Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

радио даапазонында~ы электромагнитгік тербелістер мен тол~ындарды генерациялау ж~не к~шейту тарату ~абы

Работа добавлена на сайт samzan.net:


Радиотехника

//Радиотехника - радио даапазонындағы электромагнитгік тербелістер мен толқындарды генерациялау және күшейту, тарату, қабылдау тәсілдері мен оларды пайдалану мәселелерін зерттейтін ғылым, Электромагниттік тербелістер мен радио диапазонындағы толқындарды радиобайланыста, теледидарда, радиолокация мен радионавигацияда, сондай-ақ технологиялық процестерді бақылау мен басқаруда т.б. ғылыми-зерттеулерде пайдаланатын техника саласы да радиотехника деп аталады. Радио диапазонына толқын ұзындығы ондаған км-ден мм-дің оңдаған бөліктеріне дейінгі электромагниттік толкындар (ЭМ) жатады.  //Радиотехниканың дамуына М.Фарадей, Дж.К.Максвелл, Г.Герц, А.С.Попов, А.Мейснер т.б. зор үлес қосты. Орыс ғалымы В.П.Вологдин жасаған жоғары жиілікті индукторлық машина негізінде 1925 жылы Мәскеу мен Нью-Йорк арасында тікелей радиобайланыс орнатылды. XX ғасырдың орта кезінде телевизия пайда болды.  //Радиотехника негізінде кез келген қашыктықта радиотелефон байланысын орнату, кескін, сызба, сурет, газет матрицаларын тарату, тез әрекетті телеграфтық радиобайланыс орнату мүмкін болады.  //Радиотехника тәсілдері автоматты басқару, реттеу және ақпаратты өңдеу жүйелерінің негізін кұрайды. Радиотехника жетістіктері элекгронды есептеуіш машиналарды (ЭВМ) жетілдіруге мүмкіндік берді.  //Радиотехника өнеркәсіп пен халық шаруашылығында кеңінен пайдаланылады. Жоғары жиілікті қыздыру қондырғылары аса таза металдар алуда, болат бұйымдардың беттік қабатын шынықтыруда, ағаш, керамика, астық өнімдерін кептіруде, тамақ өнеркәсібінде, медицинада т.б. қолданылады.

Сөздік: зерттеу-изучать, исследовать; өңдеу - обрабатыватъ,обработка; кескін – очертание, изображение; сызба – чертеж; тез әрекетгі – быстродействующий; реттеу – регулировать; жетістік – достижение; басқару – управлять; беттік қабат – лицевой слой; шынықтыру – закаливать; кептіру – сушить.

Радиолокация

//Радиолокация (радио және locatio - орналасу) - әр түрлі объектілер мен нысаналарды радиртехникалық тәсілдер арқылы бақылау (іздеп табу, ажырату, координаталарын өлшеу т.б.) мәселелерімен шұғылданатын ғылым мен техниканың саласы. Радиотолқындардың шағылу құбылысын 1886-89 жылдары неміс физигі Г.Герц ашты. //Шағылған радиотолқындарды тіркеу негізінде радиосигналдар бағытын қиып өткен корабльдің орнын табу тәсілін 1904 жылы неміс инженері К.Хюльсмайер ұсынды. Таратқыш пен қабылдағыш линиясын самолет қиып өткен кезде байқалатын радиотолқындардың соғу кұбылысына негізделген алғашкы радиолокациялық станция (РЛС) Д.С.Столетовтың басқаруымен 1938 жылы жасалып, іске қосылды. Импульстық радиолокация тәсілі Ю.Б.Кобзаревтің басшылығымен 1937 жылы жасалды. Одан кейінгі жылдары радиолокацияның дамуына аса жоғары жиілік диапазонының меңгерілуі, есептеу техникасы т.б. ғылымдардың жетістіктерін пайдалану зор ықпал жасады. Радиолокациялық өлшеуіш құрылғылар жасалып, зениттік және корабльдік артиллерия дами бастады. Сонымен бірге, радиолокацияға қарсы құрылғылар (пассивті және активті бөгеуілдер, қорғауыш қабаттар т.б.)

