Поможем написать учебную работу
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
1.Тас дәуіріндегі әлеуметтік шаруашылық эволюциясы (палеолит,мезолит,неолти)
Ғылыми деректерге сәйкес Қ. территориясында адамдар ша-масы б.з.1млн жыл кейін,тас ғасырында пайда болғаны байқалады,яғни бұл ғасыр адамзаттың дамуындағы ежелгі кезеңі. Адамдар тас,ағаш, сүйек құралдар мен қаружарақтар қол-данған.Палеолитте адам және оның шаруашылығының 2 түрі пайда болды:аң аулау, терімшілік. Мезолитте ауа райы жылынғасын мұз шегінеді,оның әсерінен ірі хайуандар жойылып, кішігірім аңдар қалды. Енді алғашқы қауымдық мекендеушілер жаңадан отты жаға білді және бұрынғы қарапа-йым құралдармен дара адам не болмаса шағын адам тобы аңға шыға алмайтын болды.Неолитте жабайы адамдардың ісін барынша жеңілдеткен садақ пен жебені ойлап табудан бастады.Садақ пен жебенің өнер табысы-адамның ұлы жаңалық ашуы, яғни оны «неолиттік революция» д.а.
2.Қола дәуіріндегі Қ.Андрон мәдениеті Шаруашылығы: мал бағу (оты-рықшы,басқыншылық,көшпелі). Мал басының артына байланысты малшылар жайылымды жиі ауыстырды. Осыдан жартылай көшпелі мал шаруашылығы шықты. Балық аулау, кен өндіру. Малға жеке меншік, жерге қауымдық,рулық,меншік берілген. Андрон мәд/ң ең негізгі сипаты-саз балшықтан ыдыс жасау. Еңбек,егіншілік құрры: диірмен, тесе,мыс пен қола орақтары,кетпен (теселі егіншілікте қолданған, бидай, арпа, тары еккен. Әлеуметтік жіктеліс: Рулық, тайпалық құрылым. Қоғамның негізгі тобы - жауынгерлер. Олардың жақындары да қоғамда жоғары дәрежеге ие болды. Абыздар да жоғары бағаланды. Олар дінге дәстүрге мен білімдерді аяқтаушылар. Еуразия даласында қола дәуірінде өмір сүрген адамдардың қалдырған мәдениеті тарих ғылымында «Андронов мәдениеті» деп аталады. Осы мәдениеттің алғашқы ескерткіштері «Андронов» деген селоның жанында ашылған. Бұл село Оңтүстік Сібірдегі Ачинск каласының жанында орналасқан. Бүгінгі таңда Андронов мәдени- тарихи бірлестігінің қола заманында өте кең таралғандығы белгілі болып отыр. Бұл ендік бойынша, Жайық өзенінен бастап, Енисей өзеніне дейінгі аралықта, ал бойлық бойынша, Батыс Сібір орманды алқабынан бастап, оңтүстікте Хорезмге, Сырдың төменгі ағысына дейін таралды. Олар Тянь-Шаньға, Ферғанаға, тіпті Вахш өзенінің төменгі сағасына дейін барған екен. Бұл мәдениет құрамына Қазақстан жері түгелімен кіреді.
Қола дәуірінде Қазакстан жерінде бірінен соң бірі жалғасып келетін екі мәдениет болған. Оның көнесі Андронов мәдениеті.
Андронов мәдениетінің ескерткіштерінің өте үлкен территорияда табылуына және оның үлкен кезеңді қамтуына байланысты ғылымда қазір Андронов тарихи-мәдени қауымдастығы деген термин қолданылады.Андроновтық тұртындарды басқа тайпалардан айыратын мәдениеттің ең басты этнографиялык белгілері жерлеу ғұрпы, геометриялык өрнеті бар балшық қьщыстардың өзінше бір жиынтығы, металл бұйымдардың түрлері болып табылады. Андронов тайпалары тұрқы әр түрлі тас қоршаулар түрінде зираттар тұрғызды, олар тік бұрышталып, дөңгелектей, сопақталып қоршалатын болды
3.Сақ дәуіріндегі өмір сүрген тайпалардың шаруашылығы мен тұрмысы.
Парсының деректер көздерінде сақ тайпалары мен жекелеген тайпалық топтардың да аттары аталған.Олардың қатарында парадарайя сақтары,яғни «өзеннің арғы бетіндегі » сақтар.Хаомоварго сақтары «хаома сусынын дайындайтындар». Тиграхауда сақтары «шошақ бөріктілер ».Тайпалар өздерінің малымен бойлық бағыт бойынша да, ендік бағыт бойынша да щалғай қашықтарға киізбен жабылған күркелі арбаларда топ-топ болып көшіп қонып жүрді. Негізінен қой,түйе,жылқы, өсіру шаруашылығы мен айналысты,ірі қара аз болды. Шаруашылықтың қосалқы салаларымен аң аулау ерекше дамыды. Мал шаруашылығымен бірге егіншілікпен айналасқан.Тұрмысы.Мал өсіретін көшпелі сақ-н 4/6 доңғалақты арбаға орнатылған киіз үйлері болған геродоттың жазуынша үйлерде тұрған. Сақтар аңшылыққа,соғысқа арналған күймелер жасаған
4.Сақ тайпаларының саяси және қоғамдық құрылымы,орналасу аймақтары
Сақ тайпалары одағын патша басқарды.Тайпалық билік тірегін «күшті ерлер»-әскери тайпалық ақсүйектер құрды.Одан кейінгі бұқара халық,қатардағы жауынгер тұрған. Олар тотемизм, анимизм, магия тәрізді діни наным-сенімдерге және күн мен отқа табынды.Олар шығыс иран тілінде сөйлеген және еуропоид нәсіліне жатады.
Оны былайша елестетуге болады:
І.Патронимия бұл сақ дәу/гі қоғамдық құрылымның ең төменгі сатысы. Әлеуметтік қатынасы рулық,қандық жағдайда негізделген.
ІІ.Қауым (көшпелі). Әлеуметтік қатынас әлі консервативті. Жаңа 2 өндіріс п.б. аумақтық және өндірістік.
ІІІ.Тайпа.Жоғарыда аталған 2 белгі бекиді,ары қарай дамиды. Олардан басқа бірге өмір сүрудің арқасында оларда т.б.белгілері қалыптасады. Диалект, өзіндік аттары,саси ж/е діни сенімдері мен ғұрыптары.
ІV.Тайпалар одағысы.Жоғарыда аталған белгілер қалыптасады ж/е жаңа сатыға шығады. Мемлекеттік белгілер п.б.
5.Сақ дәуірі тайпаларының мәдениеті және өнері Сақ мәдениеті ерте темір дәуірінде Қазақстан мен оған жапсарлас өлкелерді мекендеген тайпалар қалдырған археологиялық ескерткіштержиынтығы. Бұл тайпалардың тарихы бізге сақ атауы негізінде көне парсы және грек жазба деректерінен жеткен. Археологиялық зерттеулер Қазақстандағы Сақ мәдениеті жөнінде (б.з.б. 7 3 ғ-лар) неғұрлым толығырақ деректер береді. 1930 жылдардың соңында басталған зерттеу жұмыстары іс жүзінде 1946 жылдан кейін ғана кеңінен өрістеді. Жетісу, Төменгі Сырдария, Орталық, Солтүстік, Шығыс Қазақстанда Сақ мәдениеті ескерткіштері ашылды, көптеген қорымдар, ғұрыптық орындар, т.б. жәдігерлер қазылып, зерттелді. Жетісудағы Есік (Алтын адам) Бесшатыр обаларымен көптеген көмбелер, Сырдың төменгі ағысындағы Үйғарақ қорымы, Орталық және Солтүстік Қазақстандағы Тасмола мәдениетінің обалары, Шығыс Қазақстандағы Берел, Шілікті қорымдары, т.б. көптеген нысандар көне сақтардың тамаша ескерткіштері ретінде танымал. Кең байтақ аумақтарға тарағандықтан, әр өлкенің мәдениетін зерттеудің өзіндік жүйелері қалыптасқан.
Сақ заманы тайпалардың мәдени шығармашылығының ең жарқын көріністері арасында қолданбалы өнер ерекше орын алды. Оның ең басты компоненті б.з.д. VІІ-VІғ/да қалыптасып,Сібірдің,Қ/ң,Орта Азиның ж/е Оңт.Еропаның тайпалары арасында тараған аң стилі деп аталатын өнер болды.
Сақ заманындағы ою-өрнектің бірнеше түрін: геометриялық, өсімдік тектес,зооморфтық,символдық түрлерін бөліп көрсетуге болады.
Сақтардың ежелгі қалалары Қызылордадан 300 шақырым жердегі Шірік-Рабат қаласы. Қаланың күзет мұнаралары бар орталығы Цитадель. Табылған заттар б.з.б. ІV-ІІғ/ға жатады. Олар егіншілікпен айналысқан. Қыш күйдіретін пеш, қол диірмен тастары, тары қалдықтары табылған.
Б.з.д. I мыңжылдықтың басында сақ қоғамындағы алғашқы рулық қатынастар ыдырап, жаңа әлеуметтік құрылымын қалыптасу үрдісінің жедел жүруімен сипатталады.(қола дәуірінде ұштасып жатады)
Тайпаға тән ең басты этникалық және саяси сипаттардың қатарына оның өз жерлерінің, осы тайпаға тән диалектерінің болуы, діни ұғымдардың және діни ғұрыптардың, бұрыптардың ортақтығын, орта істерді талқылау үшін тайпалық кеңестің, жоғарғы көсемі мен әскери басшыларының болуы тән болды.Б.з.д. VIII-VII ғ. Архаикалық кезең үшін аударды. Бір орнында тұрған қалпында жеке немесе ішінара бейнелеу тән болып келеді. Таутекенің, арқардың мүсіндері басын көтеріп жатқан қабанның немесе тұрған жыртқыштардың аяғын бүккен.
Б.з.д.III-Iiғ. Аң стиліндегі өнер біртіндеп құлдырай бастады. Аң стилі ою-өрнекке айналды. Оның орнына түрлі-түсті тастармен көз салып безендіру техниканы және басқа да әшкейлендіру тәсілдері қолданбалы өнер туындылары пайда болды. Сақ заманындағы ою-өрнектердің бірнеше түрін: геометриялық, өсімдік тектес, зооформдық, символдық түрлерін бөліп көрсетуге болады.
6.Ежелгі Үйсіндердің әләеуметтік және саяси тарихы
Б.з.д.1 мыңжылдықтың соңында Жетісу,Тянь-Шань ж/е Тарбағатай тер/да мемлекет құрылды,оны Қытай деректерінде «Үйсін елі» д.а.Археология ж/е жазба деректер б/ша,үйсінер Жетісудің бұрынғы жұрты сақтар-тиграхаудтардың ұрпақтары еді. Мемлекеттегі билік Куньмо деп аталатын билеушінің қолында шоғырланған,жұртының саны 630мың,жүйелі әскерін Қытай термині б/ша Цзин-бин д.а.екен. Ерте темір дәуірі заманында сақтардан соң ЖЕтісу жерін үйсін тайпалары мекендеген.Үйсін атауы қытай жазба деректерінде б.з.б 2ғ бастап кездеседі. Біздің заманымыздаң бұрын II ғасырда 177 жыл шамасында үйсіндердің мемлекеттік бірлестігі қалыптасты. Олардың ордасы қызыл алқап (Чигучен) Ыстық көлдің жағасына орналысты. Ол жағалай қыстақтары бар бекіністі қала еді.Үйсіндердің негізгі территориясы Іле алқабында болды. Олардың батыс шекарасы Шу мен Талас арқылы өтедідағы, қаңлылармен шектеседі. Шығысында хундармен ортақ шекара болды, ал Онтүстігінде олардың иелігі Ферганамен ұштасып жатты.Үйсіндердің мемлекет басшысы Гуньмо (Ұлы бек) деп аталды. Өкімет билігі атадан балаға мұрагерлік жолмен ауысып отырды. Гуньмоға бағынышты ұсақ ру басшылары кіші гуньмолар (бек) деп аталды. Бұлардан басқа жоғарғы және төменгі лауазымдар, қызмет адамдары және «вассал» князъ, тархан, хоубай деген әлеуметтік атаулар болған. Басты өндіруші тап құлдар мен қарапайым шаруалар болды.Қытай тарихшысы Сюй-Сунаның қалдырған дерегіне қарағанда үйсіндер көшпелі мемлекет болған. Олар өзімен көрші жатқан Қытай сияқты ірі елдермен тең құқықты дәрежеде саяси және сауда қарым-қатынасын жасаған. Үйсіндердің Гуньмолары Қытай ханшаларына үйленіп отырған.Үйсіндерде жоғары деңгейде тұрған әскери үйым болды. Әскерлері жақсы қаруланған салт аттылардан тұрды. Мәселен, Қытай императоры Удидің 138 ж. батысқа жіберілген елшісі князь Чжыньцянь үйсіндер иелігінде 630 мың адам бар және айқасқа 188 мың жауынгер шығара алады деп жазады..
7.Қаңлы мемлекетінің этносаяси тарихы.
Ежелгі Ирандағы қасиетті “Авеста” Кангуа бекінісі туралы ескету бар, ол бойынша қаңғарлар иран тайпаларының жаулары, өмір сүрген жерлері даланың солтүстігінде, яғни қаңғар этнонимі сақтар уақытында б.з.д. III ғ. Белгілі болған.
Қаңлы халқының этникалық сипаты жөніндегі мәселеге екі көзғарас бар:
Бірінші қаңлыларды иран тілдес халықтарға жатқызады, олар тек I мыңжылдықтың ортасында Орталық Азиядағы түрік тілдес тайпалардың ықпалымен өздерінің этникалық түр-тұрпатын өзгертті дейді. Екінші көзғарастың өкілі А.Н. Бернштам қаңлылар жаңа дәуірдің ширегінде түрік тілде халық болған деді. Сондықтан, б.з. I мыңжылдығының бірінші жартысында көшпенділердің этно-мәдени шаруашылық тәжірибелерін дамытып қазақ далаларының саяси жағдайын анықтаған қаңлылар. Оның дәлелі аса ірі және құдіретті Қаңлы мемлекетінің болуы.
8.Көшпелі ғұн империясының құрылуы. Қоғамдық құрылымы,әскери әкімшілік басқару жүйесі. Қазақстанның Онтүстік және Жетісу жерлерінде ғұндар б.з.б. II-I ғ.ғ. келе бастаған.
Ғұндар жайлы тарихи деректерді көрнекті Қытай тілінің мамандары Н.Я. Бичурин мен Н.Кюнердің еңбектерінен білеміз. Ал олардың тарихын жазуға еңбек еткен ғалымдар А.Н. Бенрштам, Л.И. Гумилев, Н.И. Конрад. Қазақ ғалымдарының ішінде соңғы кезде К.М. Байпаков айналысып жүр.
Б.з.б. IV-III ғасырларда Қытайдың солтүстік шекарасында тұрған тайпалар топтасып, тайпалық екі бірлестік құрды. Олардың біріншісі Сюнну (Хунну немесе ғұндар); екіншісі дунху бірлестіктері деп аталды. Сюнулар (ғұндар) өз заманындағы, көршілес елдердің тарихына ықпал жасады.
Ғұндардың этникалық шығу тегі, тілі осы күнге дейін дәлелденбей отыр. Зерттеушілердің көпшілігі оларды түріктердің арғы тегі деп есептейді.
Мемлекеттің басында ұлы Сенгир (Шаньюй) тұрды. Оның билігі дара және мұрагерлік болды. Әдетте ол тағын үлкен ұлына немесе інісіне өсиет етіп қалдырған.
Шаньюй барлық ғұндарға тиесілі жерлер және бүкіл мемлекет территориясына билік жүргізуге құқылы болды. Сонымен бірге, Шаньюй ол территорияны сақтауға, қорғауға міндетті болды. Оның соғыс жариялауға, бітім жасауға, армияны басқаруға құқысы болды. Жоғарғы сот билігі де Шаньюйдің қолында шоғырланды.
Ғұн мемлекетінде Шаньюйден кейінгі екінші орында оның балалары және жақын туыстары тұрды. Бұданбасқа Шаньюйге туменбасы, жүзбасы, онбасылар бағынышты болды. Ғұндар 24 рудан құралды. Әр руды ақсақалдар басқарды. Ақсақалдар мемлекет ісін талқылау үшін бір жылда 3 рет құрылтай өткізіп отырды.
Ғұндарда жақсы ұйымдастырылған әскер болған. Мұның негізгі тез жүретін атты әскер болды. Атты әскердің қаруы садақ пен жебе еді. Олар садақтарының сыртын сүйекпен қаптаған. Жебелердің екі түрі болған. Әсіресе, ұшқыр, ауыр ұңғырлы сауыт бұзар жебені темірден жасаған. Ұзын семсерлері ат үстінде жүріп соғысуға ыңғайлы. Ондай семсерлер Қазақстанда Ақтөбе Шаушықұм, Жамантоғай қорымдарынан табылған.
Ғұн қоғамында патриархаттық рулық қатынастары әлі күшті болған еді. Сыма Цянь (б.з.б. 135-67 жж.) «Тарихи жазбаларда» ғұндардың Левират ғұрпы туралы былай дейді: «Әкесі мен ағалары өлсе тұқым құрымасын деп олардың әйелін өздеріне алады, сондықтан ғұндарда қан араласу болса да, тұқым құрымайды»
9.Отан және әлем тарихындағы ғұндардың рөлі.
Ғалым В.П. Алексеев айтқандай европеоидтердің ішінде қою қара шашты, қисық көзді, аз таныс адамдар пайда бола бастады.
Ғұндар б.з.д. III ғасырдан бастап б.з. I ғасырда осы күнгі Шығыс Монғолияның Қытаймен шекаралас территориясында орналасқан, Қытаймен қашанда болса күрескен, таласқан.(б.з.д. 206) басқыншылығымен ғұн тайпалары сан рет қытайлықтарды жеңіп, олардың көп тұрғынды Хэнань Чжили провинцияларын алып алған. Ғұндардың батысқа қарай жылжуының басты себебі Орталық Азиядағы дағдарыс еді.
Ғұндардың бір бөлігі Тянь Шань арқылы Оңтүстік Қазақстан территориясында өтеді. Ғұндардың қоныс аударуының екінші толқыны б.з. 93ж. Бастады. Бұл қозғалыс “ұлы қоныс аудару” атты тарихқа енді, өте маңызды қозғалыс болды, яғни көптеген халықтардың этникалық тарихында әсерін тигізді, соның ішінде Қазақстан да бар.
10. түрік қағанатының құрылуы: саяси тарихы және басқару жүйесі.
VI ғ. ортасында түрік қағанаты, Алтай және Орталық Азиядағы бірқатар этникалық тайпаларды бірлестірген мемлекет ретінде көрінеді. Бұл тайпалардың әлеуметтік және мәдени дамудың сатылары әр түрлі деңгейдеболған. Қағанаттыңтүбегейін Алтайдың түркі тілдес тайпалары құрған. Осы өте құдіретті державаның билігіне Қазақстан жері де кірді.
555-558жж. Түріктер Жетісу және Қазақстанның Сырдария, Арал, Орал, Еділ бойына дейінгі аймақты иелік етті.
Жергілікті жұрт тіл жағынан ағайындас және сақ, үйсін, қаңлылардың нәсілдері, финнугор тайпалары Қазақстанның(Солтүстік Батыс) және аварлар түрік қағанатына кіріп не болмаса Батысқа қашты.
Түрік қағанаты билеушілерінің әскер саны 100 мыңнан 400 мыңға дейін барады екен. Олардың ішінде бөлінетін қарашындар, оққағарлар, панцирлік-сауыттық қаған гвадиясы, тек Ашина руынан алынады. Панцирлік-сауытты атты әскер қағанды қорғауға панцирлік құрылыммен шығып, қоршап жауды жақын келтірмейді Көне Түркі мемлекеттерінің ең жоғарғы билік иесі Тәңір текті Ұлы Қаған.осы мемлекет мынадай қағида арқ басқарылды.
1.Әскери демократиялық (бүкіл халық,орда)
2.иерахиялық(сатылық басқару)
3.ол әкеден балаға мұра мұра(монархиялық)
11.Батыс Түрік қағанаты: әскери-әкімшілік жүйесі, этноәлеуметтік құрылым,құлдырау себептері
Батыс Түрік қағанаты Үйсін мемлекетінің (қазіргі Қырғызстан, Оңт.Шығыс Қазақстан) жерін алып жатты. Сонымен бірге ол Түрік қағанатының Шығыс Түркістан мен Орта Азиядағы жаулап алынған отырықшы-егіншілік көгалды шалғын жерлердің қожасы ретінде де таныла бастады. Соғды мен Бұхарада қағанның жергілікті билеушілері айтқанын орындатты.
Батыс Түрік қағанатының ежелгі орта ғасырлардағықалалық және егіншілік мәдениеттері өздерінің сауда егіншілік отарларын тым ертеде Ұлы Жібек жолы бойындағы Жетісу, Шығыс Түркістан, Солтүстік Қытай орнықтырған соғдылықтардың тікелей араласуымен өмірге келді.
Қағанаттың қалаларындағы халық сауда, қолөнермен қатар, дәл сондай дәрежеде астық егуменде айналысты.
Ішкі және транзистік сауда ақша айналымдарының пайда болуына әсер етті.
Тартыс қағандықты мүлде әлсіретеді.659ж мұны көріп,біліп отырған қытай мемлекеті Жетісуға басып кіреді.ешбар қаған қолға түсіп,қаза болды.қағанат өзінің тәуелсіздігінен айырылады.
12.Түргеш қағанатының құрылуы,Тан Әулеті және арабтармен күресі
Түрік тектес түргеш тайпалары VI-ғасырда Тянь-Шань таулы аймақтарын мекендеген, ал VII-ғасырда Жетісудың орталық аймақтарын қоныс еткен. Түргеш тайпалары жөніндегі алғашқы мәліметтер Күлтегін ескерткішінде және Қытай жазба деректерінде кездеседі. Ал түргештердің жеке қағандық болып құрылуы туралы дерек "Тоныкөк” жазуында айтылған. Түргеш қағанаты халқының этникалық құрамы негізінен сары және қара түргеш тайпаларынан тұрған. Шу бойындағы түргештер сары, ал Талас аймағындағы түргештер қара түргештер деп аталған.
Түргеш қағанаты 704756 жылдар аралығында өмір сүрді. Бұл кезде Жетісу аймағында араб басқыншыларына қарсы күрес жүріп жатқан болатын. Жетісуда Түргеш қағанаты билеушілерінің негізін қалаушы Үшелік-қаған.
Түргештердің өзі қара түргеш және сары түргеш болып екіге бөлінеді. Айбынды қаған мен оның мирасқор ұлы Сақал билік еткен 706-738 жж. Аралығында Түргеш қағанаты мауеренахрдағы араб басқыншылығының бетін қайтарып, Жетісуға бағытталған тан империясының шабуылын уақытша кідіртті.
Әсіресе, Сұлу қаған кезіндегі араб басқыншылықтарымен болған күрестер табысты аяқталды. Ол сондай-ақ, шығыстар Тан империясы төндірген қауіп-қатердің алтын дипломатиялық және әр түрлі айла тәсілдерін ала білді.
751 жыл Атлах маңындағы қытайлар мен арабтар арасындағы ірі шайқас болды. 5 күнге созылған шайқастың шешуші кезеңінде қарлұқтар арабтар жағына шығып, қытайлар жеңілді.
Атлах шайқасының тарихи маңызы.
1.Қытай әскері Жетісуда, Шығыс Түркістанды тастап шегінді.
2. Арабтар Талас аңғарынан Шашқа қарай жылжыды.
13. Қарлұқ мемлекетінің саяси тарихы, әскери-әкімшілік басқару жүйесі.
Қарлұқтар конфедерациясы VI-VIII ғғ.территориялық және саяси жағынан толық тұрақталып болған еді. Олар Монғолияда, Шығыс Түркістанда, Ауғанстанның Солтүстігінде орналасты. Бірге күшейіп, енді бірде әлсірей бастаған шақта қарлұқтар біресе Шығыс, біресе Батыс қағанатына бағынса кейде Ұйғыр қағанатына қосылып та кететін.
Қарлұқ жабғуының қолына 766ж. Бүкіл Жетісу өңірі, сондай-ақ Түргеш қағандарының тараз бен Суябтағы ордалары тұтасымен көшті. Осылайша, саяси және-әлеуметтік үстемдікті қолына шоғырланған қарлұқ көсемдері Жетісуда Қарлұқ мемлекетін түбегейлі орнатты.
14.Оғыз мемлекетінің құрылымы мен этносаяси байланыстары. Оғыз қоғамының рутайпалық құрылымы. Әлсіреу себептері
Сырдария өзенінің орта және төменгі ағыстарының бастауы мен оған қосылып жатқан Батыс Қазақстан далаларында ІХ-Х ғ. Оғыз мемлекеті дүниеге келді. Оғыз қауымдастығының алғашқы өзегі 8 ғ. дейін Жетісуда қалыптасқанмен, түтем билеушілерінің, кейінен қарлұқтадың тізе батыруы салдарынан ол жерден ығысып кетті. Оғыздар Арал маңайы мен Батыс Қазақстанға қоныс аударуы бейбіт шеру емес еді. Олар Арал маңындағы Қыпшақ, қаңғар және сақ массагет тамыры тайпалардың қасарысқан қарсылығын тойтарып, бастысқа қарай бет алғанда сармат тайпалары мен финугар тайпаларының кедергісіне ұшырады.
Еуразия даласының әскери саяси өмірінде маңызды рөл атқарған оғыз мемлекеті Х ғасырда күшке айналып, 965 ж. Киев Русімен одақтаса отырып Хазар қағанатын талқандап, 985 ж. Еділдегі Құлғар мемлекеті тізе бүктірді. Оғыздардың тарихы сахнасындағы соңғы серпіні жабғу Алихан мен оның ұлы Шахмаликаның билік етуімен тұспа тұс келеді. Соңғысы 1041 ж. Хорезм мемлекетін бағындырып, біраз уақытта билік етті.
Қазақстан териториясында құрылған басқада мемлекеттік құрылымдар секілді оғыз мемлекетінде де мықты да тұрақты бола алмады. Бұл рулық тайпалық ұйым түрін сақтаған ежелгі таптық құрылым болатын. Ол уақыттарда ру мен тайпанлар қандас туыстық емес, шаруашылық территориялық құрылым ретінде белгілі еді,
Араб деректерінің айтуына қарағанда, оғыздың династиялық билеушілерінің жақсы жарақтанған қазына мен азық түлік сақтайтын бекіністері болған көрінеді. Аса ірі бірлестіктердің билеушілері мен «патшалары» өздерінің иеліктерін қорғау үшін немесе жау шапқан кезде бекіністеріне ара түсетін арнайы әскери жасақтар ұстайтын. X XI ғасырлар шегінде оғыз мемлекеті құлдырай бастайды. Алым-салықтардың жыртқыштықпен жиналуына наразы болған оғыз тайпаларының көтерілістері жиілей түседі. Оғыздардың тарихи аңыздарына қарағанда, бұл көтерілістер өкімет басына X ғасырдың орта кезінде немесе оның екінші жартысының бас кезінде келген Әли ханның басқаруына қарсы жүргізіледі. [[]Жабу]]лардың өз қазыналарының қамын ойлаған саясатына наразылықты X ғасырдың орта кезінде-ақ Жентке жақын жерге келіп орын тепкен салжұқ көсемдері пайдаланды. Салжұқ көсемдері Жанкенттің оғыз билеушілеріне қарсы көтерілісті бастап, Жентті басып алады. Алайда олар, өздеріне артқан үмітті ақтай алмай, бұқараның қолдауынан айырылған болуы керек. Әйтпесе, олардың көп ұзамай-ақ Жент аймағынан кетуге мәжбүр болғанын түсіндіру қиын. Көтерілісшілер қозғалысы сәтсіздікке ұшырап, халық «ландары» жанышталды. Осының бәрі Әли ханның мұрагері және оның орнына тұрған Шахмәлік өкіметінің нығаюына себепші болды. Онын тұсында мемлекеттің күшейгені соншалық, 1041 жылы оғыздар Хорезмді басып алды. Алайда екі жылдан кейін Шахмәлік деректемелер бойынша, бізге белгілі огыз жабғуларының соңғысы салжұқтардың қолына түсіп, өлтірілді. Көтерілісшілер қозғалысына қарсы күрес, салжұқтарға қарсы жылдар бойғы жүргізілген шайқастар мен соғыстар оғыз жабғуларының бірлестігін іштей үңгіп әлсіретті.
Оғыздар мемлекеті қыпшактайпаларының соққыларынан құлады. Оғыздардың бірсыпыра топтары қыпшақтардын тегеурінінен Шығыс Еуропаға, Кіші Азияға кетті, енді біразы Мауараннахрдың Қарахан әулетінің және Хорасанның салжұқ билеушілерінің қол астына көшті.
15. Қимақ қағанаты: құрылуы, тайпалық құрылымы, құлауының себептері.
Х ғасырдың басындағы Ертіс өзенінің орта ағысы мен Солтүстік Шығыс Жетісуда мемлекет құрып оның басында «байгу», «жабғу» атағы бар билушісі тұрған,ол ІХ ғасырдың аяғы мен Х ғасырдың басында жалпы түріктік «қаған» дәрежесіне көтерілген қимақ тайпасының тарихына зер салмақпын!
Қимақ қағанатының әлеуметтік және саяси дамуына қарай тайпадан мемлекеттік құрылымға дейін билеушілерінің атақ дәрежесіне төменгі баспалдақтан жоғары қарай өсу қарқыны байқалады, мәселен, шад түтік пен жабғудан қағанға дейін (шад жабғу, ұлық шад үлкен шад) кішік (кіші) қаған ұлық (ұлы) қаған.
Қимақтардың қағаны өз мем/ң аумағындағы тайпа ақсүйектерінің өкілі болып келетін билеушілерді тағайындап шынайы өз қолында ұстады. Билікті мұраға қалдыру тек қана қаған (жанұясы) мен хан руында ғана емес, тайпа ақ сүйектерінде де кездесіп отырды. Қимақ қағанының он бір билеушісі өз жерлерін балаларына мұра ретінде қалдырып кеткен. Қимақтар VI IX ғасырларда ежелгі түрік қоғамында қалыптасқан әлеуметтік және мәдени дәстүрлерді дамыта отырып, ІХ ғасырдың аяғы мен ХІ ғасырдың басында өздері де толыққанды мемлекет құрды.
Қимақ мемлекеті ХІ ғасырда ішкі күштер мен әлеуметтік теңсіздіктің әсері мен дағдарысқа ұшырай бастады.Оның қылауын батыстан жылжыған көшпелі тайпалар тездете түсті. Бұл процестер 916жылы Солтүстік Қытайдағы Ляо мемлекетін құрған қидандардың (қарақытайлардың) күш алып, өз ықпалын жүргізе бастауымен де байланысты. Осының арқасында қимақтар өз кезеңінде Қимақ мемлекетінің жалғастырушысы болды.
16.Ертеректегі және дамыған ортағасырлық
мемлекеттердің шаруашылығы
Қазақстан жеріндегі ортағасырлық мемлекеттер шаруашылығы отырықшы егін шарушылығымен тығыз байланыста болған көшпелі және жартылый көшпелі мал шаруашылығына негізделген еді. VI-XII ғасырлардағы мемлекеттердің басты шаруашылығы мал өсіру болған. Ортағасырлық қоғамда малға жекеменшік қалыптасып дамыды, сөйтіп ақсүйек байлар тобы бөлініп шықты. Малға жекеменшіктік теңсіздіктің негізі болған. Бай ақсүйектермен біріге қауымның қатардағы мүшелері: кедейлер мен құлдар бұқарасы тіршілік еткен. Жылқы санының көп болуы әрқашанда байлықтың өлшемі, малшы билігінің экономикалық негізі болған. Кейбір жазба ескерткіштерде қыпшақтар елінде он мың жылқы иеленгендердің көп болғаны жөнінде мәліметтер бар. Түріктердің жылқысы климаты қатаң, жергілікті табиғи жағдайларға жақсы бейімделген еді, сонымен қатар сүтінің мол және еті мен майының сапасы жақсы болуымен ерекшеленді. Түріктер сиыр және қой етінен жылқы етін артық көретін, ал бие сүтінен тамаша, шипалы сусын - қымыз дайындайтын. Қалалардың өсіп өркендеуі, сауданың дамуы, ауыл шаруашылығы өнімдеріне сұранымды арттырған. Мұның өзі егіншілік пен мал шаруашылығының дамуына себепкер болды. Жауын-шашынның аз болуына байланысты Қазақстанда егіншілік көбінесе суармалы негізде дамыды. Егін шаруашылығы елдің оңтүстігінде, Сырдария, Арыс, Бадам өзендері алқабында, Жетісуда, Іле өзені бойында біршама жақсы дамыды. Орталық Қазақстан егіншілікпен судың тапшылығына байланысты тек өзен алқаптары мен тау баурайларындағы жерлерде ғана шұғылданды. Елдің барлық жерлерінде егіншілік кәсіптері мал шаруашылығымен ұштасып жатты. Қазақстан жерінде халықтар өздерінің даму дәрежесіне қарай қолөнер кәсібімен де шұғылданды. Құмыра жасаушылардың, ұсталардың, ағашқа, сүйекке, тасқа өрнек салушылардың істеген заттарына халықтың сұранымы күшті болды. Саз балшық бұйымдар өндірісі ерекше дамыды. Отырар алқабында және Қаратаудың баурайларындағы қалаларда керамиканы өркендетудің қалыптасқан түрлері сақталған. Сырдарияның төменгі бойындағы қалалардан табылған саз балшықтан жасалған заттарда әсем өрнектер басым болды. Керамикадан кесе, тостаған, аяқ-табақтар, тағы да басқа ыдыстар жасалынып, сырты оюланып, неше түрлі қызыл, жасыл, сары, қоңыр түсті бояулар жалатылды.
17. Қарахан мемлекетінің саяси тарихы
Жазба деректерге қарағанда, Қарахан мемлекетінің құрылып, оның дамуының алғашқы кезенің саяси тарихында, қарлұқ тайпалар бірлестігінің орны ерекше болған. Мәселен: Қараханид мемлекетінің негізін қалаушы Сатұқ Бограхан (915-955 жж.), Қарлұқ қағаны Білге Қыдырханның немересі. Сатұқ Бограхан Таразды билеуші Оғұлшаққа қарсы шығып, оны талқандайды, сөйтіп Тараз бен Қашқарды бағындырады; 942 жылы ол Баласағұнда билеушісін құлатып, өзін жоғарғы қаған деп жариялайды. Жаңа билік иелерінің басшысы өзін «қара қаған » немесе «қара хан» деп атады. Осыдан келіп тарихта бұл әулет қарахандықтар әулеті деп аталды. Шынына келгенде, Қарахан мемлекетінің тарихы осы уақыттан басталды.
Қарахан мемлекетінің саяси тарихы ол өмір сүрген алғашқы ондаған жылдың өзінде-ақ негізінен екі әулеттің Әли Арслан-хан мен Хасан Боғра-ханның ұрпақтары арасындағы өзара қырқысқан күреске толы болды.
Қарахан мемлекетінің негізін салушы Сатұқ-Боғра хан.Ол 942ж Баласағұнның билеушісін құлатып,өзін жоғарғы билеуші деп жариялады.1212ж Хорезм шахы мұхаммед Батыс қағанды Оманды өлтірді.
18. Қараханидтердің мемлекетіндегі басқарудың әскери-тайпалық
Жоғарғы өкімет билігі хақанның (ханның) қолында болды. Ол мұрагерлікке қалып отырған. Үстем тап өкілдеріне ханның ұрпақтары тегіндер, ілек (ел) хандар, бектер, нөкерлер жатқан. Билік үлестік жерлер арқылы жүргізілген. Ұлестік жерлер ірі жене кіші болып бөлінген. Хақанның сарай маңындағы қызметкерлерінен құралған тұрақты ұйымы болды. Ханға ең жақын адамдардың бірі уәзір болды, ол әрі көмекші , әрі кеңесші болып саналады. Қараханидтер кезіндегі уәзірлер, қарлұқ қағанының «көл-еркіндеріне» ұқсас . Махмұд Қашқаридің жазуына қарағанда, «көл-еркіннің» мәні көл-кесір, ұшаң-теңіз, ақыл-ой деген мағынаны білдірген. Шындығында, қазақша уәзір сөзі ақыл-ойдың кені..Хақанның мемлекеттік саяси-әкімшілік іс жүргізетін жері-орда деп аталған. Онда сарай қызметкерлері тұрған. Олар: хақанның уәзірлері, нөкерлері, орынбасарлары, қазынашылары, елшілері, хат жүргізушілері, аспапшылары және т.б жеңіл-желпі жұмыс істейтіндер.Қараған мемлекетіндегі қоғамдық құрылыс басқару тәртібі, жер иеленудің түрлері, алым-салық алудың жүйесі, әлеуметтік теңсіздік, қанаудың түрлері туралы сөз еткенде, орта Азиядағы мемлекеттердегі қоғамдық құрылыстың әсері болғандығын ескерген жөн. Мәселен, отырықшы-егіншілік округтерде негізінен саманилер тұсында қолданылған құрылымда сақталды. Мұнда бұрынғысынша қоныс және қала басшылары (мехталар, әкімдер, раистер) болды. Сонымен бірге ілік-хандар тұсында, сахиб-барида (мәліметшілік қызметтерде қоса атқаратын почта бастықтары), мұстауфалар (финанс салық ведомствосының чиновнигі мен бастығы) және т.б да лауазымдар сақталды.Қырдағы аймақтағы мал шаруашылығымен айналысатын халықты басқару тәртібі басқаша болды. Ол да иерархиялық принциптерге негізделіп тұрса да, көшпелі қауымдардың әкімшілік басқаруы рулық-тайпалық басшы топтар арқылы, көбінде елші басына, бектер мен хандарға бағынатын ру басылары арқылы жүзеге асырылды.Қарахан бектерінің билігі әжептәуір мол болды. Олар тәртіп сақталуын қадағалады, оларға сот үкімдерінің және әдеттегі право нормаларының (тору) орындалуын бақылау міндеттелді, шекараларды қорғау да соларға жүктелді.Қарахан елші- басшылары, бектер мен хандар (ел) ілек-хандарға бағынды, олар үлесті жерлердің билеушілері болды. Хақандар тәрізді олардың өз әкімшілік орталықтары қызметін атқарған сарайлары (қаршылары) және тұрақты ставкалары (ордалары) болды. Ілектер үлесті жерлердің қалалары мен селолық округтерін басқарды. Шонжарлар арасында ілектің алдында жерді сүю дәстүрі болды, бұл вассалдық билеушіге (сюзеренге) тәуелділігінің белгісін білдіретін.
19.Найман мен Керейіт ұлыстары : қоғамдық құрылымының деңгейі.
Қазақстан жеріндегі ертеден келе жатқан Найман, Керей ұлыстары. Найман тайпалар одағы VIII ғасырдың орта шенінде жоғарғы Ертіс пен Орхон аралығындағы п.б ханғайдан Тарбағатай дейінгі жерлерді қамтиды. Мекен Орхон өзені Алтай керейлер туралы алғанқы мәлімет алғашқы христиандықты қабылдайтынына байланысты.
Найман және керей тайпаларының бірлестіктері әкімшілік басқаруда ұлыстық және ондық жүйеге негізделгенөзіндік айрықша құрылысы бар ертедегі феодалдық мемлекеттік бірлестік болды.
Найман, керей, жалайыр мемлекеттік бірлестіктері Орталық Азияның Шығыс аймақтарында пайда болды. Найман тайпалық одағы VIIІ ғасырың ортасында Ертістің жоғарғы ағысы мен Орхон өзенінің аралығында құрылып, сегіз оғыз «сегіз тайпа одағы» деп аталады. Керейлер туралы алғашқы мәліметтер христиандықты қабылдайтыны мен байланысты
20.Қарақытай мемлекеті
Қарақытайлар мемлекеті (1128-1213). Қарақытайлар. Олардың құрылуы Орталық Азияның қидан тайпаларымен тығыз байланысты. Қидандар (цидань, кита, хита) б.з. 4 ғ. жазба деректерде монғол тілді тайпалар ретінде аталады. Олар Қытайдың солтүстік жағында Маньчжурия мен Уссури өлкесінің территориясын мекендеген. 924 ж. Алтайдан бастап, Тынық мұхитқа дейінгі жер Қидан мемлекетінің (Ляо империясы) қол астына өтеді.1125 ж. Сунь Қытайы мен Чжурцжень мемлекетінің біріккен күші Ляо империясын құлатады. Қидандардың бір бөлегі чжурчжендерге бағынады, ал қалғандары Елюй-Даши басқаруымен батысқа қарай Шығыс Түркістан мен Жетісуға таман - жылжиды. Олар енисей қырғыздарының жерін басып өтіп, Еміл өзенінің бойына жетеді. Сол жерге аттас қала салады. Қидандардың батыс бөлігі Жетісудың бір бөлігіне қарап, жергілікті түркі тілдес халықпен араласып кетуі нәтижесінде, келімсектер қара қытай аталып кетеді.Қарақытай мемлекетінің басшысы Гүрхан деп аталады. Оның ордасы - Шу озенінің алқабында болатын. Баласағұн орталық болып қала берді. Әскерде тәртіп қатал болған. Ел ішінде аула басынан салық жинай жүйесі енгізіледі - әр үйден бір динардан салық алып отырады. Гүрхан жақындарына жер-суды тарту етпейді, олар бәсекеші болып кетеді деп қауіптенді. Қарақытайлар Жетісудың оңтүстік бөлігін, Исфиджабтың солтүстік-шығыс аймағын, Құлжа өлкесін басқарады.Бірінші гүрхан Елюй-Даши 1143 ж. қайтыс болды. 1169 ж. оның баласы - Елюй-Чжилугу - таққа отырады. Өзі христиан болғандықтан, мұсылман дініне қарсы шығады. Оның Жетісудағы мұсылман халқын бағындыру саясаты қарсылыққа толы болды. 1208 ж. бастап Жетісуға қоңыс аударған найман тайпалары да осы ішкі саясатты бұзбайды. Жетісу аймағы өзара қырқыстар, мұсылмандық қозғалыстар орталыпына айналады. Жетісудағы осы жағдай 1218 ж. дейін, яғни Шыңғыс-ханның әскері келгенше созылды.
21.Қыпшақтардың түркі халы-ң этникалық
“Қыпшақ” атауы ең алғаш рет 760 жылы ежелгі түріктің руникалық ескерткішінде жазылған. Мұсылман деректерінде қыпшақтар тұңғыш рет араб географы Ибн Хордобектің 846-847 жылы жазған “Жолдар мен провинциялар кітабында” қарлұқтар мен қыпшақтарды VIII ғасырларға жататын түрік тайпаларының тізімінде келтіреді.
656 жылы Батыс түрік қағанаты құлағаннан кейін Алтай тауының солтүстік жағы мен Ертіс өңірін жайлаған қыпшақтар Кимек қағанатының құрамына кірген еді, ал ХІ ғасырда Кимек қағанаты құлағаннан кейін, кимек, қыпшақ және куман тайпаларының бұрын жайлаған жерлерінде әскери саяси жетекшілік қыпшақ хандарының қолына көшеді.
ХІ ғ. екінші ширегінде қыпшақ тайпалары оғыз тайпаларын Сырдарияның орта және төменгі бойларынан, Арал мен Каспий өңірі далаларынан тықсырып қуып шығады. Қыпшақтар билігінің Арал өңірі мен Сырдария бойындағы аймақтарға таралуына байланысты этникалық-саяси жағдайдың өзгеруіне орай, Х ғ. екінші ширегінде “Оғыздар даласы” (Мафазат әл-гуз) деген атаудың орнына “Дешті Қыпшақ” (Қыпшақтар даласы) деген атау пайда болады. Маңғыстау мен оған жақын жатқан аймақтарды қаратып алған қыпшақтар Хорезмнің теріскей шебіне дейін жетеді.
ХI ғ. басында қыпшақ бірлестігі мейлінше күшейеді. Өріс-қонысы шығыста Ертістен батысында Орал тауына, Доннан және Қара теңізге дейінгі ұлан-ғайыр алқапты алып жатқан шығысындағы бөлігі Ел-бөрілі руынан шыққан хан әулеті билеген Шығыс қыпшак қағанаты, Кавказ, Қырым өңірін және одан әрі батысқа қарай созылып жатқан басында Тоқсоба рулық әулеті түрған Батыс қыпшақ бірлестігі болып екіге бөлінеді. Қазіргі Қазақстан аумағының көп бөлігі Шығыс қыпшақ ұлысының билігінде болды.
Қыпшақ хандарының өкімет билігі мұрагерлікпен әкеден балаға қалдырылып отырған. Хандар шығатын ең әулетті ру елбөрілі еді. Орда деп аталатын хан қамалында ханның дүниемүлкі мен әскерінің ісін жүргізетін басқару аппараты болды. Әскери-әкімшілік басқару жағынан Қыпшак хандығы көне түрік дәстүрлерін сақтаған. Қыпшақ тайпаларының басында хан, тархан, басқақ, бек пен байлар тұрды. Қыпшақ қоғамы әлеуметтік және жіктік жағынан да тең болмаған. Мүліктік теңсіздіктің негізі - малға жеке меншік болып табылады. Негізгі байлық жылқының саны болған, жеке меншікті бұзған адам қатал жазаланған. Хисапсыз көп малы бар ақсүйектер жеке меншігін заң жолымен бекітіп берілмесе де, мал жайылатын өрістің бәрін меншіктенген. Қыпшақ хандығының ыдырауы Оған себеп болған негізгі жәйттер: қыпшақ тайпалары ақсүйектерінің арасында Хорезмге бейімдеушілердің көбеюі, қаңлылардың аса ірі бірлестігінің құрылуы, өкімет билігі үшін өзара әулетті қырқыстың күшеюі еді.
22. Ұлы яжібек жолы-трансконтинент-қ жүйе ретінде
Ұлы жібек жолы ол шығыспен батыстың региондарын керуен арқ.байланыс-н транс-қ жүйе.Оның басты тауары ж/е эквиваленті жібек.Осы жүйенің 2 факторы бар 1.экономикалық фактор-жібектің тауарға айналуы,2.саяси фактор-жүйелік әскері бар.Жібек жолдың қорғауға мүмкіндігі бар үйсін мем-ң құрылуы.Аяқталуы 14ғ оның да орын-ы бар.Ұлы географиялық ашу яғни сауда қатынас жолдары ашылған.
Қалаларда қолөнерші саудагерлер егіншілер тұрды, ғимараттар салынып, теңге басылып шығарылды. Ол Қытайдан бастап Орталықжәне алдыңғы Азияға, одан әрі Еуропаға, ал деректер тілімен айтқанда «түріктерден гректерге» жалғасып жатты. Жол Қытайдығ Орталық ауданынан бастау алды.
23. Енисей және Монғолияда табылған ірі руналық мәтіндер өте маңызды құжат және көрнекті әдеби шығарма.
Көшпенділер екінші дүниежүзілік өркениеттің бір бөлігі Еуразиялық континенттің тарихында көшпенділердің рөлі орасан зор. Енисейден Дунайға дейінгі алқапты тұрған тас мүсіндер соның айғағы сияқты. Енисейден және Монғолиядан табылған үлкен руналық мәтіндер өте маңызды құжат және көрнекті әдеби шығарма әсіресе екі мәтінді атауға болады. Олар Білге қағанның атынан жаылған, бүкіл ортағасырлық түрік тәдебиетінде осы саяси прозадан асқан үлгі жоқ және бұл араторлық өнердің көрінісі. Осы мәнтінде де қағанның, батырлардың отан қорғау қызметі байқалады. Екі мәтіннің композиторы құсас.
Кіріспе дәуірінде өткен заманды баяндау барысында Тәңірлі, Ұмайды Ыдық Иер Суб басты құдайлары аталады.
VІІІ Х ғасыр руна мәтініне көп халықтың жалпы әдебиет тілі болды. Онымен оғыздар, ұйғырлар, қырғыздар, қыпшақтар, қимақтар қолданған.
Ертедегі ортағасырлық ежелгі түрік мемлекетінде жазбаның 2 түрі орын алған: руналық және ұйғырлық. Көне Түркі жазуы (басқаша Орхон-Енесай жазуы) V ғ. б.з.б. X ғ. б.з. Орта Асия түркі тайпалары қолданған жазуы. Бірінші табылғаны Орхон өзенінің бойында (Екінші түркіт қағандығы) және Енесей өзенінің жоғарғы ағысында (қырғыз қағандығы). Кейде руник жазбасы дейді, алманруналарынынан жанасым табып (кейбір нышандар кескіні дәл келіп тұр, дауысты мағынасы да жақын) «Алтын ғасыр» кезіндегі (VIII ғ. б.з.) әліппеге 38 таңба және сөзбөлу нышаны кіреді. Жазу бағысы дерелей, оңнан солға. Жіңішке мен жуан дыбыстылары жазуда айырылмайды, дыбыссыздардың бір бөлшегі артынан жіңішке не жуан дыбысты келгенін сыңар нышандармен белгіленген.Сөз бөлу нышаны сөз арасына қойылады, сөйлем соңы белгіленбейді. Бас-кіші әріпке айырылмайды.
