Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

Туризм географиясы.html

Работа добавлена на сайт samzan.net:


ӘЛ-ФАРАБИ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Станислав Ердәулетов

Жаннат Алиева

Айдар Жұмаділов

ТУРИЗМ ГЕОГРАФИЯСЫ

"Туризмология негіздері"

пәні бойынша оқу құралы

Алматы

'Қазақ университеті"

2011

ББК 75.3 я 7

Е69

Баспага әл-Фараби атындағы Қазац ұлттъщ университеті

география факулътетінің Ғылыми кецесі және

Редакциялық-баспа кеңесі шешімімен ұсынылган

Пікір жазғандар:

география ғылымдарының докторы, профессор Ш.М. Надыров

география ғылымдарының докторы, профессор А.Р. Медеу

география ғылымдарының докторы, профессор О.Б. Мазбаев

Ердәулетов СР., Алиева Ж.Н., Жұмаділов А.Р.

Е 69    Туризм географиясы: "Туризмология негіздері" пәні бойынша оку кұралы: - Алматы: Қазақ университеті, 2011. - 331 бет.

ISBN 9965-29-761-4

Туризм көпқырлы, кеңістікте жайылған әлеуметтік-экономикалық құбылыс ретінде жүйелі түрде карастырылған.

Кітапта туризм дамуының алғышарттары, оның халық шаруашылық салалары жүйесіндегі орны, ғылыми-техникалықреволюция жағдайындағы даму факторлары мен шарттары, негізгі критерийлері мен ұғымдары, аумақтық рекреациялық кұндылықтарын бағалау критерийлері мен әдістері, туристік аудандастыру, туристік өнімді өндіру және сату сияқты мәселелер қарастырылған.

Туризм мамандығы бойынша оқитын ЖОО студенттеріне, сонымен катар, туристік-өлкетану жұмысының негіздерін оқытатын мектептерде, гимназия-ларда және басқа оқу орындарына арналған. Сондай-ак, оқу құралы туристік-рекреациялықпәндерді жүргізетін оқытушыларға, туризм қызметкерлеріне және туризмге қызығушылық білдіретін оқырмандарға арналған.

ББК 75.3 я 7

© Ердәулетов СР., Алиева Ж.Н., Жұмаділов А.Р., 2011

© Әл-Фараби атындағыҚазҰУ, 2011

ISBN 9965-29-761-4              

КІРІСПЕ

Туризм байырғы заманнан бері дамып келуде, дегенмен бұләлеуметтік-экономикалық құбылыспен байланысты ғылым тек XVIIIғасырдың соңына қарай ғана пайда болды. Осы саладағы ауқымды зерттеулер XIXғасырдың екінші жартысынан бері жүргізілуде.Туризм мәселелерімен тығыз айналысқан алғашқы ғылым география болды, сондықтан туризм географиясы дүниеге келген және оның өркендеуі XXғасырдың 30-шы жылдарына сай келеді. Кейінірек туризммен басқа да ғылымдар айналысатын болды, қазір туризм мәселелерін 20-га жуық ғылыми пәндер зерттеуде. Алайда туризмді түлас шаруашылық жүйесі ретінде кешенді түрде зерттейтін болғандығынан туризм географиясы ең басты ғылым болып табылады. Басқаша айтсақ, тек кана туризм географиясы туристік іс-әрекеттің табиғи-географиялық, әлеуметтік-экономикалық, экологиялық, саяси, ғылыми-техникалық және басқа да қырларын зерттейтін жалгыз ғылым деп айтуға болады [1].

Географияның туризмді зерттейтін ғылымдар арасындағы жетекші рөлінің себебі - туризмнің Жер кеңістігін танып білуге бағытталғандығында, географиялық ортамен, қоғаммен, оның қоғамдық жәнеәлеуметтік-шаруашылық іс-әрекетімен тығыз байланыстылығында. Осындай кеңістікті тану бөлек еддер, аумақтар мен күрлықтар аумақтарымен тығыз байланысты. Дәл осы себеп-тен «туризм» мен «география» ұғымдары бір-бірімен байланысты ұғымдар, өйткені география табиғижәнеәлеуметтік-экономикалық құбылыстарын олардың кеңістіктегі (аумақтагы) орналасуына қарай зерттейтін ғылым болып табылады. Географияның зерттеу ауқымы кең, синтетикалық сипатқа ие: бұл ғылым жаратылыс ғылымдары (географиялық ортаны зерттеу) және қоғамдық ғылымдарының (адам қоғамының тұрмысы мен шаруашылығын зерттеу) түйіскен жерінде орналасады. Барлық қоғамдық, әлеуметтік және экологиялық үрдістер белгілі бір аумақта орын табады. Әрбір аталған объект бір жағынан функцияларын дербес түрде орындауымен бірге, бір-бірімен және де аумақпен өзара әрекеттеседі. Бұл жағынан территорияны халық тіршілігінің интеграторы деп атауға болады.

Осыған орай, географиялық ортаның біліміне сүйеніп, кеңістік құбылыстары мен үрдістердің анализі мен синтезін дұрыс өткізетін географ қана туризммен байланысты әлеуметтік-экономикалық және экологиялық құбылыстарын терең түсіндіре алады.

Дәлосы себептен туризм мамандарын даярлау университеттердің география факультеттерінде жүргізілуі керек. География басқа ғылымдарға қарағанда болашақтағы туризм мамандарына қажетті білім мен дагдыларын бере алады. Жоғарыда айтылғандай, география қоғамдық (әлеуметтік-экономикалық) үрдістерді кеңістіктегі орналасуына байланысты түрде қарастырады, ал туризм болса, ең алдымен кеңістікте орналасқан әлеуметтік-экономикалық құбылыс болып табылады.

Туризм географиясы - туризмнің аумақтық (кеңістіктік) ұйымдастырылуын зерттейтін ғылым, оның зерттеу пәні - кеңістіктегі туристік құбылыстар формалары мен қатынастарының және оларга байланысты үрдістердің анализі мен синтезін жасау болып табылады.

Туризм кешенді құбылыс ретінде пәнаралық зерттеулер объектісіне айналды. Осындай пәнаралық зерттеулер негізінде жаңа ғылым - туризмология аяғына түрып келе жатыр; туризмологияның дамуына география, экономика, менеджмент, маркетинг, социология, психология, медицина, курортология, экология, педагогика, сәулетөнері мен қала құрылысы, заңтану, аудандық жоспарлау жәнебасқа да жаратылыста-ну, гуманитарлық, қоғамдық және техникалық ғылымдар өз үлесін қосуда. Бұл жагынан, географиямен салыстырсақ, басқа ғылымдар туристік іс-әрекеттің тек бір бөлігін немесе кейбір қырларын ғана зерттеумен айналысады (мысалға, туризм экономикасы туристік іс-әрекеттің экономикалық немесе өндірістік аспектілерін; туризм педагогикасы - туристік мамандарын даярлаудың педагогикалық негіздерін зерттейді және т.с.с). Ал географияны қарастырсақ, туризм жөніндегі кешенді интегралдық-синтетикалық ғылым ретінде ол қазір қалыптасып келе жатқан туризмология рөлін орындай алады.

Сондықтан туризмнің ғылыми зерттелуі мен туристік мамандарын даярлау жүйесі университеттердің география факультеттерінде пайда болып дамыған [2].

Қазіргі кезде егеменді Қазақстанның алдыңда бұрын болмаған мәселелерді шешу міндеттері тұр, оның ішінде туристік кадрларды даярлау мәселесі. Бұл жолда бірталай жетістіктермен бірге кемшіліктер де бар. Қазір туризм саласы үшін кадрларды 25-тен астам ЖОО дайындайды [3]. Бірақ, өкінішке орай, осы ЖОО-да көбінде білім беру деңгейі өте нашар, себебі оларда не білікті оқытушылар, не материалдық база, не оқу жәнекәсіби тәжірибелік базалары жеткілікті емес. Авторлардың пікірінше, осындай ЖОО санын қысқартып, дәрежесін көтеру қажет, атап айтсақ, Қазақстанның бес аймагында бір университеттен, Алматыда 2-3 университет қалдырып білім беру сапасын өңдеу керек. Тек осындай шаралар қолданылса ғана жоғары білікті туристік мамандарын даярлау сапасы қажетті деңгейге жетпек.

Алдымыздағы оқулықты әзірлеу жұмысының негізінде туризм ғылымына, оның ішінде ең алдымен рекреациялық туризм, туризм экономикасы ғылымдарына ойдағыдай үлес қосқан кеңес одағының географтары мен экономистерінің еңбектері бар: В.И. Азар, А.Ю. Александрова, MA. Ананьев, М.Б. Биржаков, Ю.А. Веденин, ВТ. Гуляев, И.В. Зорин, В.А. Квартальнов, Б.Н. Лиханов, Н.С. Мироненко, Л.И. Мухина, B.C. Преображенский, И.И. Пирожник, И.Т Твердохлебов, Н.И. Кабушкин, В.Б. Сапрунова, П.Г. Царфис және т.б.

Сонымен қатар, Батыс елдерінің бірталай авторларының еңбектері қолданылды: Ф. Ашер, П. Барнс, Р. Буркарт, Г. Ваккерманн, Т. Ведан, Г. Гуибилато, К. Крапф, С. Медлик, В. Унцикер, Д. Уокер, А. Холден, С. Холл және т.б.

Бұл еңбекте СР. Ердәулетовтің Варшава, Лодзь, Познань, Ягеллон университеттеріне жасалған іссапарларындағы ғылыми тәжірибесі жәнеполяк мамандарының (С. Лещицкий, А. Костровицкий, Я. Вар-шиньска, Я. Гезгала, С. Лишевский, А. Марш, М. Милеска, О. Рогалевский, К. Пшеславский, А. Яцковски, М. Бочваров, А. Ковальчик, В. Гаворецкий және т.б.) туризм географиясы мен экономикасы саласындағы жұмыстары қолданылды.

1 -mарay

РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ ГЕОГРАФИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

§ 1 Рекреациялық географияның негізгі түсініктері

Рекреациялық географияның  негізгі  түсініктері  болып  бос уақыт, демалыс, рекреация жәнетуризм саналады. Бос уақыт - рекреациялық үрдісі дамуының алғышарты. Бос уақыт белгілі бір заманның, кластың, әлеуметтік топтың ерекшеліктеріне байланысты динамикалық категория. Ол көлемі және мазмүны жағынан өзгеріп тұрады. Бос уақытты жұмыстан тыс уақытпен шатастырмау керек: ол жұмыстан тыс уақыттың тек бір бөлігі ғана. Осындай шатасты-ру теориялық жағынан қате болғанымен бірге, шынында зиянды болып табылады, өйткені жұмыстан тыс уақыт шеңберіндегі бос уақыт көлемін көбейтудің қосымша мүмкіндігін іздеуді тежейді. Жұмыстан тыс уақыт өзінің мәні жағынан ерекшеленетін төрт топтан тұрады:

1) үйден жұмыс орнына дейін баруға және қайтуға арналған уақыт;  

2) күнделікті қажеттілікті өтеуге  арналған уақыт  (ұйқы, тамақтану, жеке тазалық);

3) үй шаруашылығы және тұрмыстық қажеттілікті өтеуге арналған уақыт;

4) бос уақыт - демалуға, бұлшық ет және рухани күшін қалпына келтіруге және дамытуға арналған уақыт. Сонымен, жұмыстан тыс уақыт екіге бөлінеді: міндетті түрдегі уақыт және басқа іс-әрекеттерден босатылған уақыт (1-сурет). Бос уақыт адамның бұлшық ет және рухани күш-қуатын қалпына келтіріп, дамытуға жұмсалады. Бос уақыт, басқаша айтқанда, белсенді әрекетке жұмсалады. Осылай десек те, бос уақыт демалуға арналған деп айта-мыз. «Белсенді іс-әрекет» пен «демалыс» ұғымдары бір-біріне сәйкес келмейтін секілді көрінуі мүмкін. Бірақ физиологтардың зерттеулері

ЖУ - жұмыс орнына жету және кайтуға арналған уақыт

ТУ -  үй шаруашылығына және тұрмыстыққажеттілікті өтеуге арналған уақыт

КУ - күнделікті қажеттілікті өтеуге арналған уақыт (үйқы, тамактану, жеке

тазалық)

БУ - демалысқа және физикалық, интеллектуалдық дамуына арналған уақыт (бос уақыт

1-сурет. Еңбекші халықтын тәуліктік-жиындық уақытының құрылымы [1]

Бос уақыттың негізгі екі функциясы бар:

1) адамның күшін қалпына келтіру функциясы;

2) физикалық және рухани даму функциясы. Қалпына келтіру (психофизиологиялық) функциясына тамақтану, үйқы, қозғалыс жатады. Даму (рухани-интеллектуалды) функциясына сауықтыру, танымдық, қатынас жасау жатады (В.М. Кривошеев, 1978).

Жоғарыда айтылғанға сүйеніп «рекреациялық іс-әрекет» анықтамасын беруге болады. Рекреациялық іс-әрекет- бұл адамның бос уақытында пайда болатын физикалық және психикалық күшін қалпына келтіру және өз-өзін жан-жақты дамыту мақсатында орындалатын іс-әрекет.

Рекреациялық іс-әрекет адамның қолы бос уақытында өтеледі. Қолы бос уақыт екі бөліктен тұрады: 1) бос уақыт немесе демалуға арналған уақытжәне2) бұдан гөрі күрделі жоғары дәрежелі іс-әрекеттерге арналған уақыт.

Пайдалану сипатына қарай бос уақыт күнделікті, апталық және жыл сайынғы бос уақыт болып бөлінеді. Бос уақыттың осылай бөлінуі демалыс құрылымын зерттеу кезіндегі әдістемелік негізі болып табылады. Сондықтан бос уақыт рекреациялық іс-әрекетті мерзімділік және территориялық белгісі бойынша қарастыруға мүмкіндік береді. Күнделікті бос уақытты пайдалану немесе күнделікті рекреация қала ішіндегі күнделікті демалыспен байланысады. Апталық рекреация қала маңындағы рекреациялық объектілердің орналасуына байланысты болады. Ал жыл сайынғы рекреация негізінен курортгық рекреациялық объектілерімен байланысады. Сондықтан, бос уақыттың бөлінуі бойынша рекреацияның келесі түрлерін айырамыз: қала ішіндегі рекреация; демалыс күндеріндегі (уикэнд), қала маңында іске асатын апталықрекреация немесе жергілікті рекреация; демалыс немесе каникул кездерінде болатын жыл сайынгы рекреация.

Тұрмыста, ғылымда бір-біріне жақын екі ұғым- демалыс пен бос уақыт ұғымдары қолданылады. Олардың мағынасы жақын болса да, дегенмен, айырмашылықтары да бар.

Демалыс деген «тәуелді» ұғым: оның мағынасы тек «еңбек» ұғымымен бірге қостасканда түсінікті болады.

Әдебиетте қарама-қарсы категориялар - «еңбек» пен «демалыс» диалектикалық біртүтастықта қарастырылады. Демалыссыз еңбек те, еңбексіз демалыс та болмайды. Осындай формула «еңбек-демалыс» адамның әлеуметтік-биологиялық мәніне негізделеді. Биологиялық энергияны толықтырғызбайтын «абсолюттық» еңбек ағзаның азуына және өлімге апарып соғады. Бүған жаратылыс табиғи тосқауыл қойған: оның аты - шаршау, ал шаршаған адам белсенді болсын, пассивті бол сын, демалыс арқылы қалпына келу әдісі бар. Белгілі социолог А.С. Орловтың айтуынша, демалыс дегеніміз - ол «ең жоғары деңгейдегі еңбек қабілетін сактау әдісі» болып табылады [4].

Шектен шыққан «абсолюттық демалыс» та зиянды. Жүк түспеген ағза ақырында босап кетеді, төзімділігінен айырылады, адамның еңсесі түсіп қалады. Бұның бәрі шаршаудың салдары, бұл жолы еңбектен емес, демалыстан шаршау. Ағзаның тонусын дұрыс көтермелеу үшін ерекше бір жаттығу, яғни еңбек қажет.Осындай «еңбек-демалыс» қос категориясын қолдансақ, демалысты адамның биологиялық тіршілігінің формасы ретінде түсінуімізгеболады.

Демалыс адамның жұмыс істеу қабілетін қалпына келтіреді, жүйке жүйесіне және психологиясына тиетін қысымды бәсеңдетеді, ал ауыр жұмыспен айналысатын адамдардың физикалық қысымын да азайтады. Н.С. Мироненко мен И.Т. Твердохлебовтың айтуынша (1981), демалыс - бұл күнделікті қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталмаған қандай да бір болмасын адамның іс-әрекеті. Демалыс халықтың қоғамдық өмірінің бір бөлігі, сондықтан ол әлеуметтік категория болып табылады. Демалыс кезіндегі адамның іс-әрекеттерініңжіктелуі мынадай:

1. Белгілі бір физикалық ауырлықпен байланысты іс-әрекет (серуендеу, спортпен шұғылдану).

2. Әуесқойлық әрекеттермен шүғылдану - аңшылық, балық аулау, саңырауқұлақ пен жеміс-жидек жинау және т. б..

3.   Өнер әлеміне бейімделу (театрға, концертке, мұражайларға бару), өнер саласындағы шығармашылық (көркем өнер, ағашты зер-делеу және т. б.).

4.  Интеллектуалдық іс-әрекет (көркем әдебиет, газет, журналдар-

ды оқу, теледидарды көру).

5.  Еркін тақырыпта әңгімелесу, сұхбаттасу, өз таңдауына байланысты сөз табысу.

6.  Белсенді (ойнау, билеу) немесе пассивті түрде көңіл көтеріп,сергу.

7. Көңіл көтеру үшін саяхат жасау [5].

Аталған факторлар, әсіресе саяхат кезінде, өзара күрделі қатынастарда тұрады.

Демалыс түсінігімен қатар, география, социология мен қала құрылысы аяларындағы ғылыми жұмыстарында рекреация, рекреациялық іс-әрекет, рекреациялық үрдіс түсініктері де жиі қолданылады, себебі еңбек етудің және бос уақытты пайдалану түрлерінің өзгеруі демалысқа да қатты әсерн тигізеді. Жақсы демалыс - бұл жай жатып, тынығу емес, ол - адамның іс-әрекет түрлерінің ауысып тұруы. Шынында да, адам өзінің бос уақытын сауықтыру немесе спорттық, мәдени, танымдық мақсат үшін жұмсайды. Мысалы, санаторийлерде, демалыс үйлерінде, пансионаттар мен демалыс базаларында болған кезде адам жиі белсенді жорыққа және экскурсияларға шығып түрғаны жөн. Осындай саяхаттар адамның тұрғылықты жерінен тыс жерде арнайы аумақтарда іске асады, яғни рекреация арқылы адам өзінің физикалық және рухани күшін қалпына келтіреді.

Рекреация дегеніміз этимологиялық мәндердің жинағы: recreatio(латынша) - қайта қалпына келу, recreation(французша) - демалыс, көңіл көтеру, іс-әрекеттің өзгеруі.

Рекреация ұғымының казіргі мағынасының әлеуметтік мәні басым болып келе жатыр.«Рекреациялық іс-әрекет дегеніміз адамның бос уақытында физикалық және психикалық күптін қалпына келтіру, оның жан-жақты дамуы мақсатында өткізілетін іс-әрекеті. Адам іс-әрекетінің баскд бағыттарына қарағанда рекреациялық іс-әрекет адам жасайтын істерінің әртүрлілігімен және үрдістің өзіндік құндылыгымен сипатталады» [6].

Осы анықтамада рекреациялық іс-әрекеттің әлеуметтік сипаты ерекше көрсетіліп, оның ең маңызды ерекшеліктері орьш табады. Біріншіден, уақыттың бос уақытымен байланысы, екіншіден өзіндік құндылығы, яғни мүлда адам үшін мақсатқа жетуде іс-әрекет үрдісінің озі де маңызды.

Сөйтіп бос уақытта көңіл көтеру мен рекреация ұғымдарының мағынасы бір-біріне жақындап қалады.

«Рекреация - бұл халықтың тұрақты жерінен тыс жердегі арнайы мамандандырылған аумақтарда тәуліктік, апталық және жылдық өмір циклдеріндегі, адамның бос уақытын пайдалану кезінде іске асатын сауықтыру, танымдық, спорттық жәнемәдени-көңіл көтеруге арналған қатынастар мен құбылыстар жиынтығы» (Н.С. Мироненко, И.Т. Твердохлебов, 1981). Бұл анықтамада миграциямен бірге осыған байланысты барлық құбылыстар мен қатынастар кешені, оның ішінде экономикалық іс-әрекетпен қызмет корсетудің барлық техникалық-экономикалық тетіктері орын табады.

Бос уақыттың күнделікті, апта және жыл сайын болатын демалысқа бөлінуі әдістемелік жағынан өте пайдалы: осының негізінде демалыс құрылымы мен бос уақытты рекреациялық мақсатта пайдалануды зерттеуге болады. Бос уақыттың осындай жіктелуі арқылы рекреациялық іс-әрекетті кезеңдер мен аумақтар бойынша қарастыруга болады. Күнделікті бос уақыт пен күнделікті демалыс адам мекенжайымен, қала ортасымен және оның кеңістіктегі ұйымдастырылуымен байланысты. Апта сайынғы демалыс қала маңының рекреациялық нысандарының орналасуына тәуелді. Жыл сайынғы бос уақытты пайдалану курорттық түрлі рекреациялық нысандардың орналасуымен байланысты. Осындай жіктелуге орай елді мекен ішіндегі рекреацияны (демалысты); апта сайынғы уикэндтегі қала маңындағы рекреацияны (жергілікті рекреация); жүйелі демалыс немесе каникул кезіндегі жыл сайынғы рекреацияны (аудан ішіндегі, жалпымемлекеттік, халықаралық) бөліп атауға болады (2-сурет).

Ұзақтығы жағынан рекреация қысқа жәнеұзақ(1 тәуліктен аса) мерзімді болып бөлінеді. Қысқа мерзімді рекреацияда демалушы өзінің тұрақты жеріне түнеуге қайтып келеді, ал ұзақ мерзімді рекреация кезінде адамдар өзінің тұрақты жерінен тыс жерде түнейді. Қысқа мерзімді рекреация аумақтың табиғи зоналарымен (бір-екі сағат қаптықтықта) шектелсе, ұзақ мерзімді рекреация тек қана аумақпен шектелмейді, функционалдық зонадан басталып, ғаламдық масштабка дейін қамтылады. Ұзақ мерзімді рекреация өзінің мәні жағынан туризм сияқты терең ұғыммен сәйкес келеді.

Туризм (француз сөзі tourisme - серуендеу, саяхат жасау) - бос уақытты тұрақты жерінен тыс жерде өткізудің бір түрі. Рекреацияға немесе демалысқа қарағанда, туризм - мағынасы тар түсінік. Қазіргі ғылыми әдебиеттер бойынша «туризм» - бұл адамдардың тұрғылықты жерінен тыс жерге саяхаттау және тұрақтау барысында пайда болатын қатынастар мен құбылыстар жиынтығы. Әрине, егер де бұл тұрақтау ұзақ уақыттық қоныстану немесе ақша табу мақсатымен уақытша қоныстануға айналып кетпесе. Сонымен, туризм - бұл тұрақты жерінен тыс жерде 24 сағат немесе одан артық уақыт ішінде болатын рекреацияның барлық түрі. Басқаша айтсақ, туризм ұғымына туризмнің дәл өзі де (маршрут бойынша саяхат жасау, жорықтар, табиғи кедергілерден өту және т. б.), санаторлық-курорттық демалыс та, іссапарлар да жатады.

1 - күнделіктідемалыс; 2 - аптасайынғыдемалыс; 3 - жылсайынғыдемалыс

2-сурет. Босуақытмерзімдеріменрекреациялықкеңістіктердітаңдапалуарасындағыұйқастығы (Н. Кючукова, Т. Крыстев, 1972)

ТуризмніңтұжырымдамалықұғымыншвейцарғалымдарыВ. УнцикерменК. Крапф, кейінтуризмаясындағығылымисарапшыларыныңхалықаралықассоциациясыберген. Бұлұғымжуйелітетіккенегізделеді. Бұлартуризмдеп«адамдардыңөзмекендейтінжерінентысжердетабыстабумақсатыніздемейсаяхатпенқысқауақытболуларынақатынастықұбылыстарменқатынастаржиынтығын» атаған[7].

Арнайыәдебиеттетуризмбелгілібір «ұғымдаршеңберінде» көрсетіледі. Бұлшеңбергеадамныңүйреншіктіжерінентысжердеболғанкезіндегішараларыкіреді- сауығу, болмыстытану, туған-туысқандарыменжолдас-жораларынабару, іскерлікжәнекәсібишаралардақатысу, мінажатету, емделужәнет. б. Әрине, туризмдіжайшаралартізіміменінектеудұрысемес, дегенмен, осындайанықтаматуризмніңшекараларыншамалауғамүмкіндікбереді.

Туризмніңрекреацияның «көлеңкесінен» шығып, өзіндікда-муынабайланысты, туризмменрекреацияныдұрыстапайыруменғылымианықтамаларынтүзетуқажеттілігіпайдаболды. Рекреациясубъектініңерекшебірбиологиялықбелсенділігіболыптабылса (бұлрекреациядаәлеуметтіккомпонентіжоқдегенсөземес, мүлдатекқанаоныңбиологиялықбасымдығыкөрсетіледі), туризмеңалдыменәлеуметтік-экономикалықіс-әрекетсферасыболыпанықталады.

Рекреацияғақарағандатуризмәлеуметтікмағынасыбойыншабосуақыткатегориясынажақынырақжәнеоныңэкономикалықкомпонентіөтемаңызды, сондықтантуризмдікейде«босуақытиндустриясы» дептеатайды. Бұлжайтекімаңыздынәрсенібөліпкөрсетеді: біріншісі- халықтың (әсіреседамығанелдерде) босуақытытуризмментолтырылады; екіншіден, туризмадамныңқамынойлайтынэкономиканыңжылдамдамыпкележатқантолыққандыса-ласынаайналды[2].

Туризмніңәлеуметтік-экономикалықмағынасы, оныңкеңауқымы, бұқаралығыжәнемаңызыоны«демалыс», «босуақыт», «рекреация», «туризм» ұғымдарыныңқатарындағыорнынбөліпкөрсетеді.

Мағынасымен бірге, туризм мен рекреацияның көлемі де бірдей емес. Рекреация қысқа мерзімді рекреациялық белсенділікті күнделікті өмір шеңберінде қамтиды. Туризм болса осындай әдеттілікті, күнделікті сипатын, қарапайымдықты жоққа шығарады. Осыған орай түрткі жағынан туристік іс-әрекетке ұқсас, бірақ адамдардың үйреншікті ортасында өткізілетін қысқа мерзімді сауықтыру, көңіл көтеру, мәдени-танымдық және т. б. шаралар туризм шеңберіне кірмейді.

Тағы бір айырмашылық: қызмет бабындағы саяхаттар (іссапар өтетін жерде табыс табу мақсаты болмаса) туризмнің бір бөлігі болып табылса, адамның кәсіби іс-әрекеттері рекреацияға жатпайды. Дүниежүзілік туристік ұйым (ЮНВТО) іскерлік туризмге съездерге, жиналыстарға, ғылыми конгрестер мен конференцияларға, жәрмеңкелерге, көрмелерге қатысу мақсатында жасалған қызмет са-парларын жатқызады [2].

ЮНВТО - БҰҰ Дүниежүзілік туристік ұйымы, 1975 жылы құрылған. Оған әлемдік туризм индустриясында басты рөл ойнайтын елдер кіреді. Орталығы Испания астанасы Мадридте орналасады. ЮНВТО статистикалық мәліметтердің талдауымен, трендтерді (ұзақ мерзімді тенденцияларды) анықтаумен, мүшелеріне туризмді жоспар-лау мен ұйымдастыруда көмек көрсетумен айналысады (С. Меллик, 1995).

Сөйтіп, туристік іс-әрекетәрқашан рекреациялық, ал рекреациялық іс-әрекет туристік іс-әрекетболмайды. Мұндай көзқарасты көптеген ғалымдар қолдайды, ал кейбіреулері, мысалға, ағылшын географтары С.М.Холл мен С Дж.Пейдж [8] күрделі сүлбаларды кұрастырады. 3-ші суретте еңбектің, бос уақыттың, рекреация мен туризмнің қатынастары көрсетілген: бұл сұлба рекреация ұғымының одан әрі әлеуметтену тенденциясын айқындайды. Штрих сызықтар қарастырылған ұғымдар арасындағы шекараларының анық еместігін көрсетеді. Еңбек бос уақытқа қарама-қарсы қойылады, бірақ еңбек пен бос уақыт әрекеттері ұйқасып кететін екі сфераға бөлінеді. Біріншісі - өндірістік қажетімен жұмыс уақытында орындалатын іскерлік туризм. Басқа туристік сапарлардан бөлек тұрса да, ол бәрі бір туризмге жатады. Екінші сфера - «қомақты», «байыпты», «салмақты» туризм, яғни шығармашылық жұмыстың жалғаса беруі, кәсіби біліктілікті жетілдіру, жұмыстан тыс уақытта қоғамдық іс-әрекеттермен айналасу. 3-сурет рекреация мен туризмнің бір-біріне жанасатын, бір-біріне еніп тұратын салалар екенін анықтайды.

Арнайы батыс әдебиетінде «таза» туризм (іскерлік, білім алу), «таза» рекреация (күнделікті жердегі кысқа мерзімді рекреациялық белсенділік), өтпелі формасын - түйісу облысына жататын рекреациялықнемесе емдеу және сауықтыру туризмі және туризмнің шека-ралас түрлері бөлінеді. Олардың ішінде мәдени-танымдық, спорттық, діни туризм «таза» жәнерекреациялық туризмнің арасында, ал дачаға бару сияқтылары рекреациялық туризм мен «таза» рекреация арасында орналасады [2].

3-сурет. Бос уақыт, рекреация мен туризм арасындағы катынастар (СМ. Холл, С. Дж. Пейдж, 1999)

Жоғарыда айтылғаннан мынадай қорытынды жасауға болады: «де-малушы» және «рекреант» - кең мағынадағы түсініктер, ал «турист» -тар мағынаны білдіреді. Бос уақытын уйінде жатып, өткізетін адамдар демалушыларға жатса, рекреанттар бос уақытын тұрақты жерінен тыс жерде өткізетін адамдар болып есептеледі. Соңғы айтылғанға түнеуге қалмайтын адамдар да жатады. Ондай рекреанттарды «экскурсанттар» деп атаймыз. Ал «экскурсия» латын тілінен келген сөз - жол жүру, серуендеу, көрікті көз тартарлық объектілерді аралап көру деген мағынаны білдіреді (мәдени ескерткіштер, мұражайлар және т. б.).

«Экскурсия - бұл танымдық, ағартушылық, ғылыми, спорттық немесе ойын-сауық мақсатты көздейтін, түнеуге тоқтамай 24 сағаттан аспайтын саяхат немесе серуен жасау». «Туризм» және «экскурсия» түсініктері өзара өте тығыз байланыста болады. Экскурсия қызметі барлық маршруттарда туристерге көрсетіледі. Автобус, пойыз немесе кемемен саяхат жасағанда, әрбір аялдамасында туристерді экскурсия жүргізушілері күтіп тұрады. Олар туристерге қызықты жерлер тура-лы толық мәлімет береді, олай болмаған жағдайда саяхат өзінің мәнін жоғалтар еді. Экскурсиялардың тақырыптары қызықты, мазмүнды және алуан түрлі болуы қажет.

Әрбір туристік саяхаттың міндетті бөлігі бола түра, экскурсия оның танымдық мағынасын қамтамасыз етеді. Экскурсиялар туристі кызықтыратын жерлер туралы қажетті ақпарат беріп түрмаса қандай да болсын саяхат не сапар қызықсыз, ішті пыстыратын әрекетке айналар еді. Осындай акдарат беру қасиетімен бірге экскурсия жұртқа мәдени-бұқаралық қызмет көрсетуінің бір турі болып табылады. Экскурсиялар елдің саяси, экономикалық және мәдени өміріндегі оқиғалар жөніндегі мағлұматтарды туристерге жеткізуі тиіс. Олардың тақырыптары кең ауқымды және әртүрлі.

Егер де, жоғарыда айтылғандардың барлығына қорытынды жаса-сақ, мынаны аңғаруға болады: адамның бос уақытындағы әрекет-терінің барлығы да «демалыс» деген кең түсінікке жатады, ал қалғандары соған кіреді. Демалысқа адамның үйде де, үйден тыс жерде де айналысатын барлық рекреациялық іс-әрекеттері кіреді. Төменгі сатыға «рекреация» немесе үйден тыс жердегі демалысты қосуға болады. Оған «туризм» де, «экскурсия» да кіреді. Рекреация туризмнен кеңірек түсінік, өйткені оған экскурсия, саябақтағы демалыс және басқа да рекреация түрлері енеді. Ал туризм дегеніміз, демалыс пен рекреацияға қарағанда, өте тар мағынадағы түсінік. Туризм - демалыстың да, рекреацияның да бір түрі. Экскурсия демалыстың да, рекреацияның да бір түрі болуы мүмкін (мысалы, туған қаладағы экскурсияны демалысқа, басқа қаладағы экскурсияны рекреацияға жатқызуға болады); соңғы мысалда экскурсияны туризм бөлігі ретінде де қарастыра аламыз. Сөйтіп, рекреацияға туризммен бірге экскурсияны, дачадағы демалысты жәнерекреацияның басқа да түрлерін жатқызуға болады (4-сурет).

«Демалыс», «бос уақыт», «рекреация», «туризм», «экскурсия» анықтамаларын бір-бірінен айыру туризм географиясының объекті мен пәнін анықтауды жеңілдетеді (ол жөнінде екінші тарауда айтылмақ).

Қайталау сурақтары

1.  «Бос уақыт» деген не? Қазіргі адамның өмірінде қандай орын алады? Оның функциялары қандай?

2. «Демалыс», «босуаңыт», «рекреация», «туризм», «экскурсия» анықтамаларын беріңіз.

3.  Рекреациялықіс-әрекеттіц мезгілдері мен аумақтың белгілері бойынша сипаттамасын беріңіз.

4. Рекреация мен туризм аныңтамаларының қатынасы қандай?

§ 2 Рекреацияның әлеуметтік-экономикалық мәні және негізгі функциялары

Саяхатшылар жолға шыққан кезде алдарына түрлі мақсат қояды. Біреулері қызыктыратын жерлерді тамашалағысы келеді, басқалары - орманның не таудың тамаша таза ауасында демалып рахаттанғысы келеді, үшіншілері спорттық мақсатта туристік жорыққа аттанады. Рекреация мен туризм функциялары негізгі мақсатына карай танымдық, спорттық-сауықтыру және емдік функцияларына бөлінеді. Сонымен қатар, танымдық функциясына барлығы да зор мән береді. Жергілікті қызықтыратын нысандарды тамашалаған кезде адам ақыл-ойын осыған бағыттайды, яғни адам миы психологиялық жүктемесінен босайды.

Танымдық функциясы туристердің табиғатты, мәдени-тарихи орындарды, этнографиялық, шаруашылық және басқа да ауданның көңіл қоятын, көз тартарлық көрікті орындарын білуге тырысуынан туады. Таным - адамның психологиялық күшін қалпына келтірудің ерекше түрі. Табиғи-климаттық орындарының оң қасиеттеріне колайлы климат, желсіз ашық күндер, орман, тау, теңіз, көл, өзендер жатады.

Мәдени-тарихи орындары - бұлсәулет ескерткіштері, мұражай-лар, көркем галереялары, театрлар және басқа да объектілердің жиынтығы. Этнографиялық объектілерге жергілікті халықтың салт-дәстүрі, киімі, аспаздық өнері, фольклор жәнебасқа да халық шығармашылығының қырлары жатады. Шаруашылық объектілеріне белгілі бір аудан шаруашылығының жетістіктері жатады.

Сонымен қатар, белгілі жерге бару себептеріне жергілікті оқиғалар, мысалы, фестивальдар, конгрестер, мэжілістер, жәрмеңкелер, карнавалдар, ауқымды спорт жарыстары жатады.

Туризмдегі тану туризм маршрутына, туризм мүмкіншіліктері мен мүдделеріне байланысты. Бұл жағынан туризмді ғылыми және саяси білімдерді таратудың ең тиімді түрлерімен салыстыруға болады. Туризм қоғамның басты міндеттерінің бірі - адамды тәрбиелеу міндетін орындауға септігін тигізетін болғандықтан, оның танымдық қасиетін арттыру қажет.

Туризм арқылы сауықтыру - адамның физикалық және психо-логиялық шаршауын басу жолы болып саналады. Туризмнің бұл функциясының әлеуметтік-экономикалық түпкі мәні өте жоғары, себебі ол миллиондаған адамдардың денсаулығын шынықтыруға бағытталған, олай болса, ол адамның еңбек қабілетін көтереді.

Туристік жорықтарда адамның психофизиологиялық қасиеттері, дағдысы қалыптасады. Туризмнің ондай қасиетінің практикалық маңызы зор. Туризм ұйымшылдыққа, бір-біріне көмектесуге, қойылған мақсатты орындауға бейімдейді.

Соңғы кездегі туризмнің қарқынды дамуы ғылыми-техникалық революцияға байланысты. Адамның әлеуметтік жағдайының жақсаруы, білім мен мәдени деңгейінің өсуі, бос уақыттың көбеюі туризмнің дамуына қатты әсерн тигізеді.

Қазіргі шақта рекреация іс-әрекеттің таңдаулы түріне жатады, ол адамның күнделікті өмір сүру жағдайына айналып отыр. Қоғамдық көзқарас жағынан оның негізгі мақсаты - қоғамның әрбір мүшесінің физикалық және психологиялық күш-қуатын қалпына келтіру, оның рухани дүниесін жан-жақты дамыту болыптабылады. Рекреация дегеніміз дамыған қоғамның айырылмас бір бөлігі, қазіргі өмір салтының әлементі.

Туризмнің патриотизмді тәрбиелеудегі зор маңызын атап айту қажет. Өз елінде саяхат жасағанда турист өз елінің жетістіктерін, сүлу табиғатын, жұрттың өмірін көріп тамашалайды. Сонымен қатар, туризм табиғатты қорғау санасын тәрбиелейді.

«Рекреация» мен «туризм» ұтымдары баршаға мэлім, бірақ ғалымдардың өздері де осы үтымдардың дәл анықтамаларын бере алмай тұр. Дегенмен, олай болса да, соңғы кездегі «рекреациялық миграцияның» қарқынды дамуына ешқандай кедергі жоқ.

Халықаралық туризм әлемшаруашылығының жетекші салаларының бірі. Оған әлемнің жалпы ішкі өнімінің (ЖЮ) 11%, әлем экспортының 6%, жұмыс орындарының 10,5% келеді. Туризмнің жаһандану ұрдісі өтуде, халықаралық туристік байланыстар әлем халықтары арасындағы қатынастардың географиялық ауқымын кеңеюіне және олардың қарқындылығына себепкер болуда. Қазіргі кезде әлем халқының 10% өз елінен шетелге туристік мақсаттармен аттануда [9].

Туризмнің осындай дамуының бірнеше себептері бар. Оның ішінде ең басты себебі - бұқаралық туризм дамуы кезеңіне сәйкес болған, ғылыми-техникалық революциясы нәтижесінде көрініс тапқан материалдық өндіріс сферасындағы қоғамдық еңбек өнімділігінің қарқынды дамуы. Еңбек өнімділігінің деңгейі еңбекшілердің жеке және қоғамдық қажеттілігінің өтелуін көрсетеді.

Материалдық, оның соңынан мәдени деңгейінің өсуі тұтгну құры-лымына өзгерістерді енгізеді: жұрттың материалдық қажеттіліктері-нен қызметтерге деген сұранысы жылдамырақ өседі. Мұның себебі - адамның қарапайым қажеттіліктерінің (тамақ, киім мен баспана) белгілі шектелуі болады, ал адамның зиялылық, интеллектуалдық сұраныстары оған қарағанда шексіз. Бұрынтек ақсүйектер қолы жеткен артықшылықтар бүгін еңбекшілердің кең қауымы үшін асқар таудай емес.

Жоғары экономикалық көрсеткіштер бүгін адам қажеттіліктерін өтеу сайманы, өмір деңгейін жоғарылату құралы болып табылады.

Материалдық өндіріс аясындағы еңбек өнімділігінің өсуі нәтижесінде қоғамдық өнім шығаруға бұрынғыға қарағанда аз уақыт жұмсалады. Бір жыл шамамен 9000 сағатқа тең. 1850 жылы осы уақыт былай жұмсалған: 5000 сағат - жұмыс уақыты, 3000 сағат - үйқыға, 1000 сағат - жұмыстан тыс уақыт (үйқы уақытынсыз). 200 жыл өткен соң: 3000, 3000 және 3000 сағат [1]. Сөйтіп, жұмыс уақытының қысқартылуы мен бос уакьптың көбеюі ушін экономикалық алғышарттар туды, яғни рекреациялық іс-әрекеттің дамуы факторларының бірі - еңбекшілер бос уақытының көбеюі болды. Жұмыстан бос уақыт мөлшері жұмыс уақытынан асып кетуі күтілуде. Әрине, онда да өндіріс және адамның еңбекке деген ықыласы адам өмірінің мәні болып қала бермек.

Рекреацияға көпшілік қатысуының тағы бір алғышарты - көліктегі прогресс болды. Бүның себебі тек жылдамдықтың өсуі ғана емес: көлік тарифтерінің төмендеуі, қоғамдық көлік құралдары санының өсуі және жекеменшікті колік құралдарының пайда болуы. Әлемде миллиардтан астам жеке көлік құралдары бар. Әрине, колік сферасы жақсы дамыған көлік инфрақұрылымын қажет етеді. О л бүгін шартараптың ең алыс аудандарын, мемлекеттердегі елді мекендерін бір-бірімен байланыстыратын колік жүйесіне айналуда. Көлік жылдамдығы арқасында жолда болған уақыт қысқарады және де рекреациялық аудан немесе орталықта өткізген уақыт мелшері өседі, сөйтіп, өз қонысынан оте алыс орналасқан жерге баруға мүмкін болады. Бүгін Еуропадан Жердің кез келген ауданына ұшақпен  сағат ішінде жетуге болады. Тарифтердің томендеуі арқасында туризмге қаражаты темен жұртта қолы жететін болды. Көлік түрлері арасындағы ұлттықжәне халықаралық ауқымдағы үйлестіру шарала-ры туризм үшін оте маңызды.

Рекреациялық миграциялардың тағы бір факторы - халықтың ірі индустриялық орталықтарда шоғырлануының кері салдарла-ры. Механикаландыру мен автоматтандыру нәтижесінде физикалық ауыртпалық томендейді. Бұл, әрине, жеңілдік, бірақ жұмыстан тыс уақытта да физикалық ауыртпалықтың болмауы гиподинамияға, яғни қозғалыстың жетіспеуіне әкеліп соғады. Осыған орай қозғалыстың жетіспеуін толықтыратын белсенді рекреациялық іс-әрекеттердің рөлі артады.

Гиподинамиямен бірге эмоциялық, яғни сезімдік шаршау қоса жүреді. Оның себебі - қазіргі өндірістің күрделілігі, омірдің қиын жайлары және жұмыстан тыс ортаның кейбір ерекшеліктері, атап айтсақ, корініс пен дыбыс тітіркендіргіштердің тез ауысып түруы, ауаның ластануы, ақпараттың ағыл-тегіл келуі, жылу қолайсыздығы (жаздағы ыстық, қысты күнгі аяз). Рекреациялық іс-әрекет осылардан аз да болса күтқарады.

Бұлар капиталистік не дамушы елдерге тән рекреациялық «жа-рылыстың» басты себептері.

Елдер арасындағы туристік байланыстардың үлғаюына саяси тыныштық та әсеретеді.

Қазіргі таңда ішкі және халықаралық туризм тек маңызды құбылыс кана емес: бұлқұблыс қоғам алдыңда бұрынғыдай тек эмпирикалық әдістермен шешілмейтін күрделі міндеттерді арттырады. Туризм негіз салушы және қолданбалы ғылыми зерттеулерді қажет етеді.

Шынында да, рекреациялық миграциялар саны ондаған, тіпті жүздеген миллиондарға жетті. Қазірдің өзінде жыл сайын келетін туристер саны елдің халық санынан асып кететін мемлекеттер бар. Мысалы, 7,8 млн халқы бар Австрияға 9 млн. турист келеді, 6,9 миллиондық Швейцарияға - 7 млн., 250 мың ғана халқы бар Бағам аралдарына- 1,5 млн.

Рекреацияның қарқындылығы мен ауқымдылығы осы әлеуметтік-экономикалық құблыс мағынасы мен негізгі функциялары жоніндегі мәселені қойып тұр.

Қазіргі әдебиет көздері адамның түратын орнынан уақытша сапарға аттануын әртүрлі себептермен (түрткілермен) түсіндіреді. Себептер мен түрткілер саны оңай, еркін түрде біресе көбейеді, біресе азаяды, дегенмен оларды әлеуметтік маңызы тең емес бірнеше дербес топтарға бөлуге болады.

Кейбір зерттеушілердің пікірі бойынша инстинкттерге негізделген миграция түрткісі бірінші орын алады. Олар саяхат-құмарлық барлық адамдарға тән қасиет деп есептеуде. Мүлда адам қылықтарының биологизациясы байқалады, қажеттілік пен инстинкт ұғымдары шатастырылады және қажеттілік орнына инстинкт қойылады.

Тагы да басқа зерттеушілер инстинкт ұғымына қарсы қажеттілік ұғымын енгізеді. Осы ұғым негізінде адам қылықтарының мотивациясы жөніндегі ілім инстинкт негізіндегі ілімге қарағанда жаңа жолға қойылады. Қашан да болсын инстинкт адам дүниеге келгенімен бірге пайда болады. Ал қажеттілік болса, ол инстинкттен әлдеқайда күрделі жәнеәлеуметтік жайларға негізделген. Сөйтіп, адам мәні оның әлеуметтік жағдайға негізделген қылықтарында тұрады. Өндіріс күштерінің заманауи деңгейі мен белгілі қоғамдық қатынастар адам өмірінің негізінде жатыр, олар рекреацияның өсу қарқындылығы мен оның бұқаралық сипатына, мазмүлына себепкер болып тұр.

Кейбір авторлар осы түрткілерді «еңбек қабілетін қалпына келтіру түрткілері», яғни белгілі өндірістік қатынастар жағдайларында өмір сүретін адамның физикалық және психикалық күштерін қалпына келтіру деп біріктіреді. Сондықтан рекреация демалу мен еңбек қабілетін қалпына келтірумен теңестіріледі, адамдардың күшін қалпына келтіру қажеттілігі бұқаралық қоғамдық құблысқа айналғандығынан рекреация қоғамдық қажеттілік болып кетті.

Рекреация қазір адам өмірінің қажетті шартына, кернеулерді тыю құралына, еңбек қабілетін қалпына келтіру сайманына және өндірістің өзін одан әрі жалғастыру шартына айналды. Қоғам мүддесі жағынан рекреацияның негізгі мақсаты - қоғамның әрбір мүшесінің физикалық және психикалық күштерін қалпына келтіру мен дамыту, оның рухани дүниесінің жан-жақты дамуы болып табылады. Ал, ең алдымен, қанагаттандыруға жататын ең жоғары қажеттілік - адамның рухани дүниесінің, шығармашылық қабілетін дамыту деп айткан жөн. Рекреация дегеніміз дамыған қоғамның мызғымас бөлігі, қазіргі өмір салтының әлементі.

Рекреацияның қоғамдық функциялары бес негізгі топқа бөлінеді: 1) медициналық-биологиялық; 2) мәдени-әлеуметтік; 3) экономикалық; 4) саяси; 5) экологиялық.

Медициналық-биологиялық функциясы санаторлық-курорттық емделу мен сауықтандыруда байқалады. Туризм арқылы сауықтыру -адамның өндіріс және өндірістен тыс уақыттағы психологиялық шаршауын басу жолы болып отыр. Әрине, бұл жалғыз әдісемес. Мысалы, ғалымдар адамның қала жағдайларында адам мен қоршаған ортасы арасындағы өзара әрекеттесуін реттейтін болашақтағы қалалардың үтымды аумақтық жоспарлануын ойластыруда.

Мәдени-әлеуметтік функциясы - бұл рекреацияның ең басты, жетекші функциясы. Мәдени қажеттіліктер - бұл қоршаған ортаны, дүниені біліп-түсіну. Туризм еліміздегі ғана емес, бүкіл әлемдегі табиғаттың, тарихи-мәдени және әлеуметтік байлықтарымен адамның рухани түрде танысуына үлкен мүмкіндіктер туғызады.

Рекреацияның экономикалық функциясының ішіндегі бастысы - жұмыс күшін қарапайым және кеңейтілген түрде толықтыру. Рекреация қоғамға қажетті уақытты сақтап қалып үнемдейді. Саяси экономия бойынша демалыс пен туризм аясындағы еңбек әуелі жинақталады да, одан кейін материалдық өндіріс қызметкерлері арқылы затқа айналады. Рекреацияның арқасында адамның еңбек қабілеті артады, толыққанды еңбек қабілеті сақталатын мерзімі өседі, ал оның арқасында аурулардың азаюы мен өмір пшрақтығы арқылы еңбек уақыты да ұзарады. Бұл жағынан рекреациялық эффект арқылы, мысалы, аурулар санының төмендеуі арқылы үнемделген адам-сағат санының үнемделуі жөніндегі есептер қызық болуы мүмкін.

Экономикалық көзқарастан рекреацияның тауарлар мен қызметтердің тұтгнушылық сұранысының жаңа формасы ретіндегі рөлі маңызды. Рекреация арқылы өнеркәсіппен ауыл шаруашылығы өнімдерінің ассортименты кеңейтетін тұтас бір шаруашылық аясы қалыптасады.

Тауар-ақша қатынасында рекреация басқа да экономикалық функцияларды атқарады. Мысалы: 1) елдің белгілі бір бөлігінің шаруашылық құрылымын қарқынды дамыту; 2) еңбек сферасын үлғайту, яғни рекреациялық қызмет көрсету арқылы халықты жұмыспен қамтамасыз ету; 3) рекреациялық аудандардың пайдасын көздеп, халықтың ақша кірісі мен шығын балансының құрылымына үлкен әсерін тигізу; 4) шетелдік валютаны anyкөзі болатын шетелдік туризмді дамыту.

Туризм еңбекшілердің саяси-идеялық тәрбиесінің маңызды құралы болып есептеледі. Ішкі туризм басынан бастап патриоттық қозғалыспен байланысты болған. Туризм жұртты табиғатты, тарихи ескерткіштерді, оқиғалар орындарын тамашалау арқылы туған жерін аялау сезімін тәрбиелейді.

Туризм халықаралық байланысты күшейтеді, адамдарды бір-бірімен жақындатады, сондықтан оның интернационалдық тәрбиедегі рөлі жоғары. Халықаралық туризм бейбітшілікті нығайту мен халықтар ынтымақтастығын бекітуде маңызды рөл атқарады.

Туризмнің экологиялық функциясы халықтың денсаулығын сақтау мен жақсартуға байланысты. Демалыс пен туризм халықтың денсаулығы мен өмір сапасына әсерн тигізетін қоршаған табиғи ортаны қорғау және оны қалпына келтіру үшін өте кджет. Рекреациялықсұраныстың арқасында курорттар, демалыс зоналары және туризм желілеріұйымдастырылып, туризм жүйесіреттеледі.Олүшінтабиғаты шамалы өзгерген аумақтары бөлінеді, мелиоративтік, орманшылықжұмыстар жүргізіледі, табиғи орман саябақтары жабдықталады, су ресурстары мен ауа алабын қорғау шаралары өткізіледі, осы шаралар өмір сүру ортасын жақсартады. Табиғи рекреациялық аумақ қоры адам мен табиғи ортасы арасындағы өзара динамикалықәрекеттесуін урбанизация, индустриализация, жаңа жер игеру жағдайларында өңдеуге септігін тигізеді.

Басқа жағынан қарасақ, туризмнің жылдам дамуы, курорттық-туристік аудандарда туристердің тым көп шоғырлануы рекреациялықтабиғатты оңтайлы пайдалануды жәнетабиғи кешендерге түсетін салмақты реттеуді керек етеді. Туристердің табиғатты пайдалануы табиғатты қорғаудың түрлерін дамытады, ресурстық әлеуетті үтымды пайдалану шарттарын қалыптастырады. Осы мақсатта рекреациялық игеру жобалары мен жоспарларын ғылыми тұрғыдан дәлелдеу, курорттар мен туристік орталықтарды табиғи кешендер тұрақтылығын ескерумен дамыту қажет.

Қоғам сұранысының өсуі мен оның құрылымының өзгеруі нәтижесінде қорғалатын аумақтардың жаңа түрі - ұлттық саябақтар ұйымдастырылады. Мемлекеттік табиғи ұлттық саябақтар кұнды

табиғи және мәдени ландшафтарды қорғау мен демалысты ұйымдастыру мақсатында ұйымдастырылады.

Қайталау сұрақтары

1. Рекреацияның негізгі үш мақсаттық функциясын атап беріңіз.

2.  ТуризмніңXXғасырдың екінші жаршысындағы царцынды дамуының басты себептері қандайболды?

3.  Адамның тұрақты өмір сүретін жерінен тыс жерге баруының себептері (түрткілері) қандай?

4.  Рекреацияның қоғамдық функцияларының5 негізгі топтарына сипаттама беріңіз:

- медициналық-биологияпыц;

- әлеуметтік-мәдениеттік;

- экономикалық;

- саяси;

- экологиялық.

§ 3 Рекреациялық қажеттіліктер рекреациялық іс-әрекеттің кеңістік-уақыттық ұйымдастырылуының негізі

Бұрынғы КСРО рекреациялық география зерттеушілері рекреациялық, іс-әрекеттің кеңістіктік-уақыттық динамикасы мен аумақтық ұйымдастырылуын қоғамдық, топтық және жеке рекреациялық қажеттіліктер анықтайды деп есептейді.

Адамның кез келген қажеттілігі сияқты, рекреациялыққажеттілік өмірдің объективті жағдайына байланысты өзгеріп тұрады. Оларды канағаттандыру - өндіру, айырбастау және тарату жағдайына тәуелді. Рекреациялық қажеттіліктер әлеуметтік-экономикалық даму үрдісінде қалыптасады.

Рекреациялыққажеттіліктердің кеңістіктік-уақыттық динамикасы рекреациялық іс-әрекетті ұйымдастырудың аумақтық форма-ларында көрініс табады. Сондықтан рекреациялық қажеттіліктерді зерттеу барлық дәрежедегі рекреациялық аудандардың - демалыс пен туризм аясының жалпы мемлекеттік сүлбасынан нақты демалыс аудандары мен курорттардың функционалды зоналауына дейін - аумақтық ұйымдастырылуының қазіргі және болашақтагы формаларын зерттеуді керек етеді.

Табиғи ортадағы демалыс түрін таңдау мен белгілі ландшафтқа көз салу адам мінезі мен темпераменті сияқты көп нұсқалы болады. Дегенмен, таңдауы қандай да болса, осы сұраныстарды осыған арнайы бөлінген жерсіз қанағаттандыруға болмайды. Демалыс ұйымдастыру үшін жер таратылуы қолайлы физикалық-географиялық жайларынан бұрын жұрт қажеттіліктеріне орай өткізілуі қажет.

Жеке тұлғаның қолы бос уақытындағы әлеуметтік белсенділігі оның қажеттіліктері мен құлдылықтарына байланысты. Рекреациялық қажеттіліктер дегеніміз - субъектілер мен сыртқы орта арасындағы, өмірдің шын мәніндегі және қажетті жағдайлары арасындағы қайшылықтарды рекреациялық іс-әрекеттер арқылы шешу формасы болып табылады. Рекреациялық қажеттіліктер әлеуметтік-экономикалықдаму үрдісі кезінде сыртқы ортаның объективті факторлары әсернен қалыптасады және өмір өнімдерінің өндіріс тәсіліне, алмасуына жәнетаратылуына толығымен байланысты.

Рекреациялық қажеттіліктер адамның өмір сүру іс-әрекеті кезіндегі жоғалтатын физикалық және рухани күшін, денсаулығын және еңбекке жарамдылығын қалпына келтіру үшін қажет. Рекреациялық қажеттіліктер - қоғамдық, топтық және жеке-дара болып бөлінеді [5]. Қоғамдық рекреациялық қажеттіліктер - қоғамның барлық мүше-лерінің денсаулығын және еңбекке жарамдылығын, физикалық және рухани күшін қалпына келтіруін анықтайтын қажеттіліктер. Олар рекреациялық шаруашылықтың құрылымын, оның территориялық ұйымдастыру түрлерін орнатуға себеп болады. Қоғамдық рекреациялық қажеттіліктер негізгі қажеттіліктер болып саналады.

Топтық рекреациялық қажеттіліктер - белгілі бір топтың әлеуметтік-демографиялық, кәсіптік немесе белгілі бір жастагы топтың қажеттілігін, мәнін анықтайтын қажеттіліктер. Рекреациялық қызметтерді тұтгнатын арнайы тобына жанүлны жатқызуға болады. Олар емдеу, сауықтыру және танымдық қызметтерді кең түрде пайдаланады. Қазіргі кезде жастар туризмі де әлеуметтік топ туризмі ретінде қарқынды дамып келе жатыр.

Жеке-дара рекреациялық қажеттіліктер жеке тұлғаның ден-саулығын қалпына келтіруге, танымдық, рухани дамуына арналған рекреациялық шараларға сұраныс туғызады. Қоғамдық, топтық және жеке-дара рекреациялық қажеттіліктер диалектикалық өзара бай-ланыста болады. Жеке-дара рекреациялық қажеттіліктер әлеуметтік топтың рекреациялық қажеттілік құрылымына әсеретеді, олар ар-қылы жалпы қоғамдық қажеттіліктер іске асады.

Рекреацияның түрін таңдағанда адам немесе топ алдың ала бел-rimбір мақсат қояды. Жеке адамның немесе бір топ адамдардың қажеттілігі әралуан белгі бойынша жіктеледі. Сондықтан рекреациялыққажеттіліктерді жүйелі түрде зерттеу қажет. Зерттеу жұмыстары экономикалық, медициналық-биологиялық, демографиялық, әлеуметтік-психологиялық аспектілерде жүргізіледі. Осыған байланысты рекреациялық қажеттіліктердің қалыптасуына белгілі бір фактор тобы әсеретеді.

Рекреациялық қажеттіліктің қалыптасуына әсерететін факторлар:

1.  Әлеуметтік-экономикалық факторлар: өндіріс күшінің даму деңгейі; туризм мен демалыс сферасының даму деңгейі; халықтың табысы; қызмет пен заттардың жеке бағалары (оның ішінде - рекреациялық қызмет пен заттардың жеке бағалары); көлік инфрақұрылымының даму денгейі; демалыстың ұзақтығы; рекреа-циялық аудандар мен маршруттар туралы жарнама және ақпарат беру; халықтың әлеуметтік және кәсіптік құрамы; мәдени өмір деңгейі; халықтың көшіп-конуы; ұлттықдәстүрлер.

2.  Демографиялық факторлар: қала мен ауыл халқының қаты-насы (урбандану дәрежесі); халықтың жыныстық-жас мөлшерлік құрылымы; отбасының құрамы мен мөлшері; қоныстану ерекшеліктері.

3.Әлеуметтік-психологиялық факторлар: іскерлік жәнемәденибайланыстардың тығыздығы, мәдени өмірдің түрі; сәннің (елігудің) әсері; жеке тұлғаның қүндылық бағыты.

4. Медициналық-биологиялық факторлар: халық денсаулығының ахуалы.

5.   Табиғи факторлар: адам тұратын табиғи аумақ; аумақтың географиялық ерекшеліктері.

Рекреациялық қажеттіліктерге экономикалық баға беру халықтың рекреациялық қажеттіліктерін қанағаттандыру дәрежесі арқылы жүргізіледі. Осындай анықтау мәселесі осы күнге дейін шешілген жоқ. Экономикалық ғылым азық-түлік, баспана және басқа материалдық игіліктерді жақсы зерттеген. Мұнда рекреациялық қызметтерді тұтынудың шынында қалыптасқан тұтгнуды көрсететін төлеуге қабілеті жеткілікті сұраныс туралы сөз қозғалып түрған жоқ, біз қажеттіліктер жөнінде әңгімелеп түрмыз. Болашақта тұтыну құрылымының өзгеріс қабілетін көрсететін рекреациялық қажеттіліктерді ескеру керек. Рекреациялық қажеттіліктерге экономикалық баға бергенде қоғамның мүмкіншілігін, рекреациялық қажеттілікті өтеуге жіберетін қаржысын ескеру керек. Тек рекреациялық қажеттіліктер өзгерісінің экономикалық заңдарының негізінде рекреациялық іс-әрекеттің аумақтық ұйымдастырылу әдістері мен формаларын ойлаптабуға болады.

Рекреациялық қажеттіліктер - бұл күнделікті өмірдегі қажеттіліктер. Оларды қанағаттандыру рекреациялық тауарлар мен қызметті өндірудің мүмкіншілігіне байланысты.

Рекреациялық қажеттіліктеріне экономикалық баға берудің бір-неше: медициналық-биологиялық, әлеуметтанулық (социологиялық) және әлеуметтік-психологиялық аспектілері бар. Оның себебі -баға берген кезде қоғам мен оның мүшелерінің экономикалық мүмкіншіліктері өте маңызды, яғни қоғам мен оның мүшелерінің рекреациялық қажеттіліктеріне жүмсай алатын қаражаттары ескеріледі. Осы қаражат көлемі, ең алдымен, жалпы қоғамдық өнім көлемі мен оның таратылуына байланысты.

Рекреациялық қажеттіліктерді өтеу рекреациялық тауарлар мен қызметтерді өндіру қажеті мен мүмкіндігіне байланысты. Қажеттілік пен мүмкіндік өзара әрекеттесіп, нақты елдегі және басқа елдердегі бүтінгі қажеттіліктерді қалыптастырады.

Рекреациялық қажеттіліктердің медициналық-биологиялық аспектісі санаторлық-курорттық емдеудің құрылымы мен көлемімен анықталады. Аймақтық медициналық статистиканың негізінде курортологтар тұтгнушылардың санаторлық-курорттық емделу қажеттіліктерін және оларды қанағаттандырудың жиынтық балансын есептейді. Курорттар торының қажеттілігін әдетте нормативтергесәйкес анықтайды.

Сауықтыру қажеттіліктері медициналық-биологиялық аспектісі жағынан әзірше нашар зерттелген. Әдебиетте рекреациялық ic-j әрекеттің медициналық-биологиялық функциялары (бұлшық етка салмақ түсіру) мен әртүрлілігіне (бір істен екіншіге ауысып түру) ғана жалпы мәліметтер кездеседі. Рекреациялық іс-әрекеттің медициналық-биологиялық функцияларының жұмыс істеу себебі адамның орталық жүйке жүйесінде жатыр: адамның жүйке орталықтары толығыментоқтағанда емес, басқа жүйке орталықтары жұмыс істегенде ғана белсене «демалады».

Адам ағзасына демалыс орны мен мезгілінің, жас мөлшерінің, әлеуметтік табының, жүйке жүйесі түрінің және т. б. тигізетін әсер де дұрыстап зерттелмеген.

Рекреациялық қажеттіліктің социологиялық және әлеуметтік-психологиялық зерттеулері әлеуметтік топ немесе жеке тұлғаның рекреациялық қажеттілігінің қоршаган ортамен диалектикалық өзара байланысына бағытталған.

Рекреациялық кеңістікті ұйымдастыру шарттары, кеңістіктің рекреант әрекеттеріне тигізетін әсері социологиялық және әлеуметтік-психологиялық сипатқа ие. Сондықтан рекреациялық іс-әрекетті зерттеуде осы екі ғылымның маңызы зор. Бос уақыт әлеуметтануы (социологиясы) әлеуметтік топтардың қажеттіліктерін, олардың кең әлеуметтік топтар мен бүкіл қоғам қажеттіліктері арасындағы байла-ныстарын анықтап, зерттейді. Әлеуметтік психология әлеуметтік топ-тар мен жеке түлгалардың рекреациялық ортаға қоятын психологиялық талаптарын зерттейді. География үшін бір аумаққа байланған қоғам мүшелерінің әлеуметтік қүндылықтары және осы территорияда бірге тұрғандықтан пайда болатын қатынастар, яғни «жұрттың аумақтық бірлестіктері» өте маңызды.

Рекреациялық іс-әрекет процесінде әрбір әлеуметтік топ немесе әртүрлі жастағы адамдар тобы арнайы талаптар қоя бастайды. Әрине, олардың барлық талаптарын ескеру мүмкін емес. Бірақ та рекреациялық әрекетті ұйымдастырғанда демалушылардың әралуан талаптарына ғылыми көзқарас болуы тиіс.

Таңдаулылық деп рекреацияның белгілі бір түрін, әдісін немесе ауданын қалайтын қала, ауыл, аудан, республика халқының пайызын түсінеміз.

Рекреациялық қажеттіліктің социологиялық зерттеулері кешенді түрде жүргізіледі. Олардың мынадай зерттеу кезеңдері болуы мүмкін:

1)  демалыстың қазіргі шақтағы тенденцияларын статистикалық деректердің негізінде зерттеу;

2) рекреацияның мәні мен оның болашақтагы дамуы туралы ал-дыңала болжамдар жасау;

3) жұрт ішінде анкеталық сауалнама жүргізу;

4) рекреацияның даму болашағына ғылыми болжам жасау;

5) репрезентативтік деректерді тексеру негізінде теориялық ере-желерді құрастыру. Мұндайәдіс статистикалық деректердің жетіспеуі жағдайында жүргізіледі, алайда осындай әдісті қолданғанда мэлі-меттерді зерттеу объектілерінен тікелей қолма-қол алуға болады.

Рекреациялық қажеттілікті зерттеу үшін сұраптаулы зондаж әдісі қолданылады, яғни бүкіл халықты емес, халықтың бір бөлігін ғана сү_рап шығып «бүтінді оның бөлігі негізінде суреттеу». Бүкіл халық арасында сауалнама жүргізуді ұйымдастыру өте қиын және қыруар қаражат қажет етеді. Осындай сауалнаманың мысалы - ел халқының санағы. Зондаж болса, халықтың бір ғана бөлігін қамтиды және осыған негізделіп, кейбір сауалнама көрсеткіштерін бүкіл халыққа таратып қорытынды жасауға болады. Бұләдістің өз қағидалары, артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Сауалнама аумақтық қағида бойынша екі орталарда:

1) адамның жұмыс және түратын орнында;

2) демалыс немесе туристік саяхат орнында жүргізіледі. Сауалнама жүргізгенде халықтың әлеуметтік-демографиялық құрылымының моделі қолданылады. Жұмыспен түратын орнында жүргізілетін сауалнамалар рекреацияның жиілігін, ұзақтығын, маусымдылығын, құрылымын анықтайды. Тенденцияларды анықтау рекреациялық аумақтарды кеңістікте орналастыру ісінде, демалыс пен қызмет корсету мекемелері номенклатурасын таңдауда көмектесетін болады.

Рекреациялық аудандағы сауалнамалар рекреацияның мазмүнын, демалушылардың бюджетін, олардың қанағаттануын, болашақтағы талаптарын анықтайды.

Сауалнама жүргізгенде стратификацияланған («қатпарларға» бөлу) сұраптау негізіндегі интервью әдісі қолданылады. Сұраптаудың қиындығы - халықтың біркелкі болмауында. Сондықтан бұлсұраптау зерттелген ауданның, ал жалпы мемлекеттік зерттеу болса, бүкіл ел халқының әлеуметтік, жас мөлшерлік, жыныстық құрылымына толығымен сәйкес болуы қажет. Әлеуметтанушылар талаптарға сай болған адамдарының саны көрсетілген кестелерді құрастырады. Сауалнама жасауға жататын тұлғалардың саны да репрезентативті болуы қажет.

Қолдағы ақпарат көлемін анықтаудың нақты алдыңала берілген статистикалық не социологиялық ережелері жоқ. Жалғыз бір жалпы ереже мынадай: статистика жағынан бас бірлестіктер біркелкі болған сайын, сұраптау тобының көлемі шағын болуы мүмкін, ал бас

бірлестік жөніндегі ақпарат жетіспеген сайын сұраптау көлемі үлкен болуы керек.

Кеңес Одағы әдебиетінде емдеу-курорттық ғимараттардың ЦНИ-ИЭП институтының әлеуметтану секторы жұмысының қорытынды-лары көрсетілген.

Осындай зерттеулер бойынша бұрынғы КСРО-да туристердің көбісі орман мен теңіз жағалауын, су алқаптарымен шекаралас аумақтарды таңдаған. Орманда демалуды халықтың 34,5%, теңізде - 28,2%, өзен-көлде - 29,5% және жақын орналасқан орман-теңізді, орман-өзенді (көлді) қалаған. Тауда тек 5,5%, ал дала ландшафтында тіпті мардымсыз 0,1% демалғысы келген. Және де қалаулар құрылымы барлық жағдайда немесе әдетте адамның рекреация мүмкіншіліктері жөніндегі білімімен айқындалады. Осы жәйтті болашақтағы туризм мен демалыс қажеттіліктерінің болжамын жасағанда қате жібермеу үшін ескеру қажет. Келешекте қалаулар құрылымы өзгерістерге үліырамақ, мәселен, туризмнің бұрын дамымаған немесе беймәлім түрлерінің пайда болуына, олардың іске асырылу шарттарының немесе ұйымдастырылу аумағының өзгеруіне байланысты, жұрт осы-ларды тандауы мүмкін .

Демалыс ландшафтын таңдауына халықтың жас сатылары құрылымы ең үлкен әсерететіндігі анықталды. Жасы келген сайын қала жұрты орманда демалуды коп таңдай бастайды: 16-24 жасарлардың 31,3%-ы ғана демалысын орманда өткізгісі келсе, 60 жасар және одан үлкендердің 47%-ы осындай демалысты қалайды. Керісінше, демалысын тауда өткізгісі келгендердің арасында жастар үлесі жоғары (9%).

Шипалы суларда зейнеткерлер демалғысы келеді. Бір қызығы, сауалнама бойынша орман мен озен жағасындағы демалыс теңіздегі демалыстан гөрі көп таңдаулы болады екен. Бірақ, қала тұрғындары арасында Қара теңіз жағалауындағы демалысты таңдайтындардың саны өсуде. Осы ауданда ересектердің 24%-ы демалғысы келеді. Теңіз жағалауында демалғысы келетіндердің арасында 16-39 жасар адамдар коп. Осындай демалыстың ең сүйікті аудандары - Қырым мен Кавказдың Қара теңіз жағалауы болған.

Рекреациялық қажеттіліктерді зерттеу - территориялық рекреа-циялық жүйелердің (ТРЖ) қалыптасуы, істеуі мен дамуының заң-дылықтарын анықтау жолындағы тек алғашқы маңызды кезеңі болып табылады.

Социологиялық зерттеулердің нәтижелері медицина қызмет- t керлерінің, экономистердің, экологтардың, курортологтардың және басқа да мамандардың ұсыныстарымен толықтырылуы керек, өйткені жұрттың талаптары медициналық ғылымның, табиғат қорғау мақсаттарының және мемлекеттің экономикалық мүмкіншіліктерінің ғылыми тұрғыдан дәлелденген талаптарына барлық жағдайларда сәйкес болуы мүмкін емес.

Халықтың сұранысы қажеттіліктердің әсермен бірге ұсыныла-тын туристік қызметтердің көлемі мен құрылымының, рекреациялық шаруашылықтың материалдық базасының дамуына байланысты қалыптасады. Сөйтіп, туристік сұраныс, бір жағынан халықтың жеке, топтық және қоғамдық төлеу қабілеті мен қоғамдық тұтыну қорларымен өтелетін қажеттіліктермен анықталады, ал, екіншіден, рекреациялық қызмет көрсету жүйесі мен туристік қызметтер ұсынысына байланысты.

Рекреациялық қажеттіліктер мен туристік сұраныс халықтың белгілі әлеуметтік-демографиялық тобының қалауы бойынша таңдалған туризм түрімен, осы топтардың төлеу қабілетімен және олардың экономикалық аудандағы немесе бүкіл ел көлеміндегі жалпы санымен анықталады.

Рекреациялық қажеттіліктерге болжам жасағанда, бір жағынан демалыс пен туризмнің қазіргі құрылымын, ал екінші жағынан халықтың таңдауларын, оның ғылыми-техникалық прогресс пен тез өзгеріп түратын өмір жағдайы әсернен болатын динамикасын ескеруқажет.

Рекреациялық қажеттіліктер құрылымы мен болашақтағы туристік ағымдар көлемін анықтау үшін халық топтарының бос уақыты балансының зерттеулеріне негізделген әдістерімен бірге нормативтік көрсеткіштер әдісі колданылады. Нормативтік әдістер демалыс пен туризм мекемелерінің 1 мың адамға есептелетін нормаларға сүйенеді. Туризмді ірі экономикалық аудандарда ұйымдастыру сүлбаларын жасағанда халық топтарының бос уақыты балансының зерттеулеріне негізделген әдістер ең дұрыснәтижелерге жеткізеді, ал жеке ТРЖ аудандық жоспарлауы деңгейінде - табиғи ландшафтарға зиян келтірмейтін жүктемелерді ескерген нормативтік әдісі қолайлы.

Қайталау сұрақтары

1. «Рекреациялық қажеттіліктер» деген не?

2. Қоғамдық, топтъщ және жеке рекреациялыққажеттіліктер деген не?

3. Рекреациялыққажеттіліктерінің қалыптасуына әсерететін факторлардың бес тобына сипаттама беріңіз.

4.  Демалушылар топтарының демалыс орындарын таңдау себептерін атап беріңіз.

5. Халықтыңрекреациялыққажеттіліктерін зерттеу әдістері жөнінде айтып беріңіз.

§ 4 Рекреациялық іс-әрекет, оның құрылымдық және функционалдық ерекшеліктері.

Рекреациялық аумақтардың негізгі түрлері

Біз рекреациялық қажеттіліктердің өндіріс күштері дамуының белгілі денгейі мен өндірістік қатынастар сипаты жағдайындағы адамның еңбек қабілеттілігін қалпына келтіру шарттарына қойылатын жеке, топтық және қоғамдық талаптары ретіндегі анықтамасын бердік. Рекреациялыққажеттіліктер рекреациялық іс-әрекет түрлері арқылы қанағаттандырылады. Мұнда рекреациялық іс-әрекет дегеніміз -адамның физикалық, психикалық және рухани күшін қалпына келтіру мақсатындағы адамның бос уақыт кезіндегі әрекеттері [6].

Адамның бос уақытындағы іс-әрекет құрылымының күрделілігі жұмыс әрекетіндегі іс-әрекеті құрылымының күрделілігінен кем емес. Тіпті одан асып түседі, өйткені жұмыс кезінде өндіріс технологиясы мен ұйымдастырылуы адам әрекеттері еркіндігін шектейді. Ал бос уақытында адам күшін қалпына келтіру әдісін саналы немесе бейсаналы түрде таңдауға өз еркі бар.

Рекреациялық іс-әрекет белгілі бір тәсілдер арқылы жүзеге асады. Мұндай тәсілдерді «рекреациялық шаралар» деп атайды. Сонымен, «рекреациялық шаралар» - бұлрекреациялықіс-әрекет түрлерін іске асыру тәсілдері. Шаралар жинағының ішінде мынадай рекреациялықшараларды бөліп қарауға болады: суға шомылу, жаяу қыдыру, саңырауқүлақ пен жеміс-жидек жинау, ескерткіштер мен мұражайларды аралап көру және т.с.с. Рекреациялық шараларды екі топқа белуге болады, олар негізгі төрт шараның басын қосады (1-кесте) [6].

Рекреациялық-емдеу шаралары - бұл арнайы шаралар жүйесі, санаторлық-курорттық емдеу әдістерімен қатаң анықталады: климат пен емдеу, бальнеологиялық емдеу, балшықпен емдеу және т.б. Рекреациялық-сауықтыру шараларының түрлері әралуан болып келеді. Бүған кіретіндер: қыдыру, суға шомылу, күн және ауа ваннала-рын алу, ойындар, жай демалыс, саңырауқұлақ теру және т. б.

Рекреациялық-спорттық шаралары, негізінен, адамның күш-қуатын дамытуға бағытталған. Бүған кіретіндер: спорттық ойындар, желкенді және моторлы су спорты, шаңғы спорты, ұзақ жаяу жорықтар, тау шыңдарына көтерілу және т. б.

Рекреациялық-танымдық шаралар адамның рухани дамуына арналған. Бүған жататындар: мәдени ескерткіштерді тамашалау, табиғат құбылыстарымен танысу жәнет. б.

Рекреациялық шаралардың бірнеше түрі шынында бірігіп орын алады. Мысалы, жаңа жерлерде серуендеу козғалыс пен таным функцияларын бірге орындайды. Рекреант өз еркімен белгілі уақыт ішінде бірнеше рекреациялық шараларды біріктіруі мүмкін. Осындай үйлестіру саны өскен сайын рекреациялық әрекет тиімділігі деі артады, себебі бір уақыт бірлігінде рекреациялық қажеттіліктердін үлкенірек көлемі қанағаттандырылады.

1-кестe

Рекреациялық шаралардың типологиясы

Қалпына келтірілген топ

Даму

тобы

Рекреациялық

емдеу шаралары

Рекреациялық

сауыктыру шаралары

Рекреациялық

спорт шаралары

Рекреациялық

танымдық шаралар

Қатаң түрде

анықтау әдісі

бойынша

санаторлық-

курорттық

емдеу шарасы:

бальнеологиялық

(минералды

сумен) емдеу,

батпақпен емдеу

Таза ауада жүру

және мөлшерлі

физикалық салмақпен кыдыру,

суға жүзу, әр

түрлі ойындар,

саңыраукұлақ

және жеміс-жидек

теру, күн мен ауа

ваннасы, пассивті тынығу және т. б.

Адамның күш-

қуатын өсіру

шарасы (спорт

тық ойындар,

моторлы су

спорты, шанғы

спорты, ұзақ

уақытқа сапарға

шығу, тау

шыңдарына шығу және т. б.)

Адамды рухани

дамыту шарасы

(мәдени және

табиғи ескерт-

кіштерді көру,

мұражайларға

бару, табиғи

және қоғамдық

құбылыстармен

танысу және т. б.)

Жоғарыда айтылған рекреациялық шараларды қарапайым рекреациялық шаралар дейді.

Қарапайым рекреациялық шара - бұл ішкі бүтіндей біркелкі технологиялық компоненттерге бөлінбейтін рекреациялық қызметтің әлементтері.

Қарапайым рекреациялық шара (ҚРШ) демалыс бағдарламасын құрастыру негізі болып табылады. Социологтар 100 мыңға жуық ҚРШ есебін шығарып отыр, оның саны әрбір 10 жылда екі есе өседі. Сондықтан ҚРПІ-ны ірі топтарға (рекреациялық, іс-әрекет түрлеріне) біріктіру қажет .

Рекреациялықіс-әрекеттің түрі (РӘТ) дегеніміз - қарапайым рекреациялықшаралардың біртекті тобы, олардың әрқайсысы өзара алмаса алады. Баскаша айтсақ, рекреациялық іс-әрекеттің бір түріне өзара алмасатын қарапайым рекреациялық шаралар жата береді. Туроперейтингтің тәжірибесінде мулдай жағдайлардың маңызы зор, өйткені қандай да болмасын қарапайым рекреациялық шараны еткізуге мүмкіндік болмай қалғанда, оның орнын толтыру үшін туристке қарапайым рекреациялықшараның басқасын ұсынады. Мысалы, саңырауқүлақ болмай қалғанда, туристерге жеміс-жидек жинауды ұсынады [10].

Барлық рекреациялықіс-әрекет түрлері рекреациялықіс-әрекет циклымен бірігіп, соның құрамына кіреді. Белгілі уақыт ішінде кайталанатып түратын рекреациялықшаралардың тұрақты комбина-циясы «рекреациялық іс-әрекетциклы» деп аталады (Ю.А. Веденин, 1975).

Тірі жүйелердің өмір сүру шартының бірі - тірі материяға тән биологиялық үрдістердің ырғақтылығы (ритмі). Тәуліктік (цир-кадтық) ырғақтар биологиялық ырғақ болып табылады, бұл тірі жан-дардың қасиеті және олардың өмір сүру шартының бірі. Сондықтан рекреациялықіс-әрекеттің тәуліктік циклын бір мезгілде немесе бірнеше шағын мезеттерде орындалатын әрекеттер үйлесуінің баста-уыш бөлігі болып қарастыруға болады (5-сурет).

Тәуліктік циклдар белгілі уақыт ішінде бірнеше рет қайталанып тұрады. Мынадай циклдар болуы мүмкін: ұзақдемалыс циклы, өмір циклы, белгілі жас сатыларының циклы (балалық шақ, жастық шақ, есейген шақ) және т. б.

¥зақ демалыс циклы тәуліктік циклдардан құрылады. Бірақ бұл кезде бірдей тәуліктік циклдары қайталанбайды. Мысалға, санатор

лық-курорттық емдеу бір-біріне тең емес: адаптациялық (бейімделу), емделу, экскурсиялық кезеңдерге бөлінеді. Әр кезеңнің өзінің теракты тәуліктік циклдары қалыптасады. Күн тәртібі деп аталынатын қатаң тәуліктік циклдары санаторлық-курорттық емдеу кезінде, ал катаң емес тәуліктік циклдары - өз бетімен ұйымдастырылған демалыс кезінде пайда болады (6-сурет).

Рекреациялық іс-әрекеттің өмір циклдары рекреация түрлері мен формаларының, географиялық аудандардың кезекпен-кезек ауысу ында және т. б. көрініс алады.

6-сурет. Шаралардың демалыс циклыньщ сұлбасы

(Ю. А. Веденин, 1975)

Рекреациялық іс-әрекетциклдарын олардың қоғамдық функциялары мен технологиялары бойынша да айыруға болады (Ю.А. Веденин, 1975): емдік, сауықтыру, спорттықжәнетанымдық циклдары.

Күнделікті өмірде рекреациялық шаралар алмасып тұрады. Шаралар неғүрлым аралас болса, рекреациялық іс-әрекет соғұрлым әсерлі болып, рекреациялық қажеттілік қанағаттанарлықтай бола түседі. Соңғы уақытта көбінесе рекреациялық іс-әрекеттің негізгі үш түрі туралы әңгіме қозғалуда. Оларға емдеу, спорттық-сауықтыру және танымдық рекреациялық іс-әрекет жатады. Рекреациялық-сауықтыру және рекреациялық-спорт шаралары түрлі рекреациялық шаралар тобына кіргенімен, өзінің функциялық бағыты бойынша бір-біріне өте жақын. Өйткені екеуі де негізінен адамнын күш-қуатын сауықтырып дамуына әсерн тигізеді.

Рекреациялық шаралардың әралуандылығы, араластығы және ауысып тұруы рекреациялық аумақтардың касиеттерімен тығыз бай-ланысады. Шаралардың әралуандылығы рекреациялық ресурстардың (табиғи жәнеәлеуметтік-экономикалық ресурстар) әралуандылығына сәйкес келуі керек. Рекреациялық ресурстардың әралуандылығы шаралардың араласып және ауысып тұруына мүмкіндік береді.

Аудандық жоспарлауда рекреациялық аумақтың көп функция-лық сипаты (табиғи кешендерді таңдау мүмкіндігі, инженерлік құры-лыстардың құрылымы мен орналасуы, т. б.) рекреанттың қолындағы уақыт мезгіліне байланысты яғни істейтін шаралар тізімі мен ұзақ-тығына байланысты. Өз еркімен орындалатын рекреациялық іс-І әрекетциклдары әзірше жақсы зерттелмеген.

Рекреациялық циклдардың жаһандық және макроаумақтық ден-і гейдегі әсерлері рекреациялық саланың аумақтық ұйымдастырылу мәселесі ретінде қарастырылады.

Рекреациялық қажеттіліктер құрылымының өзгерістері себепкер болған рекреациялық іс-әрекет эволюциясының екі негізгі тенденцияларын атап шығу қажет. Бірінші тенденция: бір жағынан, сауыктыру-спорттық және танымдық рекреациялық шаралар маңызының артуымен бірге, барлық шаралардың өсуі жағдайындағы емдеу шараларының азаюы. Ең көзге түсетін ерекшелік - табиғи (өзгертілмеген немесе шамалы өзгертілген) ландшафтарды пайдаланатын рекреация түрлерінің тез дамуы. Екінші тенденция - жана,дәлірек айтсақ, бұрын көп айналыспаған рекреациялық шаралардың пайда болуы.

Ғылыми әдебиетте рекреациялық іс-әрекеттің неше түрлі жіктелуі мен топтастырылуы кездеседі. Олардың негізінде ең жиі кездесетін критерийлері мынадай: саяхат мақсаты, оның ұйымдастыру сипаты, құқықтық статусы, саяхаттың ұзақтығы, рекреанттың қозғалыс түрі, оның жас мөлшері, шаралар жиілігі және тағы басқалары - бұлардың барлығы рекреациялық іс-әрекеттің құрылымы деп аталады (2-кесте).

Емдеу рекреациясы негізгі емдік табиғи факторлары бойынша бөлінеді: климат, минералды су көздері, емдік балшықтар және тағы басқалар. Осындай ресурстарға байланысты ол үш негізгі топқа бөлінеді: климатпен емдеу, бальнеологиялық емдеу жәнебалшықпен емдеу. Олардың үйлесіп келуіне қарай бальнео-балшықпен емдеу, бальнео-климатпен емдеу, климат-бальнео-балшықпен емдеу топтары болып та бөліне алады. Емдік-курорттық рекреация жайлары медициналық-биологиялық нормаларға мүқият сәйкес болулары қажет. Жұртты емдеуге арналған курорт аумақтары белгілі шарттарға ие болуы керек.

Бұрынғы КСРО-да табиғи ландшафтық зоналарға сәйкес курорттар мынадай типтерге бөлінген:

1) теңіз жағалаулық жазықтық, көбінесе жерортатеңіздік климаты, дала, шел, ылғалды субтропик-тер ормандарының климаты, қоңыржай ендіктерінің орман климаты, шөлейт климаты тән курорттар;

2) жазықтық континенталдық ку-рорттар қоңыржай белдеуінің тайга, орман зоналарында, қоңыржай беддеуінің муссондық ормандар климатының зонасында, дала мен орманды дала, субтропиктік ормандар мен шөлейт зоналарында орналасқан;

3) Тау курорттары тау етегіндегі, аласа таудағы (500-1000 м), орта таулардың төменгі белдеуіндегі (1000-1500 м), орта таулардың жоғарғы белдеуіндегі (1000-1500 м) және биік таулы (2000 м-ден астам) курорттарына бөлінген.

Спорттық-сауықтыру рекреациясы да алуан түрлі. Әлем бойынша кең тараған түрлеріне суға шомылу, жағажайда демалу жатады. Суда немесе су жағасында демалу түрлі рекреациялық шараларды қамтиды: суға түсу, күн ваннасы, жағалау бойымен серуендеу, жағалауда доп ойнау, су шаңғысы және т. б.

Серуендеу жәнекәсіби-серуен демалысына мынадай шаралар кіреді: ашық-таза ауада демалу, көрікті-көз тартатын жерлерді тамашалау, саңырауқұлақ пен жеміс-жидек, теңіз моллюскаларын жәнебасқа да табиғат «сыйлықтарын» теру.

Соңғы жылдары тіпті құнды асыл тастар мен минералдарды, құпия қоймаларды іздестіру сияқты туризм түрі дамуда. Мысалы, «Панаме-рикэн» әуе компаниясы құнды минералдарды іздестіру мақсатында Аустралия мен Жаңа Зеландияға 24 күндік саяхат ұйымдастырады. 3 миллионная астам американдықтар бос уақытында теңіз түбіндегі қүлия қоймаларды іздеумен айналысады.

Танымдық рекреация. Танымдық аспектісі рекреациялық шаралардың едәуір болігіне тән. Бірақ тереңірек тануды қажет ететін рекреациялық шаралар да болады, яғни мәдени-тарихи ескерткіштерді, сәулетгі ансамбльдерді тамашалау, сонымен қатар жаңа аудандармен, елдермен, этнографиямен, фольклормен, табиғи құбылыстарымен және шаруашылық объектілерімен танысу.

Мысалы, Ресейде танымдық туризм объектісі - Камчаткадағы Гейзерлер Алқабы, АҚШ-та - Йеллоустонның табиғи кереметтері, Қазақстанда- Шарын каньоны, Шетен орманы, Тұйықсу мұздықтары және т.с.с. Рекреациялық іс-әрекеттің танымдық түрлерінің бірі - жануарлар өмірін бақылау. Мысалы, теңіз жануарларының отарларын бакылау үгпін коптеген туристер келеді. Қасиетті Павел аралында (АҚЩ) котик жануарының он қонысы бар. Біреуінде туристер үшін кәдімгі галерея мен бақылау мүнарасы салынған.

Рекреацияның коптеген түрлері табиғи және әлеуметтік-экономикалық себептерден маусымдық сипатына ие. Рекреацияның осындай маусымдылығы коптеген әлеуметтік және экономикалық мәселе-лерді тудырады. Ең алдымен рекреациялық инфрақұрылымының пайдалану тиімділігі томендейді, еңбекпен қамтылу мен қызмет көрсету және колік жұмысында «шыңдар» мен «шүңғымалар» пайда болады. Мысалы, теңіз жағалаулық рекреациялық аудандарда қысты күні шілде-тамызга қарағанда еңбекпен қамтылу 3-4 есе төмендейді. Жұрттың кобі жазда, шүрайлы күн козінде демалғысы келеді. Сойтіп, күн көзі маусымдықтың маңызды факторы екені анық.

Сонымен қатар, рекреациядағы маусымдылықтың тағы бір себебі - өнеркәсіп орындары мен мекемелердің жұмыс тәртібі бойынша олар қызметкерлеріне жүйелі демалысты жазды күні беруге тырысады. Білім беру жүйесінің де жұмыс тәртібі осындай.

Рекреацияның кейбір түрлері, әсіресе емдік-курорттық түріне жаалыстамай жаға бойымен одан әрі созылуда. Сөйтіп, ірі сызықтық татын түрлері жыл бойы істейді, дегенмен мұнда да рекреациялықрекреациялық агломерациялар құрылады, мұның теріс салдарлаағымның толқындары болады.

Туристік қозғалыс ырғағын зерттеудің теориялық маңызымев демалыс тиімділігі төмен, табиғи кешендерге ауыртпалық түседі, бірге тәжірибелік қасиеті бар. Туристік ағымның қарқындылығына жергілікті жұрттың әлеуметтік проблемалары үлғаяды және т. б. туристерге қызмет көрсету жүйесі: көлік, қоғамдық тамақтандыру, Жағалау бойымен созылу сүлбасы курорт аумағының функция-материалдық-техникалық қамтамасыздандыру және басқалары лық зоналауын қиындатады. Дегенмен, Гагра маңындағы аумақтың толығымен сәйкес болуы қажет. Және де, маусымдық қүйқылжуларды ішкі жағына тереңдетілген жоба жасалған. Аспалы жол демалушы-азайту үшін туристік ағым карқындылығының маусымдылыгы мен ларды теңіз жағалауынан альпілік зонаға дейін жеткізеді. Бүдан да ба-оған себеп болатын факторлар арасындағы байланыстарын зерттеу тыл жоспарлар Франциядағы теңіз жағалаулық Лангедок-Руссильон қажет.                                                                                                 рекреациялық зонасының құрылысында іске асырылды.

¥зақ мерзімді қаладан тыс жердегі демалыс ареалдарын тауып, Мұнда кейбір туристік құрылыстар теңізден 10-15 км арақа-оған жер бөліп пайдалану мәселелерін шешу барысында үгн тенден- шықтықта орналасқан. Қолайлы көлік байланыстары арқасында күнде ция анықталды: 1) курорттық елді мекендер немесе түтас курорттық күн және теңіз ванналарын алуға болады. Ал оңтайлы функциялықагломерациялар негізінде «урбанданған» рекреациялық аумақтарды зоналау мен жағажай көлемін үнемдеу үшін құрылысты жағалау бой-дамыту;

2) рекреациялық саябақтарды қалыптастыру арқасында  емес, оған перпендикуляр түрінде жүргізеді, мұнда негізгі жаяу креацияны елді мекен аралықтарындағы аумақтарда дамыту;

3) ауыл жол жағалауға перпендикулярлы өтеді, ал жағалауға параллелді тас жерлеріндегі демалыс ареалдарында орналасқан өтпелі рекреациялық жол одан алыс жерде орналаскан. Жағалауға перпендикулярлы үш аумақтарды игеру.      функционалдық зона орналасады:

1) дәл судың жанында спорттыңБірінші түріне жататын аумақтардың ішінде теңіз жагалаулық де- су түрлері мен ойын-сауық зонасы; 2

) одан кейін жер үстіндегі малые аудандары, емдік-санаторлық бөлек курорттар мен курорттық спорт түрлері мен ойын-сауықтар зонасы;

3) туристерді орналасты-аудандар, тау-шаңғы туристік кешендері жиі кездеседіру орындары (қонақүйлер, кемпингтер, тамақтандыру орындары.

Теңіз жағалаулық рекреациялық аудандар қазіргі рекреациялықпаркингтер және т. б.). Су спорты зонасының ортасында туристік аудандары ішіндегі ең жылдам дамып келе жатқан аудандары. Келіп жүзу құралдарының порты орналасады. Әрбір зонаның көлемі жүрген рекреанттар саны бойынша олар әлем астаналарынан кейінгі белгілі нормалармен шектелмеген. Олар аумақтың ерекшеліктерімен екінші орын алады деп айтсақ қате болмас. Теңіз жағалауларының өте анықталады. Осындай жоспарлау арқылы жағажай аумағын үнемдеуге қарқынды, кейде тым асығыс игерілуі - 50-ші жылдарында басталып, болады, екіншіден, функционалды зоналарды дұрыстап белгілеп, бір-қазір де жалгасып жатқан туристік бум салдары.                                 бірінен бөліп топтастыруға болады.

Теңіз жагалауындағыдемалыс сұранысы, оны қанағаттандыру Теңіз жағалаулық рекреациялық аудандарының аумақтық ұйым-қажеті құрылыстың индустриялық әдістерін қолдануымен түйдей дастырылуының ең маңызды мәселелерінің бірі - рекреациялық құ-кедді. Курорттық аудандарда құрылыстың үйренішті индустриалдық рылыс орнын таңдау болып табылады, ал құрылыс үшін ең үтымды әдістері қолданыла берген, кейде тіпті курорттық кешендердін жерді таңдап алу көптеген қарсылық тугызады. аудандық жоспарлануының жай қалалардан ешқандай айырмашылығы Балтық теңізіндегі демалыс орындарында, арнайы зерттеулер бой-болмаған. Сөйтіп Испания, Франция, Болгария, басқа елдерде ынша, күн ашық болған кезде рекреациялық кентте ешкім отырмайды урбанданған рекреациялық кешендер пайда болды. Әдетте бұлаудан- (мысалы, Палангада пансионаттар, демалыс үйлерде және т.с.с. 6-7% дар жагалау бойымен үзынынан ұзақ созылып, аумаққа терец кірмей демалушылар ғана қалады). Олар құрылыстар ете эдемі жерде орна-дамыған. Және де теңіз жағалаулық кешендер қазір де жагалаудан ласса да, кенттен кетіп қалуға тырысады. Себебі - кенттің өзі емес, оның айналасы демалушыларды нағыз тартатын жері болып табылады. Сондықтан рекреациялық кенттерді ең эдемі де қолайлы жерде орналастыруға тырыспау керек - мүддай жерді өз қалпында сактап қалған жөн. Ғимараттар үшін қарапайым орын да жарай береді.

Теңіз жағалаулық аудандарда рекреациялық шараларының жиын-тығы бойынша көбінесе полифункционалды ррталықтар құрас-тырылады. Сонымен қатар, соңғы жылдары мамандандырылған орта-лықтардың, мысалы, балық аулаушыларға, көңіл көтеруге және т. б. арналған орындардың құрылысы байқалуда.

Сонымен қатар, рекреациялық іс-әрекетті ұйымдастырудың «урбанданған» формаларына алдың алу және емдеу-қалпына кел-тіру мақсатында географиялық орта факторларын пайдаланатын санаторлық-емдеу курорттары да жатады. Климат, минералды су-лар мен балшықтардың көптеген ауруларға ем болатыны жәнеолар-ды алдың алатыны баяғыдан белгілі. Кең тараған жәнеқұрылымы, қасиеттері, шипалық қасиеті бойынша алуан түрлі минералды сулар мен балшықтар, жайлы климат жағдайлары көптеген курорттық орта-лықтар мен аудандардың пайда болуына себепкер болды.

Соңғы кезде емдік туризм көрсеткіштері, әсіресе дамыған капи-талистік елдерде аздап төмендеуде. Дегенмен санаторлық-емдік рекреация ішкі де, халықаралық туризмінің де маңызды факторы болып қала береді. Кейбір курорттар туристерді өзіне тарту үшін функ-цияларын өзгертуде. Осындай өзгерістер өте жиі көңіл көтеру мен спорттық-сауықтыру функцияларын кеңейту жолымен өтеді.

Санаторлық-емдік рекреация - бұл туризмнің еуропалық түрі деп те айтуға болады, себебі ол әлемнің басқа жерлерінде Еуропаға қарағанда онша дамымаған. Мысалы, АҚШ-та туризмнің бұл түрі тіпті аз тараған.

Бұрынғы КСРО-да бальнеологиялық емдеуге үлкен назар аударылған, ол кезде 500-ге жуық курорт жұмысын атқарған. Олардың ішінде әлемге әйгілі Солтүстік Кавказ курорттары - Есентуки, Пятигорск, Железноводск, Грузиядағы Цхалтубо, Қырымдағы Саки мен Феодосия, Карпаттағы Трускавец, Қазақстандағы Сарыағаш пен Ал-маарасан және т. б.

Соңғы жылдарда халықаралық тау шаңғы курорттарының саны жылдам өсуде. Осындай курорттардың дамуы үшін мынадай табиғи алғышарттары: қалыңдығы 50-60 сантиметрден кем емес қардың

үш айдан кем болмай жатуы, жайлы климат жағдайы, беткейлерінің көлбеуі орташа есеппен 17° жететін орташа немесе аз тілімделген жер бедері, кар көшкіні жағынан қауіпсіз болуы қажет.

Елді мекендер аралығындағы қала маңындағы және ұзақ мерзімді каладан тыс жердегі рекреациялық іс-әрекет алдыңғы қатарға шықты. Мұның себептері - демалыс белсенділігінің өсуі, оның центрден тепкіш бағыты мен көшпелі сипаты. Туризм мен демалысқа арналған аумақтарды ұйымдастыру формасының бірі - табиғи рекреациялық саябактарды ұйымдастыру болып табылады.

Табиғи-рекреациялық саябақ арқылы рекреацияны ұйымдастыру мен табиғат қорғау мақсаттары үйлесіп орындалады.

Алғашкы ұлттық саябақ - Йеллоустон саябағы 1872 жылы ұйым-дастырылды. ¥лттық саябақта экологиялық, тарихи және эстетикалық құндылығы бар табиғи кешендер мен объектілер орналасады. Ұлттық саябақта табиғатты қорғау мақсаттары экологиялық білім берумен, туризммен және халықтың демалуымен үйлеседі. Ұлттық саябақтардың негізгімақсаттарымынадай:

1)еңтамашатабиғи(немесеадамәсернен аз өзгерген) ландшафтарды қорғау;

2) табиғи ортада ғылыми зерттеулер базасын ұйымдастыру;

3) танымдық туризм үшін жағдай жасау;

4) табиғат қорғауға арналған тәрбие жұмысын жүргізу Яғни ұлттық саябақ рекреациялық қажеттерді қанағаттандыруға бағытталған.

Ұлттық саябақтардағы рекреациялық іс-әрекет маңызды болса да, ең басты функциясы емес. Сондықтан елді мекен аралығындағы аумақтарда туризм мен демалыс мақсаты ең маңызды болып есептелетін рекреациялық саябақтар ұйымдастырылғаны жөн. Қазіргі орман-саябақтары мен қала маңы ормандарына қарағанда, рекреа-циялық саябақ құрылымы жағынан ұлттық саябаққа, ал рекреациялық функциясы жағынан орман-саябаққа үдсауы керек. Орман-саябақтың екі анықтамасын келтірейік.

