Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

Халы~ алдында с~йлеу ~нері

Работа добавлена на сайт samzan.net:

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 25.11.2024

Халық алдында сөйлеу өнері (1-бөлім)

Ораторлық қасиет деген не? Ол бізге не үшін керек? Сол арқылы өмірде қандай жетістікке жете аламыз? Қандай қиыншылыққа төтеп бере аламыз? Өзімізді қандай қырымыздан көрсете аламыз?

 

Жоғарыдағы сұрақтарға толығымен жауап алу үшін әлем бойынша ең жоғарғы сұранысқа ие бизнес-кеңесшілердің бірі, мультимиллонер Питер Дэниелстің «Халық алдында сөйлеу өнері» (How to have the Awesome Power of Public Speaking by Peter J. Daniels) атты табысты еңбегін ұсынамыз.

 

 

 

Қарым-қатынастың ерекше түрі

 

Егер сізде бірнеше адам болсын, көпшілік қауым болсын, олардың алдында сөз сөйлей алатын артықшылықтарыңыз болса, онда бұл жерде  қарым-қатынастың ерекше түрі жұмыс істейтінін білулеріңіз керек. Сіздердің алдыларыңызда, әрқашан ерікті тыңдаушыларыңыз болады. Тіпті оратор шектеулі жағдайларда болса да, тыңдаушылар мейлі кішкене топ, не көпшілік қауым болсын, ораторға назарын  аударады. Көпшілік алдында сөз сөйлеудің мүмкіндіктерін қолданудың ең қауіпсіз жолы – өздерінің ақылдарын, жүректерін ашуға дайын адамдарға, сіз баяндайтын ойдың нақтылығы және зияттылығы болып табылады. Сіздің баяндамаңызды күтетін адамдар, сізге жылы көзқарас танытып, өздерінің жақындарынан күтетін достық пен мейірбандықты, сізден күтү үстінде болады. Шындығында, осы топ арасынан сіздің болашақта достарыңызда шығып қалуы ғажап емес.

Сіздер адамдармен алдағы  мақсат-міндеттеріңізбен, армандарыңызбен бөліскенде, бұл  қарым-қатынасты жеке басты және бірегей етеді. Бірақ, дәл осындай үндеулеріңізді мың немесе миллион тыңдаушыларға жеткізе білу, кейбіреулердің қолынан ғана келетін, ұлы және ерекше артықшылықтардың бірі болып табылады. Қарым-қатынас беретін мүмкіндіктердің тереңдігін ұғынған кезде ғана, оның ерекшелігін сезесіздер.

 

Қағидаттар:

  1.  Көпшілік алдында сөз сөйлу – бұл жалғыздық сезімі
  2.  Тыңдаушылар қорғансыз
  3.  Тыңдаушылар ерікті түрде тыңдайды
  4.  Тыңдаушылар бағынышты жағдайда отырады
  5.  Тыңдаушылар сыни көзқарас немесе ынта танытады
  6.  Көпшілік алдында сөз сөйлеу – бұл ерекше артықшылық

 

 

 

Өзіңіздің жолдауыңызды біліңіз

 

Көптеген ораторлардың айтары жоқ болып қалатын жағдайлар болады. Көпшілік алдындағы жолдауларыңыз қаншалықты ұзақ болмасын, оны екі-үш сөзбен қорытындылай алуларыңыз қажет. «Қалай?», «Неліктен?» деген сұраққа толық жауап бере алатындай болсын. Келесі айтатын мәселе, ол тақырыпқа толық тоқталу болып табылады. Сіз өз тыңдаушыларыңызды айтқаныңызға көндіру үшін мықты ынтамен сөйлесеңіз, таңғаларлық күшке ие болатыныңызды байқайсыз.

 

Жолдауыңызды дайындау барысында, нақты деректерді қамту үшін, зерттеу жүргізу керек. Дәл осы кезде оқығаныңыздың дағдысы сізге көмекке келіп, сізді керекті ақпаратпен қамтамасыз етеді.

 

Маңызды сөз сөйлеу барысында, сіз колданатын сөздерден бөлек, басқа да толық ақпарат жинау керексіздер. Бұл сіздің сөйлеу мәнеріңізде, сіздің өзіңізге деген сенімділігіңізде анық байқалатын болады.

