Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

і Ол бос уа~ытында Шы~ысты~ ~лы а~ындары Низами Са~ди ~ожа Хафиз Навои Физули Фирдоуси шы~арма

Работа добавлена на сайт samzan.net:

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 24.11.2024

АБАЙ ҚҰНАНБАЕВ

(18451904)

         Абай    Құнанбаев    1845      жылы   бұрыңғы   Семей   уезі, Шынғыс   болысында   (қазіргі       Шығыс   Қазақстан   облысы, Абай   ауданында)   дүниеге         келген. Абайдың әкесі Құнанбай   Қарқаралы   уезіне   аға сұлтан болған.
Абай әуелі ауылда Ғабитхан деген татар молдасынан мұсылманша   хат   таниды.      Абайды   әкесі   он   жасында         Семей   қаласындағы   Ахмет  Ризаның   медресесіне   оқуға береді.   Ол   бос   уақытында Шығыстың ұлы ақындары Низами, Сағди, Қожа Хафиз, Навои, Физули, Фирдоуси шығармаларын өз бетімен оқып, ертегі, дастан, хисса сияқты әдеби мұралармен танысады.

Абай медреседе небәрі үш-ақ жыл оқиды, соңғы жылдары өз бетімен «приходская школаға» түсіп, орысша да оқиды. Бірақ мұндағы оқу ұзаққа бармайды. Жасы 13-ке келіп, ерте есейіп, ақыл-ойы тола бастаған шақта өткір, зейінді Абайды әкесі Құнанбай ел билеу ісіне араластырып тәрбиелемек болып, оны оқудан елге алып кетеді.

Әкесінің жұмсауымен Абай ел ішіндегі әр түрлі мәселелерге араласады. Ол көптеген ескі әңгімелерді, өлең-жырларды халық ішінен үйренеді.

Қаладағы медреседе үш жыл діни оқу арқылы Абай араб, парсы, шағатай тілдерін жетік біліп, Шығыс ақындарының шығармаларымен танысуға мүмкіндік алды. Қазақтың халықтық өлең-жырларын, ертегі, қисса, аңыз-әңгімелерін  әжесі   Зере   бәйбішеден,   халық   ақындары   Шөже, Бөйкөкше, Балталардан естіп, жастай жадында сақтады.

Абай арабтың классикалық шығармасы «Мың бір түн» ертегісінен «Әзім әңгімесін» поэма етіп жазып, Бағдатта бояушы, суретші, алхимик Әзім атты жігіттің басынан кешкен уақиғасын баяндайды.

1860 жылдардың аяғында Абай өзінің білімінің таяздығын сезініп, Семей қаласындағы Гоголь кітапханасына келіп орыс, Батыс классиктерінің шығармаларын өз бетінше ізденіп оқи бастайды. Осы кітапханада Л. Н. Толстойдың шығармаларын оқып отырған Абай Петербург университеті студенттерінің саяси ереуіліне қатысқаны үшін жер ауып келген   жаратылыстанушы   ғалым   Е. П. Михаэлиспен  кездесіп, танысады, кейін олар айырылмас дос болып кетеді. Михаэлис орыстың ұлы классиктері Пушкин, Толстой, Лермонтов, Крылов, Салтыков-Щедрин, Некрасовтармен қатар революционер-демократ ағартушылар Герцен, Чернышевский, Добролюбов, Еуропаның ұлы ақын-жазушылары Шекспир, Байрон, Гёте, А. Дюмалардың, философтар Сократ, Платон, Аристотель, Спенсер, Дарвин, т. б. еңбектерін оқуға кеңес береді. Бұрын қолына түскен кітапты оқитын Абай енді орыс, Батыс ғалымдары мен ақын-жазушылардың еңбектерін белгілі мақсатпен жүйелеп оқуға көшеді. Абайдың: «Дүниеге көзімді ашқан — Михаэлис» деуі осыдан туындаған. 1880 жылдары Михаэлис аркылы ол Долгополов (антрополог), Леонтьев (адвокат) сиякты Ресейден жер ауып келген демократтармен достасады. Олар жаз айларында Абайдың аулына келіп, қазақ өмірімен танысады. Абай бұлардың әсерімен Пушкиннің «Евгений Онегин» романынан үзінділерді, Лермонтовтың «Бородино», «Теректің сыйы», «Демон», «Жалау», «Жартас», т. б. ондаған өлеңдерін, Крыловтың «Қазаға ұшыраған қара шекпен», «Шегіртке мен құмырсқа», «Бақа мен өгіз», «Піл мен канден», «Есек пен бұлбұл», т. б. мысалдарын аударады. Гетенің «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңін орысшасынан (Лермонтов) аударып, ән де шығарады.

