Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

Объективті сипатта~ы жа~дайлар е~ алдымен елдегі ~леуметтік ~ экономикалы~ жа~дайдан жекелеген ~йымдарда

Работа добавлена на сайт samzan.net: 2015-07-05

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 18.5.2024

29 билет

  1.  еңбек дауларының пайда болу себептері

Еңбек дауларының қайнар көздері объективті және субъективті сипаттағы жағдайлар болуы мүмкін. Объективті сипаттағы жағдайлар ең алдымен елдегі әлеуметтік – экономикалық жағдайдан ,жекелеген ұйымдарда өндірістің тоқтатылуынан және соған байланысты қызметкерлердің жұмыстан босатылуынан туындайды.

Субъективті сипаттағы жағдайлар өндірісті ұйымдастыруда қамтамасыз ететін әкімшілік – басқару аппаратына кіретін тұлғалардың құзыреттілігі бойынша жіберген қателерімен, қызметкерлердің бірлесе еңбек етуі барысында олардың еңбек мүдделерін есепке алмаудан, басшылардың құқықтық даярлығының, оның ішінде еңбек заңнамасы саласындағы даярлығының жетіспеушілігі салдарынан туындайды. Кейде қызметкерлердің құқықтық санасының жетіспеушілігімен байланысты олардың жұмыс берушілерге негізсіз талап қоюшылығынан да туындайды.  

2. Жұмыс берушінің негізгі құқықтары мен міндеттері

23-бап.

      1. Жұмыс берушінің:
      1) жұмысқа қабылдау кезінде таңдау еркіндігіне;
      2) қызметкерлермен еңбек шартын осы Кодексте көзделген тәртіппен және негіздер бойынша өзгертуге, толықтыруға және бұзуға;
      3) өз өкілеттігі шегінде жұмыс берушінің актілерін шығаруға құқығы бар. 
      Еңбек жағдайларының өзгеруіне байланысты актілер шығару осы Кодекстің 48-бабына сәйкес жүзеге асырылады;
      4) өз құқықтары мен мүдделеріне өкілдік ету және оларды қорғау мақсатында бірлестіктер құруға және оларға кіруге;
      5) қызметкерлерден еңбек шарты, ұжымдық шарт талаптарының, еңбек тәртіптемесі ережелерінің және жұмыс берушінің басқа да актілерінің орындалуын талап етуге;
      6) осы Кодексте көзделген жағдайларда және тәртіппен қызметкерлерді көтермелеуге, оларға тәртіптік жаза қолдануға, қызметкерлерді материалдық жауапкершілікке тартуға;
      7) еңбек міндеттерін атқару кезінде қызметкердің келтірген зиянын өтетуге;
      8) еңбек саласындағы өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында сотқа жүгінуге;
      9) қызметкерге сынақ мерзімін белгілеуге;
      10) егер жеке еңбек шартының талаптарында ескертілген болса, қызметкерді оқытуға байланысты өз шығындарын өтетуге құқығы бар.
      2. Жұмыс беруші:
      1) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының, келісімдердің, ұжымдық шарттың, еңбек шартының, өздері шығарған актілердің талаптарын сақтауға;
      2) жұмысқа қабылдаған кезде осы Кодексте белгіленген тәртіппен және жағдайларда қызметкерлермен еңбек шарттарын жасасуға;
      3) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша ішкі  бақылауды жүзеге асыруға;
      4) қызметкерге еңбек шартында келісілген жұмысты беруге;
      5) қызметкерге Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде, еңбек шартында, ұжымдық шартта, жұмыс берушінің актілерінде көзделген жалақы мен өзге де төлемдерді уақтылы және толық мөлшерде төлеуге;
      6) қызметкерді ұйымдағы ішкі еңбек тәртібі қағидаларымен және жұмыс берушінің қызметкердің жұмысына (еңбек функциясына) тікелей қатысы бар өзге де актілерімен және ұжымдық шартпен таныстыруға;
      7) қызметкерлердің өкілдеріне ұжымдық келіссөздер жүргізу, ұжымдық шарттар жасасу, сондай-ақ олардың орындалуын бақылау үшін қажетті толық және дәйекті ақпарат беруге;
      8) қызметкерлер өкілдерінің ұсыныстарын қарауға, ұжымдық келіссөздер жүргізуге және осы Кодексте белгіленген тәртіппен ұжымдық шарт жасасуға;
      9) қызметкерлерді Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына, еңбек шартына, ұжымдық шартқа сәйкес еңбек жағдайларымен қамтамасыз етуге;
      10) қызметкерлерді жабдықпен, құралдармен, техникалық құжаттамамен және еңбек міндеттерін атқару үшін қажетті өзге де құралдармен өз қаражаты есебінен қамтамасыз етуге;
      11) мемлекеттік еңбек инспекторларының нұсқамаларын орындауға;
      12) егер жұмысты жалғастыру қызметкердің және өзге де адамдардың өміріне, денсаулығына қауіп төндіретін болса, жұмысты тоқтата тұруға;
      13) қызметкерлерді міндетті әлеуметтік сақтандыруды жүзеге асыруға;
      14) қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыруға;
      15) қызметкерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын беруге;
      16) қызметкерлердің еңбек қызметін растайтын құжаттардың және оларды зейнетақымен қамсыздандыруға арналған ақшаны ұстап қалу мен аудару туралы деректердің сақталуын және мемлекеттік мұрағатқа тапсырылуын қамтамасыз етуге;
      17) қызметкерге зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыс жағдайлары мен кәсіптік аурудың болу мүмкіндігі туралы ескертуге;
      18) жұмыс орындары мен технологиялық процестерде қауіп-қатерді болғызбау жөнінде шаралар қабылдауға, өндірістік және ғылыми-техникалық прогресті ескере отырып профилактикалық жұмыстар жүргізуге;
      19) жұмыс уақытының, оның ішінде әрбір қызметкер орындайтын үстеме жұмыстардың, зиянды (ерекше зиянды), қауіпті еңбек жағдайларындағы жұмыстардың, ауыр жұмыстардың нақты есебін жүргізуге;
      20) қызметкерлердің кәсіби даярлықтан, қайта даярлықтан өтуін және олардың біліктілігін арттыруды осы Кодекске сәйкес қамтамасыз етуге;
      21) қызметкердің еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды осы Кодекске және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтеуге;
      22) еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның және еңбек инспекциясы жөнiндегi жергілікті органның лауазымды адамдарын, қызметкерлердің өкiлдерiн, еңбектi қорғау жөнiндегi қоғамдық инспекторларды ұйымдардағы еңбек қауiпсiздiгiнiң, жағдайларының және еңбектi қорғаудың жай-күйiне және Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы заңнамасының сақталуына тексерулер жүргізу үшін, сондай-ақ өндiрiстегi жазатайым оқиғаларды және кәсiптiк ауруларды тергеп-тексеру үшiн кедергiсiз жiберуге;
      23) жұмысқа қабылдау кезінде осы Кодекстің 31-бабына сәйкес еңбек шартын жасасу үшін қажетті құжаттарды талап етуге;
      24) жұмыс беруші айқындайтын, он сегіз жасқа дейінгі қызметкерлердің тегі, аты, әкесінің аты (егер жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) және туған күні көрсетілетін тізілімдердің немесе басқа да құжаттардың жүргізілуін қамтамасыз етуге міндетті.