24.VІ ХV ғ.ғ Қазақстан қалалары: экономикалық, этникалық, әлеуметтік саяси талдау. Орта ғасырларда әкімшілік, сауда-экономикалық орталық болған қалалар Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда қалыптасты. Қазақстандағы орта ғасырлардағы қалалардың бірнеше бөліктері болды.
Шахристан қала билеушілері, ақсүйектер мен діни қызметкерлердің тұрағы.
Рабад қаланың қолөнершілері мен саудагерлері тұратын бөлігі.
Цитадель қаланың қорғаныс бөлігі, яғни қамал мен бекіністер.
VI-XII ғасырлардағы Қазақстан жеріндегі ірі қалалар: Мерке, Аспара, Суяб, Үзкент, Сауран, Құлан, Талкиіз, Қойлық, Тараз, Отырар, Қарнақ, Ашнас, Баршынкент, Сығанақ, Испиджаб, Весидж, Шауғар, Иасы (Түркістан), Баласағұн, Орда т. б
Қазақстан ежелгі ортағасырлық қалалардың сипатын белгілі бір мөлшерде сауда анықтайтын. Дала мен отырықшы егінші аудандар тұрғындарының қарым қатынасы айырбас үшін егіншілік, мал шаруашылығы немесе қолөнер өнімдерін ұсынды.
Сығақ қаласы ертеден-ақ Орталық Қазақстан кең байтақ сахарасына бастайтын керуен жолдарындағы маңызы жоғары сауда нүктесі басталады.
Сауран қаласында «Байлығымен, оғыз көпестерінің Орталығы болуымен қатар маңызды сауда нүктесі ретінде де ерекшеленеді.
VІ ХІІ ғ.ғ Орта Азиямен Қазақстанда қалалар тез өсті. Батыс Түркістан жерінде Суяб, Құлан, Мерке, Тараз, Отырар, Испиджаб қалалары бой көтерді. Еуропа және Азия елдерімен жібек жолдары арқылы сауда жасалды. VІІ ғасыр Тараз «Ұлы Жібек Жолына» ірі мекенге айналды.
25.ІХғ екінші жартысы мен ХІІІғ бас кезіндегі қала мәдениеті. Оңтүстік Қазақстанның барлық қалалары неғұрлым кейінгі уақытта да өмір сүргендіктен, қала орындарының кейінгі мәдени қабаттары ертедегі қалалардың көлемін анықтауға және олардың үлгілерін жорамалдауға мүмкіндік бере бермейді. Жетісудың оңт.-батысында, керісінше, бұған толық мүмкіндіктер болды. Жазбаша деректемелерге қарағанда, мұнда 7 10 ғасырларда 27 қала мен қоныс болған, олардың көпшілігі нақты қала жұрттарымен сәйкестендірілді.
Ал Шу және Талас аңғарларындағы аумақта барлығы 36 қала жұрты табылып, олардағы 7 9 ғасырлардың мәдени қабаттары анықталды. Қалалар кейінгі кезге дейін өмір сүрген. Олардың топографиясында өзіндік ерекшелік кездеседі. Қала жұрттарында қамал мен шахристаннан тұратын “орталық бөлік” ерекше көрінеді. Орталықтағы құлаған үйінділерге ұзындығы 3 км-ден ондаған км-ге дейін жететін дуалмен қоршалған аумақ жапсарласып жатады. “Ұзын дуалды” қалалардың орналасуында қатаң заңдылық бар: Талас аңғарында олар бір-бірінен 15 20 км қашықтықта, аңғарлардың ең қолайлы жерлерінде, Таласқа ұсақ тау өзендерінің құятын сағаларында орналасқан. Шу аңғарында қалалардың орналасу заңдылығы одан да айқын он үш қала тау етегіндегі аймақта тау өзендері ағып шығатын жерлерде бір-бірінен 15 35 км қашықтықта орналасқан; қалғандары Қырғыз жотасы тауларынан өзендердің Шуға келіп құятын жерлерінде солтүстік Жақтағы ішкі тізбекті құрайды. Қалаларды сипаттап топтаған кезде қала орындарының көлемі мен топографиясы және жазбаша деректердің мәліметтері пайдаланылуы нәтижесінде қалалар үш топқа бөлінеді. Бұлар: астаналық және ірі қалалар Тараз, Суяб, Невакет және Нұзкет, олар Жетісудың оңт.-батысындағы Жамбыл, Ақбешім, Қызылөзен және Шитөбе сияқты ірі қала жұрттарына сәйкес келеді. Орташа топқа Таластағы Ақтөбе қ-ның жұрты деп саналатын Текабкет және тиісінше: Сус Шалдовар, Мерке, Аспара, Жол Соқылық, Харранжуван Беловодск бекінісі, Жақ Сарығ Грозненское жатқызылды. Шағын қалаларға жататындар: Құлан Луговое, “Түрік қағанының ауылы” Шөміш, Кірмірау Покровское. Ірі қалалардың төңірегінде орналасқан ондаған ескерткіштерді қоныстарға жатқызуға болады. Шу-Талас өңірлерінде орналасқан 403 ортағасырлық қалалар мен мекендердің 240-ның тарихи-топографиялық құрылымдары зерттелген. Мұндағы негізгі қалалар Жікіл, Балу, Шелже, Такабкет, Көл, Кендек, Ақтөбе, Төлек, Сус, т.б. Шу аңғарында Баласағұн қ. жетекші орынға шығып, астана рөлін атқарған. Ол 10 11 ғ-ларда хан ордасы ретінде қалыптасқан. Оның орнында неғұрлым ерте кезеңдегі қала жұрты бар. Бұл өлкеде осынша көп жаңа қалалардың пайда болуы ауданда отырықшылық пен қала өмірінің дамығанын көрсетеді. Солт.-шығыс Жетісуда 9 13 ғ-дың басында қалалар саны артқан. Егер 9 10 ғ-ларда мұнда 10 ғана қала болса, 11 13 ғ-лардың басында олардың саны 70-ке дейін көбейген. 10 ғ-дағы деректер Іле аңғарының сол жағалауында орналасқан екі қала Талхиз (Талхар, Талғар) және Лабан қ-лары туралы мәлімет берсе, 11 13 ғ-лардың басындағы деректерде Екі-Оғыз, Қаялық, Ілебалық, т.б. қалалар аталады. Солт.-шығыс Жетісудағы барлық қала жұрттары “төрткөл” аталатын үлгіге жатады. Олар тік бұрыш, трапеция түрінде жоспарланған немесе дөңгелек болып келеді, жалпы жер бетінен сәл дөңестеніп тұрады және барлық жағынан бұрыштары мен мұнаралары бар дуалдармен қоршалған.
26.Ортағасырлық Қазақстан ғалымы Әл-Фарабидің әлемдік ғылымға қосқан үлесі Шығыстың атақты философ ғалымы Әбу Насыр әл Фараби (870-850) Бұқара мен Бағдатқа және тағы басқа қалаларда білім алып матем, логика, медицина, музыка және тіл ғылымы саласында орасасан зор еңбектер қалдырды. 948 жыл Египетте жазылған «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары тұрған трактат» әл Фарабидың ең кемел туындыларының бірінен саналады. Ол «Мұғалим - ассана» - «Екінші ұстаз» деген атаққа ие болған.
Әл Фараби әлемдік деңгейдегі ғалым, әрі ойшыл. Ол шығармашылық қызметінде араб, парсы, грек, үнші, түркі мәдениеті мен ғалымдарының жетістіктерін ұстана отырып дамытты. Оның «Муза ң үлкен кітабы», «Ғылымнығ жетілуі туралы», «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы туралы трактат» және тағы басқа еңбектері бізге жеткен. Әл Фараби қолжазбалары әлемнің көптеген кітапханаларында сақтаулы.
Ортағасырлық ғылымның тағы бір аса көрнекті өкілі Қожа Ахмет Яссауи. Ол исламдағы сопылық бағыттың негізін салушы, ойшыл әрі ақын. Иассауидің ең басты еңбегі «Диуани хикмет» (ақыл кітабы деп аталады). Ахмет Иассауи көптеген атақтарға ие болған, соның ішінде жиі кездесетіні «Түркістан тұрғындарының тәрбиешісі», «Құдаймен бірлікте болуға қол жеткізгендерге жәрдем көрсетуші, ақиқатты таныған шапағатты сұлтан». Ол ХІ ғ. Орта Азиядағы Ислам ғылымы мен мәдениетінің орталығына айналған. Испиджаб қаласында туылған.
27. Қазақстан территориясындағы діни жүйелер: буддизм, манихейлік, христиан, зороастризм, ислам.
Буддизм үш әлемдік діндердің бірі. Пайда болған жері және уақыты ежелгі Үндістан 5 6 ғ. Қазақстанның Оңтүстік жерінде Жетісуда буддизмнің кең тарағанын буддистердің храмдары және монастрлары дәлелдейді. Буддизм едәуір дәрежеде болған. Будда ескерткішері Шу алғабының, Ақбешім, Қызылөзен секілді қала жұрттарынан кездесті: ғимараттар, шіркеулер, сол сияқты будда кейіпкерлері мен көріністері бейнеленген мүсіншілер, стеллалер.
Жібек жолы бойымен, Батыстан Шығысқа қарай жылжып отырып буддизмнен қалмай христиан діні де таралған. Үш әлемдік діндердің бірі. Үш бағыты бар:
А) католизм Б) Православис В) Протестантизм
Жалпы белгісі Исусқа сену. Қасиетті жазбалылығы библия. V ғ. ІІ жартысында Шығыс Рим империясында Священник қастерлі үмбеттерінің «дінсіздік» масһабы пайда болды. Манихейлік дін ІІІ ғасырла Иранда пайда болып Мани деген уағызшы негізін қалаған.
Манихей дінінің үмбеттері Жетісу мен Қазақстан ең алдымен отырықшы жұрт арасында болды. Тұрфан көгалды аймағынан табылған «Екі негізді қасиетті кітабы» атты манихей шығармасының көне ұйғыр қол жазбасында бұл кітап «Арғу Таласта Алтын Арғу Таласы ұлыста, Талас - Ұлыс» қаласында жазылды. Ортағасыр Қазақстан қалалар тұрғындары арасында б.з.д. VІІ VІІІ ғ.ғ ежелгі Иран территориясында тұрған зоастырлық діннің де өкілдері болған. Зороастр діні ескерткіштерінің Орта Азиядан, Соғдиядан Сырдария қалаларымен Жетсідан кездестіруге болады. Орта Азиямен Қазақстанда зороастырлық қағидаға айналған үйреншікті түрі емес, айрықша түрі таралған. Зороастр дініне байланысты көпетеген табынудың ырым жырымдары Қазақстан қаласында ислам пайда болғаннан кейінде сақталып жүр. Қазақтанда бет алған ислам біртіндеп христиан христиан дінін де, будда дінін де, зороастр дінін де, жергілікті тәңірге табынушылықты да ығыстырып тастады. VІІІ ІХ ғ.ғ оқыға баяндайтын деректер Оңтүстік Қазақстан қаласының жаппай ислам дініне кіргенін жазады. 840 жылы Нуро ибн Асад Испиджабты бағындырды.
Оңтүстік Қазақстанның отырықшы және көшпелі халқы ислам дінін ІХ Х ғ. бастап қабылдады. Ислам діні осы кезден бастап бұрынғы діни нанымдар мен сенімдерді ығыстырып шығарды. ХІ ХІІ ғ. ислам дінінің қыпшақтар арасында жайылғаны жөнінде мәлімет бар.
Исламды тарату заманы кезінде Орта Азиямен Қазаөстан қалаларында пайда болған құрылыстар қатарына қоғамдық моншаларда жатады.
28.VI-XVғ Қазақстандағы егіншіліктің дамуы
Егін шаруашылығы. VII-VIII ғасырларда Арыс өзенінің жағасында суландыру жүйесі қалыптасты. Ақтөбе су жүйесі мен Весидж суландыру жүйесі осы кезеңге жатады. Егінді суаруға өзен суымен қатар қар суы пайдаланылған. IX-XII ғасырлардағы аса ірі суармалы егіншіліктің орталығы Оңтүстік Қазақстандағы Отырар өңірі болды. Жетісуда Талас өзенінің маңында ұзындығы 100 шақырымға дейін жететін Қалмақ арық деген егіншілікке арналған су арнасы болған. Жалпы егіншілік Оңтүстік Қазақстанда (Сырдария, Арыс), Жетісуда (Іле, Талас) жақсы дамыған. Өсірген дәнді дақылдар: тары, бидай, арпа, сұлы және бау-бақша өнімдері. Егіншілік құралдары: кетпен, орақ, айыр, күрек т. б
29. Ауызша өнер және түрік жазба әдебиеті. Жүсіп Баласағұни және Махмұд Қашғаридың шығармаларына сипаттама.
Жүсіп Баласағұни ХІ (1021-1075)ғасырда «Құтты білік» дастанын дайындауға 30 жыл арнап, бір жарым жылда жазып шыққан.
Дастанда әсіріесе ортағасырлардың шыңдығы әлеуметтік топтардың құғамның түсірі мен саяси тұжырымы берілген. Бақытты болудың негізі білім деп түсіндіріледі.
Махмұд Қашғари ХІ ғасыр (1030-1090) 1072-1074 жылдары жалылған «Диуани Лұғат ат Түрік» атты еңбегі тілтану ғылымына улкен улес қосты.
Жүсіп Баласағұн 1015 жылы Баласағұн қаласында туып өскен. Оның қаламынан 1069-1070 жылы жазылған «Құтты білік» дастаны туған. Бұл еңбекте адамның қоғам мен табиғаттағы орны мен рөлі, өмір мәнінің дүниетанымдық мәселелері философиясының саяси трактат. Сонымен қатар еңбек тұркілердің ана тілінде жазылған энциклопедиялық шығармасы болып табылады. «Құтты білік» терең философиялық мәндегі этикалық моральдық трактат.
Түркі халықтарының тілі, фольклоры, этнографиясы туралы шығармалардың авторы Махмұд Қашғари. Оның шыққан тегі Қарахан ақсүйектерінің әулетіне жатады. Махмұд Қашғари жас шағынан Қашғар, Бұхар, Нимапур қалаларында оқып білім алған. Оның «Диуани Лұғат ат Түрік» еңбегінде түркі тілдес тайпаларлың лингвистикалық, тарихи мәдени, этнографиялық, географиялық материалдары жинақталып, оларға жан жақты талдау жасалған. Қашғари еңбегі ортағасырлардағы түркі халықтары туралы энциклопедия болып табылады.
Махмұд Қашғари: «Мен Шығыстан бастап, әрбір тайпаның мекендеген орныдарын көрсеттім» - деп жазды.
30.Қожа Ахмет Иассауидің Қазақстан және Орта Азия түркі халықтарының рухани өмірінде алатын орны Ортағасырлық ғылымның тағы бір аса көрнекті өкілі Қожа Ахмет Яссауи. Ол исламдағы сопылық бағыттың негізін салушы, ойшыл әрі ақын. Иассауидің ең басты еңбегі «Диуани хикмет» (ақыл кітабы деп аталады). Ахмет Иассауи көптеген атақтарға ие болған, соның ішінде жиі кездесетіні «Түркістан тұрғындарының тәрбиешісі», «Құдаймен бірлікте болуға қол жеткізгендерге жәрдем көрсетуші, ақиқатты таныған шапағатты сұлтан». Ол ХІ ғ. Орта Азиядағы Ислам ғылымы мен мәдениетінің орталығына айналған. Испиджаб қаласында туылған.
Ортағасырлық ғылымның тағы бір аса көрнекті өкілі Қожа Ахмет Яссауи. Ол исламдағы сопылық бағыттың негізін салушы, ойшыл әрі ақын. Иассауидің ең басты еңбегі «Диуани хикмет» (ақыл кітабы деп аталады). Ахмет Иассауи көптеген атақтарға ие болған, соның ішінде жиі кездесетіні «Түркістан тұрғындарының тәрбиешісі», «Құдаймен бірлікте болуға қол жеткізгендерге жәрдем көрсетуші, ақиқатты таныған шапағатты сұлтан». Ол ХІ ғ. Орта Азиядағы Ислам ғылымы мен мәдениетінің орталығына айналған. Испиджаб қаласында туылған.
31.Татар монғол шапқыншылығы: тұжырымдамалары, кезеңдері, қорытындылары және зардаптары.
Тұжырымдамалары:
1. Еуро Руссо центристық, советтік тқжырымдама: бұл тұжырымдаманың маңызы мынандай: олар варварлар, олар тек Қазақстан жеріне Орта Азияға
2. Бұл осы уақыттағы ірі тайпалардың бірімен бірі жерге билікке талас. Ол үшін тайпалардың ірі мемлекет орнатуға күресі.
3. Бұл көшпелі Шыңғыс империясының отырықшы Хорезм мемлкеті мен соғысы.
Кезеңдері:
1218 ж. - Шапқыншылықтың басы
1219 -1221 - Қазақстанды жаулап алу кезеңі.
1224 ж. - Қазақстаннан тыс жерлерге тыс Шыңғыс хан империясының кеңеюі.
Шыңғыс ханның қаптаған әскері мен Қазақстан аумағына кіріуіне формалды түрде «Отырар апаты» себеп болды. Шыңғыс хан мен Хорезм шахы Мұхаммед арасында соғыс болмай қоймайтын еді. Ең алдымен монғол татар шапқыншылғы Қазақстанның өндірістік күштерінің дамуына негізгі орын алатын көшпелі шаруашылық жағдайы мен дамуына теріс әсер етті.
Мал басының өсуі кенеттен тоқтап, көшіп қонудыі дәстүрлі цикілдері мен жолдары бұзылды. Монғол шапқыншылығы көшпелі жіне отырықшы шаруашылықтың жағдайына теріс әсер етті. Шұрайлы жайылымдарды басып алып, жергілікті тұрңындарды шеттету, ұлыстарға бөлу Қазақстанның мал шаруашылығы аудандары мен Орта Азияның егіншілік орталықтары арасында экономикалық байланыстардың тарлық құрылымын жоюға, мал басының азаюына, көшіп қонудың дәстүрлі цикілдері мен бағыттарын бұзуға алып келді.
Монғол шапқыншылығы Қазақстан аумағында халықтың қалыптасуына тежеу салды. Ірі тайпалардың ауысуы болды. Монғол ақ сүйектерінің шұрайлы жайылымдарды тартып алуы ол жерден жергілікті халықтың кетуіне, ал монғолдардың аумақты ұлыстарына бөлуі этникалық туысқан топтардың ыдырауына Монғол татар шапқыншылығының Қазақстан мен Орта Азия халықтарына тигізген әлеуметтік экономикалық зардабы өте ауыр және қайғылы болды.
32. Алтын Орданың құрылуы.Алтын Орданың этносаяси байланыстары.
Қазақстан аумағы үш монгол ұлысының кұрамына енді: үлкен (далалық) бөлігі Жошы ұлысына, Оңтүстік жөне Оңтүстік-Шығыс Казакстан Шағатай ұлысына, Жетісудың солтүстік-шығыс бөлігі Үгедей ұлысына карады. Жошы ұлысы Ертістен батысқа қарайғы ұлан-ғайыр жерді, Жетісудың солтүстік бөлігі мен бүкіл Дешті-Қыпшақты, Еділдің төменгі бойын қоса алып жатты. Шағатай ұлысы жоғарыда аталған жерге қоса, Шығыс Түркістан мен Мәуереннахрды қамтыды. Үгедей Батыс Монғолияны, Жоғарғы Ертіс пен Тарбағатайды биледі. Шыңғыс ұлдары өз ұлыстарын тәуелсіз иеліктерге айналдыруға тырысты. 1227 ж. Шыңғыс хан өлгеннен кейін бұл ұмтылыс күшейе түсіп, империя бірнеше тәуелсіз мемлекеттерге ыдырап кетті.
1227 ж. Жошы өлген соң орнына ұлы Батый отырды. Ол Батыс Дешті-Қыпшақ даласына, Еділ бұлғарлары жеріне, одан әрі батысқа шапқыншылық жорықтар ұйымдастырды. Ірі орыс князьдіктері талқандалды, Польша, Венгрия, Чехия және басқа көптеген елдер тонауға ұшырады. Жеті жылға созылған жорықтарынан кейін Батыйдың қол астына Қырымды қоса, Еділден Дунайға дейінгі жер, Солтүстік Кавказ, Батыс қыпшак (половецтер) даласы қосылды. Осыдан кейін Батый Еділдің төменгі аясында Алтын Орда атты жаңа монғол мемлекетін құрды. Оған Жошы ұлысының жері Шығыс Дешті-Қыпшақ, Хорезм мен Батыс Сібірдің бір бөлігі және батыстағы жаңадан жаулап алынған жерлер карады. Батый әскерінен жеңілген орыс князьдіктері бағынышты тәуелділікте болды. Орыс князьдері Алтын Ордаға тәуелділіктерін мойындап, ұлы ханның қолынан князь атағын алып, алым-салық төлеп тұрды.
Батый құрған мемлекет шығыс деректерінде Жошы ұлысы деп, сондай-ақ Жошы ұрпактары хандардың атымен (Батый ұлысы, Берке ұлысы, т. б.) аталды. Астанасы Сарай-Бату (Астрахань маңында), кейіннен Сарай-Берке қаласында болды.
Алтын орда Египет қарым-қатынастары, 13 ғ-дың ортасы мен 14 ғ-дың соңында Алтын Орда мен Египет мемлекеті арасындағы өзара достық қатынас күшейе түсті. 13 ғ-дың 50 ж. Алтын Орда билеушілері мен Ирандағы монғолдық Хулагу (Ильхан) мемлекеті (1256-1353) арасында Кавказ бен Иранның солтүстік-шығыс аудандары үшін күрес жүрді. Таяу Шығыста Египет мемлекетінің билеушісі Бейбарыссұлтан (1260-77) Ирактан соң Сирияны бағындырмақ болған монғол әскерлерін талқандады (1260). Христиан дініндегі ильхандықтарға қарсы ортақ ниет Алтын Орда мен Египет мемлекеттерін сауда қатынасы, әскери және мәдени жағынан жақындастырды. Бейбарыс пен ислам дінін қабылдаған Алтын Орда ханы Берке (1256-66) тұсында орнаған, тіпті туыстық байланыстарға дейін ұласқан, арадағы қатынас 14 ғ-дың ортасында Ирандағы Хулагу мемлекеті ыдырағаннан кейін де жалғасын тапты. Мемлекеттер арасындағы дипломатиялық жолдаулар қыпшақ тілінде жазылды. 1357 ж. Жәнібек хан өзінің Әзербайжандағы жеңісі жөнінде Египеттегі қыпшақ сұлтанын хабардар етеді. Алтын Орда мен Египет мемлекеті арасындағы тығыз байланысқа Темірдің Қыпшақ даласына жасаған бірқатар әскери жорықтары да кедергі бола алмады. 1395 ж. Алтын Ордаға соңғы Египет елшілігі келді. Бұл сапар Алтын Орданың талқандалуына әкеліп соқтырған Темір мен Тоқтамыс хан арасындағы шешуші шайқаспен тұспа-тұс келді.
33.Алтын Орданың саяси тарихы, қуаттылығы, ыдырау себептері.
1227 жылы Жошы өлген соң оның орнына ұлы Батый отырды. 1235 жылы Монғол империясының астанасы Қарақорымда болған құрылтайда Батысқа (Еуропаға) шапқыншылық жорық жасау ұйғарылды. Бұл жорық 1236 жылы басталады. Алтын Орданың астанасы Сарай-Бату, ал кейінірек Сарай-Берке қаласы болды. Түрік деректерінде Батый ханның әскерлері қыпшақтар деп аталды. Себебі, ұлан-ғайыр өлкеде орналасқан мемлекет халқының басым бөлігі түркі тілдес қыпшақтар болатын. Мемлекеттің басты саяси-мәдени тілі қыпшақ тілі болды. Алтын Орда әскерлері оң қол, сол қол деп екі қанатқа бөлінді. Мемлекет басындағы нояндар мен бектердің, басқақтар мен тамғашы- лардың қолында билік көп болды. Алтын Орда мемлекеті тарихи әдебиетте “Қыпшақ ұлысы” деп те аталды. Алтын Орда- да монғолдар басым тайпа болған жоқ. ХІV ғасырда монғолдар түркіленіп, Алтын Орданың халқы “татарлар” деп аталынған. Сонымен қатар Алтын Орда Берке ханның тұсында біртұтас монғол империясынан, бөлек тәуелсіз мемлекет болды. Кейін Алтын Ордада Мөңке хан өз атынан теңге шығара бастады. Алтын Орда ХІV ғасырдың І жартысында, Өзбек пен Жәнібек хандар тұсында едәуір көтерілді. Өзбек ханның тұсында 1312 жылы мұсылман діні мемлекеттік дін болып жарияланды. Алтын Орданың тәуелсіз иеліктерге бөлінген кезі ХІV ғасырдың ІІ жартысы. 13591379 жылдар Алтын Орда тарихында “Ұлы дүрбелең” кезеңі деп аталынды. Кейін Тоқтамыс хан Алтын Ордадағы өз билігін соғыстағы жеңістермен бекіте түспек болып 1382 жылы Мәскеуді өртеді.
Қуаттылығы: Алтын Орданың басында өте абыройлы тұлға тұрған. Өте күшті тұрақты әскер болған. Өте дамығанб жүйеленген фиськалдық саясат жүргізген. Яғни салықты алуды білген. Өте кең империяның ішінде Алтын Орда бірінші Еуразиялық мемлекет болған. Осы Еуразияның мемлекет жан-жағымен сауда жүргізген.
Ыдырау себептері: Алтын Ордада сепитаризм жікшілдік жатыр.
34.Ақ Орданың саяси тарихы мен мемлекеттік құрылымы.
Ақ Орданың саяси тарихы бірінші кезеңде Шығыс Дешті-Қыпшақ жерін Алтын Орданың билігінен азат ету жолындағы ұзақ күреспен өтеді, кейінірек Ақ Орда хандары Алтын Орда ісіне араласады, ал өз тарихының соңғы кезінде Мәуераннахр билеушісі әмір Темір мен оның ұрпақтарының басқыншылығына қарсы күреседі.
Мемлекетті Орда Ежен тегінен шыққан хандар басқарды. Алғашқы ханы Сасы Бұға (1309-1315), мұрагері Ерзен хан (1315-1320). Ақ Орданың Алтын Ордадан оқшаулануы ХІҮ ғ. 2-ші ширегінде Ерзен мен Мүбәракқожа тұсында басталды. Мүбәракқожа хан (1320-1344 жж.) Алтын Ордаға бағынбай дербес саясат жүргізуге тырысты.
Шымтайдың (1344-1361 жж.) ұлы Орыс ханның кезінде (1361-1376 жж.) Ақ Орда Алтын Ордадан бөлініп, тәуелсіз хандық болып жарияланды. Ақ Орда Орыс хан тұсында едәуір нығаяды. Әйгілі тарихшы Қадырғали Жалайырдың айтуынша Орыс хан өз заманының қуатты да құдіретті, батыл билеушісі болған. Ол ең алдымен Ақ Орданың саяси тәуелсіздігін нығайтуға мейлінше күш жұмсады. Оның сыртқы саясаты негізінен Әмір Темірдің шапқыншылық жорығына тойтарыс беруге бағытталды. Ал ішкі саясаты Ақ Орданың экономикасын өркендетіп, мемлекеттік қуатын арттыруды көздеді, ол ең алдымен Сырдария алқабындағы отырықшы егінші аймақтардың егін шаруашылығын өркендетуге және осы өңірдегі шаруашылық, мәдениет орталығы болған қалаларды көркейтуге баса мән берді
35. Моғолстан: құрылымы, территориясыжәне этникалық құрамы. Мемлекеттіңәлсіреуі мен ыдырауы.
14 ғ. ортасына қарай Шағатай ұлысы ыдырап, Шағатай ұлысының шығыс бөлігі Оңтүстік-шығыс Қазақстан мен Қырғызстан аумағында Моғолстан мемлекеті құрылады. Ал ұлыстың келесі бөлігі Мауараннахрдың батысында Әмір Темір мемлекеті құрылған. Моғолстан аталу себебі, Шығыс деректерінде «монғол» сөзіндегі «н» әрпі түсіп қалып, «моғол» немесе «моғолстан» сөзі қалыптасып кеткен.
Мемлекетті кезінде Шағатай ханға адал қызмет еткен дулат тайпасының әмірі Поладшы басқарған. Әмір Поладшы бастаған дулат ақсүйектері Поладшының хан болуға құқығы болмағандықтан, өздерін таңдайтын, Шағатай ұрпағы Дува ханның немересі, он алты жасар Тоғылық-Темірді 1348 жылы Моғолстан ханы етіп сайлайды. Ал негізгі саяси билік осы Әмір Поладшының қолында болған. Әмір Поладшы Моғолстанды Мауараннахрдан біржола бөліп алып, тәуелсіз, жеке хандық құруға бар күшін салды. Дулат тайпасы шонжарларының жаңа құрылған бұл өкіметте беделдері бұрынғыдан да күшейген. Жалпы, дулаттардың беделі Шағатай ханның кезінен белгілі. Атақшы тарихшы Мұхаммед Хайдардың жазуы бойынша, Шағатай хан өз мемлекетін үлестерге бөлгенде, өзіне адал қызмет еткен дулат әмірі Поладшыға Маңлай-Сүбе жерін берген. Маңлай-Сүбе Шығыс Түркістаннан Ферғанаға дейінгі кең-байтақ жерді алып жатқан. Осы аумақта Шағатай кезінен бері өз биліктерін жүргізіп келген дулат тайпасының өкілдері Моғолстан хандығының құрылуына да белсене араласқан.
. Шығыс шеті (Моғолстанның) қалмақтардың жерімен шектеседі және Барыскөл, Емел және Ертісті өзіне қосады. Солтүстігінде оның шекарасы Көкшетеңіз (Балқаш), Түркістанмен және Ташкентпен шектеседі, оңтүстігінде Ферғана уәлаятымен, Қашғар, Ақсу, Шалыш және Тұрфанмен шектеседі». Моғол мемлекетіне қазақстанның Оңтүстік және Жетісу аймақтары жа кірген. Моғол хандығының тағына негізінен Шығыс тұқымдары мен монғол ақсүйектері отырған. Әрине, монғол шапқыншылығы кезінде келген арлат, чорас, калучи сияқты тайпалар алғашқы кезінде өздерінің басымдылығын көрсеткенмен, уақыт өткен сайын жергілікті түрік тілдес тайпалар басымдылық алып, монғолдарды өздеріне сіңіре бастаған. Ал қалғандары Шығыс Түркістанға, ұйғырларға қоныс аударып, соларға араласып, өздерінің монғол атынан мүлде айырылған. Жетісу аймағы Моғолстанның солтүстік-шығыс жағын алып жатты. Ал бұл аймақтағы түрік тілдеп үйсін, қаңлы тайпаларының біздің дәуірімізге дейінгі III II ғасырлардан өмір сүріп келе жатқандығын білесіндер. Одан кейін V-VI ғасырларда да бұл аймаққа түрік тілдес тайпалар келіп қоныстанды. Сондықтан да орта ғасырдан дамыған кезінде құрылған Моғолстанның негізгі халқы түрік тілдес тайпалар: дулат, қаңлы, үйсін, арғын, баарын, барлас, бұлғашы, т.б. ертеден осы өңірді өмір сүрген тайпалар еді. Бұлардың қатарында осы жергілікті халықтармен араласып, түркіленіп кеткен монғол тайпалары да болды. Мемлекеттің ұлттық құрамы онда қазіргі қазақ халқының негізін құрап отырған ру-тайпалардың басым болғанын, сөйтіп бұл мемлекеттің қазақ халқының мемлекеттілігінің бастауында тұрған елдердің бірі екендігін көрсетеді. Моғолстандағы жағдай 1428 жылы Уәйіс хан қайтыс болғаннан кейін де сол баяғы бытыраңқы күйінде қалады. Хандық билік үшін талас енді Уәйіс ханның балалары Жүніс пен есен-бұға арасында басталады. Таластың нәтижесінде дулат әмірлерінің қолдауымен есен-бұға 1433-1462 жылдары хан тағына отырады. Бірақ Жүніс хандық өкімет үшін таласын тоқтатпайды. Ол Темір әулеті әбу Саидтан көмек сұрайды. Тартыс 1462 жылы Есен-бұғаның қаза болуымен аяқталады. Ферғана жерінде Жетікентте билік құрып отырған Жүніс дереу Моғолстанға оралып, өзін хан етіп жариялайды. Моғолстан хандығы Жүніс ханның немересі Абдар-рашид ханның кезінде ыдырай бастайды. Оның Жетісу аймағы Қазақ хандығының құрамына енеді.
36.Ноғай Ордасының саяси тарихы, этникалық құрамы және басқару жүйесі.
Ноғай ордасы , Маңғыт ұлысы Алтын Орда ыдырап, Ақ Орда әлсірегеннен кейін Бат. Қазақстан жеріне іргелес аймақта пайда болған мемлекеттік бірлестік. Негізгі аумағы Еділ мен Жайық аралығы болғанымен, шығыста Жайықтың сол жағасына, солт.-шығыста Бат. Сібір ойпатына дейін, солт.-батыста Қазанға дейін, оңт.-батыстаАрал, Каспий т-не дейін, кейде Маңғыстау мен Хорезмге дейінгі алқапты қамтыды. Н. о. алғашында осы бірлестіктің негізін қалаған маңғыттардың атымен “Маңғыт Ордасы” аталған. “Ноғай” атауы бұдан кейініректе, алғаш орыс жылнамаларында (1479), кейін шығыс деректерінде (1500) пайда болған
ноғай Ордасының тарихы Еділ бойы мен Сібірдегі, Орта Азия мен Қазақстандағы көрші мемлекеттер тарихымен тығыз байланысты. Ноғайлар тарихы әсіресе көшпелі өзбектер мен қазақтар тарихына айрықша жақын. Ембі мен Сырдария арасында көшіп жүретін ноғайлар қазақтармен ұдайы араласып-құраласып байланысып жатқан. Н. о-ның құрамына енген тайпалар ( қоңырат,маңғыт, алшын, жалайыр, қаңлы, керей, қыпшақ, найман, ар-ғын, тама, т.б.) кейіннен қазақ халқының этн. құрамын қалыптастыруда үлкен рөл атқарды. Ш.Уәлиханов Н. о. мен Қазақ хандығы халқының туыстығы туралы “бауырлас орда” деп атаған (қ. Қазақ-ноғай қарым-қатынастары). Алтын Орда ыдырағаннан кейін пайда болған өзге де ордалар сияқты Н. о-нда этн. құрылымнан гөрі, саяси құрылым басым еді. Бас билікті “бектер бегі”, әмір атқарды. Негізгі бұқарасы “ұлыс адамдары” (ноян, мырза, князь, т.б.), “қара халық” деп аталды. Хан тағы тек Шыңғыс хан әулетінің ғана үлесі болса да, Н. о-ның саяси үстемдігі, экон. тіршілігі маңғыт әмірлерінің, яғни Едіге ұрпағының қолында болып, билік атадан балаға көшіп отырды. 15 ғ-дың орта шенінде ноғайлар Сырдарияныңорта ағысындағы қалаларды басып алып, Шығ. Дешті Қыпшақтың саяси өмірінде Едігінің ұрпақтары Уақас би, Мұса мырза, Жаңбыршы, т.б. басты рөл атқарды. Ұлыстар мен ру-тайпалар арасында билік үшін, жайылымдық жер үшін үздіксіз күрес жүрді. Халқының негізгі кәсібі көшпелі мал ш. болды.
37.Көшпелі Өзбек хандығының саяси тарихы.
ХҮ ғ. 20-жылдарында Қазақстанның орталық, батыс және солтүстік-батыс аймақтарында тәуелсіз феодалдық иеліктер пайда болды. 1428 жылы Шайбан ұрпағы Әбілқайыр (1428-1468) осы аймақтардағы билікті қолына алды. Ол Сырдария бойындағы қалалар мен Хорезм үшін Темір ұрпақтарымен ұзақ соғысты. Шығыс Дешті-Қыпшақтың бытыраңқы тайпаларының басын қосып «Көшпелі өзбектер мемлекетін» құрды. XV ғ. 20 жылдарында Қазақстанның далалық кеңістігінде Ақ Орданың ыдырауы мен Жошы әулетінің бақталастығының нәтижесінде пайда болған мемлекет Әбілхайыр хандығы немесе көшпелі өзбектер мемлекеті деп аталды. Шайбан әулетінен шыққан Әбілхайыр жеке хандық құрып, 40 жылдан аса Қазақстанның далалық аудандарын біріктіріп, билікті өз қолына ұстап тұрды. Хандықтың шегарасы шығысында Балқаштан Жайыққа, солтүстігінде Ертістен Тобылдың орта ағысына, оңтүстігінде Сырдың төменгі ағысынан Аралға дейін созылып жатты.
38.Қазақ халқының шығу тегінің (генезисі) этникалық түбірлері, тұжырымдамалары, негізгі кезеңдері. Тарихшы ғалымдар «қазақ» этнонимі туралы.
I. Сақтар, үйсіндер, хангойлар, ғұндар..........
II. Түріктер, түркештер, қарлұқтар, оғыздар, қимақтар, наймандар, керейлер.............
Осылардың кейбіреулері Қазақстанда өз мемлекетін құрған. Олар: наймандар, керейлер, қыпшақтар.
Екі негізгі тұжырымдама:
Негізгі кезеңдері:
1.Қазақ халқының құрылауы
Уақыты: XV-XVI ғ.
Хандар: Жәнібек пен Керей.
Процестер: 1. Жер жинау.
2.Этникалық бірлесу.
3. Саяси жүйені орналастыру.
2. Қазақ халқының дамуы
Уақыты: XVI-XVII ғ.
Хандар: Қасым хан.
Процестер: 1. Жерді кеңейту.
2. Қазақ хандығы далалық мемлекеттің үлгісі. Бұнда саяси базисқа сәйкес келеді, ал экономикасымен саяси жүйе әлеуметтік диференцияға әкеледі.
3. Қазақ мемлкеті өндіргіш күштердің дамуындағы саяси факторы.
3. Қазақ халқының ыдырауы
Уақыты: XVII-XVIII ғ.
Хандар: Есім хан.
Процестер: 1. Жерді меншікке бөлу.
2. Эндогенді фактор.
Жоғарғы билікке талас әрбір ақсүйектің жерге, билікке таласы.
Эндогенді фактор:
1.Ресей империясы.
2.Цин империясы.
3.Ұлы Британ империясы.
39.Қазақ жүздері, этникалық аумағы.
Жүз орда, қазақ халқының үш рулық-тайпалық бірлестіктерінің ортақ атауы. Дәстүрлі қазақ қоғамы үш жүзден тұрады: Ұлы жүз,Орта жүз, Кіші жүз. Үш жүздің басын қосып, бүкіл қазақ еліне хандық құрған Тәуке ханның заманында (1680 1718) Ұлы жүздің тікелей билеушісі Төле би болды. Тәуке хан, одан соң Болат хан өлгеннен кейін, әр жүзде хандықтар пайда болған кезде Ұлы жүзге Жолбарыс хан сайланды да, ол Ресеймен жақындасу амалын іздестірді. Ұлы жүз жұртшылығы сан рет шетел басқыншыларының шабуылына душар болды. XVII ғасырдың соңы мен XVIII ғасырдың басында Жоңғар шабуылының зардабын шекті. XIX ғасырдың басында Ұлы жүз мекенінің едәуір бөлігі Қоқан хандығының өктемдігін мойындауға мәжбүр болса, осы ғасырдың ортасында Ресей патшалығына бодандыққа еріксіз мойынсұнды.
Орта жүз қазақтарының қысқы тұрағы Сырдарияның орта ағысында, Қызылқұм, Мойынқұм өңірлерінде, Қаратаудың терістік беткейінде, Балқаш көлінің солтүстігінде болатын да, жазда Тобыл, Ертіс, Сарысу өзендерінің бойлары мен Сарыарқа өңірін жайлайтын. Орта жүз бірлестігі пайда болғаннан бастап, оның мекен жайының аумағы біртіндеп кеңейе түсті. Кіші жүз қазақтарын ел арасында «Кіші жүз Алшын» атандырған. Оның құрамына 12 ата Байұлы (адай, алшын, жаппас, алаша, байбақты, беріш, масқар, таз, есентемір, ысық, қызылқұрт, шеркеш); Жетіру (табын, тама, кердері, керейт, жағалбайлы, телеу, рамадан); 6 ата Әлімұлы (қаракесек, қарасақал, төртқара, кете, шөмекей, шекті) енеді. Байұлы рулары XVIII ғасырда негізінен Кіші жүз жерінің оңтүстік батысын, яғни Жайық өзенінің төменгі ағысы мен Жем бойын, Сам құмы мен Маңғыстау түбегінде мекендейтін; Жетірудың көпшілігі Қазақстанның солтүстік батысын, яғни Жайық өзенінің орта ағысын, Қобда, Елек және Ор өзендерінің бойын және Мұхалжар тауларының қойнауларын мекендейтін; Әлімұлы ұрпағы Батыс Қазақстанның кең байтақ шығыс өңірін, яғни Ырғыз, Торғай өзендерінің бойында, Шалқар көлінің төңірегінде, Кіші және Үлкен Борсық құмдары мен Қарқұм атырабында және Сырдарияның төменгі ағысында мекендейтін.
40.Қазақ хандығының қалыптасуы. ХVғ. соңындағы алғашқы қазақ хандарының жер және қалалар үшін соғыстары.
Мұхаммед Хайдар Дулати "Тарих-и-Рашиди" атты еңбегінде былай деп көрсетеді: "Сол заманда Әбілқайыр хан|Әбілхайыр хан қыпшақ даласына түгелдей билігін жүргізіп тұрған еді. Ол Жошы хан ұрпағы сұлтандарға көп жайсыздық туғызып, Жәнібек хан мен Керей хан одан қашып, Моғолстанға кетіп қалған. Есенбұға хан оларды құрметпен қарсы алып,Шу өзені өңіріндегі "Қозыбасыны" тапсырған еді. Ол аймақ Моғолстанның батыс шеті. Олар бұл аймақта бейбіт өмір кешті. Әбілхайыр қайтыс болған соң, Өзбек ұлысы өзара тартысып, араларында көп келіспеушілік туды. Біразы Керей хан мен Жәнібек ханның маңына жиналған еді. Саны екі жүз мыңға жетеді. Олар өзбек-қазақ деп аталды.Яғни, 14651466 (14701471) жылдары Қазақ хандығының құрылған мезгілі. Ал оның ту көтерген жері Жетісудың батыс бөлігі, үйсін, дулат, қаңлы тайпаларының дәстүрлі атамекені.
XV ғ. 70 жылдар Сауран, Созақ түбінде, Қаратаудық Соғындық асуында ірі шайқастар болды.
1470 жылы Керей хан Түркістанға, Жәнібек хан Созаққа шабуылдады. Қазақ хандары Сырдария бойы, Қаратау өңірін басып алды.
Осы кездегі біріккен қазақ қолын басқарған Бұрындық хан (1480-1511жж). XV ғ 80-90 жылдары Сыр бойындағы өзбектер мен қазақтар кезекпе-кезек алып отырды. 1480 жыл-қазақ хандығының жағына Моғол билеушісі Жүніс келіп қосылды.
XV ғ аяғында ұзаққа созылған күрестің нәтижесі:
Қазақ халқының иелігі Созақ, Сауран, Сығанақ қалалары, Түркістан аймағының солтүстік бөлігін иеледі.
XV ғ аяғындағы Қазақ хандығының аумағы: Батыс Жетісу, Оңтүстік Қазақстан қалалары, Қаратау аймағы, Сырдария, Солтүстік Аралдың төменгі ағыстары, Орталық Қазақстанның көп бөлігі.
XVI ғ басы Қазақ хандығы Ақ Орда мен Моғолстанның біраз бөлігін иеленді.
41.Қасым хан. Хандықтың гүлденуі. Қазақ хандығының аумағының кеңеюі. Қасым хан саясаты (1511-1518жж):
Қасым ханның басты мақсаты: Сыр бойындағы қалаларды қайтадан өз иелігіне қосып алу. Ол бүкіл Дешті Қыпшақтың ханына айналды. Қырғыздарға билігі жүрген жоқ.
Қазақ ъхандығы ең жоғары қуаттылығы XVI ғ бірінші ширегінде, Қасым хан тұсында жетті. Қасым әз Жәнібектің ұлы. Қасым хандығына Ақ Орда иеліктері, көшпелі ноғайлықтар, шығыстағы түрік тайпалары, дулат, үйсін, қаңлы және Моғолмтанның батысындағы тайпалар енді. Қасым хан ел бірлігі және қазақ хандығының тәуелсіздігі үшін белсене күресті.
Қасым хан әдет-ғұрыптарды бір жүйеге келтіріп, алғаш рет заңдар жинағы-«Қасым ханның қасқа жолын» шығарды.
Заң 5 бөліктен тұрды:
42.ХVІғ. екіншіжартысындағыҚазақхандығы. Хақназардыңбилікқұруы
Хақназар хан саясаты (1538-1580 жж):
Қасым ханнан кейінгі тартыстан әлсіреген хандықты қайтадан нығайтып, біріктіруге Хақназар хан әрекет жасады.
Негізгі мақсаты: Қасым хан кезіндегі иелікті қалпына келтіру.
Хақназар хан саясатының маңызы:
Хақназар хан қазақ халқын біріктіріп, мемлекеттігін нығайтуға айрықша еңбек сіңірді.
43.Қазақ құқықтық жүйесінің қалыптасуы: Қасым хан, Есім хан, Тәуке хан заңнамалар жинағы.
Қасым хан өзі билік жүргізген жылдары қазақ қоғамындағы құқық-нормаларды реттеу мақсатымен алғашқы қазақ заңы- «Қасқа жолды» жарыққа шығарды. Бұл заң қазақ арасында бұрыннан қалыптасқан әдеп-ғұрып ережелері негізінде жасалды. Бұл заң сол кезде мұсылман елдерінде жаппай қолданылып жүрген ислам дінінің (шариғат) заңынан өзгеше, көшпелі қазақ өміріне үйлесімді байырғы заң болды. Билердің кеңесінде көппен ақылдасып, «Жарғы ережелеріне («ақсақалдар ережесі», «ата-баба жолы», «жөн-жосықтар») мәнді өзгерістер енгізеді. Халық бұқарасы Қасым ханның ежелден қалыптасқан билер заңы- жарғыны жаңадан көтергенін ұнатып, оны «Қасым ханның қасқа жолы» деп атап кеткен. Жеті жарғы Тәуке хан (1678 1718) тұсында қабылданған қазақ халқының дәстүрлі әдеп-ғұрып заңдарының жинағы. 17-ғасырда қазақ хандығының ыдырау қаупінің тууына байланысты Тәуке хан елдің ауызбірлігін арттыратын шаралар қарастырып, хандық билікті нығайтуға күш салды. Қазақ қоғамының дамуы мықты билік пен бірлікті қамтамасыз ете алатын жаңа заңдар жүйесін қажет етті. Осы ретте Тәуке хан бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі әдеп-ғұрып заңдары мен өзінен бұрынғы хандардың тұсында қабылданған. Онда жер дауы, отбасы және неке заңы, қылмыс пен құн дауына, ұрлық-қарлық, тонаушылыққа және куәлік ету мен ант беру рәсімдеріне орай қалыптасып, тұжырымдалған қазақтың ұлттық әдеп-ғұрып заңдары көрініс тапқан. «Жарғы» сөзі қазақша әділдік, шешім деген ұғымды білдірген. Түпкі мәні жарудан, нәрсенің салмағын бір жағына аудармай, дәл де әділ айырудан шыққан. Дауды әділ, тура шешкен билерді халық: «Қара қылды қақ жарған» деп мадақтайды. Ол заманда бас кетсе де әділ сөйлеген. Есім ханның билігі тұсында (1598-1645) халық жадында «Есім салған ескі жол» деген атпен қалған әдет-ғұрып нормаларын қалыптастырған конституциялық құжат болғаны белгілі. Мұны «Есімнің заңы» деп ұққан жөн. Бірақ оның көктен алынбағанын, өз заманының орайы мен талабына қарай Есім хан мен оның кеңесшілері өңдеп, толықтырған баяғы «Қасым салған қасқа жолдың» бір нұсқасы екенін де естен шығармаған абзал. Түтпет келгенде, «Есім салған ескі жол» деген сөздің мәні де Есім ханның тұсында жасалған даналық заңдарға байланысты айтылған. Қоныс-тұраққа, мал-мүлікке, адамдар арасындағы қарым-қатынасқа қатысты туындайтын дау-шардың шешімдері осы кезде сараланды.Мұның өзі кейін Тәукенің әйгілі «Жеті жарғысына» негіз болып, қазақ халқының мәдени-рухани және салт-дәстүр қалыптарының төлтумалығын шыңдай түсуге ықпал етті. Жалпы көшпелілер мемлекетінің хандары сияқты, Есім хан да тақ үсті мен ат үстінде бірдей танылған біртуар тұлға. Оны халқының «Еңсегей бойлы Ер Есім» атанған атақты ханның қайтыс болған жылы 1645 жыл деген шындыққа келетін сияқты.
