Поможем написать учебную работу
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

Подписываем
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Предоплата всего
Подписываем
6- тақырып. Тұлға әлеуметтануы
1. «Тұлға» ұғымының әлеуметтанулық түсінігі.
2. Тұлға - әлеуметтік өмірдің субъектісі және объектiсi.
3. Тұлғаның әлеуметтік құрылымы мен әлеуметтенуі.
4. Тұлғаның әлеуметтік мұраты.
1. Сабақтың мақсаты: Тұлғаның әлеуметтік өмірдің субъектісі және объектiсi екенін, оның әлеуметтік құрылымы мен әлеуметтену үдерісін көрсету. Бұл үшін алдымен «тұлғаның» "адам", "индивид" деген ұғымдармен ара қатынасын, мазмұндық айырмашылықтарын, нақты мағыналарын айқындау керек.
Адамзат баласының басқа биологиялық әлемнен өзгеше қасиеттерін сипаттайтын жалпылама атау - "Адам". Ол бар адами қасиеттері қоғамда, әлеуметтік ортада жетіліп, қалыптасатын, күнделікті ісәрекет, мінезқұлық үдерісінде жекелік қасиеті байқалатын белсенді де саналы жан. Адам туғаннан әлеуметтік ортамен тығыз байланыста, қатынаста болып, сол ортаның (топтың, ұйымның, алуан түрлі басқа қауымдастықтардың) салт-санасын, әдет-ғұрпын мен мәдени құндылықтарын өзінің бойына сіңіреді. Осы ортада адамның әлеуметтену үдерісі жүзеге асады.
«Адам» деген кім деген мәселеге әлі еш ғылым толық жауап бере алған жоқ. Сондықтан да француздың атақты биолог-ғалымы, хирург-тәжірибешісі, Нобель сыйлығының лауреаты Алексис Каррель өзінің бір кітабына «Адам - бұл бейтаныс» деп ат қойған. « Әр адам ашылмаған бір роман» деп қазақтың көрнекті ақыны Қайнекей Жармағамбетов жырдағандай, адам феномені сан ғасыр зерттеліп келеді, бірақ ол туралы мағлұмат әлі жеткіліксіз.
Ал "Иңдивид" - адам тегінің нақты өкілі болса, «индивидуалдық» деген ұғым әлеуметтануда бір адамның өзіне ғана тән жеке-дара қасиеттер жиынтығын білдіреді. Екіншіден, соңғы ұғым индивидті даралайтын әлеуметтік сапаларды айқындайды.
Сәби - туғанынан жеке индивид болады. Оны алғашқы кездерден-ақ аңғаруға болады. Оның тұлға болып жетілуі үшін негізгі екі шарт қажет: 1) биологиялық және генетикалық даму; 2) әлеуметтік ортаның болуы. Сондықтан тұлға құрылымында үш деңгей бар: биологиялық, психологиялық және әлеуметтік. Әлеуметтанулық тұрғыдан нағыз маңыздысы үшінші деңгей болып табылады. Әрбір сәби әлеуметтік ортаның өзіндік белсенді мүшесі. Онсыз сәби жан-жақты тұлға болып дами алмайды. Оған адамзат тарихы куә.
Тұлға деп қоғамдық өмірдін тарихи жағдайлары қалыптастырған, саналы іс-әрекет және қарым-қатынас иесі, айналадағыны танып-білуші, бойына елеулі әлеуметтік сапалар мен тәжірибе жинаған жеке адамды айтамыз. Адам әртүрлі жағдайлармен (психикалық науқас болып немесе қоғамдық ортада өмір сүрмесе) әлеуметтік сапаны игере алмаса, тұлға бола алмайды. Ол аса күрделі әлеуметтену үдерісінде өзіне қажетті қасиеттерге ие болу нәтижесінде тұлғаға айналады.
Әрбір адам қоғамдық қатынас жүйесінде толып жатқан әлеуметтік байланысқа түсіп, көптеген мәртебелер мен әртүрлі рөлдер атқарады, белгілі идеялар, сезімдер, мінезқұлық ерекшеліктерінің иесі болады. Әлеуметтануда тұлғаның әлеуметтік сапалары маңызды орын алады. Сондықтан қайталанып отыратын елеулі әлеуметтік сапалар тұлғаларды типтендіреді, яғни белгілі бір әлеуметтік топқа жатқызады.
