан аспауы қажет. Егерде белгіленген уақыт ішінде лицензиат бұзушылықтарды жоймаса, онда лицензиялайтын орган лицензияны тоқтату жөнінде лицензиялайтын органды жазбаша түрде хабардар етеді. Сонда лицензиялайтын орган барып, әрекеті тоқтатылған лицензияны қайта қалпына келтіреді және оны лицензиатқа 3 күн ішінде жазбаша түрде хабардар етеді. Лицензия мерзімі ұзартылмайды. Лицензиялайтын органдар өздерінің реестрлерін жүргізеді. [4].

Лицензия өз күшін мына жағдайларда тоқтатады:

1) лицензияның қайтарылып алынуы;

2)азаматтық кәсіпкерлік қызметін тоқтатуы, заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы немесе таратылуы.

Лицензияны қайтарып алу және оның күшін тоқтата тұру ҚР-ның заңнамалық келісімдерінде көзделген тәртіпте және негіздерде жүзеге асырылады. Оның күшін тоқтату туралы шешімге лицензиат сот тәртібімен шағымдануға құқығы бар. Егер тоқтата тұрудың себептері жойылған болса, онда лицензияның күші қалпына келеді. Лицензиар берілген лицензияның бірыңғай есебін жүргізеді.

Туристтік кәсіпорынды сертификаттау. Өнімді немесе қызметті сертификаттау – бұл бекітілген талаптарға олардың сәйкестігін растайтын әрекет.

Сертификаттау мына мақсаттармен өткізіледі:

-ҚР-ның бірыңғай тауар нарығында кәсіпорынның, ұйымның және мекемелер мен кәсіпкерлер қызметі үшін жағдай туғызу;

- тұтынушыны тауар мен қызмет өндірушілердің адалсыздығынан қорғау;

- өмір, денсаулық, кәсіпорын мен мүлікті қорғау үшін өнім мен қызметтің қауіпсіздігін бақылау;

Осыған байланысты нормативті құжаттарды азаматтар, сонымен қатар, туристтер денсаулығына патенциалды қауіпті тауар, жұмыс пен қызметті міндетті сертификаттауды қарастырады. Осы облыс бойынша жұмыстарды стандарттау, метрология пен сертификаттау бойынша ҚР-ның комитетімен жүргізіледі.

Сертификаттау жүйесімен сәйкес сертификаттау органымен кәсіпорынға беріледі:

- сәйкестік сертификаты – бекітілген талаптарға берілген өнім немесе қызметтің сәйкестігін растайтын құжат;

- бекітілген тәртіппен тіркелген сәйкестік белгісі.

Сертификаттау міндетті және ерікті болады. Міндетті сертификаттау ҚР-ның заңнамалық актілерімен алдын қарастырылған жағдайларда жүзеге асырылады. Міндетті және ерікті сертификаттау бойынша жұмыстардың төлемі өтінушілермен әске асырылады, ал, қаражаттың өздері өнім, жұмыс, төлемі өтінушілермен іске асырылады. Міндетті сертификаттауға жататын және сәйкестік сертификаты жоқ өнімді немесе қызметті жарнамалауға тыйым салынады. Сертификаттау туралы ақпарат және тауар қызмет техникалық құжаттарында болуы тиіс.

Міндетті немесе ерікті сертификаттау шеңберінде сертификаттаудың үш формасы (деңгейлері) бар:

- бірінші формасы – тауар немесе қызмет сатушының сатып алушыға жасалған өтініші («өз-өзін сертификаттау»);

- екінші формасы – сатып алушымен қызметтің қажетті талаптарға сәйкестігін растауы («екінші жақпен сертификаттау»);

-  үшінші формасы – қызметтің бекітілген талаптарына сәйкестігін тәуелсіз органмен жасалған расталуы («үшінші жақпен сертификаттау»).

Туристтік қызметті сертификаттау «Туристтік қызметті сертификаттау ережесіне» сәйкес жүргізіледі. Сертификаттау өзінің құрамында туристтік қызмет бойынша кем дегенде екі экспертті бар ұйыммен жүргізіледі.

Сертификаттау жүйесімен келесідей мәселелердің орындалуы қарастырылған:

- орындаушының шеберлігін бағалау (экскурсия, жорық үшін);

- қызметті ұсыну процесін бағалау (маршрут бойынша саяхаттау);

- туристтік кәсіпорындарды аттестациялау (қонақ үй, мотель, кемпинг және т.б.);

2. Виза жайлы жалпы түсінік

2.1 Қазақстандық визаларды алу ережелері

Виза (лат. vіsus – қаралған) – адамның паспортына не өзге төлқұжатына қойылатын белгі. Ол құжат иесіне мемлекеттен кетуге не осы мемлекеттің шегіне келуге немесе оның аумағы арқылы өтуге рұқсат етілетіндігін айғақтайды. Ол белгілі бір мерзімге беріледі.

1. Жалпы ережелер

Осы Ережелер «Шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болуын құқықтық реттеудiң жекелеген мәселелерi» атты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы № 136 қаулысымен бекітілген Шетелдіктердің Қазақстан Республикасына келуінің және болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кету тәртібінің 10-тармағына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасына кіретін, Қазақстан Республикасынан шығатын, Қазақстан Республикасында болатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өтетін шетелдіктерге виза беру тәртібін белгілейді. Осы Ережелер қағидалары азаматтығы жоқ тұлғаларға да қатысты болып табылады.

Визаларды беруді:

1) шетелде – Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелері (бұдан әрі – ҚР шетелдердегі мекемелері); [Б].

2) Қазақстан Республикасының аумағында:

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті (бұдан әрі – ҚР СІМ);

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әкімшілік полициясы комитетінің көші-қон полициясы басқармасы және Астана, Алматы ќалаларының және облыстардың Ішкі істер департаменттерінің көші-қон полициясы басқармалары (бұдан әрі – ҚР ІІМ) жүргізеді.

Визалардың ұзартылуын ҚР СІМ және ҚР ІІМ жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының визаларын (бұдан әрі – ҚР визалары) беруге төмендегі құжаттар негіз болып табылады:

1)Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының, Қазақстан Республикасында тіркелген шет мемлекеттері дипломатиялық өкілдіктерінің, консулдық мекемелерінің, халықаралық ұйымдардың осы Ережелердің 1-ші қосымшасына сәйкес жазбаша өтініштері;

2)Қазақстан Республикасына жеке шаруаларымен және тұрақты тұруға келген, сонымен қатар Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктерге арналған ішкі істер органдарының рұқсаты;

3)Заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасына шетелдіктерді шақыру үшін ҚР СІМ-не ұсынылған жазбаша өтініштері;

4)Алматы қаласындағы өңірлік қаржы орталығының қызметін реттейтін уәкілетті органның (бұдан әрі – АӨҚО) Қазақстан Республикасының аумағына қаржы орталығында қызметін жүзеге асыру үшін келетін шетелдіктерге виза беруге байланысты қолдаухаты.

2. Визаның мәртелігі

ҚР визалары бір мәртелік, екі мәртелік, үш мәртелік және көп мәртелік болуы мүмкін. Визаның қолдану мерзімінің шегінде бір мәртелік визалар шетелдікке Қазақстан Республикасына бір мәрте келуге және Қазақстан Республикасынан шығуға құқық береді, екі, үш және көп мәртелік визалар тиісінше шетелдікке Қазақстан Республикасына екі, үш және көп мәрте келуге және Қазақстан Республикасынан шығуға құқық береді.