1. Орман-саябақ - демалуға арналған орманның бір бөлігі. Ол демалысқа керек құралдарымен жабдықталған орман. Рекреациялық саябақ адамның рекреациялық қажеттілігін толығымен қанағаттандырады. Кесіп сатуға арналған ағаштарды өсіру тек қосымша кәсіп болуы мүмкін.

2.  Орман-саябақ дегеніміз - қысқа мерзімді еркін демалысқа ар-налған және қайта құрылу арқылы белгілі бір ландшафтық жүйеге келтірілген жабдықталған орман. Бұл жағдайда орман-саябақ рекреациялық, сәулеттік-көркем өнерлік, санитарлық-гигиеналық, танымдық және орман шаруашылық функцияларын біріктіріп үйлестіретін кешен болып табылады. Орман-саябақтарда демалыс күнгі туризм, экскурсиялар мен серуендеу, тыныш демалыс, жағажайлар мен су станцияларындағы демалыс, жеміс-жидек пен саңырауқүлак теру, басқа да, саябақтың жергілікті ерекшеліктеріне байланысты рекреациялық шаралардан тұратын еркін демалыс ұйымдастыруға болады.

Елді мекен аралық аумақтардағы рекреациялық саябақтарды пайдаланудың ғылыми негізделген технологиясы мынадай шаралардан тұрады:

1) жайлы рекреациялық қасиеттеріне және табиғи да, әлеуметтік-экономикалық та жоғары сапалы рекреациялық ресурстарына ие рекреациялық жер қорын қалыптастыру;

2) рекреациялық жер қорын демалыс пен туризм мақсатында пайдаланатын рекреациялықкәсіпорындарды ұйымдастыру.

Рекреациялық саябақтарындағы рекреациялық кәсіпорындары туристерге қызмет көрсетеді, рекреациялық ресурстарға күтім жасайды, парк бөліктеріндегі оларға түсетін рекреациялықжүктемелерді реттейді. Табиғатты рекреациялықсаябақтарда тиімді пайдалану дегеніміз рекреациялықмамандандырылудың жетекші рөлін сақтаіі түра, жерді басқа да түрлі мақсатта пайдалануды жоққа шығармайды. Ол үшін рекреациялық саябактарда орналастыруға болмайтын, тыйым салынатын өндірістер мен жер пайдаланушылар тізімін жасау керек. Әрине, мұнда жекеменшікті саяжайларды, зиян келтіретін кәсіпорындарды, пайдалы қазбаларды ашық әдіспен өндіру кәсіпорындары» орналастыруға болмайды. Сонымен қатар, саябақтарда егіншілік, суі энергетикасын, балық шаруашылығын, ағаш тұқымын өсіру орындаі рын дамытуға болады.

Рекреациялық ресурстарды қорғау мен толыққанды демалысти ұйымдастырудың сайманы - бұл рекреациялық саябақ аумағыныі ғылымға    негізделген    функционалды    зоналау    болып    табылады. Зоналар пайдалану режимі бойынша бөлінеді. Рекреациялыш құлдылығы төмен зоналар рекреанттардың шоғырланатын жерлер» мен оларға қызмет көрсету орындарын (түнеу орындары, паркингтер, спорттық құрылыстар, сауда мен тамақтандыру орындары жәнеГ т. б.) жайғастыруға арналады. Мұндарекреациялық емес функцияларі рекреациялық функциялармен үйлеседі. Нағыз қүнды, эсем жерлеріГ

гіекреациялық іс-әрекеттің өзіне (экскурсиялар, балық аулау, аң аулау, таза ауадағы демалыс) бөлініп беріледі. Рекреациялық ресурстарды сақтап қалу үшін жолдар мен соқпақтарды дұрысжоспарлап, жабдықтау қажет.

Едді мекен аралық аумақтарда орналасқан рекреациялық сая-бақтардың функциялары рекреациялық, қажеттіліктерге сәйкес болуы керек.

ТРЖ типологиясын И.В. Зорин, B.C. Преображенский мен Ю.А. Веденин жасаган (1975). Оның негізінде рекреациялықіс-әрекет функцияларының типологиясы жатыр. Осыған орай рекреациялық саябактар 1) сауықтыру;

2) спорттық;

3) танымдық үш негізгі функционалды түріне бөлінеді.

Сауықтыру және спорттық рекреациялықсаябақтар рекреациялықшаралардың белгілі бір циклының басымдылығы бойынша торт щағын типтерге бөлінеді:

а) серуендеу,

ә) спорттық,

б) аң және балық аулау,

в) екі немесе үш шаралар циклдарының басымдылығы тәнаралас саябақтар.

Танымдық рекреациялықсаябақ адамның рухани дамуы функциясын орындайды. Оларды екі түріне белуге болады:

а) танымдықмәдени саябақтар, оларға сәулеттік-тарихи, этнографиялық жәнебаска да парктері жатады,

ә) танымдық табиғи саябақгары, оларға кайталанбайтын және экзотикалық табиғи құблыстары мен объектілері бар жерлерімен бірге белгілі зона, белдеу, ландшафт тек орыларга тәнүлгілі қасиеттеріне ие кеңістіктер жатады.

Ұзақ демалыс ареалдары түріне ауылдық жерде орналаскан өтпелірекреациялық(урбанданған курорттар мен рекреациялықсаябақтар арасындағы) аумақтар жатады. Осындай ареалдар туроператорлар менфагенттер ұйымдастырған жеке туристердің ауылды жердегі туризм

аксатьшда пайдаланады. Туризмнің бұл түрі ауыл туризмі деп аталады және бүгін арнайы туризмнің бір қалыптасқан тармагын құрады.

Қайталау сұрақтары

1.«Рекреациялық. іс-әрекет» деген не? Оның құрылымдықжәне функционалдың ерекшеліктері қандай?

2.Рекреациялық, шаралар» деген не? Олардыңтүрлерін атап шығыңыз.

3 «Рекреациялық, іс-әрекет циклы» деген не? Адам өміріндегі қандайциклдерді білесіз?

4.  Рекреациялықіс-әрекет окіктелуінің негізі қандай? Рекреациялықіс-әрекет формаларына сипаттама беріңіз.

5. Рекреациялықаумақтардың үш түріне сипаттама беріңіз.

6.    «Ұлттық   саябақ»   пен   «табиғи   рекреациялық   саябац»   арасындағы айырмашылыгы неде? «Орман-саябац» деген не?

§ 5 Рекреациялықсаланың территориялық ұйымдастырылуының шарттары мен факторлары

Рекреациялыққызмет көрсету өндірістің материалдық емес сферасына жатады. Рекреациялыққызмет көрсету мен рекреациялықіс-әрекетті ұйымдастыру жұмысының объекті - адам және оның демалысөткізетін жерінің жағдайлары болып табылады. Рекреациялықсала    қызметкерлерінің    еңбегін    нәтижелері    бойынша    халық шаруашылығының   кез   келген   саласымен   салыстыруға   болады. Бұл іс-әрекеттің тиімді болуы шарты - жақсы ұйымдастырылған, жоспарланған және дұрыс басқарылатын саланың болуы. Дегенмен,   О.А.   Кибальчич   (1973)   айтқандай,  рекреациялықсаланың «азаматтық құқығы» әзірше шектелген. Біздің елімізде рекреациялық қызмет көрсетудің жеке рекреациялықсалаға айналуына барлық мүмкіндіктер бар. Рекреациялық сала дегеніміз не? Әрбір салада бірнеше кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар бірігіп, белгілі бір функция атқарады, яғни салада шаруашылық бірліктер топтасады. Рекреациялық салаға келетін болсақ, рекреациялықсаланың құрылымын  анықтау   өте   қиын.   Не   себептен?   1-ші  қиындығы: туризмнің мультипликаторлық эффектісі, яғни көп қосымша салалар рекреанттарға қызмет көрсетуге кіріседі; 2-ші қиындығы: рекреанттар санын дәл анықтау өте қиын, яғни статистикалық есептің жоқтығы. Осы себептен рекреациялықсаланың шекарасы накты болмайды. I Сондықтан рекреациялық саланы жоспарлау, оньщ экономикалық рөлін, мысалы, одан түсетін табысын анықтау, саладағы қызметпен қамтылуды есептеу де қиынға туседі.

Халықшаруашылық саласын бөліп көрсету үшін ең алдымен еңбектің қоғамдық бөлісіндегі ондағы тек өзіне тән еңбек түрін анықтап бөлу қажет. Рекреанттар өндірістің материалдық та, материалдық емес те аяларында өндірілген тұтгну заттарын пайдала-

нады. Атап айтсақ, бұлар - көлік құралдары мен орналастыру орындары, тамақтандыру жүйесінде өндірілген өнім, туристік жабдықтану заттары, тұрмыс қызметтері және т. б.

Материалдық және материалдық емес игілікті пайдалану белгісі бойынша рекреантқа қызмет көрсететін барлық мекемелерді рекреациялықсалаға жатқызуға болады. Кейбір зерттеушілер бұл жиынтықты «туризм индустриясы» деп атайды. Бірақ, «рекреациялық сала» мен «туризм индустриясы» ұғымдарын ажырата білген жөн. Рекреациялық салада негізгі технологиялық үрдістер іске асады, ал туризм индустриясында сонымен қатар, рекреантқа қызмет көрсетуді ұйымдастырғанда шаруашылық байланыстар да пайда болады. Егер рекреациялық сала мен «туризм индустриясы» арасындағыерекшеліктерді аңғармай, саланы қалыптастыру критерийі ретшде тек тұтынуды қарастырсақ, бұл сала, өндірістері шаруашылықтың әртүрлі салаларында «шашылып» жаткан алапес бір салаға айналып кетеді. Қазіргі кезде көптеген елдерде рекреациялық сала рекреациялықтұтынудың кешендік сипатына орай «туризм индустриясы» түжырымдамасына негізделеді [5].

Рекреациялыққызмет көрсету әлементтерін тек жоспарлау мен реттеу арқылы бір-бірімен үйлестіруге болады. Ең алдымен, рекреациялық саланы халық шаруашылық жоспары мен өндіріс пен таратудың материалдық балансына енгізу қажет. Рекреациялық сала бір жерден басқарылуы керек. Бұрынғы КСРО-да курорттық емдеу мен туризм кәсіподақтар жүйесі аркьілы ұйымдастырылған. Курорттық емдеу, демалыс пен туризм Курорттарды басқару орталық кеңесі мен Туризм және экскурсиялар орталық кеңесі қарамағында болған. Кәсіподақтар қоғамдық ұйым болған. Жалпы, халықтың санаторлық-курорттық емделуі, демалысы мен туризм ол кезде жақсы ұйымдастырылған және өз міндеттерін орындаған деп айтуға болады. Дегенмен сала дамуының деңгейі көптеген мәселелерді де туғызды. Бір жағынан, саланың өзінде жоспарлау мен реттеу саясаты онша үйлесімді болмаған. Екіншіден, рекреациялық сала мен жанама салалары арасындағы байланыстары жөнді ұйымдастырылмаған.

Аталған себептерден сала дамуында, оның жоспарлануында, басқарылуында неше түрлі қиын мәселелер туындайды, ал олай болса, рекреациялыққызмет көрсету сапасы төмендейді, қаржы дұрысжұмсалмайды, ресурстар тиімді қолданылмайды. Осындай жағдайда жоспарлау, үйлестіру, бақылау функцияларына ие болатын салааралық реттеу органын қалыптастыру қажет. Оның ұсыныстары мен ережелері рекреациялық қызмет көрсетуіне қатысы бар министрліктер мен ведомстволар үшін міндетті болуы қажет.

Рекреациялық шаралардың диверсификациясы (тарамдалуы) рекреациялық саласындағы еңбек бөлісін күшейтеді де аумақтық рекреациялық мамандандырылуына әкеліп соғады: белгілі бір медициналық бағыттағы курорттық емдеу аудандары, теңіз жағалауындағы демалыс, тау шаңғы орталықтары және т. б.

Рекреациялық саланың территориялық ұйымдастырылуына ең елеулі әсерететін жағдайларды фактор деп, басқа жағдайларды -шарттар деп атайды. Туризмнің дамуы мен оның территориялықұйымдастырылуына көптеген факторлар мен шарттар: әлеуметтік-экономикалық, табиғи-географиялық, демографиялық, ғылыми-техникалық,саясижәнет.б.әсерінтигізеді.Рекреациялыққажеттіліктер рекреациялық саланың территориялық ұйымдастыруының басты факторы болып саналады. Ал рекреациялық қажеттіліктердің қалыптасуы әлеуметтік-экономикалық факторларымен айқындалады.

Сондықтан барлық факторлар туризм мен халық демалысы дамуының әлеуметтік-экономикалық және саяси шектеуші факторларын ескере түра талдануы керек.

Көрсетілген факторларды жүйелей отырып, оларды 2 топқа бөледі. Осылай бөлуді B.C. Преображенский, В.И. Азар, И.В. Зорин, П. Мариот сияқты атакты ғалымдар ұсынды.

1.  Туризмдегі қоғамдық қажеттіліктерді туғызатын факторлар. Олар демалыстың түрлі формаларына сұраныс туғызады. Сонымен қатар, олар рекреациялық шаруашылықтың құрылымын анықтайды.

2.  Рекреациялық қажеттіліктерді іске асырушы факторлар. Олар жұртты туризмнің түрлі формаларымен айналысуға тартады. Бұлфакторлар туризмнің табиғи, мәдени-тарихи ресурстарымен, халықтын әлеуметтік-экономикалық  өмір  жағдайымен   (табыс  деңгейі,   боя уақыттың болуы) байланысты.

Бұл екі фактор территория жағынан шоғырланған және шоғырланбаған болып бөлінеді.

Шоғырланбаған факторлар - рекреациялық шаруашылыққа халық шаруашылық деңгейінде әсерететін, бүкіл халық шаруашылық кешенінің коғамдық-экономикалық үрдісімен байланысатын туғызушы және іске асырушы факторлар. Туристік-рекреациялық жүйеге талдау жасағанда бұлфакторлар ескеріледі.

Шоғырланған факторлар - туризмдегі еңбектің аумақтық бөлінуін анықтайтын, рекреациялық функцияларды белгілі бір жерге бекітетін, кеңістікте нақты жіктелген туғызушы және іске асырушы факторлар. Мұндай факторларға тау, орман, жылы теңіз бен өзендер, минералды сулар, мәдени ескерткіштер жатады. Себебі, олар туризм индустрия-сы мекемелерінің орналасуын анықтайды.

Рекреациялық қызметтер белгілі бір ауданда өндіріледі және тұтынылады. Ал Н.Н. Баранский айтқандай, өндірілетін орын мен түгынатын орынның арасындағы аумақтық үзілістің болуы туризмде туристің тұрғылықты орны мен демалыс орнының арасындағы үзіліспен айқындалады. Рекреациялық іс-әрекеттегі аумақтардың бірге орналаспауы аудандар арасында оның функцияларының бөлінуінде де орын табады.

Рекреациялықіс-әрекеттің рекреациялық ауданнан «шығарылатын өнімі» - денсаулық пен көңіл, физикалық және рухани дамуы болып табылады.

Қоғамдық өндірістің даму деңгейін, халықтың тұрмыс жағдайын, денсаулығын, еңбекке жарамдылығын қалпына келтіру қажеттілігін туғызушы факторлардың ішінде маңызды рөл атқарады.

Әлеуметтік-экономикалық сипаты бар рекреациялыққажеттіліктер туризм дамуының негізгі факторы болып саналады. Солар арқылы халықтың физикалық және рухани күшін қалпына келтіру қажеттілігі іске асады.

Адамның психикасына кері әсерн тигізетін ғылыми-техникалық революция, урбандану үрдісінің дамуы туризммен айналасуға қажеттіліктерді туғызатын факторлар болып табылады. Урбандалған үлкен қалаларда табиғатта демалу сұранысы өседі. Мұның себебі - урбандану өмір шарттарын өзгертеді, адамдар табиғи ортадан алшақтайды, табиғи үрдістерді өзгертеді, осының барлығы қала тұрғындарының денсаулығына зиянды.

Туғызушы факторларға халықтың орналасуымен байланысты туристік сұраныс аумағының біркелкі еместігі жатады.

Іске асырушы фактор тобына халықтың туристік саяхатқа катысуы жатады. Бұған кіретіндер: туристік-рекреациялық ресурстар, материалдық, мәдени, білім деңгейінің өсуі, көлік, қызмет көрсету  сұранысындағы прогресс. Іске асырушы факторлар объектінің экономикалық-географиялық орналасуына байланысты.

Авторлардың көпшілігі іске асырушы фактордың маңызы демалыс пен туризмді шағын көлемді аумақтарда ұйымдастырганда өте жоғары, ал ауқымды территорияларда туғызушы факторлардыңмаңызы одан да жоғары деп есептейді.

Іске асырушы факторлардың аумақтың рекреациялық ұйымдастырылуына жасайтын әсер санаторлық-курорттық және туристік-экскурсиялық қызмет көрсету кәсіпорындары торының аумақтық таралуы мен дамуында орын алады.

Рекреациялық аудандарындағы функциялардың аса шоғырлануы адам денсаулығы мен демалысы үшін зиянды екені түсінікті; Табиғаттың өзгермеген күйі рекреациялық ауданға туристерді тартатын ең маңызды қасиеті болып табылады.

Қайталау сұрақтары

1.  «Рекреациялықсала» деген не? Осы ұгымды бұрынғы КСРО-да енгізген кім?

2.  «Рекреациялық сала» мен «туризм индустриясы» ұғымдарын және олардьи өзара цатынасын, айырмашылықтарын тусіндіріп беріңіз.

3.   Рекреациялықіс-әрекеттіц аумақтьщ ұйымдастырылу факторлары ма шарттары қандай? Оларды аныңтаган кеңес және шетел галымдары кім болған?

4. Қажеттіліктерді (сұранысты) тугызушы факторларга сипаттама беріңіз.

5.  Рекреациялыққажеттіліктерді іске асыратын факторларға сипаттама  беріңіз.

§ 6 Рекреациялық география - жаңа қоғамдық-географиялық ғылым

Қазіргі шақта рекреациялық іс-әрекет маңызды әлеуметтік экономикалық факторлардың біреуіне айналып отыр. Халық шаруашылығының жаңа саласы қалыптасуда. Бұл саланың дамуы ресурстарға, қызметкерлеріне сүйенеді, басқа салалармен байла ныстарын ұлғайтады және ойдағыдай әлеуметтік-экономикалық нәтижелерге жетіп отыр.

Рекреациялық іс-әрекетті ұйымдастыру кешенді түрде жүргізілу. қажет, өйткені рекреациялық жүйе қандай түрде болмасын, өзараәрекеттесуде болады: демалушылар тобы, табиғи кешендер техникалық инфрақұрылым, қызмет көрсету сферасы, өндіріс сферасы, еңбек ресурстары, орналастыру жүйелері және басқалары. Жердің географиялық ортасының сипаттарына байланысты ғылыми зерттеулерді дамыту кезінде, рекреацияның мәселелері және оның географиялық сипаты пайда болады. Рекреациялық мәселелерді қазіргі өмір талабында зерттеу, ғылыми жетістіктердің сөз жүзінен іске асырылуы - міне, осылардың барлыгының жинағы қоғамдық географияның жаңа саласы болатын рекреациялықгеографияны туғызды. Бұрынғы КСРО-да география саласында рекреациялықмәселелерін зерттеу жұмыстарымен КСРО FA академигі И.П. Герасимов басқарған География институты айналысатын. Бүндай жұмыстармен негізінен B.C. Преображенский басқарған физикалық география бөлімі және А.А. Минц басқарған экономикалық география бөлімі айналысқан.

Рекреациялықжүйені объективті жәнеәлеуметтік құрылым ретінде түңғыш рет ұсынған B.C. Преображенский болды. B.C. Преображенскийдің ұсынысы кеңестік рекреациялық геогра-фияның аяғына түру жолында ең алғашқы ірі қадам болып санала-ды. B.C. Преображенскийдің пікірінше, рекреациялықжүйе дегеніміз функционалдық мәні бойынша объективті жәнеәлеуметтік күрьілым, басқа материалдық (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік) және материалдық емес (тұрмыстақызмет көрсету, қоғамдықтамақтандыру, денсаулық сақтау) салаларымен теңдес халық шаруашылық жүйесі (саласы) болып табылады. Рекреациялыққызметтерді өндіруге және халықтың рекреациялыққажеттіліктерін қанағаттандыруға мамандан-дырылған аумақтық-шаруашылық құрылымның географиялық сипаты пайда болды. Зерттеу практикасында жиналған мәліметтер геожүйенің ерекше концепциясын - территориялық рекреациялықжүйесін (ТРЖ) жасады, ол рекреациялық географияның жаца оку пәні болмақ [6].

«Территориялық рекреациялықжүйе» - бұл әлеуметтік географиялық жүйе. ТРЖ-де белгіленген қоғамдық функциялар жиналған, оньщ ішінде адамның (рекреанттың) денсаулығы мен еңбек қабілеті, физикалық және психоэмоциялық күш-қуатын калпына келтіру ең бастысы болып табылады. Қүрьілымы жағынан ТРЖ бір-бірімен байланысты әлементтерден (шағын жүйелерден) тұрады: табиғи жәнемәденикешендер (ТК), техникалық құрылыс (ТК), қызмет көрсету (ҚК), басқару органы (БО) және демалушылар тобы (ДТ) - рекреанттар (7-сурет).

«Демалушылартобы» аттышағынжүйе- еңнегізгісі, олтуристердіңәлеуметтік-демографиялық, жергіліктіжәнеұлттықерекшеліктерінебайланысты, ТРЖ-ніңбасқадаәлементтерінеқойылатынталаптардыанықтайды. Бұлжүйерекреациялыққажеттіліктіңқұрылымыменмөлшерін, туристіксұраныстыңгеографиясыментаңдауын, туристікағымдардыңәртүрлілігіменмаусымдықсипатынанықтапотырады.

«Табиғижәнетарихи-мәденикешендер» шағынжүйесіресурсретіндеқарастырылып, ТРЖкұрылуыныңжергіліктібазисіболыптабылады. Табиғижәнетарихи-мәденикешендердіңбелгілібірсыйымдылығы, сенімділігі, комфорттылығы, тұрақтылығыжәнеатграктивтілігі (тартымдылығы) болады. Оларпайдалануқорыныңкөлемі, тараумөлшері, пайдаланукезеңдеріарқылысипатталынадыжәнедемалушыларғақызметкөрсетупроцесіндебірнешеретқолданылады.

«Техникалыққұрылыстар» шағынжүйесі- демалушыларменқызметкөрсетушілердіңтіршілікәрекеттерін (орналастыру, тамақтандыру, көлікқызметтері), соныменқатарарнайырекреациялыққажеттіліктерінде (емдеу, сауықтыруқызметі; экскурсиялық, мәденижәнетұрмысқызметтері) қамтамасызетеді. Рекреациялықжәнеқызметкөрсетукәсіпорындарыныңкешенірекреациялықинфрақұрылымдықұрайды. Оларсыйымдылық, әртүрлілік, ком-форттылық, экологиялық, технологиялық (пайдалануғадайындық) көрсеткіштеріменсипатталады.

«Қызметкөрсетушілер» шағынжүйесідемалушыларғарекреа-циялыққызметкөрсетуфункциясынатқарадыжәнерекреациялықмекемелердіңөндірістік-технологиялықжабдықталуынқамтамасызетеді. Бұлшағынжүйемамандандырылғанмекемелердерекреациялыққызметкөрсетушілердіңсанымен, туристікмамандардыңкәсіптікжәнебілімдеңгейіменсипатталады.

«Басқаруорганы» шағынжүйесіТРЖәлементтерініңөзараәрекеттерінреттепотырадыжәнебарлықжүйелерініңбүтіндей жерліжұмысістеуінқамтамасызетеді. ҚазіргіуақытқажәнеолашаққажоспарлауменбасқаружүйесіарқылыТРЖжелілерінің әртүрлісалаларымендеңгейлерініңкешендітүрдедамуынжүзегеасырады, рекреациялыққажеттіліктердіболжамдайды, рекреациялықресурстарғабалансжасайды, рекреациялықіс-әрекеттердіңақпаәлеуметтікзерттеулержәнет.б. әдістер), медициналық-биологиялықжәнебасқағылымдардақалыптасқанәдістердіқолданады.

Зерттеунысанының (ТРЖменрекреациялықаудандар) кешендіксипатына; кеңауқымдыішкі, салааралықжәнеаудан-аралықбайланыстарына; қоғамдықфункцияларының, дамуфакторларыменшарттарыныңәртүрлілігіне; рекреациялықіс-әрекетұйымдастырылуыныңаумақтықформаларынабайланыстырекреациялықгеографиядажүйеліктетікпенжүйелікталдауәдістерікеңқолданылады. Жүйеліәдістердіңқолданылуыарқа-сындарекреациялықжүйетұжырымдамасын, базистікжәнежекефункционалдықмодельдержиынтығынжасау, пәнаралықзерттеулербағдарламасынәзірлеполардыңүшдеңгейін:

1) зерттеу нысанын іздестіру мен модельдеу деңгейі;

2) бастапқы ақпаратты жинақтау мен талдау, әлеуметтік-экономикалық критерийлерді, нормативтер мен шектеулер жүйесін анықтау деңгейі;

3) мәселені шепгу алгоритмін табу, алдың ала берілген мақсат етілген функцияларына сәйкес ТРЖ-ның тиімді құрылымын анықтау деңгейі - белгілеу мүмкіншілігі пай-да болды. Жүйелі тетік жүйелердің қалыптасуы, динамикасы мен дамуының компоненттік, функционалдық және тарихи аспектілерін үйлесімді түрде талдауға бағытталған.

ТРЖ мен рекреациялық аудандардың жүйелі зерттеулерінің компоненттік аспектісі екі өзара байланысты мәселелерден тұрады:

1) қалалық, қала маңы мен сырттағы демалыстың ТРЖ-сі қандай эле-менттерден (шағын жүйелерден) түратынын анықтау (компоненттік талдау); 2) осы әлементтердің (шағын жүйелердің) бір-бірімен қандай байланыста түрғанын анықтау (құрылымдық талдау). Осындай талдау арқылы жүйенің біртүтас болуын (жүйе қасиеттері тек оның әлементтерінің сипаттамаларымен шектелмей, жүйе компоненттерінің өзара әрекеттесуімен анықталатын жағдайда) ескере тұра, күрделілігін анықтауға, әлементтерінің өзара әрекеттесуінің заңдылықтарын білуге, осы жүйені басқа жүйелермен салыстыруға болады.

ТРЖ жүйелі талдауының функционалды аспектісі оның қү-растырушы әлементтерінің өзара әрекеттесу үрдісінде және қоршаған орта әсерндегі жағдайда функцияларын орындау тетігін зерттеуге бағытталған. ТРЖ-ның ішкі өзара әрекеттесуін талдау арқасында объектке және субъектке көзделген ТРЖ моделі жасалған (Ю.А. Ведераттық, нормативтік-құқықтық және материалдық-техникалық жағы-нан камтамасыз етілуін жүзеге асырады.

Рекреациялық география ТРЖ-ні бүтін бір жүйе ретінде зерттеп, оның қалыптасуын, динамикалық дамуын, әртүрлілігін, ТРЖ-нің басқа да географиялық жүйелерімен өзара әсерлерін және өзара байланысының заңдылықтарын анықтайды.

Басқа ғылымдармен бірігіп, рекреациялық география

а) жүйелердің оңтайлы түрде жұмыс істеуі бойынша;

б) алдың ала қажет етілген шарттарымен сипатталатын жүйелерді жоспарлау: рекреациялық қажеттіліктерді анықтау; жүйелердің іске қосылу салдарларын болжау; аумақтар бойынша жасалған нормаларды тағайындау; ТРЖ зерттеу мен жобалау әдістемелерін анықтау бойынша ұсыныстар жасайды. Сонымен қатар, рекреациялық география жұртқа ТРЖ жергілікті ерекшеліктері жөніндегі ақпарат береді.

Демек, рекреациялық география - бұл халықтың рекреациялықіс-әрекетін ұйымдастыруын зерттеп түсіндіретін интегралдық-синтетикалық ғылым. Мұндай жағдайда территориялық қоғамдық жүйенің рекреациялық шағын жүйесі (ТҚЖ немесе ойкумена) зерттеу объектісі болып қарастырылады, ал зерделеу пәні ретінде территориялық рекреациялық жүйе алынады. «Рекреациялық іс-әрекетті территориялық тұрғыдан ұйымдастыру» термині қоғамдық географиядағы «қоғамның территориялық ұйымдастырылуы» ұғымына сәйкес келеді.

Жалпы айтқанда, қоғамның территориялық ұйымдастырылуы түсінігі еңбектің территориялық бөлінісін, өндіріс күштерінің орналасуын, өндірістік қатынастардағы аймақтық айырмашылықтарын, халықты орналастыру, қоғам мен табиғаттың өзара қатынастарын, аймақтық әлеуметтік-экономикалық саясат мәселелерін және т.б.қамтиды. Бұлардың барлығы адамның рекреациялық іс-әрекет түжырымдамасына сәйкескеледі.

Рекреациялық география тарихи, салыстырмалы, картографиялық, аналитикалық, статистикалық, математикалық модельдеу, баланс әдістерін, социологиялық зерттеулерді кең түрде қолданады.

ТРЖ-ні зерттеу барысында осы әдістерді кешенді түрде пайдала-ну қажет, яғни басқаша айтсақ рекреациялық география жүйелі талдау әдістерін қолданады. Зерттеу тақырыбының әлеуметтік сипатына орай рекреациялық география басқа қоғамдық ғылымдарда (баланстық,нин, 1982), ал сыртқы байланыстарын және қоршаған ортамен өзара әрекеттесуін анықтау арқылы рекреациялықаудан тұжырымдамасы \пайда болды.

Жүйелі зерттеулердің тарихи әдісі де екі бағытта жүргізіледі:

1) генетикалық талдау - ТРЖ-нің пайда болуын, оның қалыптасу мен даму кезеңдерін карастырады;

2)   болжам әдісі - болашақта болатын рекреациялыққызмет көрсету мен оның территориялық ұйымдастыру түрлерін анықтайды.

Экспедициялық зерттеулер әдісі әдеттегі географиялық әдісбола тұра, рекреациялық географияда рекреациялық шаруашылықтың қалыптасуы, дамуы мен аумақтық ұйымдастырылуы жөніндегі мәліметтерді жинақтау үшін кең қолданылады. Кейбір жағдайларда (өзіндік, ұйымдастырылмаған демалысты, қала маңындағы рекреациялықағымдарды, табиғи кешендердің тұрақтылығын зерттеуде) экспедициялық зерттеулер әдісі шынайы ақпаратты жинаудың, талдаудың басқа әдістері (картографиялық, математикалық, баланстық) үшін мәліметтер банкін қалыптастырудың жалгыз әдісі болып табылады.

Картографиялық әдіс рекреациялық географияда кең қолданылады. Картада рекреациялық ресурстардың орналасуын, туристік ағымдардың қозғалысын, туристік инфрақұрылымды көрсетуге болады. Сонымен қатар осы әдіс картадан жаңа мәліметтер алу үшін және олардың функционалдық заңдылығын анықтау үшін қолданылады.

Математикалық талдау мен модельдеу әдісі жиналған мәліметтерді тез өңдеу үшін колданылады. Есеп машиналарын қолдану арқылы статистикалық өрістер, әлеуеттер және т. б. карталарды жасауға болады. Рекреациялық географияда рекреациялықтаңдау, корреляциялықжәне регрессиялық талдау жасау үшін статистикалық сұраптау әдістері кең қолданылады.

Сонымен қатар, рекреациялықтаңдаудың жасырын құрылымын талдау үшін, рекреациялық, ортаны бағалау, қызмет көрсету сапасын анықтау үшін, ТРЖ динамикасын, бүтіндігін, жайлылығын білу үшін латенттік-құрылымдықжәне факторлық талдау әдістері қолданылады. Социологиялық зерттеулерде негізгі пайдаланатын әдістер - сауалнама әдісі, интервью әдісі, қүжаттарды оқып-зерттеу тәсілі (мысалға, туристік жолдамаға тапсырыс журналдары, ұсыныстар кітабы).

Баланс әдісі рекреациялыққажеттіліктерді, рекреациялық ресур-старды, материалдық-техникалық базаның сыйымдылығын ескеріп, ТРЖ-нің дамуын жоспарлау мен болжамдау және талдау жасау үшін қолданатын есептеу әдістерінің жинағы. Бұләдісжұрттың табысы мен демалысқа жұмсалатын шығынын жоспарлау үшін, еңбек ресурстарымен қамтамасыздандыру үшін, қажеттіліктер көлемін ескере түра, қажетті рекреациялықаумақтар көлемін анықтау үшін, ауданаралық туристік ағымдарды (сұраныс көлемі мен қоддағы ресурстарды ескере түра) реттеу үшін қолданылады.

Жоғарыда айтылған әдістермен қатар рекреациялық географияда экономикалық, медициналық-биологиялық әдістер жәнерекреациялық, қызмет көрсетудің экономикалық әсерлігін анықтау үшін, туристік сұраныс пен ұсыныстарды болжамдау үшін сараптау әдісі қолданылады.

Рекреациялықжүйелерді зерттеудегі ғылымдардың өзара әрекеттесуі

Рекреациялық география өзге де ғылымдармен, әсіресе географиямен, оның ішінде экономикалық жәнеәлеуметтік географиямен, халық географиясымен, физикалық және медициналық географиямен тығыз байланыста болады (8-сурет).

Экономикалық жәнеәлеуметтік география рекреациялыққызмет көрсетуді территориялық әлеуметтік-экономикалық кешендердің әлемент! тұрғысынан қарастырып, ел шаруашылығының салалық және аумақтық құрылымына туризмнің тигізетін әсерін біліп-түсінуге қатысады. Экономикалық жәнеәлеуметтік географияның әдістері рекреациялықаудандардың сыйымдылығын анықтау үшін, рекреациялық, қажеттіліктер мен ресурстардың балансын құрастыру үшін қолданылады.

Халық географиясы рекреациялыққызмет көрсетудің орналастыру жүйесіне тигізетін әсерне талдау жасап, курортты қалалар мен ірі курорттық агломерациялардың қалыптасуы мен дамуын қарастырады. Халық географиясының әдістерін рекреациялыққажеттіліктер мен туристік ағымдардың географиясына болжам жасау үшін және рекреациялық, жүйелерді қызметкерлермен қамтамасыз ету үшін қолданады.

I - жалпырекреациялықгеография(теориялықнегіздеріменәдістердщқалыптасуаясы).

II-аумақтықрекреациялықгеография.

III- ТРЖ-нінфункционалдықмодельдерінзерттеудегісалалықгеографиялықғылымдардыңөзараәрекетгесуаясы.

1 - экономикалықгеография,

2 - әлеуметгік география,

3 – физикалықгеография,

4-инженерлік география,

5 - медициналықгеография,

6 - баскару географияеы жәнеаумақтық АБЖ.

А - қоғамдық ғылымдар,  В - әлеуметтік гыльшдар, С – жаратылыс ғылымдары, D - инженерлік-техникалық ғылымдар, Е - медициналықғылымдар, F - баскару ғылымдары (кибернетика, әргономика)

8-сурет. Рекреациялықжүйелерді зерттеудегі ғылымдардың өзара әрекеттесуі (И.И. Пирожник, 1985)

Физикалық география табиғи кешендердің қүрылымы, тұрақтылығы және өзгеріп тұруы туралы ақпарат береді. Сонымен қатар физикалық география ландшафтарды технологиялық, физиологиялық және эстетикалық жағынан бағалап, табиғи кешендердің рекреациялық салмаққа деген шыдамдылығы мен сыйымдылығын анықтап тұрады. Физикалық география әдістері ландшафттарға тиетін рекреациялық салмақтың нормаларын анықтау үшін, табиғатты қорғау шараларын ұйымдастыру үшін және ландшафттарды рекреациялық құлдыраудан сақтау үшін қолданылады.

Медициналық география адам агзасына табиғи жағдайдың тигізетін әсерн, жаңадан игерілген рекреациялық аудандарда организмнің бейімделуін зерттеп түсіндіреді. Сонымен қатар медициналық география санаторлық-курорттық ем алуға деген адамдардың қажеттілігін, рекреациялық ортаның психофизиологиялық комфорттылығын анықтайды. Медициналық географияның әдістері рекреациялық қызмет көрсетудің әсерлігін анықтау үшін жәнеәртүрлі ауруларды алдың алу үшін (профилактикалық шараларды уліымдастыру) колданылады.

Рекреациялық география географиялық емес ғылымдарының әдістері мен мәліметтерін қолданады. Осы ғылымдар шенберінде рекреациялық жүйелер мен белсенді демалысты ұйымдастыру мәселелерін зерттейтін пәндер қалыптасуда. Қоғам ғылымдарында осындай пәнге туризм экономикасы жатады; медициналық ғылымдар жүйесінде ТРЖ емдік түрлерінұйымдастырғанда қолданылатын курортология мен физиотерапия багыттары қалыптасуда; инженерлік-техникалық ғылымдар тобында рекреациялық сәулет өнері, ал әлеуметтік ғылымдар жүйесінде рекреациялық әлеуметтану қалыптасып келеді.

Жоғарыда айтылған пәндер рекреациялық аудандарды аумақтық бірлік, яғни объекті ретінде қарастырмайды. Сондықтан жалпы рекреациялық географиямен қатар аймақтық рекреациялық географияны дамыту қажет.

Аймақтық рекреациялық география рекреациялықгеографияның бір бөлігі болып, бір жагынан оның теориясы мен әдістеріне сүйенеді, ал екінші жағынан рекреациялықаудандардың қалыптасуының заңдылығын анықтау үшін салалық географиялық ғылымдардың акпараттарын пайдаланады.

Аймақтық рекреациялық география әрбір рекреациялық аудан дардың заңдылыгын және табиғат пен экономика жағдайына сәйкес олардың кдлыптасуын анықтайды. Аймақтық рекреациялықгеографияның негізгі міндеттері - аудандастыру, аумақтың рекреациялық мақсатын анықтау, халық шаруашылық саласының дамуын үйлестіру, қоршаған ортаны қорғау және рекреациялық ресурстарды тиімді пайдалану

Рекреациялық география бірнеше маңызды мәселелерді шешуге бағытталған. Ең алдымен рекреациялық географияның басты міндеті - аумақтың рекреациялық функциялары мен туризм аясындағы географиялық тұрғыдан еңбек бөлісінің өзгерістері тенденцияларын анықтау мақсатында, халық шаруашылық салаларының дамуын үйлестіру үшін, рекреациялық ресурстарды тиімді пайдалану мен коршаған ортаны қорғау мақсатында аудандастыру болып табылады. Осыған орай аймақтық рекреациялық география аудандық жоспарлаумен тығыз байланысты.

«Аудан    аумағының    оңтайлы    ұйымдастырылуының   географиялық, экономикалық, сәулеттік-қала құрылыстық және инженерлікфакторлардың жүйелі анализі негізіндегі теориясы мен тәжірибесі»(Е.Н. Перцик, 1976) ретіндегі аудандық жоспарлау рекреациялықауданның жалпы құрылымының қалақұрылыстық интерпретациясь:болып қарастырылуы мүмкін. Олай болса аудандық жоспарлау әртүрлдеңгейдегі ТРЖ-ны нақты бір жерге «байланыстырылуына» ерекше назар аударса, аймақтық рекреациялық география рекреациялышаруашылығының аумақтық құрылымы түжырымдамасын жасауғa ТРЖ-нің басқа да теңдес функционалды жүйелерімен өзара байланьстарынакөңіл бөледі.

Аудандық жоспарлау жұмыстары басталмай мынадай сұрақтард

алдыңала шешу керек:

1)   туристік сұраныстың аймақтық ерекшеліктерін халықть әлеуметтік-демографиялық сипаттамаларына байланысты зер теу және туристік кәсіпорындар құрылымы мен рекреациялі инфрақұрылым бойынша аймақтық нормативтерді тағайындау;

2)   рекреациялық ресурстар түрлері мен олардың аумақта: жиынтықтарын кешенді түрде зерттеу, оларды игерудің негі бағыттары мен тенденцияларын анықтау;

3) құрамына а) рекреациялық сұраныс пен ресурстарына сәйкес ТРЖ-нің өндірістік-технологиялық құрылымы; б) ТРЖ-нің засқа функционалды жүйелерімен байланыстарының жүйесі; з) туристік сұраныстың, ресурстар сипатының және туризм мен цемалыс аясындағы еңбек бөлісінің ерекшеліктеріне байланысты рекреациялық аудандастыру негізінде құрылған иерархиялық басқару жүйесі кіретін күрделі динамикалық жүйе ретіндегі рекреациялық ауданның оңтайлы аумақтық құрылымын анықтау.

Рекреациялық география алдыңда бірқатар өте маңызды мәселелерді шешу міндеті тұр. Ең алдымен, бұлрекреациялыққаже-тіліктерді дамыту, қазіргі және болашақтағы ТРЖ тиімділігін арттырумәселелері.

Осыған орай, рекреациялық география рекреациялықіс-әрекетінің тиімді аумақтық орналастырылуының Бас сұлбасын әзірлеу жұмысында белсене қатысуы өте маңызды. Осы мақсатта рекреациялық географияның үлесі мынадай болуы керек: жаңа ТРЖ ұйымдастыру үшін жаңа орындарды таңдау мен олардың жалпы мемлекеттік жүйесін құрастыру мақсатында рекреациялыққажеттіліктерінің географиялық өзгешеліктерін анықтау (оның ішінде әртүрлі функционалдық типтерге жататын ТРЖ-да рекреация сұранысын), рекреациялықағымдарды реттеу, табиғи жәнемәдени-тарихи кешендерге, әлеуметтік-экономикалық жағдайға баға беру, рекреациялықаумақтардың сыйымдылығын анықтау және т. б.

Рекреациялықгеографияның міндеттері арасында әралуан түр мен деңгейлерге жататын ТРЖ-ны олардың мамандандырылуы мен шоғырлану деңгейін дәлелдеу, олардың ішкі құрылымдық бөліктері арасындағы өзара байланыстары мен тәуелділіктерді анықтау мақсатында зерттеу ерекше орын алады.

Рекреациялық география әдістерін жетілдіру мен теориясын одан әрі дамыту жүйелі түрде қолға алынбаса практикалық мәселелерде дұрыс шешім кабылдау мүмкін болмайды. Теориялық міндеттерді дамыту екі бағытта іске асырылуда. Біріншісі, халық шаруашылығының арнайы саласы ретінде рекреациялыққызмет көрсетуді аумақтық ұйымдастыруының заңдылығын анықтау.Екінші бағыт - рекреациялықаудандастыруды терең зерттеу, әсіресе аудан қалыптасуының жағдайы мен факторларын анықтау, рекреациялық, аудандар сипаттамасының бағдарламасын жасау, олардың үқсастығын табу

Рекреациялық география әдістерін жетілдіру мақсатында статистикалық    талдауды, математикалық    және    картографиялық модельдеуді одан әрі кеңейте отырып, географиялық және басқа да ғылымдардың   әдістеріне   сүйеніп,рекреациялықзаңдылықтарды белгіленген  нормаға,  стандартқа  келтіру  үшін  арнайы  әдістерді табу қажет. Сонымен қатар рекреациялық географияның маңыздыі міндеттерінің бірі - халыққа рекреациялық іс-әрекет түрлері туралы, еліміздегі және шетелдік ТРЖ жөнінде толық ақпарат беріптұру. Басқаша айтсақ, потенциалды рекреациялық мигранттардың танымдық сұраныстары қанағаттандырылуы қажет. Ол үшін университеттердің география факультеттерінде арнайы рекреациялықгеография   курстарын   ұйымдастыруға   болады,   сонымен   қатар, рекреациялық география мәселелері мектеп пен ЖОО оқулықтары мен оқулық құралдарында, ғылыми-көпшілік әдебиетте, анықтамалар мен өлкетанулық баспаларда қарастырылуы қажет.

Қайталау сұрақтары

1. Бұрынғы КСРО-дарекреациялықмәсепелермен кім айналысқан?

2.B.C.Преображенскийдіңрекреациялықжүйе (РЖ) мен территориями; рекреациялықжүйе (ТРЖ) ұғымдарына сипаттама беріңіз.

3.   ТРЖ әлементтерінің (шағын жүйелерінің) сипаттамаларын беріңіз. Осыжүйеде қандай байланыстар болады?

4. Рекреациялықгеографияның нысаны, зерттеу пәні мен анықтамасын атап  беріңіз.

5. Рекреациялықгеографияның зерттеу әдістері: жүйелі тетік пен жүйелік талдау әдістері жөнінде айтып беріңіз.

6. ТРЖ жүйелік талдаудың  компоненттік, функционалдық және  тарт аспектілері жөнінде айтып беріңіз.

7. Рекреациялықгеографияның географиялықжәне басқа ғылымдар арасындағы байланыстары жөнінде айтып беріңіз.

8. Жалпы жәнеаймақтың рекреациялық география ұғымдарын түсіндіріңіз.

9. Рекреациялық географияныңміндеттері қандай?

§ 7 Территориялық рекреациялық жүйелер және оларды зерттеу мәселелері

ТРЖ-нің негізгі қасиеттері оның жеке әлементтерінің қасиеттергі мен ғана емес, сонымен қатар оның құрылымының  қасиеттерімені жәнеәлементтер арасындағы байланыспен де айқындалады. Осыәлементтерінің өзара байланыстары туралы мәліметті жинақтау матрица байланысы түрінде болуы мүмкін, оларды ТРЖ-нің әлементтері құрайды (3-кесте). Ол үшін В.М. Кривошеев пен И.В. Зорин (1979) ұсынған әдіс-амалдарын пайдаланады. ТРЖ әлементтері матрица жолымен талданатын, белсенді шағын жүйе ретінде алға шығып, тапсырысты қабылдаушы болып саналады. Матрица бағанындағы мұндай әлементтер тапсырыстарды қанағаттандыратын ресурстар ретінде қарастырылады.

ТРЖ-нің басты әлементі демалушылар тобы (ДТ) басқа элементтерімен рекреациялық шаралардың циклдері мен ТРЖ-нің кеңістік-уақыттық қщрылымның таңдауы арқылы байланысады.

«Демалушылар тобының» «табиғи кешенмен» байланысы аттрак-тивтілік (тартымдылық), сыйымдылық, тұрақтылық және комфорттық қасиеттері арқылы жүзеге асырылады.

Табиғи кешеннің аттрактивтілігі (тартымдылығы) экзотикалық және объектілер мен құбылыстардың қайталанбайтындығымен немесе пейзаждың әртүрлілігімен сипатталады. Осыған байланысты рекреациялық географияда табиғи кешендеріне баға берудің ерекше бір түрі - эстетикалық баға беру түрі бар.

Табиғи кешендердің сыйымдылығымен тұрақтылығы- бұлрекреациялықіс-әрекет кезіндегі демалушылар тобы мен табиғи кешен арасында болатын байланыстарды көрсетіп тұратын көрсеткіш. Шектелген аумақта демалушылардың мөлшерден тыс жиналуы табиғи кешендерді рекреациялықдағдарысқа әкеліп соғады. Сондықтан, табиғи кешендерге түсетін рұқсат берілген салмақты анықтау жәнеландшафты қалпына келтіру қабілетін бұзбайтын рекреациялық шараларды ұйымдастыру қажет.

Табиғи кешендерге технологиялық баға бергенде, рекреациялықшараларды өткізуге олардың сыйымдылығы мен жарамдылығы анықталғанда, пайдалану кезіндегі олардың тұрақтылыгын ескеру қажет, сонымен қатар рекреациялықаумақтардың қабілетін арттыру үшін арнайы шараларды ұйымдастыру керек. Табиғи кешеннің комфорттылығы - бұл адам организміне жағымды жағдайдың әсерету ұзақтығы. Бұл көрсеткішті медициналық-биологиялық (физиологиялық) баға бергенде қолданады. Бағаланатын объектісі климат болса, оны бағалау субъектісі - демалыс кезіндегі адам организмінің хал-күйі.

Адам организмінің хал-жағдайы мен метеорологиялық көрсеткіштердің (ауаның температурасы, желдің жылдамдығы, күн радиациясы) байланыстарының анализі ауа райы кластарының рекреациялық типологиясын құрастыру және демалуға арналған комфортты кезеңінің ұзақтығын анықтауға мүмкіндік береді.

«Демалушылар тобының» «техникалық құрылыстар» шағын жүйесімен байланысы сыйымдылық, әртүрлілік және комфорттылық сиякты жүйелі қасиеттер арқылы көрсетіледі. Рекреациялық ағым өзінің құрылымы жағынан әртекті болғандықтан, рекреациялық шаралар жүргізу үшін арнайы мекемелер мен аумақтарды қажет етеді. 60-шы жылдары болтан сұраныс пен рекреациялық жүйенің үйқаспауы туристік мекемелер торының одан әрі дамуы мен сұранысы жоғары әлеуметтік топтарга (жанүллық туризм, автотуризм) қызмет көрсету саласына ықпал етті.Сонымен қатар орналастыру орындарының сыйымдылық және комфорт жағынан бірдей еместігі рекреациялық мекемелерді кластарға (люкс, жоғарғы, бірінші және т. б.) бөлуді қажет етеді.

«Демалушылар тобы» «қызмет көрсетушілерден» жоғары сапада қызмет көрсетуін талап етеді, олардың өз ісін терең білетін, мүқият және эдепті болғанын қалайды және олардан демалушылардың сұранысына ықыласпен қарауын күтеді. Өз ісін жоғары дәрежеде білу біліктілік ұғымымен анықталады. Қызмет көрсетушілер жұмысы курамына екі компонент кіреді: 1) материалдық-заттық іс-әрекет (заттар мен еңбек құралдарымен жұмыс істеу);

2) коммуникативтік іс-әрекет (демалушылармен қатынас орнату). Жоғары сапалы қызмет көрсету мақсатына жету ісінде субъективтік фактор рөлі өте маңызды. Тұтынушылардың қызмет көрсету сапасына баға беру арқылы қызметшілердің кәсіби деңгейін анықтауға болады. Ол үшін анкета сауалнамасы жүргізіледі немесе шағым жәнеұсыныстар кітапшасына талдау жасалады. Қызмет көрсетудің тағы бір көрсеткіші - демалушылар саны мен қызмет көрсетушілер санының арасындағы қатынас.

Туристік саяхатқа (туристік тұтыну акты) дайындық және оны өткізу кезінде демалушылар тобы ақпарат қызметтерін талап етеді. Мысалға ТРЖ-нің жеке шағын жүйелерінің жағдайы, туристік қызметтің түрлері, демалатын жерлердегі көрсетілетін қызметтердің технологиялық ерекшеліктері туралы олар толық ақпарат алғысы келеді. Мұндай ақпараттарды рекреациялық жүйенің басқару органы беріп тұруы қажет. ТРЖ-нің бұл қасиетін ақпараттық қасиет деп сипаттауға болады. Жарнамалық-ақпараттық қызметтер баспа құралдарын, кино, теле-, радиожарнамаларын пайдаланып рекреациялық қызмет түрлері туралы мәліметтерді ұсынып тұрады. Жоғары дәрежеде хабардар болу рекреациялық ағымдарды реттеп түруына үлкен әсерн тигізеді.

Табиғи кешен мен ТРЖ басқа әлементтері арасындағы байланыстары мынадай.

Табиғи үрдістердің маусымдық сипатына байланысты табиғи кешен (ТК) демалушылар тобына бірқатар шектеулерді орнатады. Мысалы, рекреациялық шаралардың кейбір түрлері жылдың белгілі мезгілінде ғана іске асырылуы мүмкін (шомылу-жағажай циклы жазда, шаңғы туризмі қыста), басқаларына белгілі мезгілде толығымен тыйым салынады (уылдырық шашу кезінде балық аулау, орнатылған уақыттан тыс мезгілде аң аулау). Сөйтіп, табиғи үрдістердің маусымдьқ динамикасы туристік ағымдардың оған сәйкес ырғағын талап етеді. ТРЖ-нің осы ерекшелігі демалыс күнтізбесінде орын табуы мүмкін Осындай күнтізбе табиғи кешенге технологиялық баға беру кезінде кұрастырылады, онда экологиялық және технологиялық критерийлер бойынша анықталатын бөлек маусымдардағы рекреациялық шаралар тізімі мен олардың ұзақтығы жөніндегі мәліметтер көрсетіледі.

«Табиғи кешеннің» «инженерлік-техникалық» шағын жүйесімен өзара байланысы туризмнің материалдық-техникалық базасының (орналастыру орындары, көлік) экологиялық қасиетімен сипатталады. Табиғи кешен оның рекреациялық ауыртпалыққа деген төзімділігіне қарай орналастыру орындарының көлемі мен түріне белгілі шектеулер салады. Рекреациялық ауыртпалық инженерлік-мелиоративтік шаралар мен абаттандыру арқылы күшеюі мүмкін екенін ұмытпау керек. Рекреациялық қызмет көрсетудің технологиялық процестері экология жағынан таза болуы қажет және табиғи кешендердің құнды рекреациялық қасиеттерінің азғындап кетуіне жол бермеуі керек. Осындай талап алдың ала, инженерлік-техникалық құрылыстарының жобалау кезеңінде, туристік тауарлар мен жабдықтардың жоспарлануы кезеңінде қойылуы керек. Екінші қатардағы шаралар, мысалы, демалыс орындарында қайық моторларын пайдалануға тыйым салу (суаттардың мұнай өнімдерімен ластануына жол бермеу үшін), автомобильдер мен мотоциклдарды пайдалануға тыйым салу (шу мен газбен ластанудан қорғау) аталған конструкциялардың (модельдердің) нашар экологиялық сипаттамаларының салдары болып табылады.

Байланыстардың осы сипаттамасын құрылыс түрлерінің тығыздық нормалары, технологиялық үрдістердің қарқындылығының нормалары және ТК технологиялық тұрақтылығының коэффициенті көрсетеді (шаңғы желілері мен жаяу соқпақтарының аудан бірлігіне есептелген саны, акватория ауданына келетін кемелер саны және т. б.).

Табиғи кешенді пайдалану барысьщца оның  тұрақтылығы  мен құндырекреациялыққасиеттерін сактап қалу үшін, калдықтарды жою үшін арнайы шаралар жүргізілу қажет. Табиғи кешеннің жерін өндеу мен рекультивация жұмыстарын қызмет көрсетушілер белгілі учаскелердің пайдалану мерзімі нормалары мен табиғи үрдістердің маусымдық динамикасына сәйкес жүргізеді. Реттеушілік табиғи кешен мен қызмет көрсетушілер арасыңдағы өзара байланыстардың жүйелі қасиеті ретінде, кайта өндеу шараларының (рекультивация) кезектігін және оньщ бағасын айқындайды. Сонымен қатар, табиғи кешен құнды рекреациялық жер көлемі аркылы қызметкерлер саны мен тьныздығьша, әлеуметтік-тұрмыстық инфрақұрылымынаәсеретеді. Олардық аз болуы (немесе асып түсуі) бүкіл жүйе жұмысына әсер жасауда.

Табиғи кешен мен басқару органының арасындағы қарым-қатынас актілер мен стандарттар ережелерін орындау, табиғи рекреациялық аумақтар мен мәдени-тарихи объектілерді тиімді пайдалану мен оларды сақтау арқылы орындалады. Сонымен қатар бүған жататындар: курорт пен демалыс зоналары туралы заңдар мен ережелер, рекреациялық ау-дандарда табиғи ортаның жағдайы туралы ережелер (ауа, су, жер), жобалау жәнеқұрылыс нормалары, рекреациялықсалмаққа табиғаттың төзімділігі жөніндегі нормалар және т. б. Демалыстың ландшафтық жағдайы рекреациялық қызмет көрсетудің құқықтық, нормативтік камтамасыздануын қиындатып жібереді, сондықтан салалық нормативтер мен стандарттарды дайындаумен қатар аймақтық жергілікті нормативтер мен стандарттарды әзірлеу қажет.

Техникалық құрылыс және инфрақұрылым шағын жүйесі ТРЖ-нің басқа да әлементтерімен өзара байланысы жоғарыдағыдай ерекшеліктермен сипатталады. Рекреациялық мекемелер туристік ағымның біртүгастылығын қажет етеді, себебі олар туристерге қызмет көрсетуге мамандандырылады. Ағымның біртектестігі орналастыруға ыңғайлыжәнебарлық техникалық циклді өткізуге қолайлы.Ағымда әртүрлі топтардың болуы (осы цикдде қызмет көрсетуге сәйкес келмейтін, мысалы, белсенді маршруттарға денсаулығы нашар адамдардың қатысуы), қызмет көрсетудің технологиялық тізбегін бұзады.

Техникалық құрылыстың табиғи кешен шағын жүйесімен байланысы сенімділік және ресурспен қамтамасыз ету арқылы сипатталады. Әсерлі жұмыс істеу үшін рекреациялық мекеменің ресурстық базасы болуы қажет. Оған жағажай орындары, серуендейтін жерлер, шипалы су көздері, экскурсиялық объектілердің саны және т.б. жатады. Ресурспен қамтамасыз етілу пайдаланатын қорлардың көлемімен, аумақ пен объектілердің өткізу қабілетімен сипатталады. Қолайсыз аумақтарды мелиорациядан кейін пайдаланады, сонда олар ресурстарды көбейтіп, жүйелердің сенімділігін арттырады.

Рекреациялыққызметтің технологиясына сәйкестехникалық құрылыстар жұмыс күшімен қамтамасыз етілуі қажет.Еңбекпен қамту техникалық шағын жүйе мен қызмет көрсетушілердің өзара байланысының сипаттамасы ретінде рекреациялық шаруашылықтын дамуына әсерін тигізеді. Еңбек ресурстарының жетіспеушілігі жаңа аудандарды игеруді тежейді және туристік маусымда қосымша қызметкерлерді шақыруды қажет етеді.

Техникалық құрылыстар шағын жүйесінің басқару органымен байланысы қордың қамтамасыз етілуімен сипатталынып тұрады. Қордың қамтамасыз етілу көрсеткіштеріне рекреациялық мекеменің нормативті және айналымындағы құралдардың көлемі, сонымен қатар материалдық базаны кеңейтуге арналған қаражаттың мөлшері жатады.

Қызмет көрсетушілердің ТРЖ-нің басқа да әлементтерімен өзара байланысы өз алдыңа бір күрделі жүйе болып есептеледі. Қызмет көрсететін адамдардың санытуристердің (рекреанттардың) жылдық ағымсанынабайланысты,салалықмөлшер бойыншадемалушылардың санымен немесе қызмет көрсететін орынның санымен анықталады. Технологиялық үрдістің ерекшелігіне демалушылар тобының сәйкес болуын қызмет көрсетушілер талап етеді. Рекреациялық мекемелер біртекті әлеуметтік-демографиялық топтарға қызмет көрсетуді қалайды, себебі гомогендік ағымдардың технологиясы жоғары болып келеді. Осыған байланысты рекреациялық мекемелер белгілі бір топка қызмет көрсетуге мамандандырылады. Мәдени-білім деңгейінің жәнерекреациялық ағымның әлеуметтік-демографиялық құрылымның көрсеткіштері рекреациялық ағымға қызмет көрсету дайындығын (технологиялық дәрежесін) ашып көрсетеді.

Қызмет көрсетушілер мен табиғи кешеннің өзара қатынасынтабиғи ортаның адам өмірі үшін колайлы комфорттылық қасиеті анықтайды. Табиғи ортаға еңбек ету жәнетұрғылықты мекендеу үшін берілген баға демалуға арналған бағалармен әрқашан сәйкес келе бермейді. Мысалға, биік таулар мен аз қоныстанған аудандар - спорттық туризм үшін қолайлы болса, қызмет көрсетушілердің өміріне (нүхқаушылар, бакылау-құтқару қызметтерінің жұмысшылары және т. б.) жәнеолардың еңбек етуіне бұл аудандар қолайсыз болып есептеледі.

Қызмет көрсетушілер мен техникалық құрылыстардың өзара байланысы еңбек әрекетінің қормен жарақталу касиетімен сипатталады. Сонымен қатар қызмет көрсетушілер рекреациялық инфрақұрылымның кешенділігін талап етеді.

Рекреациялық мекемелердің жұмысшылары мен олардың жанүл мүшелеріне қызмет корсету үшін техникалық жүйенің жеткілікті түрде әлеуметтік-тұрмыстық жәнемәдени-ағартушылық мекемелер желісі болуы қажет.

Қызмет көрсетушілер басқару органына жұмыс кезінде денсаулығын сақтауына және қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуіне өз талаптарын қояды. Кәсіптік аурулар мен өндірістік жарақаттарға карсы бағытталған шаралар ТРЖ-нің профилактикалық деңгейін анықтайды.

Басқару органы мен демалушылар тобының өзара байланысының ішінде рекреациялық ағымға қойылатын ең негізгі талабы - біркалыптылық. Өйткені, тұрақты және бір қалыпты демалушылар ағымы ТРЖ-нің барлық әлементтерінің біркелкі жұмыс істеуіне, экономикалық тиімділігін жоғарылатуға, қызметкерлерді еңбекпен қамтуға жағдай туғызады. Қызметтер номенклатурасын кеңейту, рекреациялық инфрақұрылымын дамыту, табиғи орта күйіне онша назар аудармайтын топтар үшін демалыс бағдарламаларын әзірлеу (музыкалық фестивальдар, ұлттық-этнографиялық мерекелер, көрмелер, жәрмеңкелер, спорттық жарыстар) шараларының жүйесі туристік қызмет көрсетудің маусымдық сипатын төмендетуге және туристік ағымның бірқалыптылығын қамтамасыз етуге бағытталған.

Демалыс ауданының медициналық-географиялық жағдайына байланысты басқару органы табиғи кешенге бірқатар талаптар қояды. Жүқпалы аурулар мен улы өсімдіктер мен жәндіктердін болмауы, сондай-ақ табиғи кешеннің санитарлық нормаларға сәйкестігі гигиена қасиеті (гигиеналық) арқылы анықталады. Физиологиялық және технологиялық баға бергенде, табиғатты пайдалану кезінде санитарлық нормаларды құрастырғанда табиғи кешеннін медициналық-биологиялық қасиеттеріне талдау жасау қажет.

Басқару органының техникалық құрылыспен байланысы инфра-құрылымды (орналастыру, тамақтандыру орындары, туристік көлік және т. б.) толығымен пайдалану арқылы сипатталады. Технологиялық дайындықпайдаланатынорынсаныныңтізімқұрамыныңқатынасымен анықталады. Егер де кейбір себептерден (бұзылып қалу, техникалықжұмыстар жүргізу, бөлшектердің жетіспеуі) эксплуатациялық қоры жұмысқа пайдаланбаса, жүйенің жалпы көрсеткіштері төмендейді. Басқару органының міндеті - жоспарланған сыйымдылыққа сәйкес материалдық-техникалық базаны алдыңала дайындап, толығымеи пайдалану.

Басқару органы қызмет көрсетушілердің білім деңгейіне үнемі талдау жасап, мамандарды оқытып, олардың білімін көтеруге арнайы шараларды курстар, семинарлар, мектептер жүйелері арқылы ұйымдастырып тұруы қажет. Жоғары және орта арнайы білімді және біліктілігін жоғарылатқан мамандардың саны қызметкерлер; біліктілігінің дәрежесін көрсетеді.

ТРЖ-нің барлық сипаттамаларын зерттеп, оларға талдау жасау -рекреациялық географияның маңызды міндеті болып саналады.

Қайталау сұрақтары

1. В.М. Кривошев пен И.В. Зориннің байланыстар матрщасы деген не және ТРЖ әлементтері арасындағы өзара байланыстарын қалай суреттейді?

2. ДТ-ның ТРЖ басқашағын жүйелерімен болатын өзара байланыстарын реттеп беріңіз.

3. ТК-нің ТРЖ басқашағын жуйелерімен болатын өзара байланыстарын сурет-men беріңіз.

4.ТҚ-ның ТРЖ басқашағын жүйелерімен болатын өзара байланыстарын q реттеп беріңіз.

5.  ҚК-нің ТРЖ басқашағынжүйелерімен болатын өзара байланыстарын q реттеп беріңіз.

6.  БО-ның ТРЖ басқашағынжүйелермен болатын озара байланыстарын  реттеп беріңіз.

2 -тарay

ТУРИЗМ ГЕОГРАФИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

§ 1 Рекреациялық география және туризм географиясы туралы түсініктердің арақатынасы

Соғыстан кейінгі кезеңде, әсіресе 60-70-ші жылдарында рекреациялық география мен демалыс географиясы атаулары кең тарады, осы атаулар кейбір елдерде бұрын жиі қолданылатын туризм географиясының орнына қолданыла бастады. Өте жиі бұлатаулар, кейбір авторлардың пікірінше теңдес болмаса да, тең мағынада колданыла берген. Ал, ГФР-да бос уақыт географиясы түсінігі жиі пайдалануына жол ашылды.

Осыдан кейінгі жылдары көптеген ғалымдар туризм географиясы, рекреациялық география мен демалыс география пәндерінің бір мағынада болуына қарсы келді. Осы пәндерді бір-бірінен бөліп түсіндірген ғалымдар П. Жорж (Франция), B.C. Преображенский мен Ю.А. Веденин (КСРО), И. Матцнеттер (ГФР), Б. Барбье (Франция), Ф. Хеллайнер (Канада) және т. б. болды.

Бұрынғы Кеңес Одағында «рекреациялық география» мен «туризм географиясы» ұғымдары әртүрлі ғылым пәні ретінде қабылданды. Ең алдымен рекреациялық география (B.C. Преображенскийдің те-ориясы бойынша, 1975) пайда болды. Туризм географиясы болса Кеңес Одағының ыдырауына шейін дұрыс дамымаған. Бұл екеуінің арақатьшасы мынадай: рекреациялық география - бұлмәні жағынан емалыс пен туризм географиясы. География ғылымдарының шінде де бұлардың алатын орны туралы пікірлер әр түрлі болған. Кейбіреулері оларды пәнаралық ғылымдарға жатқызса,басқаларыоларды қоғамдық география ғылымдарының шеңберінде кіргізді. Бұл мәселені шешу үшін талдау жасауымыз қажет. Біріншіден, ғылымдардың зерттеу объектісі мен пәнін қарастырайық.

Көп ғалымдар ол екеуін бір мағыналы емес десе де, бір-бірімен тығыз байланысып түратын екі түрлі ғылыми пән деп айтады. Олар бұл екі ғылымды қоғамдықгеография (әлеуметтік-экономикалық) пәнінің саласына жатқызады.Олардың айтуынша, аталмыш ғылымдархалық шаруашылығының екі саласын - рекреациялық сала мен туризм жүйесін зерттеп түсіндіреді. Өйткені, бұл екі сала өндірістік заттар   шығармайтын   сфераға  жатады.   Олардың   негізгі   өнімі-рекреациялық және туристік қызметтер. Олар халықтың әлеуметтік-мәдени қажеттіліктерін демалыс кезінде өтей отырып, елге әлеуметтік және экономикалық табыс әкеледі. Осыған орай, бұл ғылымдардың объектісі мен пәндерін қоғамдық географияның зерттеу объектісі мен пәнінен бастаған жөн. Э.Б. Алаевтың айтуынша (1983), «қоғамдық географияның объектісі ретінде қарастырылатын «ойку-мена» -қоныстанған, игерілген, немесе, басқаша айтқанда, қоғамдық өмірдің орбитасына кіретін жердің географиялық қабығының бір бөлігі» [11]. Ойкумена деген ұғым қоғамды ғана емес, қоршаган ортаны да қамтиды. Қоғамдық географияның объектісі ретінде ол қоғамдық өмір мен онын айналасындағы барлық экономикалық (өндірістік), әлеуметтік, саяси, демографиялық, рекреациялық және басқа да сфераларын қамтиды. Осы аялардың барлығы дербес түрде де, біріккен түрде де іске асы-рылады. Яғни осы аяларды бөліп көрсету бір жағынан дерексіздену әрекеті, себебі олар тек бірлесіп гармониялық түрде жүзеге асырылады. Ойкуменаның әрбір сферасы кеңістікте күрделі түрде ұйым дастырылған.    Мысалы, экономикалық   сферасы    кеңістікте    әр түрлі    деңгейдегі    әлеуметтік-экономикалық    аудандар    түрінде, демографиялық сферасы - халық орналасуының аумақтық жүйесі ретінде, әлеуметтік сферасы - халықтың территориялық орта түрінде, саяси сферасы - мемлекеттер түрінде және т.с.с ұйымдастырылған. Осындай кеңістік сфералардың әрқайсысында өзіне сай қоршаған ортасы бар және онымен олар үнемі байланыста болып тұрады.

Қоғамның кеңістіктегі ұйымдастырылуының саяси, медициналық, әскери және басқа да аспектілерінің зерттеулері географиянын саяси, медициналық, әскери және баска да салаларының қалыптасуына ықпал етті.

Территориялық қоғамдық жүйе (ТҚЖ) қоғамдық (әлеуметтік-экономикалық) географияның пәні болады (А.И. Чистобаев, М.Д. Шарыгин, 1990). Территориялық қоғамдық жүйе дегеніміз - ойкуменаның кеңістік-уақыттық бөлігі, онда қоғамның өмір сфералары үнемі өзара байланыста болып, бір-бірін толықтырып тұрады. Зерттеу пәні мен объектісін түсініп, қоғамдық географияға мынадай анықтама бе-руге болады: «Экономикалық жәнеәлеуметтік география біртұтас интегралдық-синтетикалық ғылым ретінде табиғи ортаның нақты бір жағдайында қоғамның кеңістікте ұйымдастырылуын зерттейді» (А.И. Чистобаев, М.Д. Шарыгин, 1990) [12].

Қоғамдық географияның еншілес ғылымдары ойкуменаның бел-гілі бір сферасының кеңістікте ұйымдастырылуын зерттейді. Олар-дың өз зерттеу объектісі мен пәні болады. Сондықтан рекреациялық география да, туризм географиясы да қоғамдық (әлеуметтік-экономикалық) географияның салалық пәндері болып саналады.

XXғасырдың 70-ші жылдарының соңында және 80-ші жылдары ның басында «демалыс», «рекреация», «туризм», «экскурсия» деген түсініктер қабылданды. Н.С. Мироненко мен И.Т. Твердохлебовтың айтуынша (1981): «демалыс - бұл күнделікті қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталмаған қандай да бір болмасын адамның іс-әрекеті»; «рекреация - бұл халықтың тұрақты жерінен тыс жердегі арнайы мамандандырылған аумақтарда сауықтыру,спорттық,танымдық жәнемәдени қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған адамның бос уақытында іске асатын қатынастар мен құблыстар жиынтығы»; туризм - бос уақытты тұрақты жерінен тыс жерде өткізудің бір түрі. Қазіргі ғылыми әдебиеттер бойынша, «туризм дегеніміз - бұл адамдардың тұрғылықты жерінен тыс жерге саяхат-тау кезінде пайда болатын қатынастар мен құблыстар жиынтығы. Әрине, егер де бүндай саяхаттар ұзақ уақыт қоныстану немесе ақша табу мақсатымен уақытша қоныстануға айналып кетпесе». Сонымен, туризм деген түсінік - ол тұрақты жерінен тыс жердегі 24 сағат немесе одан артық уақытта болатын рекреацияның барлық түрі. «Экскурсия - бұл танымдық, ғылыми, спорттық немесе көңіл көтеру мақсаттарын көздейтін, түнеуге тоқтамай 24 сағаттан аспайтын саяхат немесе серуен жасау». Осындай анықтамалар жалпы халықаралық ұғымдарга сәйкес. Енді осы ұғымдарды зерттейтін тиесілі географиялық пәндердің анықтамаларын да атау қиын емес сияқты.

Дегенмен бұлмәселеәлі де толық шешілмеген. Мұның себебіаталған ұғымдардың бір-біріне деген қатынасында. Осы ұғымдардың ішіндегі ең бастысы - өзіне басқалардың барлығын қамтитын демалыс ұғымы.

Осындай болса, рекреанттар, туристер мен экскурсанттар дегеніміздің барлығы демалушылар болып табылады. Ал рекреацияға туризм мен экскурсия да кіреді, яғни туристер де, экскурсанттар да рекреанттар екені түсінікті. Экскурсант болса, ол турист болмауы да мүмкін, мұндай жағдайда ол тек қана рекреант.

Сөйтіп, демалыс географиясының құрамына рекреациялық география да, туризм географиясы да кіру керек. Ал бұрынгы КСРО-да шын мәнінде рекреациялық географияны туризм географиясы мен демалыс географиясының «қосындысы» деп түсінген. Шынында да, рекреацияның жогарыда келтірілген анықтамасына ұстансақ,егер демалыс «мамандандырылған» аумақтарда іске асырылса, ондарекреациялық географияны өзіне туризм географиясы мен демалыс географиясы кіретін пән ретінде қарастыру керек.

Туризмнің зерттеулері өткізілген бірталай елдерде, оның ішінде Кеңес Одағында рекреациялық география мен туризм географиясы ұғымдарының түсіндірілуінде осындай екіталайлық кездеседі. Мысалы, туризм географиясы атауы кездесетін жұмыстарда (Е.А. Котля-ров, 1978; И.И. Пирожник, 1985) бұлұғым шын мәнінде рекреациялық географияға жатады [13, 14].

1971 жылы кеңес одағы әдебиетіне B.C. Преображенский мен Ю.А. Веденин енгізген рекреациялық география ұғымы біраз эволюциялық өзгерістерге үшырап, 1975 жылы оның соңғы нұсқасы қабылданды. Сол нұсқа бойынша рекреациялық география географиялық пәндерге жатады. Территориялық рекреациялықжүйелердің пайда болуы,орналасу заңдылығын зерттеу, сонымен қатар тұрақты жерден тыс жердегі қоғамның бос уақытында іс-әрекетінін ұйымдастырылуы рекреациялық географияның зерттеу пәні болып табылады. Басқа сөзбен айтқанда, рекреациялық география табиғи орта мен демалыс арасындағы өзара байланыстарын анықтап, ТРЖ-нің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін әдістемелік жұмыстарды жүргізіп тұрады.

Туризм географиясы экономикалық пәндерге жатады. Оның зерттеу пәніне:

-  шаруашылық кешенінің қалыптасуында туризм мен туристік әрекеттің рөлі;

- туристік қозғалыспен байланысатын шаруашылық әрекеттердің аумақтық түрлері кіреді.

Әлемдегі туризм зерттеулерінде туристік ресурстар мен туристік қозғалыстың шоғырлануы арасындағытәуелділікке ерекше назар аударылады. Осындай тәуелділік нәтижесінде кеңістікте біршама өзгерістер пайда болады, ал осындай өзгерістер географиялық зерттеулерде орын табуы қажет. Туристік кеңістіктер «бет-әлпеті» мен олардың жіктелуін зерттеуде де географияның рөлі жоғары.

«Рекреациялық іс-әрекет» пен «туристік іс-әрекет» анықтамалары қос мағыналы. Бір жағынан, бұл анықтамалар адам мен халық топтарының іс-әрекеттерін түсіндіріп тұрса, олармен рекреациялық шаралар, шаралар циклдері ұғымдары байланысты.  Ал   екіншіден,   бұлұғымдар   қоғамның   халықтың  демалыс

Қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған іс-әрекеттерін (бұл дема-іс ұйымдастырушылардың іс-әрекеті деп аталады) қамтиды. Негізгі категория ретінде «іс-әрекет» категориясын қолдансақ, рекреациялық (туристік) іс-әрекет іліміне кеңістік пен уақыт қос рымдарын енгізуіміз қажет. Біріншіден, қандай да іс-әрекет болмасын, кеңістік пен уақытта іске асырылады, екіншіден, осындай іс-әрекетте уақыт пен кеңістіктің ерекше түрлері қалыптасады -әлеуметтік уақыт бөлігі болып табылатын рекреациялық уақыт және рекреациялық кеңістік - әлеуметтік кеңістіктің бір бөлігі. Әрине, уақыт пен кеңістікті бөліп көрсету - бұлзерттеу тәсілі, шын мағынадағы рекреациялық (туристік) іс-әрекет біртұтас «кеңістік-уақытта» өтеді. Өкініпже орай, әзірше рекреациялық «кеңістік-уақыттың» зерттеу стратегиясы анық емес. Сондықтан аталған пәндердің нысанасы жөнінде айтсақ,біз тек рекреациялық кеңістік немесе ойкуменаның рекреациялық шағын жүйесі туралы айтамыз.

Рекреациялық кеңістік - рекреациялық іс-әрекетті ұйымдастыруымен байланысатын әлеуметтік жәнемәдени кеңістіктің бөлігі. Және де әлеуметтік кеңістік, яғни адамдар іс-әрекетінің кеңістігі рекреациялық кеңістік ретінде қарастырылуы мүмкін (мысалы, өндірістік кәсіпорындарының өзі де қысқа мерзімді демалыс немесе туризм орындары болуы мүмкін). Ал айда рекреация кеңістіктің басты функцияларының бірі болатын, оны ұйымдастыратын кеңістік алқаптары болып бөлінуі мүмкін. Рекреациялық кеңістік жеке жәнеәлеуметтік кеңістікті кеңейтеді, ел аймақтары мен әлемнің мәдениқұндылықтарын қамтиды, мәденитүйісудің ерекше кеңістігі болып табылады.

Туристік кеңістік рекреациялық кеңістікпен ұласады, себебі, біріншіден, туризм - рекреацияның бір бөлігі, екіншіден, туристік әрекет рекреациялық іс-әрекет сияқты белгілі бір кеңістік пен уақытта іске асады.

Осыдан мынадай қорытынды жасауға болады: рекреациялық география мен туризм географиясының зерттеу объектісіне ойкуменаньш рекреациялық шағын жүйесі жатады.Ал екеуінің зерттеу пәндері «рекреация» мен «туризм» анықтамалары тең болмағандықтан әр түрлі болып келеді. Рекреациялық географияның пәніне халықтың рекреациялық әрекетінің аумақтық ұйымдастырылуы, ал туризм географиясының пәніне туристік әрекетінің аумақтықұйымдастырылуы жатады. Ал осы пәндердің әрқайсысы өз саласынын іс-әрекетінің аумақтық ұйымдастырылуын ТРЖ арқылы зерттейді [2].

Заңды түрде мынадай сұрақ туады, олай болса «демалыс» және«экскурсия» дегеніміз не? Біздің көзқарасымызша, бұл екі түсінік рекреациялық іс-әрекеттің бір бөлігі болып, рекреациялықгеографияның зерттеу шеңберіне кіреді. Ал туризм географиясына тек адам іс-әрекетінің бір түрі ретіндегі туризм кіреді. Адамның қандай да болсын іс-әрекеті кеңістік пен уақытта іске асырылады, бірак туристік іс-әрекетерекше географиялық сипатына ие. Тіпті туристік іс-әрекет кеңістік пен уақыттың ерекше түрлерін - туристік кеңістік пен туристік уақытты қалыптастырады деп айтсақ қате болмас.

Туризм де рекреацияның бір бөлігі болса да, өзінің бұқаралық сипатына байланысты рекреациялық іс-әрекеттен бөлек ерекшеленеді.

Сайып келгенде, рекреациялық географияның нысанасы - бұл демалыс пен экскурсия, ал туризм географиясы - бұл тек қана туристік қозғалыс географиясы.

Сонымен, «рекреация» деген түсінік «туризм» деген түсініктен қаншалықты кең болса, рекреациялық география да өзінің зерттеу кеңділігінен туризм географиясынан соншалықты асып түседі.

Қайталау сұрақтары

1.  Рекреациялық география мен туризм географиясының бір-бірінен айырган кеңес және шетелдік галымдарды атап беріңіз.

2.  Рекреациялық, география мен туризм географиясыныңбұрынгы КСРО-дағыдамуы жөнінде айтып беріңіз.

3. Рекреациялық, география мен туризм географиясы қандайғылымдарга жатады? Неге?

4. Рекреациялық, география мен туризм географшсын дүниеге келтірген «ана» ғылымының нысаны мен зерттеу шецбері жөнінде айтып беріңіз.

5. Рекреациялық, географияның нысаны мен зерттеу пәні.

6.  Туризм географиясының нысаны мен зерттеу пәні.

7. Туристік-рекреациялық іс-әрекеттіц «дуализмінің» (қосмагынасы) мәні неде?

8. Рекреациялықкеңістік деген не?

§ 2 Туризмнің даму тарихы

Туризм қоғамдық, шаруашылық және кеңістіктік құблыс ретінде ежелгі замандарға терең кең тамыр жайған мол дәстүрге ие. Туристік әдебиеттерде туризмнің дамуын кезеңдерге бөлу жайында, әсіресе Унцикер, Мариотти, Пжеславский секілді ғалымдардың ортақ еңбегінде көптеп айтылады.

Туризм келесі кезеңдерге бөлінеді:

1. XVIII ғасырдың соңына дейінгі туризм:

а) ежелгі туризм;

ә) орта ғасырлар мен Қайта өрлеу дәуірі кезіндегі туризм;

б) XVIIжәнеXVIIIғасырлардағы туризм.

2. XIXжәнеXXғасырлардағы - IIДүниежүзілік соғысқа дейінгі туризм.

3. Қазіргі заманғы туризм [15].

Туристік саяхаттар, сауда-саттық сапарлар өзінің мәнін жоғалтқанда басталды деп есептеледі. Біздің заманга дейінгі IVмыңжылдықта көне Мысырда аталынып жүрген, осындай алғашқы көшіп-қонушылықка жататыны - діни негізіндегі саяхаттар. Тұңғыні саяхаттардың бірі - б.з.д. 1501-1484 ж. хош иістер елі Пунт жеріне жасалған саяхат. Оны Мысыр ханшайымы Хатшепсут ұйымдастырған. (ШаповалГ.Ф. История международного туризма. М.: «Экоперспектива», 1998. - С 18-53). Б.з.д. 2000ж. мысырлық Синухит Кедемге яғни Шығысқа сапар жасап, оны «Синухиттың шытырман оқиғалары»атты папирусында суреттеген. Біздің заманға дейінгі VI ғасырда Мысыр перғауыны Нехао Африка төңірегінде атақты үш жылдық саяхат жасаған. Мысырдағы туристік саяхаттар қалаларды көріп, жасанды көлдер, шипалы бұлақтарға барумен байланысты болды; кейініректе жиілеп салына бастаған пирамидалар саяхаттаушылардың назарын аудара бастады. Алайда, жақсы дамыған жол торлары мен сапалы түнеу үйлері және арзан асханалардың тек кана ежелгі Грекия мен Римде пайда болуы бұл саяхаттарды белгілі мөлшерде тежеді. Туризм ол кездері ешқандай табыс көзі болып есептелмеген.

Жол тораптарының маңызын тек қана парсылар айтарлықтай ұғынып, өз мемлекеттерінің территориясында қатынасу жолдарының жүйесін қүрды. Бұл қатынас жолдары дегеніміз жақсы қалыптағы патшалық жолдары болды (үзындығы 3 мың км). Бұл жолдар Вавилон, Сузы жәнеЕкбатан қалаларын мемлекеттің шеткей аймақтарымен байланыстырып тұрды. Әрбір 30 миля сайын парсы жолдары бойында саяхатшыларға демалыс жағдайларын қамтамасыз ететін тұрақтар (керуен-сарайлар) орналастырылды. Көрсетілген қызметке төленетін ақы байлар мен кедейлерге бірдей болды.

Алайда, антикалық туризмнің гүлденуі ежелгі Грекия және Риммен байланысты болды. Аталмыш мемлекеттерде туризмнін экономикалық жағына көп көңіл бөлінді. Бүгіннен 2300 жыл бұрын Ксенофонт Пирей портында сауда орындары мен мемлекеттік қонак үйлер құрылысын ұсынған, оның пікірінше, бұлар үлкен табыс әкеледі деген сенімде болған. Гректер мен римдіктер кейде алыс сапарға аттанған; гректер жолдары нашар болғандықтан көбінесе теңіз арқылы саяхат жасаған.

Ежелгі гректер б.з.д. VIII ғасырдың өзінде саяхаттарға аттанады. Олар, мысалы, Олимпиада ойындарына қатысушылар немесе көрермендер ретінде қатысқан. Алайда, бұл саяхаттың жалғыз түрткісі болмаған. Геродот елдер салт-дәстүрлері мен өмірін зерттеп б.з.д.V ғасырда талай жерді аралап шықты.

Римдіктер өте жақсы дамыған және сапалы жолдар торын салған. Жолдар алғашқыда әскери мақсатында салынған, кейін бұл жолдар басқа да мақсаттарда пайдаланып бүкіл Ежелгі Рим өмірінде маңызды рөл ойнайтын болды.Римдіктер сауықтыру мақсатында жылы су көздеріне және курорттарға барып түруды жақсы көрді. Емдеу құдайы Асклепийдің храмдары көне замандарда құрыла бастайды, классикалық кезеңде (б.з.д. V-VI ғғ.) олардың саны 60-тан астам болады. Олар каладан қашық, қыраттау, жақсы климаты бар жерде салынды. Швейцариядағы қазіргі Сент-Моритц курорты сол кездің өзінде әйгілі болған.

Алғашқыда қалада тұратын бай гректер мен римдіктер жақын орналасқан демалыс жерлеріне баратын, кейінірек сапарлар географиясы кеңейді. Минералды көздер немесе қасиетті орындардың жаныңда қазіргі санаторийлер сияқты объектілер салынады. Сауықтыру орындары өте жайлы болған және оларда ойын-сауық әрекеттері өте жақсы ұйымдастырылған. Емделу орындарымен қатар, римдіктер жазда тау мен теңізге барып демалуды жақсы көрген, ал ең сүйікті демалыс жері Неаполь шығанағы маңындағы орындар болған. Ежелгі Римде туристік сапарлардың екі маусымдық сипаты байкалады және демалушылардың көпшілігі жазды күні демалуды қалаған.

Сапар шегушілердің тағы бір ірі тобы діни мақсатта саяхат жа-сайтын пилигримдер болды. Ең белгілі қасиетті орындарының бірі Олимпия болған. Мұнда б.з.д. VII ғасырдан бастап төрт жыл сайын Зевс қүрметіне мереке өткізілген. Бұл мерекеге алдыңда тек қана гректер, кейін римдіктер де қатысатын болды.

Ежелгі дүние дәуірінде шипалы суларға, табыну орындарына, спорттық, көңіл көтеру және баска орындарға баратын туристер топтарымен бірге оларға қызмет көрсететін адамдар да пайда болады. Мысалы, ертедегі Грекияда Олимпиялық ойындарға өнерсүйгіштер мен спорт адамдары көптеп келушілер болды. Оларды орналастыру үшін арнайы ғимараттар салынған. Рим империясында саяхатшыларды орналастыру үшін бір-бірінен ат көлігімен бір күн ішінде жетуге болатын мемлекеттік қонаға үйлері салынады. Бірте-бірте шет елдерінде саяхат жасайтын адамдарды қоргайтын қонақжайлылық зандары қалыптасады.

Көне дәуірі мен Орта ғасырлардағы адамзаттың ұлы жетістігі Ұлы Жібек Жолы болып табылады. Жібек Жолы (Ұлы Жібек Жолы) - Қытайдың Шиан деген жерінен басталып, Шыңжәң, Орталық Азия арқылы Таяу Шығысқа баратын керуендік жол бағыты. Атауды алманиялық ғалымдары Ф. фон Рихтгофен бен А. Херман XIX ғ. ұсынған.

Жол бұдан 3-4 мың жыл бұрынболтан. Ол Қытайдың Хан патшалығы кезінде ғана өркендей бастаған, себебі Хан патшалығының  Хан Уди патшасы Жаң Чянды батыс өңірге екі рет жіберіп, Орталық Азиядағы  елдермен  достасуға пейілді  болған.  Жаң Чян  қазіргі Фергана, Самарқан және Балқаш көлі сияқты жерлерге барған. Жан Чянның сапары бұл жолды шығыс пен батыс үкіметтері арасындағы байланыс жолына айналдырған. Осыған орай саудагерлер де «Жібек жолында» ат ізін суытпаған. Жаң Чян батыс өңірге және Орта Азияға Қытайдың жібек өнімдерін ала барған; ал елге қайтарында барған жерлерінің тауарлары және батыс өңірінің музыкасы сияқты алуан түрлі мәдениетті алып қайтқан. Жаң Чянның сапары қытайлықтардың батыс өңірі мен Орта Азияны түсінуіне мүмкіндік берді. Ал Жаң Чян барған жерлердегі халық та Қытайдың өнімдері мен мәдениетіне қатысты түсінігін анағұрлым тереңдетті. Осылайша, бұл жол гүлденіп, көркейе бастады. Шығыс пен батыстың аралығындағы дәнекерге айналып, өркениеттерді өзара тоғыстырды. Осы жолды қорғау жәнедамыту мақсатында, Қытайдың әр дәуірдегі патшалары жол бойына қарауыл қойып, әскер тұрғызды.

Жібек жолы іс жүзінде өзгермейтін тұрақты жол емес, қайта ол уақыт ізімен өзгеріп отырған, бірақ тарихтағы дәстүрлі сорабы өзгермеген: жол шығыста Чаңаннан басталып, Тарым ойпатынан өтіп, Памир үстіртінен асып, Орталық Азияны, Батыс Азияны кесіп өтіп, Жерорта теңізінің шығыс жағалауына дейін барады, жалпы ұзындығы 7000 км асады. Ерте кездегі Жібек жолы Шыңжэңнан 3 айрыққа бөлінген, Тянь-Шань тауының солтүстігіндегі ежелден бар дала жолы: Жемсары, Іле өңірін басып, Балқаш оңіріне барады, онан ары батыс солтүстікке жүргенде Қара теңіздің шығыс жағалауына жетеді. Оңтүстік айрығы Крораннан (Лулан) шығып Күнлүн тауының батысын қапталдап Жаркентке барады, онан ары жүргенде адырлардан асып, Орта Азияға, Батыс Азияға, Еуропаға дейін созылады. Кроранның батыс солтүстігіндегі Көншы өзенінің батысын бойлап, Иіңпанды,Күшарды басып Қашқар Жаңашар ауданына баратын жол солтүстік айрығы саналады, бұл жол да адырлардан асып, Еуропаға дейін барады. Кейін тағы 3 айрық жол пайда болды: Юймынның батыс солтүстігінен басталып, қазіргі Құмыл, Түрпан, Жемсары сияқты жерлерді басып, бұрынғы дала жолына тұтасатын жол, бұл кейінірек «Солтүстік жол» деп аталды. Тұрпаннан шығып, Тянь-Шань тауының оңтүстігін қапталдап,  батысқа беттеп, Қарашәр, Күшәрді басып, бұрынғы солтүстік жол айрығымен тұтасатын жол кейінгі кездері

«Орта жол» деп аталды. «Оңтүстік жол» бұрынғысымен ұқсас. VII ғ. кейін, теңіз қатынас тасымалы дамығандықтан, Жібек жолы біртіндеп екінші орынға түсті, бірақ XIII ғ. дейін шығыс пен батыс катынасының маңызды жолы болып келді. XIX ғ. басында, Испанияның елшісі Қытайдың 800 түйелік сауда керуенін ез көзімен көріп түрып Самарқанның жағдайы туралы былай деп жазады: «Төңіректің төрт бүрышынан келген тауарлар Самарқанға жиналыпты... Қытайдың торғын-торқалары көз жауын алады. Қытайдың торғын-торқасы осы жолмен Орта Азияға, Батыс Азияға және Еуропаға толассыз тасылды, сонымен тұт ағашын өсіру өнері де батысқа тарала бастады. Сондай-ақ Шыңжяңнан шығатын қас тасы, былғары, жүн идиял сияқты тауарлар мен орта жазықтың темір ыдыстары, фарфор ыдыстары, сырлы ыдыстары, шабдалы, өрік, рауғаш, дәрпіен сияқты өнімдері батыс базарына қатар кірді. Орта Азияның, Батыс Азияның және Еуропаның әйнек, жақүт, экономикалық дақылдары және хош иісті заттары, дәрі материалдары, сондай-ақ Отқа табыну діні, Будда діні, Іслам діні сияқты діндер де Қытайға кірді және таралды. Шығыс пен батыс арасындағы экономикалық, мәдени ауыс-күйіс адамзаттың материалдық мәдениетін байытты. Шығыс пен батыстағы халықтар Жібек жолы арқылы сыртқы мәдениетті қабылдап, бұрынғыдан да салауатты мәдениет жарата алды. Жібек жолы тек сауда жолы болып қана қалмастан, дүние жүзі өркениетін тоғыстырып, адамзат коғамының дамуына өшпес үлес қосты.

Рим империясының ыдырауы нәтижесінде Еуропада саяхатшылар саны азайып кетеді. Орта ғасырлардағы саяхаттар қиын да, қауіпті де болған. Жұмыс, оқу мақсатында сапарға аттанған мемлекеттік қызметшілер, саудашылар мен студенттерден басқалары қауіптеніп саяхат жасаудан бас тартады.

Орта ғасырларда туристік қозғалыс бәсеңдей түсті. Ішкі жағдайлары тұрақсыз көптеген жаңа мемлекеттердің құрылуы бұрын-соңды болмаған саяси кедергілерге экеп соқты. Туристік саяхаттардың ұзак уақыт тоқырауда болуына көптеген себептер әсеретті, олардың ііпінде: феодалдық жүйеге байланысты Еуропаның көптеген аймақтарындағы шаруашылықтың күйреуі, бұрынғы жол тораптарының және сол жолдар бойындағы түнеу орындарының түгелімен жойылып кетуі, саяхатшылардың қорғаныс дәрежесінің төмендеуі,   сонымен  қатар  көптеген  қалалардың  күйреуі.   Біздіңзаманның тек VII және VIII ғасырларында қайтадан діни табыну са-яхаттары жанданып, аз уақыт ішінде діни туризмнің жақсы дамыған түріне айналды. Пилигримдердің Палестинаға жасаған саяхаттары біздің заманның III—IV ғасырларының өзінде-ақ басталды. Император Константин кезінде Иерусалимде, дәлірек айтқанда Иса пайғамбардың табыты үстінде храмдар салынды.

IV ғасырда қасиетті жерге мінажат ету сапарлары бұкаралық сипатқа ие болғаны соншалықты, табынушылар арасында ол жиілеп жай шетелдік туризм ретінде қабылдана бастайды.Біздің заманның VII жәнеVIII ғасырында діни саяхаттары жаңадан басталды.  Бұлдай саяхаттарға қатысушылар әр түрлі еуропалық елдердің тұрғындары болды. Олар Италия (Рим), Испания (Сантьяго I де Компостела) және Палестина елдерінің қасиетті жерлеріне саяхат-1 тар жасады.

VII ғасырда халифа Омар кезінде Иерусалимді мұсылмандар жаулап алады. Алайда, бұл дінге табынушылықты тоқтата қойған жок.

VIII  ғасырдың деректері бойынша, Иерусалимге Галлия епископы - қасиетті Арісульф келіп, өзінің саяхаты жайында естеліктер қалдырған.

Мінажат етушілер Палестинаға тек табыну үшін ғана емес, соны-мен қатар ескі құнды заттарды сатып алу үшін де сапар шекті. Әр жылы 15 қыркүйекте Иерусалимде, қасиетті Мариямның шіркеуі алдыңда жәрмеңке ұйымдастырылып отырды. Табынушылар арасында сауда табысты болғаны соншалықты, қалада Генуя, Венеция, Пиза және Марсель көпестерінің өзіндік конторалары мен бүтіндей көшелері мен қоныстары болды.

Діни мақсаттағы саяхаттармен бірге, саяси мақсаттағы саяхаттар саны көбейеді. XIII ғасырдан бастап, ғылым дамуына байланысты университеттер агдылады да Еуропадағы оқу мақсатындағы студенттердің саяхаттары, көбінесе итальян университеттеріне жасалатын саяхаттар пайда болады.

Бірте-бірте жұрттың қозғалысы шұғыл өседі: әскерлердің, мінажат етушілердің, саудагпылардың қозғалысына ықпал еткен крест жорықтары; танымдық, көңіл көтеру, емделу мақсаттарындағы саяхаттар географиялық білімнің дамуына септігін тигізеді. Осыньщ барлығы келешектегі географиялық ашулардың алғышарты болды,географиялық ашулар нәтижесінде халықтың көші-қонуы ұлғайып, сауда жәнемәдени байланыстар одан әрі арта берді.

XVIIғасырда Еуропада «таза туризм» формасы пайда болды. Бұл, К.Либеренің айтуынша, танымдық, емдік немесе демалыс мақсаттарында саяхаттаушы тұлғаларды қамтиды. Оған коса Еуропада діни сенімге байланысты миграциялар мен көпестердің саяхаттары белгіленіп отырды.

Әлеуметтік құбылыс сияқты туризмнің дүниеге қайта келуі XVIIғасырдың соңы мен XVIIIғасырдың басына жатады. Бұл кезде кейбір Еуропа мемлекеттерінің оқушылары табиғат аясына қыдыра бастады. XVIIғасырда «Grandtour» әйгілі бола бастады - бұл ауқатты адамдардың континентке саяхаты, грандтурдың арқасында адамдар оқуын бітіріп, Жерорта теңізін көріп, өркениеттің шығу тегін танып, сауаттанып қайтуына мүмкіндіктер туды.

Алғашқы бұқаралық туристік саяхат Англияда ұйымдастырылды. Туризм тарихының өте маңызды мезеті 1841 жыл болды: Томас Кук 600 адамды Лейстерден-Лафбороға темір жол көлігімен апарып алып қайтты. Арзан билетпен көп адамдарды тасымалдау қымбат билетпен аз адамдарды тасымалдауға әлдеқайда тиімді деп Томас Кук Англияның темір жол компаниясын сендірді. 1845 жылы Томас Кук Ливерпульге саяхат ұйымдастырды.1847 жылы Кукпен ұйымдастырылған туристік қоғам билеттерді (жолдамаларды) тек Англияда ғана емес, баска елдерде де сатты. 1863 жылы Кук Швейцарияға ауқымды экскурсияларды ұйымдастырды.

1865 жылы Томас Кук АҚШ-қа туристік саяхаттарды ұйымдастыру мақсатымен барды. Оның мақсаты - ағылшындарды АҚШ-қа, ал американдықтарды Еуропаға туристік сапар жасауға көндіру. 1866 жылы агылшын туристерінің алғашқы екі тобы АҚІЫ-қа сапар шекті.

1867 жылы «Квейкерсити» кемесі бес айлық саяхатқа шығып, теңіз туристік сапарлардың басталуына себеп болды. Осы саяхатқа қатысқан 60 туристердің ішінде танымал жазушы Марк Твен де болды.

Томас Кук 1872 жылы туристерге Жерді айналатын саяхат ұсынды, сөйтіп, оны индустриалды негізге қойды. Алғашқы 20 саяхатшы Жерді 220 күнде айналып шықты. Өз кәсібін Лондон көрмелері мен континенталдық Еуропа бойынша топтық экскурсияларынан бастап, Томас Кук бюросы іс-әрекет ауқымын бірте-бірте кеңейтті: жаңа туристік нарықтарды игеріп, сапар санын әлдеқайдакөтерді. Томас Кук Мысырға, Палестинаға, тіпті АҚШ-қа жүйесі туристік сапарларды ұйымдастыратын болды. Оның бюросы экскурсанттарды орналастыру, жолдамалар мен мерзімді туристік баспасөз, жарнамалық науқандар, банк операциялары мен шетелдік валютаны айырбастау сияқты кең ауқымды іс-әрекеттермен айналысқан. Томас Кук 1892 жылы дуниеден кетті, оның ісін баласы мен серіктестері жалғастырды. Компания қызметкөлемін әлдеқайда кеңейтті, енді бұл ірі қаржы институтына айналып, саяхатшылар үшін жол чектерін шығаратын болды. Осындай чектерді кауіпсіз ақша деп айтуға болады, бұл десеңіз ғасырдың нағыз өнертабысы. Бүгінгі таңда «Томас Кук» компаниясының әлемнің барлық елдерінде 12000 туристік агенттігі бар, олар жыл сайын 20 млн туристерге қызмет көрсетеді.

Т. Кук бюросы туристерге қызметтердің толық кешенін ұсынған, Туристер үшін қонақ үйлер брондалған, әртүрлі жеңілдіктер енгізілген, жаңа маршруттар, мысалы, діни мақсатта - Палестинаға, немесе экзотикалық - Қырымға, Кавказға - әзірленген.

