У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

ші д~режелі к~йікті~ белгілері Тері ~ызарып ісіп ауыра бастайды 1ші д~режелі с~уле ауруыны~ белгілері

Работа добавлена на сайт samzan.net:

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 26.12.2024

  1.  1-ші дәрежелі күйіктің белгілері -Тері қызарып, ісіп ауыра бастайды
  2.  1-ші дәрежелі сәуле ауруының белгілері  Сәуле өткендегі 3 сағаттан кейін жүрек айнып, жалпы әлсізденіп, бас аурады
  3.  3-ші дәрежелі сәуле ауруының белгілері  Көздің айналасы қызарып, басы айналып, құсқысы келеді, қызуы көтеріледі
  4.  4-ші дәрежелі күйіктің белгілері -  Жара тереңдеп, бұлшық ет, сіңірлер зақымданады
  5.  4-ші дәрежелі күйіктің белгілері -  Жара тереңдеп, бұлшық ет, сіңірлер зақымданады
  6.  4-ші дәрежелі сәуле ауруының белгілері  Әлденеше рет құсып, әлсіздік пайда болады, басы қатты аурып, іші өтеді
  7.  Адам ауру жануарлардың сүтін және сүт өнімдерін ішу кезінде немесе малды жайғаған кезде тері жамылғысының зақымдануы арқылы қоздырғыштың өтуі кезінде қандай ауруға шалдығады? Бруцеллез
  8.  Адам миының қансыздануы нәтижесінде естен кенеттен уақытша айырылуды қалай атаймыз?  Талықсу
  9.  Адам өміріне төнетін жалпы қауіп-қатерлерді зерттейтін, соған қарсы қоюға болатын шараларды әзірлейтін ғылыми білімнің саласын қалай атаймыз?            1. Өмір тіршілік қауіпсіздігі
  10.  Адам өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізуші обектілерге нұқсан келтіретін, халықты материалдық шығындарға ұшырататын, апат салдарынан болатын жағдайды қалай атаймыз? Төтенше жағдай
  11.  Адам сәулеленуінің қандай түрлері бар? Сыртқы және ішкі
  12.  Адам ұлпалары мен органдарының зақымдануынан, аяқ-қолдың сынуынан, буынның шығуынан және тағы басқа жәйттардың әсерінен пайда болған зақымдануды қалай атаймыз    Жарақаттар
  13.  Адамдардың жаппай инфекциялы ауруға ұшырауы- Эпидемия
  14.  Адамның иммунды дефицит вирусынан туындаған және жыныстық қатынас кезінде сонымен қатар адам қанымен берілетін жұқпалы ауру қалай аталады ? СПИД және ВИЧ
  15.  Адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасы нәтижесінде және оның өміріне, денсаулығына қауіп төнгенде болатын төтенше жағдайды қалай атаймыз? Табиғаттағы тосын жағдай
  16.  Адамның қоршаған ортасында жұғымтал ауру қоздырғыштарын жоюға бағытталған арнайы шаралар жиынын қалай атаймыз Дезинфекция
  17.  Адамның тұтқиылдан пайда болған әрекет, халықтың үлкен тобының тіршілік әрекеттері бұзылуымен, адам денсаулығына қауіп төнуімен және экономикалық, экологиялық шығынмен сипатталатын табиғи зілзаланы қалай атаймыз? Апат
  18.  Аз күштің көп мәрте және тұрақты әсерінен пайда болған жарақатты қалай атаймыз?  Созылмалы жарақат
  19.  Азаматтық қорғаныс құрамаларының негізгі түрлері Құтқару, Инженерлік, АҚ және ТЖ қызметтерінің құрамалар
  20.  Азаматтық Қорғаныс туралы Заң қашан қабылданды? 1.1997 жылы 7 мамырда
  21.  Азот тотықтары адам ағзасына қалай әсер етеді?  өкпені және жүрек-қантамыр жүйесін қабындырады
  22.  Азық түлік қоры болмаған немесе жеткіліксіз болған жағдайдағы организмнің күйігі бұл- Аштық
