Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

Ыбырай шы~армаларыны~ жариялануы зерттелуі

Работа добавлена на сайт samzan.net: 2015-07-05

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 20.5.2024

1.Ыбырай шығармаларының жариялануы, зерттелуі.  

Ыбырай “Қазақ хрестоматиясы” 1879жылы Орынборда басып шығарады. “Бұл кітапты құрастырғанда мен,-деп жазды Ыбырай хрестоматиясының алғы сөзінде, -біріншіден, осы біздің ана тілімізде тұңғыш шыққалы отырған жалғыз кітаптың орыс-қазақ мектептерінде тәрбиеленіп жүрген қазақ балаларына оқу кітабы бола алу жағын, сонымен қатар жалпы халықтың оқуына жарайтын кітап бола алу жағын көздедім”. Сол мақсатпен Ыбырай “қазақ хрестоматиясын” балаларға арналған өлеңдер мен шағын әңгіме – новеллалардан құрастырды. Олардың бірқатарын өзі жазды, біразын сол кездегі орыс оқулықтарынан алып еркін аударды. Ыбырай шығармалары мына жинақтарда жарияланған: Начальное руководство к обучению киргизов русскому языку, Оренбург, 1879; Қазақ хрестоматиясы, Орынбор, 1906; Мәктубат, Қазан, 1896, 1899; Киргизская хрестоматия, Оренбург, 1879, 1906; Таңд. шығ. 3 томдық, А., 1943, 1953; Собрание сочинений в 3-х т. Т.1–3, А.-А., 1975, 1978;

Әңгімелер, А., 1980.  Н.Ильминский Ыбырай туралы тұңғыш еңбек жазған адам. Ол «Ы.Алтынсаринді еске алу» деген көлемді кітап 1891 жылы Қазанда бастырған. Бұл кітапта Ыбырай хатттарын, шығармашылығын жазған. Алайда ақын шығармаларын талдауды мақсат еткен жоқ.  Ақынның педагогтік өызметі мен ағартушылық мдеялары туралы Ә.Садықов, Т.Тәжібаевтың кітаптары бар. Қоғамдық әлеуметтік көзөарастары туралы Қ.Бейсембиев, Б.Сүлейменов, М.Ақынжанов зерттеген. Ал шығармаларын М.Әуезов, с.Мұқаонов, Ә.Қоңыратпаев, Дербісәлиндер жазған. М.Фетисов «Қазақ публицистикасының тууы»(1961) атты кітабында Ыбырайдың белгісіз бір топ мақалаларын туаып жариялаған. «Оренбургский листок» газетінің 1880-1882 жж басылған мақалалалыр қазақтың сол кездегі ауыр халін кең қозғайды. Бұ газетте «Алтынсарин қазақ арасында әуелі Европаның білім-ғылымының көзін ашқан аяулы жан болды» - деп көрсетеді.

«Ірі ағартушы, озық саналы әлеумет қайратері, өнерлі ақынның артына қалдырған ізіне, қадірлі жолына қарап отырсақ, заманына бақсақ көңілге үлкен алғысқа толы ойлар келеді. Ыбырайда сол күш терең едң, мол еді. Ол сананың үлкен оты мұның ізгі жүрегінде мол уақыт берік орнаған» М.Әуезов.

2. Мұрат өлеңдерінң жанрлық түрі: толғау, хат-өлең, тойбастар.

Мұрат Мөңкеұлы елінің тәуелсіздігін аңсап, бодандыққа қарсы жыр толғады. Зар заман ақыны атанды. Ақынның басты шығармасы - «Үш қиян». Мұнда ақын ескі дәстүрдің іргесі шайқалғанын, адамдар ниетінің бұзылуын сөз етеді. «Үш қиян» толғауымен «Сарыарқа», «Әттең, қапы дүние-ай», «Қазтуған» жырлары үндес. Мұнда айтылатын басты нәрсе - жер, құтты қоныс жайы. Ол «Қарасай-Қази», «Шәлгез», «Ғұмар Қазиұлына айтқаны» атты жырларына діни аңыздарды негіз еткен. Білімді игермейінше елінің өркендемейтінін «Оқудан қайтқан азаматқа» өлеңінде аңғартады. Ақын мұрасының бір шоғыры - би-болыстарға айтқан арнау өлеңдері.

Мұрат Мөңкеұлы майталман жыршы, термеші ретінде де танылған. «Өлім», «Қыз», «Арғымақ сыйлап не керек», «Аттан сұлу болар ма?», «Жалғаншы фәни жалғанда» атты термелерінде заман сырына үңіліп, өмір мен өлім, жастық пен кәрілік, сұлулық хақында толғанады. «Оқудан қайтқан жігітке хат», «Еліне жазғаны», «Бір досқа» атты хат үлгісінде жазылған үш туындысы сақталған. Ақын «Қырымның қырық батыр» жырын, Шалкиіз, Қазтуған шығармаларын жеткізушілердің бірі болған. Әсіресе Махамбет өлеңдерін жеткізудегі еңбегі ерекше. Махамбет жырлары Қуан жырау - Мұрат - Ығылман ақындар арқылы біздің заманымызға жеткен.

Мүраттың арнау өлендері ел тізгінін үстаған накты адам-дарға арналған. Солармен бірге акынның жалпы хат түрінде жазылган "Окудан кайткан жігітке”, "Еліне жазғаны”, "Бір доска” сиякты арнаулары, тойбастар жырлары, әртүрлі такырыптағы өлендері бар. Оларда акын өз заманы адамдарының мінез-сипаттарын береді. Дүние, өмір туралы өз ой-ларын айтады. Ел ішінде берекесіздік тудыратын болыс сайлауларыша наразылык білдіреді. "Айжарыкка” деген өленде "Би болам деп таласып, дүние-малын шашады” деп мінейді. "Есенғали болыска”, "Қаракожа болыска”, "Есентемір Түра-бай болыска”, т.б. арнауларында жекебастың ғана камын ойлаған ел басшыларын аяусыз сынға алады.

 3. Мағауия Абайұлының көңіл-күй тақырыбындағы лирикалық өлеңдері (мысал келтіріп, талдау жасаңыз). 

 Көңіл-күй тақырыбындағы лирикалық өлеңдері:«Еңлік — Кебек», «Абылай» атты поэмалары (қолжазба күйінде сақталған). Қазақ тарихындағы сарттық болмыстан туған «Еңлік-Кебек» жайындағы қоспа поэма болатын. «Еңлік-Кебек» - Мағауияның алғашқы жазған шығармасы. Өлеңдік жағынан ол әлі поэма тіліне жете шеберленбеген күйді танытады. Тілі тұтқыр және анық поэзиялық шеберлігі жағынан олақтау келген сырт құбылыс байқалады. Бірақ идея жағынан қарағанда, бұл поэманың да өзінше өз тұсындағы ақындардың шығармаларынан оқшау тұрған, озғын жайы бар. Сол ерекшеліктің үлкені - Кеңгірбайдың образын, ісін бейнелеуде айқын көрінеді. Мағауияның уақытында, рушылдық салт бойынша тобықтының аруақ тұтып, қадірлейтін атақты биі – Кеңгірбай болатын. Заманында оның істеп кеткен озбыр, содыр істері болса да рушылдық, ақсақалдық салт-сана бойынша кейінгі ұрпақ Кеңгірбайды сынамастан «баба» деп, «би» деп қадірлейтін. Абай болса, қазақтың бұндай ескілікті кертартпа санасына өзінің сыны мен ақылын билеткен, бағындырған емес. Ол Кеңгірбайдың өз заманындағы парақорлық сияқты арамдықтарын ашып айтып, әшкерелеп жүретін. Еңлік пен Кебектің өліміне себепші болған - Кеңгірбайдың билігі. Ол осы билікті Матайдан пара алып айтты деп деп сынайды. Жаңа буынның сыншыл, әділетшіл, гуманистік талабын өзіне ең үлкен мақсат етіп, өткен заманның үлкен авторитеттерімен трагедиялық істерін батылдықпен ашып, әшкерелеп жырлайды. Еңлік пен Кебектің тағдырын шешкен түп себепті айта келіп, Мағауия: Тобықтыда сол күнде Кеңгірбай би, Қыз қайнынан астыртын алыпты сый. Айтады қыз кайнына бітім жерде, Әуелі ұстап алып, қызыңды тый... Кейін сол билік бойынша Еңлік пен Кебек өлтірілген соң, ақын өзінің ызалы сынын Кеңгірбайға бұрады: «Қылжырлықтан атандың биім»Қабан», Қабан түбі шошқа ғой, білсең надан. Үлкен билік алдында сөйлесермін, Жазасы не болады бидің арам!..» - Бұрынғы ру авторитетіне мұншалықты батылдықпен өкім айтуға жеткен ақындық сана, Абай тұсындағы жас талапкерлердің ойлары, ізденулері қаншалық кең өріске, үлкен азаттыққа жеткенін көрсетеді. Адамгершілік, гуманистік сарын бұл поэманың соңыңда Еңлік пен Кебектен қалған жас нәрестенің өлім халін айтудан да көрінеді: «Балаға ешбір пенде қарамапты,Тобықты неткен жандар діні қатты, Шеткі Акшоқы басында бесігімен,Деседі бір күн бойы жылап жатты...», - деп бітіреді. Поэманың осы соңғы жолдары да надан заманның, қараңғы ортаның қатал мінездеріне қарсы айтылған ашулы өкім есепті болады. Осылайша образдарды бейнелеуде, өткеннің қараңғылығын сынап көрсетуде, адамгершілік талабын ең үлкен мақсат, арман етіп биік сапада танытуда Мағауияның бұл поэмасы да өз уақытындағы бағалы еңбек болатын.

 4. ХІХ ғасыр әдебиетінің жалпы сипаты

XYIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың алғашқы тұсынан бастап қазақ поэзиясында қоғамдық тұрмысты, оның көзге ашық көрініп тұрған кемшіліктері мен қайшылықтарын, адам мінезіндегі артық-кем сипаттар мен олардың арасындағы теңсіздік, әділетсіздік жайларын суреттеуге нақты бетбұрыс жасалды. Жыраулық әдебиеттің мектептері, әдеби дәстүр уақыт талаптарына сәйкес соны көркемдік соқпақтарға ойысты. Қоғамдық-әлеуметтік мәселелер, саяси тақырыптар, күнделікті қауым тірлігіндегі жақсылы-жаманды көріністер тікелей әдеби шығармалардың өзекжарды саздарына, көкейкесті сөзіне ұласып отырды.

Поэзияның бұл дәуірде шарықтап өскені соншалық: Атырау, Сыр, Есіл, Нұра, Ертіс, Жетісу бойы, Қаратау, Ұлытау, Алатау, Шыңғыс баурайынан және тағы басқа жерлерден көрінген белгілі ақындардың өзі оңдап саналады. Олар әр алуан ақындық өнер, шеберлік мектебін жасады. Осы таланты мен дүниетанымы әр дәрежедегі ақындардың өзі ондап саналады. Олар әр алуан ақындық өнер, шеберлік мектебін жасады. Осы таланты мен дүниетанымы әр дәрежедегі ақындардың тұтас еңбегі поэзияны өнер биігіне қарай көтере, есейте түсті, оның көркемдік сапасын жаңа сатыға жеткізді, шын мәнінде жазба әдебиет туып, дамыды. Осының бәрі әдебиеттің қоғамдық орны мен рөлін салмағы мен күш-қуатын әрдайым арттырып отырады. Осы кезеңдегі елдік құрылымдық күйреу қазақ халқының қоғамдық-әлеуметтік өмірін біржола басқа арнаға бұрған еді. ХІХ ғасырдағы Евразия кеңістігіндегі тарихи реформалар қазақ әдебиетінің де болмысына бетбұрысты өзгерістер әкелген.  ХІХ ғасыр әдебиет өкілдері: Шернияз, Шортанбай, Махамбет, Мұрат, Әбубәкір, Бұқар, Шортанбай, Ыбырай, Абай, Ақан, Сегіз сері, т.б. Қазақ даласында ХІХ ғасырда патшалы ресей отарлаушылары жүргізген саяси-әлеуметтік өктемдік пен басқару жүйесіндегі реформалардың себеп-салдарлары сол кезеңдегі қазақ әдебиеті шығармаларынан да жан-жақты көрініс тапты. Көкірегі ояу ақын-жырау, сөз ұстаған би, шешендер ұлттың мұңын, ұлттың келешегін болжаған күңіреністі көзқарастарын толғады. Хандық басқару жүйесі ыдырағаннан кейін, үздік-создық ұлт-азаттық қозғалысына ұласқан наразылық жалпыхалықтық қуатты күшке айналып кетуге түрлі ішкі-сыртқы жағдаяттар кедергі болса да, халықтың мұң-мүддесі тарихи жыр, дастан, толғауларда буырқанып көрінді. Бұрқ етіп басталып, езіп-жаншылып, қайта бас көтеріп өршіп отырған ұлт-азаттық қозғалыс тарихының ұзақ мерзімді кезеңдерінде ақындардың сөзі, ұлттық әдебиет мұраты ғана өз жолынан да, жүрісінен де жаңылған жоқ.

5. Әбубәкір толғау, термелеріндегі заман зары, қазақ елінің тағдыры туралы.

Әбубәкір (Кердері) Боранқұлұлы - ақын. Жетіру тайпасының  Кердері руынан шыққандықтан, ел арасында «Кердері Әбубәкір» атанған. Өз әкесі Боранқұл қолөнер шебері әрі сауықшы адам болған. Өлеңдері: “Байлар хақында айтқан өлеңі», «Заманның опасыз халіне Әбубәкір молданың айтқан өлеңі», «Сұлу қыз, көрмесек те аманбысын», «Қазағым, қапыл болмаңыз», «Әбубәкір молданың сырқау болып жатқанда айтқан өлеңі». Өткен еміншілік заманды Әбубәкір молданың жоқтап айтқан толғауы Әбубәкірдің терең мазмұн мен нақылға толы өлең-жырлары оқырманды ойға жетелейді. Ақынның ой-толғауларында отаршылдық зардабы, заман ауыртпалығы, адамгершілік, дін, имандылық тақырыбына ерекше   мән  берілген. Қашанда ел қамын жеген ақын-жыраулар  елінің бірлігі кетіп, бұрынғы ата-баба дәстүрінің бұзылуына, түрлі жағымсыз жағдайларға, заман өзгерістеріне қинала қараған. Сөйтіп өздері өмір сүрген кезеңдегі кемшіліктерді өткір сынға алып, қолдарынан келгенше түземек болған. Ақын бұрынғы ел бірлігін, қазақтың ешқандай алауыздыққа бой алдырмаған кезін аңсайды. Әбубәкір өлеңдерінде қазақ  өмірі  шынайы  реалистік бағытта бүкпесіз жырланғаны, отаршылдық, орыстандыру саясатының құрбаны боп кетпеудің  жалғыз жолы — «барша мұсылман  халқымен  ынтымақтастықта болып, халқымыздың  оқу-өнер үйренуі арқылы басқа елдермен терезесі тең  ұлт  боламыз деген ойды  бұқараға  жеткізе білгені»  Мыс: Қазағым, қапыл болмаңыз,  Өнерден босқа қалмаңыз! Жәрдем етіп ақ патша, Түрлі ғылым шығарды, Оқып, біліп жолдаңыз. Орысша ғылым білмесе, Еш пайдаға аспады  - Мұсылманша молдаңыз. Алашқа пайдаң тимесе, Өз басыңды қорғаныз. Шекесіне тигенін, Айтып-айтып сөйледі - Әбубәкір жорғаңыз... 

 Әбубәкір революцияға дейін екі жинағын шығарса да, сондай-ақөз заманының көрнекті ақындарының бірі бола тұрса да, оның шығармасы соңғы кезге дейін жөнді зерттелмей келді. Тегі Әбубәкірдің өлең-толғаулары Дулат, шортанбай  діні мен «ақ патшаның» «шарафаты» болған соң, көбінесе, ол жөнінде ат үсті сөз етіліп, жалпылама қорытынды жасалып жүрді. Расында Әбубәкірдің жоғарыда аталмыш ақын жыраулардан көптеген айырмасы бар. Ең алдымен, ол қазақ даласында болып жатқан жаңалықтардан безбейді, олардың халыққа пайдасы тиеді деп сенім білдіреді. Сонан кейін Әбубәкір өлеңдерінің көпшілігінде құдай мен пайғамбарды, пір мен әулиені аузынан тастамайды, бар жақсылықты солардан ғана күтеді. 

6. Мұраттың дастандарында көтерілген мәселелер (мысал келтіріңіз).

Мұрат Мөңкеұлы елінің тәуелсіздігін аңсап, бодандыққа қарсы жыр толғаған жырау. Зар заман ақыны атанды. Ата қонысының отарлаушы талауына түскеніне налыған ақын өзі туып өскен даланың кешегі күнін сағынышпен еске алған. Оның «Әуелі жеңіп орыс Еділді алды, Сарытау, Аштарханның жерін алды. Тәмамы су мен нуды орыс ұстап, Қазақтың мұнан жұтап шалынғаны», «Қазақтың жер-мұрасы», «Кең қоныс қайдан іздеп таптырады?» деген жыр жолдары ақынның отаншылдық рухына дәлел болады. Зерттеушілер толғаулар деп атап жүрген ақынның екі үлкен шығармасы – «Үш қиян» және «Сарыарқа». Толғау деп айдар таққанмен, бұл туындылар лирикалық дастанның жүгін көтеріп тұрған шығармалар. Сондықтан бұларды лирикалық дастандар деген жанрға жатқызсақ артық емес. «Үш қиян», «Сарыарқа» атты лирикалық дастандар – «Зар заман» туындылары. Олар отаршылдыққа, озбырлыққа қарсы туған жырлар. Ресей патшалығының отаршылдығы үздіксіз жүргізілгені және жерімізге шеттен бастап кіріп, ішімізді жайлай бергені өте өрнекті тілмен бейнелі көрсетіледі.
Еділді тартып алғаны – Етекке қолды салғаны. Жайықты тартып алғаны –
Жағаға қолды салғаны. Ойылды тартып алғаны –Ойындағысы болғаны,
– деген жолдарда бір озбырдың екінші адамға жасаған зорлығындай сурет адам көз алдына келеді. Жаппай талап, топан, таптай келген «аузы түкті» жұрт өзінің әдет-ғұрпын, сұмпайы мінез-құлықтарын қазақ халқына енгізе бастағанын, халқымыздың бұрынғы өте әдепті, әділ ғұрпымызды лайлап, бүлдіргенін де бейнелі көрсетті. Дастанның соңында сұмпайы заманның бейнесін өте дәл береді. Ақын өзге жұрттың әдепсіз ғұрпы бірден-бірге дендеп еніп, қазақты бүлдіріп жатқанын айтып, зорлықпен келген заманға жиіркене қарайды және болашақтан түңіледі:
Мен қауіп еткеннен айтамын, Ақ борықтай иілген, Кейінгі туған баланың, Ұстай ма деп білегін,, Шая ма деп жүрегін. Шашын, мұртын қойдырып, Ащы суға тойдырып, Бұза ма деп реңін. Адыра қалғыр заманның
Мен жаратпаймын сүреңін.
«Үш қиян» дастаны Мұрат ақынның жүрегін жарып шыққан ең мұңды, ең зарлы жыр. Ол – ақын тілімен айтқан халық үні, халық мұңы болды. «Сарыарқа» жыры өткен заманды еске алып, сонау Асан қайғыдан бастап ата қонысты тастап, озбыр елдің басқыншылық әрекетінен ауа көшіп, жылы орындарынан қозғалғандығын ашына айтады.
Әуелі жеңіп орыс Еділді алды, Сарытау, Аштарханның жерін де алды. Артынан Еділден соң Нарынды алды, Торғайдың ағаш, қамыс, талын да алды… Тәмамы су мен нуды орыс ұстап,
Қазақтың содан жұтап шалынғаны. Қуалап Исатайды өлтірген соң, Заманның содан бері тарылғаны.
Осы жолдардан Ресейдің жылжып-жылжып қазақтың ішкі қоныстарына енгендігі, соған қарсылық жасаған Исатай сияқты батырларды өлтіргендігі айқын да нақты көрінеді. «Ерлерге ерегіскен не қылмады», «Ерлігі Махамбеттің бір қазақтай оны да аңсыз жерде жазымдады» деген жолдарда ерлерді қыруды қарудың күшімен жалғастырғаны айтылады. Ақын осы жырының былайғы тармақ-тарында қазақ елінің озбырлардан көрген қорлықтарын жалғастыра береді. Өзінің елінен көшкендігінің салдары да сол қиянаттан және оған қосымша «Жұт қоянның» әсері екендігін жыр етеді. Мұрат Мөңкеұлы майталман жыршы, термеші ретінде де танылған. «Өлім», «Қыз», «Арғымақ сыйлап не керек», «Аттан сұлу болар ма?», «Жалғаншы фәни жалғанда» атты термелерінде заман сырына үңіліп, өмір мен өлім, жастық пен кәрілік, сұлулық хақында толғанады.

