Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

Экономиканы мемлекеттік реттеуді~ объективті ~ажеттілігі

Работа добавлена на сайт samzan.net:

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 24.11.2024

  1.  билет

     1.Экономиканы мемлекеттік реттеудің объективті қажеттілігі.Экономиканы мемлекеттік реттеудің нақты бағыттары, түрлері, масштабтары нақты бір кезеңде осы және басқа  елдердегі  экономикалық және әлеуметтік мәселелердің күрделілігімен және мінез-құлқымен анықталады. Экономиканы мемлекеттік реттеудің объективті мүмкіндігі капитал мен өндіріс қоспасының, экономикалық дамудың белгілі деңгейінің жетістігімен пайда болады. Бұл мүмкіндікті нақтылыққа айналдырушы қажеттілік қиындықтардың, мәселелердің өсуінде болп отыр. Экономиканы мемлекеттік реттеудің объективті себептеріне келесілерді жатқызуға болады:1. Экономиканың сәтті дамуының мүмкін еместігі оның аймақтық кеңістігін анықтаусыз. Аймақтық кеңістіктің анықталғандығы мен тұтастығы мемлекетпен қамтамасыз етіледі;2. Елдің даму мақсаттары мен барлық халықтың ұзақмерзімдік мүдделерін анықтайтын экономикалық ортаны ұдайы қолдау мен ұдайы қайта өндірудің қажеттілігі;3. Еліміздегі экономикалық қызығушылықтар балансын құру және қолдау;4. Қайта өндіріс (өндіру, бөлу, айырбас және тұтыну) фазалары арасындағы, сұраныс пен ұсыныс арасындағы  теңсіздіктерді түзету және жеңу, және де олардың алдын алу бойынша өте әсершіл механизмдерді құру;5. Дамудың жалпы әлемдік беталыстары есебінің қажеттілігі дамыған ақпараттық және коммуникациялық инфрақұрылымды құру және қолдау қажеттілігіне әкеледі.

     2.Әлеуметтік-экономикалық дамудың маңызды басымдықтарын анықтау.

   Ұсыныс экономикасын жақтаушылар   экономикалық жүйенің өндірістік потенциалын арттыратын факторларға тоқтады. Мемлекеттің экономикалық өсуге әсер етуінің үш бағыты жоспарланды:

  • ҒТП ынталандыру және ғылыми зерттеулерді дамыту;

  • мемлекеттік аумақта білім беруге, жоғары дәрежелі мамандарды даярлау мен қайта даярлауға шығындарды арттыру;

  •  салық жүйесін тереңдете қайта құру. Бұл саясаттың басты мақсаты өндірістің жоғары ырғақта өсуі, әлеуметтік мәселелерді шешу: жұмыссыздық, жұмыспен қамту, кедейлік, табыс деңгейлерін арттыру болды. 90-жылдары әлеуметтік қамтамасыз етуге, денсаулық сақтауға, білім беруге деген мемлекеттік шығындардың мәнді артуы байқалады, бұл «адамдық капиталдың» рөлінің артуымен, адамның шығармашылық, жаңашылдық іс-әрекетінің экономикалық өсудегі және ұлттық байлықтың жинақталуындағы маңызды фактор ретіндегі рөлінің артуымен байланысты екендігімен көрінеді.

     3. Индикативтік жоспарлау. Индикативті жоспарлау  директивті бастаманы және мемлекет сияқты  оның ішінде экономиканың жеке секторы ретінде қамтыла алады.Индикативті жоспарлаудың маңызды мақсаты болып  конъюктура туралы жүйелілік және жақсартылған ақпарат табылады. Және маңызды шешім қабылдау үшін мемлекеттік бюджеттің шығындарын алдын ала анықтау.  Ал басқа мақсат, ол экономикалық қызметтің көрсеткіштерінің (индикатор) жүйесін, яғни  жеке векторды қызықтыра алатын мақсат. Осы жоспарлауда көрсеткіштердің детализациясының аз деңгейі бақыланады.Мемлекетте индикативті жоспарлауды жүзеге асыру үшін кәсіпкерлерді өзіне қарай тарту үшін түрлі  экономикалық стимулдар қолданылады: тікелей және жанама субсидиялар, жеңілдікті амортизациялық  списания, бюджетте қысқартылатын салықтық төлемдер және мақсатты несиелік формалар т.б.

2 билет

     1.Экономиканы мемлекеттік реттеу ұғымының анықтамасы. ЭМР-бұл макроэкономикалық тепе-теңдікке және экономиканың жұмыс істеуінің әрбір нақтылы кезеңінде оның үдемелі дамуына әсер ету үшін, сондай-ақ қаржы ресурстарын шебер пайдаланудың күнделікті процесін қамтамасыз ету үшін шаруашылық жүргізуші субъектіге мем.ң қаржалақ ықпал жасауының нысандары мен әдістерін мақсатты және дәйекті қолдауы процесі. Мұндай реттеудің қажеттігі мемлекет тарапынан қоғамдық өндірісін барысын қоғамға керек бағытта түзетіп отыруды талап ететін өндірістің сипатымен анықталады.

     2.Ақшаның монетарлық теориясы. XX ғасырдың 60-жылдарының аяғында барлық айқындалғаннан кейін, кейнсиан теориясының кемшіліктері – оның ішінде: инфрациялық үрдістердің қауіптілігін жете бағаламауы; мемлекеттік шығындардың, бюджет тетіктерінің рөлін өсіріп көрсетуі; қапжыландырудың жетіспеуінің нақты әмерлерін артық бағалауы біліне бастады.

     Монетарлық тәрізді экономикалық теорияда белгілі М.Фридмен және оның ізбасарлары, ақшаның қазіргі заманғы сандық теориясын әзірледі.Бұл теорияның басты постулаттары:

    •Рыноктық жүйе өзін-өзі реттеу негізіндегі автоматты қабілетке ие. Экономикада пайда болатын қиындықтар сыртқы факторлармен танылады және мемлекеттік органдардың қате әрекеттерінің нәтижесі болып табылады. Нарықтық экономиканың өзінде, жеке шаруашылық таби,атында әуелден негізі қаланған, беріктіліктің жеткілікті қоры бар.

    •Бірде-бер үкімет рыноктен артық дана бола алмайды, сондықтан экономикаға мемлекеттік араласуды шектну қажет.

    •Осы айтылғандардың пайдасына дәлелдер: теңдесуді қалыпқа келтіруге ұмтылатын, стихиялы реттеушінің әрекетін шектеуге мемлекеттік араласу; мемелекет сұранысты құра алады.•Мемлекеттік араласу қысқы мерзімді келешекке бағытталған.

       3.Бюджеттің атқаратын қызметтері:

1. Салалар, аймақтар және халық таптарының арасында мемлекеттің қолындағы қаржылық  қорларды бөлу және қайта бөлу мақсатында реттеу.

2. Басқару қызметі іске асырылатын мемлекет пен оның институттарына қарайлауды қамтамасыздандыру.

3. Мемлекет үшін маңызды бағыт бойынша экономикалық өсуді ынталандыру.

4. Халықтың кедей таптарын, балаларды, зейнеткерлерді әлеуметтік қорғау.

5. Бөлу қызметі (қайта бөлу мағынасында; мемлекеттік қордың араласуының және олардың арнайы мақсаттарға қолданылуымен байланысты. Бөлу тігінен жүргізіледі)

6. Бақылау қызметі (қорлар уақытында түсе ме, қолданудың жеткіліктілігі мен тиімділігі)

3 билет

1.Экономикалық өсудің мәні.

        Экономикалық өсу деп экономикалық өмірдің қозғалысы, экономика элементтерінің даму үрдісі (өндіріс көлемі, баға деңгейі, жұмыссыздық деңгейі және т.б.) түсініледі.Экономиканың сандық және сапалық өзгерістері, өсу мен құлдырауы – экономиканың дамуын құрастырушылар. Құлдырау экономика дамуының кері серпінінде көрінеді. Экономикалық өсу тұрғындардың өмір сүру деңгейін көтеруді қамтамасыз ету үшін қажет.Экономикалық өсудің тұрақтылығы – экономикалық саясаттың ең бір басты мақсаты.Ұлттық экономиканың өсуін мөлшерлеу үшін келесі көрсеткіштерді пайдаланады: жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) және жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ).ЖҰӨ - елде жыл ішінде шығарылған (бұл туралы толық үшінші сұрақтың көрсеткішінде айтылады) барлық дайын өнімдер мен қызметтердің жалпы рыноктық құны.

     2.Экономиканы мемлекеттік реттеудің концепцияларын өңдеу және оның негізгі элементтері.  Мемлекеттік реттеу ғылыми негізделген концепцияларсыз мүмкін емес. Концепциялар болса саясатқа, экономиканың мақсаттары мен  басымдықтарына негізделуі керек.

     Экономиканы мемлекеттік реттеудің концепциялары – бұл макроэкономикалық, құрылымдық-инвестициялық және ішкіэкономикалық саясаттың қоғамдағы шаруашылық іс-әрекеттің нарықтық және жоспарлы үйлесім үлгілерін қолайлы түрде пайдалануды өңдеудің тәжірибелік және тиімді бағыттарын жүзеге асыру. Аталған концепцияны жүзеге асыру кезінде мынаны анықтау қажет: басымдық мәселелері; мемлекеттік реттеудің деңгейі мен сипаттамасына сәйкес құралдар жиынтығы.

     3.Мемлекеттің дәстүрлі және жаңа экономикалық қызметтері.Мемлекет атқаратын экономикалық функцияларға келесілерді жатқызуға болады:

-  экономиканы функцияландырудың құқықтық негізін құру және реттеу;

-  монополияға қарсы реттеу;

-  макроэкономикалық тұрақтандыру саясатын жүргізу;

-  қорларды орналастыруға әсер ету;

-  кірістерді бөлу саласындағы қызмет;

-  мемлекеттің мүліктік қатынастар субъектісі ретіндегі қызметі.

      Заңды базаны құру – бұл экономикалық тыңшылардың  мінез-құлық ережелерін, барлық тауар өндірушілер, тұтынушылар және мемлекеттің өзі оны өз қызметтерінде басшылыққа алуға міндетті экономикалық қарым-қатынастың заңды ұстанымдарын тағайындау. Бұл ережелердің қатарында, жеке меншіктің құықтарын қорғайтын, кәсіпкерлік қызметтің түрлерін анықтайтын, кәсіпорындардың қызмет ету шарттарын, олардың өзі мен мемлекет арасындағы қарым-қатынасын анықтайтын заңдық және нормативтік актілерді атап көрсетуге болады.

4 билет

     1.Ақпараттық технологиялардың экономиканың адам факторына әсері.    Ақпараттық қоғам – бұл ақпарат негізгі экономикалық ресурс болып табылатын, ал ақпараттық сектор даму деңгейі, капитал салымы бөлігі, ЖІӨ бөлігі бойынша бірінші орынға шығатын қоғам болып табылады.  АТТ өндірістің тиімділігін жоғарылату үшін негізгі қаражат болып табылады, бәсекелестікке қабілеттілікті ішкі нарықта және сонымен қатар әлемдік нарықта тұрақтандыруда. Қажетті ақпараттық ресурстарды бастауды қамтамасыз ететін дамыған инфрақұрылым бар. Бұл бірінші орында ғылым мен білім жүйесі. Ғылым мен білімнің жағына ресурстрды қайта бөлу жүріп жатыр. АҚШ-та жиналған адам капиталы барлық американдық корпорациялардың активтерінен үш есе артық. Ақпарат массалық тұтыныстағы құрал болып табылады. Ақпараттық қоғам әрбір индивидке қандай да бір ақпарат көздеріне шығуды қамтамасыз етеді. Бұл заңмен (мемлекеттік және әскери құпия сонымен қатар заңмен айқындалады) және техникалық мүмкіндіктермен кепілденеді. Қоғам даму деңгейіне баға берудің жаңа критерилері пайда болуда – компьютерлер саны, Интернетке қосылу саны, мобильді және басқа да телефондардың саны. Ақпараттық қоғамның құқықтық негізі пайда болуда. Технологиялық конфергенция негізінде (телекоммуникациондық, компьютерлік, электрондық, аудиовизуалдық техниканың пайда болуында) біріккен ақпараттық жүйе құрылған.

     2.Фискалды саясат қаржылық-бюджеттік реттеудің негізі ретінде; мақсаты, негізгі құралдары. Фискалды саясат үкіметтің салық салу мен мемлекеттік бюджеттің қаржысын іскерлік белсенділікті реттеуге, ақша көлемін және түрлі әлеуметтік мәселелерді шешуде қолдану сияқты мүмкіндіктерін болжайды. Мемлекеттің фискалды саясаттың негізгі тіреушісі болып салықты үкіметтің мақсаттарына сәйкес етіп құру болып табылады. Фискалды саясатты жүргізу- мемлекеттік биліктің заңдастырылған ұйымдарын прерогативІ, себебі  олар салық салу мен осы  қаражатты шығындауды бақылайды. Фискалды саясат дискреционды фискалды саясат және автоматты саясаттан құрылады. Дискреционды фискалды саясат негізінде біз мемлекеттің ұлттық өндірістің шынайы көлеміне, қамтылуға, ақшаның құнсыздануы мен экономикалық өсу мақсатында саналы түрде салық салу мен мелекеттік шығынды реттеуді түсінеміз.  Дискреционды фискалды саясатқа қысқаша тоқтала кетейік. Түсу кезінде ынталандыратын дискерционды фискалды саясат мыналардан құралады:- мемлекеттік шығындарды көбейту;- салықты азайту;- мемлекеттік шығындардың өсуін салықты азайтумен байланыстыру.