Осы бапта аталған құқықтар мен міндеттерді орнатудың мақсаты ретінде жұмыс берушінің ұйымдық басқарушылық билігінің жалпы шекараларын анықтау болып табылады.

Жұмыс берушінің құқықтары, оның әрқайсысына қызметкерлердің заңды құқықтары мен міндеттерін қанағаттандыру үшін орнатылған шектеулері бар көріністе, ұсынылған.

30 билет

  1.  еңбек құқығындағы материалдық жауапкершілік

 160-бап. Еңбек шарты тарапының келтірілген залалды 
                (зиянды) өтеу жөніндегі міндеттері

      1. Еңбек шартының басқа тарапқа залал (зиян) келтірген тарапы оны осы Кодекске және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес өтейді. 
      2. Еңбек шартында, ұжымдық шартта қызметкер мен жұмыс берушінің материалдық жауапкершілігі нақтылануы мүмкін. 
      3. Еңбек шартының залал (зиян) келтірілгеннен кейін тоқтатылуы еңбек шарты тарапын басқа тарапқа келтірілген залалды (зиянды) өтеу жөніндегі материалдық жауапкершіліктен босатуға әкеп соқпайды.

      161-бап. Еңбек шарты тарапының залал (зиян) келтіргені 
                үшін материалдық жауапкершілігі басталатын 
                жағдайлар

      1. Еңбек шарты тарапының еңбек шартының басқа тарапына өзі келтірген залал (зиян) үшін материалдық жауапкершілігі, егер осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге заңдарында өзгеше көзделмесе, құқыққа қарсы кінәлі мінез-құлық (әрекет немесе 
әрекетсіздік) нәтижесінде келтірілген залал (зиян) үшін және құқыққа қарсы кінәлі мінез-құлық пен келтірілген залал (зиян) арасындағы себепті байланыс үшін басталады. 
      2. Жұмыс беруші қызметкер алдында: 
      1) қызметкерді өз жұмыс орнында еңбек ету мүмкіндігінен заңсыз айыру арқылы келтірілген залал үшін; 
      2) қызметкердің мүлкіне келтірілген залал үшін; 
      3) қызметкердің өміріне және (немесе) денсаулығына келтірілген зиян үшін материалдық жауаптылықта болады. 
      3. Қызметкер жұмыс берушінің алдында: 
      1) жұмыс берушінің мүлкін жоғалту немесе бүлдіру арқылы келтірілген залал үшін; 
      2) қызметкердің әрекеті (әрекетсіздігі) нәтижесінде туындаған залал үшін материалдық жауаптылықта болады. 
      4. Қызметкер мен жұмыс беруші ұжымдық шартта, еңбек шартында белгіленген басқа жағдайларда өзара материалдық жауаптылықта болады.