44.ХV - ХVIIІ ғғ. қазақ хандығының басқару жүйесі және әлеуметтік құрылымы.
немесе бірнеше отбасынан құралды. Әрбір жеке ауылды басқаратын адамды ауылбасы деп атады. Ауылбасы білгір, тәжірбиелі, саяси беделге ие, ауқатты адам болды. Ауылбасының атқаратын міндеттері:ауылдастарының шаруашылығын басқару, маусымдық көші-қон уақытын белгілеу, адам мен көлік күшін дұрыс пайдалану; дау-жанжалдарды әділ шешіп отыру; ауылға түскен салықты уақытында төлеуді қадағалау; жоғарыдан келетін жарлықтар мен бұйрықтарды дұрыс орындау болды.
2).Ата аймақ жеті атадан қосылатын бірнеше ауылдан құралады. Ата аймақты басқаратын адамды ақсақал деп атады. Ата аймақтағы ауыл адамдары ақсақалдың ақыл-кеңесін тыңдап, оның шешімін мүлтіксізорындап отырды.
3).Ру негізіненон немесе он бес аймақтан құралатын болған. Руды басқаратын басшыны рубасы деп атады Рубасы көпті көрген, мол тәжірбиелі, өте білікті, білгір адам болды.Рудың тағдыры рубасының тапқырлығы мен қабілетіне тікелей байланысты болды.
4).Арыс бірнеше рудан құралды.Осы бірнеше рудан құралған арысты басқаратын адамды би деп аталды.
5).Ұлыс бірнеше арыстан құралды. Билеушісі сұлтан деп аталды. Олар ханды сайлауға қатысытын, ханмен тікелей қарым-қатынас жасай алушы еді.
6). Жүз бірнеше ұлыстардан құралды. Қазақ жүздері XV-XVI ғасырларда тайпалар одағы негізінде қалыптасты. Олар: Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз деп екіге бөлінді.
7).Хандық үш жүзден құралды. Хандықтың ең үлкен әміршісі қаған(ұлы хан,яғни хандардың ханы) болды. Хандарды ақсүйек шонжарлардан сайлау қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан ежелгі ата дәстүріне айналды.
45.XVI-XVII ғғ. Қазақ халқының шаруашылығы мен тұрмысы.
ХV-XVII ғасырларда қазақтар шаруашылығының жетекші саласы көшпелі мал шаруашылығы. Әр рудың 800-1000 шақырымға дейін жететін көш жолдары жазда жайлауға шығып, қыс түсе қыстақтарға оралуға мүмкіндік беретін. Олардың қыстақтары малға суықта пана болатын өзен, көл бойларында, орналасатын. Ертеден қалыптасқан тіршіліктің жүйесі алыстағы шалғай жерлерге (Жетісудан басқа жерлерде) көшіп-қону, табиғи жағрафиялық жағдайларымен тарихи дәстүрлерге, ал көшіп барып қонатын жерлерді таңдап алу, көбінесе халықтар арасындағы қақтығыс, соғыс, шайқастардың бар-жоғына, саяси жағдайларға байланысты болды. Малдың негізгі түлектері қой, жылқы және түйе еді. Бұлар халықтың тұрмыс-тіршілігіне бірден-бір қолайлы түлектер. Мұндай мал халықтың тұрмыс-тіршілігін жеңілдетіп, ет, сүт, қымыз, шұбат пен киімге керек материалдармен қамтамасыз етіп отырды. Әрине, мал бағу ауыр еңбекті, төзімділікті және өмірге икемділікті талап етті. Сонымен бірге ол кезде мал шаруашылығының табиғаттың дүлей құбылыстарына түгелдей тәуелді болғанын да айту керек. Жем-шөп дайындау жүргізілмейді, қыста мал тебіндеп жайылды. Міне, осыған байланысты қыс сұрапыл қатты болған жылдары малдың жаппай қырылуы (жұт) жиі кездесетін. Мұндайда көшпелі малшылар тақырлана кедейленіп қалатын.
Қазақ халқының өмірі ілгері басқан сайын мал шаруашылығын жүргізудің формасы мен оның өнімділігі жақсара түсті. Қолайлы жылдары мал басы үдемелі қарқынмен өсіп отырды. Мал шаруашылығын жүргізудің ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрі сақталып, үнемі жетілдіріп отырған.
Көшпелі мал шаруашылығы қазақ отбасының өмірін көп жағынан қамтамасыз етіп тұрды. Бұл сала қазақтарға ішіп-жейтін тамақ өнімдерін, киім-кешек пен аяқ-киім, үй жабдықтары мен жасауларын, көшіп-қонуға қажетті тасымал құралдарын берді. Әскери жорықтар мен шайқастарда жылқының орнын ешнәрсемен алмастыруға болмайтын. Көшпелі малшылар өздерінде артылып қалған малдан түскен өнімдерді Түркістанның Сығанақ, Сауран, Ясы және басқа қалаларының базарларына апаратын,
46.ХV- ХVIIІ ғғ. қазақтардыңхалықауызәдебиеті.
XVI-XVII ғғ. қазақ халқының ауыз әдебиетімен қатар, жазу мәдениеті де жақсы дамыды. Ауыз әдебиеті суырып салма ақындармен, жыршы-жыраулармен толықты. Сол тарихи кезеңдегі әдебиеттің көрнекті өкілдерінің бірі Шалкиіз жырау Тіленішұлы (1465-1560) болджы. Оның жырларының негізгі идеясы фдам мен халық әрдайым абырой мен еркіндікке ұмтылуы керек деген көзқарас арнасына сайып келеді. Ол мәңгілік рухани құндылықтарға шешендік өнер мен ақыл-парасатты жатқызады. Ең жаман қасиетке қызғанышты жатқызады. Шалкиіз жыру: «.....хан халқына адал қызмет ету керек, әрі көргендік пен әділдік танытуы керек»-дейді.
Сонымен бірге сол дәуірде Доспанбет жырау (ХVI ғ), Жиембет жырау (XVII ғ.) сынды сөз өнерінің майталмандарын да ерекше атап көрсетуге болады. Сол тарихи кезеңде туған: «Ер Тарғын», «Қамбар батыр», «Алпамыс», «Қобыланды» сияқты батырлық жырларда олардың сыртқы жаулардан елі мен жерін, Отаның қорғаған ерліктері баяндалады. Ал әлеуметтік-тұрмыстық жырларға: «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Қыз Жібек», «Айман-Шолпан», «Күлше қыз», «Мақпал», «Сұлушаш» сияқты халық мұраларын жатқызамыз.
47.Тәуекел хан кезіндегіҚазақхандығыныңсаяси жағдайы.
Хақназардың мұрагері Жәдіктің баласы және Жәнібек ханның немересі қартайған Шығай (1580-1582) болды. Ол өзінің баласы Тәуекелмен (1586-1598 хан болған) бірге Баба сұлтанға қарсы күресінде Бұқар ханы Абдоллаға келді. Абдолла Шығайға ходжент қаласын сыйға тартып онымен қосылып Баба сұлтанға қарсы Ұлытау жорығына шығады. Осы жорықта Шығай қайтыс болады. Қазақ хандығының иелігі енді Тәуекелге көшеді. 1582 жылы Шығай хан қайтыс болғаннан кейін таққа Тәуекел (1582-1598 жж.) отырды. Тәуекел хан Бұхара ханы Абдолламен жасасқан шартты бұзып, қазақ және өзбек билеушілері арасындағы жаугершілік қайта қоздады. Абдолла ханмен одақтан Тәуекел ханның бас тартуының себебі, біріншіден, Абдолла әуелдегі Түркістаннан төрт қала беруі туралы уәдесінен бас тартады, екіншіден, біздің ойымызша, басты себеп Абдолла Тәуекел ханның беделінен, батырлығы мен батылдығынан қорқа бастайды, яғни Тәуекел ханнан өзінің бақталасы ретінде қауіп төнгенін сезді. Өйткені кезінде бүкіл Мәуереннахрды Тәуекелдің көмегімен Шайбани мемлекетінің қол астына біріктірген болатын. Тәуекел хан да Жошы ұрпағы болғандықтан, бүкіл Орта Азияны билеуіне толық құқығы болды. Тәуекел сыртқы саясатында хандықтың оңтүстігіндегі қалаларда билікті нығайтуға күш салады. Ендігі жерде ол Сыр бойындағы қалалар үшін Абдолламен күресті бастайды. 1586 жылы Ташкентті алуға әрекет жасайды. Абдолланың негізгі күштері Мәуереннахрдың солтүстігінде шоғырланды. Бұны білген Тәуекел хан Мәуереннахрдың оңтүстік аймақтарына шабуыл жасайды. Оның шабуылы Түркістан, Ташкент, Самарқанд қалаларына қауіп төндіреді. Бірақ Тәуекел ханның Ташкентті алуға жасалған алғашқы жорығы сәтсіз аяқталады. Тәуекел хан қазақ хандығының сыртқы саясатын нығайту барысында орыс мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынастарды жандандырды. Қазақ ханы сыртқы саясатта өзін қолдайтын одақтастар іздеді. 1594 жылы Тәуекел хан Ресейге достық келісім жасасу үшін Құлмұхаммед басқарған Қазақ хандығының тұңғыш ресми елшілігін жібереді. Тәуекел ханның бұндағы мақсаты Ресей мемлекетінің көмегімен Абдоллаға қарсы күресті жандандыру, Сібір ханы Көшімге қарсы одақ құру және 1588 жылы орыс әскерлері ұстап әкеткен өзінің немере інісі, Ондан сұлтанның баласы Оразмұхаммедті тұтқыннан босату болды. Оның жанында қазақтың әйгілі тарихшысы Қадырғали Жалайыр бар еді. 1595 жылы елшіге орыс патшасының жауап грамотасы тапсырылды. Онда орыс патшасы Тәуекел ханға Қазақ хандығын «өзінің патшалық қол астына алатынын» және «оқ ататын қару» жіберетінін уәде етті. Сонымен бірге мынадай талап қойды: «біздің патшалық қоластымызда болғандықтан және біздің патшалық әміріміз бойынша Бұқара патшасымен және бізге опасыздық жасаған Сібір патшасы Көшіммен соғысып, біздің ұлы мәртебелі патшамызға жол салатын боласыздар». Орыс мемлекеті Қазақ хандығымен әскери одақ құрудан бас тартқанымен, Тәуекел хан орыс мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынасты үзген жоқ. 1595 жылы Мәскеуден орыс елшісі Вельямин Степанов Қазақ хандығына келді. Нәтижесінде екі мемлекет арасында сауда байланыстары жанданды. Бұл кезде ойраттардың бір бөлігі Тәуекел ханға тәуелді болды. Сондықтан ол өзінің Мәскеуге жолдаған грамотасында өзін «қазақтар мен қалмақтардың патшасы» деп атады. 1597 жылы Бұхар хандығында ішкі тартыс, ырың-жырың басталды, онда ықпалды адамдардың қолдауымен Абдолланың ұлы Абдылмомын әкесіне қарсы шықты. Осы қырқысты пайдаланып, Тәуекел Ташкент қаласының түбінде Абдолла ханның әскерін талқандады. 1598 жылы наурызда Абдолла хан қайтыс болып, Абдылмомын хан болды. Осы орайды пайдаланған Тәуекел хан жүз мың әскермен Мәуераннахрға басып кіріп, Ахси, Әндіжан, Ташкент, Самарқан қалаларын басып алды. Бірақ Бұхараны қоршау кезінде Тәуекел хан ауыр жараланып, Ташкентке қайтып келіп қаза болды. Сөйтіп, ол өз мемлекетінің солтүстік-батыс шекарасындағы бейбіт жағдайды және Орта Азиядағы шайбанилықтардың алауыздығын, бұл әулеттің Аштарханилықтар- дың жаңа әулетімен ауыстырылғанын пайдаланып, сырдариялық қалалар үшін ұзаққа созылған күресті табысты тәмамдады. Абдолла ұрпақтарының өзара билікке таласы нәтижесінде Шайбани әулеті өмір сүруін тоқтатады. Тәуекел Орта Азияға жорығында тек қарулы күшке емес, Орта Азия халықтарының белгілі бір әлеуметтік топтарына сүйенді. Атап айтқанда, Тәуекел ханды дін иелері қолдады. Сонымен бірге Ескендір Мұңшы Тәуекел әскерінің құрамында «Түркістан тайпаларының және қырдағы өзбектердің» жауынгерлері болғанын айтады. Жалпы, Шайбани ұрпақтарының өзара қақтығыстарынан шаршаған Орта Азия халықтарының басым бөлігі Тәуекел ханды қолдады десек қателеспейміз. Өйткені Шайбани тармағынан тараған Жошы ұрпақтарының өзі Мәуераннахрда Шайбани әулетін қазақ хандарының әулетімен алмастыруға ниет білдірген. Өкінішке орай, Мәуераннахр қазақ хандарының қолына толығымен көшпеді. Сөйтсе де, Ташкент және оның аймағы 200 жыл бойы Қазақ хандығының құрамында болды. Түркістан қаласы Қазақ хандығының орталығына айналды.
48.Есімханныңсаясиқызметі.
Есім хан саясатының ерекшелігі:
Заңда:
49. «Орбұлақ» шайқасының тарихи маңызы
Қазақ хандығына қалмақтар жақтан төнген қауіп зор болды. «Қалмақ» сөзі батыс монғолдардың түрікше аты. Олар өздерін ойраттар деп атаған. Қалмақтар бұл жылдары шығысында Хангай таулары, батысында Моғолстан, оңтүстігінде Гоби шөлі, солтүстігінде Ертіс пен Енисейдің жоғарғы ағыстары арасында көшіп-қонып жүрді. 1635 жылы бұл территориядағы тайпалардың басын біріктіріп, Батур қонтайшы Жоңғар мемлекетінің негізін қалады. Осыған байланысты жоңғарлар күшейіп, қазақ жерлеріне жиі-жиі шапқыншылықтар жасай бастайды. Жәңгір хан тұсында қазақтар мен жоңғарлар арасында үш ірі шайқас орын алады. Алғашқы 1635 жылғы шайқаста Жәңгір қалмақтарға тұтқынға түсіп қалып, бірақ көп ұзамай қашып шығады. Тұтқыннан босағаннан кейін, Жәңгір хан қалмақтарға қарсы күресбасшылығын өз қолына алады. 1643 жылы жоңғар қонтайшысы Батур қазақ жеріне 50 мың әскермен басып кіреді. 1644 жылы Жоңғарияға барған орыс елшісі Г.Ильин жоңғарлардың 50 мың қолына Жәңгір хан бастаған 600 жауынгердің қарсы тұрғанын айтқан. Мүмкін, бұл 600 адам ататын қарумен жабдықталған Жәңгір хан әскерінің алдыңғы шебі болуы мүмкін. Жәңгір өз тобының бір бөлегіне жоңғарлар тар асудан асып келгенше екі таудың арасындағы тар жырада ор қазып, бекініс жасауға бұйырады. Ал өзі екінші бөлегімен таудың екінші бетіне жасырынады. Жоңғарлар ор қазып, бекініп жатқан қазақ жасақтарына қарсы шабуыл жасайды. Осы кезде Жәңгір өз тобымен жаудың ту сыртынан лап береді. Қазақтар осы жерде бірінші рет оқ ататын қару пайдаланады. Шайқас барысында Батур қонтайшы 10 мың әскерінен айырылады. Шайқастың шешуші кезеңінде Жәңгір ханға Самарқан билеушісі Жалаңтөс батыр бастаған 20 мың әскер көмекке келеді. Батур қонтайшы кейін шегінуге мәжбүр болады. Сөйтіп, 1643 жылы жер жағдайын және соғыс тәсілін шебер пайдаланған Жәңгір хан Самарқан билеушісі Жалаңтөс батырдың әскери көмегі арқасында зор жеңіске жетті. Бұл тарихта Орбұлақ шайқасы деген атпен белгілі.
50.Тәуке ханның саяси және дипломатиялық қызметі.
51. Тәуке хан. «Жеті жарғы».
«Жеті Жарғыда» қпзақ қоғамындағы құқықтық жүйесінің негізгі қағидалары мен нормалары бекітілген.
«Жеті Жарғыда» әкімшлік, қылмыстық, азаматтық, отбасылық құқықтардың нормаларын, сонымен қатар салық, діни қөзқарастар туралы ережелерді заңдық тұрғыда бекетті. Жалпы алғандақоғам өмірінің барлық салаларын қамтыды.
Қылмыстық-құқықтық нормалар бойынша: кісі өлімі, денеге зақым келтіру, сбау, қорлау, балалық борышын атқармау, ұрлық, зинақорлық жасаған қылмыстар үшін түрлі жазалар бекітілді. Жаза түрлерінің бірі бойынша «қанға-қан, жанға-жан» қағидасысақталды. Жеті Жарғының ең басты жаңалығы құн заңының белгіленуі. Яғни, жазадан құн төлеу арқылы құтылудың жолдары белгіленді.
Өлім жазасы: әйелі ерін өлтірсе, әйел өзінің некесіз тапқан баласын өлтірсе, әйелдің зинақорлық жасағаны үшін, құдайға тіл тигізген адам үшін берілді. Ол дарға асу немесе таспен ұрып өлтіру түрінде жүзеге асырылатын болды.
Құн мөлшері қылмыскер мен жәбірленушінің әлеуметтік жағдайына байланысты белгіленген. Қарапайым ер адамды өлтіргені үшін қылмыскер оның туыстарына 1000 қой, әйел адам үшін 500 қой беріп құн төлейтін болса, ал сұлтанды немесе қожаны өлтіргені үшін қарапайым жеті адамның құны алынды. Сұлтанға немесе қожаға тіл тигізу 9 бас қойға, оларға қол жұмсау 27 бас қойға бағаланды. Құлдың құны оның иесіне қыран немесе ит беру арқылы төленді.
Жзаның басқа да түрлері бойынша: христиандықты қабылдаған адамның мүлкі тәркіленген; егер екіқабат әйел күйеуін өлтірсе, онда ол рудан қуылған; егер бала ата-анасына тіл тигізсе, оны жұрт алдында масқаралайтын болған.
52.XVIII ғ. Қазақ- жоңғар соғыстары. Қазақ халқының «Отан соғысы».
1717 жылы Аягөз өзені бойында үш күндік шайқас болды. Ол қазақ жасағының жеңілуімен аяқталды. 1718 ж Жоңғарлар Жетісуға баса көктеп кіріп, одан әрі оңтүстіктегі Арыс, Бөген, Шаян өзендері бойында жойқын соғыстар жүргізді. Олардың негізгі мақсаты Қазақ хандығының ордасы Түркістанды алу еді.
1723 ж қазақ-жоңғар қатынасында қазақтар үшін аса қиын кезең басталды. Өйткені қытай императоры Кенсидің қайтыс болуын пайдаланып, жоңғарлар Қытаймен бітім келісімін жасайды. Осылайша жоңғарлар өздеріне Қытай тарапынан жасалып отырған қысым мен қауіпті тоқтатып, бытыраңқы қазақтарға қарсы барлық күштерін жұмылдыруға мүмкіндік алды. Бұл қазақ халқының тағдырындағы ең қасіретті кезең «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» (1723-1728жж) нәубетіне алып келген еді.
1726 ж күзде жоңғарларға қарсы азаттық күресті ұйымдастыру мәселесін талқылауға жалпы қазақ құрылтайы шақырылды. Құрылтай Ордабасы тауында өткізілді. Оған хан, сұлтандар мен билер, үш жүздің батырлары, ру басылары қатысты. Құрылтай жалпы қазақ әскерінің қолбасшысы етіп Әбілхайыр ханды сайлады.
Құрылтайдан кейін күтілген аса маңызды жеңіске қазақ әскері 1728 ж көктемде жетті. Ұлытаудың етегіндегі Бұланты өзені маңында Қарасиыр деген жерде қазақ әскері жоңғарларға ойсырата соққы берді. Бұл шайқас халық жадында «Бұланты шайқасы», ал соғыс даласы «Қалмақ қырылған» деген атпен қалған еді.
Қазақ халқы жоңғар басқыншылығына қарсы азаттық күрестегі екінші тарихи жеңіске 1730 жылдың көктемінде жетті. Бұл оқиға Балқаш көлінен 120 шақырым оңтүстік шығысқа қарай орналасқан Алакөл маңында өткен Аңырақай шайқасы болған еді.
XVIII ғасырдың басында Қазақ хандығының сыртқы саяси жағдайы шиеленісті. Тәуке хан өзара тартыстарды уақытша тыйып, тыныштықты қалпына келтірген еді. Алайда сұлтандардың өз алдына оқшауланып, билік үшін күресуі көп ұзамай бірлікті бұзды.
Қазақ хандықтарының саяси бытыраңқы-лығын пайдаланып, 1723 жылы көктемде жоңғарлар 70 мың әскермен жеті бағыттан қазақ жеріне тұтқиылдан басып кірді. Алғашқы соққыны Жетісу мен Ертіс өңірінің қазақтары қабылдады. Жоңғарлардың шапқын-ғын күтпеген, дайындалмаған халық әуел баста оларға еш қарсылық көрсете алмады. Жоңғарлар халықты жаппай қырып, мал-мүлкін тонады. Қапыда қалған қазақтар үйлерін, мал-мүліктерін тастап босып кетуге мәжбүр болды. Жоңғарлар Қазақ хандығы территориясының басым бөлігін жаулап алды. Ендігі жерде қазақ жері мен жоңғарлар ұлысының шекарасы Ұлытау, Балқаш көлі мен Шу, Талас өзендерінің арасымен өтті. Қазақ тарихында бұл кезең «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама » д еп аталады. Қашып, босқан қазақтардың паналаған жері Сырдарияның сыртындағы Алқакөл көлі болды. Бұл оқиға қазақтың кіші жүзі арасында «Сауран айналған» деген атпен әйгілі болған. Жоңғарлардан қашқан Кіші жүз қазақтары соңынан түскен жауды көз жаздыру үшін Сауран қаласын айнала көшкендіктен, бұл оқиға «Сауран айналған» деп аталған екен. Осы заманнан бізге дейін жеткен «Елім-ай» әні халық бұқарасының сол жылдардағы мұң-зарын бейнелейді.
Жоңғар басқыншыларына қарсы Отан соғысында қазақ тарихы үшін маңызы зор шайқастардың бірі Аңырақай шайқасы. Бұл шайқас 1730 жылы Балқаштың оңтүстік-батысындағы Алакөл маңында орын алды.
1997 жылы Қазақстан халық жазушысы Ә.Кекілбаев пен тарихшы М.Қозыбаев бастаған ғылыми экспедиция шайқас болған жерді жан-жақты зерттеді.
Аңырақай шайқасына қатысқан қазақ сарбаздары асқан ерлік көрсетті. Қаракерей Қабанбай, Саңырық, Шақшақ Жәнібек, Тама Есет, Шапырашты Наурызбай, Райымбек , Құдайменді Жібекбай, Сенгірбай, Шүйкебай тағы басқа батырлар қанды шайқастардың алдыңғы шептерінде болып, талай рет суырылып шығып, ерлік үлгісін танытты.
Қазақтардың 1730 жылғы Аңырақай жеңісіне қарамастан Жоңғар хандығының жаңа шабуылының тікелей қаупі сақталып қалды. Жоңғар шапқыншылығы қазақ қоғамының әлеуметтік қатынастарына да теріс әсерін тигізді. Елдің құлдырауы мен күйзелуі салдарынан кедейлер, қоңсылар, жатақтар және т.б. көбейді.
53.XVIII ғ. екінші жартысындағы Қазақстанның ішкі және сыртқы саяси жағдайы. Абылай хан тарихи тұлға.
Абылай хан туралы көптеген дастандар, аңыз-әңгімелер, өлеңжырлар, тарихи деректер мен зерттеулер бар. Абылай ханды еске алғанда біз оны батыр, Орта жүздің сұлтаны, сосын Орта жүз және де бүкіл қазақ халқын біріктіріп, қазақ хандығын біртұтас мемлекет ретінде сақтап қалып, оның Ұлы ханы болып, өзіне қазақтың барлық хандары мен билерінсұлтандарын бағындыра алғанын және де саяси қайраткер, ақылды қолбасшы, дарынды мәлімгер, күйші екенін айтқанымыз жөн.
Абылай хан бүкіл өмірін қазақ халқы (қазақ елінің) бостандығы, егемендігі үшін арнады. Шоқан Уәлиханов «Қазақ жерінде Абылайдың даңқы аса зор. Абылай заманы оларда қазақтың ерлік заманы болып саналады» деп жазған еді. Абылайдың шын аты - Әбілмансұр. 1711 жылы әкесі Көркем Уәли Түркістанға сұлтан болып тұрған кезде дүниеге келген. Бұл кезең қазақ халқы үшін өте қауіпті, ауыр кезең еді. Үш айдаһардың (Жоңғар, Қытай, Ресей) ортасында қазақ мемлекетінің жойылып кету қаупі төніп тұрды. Қытай мен Ресей жоңғарларды қазақ жеріне айдап салып отырды. Ауыр «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» жылдары Абылай 12 жасында жауынгерлердің қатарына қосылады да, 22де батыр, қолбасшы ретінде танылады.
XVІІІ ғасырдың орта шенінде қазақ елін жаулардан қорғау үшін Абылай Ресеймен және Қытаймен татулық, достық қатынас сақтап, олардың қолдауы арқасында жоңғар басқыншылығын талқандауды жөн көрді. Ең ірі қауіп жоңғарлардың басқыншылығы екендігін түсінді. 1740 жылғы шайқаста Абылай қазақ жауынгерлерінің тікелей қолбасшысы болды. Қазақ әскері жоңғарларға қатты соққы берді. Жоңғарлар көп шығынға ұшырап, кейін шегінуге мәжбүр болды. Абылай қазақ әскерлерін ұйымдастырып, жауға қарсы көтеріп, басын біріктіріп, негізгі әскери күшті жинап көрші мемлекеттерге қазақ хандығы біртұтас ел екенін көрсетті. Абылай сұлтан бұл кезде қазақтарды біртіндеп жоңғар шабуылдарынан құтқарып, елдің тыныштығын, халықтың тұтастығын, мемлекеттің егемендігін, тәуелсіздігін сақтап қалуды мақсат еткен. Бұл мақсатты іске асыру барысында ол Ресей империясының 1740 ж. Орынборда (тамыздың 28-і) сұлтан Абылай «верным добрым и послушным … и подданным быть …» деп Ресей империясының өкіметіне, кейін Қытай мемлекетінің бодандығын қабылдауға мәжбүр болды. Тарихшы ғалым Н. Мұхаметқанұлы «XҮІІІ ғасырдағы Чин патшалығы мен қазақтардың қарым-қатынасы» атты мақаласында былай деп жазады: «1755 ж. Орта жүз ханы Абылай Чин хандығының елшілерін күтіп алған кезде, оларға Чин хандығына бағынышты болу ниетін білдірді: «Ұлы мәртебелі патшаның орталық ойпатты билеп отырғанын бұрыннан естуші едім, арада асқар тау, алып өзендер көп, жер шалғай болғандықтан тарту-таралғы апара алмадық. Міне, бүгін патшаның құдіреті шалғайды шарлап, Ілені сапырып, Лама дінін көркейтті. Қазақтар мен жоңғарларға тыныштық орнатылды деп қуанып отыр. Мен шын ниетіммен мәртебелі патшаға қараймын». Ал бұл туралы А.Левшин былай деп жазады: «Жауын сұсымен де, күшімен де сескендіре отыра, ол өз қалауымен біресе Ресейдің, біресе Қытайдың бодандығын қабылдауға мәжбүр болғанымен шын мәнінде ешкімге де бой ұсынбаған тәуелсіз басшы болды».
Екі ірі мемлекетпен дипломатиялық, сауда қарымқатынастарын орнатып, кезінде жоңғарлар басып алған Алтай, Тарбағатай өңіріндегі қазақ қоныстарын қайтарып алды. Қазақтар жаппай ата-мекендеріне орала бастады. Жоңғарлармен күресте халықтың басын біріктіруде ерекше рөл атқарды. Абылай сұлтан өзінің шебер саясаткерлігінің арқасында Ресей мен Қытай сияқты ірі империяларды өз саясатымен санасуға мәжбүр ете отырып, іс жүзінде елдің дербестігін, жерінің тұтастығын сақтап қалды.
Абылай өткір ойлы, терең білімді шешен адам болған. Бірнеше түрік халықтарының және де парсы, қытай, орыс тілдерін жетік білген. 1741 жылы Абылай сұлтан жоңғарлардың қоршауында қалып, тұтқынға түседі. Тұтқында болған екі жыл ішінде олардың тілі мен жазуын үйреніп, жоңғар хандығының ішкі саяси жағдайын жіті бақылап, бұл мемлекеттің күштілігі мықты орталықтанған билікке бағынуында және де халықтың бірлігінде екенін түсінеді. Абылай сұлтан және де бірге болған серіктері, барлығы отыз бес адам қалмақ тұтқынынан 1743 жылдың 5-і қыркүйегінде елге қайтып оралады. Абылай кезінде қазақ хандығының саяси және экономикалық жағдайы жақсарды. Қазақ халқы бірлікке, тәуелсіздікке, бейбіт өмірге ұмтылды. Абылай сұлтан болған кезінде ақылайласымен, сабырлы салмақтылығымен маңайына Төле би, Айтеке би, Қазыбек би, Байдалы би, Сасық билерді, Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шақшақұлы Жәнібек, Шапырашты Наурызбай т.б. батырларды, Бұхар жырау, Ақтамберді жырау, Үмбетей жырау сияқты сыншы-жырауларды топтастыра білді. Абылай ел арасында аса зор беделге ие болған. Қазақ халқының басқа халықтармен терезесі тең дамуы үшін жан аямай арпалысқан хан. Көзі тірісінде-ақ аты аңызға айналған Абылай деген ат тәуелсіздік, бостандық, бірлік, ерлік, азаматтық, мемлекеттік тәрізді ұғымдармен бірге айтылатын болды.
54.Қазақстанның Ресейге қосылуы. Әбілқайыр мемлекеттік қайраткер.
Тәукеден кейін Қазақ хандығы іс жүзінде жеке-жеке хандықтарға бөлінді. Жүздердің әрқайсысы жеке хан сайлауға көшті, ал ұлыстарды басқарып отырған сұлтандар сол хандарға тікелей бағынды. Жолбарыс Ұлы жүздің (1720-1740 жж.), Қайып (1716-1719 жж.), сосын Сәмеке (1719-1734 жж.) Орта жүздің, Әбілхайыр (1718-1748 жж.) Кіші жүздің хандары болды. Тәукенің тағына отырған оның баласы Болаттың (1718-1726 жж.) Ұлы хан деген атағы ғана болды. .
1730 жылы жазда Әбілқайыр Уфа наместнигі арқылы Петербургке Сейітқұл Құндағұлы мен Құтлымбет Қоштайұлын елші етіп жіберіп, Ресей империясының бодандығына қабылдауды өтінеді. Тұтас алғанда Кіші жүздің Ресей бодандығын қабылдауының объективті негіздерін жоққа шығармай, Әбілқайырдың алысты көздейтін жеке басының менмендігін, оның барған сайын айқын көріне түскен қара басын ойлаған мүдделерін естен шығармау керек екенін атап өтеміз. Хатында Әбілхайыр хан Орта және Кіші жүз қазақтарымен түгел Ресей бодандығын қабылдайтынын атап көрсетті.
Әбілхайырдың өтінішін қабыл етудің себебі орыс патшасы І Петрдің XVІІІ ғ. басында Қазақ хандығы туралы айтылған пікірінен белгілі. Ол: «…барлық Азия елдері мен жерлеріне кірудің кілті мен қақпасы дәл сол орданың (Қазақ хандығының) өзі ғана, осы себептен де солар арқылы барлық Азия елдерімен қатынасатын жолымыз болуы үшін қазақ ордасы Ресейдің қол астында болу керек» деген еді.
Осы мақсатта ол қазақ жеріне 1713-1720 жж. бірнеше экспедициялар жібереді. Алғашқысын 1713 ж. кінәз Александр Бекович-Черкасский басқарды. 1715 ж. И.Д. Бухгольц экспедициясы жасақталды. І Петрдің И.Д. Бухгольцке арнаулы жарлығында оған Тобылға бару және онда аталған губернатордан 1500 әскери адам алып, солармен Ямышев көліне бару, онда қала жасап, аталған адамдарымен жаңадан салынған бекініс пен оның маңайына орналастыратын жерге жету міндеттелді. Осы әскери экспедиция үшін адамдар Томскіден, Түменнен, Тарадан және төңіректегі қыстақтардан жинап алынды. Деректерге қарағанда, 70-ке жуық әртүрлі зеңбіректер алынған. 1715 жылы 1 қазанда экспедиция Ямышев көлінің жағасына жетіп, сол жерде бекініс салды. 1716 ж. Омбы бекінісінің іргесі қаланады. 1717 ж. полковник П.Ступин экспедициясы Ямышевск бекінісінің іргесін одан әрі бекітеді, 1718 ж. П.Северскийдің отряды Железинск бекінісін салады, ал В.Чередов басқарған екінші отряд Семей бекінісінің іргесін қалайды, 1720 жылы И. Лихарев экспедициясы Үлбі өзенінің Ертіске құятын жерінде Өскемен бекінісінің негізін салады. Ресей мемлекеті үшін Қазақ хандығы «Азияға кіретін кілт пен қақпа” ғана емес, ол бірнеше мың халықтың бейбіт жолмен империяға қосылуы, Ресейдің оңтүстік-шығыс шекарасында тыныштықтың орнауы еді. Сонымен бірге Ресей қазақтар арқылы жоңғарлар мен башқұрттарға күш көрсетуге немесе әлсіретуге мүмкіндік аламыз және Орта Азия халықтарын бағындыруға жеңілдік туады деп есептеді.
1731 жылы 19 ақпанда Ресейдің патшасы Анна Иоановна қазақтарды Ресей бодандығына қабылдау жөніндегі құжатқа қол қойды. Бұл құжатта былай жазылған: біріншіден, қазақтар патшаға берік болса және де салық төлеп тұруға уәде берсе, екіншіден, Ресей азаматтары қазақтарды ренжітпесе, қорлық көрсетпесе; үшіншіден, қазақтарға біреулер шабуыл жасаса, Ресей империясы оларды өз азаматтарындай қорғаса, төртіншіден, тұтқынға түскен орыс азаматтарын қайтарып, башқұрт және де қалмақтармен тату-тәтті боламыз деп қазақтар уәде беріп отырса, біз оларды Ресей империясының қол астына аламыз да, оның боданы деп есептейміз. Ал қазақтар, империяның боданы болған соң, өз жерлерінде Ресей бодандарына ешқандай қиыншылық жасамай, ренжітпей, тату-тәтті болуы қажет.
Осы грамотаны қазақтарға жеткізу үшін 1731 жылдың 31 сәуірінде Ресей Кіші жүзге Сыртқы істер коллегиясының тілмәші А.И.Тевкелев бастаған арнайы елшілік жіберді. Патша үкіметі А.И.Тевкелевті қырғыз-қайсақ ордасын Ресей бодандығына келтірудегі міндеттері белгіленген Мемлекеттік сыртқы істер алқасының 12 тармақтан тұратын нұсқауымен жабдықтады. Бұл құжат дипломатиялық миссия үшін іс-қимыл бағдарламасы болды. Онда Ресей елшісіне тек Кіші жүз қазақтарын ғана емес, бүкіл қазақ хандығын түгел бодандыққа өткізу міндеті қойылған еді. Нұсқауда Ресей бодандығын қабылдау мәселесінде хан төңірегінде алауыздықтар анықталған жағдайда дипломаттың еркін нұсқаулар таңдау мүмкіндігі болды.
. А.И.Тевкелев дипломатиялық тәжірибені қазақ жерінде жүріп жинақтады. Нұсқауда оған қырғыз-қайсақтар туралы мәліметті жазып алу, елдің орфографиясын, халыққа бодандықтың ұнайтын-ұнамайтынын, оның көршілерінің кімдер екенін, өздері зеңбіректер құя білетін-білмейтінін зерттеу міндеті жүктелді. Осы нұсқау негізінде А. И.Тевкелев күнделікжурнал жүргізген.
1731 жылы 5 қазанда А.И.Тевкелев Ырғыз өзеніндегі хан ордасы орналасқан Майтөбе сайына келді. Атақты мейманды бастап жүруді Әбілхайыр хан үлкен баласы, тәжірибелі жауынгер, әкесінің қызметін түгелдей қолдаған Нұрмұхамед Әли Баһадүрге (Нұралыға) тапсырды. Тевкелев болса өз басының пайдасын ойлап келген адам, сондықтан ол өз мақсатын орындау үшін қазақтың кейбір ақсақалдары мен билеріне мол сыйлықтар беріп, алдап-сулап әрен көндірген деп жазады тарихшы С.Асфендияров. А.И.Тевкелев күнделігіне 2 жылға жуық уақыт бойы үнемі өлім қаупіне бас тіге жүріп, аштыққа шыдап, бүкіл қабілетін жұмсап, бүкіл орданы көндіргенін жазды.Бұл да айдаһардай азулы ұлы империяның алақандай қазақ жерін жаулаудағы саясатының амалдарының бірі.
Бірінші болып бодандыққа Әбілхайыр хан ант берді, оған Бөкенбай ақсақал, содан соң Есет батыр қосылды. Сол арада адалдыққа 29 ақсақал ант берді.
1731 жылы Кіші жүз бен орыс мемлекетінің арасындағы қарым-қатынас осы жылы Ресей империясының протекторатын қабылдау туралы құжатқа қол қойғаннан бастап іс жүзінде бекітілді. Бұл сонда, қандай қарым-қатынас? «Протекторат немесе қамқорлық қатынастар - бастапқыда күшті және әлсіз мемлекеттердің арасында ерекше хұқықтар мен өзара міндеттемелер белгілейтін шартқа негізделген қатынастар. Оның мәнісі алғашқысы кейінгісін қорғаса, ал кейінгісі алғашқысына егемендігін сақтай отыра белгілі қызмет көрсетеді. Протекторат қорғаушы, қамқоршы, тірегі, демеушісі. Ресей империясы Қазақ мемлекетін (Кіші жүзді) сыртқы жаулардан қорғап, ішкі саясатына араласпай, қазақтардың егемендігін сақтап қалуға мүмкіндік жасауға тиіс. Әбілхайыр ханның Ресей патшасына жазған хатына, Анна Иоановнаның қазақ халқына берген грамотасының мазмұнына қарап, бұл тарихи процесті Қазақстанның өз еркімен Ресей империясына кірді деп айтуға болмас. Кіші жүз басшылары Ресей империясының протекторатын қабылдауы немесе оның «боданы» болуын сұрауы тарихи факт. Алайда «бодан» (подданный) қосылу емес. Ол тату болу, бейбіт қарымқатынас жасау, одақтасу, адал болу деген ұғымдарды білдіреді.
Сонымен қатар Ресей патшалығы қазақ хандықтарын түгел өзіне қарату мақсатында бұл өлкеге бірнеше экспедиция жасақтады.
55.XVIIIғ. екінші жартысы мен XIXғасырдағы Қазақста нның Ресейге қосылуының аяқталуы.
1734 жылы мамырда қырғыз-қайсақ экспедициясы құрылды. Көп кешікпей оны Орынбор экспедициясы деп атады. Ол экспедицияны сенаттың обер хатшысы И. К. Кириллов басқарды. Ол өлген соң 1737 жылы Н. Татищев келді. Бұл экспедициялардың мақсаты Кіші жүз және Орта жүздегі ықпалды Шыңғыс ұрпақтарының бодандығын нығайту болды. 1740 жылы Орынбор бекінісіне олар қазақтың беделді сұлтандарын шақырып, Ресейге өздерінің бодандығын мойындауды талап етті. Осы жолы орта жүздің біраз сұлтандары Ресей бодандығын қабылдады. Алайда, айта кету керек, бұл жерде бодандық қабылдау тұралы құжатқа қол қою рәсімі болған жоқ. Әбілқайырдың өзі үш рет ант берген. Әбілқайырдың 1742 жылы тамыздың 20-жұлдызында берген антының 1731, 1738 жылдардағы анттарының мәніндей құны болмаған.
Ресей Әбілхайыр ханды патша үкіметіне түгелдей тәуелді ету үшін оның ұлы Қожахметті аманатта ұстады.Патшалық үкімет Қазақстанға достық және бодандық туын желеу етіп, жыртқыштық, тонаушылық саясатты ұстанды.
Осы жылы патша үкіметі Кіші жүздің хандығына Әбілхайырдың баласы Нұралыны бекітті және ол Петербордан Орынборға әкелген сыйлықтарға ие болды. Патша Анна Иоанновнаның атынан келген тартулар атап айтқанда, «татар және орыс тілдерінде жазулары бар қылыш, бұлғын тон, қара түлкілі екі бөрік, мәуіті тон …», - дей келе, сонымен бірге қасындағы інілеріне, анасына, старшын, бий т.б. сыйлықтарға «жалпы 3000 руб. ден де көп қаржы жұмсалды …», - дейді В. Витебский «Неплюев және 1758 жылға дейінгі бұрынғы құрамдағы Орынбор өлкесі» деген еңбегінде. Ресей мемлекетінің бұл ісі қазақ мемлекетінің ішкі саясатына араласуға жағдай жасау, яғни мемлекетті бостандығынан, тәуелсіздігінен айыруға жол бастау еді. Бұл жерде Ресей империясының дипломатиялық корпусы үлкен рөл атқарды. Мысалы: БековичЧеркасский, Тевкелев тәрізді басқа ұлт өкілдерінің қазақ жеріндегі әскеризерттеу миссиясы Ресейдің қазақ жеріне ендеп кіруіне мүмкіндік туғызды.
Ресей империясы ХVІІІ ғасырдың 30-40 жылдары Қазақстанның солтүстік-батыс шекарасында Верхнеяицкіден Звериноголов бекінісіне дейін созылып жатқан Үй бекінісшебін салды. Оның ұзындығы 770 шақырым болды. 1752 жылдың жазында генерал С.В.Киндерманның басшылығымен 11 бекіністен тұратын Новоишим бекіністі шебін салу басталды. Оның жалпы ұзындығы 662 шақырым болды. Осы бекіністі шептің ең бастысы Есілдегі Петропавл болды. Бекіністі шептің басты мақсаты Үй және Ертіс шептерін жалғастыру болатын. Осы шептердің салыну салдарынан қазақтардан ені 50 шақырымнан 200 шақырымға дейін жететін жер көлемі алынды. Ресейдің Қазақстан территориясына экспанциясы нәтижесінде 1752 жылдан бастап Ертістің жоғарғы ағысындағы Үлбі, Бұқтырма және Нарын бойындағы жерлердің Ресейге қосылғаны туралы ресми түрде жарияланды.
Ресей империясы қазақ жерін отарлау саясатын барған сайын күшейтті. Шекаралық өкімет билеушісі И.И.Неплюевтің “бөліп ал да билей бер“ принципіне негізделген идеялары мен жоспарлары қолданысқа кірді. Қазақ руларының Жайыққа, Жайық қалашығы мен бекіністерге жақын жерлерде көшіп жүруіне тиым салу туралы 1742 жылы 19 қазанда жарлық шықты. Кейін ол 1756 жылы толықтырылып, түгел Жайық пен Еділ арасында қазақтарға көшіп-қонуға тиым салынды.
1760 жылы Өскемен бекінісінен Телец көліне дейін бекіністер салына бастады. 1761 жылы Өскеменнен Зайсанға дейін Бұқтырма шебінің бекіністері пайда болды. Осы алынған жерлерді шаруашылықпен игерген кезде ғана бекітіп алуға болатынын түсінген шекаралық өкімет орындары бұл аудандарға ел қоныстандыруға белсене күшжігер жұмсады. ХVІІІ ғасырдың 60-жылдарында-ақ Алтайға Тобыл губерниясынан 2 мың шаруа мен әртектілер көшіріліп әкелінді. Сонымен бірге шекаралық өкімет органдары қазақтарды шекаралық аудандардан ығыстырып тастау жөнінде шаралар қолданды. 1755 жылы Сыртқы істер алқасы Сібірдің өкімет орындарына қазақтар “бұлайша еркін өту олардың дағдысына айналмау үшін Ертістің оң жағына өткізілмесін” деген нұсқау берді. 1764 жылы қазақтардың Ертіске 10 шақырымнан және орыс бекіністерінен 30 шақырымнан жақын жерде көшіп жүруіне мүлде тиым салынды. Осылай 1730-1740 жж. Кіші және Орта жүз билеуші топтарының Ресей бодандығын қабылдауы нәтижесінде солтүстікбатыс Қазақстан жері Ресей империясының отарынаайналды.
56.XVIII ғ. соңы мен ХІХғ.Қазақстан мен ортаазиялықмемлекеттер.
Хиуа хандығы 1512 1920 жылдар аралығында Орталық Азияда өмір сүрген мемлекет. Өзбек ханы Елбарыстың басшылығымен, Шайбани әулетінен бөліну негізінде құрылды. Астанасы бастапқы кезде Вазир мен Үргеніш қалалары болды. 16 ғасырдың 70-жылдары астана Хиуа қаласына көшірілді. Елбарыс хан билік еткен 1512 16 жылдары Хиуа хандығы ұлыстарға бөлініп, оларды ханның туыстары басқарды. Алғашқы кезде құрамына Хорезм, көшпелі түрікмендердіңМаңғыстаудағы Дихистан мен Үзбой бойындағы аумақтары мен Хорасанныңсолтүстік бөлігі енді. Елбарыс қайтыс болғаннан кейінгі кезеңде Хиуа хандығындаСұлтан Қажы хан (1516), Құсайын Құли хан (1517), Суфие хан (1517 22),Бужақа хан (1523 26), Аванем хан (1527 38), Әли хан (1538 47), Ақатай хан (1547 56), Жүніс хан (1556 57), Досты хан (1557 58), Қажы Мұхаммед хан (1559 1602) билік жүргізді. Осы билеушілер кезінде Хиуа хандығы өзара тақ тартысынан көз ашпады. Бұхар хандығымен де соғыс жүргізді. 1537, 1593, 1595 жылдары Бұхар хандығы Хиуа хандығына жойқын жорықтар жасап, қысқа мерзімге болса да өзіне бағындырды. 17 ғасырдың бас кезінде билік еткен Араб Мұхаммед ханның тұсында Хиуа хандығы күшейіп, сыртқы жауларына, қалмақтардың шапқыншылығына тойтарыс берді. 1740 жылы хандықты Иран билеушісі Надиршах Афшар басып алды. Бірақ ол қайтыс болғаннан кейін хандық қайтадан өз тәуелсіздігін алды. Хиуа хандығындағы өзара тартыс бұдан кейін қайта жалғасты. Өзара билікке таласқан Хиуа шонжарлары билікке кейде қазақ сұлтандарын да шақырды (қ. Қайып). Бұл күресте қоңырат тайпасының билеушісі Ишан Мұхаммедәлі жеңіп шығып, жаңа Хиуа Қоңырат әулетінің негізі қаланды. Қоқан хандығы (1710 1876) Ферғана жазығында 18 19 ғасырларда болған мемлекет. Астанасы Қоқан қаласы Қоқан хандары өздерін Шыңғыс ханның ұрпағымыз деп санаған. Негізінде олар минг (мың) тайпасының өкілдері болатын. Қоқан хандары әулетінің негізін салушы Шахрух би алғаш 1710 жылы шамасында Қоқан территориясында Бұхар хандығынан тәуелсіз кішігірім иелік құрды. Оның немересі Ирдан би (1774 жылы өлген) тұсында жүргізілген соғыстардың нәтижесінде Қоқан хандығының құрамына Әндіжан, Наманган, Маргеланиеліктері қосылды. 1758 жылы Бұхар хандығы оны мүлде дербес мемлекет деп қарады. 19 ғасырдың 1-жартысындағы билеушісі Әлім хан (1800 1809), Омар (1809 1822) және Мұхаммед Әлі (Мәделі, 1822 1842) тұсында Қоқан хандығы дәуірлеп тұрды, саяси жағынан нығайып, территориясы ұлғайды. Ташкент, Ходжент,Қаратегін, Дарбаза, Куляб, Алайды өзіне қаратып алды. 1808 1815 жылдары Қоқан хандығы жойқын ұрыстардың нәтижесінде Абылай хан тұқымының қарамағындағы Шымкент, Түркістан қалаларын жаулап алды. Түркістан қаласын жаулап алуы Қоқан хандығы мен Бұхара әмірі арасындағы қарым-қатынасты одан әрі ушықтыра түсті. Түркістаннан қашқан Тоқай төре Бұхара әміріне барып паналады. 19 ғасырдың 20-жылдары қоқандықтар Ұлы, Орта және Кіші жүз қазақтары қоныстанған Арал тенізінен Шу, Іле өзендеріне дейінгі аралықты жаулап алды.