 

Жолдауыңыздың барлық аспектісін қамтуға тырыспаңыздар, ол жолдауыңызды бұрып, тыңдаушыларыңыздың ойын шатастырады. Жоғары деңгейде сөз сөйлеуге кедергі болатын, яғни айқындылықты, драматизм, модуляция және т.б. маңызды ингредиенттерді жоғалтып алтып аласыздар.

 

Алдыға нық сенімділікпен жүру үшін тек дайындалыңыздар, дайындалыңыздар, дайындалыңыздар! Кез-келген сөздеріңізді «мен сіздерге айттым ғой!»,-деп бітіретіндей, мықты оратор болыңыздар.

 

Қағидаттар:

 

  1.  Сіз жан-жақты ақпараттанған болу керексіз
  2.  Көз жеткізе алатын ынтаңыз болу керек
  3.  Дайындық билікке кепілдік береді
  4.  Сөз сөйлеудегі керек материалдан да көп ақпарат білулеріңіз керек
  5.  Ақпараттарды тазартудан өткізіп, негізгісін ғана қалдыру керек
  6.  Алдыға бағыттайтын жолды білу керксіз

 

 

 

Сахнаға дайындалу

 

Кәсіби оратордың өмірінде де, неше түрлі күтпеген жайттар болуы мүмкін. Бірақ ол жағдайлар, ешқашан сіздің сөз сөйлеуіңіздің сапасына немесе қарым-қатынасыныңызға әсер етпеуі тиіс.

Сахнаға шыққан кезде, 100% сападан төмен көрсетсеңіз, оған қынжылу керексіз. Сыртқы келбет, әркез сенімділікті және абыроыйңызды бейнелеуі қажет. Шаршағандықтан, ауырғандықтан, үрейден өзіңізді басқаша ұстауға болмайды. Ешқашан халық алдында басыңыздағы қиыншылықтарыңызды көрсетпеңіздер!!!

Кәсіби оратор ұқыпты болу керек, ұқыпты көрінуі керек, сөз сөйлеудің алдында, барысында, одан кейін, ұқыпты болып қала беру керек.

Егер сіз шет елде сөз сөйлейтін болсаңыз, өз тіліңізде сөйлеңіз, ал аудармашылар, сіздің айтқан әр сөзіңіздің мағынасын түсінетініне көз жеткізіңіз. Бұл өте маңызды.

Бір жағынан қарағанда, ораторлардың барлығы актерлар. Соны пайдаланып, кез-келген кейіпке кіре аласыздар.

Сахнадағы ахуал, киім, техникалық бөлшектер, бұлардың барлығы маңызды бөліктің бірі болып табылады. Сіздің дайындығыңыздың маңызды бөлігі.

Қағидаттар:

  1.  Өзіңіздің қиыншылықтарыңызды ешқашан көрсетпеңіз
  2.  Залдағы тыныштықтан аулақ болыңыз
  3.  Электроаппаратураны тексеріңіз
  4.  Киім – сөз сөйлеудің жарты бөлігі
  5.  Сахнадағы ахуал жолдауларыңызың жетуіне әсерін тигізеді
  6.  Платформадан  аудиторияға қарай түспеңіздер

 

 

 

Дұрыс дауыс екпіні

 

Даусымды жаттықтыра бастаған кездегі ең тиімді нәрсе – ол диктофон болды, дейді автор. Ең алғашқы жазбаларымды естігенде, жек көретін жіңішке дауысым, мыңқылдаған дауыс екпінім, ыңғайсыздықтан да көп әсер тигізетін.

Көпшілікке шығар алдында, айтатын сөздеріңіздің әр біреуін айтып жаттығыңыз. Өзіңіздің даусыңызбен жұмыс істеңіз, басқа адамдардың құлағына сенімділікті, жылылықты жеткізу үшін, дауыс екпінін дамытытуға тырысыңыздар!

Жақсы интонация негізі болып – теле және радио жаңалықтарының дикторларын тыңдау. Айқын интонация және дикция, аса маңызды мәнге ие. Сонымен бірге, достарыңыздан көмек сұраңыздар. Олар сіздердің дауыстарыңыздың қалай шығатынын талқыға салсын, тек шынайы түрде.