3. Виза санаттары

Визалар санаттары бойынша төмендегідей бөлінеді:

1) дипломаттық

2) қызметтік

3) инвесторлық

4) іскерлік

5) жеке

6) туристік

7) миссионерлік

8) оқуға

9) емделуге

10) жұмысқа

11) тұрақты тұруға

12) шығу визасы

13) транзиттік

4. Дипломаттық виза

Дипломаттық визалар:

1)Қазақстан Республикасына жұмыс істеу үшін жіберілетін Қазақстан Республикасында тіркелген шетел дипломаттық өкілдіктерінің дипломаттық агенттеріне және консулдық мекемелердің консулдық лауазымды тұлғаларына және олардың отбасыларының мүшелеріне; 

2)Қазақстан Республикасына қызметтік сапармен жіберілетін, дипломаттық паспорттардың иелеріне;

3)Дипломаттық агенттің мәртебесіне теңестірілген халықаралық ұйымдардың паспорттарының иелеріне;

4)Қазақстан Республикасында тіркелген халықаралық ұйымдардың қызметкерлеріне және олардың отбасыларының мүшелеріне;

5)Шетел мемлекеттерінің, үкіметтерінің басшыларына және олардың отбасы мүшелеріне;

6)Дипломаттық паспорттарының иелері - шет мемлекеттері парламентінің, үкіметінің мүшелеріне және олардың отбасының мүшелеріне, сонымен қатар дипломаттық паспорттардың иелері – шетел ресми делегациясының мүшелеріне және олармен бірге жүретін адамдарға;

7)Курьерлік парағы бар болған жағдайда, дипломаттық поштаны тасымалдаушы дипломаттық паспорттардың иелері – дипломаттық курьерлерге;

8)Қазақстан Республикасының құрметті консулдарына және олардың отбасы мүшелеріне;

9)Қазақстан Республикасында тіркелген шетел мемлекеттерінің құрметті консулдарына және олардың отбасы мүшелеріне беріледі.

Дипломаттық визалар төмендегі тұлғаларға берілмейді:

1)дипломаттық паспорттарын көрсеткен, бірақ Қазақстан Республикасында дипломаттық сапасы танылмайтын тұлғаларға;

2) дипломаттық поштаны тасымалдаушы адамның дипломаттық паспорты жоқ болған жағдайда.

Дипломаттық визалар бір, екі, үш және көп мәрте келуге және шығуға беріледі.

5. Қызметтік виза

Қызметтік визалар:

1)Дипломаттық агент мәртебесіне теңестірілмеген халықаралық ұйымдар паспорттарының иелеріне және халықаралық ұйымдарда жұмыс істейтін ұлттық паспорт иелеріне;

2)Қазақстан Республикасына қызметтік істер бойынша жіберілген қызметтік паспорт иелеріне;

3)Ресми шетел делегацияларының мүшелеріне және олармен бірге жүретін адамдарға;

4)Қазақстан Республикасында тіркелген халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттер дипломаттық өкілдіктерінің әкімшілік - техникалық және қызмет көрсетуші персоналына, консулдық қызметшілерге, шет мемлекеттердің консулдық мекемелерінің қызмет көрсетуші персоналына және олардың отбасы мүшелеріне;

5)дипломаттық поштаны тасымалдаушы дипломаттық курьерлерге, егер дипломаттық паспорты жоқ және курьерлік парағы болған жағдайда;

6)Қазақстан Республикасына Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасының Парламентінің, Қазақстан Республикасының Үкіметінің, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінің, Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының және Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының, Қазақстан Республикасы Президентіне тікелей бағынышты және есепті органдардың, Қазақстан Республикасының орталық атқару органдарының шақыруымен келетін тұлғаларға;  

7)Қазақстан Республикасына қызметтік істер бойынша жіберілетін шет мемлекеттердің әскери қызметшілеріне;

8)Қазақстан Республикасында тіркелген шетел дипломаттық өкілдіктерінің, консулдық мекемелерінің және халықаралық ұйымдардың шақыруымен Қазақстан Республикасына іссапарға жіберілген тұлғаларға;

9)Қазақстан Республикасында тіркелген және ҚР СІМ басшылығының нұсқауы негізінде Қазақстан Республикасына жіберілетін бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне беріледі.

Қызметтік визалар бір, екі, үш және көп мәрте келуге және шығуға беріледі.

6. Инвесторлық визалар

Инвесторлық визалар Қазақстан Республикасының экономикасын инвестициялауға қатысушы шетелдік заңды тұлғалардың басқарушы буындарының басшылары мен өкілдеріне, АӨҚО қатысушыларына, сондай-ақ олардың отбасының мүшелеріне беріледі.

Бір мәртелік инвесторлық визалар шетелдіктерге ҚР СІМ басшылығының нұсқауы бойынша, не болмаса ҚР шетелдегі мекемелері басшыларының келісімі бойынша шетелдік заңды тұлғалардың немесе Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігінің Инвестициялар жөніндегі комитетінің қолдаухаты болған жағдайда, оларға Қазақстан Республикасының аумағына кіруге шектеу жоқтыєы алдын ала тексеріліп, шақыру қағазсыз, өтініш білдірілген күні беріледі, кейін виза берілген фактісі ҚР СІМ-ге хабардар етіледі.

АӨҚО қызметін реттейтін уәкілетті органның қолдаухаттары бойынша АӨҚО қатысушыларына 30 тәулік мерзімге дейін бір мәртелік инвесторлық визаларды өтініш жасаған күні беруге болады.

Көп мәртелік инвесторлық визалар АӨҚО қызметін реттейтін уәкілетті органның қолдаухаты және ҚР СІМ, ҚР ІІМ мен ҚР ҰҚК-мен келісілген паспорттық деректері бар АӨҚО-ға қатысушылардың (дилерлер, брокерлер және эмитенттер) тізімдері негізінде, АӨҚО қатысушыларына, АӨҚО әкімшілігі жанындағы халықаралық кеңес мүшелеріне, сонымен қатар олардың отбасының мүшелеріне беріледі. АӨҚО қызметін реттейтін уәкілетті органның қолдаухаттарының ұлттық қауіпсіздік органдарында келісілуі 3 жұмыс күнінен аспайтын мерзім ішінде жүзеге асырылады. Көп мәртелік инвесторлық визалар беру барысында ҚР СІМ - нің келісімі талап етіледі. [5-8]. 

Инвесторлық визалар бір, екі, үш және көп мәрте келуге және шығуға беріледі.

7. Іскерлік виза

Іскерлік визалары Қазақстан Республикасына келесі іскерлік мақсаттармен келетін шетелдіктерге:

1) іссапар;

2) келіссөздер жүргізу, келісім-шарттар жасасу, консультациялық және аудиторлық қызметтер көрсету;

3) конференцияларға, симпозиумдарға, форумдарға, көрмелерге, концерттерге, мәдени, ғылыми, спорттық және басқа да іс-шараларға қатысу;

4) мектеп оқушылары, студенттер және жастар арасындағы алмасу бағдарламалары бойынша, Қазақстан Республикасының оқу орындарында оқудан басқа;

5) халықаралық автомобильдік тасымалдауды жүзеге асыру;

6) Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ХААЎ) куәлігі жоқ кезекті және чартерлік рейстер ұшақтарының экипаждары мүшелеріне, сондай-ақ поез бригадаларына және кемелер экипаждарының мүшелеріне;

7) гуманитарлық көмекпен бірге жүрушілерге;

8) жоғарғы оғу орындарында қысқа мерзімді дәріс оқу, сабақ жүргізу;

9) жабдықтарды жинақтау, жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсету;

10) Қазақстан Республикасының әділет органдарында тіркелген заңды тұлғалардың құрылтайшыларына, ұйымдастырушыларына беріледі.