     3.Кредиттік ресурстарды реттеу үшін мемлекеттердің қолданылатын құралдары және тұтқалары. Көрнекті экономист Дж.М.Кейнстің Жұмыспен қамтамасыз етудің, пайыздық және ақшаның жалпы теориясы 1936 кітабының шығуымен, жалпы макроэкономикалық саясатқа және оның ішінде ақша саясатына көзқараста түбегейлі революция болды. Дж.Кейнс экономикалық белсенді жағдайға мемлекетің ықпалы қажет деп есептеді және экономикадағы жиынтық сұранысты қзгерту үшін қаржы-ресурстық және бюджет-салық саясатының әдістерін ұсынды. Ақша-несие реттеу әдісін пайдалана отырып, мемлекет пайыз мөлшерлемесіне әсер ете алады, сол арқылы – жұмыспен толық қамтамасыз етуді қолдай отырып, инвестиция деңгейіне ықпал ете алады.

5 билет

     1.Мемлекеттік реттеудің түрлі үлгілері. Мемлекеттік реттеудің классикалық үлгісі. Экономикалық либерализм идеяларын нарықтық экономикаға  алғаш болып неғұрлым толық негіздеген А.Смит болды. 1776 жылы А.Смиттің «Табиғат және халықтар игілігінің себептері туралы зерттеулер» кітабы жарық көрді және бұл кітап авторға әлемдік атақ әкелді. Ол еңбек бөлінісінің оның өнімділігінің артуының басты факторы ретінде басталады. А. Смит еңбек бөлінісінің себебін адамдардың бір тауарды екіншісіне айырбастауға жақындығынан деп есептеді. Және ол бұл айырбастың негізінде басқа адамдар өндірген тауарлар мен қызмет көрсетулерді өздерінің қызығушылықтары мен қажеттіліктерін қанағаттандыруды жүзеге асыру жатады. Әрбір адам басқаларға қызмет көрсетіп, өз еңбегі мен оның нәтижесін ұсына отырып өз мақсатына жетеді. Әр адамның бойында бір-біріне  ұқсас емес дарын болғандықтан, соңғысы бір еңбек нәтижесін басқасына алмастыруын жүзеге асырады, осыдан екі жақта өзара пайда таба алады. Және ол көп болған сайын, әр қоғам мүшесі жалпы қоғамдық еңбек бөлінісі жүйесінде өз орнын табады, және оның табиғи дарындылығы мен кәсіби шеберлік деңгейі арта түседі.

     2.Мемлекеттің құрылымдық саясаты және оның негізгі өлшемдер Құрылымдық саясат мемлекеттік реттеу шаралар жүйесін көрсетеді, ол шаралар тұрақты ұзақмерзімді экономикалық өсу үшін және халық шаруашылығы құрылымдарын қайта құру үшінжағдайлар жасау мақсатымен,  ішкі және сыртқы нарықтарда немесе ұлттық мүдделерге қызмет етушілерге бәсекеге қабілетті салаларды қорғау және марапаттау мақсатымен жүргізіледі. Көптеген елдерде құрылымдық саясаттың маңызды мақсаты экономиканың экспорттық салаларын дамыту және ұлттық бәсекеге қабілеттілікті арттыру болып табылады. Құрылымдық қалпына келтірулерді жүзеге асырудың негізгі формалары салық саясаты болып табылады, атап айтқанда,  жаңа және басқа басымдықты салалардағы салықтық жеңілдіктер, кейбір жаңаша салаларды тікелей қаржыландыру, оның ішінде оларды мемлекеттік сектор аумағында дамыту, ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструторлық жұмыстарды қаржыландыру және олардың негізінде мемлекетті қолдау үшін өндірісті дамытудың болашақтық бағыттарын бөлу. Оның түпкілікті мақсаты – қоғам мүшелерінің игілігін қамтамасыз ету, адамдық капиталды дамыту және тиімді қолдану.

     3.Аграрлық кластерлер. Қазіргі уақытта маңызды үлкен мәнге халықаралық кластерлерді дамыту мен құру ие болып отыр: астық кластерлері, жеміс-жидек, қант, сүт және балық кластерлері. Бұл бағыттар елдің аграрлық секторының экономикасын өсірудегі жаңа орындар бола алады. Одан басқа, орта және шағын бизнес кәсіпорындары өз инвестицияларын кластерлерді қалыптастыруға бағыттай алатындай жағдайлар жасау қажет. Бұл жағдайда оларға тауарлар мен қызметтерді кластерлердің неғұрлым ірі қатысушыларына жеткізу рөлі арналады. Аграрлық кластерді функциялау салықтық, кедендік, тарифтік саясатты жүзеге асыру жолымен мемлекеттің өндіріс тізбесіне белсене қатысуын жобалайды. Республика Үкіметінің шетелдік компанияларды іскерлікке ынталандыру бойынша шаралары маңызды орын алады. Мысалы, астық өңдеуші кластерді ұйымдастыру кезінде Қазақстанға комбайндар мен басқа машиналарды жеткізу үшін ресейлік компаниялармен өзара тиімді іскерлік орнату мақсатқа сай болар еді. Республика экономикасын дамытудың кластерлік механизмін іске асыру ауылшаруашылық өнеркәсіптер мен олардың өндіретін өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың маңызды факторы болады, экономиканың аграрлық секторы мен жұмыс орындарын құрудағы озық технологияларды енгізу және инвестицияларды белсене  тартуды арттыруды қалыптастырады.

6 билет

     1.Бюджеттік саясаттың аймақтық аспектісі.Өңірлер экономикасының ерекшеліктеріне байланысты орталықтар ммн облыстар арасыенда бюджеттік трансферттердің тетіктері, сондай-ақ облыстар ішінде үлкен маңызға ие болады. Орталық иен өңірлер арасында өзара қатынастар орта мерзімді келешекте тұрақты болуы тиіс және ол тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етеді, салық салынатын базаны кеңейтеді, оның нәтижесі облыстың табыстарының артуына алып келеді.Бюджетаралық қатынастарды құру трансферттерді бірдей теңестіретін есеп айырысудың арнаулы әдістерін әзірлеуді талап етеді. Өңірледің және орталықтың, облыстың және ауданның тұрақты және әділ өзара қатынастары елдің дамуындағы әлеуметтік-экономикалық басымдылықты өамтамасыз етуге ықпалы болуы тиіс.

     2.Мемлекеттің ақша- несие саясатын қалыптастырудың мақсаттары, міндеттері және негіздері. Ақша-несие саясаты- инфляцияға қарсы күреске, ұлттық валюта бағамын қолдауға және нарықтың қалыпты жағдайда қызмет етуіне бағытталған мемлекеттің экономикалық саясатының құрамды бөлігі.  Ақша-несие саясатының негізгі қарастыратын міндеттері, толық жұмыспен қамтамасыз етілуді және инфляцияның болмауымен сипатталатын өндірістің жоғары деңгейіне жетудің экономикалық жүйесіне көмектесу болып табылады. Ақша-несие саясатының мақсаттары:- қаржылық рыноктағы теңдестікті қолдау, айналымдағы ақша жиынтығын реттеу мен бақылау; - экономикадағы инфляциялық көріністерімен күрес, ұлттық валютаның бағамын реттеу; - экономикалық кезеңді реттеу және жағдаятты теңдестіру; - экономиканың нақты секторын арзан кредит ресурстарымен қамтамасыз ету.

     3.Әкімшілік-құқықтық реттеу.Мемлекеттік реттеу кең мағынада қоғамдық қатынасқа қатысушылардың мінез-құлқының (қызметінің) және өзгеретін жағдайларға байланысты олардың түзетілуінің жалпы ережелерін мемлекеттің тағайындауымен көрсетіледі. Оның субъектілері болып заңды және атқарушы билік ұйымдары табылады. Жай мағынада алғанда мемлекеттік реттеу – коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар қызметінің, өз қаржы-шаруашылық және  өндірістік қызметіне мемлекеттік ұйымдардың араласуынсыз, заңмен қарастырылған кейбір жағдайлардан басқа, кәсіпкерліктің құқықтық және ұйымдастырушылық, қолайлы экономикалық шарттарын құруға бағытталған мемлекеттік реттеу функциялыраның бірі. Қазір бұл қызмет тек экономиканы басқаруда ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік-мәдени салада да жетістікті болып табылады.      

7 билет

     1.Негізгі қоғамдық-экономикалық жүйелердің типологиясы және шаруашылықтанудың негізгі үлгілері. Экономикалық мәселелерді шешу үшін қоғам көптеген институционалдық құрылымдар мен үйлестіру механизмдерін қолдана алады. Бүгінгі күні  қолданылып отырған экономикалық жүйелер түрлері мен олардағы мемлекеттің рөлін толығымен қарастырайық..

    Нарықтық жүйе. «Таза» капитализм қорларға жеке меншіктікпен және нарық пен баға жүйесін экономикалық іс-әрекетті үйлестіру және оны басқару үшін қолданумен сипатталады. Экономикадағы мемлекеттің рөлін жоққа шығаратын, нақтырақ айтқанда төмендететін экономика ғылымындағы либералдық ағыс өз бастамасын заманауи саяси экономиканың негізін қалаушы Адам Смиттен алады. Ол экономика ғылымына «көрінбейтін қол» және «түнгі күзетші» ұстанымдарын енгізді. Бірақ,  А.Смиттің заманында да мемлекет өмір сүрген, және де ол сол уақытта да шаруашылық өміріне белсене араласқан. А.Смит мұны көрмеуі және ол мәселе туралы ойламауы мүмкін емес еді. Соңында ол, мемлекет нарықтық байланыстар жүзеге асатын ойын тәртібін қорғауы және күзетуі немесе «түнгі күзетші» рөлін орындауы қажет деген қорытындыға келді.ХХ-ғасырда еркін нарықтың неғұрлым ізбасар және мақсатты жақтаушысы Фридрих фон Хайек болды, оның арқасында либералды экономикалық теория өзінің «екінші ашылуына»  ие болды. Оның жақтастарының арасында аса ірі экономистер П.Самуэльсен, М.Фридмен және басқалар болды.  Бірақ заманауи «неолибералдық» экономикалық теория мемлекеттің экономикадағы рөлін елемей ғана қоймай, оған қосалқы рөл береді және мемлекеттің экономикадағы рөлін біртіндеп төмендету үшін ойнайды.

      Жоспарлы экономика. Бұл жүйенің мәні келесімен сәйкестенеді: қоғамдық (мемлекеттік) меншік тұтастай алғанда өндірістің барлық материалдық қорларына; топтық реттеу орталық жоспарлаушы ұйымынан (Мемжоспар); өндірістік қорлар мен өндірілген өнімдерді орталықтандыра бөлу: орталықтандырыла тағайындалған баға. Шаруашылықты жоспарлы жүйеде жүргізу теориясының негізін қалаушы ХІХ-ғасырдағы аса ірі экономистердің бірі К.Маркс болды, ол капитализмнің коммунизммен, жеке меншіктің – қоғамдықпен, бәсекелестіктің – жоспармен ауысудың объективті қажеттілігін, өндірісті қоғамдастыру процесінен ала отырып дәлелдеді. Маркстік экономикалық теорияның аса ірі ізбасарлары К.Каутский, Ф.Энгельс, В.Ленин және басқалар болды.

     Аралас жүйелер. Қазіргі уақытта көптеген авторлар нарықтық экономика  мемлекеттік және жеке секторлар өзара әсерлесетін, және де сол уақытта ол не мемлекеттік, не жеке болмай, екі секторды да қамтитын аралас болатынын атап көрсетеді. Аралас экономикада мемлекет және жеке сектор (кәсіпорын және тұтынушы) тұтасымен алғанда қоғам үшін маңызды рөл атқарады. Барлық елдердің экономикалық жүйесі аралас болып табылады, біреулері топтыққа көптеп ұмтылса, сол уақытта басқалары негізінде нарықтық әдістерге сүйенеді.

     Шаруашылықты ұйымдастырудың ұлттық үлгілері. Экономикалық жүйелерді типке байланысты бөлуден басқа, әр жүйеде сол елдің мәдени, тұрмыстық, тарихи дәстүрлеріне, экономикалық даму деңгейіне негізделген және сол елге тән шаруашылықты ұйымдастырудың өзінше ұлттық үлгілері бар. Жапондық үлгі халықтың өмір сүру деңгейінің   еңбек өнімділігінің өсімінен артта қалуымен сипатталады. Осының есебінен өнімнің өзіндік құнын төмендетуге, оның әлемдік нарықтағы бәсекеге қабілеттігін арттыруға қол жеткізіледі. Шведтік үлгі мүліктік теңсіздікті халықтың неғұрлым аз қамтылған бөлігінің пайдасына ұлттық табысты қайта бөлу есебінен қысқартуға бағытталған  күшті әлеуметтік саясатпен ерекшеленеді.

    2.Әлеуметтік-экономикалық дамудың маңызды басымдықтарын анықтау.  Ұсыныс экономикасын жақтаушылар   экономикалық жүйенің өндірістік потенциалын арттыратын факторларға тоқтады. Мемлекеттің экономикалық өсуге әсер етуінің үш бағыты жоспарланды:

• ҒТП ынталандыру және ғылыми зерттеулерді дамыту;

• мемлекеттік аумақта білім беруге, жоғары дәрежелі мамандарды даярлау мен қайта даярлауға шығындарды арттыру;

•  салық жүйесін тереңдете қайта құру.

