Поможем написать учебную работу
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Сабақ жүргізетін оқытушылар: Тұрсынова Г.Т. профессор
тегі, аты, әкесінің аты
Шүленбаева Ұ.Р. профессор, Айтжанова С.С. ф.ғ.к., доцент,
Рысқұлбекова К.С. аға оқытушы
Байланыс түрі 257-71-82, 257-72-70 .
телефон, E-mail
Кафедрада болатын уақыты БОҒ, кафедра 610, 612 .
аудитория, уақыты
1.2 Пән туралы мәліметтер:
Пән атауы Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу .
Кредит саны 2 .
Өткізу орны Бас оқу ғимараты
Оқу жоспарының көшірмесі
Курс |
Семестр |
Кредиттер |
1 аптадағы академиялық сағаттар |
||||
Тәжірибелік/семин. сабақт. |
СӨЖ* |
СОӨЖ* |
Барлығы, 1 аптадағы академ. сағаттар |
Бақылау түрі |
|||
1 |
1-2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
6 |
Емтихан |
1.3. Перереквизиттері: «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізуді оқыту» пәні студенттердің жоғары оқу орындарында мемлекеттік тіл бойынша игерген білімін, білік дағдыларын одан әрі толықтырып, дамытады. Іс-қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуді үйретеді.
1.4. Постреквизиттері: «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізуді оқыту» студенттердің алған білімін болашақ еңбек жолында кәсіби-іскери, кәсіби-ресми бағытта толық пайдалана алады.
1.5. Пәннің мазмұны: «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу» курсын оқытудың тақырыптары модульдерге бөлініп қарастырылады.
Ресми іс қағаздарындағы тақырыптардың әрқайсысын тиісті дәрежеде меңгертумен қатар, құжаттардың жазылу стилі де қоса үйретіліп отырылады. Пән бағдарламасы студенттердің оқытушымен өзара және өздік жұмысы бөлімдері арқылы жүзеге асырылады.
Іс қағаздарын жүргізуде жиі кездесетін құжат түрлері өзара сабақтастықта іріктеліп алынған. Бұл сабақтастық мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізуді жүйелі түрде үйренуге ықпал етеді.
1.6. Пәннің мақсаттары мен міндеттері
Пәнді оқытудың мақсаты:
Ресми іс қағаздары термині мекемелер мен ұйымдардың басқару қызметін құжаттау, құжаттарды ұйымдастыру дегенді білдіреді. Қазіргі заманда оның түрлері де өте көп. Оны курс барысында жүйелеп оқытатындықтан, санын тізбелемей, тек оқыту мақсатына тоқталамыз. Әрбір ресми құжат басқару қызметіне қатысты көлемде заң күшіне ие. Сондықтан да олардың нысаны мен құрамы жағынан бірізділігі және стандартты болуы талап етіледі. Нысаны мен үлгісі жағынан сауатты жазылған қажетті мәліметтерді толық қамтыған ресми құжаттың заң күші де нақты болады. Олай болса курстың мақсаты қазақ тілінде ресми құжаттарды әзірлейтін және ресми құжаттарды ұйымдастыру, реттеу, құжаттау ісімен айналысатын маманның тілді жақсы біліп шығуын да көздеу.
1.7. Пәнді оқытудың міндеті:
Мемлекеттік және мемлекеттік емес органдарда, мекемелерде, ұйымдар мен кәсіпорындарда мемлекеттік тілде іс жүргізу, қатынас қағаздарын толтыру, құжат айналымын іске асыру басты міндеттердің бірі болып отыр.
Бұл пәннің міндеті: іс қағаздарын қазақша жүргізудің мемлекеттік, әлеуметтік маңыздылығын, қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуінің алғы шарттарының бірі екендігін ұғындыру;
Іс қағаздарын жүргізудің дербес ғылым екендігін білдіру;
Іс қағаздарын жүргізудің тарих; саясаттану, мұрағат ісі, тіл білімі, педагогика сияқты ғылым салаларымен байланысын көрсету. Болашақ мамандық иелерін іс қағаздарын толтыру әдістері мен оның мемлекеттік стандарттары, жазылу стилі, қызметі, мақсаты сияқты білім негіздерімен қаруландырып, қазақ тілінің қоғам дамуындағы рөлінің күшеюіне олардың септігі тиюін қамтамасыз ету.
Ресми құжаттарды жасайтын, жүргізетін, жазатын маманның кәсіби біліктілігі, мемлекеттік тілді жетік меңгеруі талап етілетіндігін түсіндіру.
1.8. Тапсырмалардың түрлері және олардың орындау мерзімі.
№ |
Бақылау түрі |
Жұмыс түрі |
Жұмыстың тақырыбы |
Әдебиеттер тізімі |
Тапсыру уақыты |
1 |
Ағымдық бақылау |
Құжат түрлерін жазу. Баяндама |
Өтініш. Арыз. Талап арыз Сенімхат. Қолхат Телефонхат Жеделхат Жарлық Бұрыштама Танысқы Қызметтік хаттар, түрлері. Мінездеме. Факс. Факс арқылы жіберілетін хаттар. |
1-апта 2-апта 3-апта 4-апта 5-апта 6-апта 7-апта |
|
2 |
І-ші Аралық бақылау |
Тест |
Аралық бақылау |
8-апта |
|
3 |
Бақылаудың басқа түрлері |
Реферат, хаттама дайындау |
XIX ғасырдағы ресми іс қағаздары тілінің қалыптаса бастауы. Хаттама. Хаттамадан үзінді. |
9-апта |
|
4 |
Бақылаудың басқа түрлері |
Реферат Мәтін дайындау Шығарма Баяндама Жеке іс парағын (бланкі) толтыру |
Жаңа түркі дәуіріндегі ресми іс қағаздары. Ресми іс қағаздары тілінің стилі. Іс қағаздары және олардың түрлері. Өмірбаян, оның түрлері. Жеке іс парағы |
10-апта 11-апта 12-апта 13-апта 14-апта |
|
ІІ-ші Аралық бақылау. Қорытынды бақылау |
Емтихан (ауызша) |
15-апта |
1.9. Тапсырмаларды орындауға ұсынылатын
әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер:
Сүлейменова Э. Д. Ресми-іскери қазақ тілі. Алматы: «Арман», 2002.
Қосымша әдебиеттер
1. Абахан Ә., Айтжанова С. С. Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізуді оқыту. ОӘК Алматы: ҚазҰТУ, 2004.
1.10. Студенттердің білімін бағалау жүйесі
Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың барлық курс пен барлық пәндері бойынша студенттердің білімін тексеруде рейтингтік бақылау қолданылады. Пайыздық-рейтингтік жүйеде іске асырылатын білімді бағалау туралы мәліметтер бақылаудың барлық түрі көрсетілетін шкала түрінде беріледі.
Қорытынды бақылау кезінде мамандық бойынша жұмыс оқу жоспарымен сәйкес пайыз бөлудің (1-кесте) үш нұсқасының бірі ғана таңдалып алынады.
Мамандық бойынша оқу жұмыс жоспарына енгізілген әрбір пәннің рейтингі қорытынды бақылауға тәуелсіз 100 пайыздық шкаламен бағаланады.
Әрбір пәнге келесі бақылау түрлері белгіленеді: ағымдық бақылау, аралық бақылау, қорытынды бақылау.
Ағымдық бақылау түріне: бақылау жұмысы, реферат, баяндама, семестрлік тапсырма жатады.
Қорытынды бақылау түріне байланысты бақылау түрлерінің балдық көрсеткіштері қолданылады. (1-кесте)
Бақылау түрлері бойынша пайызға % бөлу
№ |
Қорытынды бақылау түрі |
Бақылау түрлері |
Пайыз % |
1 |
Емтихан |
Қорытынды бақылау Аралық бақылау Ағымдық бақылау |
100 100 100 |
Бақылаудың барлық түрлерін өткізу бойынша
күнтізбе кестесі
«Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу»
пәні бойынша
1-кесте
Апталар |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
14 |
15 |
Бақылау түрлері |
ЛТ |
ЛТ |
ЛТ |
ЛТӨЖ |
ЛТ |
ЛТ |
ЛТ ӨЖ |
АБ |
ЛТ |
ЛТ |
ЛТ |
ЛТ |
ЛТ |
ЛТ |
ҚБ |
Бақылау-дың апталық саны |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
Бақылау түрлері: ЛТ лексикалық тақырып, Р реферат,
ӨЖ өздік жұмыс, АБ аралық бақылау, ҚБ қорытынды бақылау
Студенттердің білімін бағалау
Баға |
Әріптік эквивалент |
Пайызбен % |
Балмен |
Өте жақсы |
А А- |
95-100 90-94 |
4 3,67 |
Жақсы |
В+ В В- |
85-89 80-84 75-79 |
3,33 3,0 2,67 |
Қанағаттанарлық |
С+ С С- D+ D |
70-74 65-69 60-64 55-59 50-54 |
2,33 2,0 1,67 1,33 1,0 |
Қанағаттандырарлықсыз |
Ғ |
0-49 |
0 |
Модульдар мен аралық аттестация бойынша бақылау
жүргізуге арналған сұрақтар тізімі
I-VIII модульдар бойынша бақылау жүргізуге арналған сұрақтар:
1. VI-VIII ғасырлардағы көне түркі ескерткіштеріндегі қазақ іс
қағаздары тілінің тарихы.
2. Өтініш. Арыз. Талап арыз.
3. Орта түркілік дәуірде жазылған хан жарлықтарындағы ресми іс
қағаздарының стилі.
4. Сенімхат. Қолхат.
5. Армян жазулы қыпшақ ескерткіштеріне жататын құжаттар тілі.
6. Телефонхат. Жеделхат.
7. XIV ғасырда жазылған хан жарлықтарының қазіргі қазақ іс
қағаздарымен байланысы.
8. Жарлық. Бұрыштама.
9. Ресми іс қағаздары тіліне байланысты жазылған еңбектердегі негізгі
тұжырымдар.
10. Танысқы.
11. Ресми іс қағаздарындағы тілдік норма.
12. Қызметтік хаттар, олардың түрлері.
13. Мінездеме, оның түрлері.
14. Факс арқылы жіберілетін құжаттар.
15. Ресми іс қағаздары терминдерінің қалыптасуы.
16. XIX ғасырдың ІІ жартысында қазақша жазылған іс қағаздарының
тілі.
17. Хаттама. Хаттамадан үзінді.
IX-XV модульдар бойынша бақылау жүргізуге арналған сұрақтар:
1. Жаңа түркі дәуіріндегі ресми іс қағаздары.
2. Қазіргі қазақ әдеби тілінің стильдік тармақтары.
3. Түйіндеме.
4. Іс қағаздарының түрлері және оларды топтастыру.
5. Ұйымдық, өкілеттік құжаттар.
6. Өмірбаян, оның құрылымы.
7. Кадрлар жөніндегі жеке іс парағы.
8. Еңбек келісімі.
9. Бұйрық-жарлық құжаттары.
10. Бұйрықтың түрлері.
11. XIX ғасырдағы ресми іс қағаздары тілінің қалыптаса бастауы.
12. Хабарландыру. Кепілхат.
13. Анықтама. Акт.
14. Қазақ ресми іс қағаздары тілінің зерттелуі.
15. Алғашқы қазақ баспасөзінің ресми іс қағаздары тілін
қалыптастырудағы рөлі.
16. Ресми іс қағаздарын жазу мәдениеті.
17. Іс қағаздарының атаулары.
18. Қызметтік хат жазу мәдениеті.
Аралық аттестацияға арналған сұрақтар:
1. Іс қағаздарының түрлері қандай?
2. Іс қағаздарын жазу кезіндегі стильдік ерекшеліктер.
3. Іс қағаздарын жазуға қойылатын талаптар.
4. Өтініш қандай жағдайларда жазылады?
5. Арыз мазмұн-мақсатына қарай құжаттың қай түріне жатады?
6. Арыздың құрылымына қандай мәліметтер кіреді?
7. Талап арыздың шағым мен арыздан айырмашылығы неде?
8. Өмірбаян, оның құрылымы.
9. Қызметтік хаттар, олардың түрлері.
10. Түйіндеме қандай жағдайға, неге байланысты жазылады?
11. Түйіндеме мазмұнына қарай құжаттың қай түріне жатады?
12. Аттестациялық мінездеме.
13. Қызметтік мінездеме.
14. Сенімхат қандай жағдайларда жазылады, оны кім куәландырады?
15. Сенімхат қандай мерзімге беріледі?
16. Телефонхат. Жеделхат.
17. Қызметтік хат қандай бөліктерден тұрады?
18. Анықтама құрылымына қандай мәліметтер кіреді?
19. Анықтама не үшін беріледі?
20. Хаттама мазмұн-мақсатына қарай құжаттың қай түріне жатады?
21. Хаттаманың құрылымына қандай мәліметтер кіреді?
22. Хаттамадан үзінді қандай жағдайда дайындалады?
23. Хаттаманың үзіндісіне қандай мәліметтер кіреді?
24. Бұйрық құжаттың қай түріне жатады?
25. Бұйрықтың түрлері.
26. Жеке іс парағының құрылымына қандай мәліметтер кіреді?
27. Еңбек келісімі қандай мақсатта жазылады?
28. Еңбек келісімінде жазылатын негізгі мәліметтерді жазбаша
дайындау.
29. Еңбек келісімі қандай мерзімге жасалады?
30. Бұрыштама. Танысқы. Танысқы дегеніміз не?
1.11.Курстың саясаты мен процедурасы оқытушылардың студенттерден міндетті түрде сабаққа қатысуын, барлық бақылау түрі бойынша уақытында есеп беру, қатыспаған күндерін қайта тапсыру тәртібін талап етуден тұрады.
Бақылау түрлерін тапсыру барысында оқытылатын пәннің бірізділігін сақтау қажет.
2. Негізгі таратылатын материалдар мазмұны
2.1. Сабақ түрлері бойынша сағат бөлу
Тақырып атауы |
Академиялық сағат саны |
||
Тәжіри-белік са- бақтар |
СОӨЖ |
СӨЖ |
|
ескерткіштеріндегі ресми іс қағаздарына тән тілдік элементтер. |
2 |
2 |
2 |
ескерткіштеріндегі қазақ іс қағаздары тілінің тарихы. |
2 |
2 |
2 |
бөліктері XV-XVII ғасырлардан бастау алады. |
2 |
2 |
|
зерттелуі. |
2 |
2 |
2 |
5. XVІІІ ғасырда жазылған іс қағаздары. |
2 |
2 |
2 |
6. Ресми іс қағаздарындағы тілдік норма |
2 |
2 |
2 |
құжаттар. |
2 |
2 |
2 |
қалыптасуы. |
2 |
2 |
2 |
9. XIX ғасырдағы ресми іс қағаздары. |
2 |
2 |
2 |
10. Жаңа түркі дәуіріндегі ресми іс қағаздары. |
2 |
2 |
2 |
11. Ресми іс қағаздары тілінің стилі. |
2 |
2 |
2 |
12. Іс қағаздары және олардың түрлері. |
2 |
2 |
2 |
13. Жеке іс парағы. Еңбек келісімі. |
2 |
2 |
2 |
14. Бұйрықтың тарихы. Хабарландыру. |
2 |
2 |
2 |
15. Анықтама. Акт. |
2 |
2 |
2 |
Барлығы: |
30 |
30 |
30 |
Қазақ ресми іс қағаздары тілінің
қалыптасу тарихы
1-апта. 1-сабақ
1-тапсырма. Қазіргі іс қағаздары үлгілерінің көне түркі ескерткіштерінде жатқандығы туралы мәлімет алып, есте сақтаңыздар.
2-тапсырма. Мәтіннің мазмұнына сұрақ-жауап құрастырыңыздар.
3-тапсырма. Мәтінмен мұқият танысып, мағынасын түсініп, мазмұндаңыздар.
VI -VIII ғасырлардағы көне түркі жазба
ескерткіштеріндегі ресми іс қағаздарына
тән тілдік элементтер
VI VIII ғасырлардағы көне түркі жазба ескерткіштері тілінде қазіргі қазақ іс қағаздары тіліне тән элементтер мен құрылымдық ұқсастықтар, ресми іс қағаздары стилінің өзіндік белгілері, қазіргі іс қағаздары тілінде қолданылатын кейбір реквизиттер бар. Қазіргі қолданылып жүрген іс қағаздарының аттары аталмаса да құрылымдық, мағыналық тұрғыдан қарастырғанда, қазіргі іс қағаздары үлгілерінің тамыры VI VIII ғасырлардағы көне түркі жазба ескерткіштерінде жатқандығын байқауға болады. Қазақ іс қағаздары тілінің тарихы VI VIII ғасырлардағы көне түркі жазба ескерткіштерінен басталады. Ә. Қайдаров қазақ тілінің тарихи даму сатысы сонау хун, көне түркі дәуірінен басталғандығын айтады.
Орхон-Енисей ескерткіштерінің тілінде іс қағаздарының жеке түрлері кездеспегенімен, оларға тән тілдік бірліктер мен стильдік ерекшеліктерді, ал VIII-XIII ғасырлардағы жазба ескерткіштерінен көне түркілік дәуірге тән іс қағаздарының үлгілерін кездестіруге болады.
Қазақ іс қағаздары тілінің тарихы сол тілдің иесі болып табылатын халық тарихымен, қоғам тарихымен тығыз байланысты. Өйткені ол тілдің дамуы қоғамның дамуына, оның экономикалық өміріндегі өзгерістерге байланысты болады. Қоғам өміріндегі өзгерістер тілге әсерін тигізбей қоймайды. Ресми іс қағаздары тілінің тарихын қоғам тарихымен байланыстыра қараудың қажеттілігі осыдан келіп шығады.
Қазақ іс қағаздары тілінің тарихын зерттеуде екі принцип басшылыққа алынады. Бірінші принцип қазақ іс қағаздары тілінің тарихын оны туғызған, тілдік қатынас ретінде пайдаланған қоғам тарихымен тығыз байланыста, бірлікте қарау принципі. Екінші принцип қазақ іс қағаздары тілінің қалыптасу кезеңдерінде кездесіп отыратын түрлі тілдік фактілерді, тілдік ерекшеліктерді қазіргі қазақ тілімен салыстыра қарау принципі.
4-тапсырма. Құжат көшірмесіне берілген анықтаманың мағынасын түсініп, есте сақтаңыздар.
Құжат көшірмесі (копия документа) түпнұсқалық құжаттың толық мазмұны ешқандай өзгертусіз толық жазылып, оның ақиқаттығын растайтын лауазымды тұлғаның тегі, аты-жөнінің басқы әріптері мен қызметі жазылып, қолы қойылып, мөрмен бекітілген құжат.
5-тапсырма. Сұрақ-жауапты рөлге бөліп оқып, мағынасын меңгеріп алыңыздар.
Құжат деген не?
Құжат дегеніміз кейбір фактыны, бір жағдайды немесе затқа қатысты
адамның құқығын растайтын іс қағазы.
Заң деген не?
Заң мемлекеттің қаулысы, әр адам орындауға міндетті ережелер.
6-тапсырма. Сөз және сөз тіркестерімен сөйлемдер
құрастырыңыздар.
Іс қағазы, құқықтық мемлекет, адам құқығы, заң орны, термин сөздер, қаулы, міндет, кәсіби мамандық, жекеменшік.
7-тапсырма. Етістіктерден болымсыз етістік жасап, олармен сөйлемдер құрастырыңыздар.
Ү л г і: Құқық қорғау құқықты қорғамау. Мысалы: Республикада кейбір заң орындары жеке адамдардың құқығын толық қорғамайды.
Заңды білу, іс жүргізу, іс қағаздарын толтыру, заңға толық сәйкестендіру, азаматтық істерді қарау, құқықтық мемлекет принциптері, заңды орындау.
8-тапсырма. Шетелге сапарыңыздың мақсатын көрсетілген жолдарға қазақ тілінде жазыңыздар.
Туристическая поездка......................................................................................
Командировка....................................................................................................
Служебная командировка.................................................................................
Участие во всемирном симпозиуме.................................................................
По служебным делам........................................................................................
Учеба, стажировка............................................................................................
9-тапсырма. Төмендегі сөз және сөз тіркестерінің антонимдерін тауып, олармен сөйлемдер құрастырыңыздар.
Көне дәуір, өтінішті қанағаттандыру, рұқсат беру, қатысу, қалыптасу, кепілдік беру, мәжіліске шақыру.
10-тапсырма. Термин және терминологиядан қысқаша мәлімет алыңыздар.
Термин деген не?
Термин ғылым, техника, өнер және сол сияқты тұрмыстың белгілі бір
саласындағы ұғымдарды дәл айту үшін қолданылатын сөздер мен сөз
тіркестері.
Терминология деген не?
Терминология деген атаулардың жиынтығы.
Термин сөздер деген не?
Термин сөздер бір немесе бірнеше сөздердің жиынтығынан тұрып,
белгілі ұғымды білдіретін сөздер.
11-тапсырма. Төмендегі берілген терминдерді ғылым, техника, өнер, сәулет, жалпы ғылымдық салаларға бөліп жазыңыздар.
Ү л г і: Мұнай, металл, машина жасау техника ғылымының терминдері.
Телемеханика, компьютерлендіру, ақпараттандыру, есептеу, геология, эстетика, этика, шығармашылық, безендіру, ғылым, өнер, мәдениет, өнерпаз, драматург, білім, қоғам, тау-кен, картография, қайраткер, өнертапқыш, өлең, ән, би, әнші, биші, ақын, құрылыс, экономика, мұражай.