      162-бап. Жұмыс берушінің қызметкерге оны еңбек ету 
                мүмкіндігінен заңсыз айыру арқылы келтірілген 
                залал үшін материалдық жауапкершілігі

      1. Қызметкер басқа жұмысқа заңсыз ауыстырылған, жұмыс орнына жіберілмеген, еңбек шартының талаптары біржақты өзгертілген, қызметкер жұмыстан шеттетілген, еңбек шарты негізсіз бұзылған жағдайда, жұмыс беруші қызметкердің алмай қалған жалақысы мен оған 
тиесілі өзге де төлемдерді оған өтеуге міндетті. 
      2. Еңбек шартында, ұжымдық шартта, жұмыс берушінің қызметкерлер өкілдерімен келісілген актілерінде қызметкерді еңбек ету мүмкіндігінен заңсыз айыру арқылы келтірілген залалды жұмыс берушінің өтеуінің қосымша жағдайлары белгіленуі мүмкін.

      163-бап. Қызметкердің мүлкіне келтірілген залал үшін 
                жұмыс берушінің материалдық жауапкершілігі

      Қызметкердің мүлкіне залал келтірген жұмыс беруші оны еңбек шартының, ұжымдық шарттың талаптарына сәйкес толық көлемде өтеуге міндетті.

      164-бап. Қызметкердің өміріне және (немесе) 
                денсаулығына келтірілген зиян үшін жұмыс 
                берушінің материалдық жауапкершілігі

      1. Қызметкердің еңбек міндеттерін атқаруына байланысты оның өміріне және (немесе) денсаулығына зиян келтірілгенде жұмыс беруші қызметкерге келтірілген зиянды Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасындакөзделген көлемде өтеуге міндетті. 
      2. Осы баптың 1-тармағында көзделген зиян қызметкерде 
сақтандыру төлемдері болмаған кезде толық көлемде өтеледі. Сақтандыру төлемдері болған кезде жұмыс беруші қызметкерге сақтандыру сомасы мен зиянның нақты мөлшері арасындағы айырманы өтеуге міндетті. 
      3. Жұмыс берушілердің қызметкерлердің өміріне және (немесе) денсаулығына келтірілген зиянды өтеу тәртібі Қазақстан Республикасының 
заңнамасында айқындалады.

      165-бап. Қызметкердің жұмыс берушіге залал келтіргені 
                үшін материалдық жауапкершілігі

      1. Қызметкердің жұмыс берушіге залал келтіргені үшін материалдық жауапкершілігі осы Кодексте көзделген жағдайларда және мөлшерде басталады. 
      2. Қызметкер жұмыс берушіге келтірілген тікелей нақты залалды өтеуге міндетті. 
      3. Егер залал еңсерілмейтін күштің не аса қажеттіліктің, қажетті қорғаныстың, сондай-ақ жұмыс беруші қызметкерге берілген мүліктің сақталуы үшін тиісті жағдайларды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындамауы салдарынан туындаған болса, қызметкердің жұмыс берушіге келтірілген залал үшін жауапкершілігі жойылады. 
      4. Қызметкерге қалыпты өндірістік-шаруашылық тәуекел санатына жатқызылуы мүмкін залал үшін жауапкершілік жүктеуге жол берілмейді. 
      5. Жұмыс беруші қызметкерлердің қалыпты жұмысы және оларға сеніп тапсырылған мүліктің толық сақталуын қамтамасыз ету үшін қажетті жағдайлар жасауға міндетті. 
      6. Тікелей нақты залал деп жұмыс берушінің бар мүлкінің азаюы немесе аталған мүліктің (оның ішінде, егер жұмыс беруші осы мүліктің сақталуы үшін жауаптылықта болса, үшінші тұлғалардың жұмыс берушіде жатқан мүліктерінің) жай-күйінің нашарлауы, сондай-ақ жұмыс берушінің мүлікті сатып алу немесе қалпына келтіру үшін шығындалуына не артық төлем төлеуіне деген қажеттілігі түсініледі.

      166-бап. Қызметкердің материалдық жауапкершілігінің шегі

      Қызметкер келтірілген залал үшін, егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, өзінің орташа айлық жалақысы шегінде материалдық жауаптылықта болады.

      167-бап. Қызметкердің жұмыс берушіге келтірілген залал 
                үшін толық материалдық жауапкершілікте болу 
                жағдайлары

      Мынадай: 
      1) қызметкерге толық материалдық жауапкершілікті өзіне алу туралы жазбаша шарт негізінде берілген мүліктің және басқа да бағалы заттардың сақталуы қамтамасыз етілмеген; 
      2) қызметкер біржолғы құжат бойынша есебіне алған мүліктің және басқа да бағалы заттардың сақталуы қамтамасыз етілмеген; 
      3) алкогольдік, нашақорлық немесе уытқұмарлық масаңдық (соларға ұқсас) жағдайда залал келтірілген; 
      4) материалдар, жартылай фабрикаттар, бұйымдар (өнімдер), оның ішінде оларды әзірлеу кезіндегіні қоса алғанда, сондай-ақ жұмыс беруші қызметкерге пайдалануға берген құрал-саймандар, өлшеуіш аспаптар, арнайы киімдер мен басқа заттар кем шыққан, қасақана жойылған немесе қасақана бүлдірілген; 
      5) қызметкердің Қазақстан Республикасының 
заңнамасында  белгіленген тәртіппен расталған заңсыз іс-әрекеттерінен залал келтірілген жағдайларда жұмыс берушіге келтірілген залалдың толық мөлшеріндегі материалдық жауапкершілік қызметкерге жүктеледі.