     Бұл саясаттың басты мақсаты өндірістің жоғары ырғақта өсуі, әлеуметтік мәселелерді шешу: жұмыссыздық, жұмыспен қамту, кедейлік, табыс деңгейлерін арттыру болды. 90-жылдары әлеуметтік қамтамасыз етуге, денсаулық сақтауға, білім беруге деген мемлекеттік шығындардың мәнді артуы байқалады, бұл «адамдық капиталдың» рөлінің артуымен, адамның шығармашылық, жаңашылдық іс-әрекетінің экономикалық өсудегі және ұлттық байлықтың жинақталуындағы маңызды фактор ретіндегі рөлінің артуымен байланысты екендігімен көрінеді. Бұл тек дамыған елдерге ғана емес, сонымен қатар дамушы елдерге де тән.

     3.Аймақтық саясаттың тұжырымдамасы. Өнідірістік әлеуметтік-экономикалық дамуын басқару аумақтың нақты өзін-өзі басқаруы, өңірлік ұтымды басқарудың саналы орталықтандырылып жүргізумен байланыстырылады.Аймақтық саясатты қалыптастыру негізінде оңтайландыру мен елдің өндіргіш күшін орналастырудың объективті қажеттілігі жатыр. Оның мәні мемлекет пен аймақтың мүдделерін мүдделерін ұтымды ұштасуына, экономикалық өсуді тиімді пайдалану үшін жағдай жасауда, тұрғындардың өмір сүру деңгейін көтеруде және жасауда, тұрғындардың өмір сүру деңгейін көтеруде және экологиялық қауіпсіздікті сауықтандырумен қорытындылады.

     Өңірлік саясаттың тұжырымдамасы оны үш кезеңде қарастыруды көздейді:

1 кезең- 1998-2000жж;

2кезең-2001-2010жж;

3кезең-2011-2030жж.

8 билет

     1.Мемлекеттің сыртқы экономикалық саясатының мәні, мазмұны, негізгі әдістемелік принциптері мен құралдары. Қазақстанның сыртқы экономикалық қызметі (СЭҚ) сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық, сондай-ақ шетелдермен валюта-кредит және қаржылық қатынастар бағыттарының нысандары мен әдістерінің жиынтығымен сипатталады. СЭҚ субъектілеріне арнайы мамандандырылған сыртқы экономикалық қызметке қызмет көрсететін және оның дамуына жәрдем көрсететін ұйымдар жатады.Сыртқы экономикалық байланыстарды дамыту стратегиясы халықаралық еңбекті бөлу жүйесінде Қазақстанның жағдайын жақсартуға, өнім сату рыноктарын кеңейтуге, тұрақты экономикалық және әлеуметтік өркендеуге жеткізу бағытталады.Экономикалық қызметті мемлекеттік реттеудің негізгі қағидалары мыналар болып табылады:1.Сыртқы экономикалық қызметті реттеу мен оның жүзеге асырылуын бақылау жүйесінің бірлігі.2. елдің кеден аумағының біртұтастығы.3.Экономикалық реттеу шараларының басымдығы.4.Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың теңдігі және мемлекеттің олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауы.

      2.Ұлттық мемлекеттердің ақпараттық – телекоммуникациялық революция шарттарында даму ерекшелігі. Ақпараттық қоғам – қоғамдық дамудың сапалы жаңа сатысын суреттеу үшін қолданылатын теориялық үлгілердің бірі. Оған ақпараттық – компьютерлік революция бастауы бар дамыған елдер кірген. Қоғамның технологиялық негізі болып индустриалды емес, ақпараттық және телекоммуникациондық технологиялар табылады (АТТ). 80-90 жж философтар мен әлеуметттенушылар ақпараттық қоғам теориясын шығарады. Мұндай жұмыста батыстың мынадай танымал философтары күштерін қосты: Йошита Масуда, Збигнев Бжезинский, Дж. Нэсбитт. Бірақ барлығынан да танымал американдық философ Олвин Тоффлердің (1928 т.) ақпараттық қоғам теориясы, өйткені оның атақты кітаптары «Future shock» (шок от столкновения с будущим, 1971), «Экопазм» (1975), «Третья волна» (1980) біздің елде аударылған. Ақпараттық революци Олвин Тоффлердің айтуы бойынша 2 революциядан тұрады:1.компьютерлік;2.телекоммуникациондық.

     3.Мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметінің негізгі мән. Елдің сыртқы экономикалық қызметінің дамуы көбінесе ол жүзеге асырала алатын жағдайларды ырықтандырылуына байланысты. Қазіргі уақытта ол сыртқы экономикалық  қызметінің басқа да түрлеріне мемлекеттік монополияның едәуі әлсіреуәмен сипатталады. Меншік қнысандары мен шаруашылық қызметінің түрлері әр түрлі кәсіпорындар мен ұйымдарда сыртқы нарыққа тікелей шыға алады.Сыртқы сауда қызметіне ықпал ету импорттық және экспорттық кеден баждарв, еліміздің қлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және халықаралық міндеттемелерін орындау мақсатында экспорттық және импорттық мөлшерлік шектеулерді белгілеу арқылы жүзеге асырылады. Мөлшерлік шектеулер белгілегенде квота бөлу мен лицензия беру негізінен конкурс немесе аукцион өткізу арқылы жүзеге асырылады.

9 билет

     1.Экономиканы мемлекеттік реттеу ұғымының анықтамасы. 

     ЭМР-бұл макроэкономикалық тепе-теңдікке және экономиканың жұмыс істеуінің әрбір нақтылы кезеңінде оның үдемелі дамуына әсер ету үшін, сондай-ақ қаржы ресурстарын шебер пайдаланудың күнделікті процесін қамтамасыз ету үшін шаруашылық жүргізуші субъектіге мем.ң қаржалақ ықпал жасауының нысандары мен әдістерін мақсатты және дәйекті қолдауы процесі. Мұндай реттеудің қажеттігі мемлекет тарапынан қоғамдық өндірісін барысын қоғамға керек бағытта түзетіп отыруды талап ететін өндірістің сипатымен анықталады.

    2.Фискалды саясат қаржылық-бюджеттік реттеудің негізі ретінде; мақсаты, негізгі құралдары. Фискалды саясат үкіметтің салық салу мен мемлекеттік бюджеттің қаржысын іскерлік белсенділікті реттеуге, ақша көлемін және түрлі әлеуметтік мәселелерді шешуде қолдану сияқты мүмкіндіктерін болжайды. Мемлекеттің фискалды саясаттың негізгі тіреушісі болып салықты үкіметтің мақсаттарына сәйкес етіп құру болып табылады. Фискалды саясатты жүргізу- мемлекеттік биліктің заңдастырылған ұйымдарын прерогативІ, себебі  олар салық салу мен осы  қаражатты шығындауды бақылайды. Фискалды саясат дискреционды фискалды саясат және автоматты саясаттан құрылады. Дискреционды фискалды саясат негізінде біз мемлекеттің ұлттық өндірістің шынайы көлеміне, қамтылуға, ақшаның құнсыздануы мен экономикалық өсу мақсатында саналы түрде салық салу мен мелекеттік шығынды реттеуді түсінеміз. Дискреционды фискалды саясатқа қысқаша тоқтала кетейік. Түсу кезінде ынталандыратын дискерционды фискалды саясат мыналардан құралады:- мемлекеттік шығындарды көбейту;- салықты азайту;- мемлекеттік шығындардың өсуін салықты азайтумен байланыстыру.

     3.Ұйымдардың тұрақтануы және венчурлік кәсіпкерліктің дамуы. Венчурлік бизнес дегеніміз — технологиялық жаңалықтарды енгізудің негізгі формасына айналған тәуекелге негізделген бизнес. Ғылыми зерттеу нәтижелерін коммерциялауға негізделген иннновациялық салаларға салынатын тәуекелділік деңгейі жоғарылылығымен сипатталады. Инновациялық іс-әрекеттердің нақты секторға қызмет көрсету жүйесі бойынша кәсіпкерліктің инновациялық түрлерін жетілдірудің нарықтық механизмдерін реттеудің, соның ішінде венчурлік бизнестің тиімді әдістерін зерттеудің ілімдік және тәжірбиелік маңыздылығы, өзектілігі мен зерттелу дәрежесінің нақты экономика саласында индустрия жағдайында қолайлы жағдайды құру үшін жеткілікті болмауы. Алғашқы венчурлік бизнес Қазақстанда "Ұлттық иннова-циялық қор" акционерлiк қоғамын құрумен тікелей байланысты. Қоғамның жарғылық капиталы үш миллиард теңгені құрайды. Қоғамның негiзгi мiндеттерi: -отандық және шетелдiк инвесторлармен бiрлесiп, венчурлік қорларды құру, инновациялық жобаларды венчурлік қаржыландырудың тетiктерi мен инфрақұрылымын қалыптас-тыруға қатысу;-гранттар беру жолымен экономиканың коммерциялық тиiмдiлiгi мен технологиялық даму көзқарасы тұрғысынан әле-уеттi перспективалы болып табылатын жаңа технологияларды, тауарларды, жұмыстарды, қызметтер көрсетудi құруға бағытталған қолданбалы ғылыми зерттеулер мен тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру; -инвестицияланатын компаниялардың жарғылық капита-лына үлестiк бақылаусыз қатысу жолымен инновацияларды енгiзудi қаржыландыру;-ұлттық инновациялық инфрақұрылым (технополистер, технопарктер, бизнес-инкубаторлар, инновациялық орталықтар) элементтерiн құруға қатысу;-ғылыми-техникалық өнiм рыногын қалыптастыруға қатысу;

10 билет

     1.Монополиялар және мемлекеттік реттеу. Нарық экономиканың басты қозғаушы күші – тауар өндірушілердің бәсекелестігі.Бәсекелестік өндірушілердің тауарлар мен қызметті тұтынушылар үшін күресі ретінде көрінеді.Егер жалпы бәсекелестік қатынастар туралы айтылса, онда бәсекелестік қатынастары мемн экономикалық субъекті арасындағы қатынастар кез келген экономикалық жүйеге тән. Олар  ресурстардың  шектеулігінің болмай қоймайтын салдары болып табылады. Ресурстар шектеулі болғандықтан, шаруашылық жүргізу субъектілер оларға ие болу үшін мәжбүр болады.Мемлекеттік араласудың қажеттілігін атай отырып, біз бәсекелестік күрес монополияның пайда болуы факторларының бірі болып табылады. Монополияның дамуы экономиканың бәсекелестік бастауларына тосқауыл қояды. Яғни, бәсекелестіктің бастауын арнаулы қолдау және монополиялық тенденцияны шектеу қажеттілігі туындайды. Бұо мемлекеттің монополияға қарсы қызметінің арқасында болуы мүмкін. Сөйтіп, монополия бәсекелестікке қарама-қарсы жұмыс істейді.

     2.Жұмыспен қамтамасыз етуді мемлекеттік реттеудің бағыты мен негізгі әдістері.     Жұмыссыздық деп халықтың жеке және қоғамдық қажеттерін қанағаттандыратын және кіріс әкелетін қоғамдық-пайдалы іс-әрекет түсіндіріледі.  Жұмыспен қамтуды мемлекеттік реттеуде экономикалық ұйымдастыру, әкімшілік-құқықтық әдістер қолданылады. Жұмыспен қамтуды мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттары (жолдары) мыналар болып табылады:

-жұмыс орындары жүйесінің дамуын реттеу;   

-жұмыс орындарына сұранысты реттеу;

-мемлекеттің білім беру және қызметкерлерді кәсіби даярлау мен қайта даярлау жүйесін дамытуға мемлекеттің қатысуы.

      Алайда мемлекеттің араласуы жұмыспен қамту, еңбекке қабілетті әрбір азаматты жұмыс орнымен қамтамасыз ету мәселелерін шешеді дегенді білдірмейді. Мемлекеттің араласуы мына негізгі бағытты: жұмыссыздықтың деңгейі мен оның ұзақтығын реттеу және одан зардап шеккен адамдарды әлеуметтік қорғауды топтастырады.

    3.Елдің әлеуметтік-экономикалық даму концепциясы. Кез келген елдің әлеуметтік-экономикалық дамыту концепциясы жасалынуы тиіс.Елдің әлеуметтік-экономикалық дамыту концепциясы дегеніміз-  мемлекеттің экономикалық дамуы мен әлеуметтік қолдау  көрсету негізінде жасалынатын  стратегиялық сипаттағы құжат. Оның негізгі мақсаты- ұлттық экономиканы дамытудың стратегиялық мақсатын белгілеу мен  мемлекеттік, аймақтық, жергілікті мүдделерді ұштастыру мен есепке алу негізінде   жүзеге асыру жолдарын белгілеу. Тұжырымдаманы жасаудың  негізгі мақсаты- ұлттық экономиканы дамытудың стратегиялық бағдарлары мен  мақсаттарын    анықтау мен  оларды  жүзеге асыру  механизмдері мен бағыттарын белгілеу. Концепцияны жасау кезінде   дайындаушылар  мақсаты бағдарлылық, кешенділік,  көпнұсқалылық, тиімділік пен   демократиялық принциптерге сүйену қажет.  

