АК Транснефт АА~ны~ м~най ~~бырлары ж~йесі ар~ылы 95 млн
Работа добавлена на сайт samzan.net:
Поможем написать учебную работу
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Предоплата всего
от 25%
Подписываем
договор
Кіріспе
Мұнайды сыртқа тасымалдау мәселелері 2000 жылдан бері айтылып келеді. Қазақстан Республикасы мен Ресейдің арасындағы 2000 жылдағы Хаттамасында отын энергетикалық комплекстерді ұлғайту жөніндегі келісімге және осы келісімді өзгерту және толықтырулар кіргізу жайлы Ресей Қазақстан мұнайын Атырау − Самара мұнай құбыры арқылы және «АК Транснефт» ААҚ-ның мұнай құбырлары жүйесі арқылы 9,5 млн. т дейін мұнайды шет елдерге шығаруға тиісті, оның 8,5 млн. тоннасы алыс, 1 млн тоннасы жақын шет елдерге жөнелтіледі, осы келісімнің аясында қазақстандық өндірушілер өзара тиімді жағдайда өз мұнайын Ресей заводтарында өңдеп, мұнай өнімдерін Ресейде және шет елдерде сатуға мүмкіндік алып отыр.
Қазіргі кезде шетке тасымалдаудың басты бағыттары − Атырау − Самара, Кеңқияқ − Орск, Ақтау теңіз порты және темір жолдар торабы болып отыр. 2000 жылдың басынан бастап, Ресеймен қол жеткен келісім бойынша оның территориясы арқылы тасымалданатын мұнай мөлшері 9-14 млн. тоннаға дейін өспек, бұған Махачкала − Тихорецк − Новороссийск маршруты қосылмақ.
КТК-дан басқа Каспий аймағының мұнайын тасымалдауға Батыс Қазақстан − Қытай, Ақтау Баку Тбилиси − Джейхан, Қазақстан − Түркменстан − Иран сияқты балама жобалар жасалуда.
Мұнайды сыртқа шығару мүмкіндігін арттыру мақсатында Атасу станциясында (бекетінде) мұнай қотару темір жол эстакада комплексінің құрылысы аяқталды.
Қазақстан Республикасы үкіметі және Қытай ұлттық мұнай газ корпорациясы арасында жылына 20 млн. тонна мұнай өткізе алатын Батыс Қазақстан-Қытай мұнай құбырын салу жобасы жөнінде келісімге қол қойылды. Бұл жобаның технико-экономикалық негіздемесі 1997 жылы біткенімен қаржы мәселесі шешілмегендіктен жоба бойынша жұмыстар тоқталып отыр. Мұнайды ішке, сыртқа тасымалдау, кәсіпорындарды басқаруды жақсарту, инвестиция тарту барлық ірі мұнай құбырлары үшін бірыңғай тарифтік саясат жүргізу мәселелерін шешуде Қазақстанның экономикалық мүдделерін сақтау мақсатында өкіметтің қаулысымен «Казтрансойл» мұнай тасымалдау ұлттық компаниясы құрылды, оған қарайтын мұнай құбыр торабының жалпы ұзындығы 6300 км, ал су құбырларының ұзындығы 3400 км. 1999 жылғы тасымалдаған мұнайдың көлемі 25 млн.тонна, ол 1998 жылмен салыстырғанда 895 мыңға артық.
Қазақстан мұнайын тасымалдау мәселелері
Мұнайды сыртқа шығару мүмкіндігін арттыру мақсатында Атасу станциясында (бекетінде) мұнай қотару темір жол эстакада комплексінің құрылысы аяқталды.
Құмкөл мұнайын Павлодар МӨЗ-на Шолаққорған мұнай айдау станциясы арқылы жеткізудің екінші тәсілі қарастырылуда.
«Казтрансойл» компаниясы Кеңқияқ − Атырау мұнай құбырының технико-экономикалық зерттеулерін жүргізіп жатыр, егер ол салынған жағдайда КТК құбырлар жүйесі және Атырау − Самара мұнай құбыры арқылы тасымалданатын мұнайдың көлемін едәуір ұлғайтуға болар еді. КТК мұнай құбырын салу Қазақстан мұнайын тікелей Қаратеңіз жағалауларына шығаруға мүмкіндік туғызады.