Іскерлік  санаттағы визаларды беруге төмендегілер негіз болып табылады:

1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының және мемлекеттік емес заңды тұлғаларының, Қазақстан Республикасында тіркелген дипломаттық өкілдіктердің, шет мемлекеттердің консулдық мекемелерінің, халықаралық ұйымдардың шақыруы;

2) 2 қосымшада көрсетілген елдер азаматтарының ҚР шетелдердегі мекемелеріне білдірген жазбаша өтініші, сондай-ақ ұлты қазақ шетелдіктер (ұлтын растайтын құжаттары болған жағдайда) шақыру қағазсыз және ҚР СІМ - нің нұсқауысыз.

Іскерлік визалар бір, екі, үш және көп мјрте келуге және шығуға беріледі.

8. Жеке виза

Жеке визалар Қазақстан Республикасына жеке сапар бойынша келетін шетелдіктерге төмендегі құжаттардың біреуінің негізінде беріледі:

1) ҚР ІІМ берген шақыру қағазы;

2) Қазақстан Республикасында тіркелген шет мемлекеттің дипломатиялық өкілдіктерінің, консулдық мекемелерінің және халықаралық ұйымдардың шақыруы негізінде ресімделген ҚР СІМ-нің виза беру туралы нұсқауы;

3) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің шешімі негізінде Қазақстан Республикасының аумағындағы түзету мекемелерінде жазасын өтеп жатқан адамдармен кездесуге келетін шетел азаматтары үшін ресімделген ҚР СІМ-нің виза беру туралы нұсқауы;

4) Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын балаларды ұл (қыз) етіп асырап алғысы келетін және асырап алуға кандидат ретінде консулдық есепте тұрған шетел азаматтары үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің (бұдан әрі – ҚР БҒМ), Қазақстан Республикасы облыстарының және Астана мен Алматы қалаларының білім басқармаларының шақыруы негізінде ресімделген ҚР СІМ-нің виза беру туралы нұсқауы;

5) Қазақстан Республикасына туыстары мен жақындарын жерлеуге немесе олардың ауыр науқастанулары себебімен келетін шетелдіктердің растайтын құжаттары қоса берілген жазбаша өтініштері;  

6) Қазақстан Республикасымен байланысын растайтын құжаттары қоса берілген (ұлттық паспорттағы Қазақстан Республикасында тұрєандығы туралы бағаны немесе Қазақстан Республикасында туғандығы туралы куәлігі, Қазақстан Республикасында жақын туысқанының жерленгендігі туралы құжаты, Қазақстан Республикасының азаматтығынан шыққандығы туралы анықтамасы немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқандығы туралы анықтамасы) шетелдіктердің жазбаша өтініштері;

7) Қазақстан Республикасының азаматтығын растайтын құжаттарды немесе тұруға ықтиярхатты алуға дейін Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын ұлты қазақ шетелдіктердің (қазақ ұлтына қатыстылығын растайтын құжаттары болған жағдайда) жазбаша өтініштері;

8) 2 қосымшасында көрсетілген елдер азаматтарының жазбаша өтініштері;

9) шетел азаматтары болып табылатын жұбайларымен, балаларымен немесе ата-аналарымен Қазақстан Республикасына бірге келетін Қазақстан Республикасы азаматтарының ҚР СІМ-мен келісілген жазбаша өтініштері.

Жеке визалар бір, екі және үш мәрте келуге және шығуға беріледі.

9. Туристік виза

Туристік виза Қазақстан Республикасына турист ретінде келетін шетелдіктерге беріледі. Туристік виза туроператорлық, турагенттік қызметті жүзеге асыру, туризм инструкторы қызметін көрсету құқығына лицензиясы бар Қазақстан Республикасының туристік мекемесінің шетелдікті қабылдауын растауы және ҚР СІМ-нің визалық қолдауы болған жағдайда беріледі.

2-ші Қосымшасында көрсетілген елдердің азаматтарына және ұлты қазақ шетелдіктерге (қазақ ұлтына қатыстылығын растайтын құжаттары болса) жазбаша өтініштері немесе шетел туристік мекемелерінің өтініштері негізінде бір және екі мәртелік туристік визалар беріледі.

10. Миссионерлік виза

Миссионерлік виза Қазақстан Республикасына діни-ағартушылық қызмет атқаруға келетін шетелдіктерге беріледі. Миссионерлік визалар Қазақстан Республикасы аумағында тіркелген діни қоғамның діни қоғамдармен байланыс жөніндегі уәкілетті органмен келісілген шақыруы негізінде беріледі.

Миссионерлік визалар бір, екі, үш және көп мәрте келуге және кетуге беріледі.

11. Оқуға арналған виза

Оқуға арналған визалар:

1) Қазақстан Республикасының әділет органдарында тіркелген оқу орындарының немесе ҚР БҒМ-нің жазбаша өтініші негізінде ресімделген, ҚР СІМ-нің визалық қолдауы болған жағдайда, Қазақстан Республикасындағы жоғарғы және орта оқу орындарына түсу үшін немесе осы оқу орындарында оқу үшін келген;

2) Ќазақстан Республикасына іс-тәжірибеден, тағылымдамадан өту үшін – Қазақстан Республикасының әділет органдарында тіркелген шет мемлекеттердің заңды тұлғаларының, дипломатиялық өкілдіктерінің, консулдық мекемелерінің, ҚР-да тіркелген халықаралық ұйымдардың жазбаша өтініштері негізінде келген;

3) Қазақстан Республикасының әділет органдарында тіркелген оқу орындарының немесе ҚР БҒМ-нің жазбаша өтініштері негізінде – Қазақстан Республикасына уақытша келіп, оқу орындарына түскен ұлты қазақ (қазақ ұлтына қатыстылығын растайтын құжаттары болса) шетелдіктерге беріледі.

Оқуға санатындағы визалар бір, екі және көп мәрте келуге және кетуге беріледі.

12. Емделуге арналған виза

Емделуге арналған визалар:

1) Қазақстан Республикасының әділет органдарында тіркелген медициналық мекемелердің немесе ҚР денсаулық сақтау министрлігінің (бұдан әрі – ҚР ДМ) жазбаша өтініштері негізінде ресімделген ҚР СІМ-нің визалық қолдауы болған жағдайда, Қазақстан Республикасына емделу, медициналық тексерілу және консультациялар үшін келетін шетелдіктерге;

2) Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктерге тұрақты емделу қажет болған жағдайда – жеке және заңды тұлғалардың жазбаша өтініштері негізінде, медициналық мекемелер берген осы емделудің қажеттігін растайтын құжаттары болған жағдайда;

3) Қазақстанға емделуге келген тұлғалармен бірге жүретін шетелдіктерге – Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау субъектілерінің немесе ҚР ДМ-нің жазбаша өтініштері негізінде беріледі.

Емделуге арналған визалар бір және екі мәрте келуге және кетуге беріледі. 

13. Жұмысқа арналған виза

Жұмысқа арналған визалар:

1) Қазақстан Республикасына жұмысқа келетін шетелдіктерге – ҚР СІМ-нің визалық қолдауы негізінде, шетелдік жұмыс көшін тартуға рұқсаты мен ҚР-да тіркелген заңды тұлғалардың жазбаша өтініші болған жағдайда;

2) Қазақстан Республикасына жұмысқа келетін шетелдіктерге олардан Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес жұмыс істеуге арналған рұқсаттарды алу талап етілмейтін жағдайда – Қазақстан Республикасында тіркелген заңды тұлғалардың жазбаша өтініштері негізінде;

3) Қазақстанға жұмысқа бара жатқан тұлғалардың асырауындағы жұмыс істемейтін отбасы мүшелеріне, визадағы «жұмысқа құқығы жоқ» деген жазуды көрсете отырып – Қазақстан Республикасының әділет органдарында тіркелген заңды тұлғалардың жазбаша өтініштері, аталған тұлғалармен туысқандығын растайтын құжаттары, сондай-ақ Қазақстанға жұмысқа бара жатқан тұлғалардың жұмысқа арналған визасының көшірмесі негізінде беріледі. [9].