1-апта. 2-сабақ
12-тапсырма. Берілген іс қағаздарынан мәлімет алып, оның толтырылуына берілген түсініктемені меңгеріп алыңыздар.
Ө Т І Н І Ш. А Р Ы З. Т А Л А П А Р Ы З
* * * * *
А Р Ы З
Арыз азаматтардың заң арқылы қорғалатын құқықтары ескерілмей, оны қалпына келтіру туралы талап қойылған жағдайда, әлеуметтік әділетсіздік орын алғанда, заңды тұлға өзінің құқығын қорғау керек болғанда, тәртіпсіздік пен қылмысқа қарсы шара қолдануға шағым айта, жалпы келеңсіз жағдайлар жайлы жазылатын іс қағаздарының бір түрі.
* * * * *
Арыз азаматтардың құқықтары мен мүдделері бұзылған жағдайда, аталған мәселені шешуге құқығы бар мекеме басшысының атына жазылады. Арыз иесі орын алып отырған келеңсіздікті ретке келтіруді, жөндеуді, заңсыздыққа байланысты шара қолдануды талап етеді. Арызда жеке тұлғаның заңсыз іс-әрекеттері туралы мәлімет беріледі. Сол бойынша шара қолдануды талап етеді.
Арыз белгілі бір себеппен көбінесе жеке адамның атынан жазылады. Арыздың реквизиттері: кімге жолдағаны, кім жазғаны, құжат аты, мазмұны, қолы, жазылу мерзімі.
Арыздың құрылымы: 1. Құжат адресациясы (кімнің атына жазылғаны); 2. Құжат аты; 3. Негізгі мәтін; 4. Қосымша болса, оған сілтеме; 5. Жазылу мерзімі; 6. Қолы; 7. Арыз мазмұнымен келісушілердің қолы (егер бар болса). Арыздың мәтінінің соңында күнделікті қызмет этикасын сақтау сөздерін қолдана отырып, адресаттан қандай шешім күтетіндігі жазылады. Мысалы:
13-тапсырма. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер.
1. Арыз қандай жағдайда жазылады? 2. Арызға кім қол қояды? 3. Арыз
бірнеше адамдардың атынан жазылуы мүмкін бе? 4. Арызда жазылған мәліметтер тексеріле ме? 5. Арызда жазылған мәліметтердің растығына кім жауап береді? Арыз иесінің аты-жөні көрсетілмеуі мүмкін бе? 7. Арызда жазылған мәліметтердің барлығы әрқашан шындыққа негізделе ме?
14-тапсырма. Сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыздар.
Письменная жалоба. Письменная жалоба служебный документ, предназначенный для доведения до сведения должностного лица (как правило высшестоящего) информации узкой направленности в малом и среднем объеме. Жалоба в абсолютном большинстве случаев пишется персонально (то есть от имени одного лица ).
15-тапсырма. Сөз және сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыздар.
Құқық, азаматтардың құқығы, арыз бойынша тексеріс жүргізуіңізді сұраймын, қызметкердің заңсыз әрекеті, арызда көрсетілген мәлімет, арыз жазу, қалыптасқан жағдайға байланысты шара қолдануыңызды сұраймын.
16-тапсырма. Берілген құжаттардың үлгілерімен танысыңыздар.
Алматы қалалық халыққа қызмет
көрсету басқармасының бастығы
Қадырқұлова Розы Баймолдақызына
басқарма бастығының орынбасары
Н.С.Күдериновадан
А Р Ы З
Ү л г і:
Менің арыз беру себебім, аталған мекеменің тапсырыс арқылы қызмет көрсету бөлімінің бастығы Ж. Сәрсеновтың бөлім ережесі мен қызметтік нұсқау талаптарына қайшы келетін заңсыз іс-әрекеттеріне, рұқсат қағазынсыз сырттан келетін тапсырмаларды орындауына байланысты, басшылықтың рұқсатымен келіп жатқан тапсырыстар уақытында орындалмай, жұмыстың орындалу көрсеткіші төмендеп кетті.
Бөлім бастығының атқарып отырған жұмысына лайықты еместігін, әр түрлі заңсыздықтарға барып отырғандығын айта келіп, арыз бойынша тексеріс жүргізіп, шара қолдануыңызды сұраймын.
Басқарма бастығының
орынбасары ____________ Н.С.Күдеринова
қолы
18.02.2011
* * * * *
Т ә р т і п т і к ж а з а б е р у т у р а л ы
Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» Заңының 94 бабының 1 тармағына сәйкес жоспарлы кеңестердегі берілген тапсырмаларды бірнеше рет орындамағаны, аудан аумағының санитарлық тазалығы мен көріктендіру жөніндегі іс-шараларды өткізу бойынша жұмыстарды нашар ұйымдастырғаны үшін коммуналды шаруашылық бөлімінің бастығы Қожакеев Мақсат Әбікенұлына ескерту ретінде тәртіптік жаза берілсін.
Осы өкімнің орындалуын бақылау аппарат директоры Аңламасова Аяулым Бегалиқызына жүктелсін.
Негіздеме: 2009 жылдың 12 қазанындағы М.Ә. Қожакеевтің жазбаша түрде берген түсініктемесі.
Жетісу ауданы әкімінің ___________ Ілесова Қынагүл
орынбасары қолы Әбілқасымқызы
* * * * *
Орындалуға міндетті жұмысты жүктеу туралы
Ұйымдастыру-кадрлар ісі бөлімінің бастығы Бердиллаева Меңдіқыз Бексұлтанқызының еңбек демалысы кезіндегі міндетін атқару 2010 жылдың 28 мамырынан ұйымдастыру-кадрлар ісі бөлімінің бас маманы Шимаева Салтанат Мұсаханқызына жүктелсін. Жұмыс көлемінің ұлғаюына байланысты С.М.Шимаеваға қызметтік жалақысының үстіне 50 % мөлшерінде үстеме ақы төленсін.
Негіздеме: Өндірістік қажеттілік, Қазақстан Республикасының «Еңбек туралы» Заңының 72 бабы.
Ұйымдастыру-кадрлар
ісі бөлімінің меңгерушісі __________ Монтаева Ажархан
қолы Молдаханқыз
17-тапсырма. Әр түрлі заңсыз мәселелермен байланыстырып, үш түрлі арыз жазыңыздар.
18-тапсырма. Іс қағазының бір түрі өтініш қалай және қандай жағдайда жазылатындығымен танысып, жазылу үлгісін меңгеріп алыңыздар.
Ө Т І Н І Ш
Өтініш өздеріне берілген түрлі құқықтарды, заңмен бекітілген түрлі мүмкіншіліктерді пайдалану мақсатында, жеке тұлғаның немесе ұйымның атынан жазылатын іс қағаздарының бір түрі.
* * * * *
Өтініш көбінесе жеке адамдардың атынан жазылады. Үлкен ұжымның мүддесін көздейтін ұжымдық өтініш түрлері де кездеседі. Өтініш белгілі бір себеппен ғана жазылады. Әдетте бір ғана мәселе көтеріледі. Өтініш онда айтылған мәселені шешуге құқы және өкілеттілігі бар адамның атына жазылады.
Өтініш төмендегідей мақсаттарда жазылады:
Өтініш құрылымы және өтініште көрсетілетін негізгі мәліметтер:
4. Қосымша боса, оған сілтеме; 8. Қосымша тіркелетін құжаттар
5. Жазылу мерзімі; тізбесі (егер бар болса) және т.б.
6. Өтініш иесінің қолы;
Өтініш жазуға себеп болып отырған жағдайларды төмендегідей құрылымдар арқылы беруге болады:
Өтініштің жазылу мақсатын төмендегідей құрылымдар арқылы беруге болады:
19-тапсырма. Өтініштің үлгілерімен танысыңыздар.
Жұмысқа қабылдау туралы өтініш
Қ.И.Сәтбаев атындағы
ҚазҰТУ ректоры, профессор
Ж.М.Әділовке
Алматы қаласы, Әуезов көшесі № 125 үй,
14 пәтер тұрғыны А.Д.Қайыровадан
Ө т і н і ш
Ү л г і:
Мені Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың Тау-кен институтының «Материалтану» кафедрасына Матералтану пәнінің оқытушысы ретінде жұмысқа қабылдауыңызды сұраймын. Қажетті құжаттар бірге тіркеліп отыр.
23.05.2011 _____________ А. Д. Қайырова
қолы
* * * * *
Грант бөліміне ауыстыру туралы өтініш
Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ
Мұнай-газ ісі иститутының директоры
Т.А.Енсепбаев мырзаға
шифры 5В 070800 НДб-10-4р. тобының
студенті Қасымова Жадырадан
Ө т і н і ш
Ү л г і:
Мені 2010-2011 оқу жылының II семестрінен бастап мемлекеттік білім грант бөліміне ауыстыруыңызды сұраймын. Мен қысқы сессияның барлық емтихандарын «5»-ке тапсырдым.
25.12.2010 қолы_____________Ж.Қасымова.
Кандидаттық диссертацияны қабылдау
туралы
Қазақстан Республикасы Ғылым
Академиясы А.Байтұрсынұлы атындағы
Тіл білімі институтының директоры,
профессор Шерубай Құрманбаев мырзаға,
диссертациялық кеңестің төрайымы
Нұржамал Оңғарбаева ханымға
Ө Т І Н І Ш
Ү л г і:
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының 10.02.02 қазақ тілі мамандығы бойынша филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғайтын Д.14.05.04 диссертациялық кеңесіне «В.В.Радловтың «Түркі тілдер сөздігін жасау тәжірибесі» еңбегіндегі қазақ лексикасының құрамы мен құрылымы» тақырыбына жазған кандидаттық диссертациямды қабылдауыңызды сұраймын.
Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ
ұлттық техникалық университетінің
аға оқытушысы ______________ Бердиллаева Меңдіқыз Бексұлтанқызы
қолы
20-тапсырма. Төмендегі мәселелерге байланысты өтініш жазыңыздар:
1. Кезекті ақылы еңбек демалысын беру туралы;
2. Жалақыны көтеру туралы;
3. ҚазҰТУ ректорының атына I курсқа түсу үшін құжатын қабылдау
туралы;
4. Денсаулығына байланысты академиялық демалысқа шығу туралы.
21-тапсырма. Сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыздар.
Жұмысқа қабылдауыңызды сұраймын; отбасы жағдайыма байланысты; материалдық көмек көрсетуіңізді сұраймын; нұсқау беруіңізді сұраймын; өтінішімді орындауыңызды сұраймын; шешім қабылдауыңызды сұраймын.
22-тапсырма. Қазақ тіліне аударыңыздар.
Очередной отпуск; прошу вашего разрешения; внеочередной отпуск; прошу включить; просим выслать; содержание заявления; просим подтвердить; просим выслать необходимую нам документацию; прошу разрешить.
23-тапсырма. Берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.
1. Өтініштің құрылымына не кіреді? 2. Өтініш қандай мәселелерге байланысты жазылады? 3. Өтініш кімнің атына жазылады? 4. Өтінішке кім қол қояды? 5. Өтініштің мәтінінде қандай сөздер жиі қолданылады? 6. Өтініште қандай негізгі мәліметтер көрсетіледі? 7. Өтініш негізінен қандай мақсатта жазылады?
24-тапсырма. Талап арыз қандай іс қағазы? Мәлімет алып, талап арыз жазыңыздар.
Т А Л А П А Р Ы З
Талап арыз даулы құқықтық қарым-қатынасты шешу мақсатында аудандық не болмаса қалалық сот төрағасының атына жеке азаматтардың немесе заңды тұлғалардың атынан жазылатын іс қағазының бір түрі.
* * * * *
Талап арызда көрсетілген деректер бойынша сот өкілдері іс қозғайды. Талап арыз жазуға негіз болып отырған жағдай іс жүзінде дәлелденген жағдайда заң бойынша шара қолданылады. Талап арызды жазушы, яғни сотқа шағымданушы тұлға талапкер деп аталады. Талапкер жеке тұлға да, заңды тұлға да болуы мүмкін. Талап арызда көрсетілген деректер бойынша жауап беретін азамат немесе заңды тұлға жауапкер деп аталады.
Талап арыз негізінен төмендегідей мақсаттарда жазылады:
Талап арызда көрсетілетін негізгі мәліметтер;
Талап арыздың құрылымы:
25-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіздер.
1. Талап арыз қандай мақсатпен жазылады? 2. Талап арыз кімнің атына жазылады? 3. Талап арыздың арыздан айырмашылығы қандай? 4. Талап арыз беруші қалай аталады? 5. Жауапкер деген кім? 6. Талап арызға кімнің қолы қойылады?
26-тапсырма. Өмірде болған жағдайлармен байланыстырып, үш талап арыз жазыңыздар.
27-тапсырма. Сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.
Арыс иесі, қабылдау бөлімі, жұмыстан шығару, демалыс алу, келісім беру, талап арыз жазу, өтініш білдіру, қол қою.
28-тапсырма. Мұнай-газ компаниясы басшысының заңсыз іс-әрекеті туралы арыз жазыңыздар.
29-тапсырма. Талап арыздың үлгісімен танысып, оның қалай жазылатынын есте сақтаңыздар.
Алматы қаласы Бостандық аудандық
сотының төрайымы Рысқұлбекова
Күнәркүл Сейітқазықызына
талапкер (истец) Алматы қаласы
Наурызбай батыр көшесі 65 үй,
23 пәтер тұрғыны К.С.Әміровтен
жауапкер (ответчик) Алматы қаласы
Сейфуллин даңғылы № 98 ғимаратта
орналасқан «Жігер» Ашық
акционерлік қоғамы
Жалақыны өндіріп алу туралы
Т А Л А П А Р Ы З
Ү л г і:
Мен, Әміров Қайрат Сабырханұлы, «Жігер» Ашық акционерлік қоғамында 2007 жылдың 13 наурызынан бастап құрылысшы болып жұмыс істеймін. Мен жұмыс істеген төрт жыл аралығында ешқандай ескертусіз өзіме міндеттелген тапсырмаларды үлкен жауапкершілікпен орындап келемін. Бірақ аталған қоғам 2009 жылдың қаңтарынан бері менің жалақымды төлемей, күнде ертеңмен бүгінгі күнге дейін созып келді. Не себепті төлемей келгені белгісіз, сылтаулары әр түрлі.
Осыған орай, ҚР-сы Ата Заңының 13 бабының 2 тармағын, 24 бабының 1 тармағын, 76 бабының 3 тармақтарын басшылыққа ала отырып, жоғарыда айтылғандардың негізінде өтінемін:
а) менің моральдық құқығыма және
ә) материалдық жағдайыма қиындықтар туғызып,
б) 1,5 жыл бойғы еңбек ақымды төлемегені үшін менің 1 млн. 200 мың теңге мөлшеріндегі жалақымды өндіріп берсін.
Куә ретінде сотқа У.Қадыров, Г.Салимова, Н. Айдосов, О.Надыроваларды шақыруыңызды сұраймын.
Қосымша құжаттарды ұсынып отырмын:
Қолы__________ Күні: 06.10.2011
30-тапсырма. Сөз және сөз тіркестерін қазақ тіліне аударыңыздар.
Заявитель, краткое содержание письма, срок исполнения, дата передачи на исполнение, расписка в получении документа, факты подтвердились, решено положительно, результат рассмотрения заявления, характер задания.
2-апта. 3-сабақ
31-тапсырма. Қазақ іс қағаздары тілінің тарихының алғашқы басталу кезеңінен мәлімет алыңыздар.
32-тапсырма. Тарихи деректерге сүйеніп, мәтінді толықтырыңыздар.
33-тапсырма. Мәтінге жоспар құрып, жоспар бойынша әңгімелеп беріңіздер.
VI-XIII ғасырлардағы көне түркі жазба
ескерткіштеріндегі қазақ іс қағаздары тілінің тарихы
Қазақ іс қағаздары тілінің тарихы VI-XIII ғасырлардағы көне түркі жазба ескерткіштерінен басталады. Осы ғасырлардағы көне түркі жазба ескерткіштеріндегі іс қағаздарының үлгілері қазіргі іс қағаздарына қойылатын талаптардың бірқатарына жауап береді.
Орта түркілік дәуірде жазылған хан жарлықтары ресми іс қағаздарының стилімен жазылған мұра ретінде танылады. Бұл құжаттардың мазмұнында, грамматикалық құрылысында, стилінде қазіргі өкілеттік, анықтамалық- ақпараттық деп бөліп жүрген құжаттармен сәйкестік көп. Орта түркілік дәуірден бізге жеткен құжат үлгілері сан жағынан өте аз болғанымен, жарлық мәтіндерінің тілі сол дәуірдегі іс қағаздарының тілі мен өзіндік стилінің қандай болғанын көрсете алады.
XV-XVII ғасырларда жазылған армян жазулы қыпшақ тіліндегі құжаттарда іс қағаздары терминдері қалыптаса бастаған. Істің мазмұнының тақырып ретінде ірі әріптермен беттің ортасында жазылуы, құжатқа тақырып беру, оны жолдың ортасында жазу XVI ғасырда жазылған кейбір құжаттарда ғана көрсетіліп, кейін әр мәтіннің атын жолдың ортасына жазудың жүйелі сипат ала бастауының қалыптаса бастағандығын көрсетеді.
Қазақ тіл білімінде қазақ әдеби тілінің тарихына байланысты жазылған зерттеу еңбектерінің ресми іс қағаздары тақырыбына да қатысы бар екендігі даусыз. Бұл еңбектерде ресми іс қағаздарының тарихы көне түркі жазба ескерткіштері жазылған кезеңнен басталып қарастырылғандықтан, ескерткіштер тілін зерттеуге арналған Ғ. Айдаров, Ә. Құрысжанов, М. Томановтардың еңбектерінің түркі тілдері тарихын, оның ішінде қазақ ресми іс қағаздары тілінің тарихын зерттеуде өзіндік маңызы бар екендігі сөзсіз.
34-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.
1. Қазіргі іс қағаздары тілі қай кезеңнен басталады? 2. Мұра ретінде не танылады? 3. Орта түркілік дәуірдегі құжаттардың мазмұнында қай құжаттармен сәйкестіктер кездеседі? 4. Сол дәуірдегі іс қағаздарының тілі мен стилінің қандай болғанын не көрсете алады? 5. Қазіргі іс қағаздарының құрылымының ерте ғасырларда-ақ қалыптасқандығына қай тілдегі мәтіндер дәлел бола алады? 6. Құжаттарда іс қағаздары стиліне тән не қалыптаса бастады? 7. XVI ғасырда жазыла бастаған құжаттарда ненің қалыптаса бастағандығын көрсетеді? 8. Қазақ әдеби тілінің тарихына байланысты жазылған зерттеу еңбектерінің ресми іс қағаздарына қандай қатысы бар?
35-тапсырма. Мәтінді үш мағыналық бөліктерге бөліп, әр бөлігіне тақырып қойыңыздар.
36-тапсырма. Мәтіннен ресми іс қағаздарына қатысты сөздерді теріп жазып, олармен сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастырыңыздар.
Ү л г і: Көне; көне түркі; көне түркі ескерткіштері. VI-XIII ғасырлардағы көне түркі жазба ескерткіштеріндегі іс қағаздары үлгілері қазіргі іс қағаздарына қойылатын талаптардың бірқатарына жауап береді.
2-апта. 4-сабақ
37-тапсырма. Сенімхат пен қолхаттың қызметтері қандай, олар қандай жағдайларда жазылады? Берілген мәліметті меңгеріп алыңыздар.
С Е Н І М Х А Т. Қ О Л Х А Т
Сенімхат белгілі бір тұлғаның, құжат иесінің басқа біреуге, екінші бір тұлғаға бір істі атқаруға, нақты бір мәселеге байланысты (көбінесе мүлік сипатындағы) өз өкілеттігі мен құқығын пайдалануға рұқсат беретін құжаттарының, іс қағаздарының бір түрі.
Сенімхат кез келген төлем түрлерін, атап айтқанда, жалақы, шәкіртақы, зейнетақы, алимент, ақша аудару, сондай-ақ мүлікті ортақ пайдалану, көлік құралдарын иемдену, мұрагерлік құқы туралы куәлік алу үшін, сату, сатып алу, үй ауыстыру, сыйлық алу, автокөліктерді ауыстыру , сату және т.б. толып жатқан жағдайларда беріледі.
Сенімхаттар нотариалдық кеңседе куәландырылады. Нотариалдық кеңседе сенім беруші мен сенім алушы тұлғалардың жеке куәліктері арқылы жеке бастары анықталып, іс-әрекетке қабілеттілігі тексеріледі.
Сенімхат бір дана болып дайындалады, оның мазмұнына мыналар кіреді:
мекен-жайы қоса көрсетілген негізгі мәтін;
Төлемақы алу үшін берілген сенімхаттардың жарамдылығы 3 ай. Мүлікті пайдалану үшін берілетін сенімхаттардың жарамдылығы 3 жыл. Егер мүлікті пайдалануға берілген сенімхатта жарамдылық мерзімі көрсетілмесе, онда ол қол қойылған күннен бастап 1 жылға дейінгі мерзімде өз күшінде болады.
38-тапсырма. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер.
1. Сенімхат қандай мақсатта және қандай жағдайларда жазылады? 2. Сенімхатты кім куәландырады? 3. Сенімхат қандай мерзімге беріледі? 4. Сенімхатқа кімнің қолы қойылады? 5. Сенімхатта жазылу мерзімінің көрсетілуі қажет пе?