Мұнайды Түркия арқылы Джейхан терминалына, Иран, Болгария, Греция, Қытай арқылы Тынық мұхитының Шығыс жағалауына шығарудың экономикалық, саяси жолдары қарастырылуда. Ұзындығы 1730 км болатын Баку − Тбилиси − Джейхан мұнай құбырын салу саяси жағынан маңызды жоба болып есептелінеді. Ол жылына 50 млн.тонна мұнайды өткізе алады, жобаның құны 2,4 млрд АҚШ доллары.
Қазақстан − Түркменстан − Иран (Парсы шығанағы) мұнай құбыры жобасы географиялық жағынан алып қарағанда Қазақстан мұнайын Ақтаудан Иран порттарына танкерлерімен тасымалдау анағұрлым тиімді. Бұл жобаға қатысты шешілуге тиісті кейбір техникалық, технологиялық және саяси мәселелер бар.
«Казтрансойл» МТҰК көптеген жобалар бойынша жұмыстарды жалғастырып жатыр, олар: Атырау − Самара мұнай құбырының өткізу қабілетін арттыру; Павлодар − Шымкент мұнай құбырының Қарақайың − Атасу учаскесін қайта құру; Ақсай − Үлкен Шаған − Атырау мұнай құбырының жобасы т.б;
Компания Ақтау портынан Дюбендиге (Әзірбайжан) танкермен мұнай тасымалдаумен айналысып жатыр, осындай жұмысты Ақтау-Махачкала маршруты бойынша жүргізбек.
Мұнай тасымалдау түрлері
2010 жылы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес ұйымдарының күшімен магистралды құбырлармен 65 млн. тонна және теңіз көлігімен 7,1 млн. тонна мұнай тасымалданды.
Магистралы мұнай құбырымен мұнай тасымалы «ҚазТранс Ойл» АҚ жүйесі бойынша еншілес ұйымдармен іске асырылады (жалпы ұзындығы 5323 км). Теңіз көлігімен мұнай тасымалдау «Қазмортрансфлот» ҰТКК еншілес ұйымымен іске асырылады (Каспий теңізінде 12 000-13 000 тонна тасымалдайтын 6 танкер, сондай-ақ Қара теңізде «Aframax» типті кемелермен қорғалған).
Сондай-ақ, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Каспий құбыр желісі консорциумында 20,75%, соның ішінде ҚР Үкіметі − 19% және ҚПВ − 1,7% көлемде акционерлік капиталға ие.
Бүгінгі таңда қазақстандық мұнайдың негізгі тасымал бағыты мыналар:
- Атырау − Самара құбыры («ҚазТрансОйл» АҚ − 100%);
- КҚК құбыры («ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-20,75%);
- Атасу − Алашанькоу құбыры («ҚазТрансОйл» АҚ − 50%);
- Ақтау теңіз терминалы.
Қазақстандық мұнайдың көп бөлігі 2010 жылы КҚК құбырымен 29,9 млн. тонна экспортталды және Атырау − Самара құбырымен 15,3 млн. тонн тасымалданды. Қытай бағытында 10,1 млн.тонна тасымалданды. Теңіз көлігімен 9,3 млн. тонна тасымалданды, теміржолмен 6 млн.тонна жөнелтілді.