11 билет

     1.Қазіргі заманғы ғаламдық экологиялық және экономикалық проблемалар, олардың Қазақстандағы ерекшеліктері. Қазақстанның экологиялық проблемалары соңғы 20-30 жыл ішінде едәуір шиеленісті. Республика аумағында бағыты тар, негізінен ресурс тұтынатын, шаруашылық кешендер жұмыс істеген ұзақ уақыт ішінде бүгінгі таңдағы, тым жағымсыз, ал бірқатар аудандарда айтарлықтай тұрақсыз экологиялық жағдай қалыптасты. Табиғатты пайдаланушының жеткіліксіз ойластырылған стратегиясының, шаруашылықтың қарқынды дамуының, антропогендік жүктемелерді ғылыми реттеу қажеттілігі мен мүмкіндіктерін жоққа шығару салдарынан табиғи ортаның қауіпті азуы әлі де жалғасуда. Сондай-ақ Каспий теңізінің жайы да ерекше толғандырады. Оның деңгейінің көтерілуіне байланысты бес мұнай-газ кен орны, коммуникациялар, елді мекендер мен өнеркәсіп нысандары су басқан аймақта қалды. Каспий теңізінің ластану нәтижесінде суда жүзетін құстардың, итбалықтың жаппай қырылу жағдайлары орын алды. Арал теңізі – экологиялық апат аймағы. Өзен тармақтарының көп жылдан бері қысқаруы оның деңгейінің 15 метрге төмендеуіне және су құрамында зиянды заттардың молаюына әкеп соқтырады. Жыл сайын Қазақстанның аумағына және одан тысқары теңіз түбінен 150 мың тоннадай шаң-тозаң мен тұз көшіріледі. Теңіз бассейнінде биологиялық ортаның азуының қайталанбайтын процестері күшеюде. Адам өміріне көп зиян тигізетін проблемаларды қысқаша атап өтелік:1.Улы өнеркәсіптік қалдықтарды жинау, құрғату, қайта өңдеу және көму мәселелері.Барлығы 2 млрд тонна жиналды, жыл сайынғы өсім 73 млн тоннаны құрайды. 2.Шиеленісті радиациялық жағдай.

     2.Мемлекеттік кәсіпкерліктің дамуының мәні мен жалпы белгілері.        Мемлекеттік кәсіпкерлік іс-әрекеттер жеке фирмалардың табиғатына қарама-қайшы келетін аймақтарда немесе орасан тәуекел мен қорларды салуды талап ететін аймақтарда жүзеге асады. Мемлекеттік кәсіпкерліктің жеке кәсіпкерліктен негізгі айырмашылығы мынада: мемлекеттік кәсіпкерліктің алғашқы кезектегі міндеті кіріс алудан емес, әлеуметтік – экономикалық мәселелерді шешуден тұрады, ол міндеттерге жататындар:

- өсудің қажетті ырғағын қамтамасыз ету,

- айналымдық ауытқуларды реттеу,

- қамтылуды қолдау,

- ғылыми-техникалық прогресті ынталандыру және т.с.с.

      Реттеудің бұл түрі өндірісті жандандыру үшін өмірлік маңызды аз рентабельді кәсіпорындар мен шаруашылық салаларын қолдауды қамтамасыз етеді. Бұл салаларға бәрінен бұрын экономикалық инфрақұрылым салалары: энергетика, көлік, байланыс жатады.

      3.Экономикалық өсудің факторлары мен негіздері. Экономикалық ғылымда экономикалық өсудің үш негізгі факторларының тұрпаттары бөліп көрсетіледі: ұсыныс факторы, сұраныс және бөлу факторы.Ұсыныс факторы деп өндіріс көлемінің өсуін жүзеге асыру мүмкіндігінің жағдайы түсініледі. Олардың құрамына енетіндер:

а) табиғи ресурстардың саны мен сапасы;

ә) еңбек ресурстарының саны мен сапасы;

б) негізгі капиталдың көлемі мен сапасы;

в) пайдаланылатын технологиялар;

г) ғылыми жұмыстар.

    Ұсыныс факторы экономикалық өсу үшін, әлеуетті мүмкіндіктерді көрсетеді. Шынайы экономикалық өсу өсіп келе жатқан ресурстар көлемін нақты пайдаланумен байланысты, яғни соларға сұранысты қамтамасыз етудің қажеттігі.

     Экономикалық есу факторларының екінші тұрпаты сұраныс факторы болып табылады:

а) қоғамдағы жиынтықгы табыс пен шығындардың деңгейі;

ә) табыстар мен шығындардың құрылымы;

б) қоғамдағы еркін капиталдың болуы;в) кредиттік қатынастар жүйесінің дамуы;

г) тұтынушылардың кредит алуының мүмкіндігі.

       Факторлардың үшінші тұрпаты - бөлу факторы.Мәселе, тиімді бөлу жолға қойылған жағдайда ғана, қолда бар ресурстардың үдемелі саны өнім көлемінің өсуіне жол ашады.

12 билет

       1.ҒТП Қазіргі заманның даму факторы ретінде. ҒТП-ның экономикалық дамудағы негізгі рөлі экономикалық ғылыммен ХХ жүзжылдықтың екінші жартысында ғана ашылды. Осы уақытқа дейін ҒТП-ның экзогенді концепциясы жүргізілді, оған сәйкес өндіріс дамуының негізгі факторлары болып, А.Смит және К.Маркс классиктері есептегендей, ал еңбек өндірілімінің жоғарылауы тірі еңбек факторын капитал факторымен жабу процессі ретінде, еңбек пен капитал табылады. Экзогенді ҒТП- өндірістің тиімділігін жоғарылататын сыртқы әлеуметтік – экономикалық күш болып табылады. ҒТП-ң экзогенді концепциясы командылық - әкімшілік жүйеге толық сәйкес келді және ғылыми-техникалық жұмыстардың орталықтандырылған жоспарлау жүйесін бар болуын және олардың өндіріске кіруін қадағалады. Бұл инновационды процесстің және әр салаларға жаңа техниканың қолданылуының тиімсіздігіне және олардың капиталистік дамыған елдерден артта қалуына алып келеді.

     2.Экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесінің қалыптасу принциптерін өңдеу. Экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесін құраған кезде белгілі бір ұстанымдарға сүйену керек:

1-ұстаным тиімділік. Мемлекеттік реттеу соңғы экономикалық әсерді қарастыру керек.

2-ұстаным әділдік – салық салуды жетілдіру арқылы, кірістерді қолдау саясатын енгізу арқылы (көп балалыларға, еңбекке жарамсыздарға, егде жастағы адамдарға көмек), жұмыссыздарды қамсыздандыру арқылы және т.б.

3-ұстаным тұрақтылық.. Экономикаға көтермелеуді теңестіру, іскер айналымның құлдырауын тежеу, жұмыссыздықты тоқтату, экономиалық дамуды қолдау мақсатымен қажетті әсер етуді қамтамасыз етеді.

4-ұстаным мемлекеттік әсер етудің жүйелілігі. Экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, сыртқыэкономикалық және басқа мәселелерді шешуге кешенді, жүйелі ыңғай қарастырады.

5-ұстаным дәлдік. Экономика мен оларды қолдану құралдарының мемлекеттік реттеуші жүйесі Украинаның тәуелсіз мемлекет ретінде әлеуметтік-экономикалық дамуы мен саяси құрылуының заманауи кезеңінің нақтылықтарын көрсететіндей талап етеді, және де жалпы саяси және экономикалық жағдайдың бағасын талап етеді.

6-ұстаным әкімшілік-құқықтық және экономикалық  құралдардың қолайлы қиылысуы.

7-ұстаным стратегиялық және ағымдық мемлекеттік реттеу бірлігі мен оның жеделдігін қамтамасыз ету.

     3.Инвестициялардың негізгі қайнар көздері. Инвестициялар болып табылады: ақша қорлары, мақсаттық банк салымдары, үлестер, акциялар және басқа құнды қағаздар, технологиялар, машиналар, құрал-жабдықтар, несиелер, кез келген басқа мүлік және мүліктік меншік, зияткерлік құндылықтар. Инвестициялық қызмет мыналар есебінен жүзеге асырыла алады: инвестордың жеке меншік қорларынан (азаматтардың, заңды тұлғалардың және т.б. табысы, ақша жинақтары, салымдары), инвесторлардың қарыздық қаржы қорларынан (облигациялық қарыздар, банктік және бюджеттік несиелер), бюджеттік инвестициялық ассигнациялардан.Инвестициялар, табыс алу және оң әлеуметтік әсерге қол жеткізу мақсаттарында кәсіпкерлік және басқа қызмет түрлері объектілеріне салынады.

13 билет

     1.Постиндустриалды типті экономиканың құрылымы. «Постиндустрализм» терминін ғылымға ХХ ғасырдың басында А. Кумарасвами енгізген, ол индустриалдыққа дейінгі азиялық мемлекеттердің дамуына маманданған. Қазіргі заманғы мағынада бұл термин алғаш рет 1950 жылдың аяғында қолданыла бастады, ал постиндустриялық қоғам концепциясы Гарвард университетінің профессоры Дэниел Беллдің атап айтқанда, 1973 жылы оның «Болашақтағы постиндустриялық қоғам» атты кітабы жарық көргеннен кейін жұмысы нәтижесінде кеңінен танылды.Постиндустриялық экономикада материалдық игілік құнына неғұрлым үлкен үлесті өндірістің соңғы құраушысы – сауда, маркетинг, жарнамалар, яғни қызмет саласы - әкеледі, және де патент, НИОКР және т.б. түріндегі ақпараттық құраушылар.Одан басқа, өте үлкен рөлді ақпарат өндірісі ойнайды. Бұл сектор  материалдық өндіріске қарағанда экономикалық жағынан тиімді, себебі оның алғашқы үлгісін дайындау жеткілікті, ал көшіруге кететін шығындар жоқ.В.Иноземцевтің пікірінше «постиндустриялы әлем ХХІ ғасырға толығымен, яғни технологияның әлемдік өндірісі мен күрделі жоғары технологиялық тауарларды бақылайтын, өзін  өндірістік және ауылшаруашылық өніммен толықтай қамтамасыз ете алатын, және де сауда мен инвестиция көзқарасынан алғанда өзінше жеткілікті өзіндік әлеуметтік білімімен енеді.

       2.ҚР аграрлық өндірісті ынталандыратын ұлттық бағдарламалар. Соңғы жылдары мемлекеттік саясатта сала үшін оң беталыстар байқалуда. Президенттің Қазақстан халқына «2030 жылға ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары туралы» Жолдауында (Астана, сәуір, 2002ж.)  негізгі тақырып болып село (ауыл) тақырыбы, ауылшаруашылығын дамыту, дәлірек айтқанда, азық-түлік нарығы тақырыбы болды. Жолдауға сәйкес 2003-2005 жылдарға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік аграрлық азық-түліктік бағдарламасы қабылданды.Бағдарламаның мақсаты – агроөнеркәсіптік кешендегі тиімді жүйені қалыптастыру және бәсекеге қабілетті өнімді өндіру негізінде Қазақстандағы азық-түліктік қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

      3.Мемлекеттік реттеу ұйымдарының механизмін қалыптастыру.Нарықтық экономикасы дамыған барлық елдер үшін шаруашылық өмірді реттеудің әдістері мен үлгілерінің бірігуі ретіндегі үшдеңгейлі (үшқабатты) шаруашылық механизмі тән (ол 4-бөлімде қарастырылған сол іргелі бөлшектерге сүйенеді). Тарихи жағынан бұл үш деңгей бірмезгілде қалыптаспаған.Өз-өзінен нарықтық реттелу деңгейі сонау ХУІ-ХУІІғғ., яғни Батыс Еуропада (бәрінен бұрын Нидерланд пен Ұлыбританияда) капиталистік қатынастар пайда болған кезде, қалыптаса бастады, және де сонда және АҚШ-да ХІХ-ғ. 50-60 жылдарына толығымен құрылды, ол кезде шаруашылық өмірдің материалдық базасы ірі машина өндірісі болатын және дамудың жоғары деңгейіне  еңбекті қоғамдық бөлу арқылы қол жеткізген болатын. Бұл жағдай өмірге маңызды реттеушісі ретінде тауардың нарықтық бағасы шығатын нарықтық қатынастар жүйесін әкелуге себепші болды. Баға қозғалысы өндіріс шығындары мен тауар мен оның ұсынысына деген қатынасына байланысты жүргізілді.Корпоративтік реттеу деңгейі  Бірінші әлемдік соғыстың басталуынан 20-25 жыл бұрын қалыптасты. Бұл уақытқа құрылған күшті бірлестіктер  тіпті кез келген тауарды өндірудің мәнді, тіпті болмаса бір үлесін өз қолдарына ала отырып, иеленген бағаға, және де өндіріс көлемі мен сәйкес тауар өндіруге мақсатқа сай әсер етуге мүмкіндік алды. Бұдан айырмашылығы ұсақ фирмалар үшін баға оларды өндіру мен өтімді сыртқы реттеуші ретінде  шығады.

14 билет

     1.Болжамдау түсінігі. Қызметі, әдістері және қағидалары. Ұлттық мемлекеттік немесе макроэкономикалық болжамдау- ұлттық экономиканың болжамдық зерттеулеріне  негізделген ғылыми тұжырымдалған жүйені қалыптастыру процесі.Ұлттық болжамдаудың мәні- ұлттық экономика туралы оңтайлы шешімдер қабылдаудың  мүмкін нұсқауларын анықтаумен байланысты болып табылады. Ұлттық экономиканың  болжау ел экономикасын   дамуының болашақ параметрлері   туралы сандық және сапалық негізделген    дәлелді    тұжырымдардың   жиынтығы болып табылады.Ұлттық болжамдаудың негізгі мақсаты:-Ұлттық экономиканың тұтас негізделген бейнесін жасау;-Ел экономикасын дамытуды сандық және сапалық  параметрлерін қолдану  негізінде мүмкін траекторияларын анықтау;-Ұлттық экономиканы дамыту үшін  қажет ресурстардың қажеттілік    деңгейін бағалау;-Ел экономикасының  шаруашылық субъектілерінің жалпылама    бағдар беруі мен даму стратегиялары  турасында ақпаратты қамтамасыздандыру.Объектілері: нарықтық орта, ел экономикасы, салалар, аймақтар, қызмет аялары және т.б., нарықтық орта динамикасы, макроэкономикалық жағдайлар материалдары мен қаржылық ресурстар, ғылыми-техникалық процесс,  оның әсерінен болған   өзгерістер,    экономикалық фактордың   әсерінің негізінде жалпы экономиканың дамуы.

