Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

Алыстадым біра~ м~ны ~зім та~дадым А~панны~ он алтысын ~лі ~мытпадым

Работа добавлена на сайт samzan.net: 2015-07-10

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 10.5.2024

Антидепрессант

Жұлдыздай ағамын,

Қаншама армандар өлді түбінде сананың.

Алыстадым бірақ мұны өзім таңдадым,

Ақпанның он алтысын әлі ұмытпадым.

Тоңып барам сондықтан ұмтыламын күнге,

Қанағатсыздың әрдайым қанаттары күйген.

Кешегі жандосың бүгін сенің дұшпаның,

Жүректі ұмыттық ойлап қарынның қамын.

Жеңілген жауынгер,

Тәні өлгенде ғана тізелері бүгілер.

Жүрегім алақаныңда үгітілер,

Өкінер сосын кешірімді өтінер.

Қандасымнан күтем қастандық,

Жүрегім жетім болғандықтан тастанды.

Мастандым, бәрінің назарынан,

Ластандым түк қалмады тазалығымнан.

Елестет көзді жұмып,

Бақытты сәттеріңді.

Барлығын тізіп жазып

Өртегін дәптеріңді.

Өртен, тағы өртен! Жанармайды төгем!

Тарихым күлге айналсын түгел!

Сұлулығың әлемімді көрікті етпес,

Бақытты етер қасіретім қолым жетпес!

Мен саған мұқтажбын...

Сенің жанарың маған антидепрессант.

Әлкеев Шыңғыс Нартайұлы

Артына қарай берген түбінде шалынып құлайд,

Көпшіліктің алдына күліп жалғыздықта жылайд.

Талай шалынып құлағам тізелерім жара,

Бақыт егер сатылса кімге беру керек пара?

Қара шаңырақта кезекті ұйқысыз түн,

Шерімді жасырамын аузыма құйылғандай құм.

Ата-анам және жалғыз ініммен біргемін,

Оларды қатты жақсы көрем бірақ ертең кетемін.

Анашым, сен маған сыйладың өмірді,

Өмірім сенікі жалынам алмашы еркімді.

Еркелетсең өзімді сезінем айыпты,

Көп парағын қаралы қылдым ортақ тарихтың.

Ана ғана баласын Құдайдан артық көреді,

Намысы жоқ өлсе екінші рет өлгені.

Одүниенің есіктері әрқашан ашық,

Табалдырығын аттаймыз ызғардан қашып.

Қайырмасы:

Таныс болмасақта бәлкім,

Жақсы таныс саған атым.

Аштым жүзімді шынайы,

Әлкеев Шыңғыс Нартайұлы.

Әкемнің қабағы суық бірақта үндемейді,

Ақымақ тұңғыш ұлына үнсіз ғана өкпелейді.

Өзгеретін менің түрім жоқ,

Қырсықтыққа шалдыққам дертімнің шипасы жоқ,

Далада ақпан, Шымқала өте жылы,

Көшемде өте тыныш естілмейді ешкімнің үні.

Соңғы кездері әсіресе түндерде,

Сағыныш мазалайды мектептегі кездерге.

Соңғы қоңырауда әлі менің есімде,

Сөз бердік достығымыз созылады деп мәңгіге.

Өмір бізді лақтырып тастады жан-жаққа,

Біреуі жұлдызсымақ, біреуі кетті қылмысқа,

Біреуі болса бизнесмен, біреуі саясатта,

Көңіл көтерген құрбылар бүгіндері жүр хиджабта.

Өмір деген расында қызық,

Қыстың күні жазды армандаймыз ал жазда қысты.

Армандарды ұмытып құру керек жоспарлар,

Шегінсемде бәрібір жеңіске үмітім бар.

Болғым келеді әке жәнеде лайықты жар.

Оны сүйем бірақта менің күмәнім бар.

Күмәнім жоқ оның мені сүйетініне,

Шатастырады кербездікті менмендігімен.

Түсінші, бірақ мұны түсіндіру қиын,

Сенімен қиын бірақта сенсізде өте қиын.

Жасанды жүрек

Мен сені сүйемін бірақ саған айтпаймын,

Сағынамын алайда телефон шалмаймын.

Көзім жетті саған ұқсас ешкімді таппаймын,

Ішімде жалын болсада суық құшақтаймын.

Бүгін тағы аштым поштамды,

Кешегідей ешқандай маған хат жазбадың.

Акина – есімің өте ерекше,

Өмірімде сенің орның ерекше.

Сен жоғалтып алғаным үшін өкінем,

Тек өзіңді ғана жұбайым ретінде көрем.

Басқалардың құшағында сеземін аяз,

Тұңғиықсың ал олардың әлемі таяз.

Мас болғанда шыдатпайды сағынышым,

Жақынбыз бірақ арамызда мың шақырым.

«С.М.С.» яғни «сені мен сүйемін»,

Сенсіз өмірім жоқ яғни күнде өлемін.

Қайырмасы:

Арманың бар менің,

Тоқтасын жүрегім.

Құдайымнан тілеймін тек мен жасанды жүрек!

Шаршадым шынымен,

Өзіңсіз өмірден.

Құдайымнан тілеймін тек мен жасанды жүрек!

Алкоголь - күйінішті ушықтырады,

Жалғыздықтан қашып кеземін түнгі қаланы.

Ескі смс-теріңді ашып оқимын,

Қалған өмірімді сенсіз қалай сүремін?

Бәлкім тағдыр қайтадан бізді тоғыстырар,

Бәлкім бақыт тауып жүрегім сені ұмытар.

Бірақ сен ғана қажетсің маған,

Сендегідей жылуды таба алмадым басқадан.

Мен сияқты түнде өлең жазатын едің,

Ал мен саған қарап тамсанушы едім.

Мені байқап жымиятын едің тәп-тәтті,

Менің көйлектерім саған күшті жарасатын.

Бозбала жігіт болды өтіп барады уақыт,

Бес жыл өтті бір-бірімізді қайта таптық.

Осы күнді армандадым мен қанша жылдар,

Құшақтасып тұрсақта арамызда суықтық бар.

Мүмкін еркіндікке етім үйреніп қалған,

«Еркінмін» деп айтады жалғыздықтан шаршаған.

Бір уақытта құшақтаймын және алыстаймын,

Себебі сені тағы жоғалтсам шыдай алмаймын.

Сен ғайып болған соң мен өзгердім мүлдем,

Жанымда мәңгілік күз далада көктем.

Құдайым-ау, жәрдем берші маған тезірек,

Жүрегімді жұлып салшы жасанды жүрек!

Алматы

Ғұмырымның жартысы өтіп барады жолда,

Алтынның қадірі жоқ болғанында қолда.

Сен келеді деп жинамаймын пәтерімді,

Ерніммен сүртем аққан ащы теріңді.

Алысамыз кереуетімде,

Вискидің дәмі сезіледі тіліңнен.

Сенің жүрегің мен үшін мәңгі құпия,

Тыңдармандарға өмірім қызық хикая.

Бейбітшілікті қалаған жауынгер болмайд,

Жүрегі жараланбаған шынайы сүйе алмайд.

Жымиып күлімдеші маған,

Сыйлайын сезімімді тазалығы қалмаған.

Ескі суреттерге қараймын,

Онда шынайы күліп қолымды бұлғаймын.

Ал қазір суретке түсуді қаламаймын,

Себебі кадрде жалғыз болғанды ұнатпаймын.

Қайырмасы:

Мені енді қорқытпайды,

Мына қыстың ызғары.

Алматы мені мәңгілік

Құрсауынан босатпайды.

Бақыттың қадірін білмеймін,

Себебі мені сүйген адамды мен сүймеймін.

Менің Алматым бүгін тұманды,

Сенің күлкің уақытша жояды күмәнді.

Бәрі менің есімде,

Бұл уақытша қуануға әлі ерте.

Бұл махаббат па әлде ессіздік?

Бір сағат сөйлессек қырық минуты үнсіздік.

Өмір еркелетпейді ұзақ,

Қирайды армандар егер нақты жоспарлар құрсақ.

Сөнген ошақ, әлсін жанады шоқтар,

Жеңілседе жауынгер қолынан түспейді шоқпар.

Қатігездікпен қорғанады әлсіздер,

Бақытты ғана бақыттырақ болуды көздер.

Ал біздер ағысқа мойынсұнып,

Өзгеден талап етеміз жаны болғанын тұнық.

Олдскул

Олдскул, қазақша «ескі мектеп»,

Қазақшасы құлағыма ерсі естілед.

Ностальджи, брейкданс би,

Рэп мен үшін Тупак емес, БадБи.

Децл, Шеффтің мәтіндерін жаттап,

Айнаға қарап, қимылдарын қайталап.

Иә, жұлдыз болуды мен армандадым,

Арман қуып рэпті орыс тілінде бастадым.

Хип-хоп иджей, өз өзіме диджей,

Сұмдық акцентіме көңілімді бөлмей.

«Жүйеге қарсылық» болды өте сәнді ұран,

«Көшенікімін» дедім мен еш ұялмастан.

Ол кезде болды түсініктер мынандай:

Брейк билей алмаған рэпер бола алмайд.

Күндіз мектепте, кешке брейкпен,

Рэпіміз өте нашар болса да шын жүректен.

Хип-Хоп киім іздеп, базарларды аралап,

Достар үшін болдым рэперсымақ-сайқымазақ.

Құлағымда рэп, қалтамда кассеталық плеер,

Айналамнан болмады түсіністік бір түйір.

Берілмедім, іздей бердім өзіме ұқсасты,

Рэп-топ құруға тарттым мен сыныптасты.

Бірақта мұнымнан ештеңе шықпады,

Сыныптасым рэпті бастамай жатып тастады.

Мектепті аяқтадым, түстім Алматыға,

Парада Бауыржан отырды көрші партада.

Достасып пайда болды ортақ мақсаттар,

Қазақ рэпте Сармахамды танымайтын кім бар?

Орындамасада ол рэпті,

Қазақ рэпке сыйлады жаны мен жүректі.

Қаншама рет, өзімді мен атасамда Хан,

Қазақ рэпке хан мен емес Сармахам хан.

Кейін ол мені сыныптасымен таныстырды,

Орысша оқиды талай тербеген Ақтауды.

J-Nice а.к.а JAN, құрмет оған,

Себебі ол мені қазақ рэпке отырғызған.

Ақымақ болып айтуға тырыстым орысша,

Ол айтты маған: Брат, попробуй қазақша.

Жатын бөлмем тұрмын микрофонның алдында,

Жанат пен Бауыржан қарқылдап тұр артымда.