«ҚазТрансОйл» АҚ Шығыс филиалы бүгінде Батыс − Сібір және Қазақстан мұнайын қабылдау, сақтау, тасымалдау қызметтерін ұсынады. Шығыс филиалының құрамына республиканың бес аймағында − Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Алматы облыстарында орналасқан 6 мұнай құбыры басқармасы мен 1 өндірістік-техникалық қамтамасыз ету және құрылғылар жасақтау базасы енеді. Шығыс филиалының жұмысшылар саны 2 640 адамды құрайды. Шығыс филиалы қызмет көрсетуінде Қазақстанның солтүстігінен оңтүстігіне, еліміздің орталық аймақтарынан шығысқа (Қытай Халық Республикасы) қарай өтетін жалпы ұзындығы 4298,6 шақырымды құрайтын магистральды мұнай құбырлары жүйесі бар
Қазақстандағы Каспий тасымалдау жүйесі
Қазақстан Каспий тасымалдау жүйесіне (ҚКТЖ) «Ескене − Құрық» мұнай құбырының құрылысы және Транскаспий жүйесін құру кіреді (Құрық − Баку). Транскаспийлік жүйе Каспий теңізінің қазақстандық жағалауында орналасқан мұнай құю терминалдарынан, Каспий теңізінің әзірбайжандық жағалауындағы мұнай құю терминалдары мен «Баку − Тбилиси − Жейхан» жүйесіне дейінгі жалғағыш ғимараттардан құралатын болады. Мұнай құбырының өткізу қабілетін шегіне жеткізуді жылына 56 млн тоннамен кеңейтуді кезең-кезеңмен іске асыру қарастырылған. Жүйенің қуаты алғашқы кезеңдерде жүк жөнелтушілердің талаптарына сәйкес дамитын болады. Осы өлшем Қашаған кен орнының түзетілген жоспарына сәйкес өзгертілуі мүмкін.
Осы уақытта Каспий теңізінің су басу аймағында 253 ұңғыма бар, олар қоршаған ортаға қауіп төндіреді, оның ішінде 116-ы Атырау және 137-і Маңғыстау облыстарында орналасқан. Сонымен бірге мұнай ұңғымаларын жою және консервациялау бойынша жұмыстар баяу жүргізілуде, тек 2004-2009 жылдары кезеңінде 68 ұңғыма жойылды. 2010 жылы Қарағанды облысы Қарағанды қаласының мұнай базасы аумағында мұнайдың 1 төгілу жағдайы тіркелді, оның алаңы 500 құрады. Мұнайдың төгілу (тәуекелдер) негiзгi қауiптi факторлар:
- пайдалы қазбалар кен орнын іздеу және оларды бағалаумен байланысты жұмыстарды (операциялар) жүргізу кезінде;
- жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерделеуге, пайдалы қазбаларды барлау және (немесе) өндіруге жататын жұмыстарды (операциялар) жүргізу кезінде;
- құрғақ жерлерде, өзендер, көлдер, теңіздер мен ішкі су айдындарында мұнай газ құбырын салу, орнату және пайдалану мақсатында жүргізілетін жұмыстар (операциялар) кезінде;
- терминалдарда, танкерлерде құйылулар жүк операциялары кезінде және байлау операциялары кезінде жүк танкерлерінің зақымдануы;
- су басылған ұңғымалардан мұнайдың шығуы;
- басқа да мұнай операцияларын жүргізу кезінде туындайды.
Мұнай құбырларындағы мұнай авариялары мен төгілулерінің ықтимал себептері:
- пайдалану кезінде құбыр желілерінің металл жағының коррозиясы;
- зауыттық әзірлеу ақаулығы немесе құрылыс уақытында жасырын
келтірілген механикалық зақымдану салдарымен байланысты құбыр желілерінің ішкі металл коррозиясы;
- пайдалану уақытында адам әрекетінің салдарынан және бөгде адамның
салдарынан құбыр желілерінің механикалық зақымдануы.
- мұнай құбырларын оқшалануын бұзу;
- мұнай құбырларын электр химиялық қорғаудың дұрыс жұмыстарының
бұзуы;
- металлдың босаңсуы, тозуы.