  23.  Апаттар көлемі бойынша қалай бөлінеді? Кіші, орташа, үлкен
  24.  Апаттар түрі бойынша қалай бөлінеді? Табиғи және жасанды
  25.  Артериялық қан кету белгілері -  Қан түсінің алқызыл болуы, қанның лықылдап, шапшып ағуы
  26.  Аса қауіпті жұқпалы ауруларды тарататын кеміргіштермен күрес шараларын қалай атаймыз? Дератизация
  27.  Асфикция дегеніміз не? тұншығу
  28.  Ауру тудырғыш микроб әсеріне организмнің бейімделмеуін қалай атаймыз? Иммунитет
  29.  Ауырлық күшінің әсерімен ылғалды топырақ массасының төмен қарай сырғуы Опырмалар
  30.  АЭС авариясының ТЖ сипаттамамсы? радиация мөлшерінің көптігі
  31.  Аяқ-қол сынған кездегі алғашқы медициналық көмек көрсету  Қан ағуын тоқтату, ауруды сездіртпейтін дәрі енгізу, қол астындағы құралдар көмегімен иммобили-зация өткізу, емдеу мекемесіне жеткізу
  32.  Аяқ-қолдың үлкен артериясы зақымдалса қан тоқтатудың ең тиімді жолы қандай ? Күйдіргі қою
  33.  Бағдарлама немесе мақсатты бірігіп жүзеге асырушы және белгіленген ережелер мен нормалар негізінде әрекет жасайтын адамдар тобы қалай аталады?1 .Ұйым
  34.  Бас миына қан кету, ми тамырларының тығындалуы салдарынан болатын ауру түрі қалай аталады?Инсульт, мидың шайқалуы
  35.  Басқару органдарының мемлекеттік жүйесі және бейбіт соғыс уақытында халықты осы заманғы зақымдау құралдарынан, табиғи және техногенді төтенше жағдайдан қорғау мақсатында өткізетін жалпы мемлекеттік шаралар жиынын қалай атаймыз?   1. Азаматтық қорғаныс
  36.  Биологиялық қауіптілерге жататындар, олар:  Микроорганизмдер, вирустар, саңырауқұлақтар
  37.  Буыны шыққан адамға алғашты көмекті қалай көрсетесіз? Тақтаның немесе шинаның көмегімен зақымданған буынды қозғалтпай үстіне суық компресс қоямыз
  38.  Бүкіл  организмге қоршаған ауаның ыстық температурасы (30-400) ұзақ әсер еткен кездегі орталық жүйке жүйелеріне ауыр зақым келтіретін ысыну қалай аталады?  Ыстық тию
  39.  Веналық қан кетудің белгілері -  Қошқыл түсті қан толассыз ағады және оның шапшып атқылауы байқалмайды
  40.  Гамма сәулелердің қоршаған орта атомдарына тигізген әсері және электрондар ағыны мен оң иондардың түзілуінің нәтижесінде пайда болған электрлі және магнитті сәулелерді қалай атаймыз?Электромагниттік импульс
  41.  Гипертония ауруының негізгі белгілері  Жоғарғы күретамыр қысымы жоғарылайды, тамыр соғысы жиі, сырқат басының шаншығанын, басының айналғанын, жүректің шаншуын, басының ауырғанын қатты сезінеді
  42.  Дене сыдырылған немесе тілінгенде алғашқы көмекті қалай көрсетеміз?  Жараға тиіспей айналасын суланған мақтамен сүртіп жараға иод жағып таза дәкемен таңып қоямыз
  43.  Денеге жалын, қайнаған су, жанып тұрған және ыстық сұйықтық пен газ, қызған және балқыған металлдардың тікелей әсерінен пайда болған күйік қалай аталады?  Термиялық күйік
  44.  Денеге жинақталған қышқылдардың және сілтілердің, фосфордың және ауыр металлдардың әсерінен пайда болған күйік қалай аталады?  Химиялық күйік
