Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

ІЗДЕНУШІ ~ЫЛЫМИ ЖУРНАЛЫ

Работа добавлена на сайт samzan.net:


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САЯСАТЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН МЕМЛЕКЕТ МЕХАНИЗМІНДЕГІ ОРГАНДАРДЫҢ МАҢЫЗЫ

«ІЗДЕНУШІ» ҒЫЛЫМИ ЖУРНАЛЫ. 2011 Ж. ШІЛДЕ-ҚАЗАН. ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ. №4,5. 233-242 Б.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САЯСАТЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН МЕМЛЕКЕТ МЕХАНИЗМІНДЕГІ ОРГАНДАРДЫҢ МАҢЫЗЫ

Омар Бауыржан Мұсаханұлы, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің магистр оқытушысы, 
Omar-1982 @E-mail.ru, Түркістан қаласы.

Накипов Бекжан Бауыржанұлы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ, заң факультетінің 
ЗҚТ-915о тобының студенті. Bekenti91@E-mail.ru, Түркістан қаласы.

Қазақстандағы тәуелсiздiк жылдары экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң мүлде жаңа мемлекеттiк жүйесiнiң құрылуының және қалыптасуының, Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы атқарушы органдардың жақсы ұйымдастырылған және аумақтық таралған жүйесiн – қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалануды басқарудың жылдары болды. Бұл қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыруды және дәйектi iске асыруды қамтамасыз еттi.  Алайда, Қазақстанда көптеген онжылдықтар бойы қоршаған ортаға төтенше жоғары техногендiк салмақ түсiретiн, табиғат пайдаланудың көбiнесе шикiзат жүйесi қалыптасты. Сондықтан әзiрге экологиялық жағдайдың түбегейлi жақсаруы әзiр бола қойған жоқ, әрi ол бұрынғысынша биосфераның тұрақсыздануына, оның қоғамның тiршiлiк әрекетi үшiн қажеттi қоршаған ортаның сапасын оның қолдау қабiлетiн жоғалтуына апаратын табиғи жүйелердiң тозуымен сипатталады. Мұнда басты мақсат, мемлекеттік басқарудың, соның ішінде қоршаған ортаны тиімді пайдалануға, сауықтыруға және қорғауға байланысты мемлекеттік органдардың басқару нысандарын, жүйелерін, бағыныштылығын, олардың қызметін ұйымдастыру тетіктерін, қағидалары мен өкілеттіктерін одан әрі дамыту еді. Сонымен қатар, бұл мәселелер Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 3 желтоқсандағы №1241 Жарлығымен мақұлданған Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауiпсiздiк тұжырымдамасында да кең көрініс тапқан [1. 4-5].
Аталған тұжырымдаманы қабылдаған сәттен бастап Қазақстан Республикасында қоғамдық дамуда елеулi өзгерiстер болды. Мемлекет дамуының стратегиялық құжаттары әзiрлендi, табиғат қорғау заңнамасының негiзi құрылды, қоршаған ортаны қорғау мәселелерi бойынша бiрқатар халықаралық конвенцияларға қол қойылды, табиғат қорғау қызметiн басқару жүйесi құрылды. Мысалы, 1997 жылы «Қоршаған ортаны қорғау туралы», «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы», «Экологиялық сараптама туралы», 1998 жылы – «Радиациялық қауiпсiздiк туралы» Заңдар, ал 2002 жылы – «Атмосфералық ауаны қорғау туралы» Заң қабылданды. Табиғатты ұтымды пайдалану саласында Президенттiң «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» (1996 жыл) және «Мұнай туралы» (1995 жыл) заң күшi бар Жарлықтары, 2003 жылы – Орман, Су және Жер кодекстерi қабылданып, көптеген өзгерістерге ұшырап отырды. Заңға тәуелдi қажеттi нормативтiк құқықтық актiлердiң көпшiлiгi әзiрленiп, бекiтiлдi.