Каспий теңізінің су айдындарында мұнайдың төгілуі туралы ақпарат
№ р/р
|
Мезгілі
|
Мұнай және мұнай өнімдерінің төгілуі
|
1
|
2003 жылы
|
ЭМРМ Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті 2003 жылғы 13 желтоқсанда Каспий теңізі жағалауында мұнай ұңғымаларына мониторинг жасау кезінде, жағалаудағы № 6 және № 12 ауданның ұңғыма сағаларында мұнайдың төгілуі айқындалды. Бойлай ұшып қарау кезінде өлген малдар мен құстар болған жоқ.
|
2
|
2004 жылы
|
2004 жылы 23 мамырда Каспий теңізінде жағалаудан 8-15 метр қашықтықта (Ақтау Қаламқас автожолының 218-222 км ауданы) мұнай орнытабылды, оның ұзындығы 1000 метр және ені 400 метр, Ақтау қаласы бағытына қарай қозғалады.
|
3
|
2006 жылы
|
2006 жылғы 6 қаңтарда жергілікті уақыт бойынша 4 сағат 10 минутта № 8 Ақтау теңізі портының айлағында Ленкорань танкерiне мұнайды құю кезінде (Әзiрбайжан республикасының Баку қосылу порты) тоннаға жуық мұнай төгілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Төгілуді жоюға Ақтау портының авариялық персоналы және техникалық құралы жұмылдырылды.
|
4
|
2008 жылы
|
2008 жылғы 22 мамырда жергiлiктi уақыт бойынша шамамен 16.00 сағатта, Ақтау теңізі портының № 5 айлағындар есейлiк пароход шаруашылығына жататын «Саид Афанди» танкеріне мұнай құю кезінде, танкердегі бір ысырманың жарамсыздығынан мұнай теңізге төгілді.
|
Транскаспийлік тасымалдаулар кезінде үлкен дедевейтті 60 мың тоннаға дейін танкерлер қолдану жоспарлануда. Өз кезегінде Құрық айлағынан үлкен танкерлермен тасымалдауды ұйымдастыру жаңа көлік жүйесін құруды талап етеді, мұнда жүк тиеу қуаты (қоймалардың көлемі, біріктіретін/іске қосатын сорғылардың қуаты, кемені жағаға байлап шығаратын құралдарды қолдану ) көлік желісінің үздіксіз жұмыс істеуі үшін шегіне дейін жеткізілген.«Ескене − Құрық» мұнай құбыры бұл мұнай құбыры Ескенде (Атырау ауданында) орналасқан «Қашаған» кен орнынан келіп түсіп жатқан мұнайды әзірлеу зауытын Құрық айлағымен жалғауға арналған, аталмыш айлақта үлкен дедвейттік 60 мың тоннаға дейінгі танкерлерді қабылдауға арнап жаңадан мұнай құю терминалын салу жоспарлануда. Бұл ретте жобаланған мұнай құбырының жол арнасы қолданыстағы «Өзен Атырау Самара» мұнай құбырымен бірге бір техникалық дәлізде өтетін болады, бұл құрылыс шығыстарын қысқартуға мүмкіндік береді.Жаңа құбырдың қуатын жүктеуге негіз болатын қашағандық мұнайдан басқа аталмыш бағытты өзге де мұнай компаниялары қолданатын болады.
Мұнай құбырының өткізу қабілетін шегіне жеткізу арқылы жылына 56 млн тоннамен кеңейтуді кезең-кезеңмен іске асыру қарастырылған. Жүйенің қуаты алғашқы кезеңдерде жүк жөнелтушілердің талаптарына сәйкес дамитын болады. Осы өлшем Қашаған кен орнының түзетілген жоспарына сәйкес өзгертілуі мүмкін.
Аталмыш жобаны жүзеге асырумен бір мезгілде, 2006 жылдың маусым айында мемлекет басшылары қол қойған Қазақстан Республикасынан мұнайды Каспий теңізі мен Әзірбайжан Республикасының жері арқылы «Баку-Тбилиси-Жейхан» жүйесі бойынша халықаралық нарыққа тасымалдауды қолдау мен соған ықпал ету жөніндегі келісім-шартының ережелеріне жүгіне отырып, Транскаспийлік мұнай тасымалдау жүйесін құру жөніндегі жұмыстар жүргізілетін болады, аталмыш жұмысқа Әзірбайжанда ірі тоннаждық танкерлік флотты, сондай-ақ «Баку − Жейхан» мұнай құбырымен жалғауға дейін баратын тиісті қабылдау қуаттылықтарын құру шаралары жатады.Сонымен қатар мұндай тасымалдау жүйесін құру ғаламдық энергетика саясатының тұрғысынан алып қарағанда қазақстандық мұнай компанияларына түріктің Босфор және Дарданелла бұғаздарын айналып өтіп суы терең Жейхан айлағына шығуды қамтамасыз етумен жеткізудің жаңаша бағыттарын пайдалану мүмкіндігін береді, мұнысы айрықша маңызды болып табылады.