Естідім универде болып жатыр фестиваль,

Рэпімді тыңдатайын бағымды сынайын.

Алайда өтпей қалдым мен іріктеуден,

Әділ қазыларға күлкі сыйлап рэпіммен.

Қатысқан болатын онда менімен бірге

Ашердің әнін айтып, рнб билеп.

Әділ қазыларға ұнаған,

Мақтау қағазын алған әйгілі Ali NayMan.

Танысып, достасып, бауыр басып,

Төрт жігіт әлемді алақанға қысып.

Көздеріміз жалындап армандарға ұмытылып,

Жол жөнекей шарықтадық кейде ұтылып.

Осылай жәй, ақырын асықпай,

«Аш қазақ» пайда болды уақытымыз зулай.

Бірінші альбом «Қазақ рэпінің ханы»,

Қуып жазып едім, қазір өмір мәні.

Қазір бәрі басқаша мүлдем өзгерді,

Айнадан көрмеймін жалындаған көздерді.

Бұрынғыдай қуаныш сезімі жоқ мүлде,

Альбомдарымды көргенде сөрелерде.

Жанкүйерлер тіпті танығанда көшеде,

Үйреншікті жағдай бақытты бермейдіде...

Сары сағыныш бойымды билейді кейде,

Оралғым келеді баяғы өткен күндерге.

Алғашқы сахына, аяқтарым дірілдеп,

Бірақ көрсетпеймін, болдым көкірек.

Қазір болса шаршатады сахына,

Бірақта рух аламын фанаттар дауысынан.

Ғаламшарды тербетем

Ы, бала болмасамда баяғы,

Шын жүректен жан-тәніммен сүйем ойнағанды.

Шайқағанды, концерттен кейін мас болғанды,

Құшағымдағы маған беймәлім аруларды.

Е, білем бұл мәңгілікке жалғаспайды,

Мен шайқаған қалаларды ертең басқалар шайқайды.

Джихангер тоқтамайд, себебі қартаймайды,

Жаным қартаймайды бірақ терім салбырайды.

Ха, әзілдегенді қатты ұнатам,

Аруларды күлдіріп жатын бөлмеме апарам.

Қопарам, сахынаны астымдағы,

Айтарыңды бетіме айт ішіңде жасырмағын.

Сендерге жұлдызбын ал әкеме ақымақпын,

Жүрекпен сүйген рэпімді қалайша тастамақпын?!

Джихангер мәңгілік уайымдама жанкүйер,

Өлсе де Тупак сияқты әлемді тербетер!

Қайырмасы:

Соғыссыз бағындырдым,

Елімнің қалаларын!

Мойында еңбегімді

Баба тілі болды сәнді.

Соғыссыз бағындырдым,

Елімнің қалаларын!

Ұлы қазақ тілімен

Ғаламшарды тербетем!

Паау, мен барған қалада жарылыс,

Сұлу бойжеткен, сахынаға жақындамаңыз.

Қарапайыммын бірақ ешкімді менсінбеймін,

Ақылдымын бірақ химияны түсінбеймін.

Ақырзаманнан қорқады бәрі,

Мен қорқамын тыңдамай кете ме деп тыңдарманым.

«Маған бәрібір» деп әрине айту оңай,

Алайда менің әліде болғым келеді бай.

Е, Алматыда болдым ересек,

Жүрегім тас емес үгітілетін тесек.

Үгіліп түк қалмады, тыңдаймын тек сананы,

Тартып алып соңғы нанын ақшаларын санадым.

Ы, Қазақ рэпінің ханы,

Сапалы тауардың иесі көп болсада саны.

Жеңістен жалығамын сүйіктісімін Алланың,

Қазақ рэптің тарихына жалғыз қазықты қададым!

Қызық екен өмірімде талай жеңілгем,

Алайда айналмадым мен есекке жегілген.

Көпті көрген ақсақалмын деп айта алмаймын,

Камераның алдында ақсақал боп ойнаймын.

Бәрінің ауызы ашылып,

Батамды тыңдайды алақандары жайылып.

Ы, ұялшақпын ұялуды білмейм,

Қазақ рэпінің, ханы жасасын аумин!

Жауын

Сен айыптысың бірақта көздерің айыпсыз,

Менде айыптымын сондықтан қалдым жалғыз.

Біздің бақыт... тағдырға болды сүйкімсіз,

Ақымақпыз, оны жазған болсақ өзіміз.

Білесің бе, кейде қараңғы түнде,

Аулаңа барып қарап тұрамын терезеңе.

Мүмкін көрінер маған таныс силует,

Сағыныш пен өкініш бойымды өртеп.

Алматымның күлі суық жаңбыр астында,

Cезім неге тұншығып өлмейді көз жасыма?

Махаббат жүректің бағы ма, наласы ма?

Жалғыздыққа таң қалмайды жалғыздар қаласында.

Сағындым құшағымдағы сенің деміңді,

Әңгімелеріңді, тәтті еріндеріңді.

Сенімен қиын бірақта сенсіз қиынырақ,

Күнәһармін жұмақ тапқан періштені құшақтап.

Қайырмасы:

Жылап жаным, жауған жауын,

Қандай суық! Көз жасы көк аспанның.

Жылап жаным, жауған жауын,

Бәрібір мен... бақытты боламын.

Жыла, жүрек, жыла, өзіңе сол керек,

Ол сені сүйді, сен болсаң басқаны іздеп.

Қолымызда барда алтынның қадірі жоқ,

Бақытын көрмеген бақытқа хақысы жоқ.

Мен сені жоғалттым әлемімде сары күз,

Сенсіз бәрі мәнсіз, өмірім бос.

Басқалардың еріндері - уақытша наркоз,

Саған айтарым көп бірақ таусылды сөз.

Төрт жыл өтті. Көздерім жанарыңда,

Алақаным алақаныңда.

Баяу алып құшағыма,

Иіскеймін сені құштарлана.

Сырымды айтамын жауынға,

Жылы самал айналды дауылға.

Қара жорға

Арайлап бүгінде міне атты таң,

Қайырлы таң... Қазақстан!

Менің елім деп әрдайым соғады жүрегім,

Менің тірегім – Анамның тілі, Атамекенім.

Мен түсінемін бізде бәрі емес керемет,

Басымыз біріксе барлық мәселе шешілед.

Отырып алып әрине сынау деген оңай,

Нақты істерге көш өтірік уайымдамай.

Ағалар, жалынды сөздерді қатырмай,

Жұмыс істеңдер халық ақымақ емес бұрынғыдай.

Күтуден шаршап міне өзім қолға алдым,

Бабамның тілінің мәртебесін самғатамын.

Жалғыз емеспін менімен қазақ жастары,

Қазақтың рэпімен тербеледі бастары.

Маңызды емес опера немесе дапстеп,

Жымиып тұра берем Қара жорға билеп.

Қара жорға болмаса бидің сәні бола ма?

Құдашалар болмаса тойдың мәні бола ма?

Қайырмасы:

Егер Шыңғыс болмаса сахына жарыла ма?

«ASH ҚаZаҚ Pro» болмаса рэптің мәні бола ма?

Қара жорға болмаса бидің сәні бола ма?

Қазақ тілін білмеген қазақ қазақ бола ма?

Қыранбыз, қанаттарымыз талмасын,

Дұшпандар жеңіліс тауып жалаулары тапталсын!

Мен қазақпын – Ұлы түркілердің ұрпағы,

Бағындырған әлемді басқан атының тұяғы.

Бабаларымның рухынан сұраймын кешірім,

Қандастарым үшін менсінбейтін өз тілін!

Қаралы тарих қалсын мәңгі тарихта!

Еңсені көтеріп ұмтылайық болашаққа!

Қазақтың жігіттері – жеңіс иелері,

Келіндеріміздің басы ғана иіледі.

Жерұйық Қазақтың даласында білем,

Асан Қайғы оны босқа мұнда іздеген.

Біз көппіз менімен қазақ жастары,

Жұмылсақ өркендейміз уақытта қасқағым.

Менің рэпім айналды тілімнің тұмарына,

Брэйк данс керек емес қане биле қара жорға!

Қара жорға болмаса бидің сәні бола ма?

Құдашалар болмаса тойдың мәні бола ма?

Мама

Көріссекте анда-санда,

Көңіліңді қалдырсамда.

Қара шаңырақтан қашсамда,

Тым қатігез болсамда

Әрдайым кешіресің,

Еркелетесің сүйесің.

Менің мамам,

Қатты мұқтажбын саған.

Маңызды емес сен үшін,

Қалсамда артында көштің.

Қалың киіндім, тамақтандым,

Уайымдашы анашым.

Қайырмасы:

Жеңіліс тапсамда шайқастарда

Күтесің әрқашанда.

Қазір сенен алыстамын,

Кешірші мені, мама...

Амандығымды тілеп,

Періштедей желеп-жебеп.

Ақымақ болсада балам,

Кешірдің мені, мама...

Менің жас мөлшерім сен үшін жәй сандар,

Еркелетесің әлі мен сәби болмасамда.

.Ерте есейгенім үшін кешірші мені,

Мақтанышың болмадым ұлдарындай өзгенің.

Бірақ саған маңызды емес мұның бәрі,

Ең бастысы сен үшін менің аман болғаным.

Уайымдама қарным тоқ, киімдерім бүтін,

Айыбың жоқ емес бірақ айыптауға жоқ құқым.

Жүрегіңді жаралағым келмейді, мама,

Жараладым, жараңа тапқым келеді дауа.

Шынымен қателіктеріме өкінемін,

Сен менің әлемімсің сені жақсы көремін.

Жауынгермін жаны толы тыртықтарға,

Мына ызғардан қорғайсың құшағыңда.

Түсіндім бар мәні менің өмірімнің –

Анашым, әкем және жалғыз інім.

Әлі сен үшін сәбимін,

Қадіріңді білмеймін.

Отызға таясамда

Әлі саған еркелеймін.

Руымыз бөлек болсада

Дос деп сені атамаймын,

Бауырыма балаймын.

Өмір өзен болса

Мен қайығың болайын.

Қасіретім мен бақытыммен

Бөлісемін сенімен.

Бірге ұшып бірге құлап,

Жеңісімізді тойлап.

Менің үйім ол сенің үйің

Неге жоқ көңіл күйің?

Өмір салды ма салмақ?

Жартысын көтерейін.

Бауырымсың руы бөлек,

Болмаған ағамдайсың, тірек.

Мына әлем тек біздікі,

Оны тоңқайту керек.

Қайырмасы:

Руымыз бөлек болсада,

Сенемін тек саған.

Мына қатігез ойында

Тек сенімен жеңе алам.

