Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

і А~аудан ~ор~ау~а ~ойылатын талаптар

Работа добавлена на сайт samzan.net:


Релелик корганис

Негізгі құрылымдары және талаптар. Ақаудан қорғайтын РҚ және қалыпты режимді басқаратын РҚ негізгі қойылатын талап екі түрлі.

Ақаудан қорғауға қойылатын талаптар. Ақаудан қорғауға негізгі төрт талапқа сәйкес болуы керек:  іріктеушілік, тез әрекеттік, ақауды сезе білу және қызметін қалыпты орындау.

Іріктеушілік. Талдау жасау немесе іріктеу деп РҚ тораптың ақауланған бөлігін ажырату қабілетін айтамыз. Мысалы, К1 нүктесінде қысқа тұйықталу болғанда РҚ зақымданған электр желісі  Q2 ажыратқыштарымен  ақауға жақын орыннан ажыратуы керек (4.2-сурет). РҚ бұндай әрекеті кезінде осы электр желісінен қоректенетін басқа тұтынушыларды электрмен жабдықтау сақталады. Қысқа тұйықталу болғанда К2 нүктесінде талдау кезінде зақымдалған электр желісі W1 ажыратылса, W2 жұмыс істей береді. РҚ іріктей білуі міндетті талаптардың бірі, онсыз жұмысқа жіберілмейді.

4.2-сурет.  Қысқа тұйықталуды іріктеп өшіру

Тез әрекеттік. РҚ ажыратуы ақау көлемін шектеу үшін, жабдықтың жылуға (қызуға) шыдамдылығын қамтамасыз ету және тұтынушылардың жұмысына әсер ететін кернеуді азайту үшін, электр станциялардың параллель жұмысының тұрақтылығын сақтау үшін неғұрлым жылдам іске асырылуы қажет.

Энергожүйенің жұмысының тұрақтылығын сақтау үшін РҚ аз уақыт ішінде ажыратуын талап етіледі. 750-1150 кВ электр желілері фазааралық РҚ 0,06-0,08  сек соң ажырату қажет, ал 330-500  кВ электр желілері 0,1-0,12 сек ішінде, 110-220 кВ электр желілері 0,15-0,3 сек ішінде ажыратылуы қажет.

Уақытты үнемдеу үшін РҚ және ажыратқыштардың уақытын жылдамдату керек.  220-750 кВ ажыратқыштар t = 0,04-0,06 сек ішінде әрекет етеді. Жылдам әрекет ететін РҚ отандық энергожүйеде   t = 0,02/0,04 сек жұмыс істейді.

Сезгіштік. РҚ қысқа тұйықталу болған аумақты сезе  білуі қажет. Мысалы, РҚ1  АВ бөлігіндегі ақауды ажырата білуі қажет, сонымен қатар келесі РҚ2 қорғайтын ВС бөлігінде жұмыс істегенде сезгіштікке ие болу қажет. РҚ1 соңғы қызметін резервті деп атайды. Бұндай резервтік  екінші бөлігктегі  РҚ немесе ажыратқыш жұмыс жасамағанда қажет.

Сенімділік. РҚ сенімділік белгіленген аймақта дұрыс және нақты жұмыс жасауы қажет. Істен шығу немесе бұзылу тұтынушылардың электр қорларын бұзады, кейде жүйелі апатқа соқтырады. Мысалы, К1  нүктесінде РҚ  істен шыққанда, РҚ2, РҚ3 жұмыс жасайды (4.3-сурет).

РҚ сенімділігі немесе тұрақтылығы қарапайым сұлба бойынша қамтамасыз етіледі.

4.3-сурет. Релелік қорғаныстың әрекет ету аумағы

Элементтік базалар.  Қазіргі реле құрылысында үш типті элементтер базасы қолданылады.

Электр механикалық - электр механикалық реле түрінде релелік қорғаныстың барлық органдары мен бөліктерінің  қызметін атқару кезінде қолданылады.

Жартылай өткізгіш – релелік қорғаныстың барлық бөлігі мен органдарының қызметін жартылай өткізгіш элементтер түрінде, аналогты және сандық шағын сұлба түрінде қолданылады.

Микропроцессорлы - микроЭВМ базасында немесе полипроцессорлы жүйеде релелік қорғаныстың логикалық және өлшеуіш бөлігін атқару кезінде қолданылады.

Қорғаныстың негізгі түрлері:

- максималды токтық қорғаныс (МТҚ);

- бағытталған максималды токтық қорғаныс;

- газдық қорғаныс (ГҚ);

- дифферанциалды қорғаныс;

- дистанциялық қорғаныс;

- дифференциалды-фазалық қорғаныс (ДФҚ) (жоғары жиілікті).

