У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

Абай ~~нанбаев туралы ~~гімеле

Работа добавлена на сайт samzan.net:

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 26.12.2024

9-сыныптарға  қазақ тілінен мемлекеттік емтиханның билеттері

1-билет

1. Абай Құнанбаев туралы әңгімеле.

Абай Құнанбаев – қазақ халқының ұлы ақыны. Ол 1845 жылы қазіргі Шығыс-Қазақстан облысының Абай ауданында туған. Абайдың әкесі қатал (строгий), қатыгез (суровый) адам болса, анасы Ұлжан қайырымды (добрый), мінезі жұмсақ (мягкий характер), тілге бай адам болған. Әжесі Зере мен анасы Ұлжан Абайға ертегі, аңыз, әңгімелерді айтып, Абайды тәрбиелеп отырды.

Әкесі Құнанбай   Абайды 9 жасында Семейдегі діни мектепке береді.

13 жасында Абайды әкесі бұл оқудан шығарып алады. Семейде жүргенде Абай үш ай орыс мектебінде оқиды.

Абай Пушкинді, Лермонтовты, Крыловты көп оқып, солардың шығармаларын қазақ тіліне аударады. Абай аударған Пушкиннің «Татьянаның әні», Лермонтовтың  «Қараңғы түнде тау қалғып» деген өлеңдеріне ән де шығарады. Абайдың өлеңдері: «Қыс», «Жаз», «Жазғытұрым», «Күз», «Ғылым таппай мақтанба», «Әсемпаз болма әрнеге» және т.б. Абай өзінің өлеңдеріне ән де шығарған: «Айттым сәлем, Қаламқас», «Көзімнің қарасы» және т.б.

Абай 1904 жылы қайтыс болды. Ол өз шығармаларын кітап болып шыққанын көре алмады. Абай өлгеннен кейін 1909 жылы Петербургте оның кітабы шығады. Абай туралы М.Әуезов «Абай жолы» атты роман жазды.

Абай – қазақ халқының ұлы ақыны, сазгері (композитор) және жазба әдебиетінің негізін қалаушы (основоположник письменной литературы).

 Ғылым таппай мақтанба

Ғылым таппай мақтанба

Адам болам десеңіз,

Тілеуің, өмірің алдында,

Оған қайғы десеңіз, –

Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек, бекер мал шашпақ –

Бес дұшпаның білсеңіз.

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым – ойлап қой, -

Бес асыл іс, көнсеңіз.

Әсемпаз болма әрнеге

Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң, арқалаң.

Сен де бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та, бар қалаң.

Қайрат пен ақыл жол табар,

Қашқанға да, қуғанға.

Әділет шапқат кімде бар,

Сол жарасар туғанға.

Көзімнің қарасы                                                                                              Сөзі де, әні де Абайдікі

Көзімнің қарасы,

Көңілімнің санасы,

Бітпейді ішімде

Ғашықтың жарасы.

Қазақтың данасы,

Жасы үлкен ағасы,

Бар демес сендей бір

Адамның баласы.

Қараңғы түнде тау қалғып

              сөзі Гетенікі, әні Абайдікі

Қараңғы түнде тау қалғып,

Ұйқыға кетер балбырап.

Даланы жым-жырт, дел-сал қып,

Түн басады салбырап.

Шаң шығармас жол-дағы,

Сілкіне алмас жапырақ.

Тыншығарсың сен-дағы,

Сабыр қылсаң азырақ.

    (перевод с русского Абая)

2. Фонетика. Дыбыстар классификациясы. Дауысты дыбыстар (гласные звуки).

Қазіргі қазақ әліпбиі (алфавиті) 42 әріптен тұрады:

15 әріп дауысты: (а, ә, о, ө, ы, і, у, ұ, ү, э, и, ю, я, е, ё);

25 әріп дауыссыз: (б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, ф, х, ц, ч, ш, щ, Һ);

2 әріп жуандық (ъ) және жіңішкелік (ь) белгілерін береді.

Қазақ тіліне ғана тән 9 дыбыс -  ә, ө, ү, ұ, і, қ, ғ, ң, Һ .

Қазақ тілінде екпін (ударение) көбінесе соңғы буынына түседі (в основном падает на

последний слог).

                                         Дауысты дыбыстар

І. Тілдің қатысына қарай

(по положению языка)

Жуан  (твердые)

а, о, ұ, ы, у

Жіңішке (мягкие)

ә, ө, ү, і, е, у

ІІ. Еріннің қатысына қарай

(по участию губ)

Еріндік (губные)

о, ө, ұ, ү, у

Езулік (негубные)

а, ә, ы, і, е, и

ІІІ. Жақтың қатысына қарай (по степени раскрытия рта)

Ашық (широкие)

а, ә, о, ө, е

Қысаң (узкие)

ұ, ү, ы, і, и, у

3. Азамат (гражданин), қайраткер (деятель) сөздерін жікте.

                Жекеше (ед.ч.)

І жақ      Мен азаматпын, қайраткермін

ІІ жақ     Сен азаматсың, қайраткерсің

ІІ жақ     Сіз азаматсыз, қайраткерсіз

ІІІ жақ    Ол азамат, қайраткер

                       Көпше (мн.ч.)

І жақ      Біз азаматпыз, қайраткерміз

ІІ жақ     Сендер азаматсыңдар, қайраткерсіңдер

ІІ жақ     Сіздер азаматсыздар, қайраткерсіздер

ІІІ жақ    Олар азамат, қайраткер

2-билет

1. Араб жазуымен жазылған тұңғыш кітаптар.

Араб жазуымен жазылған тұңғыш (первые) кітаптар: «Құтадғу білік»

(«Құт негізі – білік»-Основа богатства – знание), «Диуани луғат-ат-түрік» (Түрік

сөздерінің жинағы). «Құтадғу білік» кітабын 1069 жылы ірі ғұлама (крупный ученый,мудрец) Жүсіп Баласағұн жазды.

«Диуани луғат-ат-түрік» (Түрік сөздерінің жинағы)  кітабын ұлы ғалым (великий

ученый)   Махмут Қашқари 1072-1074 жазған. Ол да араб алфавитімен жазылған. Араб алфавиті Қазақстанда 1929-шы жылға   дейін пайдаланылды.

2. Фонетика. Дыбыстар классификациясы. Дауыссыз дыбыстар (согл.зв.).

Қазіргі қазақ әліпбиі (алфавиті) 42 әріптен тұрады:

12 әріп дауысты: (а, ә, о, ө, ы, і, у, ұ, ү, э, и, е);

25 әріп дауыссыз: (б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, ф, х, ц, ч, ш, щ, Һ);

2 әріп жуандық (ъ) және жіңішкелік (ь) белгілерін береді.

Қазақ тілінде 37 дыбыс бар, оның ішінде қазақ тіліне ғана тән 9 дыбыс -  ә, ө, ү, ұ, і, қ, ғ, ң, Һ .

Қазақ тілінде екпін (ударение) көбінесе соңғы буынына түседі (в основном падает на последний слог).

                Дауыссыз дыбыстар дауыстың қатысына қарай (по участию голоса)

Қатаң (глухие)

п, ф, т, с, ш, к, қ, х, ц, ч

     Ұяң (звонкие)

б, в, г, ғ, д, ж, з

       Үнді (звонкие)

р, л, м, н, ң, й, у

3. Берілген синонимдік қатардан артық сөзді тап:

Мерзім, мезгіл, кезең, уақыт (артық – лишнее – жер)

Бостандық, еркіндік, азаттық, теңдік

3-билет

1.Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: елтаңба, ту, әнұран(гимн).

Қазақстан Республикасының туы – тік бұрышты (прямоугольный) көгілдір мата.

Тудың ортасында күн, астында қалықтап  ұшқан қыран (парящий орел) бейнеленген. Тудың сол жағында (на левой стороне) ұлттық өрнек  (нац. узор) бар. Тудың ені (ширина) – 1 метр, ұзындығы (длина) – 2 метр. Тудың авторы: Шәкен Ниязбеков.

Қазақстанның мемлекеттік елтаңбасының ортасында шаңырақ (купол юрты) бейнеленген. Оған күн сәулесі сияқты (как лучи солнца) уықтар шаншылған. Оларды қанатты пырақтар (крылатые кони) көмкеріп тұр (обрамляют). Елтаңбаның үстінгі жағында бес жұлдыз, астында Қазақстан деген жазу бар. Елтаңбаның авторлары: Шота Уәлиханов пен Жандарбек Мәлібекұлы. Мемлекеттік елтаңба мен ту 1992 жылы 4 маусымда (4 июня) қабылданды (принят). Қазақстанның мемлекеттік әнұраны 2006 жылы 11 қаңтарда қабылданды. Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев. Әнін шығарған: Шәмші Қалдаяқов.

Алтын күн аспаны.

Алтын дән даласы,

Ерліктің дастаны,

Еліме қарашы!

Ежелден ер деген,

Даңқымыз шықты ғой,

Намысын бермеген,

Қазағым мықты ғой!

Менің елім, менің елім,

Гүлің болып егілемін,

Жырың болып төгілемін, елім,

Туған жерім менің – Қазақстаным!

Ұрпаққа жол ашқан,

Кең-байтақ жерім бар,

Бірлігі жарасқан,

Тәуелсіз елім бар,

Қарсы алған уақытты,

Мәңгілік досыңдай,

Біздің ел бақытты,

Біздің ел осындай!

2. Буын түрлері (виды слогов).

Сөз буынға бөлінеді. Сөзде қанша дауысты дыбыс (сколько гласных) болса, сонша буын (столько же слогов) болады. М:  Тас – 1 буын;    Ба-ла – 2 буын;    Ба-ла-лар – 3 буын;   О-қу-шы-лар – 4 буын.

Буын түрлері:

1) ашық буын (открытый слог).     М:   а-та, а-па, а-на, ә-ке, ә-же ;  

2) тұйық буын (полузакрытый слог).  М:   аң,  ең,  ән,  ал,  ат,  от,  ел,  аз,  ас,  аш;

3) бітеу буын (закрытый слог).   М:  жол,  жел,  сол,  сел,  сен,  кел,  тұр,  жаз,  тас,  бұлт,  қант,  төрт;

3. Міндет, мекен  сөздерін тәуелде.

             Жекеше (ед.ч.)

І жақ      Менің міндетім, мекенім

ІІ жақ     Сенің міндетің, мекенің

ІІ жақ     Сіздің міндетіңіз, мекеніңіз

ІІІ жақ    Оның міндеті, мекені

                    Көпше (мн.ч.)

І жақ Біздің міндетіміз, мекеніміз

ІІ жақСендердің міндеттерің, мекендерің

ІІ жақСіздердің міндеттеріңіз, мекендеріңіз

ІІІ жақ  Олардың міндеттері, мекендері

4-билет

1. Қазақ тіл білімінің негізін салушылар. Байтұрсынов.

Қазақ тіл білімінің негізін салушылар – А. Байтұрсынов, Радлов В.В., Бартольд В.В., Сауранбаев Н.Т., Айдаров. (основоположники казахского языкознания)

Ахмет Байтұрсынов – ірі ғалым, қазақ тіл білімінің атасы, әдебиет зерттеушісі (исследователь лит-ры),  

дарынды аудармашы (талантливый переводчик), ағартушы (просветитель) және оқу құралдарының авторы (автор учебных пособий). Ол Торғай облысында туған. Ахмет Байтұрсынұлы орыс-қазақ мектебінде, мұғалімдер дайындайтын мектепте (в школе готовящих учителей) оқиды. Ақтөбеде, Қостанайда, Қарқаралыда сабақ береді. Ол тұңғыш рет (первым) араб графикасының негізінде (на основе арабской графики) қазақтың тұңғыш  әліппесін (букварь), оқулықтарын жазды («Тіл құрал»). Оның оқулықтары 1914 жылдан 1928 жылға дейін мектепте пайдаланылды (были примннены). Орынборда «Қазақ» деген газет шығарды, әдебиетпен айналысты (занимался лит-рой), Крыловтың мысалдарын (басни) қазақ тіліне аударды. Ахмет Байтұрсынұлы  1937 жылы сталиндік режимнің құрбаны болды (стал жертвой сталинского режима).