Әзіл айтқанда жай ғана жымиыңыз. Оратор айтқан кез-келген қалжың:

 

  1.  Шындыққа жанасуы керек
  2.  Бірақ жолы болу керек
  3.  Күлкілі болу керек

 

Егер бұған қол жеткізе алмасаңыздар, онда ақылдырақ болып, қалжыңды қолданбаған жөн.

Әрқашан интонацияны басқара біліңіз. Ол сіз жарықтандыратын салада, өзіңізді атақтырақ етіп көрсетеді. Егер дауыс екпінін басқара білсеңіз, онда тыңдаушылар, дәл сізге келгені үшін өкінбейді. Сізді қайта тыңдауға келетініне, мен кепілдік бере аламын дейді, автор.

Қағидаттар:

  1.  Өз даусыңызды жиі тыңдаңыз
  2.  Өзге адамдардың ойын тыңдаңыз
  3.  Драматургияны дәл уақытында қолданыңыз
  4.  Ешқашан айқайламаңыз, дауыстың модуляциясын қолданыңыз
  5.  Эмоцияны қолдануда абай болыңыз – жиі жылап, не ашуланбаңыз
  6.  Өзіңіздің роліңізді ойнап жатқаныңызды ұмытпағайсыз
  7.  Жымиыңыз, бірақ қатты күліп, халықтың ашуына тиіп алмаңыздар

Халық алдында сөйлеу өнері (2-бөлім)

Ораторлық қасиет деген не? Ол бізге не үшін керек? Сол арқылы өмірде қандай жетістікке жете аламыз? Қандай қиыншылыққа төтеп бере аламыз? Өзімізді қандай қырымыздан көрсете аламыз?

 

Өз тыңдаушыларыңызды мотивациялаңыздар

 

Сөз сөйлеудің ерте шағында, тыңдаушыларға белгілі-бір сенімділікті ұялату керектігі тұрады.Егер басында-ақ тыңдаушыларыңызды өз жағыңызға шығарсаңыз, сөз сөйлеуді дұрыс бастадыңыз.

Біз, құмырашы іспеттеспіз. Айтылған сөзімізбен, адамдарға ерекше ойдың суретін саламыз. Мен, алдында айтқандай, дейді автор, сіздерде билік бар, өйткені сіздер – ораторсыздар!

Тыңдаушылардың назарын аудару үшін, олардан мақұлдау табатын пунктен бастау керек, сосын ары қарай, негізгі мәселеге көшесіздер.

Проблеманы, оңай шешілетін етіп көрсетіңіз. Бұл тыңдаушылар тарапынан, сіздің айтқаныңызға қатысты, негативті сезімдерден алыстатады.

Егер, дейді автор, мен қатал талапты тыңдаушылардың алдында сөз сөйлейтін болсам, бір күн кітапханада отырып, тақырыбымның негізін толықтай ашуға тырсамын, кетерінде, әркім өзіне жаңа мағлумат алатындай. 

Алдыңызда тұрған міндеттен, жабырқау күйге түспеңіз. Ойыңызға келген жаңа мысалдарды тез арада жазып алып отырыңыз.

 

 

Тыңдаушыларды дұрыс жолға бағыттаудың бірнеше жолын көрсетейін:

 

 Басқа жол жоқ

«Бізде басқа жол жоқ»,-деген сияқты сөздер, сіздің айқаныңызбен жүруге көмектеседі. Орнатылған қарым-қатынасты бұзып алму үшін, «сіздерде» емес,  «бізде»,-деп айту дұрыс.

 

Жеке қызығушылық мотивациясы

Жеке қызығушылық, өзімшілдік емес. Жеке қызығушылық, қорғану болса, өзімшілдік бірдеңені басқалардан ұстап қалу деген мағынаны білдіреді. Жеке қызығушылық, әркез сенімділікті ұялатады, себебі кез-келген адамның жүрегіне бағытталады.

Бұл сәтте керек сөз, «сізге керегі», бұл тыңдаушыларға бағытталған.

 

Біліммен мотивациялау

Мотивацияның бұл түрі – сенімділікті ұялатады. Тыңдаушылар білетінін, сіздер тек мақұлдайсыздар. «Сіздер білетіндей...» деген сөздермен бастаған дұрыс. Сосын керек ақпаратты ұсынасыздар.