жасалып,   радиолокация   халық   шаруашылығының   барлық   салаларында (соғыс ісін қоса) кеңінен таратыла бастады. //Радиолокация тәсілдерімен объектіге дейінгі қашыктық, шағылып келген сигналдардың бағыты (пеленг), объект қозғалысының радиальдық және бұрыштық жылдамдықтары т.б. өлшенеді. Сонымен қатар, радиолокациялық бақылау объектілердің көптеген сипаттамаларын (мысалы, су бетіндегі мұз қабатының параметрлерін, атмосфера ылғалдылығын, объектілердің өлшемдері мен пішінін т.б.) анықтауға мүмкіндік береді. //РЛС (радиолокатор, радар) көмегімен  жылжымалы және жылжымайтын объектілерді бақылауға болады.

Сөздік:нысана цель,  прицел, мишень; тәсіл - прием, способ; ажырату - отделение, отделять; өлшеу - измерение, измерять; шағылу - отражение, отражаться; қиып өту – пересекать; баскару - управлять,

руководить; тарату – распространять;

Радио

//Радио (лат. сәуле таратамын, шығарамын деген сөз) - алыс қашықтыққа сымсыз таралатын жоғары жиілікті электромагниттік тербелістерді пайдалануға негізделген техника саласы. //Попов Александр Степанович (1859-1906) - орыс физигі, радиобайланыс негізін қалаған өнертапқыш 1882 жылы Петербург университетін бітірген. Ол неміс физигі Г.Герц жасаған электрмагниттік толқын таратқыш вибраторды қашықтан сымсыз сигнал беру ісінде пайдалану жөнінде көп еңбектенді. //Ол француз физигі Э.Бранли ұсынған радиокондукторды (когерер) пайдаланып, оны жетілдірді. Бұл аспап - екі электроды бар шыны түтік. Түтік ішінде ұсақ металл үгінділері салынған. Бұл аспаптың қызметі электр разрядтарының металл ұнтаққа тигізетін әсеріне негізделген. Кәдімгі жағдайда когерердің кедергісі үлкен болады, өйткені үгінділердің бір-біріне тиісуі нашар. Келген электромагниттік толқын когерер ішінде жиілігі жоғары айнымалы ток туғызады. Үгінділер арасында ұсақ ұшқындар шығады да, үгінділерді пісіріп тастайды. Нәтижесінде когерердің кедергісі күрт төмендейді.  //Аспапты сілкіп қалса, ол бұрынғы үлкен кедергісіне қайта ие болады. Сымсыз байланысты іске асыруда автоматты қабылдауды қамтамасыз ету үшін А.С.Попов сигналды қабылдағаннан кейін когерерді сілкіп қалып тұратын қоңыраулы құрылғыны пайдаланды. //Аппараттың сезгіштігін арттыру үшін А.С.Попов когерердің бір ұшын жерлестірді, ал екіншісін жоғары шаншылған сымға қосып - осылай ең тұңғыш рет қабылдаушы антенна жасады. Сөйтіп, жерлестіру Жердің өткізгіш бетін ашық тербелмелі контурдың бір бөлігіне айналдырады да, осыдан қабылдау қашықтығы артады.  //1900 жылы Поповқа Парижде өткен 4 Дүниежүзілік электротехниктер конгресінде осы еңбегі үшін Құрмет дипломы мен Алтын медаль берілді. //1945 жылдан бастап 7 мамыр радио күні боп аталады. //Радио таратқыш жүйе (антенна) арқылы электромагниттік энергияны жан-жақты тарату және оны қашықтан радиоқабылдағыштың антеннасымен қабылдау мәселелерін іске асырады. //Электрондық лампалардың шығуы радионың дамуына түбегейлі бетбұрыс жасады. Қысқа мерзім ішінде радио арқылы сөз бен әнді алысқа тарату - радиохабар тарату мәселесі іске асырылды, Радионың кемелденуі арқасында радионавигация, радиолокация, телевизия т.б. жаңа салалар бөлініп шықты.