39-тапсырма. Сенімхаттың жазылу үлгісін есте сақтаңыздар.
С Е Н І М Х А Т
Ү л г і:
Қазақстан Республикасы Алматы қаласы
Он бесінші ақпан, екі мың он бірінші жыл
Мен, Мамекеева Ырыскүл Құсайынқызы, мекен-жайым Алматы қаласы, Әуезов көшесі 48 үй, 26 пәтер. Осы сенімхат арқылы Алматы қаласы Төле би көшесі 15 үйдің 41 пәтерінде тұратын Қайназаров Алмат Омарбайұлына өзімнің атыма жазылған пәтерді мекен-жайы Алматы қаласы, 3 ықшамаудан, 7 үй, 26 пәтер, сеніп тапсырамын.
Қайназаров Алмат Омарбайұлы қай кезде, қандай жағдайда болмасын аталған пәтерді қалаған бағасына сатуға, жалға беруге, ауыстыруға, сыйға тартуға, мұраға қалдыруға байланысты кез келген құжатты менің атымнан толтыруға, қол қоюға және аталған істердің барлығын менсіз-ақ сенімхат арқылы жүзеге асыруға құқы бар.
Сенім білдіруші _____________ Мамекеева Ырыскүл Құсайынқызы
қолы
Мөр басылады.
40-тапсырма. Сенімхаттың екінші үлгісімен танысыңыздар.
С Е Н І М Х А Т
Ү л г і:
Қазақстан Республикасы Алматы қаласы
Жиырма бесінші мамыр, екі мың он бірінші жыл
Мен, Монтаева Ажархан Молдаханқызы, Алматы қаласы, Тілендиев көшесі 211 үй, 5 пәтерінің тұрғыны, Алматы қаласы, Ақсай-1 шағын ықшамауданы, 12 үй, 62 пәтерде тұратын Сауытбеков Дәулет Жақсыбайұлына жеке куәлігі №012480193, 1995 ж. 14 сәуірде ҚР ІІМ-ігі берген, жүргізуші куәлігі АА № 1026115, «Toyota» маркілі автокөлікті, двигателі IW 813772, шасси IMЗ hv123807, мемлекеттік № phg 02113, түсі ақ, маған тиесілі көлікті, уақытша жүргізуіне сенім білдіремін.
Сенімхат 25 мамыр 2014 жылға дейін берілді.
қолы ___________
Мөр басылады. А. Монтаеваның
қолын растаймын
41-тапсырма. Сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыздар.
Предоставляю ему право заключить договор купли-продажи жилого дома. Предоставляю ему право получать необходимые справки связанные с данным поручением. Предоставляю ему право получить следуемые мне деньги. Предоставляю право выполнить все действия связанные с данным поручением. Полномочия по этой доверенности не могут быть переданы другим лицам.
42-тапсырма. Сөйлемдерді дұрыс құрастырыңыздар
1. Сатуға \аталған пәтерді\М.С.Қайырбеков\ құқы бар. 2. Аталған пәтерді \М.С.Қайырбеков\құқы бар\ жалға беруге. 3. М.С.Қайырбеков \құқы бар\сыйға тартуға\ аталған пәтерді. 4. Аталған пәтерді\ құқы бар\ М.С.Қайырбеков\мұра етіп қалдыруға. 5. Құқы бар \ М.С.Қайырбеков \ауыстыруға\ аталған пәтерді. 6. Құқы бар \ осы сенімхат арқылы\ аталған істердің барлығын\ жүзеге асыруға\ М.С. Қайырбеков.
43-тапсырма. Өз атыңызға пошта арқылы жіберілген 30 мың теңгені алу үшін досыңызға сенімхат жазыңыз.
44-тапсырма. Университет кассасынан сіздің шәкіртақыңызды алу үшін досыңыздың атына сенімхат жазыңыз.
45-тапсырма. Сөздікті жаттап алыңыздар.
сенімхат доверенность сенім доверие
сенім білдіру доверять сену верить
сенім білдіремін доверяю сенім беруші доверитель
сенім алушы доверенное лицо әрекет действие
менің көзімше в моем присутствии жеке тұлға физическое лицо
әрекетке қабілеттілік дееспособность
46-тапсырма. Сенімхатқа байланысты берілген тест тапсырмаларын орындаңыздар.
1. Сенімхат белгілі бір тұлғаның ................... растайды.
А) өмірбаянын
Ә) өкілеттігі мен құқын
Б) мекен-жайын
В) сенімхаттың жарамдылығын
2. Сенімхатқа ................... қолы қойылады.
А) хатшының
Ә) сенім алушының
Б) сенім білдірушінің және нотариустың
В) ата-анасының
3. Сенімхаттағы мәлімет ................ баяндалады.
А) бірінші жақта
Ә) екінші жақта
Б) үшінші жақта
В) жасырын формада
Қ О Л Х А Т
47-тапсырма. Қолхат іс қағазы қалай жазылады, оның құрылымына не кіреді, оның тарихы қай кезден бастау алады деген тұрғыда берілген ақпаратпен танысып, мәтінді мазмұндаңыздар.
Қолхат қағаз иесінің біреуден, не мекемеден бір затты (бағалы зат, құжат) алғандығын және оны белгілі бір мерзімде қайтарып беретіндігін міндеттеп көрсететін құжат.
Мұнда алынған заттың атауы, көлемі, саны, тізімі, т.б. беруші адамның аты-жөні, қызметі және заттың қайтарылу мерзімі толық көрсетіледі. Сандық белгілер жақша ішінде жазумен жазылады.
Соңынан қолхат берген адамның аты-жөні толық жазылып, күні, айы, жылы, қолы қойылады.
* * * * *
Көне түркі Орхон-Енисей ескерткіштері тілінде іс қағаздарының жеке түрлері кездеспегенімен, оларға тән тілдік бірліктер мен стильдік ерекшеліктер кездеседі. Ал VIII-XIII ғасырлардағы жазба ескерткіштерінен көне түркілік дәуірге тән іс қағаздарының үлгілерін кездестіруге болады. Оған көне түркі жазба ескерткіштерінен алынған материалдар дәлел бола алады.
Онда (ол ескерткіштерде): Қавсыду деген адамның бір күріні (күрі өлшем атауы) алғандығы, оны күзде екі күрі етіп беретіндігі, ал бере алмай кешіктірсе, өсіммен беретіндігін, берешек адам қайтыс болған жағдайда, оның інісі Қасұқ туыстарымен бірлесе отырып қайтаратындығы жазылған. Мәтін соңында Қабан және Бөдөк есімді екі куәнің аты жазылып, мұны Қавсыдудың өзі жазғандығы және өзінің белгісін қойғандығы жазылады.
Бұл мәтінде жазылған қолхаттың қазіргі іс қағазының бір түрі ретінде қолданылып жүрген қолхаттан еш айырмашылығы жоқ. Тіпті белгісін (мөрін) соғып, өз қолымен жазғандығына дейін көрсетілгендігіне, куәлардың аттарына дейін жазылғандығына қарап, сонау түркі дәуірінің өзінде іс қағаздарына тән заңдылық, дәлдік, құрылымдық, стильдік элементтердің бәрі бойынан табылатын құжаттардың болғандығына көз жеткізуге болады.
Құжатта егер қолхат иесі өзіне алынып отырған жауапкершілікті орындай алмай, қайтыс болған жағдайда бұл жауапкершілікті кімнің орындайтығына дейін көрсетілген. Құжатта куә, белгі, мөр, өзім жаздым деген мағынадағы сөздер қолданылған.
48-тапсырма. Мәтіннің бірінші мағыналық бөлігіне сұрақ-жауап құрастырыңыздар.
49-тапсырма. Мәтінге жоспар құрып, жоспар бойынша әңгімелеп беріңіздер.
50-тапсырма. Сөз және сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.
Қолхат беру, кепілақы, мерзімінде қайтару, қарызға алу, жауапкершілік, іс қағаздарының үлгілері, стильдік элементтер.
51-тапсырма. Қолхаттың үлгісімен танысыңыздар.
Қ О Л Х А Т
Ү л г і:
Мен, Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ Машина жасау институтының МФ-01-2қ. тобының студенті Досаев Абзал Қаржаубайұлы, Алматы қаласындағы Ұлттық кітапхананың сирек кітаптар қорынан Абай шығармаларының алғашқы басылымын 08.01.11 күні уақытша пайдалану үшін алдым. Кітапты бір айдың көлемінде 18.02.11 күні қайтарып беремін деп міндеттенемін. Жеке куәлігімнің № 136459896.
18.01.11 қолы_____________
А.Қ.Досаевтың қолын
Мөр басылады. растаймын
52-тапсырма. Берілген мәселелер бойынша қолхат жазыңыздар: қарызға ақша алу;
3-апта. 5-сабақ
53-тапсырма. Қазіргі іс қағаздары құрылымы бөліктерінің қалыптасу кезеңдерін сабақ барысында талқылаңыздар.
54-тапсырма. Мәтіннің мазмұнын тарихи деректерге сүйеніп толықтырыңыздар.
55-тапсырма. Мәтінмен мұқият танысып, мағынасын түсініп, мазмұндаңыздар.
Қазіргі іс қағаздары құрылымының негізгі бөліктері
XV-XVII ғасырлардан бастау алады
Қазіргі іс қағаздары құрылымының негізгі бөліктері XV-XVII ғасырларда-ақ қалыптасқандығына XV-XVII ғасырларда жазылған армян жазулы қыпшақ тіліндегі құжат мәтіндері дәлел бола алады. Құжаттарда іс қағаздары стиліне тән стандарт тілдік бірліктер қолданылып, әр құжаттың датасы мен билердің аты-жөндері көрсетілген. Ант ішкен адам (присяжный), төреші, сот, қолхат сөздерінің қолданылуы және іс қағаздарын жүргізу мәдениетінің сол дәуірдің өзінде қалыптаса бастағандығын көрсетеді.
Армян жазулы қыпшақ ескерткіштеріне жататын құжаттар тілін Алтын Орда дәуірінде қолданыста болған әдеби тілдің, зерттеушілер еңбегінде хан жарлықтарының тілі деген атпен беріліп жүрген іс қағаздары тілінің жалғасы деп тануға болады. Сондықтан да бұл құжаттар бір ғасыр бойы хатқа түсіп, ресми іс қағаздарына тән өзіндік стилі қалыптасқан қыпшақ тілінің іс қағаздары үлгісі ретінде бағалау керек.
Қазақ іс қағаздары тілінің негізі XVIII ғасырда жазылған іс қағаздары. Бұл дәуірде жазылған іс қағаздарының, атап айтқанда Ресеймен арадағы қарым-қатынасқа байланысты жазылған құжаттардың көпшілігінің Ресей архивінде сақталып, кейіннен жинақ болып баспадан шығуы сол кездегі іс қағаздары тілінің қандай сипатта болғандығын анықтауға мүмкіндік береді.
Бұл кезеңдегі ресми іс қағаздарына қазақ хандарының, сұлтандардың, батырлардың, старшиналардың патшаға және орыс әкімшілік орындарына жазған хаттары жатады. Бұлардың бірқатары сол кезеңдегі саяси-құрылыс туралы және т.б. жинақтарда жарияланды. Бұл ресми іс қағаздары сол кезеңдегі қазақ даласының саяси, әлеуметтік, экономикалық жағын бейнелеумен қатар, XVIII ғасырда қазақ іс қағаздары тілі қандай болғанын да көрсете алады.
56-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.
1. Қазіргі іс қағаздары құрылымының негізгі бөліктері XV-XVIII ғасырларда қалыптасқандығына не дәлел бола алады? 2. Құжаттарда не қолданылған? 3. Әр құжаттың нелері көрсетілген? 4. Сол дәуірде қай сөздердің қолданылуы қалыптаса бастаған? 5. Армян жазулы қыпшақ ескерткіштеріне жататын құжаттардың тілін ненің жалғасы деуге болады? 6. Қазақ іс қағаздары тілінің негізі қай ғасырда жазылған? 7. Сол кездегі іс қағаздары тілінің қандай сипатта болғандығын анықтауға не мүмкіндік береді? 8. Кімдерге жазған хаттар сол кездегі іс қағаздарына жатады?
3-апта 6-сабақ
57-тапсырма. Хаттың түрлері телефонхат және жеделхатпен мұқият танысып, берілген мәліметті есте сақтаңыздар.
Т Е Л Е Ф О Н Х А Т
Телефонхат (телефонограмма) мазмұны телефон немесе радио арқылы жеткізілетін жедел сипатты құжат.
Телефонхаттың жеделхаттан айырмашылығы сіз өз ақпаратыңызды телефон немесе радио арқылы тікелей мәлімдей аласыз. Мекеменің екі лауазымды адамы бір-бірімен тікелей сөйлесе алады. Лауазымы төмен адамға тапсырма бере алады. Байланыстың екінші жағында тұрған адам сіз телефонмен айтқан ақпаратты жазып алады, сағат қаншада қабылдап алғанын журналға тіркейді, ал телефонхат мәтіні аса күрделі болмауы керек.
Телефон арқылы жіберілген ақпараттың, хабардың тақырыбы, нөмірі, жіберілген күні және қабылданған уақыты жөніндегі мәлімет, байланыс жүйесін іске асырған адамның аты-жөні, телефонның немесе рацияның нөмірі тіркеледі.
Телефонхат, радиохат мәтіні арнаулы бланкке немесе таза қағазға жазылып алынады, оған мекеме немесе жауапты қызметкер қол қояды.
Бұл құжаттың ерекшелігі оның мекемеге бірден келіп түсетіндігі. Телефонхаттар басқа қызметтік хаттар сияқты есептеледі, қабылданады, сақталады.
Телефонхат құрылымына төмендегілер кіреді:
Телефонхатты қабылдап алған адам ақпарат кімге жіберілсе, сол адамға телефонхаттың келгендігі туралы бірден мәлімдейді. Телефонхатты жіберуші адам қабылдап алған адамның аты-жөнін журналға жазып алады.
Мекемеде жіберілген, келген телефонхаттарды тіркеп отыратын арнайы «Телефонхаттар журналы» болады. Ол екі бөліктен тұрады: Бірінші бөлікте мекемеге келіп түскен телефонхаттар жазылады. Екінші бөлігі жіберілген телефонхаттар мәтіндерін жазуға арналады.
58-тапсырма. Мәтіннің мазмұнына берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.
1. Телефонхат қандай қызмет атқаратын құжат? 2. Телефонхаттың жеделхаттан айырмашылығы неде? 3. Телефонхат қалай, не арқылы беріледі? 4. Телефон арқылы жіберілген хабар қалай тіркеледі? 5. Телефонхатты қалай қабылдап алады? 6.Телефонхаттың құрылымына не кіреді? 7.Телефонхаттың қабылданған уақытын не үшін көрсетуге тиіс?
59-тапсырма. Телефонхаттың үлгілерімен танысыңыздар.
Т е л е ф о н х а т
Ү л г і:
№ 4 зауыт өндіріс бөлімінің бастығы Аспандияр Өмірбековке!
Желтоқсанның 25-сі күні сағат таңертеңгі 9.00-дан 16.00-ға дейін өндіріс цехы мен зауытқа қарасты № 3, 4, 6, 7 тұрғын үйлерге ыстық су беру тоқтатылады. Осы мәліметті зауыт әкімшілігі мен № 3, 4, 6, 7 тұрғын үй кооперативтерінің төрағаларына жеткізуіңізді сұраймыз.
Қол қойған: № 3 ЖЭС бастығы Ілесова Қынагүл Әбілқасымқызы.
Жіберуші: Абилмажинова Әсел Қуанышбекқызы тел. 395-46-80.
Желтоқсанның 24-і, 2010 жыл, сағат 16.00.
Т е л е ф о н х а т
Ү л г і:
ҚР-сы шығармашылық ұйымдарының жетекшілері Ақмарал Итемирова, Мағжан Карамендина, Гүлдария Рыскелдиеваларға!
2010 жылдың 23 шілде күні сағат 11.00-де Республика сарайында ҚР-сы шығармашылық ұйымдары жетекшілерінің Халықаралық конкурсқа кандидатуралар дайындау жөнінде бас қосуы болады. Бас қосуға белсенділік танытуларыңыз сұралынады.
Тағайындалатын күнге сіздердің қарамағыңыздағы ұйым мүшелерінен кандидатураларды қатыстыру мәселесін ұйымдастырыңыздар.
Қол қойған: Республикалық шығармашылық ұйымдар бірлестігі ақпарат
бөлімінің бастығы Оспанова Шолпан Мұхтарбекқызы.
Жіберген хатшы: Қалықова Әлия Жұманқызы.
20.07.2010 күні сағат 9.00-да қабылдап алған Абилмажинова Әсел Қуанышбекқызы.
60-тапсырма. Әр түрлі мәселелермен байланыстырып, 2-3 телефонхат жазыңыздар.
61-тапсырма. Сөз және сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.
Телефонхат, мәлімет, жауапты қызметкер, кеңсе қағаздары, телефон байланысы, телефонхаттың құрылымы.
62-тапсырма. Төмендегі жағдайлармен байланыстырып, телефонхат жазыңыздар.
1. Сіз Тау-кен институтының директорысыз. Институттағы барлық кафедра меңгерушілеріне телефонхат жіберіңіз. Қандай мәселеге байланысты телефонхат жібересіз?
2. Сіз қазақ тілі кафедрасының меңгерушісіз. Кафедра оқытушыларына қандай мазмұнда телефонхат жібересіз?
Ү л г і:
Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың барлық иституттарының директорларына!
Үстіміздегі жылдың 26 күні сағат 16-дан 18-ге дейін барлық иституттарға қарасты ғимараттарда электр қуатын беру тоқтатылады. Институт директорларының осы уақыттағы сабақтардың өткізілу мәселесін шешуі сұралынады.
Қол қойған: ҚазҰТУ ректоры Ж.М. Әділов.
Жіберген хатшы: Бакиева Айгүл Әдікенқызы, тел.: 292-04-71.
2010 жылдың 25 маусымы, сағат 12.00.
63-тапсырма. Жеделхат қандай қызмет атқаратын құжат? Мәлімет алыңыздар.
Ақпараттық-анықтамалық құжаттар
* * * * *
Ж Е Д Е Л Х А Т
Жеделхат телеграмма; жеделхат жіберу послать телегармму; жеделхат алу получить телеграмму.
Жеделхат:
Жеделхаттың құрылымына төмендегілер кіреді:
Жеделхаттар арнайы баспахана қағаздарына толтырылады. Оның мәтініне ерекше телеграф стилі тән: кіріспе, көмекші сөздер, жалғаулықтар, тыныс белгілері қойылмайды. Жеделхаттың мәтіні қысқа, дәл, анық болуы керек.
Халықаралық жеделхаттар орыс және латын шрифтерімен, жаңа жолсыз, тасымалсыз, түзетулерсіз басылады.
Халықаралық жеделхаттың мекен-жайы бөлімінде жеделхаттың категориясы туралы белгі, қабылдаушының аты, жіберілген елдің атауы көрсетіледі. Мәтінге ұйым басшысының қолы қойылады.
Халықаралық жеделхаттың сол жақ төменгі бұрышында нөмірі, күні, орындаушының аты-жөні, қызмет телефонының нөмірі көрсетіледі.
64-тапсырма. Жеделхаттың үлгілерімен танысыңыздар.
Ж Е Д Е Л Х А Т
Ү л г і:
480013, Алматы, Пушкин 22, ҚР ҰҒА Ядролық физика институты. Директорға.
Сынақтың екінші кезеңі сәтті аяқталды. Зерттеу жұмысын жалғастыру талаптарын күтемін. Материалдарды мына мекен-жайға жіберіңіз: Атырау, Абай 7, Өмірбеков А.
* * * * *
480020, Алматы, Сәтбаев 22, ҚазҰТУ. Ректорға
Қазақ ұлттық техникалық университетінің ашылғанына 70 жыл толу мерекесімен бүкіл университеттің ұжымын құттықтаймын! Жас кадрларды, инженер мамандарын даярлауда үлкен жетістіктерге жете беріңіздер.
ҚР Білім және Ғылым
министрлігінің министрі
Б.Т. Жұмағұлов
65-тапсырма. ҚР-ның Президентіне, ҚазҰТУ ректорына, өздеріңіз оқитын институттың директорына жұмыстағы ірі-ірі жетістіктерімен құттықтау мәтінін құрастырып, жеделхат жазыңыздар.
4-апта. 7-сабақ
66-тапсырма. XIV ғасырда жазылған жарлықтар тілінің зерттеуінен қысқаша мәлімет алып, өзара пікір алысып, ой бөлісіңіздер.
67-тапсырма. Мәтіннің мазмұнына сұрақтар қойып, оларға жауап дайындаңыздар.
68-тапсырма. Мәтінмен мұқият танысып, мазмұндаңыздар.
Бұйрық-жарлық құжаттары
* * * * *
XIV ғасырда жазылған жарлықтар
тілінің зерттелуі
Түркі тілдері, оның ішінде қазақ тілінің тарихы үшін де өте құнды деректердің бірі болып табылатын XIV ғасырда жазылған жарлықтар тілін зерттеуге арналған А.Ибатовтың «XVI ғасырдағы хандар жарлықтарының тілі» еңбегі де іс қағаздары тілінің қалыптасу кезеңін көрсететін, нақты материалдарға ғылыми талдау жасаған құнды зерттеу жұмысы. А.Ибатов: «Жарлықтар сан жағынан өте аз іс қағазы болғандықтан, көлемі жағынан да шағын болып келеді. Бірақ соған қарамай, онда қолданылған сөздер мен олардың неше алуан өзіндік ерекшеліктері қазіргі тілдердің қалыптасып тұрақталу тарихын байыптап аңғару ісінде бірден-бір қажет материалдар»,
деп, жарлық мәтіндері тілінің қазіргі ресми іс қағаздары тілінің қалыптасу тарихын зерттеуге қажетті, құнды материал екендігін атап көрсетеді.