Кук компаниясының үздік жұмысы Англиядан басқа еуропалық мемлекеттер (1905 жылға қарай Куктың саяхаттар бюролары бүкіл Еуропада дерлік болған), Еуропадан тыс елдер (мысалы, 1870 жылы Ніл бойымен саяхат жасағандарға қызмет көрсету орындарын ашуға бюро Египет үкіметінен концессия алған) туристерін өзіне тартқан.

1876 жылы Англияда 1929 жылы Кук компаниясына қосылып кет-кен WagonsLitsкомпаниясы және Фреймз бен Генри Ланн туристікбюролары ашылды. XIX ғасырдың ортасында Т. Кук ерекше көңіл бөлген қоғамның табысы орташа жіктері тек XX ғасырдың басына қарай туристік қызметтердің негізгі тұтгнушыларына айналды. Бұлар қаржы капиталының пайызына немесе қүнды қағаз дивидендіне өмір сүрген рантье болтан. Тікелей өндірістік-кәсіпкерлік іс-әрекетпен айналаспағандықтан, олардың туристік сапарларға бос уақыты мен қаржылары жеткілікті. Демалыстың ең таңдаулы жерлері ретінде Еуропаның бальнеологиялық және теңіз маңы курорттары болып саналады.

Бүгінгі таңда Томас Кук заманауи туризмнің негізін салушы, туризмнің бірінші менеджері мен маркетологы жәнесаяхатшылардың ұйымдастырылған бұқаралық қозғалыстарының мәні мен табыстылығын ұққан алғашқы адам болып есептеледі.

Томас Кук туристерге қызметкөрсету жөнінде темір жол мен кеме компанияларымен, қонақ үйлер мен мейрамханалармен келісімге түрып, алгашқы болып ерекше туристік өнім - турды қалыптастырды. Туристік қызмет көрсету сұранысын алғашқы болып зерттеген Кук туристік маркетинг пен менеджмент негіздерін салған адам. Томас Кук туризмнің түңғыш менеджері болып есептеледі.

Германия, Швейцария, Франция, Италия, Чехия елдерінде халықаралық курорттарының дамуына байланысты осы елдер жәнеҰлыбритания Еуропадағы халықаралық туризм орталықтарына айналады. XVIII ғасырдың әртүрлі мақсатта саяхат жасайтын, басқа елдерге барып қайтатын адамдарды «туристер» деп атай бастайды. Білім алу түрткісімен бірге рахаттану, басқа мәдениеттермен танысу ынтасы да маңызды орын ала бастайды.

Туризм дамуы әлемдегі шаруашылық қатынастарының нығаюы кезеңімен түйдей байланысты болды. Жұрттың бір-бірімен қатынас жасау ынтасы халықаралық және ұлттықтуризм дамуына септігін тигізеді.

Туристік ағымдардың өсуі орналастыру мен көлік құралдарының дамуын қажет етті. Қонақ үйлер болмаған немесе олардың сапасы туристік талаптарына сәйкес болмаган жерлерде қонақ үй құрылысын кейде өз қаржысын жүмсап темір жол компаниялары итермелеген. Осы компаниялар, сонымен қатар, туризмнің одан әрі дамуына байланысты жарнама мен басқа да шараларға қаржысын аямай жұмсайды. Туризм билік қолдауына ие болған аудандарда жылдам дамып табыс әкеле бастайды. Бірақ туристік мәселелер биліктің жергілікті органдарына тым күрделі болып көрінді. Сондықтан туризм саласында мамандандырылған дербес туристік ұйымдарды қалыптастыру қажет болды. Алгашқыда мұндайұйымдар «жабдықтау қоғамдары», «шетелдіктерді қабылдау қоғамдары» және т.е.с аталған. Осындай ұйымдар XIX ғасырдың орта шенінде, ал 70-ші жылдардан бастап көптеген жерде, әсіресе Батыс Еуропа елдерінде (Германия, Швейцария, Австрия және т. б.) ашыла бастайды.

Биліктің жергілікті органдары осындай ұйымдар іс-әрекетіне мүдделі болтан және оларга қолдау жасаған. Сонымен қатар, туристік ұйымдарды туристік демалыс пен саяхаттар әуесқойлары, табиғат әуесқойлары ұйымдастырған (альпинистер ұйымдары, табиғат достарының ұйымдары, велосипедшілер ұйымдары және т. б.). Осы ұйымдар туризм дамуына өз үлесін қосқан. Алғашкы болып тау туризмімен айналысқандарды біріктіретін ұйымдар біршен кешн бірі дүниеге келді: British Alpine Club (1857 ж.), «Өз еліңді танышбіл» атты норвег ұйымы (1861 ж.), Osterreichisher Alpenverein (1862 ж.), Schweizer Alpen Club және Club Alpino Italiano (1863 ж.), Deutcher Alpenverein (1869 ж.), Галициялық Татры ұйымы мен Magyaroszagi Karpategyesiilet (Ungarischer Karpathenverein) (1873 ж.), Club Alpin ҒгапсаІ8(1874ж.).

Осы ұйымдар мен соңынан қалыптасқан мекемелер насихаттау жұмысымен, ұйым мүшелері үшін әртүрлі шараларды ұйымдастыру мен қызмет көрсету, ең алдымен түнеуге орналастыру мәселелерімен айналысқан. Бұл ұйымдардың өз меншікті объектілері, мысалы, туристік базалары, демалыс орындары, күркелері т. б. болған. Оларға апаратын арнайы жолдар салынған.

XIX ғасырдың орта шеніне дейін еуропалық туризм тек кдна элитарлық келбетке ие болады, ал оған қатысушылар ауқатты жоғарғы класс өкілдері болып, сол кезгі кейбір авторлар туризмді «аристократиялық туризм» деп де атады (tourisme aristocratique). Тек XIX ғасырдың екінші жартысында ғана, әсіресе XX ғасырдың 20-жылдарында туристік қозғалыс өзгерістерге үшырап, демократиялана бастайды.

XIX ғасырда жәнеXX ғасырдың бірінші жартысында туризмнің дамуы көптеген факторларға байланысты болады, олардың ішінде ең маңыздылары мыналар:

- көлік құралдарының дамуы;

- өнеркәсіптің дамуы және оған байланысты халықтың тіршілік деңгейінің жақсаруы;

- урбандану;

- бос уақыттың артуы;

- қоғамның мәдени деңгейінің жоғарылауы;

- туризмнің мемлекеттік саясаты.

Ең бірінші темір жол желісі - Манчестер-Ливерпуль 1825 жылы Англияда ашылды. Бұрын бірнеше аптаға созылған саяхаттарға, енді әркімнің және өте қымбат емес бағамен қолы жететін болды. Темір жолдары барлық мемлекеттерде өте шапшаң қарқынмен салына бастады. Олар туристік қозғалыстың кеңістіктік құрылымын және көлемін өзгертті.

XX ғасырдың бірінші жартысында халықаралық жәнеұлттықтуризм өз шеңберіне басқа да елдерді тартып, одан әрі дами түседі. Туристік сапар желісіне тарихи орындар мен мәдениескерткіштер енгізілінеді. Халықаралық туристік қозғалыстың басым көпшілігі бұл кезеңде Еуропаға келеді.

ІІ Дүниежүзілік соғыс халықаралық туризмнің көлемін қатты қысқартты. Соғысқа дейінгі деңгейіне туризм 40-шы жылдардың соңында ғана жетті. Соғыстан кейінгі кезеңде туристік саяхаттар АҚШпен Канадада кең тарай бастады. 1948 жылдың шілде айынан бастап шетелдік туристердің Жапонияға баруына ресми түрде рүкеат берілді.

Туристік байланыстар кеңейе түседі. Оған Еуропа елдері арасындағы арнайы келісімдер ықпал етеді. Жеке туристер орнына бударалық туризм келеді; оған табысы орташа таптар, жастар, оқушылар, ғылыми зиялылар белсене қатыса бастайды.

Ресей аумағындағы туризм түпкірі ежелгі дәуірмен орта ғасырларға келеді, атап айтсақ, Қара теңізіндегі ежелгі туризм. XVIII ғасыр Ресей курорттарының дамуының бірінші кезеңі болып табылады. Бұл процесті бастаушы Ұлы Петр I болған. Ол 1713 жылы бүкіл халықтың алдыңда минералды суларды іздестіру керектігін жариялады. Бұлмәселе бойынша 1719 жылы 20 наурызда арнайы жарлық шығып (Дохтырлық ережелер жайындағы жарлық), здравница мекемелерінің заң негізіне айналды. Бұл мезет Ресей курорттарының тарихының басталуы болып саналады. 1803 жылы жалпыресейлік дәрежесі берілген Ресейдің ең ескі курорттары Қавказ Минералды Суларының курорттары болып табылады: Пятигорск, Кисловодск, Ессентуки, Железноводск. Бүдан кейінірек Липецк (1805), Старая Русса (1815), Сергеевск Минералды Сулары (1833), Юрмала (Кемери, 1838) сияқты курорттар пайда болды.

Қырым туристік-сауықтыру аймағы ретінде XIXғасырдың екінші жартылығында ең алдымен Алупка, Ялта мен Ливадияда дами бастайды. 1861 жылы Ливадияда патша резиденциясы салынғаннан кейін Қырымға деген нағыз «сән» туындайды да, мұнда (әсіресе Ялтада) орыс ақсүйектері көптеген сарайларын сала бастайды. Бұл құбылыста 1874 жылы салынған Қырымды Орталық Ресеймен байланыстырған темір жолы маңызды рөл ойнады.

Қырым және Кавказ Минералды Суларымен бірге Сочи де сүйікті демалыс орнына айналады. Мұнда тұнғыш пансионат 1909 жьглы салынды.

Емдік туризммен қатар XIX ғасырда Ресейде тау туризмінің рөлі артуда. Оның басталуы 20-шы жылдарға келеді жәнеЭльбрус пен Қазбек шыңдарымен байланысты. Тау туристердің саны 1877-78ж. орыс-түрік соғысынан кейін жылдам өседі. Осы кезде Кавказда туристер үшін түнеу баспаналары салына бастайды. XIX ғасырдың соңында туристік шаруашылығы жақсы дамыған қалалардың ішінде Тифлис, Баку, Ереван, Владикавказ, Пятигорск, Кисловодск, Батумимен Кутаиси болған.

XIX ғасырдың екінші жартылығында Ресейде бірқатар туристік және экскурсиялық қоғамдар пайда болды. Олардың мүшелері өз өлкесінің табиғатын зерттеумен бірге табиғатты әуес еткендер үшін экскурсияларды ұйымдастырған.

1877 жылы Тифлисте Кавказдың жаратылыстану қоғамының жанында Ресейдегі алғашқы альпілік клуб ұйымдастырылды. Осы клубтың жұмысына оның мүшесі А.В. Пастухов белсене қатысқан, оның аты Эльбрустағы 5000 м биіктікте орналасқан баспанаға берілген (Приют Пастухова).

Клуб бірнеше жыл ғана жұмысын жүргізді, дегенмен оның мүшелері Кавказ таулары мен аңғарларында бірқатар жорық жасап, Кавказ бен Закавказье фаунасы мен флорасы туралы мақалаларын кіргізген «Известия» атты екі жинақ шығарды. Олар талай баяндама мен реферат жасаған. Осы клубтың басты маршруттарының бірі Әскери-Грузин жолы болған. Осы жолмен тек Кавказ бен Ресей ғана емес, шетелдік туристік топтар да өткен. Белгілі ағылшын «Кук пен баласы» фирмасының иелері Дарьял шаткалы жолымен өтіп, ол топтық саяхаттарды ұйымдастыруға жарамайды деген түжырым жасайды.

XIXғасырдың соңында құрлықпен болсын, теңізбен болсын жетуі оңай болған екінші таулы аймақ - Қырым - ресейліктерді қызықтырады. Оның үстіне таудың онпіа биік еместігі және жылы теңіздің жақын орналасуы саяхатшыларға өте тартымды болып көрінеді. Бұл мезгілге қарай Қырым тыныс жуйесі ауырғандар үшін ем болатын өзінің шипалы климатымен белгілі болған. Осының бәрі Қырымды Ресейдегі демалушылардың ең көп келетін ауданына айналдырды.

Ялтада 80-ші жылдардың соңында туризм мен саяхат кәсібінің дамуына зор үлес қосқан «Табиғат, тау спорты мен Қырым тауларыәуесқойларыньщ үйірмесі» пайда болды. 1890 жылы 25 қаңтарда оньщ негізінде Қырым тау клубы қалыптасты, оның құрылтай жиналысында 15 адамнан түратын басқармасы сайланды. Клуб басқармасы Одессада орналасқан.

Революцияға дейінгі Ресейдің ең ауқымды туристік ұйымы Орыс туринг-клубы болған. Оның құрылтай мәжілісі 1895 жылы сәуір айында Петербургте өтті. 27 мүшелері-орнатушылары қоғам қызметін басқару комитетін сайлады. Осы комитет клуб іс-әрекетінің бағдарламасын әзірлеуге тиіс еді.

Клубтың пайда болу себептерінің бірі - XIXғасырдың соңында ол кезде жайлы көлік құралы болып қаладан тыс ұзақ серуендеуге жиі қолданылған екі дөңгелекті велосипедтердің кең таралуы болған.

Орыс туринг-клубы халықаралық туристік ұйым(лига) мүшесі болып, шетелдік қоғамдармен катынас жасаган және оның шет елдеріндегі өз өкілдері болған. Осы туристік ұйым мүшелерін өзара қабылдау мен оларга қызмет көрсету жөнінде кейбір еуропалық туринг-клубтарымен келісімдер жасалған. Клуб «Русский турист» журналы мен жылдық хабаршысын шығарган.

Туринг-клуб үлгісіне еріп, Ресейдің басқа қалаларында да велосипед қоғамдары мен топтары ашыла бастады. Бірақ осындай алғашқы қоғамдар кішігірім ғана болған, саяхатты әуес ететін және қымбат түратын велосипедке қаржысы жеткілікті адамдарды біріктірген. Олар өз мүшелері үшін әдетте 200 шақырымнан аспайтын веложорықтар ұйымдастырған.

Велосипедшілер қоғамдары Мәскеуде «Велосипедист» пен «Циклист», Петербургта «Велосипед» пен «Самокат» журналдарын шығарған.

Бірте-бірте Орыс туринг-клубы іс-әрекеті бөлімшелері арқылы Ресейдің көптеген аймақтарын қамтыған Ресейлік туристер қоғамына (РТҚ) (Российское общество туристов, РОТ) айналды. Қоғамның басты мақсаты жалпы туризмді, оның ішінде велосипедті туризмді қолдау болған. Өзінің өркендеген кезінде РТҚ-ның 5 мыңдай мүшесі болған. 1919 жылдың наурыз айында В.И. Ленин сауықтыру туризмі мен шипалы суларға экскурсияларды ұйымдастыру ісіне септігін тигізген «Жалпы мемлекеттік маңызды сауықтыру жерлері туралы» декретіне қол қойды.

1920 жылы Наркомпростың жанында пролетарлық туризм мен экс-курсияларды насихаттау мақсатында Біріккен дәрістік-экскурсиялық бюро - қазіргі туристік экскурсиялық мекемелердің болашақ үлгісі - құрылады.

1920 жылдан бастап экскурсиялар мен туристік «шығуларды» кейбір ведомстволар мен мекемелер өткізе бастады.Жұмысшылар мен қызметкерлер үшін оларды кәсіподақтар ұйымдастырган. Оқушылар мен әскери қызметкерлерін Наркомпрос пен Ресей жастарының коммунистік одағы (РЖКО, орысшасы РКСМ) сапарға шығарған.Туризмді демалыстың прогрессивті формасы ретінде пайдаланған мекемелердің саны арта берді. Ұйымдастырушылардың ойынша, туризм болашакта тұрмыстың мызғымас бір бөлігі, әр адамның жеке қалауы ғана емес, бұқаралық қоғамдық-саяси қозғалыс болатынын пайымаған.

Осы идеяларды әуелі қоғамдық, кейін арнайы басылымдар: «На путях новой школы», «Вестник просвещения», «Экскурсионное дело» және баскалары да насихаттаған. Бұл іс-әрекетте «Комсомольская правда» газеті маңызды рөл ойнаған. 1926 жылының желтоқсан айында бұл газет редакцияның тұсында штаб құрып, мақсаты мен мазмүны бойынша «пролетарлық» деп аталған бүдаралық туризмнің ұйымдастырушысы болды. Дәлосы мезетте БЛКЖО Орталық комитетінің (ЦК ВЛКСМ) жанында туризм бюросы құрылды, одан кейін «Комсомольская правда» пролетарлық туризмді ұйымдастыру бойынша бірінші сырттай мәжіліс өткізді.

Жаңа туған ұйым іс-әрекетінің мақсаты «жастар арасында бұқаралық туризмді дамыту» болып жарияланды. Комсомол бұләрекетін таза парақтан бастаған жоқ: Бюро жұмысының негізінде ЖЭС-тың (Жаңа экономикалық саясат) алғашқы жылдарында өз жұмысын жалғастырған РОТ тәжірибесі жатқан. 1929 жылға қарай РОТ елдегі туризмді басқару орталығына айналады. Оның ондаған бөлімшелері құрылады. Зауыттарда, әскери бөлімшелерде, іслубтарда туристік бастауыш ұйымдардың (ячейкалардың) саны көбейеді.

Кәсіподақтар, БЛКЖО мен Наркомпрос 1924-1928 ж. елдегі туристік-экскурсиялық жұмысты басқаратын болды. Алдыңда ұйымдастырушы формалары екі дербес бағытта дамыған: Бүкіл-одақтық орталық кәсіподақтар кеңесі (БОКОК, ВЦСПС) мен Наркомпрос   бастауыш  туристік  ұйымдарын  -  өнеркәсіппен   ауылшаруашылық кәсіпорындарындағы, оқу орындарындағы, клубтардағы топтарды құрумен айналысты; ал БЛКЖО (ВЛКСМ) комсомол комитеттерінің жанындағы туризм бюроларын қүрған. Бюролардың алдыңда жергілікті «бұқаралық саяхаттар қоғамдарына» қолдау жасау, анықтамалық-инструкторлық жұмыс жүргізу мақсаттары қойылған. Бюролар жанында елтану, лагерлік, алыс және қала маңындағытуризм секциялары құрылған.

Халық комиссарлар кеңесінің қаулысына сәйкес, Совтур мен ОПТ бір ұйымға - Пролетарлық туризм мен экскурсиялардың бүкілодақтық ерікті қоғамына (ПТЭҚ, орысшасы ОПТЭ) біріктірілді. Оны бұрынгы ОПТ төрағасы Н.В. Крыленко басқарды. Жаңадан пайда болған ұйымның жарғысында «пролетарлық туризм біз үшін ең алдымен социалистік құрылыс әдістерінің бірі болып табылады», деп айтылған.

30-шы жылдары туризмнің материалдық-техникалық базасының бекігендігі соншалық, оның бюджетке түсірген пайдасы үлкен сомаға жетті. Орталықтандырылған және жеке түрде ОПТЭ бөлімшелері мен бастауыш ұйымдары жергілікті өнеркәсіппен ауыл шаруашылығына, мәдениеттік құрылысқа, мемлекеттің қорғанысына ақшалай үлесін қосып отырды. Ақшаның бір бөлігі одактық маңыздағы туристік объектілерді салуға жұмсалған. Мысалы, 3млн сом Мәскеудегі Бүкілодақтық туристер үйі құрылысына жұмсалды.

Шетелдік туризм дамуы шетелдік қонақтарды КСРО-да қабылдауын реттеу шараларын қажет етті. 1929 жылғы мамыр айында Еңбек пен қорғаныс кеңесінің шешімімен «Интурист» Бүкілодақтық акционерлік қоғамы құрылады. Делегацияларг мен туристік топтарды қабылдау және оларға қызмет көрсетумен бірге, «Интурист» отандастардың шет елдерге баруын ұйымдастырады. 1930-1931ж. бірінші бесжылдық еңбек озықтарының «Абхазия» мен «Украина» кемелерінде Еуропаны айналып шыққан алғашқы бұқаралық круиз саяхаттары ұйымдастырылды. Қатысушыларды Германия, Италия мен Түркияда (Англия мен Франция өз жеріне кіруге рұқсат бермеді) кеңес одақтық уәкілді өкілдері қарсы алған. Неапольде «Абхазия» түрған кезде оған М. Горький арнайы келіп кеткен. Саяхатты бірнеше кітап пен кинофильм бейнелейді.

Әуесқойлық туризмді басқару міндеті OAK (ЦИК) жанындағыБүкілодақтық дене шынықтыру кеңесіне артылды және альпинизм туризмнен бөлінді.

Ғылыми әдебиетте КСРО туризмінің дамуы бірнеше кезеңге бөлінеді. Оның даму тарихын шартты түрде төрт үлкен кезеңге бөлуге болады: біріншісі - туризмнің ұйымдастырушыльіқ құрылымының пайда болуы мен қалыптасуы (20-шы ж. басы-1936 ж.); екіншісі -туризм мен экскурсияларды кәсіподақтар қарамағына өткізу жәнетуризм индустриясының алғышарттарын қалыптастыру (1936-1969ж.); үшіншісі - туризмнің қарқынды дамуы, оның халыққа қызмет көрсетудің ірі саласына айналуы (1969-1990 ж.); төртіншісі - посткеңестік, ТМД туризмі дамуының өтпелі кезеңі (1991 жылдан қазіргі күнге дейін). Осы кезеңде КСРО бұрынғы одақтас республикалары жүргізген экономикалық реформалар жағдайындағы туристік шаруашылық дамуының жаңа тенденциялары орын алды.

КСРО-ның басқа аудандарындағыдай, Қазақстан туризмі де дамыған. Қазақстандағы туризмнің даму алғышарттары XIX ғасырда пайда болды деп айтуға болады. Оған еліміздің географиясын зерттеген көптеген ғалымдар: П.П. Семенов-Тянь-Шанский, Н.М. Пржевальский, И.В. Мушкетов және т. б. өз үлесін қоскан. Алғашқы ғылыми зерттеушілердің қатарында ұлы қазақ саяхатшысы мен ғалымы Шоқан Уәлихановты атау қажет.

Шоқан 1835 жылдың караша айында қазіргі Қостанай облысының Құсмұрын бекетінде атақты аға султан Шыңғыс Уәлиханов отбасында дүниеге келген. Арғы атасы Абылай жоңғарларға қарсы соғыста асқан ерлік көрсеткен, ел бірлігі мен тыныштығы үшін күрескен, ақылды қолбасшы, іскер дипломат, амал-айласы мол Орта жүз ханы болтан.

Шоқанның балалық шағы Сырымбет тауының баурайында, туған елі Көкшетауда өткен. Шоқан әжесі Айғанымның тәрбиесінде болған. 1847 жылы 12 жасар Шоқанды әкесі сол кездегі ең таңдаулы оқу орны болып есептелген Сібір кадет корпусына окуға орналастырады. Шоқанның бүкіл келешегі мен ғылым, өнер жолындағы талантын ашуда бұл оқу орнының маңызы ерекше болды.

Шоқан Уәлиханов 1853 жылы кадет корпусын бітіріп, Омбыда әскери қызметке қалады. Ол Сібір қазақ-орыс әскерінің 6-атты әскер полкына офицер болып тағайындалады, іс жүзінде Батыс Сібір мен Қазақстанның Солтүстік-Батыс аймағының генерал-губернаторы Г.Х.Гасфорттың адъютанты қызметіне белгіленеді. Сондай-ақ, Батыс Сібір өлкесінің Бас басқармасы оған айырықша тапсырмаларды орындайтын офицер ретінде қарады. Қызметі барысында Шоқан Уәлиханов патша өкіметінің отаршылдық саясаты туғызған әділетсіздіктерді жете танып, қарсы батыл пікірлер білдіруге тырысты. Осы қызметтерді атқара жүріп, ол Орта Азия халықтарының тарихын, этнографиясы мен географиясын зерттеуге белсене араласты.

Омбыдан кетуді, өзінің туған халқына пайдасы тиетін істермен шұғылдануды армандағанын өзінің достары Ф.М. Достоевскийге, К.К. Гутковскийге жазған хаттарынан анық көруге болады. 1855 жылы Шоқан Уәлиханов Омбыдан Семей, Аякөз, Қапал арқылы, Іле Алатауынан өтіп, Жоңғар қақпасына дейін келеді, қайтарда Алакөл, Тарбағатай жерлерін аралайды. Орталық Қазақстан - Қарқаралы, Баянауыл, Көкшетау арқылы Омбыға оралады. Бұл сапарда ол қазақ халқының тарихы мен әдет-ғұрпы, діни ұғымдары жайында көптеген материалдар жинайды. Сонымен бірге өзі болған аймақтардың тарихы, ескі қалалардың орны, шыңтастардағы жазу, белгілерін, көне ескерткіштер, аңыз-әңгімелер, ертегілер мен өлеңдерді жазып алады. Осы материалдардың негізінде «Тәңірі», «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы» сияқты еңбектер жазады.

1856 жылы Шокан полковник М.М. Хоментовский басқарған әскери-ғылыми экспедицияға қатысады. Қырғыз елін жете зерттеуге, Ыстықкөл аймағының картасын түсіруге тиіс болған бұл экспедицияға қатысу Шоқанның зерттеу жұмысын ойдағыдай жүргізуіне мүмкіндіктер туғызады. Ыстықкөлге, Қытай империясының Қүлжа қаласына саяхаты және1856-1857 жылдары Жетісу, Тянь-Шань сапарларында П.П.Семенов-Тянь-Шанскиймен бірге болуы, Кырғыз Алатауына екінші рет сапарының нәтижелері оның «Жоңғария очерктері», «Қырғыздар туралы жазбалар», «Ыстықкөл сапарының күнделіктері», «Қытай империясының батыс провинциясы жәнеҚұтжа қаласы» атты еңбектерін жазуға септігін тигізеді.

Ш.Уәлихановтың тарих, география, әдебиет саласындағы зерттеу еңбектері Петербург ғалымдарының назарына ілігіп, құнды ықыласілтипаттарына ие болады. П.П. Семенов-Тянь-Шанский өзінің Жетісу бойындағы зерттеулерін жүргізген кезде Шоқан пікіріне үнемі ден қойып, ақылдасып отырған. Ыстықкөл сапарында біраз жерлерді бірге аралаған. Семенов-Тянь-Шанскийдің ұсынуымен 1857 жылы 27 ақпанда Шоқан Орыс География қоғамының толық мүшелігіне сайланады. Бұл орыс қоғамы зиялыларының, орыс ғылымының жас ғалымеңбектерін зор бағалағандығы, ғылым мен мәдениетке қосқан үлесін мойындағандығының дәлелі.

1858-1859 жылдары Шоқанның «Жарық жұлдыз», «Қашқария сапары» оны ғылыми-зерттеушілік, ағартушылық саласында жаңа биікке көтерді. О л кезде Қашқария Ресей тарапынан зерттелмеген өлке болатын. Еуропа ғылымы үшін белгісіз, құпиясы мол ел болатын. Себебі, XII ғасырдың соңғы ширегінде Марко Поло,1603жылы саяхатшы Голе Қашқария жерінде болғаннан кейін, бұл өлкеге ешкім аяқ баспаған Шоқаннан бір жыл бұрын Қашқарияға Үндістан арқылы барған немістің белгілі географы Адольф Шлагинвейтті жергілікті билеушілер басын кестіріп өлтірткен. Адольфтің бұл қайғылы тағдыры жөнінде алғаш мәліметті жеткізген Шоқан болды.

1870 жылдары Петербургте Шоқанның «Жонғария очерктері», «Алты шаһардың немесе Қытайдың Хан-Лу провинциясының шығыстағы алты қаласынын жағдайы туралы», «Адольф Шлагинтвейттің өлімін әкелген жағдайлар туралы мәліметтер» туралы еңбектері жарияланды.

1860 жылғы 8 сәуірдегі Үкімет указы бойынша поручик сұлтан Шоқан Уәлихановқа штабс-ротмистр әскери атағы, 4-дәрежелі ізгі Владимир ордені, 500 сом куміс ақша берілген. Шоқанның ұсынысы бойынша, осы экспедицияның жұмысына қатысы бар 22 адам қоса наградталған, оның ішінде керуен басы Мұсабай, Семей көпесі Бұқаш, К.К.Гутковский т. б. болды. Ш. Уәлиханов (1859-61) Петербургте болған жылдары оның ғылыми-шығармашылық қызметінің аса елеулі кезеңі болды. Мәселен, Бас штабының әскери-ғылыми комитетінің тапсыруы бойынша, ол Орта Азия мен Қазақстанның карталарын жасайды. «Балқаш көлі мен Алатау жотасы аралығының картасы»,«Құлжа қаласының жобасы»,«Ыстықкөл экспедициясының қорытындысына қосымша карта», «Қытай империясы батыс өлкесінін картасы» т. б. дайындалады.

Шоқан Уәлиханов 1865 жылы сәуір айында кайтыс болды. Алтынемел тауының баурайындағы Көшентоған деген жерге қойылады. Қазіргі Алматы облысы Шоқан атындағы шаруашылықта «Алтынемел» мемориалдық кешені бар [49].

XX ғасырдың басында Верный қаласында Орыс тау қоғамының бөлімшесі ашылып 1927 жылга дейін өз жұмысын атқарды. Жетісудың алғашқы турисі деп қазақжасауылы А.В. Хорошхинді есептеуге болады: Іле Алатауы бөктерін аралап шығьш, 1875жылы Алатаудың ең биік шыңы Талғарға шьну әрекетін жасаған, бірақ 4 мың биіктігіне ғана жете алған. Тауға барғандардың ішінде оқушы жастар мен интеллигенция өкілдері көп болған. Осындай жорықтарға Верныйда тұрған Лев Толстойдың немересі Михаил Сухотин қатысыпты. Тау-кен инженері К.И.Богданович оқушылармен бірге экскурсияларды ұйымдастырып тау жыныстарының үлгілерін жинаумен айналысқан. Кейде онымен бірге Мушкетовтың баласы да барып жүріпті. Атақты сәулетші П. Зенков Алмаарасаннан Жосалы-кезең асуынан асып Үлкен Алматы көліне жетіпті.

1930 жылы Ф.Л. Савинның басқаруымен Алматы қалалық пошта мен телеграф қызметкерлері (16 адам) Алматы - Медеу - Көкжайлау - Үлкен Алматы көлі жеңіл маршрутын өтті. 1931ж. қаңтар айында В.М. Зимин Алматы - Узынағаш - Қордай асуы маршруты бойынша алғашқы қысқы шаңгы жорығын ұйымдастырды. Жанында ұлттық кавалерия полкының салтатты жауынгерлері бар сегіз шаңгышы «еңбек пен қорганыс эстафетасы» шеңберінде Алматыдан шығып Қордай асуында осы эстафетаны Қырғызстан командасына беріп жалғастырды.

Дәл осы жылы республика астанасында Жетісу губерниялық мұражай жанында пролетарлық туризм мен экскурсиялардың Бүкілодақтық ерікті қоғамының (ОПТЭ) алғашқы бастауыш ұйымы құрылды. Оның құрамына 10 адам кірді. Г.И. Белоглазов, В.Д. Городецкий, Н.Н. Дублицкий және т. б. ықпалымен ОПТЭ-ның қазақстандық өлкелік кеңесі ұйымдастырылды.

Ұлы Отан соғысы басталғанда қазақстандық ТЭБ оның қызметкерлері мен белсенділері майданға аттанғандыгынан қызметін тоқтатты. «Горельник» туристік базасында 1943 жылының басында Кеңес Армиясының тау атқыштары инструкторларын дайындау бойынша Бүкілодақтық мектеп орналасты. 2 жыл ішінде мектеп Ұлы Отан соғысының көптеген майдандарында соғысқан 1500 инструктор мен 12 мың тау атқыштарын дайындады. Соғыстан кейін мұнда республика үшін альпинистер мен тау шаңғышылар мамандарын даярлау жріысы басталды. 1955 жылы Есік көлінің жанында «Есік» турбазасы ашылды. Ұзақ уақыт өткеннен кейін сел қаупіне байланысты бұл турбазалар жабылды.

1945 жылы күзде Алматыда Дене шынықтыру институты ашылды. 1946 жылы 1 қаңтарда оның тұсында В. Зимин басқарған туризм-альпинизм кафедрасы құрылды, бірақ бұл кафедра бір жыл ғана жұмыс істеді.

1961  жылдан бастап Қарағанды облысындағы «Қарқаралы» турбазасы туристерді қабылдауда. 1962 жылы Павлодар облысында Жасыбай көлінің жағасында «Баянауыл», ал Оңтүстік Қазақстанда Бадам өзенінде «Южная» турбазалары ашылды. 1962 жылы Бүқтырма теңізінің шығанағында Зыряновск қорғасын комбинаты екі балықшылар үйін салды. 1963 жылы олар «Алтайская бухта» турбазасына айналды. 1963 жылы Ыстықкөл жағалауындағы Бозтери кентінің жанындағы туристердің шатыр лагері біраздан кейін «Қазақстан» турбазасына айналды. Республикамыздың басқа да көрікті жерлерінде: «Уральская» - Орал қаласының маңындағы Жайықтың жағасында, Қостанай маңындағы «Лесная», Көкшетаудағы «Золотой бор» жәнет.б. турбазалар салынды.

Қандай турбазаны алсақ та, өзінің қайталанбас қасиеттері бар: «Золотой бор» қарағай орманында, «Южная» - альпілік жайылым мен бау-бақшада, «Уральская» үлкен дария жағасында орналасқан, «Қарқаралы» турбазасы өзінің тау оазисіндегі велосипед маршруттарымен әйгілі, «Алтайская бухта» турбазасынан алтай тайгасы, Марқакөл мен Рахман бұлақтарына апаратын маршруттар басталады.

1962  жылы 20 маусымда БОКОК «Туризмнің одан әрі дамуы туралы» қаулысы шықты. Онда туристік жорықтар мен саяхаттарға 10 миллион адам қатысады деп айтылған. Туризмді одан әрі дамыту және басқару мақсатында, КСРО спорттық қоғамдар мен ұйымдар Одағының Орталық Кеңесі туризм федерациялары мен секцияларын жою шешімін кабылдағанын ескере түра, БОКОК Президиумы Орталық, республикалық және облыстық туристік-экскурсиялық басқармаларын Орталық, республикалық, өлкелік және облыстық туризм бойынша кеңестеріне ауыстыру шешімін қабылдады.

Туризмнің дамуына «Елдегі туризм мен экскурсиялардың одан әрі дамуына арналған шаралары туралы» қаулысы (1969) зор ықпал жасады. Қазақстанда туризм мен экскурсиялар бойынша жаңа облыстық кеңестер, экскурсиялық бюролар, саяхаттар мен экскурсия бюролары ашыла бастады. Республикамызда туризмнің материалдық базасын: ресторандары, кинотеатрлары, басқа да мәденижәнетұрмыстыққызметтері бар жаңа туристік базалар мен қонақ үйлердің құрылысын жеделдетуге ерекше көңіл аударыла бастады.Туристік құрал-жабдықтарды жалдау пункттері, моторлық-қайықтық станциялар, мамандандырылған автобазалар ашылған.

Республиканың облыстық орталықтарында Қазақстаннан, достас республикалардан, шетелден келген туристерді қабылдауға дайын туристік кешендер жұмыс істейді. Демалыс күндік маршруттарға еңбекшілер мен олардың жанүллары белсенді қатысуда, қажет болса, оларға «Денсаулық пойыздары» қызмет етуге дайын болған.

Алатау бөктерінде орналасқан Алматы мен астаналық облыстағы туризм қарқынды дамуда. 1959 жылы қала ішінде орналасқан «Алматы» («Алма-Атинская») турбазасы ашылды. 1972 жылы Алматының маңайында Талғар ауданындағы Горный садовод ауылынан жоғары орналасқан «Алматау» турбазасы іске косылды. 1970 жылдан бастап туристік ұйымдарға қызмет көрсететін Алматы автобазасы істейді. 1975 ж. «Медеу» мұз айдыңы және «Медеу» мен «Алатау» туристік қонақ үйлері ашылды. Дегенмен мұның барлығы жеткілікті емес екендігі айқын болған.

Алматы қалалық туристер клубының мәліметі бойынша, 1979 жылы қалада 100-ге жуық туристік секция, 7 туристер клубы істеген. Туризммен 213 мың адам айналысқан (Алматы халқының саны ол кезде 900 мың болған). 2100 ж. Алматы тұрғындары «КСРО турисі» белгішесінің нормаларын орындады, туризм бойынша 134 дәрежелі спортшы, үш спорт шебері, 100-ден астам төреші даярланған. 1978 жылдың өзінде өзіндік жорықтар мен саяхаттарға 500 топ (7 мың адамнан кем емес) қатысқан. Қалалық клуб үлкен жұмыс атқарған. Жүйелі түрде тау-туристік техникасы бойынша жарыстар, жыл сайын туристердің қалалық слеттары, туристер кештері және Горький атындағы Орталық парктегі «Туристер күні» мерекелері өткізіледі.

Алматы альпинизмнің сүйікті орталығы болып есептеледі. 1936 жылы «Горельник» лагерінің жанында республикалық альпинистер клубы құрылды.Альпинизмнің белсенді ұйымдастырушылары мен насихаттаушылары Г.Белоглазов, В.Зимин, Е.Колокольников, М.Погребецкий, П. Попков, О. Үсенов және т. б. болтан.

1935 жылдан бастап альпинистер бұқаралық шыңға шығу, ал 1954 жылдан бастап клуб біріншілігін өткізуде. 1960 жылдан бастап клуб альпинизм бойынша Қазақстан чемпионаттарына қатысуда.

Жартастарға өрмелеу спорты 1948 жылдан бастап дамыса, ал 1952 жылдан бастап Орта Азия республикалары мен Красноярск өлкесінің командаларымен салтты жолдастық жарыстар өткізілуде.

Сонымен қатар, клуб ғылыми-тәжірибелік маңызы бар экспедицияларын да ұйымдастырған. 20-30-шы жылдарда Алматы алышнистері Тянь-Шаньның онша белгілі емес шыңдарына шығып ауданның географиялық карталарын түзеткен, 1935 жылы В.Зимин Талғар шыңына, 1936 жылы Е. Колокольников Хан Тәңірі шыңына шыкты. Уақыт өте бере клуб түлектері КСРО-ның ең биік жеті мыңдық: Ленин, Коммунизм, Жеңіс, Е. Корженевская шыңдарына шықты. Республикамызда өзіміздің «қар барыстары» (КСРО барлық жеті мындықтарына шыққан) пайда болды. 1982 жылы алғашқы кеңесодақтық Гималаи құрама командасына бес алматылықтар: Қ.Уәлиев, В. Хрищатый, Ю.Голодов, Е.Ильинский, С.Чепчев кірді. КСРО-дағы альпинизмнің дамуына еңбек сіңіргендері үшін Алматы клубының көптеген түлектері орден және медальдармен марапатталды.

Қазақстанның табиғи туристік әлеуеті мен тарихи-мәдени нысандарын ескеріп, шетелдік туристерге қайталанбас табиғи ландшафтарын, эндемикалық флора мен фаунасын, тарихи-мәденимұра ескерткіштерін қамтитын құрамалы турларды ұсынуға әбден болады. Халықаралық туристік нарыққа шығу үшін Қазақстан табиғатының өзгешеліктеріне негізделген турларды, мысалы, джип мініп, киіз үйлерде немесе арнайы жабдықталған трейлерлерде түнеп саяхат жасауға арналған «Кең даладан мэңгі қар жатқан тау шыңдарына шейін», «Далалық сафари» ұсынуға болады. Каспий теңізіндегі жағажайлық және круиздік демалысты дамыту мақсатында Кендірлі демалыс зонасын жабдықтау мен Ақтау қаласында туризм мен ойын-сауық индустриясын дамыту жоспарланған. Оңтүстік Қазақстанда Қапшағай бөгенінің жағасында «Жаңа Іле» туристік орталығының құрылысы жоспарланған. Оған емдеу-сауықтыру, мәдени-ойын-сауықжәне туристік инфрақұрылымның басқа нысандары кіретін болады.

Ресми статистика мәліметтері бойынша, 2000 жылдан бастап ішкі де, сыртқы да туристік ағымдардың өсуі байқалады. Ең алдымен ішкі туризм қарқынды дамуда. Жергілікті жұрттың туристік аумақтарды игеруі шетелдік туристерді тарту мақсатында жүргізілетін халықаралық жобаларының іске асырылуына септігін тигізеді, себебі оның нәтижесінде жергілікті коммуникациялар мен қызмет корсету

сферасы дамиды. Туристік державалардың - АҚШ, Италия, БАӘ, Түркияның тәжірибесі осындай тетіктің дұрыс екендігін растайды.

Егер қазіргі жағдайдағы туризм XIX ғасырдың соңында пайда болып құрылса, ол XX ғасырдың екінші жартысында ғана шынайы интенсивті дамуға ие болып, техника, технология, қоғамдық қатынастардың шапшаң дамуымен қатар келіп XX ғасырдың феномені атағына ие болды.

Қайталау  сұрақтары

1.  Туризм тарихын қандайғалымдар кезеңдерге топтастырған және қандай схемасын ұстанып отырмыз?

2. Ежелгі (антикапыц) туризм дамуы жөнінде әңгімелеп беріңіз.

3.  Ұлы ЖібекЖолы жөнінде не білесіз?

4. Орта ғасырлар мен Қайта Өрлеу дәуіріндегі туризм дамуы жөнінде әңгімелеп беріңіз.

5. XVII-XVIIIғасырлардағытуризм ерекшеліктері қандай болған?

6.  «Гранд-тур» деген не?

7.  Томас Кук деген кім және оның туризм дамуына жасаган үлесі қандай?

8. Шоқан Уәлихановтың зерттеулері жөнінде айтып беріңіз.

9. IIДүниежузілік соғыстан кейінгі туризм дамуына сипаттама беріңіз.

§ 3 Туризм тарихын географиялық тұрғыдан зерттеу

Демалыс мақсатындағы сапарлар санының артуы урбандану үрдісінің өсуі мен XIX ғасырдағы темір жол көлігінің дамуына байланысты болды. Бұл туристік қасиеттерге, әсіресе демалыс үшін жайлы территорияларға деген қажеттілікті арттырды.

XIX ғасырда медицинаның дамуы нәтижесінде климат пен теңіз суының емдік қасиеттері өте жоғары бағаланатын болды. Темір жолдардың салынуы мұндай қасиеттері бар аудандарды туристік сұраныс территорияларына «жақындатты».Ал техниканың дамуы үлкен ауқымды туристік инвестицияларға мүмкіндік берді. Бұл кішігірім және белгісіз қоныстардың үлкен теңіз жагалауларындағы демалыс орталықтарына (мысалы, Сопот, Канны, Монте-Карло,Ницца) немесе таулы демалыс орталықтарына (мысалы, Шамони, Давос, Закопане) айналуына себепкер болды.

Демалыс пен туризмді географиялық тұрғыдан зерттеу XIX жүзжылдықтың екінші жартысында басталды (И.Г. Коль). XIX және

XX ғасырларда үлкен қарқынға ие болған қалалардың дамуы географтарды урбандану мен туристік, курорттық қоныстардың пайда болып, кеңею үрдісінің арасындағы тәуелділікті анықтау мәселесін қарастыруға итермеледі. Неміс географы А. Геттнер (1859-1941 жж.) мұндай қоныстардың дамуын ең алдымен қалада халықтың шектен тыс шоғырлануымен, сондықтан да олардың рекреациялық қажеттіліктерінің артуымен байланыстырды.

«Туризм географиясы» (Fremdenverkehrs geographic) деген терминді ең алғаш 1905 жылы Д. Страднер қолданды. Оның ойынша, бұл ғылым туристік козғалыс пен оның шаруашылық іс-әрекетін зерттеумен айналысуы керек. Сонымен қатар, туристік қолайлылық пен сол жердің аттрактивті қасиетін анықтау қажет.Туристік құбылыстардың экономикалық аспектісіне географтар XIX ғасырдың өзінде-ақ көңіл бөлген, алайда бұл мәселенің нақты талдауын тек К. Шпутцтың (1919) еңбегінде табуға болады.

Қоғамдық сұранысына сай, туризм географиясы туристік ағымдарды зерттеуден бастап, курорттық-туристік ресурстарды зерттеу мен рекреациялық аудандастыруға назар аудара бастаған.

Алғашқы демалыс пен туризм зерттеулерінде ішкі және халықаралық туристік ағымдар мен жергілікті жерлердің туристік игерілуіне көп назар аударылған.

Францияда алгашқы туризм географиясы шеңберіндегі зерттеулерді Альпыдағы туристік қозғалыс пен туристік шаруашылық мәселелерімен айналысқан Р. Бланшар болды. Италияда осындай зерттеулерді А. Мариотти жүргізген.

Отызыншы жылдары туризм географиясының әлем бойынгда серпінді дамуына, әсіресе Германияда (Р.Глюксманн, А.Борман, X. Позер), Францияда (Д. Мидж), Швейцарияда (В.Унцикер), Жапонияда (М. Сато, К. Мисава, Танака, Осаки), сондай-ақ АҚШ-та (Р.Браун, К.С.Мак-Мерри) мүмкіншіліктер туады. Зерттеулердің басты нысанасы туризмнің ауылдық жерлері мен туристік (ең алдымен табиғи) ресурстарына тигізетін әсерболды. Осындай зерттеулерге байланы-сты Берлинде 1929-1934 жылдары туризмді зерттеу Институты ашылды. Осы тәрізді мекемелер Берн мен Гренобльде пайда болды.

Бұлтуризм географиясының қарқынды дамыған жылдары болған. Оның зерттеу нысаны мен пәні дұрыстап анықтала бастайды. Еуропа мен Солтүстік Америка елдеріндегі аумақтық жоспарлаудың дамуынәтижесінде осындай зерттеулерде демалыс пен туризм мәселелері кең көлемде қарастырылады. Осыған орай табиғи ортаны терең зерттейтін географиялық жұмыстар қажеттілігі өседі.

Осындай жұмыстардың мысалы - Ягеллон университета тұсындағы Краков туризм студиясының (1936-1939 жж.) зерттеулері. Бұлстудия туризмді зерттеу мен мамандарды даярлау бойынша түңгыш университеттік орталық болып есептеледі (М. Бочваров, 1977). Дәл сол кезде С. Лещицкийдің туризм географиясы деген түсінікті ғылыми түрде дәлелдейтін теориялық жұмыстары жарық көрді, ол географиялық әдебиеттердің өміріне туризм ұғымын енгізді. Сол кезде туризм географиясының дамуында туризм ұғымын дәл анықтау әрекеті үлкен рөл атқарды. Ол теориялық, шаруашылық, географиялық, статистикалық, құқықтық, мәденижәне қоғамдық мәселелердің жинағы ретінде туристік қозғалыспен байланысты [16].

Туризмнің теориялық негіздерінің қалыптасуы мен осы саладағызерттеулер арқасында туризм географиясының мағынасын дұрыстап анықтауға мүмкіншілік туындады. Туризм географиясының мақсаты «аумақтың туристік артықшылықтарын ғылыми тұрғыдан анықтау, ландшафтың жаратылыстық қасиеттерін сақтай тұра туристік қозғалыс мүмкіндігін зерттеу және осы қозғалыстың экономикалық пайдалануының ең тиімді жолдарын жоспарлау» болып табылады (С. Лещицкий, 1932). Осындай анықтамадағы зерттеу мәселелері «адаммен, географиялық ортамен, жерді шаруашылық мақсатында пайдалануымен, адамзат жетістіктері жәнемәдениетімен» тығыз байланысты. Бұл өте маңызды қадам болды, өйткені бұдан бұрынтуризм географиясы туристік қозғалыспен байланысты тек сұрапталған әлементтерін зерттейтін ғылым болып есептелген.

Туризм географиясының дамуы нәтижесінде көптеген жаңа зерттеу орталықтары, әсіресе туризм қоғамдық және шаруашылық өмірінде маңызды рол ойнайтын елдерде пайда болды. Дегенмен алғашқы кезеңде туризм географиясы саласындағы зерттеулер көбінесе Германияда жүргізілген. Әрине, бүған 1929 жылы Берлинде Жоғары сауда мектебі жанында ашылған туризм зерттеулерінің Институты (директоры Роберт Глюксман) ықпал етті.

IIДүниежүзілік соғыстуризм географиясы саласындағығылыми зерттеулерді тежейді. Алайда, мұндайзерттеулер соғыс бітісімен-ақ қайта басталады, себебі сол кездері туристік қозғалыс үлкенқарқынмен дамыған. Осындай даму көрсеткіші - өте ауқымды ғылыми әдебиет көздерінің шығуы. Туризм географиясы ауыл шаруашылығы географиясы мен өнеркәсіпгеографиясы сияқты географияның дербес саласына айналды.

IIДүниежүзілік соғыстан кейін туризм географиясының даму орталыгы Франция (П. Дефер, Ж. Вейре-Вернье, Дж. Шабо, П. Жорж, Б. Барбье, Ф. Крибер, Р. Баретье) және АҚШ (К.С. Мак-Мерри, М. Клаусон, Л. Митчел, Дж. Стансфелд) болды, 1970 жылдардан бастап, сондай-ақ, КСРО (B.C. Преображенский, Ю.А. Веденин), Канада (Р. Вольф, РВ. Батлер), Австрия (К. Синнхубер), Ұлыбритания (Дж. А. Пэтмор, М. Пасион, С. Смит, Дж. Т. Соррок), Аустралия (Д. Меркер, Д. Пирс), Жапония (Э. Ширасака, Т. Исикава, С. Яма-тото), Чехословакия (С. Шпринцова, М. Хаврлант, В. Гардавски, П. Мариот), Югославия (3. Пепеоник, 3. Джовичич, М. Джершич, А. Го-сар), Болгария (Л. Динев, М. Бачваров), ГФР (К. Рупперт, И. Майер, И. Матцнеттер), ГДР (Б. Бентхим), Польша (М.И. Милеска, К. Либера, А. Вжосек, А. Марш, О. Рогалевский, Я. Варшиньска, А. Яцковски) солардың қатарына енді.

Кейбір географтардың пікірінше, туризм зерттеулерінің көлемі әдеттегі туризм географиясы шеңберінен асып түсе бастады. Осының нәтижесінде әдебиетте бұрынғыға қарағанда кең мағынада түсінілетін ұғымдар пайда болды. Осыған орай бұл пәнді рекреация географиясы ретінде қабылдай бастаған. Еуропа географтары осы атауды аме-рикан әдебиетінен алып пайдаланады («рекреация географиясы», «рекреациялық география»). 1945-1960 жылдардың арасында жаңа ұғым - «демалыс географиясы» пайда болып, ол туризм географиясы және рекреация географиясымен қатар қолданыла бастады. Ал енді тағы бір топ зерттеушілер туризм географиясы атауын «туризмнің экономикалық географиясы» атауына ауыстыруды ұсынған. Олар өз пікірін осындай атау географиясының тиесілі саласының зерттеу шеңберіне кіретін қазіргі туристік қозғалысқа басқаларға қарағанда үйлесімді деп дәлелдеген.

1950 жылдардың соңында Америка әдебиеттерінде жаңа ұғым- «таза ауадағы рекреация» пайда болды. Бұлұғымды М. Клаусон енгізді. Мұндай демалыс деп қала сыртындағы ашық аспан астында демалуды атайды екен.

Жалпы айтқанда, «рекреация географиясы» ұғымының әдеттегі «туризм географиясынан» айырмашылығы шамалы. Себебі рекреация географиясы демалысқа байланысы бар кеңістік құблыстарын, атап айтсақ, туристік көш-қонды, туристіксұраныс орталықтары мен олардың демалыс аудандарына байланыстылыгын, әртүрлі аймақтардағы туристік қозғалыс қарқындылығын, туристік шаруашылық дамуының нәтижесіндегі аумақтың өзгерістерін, аумақтың туристік сыйымдылығын, туризмнің экономикалық сипаттарын және баска да туризмге байланысты мәселелерін зерттейді. Сонымен қатар, американ рекреациялық географиясы, АҚШ экономикалық географиясының басқа салалары сияқты, әлеуметтік мәселелерге (әсіресе туристік сұраныс зерттеулерінде) ерекше назар аударады.

Туризм географиясы бойынша зерттеулер өткізілген елдердің барлыгында дерлік туристік қозғалыстың ең көп шоғырланған аймақтарына ең үлкен көңіл бөлінген, алайда болашақта туристік ресурстарына ие аймақтары да ұмытылған жоқ.

Туристік шаруашылық дамуы мен туристік ағымдардың өсуіне байланысты 60-шы жылдарынан бері демалыстың ең жайлы ауданда-рынан жайлылығы төмен аудандарының игерілуіне көшуі басталды. Жаңа рекреациялық аумақтарын игеру қажетіне байланысты туризм географиясының екінші бағыты - табиғи-рекреациялық ресурстарды бағалау жұмыстары көбейе бастады. Осы жылдарда КСРО-да демалыс пен туризм орындарының аудандық жоспарлау жұмыстары өріс алды. Географтар табиғи кешендерінің рекреациялық баға беру кезеңдерін бекітті (Л.И. Мухина, 1973), олардың рекреациялық сыйымдылығы, рекреациялық жүктемелерге деген төзімділігін анықтау бойынша зерттеулерді өткізді (И.С. Казанская, 1972; Е.Г.Шеффер, 1973). М.В.Ломоносов атындағы ММУ ландшафттанушы-географтары (Е.Д. Смирнова, В.Б. Нефедова, Л.Г. Швидченко және т. б.) елдің ірі курорттық аудандарының қолданбалы зерттеулерін орындады, рекреациялық аумақтары қорын жасау бойынша ұсыныстар енгізді.

Табиғи рекреациялық ресурстарын бағалау және пайдалану фо-маларын зерттеу жұмыстарын америка (Богарт, 1968; Девис, 1971), канада (Р Вольф, 1966; Д. Хеллайнер, 1972) географтары жүргізді. Табиғи ландшафтарына түсетін оңтайлы рекреациялық жүктемені анықтау сұрақтарымен поляк географтары (А. Костровицки, 1970; Я. Варшиньска, 1973), туризмнің табиғижәнемәдени-тарихи ресурстарын  бағалау және  картографиялауымен чехословак ғалымдары (П. Мариот, 1971; Т. Шулавикова, 1973) айналыскан.

Рекреациялық ресурстарының жаратылыс ресурстарының бір ерекше түрі ретіндегі зерттеулері тәжірибесін Б.Н. Лиханов (1973) біріктірді. Бұл ғалым олардың зерттеулерін рекреациялық география міндеттерінің бірі деп есептеген.

Туристік қозғалыстың одан әрі дамуы оның жоспарлық реттелуі мен басқару міндеттерін қажет етті. Осыған орай әртүрлі аудандардың туристік мамандандырылуын анықтау мен рекреациялық аудандастыру қажеті пайда болды. Осының нәтижесінде туристік шаруашылыгының аумақтық құрылымын реттеу бойынша зерттеулерді жүргізетін ғылыми бағыты қалыптасты.Рекреациялық аудандастыру қағидалары мен әдістерін, рекреациялық аудандарының мағынасын анықтау бойынша (И.В. Зорин, 1969; Н.С. Мироненко, 1972; Б.Б. Родоман, 1971; М.Бачваров, 1970), олардың экономикалық-географиялық сипаттамаларын жасау бойынша зерттеулер орындалды. Бұл тақырыпта маңызды жұмыстар ПХР, СФЮР жәнетуристік аудандастыру тұжырымдамасы бүкіл ел ауқымында жасалған ЧССР-да өткізілді.Шетел капиталистік елдерінің географтары одан ауқымы тар мәселелерімен: рекреациялық жерлерді сатып алу, ауыл мен орман шаруашылық жерлерімен салыстырғанда олардың тиімділігі, ұйымдастырылмаған нарық жағдайындағы туризмнің бэсекеге қабілеттілігі (АҚШ, Канада, Ұлыбритания, ГФР) проблемаларымен айналысқан.

Зерттеу мен жобалау жұмыстары ауқымының кеңеюіне, урбандану жағдайындағы қала маңындағы демалыстың жылдам дамуына орай әлеуметтік-географиялық зерттеулерінің көлемі тез өседі. 60-шы жылдардың екінші жартысынан бастап КСРО географтары (B.C. Преображенский, И.В. Зорин, Ю.А. Веденин, 1972) демалыс пен туризмнің әлеуметтік сипаттарымен тығыз айналысады (демалыс жайы мен орындарын таңдап алу сипаты, рекреациялық шаралар циклдары, алдың ала талап еткен қасиеттеріне не рекреациялық жүйелерді модельдеу, демалыс тиімділігі мен қажеттіліктерді қанагаттандыру деңгейі). Америка жәнеканадалық мамандары жұмыстарының әлеуметтік-географиялық бағыты басым болған, олар қоныстану жерінен арақашықтыққа байланысты демалыс аудандары сұранысының қисық сызығын жасау мен гравитациялық модельдердіорындауға негізделген (И. Кнетш, 1963; М. Клаусон, И. Кнетш, 1966; Р. Вольф, 1972).

ГФР-да қала маңы рекреациялық ағымдары, қала ішіндегі демалыс орталықтары кең ауқымда зерттелген, сондықтан «туризм географиясынан» «бос уақыт географиясына» көнгу тезисі пайда болды (К. Рупперт, И. Майер, 1973; К. Рупперт, 1977). Туристік кешендер мен аудандардың үтымды жұмыс істеуі мақсатында бағдарламалар жасау мен имитациялық модельдеу әдістері қолданылады.

Туристік қозғалыс зерттеулерінің (оның ішінде туризм географиясы) дамуында сол кездегі халықаралық туристік ұйымдар маңызды рөл ойнаған. 1930 жылы пайда болған Туризмді насихаттау ресми ұйымдарының Халықаралық Одағы 1947 жылы резиденциясы Жене-вада орналасқан Ресми туристік ұйымдарының Халықаралық Одағына (РТҰХО) айналды. 1958 жылға дейін осы ұйымның жанында Туристік зерттеулердің халықаралық институты жұмыс істеген. 1949 жылы Туризм аясының ғылыми сарапшыларының халықаралық ассоциациясы (АИСТ) ұйымдастырылды. Монте-Карлода ұйымдастырылған Туризмнің халықаралық академиясы (АИТ) жөнінде де айту қажет. Бұл ұйым 1953 жылы Халықаралық туристік сөздік шығарды.

Барлық елдерде туризмнің қарқынды дамуы бұл құблыста географиялық талдау қажеттілігінің артуына себеп болды. Сонымен қатар, туризмге байланысты терминологияны біркелкі қылу қажеті, біржолата осы саланың нысаны мен пәнін анықтап бекіту қажеттілігі пайда болды.

Қазақстандағы демалыс пен туризм географиясы аясындағы зерттеулер XXғасырдың 70-ші жылдарында басталды деп те айтсақ болады. Ғылыми-зерттеу және жобалау жұмыстарын алғашқы болып Мемлекеттік жобалау институты - «Казгипроград» жүргізе бастады. Ол кездері онда маманданған сәулетшілер, географтар, экономистер, инженерлер мен басқа маман өкілдерінің ұжымы қалыптасып үлгерген еді.

Қайталау сұрақтары

1.  «Туризм географиясы» терминінің авторы кім?

2.  Туризмді ғылыми тұрғыдан зерттеу тарихын кезеңдерге бөлген кім?

3.  Франция мен Италияда туризмнің алгашқы зерттеулерін жүргізген кім?

4.  Қашан және қай жерде туризмді зерттеу бойынша алгашцы Институт құрылған?

5.  Ягеплон университетінің Краков студиясының туризм зерттеулері туралы айтып беріңіз. Осы зерттеулерді қандайгалымдар жүргізген?

6.   XXғасырдың 30-шы жылдары туризм географиясы қандай елдерде ец қаркынды дамыган?

7.  Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі туризм зерттеулері мен ец белгілі галымдарды атап беріңіз.

8.   Соғыстан кейін туризм географиясымен бірге әдебиетте қандай жаца ұғымдар пайда бола бастаган?

9.  Бұрынгы КСРО-гы рекреация мен туризм зерттеулері жөнінде әңгімелеп беріңіз.

§ 4 Туризм географиясында қолданылатын негізгі түсініктер мен атау сөздері

«Туризм» мен «турист» түсініктері әдебиетте XVIII ғасырдың соңында пайда болып, XIX ғасырда, әсіресе XX ғасырда кең қолданыла бастады. «Туризм» және «турист» түсініктері француз тілінен келген (tour- саяхат деген мағынаны білдіреді). Олай болса да, алғашқы рет бұл түсініктер XVIII ғасырда Британ аралында континентке баратын ағылшын жастарының саяхатын атау үшін қолданылды. Ағылшын оқушылары өз білімін толықтыру үшін француз, итальян, неміс мектептеріне жіберіліп тұрды. Бұндай саяхаттарды «grand tour» деп, саяхатшыларды туристер деп атай бастады.

1811 жылы «Sporting Magazine» журналында туризм түсінігіне көрікті орындарғатанымдық, көңіл көтеру немесе ғылыми мақсаттағы саяхаттарды жатқызды. Соңғы басылымдарда әр адамды көңіл көтеру мақсатымен саяхаттайтын немесе жай уақытты өткізіп жүретіндерді турист деп атады.

Ресми түрде ғылыми әдебиетте «туризм» түсінігі XX ғасырдың 30-шы жылдары туризмнің зерттеу жұмыстарымен айналысатын Берлин институтының журналында «Archiv fur Fremden-verkehr» (1930-1931) мақаласының алғы сөзінде шыққан.

Туризм өте кең түсінік, әдебиет беттерінде туризмнің әртүрлі анықтамаларын кездестіруге болады. В. Унцикер туризм деп табыс табуға арналмаған тұрақты жерден тыс жердегі барлық саяхат пен қысқа мерзімді сапардағы құбылыс пен қатынастың жиынтығын атады. Кейбір авторлар «әр түрлі мақсаттағы спорттьгқ жарыстарды» туризмгежатқызды. КСРО-да 1952 жылы тұңғыш рет В.В. Добкович туризмге қазіргі уақытқа лайык анықтама берді: «Туристік саяхат деп каникул жәнеұзақ уақытты демалыс кезінде біздің еліміздің әр түрлі ауданда-рында болып, сол ел халқының өмірімен жәнемәдениетімен танысу, әлеуметтік құрылысымен, табиғи байлықтарымен, тарихи, әскери және революциялық ескерткіштерімен танысуды айтамыз» - деді.

Туризмге қысқа да, сәтті анықтаманы ҮКЭ (Үлкен Кеңес Энци-клопедиясы) берді: «туризм - бос уақыттағы адамның белсенді са-яхаты, сапары, жорық жасап демалуы». П.Г. Олдак туризмнің тар жәнекең магынасындағы анықтамасын береді: біріншісі - «демалысты саяхат жасап жүргізу», екіншісі - «түратын орнын немесе жұмыс орнын ауыстыру мақсатында көшіп кетумен байланысы жоқ, демалыс, емдеу, ғылыми, іскерлік жәнемәдениеттік кездесулерге қатысу мақсаттарындағы саяхаттар».

XX ғасырдың 30-шы жылдары поляк географы С. Лещицкий туризм туралы түсінікті толықтырып, «туристік-сауыктыру қозғалысына байланысты теориялық, шаруашылық, географиялық, статистикалық, күқықтық, мәдени және әлеуметтік сұрақтардың жиындысы» - деп анықтама берді [16]. Осындай анықтама толық болып табылады жәнеқазір де жиі қолданылады.

Туризм географиясы аясына еңбегі сіңіп, атағы шыққан B.C. Преображенскийдің айтуынша, «туризм» ұғымы арқылы мынадай негізгі түсініктер беріледі:

а) демография мен халық географиясы жәнезаң ғылымы зерттейтін халық қозгалысының ерекше түрі;

э) экономика саласы, экономика мен экономикалық география айналысатын халықтың әлеуметтік-мәдени қажеттерін өтейтін салалардың біреуі;

б) социология мен рекреациялық география айналысатын тұрақты жерінен тыс жерде бос уақытты өткізу түрі.

Сөйтіп, күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыс бола түра, туризм халық шаруашылығыныңәртүрлі салалары мамандарын қызықтырады, олардың әрқайсысы туризмді өз қажеттілігіне байланысты жәнеөз пікірінше қарастырады.

Халықаралық туристік академиясының (Монте-Карло) баспаларында «туризм» ұғымы «рахаттану, демалыс немесе емделу үшін жаяу түрде немесе көлік қолданып жасалатын саяхаттар» деп түсіндіріледі, және де аталған саяхатты туризм деп атаудың негізгі шарты - оның мақсатын еркін түрде таңдау және табыс іздеу мен туристік аумақта отырып қалу максаттары болмау керек. Көптеген энциклопедиялық ба-сылымдарда туризм көңіл көтеру (ойын-сауық), танымдық (өлкетану, ғылыми, т.с.с), демалыс, емделу, діни мақсаттарында жасалатын саяхат деп түсіндіріледі, және де ол табыс табу немесе мекендеу орнын ауыстыруымен байланысты болмауы керек.

«Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Заңында (2001) «туризм» ұғымының қате анықтамасы берілген: «жеке тұлғалардың ұзақтыгы 24 сағаттан 1 жылға дейін, немесе 24 сағаттан кем, бірақ тунеусіз, баратын елінде (жерінде) табыс табу мақсатында емес жасалған саяхаттары». Қарап отырсақ, бұл«туризм» анықтамасы емес, «туристік сапар немесе саяхат» анықтамасы.

Қазіргі ғылыми әдебиетте туризм деп «адамдардың табыс табу мақсатынсыз күнделікті тұратын орнынан тыс жерде саяхат пен қысқа мерзімде болуы нәтижесінде пайда болатын құблыстар мен қатынастар жиынтығын» түсінеді. Осындай жиынтық туристің жолға шыққан мезетінен (кейде тіпті оған дейін) басталып пайда болады, барған жерінде жалғаса береді және үйіне қайтып келгеннен кейін аяқталады.

Қазір туризм анықтамасы екі топка біріктірілуі мүмкін - жұмыстық және концептуалдық. Біріншісінің экономикалық, әлеуметтік, құқықтық және басқа да туризмнің аспектілеріне ғана қатысы бар. Екіншісі, концептуалды немесе мәнін көрсететін анықтама, пәнді бүтіндей қамтиды, туризмнің ішкі сырын ашады.

Тарихи даму үрдісінде «туризм» мен «турист» деген түсініктерге біраз өзгерістер енгізілді. Тәжірибеде туризмнен гөрі турист деген түсінік анықтамасы жағынан анығырақ болғанын қажет етеді.

Ең алғашқы «турист» деген анықтаманы Ұлттар Лигасының статистика жөніндегі сараптау Комитеті берді (1937). Ол халықаралық түсініске ие болып, біршама түзетулермен біздерге де жетті. Соңғы жылдары «турист» ұғымының анықтамалары ресми халықаралық туристік ұйымдар одағының (РТ¥ХО) жиындарында (Дублин," 1950; Лондон, 1957), БҰҰ-ның халықаралық туризм және саяхаттар туралы конференциясында (Рим, 1963), туризм бойынша парламентаралық конференцияның конгресінде (Гаага, 1989) талқыланды. Бұл деген туризмнің теория жәнетәжірибе жағынан маңызының зор екендігін және оған берілетін анықтаманың толық та дәлірек болу керектігін көрсетті.

Халықаралық туризм мен саяхаттар бойынша БҰҰ конференциясында (Рим, 1963) «туристер» ұғымына ел жерінде бір тәуліктен ұзақ уақыт болатын тұлғаларды жатқызды, және де олардың түрткілері (мотивтері) демалыс, емделу, танымдық мақсаттағы саяхаттар немесе іскерлік не жанүялық кездесулер болып түсінілген.

1937 жылы «халықаралық туризм» ұғымы, ал 1953 жылы «халықаралық келуші» ұғымы енгізілді [17]. Қазіргі кезде 1991 жылы Оттавада өткен туристік статистика бойынша халықаралық конференциясында кабылданған анықтамалар қолданылады.

«Турист» ұғымы XVIII ғасырдың соңынан бері, Полынада -1847 жылдан бері белгілі (Варшиньска, Яцковский, 1978). «Турист» анықтамасының қандай үлкен өзгерістерге ұшырағанын көрсету үшін, сол кездегі анықтамасын тағы да келтірейік: «Туризм-континент (Еуропа) ЖОО-ға (Франция, Италия, Германия) баратын ең жоғары қоғамға жататын ағылшын жастарының саяхаттары...».

Қазіргі кездегі анықтама бойынша турист ең болмағанда бір рет гүнейтін және келу мақсатын үш топтың біреуіне: бос уақыт пен демалыс, іскерлік мүдделер немесе басқа туристік мақсаттарга жатқызуға болатын уақытша келуші (ЮНВТО). Сондай-ақ тұрақтайтын орнынан 12 айдан аспайтын уақытқа баратын жәнемақсаты барған жерінде ақылы жұмыс істеуге болмайтын кез келген саяхатшы «турист» терминімен айқындалады [16].

«Уақытша келушінің» нақтылы анықтамасын С. Медлик береді (1995). Осы автордың пікірінше, уақытша келуші деп өзінің тұрақты елінен басқа елге келетін, өзінің күнделікті белсенділік аумагынан тыс шығатын немесе өзінің тұрақты қызметі аумағынан тыс 12 айдан аспайтын мерзім бойы саяхат жасайтын, ал басты максаты болғанаумақ қаражатынан өтелетін қандай да болмасын жұмысты орындау болып табылмайтын кез-келген тұлғаны айтамыз.

Туристер де, экскурсанттар да ішкі жәнешетелдік (халықаралық) туристер (экскурсанттар) болып бөлінеді. Мұнда ішкі немесе халықаралық келуші деп атала алмайтын тұлғаларды белгілеу қажет. Ішкі келушілерге:

- өз елінде басқа жерге көшіп кету үшін келгендер;

- табыс табу үшін келгендер;

- жұмыс немесе оқу орны болып табылатын көршілес жерге өте жиі баратындар;

- ел аумағында уақытша жұмыс істейтіндер немесе әскери маневрларда қатысатындар;

- көшпелілер және тұрақты тұратын жері жоқ тұлғалар [17].

Халықаралық келушілерге жатпайтындар:

- иммигранттар немесе эмигранттар;

- шекаралық қызметкерлер;

- дипломаттар, консулдық қызметкерлер, әскери қызметшілер;

- қашқындар мен көшпелілер;

- транзиттік жолаушылар.

ЮНВТО қабылдаған саяхатшылар жіктелуі 9-суретте көрсетілген. Жіктелу қағидасы мен саяхатшылардың арасында туристерді беліп көрсету критерийі - шетелде болу мақсаты (түрткісі). Сапар мақсатына қарай саяхатшылар екі үлкен топқа бөлінеді.

Бірінші топқа туристік мақсатпен сапар шекпейтін адамдар жатқызылады. Бұлар шет елдерге ақша табу мақсатында кәсіби әрекетпен айналысып жүретін адамдар, яғни шет елдерге барып жұмыс іздеп немесе сонда жұмыс істеп жүрген адамдар; көрші территорияда жұмыс істейтін көршілес шекара ауданның тұрғындары; тұрақты мекенде қалушылар. Екінші топқа жататындар - уақытша келушілер, яғни туристік мақсатпен саяхат жасаушылар. ДТҰ-ның кепілдемесімен статистикалық есепке жеңілдік жасау үшін туристік мақсаттар үш блоққа топтастырылған: кеңіл көтеру мақсатымен саяхаттау, кәсіптік ынтасын қанағаттандыру үшін саяхаттау жәнебасқа да туристік мақсаттар блогі (оқу, емделу, транзит және т. б.).

Осындай жіктелу саяхатшылардың екі тобының экономикалық сипатын көрсетеді. Экономикалық тұрғыдан шетел мемлекетінің шаруашылығында істейтін және бірінші топқа жататын тұлғалар тауарлар мен қызметтерді, яғни сол елдің жалпы ішкі өнімін (ЖІӨ) өндіреді. Өз еңбегін өтейтін ақшасын өз еліне әкеледі. Сондықтан шетел азаматтарының елде жұмыс істеуі елден валютаның кетуімен және де өз еліне ақшалай табыстың келуімен байланысты.

Екінші топқа жататын саяхатшылардың біркелкі болмауына, саяхаттың әртүрлі ұзақтығына, сапар географиясына, қозғалыс әдісіне қарамастан осылардың барлығы «уақытша келушілер» деп аталады. Бірінші топ өкілдерінен бүлардың айырмашылығы - олар уақытша

болған елдің ұлттық өнім тұтынушылары болып табылады. Уақытша келушілердің туристік сапар ұйымдастыруға және саяхат кезшдеп жұмсайтын ақшасы қабылдаушы ел мен оның салаларының экономикасында маңызды орын алады.

Туристік саяхат жасаушылар қандай мақсатпен шетелдік сапарға аттанса да, өз елінен қабылдаушы елге ақшасын әкеліп оның бюджетш толықтырады. Сондықтан оларды бір топқа біріктіру, бірінші топ тұлғалары сияқты, экономикалық көзқарастан өте дұрыс болып көрінеді.

Дегенмен, уақытша келушілердің барлығын турист деп атай алмаймыз: мұнда- тұратын жерінен тыс болу уақыты маңызды. Саяхаттың ұзақтығына қарай уақытша келушілер «таза» туристер және экскурсанттар болып бөлінеді. Турист - бұл бір тәуліктен артық және бір жылдан аз уақытта, өзінің тұрғылықты жерінен тыс жерде саяхаттап жүрген адам. Туристік мақсатпен келген, бірақ белгіленген уақыттан ұзақ мезгілге қала беретін адам (одан ұзақ уақыт болуға рұқсат берілмесе немесе жылдық рұқсаты жаңадан үзартылмаса) қазіргі стандарт бойынша тұрақты тұрғындарға жатады.

Экскурсант-түнеуге қалмай белгілі бір жерге, ауданға немесе елге саяхаттайтын адам. Саяхатшылар классификациясында олар бөлек категорияға бөлінеді, бірақ арнайы әдебиетте олар кейде туризмнің бір бөлігі ретінде қарастырылады,ал экскурсанттар туризм статистикасында есептеледі.

Айтып кететін жағдай, туристік атау сөздер толығымен өңделіп бітпеген. Сондықтан рекреациялық география мен туризм географиясындағы кейбір анықтамалар, ұғымдар мен қағидалар екіталай.Дегенмен алдымыздағы басылымда авторлар зерттеушілердің көпшілігі ұстанатын козқарастарга сүйенеді.

Демалыс пен туризм дамуының басты шарты - әлем, мемлекет, аудан ауқымында қарастырылатын рекреациялық потенциалдың бо-луы. Рекреациялық потенциал дегеніміз белгіленген территорияда рекреациялық іс-әрекетті ұйымдастыруға және дамытуға арналған табиғи, тарихи-мәдени, әлеуметтік-экономикалық және басқа да жағдайлардың жиынтығы. «Рекреациялық потенциал» түсінігі «рекреациялық іс-әрекет дамуының факторлары мен шарттары» түсінігіне сәйкес келеді.

Туристік-рекреациялық ресурстар рекреациялық потенциалдың құрамының маңызды бөлігі. Туристік-рекреациялық ресурстар - демалыс пен туризмді дамытуға арналған эстетикалық жағынан тартымды, емдік-сауықтыру қасиеті бар табиғи ортаның компоненттері мен антропогендік іс-әрекеттің объектілері.

Туризм географиясының өте маңызды ұғымы - туристік аттрактивтілік (тартымдылық).Мұнда объективті факторлармен бірге субъективті психологиялық фактор маңызды рөл ойнайды, басқаша айтқанда бұл интегралдық сипаттама. Туристік қозғалыс дамуының әлементтерін осы қозғалыс қажеттіліктерін қанағаттандыратын туристік инфрақұрылымымен біріктіретін ұғым (10-сурет). Туристік аттрактивтілік ұғымының туристік ұсыныс ұғымымен ұқсастығы бар (бұл жөнінде кейін айтылады).

Халықтың рекреациялық қозғалысының қалыптасуы белгілі бір жердің туристік қүндылығына байланысты, Туристік қүндылықтар дегеніміз - табиғи және табиғи емес ортаның әлементтерінің жиынтығы. Туризмді дамытуға арналған табиғижәнеәлеуметтік-экономикалық шарттары бар колайлы аумақтар өз бетімен туристік-рекреациялық ресурс бола алмайды. Туристік-рекреациялық ресурс болу үшін оларды технологиялық дәрежеге жеткізу қажет.

Туристік қүндылықтар келесі түрлерге бөлінеді:

1.   Табиғи ортаның жағдайына тікелей байланысты демалуға арналған түрлері.

2.  Табиғи ортаның ерекшеліктеріне байланысты арнайы түрлері. Олар туризм түрлерін дамытуға мүмкіндік береді. Мысалы, минералды су мен климат жағдайы жайлы болғанда туризмнің емдік және сауықтыру түрлерін дамытуға болады.

3.  Табиғаттың ерекшеліктерімен қатар (қорық, табиғат ескерт-кіштері және т. б.), материалдық және рухани мәдениет әлементтері (ескерткіштер, фольклор, мәдениет объектілері), сонымен қатар қоғамның қазіргі жетістіктерін қамтитын туристік қүндылықтың танымдық түрлері.

Жергілікті жердің тартымдылығы мен туристік қасиеттерінің деңгейі белгілі бір сандық көрсеткіштерімен анықталуы өте қиын. Бұл мақсатта интегралдық (біріктірілген) көрсеткіштер - баллдар, категориялар, дәрежелер және т. б. қолданылады.

Туризм географиясының теориялық жәнетәжірибелік мәселелерін шешуде географиялық орта кеңістігінің таксономиясы маңызды рөл ойнайды. Негізгі таксономиялық категорияларды (бірліктерді) қарастырайық.

Туристік жергілікті жер - бұл қоныстану бірлігі (қала, кент, ауыл), ол туристік  кұндылығына,  туристік  инфрақұрылымы  мен  көлік ынтайлылығына орай туристік қозғалыс мақсаты немесе кезеді болатын белгілі бір елді мекен.Таулы немесе жағажайлы туристік жерлер болады. Туристік жерлердің олардық туристік қасиеті мен орындалатын функцияларына байланысты бірнеше түрі бар:

а)демалуға арналған  орындар;

ә) курорттар; б)танымдық, туризм жерлері;

в) транзиттік туризмнің орындары (мысалы, шекаралас жерлер).

Туристік орталық (туризм орталығы) - бұл елді мекен, белгілі бір жердің учаскесі, табиғи объект және т. б. Мұнда туристік-рекреациялық ресурстардың негізінде туристік-экскурсиялық қызмет көрсететін кешен құрылады.Кешеннің құрамына туристерді орналастыру, тамақтандыру орындары, туристік-экскурсиялық қызмет көрсететін мекемелер кіреді. Туристік орталық бірнеше көрсеткіштер бойынша бөлінуі мүмкін. Мысалға, маңыздылығы бойынша -халықаралық, мемлекеттік, ауданаралық, жергілікті; функционалдық бағыты бойынша - емдік, сауықтыру, танымдық орталықтар болып бөлінеді.

Туристік аудан - туризмнің дамуына арналған бірнеше табиғи, тарихи-мәденижәнеәлеуметтік-экономикалық жағдайлары бар салалық экономикалық аудан. Осыларға байланысты ауданда туристік іс-әрекеттер басым болып келеді. Әртүрлі дәрежедегі - жергілікті туристік, облыстық, республикалық, халықаралық дәрежедегі туристік аудандар болады. Рекреациялық география мен туризм географиясының тағы бір маңызды ұғымы - «рекреацияның шаруа-шылық әулеті» немесе «демалыс пен туризмнің материалдық-техникалық базасы» болып табылады (кейбіреулер оны «туристік инфрақұрылым» деп атайды). Бұл ең алдымен демалушыларға тауарлар өндіру мен қызмет көрсетудің негізгі корлары және бұл үрдіске тікелей қатыспаса да,рекреация жағдайын өңдейтін қосымша еңбек құралдары [18].

Туристік инфрақұрылым (туризмнің материалдық базасы) ресурстар мен көлікпен қол жетерлігімен бірге туристік аттрактивтілікті қалыптастыратын үш факторлардың бірі болып табылады. Туристік инфрақұрылым дегеніміз аумақтың, маршруттың немесе жергілікті жердің жабдықталуын құратын және туристердің қажеттіліктерін қанағаттандыратын нысандар мен құрылғылардың жиынтығы.Туристік инфрақұрылымына бір күннен астам уақытта болуына мүмкіндік беретін түнеу базасы; тамақтандыру базасы; коммуникациялық база; туристерге барлық қалған қызмет көрсетуге арналған қосалқы (қосымша) база (О. Рогалевский, 1974; Я.Варшиньска, А.Яцковский, 1978).

ЮНВТО бойынша, түнеу базасы - жүйелі түрде немесе анда-санда турист түнейтін кез келген объект.

Түнеу базасы туристік шаруашылықтың негізгі бөлігі, туристердщ түнеуі үшін бұл жерде барлық объектілер орналасқан. Түнеу базасы түнеу мекемелеріне (туристік қонақ үйлер, туристік базалар, демалыс үйлері, пансионаттар, мотельдер, қонақ пэтерлері) және лагерлерге (кемпингтер, шатыр қалашығы) бөлінеді. Пайдалану мезгілі бойынша үнемі пайдалану (жыл он екі ай) және маусымдық базалары болады; қызмет көрсету мүмкіншілігі бойынша ашық (жү-рттың барлығы үшін) немесе жабық - тұтынушылардың белгілі топтары үшін - базалары болады.

Түнеу базалары мемлекеттік және меншікті (жергілікті тұрғындар туристерге ұсынатын пәтерлер) болады.Коммуникациялық база туристерге демалыс орнына жетуге жәнедестинация (жетіп бару) елі (ауданы) ішінде жүруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, кейбір көлік түрлерінің (мысалы, круиз кемесі, авиалайнер) өзі де туристерді қызықтыруы мүмкін.

Демалушылар мен туристердің азық-түлік пен сусындарға деген сұранысын тамақтандыру базасы қанағаттандырады.Оның құрамына мейрамхана, кафе, бар, бистро, буфет, асхана және т.б. кіреді. Түнеу базалары сияқты, олар да үнемі істейтін немесе маусымдық; ашық, жабық немесе аралас; мемлекеттік, меншікті немесе меншіктің басқа формаларындағы тамақтандыру орыидары болуы мүмкін.

Туристік шаруашылықтың коммуникация базасын көлік пен бай-ланыс желісі құрайды. Көлік болмаса туризм де жоқ.

Қосалқы база келесі қызмет түрлерін: табигаттың байлығын пайдалану (жағажай мен суға түсетін орындарды абаттандыру және т. б.); спортпен айналысу; көңіл көтеруді ұйымдастыру; туристікжабдықтар мен сувенирлерді өндіру; ақпарат қызметтерін және т.б. ұсынады. О. Рогалевский (1974) қосалқы базасында нысандар мен қондырғылардың төрт түрін бөліп атайды:

- туристерге туристік ресурстарды пайдалануға мүмкіндік беретін;

- туристік саяхаттарды жасауды жеңілдететін;

- көңіл көтеру;

- қызмет көрсету

Бірінші түріне жаяу серуендеу орындары; тау, жазық, су маршруттары; спорт алаңдары; стадиондар, теннис корттары, бассейндер, шаңғы мен шана трассалары, айлактар, көрініс алаңшалары және т.с.с. жатады.

Екінші түріне туристік жәнеэкскурсиялық бюролар, саяхат бюролары, туристік ақпарат орталықтары, туристік құрал-жабдықтарын жалдау және сақтау орындары, автотұрақтар және т.с.с. жатады.Мысалға, саяхат бюролары сапарға шығуды ұйымдастырады,түнеу орындарын, көлік билеттерін сату мен резервілеуде делдал болады. Сол сияқты, басқа ұйымдар туристерге гид, экскурсия жүргізуші, топ жетекші қызметтерін ұсынады. Туристік ақпарат орталықтарында туристерге брошюралар, буклеттер, карталар, саяхат ауданы жөніндегі мәліметтер беріледі.

Қызмет көрсету қондырғылары мен нысандары:

-сауда нысандары (туристік құрал-жабдықтарды, сувенирлерді, прессаны, туристік басылымдарды, туристік киім, санитария мен гигиена тауарларын және т. б. сататын дүкендер);

- шеберханалар (фотоқызмет, шаштараз, тұрмыс қызметтері және т. б.);

- инфрақұрылымдық (банк, сақтандыру агенттіктері, пошта, телеграф, телефон, дәріханалар, тау жәнесудағы құтқару станциялары және т. б.) объектілер.

Туристік инфрақұрылым нысандарының қажеттілігі уақыт өте және талгам мен сән талаптарына сәйкес өзгеріп тұрады. Туристердің талаптарына сай көпфункционалды орталықтардың саны өсуде. Олар туристерге көптеген мәдени-көңіл көтеру, спорттық және басқа да шараларын ұсынады. Туристердің сұранысын өтеу үшін осыған сәйкес базаның құрылуы кең көлемдегі қаржыны қажет етеді.

Бұқаралық туризм дамуының теріс салдарларының нәтижесінде туристік-рекреациялық ресурстарының дәрежесі төмендейді жәнедемалыс сапасына зиян келтіріледі. Туристік ауыртпалыққа туризм үшін нағыз маңызды әлементтер - өсімдік, су, топырақ және т. б. өте нэзік келеді. Осыған орай туристік (туристік-рекреациялық) кеңдік пен сыйымдылық көрсеткіштері енгізілген. Біріншісі табиғи ортаны, екіншісі географиялық ортаны сипаттайды.

Туристік кеңдік ресурстардың азып кетпейтіндей адамның физикалық және психоэмоционалды күштерін қалпына келтіруге жеткілікті көлемде пайдалану мүмкіншілігімен анықталады (Швихтенберг, 1991).

А. Костровицкий (1997) бойынша аумақтың туристік сыйымдылығы - бұл түнеу (түнеу орындарының саны), тамақтандыру (отыру орындары, тағам саны), қосалқы базалардың (орын саны немесе ауданы) сыйымдылығы. Сыйымдылық дегеніміз туристік база нысандарының туристік қызмет көрсету сапасын төмендетпей қабылдай алатын туристердің максималды саны болып табылады.

Туризм географиясының тағы бір негізгі ұғымы - жергілікті жердің немесе нысанның «туристік аттрактивтілігі» (тартымдылығы). Бұл күрделі ұғым. Объективті табиғи жағдай мен ресурстармен (табиғи жәнеәлеуметтік-экономикалық) бірге туристік аттрактивтілікті бағалаған кезде субъективті психологиялық фактор маңызды рөл ойнайды. Сөйтіп, бұл аумақ немесе объектінің интегралдық сипаттамасы; ол нысанның объективті табиғи және әлеуметтік-экономикалық құндылыгы мен олардың сезімге жасайтын әсерн, яғни олардың субъективті эстетикалық қүндылығын ескереді, және мұнда эмоциялық аспект басты рел ойнайды. Туристік тартымдылық ұғымының туристік сұраныс ұғымымен біршама үқсастығы бар.

Рекреацияның шаруашылық әулеті аумақты рекреациялық мақсатта игеру үрдісі кезінде қалыптасады. Осыған орай рекреациялық игеру мен рекреациялық игеру деңгейі ұғымдарын енгізу қажет болды. Рекреациялық игеру - кез келген рекреациялық шараларды өткізу үшін территорияны дайындау үрдісі. Аумақтың рекреациялық игерілу деңгейі - аумақтық еңбек бөлісі үрдісіндегі рекреацияның шаруашылық әулетінің деңгейі болып табылады. Бұл жағдайда белгілі аумақтың игерілу деңгейі рекреациялық ресурстар мен рекреациялық жүктемелердің физиологиялық-психологиялық әлеуметтік жайлылығы нормаларына байланысты.

Аумақты туристік қозғалыс қажеттіліктеріне лайықты қылу әрекетінде үш негізгі тенденция байқалады:

1) келушілердің қажеттілігін

қанағаттандыру үшін аумақты қорғау мен бейімдеу;

2) көлікпен қол жетерлікті қамтамасыз ету;

3) туристерге арнайы қызмет көрсететін мекемелер арқылы қолайлы жағдай жасау. Осының барлығы «туристік шаруашылық» немесе «туристік инфрақұрылым» ұғымдарына жатады.

Қайталау сұрақтары

1.   «Туризм» және «турист» ұғымдары цашан пайда болған және олардың алгашкы магынасы қандай болған?

2.    Туризмнің   жұмысжәне   концептуалдық   (түжырымдамалық)   анықтамапарының айырмашылыгы неде?

3.  «Туризлтің» цазіргі аньщтамасын беріңіз.

4.  «Уақытша келуші» ұғымын түсіндіріңіз.

5.    Саяхат   жасаушы   түлгалар   калай   жіктеледі?   Осындай   жіктелудің экономикалық мщызы қандай?

6.  Туристік аттрактивтілік, туристік касиеттер (алғышарттар), туристік-рекреациялықресурстар аныңтамаларын түсіндіріп беріңіз.

7.Туристік жергіліктіжер, туристік орталық, туристікаудананыңтамаларын беріңіз.

8.Туристікшаруашылық, туристікинфрақұрылымментуризмніңматериалдың-техникалық базасы анықтамаларын беріп, айырмашылықтарын түсіндіріп беріңіз.

9. Туристік шаруашылыңтың төрт базасының кысцаша сипаттамасын беріңіз.

10.  Туристік кеңдік пен туристік сыйымдылықанықтамаларын беріңіз.

11. Рекреацияның шаруашылық әлеуеті (потенциалы) мен аумақтың туристік-рекреациялық игерілуі анықтамаларын беріңіз.

§ 5 Туризм географиясының мақсаттары мен міндеттері, зерттеу нысаны мен пәні

Табиғи ортамен, қоғаммен және оның әлеуметтік-шаруашылық іс-әрекеттерімен тығыз байланысты болғандығынан туризм географ-зерттеушілерді ертеден-ақ қызықтыра бастаған.

Алғашқы туризм зерттеулері қолданбалы сипатына ие болып, әртүрлі географиялық пәндердің, әсіресе халық және көлік географиясы шеңберіне кірген еді. Тек қана екінші дүниежүзілік соғыстан кейін туристік қозғалыстың қарқынды дамуы осындай зерттеу жұмыстарын едәуір жылдамдатып, олардың теориялық жәнеәдістемелік негіздерін құрай бастады.Бұл үрдіс география ғылымының жаңа пәні - туризм географиясының бөлініп шығуына әсерн тигізді.

Туризм мен рекреация ұғымдарының бірдей еместігін ескерсек, туризм географиясын коғамдық-географиялық пәнретінде қарастыру   қажет, оның оқу объектісі - туризм болып табылады. Рекреациялық география демалыс пен туризм мәселелерін ғылыми географиялық негізінде түсіндіретін қоғамдық географиялық пәндердің ішіндегі жаңа бағыт болып саналады, ол XX ғасырдың 60-шы жылдарының аяғында - 70-ші жылдарының басында ғана география ғылымынан туындаған. Бұрынғы КСРО-да география ғылымында оның негізін қалаушы профессор B.C. Преображенский болды. Кеңістікте болатын туристік құбылыстардың түрлері мен қатынастарына және соған байланысты кеңістікті өзгертетін үрдістеріне талдау жасау туризм географиясының оқу пәнінқұрайды. Туризм, халықшаруашылығының баска да салалары сияқты бірнеше шағын салалардан тұрады: емдеу, сауықтыру-спорттық, танымдық; сондай-ақ ішкі және халықаралық туризмге бөлінеді. Бірнеше басқару органдарының болуы да осыған байланысты. Бұрынғы КСРО-да басқару шағын салаларға - курорттарды басқару бойынша орталық кеңес,туризм және экскурсия бойынша орталық кеңес, «Спутник» халықаралық жастар туризмінің бюросы, «Интурист» бүкілодақтық акционерліқ қоғамы және басқалары жатты. Осындай шағын салалардың әрқайсысы өзінің мекемелерімен, басқару органымен, жоспарлау бөлімімен, материалдық-техникалық базасымен біртұтас жүйе ретінде жұмыс істеп тұрды. Бірақ, олардың мекемелері ортақ табиғи ресурстарын, бірыңғай технологиялық жәнеәлеуметтік инфрақұрылымын қолданды, сонымен қатар халық шаруашылығының өзге салаларына бірдей әсеретті. Сондықтан жоғарыда айтылған шағын салаларды тұтгнушылар бір-бірін толықтыратын жуйе ретінде қарастырды. Сондықтан жалпы туризм саласына талдау жасап, оның дамуын жоспарлап түру қажет. Осындай жұмыстармен туризм географиясы айналысады. Туризм географиясы жаратылыс, техникалық, экономикалық жәнеәлеуметтік мәселелерді қамтитын, кешенді зерттеулерге сүйенетін конструктивті ғылым болып табылады.

Демек, туризм географиясының зерттеу мақсаты - туристік қоз-ғалыстың табиғи, экономикалық, әлеуметтік және басқа да аспектілерін ескере отырып, туризмді басқарудың теориялық негіздерін құрастыру. Туристік-географиялық зерттеулер туристік функциялары қалыптасып үлгерген аумақтарымен бірге туристік-рекреациялық ресурстары бар болғанымен туристік қозғалыс әзірше ойдағыдай дамымаган жерлерді де қамтиды.

Сонымен, туризм географиясы туризмнің түрі мен мезгілдігін ескере отырып, туризмді дамытуға аумақтың жарамдылығын; аумаққа және оның шаруашылық кешенінің калыптасуына туризмнің әсерн; туризмнің дамуынан туындайтын және қоғамның шаруашылық іс-әрекетіне әсерететін аумақта болатын құблыстар мен үрдістерді қарастырады. Міне, осыған байланысты, туризм географиясыньщ алдыңда біртүтас маңызды міндеттер қойылады. Солардың ішінен ең маңыздысын, біздің қөзқарасымызша, 1971ж. Б.Б. Родоман дәл тауып айтқан: «Географтардың мақсаты - басқа мамандармен қатар рекреациялық ресурстарды анықтау, бағалау және картаға түсіру бойынша әдістемелерді жасау, аумақты үнемдеп пайдалану, табигатты қорғау және ландшафтардың рекреация үшін сүлулығын сақтау жөнінде ұсыныстар беру, сонымен қатар демалыс аудандардың типтік модельдерін жасау, негізгі түсініктер мен ережелерді құрастыру, рекреациялық география зонасын табу». Рекреациялық жәнетуристік ресурстар үллмдары тектес, бірақ біріншісі екіншісінен кеңдеу және туристік ресурстар рекреациялық ресурстарының бір бөлігі ретінде қарастырылады. Туризм ресурстарына керемет көп нысандар: сулар, таулар мен ормандардан бастап сәулет өнері мен өндірістік-шаруашылық нысандарына дейін - кіреді.

Табиғи ресурстарының жарамдылығы, демалыс пен туризм мақсатында аумақтарды таңдау және қорғау ел аумагын пайдалану аудандарына дұрыс бөлінуімен, яғни халық шаруашылығының ұтымды құрылысын анықтаумен тығыз байланысты. Адамның шаруашылық іс-әрекетінің ұлғаюына және осыған байланысты табиғи ортаның өзгерістеріне, урбандану үрдісі салдарынан халықтың рекреациялық белсенділігінің өсуіне байланысты, бұлмәселе ерекше маңызға ие болып тұр.

Рекреациялық баға тек қана табиғи ресурстарына емес, сонымен қатар әлеуметтік-экономикалық ресурстарына да (тарихи-мәдениобъектілер мен құблыстар, қаражат, материалдық, еңбек және т. б. ресурстар) берілуі қажет. Туристік тартымдылық жагынан олар табиғи қасиеттерін толықтыруы мүмкін, сонымен қатар, материалдық немесе рухани мәдениет аясының нысандары ретінде өздері де туристік қозғалыс мақсаты болуы мүмкін.

Әртүрлі дәрежедегі ТРЖ-ді олардың мамандандырылуы мен шоғырлануын негіздеу,құрамындағы жүйелер  арасындағы  өзаратәуелділіктерін анықтау мақсатында жүргізілетін зерттеулерінің де маңызы жоғары.

Жоспарлап реттеудің тәжірибесі жағынан туризм географиясының маңызды мәселелерінің біреуіне оның болжам жасау функциясы жатады. Туризмді дамыту облысында түрлі модельдерді қолданып туристік қозғалысқа болжам жасау қажет. Халық табысы деңгейінің өсуі, көліктің дамуы,урбандану үрдісі, бос уақыттың көбеюі туристік қозғалыстың құрылымына қатты әсерн тигізеді.

Туристік қозғалысты басқарудың факторы - туристік шаруашылықты дамыту саясаты болып табылады. Осындай саясат туризмнің экономикалық жәнеәлеуметтік аспектілерін, табиғат қорғау шараларын ескеруі қажет. Бұл саясаттың мағынасы-рекреация мен туризмдегі тұтыну категориясы ретіндегі қажеттіліктерді шаруашылық әрекет көрсеткіші ретіндегі туристік қызметтер ұсынысымен үйлестіру болып табылады, жәнебұлсаясат табиғи орта әулетіне сәйкес болуы керек.

Табиғи ортаның қасиеттері мен туристік козғалыс, оның ішінде халықаралық туризм жасайтын экономикалық эффект арасындағы үтымды пропорцияларын анықтап орындау өте маңызды мәселе екені түсінікті. Осындай тәуелділікті анықтау үшін қызмет көрсету аясындағы еңбекпен қамтылу, халықтың туризмнен түсетін табысы, туризм дамуынан болатын шаруашылық құрылымындағы өзгерістер, материалдық игіліктің өсуі, туризмнін халық шаруашылығындағы орны сияқты мәселелерін зерттеу қажет.

Туризм географиясы жас ғылым болғандықтан, оның теориялық зерттеулерінде атау сөздер мен негізгі түсініктеріне көп орын бөлінген.

Сонымен, туризм географиясының алдыңда бірқатар міндет қойылады, олардың ішіндегі ең бастылары - гносеологиялық (танымдық) және конструктивтік (өзгерістер енгізуші). Аумақтың туризммен айналысуға жарамдылығын, оның формалары мен маусымдық сипатын, туризмнің аумаққа тигізетін әсерн ескере тура географиялық зерттеу, туристік өнімдердің кеңістікте топтастырылған туристік сұраныс пен ұсынысты зерттеу үлкен маңызға ие. Туристік аумақтардың тұрақты және қауіпсіз дамуы стратегияларын негіздеуде, туризмнің кешенді ұйымдастырылған жүйелерін басқару негіздерін орнатуда олардың дамуын болжауда географтардың релі маңызды болмақ.

Туризм географиясының тағы да бір міндеті туризмнің аумақты жүйелерін жобалау. Оның басты мақсаты - табиғаттың, халықтың және шаруашылықтың өзара әрекеттесуіне негізделетін туризмнің кеңістіктегі ұйымдастырылуын жетілдіру болып табылады. Туризмнің кеңістіктегі ұйымдастырылуы адам мүдделерін қанағаттандыру, өмір деңгейі мен сапасын арттыру, оның ішінде туристік қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында іске асырылады. Туризм географиясының құрастырушы рөлі мен әртүрлі ғылыми әдістері мен тәсілдерін біріктіру негізінде жүргізілетін қолданбалы туристік-рекреациялық зерттеулердің стратегиялық бағыты осындай.

Әлеуметтік-экономикалық (қоғамдық) географияның бөлігі ре-тінде туризм географиясы мәдени-ағартушылық, тәрбие, білім беру міндеттерін орындайды. Сонымен қатар, туризм географиясының ерекше маңызды функциясы халықты аумақтардың туристік-әлеуметтік жөнінде хабардар қылу болып табылады. Туризм географиясы туризмнің түрлері мен формалары, табиғат, мәдениет, тарих объектілері, өз елінде және шет елде орналасқан туризм индустриясының кәсіпорындары жөнінде ақпарат жеткізеді.

Сөйтіп, туризм географиясы потенциалды саяхатшылардың қолданыстағы немесе жаңадан қалыптасып жатқан туристік орталықтарына деген қызығушылығын туғызады.

Туризм географиясының білім беру жүйесіндегі орны маңызды. Туризм географиясы болашақтағы туризм мамандарына туризмнің аумақтық жүйелері жөніндегі білім беріп, осы білімін өндірісте, ғылымда, аудандық жоспарлауда қолдануына мүмкіндік туғызады.