Сөздік: сәуле – луч; шығару – излучить, выделять; сымсыз – беспроволочный; жетілдіру – совершенствовать; тарату – распространять; жиілік – частота; қабылдағыш – приемник; мәжіліс – заседание; ұсынған – предложенный; тербеліс – колебание; мәселе – задача; бетбұрыс – поворот, перестройка; қашықтық – расстояние; өнертапқыш – изобретатель; мерзім – время;

Мамандығым-радиотехник

//Радиотехника мамандығы - әртүрлі радиоэлектронды құрылғыларды жасау және өндіру саласында инженерлер дайындауды қарастырады.  //Бұл мамандықты бітірушілер қазіргі радиоэлектрондық аппараттарды жобалайтын және өндіретін әртүрлі кәсіпорындарда, ғылыми-зерттеу және жобалау институттарында жұмыс істейді. //Радиоинженер радио өнеркәсібінің қазіргі элементтерінің базасын жақсы біліп, есептеу техникасын кеңінен пайдалана отырып, радиотехникалық жобалау дағдыларын игеріп, оларды құрастырып, өндірісте кеңінен пайдалана білуі керек.  //Қазақстан үшін радиоэлектрондық өндірістің дамуының зор маңызы бар.  //Жаңа технология жасау, микроэлектроника және микропроцессорлардың дамуы жоғары дәрежелі, тәжірибелі мамандарды қажет етеді.  //Радиотехник - өте қызықты, кең ауқымды мамандық. Ол әлденеше сыбайлас мамандықтар түрлерін қамтиды. Олар: теледидар, радиохабар, аппаратура жасау және өндіру, пайдалану, арнаулы техниканы баптау. //Радиотехник техникалық сауатты және ұкыпты болуы керек. Ол радиотехниканың негізін кұрайтын физиканың, химияның, математиканың негізгі заңдарын білуі керек. Радиотехник төменгі және жоғарғы кернеулермен жұмыс істейді. Сондықтан техник-инженер техника қауіпсіздігінің негізгі талаптарын білгені жөн. //Радиоэлектроника тұрмыста, өндірісте кең қолданылады, әрі адам өмірінде, жалпы қоғамда үлкен маңызы бар. Қазіргі уақытта    Қазақстанның    радиоэлектроника өндірісі     жаңа инвестицияларды қажет етеді. Егер солай болса, радиоэлектроника өндірісі қажетті деңгейге   көтерілер еді және Қазакстан   техникалык сауатты әрі тәуелсіз елге айналады.

Сөздік: дағды, әдет – навык; өнеркәсіп – промышленность; ғылыми – научный; жобалау – проектный; даму – развитие; кең ауқымды - широкопрофильный, многопрофильный; техника қауіпсіздігі – техника безопасности; баптау – уход; негізгі талап – основное требование; құрастыру – конструировать; қазіргі – современный; зерттеу – исследовать; есептеу – вычислительный; тәжирибелі – опытный; сауатты – грамотный; қамтиды – охватывает; тұрмыс – быт; сыбайлас – близкие; кернеу – напряжение;

Телефондық техника

//Телефондық техника адамзатқа 1878 жылдан бастап қызмет көрсетіп келеді. Сол кезден бастап ол үнемі даму үстінде. Телефондық техникаға қойылатын басты талаптар: 1) телефондық техника телефондық хабарлардың керекті адамға ғана
берілуін қамтамасыз етуі керек; 2)хабарлардың дәл берілуін қамтамасыз етуі; 3) хабарлардың өз уақытысында берілуін, яғни екі адамның қалыпты сөйлесуін қамтамасыз ету; 4) хабарлардың аз қаражатпен берілуін қамтамасыз ету; 5) телефондық  техниканың  қолдану бейімділігі,   яғни  телефондық техниканың   нақты   түрінің   іс   жүзінде   әртүрлі   жағдайларда қолданылуы. Бұл - талаптардың орындалуы түбінде телефондык техниканың,  телефондык  хабарлардың     аз  шығынмен  берілуін қамтамасыз етеді; 6) телефондық техниканың сыртқы түрінің сүйкімді болуы.  Оның сыртқы әсемдігі оның түсі мен жасалуына байланысты; 7) телефондық техниканың адамдар өміріне қауіпсіз болуы.

//Іс жүзінде  телефондық техника бұл талаптарды белгілі бір деңгейде ғана орындайды. //Оның негізгі себебі - қойылатын талаптардың бір-бірімен тығыз байланыстылығы.

