Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

Былтыр~ы 2012 жылды~ ~араша айында баспас~зде ~аза~стан Республикасыны~ Президентімен бекітілген жергілікт

Работа добавлена на сайт samzan.net:

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 9.11.2024

Ауыл әкімдерінің сайлауын өткізу немен байланысты?

Фоос В.К. - Былтырғы 2012 жылдың қараша айында баспасөзде Қазақстан Республикасының Президентімен бекітілген жергілікті өзін өзі басқарудың Тұжырымдамасы жарияланған болатын. Ондағы негізгі кезеңдердің бірі төменгі буын әкімдерін сайлау болды. Бұл сайлау 2013 жылдың қыркүйек айына дейін өтуі тиіс болатын. Алдағы сайлау тура сол Тұжырымдаманы жүзеге асыру болып табылады.

Жүргізуші - Бұл сайлау қатардағы азаматтарға не береді деп ойлайсыз?

Фоос В.К. - Жергілікті өзін өзі басқаруды дамытудың өзі демократиялық үдерістер дамитынын көрсетеді. Егер бұған дейін әкімдер өздерінен жоғары тұрған әкімдермен тағайындалатын болса, онда ендігіде олар мәслихат депутаттарымен баламалы негізде сайланатын болады. Әрбір әкім белгілі бір өкілеттіктерге ие болады, оларға материалдық-қаржылық ресурстар беріледі. Менің ойымша, олардың ендігі жұмысы барынша тиімді бола түседі, азаматтарымыз бұны сезінулері керек.

Жүргізуші - Сіз өкілеттік туралы айтып қалдыңыз, ондай өкілеттік қаншалықты кеңейе түседі?

Фоос В.К. - Әкімдерге көптеген өкілеттіктер беріледі. «Жергілікті өзін өзі басқару туралы» заңға ағымдағы жылдың маусым айында тиісті толықтырулар енгізілген болатын. Онда жер құрылымдары мәселесі де, әлеуметтік даму мәселелері де, тұрғын үй-коммуналдық қоры да, инфрақұрылым да, тұрғындарға жәрдем беру мәселесі де, табыс көздерін қалыптастыру да қамтылды. Әкімдерде өкілеттілік жеткілікті. Бірақ, осы өкілеттіктерге қарай нақты қаражаттар бөлінетін болады, және әкім заңнамада көрсетілген міндеттемелермен айналыса алады.

Жүргізуші - Ауылдық округтердің әкімдері біршама дербес бола алады деп айтуға бола ма?

Фоос В.К. - Әлбетте. Біріншіден, олардың дербестігі, оларды халықтың өкілдері сайлайтындығынан көрініс табады. Екіншіден, оларда қаржылық құралдармен қамтамасыз етілетін өкілеттілік болады. Бұл, әрине, әкімдерге белгілі бір міндеттер мен жауапкершіліктерді жүктейді.

Жүргізуші - Енді жаңа сайланған әкімдерге қойылатын талаптарға келсек. Оларға қойылатын талаптар, мәселен білімділігі тұрғысынан қатайды ма?

Фоос В.К. - Иә, біршама қатайды, әкім өзі сайланатын облыстың тұрғыны болуы керек. Ол міндетті түрде жоғары білімді болуы керек және мемлекеттік қызметкерге қажетті барлық талаптарға сай болуы қажет.

Жүргізуші - Сайлаудың әдістері туралы азырақ айтып өтсеңіз?

Фоос В.К. - Әдістер өзгерген жоқ, «Саулау туралы» заңда бұған дейін де сыннан өткен. Мәслихат депутаттары жалпы жиналыста жасырын дауыс беретін болады және осылайша ауыл, кент, ауылдық округ пен аудандық маңызы бар қала әкімдері сайланатын болады. Сайлаулар әдеттегідей өтетін болады, онда дауыс берулер үшін кабинкалар қойылады, ал депутаттар әкім сайланатын округтер санына қарай бюллетеньдердің қажетті санына ие болады. Балама негізде депутат біреуін таңдайды және толтырылған бюллетенді жәшікке салады. Дауыс беру аяқталғаннан кейін, дауыстар саналады және кандидаттардың қайсысы жеңіске жеткендігі анықталады.

Жүргізуші - Бізге белгілісі бұл тәжірибе бірінші рет өтіп отырған жоқ, бұған дейін де сынақ нұсқалары өткен болатын. Сол туралы айтсаңыз?

Фоос В.К. - Иә, сынақ ретінде, ілкі жобалар 1997 жылы өткен болатын. Онда Шамалған ауылының әкімі сайланды, 2001 жылы өткен сайлауға 28 ауылдық округ әкімдері қатысты, 2005 жылы біз 4 аудан әкімін сайладық, 2006 жылы аудан, қалалар әкімдерінің 30% сайланды. Яғни, мұндай сынақтық сайлауларда біз сайлаудың әдіснамасын сынақтан өткіздік: мәслихат депутаттарының тікелей және жанама дауыс берулері арқылы.