 

Кінә мативациясы.

Бұл мотивацияның түрімен ептеп қолдану керек. Өйткені, жауапты реакция қайтарылады.  «Сіз өзіңізді қалай сезінетін едіңіз, егер...», бұл кіна артатын сөздер болып табылады.

 

Үрей мотивациясы.

Мотивацияның бұл түрі – оның негативизмне байланысты, оңай қолданылады. Негативті ойлап, іс-әрекеттер жасау, көп қайраттылықты қажет етпейді. Белсенді сөздер қатарына «Егер сіз бұлай істесеңіз...сізге қиын болады».

 

Ар-ұят мотивациясы.

Мотивацияның бұл түрін табысты қолдану үшін, барлығы тиянақты жүзеге асу керек. Ар-ұятты негіздейтін мотивация, ең қиыны болып табылады. Сондықтан тиімді түрде әсер ету үшін,  үрей, не жеке бастың қызығушылығы сынды, мотивацияларды қолданған жөн.«Сіздер бұны болдырмау керксіздер...» дегендей.

 

Қағидаттар:

  1.  Тыңдаушылардың назарын аударуды қолға алыңыз
  2.  Талап қою арқылы мотивациялаңыз
  3.  Жеке қызығушылық арқылы мотивация беріңіз
  4.  Біліммен мотивациялаңыз
  5.  Кінә артып мотивациялаңыз
  6.  Уреймен мотивация беріңіз
  7.  Ар-ұятпен мотивациялаңыз

 

 

 

Жолдауыңызды сызып қойыңыз

 

Сіздің жағыңыздағы тыңдаушыларға сөз сөйлеу, жеңілдеу болып келеді. Сонда сіз, жолдауыңызды сөзбен, не көрнекі түрде сыза аласыз.

           

Алдымен, тыңдаушылардың назарын өзіңізге аударыңыз. Қарапайымдылықты, романтимді қолданып, халықты таңғалдыруға әрекет етіңіз. Шығармашылықты, бірақ дөрекі болмаңыздар.

           

Мысалы, егде адамдарға, абыр-дабырдың керекгі жоқ. Керісінше, өткен, олардың заманындағы жәйттерді еске түсіріп, мақтап қойған дұрыс.

           

Егер сөз сөйлеу барысында, сіздің сөзіңізді бөле берсе, онда ұйымдастырушыларға бұл жағдайды түзеткізіңіз. Егер біреу, жеке сізге қарсы шығып жатса және ешкім көмекке келмесе, онда бұны мүмкіндік ретінде пайдалананып, мынандай әрекет істеуге болады:

 

  1.  Ол адамды тәртәп сақтауға шақырып, оған сөз бергенше тынышталуын айту
  2.  Онымен сөз таластыру
  3.  Тыңдаушыларға оған қол шапалақ жасасын деп үндеу, кейіннен ақырын өзіңіз шапалақтау
  4.  Оған назар салмай, сөзіңізді жалғастыра беру

 

Сөз сөйлеу барысында, логикалық және ақылға қонымды, ой тұжырымдау керек. Тыңдаушыларыңыз келісетіндей, сөздеріңіз өтетіндей сөздермен, мысалы, «Бұл факт негізіндегі, ең тиімді шешім осы...», «сіздер менімен келісесіздер ғой».

 

Қағидаттар:

  1.  Тыңдаушыларыңызды қарапайымдылықпен және романтизммен баурап алыңыз
  2.  Жағдай мүмкіндік берсе, сахналауды да қолданыңыз
  3.  Егер жағдай болса, ар-ұятқа да тиіңіз
  4.  Тосқауылдарға мықты төтеп беріңіз
  5.  Логикалық ой тұжырым жасаңыздар
  6.  Шешімнін оңай жолын таба біліңіз
  7.  Сөзіңізді өлең шумақтарымен, әнмен толықтырыңыз

 

 

 

Стильді  болыңыз

 

Кіріспе бөлімі кезінде қателік жасап алмаңыздар. Құрметті, керек адамға беріңіз. Ұйымдастырушылардан алдын-ала залда құрметті адамдар бар-жоғын сұрастырыңыз. Белгілі-бір жұмысты керемет атқарған ерекше адамдарға марапат жасап, мадақтаңыз.