      168-бап. Толық жеке және ұжымдық (ортақ) материалдық 
                жауапкершілік туралы шарттар

      1. Өндіріс процесінде өзіне берілген мүлік пен құндылықтарды сақтауға, өңдеуге, сатуға (жіберуге), тасымалдауға, қолдануға немесе өзге де пайдалануға байланысты лауазым атқаратын немесе жұмыстар орындайтын қызметкер және жұмыс беруші қызметкерге берілген мүліктің және басқа да құндылықтардың сақталуын қамтамасыз етпегені үшін қызметкердің толық жеке материалдық жауапкершілігі туралы жазбаша нысанда шарт жасасады. 
      2. Өндіріс процесінде өздеріне берілген мүлік пен құндылықтарды сақтауға, өңдеуге, сатуға (жіберуге), тасымалдауға, қолдануға немесе өзге де пайдалануға байланысты, келтірілген залал үшін әрбір қызметкердің материалдық жауапкершілігінің аражігін ажырату мүмкін болмайтын жұмыстарды бірлесіп орындайтын қызметкерлер және жұмыс беруші қызметкерлерге берілген мүліктің және басқа да құндылықтардың сақталуын қамтамасыз етпегені үшін қызметкерлердің толық ұжымдық (ортақ) материалдық жауапкершілігі туралы жазбаша нысанда шарт жасасады. 
      3. Толық жеке немесе ұжымдық (ортақ) материалдық жауапкершілік туралы шарттар еңбек шартын жасасу кезінде де, еңбек шартына қосымша ретінде де жасалуы мүмкін. 
      4. Қызметкерлерге берілген мүліктің және басқа да құндылықтардың сақталуын қамтамасыз етпегені үшін толық жеке және ұжымдық (ортақ) материалдық жауапкершілік туралы шарттар жасалуы мүмкін қызметкерлер атқаратын немесе орындайтын лауазымдар мен жұмыстардың тізбесі, сондай-ақ толық материалдық жауапкершілік туралы үлгілік шарт ұжымдық шартпен (ол бар болған кезде) немесе жұмыс берушінің актілерімен бекітіледі.

      169-бап. Еңбек шарты тараптарының келтірілген залалды 
                (зиянды) өтеу тәртібі

      Еңбек шартының басқа тарапқа залал (зиян) келтірген тарапы оны осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мөлшерде сот шешімінің негізінде не ерікті түрде өтейді.

  1.  Қоса атқаратын жұмыстарды құқықтық реттеу

қоса атқарылатын жұмыс - қызметкердің негізгі жұмысынан бос уақытында еңбек шарты жағдайында тұрақты, ақы төленетін басқа жұмысты орындауы;

196-бап. Қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шарты

      1. Қызметкер өзі еңбек қатынастарында тұрған бір жұмыс берушімен (негізгі жұмыс орыны бойынша), сондай-ақ бірнеше жұмыс берушімен де қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шартын жасасуға құқылы. 
      2. Қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шартында жұмысты қоса атқару жөнінде сілтеме болуы міндетті.

      197-бап. Қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шартын 
                жасасуға қажетті қосымша құжаттар

      Қызметкер басқа жұмыс берушімен қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шартын жасасу үшін осы Кодекстің 31-бабында көзделген құжаттардан бөлек, негізгі жұмыс орны бойынша еңбектің сипаты мен жағдайлары (жұмыс орны, лауазымы, еңбек жағдайлары) туралы анықтама табыс етеді.

      198-бап. Қоса атқаратын жұмыс кезіндегі жұмыс уақытының 
                ұзақтығы

      Негізгі жұмыс орны бойынша және қоса атқаратын жұмысы бойынша күнделікті жұмыстың жиынтық ұзақтығы осы Кодекстің 82-бабында белгіленген күнделікті жұмыс уақытының нормасынан 4 сағаттан артық аспауға тиіс.

      199-бап. Қоса атқаратын жұмыс кезіндегі жыл сайынғы 
                ақылы еңбек демалысы

      1. Қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін қызметкерлерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы негізгі жұмысы бойынша демалыспен қатар беріледі. 
      2. Егер қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шарты бойынша жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының ұзақтығы басқа жұмыс бойынша демалыстың ұзақтығынан аз болса, жұмыс беруші қоса атқарушы - қызметкердің өтініші бойынша демалыс ұзақтығының айырмасын құрайтын күндерге жалақысы сақталмайтын демалыс береді.

      200-бап. Қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шартын 
                жасасуды шектеу

      Қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шартын он сегіз жасқа толмаған қызметкерлермен және ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін қызметкерлермен жасасуға тыйым салынады.