Мұндай перспектива өз кезегінде Америка және Оңтүстік Шығыс Азия елдері тәрізді қашық жатқан мұнай нарықтарына экономикалық тұрғыдан тиімді болып келетін қатынауға жол ашады.
Аталмыш бағыт бойынша ең алдымен «Қашаған» кен орнындағы, сондай-ақ Каспий қайраңы мен Батыс Қазақстанның өзге кен орындарындағы мұнайды жеткізіп отыру жоспарлануда.
Құрық айлағынан мұнай сондай-ақ өзге де бағыттар бойынша, соның ішінде Баку Батуми мен Иранға жеткізіліп отыруы мүмкін.
ҚКТЖ жүйесі бойынша мұнайды Баку айлағына дейін және одан ары Әзірбайжан Республикасы экспорттық мұнай құбыры бойынша тасымалдау жоспарлануда.
Газ маркетингі және тасымалдау
2010 жылы тауар газын өндірудің жалпы көлемі 16,8 млрд. текше м. деңгейінде жоспарланып отыр, оның 8,8 млрд.текше м. ішкі нарыққа жіберу жоспарлануда. «ҚазТрансГаз» АҚ және «ҚазРосГаз» ЖШС газ тасымалдау операторлары
Қазіргі уақытта Өзбекстан мен Түркменстаннан Батыс Қазақстан арқылы өтіп және ресейлік газ тасымалдау жүйелерімен жалғанып жатқан «Орта Азия − Орталық» (ОАО) магистралдық газ құбыры негізгі газ тасымалдау бағыттарының бірі болып табылады.
ОАО газ құбыры орта азиялық газды транзиттеу мен қазақстандық газды экспортқа тасымалдауға арналған. Экспортталатын газ «Газпром» ААҚ ресейлік газ тасымалдау жүйесі арқылы Еуропа елдері мен ТМД сияқты аса ірі нарықтарға жеткізіледі.
Табиғи газдың меншікті өндірісін жылына 50 млрд. текше метрге дейін арттыру жөніндегі жоспарларды ескерер болсақ, 2010 жылы газды экспорттау әлеуетін арттыру жоспарланып отыр. Қазақстандық көмірсутегілерді өндірудің артып келе жатқан көлемдері және Қазақстан Республикасының геосаяси ахуалы, кавказдық бағытта көмірсутегілік шикізатты тасымалдауды дамыту мұнай мен газды тасымалдау бағыттарын әртараптандыру саясаты тұрғысында келешегінен зор үміт күтуге болатын жоба болып табылады.
Газ жеткізудің тағы бір маңызды бағыты Шығыстық бағыт Қытай бағыты болып табылады, оның экономикалық өсіп-өркендеуі мен энергетикалық нарығы энергия тасымалдағыштарды ірі көлемде жеткізуді қажет етуде.
Елiмiздiң әртүрлi аймақтарында 7 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтып отырған «ҚазТрансОйл» АҚ секілді алып компания бүгінге дейін қол жеткізген жетістіктерімен тоқтап қалмайды, технология және басқару үдерістерiн ұдайы жетілдіріп отырады. Қазақстанда жұмыс істеп тұрған магистральды мұнай құбырларының бәсекеге қабілеттілігін арттыруды мақсат тұтқан компания «АК «Транснефть» ААҚ, «Укртранснефть» ААҚ, «Гомельтранснефть» РУП, Новополоцк «Дружба» мұнай құбыры жүйелері операторларымен тығыз жұмыс істеп келеді. Оның Қазақстан Республикасының аса ірі мұнай тасымалдаушы компаниясы екеніне тағы бір көз жеткіздік.