Сөздік: деңгей – уровень; қамтамасыз ету - обеспечить, обеспечение; қаражат – средства, финансы; талап – требование; қалыпты – нормально; сүйкімді – эстетично, привлекательно;

Информациялық процестердің классификациялануы

//Информациялық процестер мазмұны және қолданылатын орнына қарай классификацияланады. //Информациялық жұмыстың мазмұны негізгі, қосалқы, қызметші жұмыстардан кұралады. //Негізгісіне жататындар информацияны жинап алу мен оны түрлендіру. Информацияны жинап алу қоршаған айнала мен басқарылатын объектілердің жағдайын сезу қабілеттігіне негізделген. Егер оларды жинайтын адам болса, онда оның сезім мүшелері, ал егер механикаландырылған болса, онда әртүрлі микрофон, фототетіктер, телекөрсеткіштер т.б. информация қабылдап беруші аспаптар болады. Сол көптеген хабарлардың түрлері адамдардың миында немесе есептеу техникаларында қолданылуға оңай біркелкі сигналдарға айналдырады. //Информацияны жинау және түрлендіру әртүрлі уақыттарда әртүрлі кеңістікте болатындықтан, олар қосалқы жұмыстарда қажет болады. //Қосалқы жұмысқа жататындар: а) информацияны белгілі бір түрде, бір уақытта байқап көру (таблода, есептеуіш көрсеткішінде, дыбыс сигналы арқылы т.б.); б) информацияны сақтап қою (әртүрлі сақтағыштарда); в) информацияны тасымалдау (бір жерден екінші жерге көшіру); г) информацияны мультипликациялау (өсіріп, көбейтіп, қайталап, күшейтіп т.б.); д) информацияны сұрыптау (түрлеріне қарай классификациялау); е) информацияны іздеу (сақталған орнын белгілеу т.б.) жатады. Қолданылатын орнына қарай информация басқару, жобалау және реттеу жұмыстарында пайдаланылатын болып бөлінеді.

Сөздік: қосалқы – вспомогательный; қабілет – способность; кеңістік – пространство; сақтау - хранить, сохранять; сезім мүшелері - органы осязания; тасымалдау - транспортировка,  передача; сақтағыш – носитель; белгілеу – обозначить; міндет -- задача, обязательство; ми – мозг;

Телевизия мұнаралары

//Телевизия мұнаралары - ұшар басына телевизия, радиохабар тарату, радиограф пен радиореле байланыстарының антенналары орнатылған биік мұнара. //Мұнараларды биік етіп жасау - техникалық қажетті жағдай. Мұнара неғұрлым биік болса, соғұрлым теледидар хабары қолданылатын қашықтық ұлғая береді. //Осыны ескерген әр елдің инженер-конструкторлары көптеген мұнара жобаларын жасады. Мысалы, Мюнхендегі мұнара биіктігі - 265 метр. Радио дүниеге келмей тұрған кезде тек әсемдік ретінде салынған, Париждегі Эйфель мұнарасы — 300 метр. Қазір ол радио мен телевизияда теңдесі жоқ орын алып отыр, //Телевизияның дамуымен қатар мұнара биіктігі де арта түсуде. Осылайша Ленинградта - 330 метрлік, Берлинде -- 360 метрлік мұнаралар салынды. //1967 жылы Мәскеуде Останкино ауданында салынған телевизия мұнарасының биіктігі - 533 метр. Оның бірінші қабатыңда кинозал, 63 метрлік биіктікке дейін 15 қабатта УҚТ (УКВ) станциясы, метеостанция, асханалар бар. 147 метрлік биіктікте қала көрінісін тамашалайтын 200 адам сиятын алаң бар. Бұл ерекше мұнараның жобасын жасаушы - көрнекті инженер Николай Васильевич Никитин. Осы еңбек үшін оған техника ғылымдарының докторы атағы мен Лениндік сыйлық берілді.

//Мұнараның салмағы ~ 32 мың тонна, диаметрі - 74 метр.