Максималды токтық қорғаныс (МТҚ). 4.7-суретте МТҚ біріккен сұлбасы көрсетілген. Онда реленің қабылдау органдары немесе электр магнитті механизмдер (төртбұрыш түрінде көрсетілген) арасындағы тікелей байланыс және осы релелерге немесе түйіспе механизміне қатысы көрініп тұр.

Бұл байланыс 4.7, а-суретте пунктирмен көрсетілген. Біріккен сұлбада реледен басқа, ереже бойынша, қорғалатын қосылулардың бірінші реттік қосылу сұлбасы көрсетіледі.

КА1, КА2, КА3 ток релелері жұлдызша жалғанып, ток трансформаторының екінші реттік орамасына ТА1, ТА2, ТА3 қосылған, ол сәйкесінше жұлдызша жалғанған. КА1, КА2, КАЗ реле түйіспелері параллель жалғанған, сондықтан олардың әрқайсысы тұйықталғанда, қорек көзінің оперативті кернеу плюсі КТ уақыт релесіне түсіп,  жұмысқа қосылады. Берілген уақыт ұстамының өтісімен КТ релесін тұйықтап, қорек көзінің оперативті кернеу плюсі КL аралық релесіне түседі.

Реле жұмыс істеп, оның түйіспелері тұйықталып және қорек көзінің оперативті кернеу плюсі (КН сілтеме релесі және SQ қосалқы түйіспесі Q ажыратқышы арқылы) электр магнитті механизмінің YAT соленоидты катушкасының Q ажыратқышына түседі [12,13].

Релелердің аз мөлшерінде біріккен сұлба қарапайым, бірақ түйіспелер және реле саны ұлғайған сайын олар үлкен және ыңғайсыз оқылатын болады. Бұл жағдайларда белгіленген сұлбаға қарайды, себебі онда (4.7, б-сурет) өлшеу трансформаторы, реленің қабылдау органы (электр магнитті үшін – ол орама) және оның түйіспелері әр түрлі жерде орналасқан. Реленің қабылдау органы және реле түіспелері сәйкесінше бірыңғай әріппен және сандармен белгіленеді.

а)

б)

         

                                            в)                                                                  г)

4.7-сурет. Максималды токтық қорғаныстың біріккен (а); белгіленген (б); функционалды  (в); құрылымдық (г) сұлбалары

Біріккен және белгіленген сұлбалар принципті немесе толық сұлбаға жатады. Бұл сұлбаларда берілген электрлік үрдістерді бақылау және орындау үшін толық электрлік элементтер және құрылғылар көрсетіледі. Функционалды үрдістердің ретін сызба ретінде бейнелеу жеткілікті болғанда, сұлбаның қарапайым, яғни функционалды түрін қолданады (4.7, в-сурет). Ал құрылымдық сұлбаның жұмыс істеу принципін жалпы түрде бейнелейді (4.7, г-сурет).

Бұл қорғаныс қысқа тұйықталу кезіндегі токтың өсуіне немесе шамадан тыс жүктемені болдырады. Егер желінің біршама тізбектей бөліктері осы типті жеке қорғаныспен жабдықталса, онда олардың селективті әрекеті уақыт ұстамының көмегімен қамтамасыз етіледі.

Қорғаныстың артықшылығына оның қарапайымдылығы, ал кемшілігіне - уақыт ұстамының үлкен болуы, қорек көзіне жақындау әрекетіне ұлғаюы, және қорғаныс аумағының тұрақсыздығы. Қорғаныс барлық кернеудің радиалды желісінде кең қолданылады.

Максималды токтық қорғанысты РТ-80 релесінің көмегімен де орындауға болады, оларда жұмыс істеу уақыты тәуелді сипаттамасының шектелуінде.   

Токтық қиылу. Бұл қорғаныстың максималды токтық қорғаныстан айырмашылығы іріктеушілікті қамтамасыз ету принципінде. Қарапайым токтық қиылуы сұлбасында реленің қосылуы 4.8-сурет сұлбасынан айырмашылығы тек қана уақыт релесінің жоқтығы. Токтық қиылудың іріктеушілігі оның әсер ету аумағының шектелген токтық  қорғаныстың әрекет етуі  таңдауымен қол жетеді.

Іріктеушілік шарты бойынша Б қосалқы станция шинасында қысқа тұйықталу болғанда АК1 қорғанысы әсер етпеуі керек, ол ақаулар АК2 қорғанысымен ажыратылады. Сәйкесінше АК1 қорғанысының әсер ету аумағын АБ бөлігімен шектеу керек.