Жұмысқа арналған визалар бір, екі, үш және көп мәрте келуге және кетуге беріледі.

14. Тұрақты тұруға арналған виза

1) Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келетін шетелдіктерге – ҚР ҰҚК және уәкілетті органдармен келісілген ҚР СІМ-нің визалық қолдауы болған жағдайда, жеке жазбаша өтініштері негізінде;

2) Қазақстан Республикасына жеке істер бойынша келіп, ҚР-да тұрақты тұруға қалдыру туралы өтініш берген шетелдіктерге – 2 қосымшасында көрсетілген мемлекеттердің азаматтарының және ұлты қазақ шетелдіктердің (қазақ ұлтына қатыстылығын растайтын құжаттары болса) жеке жазбаша өтініштері негізінде;

3) Қазақстан Республикасында саяси баспана немесе босқын мәртебесін беру туралы қолдаухатпен өтініш білдірген шетелдіктерге беріледі.

Тұрақты тұруға арналған визалар бір және екі мәрте келуге және кетуге беріледі.

15. Шығу визасы

1) Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктерге – ішкі істер органдарының рұқсаты негізінде;

2) Қазақстан Республика аумағында паспорты немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасынан өтуге рұқсат беретін басқа да құжаттары жоғалған жағдайда – шет мемлекеттердің дипломаттық өкілдіктерінің, консулдық мекемелерінің жазбаша өтініштері және тұрақты тұратын мемлекетке қайту туралы куәлігі негізінде;

3) заңнамаға сәйкес белгіленген тәртіп бойынша Қазақстан Республикасынан шетелдікті шығарып жіберу туралы шешім қабылданған жағдайда – шетелдікті шығару туралы соттың шешімі негізінде беріледі. Осы санаттағы визалар тек кетуге ғана беріледі.

16. Транзиттік виза

Транзиттік визалар өшінші елге кіруге құқық беретін жол жүру құжаттары, ресімделген визасы немесе өзге де жарамды құжаттары бар, визасыз Қазақстан Республикасы аумағында транзитке құқығы жоқ шетелдіктердің Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өтулері үшін беріледі. Қазақстан Республикасы аумағынан шектес мемлекетке жеке автокөлігімен өтетін шетелдіктерге жоғарыдағы көрсетілген құжаттар, жүргізуші куәлігі және автокөлікке тиісті құжаттары болған жағдайда беріледі.

Транзиттік визалар бір, екі және үш мәрте келуге және кетуге береді.

17. ҚР визаларын алмастыратын құжаттар

ҚР визаларын алмастыратын құжаттар:

1) Қазақстан Республикасында тіркелген дипломаттық өкілдіктердің қызметкерлеріне, шетелдік консулдық мекемелердің жұмысшыларына, халықаралық ұйымдардың қызметкерлеріне, оларға теңестірілген тұлғаларға және отбасы мүшелеріне ҚР СІМ берген тіркеу куәліктері;

2) Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктерге ҚР ІІМ берген тұруға ықтиярхат;

3) ҚР ІІМ берген азаматтығы жоқ тұлғалардың куәлігі;

4) Паспортында немесе ҚР мемлекеттік шекарасынан өтуге руқсат беретін басқа да құжаттарында шығарып жіберу туралы мөртабан болған жағдайда шетелдікті шығару жөніндегі соттың қаулысы болып табылады. [10].

18. Визалардың болу мақсатына сәйкестігі

Визаларды беру негіздемесі шетелдіктің Қазақстан Республикасында болу мақсаттарымен сәйкес келуге тиіс.

19. Визалардың қолданыс мерзімі

Қазақстан Республика аумағында паспорты немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасынан өтуге рұқсат беретін басқа да құжаттары жоғалған жағдайда, сондай-ақ заңнамаға сәйкес белгіленген тәртіп бойынша Қазақстан Республикасынан шетелдікті шығарып жіберу туралы шешім қабылданған жағдайда берілетін шығу визасын қоспағанда барлық санаттағы бір, екі, үш мәртелік визалар 90 тәулікке дейінгі мерзімге беріледі.

2-ші Қосымшасында көрсетілген мемлекеттердің азаматтарына бір мәртелік дипломаттық, қызметтік, іскерлік, жеке туристік визалар 30 тәулікке дейінгі мерзімге беріледі.

Шетелдіктің «жеке» санатындағы визасы бойынша ҚР аумағында болуының жалпы мерзімі бір жылда 90 тәуліктен аспауы керек.

2-ші Қосымшасында көрсетілген мемлекеттердің азаматтарына екі мәртелік туристік визалар 60 тәулік мерзімге дейін беріледі.

Туристік санатындағы бір, екі, үш мәртелік визалар ҚР аумағында бір жыл ішінде әр келген сайын 30 тәуліктен аспайтын мерзімге келу құқығымен 90 тәулікке дейінгі мерзімге беріледі.

«Тұрақты тұруға арналған» бір және екі мәртелік визалар 90 тәулікке дейінгі мерзімге беріледі.

Бір, екі және үш мәртелік «транзиттік» санатындағы визалар әр жолы 5 тәулік ішінде бір бағытта транзитпен өту жағдайында 90 тәулікке дейінгі мерзімге Қазақстан Республикасында болу құқығымен беріледі.

«Дипломаттық», «қызметтік», «инвесторлық», «іскерлік» санатындағы көп мәртелік визалар 3 жылға дейінгі мерзімге беріледі. Халықаралық өзаралық қағидасы ескеріліп, аталған санаттағы визаларды ұзағырақ мерзімге беруге де болады.

Қазақстан Республикасына іссапармен келетін және болуы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдаєы № 836 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу ережесі, жұмыс берушілерге рұқсат берудің шарттары мен тәртібі» бойынша реттелетін тұлғаларды қоспағанда, шетелдіктің «іскерлік» санатындағы көп мәртелік визасы бойынша Қазақстан Республикасы аумағында болуының жалпы мерзімі бір жылда 120 тәуліктен аспауы қажет.

«Миссионерлік» санатындағы көп мәртелік визалар 180 тәулік дейінгі мерзімге беріледі.

«Оқуға арналған» санатындағы көп мәртелік визалар 1 жылға дейінгі мерзімге беріледі.

«Жұмысқа арналған» санатындағы көп мәртелік визалар шетелдік жұмыс күшін тарту рұқсатында көрсетілген, бірақ 3 жылдан аспайтын мерзімге беріледі.

Шығу визалары:

1)Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктерге – 90 тәулікке дейінгі мерзімге беріледі;

2)Қазақстан Республика аумағында паспорты немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасынан өтуге рұқсат беретін басқа да құжаттары жоғалған шетелдіктерге – 30 тәулікке дейінгі, бірақ тұрақты тұратын мемлекетке қайтару туралы куәлігінде көрсетілген мерзімнен аспайтын мерзімге;

3)Заңнамаға сәйкес белгіленген тәртіп бойынша Қазақстан Республикасынан шетелдікті шығарып жіберу туралы шешім қабылданған шетелдіктерге – шығу үшін 30 тәулікке дейінгі мерзімге немесе Қазақстан Республикасынан шетелдікті шығарып жіберу туралы соттың қаулысында көрсетілген мерзімге беріледі.