7. Абайдың аудармалық-нәзиралық шығармалары.

Абай аудармасының бір қыры нәзира үлгісімен жалғасып жатыр дегенді басшылыққа алсақ, жаңашыл ақын шығыстан келген сол нәзирагөйлік дәстүрдің өзін түлетіп, жағрапиялық аясын ғана емес, идеялық – тақырыптық желілерін байытып кетті. Дәстүрлі нәзира үлгісінің негізінде барып Абай орыс ақындарының шығармаларына көңіл аударды. Нәтижесінде Пушкиннің «Евгений Онегині» қазақша сөйлеп, қазақ сахарасына ән боп жайылды. Бұл туынды абайтанушы ғалымдар тарапынан нәзиралық үлгідегі аударманың озық үлгісі ретінде жоғары бағаланды. Аудармаға арналған 15 жылында Абай үлкенді-кішілі 50-ден астам шығарманы орыс тілінен қазақшаға аударыпты. Сонда ол А.С.Пушкиннің "Евгений Онегин" атты әйгілі шығармасынан 7 үзінді, М.Ю. Лермонтовтан 30-ға таяу өлең, И.А. Крыловтан 12 мысал, басқа да авторлардан 7 өлең шамасында аударған. Аудармаларын негізінде екі түрлі деуге болады. Бірі - дәл аударма, екіншісі - ерікті аударма. Дәл аудармалары шумақ, бунақ, буын ұйқастарына қарай өзара және екіге бөлінеді. Кейбір өлеңдерді аударғанда, Абай шумағын да, ұйқас түрлерін де берік сақтайды. Орыс өлеңдерінің ырғақ, буындары қазақ өлеңінің буындарына дәл келе бермейді. Өйткені орыс өлеңі тоникалық, не силлабо-тоникалық өлең құрылысына жатады да, қазақтікі силлаболық өлең құрылысына жатады. Сондықтан Абай аударған өлеңдерінің буынын қазақша дәл беруге мүмкін болмаса да, саны жағынан соған жақын келетін өлеңмен аударады. Кейде ұйқастарын, кейде тіпті образдарын да дәлме-дәл шығарады: Қазақшасы: «Қараңғы түнде тау қалғып, Ұйқыға кетер балбырап. Даланы жым-жырт дел-сал қып, Түн басады салбырап. Шаңдай алмас жол дағы, Сыбдырламас жапырақ, Тыншығарсың сен дағы, Сабыр қылсаң азырақ...» Орысшасы: «Горные вершины, Спят во тьме ночной, Тихие долины, Полны свежей мглой. Не пылит дорога, Не дрожат листы, Подожди немного - Отдохнешь и ты...»   Екінші түрі - ерікті аударма. Бұған жататындар - «Онегиннің Татьянаға жазған хаттары». Бұлардың негізі ғана орысша. Абай олардың жалпы мазмұнын өз сөзі, өз ұғуынуынша әдемілеп айтып береді. Солардың үлгісін ғана алып, өзінше жазады. Бірақ жалпы сарыны, ізі сақталынады. Аудармаларының үздік болуының үш түрлі себебі бар: 1) өзінің үлкен таланттығы; 2) орыс тіліндегі өлеңдерде қолданылатын сөздердің тек жай мәнін ғана емес, көркемдік қасиеттерін терең ұғынуы; 3) қазақтың өз тіліне ақынның мейлінше байлығы. Лермонтов:  «Как сталь твоя при трепетном огне, То вдруг тускнели, то сверкали...» -десе, Абай да сол орыс тіліндегі күрделі теңеуді бұлжытпай, күш-қасиетін өз қалпында сақтап: «Болатша дірілдеген жалын көрген, Бір күңгірт тартып және оттай жанған» - деп аударады. Сол сықылды: «Қатып қалған көзімде бір тамшы жас, Төгілмей ме, бой жылып, о да ерісе?..» - деген тамаша көркем образдардың тегін қуа келсек те, бірқатарының-ақ негізі Пушкин, Лермонтовтарда жатқандығын көрі қиын емес. Жоғарғы өлеңнің орысшасында: «И если есть в очах застывших капля слез, Они расстают и прольются...» -делінген.

8. Ыбырайдың «Мұсылманшылық тұтқасы» кітабының ағартушылық-гуманистік сипаты.

Исламның ізгілікті қасиеттерін жетік білген Ы. Алтынсарин қазақ елінің рухани тәрбиесіндегі діннің рөліне ерекше мән берді, оны оқыту ісі және тәрбиеден бөлмеді. Себебі мұсылманшылықты қазақтың рухани өзегін құрайтын маңызды компоненттердің бірі ғана емес, бірегейі санады. Мұның үстіне ол кезде діннің қажетті және міндетті ережелерінің бәрін біріктіріп жазған бірде-бір кітап жоқ болатын. Мұны қазақ молдаларының өздері сезе бастаған еді. Осы бағытта өзінің идеясымен мәнді мұралардың бірі – «Мұсылманшылықтың тұтқасы» атты еңбек. Кітаптың жазылуының себептерінің бірін автор халықтың өз дінін білу жөніндегі талабымен, қазақ жастарына өзінің ана тілінде жазылған, мұсылман дінінің негізгі рухына сай оқуға негізгі құралдардың қажет екендігімен түсіндірді. Сондай-ақ жастардың дін жөніндегі түсініктері теріс бағытқа түсіп кетпеуі үшін, қазақтарды татарландырудың ең сенімді тәсілдерінің бірі болып отырған қазақтың жазба тілінде татар тілінің орынсыз етек алуына жол бермеуді мақсат етті. Еңбекте Ыбырай ислам туралы объективтік түсінік беруге ұмтылыс жасады, мұсылмандық құқық пен өсиеттің, діни жарлықтар мен салт-жоралардың ережелерін объективті түрде баяндап берді. Оқу құралы төрт бөлімнен тұрады. Алғашқы бөлім иман туралы, екінші – Құдайға құлшылық ету – намаз оқу, ораза тұту, кедейлерге садақа беру, жалпы қайырымдылық жасау, үшінші – адамгершілік жайы, төртінші бөлімде – намаз, ораза және басқа діни жағдайларда оқылатын дұғалардың қазақшасы берілген. Оқулық осылай балаларға «діннің тек ең керекті жерлерін ғана үйретуді мақсат еткен» еді.  Ы.Алтынсарин бар күш-жігерімен, білім-білігімен халқын исламға соншалықты соқыр сеніммен берілген татар молдалардың ықпалынан сақтап қалуға ісімен де, оқулығымен де күресті. «Молдалар өздерінің адам басын қатыратын ерекше қасиеттерінің үстіне, қазақтың табиғи тілін де бұзып жүр. Біздің елімізде молда әңгіме татар - дегендер өте көп жайылып барады» деп жазды. Ұстаз ойынша, олар бүгінгі таңда жағымсыз ықпал етіп отыр, ал келешекте одан да бетер әсер етуі мүмкін. Сол себепті қазақ шәкірттерінің ақылына ақыл қосып, оларды шындыққа, басқаша айтқанда, оқуға жетектейтін құралмен қазақтардың өзіне таныс, оны ешкім жек көрмейтін құралымен іс істеуіміз керек. «Мәселенің ең мәнді жері: қазақтарға татар фанатизмінің ықпалын тигізбеу, қазақтардың білім алуына оның кесірін тигізбеу ғой. Ондай ықпалдан құтқару үшін бірте-бірте, бірақ шын құтқару үшін мазмұны балалардың білімін көтеретін, тақырыбы оларды қызықтыратын қітаптарды асықпай, бірақ алған бағыттан қайтпай қазақтың өз тілінде, олардың өздеріне таныс әріппен шығара білу керек» деді. Ыбырай Алтынсарин мектептерде жақсы білім алған, әр нәрсеге дұрыс көзқарастылар татар фанатизмінің де күлі көкке ұшады деп санады. Бұл ойлар Шоқан Уәлихановтың «Біз қалайда татарлық кезеңді айналып өтуіміз керек, өйткені олар ультрамұсылмандық бағыттың қанат жаюына ықпал етіп отыр» деген ойларымен сабақтасып жатыр.

9. ХІХ ғасырдағы ұлт-азаттық қозғалыстардың тарихи өлеңдер мен дастандарда жариялануы

“Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламадан” бергі уақыттың бедерінде қазақ халқының санасы мен жан – дүниесін мазалаған ойы ұлттық һәм мемлекеттік тәуелсіздік болды. Қаз дауысты Қазыбек бидің: “Біз –қазақ деген мал баққан елміз”- деп қалмақ билеушісіне қайтарған жауабы XVIII ғасырда да сол қазақтың нағыз қазақ менталитетімен өмір сүріп жатқанын айғақтайды. Қазақтардың ұлт болып тұтасуы жоңғарлармен жан алып, жан беріскеннен кейін де беки түсті. Үш жүзге бөліну де бұған тосқауыл болған жоқ. Ал Ресейдің бодандығын қабылдау ұлт болмысына қатер төндіргенде тарих сахнасын ұлт–азаттық қозғалысы дүбірлетті. Ұлт–азаттық қозғалысы қашанда және қандай жерде болмасын отарлаушы елдің саяси, экономикалық, идеологиялық, мәдени–рухани, өктемдігіне, әділетсіздігіне, зорлығына қарсы бағытталады. Исатай-Махамбет бастаған ұлт-азаттық көтерілістің тарихи, саяси бағалануы, Махамбет және хан Жәңгір, Махамбет поэзиясындағы азаматтық үн. Ақынның көтеріліс алдындағы, көтеріліс барысындағы, көтеріліс жеңілгеннен кейінгі толғауларындағы жеңіске үндеу, жеңіліс сарыны. «Ұлы арман», «Ереуіл атқа ер салмай», «Толарсақтан саз кешіп», «Еңселігім екі елі», «Жәңгірге айтқаны», «Мұнар күн», «Мен едім», «Қызғыш құс». Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз, Ақтамберді жыраулар үрдісі. Кенесары- Наурызбай туралы жырлар. Шортанбайдың «Ақжолтай – Ағыбай батыр» жыры. «Бекет батыр» жыры. Мұсабай жыраудың «Жанқожа батыр» жыры. Ығылман Шөрековтің «Исатай - Махамбет», «Досқожа ақынның кенесарыға айтқаны» жыры.

10. Мұрат Мөңкеұлының шығармаларының әлеуметтік мәні

Кеңес кезінде «зар заман” ақындарының ішінде жеткіліксіз зерттеген ақындардың бірі – Мұрат Мөңкеұлы. 1940-50 жылдар арасында жарық көрген мектеп оқулықтарында енгізіліп жүрген Мұрат ақын 1947 жылғы атышулы қаулыдан кейін зерттеу объектісінен мүлде түсіп қалды десе де болады. Тіпті 1959 жылғы конференцияда Мұрат туралы арнайы баяндама болған жоқ. Осы конференцияның ұсыныстарында Мұраттың шығармашылығын орта мектепте оқыту қажетсіз деп саналсын, ал жоғары оқу орындарында әдебиеттің қайшылықта дамығанын көрсету үшін ғана аталсын деп айтылды. Мұрат жас кезінен жиын тойға үнемі араласып, өлең айтуға машықтана бастайды, ел ішінде: «шешен, тапқыр бала» атанып жүреді. Көп ұзамай ол айтысқа да түседі. Мұрат айтыстың асқан шебері болумен қатар үлкен эпик ақын. Өзіндік бағыт ұстанған зерттеуші Мұрат ақынның өлең, толғауларына, атап айтсақ, «Үш қиян”, «Сарыарқа”, «Қарасай-Қази” поэмалары мен «Байұлы Байбақты Ғұмар Қазыұлына Мұрат ақынның айтқаны” секілді өлеңдеріне, әр кездегі айтыстарына тоқталады. Ақынның әлеуметтік өмір туралы, сондағы адамдар қарым-қатынасы, өткен даналар мен бүгінгі жастардың бірлік-байланысы, әсіресе, ер жігіттің халық алдындағы міндет-борышы мен ең ақыры, ақындық өнер жайындағы ой-толғаныстары да аса елеулі. Ақын өткен өмірге қарағанда, бұрынғы даналардың халық қамы үшін еткен іс-әрекеттерін кейінгілерге үлгі ете сөйлеп: Дүниенің төрт бұрышын Қорқыт атаң шайқады, Ажалға айла таба алмай, Қайта айналып келді деп, Бұрынғылар айтады. Заманның болар тәрізін Асан қайғы әулие,  Көзі көрмей байқады, Қанша дәулет бітсе де, Басыңнан аумас бақытың, Алпыс күн асқан дария Алты күнде қайтады, деп дүниенің баянсыздығына орай айтқан ақын ойының байыптылығына көңіл аударады. Мұраттың сөз өнерінің сұлу сиқырлығы мен әсемдігін көркем бейнелеген мына бір жыры да жоғарыдағы пікірімізге дәлел болғандай:
Жылы қылып сөйлейін, Ақ теңгенің мөріндей. Шалқақтатып сөйлейін, Айдынның шалқар көліндей. Асыл қылып сөйлейін, Базардың алтын беріндей, Жабыстырып сөйлейін, Тұтқыр сары желімдей. Сұлу қылып сөйлейін,
Қос жорғаны мініп ап, Түскен жаңа келіндей !
Мұрат шығармаларының екінші саласына жататын шоқтығы биік – «Үш қиян” дастаны. Мұнда оның ел тағдырына байланысты көкейтесті ойлары: халықтың тұрмыс-тіршілігі, өкініші мен күдігі, арманы мен үміті, жұрт бақыты мен ертеңі, жер, қоныс туралы толғаныстары үлкен күңіреніспен сипатталады. Ақын пайымдауынша, ел болашағы барынша бұлдыр, мұнартқан сағым секілді болып көрінеді, сол себепті ол өткенді ойлап, соның қаймағы бұзылмай қайта оралуын көксейді. Бұл жырлар Шортанбай, Дулат шығармаларымен терең үндесіп өзара астасып отырады. Дәл осы сарынды Мұраттың «Сарыарқа” туындысына да тән деген жөн. Мұнда да «Үш қияндағы” секілді Ресей империясының қанау-тонау саясаты туралы ой ашып айтылады.

11.  Абай өлеңдеріндегі сыншылдық көзқарас

Абайды бірыңғай қайғының, яки қуаныштың ақыны деуге, не мұңшыл, не күлкішіл ақын деуге тіпті де болмайды. Абайдың саяси-әлеуметтік лирикасын талдар тұста, алдымен, ақын - өз дәуірінің үні екенін ескеру шарт. Суреткер өзі өмір сүріп отырған қоғамнан тыс, жеке-дара қалып, томаға тұйық өмір сүре алмайды. Абай - өз дәуіріне қатал сыншы болған адам. Қараңғы даладағы қат-қабат қарау әрекеттер - заңсыздықтар мен зұлымдықтар ақынды қатты күйзелтеді де, дәл осы жеке басқа тән жай- күйлер енді бірде арнасынан асып, қоғамдық сипат алған. Сонда, ақынның бір адамды сынағаны - сол сияқты бүтін бір қауымды сынағаны, тілін болыс пен ұлыққа түйресе, сол кеселді туғызып отырған патша әкімшілігіне түйрегені болып шығады. «Болыс болдым мінекей, Бар малымды шығыңдап... Күштілерім сөз айтса, Бас изеймін шыбындап. Әлсіздің сөзін салғыртсып, Шала ұғамын қырындап. Сияз бар десе жүрегім Орнықпайды суылдап, Сыртқыларға сыр бермей, Кұр күлемін жымыңдап...» Осында сол тұстағы ел билеушінің екі жүзді кескін-кейпі, мінез-құлқы оқырманның дәл көз алдына келмеді. Осы секілді саяси сипаттағы сатиралық өлеңдерінде Абай болыс-билердің адам шошығандай қылығын, қүлқын ғана суреттеп тынған жоқ, есте қаларлық образын жасады. Қараңғылыққа, надандыққа жаны кұйген Абай дұйім жұртты қайткенде түзеудің жолын көздеп, бір тоқтаған түйіні - ғылым, өнер болса, соның ізінше еңбекті тауып, халықты соған үндеді: «Тамағы тоқтық, Жұмысы жоқтық, Аздырар адам баласын... Еңбек қылсаң ерінбей, Тояды қарның тіленбей...»  Соның бәріне желі боп тартылып жатқан неғізгі идея - қалың бұқараның «көзін қойып, көңілін ашу», қараңғы қауымды еңбекке, білімғе, өнерге, адалдық пен адамгершілікке бастау, азаматтыққа тәрбиелеу; замандастарын еркениетті ортаның прогресшіл мәдениетіне әкелу. Бірақ ұлы ақын осы жолда қолдау таппай, мынадай өкінішке келеді: «Моласындай бақсының - Жалғыз қалдым - тап шыным!..» Бұл - Абай көңіл күйінің бұған дейін бізғе мәлім емес бір түкпірі. «Мыңмен жалғыз алысқан» Абай жүрегі енді қапалы. Жұлысты, тартысты, ел үстін бұлттай торлаған надандық қасіретін, әділетсіздік лаңын бір өзі серпіп сейілте алмады. Енді ақын амалсыз тоқтап, не істерін білмей дағдарған тәрізді. Осы жайт ақын өлеңіне жабырқау, мұңды көлеңкесін түсіріп, қапалы көңіл селт етпей, сұлық, суық қана, өзімен-өзі тілдесетін сияқты.

12. ХІХ ғасыр әдебиетінің ерекшеліктері

ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті алдыңғы кезең әдебиетімен салыстырғанда көп өскен, көркейген әдебиет болды. Жаңа өркениетті дамуға бет бұрған кезең әдебиетінде бір жағынан бұрынғы дәстүрлі жыраулық поэзия өзінің шын мәніндегі өмірлік, қоғамдық мәнін, саяси қызметін толық сақтай алмаса да, қалыпты дамуын, шығармашылық дәстүрін одан ары жалғады. Екінші жағынан, қазақ өмірін жырлауда жаңа бағыт ұстанған ақындық поэзия дамыды. Сол секілді қазақ елінің орыс патшалығына бодан болуы, сол елмен түрлі қарым-қатынасқа түсуіне байланысты орыс әдебиетінің де ықпал-әсері аңғарыла бастады. Қазақ әдебиеті өкілдері қатары шығармашылығын орыс әдебиетімен тығыз сабақтастықта өрбіткен қаламгерлермен толықты.   Олардың алдыңғы легі ұлы ағартушы ойшылдар Шоқан, Ыбырай, Абай болды. Олардың шығармашылықтары арқылы кезең әдебиеті поэзиялық, прозалық, публицистикалық үлгідегі жаңа жанрлармен, сол жанрлардағы шығармалармен толысты. Бұл ұлы қаламгерлер шоғырын берген орыстың әдебиеті мен өнерінің алтын ғасыры аталған ХІХ ғасырдағы орыс әдебиетінің шынайы ықпалы еді. Демек, ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті іштей түлеу, даму арқылы және өзге елдер әдебиеттерімен байланысқа түсуі арқылы осы кезеңде дамудың жаңа сатысына көтерілді, өсті, өркен жайды. Ерекшеліктері: 1. Кітаби ақындар шығармашылығы –жазба әдебиеттің дәстүрлі жалғасы. 2. Орыс отарлығының күшеюіне байланысты діни-ағартушылық  шығармашылығы. 3. Орыс әдебиетінің ықпалына қарсы күрескен қаламгерлер шоғыры.Ғалымдар пікірінше:1. ХІХ-ХХ ғ шығармашылық еткен кітаби ақындар — қазақ жазба әдебиетінің дамуына мол үлес қосқан жазба ақындар, шайырлар. 2. Кітаби ақындар әдеби мұрасы – ежелгі түрки жазба әдебиеттің, шағатай әдебиетінің дәстүрлі жалғасы. Ортағасырлық сопылық әдебиеттің жалғасы.3. Қисса жанры – жазба әдебиет жанры. ХІХ-ХХ ғ қазақ қиссалары – кейінгі қазақ поэмаларының бастауында тұрған, сол жаңа поэзиялық жанрдың дамуына мол үлес. 4. Қисса жанры туындысының жазбаша дүниеге келе тұра не кітап болып басылған. 5. Қазақ қиссалары – араб, иран, шағатай әдебиеті туындыларын нәзиралық дәстүрде қайта жырлау арқылы дүниеге келген шығармалар. 6. Кітаби ақындардың араб, иран, шағатай әдебиеті туындыларын нәзиралық дәстүрде қайта жырлап отыруы шынайы қазақ қиссаларының дүниеге келуіне жол ашқан.