2. Синонимдер.

Мағыналары бір-біріне жақын сөздерді синонимдер дейміз. Мысалы:

Мұғалім, ұстаз, оқытушы;    

Оқушы, шәкірт;    

Ұлан-байтақ, кең-байтақ;   

Әдемі, көркем, сұлу;  

Уақыт, мерзім, мезгіл, кез.

Сыйлау, құрметтеу, қадірлеу;

Көп, мол, қыруар;

Мықты, берік, күшті;

Кәрі, қарт;

Қас, жау, дұшпан.

3. Сөйлемді дұрыс құрастыр.

Қазақ елі бейбітшілік саясатын ұстанады.

Зергерлер күміс пен алтыннан әшекей бұйымдар соқты.

5-билет

1. Тіл туралы Заң.

Тіл туралы алғашқы (первый) Заң – 1989 жылы 22 қыркүйекте қабылданды.

Тіл туралы екінші Заң (второй закон) 1997 жылы 11 шілдеде  қабылданды (принят). Тіл Заңы 6 тараудан (из 6 глав), 27 баптан (из 27 статей) тұрады (состоит).

4-бап: «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Мемлекеттік тіл – мемлекеттік басқару (управление государством), заң шығару (принятие законов), сот ісін жүргізу (ведение  судебных дел) және іс қағаздарын жүргізу тілі (язык делопроизводства). Мемлекеттік тілді меңгеру (усвоение гос.языка) – Қазақстан Республикасының әрбір (каждого)  азаматының (гражданина) парызы (долг)».  

24-бап: «Кім-де кім Тіл туралы Заңын бұзса, Заң алдында жауап береді».

Шығыс-Қазақстан облысында 2007 жылы 1 шілдеден (с 1 июля) бастап іс-қағаздары (делопроизводство) қазақ тілінде жүргізіледі.

Сөздік:

мемлекеттік басқару - управление государством

заң шығару - принятие законов

сот ісін жүргізу - ведение  судебных дел  

іс қағаздарын жүргізу тілі - язык делопроизводства

мемлекеттік тілді меңгеру  - усвоение гос.языка

әрбір азаматының - каждого гражданина

парыз – долг   

2. Омонимдер.

Айтылуы бірдей, мағынасы басқа сөздерді омоним дейміз. Мысалы:

Ара – 1)пчела;  2)пила

Ат – 1)имя; 2)лошадь; 3)стреляй

Түс – 1)сон; 2)цвет; 3)обед; 4)спустись

Арық – 1)арык; 2)худой

Сан – 1)число;  2)бедро

Жастық – 1)молодость;  2) подушка

Оқу – 1)читать; 2) учиться

Өкпе – 1)легкие; 2)обида

3. Түбірлес сөздерді (однокоренные слова) теріп жазып, құрамына қарай талда:

Ұлт, ұлтжанды, ұлтшыл. Түбір – ұлт, шыл-жұрнақ

Көмек, көмекші, көмектесіп. Түбір – көмек, ші-жұрнақ,тес- , іп-көсемшенің жұрнағы.

6-билет

1. Ыбырай Алтынсарин туралы әңгімеле.

Ыбырай Алтынсарин  - ағартушы (просветитель), педагог-жазушы, ақын. Ол 1841 жылы Торғай облысында туған. Ыбырай Балқожа атасының тәрбиесінде болған. Ол 7 жылдық мектепте оқиды, атасы Балқожа бидің (судья) хатшысы (секретарь) болады.  Ыбырай қазақ мектебін және қазақ қыздары үшін мектеп ашады. Дарынды педагог оқушыларға арнап «Қазақ хрестоматиясын», орыс алфавитінің негізінде (на основе русского алфавита) қазақ алфавитін  жазады. Ыбырай Алтынсарин балаларға арнап өлең, әңгімелер жазды. Оның өлеңдері: «Өзен», «Жаз», «Кел, балалар, оқылық!». Әңгімелері: «Бақша ағаштары» («Садовые деревья»), «Бай баласы мен жарлы баласы» («Сын бая и сын бедняка»), «Шие» («Вишня») т.б.. Олардың үлкен тәрбиелік мәні бар (воспитательное значение). Ыбырай Алтынсарин балаларды еңбекке (к труду), білімге (к знаниям), адалдыққа (к честности) шақырады (призывает). Қазақ халқы Ыбырайды жоғары бағалады. Алматыда педагогикалық ғылыми-зерттеу (научно-исследовательский) институты оның атымен аталады.

Ы.Алтынсарин «Кел, балалар, оқылық»

Кел, балалар, оқылық,

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық,

Оқысаңыз, балалар,

Шамнан шырақ жағылар.

Тілегіңнің алдыңнан,

Іздемей-ақ табылар.

2. Антонимдер.

Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздерді антонимдер дейміз. Мысалы:

Үлкен – кіші

Биік – аласа  (высокий – низкий)

Ақ – қара

Бар – жоқ

Ыстық – суық  (горячий – холодный)

Күн – түн (день – ночь)

Кең – тар (широкий – узкий)

Қас – дос (враг – друг)

Алыс – жақын (далеко – близко)

Аз – көп (мало – много)

3. «Кіші Отан» тақырыбына диалог құрастыр.

- Сенің кіші Отаның қай жер?

- Менің кіші Отаным – Семей қаласы. Өйткені бұл қалада мен туып-өстім. Алғаш рет мектеп табалдырығын аттап, қолыма әліппе (букварь) ұстадым және бұл қалада менің сүйікті достарым, сыныптастарым, туыстарым тұрады.

- Ол қайда орналасқан?

- Ол Қазақстанның шығысында  Ертіс өзенінің бойында орналасқан.

- Семей қандай қала?

- Ол ежелгі қала, ол 1718 жылы қаланған.

- Семейдің тарихы қандай?

- Семейдің тарихы өте бай.

- Семейде қандай атақты адамдар тұрған?

- Семейде ұлы ақын Абай, Мұхтар Әуезов, Шәкәрім, Шоқан Уәлиханов, Ф.М.Достоевский, Әміре Қашаубаев, Қаныш  Сәтпаев, Бибігүл Төлегенова, Роза Рымбаева, Дәулет Тұрлыханов сияқты атақты адамдар тұрған.

- Семейде қандай көрнекті жерлер бар?

- Семейде Абайдың, Достоевскийдің мұражайлары, Абайдың, Әуезовтің, Шәкәрімнің, Достоевский мен Шоқан Уәлихановтың ескерткіштері, Абай мен Достоевский атындағы театрлар бар.

7-билет

1. Қазақ билері туралы айт.

Қазақтың ең атақты билері: Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би. Үшеуі бір заманда (в одно время) өмір сүрген (жили).

Төле би Ұлы жүздің төбе биі (главный судья), атақты шешен (известный оратор), Тәуке ханның «Жеті жарғы» («Семь сводов») заңын жазушылардың бірі. Ол 17-18 ғасырларда өмір сүрген. Төле би сауатты (грамотный), әділ (справедливый), адал (честный), парасатты  (разумный) болған.

Қазыбек би Орта жүздің (среднего жуза) төбе биі (главный судья) болған. Тәуке ханның «Жеті жарғы» заңын жазушылардың бірі. Ол парасатты елші (посол), дипломат, асқан шешен (превосходный оратор), ақын, дауларды (споры) әділ шешкен (справедливо разрешал) қоғам қайраткері (общественный деятель). Ол 97 жыл өмір сүрген (жил). Қазыбек би Түркістанда Ахмет Йассауи кесенесінде жерленген (захоронен).

Әйтеке би – Тәуке ханның кеңесшісі (советник) болған. Тәуке ханның «Жеті жарғы» заңын жазушылардың бірі болды. Қазақ мемлекетін құруға үлкен үлес қосқан (внес большой вклад для создания каз-ого государства). Үш би де қазақ халқын нығайтуға (для укрепления), біріктіруге (для соединения) көп еңбек сіңірді (внес вклад). Олар қалмақ басқыншыларына қарсы (против калмыкских захватчиков) күресті (борьбу) ұйымдастырды (организовали).

Қазір үш биге Астана қаласында ескерткіш орнатылған (построен памятник).

2. Түбір және қосымша.

Түбір сөздің мағынасын береді. Түбірді дыбысқа (на звуки), буынға (на слоги) бөлуге болады(можно разделить). М: бала сөзі 4 дыбысқа  бөлінеді, б-а-л-а;  бала сөзі 2 буынға бөлінеді, ба-ла

Түбірге қосымша жалғанады (присоединяется). Түбірдің соңғы буыны жуан (твердый слог) болса, оған жуан қосымша жалғанады. М: бала+лар;  Түбірдің соңғы буыны жіңішке (мягкий) болса, оған жіңішке қосымша жалғанады. М: дәптер+лер;  

Қосымша 2 түрлі болады: жұрнақ (суффикс), жалғау (окончание).

Жұрнақтар 2 түрлі болады: 1) сөз тудырушы жұрнақтар (словообразующие суффиксы)

   2) сөз түрлендіруші жұрнақтар (словоизменяющие)

Сөз тудырушы жұрнақтар  сөзден сөз тудырады. М: оқу – оқушы, бала – балалық; балық – балықшы; етік – етікші; қала – қалалық, жаз – жазғы, ойын – ойыншық;

Сөз түрлендіруші жұрнақтар сөздің мағынасын өзгертпейді. М: ақ+шыл, көк+шіл

Жалғау сөз бен сөзді байланыстырады (связывает слово со словом). Жалғаудың 4 түрі бар: көптік, тәуелдік, септік, жіктік.

М: Мен үйден мектепке келдім деген сөйлемдегі сөздерді байланыстырып тұрған – ден (үйден), -ке (мектепке), -м (келдім) жалғаулары.

Түбірге алдымен жұрнақ (вначале суффикс), содан кейін жалғау (затем оконч.) жалғанады (присоединяется)

М: қойшылар (қой-шы-лар), оқушылар (оқу-шы-лар), оқулықтар (оқу-лық-тар),

3. Асты сызылған сөздерге морфологиялық талдау жаса: Астана – іскерлік және мәдени орталыққа айналды.

Іскерлік –  сөз табы зат есім, жалпы, іскер – түбір, лік – сөз тудырушы жұрнақ.

Мәдени –  сөз табы сын есім, и - сөз тудырушы жұрнақ , туынды, қатыстық.

8-билет

1. Менің Отаным – Қазақстан.

Менің Отаным – Қазақстан. Қазақстан ірі мемлекеттердің бірі. Мұнда 100-ден астам ұлт өкілдері тұрады. Қазақстан жері кең-байтақ. Отанымыз батыста Ресеймен, шығыста Қытаймен, оңтүстікте Орта Азия республикаларымен және Каспий теңізімен шектеседі. Қазақстан жері пайдалы қазбаларға (полезн.ископ.) бай. Менің Отаным астыққа, мұнайға, лтынға, көмір мен темірге, мақтаға бай. Қазақстанның Байқоңырынан ғарышқа ғарышкерлер ұшады.

Қазақстанның астанасы – жаңа қала Астана. Қазақстанның тұңғыш елбасы (президенті) – Н.Назарбаев.

Қазақстанның мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Республиканың өз рәміздері бар. Қазақстанның Қазақстанда 16 миллионнан астам халық тұрады. Қазақстанның 14 ірі облыс орталығы бар. Менің Отаным шет елдерге де танымал. Мен өз Отанымды сүйемін.

2. Зат есім.