Оратор жақсы сөз сөйлеп, тақырыпты толық аша алмаса, мақсаттың нәтижесіз болғаны. Егер шынымен, жақсы шыға алмаған болсаңыз, онда сізді шақырған адамдар үшін, ұятты болады.

Сіз қалаған кезде, қол шапалақ шақыратын, ерекше сәттер болады. Ол уақыт пен мазмұнға байланысты. Бұған жетуге, тәжірибе көмектеседі.

Кейбір лекторлар сияқты, тақырыпты нақты ете түсетін пунктер қолданыңыз. Мысалы, 1,2,3, бәрін атап шыққанша.

Әрқашан стильге мән беріңіз. Спортшының өзінің ерекше стилі бар болғандай, өзіңіздің жеке стиліңізді қалыптастырыңыз. Сіздің мінезіңізге қарай негізделген, өзіңіздің стиліңізді!

Джон Уэйн, әдемі жүріс пен ерекше дауыс тембрінің иесі болғандай, дәл бізде, ерекше қимылдарға, не мінезге иеміз.

 

Қағидаттар:

  1.  Кіріспе бөлімінде, қателік жасамаңыздар, атақты адамдарға сөз беріп, не оларды марапаттаңыздар
  2.  Ең басында, назарды өзіңізге аудару керек
  3.  Келісімге келетін нүктелерді табыңыздар
  4.  Факт ұсынып, драмаластырыңыз
  5.  Қатты сөзден кейінгі тыныштық, реакция тудырады
  6.  Пункт пен қағидаттарды кезегімен айтып отырыңыз
  7.  Есте қалатын стильді дамытыңыз

Халық алдында сөйлеу өнері (соңғы 3-бөлім)

Ораторлық қасиет деген не? Ол бізге не үшін керек? Сол арқылы өмірде қандай жетістікке жете аламыз? Қандай қиыншылыққа төтеп бере аламыз? Өзімізді қандай қырымыздан көрсете аламыз?

 

 

Жауапкершілікті тереңнен сезініңіз.

 

Халық алдында сөз сөйлеу, үлкен жауапкершілікті талап етеді. Ұсынып отырған материалды майда-шүйдесіне дейін зерттеңіз, өйткені тығыз дисктер, DVD, мақала, айтылған сөздеріңіз, бұл оқиғадан кейін де, әрекеттерін жалғастыра береді.

 

           

Шындық пен білімді ұсыну үшін, уақыттың сынына төтеп беретін, фактілерге сүйену керек. Оратордың уысынан қандай да болмасын, бір сөз шығарда, оның шынайы екеніне жауапты болу керек.

Бастап келе жатқан және кәсіби ораторлардың арасындағы айырмашылық, тақырыптағы нақтылық және ерекшелік болып табылады.

Бірнеше ораторлар сөйлеген кезде, әріптесіңіздің уақытын алып қоймағандығыңызға сенімді болыңыз.

Егер сіз, көпшілік алдындағы сөз сөйлейтін оратор болсаңыз, онда сәтсіздікке ұшырағанда, қатты мұңаймаңыз. Тіпті, кәсіби ораторлар да, сәтсіздікке ұшырап жатады.

Жаман тыңдаушылар болмайды, дұрыс емес ақпараттанған немесе дайындықсыз шығатын ораторлар болады.

           

Сіздің жауапкершілігіңіз, сізден ең жақсыны талап етеді. Осылай істеу арқылы, сіз әр шыққан сайын, күшіңізді шыңдайсыз!!!

 

 

Қағидаттар:

  1.  Өзіңіздің материалыңыз үшін дайын зерттеулер жүргізіңіз
  2.  Өзгелерден ұрламаңыз
  3.  Сөз сөйлеу уақытына қатысты шынайы болыңыз
  4.  Өзіңізді тиынға сатпаңыз
  5.  Барлығы сіздің ғана бақылауыңызда болуы керек
  6.  Сәтсіздіктер сізді тоқтатпауы керек

 

 

 

Бағалаңыз, бағалаңыз

 

Көпшілік алдында сөз сөйлеу барысында, сіздің көрсететін күшіңіздің табысты, не сәтсіз бағалануының әдістерін анықтау керек. Қарапайым бақылау тізімін жасап шығарып, сол арқылы өзіңізді бағалаңыз. Мысалы, былай:

 

  1.  Овацияның саны мен ұзақтығы
  2.  Ұсыныс пен қайта шақырулар
  3.  Келген алғыс хаттар
  4.  Ақы
  5.  Кітаптар мен материалдарт және т.б

 

Бағаны сөз сөйлей бастаған кезде, халықтың сізді қабылдап отырған әсеріне қарап, берсеңіз болады.