20. Топтық визалар

Топтық визалар шетел азаматтары топтарының Қазақстан Республикасына ұйымдасып кiрулерi, Қазақстан Республикасынан шығулары немесе Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитi кезiнде, мақсатқа сай және орынды немесе жеке визаларды ресiмдеу үшiн қиындықтар болғанда ресiмделедi.

Мұндай визаларды беру үшiн барлық топ мүшелерiнiң Қазақстан Республикасына кiруi және Қазақстан Республикасынан шығуы кезiнде шекарадағы бақылау-өткiзу пунктiне  бiр уақытта келуi және өтуi, Қазақстан Республикасы аумағы бойынша жүрiп-тұруы мен қандай да бiр пункте топ құрамында болуы мiндетті шарттар болып табылады. Топтық визаларды ҚР СІМ, ҚР-дың шетелдегi мекемелерi, егер халықаралық шарттар мен келiсiмдерде өзге тәртiп көзделмесе, құзырлы органдармен келiсiлген ҚР СІМ-нiң визалық қолдауы бойынша бередi.

21. Визаларды алу кезінде ұсынылатын құжаттарға қойылатын талаптар

ҚР визалары шетелдіктерге паспорттарды немесе Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өтуге рұқсат беретін басқа да Қазақстан Республикасы таныған мемлекет немесе халықаралық ұйымдар берген құжаттарды көрсеткен кезде, егер оның түпнұсқалығына және иесінікі екендігіне күмән келтірмейтін болса беріледі. Визаның мерзімі шетелдіктің паспортының қолданыс мерзімі аяқталуынан 6 айдан кем емес мерзімге дейін аяқталуы қажет.

Паспортта немесе Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өтуге рұқсат беретін басқа құжаттарында ескертілмеген тазартулар мен түзетулер, мөр басылмаған фотосуреттер және парақтары сөгілгендігі табылған жағдайда, осындай құжаттардың иелеріне ҚР визалары берілмейді. ҚР-ның шетелдегі мекемелері, ҚР ІІМ құжаттардың жарамсыздығы немесе жалғандығы себебі бойынша виза беруден бас тартқан жағдайда, міндетті түрде ҚР СІМ-ді хабардар етулері қажет. [11].

22. Визаларды беру тәртібі

ҚР-дың шетелдердегі мекемелері осы Ережелерде қарастырылған негіздер болған жағдайда, шығу санатындағы визалардан басқа барлық санаттағы бастапқы визаларды береді.

Дипломаттық және қызметтік санаттарындағы бір мәртелік ҚР визаларын 2-ші қосымшасында көрсетілген елдердің азаматтарына шақыру қағазынсыз және ҚР СІМ-нің визалық қолдауынсыз осы Ережелермен қарастырылған талаптарды сақтай отырып, заңды тұлғалардың жазбаша өтініштері бойынша беруге болады.

Іскерлік және жеке санаттарындағы бір мәртелік визаларын ҚР 2-ші қосымшасында көрсетілген елдердің азаматтарына шақыру қағазынсыз және ҚР СІМ-нің визалық қолдауынсыз осы Ережелермен қарастырылған талаптарды сақтай отырып, жеке және заңды тұлғалардың жазбаша өтініштері бойынша беруге болады.

«Туристік» санатындағы бір және екі мәртелік ҚР визалары 2-қосымшада көрсетілген елдердің азаматтарына шақыру қағазынсыз және ҚР СІМ-нің визалық қолдауынсыз осы Ережелермен қарастырылған талаптарды сақтай отырып, жеке және заңды тұлғалардың жазбаша өтініштері бойынша беріледі.

Қазақстан Республикасы аумағында:

1) ҚР СІМ – ҚР-дың шығу визаларынан басқа, барлық санаттағы бастапқы визаларын;

2) ҚР ІІМ – емделуге – Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктерге тұрақты емделу қажет болған жағдайда және Қазақстанға емделуге келген тқлғалармен бірге жүретін шетелдіктерге, тұрақты тұруға– Қазақстан Республикасына жеке істер бойынша келіп, ҚР-да тұрақты тұруға қалдыру туралы өтініш берген шетелдіктерге ҚР-дың визаларын, сондай-ақ шығу визаларын береді.

Шетелдіктердің Қазақстан Республикасының аумағаны кіруіне кедергі жасайтын негіздер болған жағдайда, соның ішінде визалық қолдауы бар болса, ҚР визалары берілмейді, сондай-ақ ресімделген ҚР визасы Қазақстан Республикасына кіруге негіз болып табылмайды. Визаларды беру, егер Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарда өзге ережелер белгіленбесе, мемлекеттік баж және консулдық алымдар сомалары төленгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

ҚР СІМ-нің визалық қолдауы бойынша берілген, бірақ пайдаланылмаған визаның орнына қайталама виза беруге ҚР СІМ-нің қосымша келісімі қажет. ҚР-дың шет елдердегі мекемелерінің сұратуында визаны пайдаланбау себебі көрсетілуі тиіс.

23. Визаны ұзарту тәртібі

ҚР СІМ келесі санаттардағы визаларды:

1)Дипломаттық және қызметтік санаттардағы визаларды ҚР аумағына Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының, ҚР-да тіркелген шетелдік дипломаттық өкілдктердің, консулдық мекемелердің және халықаралық ұйымдардың шақыруымен келген шетелдіктерге аталған ұйымдардың хаттары-өтініштерінің немесе вербальдық ноталары негізінде;

2)Инвесторлық санаттағы визаларды - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Инвестиция жөніндегі комитеттінің хаты негізінде;

3)Іскерлік санаттағы визаларды - Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, Қазақстан Республикасында тіркелген дипломаттық өкілдіктердің, консулдық мекемелердің, халықаралық ұйымдардың шақыруымен Қазақстан Республикасының аумағына келген шетелдіктерге хаттары-өтініштерінің немесе вербальдық ноталарының негізінде ұзартып береді.

ҚР ІІМ келесі санаттағы визаларды ұзартады:

1) оқуға арналған санаттағы визаны- Қазақстан Республикасында тіркелген оқу орнының немесе Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің жазбаша өтініші негізінде ұзартады. Визаның мерзімінің ұзартылуы 1 жылға дейінгі мерзімге немесе оқу тәжірибесі немесе тағылымдама өту үшін қажетті мерзімге, бірақ та бір жылдан аспайтын мерзімге жүзеге асырылады;

2) емделуге арналған санаттағы визаны- Қазақстан Республикасында тіркелген медициналық мекеменің жазбаша өтініштері негізінде ұзартады. Визаның мерзімін ұзартылуы емделуге қажетті, бірақ 1 жылдан аспайтын мерзімге жүзеге асырылады;

3) жұмысқа арналған санаттағы визаны- бастапқы визаны ресімдеу үшін құжат тапсырған заңды тұлғаның жазбаша өтініші және шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаты негізінде ұзартады. Визаның мерзімінің ұзартылуы шетелдік жұмыс күшін тарту рұқсатында көрсетілген мерзімге жүзеге асырылады.

4) тұрақты тұруға арналған визаны – шетелдіктің жеке жазбаша өтініші негізінде ұзартады. Визаның мерзімінің ұзартылуы 60 тәулікке дейінгі мерзімге жүзеге асырылады.

Іскерлік  (Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, Қазақстан Республикасында тіркелген дипломаттық өкілдіктердің, консулдық мекемелердіқ, халықаралық ұйымдардың шақыруымен Қазақстан Республикасының аумағына келген шетелдіктерге шетелдіктен басқа), жеке, туристік, миссионерлік, транзиттік санаттардағы визалардың мерзімі ұзартылмайды.

Емделуге арналған, тұрақты тұруға арналған санаттардағы визалардың мерзімі бір мәрте ғана ұзартылады.