  45.  Дәрігер келгенге дейін естен танған адамға алғашқы жардем қалай көрсетіледі? Зардап шегушінің ауратын жерлері бөгде затқа тимейтіндей етіп жатқызып, аналгин немесе кордиамин егеді, үстіне жылы киім жабады, ішінде жарақат болмаса ыстық шәй ішкізу қажет
  46.  Дәрігер келгенге дейін талықсу кезінде сықатқа алғашқы жардем қалай көрсетіледі?  Басын денесінен төменірек етіп жатқызу, тар киім-дерін шешу, мүсәтір спиртін иіскету
  47.  Доза қуатының өлшегіші (рентгенометр) ДП-5В
  48.  ДП-5А приборын не үшін қолданады?  Радиация деңгейі мен радиактивті залалдану дәрежесін анықтау үшін
  49.  Әрбір жеке адамның тіршілігі мен ұзақ өмір сүруінің қажетті деңгейін қамтамасыз ететін тәртібі мен дағдасының жеке жүйесін қалай атаймыз?  Салауатты өмір салты
  50.  Әскери химиялық барлау приборы  не үшін қолданылады (ӘХБП) ?  Ауадағы улы зат булары мен газдарды анықтау үшін
  51.  Жабық сынықтың сипаттамасы ауыр сыну, қимылдата алмау
  52.  Жалпы уландыратын және негізінен бауырды зақымдайтын жұқпалы ауру қалай аталады? Вирустық гепатит
  53.  Жалпы улылық әсері басым заттарға қандай улы қосылыстар жатады? Көміртегі тотығы, цианды сутегі
  54.  Жамбас сүйегі сынған кездегі алғашқы медициналық көмек көрсету Таңғыш байлау, көлік иммобилизациясы, ауруды басатын дәрі-дәрімек беру, зембілге салған кезде аяқтарын жартылай бүгіңкі күйге келтіру
  55.  Жан-жақты қымталған, радиациялық сәулелердің жолына бөгет бола алатын арнайы салынған баспана қалай аталады? Панаханалар
  56.  Жарақатқа немесе тканьге енген инфекция қоздырғыштарына қарсы күрес жүргізе отырып, бактериямен ластанып, инфекцияланған жараны емдеу әдісін қалай атаймыз Антисептика
  57.  Жарақаттанған адамға алғашқы медициналық көмек қалай көрсетіледі? Қан ағуын тоқтату, жара шеттерін антисептикпен өңдеу, асептикалық таңу
  58.  Жараны микробтардың зақымдануынан қорғау әдісін қалай атаймыз ?  Асептика
  59.  Жарылыс кезінде ядролық реакцияның жүруінің нәтижесінде болатын ішкі ядролық қуатты пайдалануға негізделіп жасалған қаруды қалай атаймыз?  Ядролық қару
  60.  Жарылыс нүктесінен барлық жаққа дыбыс жылдамдығымен қозғалатын, қатты сығылған ауаның жиналған жерін қалай атаймыз?Соққы толқыны
  61.  Жасанды апаттар- Көліктік, Өндірістік, Спецификалық, Әлеуметтік
  62.  Жеке адамдар үшін арналған дозиметрлердің маңызы неде ?  Адамдардың радиактивті сәулеге шалдығуын бақылау  
  63.  Жеке дәрі-дәрімек қобдишасы  АИ-2
  64.  Жеке химиядан қорғайтын пакет  ИПП- 8,10
  65.  Жәй естен танудың белгілері қандай?  Сырқаттың есі сақталады, сұрақтарға дұрыс жауап береді, терісі бозарады, дене температурасы төмендейді
  66.  Жоғарғы оқу орындарының Азаматтық қорғанысының бастығы кім? Ректор
  67.  Жүйкені жансыздандыратын улы заттар –  Фосфорганикалық заттар тобы – зарин, заман, V- газдар   
  68.  Жүрек күретамырының тарылуынан жүрек бұлшық етіне қанның баруының бұзылуынан туындайтын ауру түрін қалай атаймыз?  Стенокардия
  69.  Жұқпалы ауарулардың тұтас елдердің (құрлықтардың) үлкен аумағына жаппай таралуын қалай атаймыз?  Пандемия
  70.  Жұқпалы ауруларды ескертуге және зақымдану ошағын жоюға бағытталған режимдік, әкімшілік және санитарлық шаралар кешені қалай аталады?   Карантин