      201-бап. Қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шартын жұмыс 
                берушінің бастамасы бойынша бұзудың қосымша 
                негіздері

      Қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шарты, осы Кодекстің 54-бабында көзделген негіздерден басқа, еңбек шарты осы жұмыс өзі үшін негізгі болып табылатын қызметкермен жасалынған жағдайда жұмыс берушінің бастамасымен бұзылуы мүмкін.

31 билет

  1.  кісі өліміне әкеліп соққан жазатайым жағдайды тергеп тексеру

325-бап. Өндірістегі жазатайым оқиғаларды арнайы 
                тергеп-тексеру ерекшеліктері

      1. Жазатайым оқиғаны арнайы тергеп-тексеруді еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті орган мынадай құрамда құратын комиссия жүргізеді:
      төраға – мемлекеттік еңбек инспекторы;
      мүшелері – жұмыс беруші және қызметкерлердің өкілі. 
      2. Екі адам қайтыс болған топтық жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді облыстың, республикалық маңызы бар қаланың бас мемлекеттік еңбек инспекторы басқаратын комиссия жүргізеді. 
      3. Қауіпті өнеркәсіп объектілерінде болған жазатайым оқиғалар кезінде комиссия құрамына төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі мемлекеттік инспектор кіреді. 
      Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде болған жазатайым оқиғалар кезінде төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі мемлекеттік инспектор арнайы тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның төрағасы болып тағайындалады. Бұл жағдайда мемлекеттік еңбек инспекторы комиссия мүшесі болып табылады. 
      4. Қайтыс болған адамдар саны үш адамнан бес адамға дейін болса, топтық жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган, ал бес және одан да көп адам қайтыс болғанда - Қазақстан Республикасының Үкіметі құрған комиссия жүргізеді. 
      5. Сараптамалық қорытындыны талап ететін мәселелерді шешу үшін арнайы тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның төрағасы ұйымдардың мамандары, ғалымдар және бақылау-қадағалау органдары қатарынан сараптамалық кіші комиссиялар құруға құқылы. 
      6. Ауыр зардаптарға әкеп соққан немесе кісі өлімімен аяқталған жазатайым оқиғаны, қызметкерлердің топтық жазатайым оқиғасын және топтық қатерлі улану жағдайын тергеп-тексеру еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган 
белгілеген нысандағы арнайы тергеп-тексеру актісімен ресімделеді. 
      7. Арнайы тергеп-тексеру жөніндегі комиссия төрағасының келісімінсіз куәлерден, куәгерлерден жауап алуды, сондай-ақ ресми тағайындалған комиссияның жұмыс күндерінде кез келген біреудің немесе өзге де комиссияның осы жазатайым оқиғаға қатысты қатар тергеп-тексерулер жүргізуіне үзілді-кесілді тыйым салынады. 
      8. Ұйым объектілеріндегі жарылыстың, аварияның, қираудың, өрттің және басқа да жағдайлардың нәтижесінде зардап шеккен адамды (зардап шеккен адамдарды), жоғалған адамды (жоғалған адамдарды) іздеудің тоқтатылуын арнайы тергеп-тексеру жөніндегі комиссия авариялық-құтқару бөлімшесі басшысының және сарапшы мамандардың 
қорытындысы негізінде айқындайды.

  1.  Тынығуға және тамақтануға берілетін үзіліс

93-бап. Тынығуға және тамақтануға арналған үзіліс

      1. Қызметкерге күнделікті жұмыс (жұмыс ауысымы) ішінде тынығуға және тамақтануға арналған ұзақтығы жарты сағаттан кем болмайтын бір үзіліс берілуге тиіс. 
      2. Осы баптың 3-тармағында белгіленген жағдайларды қоспағанда, тынығуға және тамақтануға арналған үзіліс күнделікті жұмыс (жұмыс ауысымы) басталғаннан кемінде үш сағат өткеннен кейін және төрт сағаттан кешіктірілмей белгіленуге тиіс. 
      3. Ұзақтығы 8 сағаттан асатын күнделікті жұмыста (жұмыс ауысымында) жұмыс уақытының икемді жиынтық есебі режимі кезінде тынығуға және тамақтануға арналған үзіліс күнделікті жұмыс (жұмыс ауысымы) басталғаннан кемінде төрт сағат өткеннен кейін белгіленуі мүмкін. 
      4. Тынығуға және тамақтануға арналған үзіліс беру уақыты, оның ұзақтығы еңбек тәртіптемесі ережелерінде, еңбек шартында, ұжымдық шартта белгіленеді. 
      5. Тынығуға және тамақтануға арналған үзіліс уақыты жұмыс уақытына қосылмайды. Өндіріс жағдайлары бойынша үзіліс беру мүмкін болмайтын жұмыстарда жұмыс беруші қызметкерді жұмыс уақытында арнаулы жабдықталған орында тынығу және тамақтану мүмкіндігімен қамтамасыз етуге міндетті. Мұндай жұмыстардың тізбесі, тынығудың және тамақтанудың тәртібі мен орны ұжымдық шартта немесе жұмыс берушінің қызметкерлер өкілдерімен келісе отырып шығарылған актілерінде белгіленеді.