4.8-сурет. Токтық қиылудың әсер ету аумағын анықтау

Сыртқы қысқа тұйықталу кезінде қиылу әсер етпегендіктен, онда қайту шарты қарастырылмайды және қайту коэффициенті ескерілмейді. Сезімталдық  коэффициенті 1,2 кем болмауы керек.

Токтық қиылу екі жақты қорек көздерінің желілерінде қолданылуы мүмкін. Токтық қиылудың артықшылығына оның қарапайымдылығы мен тез әсер етуі, ал кемшілігіне Б қосалқы станциясына шектес қорғалмаған бөлігінің бар болуы, яғни lм.з. - максимум режимінде және l'м.з.  - минимум режимінде энергожүйенің өлі аймағының болуы (4.8-сурет) жатады. Бұл кемшілікті жою үшін токтық қиылудың уақыттық ұстанымын қолдануға болады. Бұл жағдайда АК1 қорғанысын токтық қиылудың екі түрінде (4.8-сурет) орындауға болады. Оның біреуінде уақыт ұстанымы жоқ және ол l3 аумағындағы ақауларды ажыратады. Ал екіншісі, уақыт ұстанымымен, аз мөлшерде Б қосалқы станциясының шинасы ақауы кезінде әрекет етеді (к2 нүктесінде). Бұл жағдайда аумақтағы ақаулар уақыт ұстамынсыз, ал қашық нүктелердегі ақаулар (Б станциясының шинасына дейін) уақыт ұстамымен ажыратылады. Максималды токтық қорғаныс және токтық қиылу үйлесуі мүмкін.

Токтық бағытталған қорғаныс. Екі жақты қоректендіру торабындағы айналмалы тораптағы максималды токтық қорғаныстың іріктеушілік принципінің орындалуын қамтамасыз ете алмайды. Бұл жағдайда максималды токтық бағытталған  қорғанысын қолданады (4.9- сурет). Сұлбаның қосымша тұсына әр фазада қуатты бағыттау релесі КW бар екендігінде.

4.9-сурет.  Максималды токтық бағытталған қорғаныс

Оның токтық орамасы, ток трансформаторының екінші реттік тізбегіне сәйкес, ток релесінің КА орамасымен тізбектей жалғанған. Кернеу орамасы ТҚ шинасында қанықталған кернеу трансформаторынан ТV қоректенеді. КА және КW релелерінің түйіспелері әр фазада тізбектей жалғанған, сондықтан қорғаныс ток релесінің және қуатты бағыттау релесінің бір мезгілдегі әрекеті кезінде іске асады (И логикалық операциясы). Яғни, бұл қорғаныс тек қана мәніне ғана емес, сонымен қатар ток фазасына да әсер етеді.




1. на тему- Купалье городское и сельское в к
2. ЛЕКЦИЯ 7 Технологическая планировка производственных помещений СТОА
3. СОЦИАЛЬНАЕ АСПЕКТЫ ВАЖНЕЙШИХ НЕИНФЕКЦИОННЫХ ЗАБОЛЕВАНИЙ
4. Наталочка Справді трохи дивно для старої баби але звали її саме так тому що своїм дрібним виглядом та тих
5. Специфика искусства рекламы его возникновение синтетические характеристики
6. В частности в большинстве случаев работник самостоятельно выбирает вид и форму профессиональной подготовк
7. ЛЕКЦИЯМ Товары Товары можно учитывать несколькими способами- по покупным ценам- непосредственно
8.  Жалобы- основные дополнительные 2
9. Лабораторна робота 5 Статистичні методи аналізу взаємозв~язків
10. Библиотека Звезды
11. Сравнительная оценка пчелиных ульев
12. Расчетное и опытное определение термических циклов в точке зоны термического влияния при наплавке валика.
13. тематичний розподіл вартості яка амортизується необоротних активів протягом строку їх корисного використа.html
14. Сущность акции Процедура эмиссии ценных бумаг Правила составления кредитного договора
15. Космология Большого взрыва
16. Роль бифидобактерий в организме
17. Анализ режима работы скважин оборудованных УЭЦН на примере ОАО Сибнефть
18. СЕВЕРООСЕТИНСКАЯ ГОСУДАРСТВЕННАЯ МЕДИЦИНСКАЯ АКАДЕМИЯ Министерства здравоохранения и социального раз
19. ПРОБЛЕМЫ И МЕТОДЫ В РАБОТЕ ПО ДУХОВНО-НРАВСТВЕННОМУ ВОСПИТАНИЮ С УЧАЩИМИСЯ 5-6 КЛАССОВ
20. тематизированные глубокие и полные знания по всем разделам учебной программы а также по основным вопросам