Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

те~дік жа~дайынан ауыт~уы

Работа добавлена на сайт samzan.net:

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 9.11.2024

60. Нарықтық экономикаға тұрақсыздық, көтерілу және құлдырау қасиеттері тән, ол экономикалық кезеңді қалыптастырады және экономиканың кезеңділігін анықтайды. Өндірісті шексіз дамыту мен нарықты жаулап алу артық тауар өндірісіне әкеліп соқтырады. Артық өндіру бұл ұсыныстың сұраныстан көп болуы. Артық өндірудің себептерін зерттей келе экономистер сұраныстың өсуі мен азаюы, өндіріс көлемінің өсуі мен азаюының мезгілдігіне көңіл аударды. Циклдық ауытқу бұл экономиканың тепе-теңдік жағдайынан ауытқуы. Экономикалық цикл – бұл бір экономикалық дағдарыстың басынан екіншісінің басталуына дейінгі кезең, ол экономикада кезең-кезеңмен қайталанатын өрлеу және құлдыраумен сипатталады.

Экономикалық өсу – бұл ұлттық өнімнің сандық көбеюі, сапалық жағынан жетілуі.

61.  Цикл төрт фазадан тұрады. Ең бастапқы фазасы – құлдырау. Бұл жағдайда экономикалық өсудің деңгейі мен қарқынының төмендеуі жүреді, одан әрі өнім шығару  тоқтайды. Мұндай құбылыс тауардың артық өндірісімен байланысты. Бұл уақытта сатылмаған өнімдердің қорлары бірден ұлғаяды. Артық тауарларды сата алмайтын өнеркәсіп және сауда кәсіпорындарының жаппай банкроттығы жүреді. Өндірістің тоқтауынан жұмыссыздық өседі, жалақы қысқарады. Қоғамда несиелік байланыстар мен бағалы қағаздар нарығы бұзылып, акция бағамы құлдырайды. Барлық кәсіпкерлер қарыздарды өтеу үшін ақшаға деген қажеттілікті  қатаң сезінеді. Сондықтан банктік сауда пайызының нормасы өседі.

Құлдыраудан кейінгі фаза – тоқырау. Бұл уақытта өндірістің құлдырауы, ал онымен бірге бағаның төмендеуі тоқтайды. Бірте-бірте тауар запастары азаяды. Аз ғана сұраныс салдарынан еркін ақша капиталының массасы ұлғаяды, ал банктік пайыз ставкасы төмендейді. Тоқырау кезеңінде тауарлар ұсынысы сұраныстан оза алмайды, сондықтан олардың арасында тепе-теңдік қалыптасады (тауар шығымының тоқтауы сұраныс деңгейіне дейін олардың ұсынысын азайтады). Сол уақытта дағдарыстан шығудың табиғи жағдайлары қалыптасады. Өндіріс құралдарына бағаның төмендеуі және несиенің арзандауы капиталдың қорлануын, жаңа техникалық негізде кеңейтілген ұдайы өндірістің  қалпына келуін қамтамасыз етеді.

Келесі фаза – жандану – дағдарыс алдындағы деңгейге дейін  өндірістің кеңеюін білдіреді.  Тауар запастарының мөлшері  нарықты үздіксіз қамтамасыз ету үшін қажетті деңгейде белгіленеді. Тұтынушылық сұраныстың жандануымен туған бағаның азғана өсуі байқалады. Жұмыссыздық мөлшері қысқарады. Ақша капиталына сұраныс өседі және процент ставкасы ұлғаяды.

Келесі фаза - өрлеу.  Бұл кезеңде өнім шығару көлемі дағдарыс алдындағы деңгейден асып түседі. Осымен байланысты  жұмыссыздық қысқарады. Сұраныстың кеңеюімен тауарларға баға өседі. Өндірістің табыстылығы артады.  Несие құралдарына  сұраныс ұлғаяды және сәйкесінше банк пайызының нормасы өседі.