32 билет

1. Қызметкердің негізгі құқықтары мен міндеттері 22-бап

      1. Қызметкердің:

      1) осы Кодексте көзделген тәртіппен және жағдайларда еңбек шартын жасасуға, өзгертуге, толықтыруға және бұзуға;

      2) жұмыс берушіден еңбек шартының, ұжымдық шарттың талаптарын орындауды талап етуге;

      3) еңбек қауіпсіздігіне және еңбекті қорғауға;

      4) еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғаудың жай-күйі туралы толық және дәйекті ақпарат алуға;

      5) еңбек шартының, ұжымдық шарттың талаптарына сәйкес уақтылы және толық көлемде жалақы төленуіне;

      6) бос тұрып қалу үшін осы Кодекске сәйкес ақы алуға;

      7) тынығуға, оның ішінде жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына;

      8) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, өз еңбек құқықтарының берілуі мен оларды қорғау үшін, кәсіподақ немесе басқа да бірлестіктер құру, сондай-ақ оларға мүшелік құқығын қоса алғанда, бірігуге;

      9) өзінің өкілдері арқылы ұжымдық келіссөздерге қатысуға және ұжымдық шарт жобасын әзірлеуге, сондай-ақ қол қойылған ұжымдық шартпен танысуға;

      10) осы Кодексте көзделген тәртіппен кәсіптік даярлықтан, қайта даярлықтан өтуге және өзінің біліктілігін арттыруға;

      11) еңбек міндеттерін атқаруға байланысты денсаулығына келтірілген зиянды өтетуге;

      12) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда міндетті әлеуметтік сақтандырылуға;

      13) кепілдіктерге және өтемақы төлемдеріне;

      14) өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға;

      15) бірдей еңбегі үшін қандай да болмасын кемсітусіз бірдей ақы алуға;

      16) еңбек дауын шешу үшін таңдауы бойынша келісім комиссиясына, сотқа жүгінуге;

      17) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына сәйкес жабдықталған жұмыс орнына;

      18) Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңнамасында, сондай-ақ еңбек шартында, ұжымдық  шартта көзделген талаптарға сәйкес жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен, арнаулы киіммен қамтамасыз етілуге;

      19) өзінің денсаулығына немесе өміріне қауіп төндіретін жағдай туындаған кезде, бұл туралы тікелей басшы немесе жұмыс берушінің өкілін хабардар ете отырып, жұмысты орындаудан бас тартуға;

      20) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарға сәйкес келмеуі себепті ұйымның жұмысы тоқтатыла тұрған уақытта орташа жалақысының сақталуына;

      21) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттiк органға және (немесе) еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органға жұмыс орнындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жағдайларына тексеру жүргізу туралы өтініш білдіруге, сондай-ақ еңбек жағдайларын, қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды жақсартуға байланысты мәселелерді тексеру мен қарауға өкілдік етіп қатысуға;

      22) жұмыс берушінің еңбек және сонымен тікелей байланысты қатынастар саласындағы іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасауға;

      23) біліктілігіне, еңбектің күрделілігіне, орындалған жұмыстың саны мен сапасына, сондай-ақ еңбек жағдайларына сәйкес еңбегіне ақы төленуіне;

      24) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және ұжымдық шартта көзделген нысандарда ұйымды басқаруға қатысуға;

      25) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген тәртіппен, ереуілге құқықты қоса алғанда, жеке және ұжымдық еңбек дауларын шешуге құқығы бар.

      2. Қызметкер:

      1) еңбек міндеттерін еңбек шартына, ұжымдық шартқа, жұмыс берушінің актілеріне сәйкес орындауға;

      2) еңбек тәртібін сақтауға;

      3) жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі мен өндірістік санитария жөніндегі талаптарды сақтауға;

      4) жұмыс берушінің және қызметкерлердің мүлкіне ұқыпты қарауға;

      5) адамдардың өмірі мен денсаулығына, жұмыс беруші мен қызметкерлер мүлкінің сақталуына қауіп төндіретін ахуал туындағаны, сондай-ақ бос тұрып қалу туындағаны туралы жұмыс берушіге хабарлауға;

      6) еңбек міндеттерін орындауға байланысты өзіне мәлім болған мемлекеттікқұпияны, қызметтіккоммерциялық және заңмен қорғалатын  өзге де құпияларды құрайтын мәліметтерді жария етпеуге;

      7) жұмыс берушіге келтірілген зиянды осы Кодексте белгіленген шектерде өтеуге міндетті.

      3. Қызметкердің осы Кодексте көзделген өзге де құқықтары болады және ол өзге де міндеттерді атқарады.

2.жеке еңбек дауларын қарау жөніндегі органдар

 170-бап. Жеке еңбек дауларын қарау жөніндегі органдар

      1. Жеке еңбек дауларын келісім комиссиялары және (немесе) соттар қарайды. 
      2. Жеке еңбек дауларын еңбек дауы тараптарының өтініші бойынша келісім комиссиясы қарайды. 
      3. Еңбек шартының тараптары жеке еңбек дауын шешу үшін өз қалауы бойынша тікелей сотқа жүгіне алады.