17. Абайдың лирикалық өлеңдері. 

Саяси-әлеуметтік лирикасы: «Болыс болдым мінекей, Бар малымды шығыңдап... Күштілерім сөз айтса, Бас изеймін шыбындап. Әлсіздің сөзін салғыртсып, Шала ұғамын қырындап...» Осында сол тұстағы ел билеушінің екі жүзді кескін-кейпі, мінез-құлқы айтады. «Күз» деген өлеңіне ілесе жалғасып, тақырып жағынан ұласа ұштасып жататын «Қараша, желтоқсан мен сол бір-екі ай» деген өлең, сөз жоқ Абайдың саяси лирикасының ең түйінді біртұсы. Абайдың орыс классиктерімен етене жақын емес көзінде жазған махаббат тақырыбындағы өлендері - теңеу, тіл жағынан да, махаббат-достық мәселесін сөзініп, үғыну жағынанда қазақ ауыз әдебиетінің бұрынғы көне үлгісіңде жазылған шығармалар. «Айттым сәлем, калам қас...»«Қиыстырып мақтайсыз...»«Қактаған ақ күмістей кең мандайлы...» т. б. өлеңдерінің қайсысын алып қарасақ та, осы жайды аңғарамыз. Абай сұлулықты қиялдан емес, өмірден іздеді. Ескі сағат-сана, әдет-ғүрыпқа, әртүрлі алдамшы ұғымға байланысты қиялдағы «періштеден», «хор қызы- нан» сұлулық тапқан жоқ. Абайдың Ұлылығын, асқан талантын танытқан Пушкиннен аударған «Евгений Онегиннің» үзінділері. Табиғат лирикасы - Абайдың ұлы талантын, биік мәдениетін танытатын өлеңдер. Әсіресе, жылдың төрт мөзгілі туралы жазылған өлеңдері бейнеті мен зейнеті мол мал баққан шаруаны, құты мен жұты аралас аумалы-төкпелі кұй кешкен көшпелі ауылды, сол дәуірдегі қоғамдық қарым-қатынастың әр алуан белгілерін анық, қанық бояумен көрсететін, өз заманының айнасы боларлық сұлу шығармалар. Абайдың асқан сырлы лирикасының бірі - «Қан сонарда бүркітші шыгады аңға...». Мұнда сонар күні бүркітпен аңға шыққан аңшының іс-әрекеті әдемі, тартымды суреттеледі. Аңшылық турасында бұған жеткен өлең де, мұңдай шебер суреттеген ақын да болған емес. Абайдың табиғат тақырыбындағы лирикасына кіретін біраз өлеңдері - аудармалар. Бірақ Абай аудармасының өзіндік өзгешеліктері бар. Өлеңде тек табиғат суреті ғана емес, сонымен қатар адам, адамның көңіл-күйі бар, философиялық ой бар. Өлеңнің түпнұсқадағы осы мазмұнын, бусанған тынысы мен сырлы сазына дейін Абай аудармада дәл жеткізеді. Осы ретпен Абай қазақ поэзиясына соны да сырлы ағым алып келді. Өз шығармаларында жаңа, терең, күшті үлгі-өрнекке ауыстырды. Мәдениетті, білімпаз ақын болып, жаңа сарын, жаңа саз, жаңа сөз тапты.

18. ХІХ ғасырдағы тарихи-әлеуметтік жағдай, оның әдебиеттегі көрінісі.

Ресей империясы жүргiзген отарлық езгiнiң 1867 жылға дейiнгi әскери жер отары саясаты нағыз отарлық езгi ретiнде емес, патша өкiметiнiң қазақ және орыс шаруаларына қарсы жүргiзген таптық қанауы ретiнде атүстi сипатталып, тәуелсiз хандық мемлекеттi үстем таптың феодалдық озбыр өкiметi ретiнде қаралап, ұлт азаттық қозғалыстары мен көтерiлiстердi орыс отаршылдарына қарсы емес, шаруалардың қазақ феодалдарына қарсы туған бас көтерулерi ретiнде ғана бағалау етек алды. Ал XIX ғасырдың екiншi жартысындағы сауда капиталын қазақ жерiне ендiру арқылы жер үстi мен астының байлығын тонау, қазақтың рухани-мәдени, тұрмыстық-шаруашылық қалпын отарлау саясатына орай мақсатты түрде зерттеулер жүргiзу, сол негiзде сананы отарлау, қалыптасқан қоғамдық шаруашылық қатынастарды бұзу, оқу-ағарту желеуiмен тiлдi, салт-дәстүрдi бұзып, миссионерлiк шоқындыру саясатын жүргiзу, жинақтап айтқанда, идеологиялық отарлау арқылы халықты Ресей құрамына қосу мақсатында жүргiзiлген отарлық саяси iс-шаралар Кеңес империясының одан әрi астарлы түрде жүргiзген езгi саясаты аясында бүркемеленiп ұсталып, патша өкiметiнiң отарлық езгiсiнiң өңi өзгертiлiп айтылды. Ал осы саясаттың шынайы көрiнiсiн бейнелеген «Зар заман» әдебиетi өкiлдерiнiң шығармашылықтары жаңалыққа жатырқай қараған ескiшiл, кертартпа ақындар ретiнде бағаланғаны аян. Ы. Алтынсарин патша өкiметiнiң миссионер-ағартушыларымен тiкелей араласа жүрiп, халқын өнер-бiлiмге шақыруда өзiнiң педагогикалық қызметiне оларды дипломатиялық сыпайы сыйластық қатынаспен пайдаланды. Мысалы, Абайдың «Интернатта оқып жүр» деген өлеңiнде қазақтан алынған салықтар есебiнен ашылған мектеп-интернаттардың түлектерi оязға қызмет етiп, аз бiлгенiмен көп қазаққа епсiнiп, ел арасын бүлдiрер прощение (арыз, шағым) жазуды үйренiп, бар мақсаты тiлмәш, адвокат, военный қызметкер болуға ынталы шәкiрттер боларын айта келiп, осы өлеңнiң жалғасындағы бес дұшпанның отаршылдар енгiзген ел билеу жүйесiнiң кесiрiнен туған кеселдi мiндер екенiн ой бөлген адамға бiрден байқалардай етiп суреттеген. Қазандағы татар баспасынан аз тиражбен болса да Д.Бабатайұлының «Өсиетнама», Ш.Қанайұлының «Бала зары», «Бозжiгiт», «Сейпiл-Мәлiк», «Ақсақ Темiр хан», «Сақып-Жамал» сияқты қисса-дастандар жарыққа шықты. Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, т.б. ұлт мұрасын қастерлеген зиялы қауым өкiлдерiнiң ел iшiнен жазып алған нұсқалары негiзiнде жиналды.

19. Мұрат Мөңкеұлы – зар заман әдебиетінің ірі өкілі.

Мұрат Мөңкеұлы - айтыскер ақын, жырау. Жасынан жетім қалып, ағасы Матайдың қолында тәрбиеленген. Мұрат Мөңкеұлы елінің тәуелсіздігін аңсап, бодандыққа қарсы жыр толғады. Зар заман ақыны атанды. Ақынның басты шығармасы - «Үш қиян». Мұнда ақын ескі дәстүрдің іргесі шайқалғанын, адамдар ниетінің бұзылуын сөз етеді. Құнарлы қоныстарды тартып алған отарлау нәтижесінде тұрмысы нашарлап, тығырыққа тірелген ел тағдыры ақынды тебірентпей қоймайды. «Үш қиян» толғауымен «Сарыарқа», «Әттең, қапы дүние-ай», «Қазтуған» жырлары үндес. Мұнда айтылатын басты нәрсе - жер, құтты қоныс жайы. Ол «Қарасай-Қази», «Шәлгез», «Ғұмар Қазиұлына айтқаны» атты жырларына діни аңыздарды негіз еткен. Білімді игермейінше елінің өркендемейтінін «Оқудан қайтқан азаматқа» өлеңінде аңғартады. Ақын мұрасының бір шоғыры - би-болыстарға айтқан арнау өлеңдері.Мұрат Мөңкеұлы майталман жыршы, термеші ретінде де танылған. «Өлім», «Қыз», «Арғымақ сыйлап не керек», «Аттан сұлу болар ма?», «Жалғаншы фәни жалғанда» атты термелерінде заман сырына үңіліп, өмір мен өлім, жастық пен кәрілік, сұлулық хақында толғанады. «Оқудан қайтқан жігітке хат», «Еліне жазғаны», «Бір досқа» атты хат үлгісінде жазылған үш туындысы сақталған. Ақын «Қырымның қырық батыр» жырын, Шалкиіз, Қазтуған шығармаларын жеткізушілердің бірі болған. Әсіресе Махамбет өлеңдерін жеткізудегі еңбегі ерекше. Махамбет жырлары Қуан жырау - Мұрат - Ығылман ақындар арқылы біздің заманымызға жеткен. Мұрат Мөңкеұлы шығармалары «Мұрат ақынның Ғұмар Қазиұлына айтқаны», «Ақын», «Мұрат ақынның сөздері», «Бес ғасыр жырлайды», «Алқаласа әлеумет», тағы басқа жинақтарда жарияланған. Мұрат шығармаларының екінші саласына жататын шоқтығы биік – “Үш қиян” дастаны. Мұнда оның ел тағдырына байланысты көкейтесті ойлары: халықтың тұрмыс-тіршілігі, өкініші мен күдігі, арманы мен үміті, жұрт бақыты мен ертеңі, жер, қоныс туралы толғаныстары үлкен күңіреніспен сипатталады. Ақын пайымдауынша, ел болашағы барынша бұлдыр, мұнартқан сағым секілді болып көрінеді, сол себепті ол өткенді ойлап, соның қаймағы бұзылмай қайта оралуын көксейді. Бұл жырлар Шортанбай, Дулат шығармаларымен терең үндесіп өзара астасып отырады. Дәл осы сарынды Мұраттың “Сарыарқа” туындысына да тән деген жөн. Мұнда да “Үш қияндағы” секілді Ресей империясының қанау-тонау саясаты туралы ой ашып айтылады.

20. Біржан мен Сара айтысының көркемдігі.

Біржан — бүрынғы-соңғы қазақтың сал сері ақындарының ағасы, үстазы, жанашыр өнерпазы. "Біржан мен Сара” айтысы — өзінің қүрылысы жағынан болсын, көркемдігі жағынан болсын қазақтың ақындар айтысының ішіндегі үздігі. Біржан да, Сара да — көпке мәлім, тарихта белгілі адамдар. Халык Біржанның әнін катты сүйіп, өнерпаз жас акындар мен өншілер оны өннің пірі түтып, үстаз деп таниды. Сара Әкесі ерте қайтыс болып, жастайынан жокпіылык таукыметін тартады. "Түрмыстан туысымен таяқ жедім” деген Сара сөзі жарлы өскен сол жетімдік халін меңзейді. Сара жастайынан сауыкшыл, домбырашы, күйші, әнші, ақындар кауымы ортасында өседі. Сара өз заманында топтан озған асқак өнер иесі болған. Сол өнерімен көпке танылған. Әрі сүлу, өрі өнерпаз Сара да өзінің сүйгеніне бара алмай, малға сатылып, еріксіз кете барады. Біржан оның сағы сынар жерінен жазбайды. "Сөйлесе май тамызған бүлбүл” тілімен Сара Біржанға сөзін мірдің оғындай канша кадап өнер таластырса да, Жиенкүлға келгенде мүдіре береді. Акыры, Сара акындар айтысының дағдылы дөстүрі бойынша, топ алдында жеңілгенін мойындап, оның себебін айтып, өз басының мүңын, ішкі күйінішін жыр етеді. Айтыста екі акын да өздерінің адамгершілік, акындық сипат-тарымен көрінеді. Біржан да, Сара да —үздік өнер иесі. Бір-бірінің өнеріне сүйсінеді, бірін-бірі бағалайды. Екі акын да ә дегеннен-ак бір-біріне жүйріктік, ірілік таныта бастайды. Біржан: "Сайраған Орта жүздің бүлбүлымын”, "Жолықпай сөзі өктемге жүрген шығар, ауылыңда Түрысбектің өлер жері”, "Міні жок бізден шығар сөз бедері”, — деп, аскак әуенге басады. "Қыскартам ады-мыңды бір-ак аттап”, — деп Сараға үрейлендіре сөйлеп, иыктап алуды ойлайды. Біржанның сөз саптасынан Сараның қажы атасы да: "Сөзі бүзық ант үрған екен”,— деп сескеніп калады. Ол Сараға: "Өнерің үлдан артык, қарағым-ай”, — деп, ата-бабаң аруағы Сараның ақындык, әншілік өнері оның өз сөзінен де айқын көрінеді. "Кестенің бізі сала алмас” өрнектер Сара сөзінде мол. Ол өзін сипаттағанда эр алуан сүлу, үздік теңеулерді шебер қолданады. Сараның ақын, өнші болуымен қатар, көркі көз тартарлық сұлу екендігін де байқатады. Сара өлең өнеріндегі жүйріктігін неше алуан теңеу, метафөралар, бейнелі сөздер арқылы шебер береді. Өнер саңлағы, айтулы ару Сараның басына төнген караңғылыкка, есекке қосақтаулы тағдырына Біржан катты толғанып, налиды. Сара да Біржанды жасы үлкен аға деп кадірлейді, өнерін, ақындық-өншілігін, адамгер-шілігін жоғары бағалайды. Сара Біржанды Орта жүздің өнер тарланы деп таниды. "Өніңнің көз жетпейді бүрмасына” деп шеберлігіне сүйсінеді, оның үздік таланты алдында бас иеді. Айтыстың көркемдік ерекшелігі. Өлшеусіз талант өрі өнші екі саңлақтың шешен сөздері — өзінің көркемдік жағынан күні бүгіңге дейін үлгі. Бүл айтыстың сөздері анықтық, тазалык, дөлдік жағынан болсын, көркемдік, сүлулық жағынан болсын казак поэзиясының төрінен орын алады. Үздік теңеу, эпитет, жалпы троп пен фигураның бүл айтыстан небір шүрайлылары табылады. Біржан өзін де, біреуді де дәріптегенде өте шебер және көбірек қолданатын әдісі — метафора, әсіресе оның үлгайған түрі. Біржан мен Сара айтыстарында акындык көркем тілдің және бір түрі — ирония мен сарказмды шебер де үтымды колданған. Сөйтіп, "Біржан мен Сара” айтысының негізгі түйіні — әйелдің бас бостандығы. Өткен ғасырда екі саңлактың үн қосып, әйелдің бас бостандығын жырға аркау етуі, ескі феодалдық салтка қарсы шығуы өз дөуірі үшін прогресшіл идея еді.

21.ХІХ ғасырдағы әдеби ағымдар мен, бағыттар.

ХІХ ғасырда қазақ халқының жаңа әдебиеті қалыптаса бастады, әдебиет жанрлық, көркемдік шеберлік тұрғыдан іштей түлеп, тақырып аясын барынша кеңейтті.  Қазақ әдебиеті тарихының ең бір құнарлы, дәстүрі берік, мазмұны бай кезеңі ХІХ ғасыр. Бұл ғасыр үлкен-үлкен құбылысты оқиғаларға да, күрделі де шиеленісті әлеуметтік тартыстарға да толы болды. Он сегізінші ғасырдың аласапыран дәуірінің зардаптары жалғаса түсті. "Ақтабан шұбырынды" атанған зарлы заманнан өткен қазақ жұрты, қазақ хандығы тағы да бір қилы заман, қиын кезеңге аяқ басты. Бұл кезеңде әдебиет пен халық тарихы біте қайнасып, кірігіп кеткендей еді. Қазіргі әдебиеттануда "жаңа дәуір әдебиеті" деп атала бастаған бұл кезеңдегі әдебиет шынында да тарихи алғышарттары мен себеп-салдарларына орай дәстүрлі арнадан шығып жаңа сипаттарға ие бола бастады. Қазақ даласында ХІХ ғасырда патшалы ресей отарлаушылары жүргізген саяси-әлеуметтік өктемдік пен басқару жүйесіндегі реформалардың себеп-салдарлары сол кезеңдегі қазақ әдебиеті шығармаларынан да жан-жақты көрініс тапты. Хандық басқару жүйесі ыдырағаннан кейін, үздік-создық ұлт-азаттық қозғалысына ұласқан наразылық жалпыхалықтық қуатты күшке айналып кетуге түрлі ішкі-сыртқы жағдаяттар кедергі болса да, халықтың мұң-мүддесі тарихи жыр, дастан, толғауларда буырқанып көрінді. Әдеби шығармалар жанрлық жағынан да, көркемдік бітімі турасында да, идеялық мазмұны жөнінен де көп ілгеріледі. Қазақ әдебиеті тарихының ең бір тынысты, мазмұнға бай кезеңі - ХІХ ғасыр шығармаларын шартты түрде екі кезеңге бөліп қарауға тура келеді. Бірінші кезең - ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы әдебиет, екінші кезең - ғасырдың екінші жартысындағы әдебиет. Жалпы алғанда бағыт пен ағым сөзі бір біріне синоним ретінде қолданылады. Сондықтан ХІХ ғасырдағы әдеби бағыттар мен ағымдарды шартты түрде үшке бөліп қарастырады: зар заман, сал серілік, діни ағартушылық. Х1Х ғасыр  әдебиетін «зар заман» әдебиеті атаған. Қазақ әдебиетінің тарихын Асан Қайғыдан бастап, Бұқар, Махамбет, Шортанбай, Мұрат, Ыбырай, Ығылман, Абай, Нармамбет сияқты ұлт мүддесін жырлаған ақындардың шығармашылықтарын жоғары бағалаған. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдебиетте  Шоқанды, Ыбырайды, Абайды берген дәуірдің әдебиеті бізге біршама таныс. Ағартушы демократтық бағытпен бірге  осы кездерде сал-серілер поэзиясы, діни ағартушылық ағым да қатар дамыды. «Тарихта» Ақан Қорамсаұлы, Біржан Қожағұлұлы секілді сал-серілердің, Ақмолла Мұхамедиярұлы, Мұсабек Байзақұлы, Шәді Жәңгірұлы, Майлықожа Сұлтанқожаұлы сияқты діни ағартушылардың шығармашылықтары да жеке тарауларда сөз болады. Сондай-ақ  Мұрат Мөңкеұлының, Базар Оңдасұлы Өтемісовтің, Шәңгерей Бөкеевтің, Ақтан Керейұлының, Әріп Тәңірбергенұлының, Нұржан Наушабайұлының, Әсет Найманбаевтың  өнерпаздық жолдары да кеңінен қарастырылған.

22.Шоқанның фольклор, әдебиет тарихы, поэзия жанрлары туралы еңбектері.

