Поможем написать учебную работу
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Лекция №9 Халықаралық әуе транспортының бірлестігі
Жоспар:
Қолданылған әдебиеттер:
1.Александрова «Международный туризм»
2.www. world- tourism .org
3.www. tourlib .ru
Халықаралық әуе транспортының бірлестігі (International Air Transport Association) 1919 жылы құрылған және 1945 жылы Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін қайта ұйымдастырылған әлемдік халықаралық авиатасымалдау ұйымы.Негізгі қызметі авиатасымалдауда және халықаралық маршруттарда жолаушылар тарифін біркелкі ережелерге сай етіп жасау.
IATA жоғарғы мүшесі жыл сайынғы Бас ассамблея,онда президентті және орындаушы комитетті таңдайды. IATA мақсаты азаматтық авиацияның (ICAO) халықаралық саясатын ұйымдастыру.
IATA адамдарды, пошта мен жүктерді әлемнің бір шетінен екінші шетіне тез орын ауыстыруға мүмкіндік беретін әуе жүйесі. IATA көліктік конференциясында қабылданған қарар билеттерге,жол парағына,жүкке арналған және сол сияқты құжаттарға қатысты.Бұл қарарлар брондауды, есептесуді жылдамдатуға, әуе компаниялары арасындағы байланысты жақсартуға көмектеседі. IATA арқасында көптеген жеке әуе компаниялары біркелкі жүйеге бірікті. IATA ның негізгі жұмыстарының бірі тарифтерді орнату. IATA мүшелерінің әуе компаниялары арасындағы тарифтерді сәйкестендіру керектігі бұл бір мезетте саясат және тәжірибе, өйткені барлық тарифтерді халықаралық әуе компания иелерінің елдері қадағалайды. Кез келген ел өз әуе кеңістігінің иесі болғандықтан,өз аумағына кіргізуге немесе кіргізбеуге рұқсат бере алады және өзіне ыңғайлы талаптар қоюға құқылы. LATA конференциясы тасымалдаушы мүше елдер арасында өзара тиімді келісімге келгеннен кейін өтеді. IATA көліктік конференциясының шешімі мүше мемлекеттер үкіметі үшін маңызды. Ассоциация белгілеген ережелерді барлық мүше мемлекеттердің қатысушылары қолдау керек.
LATA мүшелері 259 әуе компаниясы олар халықаралық деңгейде қызмет көрсетеді.Бұл әуе компаниялардың 95% жуық үлесін құрайды. «Аэрофлот» әуе компаниясы 1989 жылдан бері LATA мүшесі., Ассоциация мүшелеріне ресейлік әуе компаниялар «Трансаэро», «Пулково», «Домодедовские ПО», «Внуковские авиалинии» жатады.
IATA мүшесі және конференция қатысушысы болу үшін,әуе компанияның үкімет тарапынан берілітін сертификат болуы керек, ол тасымалдаудың тұрақтығын дәлелдейді. IATA условно делит территорию земного шара на три больших региона, или конференции, и пытается добиться установления согласованных тарифов на перевозки и единых стандартов сервиса как в рамках каждой конференции, так и между ними:
IATA жер шарының аумағын үлкен үш аймаққа бөледі.
1) Солтүстік және Оңтүстік Америка және Тынық мұхиты аймағынан шығысқа қарай бөлінетін халықаралық линия;
2) Азия, Австралия және Тынық мұхиты аймағынан батысқа қарай бөлінетін халықаралық линия;
3) Европа, Африка және Таяу шығыс .
Турагенттіктер IATA қызетінде арнайы бөлім бойынша қатысады Халықаралық әуе компаниялар агенттіктерінің ұйымы (International Airlines Travel Agents Network, IATAN).Белгіленген талаптарға сай аккредитациядан өткен әрбір турагенттіке арнайы номер беріледі,ол өз ретінде визиттік карта болып саналады. IATA турфирмалардың авиабилеттерді халықаралық авиарейстер бойынша сатуын,олардың ережелер мен стандарттарға сай болуын қадағалайды және турагенттіктер мен әуе компаниялары, IATA мүшелері арасындағы байланыстырушы болып табылады.
Тарихы
ИАТА 28 тамызда 1919 жылы Гаагда (Нидерланды) әуе компаниялар одағы International Air Traffic Association ретінде ұйымдастырылды.Оның мақсаты қауіпсіз, тұрақты адамдар және жүктер әуе тасымалын ұйымдасты ру. 27 наурыз 2006 жылы ИАТА мүшелеріне 265 әуе компаниялар кірді,олар халықаралық рейстердің 94 % жүзеге асырады.
Қызметі
Ассоциация әуе транспортындағы ұшу қауіпсіздігін, тарифтер саясатын,техникалық қызмет көрсету,авиациялық қауіпсіздігін ИКАО мен бірлесе отырып халықаралық стандартқа сай етіп жасау. ИАТА қызметіндегі негізгі бағыт әуе транспорты субъектілері арасындағы өзара есептесуді ұйымдастыру. 1948 жылдан бастап IATA Клиринг палатасы (англ. IATA Clearing House), әуе компаниялары арасындағы өзара есетесуді қамтамасыз еткен болатын. Ал, 1972 жылы әуе билеттерін сататын әлемдік нейтралды орта BSP IATA құрылды,ол бүкіл әлемнің әуе транспортын қамтыды, АҚШ пен ТМД елдерінен басқа. Халықаралық әуе транспортының ассоциациясы 2007 жылдан бастап әуе тасымалдарын сатуда толығымен электрондық билеттерге өткендігін жариялады.
ИАТА әуежайларға, әуе компанияларына және ұшақтарға арнайы код береді,
классификация үшін.
IOSA Халықаралық Әуе Транспортының Ассоциациясы (IATA Operational Safety Audit), авикоманиялардың эксплуатациялық қауіпсіздік аудит бағдарламасы,ол әуе тасымалының эксплуатациясының басқарылуының және қадағалаудың жүйесін бағалауға арналған.
IATA талаптарына сәйкес IATA мүшелерінің барлық авиакомпаниялары IOSA аудитінен өтуі керек.Тексерістен жақсы өткен компаниялар IOSA операторларының реестеріне кіргізіледі.
Қазіргі таңда IATA аккредитациясынан өткен сегіз тәуелсіз аудиторлық фирма, IOSA сертификатынан өткізеді. IOSA стандартының басшылығы өзіне 872 талапты кіргізген, авиакомпания аудиттан өту кезінде осы талаптарға сәйкес болуы керек.
IOSA сертификаты авиакомпанияларға халықаралық альянстың әлемдегі ең ірі авиакомпаниялар қатарына қосылуына үлкен мүмкіндік береді және IATA мүшесі болуы үшін міндетті талап.
Қызықты деректер
Әуе транспортының халықаралық ассоциациясының мәлімдемесі бойынша 2004 жыл әуе транспорты тарихында ең қауіпсіз жыл болды.Әуе апатында 1,8 миллиард жолаушының ішінде 428 адам қаза тапты,олар коммерциялық әуе тасымалдаушылардың қызметін қолданған.2004 жылы 103 әуе апаты болды, ол 2003 жылмен салыстырғанда төрт есе көп, соған қарамастан әлемдік әуе тасымалының көлемі 15 пайызды құрады.Салыстырмалы түрде, 1945 жылы апат саны 103 болғанда,жыл ішінде әуе қызметін тек тоғыз миллион жолаушы қолданған.