Қайталау сұрақтары

1.  Туризм географиясының зерттеу нысаны мен пәні ұғымдарына сипаттама беріңіз.

2.  Туризм географиясы зерттеулерінің мақсаттары жөнінде айтып беріңіз.

3.  Туризм географиясының зерттеу облыстарына:- аумақтыңтуризм дамуына жарамдылығы;

- туризмнің аумацтың шаруашылық кешенінің цалыптасуына тигізетін әсері;

- туризм дамуына байланысты пайда болғанжәне шаруашылықіс-әрекетіне әсерететін цүбылыстар мен үрдістер - сипаттама беріңіз.

4.  Туризм географиясының алдыңа қойылатын міндеттер қандай?

§ 6 Туризм географиясының негізгі мәселелері және зерттеу әдістері

Туризм географиясының пәнаралық сипаты, әсіресе оның табиғи, әлеуметтік және экономикалық қырлары, осы ғылымдарының әдістерін қолдануға итермелейді, ал біріктіру қажеттілігіне орай бөлшектелген бастапқы материалдары негізінде өз әдістемесін жасақтау керек болып тұр. Жалпы айтқанда, туризм географиясына кіретін жаратылыстанулық, әлеуметтік-экономикалық салаларының әрқайсысы қорытындыларын дәл қылу үшін математикалық-статистикалық әдістерді қолдануын қажет етеді.

Туризм географиясының зерттеу шеңберіне статикалық әлементі — туристік кеңістік, және динамикалық әлементтер - туристік қозғалыс пен онымен байланысты қызмет көрсету саласы кіреді. Осыған орай туризм географиясы қарастыратын мәселелердің үш тақырыптық тобын бөліп атауға болады:

1)   географиялық кеңістіктің туристік қозғалыс үшін жарамдылығының мәселелері;

2)   әлеуметтік-экономикалық құбылыс ретіндегі туристік қозғалысқа байланысы бар мәселелер;

3)   интегралдық (біріктіруші) критерийлер негізінде туристік құбылыстарды кеңістікте жіктеу мәселелері.

Туристік қозғалыс үшін жарамдылығын бағалаудың басты критерийлері - туристік қасиеттер мен туристік инфрақұрылымның жабдықталуы болады. Көптеген сауалнама қорытындыларына сүйенсек, демалыс орнын таңдаудың басты түрткісі табиғи ортаның көркемдігі болатыны көрінеді.

Табиғи қасиеттеріне баға беру оның әлементтері «өлшеуге» жатпайтын болғандығынан өте қиын іс болады, дегенмен мұндай баға абсолютты болмаса да, дәлболғаны жөн. Бағалау нәтижесінде бағалаудың таңдалған шкаласына байланысты кванттау болады. Сонымен қатар, ланшафтарға кешенді баға берген кезде ландшафт әлементтерін құратын бөлшектерді тауып анықтау қиын болады.

Табиғи ортаның аттрактивтілігін (тартымдылығын) бағалау критерийлері - жер бедері, климат, гидрография, өсімдік жамылғысы. Бұл әлементтер өз заңдарына бағынса да, бір-бірімен тығыз байланысты.

Табиғи ресурстарын рекреациялық мақсатта бағалау кешенді сипатқа ие, ал әлементтерінің, олардың топтарының тартымдылығы тек салыстырмалы болады. Мұның себебі - туристер мүдделерінщ әртүрлі болуы және осыған орай туризмнің әртүрлі формаларының болуы және маусымдық сипаты.

Табиғи орта қасиеттері мен тартымдылығын бағалаудың сандық әдістерінің ішінде аумақтың туристік бонитировка әдісі, яғни баллдар суммасы бойынша баға беру әдісі жиі қолданылады.

Бұл әдіс мағынасы мынадай: таңдалған шкалаға сәйкес әрбіраумақ аспектілеріне белгілі балл беріледі, ал аспектілеріне беріл ген   баллдарын  қосқан  кезде  табиғи   ортаның  тартымдылығынсинтетикалық түрде бағалауға мүмкіндж туады. Баллдар суммасыкеңістік бірліктерінің қүндылығына толығьшен баға бере алмайды,бірақ оларды салыстырмалы түрде бағалауға мүмкіндік береді.

Туристік қасиеттеріне сандық баға беру қиындығы жөнінде бұрын да талай айтылған. Мысалы, B.C. Преображенский мен Ю.А. Веденин бұл жөнінде «адам іс-әрекетінін аз ғана салалары осыншама көп жобалау немесе жоспарлау шешіміне әсерететін және соншама ауқымды ақпаратты қамтитын көрсеткіштерді сипаттама жасау үшін қажет етеді», деп айтқан [6].

Әзірше туристік нысандар қасиеттерін сандық түрде бағалау критерийлері жоқ, сондықтан аумақтар мен маршруттар бонитиров-касы тек салыстырмалы түрде баға бере алады.

Аумақтың рекреация үшін жарамдылығын анықтау үшін негізгі физикалық-географиялық бірліктердің ірі масштабты картографиялық зерттеулері өте маңызды. Мысалы, физикалық-географиялық және ландшафттық аудандастыру карталары.

Табиғи ортаны пайдалануымен байланысты тагы бір маңызды әдістемелік мәселе- оның туристік (рекреациялық) сыйымдылығын анықтау мәселесі. Бұлпроблема туристік қозғалыстың асқан көлемде шоғырланған аумақтардағы ыдырауына байланысты туындады.

Туристік сыйымдылық дегеніміз аумақ ауданына келетін туристер саны. Сыйымдылық есебінің негізінде туристік тартылымдық түрлеріне ие болатын шағын құрылымдық бірліктердің зерттеулері болу керек. Табиғи жағдайды бағалау технологиялық, психологиялық, физиологиялық аспектілерін қамтитын туристік мүмкіншіліктерін бағалау жүйесіне әлемент ретінде кіреді.

Туризм географиясы мәселелерінің екінші тобына әлеуметтік-экономикалық мәселелер кіреді.

Статистиканың туристік қозғалыс зерттеулеріндегі жоғары маңы-зын В. Унцикер мен К. Крапф сияқты белгілі туризм теорияшылары белгілеп атайды.

Статистикалық зерттеулердің ең күрделі мәселесі - туристік қозғалыстың экономикалық эффектін бөліп көрсету, яғни оны халық шаруашылығының жалпы табыс суммаларынан бөліп есептеу (мемлекет ауқымы бол сын, одан үсақ бірліктер болсын) болып түр. Мұндай жағдайда статистикалық массаны халықтың табыстары, шығындары, туристік базаның тұрақты құралдарының құны, ақша айналымы және т. б., сонымен қатар халықаралық туризмдегі валюталық табыстар мен шығындар құрады.

Статистикалық бақылау мен зерттеулердің көптеген әдістері қолданылады. Ең жиі қолданылатын әдістерінің бірі қонақ үйдегі тіркеу (локалдық) әдісі болып саналады. Бұл әдісәртүрлі түнеу базалары қабылдайтын туристердің толық тіркеуіне негізделеді; белгілі күндері болтан демалушылар саны жөнінде нақты мәлімет береді. Осы мәліметтер негізінде ұзақ мерзімдік (айлық, жылдық) есеп жасалады. Онда туристер жерлер түрі (таулы, теңіз жагалауы, т. б.), түнеу базасының түрі (тип, стандарт) жәнеұлты бойынша бөлініп есептеледі.

Нақты статистикалық бақылаудың тағы бір негізгі әдісі - шетелдік миграциялар, оның ішінде өз азаматтарының баруы мен келуін тіркейтін шекаралық тіркеу әдісі. Алдыңда айтылған әдіске қарағанда бұлдәлірек әдіс, себебі мұнда шекарадан өтетін туристердің, оның ішінде қонақ үй тіркеуінен өтпегендердің (мысалы, туысқандарының немесе таныстарының үйінде түнейтін) барлығы тіркеледі. Бірақ бұләдіс туристердің ел аумағында болуының орташа уақыт мерзімі жөнінен мәлімет бермейді. Осындай мәлімет алу үшін кейбір елдерде турист елге кіргенде алып, қайтқанда қалдырып кететін қосымша формуляр қолданылады.

Аталған әдістер бір-бірін толықтырады да, кейде екеуі де қоса қолданылады. Туристік, әсіресе аймақтық зерттеулерде қосалқы (екінші жолғы) статистикалық материал маңызды орын алады. Осындай мәліметтерді ағымдағы тіркеулер немесе әкімшілік (немесе салық салу) мақсатында жергілікті және орталық мекемелер мен ұйымдаржүргізетін статистика береді. Халықаралық ауқымда осындай материал біртекті болмағанымен, танымдық және ғылыми құндылығы жоғары болады.

Бүдан да күрделі мәселе- аумақтың көлік қол жетерлігі статистикасының мәселесі болып табылады. Мұндайстатистика көлік торы статистикасы мен көлік қызмет көрсету статистикасынан құрылады.

Сонымен қатар, статистиканың басқа да түрлерінің: халықтың еңбекпен қамтылуы, ұлттық табыс, төлемақылар, халық табысы мен шығындары, негізгі қорлар құны, капиталдық салымдар және т.б. статистикаларының маңызы жоғары.

Алайда, осындай дерекнамалардан алынатын статистикалық материал жалпы әлеуметтік-экономикалық жүйесіндегі туристік құблыстар арасындағы байланыстар мен өзара тәуелділіктер жөнінде, басқаша айтқанда, олардың даму заңдары жөнінде толық ақпарат бере алмайды. Мұндағы ең басты қиынніылық туристік қозғалыстың әлеуметтік аспектінде жатыр. Сондықтан «толық емес» бақылаулары да: анкета немесе сүхбат көмегімен жүргізілетін сауалнамалық әдістер - қажет болады.

Туризм географиясында қолданылатын тағы бір әдіс- монография. Әдетте бұл бір үлкен мәселеге арналған жұмыс болады. Онда бұлмәсележан-жағынан, барлық қырларынан алынып зерттеледі. Мұнда аумақтық тетік жиі қолданылады. Зерттеу жұмыстары ретінде олар жан-жақты, нақты, тиянақты жиналған ақпаратты қамтиды, сондықтан жергілікті, әсіресе жоспарлау органдары үшін өте маңызды танымдық материал болып қарастырылады.

Сонымен қатар, статистикалық есепке негізделген жанама әдістері де бар. Мұнда туристік қозғалыс жөніндегі мәліметтерді онымен белгілі қатынастарда болатын басқа статистикалық материалдарындағы өзгерістерге қарап жинақтайды деген сөз. Туристік көш-қон үшін маңызды өзгерістер ішінде ең бастысы тұтгну мен көліктегі өзгерістер болып табылады. Осы әдістің үлгісі ретінде Ф. Крибьенің «ұн әдісін» келтіруге болады: әкімшілік бірліктеріндегі ұн тұтгнуындағы өзгерістерге негізделіп, жыл мезгілдеріндегі туристік қозғалыс көрсеткіштерін есептеуге болады.

Жинақталған статистикалық материал статистикалық қатарларға (географиялық, құрылымдық, динамикалық және т. б.) статистикалық  1

кестелер түрінде топтастырылады. Статистикалық материалды гра-фикалық түрде (диаграммалар, графиктер, карталар, сулбалар) де көрсетуге болады. Жалпы туристік құбылыстарды суреттеу үшін әлеуметтік-экономикалық құблыстарды көрсетудің барлық ста-тистикалық әдістерін қолдануға болады.

Бір тақырыптағы қатарларды біріктірілген сандық сипаттамалар (орташа арифметикалық көрсеткіш, стандарттық ауытқулар, асимметрия коэффициентт арқылы салыстырады.

Туристік құбылыстардың статистикалық суреттеуінде біріктірілген сандық сипаттамалар арасында мынадай көрсеткіштер маңызды орын алады: жергілікті жердің туристік функциясы мен оның даму деңгейінің көрсеткіші, туристік қозғалыс қарқындылығы, түнеу базасы сыйымдылығын пайдалану көрсеткіші, маусымдық көрсеткіші және т. б.

Әлеуметтік-экономикалық өмірдің басқа салалары сияқты, туристік құбылыстар тазатүрдегі себеп-салдар тәуелділіктерін көрсетпейді; олар ішіндегі байланыстар корреляциялық сипатқа ие, мысалы, туристік қозғалыс көлемі мен бір адамға шаққандағы халық табысы, туризмнен түсетін табыс пен негізгі өндіріс қорларының құны, туристік қозғалыс көлемі мен урбандану деңгейі және т. б. Осындай байланыстарды дұрыс анықтаудың теориялық жәнетәжірибелік маңызы зор. Корреляция коэффициентін дұрыс қолдану арқылы туристік шаруашылықтағы диспропорцияларды анықтауға болады.

Мысалы, орта қасиеттері мен түнеу базасының даму деңгейі арасындағы байланыстары төмен болса, бұл инвестициялық сая-саттың дұрыс болмауы мен туристік функцияларын орындай алатын аумақ қорының бар болуы жөніндегі дәлелі деп айтуға болады. Тағы бір мысал: қозғалыс пен туризмнен түсетін табыс арасындағы байланысының томен болуы табысты аз түсіретін мерекелік демалыстың үлкен үлесі жөнінде айтады.

Корреляциялық талдау статистикалық есеп жасауы қиын бола-тын туристік құбылыстар көлемін есептегенде қолданылады, мысалы, қозғалыс көлемі мен тұтыну көлемі мәселелерінде. Мұнда кейбір өнімдер (мысалы, нан) тұтынуы жөніндегі мәліметтерге сүйенуге болады.

Туристік құблыстар зерттеулерінде математикалық статистика әдістері кең қолданылады.

Туристік қозғалыстың жылдам дамуы мен оның болашағын анықтау қажеттілігіне орай болжау негіздерін жасау мәселесі туындады.

Әлеуметтік-экономикалық зерттеулердің қандай да болсын болжамы сияқты, туристік болжам әртүрлі функционалды жүйелерге бағынатын әртүрлі уақыт-кеңістік өзгерістерді ескеретін статистикалық болжам сипатына ие.

Туристік болжамдар туристік құбылыстар дамуының басты факторы болып табылатын туристік ағымдар көлемін анықтау болжамы деуге болады. Туристік құбылыстар дамуы дегеніміз олардың кеңістіктегі (күрлықтар, елдер, аудандар) жәнеуақыттағы (жақын уақыттағы, ұзақ мезгілдік, перспективалық болжамы) дамуы.

Туристік функцияларын орындайтын кеңістік бірліктерінің негізгісі - туристік аудан (аймақ).

Туристік аймақ функциялары келушілер талаптарына, табиғи ортаның түрі мен тартымдылығына, туристік дәстүрлерге және туристік қызмет корсету саласының жұмысына тәуелді.

Иерархия жағынан туристік аймақтар күрделі жүйелер болып табылады. Географиялық зерттеулердің қазіргі кезеңіндегі өзекті мәселесі - аймақтық синтездің әдістемелік тұжырымдамасын құрастыру және оның негізінде аймақтың біртүтас құрылым ретіндегі сипаттамасын жасау.

Қайталау сұрақтары

1.  Туризм географиясының әдістемелік ерекшелігі қандай?

2.   Туризм географиясының зерттеу пәнінің статикалықжәне динамикалықәлементтері қандай?

3.  Табиғи цасиетптеріне баға берудің әдістемелік циындыгы неде?

4. Аумацтыңтуризм мен рекреация үшін жарамдылыгын аныңтау үшін қандайкарталарды пайдалану қажет?

5. Аумақтың рекреациялық кеңділігін (сыйымдылыгын) анықтау мәселесіне сипаттама беріңіз.

6.  Туристік-географиялықзерттеулердегі статистиканың мацызы қандай?

7.    Туристік-географиялық зерттеулердегі корреляциялық талдаудың рөлі қандай?

8.  Туризм географиясындағы болжамдар жөнінде айтып беріңіз.

§ 7 Туризм географиясының географиялық және басқа ғылымдар жүйесіндегі орны

Ұзақ уақыт бойы туризм географиясының географиялық ғылымдары жүйесіндегі орны анықталмай жүрген. Оны біресе көлік географиясына, саяси географиясына, мәдениет географиясына, біресе шаруашылық географиясына жатқызган. Алайда, мүлшң бәрі соғысқа дейін болған.

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін осы жөніндегі сөз таласы көптеген елдерде жалғаса берген. Өзгелерден бұрын, 1950 жылдары туризм географиясы АҚШ пен Канадада экономикалық географиянын дербес пәні ретінде мойындалды. Кейбір елдерде 60-шы жылдардың соңына дейін туризм географиясын қызмет көрсету аясының географиясына жатқыза берген.

Поляк географы Е.Костровицкий 1973жылы географиялық ғылымдардың бөліну схемасын және олардың басқа салалары арасындағы орнын ұсынды. Осы сұлба бойынша туризм географиясы ауыл шаруашылық, өнеркәсіп, көлік, қызмет көрсету аясы, халық, қалалар географиясымен бірге экономикалық жәнеәлеуметтік географияның дамып келе жатқан тармағын құрады.

B.C. Преображенский туризм географиясын басқа кезкелген салалық әлеуметтік-экономикалық-географиялық пәні сияқты, экономикалық жәнеәлеуметтік географиянын саласы деп түсіндіреді. Сірэ, бұл ең дұрыс анықтама болар.

Туризм географиясы бойынша әлемдегі түңғыш оқулыгының авторлары поляк географтары Я.Варшиньска мен А. Яцковский туризм географиясының міндеттері мен зерттеу нысандары оны жаратылыстану мен қоғамдық ғылымдарының қиылысында орналасқан пәнаралық және синтетикалық ғылым, дербес географиялық пән қылып отырғанын айтады.

Туризм географиясы басқа ғылымдармен, әсіресе географиялық ғылымдармен, ең алдымен экономикалық жәнеәлеуметтік географияның басқа пәндерімен (халық географиясы, қалалар географиясы немесе геоурбанистика,қызмет көрсету сферасының географиясы,көлік географиясы, өнеркәсіпгеографиясы, ауыл шаруашылық географиясы, мәдениет географиясы және т.б.), физикалық географиямен (геоморфология, ландшафттану, құрлық гидрологиясы, климато логия, биогеография, зоогеография және т. б.), медициналық географиямен байланысты ғылым (11-сурет) болып табылады.

ГТ - туризм географиясы

РГ - рекреациялық география

ҚҒ қоғамдық

ғылымдар:

ЭГ - экономикалық география

СГ - саяси      

география

ҚТ - құқықтану

ӘҒ - әлеуметтік ғылымдар:

ӘГ - әлеуметтік география

ӘП - әлеуметгік       психология

ЭТ -этнография

ЖҒ - жаратылыс ғылымдары:

ФГ -физикалық География

ЛТ - ландшафтану   

БГ -биогеография

МҒ - медициналық ғылымдар:

АФ - адамның

физиологиясы

МГ - медициналық география   

ӨП - өлкелік патология

ИТҒ - инженерлік-техникалық

ғьшымдар:

ИГ - инженерлік

география

АЖ - аудандық         

жоспарлау

КГ -- картография

БҒ - басқару

ғылымдары:

КБ - кибернетика

ӘР - әргономика

БГ - басқару географиясы

және территориялық АБЖ

11-сурет. Географиялық және баска да ғылымдар жүйесінде туризм географиясының орны [1]

Әлеуметтік-экономикалық-географиялық пәндер туризм геогра-фиясына туристік-рекреациялық іс-әрекетінің, оның ішінде халық шаруашылық саласы ретіндегі туризмнің аумақтық ұйымдастырылу мәселелерін шешуге, рекреацияның ауданның аумақтық құрылымына жасайтын әсерн анықтауға, оның туристік сыйымдылығын сұраныс пен экономикалық тиімділігін ескеруімен дәлелдеуге, халықтың көш-қонын зерттеуге көмек береді.

Физикалық география туристік қасиеттер мен табиғи ортаны бағалау, табиғи ландшафтарының рекреациялық жүктемелерге деген пп>щамдылыгын анықтау, бұқаралық туризмнің дамуына байланысты табиғат қорғау мәселелерін зерттеу арқылы туризм географиясымен байланыста болады.

Медициналық география туризмнің емделумен байланысты зерт-теулерінде қатысуы сөзсіз. Ең алдымен, бұл табиғи орта мен аймақтық ерекшеліктерінің, еңбек пен демалыстың халық денсаулығына тигізетін әсерн және рекреациялық іс-әрекеттің басқа медициналық-биологиялық аспектілерінің зерттеулері.

Туризммен байланысты үрдістердің салааралық сипаты мен күрделілігі себебінен туристік құблыстарды зерттейтін географтар басқа ғылымдар жетістіктерін пайдалануы қажет. Жаратылыстану ғылымдарының зерттеулерін бұрыннан бері туристік мәселелермен айналысатын географтар пайдалануда.

Туризм географиясы медицина мен оған жақын ғылымдардың, әсіресе адам экологиясының зерттеулерін жиі қолданады. Осындай зерттеулер нәтижелерін пайдалану арқасында демалушылардың хал-күйін қалпына келтіруіне мүмкіндік беретін демалыстың аумақтық ұйымд астырылуы қамтамасызданады.

Соңғы жылдары географтар, туризм географтары жәнебасқа да жаратылыстану ғалымдары бірігіп табиғи ортаны қорғау мәселелерін шепгуде. Баяғыдан бері географтар туристік қозғалыстың асқан шоғырлануының табиғи орта үшін қауіпті екенін аңғарған. XIXғасырдың өзінде жоғары туристік қасиеттеріне ие болтан Австрия, Швейцария, Италия жәнебасқа елдердің географтары аумақтарды ыдырау қаупінен сақтау үшін оларды арнайы қорғауға алу қажетін атап айтқан.

Туризм географтары үшін туристік құбылыстардың табиғи орта әлементтеріне (өсімдік, жануарлар, топырақ, ауа, су, т. б.) тигізетін әсерлерін зерттеу жұмыстары өте маңызды. Мұндай ақпарат сапасы мен көлемі жылдан жылға артуда. Осындай мәліметтер туристік қозғалыс пен туристік инфрақұрылымның дамуы мен орналастырылуының болжамын жасау үшін өте маңызды.

Туризм географиясы жаратылыстану мен техникалық ғылымдардың шекаралас салаларының жетістіктерін, мысалы, ландшафтты жаңарту мен қайта абаттандыруда, демалыс аудандарын көгалдандыруда және т.с.с. кең пайдаланады.

Туризм географиясының зерттеулерінде экономикалық мәселелер маңызды орын алады. Экономикалық және географиялық ғылымдар салаларының мамандандырылуы нәтижесінде осы салалардың әрқай-сысында өзінің зерттеу тетіктері мен әдістемелері бар, сондықтан туризмнің экономикалық мәселелерін географтар мен экономистер бірігіп шенгуде. Ал, географтар осындай зерттеулерді өздері жүргізсе де, экономи-калық ғылымдар әдістемелерін пайдаланады.

Экономикасында туризм маңызды орын алатын елдерде туристік зерттеулерде туризм экономикасына байланысты мәселелер ерек-ше маңызды рөл ойнайды, атап айтсақ: туристік талаптар мен сұраныстар, туристік ұсыныс, туристік көш-қонмен байланысты ақша қозғалысы, туризмнің жергілікті, аймақтық, мемлекеттік экономикасы мен іпаруашылыгындағы рөлі, т. б. Осындай жалпы мәселелермен бірге, одан гөрі тар мағынадағы мәселелерді, мысалы: туризмнің материалдық базасын дамытуға жұмсалған капиталдық салымдардың тиімділігі, туризм дамуының халықтың материалдық игілігіне байланысты болуы және т. б. атауга болады

Туризмнің географиялықзерттеулерінің ең маңызды құралдарының бірі статистика болып табылады. Бұл саладағы жұмыстар соғыс аяқталуымен бірге басталған, қазір туристік статистика ауқымы өте үлкен және оның критерийлері дәл анықталған.

Демография халық құрылымы және дамуымен айналысатын ғылым болғандықтан оның зерттеулері әрқашан туризм географиясы үшін қажетті болады. Басында бұл сауықтыру мен туристік жерлеріне демалушылардың келуіне байланысты жергілікті тұрғындар санының өсуіне қатысы бар материалдар болған. Кейінірек демографтар туристік миграцияларға ден қоя бастады, бірақ олар тек осы көш-қонның көлемін ғана қарастырған, ал қалған аспектілерін социологтар мен географтар назарына қалдыра берген. Мұндайзерттеулер  соңғы жылдары халық табысы мен оның туристік белсенділігінің өсуіне байланысты кең өріс алуда. Сонымен қатар, туризм географиясында демографтардың туристік қызметтегі еңбекпен қамтылу құрылымы, туристік қозғалысқа қатысушылардың жас мөлшерлік жәнеәлеуметтік құрылымы жөніндегі зерттеулері жиі қолданылады.

Туристік қозғалыс жергілікті жердің шаруашылығы мен аумақтық ұйымдастырылуына әсеретіп, оның функционалдық құрылымын қалыптастыруына орай, қоныстану түрлерімен (қала мен ауыл) байланысты урбанистика мен руралистика туризм географиясымен тығыз үйлеседі. Қала тұрғындарының демалыс орындарына деген сұранысының өсуі нәтижесінде урбанистикалық зерттеулер қаладан тыс, жақын және алые орналасқан аумақтарды қамтитын болды.

50-ші жылдары дамыған елдерде «бос уақыт» және қоғамның оны пайдалану мәселесі пайда болды. Осыған орай туризм мәселелерімен әлеуметтану (социология) айналыса бастады. Жұмыс уақытының қысқартылуы мен бос уақыттың үзаруына, туристік белсенділіктің өсуі мен шаруашылық, әсіресе қоғамдық өзгерістеріне байланысты туризмнің социологиялық зерттеулер қажеттілігі пайда болды.

Әлеуметтану зерттеулерінің тақырыптық топтары мынадай: туризм дамуының әлеуметтік себептері, туризмнің әлеуметтік салдарлары (халықтың әлеуметтік және кәсіптік құрылымының өзгерістерін ескеруімен), туризмнің тәрбиелік функциялары, әлеуметтік құрылым мен туристік қозғалыс формалары арасындағы тәуелділік, туристердің қоғамдық топтар және таптарға жатуы мен туристік сапар жасау түрткілері арасындағы тәуелділік, туризм жөніндегі қоғам пікірлерін зерттеу.

Әлеуметтану материалдарынсыз туризмнің экономикалық-географиялық үрдістерінің түсіндірмесі мүмкін болмас еді. Туризм географтары өз зерттеулерінде социологтардың сауалнамалық зерттеулер тәжірибесін кең қолданады.

Географтар туризм бойынша жоспарлау жұмыстарына белсене қатысады, сонымен қатар, олар туристік аумақтық жоспарлаудың теориялық негіздерін жасайды. Өз кезегімен туризм географиясы әртүрлі жоспарлаулық еңбектер нәтижелерін өз зерттеулерінде жиі пайдаланады.

Экономикалық жәнеәлеуметтік географияның басқа салалары сияқты, туризм географиясы тарихи материалдарын, әсіресе халық шаруашылығының даму тарихы жөніндегі мәліметтерді қолдануы міндетті. Бұлтуризм әсернен болатын шаруашылық пен әлеуметтік өзгерістерін талдау үшін қажет.

Туризм коптеген жылдары дамып келе жатқан елдерде туризм тарихы бойынша зерттеулер жиі өткізіледі. Осындай еңбектердің саны бұрынғы КСРО аумағында, әсіресе Қазақстанда әзірше шамалы.

Қайталау сұрақтары

1.  Туризм географиясының басқағылымдар арасындағы орны мен осы мәселені қарастыру тарихы жөнінде айтып беріңіз.

2.Туризм географиясының басқа географиялықғылымдармен байланыстары қандай?

3. Туризм географиясының географиялық емес ғылымдармен байланыстары

қандай?

4.  Туризм географиясының ғылымдар жүйесіндегі орны қандай?

§ 8 Қазіргі туризм классификациясы

Қазіргі туризм классификациясы туристік шаруашылықты, туристік қозғалысты, жалпы туризмнің аумақтық ұйымдастырылуы мен дамуын жоспарлау үшін қажет. Бұл классификацияның мәні -туризмнің жеке түрлерін бөліп корсету.

Қазіргі уақытқа дейін туризмге нақты классификация жасалынбаған, себебі, қазіргі туризмнің таза бір түрін, формасын бөліп көрсету мүмкін емес. Бірақ, классификация туризм мен оның инфрақұрылымының дамуын зерттеу үшін, белгілі бір туристік қызметтер сұранысын анықтау үшін, сонымен қатар туризмнің материалдық-техникалық базасының дамуын жоспарлау үшін қажет.

Туризмді әр түрлі белгілеріне қарай: мақсатына, саяхаттың мерзімі мен ұзақтығына, қозғалыс түріне, орналасу орнына, саяхатқа қатысушылардың құрамының сапасына және т.б. классификациялауға болады. Бірақ, саяхаттың мақсаты негізгі белгі болып табылады.

Туризм формалары мен кластарына қарағанда оның түрлері әр алуан болып табылады. Олар біркатар факторларға:

- бос уақыттың бар болуына жәнеұзақтығына;

- туристердің жас мөлшері мен жынысына, денсаулығы мен рухани дамуының деңгейіне, адамның жеке талғамы мен материалдық молшылығына;

- табиғи жағдай мен мезгілдің әртүрлілігіне;

- белгілі қозғалыс кұралдарының бар болуына және т. б.  байланысты.

Сапардың мақсаты, шарты,  бағыты мен масштабы бойынша туризмді формаларға, кластарға және түрлерге бөлуге болады (12-сурет).

Қоғамдық функциясы мен өндірістік технологиясы бойыншатуризмнің үш негізгі формасы бар: емдік, спорттық-сауықтыру және танымдық, формасы. Осылардың барлығы адамның физикалық және рухани күштерін калпына келтіру қажетін кдмтамасыз етеді.

Жұрт денсаулығын сақтау, еңбек қабілетін көтеру қандай да болсын мемлекеттің басты міндеттерінің бірі болып табылады, ал осындай міндетті орындауда туризмнің рөлі өте маңызды.

Емдік туризм дегеніміз жұмыстан бос уақытта күнделікті әдетті жерінен тыс жерде белсенді физикалық және психологиялық демалыс арқылы ағзаны қалпына келтіру мақсатында белгілі бір уақытқа өз еркімен саяхат жасау (В. Гаворецкий, 1997). Мұнда осыған байланысты пайда болатын құбылыстар мен қатынастар жөніндегі сөздер жетіспейтін сияқты. Мысалға, В.А. Набедрик өзінің диссертациясында [19] емдік туризмге мынадай анықтама береді: «... бұл саяхат жасау себебі қаралу, емделу және ағзаның реабилитациясы болған адамдардың саяхат жасау мен бір жерде болғанынан пайда болатын қатынастар мен құбылыстар жиынтығы».

Туризмнің бұл формасының ең басты түрткілері мынадай:

- туристің эбден болдырып кетуі; денсаулық күйінің белгілі бір жерде, белгілі маусымда дәрігер айтуы бойынша демалыс өткізуді

қажет етуі;

- демалыстың белсенді сипаты, оның формалары туристің жеке-

дара қабілетіне лайық болуы қажет [18].

Емдік   туризмге   курорттық   туризмді   жатқызуға   болады. Туризмнің бұл түрінің басты ерекшелігі - курорттық орындардың та-уларда, қыраттарда, теңіз бен көлдер жағалауларында шоғырлануы. Тағы бір ерекшелігі - курорттық туризмге көбінесе жасы келіп қалған адамдар қатысады, оның ішінде әйелдер саны басым. Емдік туризмнің тағы бір ерекшелігі - туризмнің басқа түрлеріне қарағанда (мысалы, рекреациялық, мәдени-танымдық) маусымға онша тәуелді болмауы және жергілікті сипатқа ие болуы. Мұның себебі - мемлекеттің немесе басқа бір каржы көзінің қаржымен қолдауы [20].

Қазақстандағы ең атақты курорттар - Сарыағаш, Рахман бұлақтары, Мерке, Алмаарасан, Қапаларасан, Жаңақорған, Бурабай және т. б.

Туризм арқылысауықтыру - шаршаған адамның хал-күйін қалпына келтіру әдістерінің бірі. Демалысты дұрыс ұйымдастыру, белсенді демалыс түрлерін (жаяу жорықтар, қайық, велосипед тебу сияқты) пайдалану адам организмін жақсы шынықтырады, сыртқы орта әсерлеріне төзімді қылады. Сауықтыру-спорттық туризм адам ағзасының функцияларын қалпына келтіреді, еңбек қабілетін арттырады. Ол үшін серуен, жорық, экскурсиялар, көңіл көтеру шаралары, таза ауа, күнге күю, шомылу сияқты шаралар қолданылады. Өсіп келе жатқан жастар үшін спорттық және сауықтыру түрлерінің маңызы зор, онсыз жұмыс істейтін адамдардың қоғамдық және еңбек іскерлігін көтеру де мүмкін емес.

Танымдық туризм туризмнің басты үш формасының бірі. Танымдықтуризмтуристердіңтануқажеттіліктерінқанағаттандырады. Тану болмаса туризм құры жай бір жерден басқа жерге барып келу болар еді. Туризмнің танымдық формасы көптеген қоғамдық функцияларды орындайды, олардың ішіндегі ең бастысы - тәрбиелік, білім беру, мәдени, саймандық-техникалық функциялар [18].

Тәрбие функциясы адамның дамуын қалыптастырады және оны қоғамдық өмірге дайындайды. Білім беру функциясы айналадағы, туған жердегі болмысты білуге бағытталған. Мәдени функциясы адамды кең мағынада тәрбиелейді, белгілі мәдениетке тәнұғымдар мен бейнелерді тануға мүмкіндік береді. Саймандық-техникалық функция ел шаруашылығы жөніндегі білім береді.

Туристік саяхатта турист әртүрлі мәдени-тарихи орындарды көріп шығады, өз ой-өрісін кеңейтеді, барған жер географиясын, тарихын, мәдениетін, этнографиясын біле бастайды, жергілікті тұрғындармен қатынас жасайды. Осының бәріне сүйеніп, танымдық туризм туристік қозғалыста жетекші рөл ойнайды деп айтуға болады.

Жоғарыда айтылған формалар одан әрі жіктеледі. Осындай жіктелу алуан түрлі белгілер мен критерийлерге сүйенеді [1].

Туристік ағымның бағыты мен сипаты бойынша, сонымен қатар күқық статусы бойынша туризм екі үлкен класқа бөлінеді: ішкі (ұлттық) жәнехалықаралық (шетелдік) туризм. Ішкі туризм - бұл азаматтардың өз елінің ішіндегі саяхаты. Халықаралық туризм -бұл азаматтардың өз елінен тысқары жердегі саяхаты, туристердің бір елден екінші елге немесе бірнеше елдерге жасайтын сапарлары. Шетелдік туризм - бұл шетелдік азаматтардың туристік мақсаттармен басқа елге келуі.

Туризмнің осындай жіктелуі халықаралық туризмнің екі басқа түрімен - кіру және шығу туризмімен тығыз байланысты, бұлар туристік ағымның бағыты арқылы айырмашылықта болады. Туристің саяхат жасау мақсаты оның шыққан немесе баратын елін анықгайды. Егер турист өз елінен туристік мақсатпен шықса - мұндай туризмді шығу туризмі дейді, ал баратын елінде кіру туризмі деп аталады.

1993 жылы ЮНВТО-ның Оттавада өткен конференциясында туризмнің кейбір ұғымдары анықталды, атап айтсақ жаңа ұғымдар: ұлттықтуризм және ел ішіндегі туризм түсініктері қабылданды. Ұлттық туризм ішкі және шығу туристік ағымдардан құрылады. Ел ішіндегі туризм - ішкі және кіру туристік ағымдарды қамтиды.

Ішкі туризм дегеніміз демалыс, спорттық, танымдық және басқа да мақсаттармен адамдардың өз елінің ішіндегі қозғалысы. Бүндай саяхаттарда туристер елдің шекарасынан өтпейді, туристік күжаттарды толтырмайды. Күнделікті ұлттық ақша айналым құралы, ал туристің ана тілі қатынас құралы болып қала береді. Осындай саяхаттарды ұйымдастыру онша қиынға түспейді, сондықтан олар туристік сапарлардың 80-90%-ын құрады, ал ішкі туризмге жұмсалатын қаражат халықаралық туризмінен 5-10 есе артық (Е. Веллас, 1985).

Халықаралық туризмде турист өзінің елінен шығып басқа бір шетелдік мемлекетке барады. Шет еліне бару үшін туристік формалдылықтардан: шетелдік паспорт пен визаны жасату, кедендік рәсімдерден өту, валюталық және медициналық бақылаудан өту қажет. Бұл халықаралық туризмнің ерекшелігі және ішкі туризмнен ең басты айырмашылығы болып саналады.

Туристік формалдылықтарды жеңілдету (немесе қатал қылу) халықаралық туризм дамуына тікелей әсеретеді. Шығу қүжаттарын жасату рәсімінің ұзақжәне қиын болуы, орындау мерзімінің бұзылуы немесе заңсыз түрде бас тарту, асып кеткен төлемақысы; валюта ай-ырбасын қатал түрде шектеу сияқты шаралар туристік саяхаттардың дамуына зиян келтіреді. Кедендік декларациялары мен аса тиянақты кадағалау да туризм көлемін азайтады. Осыларға тіл тосқауылын да қосуға болады.

Халықаралық туризмнің тағы да бір ерекшелігі - елдің төлем балансына тигізетін әсер. Шетелдік туристер қабылдаушы елдің бюджетіне валюта түсіреді. Сондықтан шетелдік туристердің келуін «белсенді» туризм деп те атайды. Ал туристердің шет елге кетуі ұлттық ақша мөлшерінің азаюына әсерн тигізеді. Мұндай туризмді «белсенді емес» немесе пассивті дейді [21].

Осындай едәуір айырмашылығына қарамастан, ішкі және халықаралық туризм бір-бірімен үнемі тығыз байланыста болады. Олар туризмнің екі бөлігі болып табылады. Ішкі туризм халықаралық туризм дамуының негізін құрайды, ішкі туризмсіз халықаралық туризм дамымайды. Ішкі туризм халықаралық туризмнің катализаторы болып саналады.Ол жаңа рекреациялық ресурстар мен аудандарды игеруге, туристік инфрақұрылымның базасын құруға әсерін тигізеді, сондай-ақ бірте-бірте халықаралық туристік қозғалысқа, халықаралықтуризм индустриясына енуге мүмкіндіктер туғызады.

Туризм классификациясының, оның саяхатқа шығу мақсаты бойынша бөлінуі осы уақытқа дейін көптеген пікірталас туғызады. Австриялық туризмолог профессор П. Бернекердің айтуынша, «қаншама авторлар болса, соншама анықтамалары да бар». Көптеген авторлар оның басты мәселесін бір ауыздан мақүлдайды және саяхатты мақсаты жағынан демалыс пен көңіл көтеру десе, басқа жағынан іскерлік туризм деп бөледі. Демалыс пен көңіл көтеру мақсатымен өткізілетін саяхаттар (рекреациялық туризм) туризм дамуының негізгі бағыты болып саналады. Оның үлесіне дүниежүзілік туризмнің 70% келеді. Олар сауықтыру, спорттық, танымдық сапарларын біріктіреді.

Қандай да болсын туристік саяхатта туристер мәдени-тарихи кереметтерді тамашалайды, мұражайларға, галереяларға, театрларға барады. Басқаша айтқанда, адам барған жердің географиясы мен онда түрған халықтың мәдениетіне, тарихына, өнеріне, дініне, этнографиясына қызығушылық білдіреді. Барған жер халқының өмірі жөніндегі көзқарастары туризм арқылы қалыптасады, сондықтан көптеген зерттеушілер туристік қозғалыстың дамуында басты рөлді танымдық туризмге береді.

Соңғы уақытта этникалық туризм де дамуда, яғни туысқандарына, таныстарына немесе ата-бабаларының туған жеріне баруы; этникалық мақсатпен туристік сапарлар дүниежүзілік туристік ағымның 10% құрайды.

Туризмнің түрлері әралуан белгілері бойынша одан әрі клас-сификацияланған. Ұйымдастыру сипаты бойынша туризм:

а) ұйымдастырылған (жоспарлы);

ә) әуесқой (өз жоспары бойынша);

б) ұйымдастырылмаған («жабайы») болып бөлінеді. Турист өз қажеттіліктерін өз еркімен қанағаттандыра алады. Олар туристік фирма қызметін пайдалануы немесе пайдаланбауы да мүмкін; толық қызмет көрсетілетін саяхат бағасын алдың ала төлеуі мүмкін немесе демалыс орнына келгеннен кейін әрбір қызмет үшін бөлек төлесе де өз еркі. Туристік фирмалар ұсынатын сапарларды ұйымдастырылған туризм деп атайды, себебі ұйымдастырылған туристер алдың ала белгіленген мезгіл мен маршрут бойынша турларды сатып алады.

Оның ұйымдастырылмаған туризмінен айырмашылығы - әуесқой және жабайы туристер өздерінің саяхатын өзінше ұйымдастырады. Әуесқой туристердің ұйымдастырылмаған туристерден айырмашылықтары болады. Әуесқой туристер туристік ұйымдармен байланыста жұмыс істейді: туристік ұйымдар саяхат өткізу жөнінде кеңес беруі мүмкін, туристік құрал-жабдықтарды жалға беруі, кейде туристерді маршрут басталатын жеріне жеткізуі мүмкін және т.е.с.Сонымен қатар, әуесқой туристер туристік ұйымдарға маршруты, өткізу мерзімі жөнінде мәлімет береді, сондықтан бұл ұйымдар маршрут өткізілуін бақылай алады, ал қажет болса, көмек көрсетуі де мүмкін.

Жабайы туристер туристік фирмалармен, туристік ұйымдармен байланыс жасамай-ақ, тек қана өздерінің таңдауымен дербес түрде саяхат жасайды. Ұйымдастырылмаған туризмнің мысалы - автостоп әдісімен саяхат жасау. Ұйымдастырылмаған туризм Батые елдерінде кең тараған - туристік сапарлардың үштен екісі осындай түрде өтеді. Тұрактар мен түнеу орындарының ұйымдастырылған жүйесі болмаған жағдайда ұйымдастырылмаған демалыс орындары пайда болады. Осындай орындар саны жылдан жылға өседі, нәтижесінде олар тез «тозады» да, нәтижесінде демалыс пен туризм ресурстары азаяды. Осындай демалыс орындарының көбеюі мен тозуы туристерді тартатын сүйікті аудандарымен бірге осындай елдің бүкіл аумағында байқалады.

Туризм жеке жәнетоптық туризм болып бөлінеді. Жеке бір адамның немесе бір жанұяның (бес адамға дейін) өздерінің жеке жоспары бойынша саяхатын жеке-дара туризм дейді, бір топ адамның саяхатын (6-7 адамнан бастап) топтық туризм деп атайды. Топтық туризм, әдетте, қатысушылардың тілек-талаптарына сәйкесұйымдастырылады. Бұл турлар археологиялық, мәдени-өнер және тарихи турлар, шаңғы жорықтары және т. б. болуы мүмкін. Аудандық жоспарлау үшін аудан бірлігіне келетін рекре-анттар санымен анықталатын әлеуметтік контакттар тығыздығы маңызды. Мүмкіндігінше жалғыздықты іздеуді центрден тепкіш, ал контакттардың максималды санына ұмтылуды центрге тартқыш деп атауға болады. Әрине демалысты ұйымдастырудың центрден тепкіш формалары центрге тартқыш формаларына үдсамайтын болады. Біріншісінде қызмет көрсету сферасы шашыраңқы, көлік торының тығыздығы темен болады, рекреациялық ресурстар экстенсивті түрде пайдаланатын болады. Демалыстың центрге тартқыш формаларының микроортасы демалыстың урбанданған формаларына жақын. Курорттарды зоналарға бөлген кезде контакттары минималды тыныш зоналары мен контакттары максималды зоналарды қалыптастыру қажет.

Қимыл белгісіне қарай туризм стационарлық және көшпелі болып бөлінеді. Туризм, біріншіден, тұратын жерінен демалыс орнына келу, екіншіден, демалыс орындарының өзінде туристер қимылы жоғары болғандықтан бұл, әрине, шартты түріндегі бөліну. Стационарлық туризм деп айтсақ, бұл саяхат белгілі бір курортта болу үшін жасалды деген сөз. Туризмнің стационарлық түріне емдеу туризмі және спорттық-сауықтыру туризмінің кейбір түрлері жатады. Көшпелі туризм дегеніміз үнемі қозғалыста болып, өзінің орнын жиі ауыстырып түратын туризм түрі. Қазіргі шақта техникалық мүмкіндіктердің өсуіне қарай көшпелі туризм тенденциясы күшейетін сияқты.

Рекреациялық іс-әрекетінің қимыл деңгейінің өзгеруі нәтижесінде туризмнің материалдық-техникалық базасы да өзгерістерге үшырауда. Қимыл сипатының өсуі, әсіресе автотуристер санының көбеюі туризмнің аумақтық ұйымдастырылуының сызықтық-тораптық қағидасын күшейтеді. Туризмнің материалдық-техникалық базасы бірте-бірте жолдарға қарай тартылады. Жеке меншіктегі көлік құралдарының көбеюіне байланысты туристердің бірнеше жерде болу уақыты үзарып, есесіне бір жерде болу уақыты азаяды. Туристік щаруашылықтың кеңістіктегі кеңеюі және аумақтық еңбек бөлісінің тереңдеуі байқалады.

Қозғалыс деңгейі туризмді зерттеу әдістемесіне, оның ішінде рекреациялық ресурстарға баға бергенде әсеретеді. Мысалы, автомобиль жолының айналасындағы пейзаждардың әртүрлілігін бағалау оларды жаяу немесе стационарлық туризм үшін бағалауынан басқаша болады: жаяу туризм үшін автотуризмге қарағанда көріністер жиірек ауысып түрғаны жөн.

Маршруттық туризмді жалпы туризммен жұрт жиі теңестіреді. Маршруттық туризм спорттық (квалификациялық) немесе әуес-қойлық, яғни жай ғана сауыктыру мақсатындағы туризм болуы мүмкін. Өтетін кедергілер сипатына қарай әдетте ол жазықтағы туризм және тау туризмі болып бөлінеді. Рекреацияның осындай түрі адамның кедергілерден өту, табиғатпен күресу, оған жақын болу ынтасына негізделеді. Маршруттық туризм танымдық өлкетану туризмімен, жастардың патриоттық қозғалысымен тығыз байланысты. Пайдаланатын қозғалыс әдістері бойынша маршруттық туризм жаяу, мототуризм және т. б. болады. Қамтитын ауқымы бойынша жергілікті (елді мекен айналасындағы), аймақтық, жалпымемлекеттік маршруттьщ туризм болады.

Су туризмінің серуендеу жәнеспорттық түрлері дамып келе жатыр. Туризмнің бұл түріне кіретіндер: су-моторлы спорт, сушаңғы спорты, каноэда ескекпен жүзу, желкенді кеме спорты және т. б. Туризмнің бұл түрі суға түсу, жағажай туризмімен үштасады және теңіз, көл, өзен жағасына орналасқан туристік кешендерде кең тараған.

Су астындағы жануарлар мен өсімдікті суретке түсіру, олардың емірімен танысу мақсатын көздейтін су асты спорттық туризмі (дайвинг) әйгілі болып келеді. Балық және аң аулау туризмі де барлығымызға таныс. Туризмнің сурет, кино, аң аулау түрлері оның танымалдық түріне жатады. Мысалы, жерортатеңіз елдерінде жақсы дамыған су астындағы археологиялық туризмнің танымалдық сипаты айқын. Мұндатуристер су астындағы антикалық порттардың қалдықтарын тамашалайды. Тропик елдеріндегі коралл рифтеріндегі су астындағы туризмнің де болашағы бар.

Балық аулау туризмнің сүйікті түрлерінің бірі болып табыла-ды. Мысалы, АҚШ халқының рекреациялық тауарларына жүмсай-тын шығындарының ішінде балық және аң аулау саймандарына жұмсайтын қаражатының үлесі 26%-ды құрады.

Аң аулау туризмі ең алдымен табиғат ортасындағы дема-лыс мақсатында іске асырылады. Фото-кино-аң аулау туризмі оның танымдық түріне жатады. Аңшылық қазіргі кезде жануар-лар дүниесін қорғау мәселелеріне орай қатал ережелерге бағынуы қажет. Шетел туризмінің ішіндегі ең қымбат түрінің бірі - аң аулау туризмі. Африкадағы сафари әсіресе қымбат тұрады. Қалтасы қалың шетелдіктер Африка, Азия, АҚШ, Канада, Еуропа мен Аустралия елдеріндегі аңшылық зоналарына қызығушылық көрсетуде. Аңшы туристердің үлкен жігі осы елдерге өздерінің аңшылық жерлері азып кеткен, халқы тығыз елдерден: Франциядан, Италиядан, Бельгиядан, Швециядан, Ұлыбританиядан, АҚШ-тан келеді. Аңшылық туризм шетел валютасы көзі ретінде кейбір бұрынғы социалистік елдерде дамып келе жатыр.

Соңғы жылдары тау шаңғы туризмі жылдам дамуда. Жақсы дамыған қызмет көрсету жүйесімен жабдықталған арнайы тау шаңғы курорттары салынуда. Альпинизм де туризмнің көпшілік түріне айналуда. Рекреациялық-спорттық туризм түрлері табиғи-аумақтық кешендерге жоғары деңгейдегі талаптарды: өтуге арналған кедергілердің саны мен қиындығы, тау шаңғы трассаларына койылатын талаптар және т.с.с. қояды.

Сапардың ұзақтығына қарай туризм қысқа (демалыс күнгі немесе уикэнд туризмі және көршілес шекара маңындағы туризм) жәнеұзақ мерзімді болып бөлінеді. Адамдардың үш тәулікке дейін саяхатқа келуін қысқа мерзімді туризм дейді. Қысқа мерзімді сапар - туризмнің бұқаралық түрі болып саналады. Ұзақ мерзімді туризм (үш тәуліктен артық) каникул немесе ұзақ мерзімді демалыспен байланысты.

Саяхаттың арақашықтығына қарай туризм жақын жәнеалые болып бөлінеді. Жақын саяхат өз елімізге, алые саяхат шетелдерге бару деген сөз.

Туристік ағындардың ритмі бойынша туризм жылдық және мезгілдік болып бөлінеді. Жылдық дегеніміз жыл бойы туристік аудандарға саяхатқа, демалуға адамдардың барып түруын айтады.

Мезгілдері мен ырғағына қарай туризм жыл бойындағы (үнемі) жәнемаусымдық болып бөлінеді. Біріншісі - туристік аудандарға немесе елді мекендерге туристер жыл бойы біркелкі түрде келсе болады, ал белгілі жыл мезгілінде келіп түрса маусымдық туризм деп айтааламыз. Маусымдық туризмнің өзі жазғы, қысқы әне маусымаралық туризм болып бөлінеді.

Туристік саяхатқа қатысушылардың жасына қарай туризм былай бөлінеді:

а) балалар мен жасөспірімдер туризмі;

ә) жастар туризмі;

б) ересектер туризмі. Ересектер туризмін орта жастағылар мен қарт адамдар туризміне бөлуге болады.

Әлеуметтік құрылымы бойынша

а) қала тұрғындарының туризмі;

ә) ауыл тұрғындарының туризмі; б) отбасы туризмі болады.

Туристердің сапар желісінде орналасуы бойынша туризмді төмендегідей бөлуге болады:

а) қонақ үй типтес және

ә) қонақ үй типті емес туризм.

Туристік саяхат мақсатына қарай туризм келесідей:

а) рекреа-циялық,

ә) экскурсиялық және

б) мамандандырылған немесе арнайы туризм болып бөлінеді. Рекреациялық туризмге емделу және сауықтыру мақсатындағы саяхат кіреді. Рекреациялық туризм климатпен емдеу, бальнеологиялық және балшықпен емдеуден түратын курорттық емдеу туризмі мен демалыс үйлері мен пансионаттардағы және спорттық жорықтардағы сауықтыруды қамтитын сауықтыру-спорттық туризміне бөлінеді. Экскурсиялық туризм - табиғаты мен әлеуметтік-экономикалық (антропогендік) тұрғыдан қызықты орын-дармен танысу мақсатындағы саяхат, бұл басқа аудандарға немесе елдерге саяхат жасау. Арнайы туризм - арнайы бағдарлама және маршрут бойынша өткізілетін саяхат. Әдетте оған мақсаттары немесе кәсіби мүдделері ортақ болатын адамдар қатысады.

Қозғалыс әдісі мен көлік құралдарын қолдану бойынша туризмнің үш тобы бөлінеді:

а) белсенді (көлік құралдарынсыз);

ә) пассивті (мо-торлы көлік құралдарын пайдалануымен, бұл топтың бір бөлігі көлік туризмі деп аталады);

б) моторсыз көлік құралдарын қолданатын туризм түрі.

Осындай белгілер бойынша жасалған жіктелу, әрине, шартты түрдегі жіктелу екені түсінікті. Мұнда ең басты белгіні тауып анықтау маңызды.

Көлік қызметінің түріне қарай туризм автомобильмен (жеке), автобуспен, авиациялық (рейс немесе чартер), темір жолмен, теплоходпен (теңіз, өзен, көл кемелері) саяхат жасау болып бөлінеді.

Дүние жүзіндегі жолаушылар тасымалының бір ширегі автомобиль көлігінің үлесіне тиеді. Батыс Еуропада туристердің 70% өз көліктерімен саяхаттайды (50-ші жылдары бұл көрсеткіш 25% болған), АҚШ-та бұл көрсеткіш 90% құрайды. Алыс емес жерлерге туристерді көбінесе автобус көлігі тасымалдайды, алыс және өте алыс жерге - авиация көлігі. Мысалы, атлантикалық желілерінде авиациялық тасымалдың дамуы нәтижесінде теңіз жолаушылар тасы-малы күрт азайды.

Чартерлік авиациялық тасымал қазір кең қолданылады. Чартерлік ұшақ дегеніміз бір немесе бірнеше тасымалға жалданған үшақ. Чартерлік үшақтармен инклюзивтурлар, яғни алдың ала келісілген маршрут бойынша көлік шығындары күні бұрын төленген топтық туристік саяхаттар іске асырылады.

Туристік темір жол тасымалының маңызы төмен, әсіресе аумағы кішкентай елдерінде. Дегенмен темір жол көлігі жайлылығын жоғарылату мен жылдамдығын 200-250 км/сағатқа шейін жеткізу арқылы бэсекелестікте жеңу әрекеттерін жасауда. Темір жол көлігіне инклюзив-турлары да енгізілуде. Рекреацияның туристік пойыз сияқты формасы кең тараган. Сонымен қатар, темір жол тасымалының арзан бағасы да маңызды рөл ойнайды.

Теңіз көлігінің паромдық тасымалдағы, оның ішінде туристердің автомобильдерін тасымалдауындағы рөлі жоғары. Соңғы 20 жыл ішінде круиз туризмі де шапшаң дамуда. Круиз дегеніміз - бұл теңіз саяхаты, жабық бір шеңбермен, белгілі бір маршрутпен көрікті, көңіл толарлық жерлерге тоқтап саяхат жасау.

Круиз маршруттары көбінесе жылы теңіздерге қарай бағытталады. Жерорта теңізі бойынша, оның ішінде Грекия аралдарына жасалатын круиздер ең жақсы дамыған. Екінші орында Кариб ауданы орналасады, онда алдыңғы қатарда Бағам аралдарындағы круиздер. Скандинавия елдерінің порттары да артта қалмайды. Тынық мұхит алқабында да круиздер саны өсуде. Круиздік кемелерін шығару бойынша бірінші орында Нью-Йорк порты орналасады. Круиздік туризммен айналы-сатын алдағы қатардағы елдер - Англия, Норвегия, Грекия, Италия, Франция, АҚШ.

Алғашқыда барлық туристік іс-әрекет коммерциялық түрде болса, одан түсетін кіріс туристік мекемелердің жұмысының басты нәтижесі болды. Табыстарын көбейту үшін туристік фирмалар мен агенттіктер өз шығындары мен туристік өнім арасындағы оңтайлы баланс іздестіреді, сондықтан олар ұсынатын тауарлар мен қызметтер табыстары жоғары немесе орташа тұлғаларға арналған.

Бірте-бірте коммерциялық туризмге қарсы мағынадағы әлеуметтік туризм деген түсінік пайда болды. Оның негізгі қағидалары мынадай: қоғам мүшелерінің барлығын табыстары шамалы таптарды туризм аясына тарту арқылы қамтамасыз ету; табысы аз адамдар туризмін қолдау мен үкіметтік, қоғамдық, муниципалдық және коммерциялық құрылымдардың оның дамуына белсене қатысу. Сонымен, әлеуметтік туризм - бұл ақшалары аз адамдардың пайдаланатын туризмі, оларды мемлекет және мемлекетке жатпайтын құрылымдар қолдайды.

Әлеуметтік туризмнің дамуында зейнеткерлер кассаларының арнайы қорлары, кәсіподақтар, зауыт комитеттері, орталықтандырылған қаржы көздері беретін төлемақыларының маңызы жоғары.

Әлеуметтік туризм жүйесі тұтынушыларға ғана емес,туристік мекемелері үшін де өте тиімді. Демалыс чектерінің енгізілуімен бірге олар өз нарығын кеңейтеді және көрсеткен қызметінің өтілу кепілдігіне ие болады. Бұл бағытта мемлекеттің қаржылық, жеңілдетілген салық және несиелік саясаты жүргізіледі.

Осындай жүйе табысы төмен тұлғалардың көптеген топтарын қамтиды. Басынан бастап бұл жүйе қол еңбегімен айналыскан біліксіз жұмысшылар үшін құрылған, сондықтан оны жұмысшылар туризмімен теңестірген. Бірақ уақыт өте бере оның әлеуметтік базасы кеңейді, енді бұл жүйе қызметін әртүрлі қоғам мен жас мөлшер сатыларына жататын топтар пайдаланады.

Кәсіпорындардың, қоғамдық ұйымдардың, мемлекеттік және муниципалдық органдардың табысы темен халық топтарының де-малысын ұйымдастыруында қатысуы нәтижесінде әлеуметтік туризм қоғам өмірінің коммерциялық туризммен салыстыруға келетін құбылысқа айналды.

Қазіргі кезде бұқаралық туризм ұғымы туристік қозғалыстың демократиялануы мен кеңеюін көрсетеді. Жақсы дамыған Батыс ин-дустриалды елдерінде халқының жартысынан көбі туристік өнімнің, яғни туристік тауарлар мен қызметтердің тұтынушылары болып табылады. Бұқаралық туризм ұғымы XIXғасырдағы ақсуйектер туризміне қарама-қарсы түсінік ретінде енгізілді. Ақсүйектер немесе аристократиялық туризм тұтынушылардың өте жүқа таптарына арналған, ал дамушы елдерінде өмір деңгейі өте төмен болғандықтан бұл жергілікті тұрғындардың қолы жетпейтін туризм түрі.

Бұқаралық туризмге тағы бір қарама-қарсы мағынасы бар түсінік - қалтасы өте қалың клиенттерге арналған элиталық туризм. Бұлар үшін туристік нарықтағы бағалар маңызды емес, бірақ ұсынылатын тауарлар мен қызмет көрсету сапасына олардың қоятын талаптары өте жоғары. Элиталық туризмнің дамуы букіл туристік бизнеске ықпал жасайды, қызмет көрсетудің жаңа жоғары стандарттарын бекітіп таратады жәненәтижесінде қалай да болса халық өмірі деңгейін көтеруге септігін тигізеді. Элиталық туризм сондықтан «туристік локомотив» деп жай аталмаған.

Рекреациялық туризм. Туристік сапар жасау түрткілерінің ең бастысы - демалу. Әрине, бұл ең алдымен эдемі жерлерде, яғни туристік аттрактивтілігі жоғары жерлердегі (теңіз жағалауы, тау-лар, көлдер мен өзендер сияқты) жүйелі демалыс, уикэнд кезінде жанүясымен бірге демалу.

Рекреациялық туризмге демалыс пен уикэнд өткізу, спорт пен рекреация, мәдени шаралар, туған-туысқандарға барып шығу сияқты мақсаттарда жасалатын саяхаттар жатады [22].

Ең жиі кездесетін рекреациялық шаралар мынадай: пассивті демалыс, жағажайда болып шомылу, су спорты, серуендеу, теннис, волейбол ойнау, велосипед тебу сияқты демалыс.

Рекреациялық туризм шеңберінде этникалық, әлеуметтік және уикэнд түрлерін де белуге болады.

Көңіл көтеру мен демалу мақсатындағы саяхаттарға әлемдік туризмнің 70% келеді. Оларға сауықтыру, спорттық, танымдық мақсатындағы саяхаттар, шоп-турлар жатады.

Халықтың ең сүйікті демалыс түрі бұрынғыдай шомылу-жағажай демалысы болып қала береді: бұл адам денсаулығы мен көңіл-күйін қалпына келтірудің ең жақсы әдісі болып саналады. Алайда, мамандардық болжауы бойынша, тәуекел мен шытырман оқиға әлементтері бар саяхаттар бірінші орынға шығуына байланысты, теңіз курорт сапарын жасау «сэні» өтіп кетіп, тауға аттану басталмақ.

Рекреациялық ағымдардың негізгі бөлігі Еуропа, Солтүстік Америка, Шығыс Азия жәнеТыньщ мүхит аймагында қалыптасады. Осы аймақтардың үлесіне халықаралық шығу туризмінің 90% келеді.

Туристерді «жіберуші» елдерге (70% дейін) Еуропажатады. Негізінен Германия, ¥лыбритания, Франция, Чехия, Польша, Ресей, Румыния, Словения елдерінен коп туристер саяхатқа шығады.

Еуропадан кейін екінші орында рекреациялық туристерді жет-кізуші аймаққа Солтүстік Америка жатады, әсіресе АҚШ, оның үлесіне туристік ағымдардың 15%-ы түседі. Үшінші орында Шығыс Азия мен Тынық мүхит аймағы, туристік ағымдардың 10%-ы алады. Қазіргі кезде Шығыс Азия мен Тынық мұхит аймагы шығу рекреациялық туризмнің қарқынды дамып келе жатқан нарығы.

Іскерлік туризм - бұл қызмет бабымен іссапар орнында табыс табу мақсатында емес сапарға шығу, яғни съезге, ғылыми конгреске, конференцияға, симпозиумға, ондірістік семинарға және кормелерге катысу. Бүған барған елде лауазымды орны бар тұлғалар кірмейді. ОА. Смирнованың (2006) іскерлік туризмнің анықтамасы мынадай: «Негізгі мақсаты оздерінің күнделікті қоныстауы мен жұмыс орнынан озге жерлерде отетін іскерлік кездесулерде қатысу болып табылатын жұмыс уақытындағы орнын ауыстыру кезінде пайда болатын қатынастар мен құбылыстардың жиынтығы» [23]. Іскерлік туризм -бұл туризмнің ең болашағы зор саласы.

Іскерлік туризм өзінің ағымдарын қалыптастырады. Олардың негізгі болігі Еуропа, Солтүстік Америка мен Оңтүстік-Шығыс Азияға келеді. Іскерлік туристерді қабылдайтын Еуропа мемлекеттердің алдыңгы қатарында Германия, Ұлыбритания, Франция, Нидерланды, Италия, Испания, Швеция, Швейцария орналасады. Еуропа Одағының астанасы болып есептелетін Брюссель (Бельгия) ерекше орын алады.

Іскерлік туризм нарығының ең қарқынды дамып келе жатқан сегменті - конгрестік туризм. Конгресс дегеніміз бірнеше жылда бір рет бірнеше мың адамға шейін жиналатын пленарлық отырыс тұріндегі жиналыс. Әдеттегідей осындай форумдарда жаһандық, әлемдік маңызы бар мәселелер қарастырылады.

Альтернативалық туризм табиғи ортаға ең аз колемде әсерететін, жәнебұқаралық және коммерциялық туризмге қарама-қарсы бола-тьш туризм [24]. Альтернативалық туризмді «сәйкесті», «жүмсақ», «тепе-теңдік», «жауапкершілікті» және «жасыл» деп атайды [24]. Альтернативалық туризмнің басты мақсаты - жергілікті тұрғындар қоғамдарымен қатынасқа кіру. Туризмнің бұл түрі жақсы даярлықты қажет етеді. Жеке жәнеұйымдастырылған альтернативалық туризмболуы мумкін [18].

Экологиялық туризм (экотуризм) жақында ғана «жасыл» революция толқынында пайда болды жәнеелдің тұрақты даму кон-цепциясына байланысты ол батыста кең дами бастады. Арнайы әдебиетте экологиялық туризм табиғи ортасы жақсы сақталған аудандарға жергілікті жердің табиғи және мәдени-этнографиялық ерекшеліктері жөнінде түсінік алу мақсатында жасалатын саяхаттар деп анықталады, сонымен қатар экологиялықтуризм экожүйелердің біртұтастығын бүзбайды және табиғатты қорғау жергілікті тұрғындар үшін пайда әкелетіндей экономикалық шарттарды қалыптастыратынболады [25, 26].

Экотуризмді кейде бұқаралық туризмге қарама-қарсы мағынада қарастырады, сондықтан әдеттегі туризмге қарағанда оның негізгі белгілері мынадай:

-  экотуризмнің басты нысандары болатын қайталанбас табиғи

кереметтерінің бар болуы;

-туризм индустриясының жоспарлы дамуының арқасында қолданғанмен, тозбайтындай табиғи және мәдени потенциалды территорияның болуы;

-   басқаларға  қарағанда томен  капиталды,  материалды  жәнеэнергосыйымдылығының болуы;

- экотуризмнің ең күрделі мақсаттарының бірі экологиялық білім беру және экологиялық ойлауды қалыптастыру;

- бүкіл мемлекеттер мен аймақтардың әлеуметтік-экономикалықдамуын қолдау.

Қысқа уақыт мезгілінде табиғатта уикэнд жасаған кезінде демалудан бастап табиғи жаратылыс тақырыбында ғылыми зерттеулер жүргізуге дейін, экологиялық туристер әртүрлі міндеттерді орындайды. Соңғы жылдары экотуристер әртүрлі қиын емес таза ауадағы жұмыстарга қатысады. Олар құстар мен басқа жануарлар санын есептейді, сирек кездесетін өсімдіктерді бақылайды, басқа да осыған ұқсайтын жұмыс жасайды. Экотуристерді қайталанбайтын өсімдік қоғамдастықтары мен биоценоздар, мысалы экваторлық ормандар, жазғы тундра немесе көктемдегі шөл, өлі табиғат нысандары (үңгірлер, каньондар, таулар және т.б.), кейбір антропогендік ланд-шафтар қызықтырады.

Экологиялық туризмнің диверсификациясымен бірге оның туризмнің баска туризм түрлерімен жанасуы байқалуда. Мысалы, іскерлік сапарлар кезінде қатысушылары ұлттық немесе табиғи-этнографиялық саябақтарға барады, жагажайда шомылып демалады немесе құрыжай таза ауада серуендеп қыдырады. Сөйтіп, экотуризм шекараларын табу өте қиын.

Альтернативалық туризм сияқты емес, экотуризм маркетинг зерттеулерін қажет етеді. Экотуризм шеңберіндегі рекреациялық шаралардың мысалы - «birdwatching», яғни құстарды олардың табиғи ортасында бақылау; «фото-сафари» (жануарларды суретке түсіру).

Бүгінгі таңда экотуризм дамыған елдермен бірге дамушы елдерде де сэнге айнала бастады. Экотуризмді белсене насихаттайтын елдерге Колумбияны, Соломон аралдарын, Малайзияны, Уганданы жатқызуға болады.

Квалификациялық (спорттық) туризм ең алдымен жақсы шыныгуды қажет етеді. Квалификациялық туризмді спортпен теңдестіруге болмайды, себебі оның мақсаты - рекреация, денсаулық пен физикалық форманы сақтап қалу, өлкені жан-жақты білу болып табылады [27]. Сонымен қатар квалификациялық туризм мақсаты ең жоғары жетістіктерге жетіп бэсекелестерді жеңу болып табылады. Квалификациялық туризмнің ең сүйікті түрлері - желкен спорты, байдарка мен каноэ қайықтарында жүзу, виндсерфинг, альпинизм, дай-винг, спелеотуризм, аң аулау және т. б.

Жалпы айтканда спорттық туризм туризмнің қымбат түріне жата-ды. Онда қолданылатын құрал-жабдықтар қаражат қажет етеді. Және де мүлдай туристің белгілі бір білімдері, дағдылары мен ептілігі болуы қажет. Осыған орай, бір жағынан спорттық туризмді элита туризміне жатқызуға болады.

Экстремалды туризм үнемі тәуекелмен, шытырман оқигалармен байланысты. Қазір туризмнің осы сегменті әлемнің туристік нарығының 10%-ын құрайды жәнебұл көрсеткіш өте жылдам өсуде. Лион университетінің география профессоры Ж.-М. Девайли «біздің қоғам жүйкені қытықтайтын көңіл көтеруді есірткі сияқты қажет етеді», - деп есептейді. Экстремалды туризм скейтбординг, сноу-бординг, скайсерфинг, треккинг, хелиски, фрирайд, рафтинг сияқты спорт түрлерімен тығыз байланысты.

Ауыл туризмі-бос уақытты ауылды жерде өткізу. Оның ерекшелігі - ауыл пейзажы мен ауьшды жерге тәнүйлер мен жайлардық болуы. Ауыл туризмінің инфрақұрылымын ауылды жерде орналасқан пансионаттар, паналар, шағын отельдер, жекеменшікті үйлер, қонақ жайлары (бөлмелер), кемпингтер құрады. Ауыл туризм түрлеріне ауыл аумақтарында өткізілетін, жергілікті жағдайларға лайықтанған жәнежергілікті табиғи ресурстарын тиімді пайдаланатын барлық түрлерін жатқызуға болады [28].

Ауыл туризмінің бір шағын түрі - агротуризм. Агротуризм дегеніміз ауыл шаруашылық кәсіпорындарында қонақтарды қабылдаумен байланысты іс-әрекет түрі (И. Ендрейчик, 1995). Агротуризм ауыл шаруашылығымен, ауыл шаруашылық кәсіпорны жұмысымен тығыз байланысты. Мұнда туристердің ауылды жерге оларды итермелейтін түрткісі - мал өсіруге, егістікпен айналысуға деген қызығушылығы.

Ауыл туризмінің, оның ішінде агротуризмнің қасиеттері мынадай:

- таза тамақ;

- бұзылмаған, таза табиғат;

- тыныштық;

- ауыл өмірімен, фольклормен танысу малмен айналысу,

- ауыл шаруашылық жұмыстарын өз қолымен жасау [29]. Агротуризмнің тағы бір жақсы жері - жұмыссыздықты азайту,жаңа еңбек орындарын қалыптастыру Мұндай әсер тікелей және жанама болуы мүмкін.

Тікелей жасайтын әсер- агротуристік шаруашылық иесі туристерге қызмет көрсетуге арналған әрекеттер жасайды, мысалы:

- пәтерін жалға беру жәнетамақтандыру;

- жол көрсетуші жұмысы (арба, велосипед қолданып немесе жаяужүру);

- туристерге көлік қызметін көрсету;

- туристік құрал-жабдықтарды жалға беру (қайыктар, велосипел, моторлы қайық және т. б.);

- атқа мініп жүруді, жүзуді үйрету;

- механик қызметтері (өз көлігімен келген туристерге);

- күзет, мүлікті сақтау қызметі;

- балаларын күтіп, қарау және т.е.с Жанама түрдегі әсер:

-туристердің келуінен болатын ауыл шаруашылық өнімі көлемінің өсуі;

-  туристер үшін азық-түлік, жартылай фабрикаттарды, басқа бұйымдарды алдыңала даярлап қою;

-   жалға берілетін пэтерлер мен үйлердегі құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргізу;

- сауданың дамуы;

-   туристер келетін аумақтарда тазалық сақтау мен реттеу жұмыстарының қажеттілігі;

- көркем қолөнер бұйымдарына деген сұраныстың өсуі;

- ақпараттық, дистрибьюторлық, промоушн сияқты қызметтердің дамуы, мысалы, картосхемалар мен буклеттерді шығару агротуристік бюролар мен агенттіктердің пайда болуы жәнет.с.с. [30].

Діни туризм бүгінгі күні айтарлықтай ауқымды көлемге жетіп отыр. Оған мінажат ету сапарлары, дін мен діни мәдениет тарихын білу мақсатындағы саяхаттар, діни қызметшілердің саяхаттары жатады [31]. Олардың ішінде ең алдымен мінажат ету сапарларын атау керек. Бұл қасиетті діни орталықтарына бару болып табылады. Ең ірі үш монотеистік дін мінажат етушілері үшін қасиетті жер - Иерусалим. Еврейлер мұнда Інжіл жерлерін, жылау қабырғасын, Ғибадатханалық тауын көру үшін келеді. Христиандар Иеруалимді Исаның жердегі баспанасы ретінде мойындайды және Құдай Бейітіне тізе бүгу үшін келеді. Мүсылмандардың осындағы қасиетті орындары - Омар, аль-Акса мешіттері және т.б. Алайда мұсылмандардың ең басты қасиетті «хадж» (қажылық) орталығы - Мухаммед пайғамбар туған Сауд Арабиясындағы Мекке қаласы. Қүдайға табынушы като-ликтер Рим папасына Ватиканға барады. Туристік діни маршруттар-ды анықтайтын әр елде өзінің ұлттық діни орталықтары бар.

Мәденитуризмі. Мәдениет пен туризм бір-бірімен өте тығыз байланысты. Туризм мәдениет объектілерін қорғайды,байытады және насихаттайды, мәдениет болса туризм дамуына өз септігін тигізеді. Мәденитуризм - бұл ойдағыдай мәдени қүндылықтарына ие орындарын: мәдениет, тарих пен сәулет өнері ескерткіштерін; археологиялық ескерткіштер мен қазбаларды; атақты тұлғалармен байланысты орындарды; мұражайларды, көрмелерді және т. б. көріп шығу Мәденитуризмі ең жақсы дамыған елдер - еуропалық мемлекеттер. Басқа елдер арасынан Израиль, Үндістан, Қытай, Мексика, Жапония сияқты елдерді бөліп атауға болады [18].

Уикэнд туризмі (мерекелік туризм). Бұл туризмнің ең сүйікті түрлерінің бірі. Жұмыс орны мен түратын жерінен тыс, бірақ онша алыс емес жерде демалу қажеттілігінен туындайды. Уикэнд туризмі ұйымдастырылған (топтық) немесе жеке уикэнд туризмі болуы мумкін. Туристер әртүрлі көлік құралдарын, ең алдымен меншікті автомобильдерін пайдаланады. Туризмнің бұл түрі өте жиі «екінші баспанаға» бару түрінде өтеді.

Сонымен, туризм классификациясының ғылыми және прак-тикалық маңызы бар, ол білгеніңді реттеуге және дүниежүзілік туризм қозғалысын терең біліп-түсінуге әсерн тигізеді. Туристік қызметтердің сапасы мен көлеміне қойылатын қосымшаталаптарының және қызмет көрсетудің жаңа түрлері мен формаларының, сондай-ақ туризмнің жаңа түрлерінің пайда болуына байланысты туризм клас-сификациясы жетілдіріледі және толығымен мәреге жетті деп оны есептеуге болмайды.

Қайталау сұрақтары

1. Қазіргі туризм жіктелуінің критерийлерін атап шығыңыз.

2. Туризмнің формаларга, кластарга, типтерге, турлергежәне шағын турлеріне бөлінуі жөнінде айтып беріңіз.

3.   Туризмнін негізгі формаларын атап шығыңыз. Оларды бөлу критерийлері қандай?

4.   Туризмнің негізгі кластарын атап шығыңыз. Оларды бөлу критерийлері қандай?

5.  Туризм типтерін атаңыз. Осы ұгымдарды кім және щшан енгізген?

6.  Ұйымдастыру сипаты бойынша туризмнің жіктелуі жөнінде айтып беріңіз.

7.  Туризм туристік саяхат мақсатына қарай қалай бөлінеді?

8.  Туризм қозгалыс әдісіне қарай қалай бөлінеді?

9.  Әлеуметтік туризм деген не?

10. Рекреациялық туризмге сипаттама беріңіз.

11.  Іскерлік туризмнің туризмніңбасқа түрлерінен айырмашылыгы қандай? Іскерлік туризмнің сипаттамасын беріңіз.

12. Экологиялықтуризм анықтамасын беріңіз.

13. Квалификациялықтуризм деген не?

14. Ауыл туризмі деген не?

15. Агротуризм деген не?

16. Діни туризм туралы әңгімелеп беріңіз.

3 –тарay

РЕКРЕАЦИЯЛЫҚБАҒА БЕРУ ЖӘНЕАУМАҚТЫ

РЕКРЕАЦИЯ ҮШІН ПАЙДАЛАНУ.

ТУРИСТІК АУДАНДАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗДЕРІ

§ 1 Туризм дамуының табиғи алғышарттары

Шаруашылықтың саласы ретінде туризм кен өндіру, орман шаруашылығы, балық пен ауыл шаруашылығы сияқты ресурстарға тәуелді. Аумақты пайдалануы бойынша туризм тек ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығының артында орналасады. Рекреацияньщ жерге деген қажеті тұрғын үй құрылысына қажетті территориясынан үш есе, ал табиғи саябақтар, қорықтар мен қорықшалардың жер қажетін есептесек, 6-7 есе артық.

Сөйтіп, кейде табиғаты аз өзгерген жердің ауқымды аудандарын қажет етіп, туризм игерілген аудандарда шектелген мүмкіндіктеріне ие болады. Дегенмен ауыл аймақтарында туризм ауыл шаруашылық жер пайдалануымен жақсы үйлесуі мүмкін. Рекреациялық зоналарды пайдалы қазбаларын өндіру орындарының, жогары зиянды өнеркәсіп орындарының жанында орналастыруға болмайды.

Рекреациялық мамандандырылу деңгейіне қарай рекреация үшін аумақтарды пайдаланудың үш түрі бар:

1)  Рекреациясы жоғары аумақтар - саябақтар, жағажайлар және көпшілік демалыс аймақтары. Мұнда басқа жер пайдаланушылар жоқ немесе олардың әсері шамалы.

2)   Рекреациясы орташа аумақтар - бір уақытта экологиялық және өндірістік функцияларды атқаратын жерлер (қала маңында огырғызылған ағаштар, әрозияға карсы егілген ормандар және т. б.).

3) Рекреацияға пайдасы шамалы аумақтар.

Жерді бөлудің ең көп кездесетін нұсқасы - екінші нұсқа.

Демалыс орындарын іздестіргенде табиғи ресурстардың атқаратын рөлі өте маңызды. Ландшафтың ерекшелігі мен климаты, өсімдік пен жануарлар әлемінің алуан түрлілігі, спортпен шұғылдануға, аңшылықпен және балық аулаумен айналасуға табиғаттың мүмкіншілігі ескерілуі қажет. Рекреациялық іс-әрекеттің түрлері аумақтағы табиғи ресурстардың әртүрлілігіне байланысты.

Ірі туристік кешеннің қалыптасуында немесе жеке бір туристік объектінің салынуында елдің (ауданның) географиялық орны маңызды рөл атқарады. Яғни теңізге, тауға, орманға немесе маңызды көлік жолдарына жақын болуы өз әсерн тигізеді.

Жер бедері табиғи ортаның маңызды әлементі болып саналады, себебі жер бедерінің әртүрлілігі ландшафтың құндылығын көтереді.

Таулы жерлердің климаттық және ландшафтық ерекшеліктері психофизиологиялық регенерация (қалпына келтіру) жағынан өте маңызды, белсенді және пассивті демалыс үшін өте қолайлы. Белсенді тау туризмнің қасиеттері: ортаның жылдам ауысуы, формалардың контрасты, симметрия мен асимметрия, ландшафтың динамикалық және статикалық сипаттары, шыңға шығу және тамаша көріністер. Қысты күні таудың климаттық-орографиялық қасиеттері шаңғы туризмін дамытуға мүмкіндік туғызады.

Табиғи ортаның екінші бір маңызды әлементі - климат. Мезоклиматтың жалпы сипаттамасымен бірге, рекреациялық мақсатта аумақты бағалауында топоклиматтық, тіпті микроклиматтық ерекшеліктерді анықтау өте маңызды болады.

Гидрологиялық ерекшеліктері, бір жағынан, спорт түрлерін дамытуға, таза ауада суға түсуге, балық аулаумен айналысуға мүмкіндік береді, екіншіден, ландшафт көркемділігі жағынан туризм үшін өте маңызды. Рекреациялық қажетіне пайдаланатын гидрогеологиялық шарттары мынадай: таза ағын сулар мен суаттардың болуы, табиғи жағажайлар немесе жүзу бассейндерін қалыптастыруға жарайтын жердің болуы, судың жайлы температурасы мен ағыс жылдамдығы, спорт түрлерін дамытуға жарайтын әртүрлі сулардың болуы.

Аумақтың туристік функциясының дамуына орман да қатты әсерн тигізеді. Ландніафтық касиеттерімен бірге орман қоршаған орта жағдайын жақсартудың биологиялық факторы болып табылады. Орман атмосфераны оттегі және озонмен байытады, желге кедергі

болады, ауа температурасының тәулікжәне жылдық амплитудаларын төмендетеді. Ірі орман массивтері ауа массаларының турбұленттік алмасуын жеңілдетіп, қолайсыз топоклиматтық құбылыс болып есептелетін ауаның тұрып калуына жол бермейді. Орманның рекреациялық және эстетикалық маңызы жоғары.

Ауқымды аумақтарда туристік қозғалыстың маусымдық сипатын анықтау қажет. Туристік мезгілдің үш түрі бар: жалпы рекреациялық маусым, суға түсу маусымы және қысқы маусым.

Жалпы рекреациялық маусым - демалыс пен туризмнің әралуан түрлерін (жаяу, велосипед саяхаттары, мототуризм, күнге күю, таза ауадағы ойындар, аң мен балықаулау және т. б.) өткізуге болатын мезгіл. Климаты қоңыржай тән елдерде бұл мезгіл наурыз-сәуір айларында басталып, қазан айында аяқталады. Бұл мезгіл вегетациялық кезеңге сәйкес келеді (ауаның орташа температурасы 5°С жоғары).

Суға түсу маусымы - жалпы рекреациялық мезгілдің шомылу мен спорттың су түрлерін таза ауада жүргізу мүмкіндігі бар бір бөлігі. Оның ұзақтығы судың 18°С, ауаның орта тәулік температурасының 15°С шектеледі.

Қысқы маусым спорттың қысқы түрлерімен, әсіресе шана мен шаңғы түрлерімен байланысты. Оның ұзақтығы қардың қалыңдығына және жату ұзақтығына байланысты. Ауаның орташа температурасы 0°С томен болады.

Туризмнің дамуы маусымға тығыз байланысты. Мысалға, спорттың су түрлерін шомылу маусымында жүргізуге болады. Шаңғы туризм жер бедерінің тартымдылығымен және қысқы мезгілімен байланысады. Тау туризмі үшін тиісті жер бедері мен ландшафтың эстетикалық қасиеттері маңызды, ал оны өткізу мезгілі - жалпы рекреациялық маусым.

Қайталау сұрақтары

1.  Халық шаруашылық саласы бола түра, туризм неге ресурстарга багыт-талады?

2.  Туризм қандайсалалармен жацсы үйлеседі? Қайсыларымен үйлеспейді?

3.  Туризм дамуының табиғи алгышарттарының құрылымы қандай?

4.  Табиғи алгышарпгтарының бөлек әлементтерінің сипаттамаларын берініз.

5.  Туристік маусымдардың қысқаша сипаттамаларын беріңіз.

§ 2 Туризм дамуыньщ әлеуметтік-экономикалық алғышарттары

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін туризмнің дамуына көптеген факторлар әсерн тигізді, оның ішінде әлеуметтік-экономикалық факторлар маңызды рөл атқарды. Әлеуметтік-экономикалық факторларға мемлекеттің әлеуметтік саясаты; жұмыстан бос уақыт; халықтың ауқаты; урбандану үрдісі; білім мен мәдениеттің дамуы және т. б. жатады.

Қазіргі туризмнің дамуына мемлекеттің әлеуметтік саясаты, ең ал-дымен жұмыс уақыты, төлемі отілетін демалыс жөніндегі жарғылары және демалыс жоніндегі шешімдері үлкен әсертигізеді.

XIXғасырдың екінші жартысынан басталған бос уақыттың көбеюі туристік қозғалысқа ең үлкен ықпал жасайды. Жыл бойындағы жұмыс уақытының қысқаруымен бірге букіл өмір бойындағы жұмыс істеген жылдарының колемі де азаяды. Мұның себебі - мектепте жалпы міндетті білім беру мерзімінің өсуі және зейнеткерлік заңнаманың жетілдірілуі. Төлемі отелетін жылғы демалыс та оте маңызды. Еңбек демалыстары 60-шы жылдарының өзінде екі аптадан кем болмаған, кейбір елдерде тіпті үш-төрт аптаға жеткен.

Жұмысты ұйымдастыру бойынша Халықаралық конвенциясы 1970 жылы жылдық демалыс мерзімі үш аптадан кем болмау керек екенін мойындады.

Кейбір елдерде демалыс мерзімі тез өсті, мысалы, КСРО-да 1958 жылы оның ұзақтығы 18,5 күн болса, 1968 жылы 21-ге дейін өсті. АҚШ-та дәл соғыс алдыңда өнеркәсіп еңбекшілерінің тек 46% еңбек демалысына колы жеткен, 40-50-ші жылдары - 80%, қазір - 95%. Ме-реке күндерінің туризмі мен күнделікті демалыс дамуында күн мен апта ішіндегі жұмыс сағаттарының колемі маңызды.

Бұрынғы КСРО-да жұмыс аптасы бес күндік болтан жағдайда жұрттың көпшілігінде 112 демалыс пен мереке күндері болған, ал жылғы еңбек демалысын есептегенде - 130-136 күн (кейбір қызметкерлер үшін 148-160 күн) немесе жылдағы күндер есебінің 35-42%. Дамыған елдерде, сонымен қатар, үй жұмысына жұмсалатын уақыттың қысқаруына байланысты еркін уақыт мелшері де өскен.

Бос уақыттың көбеюіне ағартудың, білім берудің және міндетті оқудың дамуы да әсеретеді. Көптеген елдерде жастардың үлкен бөлігінің (17-19 жасар мектеп оқушылары немесе 21-25 жасар сту-денттер) бос уақыты көп, олар оны туристік саяхаттар мен апта сайынғы демалысқа жұмсайды.

Соғыстан кейінгі зейнеткерлік заңнаманың жетілдірілуі мен өмір жасының ұзаруына байланысты қарт адамдар (жасы 60-тан асқан) туристік саяхаттарға белсене қатыса бастады. Мысалы, Францияда 1961 жылы 60-64 жасар француздардың 29,9% туристік қозғалысқа қатысса, 1969 жылы бұл көрсеткіш 32,5% дейін өсті.

Туристік көш-қонға әсерететін тағы бір өте маңызды фактор -елдер мен аймақтар тұрғындарының байлығының өсуі болды. Халық игілігі мен туристік қозғалыс арасындағы байланысты коптеген зерттеулер дәлелдейді. Бұл қорытынды әсіресе жогары дамыған елдер үшін тән. Шаруашылық дамуы мен онымен байланысты халық табыстары деңгейі және туристік құбылыстар арасындағы өзара тәуелділіктері қоғамның туристік белсенділігі деңгейінде көрініс береді.

Халық табысы және оған байланысты оның туристік белсенділігі елдің әлеуметтік-кәсіптік құрылымына да тәуелді. Мысалы, бұл саланың зерттеулері коп жылдар бойы откізілген Францияда демалысқа шығатындар арасында ең үлкен пайызын еркін кәсіптер өкілдері, жоғары және орта білімді мамандар күратын көрінеді.

Туристік қозғалыста халықтың әлеуметтік топтарының қатысуы туристік аймақтар мен жерлердің шаруашылығына үлкен әсерн тигізеді.

Туристік қызметтер қажеттілігінің өсу себептері - халық өмір деңгейінің көтерілуі жәнеәлеуметтік сақтандыру қаражаттарының бөлінуі болып табылады. Бос уақыттың көбеюі мен халықтың байлығы жәнемәдени деңгейінің өсуіне байланысты рекреациялық қызметтер сұранысы да ұлғаюда.

Соңғы жылдары қоғам қажеттіліктерінің өзгеруіне байланысты туристік қызмет корсетудің жаңа формалары пайда болды. Мысалы, жеке меншікті автомобильдер санының көбеюіне қарай автосаяхат құмарлығы күшейді. Бұл мотельдер, кемпингтер, техникалық қызмет көрсету станцияларының құрылысының алғышарты болды.

Қазіргі кезде демалыстың тағы бір формасы - ата-аналардың балаларымен бірге демалуы жақсы дамып келе жатыр. Осыған орай туристік құрылыстарды жоспарлаған кезде арнайы отбасы демалысына назар аудара басталды.

Туристік кешендер қалыптасуының ең басты алғышарттарының бірі - олардың қаражатпен қамтамасыздандырылуы. Туризм дамуын қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету мақсатында бұрынғы КСРО-да туристік-экскурсиялық мекемелер 1962 жылы салықтың барлық түрлерінен босатылғанды. Туристік жолдамаларынан, экскурсиялардан, басқа қызмет түрлерінен түскен табыстар рекреациялық нысандарының құрылысы мен жабдықталуына, негізгі қорды толықтыруына, құрал-жабдықтарды, көлік құралдарын сатып алуға жұмсалған.

Халық санының өсуі нәтижесінде әлемнің туристік әулеті де өседі, осыған орай жұрттың жаңа топтары туристік іс-әрекетіне қосылады.Халық саны өсуінің нәтижесінде халық тығыздығы өседі. Енді тыныш, өркениетпен өзгертілмеген жерді индустриялық дамыған елдерде табу қиын. Осыған орай ірі қалалар мен агломерациялар тұрғындары осындай жерде демалу үшін өз елі мен шет елдеріне алыс сапарға аттанады.

Халықаралық туризмге әсерететін саяси факторларының ішінде туристердің «экспортерлері» мен «импортерлері» болып саналатын елдердің ішкі саяси жағдайын, елдер арасындағы қатынастар мен олардың туристік байланыстарына жасайтын әсерн, туристерді жіберуші елдердегі және туристік маршруттар өтетін аудандардағы саяси жағдайын атап айту керек.

Ел арасындағы дипломатиялық келісім, туризм бойын-ша келісімшарттардың болуы, коммуникациялар мен қозғалыс құралдарын бірігіп пайдалану, туристік жарнамамен алмасу елдер арасындағы туристік ағымдардың өсуіне септігін тигізеді. Ең қарқынды туристік байланыстар саяси, әскери және экономикалық бірлестіктерде түратын елдер арасында байқалады.

Қайталау сұрақтары

І.Туризм дамуының әлеуметпгік-экономикалық алгышарттарын атап шығып, қысқаша сипаттамаларын беріңіз.

2.  Туризм дамуына мемлекеттің әлеуметтік саясаты қалайәсеретеді?

3. Бос уақыттың көбеюі туризм дамуына қалайәсеретеді?

4. Халықтабысының өсуі оның туристік белсенділігіне қалай әсеретеді?

5. Туризм дамуына урбандану, демографиялықжәне саяси факторлар қалайәсеретеді?

§ 3 Туристік-рекреациялық ресурстар

Туристік-рекреациялық ресурстар ұғымын түсіну үшін ең алды-мен географиялық, табиғи, антропогендік (қоршаған) орта ұғымының мағынасын анықтау қажет.

Терминологиялық талқылауға үңілмей-ақ айтсақ, табиғи орта жеті әлементтердің жиынтығы болып табылады. Бұл жеті әлементтер мынадай: белгілі бір кеңістікте орын тапқан үш биотикалық (өсімдік, жануарлар, топырақ) және төрт абиотикалық әлементтер (геологиялық құрылым, жер бедерінің құрылымы, сулар, климат). Табиғи ортада тұратын адам, оны өзгертіп антропогендік ортаны қалыптастырады. Қорыта айтсақ, географиялық ортаны сегіз әлемент құрады: физикалық және биотикалық ортамен бірге адам қалыптастыратын орта, яғни бұл ауылдар, қалалар, фабрикалар, су бөгендері және т. б. сияқты антропогендік әлементтері кіретін өзгертілген табиғи орта [32].

Географиялық ортаның осындай барлық әлементтері туристік-рекреациялық ресурстар бола алады. Бірақ олар туристердің қызығушылығын туғызғанда ғана туристік-рекреациялық ресурстарға айналады. Мысалға, геологиялық құрылым немесе топырақ туристерді қызықтыра ала ма деген сұрақ қоюға болады. Бұрын ондай болмаған, ал қазір болса, осындай туристік іс-әрекет дамып келе жатыр [32].

Сулардың (теңіздер, өзендер, көлдер, бөгендер), жер бедерінің (таулар, қыраттар және т.б.), климаттың (температура, күн сэулесі, қар, мұз), өсімдік пен жануарлар әлемінің туризмге әсерететіндігі сөзсіз. Туристерді белгілі бір жерге (аудан, жергілікті жер, маршрут) туристік-рекреациялық ресурстардың жиынтығы (географиялық ортаның бірнеше әлементтерінің үйлесуі) тартады.

Я. Варшиньска мен А. Яцковски [33] айтуынша туристік-рекреациялық ресурстар дегеніміз - туристерді қызықтыратьш табиғи немесе антропогендік әлементтердің (бірге немесе әрбіреуі бөлек) жиьштығы.

Экономикалық әдебиетте туристік-рекреациялық ресурстар та-биғи және антропогендік шығу тегі бойынша жіктелетін игілік (қор) ретінде анықталады. Алайда, туристік-рекреациялық ресурстарды жіктеу үшін әдетте шығу тегі критерийінің орнына олардың функциялары қолданылады, мысалға, ресурстарды демалысқа, тануға арналған және мамандандырылған ресурстар деп бөледі (4-кесте). Со-нымен бірге бұл функциялар туристің ең басты үш түрткісі (мотиві) болып табылады.

Туризмді дамыту мақсатында аумақтардың қулдылығын анықтау үшін туристік-рекреациялық ресурстарды зерттеу қажет.

Туристік-рекреациялық ресурстар дегеніміз туристік-экскурсиялық қызметте пайдаланатын қоғамдық қажеттіліктеріне сәйкес технологиялық дәрежеге жетілдірілген белгілі бір мөлшерде өзгертілген табиғижәне антропогендік ландшафтардың жиынтығы. Барлық туристік-рекреациялық ресурстардың жинағын үлкен екі топқа: табиғи жәнеәлеуметтік-экономикалық (мәдени-тарихи) ресурстарға бөлуге болады.

4-кесте

Туристік-рекреацнялық ресурстардың жіктелуі [32]

Туристік-

рекреациялықресурстар

Ресурстарды жіктеу критерийлері

Ресурстардың жіктелуі

1

Рекреациялық (демалу үшін)

Демалу физиологиясының

көрсеткіштері

1  Қажетті ресурстар (табиғи орта)

2 Пайдаланатын ресурстар

2

Танымдық

Табиғи ортамен генетикалық байланысы

1 Табиғи ресурстар

А. Адам ешқандай қатыспай

калыптасқан:

- флора мен фауна ерекшеліктері

- жартастар

- шатқалдар, өзен аңғарлары

- сарқырамалар, бұлақтар

- үнгірлер мен гроттар

- басқа геологиялық объектілер В. Адам жасаған

- ескерткіштер

- мұражайлар мен табиғи коллек-циялар

- ботаникалық бактар

- зоосаябақтар

С. Заңды түрде корғалатын объектілер

- көрініс пункттері

- халық саябақтары

- көрініс саябақтары

Адам өмірімен,

жұмысымен және

іс-әрекетімен байла-нысты

Антропогендік ресурстар

- мұражаилар мен археологиялық

резерваттар

этнографиялықмұражайлар мен

шығармашылық орталықтары - сәулет өнері мен құрылыс ескерткіштері

- өнер мұражайлары мен көркем

өнер коллекциялары

- биографиялық мұражайлар

- мамандандырылған мұражайлар мен қайталанбайтын объектілер

- әскери-тарихи объектілер

- естелік орындар мен мұражаилар

- шаруашылық іс-әрекет пен

техниканың ескерткіштері

- қазіргі мәдениет жетістіктері

- діни табыну орындары

Мамандандырылған

Табиғи ортаның

туризмнің маман-дандырылған

түрлері үшін

жарамдылығы

1. Қайықтар мен желкенді

кемелердеп саяхаттар

2. Балық аулау

3. Ан аулау

4. Атты туризм

5. Альпинизм

6. Спелеология

7. Сүнгу (дайвинг)


Л.Н. Багрова, Н.В. Багров, B.C. Преображенскийлердің(1977) анықтамасыбойынша, «табиғирекреациялықресурстар» - бұлбелгіліуақытішіндеадамдардыңдемалысынұйымдастыруғаарналған, рекреациялықіс-әрекетүшінқомфорттықасиеттерібартабиғижәнетабиғи-техникалықгеожуйелерментабиғиқұбылыстар[34].

«Әлеуметтік-экономикалықрекреациялықресурстарға» тарихи-мәдениобъектілер (ескерткіштержәнеатақтыжерлер, мұражайларжәнет. б.) жәнеқұбылыстар (этнографиялық, саяси, өндірістікжәнет. б.) жатады. Бұлресурстарбіржағынанматериалдықжәнеруханиболыпжіктелсе, екіншіжағынанжылжымайтынжәнеқозғалатынресурстарболыптоптастырылады.

Материалдықресурстарөндірісқұралдарыменқоғамныңбасқадаматериалдыққүндылықтарыныңжинағынбіріктірсе, руханиресурстар - қоғамныңжетістіктерінбілім, ғылым, өнер, әдебиетжағынанқамтиды.

Қозғалмайтынресурстартобынтарихиескерткіштер, сәулетөнерініңобъектілері, археологиялықжәнемонументтікқұрылыстарқұрайды.

Жылжымалыресурстартобынаөнерескерткіштері, археологиялықзаттар, минералогиялық, ботаникалықжәнезоологиялықколлекция-лар, деректіескерткіштержәнеоңайқозғауғаболатынзаттаржатады. Мұндайресурстартобыәдеттемұражайларда, кітапханаларда, мұрағаттардашоғырланады.

Тарихижәнемәдениескерткіштернегізгібелгілерібойыншабестүріне: тарихи, археологиялық, сәулетөнеріжәнеқалақұрылыстық, өнерескерткіштеріне, дерекнамаескерткіштерінебөлінеді.

Тарихиескерткіштергеүйлер, құрылыстар, қоғамменмемлекет-тіңдамуынабайланыстыескерткішорындарымензаттаржатады.

Археологияескерткіштерінеқалашықтарқалдықтары, обалар, ескіүйлердіңорны, бекіністер, өндірісжәнесуқұбрлары, тастымүсіндер, тастағыбейнелержатады.

Сәулетөнеріменқалақұрылыстықескерткіштерінесәулетансамбльдеріменкешендері, тарихиорталықтар, алаңдар, кварталдар, көшелер, ежелгіқалалардыңқалдықтары; азаматтық, өнеркәсіптік, әскери, дінисәулетөнерініңескерткіштері, халықсәулетөнерініңескерткіштеріжәнеосыларменбайланыстымонументалдық, бейне, декоративті-қолданбалы, бақ-паркөнерініңескерткіштеріжатады.

Өнерескерткіштерінебейнелеуөнері, декоративті-қолданбалышығармаларжәнебасқадаөнертүрлерінжатқызуғаболады.

Дерекнамаескерткіштері- бү_лмемлекетбилігініңактілері, бейне-, фотокүжаттаржәнетаспажазулар, сондай-ақкөнежәнебаскақолжазбаларменархивтер, фольклорменмузыкажазбалары, сиреккездесетінбаспалар.

Әлеуметтік-экономикалықрекреациялықресурстарғатарих-пен, мәдениетпенжәнеқазіргіадамдардыңіс-әрекетіменбайланыстыбасқадаобъектілердіжатқызуғаболады. Мысалы, тамашасалынғанспорткешені, хайуанатпаркі, ботаникалықбақтар, ғылымимекемелер, жоғарыоқуорындары, өндірістікмекемелер, театрлар,этнографиялықжәнефольклорлықкөзтартарлықкөрнектіорындар, халықдәстүрлеріжәнет. б.