  71.  Жұқпалы ауруларды таратуға қатысатын, адамдардың мазасын алатын, азық-түлікті бүлдіретін жәндіктерді жоюды  қалай атаймыз?Дезинфекция
  72.  Жылдам әсер ететін улы заттар – Зарин, заман, V- газдар, көгілдір қышқылы
  73.  Жыныс жолдары арқылы таралатын ауруларды қалай атаймыз?  Гепатит В және С, мерез, соз
  74.  Зақымдалған обектіден радиактивті заттарды жою бұл -  Дезактивация
  75.  Зақымдану тереңдігі бойынша күйік қанша дәрежеге бөлінеді? 4 дәрежеге
  76.  ИД-1 дозиметрлік құралы неге арналған?  Адам бойына сіңген гамма-нейтрон сәулелердің мөлшерін өлшеуге
  77.  Иммобилизация дегеніміз не? тасымалдау
  78.  Инсульт ауруы болған жағдайда алғашқы көмек көрсету -Сырқаттың басын сәл көтеріп, жатқызып, тыныштықта қалдырып, басына салқын зат қойып тыныштандыра-тын және қысымды төмендететін (валериан тұнбасы, андипал, дибазол) дәрелер беру қажет,
  79.  Инсульт ауруының белгілері  Сырқат есінен айырылады,, денесі көгереді, қорылдап тыныс алады, тамыр соғысы баяулайды, мұрын мен құлақ көгереді, аяқ-қол жансызданады
  80.  Инфекцияның таралуын ескертуге бағытталған оқшауландыру – шектеу, емдеу –сақтандыру және арнайы – эпидемияға қарсы шаралардың жүйесі  Обсервация
  81.  Іштің жабық зақымдану кезіндегі алғашқы көмек көрсету  Жараға тазартқыш таңғыш қою, мұз салынған немесе суық су құйылған ризиналы қуық қояды
  82.  Капиллярлық қан кетудің белгілері -  Тері, жұмсақ клеткасы және бұлшықеттердегі ұсақ қантамырлар бүлінгендегі қанның кетуі
  83.  Кеуде жарақаттанғанда алғашқы медициналық көмек көрсету  Қатты таңғыш байлап зардап шегушіні тізерлей отырғызып, ауруды басатын 2%-тік 1 мл промедол егу қажет
  84.  Коллапс ауруы болған жағдайда алғашқы көмек көрсету  -Тамырдың ырғағын арттыру үшін денеге 1-3 мл метазиннің 1-%-тік ерітіндісін, 2-4 мл кордиамин, 1 мл кофеиннің 10%-тік ерітіндісін егеді
  85.  Коллапс ауруының белгілері:  Тері жамылғылары мен кілегейлі қабықтардың көгеруі, суық терінің шығуы, аяқ-қолдың суынуы, көздің қарауытуы, қозғалуға дәрменсіздік, тамырдың баяу соғуы, күре тамыр қысымының төмендеуі
  86.  Көмір қышқыл газының шамадан тыс (0,03%) тыс мөлшері ауа райына қалай әсер етеді?  Ауаның жылуы көтеріледі
  87.  Күкірт ангидриді адам ағзасына қалай әсер етеді?  Бауыр, көкбауыр жұмыстарын бұзады
  88.  Күре тамырдан аққан қанды тоқтату, алғашқы көмек көрсету  Күре тамырдың жоғарғы жағынан саусақпен басу
  89.  Қан ағуын тоқтататын күйдіргі қою тәртібі Күйдіргі жарадан жоғары жалаң денеге салынады, жазда 2-сағаттан артық, ал суық уақытта 1 сағаттан артық қоймайды, күйдіргі қою уақыты қағаз парағына көрсетілуі тиіс
  90.  Қан құю дегеніміз -  Қан тамырларының ішінде басқа адамның қанын құю (донор)
  91.  Қан қысымының төмендеуімен сипатталатын ауыр қан тамырларының қатты әлсіреуі-  Коллапс
  92.  Қан тамырлардың зақымдану сипатына қарай қан кетудің неше түрлері бар?  4
  93.  Қарақұрт шаққан кезде алғашқы көмек көрсету шаралары  -Марганецтік калий ерітіндісімен шайылған суық баспаны шаққан жерге қояды, зардап шегушіге көп су, физиологиялық ерітіндіні, жүрек дәрі-дәрімектерін береді, емдеу мекемесіне жеткізу