Заттың (нәрсенің) атын  білдіретін атау сөздерін зат есім дейміз. Зат есімдер Кім? Не? деген сұрақтарға жауап береді. М: кім? – ата, апа, ана, әке, кісі, бала, қыз, ұл. Қазақ тілінде кім? деген сұрақ адамға ғана қойылады. Не? деген сұрақ  жануарларға, құстарға, затқа қойылады. М: ешкі, сиыр, торғай, мектеп. Зат есімдер басқа сөздермен (с другими словами) көптік, септік, жіктік, тәуелдік жалғаулары арқылы (с помощью окончаний) байланысады.

Зат есімдер мағынасына қарай (по значению) жалпы (нариц.) және жалқы (собств.) болады. Жалпы есімдер: көл, бала, дәптер, оқушы. Жалқы есімдер: Анар, Алматы, Семей, Астана, Қазақстан, Ертіс, Абай.

Зат есімдер тұлғасына қрай (по способу образования): негізгі (непроизводный), түбір зат есімдер  – ана, жер, қала, мектеп. Туынды (производный) зат есімдер жұрнақ арқылы жасалған – қой-шы, етік-ші, оқу-шы, бала-лық, қала-лық, дос-тық, қиын-шылық, жұмыс-кер, адал-дық, сауда-гер.

Зат есімдер құрамына қарай (по составу): дара (простые) – Отан, бала, мектеп, кітап, дәптер;

Күрделі (сложные) болады – ата-ана, әке-шеше, аяқ киім, пединститут, Ақсу.

Зат есімнің 4 жалғауы бар. Олар: көптік, тәуелдік, жіктік, септік.

Зат есімнің 4 жалғауы бар. Олар:

1) Көптік жалғаулары: лар/лер, дар/дер, тар/тер. М: балалар, кісілер, қыздар, кітаптар;

2) Тәуелдік жалғауы:

Жекеше (ед.ч.)

Көпше (мн.ч.)

І жақ ым/ім, м

ІІ жақ ың/ің, ң

ІІ жақ ыңыз/іңіз, ңыз/ңіз

ІІІжақ ы/і, сы/сі

І жақ  мыз/міз, ымыз/іміз

ІІ жақ  к.ж. + ың/ің

ІІжақ   к.ж. + ыңыз/іңіз

ІІІжақ  к.ж. + ы/і

Жекеше (ед.ч.)

Көпше (мн.ч.)

І жақ Менің анам

ІІ жақ Сенің анаң

ІІ жақ Сіздің анаңыз

ІІІжақ Оның анасы

І жақ  Біздің анамыз

ІІ жақ  Сендердің аналарың

ІІжақ   Сіздердің аналарыңыз

ІІІжақ  Олардың аналары

3) Жіктік жалғауы (личные окончания)

Жекеше (ед.ч.)

Көпше (мн.ч.)

І жақ мын/мін, бын/бін, пын/пін

ІІ жақ сың/сің

ІІ жақ сыз/сіз

ІІІжақ -

І жақ  мыз/міз, быз/біз, пыз/піз

ІІ жақ  сыңдар/сіңдер

ІІжақ   сыздар/сіздер

ІІІжақ  -

Жекеше (ед.ч.)

Көпше (мн.ч.)

І жақ Мен оқушымын

ІІ жақ Сен  оқушысың

ІІ жақ Сіз оқушысыз

ІІІжақ Ол  оқушы

І жақ  Біз оқушымыз

ІІ жақ  Сендер оқушысыңдар

ІІжақ   Сіздер оқушысыздар

ІІІжақ  Олар оқушылар

4) Септік жалғауы:

А.с.

Кім? Не?

-

І. с.

Кімнің? Ненің?

ның/нің, дың/дің, тың/тің

Б. с.

Кімге? Неге? Қайда?

ға/ге, қа/ке, т.ж. І, ІІ ж.+ а/е, т.ж. ІІІ ж.+ на/не  

Т. с.

Кімді? Нені?

ны/ні,ды/ді,ты/ті, т.ж. ІІІж.+ н

Ж. с.

Кімде? Неде? Қайда?

да/де, та/те, т.ж. ІІІ ж. +нда/нде

Ш. с.

Кімнен? Неден? Қайдан?

нан/нен, дан/ден, тан/тен

К. с.

Кіммен? Немен?

мен, бен, пен

А.с.

бала

анам

анасы

І. с.

баланың

анамның

анасының

Б. с.

балаға

анама

анасына

Т. с.

баланы

анамды

анасын

Ж. с.

балада

анамда

анасында

Ш. с.

баладан

анамнан

анасынан

К. с.

баламен

анаммен

анасымен

3. Асты сызылған сөздерге морфологиялық талдау жаса:

Тарихшылардың   айтуы бойынша, Астана тұрған орын ғұндардың бір ордасы болған.

Тарихшылардың – сөз табы – зат есім, жалпы, түбір – тарих, шы – сөз тудырушы жұрнақ, лар – көптік жалғау, дың – І.с. жалғауы;

Ордасы – сөз табы – зат есім, түбір – орда, жалпы, орда – түбір, сы – тәуелдік жалғау ІІІ жақ.

9-билет

1. Ежелгі қалалар туралы айт.

Отырар, Тараз, Түркістан – Қазақстанның ежелгі қалалары.

Отырар Сырдария өзенінің бойында орналасқан. Ол  ҮІ-ҮІІІ ғасырларда ірі мемлекеттің астанасы болған.  ХҮІ-ХҮІІ ғасырларда Отырар саяси (полит-ий), шаруашылық (хоз-ый) және мәдени (культ-ный) орталық болған. Отырар бұрын Фараб деп аталған. Мұнда медресе, мешіт, базар, монша (баня) болған.

Тараз қаласы ҮІІ ғасырдан белгілі. Ол Ұлы Жібек жолдың бойында орналасқан. Мұнда Айша бибі кесенесі (мавзолей) мен Бабажы қатын кесенесі болған. Х-ХІІ ғасырлар – қаланың ең гүлденген кезі (время процвета).

Түркістан қаласы Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан. Ежелгі аты (древнее название) Шабғар (ІҮ-Х ғ.ғ). Екінші аты – Йасы (ІХ-Х ғ.ғ.).  ХҮ ғасырдан Түркістан деп аталды. Мұнда Ахмет Йассауи кесенесі бар. Түркістан шауашылық, мәдени орталығына айналған.

2. Сын есім.

Сын есім заттың сынын, түрін, түсін,сапасын, көлемін, дәмін білдіреді. Қандай? қай? деген сұрақтарға жауап береді. М: биік үй, әдемі қыз, жылы күн, қиын сабақ, көңілді кеш, аязды қыс, тәтті алма.

Сын есімнің шырайлары (степени сравнения прилаг.):

1. Жай шырай (положит.) - әдемі, жақсы, үлкен;

2. Салыстырмалы шырай (сравнит.) – рақ/рек, ырақ/ірек, лау/леу, дау/деу, тау/теу - әдемірек, жақсырақ, әдемілеу, жақсылау, үлкендеу, үлкенірек.

3. Күшейтпелі шырай (превосх.) а) ең, өте, тым, аса сөздер арқылы жасалады – ең жақсы, өте үлкен, тым қысқа, аса дарынды; ә) күшейткіш буын –п арқылы - әп-әдемі, үп-үлкен, қып-қысқа.

Түсті білдіретін сын есімдер: ақ, қара, сары, қызыл, көк, жасыл;

Көлемді (объем) білдіретін сын есімдер: кең, тар, биік, аласа, ұзын, қысқа, алыс, жақын.

Дәмді (вкус) білдіретін сын есімдер: тәтті, ащы, қышқыл, дәмді, суық, жылы.

Сапаны (качество)  білдіретін сын есімдер: жақсы, жаман, әдепті, сыпайы, қу, қорқақ.

Сын есімдер тұлғасына қарай (по способу образования) негізгі (непроизв.) және туынды (производн.) болады. Негізгі сын есім түбірден ғана жасалған. М: жақсы, әдемі, таза, кең, суық. Туынды сын есім жұрнақ арқылы жасалады. М: тұзды, сулы, қысқы, ұятсыз, өнерлі, сысыз, таулы.

Сын есімдер құрамына қарай (по составу) дара (простой) және күрделі (сложный) болады. дара сын есімдер: аласа, ақ, сарылау, көңілді. Күрделі сын есімдер: сары ала, өте терең, ең үлкен.

Сын есімдер мағынасына қарай (по значению) сапалық(качест.) – ақ, қара, үлкен, биік;

және қатыстық (относит.) – тұзды, таулы, сылы, сысыз, ұятсыз – жұрнақ арқылы жасалған.

3. Сөздерді сөз құрамына талда. Оқушылар жазғы демалыста тауға серуенге шықты.

Оқушылар – сөз табы - зат есім, мағынасына қарай (по значению) - жалпы (собств.), оқу – түбір, шы – сөз тудырушы (словообразующий) жұрнақ, тұлғасына қарай (по способу образ-ия) – туынды, құрамына қарай (по составу) – дара (простой),  лар – көптік жалғау;

Жазғы – сөз табы - сын есім, жаз – түбір, ғы – сын есім тудыратын жұрнақ, мағынасына қарай (по значению) қатыстық (относит.), тұлғасына қарай (по способу образования) туынды (производный), құрамына қарай (по составу) дара.

Демалыста – сөз табы – зат есім, мағынасына қарай (по значению) - жалпы (собств.), түбір – демалыс, та – Ж. с. жалғауы, тұлғасына қарай (по способу образ-ия) – негізгі (непроизводный), құрамына қарай (по составу) – дара (простой);   

Тауға – сөз табы – зат есім, жалпы, негізгі, дара, түбір – тау, ға – Б.с жалғауы;

Серуенге - сөз табы – зат есім, жалпы, негізгі, дара, түбір – тау, ға – Б.с жалғауы;

Шықты – сөз табы – етістік, етістіктің негізі – шық, ты - өткен шақтың жұрнағы, ІІІ жақ.

10-билет

1. Ақпарат көздері (источники информации).

Ақпарат көздеріне газет пен журналдар, теледидар және радио жатады.

Мерзімдік басылымдар (периодические издания) бұқаралық ақпарат құралдары (средства массовой информации) деп аталады (называются).

Мерзімдік басылымдарға газет-журналдар жатады. Біз газеттен елдегі (в стране), шетелдегі (за рубежом) жаңалықтарды (новости), теледидар бағдарламасы (телевизионные программы), ауа райы туралы (о погоде), тарихи оқиғалар туралы (об исторических событиях), атақты адамдар туралы мақалалар (статьи) оқимыз.  

Газет-журналдардың түрі көп: орталық (центральные), жергілікті (местные), ресми (официальные), жеке меншік (частные), балаларға, жасөспірімдерге (юношам), спортқа, музыкаға арналған (повящены). Қазақстанда 150-ден астам (более) газет-журналдар шығады (выпускают). «Арна», «Спектр», «Ертіс өңірі», «Наше дело»  жергілікті газеттері болып саналады (считаются).

Теледидардан біз халықаралық  жаңалықтарды (международные новости), спорт жаңалықтарды,  неше түрлі танымдық бағдарламаларды (познавательные программы), көркем (художественные) және деректі (документальные) фильмдерді, ауа райы болжамын (прогноз погоды)    көреміз.

Мен «Хабардан», «КТК-дан»  көрсететін бағдарламаларды жиі (часто) көремін.

Жергілікті радиодан (из местного радио) өте жақсы музыкалық хабарларды, жаңалықтарды тыңдаймын (слушаю).

2. Сан есім (числит.).

Сан есім заттың санын (кол-во), ретін (порядок) білдіреді. Неше? Қанша? Нешеу? Нешінші? деген сұрақтарға жауап береді.