Қазіргі қазақ тілінде әмір, бұйрық, мағынасын беретін ресми іс қағазының бір түрінің атауы ретінде қолданылатын жарлық сөзі Орхон-Енисей жазба ескерткіштер тілінде йарлық формасында кездеседі. Ол осы күнгі жарлық сөзінен өзгеше емес.
XIV ғасырда жазылған хан жарлықтарын қазіргі қазақ іс қағаздары тілімен тікелей тарихи байланысы бар мұра ретінде қарастырады. Бұл жөнінде А. Ибатов: «Жарлықтар тексті болса, сол орта ғасыр жазба әдеби тілінің стильдік бір тармағы ретінде, іс қағаздарының стилімен жазылған мұралар қатарында танылуы қажет», деп жазады.
XIV ғасырда жазылған хан жарлықтарынан бізге жеткені он шақты ғана. Жарлықтар бір бет көлемінде болып келеді. Зерттеуші А.Ибатовтың пікіріне сүйенсек, жарлық мәтіндерінде шамамен 350-дей түрі және туынды сөздер қолданылған. Ол сөздердің көпшілігі түркі тілдеріне тән сөздер болғандықтан, түркі тілдес ұлт өкілдері жарлықтардың мазмұнын қиындықсыз-ақ түсіне алады.
Жарлық мәтіндерінде түсініксіз сөздер де кездеседі. Олардың біразы монғол тілімен байланысты болса, біразы араб сөздері. Жарлық мәтіндерінде жер-су, кісі аттары жиі кездеседі.
XIV ғасырда іс қағаздарының әлі жеке іс қағазы болып қалыптаса қоймағандығы байқалады. Ондағы грамматикалық ерекшеліктер араласа беріліп отырған. Бірақ жарлықтың өзінде анықтамалық-ақпараттық құжаттарға тән ерекшелік баяндауыштың ашық райда берілуі. Ал өкімдік құжаттарға тән ерекшелік баяндауыштың бұйрық рай формасында келуі. Екіншіден, бұл құжаттарды құрылымына қарай куәлік, анықтама, бұйрық, жарлық деп бөлуге болса да, іс қағаздарын жүргізу мәдениетінің әлі қалыптаса қоймағандығынан, олардың бәрін жарлық деп атаған. Сол дәуірдегі Темір-Құтлұғ жарлығы мазмұны мен құрылымы жағынан қазіргі бұйрыққа жақын.
4-апта. 8-сабақ
69-тапсырма. Жарлық қандай жағдайда шығарылады, оның құрылымына не кіреді? Берілген ақпаратты меңгеріп алыңыздар.
Ж А Р Л Ы Қ
Жарлық басқарудың шұғыл мәселелері бойынша шығарылатын құқықтық акт. Оған жұмыс орнындағы бірінші басшы қол қояды. Жарлықтың мәтіні бұйрықтағыдай құрамды бөліктерден тұрады. Оның мазмұны толық, дәл, анық болуы керек.
Жарлық бөлігі жеке жолға жазылған «БҰЫРАМЫН» деген сөзден басталады. Мәтіннің бұл бөлімінде орындалатын істер, оған жауапты адамдардың аты-жөні, лауазымы, іске асыру мерзімі көрсетіледі. Ол нөмірленген тармақтарға бөлінуі мүмкін. Әр тармақ үшінші жақ бұйрық райдың ырықсыз етіс тұлғасындағы етістіктерден (тапсырылсын, жариялансын, т.б.) және бұйрықты орындаушыны (лауазымды адамды немесе бөлімшені) көрсетуден басталады.
Орындауға жауаптылықты: «Бұйрықтың орындалуын бақылау (лауазымы, аты-жөні) «жүктелсін» деп көрсетіледі.
Жекеленген тапсырмалар бұйрыққа қосымша ретінде берілуі мүмкін және бұйрық мәтінінде оларға сілтеме қосымшаға сәйкес жасалуы тиіс. Егер қосымшалар бірнешеу болса, олардың әрқайсысы нөмірленеді.
Жарлық сөзінің мағынасы әмір беру, бұйыру, бұйрық беру сөздерінің мағынасына өте жақын. Көне замандағы хан, қаған жарлықтары да, қазіргі үкіметтің, президенттің жарлықтары да бір адамға немесе адамдар тобына ғана емес, көпшілік халыққа берілетін, жалпыхалықтық сипаттағы әмір, бұйрық.
Жарлықтың бұйрықтан негізгі айырмашылығының өзі оның барлығына жарияланатын, барлығы орындауға, бағынуға, назарға алуға тиіс құжат екендігінде.
70-тапсырма. Жарлықтың үлгілерімен танысыңыздар.
Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық
университеті
әл-Машани атындағы Жоғары технологиялар және тұрақты даму институты
Қазақ тілі кафедрасы бойынша
ЖАРЛЫҚ №10
Ү л г і:
Ф.ғ.к., доцент С.С. Айтжанованың отбасы жағдайына байланысты 2010 жылдың қараша айындағы 19-20 күндердегі сабақтарын өткізу төмендегі оқытушыларға жүктелсін.
Жұма: 11 25 -12 15 5В072100-0№1 р/о-1к 611 ГУК 12 25- 13 15 5В072100-0№1 р/о-1к 611 ГУК
13 30 -14 20 5В072100-0№1 р/о-1к 611 ГУК
14 25 -15 20 5В070800-0№5 р/о-1к 807 ГУК
1525 - 16 15 5В070800-0№5 р/о-1к 807 ГУК
16 30 - 1 720 5В070800-0№5 р/о-1к 807 ГУК
Сенбі: 14 25 - 1520 5В071200-0№0 р/о-1к 611а ГУК
15 25 - 16 15 5В072300-0№1 р/о-1к 611а ГУК
16 30 -1720 5В072300-0№1 р/о-1к 611а ГУК
Сабақты жүргізетін аға
оқытушы: _____________ Сағымбаева В.М.
қолы
Оқытушы _____________ Қалықова Ә.Ж.
қолы
Жарлыққа қол қойған
кафедра меңгерушісі, профессор ________ Г.Т. Тұрсынова
қолы
Ү л г і:
Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті
әл-Машани атындағы Жоғары технологиялар және тұрақты даму институты
Қазақ тілі кафедрасы бойынша
ЖАРЛЫҚ №12
Аға оқытушы А.М.Монтаеваның 25.01.2011-04.02.2011 аралықтарында сессияға шығуына байланысты, осы күнгі сабақтарын аға оқытушы В.М.Сағымбаева жүргізсін.
25.01.11. сағ.1230-1520 5В072000 №1Р/о 1к, 608 ГУК
26.01.11. сағ.925-1215 5В070900 №1Р/о 1к, 614 ГУК
29.01.11. сағ.925-1215 050722 №1Р/о 2к, 609 ГУК
01.02.11. сағ.1230-1520 5В072000 №1Р/о 1к, 608 ГУК
02.02.11. сағ.925-1215 5В070900 №1Р/о 1к, 614 ГУК
Сабақты жүргізетін аға оқытушы ________ Сағымбаева В.М.
қолы
Жарлыққа қол қойған
кафедра меңгерушісі, профессор ________ Г.Т. Тұрсынова
қолы
71-тапсырма. Сіз Қ.И.Сәтбаев атындағы Машина жасау институтының директорысыз. Сіз басқарып отырған институтта белгілі бір мәселеге байланысты жарлық шығарыңыз.
72-тапсырма. Бұрыштама қалай жазылады? Берілген мәліметпен танысып, бұрыштама жазуды үйреніп алыңыздар.
Б Ұ Р Ы Ш Т А М А
(Резолюция)
Бұрыштама (Резолюция) келіп түскен іс қағаздарының бұрышына жазатын мекеме басшысының қысқаша нұсқауы.
Бұрыштама жазу түскен құжат мазмұнымен сіздің танысқандығыңыздың ғана емес, сонымен қатар ол бойынша қандай шешім қабылдағаныңыздың, нұсқау бергендігіңіздің белгісі. Сіздің күнделікті танысып, нұсқау беретін құжаттардың сан түрлілігіне қарай, жазылатын бұрыштама түрі де соншалықты көп болуы мүмкін. Ең бастысы бұрыштама қысқа жазылуы, нұсқауды орындауға тиіс адам мен орындау мерзімі, не істеу керектігі анық көрсетілуі керек. Бұрыштамада мағынасы екіұшты сөздер жазылмайды.
Бұрыштама үлгілері:
1.Таныстым; 15. Шара қолданылсын;
2. Келісемін; 16. Өтемақы төленсін
3. Бекітемін; 17. Жәрдемақы берілсін;
4. Растаймын; 18. Мәселе қаралады;
5. Куәландырамын; 19. Бекітілсін;
6. Қарыс емеспін; 20. Қабылданбайды;
7. Қызметінен босатылсын; 21. Жеке еңбек шарты бұзылсын;
8. Орындалсын; 22. Бақылауға алынсын;
9. Шешілсін; 23. Өзгерістер енгізілсін;
10. Қаралады; 24. Тағайындалсын;
11. Іске қосылсын; 25. Арнайы комиссия құрылсын;
12. Тапсырылсын; 26. Қосымша мүмкіндіктер
13. Жолға қойылсын; қарастырылсын.
14. Жауапты адам 27. Жарамсыз деп танылсын;
тағайындалсын; 26. Жұмыстан шығарылсын
Бұрыштама ресми стильде жазылады. Басы артық сөздер қолданылмай, істің негізгі мәні ғана айтылады. Бұрыштама соңына күні жазылып, басшы қолы қойылады немесе фамилиясы жазылады.
73-тапсырма. Екі мәселе бойынша мәтінін өздеріңіз құрастырып, өтініш жазып, өтініштегі мәселеге байланысты бұрыштама жазыңыздар.
74-тапсырма. Өзіңіз оқитын институт директорының атына денсаулығыңызға байланысты академиялық демалыс сұрап өтініш жазып, оған бұрыштама жазыңыздар.
75-тапсырма. Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ ректорының атына өз еркіңізбен жұмыстан босатуын сұрап өтініш жазып, оған бұрыштама жазыңыздар.
76-тапсырма. Төмендегі сөздердің синонимдік қатарын жазып, оларды қатыстыра отырып, ресми іс қағаздары стилінде сөйлемдер құрастырыңыздар.
Беделді, бөтен, бірдей, дағдылану.
5-апта. 9-сабақ
77-тапсырма. XVIII ғасырда жазылған іс қағаздары қанай дәрежеде болды? Сабақ барысында талқылаңыздар.
78-тапсырма. Ресми іс қағаздары тілінің дамуы, қалыптасуы кезеңдерін анықтау үшін не маңызды болды? Пікірталас ұйымдастырыңыздар.
79-тапсырма. Мәтінді оқып, мағынасын меңгеріп, мазмұндаңыздар.
XVIII ғасырда жазылған іс қағаздары
Т.Р.Қордабаевтың «Тарихи синтаксис мәселелері» атты еңбегінде XVIII ғасырда жазылған іс қағаздары тіліндегі септік жалғауларының, шылаулардың қызметі, сөйлем мүшелері және олардың бір-бірімен байланысы талданып, құжаттардағы жай сөйлем мен құрмалас сөйлемдердің синтаксисі қарастырылады. Ресми іс қағаздары тіліне байланысты ғылыми пікірлер мен тұжырымдар І.Кеңесбаев, М.Балақаев, С.Исаев, Р.Сыздықова, т.б. да ғалымдардың қазақ әдеби тілінің тарихына қатысты жазылған еңбектерінде айтылған. Олар қазақ әдеби тілінің тарихына XVIII ғасырдан бастап талдау жасағанымен, оған дейін де қазақ әдеби тілін танытатын үлгілердің болғанын жоққа шығармайды.
Ол жөнінде: «XVIII ғасырдан бұрын да қазақ көркем әдеби тілін танытатын үлгілер болғанын ескере отырып, әдеби тіліміздің тарихын қолымыздағы талдау объектісі боларлық материалдары бар XVIII ғасырдан бастадық», деп жазады. Бұл еңбекте XVIII, XIX, XX ғасырлардағы қазақ ресми іс қағаздары тілін танытатын материалдарға талдау жасалады.
Р.Сыздықованың қазақ ресми іс қағаздары тілінің даму, қалыптасу кезеңдерін анықтап, талдап, оның ерекшелігін көрсету мақсатында жүргізген еңбектерінің зерттеу жұмыстары үшін маңызы зор. XVIII ғасыр мен XX ғасырдың I жартысындағы ресми қағаздардың тілі туралы: «Аталған кезеңдегі қазақ даласында тіл тәжірибесінің және бір түрі болды. Ол қазақтың хан, сұлтан, старшындарының әкімшілік орындарына және бір-біріне жазысқан әр түрлі сипаттағы (мазмұндағы) қағаздары мен хаттарының тілі болды», деп көрсетеді.
80-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.
1. Т.Р.Қордабаевтың қай еңбегінде не қарастырылды? 2. Ресми іс қағаздары тіліне байланысты ғылыми пікірлер кімнің еңбектерінде айтылды? 3. Олар нені жоққа шығармайды? 4. Ол жөнінде не деп жазды? 5. Ол еңбекте неге талдау жасады? 6. Р.Сыздықованың еңбектерінің не үшін маңызы зор? 7 XX ғасырдың I жартысындағы ресми іс қағаздарының тілі туралы не аталып көрсетілді?
5-сабақ. 10-сабақ
81-тапсырма. Танысқы (визитка) қандай болу керек, ол не үшін керек? Мәлімет алыңыздар. Танысқыны пайдаланыңыздар.
Т А Н Ы С Қ Ы (Визитка)
Танысқы (визитка) дегеніміз бір-бірімен танысқан адамдардың бір-біріне беретін қысқаша мәліметі бар іс қағазы.
Танысқы іскерлік қатынас жасау үшін өте керек құжат. Ол 14-ші шрифтпен толтырылады, сөздері анық, бояуы қанық болуға тиіс. Аты-жөні жазылады, фамилиясы бас әріптермен теріледі. Мысалы БЕКБОЛАТОВ Аслан Қайырбекұлы.
Қызметі туралы тек ресми атқаратын қызметі жазылады. Уақытша атқаратын қызметтері жазылмайды.
Ғылыми дәреже, атақтары қажеттілігіне қарай көрсетіледі. Құпия ұстайтын мәліметтері жазылмайды.
Жұмыс, ұялы телефондары, жұмысының мекен-жайы жазылады. Ал үйдің телефонын көп жағдайда әркімнің өзінің шешіміне қарай көрсетпейді. Танысқы көп жағдайда 50x90 мм-лік көлеміндегі қатты қағазға жазылады. Қызметіне қарай олардың түр-түсі әр түрлі болып келеді. Мысалы:
5. Ғылыми интеллигенция, Ішкі істер министрлігі, Қорғаныс министрлігі, Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті, мемлекеттік құрылым қызметкерлері қарапайым түрде жасатқанды ұнатады. Тағы басқа да қызметтерге қарай әр түрлі болады.
Танысқыларды кейбір жағдайда бір-екі ауыз сөз жазып тапсыруға болады. Мысалы: «Жауап күтемін», «сенбі күні сағат 1400-де келемін», « жұма сағат 1500-де күтемін», т.б. түрінде жазып беруге болады.
Дүниежүзі практикасында іскерлік қатынас кезінде де, жеке басқа қатысты жағдайда да қолданылатын, визит карточкалары арқылы жүзеге асыруға болатын бірнеше жағдайды ескеруге болады:
«p.f» 2000 жаңа жыл қарсаңында, «p.f» 8 8 наурыз, «p.f» (кез келген қуанышты күн, мейрам күндері) белгілерін қойып, танысқыңызды өзіңіз немесе біреу арқылы тапсыруға болады.
Бұл айтылған белгілердің кез келгенін ресми, ресми емес, іскерлік, іскерлік емес қатынастың барлық түрінде қолдануға болады. Танысқыда жазылған мәлімет шын болуы керек.
82-тапсырма. Танысқыға берілген мәтіннің мағынасын түсініп, меңгеріп, мазмұндаңыздар.
83-тапсырма. Өзіңіздің бірнеше қызметіңізді көрсетіп, танысқы жазыңыздар.
84-тапсырма. Танысқының үлгілерімен танысыңыздар.
Ү л г і:
Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ ЖТТДИ Қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі, профессор Тұрсынова Гүлбаршын Тұрсынқызы ___________________________________ Қазақстан Республикасы тел.:(727) 395-40-56 480091, Алматы қаласы факс (3727)392-50-31 Ұялы телефон: 8 701 756 28 16 |
Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ ЖТТДИ Қазақ тілі кафедрасы Профессор Шүленбаева Ұлбике Рахымбердіқызы ____________________________________ Қазақстан Республикасы тел.:(727) 365-22-92 480091, Алматы қаласы факс (3727) 364-47-15 Ұялы телефон: 8 701 342 67 19 |
ASTUR корпорациясы Микрохирургия орталығы Итемирова Ақмарал Сейітқызы Бас дәрігер ___________________________________ Қазақстан Республикасы тел.:(727) 395-40-56 480091, Алматы қаласы факс (3727) 392-50-31 Ұялы телефон: 8 701 756 28 16 |
Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ ЖТТДИ Қазақ тілі кафедрасы Ф.ғ.к., доцент АйтжановаСәуле Сейіткәрімқызы Қазақстан Республикасы тел.:(727) 365-22-92 480091, Алматы қаласы факс (3727) 364-47-15 Ұялы телефон: 8 701 342 67 19 |
Корпорация Kaz Book Promotion Ахметбаева Ұлан Жапашқызы Президент ___________________________________ Қазақстан Республикасы тел.:(727) 395-40-56 480091, Алматы қаласы факс (3727) 392-50-31 Ұялы телефон: 8 701 756 28 16 |
Қазақстан Республикасы Жазушылар Одағының төрағасы Садақбаев Тәңірберген Тұрсынбайұлы _________________________________ Қазақстан Республикасы тел.:(727) 365-22-92 480091, Алматы қаласы факс (3727) 364-47-15 Ұялы телефон: 8 701 342 67 19 |
6-апта. 11-сабақ
85-тапсырма. Іс қағаздарындағы тілдік норманы қалай түсінесіздер? Мәтінмен танысып, тақырып төңірегінде пікірталас ұйымдастырыңыздар.
86-тапсырма. Мәтінді екі мағыналық бөліктерге бөліп, бірінші мағыналық бөлігіне сұрақ-жауап құрастырыңыздар. Екінші мағыналық бөлігін орыс тіліне аударыңыздар.
87-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, мағынасын түсініп, мазмұндаңыздар.
Ресми іс қағаздарындағы тілдік норма
Норма тілдің өзі ұсынып отырған тәртіп, нормалану сол тәртіптерді тілдің өзінің қалыптастыруы. Жалпы тілдік норма, мүлдем өзгермейтін құбылыс емес. Қоғамдағы түрлі қарым-қатынастың өзгеруіне байланысты тілдік норма да өзгеріп отырады. Сондықтан тілдік норманы сөз еткенде, қазіргі қазақ іс қағаздарына тән тілдік норма тарихи құбылыс ретінде қарастырылады. Тілдік норманың қалыптасып, даму процесінде қоғамның әлеуметтік, саяси өміріндегі факторлар үлкен рөл атқарады.
Іс қағаздары тілінде жиі қолданылатын «талқылау» сөзі бұрын «теріні талқыға салып жұмсарту» мағынасында тілдік норма болып қолданылса, кейін «мәселені жан-жақты тексеріп, пікір алысу» мағынасында қолданылып, тілдік нормада айтылған. «Талқылау» сөзіндегі «талқы» илеуден шығып шала кептірілген теріні жұмсарту үшін қолданылатын ағаштан жасалған құрал-аспап.
Бір кезде қолданылған түрлі құрылымдар мен формалар уақыт өте келе әдеби тіл нормасынан шығып қалуы мүмкін. Мысалы, XVIII-XIX ғасырлардағы іс қағаздары үшін ресми хаттың басында адресатты мақтайтын, дәріптейтін сала құлаш сөздер мен ұзақ эпитеттердің қолданылуы сол кездегі ресми стиль үшін норма болып табылған.
1773 жылы 18 желтоқсанда жазылған Досалы сұлтанның Е.И.Пугачевқа жазған хатының аудармасынан мысал келтірейік. Хат: «Аса жоғары мәртебелі держава иесі, ұлы император, бүкілресейлік самодержавец және басқа да сансыз көп аймақтардың әміршісі, аса мархаббатты патша және менің жоғар мәртебелі патшам Емельян Ивановичке », деп басталады.
Мұндай мадақ сөздердің тек хат мәтіндерінде ғана емес, іс қағаздарының басқа түрлері үшін де норма болғандығын 1823 жылы жазылған құжаттардан да көруге болады. Тіл дамуының бір кезеңінде норма емес элементтер нормаға, керісінше норма болып есептелетін элементтер нормаға жатпайтын элементке айналуы мүмкін. Бұл айтылғандарға ғылыми-зерттеу еңбектерінен мысалдарды көптеп келтіре беруге болады.