Шоқан- тарихшы, географ, этнограф, әрі ауыз әдебиетін жинап зерттеуші болды. Ол тек өз халқының ғана емес, Орта Азия және Шығыс халықтарының да тарихын, мәдениетін, әдебиетін зерттеді. Шоқанның фольклор, әдебиет тарихы, поэзия жанрлары туралы зерттеу еңбектері: «Қазақ шежіресі», «Қазақ халық поэзиясының түрлері жөнінде», «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы», «Қырғыз-қайсақтардың үлкен ордасына қарасты елдердің аңыз-әңгімелері», қазақ ақындары Бұқар, Шал, Шөже, Жанақ, Түбек, Орынбай, т.б. туралы, суырып салмалық (импровизация) өнері, Абылай ханға және қазақ батырларына арналған тарихи жырлар туралы жазғандары. «Қазақ шежіресінде» «Қазақтардың көшпелі еркін тірлігі Азияда дүниеге келіп, дамығаны ... күмән туғызбаса керек. Олай дейтін себебіміз – орыс жылнамалары біздің сөзімізді растайды» - деп баяндайды да, сол кездегі көптеген авторлардың еңбектеріне шолу жасайды, олардың деректерін шежірелермен салыстырады. «Қазақ халық поэзиясының түрлері жөнінде» деген мақаласында Шоқан “жыр”, “жылау”, “қайым”, “қара өлең”, “өлең” сияқты халық поэзиясының барлық формаларына сипаттама береді. Барлық далалық жырлар  қобыздың сүйемелдеуінде  тақпақтап айтылатынын айтады.  «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы  еңбегінде: жақсылық және жамандық тәңірі, отқа табынушылық, мүмкін, шамандық өнердің парсылардан келгендігі, дулизм туралы айтылады. Барлық шамандық салттың ішінде, отқа табыну қазақтарда әлі өз күшінде екендігі, қазақтар отты әулие деп санайтындығы, осы әулие атауымен мұсылман тақуаларын да атайтындығы, аса жоғары құрметтеудің белгісі ретінде, қазақтар монғолдар сияқты отты - ана деп атайтындығы айтылады. “Үлкен қырғыз – қайсақ ордасының ескі аңыз әңгімелерінде” ол қазақ және қырғыз халықтарының миф-аңыздарын, салт-дәстүрін, діні мен тілін зерттейді.  Ш. Уәлиханов қазақтың әрбір текті ақсақалы өз руының шежіресін анық біледі, деп айтқан. Шоқан жазған шежірелік шығармалардың ең әйгілісі – "Абылай",  "Қырғыз рулары", "Ұлы жүз туралы", "Ұлы жүздің аңыз-әпсаналары", "XVIII ғ. батырлар жыры" және т.б. Бұл еңбектерде Шоқан тек қазақ емес, сондай-ақ жалпы түрік-моңғол жұртының тарихи жәдігерлері туралы көп ізденген: яғни, олардың шығу тегі, тарихи деректері, мәдени ерекшеліктері, тәңірлік түсініктері, бақсылық дәстүрі, ру құрылымы, халық календары, хандары, космогониясы, наным-сенім жүйесі, қазақ ортасындағы мұсылмандық құқық, шежірешілер, қария сөз, аңыздардың мазмұны, атақты адамдары, рухани құндылықтары және т.б. өткір көп мәселелердің барлығының басын қайырып, зейін қойып, тиянақты ізденген. 

23.«Медғат-Қасым» поэмасы.

Мағауия Абайұлы - ұлы ақынның Ділдәдан туған кенже баласы. «Еңлік-Кебек», «Абылай» және «Медғат-Қасым» поэмаларын жазады. «Медғат-Қасымның» қысқаша мазмұны: Нил дариясы бойындағы Африка еліне Мұрат деген адам баю үшін Мысыр қаласынан кәсіп іздеп келеді. Оның Медғат деген ұлы, Ғазиза деген қызы болады және Мария деген бір қызды еншілес етіп алады. Мұраттың құлдары көп, оның ішінде әрі қайратты, әрі қайсар Қасым деген бір құлы бар. Бұл құлдың шешесін жас кезінде бай сатып алып, Қасымды өзіне бала етеді. Бірақ Медғат туған соң, оны құл орнына жұмсайды. Ер жеткеннен кейін Қасым Марияны сүйіп, өзінің көңілін білдіреді. Мария Медғатпен әліптес болғандықтан, Қасымды менсінбейтіндігін айтып, оған теріс қарайды. Онымен қоймай, бұл әңгімені Медғатқа жеткізеді. Медғат Қасымды бұлқынның (насостың) астына отырғызып, жаза тарттырады. Қасым талып қалады. Алайда бұл жазадан аман құтылып, бірнеше күннен кейін Марияны өлтіріп, қашып кетеді. Бірнеше жыл өткеннен кейін Мұрат бай Мысырға көшпекші болады. Қасым сол кеткеннен үш жылдай қарақшы болып жүреді. Бұлардың көшейін деп жатқанын естіп, жол тосады да, Мұратты, Медғатты өлтіреді. Ғазизаны қолға түсіреді. Ғазизаның Сәлім деген сүйген жігіті болады екен, бірақ Мұрат пен Медғат оны кедейсініп, Ғазизаны бермеген соң, ол бір аңшыға қосылып, аңшы болып кеткен. Енді соған хабар жетіп, барлық мергендер жиналып, Ғазизаны құтқармақшы болып келеді. Қасымның жолдастары арақ ішіп, мас болып, өзі ұйықтап жатқанда, Сәлімдер қамайды. Қасым Ғазизаны алып қашады. Сәлім артынан қуады. Бірақ Сәлімді Ғазиза танып, Қасымды тоқтатады. Қасым Ғазизаны Сәлімге береді. Поэма осымен аяқталады.

Поэманың идеялық мазмұнындағы бір құндылығы - Мұрат, Медғат сықылды құл иеленушілердің құлдарға көрсеткен ауыр азабын суреттеу. Олар құлды адам деп санамайды. Жазықсыз Қасымды қатты жазаға бұйырады. Ақырында жас жігіт өмірден түңіледі.  Поэмада ерекше орын алатын қаһарман - Қасым.             Бірақавтордың көрсетіп отырған уақиғасы - өткен замандікі. Ол кезде басқа жолдыңболуы да қиын және автордың мақсаты - өз мақсаты үшін күрескен өжет, ер, намысқой адамның образын жасау. Бұл поэманың біздер үшін екінші бір құндылық жағы - поэманың өз кезінде қазақ әдебиетіндегі жаңалығы Поэманың құрылысына, оқиғасына, образ жасау әдістеріне қарағанда, автордың ол кездегі романтик ақын-жазушылармен де, романтикалық поэма, романдармен де жақсы таныс болғаны байқалады.             «Медғат-Қасым»- романтикалық поэма. Оған дейінгі қазақтың ауыз әдебиеті, жазба әдебиеті эпостық, лиро-эпостық поэмаларға бай болғанмен де, романтикалық поэмалар бізде жоқ болатын. ХІХ ғасырда қазақ әдебиетіндегі сюжетке құрылған романтикалық поэма, романтизм стилінің қазақ поэмаларындағы әсері деп ең алдымен осы «Медғат-Қасымдарды» айтуға болады.

24.Сал-серілік  дәстүрдің әдебиеттегі рөлі.

Сал, сері екеуі де өте ескі дәуірден сақталып келе жатқан халықтың тіршілігіне көп жаңалық кіргізген, әдебиетке, ой-санаға көп әсер еткен қазақ мәдениетінің бір жарқын белгілері. Олардың бар ынтасы махаббатқа бас иіп,

оған бәйек болып түсу, ол үшін ел-елді қыдырып, өзіне ақылды, сұлу қыз іздеу, оған барлық жас өмірін сарп қылып, мал-мүлкін аямай соның жолына құрбан етіп салу. Бұл тек қана сал мен серілерде ғана болатын. Сал мен серіні мұндай ардақты дүниеге бағыттайтын оның жаратылыс ерекшелігі, оның дарынды ойы, ашық-жарқын мінезі, сыпайылығы, сұлулықты, ғажайып жаңалықты жақсы көретіні, әдемі дүниеден ләззат ала білуі. Сал мен серінің өзгешелігі олар, әрі ақын, әрі әнші, әрі күйші, әрі сауыққой, елге қуаныш беретін, олардың жүрегіне жарық сәуле түсіретін оқымысты адамдай саналады. Сондықтан халық сал мен серіні өте ардақтап, қуанышпен қарсы алып, олардың істерін халық ортасында аңыз қылып айтып жүреді. Ауылдағы бойжеткен қыздары да сал мен серіге ерекше көңіл қойып, олар ауылға келгенде тобымен жүріп, алдымен қарсы алатын. Бір айтатын ой, сал мен сері бір типті емес, екеуі екі алуан, өзгеше нәрсе. Олардың бірінен – бірінің өзгешелігі – олардың тұрмыс көрінісінде, типінде. «Сал» - өз бағытымен жүретін бір аяулы  адам. Оның бір арманы сылқымдық, кербездік, киімді әдемі киіну, өзімен қатар жүрген адамның бәрінен де қияпатымен де, киімімен де артық болу, асып түсу. «Сал» сөзі киімді салпаңдатып кең тігуден шыққан, сал, салпаң. Салдар әр уақыт жарқын жүзді, майталман, әзілдік пен қулықты қатар ұстап, бір жағына сынағыш, сын көзімен қарайтын, отырған маубас басшыларды сықақ пен өлтіріп, игі адамдарға мөлдіреп жарқын пейіл білдірген. Салдарды қазақ халқы өте еркелетіп өсірген. Ол өте нәуетек, кербез, бой күйез, паң, онымен қатар мінезі өте жайдары, ашық ер көңілді келеді. Ілгеріде мысалмен келтірілмек, «серілік», «салдықтан» бүтіндей басқа, екеуінің қосылатын жері, екеуі де ақын, күйші, әнші, екеуіне де ортақ болатын музыка аспаптарын бірдей қолданатыны. «Сері» сөзі серпілдеуден шыққан, бой жазу, серпер осы сөзбен бірдей, шалқыту, асқақтау. Сері көбінесе оқымысты кісілер арасында көп болған. Жақсы көрген қызға салдар сияқты іздеп бармайды хат пен жұмбақ жазысады. Серілер біріншіден, атақты мерген, екіншіден саятшы, сұңқармен, лашынмен, тұйғынмен қызық көруші, тұлпар аттың ең жүйрігін қадірлеп баптаушы. Онымен қабат халықтың рухани тіршілігінде, ойын-сауығына да ерекше қуат беріп, оны биікке көтеруші. Ақын болып әдебиетке үлкен үлес қосуы, Қозы Көрпеш – Баян сұлу, Алпамыс, Қыз Жібек, Мұңлық – Зарлық сияқты ескі жырларды бірден бірге айтып жеткізіп отырды. Бір ғажайып жері, серілердің көпшілігі Орта Азияның, шығыс елінің әдебиетінен де үлкен

хабары болған (Нияз, Сегіз сері, Ақан сері, Мұхит, Сейтек, тағы басқалар). Демек, сері мен сал қазақ тіршілігінде ерекше жаралған дарынды, сөз тапқыш, шешен, ол әрі құйылма, ақын, әрі сері, әрі сал, әрі күйші, әрі әнші, әрі сауыққой. Сондықтан халық оларды ерекше ардақтап, еркелетіп төрге шығарып, жүздеген жыл оларды ұмытпай есіне сақтаған.

25. Айтыс – қазақ халқының төл өнері. XIX ғ ІІ жартысындағы айтыс өнерінің дамуы.

Айтыс — ауыз әдебиетінде ежелден қалыптасқан поэзиялық жанр, топ алдында қолма-қол суырып салып айтылатын сөз сайысы, жыр жарысы. Айтыс — синкреттік жанр, ол тұрмыс-салт жырларынан бастау алып, келе-келе ақындар айтысына ұласқан. Ақындар айтысында "жаттама (трафарет) өлеңдер аз болады". Олар өлеңді табан астында шығарады, тосыннан айтысады. Айтыс үстінде талай күтпеген жайлар кездеседі. Айтысар тақырыбы белгісіз, тосын сұрауларға тап болады. Айтыс тарихы көнеде бермен қарай ұлтпен бірге жасасып келе жатыр. Осы дәстүрдің арғы шығу тегін зерделей отырып, басқа да елдердің ұқсас әдеби үрдістерімен салыстыра зерттеген М.Әуезовтің пікірі біраз дүниеден хабар береді. «Айтыс қазақ даласында негізінен XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап айрықша кең өріс алып, мол серпінмен дамыды. Бұған сол тұстағы қазақтың көшпелі өмірі мен әдет-ғұрып, салт-дәстүрі басты себеп болды. Әлеуметтік мәні ұшталған бір алуан айтыстарды («Ақсұлу мен Кеншімбай», «Молда Мұса мен Манат қыз», «Ұлбике мен Жанкел», «Шөже мен Балта», «Орынбай мен Арыстан», «Әсет пен Ырысжан», «Біржан мен Сара», «Сүйінбай мен Қатаған», «Жамбыл мен Құлмамбет», т.б.) ел өмірінің көркем шежіресі, жинақталған энциклопедиясы деуге де болар еді.  Қырғыздың шоң манабы Бәйтік қазақтан келген қалың топқа: «Тезек төре! Мына бадана көз, сұлу жігіт Сүйінбай ақын емес пе?!» – деді. Өзінің аты бірінші аталғанда Сүйінбайдың айтқаны: Жүйіріктер қосылмаған қою шаңға, Қосылар Ассалаумағалайкүм, сәлем бердік, Мүбәрәк жүздеріңді жаңа көрдік. Атақты ас-жиынды құттықтауға,Бауырлас, қырғыз елі, саған келдік. Сүйінбай осылай деп тоқтағанда, Бәйтіктің тасасында отырған қағылез, қайыстай қара жігіт қарғып тұрып, қолына домбырасын ала айғайды салып, Сүйінбайға тиіседі. Қатаған ақын: Ау, Сүйінбай тоқтат сөзіңді, Ояйын ба көзіңді! Ақын мен деп ойлайсың, Мен тұрғанда өзіңді! -деп демін алғанда, Қатағанның екпінінен жасқанған Тезек төре Сүйінбайға жалтақ-жалтақ қарай береді. А дегенде Сүйінбай булығып қалады. Сол кезде Бөлтірік батыр Тезек Төреге: «Ей, төрем, көтер басыңды, қаныңды қашырма. Сүйінбай өлең таппай отыр дейсің бе?! Булығып отыр. Сүйінжан, шығар даусыңды» – дегенде, Тезек төреден бастап сөйлеп кетеді. Сондағы Сүйінбайдың Қатағанға айтқаны: Қашырма төре, қаныңды, Кіргізейін жаныңды, Қатағаннан жеңілсем,Талап алғын малымды! – Ботам Сүйінбай! Сен жеңдің, Қатаған жеңілді. Жеңген жүлдеңе не таңдайсың? Соны өлеңмен айтшы, Сүйінжан! – дейді екі елдің айтысын басқарып отырған, төрағасы Қара Бәйтік. Сүйінбай: Ер-тоқымы алтыннан,Бір ат бергін астыма, Әсемдетіп мінерге.Керегесі күмістен, Босағасы асыл тас, Бір ақ отау үй бергін, Еңкейіп оған кірерге! Алтын қынап, қылыш бер,Білегіме ілерге.

– Сүйінбай ботам! Екі елдің бас қосқан үлкен айтысында Қатағанды жеңгенің үшін: Ыстықкөлдің ақ көбігінен жаратылған асқан сұлу Мейіз атты қыз, алты қанат ақ орда, алтын бесік, бір бүркіт, мойнында күміс қарғысы бар екі тазы силаймыз. Риза бол қарағым! – дейді Қара Бәйтік асқа жиналған күллі қазақ пен қырғыздың ортасында бата береді.

26. Шоқан қазақтың тұңғыш ғалымы, ағартушы, публицист.

Ш. Ш. Уәлихановтың ата-бабалары байырғы сұлтандар әулетіне жатады. Оның бабасы, Орта жүздің ханы Абылай алғашқылардың бірі болып Ресейдің қол астына кіріп, өмірінің соңына дейін Ресеймен сауда және саяси байланыс жасап отырды.  Бала кездің өзінде-ақ ол «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» және «Еркөкше» халық поэмаларының түрлі үлгілерін жазып алып, кейін оларды ұстазы Н. Ф. Костылецкийге табыс етті. Жас зерттеушінің қырғыз халқының атақты эпикалық жыры «Манасқа» алғаш рет көңіл бөліп, оның бірінші ғылыми жазбасын жасап, ішінара орыс тіліне аударуының ерекше маңызы болды. Ол жырға тұңғыш рет тарихи және әдеби тұрғыдан сараптама жасап, аты аңызға айналған бас кейіпкері - Манас образына және қырғыз фольклорының басқа кейіпкерлеріне талдау жасайды. «Манас» - жекелеген көп оқиғалардан құралған тұтас еңбек. «Семетей» атты екінші бір жыр «Манастың» жалғасы іспетті және ол қырғыздардың «Одиссеясы». Ш. Уәлихановтың 1856-1857 ж алғашқы саяхаттарының ғылыми нәтиж «Ыстықкөл сапарының күнделігі», «Қытай империясының Батыс провинциясы және Құлжа қаласы», «Қырғыздар жайлы жазбалар»  сапар -очерктерінде баяндалған. Бұл еңбектер Ш. Уәлихановтың 20 жасында жазылды. Оның 1856 жылы Құлжа туралы жазған күнделігі өте қызықты. Бұл күнделікте Құлжаға барған саяхат толықтай тартымды әрі көркем тілмен жазылған. Шоқан Қашғардан «Тазкирян Сұлтан Сутуқ Боғра хан» (Сұтұқ Бұғрахан тарихы), «Тазкирян Туғлуқ Темір хан» (Туғлуқ Темір хан тарихы), «Тазкирян Ходжаган» (Қожалар тарихы), «Абумүслим Маурузи» және басқа да сирек кездесетін шығыс қолжазбаларын, сонымен қатар, тау жыныстарының коллекциясын, нефрит үлгілерін, гербарий, нумизматика ескерткіштерін және т. б. алып келді.  «Джами'ат-тауарихты» Уәлиханов сирек ұшырасатын тарихи шығарма, XV, XVI ғ қазақтың тарихи аңыздар жинағы ретінде бағалады. «Қырғыздың шығу тегі туралы аңыздар, - деп жазды ол, - Ұлы жүздің жалайыр руынан шыққан қырғыз жазған «Джами' ат-тауарих» пен «Шейбани-намеде» айтылған жайлармен дәлелденеді».

Ш. Уәлихановтың қазақ халқының тарихы мен этнографиясы туралы зерттеулері, сондай-ақ қазақ даласындағы әлеуметтік-саяси қарым-қатынастарға байланысты мақалаларының ғылыми маңызы зор. Бұлар - «Абылай», «Қырғыздардың шежіресі», «Көне дәуірдегі қазақтардың қару-жарағы мен әскери жабдықтары», «Шона батыр», «Сот реформасы туралы жазба», «Қырдағы мұсылмандық туралы», «Қырғыздардағы шамандық қалдықтары», «Қырғыздардың көші-қоны туралы» және т. б.