  94.  Қатты естен танудың белгілері қандай? Сырқаттың есі сақталады, көздің қарашығы тарылған, жарықтан тітіркенеді, терісі бозарады, дене температурасы төмен, тамыр соғы-сы жиі, тыныс алу күшейіп, жиілей түседі
  95.  Қатты әсер ететін улы заттардың зақымдағыш әсері таралатын  шектегі алаң қалай аталады? Химиялық зақымдау ошағы  
  96.  Қатты әсер ететін ұлы заттарды жою, бейтараптандыру немесе толық жою бұл- Дегазация
  97.  Қотырды емдеу шаралары 33%-тік күкірт мазын немесе вилькинсон майын пайдалану
  98.  ҚР "Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы" Заң қашан қабылданды?  1998 жылы 23 сәуірде
  99.  ҚР «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Заңы қашан қабылданды?1996 жылы 5 шілдеде  
  100.  ҚР Азаматтық қорғанысының жалпы басшылығын кім жүзеге асырады? 1. ҚР Премьер-Министрі
  101.  Қысқа уақыт аралығында шектеулі көлемде энергияның үлкен санының босауы бұл - Жарылыс
  102.  Малдардың жаппай инфекциялы ауруға ұшырауы- Эпизоотия
  103.  Метаболдық уларға организмдегі заттардың метаболизмнің нәзік процестеріне араласатын улы қосылыста    Этилен тотығы, дихлорэтан,
  104.  Механикалық жарақаттар қандай болуы мүмкін?  Ашық және жабық
  105.  Миокард инфаргі болған жағдайда алғашқы дәрігерлік көмек көрсету  Тілдің астына нитроглицерин таблеткасын немесе нитроглецириннің спирт ерітіндісі 1% 2-3 тамшысын беру керек
  106.  Миокард инфаргін туғызатын себептер-әртүрлі жүйке қозулары, жан дүниенің күйзелісі, жүрек тамырлардың ұзақ  сіресуіне алып келетін никотинмен улану
  107.  Миокард инфаргінің белгілері -Кеуде мен жүрек төңірегіндегі қатты шаншу кеуде клеткалары, сол қол, жауырын, мойын тарылып иекке беріледі
  108.  Нашақорлық қалыптасуының негізгі түрлері  Психикалық тәуелділік, тәндік тәуелділік және бейтараптылық
  109.  Негізгі белгісі күретамыр жоғарғы қысымы болып табылатын ауру түрін қалай атаймыз-Гипертониялық ауру
  110.  Обсервация жайлы кім хабарлайды? карантиннен соң жергілікті орган
  111.  Озон экраны атмосфераның қай қабатында орналасқан?  Тропосфера
  112.  Озондық қабаттарды талқандайтын негізгі заттар  Хлор мен азот қосындылары
  113.  Органдар ұлпаларының зақымдануы, артынша тері жамылғыларының кілегейлі қабықтардың тұтастығы бұзылған зақымдануды қалай атаймыз?  Ашық зақымдану
  114.  Организм ұлпасында бір сәтте, кездейсоқ, қатты әсер ету нәтижесінде пайда болған зақымдануды қалай атаймыз?  Қатты жарақат
  115.  Организмге берілген энергия мөлшері қалай аталады? Доза
  116.  Организмге берілген энергия мөлшерін қалай атаймыз?Доза
  117.  Орталық нерв жүйесі қызметінің күрт нашарлауы нәтижесінде дамып, организмнің барлық жүйесі қызметінің тоқтауына алып келетін ауруды қалай атаймыз?  Естен тану
  118.  Остеомиелит ненің себебінен пайда болады? микробтардың сынық ішінде болуынан
  119.  Өзен, көл немесе теңіз суының көтерілу нәтижесінде жердің белгілі бір бөлігінің су астында қалуы бұл- Су басу
  120.  Өкпеге оттегінің кенеттен және толық тоқтауы нәтижесінде қазаға ұшырауы қалай аталады?  Тұншығу