Тұлғаның әлеуметтік типі бұл белгілі бір әлеуметтік қауымдастыққа жататын көптеген индивидтерге тән әлеуметтік сапалар жүйесінің жиынтық көрінісі. Мысалы, азиаттар, кавказдықтар, еуропалықтар, студенттер, жұмысшылар, ардагерлер, оқытушылар және т.б. Тұлғаны типтендіру әртүрлі негіздерде жүргізілуі мүмкін. Мысалы, мамандығына не қызметіне, тұратын жеріне, жас ерекшеліктеріне, әлеуметтік белсенділігіне және т.б. сәйкес: экономист, қалалық, жас, басшы, т.т. дегендей.
Тұлғаларды типтендіруде аса маңызды негіздер әлеуметтік мәртебелер мен рөлдер болып саналады. Отбасындағы ата мен әженің, әке мен ананың, аға мен апаның мәртебелері мен соған сәйкес рөлдеріне нақты мысалдар келтіре кету студенттердің туыстық, бауырмалдық қасиеттерін жетілдіре түсуге ықпал етеді.
2. Тұлға проблемасының қоғамдық ғылымдардың зерттеу объектісіне жататыны белгілі. Мәселен, философия тұлғаны таным мен шығармашылықтың, іс-әрекеттің субъектісі ретінде қарастырса, психология оны психикалық қасиеттер мен үдерістердің: мінез-құлық, темперамент, қабілет және т.б. тұрақты жиынтығы ретінде зерттейді. Әлеуметтану тұлғаны әлеуметтік өмірге белсенді түрде араласатын, әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекеттің субъектісі ретінде қарастырады.
Әлеуметтануда объект дегеніміз бізді қоршап тұрған объективтік нақтылы өмір, ол қоғам, адамдар, оның алуан түрлі бірліктері (отбасы, топ, тап, әлеуметтік мекемелер, ннституттар, мемлекет, т.б.), тіпті адамның өзі, оның барлық іс-әрекеті, қызметі, санасы, тәртібі, мінез-құлқы және т. б.
Тұлғаның даму және қалыптасу заңдылықтары, қоршаған ортамен қарым-қатынасы, т. б. әлеуметтанудың өзекті проблемалары. Сондықтан әлеуметтану тұлғаның қоғам өмірінің барлық дерлік салаларындағы қызметін (отбасы, экология, саясат, құқық, білім беру мен тәрбие, мәдениет, т.б.) өзінің зерттеу пәніне жатқызады.
Тұлға проблемасын зерттеуде әлеуметтану өзіне тән көптеген жалпы ұғымдарды (категорияларды) пайдаланады. Ұғымдар өмірдің нақтылы шындығын, әлеуметтік құрылымның дамуындағы маңызды жақтарды, ондағы қатынастар мен байланыстарды бейнелейді. Бұлар бір-бірімен тығыз байланыста болады. Мысалға, «әлеуметтік жүйе», «әлеуметтік тұлға», «тұлғаның әлеуметтенуі», «тұлғаның әлеуметтік құрылымы», «әлеуметтік рөл», «әлеуметтік мәртебе» және т.б.
Тұлғаны зерттеу үдерісінде әлеуметтануға тән әдістер кеңінен пайдаланылады. Олар: сұрыптау, бақылау, сұрау, құжаттарды талдау, сараптау, модель (үлгілеу), тест, т. б. Осы әдістерді пайдалана отырып, зерттеуші тұлғаны жан-жақты зерттей алады.
Адам қоғамдық-саяси өмірге белсене қатысуы арқылы өзінің барлық қабілетін дамытуға мүмкіндік алады. Бұл үшін материалдық, әлеуметтік-мәдени, саяси-құқықтық алғышарттар қажет. 1. Ең алдымен, адамның ішер тамағы, киер киімі, жатар орны, басқа да тұрмыс жағдайы болуы керек. Шетел зерттеушілерінің анықтағанындай, қоғам бай болған сайын, ол демократиялық дамуға бейім келеді. 2. Мемлекеттің жақсы тұрмысы оны тиімді басқаруға қажетті жоғары білім, кәсіби дайындықты қамтамасыз етеді. Сондықтан белгілі бір дәрежеде тұлғаның білімі, кәсіби дайындығы, саяси мәдениеті болуы қажет. Бұл қасиеттер бірбірімен тығыз байланысты. Білімді адамның мәдениеті де жоғары болады. Шоқан Уәлиханов айтқандай, білімді адам қоғамда еркін болады. Бұл қағиданың астарына мән бере кетіп, өмірден мысалдар келтіріліп жатса, артық емес. 3. Тұлғаның қоғамдық өмірге белсенді қатысуына қоғамдағы демократиялық үдеріс, заңдылыққа негізделген тәртіп, жоғары саяси мәдениет, билік құрылымдарының әлемдік стандартқа сәйкес қалыптасуы, саяси басқару шешімдерін қабылдап, іске асыруда қоғам мүшелерінің қатысуы және т. б. жатады. Сондықтан шын демократиялық мемлекет өз мүшелерінің жалпы мәдениетін, рухани дүниесін, оның ішінде саяси сауатын көтеруге әр қашан ұмтылып отырады.