Сан есімдер құрамына қарай дара (он, жүз, елудей, жиырма, сексен) және күрделі (сложные – он бір, елу бес, екі жүз қырық) болады.

Сан есім мағынасына қарай (по значению) 6 топқа бөлінеді:

1. Есептік (коллич.) Неше? Қанша? М: жүз. үш, төрт, жиырма.

2. Реттік (порядк.) Нешінші? ыншы/інші, ншы/нші жұрнақтар арқылы жасалады.М: бірінші, екінші.

3. Жинақтық (собират.) Нешеу? ау/еу жұрнақтар арқылы жасалады. 1-7 дейін жасалады. М: біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу, алтау, жетеу.

4. Топтау (разделит.) Нешеден? Қаншадан? (по сколько?) М: оннан (по десять), он-оннан, екіден, екі-екіден (по двое), бестен, бес-бестен.

5. Болжалдық (предположит.) Қанша? Неше? Қаншадай? Нешеге жуық?

дай/дей, тай/тей М: ондай (около 10-и), бестей (около 5-и);

шақты, жуық (приблизит., около)  сөздер арқылы – М: бес шақты, онға жуық.

6. Бөлшектік (дробные) Қанша? Неше? М: үштен бір - 1/3, 5 ½  - бес бүтін екіден бір.

3. Тиісті тыныс белгісін қойып, құрмалас сөйлемді аяқта:

Демалушылар көлге келіп тынығады, өйткені ... (одан басқа баратын жер жоқ).

11-билет

1. Қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы айт.

Қазақ халқының салт-дәстүрлері (традиции и обычаи): шілдехана, қырқынан шығару, бесікке салу,тұсау кесу, үйлену тойы.

Шілдехана  туған балаға (родившемуся ребенку) жасалатын той(праздник в честь). Мұнда дастарқан жайылады, адамдар ән салады, би билейді, домбыра тартады, ұлттық ойындар ойналады.

Қырқынан шығару 40 күннен кейін тойланады. Баланы 41 қасық суға шомылдырады (купают), шашын (волосы), тырнағын

(ногти) алады. Мерекелік (праздничный) дастарқан жайылады.

Бесікке салу (укладывание ребенка на колыбель). Бесік (колыбель) – баланың алтын ұясы (золотое гнездо). Бесікті отпен аластайды (огнем изгоняют духов), баланы бөлейді. Мерекелік дастарқан жайылады, бесікке салған адамға кәде(подарок) береді. Тұсау кесу (разрезание пут) – бала қаз тұра бастағанда (когда стоит на ногах)  екі аяғын ала жіппен (ниткой) тұсап, тұсауын кестіреді. Шашу шашады, «тұсаукесер» кәдесін береді.

Үйлену тойы (свадьба). Жігіттің әке-шешесі қыздың үйіне құда түседі (сватаются). Екі жақ  той туралы келіседі.

2. Есімдік (местоимение).

Есімдіктер зат есімнің, сан есімнің, сын есімнің орнына қолданылады.

Есімдіктер мағынасына қарай 7 топқа бөлінеді:

1. Жіктеу (личн.) – мен, сен, сіз, ол, біз, сендер, сіздер, олар.

2. Сілтеу (указ.) – бұл, осы, мынау, мына, анау.

3. Сұрау (вопр.) – кім?не?неше?қандай?қашан?

4. Өздік (возврат.)  - өз , өзім, өзің, өзіңіз,өзіміз.

5. Белгісіздік (неопред.) – біреу, кейбір, кейбіреу, әркім, әлдекім, әрқайсы.

6. Болымсыздық (отриц.) – еш, ешкім, ешқайда, ешқандай.

7. Жалпылау (определит.) – бәрі, бүкіл, барлық, барша, түгел.

М: Біз серуенге барамыз. Мен емтиханға өзім дайындалдым. Кейбір адамдар тауға

кетеді.  Бүгін ешкім ешқайда бармайды. Елбасыны бүкіл халық қолдады.

Жіктеу есімдіктері септеледі (склоняются) және жікеледі (спрягаются)

Жіктеу есімдіктерінің септелуі    

А.с.

І.с.

Б.с.

Т.с.

Ж.с.

Ш.с.

К.с.

мен

менің

маған

мені

менде

менен

менімен

сен

сенің

саған

сені

сенде

сенен

сенімен

ол

оның

оған

оны

онда

одан

онымен

3. Асты сызылған сөздерге фонетикалық талдау жаса: Дәстүрлі қазақ отбасында ата-ананы ерекше  сыйлаған.

Дәстүрлі – жіңішке сөз, 3 буын – дәс-түр-лі, дәс-бітеу буын, түр-бітеу буын, лі-ашық буын.

Отбасында – жуан сөз, 4 буын – от-ба-сын-да, от-тұйық буын, ба –шық, сын – бітеу, да – ашық.

д – д-сыз, ұяң.

ә - д-ты, жіңішке, ашық, езулік.

с- д-сыз, қатаң

т- д-сыз, қатаң

ү – д-ты, жіңішке, еріндік, қысаң

р – д-сыз, үнді

л - д-сыз, үнді

і – д-ты, жіңішке, қысаң, езулік

8 әріп,8 дыбыс.

о – д-ты, жуан, ашық, еріндік

т- д-сыз, қатаң

б - д-сыз, ұяң.

а – д-ты, жуан, ашық, езулік.

с - д-сыз, қатаң

ы – д-ты, жуан, қысаң, езулік.

н - д-сыз, үнді

д - д-сыз, ұяң.

а – д-ты, жуан, ашық, езулік.

9 әріп,9 дыбыс.

12-билет

1. Қазақ тілі туралы.

Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі. Қазақ тілі 1989 жылы мемлекеттік мәртебе (гос. статус) алды.

Қазақ тілі түркі тектес тілдеріне, соның ішінде қыпшақ тобындағы тілге жатады. Түркі тілінде сөйлейтін халықтар: қазақ, қырғыз, өзбек, ұйғыр, қарақалпақ, татар және тағы басқалар.

Қазақстан Республикасының Ата Заңында «Қазақ тілі  - Қазақстан  Республикасының мемлекеттік тілі» деп жазылған. Қазақстан Республикасының Тіл туралы алғашқы Заңы 1989 жылы 22-қыркүйекте қабылданды. Тіл туралы екінші Заң 1997 жылы 11 шілдеде қабылданды. Қазақ тілін білу - әрбір Қазақстан азаматының парызы.

Менің ана тілім – қазақ тілі. Ана тілім менің қазақ екенімді білдіреді. Ана тілін адамдар кішкентай кезінен әке-шешесінен, әжесі мен атасынан үйренеді. Ана тілім – менің құралым, өйткені ол арқылы мен білім аламын.

Қазақ жазуы 1929 жылға дейін араб графикасын, ал 1929 жылдан 1940 жылға дейін латын графикасын қолданған. 1940 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін орыс графикасын қолдануда.

2. Етістік.

Етістік заттың қимылын, іс-әрекетін білдіреді. Не істеді? Қайтті? деген сұрақтарға жауап береді. М: Марат мектепке келді. Ол кітап оқып отыр.

Етістіктің шақтары

Нақ осы шақ (собственно-наст. время)

Болымды түрі (положительная)

Іс-әрекеттің, қимылдың сөйлеп тұрған кезінде болып жатқанын білдіреді. Сұрақтары: не істеп отыр (тұр, жүр, жатыр)?

Жай (прост)                     

Тұр, отыр, жүр, жатыр              

Күрделі (сложн)

1) е.н.+ ып/іп,п   + отыр,жүр, жатыр,тұр,    

2) е.н.+а/е   +  жатыр М: бара жатыр, келе жатыр                                           

Жекеше (ед.число)

І жақ Мен жүрмін, келе жатырмын

ІІ жақ Сен жүрсің, кележатырсың

ІІ жақ Сіз жүрсіз, келе жатырсыз

ІІІжақ Ол жүр, келе жатыр

Көпше (мн.число)

І жақ Біз жүрміз, келе жатырмыз

ІІ жақ Сендер жүрсіңдер, кележатырсыңдар

ІІ жақ Сіздер жүрсіздер, келе жатырсыздар

ІІІжақ Олар жүр, келе жатыр

 

Нақ осы шақтың болымсыз түрі (отр.форма наст.вр.)

Жекеше (ед.число)

І жақ Мен  жазып отырған жоқпын, келе жатқан жоқпын

ІІ жақ Сен  жазып отырған жоқсың, келе жатқан жоқсың

ІІ жақ Сіз жазып отырған жоқсыз, келе жатқан жоқсыз

ІІІжақ Ол  жазып отырған жоқ, келе жатқан жоқ

Көпше (мн.число)

І жақ Біз  жазып отырған жоқпыз, келе жатқан жоқпыз

ІІ жақ Сендер жазып отырған жоқсыңдар, келе жатқан жоқсыңдар

ІІ жақ Сіздер жазып отырған жоқсыздар, келе жатқан жоқсыздар

ІІІжақ Олар жазып отырған жоқ, келе жатқан жоқ

Ауыспалы келер шақтың болымды түрі (положит. форма буд-переходное время)

Сұрақтары: не істейді? Қайтеді? (что будет делать?)

Е.н. + а/е, й + жіктік жалғау (личн.оконч.) М: барамын, келемін, сөйлеймін

Жекеше (ед.число)

І жақ Мен барамын, келемін, сөйлеймін

ІІ жақ Сен  барасың, келесің, сөйлейсің

ІІ жақ Сіз барасыз, келесіз, сөйлейсіз

ІІІжақ Ол  барады, келеді, сөйлейді

Көпше (мн.число)

І жақ Біз  барамыз, келеміз, сөйлейміз

ІІ жақ Сендер барасыңдар, келесіңдер, сөйлейсіңдер

ІІ жақ Сіздер  барасыздар, келесіздер, сөйлейсіздер

ІІІжақ Олар барады, келеді, сөйлейді

Ауыспалы келер шақтың болымсыз түрі (отр.форма буд.вр.)

Е.н. + ма/ме,ба/бе,па/пе+ й +ж.ж.

Жекеше (ед.число)

І жақ Мен бармаймын, келмеймін, сөйлемеймін

ІІ жақ Сен  бармайсың, келмейсің, сөйлемейсің

ІІ жақ Сіз бармайсыз, келмейсіз, сөйлемейсіз

ІІІжақ Ол  барады, келеді, сөйлейді

Көпше (мн.число)

І жақ Біз  бармаймыз, келмейміз, сөйлемейміз

ІІ жақ Сендер бармайсыңдар, келмейсіңдер, сөйлемейсіңдер

ІІ жақ Сіздер  бармайсыздар, келмейсіздер, сөйлемейсіздер

ІІІжақ Олар бармайды, келмейді, сөйлемейді

Өткен шақ (прош.вр.)

Сұрақтары: не  істеді? Қайтті? (что сделал(а)?) Е.н. + ды/ді + ж.ж.

Жекеше (ед.число)

І жақ Мен бардым, келдім, сөйледім

ІІ жақ Сен  бардың, келдің, сөйледің

ІІ жақ Сіз бардыңыз, келдіңіз, сөйледіңіз

ІІІжақ Ол  барды, келді, сөйледі

Көпше (мн.число)

І жақ Біз  бардық, келдік, сөйледік

ІІ жақ Сендер бардыңдар, келдіңдер, сөйледіңдер

ІІ жақ Сіздер  бардыңыздар, келдіңіздер, сөйледіңіздер

ІІІжақ Олар барды, келді, сөйледі

Өткен шақтың болымсыз түрі.  Е.н. + ма/ме,ба/бе,па/пе +ж.ж.