  121.  Өмірге немесе денсаулыққа қауіп төндіретін кез-келген шынайы немесе елестік жағдайға адамның табиғи жауабы бұл – Қорқыныш
  122.  Өнекәсіпте, көлікте, үлкен көлемде қолданылатын, объектілердегі авариялық жағдайда атмосфераға оңай өтуге және жұмыс істеуші қызметкерлер мен халықты жаппай зақымдауға қабілетті улы химиялық қосылыстарды қалай атаймыз? Қатты әсер ететін улы заттар
  123.  Өрмекші, бүйін, сколопендр шаққан кезде алғашқы көмек қалай көрсетіледі?  Шаққан жерге марганец қышқылды калийдің, мүсәтір спиртінің немесе магний сульфатының ерітіндісімен шайылған суық баспа қояды
  124.  Өрт сөндіргіш құралдардың негізгі түрлерін көрсетіңіз? Сұйық, көбікті, көмірқышқылды, азрозольды, ұнтақты
  125.  Өрттің салдарынан пайда болатын уытты заттарға не жатады?  Азот тотығы, көміртегі тотығы, хлорлы сутегі
  126.  Өсімдіктердің жаппай инфекциялы ауруға ұшырауы -Эпифитотия
  127.  Өте қауіпті жұқпалы ауру, қатты уланумен, ыстықтың көтерілуімен, сөл түйіндері мен өкпенің қабынуымен сипатталатын ауру қалай аталады ?  Оба
  128.  Панахана бөлмесінің биіктігі неше метр болуы тиіс?  2,15-1,85 м
  129.  Панаханада неше есік болуы керек?  2
  130.  Паренхиматоздық қан кетудің белгілері  Ішкі мүшелер яғни, өкпе, бауыр, бүйрек зақымданғандағы қанның кетуі
  131.  Радиациядан қорғанбаған адамдар қандай ауруға шалдығады? Сәуле ауруына
  132.  Радиациялық барлауға  қандай өлшемді приборлар жатады  ДП5 А(Б), ДП-5В
  133.  Радиоактивті заттарды сезіп, олардың шамаларын анықтайтын, сәулелерін зерттейтін құрал қалай аталады? Дозиметриялық құрал
  134.  Саңырауқұлақпен уланғанда алғашқы көмек қалай көрсетіледі?  Асқазанды сумен, әлсіз марганец қышқылды калий ерітіндісімен шаю, жасанды құстыру, бірнеше рет клизма қою, содан кейін ыстық, тәтті шай, кофе ішкізу
  135.  Сона, ара шаққанда алғашқы көмек  қалай көрсетіледі?  Терідегі ара біздерін алып тастау, жараға суық компресс қою, аяғы басынан биік болатындай етіп жатқызу, тез арада емдеу мекемесіне жеткізу
  136.  Стенокардия ауруының белгілері- Жұрек қысылады, бет ағарады, суық тер шығады, аяқ-қол суынады, жиі қатты демікпе пайда болады
  137.  Столбняк деген не? жаралық инфекцияның қанға кетуі
  138.  Су мен жемді залалсыздандырудың негізгі әдістері  Дезактивация, дегазация, дезинфекция
  139.  Сынықтың түрлерін атаңыз? ашық және жабық
  140.  Сырқаттың дене температурасы жоғары, тамыр соғысы жиі, көздің қарашығы тарылған
  141.  Сырқаттың есі жоқ, сұрақтар-ға жауап береді, дене темпе-ратурасы бір қалыпты
  142.  Сырқаттың есі жоқ, сұрақтарға жауап бермейді, дене температурасы көтеріледі
  143.  Сырқаттың есі сақталады, сұрақ-тарға жауап бермейді, жарықтан әлсіз тітіркенеді  
  144.  Сыртқы ортада жұқпалы аурулар қоздырғыштарын жою бұл -  Дезинфекция
  145.  Табиғи апаттар- Метеорологиялық, Тектоникалық, Топологиялық, Космостық
  146.  Тамақтан уланғанда алғашқы көмек қалай көрсетіледі?  Жылы суды көбірек ішкізіп (1,5-2 литр) жасанды құстыру (таза су шыққанша), улы тағамды жылдам шығару мақсатында сыртқа айдағыш дәрі беру қажет