Бағалаудың ең тиімді жолы – сөз сөйлеп болған соң, адамдардан мінеп-сынауын, яғни ойын сұрастыру. Егер біреу, сіздің шыққаныңызды мақтап, «барлығы керемет», болды десе, ұялмай, нақты не нәрсе ұнады деп сұрап алыңыз.

Ал сізге арнап, жазылған хаттардың жөні бөлек. Өз ойын айта салғанға қарағанда, отырып, уақытын бөліп, жазған хат ерекше бағалауды негіздейді.

Егер сізді қайта-қайта шақырып, төлейтін ақшасы да, жоғары болса, онда сіз «көпшілік алдында сө сөйлеу шеберінің иесі атанғаныңыз»!!!

 


 

Қағидаттар:

  1.  Бағалау әдістерін дамытыңыз
  2.  Реакцияны бағалап, керекті түзетулер енгізіңіз
  3.  Ең жақсы реакция, сізді қайта шақыру болып табылады.

 

 

 

 Өмір сүруіңізді қадағалау

 

Өздерінің айтқанын істемейтін ораторлар, мені қынжылтады, дейді автор. Бұл жалған нәрсе, ерте ме, кеш пе, адамдар олардың сөздерінің бос екенін түсінеді. Бұл әлемдегі ұлы ораторлар, белгілі – бір салада жетістікке жеткендер. Сол арқылы да, олар халық алдында сөз сөйлеуге және естілуге құқылы.

           

Жасанды болмаңыздар. Шынайы болып, өзіңіз ұсынған жолмен өзіңіз бастап жүріңіз.     

 

Ешкімге және еш нәрсеге қарамастан, жетістікке жетуге ұмтылыңыз.

 

Адамдардан алған көмекті бағалай білу керек. Ораторлар сезіну керек, қиын қағидаттардың бірі – адамдарға қарыздарын қайтарып, олармен жетістікті бөлісу.

 

Сөйлеген сөзіңіздің дұрыстылығын әр кез делелдеумен болу керек.

 

 

Қағидаттар:

  1.  Шынайы болып, өзіңіз ұсынған жолмен өзіңіз бастап жүріңіз.        
  2.  Жағдайға байланысты, дұрыс көрініңіз
  3.  Өзіңіздің өміріңізден алынған мысалдармен бөлісіңіз, тыңдаушыларыңызбен өміріңізді бөлісіңіз
  4.  Қарызды қайтарыңыз
  5.  Өзіңіз айтып жатқан нәрсеге, өзіңіз қызығушылық танытыңыз

 

 

 

Күшіңізді қалай босатасыз?

 

Басқа мамандық іспеттес, ораторлық жұмыс табысты бол үшін, ол өзіне тексеруден өткен бірнеше аспекті қамтиды. Олардың кейбірін елемеуге, қолданбауға, негізге алмаса да болады, алайда, сіз оратор шебері болам десеңіз, белгілі аспектердің барлығы қолданыс табу керек.

 

Бірінші аспект – өз жолдауыңыз арқылы жеткізгіңіз келген ойыңыздың қарапайымдылығы мен нақтылығы. Бұл баяндама 50 сөзден аспауы қажет, барлығы өте, өте нақты!

Екінші аспект – сіздің тақырыбыңызды нақты ашатын және көркейтетін пунктер мен қағидаттардың болуы.

Үшінші аспект – сөздеріңізді дәлелді ету үшін, зерттеу жүргізу.

Төртінші аспект – барлық жазылған материалдардың жеңіл жоспары. Ол сізге сөзіңізді қорытындылау кезінде көмекке келеді.

Қорытынды аспект – әр сөйлемге лайықты дауыс ырғағы және сіз сөйлеген сөздерге қосымша мән беретін дауыс екпіні, сонымен қатар, бағалау!