Жекеше (ед.число)

І жақ Мен бармадым, келмедім, сөйлемедім

ІІ жақ Сен  бармадың, келмедің, сөйлемедің

ІІ жақ Сіз бармадыңыз, келмедіңіз, сөйлемедіңіз

ІІІжақ Ол  бармады, келмеді, сөйлемеді

Көпше (мн.число)

І жақ Біз  бармадық, келмедік, сөйлемедік

ІІ жақ Сендер бармадыңдар, келмедіңдер, сөйлемедіңдер

ІІ жақ Сіздер  бармадыңыздар, келмедіңіздер, сөйлемедіңіздер

ІІІжақ Олар бармады, келмеді, сөйлемеді

3. Өсімдік, орман сөздерін септе.

Атау септік

Өсімдік

Орман

Ілік септік

Өсімдіктің

Орманның

Барыс септік

Өсімдікке

Орманға

Табыс септік

Өсімдікті

Орманды

Жатыс септік

Өсімдікте

Орманда

Шығыс септік

Өсімдіктен

Орманнан

Көмектес септік

Өсімдікпен

Орманмен

13-билет

1. Қолөнер (рукоделие, ремесло).

Қазақтардың тұрмысында (в быту) қолөнер (рукоделие, ремесло) ерекше орын (особое место) алған (занимал). Әйелдер (женщины) киіз басқан (валяли войлок), кілем(ковры), мата (ткань), ши(циновка) тоқып (ткали), киім тіккен (шили одежду). Еркектер(мужчины) киіз үйдің қаңқасын (какас юрты), жиҺаздар (мебель), қару (оружие) жасаған. Шеберлер (мастер) кереге (стена юрты), уық, шаңырақ (купол юрты), есік (дверь), домбыра, ыдыс-аяқ (посуда) жасаған. Зергерлер (ювелиры) күміс (серебро) мен алтыннан (из золота) әшекейлер (украшения) жасаған.

2. Үстеу.

Мезгіл үстеулер: (қашан?) кеше, бүгін, ертең, теңертең, биыл, былтыр. Мен кеше қонаққа бардым. Бүгін күн жылы. Таңертең жаңбыр болды. Ертең жел болады.

Мекен үстеулер: (қайда?) жоғары, төмен, алға, артқа. М: Құстар төмен ұшып барады. Машина алға жүрді. Оның білімі төмен. Халық оны жоғары бағалады. Мен жоғары қарадым.

Мақсат үстеулер: (қалай?) әдейі, біле, әдейілеп. М: Ол әдейі келген жоқ.  Марат әдейлеп сабаққа ерте келді.

3. Мақалды аяқта.

а) Отан үшін күрес - ерге тиген үлес.

б) Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас.

14-билет

1. Ұлттық киімдер.

Ұлттық киімдердің бірнеше түрі бар:

1. Ішкі киімдер (нижнеее белье). Оған жейде (мужская рубашка), көйлек (женское платье), дамбал (подштанники), шалбар(брюки), бешпент, қамзол, желет жатады(относятся).

2. Сыртқы киімдер(верхняя одежда): шапан, сырмалы шапан(стеганый чапан), тон(шуба), ішік, шидем жатады.

3. Ерлердің бас киімдері (мужские головные уборы): бөрік, тымақ,малақай(меховая шапка), қалпақ, тақия(тюбетейка).

4. Әйелдердің бас киімдері (женские головные уборы): кимешек(гол.убор бабушек), жаулық (платок), бөрік(меховая шапка), сәукеле(свадебный гол.убор),тақия(тюбетейка)

5. Аяқ киімдер (обувь): мәсі, кебіс(туфли), әйел етігі(женские сапоги), ерлер етігі (мужские сапоги). 

2. Көмекші сөздер (служебные слова).

Қазақ тілінде көмекші сөздерде толық мағына болмайды (не имеют лексическое значение), олар сөйлем мүшесі (не могут быть членами предложения) болмайды, олар зат есіммен тіркесіп (связываются с сущ.), күрделі сөздердің құрамында болады (бывают в составе сложных слов).

Көмекші сөздердің түрлері:

1. Жалғаулықтар (союзы): мен, бен, пен, да/де, та/те, және (и), немесе (или), бірақ (но), сондықтан (поэтому) М: Анар мен Әлия мектепке келді. Мен үйден ерте шықтым, бірақ сабаққа кешігіп қалдым. Не мен келемін, не сен келесің. Бүгін демалыс, сондықтан мен киноға барамын.

2. Септеуліктер(послелоги): А.с. арқылы, туралы (о) М: мектеп туралы, ол арқылы; Б.с. дейін, шейін (до) М: мектепке дейін; Ш.с. кейін, соң М: мектептен кейін, мектептен соң; К.с. бірге, қатар  М: анаммен бірге; . М: Ол Астанаға дейін пойызбен барды. Мен Абай туралы кітап оқыдым. Мен мектепке дейін автобуспен келдім. Мен мектептен соң үйге барамын. Мен анаммен бірге қонаққа барамын.

3. Демеуліктер (частицы): ма/ме, ба/бе, па/пе, ғана, қана. М: Сен Астанаға бардың ба? Ол оқушы ма? Сабаққа мен ғана дайынмын. Ол тек қана жазып отырды. Мынау сенің дәптерің бе?

3. Сөз тіркестерінен сөйлем құрастыр: егеменді ел, экономикалық аймақ, қоршаған орта.

Мен егеменді елде тұрамын. Қазақстан – егеменді ел. Семей экономикалық аймақ болады. Адам қоршаған ортамен байланысты.

15-билет

1. Белгілі күйшілер.

Қазақтың  белгілі күйшілері: Дәулеткерей, Сүгір Әлиұлы, Дина Нұрпейісова.

Дәулеткерей Шығайұлы – күйші, сазгер, қазақ күй өнерінің негізін салушы (основоположник). Оның әкесі Шығай Бөкей ордасының сұлтаны болды. Дәуеткерей орыс тілі мен мәдениетін (культуру) жақсы білген. Дәулеткерей 1869 жылы Құрманғазымен кездесті, кейін жақын дос болды. Дәулеткерейдің күйлері: «Ысқырма», «Қос алқа», «Қыз Ақжелкен», «Қаражан ханым»  және т.б.

Сүгір Әлиұлы (1882- 1961). Оңтүстік Қазақстан облысында туған. Он бес жасынан домбырада күй ойнаған. Атақты күйші Тәтімбет, Қорқыт күйлерін қобызда ойнаған. Сүгір «Бес жорға», «Аққу» күйлерін шығарған (сочинил). Сүгір Әлиұлы күйлерді домбыра мен қобызда ойнаған.

Дина Нұрпейісова (1861-1955) -  аса дарынды (очень талантливая) күйші .  Ол  8-9 жасынан  домбырада ойнаған. 9 жасында Құрманғазыны көреді, оның күйлерін үйренеді (обучается). Дина Құрманғазының шәкірті (ученик).Құрманғазы Динаға домбырасын сыйлап, бата (благославление) береді. Күйші-сазгер көп күй шығарды. Олар: «Тойбастар», «Әсемқоңыр», «Бұлбұл», «Ана бұйрығы» және т.б. Құрманғазы Динаның ұстазы(учитель).

2. Оқшау сөздер (қаратпа сөз, қыстырма сөз, одағай)  

Оқшау сөздерге (к обособленные словам) қаратпа сөз (обращение), қыстырма сөз (вводные слова) және одағай (междометие) жатады (относятся). Олар сөйлем мүшесі болмайды, өйткені басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспейді.

Қаратпа сөз (обращение) сөйлемнің басында тұрса, одан кейін үтір қойылады.

М: Балалар, жолда сақ болыңдар!

Қаратпа сөз ортасында тұрса, екі жағынан, үтір қойылады. М: Жолда, балалар, сақ болыңдар!

Қаратпа сөз сөйлемнің аяғында тұрса, оның алдынан үтір қойылады.

Жолда сақ болыңдар, балалар! Балалар сөзі - қаратпа сөз.

Одағай (междометие) сөйлеушінің көңіл-күйін (эмоцию), сезімін (чувства) білдіреді. Көңіл-күй (эмоции): қап, әттеген-ай; шақыру (зов) – моҺ-моҺ, кә-кә; таңдану (удивление) – Ах, Алақай. М: Қап, сабақтан қалып қойдым. Алақай, әжем келе жатыр.

Қыстырма сөздер (вводные слова) айтушының көзқарасын (мнение говорящего) білдіреді (выражает).  М: біріншіден, екіншіден (во-первых, во-вторых), менің ойымша, меніңше (по моему),өкінішке орай (к сожалению), сөз жоқ (нет слов), Анардың айтуынша, мүмкін (возможно). М: Менің ойымша, бүгін ауа райы жақсы болады. Өкінішке орай, демалыс бітті.

3. Сөздерге синонимдік қатар жаз:

Уақыт, мезгіл, мерзім.

Үлкен, зор.

Ақылды, дана, данышпан.

16-билет

1. Менің қалам.

Менің кіші Отаным – Семей қаласы. Өйткені бұл қалада мен туып-өстім. Алғаш рет мектеп табалдырығын аттап, қолыма әліппе (букварь) ұстадым және бұл қалада менің сүйікті достарым, сыныптастарым, туыстарым тұрады.  Ол Қазақстанның шығысында  Ертіс өзенінің бойында орналасқан.

Семей -  ежелгі қала, ол 1718 жылы қаланған. Семейдің тарихы өте бай.  Семейде ұлы ақын Абай, Мұхтар Әуезов, Шәкәрім, Шоқан Уәлиханов, Ф.М.Достоевский, Әміре Қашаубаев, Қаныш  Сәтпаев, Бибігүл Төлегенова, Роза Рымбаева, Дәулет Тұрлыханов сияқты атақты адамдар тұрған.  Семейде Абайдың, Достоевскийдің мұражайлары, Абайдың, Әуезовтің, Шәкәрімнің, Достоевский мен Шоқан Уәлихановтың ескерткіштері, Абай мен Достоевский атындағы театрлар бар.

2. Зат есімнің жалғаулары.

 Зат есімнің 4 жалғауы бар. Олар:

1) Көптік жалғаулары: лар/лер, дар/дер, тар/тер. М: балалар, кісілер, қыздар, кітаптар;

2) Тәуелдік жалғауы:

Жекеше (ед.ч.)

Көпше (мн.ч.)

І жақ ым/ім, м

ІІ жақ ың/ің, ң

ІІ жақ ыңыз/іңіз, ңыз/ңіз

ІІІжақ ы/і, сы/сі

І жақ  мыз/міз, ымыз/іміз

ІІ жақ  к.ж. + ың/ің

ІІжақ   к.ж. + ыңыз/іңіз

ІІІжақ  к.ж. + ы/і

Жекеше (ед.ч.)

Көпше (мн.ч.)

І жақ Менің анам

ІІ жақ Сенің анаң

ІІ жақ Сіздің анаңыз

ІІІжақ Оның анасы

І жақ  Біздің анамыз

ІІ жақ  Сендердің аналарың

ІІжақ   Сіздердің аналарыңыз

ІІІжақ  Олардың аналары

3) Жіктік жалғауы (личные окончания)

Жекеше (ед.ч.)

Көпше (мн.ч.)

І жақ мын/мін, бын/бін, пын/пін

ІІ жақ сың/сің

ІІ жақ сыз/сіз

ІІІжақ -

І жақ  мыз/міз, быз/біз, пыз/піз

ІІ жақ  сыңдар/сіңдер

ІІжақ   сыздар/сіздер

ІІІжақ  -

Жекеше (ед.ч.)

Көпше (мн.ч.)

І жақ Мен оқушымын

ІІ жақ Сен  оқушысың

ІІ жақ Сіз оқушысыз

ІІІжақ Ол  оқушы

І жақ  Біз оқушымыз

ІІ жақ  Сендер оқушысыңдар

ІІжақ   Сіздер оқушысыздар

ІІІжақ  Олар оқушылар

4) Септік жалғауы:

А.с.

Кім? Не?

-

І.с.