Оның қасында ғана шешемін бетпердемді,

Себебі ол ғана мені жүз пайызға біледі.

Ол менің досым емес ол менің бауырым,

Дос деген уақытша мен мұны нақты білемін.

Қолын беріп көтерді мен талай жығылғанда,

Маған жарық сыйлады мен түнекте тығылғанда.

Бөлісіп ішпесекте жүз граммды,

Алайда тонналап, тауысамыз сыраны.

Менің көзжасымды көрген сен ғана,

Өсекті қатырамыз оңашада қалғанда.

Ха, сүйген қыздарымызды жамандап,

Болашақ қадамдарды жоспарлап сыра ұрттап.

Мен саған қарыздармын мәңгі,

Руымыз бөлек болсада таптым туысқанды.

Ойланбай сенің жолыңда құрбан етемін,

Қанымыз бір туысқандарымның жүздегенін.

Сырласым

Қатігез түн тағы оятып естеліктерді,

Сенің жанарың жүрегімнің дәрісі мен дерті.

Мен сүйемін сені, сенде сүйесің мені,

Неге міндеттіміз бақытты қылуға өзгені?

Кешірші мені, махаббатым үшін,

Құштарлыққа беріліп тарылғанына тынысым.

Менің қылмысым – мәңгілік күйінішім,

Басқаларды аймалағаным махаббатқа өшім.

Тасжүректігім үшін, кешірші мені мама,

Көңіліңді қалдырсамда бақыт тілеп балаңа.

Түсінші мен оны сүйем шынайы,

Енді бәрі тым кеш бұрынғыдай болмайды.

Бәлкім қартаймайды анасы бар адамдар?!

Қартайып барады анам мендей баласы бар.

Қызықтырмайды ешкімді менің реніштерім,

Сыртым бүтін ал ішімде жиіркеніштімін.

Қайырмасы:

Қол созамын Айыма,

Күйемін суығына.

Емде жүрек жарасын,

Менің керең сырласым.

Шындыққа келсек бәріміз жалғыздықты іздейміз,

Көкірекпіз, бақытты бағалай білмейміз.

Қарнымыз тоқ, басқа бізге не керек?

Мақұлыққа айналуға жол бермейді жүрек.

Армандарымды көрдім жүзіңнен,

Бірақ армандарым жас боп ақты көздеріңнен.

Білесің бе, махаббатқа сенгем.

Қайсарлықты талап етпе жеңілген жауынгерден.

Екі ғашық балмұздаққа таласып,

Өмір деген өзенде бірге жүзді құшақтасып.

Алайда өзеннің толқындары жағадан асып,

Біреуі ағысқа төтеп бермей кетті адасып.

Қателеспе, өмірге ризамын,

Сендерге түсініксіз менің жеке «ақыраманым».

Қайта қазамын, жүректегі естеліктерді,

Жалынамын жіберші мені емдейтін дәрігерді.

О, май GOD!

Алматы, кешкі саябақ,

Жаздың салқын самалы, қолымда балмұздақ.

Оны жалап, айналама қарайлап,

Аруларды іздеймін ғашық болуды көздеймін.

Уау, өтіп барады менің алдымнан,

Бетін көрмесемде көзді алмаймын артынан.

Ары-бері қозғайды, құмарлығым лаулайды,

Сондай жалпақ, тәп-тәтті домалақ.

Артынан еріп барамын тілім салақтап,

Арманым ең болмаса алсам ғой мыжғылап.

Ойбай-ай жатыр ғой шалбарыңа сыймай,

Ням-ням, тәтті көтенің май.

Оңға солға, оңға солға,

Қимылдатқаның гипноз болған.

Не деген о, май GOD?!

Жүзіңді көрмесемде ғашық болдым базар жоқ!

Қайырмасы:

Не деген о, май GOD?!

Не деген о, май GOD?!

Қозға, оңға солға,

Уау, не деген тәтті форма!

Студенттік шақ, қазір басталады сабақ,

Мұғалімді күтіп отырмыз есікке қарап.

Ол кәрі кісі, өте суық жүзі,

Бірақта кірді қазақтың бір сұлу қызы.

Бізбен танысқан соң, өзінде таныстырды,

Мұғалім ауысып біздің жолымыз болды.

Ескі мұғалім зейнетте немесе өліп қалды?

Маңызы жоқ, Құдай расында мейірбанды.

Сұлу мұғалім орындығынан тұрып,

Бәрімізге жатыр сабақты түсіндіріп.

Бірнәрсе жазу үшін тақтаға бұрылып

Қалғанында көтенін көріп қалды есім танып.

Дыбыссыз режим, сондай тәтті көрініс,

Ақылды болған соң берілді ме дипломыңыз?!

Мынандай көтенмен оқуың қажет Гарвардта,

Мынаны қозғасаң миды болады қозғамауға.

Тез жалығайын сенен

Суретіңе қараймын тағы,

Ойлаймын сағынбаймын.

Нөміріңді терем тағы

Бірақ телефон шалмаймын.

Шынымды айтсам түсінбеймін,

Мен қандай сезімдемін.

Мен сені сүйемін,

Бірақ сезімсіз сүйемін!

Қайырмасы:

Тек мені сүйем деші

Тез жалығайын сенен.

Ешқашан қасымнан кетпеші

Тез жалығайын сенен.

Өмірімді менің өзгертші

Тез жалығайын сенен

Еркелет және еркелеші

Тез жалығайын сенен.

Біздің махаббатымыз біртүрлі,

Бөлек болсақ сүйкімді.

Қасымда болмағанда

Армандаймын ерніңді.

Ойлаймын сағынбаймын,

Өзгені сүйе алмаймын.

Алыстасамда сенен

Өзгеге қия алмаймын.

Қазақ рэпінің ханы сені үшін жәй Чингусик,

Сүйсемде бойыңнан іздеймін минустарды тізіп.

Жұмсақ джаз және сен жайлы ойлар,

Өлтірді кешегі Шыңғысты өмірге құштар.

Әрине енді бұрынғыдай қиын емес,

Жалғыздықтан қашып іздемеймін төсектес.

Менен жақсырағын тапсаңда ол мендей сүймес,

Жазамын саған кезекті суық смс.

Өзінше емеспін, өз құнымды білем,

Сенікін де білем сондықтан жасамаймын төлем.

Сүй тағы сүй, аймала мені, жаным,

Неғұрлым көп болса соғұрлым тез жалығамын.

Достарым аз, таныстарым көп,

Сүйгенім сен ғана, сүйіскендерім көп.

Сағынбасамда неге ұмыта алмаймын,

Өзімді алдасамда сені алдай алмаймын.

Монополия

Мұқтажбын қатты адамға маған ақжол тілейтін,

Ақжолды армандаймын Центр тобы дәріптейтін.

Болсамда ақ, бірақ, ақсаусақ емеспін,

Алайда бойымда мінезі ақсүйектің.

Арыстан білмейді қадірін қоректің,

Сәттілікке мастанып дәмін татып қызыл еттің.

... Жалықпайды болып қатынқұмар,

Болса да төсегінде қыздар саны бір отар.

Қазақ рэп - менің иелігім,

Сен құрбансың қандыруға қатынымның жерігін.

Қожайынсыз қалса егер прайд,

Тексіздер құтырып шибөрілер қаптайды.

Шындықты айтып мақтанамын,

Шеберімін әкем үшін күлкілі бұл саланың.

Хип-Хоп! Қару-жарақ қолданбай жарамын,

.Барлық қалалардың қадірлі қонағымын.

Қайырмасы:

Монополия – дамуды тежейді,

Деген жоққа шығардым мен ережені.

Ханға лайықты кездестіргенше әйелді,

Дүниеге маған жететін қазақ келмейді.

Балақай, егер болсаң сен қазақ МС,

Екі аяғымды бар, қалағаныңды сүй.

Болмай жатса менде көңіл-күй,

Стаканыма отты суды төгілгенше құй.

Таусылмайды олардың әңгімесі,

Жек көред алғанымдай аруларымен некелесіп.

Зорлық-зомбылыққа қарсымын,

Бейонсе мені зорласа деп армандаймын.

Түсінемін мен сені балам,

Бағындырдың келеді шыңдарды мен бағындырған.

Тағдырың тоңқаймайды егерде нәзік болсаң,

Алайда кейде сәтті болады мүше сорған.

Егерде рэп кино болса мен Тарантино,

Сенің салмағың аз, себебі хип-хоп сумо.

Джихангер а.к.а Базилевс,

Қазақстанда Шыңғыс Ресейде Григорий Лепс.

Қаза болсаң...

Махаббатым өледі тәніңнен жалыққанда,

Сырымды айтамын жақтарым қарысқанда.

Көрсетші маған ғашығыңды,

Шошайтпа маған саусағыңды.

Жараспайды саған жымиған,

.Бетің су болған ба мына суық жауынннан?!

Сен, үмітті іздейсің көзімнен,

Мен, жұбаныш табамын көркіңнен.

Тістеп қан ақты еріндеріңнен.

Сөзім таусылды арзанға сатам асылды.

Сендерге біртүрлі емес пе?

Көрінбейтінге жалбарынған адам ересек.

Жылымайды неге суық төсек?!

Жаным-ау маған, жарыққа жолды көрсет.

Сенің көзжасың беріп жігер,

Шегінбейді ешқашан жеңілген жауынгер.

Қайырмасы:

Қаза болсаң күрестің мәні жоғала ма?

Қоқыстай көміліп тапталып аяқ астында.

Жауабың болса сұрағыма жауап бер,

Мәртебеге лайықты ма жеңілген жауынгер?

Қаза болсаң күрестің мәні жоғала ма?

Қоқыстай көміліп тапталып аяқ астында.

Лайықты ма қалуға тарихтың төрінде,

Соғыстың басында оққа ұшқан жауынгер.

Бұрынғы сүйіктім оралды шаңыраққа,

Бірақта қалды тек қана төрт суық қабырға.

Сөздерімнен іздеп мағына,

Ернімнен сүйеді көзімді жұмбаймында.

Бұлшықеттерді шынықтырып,

Ащы суға уланып нәпсіден ұтылып.

Адал емеспін тіпті өзіме,

Сеніп қалам өзіме айтқан өтірігіме.

Анашым айтады әкем мені сағыныпты,

Бірақ ұмыттым үйіме баратын бағытты.

Мамам кешірді ақымақты,

Бақытымды жоғалттым іздеймін деп бақытты.

Көздерімде қара көзәйнек,

Жүрегімді жаулап алды кезекті жәлеп.

Оның көзжасы беріп жігер,

Шегінбейді ешқашан жеңілген жауынгер.