Оқуға арналған, емделуге арналған, жұмысқа арналған санаттардағы визалардың мерзімін ұзарту ҚР ҰҚК-мен келісіледі.

Визаның мерзімін ұзарту үшін бұрын бастапқы визаны алу үшін шақыруды ресімдеген заңды және жеке тұлғалар, Қазақстан Республикасында тіркелген шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктері, консулдық мекемелері, халықаралық ұйымдар ғана өтініш бере алады. Өзге заңды және жеке тұлғалардың өтініштері қаралмайды.

Егер Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарда өзге тәртіп белгіленбеген болса, виза ресімдегені, соның ішінде оның қолданыс мерзімін ұзарту және қалпына келтіру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес консулдық алым және мемлекеттік баж алынады.

ҚР СІМ, ҚР-дың шетелдердегі мекемелері немесе ҚР ІІМ берген визадан қате табылса, сол санаты мен мәртелігі сақталып, қайталама виза консулдық алым немесе мемлекеттік баж салығы алынбай беріледі.

Егер Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарда осы Ережелердегі тәртіптен өзгеше ережелер белгіленген болса, халықаралық шарттың ережесі қолданылады. [12-16].

Қазақстан Республикасына шет ел азаматтарын шақыру үшін ҚР-дың шет елдердегі мекемелеріне ҚР СІМ визалық қолдауын жолдау тәртібі туралы ақпарат:

Қазақстан Республикасына жол жүретін шетелдік азаматтарға ҚР СІМ визалық қолдауын ресімдеу үшін (виза беру туралы нұсқау) шақыратын ұйым ҚР СІМ Консулдық қызмет департаментіне төмендегі құжаттарды тапсырады:

1. Белгіленген үлгідегі шақырту қағазы (№1 нысаны бойынша).

Ұйымдардың шақыру бланкілерінде СТН және БСН нұсқауы мiндеттi түрде болуы тиіс.

2.Төлем құжаты немесе консулдық алымдар (Мемлекеттік мекемелерден талап етілмейді) мен нақты шығыстарды төлегені туралы түбіртек.

3. ҚР СІМ КҚД-не өтініш білдірген мекемелер жылында бір рет өтпелі жылмен нотариалды куәландырылған құрылтай құжаттардың (нотариалды куәландырылған жарғы, нотариалды куәландырылған ҚР Әділет министрлігінде тіркеу туралы куәлік, нотариалды куәландырылған статистикалық карта, нотариалды куәландырылған ҚР салық төлеушісінің куәлігі), сондай-ақ, соңғы үш ай ішінде салықтарды төлеу туралы анықтаманың түпнұсқасын тапсыруы қажет.

4. Құжат тапсырушыға мекеме атынан еркін түрде жазылған сенімхат (ҚР СІМ КҚД-ға құжаттарды тапсыру және визалық қолдау нөмірін алуға)

Шақырту қағазы фирмалық бланкта, мөр мен мекеме басшысының қолымен үш данада ҚР СІМ КҚД-ға тапсырылады, олардың екеуі ҚР СІМ КҚД-да қарастыруға қалдырылып, үшіншісі шақыртқан тарапқа ҚР СІМ КҚД-нің мөрімен қайтарылады. Шақырту қағаздарының факспен жіберілген нұсқалары қабылданбайды. КҚД келіп түскен өтініштерді 5 жұмыс күні ішінде қарайды және ҚР СІМ шетелдегі мекемелеріне виза беру туралы нұсқауды жолдағаннан кейін визалық қолдаудың нөмірін хабарлайды. Шақыратын ұйым аталған нөмір қойылған шақырту қағазын консулдық мекемеден виза алу үшін шет ел азаматына жіберуі тиіс.

2.2 Шенген визасының типі мен спецификасы

Шенген визасы қалай рәсімделеді?

1985 жылы 14 маусымда Шенген қалашығында Франция, Нидерланды, Бельгия, Люксембург және Германия Федеративті Республикасы «Ортақ шекарадағы бақылаудың кезеңмен жойылуы туралы» келісімге қол қойды. Бұл келісімнің басты мақсаты ортақ шекара арқылы тауар мен қызметтердің өтуін жеңілдету болып табылады.

 Шенген визасы Шенген аймағы елдері үшін виза болып табылады. Шенген визасы арқылы бірнеше мемлекеттерді аралауға болады. Қазіргі таңда шенген визасы 23 мемлекетте рәсімделеді: Австрия, Бельгия, Венгрия, Германия, Греция, Дания, Исландия, Испания, Италия, Латвия, Литва, Люксембург, Мальта, Нидерланд, Норвегия, Польша, Португалия, Словакия, Финляндия, Франция, Швеция, Чехия, Эстония. [В].

ҚР азаматтары шенген визасын қалай ала алады?

Шенген визасын кез келген консулдық қызметтен алуға болады. Алайда, ол сіздің қай елге баратыныңызға байланысты. Мысалы, сіз Франция еліне сапарға шықсаңыз, алдымен Франция мемлекетінің еліміздегі консулдық қызметіне барып, шенген визасын рәсімдейсіз. Ал егер де сіз бір емес, бірнеше мемлекетке жол тартсаңыз, қай мемлекетте ең көп тұрақтауды жоспарласаңыз, сол елдің консулдық қызметіне жүгінесіз. Шенген визасының бірнеше түрі бар. С категориялы виза түрі кең таралған. Бұл виза бір және көп мәртелі (мультивиза) болып есептеледі. [17].

Шенген визасын алудың талаптары:

•Шенген визасын алуға арыз берген азаматтың шетелдік төлқұжатының (паспорт) берілген мерзімі 2002 жылдан кейінгі жылдар болуы керек. Төлқұжаттың кем дегенде екі беті толтырылмаған таза болуы тиіс;

•Сапар мақсаты мен барысын айқындайтын құжаттар болуы тиіс: іссапар, демалыс, шақырту, туристік ваучер т.с.с;

•Ақша қаражаттары жеткілікті болуы керек (1 күн=100 АҚШ доллары);

•Халықаралық медициналық сақтандыру куәлігі міндетті түрде қажет;

•Сауалнама толтырылуы тиіс.

Шенген визасын алу үшін қажетті құжаттар:

•Шетелдік құжат;

•Жұмыс істейтін мекемеңізден қызметіңіз бен айлығыңыз туралы анықтама;

•Неке қию немесе ажырасу туралы куәлік;

•Валюталық шотыңыз туралы анықтама;

•Әуебилет;

•3,5х4,5 фотосурет (2 дана);

•Ата-анаңыз, жолдасыңыз және балаларыңыз жайлы толық ақпарат.

Шенген визасы қандай жағдайда берілмейді?

•Қоғамға, мемлекетке қауіп төндіретін азаматтарға шенген визасы берілмейді.

•Шенген аймағына кіретін елдердің біріне сапар шегу белгілі бір себептерге байланысты рұқсат етілмесе, виза берілмейді.

•Алдыңғы визалық тәртіпті бұзған жағдайда берілмейді.

•Егер де сізге белгілі бір себептерге байланысты шенген визасы берілмесе, сіз үш айдан кейін қайтадан арыз бере аласыз.

•Консулдық қызмет рұқсат беріп, ал шекарашылар сапар барысында мемлекетке кіруге жол бермеуі мүмкін. Бұл жағдайда шекарашылардың рұқсат бермеуге толық құқығы бар. Мысалы, сіз төлқұжатта көрсетілмеген мемлекетке бас сұға алмайсыз. Ең әуелі, сіз төлқұжатта көрсетілген мемлекетке аяқ басуыңыз керек. Бес күн ішінде басқа аймақтарға бара аласыз. Сондай-ақ, Шенген аймағындағы кез келген мемлекеттік ішкі шекаралық бақылау тәртібін енгізуі мүмкін.