      2.Агробизнесті қалыптастыру. Ауыл шаруашылығы кез келген қоғам өмірінде ерекше орны алады, яғни дәл осында адамның өмір сүруі үшін алғашқы орында тұратын азық-түлік өнімінің басым бөлігі өндіріледі.Заманауи ауылшаруашылық өндірісін ұлттық экономикасыз тыс оқшауланған, дамыған және функцияланған етіп елестету мүмкін емес. Нақты өмірде ол ауылшаруашылығы мен олармен түйіскен экономика салаларын байланыстыратын сала аралық өндірістік кооперативтерге негізделеді. Бұл кооперативтер:- бірінші жағынан, ауылшаруашылығына өндіріс құралдарын, өндірістің барлық техникалық жағдайларын береді;-  екінші жағынан ауылшаруашылық шикізатын қайта өңдейді  және  пайдалануға дайын азық-түлік өнімдерін тұтынушыға жеткізеді.

  Түрлі салалардың осындай өзара әрекеттесуі негізінде ауылшаруашылық кешені (АПК) пайда болады. Ауылшаруашылық кешені – бұл ауылшаруашылығы мен ауылшаруашылық техникасын, ауылшаруашылық өнімді өндіру, оны өңдеу және сату бойынша экономиканың онымен түйісетін салаларының өзара қызметін, өзара байланысын көрсететін көпсалалы функционалды жүйеше.Ауылшаруашылық кешенін қалыптастыру ауылшаруашылығын өндірістің машиналық сатысына ауысумен байланысты, бұл ауысу  ауылшаруашылығының ұлттық экономиканың басқа салаларымен технологиялық және функционалдық байланыстарын мағыналы түрде жақсартты және кеңейтті.

      3.Аймақтық саясаттың тұжырымдамасы. Өнідірістік әлеуметтік-экономикалық дамуын басқару аумақтың нақты өзін-өзі басқаруы, өңірлік ұтымды басқарудың саналы орталықтандырылып жүргізумен байланыстырылады.Аймақтық саясатты қалыптастыру негізінде оңтайландыру мен елдің өндіргіш күшін орналастырудың объективті қажеттілігі жатыр. Оның мәні мемлекет пен аймақтың мүдделерін мүдделерін ұтымды ұштасуына, экономикалық өсуді тиімді пайдалану үшін жағдай жасауда, тұрғындардың өмір сүру деңгейін көтеруде және жасауда, тұрғындардың өмір сүру деңгейін көтеруде және экологиялық қауіпсіздікті сауықтандырумен қорытындылады.Өңірлік саясаттың тұжырымдамасы оны үш кезеңде қарастыруды көздейді:1 кезең- 1998-2000жж; 2кезең-2001-2010жж; 3кезең-2011-2030жж.

15 билет

     1.Экономикалық реттеу. Экономикалық реттеудің экономикалық әдістері, басқаша айтқанда құралдары немесе тәсілдері көмегімен үкімет бірнеше топқа шарттай біріккен экономикалық саясатты  ұсынады, аталмыш топтарға экономиканы бюджеттік-қаржылық реттеу әдісі, ақша-несие әдісі, экономикалық дамуды жоспарлау және бағдарламалау жатады. Экономикалық әдіс-тәсілдер  капиталдың концентрация деңгейін болжау және экономиканың құрылымы арқылы нарықтық қатынастар мен нарықтық өрістің кеңеюіне әсер етуді болжайды. Осы мақсатта бюджетті және фискальді саясат, ақша-несие саясаты, бағдарламалау, болжау және де жоспарлау қолданылады. Мемлекеттік реттеу тәсілдерінің ішінде мүлдем керексіз және тіпті тиімсіз шешімдер болмайды, олардың барлығы қажет, ең бастысы бұл реттеу тәсілдерін қандай жағдайларда тиімді пайдалана алатынымызды анықтап алуымыз қажет.

     2.Мемлекеттің монополияға қарсы саясаты. Монополистік тенденцияны зерттеу және қолйлы бәсекелестік ортаны құру. Монополияға қарсы реттеудің басты міндеті- бөлек фирмалармен рыноктың монополиялануына жол бермеуге бағытталған. Оған әкімшілік және нормативтік бағыттамалы ықпал жүргізетін әдістері енеді.Мемлекеттің монополияға қарсы саясаты бәсекелестік нарығында ойын ережесін белгілеуге шақыратын, бірінші кезекте, монополияға қарсы заңдар жиытығын жүзеге асырады. Әрекеттің нақты бағдарламасын үкімет әзірлейді және жүзеге асырады. Мемлекеттің монополияға қарсы саясаты- тиімді нарық экономикасы мен бәсекелесті нарықтық ортаны қалыптастыпу мақсатын жүзеге асыратын заң актілері мен әкімшілік шараларының жүйесі. Монополияға қарсы саясат шеңберінде екі негізгі бағытты бөліп алуға болады: монополиясыздандыру және кәсіпкерлік монополияны реттеу.Бірінші бағытқа төмендегілер жатады:

•жаңа фирма құру тәртібін мүмкіндігінше жеңілдендіру;

•фирмалардың жұтылуына мемлекеттік бақылау енгізу;

•ерекше күрделі жағдайда баға мен еңбекақыға тікелей мемлекеттік бақылау;

•Бағалық кемсітушілік саясатын жүргізгені үшін фирманы жазалау;

•кішірейту жүргізу.

     3.Еңбек рыногын мемлекеттік реттеу. Жұмыспен қамтамасыз ету мен жұмысқа қабілетті тұрғындардың жұмыссыздығының деңгейіне мемлекеттік ықпал ету реттеудің жалпы жүйесі мен әлеуметтік саясатының бөлінбейтін бөлігі болып табылады.«Еңбек рыногы – жұмыс күшіне сұраныс, оған қажеттіліктің болуы, екінші жағынан – жұмыс күшін ұсынуды тұтынуды қанағаттандыратын мүмкіндігі бар араласатын қарама-қарсы келетін сала.» (Лившиц).

     Еңбек рыногы – бұл рынок экономикасы құрылымының құрамдас бөлігі. Ол басқа да рыноктармен: шикі материалдар, халық тұтынатын тауарлар мен қызметтер, тұрғын үй, бағалы қағаздар және т.б. рыноктармен қатар қызмет етеді. Еңбек рыногы жұмыспен қамтамасыз етудің мемлекеттік және мемлекеттік емес жүйелерімен, сондай-ақ кәсіпорындар мен мекемелердің тікелей кадр қызметі арқылы немесе тікелей жұмысшы мен жұмыс берушінің арасында жүзеге асады. Еңбек рыногы – бұл тек қана жұмыс күшін сату және сатып алу емес, ол сандық және сапалық жағынан да, еңбек ресурстары мен жұмыс орындарының арасындағы теңдестік проблемаларын шешеді. Негізгі проблемалар – салалар мен кәсіптік біліктіліктің теңдестірілмеуінде.

16 билет

       1.Қазақстан заңнамасында қоршаған ортаны қорғаудың (ҚОҚ), табиғатты ұтымды пайдалану және ресурстарды үнемдеудің құқықтық негізі.     Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі органдардың нақты жағдайлардағы іс-қимылдары құқықтық құжаттарға жауап беруі тиіс, осы құжаттар – атап айтқанда 1997 жылдың 15 шілдесінде қабылданған ҚР «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Заңы болып табылады. Осы заңға сәйкес мемлекет экологиялық қауіпсіздіктің жалпы нормаларын,стандарттары мен ережелерін айқындайды. Заңда қоршаған ортаның сапасын нормалаудың мақсаты экологиялық қауіпсіздікті және халықтың денсаулығын қорғауға кепілдік беретін қоршаған ортаға әсер етудің ғылыми негізделген шекті жол берілетін нормаларын белгілеу болып табылады.

      2.Баға саясаты және олады мемлекеттік реттеудің тетіктері.  Бағаның өзгеру үрдісіне тікелей мемлекеттің араласуы акциздік тауар деп аталатындарға, бағаны белгіледің мемлекеттік саясаты болып табылады. Бағаның қалыптасуына мемлекеттік демеу қаржы тікелей ықпал етеді. Бағалық демеу қаржы өндірушіге немесе тұтынушыға арнаулы төлем беру жолымен бағаны төмендетуді қарастырады. Бағаға тікелей әсер ету және бағаның жетекшілігі тауар мен қызметті тұтынудың мемлекеттік үлесі елеулі салада, мысалы,өнеркәсіптің әскери саласында, құрылыстың кейбір салалық бөлімдерінде орын алады.Бағаны реттеудің тиімді құралы- қосымша құнға салық болып табылады. Бұл салықты өндіруші тауар мен қызметтің бағасына қосылады және бұл салықтың мөлшерлемесінің саралау өзгерістері тікелей бағаға ықпал етеді. ЭМР-дің негізгі бағыттары сыртқы сауда бағасына мемлекеттік ықпал жасау болып табылады. Экспортты мемлекеттік көтермелеу, экспорттаушыларды салықтан босату, кейбір елдерде –экспорттық демеу қаржы, жеңілдетілген көліктік тарифтер мен кредиттер беру әлемдік нарықта бағалық бәсекелестік жағдайында елеулі түрде көрінеді.      

     3.Мемлекеттік аграрлық саясат шаралары.Республикада мемлекеттік қолдау шаралары жалпы сипаттағы шаралар және арнайы шаралар болып бөлінеді.Жалпы сипаттағы шаралар – бұл жануарлар мен өсімдіктердің аса қауіпті ауруларымен күресу және мониторинг диагностикасын,  карантин жағдайындағы өнімнің  зертханалық және фитосанитарлық анализін, ауылшаруашылық дақылдарын сортына қарай зерттеуді, суарылған жерлердің мелиоративтік жағдайын бағалауды, элиталық және асыл тұқым өндіруді дамыту мен сақтау, минералды тыңайтқыштарды алуды, агроөнеркәсіптік кешеннің ақпараттық жүйесін құру және дамытуды, қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізуді мемлекеттік қаржыландыру.Жалпы шараларға сонымен қатар ауылшаруашылық өнімін өндірушілерге деген жеңілдетілген салық салуды (заңды тұлғаларға патент пен  шаруа (фермерлік) қожалықтар үшін бірыңғай жер салығы), бюджеттік қарызды кейінге қалдыруды жатқызуға болады.Арнайы шараларға келесілер жатады: мемлекеттік қорға астық сатып алу, ауылшаруашылық техникасы лизингін несиелеу, көктемгі егіс және жинау жұмыстарын жүргізуге жерлгілікті бюджеттерді несиелеу, ауылдық несиелік серіктестіктер жүйесін несиелеу,  ішкі қарыздарды тарту арқылы мемлекеттің несиелеуі,  экспорттық-импорттық тәртіпті реттеу кезіндегі тариф саясаты.

17 билет

     1.Мемлекеттің экологиялық бағдарламалары, олардың мазмұны. Табиғатты пайдалануды мемлекеттік реттеу әдістері. Мемлекеттік реттеу әдістерін екі топқа бөлуге болады:-Технологиялық стандарттарға негізделген әкімшілік-құқықтық әдістер.-Бірінші кезекте мемлекеттің табиғи ортаның түрлі элементтерін қорғау талаптарының орындалуын ынталандаруына негізделген экономикалық әдістер. Әкімшілік-құқықтық әдістер тастауға жол берілетін нормаларды белгілеуді; шикізаттың немесе өнімнің белгіленген түрін қолдануға тыйым салуды; түрлі салаларға арналған сараланған экономикалық стандарттар жүйесін белгілеуді қарастырады. Қоршаған ортаны қорғаудың экоонмикалық әдістері мыналар болып табылады:-қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды жоспарлау және қаржыландыру;-табиғи ресурстарды пайдалану үшін төлем төлеу;-табиғи ресурстарды қорғау және ұдайы өндіру үшін төлем төлеу;-қоршаған ортаны қорғауды экономикалық ынталандыру;-экологиялық сақтандыру;-қоршаған ортаны қорғау қорларын құру.  

     2.Өндірістік саясаттың түрлері.Енді өндірістік саясаттың негізгі үлгілерін қарастырайық:  экспортқа бағытталған үлгі, импортты алмастыру үлгісі, инновациялық үлгі.

1. Экспортқа бағытталған үлгі. Эксортқа бағытталған үлгінің негізінде өзінің өнімінің экспортына бағытталған өндірістің шаралық марапаттаулар жатыр. Негізгі марапаттау шаралары экспорттың бәсекеге қабілетті салаларының дамуы мен оны қолдауға негізделген. Басымдықты мақсат болып бәсекеге қабілетті өнімдерді өндіру және оларды халықаралық нарыққа шығару табылады     

2. Импортты орналастыру үлгісі. Бұл үлгі  ұлттық өндірістің даму негізінде  ішкі нарықтың қамсыздандыру басымдылығын көрсетеді. Импортты орналастыру үлгісі протекционистік саясатты жүргізудің және ұлттық валюта курсын қатаң түрде сақтауды болжайды (осылайша, инфляцияның алдын алуға болады).   