Сұрақтар

Әр сөзімді тыңда мұқият,

Менің көз жасым ақ параққа түскен сия.

Маған еліктесең ақымақсың,

Шайқастарда жеңіп, ал соғыста ұтыларсың.

Ақылды болу өте оңай,

Ақылдылар ешқашанда бақытты болмайды.

Болашағымды жоспарлағанды ұнатпаймын,

Ертеңгі күн жақсырақ болсын деп армандаймын.

Тыңдарман, қош келдің менің ғаламыма,

Мәңгілік емес жәй уақытша тұрағыма.

Жауап берші менің сұрағыма,

Қазір құшағыңдағы адам бақытты ма?

Жалпы бақытты болды ма?

Бақытты болуға лайықты ма?

Негізі бақыт деген бар ма?

Жауап берші сұрақтарыма...

Не білесің мен жайлы?

Өмірдің қиын кезеңдері,

Мені сындырмады бірақ құрбы етті мұңды.

Шымқала неге бүгін бұлтты?

Өтірік жымиып ащы көзжасымды жұттым.

Екі апта қара шаңырақта іш пысты,

Әкем қалайды ұлының болғанын табысты.

«Үйлен» деп тағы да миымды ашытты,

Уайымнан алыстатады қашықтық.

Мені жек көрседе немесе сүйседе,

Шабытым өліп болмай кетсе концерттерде.

Сұлу жұбайы бар болам көп балалы әке,

Өлеңімді жазуды доғармаймын түндерде.

Өкінемін қателеріме,

Қателер баланы айналдырады ерге.

Жақындарымды талай қаратқанмын жерге.

Сондықтан маған еліктеме.

Қайырмасы:

Не білесің мен жайлы?

Еріндерің жұбатпайды.

Уақыт-жалын өртейді бізді,

Жоғалтып пәктігімізді.

Көзім ашылды қабылдадым ақиқатты,

Қашықтық өлтіред тіпті шынайы махаббатты.

Жылағым келседе күлемін,

Күндіз өліп суық түндерде тірілемін.

Мұңайып отырсамда мен бақыттымын,

Оны сүйем бірақ құшағында тоңамын.

Бәрі жақсы қинамайды аштық,

Қарнымның тоқ болғаны маған етеді аздық.

Бос әңгімелеріңді доғар,

Енді періште емессің бірақ қанаттарың бар.

Ала кетші мені екеумізге ортақ жұмаққа,

Отты су уақытша жүрегімді құрғатқан.

Сені сүю арман бірақ ерніммен емес,

Қызық емес енді болу жәй ғана төсектес.

Көзді жұмып армандаймын болашағымызды,

Мені қоя бер сенің сүйгенің маңызды.

Қорғанамын жалған күлкімен,

Тұтқын болған жауынгермін айрылған еркінен.

Өзгертуге мені тырыспа,

Әйтпесе тұтқының айналады қашқынға.

Ата-анам қалың ұйқыда,

Мәтін жазып отырмын көк шәй ішіп асханада.

Жалғыз інім қаңғырып жүр тағыда,

Болды жатайын ертең шығам Алматыға.

1001 түн

Ммм, қандай тәтті сенің еріндерің,

Жалғыздықтан емдейтін менің жеке дәрігерім.

Ммм, әрдайым сенімен сүйсемін,

Тәніммен ғана емес бақытыммен бөлісемін.

Ммм, махаббаттан жоғалды менің есім,

Шыңғыс – сенің ләззатыңа тілеулесің.

Ммм, қандай оттай ыстық сенің құшағың,

Маған бақыт мені тұтқындаған сенің тұзағың.

Қайырмасы:

Өшпейтінін білемін,

Саған деген сезімім.

Алғашқыдай мен үшін,

Осы мың бірінші түн.

«I nеed you» тілінде ағылшынның,

Мәңгілікке Шыңғыс тұтқыны жанарыңның.

Жүрегім тоңғанда жылу береді алақаның.

Аймала мені менде сені аймалаймын.

Ау, тістемеші менің ернімді,

Жарайды тістей бер жаралама жүргеміді.

Ау, бұлай қатты сүймеші мойнымды,

Жасырып шаршадым сенің көгерткен ізіңді.

Ау, өтінем тырнамашы арқамды,

Білемін сен арусың қызуқанды.

Ау, қоздырмашы мені тағыда,

Менің басым толып барады лас ойларға.

Менің жүрегімнің қожайыны сенің жүрегің,

Жалықсаңда бұл сөздерден мен сені сүйемін.

Мың бірінші түнімізді алғашқыдай көремін,

Арғазым атты бауырымды тағы көрсетемін.

Саған дейін бақытты көрмедім расында,

Өлмесемде жұмағымды таптым қасыңда.

Әрқашан хатыңды тосып үңілем телефонға,

Сенсіз бір минут созылатындай бір ғасырға.

Голгофа

Қазақ үшін жаңа Абаймын көздерді ашар,

Қандастарым тілін үйренеді көріп «Тілашар».

Жау сені тізерлету үшін көтіңді ашар,

Біреу табыс үшін сорып сосын тоңқаяр.

Романтик едім жырлаған махаббат сезімін,

Мәтіндерімнің қарайып бара жатқанын білемін.

Ересек болған сайын қорқыныш үдейіп,

Қуанпайды басын иген дұшпаның еңкейіп.

Имам араққа тойып оқиды намазды,

Ал біз қалам алып қатын қыламыз қағазды.

Уақытында шегініс күтпегенде шабуыл,

Арттан шыққан жел біреу үшін болар дауыл.

Айтшы маған тұрғанда аузында өлімнің,

Түсіресің бе есіңе анаңның келбетін?

Немесе тұрады көз алдыңда сүйіктің?

Құрбанысың көріктің немесе тәтті қылықтың.

Қайырмасы:

Тырыспай-ақ қой бүге алмайсың тіземді,

Артымнан көрінбей қаншасы қару кезенді.

Өмір егістік болса жанымды жыртады соқа,

Мен өлсем өлген жерім болады Голгофа.

Өмірімнің мәнін босқа іздеп қайтемін?

Стақаныма құйып түбіне дейін ішемін.

Бауырым, берші темекіңді тартып көрейін,

Түтіннен құсқым келгенін көрсетпеймін.

Өтініш, мерекемен құттықтама,

Өтініш, мен қасыңда болсам қуанба.

Үмітсіздік жарасады ма тек шайтанға?

Жұмаққа түседі ме басын иген Кришнаға?

Болып жатыр Джулия Робертстың киносы,

Қарап отырмын өшірілседе дыбысы.

Тоңдырып жатқан мені Алматының ба қысы?

Жүректің көзжасы тағдырымның жалақысы.

Өсіре алмай интернеттің жылдамдығын,

Модемді суырамын қайта тығамын.

Өзгеріс жоқ бәрі бәз баяғы қалпында,

Өмірдің мәнін құйып бөтелкеден стаканға.

Қияли қояншық

Жаның тазармас тіпті мың дәрет алсаңда,

Пәктікті сақтау қиын күнәһарлар қаласында.

Мына сыра әрең өтіп жатыр,

Өлімнен қорықпайтын ақымақты атапты батыр.

Махаббат расында болса дерт,

Менде оған қарсы пайда бопты иммунитет.

Айналамда жасанды әлем,

Сәулені күтпеймін қара түске боялған күннен.

Қол жетпейтіннің бәрі көркем,

Мен секілді олда демалса да оттегімен.

Табуды қалайсың әндерінен,

Алайда сенде жоқ кілттері есігімнен.

Кеше арман болған Хит TV,

Теледидарым быжылдап экраны көрсетпейд.

Күлкілі емес Камеди клаб,

Жүргенім бар Спанч Бобтың крабсбургерін армандап.

Қайырмасы:

Армандаймын ойнауды мен

Болашақ ұлдарыммен.

Тағдыр қатал қаншық

Қияли қояншық.

Дефицит адами жылулық,

Маған керек жаным, көрінбейтін сұлулық.

Ақылдылық белгісі ме қулық?

Мақұлықпыз өзара алмастыратын сұйықтық.

Саксофонның үні тағыда,

Қабағымды жаптырмай салдырды уайымға.

Жанкүйері болдым сағымның,

Бәлкім тыңдап отырғаның соңғы альбомым.

Тыңдармандар куәгері әлсіздігімнің,

Көздерін жою керек алдында кетерімнің.

Болғың келеді ме менің досым?

Досты қайтесің қадірлемейтін досын?!

Аққанымен қоймай жұлдыз ағызадыда,

Өмір жайлы ойланамын тек дәретханада.

Бірге секірейік төбеден,

Қылмысым үшін әділетсіз айырдың еркімнен.

Қош енді, жаным ІІ

Қарап тұрып менің сезімсіз көздеріме,

Мен сияқты енді күйініп тұрсың сен де.

Дүние алма-кезек екен расында,

Тырыспа сенбеймін сенің көз жасыңа.

Қайталаймын мен сені ұмытқам,

Сенімен болғанша өлгенім артық жалғыздықтан.

Жылама өткен күндер қайта оралмайд,

Шешіміңнің нәтижесін ештеңе түзей алмайд.

Махаббатым болды кіршіксіз,

Сен мені ұмыттың ал мен шегіндім еріксіз.

Уақыт өте менен жақсыларын таба алмай

Оралдың ал мен сені енді сүйе алмайм.

Мен білем сен мүлдем күтпедің мұндайды,

Менің жүрегім сатқындықты кешіре алмайды.

Қош енді, жаным менің

Бақытымын өзгенің.

Қайырмасы:

Жүрегіңде мәңгілікке қалады есімім,

Біз бірге емеспіз енді бұл сенің шешімің.

Қош енді жаным менің, жіберші өтінем

Екі жанарым суық бірақ іштей күйем.

Айыптағым келмейді бірақта айыптысың,

Бәрі өзгерді мен басқамын сен де басқасың.

Арамызда болған бәлкім балалық махаббат,

Қайтеміз жаным-ау қателікті қайталап?

Мен сені жек көрем алайда қатты сүйем,

Дәл сендей аруды таба алмайтынымды білем.

Шаршадым жүрегіме керек тыныштық,

Сағынсамда сені тәтті мінезіңді қырсық.

Неліктен бітпей жатыр соңғы кездесу?

Ентіккен екі жүрек құштарлы сүйісу.

Үмітімнің шоғын жандырды сенің көз жасың,

Қолыңды жібере алмай мәңгілік қоштасам.

Меланхолик

Алматы түні ұйқымды қайта ұрлады,

Шамдары жанып тұрсада мен үшін қараңғы.