27. Әсет пен Ырысжанның айтысы

Әсет Наймабайұлы –қазақ ақыны (суырып салма), әнші-композиторы. Әсеттің әке-шешесі кедей, шаруа адамдар болған. Кейін, ер жетіп, есейіп айтысқа түскен кезінде де кейбір ақындар оның кедейлігін бетіне басады. Алайда нағыз байлық өнер мен білімде деп түсінген Әсет ескіше оқыған, көзі ашық адам болады. Әйгілі ақын қыз Ырысжанмен айтысқанда Әсет он сегізде ғана екен, соған қарамастан қыздың айтқан небір қиын жұмбақтарын қиналмай, қолма-қол шешіп береді. Бұдан ақынның білімді, зерделі екендігі айқын аңғарылады. Сөйтіп, Әсет пен Ырысжанның айтысы -көркемдігі, сөз қолдану шеберлігі жөнінен Біржан мен Сара айтысынан кейінгі озық туынды болып табылады. Ақындар айтыстың бас кезінде асқақ әуенге басады, өздерінің мойны озық сөз жүйрігі екенін таныта, қарсылас ақынын тұқырта, кеміте, үркіте сөйлейді. Әсет пен Ырысжан айтысы — ақындар айтысының шоқтығы биік, аса көркем үлгілерінің бірі. Айтыс 19 ғасырдың соңғы ширегінде өткен. Мұнда халық өмірінің ауыр жағдайы мен ел билеушілердің зорлық-зомбылығы жұмбақ — жауап түрінде әсерлі сипатталған. Жұмбақты бастан-аяқ Ырысжан айтады да, Әсет қолма-қол шешіп отырады. Алғашқы жұмбақ Ресей өкіметінің қазақ жеріндегі ел билеу тәртібін әшкерелеуге арналған. Патша билігі күн түсірмейтін алып бәйтерек сипатында алынып, ал оның ел ішіндегі әкімдері сол ағаштың бұтақтарын мекен еткен ірілі-ұсақты жыртқыш құстар түрінде беріледі. Қыз жұмбағындағы “иілген сегіз бұтақ” — сегіз сенат, ал “ағаштың жайылған жапырағы” — қағаз ақша, “жұмыртқа басып шайқайтын екі ителгі” — ояз бен оның көмекшісі, “Аз атаның баласы жалғыз қыран” — болыс, “сегіз лашын” — сегіз би, “үш жылда бір нәр тартатын отыз-қырық құзғын” — елубасылар, “ыңғайланған он қаршыға” — старшын, “жалғыз ителгі” — сот, “жапалақ” — жасауыл, “жүзден асқан күйкентай” онбасы, ал “қағып жеген тышқаны” — елден жеген тиын-тебен тұрғысында шешіліп түйінделеді. Бұдан кейінгі жұмбақтар адамның он екі мүшесін суреттеуге, жыл мезгілін, жаратылыс сипатын ашуға арналған. Айтыс С. Сейфуллиннің “Қазақ әдебиеті нұсқаларында” (1931), “Айтыс” жинақтарында (1941), “Қазақ халқының ауыз әдебиеті” хрестоматиясында (1959), “Әсет” жинағында (1988) тағы басқа жарияланған. Қазақстан ҒМ ҒА-ның Қолжазба орталығында А. Әміров, Д. Ибраев, М. Жапақов, Қ. Нұрбаев, Б. Бейсебайұлы нұсқалары сақтаулы. Сондай-ақ айтыстың Б. Ақсақалов, С. Әбілдаев орындауындағы нұсқалары да бар. Айтысты М.Әуезов, С.Мұқанов, С.Ордалиев, М.Жармұхамедов зерттеген.

28. Зар заман әдебиетінің сипаты

Зар заман деген 19 ғ өмір сүрген Шортанбай ақынның заман халін айтқан бір өлеңнің аты. Шортанбайдың өлеңі ілгері, соңғы ірі ақындардың барлық  күй, сарыны болғандықтан, бүкіл бір дәуірде бір сарынмен өлең айтқан ақындардың барлығына «зар заман» ақындары деген ат қойылды. Бұл ақындардың дәуірі тарихи дәуірді туғызған дәуір. Зар заман ақындарының  алғашқы буыны Абылай заманынан басталса, арты Абайға келіп тіреледі. Сондықтан қазақтың тарихымен салыстырсақ, зар заман дәуірі толық жүз жылға созылады. Ел тарихында Абылай заманнан соңғы үлкен толқын Исатай, Кенесары мезгілінде болғанын тарихи өлеңдерді қарастырған уақыттарды айтамыз. Абылай заманында негізделген саяси бағыт Сырым, Исатай, Кенесары тұсында іс жүзіне шығып, қалың ел өмірін асты – үстіне келтіреді. Зар –заман ағымына 19 ғ болған ақындардың бәрі кіреді. Бұл ғасырда ақындар екі алуан болған. Біреуі есі кірген ойлы ақындар, екіншісі елдің қызық – сауығын салт қылған айтыс ақындары. Бұқар жыраудан соң  зар заман ақындаыны басы Махамбет. Одан кейінгілері: Шортанбай, Мұрат, Алтынсарыұлы, бұлардан соңғы бір буыны Абаймен тұстас ақындар. Зар заманның көрнекті ақыны Мұрат. Мұрат з. Заман ақындарының ішінде патша саясатының  бір тарауына көп көңіл бөлген ақын. Ақын көп жырында қоныс пен өрістің жоқшысы болады. Жер тарылып, заң бұзылып, елсасқан соң, бұрынғы ұйытқысы бұзылмаған ру тіршілігі көрінін айырылып, құбылып, қуарып бара жатқан сияқтанады.  Халық поэзиясының тағы бір соқпалы түрі – зар заман. Бұл өлеңдерде салт – сананың бұзылуы жырланады, халық өмірінің көне әдет ғұрпы мен ескі салттарының құлдырауы, билер мен әкімдердің парақорлығы мен тұрмыс түршылыктің нашарлауы, мол сананың азаюы мен халықтың жұтауы, жайылым қоныстың тарылуы, қоныс аударушыларға шұрайлы жерлерден кесіліп берілуі, жердің тозуы, елдің озуы, аштық, жұт сөз болады».

29. Абайдың Крылов мысалдарының ізімен жазылған шығармалары 

Абай аударған орыстың ұлы ақыны — Иван Андреевич Крылов болды. Крылов та әдебиеттегі өз орнын әдебиетте мысал жазудан барып тапты. Мысалдарымен халыққа танылды, әдебиеттен құрметті орын алып, тарихта ұлы жазушы болып қалды. Крылов мысал жазбастан бұрын да талай сатиралық шығармалар, комедиялар, пьесалар жазған адам. Крылов барлығы екі жүздей мысал-өлең жазған. Крыловты қазақ жұршылығына өз заманында кеңірек танытқан Абай болды. Крыловтың ”Қарға мен түлкі”, ”Әншілер”, (”Музыканты”), ”Бақа мен өгіз”, ”Шегіртке мен құмырысқа”, ”Бүркіт пен қарға”, ”Піл мен қанден”, ”Есек пен бұлбұл”, ”Емен мен шілік”, ”Алақойлар”, ”Жарлы бай”, ”Қазаға ұрынған қарашепкен” тағы басқа мысалдарын аударды. Абай Крылов мысалдарындағы реализмді өзіне үлгі етіп ала отырып, оның сатира жағы басым мысалдарын таңдап алды. Қазақ өміріндегі ескі салт-сананы, әдет-ғұрыпты, жалқаулық, надандық, қулық-сұмдық сияқты жаман әдеттерді шенеп, әшкерелеуге лайықты Крылов мысалдарын Абай қазақ тұрмысына бейімдеп аударды. Крылов мысалдарын аударғанда Абай оның өлеңдеріндегі орыс тілінің өзіне тән ерекшеліктерін ескере отырып, мазмұны мен мағынасын терең түсініп аударды. Қазақ тіліне жатық етіп, қазақ тұрмысына бейімдеп, ұғымына жеңіл етіп аударды. Мысалдың соңында келетін қорытынды пікірді де Абай қазаққа түсінікті етіп өзінше береді. Абайдың Крыловтан жасаған аудармаларын шартты түрде көшірме-аударма және сарындас аударма деп екі топқа бөлуге болады. Абай өсиетшіл мысалдарға көп көңіл бөлмеген. Абай И.А. Крыловтың мысалдарын қазақ тіліне аударумен де айналысты.

30. Біржанның айтыстары

Шөже, Салғара, Толыбай, Орынбай, Нүркей, Сегізсері, Арыстан тәрізді өнер иелері – Біржан салдың ұстаздары. 1865 жылы Абаймен кездесуі Біржан салдың композиторлық, әншілік, ақындық өнерінің дами түсуіне үлкен әсер етеді. Біздің заманға Біржан салдың алпысқа жуық әндері жеткен. Оның әндері нәзік сезімді, сұлулықты жырлаған сыршылдығымен қоса («Ғашығым», «Қаламқас», «Ләйлім шырақ», «Айтбай», «Ақтентек», т.б.), әлеуметтік мән-мазмұнымен де («Жанбота», «Адасқақ», «Көлбай – Жанбай», «Шідер», т.б.) құнды. Сара ақынмен айтысы оны дарынды, суырыпсалма ақын ретінде дүйім елге танытты. Біржан салдың ақындық өнерінің өріс ашып, өрби түсуіне Сара, Әсет, Доскей, т.б. қатарлы тұтас бір сала буын игі әсерін тигізген. Біржан мен Сара айтысы — айтыс өнерінің озық үлгілерінің бірі. Айтыс 1895 ж. қазіргі Алматы облысының Қапал-Ақсу өңірінде Біржан Қожағұлұлы мен Сара Тастанбекқызы арасында өтеді. Бұл айтысты ең алғаш 1898 ж. Қазанда “Қисса Біржан сал менен Сара қыздың айтысқаны” деген атпен Жүсіпбек қожа Шайхисламұлы жариялады. Кейін Зайсаннан 2-нұсқасы табылып, “Біржан сал мен ақын Сараның айтысқаны” деген атпен Қазанда жеке кітап болып басылды. Айтыстың алғашқы нұсқасы — 969 жол, 2-нұсқасы — 1080 жол. Әріп Тәңірбергенұлы жазған тағы бір нұсқасы 1907 ж. жарық көрді. 1918 жылға дейін бұл үлгілер сегіз рет, Кеңес өкіметі тұсында он бір рет жарияланды. Сөйтіп, ел ішіне жазбаша да, ауызекі де таралып келді. Сонау қияндағы Сарыарқадан Сараны жеңемін деп Жетісуға келген Біржан сал ә дегеннен амандасу рәсімінің өзін бойында дос тұрмақ дұшпан кемітер бір міні жоқ сұлудың, шебер ақын, шешен қыздың бетін қайырып, жігерін жасытып алуға пайдаланбақ болады. Айтыс алғашында рулық бағыт алса да, кейін дәстүрлі арнадан ауытқып, жүйелі өнер сайысына, көркем де кестелі сөз жарысына айналады, қазақ қоғамындағы әлеум. қарым-қатынастың адам өміріне әсері, тұрмыстың мән-мазмұны философиялық ой-толғамдармен қосыла өріліп, өз нақышын тауып жатады. Айтыста халқымыздың әдептілік пен әсемдік туралы пікірлері, эстет. талғам-талаптары кең көрініс тапқан. Осының бәрі Біржан мен Сара айтысының 19 ғ-дағы қазақ халқының болмыс-тіршілігін жан-жақты суреттейтін көркем туынды екенін айқын аңғартады. Біржан мен Сара айтысы атақты екі ақынның арасындағы сөз айтысы ғана болмай, айтыс өнеріндегі көркемдік қуаты, тіл бейнелілігі жағынан ерекше эстет. талғам биігінен көрінген айтыстың үздік үлгісі ретінде қазақ ауыз әдебиетінің тарихынан ерекше орын алады. Айтыс негізіндегі Қ.Жұмалиевтің либреттосы бойынша 1946 ж. М. Төлебаев “Біржан — Сара” операсын жазды. 

31. Зар заман ақындары шығармашылығына жаңаша көзқарас

Зар Заман Ақындары – қазақ әдебиеттану ғылымына алғаш рет (1927) М.Әуезов енгізген термин, зар заман кезеңінде ғұмыр кешіп, отарлық езгіге түскен қазақ халқының тағдырын мұң-зармен жырлаған ақындар шоғыры. Зар заман ақындары шоғырының белгілі өкілдері: Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы, Мұрат Мөңкеұлы, Әбубәкір Кердері,  Албан Асан, т.б. Әуезов Зар заман ақындары дәуірін Абылай хан тұсынан Абайға дейінгі жүз жылға ұластырып, Нарманбетпен аяқтайды.  Зар заман ақындары тұсынан қазақ әдебиеті жазбаша сипат алатынын атап көрсетеді. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы бұрынғы қалыптасқан құндылықтардың өзгеруі, елді басқару жүйесінің басқа сипатқа ауысуы, отаршылдықтың белең алуы, халықтың қатты күйзелуі Зар заман ақындарын тарих сахнасына шығарған. Зар заман ақындары халқының жай-күйін ойлаған ұлт қайраткерлері ретінде танылды. Олардың шығармалары халықтық салт-дәстүрлерді қаймағы бұзылмаған қалпында сақтауға, ұлттық болмыс-бітімнен ажырамауға үндейді.Ресей империясы отарлаушыларының озбырлығы мен сұрқия саясаты Зар заман ақындарының өлең-жырларында жан-жақты суреттеледі. Қазақ халқының шұрайлы жерлерін тартып алып, ұрпағын аздырып, діннен аулақтату сықылды империялық пиғылдың жүзеге асуына қарсыласу қозғалысы Зар заман ақындарының қайраткерлік поэзиясын өмірге әкелді. Бұрынғы жыраулар поэзиясымен үндесіп жататын өршіл рух, әсіресе, Мұрат Мөңкеұлының жырларынан айқын байқалады. Зар заман ақындары шығармаларындағы ұлттық болмысты, қазақы қадыр-қасиетті сақтап қалуға үндеген ой-пікірлер жанайқаймен, шарасыздықпен, соңғы төзімді сарқа айтылғандығымен ерекшеленеді. Мұндай өлеңдерден бодандықтың бұғауына бас игісі келмеген ұлт қайраткерлерінің өршіл үні айқын аңғарылады. Зар заман ақындарының шығармаларында сары уайымға салыну, қайғы-мұңға берілу сарыны да байқалады. Бұл кезең ақындары келер күннен үміт жоқтығына налиды, тығырықтан шығатын жол таппай қиналады. Зар заман ақындарының өлең-жырларында елмен қоштасу, туған жердің өткенін аңсау сарыны орын алған. Жалпы “ауа көшу”, “қонысты тастау” ұғымы көптеген халықтардың фольклорлық шығармаларына тән.

32. Абайдың қара сөздері. 

Абайдың көркемдік, әлеуметтік гуманистік және дінге көзқарастары терең білінген еңбегі - қара сөздері. Абайдың қара сөздері (Ғақлия) - ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, философиядағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы. Жалпы саны қырық бес бөлек шығармадан тұратын Абайдың қара сөздері тақырыбы жағынан бір бағытта жазылмаған, әр алуан. Оның алты-жеті үлгісі қысқа болса, қайсыбіреуі мазмұн, тақырып жағынан өзгешелеу, ауқымды болып келеді. Абай өзінің қара сөздерінде шығарманың ажарына ғана назар аударып қоймай, оның тереңдігіне, логикалық мәніне зор салған. Абайдың қара сөздеріндегі гуманистік, ағартушылық, әлеуметтік ойлары дін туралы пікірлерімен бірігіп, тұтас бір қазақ халқының философиялық концепциясын құрайды. Абайдың кара сөздері сондай-ақ жалпы адамзат баласына ортақ асыл сөзге айналды. Оның қара сөздерінің бірнешеуі ең алғаш 1918 ж. Семейде шыққан "Абай" журналында жарық көрді. Кейіннен, Абайдың қара сөздері орысқытайфранцуз, т.б. көптеген әлем тілдеріне аударылды.  Абайдың "Жетінші сөзінде" ұшырасатын "жанның тамағы" деген күрделі философиялық ұғым бар. Осы себептен де Абай: «... құмарланып, жиған қазынамызды көбейтсек керек, бұл жанның тамағы еді,» — деп қайыра түсінік беріп отыр...  Абай бұл бағыттағы ойларын өзге сөзбен "Ғылым таппай мақтанба" т.б. өлеңдерінде айтқан. Ақынның бүкіл шығармаларындағы негізгі бір тұтас тақырыпта өзекті идея болған. Абайдың пікірінше, ішкі рухани казынамыздың молығуы тікелей өзіміздің қолымыздағы іс. Осы реуішті пікір Абайдың "Он тоғызыншы сөзінде" де қайталанады. Абайдың дүние танымы бойынша сананың, ақылдың пайда болуы күнделікті өмір тәжірибесінің нәтижесінен ғана туындайтын табиғи құбылыс. Соңдықтан да Абай "Он тоғызыншы сөзінде": «Адам ата-анадан туғаңда есті болмайды: есітіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады... Сол естілерден есітіп білген жақсы нәрселерді ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, соңда іске жарайды, сонда адам десе болады,» — деп жоғарыдағы өлең үзіндісендегі ойын осы сөзіңде одан ары кеңіте отырып дамытатынын көруге болады.

33.“Еспембет” дастанының құрылысы

Дулаттың  елеулі шығармасы «Еспенбет» поэмасы. Поэма құрылысына талдау. Оқиғаның басталуы — Еспенбеттің ер шешен, көсемдігі туралы айтылуы. Оқиғаның дамуы- Еспенбеттің жетім қалып, нағашысынан жақсы тәрбие алуы. Оқиғаның байланысуы- Еліне қайтқысы келіп, нағашысының батасын алуы, тайды қалауы, Ақбөртенің жеңісі. Оқиғаның шиеленісуі- Қабанбай бастаған батырлардан кеткен бір кекті қайтаруға жауға аттануы. Оқиғаның шарықтау шегі - Қалмақ батырымен жекпе–жекке шығып, қалмақты өлтіруі. Оқиғаның шешімі- Еспенбеттің жекпе-жекте жеңіске жетуі, мол олжадан ештеңе алмай елге қамқор болуы. "Еспенбет" поэмасы
Ақынның ел өмірінің ескі бір тақырыбына құрып, жазба әдебиет үлгісінде шығарылған бұл поэмасы XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті үшін жаңалық еді. Поэма: Еспенбеттей ер қайда?  Еспенбеттей ер туса,  Ер күтетін ел қайда?деген жолдармен аяқталады. Шығарма елге тірек ер, көсем шықса, халық соның қасынан табылса деген идеядан туған.  "Еспенбет" поэмасы батырлар жырының үлгісінде жазылғанымен, онда, қиял-ғажайып оқиғалар, тылсым күштер, нанымсыз әсірелеулер атымен жоқ. Фабуласы: Еспенбет қарапайым ғана кісінің баласы. Ол әке-шешеден жетім қалып, нағашысы Ер Қосайдың қолында, уақ елінде өседі. Еспенбет он төрт жасқа келгенде  алыстағы ата жұртына кеткісі келеді. Нағашы атасынан еліне қайтуға рұқсат батасын сұрайды. Еспенбет нағашы атасы ұсынған байлықтың бәрінен бас тартып, жалғыз ғана Ақбөрте тайды қалайды. Нағашы атасы Еспенбеттің қалаған Ақбөрте тайын беріп, әрі жиенінің біліп таңдағанына сүйсінеді. Шынында да, нағашы атасы болжағандай жарбиып жалғыз тай мініп келген баланы еліндегілер кездеріне ілмей, Ер Қосайдың жиенін қара басын сопайтып, тай мінгізіп Қайтарған мұнысы қалай деп, алуан түрлі әңгіме қоздатады. Бірақ, Еспенбет оның бәрін құлағына ілмей, жүре береді. Сонымен үш жыл өтіп, Ақбөрте бесті ат болады. Сол кезде Жыл бұрын қайтыс болған Сәтімкұл деген атақты бидің көп халық шақырылған асы беріліп, аламан бәйге шаптырылады. Бәйгеге қосылған Ақбөрте алдымен келіп, бас бәйгеге тігілген 100 тайлақты жеңіп алады. Бірақ, "ердің сыйы – ортаға олжа салғаны" дегендей, бұл жолы да Еспенбет бәйгеге берілген жүз тайлақтан бір тайлақ та алмай, барлық олжасын қалың сыбанның ортасына салады. Өзінен атағы бұрын шыққан Ақбөртеге қызыққандар қоралап қой, үйірлеп жылқы беріп сұраса да, Еспенбет дүниеге қызықпайды, тұлпарын сатпайды.Сөйтіп жүргенде, Қабанбай бастаған батырлар кеткен бір кекті қайтару үшін, қалмаққа қарсы аттанбақ болады. Ақыры "шу!" десе, артынан шаңды боратып, алдынан құйын оратып, бөкендей орғып" желдеткен Ақбөртесіне мініп, аттанған қалың қолға Еспенбет те ілеседі. Өз жауларын жеңіп, халқына қамқор болады."Еспенбет" поэмасында ұлттық психология, салт-сана, тәрбие-өнеге үрдістері молынан көрінеді. Поэма көлемі шағын болғанымен, мазмұны бай, бөтен сөз, бөгде шумақтардан таза жинақылығымен де ерекшеленеді. Елге қорған тұлғаны аңсаудан туған "Еспенбет" поэмасы – XIX ғасыр әдебиетінде елеулі орын алатын көркем туынды.