Туризмдідамытуүшінтабиғижәнеәлеуметтік-экономикалықколайлыжағдайыбараумақтарөзінен-өзітуристікресурсболаалмай-ды. Егероғансұранысболсажәнеоныигеругетуристікшаруашылықмүмкіндіктерітабылса, ондаолартуристікресурстарғаайналады.

Табиғикешендертуристік-рекреациялықресурстаркласынакелесіүлгібойыншаөтеаладыәлдеондайболаалмайды:

1) туристік сұраныс болмағандықтан табиғи кешендердің ресурстық сипаты жоқ;

2) туристік сұраныстың пайда болуы табиғи кешендерді тексеріп бағалауды қажет етеді;

3) қоғамдық қажеттіліктің арқасында бағалы табиғи кешендер ресурстарға айналады;

4) туристік сұраныстың көбеюі қолайсыз табиғи кешендер өңдеуден өткізіліп, туристік ресурстар класына енгізіле бастайды.

Осындайүлгібойыншаәлеуметтік-экономикалықобъектілердеэкскурсиялықрекреациялықресурстаркласынаөтеді. Туристіксұраныстыңарқасындамәденижәнеэтнографиялықобъектілертексеріліп, экскурсиялықтуризмгежарамдыльныжағынаноларғабағаберіледі. Сұраныстыңкеңеюіменрекреациялыққұлдылықкритерийлерініңдамуы, халықтыңмәденидеңгейініңөсуіарқасындапайдаланатыннысандарауқымыкеңейеді. Олардыңкөптегенсаныарнайыреставрациялықжұмыстарынанкейінэкскурсиялықкөрсетілімкатарынаенгізіледі.Бұрынөмірсүргенүрпақтардыңеңбекөніміболатұра, әлеуметтік-экономикалықобъектілермұндатанымдықсипаттағытуристікқызметтердіөндіругеарналғанеңбекқұралынаайналады.

Туристік-рекреациялықресурстарғасырларбойыресурстартүрлерініңрөліменқұрылымы, туристікқажеттіліктеркөлеміөзгергендігінентарихиұғымдарғажатады.

Туризмніңәрбіртүрініңресурстарыөзінетәнерекшересурстарболыптабылады. Санаторлық-курорттықемдеуүшінминералдысу-ларменбалшықтар, ауарайыменклимат, үңгірлерментүзқазбалары (спелеотерапия) қолданылады. Сауықтырудемалысыүшінжайлы, қолайлыклимат, жүмсақмаусым, су, өсімдік, жербедеріжәнеландшафтыңбасқакомпоненттеріқажет. Спорттықтуризмүшінжорықжасаумүмкіндігі, белгіліқиындықдәрежедегікедергілер, арақашықтық,   жұрттыңтығызорналаспауыжәнет.б.   қажет.

Экскурсиялықтуризмніңнысандарынакелеек, олармынадай: мәдени-тарихижәнетабиғинысандары, қайталанбайтыншаруашылықнысандары, фольклорлықмерекелерменхалықмәдениетініңәлементтері (ұлттықойындар, қолөнер, қолданбалыкәсіптер).

Туристік-рекреациялықресурстардыңмаңыздысипаттамаларымынадай:

1)   ТРЖ-ніңәлеуметтіксыйымдылығынанықтайтынқордыңмөлшері (минералдысулардебиты; қолайлырекреациялықаумақ-тардыңкөлемі, туристікорталықтардыңэкскурсиялықәлеуеті); игерілудеңгейі, жүктемелердіреттеу;

2)  потенциалдырекреациялықжерлердіанықтауғажәнесани-тарлыққорғаушеңберлерінорнатуғамүмкіндікберетінресурстардыңтаралуауданы (сулықабаттардыңкөлемі, жаға-жайлардыңаумағы, территорияныңсуғарылуы, орманаумағы, тұрақтықаржамылғысыныңшекаралары);

3) туризммаусымын, туристікағымныңырғақтығынанықтайтынэксплуатациялықкезең(климатықолайлыкезеңніңұзақтыгы, суғатүсумезгілі, тұрақтықардыңжатуы);

4) көптегенресурстүрлерініңтерриториялықтұрғыданқозғалмайжатуы, рекреациялықинфрақұрылымменағымдардыөзінешоғырландырыптартуынасебепші;

5)ақшакапиталыныңазжұмсалуыжәнепайдалануғакететіншығындардыңтымжоғарыболмауыинфрақұрылымдыжылдамқұруғажәнеәлеуметтік-экономикалықнәтижеалуға, сондай-ақресурстардыңкейбіртүрлерінжекеқолдануғамүмкіндікбереді;

6)  табиғаттытиімдіпайдаланунормаларынсақтайотырып, культивацияжәнесапасыжоғарыжабдықтардыпайдалануарқылытуристік-рекреациялықресурстардыкөпретпайдаланумүмкіншілігі.

Демалыспентуризмүшінпайдаланылатынресурстардытікелейжәнежанаматүрлерінебөлугеболады. Біріншісінетуристердіңөздеріқолданатынресурстар, яғниландшафтыңкөзтартарлықерекшесүлулығыжәнеэкзотикалығы, жергіліктіжердіңемдеу-сауықтыруқасиеті, тарихи-мәдениескерткіштеріжәнебасқадатанымдықобъектілеріжатады. Тікелейтуристікресурстардыигеруүшінжанамаресурстарын, яғнишикізат, энергетикалық-жанармай, материалдық, қаражат, еңбекресурстарынтартуқажет.

Туристік-рекреациялықресурстартуризмніңаумақтықұйымдас-тырылуына, туристікаудандарменорталықтардыңқалыптасуынаәсернтигізеді. Бірақолартікелейтүрдеәсеретпейді. Оларкөптегенәлеуметтік-экономикалықфакторлардың, еңалдыментуристікқажеттіліктердіңкөлеміменқұрылымыныңәсерменіскеасырылады. Туристік-рекреациялықіс-әрекеттіңаумақтықұйымдастырылуыныңұзақмерзімдіболжамыбарлықрекреациялықресурстардыанықтауды, есептеудіжәнебонитировкажасаудықажететеді.

Қайталау сұрақтары

1.Географиялық, табиғи, антропогендік (ңоршаган) орта аньщтамаларының айырмашыпыцтарын көрсетіңіз.

2. Туристік-рекреациялықресурстар аныңтамасын беріңіз. Ресурстар мен даму алгышарттары арасындағы айырмашылық неде?

3.  Табиғитуристік-рекреациялықресурстар деген не?

4. Әлеуметтік-экономикалық туристік-рекреациялықресурстар деген не? Олар қалайжіктеледі?

5.  Алгышарттар туристік-рекреациялықресурстар дәрежесіне қалай өтіп кетеді?

6.  Туристік-рекреациялыңресурстардың сипаттамасын беріңіз.

7.  Тікелей окәне жанама туристік-рекреациялықресурстар деген не?

§4 Территорияға рекреациялық баға берудің әдістемесі мен критерийлері

Туризмнің ғылыми зерттеулері жаңа әдістемелік тетіктерді қажет етеді. Туризм географиясының қазіргі кезеңі - бұл жүйелену, жіктеу, теориялық түжырымдамалар, қолдағы білімдер синтезінің кезеңі. Туризм жөніндегі әртүрлі көзқарастарды жалпы түжырымдамаға біріктіретін жалпы әдістемелік негізі - жүйелік тәсіл. Оның мақсаты -объектілердің (мұнда қарастырып отырған объект - туризм) жүйелер ретіндегі мәнін ашу, олардың ішкі және сыртқы байланыстарын зерттеу, жүйелердің тұрақты құрылымын қалыптастыру, тетіктерін анықтау болады.

Туризм географиясының әдістемелігі қазір даму жолында. Оған кіретін әдістер саны өте көп. Жалпы айтқанда әдіс дегеніміз - бұлтәсіл, мақсатқа жету жолы, әрекеттер қалпы. Туризм географиясы әртүрлі жаратылыстану және қоғамдық ғылымдардың әдістерінпайдаланады. Дәстүрлі географиялық әдістердің ішіндегі туризм географиясы үшін ең бастылары - типологиялық, салыстырмалы-географиялық, картографиялық әдістер. Олармен бірге туристер мен туристік индустрия қызметкерлерінің социологиялық зерттеулер әдісі, физиологиялық және ағымдағы дәрігерлік бақылау әдісі (климат факторлары мен микроклиматтық жағдайлардың, жер бедерінің, өсімдіктің және т. б. адам ағзасына жасайтын әсерн талдау), математикалық, математикалық-статистикалық әдістер қолданылады. Өрістегі және камералдық әдістер жақсы нәтижелерді көрсетеді.

Демалыс пен туризм үшін табиғи ортаның ресурстарына баға беріп, жарамдылығын анықтау - туризм географиясының ең ба-сты мақсаты. Мәденижәне тарихи объектілерінің туристік-рекреа-циялық ресурстардағы маңызды, табиғи жағдайлардың алатын орны да ерекше, себебі рекреация мен туризмнің дамуының негізгі алғышарты табиғи орта болып табылады. Сондықтан, КСРО және шетелдік зерттеушілер ертеден-ақ географиялық әдебиетте туристік-рекреациялық ресурстардың табиғи жағына ерекше баға берген.

Рекреациялық табиғи шарты ретінде табиғи-аумақтық және аквалды кешендер және олардың компоненттері мен жеке қасиеттері болып табылады, олардың ішінде аттрактивтілік, контрасттылық кедергілерден өту мүмкіндігі, экзотикалық, қайталанбайтын немесе үлгі болатын сипаты, табиғи нысандарының ауқымы мен формасы және олардың орналасуы.

Алғашқыда табиғи ресурстар мен аумақтар санаторлық-курорт-тық яғни емдік мақсаттарда бағаланған. Кейін табиғи кешендердің рекреациялық бағалану қағидаларына, әдістемесіне және критерийлеріне назар аударыла бастады. Ресурстар мен шарттар демалыс пен туризм ұйымдастырушылар жағынан да, саяхатшылар жағынан да қарастырылғандықтан оларға баға беру өте қиын.

Табиғи әлеуеттің демалыс пен туризм үшін баға беру кри-терийлерін көптеген ғалымдар іздестіруде. Осындай зерттеулердің ішінде Л.И. Мухинаның «Принципы и методы технологической оценки природных комплексов» [35] еңбегін атап айту қажет. Л.И. Мухина рекреациялық баға беру мәселесін әлеуметтік мәселелер қатарына қояды. Бұл жұ_мыста аумақтың рекреациялық әлеуетін демалушылардың    демалыс    шарттарына   деген    көзқарастарынанегізделген баға беру нұсқаулары берілген. Мұнда табиғи ортаның демалысты ұйымдастыру үшін физиологиялық жайлылығы мен ландшафтардың, табиғи және мәдени-тарихи нысандарының әлеу-меттік-психологиялық аттрактивтілігін ескеру ұсынысы берілген.

Қазіргі кезде аумақты бағалаудың бірнеше әдістемесі жасалған. Алайда, ғылымның медициналық-биологиялық, әлеуметтік, психологиялық салаларында демалушылардың табиғи кешендеріне қоятын талаптары әзірше дұрыстап анықталмаған.

Демалыс пен туризм үшін табиғи жағдайына баға беру өте қиын. Емдік ресурстарына баға беруден айырмашылығы, мұнда пейзаждың тартымдылығы, экзотикалыгы, қайталанбайтындылығы бағаланады.

Баға беру субъекті мен объектінің арасындағы катынастарды көрсетеді. Сондықтан баға беру реті төмендегідей міндетті кезеңдерден тұрады:

1) баға берудің объектісін анықтау, яғни табиғи кешендердің компоненттері мен қасиеттерін бағалау;

2)    субъектіні анықтау, оны позициясы бойынша бағалау. Рекреациялық ресурстардың баға беру субъектісі ретінде туризм жиі қолданылады;

3)  зерттеудің мақсатымен және субъектінің қасиеттерімен анықталатын баға берудің критерийлерін бөлу;

4)   баға беру шкалаларының көрсеткіштерін құрастыру. Шка-лалар субъекті мен объектінің арасындағы бағалық қатынастарды көрсетеді. Бұл жағдайда шкала сатылардың саны жөнінде сұрақтар туады. Көбінесе 3-4 немесе 5-6 сатылар қолданылады. Әрбір саты объекті мен субъектінің арасындағы байланыстың интенсивтілігінің көрсеткіші болып табылады. Рекреация үшін бағалаудың 5-сатылы шкаласы келесі градациядан тұрады: 1 - ең қолайлы; 2 - қолайлы; 3 -біршама қолайлы; 4 - аз қолайлы; 5 - қолайсыз.

Мысал ретінде КСРО FA география институтының КСРО орталық аумақтары үшін жасалған суаттарды шомылу мақсатында (5-кесте) бағалау шкаласын (ең қолайлы жағдайға 4 балл беріледі) қарастырайық.

5-кесте

Жер аландарына шомылу үшін қолайлылығына баға беру [2]

Көрсеткіш

Сипагтама

Баға (балл)

1

Таяз су зонасының ені, м

5-10 10-20 20-40 40-100 > 100

4 3 2 1 0

2

Таяз су зонасының түбіндегі топырак литологиясы

ұсақ қиыршык тас

дөңбек тас

саз тұнба

4 3 2 1 0

3

Судың орташа тәулік темпера-турасы 18-22 с С болатын жазгы күндерінің саны

80 60-80 50-60 30-50 <30

4 3 2 1 0

4

Ағыс жылдамдығы, м/с

00-1 1-22-3 3

4 3 2 1 0

5

Жағалау маңындағы су өсімдігінің аумағы, су периметрінін 100 метріне келетін %

0

0-10 10-50 50-80

>80

4 3 2 1 0

Сатылар арасындағы интервал сүрагы да әзірше шешілмеген. Оған жауап беру үшін объекті мен субъекті арасындағы байланыстар тікелей немесе тікелей емес екендігін анықтау қажет.

Туристік-рекреациялық ресурстарға баға бергенде бағаланатын объектінің (ресурстың түрі, объект немесе аумақ) және субъектінің (туризмнің түрі, рекреациялық шаралардың циклі, демалушылардың категориясы) ерекшеліктерін ескеру қажет.

Туристік ресурстарға баға берудің негізгі үш түрі бар:

1. Медициналық-биологиялық (физиологиялық) баға беру - дема-лысты ұйымдастыру үшін табиғаттың комфорттық дәрежесін табу;

2. Психологиялық-эстетикалық баға беру - демалушыларға тиетін табиғат ерекшелігінің эмоциялық әсерлеріне талдау жасау;

3.  Технологиялық баға беру - мамандандырылған және кешенді ТРЖ калыптасуының мүмкіндіктерін және туризмнің әралуан түр-лерін ұйымдастыру үшін ресурстардың жарамдылығын анықтау.

Ресурстардың құндылығын анықтау және олардың түрлерін тишді пайдалану үшін, рекреациялық ресурстардың кешенді сипаты баға берудің үш түрін үйлесімді болуын қажет етеді.

Баға берудіқ медициналық-биологиялық түрі табиғи факторлардың адам ағзасына тигізетін әсерн көрсетеді. Бұл жағдайда рекреанттың организм үшін комфорттылығы да бағаланады. Медициналық-биологиялық баға бергенде климат басты рол атқарады. Климатологтар мен курортологтар демалыс пен туризм үшін климаттық ресурстарга баға беру әдістері жүйесін ұсынған. Климат дегеніміз белгілі бір аудандарға лайықты ауа райының көп жылдық режимі. Оның адамға әсері нақтылы ауа райы арқылы беріледі.

Климатқа рекреациялық баға бергенде адам организмінің метеорологиялық факторларга байланысын тексеру қажет. Курортологтар ауа райының адамға жасайтын физикалық әсерімен бірге оның эмоциялық әсерн де ескереді.

Ұзақ уақыт бойы ауа райының адам ағзасына әсерететін әлементтері мен құбылыстарын елшеу әдістері іздестірілген. Бірақ адам ағзасына бір мезгілде коптеген метеорологиялық әлементтер әсеретеді, сондықтан мұндай іздестірулер нәтижесіз болды. Әдістерді таңдау барысында шартты (эффективті) температураның жүйесі құрастырылған. Осындай шартты температуралар метеорологиялық көрсеткіштердің (ауаның температурасы, оның ылғалдылығы, жел күші мен күн радиациясы мен үзын толқынды сэулелену интенсивтілігі) кешенді әсерн сипаттайды.

Температура мен ылғалдылықтың әсерн сипаттайтын кешенді көрсеткіш эффективті температура (ЭТ) деп аталады. Температура, ылғалдылық және жел жылдамдығын сипаттайтын кешенді көрсеткіш - эффективті-эквивалентті температура (ЭЭТ). Температура, ылғалдылық, жел күші және күн радиациясын сипаттайтын   кешенді   корсеткіш  радиацитың-эквивалентті   температуpa(РЭТ) деп аталады. РЭТ есептері күн сэулесінің адам денесін қыздыратынын көрсетеді. 1 минутта адам денесінің 1 шаршы сантиметріне күн энергиясының 0,7 кіші калориясы келіп түрса, адам оны температураның көтерілгеніндей болып сезінеді. Кесте мәліметтеріне сүйенсек, жоғары температураны ауа құрғақ болған кезде оңай шыдауға болатыны анық.

Адам организмі үшін қолайлы температура мен ылғалдылықтың үйлесімді көрсеткіштері 6-кестеде көрсетілген (6-кесте).

6-кесте Адам ағзасына қолайлы температура мен салыстырмалы ылғалдылық үйлесімі [1]

Температура, °С

Салыстырмалы ылғалдылық, %

20

85

25

60

30

44

35

33

Шартты температура жүйесімен «комфорт зонасы» байланысады, көптеген адамдар үшін оның температурасы 17° пен 23°С арасында болады. Белсенді рекреанттар үшін «комфорт зонасы» 12° пен 16° арасындағы эффективті-эквивалентті температурада бола алады. «Комфорт зонасынан» тыс эффективті-эквивалентті температура адам ағзасына қолайсыз. «Комфорт зонасы» адамның денсаулығына және жыл мезгіліне қарай өзгеріп тұрады.

Медициналық-биологиялық баға берудің келесі әдісі - кешенді климатологиялық әдісі. Бұләдіс адам организміне тигізетін метео-рологиялық әлементтер кешенінің әсерн ескереді. Бұләдіс арқылы «тәулікауа райы» мен «бір мезет ауа райын» және ауа райы өзгеруінің жылдамдығын сипаттауға болады. «Тәулікауа райы» түсінігін қолдану себебі адам ағзасының кептеген функцияларының ауа райының тәуліктегі өзгерістеріне байланысты болуы. Алдыңда өткен түн мен келесі күннің метеорологиялық жағдайлары бір-бірімен байланысты, бұл жағдай адамның тәуліктік ритмикасын анықтау үшін «Тәулік ауа райы» ұғымы курорттық аудандар климаттарын зерттеп салыстырған кезде өте пайдалы болды. Ауа райы оның морфологиялық негізінде құрастырылған классификациясы арқылы сипатталады. Бұл жіктелуге ауа райының 16 класы кіреді, оның ішінде аязсыз ауа райы тобы (8 класс), ауа температурасы 0°-тан өтетін ауа райы (2 класс) және аязды ауа райы (6 класс).

Соңғы жылдары ауа райының күрт өзгерісі көрсеткішін бағалау қолдануда. Ауа райының күрт өзгерістерге үшырауы ағзаның физиологиялық функцияларының ойдағыдай өзгерістеріне әкеліп соғады. Мұндай өзгерістер атмосфералық фронттар өткен кезде және жергілікті циркуляция жағдайында да байқалады. Өзгеріс көрсеткішінің мөлшеріне қарай (пайыз) ауа райының мынадай режимдері: өте тұрақты (25%), тұрақты (25-34%), құбылмалы (35-50%) және өте құблмалы (50%) режим болады. Ауа райының өзгеріс көрсеткіші жоғары болса, ауа райын болжау қиынға түседі.

Климаттық зерттеулермен бірге климаттық факторлар әсерне ұшыраған ағзаның күйін суреттейтін көрсеткіштер іздестірілуде. Климат ерекшеліктері мен ағза күйі арасындағы байланыстарды табудың жиі қолданылатын әдістерінің бірі - сүрапталған топ ішінде олардың субъективті пікірлері жөніндегі сауалнама жасау. Объективті бағалау критерийі ағзаның терморегуляторлық тетіктерінің кернеуі болып табылады. Ол адам денесінің орташа температурасының немесе терлеу көлемінің өзгеруі бойынша анықталады.

Адам терісінің орташа температурасына байланысты жылу сезімін ескеруімен ауа райы түрлері тоғыз категорияларға - өте суықтан өте ыстыққа дейін бөлінеді. Ыстық болған кезде адам терісінің температурасы көп өзгермейтіндігінен ыстық ауа райының әсерін бағалау үшін терлеу көрсеткішін қолданған жөн.

Комфорттық жағдай - дене терісінің орташа температурасы 31-33° болған кезде байкалады, бұл жағдайда адам ыстықтамайды да, тоңбайды да. Температураның белгілі бір мөлшерге төмендеуі адам денесінің белгілі бір мөлшерде салқындауына әсеретеді. Көрсетілген әдістерді қолданып, бірқатар қолданбалы мақсаттарды шешуге болады: демалыс, туризм, емдеу үшін климаттың қолайлылығы бойынша географиялық аудандастыруды жүргізуге болады. Адам организмі үшін қолайлы ортаның ұзақтығы - климатқа медициналық-биологиялық баға беру жұмысының негізгі көрсеткіші болып табылады.

Тау аймақтарының климатын бағалау әдістемесі жөнінде атап айту керек. Біріншіден, тау климаты теңіз деңгейінен жергілікті жердің биіктігіне, беткей көлбеуі мен бағытына, жер бедеріне қарай жылдам өзгерістерге ұшырайды. Екіншіден, өзіне тән ерекшеліктерімен бірге, айналасындағы ландшафт сипаттарына да ие болады. Таулы аудандарының климаттық жіктелуі тау курорттарының классификациясында көрініс табады. Бұл классификацияда курорт мамандандырылуы; тау аймағы орналасқан табиғи зонасы; биіктік белдеуі (аласа таулы - 1000 м-ге дейін, орта таулы - 1000-2000 м, биік таулы - 2000 м-ден жоғары); курорт ауданындағы өсімдік көрсетілген.

Негізгі көрсеткіші адам ағзасы үшін қолайлы мезгіл ұзақтығы болып табылатын климаттың медициналық-биологиялық бағалануы әсіресе территориясы үлкен елдер үшін қажет. Осындай жұмыстар шетелдік туризм дамуы үшін де маңызды. Олардың қорытындылары жолнамалар мен жарнамалық буклеттерге енгізіледі.

Психологиялық-эстетикалық баға бергенде адамға тиетін табиғи ландшафттың ерекшеліктерінің эмоционалды әсер бағаланады. Баға берудің әдістемесі өте күрделі. Сондықтан ол кез келген табиғи кешенге адамның эмоциялық реакциясымен анықталып қана қояды.

Сұлулықты аңсау адамның рухани дүниесінің ең маңызды қырының бірі болып табылады. Осыған орай табиғи туристік-рекреациялық ресурстарды бағалаған кезде оларды психологиялық-эстетикалық жағынан қарастырған жөн болады. Басқа қасиеттері теңдес болған жағдайда эстетикалық қасиеттері жоғары аумақтар ре-креанттарды өзіне көбірек тартатыны белгілі.

Ең соңғы уақытқа шейін ландшафтың эстетикалық құлдылығы жөніндегі көзқарастар ландшафтық сәулетшілер талғамдары мен пікірлеріне ғана негізделген. Соңғы жылдары психологтар, социологтар және географтар ландшафтың эстетикалық қасиеттерін өлшеу үшін бірқатар көрсеткіштер ұсынған. АҚШ-тың ұлттық паркінде туристердің орналасуы туралы зерттеудің нәтижесі көрсеткендей, ең жоғары тартымды әсерді шеткі зоналар мен фокустік пункттер алып түратыны анықталды. Шекаралық зоналар деп әртүрлі екі ортаның арасындағы шекаралық сызықты айтады: су - құрлық (күшті әсер), орман - алаңқай (орташа әсер), төбешіктер - жазық (шамалы әсер) (7-кесте).

7-кесте Табиғи кешендер жүптарының контраст деңгейіне салыстырмалы баға беру ( Ю.А. Веденин, Л.С. Филиппович, 1975)

Табиғи кешендерінің жұбы

Баға (балл)

1

Орман-суат

4

2

Орман (өріс)-суат

3

3

Орман-жайылым (өріс)

3

4

Қалық бұталар-жайылым (өріс)

2

5

Орман-калың бұталар

2

6

Өріс-жайылым

1

Бірқалыпты орманды алаптар, батпактар немесе аса ылғалды жерлер, ландшафты қатты ыдырапкеткенжерлер ешкімді қызықтырмайды. Осындай бақылаудың арқасында сандық көрсеткіштерді шығаруға мүмкіндік туды, жеке алғанда аумақтың «шектік» әсерлерімен қанықтық көрсеткіші:

Қ     =L  /S,

ш.э.ш7

мұндаL  - шеттік сызықтың үзындығы, S - аумақтың көлемі.

Аумақтың фокустік пункттермен қанықтығы көбінесе жер беде-ріне байланысты. Ландшафттың осы қасиетін бағалау үшін, мысалы, орташа максималды салыстырмалы биіктіктердің аумақ бірлігіне де-ген қатынасын қолданады.

Көптеген зерттеушілердің айтуынша, эстетикалық құлдылық ландшафтың морфологиялық құрылымына, табиғи пейзаждың әр-түрлілігіне тәуелді. Осыдан «табиғи пейзаждың әртүрлілігі» деген түсінік енгізілді. Бұл түсінік 1) табиғи кешеннің ішкі құрылымынан; 2) басқа табиғи кешендермен сыртқы байланыстан тұрады.

Табиғи пейзаждың ішкі әртүрлілігі ландшафтың ішкі морфологиялық құрылымы арқылы анықталады (жер бедері, өсімдік түрлері, гидрологиялық ерекшеліктері, әртүрлі компоненттердің өзара бай-ланысы және т. б.). Табиғи пейзаждың ішкі әртүрлілігінің мынадай көрсеткіштері болады: ландшафттың морфологиялық бөліктерінің контурларының   ландшафтық   аудан   көлеміне   деген   қатынасы;морфологиялық бөліктері түрлерінің ландшафт ауданына қатынасы; фондық доминанталар мен құрылымдық детерминанттардың маршруттағы жиілігі.

Табиғи кешендердің эстетикалық ішкі қасиеттері мынадай көрсеткіштермен де сипатталады: орманның тығыздық дәрежесі, ағаштардың толықтығы, орманның жік қабаты, балауса орман ағаштарының молдығы және т.б. Тегістіктегі орманды аудандар үшін басым белгі - кеңістіктің орман тығыздығының дәрежесі. Орман тығыздығының пайызына байланысты кеңістік ашық, жартылай ашық және жабықболып бөлінеді.

Мысалы, орманның тығыздығы 50% асқанда ландшафтың эстетикалық қасиеті төмендейді. Қалың орман ішінде рекреант жаяу жүргенде жылдам шаршайды және табиғат пейзаждарының өзгерістерін дұрыс қабылдай алмайды. Ең жоғары баллды жартылай ашық кеңістік алып тұрады. Ашық кеңістіктер де жалықтыруы мүмкін.

Жер бедері мен өсімдіктің үйлесуі де маңызды болады. Төбелі жер бедерінің биік жерлерінде орналасқан орташа биік орманымен үйлесуі ландшафттың тілімделуін күшейтіп көрсетеді, ал ойпаттарда орман орналасса ландшафт жазық болып көрінеді. Бірінші мысалда эстетикалық бағасы жоғары, екіншісінде бағасы төмендейді.

Сыртқы пейзаж әртүрлілігі көршілес табиғи кешендерінде көрініп тұратын пейзаждық әралуандығымен сипатталады. Жазық жерлерде таулы аудандарға қарағанда табиғи кешеннің сыртқы айналасының эстетикалық қасиеттері шамалы рөл ойнайды. Жазықта эстетикалық жағынан орман аумақтары маңызды орын алады.

Сыртқы пейзаж әртүрлілігінің көрсеткіштері мынадай: бірден көрінетін көрші табиғи кешендердің саны, сыртқы табиғи пейзаждар-ды қабылдау бүрышының тікелей және көлденең мөлшері, көкжиек сызықтарын кесілуі, сонымен қатар сыртқы пейзаждарды жақсы көру үшін көп орындардың пайда болуы. Мысалы, таулы аудандар-да ең жоғарғы бағаны тау шыңдары алуы керек, себебі солар арқылы барлық табиғи кешендер жақсы қабылданады, ең төменгі бағаны-тау шатқалы алып тұрады. Сыртқы пейзаждарды көру бұрышы үлкен болса, көршілес кешендердің көрінісі кең болады, пейзаждардың әртүрлілігі жоғары.

Психологиялық-эстетикалық бағалаудың жаңа түрлері - табиғи кешеннің экзотикалық және қайталанбау сипаттары. Экзотикалық сипаты дегеніміз демалыс орнының турист түратын жеріне ұқсамау мөлшері. Қайталанбау сипаты - нысандар мен құбылыстардың кездесу (қайталану) немесе кездеспеу (қайталанбау) жиілігі.

Технологиялық баға беру: адам мен табиғи ортаның өзара байланысы рекреациялық іс-әрекеттің «технологиясы» мен техникасы арқылы ерекшеленеді. Бағаның бұл түрі екі аспектіні қамтиды. Бір жағынан, технологиялық баға беру бүкіл рекреациялық жүйедегі жұмыстарының мүмкіндіктерін бағаласа, екінші жағынан аумақты игеру үшін инженерлік-құрылыс мүмкіндіктерін бағалайды. Мұндарекреант көзқарасынан бағалау субъекті рекреациялық сала болады. Рекреациялық салада пайдалануы үшін табиғи кешен біршама халықтың демалысы мен санаторлық емдеуін ұйымдастыруға жарай-тын қасиеттеріне (жайлылық, шипалық қасиеттері және т. б.), коры мен көлеміне жәнеұзақ уақыт пайдалану мүмкіншілігіне ие болуы қажет.

Туристік-рекреациялық ресурстарды бағалау үшін ең қолайлы тәсіл- ландшафтық картаны пайдалану, себебі мұндай жағдайда бағалау объекті ретінде синтетикалық бірліктер - табиғи аумақтық кешендер болады. Бірлік дәрежесі зерттеу және оған сәйкес карталардың масштабымен анықталады: орта масштабта - аудандар, ландшафтар немесе олардың ірі бөліктері (жергілікті жерлер), ірі масштабта - урочище (мекендер) мен фациялар.

Ең алдымен рекреацияның шектеулер сулбасы құрастырылады, ол үшін табиғи және шаруашылық шектеуші факторлар ескеріледі. Тек осыдан кейін баға беру жұмысына кірісуге болады. Шектеуші факторлар мынадай болуы мүмкін: климаттың қолайсыздығы, жыртқыш жануарлардың кездесіп қалу мүмкіндігі, санаторлық-курорттық емдеу үшін қолайсыз микроклиматтық жағдай; жағажай, су, құрылыс жерінің жетіспеуі және т. б. Алдың ала табиғи аумақтық кешендердің қазіргі пайдалану сүлбасы құрастырылады және халық шаруашылық жоспарлары ескеріледі. Қалалар мен өнеркәсіп нысандарының әсерету зоналары, пайдалы қазбаларды өндіру орындары, ауыл шаруашылық жерлері және т.с.с. бағаланатын аумақтарға кірмейді.

Технологиялық баға беру критерийлерін таңдау - кәдімгі үлкен зерттеу жұмысы, ол әлі де толығымен аяқталған жоқ. Критерийлер біздің субъект-объект қатынастары жөніндегі білімімізді көрсетеді. Ал біздің қарастырып отырғанымыз жеке тұлғалар мен әлеуметтік  топтардың талаптары емес, бүкіл сала болғандықтан, баға беру субъектісі жалпылану керек, тіпті кейбір субъективтік талаптар қарастырылмау керек. Сонда баға беру субъекті ретінде рекреациялық шаралар түрі, олардың кешені, демалыс пен туризм формалары мен түрлері және т.б. қарастырылуы мүмкін.Ал енді шаруашылық іс-әрекетінің ірі аялары үшін жер бөліну бойынша екіталай жағдай туындаған кезде аумақты бүкіл рекреациялық сала үшін бағалау қажеттілігі пайда болуы мүмкін.

Баға беру жұмысының соңғы кезеңі - бағаның түрін анықтау. Қазіргі шақта бағаның екі түрі бар: сапалық және баллдық. Сапалық баға аумақтардың морфологиялық құрылымның анализі бойынша бағалық белгілерді логикалық түрде дәлелдеуге мүмкіндік береді. Соның негізінде кысқаша сипаты бар баллдық баға дұрыс қойылады. Сонымен қатар, математикалық әдістерді қолданған кезде сапалық тетік факторлардың салмақтарын дәлелдеуге мүмкіндік береді.

Рекреация үшін табиғи жағдайларға баға берудің критерийлерін анықтау жұмыстарымен көптеген елдердің ғалымдары айналысады. Осындай зерттеулердің арасында 1973 жылы шыққан Д .И. Мухинаның «Методы и принципы технологической оценки природных комплексов» (Табиғи кешендерге технологиялық бағаберудің әдістері мен принциптері) атты жұмысы маңызды болып табылады. Бұл еңбекте рекреациялықбағалау үшін әдістемелікұсыныстар келтірілген. КСРО-ның табиғи аймақтарына рекреациялық баға беру әдістемелері туралы 1969 жылы шыққан Ю.А. Веденин мен Н.Н. Мирошниченконың жұмысы бар.

Я. Варшиньска (Польша, 1974) табиғи ресурстарының туризм мен демалыс мақсаттарында бағалауды сандық көрсеткіштерін таңдап алынған математикалық функция арқылы өтетін трансформациясына негізделген бағаберу әдісін ұсынған. Бұлұсыныс Краков аймағын тау туризмі мақсатында бағалау үшін қолданылған. Ол үшін негізгі ландшафттық сипаттамалар: жер бедері, гидрографиялықторы, өсімдік ескерілген.

Бұл тақырыптағы жұмыстар әсіресе 60-шы жылдардың соңынан бастап белсене жүргізілуде. Жалпы туристік қасиеттер жүйеленетін, терминология анықталатын теориялық жұмыстармен бірге туристік қасиеттердің аттрактивтілігін (тартымдылығын) анықтауға арналған жұмыстар жүргізіліп жатыр. Мұнда қолданатын ең сүйікті әдіс - бонитировка әдісі. Бұләдіс кең қолданылады және мұнда субъективтік элементтерден құтылу әрекеттері жүргізіледі, себебі субъективтік фактор баға бергенде дұрыс қорытынды жасауға кедергі болады. Кейінгі кезде «тартымдылық (жарамдылық) коэффициенті» деген синтетикалық көрсеткіш қолданылады. Ол 0-ден 1-ге шейін өзгереді және1 дегеніміз тартымдылықгың максималды деңгейі болып табылады.

Демалушылар мен туристердің табиғи-рекреациялық айналасына деген таңдау сипаты бәріне мэлім. Рекреациялық зонасының табиғаты әртүрлі болған сайын, оның табиғи әлементтерінің саны да көп болады, жәнерекреациялық іс-әрекеттің көптеген түрлеріне қолайлы болады. Рекреациялық жергілікті жерді функциялары бойынша бағалау көптеген әлементтерге тәуелді. Мұнда рекреациялық жергілікті жер деп рекреациялық мақсатта қолдану алгышарттарына ие болатын табиғи кешенді айтамыз. Жергілікті жер функциялары дегеніміз табиғи кешеннің рекреациялық іс-әрекет түрлері үшін пайдалану мүмкіншілігі. Рекреациялық іс-әрекет түрлері, яғни функциялар саны сандық көрсеткіш арқылы сипатталады, әрбір функция бір түріне теңдес.

Рекреациялық жергілікті жердің қабілеті жететін функциялар сум-масын білсек, оның тартымдылық (жарамдық) коэффициентін табуға болады. Ал осы коэффициент арқылы қандай да болсын аймақтың рекреациялық жергілікті жерлердің бағалануы өткізіледі.

Тартымдылық (жарамдылық) коэффициент! бойынша рекреа-циялық жергілікті жерді бағалау үшін ландшфтық карта, ландшафтық сипаттама және зерттелу аймағының рекреациялық функцияларының суммасы қажет.

Тартымдылық (жарамдылық) коэффициенті бойынша рекреа-циялық жергілікті жерлердің бағалану бағдарламасы мынадай кезең-дерден тұрады:

а)   аталған аймақта мүмкін болатын рекреациялық іс-әрекет түрлерін болжап, зерттеу және олардың санын анықтау;

ә) рекреациялық жергілікті жер мен айналасын сипаттайтын материалдарды талдау, мұнда табиғи компоненттер бөлек түрде және біріктіріліп зерттеледі;

б)   әртүрлі рекреациялық іс-әрекет жүргізу мүмкіншіліктерін анықтау;

в) рекреациялық жергілікті жер функцияларының суммасын есептеу;

г) аталған жердің жарамдылық коэффициенты (Кж) мынадай формула бойынша есептеу:

К = С./С. ,

жфа      фж'

мұндаС   - аймақ функцияларының суммасы;

С    - жергілікті жер функцияларының суммасы.

Сонымен бірге туристік-рекреациялық ресурстарды дифференциалдық рентаның қалыптасуын ескеруімен, бір тектес ресурстарды игеру күндарын салыстыру арқылы, рекреациялық қызметтің экономикалық эффектін анықтау арқылы, рекреациялық ресурстарды пайдаланудан түсетін табысты анықтау арқылы бағалау әдістеріжасақталуда.

Табиғи ресурстарды демалыс пен туризм мақсатында антропогендік жүктеме нормаларына сәйкес пайдалану кджет. Осындай нормаларды анықтау үшін биологиялық және психологиялық әдістер қолданылады. Биологиялық әдіс бойынша туристік ауыртпалық табиғи кешен өз биологиялық қасиеттерінен айырылмай шыдай алатындай 1 гектарға келетін адамдар санымен анықталады. Бұл көрсеткіштер әртүрлі табиғи кешендер үшін бірдей емес және олардың антропогендік әсерне деген шыдамдылығына, мысалы, тапталуға, топырақтың нығыздалуына, тамырлардың бұзылуына тәуелді. Орман мен жайылым биоценоздарына түсетін рекреациялық ауыртпалықтың рұқсатты нормалары 8-ші кестеде көрсетілген.

8-кесте

Рұксат берілген рекреациялық жұктеме нормалары [36]

Табиғи кешен

Норма, адам/га

1

Өте құрғақ топырактағы қарағай орманы

0,5-1

2

Құрғақ топырактағы қылканды орман

1-2

з

Аралас және жапыракты К¥Рғақ орман

2-3

4

Құнарлы топырақтағы жалпақ жапыракты орман

3-5

5

Құрғак анғардағы, жайылмадағы, ойпаттағы және баска да орташа ылғалды жерлердегі жайылымдар.

5-10 10-20

Туризм мен демалыс ресурстарына табиғи ресурстарымен бірге антропогендік (мәдени) ландшафтар ресурстары да жатады. Мәдени-тарихи әлеует дегеніміз бұл тарихи ескерткіштер, естелік орында-ры, қолөнер, мұражайлар және материалдық және рухани мәдениеттің басқа да нысандары. Мәдени-тарихи ресурстар туристік қызметте қолданылады. Олардың ішінде ең көп тараған түрлері - мұражайлар мен экскурсиялық-туристік қызмет көрсету.

Мәдени-тарихи ресурстарға баға беру әдістері мынадай [13]:

1. Экскурсиялық нысандардың аудан бірлігіне келетін тығыздығын, олардың санын және аумақ бірліктері (әкімшілік, экономикалық) мен туристік орталықтары бойынша қүрьілымын анықтау.

2. Экскурсиялық нысандардың демалыс пен туризм ұйымдастырушылар көзқарасы жағынан негізгі көрсеткіштер бойынша (танымдық құлдылығы, әйгілі болуы, аттрактивтілігі, келбеті, қоршаған ортаның медициналық-географиялық қасиеттері) баллдық баға беру.

3. Нысанның экскурсиялық әлеуетін оны қарап шығу үшін қажетті және жеткілікті уақытын анықтау арқылы есептеу. Нысандардың белгілі түрлерін қарап шығу үшін орташа уақыты көрсетілген типологиялық кестені құрастыру.

4. Экскурсиялық трассалар мен маршруттардың аттрактив-тілігін трассада да, маңындағы зоналарда да орналасқан мәдени-тарихи ны-сандарды ескеріп бағалау.

Әлеуметтік-экономикалық рекреациялық ресурстарды құрасты-ратын неше түрлі объектілерді талдауға оларды санақтау, сипаттау және топтастыру кіреді. Мәдени-тарихи нысандарын тіркегенде және оларға сипаттама бергенде оның атауын, орналасуын, маркировкасын (белгіленуін), иесін, нысан бойынша эдеби жәнебасқа көзнамаларды, орналасу сүлбасын атап көрсетіп, оның қысқаша суреттемесін жасау керек.

Мәдени-тарихи нысандарға баға берудің келесі, бұдан маңызды кезеңі - олардың рекреациялық, маңызы бойынша типологиясы. Типологияның негізінде мәдени-тарихи нысандардың ақпараттық мәні жатыр: қайталанбауы, аталған түрге жататын нысандар арасында үлгілі болуы, танымдық және тәрбиелік маңызы, көркемділігі (аттрактивтілігі).

Әлеуметтік-экономикалық нысандардың рекреациялықмақсаттағы акпараттьшығын оларды тамашалау үшін қажетті және жеткіліктіуақыт мөлшерімен өлшеуге болады. Осындай уақытмөлшерін анықтау үшін нысандардың мынадай көрсеткіштер бойынша жіктелуін жасау керек:

1) нысанның көрсетуге арналған ұйымдастырылу деңгейі;

2) экскурсантгардың нысанды қарап тұратын кездегі орналасуы. ¥йымдастырылу деңгейі бойьшша нысандар арнайы ұйымдас-тырылған, мысалы, мұражайлар, монументтер т. б., және көрсетуге ұйымдастырылмаған нысандар, мысалы, қаланьщ көріністері, көшенің перспективасы және т.с.с. болады. Қарап көру мақсаты мен экскурсияның негізі болғандықтан, ұйымдастырылған нысандарды көру үшін ұйымдастырылмаған нысандарға қарағанда ұзақ уақыт керек. Ұйымдастырылмаған нысандар экскурсия бағдарламасындағы ұсақ-түйектерге үңіліп қарайтындай емес жалпы көрініс болып табылады.

Экскурсанттардың нысанды қарап тұратын кездегі орналасуы бойынша нысандар интерьерлік (экскурсант нысанның ішінде орналасады, ішкі жағынан қарап кору) жәнеэкстерьерлік (экскурсанттар нысан сыртында, сырттан қарап шығу) нысандарға бөлінеді. Экстерьерлік нысандарды көріп шығудың жалпы уақыты интерьерлік объектілеріне қарағанда ұзақ болады.

Экскурсия тақырыбына орай (бұрынғы КСРО-да кәсіподақтық туризмде экскурсиялар 9 тақырыптық топқа жіктелген) онда мақсаттық, қосымша және қосалқы нысандар болады. Мақсаттық нысандарды көріп шығу үшін экскурсия уақытының 50%, қосымшаларына 30% шамалы, қосалқы нысандарға 20% шамасында жүмсауға келісіп алуғаболады.

Мәдени-тарихи нысандарына (тарих пен мәдениет ескерткіштері) экономикалық баға берген кезде осы ескерткіштер орналасқан аумақтарға дифференциалдық рента қолданылмайды, есептерге кіргізілмейді. Экономикалық баға көрсеткіші ретінде ескерткіштерді пайдаланудың тікелей эффекті (кіру бағасы, экскурсиялық қызмет көрсету бағасы) және танымдық, тәрбиелік ақпаратынан болатын жасырын экономикалық эффекті қабылданады.

Қазіргі ғылыми әдебиетте туризм мәселелерін кешенді түрде зерттеу қажеттілігі талқылануда. Сондықтан туристік ресурстар (мүмкіншіліктер) ұғымына тұрмыс жағдайы мен қызмет көрсету жүйесін (қонақ үйлер, туристік базалар, қызмет көрсету мәдениеті, көлік жағдайы мен құралдары және т. б.), яғни инфрақұрылымды кіргізу керек. Кейбір авторлар мұнда сонымен қатар нақты туристікаудандардың салт-дәстүрлері мен көпшілік үшін сүйікті болуын қосады.

Географиялық жағынан туризмнің даму жолдарын анықтаған кезде табиғи, мәдени-тарихи жәнеәлеуметтік-экономикалық жағдайьша баға беру; туристік мекемелер мен маршруттардың қалыптасқан торын тал-дау; рекреациялық аумақтардың сыйьімдьілығьін анықтау қажет. Осьшың нәтижесінде рекреациялық аудандастыруды откізуге болады.

Е.В. Ефременконың (1980) айтуынша, кешенді бағаның құрамына 1) табиғаттың мүмкіншіліктері; 2) аумақты мәдени жағынан игеру дәрежесі; 3) экзотикалығы; 4) бос уақытта өткізілетін шаралардың әртүрлілік дәрежесі бойынша туристік мүмкіншіліктер; 5) тарихи-мәдени объектілер; 6) тұрмыстық қызметтер; 7) әйгілілік дәрежесі мен салт-дәстүрлер бағалары кіреді. Сойтіп, туристік мүмкіншіліктерді кешенді түрде анықтау үшін әрбіреуі бірнеше басқа көрсеткіштерден тұратын 6-7 көрсеткішті қосып есептеу керек. Факторлардың біреуінің басым болуына негізделіп, рекреациялық іс-әрекеттің функционалды типтерін анықтауға болады. Сауықтыру туризмі үшін 1+2+3+4+6, спорттық сауықтыру туризмі үшін - 2+3+4, танымдық туризмі үшін 2+3+5 факторларының интеграциясы маңызды. Басқаша айтқанда, «біріктірілген туристік әулет» ұғымын енгізу және оның анықтау критерийлерін табу уақыты келді.

Бонитировка арқылы ең үлкен туристік ағымдарды анықтауға, туристер құрамы жонінде жанама мәліметтерді табуға болады. Әдетте табиғи әулеті жоғары маршруттарға жастар аттанады, ал белгілі мәдени-тарихи ескерткіштері орналасқан жерлерге жасы келіп қалған адамдар барады. Бірақ қалай да болса, туристер бонитеті жоғары жер-лерде шоғырланады.

Бонитировка жүйесі туристік аудандарды топтастырудың объек-тивті, шынайы критерийлерін береді.

Қайталау сұрақтары

1.  Туризм географиясының әдістемелігі жөнінде әцгімелеп берініз.

2.  Қандай себептен аумаща рекреациялықбаға беру туризм географиясының басты міндеттерінің бірі болып табылады?

3. Табиғи туриспгік-рекреациялықресурстарга баға беру жөнінде айтып беріңізҚандай себептен оларга әлеуметтік-экономикалықресурстардан бұрын баға беріле бастаган?

4. Табиғи туристік-рекреациялық ресурстарга баға берудің медщиналық-биологиялық туріне сипаттама беріңіз.

5. Туристік-рекреациялықресурстарга бағаберудің психологиялық-эстетикалықтүріне сипаттама беріңіз.

6.  Туристік-рекреациялық ресурстарга бағаберудің технологиялық түріне сипаттама беріңіз.

7. Аумацтың туристік бонитировкасы деген не?

8. Жарамдылықкоэффициент! деген не? Оны капай есептейді?

9.   Әлеуметтік-экономикалық туристік-рекреациялықресурстарга баға беру жөнінде айтып беріңіз.

10. Жалпы туристік әпеует деген не?

§ 5 Территорияның туристік-рекреациялық сыйымдылығын зерттеу мәселелері

Соңғы кезде территорияның рекреациялық сыйымдылығы өзекті мәселеге айналып барады. Бұл халық демалысын қамтамасыз етумен және рекреация зоналарында табиғатты қорғаумен байланысты. Территорияның рекреациялық сыйымдылығы дегеніміз - бұлосы территорияда бір уақытта бола алатын, табиғаттың тұрақты бірқалыптылығын  бұзбайтын  және  демалу  жағдайын  нашарлат-пайтын, рекреанттардың максималды саны. Туристік маршруттың рекреациялық сыйымдылығы - оның қауіпсіздік техникасын бұзбаған жағдайдағы өткізу мүмкіндігі. Кейбір зерттеушілердің айтуынша, территорияның рекреациялық сыйымдылығын анықтағанда туристік-рекреациялық іс-әрекеттің объектісінен, яғни рекреациялық потен-циалдан бастау керек. Рекреациялық потенциал дегеніміз - демалыс пен туризмді ұйымдастыру үшін табиғаттың, мәдени-тарихи және әлеуметтік-экономикалық құлдылықтардың жиынтығы.

Бағалау аукымына қарай рекреациялық әлеует пен оның әлемент-тері, аумақтың рекреациялық сыйымдылығы ұғымдарының көлемі өзгереді. Бірінші дәрежедегі экономикалық аудан немесе ел деңгейінде рекреациялық әлеуетке рекреацияның ресурстық бөлігімен бірге шаруашылық әлеуеті де - негізгі қор мен еңбек ресурстары кіреді. Бұларға қарағанда курорттың немесе ұлттық саябақтың функционалды зонасының әлеуеті әлементтерінің (мысалы, биотоп) саныәлдеқайда төмен.

Экономикалық аудан немесе ел деңгейінде рекреациялық потенциал  рекреациялық  ағымның  экономикалық  даму   деңгейіне,халық өмірі деңгейіне, демалыс пен туризм саласына еңбек ресурстарын тарту мүмкіншілігіне тәуелді. Рекреанттар ағымының көлемі елдің (ауданның) ауқымына; туристік-рекреациялық ресурстардың көлеміне, тұрақтылығына жәнеәртүрлілігі мен кеңістік пен уақыттағы таралуына, қажетті инфрақұрылым дамуына байланысты.

Кейбір ғалымдар рекреанттар ағымы, олардың елде (ауданда) болатын уақыты жәнетұрақты тұрғындар саны арасындағы өзара тәуелділігіне назар аударады. Мысалы, дамушы елдерде халықаралық туризм белгілі бір шамадан асып кетсе, азық-түлік дефицитын туындырады. Яғни, рекреациялық сыйымдылық елдің азық-түлік қабілетін де ескеруі қажет.

Рекреациялық сыйымдылық инвестиция салу мүмкіндігіне де тәуелді. Дамымаған елдер, туристік-рекреациялық ресурстары көп болса да, туризм мен оның инфрақұрылымына инвестиция жасай алмайды. Керісінше олар өзінің туристік-рекреациялық ресурстарын ая-май қолданып, жалпы рекреациялық потенциалын азайтады. Мысалға, Африка елдерінде аңшылық туризмінің қарқынды дамуы жабайы аңдардың азаюына әкеліп соқты. Кейбір зерттеушілер рекреациялық сыйымдылықты анықтағанда конақжайлылық сақталатындай туристер мен тұрақты тұрғындар арасындағы пропорцияларға назар аударады. Мұндай қатынас 1:3 аспау керек.

Территорияның рекреациялық сыйымдылығын зерттеген кезде туристік-рекреациялық пайдаланудың экологиялық аспектісіне назар аударған жөн. Алайда рекреациялық сыйымдылықты тек рекреациялық қажеттіліктер мен табиғаттың оларды қанағаттандыру қабілеті арасындағы қайшылық деп шектеуге болмайды. Оны ескеру керек, бірақ бұл жеткілікті емес. Аумақтың рекреациялық сыйымдылығы мәселесін шешу туралы рекреациялық табиғатты пайдалану жөніндегі тарауда айтылатын болады.

Жылдан жылға туризммен айналысатын адамдардың саны көбейіп келе жатыр. Сондықтан олардың табиғатқа тигізетін жағымсыз әсер байкалуда. Бұл жағдайда табиғатқа әсерететін рекреациялық салмақтың мәселесі де көтеріліп жатыр. Табиғатты деградациядан сақтау үшін және рекреациялықәрекетті жүргізуге комфортты жағдай жасау үшін рекреациялық салмакты оптималды қылу проблемасын тез арада шешу қажет. Бұл проблеманың мәні - нормативтер жасау аркылы табиғатқа әсерететің экологиялық салмақты ғылыми түрде дәлелдеуТабиғатқа әсерететін рекреациялық салмақтың нормативтері туралы мәлімет элі де аз. Көптеген нормативтер бақылаудың өте аз саны-на негізделеді, немесе тек қана жобалау мен пайдалану тәжірибесіне сүйенеді. Нормативтер «аудандастырылған» болуы керек, олар нақты ауданның табиғи компоненттерінің, функционалдық зоналарының жәнепайдалану тәртібі арасындағы тепе-теңдігін кдмтамасыз етуіқажет.

Дүниежүзілік тәжірибеде туристік-рекреациялық табиғи кешендерді пайдаланудағы нормативтерде біраз үйлеспеуі білінеді. Мысалы, бір рекреантқа бөлінетін жағажай нормасы әр елде әртүрлі: 5 шаршы метрден 15 шаршы метрге дейін.

Курорттардағы құрылыс жүргізу нормаларында да үйлеспеулері көп. Бұрынғы КСРО-да мұндай норма бір төсек орнына 300-500 м2 болған, белгілі «Золотые пески» болгар курортында 150 м2, румын «Мамайя» курортында 85 м2, ағылшын «Брон-и-мор» курортында - 53 м2. Югославияда Адриатика теңізі жағалауындағы жағажайлар нормативі мынадай болтан: бір рекреантқа жағаның 1 метрі және ені 10 м (10 м2); серуендеу жері - бір туристке 0,5 га; аң аулау жері - бір аңшыға 2 га.

Польшада рекреациялық жерлердегі туристердің шынайы шоғырлануы 1 гектарға 75-115 адам болған.

АҚШ-та келесі шартты стандарттар қолданылады (9-кесте). Табиғи аумақтық кешен тұрақтылығы бойынша анықталатын рудсатты сыйымдылықпен бірге, аумақтыңпсихофизиологиялық сыйымдылығы болады.

Психофизиологиялық сыйымдылығы деген белгілі бір аудан бірлігінде әрбір адамның психофизиологиялық және гигиеналық жағдайы бұзылмау шарты орындалып бір уақытта рекреациялық шараларды жүргізу мүмкіндігі болып табылады.

9-кесте

Территорияның рекреациялық пайдалану түрлері

Бір туристке бөлінетін жердін аумағы, м2

Қала маңындағы демалыс зонасы,

ойын алаңдары

80

Жағажайлар

18,5

Көніл көтеру (пикник) алаңы

100

Жаяу туризм үшін сокпақ жол

80

Атпен жүретін соқпақ жол

80

Табиғи кешендер және оны құрайтын әлементтерінің рекреациялық; салмаққа деген шыдамдылыгы жағынан айырмашылықтар болады. Поляк географы А. Костровицкий (1970) эксперимент арқылы бір апта бойы 1 га жерінің шөбін таптап 400 өсімдіктің шыдамдылығын анықтады: қүрғақ қарағайлы орман 46 адамды, жас карағайлы орман

- 50-90, жас шабындық - 126-196, жайылым - 300 адамды зиянсыз қабылдай алды. Рұқсатты салмақты А. Костровицкий максималді адам саны арқылы анықтап, 8 сағат бойы тынымсыз қозғалып, 1 га жердің шөбін деградацияға дейін жеткізді. Поляк А. Марш бұл анықтамаға мынадай ескерту қосады: деградацияның рұқсатты турі

- 3 м2 тапталған жерде ең болмағанда 1 дм2 жері толығымен бұзылса бұл деградацияның рұқсатты деградациясы болады.

Табиғи кешеннің тұрақтылығы фитоценологиялық қасиетімен бірге топырақ сипатына, жер үсті көлбеуіне және табиғи компоненттері-нің сипаттамаларына байланысты. А. Марш мәліметтері бойынша көлбеуі 2-ден дейін болса беткей көлбеуі тапталу жылдамдығына шамалы ғана әсертигізеді, мұндайәсеркөлбеуі 6-12° болса, күшейеді. Көлбеуі 12° асып кетсе шөп тез тапталып кетеді, сондықтан көлбеуі осындай көрсеткіштен асқан аумақтар рекреациялық пайдалануга жарамайды. Топырақтың механикалық қасиеттері де рұқсат берілген жүктеме көлеміне әсеретеді. Мысалға, рекреанттардың қүмды жер-лерге деген жүктемесі саздақка қарағанда үлкен болады.

Кеңес географтары В.П.Чижова мен Е.Д.Смирнова (1976) КСРО еуропалық бөлігінің орталық аудандарындағы табиғи кешендеріндегі ең көп рұқсат берілген демалушылар санының нормативтерін келтіреді (10-кесте).

Нормалардың біркелкі болмауының себебі - табиғи кешендер мен олардың әлементтерінің шыдамдылығын анықтау әдістемелігінің бірқалыпты болмауында. Табиғи кешеннің туристік ауыртпалығына деген шыдамдылыгы - оның өз қалпына келу қабілетінің шектері.

Салмақ (жүктеме) деп бұл белгілі бір мезгіл ішінде территорияда байқалатын рекреанттар санын айтамыз. Егер табиғи кешенге түсетін салмақ қалпына келтірілмейтіндей өзгерістер туғызатын болса, оны критикалық салмақ деп атайды; критикалық салмаққа жақын, алайда қалпына келтірілмейтіндей өзгерістер туғызбайтын болса, оны рұқсат етілген салмақ дейді; егер салмақтың нәтижесінде қалпына келтірілмейтіндей өзгерістер болып қойса, бұл салмақ рұқсат етілмейтін деп аталады.

10 кесте

Орман түрлерінің  топтары

Шырша орманы, адам/га

Ылғалды  шырша  ормандары, адам/га

Қарағай, адам/га

Ылғалды  шырша  ормандары, адам/га

Қайың мен көктерек ормандары, адам/га

Ылғалды  қайың мен көктерек ормандары, адам/га

Жайпак бұйратты саздақ жазықтары:

- кысқа мерзімді демапыс

30

20

35

25

50

37

- ұзак мерзімді демалыс

11

7

12

9

18

13

Саздак арасында кұм катпарлары

бар жайпақ жазыктар:

- қыска мерзімді демалыс

20

12

25

15

37

25

- ұзак мерзімді демалыс

7

4

9

13

9

Табиғи аумақтық кешеннің рекреациялық сыйымдылығын рұқсат берілген жүктемені табиғи аумақтық кешені ауданына көбейтіп табамыз.

Соңғы зерттеулердің негізінде жайылым дигрессиясына негізделген рекреациялық дигрессия кезеңдері ережесі қолданылады. Мәскеу төңірегінің орман зонасын зерттеп, 1972 жылы Н.С. Казанская рекреациялық дигрессияның 5 кезеңін бөліп атап шықты:

1.   Адамның  іс-әрекеті  орман  кешеніне  ешқандаи  өзгерістеренгізбейді.

2.  Адамның рекреациялық әсер сирек кездесетін соқпақтардың және жарық сүйгіш өсімдіктердің пайда болуына әкеледі.

3. Соқпақтар мен жарық сүйгіш өсімдіктер жиі кездеседі.

4. Орман өсімдіктері азайып, соқпақ желісі басым болып келеді.

5. Тапталған алаңдарда арам шөптер мен біржылдық шөп түрлері пайда болады, ал шөп төсеніштері мен жас ағагптар толығымен жоқ.

3 және4 кезең арасында табиғи кешеннің тұрақтылығының көзқарасы өтеді. Рұқсат етілетін салмақ дигрессияның 3 кезеңіне сәйкес келеді. Қалпына келтірілмейтін өзгерістер 4 кезеңде пайда болады.1, 2, 3 кезеңдері эстетикалық жағынан тартымды.

Рекреациялық әсерді анықтау жұмыстары рекреациялық салмақты басқару үшін жүргізіледі. Рекреациялық салмақты басқару әдісіне аумақты функционалды зоналарға бөлу қағидасы, сонымен қатар, туристік-рекреациялық ресурстардың пайдалануын реттеу әдістері жатады. Оның ішінде рекреанттарды тәртіпке келтіру, яғни зиян келтіретін әрекеттерге тыйым салу; өсімдік жамылғысын қалпына келтіру үшін тыңайтқыштарды пайдалану; жерді кайта еңдеу шараларын жүргізу.

Жасанды соқпақтар жасап, аумақты абаттандырғанда, оның сыйымдылығы табиғи сыйымдылығымен салыстырғанда 6 есе өседі.

Табиғи кешендеріне түсетін ауыртпалықты оңтайлы қылу, туристік-рекреациялық ресурстарды қорғау мақсатында демалыс аудандары мен зоналарының аумақтық ұйымдастырылуын іске асыру қажет. Б.Б. Родоман (1976) қала маңы демалысын ұйымдастыру мақсатындағы аумақтың зоналауының сызықтықторлық принципін ойлап тапты. Өзінің теориялық схемасында жерді рекреация мақсатында пайдалануының үш деңгейімен айқындалатын үш зонаны:

I - жоғары, II - орташа, III - рекреациялық пайдаланудың төмен деңгейі (11-кесте) - атап шықты

Рекреациялық аумақтарды зоналау үшін линиялық бағдарламалау қолданылуы мүмкін. Линиялық бағдарламалау моделі дегеніміз жоба-ланатын аумақта «пик» маусымында алдыңала берілген шектеулердің ескерілуімен биоценоздарды қорғау мен рекреациялық шаралар үшін жайлы жағдай жасау - рекреациялық жүктемені максимумға жеткізу моделі. Осындай модель жасау үгдін мынадай мәліметтер қажет: 1) жобаланатын аумақ ауданы; 2) рекреациялық шаралар түрлерінің үлестерін (%) көрсететін рекреациялық іс-әрекетқұрылымы; 3) рекреациялық әрекеттердің аумаққа түсетін ауыртпалығы (жүктемесі); 4) табиғи кешендердің тұрақтылық коэффициенттері.

Қайталау сұрақтары

1.  Туристік-рекреациялық сыйымдылық. аньщтамасын беріңіз.

2.   Табиғикешендерге түсетін рекреациялық ауыртпалықты оңтайлы кылу мәселесі жөнінде айтып беріңіз. Осы мәселе жөніндегі кеңес және поляк галым-дарыныңқандай еңбектерін білесіз?

3. Табиғи кешенмен оның әлементтерінің түрацтылыгы (шыдамдъшығы) деген не?

4. Н. С. Казанскаяның рекреациялықдигрессия кезеңдері жөніндегі еңбегі туралы айтып беріңіз.

5. Рекреациялықауыртпалықты реттеу әдісі болғанаумақтың функционалдық зоналау кагидасы жөнінде айтып беріңіз. Б.Б. Родоман еңбегі туралы әңгімелеп беріңіз.

§ 6 Туризмнің дамуы және табиғатты қорғау

Табиғи ортаны туризм үшін пайдалану географтарды және басқа да ғылым өкілдерін ертеден-ақ қызықтыра бастады. XIX ғасырдың бірінші жартысының өзінде географтар туристік қозғалыстың асып түскен шоғырлануының нәтижесінде болатын ландшафтардың тозып өзгерістерге ұшырайтынын байқаған.

Ең алдымен табиғи ортаның ең тартымды жерлерінде шоғырланған туристік қозғалыс осы аумақтарды қорғауға алуға шақырған жергілікті тұрғындардың қарсыластығын тудырады.

Туристік базалардың салынуы және туристік ағымның шамадан тыс шоғырлануы табиғи ортаның туристік қрщылығын төмендетеді. Алайда, кейде табиғи ортаның өз ерекшеліктері кейбір туристік артықшылықтарына (әсіресе мәдени ескерткіштерді қарастырсақ) кері әсерн тигізуі мумкін.

Жыл сайын күшейіп отыратын туристік миграция, туристік инфрақұрылымның дамуы табиғи ортаға қауіп тигізеді, оның әсерн өнеркәсіп, көлік пен урбанизацияның дамуымен салыстыруға болды. Сондықтан да, кейде туризмнің табиғатқа, қоршаган ортаға тигізетін әсерн «агрессивті» деп те атайды.

Қоршаған ортаға тигізілетін жағымсыз әсерәр түрлі, олардың кейбіреулері өте қауіпті. Егер де туризм нашар басқарылып, жоспарла-натын болса, онда теріс әсерлер күшейіп тереңдей түседі. Нәтижесінде экологиялық жағдай нашарлауы мүмкін. Теріс экологиялық әсерлер мынадай:

- туристік шаруашылықтың дамуы нәтижесінде табиғи ортаның урбандануы;

-  көліктің жәнетуризм жүйесіндегі мекемелердің жұмыс істеу нәтижесінде қоршаған орта ауасының ластануы;

-  туристік мекемелердің пайдаланған суларынан, туристік су көлігінен, машина жуудан және т. б. сулардың ластануы;

- туристердің көп шоғырлануынан, радионың қатты дауысынан және көлік құралдарының шоғырлануынан да шумен ластануы;

-  ландшафт эстетикасының нашарлауы, мүлдем жойылып кетуі бірқатар факторлардың әсернен болады: туристік құрылыстың шамадан тыс шоғырлануы, олардың жобасыз және тиімсіз орналасуы, көрікті ландшафтарды жауып тұратын жарқыраған жарнамаплакаттарының болуы;

-   табиғи   орындардағы   туристерден   қалатын   қоқыстар   мен

қалдықтарды тазарту мәселесі;

- табиғи зоналардың экологиясының бұзылуы, әсіресе туристер көп баратын жағажай, және де таулы және шел дала экожүйелері;

- археологиялық және тарихи ескерткіштерге туристерден тиетінзиян;

- қате жоспарлау және туристік объектілерді дұрыс орналастырмау нәтижесіндегі экологиялық қауіптер мен мәселелер.

Соғыстан кейінгі жылдары мұндай процестер өте кауырт жүрді, оны Батыс Еуропаның және Солтүстік Американың географтары табиғи ортаның «туристік урбандануы» деп атады. Туристік функцияларының дамуы нәтижесіндегі урбандану процесі «екінші баспана» санының және осыған орай әлеуметтік-техникалық базаның қажетті жабдықталуына байланысты. «Екінші баспана» торы өте көп жағдайда жүйесіз және жоспарсыз дамиды, ал олардың шектен асқан шоғырлануы табиғи орта мен оның оң қасиеттеріне зиян келтіреді.

Шектен асып кеткен «туристік урбанданудың» осыған үдсас құбылысы туристік нысандардың басқа түрлерімен байланысты орталықтарында да байқалады.

Моторизация мен «моторлы» туризмнің дамуы бұрын онсыз да әртүрлі кәсіпорындардың шаң және газдармен былғанған әуе бассейнінің одан сайын қатты ластануына әкеліп соғады. Ауаның көлік арқылы ластануы аймақтардың климаттық артықшылықтарын жоққа шығарады, тіпті адам денсаулығына қауіп төндіретін болады.

Су-моторлы спорттың дамуы өзендер мен басқа суаттардың ластануына  әкеліп  соғады.   Сонымен  бірге  туристік  базалардыңкоммуналдық кәсіпорындары да суды ластайды. Осындай базалар-дың ең үлкен жігінде қажетті тазарту жабдықтары жоқ, сондықтан ластайтын қалдықтар суға кетіп қалады.

Қорыта айтсақ, бұқаралық туризм табиғат қорғау мәселесін құнды табиғи кешендердің көпшілік үшін қол жетерлік қағидасымен үйлестіру міндетін артып отыр.

Рекреациялық аумақтардың деградацияға ұшырауының себебіне туристік ұсыныс пен сұраныстың сәйкес еместігі жатады. Яғни, рекреациялық саланың дамымағандығы туристердің «ескі» аудандар-да шоғырлануына себеп болып отыр.

Туризмнің мұндайәсерлерін көре отырып, мамандар маңызды рекреациялық ресурстарды «туризмнен және туризм үшін» қорғауды мақсат етеді. Осыған байланысты, зерттеушілердің көбісі туристік құбылыстар мен объектілерді аумақта бірқалыпты орналастыру принципін қолдайды, ол туристер көп баратын аудандарға салмақты азайтады. Көптеген мемлекеттерде туристік қозғалыстың жоспарлы аумақтық саясаты жүргізіліп отыр. Мұндай саясаттың ерекшелігі -ол туристік ықпалдың территория бойынша біркелкі таралып, табиғи ландшафтарды сақтап қалуында.

Рекреацияның дамуы мен қоршаған ортаны қорғау бір-біріне қарама-қарсы тұратын құбылыстар емес. Дұрыс реттелген және үйлестірген жағдайда бұлар бір-бірін толықтырып отырады.

Рекреациялық география мен туризм географиясының қолданбалы міндеті - рекреациялық табиғатты пайдалану негіздерін қалау болып табылады. Оған саяхат жасайтын адамдар үшін ландшафтардың құрылымын, динамикасын және даму болжамы кіреді. Рекреациялық табиғат пайдалану мақсаты - табиғатты саналы түрде пайдалану, өзгерту және қорғау. Бұл жағдайда рекреациялық табиғат пайдалану технологиялары әлеуметтік-экономикалық жәнеэкологиялық заңдарды ескеретін жалпы табиғат пайдалану жүйесінің бір бөлігі болып табылады.

Табиғат пайдаланудың жалпы жүйесі қоршаған ортаны қорғаудың үш тетігін қамтиды: 1) табигат пайдаланудың шектеу жүйесін (нормалар, тыйым салулар, айыппүлдар) қамтитын әкімшілік-құқықтықтетік; 2) әкімшілік-құқықтық тетігін толықтыратын және көп мақсаттық табигат пайдалану нүхқаларынан" ең оңтайлысын таңдап алу деп түсінілетін   жоспарлық-экономикалық  тетік; 3)   шаруашылықтық-есептік, төлемді табиғат пайдалану тетігі, оның негізі - табиғат пайдалану шығындарын етеу.

Тиімді рекреациялық табиғат пайдалану мақсаты - табиғи-аумақтық кешендерін қорғау. Тиімді рекреациялық табиғат пайдалану технологиясын қолданған жағдайда рекреациялық ресурстар ең ұтымды түрде рекреациялық қажеттіліктерге сәйкес болып келеді.

Рекреациялық жүктемені реттеу  әдістеріне рекреациялық аудандастыру мен рекреациялық зоналау жатады. Олардың мағынасы - рекреациялық игерудің бөлек аудандар мен зоналарының режіміне сәйкес реттелуі. Әрбір аудан мен зона үшін рекреациялық пайдаланудың құндылығына, табиғи кешен тұрақтылығына және т.с.с.  басқа  факторларына байланысты  өз  деңгейі  кабылданады. Соңғы аталған  факторларға рекреациялық іс-әрекет түрлері мен формаларының ерекшеліктері, олардың табиғатқа қойылатын та-лаптары, рекреанттардың рекреациялық аудандардағы таралуының кеңістік-уақыт заңдылықтары жатады.

Рекреациялық жүктемелерді реттеу әдістері - туристік-рекреациялық аудандастыру мен зоналау: мұнда рекреациялық игеру бөлек аудандар мен зоналарының режиміне сәйкесөткізіледі. Әрбір аудан әлде зона үшін рекреациялық пайдаланудың өз деңгейі қабылданады. Ол аудан не зонаның рекреациялық қүндылығына, табиғи кешен тұрақтылығына және табиғи емес факторларға байланысты болады. Табиғи емес факторлар: туристік іс-әрекет формалары мен түрлерінің ерекшеліктері және олардың табиғат қасиеттеріне қоятын талаптары, рекреанттардың туристік-рекреациялық аудандардағы таралуы.

Рекреациялықтабиғат пайдалану негіздеріне тәрбие шараларының жүйесі де кіреді. Туристердің табиғатқа зиян келтірмеу бойынша тәрбиелік шараларын Д.Л. Арманд (1969) ұсынған.

1. Рекреация процесіндегі онегелікті бозбала шағынан тәрбиелей бастау қажет. Мұндай жұмысты табиғатты қорғау органдарының на-сихаттауымен бірге, барлық заманауи ақпарат құралдары жүргізуі керек. Табиғат қорғау білімдерін балабақша мен бастауыш мектеп мұғалімдері игеріп алғаны оте маңызды.

2. Мектепте табиғат қорғау әлементтері ең алдымен география мен жаратылыстану сабақтарында оқылу керек. Түсіндіру жұмыстары жастар ұйымдары бағдарламаларында болуы қажет.

3.  Туризм нұсқаушылары мен экскурсия жүргізушілердің дайындығы университеттердің арнайы факультеттерінде откізілуі қажет және оларға табиғат қорғау курсы оқылуы керек.

4.   Туристерді саяхат жасап жүрген өлке табиғатын тануға қызықтыру қажет. Табиғат жөніндегі ақпаратты тарихи жәнекөркем ақпараттармен толықтырған жөн.

5. Туристер жиі келетін демалыс зоналары мен ұлттық саябақтарда арнайы қызметкерлер: тәртіп сактау қызметкерлері, орттен қорғау, медицина қызметкерлері, қоқыс жинаушылар болуы қажет. Демалушыларға тазалық сақтауды жеңілдететін жабдықтар (мысалы, қоқыс контейнерлері) болуы керек.

6.  Қорықтарда кіруге рұқсат берілген зоналарында ерекше қатаң режим орындалуы қажет. Әрбір қорықта ол не үшін ұйымдастырылғаны және қандай нысандар қорғалатыны түсіндірілетін мұражайы болған жон.

7. Табиғатта өзін-өзі ұстау этикасы адамның қанына сіңіп кетуі керек. Табиғат шыдайтын ауыртпалық ең алдымен демалушылар саны емес, олардың мәдени деңгейіне байланысты.

Рекреация, туризм жәнеқоршаған орта озара тығыз байланысты. Табиғи ортаның туристерді қызықтыратын коптеген әлементтері бар, ал туризмнің дамуы болса, оң және жағымсыз экологиялық салдарларға әкеліп соғады. Туризмді экологиялық тұрғыдан жоспарлау үшін ең алдымен туризмнің қоршаган ортаға мүмкін болатын әсерн болжау қажет. Егер туризм дұрыс жоспарланатын, дамитын және басқарылатын болса, оң экологиялық әсертигізуі әбден мүмкін. Табиғат қорғау шаралары:

1)  маңызды табиғи аумақтарды, фаунаны, оның ішінде аквалдық экожүйелерді анықтауға, оларды қорғау шараларын қаржыландыруға, сонымен қатар, ұлттық, аймақтық саябақтар мен қорықтардың да-муына септігін тигізеді. Мұндай жағдай әсіресе табиғат қорғауға жұмсалатын қаржысы жетіспейтін елдер үшін маңызды;

2)  археологиялық және тарихи нысандарды туристерді қызықтыратын объектілер ретінде жариялау мен оларды қаржыландыруга көмектеседі. Мұндай болмаса, осылардың көбі қирап немесе құрып кетуі де мүмкін. Туристік мақсатта бүгін кейбір қалалардың тарихи аудандары сақталады және дамиды;

3) туристер көркем, таза жәнеластанбаған жерге баруды сүйетін болғандықтан қоршаған орта сапасын жақсартуға септігін тигізеді. Оның үстіне жақсы жоспарланған және орналасқан туристік нысандар қала және ауыл ландшафтарын көркемдейді. Инфрақұрылымның, әсіресе сумен жабдықтаудың, канализацияның, қатты қалдықтардың шығарылуының жетілдірілуі де қоршаған орта сапасының көтерілуінесептігін тигізеді;

4) жергілікті тұрғындардың экологиялық ағартуына көмектеседі. Туристердің табиғатты қорғау ынтасын көргенде жергілікті жұртта оны сезіне бастайды.

Қайталау сұрақтары

1.   Туризмнің ңоршаган табиғи ортага жасайтын зиянды әсерлерін атап

шығыңыз да сипаттамаларын беріңіз.

2.  Туристікурбандану деген не?

3. Рекреациялық аумщтардың деградациясынын (азуының) себептері неде? Бұл

мәселені қалай шешуге болады?

4.  Рекреациялық табигат пайдалану технопогиялары мен тетіктері жөнінде айтып беріңіз. Д.Л. Арманд ұсынган шаралар тізімін атап беріңіз.

5.  Туризм қоршаган ортага қандай оц экологиялықәсертигізуі мүмкін?

§ 7 Демалыс пен туризм мақсатында территорияны аудандастыру. Туристік аудан, оның ерекшеліктері

Халық шаруашылық салаларының территориялық ұйымдас-тырылуы мен жоспарлы реттелуінің эффективтілігі ғылыми-дәлелденген аудандастыруға тікелей байланысты, себебі аудандастырудың негізін табиғи-географиялық жағдайы мен ресурстарын бағалау жұмыстары, сонымен қатар, территорияның шаруашылық және басқа да аумақтық ерекшеліктері құрайды.

Рекреациялық іс-әрекетінің дамуы, осы саладағы аумақтық ең-бек бөлісінің тереңдеуі нәтижесінде бірқатар аумақтар белгілі бір рекреациялық функцияларды орындауға мамандандырылатын болады.

Туризмнің дамуы, оның материалдық-техникалық базасының ұлғаюы, туризмнің мақсаты үшін табиғи жәнемәдени-тарихи әлементтерді интенсивті пайдалану, олардың аймақтың әлеуметгік-экономикалық өміріне әсернің өсуі, міне, осылардың барлығы территорияны туристік аудандастыру мақсаты үшін арнайы зерттеулерді қажет етеді.

Көптеген авторлар мен ғылыми ұйымдар рекреациялық мақсат үшін аудандастырудың әдістемесі мен қағидаларын мемлекет көлемінде, сондай-ақ жеке аймақтарда да жасау үшін куш салған. Бірақ аудандастырудың әдістемелік қағидалары жөнінде әзірге ортақ пікір жоқ.

КСРО-да алғаш рет рекреациялық аудандастыру жөнінде Б.Н. Ли-ханов пен B.C. Преображенский усыныс жасаған еді [6]. Аудандастырудың негізгі критериі - рекреациялық кәсіпорындардың орналасу тығыздығы мен олардың елдің негізгі қажеттіліктерін қамтамасыз етудегі рөлі болып табылады. Авторлар елді төрт рекреациялық зонаға, ал зоналарды рекреациялық аудандарға бөлді.

Туристік аудан анықтамасы жоғарыда (2-тарау) келтірілген. «Туристік аудан (аймақ)» ұғымын анықтайтын көзқарастар мен кри-терийлерді бірқалыпты қылу қажеттілігі туындады. Әзірше біркелкі қөзқарас ғылыми зерттеулерде де, әкімшілік және шаруашылық ор-гандарында да қалыптаспаған.

Көптеген елдерде туристік аудандастыруды рекреациялық және табиғи аудандастырумен шатастырады. Табиғи әлементтерінің маңызын ескере тұра, туризмнің танымдық процесімен тығыз байланыста болатын әлеуметтік-экономикалық құбылыс екенін умытпаған жөн, туризмнің бұл аспектісі келешекте кеңейіп, ұлғаятын түрі бар. Көптеген туризм географтары туристік аудандастыруды тіпті физикалық географиялық аудандарының негізінде өткізе береді.

Соңғы жылдарда бұрынғы КСРО-да рекреациялық аудандар жөнінде көп зерттеулер жүргізілді. Рекреациялық аудандастырудың негізіне демалыс, емделу, содан кейін ғана туризм үшін табиғаттың жағдайларының анализі мен бағалануы жатты. Сонымен рекреациялық аудандастырудың ішінде екі тенденция пайда бола бастады:

1)  мұнда демалыс пен туризм аудандары жеке бір физикалық-географиялық аймақтардың ішінде қалыптасады. Сонда әрбір ірі физикалық-географиялық бірлікте бірнеше аудандар болуы мүмкін;

2) физикалық-географиялық аудандардың шекарасы рекреациялық аудандардың шекарасына сәйкес келеді.

«Рекреациялық аудан» деген ұғымды пайдалану тек қана табиғаттану зерттеулерін жүргізуге мүмкіндік береді, ал шаруашылық,

-халықтық, көліктік жағдайларды анықтау өте қиын, кейде мүмкін емес, себебі рекреациялық ауданның нақты белгіленген шекарасы анықталмаған. Сондықтан туризм статистикасын жүргізуге де жағдай жоқ.

Туризм мәселелерін шешуге экономикалық географтар да қатысқан еді. Олар рекреациялық аудандастырудың негізіне экономикалық аудандастырудың қағидаларын жатқызды. Яғни рекреациялық аудандар экономикалық аудандарға сәйкес келеді. Бұл өз кезегінде салалық аудандастырудың қағидаларына қайшы келеді, яғни туристік және рекреациялық аудандастырылу араласып кетеді. Рекреацияға туризм кіргендіктен олардың айырмашылықтарына қарамай осы процесс бойынша аудандастыру жүргізіледі.

Туристік ауданды «туризм үшін әлеуметтік-экономикалық, мәдени-тарихи және табиғи-географиялық жағдайларды біріктіретін территориялық бірлік» ретінде қарастырсақ, онда туристік аудан-дардың шекарасы әкімшілік аудандардың шекарасына сәйкес келеді деп айтуға болады. Яғни әкімшілік аудандар - бұл нақты белгіленген

әкімшілік аумақтар.

Әкімшілік аудан дегеніміз не? Бұл төменгі сатыда орналасқан әкімшілік-шаруашылық аудан,яғни территорияның экономикалық аудандастырылуының бастауыш ұйымы (бірлігі).

Географиялық әдебиетте «туристік аудан» мен «туризм ауданы» деген ұғымдарды жиі шатастырады. Туристік аудан дегеніміз белгілі бір территориялық бірлік, ал туризм ауданы - туризмнің таралу аймағы. Туристік аудан экономикалық географтардың зерттеу объектісіне жатады. Туризм ауданы болса, сәулеткерлер мен жоспарлаушылардың зерттеу объектісіне кіреді. Ал шынында географтар туризм ауданда-рын зерттеумен айналысады, осының нәтижесінде терминологиялық түсініспеушілік пен ауытқулар байқалады.

Бұл жөнінде Л.И. Мухина былай деп айтады: «туризмді белсенді демалыс ретінде қарастырсақ, туризмнің белгілі түрі (немесе бірнеше түрі) үшін пайдаланатын (немесе пайдалануы мүмкін) кез келген ауданды туристік аудан деп атай аламыз. Алайда бірнеше дәрежедегі аудандарды - жергілікті, облыстық, жалпыұлттық, халықаралық туристік аудан - айыру қажет» [6].

B.C. Преображенскийдің пікірінше, «туристік аймақ дегеніміз туризм дамуының ауданы. Оны туристік аудандастыру кезінде бөлінген «ауданнан» айыру керек, себебі онда:

а) аудандар торы тегіс, бұл бөлінген аудандардың барлығы туристік аудандастыру аудандары болып табылады деген сөз, яғни олар туристік аудандар деп атала беруі мүмкін;

б) қазіргі және болашақтағы туристік сұраныстың қалыптасу аудандарды жәнетуристік сұраныс қанағаттандырылатын аудандарды (шаралардың уақыт циклдары бойынша) бөліп атауға болады. Экономикалық географияда туристік аумақ дегеніміз туристік экономикалық ауданы басым немесе шаруашылық саласы ретінде туризм маңызды немесе басты рөл ойнайтын салалық экономикалық аудан; оның маңызы табыс әкелу деңгейі, саладағы еңбекпен қамтылу деңгейлері бар критерий бойынша анықталады» [6].

Рекреациялық жәнетуристік аудан анықтамаларын салыстырсақ, туризмді рекреация түрі ретінде қарастыруға болғандығынан туристік аудан - рекреациялық ауданның бір түрі деп айтуға болады.

Н.С. Мироненко менИ.Т Твердохлебов айтуынша, «рекреациялық аудандастыру салалық әлеуметтік-экономикалық аудандастырудың бір түрі болғандығынан, рекреациялық ауданды салалық экономикалық аудандар класына жатқызу керек» [5].

Олардың рекреациялық (туристік) аудан анықтамасы мынадай: «рекреациялық (туристік) аудан дегеніміз аумақтың табиғи жәнемәдени-тарихи кешендері мен оның экономикалық шарттарын пайдаланып, рекреанттар қажеттіліктерін ең жақсы түрде қанағат-тандыруға мүмкіндік беретін, рекреанттарға қызмет көрсетуге мамандандырылған, экономика жагынан өзара байланысты рекреа-циялық кәсіпорындарының аумақтық жиынтығы» [5].

Сонымен бірге, рекреация және онымен байланысты салалар кешені басым болатын және аумақ дамуының негізін күратын рекреациялық ауданды интегралдық экономикалықаудан деп атауға да болады.

Сөйтіп, туристік аудан - туризмнің дамуына арналған бірнеше табиғи, тарихи-мәденижәне әлеуметтік-экономикалық жағдайлары бар экономикалық салалық аудан. Осыларға байланысты ауданда туристік іс-әрекеттер басым болып келеді. Туристік аудан - әлеуметтік-экономикалық категория, оның рекреанттарға қызмет корсету бойынша аумақтық жүйесі ретіндегі ұғымы қоғамдық еңбектің аумақтық бөлінісіне негізделеді.

Туристік аудандардың бірқатар ерекшеліктері бар: туристік аудан - өзінің сипаты мен өнімі бойынша әлеуметтік құрылым. Туристік ауданның өнімі - халықтың физикалық және рухани күшін қалпынакелтіруге және жетілдіруге арналған туристік қызметтер; туристікаудандардың өндіріс үрдісі бөлек кезеңдерде өтетін басқа салалықаудандардан айырмашылығы - онда қоғамдық үдайы өнірісініңтөрт сатылы процесі қатар жүреді: өндіріс, алмасу, тарату жәнетұтыну. Туристік аудандарда екі шеткі сатылар арасында (өндіріспен тұтыну) уақыттық үзіліс жоқ. Бұл алдыңала жинақталмайтынтуристік қызметтерге жататын қасиет; туристік аудандар ресурстарғабағытталады. Яғни тау-кен, балық, орман өндірістік салалармен жәнеауыл шаруашылық аудандарымен туристік аудандардың үқсастығы- ұзақ (жыл бойы) демалыс функциясын атқаратын туристік аудандарды орналастыру үшін жеткілікті түрде ресурстардың болуы керек; көптеген туристік аудандарға тән қасиет табиғи ырғақтарға жәнеқоғам өмірінің ұйымдастырылуына сәйкес мезгілмен жұмыс істеуі.

Туристік   аудандардың   калыптасу   шарттары   -  табиғи   жәнеәлеуметтік-экономикалық орта болып табылады.

Туристік аудандардың қалыптасуын былай суреттеуге болады. Өзіне туристік аймақпен бірге қазіргі мезетте туристік аймақ бөлігі болмайтын туристік нысандар кіретін аумақ «туристік кеңістік» (С. Лишевский, 1995), кеңес әдебиетінде «рекреациялық кеңістік» болып табылады. Кеңістік ішіндегі туризм дамуының алғашқы кезеңдері туристік аймақтың ерекшеліктерін әзірше анық көрсетпейді. Әуелі туристік аймақ туристік қасиеттермен ассимиляция мен колонизация арқылы көзге түседі, бірақ бұл қасиеттері урбандану кезеңінде аса карқынды туристік игеру нәтижесінде («туристофикация») жоққа шығады. С. Лишевскийдің айтуынша, туристік кеңістік түрлері туризм дамуының фазаларын (кезеңдерін) және аумақты игеру деңгейін көрсетеді [37]. Мүлдай жағдайда туристік аймақтар таңдалып алған критерийлер бойынша бірқалыпты ареалдар болып табылады.

Бүдан кейінгі маңызды мәселе- туристік аймақ пен ТРЖ арасындағы айырмашылықтарды анықтау (В. Преображенский, С. Лишевский, М. Бочваров).

Басты жүйе қалыптастырушы фактор - сала блоктары (жүйе бөліктері) арасындағы байланыстар болып табылады. Ал аймақ қалыптастырушы фактор - жүйе бөліктерінің нақты әлементтерінің бір-бірімен және табиғи, әлеуметтік-экономикалық, мәдени орталары әлементтерімен аумақтық үйлесулері болып табылады. Осыбайланыстар арқылы аталған аумақтың туристік мамандандырылуы қалыптасады. Аймақ, бір жағынан, үлкен кеңістік инфрақұрылымның бір бөлігін ғана қамтиды (байланыстырушы ұғым), екіншіден, туристік сала әлементтерін біріктіруімен бірге, әртүрлі артефакттар мен ментифакттарды да біріктіріп, олармен бірге біртұтас болады да аймақтағы туризм мен рекреация дамуына әсеретеді (кең ұғым).

Туристік аймақ ерекшеліктеріне әсерететін туризмнің кеңістіктік қырларына сипаттама берейік.

Туристік кеңістік үш негізгі әлементті: туристер сұранысы мен рекрутациясының (шығу тегі) қалыптасу аумағын; қызмет көрсету ұсынысы аумағын (сұраныстың іске асырылатын аумағы, оны туристік дестинация аумағы деп атайды) және оларды байланыстыратын аумақтарды (сұраныс аумағынан ұсыныс аумағына жету үшін көлік қажет) қамтиды.

Туристік аймақ туризмінің дамуында өзгерістер факторы ретіндегі туризмнің дамуы ең басты рөл ойнайды. Сұраныс пен байланыстырушы аумақтардың шығу тегі туристік аймақтар шығу тегіне мүлдем үқсамайды. Сыртқы орта мен туристік аймақ арасындағы айырмашылықтарды және бүкіл кеңістік ерекшеліктерін анықтау өте маңызды мәселе болып табылады. Сонымен қатар, О. Рогалевский (1974), С. Лишевский (2002) және т. б. туристік аймақтардың пішініне де назар аударады. Олар зоналық, тораптық, ареалдық (шашыраңқы) және т. б. аймақтар болуы мүмкін.

Туристік құндылықтар (туристік-рекреациялық әлеует, туристік-рекреациялық ресурстар) - гетерогендік (шығу тегі бойынша әртүрлі) күлдылықтар. Бастапқы туристік қүндылықтардың бір бөлігі табиғи күлдылықтар, ал екінші бөлігін адам жасаған. Олардың географиясы әртүрлі. Табиғи құндылықтар аз өзгерген табиғи орта, ал екіншісі - жасанды орта болып табылады. Нысандардың осы екі топтары арасындағы шекара айқын емес: кейбір ресурстарды табиғатпен бірге адам да қалыптастырады (мысалы, су бөгендері).

Бастапқы туристік қүндылықтардың орналасуы туристік мамандандырылуы бар аумақтардың тұрақталуын қалыптастырады. Құлдылықтардың өзі туристік ресурстар емес. Оларды ресурстарға айналдыру үшін белгілі қаржы жүмсап, шаралар жасау қажет. Тек осыдан кейін оларды нарықта қызметтер (туристік өнімдер) ретінде ұсынуға болады.

Туристік аймақ өмірінің ерекшелігі оның маусымдық сипаты болып табылады. Мұның себебі - жыл бойында табиғи кұндылықтардыбірқалыпты    пайдалануға    болмауы    жәнеәртүрлі    әлеуметтікфакторлардың әсері. Ресей географтары И. Твердохлебов пен Н. Мироненко (1981) туристік аймақтардың мазмүны мен сипаттамаларымаусымдарға байланысты өзгеріп түрғанынан және мұндай жағдайбасқа салалар үшін тән емес болғандықтан туристік аймақтар жөніндежалпы түрде айтуға болмайды, дейді. Кейбір авторлар (мысалы,П. Мариот) интегралдық аймақ деген болмайды немесе шындықтабіз аймақтардың екі түрі жөнінде айтуымыз керек, деп айтады.

Аймақтардың бұл екі түрі логикасы және кеңістік-уақыт қағидаларыбойынша бір-бірінен айырылады: каникулдық-демалыстық аймақтар(жоғары сапа мен мамандандырылуға бағытталған) және уикэндтік-мерекелік аймақтар (оның шарты - туристік қүндылықтардың оңайқол жетерлігі, мұнда аумақтың игерілуі онша маңызды емес, мұнда еңалдымен қаланың әсер ету зонасы ескеріледі).

Туристік аймақ - салалық және функционалды аймақ. Қажетті шарттардың болуы аймақтың міндетті түрде туристік аймақ болуы деген сөз емес. Мұндатек болашақта туризмнің даму потенциалы бар зоналары жөнінде айтуға болады.

Туризм қырларының бірі туристік аймақтардың жіктелуі, мысалы, теңіз маңы, тау, діни туризм аймақтары және т. б. Бр мамандандырылған туристік аймақтар болады.

Туристік аймақ ұғымы туризм классификациясында маңызды ақпараттық және дидактикалық рөл ойнайды.

Туристік аймақтардың шекараларын анықтау оңай мәселе емес. Шекараларды өткізу үшін қандай нәрсе ең маңызды болады - табиғи жағдай ма, шаруапіылық іс-әрекеті ме, әкімшілік бөлінуі ме? Мысалға, туристік аймақ шекарасын тауда қалай өткізу керек - аңғарлар мен өзендер бойымен, тау жоталары суайрықтарымен, әлде туристік аймақ тауға барамын деген туристер келетін елді мекендер, шаруашылық нысандар мен терминалдар орналасатын тау бөктерлерін қамту керек пе? Гималаи тауларын бір туристік аймаққа жатқызу керек пе немесе, оның бөліктері бір-бірінен бөлек орналасқан болғандықтан, көршілес шатқалдарды аймақ құрамына кіргізу үшін шекараларын Қытай, Непал, Үндістан территориясына тереңдетіп енгізу керек пе? Альпі территориясы автомобиль, темір және аспалы жолдарымен жақсы қамтамасыздандырылған. Бірақ осыған негізделіп, ита-льян Альпілерін Ломбардия мен Пьемонттан, австриялық - Дунай, Штирия мен Каринтиядан, швейцариялық - Солтүстік Швейцария жазықтарынан, француз Альпілерін Рона аңғарынан бөліп жүлып ала аламыз ба? Сонымен бірге тағы да бір сұрақ бар: туристік аймаққа туристік емес, бірақ функциялары мен аумағы бойынша байланысы бар территорияларды косу керек пе, керек емес пе? Сірэ, B.C. Преображенскийдің (1975) көзқарасы ең дұрыс болмақ:ол рекреация мен туризмнің салалық жүйелерін функционалды түтастық пен реттеу негізінде бөлінетін жүйелері ретінде қарастырады. Қалай да болсын, туристік кеңістікке туристік емес кеңістікті енгізу қажеттілігі мәселесі әзірше шешілмеген.

КСРО, Ресей географиясында туристік-рекреациялық аудандастырудың анық әдістемелігі түгелі оның біртүтас қабылданған қағидалары да жоқ. Мұның себептері мынадай: рекреациялық іс-әрекеттің өзіндік ұйымдастырылуының, туристік-рекреациялық баға беру сұрақтарының, толыққанды туристік ресурсты қалыптастыру мәселелерінің нашар зерттелуі.

Батые және поляк географиясы (КСРО, Ресей географиясымен салыстырсақ) XXғасырдың 80-ші жылдарынан бастап салалық және интегралдық аймақтар мәселелерімен айналыспайды. Бұл таң қалдыратын жайттің бірнеше түсіндірмесі бар [38].

Біріншіден, жаһандану факторларының әсерінен орталықтан-дырылған басқару маңызы жоққа шыққан кезде аудандастырудың жо-спарлау сайманы ретіндегі маңызы төмендеген. Ал аудандастыру бол-са, 30-шы жылдары басталып, орталықтандырылған және аймақтық жоспарланумен бірге дамып келе жатыр.

Екіншіден, интегралдық (табиғи-әлеуметтік-экономикалық) аймақүғу утпін өте күрделі және нақты әрекеттерді іске асыру негізін жасамайтын құрылым болып түсіндіріледі.

Үшіншіден, бір мақсатқа жету үшін кеңістікте қалыптастырылған функционалдық аймақтар арасындағы қатынастар өте маңызды. Мысал ретінде көршілес аудандарға қарағанда туризмі нашар дамыған аймақта туризмді дамыту жұмысын жүргізу мақсатын келтіруге болады. Әдетте түрлі функционалды мақсаттар үшін аудандастыру ісі геоақпарат әдістерін қолданғанда едәуір жеңілдейді. Аумақтық дамуындағы жылдам өзгерістері болған жағдайда да бұләдіс өтепайдалы. Аудандастырудың мыңдаған нұсқалары болуы мүмкін, сондықтан аудандастыру дегеніміз нақты бір жерде нақты бір мақсатқа жетуге арналған әдіс болып табылады.

Төртіншіден, аудандастыру туризм дамуына қолайлы табиғи жағдайларды аудандастырумен теңдеседі және болашақта да теңцеспек. Еуропа мен Ойкуменада бұл жағдайлар бұрында белгілі болғандықтан, мәліметтер базасынан ақпарат алынып тұрса, аудандастырудың қажеті де жоқ. Ол туризмнің бастапқы кезеңдерінде ғана өте қажетті болған. Ол кезде ақпараттың қыруар көлемін реттеу, ресурстарды тегістеу қажеттілігі болған. Дегенмен аудандастырудың қажеті жоқ деген кезқарас қате сияқты: туризмнің нақты бір аумақтағы экологиялық, әлеуметтік, шаруашылық, мәдени, психологиялық әсерін бағалауын аудандастырусыз жасау мұмкін емес.

Бесіншіден, туризмнің қазіргі дамуы мұқият ұйымдастыруға, мар-кетингке, туристік өнімді нарықта өткізуге, яғни туристік аймақтан тыс орналасқан рекрутация аумақтарында қалыптасатын сұранысқа бағытталған. Осы күнге дейін аудандастыру туристік өнім ұсынысына бағытталатын. Маркетинг пен өнім өткізу мәселелері географиялық зерттеулер мен аудандастырудың негізі екенін географтар және осы проблемамен айналысатын басқа мамандар түсінуі қажет.

Еңбекшілердің туристік қызмет сұранысының өсуіне орай еңбектің аумақтық бөлінісі нәтижесінде демалыс пен туризм сфера-сы өзінің табиғи және әлеуметтік-экономикалық шарттары бойынша туристік іс-әрекет түрлерінің талаптары мен шаруашылықтың осы саласының аумақтық ұйымдастырылуына сәйкес болатын ең қолайлы аумақтарды өзі үшін «таңдап» алады. Демалыс пен туризм дамуының белгілі бір кезеңінде туристік іс-әрекеттің осы аумақта шоғырланып орнығуы пайда болады, ішкі және сыртқы байланыстар қалыптасады, үйлестіру орталықтарының иерархиясы пайда болады, жоспарлық-ұйымдастырушылық аумақтық басқару құрылады.

Экономикалық және әлеуметтік географияда әлеуметтік-эконо-микалық аудан тауарлық өнімнің ауданаралық алмасуымен сипатта-латын шаруашылығының мамандандырылуымен ерекшеленеді. Сол сияқты туристік ауданда рекреанттарға туристік қызмет көрсетуді өнімді осы ауданнан «сыртқа шығару» деп бағалауға болады. Дегенмен, туристік аудандарға тек халық шаруашылыгында туризм басым болатын аудандарды ғана жатқызуға болмайды. Мұндай аудандар әдетте аз болады.

Аумақты рекреациялық мақсатта аудандастыру жәнебағалау әртүрлі табиғи, экономикалық, әлеуметтік, физиологиялық, экологиялық, сәулеттік-көркем-суреттік және басқа факторларды ескеруді қажет етеді. Туристік аудандастыру әдістері аудандастыру ауқымы мен мақсаттарына тәуелді:

1)   шаруашылық дамуының перспективті жоспарларын техникалық-экономикалық жағынан дәлелдеу үшін елдің ірі аймақтарының туристік потенциалын анықтау әдісі;

2)   жеке облыстардың территорияларында халықтың демалысын ұйымдастыру мүмкіндіктерін аудандық жоспарлар жасау үшін анықтау;

3)  жоспарда белгіленген демалыс зоналарында нақты туристік объектілерді орналастыру және олардың детальды жоспарлауын жасау.

Дәл қорытындыларды жасау үшін зерттеудің негізгі нысаны табиғи аумақтық кешен болуы керек. Туризмде пайдалану мақсатында жер бедері, су, өсімдік, климат, табиғат пен мәдениеттің қызыктыратын нысандары бағаланады.