Түнгі қаланың салқын ауасымен демалып,

Абай даңғылы бос, бағдаршам қызыл жанып.

Алыстан естіліп полиция сиренасы,

Қолға түсті біреу әшкереленіп қылмысы.

Әне көріп тұрмын қараңғы бір түкпірде,

Екеуі бір жігіттің телефонын шешуде.

Біреу айтқан екен достары нағыз ақынның,

Қап-қара кофе және түтіні шылымның.

Шабыт береді маған түнгі қала оттары,

Елітеді саксофонның үні мұңды.

Түнгі қаланың күндізгіден бөлек болмысы

Өмірім басталады сені жатқанда ұйқы қысып.

Мазалайды жанымды тарихымнан елестер,

Мәңгілік меланхолик, көрінбейді белестер.

Қайырмасы:

Түнгі ойлар еліктіріп мені алысқа,

Бақыт көптік қылады ма өмірде қысқа?!

Махаббатың мен үшін кезекті аялдама,

Жолымнан ұстама, бақытымды байлама.

Толтырсаңда сен төсегімнің жартысын,

Толтырмадың бірақта жүрегімнің жартысын.

Сондай сүйкімді болып ұйықтап жатырсың,

Бетіңнен сүйдімде, күмәндарыма баттым.

Сүймеймін сені махаббатыңа емеспін лайық,

Жылай бер, көзжасың жарамды кетеді шайып.

Кешірші, артық кеттім, бәрін ұмытайық,

Махаббатсыз махаббатпен айналысайық.

Болсада оның болмысы періштедей,

Жалғыздыққа жығып жерледі мені тірідей.

Сенің көздеріңнен оның көздерін көрем,

Мұқтаж болсамда бірақ сенсіз-ақ өмір сүрем.

Ұйықташы жаным, болды жыламашы,

Еріндеріммен сүртемін көзіңнін жасын.

Уақыт өте ұмытасың менің жүзімді,

Мәңгілік меланхолик, сыйлаған бір түнді.

Ғажайып

Махаббат жайлы көңілді өлеңімді жазайын,

Көрінбейтін сүйіктіме әнімді арнайын.

Кем дегенде біреуі керек,

Позитивті махаббат туралы трек.

Мені сені сүйемін көрінбейтін сүйіктім,

Кербездік басты сәні ғой көріктінің.

Заңдары қатал қаланың,

Сүйгісі келед жүрегі кешегі баланың.

Болашағымды қалдырдым өткен шағымда,

Сені іздеймін пенделердің арасында.

Бақытқа, лайықтымын ба білмеймін,

.... Ғажайыптарға сенбеймін.

Ла-ла-ла-ла...

Жігіт жыламайды, арманы жоққа бақыт қонбайды.

Ла-ла-ла-ла...

Мына заман, сезімді төсек ләззатымен алмастырған.

Ла-ла-ла-ла...

Тәңірім, махаббатқа жүреді ме сенің әмірің?

Ла-ла-ла-ла...

Білемін, ғажайып болмайды бірақ бәрібір күтемін.

Қайырмасы:

Ғажайыпсың, көрінбейтін менің сүйіктімсің.

Ғажайып қыз, сені күтемін, сені сүйемін.

Ғажайыпты тілейді күнәһардың жүрегі.

Ғажайыпқа неге сенбеймін? Неге сенбеймін?

Қапырық түн, жұлдыздарға қараймын,

Жалғыздық дерт емес менің қалыпты жағдайым.

Сәулесі салқын айымның,

Махаббат себебі қайғының.

Сезімнің мерзімі бар,

Сені ғана сүйем қоздырады басқалар.

Өмірде болған хикаялар,

Сенімді өлтірді, бірақта арманым бар.

Сені тапсам жұмақтың қажеті шамалы

Сені тапсам Құдайдың жұмаққа қабылдағаны.

Сені тапсам түсім болғаны,

Ертегіде болады ғажайыптың барлығы.

Ла-ла-ла-ла...

Жігіт жыламайды, арманы жоққа бақыт қонбайды.

Ла-ла-ла-ла...

Мына заман, сезімді төсек ләззатымен алмастырған.

Ла-ла-ла-ла...

Тәңірім, махаббатқа жүреді ме сенің әмірің?

Ла-ла-ла-ла...

Білемін, ғажайып болмайды бірақ бәрібір күтемін.

Қанатым жоқ...

Құрдастарымның бар қатын, бала-шағасы,

Ал менің жүрісім сол рэп, жастармен таласып.

Үміттенем қасымда сенімді жігіттер,

Бірақта олардың үміті қаншаға жетер?!

Менің жүрегім төсегім сияқты,

Бір аруды сүйіп талайын аймалапты.

Ыстық оңтүстік бермеді жаныма жылу,

Жалғыз мақсат баю, бақытты сатып алу.

Барлығы бала кезде ержетуді армандап,

Есейгенде артына қарайды жалтақтап.

Қиындықтар бұрындары көрінген оңай

Сауытыңды сөгіп сағыңды сындырды оңдырмай.

Құрдастарым кешегі асыр салып ойнаған,

Қарындары шыққан көздері жоқ жалындаған.

Құрып кеткір өмір жейді біздерді жегідей

Бүркіт болуды армандап ғұмыр кешеміз есектей.

Қайырмасы:

Армандадым қалықтауды,

Бірақта қанатым жоқ.

Бұзғым келеді құрсауды,

Күресудің мәні жоқ...

Алматы Мәскеу сияқты көзжасыңа сенбейді,

Сен мешітке барғанда ол таңдайды шіркеуді.

Қызға маңызды жігіт үстіндегі брэндтері,

Жігітке маңызды қыздың тұрақты бергені.

Жаным-ау, бәрібір жоқ болсада қыздығың,

Бүгін менікі ертең боласың өзгенің.

Жалғыз қалмайын деп қыздығыңды тіктірдің,

Бақытын тапқанына мәз болып жүр күйеуің.

Бұрында қойдым періштенің рөлін ойнауды,

Мақсат етіп қойғаным жоқ барлығына ұнауды.

«Тыңдарманға адалмын!» қазір сәнді ұран,

Ақша үшін дайынсың ба аттауға намыстан?

Сенің өмір үшін күресің оларға қылмыс,

Біреудің қасіреті олар үшін мол табыс.

Менің суықтығым жәй ғана қорғаныс,

Соғысты доғармаймын болмасамда Алпамыс.

Өткеніңе өкінбе

Арайлап тағы атты таң,

Жарқырап күнім шығыстан.

Әлемдегі барлық адам,

Бақытты болуға жаралған.

Қиындықтарға мойыма,

Кездескен сенің жолыңда.

Шайқастарда сан-алуан,

Күрес болмасаңда палуан!

Оян, қазағым, ұйықтама,

Өмір берілген бір ғана.

Қанағатшылдық расында,

Жараспайды жеңімпазға.

Қайырмасы:

Құшағыңды жай әлемге!

Өткеніңе еш өкінбе.

Болашақ бақыт әкелед!

Себебі өмір керемет!

Тағдыр бар ма? Әлде оны жасаймыз өзіміз?

Қайғыны жасырып қуанышпен бөлісеміз.

Жамандықты жасаймыз жақсылықты күтеміз.

Сүйгенді жылатып лайықсыздарды сүйеміз.

Екіжүзділік біздің айықпайтын дертіміз,

Болашаққа сенімсіздікпен күнді кешеміз.

Қиындықтар көбейіп қалмасада шарамыз,

Берілмейміз, сондықтанда бақытты боламыз!

Махаббатсыз махаббат

Уайымдама жаным, гармондар тынышталды,

Секстен гөрі ұнатамын аймалағанды.

Доғар енді мені бақытыңа балауды,

Іздегенің мен емес жабайық осы тарауды.

Сен сұлусың, ал Шыңғыс болмаған ынжық,

Қатігез романтик ішімде құбыжық.

Мен үшін қымбатсың бірақта сенің құның бар,

Ақша, асыл тас, сәнді мейрамханалар.

Қамалдым мен қапасына үлкен қаланың,

Көңіл көтерген жақсы, бірақ мен шаршадым.

Қасымда болсаңда жалғыздықты сезінем,

Тәнің ыстық жылу көрінбейді көзіңнен.

Махаббат бар... бірақ мен үшін жоқ,

Өзім өртедім оны тозақтан шақырып от.

Бұрынғыдай күйініш мені мазаламайды,

Бәлкім жүрек өлді, енді сүйе алмайды.

Қайырмасы:

Жарықты жаным, сөндірме,

Тоя алмай тұрмын көркіңе.

Маңызды осы түн,

Махаббатсыз махаббатты беруге дайынмын.

Іздеймін деп әсем бағын Жерұйықтың,

Толқынға төзе алмай түбі тесілді қайықтың.

Есейдім, жоқ балалық максимализм,

Ауламда күн жарқырап жанымда катаклизм.

Махаббатсыз айналысамыз махаббатпен,

Түк болмағандай оянамыз бірге таңертең.

Жаным-ау сенің армандағаның осы ма?

Шыңғыс сенің сүйіктің бе? Әлде досың ба?

Қажет емес, жалған сезіміңді ұсынба,

Жалғандықтан шаршадым мен мына жалғанда.

Жаным ашып кейде сыйлаймын гүл шоғын,

Бірақ саған маңыздырақ банктегі шотым.

Махаббат бар... бірақ мен үшін жоқ,

Өзім өртедім оны тозақтан шақырып от.

Бұрынғыдай күйініш мені мазаламайды,

Бәлкім жүрек өлді, енді сүйе алмайды.

Күн деп аталған жұлдыз

Тозаққа дейін... бір ғана қадам,

Жарық іздеймін... сұраймын аспаннан.

Расында... ағып жатқан жұлдыздар,

Оның жанарынан... аққан тамшылар.

Өліп қалған... президенттері АҚШтың,

Бақыт бермеді жүрегіне ақша тапқыштың.

Ол біледі шынайы махаббаттың құнын,

Сондықтан толтырып жүреді қалталарын.

Ащы су тәтті түнге жетелейтін жол,

Қызған соң белден төменге кетеді қол.

Ақырын олар бір-біріне жақындады,

Сүйіседі аузында темекінің дәмі.

Қателеспе бұл ару жезөкше емес,

Бірақта «першіте» депте атауға келмес.

Ол мен сияқты өртенген қаланың тұрғыны,

Өмірі қызық бірақта жүрегі жұпыны.

Қайырмасы:

Ақымақ сормаңдаймыз,

Бақытты таба алмаймыз.

Табамыз жарылғанда,

Күн деп аталған жұлдыз.