Құбыр желісі
Құбыр тасымалы көлік құралдарының бірі; сұйық, сусымалы жүктерді, мұнайды, газды құбырмен тасымалдау, сондай-ақ осындай тасымалдауға арналған құралдар, тетіктер, коммуникациялар жиынтығы. Құбыр желісі, шын мәнінде, “көлік” деген ұғымның жалпы жұрт таныған анықтамасына сай келмейді: мұнда жылжымалы құрам, жол жоқ. Жылжымалы құрам құбыр желілерінің өзі. Ондағы жүк қысыммен жылжиды. Олар түрлі диаметрдегі құбырлар болып табылады. Әрбір 100-140 км қашықтықта автоматты түрде жұмыс істейтін сорап станциялары орнатылады. Құбыр желісінің қондырғыларына қатарласқан және қиылысатын даңғыл жолдарды қосатын және ажырататын желілік тораптар да, өзен, көл, автодаңғылдар, темір жолдар арқылы өтетін жер үстіндегі және жер астындағы өткелдер де, мұнай айдайтын және компрессорлық станциялар, даңғыл жолдарды қосатын және желілердің жекелеген телімдерін жабатын құрылғылардан тұратын желілік тораптар да жатады. Құбыр желісі, негізінен, мұнай құбырлары мен газ құбырларын қамтиды. Сондай-ақ су құбырлары жүйелерін де Құбыр желісіне жатқызуға болады. Құбыр желісі магистральдық және жергілікті мұнай құбырлары мен газ құбырларына бөлінеді. Алғашқы мұнай құбыры Қазақстанның батысында: ұзындығы 154 км Доссор Ракуша Каспий мұнай құбыры Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңде салынған.
Мұнайдың төгілуі теңіз (өзен) объектілеріндегі авариялар салдарынан, технологиялық жабдықтар, жағалау құрылыстардың ақаулығы немесе зақымдануынан, сондай-ақ континенталды шельфтерде бұрғылау кезінде қоршаған ортада (су, жер бетінде) мұнайдың байқаусыз төгілуінен болады.
Қазақстан Республикасының жылу-энергетикалық кешенi елді энергетикалық ресурстармен қамтамасыз етудің негізі болып табылады.
Мұнай және газ өндірісінің артуынан іс жүзінде барлық әлеуметтік-экономикалық факторлар мүдделі.
Осы кезде, мұнай және газды тасымалдау, сақтау және өңдеу ТЖ әлеуетті қауіп-қатерлер мен тәуекелдердің кең спектр және қоршаған орта және адам денсаулығы үшін теріс салдарымен қоса жүреді.
Елдегі мұнай өңдеу өнеркәсібі негізгі үш іс кәсіпорынға тиесілі, олар Оңтүстік Қазақстан, Атырау және Павлодар облыстары. Республиканың үш ірі газ өңдеу зауыты Ақтөбе, Атырау және Маңғыстау облыстарында орналасқан.
Қазақстандағы мұнай тасымалдау үшiн магистральдық мұнай және газ құбыр желісі құрылған, ол он бір облыстың аумағынан өтеді және ұзындығы 20 мың км. Ең басты транзитті бағыттар мыналар: «Орталық Азия − Орталық», «Бұқара − Орал», «Орынбор − Новопсков». Мұнай және газ құбырларында авариялардың және ТЖ әлеуетті қауіп-қатерлері жеткілікті жоғары, ал олардың туындауы құбыр желі көлігі саласындағы жүк айналым көлемі бойынша көліктің басқа түрлері көрсеткіштері бірнеше рет артатындықтан айтарлықтай залалға әкеп соғады.
Магистральдық құбырлардың ұзындығы
№ р/р
|
Атауы
|
2009 жыл
|
2010 жыл
|
1
|
Магистральдық құбыр желісі барлығы, км.
|
20 345
|
20 180
|
2
|
газ құбыры
|
13 071
|
12 269
|
3
|
Мұнай құбыры
|
7 274
|
7 912
|
|
|
|
|
Ақпараткөзі: Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі.