Жоғарыда аталған заңнамаларды жетiлдiру мақсатында республикада оны дамыған елдердiң заңнамасына жақындатуға және халықаралық стандарттарды енгiзу бағыты тұрды. Қазақстан Республикасы 19 халықаралық конвенцияға қол қойды және оларды iске асыру жөнiндегi iс-қимылды ұлттық жоспарлары әзiрледi. Экологиялық сараптау жүйесi, рұқсат ету және бақылау-инспекциялық жұмыс жолға қойылды.
Тұжырымдаманың мiндеттерiн орындау нәтижесiнде қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылауды күшейту және мiндеттi экологиялық сараптаманы енгiзу есебiнен 90 жылдардың басымен салыстырғанда қоршаған ортаны ластаудың қарқыны едәуiр төмендедi. Алайда, мемлекеттiң экологиялық осал аумақ және шешiлмеген экологиялық проблемалар мәртебесi сол күйiнде қалып отыр [2. 22-23].
Жоғарыда аталғандармен байланысты елдiң стратегиялық басымдықтарына сәйкес қазiргi жағдайдағы экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң мiндеттерiн түбегейлi қайта қарау, нақтылау және кеңейту көзделуде. Жаңа Тұжырымдамада iске асырылмаған мiндеттердi шешу ұсынылып отыр. Олардың iшiнде: экологиялық қауiпсiздiк пен табиғат пайдаланудың аса маңызды проблемалары бойынша зерттеулердiң, оның iшiнде iргелi ғылыми зерттеулердiң iлгерiлемелi дамуын қамтамасыз ету; сонымен қатар еліміздегі экологиялық басқару органдарының бiрыңғай жүйесiн енгiзу еді. Енді осы Қазақстан Республикасындағы Экологиялық басқару органдарының құрылу тарихына аздап тоқтала кетсек:
Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі  2002 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қоршаған ортаны қорғау министрлігі болып қайта құрылды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 6 қарашадағы қаулысымен министрлік туралы ереже бекітілді. Содан соң, Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің аумақтық органдары-мемлекеттік мекемелері ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің аумақтық органдары-мемлекеттік мекемелері болып қайта ұйымдастырылды [3. 25-26].
Ережеге сәйкес Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдалану және қоғамның экологиялық орнықты дамуын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері жөніндегі басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы. Министрліктің мемлекеттік мекемелерінің ұйымдық-құқықтық нысанындағы аумақтық органдары — облыстық, Астана және Алматы қалаларындағы қоршаған ортаны қорғау басқармалары және республикалық инспекциялық басқармасы болды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 29 қыркүйектегі Жарлығымен Қазақстан Республикасының Энергетика және минералды ресурстар министрлігінің жер қойнауын қорғау жөніндегі бақылау- қадағалау функциялары Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне берілді. Ал, Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің су ресурстарын, орман, балық және аң шаруашылығын басқару жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне берілді. Жарлыққа сәйкес ҚР Үкіметінің 2002 жылғы 7 қазандағы қаулысымен комитет Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитеті болып қайта үйымдастырылды. Комитеттің аумақтық органдары-мемлекеттік мекемелері сәйкес ҚР Ауыл шаруашы- лығы министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитетінің аумақтық органдары-мемлекеттік мекемелері болып қайта құрылды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы қаулысымен министрлік туралы жаңа ереже бекітіліп, Министрліктің Табиғатты қорғауды бақылау комитеті құрылды. Министрлік қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалануды басқару саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеу және іске асыру жөніндегі басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады. Министрліктің негізгі міндеті қоршаған ортаның сапасын жақсарту және қоғамның экологиялық түрақты дамуының қолайлы деңгейіне қол жеткізу болып табылады [4. 5-6].