Ақымақ сормаңдаймыз,

Барды бағаламаймыз.

Сөнеді ғой бір күні,

Күн деп аталған жұлдыз.

Жалынға... құя бермеші жанармай,

Жалынба... жатсада сені аямай.

Өрте хаттарды барлық суреттерді,

Жой қарғыс атқыр естеліктерді.

Алматы әліде жанып жатыр лапылдап,

Оның күлкісі әлі естіледі қарқылдап.

Ғұламалар жан-жақтан жатқанда жамырап,

Шаңырақ баяғыда қалды қаңырап.

Аппақ қарды қызылға бояған Виктор Цой,

Үміттенді ме екен бір күні болады деп той?

Жылай бер, бірақта асыр салып биле,

Қан сорғалаған жарақатыңды біте.

Бетіме үрлейсің темекінің түтінін,

Өзіне тартады қып-қызыл еріндерің.

Қазақ болып кірістік француздар ісіне,

Темекінің дәмі сезіледі тіліңнен...

Өртеймін

Құдай біреуге берсе біреуден алады,

Әрқашанда күрескен ғана жығылады.

Ал мен болсам жарақатымды жасырып,

Жымиямын өмір сүруге асығып.

Мәңгілік жаспын өз өзіме қаспын,

Еріндерің тәтті, қара ұзын шашың.

«Сүйем» десем сенбе себебі мен маспын,

Тәнімді ал бірақта жүректі сыйламаспын.

Шекара жоқ! Көз алдымда бүкіл әлем,

Мұңымның бөлшегін мен сендерге берем!

Уақыт - менің жауым, көкірегімде дауыл,

Дұшпандар қамалыма басып кірді қағып дабыл.

Жалын шарпып бүкіл әлемім өртенуде,

Қожайынсыз қалған тағымды қалдырам кімге?

Сәлем, жаңа өмір! Виват, еркіндік!

Жалғыз арыстан шибөрілерден жеңілді...

Қайырмасы:

Жазалап өзімді тіпті,

Қамаймын еркіндікті.

Көрінбейтін қанаттарымды жайып... өртеймін...

Қаталдығынан жазаның,

Бәрімен қоштасамын.

Көрінбейтін қанаттарымды жайып... өртеймін...

Жарықтан қашып тығыламын түнекте,

Махаббат бар бірақта соңында көп нүкте.

Сүйіктім, мен үшін жасыңды төкпе,

Менің аурам ем ауру кеңістікке.

Мұңайма, мен де күлемін, келістік пе?

«Зат есім» болмай айналайық «етістікке».

Қозғалыс - өмірдің мәні деп естігем,

Сұлуым қозғалайық бірге төсекте.

Ренжіме перішенің рөлі маған қиын,

Вискиге тәуелді көңіл-күйім.

Жанарыңа қарап сұрадым соңғы мүмкіндікті,

Ернімнен сүйдің ал мен қаладым еркіндікті.

Соңғы суретіңді жоюға дәтім бармайды,

Үміт, құрғыр, әрдайым жүрегімді алдайды.

Көрінбейтін қанаттарымды жайып,

Төменге секіріп түнекте боламын ғайып.

Джентельмен

Мен өлсем Тупак сияқты болма ба аңыз?

Бірақ мұны тексеруге емеспін асығыс.

Мама, сенің балаң енді ересек,

Басым істемейді сенің балаң топас есек.

Қызық екен інішектер болып жатыр әке,

Шыңғыс – кәрі бойдақ байланбаған ешкімге.

Қоңырау шалма маған бәрібір көтермеймін,

Сені сүйгенім рас, бірақ сені сүймеймін.

Бақытты адамдар ешқашан ақын болмайды,

Рухани күйзеліске түспесем ән шықпайды.

Алматы суық құшағына мені алды,

Рэп айтуды тастаймын бақытты болғанда.

Болғым келмейді жақсы вариант,

Сенің жалғыз сүйіктің және сексуалды гигант.

Қаншықтан алғашқы түні қан шықпайды,

Уайымдама жаным, Шыңғыс сені айыптамайды.

Қайырмасы:

Еее, бұтыңның арасы ылғалды,

Джентельмен қара шаштыларды ұнатады.

Менсіз болғанда сенімен кім болды маңызы жоқ

Жанын өшіп қалсада өшпеді шоқ.

Ы, жақсы болуға мен тырыспаймын,

Перісу үшін періштемен періште боп ойнаймын.

Жақсылардың кеуделері медальға толы,

Көшелерде қайыр сұрайды жайылып қолы.

Үйленгім келед бірақ оның ата-анасы қарсы,

Жібек қаламаса қалайша Төлеген боласың?!

Сен мені сүйесің бе өзі, түсінбедім?!

Ақымақ емеспін ыңғайлы адам ғой іздегенің.

Бітпей жатыр пәтерімдегі жөндеу жұмыстары,

Шаң басып жатыр бояуларым мен түсқағаздарым.

Жаным, мен сені үш жыл бойы көрмедім,

Сондықтан кіммен болғаныңды дұрыс білмегенім.

Бұрынғыдай тәтті емес енді еріндерің,

Сен үшін өмір бизнес-проект екенін білемін.

Мен сені сүйемін бірақ бізде жоқ болашақ,

Ақымақтық жасаған шығармын болғандықтан қорқақ.

О дүние

Иә, міне таяп қалды жиырма бес,

Жеті рет өлшеп және бір рет кес

Деген мақалды түсінетін келді кез,

Бірақ Шыңғыс сен ойлағандай ақылды емес.

Армандаймыз мускулды өсіреміз майды,

Ақша арқашанда аз көзіміз тоймайды.

Қиындыққа түскенде ойлаймыз Құдайды,

Жоқ жұмақтың есігі маған ашылмайды.

Түсінік бойынша жүрмесем мен расында,

Өлігім табылар үйімнің ауласында.

Иә, мені жек көретіндер өте көп,

Таң қалма егер өлсем арқамнан тиіп оқ.

Шыңғыс - менің әкемнің қойған аты,

Ұшу үшін туылдым қайыссада қанатым.

Ренжіме тыңдарман лирикадан жалыққан,

Рэпер болып шаршадым камераға ойнаған.

Қайырмасы:

Қараған сайын артыма,

Оранамын мен жалынға.

Бар болса егер одүние,

Тірідей түстім тозаққа!

Ақылдысымақтар ақылын айта берсін,

Түкіргенім бар тек менің қасымнан алыс жүрсін.

Бағымды іздеймін аласұрып,

Ұмыта алмай оны басқа қыздар қалғандай құрып?!

Кешірші мама, ешқашан үйге оралмаймын,

Дұрыс айтасың мама, мен ақымақ сормаңдаймын.

Ешқашан өзгере алмаймын,

Жақсы көрем сені бірақ тек өзімді ойлаймын.

Білемін бір күні ұрады мені көз жасың,

Бәлкім көріме менің топырақ саласың.

Өмірді сыйладың бірақ тағдырым менікі,

Алыстан жақсы көріп пір тұтам еркіндікті.

Жырлаймын махаббат жайлы себебі сүйемін,

Сүйе тұра неліктен махаббатқа сенбеймін?

Сенсіз қатты өзгердім жалын кетті көзінен,

Бақытымның шекарасы аспайды төсегімнен.

Керемет күн

Екі жанарым жабық әлем түнек,

Жаралы жауынген ешкімнен күтпейді көмек.

Қызыл қанымен нәр беріп қара жерге,

Енді ол қарыз емес ешкімге.

Қанның иісі түтінмен араласып,

Өліммен күресуде ол жанталасып.

Қайырмасы:

Бүгін де керемет күн екен өлуге,

Асығыс жоқ тағы қалдырам ертеңге.

Сағынышым өледі менімен бірге,

Қоштасамын тағы да сүйіп ерніңнен.

Бір кезде аяқтарынан сезім кетті,

Ол болса байқап қалды көбелекті.

Сондай әсем нәзік қанаттарын қағып,

Алаңсыз бақытты сәттерін еске салып.

Тағдырға көндікті жоғарыдан күтіп жарық!

Жоғарыдан күтіп жарық!

Шыққалы жатыр соңғы демі жауынгердің,

Алайда қимайды ызғарын әлемінің.

Көз алдынан өтіп жатыр бүкіл өмірі,

Көрген қасіреттері далбаса болып көрініп.

Иттей өмір сүру үшін ит болу міндетті емес,

Кейде итке бергенді Құдайы адамға бермес.

Ол сенің бүгінің, ал сен оның тарихы,

Көзіңді жұм, күтіп қалды мәңгілік ұйқы!

Қасірет

Шаршатты ма сендерді менің мұңды әндерім?

Мәңгілік меланхолик, (мүлдем) бөлек әлемім.

Жымисада жүзім, суық екі көзім,

Құшағымда әрдайым сенің мұңды елесің.

Білесің бе менің мойнымда бір парыз ғана,

Жақсы ана табу болашақ ұлдарыма.

Шынайы сүйші мені, сүйемін сонда ғана,

Мәпелеп сені айналам нәзік қамалыңа.

Өзімшілмін айта беремін өзім жайлы,

Тыңдарман күтеді менен әнді өмір жайлы.

Мақсат емес мен үшін жинау арзан ұпайды,

Шыңғыс - тек жүрегіндегісін толғайды.

Миллион тұрғыны бар үлкен қалада,

Әрбір екінші жалғыздықтан тұншығуда.

Өз қолымен салдым өз мойыныма арқан,

Айыптымын, өкінішітің азабын тартам.

Қайырмасы:

Махаббат неге қасірет

Әрқашанда әкеледі?

Сорлы жаралы жүрек

Жатыр бақытын тілеп.

Сырласам тыңдарманмен дауысым қарлығып,

Микрофон – медиум, тірі тек қана шабыт.

Алматының күлі менің аяқ астымда,

Жүрегім күйіп әле сөнбеген шоқтарына.

Жанымның жұмағы қалды стақан түбінде

Дәтім бармайды оны түбіне дейін ішуге.

Жібергім келеді жүрекке әмір жүрмейді,

Жібердім деп жырласамда естелік өлмейді.

Кешір Әке, Шыңғыс армандаған ұл емес,

Сөге бермеші, бәрібір болмысым өзгермес.

Өмірімнің мәні шимайланған ақ парақтар,

Тыңдарманның құрметі, шыңғырған арулар.

Анашым, ренжіме, балаң жол жүруге тиіс,

Қара шаңырақ маған ешқашан болмаған пейіш.

Ата-анам, жалғыз бауырым, сау болыңдар,

Менің кетуім керек, күтіп жатыр қалалар.