 

 

 

1. Айқындауыш. Жиі ұмытылатын қосымшалар

 

1.    Ішетін, таза су бар ма екенін тексеру

2.    Дәретханаға міндетті түрде барып келу

3.    Суық тиіп, не тамағыңыз бітіп қалса, бір кесек ананас жеп алыңыз

4.    Сахнада тұрғанда, сәуле түсіретін үстіңіздегі заттарды шешіп тастаңыз

5.    Сахнадан қалай кететініңізді алдын-ала ойлаңыз

6.    Баспалдақтар мен рампаға назар аударыңыз

7.    Жазбаларыңыз ыңғайлы жерге қойыңыз, оқу барысында кедергі болмасын

8.    Подиумның беріктігін тексеріңіз

9.    Жазбаларыңыз сырғып, не ұшып кетпейтіндей болсын

10.  Кондиционер, вентилятор, жылытқыштардан ары тұрыңыз

11.  Аудио жүйені тексеріңіз

12.  Бірнеше адамға қарағанда, көпшілікпен жұмыс оңай жүреді

13.  Болатын уақытын тағы тексеріп, ұзақтығын қараңыз

14.  Бағдарламаның өтуіне жауапты адамнан қалай бастау жөнінде, кеңес сұраңыз

15.  Бас жетекшімен кездесіп:

 

А- сізге берілген уақытты растасын

В- бұл бағдарлама созылып кетсе, ол не істейтінін сұраңыз. Күлкіні жауап ретінде қабылдамаңыз.

 

16.  Адамдар жалыға бастағанын көргенде, уақытты созбаңыз

17.  Ешқашан шаршадым, ауырып тұрмын деген жеке бастың шаруаларын айтпаңыз

18.  Ұйымдастырушылар, сіздің шарттарыңызды қабылдайтынын, ұйден шықпастан тексеріңіз

19.  Балалары бар, иттері бар, бір сөзбен тыныға алмайтын жер үйге тұрақтамаңыз

20.  Жағдай мен шарттарды негізге алып, соған лайықты стильде болыңыз

21.  Егер ақылы сөз сөйлесеңіз, келісімге отыру барысында, ақшаңыздың бір бөлігін беруді талап етіңіз

22.  Мас адамдардың алдында сөз сөйлемеңіз – оларды ешқашан жеңе алмайсыз

 

 

 

2. Айқындауыш. Ең жақсы ораторлар.

 

 

1.      Актерлар

2.      Кәсіби дикторлар

3.      Сату жөніндегі менеджерлер

4.      Патша отбасының мүшелері

5.      Телебағдарлама және концертті жұргізушілер

6.      Уағыздаушылар

7.      Авиакомпанияның стюардтары

8.      Саясаттанушылар

9.      Диспетчерлер

 

 

Осымен бұл сериал да аяқталды. Ой-пікіріңізбен, тәжірибеңізбен әрқашан бөлісуді ұмытпаныздар, құрметті пікір-сайысшылар!!!

 





1. Тема 3.1.Функции ландшафта
2. ДА то вы пришли по адресу
3. то диковинным зверем в зоопарке
4. Лекарственные средства для терапии кишечных инфекци
5. Обе страны не только граничат друг с другом но и связаны общностью государственного языка культуры религи
6. Реферат- Плюсы и минусы смертной казни
7. Тема семинара- Власть в русской традиционной культуре- опыт культурологического анализа
8. Основы дифференциальной диагностики в нефрологии
9. Описторхоз плотоядны
10. Сущность правосудия
11. Понятие социальной системы и социальной структуры
12. Тема- Особливості роботи із табличним процесором Excel
13. реферату- Забруднювачі харчових продуктівРозділ- Екологія Забруднювачі харчових продуктів Зміст Вступ
14. Последовательность разработки стратегии логистического оператора 8
15. Анализ состояния современной системы образования Основными целями функционирования системы образовани
16.  Стан безпеки праці в світі
17. 072010 N 66н в редакции приказа Минфина России от 05
18. О~у~дістемелік ~К Н~ 07 2011 Баспа 1
19. Геоинформационные проекты Барнаула
20. Федеральная гидрогенерирующая компания ОАО ГидроОГК создано в соответствии с Распоряжением Правитель