Сөздік: мұнара – башня; ұлғаю – увеличиваться; ескеру – обратить внимание, принять во внимание; иметь в виду; салмақ – вес; сиятын – вмещается; көрініс – вид; тамашалау – любоваться; теңдесі жоқ – не имеющий равного; неғұрлым – поскольку, настолько, чем;

Жалғау жүйелері

//Телефон ойлап шығарылғаннан кейін пайдаланушыларды бірімен бірін жалғау мәселесі қолға алынды. 1889 жылы Америка ғалымы А.Б.Стоуджер ондық қадамды автоматтандырылған телефон станциясын (АТС) ойлап шығарды. //Бұл станцияның құрылымы жеңіл және арзан болғанмен, атқаратын қызметі шектеулі және мүмкіншілігі өте төмен болды. Абоненттерді бірімен -бірін жалғау үшін жылжымалы түйіспе пайдаланылып, тікелей басқарылды. Ондық кадамды АТС (бірінші буын) 1950 жылға дейін қалалық телефон мен телеграф желісінде қолданылып келді, кей жерлерде күні бүгінге дейін әлі пайдаланылуда. //Ғалымдар мен инженерлердің ізденістерінің арқасында 1906 - 1914 жылдар аралығында тіркеуішпен (регистр) басқарылып, бірнеше дүркін жалғанатын координаттық АТС-тер іске қосылды. //Үшінші буынның АТС-терін жобалап дайындау 1950 жылдары басталды. Бұл уақытта электроника біраз дамыған еді. Электронды шам және шала өткізгіш (транзистор, тиристор, диод т.с.с.) негізінде әр түрлі электрондық кұрылғылар жасалынып, өндірісте кеңінен пайдаланыла бастады. Жан-жақты зерттеулердің нәтижесінде 1964 жылы Америкада программамен басқарылатын квазиоэлектронды АТС(ЕSS №!), 1975 жылы Францияда тұңғыш цифрлы АТС-Е10 іске қосылды. //Қазіргі кезде АТС-тердің дамуы электроника саласындағы жетістіктермен тікелей байланысты. Бүгінгі күні телекоммуникация желілерінде өте үлкен жинақты схемелар (сұлбалар) (БИС, СБИС т.с. с.), микропроцессорлар, есептеу техникасы кеңінен пайдаланылып, АТС-тің жұмыс істеу ауқымы кеңейіп келеді. //Бүгінгі күннің байланыс немесе телекоммуникация желісі таратушы, қабылдаушы, хабар жалғаушы, ажыратушы, қателерін табу, түзеу және т.с.с. қызметтік ақпараттан тұрады. //Байланыс (телекоммуникация) желісі акпарат таратугаы және жалғаушы (АТС) жүйелерден тұрады.

Радиобайланыс

//Радиобайланыс - радиотолқындар арқылы жүзеге асырылатын электр байланысы. Бұл үшін хабар беретін пунктте радиотаратқыш пен таратқыш антеннадан тұратын қондырғы, қабылдау пунктінде қабылдағыш антенна мен радиоқабылдағыштан құралған қондырғылар орнатылады. //1920 жылға дейін радиобайланыста толқын ұзындығы жүз метрден оңдаған км. арасындағы, ал 1922 жылдан түзу сызықпен таралатын дециметрлік және сантиметрлік толқындар алқабы игерілді. Қысқа толқындар негізінде көп арналы байланыс орнатылып, телефон, радио, теледидар байланыстары арқылы өте көп информация қабылдау-тарату мүмкіндігі туды. Ретрансляция немесе байланыс спутниктері (жерсеріктері) көмегімен радиобайланыс қашықтығын күрт арттыру мүмкін болды. Байланыс спутниктері арқылы кез келген қашықтыққа бір мезгілде мыңдаған телефон байланысы мен оңдаған теледидар программаларын орнатуға болады.

Сөздік: кедергі - резистор, сопротивление; ұйтқу – вихрь; тізбек – цепь, бөгеу – помеха.