 34. Ақын, жыршы, жырау. Айырмашылықтары.

Ақын — поэзиялық туындыларды (өлеңжыр-дастанпоэмаауызша айтып не жазып шығаратын өнер иесі, халықтың көркемдік талғамын қалыптастырып, жалғастыратын сөз шебері. Ақын ұғымының  жыраужыршыөлеңші сияқты ұғымдардан ауқымы кең, ол солардың бәрін қамтиды. Ауыз әдебиетінде ақын өлең, жыр-дастандарды шығарушы да, айтып таратушы да болған.  Халықтың сөз өнерінде ертеден қалыптасқан  дәстүр бойынша шынайы ақындар өлеңді табан астында суырып салып айтқан. Ондай жағдайда өлеңді, жырды домбыра немесе  қобыз  сияқты музыка аспаптарына қосылып орындаған. Оларды халық әдебиетінің дәстүрлерін сақтайды деген мағынада біздің заманымызда “халық ақыны” деп атайтын болды.  Ақын деп жазба әдебиетінің өкілін де атайды. Бірақ мұндағы ақынның тұлғасы мүлде басқа. Жазба әдебиет өкілдерін алсақ, бұлардың өмір шындығын бейнелеу әдісі, көркемдік ой жүйесі, қолданатын жанрлары, стиль, тіл өзгешелігі қай жағынан да жаңа, соны қасиет-сипаттар мол.

    Жырау - қазақ әдебиетінің  көрнекі өкілі. Әдебиетте де тарихта да маңызды орын алар тұлға. «Жырау - өз жанынан шығарып айтатын және эпикалық дастандар мен толғауларды орындайтын халық поэзиясының өкілі жырау атауы-«жыр» сөзінен туындайды». Өз жанынан суырып шығарып жырлайтын  жыраулар XV ғасырда ғана туа салған жоқ. Жыраулық мектептің түп негізі абыздардан басталады. Ел ертеңі жайлы болжам жасап, данышпандығымен дараланып жүрген жыраулар хан сарайында отырып, алдағы болар қауіп-қатерді болжап отырды. Хандардың түсін жорып, халық арасындағы қарым-қатынастардың қалай бағыт алатынын болжап, оны жыр жолдарымен жеткізіп, абыздық дәстүрді әдебиетпен байланыстыра дамытты.  Жыраулар поэзиясының негізгі сарындағы туған жер, ұлт-азатық күрес, сонымен қатар насихат, өнеге ғибрат, нақыл сөз үлгілерін көптеп кездестіреміз.

         «Жыршы – жыр айтушы, таратушы. Жыршылар домбыраның не қобыздың сүйемелдеуімен мақаммен, әнмен айтады. Сондай-ақ эпикалық шығармаларды да орындайды». Жыршы жыраулармен бірге өмір сүрген және оған дейін де болған. Әдебиет тарихында жыршылар орны ерекше. Себебі, бүкіл жыраулар поэзиясы болсын, эпостық жырлар болсын, халық ауыз әдебиетінің барлық үлгілері осы жыршылар арқылы жеткен. Жыршылар кейде өз жанынан белгілі бір тарихи оқиғаларды дастан етіп  жырлағандықтан  жыраулар деп те аталып жүрген. Қазақ халқы жыршыны әнші, шешен, жырау адамдармен қатар қойып, қадірлеген. Жыршылар өздері жырлайтын шығармаларын, толғауларын белгілі бір аспаппен сүйемелдеп (домбыра, қобыз) кейде әуенге салып жырлаған. Жыршылар тек жырды жеткізуші ғана емес ұлы өнер иелері де болып табылады.

        

 35.Ақан сері – лирик

Ақан сері – шебер лирик ақын. Оның әндерінде сезім дүниесі басым жатады. Ақын өз лирикаларына дәл келетін нәзік бейнелерді таңдай біледі. Ел ұғымындағы әрі көркем, әрі сұлу аяулы нәрселерді талғап ала біліп, соны айшық етеді. Көркем теңеу, метафора тағы басқа да көркемдік, нәзіктікті бейнелейтін сөздер мол болып келеді. Ақанның сұлулықты сүйіп, сөз маржанын тере білген, оқушысының сезімін тербету арқылы ойын қозғауды мақсат еткен ақын – композитор екенін әр бейнесі дәлелденгендей. Ақан әндерінде туған жерге, табиғатқа, сүйікті сәйгүлікке деген сүйіспеншілік, махаббат тақырыптары жан – жақты ашылып, негізгі арқау болған. Ақанда қыз – келіншектер бейнесіне арналған лирикалық әндер тобы біршама баршылық. Бұл әндерге «Ақтоты», «Үш тоты құс», «Балқадиша», «Сырымбет», «Терқатқан» және басқа көптеген туындылары жатады. Бұл аталған әндер өзінің мазмұнына қарай өмірбаяндық сипатта шыққан.    Оның өлеңдерінде араб, парсы сөздері де аз емес. Ол дін мектебінде өте жақсы оқып, өзінің қабілеті, зеректігінің арқасында аз жылда көп нәрсе біліп, мектептен кеткеннен кейін де өз бетімен оқу үйренуден қол үзбеген. Өйткені оның «Тағырипың» атты ұзақ өлеңінде шағатай тілі, осман, түрік тілдерінде шыққан сүйіспеншілік, ғашықтық жырлары: «Жүсіп – Злиха», «Ләйлі – Мәжнүн», «Сейпіл – Мәлік – Жамал», «Фархад – Шырын» тағы басқалары Шығыстың  лиро – эпостарымен жақсы таныстығын және олардан үлгі алып, творчестволық жолмен үйренгендігін аңғартады.

36. Сегіз ғашықтық лирикасы.

Сегіз сері – ол да сері. Басқа серіден айырмашылығы - халық оның өнерін бағалап, Сегіз сері атандырған, Сегіз бірнеше кісі емес, бір кісі, яғни Мұхамедқанафия  Баһрамұлының 8 түрлі өнеріне байланысты халық берген атау «Сегіз қырлы, бір сырлы» дегеннен шыққан. Атасы Қожаберген жырау – Толыбай Сыншыұлы. Сегіз оның есімі емес, есімі Мұхамедқанапия. Сегіз сері өлеңдері негізінен махаббат лирикасына жатады. М:  «Ақбақай»,  «Ақ ерке», «Алқоңыр», «Әйкен – ай», «Боз шұбар»,  «Гауһартас»,  «Ғайни»,  «Жылой», «Еңлік – ай» (Илигай), «Көкем - ай», «Қызға сәлем», « Мақпал», «Назқоңыр» (Ай қабақ), «Сәулем – ай». Тек «Ақбұлақ», «Боз шұбар» өлеңдері - Исатай бастаған шаруалар көтерілісіне және оның жеңілісіне арналған. Тоғыз жасқа толмай жатып Мұхамедқанапия әке-шешесінен айырылады.  Содан ұлы атасы - сол өңірге әйгілі, жан-жақты білімді Шақшақ шешеннің бауырында тәрбиеленеді. Немересінің ертеңгі күніне көп алаңдаған атасы оны сол кезде ел ішіне сіңісті болған өнер атауларының бәріне үйретеді. Сегіздің әкесі Баһрам батырдың арғы атасы Толыбай сыншының атақ даңқы бүкіл қазақ сахарасына кең тараған. Толыбай сыншыдан артқы ұрпағына мұра болып қалған егіншілік, құсбегілік, емшілік, атбегілік, қолөнер мен аңшылықтың өзі де аз өнер емес. Соған қарамастан Баһрамнан бастап бұл әулетке батырлық пен балуандық және ақын- әншілік өнері дарып, тамыр жая бастайды. Сегіз сері - лирик, өлеңдері – көркем, әні әуезді, « Ақбұлақ» пен «Боз шұбардан» басқасы махаббат лирикасына жатады.

37. Абайтану ғылымының қалыптасуы, даму тарихы.

Абайтану  қазақ әдебиеттану ғылымының саласы. Абайтану Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылық өнері, философиясы, қоғамдық, эстететикалық көзқарастары, қазақ поэзиясындағы өлең жүйесін, ақындық тілді дамытудағы үлесі, музыкалық мұрасы жайлы сан-салалы зерттеу еңбектерін қамтиды. Абайдың өмірі мен шығармашылық мұрасын зерттеу шын мәнінде Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы , Міржақып Дулатұлы мақалаларынан басталды деуге болады. АхметHYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D1%85%D0%BC%D0%B5%D1%82_%D0%91%D0%B0%D0%B9%D1%82%D2%B1%D1%80%D1%81%D1%8B%D0%BD%D2%B1%D0%BB%D1%8B" Байтұрсынұлы 1913 ж. «Қазақ» HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B_%D0%B3%D0%B0%D0%B7%D0%B5%D1%82%D1%96"газетінде басылған «Абай — қазақтың бас ақыны» атты мақаласында «Одан асқан бұрыңғы-соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ» — деп Абайды аса жоғары бағалады.

Жарық көруінен бірнеше жыл бұрын құрастырылып, 1909 ж. Санкт-Петербургте басылған Абай өлеңдерінің жинағында ақынның жүз қырықтай өлеңі (аударма өлеңдерін қосып санағанда) мен «HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%95%D1%81%D0%BA%D0%B5%D0%BD%D0%B4%D1%96%D1%80_(%D0%BF%D0%BE%D1%8D%D0%BC%D0%B0)"ЕскендірHYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%95%D1%81%D0%BA%D0%B5%D0%BD%D0%B4%D1%96%D1%80_(%D0%BF%D0%BE%D1%8D%D0%BC%D0%B0)"»«Масғұт» HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9C%D0%B0%D1%81%D2%93%D2%B1%D1%82_(%D0%B4%D0%B0%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD)"поэмалары басылғаны, яғни осы күнгі белгілі поэзиялық шығармаларының көрнектілері түгелге жуық қамтылды. Бұл тұңғыш жинақты дайындаған, бастырып шығарған  Кәкітай ЫсқHYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9A%D3%99%D0%BA%D1%96%D1%82%D0%B0%D0%B9_%D0%AB%D1%81%D2%9B%D0%B0%D2%9B%D2%B1%D0%BB%D1%8B_%D2%9A%D2%B1%D0%BD%D0%B0%D0%BD%D0%B1%D0%B0%D0%B5%D0%B2"ақұлы мен Абайдың баласы Тұрағұл болатын. Ақынның көзі тірісінде 1903 жСанкт-Петербургте Бөкейханов берген мағлұматтар бойынша басылған «Ресей. Біздің Отанымыздың географиялық баяны» атты көптомдық жинақтың 18-кітабында А. Сидельников жазған мақалада: «Абай — қазақ әдебиетіндегі жаңа бағыттың өкілі» деген баға берілгенін көреміз. Абай өлеңдері төңірегінде 20-жылдарда, одан кейінгі кездерде айтыс-тартыс көп болды. Осыған орай Байтұрсыновтың «Қазақтың бас ақыны» атты 1913 ж. жарияланған мақаласындағы Абайға берген бағасы, ұлы ақынның қазақ әдебиеті тарихындағы алатын орнын анықтауы, өнерпаздық өзгешелігін, асқан шеберлігін тануы шынайы ғұлама ғалымға тән айрықша көрегендіктің, білгірліктің, өлең сөздің қадірін терең бағалай алатын ақындық сезімталдықтың, талғампаздықтың үлгісі деуге лайық. Бөкейханов, Байтұрсынов, Дулатовқа ілесе Абай шығармашылығы жайында үлкенді-кішілі мақала жазып, ақын өлеңдерін жұртшылыққа танытуға Н. Рамазанов, Ғ. Сағди, Ы. Мұстамбайұлы және Н. Н. Белослюдов, т.б. ат салысты.

Абай шығармашылығына қайтадан жүйелі, дәйекті түрде дұрыс көзқарастың қалыптаса бастағанын 1933 ж. М. О. Әуезов бастырған жинақтан (мұнда Әуезов жазған ақынның өмірбаяны берілген) және 1934 ж. жарық көрген Ілияс ЖансүгіровАхмет Жұбанов секілді белгілі әдебиет, ғылым қайраткерлерінің мақалаларынан байқауға болады. Әуезов Абайтануды дербес ғылым саласы дәрежесіне көтерді. Ол «Абай HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D0%B1%D0%B0%D0%B9_%D0%B6%D0%BE%D0%BB%D1%8B"жолыHYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D0%B1%D0%B0%D0%B9_%D0%B6%D0%BE%D0%BB%D1%8B"» эпопеясымен ұлы ақын, ағартушының алып тұлғасын дүние жүзі оқырмандарына танымал әдеби бейне қатарына жеткізсе, ғылымда да сондай күрделі еңбек атқарды 

1995 ж. жарық көрген «Абай» HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D0%B1%D0%B0%D0%B9_%D1%8D%D0%BD%D1%86%D0%B8%D0%BA%D0%BB%D0%BE%D0%BF%D0%B5%D0%B4%D0%B8%D1%8F%D1%81%D1%8B"энциклопедиясында ұлы ақынның өмірі мен шығармашылық жолына қатысты қыруар деректер, құнды ой-пікірлер жинақталып, жүйелі түрге түсірілген.. Абай шығармаларын жариялау, зерттеу ісіне шет елдерде айрықша мән берілді. Абайтану тарихы 1889 HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/1889_%D0%B6%D1%8B%D0%BB"жылы басталып, қазақ әдебиетінде 50-жылдары өpic алды. Бұл мөселені тұңғыш рет сөз етіп, өз алдына арнайы түрде зерттеу қажеттілігі ең алдымен Мұхтар Әуезовтің, сонымен бірге Сәбит МұқановҚажым ЖұмалиевЕсмағамбет Самұратұлы HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%95%D1%81%D0%BC%D0%B0%D2%93%D0%B0%D0%BC%D0%B1%D0%B5%D1%82_%D0%A1%D0%B0%D0%BC%D2%B1%D1%80%D0%B0%D1%82%D2%B1%D0%BB%D1%8B_%D0%AB%D1%81%D0%BC%D0%B0%D0%B9%D1%8B%D0%BB%D0%BE%D0%B2"ЫсмайыловМитрофан Семенович СильченкоӘбіш Мұсылманқұлұлы HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D3%98%D0%B1%D1%96%D1%88_%D0%9C%D2%B1%D1%81%D1%8B%D0%BB%D0%BC%D0%B0%D0%BD%D2%9B%D2%B1%D0%BB%D2%B1%D0%BB%D1%8B_%D0%96%D0%B8%D1%80%D0%B5%D0%BD%D1%88%D0%B8%D0%BD"Жиреншин еңбектерінде көрініс тапты.

Қазақ әдебиетінің аса қуатты арнасына айналған абайтанудың ғылыми тұрғыдан зерттелу кезеңін үш салаға бөле қараудың қажеттілігі туды.
-
Бірінші кезеңі, яғни абайтанудың алғашқы дәуірі ресми түрде баспасөз бетінде 1889 жылдан басталып 1934 жылмен аяқталады.
-
Екінші кезең 1934 жыл мен 1961 жыл аралығындағы абайтанудың Мұқтар Әуезов бастаған соңы танымдарының заманымен аяқталады.
- Ү
шінші кезең 1961 жылдан кейінгі Абай мұрасын тереңдей танып зерттеу дәуірімен жалғасады.

38.Ақылбай Абайұлының шығармашылығы.

Ақылбай — Абайдың өзінің баласы. Абайдың алғашқы әйелі —Ділдәдан, әкесінің он алты жасында туған. Үлкен әкесі — Құнанбайдың кенже баласы атанып, оның төртінші әйелі, еңсоңғы тоқалы — Нұрғанымның қолында өседі. Осындай тәрбиелік жағдайының есебінен Ақылбай Абайға көбінше іні есебінде қарап өскен. Ақылбайдың жазып шығарған үш поэмасы болған. Алғашқысы — "Жаррах" деген поэма, бұның тақырыбын шығыс әңгімесі — "Жеті үй" дейтін ұзақ ертегіден алған. Екінші поэмасы — "Дағыстан". Үшіншісі — Африкадағы зұлыстар тірлігінен алынған үлкен поэма "Зұлыс" еді. Бірақ"Жаррах" поэмасы мүлде жоғалып кеткен. "Зұлыстың" бас жағы ғана сақталып қалып, барлық поэма және де жалғыз сақталған қолжазба өртенумен жоғалып кетті. Біздің қолымызда енді қалған Ақылбайдың жалғыз поэмасы — белгілі "Дағыстан. Бұл поэма Кавказдағы Дағыстанда болған бір тартыс әрекеттерді баян етеді. «Қисса Жүсіп» (Дағыстан) - Кавказ тауын мекендейтін елдердің бірі - дағыстандардың өткен өмірлерінен алынған, шын мәнінде романтикалық поэма. Негізгі идеясы - үстемдік етуші тап өкілдерінің нашарларға еткен зорлық-зомбылықтарын әшкерелеу.  Оларға халық атынан қарғыс, лағынет айту.Поэманың бас қаһарманы кәрі Жүсіп әрі бай, әрі өркөкірек, бетіне ешкімді қаратпайтын нағыз жуан жұдырық феодал, мейлінше мейірімсіз, қатыгез адам бейнесінде суреттеледі. Жүсіп поэмада әр қырынан алынып көрсетіледі. Бірақ сол қырларының бәрі де оның тек жагымсыз жағын сипаттайды. Оқиғаның байланысы - Жүсіп пен Ибраһим атты мерген жігіттің кездесуі, оның атқыштық туралы айтқан бір ауыз сөзін Жүсіптің кек сақтауы десек, сол бірінші рет оқырмандарын бас қаһарманымен таныстырғанда-ақ ақын Жүсіп мінезінің бір қырын мегзейді. Жүсіп - қаталдығының үстіне пасық. Сөз жүзінде өзін-өзі ермін, ірімін десе де, іс жүзінде қорқақ, жауын жар астынан ататын зұлымдық иесі екендігін аңғартады. Поэманың романтикалық ерекшеліктерінің бір тамыры осы махаббат мәселесін суреттеумен байланысты. Бас қаһарманы Зәһира, оның сүйген жігіті Жәбірәһил екеуі де романтикалық образдар. Ең алдымен Зәһираны алсақ, сыртқы сұлулығы қандай әдемі болса, оның жаны да сондай сұлу. Поэмада әрі ұнамды, әрі романтикалық мінездерді басына жинастырған қаһарманның бірі - Жәбірәһил. Жәбірәһил Зәһираны бар тұрғысымен беріле сүйеді. Ол онсыз өмір сүру мүмкін деп ойламайды. Ол үшін жауға барып, бірнеше рет ерліктер де жасайды. Поэма композиция-құрылысы жағынан да айрықша көңіл аударарлық қызықты, шебер және соны. Оқырмандарға тартымды болу үшін поэма оқиғасы жұмбақ көріністен басталады, поэма қысқа-қысқа бес бөлімнен құралған. Біріншісі - экспозиция. Оқиғаның қай ел, қай жерде болғандығын баяндау. Екіншісі - жұмбақ көрініс: қайғылы кәрі Жүсіп, не себептен екені белгісіз, ауырып жатқан жалғыз қызымен тіл қатысуға зар. Неге олай, ол - белгісіз. Осы эпизодтан кейін, жалғыз қызының өлетіндігіне көзі жетіп, жанары жасқа толған, Әлі кемпірді бақытсыздыққа ұшыратып, қарғысқа кездескен шалды көреміз. Неге олай? Оған жауап жоқ. Тек ұшығы көрсетілген, өткен бір тарихты мегзеу ғана бар. Бұл поэманың шешуі де. Басқа елдер әдебиетінде шығарманың композициясын осылай жұмбақ көріністен бастау болса да, біздің қазақ поэмаларында «Қисса Жүсіпке» дейін жоқ болатын. Сондықтан ол жаңалық Ақылбай қаламынан туды.

