Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

те~естірілген білім м~селесі Ежелгі Грецияда ~ойылып ж~не пайымдал~ан

Работа добавлена на сайт samzan.net:


Ақиқат мәселесі, яғни күмәнсіз, шынайы, адекватты (латынша аЬаедиаШв - теңестірілген) білім мәселесі Ежелгі Грецияда қойылып және пайымдалған. Оның мәні неде? Элеаттар мен софистер әсіресе сезімдік қабылдауға негізделген біздің біліміміздің қоршаған орта туралы шынайы мәлімет беріп және оны дұрыс бейнелейтініне күмән келтірген болатын. Платон мәңгі және өзгермейтін идеялар туралы білім ғана мүмкін, ал сезімдік элем туралы мәлімет, пікірлер жалған деп санады. Сондықтан да объективті құбылыстар мен білімнің арасындағы сәйкестікті бекіту мәселесі пайда болды. Философияда мұндай сәйкестік ақиқат деген атауға ие болды. Аристотель былай деп жазды: "ажыратылғанды ажыратылған, байланысқанды - байланысқан деп есептейтін адам шын сөйлейді, ал жалған сөйлейтін адам - заттардың нақтылығы туралы кері ойлайтын адам". Аристотельдің бұл сөздері ақиқаттың классикалық концепциясын қалыптастырып, ол біздің заманымызға дейін жетті. Бұл концепция бойынша, ақиқат - бұл объективті құбылыстар мен процестер және жекелеген ұғымдар арасындағы сәйкестік емес, белгілі бір түйіндер, яғни, пікірлер және істің объективті жағдайы арасындағы сәйкестік болып табылады.

Ақиқат түсінігінде тарих философиясында да, қазіргі философиялық ағымда да әр алуан пікірлер бар. Мысалы, ақиқаттың когерентті концепциясының жақтаушылары рационалистердің көзқарастарын біржақты қолдай отырып, берілген түйін дұрыс, егер ол алдында ақиқат деп есептелген пікірлерден белгілі логикалық ережелерге сәйкес туындайтын болса деп санайды. Математикадағы шарт осындай. Теорема бірқатар аксиомалардан келіп шығады. Аксиоманың шынайылығына біз күмән келтіре алмаймыз, ал теорема болса (тұжырым), егер ол логикалық түйіннің дәл ережесіне сәйкес аксиомадан туындайтын болғанда дәлелденген немесе ақиқат деп саналады. Алайда, "ақиқат" және "жалған" ұғымдары көп мағыналы, білімнің әр саласына қатысты әртүрлі мәнге ие болады. Мысалы, математикада ақиқат ұғымы мынадай тұжырымның - "теорема дегеніміз мынадайда, мынадай ережелермен дәлелденеді” деген тұжырымның синонимі ретінде көбірек қолданылады. Және мұнда ешқандай қателік жоқ. Бұл ерекше сөз тіркестері, математика үшін формальды дұрыстық, формальды есептеудің немесе қорытынды шығарудың ең негізгі мәселе (жалғыз болмаса да) екендігін баса көрсетеді. Алайда математиканы практикада - ғылым мен техникада қолдануға келгенде мәселе түбірімен өзгереді. Мысалы, көп өлшемді геометрияда жалаң формальды жолмен ғана бекітілген және формальды ақиқат деп есептелетін теоремалар мен тұжырымдар бар. Және әзірше олар ешқандай нақты физикалық процестерге қолданыла алмайтындықтан, олардың нақтылықпен сәйкестілігі туралы сөз қозғау артық. Сонымен бірге, оларды жалған деп есептеуге де болмайды, өйткені, олар қатаң дәлелденген. XIX ғасырда Лобачевскийдің, Риманның және Больяидің евклидтік емес геометриясы ашылған кезде, оларды материалдық нақтылыққа қолдануға келмейтін математикалық курьез деп есептеді. Олар тек дәлелдеуші, дұрыс құрылымдар ғана деп саналды. Алайда, XIX ғасырда Эйнштейн гравитацияның жаңа теориясын - салыстырмалылықтың жалпы теориясын құрды. Ол евклидтік емес геометрияға сәйкес келетіндей физикалық процестер кеңістікте жүзеге асатындығын дәлелдеді. Салыстырмалылық теориясы эксперименталды түрде дәлелденді.

Белгілі бір тұжырымдар сыртқы нақтылыққа сәйкес келуі тиіс деген позицияны ұстанатын ақиқаттың корреспонденттік теориясы да кездеседі. Бұл сәйкестікке қалай жетуге болады? Сөйлемдер бақыланған қасиеттер мен қатынастарды бейнелейтін ұғымдарды білдірген жағдайда, мысалы "қызыл", "шар тәрізді", "қышқыл", "қатты" және т.б. білдіргенде бұл мәселенің шешілуі оңай. Затты көрсең, жаласаң немесе сипасаң жеткілікті. Алайда ғылымда тікелей бақылауға көнбейтін ұғымдар да кездеседі. Мысалы, "спин", "элементарлық бөлшектер", "кварк" және т.б. Мұндай жағдайда не істеу керек? Ақиқаттың корреспонденттік концепциясының жақтаушылары ғылымның тілін үш қабатқа бөледі: бақылау тілі, теория тілі және корреспонденттік тіл немесе интерпретация (түсіндірме) тілі. Түсіндірме тілдің көмегімен тікелей бақылауға көнбейтін теориялық ұғымдар ("спин", "кварк" және т.с.с.) бақылау тіліне аударылып, сезінуді сипаттаушы ұғымдармен алмастырады. Теориялық сөйлемдердің өзі толық бақыланатын ахуалдарды сипаттайтын сөйлемдерге аударылады. Міндет қарапайым күйге түскен тәрізді. Алайда бұл қарапайымдылық сырт көзге ғана солай көрінеді. Көптеген ахуалдар мен процестер құбылмалы, өзгермелі және тікелей бақылауға бағынбайды. Оның үстіне теориялық сөйлемдерді қадағалау тіліне толық аудару мүмкін емес. Және, ақырында, корреспонденттік концепция математиканың көптеген жоғары бөлімдеріне қолданылмайды, бұл концепцияны жетекшілікке ала отырып, олардың шынайылығы немесе жалғандығы туралы айту мүмкін емес.