Министрліктің ведомствосы — Табиғатты қорғауды бақылау комитеті, сондай-ақ мемлекетгік мекемелердің үйымдық-құқықтық нысанындағы аумақтық органдары-облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармалары бар. Енді осы Министрліктің функцияларына тоқтал кетсек:
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгі Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі туралы ережеге сәйкес:
-    Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгі (бұдан әрi – Министрлiк) қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалануды басқару саласындағы мемлекеттік саясатты әзiрлеу және iске асыру жөнiндегi басшылықты және салааралық үйлестірудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады және ол өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінiң, Үкiметiнiң кесiмдерiне, өзге де нормативтік құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
-    Министрлiктiң негiзгi мiндетi қоршаған ортаның сапасын жақсарту және қоғамның экологиялық тұрақты дамуының қолайлы деңгейiне қол жеткiзу болып табылады.
-    Министрлiк мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттiк тілде жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң қазынашылық органдарында шоттары болады.
-    Министрлiктің ведомствосы – Табиғатты қорғауды бақылау комитетi, сондай-ақ мемлекеттік мекемелердiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы аумақтық органдары – облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармалары бар.
-    Министрлiк азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
-    Министрліктiң, егер заңнамаға сәйкес оған уәкілеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
-    Министрлiк қабылдайтын шешiмдер Министрдiң бұйрығымен ресiмделедi.
-    Министрліктің штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
-    Министрлiктің қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
-    Министрлiкке Министрлiктiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектілерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
-    Егер Министрлiкке заңнамалық кесiмдермен кiрiс әкелетiн қызметтi жүзеге асыруға құқық берiлген болса, онда осындай қызметтен алынған кiрiс мемлекеттiк бюджеттiң кiрiсiне жiберіледi [5. 35-37].
Ал енді министрлiктiң негізгі құқықтарына келсек:
-    қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыруды қамтамасыз ететiн стратегиялық функциялар:
-    тұрақты даму үшiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы бiрыңғай мемлекеттiк саясатты қалыптастыру жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу;
-    өз құзыретi шегінде қоршаған ортаны қорғау, мемлекеттік экологиялық сараптама, рұқсат ету, лицензиялық және экологиялық-сараптама қызметi, нормалау және стандарттар саласындағы мемлекеттiк басқару жүйесiн, сондай-ақ ұтымды табиғат пайдалануды және қоршаған ортаны қорғауды ынталандырудың экономикалық әдiстерi мен тетiктерi жүйесiн ұйымдастыру және жетілдiруi;
-    қоршаған орта, климат пен табиғи ресурстар мониторингінің бiрыңғай мемлекеттiк жүйесін, сондай-ақ гидрометеорологиялық бақылаулар мен метеорологиялық қамтамасыз ету жүйесiн ұйымдастыру және жетілдiру;
-    өз құзыретi шегiнде меншiк нысанына қарамастан, мемлекеттiк органдардың, шаруашылық жүргiзуші субъектілердiң табиғат қорғау заңнамасын сақтауын және орындауын қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстар саласындағы мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру;
-    қоршаған ортаны қорғау және тұрақты даму саласындағы заңнаманы жетiлдiру және халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру;
-    оршаған ортаны қорғаудың ғылыми негiздерiн қалыптастыру және дамыту, қоғамның экологиялық мәдениетiн арттыру;