Іс қағаздарын тек сауатты жазу ғана талап етілмейді, ондағы сөздерді, сөз тіркестерін дұрыс, тілдік номада қолдану талап етіледі.
88-тапсырма. Қызметтік хаттардың жеке хаттардан айырмашылықтарын ажыратып, өз сөздеріңізбен түсіндіріңіздер.
89-тапсырма. Қызметтік хаттарды жазудың қалыптасқан тәртібі қандай, оның құрылымына не кіреді? Өзара пікір алмасыңыздар.
90-тапсырма. Қызметтік хаттардан мәлімет алып, мәтінді мазмұндаңыздар.
Ақпараттық-анықтамалық құжаттар
* * * * *
Қ ы з м е т т і к х а т т а р
Қызметтік хаттар қандай да бір мәселе туралы мекемелер, ұйымдар және жеке тұлғалармен ақпарат, пікір алмасу, байланыс жасау құралы қызметін атқаратын, ресми мақсаттарда қолданылатын әр түрлі мазмұндағы басқару құжаттарының бірі.
Қызметтік хаттар жұмыс барысында, басқару қызметінде туындайтын жеке мәселелерді шешу үшін қолданылады. Оның негізгі мақсаты іс-әрекетке кірісудің қажеттілігін сендіру, көрсету, түсіндіру болып табылады.
Қызметтік хатты жазудың қалыптасқан тәртібі бар. Ол тәртіп қашанда сақталуы керек. Хат мынандай бөліктерден тұрады:
1. Хат жолданып отырған мекеменің аты мен адресаттың аты-жөні. Алдымен жолданып отырған мекеменің аты, келесі жолға адресаттың лауазымы, аты-жөні жазылады. Ер адамға мырзаға, әйел адамға ханымға деп жазуға болады немесе лауазымын ғана көрсетуге болады. Мысалы: Республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің редакторына; Алматы қаласының №54 орта мектебінің директорына, т.б.
2. Кіріспе сөз. Ресми кіріспе сөздің көпшілікке қабылданған стандарт формалары бар. Кіріспе сөзді жұмсартып қолданған жөн. Кіріспе сөз мекеме, ұйымға да, ұйым басшысына да жеке дара айтыла береді. Мысалы: Құрметті Т.Т.Садақбаев мырзаға!
Егер сіз мекемеге хат жаза отырып, хатқа сол мекемедегі нақты бір тұлғаның назар аударғанын қаласаңыз, оң жақ бұрышына, жеке жолға Аспандияр Өмірбеков мырзаның назарына, В.М. Сағымбаева ханымға, т.б. деп жазуға болады.
3. Хаттың жалпы мазмұн, мақсатын көрсететін бөлігі. Кей жағдайда негізгі мәтіннен бұрын хаттың жалпы мазмұнын, мақсатын білдіру үшін қысқаша мәлімет жазылады. Мысалы: № 20 тапсырманың орындалуы жайлы; К.Т. Садықовтың ісіне байланысты; Жазғы сессияның қорытындысы жайлы, т.б. Сілтемелер қысқа, әрі нақты болуы керек.
4. Негізгі мәтін. Негізгі мәтінді үш бөлікке бөледі. Бірінші кіріспе бөлім, екінші негізгі фактілер берілетін бөлім, үшінші қорытынды. Қорытындыда негізгі ұсыныс, шешім, нұсқаулар айтылады.
5. Жіберушінің қызметі, қолы, аты-жөні. Хаттың бұл бөлігінде жіберушінің ресми қызметі, аты-жөні жазылады және қолы қойылады. Егер қол қоятын адам бірнешеу болса, ол лауазым дәрежесіне қарай тәртіппен жазылады. Мысалы:
№ 26 гимназияның директоры ___________ К.Б.Жақсылықова
қолы
№ 32 гимназияның меңгерушісі ___________ Г.А.Аужанова
қолы
6. Қосымшаларға сілтеме (егер бар болса). Егер құжатта қосымша болса, ол хаттың соңында ескертіледі. Мысалы: Көлемі 6 беттен тұратын қосымша бөлек жіберіліп отыр немесе бұл құжаттан бөлек 10 беттік қосымшаны қоса жіберіп отырмыз, т.б. Қосымшаларды міндетті түрде қосымша деп жазу керек. Мысалы: қосымша 1, қосымша 2, қосымша 2а, т.б.
7. Құжатты дайындаушы туралы мәлімет. Бұл мәлімет қосымшалар туралы мәліметтен кейін көрсетіледі. Мысалы: 1. Орындаушы; Құжатты дайындаушы. 2. Құжатты дайындаушының аты-жөні; 3. Жұмыс телефоны; 4. Құжаттың дайындалған мерзімі. Құжатты дайындаушы туралы мәлімет, мысалы:
Орындаушы: Аяулым Аңламасова Құжатты дайындаған:
Тел. 284-30-56 Әлия Қалықова
15.02.2011 тел. 371-05-42
14.04.2011
Компьютерде терген: Қосымшаларды дайындаған:
Әсел Абилмажинова Айгүл Бакиева
тел. 369-21-80 тел: 292-65-58
25.05.2011 10.06.2011
Қызметтік хаттың мәтіні жеңіл, қысқа, нақты, сауатты жазылып, оңай оқылатындай болуы керек.
91-тапсырма. Қызметтік хатқа берілген мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер.
1. Қызметтік хат қандай мақсаттарда жазылатын іс қағазы? 2. Қызметтік хаттар не үшін қолданылады? 3. Оның негізгі мақсаты не? 4. Хат қандай құрылымдардан тұрады? 5. Хаттың кіріспе бөлімінде не жазылады? 6. Жеке тұлғаның назарын аудару керек болғанда не жазылады? 7. Хаттың нақты мазмұнын, мақсатын білдіру үшін не жазылады? 8. Мәтінді неше бөлікке бөледі? 9. Қосымшалар қандай тәртіппен жазылады? 10. Құжатты дайындаушы туралы айтып беріңіздер.
92-тапсырма. Тест тапсырмаларын орындаңыздар.
1. Бетті бастым. Бетті сөзі сөйлемнің қай мүшесі?
А) Бастауыш
В) Баяндауыш
С) Анықтауыш
Д) Толықтауыш
Е) Пысықтауыш
2. Қай сөйлемнің бастауышы мен баяндауышының
арасына сызықша қойылады?
А) Көп оқу білім алудың негізгі шарты.
В) Мынау өзі аттатар емес.
С) Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол.
Д) Екі күймек бір жанға әділет пе?
Е) Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі.
3. Қысқарған сөздердің қатарын табыңыздар.
А) Аққу, әкел
В) Аспан, анар
С) Қарақұс, шекара
Д) Өмірзақ
Е) Бегәлі
4. Сөйлемнен іс қағазының қай түрін анықтауға болады?
Мені қазақ тілі курсына тыңдаушы етіп
қабылдауыңызды сұраймын.
А) Сенімхат
В) Қолхат
С) Өтініш
Д) Хаттама
Е) Мінездеме
6-апта 12-сабақ
93-тапсырма. Қызметтік хаттың қанша түрін білесіздер? Берілген мәтіннен мәлімет алыңыздар.
94-тапсырма. Әр қызметтік хаттың қызметімен танысып, олардың жасалу формаларын біліп алыңыздар.
95-тапсырма. Қызметтік хаттардың түрлеріне берілген түсініктемелерді меңгеріп, есте сақтаңыздар.
Қызметтік хаттардың түрлері
Жазылу мақсатына, хатта қамтылатын мәселенің ерекшелігіне байланысты қызметтік хаттардың бірнеше түрлері болады:
1. Ресми хат официальное письмо. Менің атыма ресми хат келді на мое имя поступило официальное письмо.
Ресми хаттар. Белгілі бір ортаның атқаратын жұмысына байланысты мәселелер жазбаша қарастырылады. Олар ресми түрде мекеменің атынан жазылады және қызметтен тыс мәселені қозғамайды.
2. Қызметтік жеке хаттар официальные личные письма. Мекеме жетекшісі қызметтік жеке хат алды руководитель учереждения получил официальное личное письмо.
Қызметтік жеке хаттар қызметтен тыс мәселелерге арналады. Қызметтен тыс мәселелер адамның өз қызметімен, ұйымның атқаратын қызметімен шеше алатын мәселелерімен тікелей байланыста болады. Бұл хаттар тұлға атынан жазылады.
3. Ұсыныс хат письмо-предложение. Мен ұсыныс хатпен таныстым. я ознакомился с письмом- предложением.
Ұсыныс хаттар. Бұл хатта қызметкерді белгілі бір орынға, қызметке ұсыну туралы басшыға ұсыныс жасайды. Аталған қызметкердің сол орынға лайық екендігіне кепілдеме береді. Бұл хатқа ұсыныс жасаған тұлға ғана қол қояды.
4. Шағым хат письмо-жалоба. Жасалған қылмыстық іске шағым хат келіп түсті Поступило письмо-жалоба за совершенное уголовное дело.
Шағым хаттар. Белгілі бір мекеменің немесе мекеме қызметкерлерінің, жеке тұлғалардың заңсыз іс-әрекеттерін көрсетіп, соған орай шара қолдануды сұрау мақсатында жазады. Хат мазмұнының құндылығы хатта көрсетілген нақты, заңды, дәл фактілерге байланысты. Шағым хатқа шағымданушы адам, кейде хат мазмұнына байланысты мекеменің жауапты қызметкері де қол қояды.
5. Бұйрық-жарлық хат циркулярное письмо.
Циркуляр хаттар. Әкімшілік жағынан бағынышты барлық мекемелерге бір мерзімде жіберілетін хат. Олар негізінен тапсырма беру сипатында болады.
6. Сұраныс хаттары. Бұл хаттар да белгілі бір мақсатпен ғана жазылады. Мекемеден керекті ақпаратты немесе белгілі бір құжатты жіберуін сұрайды. Сұраныс хатқа мекеменің жауапты адамы қол қояды.
7. Жолдама хаттар. Жіберілген құжаттардың аттары, сол құжаттармен бірге жіберілген қосымша материалдардың құрамы, мазмұны, көлемі, саны жайлы мәліметтерді көрсету үшін жазылады. Жолдама хатқа мекеме басшысы қол қояды.
8. Өтініш хатта мекемелерден бір нәрсе жөнінде мәлімет беру сұралады.
9. Хабарлама хат анықтамалық сипатта жазылады.
Ол жұмыс барысында ескеру, басшылыққа алу үшін жоғарыдан төменгі бөлімшелерге жіберіледі.
10. Кепілдеме хат. Белгілі бір мекеменің іс-әрекеттің орындалуын өз
мойнына алып, екінші мекемеге кепілдік бере жазатын хат.
11. Ілеспе хаттар сопроводительные письма. Бұл хаттар адресатқа хатқа қоса жіберілген құжаттар туралы ақпарат беретін құжат. Ұсынылып отырған құжатқа түсінік береді, оның орындалу уақытын көрсетеді, кешіктіру себебін түсіндіреді.
12. Хабарлама хаттарда фактілер көрсетіліп, «хабарлаймыз», «хабардар етеміз» деген сөздер арқылы жазылады. Стиль бойынша шақыру хатына ұқсайды.
13. Жарнамалық хаттар нақты адресатқа жіберіледі. Жарнамалап отырған тауарлар мен қызмет көрсетулердің бағасы көрсетіледі. Бұл хаттың негізгі мақсаты ұсынылып отырған іске қызығушылықты арттыру.
14. Шақыру хатта (письмо-приглашение) адресатты, нақты тұлғаны, мекеме қызметкерлерін белгілі бір іс-шараға қатысуға шақыру. Шақыру хатында жүргізілетін іс-шараның сипаты беріліп, өтетін мерзімі, нақты уақыты көрсетіледі.
15. Коммерциялық хаттар келісім-шарттар жасау және орындау кезінде жазылады. Сатып алушының өтініші бойынша тауарлар және өнімдер туралы ақпарат беруін өтіну немесе тауар жіберуге ұсыныстар, сатушылардың жауаптары, жарнамаға жауаптар болуы керек.
16. Бастама хаттар жауап беруді талап ететін хат. Бұл хаттар қандай да бір мәселені шешуді өтіну, ұсыныс жасау, сұрау мазмұнында болады.
17. Жауап хаттар бастама хаттардың сипаттамасына байланысты болады. Бастама хатта қойылған мәселелерді шешетінін, ұсыныс, өтінішті орындап қабылдайтындығын немесе бас тартатындығын, сұралған мәліметтің, іс-әрекеттің орындалған, орындалмағаны жөнінен хабар, мәлімет береді.
18. Ескертпе хаттар жүргізілген іс-шаралардың, небір міндеттемелердің орындалу мерзімінің жақындағанын немесе өтіп кеткенін көрсетеді. Мұндай хаттар «Ескертеміз» деген сөзбен аяқталады.
96-тапсырма. Қазақ тіліне аударыңыздар.
Просим сообщить, составляются при заключений и выполнений контрактов, обязательство, мероприятия, разновидность данных писем, принять участие, мы рады пригласить вас, прошу принять.
97-тапсырма. Қызметтік хаттардың бір түрі Жолдама хаттың үлгісімен танысыңыздар.
Ж о л д а м а х а т
Қазақ мемлекеттік ғылыми-
техникалық ақпарат ғылыми-зерттеу
Ү л г і: институтының директорына
Абай атындағы Алматы мемлекеттік педагогикалық университетіндегі филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғайтын ДР 14.05.2010 диссертациялық кеңес 10.02.02 қазақ тілі бойынша Карамендина Мағжан Өміртайқызының «Қазақ тіліндегі көсемшенің мағынасы мен қызметінің дамуы» атты кандидаттық диссертация жұмысын және авторефераттың екі данасын мемлекеттік тіркеу мен микрофильмнен өткізу үшін жіберіп отыр.
Диссертацияның қорғалатын күні 11 маусым 2011 ж.
Диссертация кеңесінің
төрайымы, профессор __________ Тұрсынова Гүлбаршын
қолы Тұрсынқызы
98-тапсырма. Топтағы студенттер қызметтік хаттардың 18 түрін өзара 3-4 хаттан бөліп алып, хат жазыңыздар.
7-апта. 13-сабақ
99-тапсырма. Іс қағазының бір түрі мінездеме туралы мәлімет алып, оның қай жағдайда, қалай жазылатынын түсініп алыңыздар.
100-тапсырма. Мінездеменің қандай түрлері бар, олардың әрқайсысын неге байланысты жазады? Өзара бір-біріңізбен ой бөлісіңіздер.
101-тапсырма. Мінездемеге берілген түсініктемемен мұқият танысып, оның құрылымын меңгеріп, есте сақтаңыздар.
М І Н Е З Д Е М Е
Мінездеме түрлі мекеме, ұйым, бірлестік, оқу орны тарапынан берілетін, белгілі бір адамды өмірбаяндық, біліктілік, кәсіптік, адамшылық тұрғыда жазбаша сипаттау мақсатында жазылатын анықтамалық-ақпараттық іс қағазының бір түрі.
* * * * *
Мінездеме белгілі бір адамды, қызметкерді оқу орнына, қызметке ұсыну, конкурстан өткізу, т.б. мақсатта жазылады. Мінездемеде ұсынылған адамның адамшылық қасиеттері, мінез-құлқы, кәсіптік шеберлігі, отбасы жағдайы жазылады.
Мінездеменің екі түрі бар: 1. Қызметтік мінездеме; 2. Аттестациялық мінездеме.
Қызметтік мінездеме мінездеменің айрықша кең тараған формасы. Қызметкерді объективті, әрі нақты мінездеу қажет болған жағдайда жазылады.
Аттестациялық мінездеме белгілі бір адамның атқарып отырған қызмет орнына лайық, лайық еместігін тексеру мақсатында жүргізілетін аттестация қорытындысына орай жазылады. Мұндай мінездеменің қорытынды бөлігі міндетті түрде атап көрсетіледі.
Қорытындысында: Атқарып отырған қызметіне лайық; Атқарып отырған қызмет орнына лайық емес; Қызмет бабында жоғары қызметке ұсынуға лайық; Кәсіптік дайындық деңгейін, басшылық қызметтегі тәжірибесін ескере отырып, Қ.Т.Орынбаевты конкурстық негізде статистика бөлімінің бастығы қызметіне ұсынуға болады, деген нақты шешімі жазылады.
Мінездеме төмендегідей құрылымдардан тұрады:
Университетте қызмет істеген жылдары С.У.Омарбаев өзін өте білімді, сауатты, алға қойған мақсатына жете білетін, өзіне де, өзгеге де талап қоя білетін жауапты қызметкер, білгір маман ретінде көрсете біледі деген сияқты т.б. мәліметтер қамтылады.
бөлігі болып табылады.
Мінездеме жеке еңбек шартын ұзарту үшін берілді; Мінездеме диссертациялық кеңеске тапсыру үшін берілді; Мінездеме Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің қабылдау комиссиясына құжат тапсыру үшін берілді, т.б.
Қ. Тұрысов атындағы Геологиялық-
барлау институтының директоры,
профессор _____________ Өмірсеріков М.Ш.
қолы
7. Мінездеме берілген күні, айы, жылы көрсетіледі.
8. Қосымша (егер бар болса).
102-тапсырма. Мінездеменің үлгілерімен танысыңыздар.
ҚР-сы Ғылым Академиясы А. Байтұрсынұлы атындағы
Тіл білімі институтының экспериментальды-фонетика бөлімінің кіші ғылыми қызметкері Нұргүл Ержұманқызы Шаймерденоваға
М І Н Е З Д Е М Е
Ү л г і:
Н. Шаймерденова А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының экспериментальды-фонетика бөлімінде 1989 жылдан бері кіші ғылыми қызметкер болып жұмыс істейді. Жалпы тіл білімі мен фонетика саласында теориялық дайындығын жетілдіру үстінде. Сол уақыттан бері Н.Шаймерденова өзінің ұқыптылығымен, өзіне тапсырылған жұмысқа үлкен жауапкершілікпен қарайтындығымен, жұмысты мұқият орындайтындығымен көрініп келеді.
Бөлімнің жоспарлы жұмысын уақытылы орындап, фонетикалық материалдарды жинап, дайындады. Бөлімнің ұйымдастырған I-ші Бүкілодақтық «Түркі фонетикасы» атты ғылыми-тәжірибелік конференциясының ұйымдастыру комитетінің мүшесі болып, басқа да ғылыми-теориялық конференцияларға қатынасып, бірнеше рет баяндама жасады. Өзінің терең білімін, ғылыми-зерттеу жұмыстарына деген зор қабілетін көрсете білді.
Қоғам жұмысына, мәдени іс-шараларға, қазіргі қазақ тілі теориясы мен оқыту әдістемесі бағытындағы түрлі жұмыстарға белсене араласып келеді. Ғылым кандидаты дәрежесін алуға қажетті талаптарды толық орындап, 1991 жылдың наурыз айында «Қазақ тіліндегі қосымшалардың ерін үндестігі» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. Соңғы уақытта әр түрлі жоба тақырыптарымен шұғылдануда.
Мінезі жайдары, біртоға, сабырлы, көпшілікпен ортақ тіл табыса біледі, айтылған сынды дұрыс қабылдайды, ағылшын тіліне жетік, жолдастарына адал.
Бөлім Н.Шаймерденованы аға ғылыми қызметкер дәрежесіне көтеруге лайық, ғылыми жұмыс істеуге қабілеті бар деп есептейді.
Бөлім меңгерушісі,
п.ғ.д., профессор ___________ Жақсылықова Күләй
қолы Бәймендіқызы
Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті Ө.А.Байқоңыров атындағы Тау-кен институтының II курс студенті Жаманкеев Нұрлан Қамалұлына
М І Н Е З Д Е М Е
Ү л г і:
Жаманкеев Нұрлан Қамалұлы 1985 жылы 9 ақпанда Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Шонжа ауылында дүниеге келген. 1991-2001 жылдар аралығында Шонжа орта мектебінде оқыды. Мектепті бітірген соң, 2001 жылы ҚазҰТУ-дың I курсына қабылданды.
Жаманкеев Нұрлан мінезі ашық, әрқашан көңілді жүреді, музыкаға әуес. Достарына адал, олардан көмегін аямайды. Қандай тапсырмаға да жауапкершілікпен қарайды. Өз қателерін түсініп, түзетуге тырысады, сынды дұрыс қабылдайды.
Университет қабырғасындағы қоғам жұмыстарына белсене араласады, спортпен шұғылданады. Университетте жылда өткізілетін «ҚазҰТУ көктемі» атты конкурсқа қатысып, 2-ші орынға ие болды. Базалық білімін жетілдіріп отырады, әдебиеттерді көп оқиды.
Мінездеме Медеу ауданының әскери бөлімшесіне тапсыру үшін берілді.
Тау-кен институтының
директоры,
т.ғ.д., профессор _____________ Искаков Б.И.
қолы
* * * * *
Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті Ә.Бүркітбаев атындағы Металлургия институтының
аға оқытушысы
Қуаныш Өміртайұлы Әлихановқа
М І Н Е З Д Е М Е
Ү л г і:
Қ.Ө.Әлиханов 1963 жылы 5 қаңтарда Семей облысы, Аягөз ауданы, Баршатас ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ, білімі жоғары, ҚР-ның азаматы. Орта мектепті бітіргеннен кейін, 1980 жылы ҚазҰТУ компьютерлік техника факультетіне түсіп, оны 1985 жылы үздік дипломмен бітірген.