57.Бөкей ордасының құрылуы.
Бөкей хандығының құрылуы - 1801 жылы Еділ мен Жайық аралығына Кіші жүз қазақтарының бір бөлігі көшіп барды. 1812 жылы онда Бөкей хандығықұрылды. Ол 1845 жылға дейін өмір сүрді. Кіші жүз - үш жүздің ішіндегі жерді ең көп иеленген өлке. Ол Жайық пен Тобылдаң бастап Сырдарияның төменгі ағысына дейінгі алқапты қамтып (850 000 шақырым) жатыр. Оңтүстігінде Хиуа, Қоқан хандықтарымен, Түрікмен, Қарақалпак иеліктерімен, солтүстігінде Ресейдің Астрахан, Саратов және Орынбор губернияларымен, шығысыңда Ұлы және Орта жүз жерімен шектеседі._ ХІХ ғасыр басында Кіші жүздің біркатар ауылдары Ресей империясының құрамындағы Жайық пен Еділ өзендерінің төмеңгі ағысын қамтыды. Олар кейін Бөкей ордасы немесе Ішкі орданы (географиялык орналасуы бойьнша) құрды. 1801 жылғы 11 наурызда император I Павелдің Жарлығымен Кіші жүз қазақтарының осы жерде көшіп-қонуы заңдастырылды. 1803 жылғы есепке карағанда олардың мал саны едәуір болған (70мың түйе, 30мың жылқы, 250 мың ірі қара мал, 1 миллионнан астам қой).
Патша үкіметі Кіші жүз руларына Жайық пен Еділ арасында еркін коныстануға қайта мүмкіндік беру арқылы қазақтардың жер үшін күресін біршама бәсеңдетіп, оны өзінің отарлау саясатындағы басты бағыт деп қарастырды.
Бөкей Нұралыұлы (1804 - 1845жж) - Кіші жүздің белді сұлтандарының бірі. Саяси күреске ХVIII ғасырдың соңынан араласа бастаған. Өзінің туған ағасы Қаратаймен алакөз болып, кейіннен Айшуақ ханмен де жағаласты. ХIX
ғасырдың басында осы Ханның кеңесіне төраға болды, алайда тәкаппарлығы оның бағыныштылығына жол бермеді, орыс өкіметіне жағымды болды.
Жәңгір жас кезінен білімге құштарлығын байқатты. Астрахан губернаторының үйінде тәрбиеленді. Парсы, орыс, араб тілдерін білді. Сауда-саттыққа қамқорлық жасады. Ресей елінде белгілі қайраткер ретінде бедел мен билікке ие болды.
58.Сырым Датов бастаған халық азаттық көтерілісі.
Қоғамдағы әлеуметтік - саяси себептер С.Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының көтеріліске шығуына негіз болды, Яғни 1783 жылдың көктемінде Жайық казактарының қазақтардың 4 мыңнан аса жылқысын айдап әкетуі елдің ішіндегі жағдайды одан әрі шиеленістіріп, көтерілістің басталуына әкеп соғады. Көтеріліс алғаш Кіші жүздің батыс өңірін Тама руын қамтып, кейін Орал мен Жем өзендерінің арасына қоныстанған басқа да руларға таралды. Көтеріліске елге жастайынан ақылдылығымен, шешендігімен танымал болып бала би атанған халық арасында беделі зор, ықпалы күшті Байбақты руының старшыны С.Датұлы жетекшілік жасады.
1783 жылы көтерілісшілер қазақ ауылдарына шабуыл жасаған казак-орыс атамандарының бірі Чагановтың отрядын талқандап, оның өзін тұтқынға алып, кейін Хиуа хандығына құлдыққа сатып жібереді. Осы жағдайдан кейін көтерілісшілерге қарсы Орал қаласынан әскер шығып, 1783 жылдың желтоқсанында күтпеген жерден С.Датұлын қолға түсіреді. Бірнеше ай түрмеде отырған Сырымды құдасы Нұралы хан 1784 жылы кепілдікке 70 жылқы, 350 рубль ақша төлеп босатып алады. 1784 жылдың мамырында елге оралған Сырым өз жасағымен Орал әскерлеріне қайта шабуыл бастайды. Бірақ, оның бұл әрекеті Нұралы хан тарапынан қолдау таппайды. Нұралы оған керісінше қарсы болып, көтерілісті басуға әкімшіліктен қосымша әскер жіберуді сұрайды. Нұралы ханның бұл ісіне риза болмаған Сырым, онымен араздасып, енді көтеріліс тек Жайық казактарына ғана емес, Әбілқайыр әулетінен шыққан хан мен сұлтандарға да қарсы бағытталады.
Көтерілісшілер өз тарапынан патша әкімшілігіне мынадай талаптар қояды: 1) Еділ мен Жайық арасындағы қоныстарды қайтару; 2) Орал казак-орыс әскерлерінің жазалау отрядтарын жіберуді тоқтату; 3) Нұралы ханды тақтан түсіру. Елшіліктен қайтып келген М.Құсайынов патша ІІ Екатеринаға көтерілісшілердің талаптарын ескертіп, хабарлама жолдайды. 1785 жылдың күзінде тағы да старшындар мен көтерілісшілер қатысқан жиналыс өтіп, оған қатысушылар Нұралы ханды тақтан түсіру жөніндегі шешімдерін күшінде қалдырып, бұдан былай оны хан ретінде мойындамайтындықтарын білдіреді.
1791 жылы күзіне қарай генерал-губернатордың қатысуымен Ор қаласының жанында өткен жиналыста билер мен ру басыларының шешіміне қарамастан Ералы хан сайланды. Ералының хан сайлануы ел ішінде наразылық тудырып, стихиялық баскөтерулер байқалды.
1794 жылы Ералы хан қайтыс болғаннан кейін патша үкіметі жаңа хан сайлауға біршама ойланып барып, 1795 жылы Нұралының баласы Есім хандыққа сайланады. 1795-1796 жылдардағы ауа райының қолайсыздығы Кіші жүз халқының шаруашылығын күйзелтіп кетеді. Оған қарамастан Есім хан түрлі салық жинауды тоқтатпайды. 1797 жылы О.А.Игельстром Орынбор генерал-губернаторлығына қайта тағайындалады. Осыдан кейін Сырымның Есім ханға қарсы қозғалысы басталады.
77 жастағы Айшуақ сұлтанды 1797 жылы қазан айында патша үкіметі хан етіп тағайындайды. Осылайша, 1783 жылдан 1797 жылға дейін 14 жылға созылған Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс халықтың босқа қырылмауы, ел ішінде тыныштық сақтау мақсатында тоқтатылады. Көтерілістің қозғаушы күші - халық болды. Оған билер мен батырлар, старшындар мен ру басылары да, қарапайым шаруалар да қатысты.
Қорыта айтқанда, Сырым Датұлы бастаған көтеріліс қазақ тарихында Ресей империясының отаршылдық саясаты мен жергілікті билеуші топ өкілдерінің езгісіне қарсы бағытталған маңызы зор азаттық қозғалыстың бірі болды.
59.1822ж. «Сібірқырғыздарытуралы» ереже.
1781 жылы Абылай өлгеннен кейін Орта жүзде оның үлкен баласы сұлтан Уәли хан болып жарияланды. Уәли ханның қаталдығы оның қол астындағылардың наразылығын туғызды. 1795 жылы қазақтар патшаға оны тақтан алу жөнінде өтініш жасады. 1815 жылы Орта жүзде Уәлидің позициясын әлсіретуге тырысып, үкімет екінші ханды, Бөкейді тағайындады. 1817 жылы Бөкей хан және 1819 жылы Уәли хан өлгеннен кейін Орта жүзде жаңа хандар бекітілмеді. Патша әкімшілігі хан өкіметін таратып, «Сібір қырғыздары туралы уставқа» сүйене отырып, басқарудың жаңа аппаратын құрды, бұл уставты 1822 жылы Россияның XIX ғасырда белгілі либералдық пиғылдағы қайраткер, өз дәуірінің аса білімді тұлғаларының бірі граф М.М.Сперанский жасады. Бұл жұмысқа болашақ декабрист Солтүстік қоғамның мүшесі Г.С. Батеньков белсене қатысты. Оған М.М. Сперанский жергілікті статистика үшін материалдар әзірлеу мен жинауды тапсырған еді. Орта жүздің әкімшілік құрылымы:
ОКРУГ(15-20 болыс)
Басқарушысы- округтік приказ және аға сұлтан
БОЛЫС
(10-120 ауыл)
Басқарушысы-болыс сұлтаны
АУЫЛ
(50-70 шаңырақ)
Басқарушысы- ауыл старшыны
1822 жыл- Орта жүзде хандық билік жойылды.
Әкімшілік-саяси реформаның салдары:
-Қазақстанды басқаруды жеңілдетіп,өзара рулық қырқыстарға соққы берді.
-Өлкені шаруашылық жағынан игеруге қолайлы жағдай жасады.
-Ресми отаршыл саясатын кеңейтуге жол ашты.
-Хандық билікті жойды.
60.1824 ж. «Орынборқазақтарытуралы» ереже.
1822 жылы Орынбор генерал- губернаторы П.К. Эсеннің дайындаған жобаны 1824 жылы Азия департаменті комиссиясының мәжілісінде бекітілді. Бұл жоба «Орынбор қазақтарын басқарудың Уставы» деп аталады. «Уставта» «Патша ағзам императордың нұсқауымен қырғыздар даласын басқарудың жаңа жобасы жасалынып, Кіші жүзде басқару Ішкі Орда ханы Жәңгірге жүктелсін және даланы үшке бөліп, әрбір бөлікті басқару үшін аға сұлтан тағайындалсын» ,- делінген. 1825 жылы Кіші жүз үшке бөлінді:
Кіші жүздің әкімшілік қурылымы:
БӨЛІКТЕР
(батыс, орта, шығыс)
Басқарушысы- аға сұлтан
ДИСТАНЦИЯ (54)
Басқарушысы-ру шонжарлары
АУЫЛ
Басқарушысы-ауыл старшыны
Реформаның салдары:
- Орталық басқару нығайтылды.
- Табиғат байлықтарын кеңінен игеруге мүмкіндік алды.
1824 жыл Кіші жүздің соңғы ханы Шерғазы Орынборға қызметке шақырылып, Кіші жүздегі хандық билік жойылды. Ескеретін нәрсе, Кіші жүзді үшке бөліп (батыс, отра, шығыс), ішкі басқару жүйесінде хандықты жойғанымен 1824 жылы басқару жүйесі жергілікті ұлт өкілдерінің қолында қалды.
Сонымен, 1822 және 1824 жылдардағы әкімшілік-саяси реформалар патша үкіметінің отарлау саясатының нәтижесі болды.
61.ХІХғ. екіншіжартысындағыреформаларбойыншаҚазақстанныңсаясибасқаруы мен әкімшілік құрылымындағы өзгерістер.
Ресейдегі капитализмнің қарыштап дамуы ұлт аймақтарының, соның ішінде Қазақстанның рөлін өсірді. Қазақстан шикізат пен арзан рынок көзіне айналды. Қазақстан өлкесінің жері мен қазба байлығын тезірек игеру үшін қазақтарды басқаруды Ресейдің әкімшілік-саяси жүйесімен жақындастыру қажет еді.
Қазақстандағы буржуазиялық реформалар бағыты Ресейдің қазақ даласындағы ұстанымын нығайтуға бағытталды. XIX ғасырдың бірінші жартысындағы басқару жүйесі ескіріп, жергілікті басқару шекаралық басқарумен бірігіп кеткен еді.
Түркістан өлкесін басқару туралы 1886 жылғы «Ереже» бойынша қазақ даласында империялық тұрпаттағы соттар құрылды:
бітістіруші судьялар;
облыстық соттар;
жоғарғы сот инстанциясы Үкіметтік сенат болды.
1867 жылы Ережеден айырмашылығы әскери соттар алынып тасталды. Халық соты (билер соты) сақталып қалды. Облыс шеңберінде облыстық соттар құрылды, ал уездерде және ірі қалаларда бітістіруші судьялар тағайындалды. Оларды Әділет министрі тағайындады.
Жергілікті халық арасындағы қылмыстар мен қылмыстық әрекеттер халық сотының қарамағында қалдырылды. Әдетте, қылмыстық және азаматтық істерді қарау билердің қарауынан басталды. Әскери губернаторлар бекіткен халық соттары (қазылар соты) Қазақстандағы отаршылдық сот жүйесінің ең соңғы буыны болды (Халық соты → бітістіруші сот → облыстық сот → Сенат).
62.Патшалық Ресейдің қоныс аудару саясаты, мақсаты және оның кезеңдері, қорытындысы.
ХҮІІІ ғасырдың 20-шы жылдарының соңы мен 30-шы жылдардың басындағы жеңістердің нәтижесінде жоңғарлар қазақтың біраз жерін босатуға мәжбүр болады. Әрине, қазақтың барлық жері түгел азат етілмесе де, бұл үлкен жетістік еді. Қазақтар осы шайқастарда біріксе ғана біртұтас күш ретінде елі мен жерін қорғауға шамасы жететінін көрсетті. Алайда, Ұлы хандық билік үшін күрес қазақтарды тағы бөлшектеді. Ұлы хандықтан үміткер Кіші жүзден - Әбілқайыр, Орта жүзден - Сәмеке өздерін елеусіз қалдырды деп, Аңырақайдағы жеңістен соң шайқас алаңын тастап кетіп қалды. Осы ішкі алауыздықтарды, қырқысуларды пайдаланған жоңғарлар қазақ жерлерін басып алу үшін қайтадан батысқа қарай жылжыды. Осындай қиынқыстау жағдай Әбілқайыр ханды Ресей мемлекеті сияқты одақтас іздеуге мәжбүр етті.
1730 жылы жазда Әбілқайыр Уфа наместнигі арқылы Петербургке Сейітқұл Құндағұлы мен Құтлымбет Қоштайұлын елші етіп жіберіп, Ресей империясының бодандығына қабылдауды өтінеді. Тұтас алғанда Кіші жүздің Ресей бодандығын қабылдауының объективті негіздерін жоққа шығармай, Әбілқайырдың алысты көздейтін жеке басының менмендігін, оның барған сайын айқын көріне түскен қара басын ойлаған мүдделерін естен шығармау керек екенін атап өтеміз. Хатында Әбілхайыр хан Орта және Кіші жүз қазақтарымен түгел Ресей бодандығын қабылдайтынын атап көрсетті.
Еділ қалмақтарын, Қабарда княздігін, Грузин билеушілерінің жерлерін Ресей құрамына қабылдау Сыртқы істер алқасы дипломатиялық қызметінің өрісін едәуір кеңейтті. Бұл жолы да Әбілхайыр ханның елшілігіне барынша құрмет көрсетілді. Оның Құтлымбет Қоштайұлы бастаған 7 адамнан тұратын елшілері құрметпен қабылданып, бағалы сыйлықтар тартылды.
1731 жылы 19 ақпанда Ресейдің патшасы Анна Иоановна қазақтарды Ресей бодандығына қабылдау жөніндегі құжатқа қол қойды. Осы грамотаны қазақтарға жеткізу үшін 1731 жылдың 31 сәуірінде Ресей Кіші жүзге Сыртқы істер коллегиясының тілмәші А.И.Тевкелев бастаған арнайы елшілік жіберді.
1731 жылы 5 қазанда А.И.Тевкелев Ырғыз өзеніндегі хан ордасы орналасқан Майтөбе сайына келді. Бірінші болып бодандыққа Әбілхайыр хан ант берді, оған Бөкенбай ақсақал, содан соң Есет батыр қосылды. Сол арада адалдыққа 27 ақсақал ант берді.
Сонымен қатар Ресей патшалығы қазақ хандықтарын түгел өзіне қарату мақсатында бұл өлкеге бірнеше экспедиция жасақтады. 1734 жылы мамырда қырғыз-қайсақ экспедициясы құрылды. Көп кешікпей оны Орынбор экспедициясы деп атады. Ол экспедицияны сенаттың обер хатшысы И. К. Кириллов басқарды. Ол өлген соң 1737 жылы Н. Татищев келді. Бұл экспедициялардың мақсаты Кіші жүз және Орта жүздегі ықпалды Шыңғыс ұрпақтарының бодандығын нығайту болды. 1740 жылы Орынбор бекінісіне олар қазақтың беделді сұлтандарын шақырып, Ресейге өздерінің бодандығын мойындауды талап етті. Осы жолы орта жүздің біраз сұлтандары Ресей бодандығын қабылдады. Алайда, айта кету керек, бұл жерде бодандық қабылдау тұралы құжатқа қол қою рәсімі болған жоқ.
ХVІІІ ғасырдың 30-40 жылдары-ақ Кіші жүз және Орта жүз қазақтарының Ресей протекторатын қабылдағанына қарамастан, олардың бағынуы нақты болмады. Себебі, қазақ билеушілері бұл кезде жоңғар жаулаушыларымен қырғи-қабақ соғыста еді. Оның үстіне Қазақстан шекарасында күшті Цин империясының пайда болуы күрделі саяси жағдайдың тууына және қазақтардың Ресей ықпалынан шығып кету қаупіне әкеліп соқты. Жоңғар басқыншыларының қазақ жеріне әлсін-әлсін шабуылын Ресей үкіметі тиімді пайдалануға тырысты. Осыған орай Қазақстанның осы аймақтарын Ресей бодандығында ұстау шекаралық өкімет орындарының негізгі міндетіне айналды.
Ресейдің Қазақстан территориясына экспанциясы нәтижесінде 1752 жылдан бастап Ертістің жоғарғы ағысындағы Үлбі, Бұқтырма және Нарын бойындағы жерлердің Ресейге қосылғаны туралы ресми түрде жарияланды.
Ресей империясы қазақ жерін отарлау саясатын барған сайын күшейтті. Шекаралық өкімет билеушісі И.И.Неплюевтің “бөліп ал да билей бер“ принципіне негізделген идеялары мен жоспарлары қолданысқа кірді. Қазақ руларының Жайыққа, Жайық қалашығы мен бекіністерге жақын жерлерде көшіп жүруіне тиым салу туралы 1742 жылы 19 қазанда жарлық шықты. Кейін ол 1756 жылы толықтырылып, түгел Жайық пен Еділ арасында қазақтарға көшіп-қонуға тиым салынды.
1764 жылы қазақтардың Ертіске 10 шақырымнан және орыс бекіністерінен 30 шақырымнан жақын жерде көшіп жүруіне мүлде тиым салынды. Осылай 1730-1740 жж. Кіші және Орта жүз билеуші топтарының Ресей бодандығын қабылдауы нәтижесінде солтүстікбатыс Қазақстан жері Ресей империясының отарына айналды.
63.Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісов көтерілістері.
Махамбет Өтемісұлы (1804-1846) мен Исатай Тайманұлы (1791- 1838) бастаған көтеріліс.Территориясы: Жайық пен Тобылдан бастап, Сырдарияның төменгі ағысына дейін.
Көтерілістің себептері:
Мақсаты:
Көтеріліс барысы
Көтеріліс басшысы Махамбет Өтемісұлы (1804-1846) мен Исатай Тайманұлы (1791-1838). 1836 ж. ақпанның басында басталған көтеріліс халық-азаттық сипатта болып, Қарауылқожаны биліктен тайдыруға, ханның жарлықтарын мойындамауға шақырды.
Нәтижесі:
Тарихи маңызы:
Жеңілу себептері:
И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлы бастаған көтерілісті үш кезеңге бөліп қарастыруға болады. Бірінші кезең - 1833-1836 жылдар аралығы қарулы көтеріліске даярлық ретінде сипатталса, екінші кезең - 1837 жылдың басында көтерілісшілердің ханға қарсы аттануынан бастап, олардың осы жылдың күз айларына жеңіліске ұшырауына дейінгі аралық. Үшінші кезең - 1837 жылдың желтоқсанында Исатай мен Махамбет бастаған көтерілісшілердің шағын тобының Жайықтың сол жағалауына өтіп, күш жинап көтеріліске қайта шығуынан бастап, 1838 жылдың шілде айының ортасында Ақбұлақ өзенінің маңында болған шайқаста біржола жеңіліске ұшырауына дейінгі уақытты қамтиды.
Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтеріліс - қоғамдағы әлеуметтік теңдік үшін болған, қазақ халқының Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы халықтың азаттық рухын жігерлендірген көтеріліс. Сондықтан да, бұл көтеріліс халқымыздың тарихында өзіндік орны бар, маңызы зор көтерілістердің бірі
64. 1837-1847 жж. Кенесары ханның басшылығымен болған ұлт азаттық көтеріліс.
Ресей империясының қазақ даласындағы хандық билікті жоюы, шекаралық аймақтарда жаңа бекіністерді салып, қазақ жерлерін күштеп тартып алуды одан әрі жалғастыруы, қазақ қоғамында әлеуметтік қатынастардың шиеленісуі Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің шығуына себеп болды. Қазақтардың ХҮІІІ-ХІХ ғасырларда болған басқа барлық көтерілістермен салыс-тырғанда Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық күрестің ерекшелігі, оған үш жүздің бұқара халқы түгелге дерлік катысты. Бұл күрестің кең қанат жайып, бүкілхалықтық сипат алуы, Кенесары күресінің өзіне тән саяси ерекшелігі деу керек.
Кенесарыны анағұрлым белсенді қолдаған рулар: Қыпшақ, Төрткара, Жағалбайлы, Табын, Тама, Бағаналы, ІІІекті, Алшын, Керей, Жаппас, Арғын, Үйсін, Дулат т.б. Кенесары жетекшілік жасаған азаттық күресіне ру басылары мен билер және басқа да ауқатты топ өкілдері қатысты. Олар, мысалы, Ш. Едігенов, Шорман Күшіков, Мұса Шорманов және т.б. Кенесарыға белсенді қолдау көрсет-кендердің бірі оның әпкесі Бопай.
Кенесары бастаған азаттық күрестің мақсаты Абылай хан тұсындағы қазақ хандығының территориялық тұтастығын қалпына келтіру, Ресейдің құрамына кірмеген қазақ жерлерінің тәуелсіздігін сақтап қалу болды. Кенесары Ресей отаршылдығына қарсы азаттық соғысты бастамас бұрын бірнеше дипломатиялық қадамдар жасады. 1837 жылдың көктемінде патша үкіметіне жаңа бекіністер жүйесін салудан бас тартып, салынған бекіністерді бұзуды, орыс әскерлерінің қазақ даласына ішкерілей енуін тоқтатуды талап етіп бірнеше хат жолдаған болатын. Бірақ, Кенесарының бұл хаттары патша әкімшілігі тарапынан жауапсыз қалдырылды. Одан кейін Кенесары 1837 жылдың күзіне қарай ашық күреске шығады. Қараша айында Петропавлдан оңтүстікке қарай бара жатқан керуенді қорғаушы Ақтау бекінісінің казак отрядына шабуыл жасайды.
1838 жылы Кенесары әскері Ақтау мен Ақмола арасындағы шептерге шабуыл жасап, онда орналасқан Симоновтың отрядын талқандап, қару-жарақ, оқ-дәріні қолға түсірді. 1838 жылдың күзінде Кенесары сарбаздары патша үкіметінің жазалаушы әскерлерімен бірнеше дүркін қарулы қақтығысқа түсті. Солардың ішінде айрықша кескілескен шайқас мықты бекіністердің бірі саналатын Ақмола бекінісі үшін болды. Оны аға сұлтан полковник Қоңырқұлжа Құдаймендиннің жасағы мен старшина Карбышев басқаратын жақсы қаруланған гарнизон қорғайтын. Кенесарының әскері бекіністі өртеп, жаудың біраз әскерлерін тұтқындап, қару-жарақтарын олжалады.
1841 жылдың қыркүйек айында қазақтың үш жүзінің атынан жиналған ықпалды билер мен сұлтандар Кенесары Қасымұлын ата салт бойынша ақ киізге салып көтеріп, бүкілқазақ халқына билігі жүретін хан етіп сайлады. Осылайша, Қазақ хандығы қайта құрылып, қазақ мемлекеттілігі қайтадан қалпына келтірілді. Хан Кеңесі құрылып, оған батырлар, билер, сұлтандар, сондай-ақ, жеке ерлік көрсеткендер, дипломатиялық қабілеттері бар ақылды саясаткерлер мен сенімді жақтастары кірді.
Кенесары Орынбор губернаторымен уақытша келісімге келген кейін, 1841-1842 жылдары Қоқан хандығының қол астындағы қазақ жерлерін азат ету үшін күрес жүргізеді. Бұл күрестің нәтижесінде Созақ, Сауран, Ақмешіт, Жаңақорған қалалары қоқандықтардан азат етіліп, Түркістан қаласы қоршауға алынады. Осыдан кейін Қоқан хандығы Кенесарымен келіссөз жүргізуге межбүр болды. Қоқандықтарды талқандауда Сырдария бойындағы Жанқожа Нұрмұхамедұлы бастаған қазақтардың Кенесарыға қолдау көрсетіп, шайқастарға белсенді қатысуы үлкен рөл атқарды.
1843 жылдың 27 маусымында патша Николай І Кенесары Қасымұлы бастаған күресті басу үшін қазақ даласына ірі көлемдегі әскери жорық ұйымдастыру туралы бұйрық шығарды.
1846 жылдың басында Кенесары хан әскерлерімен Балқаш көлінің маңына қоныс аударады. Патша үкіметі қазақ даласындағы Кенесары бастаған көтерілісті біржола жою үшін енді генерал-майор Вишневскийдің басқаруымен үлкен отряд аттандырады. 1846 жылы Кенесары хан қоқандықтардан Әулиеата (Тараз), Мерке қалаларын қайтарады. Осы жылы Кенесарыға қолдау көрсетуші Ұлы жүздің Саурық батыры қырғыздардың батыры Жаманқораны өлтіреді. Оған жауап ретінде қырғыздар Саурық батырдың ауылын шауып, Саурық батырды жігіттерімен қоса өлтіріп, мал-мүлкін тонап кетеді. Бұдан кейін қазақ-қырғыз арақатынастары шиеленісе түсті. Патша үкіметі болса қазақ-қырғыз тартысына ашық кіріспей, Алатау өлкесін өз билігіне бағындыруды жеңілдету үшін туысқан екі халықты бір-біріне айдап салып, екі жақты да әлсіретіп барып, осы өңірге өз әскерін кіргізудің қолайлы жолдарын қарастырды.
Кенесары ханның соңғы шайқасы қырғыздардың Кекілік-Сеңгір деген жерінде болады. Қырғыз манаптары мен Вишневскийдің отряды және Қоқан хандығының әскерлері "Алмалы сай" шатқалында Кенесарының сарбаздарын үш жақтан қоршауға алады. Таулы аймақ хан Кененің сарбаздарына басымдық көрсетуге мүмкіндік бермеді.
Өздерінен бірнеше есе күші көп жаумен болған қаһармандық шайқаста Кенесары хан 32 қазақ сұлтанымен бірге тұтқынға түседі. Наурызбай батыр қаза табады. Қырғыздардың қолына тұтқынға түсіп қалған Кенесары хан патша чиновниктерінің алдауына түсіп, сыйлықтар алған қырғыз манаптарының тарапынан өлтірілді. Кенесары ханның қасіретті өлімінен кейін оның жетекшілігімен болған қасиетті азаттық күресі де жеңіліске ұшырады. Кенесары бастаған азаттық күресті кейін оның баласы Сыздық сұлтан жалғастырды.
Дегенмен де, Кенесары Қасымүлы бастаған ұлт-азаттық күрес жеңіліс тапқанымен, ол қазақ халқының тарихында мәңгілік өшпес із қалдырған, Қазақ мемлекеттілігін қайта жаңғыртуға тырысқан, тарихи маңызы зор күрес болды.
65. Жанқожа Нұрмухамедов пен Есет Көтібаров бастаған көтерілістер
Жанқожа Нұрмұхамедұлы - қазақ батыры. Сыр бойы қазақтарының Хиуа, Қоқан хандықтарының езгісіне жәнеРесей отаршылдарына қарсы ұлт-азаттық көтерілісінің басшысы19-ғасырдың 20-жылдарынан бастап Сыр бойы мен Арал теңізінің шығыс жағалауын қоныстанған қазақтарға өз үстемдігін жүргізе бастаған Хиуа, Қоқан хандықтары 1830-1840 жылдары жергілікті халыққа өктемдігін одан әрі күшейтті. Хиуа хандығы Жаңадария, Қуандария, Қызылқұмнан өтіп, Қосқорған, Арал теңізіне дейінгі аралықтағы Сыр бойындағы қазақтарға шапқыншылықтар жасап, малдарын барымталап, әйел, бала-шағаларын тұтқынға алып кетіп отырды. Қоқандықтар шекара бекітіп, әкімшілік құрып, 1817 жылдан бастап салына бастаған бекіністерінен әркез жасақтар шығарып, бейбіт елді шауып, алым-салық жинап кетіп тұрды. 856 жылы желтоқсанның соңғы күндерінде көтерілісшілер Қазалыны қоршауға алды. Қаратөбе манындағы Л.Булатовтың отрядына бірнеше рет шабуыл жасады. Көтерілістің бас кезінде Жанқожаның 1500-ден аса сарбазы болса, 1857 жылы қаңтарда олардың саны 5000-ға жетті. Жағдай Орынборгенерал-губернаторы В.А.Перовскийді қатты алаңдатты. Ол генерал-майор Фитингофт бастаған 300 атты казак, 320 жаяу әскер, 1 зеңбірек, 250 гусарь әскерімен қоса сұлтан Елікей Қасымов бастаған бірнеше жүз казак жасағы бар жазалау отрядын аттандырады. Екі жақ Арықбалықтың тұсында кездесіп, бірнеше дүркін шайқас болды. Бақайшағына дейін қаруланған жазалаушы отрядқа көтерілісшілер қарсы тұра алмай, шегінуге мәжбүр болды. Екі күн бойы ізіне түскен жазалаушы отрядтың көзіне көрінбей, көтерілісшілер Қызылқұмға ойысып кетті.
Жазалаушы отряд жолда кездескен қазақ ауылдарын шауып, тонаушылыққа ұшыратты. Фитингофт бастаған жазалаушы отряд ақпан-наурыз айларында көтерілісші халыққа қарсы тағы бірнеше рет жорыққа шығып, қазақ ауылдарына адам айтқысыз жауыздықтар жасады. 1856-1857 жылы қазақтардан тартып алынып есептелмей, талан-таражға түскенді қоспағанда, 79567 сомның малы сатылды. Көтеріліс жеңіліс тапқаннан кейін Жанқожаға сатқындық жасаған рубасылар мен елағаларына ренжіп, Дауқара жаққа, одан Бұхар хандығы жеріндегі Ерлер тауына жалғыз кетіп қалады. Екі жылдан соң қайта оралып, Қызылқұмдағы үйінде намаз оқып отырған Жанқожаны Елікей Қасымов бастаған казак отряды келіп, атып өлтіріп кетеді
Есет Көтібарұлы көтерілісі қарсаңында Кіші жүз көлеміндегі ең ірі тайпалық бірлестік шекті руы 12 800 түтін, шамамен 6585 мың адамнан тұрды. Есеттің қарамағындағы үлкен шекті рулары жазда Жем өзенінің жоғарғы ағысы, Арал теңізінің жағалауы, Үлкен және Кіші Борсық құмдарын мекендеді. Ал Жанғожа бастаған кішкене шектілер 3500-дей түтін басқалардан бөлек Кіші жүздің оңтүстігін Қуаңдария, Сырдарияны мекендеді. Жанғожа мен Есет ағайынды болатын. Халық Есетке қыр шектісі, Жанғожаға сыр шектісі деп атаулар берген. Жаугершілік заманда Есет үнемі Жанғожаға көмек беріп отырған.
Көтерілістің басталу себебіXIX ғасырдың 40-жылдары патша үкіметінің отарлық езгісімен Хиуа, Қоқан билеушілерінің озбыр шапқыншылықтары күшейе түсті. Осылайша Кіші жүздің оңтүстік аудандарындағы, Арал мен Сырдың төменгі ағысындағы қазақтар екі жақты қысымның ортасында қалды. Қоқан, Хиуа бектері де Сырдариядағы бекіністерге жақын маңда көшіп жүрген қазақтарға дүркін-дүркін шапқыншылықтар жасап, ауылдарды тонап, үйлерін өртеп, малдарын айдап әкетті.Орталық Азия хандықтары қазақтардан зекет, ұшыр жинау арқылы оларды өздеріне тәуелді етуді көздесе, патшалық әкімшілік те дәл осындай мақсатпен түтін салығын төлеуді талап етті. Осындай «былай тартсаң арба сынатын, былай тартсаң өгіз өлетін» қиын саяси жағдайда жергілікті рубасылары алдында бірнеше жолдың біреуін таңдау міндеті тұрды.
66.1868 ж Орал, Торғай және 1870 ж Маңғышылақтағы ұлт азаттық көтеріліс.
18671868 жылдары Қазақстан үш генерал-губернаторлыққа бағынды. Орынбор генерал-губернаторлығына Орал, Торғай облыстары; Батыс Сібір генерал-губернаторлығына Семей, Ақмола облыстары; Туркістан генерал-губернаторлығына Жетісу, Сырдария облыстары мен Орал жәнеСібір казак-орыс әскери округтерінің кейбір аудандары кірді. Әрбір облыстың басында әскери губернатор мен оған бағынышты облыстық басқармаболды.Жалпы, әскери билік пен азаматтық билік бір адамның қолына жинақталды. Сот жүйесінде әскери-сот комиссиялары мен уездік соттар құрылды. Олар жалпы империялық заңдар негізінде жұмыс істеді. Облыс → уезд → болыс → ауыл → түтін (шаңырақ) әкімшілік бөлінісі ру бөлінісімен санаспай, аумактық принцип бойынша құрылды. Сол арқылы ру ақсақалдары мен билерінің ықпалын кеміту көзделді.Қазақстандағы әкімшілік-сот реформалары Ресейдің экономикалық даму талаптарына сәйкес, Қазақстандағы өздерінің өктемдігін баянды ету үшін елбасқарудың жүйесін түбірінен қайта құруға кірісті. 1868 жылғы «Уақытша Ереже» бойынша түтін салығы жылына әрбір шаңыраққа салынатын бұрынғы 1 сом 50 тиын орнына 3 сом мөлшерінде көбейді. Салықтың бүкіл ауыртпалығы еңбекші қазақтардың мойнына түсті. Оның үстіне старшындар мен болыс басқарушылар өздерінің билігін пайдаланып, кейде салықты бірнеше рет жинайтын болды. Болыс бастықтарына түрлі қоғамдық қажеттіліктер мен «игілікті мақсаттар» үшін салық белгілеуге құқық берілді, халық бұл салықты «қарашығын» деп атады, өйткені мұны жинағанда болыстар мен ауылстаршындары халықты әбден тонайтын. Халық земстволық салық төлеуге міндетті болды. Яғни, ауылдық-болыстық әкімшілікті асырау, көпір, жол,пошта бекеттерін ұстау мен жөндеуге қажетті қаражат, көліктермен қамтамасыз етуге тиіс болды.Кіші жүз қазақтары 18681869 жылғы «Уақытша Ережені» енгізуден көп бұрын табиғат байлықтарынан: жерден, орманнан, өзен-көлдерінен айырылған болатын. Тұз кендері, аң аулайтын жер Орал, Орынбор казак әскерлері және генерал-губернаторлық меншігінде болды.Қатал қанау көшпелілер мен жартылай көшпелілерді жоқшылыққа ұшыратты. Қазақ кедейлері жұмыс іздеп казак шептеріне шұбырды. 4050-жылдары Орал, Орынбор шептерінде, орыс-казак билеушілері топтарында, саудагерлерде, балық және тұз кәсіпшіліктерінде жалданып жұмыс істейтін қазақ жұмысшыларының саны 40 мыңнан асты. Бірақ 1868 жылғы «Уақытша Ережені» енгізу қарсаңында шептің ішкі жағындағы жерде еңбек етуге ерік беретін билет ақылы (1012 сом) етіліп, оларға егіншілікпен айналысуға, тұрақты мекендеп қалуға шектеу қойды.Қазақтардың бүкіл азаттық үшін күресінің негізгі көкейкесті мәселесі жер. 1868 жылғы «Уақытша Ереже» бойынша қазақтардың ата-қонысы мемлекет меншігі деп жарияланды. Жер қауымдық пайдалануға берілді.Кіші жүз қазақтары мен Жайық казактары арасындағы жер жөніндегі қатынастар бұрынғыдан да шиеленісе түсті. Малдың тебінде болғаны үшін әскер атаманының пайдасына қой басы 15 тиын, ірі қара мал 18 тиын, жылқы 23 тиын, түйеге 38 тиыннан ақы алынды. Бұдан басқа станицалық қоғамдар «өздерінің жеріне» көшіп Келген әрбір үй үшін қазақтардан 4 сомнан ақша алып отырды.Жерге зәруліктің, жайылым жетіспеуінің салдарынан XIX ғасырдың 60-жылдарында рулар арасында, жартылай отырықшы және көшпелі қазақтарарасында күрес күшейді. Жер дауы көшпелі қоғам бірлігіне нұқсан келтірді. Оны дағдарысқа ұшыратты. Уақытша Ережені» жүзеге асыру үшін шыққан комиссия 1868 жылдың қаңтарында жұмысын тоқтатып, шеп бойына қайтуға мәжбүр болды.Орал облысында 1869 жылы 12 қаңтарға дейін 11 болыс шеп бойындағы қазақтардан ғана құрылды. Торғай облысында 1 ақпанға дейін 9 болыс құрылды. Алайда көп ұзамай ұйымдастыру комиссиясы өз жұмысын бірінші Орал облысында, кейіннен Торғай облысында тоқтатып, шепке кейін қайтуға мәжбүр болды. Комиссия сөзіне қарағанда, «Уақытша Ережені» қабылдамауды қазақтардың барлығы бірігіп шешкенге ұқсайды. Ал комиссияның бетін қайтарған қазақтардың қатары толыға түсті. Өздеріне орыс бастықтарының тағайындалуына, түтінге санақ жүргізуге наразылардың қатары өрши берді.1869 жылы ақпанда комиссия күзетші жасақ пен бұрынғы сұлтандарды ертіп қайта шықты. «Уақытша Ережені» қабылдамай қайсарлық көрсетушілерге қарсы әрі Елек комиссиясына көмекке Ембі постындағы күшке қоса екі зеңбірегі бар 200 казак жіберілді. Орынбор генерал-губернаторыН.А.Крыжановский мен Орал Маңғыстау приставы подполковник Рукин Баймұхамбет Маяев пен Ғафур Қалбин сияқты би шонжарлардың көмегімен салықты 18691870 жылдарға бірақ жинамақ болады. Мұның өзі әрбір шаруашылықтан, әл-ауқатының қандай екеніне қарамастан бірден 8 сом күміс ақша төлеуге міндетті деген сөз. Адайлардың көпшілігінің мұндай ақша төлейтін жағдайы жоқ еді.Рукин 1870 жылы 15 наурызда 40-тан астам казак-орыс және 60-ка жуық адай билері мен старшындарын алып, қару-жарақтарын 35 түйеге артты да,салық жинауға шықты. Бұл хабарды естіген халық Досан Тажиев пен Иса Тіленбаев, Алғи Жалмағамбетовтың бастауымен Рукин жасағына қарсы көтерілді. Көтерілісшілер Рукин жасағымен 22 наурызда кездесті. Көтерілісшілердің тегеурініне төтеп бере алмай жасақ кейін шегінді.Көтерілісшілерге Ұсақ құдығы маңында Бозащы көтерілісшілері қосылды, Рукиннің жасағы біржола талқандалды. Рукин қолға түсіп, өзін-өзі атты. Көтерілісшілер саны 10 мың салт атты адамға жетті. Көтеріліс бүкіл түбекті қамтыды. Олар патша өкіметінің Маңғыстаудағы барлық тірегін, кәсіпкерлердің кәсіпорындарын, құрылыс-жайларын талқандады. Балықшылар, жүк тиейтін жұмысшылар өздерін қанаушы кәсіпкерлер мен саудагерлерге қарсы күресті. Сармытас шығанағында жұмысшылар кәсіпшілерге шабуыл жасап, олардың қайықтарын тартып алды. Бұл қайықтардан кіші флотилия құрып, оны патшаның ең мықты соғыс қамалдарының бірі Александров фортын қоршау үшін пайдаланды.Көтеріліс жергілікті өкімет орындарымен қатар Петербургтегі Бас штабты да үрейлендірді. Себебі, бұл кезде Каспий теңізінің оңтүстік жағалауындағыИранда ағылшындардың ықпалы едәуір күшейген болатын. Онымен қоса, патша үкіметі Хиуаға қарсы жорыққа даярланып, әскерлерін Красноводскқаласына шоғырландырып жатқан еді. Маңғыстау көтерілісінің орталығы осы әскер тобының тылында болды. Көтерілісті басу патшаның Кавказдағы уәкіл-әкіміне тапсырылды. Мамыр айының соңында Маңғыстауға Кавказдан Апшерон полкінің бip батальоны, екіатқыштар ротасы, шептік батальонныңекі ротасы және Терек казак-орыстарының 4 зеңбірекпен қаруланған екі жүздігі келді. Көтерілісшілер Ұсақ құдығында, Үшауыз шығанағында, Александров фортында күшті қарсылықтар көрсеткенімен, патшаның жақсы қаруланған тұрақты әскер бөлімдерінен жеңіліс тапты. Көтеріліс қатал жанышталды. Көтерілісшілер мамыр айының соңында Үстірттен солтүстікке қарай ығысып, көше бастады. Бірақ Орынбордан шыққан Н.Крыжановский мен генерал-майор Биязнов бастаған жазалаушы жасақтармен кездесіп, шығынмен Үстіртке қарай кейін шегінуге мәжбүр болды.1870 жылдың соңында патша үкіметі түбекті әскерге толтырды. Сам, Бозащы, Бестамақтыда 11 рота жаяу әскер, 1400 атты әскер болды.Сонымен, 1870 жылғы көтеріліс салықтың өсуіне, жайылымды пайдалануға шек қоюға қарсы болған стихиялы көшпелі шаруалар көтерілісі болды.Көтеріліс Ережені енгізер кез бен оған дейінгі отарлық езгінің ауыртпалығынан шықты, патша өкіметінің озбырлығы халықтың ыза-кегін туғызды, халық бұқарасының күресі патша үкіметіне қарсы бағытталды. Маңғыстаудағы көтерілісте өз билеушілеріне қарсы күрес баяу көрінді. Рулық белгілер әлі де күшті еді. Көтерілісшілер патша үкіметімен ауыз жаласқан билерді ғана жазалады.Көтерілістің негізгі ерекшелігі халықтың еңбекші бұқарасы: кедейлер, жатақтар, батырақтар, балықшылар, орыс кәсіптеріндегі жұмысшылар, егіншілер, малшылар, молдалардың қатысуы. Мақсаты мен міндеті жағынан көтеріліс отаршылдық езгіге қарсы бағытталған болса, әлеуметтік құрамы жағынан, басым түрде қазақ шаруалары мен балықшылардың қатысуымен ерекшеленеді.Көтерілістің жеңілу себептері: көтерілісшілердің мықты тылы, экономикалық базасы болмай, көпке дейін өз ауылдарынан қол үзіп кете алмай отырды. Олар тек шөлді сусыз дала Үстіртке ғана шегіне алатын жағдайда еді. Қалған жерде жан-жақтан анталаған орыс әскері тұрды. Көтерілісшілерде алдын ала ойластырылған саяси жоспар болмады, болуы да мүмкін емес еді. Іс-қимылдар оқиғаның даму барысымен ғана анықталды. Әлеуметтік-экономикалық қатынастардың артта қалғандығы халық бірлігіне кедергі болды
67.ХІХғ. екінші жартысындағы ұйғырлар мен дүнгендердің Қазақстанға қоныс аударуы, себептері, қорытындылары
XIX ғасырдың 7080-жылдары патша үкіметінің бастамасы бойынша ұйғырлар мен дүнгендер Жетісу жеріне қоныс аудара бастады. Бұған дейін олар Қытайдың Іле өлкесінің аумағында тұрып келген еді.Онда тұрған ұйғырлар мен дүнгендер XVIII ғасырда және XIX ғасырдың бірінші жартысында Қытай үкіметіне қарсы бірнеше рет көтеріліс жасады. Олар өздерінің ұлттық тәуелсіздігі жолында күресті. Алайда Қытай әскерлері ол көтерілістерді аяусыз басып-жаныштады. Ұйғырлар мен дүнгендердің күресі барысында Іле өлкесінде Іле сұлтандығы құрылған болатын. Бұл мемлекеттік бірлестіктің құрылуы ондағы ішкі қарама-қайшылықтарды асқындырып жіберді. 1871 жылы Ресей әскерлері ол аймақты жаулап алды. Патша үкіметі өлке тұрғындарының отбасылық істеріне және мүліктің қарым-қатынастарына араласпау саясатын ұстанды. Олардың жергілікті өкімет органдары құрылды. Бірақ оларды патша әкімшілігі өз бақылауында ұстады. Жалпы жағдай едәуір тұрақтандырылғандай болды.Алайда дүние жүзі жұртшылығының қысым жасауымен ол өлкені Қытайға қайтару жөнінде келіссөздер жүргізіле бастады. Міне, осы кезде ұйғырлар мен дүнгендердің бұдан былайғы тағдыры туралы мәселе көтерілді. 1881 жылы екі империя арасында Санкт-Петербург бейбіт келісімшарты жасалды. Ұйғырлар мен дүнгендер бір жылдың ішінде Жетісу облысының аумағына қоныс аударуы жөнінде өздері нақты шешім қабылдауға құқықты болды. Бұл мәселе бойынша жергілікті халықтың арасында пікірі сұрастырылды. Сөйтіп 100 мыңға жуық ұйғыр мен дүнген Қазақстан аумағына өтуге тілек білдірдіДүнгендердің Қазақстан аумағына алғашқы қоныс аударуы 1877 жылдың желтоқсан айында басталды. Сол жылы Қытай жазалаушыларынан құтылу үшін қашқан 4 мыңға жуық дүнген Жетісу жеріне жетіп жығылды. Қоныс аударушы дүнгендердің алғашқы толқынын Бый Янь Ху басқарды. Екінші толқын 1884 жылы өтті. Ал ұйғырлардың Жетісу жеріне қоныс аударуы 1881 жылғы күзде басталып, 1884 жылға дейін жалғасты. Олардың бір бөлігі көршілес Қырғызстанға барып жайғасты.Ұйғырлар мен дүнгендерді Қазақстан мен Орта Азияға қоныстандыру арқылы патша үкіметі екі түрлі мақсат көздеді: біріншіден, Қытайдың Құлжа өңіріндегі экономикалық базасын осалдата түспек болды; екіншіден, әскери-саяси жағдай шиеленісіп кете қалған жағдайда оларды Қытайға қарсы әскери күш ретінде пайдалануды мақсат етті. Алайда патша үкіметі бұл жөнінде жергілікті қазақ халқының пікірімен санаспады. Бұл кезде Жетісу жері мемлекеттік меншік деп жарияланып койған болатын. Ұйғырлар мен дүнгендер бұрынғы отырған жерлеріндегі өңделіп бапталған жерлерін, жеміс беріп тұрған бау-бақшаларын, үй-жайларын түгел тастап кеткен болатын. Сондықтан да алғашқы жылдары едәуір қиындықты бастарынан қешірді. Жер кепелер мен күркелерде тұрды. Үй салып алуға Жетісуда ағаш өте қымбат болатын. Себетін тұқым, бағатын мал, құрылыс материалдары да жетіспеді. Ұйғырлардың шағын бір бөлігі Қытайдың Іле өлкесіне қайта көшіп кетті.Қоныс аударып келгендерге шағын жер телімдері берілді. Егер коныс аударушы орыс шаруаларының әрбір ер азаматына 20-25 десятинадан жер берілсе, ұйғырлар мен дүнгендер 5-7 десятинадан ғана жер алды.Алғашқы кезде еңбек құралдары да, оларды сатып алуға қаржы да жетіспеді. Дүнгендерге арық қазып, егінді қолдан суаратын жерлер бөлінді. Ол жерлер құнарсыз еді, әрі олар тастақты болатын. Сондықтан да олардың үштен бірі ғана игерілді. Дүнген халқының бір бөлігі қайыршылық халге ұшырады. 1914 жылы барлық дүнген шаруашылықтарының 42 пайызы егін сала алған жоқ. Қайыршыланып, қалаға көшіп кеткен дүнгендер өздерінің алғашқы орналасқан жеріндегі болыстарға алым-салық төлеп тұруға міндетті болды.
68.ХІХғ. екінші жартысындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы.