Магистральдық құбыр желісі бойынша тасымалдау
№ р/р
|
Атауы
|
2009 жыл
|
2010 жыл
|
1
|
Жүк барлығы, млн. тонн
|
162,9
|
193,9
|
2
|
газ құбыры
|
82,1
|
889,4
|
3
|
Мұнай құбыры
|
80,8
|
104,5
|
Ақпараткөзі: Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі.
1934 ж. Каспий Орск мұнай құбыры (830 км) іске қосылды, ал 1966 ж. Өзен Жетібай Ақтау бағытында мұнай құбыры (141,5 км) төселді. Дүние жүзіндегі тұңғыш бірегей континентаралық ыстық мұнай құбыры: Өзен Атырау Самара арасында салынды (1970), оның ұзындығы 1500 км. ТМД аумағында салынған негізгі экспорттық құбыр желісі жүйелері: дүние жүзіндегі ең ірі мұнай құбыры «Достық» құбыры (5116 км). Ол Самара ауданынан Беларуське, Украинаға және Шығыс Еуропа елдеріне шығады; Туймазы Иркутск (3700 км), Орынбордан Ресейдің батыс шекарасына дейін тартылған «Союз» (275 км), Орта Азия Орталық (3000 км), Германия, Франция, Австрия, Швейцария және басқа елдер үшін өтемақылық негізде салынған Ямбург Батыс шекара (4605 км); Маңғыстаудан Еділ жағалауы арқылы Украинаға тартылған, парафинді мұнайды 50°С-қа дейін қыздыратын ірі мұнай құбыры (2500 км). Теңіз кен орнының шикі мұнайы мен Қазақстанның басқа да мұнайын Қара теңіздің солтүстік жағалауындағы Южная Озерейка терминалына тасымалдайтын Теңіз Астрахан Новороссийск құбырының құрылысы (1850 км) 2001 ж. қарашада аяқталды. Оны Каспий құбыр консорциумы (КҚК) салды. Қазақстанда тұңғыш газ кәсіпшілігі 1970 ж. Теңізде іске қосылды. 1971 ж. ұз. 610 км Бейнеу Өзен Бекдаш (Түрікменстан) газ құбыры салынды. 1972 ж. Өзен Бейнеу магистралі (310 км) пайдалануға берілді. 2001 ж. республикада жылына 6,5 млрд. газ өндіріледі, оның 4 млрд. -і экспортқа шығарылады. Бұл қорлар Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстары аумағында және Солт. Қазақстан мен Торғай мұнайлы аймақтарында шоғырланған. Таяу жылдары Қарашығанақ Ақтөбе, Өріктау Ақтөбе газ құбырын салу көзделіп отыр.
Мұның өзі Қарашығанақ пен Өріктаудан газды қолданыстағы Бұхара Орал газ құбырына беруге мүмкіндік туғызады. Жүк айналымы жөнінен Құбыр желісі темір жол көлігінен кейін екінші орында. 2001 ж. жүк айналымы 56573 млн. км-ге жеткен. Соңғы деректер бойынша (2001) Қазақстанда мұнай және газ тасымалдайтын 8 ірі мекеме тіркелген, ал магистральдық құбырлардың жалпы ұзындығы 17082 км. Қазақстан жерімен өтетін, экон. маңызы жоғары магистральдық құбырлар: Атырау Самара Одесса, Атырау Самара Приморск, КҚК (Теңіз Новороссийск), Атасу Алашанкоу. Қазақстанда Атырау Самара құбыры негізгі экспорттық бағыт болып табылады. Бұл бағыт Қазақстан мұнайын «Достық» құбырлар жүйесі арқылы Шығ. Еуропаға, Қара т. бен Балтық т. порттарына, одан әрі Жерорта елдеріне тасымалдауға мүмкіндік береді. Азия Тынық мұхит аймағы елдеріне шығуға мүмкіндік беретін Қазақстан Қытай мұнай құбырын салу жобасы жасалды. Ол Атасу кенті (Қарағанды обл.) Алашанкоу (Қытай) арқылы өтеді.