1985-1988 жылдар аралығында Ғылыми-жобалау институтының аға ғылыми қызметкері, ҚазҰТУ Металлургия институтының аға оқытушысы.
Ол Ғылыми-жобалау иститутының бақылау-өлшеу аппараттары бөлімінде аға инженер болып жұмыс істеген кезінде қабілетті, білімді, ұқыпты қызметкер ретінде өзін жағымды жағынан көрсете білді. Өзі жұмыс істеген қызметтерінде кәсіптік шеберлікті жақсы меңгерген. «Бақылау-өлшеу құралдарын автоматтандыру» бойынша дайындықтан өтті.
1988-1991 жылдар аралығында ҚазҰТУ-дың күндізгі бөлім аспирантурасында оқып, 1991 жылы кандидаттық диссертация қорғады.
Қ.Ө.Әлиханов өз ісін жетік білетін тәжірибелі маман. Ол бірнеше ғылыми еңбектердің авторы, оның «Металлургия өнеркәсібінің терминдері» атты еңбегі Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлыққа ие болды.
Қ.Әлиханов қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік біледі, компьютермен жұмыс істеуде тәжірибесі мол. Спортқа ынтасы зор, республикалық жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болған. Ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, қиын жағдайда өз бетінше дұрыс шешім қабылдай алады. Студенттер мен әріптестерінің арасында беделді, үлгілі отбасы иесі.
Жұмыстағы әріптестерімен іскерлік қарым-қатынаста, өндірістік мәселелерді талқылағанда тік мінезділік көрсетеді, тым турашыл . Сынды дұрыс түсінеді, кемшіліктерін тез түзетуге тырысады.
Мінездеме Ғылыми-техникалық орталықтың бас маманы қызметіне ұсыну үшін берілді.
Ә.Бүркітбаев атындағы
Металлургия институтының
директоры, т.ғ.д., профессор ___________ Байымбетов Б.С.
қолы
103-тапсырма. Кафедрадағы профессорға қызметтік мінездеме, доцентке, аға оқытушыға аттестациялық мінездеме жазыңыздар.
104-тапсырма. Берілген сөздерді қазақ тіліне аударып, олармен сөйлемдер құрастырыңыздар.
Характер, должность, грамотный, авторитетный, образованный, опытный, квалифицированный.
105-тапсырма. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер.
1. Мінездеме не үшін беріледі? 2. Мінездеме мазмұнына қарай құжаттың қай түріне жатады? 3. Мінездеме құрылымына қандай мәліметтер кіреді? 4. Мінездемеге кім қол қояды?
106-тапсырма. Мінездемеге берілген тест тапсырмаларын орындаңыздар.
1. Мінездеме қандай стильде жазылады?
А) Ауызекі сөйлеу стилінде
Ә) Ғылыми стильде
Б) Ресми іс қағаздары стилінде
В) Көркем әдеби стильде
2. Мінездеме мәтінінде қолданылатын стандартты
тілдік бірлікті көрсетіңіздер.
А) Жұмысы дұрыс
Ә) Жұмысты жақсы істеп жүр
Б) Жұмысын әрі қарай жалғастыра берсін
В) Атқарып отырған қызметіне лайық
3. Мінездеме қандай құжат?
А) Өкілеттік
Ә) Ұйымдық
Б) Анықтамалық-ақпараттық
В) Қоғамдық
4. Мінездемедегі мәлімет нешінші жақта
баяндалады?
А) Бірінші жақта
Ә) Екінші жақта
Б) Үшінші жақта
В) Бірінші, екінші жақтарда
7-апта. 14-сабақ
107-тапсырма. Факс қандай қызмет атқарады? Сабақ барысында талқылаңыздар.
108-тапсырма. Факсты қалай пайдалануға болады, оның құрылымына не кіреді? Өзара пікір алмасыңыздар.
109-тапсырма. Берілген мәліметпен мұқият танысып, мазмұндаңыздар.
Факс. Факс арқылы жіберілетін құжаттар
Факс жазылған мәтіннің, суреттің, сызбаның және басқа да заттардың көшірмесін өзгеріссіз телефон байланысы арқылы жіберетін аппарат, яғни факс ұсынылатын құжаттың көшірмесі. Факс аппарат, предназначенный для отправки копий написанного текста или рисунка по телефонной линии связи.
Факсимилле көлемі үлкен суреттің, кестенің, мәтіннің, сызбаның, басқа да заттардың нақты, дәл сурет көшірмесі. Факсимилле точная копия части рисунка или текста.
Факс байланыс түрінің ерекшеліктері:
1. Факстың ең құндылығы, ол неше түрлі құжаттарды тез арада екінші адамға немесе мекемеге жеткізеді.
2. Қазіргі факс кең тараған байланыс түрі болып табылады.
3. Факсты алмастыратын басқа байланыс түрі әзірге жоқ.
4. Көптеген мекемелердегі қабылдау-хабарлау аппараттары факс аппаратымен жабдықталған.
5. Сурет, сызба, үлгі көшірмелері үлкен болған жағдайда олар кішірейтіледі, не бөлшектенеді де сурет көшірмесі (фотокопия) беріледі.
6. Факс арқылы жіберілетін құжаттардың жеткізілуі қазіргі уақытта өте жоғары, себебі факс арқылы жіберілген кез-келген құжат адресатқа санаулы минуттардан кейін-ақ жетеді.
7. Факс арқылы жіберілетін құжаттардың жеделхат, телефонхаттардан айырмашылығы мәтін, сурет, кесте, сызба, басқа да заттардың көшірмесі ешқандай өзгеріссіз жеткізілетіндігінде.
8. Суреттің, мәтіннің, сызбаның және басқа да заттардың дәл көшірмесін факсимилле деп атайды немесе лауазымды адамның қойған қолының көшірмесін де факсимилле деп атайды.
9. Факстың құндылығы басқа байланыс түрлері факс сияқты қызметті орындай алмайтындығында.
Факс арқылы жіберілетін іс қағаздарының құрылымы:
110-тапсырма. Факс арқылы жіберілетін іс қағаздарының
құрылымын пайдалана отырып, құжат жіберіңіздер.
111-тапсырма. Ұлағатты сөздердің мағынасын түсіндіріп, олардың тәрбиелік мәнін өздеріңізге үлгі-өнеге тұтыңыздар.
Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар,
мінез деген нәрселерімен озады.
(Абай)
Жақсылық көрсем өзімнен,
Жамандық көрсем өзімнен.
Тағдыр қылды деулерді,
Шығарамын сөзімнен.
(С. Торайғыров)
Егер де адам баласы өзінің бойындағы зиянды әдет-дағдыларды түп-тамырымен бір уақытта жою үшін аз да болса бар күш-жігерімен кіріссе, одан құтылу да қиынға түспес еді... Бірақ та оның қиыншылығы сонда мысқылдап ұзақ уақыт енген жаман әдет-дағдыны құрту үшін, соншама ұзақ уақыт күресу керек.
(К.Д.Ушинский)
112-тапсырма. Сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыздар.
Факс это рановидность переписки между деловыми партнерами, организациями. Ряд телефаксов указывает код ошибки и страницу, на которой произошел сбой при приеме. Большая часть коммерческой переписки хранится три года и передача на архивное хранение не подлежит. Условия обмена документами по факсу должны быть оговорены в договорах.
113-тапсырма. Төмендегі сөз және сөз тіркестерін қазақ тіліне аударып, олармен сөйлемдер құрастырыңыздар.
Документ, ряд телефаксов, приложения, указание (код) отправителя, таблица, партнер, информация, недолговечна, связь, переписка, копия, время и продолжительность передачи.
114-тапсырма. Сөз және сөз тіркестерін мағынасына қарай іріктеп, оларды аудармаларымен сәйкестендіріңіздер.
Ү л г і: Басшылық қызмет руководящая должность.
1. алға қойған міндет |
1. квалифицированный |
2. лауазым, қызмет |
2. прения |
3. білікті, өз ісін жетік білетін |
3. командировать |
4. рәсімдеу |
4. переплетчик |
5. жарыссөз |
5. должность |
6. іссапарға жіберу |
6. актуальные проблемы |
7. өзекті мәселелер |
7. оформить |
8. түптеуші |
8. поставленные задачи |
115-тапсырма. Өлеңнен не түсіндіңіздер? Мағынасын меңгеріп, мазмұндаңыздар. Отаныңыздың патриоты болыңыздар.
Жігіттің жігіт болғаны Менің жаным Отандық,
Жаудан елін сақтаса, Отан деп өлем, өлсем де,
Жау шапқанда еліне, О, сүйікті Отаным,
Қояндай бұғып қашпаса. Балам деп көм, көмсең де,
дейді Н. Байғанин. Ақын нағыз отаншыл, елі мен халқы үшін аянбай қызмет етуді өзінің басты міндеті деп санайтын адамгершілігі жоғары батырдың бейнесін жырлайды.
8-апта. 15-сабақ
116-тапсырма. Ресми іс қағаздарындағы терминдердің қалыптасу жолдарын сабақ барысында талқылаңыздар.
117-тапсырма. Қазақ халқының даму барысында енген кірме сөздердің пайда болуы тарихына сұрақ-жауап құрастырыңыздар.
118-тапсырма. Мәтінмен мұқият танысып, мағынасын меңгеріп, мазмұндаңыздар.
Ресми іс қағаздары терминдерінің қалыптасуы
Қазақ іс қағаздары терминдерін жасау, қалыптастыру, жүйелеу, реттеу жұмыстарын дұрыс жолға қою, жалпы даму бағытын белгілеу бүгінгі күннің ең өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Соңғы жылдары термин мәселесіне айрықша көңіл бөлініп, тілші ғалымдардың, жалпы көпшіліктің жаппай пікір білдіріп, атсалысып жатқандығына қарамастан, қазақ іс қағаздары терминдерін қалыптастырудың өзіндік проблемалары аз емес.
Қазақ халқы өзінің даму тарихының әр кезеңінде түрлі елдермен араласып, әр түрлі қарым-қатынас жасағаны белгілі. Бұл қарым-қатынастың нәтижесінде қазақ тілінің сөздік құрамында бірқатар кірме сөздер пайда болды. Олар негізінен VIII-XI ғасырларда ислам дінінің енгізілуімен байланысты енген араб-парсы және XVIII ғасырдан бастап Ресеймен арадағы қарым-қатынастың күшеюіне байланысты енген орыс сөздері.
Араб-парсы тілдерінен енген сөздердің көпшілігі қазіргі кезде ана тілінің төл сөздеріндей болып, негізгі сөздік қорынан орын алуда. Солардың бірқатары ресми іс қағаздары тілінде қолданылып, жалпы халыққа түсінікті болып қолданылып келеді.
Олар: нарық, қарыз, емтихан, ақпар, құн, қазына, жәрдем, жарнама, хабар, куә, мөр, саясат, кеден, өкімет, өкіл, құқық, әкім, мәртебе, азамат, айып, мырза, мекеме, мағлұмат, мәжіліс, мемлекет, бұқара, салтанат, абырой, әйел, т.б.
Қазір қолданыста жүрген іс қағаздары атауларының бірқатары араб-парсы тілдерінен енген сөздерден жасалған. Мысалы: арыз, есеп, ереже, үкім, өкім, шарт, кепілдеме, мәлімет, т.б. Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңде ислам діні халық арасына кең таралып, оқу негізінен мұсылманша болғандықтан, қазақ іс қағаздары тілінде араб-парсы тілдерінің элементтері көп қолданылды. Уақыт ілгерілеген сайын араб-парсы тілдеріндегі элементтердің жаңасы кірмей, олардың сан жағынан азая бастағандығы байқалады. Қазан төңкерісінен кейінгі кезеңде іс қағаздары тілінде қазақтың төл сөздері мен орыс тілінен енген сөздер біршама көбейе бастады.
119-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.
1. Қазақ іс қағаздары терминдері қалай қалыптасқан? 2. Қазақ халқының даму тарихында әр түрлі елдермен жасаған қарым-қатынасының нәтижесі не берді? 3. Орыс сөздері неге байланысты енді? 4. Араб-парсы тілдерінен енген сөздердің қазақ тілінің сөздік қорындағы орны қандай? 5. Қазақ тіліне сіңіп, төл сөзіміздей болып кеткен кірме сөздерді атаңыздар. 6. Қолданыста жүрген іс қағаздары атаулары қай тілдерден енген сөздерден жасалған? 7. Іс қағаздары тіліндегі тілдік элементтер неге байланысты көп қолданылды? 8. Орыс тілдерінен енген кірме сөздер қай уақыттан бастап көбейе бастады?
120-тапсырма. Орыс тілінен енген кірме сөздерді сөзбе-сөз аударып, қолданудағы жіберіліп келген кемшіліктерден мәлімет алыңыздар.
Қазіргі таңда белең алған бір құбылыс іс қағаздарын, олардағы терминдерді түгелдей орыс тілінен аударып алып жатыр. Сөзбе-сөз аудару арқылы, сөздердің дұрыс мағынасы берілмейді. Мысалы: орыс тіліндегі делопроизводство термині іс қағаздарын жүргізу болып қалыптасқан. Соңғы кезде орыс тіліндегі нұсқасында қағаз сөзі жоқ болғандықтан, іс жүргізу деп айтылып жүр.
Негізінде іс жүргізу заң саласында қолданылып жүрген термин. Мысалы: істі болды, ісі сотта қаралды, қылмысты іс тоқтатылды, істі жүргізу тапсырылды, т.б.
Олай болса, делопроизводство терминін іс жүргізу деп қолдану дұрыс мағына бермейді. Сондықтан, делопроизводство терминін іс қағаздарын жүргізу деп қолданған дұрыс. Себебі:
қағаздары болып қолданылуға тиіс
121-тапсырма. Іс қағаздарына қандай құжаттар жатады? Жазбаша жазып, іс қағаздарындағы терминдердің бірнешеуімен 5-6 сөйлемдер құрастырыңыздар.
122-тапсырма. Төмендегі тілімізде қолданыста жүрген іс қағаздарына қатысты терминдердің аудармасын есте сақтаңыздар.
анкета сауалнама аннулирование күшін жою
адресат қабылдаушы виза бұрыштама
адресант жолдаушы выписка көшірме
актуальный көкейкесті дубликат екінші дана
документирование құжат рәсімдеу
инструкция нұсқаулық
административная ответственность әкімшілік жауаптылық
8-апта. 16-сабақ.
Аралық бақылау жұмысы.
9-апта. 17-сабақ
123-тапсырма. XIX ғасырдың I жартысында ресми іс қағаздары қандай дәрежеде қалыптаса бастады? Өзара ой бөлісіңіздер.
124-тапсырма. XIX ғасырдың II жартысында қандай ілгері дамушылық болды? Пікірталас ұйымдастырыңыздар.
125-тапсырма. Берілген мәліметпен толық танысып, мәтінді мазмұндаңыздар.
XIX ғасырдағы ресми іс қағаздары
тілінің қалыптаса бастауы
XIX ғасырдың I жартысындағы ресми іс қағаздары тіліндегі лексикалық, грамматикалық, синтаксистік ерекшеліктері XVIII ғасырдағы ресми іс қағаздары тіліне жақын болғанымен, бұл кезеңде ресми іс қағаздары тілінің халыққа біршама түсінікті, нормалана түскен тіл болып қалыптаса бастағандығын көрсетеді.
XIX ғасырдың II жартысында қазақша жазылған іс қағаздары тілі өз алдына едәуір өзгерісі бар бұрынғы құжаттар мен хат-хабарлар тілінің жалғасы ретінде танылады. Бұл дәуірде патшалық Россияның әкімшілік орындарының қазақ жеріне қатысты ресми құжаттары қазақшаға аударылып, көпшілігі баспа жүзінде жарияланып отырды. Ресми іс қағаздары XIX ғасырдың II жартысында жанрлық тұрғыда көбейіп, тілі мен стилі жетіле түсті.
Қазақ даласының саяси-әлеуметтік, экономикалық-мәдени өмірінде XIX ғасырдың II жартысының орны ерекше. Бұл кезеңде қазақ әдеби тілі дамуының жаңа дәуірі, үлкен өзгеріс, жаңа құбылыс басталды. Оны әдеби тілдің бір тармағы ресми іс қағаздары тілінен де анық байқауға болады.
XIX ғасырдың II жартысында қазақ жері орыс патшалығының әкімшілік территориясы болғаны тарихтан белгілі. Осыған орай, патша үкіметі жергілікті халықпен қарым-қатынасты нығайту үшін және отаршылдық саясатты қарқынды түрде жүргізе беру үшін әрбір әкімшілік бөлікте екі тілде газеттер шығара бастады. Олар: «Түркістан уалаяты» (1870-1882), «Дала уалаятының газеті» (1888-1902), «Торғай газеті» (1899).
Бұл газеттер қазақ даласының көптеген аймақтарына таралды, патша өкіметінің жергілікті әкімшіліктерінің органы болды. Аталған газеттер қазақ әдеби тілін дамытуда, жазба нормаларын қалыптастыруда, ресми іс қағаздары стилін одан әрі жетілдіруде үлкен рөл атқарып, оның әрі қарай дамуына ықпал етті.
126-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.
1. XIX ғасырдың I жартысында ресми іс қағаздарының дамуы қандай дәрежеде болды? 2. Бұл кезеңде қазақша жазылған іс қағаздары не ретінде танылды? 3. Қазақ даласының өмірінде XIX ғасырдың II жартысының орны қандай болды? 4. Бұл кезеңде қазақ әдеби тілінде не басталды? 5. Аталған дәуірде патша үкіметі неге байланысты екі тілде газеттер шығара бастады? 6. Газеттер қалай аталды? 7. Газеттер қандай рөл атқарды?
9-апта. 18-сабақ
127-тапсырма. Іс қағаздарының бір түрі хаттамамен таныссыздар ма? Мәлімет алып, хаттама жазуды біліп алыңыздар.
128-тапсырма. Хаттама қай уақытта жазылады, оның құрылымына не кіреді? Бір-біріңізбен ой бөлісіңіздер.
129-тапсырма. Мәтінмен танысып, мағынасын меңгеріп, мазмұндаңыздар.
БҰЙРЫҚ-ЖАРЛЫҚ ҚҰЖАТТАРЫ
* * * * *
Х А Т Т А М А
Хаттама мекеменің, ұйымның, кәсіпорынның жиналысы мен мәжілістерінде тыңдалған, қаралған, талқыланған, қорытындыланған мәселелер барысында жазылатын іс қағаздарының бір түрі, өкілетті құжат. Сондай-ақ жиналыс, отырыс, мәжілістерде қарастырылған мәселелерді талқылау және шешімдер қабылдау фактісін белгілейтін құжат.
Хаттамада «Шешті», «Шешілді», «Қаулы етеді», «Қаулы қабылдады» деген сөздер пайдаланылады. Қаулыны (шешімді) хаттамада толық көрсетеді. Шешімдердің қаулы қабылдайтын бөлігі нақты болуға тиіс.
Хаттамалар жыл бойы нөмірленіп отырады. Келесі жылы қайтадан бірінші нөмірден басталады. Хаттамалар кәсіпорын, мекеменің маңызды құжаттарының біріне жатады, сондықтан оны 10 жыл сақтап, одан соң мұрағатқа (архивке) жібереді.
Хаттама мәтіні: 1. Кіріспеден және 2. негізгі бөлімнен тұрады. Кіріспеде: мекеменің, ұйымның, кәсіпорынның және құжаттың атауы, мәжілістің өткізілген орны, күні, қатынасқандар туралы, төраға туралы мәлімет, күн тәртібі жазылады. Негізгі бөлімде қаралған негізгі мәселелер бойынша тыңдалған баяндамашылардың пікірі, тұжырымдар, қабылданған қаулы, шешім жазылады.
Хаттама құрылымында көрсетілетін негізгі мәліметтер:
Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті
әл-Машани атындағы Жоғары технологиялар және тұрақты даму институты
Қазақ тілі кафедрасы мәжілісінің
№ 6 Хаттамасы
II. Мәжілістің өткізілген орны мен күні. Мысалы:
Алматы қаласы 25.05.2011
III. Қатысқандар туралы мәліметте мәжіліске қатысушылардың аты-жөні, лауазымы жазылады. Мысалы:
Қатысқан оқытушылар тiзiмi: профессор Г.Т.Тұрсынова, п.ғ.д., профессор К.Б.Жақсылықова, профессор Ұ.Р.Шүленбаева, ф.ғ.к., доцент С.С.Айтжанова, п.ғ.к., доцент Р.Ш.Әбдiсүлейменова, ф.ғ.к., доцент Т.Садақбаев, ф.ғ.к., аға оқытушы Г.Ө.Зәуірбекова, ҚазҰТУ доценттері: Г.Д.Рыскелдиева, М.Қарамендина, А.С.Итемирова, аға оқытушылар: Ұ.Ж.Ахметбаева, А.М. Монтаева, Қ.С. Рысқұлбекова, Ш.М.Оспанова, А.Ә. Өмірбеков, Р.Б.Қадырқұлова, Р.Т.Төлегенова, В.М.Сағымбаева, М.Б.Бердиллаева.
IV. Мәжіліске төрағалық етуші. Мысалы:
Мәжіліс төрайымы:
Кафедра меңгерушісі, профессор Г.Т. Тұрсынова;
Хатшы: аға оқытушы А.Бакиева.