Кімнің? Ненің?

ның/нің, дың/дің, тың/тің

Б.с

Кімге? Неге? Қайда?

ға/ге, қа/ке, т.ж. І, ІІ ж.+ а/е, т.ж. ІІІ ж.+ на/не  

Т.с.

Кімді? Нені?

ны/ні,ды/ді,ты/ті, т.ж. ІІІж.+ н

Ж.с.

Кімде? Неде? Қайда?

да/де, та/те, т.ж. ІІІ ж. +нда/нде

Ш.с.

Кімнен? Неден? Қайдан?

нан/нен, дан/ден, тан/тен

К.с.

Кіммен? Немен?

мен, бен, пен

А.с.

Бала

Анам

Анасы

І.с.

Баланың

Анамның

Анасының

Б.с

Балаға

Анама

Анасына

Т.с.

Баланы

Анамды

Анасын

Ж.с.

Балада

Анамда

Анасында

Ш.с.

Баладан

Анамнан

Анасынан

К.с.

Баламен

Анаммен

Анасымен

3. Отан туралы мақал айт.

1. Отан оттан да ыстық.

2. Отанды сүю от басынан басталады.

3. Туған жердей жер болмас,

     Туған елдей ел болмас.

4. Әркімнің өз жері – жұмақ.

5. Отан үшін күрес – ерге тиген үлес.

6. Ер – елінде, гүл  -   жерінде.

7. Отансыз адам –

   Ормансыз – бұлбұл.

8. Туған жердің қадірін

   Шетте жүрсең білесің.

9. Кісі  елінде сұлтан болғанша,

    өз еліңде ұлтан  бол.

10. Отан үшін күрес - ерге тиген үлес.

17-билет

1. Қазақстанның мемлекеттік қорықтары (государственные заповедники).

Қазақстанның мемлекеттік қорықтары: Ақсу-Жабағылы, Наурызым, Алматы, Барсакелмес, Қорғалжын.

Ақсу-Жабағылы қорығы 1926 жылы табиғатты қорғау үшін (для    защиты природы) құрылған (создан). Батыс Тянь-Шаньның солтүстігінде (на севере Западного Тянь-Шаня) орналасқан. Мұнда ғылыми-зерттеу (научно-исследовательские) жұмыстары жүргізіледі (проводятся).

Наурызым қорығы 1930 жылы табиғатты қорғау үшін (для    защиты природы) құрылған. Ол  орманды дала Торғай облысында орналасқан.

Алматы қорығы 1935 жылы құрылған. Мұнда барыс, қоңыр аю, марал, таутеке (горный козел) , елік (косуля), құстардың 200-дей (около 200) түрі (тоқылдақ (дятел), бұлбұл (соловей) т.б.) бар.

Барсакелмес қорығы 1939 жылы құрылған. Ол Арал теңізінде (в Аральском море) Барсакелмес аралында (на острове Басакелмес – «пойдешь-не вернешься») орналасқан. Бұрын мұнда аққу (лебедь), бірқазан (пеликан) ұялаған (гнездились). Қазір мұнда экологиялық жағдай жаман  болғандықтан, құлан, ақбөкен (сайгак), қарақұйрық (газель, джейран)  саны (колличество) азайып барады (уменьшается).

Қорғалжын қорығы 1968 жылы құрылған. Ол Астана қаласынан 140 шақырым (км.) жерде. Қорық құстар мен жануарлардың кейбір түрлерін сақтау үшін (для сохранения) құрылған.

2. Септіктер.

Қазақ тілінде 7 септік бар.

А.с.

Кім? Не?

-

І.с.

Кімнің? Ненің?

ның/нің, дың/дің, тың/тің

Б.с

Кімге? Неге? Қайда?

ға/ге, қа/ке, т.ж. І, ІІ ж.+ а/е, т.ж. ІІІ ж.+ на/не  

Т.с.

Кімді? Нені?

ны/ні,ды/ді,ты/ті, т.ж. ІІІж.+ н

Ж.с.

Кімде? Неде? Қайда?

да/де, та/те, т.ж. ІІІ ж. +нда/нде

Ш.с.

Кімнен? Неден? Қайдан?

нан/нен, дан/ден, тан/тен

К.с.

Кіммен? Немен?

мен, бен, пен

А.с.

Бала

Анам

Анасы

І.с.

Баланың

Анамның

Анасының

Б.с

Балаға

Анама

Анасына

Т.с.

Баланы

Анамды

Анасын

Ж.с.

Балада

Анамда

Анасында

Ш.с.

Баладан

Анамнан

Анасынан

К.с.

Баламен

Анаммен

Анасымен

3. Тіл туралы мақал айт.

1. Айтылған сөз – атылған оқ.

2. Басқа пәле – тілден.

3. Жыланның уы - тісінде,

Адамның уы – тілінде.

4. Өнер алды – қызық тіл.

5. Жақсы сөз – жарым ырыс.

6. Аузың айтқанды  қолмен істе.

7. Жақсының сөзі – жырмен тең.

8. Көзі жаманның – сөзі жаман.

9. Тіл тас жарады, тас жармаса,  бас жарады.

18-билет

1. Шешендік өнер.

Шешендік өнерді ұстанған (обладающих искусством  красноречия) адамдарды шешен (оратор) деп атаған (называли). Шешендер адамдар арасындағы (среди людей), ел, ру, жүз  арасындағы қиын мәселелерді (сложные проблемы) шешкен (разрешали). Шешендер өлеңмен мақалдап сөйлеген. Олар хандардың кеңесшісі (советником хана) болған. Мысалы: Жәнібек ханның кеңесшісі – Жиренше шешен, Асанқайғы, ал Тәуке, Қасым хан, Абылай хандардың кеңесшілері Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би, Бұқар жыраулар болған. Шешендер өз ойын (свои мысли) көркем де ұтымды айта білген. Олар сауатты (грамотный), білімді, дарынды (талантливый) керемет дипломат және қоғам қайраткері (общественный деятель)  де болған.

Шешендік сөздердің түрлері (виды ораторских слов):

1.Шешендік арнау (посвящение) – бір адамға айтылған сәлем (приветствие), сын (критика), әзіл (шутка), бата (пожелание);

2.Шешендік толғау (размышление) – нақыл (назидание), мақал (пословица), мысал (басня), жұмбақ (загадка), жауап (ответ);

3. Шешендік дау  (спор)- заттық (вещественные), рухани (духовный) мәселелерді (проблемы) шешетін (разрешающие) әдет заңы (закон по обычаю).

2. Жай сөйлемнің түрлері (виды) айтылу мақсатына қарай:

1)Айтылу мақсатына қарай  (по цели высказывания)

хаб., сұраулы, бұйрықты, лепті.

Мысалы: Мен мектепте оқимын.(айтылу мақатына қарай бұл хабарлы сөйлем)

Сұраулы сөйлем 1. Сұрау есімдігі арқылы жасалады(с помощью вопросит. местоимения). Сен қашан келесің?

2.Сұраулық шылаулар арқылы (с помощью вопросит.частиц- ма/ме, ба/бе, па/пе) Сен келесің бе?

3.Интонация арқылы (при помощи интонации) - Ты?

Бұйрықты (повелительное) Сендер мектепке тез келіңдер!

Лепті (восклиц.) Қазақстан жасасын!

3. Асты сызылған сөздерге фонетикалық талдау жасаңдар: Табиғатқа келтірген зиян - өзімізге жасаған қастандық.

Табиғатқа – жуан сөз, 4 буын, та -ашық, би –ашық, ғат –бітеу, қа –ашық.

Т – д-сыз, қатаң

А- д-ты, жуан, ашық, езулік.

Б- д-сыз, ұяң

И- д-ты, жуан, езулік, қысаң

Ғ- д-сыз, ұяң

А- д-ты, жуан, ашық, езулік.

Т- д-сыз, қатаң

Қ- д-сыз, қатаң

А- д-ты, жуан, ашық, езулік.

9 әріп, 9 дыбыс

Қастандық – жуан сөз, 3 буын,қас-бітеу, тан –бітеу, дық – бітеу.

Қ- д-сыз, қатаң

А- д-ты, жуан, ашық, езулік.

С- д-сыз, қатаң

Т- д-сыз, қатаң

А- д-ты, жуан, ашық, езулік.

Н-д-сыз, үнді

Д- д-сыз, ұяң

Ы-д-ты, жуан, езулік, қысаң

Қ- д-сыз, қатаң

9 әріп, 9 дыбыс

19-билет

1. Киіз үй.

Киіз үй – қазақ халқының ертеден келе жатқан баспанасы. Ол көшіп-қонғанда тез жиылып (быстро собирается), шапшаң тігіледі. Жазда ауасы таза және салқын болады. киіз үйдің бөлшектері: шаңырақ, кереге, уықтар, есік, босаға.

Қазақтың киіз үйі ішкі қаңқасы (ағашы) мен сыртқы жамылғысына қарай (киізі) 4 қанат, 6 қанат, 8 қанат, 12 қанат болады.

2. Жай сөйлемнің түрлері (сөйлем мүшелерінің қатысына қарай)

Сөйлем мүшелерінің қатысына қарай жай сөйлем жалаң және жайылма болады.

Жалаң (нерасп.), жайылма(распр.)

Сөйлемде бастауыш пен баяндауыш  қана болса, жалаң сөйлем дейміз. М: Мен келемін. Біз келдік.

Сөйлемде тұрлаулы мен тұрлаусыз мүшелер болса,жайылма сөйлем дейміз. М: Мен саған ертең келемін. Біз бүгін қонаққа барамыз. Ертең маған кел.

Атаулы с-м(назывные) Бір сөзден немесе сөз тіркесінен жасалған сөйлемді атаулы сөйлем дейміз. Мыс: Қыс. Аппақ қар. Күн суық.

3. Табиғат, теңіз сөздерін септе.

Атау

Ілік

Барыс

Табыс

Жатыс

Шығыс Көмектес

табиғат

табиғаттың

табиғатқа

табиғатты

табиғатта

табиғаттан

табиғатпен

теңіз

теңіздің

теңізге

теңізді

теңізде

теңізден

теңізбен

20-билет

1. Қазақтың тұңғыш ғарышкері (первый космонавт).

Қазақтың тұңғыш ғарышкері  -  Тоқтар Әубәкіров.  

Тоқтар Әубәкіров  1946 жылы Қарағанды облысында туған. 1969 жылы Армавир жоғары әскери-әуе (высшее военно-воздушное) училищесін бітіріп, сынақшы-ұшқыш (летчик-испытатель) болады. Ұшақтардың 50-ден астам  түрін (более 50-и  видов самолет)  игереді. Гагарин атындағы ғарышкерлер даярлау орталығына қабылданады (был принят в центр по подготовке космонавтов им.Гагарина). 1979 жылы Мәскеу әуә институтын бітірген. Т.Әубәкіров ғарышқа (в космос) 1991 жылы қазанда (в октябре)  ұшты.

2. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері (главные члены предл.). 

Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері - бастауыш (подлежащее) пен баяндауыш (сказуемое)

 Бастауыш (подлежащее) – сөйлемнің тұрлаулы мүшесі, кім, не туралы айтылатынын  білдіреді.

Сұрақтары: кім? не? кімдер? нелер?

1) Бастауыш зат есімнен (сущ.)жасалады. Мысалы: Мұғалім  сыныпқа кірді. Кім? мұғалім, бұл бастауыш, зат есімнен жасалған.

2) Бастауыш Атау септікте тұрған  есімдіктен (местоим. в И.п.) де жасалады. Мысалы: Мен бүгін мектепке ерте келдім. Кім? мен, бұл бастауыш А.с. тұрған есімдіктен жасалған.

3) Бастауыш сын есімнен (прилаг.) де жасалады. Мысалы: Үлкендер таңертең жұмысқа кетті. Кімдер? үлкендер, бұл бастауыш, сын есімнен жасалған.