Цифрлық тарату жүйелері

//Байланыс (телекоммуникация) желісі ақпарат таратушы және жалғаушы (АТС) жүйелерден тұрады. //Таратылатын сигналдар аналогты (мағынасы үздіксіз) және дискретті (мағынасы үзік-үзік) болып екіге бөлінеді. //Телеграф сигналы дискретті, ал дауыс сигналы аналогты болып келеді. Дискретгі сигналды цифрлық сигнал деп атайды. //Адам сөйлегенде даусының жиілігі 80-Гц-тен 12000 Гц, ал есту мүмкіншілігі 16 Гц-тен 20000 Гц аясында болады. Дауыс сигналын байланыс жолымен тарату үшін оның жиілік аясы 300 Гц -тен 3 400 Гц-ке дейін болған кезде, сөйлеген дыбыс денгейінің 90 %, ал сөздің естілу аңықтығы 99% табиғи үнін сақтайды. //Телеграф алғашқы күннен бастап цифрмен істеді. Алғашқы телеграфта пайдаланылған Морзе әліппесінде "нүкте" мен "сызықша" белгілері кейіннен екі цифрлы "0" мен "1"-ге ауысты. Телефонмен байланыс көпке дейін аналогты болып келді. Аналогты жүйеніғ уақыт сұранысын қанағаттандыра алмауы жаңа цифрлық технологияның өркендеуіне жол ашты. //Телефон байланысында сөйлесу сапасын сақтау дауыс сигналы 300Гц-тен 3 400Гц-ке дейінгі жиілік аясында таратылса, цифрлық дауыс сигналы, 64 Кбит/сек (1секундта 64 000 бит) жылдамдықпен таратылады. Бұл арна негізі цифрлық арна деп аталады және ЕО део белгіленеді. Өйткені, бұл арна-бір телефон жолының сыйымдылығы. //Аналогты дауыс сигналын цифрлық сигналға түрлеқдіру импульсті кодалык модуляция (ИКМ) деп аталады. Дауыс сигналын тарату үшін ИКМ жүйесін пайдалану мүмкіншілігін 1937 жылы француз инженері А. Ризе ұсынған болатын ИКМ жүйесі 1940 жылдары радиолокация саласында карқьщды дамыды. Алайда, цифрлық технологияның баяу даму салдарынан оның бұқаралық байланыс саласында пайдалану мүмкіншілігі шектеулі болды. 1950 жылдардағы электрониканың өркендеуі ИКМ жүйесін АТС арасында кеңінен пайдалануға алып келді. Оны алғаш 1957 жылы қолданысқа енгізген Американың Bell System компаниясы болды.

Компьютерлер мен телекоммуникациялар тоғысында

//Қазіргі кезең информациялық технологиялар кезеңі деп аталып отыр. Басқаша айтқанда бұл кезең – компьютерлер кезеңі, яғни мәліметтерді өңдеп, жолдап, оларды таратып отыратын коммуникацияның, телекоммуникациялардың кезеңі. // Осыған орай, Алматы энергетика және байланыс институтында “Өнеркәсіптік электроника” мамандығының негізінде “ Компьтерлік-коммуникациялық жүйелер” бағытты жаңадан мамандандыру ашылып отыр. //Аталған бағытта жоғары дәрежелі мамандар даярлау елімізде өте үлкен қажеттілік танытып отыр. Мұндай қажеттілік бүкіл дүние жүзіне де тән. IDS (International Data Corporation) мәліметтері бойынша осы бағыттағы жетіспейтін мамандар саны жарты миллион болып, жақын бес-алты жылда бір жарым миллионға жетпек. Қазір көпшілігіміздің үйлерімізде компьютерлер пайда бола бастады. Бірақ тек компьютерлердің пайда болуы жеткіліксіз. Ол сыртқы жүйелерге шығып, республикалық мәліметтер қорына, тіпті дүние жүзілік информациялық жүйелермен байланыса алмаса оның тиімділігі шамалы көрінеді. Сондықтан, біздің жеке меншік компьютерлеріміз өзара біріктіріле отырып, компьютерлік желілерге ұласып, бүкіл дүниежүзілік компьютерлік-коммуникациялық жүйелерге айналуы керек. Бұл жағдай қазір 5 компьютерлік революция деген атқа ие болып отыр. //Айтылған ойларды қорыта келгенде, қазіргі информациялық технологияның мамандары компьютерлік техника мен технологияларды толық игеріп, телекоммуникациялық технологиялардың жаңа тәсілдерін де меңгере білулері керек. Осы тұрғыдан қарағанда, “Компьютерлік-коммуникациялық жүйелер” мамандырылу бағыты қазіргі заманның талабына сай дер едік. //Ал енді осындай күрделі де, қиын да құрылымды қалай жобалап жасауға болады? .... Әрине тек компьютерлердің күшімен! Сондықтан да, мамандырылудың келесі бір бағыты – электрондық құрылғыларды компьютерлердің өз көмегімен автоматтындырылған түрде жобалау. //Мамандандырудың екінші бір саласы – компьютерлерді тек қана жеке түрде пайдаланбай, оны кең көлемді информациялық кеңістіктің бір бөлігі ретінде, корпоративтік желілердің құрамы ретінде қарастыру. //Аталған салалардың бір-бірімен байланысын қамтамасыз ету телекоммуникациялық жүйелерге тапсырылады. Бұл жағдайда, қарапайым Ethernet, Token Ring архитектураларынан бастап, оқу барысында келешегі зор өндіріске кеңінен еніп жатқан Frame Relay, ATM, Gigabit Ethernet-ке дейін ұластырмақпыз. Біздің дайындаған мамандарымыз қарапайым жергілікті желілерден бастап, жоғары өнімділікті магистральдық, корпоративтік желілерді де басқара алатын болады. //Әрине, жоғарыда айтылған техника мен технологиялар қанщалықты күшті болғанымен, оларда қосымша программалық жабдықтарсыз жұмыс істеу мүмкін емес. Сондықтан да, келешегінен көп үміт күттіріп отырған программалық жабдықтарға да аса зор көңіл бөлмекпіз.      