еңбек дауы - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану, келісімдердің, еңбек шартының және (немесе) ұжымдық шарттың, жұмыс беруші актілерінің талаптарын орындау немесе өзгерту мәселелері бойынша қызметкер (қызметкерлер) мен жұмыс берушінің (жұмыс берушілердің) арасындағы келіспеушіліктер;

егер келіспеушіліктерді мүдделі қызметкерлер жұмыс берушімен тікелей келіссөздер жүргізу арқылы реттей алмаған болса, олар еңбек дауларын қарау бойынша органдарының қарауына негіз бола алады. Көп жағдайларда келіспеушіліктер қызметкерлердің жұмыс берушінің әрекеттеріне наразылығына, мысалы, жұмыс берушінің олардың еңбек құқықтарын және сонымен байланысты еңбек мүдделерін бұзуымен байланысты туындайды.

34 билет

  1.  Әлеуметтік демалыстар

100 бап бойынша Қызметкерлерге демалыстардың мынадай түрлері:

      1) жыл сайынғы ақылы еңбек демалыстары;

      2) әлеуметтік демалыстар беріледі.

Әлеуметтік демалыс деп ана болуға, балалардың күтіміне, өндірістен қол үзбей білім алуға қолайлы жағдайлар жасау мақсатында және өзге де әлеуметтік мақсаттар үшін қызметкерді белгілі бір кезеңге жұмыстан босату түсініледі.

      4. Қызметкерлерге әлеуметтік демалыстардың мынадай түрлері:

      1) жалақы сақталмайтын демалыс;111 бап  1. Еңбек шарты тараптарының келісімі бойынша қызметкердің өтініші негізінде оған жалақы сақталмайтын демалыс берілуі мүмкін. 
      2. Жалақы сақталмайтын демалыстың ұзақтығы қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы келісім бойынша айқындалады. 
      3. Жұмыс беруші: 
      1) неке тіркелген; 
      2) бала туылған; 
      3) жақын туыстары қайтыс болған; 
      4) еңбек шартында, ұжымдық шартта көзделген өзге де жағдайлар кезінде қызметкердің жазбаша өтініші негізінде күнтізбелік бес күнге дейін жалақы сақталмайтын демалыс беруге міндетті.

      2) оқу демалысы; 112 бап 1. Білім беру ұйымдарында оқып жүрген қызметкерлерге сынақтар мен емтихандарға дайындалу және оларды тапсыру, зертханалық жұмыстарды орындау, дипломдық жұмысты (жобаны) дайындау және қорғау, әскери оқытылған резервті даярлау бағдарламасынан өту үшін оқу демалыстары беріледі.
      2. Оқу демалысына ақы төлеу еңбек шартында, ұжымдық шартта, оқу шартында айқындалады.

      3) баланы (балаларды) тууға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты демалыстар беріледі.113 бап 1. Жүкті әйелдерге, баланы (балаларды) туған әйелдерге, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған әйелдерге (еркектерге) баланың туылуына байланысты мынадай демалыстар: 
      1) жүктілікке және босануға байланысты демалыс; 
      2) жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған қызметкерлерге демалыс; 
      3) бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс беріледі. 
      2. Баланы (балаларды) тууға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты демалыстар беру осы Кодекстің 192 - 195-баптарында көзделген шарттармен жүзеге асырылады. 

  1.  Қызметкерді түнгі жұмыстарға тарту

87-бап. Түнгі уақыттағы жұмыс

      1. 22 сағаттан бастап таңертеңгі сағат 6-ға дейінгі уақыт түнгі уақыт болып есептеледі. 
      2. Қызметкерлерді түнгі уақыттағы жұмысқа тарту осы Кодексте белгіленген шектеулер сақтала отырып жүргізіледі.

Жүкті әйелдер, он сегіз жасқа толмаған тұлғаларды түнгі уақытта жұмысқа тартуға тыйым салынады (187б.1т, 183 б)

Мүгедектер түнгі уақыттағы жұмықа тек олардың келісімімен тартылады, егер оларға ондай жұмыс істеуге медициналық көрсеткіштер бойынша тыйым салынбаса (226б) 

Жұмыс берушінің: (187 б 2 т)
      1) жеті жасқа дейінгі балалары бар әйелдерді және жеті жасқа дейінгі балаларды анасыз тәрбиелеп отырған басқа да адамдарды; 
      2) егер үш жасқа дейінгі балалар, мүгедек балалар не отбасының ауру мүшесі медициналық қорытынды негізінде тұрақты күтім жасауға мұқтаж болса, отбасының ауру мүшелеріне күтім жасайтын не мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған қызметкерлерді жазбаша келісімінсіз түнгі уақыттағы жұмысқа тартуға  құқығы жоқ.

Үй қызметкерінің түнгі уақытта жұмысқа тарту тәртібі еңбек шартында айқындалады.