4) Бастауыш сан есімнен (числит.) де жасалады. Мысалы:Алты екіге бөлінеді. Не? алты, бұл бастауыш, сан есімнен жасалған.

5) Бастауыш есімшеден (прич.) де жасалады. Мысалы: Жиналысқа қатысқандар риза болды. Кімдер? қатысқандар, бұл бастауыш есімшеден жасалған.

Баяндауыш (сказуемое) - сөйлемнің тұрлаулы мүшесі , жасалған іс-әрекетті, қимылды білдіреді. Сұрақтары:не істеді?не істейді?не істеп жатыр (тұр,отыр,жүр)?  

1. Баяндауыш көбінесе  етістіктен жасалады. Мысалы: Асхат  тоғызыншы сыныпта оқиды. (не істейді?)

2. Баяндауыш зат есімнен де жасалады. Мысалы: мен оқушымын.

3. Баяндауыш сан есімнен (числит.) де жасалады. Мысалы:

Сіздер  алтаусыздар.

4. Баяндауыш есімдіктен (местоим.)  де жасалады. Мысалы:Сен кімсің?

5. Баяндауыш есімшеден (прич.) де жасалады.

М: Абай Семейде оқыған. Не істеген? Оқыған.

3. Сөйлемге синтаксистік талдау жаса: Біздің республикамыздың мемлекеттік рәміздеріне шетелдік мамандар жоғары баға берген.

21-билет

1. Нұрғиса Тілендиев

Нұрғиса Тілендиев – қазақ сазгері, дирижер, домбырашы, Қазақстанның халық әртісі, Халық қаҺарманы (Народный герой). Ол Алматы облысында туған. Н.Тілендиев  Чайковский атындағы Мәскеу консерваториясының дирижерлік факультетін бітірген  (закончил дириж-ий факультет Московской консерватории). 1953-1961 жылдары Қазақстанның опера және балет театрында істеді. «Қазақфильм» киностудиясында музыкалық бас редакторы болды. Оның 400-ге жуық (примерно 400) ән мен романстары бар. Сазгердің  «Аққу» күйін, «Саржайлауым», «Алатау», «Құстар», «Ана туралы жыр»  әндерін халық жақсы біледі. Ол «Отырар сазы» оркестрін басқарған (руководил).

  1.  Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері.

Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері – анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш.

Анықтауыш (определение)- сөйлемнің тұрлаусыз мүшесі, заттың меншіктігін (принадлежность), ретін (порядок), түрін (вид), түсін(цвет), сапасын (качество) білдіреді. Сұрақтары: Ілік септіктің сұрақтары кімнің?ненің?(чей?), қандай?(какой?) қай? нешінші? (который?) қанша? неше?  (сколько?)

1. Анықтауыш сын есімнен (прилаг.) жасалады. Мысалы: Ақ қағаз үстелде жатыр. Қандай? – ақ, бұл анықтауыш сын есімнен жасалған.

2. Анықтауыш сан есімнен (числит.) жасалады.

М: Еркін төрт кітап сатып алды. Қанша? - төрт. Бұл анықтауыш, сан есімнен жасалған.

3. Анықтауыш есімшеден (прич.)  жасалады.

Мен қайнаған су ішемін. Қандай? қайнаған. Бұл анықтауыш, есімшеден жасалған.

4. Анықтауыш  есімдіктен (местоим.) жасалады.

М: Бұл кітап менікі. Қандай?- бұл. Бұл анықтауыш, есімдіктен жасалған.

5. Анықтауыш  зат есімнен (сущ.) де  жасалады.

М: Мен кірпіш үйде тұрамын. Қандай?- кірпіш. Бұл анықтауыш, зат есімнен жасалған.

Толықтауыш(дополнение)- сөйлемнің тұрлаусыз мүшесі, сөйлемдегі ойды толықтырады.

Толықтауыш

      Тура (прямое)                   Жанама (косвен.)

Т.с.кімді?нені?                         Б.с.кімге?неге?

                                                 Ж.с.кімде?неде?

                                                 Ш.с.кімнен?неден?  

                                                 К.с.кіммен?немен?

Зат есімнен, есімдіктен жасалады.

М: Мен Әлияны көрдім. Кімді?Әлияны, бұл тура толықтауыш.  Мен кеше (кімді?)сені көрдім.

Мен Әлиямен келдім. Кіммен?Әлиямен, бұл жанама толықтауыш.

Пысықтауыш (обст.) - сөйлемнің тұрлаусыз мүшесі, іс-әрекеттің  (действия) мақсатын (цель),  мезгілін  (время), мекенін (место), себебін (причину)  білдіреді.

Пысықтауыштың 5 түрі бар :

  1.  Мезгіл пысықтауыш (обст-во времени). Сұрағы:қашан?(когда?)  

М: Мен бүгін қонаққа барамын. (Барамын қашан? бүгін, бұл мезгіл пысықтыуыш).

  1.  Мекен пысықтауыш (обст-во места). Сұрақтары: қайда? (где? куда?), қайдан?(откуда?)

М: Мен  қалада тұрамын. (Тұрамын қайда? қалада, бұл мекен пысықтауыш). Мен Астанадан келдім. (Келдім (қайдан?) Астанадан, бұл мекен пысықтауыш).

  1.  Мақсат пысықтауыш (обст-во цели). Сұрақтары: неге?(зачем?), не үшін?(для чего?).

М: Мен мектепке оқу үшін (не үшін?) келемін. Анар дүкенге нанға(неге?) кетті.

  1.  Себеп пысықтауыш (обст-во причины). Сұрақтары: неліктен?(от чего?), не үшін? (за что?), не себепті?(по какой причине?)

М: Көп ұйықтағаннан (неліктен? есімшеден жасалған) басым ауырды.

  1.  Қимыл-сын пысықтауыш (обст-во образа действия)

Сұрақтары: қалай?(как?), қайтіп?(каким способом?)

М: Сен тез  жүр. (жүр қалай? – тез, қимыл-сын пысықтауыш, үстеуден жасалған)

Ол ұялғаннан қызарып кетті.(қызарып кетті не себептен? ұялғаннан)

3. Берілген сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастыр. Табиғатты қорғау, орманды дала, сирек кездесетін жануарлар.

Сирек кездесетін жануарлар «Қызыл кітапқа» енген. Табиғатты қорғау - әр азаматтың міндеті. Орманды далада  жабайы аңдар мекендейді.

22-билет

1. Әміре Қашаубаев.

Әміре Қашаубаев – қазақтың атақты әншісі. Ол Семейде Абыралы деген жерде туған. Оның ғажап дауысы (удивительный голос) әлемді таңғалдырған (удивил). Әміре 1925 жылы Парижде, 1927 жылы Франкфуртте ән шырқады (пел). Домбырамен «Ағаш аяқ», «Жалғыз арша» деген әндерін орындап (исполнив), жүлделі орын (призовое место) алды. Әміре аса дарынды (очень талантливый) актер де болған. Ол 1933-1934 жылдары опера және балет театрында Мұхтар Әуезовтің «Еңлік-Кебегінде», «Айман-Шолпанында» ойнады. Әміре Қашаубаев әлемге белгілі болған қазақтың тұңғыш әншісі (первый казахский певец, ставший известным всему миру). Әміренің домбырасы Алматыда саз аспаптар мұражайында сақтаулы тұр (хранится в музее музыкальных инструментов)

2. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері.

Сөйлемнің бірыңғай мүшелері бір ғана сұраққа жауап беріп, бір ғана қызмет атқарып, бір ғана мүшемен байланысады. Сөйлемнің барлық мүшелері бірыңғай  мүшелер  бола алады.

1. Бірыңғай бастауыштар болады. М:   Мектепке  (кімдер?) Әлия, Сәуле, Дидар  келді.

2. Бірыңғай баяндауыштар болады. М: Қазақ тілі сабағында біз (не істеймііз?) оқимыз, жазамыз, әңгімелейміз.

3. Бірыңғай пысықтауыштар болады. М: Оқушы өлеңді (қалай?) асықпай, мәнерлеп оқып шықты.

4. Бірыңғай толықтауыштар болады. М: Мен дүкеннен (не?) нан, май, қант сатып алдым.

5. Бірыңғай  анықтауыштар болады. М: Қазақстан жері (қандай?) үлкен, әдемі, кең-байтақ.

3. Сызба бойынша сөйлем құрастыр:  А.С. (автор сөзі): «Т.С. (төл сөзі)» , - а.с (автор сөзі).

Мұғалім: «Бүгін алты сабақ болады», - деді.

Анам: «Ертең суға түсуге барамыз», - деді.

Асқар: «Мен жазда Көкшетауға барамын», - деді.

Менің досым: « Демалыс күні өзенге балық аулауға барайық», - деді.

Әкем: «Сен сабақтан қашан келесің?», - деп сұрады.

23-билет

1. Тұңғыш қазақ ғалымы. Ш.Уәлиханов.

Шоқан Уәлиханов – қазақтың тұңғыш ғалымы, саяхатшы (путешественник) және зерттеушісі (исследователь). Ол 1835 жылы  Көкшетау  облысында Құсмұрын деген жерде туған. Шын аты – Мұхамедқанапия. Шоқан 12 жасында Омбы қаласындағы кадет корпусына оқуға түседі. Ол шағатай, араб, парсы тілдердін білген. Шоқан Семейде, Алакөлде, Аякөзде, Тарбағатайда, Қарқаралыда, Баянауылда, Көкшетауда болып, қазақ халқының ауыз әдебиеті (устную литературу), тарихы туралы материалдар жинайды. Ыстықкөлде болып, қырғыз, ұйғыр, дүнген, қытай халықтарының тарихын, өмірін зерттеген (исследовал). Шоқан Уәлиханов қырғыз халқының «Манас» жырын жазып алды (записал). Оның зерттеулері (исследования): «Жоңғария очерктері», «Ыстықкөл сапарының күнделігі» т.б..  Шоқанның еңбектерін (труды) орыс ғалымдары жоғары бағалады (высоко оценили). Шоқан Уәлиханов 22 жасында (в 22 года), ғалым атанды (назван ученым). Шоқан Уәлиханов 30 жыл ғана өмір сүрді (жил 30 лет). Семейде Шоқанның ескерткіші және Шоқан атындағы көше бар.

2. Құрмалас сөйлем. Салалас құрмлас сөйлем.

Құрмалас сөйлем құрамына қарай (по составу)

Салалас қ/с        Сабақтас қ/с          Аралас қ/с

(ССП)                    (СПП)                    (Смешанное)

           Салалас  құрмалас сөйлем (ССП)

(екі не бірнеше сөйлемнен тұрады,баяндауыштары тиянақты, өзара тең дәрежеде)

жалғаулықты(союзные)                жалғаулықсыз(бессоюз)

                                                 Қоңырау соғылды,мұғалім сыныпқа кірді                                                                                             (жалғаулықсыз ыңғ. сал. қ/с)

1.Ыңғайлас (соединит.)

да/де ,та/те, және, әрі(и)  М: Қоңырау соғылды да,мұғалім сыныпқа кірді.

2.Қарсылықты(против.)

бірақ, алайда, дегенмен(но) М: Мен сабаққа дайындалдым,бірақ мұғалім менен сұрамады.

3.Себеп-салдар(причинно-следственные)

сондықтан, өйткені, себебі (потому что, поэтому). М: Серік сабаққа келмеді, өйткені ол ауырып қалды.

4.Талғаулы(с выборочными отношениями)

не,немесе,я,әлде,бірде(или). М: Ертең не жаңбыр жауады, не жел соғады.

5.Кезектес(с чередующимися  отношениями)

біресе... біресе, кейде ... кейде(иногда). М: Оқу залында кейде сабақ өткізіледі,кейде жиналыс болады.