Сөздік:меңгеру, игеру – освоить; жеткіліксіз – недостаточно; күрделі – сложный; құрылым – структура; қосымша – дополнительный; кеңістік – пространство; әрине – конечно; жоғары өнімділікті – высокопродуктивный;

Интернет протокол

//Интернет - бірнеше протоколдарды қамтитын әлемдегі компьютерлер мен желілерді біріктіріп, олардың өзара әрекеттесуін қамтамасыз етуші желі. //Интернет жүйесі   1969  жылы 2 қыркүйекте төрт есептеу орталығын біріктіріп,    компьютер    желісін    іске    қосудан    басталды.    Желі    құруды каржыландырған   АҚШ   қорғаныс   министрлігінің   перспективті   жобаларды зерттеу агенттігі (Аdvапсеd    Research Project Agency)    болғандықтан, желі алғашында ARPANET деп аталды. Жобалаушыларға қойылған талап - желінің беріктігі өте жоғары болуы шарт, мысалы, соғыс кезінде бомбылағанда да қызмеітін тоқтатпауы керек. ARPANET желісінде дерек тарату үшін датаграмма әдісі деп аталған қаттамаларды(пакеттерді) жалғау әдісін пайдаланып ал оның жұмыс істеу ережесін Интернет протокол(Internet Protocol IP) деп атады. Интернет (Inter-Net) (Интер+желі) деп аталуы да осымен байланысты. //Желімен дерек қаттамаланып (пакеттелініп) таратылады. Датаграмма әдісі деп аталған қаттама әдісін 1960 жылдың орта кезінде АҚШ ғалымы П. Берн ұсынған. //Желілердің дерек тарату қызметі протоколмен анықталады. Протокол дегеніміз пайдаланушылардың желіге енуін және бір желі мен екінші желінің ақпаратпен алмасуын қамтамасыз ететін ереже. Протокол элекгронды құрылғымен оқылып, өңделеді. Кез келген байланыс белгілі бір ережеге немесе протоколға негізделеді. //Желі протоколын сипаттау логикалық және процедуралық (орындау тәртібі) деп екіге бөлінеді. Логикалық сипаттамасында протоколдың құрылымдық бөліктерін білдіретін мағынасы көрсетіледі. Желімен дерек тарату бірнеше каттамалар аркылы іске асырылады, олар: пайдаланушының құрылғысын желі арнасына қосу және ажырату, дерек тарату, ақпарат ағынын басқару т.б. қызметтік қаттамалар. Процедуралық сипаттамасы протокол ережесі бойынша қаттама қызметтерінің орындалу тәртібін көрсетеді, олардың қаңдай жағдайда, кай кезде қайсысын пайдалану керектігін көрсетеді. //ІР протоколының басқа желілер технологияларымен салыстырғандағы ұтымды жағы оның қаттаманы бағыттай алуы. Бағыттаудың жалғаудан айырмашылығы, желі торабында қабылданған қаттаманың кай байланыс жолымен таратылатынын сол сәтте желінің өзі аңықтайды, ал жалғау әдістерінде тораптағы қаттаманың алдын - ала тарататын жолын дайындап тұрады. //IP протоколының басты ерекшелігі таратушы мен қабылдаушының арасында байланыс құру және қаттаманың ақпараттық бөліміндегі деректің толықтығын тексеруді қарастырмайды. //Сондықтан, дерек тарату үшін желіге қосылған компьютерлерді бір -бірімен жалғау, бірнеше дерек ағынын басқарып және қатесін түзету, ретсіз келген қаттамаларды реттеу мүмкіндіктерін қамтамасыз ету мақсатында 1974 жылы АҚШ ғалымдары В.Серфа мен Б.Кан тасымалдаушы TCP (Transmission Control Protocol) протоколын дайындап бітірді. //Бұрын IP(Internet protocol) протоколының мақсаты желіге қосылған компьютерлер арасына қаттамалар немесе датаграммалар тарату болса, ТСМ протоколы IP протоколының қатесіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Сонымен интернет қорын пайдалану протоколы ТСМ\ІР протоколы деп аталды. //Желі торабында қаттаманы өңдеу процесін жеңілдету мақсатымен ATM(Asinhronous Transfer - Mode Асинхронды тәртіппен жеткізу) стандарты ұсынылды. ATM технологиясының ерекшелігі IP қаттамасы болсын немесе цифрлық дауыс сигналы болсын; кез - келген цифрлық сигнал ұзьндықтары қысқа ұяшыққа бөлінеді. Бағытталған ұяшықтың кай жаққа жіберілетіні транзиттік тораптарда стандартталып аньқталады. //ATM стандарты оптикалық талшықты байланыс жолын- пайдаланады. ATM ұяшықтарын тарату үшін СЦИ тасымалдаушы желісі пайдаланылады.