  147.  Тау өзенінің өз арналарынан кенеттен көтерілуінен болатын қуатты ағын бұл - Сел
  148.  Тез жұғатын ауру, іштің өтуімен, құсықтың келуімен, су-электролит алмасуының бұзылуымен, жіңішке ішектің улануымен сипатталатын ауруды қалай атаймыз?  Тырысқақ
  149.  Тері жамылғылары мен кілегейлі қабықтар тұтастығы бұзылмайтын зақымдану түрін қалай атаймыз? Жабық зақымдану
  150.  Тері жамылғыларының тұтастығын бұзбай 1-ші және 2-ші дәрежелі күйік кезінде алғашқы көмек көрсету   Күйген жерді суық судың астында 10-15 минут ұстау, таза құрғақ матамен жабу, көпіршік үстіне суық зат қою
  151.  Тері жамылғыларының тұтастығын бұзбай 3-ші және 4-ші дәрежелі күйік кезінде алғашқы көмек көрсету   Сумен шаюға болмайды, күйген жерді құрғақ таза матамен жауып, матаның үстіне міндетті түрде суық зат қою, 2-3 таблетка аналгин және жылы сусынды көп ішкізу керек
  152.  Терінің құрысуына әсер ететін улы заттар – Иприт, люизит
  153.  Терроризмге қарсы күрес туралы  ҚР Заңы қашан қабылданды?  1999 жылы 13шілде
  154.  Терроризме қарсы күресті тікелей жүзуге асыратын мелекеттік органдар мыналар болып табылады: ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті, ҚР Ішкі істер министрлігі, ҚР Президентінің Күзет қызметі, ҚР Қорғаныс министрлігі
  155.  Технологиялық процестің бұзылуы, механизмдердің, жабдықтар мен ғимараттардың зақымдануын қалай атаймыз? Авария
  156.  Тәуекелдік факторлары – бұл Авариялық жағдай-да адам өміріне қауіп төндіретін факторлар
  157.  Төменгі температураның ықпалынан ұлпалар мен органдардың зақымдануы бұл   Үсік шалу
  158.  Травматикалық шок дегеніміз не? сырқаттың есеңгіреп, талып кетуі
  159.  Тұншықтырғыштық әсері басым заттарға қандай улы қосылыстар жатады?  Хлор, фосген, хлорпикрин
  160.  Тұрғындардың қалыпты тіршіліктерінің тұтқиыл бұзылуына, адамдардың өліміне, материалдық құндылықтардың бүлінуіне және жойылуына әкеп соғатын табиғи құбылысты қалай атаймыз? Дүлей зілзала
  161.  Тыныс алу органдарын қорғау құралдары –  Газқағарлар, респираторлар, мата таңғыштары, шаңнан қорғайтын маскалар
  162.  Улану түрлері - өткір және созылмалы
  163.  Ұстама кезінде алғашқы дәрігерлік көмек көрсету  -Толық тыныштық, аяқ пен қолға жылытқы қою қажет, тілдің астына нитроглицерин таблеткасын қояды,
  164.  Халықаралық денсаулық күні  7 сәуір
  165.  Хлор адам организміне қалай әсер етеді?  Тыныс жолдары мен өкпені ісіндіреді
  166.  Хлор ауадан неше есе ауыр?  2,5 есе
  167.  Хлордың сипаттамасы  өткір иісті, жасыл-сары түсті газ
  168.  Шаян шаққан кезде алғашқы көмек калай көрсетіледі?  Кез-келген өсімдік майын жағу, ыстық қыздырғыш қою, аналгин, супрастин, немесе димедрол дәрі-дәрімектерін ішкізу
  169.  Ыстық тиген адамға алғашқы көмек көрсету Зардап шегушіні суық жерге, немесе жақсы желдетілген орынға апарып, киімдерін шешіп, басып сәл көтеріп жатқызып, басы мен жүрек төңірегіне суық су құйып, температураны төмендетіп, кордиамин ерітіндісін беру қажет
  170.  Экологиялық қауіптілерге жататындар олар:   Нитраттар, пестициттер, ауыр металдар,т.б.
