У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

і Меншік ~ндіріс ~орлар затты~ ж~не рухани игіліктерді иелену ж~ніндегі ~атынастарды~ шарттарын білдіре

Работа добавлена на сайт samzan.net:

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 26.12.2024

МММ                                                                                                                                      

Меншік және оның түрлері.

Меншік өндіріс, қорлар, заттық және рухани игіліктерді иелену жөніндегі қатынастардың шарттарын білдіреді. Меншік заңдық және экономикалық категория болып бөлінеді. Заңгерлік түсінік бойынша меншік формалдық және нақты құқықпен байланысты. Формалдық құқық немесе меншік атағы бұл – ресми, заңды түрде шарт жасау және меншікті мойындау. Нақты құқық – шаруашылық субъектілердің барлық шектеулерімен және әрекеттестіктерінің қатынастары.

Меншіктің экономикалық түсінігі иелену категориясымен байланысты. Иелену – адамдардың заттармен әрекеттерінің барлық қатынастарына тән және адамның қоршаған ортамен  жалпыға бірдей әмбебап байланысы. Меншік, иелену процесі сияқты пайдалану, иелік ету және бұйыру түсініктерінің мәнін ашады. Иеленудің ең төменгі формасы заттардан пайдалы қасиеттерін алудың қысқамерзімдегі пайдалануы болып табылады. Пайдалану шаруашылық механизмі арқылы, яғни жұмысшы немесе ұжым  тек қана жұмыс күні ішінде өндіріс құралдарына қатынастарын қолдану арқылы жүзеге асады. Иелік ету заттардан пайдалы қасиеттерін ұзақ мерзімде алудың жиынтығы деп пайымдайды (құрту немесе меншік объектісінің мүлкін алу рұқсат етілмейді). Қожайын,  негізінде меншік объектісін нақты қолданудағы меншіктің делдалы. Иеленуге арендалық қатынастар мысал бола алады. Иеленудің ең жоғарғы формасы бұйыру болып табылады. Мұнда еңбектенуші және меншік иесі бір адам ретінде ұсынылған. Меншік иесі мүлікті алумен қоса барлық құқықтармен үйлестірілген.

Монополия түсінігі. Монополияға қарсы саясат.

Монополия жекеленген өндіруші нарықты үстемдік етіп ,осы тауар нарығын бақылауға алғанда пайда болады.

Түрлері –табиғи,жасанды,кездейсоқ монополия

Монополияға қарсы заңнамалар АҚШ-та салынды.1Шермек заңы-монополияларды,сөз байласуларды жасауға қарсы қабылданған ,осы мақсатпен сауда еркіндігі шектелді.2Клейтон заңы-үкіметке қосымша өкілеттік беріп,осы заңға сәйкес монополияларға жеке соттық талап беруге рұқсат етті.3Үкіметке сауда комиссиясының заңы-антитрестік заң әрекетін күшейту мақсатымен комиссия құрылды.4.Цеплер Кефорер заңы-әр түрлі типті компаниялар қосылуына қарсы заң.

ҚР монополияға қарсы заң1Табиғи монополия туралы.2.Жасанды бәсекелестік туралы.3.Бәсекелестік және монополиялық қызметті шектеу туралы.Бұл заңдарда жасанды бәсекелестікті және оның салдарының алдын алу және жою механизмі бекітіледі.сонымен қатар ҚР арам бәсекелестік түрлері бекітілген.-фирма атауын заңсыз қолдану.-жарнамада тауардың шынайы қасиеттері мен сапасын әдейі өзгерту не жасыру.-бәсекелес тауарының сыртқы рәсімдеуін көшіру.

Макроэкономикалық көрсеткіштер 

Ұлттық байлық – қоғамның бүкіл Ұлттық байлық мынаны қамтиды: мүлік (негізгі және айналым қорлары, үй мүлігі), табиғи байлық (жер, минерал және орман қорлары), заттай емес байлық (ұлт денсаулығы потенциалы, оның рухани байлығы, білім және ғылым потенциалы, интеллектуалдық меншік құраушылар).

Бір жылғы шаруашылық іс-қызметінің қорытындылаушы көрсеткіші болып қоғамдық өнім есептеледі. Оны бірнеше анықтамалар арқылы көрсетуге болады: Жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ), ұлттық табыс (ҰТ), таза ұлттық өнім (ТҰӨ), жалпы ішкі өнім (ЖІӨ).

Жалпы ұлттық өнімді бір жыл ішінде елде өндірілген барлық дайын тауарлар мен қызметтердің жиынтық нарықтық құны ретінде анықтайды. Келесі көрсеткіш - ұлттық табыс. Ұлттық табыс - бір жыл ішінде жасалған жаңа құны бар өндіріс нәтижесі. таза ұлттық өнім. Ол еңбекақының, пайданың, рентаның, пайыздың және жанама салықтың жиынтығымен есептеледі. Таза ұлттық өнім – ұлттық табыс пен жанама салықтың қосындысы. Олар ұлттық табысты нарық бағасы арқылы анықтау үшін қосылады.