V. Күн тәртібі. Мысалы:
VI. Тыңдалған мәселелер туралы мәлімет. Мысалы:
Тыңдалды:
1. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі, профессор Г.Т.Тұрсынованың ректорат жарлықтары туралы хабарламасы тыңдалды.
2. Жазғы сессияға дайындық барысы туралы профессор Ұ.Р. Шүленбаева қысқаша мәлімет берді.
3. 9 мамыр Жеңіс күнінің 66 жылдығына байланысты мерекелік іс-шараларды өткізу жұмыстары қарастырылды.
4. Кафедра оқытушылары профессор Г.Т.Тұрсынова, профессор Ұ.Р.Шүленбаева, доцент Т.Т.Садақбаев, аға оқытушы А.Ә.Өмірбековтердің дайындаған студенттің пәндік оқу-әдістемелік кешені туралы мәлімет тыңдалды.
5. Қазақ тілі кафедрасының аға оқытушысы Күнәркүл Сейітқазықызы Рысқұлбекованың «Қазақ ресми іс қағаздары тіліндегі синтаксистік құрылымдар» тақырыбына жазған кандидаттық диссертациясы талқыланды.
VII. Жарыссөзде сөйлегендер туралы мәлімет. Жарыссөз бөлімінде сөз сөйлеушілердің айтқан пікірлері, тұжырымдары жазылады.
VIII. Қабылданған қаулы туралы мәліметте мәжілісте қарастырылған мәселелер бойынша шығарылған шешім, ұйғарылған қорытынды жазылады. Мысалы:
Қабылданған қаулы:
1. 2011 жылдың жазғы сессиясына қажетті материалдарды, емтихан билеттерін дайындау профессор Ұ.Р.Шүленбаеваға тапсырылсын.
2. 9 мамыр Жеңіс күнінің 66 жылдығына байланысты іс-шараны өткізуге жауапты етіп кафедраның аға оқытушылары: Р. Қадырқұлова, В.Сағымбаева, Г.Аужановалар тағайындалсын.
3. Профессор Г.Т.Тұрсынова, профессор Ұ.Р.Шүленбаева, доцент Т.Т.Садақбаев, аға оқытушы А.Ә.Өмірбековтердің «Қазақ тілі» пәні бойынша дайындаған жоғары техникалық оқу орындарындағы барлық мамандықтарына арналған «Қазақ тілі» атты студенттің пәндік оқу-әдістемелік кешені баспадан басып шығаруға ұсынылсын.
4. Қазақ тілі кафедрасының аға оқытушысы Күнәркүл Сейітқазықызы Рысқұлбекованың 10.02.02 қазақ тілі мамандығы бойынша филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындаған «Қазақ ресми іс қағаздары тіліндегі синтаксистік құрылымдар» тақырыбына жазған кандидаттық диссертациясын Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ОК 18.09.26 Диссертациялық кеңесіне қорғауға ұсынылсын.
IX. Төрағаның және хатшының қолы. Мысалы:
Төрайым:
Қазақ тілі кафедрасының
меңгерушісі, профессор ____________ Тұрсынова Гүлбаршын
қолы Тұрсынқызы
Хатшы: оқытушы _____________ Бакиева Айгүл
қолы Әдікенқызы
130-тапсырма. Төмендегі қаулы қабылдауға байланысты берілген мәліметпен танысып, қаулы шығаруды меңгеріп алыңыздар.
Алматы қаласының жергілікті
атқарушы органдарында іс
қағаздарын жүргізуді мемлекеттік
тілге көшіру шараларының жүзеге
асырылу барысы туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Жарлығын және Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласындағы жергілікті атқарушы органдарындағы іс қағаздарын жүргізуді мемлекеттік тілге көшіру туралы» қаулысын орындау мақсатында, сонымен бірге Алматы қаласы әкімдігі қаулысының орындалу барысы туралы «Алматы қаласындағы мемлекеттік органдардағы мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту жұмыстары» туралы ақпаратты тыңдай отырып, Алматы қаласының әкімдігі
Қ А У Л Ы Е Т Е Д І :
Аудан әкімдері, департаменттер мен басқармалардың басшыларына:
1. Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасының бастығы, Алматы қаласының әкімдігі «Алматы қаласындағы мемлекеттік органдардағы мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту жұмыстары туралы» 2003 жылдың 26 мамырындағы № 2 ∕ 316 қаулысының жүзеге асырылу барысы туралы ақпаратын назарға алсын.
2. Қаулының орындалуын бақылау қамтамасыз етілсін.
3. Іс қағаздарын жүргізуді мемлекеттік тілге көшіру бойынша белгіленген дайындық шараларын көрсетілген мерзімде жүргізсін.
4. Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасының бастығы Жақсылықова Күләй Бәймендіқызы Алматы қаласының жергілікті атқарушы органдарындағы іс қағаздарын жүргізуді мемлекеттік тілге көшіру жөніндегі дайындық шараларына талдау жасасын.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары Аспандияр Әденұлы Өмірбековке жүктелсін.
Алматы қаласының әкімі ___________ Есімов Ахметжан Смағұлұлы
қолы
Хаттама бөлімінің
меңгерушісі ___________ Рыскелдива Гүлдария Дәулетқазықызы
қолы
Әкімшілік хатшысы____________ Шимаева Салтанат Мұсаханқызы
қолы
131-тапсырма. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер.
1. Хаттама мазмұн-мақсатына қарай құжаттың қай түріне жатады? 2. Хаттаманың құрамына қандай мәліметтер кіреді? 3. Оның негізгі бөлімінде не жазылады? 4. Мәжіліске қатынасқандар туралы қандай мәлімет беріледі? 5. Хаттаманың қаулы шешімінде, «қаулы» деп аталатын бөлігінде не жазылады? 6. Хаттаманың «тыңдалды» деген бөлігінде не жазылады? 7. Ал «жарыссөз» деп аталатын бөлігінде не жазылады? 8. Хаттама жазылатын мәжілісті кім жүргізеді, хаттамаға кімдер қол қояды?
132-тапсырма. Сөз және сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.
Мәжіліс, хаттама, кәсіпорын, мекеме, бекіту, күн тәртібі, әр түрлі мәселелер, сөз сөйлегендер, қабылданған қаулы, дәлелденген себептер, мөр басу, қатынасқандар саны.
133-тапсырма. Сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыздар.
1. Кафедра мәжілісінің хаттамасы. 2. Мәжілістің күн тәртібінде қаралған мәселелер. 3. Бірінші мәселе бойынша. 4. Қаулы қабылдау. 5. Дауыс беру нәтижесі. 6. Қаулы бірауыздан қабылданды. 7. Мәжілісте талқыланған мәселелердің орындалу мерзімі.
134-тапсырма. Хаттаманы жазуда жиі қолданылатын сөздер мен сөз тіркестерін дәптерлеріңізге жазыңыздар.
135-тапсырма. Сол жақ бағанадағы сөз және сөз тіркестерінің аудармасын оң жақ бағанадан тауып, оларды сәйкестендіріңіздер.
|
|
136-тапсырма. Төмендегі мәселелермен байланыстырып хаттама жазыңыздар:
1. Қазақ тілі кафедрасының ұйымдастыруымен өткізілетін студенттердің ғылыми конференциясының дайындық жұмыстары;
2. 2011 жылы өткізілетін «ҚазҰТУ көктемі» конкурсына ЖТТДИ кафедраларында жүргізілетін дайындық жұмыстары;
3. Қазақ тілі кафедрасының ашылғанына 20 жыл толуына байланысты өткізілетін іс-шараларды орындау жұмыстарын талқылауға байланысты кафедра мәжілісінің хаттамасын жазу.
10-апта. 19-сабақ
137-тапсырма. «Армян-қыпшақ» тобы туралы не білесіздер? Өзара пікір алмасыңыздар.
138-тапсырма. Қыпшақ тіліндегі еңбектер қай жылдардан, неге байланысты пайда болды? Мәлімет алыңыздар.
139-тапсырма. Мәтінмен мұқият танысып, мағынасын түсініп, мазмұндаңыздар.
Жаңа түркі дәуіріндегі ресми
іс қағаздары
XIV-XVII ғасырларда қазіргі Украина, Молдавия, Румынияларда қоныс теуіп, қауым (община) болып өмір сүріп, армян дінін қабылдап, қыпшақ тілінде сөйлеген этникалық топ тюркологияда «армян-қыпшақтар» деп аталып, олардың армян алфавитімен жазып қалдырған мұралары «армян-қыпшақ жазба ескерткіштері» деп аталып жүр, деп жазады зерттеуші А.Н. Гарковец.
Алтын Орда жерінен бірте-бірте ығысып барған олар XV ғасырдың аяғында сол кездегі ең үлкен саяси және экономикалық орталық болып саналатын Львов және т.б. қалаларда топтасады. Львовта қыпшақ тілінде мектеп, баспахана болған, армян-қыпшақ-полякша сөздіктер, діни еңбектер, «Төре бітімі» деп аталатын заңдар жинағы болған.
Армян қыпшақтары тұрған жерлерінде түрлі кәсіптермен шұғылданады. Олардың арасында саудагерлер, дипломаттар, армян алфавитін қыпшақ тілінің заңдылығына негіздеп, жазу дәстүрін қалыптастырушылар да шыққан. Армян қыпшақтары өздері бағынышты болған Польша корольдігінің саяси-экономикалық өмірінде елеулі рөл атқарады. Олар өздерінің дербестігін, суверенитетін сақтау үшін көп күш салады. Ақырында 1496 жылы король армян қыпшақтарына өздерінің істерін өздерінің заңымен шешулеріне рұқсат етеді. Осыдан бастап қыпшақ тілінде көптеген аударма еңбектер пайда болады. Іс қағаздары, ресми құжаттар қыпшақ тілінде жүргізіледі.
Қыпшақ тілінде жазылған ресми құжаттары Львов қаласының әкімшілік сот орындарында поляк, украин, латын тілдеріндегі документтермен бірдей дәрежеде қабылданып, мемлекеттік ресми іс қағаздары жүргізілетін тіл дәрежесіне көтеріледі.
1572-1663 жылдарда түрлі іс қағаздары тіркеліп отырған қолжазба Киев архивінде сақталған. «Документтерде кеңсе қағаздары стиліне тән сөз оралымдары, әр документтің датасын, билердің аты-жөндері, текстердегі қайталаулар көптеп кездеседі. Сондықтан да бұл документтерді бір ғасыр бойы хатқа түскен, стилі қалыптасқан қыпшақ тілінің іс қағаздарының үлгісі ретінде бағалау керек», деп жазылған.
Құжаттардың қашан, кімдердің жүргізгені жазылып отырған. Қауымның өзін-өзі басқаруының құрамында жыл сайын ағалар кеңесі сайлайтын судья-войт және армян заңын жетік білетін 12 адам болған. Ал акт кітабында армян соты қараған түрлі істер тіркеліп отырған. Олар: өтініш, қолхат, өсиет қағаз, түрлі келісімшарттар, төлем қағаздары, анықтамалар, кепілдік, куәлік, арыз, дүние мүліктің тізімі, ант ішу және түрлі құжаттардың көшірмелері.
140-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.
141-тапсырма. Мәтіннің мазмұнына жоспар құрып, жоспар бойынша әңгімелеп беріңіздер.
142-тапсырма. Мәтіннен алынған іс қағаздарына қатысты сөз және сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.
Өсиет қағаз, куәлік, дүние мүліктің тізімі, қолхат, анықтама, кепілдік, төлем қағаз, келісімшарт.
10-апта. 20-сабақ
143-тапсырма. Хаттамадан үзінді не үшін қажет, онда не қамтылады? Өзара ой бөлісіңіздер.
144-тапсырма. Хаттамадан үзіндіде хаттаманың қай бөліктері алынады? Пікір алмасыңыздар.
145-тапсырма. Хаттамадан үзінді туралы берілген мәліметпен танысып, хаттамадан үзінді жазуды меңгеріп алыңыздар.
Х а т т а м а д а н ү з і н д і
Кез келген құжаттың үзіндісі құжаттың толық мәтіні қажет болмай, тек құжатта жазылған бірнеше мәселенің ішінен біреуінің ғана көшірмесі қажет болған жағдайда немесе белгілі бір мәселенің мәжілісте қарастырылып, ол туралы қаулы қабылданғанын растайтын құжат талап етілгенде немесе құжаттың толық мазмұнын құпия ұстау қажет болғанда дайындалады.
Құжат үзіндісінде жазылған мәліметтің растығын, дұрыстығын дәлелдеу үшін, орыс тілінде «выписка верна» деп жазылып, жауапты қызметкердің қолы қойылып, мекеме мөрі басылады. Құжат үзіндісінің дұрыстығын, растығын дәлелдейтін жазба үзіндісі рас, үзіндісі заңды, үзіндісі дұрыс деп тағы басқа да нұсқада қолданылып жүр. Бұлардың ішінен үзіндісі дұрыс деген нұсқа іс қағаздары тілінде қолдануға ыңғайлы, құжаттың заңдылығын, дәлдігін растайтын жазба ұғымын бере алады. Құжаттың үзіндісі емес, көшірмесі берілген жағдайда көшірмесі дұрыс деп жазылады.
Хаттаманың үзіндісіне төмендегі мәліметтер кіреді:
қатыстысы, сізге қажеті ғана көрсетіледі.
Аталған бөліктердің рәсімделу үлгісі хаттаманың рәсімделуімен бірдей. Мәжіліс өткізілген ұйымның атауы мен құжат аты көрсетіледі, бірақ құжаттың үзіндісінде хаттама деп емес, хаттамадан үзінді деп жазылады.
146-тапсырма. Хаттамадан үзінді құжатының үлгісімен танысыңыздар.
Ү л г і:
Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық
университеті
әл-Машани атындағы Жоғары технологиялар және тұрақты
даму институты
ХАТТАМАСЫНАН ҮЗІНДІ
Төрайым: Кафедра меңгерушісі, профессор Г.Т.Тұрсынова
Хатшы: А.А.Бакиева
Қатынасқандар: профессор Г.Т.Тұрсынова, профессор К.Б. Жақсылықова, профессор Ұ.Р.Шүленбаева, ф.ғ.к., доценттер: С.С.Айтжанова, Т.Садақбаев, п.ғ.к, доцент Р.Ш.Әбдiсүлейменова, ф.ғ.к., аға оқытушы Г.Ө.Зәуірбекова, ҚазҰТУ доценттері: А.С.Итемирова, Г.Д.Рыскелдиева, М.Ө.Карамендина, аға оқытушылар: Ш.М.Оспанова, Г.А.Аужанова, А.Ә.Өмірбеков, Қ.Рысқұлбекова, Р.Б.Қадырқұлова, В.М.Сағымбаева, М.Б.Бердиллаева, Қ.Ә.Ілесова, Р.Т.Төлегенова.
КҮН ТӘРТІБІНДЕ:
Баспаға әзірленген әдістемелік нұсқауды қарастыру.
Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің профессоры Г.Т. Тұрсынова, профессор Ұ.Р. Шүленбаева, доцент А.С.Итемировалардың Қазақ тілі пәні бойынша дайындаған «Кен байлығы ел байлығы» тақырыбына жазған әдістемелік нұсқауды талқылау және баспадан шығаруға ұсыну .
ТЫҢДАЛДЫ: п.ғ.д., профессор К.Б. Жақсылықованың профессор Г.Т. Тұрсынова, профессор Ұ.Р. Шүленбаева, доцент А.С.Итемировалардың Қазақ тілі пәні бойынша дайындаған «Кен байлығы ел байлығы» тақырыбына жазған әдістемелік нұсқауды баспаға ұсыну туралы хабарламасы тыңдалды.
ҚАБЫЛДАНҒАН ҚАУЛЫ: Профессор Г.Т. Тұрсынова, профессор Ұ.Р. Шүленбаева, доцент А.С.Итемировалардың Қазақ тілі пәні бойынша дайындаған «Кен байлығы ел байлығы» тақырыбына жазған әдістемелік нұсқау баспадан басып шығаруға ұсынылсын.
Қазақ тілі кафедрасының
меңгерушісі, профессор ___________ Тұрсынова Гүлбаршын
қолы Тұрсынқызы
Хатшы __________ Бакиева Айгүл Әдікенқызы
қолы
147-тапсырма. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер.
1. Хаттамадан үзінді қандай жағдайда жазылады? 2. Хаттаманың үзіндісіне қандай мәліметтер кіреді? 3. Құжаттың атын қалай жазу керек? 4. Хаттама үзіндісінің күн тәртібінде не жазылады? 5. Хаттама үзіндісіне енгізілетін мәліметтерді атаңыздар.
148-тапсырма. Хаттамаға байланысты берілген тест тапсырмаларын орындаңыздар.
1. Хаттамаға .......................... қолы қойылады.
А) Мәжіліс төрағасы мен хатшының
Ә) Мекеме басшысының
Б) Хатшының
В) Мәжіліске қатысушылардың
2. Хаттамада ......................... мәлімет жазылады.
А) Мәжілісте қаралған мәселелер туралы
Ә) Азаматтардың құқығы туралы
Б) Мекеменің таратылуы туралы
В) Жеке адамның азаматтық хал-жағдайы туралы.
3. Хаттаманың күн тәртібінде ......................... жазылады.
А) Хатшы туралы мәлімет
Ә) Қатысқандар туралы мәлімет
Б) Сөз сөйлегендердің сөзі
В) Мәжілісте қаралатын мәселелер
4. Хаттаманың «тыңдалды»
бөлігінде ................. жазылады.
А) Мәжіліс төрағасы туралы
Ә) Күн тәртібіндегі талқыланған мәселелер туралы
Б) Нақты қарастырылған мәселе туралы
В) Қабылданған қаулы туралы
5. Хаттаманың «жарыссөз» бөлігінде ................ жазылады.
А) Жасалған баяндама туралы
Ә) Сөз сөйлеушілердің пікірлері
Б) Жасалған баяндама туралы
В) Мәжіліс төрағасының қорытынды сөзі
149-тапсырма. Берілген мәселелерді қатыстырып, хаттамадан үзінді жазыңыздар.
Күн тәртібі:
1. Мекеме бөлімшелеріндегі еңбекті қорғау мен техника қауіпсіздігі
жөнінде;
2. Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдай штабының қызметі жөнінде;
3. Ғимараттарды жөндеу бөлімінің жұмысы жайлы.
Тыңдалды:
1. Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі бөлімінің бастығы Сағымбаева Венера Маратқызы баяндама жасады.
2. Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдай штабының бастығы Төлегенова Раушан Төлегенқызының хабарламасы тыңдалды.
3. Ғимараттарды жөндеу бөлімінің бастығы Мамекеева Ырыскүл Құсайынқызының ақпараты тыңдалды.
150-тапсырма. Көп нүктелердің орнына тиісті сөздерді қойып жазыңыздар.
Жиналыстың күн тәртібінде …………….. . 2. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша кафедраның аға оқытушысы Аужанова Гүлжан Аужанқызының ……………… . 3. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша үш адам …………… . 4. Г.Аужанованың пікірін көпшілік ………..... . 5. Бірінші мәселе бойынша ……………. . 6. Дауысқа салған кезде …………… болған жоқ. 7. …………….. директордың орынбасары Қадырқұлова Роза Баймолдақызы хабарлама жасады.
Сөйлемдерді толықтыруға керекті тілдік бірліктер: қалыс қалғандар, қаулы қабылданды, жарыссөзге шықты, баяндамасы тыңдалды, үш мәселе қойылды, бірауыздан мақұлдады, екінші мәселе бойынша.
151-тапсырма. Берілген сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыздар.
1. Повестка дня: а) Создание и название МЧП. б) Принятие устава МЧП. 2. Слушали: а) М.С.Кравченко сообшил о планах создания и названия МЧП. б) К.Н.Насыров ознакомил присутствующих с уставом. 3. Постановление: а) Ходатайствовать о создании и названии кооператива. б) Принять предложенный устав. 4. Повестка дня: а) О реализации Закона РК «О труде в Республике Казахстан». б) О работе отдела маркетинга и государственных закупок. в) О работе отдела контроля и документационного обеспечения.
152-тапсырма. Төмендегі мәселелер бойынша хаттамадан үзінді жазыңыздар.
1. Диплом жұмысының тақырыбын бекіту;
2. Оқу құралын баспаға ұсыну;
3. Диссертациялық жұмысты Ғылыми кеңеске қорғауға жіберу туралы
және т.б.
153-тапсырма. Сөздердің дұрыс мағыналарын тауып, оларды сәйкестендіріңіздер.
1. Төраға 2. Қаулы 3. Еңбекақы 4. Сұхбат 5. Деканат 6. Дискриминация 7. Донор |
1. Құқықты жою, құқыққа шек қою. 2. Екі адамның әңгімесі, сөйлесуі. 3. Жиналысты, мәжілісті басқарушы. 4. Көпшіліктің шешімі. 5. Факультет басқармасы орналасқан бөлме. 6. Басқа ауру адамға құю үшін қанын беретін адам. 7. Орындалған жұмысына, істеген қызметіне алатын ақша. |
11-апта. 21-сабақ
154-тапсырма. Тілдің түрлі стильдік тармақтарынан мәлімет алыңыздар. Өз ойларыңызды ортаға салыңыздар.
155-тапсырма. Ресми іс қағаздары тілінің стилін сабақ барысында талқылаңыздар.
156-тапсырма. Берілген мәтінмен мұқият танысып, мағынасын меңгеріп, мазмұндаңыздар.