  171.  Экологиялық сипаттағы төтенше жағдайлар -  Озон қабатының бұзылуы, қышқылды жауын, өсімдіктердің жойылуы
  172.  Электр жарақаты кезіндегі алғашқы дәрігерлік көмек  Электр тоғынан тез босату, шалқасынан жатқызып, тар киімдерін ағытып мүсәтір спиртін иіскету қажет, жасанды дем алдырып, жүректі сылау, жүрек дәрі-дәрімектерін беру
  173.  Электр жарақатының белгілері:  Тері жамылғыларының ағаруы, сілекейдің көп бөлінуі, құсықтың келуі, жүрек төңірегінің сырқырауы
  174.  Электр тоғының немесе найзағайдың – атмосфералық электр түйісінің әсерінен болатын зақымдануды қалай атаймыз?  Электр жарақаты
  175.  Ядролық жарылыс бұлттарынан радиоактивті заттардың түсуі нәтижесінде болады Жердің радиоактивті ластануы
  176.  Ядролық жарылыс кезінде пайда болатын сәуле энергиясының ағынын қалай атаймыз?Жарықтың сәуле шығаруы
  177.  ядролық жарылыс кезінде шығатын гамма сәулелер мен нейтрондар ағынын қалай атаймыз? Өткіш радиация
  178.  Ядролық жарылыстың жарық сәулесінен рентген мен күн сәулесінен пайда болған күйікті қалай атаймыз?Сәулелік күйік

 




1. Лузы Словообразование и орфография Самостоятельная работа
2. реферат дисертації на здобуття наукового ступеня кандидата хімічних наук Київ ~ Дис
3. История русского народа - от древности до наших дней
4. Размер поля- Размер площадки для игры в зимний футбол составляет от 30 до 40 метров в длину и от 15 до 25 метров.html
5. Лабораторная работа 4 Тема Визуализация фракталов
6. Фитоценозы
7. Kmchtsky people in Novosibirsk re still prepring for the New
8. Дарсі 1
9. Социальное страхование населения
10. Колос Сапогов Линдт Григорий ' 12 Болонев Александр ' 5 Кичеев Денис ' 5 Смирнов Антон ' 3 Васильев Ни
11. Уроки литературы как средство самореализации личности в системе духовно-нравственного воспитания
12. Невеста Мечта Анкета 1 Имя 2
13. КУРСОВОЙ ПРОЕКТ по дисциплине Электрическое и электромеханическое оборудование ЭЛЕКТРООБОРУДОВАНИЕ.html
14. Топографический кретиниз
15. тематических исследований должно служить объектом изучения отдельной дисциплины
16. В статистике развитых стран он выделяется в особую отрасль годовой объем услуг которой составляет в США 50 м
17. різному інтерес виступає як вибіркова спрямованість особистості на ту чи іншу діяльність як прояв емоці
18. Контрольная работа- Основание прекращения трудового договора
19. Реферат- Единая квантовая теория- матричное моделирование элементарных частиц
20. Национальный исследовательский ядерный университет МИФИ Волгодонский инженернотехнический институт