Абай орыс, Батыс классиктерінің шығармаларын аударуда олардың өршіл бостандыкты аңсаған «Бородино», «Қанжар», «Жалау» сияқты өлеңдері мен әділетсіздікті, топастықты әшкерелейтін мысалдарын таңдап, талғап аударған. Ақын орыс және батыс мәдениетін толғап, таңдап үйрену керектігіне көңіл бөледі. «Интернатта оқып жүр» деген өлеңінде сол кездегі қазақтың оқыған жастарының халық үшін қызмет етуден гөрі, пара алып баюды, шен алып, шекпен киіп патша әкімдеріне жағуды мақсат тұтатынына ызаланып:

Ойында   жоқ   бірінің

Салтыков   пен   Толстой,

Я  тілмаш,   я  адвокат,

Болсам деген бәрінде ой, 

деп мінеп-сынайды.

Абай XIX ғасырдың 90-жылдары өзінің ой толғаныстарын қара сөздермен жазған. Өз шығармасын қара сөзбен жазудың публицистикалық түрінің негізін қалаушы Шоқан болса, көркем қара сөз қазақтың көркем жазба әдебиеті тарихында Ы. Алтынсариннен басталады. Одан әрі қарай дамытушы Абай болды.

Абайдың қара сөздері — көркем әңгіме емес, ғақлиялық даналық сөздер. Онда ғылыми философиялық толғаныстар кең орын алған. Абай қара сөздерді жазуға зор дайындықпен келген. Ол бұл еңбектерін діни сопылық-теологиялық ғылымды да, жаратылыс заңдарын ашқан Галилей, Коперник, Спенсер, Ньютон, Пифагор, Дарвин еңбектерін де, ертедегі философ ғылымдар Сократ, Аристотель, Платон шығармаларын да, Шығыстың ойшылдары — Фирдоуси, Шамси, Қожа Хафиз, Бабыр, т.б. еңбектерін де оқып, ақыл-парасаты әбден толықсыған шағында жазуға кіріскен. Ол қара сөздердегі келтірілген терминдік атаулар мен сілтемелерден немесе ой-пікір үндестігінен байқалады.

Абайдың қара сөздерінің өзіндік ерекшелігі бар. Сөйлемдері қысқа, мағынасы терең, оқушыға ой саларлық, ғибрат беруді көздей құрылған. Көпшілік қара сөздерінде философиялық сұрау беріп, сол сұрауға өзі жауап беруге тырысады. Немесе өзімен-өзі кеңесу, ой-пікір білдіру үлгісінде құрылады. Бұл — Батыс, орыс ойшылдарының көп қолданған әдісі. Ғылым, көркемөнер, этика мәселелері туралы өз көзқарастарын білдіруде олар осы әдісті кеңінен пайдаланған.

Абайдың қара сөздерін тақырып жағынан бірнеше топқа бөлуге болады.

1. Дүниенің тылсым сырын танып білу мәселесіне «Жетінші», «Он тоғызыншы», «Отыз бірінші», «Отыз сегізінші», «Қырық үшінші» қара сөздерінде тоқталып, ой қорытады. Ол өзінің «Қырық үшінші» қара сөзінде «Адам баласы көзбен көріп, құлақпен естіп, қолмен ұстап, тілмен татып, мұрынмен иіскеп тыстағы дүниеден хабар алады да, содан білгені, көргені көп адам есті, білімді болады» дейді. Ал «Жетінші» қара сөзінде: «Бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі — ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар — тәннің құмарлығы. Екіншісі — білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деп талпынып, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап тыншымау. Бұл — жан құмарлығы…».