Асталависта, бэйба

Тұмауратып қалдым, тамағым ауырып,

Жанымның дерті кетпей жатыр сауығып.

Күтемін ғажайыпты, күлмей-ақ қой

Меніңде шаңырағымда бір күні болады той.

Бұрынғыдай емес бұлшықеттер,

Табақтай боп семірді кешегі шымыр жігіттер.

Кеше ғана қазақ рэпі мен үшін өмір еді

Сәбидің «рэпті дамытайық» дегені күлдіреді.

Микрофон мен үшін жексұрын,

Алайда қымбатсың арзан болсада құның.

Жасым жиырма бесте өмірім аяқталды,

Жастарға ақыл айтам рөлге кіріп ақсақалдың.

Мұндай әнді мен жоспарламадым,

Жазамын дегем кемшіліктері жайлы қоғамның.

Себебі осы жайлы күтеді тыңдарманым,

Санама емес шабытқа бағынады қаламым.

Қайырмасы:

Періште болу қиын рөлін ойнау оңай,

Сүймеймін сондықтан жақсы актер бола алмайм.

Соқыр, бері қара! Керең болсаң тыңда

Селяви, асталависта, бейба.

Түн. Өскемен-Алматы бағытында,

Пойызда жатырмын жоғарғы орында.

Макс плеер тыңдап жатыр оң жағымда,

Бейтаныс кемпір қорылдап жатыр астымызда.

Бала кезде рэп деген еді қызығырақ,

Әндерді жазушы едім коммент үшін форумда.

Мастанғаным жоқ ойлап қалма,

Жәй ғана деңгейім шарықтады жоғарыға.

Концерттер болмаса рэптің маған жоқ мәнісі,

Әзірге МСлерден мен емес ең кәрісі.

Ақыл тоқтатып мүмкін үйленуім керек,

Мен мәңгі ақымақпын сондықтан қалауым рэп.

Анашым әже болуды армандайды,

Шыңғыс болса ротацияға теңге жинайды.

Түнде жүгіріп диета ұстадым арықтап,

Еңбекқормын басын иген жалқаулыққа.

Қылмыскер

Алғашқы махаббатымның бар екі баласы,

Амандаспаймын мені танымағасын.

Жақында естідім қайтыс бопты сыныптасым,

Өмір өзен болса көрмеймін оның жағасын.

Сәбилер үшін Қазақ рэпінің ханы,

Әкесінің үмітін ақтамаған ұлымын.

Өз өзіме болдым жексұрын,

Шалшық суға неліктен қолымды жуамын?

Суып қалды кесемде көк шәй,

Жүрегі жылағанның көздері жыламайды.

Сүймесемде төсек шиқылдайды,

Мен басқа ғаламдамын, ал ол ыңқылдайды.

Байлап алғысы келеді мені,

Мойныма арқан болып оралады еріндері.

Бірақта, мен әзірге үйленбеймін,

Ренжіме, пәтерімнің кілтін бермеймін.

Қайырмасы:

Өз өзіме қол жұмсайын десем жаным тәтті,

Басыңды жарайын жүрегіммен тастай қатты.

Кешірші, мама!

Тоңдырмайды тарихтың ызғары,

Алайда мұздай қылмыскердің қолдары.

Мамам телефон шалып мені еркелетеді,

Баласы оны жылатсада бәрібір күтеді.

Түнде телефон шалады інім,

Айтып береді анекдоттары мен әзілдерін.

Телефонымды, қойдым үнсіз режимге,

Ұлы күшке бас игім келеді бірақ кімге?!

Тірі өліктер ғажайыптарға сене ме?

Сүйіскенде сүйісемін ашылған көздеріммен.

Судың да сұрауы бар,

Саған қарыздығымды уақыт келді ұмытар.

Тағы да, жыла көзіңнен ағып сора,

Теріс батаңды бересің шыққанда жолға.

Барлығыңды қатты жек көремін,

Әсіресе оны сондықтан естелікті көмемін.

Сауытым бар жанымды көрмейсің,

Мен саған қажетпін бірақта мені сүймейсің.

Періштенің көз жасы

Сен мені сүймеймсің менде сені сүймеймін,

Бірақта сенсіз өмір сүруді білмеймін.

Секстен бәлкім екеуміз маххабат іздеп,

Сен маған қажетсің, ал саған не керек?

Орнату үшін бейбітшілік соғысты жеңу қажет,

Шайқасуға жауынгерге маңызды емес себеп.

Білесің бе, Алматы өртенуде...

Жана берсін, көмілейік күліне...

Күлімде, соңғы рет күлімде,

Бәрі бітті сені жібердім еркіндікке.

Жерледің тірідей, қабіріме түкірме,

Алматыны өртедің, жүректі өлтірме.

Қандай ащы Періштенің көз жасы,

Жоғалттым сені нәпсі мен жүрек бақталасып.

Жылатып сені... Алматыны басты түнек,

Маған қажет жылуың, ал саған не керек?

Қайырмасы:

Ұша алсаң мен алып кет,

Қалдырмашы мені жерде.

Жібермей оның наласы,

Періштенің көз жасы.

Жақсы ұл емеспін, боламын ба жақсы әке?

Ежелгі Отырардай арманым ұшты көкке.

Жігіт жыламайды бірақ жігіт те адам,

Финишке жақындатады әрбір жасаған қадам.

Сендің Құдайға сен, ал мен сендім саған,

Қаша бердім қорқыныштан қорыққанымнан.

Айыптама мені, өтінем айыптамашы,

Онсызда менің мойнымда Періштенің көз жасы.

Білесің бе, оның қанаттары жоқ,

Оларды өз қолыммен кестім ақымақ боп.

Суық Алматы толықты жаралы бір жанға,

Сеніміңді сатып қасірет әкелдім ғаламға.

Тірідей қып-қызыл жалынға орандым,

Жанымның күлі – менің саған тартуым.

Шашпашы сақташы оны тұмар қылып

Бақытыңды көрейін жатсамда оны жылатып.

Назерке

Ызалы жанары, жастары тамады,

Өмірмен қош айтысуға шатырға шығады.

Көп қабатты үй, самал жел ескен,

Оның ешкім білмейтін мұңы бар өзегін тескен.

Алаңсыз балалық шақ ол үшін таңсық,

Он жасынан өгей әкесінен көріп қастық.

Әр түн сайын келетін оның бөлмесіне,

Анасы мас боп жатқанда айрылып есінен.

Зарлаған жалынған сәбидің дауысын,

Естімес үшін алақанмен жабатын ауызын.

Іске асырып болған соң арам пиғылын,

Жымиып сүюші еді оның маңдайын.

Туған әкесін ешқашанда көрмеседе,

Армандайтын, оның келгенін үміттене.

Көзін жұмып елестетіп бақытты болғанын,

Туған әкесінің өгей әкесін жазалағанын.

Кезекті түн сықырлап ашылды есігі,

Үнсіз ғана ақырын шешеді белдігін.

Күнделікті тозағын көріп төсегінде,

Ешқашан, еркелемеген Назерке.

Қайырмасы:

Мына күннің шуағы

Жарық сыйламады.

Мына қатал тағдыр

Күйінішімен аймалады.

Жеті жыл өтті, жасы он жетіде,

Күйініштен, әуес болды есірткіге.

Өштеніп қоршаған суық әлеміне,

Төсектес болды көрінген жігіттермен.

Езуінде темекі ал қолында сыра,

Құрбыларымен бүгінде отыр аулада.

Мас болған соң бес-алты шөлмегіне,

Қоштасып қисалаңдап кетті үйіне.

Түнгі сағат бір, ол кірді пәтерге,

Өгей әкесі отыр екен ас бөлмеде.

Оның кіргенін байқап, басын шайқап,

«Неге кеш келесің?» деп ұрысты айқайлап.

Жұдырығын ала жүгіріп сабап тастады,

Мұрнының қанын сүртіп ол анасына қарады.

Анасы жанарын жасырып кетті бөлмесіне,

Жылуын ешқашан көрсетпей Назеркесіне.

Тағы бес жыл өтті келді жиырма екіге,

Есірткіні қойды бас тартпады темекіден.

Енді ғана шынайы бақытты сезінгендей,

Махаббатын тапты бірақ ол ештеңе білмейді.

Оның өткені жайлы, сүйеді, құшақтайды,

Алайда құпиясын Назерке жасыра алмайды.

Бәрін жайып салып егіліп иығында жылайды,

Бірақ жігіт жүрегі ақиқатты көтере алмайды.

Келесі күннен бастап жоғалады із-түссіз,

Назеркенің енді көкірегі жүрексіз.

Өмірдің ащысына әбден тойғаннан,

Көзінен жасы тамып секіреді шатырдан.

Аулада жатқан өлігін ақ матамен жауып,

Адамдар қызық көруде мұнда жиналып.

Безбүйрек әлемнен сытылып шықты әйтеуір

Назерке – мың тағдырдың біреуі...

Венеция

Тыңдарман, бақыттымын деп алдадым сені,

Жүректе жара яғни ұмытылмайды өткенім.

Кезекті әнім тек қана бір адам үшін,

Көздерім айтып тұр бәрін жасырам несін?

Сені ғана сүйіп едім жоғалып есім,

Екеуміз үшін сен ғана шығардың шешім.

Көңілсізбін, пәтерімде сұмдық қапырық,

Ағашпын қураған қалған соңғы жапырақ.

Білмеймін менен жақсыны таптың ба?

Әлде мендей түнекке жұлдыздай ақтың ба?

Күтемін сенен ең болмаса СМС,

Бақытымсың бірақ сенің бақытың мен емес.

Әзілдесемде мен орынсыз,

Екі әлем, бірақ бір болды арманымыз.

Есіңде ме барайық дедік бал айында,

Мәңілікке арман болып қалды Венеция..

Қайырмасы:

Түсіңде мені көр соңғы рет, аяулым.

Тағы қоштасайық соңғы рет, аяулым...

Өкініш жоқ, бірақ неге ашулымын?

Өртенбейді ескі парақтары ғұмырымның.

Бәлкім мен сендерге күлкілі болармын,

Ересек болып махаббат үшін қайғырғаным.

Сен менің мәңгілік музамсың,

Бір уақытта жұмақсың және тозағымсың.

Ақымақпын саған ұқсайтындарды іздеп,

Аласұрып күйініштен айығуды көздеп.

Мен сені ойлаймын сен ойлайсың ба мені?

Ерніңді сүйеді еріндері өзгенің...

Мен болсам бәрін сенімен салыстырамын,

Сені елестетіп көздерімді жұмамын.