Экономикалық теорияда циклдың себептері әртүрлі түсіндіріледі:

- неоклассикалық бағыт дағдарысты кездейсоқ, тез өтетін құбылыс ретінде қарастырған;

-  толық тұтынбайтын концепция – экономикалық дағдарысты жұмысшылар массасының кедейлігімен түсіндіреді;

-  ақша-несие концепциясы  дағдарысты ақшаға деген сұраныс пен ұсыныстың бұзылу нәтижесі деп түсіндіреді;

-  маркстік концепция дағдарыстың себебін капитализмнің қайшылықтарымен байланыстырады;

-  кейнс теориясы дағдарысты нарық механизмінің әлсіздігімен түсіндіреді.

Мемлекеттің дағдарысқа қарсы қолданылатын құралдары

Құралдар

Тоқырау фазасында

Өрлеу фазасында

1. Ақша-несие саясаты

Пайыз мөлшерлі жалақысын төмендету, мемлекеттің бағалы қағаздарын ашық нарықта сатып алуы.

Пайыз  мөлшерлі жалақысын өсіру, мемлекеттің бағалы қағаздарын ашық нарықта сатуы.

2. Фискалдық саясат

Бюджеттен қосымша шығындар жұмсау, салық ставкаларын  төмендету.

Бюджет шығындарын қысқарту, салық ставкаларын өсіру.

3. Жалақы мен тарифтер саясаты

Жалақыны өсіру.

Жалақыны төмендету.

4. Мемлекеттік инвестициялар саясаты.

Инвестициялық бағдарламалардың жылдамдықпен орындалуы, мемлекеттік қолдау жасау.

Мемлекеттік құрылысты және инвестицияларды тоқтату.

Мақсат:

Шаруашылық белсенділігін  ынталандыру

Шаруашылық белсенділігін тоқтату.

Экономикалық циклдардың типтері

Экономикалық

циклдің типтері

Ұзақтылығы

Себептері, ерекшеліктері

1. Дж.Китчиннің қысқа  толқындары»

2-4 жыл

Алтынның әлемдік қорының тербелісі ЖҰӨ-нің, инфляцияның, жұмысбастылықтың  тербелісіне әкеледі.

2. К.Жуглярдың «орташа толқындары»

10 жыл

Ақша айналысындағы өзгерістер, кердиттік жүйенің мәселелері ЖҰӨ-нің тербелісіне инфляцияға, жұмыссыздыққа әкеледі.

3. Кузнецтің циклдары

18-25 жыл

Экономикалық  циклардың себептері күрделі құрылыспен байланысты

4. Н.Д.Кондратьевтің «ұзын  толқындары»

40-60 жыл

Басты қозғаушы күш – технологиялық  өндірістегі технологиялық базаның радикалды өзгеруі мен оның құрылымдық қайта құрылуы.

5. Форрестердің циклдары

200 жыл

Энергия куаты мен материалдарға байланысты.

6. Тоффлердің циклдары

1000-2000 ж.

Цивилизацияның дамуымен, олардың жоғалуымен немесе жаңа сатымен байланысты.

62. Экономикалық ауытқу ол экономиканың маңызды параметрлерінің тұрақты жағдайдан ауытқуы. Ол ауқымы мен уақыты жағынан қысқа, орта, ұзақ мерзімге бөлінеді. Қысқа мерзімді ауытқуда нарықтық конъюктура әсерінен өндірістің көлемі маңызды емес түрде ауытқиды. Баға дәрежесі аз мөлшерде өзгереді. Бірақ көп тауарлардың бағасы өзгермейді. Мысалы, АҚШ-та фирмалардың бестен екісінің бағасы жылына бір рет өзгереді, фирмалардың алтыдан бірінің бағалары бір жылдан көп уақытқа өзгереді.

Орта және қысқа мерзімде ауытқу басқаша болады, тепе-теңдік жағдайдан маңызды түрде ауытқиды. Қоғамда экономикалық және әлеуметтік тұрақтану бұзылады, экономикалық өсу уақытша дағдарысқа ауысады. Жалпы дағдарыстар барлық ұлттық шаруашылықты қамтиды, жеке дағдарыстар белгілі бір сфераға немесе экономикалық салаға тән. Дағдарыстың бірнеше түрлері бар:

  1.  Қаржы дағдарысы – мемлекеттік қаржының терең бұзылуы, бұл бюджеттің терең тапшылығы. Қаржы дағдарысының шегі ол мемлекеттің шетел займына төлем қабілеттілігінің болмауы.
  2.  Ақша-несие дағдарысы – ақша-несие жүйесінің бұзылуы. Коммерциялық және банк несиесінің күрт қысқаруы, салымдардың банктерден толық алынуы. Бұл кезде банктер жойылады, тұрғындар мен кәсіпкерлер нақты ақшаны іздейді, құнды қағаздардың курсы төмендеп, банк пайызының нормасы төмендейді.
  3.  Валюта дағдарысы – жеке елдер валютасының құнсыздануы, банктерде валюта резервтерінің зайып кетуі, валюта курсының төмендеп кетуі.
  4.  Биржалық дағдарыс – құнды қағаздар курсының күрт төмендеп кетуі, олардың эмиссиясының қысқаруы, қор биржасы қызметінің қысқаруы.
  5.  Аграрлық дағдарыс -  ауыл шаруашылық өнімдерін өткізу көлемінің қысқаруы, ауыл шаруашылық өнімдеріне бағаның төмендеуі.
  6.  Құрылымдық дағдарыс - өндіріс салалары арасындағы қатынастардың бұзылуы.
  7.  Салалық дағдарыс – халық шаруашылығының бір саласында болады. Бұл дағдарыс өндіріс құрылымының өзгеруімен, шаруашылық байланыстардың бұзылуымен сипатталады.

63. Экономикалық өсу – бұл ұлттық өнімнің сандық көбеюі, сапалық жағынан жетілуі. Өсудің үш типі бар:

  1.  Экстенсивті өсу дегеніміз – қосымша өндіріс факторларын тарту арқылы ұлттық өнімнің көбеюі.
  2.  Интенсивті өсу дегеніміз – техника мен технологияны толық жетілдіру арқылы ұлттық өнімнің көбеюі.
  3.  Аралас өсу дегеніміз - өндіріс қуатының өсуі нәтижесінде өндіріс факторларын пайдалану санының өсуі және  техника мен технологияның жетілуі.

Экономикалық өсуді есептеу проценттік жылдық өсу қарқынымен анықталады:

                       

                         ЖҰӨ1

ЖҰӨ өсу қарқыны = ----------------- 100%

                              ЖҰӨ0

мұндағы: ЖҰӨ1 - есепті жылғы жалпы ұлттық өнім

ЖҰӨ0 - базистік жылғы жалпы ұлттық өнім

Экономикалық өсу көптеген факторлармен анықталады, соның ішінде маңыздысы: сұраныс, ұсыныс факторлары.Ұсыныс факторына мыналар жатады:

- табиғи ресурстардың саны мен сапасы;

- халықтың еңбекке жарамдылығының саны мен сапасы;

- негізгі капиталдың болуы;

- өндіріске қолданылатын технология деңгейі.

Экономикалық өсудің сұраныс факторына мыналар жатады:

       - еңбек ақы мөлшері;

  - мемлекеттің фискалдық саясаты;

- халықтың қор жинау бейімділігі.

Экономикалық өсуге ықпал ететін сұраныс және ұсыныс факторлары өзара байланысты екендігін айта кету қажет. Мысалы, жұмыссыздық әдетте капиталдың қорлану қарқынын, сондай-ақ зерттеулерге кететін шығындар өсімін бәсеңдетеді. Және керісінше, жаңалықтарды енгізу мен капитал салымдарының төменгі қарқыны жұмыссыздықтың басты себебі болуы мүмкін.  Барлық осы факторлардың өзара әрекетін өндірістік мүмкіндіктер қисығы береді. Бұл қисық аталған технологиялық потенциал негізінде негізгі капитал мен табиғи,  еңбек ресурстарының аталған саны мен сапасы жағдайында өндіріле алатын әртүрлі өнім варианттарының максимальды санын көрсетеді. Кез-келген ұсыныс факторлары тарапынан  позитивті ықпалдың күшеюі өндірістік мүмкіндіктер қисығын оңға жылжытады (график 1.1).