3. Инновациялық үлгі. Инновациялық процесс дегеніміз енгізілген жаңалықтардың өндірістік-экономикалық, әлеуметтік-ұйымдастырушылық потенциалын, жаңа технологияларды айналдыру, сарқу  және құру процесін көрсетеді. Осындай әдіспен біз инновация дегеніміз қаржы қорларын тек қана техникалық емес, түрлі жаңалықтарды даярлау мен қолдануға деген инвестициялар деп айта аламыз.

     3.Экономиканы мемлекеттік реттеу құралдары мен әдістері. Мемлекет экономиканы реттеудің тура және жанама әдістерін қолданады.Мемлекеттік әсердің тура әдісіне жатады:

-  экономика  дамуының стратегиялық мақсаттарын анықтау және олардың индикатталған және басқа жоспарларда, мақсатты бағдарламаларда көрсетілуі;

-  өнімнің белгілі бір түрін жеткізуге, жұмыстың олрындалуына, қызмет көрсетуге мемлекеттік тапсырыстар мен келісім-шарттар;

- бағдарламаларды, тапсырыстар мен келісім-шарттарды мемлекеттік қолдау;  

-өнім мен технологиялар сапасы мен сертификациясына нормативтік талаптар;

- өнімнің белгілі бір түрін шығару бойынша құқықтық және әкімшілік шектеулер мен тиымдар;

- тауар экспорты мен импорты бойынша, яғни сыртқы сауда операцияларын лицензиялау.

     Экономиканы мемлекеттік реттеудің тура әдістері қаржылық зиян келтіру қаупі мен қосымша материалдық ынталандыруды құрумен байланыспаған және мемлекеттік биліктің күшіне негізделеді.

18 билет

     1.ҚР мемлекеттік экономикалық билік жүйесі. Біздің республикамыздың Конституциясында атап көрсетілген: «Қазақстан Республикасы президенттік басқару түріндегі унитарлы мемлекет болып табылады және өзін зиялы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет деп бекітеді».Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекеттің Негізгі Заңы ретінде  іргелі тәртіпті бекітеді, олар келесілерге қатысты:

• республиканың мемлекеттілігі;

• басқару формасы;

• мемлекет пен мемлекеттік емес субъектілер қатынастарының өзара қарым-қатынасының әдістері;

• адам мен азаматтың құқықтары мен міндеттері.

     2.Аймақтық саясаттың мақсаттары мен міндеттері. Экономикалық-географиялық аудандастыру. Аймақтық саясат мемлекеттің жалпы саясатының құрамды бөлігі ретінде стратегиялық мақсатқа елдің әлеуметтік-экономикалық тұрақты дамуына жету үшін өмірлік қызмет пен шаруашылықтың аймақтыұ факторларын пайдалануға бағытталады. Қазақстан Республикасының аймақтық саясатының өзін-өзі басқарудың даму қағидаларын қалыптастыру.

Алдын-ала келісілген объективті айырмашылықтан шыға отырып, Қазақстан аймақтары төрт топқа бөлінеді:

Бірінші топ: Атырау, Маңғыстау, Батыс-Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл  облыстарының бір бөлігі.

Екінші топ: Шығыс Қазақстан, Павллодар, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары.

Үшінші топтар: Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Адматы облыстары.

Төртінші топтар: Атырау, Маңғыстау, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстары.

Бірінші топтың  аймақтық инфрақұрылымын құруда мемлекеттік қолдау жүйесі, сондай-ақ шетел инвесторларын тарту маңызды. Екінші топтағы аймақтарда мемлекеттік реттеудің әдістері орасан жекешелендіру болып табылады. Үшінші топтағы аймақиарда  экономикалық тұтқалар мен ынталандырулар ауыл шаруашылығы өндірісін өндірісін реформалау бойынша бағытты жалғастыруға шоғырланады. Төртінші топтар үшін мемлекеттік реттеу әдістері – оның ішінде: олардың орындалуына қатаң бақылау жасау белгілі бір жобаларға қаржылық көмек көрсету басым жағдайда қалады.

      3.Ғылыми – техникалық инновациондық саясаттың құрылуы. Қазіргі заманда елдің, ауданның, салалардың және тауарөндірушінің бәсекелестікке қабілеттілігн жжоғарылату үшін ғылыми-техникалық факторлардың жүзеге асуына мүмкіндік беретін шаралар маңызды мағына алады. Ғылымның дамуы мен инновациондық қызмет үшін кең шаралар мемлекетпен қолданылуда.

Қазақстанның индустриалды-инновациондық даму стратегиясы кәсіпкерлікті бәсекелестікке қабілетті және экспортталатын өндірісті ұйымдастыруға тұрақтандыру мақсатымен іскерлі ғылыми және инновациондық саясат құруға бағытталған. Сонымен қатар шаруашылық субъектілердің басқару жүйесі инновациалық позиция жағынан бәсекелестік артықшылыққа технико-технологиялық мүмкіндіктерін трасформациялауды қамтамасыз етуі қажет.

19 билет

      1.ҚОҚ-дағы шетелдік реттеу тәжірибесі. Табиғатты пайдалануды экономикалық реттеуде дамыған индустриалды елдердің тәжірибесін қарастырайық. АҚШ-та қазіргі уақытта экономикалық реттеудің нарықтық әдістерінің негізінде «баббл-қағидат» әдісі («құты қағидаты») аталатын әдіс алынады. Бақылау әрбір жеке құбырға, пешке емес, қоршаған ортаны ластайтын көптеген қондырғылары бар бүкіл кәсіпорынға орнатылады. Қандай да бір немесе өзге заттардың тасталуының мөлшері анықталады. Кәсіпорын ластанудың тапсырылғын деңгейі аспауға тиіс орасан зор күмбездің («құтынығ») астында деп қарастырылады. Кәсіпорын осы деңгейдің шкетерінде жекелеген құбырлардан шығатын зиянды заттардың мөлшерін өзі белгілейді және жалпы нормативке жетуге болатын түрлі тәсілдерді өзі таңдай алады: отынның бұдан да таза түріне көше алады, технологияның бір түрін басқаға ауыстыра алады, өндіріс бейінін өзгерте алады, оның мөлшерін қысқартып, ең қауіпті цехтар мен учаскелерді жаба алады. Сөйтіп, шетелдік тәжірибені қысқаша талдаудың өзі ғана мынаны түсінуге мүмкіндік береді:-қоршаған оратны қорғауды реттеудің экономикалық тұтқалары тек қана өзі қолданылатын технолгоиялық қана емес, аймақтық та салаға бағдарланғанда ғана іс жүзінде тиімді болмақ;-ерекше назар шектеу шаралары мен кінәлілерді жазалауға емес, экономикалық іс-шаралары қолайлы қоршаған олрта құруға ықпал ететін өнім өндірушілердің күш-жігерін ынталандыруға аударылуға тиіс.

     2.Кәсіпкерлік пен бизнеске мемлекеттік қолдауды әкімшілік-құқықтық қамтамасыз ету.   Кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың екі мемлекеттік бағдарламасын іске асыру 1992-жылдан 1996-жылға дейінгі кезеңде Қазақстанда жеке кәсіпкерлікті құру мен дамыту негізін салуға мүмкіндік берді және бұл беталысты қайтарылмайтын процесс  жасады.Одан кейінгі уақытта шағын бизнестің дамуына Қазақстан Республикасы Президентінің 14 маусым 1996 жылғы №3036 «Кәсіпкерлік қызметке еркіндіктің мемлекеттік кепілдігін іске асырудың қосымша шаралары туралы» Қаулысы, 6-наурыз 1997-жылғы №3398 «Шағын кәсіпкерліктің дамуын белсендіру мен мемлекеттік қолдауды күшейту бойынша шаралар туралы» Қаулысы және 27 сәуір 1998 жылғы №3928 «Азаматтар мен заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметке деген еркіндік құқығын қорғау туралы» Қаулысы жаңа екпін берді.Бағдарлама шағын кәсіпкерліктің табанды  дамуын қамтамасыз етуге, экономиканың жетістікті салаларында оның үлесін арттыруға бағытталған. Бағдарламаның негізгі шараларын тәжірибе жүзінде жүзеге асыру нәтижесінде жаңа жұмыс орындарының санының айрықша өскені қарастырылады, қоғамның орташа табының негізі ретінде нақты бәсекелес ортасын құру және меншік иелерінің жалпы қабатын қалыптастыру.

      3.Экономиканы мемлекеттік реттеудің заманауи әдістері. ЭМР-дің әдістері қолданылатын  ерекшеліктеріне  байланысты жіктеледі:1 критерий бойынша:Субъектілерді  басқару шешіміне мемлекеттің әсер ету деңгейі бойынша  тікелей және жанама әсер ету әдістері деп екіге бөлінеді.

Тікелей – шаруашылық субъектілердің қызметіне үнемі араласып отырады және субъектілердің өздері шешім қабылдауына  мүмкіндік бермей,   мемлекеттің  тапсырысы    бойынша  қызмет жүзеге асады.Жанама – мемлекет жеке кәсіпкерлікке тікелей араласпай,   ұдайы өндірістің макроэкономикалық пропорционалдығын қамтамасыз ету тұрғысынан   қарастырылады. Басқаша айтқанда,   мемлекет экономикалық   субъектілердің   шешім қабылдауына араласпай, ол тек мемлекеттің экономикалық саясатының мақсатына сәйкес келетін шешімдер қабылдауға  алғышарттар жасайды. Бұл әдістерге салық, баж салымдары, түрлі квоталарды, ақпараттарды жатқызуға болады.2 критерий бойынша:Ұйымның институционалдық критерийі бойынша  ЭМР-дің әкімшіліктік және экономикалық  әдістерін бөлуге болады. Әкімшіліктік әдістер мемлекеттік  билік күшіне негізделеді, әкімшіліктік әдістердің  жиынтығы құқықтық  инфрақұрылымдарды, қажет байланыс реттеушісі іс-әрекеттерді орындауы және жеке сектор үшін мейлінше тиімді құқықтық жағдай құруды  мақсат тұтады. Әкімшіліктік әдістердің функциясы іскерлік өмір үшін    тұрақты заңдық  ортаны құру,  бәсекелік ортаны қорғау,  меншік   құқықтарын  және экономикалық шешімдер қабылдау еркіндігіне кепілдік береді.

20 билет

     1.Салық жүйесін құру принциптері, негізгі құралдары: салықтық жеңілдіктер, салықтық несиелер, жылдамдатылған амортизация. Салық салудың заманауи ұстанымдары мыналар:

1. Салық мөлшерінің деңгейі салық төлеушінің мүмкіндіктерін, яғни табыстар деңгейін есепке ала отырып тағайындалуы қажет.

2. Табыстарға салық салу біржақты мінез-құлықта болуы керек.

3. Салықтар төлеудің міндеттілігі.

4. Салық төлеудің жүйесі мен іс-шаралары салық төлеушілер үшін қарапайым, ұғынықты және қолайлы, ал салық жинаушы мекемелер үшін үнемді болуы қажет.

5. Салық жүйесі өзгеруші қоғамдық-саяси қажеттіліктерге жеңіл дағдылана алатын және икемді болуы керек.

     2.Құрылымдық және өндірістік саясаттағы инвестициялық саланың алатын ролі.           Инвестициялық саясат сөзі кең мағынада тиімді инвестициялық қызметті қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік экономикалық саясаттың бөлігі ретінде қарастырыла алады.Қазіргі уақытқа инвестицияның белгілі құрылымы қалыптасқан: инвестициялық сипаттағы мақсаттық несиелер, оған жататындар: шетел мемлекеттерінің, халықаралық қаржы институттарының  мақсаттық несиелері, жеке капитал түріндегі шетелдік инвестициялар.Инвестициялық саясаттың басымдықтарын таңдау барысында отандық экономиканың құрылымдық қайта құрылуының ұзақмерзімдік стратегиясынан шығу қажет.

     3.Елдің экономикалық өсуінің негізгі көрсеткіштері. Елдің экономикалық өсуін сипаттайтын негізгі көрсеткіштерді қарастырамыз. Бұрын атап өткендей, ондай көрсеткіштер - ЖІӨ, ЖҰӨ, ҰТ, сондай-ақ осы көрсеткіштер елдің тұрғындарының санына да қатысты болып табылады.

Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) - белгілі бір кезең уақытында оның экономикалық аумағында елдің экономикалық резидентімен шығарылған, соңғы тауарлар мен қызметтердің сомалық рыноктық құны.Экономикалық ғылымда «экономикалық резидент» түсінігінің ерекше мәні бар. Экономикалық резидент, сол елдің экономикасына жыл бойына немесе одан көбірек мерзімде өзінің экономикалық мүддесіне байланысты, оның ұлты мен азаматтығына тәуелсіз, экономикалық бірлік (кәсіпорын немесе үй шаруашылығы) болып табылады.

Сөйтіп, ЖІӨ-ні есептегенде, материалдық өндіріс пен қызмет көрсету аясындағы кәсіпорындардың өнімдерінің жиынтық құны есептеледі (олардың ұлттық ерекшелігінен тәуелсіз), сондай-ақ сол елдің экономикалық аумағында орналасқан, үй шаруашылығының табыстары, сонымен бірге олардың мүддесі, оны қабылдаған елдің экономикасымен ұзақ кезең уақыты ішінде байланысты болуы тиісті (жылдан кем емес).Жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) - өзінің қызметін жүзеге асыратын, аумақта тәуелділіктен тыс, ұлттық экономикалық бірлікпен шығарылған, барлық соңғы тауар мен кызметтердің рыноктық құнының сомасы.