Сағынамын иісіңді, қылықтарыңды,

Жылағаныңда сені жұбатқанымды.

Есіңде ме барайық дедік бал айында,

Бақытымызға куә болмайды Венеция...

Талай жылдар артымызда қалсада,

Ұға алмадым жазамсың ба, бағымсың ба?

Сенің ызғарың өртейді жанымды менің...

Шәке

Нақты білгем тірі аңыз болатынымды,

Бәрі білді енді сендіру керек Анамды.

Көзім ашық бірақта әлемім тұманды,

Қайта тұрдым алайда тағыда құладым!

Әрбір күн сәттілікке деген үмітпен

Аяқталады сондықтан, ертеңгі күнді күтем.

Жанарымнан жылуды іздеме,

Мен сені сүймеймін сондықтан «сүйемін» деме!

Данышпан халық қой қазекем,

Бірақ неге «сыйлағанның құлы бол» деген?

Түсінбеймін, бірақ маған бір нәрсе анық,

Құрметтісің жатқанда сені пайдаланып.

Ей, ересек болған өте қиын,

Сондықтанда жалғыздықтан жаңғырады үйім.

Мен саған бауырың емеспін ренжіме,

Көптің бірісің сондықтан ата мені «Шәке».

Қайырмасы:

Шыңғыс!

Еркіндіктің тұтқыны болғам

Сондықтанда адалмын жанкүйер толы залға!

Шәке!

Жанарымнан жылу іздеме!

Майысып сызыласың маған аруым,

Назарыма мұқтажсың ал мен тәніңе зәрумін.

Бетпердемді қалдырдым үйімде

Қаншаға шыдар екенсің шынайы менімен?

Дұшпандарыма кеңесім,

Дәу болмасамда мен әлсіз емеспін.

Жек көр мені ал мен одан қуат алам,

Сондықтанда әндеріме шайқалады қалаң!

Теңгені жасау қамымен,

Тағы да қауышуым керек сахнамен.

Мен ғана білем не керегін сендерге

Микрофон, шайқайтын бит және Шәке.

Микрофон, толы зал және сахна,

Арман орындалды бірақ шын бақытым осы ма?

Көңілсізбін, бірақ бәрібір ғой сендерге,

Күйінішіммен әрқашан дайынмын бөлісуге.

Мәңгілік үнсіздік

Өмірім баяу ағуда,

Бұлтты Алматыда.

Сен мені ұмытуға

Кеттің Испанияға.

Жырлаймын тағы сен жайлы,

Хаттарым саған бармайды.

Ене берме түсіме,

Қуанамын күрсіне.

Пәтерімде тоңамын,

Құшағында басқаның.

Еріндеріне қарап,

Сені еске аламын.

Қайырмасы:

Өртедім армандарды,

Суреттер мен хаттарды.

Екеумізде жеңілдік,

Мәңгілік үнсіздік.

Сырымды айтамын бәріне мен жасырып,

Жинаймын жанымды, сынып кеткен шашылып.

Ол айыпты, бірақ көздері айыпсыз,

Сезімім таза бірақ ойларым тәртіпсіз.

Ерекше емеспін білемін бұл әлемде,

Бақытқа сенді отырғандар Титаникке.

Қайғыдан қашып тығылдым стаканның түбінде,

Ал сен болсаң Испанияда Мадридте.

Бір мачоны қуантқан шығарсың бәлкім,

Алайда сені айыптауға жоқ менде хақым.

Үміттенемін жүрегіңде қалған шығар атым

Ал мен жасай берем амалдарды сені ұмытатын!

Соңғы вальс

Үлкен қала, жүректері тас адамдар,

Менің де сен сияқты жасыратын жарам бар.

Армандаймын оның құшағын,

Басқалардың шоғы жандырмайды жүрек ошағын.

Махаббатым болды кіршіксіз,

Қазіргі саған деген сезімім түсініксіз.

Оралмайды білем өткен шақ,

Жұбатады мені қойнымдағы тірі қуыршақ.

Қалмады бірде бір суретің,

Бірақта өртенбеді жүректегі келбетің.

Нөміріңді терем естігім келіп даусыңды,

Сырларымды білдің арқасында мастығымның.

Көзжасың жәй ғана тұзды су,

Тарихты өзгерте алмайсың болсаңда қу.

Болашақ бақытым ешқашанда сендей болмас,

Қайталанбас біз билеген соңғы вальс.

Қайырмасы:

Жанарың қандай суық

Жеңілдім сағымды қуып

Арманым ұшты көкке

Әмір жүрмейд жүрекке.

Салқын самалы күздің,

Үміттерімді үзді.

Ешқашан қайталанбас

Біз билеген соңғы вальс

Ғашық болуды мен армандаймын,

Мына қалада неліктен жалғыз қалғандаймын.

Оның көшелері мен зәулім ғимараттары,

Сенімен бақытты сәттерімді еске салады.

Бейтаныс, номерден шалып жатыр біреу,

Бәлкім сен шығарсың деп тұтқаны аламын дереу.

Кезекті жанкүйердің әңгімесі,

Көңілініне қарап онымен жатырмын сөйлесіп.

Бақытсыз ғана бақыттың қадірін біледі,

Жарақатымды білімсіз дәрігер емдеді.

Ең болмаса естісем деймін дауысыңды,

Бір апта болды неге көтермейсің тұтқаны?

Қандай қателіктер мен жасадым?

Ақымақтығымды бетіме дұрыс басқаның.

Көрсетші бақыттылардың мекенін,

Өлсемде көріп кетейін бақыттың бар екенін.

Үнсіздік, құшағымда қыпша белің,

Ақырын ғана нәзік еріндеріңнен сүйемін.

Мәңгілік болмасада махаббаттың бары рас,

Қайталанбас біз билеген соңғы вальс.

Жеңілген Жауынгер

Сүйіктіден жексұрынға дейін бір қадам,

Қымбат едің бірақ қазір бәрібір маған.

Деп алдаймын бәрін алайда өзімді емес,

Оны аймалаймын бірақта сені емес.

Ромды араластырып коламен,

Кезекті аруға бақытқа үмітті берем.

Тұрақтылық келседе өмірге жоқ тыныштық,

Біреуді жалғыздық қинаса біреуді аштық.

Ал мен болсам бақыттан емес шараптан маспын,

Періштемін ішімде жасырынған албасты.

Сен мені білесің көрдің шынайы кейпімді,

Сондада сүйдің ал мен білмедім қадіріңді.

Сен ғана махаббатымыз үшін күрестің,

Екеуміз бірдей көрдік зардабын жеңілістің.

Жараландым тіземді бүктім еріксізден,

Жымиямын көңілсіз көздеріммен.

Қайырмасы:

Жалғыздықтан адасты,

Жол сілтейді оған кім?

Сауытымен жасырып

Қансырап жарақатын.

Жалғыздықтан адастым,

Жол сілтейді маған кім?

Жеңілген жауынгер

Жасырып жарақатын.

Қорқақ болмасамда сенсіз өмір қорқынышты,

Әлсіз есірткіден шаршадым маған керек күшті.

Саған мұқтажбын сенің қылықтарыңа,

Ренжігеніңе және қуанғаныңа.

Айыптымын қасіретіңе,

Жалынамын менсіз бақытсыз бола көрме!

Есімде екі жанда бір ғана арман,

Ұмытпадым жоспарларды екеуміз құрған.

Сен плюс мен және екі баламыз,

Үлкен үй және қоршалған біздің ауламыз.

Қызымыз сен сияқты болушы еді сұлу,

Ұлымызға ғашық болар еді барлық ару.

Қазір болсам дауысыңды естіп тұтқадан,

Суықпын себебі Шыңғыс саған бөтен адам.

Жылама өткен күндер қайта оралмайд,

Жеңілген жауынгер қаруын қайта қолға алмайд.

Қан төгілген шайқас алаңы қазір тыныш,

Қызғалдақтар өсіп шегінгендей өкініш.

Жымиямын сауытымды ешқашан шешпей,

Көме алмай мәйттерді қалған жерленбей.

Сенесің бе? Ал мен махаббатқа сенбейм.

Сүйесің бе? Сенен басқаны сүйе білмейм.

Жүрегімді алдың бірақ қайтардың тасты,

Жеңілсемда жеңімпаз болуға таластым.

Сен жайлы ойлармен өтеді әрбір түнім,

Сондықтанда көңілсіз болар көптеген әнім.

Сен мені кешірдің бірақ мен кешіргенім жоқ,

Өзімді күн салайын алаымын өшімді.

Бүгін тағы, түсімде көрдім бейнеңді,

Біле тұра күтемін оралмайтын көктемді.

Ақ жалау көтердім тастадым қаруымды,

Жауынгер шайқасудан шаршады...

Соңғы трек

Шығарып соңғы демді,

Алып кетем көктемді.

Мұңына жол көрсетер,

Жеңіліс тапқан жауынгер.

Аяшы қылмыскерді,

Шешпеші бетпердені.

Өртемей әлемімді,

Тыңдашы өлеңімді.

Соңғы әуен соңғы трек,

Қатты шаршады жүрек.

Жасырмашы көз жасын,

Қош бол, менің сырласым.




1. реферату- Ремонтне і енергетичне обслуговування виробництва
2. тема ТО и ремонта автомобилей принята в нашей стране 1
3. тема основных понятий юриспруденции
4. . Массовые общественные явления при помощи статистических показателейчисленность населения количество пр1
5. ио Свидетельствую что мной лично проверено клеймо и осм
6. ПРЕДМЕТ ФИЛОСОФИИ ПОНЯТИЯ И СОДЕРЖАНИЕ
7. Металлургия Украины
8. Реформирование трудовых отношений и социальное партнерство
9. Использование спец
10. Джованни Пьерлуиджи да Палестрина (Palestrina)
11. Тема- Учебная лексикаThe techer~s kind words children to work more nd better
12. 111 Точка М имеет координаты y M
13. Ответы на вопросы по рынку финансовых услуг
14. Вейделевская средняя общеобразовательная школа Вейделевского района Белгородской области.
15. реферату- Чорнобиль не має минулого часуРозділ- Екологія Чорнобиль не має минулого часу Минуло 20 років а ч
16. Инициация трансляции и её механизм
17. Автотранспортное страхование.html
18. на тему- ldquo;Історія виникнення священиків і просвіти у селі Середній Березівrdquo; О
19. і. Ол бос уа~ытында Шы~ысты~ ~лы а~ындары Низами Са~ди ~ожа Хафиз Навои Физули Фирдоуси шы~арма
20. Тема 7. Облік операцій банку в іноземній валюті Валютні операції це операції з пов'язані з- переходом