С

А

                                                            В      Д              Тұтыну тауарлары

Экономикалық өсу және өндірістік мүмкіндіктер қисығы

64. Қазіргі кезде экономикалық өсудің үш моделі бөліп көрсетіледі. Біріншіден, кейнсиандық модель, екіншіден, Харрод-Домар моделі және үшіншіден, неоклассикалық модель.

Кейнсиандық модель макроэкономикалық тепе-теңдікті қамтамасыз етуде сұраныстың басты роліне негізделеді. Сұраныстың шешуші элементі – мультипликатор арқылы пайданы ұлғайтатын инвестиция.

Кейнсиандық модельден айырмашылығы Домар моделінде инвестиция тек табыс емес, сондай-ақ жаңа қуаттылықтарды құру факторы. Сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігі Домар бойынша жаңа қуаттылықтар мен жаңа табыс құратын капитал салымдарының динамикасымен анықталады. Демек, міндет инвестиция көлемі мен динамикасын анықтаудан тұрады. Домар моделінің дамуын Харрод моделі көрсетеді. Егер Домар моделі  мультипликаторды пайдалануға негізделсе, Харрод моделінің негізінде акселератор теориясы жатыр, демек, ол капитал салымдары байланысты табыстың балансыланған өсу нормасын анықтайды. Харрод моделі акселератор базасы теориясында кәсіпкерлердің инвестициялық шешімдерін  зерттеуге мүмкіндік береді.

Неоклассикалық модель бір емес, екі өндірістік факторды ескереді және олардың өзара алмастырылуын көздейді.   ЖҰӨ-нің өндірістік факторлардың әртүрлі комбинациялары есебінен мүмкін болады. Неоклассикалық модельдің аналитикалық құралдарының ішінде басты орынды өндірістік функция алады. Бұл модель экономист П.Дуглас пен математик Х. Коббтың есімімен байланысты аталады.

Сонымен экономикалық өсу модельдерін келесі кесте түрінде көрсетуге болады:

Кейнсиан моделі

Харрод-Домар моделі

Кобб-Дуглас моделі

S=I

Бұл экономикалық өсудің шарты.

1. Егер S>I болса, онда босалқы қор пайда болады, жұмыссыздық өседі.

2. Егер S<I болса, онда инфляция өседі.

G=S:C

G –экономикалық өсу қарқыны, S-ұлттық табыстағы жиналған ақша үлесі

       K (капитал)

C=--------------------

     Q (өнім шығару)

Капитал-экономикалық өсудің жалғыз факторы

Y=F (L,K)

Y-өндірілген өнім көлемі L-еңбектің жиынтық шығындары

 K-жұмсалған капитал

Экономикалық өсу еңбек өнімділігі (L) мен капиталдың (K) жоғары деңгейінде мүмкін болады.

65. «Қазақстан-2050» стратегиясы 

 

Мазмұны

 

І. Қалыптасқан Қазақстан - мемлекеттілігіміздің, ұлттық экономикамыздың, азаматтық қоғамымыздың, қоғамдық келісіміміздің, өңірлік көшбасшылығымыз бен халықаралық беделіміздің дағдарыста сыналуы

 

1. Қуатты да табысты мемлекет

2. Демократияландыру мен ырықтандырудың орнықты процесі

3. Түрлі әлеуметтік, этностық және діни топтардың келісімі мен  татулығы

4. Ұлттық экономика. Халықаралық еңбек бөлінісіндегі біздің рөліміз

5. Қоғамдық тұрақтылық пен келісімді қамтамасыз ететін күшті әлеуметтік саясат

6. Әлемдік қоғамдастық таныған ел

7. Ядролық қаруды таратпау режімін ілгерілетудегі біздің белсенді рөліміз

8.Қазақстан-2030 стратегиясы. Негізгі қорытындылар

 

ІІ. ХХІ ғасырдың жаһандық он сын-қатері

 

1. Бірінші сын-қатер - тарихи уақыттың жеделдеуі

2. Екінші сын-қатер - жаһандық демографиялық теңгерімсіздік

3. Үшінші сын-қатер - жаһандық азық-түлік қауіпсіздігіне төнетін қатер

4. Төртінші сын-қатер - судың тым тапшылығы

5. Бесінші сын-қатер - жаһандық энергетикалық қауіпсіздік

6.Алтыншы сын-қатер - табиғи ресурстардың сарқылуы

7. Жетінші сын-қатер - Үшінші индустриялық революция

8. Сегізінші сын-қатер - үдей түскен әлеуметтік тұрақсыздық

9. Тоғызыншы сын-қатер - өркениетіміз  құндылықтарының дағдарысы

10. Оныншы сын-қатер - жаңа әлемдік тұрақсыздық қаупі

 