Жоғарыда айтылғандардан туындайтыны объективті ақиқаттың үнемі дамуда екендігін түсіну болып табылады. Ол ақиқаттың абсолютті және салыстырмалы екі формасы түрінде көрінеді. Абсолюттік ақиқат ешқандай күмәнсіз, өзгермейтін және мәңгіге бекітілген білім болып табылады. Бірақ бізді қоршаған объектілер өте күрделі, шексіз көптеген байланыстар мен қатынастарға енген, өздері үнемі өзгереді, диалектиканың заңдары бойынша дамиды және өзге сапаға өтеді. Осы жағдайларға орай скептиктер және агностиктер абсолюттік, объективтік шындыққа жету мүмкін емес деп түйін жасайды. Мұндай түйін қате. Біріншіден, объективті ақиқат көбіне абсолюттік формада емес, салыстырмалы формада болып келеді. Екіншіден, абсолюттік ақиқат біздің біліміміз үнемі оған жетуге ұмтылатын белгілі бір үлгі немесе шек ретінде қарастырылуы тиіс. Осы шекке жету жолында біз жаңа салыстырмалы шындыққа ие боламыз, яғни объектілердің жекелеген байланыстарын, қасиеттері мен қатынастарын терең танып, оларды синтездеп жэне осы мағынада біз үнемі абсолютті ақиқатқа жақындаймыз.

Догматтық тұрғыда ойланатын философтар мен ғалымдар қандай да бір салыстырмалы шындықтарды абсолюттік ақиқат ретінде қабылдайды. Қалыптасқан білім неғұрлым ұзақ уақыт шыдаған сайын, соғұрлым ол әдетке айналып, адасушылықтар да тамырын тереңге жібере түседі. Ғылымда объективті әлемді толығырақ және тереңірек бейнелейтін жаңа ашылымдар ашылып және жаңа ақиқаттар қалыптасады, ал бұрынғы білімдер дәл жеткілікті емес деп теріске шығарылып жатқанда, мұндай ойшылдар шарасыздықтан ақиқат жоқ, біздің біліміміз шартты, салыстырмалы, үмітсіз деп түйіндей бастайды. Мұндай жағдай жаңа және ескі теориялар мен ілімдердің жақтастары арасындағы драмалық қақтығыстарға әкеледі.

Салыстырмалы және абсолютті ақиқаттың диалектикасының ерекшелігі біздің танымымыз қоршаған әлемді дәл және жан-жақты қамтуға ұмтылу үшін, бірақ өз жолында кездесетін қайшылықтарды шешу үшін оған тура жолмен емес, спиралды түрде қозғалуымен және объективті нақтылықты терең бейнелеуімен сипатталады. Ақиқаттың теориясы бойынша қазіргі логикалық зерттеулер бізді қоршаған элем туралы біздің біліміміздің дәлдік, толықтық және күмәнділік деңгейін ықтималдылық теориясы мен ықтималдылық логикасының көмегімен анықтауға, дәлелдеуге, "есептеуге" және "өлшеуге" болады. Қазіргі кезде қалыптасқан өте көптеген математикаландырған теориялар мен формулалар ықтималдылыққа теңестірілген салыстырмалы шындықтардың абсолютті дәл күмәнсіз білімге жақындығын көрсетеді.




1. тема сил под действием которой тело находится в равновесии Система сил под действием которой тело соверш
2. Толстой Алексей Константинович
3. Преступления в сфере незаконного оборота наркотических средств
4. Лекция на І курсе высшего училища физической культуры Трудовое законодательство Трудовое закон
5. Архивное дело на современном этапе
6. Лабораторная работа 2 Изменение порядка выполнения операторов Выражение ' это значение или группа зн
7. Молодой Т оставляет казанский университет неудовлетворенный схоластич учением
8. техническом сотрудничестве и международной торговле; содействие потребителям в компетентном выборе проду
9. РЕФЕРАТ дисертації на здобуття наукового ступеня кандидата педагогічних наук5
10. Сарко как политические противники так и сторонники
11. вступить в брак Выбор невесты Вступающей в брак Новобрачной Обязанности супругов Отношение свекрови
12. Загальні положення 1.html
13. Штурм Кенигсберга
14. 2013 г
15. Лабораторная работа 3 Определение модуля Юнга на интерферометре Майкельсона
16. на тему- ПЕРЕСЕЧЕНИЕ ПЛОСКОСТЕЙ ЗАДАННЫХ СЛЕДАМИ для курсантов и студентов 1 курса всех специально
17. Контрольная работа- Арбитражные суды и иные арбитражные органы
18. Тема 1. Еволюція практики управління персоналом Адміністративний етап розвитку функції управління пер
19. тематизации Пополнение государственной казны Правила внутренней торговли 94
20.  Когда где и с какой попытки город Сочи был объявлен место проведения XXII Олимпийских зимних игр и XI Паралимп