Тағы бір көрсеткіш - жалпы ішкі өнім. Ол берілген мемлекет аумағында жатқан фирмалардың қай ұлтқа жататынына қарамастан материалдық өндіріс салалары мен қызметтер саласының соңғы өнімінің жиынтық құны ретінде есептелінеді.

Жалпы ішкі өнім тек ел ішінде ғана өндірілген, тек өз өндіріс факторларын ғана пайдаланғандағы өнімдер мен қызметтерді қамтиды. Жеке табыс – салықты төлегенге дейінгі жеке адамдар мен жанұялардың алатын табысы.

Акселератор =

осы жылғы инвестицияның

өткен жылғы ҰТ

Ол алынған табыс пен трансферттік төлемдердің қосындысы, оны жанұялар мен жеке адамдар мемлекет тарапынан алады: зейнетақы, стипендия, жұмыссыздық жәрдемақысы т.б. Олар тұтынуға, жинақтауға, салық төлеуге жұмсалады.

Қолдағы бар таза табыс – салықтарды төлегеннен кейін қалатын табыс.

Мультипликатор және акселератор түсініктері.

 Мультипликатор (лат. Multiplico – көбейтемін) –  инвестиция өзгерісі мен табыс көлемі өзгерістері арасындағы байланысты көрсететін коэффициент.

Инвестиция өскен жағдайда ЖҰӨ-ң өсуі алғашқы қосымша инвестицияларға қарағанда анағұрлым үлкен көлемде жүреді. Осы көбейтуші, өсуші эффект (ЖҰӨ - көлемінде) мультипликациялық эффект деп аталады.

Мультипликатор – инвестицияның көлемінің өсуі кезінде ЖҰӨ-ң өсу көлемін көрсететін сандық коэффициент.

Айталық, инвестицияның өсімі 10 млрд. теңге болса, ЖҰӨ 20 мллр. Теңгеге өсіреді. Яғни, мультипликатор = 2.

Мультипликатор МР =

өсірілген ЖҰӨ

=

 ЖҰӨ

өсірілген инвестиция

инвестиция

ЖҰӨ = МР х инвестициялар,

Немесе, инвестицияның өсірілуіне көбейтілген мультипликатор ЖҰӨ өсірілуін көрсетеді.

Инвестицияның өсуіне табыстың өсу әсерін білдіру үшін акселератор қолданылады.

Акселератор (лат. ACCELERO - тездету) – берілген осы жылдағы инвестицияның өсуін, өткен жылдағы ұлттық табыстың өсуіне сандық қатынасын көрсететін коэффициент.

Ол инвестицияның өсуіне табыстық өсу әсерін білдіреді.

     1Елдің тұтынымға қосымша шығыстары көбейген сайын, мултипкликатордың да мөлшері артады, яғни, берілген көлемде инвестицияның өсуі ЖҰӨ де өсіреді.

2. Халықтың қосымша жинақтаулары артқан сайын, мультипликатор мөлшері кемиді, яғни, берілген көлемде инвестицияның өсуі ЖҰӨ де өсіреді.

 Макроэкономика және макроэкономикалық саясат.

Макроэкономика /грек тілінен-үлкен/- жалпы ұлттық экономиканың әрекетіменг даму заңдылықтарын зерттейтін экономикалық теорияның бөлігі.

Макроэкономика - экономиканы тұтас жүйе ретінде қарастырады, ондағы субъектілер: мнмлекет /үкімет/, Ұлттық Банк және т.б.

Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер: ұлттық байлық, ЖҰӨ, ҰТ және т.б., олар жаопы халық щаруашылық сипаттайды.

Макроэкономика экономикалық теориядан 20ғ. 30-жылдарында бөліріп шықты, оған Дж. М.Кейнстің ғылыми еңбектері әсер етті. Кейнс теориясы экономиканы жүйе ретінде мемлекеттік реттеу қажеттілігіне негіз берін, макроталдау қажеттілігін көрсетті.

Макроталдау әдісі -   модель құру. Модель- негізгі факторлерді ғана көрсететін  қарапайым теориялық кесте. Модельдер қысқа мерзімді – /1 жылға дейін/, және ұзақ мерзімді / 1 жыодан артық уақытқа/ болады.

Макроэкономикалық саясат – қоғамның стратегиялық даму жне жаңару міндеттерінің шешілуін қамтамасыз ететін экономикалық мақсаттар мен шаралар жүйесі.