Қазақстанның экономикалық даму ерекшелігі әр түрлі аспектілер бойынша қарастырылды. ХІХ ғасырда қалыптасқан тарихнаманы, жалпылама экономикалық мәліметтер беретін А.И.Левшин, А.Н.Тетеревников, Е.Смирновтың еңбектері құрайды. А.И. Левшин қазақ қоғамындағы экономикалық қатынастарға, ал А.Н.Тетеревников қазақ даласындағы сауданың дамуына сипаттама жасады. Сырдария облысының саяси, экономикалық дамуы Е. Смирновтың еңбегінде қамтылды. Оның зерттеуі жалпы шолу сипатында қарастырылды. XVIII ғасырдың соңғы ширегінен бастап патша өкіметі Қазақстанда хан билігін жойып, әкімшілік реформа жүргізуге ниеттенді. Бұл үрдіс әсіресе 1822 24 жылдары, «Сібір қазақтары туралы жарғы» мен «Орынбор қазақтары туралы жарғы» бекітілген кезде ерекше белсенді жүргізілді, олар арқылы хан билігі жойылып, Орта жүз және Ұлы жүздің бір бөлігі сыртқы округтерге бөлінді, ал Кіші жүзде дистанциялық жүйе енгізілді. Қазақстан аумағының ішкі отарға айналдырылуына қарай Ресей 186768 жылдардағы Уақытша ережелер арқылы қазақтарды басқару және бағындыру жүйесін бір ізге келтірді (Қазақстанның оңтүстігін жаулап алғаннан кейін). Әкімшілік өзгерістермен бірге қазақтардың құқықтық және сот жүйесінде елеулі өзгерістер болды. Қазақтардың дағдылы құқығының қолданылу аясы күрт қысқарды, Ресей құқығы басым мәнге ие болып, ол 1886, 1891 жылдардағы Ережелермен түпкілікті баянды етілді. Өлкенің бүкіл жер қоры үстемдік етіп келген Шыңғыс ұрпақтары хан-сұлтан тегінің қолынан алынып, Ресей империясыныңменшігіне көшті.
XIX ғасырдың 2-жартысынан бастап шаруалардың әуелі бей-берекет түрде болып, сонан соң өкімет орындары бақылауға алған қоныс аудару үрдісі XX ғасырдың басындағы жарияланымдардан жеке көрініс тапты. Өлкені отарлаудың құрамдас бөлігі - орыс шаруаларың Қазақстанға қоныс аудару саясаты кең ауқым алды. Аграрлық қатынастарды, егіншіліктің дамуы мен қоныс аудару ісін неғұрлым егжей-тегжейлі зерттеуді кеңестік кезең тарихшылары, негізінен алғанда 50-жылдарда бастады. Бұл мәселелермен Ә. Тұрсынбаев (Қазақстандағы қоныс аударушы-шаруалар тарихынан. А., 1950), П. Верещагин (Патша өкіметінің Түркістан өлкесінің Сырдария облысындағы қоныстандыру саясаты. М., 1950) айналысты, П. Шарова, ]]О. Ваганова]], А. Геллер және басқалар мақалалар жазды. Зерттеушілер қоныс аударушылардың шыққан аудандарын, олардың әлеуметтік-экономикалық тұрпатын анықтады, байырғы халықтан жердің жаппай тартып алынуы зерттеліп, қоныстандырудың салдары айқындалды. Самодержавиенің мақсаттарын жүзеге асыру жолында 1907 жылғы қазақтарды жерге орналастыру жөніндегі кеңес манызды шара болды, ол Ф.А. Щербинаның 1896-1902 жылдар ішіндегі экспедициясының деректерімен келіспей, егістік жердің отарлық қорын анықтау үшін жаңа тексеріс жүргізуді талап етті. Столыпин саясаты егжей-тегжейлі зерттеліп, бүкіл Қазақстан аумағындағы тартып алынған жер көлемі анықталды.
Тарихнаманың қарастырылып отырған кезеңі мен тарихшылардың кейінгі жылдардағы еңбектері үшін Орта Азия мен Қазақстанның қазанға дейінгі кезеңдегі тарихына арналған Біріккен ғылыми сессияның (Материалдары..., Ташкент, 1955) айқындаушы маңызы болды. Сессияда әзірленген ұсыныстар «Қазақ ССРтарихының» (1-т., А., 1957) және Е. Бекмаханов (Империализм кезеңіндегі Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық қатынастар. А., 1957), С. Зиманов (XIX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақтардың қоғамдық құрылысы. А., 1958), С. Толыбеков (XVIIXIX ғасырлардағы қазақтардың қоғамдық-экономикалық құрылысы. А., 1959) жазған әлеуметтік-экономикалық тұрғыдағы монографиялардың негізіне алынды.
Е.Б. Бекмаханов сұлтандар, билер, қожалар мен молдалар, байлар, тархандар, батырлар санаттары жөніндегі әлеуметтік өзгерістердің серпінін зерттеді. Бұл орайда, автордың анықтағанындай, соңғы екі санат (тархандар мен батырлар) XIX ғасырдың орта шеніне қарай өзінің экономикалық ықпалын жоғалтып, іс жүзінде өздерінің жеке әлеуметтік топ ретінде өмір сүруін тоқтатқан. Бай шаруашылығының мәніне өз көзқарастарын қорғай келіп, автор ғалымдармен екі бағыт бойынша айтысты: бір жағынан, С. Толыбековтің, С. Зимановтың байлардың XIX ғасырдан көп бұрын болғаны туралы пайымдауларына қарсы шығып, бұл көзқарасты сынаржақ деп санады; екінші жағынан, Е. Федоров пен А. Якуниннің Қазақстан экономикасындағы капиталистік қатынастарды асыра бағалап, бай шаруашылығында кедейленген ауылдастарының тегін еңбегін «туыстық көмек» түрімен пайдалану фактілерін елемеген қағидаларына қарсы шықты. Е. Бекмаханов қазақ ауылында патриархаттық-рулық тұрмыс сарқыншақтары сақталып, феодалдық өндіріс әдісі үстемдік еткенін дәлелдеді.
69. Сауда мен өндірістің дамуы. ХІХ ғ екінші жартысындағы банк-ақша қатынастары.
Қазақстанның жалпыресейлік экономикаға тартылуы. Банкжәне несие жүйесінің дамуы. Қазақстанның Ресей құрамына қосылуының нәтижесінде аймактың экономикалық өмірінде түбегейлі өзгерістер жүзеге асты:
аймақ жалпыресейлік еңбек бөлінісі мен жалпыресейлік және дүниежүзілік рынокқа тартылды;
ортақ салмақ, өлшем, ақша белгілері жүйесі орнады;
ауыл шаруашылығының тауарлық салалары есті;
тау-кен және өңдеу өнеркөсібі дамыды.
Қазақстанда капитализмнің алдыңғы қатарлы белгілері пайда болып дамыды:
қалалар мен темір жолдар салынды;
тауар-ақша қатынастары дамыды;
көшпелі қазақтар шаруашылықтың жартылай көшпелі және
отырықшы түрлеріне ауыса бастады;
әлеуметтік жіктеліс тереңдеп, жаңа әлеуметтік топтар пайда болды (жұмысшылар, жатақтар, батырақтар және т.б.).
Алайда Қазақстанға капиталистік қатынастар өте баяу енді, мұнда көпке дейін экономиканың артта қалған түрлері үстем болды. Қазақстан шаруашылық жағынан тек шикізат көзі тұрғысынан ғана игерілді. Өз кезегінде ресейлік өнеркәсіп орындары шығарған тауарларды өткізетін рынокқа айналды.
Қазақтардың басты тауары мал мен мал шаруашылығы өнімдері. Қазақстан капитализм жедел қарқынмен дамып келе жатқан ресейлік рынокқа тартыла бастады. Ресейден қант, галантереяжәне басқа да мануфактуралық тауарлар әкелінді. Ресейге мал мен шикізат шығару, әсіресе елкеде темір жол салынғаннан кейін ұлғая түсті, егіншілік өнімдерін шығара бастады. Егіншілік енімдерінің тауарлығы артты.
XIX ғасырдың соңы XX ғасырдың басында Қазақстанда сауданың үш түрі болды:
қозғалмалы айырбас саудасы,
маусымдық жәрмеңкелер,
тұрақты сауда.
Айырбас сауда түрімен алыпсатарлар айналысты. Олар алыс ауылдағы қазақтарға әр түрлі арзанқол тауарларды малға айырбастады. Айырбас саудада көбіне сауда тең емес, тонаушылық сипатта болды. Далалық айырбас саудасының кең қанат жаюы қалалық тұрақты сауда орындарының дамуына әсер етті. Далалық ұсақ саудагерлер үстінен қарайтын ірі саудагерлер осы бекініс шептері маңындағы қалаларда шоғырланды.
Омбы, Петропавл тағы басқа қалалар орыстың сауда капиталының қазақ даласына енуінде маңызды рел атқарды. Қалалардағы айырбас сарайлары жәрмеңкелік сауданың ірі орталықтарына айналды. Сауда нүктелері тек қалаларда ғана емес, бекініс пункттері мен қазақ-орыс станицаларындақазақтар тығыз орналасқан жерлерде, темір жол бекеттері бойында ашылды.
XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап қазақтардың шаруашылық мұқтаждықтарына неғұрлым ыңғайлы жәрмеңкелік сауда кең етек ала бастады. Олардың ішіндегі ең ірісі Семей облысындағы Қарқаралы уезі Қоянды (немесе 1948 жылы негізін салушы көпес С.Ботовтың есімімен аталған) жәрмеңкесі болды.
XIX ғасырдың соңында оның сауда айналымының көлемі 3 млн сомға дейін жетсе, Орал облысында Ойыл, Темір жәрмеңкелері, Ақмола облысындағыПетров (Атбасар станицасы), Константинов (Ақмола уезі), Тайыншакөл (Петропавл уезі), Жетісу облысында ең ірі Қарқара жәрмеңкесі, Сырдария облысында Әулиеата жәрмеңкесі болды. XIX ғасырдың 80- жылдарынан 1909 жылға дейін тек Семей облысында 15 жөрмеңке (Екатеринск, Шар,Семей, т.б.) болды.
Жәрмеңкелерде сауда операциялары айырбас түрінде немесе ақша түрінде жүрді. Орыс көпестері жәрмеңкелерден ете үлкен пайда түсірді. Патша үкіметінің қазақ даласындағы сауда саясатының тонаушылық, отаршылдық сипаты болды. Дегенмен қазақтардың табиғи томаға-тұйық шаруашылығының ыдырауына жол ашты.
Жәрмеңкелер жылдың төрт мезгілінде өткізілді. Сондықтан оларды маусымдың жәрмеңкелер деп атайды. Қазақтар үшін, әсіресе жазда өтетін жәрмеңкелердің маңызы зор болды. Бұған алыс аудандардан жылқы, ірі қара, қой, ешкі және мал шаруашылығы өнімдері: тері, жүн, киіз, май, мүйіз, жылқының қылын әкеліп өткізіп, өздеріне қажетті заттарға, үн, шай, ыдыс-аяқ, т. б. айырбастады.
Бұлардың ішінен рынок үшін арнайы өндіретін ұлттық сауда буржуазиясы өсіп шықты. Қазақтардың арасынан шыққан саудагерлерді: ұсақ, орта және ірі деп үшке бөлуге болады. Мәселен, XIX ғасырда қазақ байларының, алыпсатарларының, саудагерлерінің, приказчиктерінің, делдалдардың ірілі-ұсақты жалпы саны 40 мыңға жеткен. Дегенмен ресейлік және ортаазиялық сауда буржуазиясының бәсекелестік әсерінен қазақ буржуазиясы әлсіз болды. Ұлттык капитал толығымен қалыптаса алмады.
70.ХІХғ. және ХХғ.басындағы қазақ халқының музыкалық мәдениеті.
71.Абай Құнанбаев қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы.
Абай (Ибраһим) Құнанбаев Құнанбайұлы (1845-1904) ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер[1], либералды білімдіисламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.[2]Абай Шығыс пен Батыс мәдениеті мен өркениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Философиялық трактаттар стилінде жазылған «Қара сөздері» - тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен құнды.Ақын саяси қызметі үшін 1870 жылдары Петербургтен Семейге айдалып келген Михаэлиспен , 80-жылдарда орыс демократтары Н. И. Долгополов, А. А.Леонтьевпен танысады. Бұл озық ойлы азаматтардың Абайдың саяси-әлеуметтік көзқарасына игі ықпалы тигізгені сөзсіз. Бірақ Абай Құнанбаев орыс мәдениетімен, әдебиетіменен, демократтық көзқарастарымен осы кісілер арқылы деу ағат айтқандық болар еді. Бұл тұста М. О. Әузовтың “Ал, кейін орыс тілін біліп, орыстың ұлы мадениетін мол, терең тани бастаған Абай озгын ойды бұлардан үйренбейді. Пушкиннің өзінен, Белинский, Герцен, Чернышевский, Салтыков-Щедрин,Некрасовтардың өз мұраларын оқып, кең, терең тарбие алды. Абайдың классик ақын болған маңызын, әлеументтік көзқарасын тек Михаэлис әсерінен деп қойсақ, әрі Абайға, әрі орыс халқының ұлы мұрасына жане ұлы даналарына қиянат сөз айтқан болар едік ” деген тұжырымын келтірсек те жеткілікті. Абай осылайша Европаның 'Гете, Байрон сияқты ақындарын, Спенсер, Спиноза, Льюис, Дарвин, Дрепер сынды ғұламаларының туындыларын оқыды. Сөйтіп Әуезовтың сөзімен айтқанда “1884 жылдары, жасы қырыққа таман іліңенде, ол дүниеден көп мағлұматы бар кісі болды.” Абай осы тұста, 1886 ж. досы Михаэлистің ұсынысымен, Семей облысы Статистика комитетінің толық мүшесі болып сайланды.1875 жылы Қоңыркөкше елінде өткен сайлауда жеңіп шығып, 1878 жылға дейін болыс болады. Қазақ халқының дәстүрлі ел билеу жосындарын, әдет-ғұрып заңдарын жетік білетін Абай ел ішіндегі әр алуан әкімшілік-құқықтық реформаларға белсене араласады. Егде тартқан шағында әкімқара биліктен, атқамінерліктен іргесін аулақ салып, шығармашылықпен ғана шұғылданады. Абайдың көптеген шығармаларында Адам, Болмыс және Ралам тақырыбы, сондай-ақ, абсолюттік ақиқат сыры тұрақты орын алады. Абай өлең жазуды 10 жасында («Кім екен деп келіп ем түйе қуған...») бастаған. Одан басқа ертеректе жазылған өлеңдері «Йузи-рәушән», екіншісі «Физули, Шәмси». «Сап, сап, көңілім», «Шәріпке», «Абралыға», «Жақсылыққа», «Кең жайлау» өлеңдері 1870 80 жылдар аралығында жазылған. Ақындық қуатын танытқан үлкен шығармасы «Қансонарда» 1882 ж. жазылған. Алайда жасы қырыққа келгеннен кейін ғана көркем әдебиетке шындап ықылас қойып, көзқарасы қалыптасып, сөз өнерінің халық санасына тигізер ықпалын түсінеді. Шығармалары үш жүйемен өрбиді: бірі өз жанынан шығарған төл өлеңдері; екіншісі ғақлия (немесе Абайдың қара сөздері) деп аталатын прозасы; үшіншісі өзге тілдерден, әсіресе орысшадан аударған өлеңдері.Абай өлеңдері түгел дерлік лирикадан құралады, поэма жанрына көп бой ұрмағаны байқалады. Қысқа өлеңдерінде табиғат бейнесін, адамдар портретін жасауға, ішкі-сыртқы қылық-қасиеттерін, мінез-бітімдерін айқын суреттермен көрсетуге өте шебер. Қай өлеңінен де қазақ жерінің, қазақтың ұлттық сипатының ерекшеліктері көрініп тұрады. Ислам діні тараған Шығыс елдерінің әдебиетімен жақсы танысу арқылы өзінің шеберлік шалымын одан әрі шыңдайды. Шығыстың екі хикаясын «Масғұт» және «Ескендір» деген атпен өлеңге айналдырады. Ислам дініне өзінше сенген діни таным жайындағы философиялық көзқарастарын да өлеңмен жеткізеді.
72.Ш.Уалихановтың ғылыми, әдеби және қоғамдық қызыметі.
Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (шын есімі Мұхаммед Қанафия; 1835 1865) қазақтың ұлы ғалымы, XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі, шығыстанушы, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы. Әжесі бала күнінде«Шоқаным» деп еркелетіп айтуымен, «Шоқан» аталып кеткен. Кадет корпусын 1853 жылы он жеті жасында бітірген Шоқан Батыс Сібір генерал губернаторының кеңсесінде қызметке қалдырылады. Бір жылдан кейін Батыс Сібір мен Қазақстанның солтүстік шығыс аудандарын басқаратын генерал губернатор Гасфорттың адьютанты болып тағайындалады. Осы қызметті атқара жүріп, ол Орта Азия халықтарының тарихын, этнографиясы мен жағрафиясын зерттеуге белсене араласады. 1854 жылы кадет корпусындағы ұстазы Костылецкийдің өтініші бойынша көрнекті шығыстанушы, Қазан университетінің профессоры Н.И.Березиннің тапсырмаларын орындайды. Березин Шоқан жинаған қазақтың ауыз әдебиеті нұсқалары, «Қозы Көрпеш Баян сұлу» жырымен таныс еді. Жас ғалым әйгілі профессор Березин бастырып шығарған "Тоқтамыс ханның жарлығы мен басқа да хан жарлықтары туралы еңбектерге тыңғылықты талдау жасайды. Бұл оның алғашқы ғылыми зерттеулерінің бірі еді. Жастығына қарамай, оның білімдарлығын, әсіресе, шығыс әдебиеті мен тарихын жақсы білетіндігін сол кездегі орыс ғалымдары да жоғары бағалап, мойындай бастайды.Өсімдіктер әлемінің қолайлы жағдайды талап ететіні сияқты қоғам да өзінің кедергісіз дамуы үшін қолайлы жағдайды талап етеді. Алайда ғалым табиғат зандары мен қоғам арасындағы айырмашылықты ажыратып көрсетеді. Табиғаттың дамуы физикалық зандарға негізделсе, қоғамда олар әлеуметтік зандардың күшімен, яғни қоғамдық өмірдің әртұрлі жақтарымен, тайпалық организм өмірінің шарттарымен толығады.
Сібір кадеті корпусында оқудың соңғы жылдарында-ақ, Шоқан саналы, терең ойлы, жан-жақты білімді, өзіндік қөзқарасы қалыптасқан, туған халқының қажет-мұқтаждарын пайымдап, түсіне алатын, оған барынша пайдалы қызмет етуге әзір екендігін танытты. Ол Косоплецкий, Тонеевский сияқты (орыс әдебиеті мен тілі, тарих пәні) оқытушыларының игі ықпалымен өзінің жоғары қабілеті мен дарындылығының арқасында орыс және дүние жүзі әдебиетінің озық үлгілерін оқып танысып, ғылыми пайымдау, тұжырымдар жасай білді. Оның зерттеушілік қабілеті де осы корпуста оқып жүргенде біртіндеп қалыптасып, дами түсті. Ол, әсіресе, жазғы демалыс кездерінде ел ішіндегі халық жырлары мен дастандарын жазып алып, аңыз-әңгімелерді жинауға қызықты. Мысалы, "Қозы Көрпеш-Баян сұлу жыры Шоқанның алғашқы жазған шығармаларының бірі болды. Шоқан жинаған қазақтың ауыз әдебиеті үлгілері нұсқаларын, "Қозы Көрпеш-Баян сұлу" жырын көрнекті шығыс зерттеушісі, Петербург университетінің профессоры И.И.Березин бұл зерттеулерге назар аударып, жазып алған. Шоқанның зерттеушілік қабілетін байқаған ғалым оны өз тарапынан ескі жазу ескерткіштерін зерттеу ісіне тартқан.
73.ХҮ-ХҮІІІ ғ.ғ. Қазақстан мәдениеті.
Қазақ халқының ғасырлар бойы жасаған рухани мәдениетінің маңызды бір саласы - қазақ шежіресі екені анық. Қазақтың байырғы салт-дәстүрі бойынша әрбір қазақ азаматы өзінің жеті атасын білуге тиісті еді. Мұны балаларына үйрету әрбір атаның, отбасы тәрбиесінің негізі болды. Тек ата-анасынан айырылған жетімдер ғана мұндай тәрбиеден қалған. Соның үшін қазақ қауымы “жеті атасын білмеген жетімдіктің салдары” дейді. Ру, тайпа және жүздің шежіресін таратып айта алатын адамдар халық ішінде құрметтеліп “шежірешілер” деп аталды. Ерте заманда шежіре ауызша түрде ұрпақтан-ұрпаққа жеткізілсе, ХVІІІ-ХІХ ғасырларда бірсыпыра шежірелік жинақтар таспаға түсірілген. Олар: “Көшен-Қарауыл шежіресі” (ХVІІІ ғ.), “Жәңгір хан шежіресі” (1835), Ш.Уәлиханов жазып алған “Ұлы жүздің шежіресі” және т.б.
Сол сияқты ХVІІІ ғасыр “ақындар поэзиясы ғасыры” деп аталған. Қазақ мәдениеті мен әдебиетінің өте құнды мұралары ақын-жыраулардың өлең-жырларында халықтың өмір тіршілігі, көңіл-күйі, салт-санасы, өндірісі мен тұрмысы, мінез-құлық өлшемі, сол дәуірдің рухы бейнеленді. Олар халық басына келген қайғыға да, жұрт кенелген мерейге де ортақ болды. Ел басына ауыр күн туғанда шапқыншы жауларға қарсы жан аямай күресіп, елін қорғаған ерлерді дастан етіп жырлап отырды. ХVІІІ ғасырда танымал болған Ақтамберді, Тәттіқара, Үмбетей, Бұқар, Шал, Көтеш секілді жыраулар өз өмірінде ұшан-теңіз жыр шығарды. Қазақ әдебиеті тарихында көрнекті орын алатын ХVІІІ ғасырдағы атақты жырау Бұқар Қалқаманұлының (1668-1781) бірнеше шығармалары сақталған. Ол тәуелсіздікті сақтау және нығайту идеясын білдірген көрнекті дидактикалық өлең-толғаулар шығарған. Қазақ ханы Абылайды қолдап, әр түрлі даулар мен таластарды шешкен. Жырау қазақтың барлық үш жүзін біріктіріп, бір орталыққа қараған күшті мемлекет болуын армандады. Тәттіқара, Үмбетей, Шал, Көтеш сияқты жыраулардың жырлары халық жадында үзік-үзік сақталған. Үмбетейдің Бөгенбай батырдың қайтыс болуына арналған естірту жыры - жоқтауы белгілі. Үмбетей жоқтауында Бөгенбай - халық қорғаушысының мінсіз бейнесі. Ал Тәттіқара ақын қатардағы жауынгер ретінде көптеген шайқастарға қатысып, жорықта туған толғауларында жауынгерлерді бостандық жолындағы күресте қандай да болсын қиыншылықтың алдында бас имеуге шақырады.
Осы кезеңнің музыкалық мәдениетінде Махамбет Өтемісұлы (1804-1846) өзіндік даралығымен көрінді. Ол 1836-1838 жылдардағы Исатай Тайманұлы бастаған шаруалар көтерілісінің белсенді қатысушысы ғана емес, көтерілістің “жаны” мен “жылнамашысы” болды. Оның “Исатай көтерілісі”, “Исатайдың өлердегі сөзі” сияқты шығармалары көтерілісті жан-жақты сипаттады.
Сол сияқты Шернияз Жарылғапұлы (1817-1881) Кіші жүз қазақтарының отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күресінің жыршысы және ту көтерушісі болды. Жалынды жырларымен халықты күреске үндеді.
Шығармалары қайшылыққа толы, күрделі тұлға саналған зар-заман ақындары да қазақ әдебиетінде өзіндік орын алады. Зар-заман ақындарының көрнекті өкілдері - Дулат Бабатайұлы (1802-1874), Шортанбай Қанайұлы (1818-1881), Мұрат Мөңкеұлы (1843-1909). Олар қазақ халқының өмірін ақиқатпен жырлаған ақындар болды. Ахмет Байтұрсыновтың “Ақындық жалғыз өз көңілінің күйін толғай білуде емес, басқалардың да халін танып, күйіне салып толғай алуында” деп тұжырымдағаны сияқты, бұл ақындар да қара басын күйттеген ақын емес, халқының үнімен елдің мұңын жеткізуші болды. Зар-заман ақындары өмір сүрген кезең патшаның отаршылдық саясаты дәуірлеп, қазақ жерінің нағыз талауға түскен кезі еді. Мәселен, Мұрат Мөңкеұлы “Үш қиян”, “Сарыарқа”, “Әттең, бір қатты дүние-ай” сияқты толғау-дастандары арқылы қазақ жерін отарлаушыларды батыл әшкерелеп, озбыр саясатқа қарсы тұрса, Дулат Бабатайұлы “Бейшара менің қазағым”, “О, Сарыарқа, Сарыарқа” өлеңдері арқылы қазақтың ауыр тұрмысын бейнелейді.
Қазақтардың XVІІІ-XІX ғасырлардағы материалдық мәдениетінің күйі қоғамның экономикалық даму деңгейімен анықталды. Оның даму барысына көшпелі қазақтар экономикасының дамуындағы басты фактор ретінде көшпелі мал шаруашылығы әсер етті. Бұл жағынан алғанда егіншілік, сауда-саттық, көрші халықтардың ықпалының маңыздылығы да аз болған жоқ.
Отырықшы халықтар өмірінде жер шаруашылығы үлкен рөл атқарса, көшпелі халықтарда мал шаруашылығы маңызды болды. Қазақ көшпенділерінің салт-дәстүрі, діни-наным сенімі, тұрмысы көшпенділік өмірмен тікелей байланысып жатты. Көшіп-қону мал өсірушілерге маусымдық жақсы жайылымдарды пайдаланып отыруға мүмкіндік берді. Көшіп-қону көбінесе меридиан (оңтүстіктен солтүстікке) бағытымен жүрді. Ірі рулар мен олардың бөлімшелерінің қоныстары негізінен бір территорияда болды. Әрбір рудың өзінің көш жолдары болды. Қазақтың мал шаруашылығының өріс, қоныстары жылдың төрт маусымына қарай қыстау, көктеу, жайлау және күзеу деп төртке бөлінді. Жаздық жайылым қазақтардың ортақ пайдалануында болып келсе, көктеу мен күзеу бір орында болды. Қыстауда малшылар құйма кесектен қаланған үйлерде қыстады, жылдың басқа мезгілдерінде киіз үйлерде тұрды.
Киіз үй көктем, жаз және күз мезгілдерінде қоныстан-қонысқа көшіп жүру жағдайына қолайлы құрама үй. Оның қабырғасы айқыш сағанақтардан көктелген керегеден тұрғызылды. Кереге жиналмалы болып бөлек-бөлек қанаттан жасалды. Ал керегеден жоғары сидам жіңішке ағаштан жұмырлап жасалып, қарны иілген уықтардан қаусырыла күмбез шығарылды. Уықтардың аяғы дөңгелене жайылған керегенің аша басына айқастыра байланып, ұшы (қаламшасы) шаңырақтың көзіне шаншылды. Шаңырақ - үй күмбезінің төбесі әрі терезесі. Үй ағашының сыртынан арнаулы киіздер, қабырғасына туырлық, үстіне үзік, төбесіне түңлік жабылды. Үйдің ортасында ошағы, оң жағында төсек, оның тұсында тұскиіз ұсталып, төсекті қоршап шымылдық тартылады. Үйдің төріне жүкаяқ қойылып, оның үстіне көрпе-жастық жиналады. Үйдің сол жағына кебеже, қазан-аяқ, саба сияқты ыдыстар қойылып, ол шимен қоршалған.
Көшпелі мал шаруашылығына күрделі еңбек құралдары керек болған жоқ. Жылқы ұстау үшін құрық, арқан пайдаланылды, қайыстан немесе жылқының жал-құйрығынан тұсау мен шідер жасалды, құлын мен бота байлауға жуан арқан мен ноқта пайдаланылса, мал суғаруға науа мен қауға пайдаланылды. XVІІІ ғасырдың аяғында қазақ даласына орыстардың қыста шөп дайындауға арналған шалғылары біртіндеп тарала берді. Ал, XІX ғасырдың орта шенінде шалғымен қоса темір айыр да кеңінен қолданыла бастады.
Қазақстанда суармалы егіншіліктің ежелгі ошақтары ертеден болып келген. Осыған байланысты қазақтарда егіншілік құралдарының қарапайым түрлері болды. Мәселен, тісағаш, егін оратын орақ, ағаш күрек, сыпыртқы егіншілік құралдарына жатқызылды. Егісті суғару үшін суды көтеріп шығаратын әр түрлі құралдар атпа, шығыр, сондай-ақ кетпендер мен күректер пайдаланылды. Оларды жергілікті ұсталар өздері дайындап отырды.
Салтнатқа арналған әбзелдерді қоспағанда қазақтың мал шаруашылығына және егіншілікке байланысты негізгі еңбек құралдары Қазақстанның бүкіл аумағында бір-бірімен ұқсас болды. Қазақтың ат-тұрман әбзелінің шіндегі ердің сыртқы түрі мен дайындау тәсілінде жергілікті ерекшеліктер байқалады. Ердің ең көп таралған түрі - қайыңнан шауып жасалған, алдыңғы қанаты кең “қазақ ері” болып табылады. . Оңтүстік Қазақстанда е рдің “құранды ер” дейтін түрі таралған . Ер-тұрман әбзелдерін жасау, негізінен, ершілердің ісі болған. Олар тек қана ердің өзін емес, онымен бірге бүкіл ат әбзелдерінің бәрін - тоқым, қ ұйысқан , өмілдірік, жүген , а йыл, үзеңгі, таралғы, қамшы және т.б жасап, оларды әсемдеп, көркемдеп отырған. Сондай-ақ қайыстан ат-тұрман әбзелдерін ө ретін шеберлерді “өрімші” деп атаған.
Қазақтардағы көшпелі тұрмысқа бейім шаруашылықтың үстемдігі алуан түрлі қолөнерінің - тоқымашылықтың, киіз басудың, ағаш, металл, тері, сүйек және мүйіз өңдеудің дамуына себепші болды. Тоқымашылықпен және киіз басумен көбіне әйелдер айналысты, олар негізінен алғанда үйге керек-жарақтардың тоқымашылық пен ісмерлікке қатысты заттарын: кілемдер, алашалар, шекпендер, киіз үй ішіндегі алуан түрлі басқұрлар, бау-шулар, текеметтер, сырмақтар, аяққаптар және т.б дайындады.
Қыстаулардағы отырықшылыққа бейімделген тұрғын үйлердің дамуы, үй-жайлар санының көбеюі және орыс мәдениетінің ықпалы тұрғын үйлердегі керек-жарақтардың едәуір өзгерісіне әкеп соқты. Дәстүрлі үй бұйымдарының орнына әйнектелген ыдыс қоятын шағын шкафтар, жақтаулы ағаш кереуеттер, іші құлыпталатын әр түрлі сандықтар пайда болды.
74.ХХ ғасыр басындағы Қазақстандағы саяси өмірдің жандануы. Қазақ интеллигенциясының қалыптасуының алғы шарттары.
Қазақстанда марксизмнің тарауы Орталық Россиядан көп кейін басталды. Оған өлкеде әлеуметтік-экономикалық қатынастың әліздігі және жұмысшы табының аздығы себеп болды. Қазақ өлкесінде Атбасарда, Көкшетау, Павлодарда алғашқы марксизм идеясын таратушы Петербург қаласындағы Благоевтар тобынан келген В.Г. Харитонов, Қарқаралы мен Семейде социал-демократ И.С. Домашевич, Верныйда А.С. Кочаровская т.б.болды.Петропавл қаласында 1902 жылдың аяғында ұйымдастырылған тұнғыш маркстік үйірме негізінен жер аударылғандардан құрылды. 1903 жылы осындай үйірме Петропавл темір жолында, 1902 жылы Орынбор қаласында құрылды. 1903 жылы 1 мамырда Орал қаласындағы саяси үйірме мүшелері ереуіл ұйымдастырды.
Бірінші орыс революциясы кезінде (1905-1907 жж.) патшалық тәртіпке қарсы күреске ұлттық аймақтардың езілген халықтары да көтерілді. Отарлық ұлт аудандарының «ұйқыдан оянуына» негіз болған оқиға 1905 жылғы «Қанды жексенбі» (9 қантардағы Петербургтегі оқиға).
1905 жылы ақпанда Түркістанда, Перовскіде, Жосалыда, Шалқарда, Петербургтегі қарусыз жұмысшыларды атқылауға наразылық білдерген алғашқы қарсылықтар болып өтті. 1905 жылы 1 мамырда Верныйда, Перовскіде, Қостанайда еңбекшілердің бірлігін қуаттайтын ереуілдер өткізілді. Қарқаралыдағы қарсылық жиынына М. Дулатұлы белсене қатысты.
Қазақ еңбекшілердің саяси қөзқарасының өсуіне Бүкілроссиялық қазан саяси ереуілі ерекше әсер етті. Бұл ереуілдің әсерімен Қазақстан қалаларында Шалқарда, Қостанайда, Верныйда, Оралда т.б. жерлерде ұйымдасқан ереуілдер мен бой көрсетулер социал-демократия ұйымдардың басқарумен «Патша билігі жойысың?», «Бостандық жасасын» деген ұрандармен өтті. Осы жылдары Перовскіде, Қостанайда, Оралда, Успен кенішінде стачкалық комитетттер құрылды.
17 қазандағы 1905 жылғы патша манифесінің («Мемлекеттік тәртіпті дурыстау туралы») халықты алдау екенін «Алаш» қозғалысы өкілдері әшкерелеп, сынады. 1905 жылы 18-19 қазанда Орынборда өткен демонстрация «Демократиялық республика жасасын», «Самодержавие жойылсын» деген саяси ұрандармен өтті.
Интернационалдың бой көрсетудің ең бастысы - 1905 жылғы 11 желтоқсанда 12 күнге созылған, Успен кенішіндегі 360 жұмысшы қатысқан ереуіл болды.
Ереуілге шығу себептері:
Жалақының аздығы.
Ағылшын капиталистері Мессен, Гиббердің қатыгездіктері.
Жұмыс істеу жағдайының ауырлығы.
Ереуіл барысында орыс жұмыскері П.Топорнин мен қазақ жұмысшысы Ә.Байшағыров басқарған «Орыс қырғыз одағы» құрылды. Олар кеншінің (рудник) бастығы Н.Велльге өздерінің талаптарын қойды:
-Азық түлік бағысын төмендету.
-Жалақыны 15, 25% - ға көтеру.
-Үш сыныптық орыс қазақ училищесін ашу.
-Жұмысшылардың тұрғын жайларын жақсарту.
-Фельдшер Е.Костенконы, қызметкер И.Ивченконы жұмыстан шығару.
1905-1907 жылдардағы революцияның жеңілуінің себептері:
1) Қазақ жұмысшыларының аздығы.
2) Қазақ ауылдарының басты оқиға орталықтарынан алыста болуы.
3) Революциялық күресті ұйымдастыруда ұлттық демократиялық топтардың тәжиребесінің жеткіліксіздігі.
4) Жұмысшылар мен шаруалар одағының болмауы.
Революцияның тарихи маңызы:
-Отаршыл саясатқа қарсы тәжірибе жинақталды.
-Ереуілдерді ұйымдастырудағы кемшіліктер кейін түзетілді.
-Күрес барысында революционерлер тобы тәрбиеленді.
-Қазақ еңбекшілерін «Ғасырлық ұйқыдан» оятып, революциялық күреске шынықтырды.
Реакция және революциялық өрлеу кезеңі.
1905-1907 жылдардағы революция жеңілгеннен кейін Россияда реакция кезеңі басталды. 1907 жылы 3 маусымда Екінші Мемлекеттік Думаның таратылғаны, Үшінші Мемлекеттік Дума сайлауы туралы ережеге өзгерістер енгізілгені жөнінде патша жарлығы шықты. Социал-демократиялық фракцияның мүшелері тұтқынға алынып, сотқа тартылды және жер аударылды. Олардың қатарында Қазақстан еңбекшілерінің депутаттары А.К.Виноградов пен И.Ф.Голованов та болды.
Осы кезде революиялық ұйымдар мен революциялық қозғалысқа қатынасқандарды сотсыз және тергеусіз жазалайтын тәртіп енгізілді. Полиция әсіресе, социал-демократиялық ұйымдарды, олардың мүшелерін аяусыз жазалап отырды. Реакция жылдарында РСДЖП ның Ташкент, Омбы комитеттері, Петропавл, Семей, Верный қаласындағы социал-демократ топтары талқандалды. Революциялық қозғалысқа қатусышылар жер аударылып, каторгаға айдалды, түрмеге қамалды. Олардың арасында Қазақстаннан шыққан революционерлер қайраткерлер В.В.Куйбышев, М.В.Фрунзе, К.А.Попов, Ф.А.Березовский т.б. болды.
Реакция жылдары патша өкіметінің ұлттық саясаты халық мүддесіне қарсы сипатта болды. Барлық жерлерде революция кезеңінде пайда болған газеттер мен журналдар жабылып, мәдени ағарту қоғамдарына тиым салынды.
1912 жылы Россияның жұмысшы қозғалысында жаңа революциялық өрлеу басталды. Ол сәуір, мамыр айларында Лена өзені бойындағы алтын өндіру өндірісіндегі жұмыскерлерді атуға байланысты елде болған саяси толқулар бүкіл жерге жайылды. Лена қырғыны Қазақ өлкесінде ереуілдің қайтадан кең таралуына әсер етті.
1912 жылы мамырда Қазақстанда Спасск мыс қөрыту заводында басталған ереуіл 1913 жылғы маусымға дейін созылды. 1913 жылғы қыркүйекте Торғай уезінің Шоқпаркөл көмір кендерінде болған жұмысшылардың толқуы 1914 жылдың бірінші жартасында Ембі мұнай- шыларының ереуілдерімен ұласты. Жаңа революциялық өрлеу дәуірінде Қазақстанның жұмысшы табы жалақыны 20% -ға арттыруға, қожайындардың айыптарды көбейтуден бас тартуына қолы жетті.
75. 1916 жылы ұлт-азаттық көтеріліс себептері, сипаты, негізгі ошақтары мен қозғалыс басшылары.
Территориясы: Бүкіл Қазақстан, Орта Азия, СібірСебебі: 1916 жылғы 25 маусымдағы жарлық. Сылтау: Бұратана халықтарды қара жұмысқа алу туралыжарлық.
Мақсаты: Ұлттық және саяси азаттық.
Сипаты: империализмге және отаршылдыққа қарсылық
Көтеріліс барысы
Жетісудағы көтеріліс:
1916 жыл 11 тамыз 5 мың көтерілісші Қарқара жәрмеңкесін қоршап, Кравченконың жазалау отрядын талқандады. 1916ж. қазан патша әкімшілігінің “Қырғыздарды көшіру туралы” шешімі шықты. 1916ж. 9 қыркүйек жазалаушылар Бекболатты Боралдай асуында дарға асты. 1916 жыл 10-12 қыркүйек Лепсі уезінде Масловтың жазалаушы отрядтары 220-ға жуық көтерілісшілерді оққа ұшырды
Торғайдағы көтеріліс:1916ж. қыркүйекте көтерілісшілер саны 20 мыңға, 26 қарашада 50 мыңға жетті. 1916ж. 22 қазан Амангелді басшылығымен 15 мың көтерілісші Торғай қаласын қоршады. 1916 ж қараша - 1917ж ақпан Көтерілісшілердің негізгі бөлігі Амангелдінің штабына орналасқан Батпаққара жазығы мен Аққұм құмының маңына шоғырланып, партизандық күрес әдісіне көшті. 1917ж. Торғай көтерілісі талқандалды
Қозғаушы күштері: Қолөнершілер, шаруалар қалың тобы, жергілікті жұмысшы табының өкілдері, демократияшыл зиялылар қатысты.
Көтеріліс басшысы: Жетісу көтерілісінің жетікшілері: Б.Әшекеев, Т.Бокин (Верный уезі), Ж.Мәмбетов, Ұ.Саурықов (Қарқара), А.Қосақов (Мерке).
Торғайда көтеріліс басшылары: Амангелді Иманов, Әліби Жангелдин. Көтеріліс кезінде Бекболат Әшекеев
Жеңілу себептері: Бытыраңқылығы. Әскери қарудың жеткіліксіздігі. Руаралық тартыстар. Жергілікті халық пен қоныстанушылар арасындағы қайшылықтар. Ұлттық демократиялық зиялылар қатарында бірліктің болмауы. Қазақ феодалдарының сатқындығы.
Нәтижесі: 1916 жылғы қазан патша әкімшілігінің “Қырғыздарды көшіру туралы шешімі шықты”. Жетісудағы 300 мыңнан астам қазақтар мен қырғыздар жазалаушылардың қудалауымен Қытайға өтіп кетті. 37355 қазақ отбасылары құнарсыз таулы аймаққа немесе Балқаш маңындағы шөлді далаға қуылды. Пішпек, Пржевальск, Жаркент уездеріндегі шұрайлы жердің 2 млн 510 мың 360 десятинасы тартып алынды. Жүздеген ауылдар тоналып, өртелді, жазықсыз адамдар атылды. 3 мың адам жауапқа тартылды, оның 201-і өлім жазасына кесілді, 162-сі каторгаға атылды.
76. Қосүкіметтің орнауы және оның ерекшеліктері Патша өкіметі құлатылғаннан кейін бүкіл Ресейдегі сияқты Қазақстанда да қос өкімет орнады. Бұрынғы патша шенеуліктері, эсерлер, меньшевик- тер және буржуазиялық ұлтшылдар басқарған буржуазиялық Уақытша өкімет органдарымен қатар халықтық өкіметтің жаңа органдарыжұмысшылар, шаруалар және солдат депутаттарынң кеңестері құрылды. Жергілікті жерлерде Уақытша өкіметті органдары құрыла бастады. Қазақстандағы қос өкіметтің орталық аудандарға қарағанда өзіндік ерекшеліктері болды, бұл өлкенің отар ретінде әлеуметтік-экономикалық және саяси даму деңгейіне, оның көпұлттығы мен халқының құрамы негізінен ұсақ буржуазия өкілдерінен шыққандығына байланысты еді. Тап осындай жағдай Түркістан өлкесінде де орын алды. Мұнда патша өкіметі құлаған соң биліктің үш түрі орнады: олар Кеңестер, Уақытша үкіметтің атқару комитеттері және мұсылмандар ұйымы. Егер алғашқы екі билік сырт жағынан қарағанда жергілікті халықтың мүддесіне онша жаны ашымай бұрынғы саясатты жүргізсе, ал ұлттық зиялылар басқарған оның соңғысы жергілікті тұрғындарды алаңдатқан мәселелерді шешуге тырысты.
77.«Алаш» партиясының құрылуы және бағдарламасы.
Қазан төңкерісінен кейін қалыптасқан саяси ауыр жағдайда өздерінің іс-әрекеттерін айқындап алу үшін ұлттық интеллигенция бастапан қазақ қоғамы Орынборда (1917 ж. 5-13 желтоқсанда) 2 Бүкілқазақ съезін өткізді. Оған Қазақстанның барлық облыстарынан дерлік өкілдер қатысты. Съезді Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, И.Омаров, С.Дощанов ұйымдастырды. Төрағасы Б.Құлманов болды. Съезде алдымен тез өзгеріп жатқан саяси жағдайда партия тактикасын, қазақ автономиясын құру және оның үкіметін қалыптастыру айтылды. Негізінен қаралған мәселе саны 10 болды: 1)территориялық - ұлттық автономия құру. 2)Қазақ (қырғыз) облыстарынын автономиясына Алаш атауын беру. 3)Автономиялы Алаш облыстарынын террториясын Алаштын мемлекеттік меншігі деп жариялау 4)Алаш автономиясының конституциясын Букілресейлік құрылтай жиналысында бекіту 5)Алашорда уакытша Халык кеңесін 25 мушеден қурып оның 10 мүшесін орыс өкілдерінен сайлау Кеңестің төрағасы - Ә Бөкейханов 6)Алашорданынң уакытша орталығы Семей. 7)Қазан революциясынын көп бұрын қазақ либералдык - демократиялык қозғалысының жетекшілері Қазақ өлкесінің Әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуына байланысты өздерінің бағдарламаларын насихаттады. Съезд делегаттары Уақытша үкімет құлатылғаннан кейін қазақтардың өмір сүруінің өзін күрделендіріп жіберген анархия (тәртіпсіздік) жағдайында елді аман сақтау үшін, "уақытша халық Кеңесі" түріндегі берік билік құру, оған Алаш-Орда деген ат беру, сондай-ақ милиция жасақтау туралы қаулы қабылдады. Алаш астанасы-Семей (Жаңа Семей) қаласы еді. Мақсаты: 1)Қазақ халқын отарлық езгiден азат ету. 2)Автономиялық ұлттык мемлекет құру. Бағыты: реформистік капитализм жолы. \ Алаш-Орда жетекшілері Кеңес үкіметімен байланыс жасауға тырысты. Х. және Ж.Досмұхамедовтер Ленин, Сталинмен, сондай-ақ Х.Ғаббасов ұлт ісі жөніндегі халық комиссары Сталинмен келіссөз жүргізді. Мұның нәтижесі-автономияның мәдени мұқтажына орталықтың көмегі, бүкілқазақтық құрылтайды шақыру, өлкеде азаматтық бітімге келу туралы уәделер болды. Алашорда сонымен бірге атаман Дутовпен, Самарадағы Құрылтай жиналысы мүшелері, Комитетімен (Комуч), Омбыдағы Уақытша Сібір үкіметімен де байланыс жасады. Басталып кеткен азамат соғысы Алашорданың ұстанар бағытында айқындауды қажет етті. Сөйтіп, қазақ автономиясы өлкеде әлеуметтік-саяси негізі жоқ Кеңес үкіметіне қарсы күреске шығып, ақтарға қосылуға мәжбүр болды. Себептері 1)Қазан төңкерсіне дейін Қазақстаннын дамуына өз көзқарастарын білдіріп бағларламаларын насихаттады 2)Федеративтік Республикаға кірген әр мемлекет басқа мемлекеттермен өз бетінше жұмыс істей алады деп есептеді 3)Алаш партиясы ақиқат жағында болды 4)Алаш партиясы социал-демократтардын меньшевиктік тобынын багдарламасын қолдады \ 1917 жылы 21 қараша Алаш партиясы бағдарламасынын жобасы жарияланды. Алаш партиясы әділдікке жақ нашарларға жолдас жәбірлерге жау. 1)Дінді мемлекеттен бөлектеу. 2)Сот сін қазақ тілінде жургізу. 3)Әскери қызметті өз жерінде аткару. 4)Жумысшылары заңмен қорғау Алаш партиясы жумысшылар туралы социал демократтиялык меньшевиктік тобынын бағдарламасын жақтады. 5)Окудын жалпыга бірдей жане акысыз болуы. 6)Жиналыс сөз баспасөз еркіндігі 7)Жерді алдымен жергілікті халыққа беру. \ Бағдарлама жобасының маңызы: 1)Сол кездің нақты мумкіндіктерін ескере отырып қазақ халқы дамуының балама жолын ұсынды. 2)Буржуазиялык-демократиялык ұлт-азаттық революцияны аяктауға бағытталған жолды көрсетті. 3)1917 жылы қараша 1918 жылы қаңтар аралығында өткен сайлау қазақ енбекшілерінің көпшілігі \Алаш партиясынын багдарламалык талаптарын қолдайтынын көрсетті. 1)Жетісу губерниясы 57% 2)Семей уезінде-85% 3)Торғай Орал 4) губернияларында 75%. \ Билеуші партияға айналған большевиктер Алашордамен тіл табысуға болады деп санамады. Әр турлі саяси күштердің билік жолындағы тайталасы басталды.
Қазақстан халқына ауыр соққы болып тиді. Қазақ халқына "өз еріктерімен қаржы жинау", мемлекеттік заемдарды зорлап жаздыру, соғыс салығы түріндегі барлығы 10-ға жуық түрлі салықтар мен баж салығын төлеу міндеттелді.Қазақ халқын тонау одан әрі жалғасты, соғыс жүктерін (астықты) теміржол станцияларына жеткізу үшін олардың көлік күштерін зорлықпен пайдаланды. Соғыс уақытында Түркістан өлкесінен 300 мың пұт ет, 70 мың жылқы, 13 мың түйе тасып әкетілді. Тек Жетісудан ғана 1914 жылы 34 млн. сомның малдары мен мал шаруашылығы өнімдері тасып шығарылды. Әскерге алынғандардың жанұясына көмек көрсету желеуімен еңбек ету міндеті енгізілді, қазақтар жұмыс күші ретінде келімсектер деревняларының жерін жыртып, тұқымын сеуіп, өнімін жинап беруге тиісті болды. Қаладағы еңбекшілердің, өнеркәсіп орындарындағы жұмысшылардың жағдайы күрт нашарлап кетті. Халықтың соғысқа наразылығын, үкіметтің Қазақстанның барлық облыстарына "төтенше соғыс жағдайын" енгізуі де күшейтіп жіберді. 1915 ж. Маусымда Екібастұз бен Қарағанды көмір кендерінің, Қырғыз тау-кен қазу өнеркәсібі акционерлік қоғамының, Спасск зауытының қазақ жұмысшылары ереуіл жасады.1916 ж. жазында жұмысшы қозғалысы Риддер рудниктерін, Ембі мұнай кәсіпшіліктерін, Екібастұз, Байқоңыр көмір кендерін, Орынбор, Ташкент темір жолдарын қамтыды. Мұндай жаппай наразылықтардың нәтижесінің бірі 1916 жылғы көтеріліс болды.