35 билет

  1.  Еңбек шартының азаматтық құқықтық шарттардан ерекшелейтін өзіндік белгілері  

27-бап. Еңбек шартының шарттардың өзге түрлерінен 
             ерекшелігі

      Еңбек шартында мына талаптардың біреуінің болуы:

      1) қызметкердің жұмысты (еңбек функциясын) белгілі бір біліктілік, мамандық, кәсіп немесе лауазым бойынша орындауы;

      2) міндеттемелердің еңбек тәртіптемесіне бағына отырып жеке орындалуы;

      3) қызметкердің еңбегі үшін жалақы алуы еңбек шартының шарттардың өзге түрлерінен ерекшелігі болып табылады.өзінің мазмұны бойынша еңбек шарты еңбекпен байланысты басқа шарттардан ерекшеленеді.

Еңбекпен байланысты азаматтық құқықтық шарттар қатарына: мердігерлік, ғылыми-зерттеу, тасымалдау, көлік экспедициясы,өтелмелі қызмет көрсету, және т.б жатады. Еңбек шарты мен азаматтық шарттың айырмашылықтары: 1. Субъектілік құрамда – азаматтық құқықта субъектілер ретінде арнайы құқық субъектілікке ие субъектілер – жеке кәсіпкер ретінде тіркелген және әрекет ететін жеке тұлғалар және заңды тұлғалар бола алады. Еңбек шартында субъект ретінде еңбек қызметін жүзеге асыратын қызметкер бола алады. Егер еңбек шартында қызметкердің қызметі негізгі деп есептелсе, онда азаматтықта – нәтижеге жетуді қамтамасыз ететін қосалқы болып табылады. 2. Қызметкерді еңбек шартында жұмыс берушінің шаруашылық саласына қосу, өйткені оның еңбегі шаруашылықтың қызмет етуін қамтамасыз етеді 3. Еңбек шарты қызметкермен өзінің еңбекке қабілетін жүзеге асыру үрдісімен жанама түрде сипатталады,өйткені оның пәні ретінде еңбектің нәтижесі болып табылады 4. Еңбек шарты азаматтық шарттағы сияқты міндеттемелерді тараптармен орындаумен тоқтатылмайды, ол созылмалы сипатқа ие.

Тәжірибеде еңбек келісімінің құқықтық табиғатын анықтауда қиындықтар туындайды. Мұны оның субъеектілік құрамы мен мазмұнын зерттеу арқылы анықтауға болады. Егер қызметкердің еңбек функциясы анықталса, шарт созылмалы сипатқа ие болса , қызметкер ішкі еңбек тәртібіне бағынса және үнемі сыйақы алып отырса – онда ол еңбек шарты екендігі анық.

2.. Жүктілікке және босануға байланысты 
                демалыс 193-бап

      1. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, әйелдерге жүктілігіне және босануына байланысты ұзақтығы босануға дейін күнтізбелік жетпіс күнге және босанғаннан кейін күнтізбелік елу алты (қиналып босанған немесе екі немесе одан да көп бала туған жағдайда - жетпіс) күнге дейін өтініші және белгіленген тәртіппен берілген еңбекке жарамсыздық парағы негізінде демалыс беріледі. 
      2. Демалыстарды есептеу жиынтықтап жүргізіледі және демалыс әйелге босанғанға дейін нақты пайдаланған күндерінің санына және жұмыс берушідегі жұмысының ұзақтығына қарамастан, толық беріледі. 

ХЕҰ «ананы қорғау туралы» Конвенциясына сәйкес (1952 жыл) өнеркәсіп кәсіпорындарында, өнеркәсіп және ауылшаруашылық жұмыстарында, үйде қызмет атқаруда жұмыс істейтін әрбір әйел медициналық куәлік берілген жағдайда жүктілік пен бала туу бойынша демалыс алу құқығына ие болады




1. Статья 1 Основные термины применяемые в настоящем Законе и их определения Для целей настоящего Закона п
2. Съёмка художественного фотопортрета
3. Розрахунок раціонів кормів
4. Реферат- Понятие и признаки государственной власти
5. Зашита информации - методы и объекты
6. тема- ldquo;ПРАВОВОЙ РЕЖИМ ВОЕННОГО МОРЕПЛАВАНИЯrdquo; МОСКВА 1996
7. Насчитывает он несколько тысячелетий и сравним разве что с египетским стилем и вавилонским по сроку давнос
8. Большая Разница в городе Новосибирске Отряд_________________ 1
9. Введение Геотермальная энергия вырабатывается за счет использования тепла скрытого под поверхностью зем
10. Красноярский государственный аграрный университет Кафедра- почвоведения и агрохимии КУРСОВАЯ РАБ
11. Курсовая работа- Управление персоналом кризисного предприятия на примере ПМК
12. администрирование вместо менеджмент
13. сетевой теории общества- Мыслительная конструкция идеального типа была создана К
14. Реферат- Зачем товару этикетка
15. Иметь ясное понятие Сельское хозяйство ~ есть один из самых обширных промыслов включающий в себя множес
16. Методичка.html
17. ЛЕКЦИЯ 1 Содержательный модуль 1
18. Темная сторонавнутреннего ребенка-Следующий шаг МоскваСТАРКЛАЙТ2004 Перевод с английского О
19. темах 1Який порядок престолонаслідування був запроваджений Ярославом Мудрим 2
20. 1190Н Т90Р Т1100 Т1180