21 билет

1.Мемлекеттің интеграциялық халықаралық экономикалық байланыстарын дамыту жөніндегі қызметі. Кеден  одағын және біртұтас экономикалық кеңістік қалыптастыруға бағытталған он халықаралық-құқықтық құжат: Агроөнеркәсіптік саясат тұжырымджамасы, Көлік дәліздерін қалыптастыру және дамыту жөніндегі келісілген саясат жүргізу жөніндегі келісім, ЕуроАзЭҚ мүше мелекеттердің кеден аумағында негізгі тізбесі мен ең төменгі мөлшерлемелері қабылданды.Осы уақытқа дейін мемлекетаралық нысаналы бағдарламаларды қаржыландыру тетігі құрылған жоқ. Инвестициялық көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімнің жобасын келісу баяу жүруде. Қауымдастыққа қатысатын елдердің ұлттық тасымалдаушысына ең қысқа бағдарлар бойынша және  барынша төмен көлік шығындарымен жүк жеткізуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін Көлік одағын құру тақырыбы тиісінше дамымауда. Тауарларды  Батыс Еуропа мен Оңтүстік Шығыс Азия арасында тасымалдағанда олардың тек бір ғана пайызы ЕкраАзЭҚ елдерінің аумағы арқылы тасымалданады. Сонымен, нарықтық қайта құрулардың түрлі қарқындары, жекеленген мемлекеттердің менталитеті интеграциялық одақтың мемлекеттері шешуге тиіс мемлекетаралық мәселелердің барлығвн айғақтайды.

     2.Мемлекеттік бюджет-мемлекеттің экономиканы қаржылық реттеудің негізі. Мемлекеттің шығындары мен кірістерінің негізгі бөлігі мемлекеттік шығындар және олардың қаржы көздерінің жабуы таныстыратын жылдық жоспары бар мемлекеттік бюджет негізінде іске асады. Мемлекеттік бюджеттің кірістік бөлігі - бұл салықтар мен алымдар болып табылады. Олар экономиканы мемлекеттік реттеудің басты құралдары болып табылады. Бюджетті сипаттайтын негізгі көрсеткіштерге жатады:  бюджет арқылы жыл сайын қайта бөлініп отыратын қорлар бөлігі, мемлекеттің  ішкі жиынтықтық және таза әлеуметтік  өнімі; бюджеттік шығындарды табыстармен жабу -  шығындар бойынша тапшылық немесе түсімнің молдығы (соңғысы дамыған және дамушы елдерде де аз кездеседі); шаруашылық, әлеуметтік, қорғау мақсаты, мемлекеттік қарыздың жалпы қосындысындағы бюджеттік шығындардың құрылымы.

       3.Ауылшаруашылық өнімін өндірушілерді мемлекеттік қолдаудың негізгі формалары: ауылшаруашылық өнімінің сұраныс пен ұсынысқа әсер етуі. Ұсыныс пен сұраныс арасындағы тепе-теңдікті ұстап тұруға бағытталған мемлекеттік реттеу шаралары, ауылдағы құрылымдық және әлеуметтік қалыптасулар экономикалық және әкімшіліктік болып бөлінеді.Экономикалық әдістерге бағаны сәйкес деңгейде ұстап тұруды, азық-түліктік және басқа тауарларға ұсыныстың төзімділігін ынталандыру мен халықтың төлемге қабілетті сұранысын қамтамасыз ететін бағалық тепе-теңдікті жатқызады.Бағаны мемлекеттік реттеу сызбасы бағаның төменгі және жоғары шектерін және мемлекет қолдауы тиісті шартты бағаны тағайындауға дәл келеді.Тәжірибе жүзінде оның екі нұсқасы қолданылады:

-  дақылды себуді шектеу және сәйкес компенсациялау арқылы жерді себу айналымынан шығару;

-  өндіріс көлемдері мен өнім өтімін тікелей квоталауды енгізу.

22 билет

     1.Елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі аграрлық саланың рөлі. Агроөндірістік кешендегі негізгі мәселелерді шешу бірқатар әлеуметтік мағынасы бар міндеттерді орындаумен байланысты.Біріншіден, елдің азық-түлік базасын қамтамасыз ету қажет. Азық-түліктік өзін-өзі қамтамасыз ету қажетті деңгейге сай емес Қазақстанда, азық-түліктік тәуелсіздікке жету тұтасымен алғанда экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі маңызды бағыттардың бірі болып табылады. Екіншіден, халықтың 45% ауылда тұратын ел үшін  ауылшаруашылық өндірісті дамыту ауылдағы жұмыссыздық мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Еңбекпен қамтудың жоғары дәрежесі, тұрақты табыс әлеуметтік тұрақтылықты қалыптастырады. Сонымен бірге мемлекетте ауылдың барлық әлеуметтік мәселелерін өз мойнына алу үшін қорлар жеткіліксіз, ол ауылшаруашылық өндірісінің дамуы үшін жағдай жасауы қажет.Үшіншіден, ауылшаруашылық саласының дамуы нәтижесінде барлық экономика үшін ерекше мультипликативті әсерді есепке алу қажет. Ауыл шаруашылығы және жоғары дәрежеде астық пен ет өндіру, ішкі сұраныс генераторы болып табылады.   Төртіншіден,  ауыл шаруашылығын дамыту және отандық өнімді сыртқы нарыққа шығару үшін Қазақстанда барлық қажетті табиғи қорлар бар. Болашақта сала қатты валютаның нақты және мағыналы қайнар көзі бола алады. Ол үшін мемлекет өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін барлық жағдайлармен қамтамасыз ету керек.

     2.Фундаменттік және қосымша ғылыми зерттеулердің постиндустриалды қоғамның құрылуындағы рөлі.

      3.Бюджет жүйесін құру принциптері: тазалығы, ғылымилық, толықтық, мекен-жайлық.  ҚР бюджеттік жүйесі келесі принциптер негізінде құрылған:1. Бюджет жүйесінің бірлесу принципі. 2. ҚР бюджет жүйесінің табыс пен шығын деңгейлерінің арасын шектеу принциптері3. Барлық деңгей бойынша бюджеттердің өз еркінділігі, 4. Бюджеттің баланстық принципі 5. Бюджеттік қорды тиімді және үнемді пайдалану принципі.6. Бюджеттің сенімділік принципі  7.Бюджеттің шығындары мен кірістерінің толықтай айқындалу принципі 8. Жариялылық принципі 9. Бюджеттік қорлардың бағытталушылық және мақсатты сипаттама

23 билет

     1.Бюджеттің жетіспеушілігі және мемлекеттік қарыз - экономиканы реттеу құралдары ретінде.             Шығындардың кірістерден артуы бюджеттік жетіспеушіліктің құралуына әкеледі, олар мемлекеттік қарыздармен жабылады (ішкі және сыртқы). Олар мемлекеттік құнды қағаздарды сату, бюджеттен тыс қорлардан қарыз алу (мысалы, жұмыссыздық пен зейнетақы қоры бойынша сақтандыру қорында) және банктерден несие алу (бұл бюджеттік жетіспеушілікті қаржыландырудың бұл түрі көбінесе жергілікті биліктегілермен тәжірибеленеді) түрінде атқарылады. Мемлекеттік қарыздар мемлекеттік бюджет жетіспеушілігін жабудың жалғыз жолы емес. Көптеген дамыған елдерде алтыннан қағаз-ақша айналымына ауысу кезеңінен бастап бюджеттік жетіспеушілікті ақша мен мемлекеттік қарыздарды қосымша эмиссиялау жолымен жабудың ерекше тәжірибесі жинақталған.

      2.Ұлттық экономикадағы аграрлық өндіріс спецификасы. Ауыл шаруашылығы халық шаруашылығының көптеген салаларынан өндірістің ерекше жағдайларымен ерекшеленеді: жер өндірістің негізгі құралы, жұмыстың маусымдық сипатта болуы; еңбек процесі тірі ағзалармен байланысты; жұмыс уақыты өндіріс уақытымен сәйкес келмейді; инвестицияны іске асыру мен одан әсер алу арасындағы уақытта жеткілікті үлкен үзіліс бар; өнімге деген сұраныс оған деген бағадан байланыссыз икемді емес;  жоғары капиталсыйымдылығы мен энергия сыйымдылығы; пайданың төменділігі, және де соңғысы табиғи-климаттық жағдайлардан қатаң байланыстылығы.Дамыған елдерде, бұрын атап кеткендей, аграрлық сектор нарықтық заңдармен жұмыс жасамайды, мемлекетпен реттеледі, мемлекет оған салықтық қолдау түріндегі тура және жанама дотациялар бөледі, протекциондық саясат жүргізеді және түрлі спецификалық құралдарды пайдаланады.

     3.ҚР-ның даму институттарының индустриалды-инновациондық стратегияның жүзеге асуындағы рөлі.

            Қазақстан Республикасының индустриалдық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Елдегі жағдай туралы және 2002 жылға арналған iшкi және сыртқы саясаттың негiзгі бағыттары туралы" Қазақстан халқына Жолдауында және Қазақстан кәсiпкерлерiнiң 10-шы форумында берген тапсырмаларына сәйкес әзiрлендi.

      Бағдарлама Қазақстанның 2015 жылға дейiнгі кезеңге арналған мемлекеттiк экономикалық саясатын қалыптастырады және экономика салаларын әртараптандыру, сөйтiп осы арқылы дамудың шикiзаттық бағытынан бас тарту жолымен елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзуге бағытталған.

      Бағдарламамен айқындалған мақсаттарға қол жеткiзу үшiн жаңа мемлекеттiк даму институттарын құру және барын, атап айтқанда: Қазақстанның инвестициялық қорын, Қазақстан Даму банкiн, Инновация қорын, Экспортты сақтандыру корпорациясын нығайту қажет.Бағдарламаның мiндеттерi:

     - өңдеушi өнеркәсiпте орташа жылдық өсу қарқынын 8-8,4% мөлшерiнде қамтамасыз ету, 2000 жылмен салыстырғанда 2015 жылы еңбек өнiмдiлiгiн кемiнде 3 есе арттыру және ЖIӨ энергия сыйымдылығын 2 есе төмендету;

     - өңдеушi өнеркәсiптiң негiзгi қорларының өнiмдiлiгiн арттыру;

      -жеке секторды бәсекелестiк артықшылықты өндiру мен жетiлдiруге және қосылған құны барынша жоғары элементтерге жылжи отырып, нақты өндiрiстерде қосылған құн бөлiгiндегi элементтердi игеруге ынталандыратын кәсіпкерлік ахуалды, қоғамдық институттардың құрылымы мен мазмұнын қалыптастыру;

      -ғылымды көп қажет ететiн және жоғары технологиялық экспортқа негiзделген өндiрiстер құруды ынталандыру;

      -елдiң экспорттық әлеуетiн қосылған құны жоғары тауарлар мен қызметтердiң мүддесiне қарай әртараптандыру;

      -сапаның әлемдiк стандарттарына көшу;

     - дүниежүзiлiк ғылыми-техникалық және инновациялық процестерге қосылу арқылы әлемдiк шаруашылық жүйесiне және өңiрлiк экономикаға ықпалдасуды үдету болып табылады.

      Осы мiндеттердi шешкенде ғана, экономика құрылымы түбегейлi сапалық өзгерiстерге ұшырағанда, ол әртараптандырылған кезде Қазақстандағы тұрақты экономикалық даму туралы айтуға болады.

         Бағдарлама елде ғылымды және инновациялық қызметтi көтермелеуге бағытталған белсендi мемлекеттiк ғылыми және инновациялық саясат жүргiзудi көздейдi. Алға қойылған мақсаттарға қол жеткiзу үшiн қаржы рыногын одан әрі дамыту және фискалдық, бiлiм беру, монополияға қарсы, инфрақұрылымдық саясатты жетiлдiру көзделiп отыр. Стандарттау саясаты шеңберiнде экономиканың және басқарудың барлық салаларында әлемдiк стандарттарға көшу көзделуде.

         Экономиканы мемлекеттiк реттеу әдiстерi мен тетiктерiн жетiлдiру жөнiндегі жекелеген ұсыныстарды негiздеу үшiн Бағдарламаның тиiстi бөлiмдерiнде импорт алмастыратын және экспортқа бағдар ұстанған саясатты iске асыру жөнiндегi шет елдердiң тәжiрибесi, оның iшiнде экспорттық саясаттың әрқилы түрлерi мен кезеңдерi, сондай-ақ әлемдiк рыноктарда бәсекелестiк артықшылыққа қол жеткiзуге мүмкiндiк беретiн факторлар келтiрiлген.

      Жалпы алғанда Бағдарламаны iске асыру нәтижесiнде 2015 жылға қарай ел экономикасы сервистiк-технологиялық дамуға өтуге дайын болуы керек.

24 билет

     1.Салық жүйесі мемлекеттің экономикалық саясатының әдісі ретінде. Салықтар - бұл бюджеттік табыстардың басты факторы. Салықтар, алымдар және басқа осындай төлемдер (одан әріде – салықтар) деп салық төлеушілермен  белгілі мөлшерде, тәртіпте және өз күшіндегі заңға байланысты белгілі шартқа жүзеге асырылатын сәйкес деңгейдегі бюджетке немесе бюджеттен тыс қорға түсетін міндетті жарнаны түсінуге болады. Салық – бұл:1) субъект кірісінің бір бөлігін немесе меншігін алу, яғни салық төлеу салық мекемелері жағынан жауапты жеке міндеттемемен қосталмайды;2) мөлшерлер мен салу мезгілі бойынша анықталған төлемдер;3) салықтың және алымның әр түрі үшін заңмен негізделген мөлшерлер мен салу тәртібі;4) қоғамдық мәжбүрлеу, яғни төлем жасалмаған жағдайда, толық емес төленген жағдайда немесе заңмен негізделген экономикалық және әкімшіліктік санкция мерзімдерін бұзу жағдайында жүзеге асыру.