Ақылбайдың үшінші поэмасы — "Зұлыс" еді.Ол поэма түгел сақталмай, жоғалып кетті дедік. Бірақ алғашқы кіріспе бөлімі Ақылбайдыңталантына сай көркемдіктерді танытып, біраз адамдардың жадында сақталып қалған екен.Солардың ауызша айтуынан жаңағы кіріспе бөлімі 1921-1922 жылдарда қайтадан хатқатүсіріліп, 1924 жылы "Сана" журналының екінші санында жарияланды. Жоғалып кеткенпоэманың ол жарияланғаны тек кіріспе жағы болған соң, бар поэманың тым құрысасюжеті де білінбей, мәлімсіз кетіп барады. Мен поэманы түгел оқымасам да, жас шәкіртшағымда "Зұлыстың" әңгімесін естіген едім. Ақылбай шығармасына арналған осы жолғыалғашқы бір еңбекте сол "Зұлыстың" оқиғасын қысқаша айтып өтуім қажет деп білемін."Зұлыс" әңгімесі Генри дейтін адамның әңгімесінен басталады. Ол өзінің жалғыз інісіменөкпелескен де, сол өкпе арқылы інісінен айрылған адам. Еміс хабар бойынша, інісіЗұлыстарға өтіп кетіпті деген сыбыс есітіпті. Енді сол інісін іздеп табу үшін Зұлыс тауынасып, ақжұрттың адамдары бұрын бармаған зәңгілердің арасына сапар шекпекші   

Қасына жолдас етіп, Зұлыс тауында мергендікпен өмір кешкен Гвартерман дейтін атақтыаңшыны жалдап алады. Гут деген бір жолдасы тағы болады. Бұлар жүргелі тұрғанда,"Зұлыс еліне мен де барушы ем", — деп, бір жас зәңгі, батыр денелі Омпапа деген жігіткеледі. Ол жігіт бұрын бала күнінде зәңгілерден зорлықпен ақ жұрттың адамдары кепілгеалып кеткен жан болады. Қазір ақжұрт ішінде өсіп, ержетіп болған соң, өзінің елі-жұртын,атамекенін таппақшы.Үшеуі жолдас боп жүруге беттеген соң, қастарына таулық қыстақтан бір пысық, өжетбаланы ертіп алады. Бірақ жолшыбай төртеуі пілдердің ойнағына кездеседі. Бір үлкенпілмен төртеуі амалсыз алысады. Сонда жаңағы бала қатты ерлік көрсетіп жүріп, пілдіңтұмсығына ілініп қалады да, қаза табады.Қалған үшеуі қалың бейнетпен ұзақжол кешіп, Зұлыстың адам баласы баспаған, қарлыбиік асқарынан асады. Зұлыстың сол қарлы, мәңгілі бір асқарын Ақылбай былайсипаттайды:...Зор Зұлыс, зодыр Зұлыс түсі суық,Басына жан бармаған оның жуық.Күн ашықта көрінер жалтыр тасы,Ақ боран көкала бас басын жуып...Осындай ерекше көркем күшті сурет береді.Ақыры, бірталай мезгіл өткен соң, жолаушылар Зұлыстың жабайы еліне жетеді. Ол елдәрімен атылатын мылтық дегенді көрмеген болады. Бірақ ақжұрттың адамдарын жаткөріп, жаулық ойлайды. Бұларды өлтірмек ниетке де бекінеді. Сонда Гут "мен қарғаймын,қарғағаным өледі", — дейді. Бір топ зәңгінің біреуін атып өлтіреді. Өздерін жер адамыемес, айдан түскен етіп танытады. Зәңгілер бұлардың сиқыр күші бар деп сескенебастайды. Бірақ зәңгінің әміршісі жауыз Твала әкім екен. Ол — халқын қан қақсатып,қысып тұрған адам. Омпапа біртіндеп сөйлесіп, өз халқының кейбір адамдарымен ұғысабастайды.Бұның өзін білетін қарттар табылады. Анығында, Омпапа осы зұлыстың бұрынғы жақсыәкімінің баласы екен. Қазіргі әкім Твала сол Омпапаның әкесін өлтіріп, орнын тартыпалған, тұқымын құртып жіберген дұспаны екен.Осы Тваланың ақылшысы, аяр кемпір Гаула деген бар. Жолаушылардың сырын, жайынТвала мен Гаула естігенде, бұларға қарсы қатты жауығады. Бар зәңгілерді жиып алып,солардың көзінше Генрилерді сынамақ, әшкерелемек болады. Мезгіл кеш. Қалың елжолаушыларды қоршап тұрғанда, зәңгінің әкімі "әулиелікті көрсетіндер" деп, бұларғашарт қояды. Сонда Гут "әулиелігім сол, қазір аспандағы айды ұрлаймын", — дейді.Календарь бойынша, сол кеш айдың тұтылатын кезі екен. Гуттің айтқанындай, біразда айтұтылып, барлық зәңгі сәжде ғып, мыналарға табына бастайды. Бірақ Гаула кемпіржұртты қайта толқытады. "Ай тұтылу әр кезде болатын. Ол адам ұрлайтын зат емес", —деп, бұларға қайта сын қояды. Әкімі менен Гаула: "Шын қасиеттерің болса, анау тұрғанөгізді қарғап өлтір", — деп, бір үлкен өгізді нұсқайды.Гут өгізді атып өлтіреді. Осыдан кейін зәңгілердің көпшілігі бұларға мүлде табынады.Омпапа сол халмен пайдаланып, жауыз әкімді өлтіреді де, өзінің кім екенін жариялайды.Сөйтіп, Омпапа әкім болады.

39. Ыбырай өлеңдері. 

Ыбырай – көрнекті ақын, талантты жазушы. Оның қаламынан бойындағы тамаша талабын танытқандай маңызы зор көркем шығармалар туды. Ол өзінің бар күш-қуатын халықты ағарту, жастарды тәрбиелеу қызметіне жұмсады. Ыбырайдың жазушылық қызметінің түпкі қазығы да сол оқу-өнер, білім мәселесімен сабақтас. Оның ақындық шабытына дем беріп, жазушылық қиялына қанат бітіретін зор нысанасы-қараңғы қазақ халқының көзін ашу, көңілін ояту, оны озық мәдениетті елдердің қатарына қосу.
Ұлы педагог-ақын өзінің өлеңдері арқылы оқудың, өнер-білімнің маңызын түсіндіріп, надандыққа қарсы шықты. Ол қазақ балаларын білімге баулып, олардан болашақтың иелерін даярлауды бірінші мақсатым деп санады. Өнер-білім – бәрі де, Оқуменен табылған...
Кел, балалар, оқылық!-деп жар салды. Ыбырай өлеңдері тек оқу, өнер, білім тақырыбы шеңберінде қалып қоймайды. Оның көп өлеңдері әлеуметтік, гуманистік идеяны нақтылы мәселелер төңірегінде көтеріп, өз кезінің шындығын аша түседі. Ақынның “Араз бол кедей болсаң ұрлықпенен” деген өлеңінің мәні де терең. “Әй, достарым!” деген өлеңінде “Қолыңнан келсе қыл қайыр!” деп, қайырымды , кең пейіл, адал азамат болуға шақырады.Ыбырай – жаңашыл жазушы. Ол - ең алдымен қазақ әдебиетіне жаңа идея мен тың тақырыптар әкелуімен жаңашыл. Қазақ ақындарынан оқу, тәлім-тәрбие, мәдениет мәселелерін Ыбырайдай арнайы жыр еткен ешкім болған жоқ-ты. Өнер, еңбек, кәсіп, адалдық, адамгершілік идея, отырықшылыққа байланысты тұрмыс жаңалықтары кең көтеріліп, европалық мәдениет үлгісі уағыздалды. Ыбырайдың табиғат туралы өлеңдері осындай, бастан-аяқ адам тіршілігіне байланысты. Ақынның бұл өлеңдері реалистік суреттерімен ерекшеленетін, әдебиетімізге қосылған зор үлес. Ақынның өлеңдерінің көпшілігі – тәлім–тәрбие мақсатын көздеген, дидактика сарыны басым шығармалар. Сондықтан олардың көпшілігіне публицистика стилі тән деуге болады. Ыбырай өлеңдерінің тілі қарапайым, жатық та тартымды, мақал-мәтелдерге де толы. Ақын айтайын деген ойын оқушысының көңіліне құйып, қолыңа нық ұстатқандай әсер қалдырады. Ыбырай Алтынсарин - нағыз халықшыл жазушы, ағартушы, ақын, өмір шындығын озық идея тұрғысынан таныта білген кемеңгер суреткер, аса қажырлы қоғам қайраткері, заманының ең маңызды мәселесін көтеріп, жыр төккен азамат ақын, жаңашыл жазушы, сол жаңаның тынымсыз жаршысы. Өз бойындағы қуатын халық мақсаты үшін аямай жұмсаған адал жанды азамат. Халық ағарту жұмысы саласындағы идеясын іске асыру үшін Ыбырай Алтынсарин өзіне тосқауыл келтірген діншіл фанатиктермен аяусыз , күрес жүргізуіне тура кепді. «Надан жатқан , бірақ әлі азғындық жолға түспеген , пайдалы нәрсенің бәріне жаны құмар халқымызға шамасы келгенше қызмет ету біздің әрқайсымыздың да борышымыз» деп, көзі ашық еп азаматтарына үндеу сапды.
Халықты және олардың жас өрендерін оқуға , өнер- білімге шақыруда Ыбырайдың ұран салып, ту етіп көтергені, әрқашан жаңарып , оқыған сайын сүйсіндіріп отыратын , ескірмейтін еңбегі « Кел балалар оқылық» , « өнер білім бар жұрттар» , « Әй достарым», « Әй жігіттер» деген өлеңдері. 
 Бала
 тәрбиелеуде Ыбырай Алтынсарин ананың роліне ерекше маңыз беріп , оның аналық махаббатын , бала өсірудегі үздік қызметін тамаша суреттеген . Ыбырайдың «өнер-білім бар жұрттар» деген өлеңінде өнер-білімді қайдан үйренудің , кімнен үйренудің керек екендігі айтылды, сөйтіп нешеу өмірден құтылудың холы көрсетілді. Ыбырайдың «кел балалар оқылық» , деген өлеңі жас өспірімдерді оқуға үгіттеген жолында ұран болып қалды. Ыбырай шығармалары қазақ даласына жаыа ұғым, жаыа түсінік, жаңа сарын туғызды, ел еңсесін көтеріп , ойына қозғау салды

40. Әсеттің айтыстары. Әсет Найманбайұлы 1867 жылы қазіргі Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, "Қызыл-арай" ауылында туған. Ол қазақтың суырыпсалма ақыны, әнші-композиторы. Ол 7-8 жасқа келгенде медресе имамы Зейнолладан бастауыш білім алады. Мұнда араб HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D1%80%D0%B0%D0%B1_%D1%82%D1%96%D0%BB%D1%96"тілі мен шығыс поэзиясын меңгеруге ден қояды. 14-15 жасында сазгер әрі әнші ретінде өз шығармашылық жолын бастайды. Әсеттің әке-шешешесі кедей, шаруа адамдар болған. Кейін ер жетіп, есейіп, айтысқа түскен кезінде де кейбір ақындар оның кедейлігін бетіне басады. Алайда нағыз байлық өнер мен білімде деп түсінген Әсет ешкімге қара сөзден дес бермеген. Әсет ескіше оқыған, көзі ашық адам болған. Оның дүниетанымы, ой тереңдігі әсіресе айтыс жанрында кеңірек танылды.

Мысалы, әйгілі ақын-қыз Ырысжанмен айтысқанда Әсет он сегізде ғана екен, соған қарамастан қыздың айтқан небір қиын жұмбақтарын қиналмай, қолма-қол шешіп береді. Бұдан ақынның білімді, зерделі екендігі айқын аңғарылады. Сөйтіп, Әсет пен Ырысжанның айтысы–көркемдігі, сөз қолдану шеберлігі жөнінен Біржан мен Сара айтысынан кейінгі озық туынды болып табылады.

Әсет – негізінен айтыс ақыны. Ол Ырысжаннан басқа Әріп, Бақтыбай, Кәрібай, Қали, Сәмет ақындарымен және Мәлике қызбен айтысқан. Әсеттің "Салиха-Сәмен", "Ағаш ат", "Перизат", "Үш жетім қыз", "Нұрғыман-Нағым", "Мәлік-Дарай", "Жұмсап", "Кешубай" атты қисса дастандары бар. Ол А.С.Пушкинның "Евгений Онегин" романын аударып (еркін аударған) оны өзі қисса етіп жырлаған. Әсет мұраларының ішінде халыққа кеңірек тарағаны оның әндері. Ол Біржан сал, Ақан HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D2%9B%D0%B0%D0%BD_%D1%81%D0%B5%D1%80%D1%96"серіден дәуірлеген Арқа әнінің дәстүрін жалғастырып, дамыта түсті. Жас кезіндегі әндерінде ("Кіші Ардақ", "Үлкен Ардақ", "Қаракөз", "Мақпал") психологиялық тереңдікпен адамның жан дүниесін қозғайтын нәзік лирикалы Ақан әндерінің әсері байқалады. Бұл оның қалыптасу, өзіне тән тармақтарының музыкалық-синтаксистік ерекшеліктері Әсет әндеріне де тән. "Інжу-Маржан" әні (кейде "Әсеттің әні" деп те аталады) өз стилін айқындай түскен туынды. Сондай-ақ "Ырғақты", "Аққарагер", "Қаракөз", "Майда қоңыр", "Жалған-ай", "Сырмақ үйкер" т.б әндерінің авторы. Әсет өз шығармаларында өмірге деген құштарлығын, туған елі мен жеріне деген айнымас махаббатын жырлады. Ақын өлеңдері мен әндеріне көшпелі тұрмыс пен қазақ жұртының тарихы және этнографиясының қайталанбас бояулары тән. Әсеттің ақындық қуатында ойдың образдылығы, шұрайлы теңеулер, жарқын шендестірулер айқын танылады.

Әсет 1923 жылы Құлжа қаласында қайтыс болды.

Әсет Найманбайұлының шығармаларының тұңғыш жинағы 1968 жылы Б.Адамбаевтың құрастыруымен басылды. Бұл жинаққа ақынның 34 өлеңі (әнін қоса), 4 айтыс-қағысы, 4 дастан-қиссасы жарияланса, 1988 жылы Нұржекеевтің құрастырған «Әсет» атты жинағына 29 ән мәтіні, 71 өлеңі, 10 айтыс-қағысы, 8 қисса-дастаны енгізілген.

Әсеттің алғашқы ақындық қаламындағы айтатын, жазатын өлеңдерінің тақырыбы көбінесе жастық, махаббат туралы және суырып салма айтыс өлеңдер болды.

53.Ескендір поэмасына шығыс әдебиетінің әсері.

 Абай ең алдымен оқырманынан  Ескендірді біле ме екен деп сұрап алып, оның жайын өзі баяндауға кіріседі. Абай тарихи шындыққа сай Ескендірдің Филипп патшаның перзенті екенін, оның Македонияны мекен еткенін, қызғаншақ адам болғанын жазады.       Шығыс ақындарының ішінде Ескендір тақырыбына алғаш жазған ақын –Фердоуси. Ол «Шаһнаме» еңбегінде Ескендірдің бейнесін сомдауға бір тарау арнаған. А.Македонский жайлы парсы тілінде шығарма жазған ақындарының бірі – Амир Хосроу поэмасы «Ескендірдің айнасы» деп аталады. Әбдіррахман Жәмидің «Һафт ауранг» деген жеті шығармадан тұратын мәснауилерінің соңғысы «Ескендірдің даналық кітабы» деп аталады.  Абай поэмасында Ескендір жайлы тарихи мәліметтер келтіген.  Фердоусиде Ескендір Файлақус дүние салғаннан соң таққа отырады. Амир Хосроуда  Ескендір де Файлақустың дәм-тұзы таусылып, дүние салған соң әкесінің орнын басады. Әбдіррахман Жәмидің  шығармасында Ескендір халықтың алдына шығып елге қорған болатын басшы сайлау қажеттілігі туындағанын мәлімдейді. Ескендір тақырыбына қалам тербеткен Шығыс ақындарының шығармаларымен салыстырар болсақ, Абайдың осы поэмасынан Ескендірдің шынайы болмысы көрініс бергенін байқаймыз. Ол нағыз өмірдегідей даңққұмар, қатігез, ынсапсыз жан ретінде суреттелген. Александр енді шетсіз-шексіз әлемнің билеушісі болуды армандайды.  Фердоусидің «Шаһнамесіндегі» Ескендір бірден ақылды билеуші бейнесінде көрініс бермейді. Ол қалыптасу, өсу, жетілу кезеңдерінен өтеді. Низамидің шығармасындағы Ескендір бейнесі Абайдың Ескендіріне мүлдем қарама-қарсы. Ол таққа отырып, басына тәжін киген соң әкесінен көрген жақсы үрдісті әрі қарай жалғастырып, әділдікпен, көрегенділікпен елді басқарады. Жер-жаһанды қол астына қарату жолында шыдамдылық – қаһарман бойынан табылуға тиіс ең басты қасиет.       Амир Хосроу Ескендірі салтанат құрған кезеңде әлемде «қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын заман» орнайды.       Жәмидің Ескендірі де Абайдың Ескендіріне мүлдем қарама-қарсы бейнеде көрінеді. Ол да – алдыңғы Шығыс ақындарының шығармаларындағыдай жағымды кейіпкер. Халықтың қалаулысы, елдің таңдаулысы. Жүрген жеріне жақсылық пен  шапағат сыйлайтын мейірімді жан. Абай жоғарыда аты аталған ақындардың шығармаларымен қатар тарихи шындықпен таныс болғаны шәксіз. Ақын таланты әбден толысып, ақындық кемелділікке жеткен шағында фольклор мұраларында кең тараған аңыз-әпсаналармен қатар тарихи шындық деректерді негіз етіп, өзінің ақындық ой-көрігінен өткізіп, Ескендірдің еш боямасыз, өзіндік шынайы бет-әлпетін жасады. Абай жырлаған Ескендір – тарихи тұлға. Ол – бос әсірелей жырлаудан ада, тарихи шындық шеңбері аясында сомдалған бірегей бейне.  Абайдың «Ескендір» поэмасы біршама тарихи, әдеби деректер негізінде жазылған, бірақ тектес шығармалардың ешқайсысына ұқсамайтын, олардың барлығынан өзгеше, дара туынды.   

54.Әбубәкір толғауындағы қазақ тағдырының жырлануы.

Әбубәкір Шоқанұлы өзі туралы:  Біз Кіші жүз ішінде,  Кердері деген халықпыз. Су ішінде балықпыз. Аңдушы дұшпан көп болып,  Оралдан келіп қалыппыз, – дейді.  Әбубәкір Кердері –әдеби де, діни де сауаты мол ақын. Ел арасында бала оқыта жүріп ол замана ағымы, діни тәрбие, өнер-білім, қазақтың өткендегі және қазіргі хал-ахуалы жайында өлең-жырлар, толғаулар жазады. Кердері Әбібәкір Боранқұлұлы «Заманның опасыз халіне Әубәкір молданың айтқан өлеңі» атты жырында: Артылған заман болды аттан есек,

Залымның ғибадаты ұрлық-өсек, Қор болды бұл заманда алты нәрсе , - дейді. Ол алты нәрсесі: билік, сопы жолы, шекер мен шай, кебіс-мәсі, сұлтан-төре, ақыл. Ақын бұлардың бәрін деталь арқылы беріп отыр. Мәселен, оның айтайын деп отырған қор болған нәрсесі мәсі емес, яғни тек молда мен қарттар киетін мәсінің сол заманда қадірі кетіп, тіпті ұрыларға дейін киюі заманның азғаны деп түсіндіреді. Ақын өзінің өлең-жырларында бір жағынан халықты оқу, білімге шақырса, екінші жағынан қазаққа шарапаты тиіп, мектеп ашып, жастарды оқуға тарта бастаған сол тұстағы билікті де мадақтайды. Өнер-ғылымды, отарба сынды машиналардың шығуын мақұлдай отырып та ол өткенді аңсаудан арыла алмайды.  Әбубәкірді өлеңмен сапарнама жазған («Орскіге келген сапар») алғашқы қазақ ақыны деуге болады. Шежірені өлеңмен жазу қазақта ежелден бар дәстүр. Әбубәкір де сол дәстүрден айнымай, Қазақ шежіресін өлеңмен өзінше түзген. Оның көпті көрген көкірегі даңғыл қариялардан жазып алған тарихтан сыр шертетін асыл қазыналары да аз емес.