Жыл мезгілдеріне демалысқа қолайлы күндер санын есептеп талдау жасасак, басқа әлементтерге қарамай-ақ, стационарлық демалысқа жарайтын аумақтар тізімінен қиыр солтүстік, биік тау, шөл аумақтарын алып тастауға болады. Шектеу факторларына, сондай-ақ, батпақтар және эндемиктік жүқпалы аурулар тарап кеткен жерлердің болуы, тарихи жәнесәулет өнері ескерткіштері жоқ жерлердегі тегіс урбандану жатады.

Туристік аудандастыруды тікелей шектеу факторларынан бастау керек, себебі көптеген артықшылық болып есептелетін факторлар болған жағдайдың өзінде жалғыз бір шектеуші фактор олардың барлығынан асып түсуі мүмкін.

Географиялық әдебиетте әсіресе аудандастырудың басқа түрле-рімен (мысалы, ауыл шаруашылық немесе өнеркәсіп) салыстырсақ салалық экономикалық аудандастыру мәселелері аз қарастырылған. Дегенмен рекреациялық жүйелердің таксономиясы, иерархиясы жөніндегі сэтті жұмыстарды атауға болады.

ТРЖ-нің иерархиясы, таксономиясы туралы Е.А. Котляровтың (1978), Н.С. Мироненко мен И.Т. Твердохлебовтың (1981) жұмыстарында айтылған.

Е.А. Котляровтьщ пікірінше, туристік-рекреациялық аудандастырудың төрт сатылы таксономиялық бірліктері болғаны дұрыс: республика (елке, облыс), аудан, рекреациялық жер, рекреациялық шағын аудан [13]. Н.С. Мироненко мен И.Т. Твердохлебов (1981) бұл жүйені бес буынға бөліп отыр: рекреациялық зона (аймақ), рекреациялық макроаудан, рекреациялық мезоаудан, рекреациялық микроаудан, рекреациялық пункт [5].

Туристік аудандастыру туристік саланыжоспарлау мен басқарудың негізін қщрайды. Туристік аудандастыру арқылы оның негізгі даму бағыты анықталады, туризмнің материалдық-техникалық базасының өсуі үшін аумақтың алғышарттары бағаланады. Табиғи жәнеәлеуметтік-экономикалық ресурстарын, көлік жағдайын, туристік инфрақұрылым деңгейін, басқа іс-әрекеттердің туристік іс-әрекетке деген оң және кері әсерлерін, туристік аудандардың өндірістік және аумақтық ішкі құрылымын бағалау негізінде аудандастыру кезінде әртүрлі дәрежедегі аумақтық рекреациялық бірліктердің шекарала-ры, олардың функционалды жәнеәлеуметтік маңызы, рекреациялық сыйымдылығы анықталады, рекреациялық игеру реті орнатылады.

Қайталау сұрақтары

1.  Аумщтың туристік аудандастырылуы не үшін қажет? Аудандастырудың басқа түрлерімен оның қандай байланысы бар?

2.  «Рекреациялық аудан» мен «туристік аудан» анықтамаларының айырмашылығын түсіндіріп беріңіз.

3.  «Туристік аймсщ» (аудан) деген не? Аныңтамасын беріңіз. С.Лишевскийдің «туристік кеңістік» ұғымынан оның қандай айырмашылыгы бар?

4.   Туристік аудандастырудаш экүйе цалыптастыруты және аймац қалыптастырушы факторлары деген не?

5.  Туристік ауданның негізгі сипаттамаларын беріңіз.

6.  Туристік аудандар шекараларын анықтау (делимитация) мәселелері жөнінде айтып беріңіз.

7.  Батыс елдерінде салалықжәне интегралдың аудандастыру мәселелерімен неге айналыспай цойган?

8.  Туристік-рекреациялықаудандастыру таксономиясы жөніндегі кеңес ғалым-дары еңбектері туралы әңгімелеп беріңіз.

4 - mapay

ТУРИЗМ - ХАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢСАЛАСЫ

§ 1 Туризм - қоғамдық-шаруашылық жүйе

Туризм дегеніміз әзірше толығымен зерттелмеген және сандық көрсеткіштерімен бағалануы қиынғатүсетін күрделі қоғамдық құбылыс. Сондықтан, коп ғасырлық тарихына ие болғандығына қарамастан, туризмнің біркелкі анықтамасы жоқ. Тар салалар ауқымымен шектелген анықтамалар бұл күрделі ұғымның барлық ішкі және сыртқы байланыстарын біріктіре алмайды. Сондықтан туризмнің түжырымдамалық, толық жәнемәнді анықтамасын тауып дәлелдеу қажет болып тұр.

Кеңес Одағы кезіндегі география ғылымында территориялық рекреациялық жүйесінің (ТРЖ) моделі жасалынған. Атап айтсақ, бұлмәселені XXғасырдың 70-ші жылдарының орта шенінде B.C. Преображенский (1975) басқарған ғалымдар тобы қарастырған, кейін Н.С. Мироненко мен И.Т. Твердохлебов (1981) бұл жұмысты одан әрі дамыткан. Батыс елдерінде 1983 жылы Г. Гуибилатомен жасалынған, кейін 1988 жылы Г. Ваккерманмен толықтырылған туризмнің концептуалдық моделі пайда болды. Жоғарыда аталған ғалымдардың теориясы бойынша туризм жүйесі екі шағын жүйеден тұрады (13-сурет): «туристік іс-әрекет субъектісі» (туристер) және «туристік іс-әрекет объектісі» (туристік ресурстар, туристік мекемелер мен ұйымдар).

Бұл жүйе шеңберінде туристер сұранушы немесе сатып алушы, ал туристік қызмет корсетушілер - сатушылар болады. Осылай болғанда, туристік іс-әрекет субъектісіне, яғни туриске - жүйеде қарсы түратынтуристік іс-әрекет объектісі, яғни «туристік шаруашылық» болмақ. Туристік шаруашылық туристер тулынатын тауар мен қызметтерді өндіреді. Туристік шаруашылық екі бөлікке бөлінеді: туристік ресурстар мен туристік инфрақұрылым. Туристік инфрақұрылымға туристік мекемелер, ұйымдар жәнекәсіпорындар кіреді. Туристік ресурстар өндіріс құралы және еңбек заты, яғни туристік қызметтерді өндіру негізі болып табылады. Инфрақұрылым болса, ол осы қызметтерді нақты өндірушісі болады.

Туристік шаруашылық туристерге қызмет көрсететін басқа да халық шаруашылық салаларымен қосылып, «туризм индустриясын» құрайды. Басқаша айтсақ туризм индустриясы дегеніміз туристік өнімді өндіретін кешенді жүйе. Ал туристік өнім болса, бұл туристік кәсіпорындардың халыққа (туристерге) көрсететін қызметтердің кешені.

Туристік индустрияның құрамына «туристік мекемелер» кіреді. Туристік мекеме дегеніміз барлық керекті өндірістік құралдарды біріктіріп (жерді, ресурстарды, еңбек күшін, қара-жатты және т. б.), туристерге қызмет көрсететін мекемелер.

Туристік мекемелер өз қызметтерін үхынып, халықтың туристік қажеттілігін өтейді.

Туристік мекемелердің біреулері клиенттерге тек қана туристік қызмет көрсетіп тұрса, басқалары үшін туризм олардың коммерциялық іс-әрекетінің бір ғана тармағы болады.

XXғасырдың 50-ші жылдардан бастап қарқынды дамып келе жатқан бұқаралық туризм туристік қызметтердің стандартталуын, алдыңала дайындалған, жоспарланған және есебі жасалған «қызметтер пакетін» қажет етті. Қызметтердің осындай жиынтығы бір бағамен туристік фирма каталогында тұтынушылардың назарына ұсынылады. Бұрын туристің өзі ойластырған заттардың барлығын: маршрутты, орналасуды, тамақгануды, тур бағдарламасын күні бұрын жоспарлауын - мұның барлығын қазір туристік фирманың өзі әзірлейді. Қазір ұйымдастырылған туризм деп «туристік саяхатты» құратын туристік қызметтердің стандартталған толық пакеттерінің ұсынысын айтамыз.

Туристік қызметтер халық тұтынатын қызметтердің елеулі бөлігі болып табылады.

Туристік қызметтер негізгі, қосымша және қосалқы қызметтер болып бөлінеді.

Негізгі қызметтер туристік жолдамадағы келісімшартпен шектеледі. Ондайларға орналастыру, тамақтандыру, көлік қызметтері, экскурсия қызметтері жатады.

Қосымша қызметтер туризмнің инфракурылымы дамыған жағдайда жалпы кірістің 50%-ын атқарады. Оларға негізгі қызметтерге кірмейтін қызметтерді, сауықтыру қызметін, медицина қызметін, мәдени, ойын-сауық шараларын және т.б. жатқызуға болады.

Қосалқы қызметтерге сувенир өнімдерімен, туристік символика-мен қамтамасыз ету, сауда, валюта-кредит, жеке сейф ұсыну, ақпарат және баска да қызметтер жатады.

Қосымша және қосалқы көрсетілетін қызметтердің арасында анық айырмашылық жоқ. Жоғары дәрежедегі қонақ үйлерінде қосымша қызметтердің саны 500-ге жетуі мүмкін.

Туристік мекемелер «туроператорлар» және «турагенттер» болып жіктеледі. Туроператор дегеніміз - өзінің және басқа мекемелердің қызметтерін біріктіріп өзінің жаңа туристік өнім жасайтьш туристік мекеме. Туроператор өз атынан клиентке кешенді тур ұсынады. Осындай жаңа өнімді паушалъді (кешенді) тур деп атайды. Паушальді тур - бұл бірнеше қызметтерден тұратын пакет. Сонымен қатар паушальді турға туроператор әртүрлі мекемелер шығарған қосымша қызметтерді де кіргізеді. Мұндай өнімге кеңес беру мен сату бойынша делдалдың қызметі де кіреді [39].

Туроператорлардың және туристік қызметтердің дербес өндіру-шілерінің өнімдері турагенттер (туристік деддалдар) арқылы таратылады. Турагенттіктің туроператордан айырмашылығы мынадай: турагенттік туроператорлардың бағдарламалық пакеттерін бөлшектеп сатуында және бөлек туристік кәсіпорындардың (қонакүйлерінің, әуе компанияларының және т. б.) қызметтерін сатуында деддал болып қызмет көрсетеді. Туристік өнімді сатумен бірге турагенттіктің (әдетте бұл саяхат бюросы) тағы бір маңызды функциясы - клиентке акдарат жеткізу, турды ұйымдастыру бойынша кеңес беру жәнетх.с. Әдетте саяхат бюросы түгынушы (турист) мен туристік қызмет өндіруші кәсіпорын арасындағы байланыс орната-тын мекеме рөлін ойнайды.

Теорияда туроператор мен турбюро (турагент) арасындағы айыр-машылықтары ап-анық болып көрінсе, тәжірибеде туристік кәсіп-орындарының осы екі формасы араласып кетеді де біртүтас болып көрінеді. Саяхаттар бюросы қызметтерді сатумен бірге өз қызмет пакеттерін ұсынады. Ірі туроператорлардың өзінің тарату желісі, яғни саяхат бюросы болады (14-сурет).

Туризм жүйесінде «туристік ұйымдар» маңызды орын алады. Әртүрлі дерекнамаларда туристік ұйымдар өзгеше аталады жәнетуризм маркетингі мен менеджментінің әралуан функцияларын орындайды. Бір жағынан туристік ұйымды туристік аймақтағы үйлестіру функциясын орындайтын басқару құрылымының ерекше түрі деп атауға болады. Кәсіпорындардың және бүкіл туристік ауданның функциялары арнайы ұйымдастырылған құрылымдармен басқарылуы менеджмент үшін өте маңызды. Ал басқа жағынан қарасақ, туристік ұйымдар делдал жұмысын атқарады, яғни осындай туристік ұйымдар маркетинг функцияларын орындауы қажет. Олар кооперациялық си-патына ие жәнежұмысын мемлекеттік деңгейде де, дербес түрде де жұмысын орындауға қабілетті болуы керек.

Қандай да болсын, туристік ұйымдар туристік саясатты қалып-тастырады, яғни олар туризм үшін жағдай жасап, оның дамуы-на септігін тигізуі міндетті. Осындай ұйымдастырушылық құрылымдарға жекеменшікті (бірлестіктер) немесе мемлекеттік (басқармалар) құрылымдар түріндегі туристік ұйымдар жатады. Туристік ұйымның ерекшетүрі-өзжұмысын ұлттық, облыстықжәнеқалалық (коммуналдық) үш деңгейінде орындайтын жарнамалық орталық болып табылады.

Сөйтіп, туристік ұйымдар туристік басқару жұмысын орындауы қажет, олар мемлекеттік және жеке құрылымдарды аймақтық, ұлттықжәне халықаралық деңгейде қамтиды. Туристік ұйымдар туризмді аймақтар мен елдердегі дамуын жоспарлау және басқару, туристік өнімді сату жұмысын үйқас қылу үшін қажет. Жеке туристік ұйымдарды мемлекеттік емес құрылымдар (бірлестіктер мен одақтар) қалыптастырады және қаржыландырады. Мемлекеттік және жекеменшікті кәсіпорындар бірігіп жұмыс істеген жағдайда туристік ұйымдар ең жоғары жетістіктерге жете алады.

Өз қаражатын жүмсаған кезде турист инфрақұрылымның одан әрі дамуына «өз дауысын бергендей» болады. Қандай да болсын кәсіпорын сияқты, туристік кәсіпорын туристік өнімді шығару үшін ресурстарды қажет етеді. Ең алдымен бұл жер. Жер туристік қызметтерді өндірудің ең басты факторларының бірі және туристік кәсіпорындарын орналастырудың кеңістік базисі болып табылады. Аумақтың табиғи жәнемәдени компоненттерінің жиынтығынатуристік іс-әрекетформалары мен түрлері байланысты. Еңбек ресурстарының да маңызы өте жоғары. Туристерге қызмет көрсету саласы жергілікті және сырттан келген жұртты еңбекпен қамтиды. Сонымен қатар, туристік кәсіпорындар капиталдық салымдарды, ягни инвес-тицияларды қажет етеді.

Жаңа рекреациялық аумақтарды игеру, туристік іс-әрекетті кеңейту, туристік инфрақұрылымның жаңа объектілерін салу үлкен инвестициялық салымды керек етеді. Ірі жобаларды мемлекет, ұлттықжәне шетелдік жеке қаржы мекемелері, біріккен мекемелер, халықаралық ұйымдар мен басқа да заңды және жеке тұлғалар қаржыландырады.

Туристік сұраныстың көбеюі капитал салымының өсіруін және туристік қызметтің мөлшерін көтеруді қажет етеді. Бұл территорияның экономикалық іс-әрекетін жаңартуға әкеліп, кірісті көбейтеді. Түскен кірістің бір бөлігі мемлекетке салық арқылы түседі. Сонымен катар, мемлекет қазынасы кеден салымдары арқылы толықтырылады. Осылай жиналған табыс қайтадан жаңа туристік жобаларды қаржыландыруға, табысы томен халық топтарының демалы-сын ұйымдастыру үшін материалдық жәрдемақыға, туристік маман-дарды даярлауга және т.е.с жұмсалады.

Туристік нысандардың құрылысы мен кайта құрылуына қаржысын жүмсаған мемлекет пен басқа инвесторлар, әрине, несие беруден өз пайдасын іздейді. Олар салынған капиталын қайтарып және оның өскен пайызын тауып өз қызметкерлеріне еңбекақысын төлеуге үміттенеді. Өз пайдасын іздеген инвесторлар несие берудің ең үтымды шарттарын тапқысы келеді. Сондықтан олар шетелдік туристік нарыққа шығып, капитал экспортерлеріне айналады және халықаралық корпорациялар торының буындары рөлін ойнай бастайды. Осының барлығын ескере түра біз туризм жүйесін (сферасын) нарық жүйесі деп атай аламыз.

Экономикалық, әлеуметтік, технологиялық, саяси және экологиялық макроорталармен бірге туристік жүйе күрделі құрылым болып табылады. Сыртқы орта туризм жүйесіне қатты әсерн тигізеді, оның әсер екі түрлі болуы мүмкін: бір жағдайда туристік іс-әрекеттің дамуына мүмкіндіктер туғызса, басқа бір жағдайда керісінше, тіптен жойылып кетуіне қауіп туғызады. Жойылып кетпей нәтижелі жұмысістеу үшін туризм жүйесі қоршаған ортаның сыртқы өзгерістеріне бейімделіп тұру қажет.

Туризм еліміздің белгілі бір территориясының халық шаруашылық салаларының дамуына оң әсерн тигізеді, инфрақұрылым құрып, дамуын жылдамдатады, өндіріс күштерін дамыған аудандармен бірге артта қалған өлкелерде де орналастыруға, яғни жергілікті жұрттың еңбекпен қамтылуына әсерн тигізеді.

Туризм аймақтардың экономикалық белсенділігінің маңызды факторы болып табылады. Туристерге тікелей қызмет көрсететін субъектілерімен бірге, туризм халық шаруашылық-тың басқа да салаларының катализаторы болып есептеледі. Алайда туризм дамуы өз бетімен өтпеу керек. Тек жоспарланған түрде жүргізілген туристік  қызмет туристерге дұрыс демалыс жағдайын туғызып, туристік кәсіпорындарға пайда әкеле тұра, табиғи ортаның тепе-теңдігі мен тұрақтылығын сақтауы мүмкін.

Аумақтың туристік игерілуі (дамуы) дегеніміз кеңістікті туристік қозғалыс мақсатына лайықты қылу болып табылады. Аумақтың туристік игерілуіне мынадай іс-әрекеттер жатады:

- туристік-рекреациялық ресурстарды сақтап қалу және жаңа ресурстарды қалыптастыру;

- көлік қол жетерлігін қамтамасыз ету;

-  аумақты туристік инфрақұрылымның қажетті нысандарыменжабдықтау.

Осындай міндеттерді орындауға бағытталған багдарламаларды аумақтың туристік игерілуі (дамуы) бағдарламалары деп атайды. Осындай жоспарланған түрде туризмді дамытып келе жатқан елдер қатарына мынадай елдер кіреді: Франция, АҚШ, Испания, Италия, Польша, Грекия, Болгария, Тунис, Түркия, Израиль, Таиланд, Малайзия, Мексика, Куба.

Аумақтың туристік игерілу (даму) жоспарлары екі түріне бөлінеді:

-   кешенді жоспарлар (белгілі аумақтағы белгілі уақыттағы туристік құбылыстардың толық кешенін қамтиды);

-  арнайы жоспарлар - туризм дамуының нақты бір мәселелерін шешуге арналған жоспарлар (О. Рогалевский, 1974).

Табиғи жағдайы мен инфрақұрылымы туризмді дамытуға қолайлы барлық аумақтар үшін осындай жоспарлар құрастырылса дұрыс болар еді. Және де тәуелсіз еңбек болса да, олар аумақтың игерілу жо-спарларымен үйлестірілуі қажет. Аумақтың шаруашылық игерілуі жоспарлары уақыт мерзімі бойынша былай бөлінеді:

- кезеңдік жоспарлар (әдетте 5 жылға дейін);

- перспективалық жоспарлар (15-25 жыл);

- бағыттаушы жоспарлар (25 жылдан астам). Қарастырылатын аумағы бойынша:

- жергілікті;

- аймақтық (аймақ немесе оның бөлігі үшін);

- ұлттық (бүкіл ел аумағы үшін) жоспарлар болып топтастырылады.

Туризм елдер мен аймақтардың қоғамдық-шаруашылық өмірінде маңызды орын алады. Экономикалық функциясымен бірге әлеуметтік, білім беру, тәрбиелік, экологиялық және саяси функцияларын орындайды.

Туристік тұтыну төрт кезеңнен тұрады:

- саяхатқа дайындалу;

- туристік дестинация орнына жету;

- туристік дестинация орнында болу;

- үйіне қайту (С. Водейко, 1997).

Дайындалу кезеңі турист түратын жерінде өтеді. Туристердің шығуы әдетте өз аймағы үшін экономика жағынан пайдалы емес. Екінші (жету), үшінші және төртінші (қайту) кезеңдер туристерді қабылдайтын аймақтар үшін пайдалы. С. Водейко бесінші кезеңді (қорытынды жасау) де бөлу қажет, дейді. Бұл кезде турист өз саяха-тына баға беріп, болашақта осындай саяхатқа бару-бармауын шешеді [40].

Туристік тұтынудың осы кезеңдері шаруашылық дамуында маңызды рол ойнайды (12-кесте).

12-кесте

Туризмнің экономикалық маңызы (С. Водейко,1997)

Туристік түгыну әсерінің сферасы

Туризмнің салдарлары

1

Туристің коныстайтьш жері

- калыптасып болған қажегтіліктер құрылымындағы өзгерістер

- жоспарланған саяхатқа байланысты әртүрлі тауарлар мен қызметтерге деген жаңа сұраныстың пайда болуы

- инвестициялардың пайда болуы немесе тауарлар мен қызметтерді өндіру

- жергілікті туристік шаруашылықтың ыдырауы

- баратын жерінде туристік өнімді сатып алуға              

- жоспарланған акшанын ағып кетуі

2

Көлік

- көлік инфрақұрылымының дамуы нәтижесінде жұмыс орындарының пайда болуы

- саяхатшыларға қызмет көрсетумен байланысты жұмыс орындарының пайда болуы

- көлік қызметі үхынысы үшін түсетін акша

- туристерге арналған көлік инфрақұрылымының дамуына байланысты басқа секторлардың өркендеуі

3

Туристің уақытша болатын жері

- туристер келуі нәтижесінде ақшаның келіп түсуі

- жергілікті қауымдастықтың кәсіби белсенділігінің жандануы

- туристер болатын жерлердегі сұраныстың өсуі

- жергілікті халық табысының өсуі

- туристерді қабылдайтын аймақтардың шаруашылық дамуы

- қатты инфляциялық қысымның мүмкін болуы (маусымдық сұраныстың күрт өсуіне сәйкесұсыныстың болмағаны жағдайында)

- еңбек тосқауылы (қажетті біліктілігі бар мамандар-дың немесе кейбір мамандар топтарының болмауы)

Көптеген ауылды жерлер үшін тек қана туризм әлеуметтік-экономикалық жағдайын түзей алатын күшке айналуы мүмкін. Мұны географиялық әдебиетте «агротуризм» деп атаған.

Еуропаның көптеген аймақтарында, әсіресе таулы жерлерде тұрғындары жер аударылып кеткен шаруашылықтарды қала тұрғындарының пайдалануына беріп, жергілікті билік органдары

осы өлкелердің өмірін жандандырғысы келеді. Осының нәтиже-сінде жергілікті шаруашылық құрылымы өзгере бастайды, мұнда (әсіресе жазды күні) тауар өткізу нарығы пайда болады. Югослав зерттеушілерінің мәліметтері бойынша әрбір 100 мың туристік түнеулерді қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылық өнімінің 33 вагоны қажетті. Италияның кейбір аудандарында фермерлер туристер мен туристік ұйымдарга көкөніс пен жемістің жылдық өнімінің 20%, сүт пен ет өнімдерінің 30-40% сататын көрінеді.

Жерді ауыл шаруашылық және туризммен пайдаланудың эконо-микалық тиімділігі есебін жасау мәселесі өзекті мәселеге айналып түр. ¥лыбританияда өткізілген осындай зерттеулер кейбір аумақтарда туристік іс-әрекет ауыл шаруашылығынан әлдеқайда көп табыс әкелетіндігін көрсетті.

Туризм ауыл халқына ең алдымен туристерге тамақ өнімдерін сату мен түнеу орындарын беру арқылы жаксы табыс әкелуі мүмкін. Под-галье (Польша) ауданында өткізілген зерттеулер осы туристік аймақта халықтың туризмнен түсетін табысы жалпы табыстардың 30%, кейде тіпті 40-50% құрайтынын көрсетті.

Көптеген елдерде түнеу орындарын ұсыну ауыл тұрғында-рының бюджетінде өте маңызды орын алады. Мысалға, Австрияда туристің 1 түнеу орнынан түскен табыс ауыл шаруашылық жерінің 1 гектарынан түсетін табысына тең екен.

Туристер дің келуі және олардың ақша шығыны ауыл тұрғынд ардың өмір деңгейін көтереді. Осы себептен кейбір елдер мен аудандарда ауыл жерлерінде тұрғын үйлердің құрылысы мен үйлерді жалға беру қарқынды дамуда. Туристерді қабылдауға арналған ауыл жерлеріндегі тұрғын үйлердің құрылысы жақсы жабдықталуымен сипатталады, ал туристерге жалға берілетін пэтерлерді жыл он екі ай пайдалануға болады. Жаңа тұрғын үйлер (кейде бірнеше қабатты) құрылысымен бірге ескі үйлер де жаңартылады.

Туризм территориялық ақша баланс құрылымының кірісі мен шығысына да үлкен әсерн тигізеді, оны рекреациялық аудандар өз пайдасына шешеді.

Сөйтіп, туризмнің аумақтық бірліктерінің экономикасына тигізетін әсер ең алдымен туристік сұраныс пен ұсынысқа байланысты. Сұраныс пен ұсыныс көлемі ең алдымен әлеуметтік-экономикалық шарттарға тәуелді.

Қайталау сұрақтары

1.  ЮНВТО қабылдаган Г. Гуибжато мен Г. Ваккерманның тұжырымдамалық (концептуалдың) моделі жөнінде айтып беріңіз. Туристік ңызметтің субъектілері мен объектілері кім болады?

2.  Туризм индустриясының туристік өнім өндірушісі ретіндегі магынасы туралы айтып берініз,.

3.  Туристік кәсіпорын мен туристік ұйым деген не? Туроператор мен турагент деген кімдер?

4. Аумақтың туристік игерілуі (дамуы) деген не?

5. С. Водейко бойынша туристік гщіпыну кезеңдері қандай болады?

6.  С. Водейко бойынша туризмнің эконономикалықмаңызы неде болады?

§ 2 Туристік сұраныс пен туристік ұсыныс

Туризм тауарлар мен қызметтердің үлкен кешенін және халық-тың кең ауқымын қамтитын тұтыну сұранысының жаңа формасын туғызды.

Туристік-рекреациялық миграция адамдардың демалыс пен сая-хат жасау қажеттілігінің көрсеткіші, ол материалдық-тұрмыстық жәнемәдени-танымдық қажеттерді қанағаттандыруға мүмкіндік беретін әртүрлі қызметтер мен тауарларға деген сұраныс түрінде байқалады. Қызмет көрсету кешеніне көлік, орналастыру, тамақтандыру және сауда кәсіпорындарының қызметі, мұражайлар мен мәдени-ағарту мекемелерінің, көңіл көтеру, спорттық, емдеу және т. б. мекемелерінің қызметі кіреді. Туристік қызмет көрсетуге сонымен қатар табиғи-климаттық жәнеәлеуметтік-экономикалық ресурстарды ұсыну ісі кіреді.

Туризмді нарық жүйесі ретінде түсіну үшін «туристік сұраныс» ұғымын дұрыс түсіну қажет. «Туристік ұсыныс» ұғымымен бірге бұл бастапкы экономикалық категория туристік шаруашылық мәселелері мен оның жұмысын түсіну үшін өте маңызды.

Әлемдегі мәдениеттер мен табиғаттың әртүрлілігін танып білу қүмарлығы адамдарды саяхат жасауға итермелейді. Алайда олардың мүмкіншіліктері шектелгендігінен мүны толығымен іске асыру мүмкін емес. Адамдар өз қалтасына қарап осы шеңбердегі ең үтымды нұсқаларды іздестіреді. Сондықтан сапарға шығудың алдыңда турист өз тұтгну талдауын жасауға мәжбүр болады. Белгілі бір жерде белгілі уақытта тұтгнушылар сатып алғысы келетін және оған қабілетіжететін туристік тауарлар мен қызметтердің көлемін туристік сұраныс немесе туристік тұтыну деп атаймыз.

Тұтгну сұранысының категориясы ретінде туристік сұраныс туристердің әртүрлі қажеттіліктерін қанагаттандыра алатын заттық (тұтгну заттары) және заттық емес (қызметтер) тұтгну құндылықтарының тұтас жиынтыгын қамтиды. Туристің қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған тұтыну құндылықтарының жиынтығы «туристік өнім» деп аталады.

Туристік сұраныс әлеуметтік жәнебұқаралық категория болып табылады, оған динамизм, әралуан түрлерінің болуы, кешендік, икемділік, бірқалыпты болмауы және басқа да қасиеттер тән. Туристік сұраныс көптеген объективті және субъективті факторлар әсернен туындайды (15-сурет). Бүкіл әлемдегі туризм дамуы-на ең алдымен демографиялық, табиғи-географиялық, әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық факторлар әсеретеді. Сонымен қатар, тұтгнушылардың (туристердің) талгамдарын, ұлттық салт-дәстүрлерін, сән, престиж және т. б. біріктіретін субъективті факторлар тобын атау қажет [39].

Туристік сұраныс қоғамның дамуымен бірге өзгерістерге ұшырайды: кейбір туристік қажеттіліктер жоққа шығады, кейбіреулері өзгереді, жаңалары пайда болады. Олардың саны үнемі өседі, ал қажеттіліктерінің өзі бұрынғыга қараганда жоғары болады. Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін ғылыми-техникалық про-греске, халықтың саяси, экономикалық жәнеәлеуметтік өміріндегі өзгерістерге байланысты туристік сұраныстың сандық және сапалық терең өзгерістері байқалуда. Олардың көзге түсетін бір ерекшелігі -туризмнің бұқаралық сипаты.

Туристік сұраныс динамикасы қоғамдағысаяси жәнеэкономикалық үрдістерге байланысты. Жалпы айтқанда туристік қозғалыс жылдам дамып келе жатыр, бірақ туристік қызметтің тұтгну үрдісі бірде жылдам, бірде баяу өтеді. Саяси тұрақсыздық немесе кейбір елдердегі немесе аудандардағы экономикалық конъюнктураның нашарлауы халықаралық және ішкі туризм көрсеткіштерін төмендетеді, ал керісінше, саяси жәнеэкономикалық жағдай түзелсе туризм өркендей бастайды.

Саяхат жасаған кезде турист қызметтердің жалпы, арнайы туристік және қосалқы түрлерін тұтынатынын түсіну қажет. Ең алдымен турист

баспананы, тамақты және көлікті қажет етеді. Бұл жағынан туристің жергілікті тұрғыннан айырмашылығы шамалы.

Сұраныстың екінші бөлігі, туристік сұраныстың дәл өзі, саяхат жасау түрткілеріне байланысты және өзіне тән сипаттамаларына ие: рекреациялық (демалу, көңіл көтеру, танымдық, әсер алу мақсатында), іскерлік (кәсіби қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында), көңіл көтеру, ойын-сауық, емделу, демалу, кәсіби не діни қажеттіліктерін қанағаттандыру сияқты саяхат жасау түрткілері бір-бірімен шиеленісіп тиесілі қызметке деген сұранысты тудыруы мүмкін. Мысалға, симпозиум, конференция сияқты мэжілістерге келген адамдар үшін басқа да қосалқы қызметтер қажет. Олар өз жұмысын орындауымен бірге жергілікті қызықтыратын табиғи жерлерді, мұражайларды, ескерткіштерді көріп шығады, театрларға, концерттерге барады және т.с.с. Кейбір жағдайларда қосымша қызметтерден түсетін табыс конгрестік туризмінен түсетін табыстың жартысына дейін жетеді. Туристік сұраныс әртүрлілігі мен кешенділігіне орай біріктірілген туристік қызмет - «туристік тур» ұсынысы пайда болады.

Туристік сұраныс көптеген факторларға тәуелді, олардың ішіндегі ең бастылары: тұтынушының (туристің) табысы; оның бос уақыт ұзақтығы, тауарлар мен кьізметтер бағасы, туристік қызметтер саны мен сапасы және т.б. Сондықтан факторлардың өзгерісіне орай туристік сұраныс та біресе өседі, біресе төмендейді. Мысалға, ақылы жүйелі демалыстың енгізілуімен және еңбекакының өсуімен бірге туристік қызметтер мен тауарлардың тұтынуы да өседі. Немесе, Шарджа Әмірлігінде 80-ші жылдарының соңында спирт ішімдіктерді тұтынуға тыйым салу нәтижесінде осы елдің туристік индустриясы Батыс Еуропа мен Американың көптеген клиенттерінен айырылып калған.

Сөйтіп, туристік сү-раныс икемділік қасиетіне ие деп айтсақ та болады: тұтынушының табысы, туристік тур бағасы, сапасы немесе қол жетерлігі, саяси, экономикалық, экологиялық және басқа жағдайлар өзгерсе туристік қызметтер тұтынуының құрылымы өте жылдам өзгеруіне қабілетті.

Туристік сұраныс маусымдық қасиетіне ие: жылдың белгілі бір мезгілінде шыңына жетіп, басқа мезгілдерде құлайды. Туристік белсенделіктің шыңдары, маусымаралық мезгілі және өлі маусымы болады. Өлі маусым кезінде туристік ағымдар өзен суы сияқты «тартылып» қалады да өзінің төменгі шегіне жетеді (3-4%).

Қоңыржай климат белдеуі елдерінде негізгі туристік маусымдар мынадай: жазғы маусым (шілде-тамыз) немесе шың маусым («сезон-пик»), қысқы маусым (қаңтар-наурыз), маусымаралық мезгіл (сәуір-маусым айлары, қыркүйек) және «өлі маусым» (қазан-желтоқсан). Статистикалық мәліметтер бойынша екі жазғы ай ішінде туристік сапарға Батыс Еуропа халқының жартысы аттанады.

Туристік сү-раныстың өзгеріп тұру факторлары:

-  климаттық және мотивациялық (түрткі) фактор: жұрт жазды күні демалған дұрыс деп ойлау әдеті;

- экономикалық фактор - Батыс елдерінде шілде-тамыз айларында (еңбек өнімділігі ең томен болатын айлар) көптеген кәсіпорындар профилактика жұмыстарын жүргізіп өндірісті тоқтататын әдеті бар;

- әлеуметтік фактор - ата-аналар өз демалысын мектеп каникулдарымен үйлестіріп балаларымен бірге демалғысы келеді;

- «сән» факторы - белгілі жыл мезгілінде сән болып есептелетінкурортқа бару құмарлығы.

Туризмнің маусымдық сипаты туризм экономикасына кері әсертигізеді, оның нәтижесінде көлік жыл бойы бір қалыгшен істей алмайды, тағы бір салдары - әртүрлі әлеуметтік проблемалар. Осындай жағымсыз әсерді төмеңцету үшін үкіметтер арнайы ұйымдастырушылық және экономикалық шаралар кешендерін қолданады.

Туристік сұраныстың кеңістіктегі шоғырлануы туристік ағымдар географиясында көрініс табады. Бұл ағымдарды іске асырылған туристік сұраныс деп айтуға болады. Туризмнің кез келген түрі өз бағыты мен кеңістіктегі таралуымен сипатталатын өз туристік ағымдарын қалыптастырады.

Туристік сұранысқа туристердің қажеттерін қанағаттандыра ала-тын оған сәйкес туристік үхыныс болуы қажет. Ұсыныс жетіспейтін жағдайда, сұраныс болған кезде де туристік функция орындала алмайды. Туристік сұраныс өте шамалы немесе тіпті жоқ болған кезде де, егер туристік үхыныс бар болып тұрса, ауданның автоматты түрде туристік сипаты пайда болады. Сондықтан туристік үхынысқа сондай зор маңыз беріледі. Және де туристік ұсыныс туристік сұраныстан озып түруы керек - бұл әлеуметтік-экономикалық және табиғат қорғау жағынан да өте пайдалы.

Туристік ұсыныс дегеніміз кұндылықтар мен ұсынылатын және көрсетілетін қызметтер жиынтығы болып табылады (16-сурет).

Туристік ұсыныстың тағы бір анықтамасы: «белгілі бағамен белгілі уақыт кезеңінде сатуға ұсынылған туристік өнім мөлшері» (С. Водейко, 1997). Ал Я. Варшиньска мен А.Яцковский (1978) туристік ұсынысты «туристік нарықта қол жетерлік туристік тауарлар мен қызметтердің жалпы көлемі», деп түсінеді. Туристік ұсыныс ең алдымен екі негізгі әлементтерді - туристік тауарлар мен туристік қызметтерді қамтиды. Маркетинг көзкарасынан туристік ұсыныс мазмүнын туристік өнім орындайды. Сонымен қатар турист үшін туристік өнім - бұл баратын туристік жердегі уақытын өткізудің әртүрлі мүмкіншіліктеріне сүйенетін материалдық және материалдық емес тұтгнушылық құндылықтардың пакеті.

Бұл пакетті турист белгілі төлемақыға алынған лэззаттану ретінде қабылдайды (В. Мидлтон, 1996).

Жалпы туристік өнім ретінде түсінілетін туристік ұсыныс фактор-лары мынадай:

- баратын жерінің қасиеттері мен ортасы;

- баратын жерінің инфрақұрылымы мен қызмет корсету сапасы;

- баратын жерінің көліктік қол жетерлігі;

-тұтынушы төлейтін бағасы [41].

Туристік ұсыныс бірінші қатардағы және екінші қатардағы ұсыныстар жиынтығы ретінде көрсетілуі мүмкін (В.Гаворецкий, 1997). Біріншісіне:

- табиғи орта (табиғи туристік-рекреациялық ресурстар, мысалы, теңіздер, көлдер, таулар, ормандар және т. б.);

- антропогендік орта (әлеуметтік-экономикалық туристік-рекреациялық ресурстар, мысалы, тарихи ескерткіштер);

- қоғамдық-мәдени қүндылықтар (салт-дәстүрлер, тіл, қонақжайлылық, техникалық жетістіктер және т. б.);

- жалпы инфрақұрылым нысандары (көлік, коммуналдық шаруашылық) кіреді.

Екінші қатардағы ұсынысқа туристік инфрақұрылым нысандары мен жабдықтары, мысалы: қонақ үй мен мейрамхана шаруашылығы, демалыс пен спорт жабдықтары, саяхаттарды ұйымдастырудағы делдалдық қызмет - жатады.

Туристік құндылықтар тобына туристік қасиеттерді қамтитын негізгі қүндылықтар және туристер қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ұйымдастырылған қосымша құндылықтар (туристік инфрақұрылым) кіреді. Кейде туристік құндылықтар жиынтығын туристік аймақ пен елдің байлығы (игілігі) деп те атайды.

Туристік ұсыныстың тағы бір негізгі әлементі - туристік инфра-құрылымның бөлек буындарының туристерге көрсететін қызметтері. Олар негізгі, қосымша және крсалқы қызметтер болып бөлінеді. Негізгі туристік қызметтерге туристің саяхат жасау үшін міндетті қызметтер жатады - көлік, орналастыру, тамақтандыру. Қосымша қызметтер негізгі туристік құндылықтар арқылы осы құндылықтар орналасқан жерінде көрсетіледі-экскурсиялық, сауықтыру, спорттық, мәдени-көңіл көтеру қызметтері.

Туристік ұсыныс үш негізгі әлементтерге: 1) туристік қасиеттерге; 2) көлік базасы мен оған байланысты қол жетерлігіне; 3) туристік шаруашылығына тәуелді. Ал осы әлементтерінің дәрежесі табиғи орта мен әлеуметтік-экономикалық факторларға байланысты. Туристік ұсыныс ұғымы туризм географиясында жиі қолданылатын туристік аттрактивтілік (тартымдылық) түсінігіне өте жақын.

Туристік қажеттілік қоғамдық-экономикалық шарттары мен өндіріс күштері дамуының белгілі деңгейінде пайда болып қалып-асады. Ол үшін ұлттық табыс көрсеткіші жеткілікті болуы қажет. Туризмге жұмсалатын қаражат көлемі қоғам байлығы белгілі бір жоғары деңгейге жеткенде ғана ойдағыдай үлкен болуы мүмкін.

Қайталау сұрақтары

1.  Туристік сұраныща әсерететін факторларды атап шығыңыз және оларга сипаттама беріңіз.

2.  Туристік сұраныстың әлеуметтік окәне цогамдыңкатегория ретіндегі си-паттамаларын атап беріңіз.

3.  Туристік сұраныс аньщтамасын беріңіз.

4.  Туристік ұсыныс аньщтамасын беріңіз. С. Водейко, Я. Варшиньска мен А. Яцковский анықтамаларын айтып берініз.

5.   Туристік қызметте туристік сұраныс пен туристік ұсыныс қалай өзара әрекеттеседі?

§ 3 Туристік шаруашылық

Туристердің келуінен шаруашылыққа түсетін пайдасы ерте заманнан байқалған. Солай болса да, тек XIX жүзжылдықтан бастап туризм көптеген аймақтың экономикасына елеулі әсерн тигізе ба стады (мысалы, Жерорта жәнеҚара теңіз жағалаулары, Альпі, Карпат, Судет тауларының кейбір аудандары). Туристерге көрсетілетін қызметтен түсетін табыстың өсуіне байланысты, кейбір елдер мен аймақтарда XX ғасырдан бастап туристерге көрсетілетін қызмет саласын «туристік индустрия» деп атай бастады. Оньщ себебі - туризмнің шаруашылықтағы рөлін дамыған өнеркәсіппен салыстыруға әбден болады. Туристердің қажеттерін қанағаттандыру үшін туризм аудандарын шаруашылық жағынан игеру қажет.

Туристік шаруашылық дегеніміз әртүрлі бөлімдердің белгілі бір кешені, олардың құрылуы және дамуы туристердің келуі және тұруымен байланысты. Туристік шаруашылық бірін-бірі толықтырып тұратын салалардан қалыптасқан, туристердің сұранысын біріккен бір кешенде ғана өтей алады.

Туристік шаруашылық ұғымының анықтамаларымен әр кезде О. Рогалевский (1974), Я. Варшиньска, А. Яцковский (1978), К. Наумович (1990) сияқты поляк ғалымдары айналысқан. Олардың анықтамасы мынадай: «туристік шаруашылық дегеніміз туристік ресурстары бар аумақты туристік қозғалыс қатысушыларының пайдалануы үшін бейімдеу процесі». Осы үрдістің нәтижесі - туристік техникалық әлеует құрамына кіретін жабдықтар жиынтығының пайда болуы.

Туристік сұраныстың негізгі әлементтерінің бірі ретінде туристік шаруашылық аумақтық жүйеге және туристік қозғалыс ауқымына үлкен әсеретеді. Жылдан жылға өсіп келе жатқан сұраныс, демалыс түрлерінің одан әрі жіктелуі, туристердің әлеуметтік құрылымының өзгеруі нәтижесінде туристік шаруашылық құрылымы және геогра-фиясы жағынан да өзгерістерге үнемі ұшырауда.

Туристік шаруаінылық - бұл туристік ресурстардың, материалдық өндіріс сферасында өндірілетін тауарлардың, туристік ресурстарды тұтгнуға мүмкіндік беретін қызметтердің жиынтығы, яғни туристік өнімнің өндірісі, таратылуы жәнетұтгнуы. Туристік шаруашылық нарық жүйесінде (техникалық қондырғылар, кәсіпорындарының, кооперативтердің,институттардың,мекемелердіңқызметі)адамдардың туристік (рекреациялық) қажеттіліктерін қанағаттандырады.

Туристік шаруашылық экономикалық әлементтерді мемлекеттің әлеуметтік-саяси мақсаттарымен: тәрбиемен, рекреация және спортпен, ағартумен, денсаулық сақтаумен, адам күйін қалпына келтірумен,оның бос уақытын пайдалануымен, өлкетанумен, демалысымен, қоршаған ортаны қорғаумен байланыстырады (А. Корнак, 1998).

Туристік шаруашылықтың басты мақсаты - адамның жұмыспен оқудан бос уақытындағы қажеттіліктерін қанағаттандыру болады. Туристік шаруашылық туристік сұранысты қанағаттандырады.

Қорыта айтсақ, туристік шаруашылық - бұл адамның туристік тауарлар мен қызметтерге деген артып келе жатқан қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында тікелей немесе жанама түрде дамитын әртүрлі шаруашылық және қоғамдық функциялардың кешені (В. Гаворецкий, 1997).

Түнеу базасының, көліктің, тамақтандыру базасының рөлі өте маңызды, оларсыз, карастырылған ауданның туристік тартымдылығы қандай да жоғары болса да, бұқаралық туризмнің дамуы мүмкін емес. Туристік тартымдылығы жоғары болу үшін, қосалқы базасы да оған сәйкес болуы қажет.

Туристерге қызмет корсету нысандары мен жабдықтардың орна-ласуы, олардың кеңістік және функционалдық құрылымы туристік қасиеттер мен туристік келулер мақсатына да тәуелді.

Аумақтың туристік қозғалысты дамыту мүмкіншіліктерін сы-нау үшін оның табиғи жәнемәдени қасиеттерімен бірге туристік шаруашылық даму деңгейін де білу керек. Бұлмәселемен «туристік сыйымдылық» ұғымы да байланысты: мұнда туристік сыйымдылық дегеніміз түнеу, тамақтандыру және қосалқы базалардың сыйымдылығы, яғни туристік шаруашылық объектілерін бір мезгілде пайдалана алатын туристердің максималды саны.

Туристік шаруашылықты тура және жанама түрлеріне белуге болады. Олар өзара тығыз байланысты және жеке түрде кездеспейді [42]. Бірінші топқа туристерге ғана қызмет көрсететін мекемелер мен объектілер: турбазалар, қонақ үйлер, кемпингтер, приюттар (паналар), арнайы жоддар мен көлік орталықтары және т. б. жатады. Олар, атап айтканда - туристік объектілер. Екінніі топқа туристерге арналмаған мекемелер мен объектілер жатады, бірақ та оларды туристер анда-санда ғана пайдаланады. Оған жататындар: жалпы мемлекеттік жолдар, көлік пен коммуникация, мейрамхана желілері, дүкендер, тұрмыстық және мәдениет мекемелері. Мұндай кешендердің барлығы атқаратын ісіне қарай төрт базаларға: түнеу (орналастыру), тамақтандыру, коммуникациялық және қосалқы (17-сурет) базаларға жіктелген.

Мекемелер мен нысандарды туристік шаруашылықтың белгілі бір тобына жатқызған кезде өндірілетін тауар немесе қызметтің физикалыққасиеттері ескерілмейді. Бір нысан туристердің пайдалану деңгейіне қарай тікелей әлде крсалқы туристік шаруашылық тобына жата беруі мүмкін [42]. Теориялық жағынан тікелей және қосалқы туристік шаруашылыққұрылымы мен құрамы ауданның нақты жағдайына тәуелді болады. Дегенмен тәжірибелік мақсатта, әсіресе нысандар құрылысы мен жаңартуын жасайтын шаруашылық қызметкерлері үшін осындай, туристік шаруашылықтың бір түрін екіншісінен айыруға мүмкіндік беретін қарапайым жіктелу қажет болады.

Қандай да саяхат болмасын, ол туристерді орналастырудан бас-талады. Туристерге ұсынылатын қызметтердің ішіндегі бастысы -түнейтін орынды дайындау. Оған кіретіндер: қонақ үйлері, пансио-наттар, жергілікті тұрғындардың үйлері, турбазалар, мотельдер, кемпингтер, шатырлар және т. б.

Туризмдегі түнеу базасының ең ескі жәнеең жиі кездесетін түрі - қонақ үйлер. Кейінгі кезде қонақ үйлер кешендерін қалыптастыру тенденциясы байқалады. Қонақ үйлердің осындай жүйелері жұмысты басқару мен ұйымдастырудың орталықтандырылған саясатын жүргізуге, объектілерді жабдықтауга және т. б. мүмкіндік береді. Туристік қонақ үйінде мәдени-тұрмыстық қызмет корсету орындары, мейрамхана формасындағы тамақтандыру кәсіпорындары, туристік және экскурсиялық жұмыс көрсету жайлары орналасады. Әдетте туристік қонақ үй туристік маршрут жолында қала маңында немесе туристік орталықта орналасады.

Туристік база - бұлмәдени-тұрмыстық қызмет корсету орындары, тамақтандыру кәсіпорындары, туристік жұмыс болмелері бар қонақ үй тәрізді ғимарат (маусымдық немесе жыл бойы істейтін). Туристік база туристік маршрут жолында орналасады және демалушылар үшін туристік саяхаттар мен экскурсияларды ұйымдастырады.

Пансионат - туристердің демалысына арналғанжәнекурорттық аудандар мен кала маңының демалыс зоналарында орналасқан конақ үй тәрізді сауықтыру мекемесі.

Приют (баспана) - туристерді қысқа мерзімге орналастыруға арналғантамақ пісіру орны бар маршрутта демалыс жасайтын қарапайым демалыс орны. Осындай баспана туристік база филиалы болып есептеледі.

Мотель - автотуристерге арналған туристік қонақ үй. Мотельде автотұрақ орны және автомобильдік техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жайлары болады.

Кемпинг - автотуристерге маусымдық қызмет көрсету кешені. Онда қарапайым орналастыру орындары, автотұрақ, тамақ дайындауга арналған ошақтар немесе қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары болады.

Халықаралықжәне ішкі туризм дамуымен бірге орналастырудың арзан орындары - кемпинг сұранысы өсуде. Кемпинг күрьілысы үлкен қаражат салымын қажет етпейді және өте жылдам салынады. Сондықтан олардың болашағы зор деп айтсақ қате болмас. 60-80-ші жылдары кемпинг құрылысы өте қарқынды түрде іске асырылған.

Орналастырудың негізгі құралдарына жататын қонақ үйлер, пансионаттар және мотельдермен бірге туризм индустриясына орналастырудың көптеген қосымша құралдары да: жастар турбаза-лары, жанүя демалысына арналған рекреациялық орталықтары, тау лашықтары, санаторийлер мен демалыс үйлері, сонымен қатар, жалға берілетін пэтерлер, дачалардағы үйлер, фермалар және т. б. жатады. Қосымша орналастыру құралдарындағы түнеу орындарының саны жылдан жылға өсуде. Кейде орналастырудың негізгі және қосымша орындарының арасында айырмашылықты табу қиын, себебі жалға берілетін пәтерлердегі қызмет көрсету деңгейі қонақ үйлердікінен ешқандай кем емес. Сондықтан ЮНВТО ұсынысы бойынша қосымша орналастыру орындарына қонақ үйлер, пансионаттар мен мотельдерден басқаларының барлығы жатады.

Туризмде «екінші пәтерлер» рөлі 50-ші жылдардан бері жылдам өсуде.

Туристерді орналастырудың әзірше кең тарамаған, бірақ болашақтағы перспективасы өте жоғары формасы - балықшы-лар мен аңшылар үйлері болып табылады.

Енді ұйымдастырылмаған туризм туралы айтқан жөн болар. Даңғыл жолдардың (әуе,темір жол, кеме байланысы және т.с.с.) соңғы аялдамаларында қажетті азық-түлік сатып алуға, құрал-жабдықтарды жалдауға, кеңес алуға болатын базалар болса, көптеген «жабайы» туристер олардың қызметін пайдаланар еді. Өз еркімен саяхат жасайтын туристер - саны ең үлкен туристер тобы болғандықтан, оларға ең қарапайым қызмет көрсету мәселелерін шешу дегеніміз өзекті міндетболып табылады. Жәнеол үшін үлкен қаражаттың қажеті жоқ, ал жұмсалған ақша өзін жылдам өтейді.

Қандай да болсын саяхат ең алдымен туристерді орналастыру-дан басталады. Туристік база, кемпинг, қонақ үй белгілі уақытқа туристердщ нағыз паналайтын үйі, демалыс орны болады, сондықтан ол көркемді, жайлы, жақсы салынған болуы қажет және туристерге ұнауы керек.

Туристерді орналастыру әлеуетінің ең жиі қолданылатын көр-сеткіші - елдің (аймақтың) 1000 тұрғынына есептелген қонақ үй базасының көлемі болады. Аймақтар арасында бұл көрсеткіштің айырмашылықтары үлкен.

Туристердің азық-түлік пен сусындарға деген сұранысын қана-ғаттандырудың да зор маңызы бар. Жалпы тамақтандыру туристік қонақ үйлері жанындағы мейрамханаларда, кафеде немесе басқа да қоғамдық тамақтану мекемелерінде ұйымдастырылады. Туристерді талондар мен жолдамалар бойынша тамақтандырумен бірге бұлкәсіпорындар тауарларын бөлшектеп те сатады жәнеосындай сату үлесі бөлшектеп сату тауар айналымының 50%-ын құрайды.

Туристік орталықтарда қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастырудың жабық, ашық және аралас түрлерін айырған жөн.

Тамақтандырудың жабық түрі ұйымдастырылған демалыс мекемелері үшін қажет. Демалушылар белгілі бір жерде накты бір уақытта тамақтанады. Уақыты аяқталмай кетіп калған, кешігіп қалған немесе келмеген жағдайда туриске ақшасын қайтармайды.

Тамақтанудың ашық түрі өз бетімен жүрген туристерге, жергілікті тұрғындарға арналған, сондай-ақ ұйымдасқан демалушылар да ақшаға сатып алып тамақтана алады. Кейде жергілікті саяхат бюрола-ры берген арнайы талон арқылы төлеуге де болады.

Қоғамдық тамақтанудың аралас түрінде ұйымдасқан демалушыларға арнайы орындарда белгілі бір уақытта тамақтандыру қызметі көрсетіледі, ал басқа уақыттарда келушілердің барлығы ас мәзірі бойынша тамақтана бере алады. Тамақтанудың аралас түрі деп ұйымдасқан демалушылардың талон арқылы крғамдық тамақтану мекемелерінде тамақтануын айтады.

Демалушылар тамақтанудың екі түрлерімен қанағаттанады: біріншісі - міндетті, яғни рекреациялық іс-әрекет үшін жеткілікті жігер   (калория)   беретін   тамақ,   екіншісі   -   әуесқойлық,   яғнитуристердің жергілікті тағамдарға қызығушылық көрсетуі. Бұл қызмет көрсетудің маңызды әлементі, туристердің есінде сақталатын нәрсе және бос уақытын мәдени түрде өткізу формасы. Туристерді тартатын кәсіпорындар формасының бірі - этнографиялық мейрамханалар мен кафелер болып табылады. Мұнда ұлттықәлементтер интерьерде, даяшылар ісиімінде, оркестр репертуарында және ең алдымен ас мәзірінде көрініс алады.

Мейрамханалар интерьері, ас мәзірі бойынша және мақсатына карай да бөлінеді. Біреуіне тамақ ішіп рахаттану үшін, екіншісіне көңіл көтеру, билеу үшін, тағы біреулеріне қызықтыратын эстрадалық бағдарлама көру үшін барады. Осыған орай мейрамханалар мен кафелер де мамандандырылуы мүмкін. Сонымен бірге олар жастардың, орта жастағы адамдардың, қарттардың талғамдары мен сұраныстарын ескеруі керек.

Туризмнің дамуымен бірге мейрамхана бизнесі де жетілдіруде. Соңғы онжылдықтар ішінде неше түрлі автоматтандырылған қон-дырғылар, жаңа ақпарат технологиялар енгізілді. Саланың өзгеру факторлары мынадай: инфляция, еңбекақының үнемі өсуі, білікті еңбек күшінің жетіспеуі, жаңа кәсіпорындардың үлкен капитал салы-мын қажет етуі, диетология мен инженериядағы жаңа жетістіктер.

Қазіргі кезде Батыс Еуропа мен Солтүстік Америкада қоғамдық тамақтандырудың бес жүйесі қолданылады:

1) қоғамдық тамақтандырудың дәстүрлі, үйренішті жүйесі;

2) жартылай дәстүрлі жүйесі;

3) дайын тағамдарды қолданатын жүйе;

4) дайын тағамдарды осы тағамдарды сататын кәсіпорындар үшін орталықтандырылған түрде даярлау;

5)  толығымен дайын тағамдар арқылы тамақтандыру (жылдам аспаздық) жүйесі.

Дәстүрлі жүйеде тағамдар бір жерде даярланып дәл сол кәсіпорынның өзінде уақыт өтпей тұтынылатын болса, қалған төрт жүйеде даярлау мен тұтгну арасында біршама уақыт (бір аптадан бір айға дейін) өтіп кетеді.

Қонақ үй шаруашылығы үшін қонақ үйлерді пайдалану дәрежесі өте маңызды. Туристік кәсіпорындарын пайдалану коэффициент! олардың орналасқан аймағына байланысты. Туризм индустриясының кәсіпорындарына   жұмсалған   капитал   салымдарының   тиімділігі  олардың жұмысының маусымдық сипатына байланысты әлдеқайда төмендейді. Сондықтан осы фактордың әсерін төмендету, жұмыс мезгілін ұзарту әрекеттері жасалады. Соңғы жылдары қысты күні де-малатындар саны өсіп келе жатыр. Туристік қозғалыстың маусымдық сипатының әсерн төмендету үшін тиісті жарнама, шың маусымы-нан тыс уақытта демалушыларға жеңілдіктерді ұсынатын бағалар саясаты сияқты шаралар қолданылады. Сонымен қатар, топтармен, жанүяларымен саяхат жасайтын туристерге де жеңілдіктер жасалады; мұндай жағдайда туристердің жалпы саны көбейеді.

Өлі маусым болмауына жеңілдетілген тарифтер мен қызмет корсету бағалары (жеңілдік 20-30%) және жазды күндегі туристердің қыруар топтарынан кейбіреулердің аулақ болғысы келуі өз септігін тигізеді.

Қонақ үйлер жүйелерінің дамуы нәтижесінде орталықтандырылған брондау жүйесі пайда болды: қонақ үй квотасының 60-70% енді компаниялардың орталықтандырылған брондау жүйесінің қолында болып тұр. Қалған нөмірлерді қонақ үйдің өзі брондауы мүмкін. Осындай жүйе қонақ үйді өлі маусымдардағы қүлауынан қүтқарады.

Туристердің жүріп-тұруында көліктің атқаратын рөлі өте маңызды. Көліксіз туризм жоқ. Жаяу экскурсиялар мен жорықтар туралы айтсақ, оларға қатысатын туристер саны да, маршруттардың арақашықтығы да шамалы.

Турист үшін саяхат ұзақтығы, жайлылығы және бағасы өте маңызды. Көлік түрі мен туристің табысы, саяхат түрі және баратын жердің қашықтығы арасында тығыз байланыс бар.

Туризм пайдаланатын көлік түрлері географиялық орналасуына, табиғи орта шарттарына, коммуникациялар жүйесінің даму деңгейіне тәуелді. Жалпы көлік сияқты, туристік көлік жер үстіндегі көлік, су (теңіз және өзен) көлігі жәнеәуе көлігі болып жіктеледі.

Қоғамдық көлік туристің демалыс, көңіл көтеру, тамақтану орны болуы мүмкін. Осындай көлік туризмі халық демалысының сүйікті түріне айналуда. Бұл үшін ең қолайлы көлік түрі - кемелер, себебі олар-да комфорттың жоғары деңгейіне орай ең жоғары дәрежедегі қонақ үйлер деңгейіндегі демалыс шарттары орындалады. «Қозғалмалы үй» ретінде теңіз немесе өзен кемесі жасы келіп қалған туристер үшін өте тартымды болып табылады.

Темір жол көлігі кеме сияқты өте сапалы қызмет көрсете алмаса да, оньщ да өз артықшылықтары бар: темір жол кеме бара алмайтын жерге жетеді және баратын пункттер саны әдетте кеме көлігіне қарағанда көп.

Жақсы дамыған елдерде автомобиль жәнеәуетуризмі де туризмнің сүйікті түрлеріне айналды.

Сонымен қатар экскурсиялық қызметте, яғни елді мекендерді, табиғи ескерткіштерді көріп шығуда, саңырауқүлақ теру мен балық аулауға бару үшін көліктің рөлі жоғары.

Көліктің, ұйымдастырылған демалыстың түріне сәйкес, В.И. Азар (1972) туристердің келесі топтарын айырады: 1) арнайы туристік пой-ыздарда немесе кемеде саяхаттайтын туристер; 2) күнделікті пой-ыздар мен кемелерді пайдаланатын, бірақ та толық қызмет кешенін төлейтін туристер; 3) тек кана жол қүжаттарын алып өз бетімен сапар шегетін туристер.

Темір жол құралдары үнемі жетілдіруде: электр немесе жылу локомотивтері қолданылады, жолаушы пойыздардың жылдамдығы өсуде, жол жүру комфорты жоғары болып келеді. Дегенмен, темір жол көлігінің халықаралық туризмдегі үлесі, әсіресе 60-шы жылдардан бастап, үнемі төмендеуде. Бұл жағдайды түзеу үшін теміржолшылар темір жол мен көлік құралдарын жаңартады және бағасын азайтады. Сонымен катар, жолаугпыларға қызмет көрсетудің жаңа формалары ұсынылады, мысалы, туристік «жатын пойыздар».

Халықаралық туризмде көп жылдар бойы теңіз тасымалдауы басым болды. Авиацияның дамуымен бірге теңіз көлігінің маңызы азайды. Мысалы, Франциядан АҚШ-қа Солтүстік Атлантика арқылы саяхаттау 80 сағатқа созылса, үшақпен 8 сағат қана болады. Тынық мүхиттағы жағдай да осыған ұқсас. Алайда Еуропаның батыс жағалауы маңындағы, Жерорта, Кариб теңіздеріндегі және т.е.с теңіз круиздері туристердің сүйікті демалысына айналды.

Круиздік туризм 1950 жылдардың соңынан бастап қаулап дами бастады. Круизді саяхаттың алғашқы гиді болған - ағылшын жазушысы Уильям Теккерей. Круиз саяхатының негізгі формасы - теңіз жағалауы жанында жүзіп жағалауда қысқа экскурсияларды жасау. Қазіргі кезде круиздың жаңа формасы пайда болды: теңізде жүзу, содан кейін ел аумағында көліктің басқа түрлерін пайдаланып ұзақ саяхат жасау. Мысалы, Италияда тоқтаған кезде Жерортатеңіз круизіне қатысатын туристер Рим, Флоренция жәнебасқа атақты калаларды көріп шығады.

Автомобильдік қатынастардың қарқынды дамуының себебі - автомобиль өндірісінің өркендеуі және тас, асфальт жолдары торының жетілдірілуі болды. Қазіргі кезде автомобиль арқылы елдің түпкір-түпкіріне жетуге болады. Автомобиль жолдарымен бірге оған сәйкес инфрақұрылым (паркингтер, мотельдер, мейрамханалар, кафелер, жанармай және техникалық қызмет көрсету станциялары) да қарқынды дамуда.

Автосаяхаттарда караванинг (тұрғын автотіркемелер) рөлі өсуде.

Туристерді арнайы жабдықталған автобустар тасымалдауы қажет. Мұндай автобуста көп күндік саяхат жасауға болады. Олар жайлы, айналасын көруге жақсы мүмкіндігі бар, жүгін қоятын орны және жетекші-гид үшін арнайы орны болады. Жеке меншікті автомобильдегі саяхаттар (автотуризм) да кең тарады. Автотуризмнің артықшылықтары: қозғалыс қабілеті, қысқа мерзімде өте алыс жерге бару жәнекөптеген туристік және басқа да нысандарды көріп шығу мүмкіншілігі. Автотуристер уақытша түнеу орнынан тез кайтып келе алады, ал караванинг, шатыр және т.с.с. кұрал-жабдықтары болса, кез келген жерде түней алады.

Ұшақтардың тасымал қабілетінің, жайлылығының өсуімен, үлгу уақытының азаюымен бірге туризмдегі әуе қатынасының маңызы үнемі өседі. Мұндай жағдай әсіресе жылдамдығы 700-950 км/сағат реактивті ұшақтар (мысалы, ТУ-104, Боинг-707) пайда болған 50-шы жылдардан бастап байқалады. Қазір көпте-ген елдерде, әсіресе арал-дарда немесе туристік орталықтардан алыс орналасқан елдерде әуесаяхаттары басқаларға қарағанда басым. Кейбір елдерде әуекөлігінің рөлі ішкі тасымалда да жоғары. Ең алдымен олар аумағы өте үлкен (Ресей, Канада, АҚШ, Аустралия) немесе әуеқатынасы өте жақсы дамыған елдер (Франция, Ұлыбритания, ГФР).

Әуе туризмінде көлікпен бірге қонақ үй қызметі де маңызды. Ірі әуежайлар туристерді қабылдауға да, жөнелтуге де қабілетті.

Томен маусымдарда (мысалы, өлі маусымда) әуе көлігі ұйымдар мен кәсіпорындарға коммуналдық немесе көлік қонақ үйлерін пай-далатын жоспарланған чартерлік тасымал шартында екі күндік саяхат ұсынуы мүмкін. Чартер тасымалын ұйымдастырған кезде үпіақ салоны толық болса фирма өз тарифын әлдекайда төмендетуі мүмкін.

Чартерлік тасымал мақсатында үшақты жалға алудың екі түрі бар -белгілі бір уақытқа үшакты жалдау немесе белгілі күн мен уақытқарейсті жалдау.

Келешекте әуе көлігінің туристік қозғалыстағы рөлі жаңа үшақтардың пайда болуымен бірге өсетін болады.

Бүгін көліктегі ақпараттық жүйеге жаңа биік талаптар қойылады. Көлікте ақпарат пен орындарды брондау қызметтері үшін жаңа техника, автоматтық кассалар және т.с.с. енгізіледі. Билет сату мен брондау жұмысының, ақпараттық қызметтің үлкен жігі турагенттіктердіңқарамағына көшуде.

Көлікпен бірге, туристік салаға қызмет көрсететін технологиялар қонақ үйлер мен мейрамханаларды, коммуникациялық техниканы жабдықтауда қолданылады. Соңғы жылдары осындай жабдықтау әлдеқайда жаңартылды және қонақ үйлер мен мейрамханалар шаруа-шылықтарындағы жұмыс үрдістері жеңілдетілді.

Көлік, түнеу және тамақтанудан басқа да туристік қызметтердің арасында қосалқы қызметті бөліп қарастыру керек [42]. Ол өзінің мақсаты жағынан әртүрлі сипаттағы туристік мекемелер мен ұйымдарды біріктіріп, жеті топты құрайды.

Бірінші топқа жататындар - туристерге барған жердің байлықтарын көріп, тамашалауға көмегін тигізетін ғимарат құрылыстары, өйткені көбінесе туристердің келу себебі осы байлықтарды көріп, танысу. Бұл ғимараттар мен құрылыстарды күтіп, үнемі сақтау мен жөндеу жұмыстарын атқару қажет.

Қосалқы қызметгің екінші тобы - туристерге спортпен айналысуға мүмкіндік беру. Спорттық құрылыстарды салу мен оларды пайдалану ісі қаражатты қажет етеді.

Үшінші топқа туристердің көңілін көтеру қызметі кіреді. Осындай объектілер тек қана ірі туристік орталықтарда орналасады. Бұл топ нысандарының саны мен жұмысы туристердің жас мөлшері менкәсіптеріне байланысты.

Төртінші топқа туристерге тұрмыстық қызмет көрсететін мекемелер жатады.

Бесінші топқа туристік жабдықтар мен сувенирлер шығаратын, оның ішінде туристік ауданның өзінде сатылатын бұйымдарды өндіретін және кез келген жерде өткізіле беретін тауарларды жасайтын мекемелер кіреді.

Алтыншы топ - туристердің саяхатын ұйымдастыратын мекемелер мен ұйымдар, ең алдымен ақпарат желісі, яғни туристік саяхат жарнамасы. Оған аумақтың қасиеттері жәнеқызметтер бағалары жөніндегі ақпарат кіреді. Мұндай жарнамалар туристердің санын көбейтуімен бірге оларга таңдау мүмкіншілігін береді. Бұл топқа валюта айырбастау мен шетелге барғанда қажет болатын басқа да қызметтер кіреді. Алтыншы топка сонымен қатар гидтердің да қызметі кіреді. Жақсы гид - жарнаманың ең тиімді түрі деп айтуға болады.

Жетінші топты туристік қозғалысты басқаратын ұйымдар құрайды.

Қызметтердің осындай жіктелуі аймақтардағы шаруашылық іс-әрекеті үшін өте маңызды. Әдетте туристік аймақтардың индустриализациялық деңгейі томен және оларга туристер тек белгілі бір мезгілде келіп кетеді. Сондықтан жергілікті тұрғындардың еңбекпен жыл бойы қамтылуы өзекті мәселе болып табылады. Туристік маусым кезінде мұндаймәселе тұрмайды. Есесіне ма-усым аяқталған кезде жергілікті сувенирлерді, келесі маусымға дейін сақталып қалатын жергілікті туристік және спорттық құрал-жабдықтарды жасау ісі қосалқы қызметке айналуы қажет. Осындай өндіріс үлкен қаражатты қажет етпейді және осындай тауарлар күнында еңбекақының үлесі жоғары болады. Мұндай іс-әрекетке жөндеу реставрациялық және т.е.с жұмыстар жатады.

Туристік-рекреациялық қызмет көрсетуге бірінен соң бірі түзілген туристерге қызмет корсету, туристік кәсіпорындар мен туристік шаруашылық қызметкерлерін өндіріс жағынан қамтамасыздандыру бойынша технологиялық операциялары кіреді. Олай болса кәсіпорындардың барлығын үш функционалды деңгейге: ар-найы, қосымша және қосалқы (И.В. Зорин, 1974) деңгейге белуге болады.

Арнайы рекреациялық кәсіпорындар туристерге тікелей қызмет көрсетеді. Оларға орналастыру (туристік қонақ үйлер, турбазалар, пансионаттар т. б.), туристік көлік, қоғамдық тамақтандыру (мейрамханалар, кафелер), экскурсиялық қызмет (саяхаттар мен экскурсиялық бюролары) кәсіпорындары, туристік саяхаттар мен жорықтардың ұйымдастырушылық-әдістемелік және материалдық қамтамасыздану мекемелері (туризм мен экскурсиялар бойынша кеңестер, туристер клубтары) жатады.

Туристер мен қызмет көрсетушілерге қызмет көрсететін қосымша кәсіпорындар туристерге де, жергілікті тұрғындарға да қызмет көрсетеді (сауда, коммуналдық, тұрмыстық, байланыс қызметтері).

Қосалқы кәсіпорындар қатарына рекреациялық қызметті қажетті тауарлармен, туристік және спорттық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ететін, шикізат, отын, жартылай фабрикаттарды және туристік шаруашылықтағы технологиялық үрдістерді қамтамасыз ететін басқа да өнімдерді жеткізетін мекемелер кіреді.

Туристік қызмет көлемін, негізгі және қосымша қызмет көрсету тізімін кеңейту мақсатында туристік ұйымдар жалға алу келісім-шарттары негізінде жалға алынған туристік базаларды құрады, арнайы туристік тасымал үшін көлік құралдарын (пойыздар, кемелер, ұннақтар, автобустар) жалдайды. Жалға алынған туристік шаруашылықтар арнайы рекреациялық кәсіпорындар қорын кеңейтеді.

Туристік шаруашылықтың кешенді сипаты, әлеуметтік, эконо-микалық, экологиялық және саяси функцияларының маңызы оның қоғамдағы заңнамалық, нормативтік және жоспарлаулық реттелуін қажет етеді. Бұл міндеттерді мемлекеттік және салалық басқару органдары орындайды.

Қайталау сұрақтары

1. Қашан және неге туризмді «туристік өнеркәсіп» (туристік индустрия) деп атай бастаган?

2.  «Туристік шаруашылық» ұғымыныңанықтамасын беріп, оның мщсаттары мен міндеттерін атап шығыңыз.

3.   Туристік шаруашылық цұрылымы, оның тікелей және цосалцы түрлеріне бөлінуі жөнінде айтып беріңіз.

4.  Туристік шаруашылықтың түнеу базасының сипаттамасын беріңіз.

5.Туристгк шаруашылықтың тамацтандыру базасының сипаттамасын беріңіз.

6.Туристік шаруашылықтың коммуникациялық базасының сипаттамасын беріңіз.

7.Туристік шаруашылықтың цосалцы (көмекші) базасыныңсипаттамасын беріңіз.

8.  Чартер дегеніміз не?

9. И.В. Зорин бойынша туристік кәсіпорындардың үш фунщионалдың деңгейге бөлінуі жөнінде айтып беріңіз.

§ 4 Туризм индустриясы және туристік нарық

Қандай да болсын экономикалық іс-әрекет белгілі орнымен, уақытымен, технологиясымен, тауарлар мен қызметтер көлемі және түрлерімен, олардың сатылуымен сипатталады. Тауарлар мен қызметтер өндірісі адам қажеттіліктеріне, біз қарастырып тұрған жағдайда - туризм қажеттіліктеріне сәйкес болуы керек.

Туристік қызмет көрсетудің күрделі жүйесін басқа осы дәрежедегі жүйелермен бірге халық шаруашыльіғының супер-жүйесіне кіретін жүйе ретінде қарастыру керек. «Халық шаруашылық» жүйесі туристік қажеттіліктер мен төлемге қабілетті сұранысты қалыптастырады, туризм индустриясының мақсаттық бағытталуын, іс-әрекетінің қаржылық, материалдық-техникалық, еңбек, нормативтік-құқықтық қамтамасыздануын басқарады, басқа теңдес жүйелермен байланыстырады.

Алдыңда біз рекреациялық сала мен туризм индустриясы ұғымдарының қатынасын қарастырдық. Енді туризм индустриясы ұғымын тәптіштеп қарастырайық.

«Турист» энциклопедиясында (М., 1973) «туризм индустриясы» туралы мынадай анықтама берілген: бұл- материалдық-техникалық базалардың құрылуын, туристік рекреациялық ресурстарды игеру мен пайдалануын, туристік тауарлар мен қызметтерді айырбасталуы мен қолданылуын материалдық және материалдық емес сфера өнімдерінің өндірісін қамтамасыз ететін мекемелер мен ұйымдар жиынтығы.

Туризм индустриясының мекемелері мен кәсіпорындары шартты түрде үш топқа бөлінеді:

1) д емалыс орындары мен маршруттардағы туристік-экскурсиялық қызмет көрсету мекемелері (турбазалар, қонақ үйлер, санаторийлер, кемпингтер; саяхат және экскурсия бюролары; туристік-экскурсиялық тасымалдауға арналған арнайы көлік; туристерді сауықтыру, емдеу қызметтерімен, сонымен қатар сувенирлермен және басқа туристік тауарлармен қамтамасыз ететін демалу орындары мен туристік орталықтары;

2)    демалыс орнында туристерге жәнежергілікті халыққа тұрмыстық, мәдени-танымдық, сауда қызметтерін көрсететін мекемелер (жолаушылар көлігі, қонақ үйлер, ауруханалар, дүкендер, кинотеатрлар, клубтар және т. б.);

3) туризмнің материалдық-техникалық базасын құрумен пайдалануды қамтамасыз ететін өнеркәсіп мекемелері және оларға еңбек құралдарын, шикізат, жабдықтау жеткізетін кәсіпорындар, сондай-ақ туризм сферасына біліктілігі жоғары мамандарды дайындайтын мекемелер.

Ресей халықаралық туризм академиясы шығарған «Менеджмент туризма» оқу құралындағы (М., 1996) туризм индустриясының анықтамасы мынадай: «Туризм индустриясы - бұл функциялары бос уақыттағы демалыс пен көңіл көтеру түрлеріне деген әралуан және үнемі өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандыру болып табылатын салалар мен кәсіпорындар топтарынан түратын ірі дербес шаруашылық кешені».

Туризм индустриясына туризмсіз болмайтын тауарлар мен қызметтерді өндіретін кәсіпорындар кіреді:

- қонақүй кәсіпорындары;

- тамақтандыру кәсіпорындары;

- көлік кәсіпорындары;

- экскурсиялық, туристік бюролар мен агенттіктер;

- сувенирлерді шығаратын кәсіпорындар;

- туристік оқу орындары;

- ақпараттық және жарнамалық қызмет;

- туристік ғылыми-зерттеу және жобалау ұйымдары;

- туристік тауарларды өндіретін кәсіпорындар.

Сөйтіп, құрылымы жағынан туризм индустриясы туризмнің өзінің жүйесінен (сферасынан) және туристерге қызмет көрсетуге қатысы бар халық шаруашылығының басқа салаларынан (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, қызмет көрсету аясы және т. б.) тұрады.

Сонымен, туризм индустриясының жуйесіне мынадай мамандандырылған кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдар кіреді: 1) түнеу қызметін ұсынатын кәсіпорындар (қонақүйлер, мотелдер, кемпинг-тер, пансионаттар, меншікті пэтерлер мен үйлер; туристік базалар, паналар, санаторийлер, демалыс үйлері, басқа орналастыру орындары); 2) тамақтандыру кәсіпорындары (мейрамханалар, кафе, бар-лар, асханалар, аспаздық фабрикалар және т. б.); 3) көлік қызметін көрсететін мекемелер (авто-, әуекәсіпорындары, темір жол, теңіз және өзен флотының кәсіпорындары және т. б.); 4) туристік өнім әзірлеу және өткізу фирмалары (туристік бюро, экскурсиялық бюро,туристік фирмалар, туристік агенттіктер, жолдама сату бюролары); 5) жарнамалық-акпараттық туристік кәсіпорындар (жарнамалық агенттіктер, жарнамалық бюро, ақпарат агенттіктері); 6) өндірістік туристік кәсіпорындар (туристік сувенирлер фабрикалары, туристік кұрал-жабдықтар өндірісі, туристік жиһаз жасайтын фабрикалар және т. б.), 7) сауда кәсіпорындары (туристік құрал-жабдықтар дүкендері, туристік сувенирлер дүкендері, жалдау пункттері және т.с.с.); 8) туризмдегі көңіл көтеру кәсіпорындары (киноконцерт залдары, клубтар, ойын автоматтары залдары және т.б.); 9) өзіндік туризм мекемелері (туристік клубтар, альпинистік клубтар, туристік велосипед клубтары, су туризмі клубтары және т. б.); 10) туризмді басқару органдары (туризм комитеттері, басқармалары мен департаменттері, қоғамдық туристік ұйымдар мен бірлестіктер және т. б.); 11) туристік оқу орындары (жоғары және орта арнайы туристік оку орындары, біліктілікті жоғарылату мен қайта даярлау институттары, оқу курстық комбинаттар және т. б.); 12) ғылыми-зерттеу және жобалау мекемелері (ғылыми-зерттеу туристік институттары, орталықтары, зертхана-лары, жобалау институттары, туристік зерттеу полигондары және т. б.). Әрине, бұл толық тізім емес: туризм индустриясына, сонымен катар жанама түрде теңіз, өзен, әуе, қала көлігі және көліктің басқа түрлері, жол және қалалық коммуналдық қызметтер, байланыс, сауда ұйымдары, өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығының жәнетұрмыста қызмет көрсетудің басқа кәсіпорындары да кіреді.

Туризм индустриясы үш айрықша қасиеттерімен ерекшеленеді: біріншіден, туристік мекемелердің орналасуы ресурстарға бағыт-талады; екіншіден, туристік қызмет көрсетудің маусымдық қасиеті; үшіншіден инфрақұрылымының даму деңгейіне қойылатын жоғарғы дәрежедегі талаптар.

Экономиканың саласы ретінде, туризмнің өзіне тән бірқатар ерекшеліктері бар, солар арқылы туризм саласы халық шаруашылығының басқа да салаларынан ерекшеленеді. Туризм индустриясының басты айрықша ерекшелігі өндіріс пен өнімді тарату уақытының бірлестігі, яғни туристік қызметтер (турөнімдер) белгілі бір жерде өндіріледі жәнетұтгнылады (тасымалдауға уақыт кетпейді). Туризмнің екінші ерекшелігі - оның өнімдері артығынан шығарылып, қоймада сақталмайды. Сондықтан өзгеріп түратын сыйымдылығы тән өндіріс қуаттарын пайдаланған дұрыс (мысалы,турбазада өзгеріп түратын орналастыру қорын пайдалану). Туристік қызмет көрсетудің келесі бір ерекше айырмашылығы - қызмет өндіру объектісіне тұтгнушыларды тасымалдап, жеткізу. Бұл өз тұрғысында туризмнің басқа да ерекше айырмашылығымен байланысады - турист алған өнімдерді «өзімен бірге алып шығады», яғни денсаулық, көтеріңкі көңіл-күй, жаңадан толықтырылған білім және т. б.

Еңбектің географиялық бөлінісі жөнінде Н.Н. Баранский былай деп жазған: «еңбектің географиялық бөлінісінің шарты мынадай: ел-дер (аудандар) бірі үшін бірі жұмыс атқаруы қажет, еңбек өнімдері бір жерден екінші жерге жеткізілуі керек, сөйтіп, өндіріс орны мен тулыну орны арасында белгілі бір арақашықтық болуы қажет». Туризмдегі осындай алшақтау екі түрде көрініс табады: 1) тұратын жері (рекреациялық қажеттіліктердің қалыптасатын жері) мен дема-лыс (саяхат) ауданы арасындағы алшақтау; 2) туристік-рекреациялық іс-әрекет жүргізу бойынша әртүрлі аудандар арасындағы функцияларының бөлінісі.

Сонымен қатар, бір-бірінен алшақ болған тауарлар мен қызметтер бір-бірінен тәуелсіз түрде тұтынылмауы туризмдегі қызмет көрсету технологиясының ерекшелігі болып табылады. Олар туристік тұтынудың біріктірілген түрлері болып қосылады. Тұтынушының өзі осы біріктіруге уақыты мен қаражатын жүмсап, осы біріктіру процесін басқарып тұрады.

Туристік қызмет көрсету материалдық игілік пен қызметтердің та-ратылуымен, алмасуымен және тулынуымен байланысты іс-әрекеттің барлық түрлерін біріктіретін қызмет көрсету сферасына жатады.

Туристік қызмет көрсетудің түпкі мәнін түсіну үшін, туристік қызмет көрсету процесінің сипатын білу керек. Туристік қызмет корсету дегеніміз туристерге саяхат кезінде, заттар мен қызметтер сатып алған кезде әртүрлі қажеттіліктерін камтамасыз етіп, көмектесу. Бұл процестің кешенділігі және күрделілігі келесі жағдайға байланысты:

-  қызметтердің көбісі бір жерде өндіріледі және тұтынылады, сондықтан қызметтің өндірілуі материалдық емес сипатқа ие болады;

- туристерге өндірілу мен қызмет көрсетудің әралуан технология-сы бар қызметтер мен тауарлар ұсынылады;

-  туристік қызмет корсету материалдық-техникалық базасында (қонақ үйлерде, мейрамханаларда, көлікте, спорттық құрылыстарда, денсаулық сактау мекемелерінде) орындалады;

- туристерге ұсынылатын тауарлар мен қызметтер әртүрлі әрекет барысында пайда болады. Олардың кейбіреулері арнайы туристік ұйымдар мен мекемелерде, екіншілері - халық шаруашылық салаларында (көлік, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, денсаулық сактау және т. б.) іске асады;

-қызметті әртүрлі кәсіби дайындығы және білім деңгейі бар адам-дар орындайды.

Туристік қызмет корсету үрдісі тұтынудың ерекше сипатына орай қызметтерді пайдалану кезегі болатындығынан біраз уақытқа созылады. Саяхат жасаған кезде туристер көлік, қонақ үй, спорттық-көңіл көтеру мекемелерінің және т. б. қызметтерін пайдаланады, ал ол үшін уақыт қажет.

Туризмде ұсынылатын қызметтер территория бойынша бөлінеді. Туристерге көрсетілетін қызметтердің кейбіреулері тұрғылықты өмір сүретін жерлерінде атқарылады (ақпараттық, делдалдық қызмет). Басқаларын (ақпараттық, көліктік қызметтер) турист саяхат кезінде тұтынады. Үшіншісін - туристер туристік орталықтарда (орналасу, тамақтандыру, емдеу, көңіл көтеру қызметі) алады.

Туризмде әдетте сату-сатып алу акті уақыты мен орны бойынша қызмет орнына сәйкес келмейді, яғни олардың бір бөлігін бір туристік кәсіпорындары сатса, басқалары өндіреді. Бұл үдеріс үш бірлескен процестерден тұрады: оған сату-сатып алу кезіндегі, саяхат кезіндегі және туристік орындардағы қызмет корсету процестері кіреді. Осының ең болмағанда біреуі жетіспесе, туристік қызмет корсету процесін кешен ретінде қарастыруға болмайды. Сату-сатып алусыз саяхат жоқ, саяхатсыз туристерді қызықтыратын жерге жетуі болмайды. Сөйтіп, туристік қызмет корсету өндіріс, ұсыныс және тауарлар мен қызметтерді сату іс-әрекеттерін қамтиды.

Қызмет көрсетудің өзі өндіріс, ұсыныс және тауарлар мен қызметтерді сату үрдістері жүргізілетін процесс.

Қызмет корсету процесін туристерге бағыттап, шартты түрде былай бөлуге болады:

1. Қызмет пен тауарға туристің көңілін аударту.

2. Туристік өнімге туристің қызығушылығын тудыру.

3. Ұсынылып отырған тауар мен қызметтерді пайдалануға турис-тің қызығушылығын тудыру.

4. Туристік қызмет пен тауарды сатып алуға туристі еліктіру.

Туристердің барлығы үхынылатын қызметтерге бірдей қара-майды, сондықтан жоғарыда аталған кезеңдер кезегі дәл сондай бо-лып түзілмейді. Олай болса, қызмет көрсетушілер туристін қандай топқа жататынын, тауар немесе қызмет үхынған кезде қандай әдіс қолданылатынын білуі керек. Қызмет көрсетудің сэттілігі қызмет-керлердің тұлғалық касиеттеріне - біліктілігіне, мәдениетіне, өнегелі болуына, ширақтығына, белсенділігіне және т. б. байланысты.

Туризм индустриясы туристік өнім өндірушісі болып табы-лады, туризм индустриясы арқылы халықтың туристік сұ-ранысы қанағаттандырылады. Ал сұраныс болса адамдардың рекреациялық қажеттіліктері әсернен туындайды.

Қандай бір фирма болмасын, оның нарықтағы табысы шығаратын өнімдерінің тартымдылығына байланысты. Бағасы да, нарықтағы өтімділігі және жылдам таралуы да соган байланысты.

Туристік өнім құрамы жағынан үш бөлікке бөлінеді (18-сурет):

-тур;

- қосымша туристік-экскурсиялық қызметтер;

- туристік тауарлар.

-   тур дегеніміз клиентке біртұтас таратылатын және тур-оператордың еңбегімен өндірілген, белгілі бір маршрутқа және мерзімге арналған бастапқы (міндетті) туристік өнімнің бірлігі. Туроператор - туристік өнімді әзірлейтін және турларды жинақтайтын, оларды іске қосатын, туристік өнімді нарықга жарнамалайтын және итермелейтін, бағаларын тағайындайтын және турагенттерге сату үшін өткізетін туристік кәсіпорын (ұйым).

Тур екі құрылымдық бөліктен: 1) туристік пакет және 2) маршрутта көрсетілетін қызметтер кешені - тұрады.

Туристік пакетті туроператорлар үхынады, пакет құрылымы маршрутта міндетті түрде көрсетілетін қызметтерден:

- туристерді көлікпен демалыс орнына апару және алып қайту;

- трансфер;

- орналастыру және тамақтандыру;

- міндетті түрдегі экскурсиялық жәнемәдени бағдарлама -тұрады. Міндеттілік - бұл туристік өнімнің туристік пакеттен айырмашылығы. Себебі, төрт міндетті әлементтен тұратын туристік пакетті сатып алып, турист туроператордан едәуір жеңілдіктер алуы мүмкін, өйткені ол турфирманың сериялық туристік өнімін сатып алып жатыр,

сонымен қатар туристік өнімге басқа да қосымша қызметтер қосып беруге туроператордан сүрап алуға туристің күкығы бар.

Туроператор туризмде жетекші рөл атқарады, себебі ол әр түрлі қызметтерді (көлік, туристерді орналастыру, тамақтандыру, көңіл көтеру және т. б. қызметтерді) бір турпакетке жинап, турөнімді шығарады; оны турагент арқылы таратады.

Турагент - туроператордың туристік өнімін іске асыратын, турис-тік нарықта жұмыс істейтін таратушы. Турагенттің туроператордан айырмашылығы - турагент турдың сапасына жауапты емес. Өз жұмысы үшін турагент комиссиялық сыйлық, турдың жалпы баға-сынан 7-15% алып тұрады.

Туристік өнімнің туристік пакеттен айырмашылығы - туристік пакет туристік өнімнің бір бөлігі және міндетті бөлігі. Туристік өнімге бірдей талаптар қойылады, себебі бір жерде сатып алынган тур екінші жерде тұтынылады. Бұл жағдайда туроператор, турагент пен туристің талаптары мен жұмысы толыгымен үйлесуі қажет, тек сонда ғана өзара келісілген міндеттер толыгымен орындалады. Осындай келісілу келісім-шарт негізінде туристік жолдама немесе ваучер түрінде іске асырылады. Оларды туроператор толтырады, туристік жолдама немесе ваучер барлық фирма мен клиент үшін міндетті қызметтердің кепілі болатын қүжаттар. Осы күжаттың екеуінде де тур жөніндегі толық ақпарат беріледі:

- турист баратын ел (туристік орталық);

- көлік құралы;

- туристерді орналастыру шарттары;

- тамақтандыру шарттары;

- турдың басталу мен аяқталу мерзімдері;

- күндер бойынша жазылған багдарлама;

- паспорттық-визалық формалдылықтар;

- медициналық сақтандыру қүжаты;

- турға қатысушылардың ең темен (минималды) саны;

- турды жоюдың ең соңғы мерзімдері;

- турдың кешенді бағасы;

- туристің саяхатта болу мерзімінің, бағдарламасының және сапарда болу шарттарының орындалмауы үшін салынатын айыппұл;

- туроператор мен турагент атаулары мен реквизиттері. Ваучер бойынша туроператор:

- саяхатта болу бағдарламасының орындалуына;

-  жарнаманьщ және туриске берілген ақпараттың шындыққа сәйкес болуына;

- тур бағасын өз еркімен өзгертуіне;

- туристік пакет жөніндегі ақпараттың шындығына жауапты болады.

Туристік өнім әлементтері бойынша турист шығынының құрылымы мынадай:

- тур - 50%;

- қосымша туристік-экскурсиялық қызметтер - 30%;

- туристік тауарлар - 20% (18-сурет).

Қосымша туристік-экскурсиялық қызметтер дегеніміз - бұл жолдамада көрсетілмеген, бірақ, туристерге қажет болса, солардың тілегі бойынша көрсетілетін қызметтер. Бұл қызметтер жолдаманың негізгі бағасына кірмейді. Оған резервтік орындар, валюта айырбастау, туристік қызмет көрсету, жалдау, телефон, қоғамдық көлік, пошта, тауарлар сақтау орны және т. б. жатады. Қосымша қызметтерді туристер өз ақшасына бөлек сатып алады.

Туристік тауар дегеніміз туристік өнімнің арнайы бөлігі, оған туристік карталар және қаланың сұлбасы, сувенирлер, буклеттер, сондай-ақ туристің тұрғылықты елдегі дефицит немесе қымбат болатын тауарлар және т. б. жатады.

Туристік индустрияда өндірілетін туристік өнім екі әдіспен:

- барлық өндірістің шығынының толық есебінің әдісі;

- туристердің барлық шығынының, яғни туризмнен түскен табыс есебінің әдісі - бағалануы мүмкін.

Туристік қызметтер мен тауарларды үш топқа: көлік қызметі; туристердің туристік аудандарда болуына байланысты қызметтер мен тауарлар (рекреациялық ресурстар, орналастыру, тамақтандыру жәнет.б.қызметтер); бір рет көрсетілетін қызмет пен тауарлар (көңіл көтеру, спорт қызметтері, сувенирлер және т. б.) топтарына біріктіруге болады. Әрбір туристік қызметтер мен тауарлар тобы тагы да бірнеше түрлерге жіктеледі. Мысалы, көлік қызметтері көліктің түріне және комфорттылығына қарай топтастырылады.

Туристік саяхаттар тұтгнудың ерекше формаларын пайда қылады және туристің өзін ерекше тұтгнушыға айналдырады. Туристік тұтгну туристің төлем қабілетіне,  ал шығындарының көлемі туристік қызметтерге, ушының талғамына, туристік сұраныс пен ұсыныстың маусымдық сипаты мен тауарлар мен қызметтердің тұтыну ерекшеліктеріне байланысты. Туристердің шығындары көлемі мен құрылымына туристердің жасы, жынысы, үлты да әсеретеді. Туристер көлік пен тауарларды сатып алуға ең көп ақша жұмсайды: осыларға жалпы шығынының 60%, оның ішінде сатып алуға 25% кетеді.

Туристік тұтынуға туристің қызметтермен ақшаға және тегін қамтамасыз етілуі жатады. Туристік саяхаттың нағыз ерекшелігі -саяхат мақсаты (теңіз, көркем ландшафттар, саябақтар, ескерткіштер және т. б.) әдетте тікелей ақша шығынын қажет етпейді. Бірақ онымен бірге тұтгнушылық туристік құндылықтар тауарлар немесе ақылы қызметтер болып табылады. Сөйтіп, туристің қажеттіліктерін қанағаттандыру дегеніміз бір жағынан ақылы тауарлар мен қызметтерді пайдалану, екіншіден, тауар формасына өтпейтін тегін байлықтарды тұтгну болып табылады [42].

Туристік сұраныс жәнеұсыныс туризмнің экономикалық құрылымының әлементі ретінде туристік нарықты, яғни туристік қызмет пен тауарларды тарату сферасын құрайды. Туристік қызмет түрінде тауарларды тұтыну арқасында туризм өзінің басты экономикалық функциясын орындайды. Туристік қызметтерді сату ішкі және сыртқы сауданың маңызды бөлігі болып саналады. Тауар ретінде туристік қызметтер нарыкта сату-сатып алу заты болып табылады. Территориялық аспектінен қарасақ, туристік нарықты жергілікті бір жерде болатын жергілікті туристік нарыққа, елдің аумақтық бірлігіндегі аудандық (аймақтық) нарыққа, ел деңгейіндегі ұлттық нарыққа және туристік қызметінің дүниежүзілік нарығына белуге болады.

Критерий ретінде туристік қызметтердің сипатын алсақ, мынадай нарықтарды бөліп атауға болады:

- қонақүй қызметтерінің нарығы;

- мейрамхана қызметтерінің (қоғамдық тамақтандыру) нарығы;

- көлік қызметтерінің нарығы және т. б.

Саяхат мақсаты бойынша мынадай нарықтар болады:

- танымдық туризм нарыты;

- рекреациялық туризм;

- емдік туризм;

- ауыл туризмінің нарыты жәнет. б.

Алмасу затын, субъектілерін, сұраныс пен ұсынысты, нарыққа шығу шарттарын сипаттап, нарықтың кез келген түрін суреттеуге болады. Туристік нарықтың осындай сипаттамаларын туристік шаруашылық субъектілері өз жұмысын сэтті жүргізу үшін білуі қажет.

Туристік нарықтың тек өзіне тән ерекшеліктері бар. Егер дүние-жүзілік нарықта тауарлардың бағасына экспорт шығыны кірсе, туристік қызметтердің бағасына туристердің көлікке кететін шығыны кіреді. Негізгі туристік нарықтың басқа нарықтардан айырмашылығы, міне, осында. Туристердің көлік шығындары, басқа туристік қызметтерге жұмсалатын шығындарымен бірге, саяхат күнын анықтайды және туристік қызметтердің жалпы бағасына кіреді.

Туристік нарыққа саяси, әлеуметтік-экономикалық, табиғи-географиялық және басқа да факторларға байланысты туристердің қозғалыс белсенділігі әсеретеді. Сонымен қатар, оған туристік-рекреациялық ресурстар, ұсынылатын қызметтер көлемі, қызмет көрсету сапасы, әртүрлі мәдени-бұқаралық шаралардың өткізілуі, көлік ахуалы, маусым, ауа райы, сэн және т. б. әсеретеді.

Өзінің тұрақсыздығымен сипатталатын туристік қызметтер сұранысы дүниежүзілік туристік нарықтың конъюнктурасына әсеретеді. Туристік қызметтерді калыптастыру ісі белгілі туристік ауданмен шектеледі. Дегенмен оларды сату жұмысы мемлекеттік немесе дүниежүзілік туристік нарықтың бір бөлігі болып табылады,сондықтан бағаның қалыптасуы осы нарықтардың конъюнктурасына тәуелді.

Экономикалық категория ретінде халықаралық туристік нарық тауар-ақшалық қатынастар сферасы болып табылады жәнеоның ерекшеліктері мынадай:

-  нарық кешендік сипатына ие, онда бір уақытта тауарлар мен қызметтердің сұранысы мен ұсынысы орын табады;

-  тауарлар мен қызметтер тұтгнуы өндіруші елде өтеді. Мүны сыртқы сауда операцияларының табысты формасы деп айтуға болады, өйткені сату үрдісі көтерме сауда бағаларынан әлдеқайда жоғары болатын ішкі нарьщтың бөлшектеп сату бағаларымен жүргізіледі. Бөлшектеп сату бағасына ішкі салық салынады, ал экспортқа шығарылған тауарларға осындай салық кейде салынбайды;

-  сұраныс субъективті сипатқа ие. Тұтыну формасы ретінде ол   тұтгнушылардың   жеке   табыстарына   тікелей   тәуелді   бола ды. Игілігінің өсуімен біргі түратын жеріндегі шығындары мен демалыстағы шығындары арасындағы айырмашылығы өседі. Туристік шығындардың демалыс жеріндегі өсуі нәтижесінде күнделікті түрған жеріндегі шығындарын қатты өзгертпейді. Ал демалыс кезіндегі шығындары әдеттегі шығындарынан әлдеқайда көп болады. Қоғам өмірінің тек жоғары деңгейінде ғана туризмге жұмсалған қаражат ойдағыдай жоғары болады. Туристік қажеттілік өндіріс күштерінің жоғары даму деңгейінде, оларға сәйкес қоғамдық экономикалық жағдай шартында ғана пайда болып, қалыптасады. Ең анық түрде осындай үрдіс экономикасы жақсы дамыған елдерде байқалады;

- туризмдегі ұсыныс өте икемсіз, яғни жылдам өзгерістерге ұшырау қабілеті төмен. Мұның себебі - өндіріс мүмкіншіліктері қатал шектелген, маусымдар бойынша ауытқып тұратын сұраныс өзгеруіне сәйкес болып жылдам өзгере алмайды. Сұраныстың үлкен жігі туристерге көрсетілетін қызмет болғандықтан, ұсынысты дамыту үшін туристік инфрақұрылым мен негізгі қорғау үлкен капитал салымын жасау қажет;

-  туристік кәсіпорын жұмысының ерекшелігі - өнімнің стратегиялық қорын жасап сақтау мұнда мүмкін емес. Мұндай жағдайда «шың маусымында» үхынысты кеңейтіп «өлі маусымды» өтеуге болмайды. Қонақ үйінде, үшақта бос кдлған орын кәсіпорын үшін өтеле алмайды, атымен жоғалды деген сөз.

Сондықтан туристік әлеуетті, туристік қызмет сұранысы мен ұсынысын кешенді түрде бағалау арқылы туристік шаруашылық рентабелділігін (тиімділігін) және оның болашақтағы даму болжамын жасауға болады.

Қайталау сұрақтары

1.  «Туризм индустриясы» ұғымының аныңтамасын айтып беріңіз, оның құрылымын, мацсаттары мен міндеттерін атап шығыңыз.

2. «Халық шаруашылың саласы» мен «туризм индустриясы» ұғымдарын түсіндіріп, олардың айырмашылықтары мен ұқсастығын көрсетіңіз.

3.  Туристік саланың тек оған тән ерекшеліктерін атап шығыңыз.

4.  Туристік қызмет көрсету үрдісін, оның күрделілігін және кешендік сипатын суреттеп беріңіз.

5.  «Туристік өнім» ұғымының анықтамасын беріңіз, оныңқұрылымына сипат-тама жасаңыз.

6.  «Туристік пакет» деген не?

7.  Туроператорлар мен турагенттер жұмысына сипаттама беріңіз.

8. Туристің турга, косымша туристік-экскурсиялыққызметтерге және туристы тауарларга жүмсайтын шығындарының өзара катынастары қандай?

9.Туристік жолдама мен туристік ваучер арасындағы айырмашылықты түсіндіріп беріңіз

10.   Туристік нарыц ұғымының анықтамасын  беріңіз.   Оның ерекшеліктері кандаіі?