ІІІ. Қазақстан-2050  стратегиясы- жедел өзгермелі тарихи жағдайлардағы жаңа Қазақстанның жаңа саяси бағыты

 

1. Міндеттердің жаңа парадигмасы

2. Қайда бет алдық? Жаңа саяси бағыттың мақсаттары

 

1. Жаңа бағыттың экономикалық саясаты - пайда алу, инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген түгел қамтитын экономикалық прагматизм

 

1. Түгел қамтитын экономикалық прагматизм

2. Жаңа кадр саясаты

3. Макроэкономикалық саясатты жаңғырту

3.1. Бюджет саясаты

3.2.  Салық саясаты

3.3. Ақша-кредит саясаты

3.4. Мемлекеттік және сыртқы қарызды басқару саясаты 

4. Инфрақұрылымды дамыту

5. Мемлекеттік активтерді  басқару жүйесін жаңғырту

6. Табиғи ресурстарды басқарудың жаңа жүйесі

7. Индустрияландырудың келесі кезеңінің жоспары

8. Ауыл шаруашылығын жаңғырту

8.1.  Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуде және саудада қожалықтар мен шағын және орта бизнесті дамыту

9. Су ресурстарына қатысты саясат

2. Ұлттық экономикамыздың  жетекші күші - кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау

1. Шағын және орта бизнесті дамыту

2. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестігінің жаңа үлгісі  -

«Қуатты бизнес - Қуатты мемлекет»

3. Жекешелендірудің жаңа кезеңі - мемлекет рөлінің өзгеруі

3. Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері - әлеуметтік кепілдіктер мен  жеке жауапкершілік

 

1. Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері

1.1. Ең төменгі әлеуметтік стандарт

1.2. Атаулы әлеуметтік қолдау

1.3. Өңірлердегі әлеуметтік теңгерімсіздіктер проблемасын шешу

1.4. Жұмыспен қамту және еңбек саясатын жаңғырту

 

2.  Ананы қорғау. Әйелдерге қамқорлық

3. Баланы қорғау

4. Ұлт денсаулығы - табысты болашағымыздың негізі

4.1. Денсаулық сақтау саласындағы негізгі басымдықтар

4.2. Балалар денсаулығын қамтамасыз етудің жаңа тәсілдері

4.3. Медициналық білім беру жүйесін жақсарту

4.4. Ауылда медициналық қызмет көрсетудің сапасы

4.5. Дене шынықтыру мен спортты дамыту

4. Білім мен кәсіби машық - заманауи білім беру, кадрларды даярлау мен қайта даярлау жүйесінің  негізгі бағдарлары

 

1. Білім беру саласындағы жұмыстың  басымдықтары

1.1. «Балапан» бағдарламасын 2020 жылға дейін ұзарту

1.2. Инженерлік білім беру жүйесін дамыту

1.3. Білім беру саласындағы әлеуметтік жауапкершілік жүйесін дамыту 

1.4. Білім беру  әдістемелерін жаңғырту

2. Инновациялық зерттеулерді дамытудың жаңа саясаты

2.1. Технологиялар трансферті

2.2. Ғылым мен бизнестің кооперациясы

2.3. Перспективалы ұлттық кластерлерді қалыптастыратын жол картасы

3.Жастарға үндеу

 

5. Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту

 

1. Мемлекетті басқарудың жаңа типі

1.1. Мемлекеттік жоспарлау мен болжау жүйесін жетілдіру

2. Басқаруды орталықсыздандыру

2.1. Орталық пен өңірлер арасындағы жауапкершілік пен өкілеттіктердің ара-жігін ажырату