Алматы энергетика және байланыс институты.

АЭжБИ Орта Азияда энергетика және телекоммуникация бойынша мамандандырылған жалғыз жоғары оқу орны. Мемлекеттік емес оқу орны ретінде АЭжБИ 1997 жылдың 3 мамырынан жұмыс жасап келеді.

Институтта 5 факультет бар. Олар:

1 электрэнергетика факультеті

2 жылуэнергегика факультеті

3 радиотехника және байланыс факультеті

4 институтқа дейінгі даярлық

факультеті

5 сырттай оқу және мамандарды қайта даярлау факультеті.

Мұнда 3000 астам студент энергетика және телекоммуникацияның 23 мамандығы бойынша оның бесеуі қазақ тіліне білім алуда. 1998 жылдан бастап магистратура ұйымдастырылған күндізгі бөлімінің тсуденттеріне энергетика және байланыс кәсіп орындары үшін екінші жоғары экономикалық білім алу мүмкіндігі жасалған.

Бүгін АЭжБИ дегеніміз:

  •  күндізгі және сырттай оқитын 3500 студент
  •  160 ғылым докторы және кандидаты
  •  25 кафедра және ғылым лабораториялары
  •  Өскемендегі филиал, Алматы қаласындағы 3-ші мектеп-лицей
  •  бірегей ғылыми және оқу жабдықтары
  •  интернетке қосылған дерьес компьютерлер, оқу теледидары,шет тілдерді тереңдетіп оқыту, жайлы жатақханалар мен асханалар, бай кітапхана, оқу залдары




1. Подготовка поверхности под оштукатуривание
2. на тему Ценные бумаги
3. Средняя общеобразовательная школа 8 посёлка Катасон Будённовского района МЕХАНИЧЕСКОЕ Д
4. Обеспечение организации персоналом
5. Хроника основных событий второй мировой войны
6. Методы психологии
7. субота Семінар Індустрія туризму
8. Миф в истории культуры
9. на тему- Аргентина в международных экономических отношениях Курс
10. Лекции по информационным технологиям лекция
11. Культура это а Созданная людьми природная среда с определенным набором способов и форм обитания облада.html
12. вариантов ответа- 2
13. Тема родин в различных жанрах НХТ Появление человека на свет во все времена расценивалось как событие ос
14. Заемные средства.html
15. Вариант 8. Задача 59г Даны действительные числа x y
16. Пояснительная записка Настоящая программа занятий кружка Модный приговор предполагает изу
17. ОБ ОБЛАСТНОЙ ЦЕЛЕВОЙ ПРОГРАММЕ
18. Курсовая работа- Общая характеристика правовой системы Европейского Союза
19. Медики и психологи единодушны- неправильно подобранный цвет вполне может ухудшить самочувствие человека
20. На чём стоит математика