3. Күрделі теориялық проблемалар қатарына тұлғаның әлеуметтік құрылымы жатады. Оны психикалық, субъективтік сапалардың жиынтығынан тұрады деп қарау жеткіліксіз. Тұлғадағы ең басты нәрсе - оның әлеуметтік сапасы, әлеуметтік болмысы, әлеуметтену деңгейі.
Сонымен тұлғаның әлеуметтік кұрылымы деп индивидтің қауымдастық пен бірлестіктің ықпал етуімен алуан түрлі қызметтер үдерісінде қалыптасатын және өмір сүретін объективтік және субъективтік әлеуметтік қасиеттердің жиынтығын айтамыз.
Тұлғаның әлеуметтік құрылымының көптеген маңызды элементтері бар. Оның ең біріншісі - сана. Бұл тұлғаның әлеуметтену үдерісінде қалыптасады. Сана индивидтің әлеуметтенуіне және қоғамның әлеуметтік өміріне қатысуы үшін қажетті білім, тәжірибе, әлеуметтік нормалар, құндылықтар, мінезқұлық қалыптарын игеруге мүмкіндік береді. Екіншісі, өмір салтынан туындаған еңбек, қоғамдық-саяси, мәдени-танымдық, отбасы-тұрмыстық қызмет түрлері. Бұл жерде еңбек тұлғаның әлеуметтік құрылымын анықтайтын ең басты, мәнді буыны болып саналады. Үшіншісі, тұлғаның шығармашылық қызметке қабілеттілігі, білімі, дағдылары. Қалыптасқан тұлғаны индивидтен шығармашылық қабілеттері ерекшелейді. Төртіншісі, тұлғаның рухани дүниесі, яғни материалдық және рухани саладағы объективтендірілген адам қызметінің амалдары мен тәсілдері, коғамның мәдени құндылықтарын меңгеру дәрежесі. Бесіншісі, тұлғаның өмірде басшылыққа алатын адамгершілік нормалары мен принциптері. Алтыншы элементі, ол адамның мінез-құлқының басты бағытын анықтайтын принцип болып есептелетін сенім. Осы құрылымдық элементтер белгілі дәрежеде әрбір тұлғаға қатысты болады. Өйткені әрбір тұлға қоғамдық өмірге қатысады, білімді меңгереді, оларды өмірде басшылықка алады.
Тұлғаның әлеуметтік құрылымы әрдайым өзгеріске түсіп тұрады. Себебі оны қоршаған әлеуметтік орта туыстары, достары, таныстары, қоғам және т.б. өзгеріп отырады. Тұлға жаңа ақпарат, жаңа білім алады. Бұл білімдер сенімге айналады. Сенім, бір жағынан, адам қылықтарының сипатын, нормасын анықтайтын болса, екінші жағынан, саналы іс-әрекет, әлеуметтік нормалар сенімнің деңгейінде айқындайды.
Әрбір қоғам өз мүддесін, ұстанған қағидаларын жүзеге асыруға күш-жігерін, бүкіл білімі мен тәжірибесін жұмылдыратын жетілген тұлғаның болуын қалайды. Бұл мақсат күнделікті өмірде білім беру мен тәрбие жүйесі, бұқаралық ақпарат құралдары және т.б. арқылы жүзеге асады. Тұлғаны қалыптастыру - қиын, әрі ұзақ мерзімге созылатын үдеріс. Солай дегенмен де объективтік жағдай бірдей болғанымен, әртүрлі субъективтік себептерге орай тұлғалардың қалыптасуы әртүрлі типте болуы мүмкін. Бұл жерде тұлғаның жеке әлеуметтік қасиеттерінің орны бөлек,
4. Адамдар туғанынан өмірге бейімделіп тумайды. Ол туа салып өзіндік «меніне» ие болмайтыны белгілі. Адам біртіндеп отбасында тәрбие «витаминін» қабылдайды, білім алады, оны кеңейтеді, толықтырады. Өмірден әлеуметтік тәжірибе жинайды. Бір дәуірден екінші дәуірге мұра ретінде келе жатқан мәдениеттің үлгілерін, ұлттық құндылықтарды, алдыңғы ұрпақтың өнегесін үйренеді. Мұндай үдерісті ғылым тілінде «әлеуметтену» дейді. Бұл терминді (социализация) ғылыми айналымға енгізген америка әлеуметтанушысы Ф. Гидденс, француз әлеуметтанушысы және психологі Г. Тар болып саналады.