2.      Абайдың «Алтыншы», «Сегізінші», «Он бірінші» қара сөздері ілім-білімге ұмтылуға бөгет болатын надандық, талапсыздық, жалқаулық мінездерді сынауға арналған. Ол   бірлік,   тірлік   деген   сөздердің   мәнін   аша   келіп,»Алтыншы» сөзінде «бірлік — ақылға бірлік, малға бірлік
емес
» десе, енді бір жерінде «ырыс алды — тірлік» дейді
де,
«Ол қандай тірлік?.. Жан кеудеден шықпағандық па? Жоқ, ондай тіршілік итте де бар Жанын қорғалатып, жаудан қашып, қорқақ атанып, еңбек қылудан, қызмет  қылудан  қашып,  еріншек  атанып,  ез  атанып,  дүниеде
әлгі  
 айтылған  ырысқа  дұшпан  болады

3.      Ар-үят,  адамгершілік,   мәселелері  «Бесінші»,   «Он
бірінші
», «Он сегізінші» сөздерінде әңгіме болады. «Отыз
үшінші
» сөзінде мал табудың жолдарын өнерден іздеу
туралы өсиет айтады.

4. Абай ғылым, білім, өнер жайын сөз еткенде, ең алдымен, сауданың тегін білетін өзбек, татар жұртын, өнер ғылымның жолын қуған орыс жұртын үлгі етеді. «хикмет те, өнер де, мал да, ғылым да — бәрі орыста тұр. Залалынан кашык болу, пайдасына ортақ болуға тілін, оқуын, ғылымын білмек керек Әрбір жұрттың тілін, өнерін білген кісі онымен бірдейлік дағуасына (тең болу деген мағынада) енеді Орыстың ғылымы, өнері — дүниенің кілті, оны білгенге дүние арзанырақ түседі» («Жиырма бесінші» сөз), — дейді.

«Қара сөздер» Абайдың соңғы туындылары қатарына жатады. Себебі 19001904 жылдары арасында жүрек ауруының асқынуы салдарынан ұлы ойшыл өндіріп көп еңбек жаза алмаған. Сөйтіп, ол 1904 жылы 23 маусымда 59 жасында дүниеден қайтты.




1. В 1988 г было принято постановление ЦК КПСС впервые признавшее необходимость высшего социологического образ
2. . Моpфология Vibrio cholere 2.
3. Инвестиции в Украине
4. 107 Model ~ Qinyun 107 Компрессорное охлаждение Размер- 322х340х880 -Вес 16кг Корпус- перед
5. Летописи СерафимоДивеевского монастыря один из авторитетнейших церковных иерархов своего времени влад
6. Дальпромпоставка Одним из мероприятий для улучшения деятельности ООО Дальпромпоставка будет вне
7. тематический контроль выполнения планов или программ по показателям реализации товаров и финансовым резуль
8. тема знаний умений и навыков сама по себе а набор заявленных государством ключевых компетенций в интеллекту
9. Первичная учетная информация, ее значение в бухгалтерском учете
10. тема сучасної України Виконала- Крикрлива Марія 31 група Київ ~ 2013
11. Модели электронного бизнеса 2
12. Введение............
13. Сегментация коттеджных поселков Подмосковья п-п Хар
14. коллективная память и оккультизм
15. Дайте визначення предмету Історія України вкажіть на основні методологічні принципи джерела та значення
16. . Российское государство в 17 веке.
17. Принципы уголовного процесса
18. НА ТЕМУ- Шины адреса и данных Студентки I курса 12 г
19. Расчет тарифа при осуществлении перевозок
20. Системный подход к изучению международных отношений