Жүргізуші - Бірқатар әдістер сынақтан өткен тәрізді. Не себептен бұл жолғы нұсқаға тоқтадыңыздар, оның басқасынан жақсы жағы қайсы?

Фоос В.К. - Олардың барлығы жақсы деуге болады және бұлар әлемдік тәжірибеде бар: тағайындаудан тікелей және жанама сайлауға дейін. Бәлкім, олардың кейбірі шығынды болған шығар, мұнда халықтың өкілдерімен – мәслихат депутаттарымен сайланады.

Жүргізуші - Осы сайлаулардың мөлдірлігі қалай қамтамасыз етіледі?

Фоос В.К. - Оны сайлау туралы заңда қамтылған нормалар қамтамасыз етеді. Бұл заң ережелері мен нормаларын қатаң сақтау және кандидаттың сенімді тұлғаларының, қоғамдық бірлестіктер, саяси партиялар мен коммерциялық емес ұйымдар тарапынан байқаушылардың болуы. Осының өзі жалпы сайлау үдерісінің ашықтығына, жариялығына сеп болатын жеткілікті қуатты күш.

Жүргізуші - Мониторинг барысында жұртшылықтың пікірі қаншалықты ескеріледі, осыны айтыңызшы? Сонымен қатар, қайта сайлаулар қарастырылған ба?

Фоос В.К. - Біріншіден, барлық өңірлер бойынша кандидаттар ұсыну уақыты аяқталды. Ал оларды ұсыну алдында жергілікті қауымдастықпен консультациялар өткізіліп, онда кандидатуралар қаралған болатын. Тіркеу аяқталғаннан кейін, яғни 24-інен бастап, әкімдікке кандидаттардың үгіт науқаны басталады. Міне, сонда халық егер бұған қатысқысы келсе, онда қандай да бір кандидат туралы өз депутаттарына өтініштер жасай алады. Сондықтан да, халық бұған қатысады, оның үстіне мәслихат депутаттарын да халық сайлаған. Олар сайлаушылардың аманат тілегін орындауға міндетті. Ал сайлаудан соң әкімнің жұмысын жергілікті жұртшылық өздері бағалайды. Ол жиналыстарда жүздесіп тұрады, жұмысы ұдайы халықтың бақылауында болады.

Жүргізуші - Яғни, халықтың тілегі ұдайы ескеріледі деген сөз ғой...

Фоос В.К. - Біз ұдайы ескерілетініне үміт артамыз.

Жүргізуші - Бүгінгі статистикаға тоқталып өтсеңіз? Қанша кандидат тіркелді? Бір орынға қанша үміткерден келеді?

Фоос В.К. - 2457 мандатқа 7162 кандидат тіркелді. Яғни, бір мандатқа шамамен үш кандидаттан келеді.

Жүргізуші - Қызу бәсекелестік болатын тәрізді.

Фоос В.К. - Иә, сайлау баламалы, бір орыннан екі адам шығып қалады.

Жүргізуші - Кандидаттардың нешесі ер нешесі әйел азаматтар, егер ондай статистика болса?

Фоос В.К. - Әрине, бар 1749 кандидат – әйелдер, бұл барлық кандидаттардың төрттен бір бөлігі.

Все права защищены.

При использовании материалов BNews.kz в любых целях, кроме личных, гиперссылка на веб-сайт BNews.kz обязательна.

При использовании материалов BNews.kz:

- в печатных изданиях или в иных формах на материальных носителях - бумага, пленка и т.п., пользователь обязан в каждом случае указывать, что источником материалов является веб-сайт www.bnews.kz;

- в Интернете или иных формах использования в электронном виде, пользователь в каждом случае использования обязан размещать гиперссылку на главную страницу веб-сайта BNews.kz «www.bnews.kz».




1. XX веках В с т у п л е н и е
2. Статья 21 Дееспособность гражданина 1
3. і. Інтерфаза має три періоди
4. Зажигательные смеси
5. Сходимость рядов
6. суждение которое явся спорным и следовательно обосновывается или опровергается
7. Доменная печь имеет стальной кожух выложенный огнеупорным шамотным кирпичом
8. Тема 1. Інституційне середовище міжнародного бізнесу Практичне заняття 1
9. Творчество Леонардо да Винчи
10. История социальной педагогики 20132014 уч
11. выделил пятый индустриальный технологический уклад 19902040 гг
12. тема занятия с игрушками была разработана Е
13. Контрольная по уголовному праву
14. социальное пространство является основополагающей для технологизации
15. Развитие налогового аудита в системе налоговых органов на основании Концепции ФНС Основные цели зад.
16. е.В 1929 году мир охватил экономический кризис который внёс свои коррективы в мир модной индустрии.
17. основные средства и вложения; Z запасы; R денежные средства краткосрочные финансовые влож
18. Баб~МораПервик А
19. тематики Мы рассмотрим этот тип уравнений для того чтобы показать их связь с конечноразностными уравнениям
20.  OБЗОР ЛИТЕРАТУРЫ 4 Анатомофизиологическая характеристика эндокринной