55.Абайдың ақын шәкірттері. Мағауия Абайұлының поэмалары

Мұхтар Әуезов «Абай шәкірттері туралы» атты мақаласында: «Абайдың өзі тірісінде, оның айналасына жинаған талапкер, өнерлі жастардың саны көп болған. Бұлардың ішінде әншілер, композиторлар, халық фольклорын жинаушылар, әнші ақындар емес, орыс мәдениетін білуге талпынған жай көзі ашық жастар аз емес еді. Бұлар әр буыннан шыққан болатын. Іштерінде жас шағынан Абайға тетелес: Көкбай, Мұқа сияқтылардан бастап, Абайдың балалары: Ақылбай, Мағауия және інісі Кәкітай сияқты көп адамдар болды. Өзге ақындар «шәкірт» деп аталған соң, Абай әрине олардың басшысы – ұстаз ақын болмаққа керек. Абайдың ақын-шәкірттері тақырыбын 1940 жылдардан бастап зерттеп, ұлы ақынның 150 жылдық мерейтойы қарсаңында «Абайдың ақын шәкірттері» деп аталатын 4 кітаптан тұратын зерттеу еңбегін жазды. Мағауия Абайұлы - ұлы ақынның Ділдәдан туған кенже баласы. Жасында молдадан оқытқаннан кейін, ол екі-үш жыл оқығаннан кейін науқасқа шалдығып, оқи алмай ауылға қайтады. Әкесінің ақындық қасиетін қадірлеп, өзі де ақындыққа беріледі. Мағауия әдебиет тарихында абайлық дәстүрді бойына мол сіңірген ақын болып қалыптасты, нәзік лирикалық өлеңдер шығару, сюжетті поэмалар жазуды әкесі Абай ақынның өнегесінен алды. Абайдың ақылының арқасында бірнеше поэма жазады. Ол жазғандары: «Еңлік-Кебек», «Абылай» және «Медғат-Қасым». Абай берген бағыт бойынша ізденген шәкірт ақын Мағауия осы шығармасында Абайдың өзі жазбаған анық сюжетті поэманы туғызады. Ақылбай мен екеуі де романтикалық поэманың стилін қазақ әдебиетіне әкеліп кіргізгенде, анық соны, жаңа, жақсы ағым қосты деу керек. «Медғат-Қасым» - Мағауияның ең соңғы поэмасы. «Еңлік-Кебек» - Мағауияның алғашқы жазған шығармасы. Поэманың осы соңғы жолдары да надан заманның, қараңғы ортаның қатал мінездеріне қарсы айтылған ашулы өкім есепті болады. Осылайша образдарды бейнелеуде, өткеннің қараңғылығын сынап көрсетуде, адамгершілік талабын ең үлкен мақсат, арман етіп биік сапада танытуда Мағауияның бұл поэмасы да өз уақытындағы бағалы еңбек болатын.

56. Біржан мен Сара айтысы.

Біржан — бүрынғы-соңғы қазақтың сал сері ақындарының ағасы, үстазы, жанашыр өнерпазы. "Біржан мен Сара” айтысы — өзінің қүрылысы жағынан болсын, көркемдігі жағынан болсын қазақтың ақындар айтысының ішіндегі үздігі.  Біржан да, Сара да — көпке мәлім, тарихта белгілі адамдар. Халык Біржанның әнін катты сүйіп, өнерпаз жас акындар мен өншілер оны өннің пірі түтып, үстаз деп таниды. Сара Тастанбеккызы әкесі ерте қайтыс болып, жастайынан жокпіылык таукыметін тартады. Сара жастайынан сауыкшыл, домбырашы, күйші, әнші, ақындар кауымы ортасында өседі. "Біржан мен Сара” айтысыныц негізгі өзегі.  Әрі сүлу, өрі өнерпаз Сара да өзінің сүйгеніне бара алмай, малға сатылып, еріксіз кете барады. Қалың мал — казак өйелдерін шырмаған ескіліктің мыкты торы, айтыста сол кырсьщты ескі әдет-ғұрыпка, салт-санаға наразылык білдіріледі. Сара ақыл-парасаты, акындық-әншілігі жағынан Біржанмен иыктас, пара-пар, тең, оның "өнерге екі жағы бөрі бірдей”, Біржаннан кем түспейді. Сол өнерімен тең түскен Сараны Біржан баска жерден сүріндіреді. Есімбек, Түрысбек сиякты ел билеушілері оны жаны да, тәні де кемтар Жиенқүлға атастырып койған. Біржан оның сағы сынар жерінен жазбайды. Сара Біржанға сөзін  кадап өнер таластырса да, Жиенкүлға келгенде мүдіре береді. Акыры, Сара акындар айтысының дағдылы дөстүрі бойынша, топ алдында жеңілгенін мойындап, оның себебін айтып, өз басының мүңын, ішкі күйінішін жыр етеді. Сара бүл жерде тек өз басының мүңды халін ғана емес, казак қыздарының мүң-шерін де білдірген. Айтыста Біржан халкымыздың үлы акыны Абайды окшау алып, дара, дана түлға етіп бейнелейді. Екі акын да ә дегеннен-ак бір-біріне жүйріктік, ірілік таныта бастайды. Сара Біржанның өнерін салған жерден-ақ байкаса, Біржан да өнерлі қыздың аяк алысын бірден таниды. Сөзден үтылмасына көзі жетіп, Сараның өнеріне таңдана, тамсана карайды, өділ бағалайды.  Сараның басына төнген караңғылыкка, есекке қосақтаулы тағдырына Біржан катты толғанып, налиды. Сара да Біржанды жасы үлкен аға деп кадірлейді, өнерін, ақындық-өншілігін, адамгер-шілігін жоғары бағалайды. Сара Біржанды Орта жүздің өнер тарланы деп таниды. Улы сарказммен айтып, Жиенкүлды өлтіре сынайды. Сол аркылы өз басын малға сатып, сүймеген адамына бергелі отырған айналасына да наразылығын білдіреді. Сөйтіп, "Біржан мен Сара” айтысының негізгі түйіні — әйелдің бас бостандығы. Өткен ғасырда екі саңлактың үн қосып, әйелдің бас бостандығын жырға аркау етуі, ескі феодалдық салтка қарсы шығуы өз дөуірі үшін прогресшіл идея еді.

 

65. Абай қарасөздеріндегі адамгершілік, мінез-құлық мәселесі. 

 Абай бар асыл ойын замана жастарына, келер ұрпаққа арнады. Оның шығармашылық қызметінің негізгі мұраты - адам тәрбиесі. Ұстаз сөзінің биік мағынасы Абайдай ағартушыға өте орынды айтылған. Абай халықтың үлкені мен кішісіне, ұлы мен қызына, әкесі мен баласына өмірлік қажет еңбек пен адамгершілік, өнер мен білім, өнеге мен тәлім, достық-жолдастық, парыз бен қарыз сияқты қасиеттердің асыл үлгілерін жырымен де, ғақлияларымен де жеткізе білді. Ойшыл ақынның ағартушылық түрғыдағы педагогикалық тұжырымдары негізінен жастарды халқына адал қызмет ететін нағыз азамат - «Толық адам» етіп тәрбиелеу мақсатынан туындаған. «Адамның білімі, өнері - адамшылықтың таразысы» деп санаған Абай білімді барлық атақ, құрмет пен бедел, байлықтан жоғары қояды. Ақын адамның ең қымбат кезі - жастық шақты оқуға, ғылымға жұмсауды еске салады. Ойын-сауықты кейін қоя тұрып, алдымен ғылым жолында еңбек ет, ізден, білімдіден үйрен, үлгі ал, солардай болуға тырыс дей келе: «Дүние де өзі, малда өзі, Ғылымға көңіл бөлсеңіз...», - деген тұжырым ұсынады. Жастарды адамгершілік рухында тәрбиелеп, оларға ғылым мен білімге бастар жолды көрсете отырып, ақын бұл мәселелердің шешімі еңбекте деп білді. Жастарға жеке басыңның қамын күйттеп кетпей, халқыңның жарқын болашағы үшін еңбек ет: «Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың; адамшылықтың қарызы үшін еңбек қылсаң, Алланың сүйген құлының бірі боласың», - деген өсиет қалдырды. Абай қалың бұқараны адал еңбекке үндеді, қулық-сұмдықпен, алдау-арбаумен, ұрлық-зорлықпен, еңбексіз тапқан мал мен мүліктің: «Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас, Қардың суы сықылды тез суалар...»- деп, ондай арзан дүниенің жұғымсыз екенін ұқтырды.

66. Ыбырайдың «Қазақ хрестоматиясы» еңбегінің маңызы мен мәні.

Ыбырай 1879 жазылған “Қазақ Хрестоматиясы” оқулығын жазды. Оқулықтың құрылымдық мазмұны оның өз шығармаларынан, қазақ халқының ауыз әдебиетінің үлгілі шығармалары мен әлемдік әдебиеттің ең таңдаулы үлгілерінен тұрды. Ы.Алтынсарин өзінің “Қазақ хрестоматиясы” арқылы қазақ халқының арасына алдыңғы қатарлы орыс жазушыларының, ағартушыларының және педагогтардың озық шығармалары мен идеяларының кеңінен таралуына негіз қалады, Қазақстанға орыс мәденетінің таралуына баға жетпес үлес қосты. Ол К.Д.Ушинскийдің “Балалар әлемі”, Л.Н.Толстойдың “Әліппе және оқу кітабын”, Б.Ф. Бунаковтың “Әліппе мен оқу құралын”, Тихомировтың “Грамматиканың элементарлық курсын” оқу құралы ретінде ұсына отырып, кейін солардың үлгісімен өзі де “Қазақ хрестоматиясы”, “Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы“ атты екі оқу құралын бастырып шығарды. Хрестоматияға Ыбырай Алтынсарин біріншіден, қазақ халқының батырлары, шешен-билерін, ертегілерді, аңыз-әңгімелерді енгізсе, екінші бөлімінде, дидактикалық әңгімелерді, үшіншіден, орыс, батыс классиктерінің тәлімдік-тәрбиелік мәні бар әңгімелерін енгізді. Ол өзінің хрестоматияға енгізген әдеби шығармаларының бәрін негізгі педагогтық ісімен тығыз байланыстыра білді. Ол хрестоматияға енгізген шығармаларды іріктеуде, біріншіден, әр халықтың тұрмыс-тіршілігі мен салт-дәстүрлерінен хабардар ету көзделсе, екіншіден, оқушыларды адалдыққа, қайырымдылыққа, еңбекке, тапқырлыққа, ұқыптылыққа, адамгершілік қаситеттерді бойына сіңіру көзделеді. Үшіншіден, бастауыш сынып оқушыларының оқып үйренуіне жеңіл, жатық әңгімелерді беруге тырысты.        Ы. Алтынсариннің хрестоматиясының бірінші бөлігін жазған кездегі өріс алған әдеби творчествосы өзі болжағаннан асып түсті.

67. Сараның лирикалық өлеңдері

Өзінің қысқа ғұмырында тауқыметтің талайын көріп, әлеуметтік теңсіздіктің тәлкегіне ұшыраған Сараның шығармашылық жолы тым ауыр да күрделі жол. Сара Тастанбекқызының Біржан салмен айтысы ғасырдан ғасырға үзілмей жалғасып келе жатқан қазақтың айтыс өнерінің шоқтығы биік, көркем үлгісі болып саналады. Ақынның бұл айтыстан басқа «Жүрек», «Ашындым», «Арсалаң аға алдында», «Жүрек сыры», « Жайлауда», « Әбіштің аруағына», « Хош бол, елім» секілді көптеген өлеңдері мен «Тұзақ» атты дастаны бар. Оның жастайынан ақындық жолды ұстағанына «Он үште домбыра алып сөз сөйлеп ем, Көлемін бір сүрінбей жалғыз қара» деген өлең жолдары дәлел. Сараның лирикалық өлеңдері - көбіне өз тағдырын, жеке басының мұң-зарын арқау еткен туындылар. Нәзік лиризм мен ой-толғаныстарға толы «Ортақ мұң», «Аққыз», «Қарлығаш», «Торығам», т.б. жырларында өзі өмір сүрген ортаның шынайы қалпы суреттеліп, әлеуметтік қатынастар қалыптастырған адам мінез-құлықтары нақты көрініс тапқан.

68. ХІХ ғасыр әдебиетінің жаңашылдығы

XIX ғасырдағы әдеби, мәдени өмірдің үш ерекше құбылысты ерекшеліктері байқалады. Оның біріншісі, қоғам тарихындағы саяси-әлеуметтік жағдаяттар мен мемлекеттік құрылыстағы жаңалықтар болса, екіншісі қазақ кітаптарының алғаш рет баспадан жарық көре бастауы, әдеби шығармаларды насихаттаудың, таратудың жаңа сапалық сатыға көтерілуі еді. «Құран Кәрім», өзге де діни әдебиеттен кейінгі оған етене жақын кітап «Сейфілмәлік», 1807 жылы Қазан шаһарында, Қазан гимназиясының баспаханасынан жарық көрді. Қолжазба кітаптар, тасқа қашалған, балбалдарға түзілген бітіктерге келгенде талай ғасырдың алдын орап кететін түркі, қазақ жұрты алғашқы баспа кітаптарына осылайша XIX ғасырлар табалдырығында  қол жеткізді. «Иғлан наме», «Қисса-и-Шәкір-Шәкірат…», «Атымтай», «Ер Тарғын», тағы басқа мұралардың кітап болып алғаш рет көруі сол кезеңнің үлесіне тиді. Ауыз әдебиетінің дәстүріндегі көркем сөздің кітап болып тарала  бастауы, жалпы кітап бастырудың көріністері ұлттық журналистика тарихымен бірге, әдебиеттің де тарихи даму заңдылықтарының ерекше жаңалығы. Үшіншіден, ең негізгісі, қазақ әдебиеті біртіндеп жаңа әдебиет арнасына түсе бастады. Қазақ әдебиетінің жаңа дәуірі негізінен осынау үш тарихи құбылыстың тоғысында өріс алды. XIX ғасыр ақындардың шығармалары дәстүрлі сипаттарымен бірге жаңашылдық рухымен ерекшеленеді. Көбінесе толғау, тебіреніс үлгісіндегі шығармалар ақын-жыраулардың поэтикалық символдарды шебер қолданып, түрлендіруімен, өлең өлшемдерінің өзін барынша еркін құбылту мүмкіндігімен дараланып, поэзияның қайталанбас бітімді анықтарына айналды.

69. Мағауия Абайұлының шығармашылығы.

Мағауия Абайұлы Абайдың бәйбішесі Ділдәдан туған кенже баласы. Жасында молдадан оқытқаннан кейін, Семейдегі Городское училищесіне орысша мектепке оқуға түсіреді, бірақ Мағауия екі-үш жыл оқығаннан кейін науқасқа шалдығып, ауылға қайтады. Осыдан кейін де әкесінің қасында жүріп, өздігінен ізденіп білімін толықтыра береді. Әкесінің ақындық қасиетін қадірлеп, өзі де ақындыққа беріледі. Мағауия әдебиет тарихында Абайлық дәстүрді бойына мол сіңірген ақын болып қалыптасты, нәзік лирикалық өлеңдер шығару, сюжетті поэмалар жазуды әкесі Абай ақынның өнегесінен алды. Небәрі 34 жыл жасаған Мағауия шағын ғұмырында қазақ әдебиетіне мұра боларлық тамаша туындылар тастап кетті. 1904 жылы 14 мамырда қайтыс болған Мағауия Ақшоқы мекеніндегі Құнанбай бейітіне жерленді. Абайдың ақылының арқасында бірнеше поэма жазады. Ол жазғандары: «Еңлік-Кебек», «Абылай»,«Медғат-Қасым». Өз махаббаты үшін күресіп, құрбан болған Еңлік пен Кебекті келер заман жастарына үлгі етіп жырлайды. «Еңлік-Кебек», «Абылай» поэмалары қолжазба күйінде қалып, оқушыларға таралмаған.«Медғат-Қасым» поэмасының тақырыбы қазақтан жырақ, алыс елдерден, яғни Африка өмірінен алынған.Сол елді мекендеген адам қауымын реалистік шындық түрғысынан көрсетеді.Осылайша поэзияның үлкен үлгісін шебер танытқан Мағауия осындай романтикалық поэманы қазақ әдебиетіне кіргізді. Сол кездегі өнерлі жастар осы поэманы жаттап алып, әнге қосты. Осыдан кейін де қазақ өмірінен алып, тағы бір поэма жазды. Ол «Еңлік-Кебек» жайындағы коспа поэма болды. Бұл поэмада Кеңгірбай бидің бейнесін шебер керсете білген. Еңлік-Кебектің өліміне себепкер биді кіналайды. Осылайша, образдарды бейнелеуде, өткеннің қараңғылығын сынауда адамгершілікті ең үлкен максат етіп қойған Мағауияның поэмасы өз уақытындағы бағалы еңбек болды.

71. «Зар заман» әдебиетінің зерттелуі.

Қазақ әдебиетіндегі байырлық рух ХVІІІ ғасырда жоңғарлар мен қарсы күресте ХІХ ұлт азаттық күресте, (Махамбет, Нысанбай) қайта көтерілгенмен, Қазақстанның Ресей құрамына өтуі нәтижесінде зар заман кезеңі басталды. Қоғамда болып жатқан өзгерістерге өзіндік көз қараста болған және сол бағытта жырлаған ақындарды М.Әуезов «Зар - заман» жыршылары деп атаған болатын және әдебиет тану тарихында да олар осылай айтылды. Тарих ғылымының докторы М.Қойгелдиев отаршылдық бұғауына мықтылап байлаған халықтың мың-мұхтажы мен қайғы - қасыретін жырлаушыларды «Зар-заман » мектебінің ойшылдары деп атады. Бұл термин алғаш 1927 жылы енгізілген еді. Зар-заман кезеңінде ғұмыр кешкен орталық езгіге түскен қазақ халқының тағдырын мұң – зармен жырлаған ақындар шоғыры.




1. Сущность и значение бухгалтерского учета
2. Поэзия Рубцова
3. тематические взаимообусловленные действия субъектов направленные друг на друга Типы соц
4. Об основаниях случаях бесплатного предоставления и предельных размерах земельных участков предоставляем
5. Право собственности
6. і Види суспільнополітичного красномовства
7. Одна женщина Один мужчина ~ сборник кротких ироничных историй о любви о нелепых и не очень лестных ситуа
8. Календула применялась в качестве лечебного средства несколько веков назад и используется до сих пор несмот
9. Теории и содержание предпринимательства
10. Проблемы человеческой деятельности
11. Союз России и Белоруссии это хорошо или плохо
12. Тема 8 Культура России в XVIIXVIII вв
13. Дорога скользкая
14. География пляжного отдыха в мире
15. Характеристика механических повреждений
16. Таке навчання пройшла половина усіх менеджерів підприємства
17.  Операторы преобразования слова
18. Философия абсурда Льва Шестова
19. Радость воспитания в основе которой лежат научные труды Рудольфа Дрейкурса станет бесценным помощником и
20. РЖД и АО Германская железная дорога ГК Австрийские федеральные железные дороги и концерном VR Group жел