2.2. Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасы

2.3. Ауыл әкімдерін сайлау

3. Кәсіби  мемлекеттік аппарат қалыптастыру

З.1. Әкімшілік реформаның екінші кезеңі

4. Бизнес қауымдастық пен мемлекеттік аппараттың өзара іс-қимылының жаңа жүйесі

5.Тәртіпсіздікке мүлде төзбеушілік принципін енгізу

6. Жемқорлыққа қарсы күрес

7. Құқық қорғау органдары мен арнаулы қызметтерді реформалау

 

6. Дәйекті де болжамды сыртқы саясат - ұлттық мүдделерді ілгерілету мен өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті нығайту

 

1. Сыртқы саясатты жаңғырту басымдықтары

2. Экономикалық және сауда дипломатиясын дамыту

3.Өңірлік қауіпсіздікті нығайту

4.Жаһандық қауіпсіздікті нығайтуға үлес қосу

5. Ұлттық қорғаныс қабілеттілігі мен әскери  доктринаны нығайту

 

7. Жаңа қазақстандық патриотизм - біздің көпұлтты және көпконфессиялы қоғамымыз табысының негізі

 

1. Жаңа қазақстандық патриотизм

2.  Барлық этностар азаматтарының тең құқықтылығы

3. Қазақ тілі және тілдердің үштұғырлылығы

4. Мәдениет, дәстүрлер және даралық

5. Ұлттық интеллигенциясының рөлі

6. ХХІ  ғасырдағы Қазақстандағы дін

7. Болашақтағы Қазақстанды қалай елестетемін?

8. Ұлтқа үндеу

66. Жұмыссыздықтың негізгі түрлері: фрикциондық, құрылымдық, циклдық, маусымдық және жасырын.

Инфляция қағаз ақшаның құнсыздануынан болатын әлеуметтік-экономикалық процестер жиынтығы. Инфляция жалпы баға деңгейінің көтерілуімен байқалады.  

67.  Экономикалық жағдай қолайлы саналады, егер ол толық жұмысбастылықпен сипатталатын болса. Бірақ толық жұмысбастылық деген не? Толық жұмысбастылық түсінігіне анықтама беру қиын. Бір қарағанда оны барлық жұмысқа қабілеті бар тұрғындардың жұмыспен қамтылуы, яғни 100% жұмыс күші жұмыс істейді деп түсінуге болады. Бірақ бұл олай емес. Жұмыссыздықтың белгілі бір деңгейі қалыпты саналады. Толық жұмысбастылықты түсіну үшін жұмыссыздықтың типтері мен жұмыссыздықтың табиғи нормасы түсінігімен танысу керек.

68.   Жұмыссыздықтың негізгі түрлері: фрикциондық, құрылымдық, циклдық, маусымдық және жасырын.

 Фрикциондық жұмыссыздық - жұмыс іздеу және оны күтумен байланысты. Бұл жұмыссыздық тұлғалар үшін олардың сәйкес біліктілік және индивидуальдық талабына жұмыс іздеудің белгілі бір уақытын қажет етеді.  Кейбір адамдар өздерін күрделі және жоғары төленетін жұмыстарды орындауға қабілеттілігін сезінеді және сондай жұмыс орындарын іздейді. Ал кейбіреулері жұмыс орындарындағы талаптарға сәйкес келмей ақысы төмен жұмыс іздеуге мәжбүр болады. Еркін нарықтық қоғамда әртүрлі себептер бойынша өзіне ыңғайлы жұмыс іздейтін әрқашанда адамдардың белгілі бір саны болады. Бұл процестер еңбек ресурстарын пайдаланудың тиімділігін арттыруды және олардың тиімді бөлінуін қамтамасыз етеді.

 Құрылымдық жұмыссыздық. Өндіріс құрылымы өзгеріссіз қала алмайды. ҒТП және технологиялық өзгерістер нәтижесінде жұмыс күшіне сұраныс құрылымы да өзгереді. Кейбір мамандық түрлеріне қажеттілік қысқарады, ал кейбіреулері мүлдем жоғалуы мүмкін. Бұрын болмаған жаңа мамандықтарға сұраныс  пайда болады. Жұмыс күшінің құрылымы баяу өзгереді және өндірістің жаңа құрылымына сәйкес келмейді. Осының салдарынан пайда болатын жұмыссыздық құрылымдық жұмыссыздық деп аталады.