78. 1917 жылғы қазан төңкеріс. Қазақстанда Кеңес үкіметінің орнау ерекшеліктері.
1914 жылы басталған дүниежүзілік соғыстың салдарынан Ресей империясы үлкен дағдарысқа ұшырады: бірінші экономикалық , екінші саяси дағдарыс.
Соғыстың салдарынан елдің шаруашылығы қирады, өндіріс орындары тоқтады, теміржол қатынасы бұзылды, ауыл шаруашылығы күйреді. Бұл дағдарыс жұмысшылар мен шаруалардың өкіметке деген үлкен наразылығын туғызды.
Патша өкіметі бұл дағдарыстан шығудың жолын таба алмады, сөйтіп елді басқару қабілеті төмен болды.
Осы аталған дағдарыс патша өкіметінің 1917ж. ақпан айында құлауына себеп болды. Оны Ақпан төңкетісі деп атайды. Осы төңкерістің нәтижесінде қос өкімет - жұмысшылар мен шаруалардың кеңесі және буржуазиялық Уақытша өкімет құрылды.
Патша өкіметі құлатылғаннан кейін бүкіл Ресейдегі сияқты Қазақстанда да қос өкімет орнады. Бұрынғы патша шенеуліктері, эсерлер, меньшевик- тер және буржуазиялық ұлтшылдар басқарған буржуазиялық Уақытша өкі- мет органдарымен қатар халықтық өкіметтің жаңа органдарыжұмысшылар, шаруалар және солдат депутаттарынң кеңестері құрылды.
Жергілікті жерлерде Уақытша өкіметті органдары құрыла бастады.
Қазақстанда қазақ интеллигенциясы басқарған қазақтардың ұлттық облыстық және уездік комитеттері ұйымдастырлды. Оларға комиссарлар болып ұлттық интеллигенцияның өкілдері, атап айтқанда Торғай облысында Әлихан Бөкейханов Жетісу облысында Мұхамеджан Тынышпаев, Түркістанда Мұстафа Шоқаев тағайындалды.
Патша өкіметінің құлатылуын Қазақстан еңбекшілері саяси және ұлттық азат алудың бастамасы ретінде қабылдады. Бұл жеңіс өлкедегі еңбекшілердің саяси белсенділігін арттырды. Қазақстанның әртүрлі қалаларында қазақ жастарының 20 шақты үйірмелері мен топтары пайда болды. Олар халық арасында листовкалар, сол күндердің көкейтесті мәселелеріне арналған тақпақ-өлеңдер таратты. Әулиеатада Тұрар Рысқұлов «Қазақ» жастарының революцияшыл одағы деген ұйым құрды. Оның құрамына қазақ халқының орташа және кедей топтарынан шыққан алдыңғы қатардағы жастар енді
Буржуазиялық уақытша өкіметке үміт артқан қазақ зиялылары өз халқын еркіндікке жеткізуді, отарлаудан құтылуды арман етті. Осы мақсатқа жету үшін олар қазақтың ұлттық саяси партиясын құру жолын іздеді. Олар «Қазақ» газеті арқылы қазақ халқына арнайы үндеу жолдады. 1917ж. 21-26 шілдеде Орынборда болған «Бүкілқазақтық» съезде Алаш партиясы қалыптасып, басшы органдарын сайлады. Оның құрамына Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мұстафа Шоқай, Мұхаметжан Тынышпаев т.б. кірді. Бұл партияның сол жылы 5-13 желтоқ- санда Орынборда өткен екінші съезінде Қазақ автономиясы Алашорда үкіметі ұлт Кеңесі құрылды. «Алаш» партиясының бағдарламасы бекітілді. Ол негізгі 10 бөліммнен тұрады. Олар: 1) Ресей демократиялық федерация болып жариялану туралы; 2) Ресей құрамында Қазақ ұлт автономиясын құру; 3) Халықтар арасында тең құқықтық орнату; 4) Дін туралы, дінді мемлекеттен ажыратып шығару; 5) Елдегі билік және сот туралы; 6) Елді қорғау, әскер және халықтық милиция құру; 7) Халықтың табысына қарай салық салу; 8) Жұмысшылар туралы; 9) Ғылым және білім туралы; 10) Жер мәселесі.
Жаңа құрылған үкіметтің құрамына 15 адам кірді, оның төрағасы болып Әлихан Бөкейханов бекітілді. Азамат соғысы басталғанда Алашорда үкіметі екіге бөлінді: оның Батыс Қазақстандағы бөлігін Халел, Жанша Досмұхамедовтар, Шығыстағы бөлігін Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов т.б. басқарды. Бірақ Уақытша өкіметтің өмірі де ұзақ болмады. 1917ж. 25 қазанда Уақытша өкімет құлап, оның орнына большевиктер басқарған Кеңес өкіметі орнады. Бұл жұмысшылар мен шаруалардың билігі орнаған өкіметі еді. Оның мақсаты пролетариат диктатурасының басшылы- ғымен Ресейде жаңа қоғам социализмді орнату.
Бұл оқиға бүкіл әлемді дүр сілкіндірді, себебі социализмге жол ашуды бірінші Ресей бастады.
Қазан төңкерісі елді экономикалық және саяси дағдарыстан шығуға жол ашты. В.И.Ленин бастған большевиктер партиясы осы дағдарыстан шығудың сара жолы Ресейдің империалистік соғысты тоқтатып, бейбіт өмірге көшу деп білді. Сондықтан Ресей ең бірінші болып бірінші дүниежүзілік соғыстан шығады.
Кеңес өкіметі әуелі орталықта Петроградта орнады да, одан әрі тез арада Ресейдің шет аймақтарына дейін орнады.
Ресейдің қол астында болып келген орыс емес басқа халықтардың еңбекші бұқарасы Қазан төңкерісінен кейін экономикалық-әлеуметтік күйзелістен шығумен бірге отаршылдықтың бұғауынан босанып, тәуелсіздік алатын шығармыз деп үміттенді. Большевиктер барлық ұлттар мен ұлыстардың, халықтардың теңдігі мен бостандығын, азаттығын жариялай отырып, оларды төңкеріс туының астынан кетпеуге шақырды.
Кеңес өкіметі Қазақстанда да орнай бастады. 1917ж. қазаннан 1918ж. наурызға дейін Қазақстанның көптеген аудандарында Кеңес өкіметі орнады.
Кеңес өкіметінің орнаған алғашқы жері Перовск (Қызылорда) қаласы болды. Мұнда жұмысшылар мен солдаттар өкімет билігін 1917ж. 30 қазанда өз қолына алды. Перовскіде үлкен әскери гарнизон орналасқан еді және темір жол станцясы болатын.
1917ж. қараша айының орта кезінде Кеңес өкіметі Черняев (Шымкент) қаласында жеңді. Қараша желтоқсан айларында Кеңес өкіметі Әулиеатада (Тараз), Түркістанда, Қазалыда, Арал поселкесінде және Сырдария облысы- ның басқа да ірі елді мекендерінде қан төгізсіз бейбіт жылмен орнады. Петропавл қаласында жаңа өкімет 10 қарашада орнады.
1917ж. желтоқсан 1918ж. наурыз аралығында Кеңес өкіметі Торғай облысының орталығы және Қостанай, Ақтөбе қалалары мен басқа да ірі елді мекендерде орнады. Семейде өкімет билігі жергілікті Кеңестің қолына 1918ж. ақпанның орта кезінде көшті.
Жетісуда Кеңес өкіметін орнату жылындағы күрес 1918ж. көктеміне дейін соғылды. Себебі мұнда төңкеріс қарсыластары күштері басым болды. Верный қаласы Жетісу қазақ-орыс әскерлерінің орталығы болды, ал қазақтар патшаның тірегі болғаны белгілі.
Кеңес өкіметі 1917ж. наурыз айында Жаркентас, Сергиопльда (Аягөз), Талдықорғанда, сәуірдің бас кезінде Лепсіде орнады.
Кеңес өкіметінің ең соңғы орнаған ауданы Орал қаласы болды, онда жаңа өкіметтің билігі наурыз айында жұмысшылардың қолына көшті
79. II жалпы қазақ съезді. Алаш Орда үкіметінің құрылуы .
Екінші жалпықазақ сиезі - 1917 жылы 5-13 желтоқсан аралығында Орынбор қаласында XX ғасыр басындағы қазақ қайраткерлері Алашорда үкіметін жариялаған сиез. Бұл сиез Ресейде қазан төңкерісі болып, большевиктер билікке келгеннен кейінгі тарихи алмағайып кезеңде ұйымдастырылды. Сиез шақыру жөніндегі комиссия мүшелері Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатов, С.Досжанов, Е.Омаров оны ұйымдастыруда айрықша белсенділік танытты.[1] Ұйымдастыру кадеті тарапынан өр уезден, әр облыстық қазақ кадеттерінен келетін екі өкілден бөлек 30-ға жуық кісіге арнайы шақыру қағаздары жіберіліп, «Сарыарқа», «Ұран», «Бірлік туы», «Тіршілік» газеттері мен әртүрлі ұйымдардан бір-бір өкілден шақырылды. Сиезге Орал, Торғай,Ақмола, Семей, Сырдария, Жетісу, Самарқан облыстарынан және Бөкей Ордасынан барлығы 200-ден астам өкіл қатысты. Осының ішінде сиезге Б.Құлманов, Ж.Досмұхамедұлы. Ғ.Қараш, Х.Досмұхамедұлы, М.Шоқай т.б. белгілі тұлғалар арнайы шақырылды. Сиездің төралқасына Б.Құлманов (төраға), Ә.Бөкейхан, Х.Досмұхамедұлы, Ә.Кенесарин, Ғ.Қараш сайланды. Сиездің күн тәртібіне Сібір, Түркістан автономиясы һәм оңтүстік-шығыс одақ туралы, Қазақ автономиясы, милиция, Ұлт Кеңесі, оқу мәселесі, ұлт қазынасы, мұфтилік мәселесі, халық соты, ауылдық басқару, азық-түлік, т.б. мәселелер енгізіліп, маңызы зор шешімдер қабылданды. Сиез әр аймақтан келген өкілдердің өз елдерінде болып жатқан оқиғалар жайлы ақпарат берулерінен басталды. Одан соң Құрылтай жиналысына сайлау жөнінде айтылды. Сиез жұмысына Башқұртстаннан Ахмет Зэки Уәлиди бастаған бірнеше қонақтар тілектестіктерін білдіріп, құттықтаулар айтты. Сиез Қазақ автономиясы мен милиция туралы Х.Ғаббасов жасаған баяндаманы тыңдап, осы мәселе бойынша «Алашорда бүгіннен бастап қазақ-қырғыз билігін өз қолына алады» деген қаулы шығарды. М.Дулатов оқу мәселесі туралы арнайы баяндама жасап, комиссия құруды ұсынды. Сиездегі ең басты мәселе автономия мәселесі жөнінде Ғ.Ғаббасовпен бірге Түркістан автономиясы жөнінде М.Шоқай сөз сөйледі. Осы негізгі мәселеге байланысты сиез аса маңызды тарихи қаулы қабылдады. Онда: «Қазақ-қырғыз автономиясы - «Алаш» деп аталсын», «Алаш автономиясының жері, үстіндегі түгі, суы, астындағы кені - «Алаш» мүлкі болсын», «Алаш облыстарын қазіргі бүліншіліктен қорғау мақсатымен Уақытша Ұлт Кеңесін құруға, мұның аты «Алашорда» болсын. Алашорданың ағзасы - 25 болып, он орын қазақ-қырғыз арасындағы басқа халықтарға қалдырылды. Алашордасының уақытша тұратын орны - Семей қаласы. Алашорда бүгіннен бастап қазақ-қырғыз халқының билігін өз қолына алды» деген тарихи шешімдер болды. Бұдан соң Алаш автономиясын жариялау мәселесі көтерілді. Ол бойынша делегаттардың пікірінде келіспеушілік байқалды. Ресми жариялауды жақтаушылар: Х.Досмұхамедұлы, Ж.Досмұхамедұлы, А.Кенжин, У.Танашев, Ғ.Қараш, С.Досжанұлы және т.б. барлығы - 33 адам; ресми жариялауды тоқтата тұралық деушілер: Ә.Бөкейхан, М.Дулатов, А.Байтұрсынұлы, Е.Омаров, О.Алмасов, Х.Ғаббасов және т.б. барлығы - 42 адам, қалыс қалғандар - А.Шегіров, М.Шоқай, Ә.Кенесарин болды. Нәтижесінде, «ресми жариялауды сиез атынан сайланған қазақ-қырғыз ісін басқарушы 15 кісіге тапсыралық. Олар біздің Уақытша үкіметіміз (Алашорда) болсын» деген тоқтамға келді. Сиез Сырдария облысықазақтарының сиезін шақыруды қажет деп тауып, өз араларынан Б.Құлманов, Т.Құнанбаев, М.Дулатовты өкілдер ретінде жіберу туралы шешім қабылдады. Қазақ зиялылары Алаш автономиясын аяғынан тік тұрғызу үшін және большевиктермен күресу мақсатында ұлттық әскер құру және кеңестерге қарсы әр түрлі саяси күштермен одақтасу ісіне үлкен мән берді. Сиез бұл мәселені жан-жақты талқылап, қазақ милициясының әр облыс, уезд орталықтарындағы саны, оларға әскер ғылымын үйрету және қажетті заттармен (қару-жарақ, қаржы, көлік және т.б.) қамтамасыз ету тәртібін анықтап, «26 500 адам тіркелген халықтық милиция құрылуы қажет» деген қаулы қабылдады. Бұл идеяны Алашорда үкіметінің мүшесі Ж.Ақпаев ұсынды. Әскер құру ісіне қажетті қаражатты 6 облыстың қазақтары есебінен алатын болды. Алашорда үкіметі Ұлт кеңесіне мүшелер сайланған соң (қосымшаны қараңыз), Алашорданың төрағасын сайлау мәселесі өткізілді. Оған Ә.Бөкейхан, Б.Құлманов, А.Тұрлыханов түсті. Сайлау қорытындысы бойынша 79 дауыстан 40 дауыс жинаған Ә.Бөкейхан Алашорданың төрағасы болып сайланды. Бұдан соң оқу комиссиясының құрамына А.Байтұрсынұлы, М.Жұмабаев, Е.Омаров, Б.Сәрсенов, Т.Шонанов сайланды. Бұл сиез ғасыр басынан бергі ұлт-азаттық қозғалысының ұлы қорытындысы болды. Ол өзінің тарихи маңызы жағынан ұлтымыздың сан ғасырлық өміріндеғі аса маңызды оқиғалардың қатарынан орын алады.
80.Қазақстан азамат соғыс жылдарында.
Қазақстан азамат соғысы жылдарында жұмысшы-шаруа Кеңестерінің орталықтағы және жергілікті жерлердегі билікті басып алуы алғашқы күннен-ақ құлатылған таптардың қарулы қарсылығын туғызды. Азамат соғысы билік үшін күрестің жалғасы болып шықты, сондықтан 1917 жылғы Қазан қарулы көтерілісі мен Азамат соғысының арасында айқын шек болмады. Ел 1917 жылғы 25 казаннан бастап Азамат соғысы жағдайында өмір сүрді немесе бұл дата елді таптық белгісі бойынша бір-біріне жау екі лагерьге боліп тастады, арадағы күрес бітіспес қанды қырғынға ұласты.Қазақстанда Азамат соғысы ошақтарының бірі Орынбор губерниясы мен Торғай облысының әкімшілік орталығы Орынборда қазақ атаманы Дутовтың 1917 жылы қарашаның аяғында Кеңес өкіметін құлатып, Кеңестердің II Бүкілресейлік съезінің делегаты С. Цвиллинг бастаған революциялық комитетті тұтқындауымен пайда болды. Жоғарыда айтылғандай, 1917 жылы 513 желтоқсанда Орынборда «Алаш» партиясының II Бүкілқазақ съезі болып өтті. Съезде Уақытша халықтық кеңес «Алашорда» (Алаш автономиясы үкіметі) құрылды. Азамат соғысы басталысымен Алашорда бастаған және Кеңестер мен большевиктерді қолдаған екі жақ бір-біріне қарсы тұрды.Қазақстанда Кеңес өкіметіне қарсы қарулы күрестің негізгі күштері Орынбор, Сібір, Орал, Жетісу казак әскерлері, өнеркәсіп орындарының бұрынғы қожалары, кезінде Ресейден қоныс аударып келушілердің ауқатты топтары, қазақ ауылының бай-шонжарлары және солардың мүдделерін қорғайтын саяси партиялар мен ұйымдар болды (кадеттер, эсерлер, ұлттық және діни саяси ұйымдар). Алашорда үкіметі азаматтық соғыстың алғашқы кезінде Кеңес өкіметіне қарсы күштермен байланысып, қазақ халқының мүддесін қорғауға тырысты. Үкімет мүшелері Қазақстанға жақын қалаларға орналасқан Кеңес үкіметіне қарсы құрылған үкіметтермен Самарадағы құрылтай жиналысы мүшелерінің комитетімен (Комуч), Омбыдағы Уақытша Сібір үкіметімен, одан кейін Колчак диктатурасымен, Орынбор және Орал казак әскерлерінің басшылығымен келісімге келуге ұмтылды.
1918 жылы жазда төңкеріске қарсы күштер Орал, Торғай, Ақмола, Семей облыстарының көптеген аудандарын, соңынан Жетісу облысының бірқатар аудандарын басып алып, Кеңес өкіметін құлатты. Кеңес өкіметі Батыс Қазақстанның кейбір аудандары мен оңтүстік өлкесінде сақталды. Қазақстанда азаматтық соғыстың Ақтөбе (немесе Солтүстік Түркістан), Орал және Жетісу майдандары құрылды, олардағы соғыс әрекеттері А.с-ның ірі майдандарындағы, ең алдымен Колчак әскерлеріне қарсы құрылған Шығыс майдандағы қимылдарға тығыз байланысты жүргізілді. Сондықтан Қазақстандағы азаматтық соғыстың тағдыры негізінен Қызыл Армияның Шығыс майданындағы күресіне тәуелді болды. Қазақстан жеріндегі соғыс қимылдары өз кезегінде Кеңес еліндегі жалпы жағдайға әсер етті. Қазақстан азаматтары Қызыл Армия қатарында да, “ақтар” басып алған аудандарда жасақталған партизандық жасақтар құрамында да азамат соғсына қатысуға мәжбүр болды. Қазақстандағы шешуші соғыс қимылдарына “қызылдар” жағынан М.В. Фрунзе, В.В. Куйбышев, В.И. Чапаев, И.П. Белов, И.С. Кутяков т.б., ал “ақтар” жағына А.И. Дутов, С.П. Толстов, Б.В.Анненков т.б. басшылық етті. Торғай далаларында “ақтарға” қарсы күресте А. Иманов, Батыс Қазақстанда Хамит Чурин, Бейсен Жәнекешев т.б. көзге түсті. Ал Әліби Жангелдин азамат соғысы қызу жүріп жатқан кезде (1918 ж. күзі) Мәскеуде жасақталған қару-жарақ керуенін Түркістан майданына жеткізді.
1920 жылдың көктемінде Қазақстандағы азамат соғысы Кеңес өкіметінің жеңісімен аяқталды
81.Қазақ Совет мемлекетінің құрылуы. ҚАССР-дің әкімшілік-территориялық құрылымының өзгеруі.
1917 жылдың күзіне қарай Ресейде жағдай шиеленісе түсті. Уақытша Үкімет Құрылтай жиналысына дейін мәселелерді шешпей кейінге қалдырып отырды. Армия дамыды, ірі қалаларда аштық болды. Сол уақытта басқарудың әрекет етуші жүйесі пайда болған жоқ, бұл елдегі анархияға алып келді. Саяси партиялар Жалыресейлік Құрылтай Жиналысына белсенді дайындалуда болды, соғыстан қалжыраған халық тез өзгерістерді талап етті.Бұл ахуалды кейбір сол саяси күштер пайдаланып қалды, олардың орталық ядросы Ресей Социалистік Демократиялық жұмысшылар партиясы (большевиктер) болды. 6 қазаннан 7 қарашаға қараған түні «Уақытша Үкімет» тұтқынға алынды және астанадағы билік Петрофад Кеңесінің қолына көшті. Бұл төкеріске жұмысшылар мен солдат депутаттарының ІІ Жалпыресейлік Съезді анықталған заңдылық беруге тырысты, онда 1917 жылдың 7 қарашасындағы ел билігінің Кеңестерге көшуі жарияланды. Халық Комиссарлар Кеңесі (ХКК) жаңа үкіметі пайда болды, биліктің жоғарғы органы - Жалпыресейлік Орталық Атқару комитеті және оның Президиумы қалыптасты. Алғашында бұл органдардың құрамына большевиктермен қатар басқа социал-революционерлер, анархистер және тағы басқа солрадикалды партиялар кірді, бірақ 1918 жылдың ішінде большевиктер барлық билік құрылымынан одақтастарды ысырып шығарды және бір саяси партияның гегемониясын орнатты.
Болшевиктер билікке келгеннен кейін Құрылтай Жиналысына шақыру дайындығын жалғастырды, бірақ оны күтпей халыққа әйгілі құжаттар «Жер туралы» декрет, «Бейбітшілік туралы» декрет, «Жұмысшылар және қаналушы халық құқықтары декларациясын» қабылдады. Болшевиктер өз билігін Құрылтай Жиналысымен заңдастыруды жоспарлады, бірақ 1917 жылдың 25 қарашасында өткен тікелей, жалпы және тең сайлау билік етуші партияның жеңілуіне алып келді.Жалпы алғанда Реседе ол 25% дауысқа ие болды, нақты жеңісті социалистік партиялар оң эсерлер және меншевиктер иеленді. Қазақстанда Алаш партиясы сенімді жеңіске жетті.
Демократиялық сайланған және Ресейдің барлық халқы атынан өкілдік еткен Құрылтай Жиналысы большевиктер билігін заңдастырудан бас тартты, сондықтан соңғылары елдің даму мүмкіндіктерін аяқтап оны таратты. ІІІ Жалпыресейлік Кеңестер съезі (1918 жылдың 26-31 қаңтары) «Ресей халықтарының еркін одағы» негізінде жаңа мемлекеттің Ресей Кеңес Федеративті Республикасының құрылуы туралы жариялады. V Жалпыресейлік Кеңестер съезі 1918 жылдың 10 шілдесінде РКФР Конституциясын қабылдады, бұл билік органдарының жаңа жүйесін және мемлекеттік құқықтық жүйенің жаңа прициперін заңды бекітті. Кеңес мемлекеттілігінің генезисі әрі қарай азаматтық соғыс жағдайларында өтті.
Қазақстанда Кеңестер билігінің орнауы. Қазақстанда Қазан төңкересі қырағылықпен қарсыланды. Мұнда пролетарлық революцияның идеяларын кеңінен тарату үшін әлеуметтік негіз болған жоқ, саяси күштердің үлкен бөлігі Құрылтай Жиналысы арқылы мәселелерді заңды шешуге тырысты. Бірақ кейбір аудандарда, соның ішінде оңтүстік Қазақстанда және ірі қала орталықтарында 1917 жылдың күз қысында биліктің жергілікті Кеңестер құрамына көшкендігі жарияланды. 1917 жылдың қарашасында Ташкент қаласында ІІІ Түркістандық Кеңестердің аймақтық съезді кеңес билігінің орнағандығын жариялады. Пролетарлық революцияның әлеуметтік базасы жоқ аймақтағы жаңа режимнің мұндай сөзсіз қолдауы көбіне 1916 жылдағы оқиғаның қайталануы алдында қорқынышпен шартталды. Егер билік аймақта орыс тілді халықтардың сақталуына кепілдік берсе, онда басқарушы элита кез келген орталық билікті қолдауға дайын болды. Бұл Түркістандағы кеңес билігінің бірінші шешімдерінен айқын көрінді, онда мемлекеттік органдарды басқаруға бөтен халықтардың (қырғыз, өзбек, қазақ, түркімен) мүмкіндігі жоқ екендігі айтылды. Сөйтіп, Түркістандағы кеңес билігі патшалықтың колониялық саясатының жалғасы болды.
30 ж КСрода социалистік қатыгастар орнап болды. Социализмнің тоталитарлық корінісі ме млекеттік меншік нығайып шаруалар жерден шеттетілді. Республика толық егемендік алмады. Республикалардығң заң шығару бастамасы болмады. Елде сталиндік теория үстемдік етті. Жазалау шаралары: Ату, жер аул\дару, еньекпен түзеу лагерлерінде қамау, Ксродан тыс жерлерге куу. Жеке адам құқығы аяққа басылып, балама пікір айтұан адам халық жауы атанды. 1927-1929 ж Т Рысқұлов, Н Нұрмақов, с Қожанов, м мырзағалиев республикадан аластатылды. 1928ж Қызылордада Қызыл астаның салушылардың қаскүнемдігі ашылыд, талантты саулетші мени инженерлер Тынышбаев, Буддаси, Голдгор сотқа тартылды. 1930ж 4 сәуір Ж аймауытовты атуға үкім шығарфылды. Сол жылы М Дулатов та ату жазасына кесіліп, кейін он жыл қамауға ауыстырылып, 1935 Соловки лагерінде ққ.1937-38 террор жаппай сипат алды. Ұлт зиялылары халық жаулары атанып, сталиндік жазадан олтірілді. С Сейфуллин, майлин,Жансүгіров, Жумабаев, Дулатов жазаға ұшырап, олтирилди. Лагерлік жүйесі құрылды. КАрлаг Қарағанды енбекпен тузету лагери, ЧсИР, АЛЖИР. Ғалым Чижевский сауатсыздық жағдайындығы қан айналымы теориясы жөніндегі енбек авторы. Айтаков Түркімен КСР отралық атқару комитетенің торагасы. 1931 Осакаров ауданында 25 қоныс обсервация пайда болды. 101мың қазақстандық Гулагка жабылып, 27мыңы атылды, қазір 40мыны ақталды.1937 жылғы 26 наурызда Х бүкіл қазақтар құрылтай кеңесінде қабылданған Қазақ СССР Конституциясы 11 бөлім және 125 баптан құралды.1937 жылғы Конституцияда азаматтардың негізгі міндеттері мен құқықтары анықталған: еңбектенуге құқылы болу, демалысқа құқылы болу, кәрілікте, еңбекке жарамсыздық және ауруға шалдығу жағдайында материалдық қамсыздандыру, денсаулықты қорғау, сөз бостандығы, баспасөз, жиналыс, митинг, көше шерулері және демонстрациялардың кепілдіктері, адамның жеке басына, баспанасына қол сұғылмаушылық, азаматтардың жат жазуына, шетелдік азаматтардың бас сауғалау құқығы.
82. Т.Рысқұловтың саяси және экономикалық көзқарастары.
Тұрардың дүниетанымында отаршылдыққа қарсы сарын бірден көрінеді. Ол Түркістанның түркі тектес халықтарының бөлшектенбей біртұтас болып біріккенінде ғана отаршылдыққа қарсы шыға алатынын түсінді. Сондықтан ол 20-30 жылдары мемлекеттік саяси іске белсене араласып, белді ұйымдастырушысы болды.1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс пен одан кейінгі саяси оқиғалар Т.Рысқұловты демократиялық интеллигенцияның алдындағы шоғырынан өсіп шыққан революционер ретінде қалыптастырды. Т.Рысқұлов құрған одаққа 30 ға тарта қазақ, қырғыз, орыс т.б. жастар бірікті. Одақ оқушы өкілдерін интелегенттердің демократиялық бөлігін және прогрессивті ауыл мұғалімдерін біріктіріп, жергілікті болшевиктер мен әскери гарнизондармен байланыс жасай отырып, өзінің жұмысын негізінен қазақ еңбекшілерінің арасында жүргізді. 1918 жылы қарашада Т.Рысқұлов Түркістан АКСР Кеңестерінің VI сьезіне қатысып, Орталық Атқару Комитетінің құрамына сайланып, ТүркОКА-ның аппаратына қызметке ауысады. Қазақ-орыс қатынастарын реттеу, ұрлық, тонаушылықпен айналысқандарға тойтарыс беру, Әулиеата уезінің экономикалық жағдайын жандандыру сияқты мәселелерді шешуге тікелей араласады. Уездік Кеңестің сан түрлі қызметін ұйымдастыра отырып, Т.Рысқұлов бұрынғысынша негізгі күш-жігерін ашаршылықпен күресу ісіне бағыттайды. 1919 жылы наурызда Түркістан Республикасы Кеңесінің төтенше VIІ сьезінде Т.Рысқұлов Түркістан Орталық Атқару Комитеті төрағасының бірінші орынбасары болып сайланады1920 ж. 21 қаңтарда Түрккомиссияның қолдауымен Тұрар.Рысқұлов.Т.О.А. Комитетінің төрағасы болып сайланды. Осы кезде Тұрар Рысқұлов өзінің «Кеңестік Түрік Республикасын құру» турасындағы идеясын ұсынды. 1921 ж. 21 қаңтарда Тұрар Рысқұлов ОАК- тің төрағасы болып сайланды.
83.«Соғыс коммунизм» саясаты оның салдары.
«Әскери коммунизм» саясаты (19181921 жж.)Азамат соғысы жылдарындағы қалыптасқан қиындықтармен байланысты Кеңес өкіметі 1918 жылдың орта кезінде елдегі барлық материалдық ресурстармен, адам күштерін барынша жұмылдыру, қалаларды, өнеркәсіп жұмысшыларын, Қызыл Армияны азақ-түлікпен қамтамасыз ету, елде қатал еңбек тәртібін орнату мақсатында «әскери коммунизм» саясатын енгізді. Бұл төтенше саясат экономикалық күйзеліс, Кеңес мемлекетін шетел интервенттері мен ішкі жаулардан қорғаудың қажеттілігінен туған еді. «Әскери коммунизм» саясаты негізінде азақ-түлік мәселесін шешу үшін төтенше шара азық-түлік салығы енгізілді. Ол бойынша елдегі байлар мен кулактардың қолындағы тауарлы астықтың көп бөлігі ешқандай қайтарымсыз алынды, бұқара халықты азық-түлікпен бір орталықтан қамтамасыз ету көзделді, ауыл шаруашылық өнімдерін өз еркімен сатуға тиым салынды.«Әскери коммунизм» саясаты бойынша елде жаппай еңбек ету міндеттілігі талап етілді. Қазақстанда «әскери коммунизм» саясаты негізінде өнеркәсіпті кеңес органдарының қолына шоғырландыру, оны Қызыл Армияны қару-жарақ және жабдықтармен қамтамасыз етуге жұмылдыру шаралары жүргізілді. Бүкілресейлік Атқару Комитетінің 1918 жылғы мамырдағы жарлығымен әскерге өз еркімен бару ісі жалпыға бірдей міндетті әскери борышты орындаумен алмастырылды. 1918 жылдың жазында өлкеде Қызыл Армияның құрамында ұлттық әскери бөлімдер құрыла бастады.
84.Жаңа экономикалық саясат оның прогресшілдік маңызы. оның Қазақстандағы ерекшеліктері.Шетелдік интервенция мен азамат соғысынан кейінгі өлкедегі шаруашылық көріністері: 307 кәсіпорынның 250-і жұмыс істемеді. 1913 жылмен салыстырғанда мұнай өндіру 4 есе, көмір өндіру 5 есе қысқарып, мыс өндіру мүлде тоқтады. Риддер кеніштері, Екібастұз көмір шахталары, Спасск байыту фабрикасы толық істен шықты. Өнеркәсіп өнімі 6,3% болды. Егіс көлемі Оралда 2 есе, Жетісуда 3 есе қысқарды. Мал саны 29,9 млн.-нан - 16,3 млн.-ға кеміді. 1921 жылы кеңес үкіметі еңбекшілер жағдайын жеңілдетуді ойластырды: Азық-түлікті, отынды тегін босату; Коммуналдық қызметтерді тегін көрсету; Ақысыз асханалар ашу туралы декреттер қабылдау. Күйзелген шаруалар наразылық білдіре бастады: Қостанай, Ақмола, Орал, Семейде көтеріліс ошақтары пайда болды. 1921 ж ақпан - 25 мың адамдық отряд Петропавлда Кеңес өкіметі органдарының үйін қиратты. 1921 ж наурыз - Оралда 10 мың бүлікші көтерілді. Қарқаралы уезінде 70-тен астам партия және кеңес қызметкерлері көтерілісшілер қолынан қаза тапты. XX ғ. 20ж. басында ауылдар мен селоларда халық наразылығының ұлғаюының себептері: Мемлекеттің еңбекші халыққа күш қолдану саясаты. 1921 1922жж. жаппай ашаршылық. Мал шаруашылығының ауыр жағдайы. Егін алқаптарының күрт азаюы. Осы жағдайлардан ұсақ тауарлы өндіріспен айналысатын шаруалардың мүдделерін ескеретін жаңа экономикалық саясат қажеттігі айқындала түсті. 1921 ж наурыз жаңа экономикалық саясатқа көшу туралы шешім қабылданды (партияның X съезі). ЖЭС-тің белгілері: Азық-түлік салығы. Сауда еркіндігі. Жерді және ұсақ кәсіпорындарды жалға беру. Ауыл шаруашылық және несие, тұтыну кооперациясын дамыту. Кәсіпорындарды шаруашылық есепке көшіру. Енбек міндеткерлігін жойып, жалдамалы еңбекті қолдану. ЖЭС-тің мәні салғыртты салықпен ауыстыру. 1921 ж наурыз-сәуір өлкеде салғырт салықпен ауыстырылды. Салықтың мөлшері салғыртқа қарағанда аз болды. 1921 ж маусым Орынбордағы өткізілген облыстық 1-құрылтай партия конференциясында Қазақстанда ЖЭС-ке көшу туралы айтылды. Жаңа экономикалық саясатпен бірге тоталитарлық, авторитарлық басшылыққа көшу басталды. Жаңа экономикалық саясат жылдарындағы өзгерістер. Азық-түлік салығы енгізілгеннен бастап шаруалар өмірінде оңды жағдай қалыптасты: Шаруалар басы артық өнімдерін қалаларға апарып сатып, тұрмыс жағдайын түзеуге мүмкіндік алды және одан кем ірі қарасы бар қожалыктар салықтан босатылды. Бірыңғай заттай салық белгіленді. Салық мөлшері азайтылып, 1924-1925жж өнімнің 1/8 бөлігі алынса, 1927-1928 жж өнімнің 1/13 бөлігі алынды. 1924 ж 1 қаңтар ақшалай салық енгізілді. Үдемелі салықтың ауыртпалығы кулактар мен байларға түсті. Салықтан жиналган каражаттар мына салаларға бөлінді: Қорғаныс ісіне. Халық ағарту ісіне. Ауыл шаруашылығына. Ірі өнеркәсіпке. Ауылшаруашылық несиесі қоғамы көшпелі халыққа жеңілдікті шарттармен 3-5 жылға несие берді. Мемлекет шаруаларға ауылшаруашылық машиналары мен жабдықтар сатып алуға несие берді. 1924-1925 жж республикаға әкелінген 415 тракторды кооперативтер мен коммуналар сатып алды. Ауылшаруашылығындағы басты өзгерістер: Егіс көлемі 1924 ж 2,1 млн.га, 1928 ж - 4 млн.га-ға өсті. Мал шаруашылығы 1924 ж 24,8 млн., 1928 ж - 41 млн.-ға көбейді. Шаруа қожалыктары 1924 ж 737мың, 1928 ж - 1 млн.333 мыңға жетті. Астық өндіру 1924-1925 жж 64618650 пұт, 1928-1929 жж 240 млн. пұтқа артты. 103 коммуна, 650 ауылшаруашылық артелі, мақта өсіретін «Мақтарал» совхозы (Оңтүстік Қазакстан) құрылды. Шаруалардың жіктелу процесі күшейді: Батырақ кедей қожалықтары 2 есеге азайды. 1928 жылы шаруалардың 3/4бөлігі орташаларға айналды. Кулак-бай кожалықтар 6,6%-дан 14,8%-ға көбейді. ЖЭС жылдары өнеркәсіпте де өзгерістер болып жатты. Халық шаруашылығының Қазақ Орталық Кеңесі 8 тресті біріктірді. Одактық маңызы бар трестер құрылды: «Эмбанефть», «Алтайказполиметалл», «Атбасцветмет». Жалпыодактық трестер республика бюджетіне табыстарының бір бөлігін аударып отырды: «Эмбанефть» мұнайынан алынған табыстың 5%-ын Қазак АКСР-інің өлкелік бюджетіне аударды. Осылайша одақтық трестердің монополиялық өктемдігі қалыптасты. Экономикалық саясат өктемдікпен жүргізілді. Трестерді қаптату аймақтарда өндіргіш күштерді ұтымды орналастыруға теріс әсер етті. Қазақстан экономикасының ұзақ жылдарға созылған шикізаттық сипаты анықталды. Ресейдің орталық аудандарынан республикаға бірқатар өнеркәсіп орындары көшірілді: Орынбор тоқыма фабрикасы, Қостанай шұға фабрикасы т.б. Өлкедегі кен өнерАқмола губерниясында Атбасар. Ақтөбе уезінде Ойыл, Темір. Бөкей ордасында Орда. Жаңа экономикалық саясаттың нәтижелері: Күйзелген ауылшаруашылығын тез арада қалпына келтіруге мүмкіндік берді. Өнеркәсіп қалпына келтірілді. Өркениетті кооператорлар құрылысы ел шаруашылығының барлық саласын көтерді. Шаруа шаруашылығын еркін дамытуға кепілдік берді. ЖЭС шаруашылықты өркендетуге мүмкіндік берген «керемет ғажайып» саясат болды (1921-1929жж)
85.Қазақстандағы «Кіші қазан» саясаты.Тоталитарлықжүйеніңорнауы.
1925 жыл Қазақстан халқы үшін саяси жаңалықтармен басталды. Қазақстан құрамына Сырдария және Жетісу облыстарының енуі, Орынбор қаласы мен губерниясының бөлініп шығуына байланысты республиканың әкімшілік құрылымына өзгерістер енгізілді. Ендігі уақытта Қазақ АКСР-і Адай уезі, Ақтөбе, Ақмола, Орал, Семей, Қостанай, Жетісу және Сырдария губернияларынан, Қарақалпақ автономиялық облысынан тұратын болды. Қазақ АКСР Орталық атқару комитетінің 1925 жылғы 9 ақпандағы шешімімен астана ОрынборданАқмешітке көшірілді. Жаңа астанада 1519 сәуір күндері өткен Қазақстан Кеңестерінің V съезі қазақ халқының тарихи есімінің патшалык билік тұсында бұрмаланып қырғыз» аталғанын ескеріп, халыққа өз атын қайтарды. Соған байланысты Қырғыз АКСР-і ендігі уақытта Қазақ Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасыаталатын болды. Республиканың жаңа астанасы Ақмешіт каласының аты (бұрынғы Перовск) Қызылорда болып өзгертілді.Қазақ қоғамына алаш зиялыларының ықпалының артуынан қауіптенген орталық билік республикадағы саяситәртіпті қатаң бақылауға алу жолына түсті. 1925 жылдың 29 мамырында И.В.Сталин партияның Қазақ Өлкелік Комитетінің бюро мүшелеріне «Ақ жол» газетінің саяси ұстанымына байланысты хатын жолдады. Онда И.Сталин өзінің «Ақ жол» газеті материалдарымен танысып, жарияланған материалдардың мазмұн жағынан шетелдерде жарық көріп жатқан Мұстафа Шоқай мақалаларымен сабақтас, жақын екенін айта келіп, мұндай сынға кеңестік басылымдарда орын берілуге тиіс емес деген тұжырымын білдіреді.И.Сталин хатындағы екінші мәселе алаштық зиялылар жөнінде болды. Кеңестік басшы партияда жоқ ұлт зиялыларын саяси және идеологиялық қызметтерден біржола аластатуды ұсынды.И.Сталин хатынан соң Қазақстандағы саяси билікке ұлттык кадрларды тек таптық тегіне қарап тарту кең етек алды. Сонымен бірге бұқара арасынан іріктелген қызметкерлердің өзін ұлттық сезімі мен ұстанымына байланысты жіктеу орын ала бастады.1925 жылы жазда республика басшылығына Орталық Филипп Исаевич Голощекинді жіберді. Жергілікті жағдаймен танысып алған соң Ф.Голощекин И.Сталинге арнайы хат жолдап, онда ендігі уақытта басымдылық жалпыұлттық міндеттерге емес, қазақ ауылын кеңестендіруге, республика өмірінде коммунистердің үлес салмағын күрт арттыруға, басқару аппараттарын жергіліктендіруге, яғни қазақ бұқарасына қазақша қызмет жасауға, сондай-ақ «үлкен саясатқа» емес, калың қазақ бұқарасаның күнделікті мұқтаждықтарын қанағаттандыруға берілмек екендігін тәптіштеп айтты. Ф.Голощекин ұсынған «Кіші Қазан» концепциясы осындай тұжырымдардан тұрды және ол И.Сталиннің толық қолдауын алды.Қазақстандағы кеңестік мемлекеттік автономия қызметіне ұлттық сипат, мазмұн беруге күш салған саяси топ (С.Қожанов, С.Сәдуақасов, Ж.Мыңбаев, Н.Нұрмақов, т.б.) Голощекин ұсынған «Кіші Қазан» бағдарламасын қазақ ауылында «азамат соғысын» тудыру әрекеті есебінде қабылдады. Қазаққайраткерлері арасындағы келесі бір топ (О.Исаев, І.Құрамысов, Ғ.Тоғжанов, т.б.) ендігі уақытта басымдылықтың жалпыұлттық емес, таптық саяси мәселелерге берілгенін жөн санады. Республика өміріндегі саяси тартыс, негізінен, осы екі топтың арасында жүрді.Ф.Голощекин бастаған саяси басшылық қазақ ауылын кеңестендіру жолында тұрған негізгі кедергі байлар табы деп түсінді. Сондықтан да 1926 жылы 20 мамырда «Жерге орналаспай жер пайдаланатын көшпелі және жартылай көшпелі аудандардың шабындық және егістік жерлерін уақытша қайта бөлу туралы» заң қабылдап, байларды мал жайылымынан айыру шарасын осы жылдың маусым және шілде айларында бастап кетті.Шабындық және егістік жерлерді кайта бөлуде бірқатар қиындықтар кезікті: жерді өлшеу даярлықсыз жүргізілді, болыстық атқару комитеттері мен ауылдық кеңестерде бұл шараның мақсаты мен мәнін толық түсініп, оны ақырына дейін жеткізуге мүдделі қызметкерлер аса көп байқалмады.«Кіші Қазан» бағдарламасы аясында шабындық және егістік жерлерді қайта бөлу арқылы қазақ ауылында тапаралық «майдан» ашудан үміттенген кеңестік басшылык бұл үміті ақталмаған соң, жаңа ауқымды да қауырт шараларды іске асыруды қолға алды.
Қазақ зиялыларына қарсы бағытталған айыптаулардың ішінде большевиктердің Алаш зиялыларына қарсы бағытталған күресі ең қатал және ымырасыз болды. Егерде 1920 ж орта кезіне дейін большевиктер Алаш зиял. қарсы күресте әртүрлі айыптаулармен ғана шектелсе, одан кейінгі кезеңде ол өте-мөте қатал жаппай саяси қуғынға ұласты. Алаш зиял.қарсы күрестің жандануына 1925 ж. 29 мамырда Сталиннің Қазақ өлкелік партия комитетінің бюросына өлкелік “Ақ жол” газетінің ұстанған бағытын айыптап арн.жазған хаты себеп болды. Ол хатта газет бетіндегі жарияланған мақалалардың бұл кезде шет елде эммиграцияда жүрген М.Шоқайдың ойымен “үндес және пікірлес екенін, яғни алашордашыл, ұлшыл идеяларды жаңғыртатыны” атап көрсетілді. Сондай-ақ алдағы уақытта осындай көзқарастағы партияда жоқ зиялы қауым өкілдерін жастарды тәрбиелеуге жібермеу ескертілді. Көп кешікпей-ақ, 1926 ж. болған партия конференциясында Ф.Голощекин басында А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Дулатов сияқты қазақ зиялылары тұрған ұлттық қозғалысты “реакцияшыл, тіптен контрреволюцияшыл” деп бағалады. Кеңес өкіметінің өлкедегі әртүрлі айыптау науқаны жаппай саяси қуғын-сүргінге ұласты. Қуғын-сүргінді ұйым-ру кезеңі 1920 ж. аяғы мен 1930 ж.ортасы болды. Большевиктердің Алаш зия. қарсы саяси қуғынды бастауының негізгі себебіне тоқталсақ, ол мынандай жағдайға байл.болды. Большевиктер ірі байларды тәркілеуге байл.бас көтерулерді ұйым-лар деп қазақ интеллигенциясын айыптап, оларға қарсы шабуылды бастады.
90. 1920-1930 жылдардағы Қазақстандағы қоғамдық- саяси жағдай.
30 ж КСрода социалистік қатыгастар орнап болды. Социализмнің тоталитарлық корінісі ме млекеттік меншік нығайып шаруалар жерден шеттетілді. Республика толық егемендік алмады. Республикалардығң заң шығару бастамасы болмады. Елде сталиндік теория үстемдік етті. Жазалау шаралары: Ату, жер аул\дару, еньекпен түзеу лагерлерінде қамау, Ксродан тыс жерлерге куу. Жеке адам құқығы аяққа басылып, балама пікір айтұан адам халық жауы атанды. 1927-1929 ж Т Рысқұлов, Н Нұрмақов, с Қожанов, м мырзағалиев республикадан аластатылды. 1928ж Қызылордада Қызыл астаның салушылардың қаскүнемдігі ашылыд, талантты саулетші мени инженерлер Тынышбаев, Буддаси, Голдгор сотқа тартылды. 1930ж 4 сәуір Ж аймауытовты атуға үкім шығарфылды. Сол жылы М Дулатов та ату жазасына кесіліп, кейін он жыл қамауға ауыстырылып, 1935 Соловки лагерінде ққ.1937-38 террор жаппай сипат алды. Ұлт зиялылары халық жаулары атанып, сталиндік жазадан олтірілді. С Сейфуллин, майлин,Жансүгіров, Жумабаев, Дулатов жазаға ұшырап, олтирилди. Лагерлік жүйесі құрылды. КАрлаг Қарағанды енбекпен тузету лагери, ЧсИР, АЛЖИР. Ғалым Чижевский сауатсыздық жағдайындығы қан айналымы теориясы жөніндегі енбек авторы. Айтаков Түркімен КСР отралық атқару комитетенің торагасы. 1931 Осакаров ауданында 25 қоныс обсервация пайда болды. 101мың қазақстандық Гулагка жабылып, 27мыңы атылды, қазір 40мыны ақталды.
91. ХХғ. 20-30 шы жылдарындығы Қазақстан мәдениетінің қалыптасуы мен дамуы.
Шаруашылықты дамытып, жақсы өмір сүру үшін ең алдымен халықтар арасында сауатсыздықты жою және ағарту ісін дамыту міндеті тұрды.1924 жылы Қазақстанда «Сауатсыздық жойылсын» қоғамы ұйымдастырылды. 19211927 жылдар аралығында Қазақстанда 200 мыңға жуық адам әр түрлі жерде оқыды. 1928 жылы Қазақстанда барлық халықтың 28%-ы сауатты болды. Ал қазақтар арасындағы бұл көрсеткіш 10% болды. 1931 жылы Қазақстанда 1520 жас аралығындағы барлық адамдардың сауатын ашу, яғни оларға міндетті білім беру жүйесі енгізілді. Сауатсыздықты жою мақсатында республикада ағарту ісіне жұмсалатын қаржының мөлшері көбейді.
Сауатсыздық жою ісі жөнінде Қазақстан одақ құрамындағы басқа мемлекеттерден артта қалды. Мұның себебі әміршіл-әкімшіл жүйенің бюрократтық саясаты. Сауатсыздықты жою ісінде ең алдымен комсомол ұйымы белсенділік танытты. Тек қана 1930 жылы бұл іске комсомол құрамындағы 5000-ға жуық жастар қатысты.
1936 жылы жер-жерден ашылған сауатсыздықты жою мекемелерінде 500000-нан астам адам оқыды.
Республикада ересектер арасында сауатсыздықты жою ісіне сол кездегі «Ауыл мұғалімі» журналы мен «Төте жол» газеті әдістемелік құрал ретіндегі көмегін тигізді.