Шенген визасының жалпы ережелері – Өтініш тапсыру орындары

  •  Егер Сіз Шенген аймағының тек ғана бір мемлекетіне баратын болсаңыз және ол мемлекет Франция болған жағдайда, виза алу үшін Алматы қаласындағы Францияның Бас консулдығына өтініш тапсыруыңыз қажет.
  •  Егер Сіз Шенген аймағының бірнеше мемлекетіне баратын болсаңыз және ол мемлекеттердің бірінде болатын мерзіміңіз басқаларына қарағанда ұзағырақ болса, аталмыш мемлекеттің Елшілігі немесе Консулдығына өтініш тапсыруыңыз қажет.
  •  Егер Сіз Шенген аймағының бірнеше мемлекетіне баратын болсаңыз және ол мемлекеттерде болатын мерзіміңіз бірдей болған жағдайда, Сіз сапарыңыз басталатын мемлекет Елшілігіне немесе Консулдығына өтініш тапсыруыңыз қажет.
  •  Егер Сіз Шенген аймағының бірнеше мемлекетіне баратын болсаңыз, бірақ Сіздің негізгі баратын мемлекетіңіз Франция болған жағдайда виза алу үшін Алматы қаласындағы Францияның Бас консулдығына өтініш тапсыруыңыз қажет.

Шенген визасының жаңа түрі

Еуропа Парламентінің және Еуропа Одағы Кеңесінің 2010 жылдың 5- сәуіріндегі жаңа қаулысына сай Шенген визасын алуға талапкерлер сауалнаманың жаңа түрін толтыруы тиіс. Үлгі виза алуға өтініш тапсырушымен ағылшын және француз тілдерінде талап етілген ретте толтырылуы тиіс екендігіне назар аударыңыз.

Ұлыбританияға виза алу үшін құжаттар тапсыру кезінде қажетті құжаттар:

1.Төлқұжат

2. төлқұжаттық үлгідегі 2 фотосурет (4/5-ке 3/5 ақ фонда)

3. он-лайн сауалнамасының және аппедикс № 8 қосымшасының қағазға басылған түрі

4.шетелдің жоғары оқу орны берген ‘Visa Letter' хатының түпнұсқасы

5.Орталықтың кепіл хатының түпнұсқасы

6.Орта білім туралы аттестаттың (бакалаврлар) және дипломның (магистрлер) нотариалды куәландырылған көшірмесі.

7.Консулдық жинақ (сома құжаттарды тапсыратын күні төленеді)

Британдық виза дайындау ұзақтығы 5-тен 10-ға дейінгі жұмыс күнін алады.

Ұлыбританияға виза ресімдеу жүйесінің ерекшеліктері: визаға құжаттарды Алматы қаласындағы Виза Орталығында, биометриялық деректерін тапсыруға байланысты жеке өзі келген кезде тапсыруға болады.

Британдық виза орталығында құжаттар ресімдеу процесі

Өтініш Британдық Виза Орталығында өтініш берушінің жеке өз қолынан қабылданады. Сауалнаманы өтініш иесі атынан оның өкілінің немесе агенттің толтыруына рұқсат беріледі, алайда өтініш иесінің өзі сауалнамада көрсетілген ақпарат үшін толық жауапкершілікте болады және міндетті түрде өз қолымен қол қоюы тиіс. Осы ережелерді сақтамау виза беруден бас тартуға әкеп соғуы мүмкін. Британдық Виза Орталығына құжаттар тапсыру кезінде барлық қажетті құжаттардың болуы, қол қойылған сауалнама мен тиісті фотосуреттің болуы тексеріледі. Сонымен қатар, өтініш тапсыру кезінде өтініш иесі бар екендігін растайтын құжаттар тізімі құрылады және оған қол қойылады.

Құжаттарды қабылдағаннан кейін Британдық Виза Орталығы өтініш беруші туралы ақпаратты компьютерге енгізеді, сондан кейін сауалнама мен барлық қосымша құжаттарды Елшілікке тапсыру үшін буып жинақтайды. Алматыдағы Британдық Виза Орталығында 1 күні тапсырылған визаға кез келген өтініш Алматыдағы Ұлыбритания Елшілігі Өкілдігінің Визалық бөліміне 2 күні жеткізілетін болады. Визалық Офицер өтінішті Виза бөліміне қабылданғаннан кейін бірден қарайды. Виза процесінің бұл бөлігі Аутосорсинг жүйесін енгізгенде өзгермейді. Осы өтініш бойынша шешім қабылданысымен құжаттар қайтадан Виза Орталығына жіберіледі. Құжаттарды қарау нәтижесі қатаң құпияда және Виза Орталығының қызметкерлері ол туралы білмейтін болады. [18-20].

Студенттік визаға құжаттар тапсыру кезінде

Ұлыбританиядағы университеттен, колледждан немесе мектептен оқу курсына тіркелуі туралы хаттың түпнұсқасы. Хатта оқу курсы, оның ұзақтығы мен құны туралы толық ақпарат қамтылуы тиіс. Басқа құжаттармен бірге оқу орнынан хат көшірмесін ұсыну қажет. Хаттың түпнұсқасы елге келгеннен кейін Құрама Корольдіктің иммиграциялық билігіне көрсету үшін қайтарылады;

Оқу курсына тіркелуі туралы хаттың түпнұсқасы Елшілікке тікелей жіберілмеуі керек. Ұлыбританияда оқығысы келген адамдар университеттермен, колледждармен немесе мектептермен визаға құжаттар келіп түскенге дейін, осындай хатты алуы туралы өз еріктерімен келісулері тиіс;Қазақстанда тиісті білім және оқудан өтуі туралы кез келген қолда бар дипломдар мен сертификаттар (мысалы, студенттік билет, университеттен, колледждан немесе мектептен хат);

Орталықтың кепіл хатының түпнұсқасы.

Германияға виза алу үшін құжаттар тапсыру кезінде қажетті құжаттар:

1. 3 толық толтырылған және қол қойылған сауалнама (барлығы да неміс тілінде)

2. 3,5 х 4,5 см. көлеміндегі 4 актуалды фотосурет (3-еуі сауалнамаға желімделген, 1 бос)

3. қолданыстағы шетелдік төлқұжаттың 2 көшірмесі

4. оқуға рұқсат алған студенттерде: оқуға үміткерлерге германдық жоғары оқу орнының немесе арнаулы жоғары оқу орнының оқуға рұқсаты туралы шешімінің 2 көшірмесі: германдық жоғары оқу орнынан/мамандандырылған жоғары оқу орнынан оқуға өтініш беруі туралы немесе неміс тілін базалық білуі туралы растаманың және ЖОО-да оқуға рұқсат алу құқығын беретін құжаттардың (алғашқы білімі туралы құжаттар) 2 көшірмесі

5. оқу орнын бітіргені туралы куәлікті, сондай-ақ еңбек қызметі туралы құжаттарды қоса алғанда, алғашқы білімінің болуы туралы құжаттардың 2 көшірмесі

6. қаржы қаражаттарының болуын растайтын құжаттардың 2 көшірмесі

7. соттылығының болуы немесе болмауы туралы анықтаманың 2 көшірмесі қажет болған жағдайда, туған кездегі тегі, және кейінгі тектері бойынша берілген)

8. Қазақстандағы тұрғылықты жерінен өзекті анықтамасының түпнұсқасы не түпнұсқасы болған жағдайда, үй кітапшасының көшірмесі

Өтініш беру кезінде Сіз шетелдік төлқұжаттың түпнұсқасын көрсетуіңіз керек. Куәлікті, құжаттарды және анықтаманы да түпнұсқада және нотариалды куәландырылған аудармасымен (тұрғылықты жерінен анықтама не үй кітапшасының көшірмесі бір данада, неміс тіліне аударылмай ұсынылады) ұсыну қажет. Куәліктерді, құжаттар мен анықтамаларды түпнұсқада және нотариалды куәландырылған аудармасымен ұсыну қажет. Қажет болған жағдайда, азаматтық жағдайы туралы қазақстандық куәлік пен сот шешімін апостилдеу қажет.