§ 5 Туристерге көрсетілетін қызмет сапасының мәні мен маңызы

Туризмде туристерге сапалы қызмет көрсету - халық шаруашылығының осы саласын дамытудағы ең өзекті мәселесі. Халықаралық туристік нарығындағы бәсекелестіктегі ең күшті қаруы - қызмет көрсету сапасы болып табылады. Туристер белгілі бір елдің қонақ үйінде, мейрамханасында, қызмет бюросында өздеріне көрсетілген қызметке риза болса, онда олар сол елдің белсенді насихатшысы болып табылады. Олар бірнеше рет қайта келіп, өзімен бірге басқа да туристерді ертіп әкеледі, өзіне үнаған туристік ауданның беделін көтереді. Сапалы көрсетілген қызмет туризмнің экономикалық әсернің көтерілуіне септігін тигізеді.

Туристік іс-әрекеттің күрделі, кешенді сипатына байланыс-ты қызмет корсету сапасының бір ортақ көрсеткішін орнату өте қиын. Экономикалық, ұйымдастырушылық, техникалық және т.б. факторлардың әсернен әртүрлі туристік іс-әрекеттердегі қызмет са-пасын бірдей көрсеткіш арқылы өлшеу мүмкін емес.Қызмет көрсету үрдісін бағалайтын оның жалпы, ерекше сипаттарын біріктіретін бірегей критерийін табу қажет.

Экономикалық категория ретінде сапа деп заттар мен қызметтердің пайдалы қасиеттерін қалыптастырған және пайдаланған кезде пайда болатын өндірістік қатынастар мен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мүмкіншіліктерін айтамыз. Егер өнім мен қызметтер қоғамға керегі жоқ болса, сапа да пайда болмайды. Сапа дегеніміз тұтгну құнымен байланыста болатын экономикалық категория болып табылады.

Сапаның экономикалық категориясының мәнін анықтаған кезде сапа мен нақты еңбек арасындағы байланысты ескеру қажет. Сапа аталған тұтгну құндылығын өндіре алатын еңбекке және белгіліқоғамдық қажеттілікті қанағаттандыру мүмкіншілігіне тәуелді. Ең-бектің дәрежесі жоғары болған сайын оның тұтыну қүндылыгы мен сапасы да өседі.

Әр түрлі категорияда көрсетілген сапаға талдау жасау оның мәнін түсіндіреді. Туристік салада туристердің материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыратын тауарлар мен қызметтер өндіріледі. Туризмде өндіру мен тұтыну процесі арнайы ресурстарды (табиғи-климаттық, мәдени-тарихи) тартумен байланысты. Ресурстар арқылы рекреациялық, іскерлік, емделу қажеттіліктері қанағаттандырылады. Мұндай процесте адамның эмоциялық-психологиялық қажеттілігі де өтеледі. Психологиялық факторлардың әсернен туристік қызмет көрсетудің сапасы қалыптасады. Солар арқылы туристерге сапалы қызмет көрсету деген түсінік кеңейіп толықтырылады. Туризмде жоғары сапада қызмет көрсету халықтың саяхат жасауға шығынын көбейтеді. Бұдан да жоғары сапада қызмет көрсету қалтасы қальвд клиенттерді тартады, елге валютаның түсімін арттырады.

Қызметтер мен тауарларды өндірудің кең ауқымы міндетті түрде жоғары сапаның кепілі болмайды. Туристерге оларға қажетті қызмет пен тауарлар сауда немесе туристік ұйымдардың кінэсінен дер кезінде жеткізілмейтін жағдайлар жиі кездеседі. Туристік қызмет көрсету сапасы тауарлар мен қызметтер айналымына да әсеретеді.

Туристер санының өсуі нәтижесінде халық шығындары тауарлар сатып алудан туристік қызметтер пайдасына қарай езгереді. Туризмдегі қызмет көрсетудің жоғары сапасы арқасында халықтың саяхаттарға, туристік орталықтарға баруына, көңіл көтеруге жүмсайтын шығындары өседі. Сонымен қатар, қызмет көрсетудің жогары сапасы төлем қабілеті жоғары клиенттерді тартуына байланысты елге валютаның келуі де ұлғаяды. Мұның нәтижесінде кейбір тауарлар экспортының қажеті төмендейді де, халықты тауарлармен қамтамасыз етуге жағдай туады.

Туризмдегі сапалы қызмет екі түрлі игілікпен (тауарлар жәнеқызмет) жәнеекі түрлі қатынаспен (материалдық және материалдық емес) тығыз байланысады. Сондықтан туристік қызмет көрсету сапасының критерийлері мен көрсеткіштерін табу қызмет көрсетудің басқа салаларына қарағанда (мысалы, бөлшектеп сату саудасы, қоғамдық тамақтандыру, т. б.) қиынға түседі.

Туристік қызмет сапасының критерийлері бір немесе көп мағыналы болуы мүмкін. Бір мағыналы критерий туристік қызмет көрсетуді бағалаудың бірқалыпты көзқарасын қалыптастырады.

Туристік қызмет сапасының критерийі мен көрсеткішінің арасында айырмашылық болуы тиіс.Туризмнің болашақта даму бағыты мен жалпы сапалық сипаттамасы критериймен байланысады (критерий - баға беру мөлшері,баға беруге негізделетін ерекшелік). Өз кезегімен ол басқарудың әртүрлі деңгейі, туристік іс-әрекет формаларына сәйкес келетін көрсеткіштер жүйесі арқылы анықталуы мүмкін. Мұндай көрсеткіштер туристік қызмет көрсету сапасын өлшеуге мүмкіндік береді. Көрсеткіштер арқылы туристік қызмет көрсету сапасын кешендер, іс-әрекет түрлері мен туризм буындары бойынша салыстырып, озыктар мен артта қалғандарды анықтауға болады.

Орналастыру құралдарының керсеткіштері:

1) туристерді қонақ үйге, мотельге, кемпингке, жеке пэтерге жылдам орналастыру;

2) ұйымдасқан туристерді қонақ үйге, кемпингке, міндетті түрде алдыңала туриске бөлінген (сатылған) нақты номірге жылдам орналастыру;

3)  орналастыру ортасында тыныштық сақтау, номірдегі жабдықтаудың барлығының дұрыс жұмыс істеуі, орналастыру құралы категориясына қойылатын талаптарына сәйкесқызмет көрсету дәрежесін орындау, келген-кеткен кезінде туристің жүгін тасу, оған қажетті ақпараттарды толық түрде жеткізу;

4) орналастыру орындарында орналастыру құралы категориясына қойылатын талаптарға сәйкес санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтау;

5)  қызмет көрсетушілердің біліктілігіне, шетел тілдерін білуіне, жеке гигиенасына қойылатын талаптарды орындау;

6)  орналастыру орнының сыртқы аумағы мен интерьерін іске қосылған күйінде үнемі сактап тұру;

7) кең көлемде туристерге тегін немесе ақшалай қосымша қызмет корсету (телефон, пошта, телекс, факс жәнет.с.с), туристің үлтын, әлеуметтік дәрежесін және басқа ерекшеліктерін ескеріп оның коңілін көтеру жағдайын туғызу;киім-кешектерін жуу,өтектеу мен химиялық тазартужұмыстарынқамтамасыз ету;мәдениеттік, спорттықшараларға, экскурсияларға билеттерді сатып эперу жәнет. б.

Қызмет көрсету сапасы орналастыру орнына берілген категорияға қойылатын талаптарға сай болуы керек. Категориясы жоғары болтан сайын қызмет көрсету сапасы да жоғары, қосымша қызмет көрсету шеңбері де кең болуы қажет. Мысалға, қонақтар тіліндегі газеттерді, журналдарды, кітаптарды жеткізу сиякты тегін туристік қызмет көрсету түрлері жөнінде ұмытпау керек.

Туристік қызмет көрсетудің тағы бір өте маңызды сферасы -тамақтандыру. Ол екі компонентген тұрады: біріншісі - аспаздық өнімдер мен кулинарлық өңдеуден өтпеген сатып алынатын тауарлардың сапасы мен ассортименті; екіншісі - сату мен тұтгну процестерін ұйымдастыру сапасы. Тамақтандыру сферасындағы қызмет сапасын бағалау көрсеткіштері мынадай:

1) берілетін тағамдардың көркемдік дәрежесі, оның температурасы, дэмділік сапасы;

2) аспаздық өнімдердің, сусындардың және басқа да тауарлардың ассортиментінің әртүрлілігі; және осындай ассортимент тек түскі тамақ немесе кешке жақын кезде ғана емес, бүкіл жұмыс уақытында болуы керек;

3) туристерге жылдам және өнегелі түрде қызмет көрсету, ас мәзірі картасын жылдам ұсыну және т.с.с;

4)  тапсырыс орындау жылдамдылығы және тапсырыс ақысын клиент тамақ ішіп болғаннан кейін алу;

5)   келушілердің тамақтануы кезінде көрсетілетін қьізметтің ауқымы: шарап пен басқа сусындарды рюмка мен бокалдарға даяшының қүйып беруі (бүкіл ас кезінде пайдаланып болған ыдыстарды алып кету) жәнебарлық ережелерді қызмет көрсету кезінде орындау;

6)  тамақтану залындағы тазалық пен жайлы жағдайды сақтау дәрежесі;

7) қоғамдық тамақтандыру мекемелерінде тәртіп, міндетті фирмалық киімдер ережесін және жеке гигиенаны сақтау дәрежесі;

8)  тағамдардың және сусындардың ассортименті мен салмағы шотта көрсетілген бағаға сәйкес болуы.

Аталған көрсеткіштердің барлығы орындалған жағдайдың өзінде, туристік кешендегі тамақтандыру аясындағы қызмет көрсетудің сапасын бағалау үшін, сонымен қатар, қызмет көрсетілген туристердің жалпы пайызын және осы көрсеткіштерді орындаған осы кешен кәсіпорындарының барлығының санын білу қажет.

Туристерге ұсынылатын азық-түлік және өнеркәсіп заттарын сататын сауда орнындағы қызмет сапасының көрсеткіштері мынадай:

1) клиенттерге қүрметпен қарау, жылдам қызмет көрсету;

2) сапалы заттарды ғана сату жәнеассортимент-минимумды үнемі орындау;

3) санитарлық нормаларды орындау;

4)  дукен қызметкерлерінің жеке гигиенасы мен тиянақты бет-элпеті;

5) сауда қызметінің жаңа түрлерін енгізу;

6) сатып алушылар ағымдарын зерттеу, жұмыс режимін жақсарту, режимге қажет болғанда өзгерістер енгізу;

7)  сатылатын тауарлардың көрсеткіштері мен бағаларын мүлт қылмау.

Бөлшектеп сату секторы үшін сапа көрсеткіштерінің бүдан әлдеқайда көп санын ұсынуға болады. Мысалға, туристердің сұраныстарына сәйкес болатын тауарлардың толығырақ ассортиментқызмет көрсетудің прогрессивтік формаларына негізделген сауданы ұйымдастыру, сауда жүйесіне заманауи ғылыми-техникалық жетіс-тіктерді ендіру; жеңіл тамақ, сусындар, тәтті тағамдар және басқа да тысталған тауарларды сату бойынша автоматтарды орнату. Бірақ мұндай міндеттерді дүкен қызметкерлерінің өздері шеше алмайды.

Тұрмыс қызметі ең алдымен ұйымдастырылмаған туристерге қызмет көрсетуде маңызды. Қызмет көрсетудің осы түрі үшін алдыңда аталған жалпы сапа көрсеткіштерімен бірге (объектілер мен қызметкерлер гигиенасы, клиенттерге сыпайы қарау, тауарлар көрсеткіштері мен бағаларын орындау) өзінің ерекше көрсеткіштері болады:

1) тұрмыста қызмет көрсетудің аталған нысанының орындалатын қызметтерін міндетті түрде орындау;

2) қызметтер мерзімін дер кезінде орындау;

3)  қызмет көрсету сапасына рекламация болса, оған дер кезінде жауап беру;

4) туристерге көрсетілетін қызметтердің кең ассортименті. Туристік қызметтерде көлік қызметі де маңызды орын алады.

Көлік қызметінің сапасын бағалайтын өз көрсеткіштері болады:

1) туристерді тасымалдайтын автомашиналардың (автобустар мен жеңіл машиналар) техникалық күйі толығымен түзу және олардың іші-сырты элпеті дұрыс болуы қажет;

2)  адамдар асықпай салонда орындарына отыру үшін автобустар келісілген жерге ертерек келуі қажет;

3) жүргізуші туристердің жүгін қабылдап жүк орнына орналастырып, келгеннен кейін қарсы алушыларға беруі керек;

4)   жүрген кезде жүргізуші туристердің өтініштерін орындап, сүраган жерде көлігін тоқтатуы керек;

5) машинаның келуі-кетуі дәл уақытта орындалуы қажет;

6)   шетелдіктер сөйлесетін тілдердің ең болмағанда біреуін жүргізуші білсе жақсы болар еді;

7)  такси қолданса төлемақы көрсеткіші есептеуіште көрсетіліп тұруы қажет.

Экскурсия жүргізуші туристік кәсіпорын өкілі болып есептеледі. Туристермен бірге болып, олармен әңгіме жүргізуі қажет. Экскурсиялық қызметтің сапасын анықтайтын көрсеткіштер мынадай жағдайларды ескеру керек:

1)   экскурсия жүргізушісі туристік топпен жұмыс істегенде нақтылық, мүқияттылық, сыпайылық көрсетуі тиіс;

2) экскурсия жүргізушісі туристік іс-әрекет бөлімшелерінің жұмысшылары жағынан қызмет ережелерін бүзуға жол бермеуі керек;

3) экскурсия жүргізушісі экскурсия жүргізу әдістерін, оның ішінде жаңа әдістерін қолдана білу керек;

4)  экскурсия жүргізушісі туристерге көрсетілетін қызметтердің сапасына бакылау жасап, ол қызметтер қабылданған стандарт пен нормативке сәйкес келуін қадағалауы керек;

5) экскурсия жүргізушісі өзінің жұмыс уақытын туристердің түнеу мерзімімен, мәдени шараларымен үйлестіруі қажет.

Туристік кешендердегі басқа қызметтер сапасының көрсеткіштері осы кешендегі аталған қызметтің орнын анықтап нақты түрде бағалануы керек. Туристік кешендегі (қонақ үй, мейрамхана, дүкен және т. б.) көрсетілетін қызметтің сапасы көбінесе материалдық-техникалық базасының күйіне байланысты. Бірақ, тәжірибенің көрсетуі бойынша, бірдей материалдық-техникалық базада, ынталы және тәжірибелі қолбасшының арқасында еңбекшіл үжым туристерге өте жоғары сапада қызмет көрсете алады.

Жогарыда аталған көрсеткіштер баллдар санымен сипатталуы мүмкін. Сауалнамалар тәжірибесіне сүйенсек, тамақтандыру аясында дамыған капиталистік елдерден келген туристерге қызмет көрсету сапасын бағалағанда қызметкерлердің сауда залындағы жұмысы ең маңызды болып табылады екен, яғни 3-8-ші көрсеткіштер (13-кесте).

13-кесте Тамақтандыру аясындағы қызмет көрсету сапасының сипаттамасы [43]

Белгілі бір туристік кешеннің үш мейрамханаларындағы қызмет көрсету сапасын бағалайтьш көрсеткіштер

Мейрамханалар

А

Ә

Б

1

Тағамдар   мен   десерттердің   көркемді   безендірілуі, температурасы, дәмділігі

4

3

4

2

Мейрамханаларда жұмыс күні бойы болатын аспаздық өнімдер, сусындар мен баска тауарлардың ассортименті

5

3

4

3

Клиенттерді карсы алу мен шығарып салу, ас мәзірін таңдаған кездегі кеңес беру

5

4

4

4

Тапсырысты орындау жылдамдығы

4

4

4

5

Тамақ ішкен кезде клиентке қызмет көрсету

4

3

3

6

Зал жәнеқосалкы жайларда тазалықпен жайльшьщты сақтап тұру

5

4

4

7

Қызметкерлердің жеке гигиенасының деңгейі

5

4

3

8

Тағамдардықдәл салмағы мен төлеген кездегі бағаның орындалуы

4

4

4

БАРЛЫҒЫ

36

29

30

13-кестеде шартты түрде А, Ә, Б деп белгіленген үш мейрамханалардағы қызмет көрсету сапасының көрсеткіштері негізінде қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары классификациясының мысалы келтірілген. Осындай жіктеу жасаганда кешен басшылары барлық сегіз көрсеткіштердің максимумы 5 балл болады деген шарт қойған. Осындай әдіспен туристік іс-әрекеттің басқа да түрлері (қонақ үй шаруашылығы, көлік, бөлшектеп сату және т. б.) жіктелуі мүмкін.

Бөлек көрсеткіштер мен іс-әрекет түрлері бойынша баллдар санын анықтау үшін мынадай дерек көздері болады: әртүрлі бақылау органда ры мен комиссияларының материалдары, экскурсия жүргізушілерінің баяндамалары, жүйелі түрде өткізілетін сауалнамалар.

Бөлек көрсеткіштер мен іс-әрекет түрлері бойынша балл-дар санын дирекция немесе қызмет түрі басшыларының тұсында ұйымдастырылған қызмет көрсету сапасын бақылау комиссиясы анықтау қажет.

¥лттық туристік ұйым бөлек туристік кешендерге осындай әдіс қолданып баға беруі мүмкін. Ол үшін туристік қызметтің әрбір түрі үшін осындай іс-әрекетке берілетін максималдық балл санын анықтап, тағайындау қажет.

Қайталау сұрақтары

1.  Қызмет көрсету сапасы қазіргі туризмнің неге ең өзекті және маңызды мәселелері болып тұр?

2. Туристік қызметкөрсетудің экономикалық категорияретіндегі анықтамасын беріңіз.

3.  Туристік қызметкөрсету сапасының критерийлері мен көрсеткіштерін атап шығыңыз.

4. Орналастыру цүралдарындағы туристік қызметкөрсету сапасының критерийлері мен көрсеткіштерін атап шығыңыз.

5. Қоғамдың тамақтандыру кәсіпорындарының туристік қызметкөрсету сапасыныңкритерийлері мен көрсеткіштерін атап шығыңыз.

6.  Бөлшектеп сату кәсіпорындарының туристік қызметкөрсету сапасыныңкритерийлері мен көрсеткіштерін атап шығыңыз.

7. Көлікте туристік қызметкөрсету сапасыныңкритерийлері мен көрсеткгштерін атап шығыңыз.

8.   Экскурсиялық туристік қызметкөрсету сапасыныңкритерийлері мен көрсеткіштерін атап шығыңыз.

9.  Туристік қызметкөрсету сапасына баллдыңбаға беру жүйесі жөнінде айтып беріңіз.

§ 6 Туризм менеджменті

Барлық қызмет жүйелері екі шағын жүйеге бөлінеді. Оның біреуі ресурстарды өңдеп, тауарға және қызмет көрсетуге айналдыратын шағын жүйе болса, екіншісі - басқару жүйесі, оның міндеті - бірінші шағын жүйенің іс-әрекеттерін бақылау және оған жетекшілік ету. Әдебиеттерде екінші жүйені басқару жүйесі немесе менеджмент жүйесі деп атайды. «Менеджмент» деген сөз (ағылшын сөзінен management) «басқару» деген мағына береді. «Менеджер» дегеніміз - менеджмент саласында көпжылдық дайындығы бар, білім деңгейін әрдайым жетілдіріп түратын мамандандырылған басқарушы.

Қазір нәтижелі менеджмент индустриясы дамыған мемле-кеттердің негізі, ал дамушы елдерде ең қажетті ресурсы болып отыр: қазіргі қоғам басқару жүйесі мен менеджерсіз өмір сүре алмайды. Жеке кәсіпорынның (фирманың) экономикалық жағдайын және жал-пы экономика күйін 3 негізгі фактор анықтайды: техника мен технология деңгейі; еңбек күшінің сапасы; өндірісті ұйымдастыру және баскару (менеджмент). Ең соңғы фактор, яғни менеджмент алдыңғы екі факторларға әсеретеді, сондықтан оны жүйе қүрушы фактор деп есептейміз. Қазіргі менеджмент өз даму логикасына ие болатын экономикалық қатынастардың ерекше бір аясы болып табылады.

Қазіргі басқару жүйесі күрделі емес және икемді болуы керек. Бір жағынан оның әсер тиімді болуы қажет, екіншіден - бэсекелеске қабілеттілігін қамтамасыз етуі керек, жәнеде соңғысы біріншісіне біршама тәуелді болады. Бұл жүйенің сипаттамалары мынадай: саны аз да болса, жоғары білікті мамандардан тұратын шағын бөлімшелер; басқару деңгейлерінің саны аз; мамандар топтарынан түратын құрылым; өнім түрі мен сапасы, жұмыс графигі мен рәсімдері тұтгнушының қамын ойлап ұйымдастырылған болулары қажет.

Туризмді басқару еңбегі халық шаруашылығының басқа сапаларындағы жұмыстан ерекше. Туризм менеджментінің міндеті тек оның даму тенденциялары мен заңдылықтарын анықтау ғана емес, менеджмент мақсаты, сонымен бірге - оның ерекшеліктерін іздеп анықтау болып табылады. Туризмнің ерекшелігі қандай екенін анықтау маңызды. Туризмнің ерекшелігі туристік кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелердің халыққа көрсететін қызметтердің ерекшеліктерінен туындайды.Туристік қызметтердің ерекшеліктері туристік кәсіпорындар мен ұйымдар менеджментіне де әсеретеді. Сондықтан туристік ұйымдар мәселелерін дұрыс шешу үшін басқару сайманының даму тенденциялары мен бағытын анықтау кджет.

Әрбір туристік фирма тек өзіне тән қасиеттерімен ерекше-ленетін болғандықтан, туризм мамандары басқарудың мінсіз, бәріне ортақ болатын басқару моделі жоқ деп есептейді. Фирма өз моделін іздестіруі керек. Фирма мен оның айналасындағы орта үнемі өзгеріп түрғандықтан,   осындай  модельді   іздестіру  процесі  тоқтамайды.

Мысалға, америка компанияларының көпіпілігі жылына кем болғанда бір рет біршама ұйымдастырушылық өзгерістерді ендіреді, ал үлкен қайта ұйымдастырушылық өзгерістерді әрбір 4-5 жыл сайын енгізеді.

Туризм сферасындағы менеджмент туристік мекемелердің іс-әрекетін жәнеұйымдастыру ерекшеліктерін ескереді.

Туризмнің бірнеше өзіне тән ерекшеліктері бар.

Біріншіден, туризмнің тереңге енуі (құблыс ретінде - адам қайда тұрса, туризм де сонда болады) және оның әлементтерінің өзара байланысының күрделілігі. Туристік мекемелердің көбісі шағын ме-кемелер болып табылады. Ірі мекемелер халқы көп жерлерде ғана құрылады; олар туризм индустриясына сәйкес, бірақ бір-бірінен ерекшеленеді. Туристік индустрияда көптеген өндіріс, мекеме және ұйымдар бар, олар қалай болғанда да бір аймақтық басқару жүйесінде жұмыс істеуі керек, оларға қойылған міндеттер - туристік қызмет көрсету нарығында ұзақ уақыт жұмыс істей білу және бэсекелестікке қабілетті болуы керек. Туристік ұйым аймақтың туристік ұсынысында ұйқастыру рөлін ойнайды және де бүкіл аймақтың туристік қызметіне жауапты болады. Ал осындай қос жауапкершілікті ақтау үшін туристік ұйым бүкіл туристік аймақты бақылап, талдау жасап тұру қажет. Осындай жағдайда менеджменттің көмегімен барлық аймақтың, сондай-ақ жеке туристік ұйымдардың даму стратегиясы қалыптасуы қажет.

Басқарудың объектісі ретінде туризмнің екінші ерекшелігіне өлшеуі қиын және толығымен айқындалмаған мақсаттарды жатқызуға болады. Жеке меншікті туристік мекемелер (турфирма, қонақ үйі, тамақтандыру орны) табыс алуға бағытталған. Олардың менеджментінде нақты өлшемі бар мақсат болуы шарт, яғни қүндылығын ұлғайту, ақшаны үнемі айналымға жіберу, табыс табу жәнебасқа мақсаттар. Рентабелді болмаса, туристік ұйым табыс іздей алмайды. Ал енді ұйымтабыс тауып отырса да, бү_л қаражат бүкіл аймақтың қаражаты болғандықтан оны пайдалана алмайды. Туристік ұйым- бұл басқару ұйымы, ол табыс алуға бағытталмаған. Туристік ұйымның өлшеуге көнетін мақсаттары болмағандықтан, оның өнімділігі мен сәттілігіне нақтылы баға беруге мүмкіндік жоқ.

Туризм менеджментінің үшінші ерекшелігі - оның аймаққа тигізетін әсернің шектеулілігі. Жеке меншікті туристік мекеменің басқару мамандары жарғыда көрсетілгенуәкілділік бойынша өздерінің шаруашылық іс-әрекеттеріне байланысты барлық жұмыстарға тиісті шешім қабылдай береді. Туристік ұйымның менеджментінің ондай уәкілділігі жоқ. Туристік ұйым мемлекет қаржысын пайдаланып, мемлекеттік шаруашылықпен айналысады, сондықтан оларға мемлекет саясатының ықпалы басым. Нәтижесінде ұйым еркіндігі шектелген. Менеджмент өз аймағындағы саяси күштерге көңіл аударуға мэжбүр, себебі оның мамандарына төленетін еңбек ақысы үкімет бюджетінен алынады. Дербес қызмет көрсетушілер тәуелсіз кәсіпорындар болғандықтан аймақ деңгейінде туризм менеджментінің әсер шамалы.

Туризмнің төртінші ерекшелігі - мүдделі клиенттердің тигізетін әсер. Туристік мекеме және ұйым көптеген мүдделі адамдар мен клиенттермен жұмыс істейді, олардың қызығу себептері де әртүрлі және олар қатты әсеретуі мүмкін. Сонымен қатар, мүдделі топтар ішінде де мүдделері бірдей емес. Туристік ұйымдар мен туристік кәсіпорындар кредиторлармен,саяси құрылымдармен, қала басшы-ларымен, туристермен, өндірушілермен бірігіп жұмыс істеп тұрады. Олардың барлығы біркелкі жұмыс істей алмайды, себебі қонақ үйдің иесі мен туристердің немесе жергілікті халықтың арасында қайшылық болып қалуы мүмкін. Ал туристік ұйым олардың арасындағы қарым-қатынасты тез арада теңестіре алады. Себебі туристік ұйымнормативті құжаттарды қолданады, сондықтан нормативті менеджментке көп назар аударылады.

Басқару объектісі ретінде туризмнің ең маңызды бесінші ерекшелігі - туристік өнімнің спецификасы. Туристік өнім қызмет түрінде көрсетілген болғандықтан, клиенттің (туристің) болуы - оның негізгі шарты, себебі туристік өнімді (қызмет көрсетуді) қоймада сақтау немесе көлікпен, поштамен басқа бір жерге жіберу мүмкін емес. Туристік өнімді іске асыру кезінде тұлғалық аспект күшейетін болғандықтан, туристік қызмет көрсету процесі тауар өндіру процесіне қарағанда нақты автоматтандырылмайды. Себебі тауар өндіру процесінде машиналарды қолданамыз, ал туристік қызмет көрсету процесіне адамдар қатысады. Клиент жүріс-тұрысы объективті де, субъективті де факторлар мен жағдайларға тәуелді, сондықтан клиенттің қылықтарын болжау өте қиын.Сол себептен де туризм менеджментінде қызметшілерді басқару процесіне, тұлғааралық қатынастарға көп көңіл бөлінеді.

Туризмнің алтыншы ерекшелігіне туристік өнімнің сыртқы әсерн (эффектісін), яғни саяхат кезінде туристердің басқа саяхатшылар және жергілікті тұрғындар  арасындағы  қарым-қатынастарын  жатқызуға болады. Туристің олармен қатынас жасау әдісі мен түрткілері оның жұмыс  істеу,   өмір   сүру   әдеттеріне,   бос  уақытын  ұйымдыстыру мүмкіншіліктеріне    тәуелді.Зерттеушілердің    айтуынша, келген қонақтың (туристің) жүріс-түрысы қабылдаушылардың және басқа туристердің оған деген көзкдрасына үлкен әсерн тигізеді. Егер келген туристің тәртібі нашар болса, оның жергілікті жұрт арасындағы абыройы жоғалып, демалысы да бұзылады. Туризм адам өмірінің әр түрлі аясына - экономикаға, экологияға, саясатқа әсерн тигізеді, олар өз кезегімен туризмге де әсеретеді. Туристік аймақ келген туристер-ден табыс түсіріп, жергілікті экономиканы көтереді. Егер түскен та-быстан ландшафты сақтауға, қорғауға ақша бөлінсе, туризм аймақтың экологиясы үшін өте пайдалы. Бірақ кейбір кезде туризм жергілікті тұрғындардың қарсылығын туғызуы мүмкін, онда осындай аймақта туризмді дамыту киын болады. Бұлдай жағдайда туризмді жоспарлау және қалыптастыру үшін мүдделі адамдарды тарту керек. Мұндай про-цеске географтар, экономистер мен экологтар және т.б. қатыскдны жөн. Туризмнің   жетінші   ерекшелігі   -   бұл   туристік   сұраныстың спецификасы. Туристік сұраныс үш себептен біркелкі емес. Бірінші себебі - туристік өнімді не сезінуге, не сақтауға мүмкін еместігі. Келісімшарт жасаған кезде көрсетілетін туристік қызметті не көре алмайсың, не дэмін тата алмайсың.  Сондықтан туристік фирма менеджерінің жұмысы - өз қызметін сатып алуға тұтынушыны сендіру: туристік өнім сапасы бірдей емес және өндірушіге, ұсыныс орны мен уақытына байланысты болады. Екінші себебі - туристік қызмет тұтынушыларының әртүрлілігі. Әртүрлі категориядағы тури-стер сапар мақсатымен, туристік қызметке қоятын талабымен, төлем бағасымен бір-бірінен айырмашылықта болады. Туристердің әрбір түріне сәйкес туристік нарықтың түрі керек, сондықтан туристік қызметтің өндірушілері демалушылардың белгілі бір, яғни табысты мол әкелетін түрлеріне бейімделуі жөн. Үшінші себебі - қоғамдық факторлар мәнінің жоғарылылығы - елдегі экономикалық жағдай, экология, әлеуметтік факторлар жәнебасқалар.

Туризмнің  сегізінші  ерекшелігі -  басқару  объектісі  ретінде туристік қызметтердің кешенді түрде көрсетілуі. Туристік қызмет  дегеніміз - бұл саяхат кезінде және демалатын орындарда туристке ұсынылатын қызмет. Мұнда жеке туристік қызметтер бір-бірін толықтырып тұрады. Туризм менеджменті үшін ең маңыздысы -«толықтырушы» деген түсінік. Мысалы, турист демалысқа шыққанда, егер де баратын жерінде түнейтін орын мен тамақтанатын жері бол-маса, онда ол саяхатқа шықпайды да. Шаңғышы баратын қонақ үйдің қасында шаңғы тебуге мүмкіндік болмаса, турист қонақ үйдегі орынға тапсырыс бермейді. Бұлтуризм сферасындағы жеке қызметтердің өзара тығыз байланыстылығын көрсетеді. Қосымша қызметтер оларды ұсынатын әртүрлі фирмалармен орындалады, сондықтан бұл кәсіпорындар бір-бірімен тығыз байланыста. Осындай мәселелер тек кооперация жағдайында шешілуі мүмкін. Кооперация горизонталдық және вертикалдық деңгейлерде іске асырылады. Горизонталдық кооперация дегеніміз мүдделері ұқсас туристік кәсіпорындардың орналастыру, көлік, қызмет көрсету, сауықтыру аяларындағы бірігіп жұмыс істеуі. Кәсіпорындардың горизонталдық бірлестіктерінің мысалы-қонақ үйлер жүйелері (топтары). Соңғы кезде дамып келе жатқан кооперация түрі - франчайзинг жүйесі. Вертикалдық кооперация дегеніміз нарыққа ие болып және басқа мекемелерден тәуелділігін төмендеткісі келетін кәсіпорындар мен ұйымдардың бірлестігі. Әдетте бұл демалыс орындарын жабдықтайтын және туристерді орналастыратын ұлттық, аймақтық және жергілікті мемлекеттік туристік ұйымдары ретінде қалыптастырылған бірлестіктер. Сонымен қатар, бұлар қонақ үйлер торына ие болатын әуе көлігі компаниялары сиякты саяхат пен орналастыру кәсіпорындарының бірлестіктері.

Туризмнің тогызыншы ерекшелігі - оның маусымдық сипаты не-месе туристік қызмет мөлшерінің табиғи-климат жағдайына байланысты болуы. Туризм менеджменті мүлдай құблыстарды міндетті түрде ескеру қажет, өйткені туристік сұраныстың өзгеріп түруы туризм индустриясының жұмыс жағдайын нашарлатып жіберуі мүмкін.

Жоғарыда айтылған туристік саланың басқару объектісі ретіндегі ерекшеліктері туристік бизнестің менеджерлері келесі мәселелерді жақсы түсінуі керек екенін көрсетеді:бұл сала басқа салаларга ұқсамайды, сондықтан басқару моделін басқа бір еңбек сферасынан туризм сферасына аудара салу мүмкін емес. Мысалға, тәжірибеде жиі қолданып, өнеркәсіпкәсіпорнын басқару моделі өзін ақтап жақсы көрсеткіштерге жеткізсе, дәл осындай моделді туристік салада қолдануы осы саланың тоқырауына әкеліп соғуы мүмкін. Сондықтан туристік мекемені басқару үшін қажетті ерекшеліктерін атап айту қажет:

1) туристік қызметті (шаруашылықты) жоспарлағанда ең алдымен туристердің қажеттіліктері мен тілектерін ойластыру керек. Осыған орай кез келген туристік кәсіпорынның еңбек сферасы анықталады.Туристік кәсіпорынның орналасуы (тұтынушыға жақын орналасуды қалайды) бір жағынан туристік өнім тұтгнушыларының орналасуына байланысты, екіншіден, туристік салада мұның негізі болып табылатын туристік-рекреациялық ресурстардың орналасуына тәуелді;

2)  туристік қызмет алғашқы қажеттіліктер қатарына жатпайды. Туристік енім тіршілік үшін ең қажетті зат емес және жақын арада ондай болуы да мүмкін емес. Мүны былайша түсінуге болады: қазіргі әлемде сауықтыру құралы ретінде туризмнің маңызы зор болғанымен, ол экономика, экология, саясат жағдайынатәуелді. Халықтың сатып алу қабілетінің өзгерістері басқа төлемді қызметтерге қарағанда, туристік қызметке одан үлкен әсертигізеді;

3)  туристік салада маркетингтің маңызы едәуір жоғары. Оның себебі, туристік қызметті сатушы өз тауарының үлгісін туриске көрсете алмайды, сондықтан да ол өзінің тауары (қызметі) туралы дәлелтабу керек. Ол үшін жақсы ұйымдастырылған маркетинг жүйесі болуы қажет. Қызмет корсету сапасының бірқалыпты болмауы, оны бағалауындағы субъек-тивизм үнемі бақылауды қажет етеді;

4) туристік қызмет қайталанбайтын сипаттарға ие, яғни басқаларға ұқсамайды. Тіптен бір маршрутпен өтетін фирманың екі бірдей туры бір-біріне ұқсамайды (мысалы сапар маршруты, көрсетілетін қызметі, көлік құралдары, барған еліндегі оқиғалар және т. б. әртүрлі болуы мүмкін).

Туристік фирманың құрылу ережелерін оның алдыңа қойылған мақсаттары мен стратегиясы анықтайды. Туристік мекемелердің мақсаттары экономикалық, фирмалық жәнеәлеуметтік кластарғабөлінеді.

Экономикалық мақсаттарға болашақтағы табыстың өсуі, клиенттердің жаңа сегменттерінің пайда болуы, тауарды сату ісін жетілдіру, туристік онім мен оны тарату жүйесін оңтайлы қылу, кейбір қызметтердің ескіріп кетуіне жол бермеу, бәсекелестіктегі позициясын нығайту және т. б. кіреді. Фирмалық мақсаттарға фирманың(аймақтың, елдің) атағын шығару, имиджін котеру кіреді. Әлеуметтік мақсаттар табысы томен адамдар үшін туристік онімдер ондірісін да-мытуды міндет етеді.

Ұйымның мақсатқа жетуі үш басты факторларға: таңдалған стратегиясына, ұйымдастыру құрылымына және осы құрылымның функциясын орындау әдістеріне байланысты. Стратегия дегеніміз мақсатқа жету әдістері, мақсатқа ең жақсы нәтижемен жету үшін ресурстарды пайдалану әдістерінің тұжырымдамасын анықтау қажет. Мақсатқа жету үшін бірқатар стратегиялық, әкімшілік, оперативтік мәселелерді шешу керек. Біріншілеріне ондірілуі қажет болатын тауарды таңдап алу және осы өнімді сату үшін нарықтар мен тұтгнушыларды таңдау кіреді. Екіншілеріне - фирманы ұйымдастыру, басшылар арасында өкілділік пен жауапкершілікті тағайындап тарату, жұмыс колемі мен кезегін анықтау, акпарат бағыты мен есеп беру ретін анықтау жата-ды. Оперативті міндеттерге ондірістік операциялардың агымдағы жо-спарлануы, бағаларды қалыптастыру, жарнама жобалары мен зерттеу жұмыстарын іске асыру жатады.

Туристік ұйымның ең басты әлементі оның құрылымы болып табылады, құрылымы - ол ұйымәлементтері арасындағы тұрақты байланыстар, ұйымның қаңқасы деп те айтса болады. Менеджмент теориясы мен тәжірибесі ұйымдастыру құрылымының бірнеше түрлерін ұсынады. Олардың барлығының артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Соңғы кезеңде инновациялық, яғни жаңа нәрселерге багытталған құрылымдар ең перспективалы болып көрінеді. Бұл ұйымдастыру сүлбаларының ең жаңа формасы. Оның ерекшелігі - екі топты: ағымдағы ондіріс және іздестіру топтарын атап болуінде. Іздестіру тобына жаңа қызмет пен технологияларды әзірлеу міндеті тапсырылады, жобаның коммерциялық іске асырылу мүмкіндігі анықталғанша бұл топ жоба үшін жауап береді. Жаңа онім тәжірибелік ондірісте сынаудан отіп оның тиімді (рентабелді) екені анықталған соң жоба ағымдағы ондіріс тобына өткізіледі. Осындай схема бойынша алдыңғы қатардағы туристік фирмалар жұмысын атқарады.

Инновациялық технологиялардың қазіргі менеджменттегі болашағы зор. Басқарудың осындай түрі қызметкерлердің шығармашылық жәнеұйымдастырушылық белсенділігін көтереді, еңбектің жоғары өнімділігі мен сапасын қамтамасыз етеді, адам ресурстарын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Қайталау сұрақтары

1. «Менеджмент» және «менеджер» ұғымдарының анықтамаларын беріңіз.

2. Туризм менеджментінің халық шаруашылыгының баска салаларының менед-жментінен қандай басты ерекшеліктерін білесіз?

3.    Туризм менеджментінің тогыз ерекшеліктеріие сипаттама беріңіз (тереңге енуі, өлшеуі киын және түсініксіз мақсаттар, аймаққа тигізетін әсерінің шектеулілігі, мүдделі клиенттердің тигізетін әсері, туристік өнімнің спецификасы, туристік өнімнің сыртцы әсері (эффектісі), туристік сұраныстың спецификасы, қызметтердің кешенді түрде көрсетілуі, маусымдъщ сипаты).

4. Кез келген туристік кәсіпорынды басңарудың төрт қагидасын атап, оган сипаттама беріңіз.

5. Туристік фирманың максаттары мен  стратегиясы жөнінде әңгімелепберіңіз.

§ 7 Туризм маркетингі

Ең алдымен маркетинг ұғымының мәнін анықтау керек. Маркетинг тұжырымдамасы нарықтың толуына және клиент үшін бәсекелестікке байланысты нарық қатынастар кезеңінде пайда болған. Маркетинг тұжырымдамасы 50-ші жылдары тұтгнушы мен табыска бағытталған бизнес философиясы ретінде түсіндірілген. Қысқаша айтқанда маркетинг - ұйым мақсаттары мен ресурстарының сыртқы ортаның мүмкіншіліктері мен қажеттіліктеріне шоғырлану процесі.

Соңғы 40 жылдың ішінде маркетинг түсінігі үлкен өзгерістерге үшырады. Алғашқы кезде ол өнім мен оны өндіретін кәсіпорнына бағытталған болатын, өз күшін одан әрі жетікті өнім шығаруға жүмсаған. Мақсаты - кіріс, ал мақсатқа жету құралы -тауарды сату болады. Өнімнен тұтынушыларға бағытталған маркетингтің жаңа түсінігі 1960 жылдары Батыс елдерінде пайда болған; мақсаты - баяғыдай кіріс, ал оған жету жолдары кеңейіп, өнім, баға, тауарларды нарыққа жылжытуды қамтыды. 1980 жылдарда Батыс елдерінде стратегиялықмаркетинг түсінігі пайда болды, содан кейін эволюциялық маркетинг ұғымы жалғасты. Маркетингтің стратегиялық түжырымдамасы дегеніміз көзқарасты тауардан немесе тұтгнушыдан сыртқы ортаға аудару, яғни жетістікке жету үшін тұтгнушыны белгілі бір ортада зерттеу, оған әсерететін макроортаның факторларына (экономикалық, экологиялық, саяси, әлеуметтік және т. б.) талдау жасау.

Маркетинг технологиясын, қағидаларын, концепцияларын туризмде 1971жылы алғашқы қолданған танымал швейцар зерттеушісіX. Криппендорф болды. Бұл ғалымның туристік маркетингке берген түсінігі мынадай: «Туристік маркетинг дегеніміз туризм аясындағы жеке меншік және мемлекеттік саясат, туристік мекеме қызметінің жүйелі өзгерістері мен координациясы. Бүндай өзгерістердің мақсаты - табыс түсіру мүмкіндіктерін ескере отырып, белгілі бір топ тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру».

Сонымен, маркетинг - бұлкәсіпорынның нарықтағы әрекеттері-нің түжырымдамасы, стратегиясы және тактикасы. Маркетингтің максаты - нарықтың қажеттіліктері мен талаптарын зерттеп, қоғамның және қоршаған ортаның талаптарына сай нарықта өз әрекеттерінің стратегиясын орнату.

Туристік маркетингтің ерекшелігі туристік өнімнің, туристік қызметтердің өндірушілері мен тұтынушыларының ерекшеліктерімен анықталады.

Туристік қызметтер сұранысы конъюнктураға, табысқа, білім деңгейіне, бағага, жарнамаға және т.б. байланысты өзгеріп тұрады. Туристік өнім сапасын бағалау өте субъективті болады: бағалауға сыртқы факторлар немесе сатып алынған қызметтеріне қатынасы жоқ тұлғалар (мысалы, туристік топ мүшелері, басқа демалушылар, жергілікті тұрғындар, келген мемлекеттегі жағдай және т. б.) әсеретеді. Туристік маркетинг тек қана тұтгнушыларды ғана қарастырмай, өтпелі инстанцияларды - турагенттіктерді, туризмді басқаратын мемлекеттік органдарды, қоғамдық туристік ұйымдарды қамтиды.

Туристік қызметтерді өндірушілердің ерекшеліктері мынадай: туристік өнімді өндірушілер - саны коп әртүрлі мақсаттарды орындайтын дербес және мамандандырылуы бойынша ерекшеленетін туристік кәсіпорындар (мысалы, туроператор, турагент, мейрамхана, қонақ үйі және т. б.). Мұнда маркетингтің бірнеше деңгейі болады: мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар, кәсіпорындар. Туристік кәсіпорындардың әрбір түрі үшін өзінің мамандандырылған маркетингі болуы қажет. Туризм күрделі жүйе, экономика, саясат, социология мен мәдениеттің симбиозы болғандықтан, маркетингтің оң нәтижесіне жету үшін осы аяда жұмыс істейтін ұйымдар мен кәсіпорындар маркетингінің үйлесімді ынтымактастығы болуы қажет. Жалпы айтқанда туристік маркетингті қоғамның туристік қызмет қажеттіліктерін коммерциялық мақсатта анықтау мен пайдалану деп айтуға болады. Маркетингтің сэтті болу алғышарты шаруашылық ұйымын нарықтағы жағдайға орай басқару, маркетинг-функцияларын іске асыру құрылымының бар болуы және сату саясатына сәйкесәдістерді қолдану.

Туристік   маркетинг-бағдарламасында   келесі   кезеңдер   қарастырылады:

- бірінші кезең: нарыққа талдау жасау жұмыстарының негізінде туристік өнімнің өзіндік және бәсекелестік ұсыныстардың қысқа жәнеұзақ мерзімді аспектілері белгіленеді;

-  екінші кезең: өзінің жеке жағдайына сәйкес және туристік нарыққа шығу мүмкіндігіне қарай кешенді сауда саясатының мақсатыбелгіленеді;

-  үшінші кезең: алға қойылған мақсатқа жету әрекеттері белгіленеді. О л үшін:

а) ұсынылып отырған туристік өнімге бейнесі жасалынады, оның басқаларға қарағанда артықшылықтары дәлелденеді;

ә) нарықты сегменттерге бөлу жүргізіледі, яғни рекреациялық қажетін өтей алатын тұтынушы топтары (балалы жанұялар, спорттық туризммен айналысатындар, белгілі бір аурулармен ауыратындар және т. б.) жинақталады;

б) туристік ұсыныстар топтастырылады, яғни туристердің қажеттіліктерін қанағаттандыратын туристік тауарлар мен қызметтер кешені ұсынылады;

в)  туристік өнімді таратудың оңтайлы түрлері таңдалады, яғни туристерге тікелей сату немесе турагенттер арқылы сату жолдарыніздестіреді;

- төртінші кезең: туристік өнімді өткізу құралдарын пайдалану -өнімді безендіру, оған баға құрастыру, өнімді сату жолдарын іздестіру, жарнама жасау, экскурсиялық қызмет көрсету және т. б.

Нарық зерттеулері арқылы ақпараттар жинақталады. Ақпаратты талдау нәтижесінде нарықтың жағдайы мен болашақтағы дамуы туралы қорытындылар жасалынады. Туристік өнім сапасы мен оны туристердің бағалауы толық түрде жүйелі талдау арқылы анықталады. Туристердің қанағаттандырылуымен бірге ұсыныс сипаттамасын жасау үшін туристік ағымның ұлттыққұрамы, туристердің демалатын жерде болу уақыты, шығындар құрылымы және т. б. білу қажет. Осындай мәліметтерді алу үшін сауалнамалар жүргізіледі. Сауалнама мәліметтерін төсек орындарының жыл ішіндегі пайдалану күндерініңсаны, бір төсек орнына келетін валюталық табыс, тамақтандыру кәсіпорындарындағы бір орынға келетін тауарлар айналымы, экс-курсиялар мен басқа мәдени шаралардан түсетін табыс, бір туристен түсетін валюталық табыс секілді көрсеткіштер толықтырады. Талдау жасаған кезде конъюнктураның ауытқулары мен жылдар бойынша ұзақ мерзімді тенденциялар ескеріледі. Ең соңында келесі маусым-да және болашақта үхынысты жақсарту мақсатында мүмкіндіктердің шынайы бағалануы өткізіледі.

Бэсекелестік ұсыныстың анализі де осындай әдіспен жасала-ды. Салыстыру үшін үқсас өнімді алу керек. Мысалға, болгар Қара теңіз аймағының ұсынысын Румынияның, Италияның, Солтүстік Африканың, Испанияның,Балеар аралдарының осыған ұқсас ұсыныстарымен салыстыруға болады. Шығыс, Батые Африка, Қиыр Шығыс, Скандинавия елдерінің жағалауларымен салыстыру жара-майды. Салыстырған кезде «баға-сапа» қатынасы арқылы турист үшін ең үнамды болатын жерді анықтау керек. Келесі маусымдағы ұсыныс болжамы бэсекелес елдердегі инфляцияға, туристік қызмет бағаларының динамикасына, ұлттық валюталардың девальвациясы немесе ревальвациясына, туристік құрылыстарының қуатына, ішкі және сыртқы саяси жағдайға байланысты болады.

Сұраныс зерттеулері белгілі аумақтық нарықтар шеңберінде аяқталады. Сипаттама жасау үшін сандық және сапалық көрсет-кіштерді пайдаланады. Бастапқы база ретінде халық саны қол-данылады. Көптеген факторлардың халықтың туристік қозғалыс көрсеткішіне тигізетін әсер саяхаттар қарқындылығы көрсеткішінде орын табады. Бұл көрсеткіш белгілі ел халқының қандай бөлігі (%) аталған жылда саяхат жасағанын көрсетеді.

Өз ұсынысының күйі мен туристік нарықтағы жағдайды анықтау келешектегі әрекеттерді жоспарлау негізі болып табылады. Осындай шешімдер бүкіл жұмысты үйқастыру үшін мақсат ретінде анықталуы қажет. Маркетинг мақсаты - іс-әрекет түрлері бойынша өнімді сату көлемін басты мақсатқа жету үшін өсіру болып табылады. Мысалы, төсек орын пайдалану күндерінің санын көбейту, бір туристен түсетін орташа валюталық табыстың өсуі және т. б. Кешенді маркетингтік мақсаттар қүндық көлемімен көрсетіледі және олардың орындалу мерзімдері тағайындалады.

Бөлек қойылған мақсаттар бір-біріне және басты мақсатқа қайшы келмеуі керек, сонымен қатар өндіріс және еңбек ресурстарымен қамтылуы міндетті.

Туризмдегі кешенді саясат мақсаттары өз ұсыныстарының мүмкіншіліктерін анықтау және халықаралық туристік нарықтағы жағдайды бағалау үшін маңызды бастапқы базасы болып табылады. Кез келген күтпеген жердегі өзгерістер жаңа жағдайға сәйкес мақсатты қайта қарастыруды, түзеулерді енгізуді қажет етеді. Осындай өзгерістер мысалы ретінде табиғи апаттарды келтіруге болады. Мүлдай жағдайда жаңа құрылыстарды салу немесе бұзылған объектілерді жөндеу мақсатында жү_мсалатын қаржы мен еңбек ресурстарының есебіне ойдағыдай өзгерістер енгізілетін болады.

Тағы бір маңызды кезең - көздеген мақсатқа жету үшін жұмыстар жобасын әзірлеу. Осындай шаралар жобасы нарық стратегиясы болып табылады. Осындай жоба ұзақ мерзімге (5-10 жыл) іс-әрекет бағыттарын жоспарлайды. Жоба туристік өнім жөніндегі көзқарасты қалыптастыру; туристік ұсынысты сұраптау шкаласын жасау; туристік сұраныстың таратылуы; туристік тауарлар мен қызметтерді бірегей тұтыну өніміне біріктіріп қалыптастыру; өнімді сатудың (өткізудің) ең тиімді нұсқасын таңдап алу сияқты аспектілерді қарастырады. Туристік өнім елді қызықтыруы үшін ол жөнінде жақсы көзқарас қалыптасуы қажет. Оң көзқарасты қалыптастыру қиын, ол үшін ұзақ уақыт керек. Туристік өнімді өндірушілер сұраныс талаптарынан артта қалмауы керек. Туристік өнімді тұтынушы таңдауы үшін өнім ұсынысының оң және қайталанбайтын келбеті болуы қажет. Осындай әдемі өнім бейнесін жасау үшін, жарнама мен нарықта орнын сақтап қалу үшін қаржы жүмсау қажет.

Нарықтың бірнеше бөлік нарықтарға бөлінуінің мағынасы -қажеттіліктерін қолдағы ұсыныстар қанағаттандыра алатын тұтынушылар топтарын іздестіру. Әрбір адамның талғамы бойынша барлық мүмкін болатын туристік қызметтер ұсынысын жасау өте қиын. Және де барлық қызметтерді аздап ұсынуға тырысатын туроператорлар өз стилінен айрылып қалады.Қызмет көрсету жұмысын тұтынушылар топтары бойынша «мамандандыру» (балалы жанүялар, спортпен айналысатын туристер, зейнеткерлер және т. б. топтар) қызмет көрсету сапасын көтеруге мүмкіндік береді.

Максаттары бойынша топтарды таңдау туристік үхыныс компо-ненттері мен мүмкіншіліктеріне байланысты. Осындай топтарды қалыптастыруында жіберілген қателер туристік нысандардың толты-рылуын төмендетеді. Сонымен қатар, әртүрлі бір-біріне үдсамайтын топтар бірге түрған кезде дау-дамай туындауы мүмкін. Әрине, туристер көзқарастары мен мінез-құлқы жағынан өздеріне жақын адамдармен бірге болғысы келеді. Нарық дифференциациясының экономикалық мағынасы - қосымша қаражатты минималды түрде жүмсап максималды нәтижеге жету.

Нарық стратегиясын әзірлеудің кезекті кезеңі - ұсынысты құрастыру. Қажеттіліктері ұқсас мақсаттық топтар үшін оларға лайық тауарлар мен қызметтер таңдалып алынады. Егер қызметтер көлемі пакетке дұрыс жинақталса, турист таңдауы жеңілдейді және ол саяхат туралы ақпаратты алдыңала біліп тұрады.

Кешенді туристік ұсыныс құрамына, мысалға, мынадай қызметтер кіруі мүмкін: 1) қысқы демалыс жағдайында - курортқа жеткізетін көлік (ұшақ пен автобус), отельде орналастыру, тамақтандыру, экскурсиялық қызмет, аспалы жол абонементі, шаңғы тебуді үйрету; 2) емделу мақсатындағы демалыс болса-негізгі туристік қызметтермен бірге (диагноз қою үшін ауру адамды қарап шығу, осыған орай тиесілі емделу процедураларына жіберу) күнделікті медициналық қызмет корсету, дәрі-дәрмек беру, жалпы сауықтыру жаттығуларын жасау үгпін тиесілі құрылыстарға кіру рүксатын беру және тсс; 3) теңіз курорттарындағы демалыс жағдайында - экскурсияларда, әртүрлі мәденижәне т. б. шараларда қатысу, сыйлықтарды беру (сувенирлер, карточкалар, суреттер және т.с.с); 4) спортпен айналысатын туристер үшін - спорт құрылыстарын пайдалану абонементі, таңдауы бойынша қызметтер. Кешенді қызмет корсету туристерге өз уақытын жоспарлауға және нарықтағы бағалар деңгейін таңдауға мүмкіндік береді. Осының бәрі, әрине, туристік өнім сату көрсеткішінің өсуіне септігін тигізеді.

Нарық стратегиясы туристік өнімді өткізудің ең тиімді формасын табуды қажет етеді. Тауарды өткізу формасы деп тұтгнушы мен өнім арасындағы байланыс орнату жолын айтамыз. Тұтгнушыға тікелей сату нүхқасы таңдалса,шаруашылықкәсіпорны (қонақ үй, курорт, аудан) өткізуді ұйымдастыру функциясын орындайтын болады. Мұндай  өткізу формасы дәстүрлі нарықтар болғанда және үнемі келіп жүретін тұтынушылар болса тиімді болады.

Қазіргі халықаралық туризм сферасындағы жаңа материалдық-техникалық базасының дамуы, ұсыныстың көлемі мен құрамының ұлғаюы жағдайында турист үшін өз демалысын өткізу түрін таңдап алу қиынға түседі. Сондықтан шаруаиіылық бірліктер өнімді өткізуде жанама түрде қатысады. Мүлда туроператорлар мен олардың жүйесі - саяхаттар бюролары, қабылдау пункттері өз делдалдық қызметіне кіріседі. Туроператор оның қарамағындағы орналастыру құралдарына орай белгілі топтарға жататын туристерге туристік өнім сатуға қүқылы. Ол үшін алдыңала келісілген көлемде оған комиссиялық төлемақы төленеді. Халықаралық тәжірибеде делдал төсекорындарының толығымен толтырылуына кепіл бола алмай-ды. Орналастыру орындарының толтырылмау тәуекелі мен шығыны туристік кәсіпорындардың мойнына асылады.

Кейде өнім өткізудің құрамалы формасын қолданады: базаның бір бөлігі жанама түрде, делдалдар арқылы ұсынылады, ал қалғаны - үнемі клиенттерге өткізіледі. Сөйтіп, бір жағынан каталогтарда аты шығуы жарнама рөлін ойнайды, ал екіншіден комиссиялық төлемақыға жұмсалатын ақша үнемделеді.

Маркетинг-бағдарламаның жоспарлануы сатудың нарықтық тетіктерін таңдаумен аяқталады.

Туристік өнімді қалыптастыру мақсаты - қазіргі халықаралық туристік нарық талаптарына сәйкесжәне мақсаттық топтарға қыз-мет көрсетудің мамандандырылуына орай туристік тауарлар мен қызметтердің жиынтығын жаңарту, толықтыру және іріктеу. Ең тар мамандандырылған шаруашылық бірлігі - туристік кешен. Туристік өнімді өткізу делдалдардың тізбегі мынадай: 2-3 нарық позициясы бойыншақызметтердіұсынатынтуристіккешен;барлықмамандандырылған кешендерді ұсынатын туристік бюролар мен агенттіктер; жергілікті курорттармен бірге басқа да курорттарды ұсынатын шетелдік туроператорлар; бірнеше туроператорлардың бағдарламаларын ұсынатын саяхатшылар бюролары (делдалдар). Сөйтіп, мамандандырылу құблысы тереңдеуде, сондықтан туристің өз қалауына сәйкес демалыс формасы мен орнын тандап алуға мүміндігі бар.

Маусымдық еңбекпен қамтылуға, шығындар деңгейіне, халықаралық бағаларға, бэсекелес елдер мен фирмалардың әрекеттеріне, туристердің қалауына негізделіп, бағалар саясаты ұсынылған туристік қызмет сапасының бағасын; категориялары, маусымдар т.е.с. бойынша өнім өткізу бағаларын орнатады. Сөйтіп бағалардың жіктелген жүйесі орнатылады. Туристік қонақ үйлер, курорттар, аудандар бағаларды елдер, туроператорлар, ұйымдастырылмаған туристер, мақсаттық топтар бойынша бөліп жіктейді. Жіктеудің әдетті әдісі -негізгі бағаға жеңілдіктер жасау. Туроператорлар сату деңгейі белгілі көлеміне жеткен жағдайда жалпы айналымнан алынған пайызды төмендетуі мүмкін. Алайда туроператорлардың көпшілігі сатудың кешенді бағаларын жариялағанда басқа техниканы пайдаланады. Олар жарнамалық проспектілерінде 7 күннің негізгі бағасын орнатады да, оған келесі 7 күн, көлік қызметі, жеке нөмір пайдалану сияқты қызметтер үшін қосымша төлемдерді қосады.

Өнім өткізу арналары таңдап алынған өткізу формасына (тікелей немесе жанама) сәйкес болады. Тікелей арна формасында клиент-пен телефон, корреспонденция арқылы тікелей байланыс жасалады. Осындай техниканы қонақ үйлер қолданады, ол үшін клиенттер карто-текасы жүргізіледі, клиенттерге бағалардың өзгерісі, жаңа қызметтер, жеңілдіктер және т.е.с ақпарат жеткізіліп тұрады. Жанама формасында өткізу арналары бір, бірнеше немесе барлық мүмкін болатын делдалдарды - тапсырыс қабылдайтын бюролар, спорттық, кәсіподақ, студенток одақтарының торы бар мамандандырылған немесе эмбебап туроператорларды қамтитын әртүрлі делдалдық түрлеріне қосылады. Арналар жүйесін таңдаған кезде сұранысты ынталандыру үдерісі ең маңызды болады.

Сату процесін ынталандырудың бірнеше формалары бар. Туристік шаруашылық бірлігі өз бөлімшелеріне тауарды өткізуге немесе делдалдық еткенде көмек көрсету шараларын жасайды. Туризмде нарықтың бұл сайманының рөлі өте жоғары, себебі туристік өнім тауар үлгісі сияқты клиентке алдың ала көрсетіле алмайды. Сатушылар әртүрлі кездесулерде, семинарларда, кештерде, арнайы экскурсияларда сату техникасы мен психологиясы жөніндегі білім алады. Оларға техникалық көмек: ақпарат папкалары, проспектілер, карта-лар, анықтамалар, плакаттар, видеокассеталар және басқа ақпараттық материалдар беріледі.

Жарнама туристік шаруашылық бірліктері мен туристік өнім жөніндегі ақпаратты жеткізеді, тұтгнуды сатуы осы мезет те қиын болып тұрған қызметтерге карай итермелейді. Жарнама үлкен қаражат жүмсауын қажет етеді, сондықтан туристік тауарлар мен өнім жарнамасының нақты жоспары жасалу керек, оның мақсаты - тұтынушылардың мақсаттық топтарына әсер ету. Тек кана оң қасиеттері мен артықшыларды эдемілеп көрсетіп, кейбір кемшіліктерді бүркеп айтпай қалу қате болып есептеледі. Келешектегі демалушылар кемшіліктері мен артықшылықтары болатын шынайы жағдайға дайын болуы қажет.

Паблик-рилейшнз - қоғаммен байланыс жасау сайманы, оның мақсаты туристік ұйымға деген жылы лебіз туғызу. Мұндай іс-әрекет бұқаралық ақпарат құралдары - радио, газет, журнал, теледидар аркылы жүргізіледі. Паблик-рилейшнз әдістерінің бірі-журналистерді туристік аудандарға акпараттық сапар жасауға шақыру. Сонымен қатар, өзіндік шаралар да: ақпараттық бюллетеньдерді шығару, мәдени, спорттық шараларды қаржыландыру және т. б. қолданылады.

Туризмдегі өнімді өткізу саймандарының бірі экскурсиялық қызмет көрсету болады. Туристер қызметкерлермен демалыс орнында қатынас жасап тұрады, бірақ туристік кепіен түтас бірлік ретінде олар үшін беймэлім болып қала береді. Туристік кешенге келген сәтте туристермен ақпараттық кездесу өткізетін экскурсия жүргізушісі басшылардың өкілі болып табылады. Ақпарат жеткізуші және бос уақытын ұйымдастыру бойынша кеңес беруші ретінде экскурсия жүргізушілер туристік тауарлар мен қызметтер сұранысын ынта-ландыру жұмысын орындайды. Олар клиенттердің шағымдарын естіп қызметтегі кемшіліктерді жоюға тырысады. Экскурсия жүргізушілерінің тағы бір жұмысы - туристерге көңіл көтеру, ойын-сауық, экскурсиялар мен басқа мәдени шараларда қатысу мүмкіндігі туралы акдарат жеткізу болады. Сөйтіп, экскурсиялық қызмет көрсету туристерге қызмет көрсетуді жетілдіру сайманы болып табылады жәнеөнімді сатуға септігін тигізеді.

Жақсы жасалған маркетинг-бағдарлама келешектегі жетістіктердің кепілі бола алмайды. Ол үшін осындай маркетинг-бағдарлама орындалуы қажет.

Қайталау сұрақтары

1. «Маркетинг» ұғымының анықтамасын беріңіз. Оның эволюциясы жөнінде әңгімелеп беріңіз.

2.  Кгм және кашан тщгыш рет туризм маркетингінің технологиясын енгізді, ягни туристік маркетингті ойлап шығарды? Осы ұғымның анықтамасын беріңіз.

3.  Туристік маркетинг ерекшеліктерін атап шығыңыз.

4. Маркетинг жоспары деген не?

5.  Маркетинг-багдарлама көздейтін маркетинг зерттеулерінің терт кезеңіне сипаттама беріңіз.

6.  Туризмдегі кешенді саясат мацсаттары және оларды іске асыру кезеңдері қандай?

7. Кешенді туристік ұсыныс туристік кәсіпорынның нарьщ стратегиясының сайманы.

8.  Туристік өнімді сату формалары қандай?

§ 8 Туристік қызметтер нарығын мемлекеттік тұрғыдан реттеу

Аталған сөйлем үш ұғымнан тұрады. Қысқаша айтсақ, мемлекет - егеменді, тарихи қалыптасқан және өндіріс қатынастарының басым бір жүйесіне негізделген қоғамның ұйымдастырылу формасы. Реттеу (орысшасы регулирование, латын тілінде regula - ереже, тәртіп, рет) дегеніміз адам іс-әрекетінің белгілі бір сферасындағы (біз туристік іс-әрекетті қарастырамыз) қатынастарды ретке келтіруге арналған, мемлекет жүргізетін шаралардың кешенді жүйесі. Ал енді туристік іс-әрекет болса - бұл туристік өнімді туристік іс-әрекет субъектілерінің жарғылық мақсаттарына сәйкес өндіру мен сатуды ұйымдастыру.

Туристік қызметті мемлекеттік тұрғыдан реттеу мақсаттары мына-дай: азаматтардың демалыс қүқыгын, туристік іс-әрекет шеңберінде қозғалыс бостандығын қамтамасыз ету; қоршаған ортаны қорғау, туристерді тәрбиелеуге, білім беруге, оларды сауықтыруғабағытталған іс-әрекет үшін жағдай туғызу;азаматтардың рекреациялық қажеттіліктерін қанағаттандыратын, жаңа жұмыс орындарын беретін, мемлекет пен азаматтардың табыстарын ұлғайтатын туристік индустрияны дамыту және т.б.

Туристік іс-әрекетті мемлекеттік тұрғыдан реттеу жолдары мынадай: туризм индустриясын дамыту жәнетуризмді қаржыландыру саясаты; туристік іс-әрекет аясындағы қатынастарды жетілдіруге, лицензиялау, стандарттау мен сертификациялауды реттеуге арналған нормативтік құқыктық актілерін қабылдау; бюджет заңнамасына сәйкес туризмді дамыту бойынша мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеу мен іске асыру үшін бюджет қаржыларын бөлу; туристік іс-әрекетті мамандармен қамтамасыз етуді қолдау; отандық туристердің, туроператорлардың, турагенттердің, олардың бірлестіктерінің халықаралық туристік бағдарламаларда қатысуына қолдау жасау; туристік өнімді ішкі және халықаралық туристік нарықта жылжытуын қолдау; елдің туристік ресурстарын тиімді пайдалануды, тіркеуді және қорғауды қамтамасыз ету.

Туризмді реттеудің нормативтік (мемлекеттік-құқықтық) формалары: 1) туристік іс-әрекет негіздерін нормативтік тұрғыдан реттеу;

2)  кәсіпкерлік субъектілер статусы мен олар жүргізетін іс-әрекет түрлерін ресми түрде растау, рәсімдеу (тіркеу, лицензиялау және т.с.с);

3)  шаруашылық іс-әрекетті жүргізуді реттеу;

4) іс-әрекет мазмүны мен сапасына қойылатын нормативтік талаптарын орнату;

5) заңның орындалуын қадағалау, нормативтердің бұзылуы үшін айып салу.

Туристік бизнесті мемлекеттік тұрғыдан реттеудің маңызды әдісі лицензиялау болып табылады. Лицензиялау институты лицензиялау қағидалары мен ретін, лицензияланған іс-әрекет түрлерін, кәсіпкерлердің міндеттерін орнатады. Лицензиялаудың міндеті - лицензиаттың кәсіби талаптарына сәйкес болуын рәсімдеу.

Туристік іс-әрекетті мемлекет тұрғысынан реттеудің басты сайманы - бюджеттік-салық жүйесі. Салық жүйесін мемлекет саясаты биіктігіне көтеріп, қоғам жалпы ұлттық табысьш туристік іс-әрекеттен түсетін панда арқылы өсіріп, туристік инфрақұрылымды дамытуды көздейді. Жүйелі түрде салықтар мен мемлекеттік бюджетке түсетін басқа төлемақыларсыз мемлекет туристік саланы қажетті қаржымен қамтамасыз ете алмайды. Мемлекеттің бюджеттік-салық жүйесі салықтарды, мемлекеттік баж салықтарын және басқа міндетті төлемақыларды жинаумен айналысадьх Мемлекет жеке және занды тұлғалардың салықтар мен баска міндетті төлемақыларын қатал қадағалайды.

Туризм ресурстық салалар қатарына жатады, яғни туристік өнімнің тұтгнушылық құны рекреациялық ресурстардың сапасына байланысты. Қазақстан туристік ресурстар жағынан өте бай мемлекет: елімізде қайталанбайтын және өте көркем табиғи ландшафтар, мәдени, тарихи және рухани мұрабар, еліміз қонақжайлылығымен әлемге әйгілі.

Туристік іс-әрекетті мемлекет тұрғысынан реттеудің тағы бір сайманы - стандарттау - бұл нормалар, ережелер мен сипаттамаларды орнату қызметі. Оның мақсаттары - өнімнің, жұмыстар мен қызметтердің қоршаған орта үшін, туристердің өмірі, денсаулығы мен мүлігі үшін қауіпсіздігін; өнімнің технологиялық және ақпараттық үйлесімділігі мен бір-бірін ауыстыру сипатын; өнімнің, жұмыстар мен қызметтердің ғылым, технология мен техника деңгейіне сәйкескелетін сапасын; өлшеулердің бірқалыптылығын; ресурстардың үнемделуін; табиғи, техногендік апат пен баска төтенше жағдайлардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Туристік қызмет көрсету сапасын арттыру әдісі - сертификаттау. Өнім (қызмет) сертификаттауы дегеніміз өнімнің (қызметтің) орнатылған талаптарға сәйкес болуын растау қызметі: нарықта кәсіпкерлік іс-әрекет үшін жағдай жасау; халықаралық экономикалық ынтымақтастық пен халықаралық саудада қатысу; тұтгнушыларға өнім таңдауында көмек беру; тұтынушыны өндірушінің (сату-шы, орындаушы) арамдығьшан қорғау; өнімнің, жұмыстар мен қызметтердің қоршаған орта үшін, туристердің өмірі, денсаулығы мен мүлігі үшін қауіпсіздігін қадағалау; өнім сапасының өндіруші ұсынған көрсеткіштерін растау.

Сертификаттау міндетті және өз еркімен өтетін сертификация болады. Міндетті сертификаттау заңнамалық актілерде жазылған жағдайларда өткізіледі. Туризмде қауіпсіздікке қойылатын талаптарды сертификаттау міндетті болып табылады. Заңнамалық актілермен жарнамаға және міндетті сертификаттауға жататын қызметтерге, егер сертификаты болмаса, тыйым салынады. Әкімшілік заң бұзылу Кодексі бойынша лауазымды тұлғалар мен кәсіпкерлерге сертификаттанбаған қызмет көрсету мен қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі жөніндегі белгіні рұқсатсыз пайдаланғаны үшін 100 минималды еңбекақы көлемінде айыппүл салынуы мүмкін.

Міндетті сертификаттау мен лицензиялау қонакүй-туристік қызметтер аясындағы мемлекеттік реттеу әдістері болып табылады. Туристік қызмет көрсетуді сертификаттауды сертификаттау орындары жүргізеді. Сертификация функцияларын тәуелсіздік пен біліктілік талаптарына сәйкесболатын кәсіпорындар мен ұйымдар орындай алады. Сертификаттау жүйесі коммерциялық қүпияны сақтауға міндетті.

Туризмдегі сертификаттау объектілері мынадай: қызмет көрсететін кәсіпорындар, қызмет көрсетушілер, қызмет көрсету процестері, сапа жүйелері. Туристік қызметтерді сертификаттау кезінде қызметтермен қызмет көрсету жағдайларының сипаттамалары (көрсеткіштері) тексерілу қажет және қызметтің классификациялық тобына жата-тындығын, техникалық құжаттарға және функциясына сәйкес болуын (маршрут паспорты, ақпараттық-жарнамалық проспект, жолдама жәнет.с.с), нормативтерге сәйкес қызметтердің қауіпсіздігін бақылауға мүмкіндік беретін тексеру (бағалау) әдістерін қолдану керек.

Мемлекеттік реттеудің тағы бір маңызды сайманы - салық жүйесі: ұлттықжәне жергілікті салықтар санын азайту арқылы әлеуметтік туризм үшін қаржы табылатын болады. Салық ауыртпалығының азаюы туризм нысандарын, кәсіпорындарын және мекемелерін жан-дандырады, ал қосымша қызметтер жаңа жұмыс орындарын беруге, жергілікті және аймақтық бюджетті толықтыруға, ғылыми зерттеу-лерге қосымша қаражат бөлуге мүмкіндік береді.

Туристік саланың сәтті дамуы үшін экологиялық заңнаманы жетілдіру қажет. Қазіргі құкыкта кез келген технологияның кінэлік презумпциясы қағидасы орындалады - егер осы технологияның адам үшін қауіпсіздігі дәлелденбесе. Мұндай жағдайда не қорғау зонасын үлкейтеді, не адамдарды ол жерден басқа жерге көшіреді.

Туристік қызмет көрсетудің кейбір мәселелері туризм аясындағы уәкілді органдары қабылдаған ережелерімен реттеледі.

Туризм жағынан жетекші болып есептелетін елдердің туризмді басқару, оның ішінде заңнамалық әдістер арқылы реттеу бойынша бай тәжірибесі бар. Қазақстанда (және Қырғызстан мен Грузияда) құқық жүйесіндегі бастапқы жобаларды жасау ведомстволық қағида бойынша өткізіледі. Жоспарланған актілерді жоспарланған жоба мазмүнына сәйкесминистрліктер мен мемлекеттік органдар әзірлейді. Заң жобаларын бір министрлік немесе орган, ал әзірленіп түрған жобаның мазмүны бірнеше министрлік пен ведомстволар жұмысына қатысы бар болса, онда жобаны бірнеше министрлік немесе мемлекеттік орган дайындайды. Осындай жұмысты министрлік немесе ведомство өз еркімен немесе ең жоғары мемлекеттік орган тапсырмасымен орындайды. Министрлік немесе ведомство жобаны өзі жасаса, басқа ұйымдар мен бөлімшелерді жобаны әзірлеуге шақыруға құқықты.

Заң жобаларында заңдық нұсқауларды келтіру әдісінің бірі -сілтемелерді қолдану. Заңнамада сілтемелердің екі түрін: ішкі және сыртқы сілтемелер - бөліп көрсетуге болады. Егер нормативтік күқықтық актінің бабында дәл осы актінің бабына (пунктіне) сілтемежасалса, бұл ішкі сілтеме. Егер нормативтік құқықтық актінің бабында басқа актінің бабына (пунктіне) сілтеме жасалса, бұл сьфтқы сілтеме.

Заң баптарының атаулары болады. Преамбұла нормативтік құқық-тық актінің міндетті әлементі болып есептелмейді. Егер тиісті баптар мазмүлында мақсаттар мен міндеттері және арналуы түсінікті болып тұрса, преамбұланың қажеті жоқ. Дегенмен, ең маңызды, кағидалық нормативтік құқықтық актілерінде нормативтік нү_сқаулардың алдың-да преамбұла жазылу керек.

Нормативтік қү-қықтық актінің негізгі әлементтері - құқық нормалары жазылған бап және тармақ. Баптар тек қана заңнамалық актілеріне, тармақтар басқа да нормативтік қү-қықтық актілеріне енгізіледі. Нормативтік құқықтық актілердің осындай безендірілуі нормалық нұсқаулар логикасын түсінуге мүмкіндік береді, сілтеме жасауды, актіні қолдануды жеңілдетеді.

Нормативтік құқықтық актіне өзгерістер мен толықтыруларды енгізу реті мынадай: ескі актіндегі анықтамаларды жаңа актіне сәйкес келтіру; егер заңнамашы ескі актін толығымен өзгертудің қажеті жоқ деп есептесе, бұрын шыққан нормативтік құқықтық актіне өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.

«Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Заңында туристік сала үшін мынадай маңызды сұрақтар анықталған: туризмнің мемлекеттік реттелуі; туристік өнімді қалыптастыру, жылжыту және өткізу; туристік ресурстар; туристік фирмалардың клиент алдыңдағы жауапкершілігі; туристердің қоғамдық бірлестіктері мен турис-тік іс-әрекет субъектілерінің қызметі; туризм аясындағы қауіпсіздік мәселелері. Сонымен қатар, туристік маршруттарды сертификаттау мен туристік қызметтерді стандарттау институты енгізілген; туристік фирма жарғысында туристік қызмет көрсетілсе, ол фирманың басты қызметі болуы міндетті. Заңда туристік фирма басшысына да талаптар қойылады, бұл да туристік ұйымның көрсетілетін қызмет сапасы үшін жауапкершілігін арттыратын болмақ.

Заңда өз базасын кеңейтетін, кіру және ішкі туризмді ұйымдастыру іс-әрекетін дамытатын туристік қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау жасау шаралары қарастырылады.

Туризмді мемлекеттік тұрғыдан тиімді реттеу үшін әлемдік және отандық туристік бизнес жөніндегі шынайы, сенімді ақпарат көздері болуы қажет. Сондықтан туризмді мемлекеттік тұрғыдан   реттеудіңбір қыры - сала мәселелерін ғылыми талдау мен осының негізінде дұрыс шешімдерді қабылдау болады. Туризм аясының республикалық уәкілді органына бағынатын ғылыми күрьшым ретінде туризм индустриясының ғылыми-зерттеу институтын ашу қажет екені бүгін түсінікті болып тұр. Осындай институт 2008 жылы Спорт пен туризм академиясында ашьшған, бірақ оңца көбінесе спорт туризмінің тар мамандары істейді.

Туризмді мемлекеттік тұрғыдан реттеу формаларын таңдағанда Қазақстанда шағын туристік фирмалар басым екенін ескеру қажет. Мұндай формалар мынадай: мемлекет мүдделері мен азаматтардың жөнді демалыс құқығын максималды түрде қорғау; кіру және ішкі туризммен айналысатын туристік кәсіпорындарды экономикалық және қүдықтық тұрғыдан қолдау; туристік қызметтерді лицензиялауды, стандарттауды және сертификаттауды жетілдіру (шығу, кіру, ішкі, спорттық, балалар-жасөспірімдер туризм түрлері үшін әрбіреулеріне бөлек); Қазақстан Республикасы Үкіметі тухындағы Туризм кеңесіне туризмді басқару бойынша кең уәкілділік беру.

Ә леумет үшін пайдалы кіру, ішкі, спорттық, бал ал ар-жасөспірімдер туризмімен айналысатын фирмаларды лицензиялауына ерекше назар аударылу қажет. Туристік фирмалардың бұл категориясына мынадай талаптар қойылады: қызметкерлердің ерекше жоғары біліктілігі және өз меншігіндегі (немесе сенімді келісімшарттармен рәсімделген серіктестердің меншігіндегі) көлік, орналастыру мен тамақтандыру құралдары болуы қажет.

Туристік қызметті сертификаттауына қойылатын талаптар: клиенттер мен қызметкерлердің қауіпсіздігі, барлық іске асырылатын туристік бағдарламалардың экологиялық сипаты және клиентке берген уәделердің кепілдігі. Сертификаттау міндетті болуы қажет.

Мемлекеттік реттеудің алдыңда қазақстандық туристік өнімді шетелде, әсіресе әлемдік туристік ағымдарды қалыптастыратын елдерде жариялап жылжыту үшін максималды қаржы бөлу міндеті тұр.

Туризм жөніндегі құқықтық актілердің ішіндегі ең маңыздылары шетел туристері үшін тіркеу рәсімдерін жеңілдету мен виза бағасын түсіру болып табылады. Тур бағасына енгізілген визалар мен тіркеу рәсімдерінің бағалары елдің туристік бағдарламаларының халықаралық туристік нарықта бэсекелестікке қабілетті болуына мүмкіндік беруі қажет.

Қайталау сұрақтары

1. Туристік іс-әрекетті мемлекеттік тұрғыдан реттеу мақсаттарын атап шығыңыз.

2 .Туризмдіреттеудің нормативті формаларын атап шығыңыз.

3. Туристік қызметті мемлекеттік тұргыданреттеудің ең басты әдісі қандай?

4.  Туристік қызметтерді сертификаттауга қойылатын талаптар қандай?

5.  Зацнамалық актілерінің туризм дамуындағы рөлі қандай? Заң гиыгару реті қандай?

6.  «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Зацының негізгі тарауларына сипаттама беріңіз.

5-mapay ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМ

§ 1 Халықаралық туризм - сыртқы экономикалық қатынастар түрі

Халықаралық туризм - бұл мемлекеттіліктің дамуында маңызды рөл атқаратын өте күрделі құблыс. Бұл жағынан халықаралық туризмнің ұлттық экономика мен әлем саудасына тигізетін әсерн зерттеу өте маңызды болып табылады.

Мемлекеттің сыртқы экономикалық байланыстары алмасудың әртүрлі формалары: банк салымдары, шетелдік салымдар (инвести-циялар), халықтың көшіп-қонуы, мәдениет аясындағы алмасу, сауда қызметін көрсету және т.б. арқылы іске асады. Дүниежүзілік сауданың дамуы әлем бойынша халықтың қозғалысының өсуіне әсеретеді. Бұл өз ретінде елдердің төлем балансына әсерн тигізетін шетелдік туризмді дамытады.

Қандай бір ел болмасын оның маңызды экономикалық іс-әрекетіне сыртқы экономикалық алмасу жатады, оның ішінде нәтижесі валютамен анықталатын сыртқы сауда. Халықаралық алмасу теориясы елдердің сыртқы сауда процесінде жететін нәтижелеріне әсерететін факторларды ескереді. Сыртқы сауда әрекетіне қатысы бар осы теорияның жалпы қағидаларын туристердің алмасуына да қолдануға болады. Халықаралық сауда секілді халықаралық туризм экономистерді ішкі туризмнен бұрын қызықтыра бастаған. Олардың пікірі бойынша, туристік қозғалыс толем балансына тауарлар алма-суы сияқты әсеретеді. Сондықтан, халықаралық туризмді сыртқы экономикалық байланыстың бір түрі деп айтуға болады, яғни ол сыртқы сауданың арнайы бір түрі [42].

Халықаралық туризм халықаралық экономикалық қатынас-тардың түрі ретінде шетел туристерінің әралуан қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған туристік қызмет көрсетуге бағытталған. Халықаралық туризмге шетелге баратын және онда төлемақылы іс-әрекетпен айналыспайтын тұлғалар жатқызылады. Халықаралық нарықта көрсетілетін қызметтер саны өте көп. Оның ішінде туристі баратын елге дейін жеткізу және сол ел ішіндегі көлік қызметі, орналастыру, тамақтандыру, туристердің әлеуметтік-мәдениетгік, іскерлік қажеттіліктерін қанағаттандыру жәнеәртүрлі құжаттарды рәсімдеу қызметтері. Туриске оның таңдауы бойынша қызмет түрлері көрсетіледі немесе қызметтердің толық жиынтығы ұсынылады. Тур құрылымы ел ерекшеліктеріне, туристер құрамына, олардың сатып алу қабілетіне, ұсынылатын қызметтер сипатына, ассортиментіне және сапасына байланысты.

Халықаралық туризм операциялары соңғы жылдары ойдағыдай өзгерістерге үшырады. Қазіргі халықаралық туризмнің ұйымдастыру формаларының ерекшеліктері мынадай: туристік индустрияның ірі монополияларының құрылуы,туристік бизнеске сауда фирмаларының, банктердің, сақтандыру компанияларының, өнеркәсіптің «туристік емес» капиталының еншілес компаниялары ретіндегі өз турагенттіктерін құрастыру арқылы немесе туристік операцияларды өз кухнімен жүргізу жолымен енуі [44].

Халықаралық туризм сыртқы экономикалық байланыстың бір түрі болғанымен, бірқатар өзіндік ерекшеліктері де бар.

Біріншіден, әлем нарығында сату-сатып any заттары ретінде тікелей сыртқы сауда алмасуына жатпайтын тауарлар мен қызметтер ұсынылады. Тауарлар да, туристерге көрсетілетін қонақ үйінде орналастыру, тамақтандыру, экскурсиялар, кір жуу және тағы сол сияқты қызметтер де тауар сипатына ие. Нарықта тек тауарлар мен қызметтер ғана емес, сонымен қатар табиғи жәнеәлеуметтік-экономикалық туристік-рекреациялық ресурстар да сауда затына айналады. Бірақ осындай сауда процесінде олар әдеттегі экспорттағыдай аумақтан үзілмейді. Ішкі туризмнен түсетін пайда сияқты, шетел туризмінен түсетін валюталық табыстар аумақтың қызықтыратын жерлері, шипалы касиеттері үшін төленетін рекреациялық рентасы деп айтуға болады [42].

Екінші ерекшелігі - тауар мен қызмет өндірісіне жұмсалған еңбек өндірілген жерінде өтеледі. Мұнда тауарлардың тұтынушыға емес, керісінше тұтгнушы тауар-қызмет өндірілетін жерге келеді. Сондықтан капитал айналымының уақыты қысқартылады. Бұл халықаралық туризмді басқа экспорттық баптардан айыратын басты ерекшелігі. Біріншіден, сатып алушы (турист) көлік шығындарын өзі төлейді. Екіншіден, шетел туристерінің сувенирлер мен тауарларды сатып алуын сыртқы сауда операцияларының пайдалы түрі ретінде қарастыруға болады. Көптеген елдерде әртүрлі салалар осы «ішкі экспортқа» арналғанжұмыс жасайды. Мысалы, Жапонияда шетел туристері елде шығарылатын радиотауарлар мен бейн-аппаратуралардың, фотоаппараттардың үлкен бөлігін сатып алады; Швейцарияда - сағаттарды, шоколад пен сырларды; Францияда -парфюмерия мен сэн бұйымдарын; Италияда - аяқ киім мен былғары бұйымдарын; Ұлыбританияда - виски және т. б. сатып алады.

Халықаралық туризмде турист өзінің елінен шығып, басқа бір елге барады. Кеденнен өту үшін туристік құжаттарды толтырады (паспорт, виза жасау), валюта жәнемедициналық бақылаудан өтеді. Бұл халықаралық туризмнің ерекшелігі болып саналады және ішкі туризмнен ең басты айырмашылығы.

ЮНВТО туристік қүжаттардың реттеуіне ерекше маңыз бере отырып, жаңа ұсыныстар жасады:

- паспорт формалдылықтары;

- виза формалдылықтары;

- валюта формалдылықтары;

- кедендік формалдылықтар;

-  медициналық формалдылықтар мен туристерге медициналық жәрдем көрсету.

Туристік формалдылықтар мемлекеттік шекараны кесіп өтумен байланысты халықаралық туризмнің ең басты ерекшеліктері болып есептеледі. Неғүрлым мемлекеттің ақша жүйесінде айырмашылық және адамдардың қозғалу жолында кедергілер көп болса, соғұрлым халықаралық туризмнің ішкі туризмнен айырмашылығы үлкен болады.

Халықаралық туризмде өз ерекшеліктері болғанымен сыртқы саудада қалыптасқан операциялар түрлері: экспорт, импорт және реэкспорт операциялары іске асырылады. Халықаралық экономикалық қатынастың бір түрі ретінде халықаралық туризмнің басты ерекшелігі

- кез келген сыртқы сауда мэмілесі сияқты қызметтерді сатып алу шетелдік контрагент (контрагент ретінде турфирма да, шетелдік туристің өзі де болуы мүмкін) арқылы өткізіледі. Осыған байланысты халықаралық туризмде экспорт дегеніміз - шетел қонақтарын қабылдау, ал импорт - өз елінің туристерін шетелге жіберу болып табылады. Халықаралық туризмде реэкспорт деген түсінік бар. Теория бойынша осы категорияға бұл мемлекеттің туристік ұйымынан үшінші мемлекетке сапар шегу үшін тур сатып алған барлық шетелдік туристер жатуы керек. Бірақ қазіргі кезде есеп жүргізу жүйесінің жетілмегендігінен бұл категорияға жататын туристерді бөліп көрсету өте қиын. Сондықтан реэкспорт операциялары кең тарағанымен, олардың көрсеткіштері экспорт операциялары статистикасында жоғалып кетеді.

Туризм арқылы іске асырылатын экспорттың өз артықшылықтары бар. Біріншіден, әдетте үйренішті жолдармен экспортталатын тауарлардың экспорттық нарығы кеңейеді. Екіншіден, басқа жағдайда шетел валютасына сатылмайтын тауарлар енді шетел валютасына үлкен көлемде сатыла бастайды. Оның үстіне шетел туристеріне сатылатын тауарларға шетелдік валюта түріндегі салық салынады.

Халықаралық туризмнің тағы да бір ерекшелігі - елдің төлем балансына тигізетін әсер. Сондықтан шетелдік туристердің келуін «белсенді» туризм деп атайды. Оан қарама-қарсы, туристердің шет елге кетуі ұлттық ақша мөлшерінің азаюына әсерн тигізеді. Бұндай туризмді «белсенді емес» немесе «пассивті» дейді. Туристердің белсенді және белсенді емес болып бөлінуі туристік іс-әрекеттің қаражат нәтижесімен байланысты, ол ішкі туризмге тарамай, халықаралық туризмде ғана пайда болады.

Кейбір жағдайда шетелдік туризмнің дамуы елдің экономикалық жәнеәлеуметтік дамуын жылдамдатуға да жіберілуі мүмкін.

Шаруашылық жүйесінде туризм - еңбек бөлінісінің көрсеткіші, онда экономикасы жоғары дамыған елдер басты рөл атқарады. Сыртқы сауданың басым бөлігі өнеркәсібі дамыған елдердің арасындағы тауар алмасуына түседі. Халықаралық туристік алма-суда да нақ осыған үқсас жағдай қалыптасқан. Әлемдегі туристік сапарлардың ең үлкен жігі өндірісі жоғары дамыған елдер арасында жүреді, оларда азаматтардың шет елге шығу пайызы жоғары (АҚШ, Франция, ¥лыбритания жәнет.с.с). Сондай-ақ, туристер алмасуыосы елдер мен экономикасы орташа дамыған елдер (Грекия, Португалия, Түркия) және дамушы елдер (Тунис, Таиланд және т. б.) арасында да жүреді. Осыған байланысты Дүниежүзілік туристік ұйым«туристерді ең алдымен жіберуші елдер» және«туристерді ең алды-мен қабылдаушы елдер» анықтамаларын қабылдады.

Туризм мамандары шетелдік туристерді қабылдау және оларға қызмет көрсету ісінің өте жоғары экономикалық тиімділігін және экономиканың туризм дамуына бағытталуының өте пайдалы болуын атап көрсетеді. Мемлекеттер арасындағы туристік байланыстар екі жақты болады. Шетел туристер санының өсуі валюталық қор қалыптастыруына үлес қосады. Оның үстіне қабылдаушы елде жұмсалған валюталық қаражат жіберуші елге импорттың өсуі арқасында қайтып келетін болады.

Экономикалық жағынан белсенді туризмді (туристерді қабылдау) туристік итіліктерді экспортқа шығару, ал белсенді емес туризм (азаматтардың шығуы) - импорт деп атауға болады. Тауарлар мен қызметтер туристік экспорт арқылы алмасу қабілетіне ие болады. Мұның нәтижесінде ішкі сауда ынталандырылады, дәстүрлі экспорттың жаңа мүмкіншіліктері пайда болады жәнеәдеттегі тауарлар экспортының орнын туристік тауарлар мен қызметтер эксперты тартып алуы мүмкін.

Белсенді және белсенді емес туризмнің экономикалық тиімділігін есептеу онша қиын емес. Бірақ шетел туристерінің жергілікті өндірістің өнімдеріне сұраныс түрлері мен көлемі туралы мәліметтер жоқ болғандықтан нақты ақпарат жинақтау қиынға соғады. Бұл сұранысты тіркеу мүмкін емес, оны тек шамалауға болады. Шекарадан өту мен акша айырбастау рәсімдерінің жеңілдетілуі нәтижесінде кейбір ақпараттарды табу оңай емес. Келген туристердің саны мен елде болу уақытын ғана дәл анықтауға болады. Статистикалық есептің қиын болуының тағы бір себебі тұтгну процесі қабылдаушы елде жүрсе, ал сатып алынған тауарлар турист түратын еліне шығарылады. Бұлтауарлар шекараны өткенде тіркелмейді. Осыған орай белсенді туризмді «көрінбейтін экспорт», ал пассивті туризмді «көрінбейтін импорт» деп атауға болады [21].

Сауда дамуына түрткі болатын шешімдердің бірі - азық-түліктің туристік экспорты. Кейбір елдер тұтгну тауарлар экспортын туристік экспортқа ауыстыруда. Дамушы елдер оз экспортын туристік импортарқылы қолдау жолдарын іздестіруде. Пассивті туризм қабылдаушы елге валюта әкеледі,бұл ұлттық табыс үшін өте пайдалы. Осының нәтижесінде қабылдаушы ел туристік балансының оң сальдосын туристерді жіберуші елден тауар импортын ынталандыру үшін пайдалануға тырысады. Өнеркәсібі жақсы дамыған елдердің өзі үшін алмасудың осындай түрі - өз өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығын қолдау мен дамыту жолы болып табылады. Экспорттың шамалы болуы экономикалық дамуын тежейтін елдерде туризм өркендеу факторына айналуы мүмкін.Шетелдік туризмді елдің экономикалық дамуын тездететін, толем балансын түзейтін және валюталық қорын ұлғайтатын сайман ретінде қарастыруға болады.

Өнімдердің және қызметтердің халықаралық алмасу тиімділігі дәстүрлі экспорттан және туристік экспорттан түсетін валютаны салыстыру арқылы есептеледі.

Импортты қарастыратын болсақ, импорт тиімділігі импортталған өнімге жұмсалатын қоғамдық шығындармен (валютада) анықталатынын білу қажет.

Шетел сапарлары, импорт сияқты, ішкі сұранысты қысқартады. Сонымен бірге, пассивті туризм турист шыққан елінде ешқандай материалдық игілік жасамайды. Тұтыну тауарлары ұсынысы шектеулі болса, туристік импорт сұранысты азайтады да ішкі тұтгнушы нарығындағы жағдайды жеңілдетеді. Және де туристік импортты колдау үшін елдің туристерге сатқан бағасынан арзан бағаға алынған валютасы болу керек.

Сонымен қатар, жоғарыда айтылғандай, туристерді жіберуші елге туристер жүмсаған ақшасы импортқа жасалған тапсыры-стар арқылы қайта оралып келеді. Мұндай жағдайда жұрт туристік сапарға аттануға мүмкіндік алады, ал мемлекет бюджетіне зиян келтірілмейді. Туристік импорт пен экспорттың мемлекет экономи-касына тигізетін әсерін толығымен бағалау үшін туризммен байланысты барлық өндіріс факторларын, инвестициялық қажеттіліктерін және мемлекеттің халықаралық байланыстарын ескеру қажет. Зерттеуге жататын тағы бір тенденция - туристік импортты туристік экспорт арқасында жүргізу, яғни «турист орнына турист» формуласы.

Қорыта айтсақ, халықаралық туризм қоғам өміріне үлкен әсертигізеді. Шетеддік туризмнің, туристік қызметтің дамуы мемлекеттіңтөлем баланеының тұрақты болуына, ұлттықтабыс өсуіне септігін тигізеді, саяси жағдайды түзеу құралы болып табылады.

Халықаралық туристік ағымдардың өсуі мемлекет арасындағы сыртқы экономикалық байланыстарды кеңейтуге әсерн тигізеді, материалдық байлықтар мен мәдени қүндылықтарды құруда басқа ұлттардың тәжірибесін пайдалануға мүмкіндік береді. Осының арқасында, сыртқы экономикалық байланыстың түрі ретінде, халықаралық туризмнің маңызы өсе береді.

Қайталау сұрақтары

1.  Мемлекеттер арасындағы сырткы эконолшкалық байланыстардың қандай формаларын білесіз? Халықаралық туризмді осындай формалардың цайсысына жатқызуга болады?

2.  Халықаралықтуризмнің сыртцы экономикалық байланыстардың формасы ретінде қандай өзіне тән ерекшеліктері бар?

3. Халықаралық туризмдегі экспорт, импорт жәнереэкспорт деген не? Олардың ерекшеліктерін атап беріңіз.

4.  Туризм арқылы экспорт жасаудың артықшылықтары қандай?

5. Халықаралық туристік алмасудағы тиімділік есебі калай жасалады?

§ 2 Шетел туризмінің экономикалық дамуына жасайтын әсері

Тауарлардың қозғалысы сияқты, туристер шет елдерге барғанда шетел валютасының қозғалысы байқалады. Сондықтан қандай да ел болсын, туристік қызмет экспортын дамытуға тырысады, ал осындай экспорт дәстүрлі тауарлар мен қызметтер экспортын толықтырады. Осыған орай, көптеген туризм мамандары шетелдік туристерді қабылдаудың экономикалық тиімділігін атап көрсетуде. Елдің экономикасын қаржыландыру мақсатында шетелдік қаржының келуіне септігін тигізетін салаларды ең алдымен дамыту қажет.

Осыған орай, шетелдік туризмнің дамуы (яғни туристік қыз-меттерді шетел туристеріне сату) төлем балансының құрылымын өңдеудің, сыртқы экономикалық алмасу көлемін арттырудың, өнеркәсібі дамымаған аудандарды дамытудың ең қолайлы формасы болмақ.

Экономикасы элсіз, инвестициялық қаржылары жетіспейтін елдер қаржылары мен білікті еңбек күшін көбіне туристік экспорт секторына жүмсағаны, яғни өнеркәсіппен ауыл піаруашылығына жұмсалатын қаржыны азайтқаны дұрыс бола ма деген сұрақ пайда болуы мүмкін. Осындай көзқарасты қолдайтын туризм теорияшылары мынадай дәлелдерді келтіреді:

1.    Экспорттық туристік секторды дамыту шаралары елдің табиғи құндылықтарын игеруге мүмкіндік туғызады, демек, табиғи құндылықтардан түсетін табыс артады. Экспорт секторының дамуы арқасында осыған дейін халықаралық алмасуға белсенді қатыспаған елдердің араласуына мүмкіндік туатын болады.

2. Туристік тауарлар мен қызметтерді өндіру, экономикалықдаму жолына түскен елдерге өте қажетті болады. Осындай елдерде еңбек күшінің, азық-түліктің бағалары төмен; сонымен қатар, мұлда, импорт қажеттілігі минималды болғанымен бірге, туристік тауарлар мен қызметтердің көпшілігін өндіруге толық мүмкіндік бар. Осындай жағдай халықаралық туристік нарықтағы бэсекелестікте алдыңғы қатарда болуға жол береді. Мысал ретінде Грекия, Түркия, Испания, Ливан, Египет сияқты елдерді келтіруге болады. Халықаралық туристік мамандандырылу өзара пайда қағидасына негізделуі керек. Мамандандырудың пайдасы тұрақты болады да туристік моноөнім немесе туристік монокультураны дамытуға бағытталануға әкеліп соғады.

3.   Дамушы елдерде валюта қаржысының келуі жеткіліксіз. Туризмнің дамуы (туристердің келуі) нетто (таза) валюта түсімін арт-тырады. Басқа шаруашылық салаларына қарағанда туристік сектор валютаны жылдам әкеледі.

Қорыта айтсақ, шетел туризмін шетел төлем қаржыларының жедел түсу көзі ретінде қарастыруға болады, және, осыған орай, шетел туризмін қарқынды дамыту қажеттілігі айқын болып көрінеді.

Басқа салалардағы айналымға қарағанда, туристік айналым, төлем формасына орай, ұзақ мерзімді несиелерді қажет етпейді. Алайда, мұндай жағдайда туристік тауарларды күні бұрын өндіруді, яғни оларды өндіру мен қоймада сақтауға арналған ұзақ мерзімді несиелерді қажет ететін туризмнің маусымдық қасиеті ескерілмейді.

Сөйтіп, барлық дәлелдерді келтірмей, туристік экспорттың өте жоғары тиімділігі жөнінде айтуға болмайды. Жасалған талдау бойын-ша, маусым арасында отандық туристерге қызмет көрсетпейтін туристік салалар өз табысынан айрылып, шығынға үліырайтын көрінеді.

Туристік экспортта үйренішті экспортта өткізіле алмайтын тауар-лар мен қызметтер сатылады. Туристік экспортта нәтижеге жету үшін тартымды туристік объектілер мен тиісті жарнама болуы қажет.

Кейбір авторлар туристік шаруашылықта қаржыландыру факторы ең маңызды рөл ойнамайды деп айтады. Экономикалық цикл шеңберінде туризм басқа өнеркәсіп салаларына қарағанда қаржы-ландыруды аз қажет етеді деген пікір бар [42].

Басқалары, керісінше, қаржыландыру факторы өте маңызды деген пікірде. Осындай жағдайда шығындар туристік тауарларды импорттың қатысуынсыз алу мүмкіндігімен өтеледі, дейді. Және де туристік сектордың ойдағыдай дамуы басқа салаларға онша тәуелді емес деп дәлелдейді. Мысалы, өңдеу өнеркәсібі шикізат пен жартылай фабрикаттарды өңдейтін жанама өндіріс салаларының дамуын қажет етеді.