 Циклдық жұмыссыздық  нақты жұмыссыздық деңгейінің шынайы деңгейден айырмашылығымен түсіндіріледі. Экономиканың циклдық құлдырау жағдайында капитал және тұтыну тауарларына сұраныстың жеткіліксіздігі өндірістің қысқаруына алып келеді. Бұл циклдық жұмыссыздықтың пайда болуына  негіз болады.

 Толық жұмысбастылықтың анықталуы. Фрикциондық және құрылымдық жұмыссыздық экономикада сөзсіз кездесетін жағдай, сондықтан да олар жұмыссыздықтың табиғи деңгейін құрайды. Егер циклдық жұмыссыздық жоқ болса жұмысбастылық толық болады. Сонымен жұмыссыздық- еңбекке қабілетті адамдардың жұмыс істемеуі. Еңбекке қабілетті адамдар (жұмыс күші) – жұмыс істейтін және істемейтін жұмысшылардың жалпы саны.

Жұмыс күші= жұмыс істейтіндер саны+жұмыссыздар

Жұмыс күшіне жатпайтындар: 16 жасқа дейінгілер, арнаулы мекемедегілер, жұмыс күші құрамынан шыққандар. Жұмыссыздықты сандық сипаттау үшін оның деңгейінің көрсеткіші қолданылады:

                                                     Жұмыссыздар саны

Жұмыссыздық деңгейі =    -----------------------------------*100%

                                                         Жұмыс күші

69.  Жұмыссыздық деңгейі қандай факторларға тәуелді Эконом белсенділік пен жұмыссыздық арасындағы сандық  өзара байланысты белгілеген Оукен заңы. Бұл заңға сәйкес жұмыссыздықтың нақты деңгейінің табиғи деңгейден  1-ке өсу ЖҰӨ көлемін 2,5-ке азайтады. Осы 2,5 Оукен коэффициенті деп аталады. Бұл 1 2,5  қатынасы жұмыссыздықтың ЖҰӨ көлемінің  төмендеуіне қатынасы болып табылады   және жұмыссыздық пен байланысты өнімнің абсолюттік  зиянын анықтауға  көмектеседі.

Мысалы, құлдырау жылдарында жұмыссыздық деңгейі – 9,5 немесе 6 табиғи деңгейден 3,5 -ке жоғары. Осы 3,5×2,5 Оукен коэффициентіне көбейтіп ЖҰӨ -нің  арта қалу көлемі  8,75 құрағанын көреміз. Басқаша айтқанда толық жұмысбастылық жағдайында жұмыссыздық деңгейі болатын болса ЖҰӨ 8,75  көп  болған болар еді . Оукен заңы 2 бөліктен тұрады.

  1.  ЖҰӨ  өсімінің белгілі бір шамасы тек қана жұмыссыздық деңгейін  өсірмеу үшін қажет.  Жұмыс күшінің саны  жыл сайын өседі, ал оны қолдану бұл кезде одан әрі өнімді  болады. Осы себептер бойынша 2,5 тен 3 -ке дейін нақты ЖҰӨ жыл сайынғы өсімі жұмыссыздықты бұрынғы деңгейде ұстап тұруға  қабілетті жаңа жұмыс орындарын құру үшін қажет
  2.  Қарқынды өсім жұмыссыздықты азайтады, ал өсу қарқынының  төмендеуі жұмыссыздардың үлесін  ұлғайтады. Егер өсім қарқыны мысалы, 3 тен 5,5% -ке дейін өсетін болса,  жұмыссыздық үлесі шамамен 1 % -ке түседі.  Оукен заңының маңызды аспектісі оның екінші бөлігі,   яғни 2:1  ережесі  табылады. 2:1  ережесі жұмыссыздық мәселесін шешу үшін  эконом өсім қандай болуы тиіс екендігін көрсетеді.

70.  Жұмыссыздық – күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыс.

Қазіргі кезде экономиканың нақтылы секторында жұмыссыздықпен күресу мәселесі жұмыс орындарын құрылуымен, жұмыспен қамтудың белсенді саясатын жүргізумен, жұмыссыздықтан қорғау мен біртұтас түрде қаралуға тиіс.