Ақтау Баку бағыты бойынша Каспий арқылы Қазақстан мұнайын Баку Жейхан мұнай құбыры арқылы тасымалдау да республика үшін аса маңызды. Қазақстанда құбыр желісінің кеңінен салынып, пайдаланылуы нәтижесінде республиканың отын-энергет. балансында елеулі өзгерістер туды, мұнда мұнай мен газдың үлесі 70-75%-ға артты. Осыған орай Құбыр желісімен жүк тасымалдау көлемі де ұлғайды
Қорытынды
Еліміздің ең ірі мұнай тасымалдаушы кәсіпорыны саналатын «ҚазТрансОйл» АҚ үстіміздегі жылдың шілде айында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай компаниянының Шығыс филиалы бойынша аймақтық және республикалық БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз саяхатын өткізді. Түрлі аймақтардан жиналған тілшілер қауымы Оңтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарындағы мұнай айдау стансаларының тыныс-тiршiлiгiмен етене танысып қайтты.
«ҚазТрансОйл» АҚ Шығыс филиалы бүгінде Батыс − Сібір және Қазақстан мұнайын қабылдау, сақтау, тасымалдау қызметтерін ұсынады. Шығыс филиалының құрамына республиканың бес аймағында − Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Алматы облыстарында орналасқан 6 мұнай құбыры басқармасы мен 1 өндірістік-техникалық қамтамасыз ету және құрылғылар жасақтау базасы енеді. Шығыс филиалының жұмысшылар саны 2 640 адамды құрайды. Шығыс филиалы қызмет көрсетуінде Қазақстанның солтүстігінен оңтүстігіне, еліміздің орталық аймақтарынан шығысқа (Қытай Халық Республикасы) қарай өтетін жалпы ұзындығы 4298,6 шақырымды құрайтын магистральды мұнай құбырлары жүйесі бар.
Елiмiздiң әртүрлi аймақтарында 7 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтып отырған «ҚазТрансОйл» АҚ секілді алып компания бүгінге дейін қол жеткізген жетістіктерімен тоқтап қалмайды, технология және басқару үдерістерiн ұдайы жетілдіріп отырады. Қазақстанда жұмыс істеп тұрған магистральды мұнай құбырларының бәсекеге қабілеттілігін арттыруды мақсат тұтқан компания «АК «Транснефть» ААҚ, «Укртранснефть» ААҚ, «Гомельтранснефть» РУП, Новополоцк «Дружба» мұнай құбыры жүйелері операторларымен тығыз жұмыс істеп келеді. Оның Қазақстан Республикасының аса ірі мұнай тасымалдаушы компаниясы екеніне тағы бір көз жеткіздік.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Тьюгендхэт К., Гамильтон А. Нефть. Самый большой бизнес. Издательство «Прогресс», 1978.
2. Андреасян Р. Н. Нефть и арабские страны в 1973 1983г. Издательство «Наука», 1990.
3. Инджикян Р.О. ОПЕК в мировом капиталистическом хозяйстве. Издательство «Международные отношения», 1983.
4. Грей Ф. Добыча нефти. Издательство ЗАО «Олимп Бизнес», 2003.
5. Сейдалы А.С. Современное состояние и перспективы развития нефтегазодобывающей отрасли за рубежом и в Казахстане. Алматы: КазгосИНТИ, 2001.
6. Ергин Д. Добыча. Всемирная история борьбы за нефть, деньги и власть. Издательство «ДеНово», 1999.
7. Мауленов К.С. Нефтяное право Республики Казахстан и зарубежных стран. Алматы: Издательство «Жетіжарғы», 2003.
8. Байков Б. Нефть СССР. - М.: Недра, 1987.
9. Капустин В.М., Кукес С.Т., Бертолусини Р.Г. Нефтеперерабатывающая промышленность США и бывшего СССР. - М.: «Химия», 1995.
14