Индивид жалпы адами, құқықтық және кәсібиквалификациялық ережелерді, әлеуметтік мінез-құлықтың нормалары мен принциптерін, рухани құндылықтар мен идеалдарды, дағдылар мен үрдістерді, ептілік пен шеберлікті, әлеуметтік сапа-қасиеттерді, білім мен біліктілікті игерудің арқасында әлеуметтік байланыстар мен қарым-қатынастардың субъектісі бола алады. Сөйтіп адам өзінөзі, өзінің мүмкіндіктерін, ісәрекетін объективті бағалай алуды, яғни өзін өз көзімен ғана емес, өзгенің көзімен де қарай алатын интеллектуалды дағдыны қалыптастырады.
Әлеуметтену - адамның өмір бойына тән және өзінің мазмұны жағынан үш жақты үдеріс. Мен кейбір әлеуметтанушылардың екі жақты деген пікірімен келісе алмаймын. Мұндай жағдайда аса бір мәнді үшінші жақ қалып қояды. Сонымен, бір жағынан, қоршаған орта адамдардың көзқарастарына, іс-әрекеттеріне тұрақты әсер етеді. Сөйтіп адам әлеуметтік тәжірибе жинайды. Екінші жағынан, ол құндылықтарды игеруі керек. Үшінші жағынан, менің қосарым - осы құндылықтар адамның іс-әрекетінің нормаларына, өлшемдеріне айналуы қажет. Мұнсыз мақсатты әлеуметтік іс-әрекет болмайды.
Сонымен әлеуметтену деп адамның қоғамдық сананы игеруін, мінез-құлық нормалары мен ережелерді, ілімдерді, рухани құндылықтарды бойына сіңіріп, оларды өзінің ішкісезім күйіне айналдырып, соның негізінде белсенді іс-әрекет иесі болуды айтады.
Әлеуметтенудің негізгі факторлары: биологиялық (тектілік жағынан жағымды не жағымсыз қасиеттер), психологиялық (мінезқұлық ерекшеліктері, жадының сапасы, әлеуметтік нормаларды игеру үдерісіндегі интеллектуалды негіздердің болуы не болмауы), экономикалық (отбасының материалдық жағдайы, тұрмыстық ахуалы, т.б.), әлеуметтік (индивидтің жақын әлеуметтік ортасы: отбасы, оқу орны, армия, замандасқұрдастары, т.б.).
Адамдарды қоршаған көптеген әлеуметтік құрылымдардың ішінен ең бірінші адамның өзінен бастап мынандай негізгілерді атауға болады: адам, отбасы, ұжым (топ), қауымдастық (жік, тап, халық, ұлт, конфессия және т.б.), ұйым (мекеме) және институт (мемлекет, құқық, білім, өнер, денсаулық сақтау және т.б.).
Әлеуметтену ұзақ та күрделі үдеріс. Ол мынандай кезеңдерден түрады: мектепке дейін (қоршаған әлемге, басқа адамдарға эмоционалдысезімдік қатынас, ойындар арқылы тәжірибелік ісәрекет пен дағдыға үйрену, тіл ұстарту), мектеп кезі (білім алу, мәдениетке үйрену, интеллект болып қалыптасу), мектептен кейін (еңбек етуге дайындалу, жұмысшы мамандығын игеру, орта немесе жоғары арнаулы білім алу,), белсенді еңбек ету кезеңі (еңбек ұжымына кіру, іскерлік қатынас дағдысын игеру, іскерлік бәсекелестігі ережесін меңгеру, табысқа ұмтылу, өзінің мәртебесін көтеру және материалдық игілікке жету), зейнеткерлік жас (жеңіл еңбекке көшу немесе тиісті қарымқатынас пен мінезқұлық формасына сәйкес еңбектен толық босау).