-    қоршаған ортаны қорғау және тұрақты даму саласындағы халықаралық конвенциялар мен келiсiмдердi iске асыру аясындағы саясатты әзiрлеу;
-    мемлекеттік, салалық (секторалдық) және өңiрлiк бағдарламаларды және әлеуметтiк-экономикалық даму жоспарларын келiсу;
-    мемлекеттік және салалық (секторалдық) экологиялық бағдарламаларды әзiрлеу және өңiрлiк экологиялық бағдарламаларды қалыптастыруда әдiстемелiк басшылықты жүзеге асыру;
-    өз құзыретiндегi мәселелер бойынша заңнамалық және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобаларын әзiрлеу, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау және тұрақты даму бойынша талаптарды нормативтiк-әдiстемелiк қамтамасыз етудi ұйымдастыру;
-    экологиялық-сараптама қызметiн үйлестiру;
-    экологиялық ayдитті жетiлдiру жөнiндегi әдiстемелiк басшылықты жүзеге асыру;
-    экологиялық сақтандырудың тетiктерiн жетілдiру, қоршаған ортаға келтiрiлген қатер мен зиянды бағалау әдiснамасын айқындау;
-    қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалануды басқару функцияларын жүзеге асыратын орталық және жергіліктi атқарушы органдардың қызметiн үйлестіру;
-    белгіленген тәртiппен қоршаған ортаға әсер етудi бағалау және мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу жөнiндегi, оларды жүргiзу тәртiбiн қоса алғанда, нұсқамалық-әдiстемелiк құжаттарды әзiрлеу және бекiту;
-    қоршаған ортаны қорғау саласындағы бюджетті болжауды және индикативтiк жоспарлауды әзiрлеуге қатысу;
-    өз құзыретi шегiнде халық санын дамыту саясатын iске асыруға қатысу;
-    қоршаған ортаны қорғау және тұрақты даму саласындағы ақпаратты түсiндiру, насихаттау және тарату жөнiндегі жұмысты үйлестiру;
-    өз құзыретi шегiнде экологиялық талаптарды, шаруашылық және өзге қызметке қойылатын стандарттар мен нормативтердi әзiрлеу және жетілдiру, сондай-ақ келiсу, оның iшiнде:
-    қоршаған ортаға ластаушы заттардың шығарындылары мен төгінділерiне, өндiрiс пен тұтыну қалдықтарын орналастыруға лимиттер мен квоталарды;
-    атмосфераға шекті рұқсат етілетiн шығарындыларды, жер үсті және жер асты суларына төгінділердi, зиянды заттарды көмудiң және жергіліктi жердiң рельефi мен жер қойнауында қалдықтарды орналастырудың рұқсат етілетiн көлемдерiн қоса алғанда, қоршаған ортаға әсер етудiң нормативтерiн;
-    қоршаған ортаның ластануы үшiн, оның iшiнде, атмосфераға шығарындылар, жер үсті және жер асты суларына төгiнділер, зиянды заттарды көму және жергiлiктi жер рельефi мен жер қойнауында қалдықтарды орналастыру үшiн төлемдер нормативтерiн белгілеу;
Мемлекеттік саясатты iске асыруды қамтамасыз ету функциялары:
- тұрақты даму үшiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы бiрыңғай мемлекеттiк саясатты iске асыруды салааралық үйлестiру;
-    қоршаған ортаны қорғау және тұрақты даму саласындағы халықаралық конвенциялар мен келiсiмдердi iске асыру;
-    халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру және үкiметтiк емес қоғамдық бiрлестіктермен өзара iс-қимыл жасау;
-    қоршаған ортаны қорғау саласындағы лицензияларды беру және тауарлардың экспорты мен импортына, қызметтің өзге де түрлерiне лицензияларды беру туралы шешiмдердi келісу;
-    табиғи ресурстардың мемлекеттiк кадастрларын жүргізу және сүйемелдеу жөніндегi жұмысты қамтамасыз ету;
-    табиғат пайдалануға рұқсаттарды берудi, есепке алуды және күшiн жоюды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
-    мемлекеттік және салалық (секторалдық) экологиялық бағдарламаларды орындауды ұйымдастыру;
-    тұрақты даму үшiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы ғылыми зерттеулер жүргiзудi қамтамасыз ету;
-    қоршаған ортаны қорғау және тұрақты даму саласындағы ақпаратты таратуды қамтамасыз ету;