     2.Белсенді өндірістік саясатты ұзақмерзімді болашаққа қалыптастыру қажеттілігі. Өндірістік саясаттың мақсаты –  өндірістің тиімді дамуын мемлекеттік реттеудің екінші жақтық әдістерін (қажет болған жағдайларда тура мемлекеттік реттеуді қолдану) қолдану, экономикалық жағынан өсу үшін табиғи жолмен жойылмайтын барлық кедергілерді жою. Өндірістік саясат жалпыэкономикалық саясаттың ұйытқысы ретінде ол біріншіден өнім өндірудің инновациялық, құрылымдық және инвестициялық қайтақұруын қолға алады. Негізінен макроэкономикалық саясаттың негізгі мақсаты шаруашылықтық қаржылық тұрақтылығы болып табылады, ал өндірістік саясат - құрылымның динамикалық өзгерісіндегі экономикалық өсу және өндірістік тиімділігі мен өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Бейнелі түрде айтсақ, өндірістік саясат «саналы бұзу» үлгісін іске асыруға себепші болуы керек, ол нарықтық экономика жағдайында жаңа нарықтарды құру және кеңейту, өндірістің бәсекеге қабілетті деңгейіне жету, өндірістердің табысының көбеюі, нарықтағы алдыңғы қатардағы рөлдерден тауарлар мен қызмет көрсетулерді қамтамасыз ету,  уақытша монополияның есебінен «керемет өнімді» ұсыну нәтижесінде басқа бәсекелестерге қарағанда өте көп табысқа кенелу дегенді білдіреді.

     3.Аграрлық кластерлер. Қазіргі уақытта маңызды үлкен мәнге халықаралық кластерлерді дамыту мен құру ие болып отыр: астық кластерлері, жеміс-жидек, қант, сүт және балық кластерлері. Бұл бағыттар елдің аграрлық секторының экономикасын өсірудегі жаңа орындар бола алады. Одан басқа, орта және шағын бизнес кәсіпорындары өз инвестицияларын кластерлерді қалыптастыруға бағыттай алатындай жағдайлар жасау қажет. Бұл жағдайда оларға тауарлар мен қызметтерді кластерлердің неғұрлым ірі қатысушыларына жеткізу рөлі арналады. Аграрлық кластерді функциялау салықтық, кедендік, тарифтік саясатты жүзеге асыру жолымен мемлекеттің өндіріс тізбесіне белсене қатысуын жобалайды. Республика Үкіметінің шетелдік компанияларды іскерлікке ынталандыру бойынша шаралары маңызды орын алады. Мысалы, астық өңдеуші кластерді ұйымдастыру кезінде Қазақстанға комбайндар мен басқа машиналарды жеткізу үшін ресейлік компаниялармен өзара тиімді іскерлік орнату мақсатқа сай болар еді. Республика экономикасын дамытудың кластерлік механизмін іске асыру ауылшаруашылық өнеркәсіптер мен олардың өндіретін өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың маңызды факторы болады, экономиканың аграрлық секторы мен жұмыс орындарын құрудағы озық технологияларды енгізу және инвестицияларды белсене  тартуды арттыруды қалыптастырады.

25 билет

     1.Болжамдау түсінігі. Қызметі, әдістері және қағидалары. Ұлттық мемлекеттік немесе макроэкономикалық болжамдау- ұлттық экономиканың болжамдық зерттеулеріне  негізделген ғылыми тұжырымдалған жүйені қалыптастыру процесі.Ұлттық болжамдаудың мәні- ұлттық экономика туралы оңтайлы шешімдер қабылдаудың  мүмкін нұсқауларын анықтаумен байланысты болып табылады. Ұлттық экономиканың  болжау ел экономикасын   дамуының болашақ параметрлері   туралы сандық және сапалық негізделген    дәлелді    тұжырымдардың   жиынтығы болып табылады.

     Ұлттық болжамдаудың негізгі мақсаты:

-Ұлттық экономиканың тұтас негізделген бейнесін жасау;

-Ел экономикасын дамытуды сандық және сапалық  параметрлерін қолдану  негізінде мүмкін траекторияларын анықтау;

-Ұлттық экономиканы дамыту үшін  қажет ресурстардың қажеттілік    деңгейін бағалау;

-Ел экономикасының  шаруашылық субъектілерінің жалпылама    бағдар беруі мен даму стратегиялары   турасында ақпаратты қамтамасыздандыру.

     Объектілері: нарықтық орта, ел экономикасы, салалар, аймақтар, қызмет аялары және т.б., нарықтық орта динамикасы, макроэкономикалық жағдайлар материалдары мен қаржылық ресурстар, ғылыми-техникалық процесс,  оның әсерінен болған   өзгерістер,    экономикалық фактордың   әсерінің негізінде жалпы экономиканың дамуы.

     2.Қазақстан заңнамасында қоршаған ортаны қорғаудың (ҚОҚ), табиғатты ұтымды пайдалану және ресурстарды үнемдеудің құқықтық негізі.     Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі органдардың нақты жағдайлардағы іс-қимылдары құқықтық құжаттарға жауап беруі тиіс, осы құжаттар – атап айтқанда 1997 жылдың 15 шілдесінде қабылданған ҚР «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Заңы болып табылады. Осы заңға сәйкес мемлекет экологиялық қауіпсіздіктің жалпы нормаларын,стандарттары мен ережелерін айқындайды. Заңда қоршаған ортаның сапасын нормалаудың мақсаты экологиялық қауіпсіздікті және халықтың денсаулығын қорғауға кепілдік беретін қоршаған ортаға әсер етудің ғылыми негізделген шекті жол берілетін нормаларын белгілеу болып табылады.

      3.Экономиканы мемлекеттік реттеудің объективті қажеттілігі. Экономиканы мемлекеттік реттеудің нақты бағыттары, түрлері, масштабтары нақты бір кезеңде осы және басқа  елдердегі  экономикалық және әлеуметтік мәселелердің күрделілігімен және мінез-құлқымен анықталады. Экономиканы мемлекеттік реттеудің объективті мүмкіндігі капитал мен өндіріс қоспасының, экономикалық дамудың белгілі деңгейінің жетістігімен пайда болады. Бұл мүмкіндікті нақтылыққа айналдырушы қажеттілік қиындықтардың, мәселелердің өсуінде болп отыр. Экономиканы мемлекеттік реттеудің объективті себептеріне келесілерді жатқызуға болады:1. Экономиканың сәтті дамуының мүмкін еместігі оның аймақтық кеңістігін анықтаусыз. Аймақтық кеңістіктің анықталғандығы мен тұтастығы мемлекетпен қамтамасыз етіледі;2. Елдің даму мақсаттары мен барлық халықтың ұзақмерзімдік мүдделерін анықтайтын экономикалық ортаны ұдайы қолдау мен ұдайы қайта өндірудің қажеттілігі;3. Еліміздегі экономикалық қызығушылықтар балансын құру және қолдау;4. Қайта өндіріс (өндіру, бөлу, айырбас және тұтыну) фазалары арасындағы, сұраныс пен ұсыныс арасындағы  теңсіздіктерді түзету және жеңу, және де олардың алдын алу бойынша өте әсершіл механизмдерді құру;5. Дамудың жалпы әлемдік беталыстары есебінің қажеттілігі дамыған ақпараттық және коммуникациялық инфрақұрылымды құру және қолдау қажеттілігіне әкеледі.

 

           

25-билет

1.Болжамдау түсінігі. Қызметі, әдістері және қағидалары. Ұлттық мемлекеттік немесе макроэкономикалық болжамдау- ұлттық экономиканың болжамдық зерттеулеріне  негізделген ғылыми тұжырымдалған жүйені қалыптастыру процесі.Ұлттық болжамдаудың мәні- ұлттық экономика туралы оңтайлы шешімдер қабылдаудың  мүмкін нұсқауларын анықтаумен байланысты болып табылады. Ұлттық экономиканың  болжау ел экономикасын   дамуының болашақ параметрлері   туралы сандық және сапалық негізделген    дәлелді    тұжырымдардың   жиынтығы болып табылады.Ұлттық болжамдаудың негізгі мақсаты:-Ұлттық экономиканың тұтас негізделген бейнесін жасау;-Ел экономикасын дамытуды сандық және сапалық  параметрлерін қолдану  негізінде мүмкін траекторияларын анықтау;-Ұлттық экономиканы дамыту үшін  қажет ресурстардың қажеттілік    деңгейін бағалау;-Ел экономикасының  шаруашылық субъектілерінің жалпылама    бағдар беруі мен даму стратегиялары   турасында ақпаратты қамтамасыздандыру.Объектілері: нарықтық орта, ел экономикасы, салалар, аймақтар, қызмет аялары және т.б., нарықтық орта динамикасы, макроэкономикалық жағдайлар материалдары мен қаржылық ресурстар, ғылыми-техникалық процесс,  оның әсерінен болған   өзгерістер,    экономикалық фактордың   әсерінің негізінде жалпы экономиканың дамуы.

2.Қазақстан заңнамасында қоршаған ортаны қорғаудың (ҚОҚ), табиғатты ұтымды пайдалану және ресурстарды үнемдеудің құқықтық негізі.     Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі органдардың нақты жағдайлардағы іс-қимылдары құқықтық құжаттарға жауап беруі тиіс, осы құжаттар – атап айтқанда 1997 жылдың 15 шілдесінде қабылданған ҚР «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Заңы болып табылады. Осы заңға сәйкес мемлекет экологиялық қауіпсіздіктің жалпы нормаларын,стандарттары мен ережелерін айқындайды. Заңда қоршаған ортаның сапасын нормалаудың мақсаты экологиялық қауіпсіздікті және халықтың денсаулығын қорғауға кепілдік беретін қоршаған ортаға әсер етудің ғылыми негізделген шекті жол берілетін нормаларын белгілеу болып табылады.

3.Экономиканы мемлекеттік реттеудің объективті қажеттілігі. Экономиканы мемлекеттік реттеудің нақты бағыттары, түрлері, масштабтары нақты бір кезеңде осы және басқа  елдердегі  экономикалық және әлеуметтік мәселелердің күрделілігімен және мінез-құлқымен анықталады. Экономиканы мемлекеттік реттеудің объективті мүмкіндігі капитал мен өндіріс қоспасының, экономикалық дамудың белгілі деңгейінің жетістігімен пайда болады. Бұл мүмкіндікті нақтылыққа айналдырушы қажеттілік қиындықтардың, мәселелердің өсуінде болп отыр. Экономиканы мемлекеттік реттеудің объективті себептеріне келесілерді жатқызуға болады:1. Экономиканың сәтті дамуының мүмкін еместігі оның аймақтық кеңістігін анықтаусыз. Аймақтық кеңістіктің анықталғандығы мен тұтастығы мемлекетпен қамтамасыз етіледі;2. Елдің даму мақсаттары мен барлық халықтың ұзақмерзімдік мүдделерін анықтайтын экономикалық ортаны ұдайы қолдау мен ұдайы қайта өндірудің қажеттілігі;3. Еліміздегі экономикалық қызығушылықтар балансын құру және қолдау;4. Қайта өндіріс (өндіру, бөлу, айырбас және тұтыну) фазалары арасындағы, сұраныс пен ұсыныс арасындағы  теңсіздіктерді түзету және жеңу, және де олардың алдын алу бойынша өте әсершіл механизмдерді құру;5. Дамудың жалпы әлемдік беталыстары есебінің қажеттілігі дамыған ақпараттық және коммуникациялық инфрақұрылымды құру және қолдау қажеттілігіне әкеледі.




1. 032013 195 Внести изменения в Порядок обеспечения денежным довольствием сотрудников федеральной против
2. Назначение проекта обустройства месторождения
3. Рыба сидела на дереве
4. 2007 г ТЕОРИЯ ГОСУДАРСТВА И ПРАВА Методические материалы для самоконтроля зн
5. административной работы в системе социальных служб учреждений и организаций Социальные службы ~ совокупн
6. в класса МБОУлицей 5 Литературное чтение обучен
7. Статья- Положение субъекта познания в контексте концепции глобального эволюционизма
8. МФЦ в г Череповце п-п Наименование муниципальной услуг
9. Жорж Роденбах.html
10. Тема- Проституція як форма прояву відхилень від норм поведінки Питання- 1
11. вклад внесли люди распахав большую часть равнин без учета необходимых агротехнических норм уничтожив защ
12. Содержание организации технической подготовки производства
13. ТЕМАТИКИ И ИНФОРМАТИКИ КОНСПЕКТ ЛЕКЦИЙ ПО МАТЕМАТИКЕ ИНТЕГРАЛЬНОЕ ИСЧИСЛЕНИЕ ДИФФЕРЕНЦИАЛ
14. Основы технологий производственных процессов
15.  2014 г Положение об учебноделовой игре Выборы Проект Общие положения
16. вариантов Исходя из узкого понимания вариантности и ориентируясь на буквальное значение термина вариант
17. Курсовая работа- Характерные особенности теории и практики управления
18. Экстерьер и конституция лошади
19. МЕТОДИЧЕСКИЕ РЕКОМЕНДАЦИИ по выполнению контрольных работ для студентов заочной формы обучения специа
20. Международные операции по обмену объектами интеллектуальной собственности