Ұлттық экономиканың дамуын сипаттайтын негізгі көлсеткіш – ұлттық байлық.Ұлттық байлық – қоғамда жинақталған тұтынушылық құндардың жиынтығы. Оған мүлік /негізгі және айнымалы қорлар, үй мүлігі/, табиғи ресурстар /жер оның қойнауы, орман/, заттандырылмаған байлық /ұлттың денсаулығы, рухани байлығы, білім және ғалыми потенциал/.

Макроэкономикалық тепе-теңдік.

Макроэкономикалық тепе-теңдік- қоғамдық ұдайы өндірістің негізгі мәселесі, экономикалық процестердің  теңділігін сипаттайттын категория. Тепе-теңдік- қоғамның жағдайы, бұл жағдай оның барлық мүшелерін қанағаттандырады.

Тепе-теңдік жағдайы тек жетілген бәсекенің идеалды жағдайларында ғана мүмкін.

Тепе-теңдік жартылай және жалпы болады:

Жартылай тепе-теңдік- жеке нарықта қалыптасады, ол тауар, қызмет, өндіріс факторлері нарығындағы тепе-теңдік.

Жалпы тепе-теңдік- барлық нарықтарды бір уақытта жиынтық сұраныс сұраныс пен жиынтық ұсыныс тепе-теңдікгі орнаған ұлттық экономика жағдай.

Мемлекеттік бюджет және оның тапшылығы.
     Мемлекеттік бюджет — мемлекеттің белгілі бір уақыт кезеңіне, көбінесе бір жылға арналған кірістері мен шығыстарының қаржы жоспары. Онда мемлекеттік кірістердің түсетін көздері және қаражаттың жұмсалу бағыттары мен арналары көрсетіледі. Мемлекеттік бюджетті үкімет әзірлейді, жоғары заң шығарушы органдар қабылдап, бекітеді. Бюджеттің атқарылуы барысында оның ішінара қайта қаралуы мүмкін. Барлық демократиялық мемлекеттерде Мемлекеттік бюджетті қабылдау парламенттің аса маңызды өкілеттіктерінің бірі болып табылады

Бюджет тапшылығы инфляция басылғаннан кейін ел экономикасының шешуші проблемалары бола бастайды. Бюджет тапшылығы сөз жок, инфляция, дағдарыс, жұмыссыздық сияқты «жағымсыз экономикалық категориялар» деп аталатындарға жатады, алайда олар экономикалық жүйенің ажырағысыз элементтері болып табылады. Бюджетті әзірлеу кезінде негізгі мәселе мемлекеттің ақшалай түсімдері мен шығыстарының балансына тепе-теңдігіне жету болып табылады. Әр бюджетте оның кіріс және шығыс бөлігін теңестірген, яғни баланстаған дұрыс. Жалпы түсінікте кірістердің шығыстардан асып түсуі бюджет артығын - профицитті, ал шығыстардың кірістерден асып түсуімемлекеттік бюджеттің тапшылығын құрайды.
Қазақстанда Бюджеттік кодекске сәйкес, бұл ұғымдарға нактыланған түсінік берілген: бекітілген, нактыланған және түзетілген республикалық және жергілікті бюджеттердің тапшылығы (профициті) олардың борышының негізгі сомасын өтеу сомасынан шегеріп тастағандағы қарыз алу сомасына тең. Теріс белгімен алынған шама республикалық және жергілікті бюджеттердің тапшылығы, оң белгімен алынған шама - профициті болып табылады 




1. Экономические вопросы развития системы торговых предприятий в муниципальных структурах
2. Основные тенденции развития военно-политической обстановки в мире до 2015 г
3. Основные задачи и функции логистики
4. Философия французского Просвещения В историю XVIII в
5. Маркс Рассматривал религию в связи с обществом
6. Работа с графической средой ОС UNIX и Windows по курсу Операционные системы
7. Конституционные права и обязанности гражданина Российской Федераци
8. по теме- Проблемные вопросы- Комиссия 1
9. ПрБольшевиков
10. Финансовый университет при Правительстве Российской Федерации Финуниверситет Самарский финансово
11. тема веры рассматривается с новых позиций
12. методические рекомендации к занятию лекционная тетрадь
13. реферату- Сутність і завдання організації праціРозділ- Економіка підприємства Сутність і завдання організ
14. Формы воспитания детей оставшихся без попечения родителей
15. Бизнесплан промышленного предприятия
16. Реферат- Сущность, функции и роль денег
17. Лекция 1. Определение задачи и история развития нанотрибологии как науки Трибология и краткая история е
18.  Теоретические основы и развитие государственной поддержки малого предпринимательства [2
19. Регенерація тканин людини Алергічні реакції організму
20. МЕТОДИЧЕСКИЕ РЕКОМЕНДАЦИИ для выполнения курсовой работы по дисциплине Управление персоналом для на.html