Туристік саланы алсақ, мүлда туристік шаруашылық ең алдымен қызметтердің, әсіресе жеке қызметтердің арқасында жүзеге асырылады, сондықтан басқа салаларды кешенді түрде пайдаланудың қажеті шамалы. Көлік құралдары мен жолдарды алмасақ, негізгі туристік инвестициялар қонак үй шаруашылығына жұмсалады. Мұндай жағдайда экспорттьщ туристік шаруашылықтың кеңеюіне септігін тигізеді.

Шетелдік туризм - ел дамуын жеделдететін, төлем балансын жандандыратын, валюталық қорын үлғайтатын фактор. Шетелдік туризм «көрінбейтін» игіліктерді пайдалану арқылы сыртқы сауданы күшейтуі мүмкін.

Кейбір бұрынғы социалистік елдер, мысалы Болгария, шетел туризмін шетел валютасын толықтыру тәсілі ретінде пайдаланады. Тіпті қызметтер демпинг шарттарында көрсетіліп кетеді. Дегенмен, бұл елдер туристік экспортты экспорт дамуының ең маңызды тармағы ретінде қарастырмайды. Швейцарияның өзі туризмді осындай көзқарастан қарастырмайды. Жалпы айтқанда, туристік экспорт әрі кетсе елдің экспорттық мүмкіншіліктерін толықтыра алады.

Халықаралық туристік мамандандырылудың пайдасын дәлелдеу үшін Испанияны мысал ретінде келтіруді жақсы көреді. Ал Испанияның өзі туризмді экспорттық өндірістің қосалқы саласы ретінде қабылдайды. Осы елдің асып түскен туристік тартымдылығын ескере түра, Испания соғысқа дейінгі кезінің өзінде өте күшті дамыған туристік шаруашылыққа ие болғанын ұмытпаган жөн. Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін испан экспорты өте қиын жағдайда болған. Туризмнің дамуы үйренішті экспорт үшін қолайлы жағдай туғызуға өз септігін тигізді, және де, туризмнен түскен табысын Испания басқа салаларға жүмсады.

Швейцария әдетте классикалық туристік ел деп есептеледі. Алайда Швейцария елінің көбісі туризмнен басқа іс-әрекеттермен айналысады, ал ел байлығын қалыптастырған сала туризм емес. Қазіргі Швейцария өте жақсы дамыған индустриялық мемлекет, табысында туризм бірінші қатарда түрмайды. Туристік мамандандырылу заманы өтіп кетті. Бүгін Швейцария туристер келуін шектеуде және өз азаматтарын шетелге барып келуге ынталандырады.

Ең үлкен ауқымды туризмнің өзі инфрақұрылымның тиімділігін қамтамасыз ете алмайды. Тиімді болу үшін шаруашылықтың туристік емес салалары тиісті дамуы қажет. Шаруашылық инфрақұрылымының дамуынан түсетін пайданы туристік индустрия «тегін» пайдалана алады, сондықтан туризм рентабелді болып есептеледі. Инфрақұрылым құнының кішкене де болса бөлігін туристік сектордың шығынына қосса, туристік сектор тиімсіз (рентабелді емес) секторға айналар еді.

Экономикасы дамымаған елдердің көбі бұқаралық туризм елдері бола алмайды. Осындай елдерге жоғары дәрежедегі туристік игілігі аз, халық саны аз елдер; туристік тартымдылығы өте жоғары болса да, бірақ индустриалдық елдерден тым алыс орналасқан мемлекеттер жатады.

Статистикалық техниканың жеткілікті дамуына қарамастан, туризм дәл статистикалық мәліметтермен әзірше қамтамасызданбаған. Валюталық бақылау жүйесінің болмауы шетел туризмінің валюталық эффектінің есебін киын қылады.

Туристік экспорттан түсетін табыстың негізін үш әлемент: келген туристердің саны, орташа тәулік шығындары мен елде болудың орташа мезгілі құрады. Валюталық табыс көрсеткіштерін анықтау өте киын. Туристік қызметтер төлем балансының бірнеше тармағында, мысалы, «шетел туризмі», «тауарлар мен кьізметтер», «көлік» тармақтарында, жазылған. Туристік толем балансы анықтамасының тар болуы (бұл«турист» анықтамасының екіталай болуынан пайда болады) «шетел туризм» тармағының толық болмауына әкеліп соғады.

Кең мағынадағы туристік төлем балансына табыстардың халықаралық қозғалысына байланысты қарыз кіреді. Бүған «шетел

туризмі» тармағымен бірге туристік мақсаттарындағы тауар айна-лымы, қызмет алмасуы, капитал мен еңбек қозғалыстары кіреді. Бұл анықтамаға, сонымен қатар, туристік шаруашылыққа салынған кез келген капиталдан түсетін табыс кіреді. Туристік табыстар мен шығындарды дұрыс анықтау мүмкіндігін туғызатын бағалау критерийін қолдану қажеттілігі пайда болды.

Р. Баретье [45] туристік шаруашылықты жүргізуге қажетті маңызды әлементтерді ескеруді ұсынады. Атап айтсақ, бұлар: туристік әлеует, туристік қызмет сұранысы мен ұсынысы және осы елдердегі туристік игіліктерді өзара толықтыратын барлық әлементтер. Тек осындай кешенді тетік арқылы туристік шаруашылықтың ағымдағы және ұзақ мерзімді тиімділігін анықтауға болады. Сондықтан туристік мәселелерді валюталық аспектімен шектеуге болмайды. Туристік шаруашылықтың ұзақ мерзімді дамуының жоспары жалпы экономикалық даму жоспарымен үйлесуі қажет.

Қайталау сұрақтары

1.Шетелдік туризмді дамыту түрткілері мен оның артықшылықтарынын дәлелдерін келтіріңіз.

2.  Туристік экспорттың экогары рентабелділігінің (табыстылығының) себебі неде?

3. Эксперты шектелген елдерде туризм неге дамуыныңмаңызды факторы бола алады?

4.  Халықаралық туристік мамандандырылу елдердің экономикалық дамуына капай әсеретеді?

5.  Туризмнен түсетін валюталық табыстың есебі калай жүргізіледі?

§ 3 Халықаралық туризм дамуыныңнегізгі факторлары мен шарттары

Халықаралық туризм дамуының факторларын статикалық және динамикалық факторларына белуге болады. Статикалық факторларға мызғымас, теракты маңызы бар табиғи-географиялық факторлары жатады. Динамикалық факторларға уақыт пен кеңістікте үнемі өзгеріп түратын демографиялық, әлеуметтік-экономикалық, материалдық-техникалық және саяси факторларын жатқызуға болады.

Табиғи әлементтер мен кешендер жаратылыс объектілер ретінде, рекреациялық қызмет шарттары ретінде рекреациялық шаруашылықпайда болмай-ақ дүниеде болады. Қоғам қажеттіліктері мен рекреациялық сұраныстың пайда болуынан кейін, олардың зерттелуі, бағалануы және дайындығы өткізілгеннен соң, табиғиәлементтері мен кешендері туристік-рекреациялық ресурстар категориясына өтеді. Табиғи алғышарттарының ресурстарға айналуында оларды зерттеу мен рекреациялық шаруашылықта туристік қызметтерді көрсетуге технологиялық және басқа да мүмкіндігіне жеткізуге жұмсалған қоғам еңбегі ең маңызды мүрындығы болып табылады.

Осыған ұқсайтын үрдіс әлеуметтік-экономикалық объектілердің экскурсиялық туристік-рекреациялық ресурстар класына айналғанда да орын табады. Сұраныстың артуы, рекреациялық критерийлердің кеңеюі, халықтың мәдени деңгейінің өсуі пайдаланатын нысандар санының көбеюіне септігін тигізеді; көптеген нысандар арнайы реставрациялық жұмыстардан кейін экскурсиялық көрсетілімге кіреді.

Туристік-рекреациялық ресурстар тарихи категорияға жатады, себебі, рекреациялық іс-әрекетке жаңа табиғи жәнеәлеуметтік-экономикалықәлементтер тартылып отырады.

Туристік-рекреациялық ресурстар адамның физикалық және рухани күштерін калпына келтіруге септігін тигізеді, тікелей және жанама тұтыну мен туристік қызмет көрсету үшін пайдаланады.

Демографиялық факторлар әлемде Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін біршама ортақ қасиеттеріне ие болып тұр. Халық санының өсуі потенциалды туристер санына тікелей әсер етуде.

Халық саны, орналасуы және құрамы туристік сұраныс көлемі мен құрылымына әсеретеді. Жер халқының қарқынды өсуі нәтижесінде тұтынушылар санының көбеюі мен туристік нарықтьщ кеңеюі байқалады. Соңғы онжылдықтарда байқалған демографиялық жа-рылыс дамушы елдерде болған, ал осы елдердегі өте нашар өмір деңгейі бұқаралық демалыс пен туризмді ұйымдастыру жолындағы ең биік тосқауыл болып түр. Ал туристер санының өсуіне басты себеп болатын индустриялық елдерді алсақ, халық санының өсуі мардымсыз немесе тіпті жоққа шығып жатыр. Әлемдегі экономикалық және демографиялық өсу полюстарының бар болуына байланысты, туристік сұраныс әлем бойынша тең болып қалыптаспайды.

Туристік сұранысқа халықтың жас мөлшерлік құрылымы үлкен әсеретеді. Батыс елдерінде туристік тауарлар мен қызметтердіңнегізгі тұтгнушылары болып табылатын 30-50 жасар адамдардың үлесі өскен сайын рекреациялық шапшаңдық та өседі. Сонымен бірге, соңғы 10-20 жыл ішінде терең өзгерістерге ұшыраған және жылдам дамып келе жатқан, 55 жастан асқан қарт адамдардың нарығына назараударған дұрыс.

Қазіргі өмірде урбандану үрдісі өте маңызды рөл ойнауда. Жер халқының жартысы қалаларда өмір сүреді және осы көрсеткіш оданәрі өсуде.

Адам денсаулығына зиян келтіретін урбандану үрдісі рекреациялық қажеттіліктер мен туристік сұранысты қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Қала үлкен болтан сайын, мекенжайынан тыс жерде демалуға тырысатын қала тұрғындарының саны көбейеді.

Әлеуметтік-экономикалық факторлар халықаралық туризм дамуында ерекше маңызды рөл ойнайды. Олардың ішінде ұлттық табыс алдыңғы орында орналасады.Ұлттық табыс, дәлірек айтсақ, оның тұтынуға жұмсалатын бөлігі халықаралық туризмінің өсу мүмкіншілігін сипаттайды. Ұлттық табыс пен саяхаттар саны арасындағы тәуелділік сөзсіз де түсінікті.

Дегенмен, туристік саяхаттардың көбеюі жұрттың материалдық ахуалымен бірге оның бос уақыт ұзақтығына да байланысты. Соңғы 20-30 жылда дамыған елдердің көбінде бос уақыт көбейді: жұмыс уақыты қысқартылды, ал жыл сайын болатын кезекті демалыс мезгіліөсті.

Қазіргі ғылыми-техникалық революция жағдайында саналы ой еңбегінің маңызы артуда, ондірістік жәнетұрмыстық кернеуі күшеюде, қоршаған орта хал-ахуалы нашарлауда. Осының барлығы адамдардың денелік және психологиялық шаршауына әкеліп соғады, сондықтан олардың еңбек қабілетін қалпына келтіру шараларының қажеттілігі туындайды. Осыған орай отелмелі жылдық демалыс мерзімі де осуде. Белсенді демалыс түрі болып есептелетін туризм арқасында адамдардың еңбек қабілетін қалпына келтіру мақсатынажылдам жетуге болады.

Халықаралық туризмнің осуіне әсерететін әлеуметтік-экономикалық факторларына, сонымен қатар, халықтың білім мен мәдени деңгейінің, эстетикалық қажеттіліктерінің өсуін жатқызу керек. Осыған орай, елдердің тұрмысын, тарйхын, мәдениетін, өмір ахуалын білгісі келген адамдардың саны оседі. Осындай қажеттілікті тек туристік саяхатта ғана орындауға болады.

Халық табыстарының және меншікті мүлігінің (меншікті тұрғын үйі, автомобиль, яхта және т.с.с.) өсуі туристік қызмет колемінің және белсенділігінің алғышарты болып табылады. Қазіргі танда Жердің әрбір тұрғыны ХІХ-ХХ ғасыр шекарасында түрған ата-бабаларынан шамамен 4,5 есе бай екен. Ел байыған сайын жеке тұтыну құрылымы озгеріп тұрады, мысалы, туристік қызмет пен тауарларына деген сұраныс оте жылдам өседі.

Жұмыстан, дене қажеттерінен, үй шаруашылық жұмыстарынан кейін қалған бос уақыт туризм дамуының алғышарты болып табылады. Бос уақыт бұрын қоғамның өте жрд табының олжасы болса, XXғасырда кең бұқара оған ие болды, яғни көпшілік халық туризммен айналасуға мүмкіндік адды.

30-піы жылдары дамыған елдер жұмыскерлер еңбегін реттейтін заңнамаларын қабылдаған кезде халықаралық туризмінің өсуі байқалған. Ақылы кезекті демалыстардық пайда болуы (АҚШ - 1914 ж., Аустралия мен Жаңа Зеландия - 1919 ж., КСРО - 1922 ж. және т. б.) туризм үшін өте маңызды болды. Қазіргі кезде 500 миллиондай жалданған жұмыскерлердің жылдық кезекті ақылы демалысқа қүқығы бар, ал олар туристік қызметтердің потенциалды тұтгнушылары болып табылады.

Қоғамның әлеуметтік-кәсіптік құрылымы да туристік белсен-ділікке әсеретеді. XXғасырға дейін туризм ақсүйектер туризмі болған. Туризмнің алғашқы түйнектері Ежелгі Грекия мен Римде пайда болтан. Гректер мен римдіктер - лауазымды тұлғалар, аксүйектер, бай адамдар ұзақ сапар жасаған алғашқы адамдар болған сияқты.

Орта ғасырларда жас және бай ағылшындар білім алу мақсатында континентке аттанады (грандтур). Франция мен Италияға барып өнердің ең биік жетістіктерімен екі-үш жыл ішінде танысу үшін кыруар ақша жұмсалған: шет елде оқу үшін жылына үш-төрт мың фунт стерлинг қажет болған. Алайда, XVIIғасырдың екінпіі шенінен бастап, байыған буржуазия, аристократтарды ығыстырып, еуропапық мәдениетке ортақ болу мақсатында континентке ұмтылды.

XIXғасырда саяхат жасау сэнін қаржы капиталының пайызын немесе құнды қағаздар диведенділерін пайдаланып омір сүретін рантье жалғастырды: ол үшін бұлардың қаражаты да, бос уақыты дажеткілікті болған. 1899 жылы ағылшын рантьелерінің табысы 90-100 млн. фунт стерлингке жетіп, саудада бірінші қатардағы ел болып есептелетін ¥лыбританияның сыртқы сауда табысынан бес есе асып түсті.

XXғасырда туристік қозғалыс жаппай сипатқа ие болды. Туристік қозғалысқа бірте-бірте жаңа әлеуметтік топтар қосыла бастады. Олар қазіргі туристік нарықтың конъюнктурасын қалыптастырады.

Туризм дамуы мен туристік сұранысқа әсерететін объективті факторларға экономикалық және қоғамдық байланыстардың нығаюын, мемлекеттік саяси тұрақтылыгын, көліктегі прогресті, туризмнің материалдық базасының жетілдірілуін, туристік нарықтағы бағалар деңгейін жатқызуға болады.

Материалдық-техникалық факторлар: орналастыру, көлік, тамақтандыру, сауда - халықаралық туризм дамуында өте маңызды рөл атқарады. Туристік инфрақұрылымның материалдық базасы өте маңызды: атап айтсақ бұл қонақ үйлер, мотельдер, бунгало, туристік деревнялар (ауылдар), турбазалар, кемпингтер, меншікті пэтерлер және т. б.

Туристерді тамақтандыру маңызы түнеу орны рөлінен кем емес. Қысқа уақытта көптеген туристерге тамақтандыру қызметін көрсетіп үлгеру қажет. Тамақтандыруды ұйымдастырғанда туристік саяхаттардың маусымдық сипатына байланысты проблемалар туындайды.

Әдетте туристердің ең коп саны жазғы айларға келеді, сондықтан кейбір азық-түлікті алдыңала жинақтап қоймаға сақтап қою қажет болады. Ол ушін заманга сай тоңазытқыштар керек.Екінші қиын мәселе- қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарындағы орын жетіспеуі. Мұндаймәселені шешу үшін таза ауада орналасқан жеңіл павильондар мен буфеттер ашылады.

Туристік қозғалысты кеңейтудің материалдық негізі көлік болып табылады. Қазіргі көлік бұрынғыға қарағанда қауіпсіз, жылдам және жайлы болды. Халықаралық туризм үшін туристік саяхатта көлік байланысында үзілістердің болмауы маңызды. Ол үшін жергілікті, ұлттықжәне халықаралық көлік құралдары арасындағы байланыстарды қамтамасыз ету қажет. Сапалық көрсеткіштер - жылдамдық, көлік құралдарының техникалық қауіпсіздігі, тасымалдың жүйелігі де өте маңызды болады.

Көліктің ең маңызды қасиеттерінің бірі жылдамдық болып табылады. 1815 жылы ең үлкен жылдамдық сағатына 15 км болса, қазір 2000 шақырымнан асып кетті. Сонымен қатар, қауіпсіздікке қойылатын талаптар едәуір өсті.

Темір жол көлігі қарқынды дамып келе жатыр: локомотив қуаты өсті, жаңа пассажир вагондары пайда болды, темір жолдар торы кеңейді. Басқа көлік құралдарына қарағанда бағасы төмен болғандығынан темір жол көлігі бұқаралық туризмде кең пайдалануы сөзсіз.

Су жолдарының артықшылыгы - оларды табиғаттың өзі дүниеге келтірген. Теңіздегі, өзендердегі саяхаттарда демалыс пен танымдық туризм бір-бірімен тамаша үйлеседі.

Автомобиль көлігі икемді, тікелей байланыстарға лайықты болғандыгынан туристік саяхат мүмкіншіліктерін үлғайтады. Автобус тасымалы темір жол тасымалынан арзан, яғни бэсекелестік қабілеті жоғары. Тағы бір артықшылығы: автобуста бір экскурсия жүргізушісі 30-50 туристерге қызмет көрсете алады.

Жеке меншіктегі автомобильдердің саны жылдам өсуде. Жеңіл машинаның көптеген артықшылықтары бар: жеңіл машинамен жүрген туристер өз еркімен, тәуелсіз түрде жүреді және де ұжым мүдделеріне тәуелді емес.

Алайда автотуризм дамуы жолдардың жақсы күйін, жанармай станцияларын, сапалы автосервисті қажет етеді. Қалай да болса, автотуризм туризмнің үлкен болашағы бар түрі деп айтуға болады.

Әуе көлігінің материалдық-техникалық базасы кеңеюде, техникалық-эксплуатациялық қасиеттері (жылдамдық, жүйелік, тасымалдау қабілеті, сыйымдылығы) жетілдірілуде, сондықтан әуе көлігінің жолаушыларды (оның ішінде туристерді) тасымалдауындағы үлесі өсіп келе жатыр.

Туризм дамуына септігін тигізетін барлық аталған факторлар саяси жағдайы нашар болса өз маңызын жоғалтады. Халықаралық туризм ел-дер арасындағы катынастарға өте сезімтал келеді. Саяси тұрақсыздық пайда болған аудандарға баратын туристер ағымы бірден-ақ тоқтайды. Мысалы, туристік сұраныс Парсы шыганағындағы дағдарыс кезінде мүлдем азайып кеткен,және де бұл дағдарыс Оңтүстік-Шығыс Азия, Африка, Еуропа елдеріндегі халықаралық туризм көрсеткіштеріне де кері әсерін тигізген.

Статистикалық мәліметтер бойынша халықаралық туризм көлемі жыл сайын өсуде. БұлXX ғасырдың екінші жартысында калыптасқан жаңа саяси жағдайға байланысты. Кейбір бөлек жылдарда саяси немесе экономикалық конъюнктураға байланысты халықаралық туризм көрсеткіштері төмендейді. Алайда туристік келулер мен туризмнен тусетін табыс жалпы өсіп келе жатыр деп айтсақ қате болмас.

Қайталау сұрақтары

1. Халықаралықтуризм дамуының статикалық және динамикалық факторларын атап беріңіз.

2.Халықаралықтуризм дамуының статикалық факторларына сипаттама беріңіз.

3. Халықаралықтуризм дамуына төменде аталған факторлар калай әсеретеді?

- демографиялықфакторлар;

- урбандану;

- азаматтардың материалдық игілігінің өсуі;

- бос уақыттың көбеюі;

- қоғамның әлеуметтік-кәсіби кұрьшымы;

- материалдық-техникалық факторлар;

- саяси факторлар

§ 4 Қазіргі халықаралық туризм статистикасы

Туристік ағымдардың жүйелі есептері XX ғасырдың бірінші жартысында басталды. 1929 жылы Австрияға 2 млн., Швейцарияға 1,5 млн., Италияға 1 миллионная астам адам келіпті. Бірқатар еуропалық елдерде саяхаттар статистикасы қалыптаса бастаған, бірақ ол қосалқы деректер сипатына ие болған. Мәліметтер ұлттық қауіпсіздік, көш-қон үрдістерін бақылау, салық салу заңнамасын орындау мақсатында жиналған. Туристер бөлек категория болып есептелмеген де, басқа саяхатшылармен бірге тіркеле берген.

Халықаралық статистиканың жаңа кезеңі 40-шы жылдардың соңында - 50-ші жылдардың бас шенінде басталды. Соғыстан кейінгі қиын жағдайда үкіметтер халықаралық туризмге үлкен үміт артады: төлем балансының жандануына, қаржылық тепе-теңдігіне, экономикалық еркендеуге бұл сала септігін тигізеді деген ой болтан.

60-шы жылдары Батыс елдері мен халықаралық ұйымдар дамушы елдер ахуальша кеңіл бөле бастаған. Б¥¥ Бас Ассамблеясы 1960 ж.отар елдері мен халықтарға тәуелсіздік беру туралы Декларациясын қабылдап, алдағы онжылдықты «Даму декадасы» ретінде жариялады. Үшінші әлем елдері үшін кеңесшілер экономика дамуының бағдарламаларын әзірледі. Бұл бағдарламаларда туризмге ерекше назар аударылған.

Туризмнің көлемі мен экономикалық маңызының өсуімен бірге статистиканың дамуы арта береді. Бірте-бірте қарапайым тіркеу опе-рациялары күрделенеді және оларға туристік миграцияны талдау әлементтері кіре бастайды. Қазіргі кезде туризм статистикасының мақсаттары мынадай: халықаралық туризмнің ел экономикасына жасайтын үлесін, оның ішінде төлем балансына тигізетін әсерін бағалау; халықаралық туризм дамуының негізгі бағыттары мен тенденцияларын анықтау; оның материалдық-техникалық базасын жоспарлау; маркетинг зерттеулерін жүргізу және туристік өнімді потенциалды тұтынушыларға жылжыту.

Статистикалық бақылаулардың пайдаланушылары - үкімет, ту-ристік ұйымдар және туристік тауарлар мен қызметтерді өндіретін кәсіпорындар.

Халықаралық туризм статистикасы екі негізгі тараудан тұрады: туристік ағымдардың статистикасы жәнетуристік табыстар мен шығындардың статистикасы. Туристік ағымдардың негізгі көрсеткіштері - елге шетел келушілердің саны жәнеолардың осы елде болу мерзімі. Келу саны дегеніміз белгілі бір елге белгілі уақыт ішінде (бір жыл) келген тіркелген шетел туристер саны. Бір сапар ішінде турист бірнеше елге баруы мүмкін болғандықтан, олардың саны елдерге бару санынан томен. Туристік ағымдар көлемі үнемі өсуде. Шетел туристерінің келуі жөніндегі статистикалық мәліметтер туристер тұрақты тұратын елдері бойынша, келу айлары, пайдаланған көлігі және саяхат мақсаты бойынша топтасады.

Шетел туристерінің елде болу мерзімінің есеп бірлігі ретінде түнеу немесе тур-күн [бір туристің белгілі бір жерде (елде) бір тәулік бойы болуы] қабылданған. ЮНВТО нұсқауына сәйкес, шетел туристердің түнеулері туралы статистикалық мәліметтері айлар бойынша, орналасу құралының типі мен категориясы бойынша жәнеаумақтары бойынша топтастырылады.

Шетел туристерінің елде болу мерзімі елдер бойынша бірдей емес: бұл уақыт қабылдаушы елдің туристік мамандандырылуына(діни, іскерлік, ойын-сауық, демалыс т.б.), ішкі нарығындағы бағалар деңгейіне, туристік ағымдарының сипатына (транзиттік немесе осы жерде аякталатын) және басқа факторларға байланысты болады.

Келу статистикасы туристік ағымдардың көлемі туралы жалпы мәлімет беріп түрса, елде болу ұзақтығының статистикасы туристік саяхатқа сипаттама береді. Транзиттік және белгілі жерде аяқталған сапарлар жөніндегі ақпарат туристердің әралуан топтарының орналастыру қызметтеріне деген сұраныстарын зерттеу кезінде қолданылады. Туристік ағымдардың көрсеткіштері елге келген шетел туристерінің статистикалық есебімен бірге, шет елдеріне баратын жергілікті халықтың есебінде де қолданылады. Нәтижесінде кіру және шығу туризмі жөніндегі мәліметтерді салыстыруға болады.

Туристік алмасуды туристер саны жәнеақша түрінде өлшеуге болады. ЮНВТО (ДТҰ), ХВҚ, басқа да халықаралық ұйымдар ұсыныстарына сай, туризм статистикасында төлем балансында көрініс табатын қос құлдық көрсеткіштер: халықаралық туризмге жұмсалған шығындар мен одан түскен пайдасы - қолданылады.

Халықаралық туризмге жұмсалған шығын дегеніміз белгілі бір ел тұрғындарының шет елінде туристік мақсатта болтан кезде жүмсаган ақшасы. Бүған «таза» туристердің шығындарымен бірге экскурсанттардың шығыны да кіреді. Еуропа елдерінің ішінде халықаралық туризмге Германия азаматтары ең көп ақша жұмсайды, немесе Еуропа елдерінің жұмсаған қаражатының бір ширегі. Екінші орында Ұлыбритания, одан кейін Италия, Франция, Нидерланды. Тізімнің соңында Грекия қалып тұр.

Халықаралық туризмнен түсетін табысқа шетел туристерінің уақытша болған елде жасаған шығындары, оның ішінде ел ішіндегі көлік пен сауда шығындары кіреді. Халықаралық көлік тасымалына жұмсалған ақша статистикада бөлек есептеледі.

Халықаралық туризмнің статистикасы мәліметтерді жинаудың түрлі формаларын пайдаланады. Статистикалық байқаулар ресми есеп беру немесе арнайы зерттеу арқылы жүргізіледі. Бірінші формасында статистикалық мәліметтерді кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар және т. б. бекітілген үлгі мен белгілі мерзімде беріп тұрады. Туризм туралы мәліметтер көбінесе осындай есептер арқылы жиналады. Бірақ бұл әдістуризм статистикасын жан-жақты толықтыра алмайды. Сондықтан жетіспейтін мәліметтер арнайы зерттеулер, санақтар арқылы жинақталады.

Статистикалық бақылаудың ең көп тараған әдістері - шекарадағы тіркеу және орналастыру құралдарындағы келулерді тіркеу болып табылады.

Шекарада (барлық бақылау - өткізу пункттерінде, әуежайларда, порттарда т.с.с.) елден шыққан немесе елге кірген кезде кедендік бақылау өтеді. Саяхатшылар жөніндегі ақпарат көздері - келу карточкалары мен осыган сәйкес формалар, паспорттар мен визалар. Бұл қүжаттарда туристердің жынысы, жас мөлшері, азаматтыгы, сапар мақсаты мен мезгілі, пайдаланатын құралдары және т.б. мәліметтер белгіленеді. Мұндайәдістің кең қолдануымен бірге, оның кемшілігі де бар: туристердің санын шекарадан өту саны бойынша есептегенде бір адамды бірнеше рет санап қоюы мүмкін, сондықтан туристік ағымдар көлемі шын көлемінен асып кетеді.

Туристердің санын бір жерден екінші жерге барғанда да, тоқтаған жерлерінде де есептейді. Қонақ үйлер мен басқа орналасу құралдарында келулердің ағымдағы тіркеуін жасайды. Әрбір келуші тіркеу карточкасын толтырады. Онда келген адам саны, азаматтығы немесе тұратын елі, келген күні мен отельде (кемпингте т.б.) болу уақыты жазылады.Мұндай мәліметтер қонақ үй базасының толықтырылуын қадағалауга мүмкіндік туғызады. Алайда, орналастыру құралдарының барлыгы статистикалық есептерін бере бермейді.Мысалы,жиһазданған бөлмелерде, пансионаттарда, меншікті пэтерлерде тоқтаған туристер тіркелмейді. Нәтижесінде туристік ағым көлемі шын көлемінен томен болып көрсетіледі.

Статистикалық бақылаудың негізгі әдістерімен қоса арнайы бақылау жүргізілсе туристік ағымдардың есебі өте дәлболады. Мұндай жүйе Үлыбритания, Франция және Бельгияда қолданылады.

Арнайы зерттеулер әртүрлі әдістермен өткізіледі. Кейде келушілердің белгілі бір тобына қатысы бар фактілер қарастырылады. Мысалы, тек қана іскерлік мақсатында немесе автомобильде сапар жасайтын тұлғалар, немесе зерттелетін ауданнан (елден) келетін тұлғалар тіркеледі. Басқа жағдайда уақытша келушілердің ең үлкен жігі зерттеледі.

Туристік шығындар мен табыстарды әртүрлі әдістермен есеп-тейді. Халықаралық туризмнен түсетін валюталық табыстарды банк есептері немесе сүрыптаулық зерттеу арқылы анықтайды.

Банк әдісінің мәні: халықаралық туристер жасайтын валюталық операциялары жөніндегі ақпарат жинақталады. Орталық (Ұлттық) банк коммерциялық банктер мен валюта айырбастау пункттері арқылы туристік шығындарды есептейді. Банк әдісі Франция мен басқа еуропалық елдерде қолданылады. Бұл әдістің бірталай артықшылықтары бар: туристерден қосымша ақпарат алуды қажет етпейді, шекаралық формалдылықгары мен статистикалық органдар дың жұмысын қиындатпайды. Дегенмен, банк әдісімен бақылау жасағанда қателер пайда болуы мүмкін. Бүның себептері мынадай:

- валютаның параллелді нарығының бар болуы жәнеқаржылық шектен шығулық. «Қара нарығы» бар елдерде валюта ағымының бір бөлігі банк арналарын айналып өтеді. Шағын айырбастау пункттері кейде шетел банкноталарын сату-сатып алу фактілерін жасырып, халықаралық туризмнен түсетін валюталық түсім көлемін төмендетеді;

-  жеке және заңды тұлғалар кейде ақшалай валютаны төлем құралы ретінде пайдаланғысы келмейді. Туристік кәсіпорындар мен ұйымдар өз жұмысында клиринг яғни шетел туристерімен алмасу кезінде өзара есептесу-компенсацияларды қолданады. Осындай операциялар, және де туристік тауарлар мен қызмет үшін карточкалар бойынша төлем жасау әрекеттері банк әдісі қолданылған жағдайда есепке кірмейді;

-  ерекше ірі ауқымды халықаралық валюталық операцияларды тіркеу кезіндегі ауытқулар. Кейбір елдерде тіркеуге жататын ұлтаралық операциялар үшін жоғары бастапқы деңгейі орнатылған. Орташа көлемдегі туристік шығындар осы деңгейден аспайды және статистикалық есептерде көрінбей қалады;

- уақытша болатын елде айырбасталмаған жергілікті валютаның турист қалтасында болуы. Өз елінде айырбастап әкелген немесе шетелде қарызға алған шетел валютасы банк әдісімен есептелетін статистикаға кірмейді;

- банк әдісі шетел туристерінен түсетін валюталық түсімі жөнінде аумақ бойынша дұрыс есептерді жасауға мүмкіндік бермейді. Есеп ақшаның шығу тегі елдері бойынша жүргізіледі, ал мұндай жағдай қателерге әкеліп соғады. Валюталық түсімдердің дәл есебін жүргізу үшін банк әдісін жүйелі түрде өткізілген арнайы зерттеулермен толықтыру қажет.

Сұраптаулық зерттеулер шетел саяхатшыларына бақылау-өткізу пункттерінде сауал жасау түрінде жүргізіледі. Осындай зерттеулердің мақсаты бір туристің тәуліктегі шығындары мен валюталық түсім көлемін анықтау болады. Мұндайзерттеулер АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Ирландия мен Швейцарияда жүйелі түрде өткізіледі.

Сұраптаулық зерттеудің дұрыс құрастырылған жоспары дәл ақпарат алуға мүмкіндік береді. Бірақ, қандай да статистикалық зерттеу болса да, қате пайда болуы мүмкін. Әртүрлі ауытқулардың себептері мынадай:

-  шетел туристерінің қосымша жайғасу орындарындағы түнеу санының дәл есебінің болмауы;

-  есеп жасаудың біркелкі әдістемесінің болмауы. Зерттеуге жататын бірліктер жүйесіз түрде - бір жағдайда әрбір бесінші шетел турисі, басқа есептерде мыңыншы турист таңдалады;

- есепке алынған туристердің репрезентативтік сипатта болмауы яғни дәл осындай құблысты дұрыс көрсетуге жарамайтындығы. Мұндай жағдайда зерттеуге таңдалған яғни сүрапталған топтар барлық шетел туристер жиынтығын толық түрде сипаттай алмайды.

Халықаралық деңгейде көрсеткіштерді салыстырған кезде көптеген қиындықтар пайда болады. Статистикалық мәліметтер саны, оларды жинақтау әдістері, қүн көрсеткіштері, қолданылатын классификациялар әр елде өзінше қолданылады. Тіпті «турист» деген бастауыш ұғымының анықтамасы да бірдей емес. Сонымен қатар, түрған жерінен тыс болу мерзімін (1-5 түнеу және одан артық), жас сатыларын, сапар мақсатын анықтағанда айырмашылықтар байқалады.

Туризм жөніндегі статистикалық мәліметтерді жинау, өңдеу, талдау және тарату ісі ЮНВТО қызметінің өте маңызды багыты болып түр. Оның басқару органы - Атқару кеңесінде Статистика бойынша комитеті, ал секретариат құрамында статистика секторы ұйымдастырылған. Бұл бөлімшелерге анықтама аппаратын рет-теу, статистика қағидалары мен әдістерін әзірлеу, сауалнамалар мен мәліметтерді өңдеуге жәрдемдесу, тәжірибемен, мамандармен алмасуды қамтамасыз ету міндеттері артылған.

1991 ж. шілде айында ЮНВТО, Канада үкіметімен бірігіп, Саяхаттар мен туризм статистикасы бойынша халықаралық конференциясын өткізді. Онда бірқатар құралдар, ұсыныстар мен нұсқаулар, оның ішінде «Туризм аясындағы статистикалық сауалнама жасауәдістемелігі» оқу құралы және «Ұлттық туристік әкімдік (¥ТӘ) құрамындағы статистика қызметін қалыптастыру және оның іс-әрекеті» деген ЮНВТО басты директивалары ұсынылды.Оттава конференциясының нәтижесінде ЮНВТО Туризм статистикасы бойынша ұсыныстарын әзірледі. Олар 1993 жылы қабылданды.

Ұсыныстарда статистикалық ақпараттың ұлттықжәне халықаралық деңгейіндегі үйлесімділігіне ерекше назар аударылған. Ол үшін туризмнің анықтамасы берілген, оның негізгі түрлері (ішкі, кіру, шығу туризмі) белгіленген, халықаралық және ішкі келушілер түсініктері дәлденген, «үлттьщ туризм» мен «ел ішіндегі туризм» деген жаңа ұғымдар енгізілген. Қүжаттың арнайы тармағы туристік шығындарға, олардың кү-рылымы мен төлем балансындағы көрсеткіштерге арналған.

Сонымен қатар, ЮНВТО-ның ұсыныс жөніндегі баяндамасына Туризмдегі қызмет түрлерінің Стандарттық халықаралық классификациям,! СИКТА (ТҚТСХК) да кірді. СИКТА (ТҚТСХК) мақсаты - туризмнің толық статистикалық көрінісін жасау; туризммен байланысты экономикалық іс-әрекетнәтижелерін ұлттық шоттарда жан-жақты көрсету; туристік статистикалық мәліметтерді салыстыруды жеңілдету мақсатында экономиканың туристік секторының шекараларын орнату; туристік нарық конъюнктурасы жөніндегі ақпараттың ақиқаттығын арттыру; туризмнің халықаралық сауданың дамуына жасайтын үлесіне және елдің төлем балансына тигізетін әсерне баға беру болып табылады. СИКТА (ТҚТСХК) 1993 жылы БҰҰ Статистикалық комиссиясымен уақытша классификациясы ретінде қабылданды.

Қайталау сұрақтары

1. Қандай факторлардың әсерінен туристік статистика ең алгашцыда цалыптаса бастаған?

2. Халықаралықтуризм статистикасында қандай көрсеткіштер негізгі болып табылады?

3.  Туристік ацпаратты окинацтаудың қандайформалары бар?

4.  Статистикалық бацылау рөлі қандай?

5.  Туристік келулерді тіркеу әдістері қандай?

6.  Туристік табыстар мен шығындар есебінің әдістері қандай?

7. Статистикалықбайқаудыңбанкәдісініңартықшылықтарыменкемшіліктеріқандай?

8.  Туризмдегі сұраптаулық зерттеу деген не жәнеол қалай өткізіледі?

9. ЮНВТО-ның туризмдегі статистика дамуындағы рөлі қандай?

§ 5 Халықаралық туризм дамуының қазіргі тенденциялары

80-ші жылдардың орта шенінен бастап экономикалық конъюнктураның нашарлауы туристік тұтыну құрылымына үлкен әсерн тигізуде. Дамыған елдердегі дағдарыспен бірге халықтың тұтыну қабілеті төмендеуде. Жұмыссыздар саны шұғыл өсуде. Дағдарыс туристік қызметтің негізгі тұтынушыларына - қоғамның орта таптарына ең үлкен әсертигізіп, оларды өз бос уақытын ұйымдастырудың жаңа жолдарын іздестіруге итермеледі.

Экономикалық конъюнктураның нашарлауына байланысты, әлеуметтік сферадағы өзгерістер туристік сұраныска әсер етуде. Зейнетке шығу жас мөлшері төмендеді, жыл сайынғы демалыс мезгілі ұзартылды, еңбек аптасы қысқартылды, жұмыстың қатаң емес графигі енгізілуде. Осының нәтижесінде жң)ттьщ бос уақыты көбейіп, туристік қызмет тутынушыларының шенбері кеңейді.

Жасы келіп қалған адамдардың туристік белсенділігі жоғары. Экономикалық дағдарыс жағдайында қиыншылықтарға үшыраған кейбір кәсіпорындар зейнет жасына жетпеген адамдарды демалысқа шығарып салуда. Мұндай адамдар элі де болса мықты, ширақ, бос уақыты мол жәнеқаражатын саяхат жасау үшін жұмсауға дайын, сондықтан жұрттың бұл тобы ішкі және халықаралық туризм нарығына ойдағыдай әсеретеді.

Сонымен бірге, туристік сұраныс субъективті факторлардың әсеріне де байланысты.Жаңа қүндылықтардың пайда болуымен бірге адам психологиясы да өзгереді. Бұл өзгерістердің себептері мынадай:

- әртұлға өз қабілеттерін еркін іске асыра алады;

- басқа тұлғалармен, әлеуметтік топтар және мекемелермен қатынас жасау жеңілдеді және де адамның өз таңдауына байланысты;

- табиғатқа деген жаңа көзқарастың қалыптасуы.

Аталған факторлар туристік тұтгнуға біршама өзгерістерді енгізді. Экономикалық жағдайдың нашарлауы мен бос уақыттың көбеюіне байланысты екі басты тенденция орын алып түр: демалыс уақытының бөлінуі мен қысқа мерзімді сапарлар санының көбеюі. 80-ші жылдардың басында Австрия мен Ұлыбританияда халықтың 20% жаз бен қыс мезгілінде демалысқа барған, ал 10% жылына үш немесе одан да көп рет саяхатқа аттанған. Мұндай жағдай Италия, Германия, Еуропаның басқа да елдерінде байқалады. Турлар қысқа бірақ жиі болып кетті. Бұл құбылыс батыс әдебиетінде «интервалдармен (үзілістермен) жасалатын саяхаттар» деп аталды.

«Интервалдармен жасалатын саяхаттар» туристік фирмалар үшін табысты іс болып, олар осындай турлар сұранысын қолдауға ұмтылды. Себебі - жай ғана туристерге қарағанда қысқа мерзімді келушілердің бір күндік шығындары олардан жоғары болады. Жәнеде, осындай саяхаттар сұранысы жыл он екі ай жоғары болады (сәуір, қыркүйек, қазан, ақпан айларында сэл ширайды), яғни қонақ үй мен көлік жұмысының маусымдық тұрақсыздығын төмендетеді.

Батыс Еуропа жұрты демалыс және мереке күндеріндегі марпі-руттарды ұлатады.Бұларға көрмелерге, мұражайларға, галереяларға, ұлттық саябақтарға, карнавалдарға, дегустацияларға, дүкендерге бару әуесі кіреді.

Қысқа мерзімді сапарлар үшін көбінесе жеке меншікті автомобильдер қолданылады. Түнеу үшін осындай туристер қонақ үйлерді пайдаланады.

Қысқа мерзімді сапарға шыққан туристердің батыс еуропалық нарығында басты «жіберушілері» Германия мен Ұлыбритания. Еуропа елдерінің ішінде қысқа мерзімге келушілерінің саны бойынша бірінші орында Франция орналасады. Осы елге Германия, Бельгия, Ұлыбритания, Италия, Испания елдерінен келетін туристер ағылып тұрады. Жыл сайын Францияда қысқа мерзімді туризм 25%-ға өседі, яғни ұзақ мерзімді туризммен салыстырсақ 3-4 есе жылдам.

Тағы бір тенденция - қарт адамдардың туристік сұранысының өсуі. Бос уақыты мол зейнеткер үшін туристік сапар белсенді өмір сүру формасы болып табылады. Қазіргі қарт адамдар бұрынғы қарттарға қарағанда белсенді, ширак, жігерлі болады. Еуропада туристік бум басталғанда олардың жасы шамамен отызда болған. Сол кезден ба-стап олар саяхаттарға белсенді қатыса бастаған, содан бері туризм өмірлерінің толыққанды бір бөлігі болып кеткен. Қарттар әдетте топтық турларды үнатып, әртүрлі ұйымдар мен тураганттіктердің қызметін пайдаланады.

Қарт туристердің үлкен жігі арнайы туристік өнімді қажет етпей жастармен бірге демала береді. Бірақ, кейбір сапарларды, мысалы, круиздік және автобустық турларды әсіресе жасы елу бестен асқан тұлғалар жақсы көреді.

Денсаулығы нашар қарт адамдар да құр қалмайды. Олар да саяхат жасауды ұнатады. Халықтың бұл тобы үшін «төртінші жас» бағдарламалары ұйымдастырылады. Мұндай бағдарламаларды «Дай-нэдж Ассосиэйшен» (Дания), «Сенье Ваканти План» (Нидерланды) немесе «Свериджес Пенсионарсфорбинд» (Швеция) сияқты арнайы құрылымдар іске асырады. Алдыңғы қатардағы туристік фирмалар, осы тенденцияны ескеріп, өз жұмыстарына өзгерістер енгізуде.

Демалыс стилінде де өзгерістер пайда болуда. «Үш S» - Sea-Sun-Sand(теңіз-күн-жағажай) қағидасының орнын «үш L» - Lore-Landscape-Leisure(ұлттық салт-дәстүрлер-пейзаж-бос уақыт) формуласы алуда.

Күнделікті үйренішті болмыстан шаршаған адам жергілікті ерекшеліктерге, басқа елдердің тұрмысына, мәдениетіне, жүріс-тұрысына ерекше назар аударады. Белсенді демалыс қажеттілігі де баршаға мәлім. Жұртбұлшық етіне түсетін ауыртпалықтың жетіспеулігін толықтыру үшін, өндіріс пен тұрмыстағы кернеуді төмендету үшін саяхатқа аттанады.

Рекреациялық мотивацияның эволюциясы жеке еркіндіктің кеңеюі жағдайында өтеді. Әр адам қандай да бол сын ешқандай сыртқы қысымсыз, өз еркімен өз туристік сапар бағдарламасын таңдағысы келеді.

Атақты француз туризмологы М. Бретон-Жерар (М. Breton-Gerard) айтуынша, «Бүгінгі таңда турист шытырман оқиға іздеп, спортшыға ұқсай бастайды. Өз көңіл-күйі мен ауа-райының жағдайына қарамастан, өз қабілетінен асып түскісі келеді де табиғатпен жүздесе бастаған уақытынан бастап өзі де өзгереді. Енді турист жолға тәуелсіздік, ойын-сауық пен өмір күшін қуып аттанады. Өзіндік, жеке қасиеттерін көрсеткісі келеді. Оған ұжымдық қасиет тән емес. Аз уақытқа болса да, көпшілік жұрттан қашып кеткісі келеді, үйренбеген өмір дәмін татқысы келеді» [46].

Қайталау сұрақтары

1.  Халықаралықтуризм дамуының XX ғасырдың 80-ші жылдарында жаңа тенденциялардың цалыптасуына әсереткен негізгі факторларды атап шығып, оларға сипаттама беріңіз.

2.  «Үзіліспен жасайтын саяхаттар» жөнінде айтып беріңіз.

3.  Қарт адамдардың туристік сұранысының кеңеюі тенденциясы жөнінде

әңгімелеп беріңіз.

4.  Үш «S»-meH үш «Ь»-ге бірте-бірте өту туралы айтып беріңіз.

§ 6 Әлемдік халықаралық туризм географиясы

Көптеген жағымсыз факторларға, мысалы, саяси және экономикалық тұрақсыздық, ланкестіктің өршуі сияқты жағдайларға қарамастан, соғыстан кейінгі халықаралық туризм экономиканың сенімді де мықты түріне айналды.Әдетте экономикалық тоқырау кездерінде сұраныс не бұрынгы қалпында қалған, не экономиканың сауығанынан кейін бұрынгы деңгейіне жеткен. Бірақ бұл үрдіс барлық туристік орталықтары арасында бірдей түрде байқалмайды. Кейбір орталықтар сэннен шығып кеткенінен немесе туристердің қауіпсіздігін одан әрі қамтамасыз ете алмағанынан ұмытылып кетті.

ЮНВТО өткізген әлемдік туризмнің зерттеуі халықаралық туризміндегі ойдағыдай өзгерістерді анықтады. Еуропаға 1985-1996 ж. келген туристер санының үлесі 65-тен 59% дейін, ал түскен табыс 53-тен 51% дейін төмендесе, дәлосы уақытта Шығыс Азия мен Тынық мұхит аймағының (ШАТ) елдерінде бұл көрсеткіштер әлдеқайда өсті: 9-дан 15% дейін және 11-ден 19,5% дейін. 1950-1960 ж. жалпы әлемдік келулеріндегі осы аймақтың үлесі бір-ақ пайыз болған, 1970 ж. 3% жетті, 1980 ж. - 7, 1990 ж. - 11, 1996 ж. -15% болды. Халықаралық туризмнен түскен ақша үлесі де үнемі өсуде: 1950 ж. - 1,4%, 1960 ж. - 2,8, 1970 ж. - 6,2, 1980 ж. - 7,3, 1996 ж. -19,5% жетті. Бұл көрсеткіштер Аустралия, Гонконг, Индонезия, Корея, Сингапур, Таиланд сияқты елдердің туризм саласының қарқынды жәнетұрақты дамуын суреттейді.

Африка, Таяу Шығыс пен Оңтүстік Азияның халықаралық туризмдегі 50-90-шы жылдарындағы үлесі шамалы болтан, бірақ өзгеріп тұрды.  Бұл аймақтар Еуропа, Солтүстік Америка, ШАТаймақтарымен шетел қонақтарының келуі бойынша да, халықаралық туризмнен түсетін пайдасы бойынша да бэсекелесе алмайды. Мұныңастары экономикалық проблемаларда жатыр. Осы аймақтардың туристік орталықтары туристерді шығаратын елдер үшін қызықты нарығы болып табылады. Мұнда халықаралық туризмге кері әсерн тигізетін ланкестік актілері мен соғыс шайқастары болып жүрсе де, туристер шығаратын елдердегі экономикалық қиындықтарынан осы аймақтардағы туризм одан да көп зардап шегеді.

14-кестеде ЮНВТО белгілеген алты аймақтың алдыңғы қатардағы елдер-туристік орталықтар және осы елдерге туристік ағымдарды қалыптастыратын елдер тізімі келтірілген.

Әлемдегі негізгі туристік ағымдар Еуропаның (Ұлыбританиядан Францияға, Германиядан Испанияға т.с.с), Американың (АҚШ-пен Канада арасында), ШАТ (Жапониядан Таиландка) ішінде шоғырланған.

Аймақтар арасындағы агымдардың ішінде Америка мен Еуропа арасындағы ағымдар бірінші орында. Мұның себебі - Атлантика үстінен өтетін әуе тасымалдаудың үлкен ұсынысы және бағалардың төмендеуі. Басқа негізгі бағыттар: Еуропадан ШАТ, Таяу Шығыс және Африка елдеріне; ШАТ елдерінен Америка мен Еуропаға.

90-шы жылдары жылына бір миллионная астам шетел туристерін 50 ел қабылдаган, ал 23 елге 5 миллион және одан коп турист келіп кетті. 15-кестеде келген туристердің саны бойынша алдағы он ел тізімі келтірілген.

Туризмнен түсетін пайда бойынша АҚШ, Испания, Франция, Италия жәнеҰлыбритания алдыңғы орында түр (16-кесте). ЮНВТО берген мәліметтері бойынша 2009 жылы Испания Франция мен Италиядан озып, АҚШ-тан кейін екінші орынға шықты.

ЮНВТО мәліметі бойынша, туристерді шығарушы алдыңгы қатардағы он елдің төртеуі еуропалық елдер.

14-кесте  

Әлем аймақтарындағы халықаралықтуризм

Аймақтын туристік орталықтары болып табьшатын елдер

Аймақка туристерді жіберетін негізгі елдер

Африка

Тунис, Марокко, Алжир, ОАР, Ботсвана, Кения, Зимбабве, Свазиленд

Франция, Германия, Ұлыбритания, Италия, АҚПІ, Испания, Швейцария, Нидерланды

Америка

АҚШ, Пуәрто-Рико, Канада, Доминикан Республикасы, Мексика, Бағам аралдары, Аргентина, Бразилия

АҚШ, ¥лыбритания, Канада, Германия, Мексика, Франция, Жапония, Скандинавия елдері

ШАТ*

Қытай, Малайзия, Гонконг, Жапония, Таиланд, Корея, Сингапур, Аустралия

Жапония, Ұлыбритания, АҚШ, Германия, Корея, Таиланд, Аустралия

Еуропа

Франция, Австрия, Испания, Ұлыбритания, Италия, Германия, Венгрия, Швейцария

Германия, Нидерланды, Ұлыбритания, Франция, Италия, Скандинавия елдері, АҚШ, Бельгия

Таяу Шығыс

Иордания, Египет, Сауд Арабиясы, БАӘ, Сирия, Бахрейн

Египет, Иордания, АҚШ, Германия, ¥лыбритания, Франция

Оңтүстік Азия

Үндістан, Пәкістан, Шри-Ланка, Непал, Мальдивы, Бангладеш, Иран

¥лыбритания, Үндістан, АҚШ, Германия, Франция, Жапония, Италия

* ШАТ - Шығыс Азия және Тынык мұхит аймағы

Дерекнама: ЮНВТО

2009 ж. туристерді қабылдауы бонынша алдыңғы орындағы он ел

Ел

Туристер саны, млн. адам

Бүкіл әлемдегі үлесі, %

1. Франция

74,2

8,4

2. АҚШ

54,9

6,2

3. Испания

52,2

5,9

4. Қытай

50,9

5,8

5. Италия

43,2

4,9

6. ¥лыбритания

28,0

3,2

7. Түркия

25,5

2,9

8. Германия

24,2

2,8

9. Малайзия

23,6

2,7

10. Мексика

21,5

2,4

Әлем бойынша барлыгы

880

100

Дерекнама: ЮНВТО

16-кесте

Туризмнен түсетін пайда бойынша алдыңғы катардағы он ел (2009 ж. халықаралық туристік түсімдер)

Ел

Туризмнен түсетін пайда, млрд. долл.

Бүкіл әлемдегі үлесі, %

І.АҚШ

93,9

11,0

2. Испания

53,2

6,2

3. Франция

49,4

5,8

4. Италия

40,2

4,7

5. Қытай

39,7

4,6

6. Германия

34,7

4,1

7. ¥лыбритания

30,0

3,5

8. Аустралия

25,6

3,0

9. Түркия

21,3

2,5

10. Австрия

19,4

2,3

Әлем бойынша барлыгы

852

100

Дерекнама: ЮНВТО

Туристердің шығындары бойынша бірінші орынды АҚШ алады, одан кейін Германия, Ұлыбритания мен Жапония. Жапония соңғы жылдары өз елінің оң төлем балансын қамтамасыз ету үшін азаматтарының шетел саяхат жасауын қолдайды [3].

Халықаралық туристік ағымдардың рецепторлары, сонымен қатар, шығарушы нарық болып табылады. Келетін туристер саны бойынша алдыңғы қатардағы кейбір елдер, мысалы, Шьиғыс Еуропа және Оңтүстік-Шығыс Азияның кейбір елдері, табысы бойынша бірінші болмауы да мүмкін.

Туристердің, демек, ақшаның алмасуы индустриялық және жаңа индустриялық елдер арасында өтеді. ЮНВТО мәліметі бойынша, алдыңғы қатардағы жиырма туристік елдер арасында дамушы елдер жоқ.

Туристік нарықты талдау мақсаттары мынадай:

-   халықаралық туризм өсетін және төмендейтін аймақтарды анықтау;

- туристер саны мен олардан түсетін табыстардың географиялық таралуын, осындай айырмашылықтар динамикасының себептерін түсіндіру;

-  халықаралық туризмнің экономикалық дамуының маңызды әлементіне айналуына үлкен потенциалы бар елдерді анықтау.

Халықаралық туристік ағымдардың географиялық шоғырлануы сауданың географиялық шоғырлануына сәйкес, бірақ екі айырмашылығы бар.

Біріншіден, туризмнен түсетін пайда бойынша оң балансына ие болған елдердің, мысалы, АҚШ, Испания, Португалия, Грекияның сауда балансы кейде теріс болады. Керісінше, туристік алмасуда теріс балансы бар елдердің сауда балансы оң болады, мысалы, Германия, Жапония.

Екіншіден, индустриялық елдер арасындағы туристік қызметтер алмасуы, тауар саудасындағыдай, міндетті түрде үқсас өнімдер алмасуы бола бермейді. Шынында да, индустриялық елдер арасындағы тауарлар алмасуы ең алдымен бір категориядағы тауарлар алмасуы түрінде өтеді, мысалы, АҚШ пен Жапония арасындағы автомобиль саудасы немесе Еуропа елдері арасындағы азық-түлік өнімдерінің сауда алмасуы. Мұндай сауданы сала ішіндегі сауда деп атайды. Туризмде үқсас өнімдер алмасуы болады, мысалы, мәдени туризм секторында, бірақ алмасу көлемі шағын. Әдетте туризмнің дәстүрлі түрлерінің алмасуы болады. Мәселен, Солтүстік Еуропа тұрғындары демалы-сын Жерортатеңіз ьсурорттарында өткізсе, оңтүстік жылы елдерінің тұрғындары тау шаңғы курорттарын таңдайды.

Қайталау сұрақтары

1. ЮНВТО ұсынган әлемнің 6 туристік аймақтарын атап беріңіз.

2. Әлемдік халықаралық туризмнің XX ғасырдың екінші жартысындағыдаму динамикасы жөнінде әңгімелеп беріңіз.

3.Әлемдік халықаралық туризмніңқазіргі географиясы жөнінде әцгімелеп беріңіз.

4. Әлемнің  туристік  аймақтарының  негізгі  туристік  орталықтары  мен олардағы басты туристерді шыгарушы елдерін атап шығыңыз.

5.  Туристік келулер бойынша әлемнің алдыңгы цатардағыон елін атап шығыңыз.

6.  Туризмнен түсетін пайда бойынша әлемнің алдыңгы цатардағы он елінің сипаттамасын беріңіз.

7.  Әлемнің әрбір туристік аймагындағы туристік нарықты талдау магынасы неде?

§ 7 Халықаралық туристік ұйымдар және олардың туризм дамуындағы рөлі

Халықаралық туризмнің көптеген мәселелері мемлекетаралық деңгейде шешіледі, сондықтан халықаралық туристік ұйымдарды қалыптастыру қажеттілігі туындады. Туризмнің жалпы саясатының барлық елдерге жарайтын халықаралық-құқықтық реттелу мәселелері (туристік формалдылықтарды жеңілдету, туризм дамуын жеделдететін немесе тежейтін саяси-экономикалық шаралар және т. б.) тек осындай деңгейде шешілуі мүмкін.

Халықаралық туризмнің құқықтық реттелуі ең алдымен Б¥¥ шеңберінде өткізіледі. БҰҰ қарамағында халықаралық туризмнің құқықтық реттелуі мәселелері бойынша негізгі халықаралық конвенциялары әзірленіп, қабылданды. БҰҰтуризм мамандары мәселелері жөнінде, халықаралық туризм статистикасы бойынша бірталай халықаралық семинар мен коллоквиум ұйымдастырған.

Елдердің туристік және көлік ұйымдарының әрекеттерін үйлестіру қажеттілігі 20-шы жылдардың бас шенінде туындады. Осыған орай 1925 жылы Туризмді насихаттау ресми ассоциацияларының   халықаралық конгресі, 1927 жылы Ресми туристік ұйымдардың халықаралық конгресі, ал 1930 жылы Туризмнің ресми ұйымдары мен насихатының халықаралық одағы ұйымдастырылады.

Туризм аясындағы халықаралық ынтымақтастықтың дұрыс әрекетгеспеуі оның дамуын тежей бастаған. Осыған орай 1947 жылы аталған үш ұйымның орнына Парижде Ресми туристік ұйымдарының халықаралық одағы (РТҰХО) ұйымдастырылды. Бұлұйымға үкіметтік ұйымдармен бірге үкіметтік емес, бірақ өздерінің ұлттық үкіметтері оларды ұлттық туристік ұйым ретінде қабылдаған ұйымдары мүшелері болып 116 ел өкілдері кірді.

БҰҰБас Ассамблеясының 1969 жылғы 5 желтоқсан күні қабылданған резолюциясы бойынша үкіметтік емес РТҰХО, үкіметаралық Дүниежүзіліктуристікү_йым(ЮНВТО)болыпқайта ұйымдастырылды. Бұл оқиға халықаралық туризмнің экономикалық, мәдени, әлеуметтік маңызымен бірге оның саяси маңызын атап көрсетті.

Осы резолюцияға сәйкес, 1970 ж. 27 қыркүйек күні ДТ¥ Жар-ғысының жобасы қабылданды. ЮНВТО Жарғысы 51 мемлекет оны ратификациялағаннан кейін 1975 жылы 2 қаңтар күні іске қосылды. Сондықтан ЮНВТО құрылуының ресми мезеті - 1975 ж. 2 қаңтар күні болып есептеледі. Қазіргі таңда ЮНВТО-ға 100 толық және150 ассоциацияланған және қосылған мүшелері кіреді. Соңғы аталғандардың ішінде туристік агенттіктер мен ұйымдар, әуе ком-паниялары, туризмнің ғылыми мекемелері мен орталықтары, қонақ үй торлары мен қоғамдық тамақтандыру корпорациялары, кәсіби дайындық орталықтары және т. б.

ЮНВТО жарғысы ұйымның мақсаттарын, міндеттерін, сипатын, құрылымын және функцияларын бекітті. ЮНВТО негізгі міндеті -«экономиканың дамуына, халықаралық өзаратілдесуге, бейбітшілікке, өркендеуге, нэсіліне, жынысына, тілі мен дініне қарамай барлық адамдарды қүрметтеуге және адам құқықтары мен еріктерін сақтауға үлес қосу мақсатында туризм дамуын қолдау» болып табылады [47]. ЮНВТО Жарғысы ашық болып саналады жәнеонда мүшеліктің толық, ассоциацияланған және қосылған мүшелері дәрежелері ескерілген. Толық мүше статусы барлық егеменді елдер үшін ашық. Ассоциацияланған мүше статусы өзінің сыртқы қатынастары үшін жауапты емес аумақтарға немесе аумақтар топтарына беріледі. Қосылған мүше статусы туризмде арнайы мүдделері бар үкіметаралықжәне үкіметтік емес халықаралық ұйымдарға, және қызметі ЮНВТО мақсаттарына сәйкес осы қызметтерді жүргізуге қабілетті коммерциялық ұйымдарға беріледі.

ЮНВТО жоғарғы басқару органы - екі жылда бір рет жиналатын Бас ассамблеясы болып табылады. Басқару органдарының құрамына Атқару кеңесі мен Секретариат кіреді. Бас ассамблея алты аймақтық комиссияларын: Еуропа, Африка, Америка, Оңтүстік Азия, Таяу Шығыс, Шығыс Азия мен Тынық мүхит аймағының комиссияларын және Туризм бойынша жоғары халықаралық оқу орталығын тағайындайды.

Комиссияларға мынадай міндеттер артылады:

-  бір стандартқа келтірілген туристік мотивациялардың (түрткілердің) жіктелуін жасау;

- саяхатшылардың әлеуметтік-экономикалық сипаттамаларын жасау;

- аудиовизуалды материалдарды даярлау;

- туристер және туризм аясының қызметкерлеріне сауалнама жасау;

- секторларды қолдау миссиясы.

Комиссиялардың қызметі БҰҰдаму бағдарламасы арқылы қар-жыландырыл ады.

ЮНВТО Атқару кеңесі әрбір бес толық мүшеге бір адам қағидасына орай Бас ассамблея таңдайтын толық мүшелерден тұрады, және де мұнда эділеттілік географиялық өкілділік принципі орындалады.

Кеңес тұсында бірқатар қосымша органдар: туристік формалдылықтарды жеңілдету комитеті, бюджеттік-қаржы комитеті, қоршаған орта комитеті және бағдарламалар мен координация бойынша техникалық комитет өз жұмысын атқарады. ЮНВТО бюджеті мүшелерінің жарналары арқылы қаржыландырылады. Жарна көлемі әр елдің экономикалық даму деңгейі мен осы ел үшін туризмнің маңызына байланысты.

Туризм индустриясы дамуының ЮНВТО шеңберіндегі ортак стратегиясына жету үшін мынадай шаралар қажет болады:

1) туризм индустриясы дамуын жоспарлау;

2)  ЮНВТО мүшелері болған елдердегі туризм мен демалыстың географиялық таралуымен байланысты мәселелері мен мемлекет саясатын талдау;

3) ұлттықжәнеаймақтық жер пайдалану жоспарларын әзірлеу;

4) ресурстар қажеттілігі мен бүкіл адамзат мүдделерін үйлестіруін ескеруімен туризм индустриясы дамуы жәнеаймақтық жоспарлау арасындағы өзара байланыстарды талдау;

5)   туризм индустриясы дамуының экологиялық салдарларынескеру;

6) туризм индустриясы дамуының әлеуметтік салдарларын ескеру;

7) туризмнің даму жоспарларын іске асыру бойынша жалпы стратегия мен шараларды әзірлеу.

ЮНВТО елдер мен аймақтардағы туризмнің тұрақты даму жоспарларын әзірлеу әдістері мен жалпы стратегиясына, туристік іс-әрекеттің нормативтік-құқықтық базасына, туристік инфрақұрылымды тиімді пайдалануына, демалыс алкаптарындағы жер мен меншік күқықтарына, ұлттық парктер мен қорықтарды ұйымдастыруға байланысты саясатқа ерекше назар аударады.

ЮНВТО өз мүшелеріне мынадай екі қызмет түрін көрсетеді:

1) туризмнің халықаралық-құқықтық реттелуі аясында бұл ұйым ез мүшелері арасында тәжірибе алмасу жүргізген кезде қолданылатын заңнамалық құжаттарды сұраптау;

2)  ЮНВТО туризм аясындағы кұжатнама орталығының халықаралық туризм бойынша жаңа баспалардың ақпараттық библиографиялық тізімін шығару.

1980 жылы ЮНВТО Бас ассамблеясы 27 қыркүйек күнін (1970 жылы ЮНВТО Жарғысын қабылдау күні) Дүниежүзілік туризм күні ретінде жариялау шешімін қабылдады.

ЮНВТО жүйелі түрде 6 аймақ елдеріндегі халықаралық туризм да-муын талдайды. Туризм дамуына септігін тигізетін және оны тежейтін факторлар анықталады; шетел туристердің қүдықтарын қорғау және олардың қауіпсіздік мәселелерін шешу жолдары іздестіріледі; туристік қызметтің диверсификациясы аясындағы мемлекетаралық қатынастардың формалары анықталады және туроператорлар мен туристерді қабылдайтын елдердегі серіктестері арасындағы, сонымен қатар, туристік қызмет түгынушылары мен өндірушілері арасындағы байланыстардың күдықтық қамтамасыздану бағыттары анықталады.

ЮНВТО қарамағында ұлттықжәне халықаралық деңгейде турис-тік даму жоспарларын әзірлеу әдістемелігі жасалған.

1979 жылы Торремолинос қаласында (Испания) ЮНВТО Бас Ассамблеясының IIIсессиясы өтті. Онда Туризм хартиясы мен Турист кодексі жобаларын әзірлеу сұрағына ерекше назар аударылған. Аталған күжаттар 1985 жылы Софияда ЮНВТО Бас Ассамблеясының IVсессиясында қабылданды.

Туризм хартиясының Iбабында: «Әр адамның демалыс пен бос уақыт, кезекті ақылы демалыс қүқығы және заң шеңберінде шектеусіз саяхат жасау еркі бүкіл әлемде мойындалады», деп айтылған. Осы құқыққа орай, «мемлекеттер халықаралық туризмің лайықты даму-ын қамтамасыз ететін саясатын іске асыруы қажет, және де барлық қажет етушілер үшін демалысын ұйымдастыруга міндетті» (Туризм хартиясының II бабы).

«Қазіргі және келешек ұрпақтары үшін мемлекеттер туристік ор-таны қорғауға (туристік ортаға адам, табиғат, қоғамдық қатынастар мен мәдениет кіреді және ол бүкіл адамзат игілігі болып есептеледі); саяхаттарғақойылған шектеулерді үнемі азайтып, формалдылықтарды жеңілдетуге арналған құжаттарды пайдаланып, шетел туристердің барған жерлерінің қоғамдық игілігіне қол жетуіне қолдау жасауға міндетті» (Туризм хартиясының IIIжәнеIV бабы).

Халықаралық туризмнің жалпы мәселелерімен айналысатын ең беделді халықаралық туристік ұйымы - ЮНВТО-мен бірге, бірқатар басқа да халықаралық туристік ұйымдар өз жұмысын атқарады.

Халықаралық туризмнің дамуында туризм дамуы мәселелері бойынша БҰҰ шеңберінде арнайы дипломатиялық конференцияларды ұйымдастырудың ынталандырушысы болған БҰҰ-ның Экономи-калық жәнеәлеуметтік кеңесі (ЭӘК) маңызды рөл аткарады.

Еуропалық экономикалық комиссия (ЕЭК) мүшелері туристік іс-әрекеттің нақты мәселелерін, оның ішінде қызмет көрсету сферасының дамуы мен жетілдірілуі; операцияларды, арнайы зерттеулерді жәнетуризм нарықтарындағы өзгерістерді ағымдағы бақылау; әуе, кеме мен автокөлік және туристерге қызмет көрсететін компанияларының операцияларын бақылау және саясаттарын қалыптастыру; кедендік формалдылықтар мәселелерін қарастырады.

Осының барлығы статистикалық есептердің біркелкі, ортақ әдістемелігін қажет етеді. Бұл мақсатта ЕЭК Женевада туризм статистикасы бойынша бірінші мәжіліс ұйымдастырды.

1975 жылы Дубровникте (Югославия) ЕЭК ауданындағы туризм индустриясын жоспарлау мен дамыту мәселелері бойынша симпозиум өтті. Онда туризм факторларының жалпы стратегиясының әдістері мен аспектілеріне; туристік инфрақұрылымды тиімді пайдалану саясатына; туризм зоналарындағы жер мен мүлік меншігі құқықтарына; ұлттық парктер мен олардың ку-қық режиміне; қоршаған орта жөніндегі заңнамаға ерекше назар аударылды.

Б¥¥ шеңберінде ЕЭК-мен бірге Латын Америкасы мен Кариб ауда-ны үшін Экономикалық комиссиялар; Батые Азия үшін Экономикалық комиссиялар; Азия мен Тынық мүхит үшін Экономикалық жәнеәлеуметтік комиссия; Африка үшін Экономикалықкомиссия құрылды. Аталған комиссиялар өз аймақтарындағы халықаралық туризмнің экономикалық аспектілерін зерттейді; халықаралық туризм дамуы аясындағы саясат пен аймақтық бағдарламаларды жасау жұмыстарын жүргізеді; туристік индустриясын қаржыландыру сұрақтарымен ай-налысады; туризмді дамыту мақсатында аймақтар мемлекеттеріне техникалық жәрдем корсету үшін қажеттіліктерін анықтайды.

Б¥¥ Экономикалық жәнеәлеуметтік кеңесі жанындағы туризм аясының Статистикалық комиссиясы туризм статистикасы-ның стандарттық анықтамалары мен классификацияларын бекітеді; анықтама мен терминологияның стандартқа келтіру сұрақтары бойынша резолюцияларды қабылдайды; статистика мен туризмнің біркелкі әдістемелігін әзірлейді және т. б.

Дүниежүзілік халықаралық ұйымдар қатарына туризмді қоғамдық қолдау бірлестіктері, ғылыми, журналистік, мамандандырылған және т. б. ұйымдар кіреді.

¥лттық ассоциациялар мен туристік бюро мен агенттіктер одақ-тарын оларға кәсіби және техникалық көмек көрсету арқылы бірік-тіру мен бекіту мақсатында 1966 жылы Туристік агенттіктер ас-социацияларының дүниежүзілік федерациясы (ФУААВ) халықаралық үкіметтік емес ү_йым ретінде құрылды. Ұйым міндеті туристік агенттің барлықкәсіптерінің халықаралық деңгейде экономикалық, заңдық жәнеәлеуметтік аяларындағы беделін көтеру болды. Федерацияның басты мақсаты жұмыс топтарының автоматтандыру, қонақ үй шаруашылығы, көлік, кәсіби дайындық, заңгерлік қолдау, туристерді сақтандыру және т. б. мәселелері бойынша іс-әрекеттерін үйлестіру болып табылады. Әлемнің 80 елінің 80 ұлттық ассоциациялары мен

ұйымдары және 1400-ге жуық жеке мүшелері Федерация мүшелері болып табылады. Олардың ішінде Туристік агенттіктердің дүниежүзілік ассоциациясы (ВАТА), Туристік агенттіктердің америкалық қоғамы (ACTA), Туристік агенттіктердің британ ассоциациясы (АБТА), Экскурсиялар мен турлардың халықаралық асоциациясы (ИСТА), Туроператорлардың халықаралық федерациясы (ИФТО), Неміс сая-хат бюроларының ассоциациясы, Солтүстік елдердің туристік бюро-лары ассоциацияларының одағы, «Томас Кук пен баласы» фирмасы және т. б.

Сонымен қатар, туристік және қонақ үй кәсіпорындарын бірік-тіретін халықаралық трансұлттық кәсіпорындар қатарына Кемпинг пен караванингтің халықаралық федерациясы (1932 ж.), Халықаралық қонақ үй ассоциациясы (1946 ж.), Конгрестер мен конференциялардыңхалықаралық ассоциациясы (1964 ж.) және т. б. кіреді.

Халықаралық туристік альянс бірлестігі (алғашқы атауы «Туристік ассоциациялардың халықаралық лигасы», 1898 ж., болтан) құрамына туристік клубтар мен автомобиль ассоциациялары кіреді. Лиганы құрастырушыларының арасында екі ресейлік ұйым болған: Саяхатшылардың орыс клубы және Орыс одағы. «Интурист» БАҚ 1959 ж. бастап альянстың косылған мүшесі болды. ¥йымның басты мақсаты туризмнің барлық түрлерін, ең алдымен автомобильдік туризмді дамыту болып табылады. Бірлестік мүшелері автотури-стерге қызмет корсету бойынша семинарлар мен мэжілістерді ұйым-дастырумен, кедендік формалдылықтарды жеңілдету, жолдар мен трассаларды жабдықтау, заң көмегі және сақтандыру сұрақтарымен айналысады. Альянс неше түрлі анықтамалық ақпарат, оның ішінде: мүше болған клубтардың іс-әрекеті жөніндегі ақпарат, клубтың шетел туристеріне көрсетілетін қызметтер тізімдері-анықтамалары, автомобиль жолдарының сүлбалары және т.с.с. баспадан шығарады.

Әуе көлігінің халықаралық ассоциациясы (ӘКХА) - барлық әуе көлігінің жұмысын үйлестіретін дүниежүзілік ұйым. Оның міндеттері - әуе билеттері мен жүк квитанцияларын бір стандартқа келтіру, тіркеу мен есеп беру жұмыстарын үйлестіру, әуе билеттері бағаларын тұрақты деңгейде сақтап түру.

Азаматтық авиацияның халықаралық ұйымына 80-нен астам ел өкілдері кіреді. Ол азаматтық авиацияның барлық аспектілерінің дамуын реттейді.

Ертіп жұруші гидтердің халықдралық ассоциациясы 1961 жылы туристерді ертіп жүретін гидтердің (туристік эскорт) кәсіби шебер-лігін арттыру мақсатында дүниеге келген. ¥йым міндеті - осындай қызметкерлерге заңдық жәрдем беру жәнемүдделерін қорғау болды. Ассоциация мүшелері қатарына 45 ел өкілдері, 2 мыңнан астам адам кіреді.

Мамандандырылған халықаралық туристік бірлестіктер қатарына әлеуметтік туризм ұйымдары, мысалы, 1936 жылы құрылған Әлеуметтік туризм бойынша халықаралық бюро (БИТС) кіреді. БИТС жарғысында бекітілген үш бағытта өз жү_мысын іске асырады:

1) әлеуметтік туризмді және оның мәселелерін зерттейді;

2)  әлеуметтік туризм мәселелерімен айналысатын ұйымдар мен мекемелер арасындағы байланыстарды жетілдіреді;

3) әлеуметтік туризм аясында ұсыныстар енгізіп әртүрлі шаралар-ды өткізеді.

Әлеуметтік туризм ұйымдарына Дүниежүзілік кәсіподақтар ұйымының әлеуметтік туризм бойынша кәсіподақтық комитеті негізінде 1982 жылы құрылған Әлеуметтік туризм мен демалыс бойынша халықаралық ассоциациясы да жатады (ӘТДХА). ӘТДХА -үкіметтік емес ұйым, оның негізгі міндеті - кәсіподақ мүшелерінің туризмге, мәдениет пен демалысқа деген құқықтарын қорғау.

Халықаралық туристік ұйымдар федерациясы 1950 жылы Фран-цияда бірқатар туристік жастар ұйымдарының мұрагері ретінде пай-да болған, ЮНЕСКО-да кеңесші статусына ие. 40-тан астам елдің 200-ге жуық туристік жастар ұйымдары, оның ішінде Туризм мен жастар алмасуының халықаралық бюросы, Халықаралық студент-тер одағының Саяхаттар бюросы және басқалар, аталған Федерация мүшелері болып есептеледі.

Бұл бірлестіктердің жұмыс бағыттары мынадай: жастар топ-тарының алмасуын, гид-басқарушылар курстарын ұйымдастыру; жастар семинарлары мен халықаралық жүздесулерді өткізу; жас саяхатшыларға жеңілдіктер мен басымдықтарды ескеретін арнайы бағдарламаларды ұйымдастыру.

Жастар туризмінің өсу қарқыны (жылына 15-20%) әлемдік туризм көлемінің өсуінен (жылына 4-5%) әлдеқайда жоғары, оның білім беру функциясы мен географиясы кеңеюде. Осыған орай, жастардың туристік ұйымдарының іс-әрекеті өзара үйлестіруді қажет етеді.

Туризмнің ғылыми сарапшыларының халықаралық ассоциа-ция-сы (АИСТ) мамандар арасындағы байланыстарды қолдайды, туризм-нің ғылыми орталықтарына жәрдем береді, ғылыми конференцияла-рын ұйымдастырады және т.с.с. міндеттерді атқарады.

Саяхаттар мен халықаралық туризм мәселелерімен айналысатын журналистер мен жазушылардың ұлттық ассоциациялары мен одақтарын біріктіретін Туризм журналистері мен жазушыларының халықаралық федерациясы (ФИЖЕТ) 1954 жылы құрылған.

Халықаралық трансұлттық туристік ұйымдар мен бірлестіктермен қатар аймақтық халықаралық туристік ұйымдар мен бірлестіктер бар.

Еуропа аймағында мынадай туристік бірлестіктер жұмысын атқарады.

Еуропада туризмді қолдау мен дамыту тобы 1983 жылы Еуропалық туристік комиссия инициативасы бойынша Еуропадағы туристік байланыстарды кеңейту мақсатында құрылды. Бұлтоп туристік индустрия секторларының техникалық өзара әрекеттесу, кооперация жәнеынтымақтастық органы болып табылады. Топ құрамына Еуропалық әуекомпанияларының ассоциациясы, Еуропалық туристік комиссия, Халықаралық автомобильдік ассоциация, Халықаралық қонақ үй ассоциациясы жәнебасқалар мүше ретінде кіреді.

Сонымен катар, Еуропада Скандинав туристік агенттіктер ассоциа-цияларының федерациясы (1939 ж.), Еуропадағы мәденимұра мен табиғи ескерткіштерді қорғау бойынша үкіметтік емес ассоциация-ларының халықаралық федерациясы (1963 ж.), Жаяу туризмінің еуропалық ассоциациясы (1969 ж.), Рекреация мен демалыстың еуропалық ұйымы (1972 ж.) және т. б. бар.

Азия аймағында Азия мен Тынық мүхит елдері үшін туризм аясы-на арналған кәсіби мамандарын даярлау, аймақ елдеріндегі туризмді дамыту, туризм сферасындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында 1950 жылы Азиялық туризм институты ашылған. Аймақта басқа да ұйымдар бар: Азиялық-Аустралиялық қонақ үй және мейрамханалық ассоциациясы, АСЕАН мүшелері елдеріндегі туризм ассоциациясы, Азия елдерінің студенттік туристік ассоциациясы, Азия мен Тынық мүхит елдерінің туристік ұйымы және т. б.

Америка аймағындағы бірлестіктердің қатарында Саяхаттар мен автоклубтардың америкааралық федерациясы, Латын Америкасының  туристік ү-йымдарының конфедерациясы, Кариб туризм ассоциация-сы және баскдлары өз жұмысын атқарады.

Африка аймағының бірлестіктері: Африкалық туристік ассоциация, Африкадағы туризмді дамыту ұйымы және т. б. Араб айма-ғының ұйымдары: Араб туристік одағы, Туристік агенттіктері ассоциацияларының араб федерациясы жәнет. б.

Елдердің көпшілігінде ұлттық туристік ұйымдары (¥Т¥) бар. Кейбіреулері, мысалы, Франция мен Испанияда, үкімет қүра-мына кіреді, басқалары үкіметке тәуелсіз, бірақ үкімет оларды каржыландыру арқылы қолдайды (мысалы, ¥лыбританияда).

АҚШ саяхаттар мен туризм әкімшілігін федералдық үкімет крлдайды, бірақ маркетинг пен даму міндеттері бөлек штаттарға артылған. Бұлұйым жыл сайын 17,5 млн долл. көлеміндегі федералдық несиелерімен және жеке меншік секторының 20 млн. долларлық серіктестік жарналарымен қаржыландырылады. Аталған ұйым ЮНВТО-да АҚШ-тың өкілі болып табылады.

Әдетте туристік мемлекеттерде, әсіресе аралдық елдерде, туризм министрліктері құрылады. Дегенмен, кейбіреулерінде Экономика министрлігіне бағынатын туризм бойынша мемлекеттік департамент, немесе сыртқы сауда департамент^ немесе Жастар, спорт пен ойын-сауық шаруалары бойынша министрлігі шеңберіндегі туристік бөлімі болады. Билігі орталықтандырылмаған мемлекеттерде туризм жергілікті әкімшіліктерге бағынады. Туризмді дамыту міндеттерін федералдық үкімет пен аумақ билігі өз арасында бөліп атқаратын да жағдайлар болады.

Кейбір елдерде туристік ұйымдар өзінің жарғысы бар жеке ұйымдар болып саналады. Бұлұйымдардың өмірі нарықтағы сұранысқа байланысты. Мулдай жағдайда ¥Т¥ коммерциялық іс-әрекетін қалай жүргізу керек? Шынында да, ¥Т¥ салық салусыз қаржыландырылатындыгынан оған эділетсіз бәсекелестік жөнінде жала жабуы мүмкін. Осыган орай, кейбір елдер ¥Т¥ қолдау үшін жеке меншік секторына арнайы салықтарды енгізді.

¥Т¥ құрылымы оның міндеттеріне байланысты. ЮНВТО ұсыныстарына орай, ¥Т¥ міндеттері мынадай:

- туризм бойынша үкімет мүдделерін халықаралық аукымда қорғау; қатысушы елдер арасындағы туристік ағымдарды арттыру мақсатында екі және көп жақтық келісімшарттарға түру; туристік  нарықтың маркетинг зерттеулерін бірігіп жүргізу; ұлттық туристік ре-сурстарды жетілдіру; техникалық және қаржылық ынтымақтастықты орнату; кедендік бақылауды өзара жеңілдету; полициялық және қаржылық реттелу; технологиялық мәмілені (мысалы, қонақ үйлер мен қысқы спорт орындарында) қолдау;

-   туристік  қызметтерді  ұлттықжәне  халықаралық  ауқымда

ұйымдастыру;

- туризмді жоспарлау және дамыту (туризмді дамыту жоспарын

құрастыру);

- туризмге қатысы бар кәсіпорындардың жұмысын реттеу және бақылау (қонақ үй шаруашылығының құқықтық қамтамасыздануы және оның жұмысын реттеу, қадағалау, іс-әрекет қүқығын растайтын лицензияларын тексеру);

- статистиканы, шолуларды, нарық зерттеулерін (пікірлерді зерт-теу, тұтынушылардың іс-қылықтарын зерттеу) баспадан шығару;

- туристік өнімдерді басқа елдерде сату (шет елдерінде ақпарат пен сатуды камтамасыз ету үшін туристік агенттіктерді қүру; брошю-раларды, парақшаларды, жолдамалар мен арнайы туристік ақпарат

шығару);

-   шетелдік туристік орталықтарды өз елдерінде насихаттау (күнделікті баспада, радио мен теледидардағы науқан);

-  кедендік және шекаралық бақылауды жеңілдету, бір қалыпқа келтіру немесе тіпті жоюга багытталған әрекеттер;

-  қонақтарды қабылдау мен туристік ақпаратпен қамтамасыз-дандыру құрылымдарын қалыптастыру;

- туризмдегі кәсіптік дайындықты қамтамасыз ету (курстар, семи-нарлар, оқу бағдарламалары);

- елдің туристік ресурстары мен мызғымас мұрасын (ескерткіштер, тарихи орындары) қоргау мен сақтап қалу, мәдениет пен өнерді қорғау

науқандары;

- қоршаған ортаны қоргау (табиғатты, демалыс саябақтарын, жа-

ратылыс ресурстарын қорғау науқандары).

Осындай міндеттерді орындау мақсатында ЮНВТО туризм даму-ын қадағалаудың төрт үкіметтік функцияларын: маркетинг, туристік іс-әрекетпен дамудың үйлесуі, жоспарлау, құқық мәселелері мен қаржыландыру функцияларын анықтады.

Маркетинг қызметі ¥Т¥ үшін өте маңызды және көптеген функ-цияларды орындайды. Бу_л қызмет ұйымның маркетинг стратеги-ясын қалыптастырады және елдің туристік өнімін жарнама мен паблисити құралдары арқылы нарыққа өткізеді. Сонымен қатар, өзіне тән қызмет түрлеріне (жүздесулерді, көрмелерді және т.с.с. ұйымдастыру) ие бизнес-туризміне қызмет көрсетеді. Даму бөлімі үйлестіруші және стратегиялық рөл ойнайды. Жоспарлау бөлімі жобаны унемі басқарады және ұзақ мерзімді дамуын жоспарлайды. Әкімшілік бөлімі туризмнің құқықтық қамтамасыздануы мен қаржы мәселелерімен айналысады.

Көптеген елдерде ¥Т¥-мен байланыс жасау, өз секторының мұқтаждықтарын қорғау мен одан әрі дамыту мақсатында, кәсіби коммерциялық емес ассоциациялар құрылуда. Әдетте олар консультативтік кеңестер - туризм кеңестері түрінде у_йымдас-тырылады. Халықаралық ауқымда олар мемлекеттік емес мамандан-дырылған халықаралық ұйымдарға:

- Туристік агенттіктер мен туроператорлардың дуниежүзілік ассо-циациясы (ТАДА);

- Турагенттіктердің халықаралық кеңесі (ТХК);

-   Турагенттіктер ассоциацияларының эмбебап федерациясы (ТАӘФ) біріктіріледі.

Бұл ұйымдардың басты мақсаттары елдер мамандары арасындағы алмасу мен байланыстар, ғылыми орталықтарда туристік саясатты бірлесіп, қалыптастыру және өз мүдделерін халықаралық ұйымдарда белсене қорғау.

Туристік секторға халықаралық инвестициялар халықаралық ұйымдардан да, жеке меншік секторынан да тартылады. Әлембанкі (Халықаралық қайта құру мен даму банкі - ХҚЦБ) шетелдік бас не-сие берушісі болып есептеледі. Оның негізгі мақсаты - дамугяы елдерді олардың инфрақұрылымының дамуын у_зақ мерзімді қаржы-ландыру арқылы тиісті өмір деңгейіне жеткізу болып табылады. Туризмді тікелей қаржыландыру бұл банктің басымдық бағыты бол-маса да, экспорттық несиелерді қолданып, ол біріккен жобаларды қаржыландырады.

Еуропа одағы туризмді 1975 жылы құрылған Аймақтық еуропалық даму қоры арқылы қаржыландырып, одактың нашар дамыған елдеріне көмек көрсетеді.

Еуропа туризмін каржыландыратын ұйымдардың арасында делдалдық қызметтерді көрсететін Еуропалық инвестициялық банкін (ЕИБ) атау қажет. ЕИБ Ла-Манш астындағы туннелдің, Париждегі Диснейлендтің құрылысын, Германиядағы Франк-фурт, Гамбург пен Мюнхен және ¥лыбританиядағы «Стансед» әуежайларының кеңейту жұмыстарын қаржыландырған.

Әлем банкі ұзақ мерзімді несие берсе, Халықаралықдаму ассоци-ациясы қысқа мерзімді несие береді, ал Халықаралық қаржы қоғамы жобаларға үлестік түрде қатысады.

Қайталау сұрақтары

1. Халықаралық туристік ұйымдар не үшін цүрастырылды?

2.    Қандай   себептен   Б¥¥ халықаралық   туристік   ұйымдар   эюүмысының үйлестірушісі болып табылады?

3. ЮНВТО дейін болған туристік ұйымдарды атап шығыңыз.

4. ЮНВТО шынайы жәнересми құрастырылу мерзімдерін атап беріңіз.

5. ЮНВТО құрылымы мен оның органдарының функцияпарын cypemmen беріңіз.

6. ЮНВТО өз мүшелеріне қандайқызмет түрлерін көрсетеді?

7. Дүниежүзілік Туризм күні неге 27 қыркүйек күні тойланады?

8. ЮНВТО ңандай ец маңызды халықаралық қүжаттарды ңабылдаган?

9.   ЮНВТО-дан  басқа ең  басты халықаралықтуристік ұйымдарды атап шығыңыз.

10.  ¥Т¥ деген не, қандай міндеттерді орындайды?

Қолданылған әдебиеттер

Ердавлетов СР. География туризма: история, теория, методы, практика. -Алматы, 2000.

География туризма: учебник /под ред. А.Ю. Александровой. - М.: КНОРУС, 2008.

Никитинский Е.С. Этапы становления и современное состояние туристской индустрии Республики Казахстан. - Астана, 2008.

Орлов С.Н. Социология рекреации. -М.: Наука, 1995.

Мироненко Н.С., Твердохлебов И.Т. Рекреационная география. -М.: МГУ, 1981. Теоретические основы рекреационной географии / под ред. B.C. Преображенского. -М.: Наука, 1975.

Hunziker Ж, KrapfK. AllgemeineFremdenverkehrslehre. -Zurich, 1942. Hall СМ., Page S.J. The Geography of Tourism and Recreation. Environment Place and Space. - London -N.Y.: Routledge, 1999.

АлександроваА.Ю. Международныйтуризм. - М.: АспектПресс, 2004. Алиева Ж.Н. Туризмология негіздері. - Алматы: Қазақ университеті, 2004. Алаев Э.Б. Социально-экономическая география. Понятийно-терминологический словарь. - М.: Мысль, 1983.

Чистобаев А.И., Шарыгин М.Д. Экономическая и социальная география. Новый этап.-Л.: Наука, 1990.

Котляров Е.А. География отдыха и туризма. - М.: Мысль, 1978. Пирожник ИМ. Основы географии туризма и экскурсионного обслуживания. -Минск: Университетское, 1985.

Ердавлетов СР. История туризма. Развитие и научное изучение. - Алматы, 2003. LeszczyckiS. Geogragiaturystycznajakonaukoweujeciezagadnienturystycznych. PamietnikPolskiegoTowarzystwaBalneologicznego, 1932.

Terminologia turystyczna. Zalecenia WTO. - ONZ-WTO. - Warszawa, 1995. GaworeckiW.W. Turystuka. -Warszawa: PWE, 1997.

Набедрик В.А. География лечебного туризма в Европе: модели развития и трансформационные процессы: дисс. канд. геогр. наук. Рук. А.Ю. Александрова. -М., 2005.

KowalczykA. Geografiaturyzmu. - Warszawa: PWN, 1997. Ананьев М.А. «Невидимый экспорт» и международные отношения. - М., 1971. DavidsonR. Turystyka. - Warszawa: PAPT, 1996.

Смирнова О.А. Территориальная структура делового туризма в мире: дисс. канд. геогр. наук. Рук. А.Ю. Александрова. - М., 2006.

KowalczykA. Geografiaturyzmu. - Warszawa: PWN, 2000. Burns P., HoldenA. Tourism: a new perspective. - London, 1995. Welan T. Nature Tourism: managing for the environment. - Washington, 1991. Lobozewicz T. Propedeutyka turystyki. - Warszawa: AWF, 1997. DabniewskaM., TkaczukM. Agroturystyka. Koszty, ceny, efekty. -Warszawa: Poltext, 1997.

Sikora J. Organizacja rachu turystykzhego na wsi. - Warszawa, 1999.

Jazwinska A. Turystyka wiejska - eden ze sposobow zmniejszania bezrobociana wsi // II Krajowa Konferencja Naukowa: Spoleczno - ekonomiczne konsekwencje procesow transformacyjnych w regionach о wysokim bezrobociu. - Koszalin: PK, 1998.

Христов Т.Т. Религиозный туризм. - M.: Academia, 2003.

Podstawy turystyki / pod red. A. Szwichtenberga. - Koszalin, 2000.

Warszynska J., Jackowski A. Podstawy geografii turyzmu, -Warszawa: PWN, 1978.

Багрова Л.А., Багров Н.В., Преображенский B.C. Рекреационные ресурсы (подходы к анализу понятия) // Изв. АН СССР. Сер. геогр., 1977, №2.

Мухина Л.И. Принципы и методы технологической оценки природных комплексов. - М.: Наука, 1973.

Колотова Е.В. Рекреационное ресурсоведение. - М.: Советский спорт, 1998.

Liszewski S. Przestren turystyczna // Turyzm. 1995. - T 5. Z 2. - Lodz.

Бочваров М., Ковалев Ю.П. Туристский регион: новое содержание в старой форме / Теория и практика международного туризма. - М.: КНОРУС, 2003. - С. 85-104.

Сапрунова В.Б. Туризм: эволюция, структура, маркетинг. - М., 1997.

WobejkoS. Ekonomicznezagadnieniaturystyki. - Warszawa: PWSN, 1997.

Middleton V.T.C Marketing w turystyke. -Warszawa: PAPT, 1996.

Гезгала Я. Туризм в народном хозяйстве: перевод с польского. - М.: Прогресс,1974.

Экономика и организация международного туризма / под ред. В.И. Азара.

Перевод с болгарского. - М.: Экономика, 1984.

Александрова А.Ю. Структура туристского рынка. - М.: ПРЕСС - СОЛО, 2002.

Baretje R. Importancia у Limites del turismo como factor de mejora del comercio exterior de los paises en via de desarrollo // Estudios Turistios, 1965. №7.

Breton-GerardM. Un tourisme "trios saisons" ... a fleur de sports // Espaces, 1990.

-№106.

Уварова В.Д., Борисов К.Г. Международные туристские организации. - М., 1990.

МАЗМ¥НЫ

Кіріспе.......................................................................................................................3

1-та pay. РЕКРЕАЦИЯЛЫҚГЕОГРАФИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ

НЕГІЗДЕРІ..............................................................................................................6

§ 1 Рекреациялық географияның негізгі түсініктері..........................................6

§ 2 Рекреацияның әлеуметтік-экономикалықмәні

жәненегізгі функциялары.....................................................................................17

§ 3 Рекреациялыққажеттіліктер - рекреациялықіс-әрекеттің кецістік-уақыттық ұйымдастырылуының негізі ...............................................................25

§ 4 Рекреациялықіс-әрекет, оның құрылымдық және функционалдық ерекшеліктері. Рекреациялықаумақтардың негізгі түрлері............................33

§ 5 Рекреациялықсаланың территориялықұйымдастырылуының шарттары мен факторлары.....................................................................................................48

§ 6 Рекреациялық география - жаңа қоғамдық-географиялық ғылым.....................................................................................................................52

Рекреациялықжүйелерді зерттеудегі ғылымдардың өзара әрекеттесуі..............................................................................................................59

§ 7 Территориялық рекреациялықжүйелер және оларды зерттеу мәселелері.............................................................................................................64

2-тарay. ТУРИЗМ ГЕОГРАФИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

§ 1 Рекреациялық география және туризм географиясы туралы түсініктердің арақатынасы...........................................................................................................73

§ 2 Туризмнің даму тарихы..................................................................................79

§ 3 Туризм тарихын географиялық тұрғыдан зерттеу...................................101

§ 4 Туризм географиясында колданылатын негізгі түсініктер мен атау сөздері................................................................................................................108

§ 5 Туризм географиясының мақсаттары мен міндеттері, зерттеу нысаны мен пәні........................................................................................................................121

§ 6 Туризм географиясының негізгі мәселелері және зерттеу әдістері..................................................................................................................126

§ 7 Туризм географиясының географиялықжәне баска ғылымдар жүйесіндегі орны......................................................................................................................132

§ 8 Қазіргі туризм классификациям.................................................................137

3-тарау РЕКРЕАЦИЯЛЫҚБАҒА БЕРУ ЖӘНЕАУМАҚТЫ РЕКРЕАЦИЯ ҮШШПАЙДАЛАНУ. ТУРИСТПС АУДАНДАСТЫРУДЫҢ НЕПЗДЕР..............................................................157

§ 1 Туризм дамуының табиғи алғышарттары..................................................157

§ 2 Туризм дамуының әлеуметтік-экономикалық алғышарттары..............160

§ 3 Туристік-рекреациялық ресурстар.............................................................163

§4 Территорияга рекреациялықбағаберудің әдістемесі

     мен критерийлері..........................................................................................169

§5 Территорияньщ туристік-рекреациялық сыйымдылығын зерттеу мәселелері.........................................................................................................186

§6 Туризмнің дамуы және табиғатты корғау................................................193

§ 7 Демалыс пен туризм максатында территорияны аудандастыру.

Туристік аудан, оның ерекшеліктері................................................................198

4-тарау.

ТУРИЗМ - ХАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ САЛАСЫ .....................209

§1 Туризм - қоғамдық-шаруашылық жүйе......................................................209

§ 2 Туристік сұраныс пен туристік ұсыныс....................................................220

§ 3 Туристік шаруашылық.................................................................................227

§ 4 Туризм индустриясы және туристік нарык .............................................241

§ 5 Туристерге көрсетілетін қызмет сапасының мәні мен манызы...............253

§ 6 Туризм менеджменті.....................................................................................260

§ 7 Туризм маркетингі......................................................................................268

§ 8 Туристік қызметтер нарығын мемлекеттік тұрғыдан реттеу.................277

5-map ay. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМ.....................................................284

§ 1 Халықаралық туризм - сырткы экономикалық катынастар түрі.............284

§2 Шетел туризмінін экономикалық дамуына жасайтын әсер.....................290

§3Халықаралықтуризм дамуының негізгі факторлары мен шарттары....................................................294

§ 4 Қазіргі халықаралық туризм статистикасы...............................................300

§ 5 Халықаралық туризм дамуының қазіргі тенденциялары......................307

§ 6 Әлемдік халықаралықтуризм географиясы......................................310

§ 7 Халықаралық туристік ұйымдар және олардың туризм дамуындағы рөлі.....315

Қолданылған әдебиеттер...........................................................................328

Оқу басылымы

Ердәулетов Станислав Рамазанович Алиева Жаннат Нәрікбайцызы Жүмаділов Айдар Рысбекүлы

ТУРИЗМ ГЕОГРАФИЯСЫ "Туризмология негіздері" пәні бойынша оку кұралы

Редакторы Агила Шора

Компьютерде беттеген Гүлмира Шаккозова

Мұкабасын көркемдеген Ринат Сңацов

ИБ №5395

Басуға 06.09.2011 жылы кол койылды. Пішімі 60x84 V .

Көлемі 20,75 б.т. Сандық басылыс. Қағазы офсеттік. Тапсырыс №680.

Таралымы 500 дана. Бағасы келісімді.

Әл-Фараби атындағы Қазак ұлттық университетінің

"Қазак университеті" баспасы.

050040, Алматы каласы, эл-Фараби даңғылы, 71.

"Қазак университет!" баспаханасында басылды

PAGE   \* MERGEFORMAT1




1. военной демократии1
2. правовое регулирование Источники международного экономического права Международные договоры Реш
3. космический Маугли
4.  Современные представления о состоянии электрона в атоме
5. на тему Морозные узоры Дата 13
6. Основная роль ДНК в клетках долговременное хранение информации о структуре РНК и белков
7. жэнь Передается с давних пор Да осторожность для людей ~ Главнейшая из всех опор Подумать надо много
8. обязывающим либо реальным и одностороннеобязывающим
9. тема защиты также может не работать
10. Технічне обслуговування та ремонт двигунів змінного струму
11. Привод ленточного конвейера Червячный редуктор
12. Техническое обслуживание средств вычислительной техники на рабочем месте
13. Изумрудная скрижаль около 3000 г
14. Методические рекомендациипо подготовке к семинарским занятиям
15. Избушка Теремок
16. Понятие отчета в СУБД ccess и его основных элементов Отчеты представляют собой наилучшее средство предста
17. І.ВЕРНАДСЬКОГО СЕВАСТОПОЛЬСЬКИЙ ЕКОНОМІКОГУМАНІТАРНИЙ ІНСТИТУТ ldquo;ЗАТВЕРДЖУЮrdquo; Прорект.html
18. чудесным образом слышится как бы шепот Таррагонский аноним
19. МОДЭК 1995 ББК88
20. Воздушный транспорт- история, современность, перспективы