Жұмыспен қамтудың негізгі басымдықтарының бірі — жаңа жұмыс орындарын ашу.

Халықтың тұрмыс деңгейін арттыру, өнімді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мемлекеттің әлеуметтік экономикалық саясатының маңызды бағыттары болып қалып отыр. Елдегі нарықтық қатынастардың дамуы барысында халықтың жұмыспен қамтылуына байланысты сұрақтардың барлығы бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып табылады.

Нарықтық қатынастар пайда бола бастаған кезде мемлекеттің әлеуметтік саясатының ең маңызды міндеттерінің бірі – еңбеккерлерді жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жүйесін жасау болып табылады. Жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жүйесі дамыған елдерде қазіргі ғасырдың басынан – ақ белсенді түрде қамтыла бастаған болатын. Оның дамуына бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі әртүрлі экономикалық дағдарыстар, 1930 жылдардағы Қазақстандық ұлы тоқырау, халықаралық еңбек ұйымының шешімдері үлкен әсерін тигізді.

Қазіргі күнгі басты мәселе не? Ол – жұмыс орнының жетіспеушілігі. Жұмысшы күші жағынан ұсыныс көп, бірақ оларға деген сұраныс өте аз.

Бүкілдүниежүзілік сауда ұйымына кіру отандық өнімдірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруды талап етеді. Өндірістердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жоғары білікті және кәсіпқой мамандарға сұраныс арта түсуде. Сондықтан білікті  ұлттық кадрларды кәсіби жағынан даярлау және қайта даярлау бүгінгі күннің талабы.

Дамыған және дамушы елдердің тәжірибесін үйренуде жүйелік және нақты тарихи көзқарас халық шаруашылығындағы еңбек нарығын реттеудің әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық-инфрақұрылымдық қызмет ету тетіктерін жетілдіру, облыс тұрғындарын жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғаудың белсенді формасы ретінде жұмыссыздарды кәсіби даярлау және қайта даярлау,  қоғамдық бағдарлама жасау негізгі өзекті мәселелердің бірі болып отыр, ғылыми тұрғыдан зерттеуді талап етеді.

Мемлекет атынан жұмыспен ұтымды қамтуды қамтамасыз ету мәселелерімен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаменттері айналысады. Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына сәйкес қызметтің міндетіне: жұмыс күшіне сұранысты және ұсынысты талдау, әрі болжау, бос орындарды және жұмысқа орналастыру мәселелері жөнінде өтініш жасайтын азаматтардың есебін жүргізу, жұмысқа орналастыру жөнінде қызмет көрсету, т.б кіреді.




1. Внешнеторговая деятельность фирмы основные особенности
2. Управление в таможенных органах и Таможенный менеджмент Управлениеэто искусство заставляющее сове
3. ЗНАКОМСТВО С ЭЛЕКТРОННЫМИ ТАБЛИЦАМИ MS EXCEL Назначение и функционал
4. Функция распределения электронов
5. Тема- Воспроизводство населения Задание 2
6. тематики- от навыков саморегуляции и эффективного взаимодействия формирования имиджа и корпоративной культ
7. КОНТРОЛЬНАЯ РАБОТА По курсу Политология Вариант 9 Студент заочник 1 курса Группы
8. Статья- Секрет забывчивости
9. Воспоминания о Высоцком
10. Горький Если под фантастикой понимать любую выдумку любое нарушение пропорций действительности зафикси
11. Практикум по межкультурной коммуникации 4-6 Анатомия центральной нервной системы зачё
12. Реферат- Услуги как объект гражданских прав
13. Тема 27 Воображение
14. ассасином Но сейчас наряду с конвоем за ней пришел человек в черном плаще
15. френду и какого же её удивление когда она знакомится со школьной знаменитостью парень который стремится
16. Мастерство сатирического изображения действительности в одном из произведений русской литературы XIX века
17. тема подготовки учащихся к ЕГЭ по английскому языку Подготовила
18. Реферативная работа студентки 4 курса дневного отделения-Кушнировой ОльгиПреподаватель-д.
19. Ялидер это полноценный механизм подготовки лидеров общественного сектора
20. Соединение катушек.html