1939 жылы Қазақстандағы сауатты адамдардың үлесі 65% болды, қазақ халқының арасында бұл көрсеткіш 40%-ға жетті. Республикадағы ірі қалалар, негізінен, сауатты қалаларға айналды (Алматы, Шымкент, Қарағанды, Лениногорск, Тараз, Орал т. б.) XX ғасырдың 2030 жылдарында қазақ әдебиетінде Ж. Аймауытов, А. Байтұрсынов, С. Сейфуллин, Б. Майлин, І. Жансүгіров, С. Мұқанов, Ғ. Мүсірепов, М. Дулатов, М. Жұмабаев бастаған ақындар мен жазушылардың орны ерекше болды.
С. Сейфуллин «Қазақ жастарының марсельезасы», «Көкшетау», «Советстан» шығармаларының авторы. 1927 жылы Қазан революциясы, азамат соғысы жайында «Тар жол, тайғақ кешу» атты тарихи романын жазды.
М. Жұмабаев «Батыр Баян», «Жүсіп хан», «Қойлыбайдың қобызы», «Ертегі» т. б. дастандарын жазды.
С. Мұқанов «Сұлушаш» поэмасын, «Ботагөз» романын жазды. XX ғасырдың 2030 жылдарында Алматы, Орал, Петропавл, Семей, Ақмола, Қостанай қалаларында түрлі деңгейдегі мәдениет мекемелері жұмыс істеді.
А. В. Затаевич «Қазақ халқының 1000 әні» (1925 жылы), «Қазақ халқының 500 ән мен күйі» (1931 жылы) деген еңбектерін жазып, қазақ музыкасын зерттеу ісіне үлкен үлес қосты. А. В. Затаевичке 1932 жылы Қазақ АКСР-ның халық артисі атағы берілді.
1922 жылы Қарқаралыда халық жыршылар бәйгесі өтті.
1924 жылы Москвада өткен халықтар музыкасының концертіне Петропавл педучилищесінің қазақ хоры қатысты. Хорды И. В. Коцых басқарды.
Қазақ әншісі Әміре Қашаубаев 1925 жылы Германияның Майндағы Франкфурт қаласындағы, 1927 жылы Францияның астанасы Париждегі концерттерге қатысып, Батысқа қазақ әнінің құдіретін танытты.
1926 жылы Қазақстанда алғашқы ұлттық қазақ театры сол кездегі астана Қызылорда қаласында ашылды. Театрдың алғашқы директоры актер, режиссер Жұман Шанин болды. Театр ұйымдастыру ісіне Ә. Қашаубаев, И. Байзақов, Қ. Қуанышбаев, С. Қожамқұлов, Қ. Жандарбеков, Е. Өмірзақов, Қ. Бадыров көп еңбек сіңірді. М. Әуезовтің «Еңлік-Кебек» пьесасы театрда алғаш қойылған пьеса. Бұдан басқа театрда Ж. Шаниннің «Арқалық батыр», Б. Майлиннің «Шаншар молда», С. Сейфулиннің «Қызыл сұңқарлар», М. Әуезов пен Л. Соболевтың «Абай», Ғ. Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» пьесалары, Д. А. Фурмановтың «Бүкіл», Шекспирдің «Отелло», Н. В. Гогольдің «Ревизор», «Үйлену» қойылымдары сахнаға шығарылды.
92. Қазақстан ГУЛАГ жүйесінде. (Лагерлердің Бас Басқармасы)
1930 жылғы 25 сәуірде лагерьлерді басқаратын ОГПУ құрылып, бір жылдан кейін ГУЛАГ ОГПУ атала бастады. қазақстанда 1930 жылдардың басында лагерьлер жүйесі калыптасты. 1930 жылы мамыр айында КСРО ХКК «Қазақстанда еңбекпен түзету лагерін құру туралы» қаулы қабылдады. 1931 жылы 19 желтоқсанда «Гигант» кеңшары ОГПУ-дің Қарағанды жеке еңбекпен түзету лагері болып қайта құрылып, қысқаша «Қарлаг ОГПУ» аталды. Қарлагта 1 млн-дай тұтқын тіркелген. Тұтқындар құрамы үнемі өзгеріп отырды. Жаңадан леклегімен адамдар әкелініп, кезең-кезеңмен өзге лагерьлерге жәнелтіліп жатты. ГУЛАГ жобасы бойынша Қарлаг 32 мың тұтқынға арналған, ал, шын мәнінде, мұнда 75 мыңға жуық адам отырды. Тұтқындар санын арттыру Қарлагқа жүктелген халық шаруашылығы міндеттерімен-Қарағанды көмір алабын игеру, Жезқазған және Балқаш металлургия комбинаттарын салу құрылысымен тығыз байланыста болды. Сонымен бірге тұтқындардың көпшілігі ауыл шаруашылығы жұмыстарына да тартылды. Қарлаг жүйесінде мал шаруашылығы фермаларымен қатар, жеміскөкөніс өсіру, жер жырту, кірпіш зауыттары, әк өндіру карьерлері, тас көмір шахталары болды. Тұтқындар Балқаш мыс қорыту зауытының құрылысында, халықаралық атом электр станциясында, темір жол желілерінде еңбек етті. Кеңестік биліктің қуғын-сургін саясаты 1937-1938 жылдары өзінің шарықтау шегіне жетті. Толық анықталмаған кәрсетулер бойынша қазақстанда 103 мың адам сотталып, олардың 25 мыңнан астамы өлім жазасына кесіліп, атылды. Сөйтіп, өз азаматтарың жою ісінде кеңестік билік фашистік жүйелерден асып түспесе, кем түскен жоқ. 30-жылдары «отанына опасыздық жасады» деген желеумен сотталған кісілердің жарларын қамауда ұстайтын лагерьлер ашылды. Солардың бірі «Отанына опасыздық жасағандардың жарларының Акмола лагерінде» (АЛЖИР) С. Сейфуллин, Б. Майлин, Ж. Шанин, С. Асфендияров, М. Тәтімов, Т. Жүргенов, Н. Нұрмақов, С. Сармолдаев, С. Есқараев және басқа белгілі қайраткерлердің жарлары қамауда ұсталды. 1938 жылы 6 қаңтарда, мәселен, мұнда 1-3 жас аралығында балалары бар 50 әйелден тұратын алғашқы этап келіп түседі. Олар ерлері саяси айыпкер ретінде сотталған, өздері жас сәбилерімен тұтқынға алынған аналар болатын. Балқаш түбіндегі әскерилерге арналған лагерьдегі жерлеу орындары Соғыстан кейінгі кезеңде тұтқындардың жаңа категориясы пайда болды: бұрынғы әскери тұтқындар, басқыншыларға көмек-тескендер, жер аударылған халықтар, тұтқын немістер мен қылмыскерлер үшін КСРО ішкі істер комиссариатының ерекше лагерьлері құрылды. Мұндай лагерьлер қатарыңа қазақстандағы далалық лагерь жатқызылды. Далалық лагерь тұтқындары «Қазмысқұрылыс» тресі мен Жезқазған руда басқармасында жұмыс істеді. Ресми құжаттарда «Қарлаг», «Степлаг», «АЛЖИР» деген атпен белгілі болған лагерьлер осы.Гулаг жүйесінің бір бөлімшесі болып табылады. Ал Гулагтың құрамына әр түрлі салалық өнерқәсіп басқармалары енді. Осылайша НКВД жазалау-куштеу органы бола отырып, шаруашылық-экономикалық мекемелердің жұмысын атқаратын орынға айналды. Қазақстанда 1939 жылы 21 еңбекпен түзету лагерьлері мен колониялары орналасты.Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Гулаг жүйесі одан әрі кеңейе түсті. Оның құрамында 56 еңбекпен түзету лагерьлері, 910 лагерь бөлімшелері, 424 еңбекпен түзету колониялары орналасты.1953 жылы 1 қаңтарда қазақстанда 1 млн-ға жуық арнайы қоныс аударылғандардың 13 мыңга жуығы лагерьлерде, колонияларда және түрмелерде тұтқында отырды. Арнайы қоныстанушылардың ішінде 450 мыңы неміс, 245 мыңы шешен, 80 мыңы ингуш, 37 мыңы грек, 35 мыңы поляк, 33 мыңы Грузиядан, 6,5 мыңы Қырымнан жер аударылған аз ұлт өкілдері еді.
93. 1930-1940 жылдардағы Қазақстанға халықтардың күштеп қоныс аударылуы. (Депортация).
Депортация-күштеп көшіру белгілі бір адамдар тобын немесе халықтарды жаза ретінде туған жерінен басқа өлкеге жер аудару саясаты соғысқа дейін-ақ қолданылды. Депортацияға ұшыраған халықтар тарихына тереңірек үңілсек, Қ-ға басқа халықтарды жаппай қоныстандыру 1937 ж басталғанын көреміз.
. Алғашқы жер аударылуға ұшыраған Украинаның шекаралық аймағын мекендеген поляктар болды. 1936 жылдың 28 сәуіріндегі оларды қ-ға жер аудару туралы ХКК қаулысы қабылданды.
1937 жылы қиыр Шығыстан Қ-ға 95903 корей жер аударылды. Сонымен, 30-40 ж-да халыққа, оның ішінде жеке ұлттарға қарсы бағытталған қуғын-сүргін, осы кезеңді (40 ж-ғы) жүргізілген саясаттың құрамдас бөлігі болды. Мұндай заңсыздықтар, автономиялық құрылымдарды жою, көп жағдайда Сталиннің субъективтік шешімімен жүзеге асырылып отырды.
94.Ұлы Отан соғысы майдандарындағы қазақстандықтардың жауынгерлік ерліктері (1941-1945 жж.) 1940ж 18 желтоқсан фашистік Германия басшылығы барбаросса соғыс жоспарын жасады. Үлкен Түркістан отарына енетін аймақтар Қазақстан орта азия , татарстан, башқұртстан, әзірбайжан, солт кавказ, қырым, шыңжан, ауғанстанның солт. Еңбекшілер отан қорғаушылар қатарына өз еркімен жазыла бастады. Алматы мединституты студенті Мәметова ағам да апам да жоқ сондықтан менің өзімді майданға жіберуді өтінемін деп сұрады. Республикада екі млн нан астам адам әскери дайындықтан өтті. Соғыстың алғашқы кезеңінде 14атқыштар және атты әскер дивизиясы, 6 бригада құрылды. Қазақстандық 36 жеке атқыштар бригадасы отыздан астам ұлттан құралды. Алматы, Жамбыл, Оңт Қаз. Нан шақырылған жігіттер 316 атқыштар дивизиясына жасақталды. Армия қатарына 1.196164 қазақстандық қосылып, әрбір бесінші адам майданға аттанды. Еңбек армиясы құрылып ҚазКСРне 700мын астам адам шақырыдлы. 27 әскери оқу орны 16 мың офицер дайындап шығарды. 1941 45 ж, әскери оқу орындарынан 42 мыңнан астам қазақстандық жіберілді. Шымкент авиация училище түлегі Кожедуб үш мәрте кеңес одағының батыры атанды. 220 зауыт фабрика қазақстанға көшірілді. Көшірілген кәсіп орындардың жиырмасы қару жарақ пен оқ дәрі шығаратын болып қайта құрылды. Қазақстан КСРОның негізгі өнеркәсіп базасына айналды. 1942 одақта өндірілген қорғасынның 85% , көмірдің 1/8 бөлігі, молибденнің 60% берді. 1943 ж. Шымкент қорғасын зауытының ұжымы Ленинградты қорғаушылар құрметіне еңбек өнімділігін арттыруға міндеттеме алды. Ш. Берсиев тарының гектарына 201 ц алып, 1943 ж дүниежүзілік рекорд жасады. Дацкова тарының гектарынан 52ц жинаушы. 1942 қыркүйек комсомол деген жазуы бар 45 жауынгерлік машина Сталинград майданына жіберілді. 1943 желтоқсан Алматы жастары ұшқыш Луганскийге жаңа истребитель табыс етті. Алғаш рет 1942 ж 22 шілде кеңес одағы батыры атағын алған қазақстандық Семенченко болды. Мәскеу шайқасында 316 атқыштар дивизиясы шайқасты. Олар қызыл ту орденімен марапатталды. 1941 18 қараша дивизия командирі генерал Панфилов ерлікпен қаза тапты. Ленинград түбінде 310, 314 дивизиялары шайқасты. Оған қатысқан С.Баймағамбетов жау дзотын кеудесімен жауып батыр атанды. 1941 қыркүйек Жамбылдың Ленинградтық өренім жыры достықтың шынайы әнұранына айналды. 1943 қаңтар 900 күнге созылған Ленинград қоршауы бұзылды. 1942 жылы 17 шілдеде Сталинград түбінде кескілескен ұрыс басталды. Оның жалыны Батыс Қаз. Күзде жетті.1942 1қыркүйек Атырау қорғаныс комитеті құрылды. 1942 20 қазан Қазақ радиосы Сталинградты қорғаушылар үшін С.Мұқанов Стаханов арнаулы радиохабарын ұйымдастырды. 1942 ж Нүркен Әбдіров понамаренкода әуе шайқасында шағын жау танкілері шоғырына құлатып, ерлікпен қаза тапты. Жамбылдың ұлы Алғадай Сенильниково қаласында қаза тапты. Толыбай Мырзаев Павлов үйін қорғауда, Қасым Аманжолов та осы шайқаста қайтыс баолды. Ж. Елеусізов ең жас батыр . Қазақстандық партизандардың жалпы саны 3,5 мың. Р.Қошқарбаев рейхстагқа ту тікті. ҰОС ерліктер үшін барлығы 11600, қазақстандықтар 497, қазақтар 97. Екі мәрте кеңес одағының батыр атағын алған Бегильдинов, Леонид Игнатьевич, Павлов, Луганский. Солдат ерлігі ордені иегері 142 қазақстандық. Кеңес одағы орденімен марапатталған 96638 қазақстандықтар.
95.Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстанның жалпы кеңестік экономикаға қосқан үлесі.Қазақстан-майдан арсеналы. (1944 1945 жж.).
Соғыстың алғашқы күндерінен бастап қазақстандықтар барлық майданда шайқасты. Олар Отан үшін фашистерге қарсы бағытталған ұрысқа аянбай кірісті. Қазақстанда ұйымдастырылған көптеген әскери бөлімдер майданға жіберілді. Даңқты Брест қамалын қорғаушылардың қатарында мыңдаған қазақстандықтар болды. Олардың арасында Ғ. Жұматов, В. Фурсов, К. Тұрдиев, Ш. Шолтырев, К. Иманқұлов, Е. А. Качань т. б. жаумен жан аямай шайқасып, ерліктің үлгісін көрсетті. 1941 жылы 24 маусымда 219 атқыштар полкі Литваның Шяуляй қаласында алғаш рет ұрысқа кірісті. Қазақстандықтар жау әскерлерімен Перемышев, Мурманск, Одесса, Севостополь, Сталинград түбіндегі, Украина, Белоруссия жеріндегі жанқиярлық қарсылығына қарамастан немістер соғыстың бастапқы кезінде үлкен басымдылыққа ие болды. Оның бірнеше себебі бар еді. Біріншіден, басынан бақайшағына дейін қаруланған, Европаның көптеген елдерін бағындырған жау әскерінің соғыс жүргізу тәжірибесі мол болды. Екіншіден, тұтқиылдан жасалған шабуылға Кеңес әскерлері әзір емес еді. Үшіншіден, Кеңес әскерін қайта құру, қаруландыру тиісті дәрежеде болмады. Төртіншіден, 1939 1940 жылдардағы Қызыл Армияны тазалау кезінде әскердің көптеген қолбасшылары, жоғары, орта буындағы офицерлері ұсталып атылып кетті. Осының бәрі Қызыл Армия бөлімдерінің соғыстың бастапқы кезінде үлкен сәтсіздікке ұшырап, мыңдаған жауынгерлерден айырылуына соқтырды. Текелі қорғасын мырыш комбинатының алғашқы кезегі. Белоусов байыту фабрикасы. Ақмола ауылшаруашылық машина заводы. Алматы вагон жасау заводы, Атырау мұнай өңдеу заводы. 1941 1945 жылдары барлығы 460 завод, фабрика, шахта салынды. Өнеркәсіп өндірісі соғыс жылдарында 37 % - ке өсті. Мақат Қосшағыл темір жолы, Петровский машина жасау заводының екінші кезегі, Пешной аралы Шарин құбыр жолы, Атырауда теңіз порты мен мұнай өңдеу заводы, «Комсомол» кәсіпшілігі т. б. 1944-1945 жылдары майдан арсеналдарының бірі Қазақстан полиметалл рудаларын, түсті және сирекРеспубликаның тамақ және жеңіл өнеркәсібі майдандыТамақ өнеркәсібінің 36 объектісі, оның ішіндеТамақ өнеркәсібі кәсіпорындары майданға және елдіңТігін және аяқкиім фабрикалары мен кәсіпшілікСонымен бірге Алматы кәсіпорындары армиясын, Югославия халық-азаттық армиясы
96.Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстаннның қоғамдық-саяси және экономикалық жағдайы (1946-1953 жж.)
Бейбіт құрылысқа өтудің Қазақстандағы қиыншылықтары (1946-1950 жж.). Соғыс аяқталғаннан кейін елдің жағдайы өте ауыр болды. Түрлі қиындықтарға қарамастан тезірек халық шаруашылығын қалғына келтіру керек еді. Қазақстан тұрғындары Ленинград, Сталинград, Брянск, Донбасс, Украина және т.б. бүліншілікке ұшырапан аймақтарды қалғына келтіруге көмектесті.1946 жылы 18 наурызда қабылданған 4-ші бесжылдыққа арналған жоспар бойынша соғыстан бүлінген аудандарды қалпына келтіру, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының соғыстан бұрынғы дәрежесіне жетіп, одан асып түсу белгіленді. Онда Қазақстан экономикасын көтеруге мән берілді. Қазақстанның өзі де экономиканы бейбіт құрылысқа қайта құруға кірісті. Өнеркәсіпті дамытуға баса көңіл бөлінді. Алты жаңа көмір шахтасы, Қаратон және Мұнайлы кәсіпшіліктері қатарға қосылды, Қазақ металлургия зауытының құрылысы аяқталды, Ақтөбе қайта балқыту зауытының қуаты арттырылды.Жеңіл және тамақ өнеркәсіптері онан әрі дамыды. 65 жеңіл өнеркәсіп өз өнімдерін берді.Ауыл шаруашылығында колхоздарды ірілендіру жүрді, нәтижесінде 1945 -1952 жылдары колхоздар саны 3 есе қысқарығ, 2047-ге жетті.Республикада 4-ші бесжылдықта егіс көлемі бір млн. Га-дан аса ұлғайды. Ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымы артты. 1950 ж. Астықтың жалпы түсімі 47654 центнерге жетіп, соғыстан бұрынғы дәрежесінен 89 процент асып түсті. ірі қара малдың, қой мен жылқының жаңа түрлері өсіп жетілді. Қазақтың ақ бас қойы, алатау сиыры, қазақтың биязы жүнді қойы, арқар-меринос қойы, Қостанай жылқысы будандастырылып, жаңа тұқым алынды. Соған қарамастан мал шаруашылғы ауыр жағдайда еді. 1951 ж. Бар болғаны 4,5 млн. ірі қара (1928 ж. 6,5 млн болған), 1,5 млн. Жылқы (3,5млн), 127 мың түйе (1млн) болды. 1928 жылы 18566 мың қой болса, 1951 жылы қой мен ешкі саны 18036 мың басқа жетті.1946 жылы қуаңшылық болып, астық шықпай, халық азық-түлік тапшылығының зардабын шекті.Алайда бұл жетістіктердің бәрі әміршіл-әкімшіл жүйенің басқаруымен жүзеге асты. Қазақстан бұрынғысынша Одақтың тірек базаларының бірі болып қалды. Қазақстандықтардың өздерінің тұрмыс жағдайларының, халықтың әл-ауқатының төмендігіне, нашарлығына қарамастан республика металл, шикізат қорлары, отын, құрылыс материалдары, өнеркәсіп тауарлары, азық-түлік, асыл тұқымды мал және т.б. беруге мәжбүр болды.халық шаруашылығын қалпына келтіру жылдарында республика жазушылары Екінші дүниежүзілік соғыс туралы еңбектер жазды. Ғ.Мүсіреповтың "Қазақ солдаты", Ә.Нұрпейісовтың "Курляндиясы". Еңбек тақырыбына жазғандар С.Мұқановтың "Сырдария", Ғ.Мұстафиннің "Миллионер", Ғ.Слановтың "Кең өріс" туындылары болды.Осы жылдарда Қарғанды, Семей медицина институттары, Өскемен педагогикалық, СЕмей мал дәрігерлік-зоотехникалық институттары, Қарағанды кен институты ашылады. Ақтөбе, Гурьев, Қарағанды, Қостанай, Петропавл, Шымкент мұғалімдер институттары педагогикалық институттар болып қайта құрылды.Жалпыға бірдей жетіжылдық білім беру туралы заң одан әрі жүзеге асырылды. 1952 жылдың аяғында Қазақстанда жалпыға білім беретін 9 мыңдай мектеп, 125 техникум, арнаулы оқу орны жұмыс істеді. Онда 1,5 млн. Адам оқыды.
97.М.Шоқайдың саяси қызметі.
1916 жылы Мұстафа Шоқай Мемлекеттік думадағы мұсылман фракциясы жанындағы бюроға мүше болып, онда хатшылық қызмет атқарады. Түркістандағы көтерілістің себеп-салдарын тексеруге Мемлекеттік дума Ташкентке арнайы комиссия жібергенде, оның құрамында депутаттар А.Ф.Керенский, Тевкелевтермен бірге Мұсылман фракциясы жанындағы бюро мүшелері Ш.Мұхамедияров пен М.Шоқай да болады. Санкт-Петербургке оралғаннан кейін өзі жинаған материал негізінде Мұстафа 1916 жылғы көтеріліс кезінде билік орындарының Түркістан халқын аяусыз қуғын-сүргінге ұшыратқаны туралы Мемлекеттік думада Мұсылман фракциясы атынан жасалатын мәлімдеме мәтінін даярлады. 1917 жылғы Ақпан төңкерісі нәтижесінде патша өкіметінің құлауын зор қуанышпен қарсы алады. Түркі мұсылман халықтарының бостандық алуына мүмкіндік туады деп үміттенеді. Сөйтіп ол 1917 жылы көктемде Түркістан өлкесіне оралады. Сол жылы 16-21 сәуір аралығында Ташкентте өткен Түркістан өлкесі мұсылмандарының І-сиезіне қатысып, оның төралқасына мүше болып сайланады. «Бірлік туы» газетінің негізін қалап, оның алғашқы редакторы болады. «Түркістан өлкесі мұсылмандарының орталық кеңесі» ұйымына төрағалық етеді. Бірінші жалпықазақ сиезіне қатысады. Бүкілресейлік құрылтай жиналысына депутаттыққа, кандидаттыққа ұсынылады. 1917 жылы Қазан төңкерісінен кейін барлық билік кеңестік жүйеге көшіп, ұлттық қоғамдық-саяси ұйымдарды кеңестердің өз бақылауына ала бастаған соң, М.Шоқай жетекшілік еткен «Түркістан өлкесі мұсылмандарының орталық кеңесі» Ташкенттен Қазанға көшіп, сонда өлке мұсылмандарының төтенше сиезін өткізуді қолға алады. 1917 жылы 28 қарашада өткен сол ІV сиездің төралқасына басшылық жасайды. Сиез шешімімен құрылған Түркістан автономиясынын 54 адамнан тұратын Уақытша Халық Кеңесі құрамына сайланады әрі уақытша үкіметтің Сыртқы істер министрі болады. Ал 1917 жылғы желтоқсанда екінші жалпықазақ сиезіне қатысып, Алашорда құрамына сайланды. Бұдан кейін де осындай ұлт мүддесін қорғап, тәуелсіз ел болуға қатысты ірі-ірі шараларға басшы, мемлекеттік деңгейдегі лауазым иесі болуына қарамастан тоталитарлық жүйенің түптілікті жеңуіне орай өз бағытынан қайтпаған, ұлтжанды тұлға Мұстафа Шоқай туған жер, атамекенді қаншалықты қимағанмен, өз мақсат, идеясын жалғастыру үшін 1921 жылы шетел асып кете барады. Ресей аумағында жүргенде А.Цалыковтың редакторлығымен шығатын «Вольный горец», Грузия меньшевиктерінің «Борьба» газетінде істеген, 1920 жылы Тбилисиде украиндықтармен бірлесіп «На рубеже» журналын шығаруды жолға қойып, оның редакторы қызметін атқарып тәжірибе жинақтаған ол эмиграцияда жүргенде осы бағыттағы ісін қарқынды жалғастыра білді. Түркияда біраз аялдап, Францияға қоныстанған ол қиыншылықтарға қарамастан бастапқы идеясы бағытында кең ауқымды, терең мазмұнды күрес жүргізіп отырды.А.Ф. Керенскийдің « Дни», П.Н. Мюликовтың «Последние новости» газеттерінде қызмет етеді. 1927 жылдан Парижде Зәки Уәлиди Тоғанның редакторлығымен шығатын «Иени Түркістан» журналында белсенді қызмет атқарды. «Түркістан ұлттық бірлігі» ұйымына жетекшілік етті. 1929 жылдан «Жас Түркістан» журналын шығаруды қолға алады. Журналда Орта Азия республикалары жөнінде қисынсыз жүйе болашағы туралы аса өткір сын мақалалар жариялап отырды. Бұл сын мақалалар кеңес өкіметі басшыларына өте жайсыз тиді. Сондықтан кеңес өкіметінің үгіт-насихаты М.Шоқайдың сынына қарсы мақсатты түрде жұмыс істей бастады. Алайда М.Шоқай өз мақсатынан, түпкі идеясы түрік бірлігін сақтауды жүзеге асыру мұратынан еш уақытта қайтқан жоқ. Сол мақсат мұратын іске асыру жолында жүргенде Ұлы отан соғысы басталған 1941 жылдың желтоқсан айында Берлиндегі «Виктория» ауруханасында күмәнді жағдайда қайтыс болды. Атын айтуға болмайтын заманда да бір жақсысы қазақ халқы ардақты ұлының атын еш ұмытқан жоқ, айтып жүрді. Тәуелсіздік таңымен бірге Мұстафа сияқты ұлы перзенттерінің есімі жаңғыра шығып, асқақ үнмен естіле бастады, ұлт рухын көтере бастады.
98.1954-1964 ж.ж. Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріндегі Хрущевтік «жылымдылық».
1954 ж 23 ақпан мен 2 наурыз аралығында Компартия ОК пленумы болып, онда «Елде астық өндіруді ұлғайту мен тың және тыңайған жерлерді игеру» жөнінде қаулы қабылданды. Бұл КСРО-да нан тапшылығын жою үшін жасалды. Астық мәселесі шешудің теориялық тұрғыда 2 бағыты болды: 1 Интенсивтік бағыт экономиканы реттеудің нарықтық қатынасына көшу. Бірақ та бұл социализм идеологиясына қайшы келетін еді.2 Экстенсивті бағыт астық өнімді жаңа жерлерді жырту, тың жерлерді игеру арқылы арттыру жолы. Азық-түлік мәселесін шешуде Кеңес үкіметі осы 2-ші жолды таңдады. Қ.О.б ала 1954 ж 13,4 млн гектар тың және тыңайған жерлер жыртылды. Оның 6,5 млн гектары, яғни 50%-ы Қаз-ды 1 жыл ішінде 337 савхоз құрылды. Тың игерудің негізгі қорытындысы ол сол уақыттан осы күнге дейін Қаз-н халқын нанмен қамтамасыз ету мәселесінің шешілуі. 1960 ж қарай Қаз-ң тың өлкелерінде 9 млн га жер жел эрозиясына ұшырады. 1954-1962 жж аралығында тың игеру үшін Қаз-ға КСРО-ның тек еуропалық бөлігінен 2 млн адам әкелінді. 1962 ж Ақмола-Целиноград. 50 ж соңы Қаз-да 36,4 млн-нан астам мал басы болды.
1954 ж 23 ақпан мен 2 наурыз аралығында Компартия ОК пленумы болып, онда «Елде астық өндіруді ұлғайту мен тың және тыңайған жерлерді игеру» жөнінде қаулы қабылданды.
Бұл КСРО-да нан тапшылығын жою үшін жасалды. Астық мәселесі шешудің теориялық тұрғыда 2 бағыты болды:
1 Интенсивтік бағыт экономиканы реттеудің нарықтық қатынасына көшу. Бірақ та бұл социализм идеологиясына қайшы келетін еді.
2 Экстенсивті бағыт астық өнімді жаңа жерлерді жырту, тың жерлерді игеру арқылы арттыру жолы. Азық-түлік мәселесін шешуде Кеңес үкіметі осы 2-ші жолды таңдады.
Қ.О.б ала 1954 ж 13,4 млн гектар тың және тыңайған жерлер жыртылды. Оның 6,5 млн гектары, яғни 50%-ы Қаз-ды 1 жыл ішінде 337 савхоз құрылды. Тың игерудің негізгі қорытындысы ол сол уақыттан осы күнге дейін Қаз-н халқын нанмен қамтамасыз ету мәселесінің шешілуі.
1960 ж қарай Қаз-ң тың өлкелерінде 9 млн га жер жел эрозиясына ұшырады. 1954-1962 жж аралығында тың игеру үшін Қаз-ға КСРО-ның тек еуропалық бөлігінен 2 млн адам әкелінді. 1962 ж Ақмола-Целиноград. 50 ж соңы Қаз-да 36,4 млн-нан астам мал басы болды
99. XX ғ. 60 80 жылдарындағы ғылым мен мәдениеттің дамуы
.Қазақстанның мәдениеті. Қазақстанды қосып алғаннан кейін Ресей өлкенің таиғатын, тарихын экономикасын зерттеуге көңіл бөлді. Осы мақсатпен қазақ жеріне орыс ғалымдары, саяхатшылары келе бастады. XVIII ғасырда, 1769 жылы шығарылған ең алғашқы экспедицияны П.С.Паллас басқарығ, "Ресей империясының провинцияларына саяхат" (1773 ж.) деген еңбегін жариялады. 1772 жылы Н.Рычков "Кағитан Н.Рычковтың 1771 жылы Қырғыз-қайсақ өлкесіне жасаған саяхатынан күнделік жазбаларын" басып шығарды. 1832 жылы А.И.Левшиннің "Қырғыз-қайсақ, немесе кырғыз-қазақ ордалары мен даласын баяндау" деп аталатын кітабының жарық көруі орыстардың Қазақстанды зерттеуіндегі маңызды белес болды. ХІХ ғасырдағы қазақ өлкесін зерттеушілердің бірі атақты ғалым, Орыс Географиялық Қоғамының басшысы П.П.Семенов-Тянь-Шанский (1827-1914) болды. Оның басшылығымен көп томдық "Ресей. Отанды геграфиялық тұрғыдан толық баяндау" деп аталатын зерттеу құрастырылып, басып шығарылды. Оның "Қырғыз өлкесі", "Түркістан өлкесі" деп аталынатын екі томы Қазақстан мен Орта Азиянының географиялық жағдайын, табиғи байлығын, тарихын, халық тұрмысын баяндауға арналды. "Түркі тайғаларының ауыз әдебиетінің үлгілері" атты еңбек жазған Петербург Академиясының академигі В.В.Радлов (1837-1918) қазақ халқының ауыз әдебиетін зерттеуге зор үлес қосты. Сондай-ақ "Қасым патшалары мен ханзадалары туралы зерттеу", "Қырғыз-қайсақтар туралы тарихи мәліметтер" деп аталынатын кітаптардың авторы шығыстанушы-ғалым В.В.Вельяминов-Зернов (1830-1904) қазақ халқының тарихының маңызды кезеңдерін зерттеді. Өлке тарихын зерттеумен А.И.Добросмыслов, Н.Н.Аристов, М.Красовский және т.б. айналысты.ХІХ ғ. ІІ ж. Қазақстанның мәдениеті мен қоғамдық ойының дамуына ғылыми қоғамдар мен мәдени-ағарту мекемелері маңызды роль атқарды. Орыс Географиялық Қоғамының бөлімдері Орынборда (1868 ж.), Омбыда (1877 ж.), 1897 жылы Түркістанда ашылды. Олар тарих, этнография, география туралы материалдар жарияланған жинақтар шығарды. ХІХ ғ. ІІ ж. Қазақстанда облыстық статистикалық комитеттер құрылып, олардың жариялаған еңбектерінде де өлкенің тарихы, мәдениеті, статистикасы, этнографиясы туралы мол мәліметтер жазылды. Сондай-ақ Қазақстанды зерттеумен Ауыл шаруашылығы қоғамы, Шығыстың тарихы мен археологиясының әуесқойлары, антропология, жаратылыстану әуесқойлары қоғамдары да айналысты. Мұндай ғылыми орындардың жұмыстарына қазақ зиялылары да, мысалы, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев араласығ тұрды.Бұл кезеңде білім беру, оқу ісінде де өзгерістер болды. Ауқаттылардың балалары Бұхара, Самарқанд, хиуа, Ташкент медреселерінде, кедей қазақтардың балалары ауылдағы мұсылман мектептерінде арабша сауаттарын ашты. Ал азаматтық сипаттағы орыс оқу орындары отарлық аппараттың шенеуніктерін даярлау үшін қажет болды. 1786 жылы Омбыда Азиат мектебі, 1789 жылы Орынборда Үкіметтік мектеп осы мақсатта ашылды. 1825 жылы Орынборда, 1846 жылы Омбыда кадет корпустары, 1841 жылы Бөкей хандығында, 1850 жылы Орынборда Шекаралық комиссия жанынан қазақ азаматтық мектебі ашылды. 1877 жылы Ы.Алтынсариннің күш салуымен Ырғызда қыздар училищесі құрылды. 1890-1896 жылдары Торпайда, Қостанайда, Қарабұтақта, Ақтөбеде орыс-қазақ қыздар училищелері ашылды. 1879 жылы Түркістанда мұғалімдер семинариясы, 1883 жылы Орынборда қазақ мұғалімдік мектеп ашылды.ХІХ ғ. ІІ ж. қазақ халқының ірі өкілдері Ш.Уәлиханов, М.-С. Бабажанов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев өмір сүріп, шығармашылықпен айналысса, ХХ ғасырдың басында олардың қатарын Ш.Құдайбердиев ("Түріктердің: қырғыздардың және хандық династияның шығу шежіресі"), М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов ("Қырық мысал", "Маса"), М.Дулатов ("Оян, қазақ!") және т.б. толықтырды.ХІХ -ХХ ғ. басында қазақ музыка мәдениеті өрлев кезеңінде болды. Сазгерлер Құрманғазы, Дина Нұрғейісова, Тәттімбет, Ықылас, әнші-сазгерлер Біржан сал, Ақан сері, Мұхит, Жаяу Мұса, Мәди шығармашылықтары кең танымал болдыҚазақ басғасөзінің өмірге келуі осы кезеңде басталды. 1870 жылы 28 наурызда "Түркістан уәлаяты" газеті, 1911 жылы бірінші қазақ журналы "Айқап" алғашқы сандарын жариялады. 1913-1918 жылдар аралыпында шыққан "Қазақ" газеті қазақ қоғамының барлық жақтарын жазып тұрды.Сайып келгенде, қоғамның мәдени өміріндегі бұл өзгерістердің игілігін барлық қазақ халқы отаршылдық саясат зардабынан көре алмады.
100.1950-1960 жж. Қазақстанның ауыл шаруашылығының дамуы.
XX ғасырдың 50- жылдарында елде астықтың тапшылығы айқын байқалды. 1953 жылы 31 миллион тоннаға жетер-жетпес астық дайындалды, бірақ 32 миллион тоннадан астам астық жұмсалды. Әсіресе азық-түлік дақылы-бидай өте тапшы болды. Мал шаруашылығының жағдайы да мәз емес болатын.
Ендеше Кеңес үкіметі дағдарыстан шығудың жолы тың игеру деп тұжырымдады. Сонымен КОКП ОК-нің 1954 жылғы Ақпан-Наурыз Плеиумында Қазақстанда, Сібірде, Оралда, Солтүстік Кавказ және Қиыр Шығыстың кейбір аудаидарында жаңа тың және тыңайган жерлердің есебінен астықты дакылдар егістігінің колемін кеңейту көзделді..Пленумда 1954-1955 жылдары жалпы елде кемінде 13 млн. га, оның ішінде 6,3 млн. га жерді Қазақстанда жырту көзделді. 1954 жылы 13 тамызда кабылданған партия және үкіметтің ” Астық өндіруді молайту үшін тың жерлерді онан әрі игеру туралы” каулысында аталған жерлердің аумағын 1956 жылы 28-30 млн. гектарга жеткізу белгіленді. 1955 жылы елде жаңа тың және тыңайған жерлер көлемі 29,7 млн. гектар, соның ішінде Қазақстанда 18 млн.гектар қажетті.Тың белсенді игерілген 1954- 1960жылдарда РКФСР-да 16,6млн. гек-тар, ал Қазакстанда 25,5 млн гектар тың және тынайған жерлердің игерілгені қазір мәлім болып отыр.
Тың игерілген жылдардағы Қазақстанның астық жинаудағы көрсеткіштері мынандай:
1) 1955 ж. республика475 млн. пұтастык жинады;
2) 1956 жылы 1 млрд. тұтастықты мемлекетке тапсырды; 3)1954-1964 жж. одақ колемінде 3 рет қана (1956,1958,1964 жж.) астық сату жоспары орындалды. Тың игеру басталғанға дейінгі Қазакстанда (1953 жыл) 2 960 ұжымшар мен 219 кеңшар болса, кейін керісінше кеңшар 2 122-ге жетіп, 394 ұжымшар әрекет
Тың игеруде қол жеткен оң нәтижелерге қарағанда жіберілген қателіктер басым болды:
1) тың игеру тым шұғыл және асығыс жүргізілді. Республикада 25 млн. ғектардан асатын және тыңайған жерлер өте қауырт жағдайда игерілді;
тың игерудің тағы бір қателігі-агроэкологиялық зандылықтардың бузылуы:
• жер елді мекендерге, алқаптарға, көлдер және өзен жағалауларыла тақап жыртылды;
• егістік көлемін ұлғайтудың салдарынан жайылым жер қыскарды.
Мал шаруашылығының жагдайы күрт нашарлады:
• 1951-1965 жылдарда республикада қазақтың ежелгі түлігі жылқының саны 365,7 мың басқа шұғыл азайып кетті, тек жылқы саны 80-жылдары ғана әсім бере бастады;
• 1941-1951 жылдары соғыс және халықшаруашылығын қалпына келтіру кезеңінің алапат ауыр киыншылықтарына қарамастан, республикада қой басы 2 еседен астам өскен болса, ал тынмен сәйкес келетін онжылдықта (1951-І961 жж.) оның басы 3 есеге азайыи кетті. Себебі тын игеруге дейін әртұяқтың дұрыс өсіп-өнуіне кажетті деп табылатын жайылым 3-4 гектардан асып жығылса, енді бұл көрсеткіш орта есеппен әртұякқа 2 гектардан ғана келді. I 4) Мыңдаған жылдар топырақ түзілу үрдісіғіде пайда болган жер құнары үрленіп, шанданып, тозанданды, сөйтін ұлан-ғайыр жер жел, су эрозиясына ұшырады:
• галымдардын. есептеуінше, Қазақстанның солтүстік облыстарында жыртылған жердің көлемі 26,4 млн. га болса, оның 14,5 млн. гсктары жел
эрозиясына бейімді екен;
5) Тың игеру ата мекеннің халқьь қазактардың үлес салмағыиың кемуіне
әкеліп соқтырды.
• Тын өлкесі деген аймактың құрамына кірген бес облыстың Солтүстік Қазақстан, Акмола, Костанай, Көкшетау, Павлодар-жеріи игеруге 1,5 млн. адам келді, • Тың игеру науканы басқа одақтас республикалардағы қазақтарды ерікті түрде ата мекеніне қайтаруға жағдай жасайтын таптырмас мүмкіндікболғаны сөзсіз. Мұның өзі халықтың тұрактанып, тың өлкесінің демографиялық дамуына, мал шаруашылығының өсуіне игі ықпал жасайтын еді Сөйтіп, біріншіден, тың 2 еседей аз жыртылғанда, екіншіден, одақтас республикалардағы қазақтар өкелінгенде қазақстандықтар тынды өздерінің күшімен-ақ игеретін жағдайда болды. Бірақ Кеңес үкіметі мұның бірін де жасамағаны белгілі.
• Осы мәселеге калам тартқан авторлардың пікірінше, 954-1964 жылдарда тың өлкесі құрамына енген 5 облыста Ақмола каласын Целиноград және аудандық, облыстық атауларды қоспаған күннің өзінде, тек 200-деЯ астам селолық және ауылдық Кеңестердің аттары орыс тіліне өзгертіліп аталған.
• Осылардың барлығы қазақ тілі аясының тарылуына, кейіннен тұрғылықты ұлт өкілдерінің ана тілінен гөрі орыс тіліне бейімделуіне, қазақ мектептерінің жабылып, орыс тіліндегі мектептердің қанат жаюына әкеліп соқты.
101.Тың және тыңайған жерлерді игеру: мақсаты, қорытындылары, салдары.
Тың және тыңайған жерлерді игеру
XX ғасырдың 50- жылдарында елде астықтың тапшылығы айқын байқалды. 1953 жылы 31 миллион тоннаға жетер-жетпес астық дайындалды, бірақ 32 миллион тоннадан астам астық жұмсалды. Әсіресе азық-түлік дақылы-бидай өте тапшы болды. Мал шаруашылығының жағдайы да мәз емес болатын.
Ендеше Кеңес үкіметі дағдарыстан шығудың жолы тың игеру деп тұжырымдады. Сонымен КОКП ОК-нің 1954 жылғы Ақпан-Наурыз Плеиумында Қазақстанда, Сібірде, Оралда, Солтүстік Кавказ және Қиыр Шығыстың кейбір аудаидарында жаңа тың және тыңайган жерлердің есебінен астықты дакылдар егістігінің колемін кеңейту көзделді. Пленум Қазакстанның жөне Сібірдің ұжымшарлары мен кеншарларында әр гектардан 14-15 центнерден астықалуға және екі жылдан кейін қосымша 1 млрд. 200 млн. пұт астық өндіру ге толық мүмкіндік бар деп санады.
Пленумда 1954-1955 жылдары жалпы елде кемінде 13 млн. га, оның ішінде 6,3 млн. га жерді Қазақстанда жырту көзделді. 1954 жылы 13 тамызда кабылданған партия және үкіметтің ” Астық өндіруді молайту үшін тың жерлерді онан әрі игеру туралы” каулысында аталған жерлердің аумағын 1956 жылы 28-30 млн. гектарга жеткізу белгіленді. 1955 жылы елде жаңа тың және тыңайған жерлер көлемі 29,7 млн. гектар, соның ішінде Қазақстанда 18 млн.
Гектар қажетті.
Тың белсенді игерілген 1954- 1960жылдарда РКФСР-да 16,6млн. гек-тар, ал Қазакстанда 25,5 млн гектар тың және тынайған жерлердің игерілгені қазір мәлім болып отыр. Республика бүкіл егістігінің көлемі 1953 жылы 11 млн. гектардай еді, енді тын игерілгеннен кейін оның көлемі 36 млн. гек-тардан асты. Қазакстан территориясы 272 млн. гектарды (2 млн. 717 мын шаршы шакырымды) кұрайды десек, ауыл шаруашылығының балансындағы
жер 223 млн. гектарға жетті.
Тың игерілген жылдардағы Қазақстанның астық жинаудағы көрсеткіштері мынандай:
1) 1955 ж. республика475 млн. пұтастык жинады;
2) 1956 жылы 1 млрд. тұтастықты мемлекетке тапсырды; 3)1954-1964 жж. одақ колемінде 3 рет қана (1956,1958,1964 жж.) астық сату жоспары орындалды;
4) тың игерілгеннен кейін Қазақстан небәрі 6 рет мемлекет қоймасына 1 млрд. немесе одан да артық астық өткізді. Қазақстан КП ОК-нің XX Пленумында (1990 жыл) белгілі ғалым Мэхлис Сүлейменовтың айтканындай, шын мәнінде мол астық табиғаттың қолайлы болған жылдарында ғана алынды. Тың игеру басталғанға дейінгі Қазакстанда (1953 жыл) 2 960 ұжымшар мен 219 кеңшар болса, кейін керісінше кеңшар 2 122-ге жетіп, 394 ұжымшар әрекет етті. Тың жылдары кеңшарлар 127,3 мың трактор, 46,2 мың астық комбайнын, 29,6 мың жүк автомобильдері мен арнайы тасу көліктерін, 45,1 мың тракторлык жер жырту сокасын, 74,4 мың себу мәшинелерін т.б. алды.
Тың игерудің жағымды жақтары:
1) Қазақстан елдің астық балансын нығайтуда елеулі рөл атқарды.
Республика бидайдын бағадьққатты және кушті сорттарын өндірудің орта лығына айналды. Аталған бидай сорттарынын 60%-ы тың өлкесінде өсірілді
2) 1954-І977жылдараралығында республикадаауыл шаруашылығынын барлыксалаларына 21,1 млрд. сом каржы жұмсалып, шығын 27,2 млрд. сом болып өтелді. 1990 жылғы акпанның 15-жұлдызында Н.Ә. Назарбаеп (ол кезде республика партия ОК-нің 1-хатшысы болатын) ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің республикалық кеңесінде Тың игеру басталғані іан астык өндіру 7 есеге, ет 5, сут 3 есеге кебейді. Тың көтеруге жұмсалған қаржы 1977 жылға қарай толықөтелді” деп атап көрсетті. Сөйтіп, 20 жылдан аса уақытта шығын қайтарымын тапты;
3) әсіресе тың әлкесінде темір жолдар, электр көздері желілері және байланыс линиялары тартылып, инфрақұрылымның дамуына мүмкіндік жасалды.
Тың игеруде қол жеткен оң нәтижелерге қарағанда жіберілген қателіктер басым болды:
1) тың игеру тым шұғыл және асығыс жүргізілді. Республикада 25 млн. ғектардан асатын және тыңайған жерлер өте қауырт жағдайда игерілді;
2) Қазақстан топырағы жайындагы 50-жылғы мағлуматтар үстірт және
түзілген жер қыртысының картасы сапасыз болды. Бұл аздай, Ресейден,
Украина мен Белоруссиядан шақыртып әкелінген ғалымдар, әсіресе шаруашылық директорлығына жіберілген Мәскеу белсенділерінің (шаруашылықты басқаруға Қазақстанда лайықты азаматтар табылмағандай) басым көпшілігі республиканың жер жағдайына жетік, білікті мамандар емес еді;
3) тың игерудің тағы бір қателігі-агроэкологиялық зандылықтардың бузылуы:
• жер елді мекендерге, алқаптарға, көлдер және өзен жағалауларыла тақап жыртылды;
• егістік көлемін ұлғайтудың салдарынан жайылым жер қыскарды. Асыра сілтеушілікке бой ұрмай Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді жырту көлемі ары кеткенде 10-12 млн. гектардан аспағанда оны интенсивті даму жолына түсіру әлдеқайда оңайтайлы болып, 13 млн. гектардан астам құнарлы жерлер шабындықтар мен жайылымдықтар үшін сақталып, бұл, өз кезегінде, мал басының дамуына жағдай жасар еді.
Мал шаруашылығының жагдайы күрт нашарлады:
• 1951-1965 жылдарда республикада қазақтың ежелгі түлігі жылқының саны 365,7 мың басқа шұғыл азайып кетті, тек жылқы саны 80-жылдары ғана әсім бере бастады;
• керісінше шошқа басы 4 еседен астам өсіп, Солтүстік Қазақстан, Целиноград (қазіргі Ақмола), Қостанай, Көкшетау облыстарында ерекше қарқынмен жүрді;
• 1941-1951 жылдары соғыс және халықшаруашылығын қалпына келтіру кезеңінің алапат ауыр киыншылықтарына қарамастан, республикада қой басы 2 еседен астам өскен болса, ал тынмен сәйкес келетін онжылдықта (1951-І961 жж.) оның басы 3 есеге азайыи кетті. Себебі тын игеруге дейін әртұяқтың дұрыс өсіп-өнуіне кажетті деп табылатын жайылым 3-4 гектардан асып жығылса, енді бұл көрсеткіш орта есеппен әртұякқа 2 гектардан ғана келді. I 4) Мыңдаған жылдар топырақ түзілу үрдісіғіде пайда болган жер құнары үрленіп, шанданып, тозанданды, сөйтін ұлан-ғайыр жер жел, су эрозиясына ұшырады:
• терістіктегі алқаптар негізінен тегіс болғанымен, оның ой-шұңқыры мол, микро-мезорельефі әркпылы дамыған, осыған орай топырак түзілімі дебіркелкі емес-гі, әдетте сортан топырактар араласа келетін. Тың игеру жылдары сортаң топырақтар тараған шандак жерлерді жыртқанда айналып өтпей,бір ретпен жыртыла берді.Сонын салдарына нәсіресе кұмдақ алқаптар жел эрозиясына ұшырады және 1955-1958 жылдары мұндай жерлер келемі 1,5 млн. гектарға жетті. Бір ғана Павлодар облысында 805 мын га. 5кер жарамсыз болып қалды;
• галымдардын. есептеуінше, Қазақстанның солтүстік облыстарында жыртылған жердің көлемі 26,4 млн. га болса, оның 14,5 млн. гсктары жел
эрозиясына бейімді екен;
• 90-жылдардыцбасындагы мәлімет бонынша, республикада 106 млн. гектар жер әртүрлі дәрежедегі жел эрознясына ұшыраган;
• топырақ кұнарының негізі, яғни қара шірігі (гумус) тың игерілген жылдарда 15-30%-га кеміген. 90-жылдарда Көкшетау облысында топырақтың қара шірігі 4,3%-дан 3,6%-ға, Қостанай облысында 3,7%-дан 2,7%-ға азайыпкеткен;
• бүгінгі күнде су эрозпясына бейімді жерлер Казакстанда миллиондаған гектарға жетіп отыр.