Әлеуметтену қоғамның даму дәрежесіне, саяси жүйенің сипатына байланысты, тәуелді. Қоғамдағы қабылданған саяси түсініктер, мәдени құндылықтар, әлеуметтік-экономикалық факторлар адамға әсер етеді. Дегенмен әлеуметтенуде әлеуметтік институттардың рөлі күшті. Мысалы, мемлекет пен партияның орны ерекше. Әлеуметтенуге ақпарат құралдары көп ықпал жасайды. Олар адамға тікелей әсер етіп, мәдени құндылықтарға деген қатынасын қалыптастырады, бір идеалды негіздеп, қорғап, екіншісіне тойтарыс береді, адамзаттың ғасырлар бойы қалыптастырған қазыналарын, алдыңғы ұрпақтың өмірлік тәжірибесін соңғы ұрпаққа жеткізеді.
Әлеуметтенудің негізгі институтары.
1). Әлеуметтену ең алғаш отбасынан басталады. Парсонс әлеуметтенудің бастапқы құралы отбасы десе, қазақ "ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің" деп тегін айтпаған. Отбасында қалыптасқан көзқарас көбіне өмір бойына адамның жадында қалады, кейінгі көзқарастарға негіз болатыны да осыдан.
2). Әлеуметтенудің келесі сатысы білім жүйесі (балабақша, мектеп, арнаулы және жоғары оқу орындары). Бұл кезде жалпыға бірдей негізгі қазыналар мен көзқарастар оқытылады. Жастар ұйымдарына қатысып алғашқы өмірлік тәжірибелер жинайды. 16 жастан сайлауға қатыса бастайды, азамат атанады, іс-әрекетіне толық жауап береді. Көбісі жоғары оқу орнына түседі, білім қазынасына кезігеді. Алайда, кейінгі жастар жаңа қоғамдағы кейбір жағдайлардан білімге деген ұстанымдарын жеткілікті қалыптастыра алмай отыр.
3). Еңбек ету институттары (материалдық өндіріске қатысу, әртүрлі еңбек ету салалары, кәсіби мамандықты игеру, басқару ісіне қатысу).
4). Рухани сала институты (философия, ғылым, дін, өнер, мәдениет, бұқаралық ақпарат құралы).
5. Тұлғаның әлеуметтену үдерісінде оның өмірлік ұстанымы, мақсатмұраты, белсенділігі, қоғамдық қызметтің белгілі бір түріне бейімділігі, мінезқұлқы ерекше орын алады. Тәжірибе көрсетіп келе жатқанындай, белсенді, алдына нақты мақсат қоя білетін, өзінің рухани мүмкіндігін молынан пайдалана білетін адам әруақытта табысқа жетіп отырады. Ал өмірдің қалыптасқан ығына қарай жүрмейтін, өз мүмкіндігін жетілдіргісі келмейтін адамдар көп нәрседен ұтылады.
Сонымен тұлғаның мұраты әлеуметтенудің объективті жағдайларын тиімді пайдалануға ұмтылу, өзінің жеке дара қабілеті мен мүмкіндіктерін алға қойған мақсаттарға жетуге тұрақты жұмылдырып отыру болып табылады.
Өмірде алға мақсат қоя білу де мәнсіз емес, алайда оған жете білу әлде қайда маңызды. Ал мақсат дегеніміз не? Бұл қызметтің нәтижесінен идеалды, ойша асып түсу, сондайақ соған жетудің амалдары мен жолдары.
Өмірлік мұраттарды шартты түрде негізінен төртке бөлуге болады: 1) келешегін айқындайтын білім, мамандық алу; 2) соның нәтижесінде тұрмыста қолайлы жағдай жасауға ұмтылу; 3) қызметте өсу, жаңа лауазымға ие болу, жақсы жалақы алу; 4) өзінің білімі мен білігін, қабілеті мен белсенділін үнемі көтеріп отыру.
Әрине, өмірлік мұратты таңдау, мақсатты жүзеге асыру бірнеше факторларға: 1) қоғамдағы объективті жағдайларға байланысты; 2) индивидтің қандай әлеуметтік топқа жатуына; 3) тұлғаның өзінің әлеуметтікпсихологиялық сапаларына байланысты. Бұл факторларды студенттерге тарқата айту қажет.
Бақылау сұрақтары
1. «Тұлға» ұғымының әлеуметтанулық мәнін түсіндір?
2. Тұлға - әлеуметтік өмірдің субъектісі және объектiсi екенін дәлелде?
3. Тұлғаның әлеуметтік құрылымы қандай?.
4. Тұлғаның әлеуметтену үдерісін аш?.
5. Тұлғаның әлеуметтік мұраты неде?