3. Сызба бойынша сөйлем құрастыр:

«Т.С. (төл сөзі)» , - а.с (автор сөзі). «Бүгін алты сабақ болады», - деді мұғалім.  «Ертең суға түсуге барамыз», - деді анам.

24-билет

1. Ел ордасы – Астана.

Біздің мемлекетіміздің  бас қаласы – Астана. Бүгінде Астананың аты әлемге әйгілі. Астана қаласы Қазақстанның солтүстігінде орналасқан. Бұл жердің ауасы таза, қысы қатал (зима суровая), жазы ыстық болады. Астананың бұрынғы аттары Қараөткел, Ақмола, Целиноград.

Астана – болашағы үлкен қала. Мұнда әсем (красивые), зәулім (высотные) ғимараттар салынып жатыр. Қаланың орталығында Елбасының Резиденциясы бар. Бұл ғимараттың төбесі кәдімгі қазақ үйінің шаңырағы сияқты.

Астана  іскерлік және мәдени орталыққа  айналды (превратилась в центр бизнеса и культуры).

2. Құрмалас сөйлем. Сабақтас құрмалас сөйлем.

Сабақтас құрмалас сөйлем (СПП) басыңқы және бағыныңқы сөйлемнен тұрады.

Бағыныңқы сөйлем                     ,      

(придат.предл.)

Басыңқы сөйлем

(главное предл.)

Сабақтас құрмалас сөйлемнің белгілері (признаки):

  1.  Құрамындағы  жай сөйлемдер өзара тең дәрежеде емес (не равны): 1-інші сөйлем -  бағыныңқы сөйлем болады,ал 2-інші сөйлем - басыңқы сөйлем болады.
  2.  Бағыныңқы сөйлемде баяндауыш (сказуемое) тиянақсыз тұлғада тұрады (стоит в незаконченной форме)
  3.  1-інші бағыныңқы сөйлем 2-інші басыңқы сөйлемге бағынады (зависит), яғни басыңқы сөйлемнен бағыныңқы сөйлемге сұрақ қойылады.

М: Қоңырау соғылса, сабақ басталады. (сабақ басталады – басыңқы сөйлем, қайтсе? (не істесе?) – қоңырау соғылса – бұл бағыныңқылы сөйлем, баяндауышы тиянақсыз тұлғада, шаррты райда (в условном наклонении) тұр. Сондықтан бұл сөйлем шартты бағыныңқылы  сабақтас құрмалас сөйлем болады.

Сабақтас құрмалас сөйлем 6 түрге бөлінеді:

  1.  Шартты бағыныңқылы  сабақтас құрмалас сөйлем (СПП с придаточными условия)

Шартты бағыныңқылы сөйлем (придаточное условное предложение) басыңқы сөйлемдегі ойдың болу шартын білдіреді (выражает при каком условии свершится действие главного предложения). Сұрақтары:  қайтсе? не істесе? Бағыныңқылы сөйлемде (в придаточном предложении) баяндауыш (сказуемое) шартты райда (в условном наклонениии) тұрады.

Шартты райдың жасалу жолы: е.н. + СА/СЕ жұрнақтары (если)

М: Қоңырау соғылса, сабақ басталады. (сабақ басталады – басыңқы сөйлем, қайтсе? (не істесе?) – қоңырау соғылса – бұл бағыныңқылы сөйлем, баяндауышы тиянақсыз тұлғада, шаррты райда (в условном наклонении) тұр. Сондықтан бұл сөйлем шартты бағыныңқылы  сабақтас құрмалас сөйлем болады.

М: Күн ашық болса, біз өзенге барамыз. Сабақ болмаса, біз қуанамыз. Күн жылынса, қар ериді.

  1.  Қарсылықты бағыныңқылы  сабақтас құрмалас сөйлем (СПП с придаточными противительными)

Қарсылықты бағыныңқылы сөйлемде сөйлемдер бір-біріне қарама-қарсы болады. Бағыныңқылы сөйлемде баяндауыштың тұлғасы:

1) е.н. + са/се жұрнақтары     да/де шылаулары (частицы)

2) ғанмен/ генмен, қанмен/кенмен

Сұрақтары: Қайтсе де? Не істесе де? М: Қоңырау  соғылса да, оқушылар келген жоқ. (басыңқы сөйлем – оқушылар келген жоқ (не істесе де?) – қоңырау соғылса да –  бұл қарсылықты бағыныңқылы сөйлем)

     Күн суық болса да, біз орманға бардық. Қоңырау соғылғанмен, оқушылар келген жоқ.

     Күн суық болғанмен, біз орманға бардық.

  1.  Мезгіл бағыныңқылы  сабақтас құрмалас сөйлем (СПП с придаточными времени)

Сұрақтары: қашан? (когда?), қашанға дейін? (до каких пор?)

Бағыныңқылы сөйлемде баяндауыштың тұлғасы:

1) ған+да/ген+де

2) ғанша/генше, қанша/кенше

3) ғаннан кейін/геннен кейін

М: Мен келгенде, сен жоқсың. Басыңқы сөйлем – сен жоқсың қашан? мен келгенде – бұл мезгіл бағыныңқылы сөйлем.  Мұғалім  келгенше, біз сыныпта отырдық.  Қоңырау соғылғаннан кейін, біз үйге қайттық.

  1.  Себеп бағыныңқылы  сабақтас құрмалас сөйлем (СПП с придаточными причины)

Сұрақтары: неге? (почему?), неліктен? (от чего?), не себепті? (по какой причине?)

Бағыныңқылы сөйлемде баяндауыштың тұлғасы:

1) ғандықтан/гендіктен

2) ған соң

М:  Көп жүрген соң, аяғым ауырып қалды. (басыңқы сөйлем – аяғым ауырып қалды неге? – көп жүрген соң – бұл себеп бағыныңқылы сөйлем)

     Жаңбыр жауған соң, біз орманға бармадық. Жаңбыр жауғандықтан, біз орманға бармадық (басыңқы сөйлем – біз орманға бармадық неліктен? – жаңбыр жауғандықтан – бұл себеп бағыныңқылы сөйлем).

  1.  Мақсат бағыныңқылы  сабақтас құрмалас сөйлем (СПП с придаточными цели)

Мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем (СПП с придаточными цели). Сұрақтары: не үшін? (для чего?) не мақсатпен? (с какой целью?) неге? (зачем?).

Бағыныңқылы сөйлемде баяндауыштың тұлғасы (форма сказуемого):

е.н. + у жұрнағы   үшін (для)

М: Оқуға түсу үшін, сабақты жақсы оқу керек. Басыңқы сөйлем – сабақты жақсы оқу керек Не үшін? – оқуға түсу үшін – мақсат бағыныңқылы сөйлем.

М: Жақсы оқу үшін, сабаққа үнемі дайындалу керек.

  1.  Қимыл-сын бағыныңқылы  сабақтас құрмалас сөйлем (СПП с придаточными образа действия)

Қимыл-сын  бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем (СПП с придаточными образа действия). Сұрақтары: қалай?қайтіп? (как?)

Бағыныңқылы сөйлемде баянжауыштың тұлғасы:

  е.н. + ып/іп, п жұрнақтары

М: Көктем келіп, күн жылынды. Балалары келіп, ана қуанды.  Жаңбыр жауып, жер көгерді.

3.  Ата-ана, бала туралы мақал-мәтелдерді айт.

1. Балалы үй – базар,баласыз үй – мазар.

2. Ұл туғанға – күн туар.

3. Ананың сүті – бал, баланың тілі – бал.

4. Ата – балаға сыншы.

5. Ата – бәйтерек, бала – жапырақ.

6. Ұлдың ұяты - әкеге, қыздың ұяты – шешеге.

7. Ердің анасы – елдің анасы.

8. Бес саусақ бірдей емес.

9. Балам – балым, баланың баласы – жаным.

10. Дүниеде бал тәтті, бала балдан да тәтті.

25-билет

1. Жыл мезгілдері.

Жылдың төрт мезгілі бар: қыс, көктем, жаз және күз. Қыс айлары: желтоқсан, қаңтар, ақпан. Қыста қар жауады, боран соғады, күн суық, аязды (морозные) болады. Балалар  қармен ойнайды, шаңғы, шана тебеді, мұз айдынында (на ледовом катке) хоккей ойнайды. Қыста адамдар жылы киінеді. Қыста Жаңа жыл мейрамын тойлаймыз.

Көктем айлары: наурыз, сәуір, мамыр. Көктемде күн жылынады, қар ериді, құстар жылы жақтан ұшып келеді, ағаштар бүршік жарады. Мал төлдейді. Күн күркірейді (гром гремит), жаңбыр жауады. Күн ұзарады, түн қысқарады. 22-наурызда күн мен түн теңеледі. Көктемде қазақ халқы Наурыз мерекесін тойлайды. Көктемде егін, бақша егіледі.

Күз айлары: қыркүйек, қазан, қараша. Күзде күн салқындайды, жиі жаңбыр жауады, тұман түседі, ағаштардың жапырақтары сарғайып, жерге түседі. Жемістер мен көкөністер піседі. Құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Мектептерде оқу жылы басталады. Халық бұл мезгілді «Алтын күз» дейді.

2. Төл сөз бен автор сөзі.

Біреудің сөзін өзгертпей берілуін төл сөз (прямая речь) дейміз. Төл сөз йатылу мақсатына қарай хабарлы, сұраулы, лепті болады. автор сөзі үнемі (постоянно) хабарлы болады.

«Т.С.», - а.с. «Ертең алты сабақ болады», - деді мұғалім. «Ертең неше сабақ болады?» - деді мұғалім.     «Сабаққа кешікпеңдер!» - деді мұғалім. «Ертең суға түсуге барамыз», - деді анам.

А.С.: «Т.С.». Мұғалім былай деді: «Ертең алты сабақ болады». Анам былай деді: «Ертең суға түсуге барамыз».

 «Т.С. (төл сөзі)» , - а.с (автор сөзі). «Бүгін алты сабақ болады», - деді мұғалім. «Ертең суға түсуге барамыз», - деді анам.

3. Тиісті тыныс белгісін қойып, сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрін анықта:

Тудың көгілдір түсі ненің белгісі ? (сұраулы сөйлем)

Ғажайып, әдемі қала ! (лепті сөйлем)

Шығыс Қазақстанда Зайсан, Марқакөл сияқты әсем көлдер, сыңғырлаған бұлақтар көп.(хабарлы сөйлем)




1. экономический механизм управления качества ОПС по материалам закона об охране окружающей среды РФ По
2. тема общественных отношений1
3. реферат дисертації на здобуття наукового ступеня кандидата економічних наук Кривий Р
4. При декомпенсированном легочном сердце применяют- 1 инфузии растворов нитроглицерина 2 блокаторы кальциев
5. по полочкам. И тем не менее мы можем многое узнать о нём с помощью чисел
6. Введение11
7. Современные деньги их теория и практика
8. а и продолговатого мозга и располагается позади ската внутреннего основания черепа до края большого затылоч
9. тема РФ В чем проявляется сущность бюджета любого государства Охарактеризуйте структуру консо
10. светло оранжевый 602 авантюрин metlic серебрис.
11. Тема- Особливі випадки приготування розчинів
12. Теория государства и права Тесты
13. Характеристика веб-браузерів Загальновживані норми оформлення текстового матеріалу
14. Об аудиторской деятельности
15. Вариант сельскохозяйственной культуры- Лён Для студентов специальности 310900 ldquo;Землеустройств
16. тематичних наук Київ2000 Дисертацією є рукопис
17. Технические средства информатизации Представление информации в компьютере
18. УТВЕРЖДАЮ Президент Федерации триатлона Пермского края Е.
19. Уфимский колледж статистики информатики и вычислительной техники МЕТОДИЧ
20. зарождение 199293 ~ воор