Қарау мерзімі: 3-7 күн

Қорытынды

Еуропаның бүкіл елдері туризмнен пайда табуда. Ел қазынасының қайнар көзі дәл осы туризмнен түсуде. Уақыт өте келе Африка елдері де туризмге көңіл бөліп өз әлеуеттерін жөндеп келеді. Соңғы он жылдықта Азия елдері аталған саланың нағыз елдің көркейюіне себепші екеніне көз жеткізіп, бет бұрды.

Жиһангерлiк және саяхатшылық – адамның танымдық көкжиегiн кеңейтетiн, қазiргi замандағы ғаламат мүмкiншiлiгi бар, пайдасы шашетектен келетiн, бiз әлi толық игере алмаған саланың бiрi екендiгi белгiлi. Бүгiнгi туризм, яғни жиһангерлiк және саяхатшылық – бұл мемлекет пен қоғамның экономикалық әлеуметтiк дамуының, тұлғаның жан-жақты қалыптасуының маңызды факторы. Сондықтан туристiк қызмет көрсету нарығында мүдделi министрлiктер мен ведомстволардың, уәкiлеттi органдардың, туристiк компаниялардың және жеке кәсiпкерлердiң мүмкiншiлiктерiн жұмылдыруға, бiрiктiруге Дүниежүзілік туристік ұйымның ықпал жасауы қалыпты құбылыс.

Қазiргi туризм еңбекшiлердiң жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына шығуымен байланысты, мұның өзi адамның демалуға және бос уақытын өткiзуге негiзгi құқығын тану болып табылады. Ол жеке адамды, адамдар және халықтар арасындағы өзара түсiнiстiктi дамытудың факторына айналды.

Дүниежүзілік туристік ұйымды тілге тиек етіп отырған себебім, бүгінде мемлекеттердің қарым-қатынасын түзеуде аталмыш ұйымның орасан зор еңбегі бар.

Бірқатар виза мәселесін де туристік ұйымның шешуге қауқары бар. Бүгінде көптеген шығыс елдері виза рәсімдеудің соңынан саясат іздейді. Бұл қате құбылыс. Неге десеңіз, бірінші орынға турист саясатты емес, өзінің адами құндылығын һәм құқығын қояды.

Яғни бұл саланың қанатын жайып өркендеуіне визалық құрылымның тұрақты әрі ыңғайлы болуы ерекше орын алады.

Еліміз тәуелсіздік алғалы қаншама саладан әлемде жетекші орынға ие болып, қаншама сала бойынша халықтарға үлгі болар жобалар жасауда. Солардың бірі Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың осыдан бірер жыл бұрын Азия елдеріне бірегей виза ашу жүйесін құру мәселесін көтерген болатын. Дәл Еуропадағы атақты Шенген визасын көшіріп Азия елдеріне қолданар болса, тек қана туризм емес, сонымен қатар, басқа да салалар үшін оңтайлы шешім болар еді.

Себебі, виза бұл – туризм, экономика, саясат және әлеуметтік салалардың түйісетін маңызды құжаты.

Қорытындылай келе, жоғарыда көрсетілген виза бойынша мәселелер мен проблемалар өз шешімін тауып жатса, әлемді бейбітшілік билер еді.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1.  Конвенция о применении Шенгенского соглашения 1990 г.
  2.  Шенгенский кодекс о границах от 15 марта 2006 г.
  3.  А.Ю. Александрова. Международный туризм. М.: Аспект Пресс, 2004.
  4.  Биржаков М.Б. Введение в туризм. – М. – СПб.: Издательский Торговый Дом «Герда», 1999.
  5.  В.Н. Вуколов. Халықаралық туризмнің тарихы және теориясы. Астана, 2005.
  6.  Гуляев В.Г. Организация туристской деятельности. Учебное пособие. НОЛИДЖ. Москва. 1996.
  7.  Долгов С.И. Глобализация экономики: новое слово или новое явление. М.: Экономика, 1998.
  8.  Закон РК «О туристской деятельности в РК». Алматы. 2001.
  9.  Қазақстан Республикасының Конституциясы 1998 жылғы 7 қазаңдағы № 284-1 заңымен енгізілген өзгертулер мен толықтырулармен / Алматы:Юрист. - 2004. - 40б.
  10.  Общаяконсульскаяинструкция о визах, адресованная дипломатическим и консульским представительствам договаривающихся сторон Шенгенской конвенции от 28 апреля 1999 г.  
  11.  Право Европейского Союза: учеб. пособие / С.Ю.Кашкин (и др.); отв. ред. 27.С.Ю.Кашкин. - М.: ТК Велби, Изд-во Проспект, 2008.
  12.  С.Р. Ердавлетов. География туризма: история, теория, методы, практика. – Алматы, 2000 – 336с.
  13.  С.Ю. Кашкин, А.О. Четвериков. Комментарий к Шенгенским соглашениям - Система ГАРАНТ, май 2005 г.
  14.  Тынчерова З.В., Ягофаров Г.Ф. Основы планирования и организации туристского бизнеса. Алматы. 2003.
  15.  Уикипедия интернет сайты.
  16.  Энциклопедия туриста. – М., 1993.
  17.  http://eeas.europa.eu/delegations/kazakhstan/eu_travel/visa/index_kk.htm интернет сайты.
  18.  http://www.astra-consul.ru/kazahstan7.php интернет сайты.
  19.  http://www.caspionet.kz/kaz/visa/ интернет сайты.
  20.  http://www.otrar.kz/kz/visas.html интернет сайты.

Қосымша А

Халықаралық туризмнің жіктелуі

Қосымша Б

Шет ел азаматтары үшін ҚР визасы

                 

Қосымша В

Шенген визасы


 Круиз.

асиетті діни орындар.

Теңіз жағалауындағы курорттар

Тау шаңғысы туризмі.

Халықаралық туризм




1. I INNOWCJE W TRNSPORCIE KORZY~CI DL GOSPODRKI 3
2. ВСТУП Конституція України проголосила право кожного на працю і встановила умови для його реалізації
3. криминалистическая техника
4. I. Сахарный диабет у лиц с ожирением у лиц с нормальной массой тела II
5. ДОКЛАД на тему- Европейский парламент МОСКВА 1999 г
6. Они выступают одним из звеньев общественных финансов
7. BotsMoto Дорогие друзья Мы благодарны всем кто заходит на наш сайт BotsMoto для размещения своих о.html
8. Этнополитические процессы в Российской Федерации
9. кусочками по всему диску причем это разбиение никак не связано с логической структурой файла например ег
10. Государство Глава седьмая
11. Роль инвестиций в развитии экономики Российской Федерации. Пути улучшения инвестиционного климата в Росси
12. К истокам Руси
13. Реферат- О зарождении славянского государства
14. і. Так під час теплової обробки тваринні і рослинні білки денатуруються крохмаль клейстеризується продукти.
15. Вариант 1 1 Сущность налога ~ это-
16. Ткани
17. это здоровье и долгая творческая жизнь
18. Понимание герменевтики различными философами
19. Othersideru
20. тема совершает работу с увеличением объема ТДС и отрицательной если она подводится к системе из окр