-    қоршаған ортаны қорғаудың бiрыңғай ақпараттық жүйесiнің жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;
-    құпиялылық, құпия iс жүргiзу режимiн қамтамасыз ету және өз қызметi шеңберiнде мемлекеттiк құпияларды техникалық қорғауды ұйымдастыру жөніндегi функцияларды жүзеге асыру;
-    жұмылдыру даярлығы және жұмылдыру жөнiндегi iс-шараларды өткізудi ұйымдастыру және үйлестiру. Министрлiк заңнамада белгіленген тәртіппен негiзгi мiндеттердi iске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру үшiн:
-    қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану мәселелерi бойынша келiсiмдердi (меморандумдарды, декларацияларды) жасасуға;
-    өз құзыретi шегiнде табиғи ресурстарды пайдалануға шарттарды (келiсiм-шарттарды) келiсуге;
-    өз құзыретi шегiнде қоршаған орта сапасының нормативтерiн әрi шаруашылық және өзге де қызмет жөнiндегі экологиялық талаптарды бекiтуге немесе келiсуге;
-    үлгi ережелердi бекiтуге және өндiрiстiк мониторинг пен бақылау бағдарламасын келiсуге;
-    өз құзыретi шегiнде ғылыми зерттеулер бағдарламаларын бекiтуге, сондай-ақ экологиялық бiлiм беру жөнiндегi бағдарламаларды қалыптастыруға қатысуға;
-    қоршаған ортаны қорғау саласындағы сараптау комиссияларының дербес құрамын айқындауға;
-    мемлекеттiк органдардан, өзге ұйымдар мен жеке тұлғалардан өз құзыретi шегiнде қызметті жүзеге асыру үшін қажеттi ақпаратты сұратуға және алуға;
-    ведомстволық бағыныстағы ұйымдар мен кәсiпорындардың iшкi аудитiн жүзеге асыруға құқылы [6. 12-13].
Жоғарыда аталған Қазақстан Республикасының Экологиялық басқару органдарының мемлекет үшін және мемлекеттің экологиялық қауіпсіздігі үшін маңызы ерекше екендігін функцияларынан-ақ байқауға болады. Әрине, бұл органдардың атқаратын қызметтері аз  емес. Сонда да болса, дәл қазіргі таңда Қазақстан Республикасының Экологиялық органдардың функцияларын одан әрі жақсарту үшін, әлі де болса заңнамаларды жетілдіру қажет сияқты. Мысалы, Қазақстан Республикасы Президенті Қазақстан Республикасының  2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауiпсiздiк тұжырымдамасында былай, – деген болатын:
«Қазақстан құрамына 10 шақты заң мен 200-ден астам заңға тәуелдi нормативтiк құжаттар кiретiн дамыған экологиялық заңнамаға ие. Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын жетiлдiру саласында ең алдымен, дамыған елдердiң экологиялық заңнамасына жақындату және халықаралық стандарттарды енгiзу бағыты алынған.
Бiрiншi кезеңде, пәрменi қоршаған ортаның жай-күйiне әсер етуi мүмкiн Қазақстан Республикасының барлық басқа да заң актiлерiне табиғат қорғау нормаларын енгiзу қажет. 2004 жылы мiндеттi экологиялық сақтандыруды енгiзу жөнiндегi және өндiрiс пен тұтыну қалдықтарының мәселелерi жөнiндегi заң актiлерi дайындалады, ал 2006 жылға дейiн экологиялық аудиттi енгiзу қамтамасыз етiлетiн болады. Сақтандыру ұйымдарының қаражатты жинауы қызметтiң экологиялық қауiптi түрлерiн жүзеге асыру кезiнде елеулi авариялар мен апаттар жағдайында да қоршаған ортаға зиянды өтеуге кепiлдiк беруi тиiс. Экологиялық аудит өз кезегiнде кәсiпорындар мен ұйымдарға қоршаған ортаны ластаудың нормативтiк көрсеткiштерiне экономикалық тұрғыдан ұтымды әдiстерiмен қол жеткiзуге көмектесуi тиiс. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын жүйеге келтiру Қазақстан Республикасы заңнамасының дамығандығы мен әртараптылығы оны пайдалануда белгiлi қиындықтарды да тудырады. Көптеген экологиялық заңдар өзара байланысты және  бiрiн өзгерту басқаларын өзгертудi талап етедi, ол елеулi еңбек шығындарымен қатар Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының жалпы жүйесiн бұзады, заңдар мен заңға тәуелдi актiлердiң қайшылықтарын тудырады. Мұнымен қатар, аталған заңдарды iске асыру үшiн заңға тәуелдi көптеген нормативтiк құжаттар қажет болады. Осымен байланысты, Қазақстан Республикасының заңнамасын одан әрi реформалауды экологиялық заңнама нормаларын ұлғайтуға емес, оларды жүйеге келтiру мен пәрмендiлiгiн арттыруға бағыттау қажет. Нақ осы мiндеттi Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын жинақтау қоршаған орта мен табиғи ресурстарды сақтау жөнiндегi нормаларын қорытындылау, жүйеге келтiру және нақтылау шеше алады. Заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық құжаттарға сiлтемесiз, тiкелей әрекеттi ережелердiң көпшiлiгiн қоршаған ортаны қорғау туралы кодексте көрсету жоспарлануда», – деді Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев. Осы тұжырымдама Қазақстан Республикасының  экологиялық саясатын,  оның заңнамалық, құқықтық мәселелерін одан әрі дамытуға көмегін тигізетін бірден-бір нормативтік акт болмақ.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1.    «Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауiпсiздiк тұжырымдамасы туралы» ҚР Президентiнiң 2003 жылғы 3 желтоқсандағы №1241 Жарлығы. (ПҮАЖ-ы, 2003 ж., №47)
2.    «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру шаралары туралы» ҚР Президентінің 2002 ж. 28 тамыздағы №931 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 2002, №28)
3.    «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің мәселелері» ҚР Үкіметінің 2002 ж. 6 қарашадағы №173 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2002, №39)
4.    «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» ҚР Президентінің 2004 ж. 29 қыркүйектегі №1449 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 2004, №36)
5.    «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің мәселелері» ҚР Үкіметінің 2004 ж. 28 қазандағы №1113 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2004, №40)
6.    Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (2001-2005 жж.) Анықтамалық: Екінші шығарылым./Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты. – Жауапты редактор: В.Н. Шепель; Алматы: “Эдельвейс” Баспа үйі: 2007. ISBN: 9965-602-37-9




1. Реферат- Акне (угри)
2. Сегодня мы анализируем уже третье поколение российских автоматизированных бухгалтерских систем.html
3. на тему- Возникновение порядка из хаоса Самара 2006 Содержани
4. Первомайская сош Понамарёва Ольга Владимировна учитель музыки и географии МБОУ Первомайская сош Ин
5. Поиск информации в Интернете по теме Учет амортизации износа основных средств
6. Экономика 1. Экономика и общество- проблемы взаимоотношений
7. Б~лім 11 Кремнийді~ таби~атта таралуы 1
8. ПТЦА - Прикладная теория цифровых автоматов
9. возрождение дал название целой эпохе прежде всего в связи с тем что ставилась задача возродить на новой и
10. Формы воды в почве- значение для питания растений
11. класспорядоксемействородвид Цепочкой располагаются- стрептококки некоторые виды бацилл Конец формы
12. клітини Циркулюючий гормон Секреція HCl шлунком; посилення моторної функції- трофічни
13. ЛАБОРАТОРНАЯ РАБОТА 8 ИССЛЕДОВАНИЕ НЕЛИНЕЙНОЙ ЭЛЕКТРИЧЕСКОЙ ЦЕПИ ПОСТОЯН
14. МЫСЛЬ 1982 [[if supportEmptyPrs]] [[endif]] РЕДАКЦИИ ФИЛОСОФСКОЙ ЛИТЕРАТУРЫ Касымжанов Агын Хайруллович род
15. Тема- Способы защиты гражданских прав Выполнил студент Группы 1ЭФМнк6 Панежин
16. Реферат- Научения у животных
17. реферату- Харків у роки Великої Вітчизняної війниРозділ- Історія України Харків у роки Великої Вітчизняної
18. Доля політичної нації в поліетнічному суспільстві
19. Тема 3. Сутність та система маркетингового планування 3.html
20. Курсовая работа- Метады і прыёмы вывучэння фразеалагічных адзінак у малодшых класах