5) Тың игеру ата мекеннің халқьь қазактардың үлес салмағыиың кемуіне
әкеліп соқтырды.
102.1965-1985 жж. Қазақстанның әлеуметтік- экономикалық дамуы.
60 ж-дың 2 жартысы мен 80 ж-дың 1-ші жартысында ауыл шаруашылығының дамуы барысындағы дағдарыстан шығуға 1966-1969, 1979 және 1988 жылдары үш дүркін әрекет жасалды. Осы кезеңдерге айтарлықтай жетістіктерге жеткенмен, негізгі үш мәселе ауыл шаруашылығының тұрақты түрде дамуын қамтамасыз ету, оны интенсивті даму жолына көшіру, ғылыми-техникалық революция нәтижесін тиімді түрде ауыл шаруашылығына енгізу шешілмей қалды. Азық-түлік мәселесін шешуге де мүлік байлады.
70 жылдардың аяғы мен 80 жылдың басына қарай елді экон-қ жағынан басқаруды түбегейлі өзгерту қажеттілігі туындады. КОКП-н ХХVII сьезінде елдің әлеуметтік экономикалық дамуын жеделдетуді негізге алған бағдарлама қабылданды. Ол жалпы одақтың партияны ХІХ конференциясында кеңестік қоғамды демократизациялау мен саяси жүйені реформалау шешімдерімен толықтырылды.
103.ХХ ғ. 80 жылдарындағы Қазақстандық қоғамның әлеуметтік жағдайындағы жағымсыз үрдістер.
Ресейде аграрлық мәселенің шешілмеві, қазақ даласына қоныс аудару саясатының жоспарлы түрде жүргізілуі өлкенің әлеуметтік-экономикалық жағдайына өзгерістер енгізді. Бұрынғы жағдай көшпелі шаруашылықтардың орнына енді отырықшылықты - мал шаруашылыпы және отырықшылықты - егіншілік сияқты шаруашылықтың жаңа түрлері пайда болды.Қауымдық жерлерді тартып алу, күнкөріс жерден айырылу қазақ қоғамының әлеуметтік бөлшектелуін де туғызды. Кедейленген қазақтардың қала және село пролетариаты - жатақтарға айналуы өсе түсті.Аталған кезеңде Қазақстанда өнеркәсіп өндірістері, түрлі кәсіпшіліктер ашылып, олардың дамуы жеделдеді. Мысалы: ауылшаруашылық шикізаттарын өңдейтін - май шайқайтын, былғары шығаратын, ұн тартатын және т.б. Шымкент сантонин зауыты (1822ж.) химия өнеркәсібінің бастамасы болды.Сондай-ақ оңтүстік аудандарда, Шымкент пен Түркістанда мақта тазалайтын бірнеше зауыттар, ал Верный қаласында темекі шығаратын екі кәсіпорын жұмыс істеді.Арал теңізінде, Павлодар уезіндегі Қарабас көлінде тұз-кен орындары ашылды. Әсіресе ғасыр басында оның маңызы күшейді. Тұз жергілікті мұқтаж үшін де, сол сияқты шетке шығару үшін де өндірілді. Олардың неғұрлым ірісі ішкі Ордадағы 5 мың қазақ жұмыс істеген Басқұншақ, Павлодар уезіндегі Коряковск кәсіпшіліктері болды.Жайық, Ембі, Ертіс өзендері, Арал мен Каспий теңіздері аймақтарында балық кәсіпшілігі дамыды.Қазақстанда ХІХ ғ. соңы мен ХХ ғ. басында Спасск мыс қорыту зауыты, Успенск руднигі, Қарағанды көмір кені, Екібастұз және Риддер кәсіпорындары шетел өнеркәсіпшілерінің де (АҚШ, Германия, Бельгия, Шуеция) назарын аударып, өлке байлығы талан-таражға түсті.ХХ ғасырдың басында алтын шығару, көмір өндіру (екібастұзда, Қарағандыда), мұнай (Батыс Қазақстанда, Орал-Ембі аймағында) шығару арта түсті.Ресей капитализмінің кеңейе дамығ, оның ұлттық шет аймақтарға жылжуы Қазақстанда банк филиалдары мен кредит (несие) мекемелерінің құрылуына әкелді. Мемлекеттік банктің өлкедегі бөлімдері сауда-өнеркәсіптік орталықтар - Оралда (1876 ж.), Петропавлда (1881 ж.), Семейде (1887 ж.), Омскіде (1895 ж.), Верныйда (1912 ж.) ашылды. Өлке территориясындағы филиалдарының саны жөнінен екінші орынды сауда айналымын несиелендіруге көп қаржы салған Орыс сауда-өнеркәсіптік банкі алды.Сауда-саттық, алыс-беріс күшейді. Саудаға түсетін товар негізінен мал болды. Әр жазда Сарысу уезі арқылы Ресей орталыпына Ақмола, Қарқаралы және Сарысу уездерінен 60 мыңға дейін мүйізді ірі қара мал, 200 мыңға дейін қой айдап әкелінді. Сыртқа шығарылатын астық көлемі де артты. Орал, Орынбор, Семей қалалары астықпен сауда жасаудың ірі орталықтарына айналды.ХІХ ғ. ІІ ж. мен ХХ ғ. басында сауда-саттықтың жаңа -жәрмеңкелік түрі шықты. Қарқаралы уезіндегі Қоянды, Петропавл уезіндегі Тайыншакөл, Ақмола уезіндегі Константиновск, Атбасар уезіндегі Перовск, Верный уезіндегі Қарқара жәрмеңкелері неғұрлым ірі жәрмеңкелер саналды.ХХ ғ. басында қала халқының саны өсе түсті. Орал (47,5 мың адам), Петропавл мен Верный (43,2 мыңнан), Семей (34,4 мың) ірі қалалар саналды.Қазақстанның капиталистік өнеркәсіптің шикізат көздері мен оны сыртқа шығару аймағына айналуында темір жолдың маңызы зор болды. Өлкеде Орынбор-Ташкент, Троицк, Алтай және Жетісу темір жолдарын салу өрістетілді. 1917 жылға дейін Қазақстанда барлығы 2793 шақырым жол төселді.Су жолдары да (Семей облысында) ғайдаланылды. Ертіс арқылы жүктерді "Пароход шаруашылығы мен сауданың Батыс-Сібір серіктестігінің" пароход компаниялары және басқалар тасыды.Өнеркәсіптің дамуы, темір жолдардың салынуы, су жолының кеңінен пайдаланылуы Қазақстанда жұмысшы кадрлары қалыптасуына да алғышарт болды.1913 жылы өлкедегі жұмысшылар саны 75 мың адамға дейін жетті. Ал Қазан төңкерісі мен төңкеріс жүріп жатқан кезеңде Қазақстан жұмысшыларының саны 90 мыңдай болды. Фабрика-зауыт жұмысшылары болған қазақ жұмысшыларының жағдайы төмен (жұмыстың ең ауырына жіберілуі, мардымсыз жалақы, көптеген штрафтар, басқа ұлт жұмысшыларынан алалаушылық) болды. ХІХ ғ.соңы мен ХХ ғ. басында қазақ өлкесі Ресейге толығымен кіріптар болды.Қазақстандағы темір жол салынуының басталуы. Сібір темір жолы.Сібір темір жолы Ресейдің европалық аудандарын Қиыр Шығыспен тікелей байланыстыратын торағ. 1891-1915 жылдары салынды. Батыс Сібір, Орта Сібір, Байкал, Амур, Уссурий және Шығыс Қытай болып 7 бөлікте жұмыс бірдей жүргізілді. Сібір темір жолы Челябинскіден Владиуостокқа дейін созылды (10 мың км). Батыс Сібір учаскесі (1891-1896 жж., ұзындығы 1324 км) сол кездегі Ақмола облысының Омбы және Петропавл уездерін басып өтті. 1900 жылы аяқталған Орта Сібір учаскесі Обь өзенінен Иркутскіге дейін) мен Батыс Сібір учаскесі бірігіп, Сібір темір жолы болып аталды. Солтүстік Қазақстанда магистраль арқылы Ресейдің ішкі аудандарынан ауыл шаруашылығы машиналары мен құрал-саймандар, өнеркәсіп заттары әкелінді.
104. «Қайта құру» жылдарындағы Қазақстан оның кезеңдері. Экономикалық құлдырау.
Елдегі әлеуметтік-экономикалық дамуды жеделдету концепциясы (1985-1991 жж).1985 ж. наурызда КОКП ОК Бас хатшысы болып М.С.Горбачев сайланды. Партияның Сәуір Пленумында (1985 ж.) қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдету концепциясы айтылды.Одақты қайта құру идеясы пайда болды және ол "төменнен" - автономиялық және одақтас республикалардан көтерілді. Қазақ КСР-да республиканың өзін-өзі басқару, өзін-өзі қаржыландыру концепциясы жасалды, онда Қазақстан территориясындағы табиғи байлықтар мен өндіріс құрал-жабдықтарына республиканың меншіктік құқы дәлелденді, республиканың егемендігін саяси және экономикалық салада нақты түрде қамтамасыз ету қажеттігі туралы батыл мәлімденді.Бірақ мұның бәріне мемлекеттік басқару құрылымының, Қазақстан Коммунистік партиясының қатаң билігі кедергі жасады. Қоғамды жаңарту туралы көп сөздер айтылғанымен, ол іс жүзіне асғады 3.1986 жылғы желтоқсан оқиғасы. 1986 ж. 16 желтоқсанда Қазақстан компартиясы ОК Пленумы өтті, ОК Бірінші хатшысы Д.А.Қонаев қызметінен босап, орнына осыған дейін Ульяновск облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Г.В.Колбин қойылды. Қазақстанды басқару тағы да бұрынғы әдіс бойынша шешілген еді. Бірақ бұл жолы жергілікті халық оған көнген жоқ. Қарсылықты қазақ жастары бастады. 17 желтоқсанда ертеңгісін партияның ОК орналасқан алаңға жастар жиналды. Демонстрацияны үкімет қарулы күшпен таратты. Оқиғаға қатысқандарды саяси тұрғыдан қуғындау басталды. 99 адам сотталды, 264 студент оқудан шығарылды. 1987 ж. жазда КОКП Ок қаулысы шығып, желтоқсан оқиғасы қазақ ұлтшылдығының көрінісі ретінде бағаланды. Желтоқсан оқиғасы қоғамның саяси өмірін демократияландыруға серғін берді. 86-ның желтоқсаны бүгін біз үшін артында қалдырған тарихи сабақтарымен қымбат. Ол, ең алдымен, Қазақ елі үшін мемлекеттік тәуелсіздіктен биік құндылықтың болуы мүмкін емес екендігін көрсетіп берді. Желтоқсан күндері осы жалпыұлттық идеяны көтеріп, оның жолына өз өмірін арнаған Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Жансая Сәбитова, Хасен Қожахмет және басқа мыңдаған ұл-қыздарымыз ұлт тарихында әрқашанда құрметпен аталуға лайық. Кеңестік империяның абақтысында өлтірілген Қайрат 86-ның желтоқсанында алаңға теңдік талап етіп шыққан қазақ жастарының жинақы көрінісі, қазақ халқының азаттыққа ұмтылысының мәңгі мұқалмас символдық бейнесі.
105.1986 ж-ғы Желтоқсан көтерілісінің тарихи, әлеуметтік-экономикалық себептері. Маңызы.
1986 ж. 16 желтоқсанда Қазақстан компартиясы ОК Пленумы өтті, ОК Бірінші хатшысы Д.А.Қонаев қызметінен босап, орнына осыған дейін Ульяновск облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Г.В.Колбин қойылды. Қазақстанды басқару тағы да бұрынғы әдіс бойынша шешілген еді. Бірақ бұл жолы жергілікті халық оған көнген жоқ. Қарсылықты қазақ жастары бастады. 17 желтоқсанда ертеңгісін партияның ОК орналасқан алаңға жастар жиналды. Демонстрацияны үкімет қарулы күшпен таратты. Оқиғаға қатысқандарды саяси тұрғыдан қуғындау басталды. 99 адам сотталды, 264 студент оқудан шығарылды. 1987 ж. жазда КОКП Ок қаулысы шығып, желтоқсан оқиғасы қазақ ұлтшылдығының көрінісі ретінде бағаланды. Желтоқсан оқиғасы қоғамның саяси өмірін демократияландыруға серғін берді. 86-ның желтоқсаны бүгін біз үшін артында қалдырған тарихи сабақтарымен қымбат. Ол, ең алдымен, Қазақ елі үшін мемлекеттік тәуелсіздіктен биік құндылықтың болуы мүмкін емес екендігін көрсетіп берді. Желтоқсан күндері осы жалпыұлттық идеяны көтеріп, оның жолына өз өмірін арнаған Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Жансая Сәбитова, Хасен Қожахмет және басқа мыңдаған ұл-қыздарымыз ұлт тарихында әрқашанда құрметпен аталуға лайық. Кеңестік империяның абақтысында өлтірілген Қайрат 86-ның желтоқсанында алаңға теңдік талап етіп шыққан қазақ жастарының жинақы көрінісі, қазақ халқының азаттыққа ұмтылысының мәңгі мұқалмас символдық бейнесі.
106.Қазақстан тәуелсіздік жолында.
Қ-н тәуелсіздік жолында 1 кезеңі: 1989 1990 ж. 2 кезеңі: 1990ж 25 қазан 1991ж желтоқсан. 3 кезеңі: 1991ж 16 желтоқсан 1992ж.4 кезең: 1993ж 1995 ж. 5 кезең: 1995ж наурыздан жаңа кезең басталды. Кеңестік жүйенің ауқымынан босап шыққан республикалар «кеңестік», «социалистік» деген атаулардан бас тарта бастады. 1991 жылғы желтоқсанның 10-ы Республика Жағарғы Кеңесінің сессиясында Қазақ Кеңестік Социалистік РеспубликасынҚазақстан Республикасы деп өзгертілді.КСРО-ның ыдырау процесін тездеткен 1991 жылғы тамыз бүлігі 1991 жылдың қазанына қарай көптеген республикалардың өз тәуелсіздігін жариялауына септігін тигізді. 1991 жылы 16 желтоқсанда Республиканың Жоғарғы Қеңесінің жетінші сессиясында « Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заң қабылданды. Осы күні Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялады. Сонымен, 1991 жылғы 16 желтоқсан Республиканың тәуесіздік алған күні.Қабылданған Заң бойынша Қазақстан тәуелсіз демократиялық құқылық мемлекет ретінде анықталды. Ол өз аумағында барлық өкімет билігін толығынан қолданады ішкі және сыртқы саясатты өз бетінше жүргізеді, республика барлық мемлекеттер мен халықаралық құқық принципі негізінде өз қарым-қатынасын орнықтырады. Қазақстан Республикасының шекаралары біртұтас бөлінбейді және оған қол сұғуға болмайды. Қазақстан Республикасының және оның атқарушы өкіметінең басшысы Президент болып табылады.Сонымен, Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздігінің жариялануы еліміз тарихындағы аса ірі маңы
107.Қазақстан тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында: Қазақстанның «өзіндік» саяси моделінің қалыптасуы
1991 ж 1 желтоқсанда бүкіл халықтың Қаз Президентік сайлау болып, сайлауда Н.Ә. Назарбаев жеңіске жетті. 10 желтоқсанда Президент Н.Ә. Назарбаев өз қызметіне кірісті. Осы күні Кзақ КСР-ын Қазақстан Республикасы деп атау туралы шешім қабылданды. 1991 ж 16 желтоқсанда «ҚР-ның мемлекеттік тәеусіздігі туралы» Консти-ның заң қабылданды, бүл күн Тәуелсіздік күні болып жарияланды. Қазақ елінің өз азаматтығы белгіленді, тәуелсіз нарықтық экон-қ жүйе, қаржы-несие, салық және кеден қызметі енгізілді, ҚР-ның мемлкеттік рәміздері бекітілді.
Қаз дамуының тұжырымдамалық моделі ашық қоғам демократиялық бейбіт сүйгіш мемлекет құруды көздейді «Қаз-да либералды да немесе халықтық капитализм де, таза немесе жаңартылған социализм де болмайды, қарапайым көп рыноктық экономикасы бар демократиялық қоғам болады». «Одан әрі Қаз-ғасипаттама беріліп, оның даму ерекшелігі көрсетілді: дамыған елдерге тән белгілері-халықтың жалрпы бейімділігі кең көлемдегі ғылыми зерттеу мекемелері, ғарыштық зерттеулердің жүргізілді; дамушы елдерге тән белгілері экон-қ шикізаттың бағыты, экологияның ластануы, шетел инвестициясы мен жаңа техн-ға деген сұраныс, инфрақұрылымының артта қалуы. Бұған қоса Қаз. Ауқымды территорториясымен, оның құрлықтың ортасында орналасуымен, табиғи байлықтың мол қорымен, халықтың көп ұлтты құрамымен ерекшеленеді.
108 Қазақстан Республикасы Конституциясы: оның тарихи маңызы.
1995 ж 30 тамызда бүкіл халықтық референдум бойынша ҚР-ның жаңа Конституциясы қабылданды. Желтоқсан айында екі палаталы Қазақстан Парламентіне сайлау өткізілді. Қазақстан тәуелсіздігінің бес жылдық даму қорытындысы жасалған Н.Ә. Назарбаевтің «Ғасырлар тоғысында» кітабы болды.
109. Жекешелендіру- ҚазақстанРеспубликасындағыэкономикалықреформалардыңнегізі.
Жекешелендіру арқылы мемлкеттік моноолияны және тікелей тауар өндірушілердің өз еңбегінің қорытындысынан алыстауын жеңуге болады. Осыған бәйім респ-да «Мемл қарамағына алу мен жекешелендіру туралы» заң қабылданды. Жекешелендіру жоққа шығаруға болмайтын, ұзаққа созылатын және күрделі процесс.
--Экон-қ реформалар басталғанда мем-ң меншігінде негізгі қорлардың 80%-ы болуы, жекешелендіру барысында мемл-к сектордың үлесін 30-40%-ға түсіру көзделді.
--жекешелендіру экон-қ дағдарыс күрделеніп, үдеп келе жатқанда жүргізіледі.
--инфляциялық процестердіңкүшеюі тұрмыс дәрежесінің төмендеууіне әкеп соқтырды, өйткені өндііріс құрал-жабдықтарын сатып алуға халықтың жеткілікті қаржысы болмады.
--республиканың халық шаруашылығы кешендерінде ірі кәсіпорындардың үлес салмағы жоғары болды.
--экномика шикізаттың және өндірушілік бағытта болды.
--кәсіпорындар аймақтар бойынша қалалар мен селолар арасында біркелкі бөлінбеді.
110 ҚР-дың әлемдік қауымдастыққа қосылуы: БҰҰ, ТМД және т.б бірлестіктер.
1991 ж 21 желтоқсанда Алматы қаласында бұрыңғы Кеңес Одағы құрамындағы 11 тәуелсіз мемл арасында ТМД-ны құру туралы келісім хаттамасында қол қойылды.
Сол күні ТМД-ның құрылуы туралы «Алматы Деклорациясына» қол қойылды, 1992 ж 2 наурызда Қазақстан БҰҰ-ның толық мүшесі болды. Елімізді дүние жүзі қайымдастығы мойындады. Сол жылы 5 қазанда Президент Н.Ә. Назарбаев БҰҰ-ның бас ассамблеясының 47 сессиясыеда сөз сөйледі. Президент өз сөзінде «Азиядағы бірлескен іс-қимыл және өзара сенім шаралары жөнінде Кеңес» шақыруды ұсынды. Ондағы мақсат Еуропадағы ЕҚыҰ үлгісінде Азиялық құрылым жасау болатын.
Қазақстан БҰҰ мүшесі ретінде ЮНЕСКО, ЮНИСЕФ, ЭКОСОС, УВКБ сияқты ұйымдардың қызметіне белсене қатысады. Сонымен бірге халықаралық беделді ұйымдармен-халықаралық валюта қоры, халықаралық қайта құру және даму банкі, Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы және т.б. қатынас жасайды.
Қаз егемендіктің алғашқы кезінен бастап, өзінің сыртқы саясатында көп секторлық бағыт ұстанды. Эк-қ ықпалдастық ұйымының, ұжымдық қауіпсіздік туралы келісім ұйымының, Орталық Азия эк-қ одағының Шанхай ынтымақтастық ұйымының шеңберінде жүзеге асырылатын интеграциялық үрдістерге белсене қатысып отырды.
ді.
111, Тәуелсiздiк алғаннан кейiн (1991) Қазақстанда экономиканы реформалаудың бiрнеше тәсiлi қолданылды. Мемлекеттік экономикалық саясаттың базалық бағыттары мыналар болды:
1) социалистік экономикадан кейiнгi қайта құру;
2) дағдарысқа қарсы бағдарлама;
3) макроэкономикалық тұрақтандыру;
4) дүниежүзілік экономикалық дағдарысты еңсеру;
5) экономикалық өрлеудi қамтамасыз ету.
Реформалар: бiрiншi кезең (1991-1992)
Бiрiншi кезең Қазақстанда социалистік экономикадан кейiнгi экономикалық жағдайдың шиеленiсiп, құлдырауымен сипатталады. Бұл 70-жылдардың аяғында КСРО экономикасы нақты секторының жаппай үдере қожырауы салдарынан туған едi, оның үстiне өзгерiске ұшыраған сыртқы және iшкi әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси бағытта жүргiзiлген экономикалық саясат өрiстеп кете алмады.
Реформалар: екiншi кезең (1993-1994)
Екiншi кезең экономикалық дағдарыстың түйiндi кезеңiне айналды, бұл дағдарыс мыналардан көрiндi: Ресей Федерациясымен шаруашылық байланыстардың үзiлуi және осының салдары ретiндегi төлем төленбеу дағдарысы: кәсiпорындардың өзара борыштары 1993 94 ж. және 1995 жылдың басында 634913 млн. теңге болды; инфляция(гиперинфляция) өрши түстi: 1993 ж. тұтыну бағасының индексi 2265% деңгейiне жеттi (Ресей Федерациясының жаңа рублiнiң инфляциясы); өнеркәсiптiң шегiне жете құлдырауы: өндiрiлген ұлттық табыс 1991 93 ж. 1976 жылғы деңгейге дейiн төмендеп, жалпы құлдырау 38,2% болды. 90 жылдардың басындағы жалпы экономикалық дағдарыс халық тұрмысының күрт нашарлауына әсерiн тигiздi: 1990 жылдан 1994 жылға дейiн тұтыну қабiлетiнiң тепе-теңдiгi бойынша жан басына шаққанда орта есеппен жалпы iшкi өнiм 20%-ға азайып, 4711 АҚШ доллары болды. Бұл кезеңде халықтың жаппай көшi-қоны басталды, ол 1994 ж. терiс сальдоға жеттi (410387 адам). Жалғастырылған реформалардың мақсаты мына шараларды көздедi: меншiк қатынастарын қайта құру жеке меншiктi заңдастыру жағына ойысты; “рубль аймағынан” шығу және ұлттық валюта теңгенi енгiзу (1993 ж. қараша); валюта-қаржы және банк жүйесiн өзгерту; инфляция мен бюджет тапшылығын кемiтуге қатысты қатаң шектеу шараларын жүзеге асыру; алтын-валюта сақтық қорларын еселей түсу. Бұл кезеңде үкiмет дағдарысқа қарсы шаралар бағдарламасын қабылдады, ол инфляция деңгейiн азайтуға және өндiрiстiң құлдырауын шектеуге бағытталды. Қаржы секторы беретiн қарыздардың көлемiн шектеуге қосымша несиенiң “бағасын ұтымды ету” талабы, яғни жоғары пайыздық мөлшерлеме белгiлеу қарастырылды.
Реформалар: үшiншi кезеңде (1995-1997)
Үшiншi кезеңде Макроэкономиканы тұрақтандыру бағдарламасы қабылданды, ол қатаң шектеу арқылы инфляцияны төмендетудi көздедi. Тұрақтандыру бағдарламасы мынадай мақсаттарды алға қойды: нарықтық экономикалық институттары мен инфрақұрылымды дамыту; халықаралық стандарттарға сәйкес екi деңгейлi банк жүйесiн жаңғырту, инвестициялық және сақтандыру компанияларын, биржалар мен аудиторлық фирмалар құру; қатаң ақша-несие және нысапты бюджет-салық саясатын жүргiзу; ұлттық валюта бағамының тұрақтылығына қол жеткiзу; атаулы жалақыны шектеу; берiлетiн несиелердi шектеу және ақша массасының қатаң көлемiн (11722 млн. теңгеден аспайтын) белгiлеу. Бұл кезеңде шет ел капиталы кеңiнен тартылды, рыноктер мен нарықтық құрылымдарды дамыту үшiн жағдай жасалды.
Реформалар: төртiншi кезеңде (1998-1999)
Төртiншi кезеңде Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi даму стратегиясы қабылданды. “Қазақстан 2030”: Барлық қазақстандықтардың өсiп-өркендеуi, қауiпсiздiгi және әл-ауқатының жақсаруы: ел Президентiнiң “Қазақстан халқына жолдауы” (1997 ж. күз) бағдарламасы ҚР-ның ұзақ мерзiмдiк стратегиялық дамуының тұжырымдамалық негiзi даму бағыттары және елдiң дамыған елдер тобына шығу жолдары айқындалды. Стратегияның мiндеттерiне сәйкес Қазақстан 2030 жылға қарай дамыған мемлекеттердiң деңгейiне жетiп, әлемнiң ең дамыған 20 елiнiң қатарына қосылуға тиiс (Қазақстан 2030 даму стратегиясы). 1997 жылдың аяғында басталған дүниежүзілік қаржы дағдарысы Қазақстанның экспорттық салаларына айтарлықтай ықпал жасады.
Реформалар: бесiншi кезең (2000 ж.)
"Қазақмыс" корпорациясының Жезқазғандағы офисі.
Бесiншi кезеңде Қазақстан экономикалық өрлеу жолына түстi. ҚР дамуының 1998 2000 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын iске асырудың оң тәжiрибесi бюджеттiк-қаржылық өзара iс-қимыл мен реттеудiң жаңа қағидаларына негiз қалады, оның серпiнi мына мақсаттармен айқындалды: 2000 02 ж. орталық және жергiлiктi атқарушы органдар арасында қаржы-экономикалық мiндеттердi бөлiсу; 2001 жылдан бастап елдiң экономикалық дамуын жоспарлауға көшу. Бұл кезеңде жалпы iшкi өнiм жыл сайын өсiп отырды: тұтыну қабiлетiнiң тепе-теңдiгi бойынша 2000 ж. 87607,5 млн. АҚШ доллоры, 2001 ж. 101674,1 млн. АҚШ доллоры. 2002 ж. жалпы iшкi өнiм көлемi бұрынғыдан 9,5%-ға көбейдi. 1999 2000 ж. бейқаржылық активтер негiзiнен шетелдiк инвестициялардан құралса (тиiсiнше 57% және 51%), 2001 ж. iшкi инвестициялар тұңғыш рет салымның 60%-ынан астамын құрады. Инвестициялардың жалпы сомасы 1158,1 млрд. теңгеге жеттi. 2000 02 ж. елдiң экономикалық дамуы үшiн инвестициялық мүмкiндiктер жасауға баса назар аударылды. Өз қызметiн экономиканың басым секторларында жүзеге асырушы инвесторлармен 119 келiсiмшарт жасалды, негiзгi капиталға 165 млрд. теңгеден астам сомада (1,2 млрд. АҚШ доллоры) инвестициялық мiндеттеме қабылданды.
"Қазмұнайгаз" компаниясының Астанадағы штаб-квартирасы..
Қазақстанда iрi өнеркәсiп орталықтары, оның iшiнде отын-энергетикалық, металлургия, химия, машина жасау, құрылыс өнеркәсiбi жұмыс iстейдi. Республика кәсiпорындары шойын, кокс, болат, қорғасын, мыс, мырыш, титан, магний, қарашiрiк, синтетикалық каучук, шайыр, пластмасса, химиялық талшықтар, автомобиль шиналарын, минералдық тыңайтқыштар, цемент, металл жонғыш станоктар, ұсталық-сығымдағыш жабдықтар, қақтау стандарын, күш трансформаторларын, рентген аппараттарын, ауыл шаруашылығы машиналарын, тракторлар, экскаваторлар, т.б. өндiредi. Әлемдiк экономика ауқымында Қазақстан тауар рыногiне мұнай, газ, қара, түстi, сирек кездесетiн металдар, уран өнiмiн шығарушы елМұнай-газ секторының өнiмi Еуразия құрлығының ондаған елдерiне экспортқа шығарылады (аса iрi импортшылар: Ресей Федерациясы, Ұлыбритания, Украина, Швейцария, Италия). Экспорт құрылымында мұнай мен газ конденсатының үлесi 2001 ж. 49,3% болды
Республиканың машина жасау кешенiнiң өнiмi өнеркәсiп өнiмiнiң жалпы көлемiнде 3%-ға жуық. Оңтүстік аймақта Станок жасау зауыты, Алматыда Ауыр машина жасау зауыты жұмыс iстейдi, олар түрлi станоктар шығарады. Солтүстік аймақта “Шағын литражды двигательдер зауыты”, “Дизель”, “Ротор” ЖШС-терi, “ЗИКСТО”, “Мұнаймаш”, “С.М. Киров атындағы зауыт”, Петропавл “Ауыр машина жасау зауыты” АҚ-дары сияқты iрi машина жасау кәсiпорындары жұмыс iстейдi.
Қазақстан Еуроазия құрлығының ортасында орналасқандықтан транзиттiк тасымал саласында айтарлықтай орын алды. Республиканың жер бетiндегi көлiк магистралiнiң ұзындығы 106 мың км. Оның iшiнде 13,5 мың км темір жол, 87,4 мың км автомобиль жолы, 4 мың км өзен жолдары. Қазақстан мен Қытай арасында Достық Алашанькоу шекаралық темір жолы өткелi, Түрiкменстан мен Иран арасында Серакс Мешхед темір жолы өткелi салынған соң Ұлы жiбек жолы бойында жаңа транзиттiк дәлiздер ашылды: Қытайдың Тынық мұқиттағы Ляньюнган, Циньдао, Тяньцзин порттарынан Қазақстан, Қырғызия, Өзбекстан, Түрiкменстан, Иран, Түркия, Жерорта теңізі мен Парсы шығанағының порттарына қатынау мүмкiндiгi туды. Бұл жолмен жүк тасымалдануда. Автомобиль жолдарының торабы Ресей Федерациясына, бұрынғы одақтық республикаларға, сондай-ақ, Қытайға, Түркияға, Иранға, Қара т. бен Жерорта теңізінiң, Үндi мұхитының порттарына шығуға мүмкiндiк бередi. Теңiз кеме қатынасы Каспий теңізінде Ақтау порты арқылы өтедi, ол Ресей Федерациясының өзен жолдарымен Қара теңіз бен Балтық теңізіне шығады. “Эйр Қазақстан” ұлттық әуе компаниясы, басқа да жетекшi компаниялары жолаушылар тасымалын жүзеге асыруда.
112. Қазақстанның ТМД елдеріменқарым-қатынасы
республикаларының басым бөлігін бірлестірген Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын сақтап, оны дамыту турасында біршама ic атқаруда. 2006 жылдың мамыр айынан бастап 2007 жылдың қазан айына дейін Қазақстан ТМД-да төрағалық етіп Достастықтағы интеграциялық процесстердің дамуына жаңа серпініс берді. Төраға ретінде Қазақстан ТМД ұйымының жалпы тиімділігін арттыру мақсатында Достастықты реформалау бойынша Концепцияны жасап, ТМД мүше басқа елдердің талқылауына салды. 2007 жылдың қазан айында Душанбеде өткен ТМД саммиті барысында аталмыш Концепция қабылданды. 2007 жылдың маусым айында Санкт-Петербургте өткен Достастыққа мүше мемлекеттер басшыларының ресми емес саммитінде Қазақстан Президентінің ұсынысы республикамыздың ТМД ұйымының қажеттілік деңгейін арттырудағы тағы да бір айтарлық қадамы болды. Қазақстан басшысы ендігі жерде Достастық көшбасшылары жылына бip көкейкесті мәселені қарастыруды ұсынды. Бірінші болып ТМД мемлекеттерінің бәріне ортақ өзекті мәселе көші-қон тақырыбы қарастырылды. Ал 2008 жылы ТМД Төрагасы ретінде Қазақстан көлік және коммуникация мәселесін талқылауды ұсынды. Бұрыңғы кеңес кеңістігінде экономикалық беделі жоғары Қазақстан мемлекеті Еуразиялық Экономикалық Қауымдастыққа мүше жетекші мемлекет болып табылады. Аталмыш Ұйымға Қазақстаннан басқа ТМД-ның бес мемлекеті мүше. Олар Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Беларусь және Тәжікстан. Біздің республикамыздың экономикалық мүмкіндіктері мен белсенділігі бұл ұйымның даму қарқынына айтарлықтай септік етуде.
113.Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан 2030» атты жолдауындағы басым бағыттар.
Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» атты жолдауындағы басым бағыттар. ел дамуының 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған стратегиялық бағдарламасы. 1997 жылы қазанда қабылданған. Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған арнауында баяндалған. Стратегияда көзделген мақсат ұлттық бірлікке, әлеуметтік әділеттілікке, бүкіл жұртшылықтың экономикалық әл-ауқатын жақсартуға қол жеткізу үшін тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстан мемлекетін орнату. Осы мақсатқа орай мынандай ұзақ мерзімді негізгі бағыттар бөліп көрсетілді: Ұлттық қауіпсіздік: аумақтық тұтастықты толық сақтай отырып, еліміздің тәуелсіз мемлекет ретінде дамуы. Мемлекеттің тұрақты түрде дамуын қамтамасыз ететін барлық қажеттіліктер шеңберіндегі бастапқы шарт ұлттық қауіпсіздік және мемлекеттіліктің сақталуы. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі көрсеткіші ретінде демократиялы, индустриясы дамыған басты мемлекеттермен байланыстарды күшейту, халықаралық институттар мен форумдардың көмегі мен жәрдемін пайдалану қажеттігі атап көрсетілді. Мұның өзі халықар. қоғамдастық тарапынан Қазақстанға қолдау жасаудың жақсы жолға қойылуын, бай табиғи қорлардың тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді, Қазақстан азаматтарының өз еліне деген сүйіспеншілік сезімін арттырады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмысындағы сөзсіз басым бағыт сыртқы саяси қызметке, Қазақстанның өз көршілерімен және дүние жүзінің жетекші елдерімен өзара тиімді қатынастар қалыптастыруға саяды.Ішкі саясаттың орнықтылығы және қоғамның шоғырлануы: бірлік қоғам мен мемлекеттің одан әрі дамуының кепілі. Бұл салада барша азаматтар үшін тең мүмкіндіктің және барлық этн. топтар үшін тең құқықтың болуына кепілдік беру, ауқаттылар мен кедейлер арасындағы айырманы азайту, әлеум. мәселелерді шешу, саяси орнықтылық пен қоғамның шоғырлануын ұзақ мерзімге қамтамасыз ететін дәулетті Қазақстан мемлекетін орнату міндеті қойылды. Шетелдік инвестициялар мен ішкі жинақ қаражаттың деңгейі жоғарыболатынашық нарықтық экономика негізінде экономикалық өрлеу. Негізгі қағидалары: мемлекеттің белсенді рөлін сақтай отырып, оның экономикаға араласуын шектеу, макроэкономиканы орнықтыру, экон. өрлеуді қамтамасыз ету, экономиканың нақты.Қазақстандықтардың денсаулығы, білім алуы және игілігі: азаматтардың тұрмыс жағдайы мен деңгейін көтеру, экол. ортаны жақсарту. Сырқаттардың алдын алу және салауатты тұрмыс салтына ынталандыру, азаматтарды салауатты тұрмыс салтын ұстауға, дұрыс тамақтану, гигиена мен тазалық ережелерін сақтауға баулу, нашақорлық пен наша бизнесіне қарсы күресу, маскүнемдік пен темекі шегуді қысқарту, ана мен баланың денсаулығын сақтау, қоршаған орта мен экологияны таза ұстау мәселелерін қамтиды.Энергетикалық қорлар: тұрақты экономикалық өрлеу үшін мұнай мен газ өндірудің және оларды шетке шығарудың көлемін жедел ұлғайту жолымен энергетикалаық қорды тиімді пайдалану. инфрақұрылымды жасау, өзін-өзі қамтамасыз ету және бәсекеде тәуелсіз болу мәселелерін шешу мәселелерін қамтиды.Инфрақұрылым (көлікжәне байланыс): ұлттық қауіпсіздікті, саяси тұрақтылықты нығайту, экон. өрлеуді күшейту. Отандық көлік-коммуникац. кешеннің әлемдік рыноктағы бесекелестік қабілетін қамтамасыз ету және Қазақстан арқылы өтетін сауда ағынын ұлғайту міндеті қойылған.Кәсіпқоймемлекет: іске шын берілген және елдің негізгі мақсаттарына қол жеткізуде халық өкілдері болуға лайық мемл. қызметкерлердің осы заманғы қабілетті құрамын жасақтау. Бұл саладағы міндет осы заманға сай тиімді мемл. қызмет пен нарықтық экономикаға оңтайлы басқару құрылымын құру, басты мақсаттарды іске асыруға қабілетті Үкіметті жасақтау, ұлттық мүдделердің сақшысы болатын мемлекет орнату.
114.ҚазақстанРеспубликасындағырухани даму. «Мәдени мұра» бағдарламасы бағдарламасы.
2004 жыл ҚР-ның мәдени саясатын дамытиу үшін ерекше маңызды болды. 13 қаңтарда Президент мемлекеттін «Мәдени мұра» бағдарламасын бекітті. Оның мақсаты «рухани және білім салаларын дамыту елдің мәдени мұрасын тиімді пайдалану мен сақтауды қамтамасыз ету». Онда археологиялық ескерткіштер мен тарихи маңызды жәдігерлерді қайта қалпына келтіру, мәдени мұраны, соның ішінде қазіргі ұлттық мәдениет, фольклор, дәстүрді зерттеудің бүтін жүйесін жасау, ұлттық әдебиет пен жазудың көп ғасырлық тәжңрбиесін жинақтау, көркем және ғылыми сериялар жасау, әлемдік ғылым, ой, мәдениет және әдебиет жетістіктері негізінде гуманитарлық білімнің құнды қорын мемлекеттік тілде жасау белгіленді. «Мәдени мұра» бағдарламасының шеңберінде қыруар жұмыстар атқарып, ұлттық мәдениетіміз бен тарихымыздың аса құнды мұралары ғылыми айналымға енгізіліп, көпшілік оқырманның игілігіне айналды. Бұл жерде ерекше тоқтала кететін жайт, мұрағаттарымыздың Ресей мен Қытайдың мемлекеттік мұрағаттарынан алынған Қазақ тарихына қатысты жаңа тарихи құжаттармен толынды еді.
115.ҚазіргіҚазақстанмәдениетініңдамуы
. . Театрлар және қазақтың дәстүрлі өнері шығармашылық жаңа серпін мен еркіндікке қол жеткізді.Сонымен қатар өкімет тарапынан қамқорлық пен бақылауға әбден қалыптасып қалған бірқатар мәдениет қайраткерлерінің өмірдің жаңа жағдайына дайын еместігі де байқалды. Олар «кеңестік алтын ғасыр туралы» сағыныштан өзге жұртшылыққа ештеңе ұсына алмады.Кино өнерінде, монументті кескіндеме жасауда өзіндік көркемдік ойы, және идеялық принциптері бар жаңа ұрпақ келіп қосыллды. Қазақ режиссерлерінің көптеген фильмдері әлемдегі ірі фестивальдердің лауреаттары атанды. 1996 жылы Алматыда Тәуелсіздік монументі мен Ж. Жабаев ескерткіші, Астанада Кенесары Қасымов, Абылай хан, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би ескерткіштері салтанатты түрде ашылды.2003-2005 жылдарда қазақ-американ кинематографистері (Голливуд, Қазақфильм) «Көшпенділер» кинофильмін түсірді. Бұл алғашқы маңызды халықаралық жоба еді. ЮНЕСКО бағдарламасы шеңберінде Қ.И.Сәтбаевтың туғанына 100 жыл толуы республикада кеңінен атап өтілді. 1999 жылы сәуірде Парижде осы оқиғаға арналған халықаралық ғылыми симпозиум өтті. Түркістанның 1500 жылдық мерейтойында «Қазақстан мен түркі әлемінің рухани тарихындағы Түркістан және Қожа Ахмет Йасауи» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылды. Оған Қазақстан мен жақын және алыс шетелдерден 200-ден аса ғалым мен мамандар қатысты. 2001 жылы 12 шілдеде «Ғылым туралы» Заң қабылданды. 2003 жылы қазанда Ғылым академиясы жаңа заман талабына сәйкес қайта құрылды. 2001 жылдың акпан айында «Асыл мұра» атты Қазақстанның музыкалық мұрасы жобасының тұсаукесері Алматы қаласында өтті. Жоба мақсаты құнды ұлттық музыкалық мұраны табу, жүйелеу, қайта өңдеу және қазіргі аудиотаспаларға көшіру. Жоба аясында халықтық, классикалық және қазіргі Қазақстанның үздік мәдени мұра үлгілері қалпына келтірілді.
116.Қазіргі Қазақстанқоғамындағыдемографиялықтенденциялар
Тәуелсіз Қазақстан егеменді ел болғаннан кейінгі алдына қойған басты мақсатының бірі адамдардың жақсы тұрмысын ететін қоғам орнату еліміздің барлық аймақтарында өндірістің құлдырауы және соған байланысты халықтың тұрмыс деңгейінің төмендеуі демографиялық жағдайда әсерін тигізді.
Мұны бала туу мен өлім- жітімнің, сондай-ақ халықтың республикадан тыс жерлерге көшіп кету шілердің жол-күйін сипаттайтын көрсеткіштерін анық байқауға болады. Мәселен, 1991-1995 жж. Аралығында әр мың тұрғынға шаққанда бала туу деңгейі 21,0 адамнан 16,1 адамға дейін азаяды, Германияға, АҚШ-қа, Ресейге т.б. жерлерге қоныс аударушылар көбейді.
Республика көлемінде 131 ұлт пен ұлыстың өкілі тұрып жатты. Бір айрықша бөліп айта кететін жайт, қазақтар саны бірте-бірте басымдыққа ие болып келеді. Мәселен, ХХ ғ. 60 жылдары қазақтар елде тұратын халықтың үштен бірін қамтыса, 1997 жылдың басында олар республика халқының тең жарымын құрады.1999 жылы халық санағы бойынша қазақтың саны 8,2 млн. Адамға жетіп жалпыхалықтың 53,4% -ын қамтыса , 2004 жылы 8,6 млн-нан асып республика халқының 58%-ын құрады.
117.Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйым. ЕҚЫҰ ның Астана Саммиті.
ЕҚЫҰ20 ғасырдың 70-жылдары Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі кеңес негізінде құрылды. 1994 жылы Будапештте өткен мемлекеттер мен үкіметтер басшыларының кездесуінде аталған кеңесті Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйым деп атау жөнінде шешім қабылданды. Бұл Еуропа, Азия және Солтүстік Америка құрлығының 56 мемлекетімен консенсус (бір ауыздылық) негізінде келіссөздер, кеңесулер өткізіп, саяси шешімдер қабылдауға арналған көп тарапты құрылым. Мүше мемлекеттер басшыларының кездесулерінде ұйым қызметінің басты бағыттарын айқындайтын негізгі құжаттар қабылдайды. Мұндай кездесу 2 жылда 1 рет өткізіледі. Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымның Министрлер кеңесі мән-маңызы жағынан екінші басшылық органы болып саналады. Оның мәжілісі мемлекеттер басшылары кездесуінің аралық кезеңінде жылына 1 рет өтеді. Басшылық кеңесі саяси және жалпы бюджеттік сипаттағы мәселелерді талқылап, нақтылайды, оның мәжілісі Прага қаласында өтеді. 20 ғасырдың 70-жылдары Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі кеңес негізінде құрылды. 1994 жылы Будапештте өткен мемлекеттер мен үкіметтер басшыларының кездесуінде аталған кеңесті Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйым деп атау жөнінде шешім қабылданды. Бұл Еуропа, Азия және Солтүстік Америка құрлығының 56 мемлекетімен консенсус (бір ауыздылық) негізінде келіссөздер, кеңесулер өткізіп, саяси шешімдер қабылдауға арналған көп тарапты құрылым. Мүше мемлекеттер басшыларының кездесулерінде ұйым қызметінің басты бағыттарын айқындайтын негізгі құжаттар қабылдайды. Мұндай кездесу 2 жылда 1 рет өткізіледі. Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымның Министрлер кеңесі мән-маңызы жағынан екінші басшылық органы болып саналады. Оның мәжілісі мемлекеттер басшылары кездесуінің аралық кезеңінде жылына 1 рет өтеді. Басшылық кеңесі саяси және жалпы бюджеттік сипаттағы мәселелерді талқылап, нақтылайды, оның мәжілісі Прага қаласында өтеді.
118.Н. Назарбаевтың «Тарих толқынында» атты еңбегі.
1999 жыл- “Тарих толқынында” еңбегі жарыққа шықты.Тарихтың шеңберлері және ұлттық зерде бөлімінде ел тарихын 12 кезеңге бөледі.
Маңызды Тарих қойнауын зерделей отырып, ұлттық қасиетті сақтауға, тәрбиелеу қасиетті қажеттігі баса айтылады өз еңбегінде “Ру шежіресін білу сахнасын төсінде көшіп-қонған қазақтар үшін өмірлік қажеттілік. Қазақ халқының рулық, тайпалық, жүздік қауымдастық біртұтас ғажайып бүкіл ғасырлар бойы бүкіл қазақ бір отанның ұрпағы , бір тамырдың бұтағы деген ұстаным бойынша өсіп-өркендеп отырған деген сөзін басшылыққа алып, соның өмір шындығы екенін өздері шығарған әрбір зерттеу еңбектері арқылы дәлелдеуде мақсат етіп қойғанды байқайды. Сол мақсатты жүзеге асыру үшін қазақ халқының негізін құраған 40-тан астам ірілі тайпалардың тарихын түбегейлі зерттеп, олардың әрқайсысына жеке-жеке бірнеше монография орналасқан. Осы орайда қазақ халқының тарихын танып біліуді оны құраған жан-жақты зерттеп, анықтау арқылы жүзеге асыруда республикада , өз қалауларымен, алғашқы болып қолға алып отырған орталықтың жұмыссыздық отырған отбасының да зор ілтипатпен атап өткен жөн.
119.Н. Назарбаевтың «Сындарлы он жыл»атты еңбегі.
жаһандық қоғамды серпілту, түйінді мәселелер хақында ортаға өзін толғандырып жүрген, жүрегін ауыртатын ойларды тастау, соларды шешудің өз тұрғысындағы жолдарын айта отырып, баршаны үн қатысуға шақырады. Кітап кіріспе мен түйіннен басқа бес бөлімнен тұрады. Автор өмірлік маңызды проблемаларға қоршаған ортаны, табиғатты, адамдардың сенімі мен сана сезімін, халықтар арасындағы қоғамдық уағдаластықты бүлдіретін қара ниет күштер алдындағы алаңдаушылығына сендіріп, оқырманды пайымдасына, ниеттесіне айналдыра алады. Кітапта метафоралық өз басынан өткізіп барып сеніммен түйіндеген тұжырымдар аз емес «Жабық қоғам дегеніңіз қанша үлкен болса да тор ішінде , ашық аспанда ұшқанмен пара пар» (233 бет). Мұндай мысалдарды кітапты мұқият, ыждағатпен оқыған адам көптеп кездестіре алады.Кітапта баяндаудың әрқилы әдістері қолданылған. Кітап өте жатық, түсінікті тілмен жазылған.
120. Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы әлеуметтік-экономикалық және саяси даму қорытындылары.