Ресми іс қағаздары тілінің стилі
Жазба әдеби тіл қоғамның, мемлекеттің ресми тілі болғандықтан, оның қызметі де, қолданылу аясы да барынша кең болады. Тіл мемлекетте жүргізілетін іс қағаздарының, әдебиеттің, оқу-ағарту, тәрбие жұмыстарының, саясаттың, өнер-білімнің, бұқаралық-ақпарат құралдарының барлық салаларында қызмет атқарады. Осыған орай тілдің стильдік тармақтары пайда болады. Қазіргі қазақ әдеби тілінің мынандай стильдік тармақтары бар:
Ресми іс қағаздары тілінің стилі кейде: а) кеңсе стилі; ә) ресми стиль; б) іс қағаздары стилі деп те айтыла береді. Ресми іс қағаздары стилінің ерекшелігі онда факті дәл көрсетіліп, бір ізбен, жүйелі, нақты, қысқа, нұсқа жазуға айрықша мән беріледі. Өйткені, іс қағаздары да, ресми құжаттар да ерекше қатынас жасау құралы болып саналады. Бұл стиль ел билеу, мемлекет жұмыстарын жүргізумен байланысты.
Ресми құжаттарда қоғамдық-саяси лексиканың, әкімшілік терминдердің қолданылуы басым келеді. Ресми стильге жататын мемлекеттік құжаттар жанр және мазмұн жағынан әр түрлі болып келгенімен, олардың барлығына ортақ жалпы сипаты болады: а) белгілі бір қалыптасқан үлгіде, баяндау түрінде жазылады; ә) лексика-фразеологиялық құрамы басқаша болып келеді; б) ойдың логикалық жүйелілігін сақтау мақсатымен сөйлем күрделі құрылады.
Іс қағаздары ресми түрде жазылуы керек, бірақ кейбір іс қағаздарында эмоционалды бояуы бар тілдік құралдар да қолданылады. Мысалы: халықаралық ұйымдар мен мекемелердің, белгілі қоғам қайраткерлерінің мүшел тойына арналған құттықтаулар. Құттықтау мәтіндерінде жігер, қуатқа толы жақсы тілектер айтылады, олар жылы сезіммен жазылады. Сондықтан онда эмоционалды бояулы сөздердің қолданылуы заңды.
Көптеген сөздер белгілі бір стильде болып, қолданылуы жағынан шектеліп отырады. Мысалы: тағайындалсын, міндеттелсін, осы анықтама берілді, мәселе көтеру, алғыс, сөгіс жариялау, бұйырамын, қаулы қабылдау және т.б. сөздер мен сөз тіркестері ресми іс қағаздары стиліне тән.
Ресми іс қағаздарында кейде бір заттың немесе ұғымның атауы қолданылу орнына қарай әр түрлі аталады. Мысалы: адам деген сөз:
Іс қағаздары белгілі бір форма бойынша жазылады. Ол форманың түрлі үлгілері болады. Іс қағаздарының үлгілеріне: өтініш, сенімхат, қолхат, анықтама, мінездеме, хабарландыру, акт, мәлімдеме, хаттама, шарт, міндеттеме, бұйрық, жарлық, қаулы, есеп, т.б. жатады.
Қатынас құралының бұл түрлері де күнделікті өмір қажеттілігінен туып, өз алдына орныққан бөлек жүйе болып саналады. Іс қағаздары бұрыннан қалыптасқан нақты үлгілер бойынша жазылады. Іс қағаздарын жазу жаттығу, дағдылану арқылы меңгеріледі. Сөйлемнің баяндауышы ашық райда пайдаланылады, мысалы: қаралады, қолдануда, жүріп жатыр, ескертілді немесе бұйрық райда орындалсын, шешілсін, келісілсін, жеткізілсін, қаралсын, шара қолданылсын, іске қосылсын сөздерінен тұрады.
Көнерген сөздер, диалектілер, қазіргі қазақ тілінде ескіріп, тілдік қолданыстан шығып қалған сөз тіркестері, сөздер қолданылмайды.
157-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.
1. Жазба әдеби тілі мен ауызша сөйлеу тілінің айырмашылықтары неде? 2. Тіл қай салаларда қызмет атқарады? 3. Қазақ әдеби тілінде стильдің қандай тармақтары бар? 4. Ресми іс қағаздары стилінің ерекшелігін атаңыздар. 5. Бұл стиль немен байланысты болып келеді? 6. Ресми құжаттарда терминдер қолданыла ма? 7. Ресми стильге жататын мемлекеттік құжаттарға ортақ сипаттарды атаңыздар. 8. Іс қағаздарының үлгілерін атаңыздар.
158-тапсырма. Ресми іс қағаздары тілінің стиліне сұрақ-жауап құрастырыңыздар.
159-тапсырма. Төмендегі құжаттардың жазылу үлгісімен танысып, олардың стиліне назар аударыңыздар.
Қосымша демалыс беру жөнінде
Бостандық аудандық қаржы бөлімінің бас маманы Сәрсекеева Гүлназ Айдарқызының баласы үш жасқа толғанға дейін бала күтіміне байланысты 2011 жылдың 19 қарашасынан бастап 2014 жылдың 8 қыркүйегіне дейін жалақысы сақталмайтын қосымша демалыс берілсін.
Негіздеме: Г.А.Сәрсекееваның өтініші. Баланың тууы туралы куәлігінің көшірмесі бірге тіркеліп отыр.
Алматы қаласы Бостандық
аудандық қаржы бөлімінің
меңгерушісі ____________ Айтжанова Сәуле Сейіткәрімқызы
қолы
Еңбек демалысынан шақыру туралы
Өндірістік қажеттілікке байланысты, ұйымдастыру кадр бөлімінің бастығы Бакиева Айгүл Әдікенқызы 2011 жылдың 15 қаңтарынан еңбек демалысынан шақырылып, пайдаланбаған күндерін өзіне қажетті басқа уақытта пайдалану құқығы берілсін.
«Капитал» компаниясының
директоры _____________ Оспанова Шолпан Мұхтарбекқызы
қолы
Ж ы л д ы қ д е м а л ы с ж ө н і н д е
Ү л г і:
Қазақстан Республикасының 10.12.1999 жылғы № 493-1 «Қазақстан Республикасындағы жұмыс туралы» Заңының 60 бабының 3 тармағы бойынша әлеуметтік жұмысқа байланысты категориясыз (Q-12) маман Абдиев Жұман Сайынұлына 2011 жылдың 1 қыркүйегінен 19 қыркүйегіне дейін 18 күнтізбелік күнге жыл сайынғы жылдық демалысы берілсін.
Негіздеме: Ж.С.Абдиевтің 2011 жылдың 18 тамызындағы өтініші.
Аудан әкімінің ____________ Садақбаев Тәңірберген Тұрсынбайұлы
орынбасары қолы
Енгізілсін:
Аудан әкімі аппаратының
басшысы _____________ Рыскелдиева Гүлдария Дәулетқазықызы
қолы
Келісілді:
Мемлекеттік құқық
бөлімінің бастығы _____________ Итемирова Ақмарал Сейітқызы
қолы
160-тапсырма. Жоғарыдағы үлгілерді пайдаланып, төмендегі мәселелерге байланысты құжат үлгілерін жазыңыздар.
1. Жұмысқа қабылдау туралы;
2. Белгілі қызметке тағайындау туралы;
3. Жұмыстан шығару туралы;
4. Тәртіптік жаза беру туралы;
5. Белгілі бір міндетті жүктеу туралы.
11-апта. 22 сабақ
161-тапсырма. Түйіндеме қандай құжат, оны қай уақытта, неге байланысты талап етеді? Сабақ барысында талқылаңыздар.
162-тапсырма. Түйіндеменің құрылымына не кіреді? Бір-біріңізбен пікір алмасыңыздар.
163-тапсырма. Түйіндеме туралы берілген мәліметпен танысып, оның жазылу үлгісін есте сақтаңыздар.
Т Ү Й І Н Д Е М Е (Резюме)
Түйіндеме (резюме) француз тілінен аударғанда айтылған немесе жазылған мәселенің «қысқаша түйіні» деген мағына береді.
Түйіндеме белгілі бір тұлғаның өмірбаяны, білімі, мамандығы, кәсіптік шеберлігі, біліктілігі, икемділігі жайлы нақты, қысқа мәлімет беретін анықтамалық-ақпараттық іс қағаздарының бір түрі.
Түйіндеме жұмысқа тұру мақсатында немесе істеп жүрген қызметінен өзіне лайықты басқа қызмет іздеген жағдайда, бос орынға жарияланған конкурсқа құжат тапсырған кезде, т.б. да көптеген жағдайларда жазылады. Түйіндеме мәтінінің соңына түйіндемені жазған тұлға өз қолын қояды.
Сіздің түйіндемеңізді оқыған адам сіздің кім екендігіңізден, қашан, қайда оқып, жұмыс істеп, қандай тәжірибе жинағандығыңыз, алға қойған мақсатыңыз, кім болып жұмыс істегіңіз келетіндігінен, жеке басыңыздың қасиеттерінен хабардар болып, мәлімет ала алуы керек.
Түйіндеменің құрылымы төмендегідей:
Аты-жөні, туған, оқыған жері, жылы. Мысалы: Айдарова Кәмшат Жансерікқызы 1967 жылы 22 ақпанда Қарағанды қаласында дүниеге келдім, ұлтым қазақ.
Грамматикалық ерекшеліктер:
Түйіндемеде жазылатын құжат иесіне қатысты мәліметтің барлығы I жақ жекеше түрде баяндалады, оның жалғауы: -м. Етістіктің жедел өткен шақ формасының жұрнақтары: -ды, -ді, -ты, -ті қолданылады. Мысалы: дүниеге кел+ді+м, оқы+ды+м, бітір+ді+м, қызмет ет+ті+м, т.б.
Түйіндеме иесінің дәл қазіргі кездегі өмірін, білімі мен қызметін баяндайтын мәліметтер етістіктің нақ осы шақ формасы арқылы I жақта беріледі. Мысалы: оқы+п жүрмін, істе+п жүрмін, атқар+ып жүрмін, т.б.
Нақ осы шақтың дара түрі отыр, жүр, жатыр, тұр етістіктеріне жіктік жалғауының тікелей жалғануы арқылы жасалады. Мысалы: мен отыр+мын, сен жатыр+сың, сіз тұр+сыз, ол жүр, біз тұр+мыз, сендер жүр+сіңдер, сіздер отыр+сыздар, олар отыр.
Нақ осы шақтың күрделі түрі лексикалық мағыналы етістікке: -ып, -іп, -п жұрнақтары жалғанып, тұр, жүр, жатыр, отыр етістіктеріне жіктік жалғауының жалғануы арқылы жасалады. Мысалы: Мен оқы+п отыр+мын. Сен көр+іп жатыр+сың. Сіз ал+ып тұр+сыз. Сендер біл+іп жүр+сіңдер.
164-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.
1. Түйіндеме сөзі қандай мағына береді? 2. Түйіндеме іс қағазының қай түріне жатады? 3. Түйіндемеде қандай мәліметтер қамтылады? 4. Бұл құжатқа кім қол қояды? 5. Сіздің түйіндемені оқыған адам қандай мәлімет ала алуы керек? 6. Түйіндеменің құрылымына не кіреді? 7. Қосымша мәліметтерде не айтылуы керек? 8. Түйіндемемен бірге беру керек болған жағдайда кепілдемені кім беруі керек? 9. Түйіндемені жазғанда қандай грамматикалық ерекшеліктерге сүйену керек?
165-тапсырма. Сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.
Жұмыс тәжірибесі, азаматтығы туралы мәлімет, жұмысқа орналасу, ұйымдастырушылық қабілеті, компьютерлік сауаттылығы, спортқа қатысы, жауапкершілік қасиеті, ғылыми дәрежесі, мамандығы туралы мәлімет, әскери атағы, кәсіби біліктілігі.
166-тапсырма. Төмендегі хабарландырулармен танысып, өзіңіз таңдаған қызмет орнына түйіндеме жазыңыздар.
1. Фирма «Физтех» ЖШС-нің Атырау филиалы техникалық қызмет көрсету жөніндегі менеджер қызметіне үміткер қабылдауды жариялайды.
Талап:
а) Мұнай саласындағы техникалық қызмет көрсету жөніндегі менеджер қызметіндегі жұмыс тәжірибесі 5 жылдан кем болмауы керек.
ә) Шет тілдерін (ағылшын, неміс, француз) жетік білу;
б) Мұнай саласына қатысты жоғары білімі туралы құжат;
в) Компьютерлік технологияны білу, интернет бағдарламаларымен жұмыс істеу деңгейі жеткілікті дәрежеде болуы керек.
Түйіндемені мына факске жіберуге болады: 8 (3272) 57-08-41.
Қойылатын басты талаптар:
а) Батыстық қаржы-экономикалық жоғары білімі;
ә) Ағылшын, жапон тілдерінде еркін сөйлеу;
б) Дамушы елдердің қаржы нарығындағы жұмыс тәжірибесі;
в) Басшылық қызметіндегі жұмыс тәжірибесі кемінде 5 жыл болуы керек.
Түйіндемені мына факске жіберіңіздер: 8 (3272) 28-86-39.
167-тапсырма. Бос қызмет орнына жарияланған конкурсқа әр студент өз атынан түйіндеме жазыңыздар. Үміткерлердің қайсысы сәйкес келеді? Оны мекеме басшысының төрағалығымен комиссия мүшелері шешеді.
168-тапсырма. Түйіндеменің үлгілерімен танысыңыздар.
Т Ү Й І Н Д Е М Е (Резюме)
Ү л г і:
Жеке басы туралы мәліметтер:
Аты-жөні, тегі: Асқарова Айжан Мырзабекқызы
Туған жылы: 1950 ж., шілденің 19-ы
Отбасы жайлы: Тұрмыста
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
Мекен-жайы: Тастақ-3 ықшамауданы,
20 үй, 65 пәтер, тел.: 348-50-17
Білімі:
1966 ж. Орта Алматы облысы, Жамбыл ауданының
«Алатау» шұға фирмасындағы
орта мектепті бітірді.
1967-1972 ж. Жоғары «Қазақ тілі мен әдебиеті»
мамандығы бойынша қазіргі
әл-Фараби (ол кездегі С.М.Киров)
атындағы Қазақ ұлттық
университетінің филология
факультетін бітірді.
Жұмыс істеген орындары:
1966-1967 ж. «Алатау» шұға фирмасы;
1967-1972 ж. С.М. Киров атындағы КазМУ-дің
студенті ;
1972-1976 ж. «Жетісу» облыстық газетінің
редакциясы;
1976 ж. ҚазССР (ол кездегі) Ғылым
Академиясына қабылданды.
1977-1983 ж. Монғол Халық
Республикасындағы Тау-кен
өндірісі комбинатына отбасымен
жұмысқа жіберілді.
1983-2001 ж. Монғол Халық
Республикасынан оралғаннан
кейін, ҚазССР ҒА-ның әдебиет
институтындағы өз қызметін
атқаруға қайта кірісті.
2001 жылдан Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ
ұлттық техникалық университетінің
Қазақ тілі кафедрасында қазақ
тілі пәнінен сабақ береді, п.ғ.д.,
профессор.
Қосымша мәліметтер:
1990 ж. Докторлық диссертация қорғады,
педагогика ғылымдарының докторы
ғылыми дәрежесі берілді.
2000 ж. Профессор ғылыми атағын алды.
Бірнеше семинарлардан алған
сертификаттары; университет
тарапынан берілген «Айрықша
еңбегі үшін» медалі; құрмет
грамоталары мен марапаттаулары бар.
Тілді білуі:
Қазақ тілі мен орыс тілдерін еркін, ал
ағылшын тілін орташа дәрежеде біледі.
Жеке басының қасиеттері:
Жауапкершілік, ұйымдастырушылық,
басқарушылық қабілеттері жоғары.
Еңбекқор, көпшілікпен ортақ тіл
табыса алады, ұжымда беделді,
сынды дұрыс қабылдайды.
Құштарлығы: Кітап оқу, саяхатқа шығу,
ән айту, ғылыммен шұғылдану.
Отбасы:
* * * * *
Т Ү Й І Н Д Е М Е
Ү л г і:
Жеке басы туралы мәліметтер:
Аты-жөні, тегі: Қасымов Жарасқан Жұмағұлұлы
Туған жылы, айы, күні: 10.02.1984 ж. Қызылорда облысы,
Арал қаласы.
Отбасы жайлы: Үйленбеген
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
Білімі: Аяқталмаған жоғары білім
Мамандығы: Болашақ инженер-металлург
Жұмыс істеген орындары: Жұмыс істеген жоқ
Қосымша мәліметтер: Қазақ, орыс тілдерін жетік біледі.
Ағылшын тілінде сөздікпен
жұмыс істейді; Спортпен
шұғылданады.
Мекен-жайы: Тастақ-1 ықшамауданы, 8 үй, 42
пәтер, тел.: 340-03-24
* * * * *
Т Ү Й І Н Д Е М Е
Ү л г і:
Жеке басы туралы мәліметтер:
Аты-жөні, тегі: Сұлтанова Назира Айтбайқызы
Туған жылы, айы, күні: 07.04.1974 ж. Талдықорған қаласы
Отбасы жайлы: Тұрмыста, күйеуі, 2 баласы бар.
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
Білімі: Жоғары. Талдықорған қаласындағы
І. Жансүгіров атындағы
университетті 1996 ж бітірген
Мамандығы: Заңгер, тарихшы
Жұмыс істеген орындары: Аталған университеттің тарих
факультетінің оқытушысы
Қосымша мәліметтер: Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін
жетік біледі. Компьютерді
меңгерген. Ғылыми-зерттеу
жұмыстарымен шұғылданады.
Мекен-жайы: Орбита-2 ықшамауданы, 56 үй, 75
пәтер, тел.: 328-46-51
169-тапсырма. Грамматикадан берілген тест тапсырмаларын орындаңыздар.
1. Ашық буынды сөзді табыңыздар.
А) Тамаша
В) Әкімшілік
С) Жақсылық
Д) Ғажап
Е) Бапкер
2. Сөз мағынасын зерттейтін тіл білімінің ғылыми саласын
атаңыздар.
А) Фонетика
В) Лексикология
С) Морфология
Д) Синтаксис
Е) Стилистика
3. Түбірлес сөздерді табыңыздар.
А) Тіл, діл
В) Қыс, қыз
С) Қор, көр
Д) Көрме, көргіш
Е) Қамқор, көмек
4. Жаңа сөздерден (неологизмдерден) тұратын қатарды
табыңыздар.
А) Былтыр, биыл, қайта құру
В) Ұстаз, оқытушы, ғалам тор
С) Өркениет, ғаламдастыру, нарық
Д) Компьютер, интернет, ғылым
Е) Аспап, құрал, техника
5. Етістікті сөз тіркестерін табыңыздар.
А) Өнерлі бала
В) Жетпіс бесінші
С) Таза жүру
Д) Жол торабы
Е) Менің пікірім
12-апта. 23-сабақ
170-тапсырма. Іс қағаздарын жүргізу барысында қолданылатын құжаттардың іштей бөліну түрлері туралы өзара пікір алмасыңыздар.
171-тапсырма. Іс қағаздары қалай топтастырылады? Сабақ барысында талқылаңыздар.
172-тапсырма. Мәтіннің мазмұнымен мұқият танысып, мағынасын меңгеріп, мазмұндаңыздар.
Іс қағаздарының түрлері және
оларды топтастыру
Іс қағаздарының түрлері өте көп, олардың негізгі түрлерін: мақсаты мен мазмұнына, жасалған орнына, жасалу сатысына, қызметіне, формасына, т.б. ерекшеліктеріне қарай топтастыруға болады. Ұйымдар мен мекемелердің іс жүргізу барысында қолданылатын құжаттарын жалпы мақсатына қарай ұйымдық-өкілеттік құжаттар деп алып, оларды іштей бірнеше топқа бөлуге болады.
а) жеке адамға қатысты және ә) қызметтік іс қағаздары деп екіге бөлінеді.
Жеке адамға қатысты іс қағаздары жеке азаматтар атынан жазылады.
Оларға мыналар жатады: өмірбаян, арыз, сенімхат, қолхат, хат, төлқұжат, куәлік, білімі туралы куәлік, т.б. Төл құжат, куәлік, білімі туралы куәлік сияқты құжаттарды мекемелер азаматтардың өз қолына береді, яғни әркімнің өзінде болады.
Қызметтік іс қағаздары мекеме немесе сол мекеменің жауапты адамының атынан жазылады. Қызметтік іс қағаздарына мекемелер мен ұйымдардың іс жүргізу барысында дайындайтын барлық құжаттарын жатқызуға болады. Олар: қызметтік хаттардың барлық түрі, бұйрық, хаттама, т.б.
2. Формасына қарай: а) типтік; ә) трафареттік және б) еркін болып бөлінеді. Типтік іс қағаздары деп қалыптасқан мәтін-үлгі бойынша жазылатын іс қағаздарын айтады. Олар: арыз, өтініш, т.б.
Трафареттік іс қағаздары деп мәтіннің белгілі бір бөлігі алдын ала типографиялық әдіспен басылып дайындалған құжаттарды айтады.
Мәтіннің алдын ала дайындалған бөлігінде өзгермейтін ақпарат жазылады. Мысалы, студенттің белгілі бір оқу орнында оқитынын растайтын анықтама (анықтаманың бланкісі). Мұнда студенттің аты-жөні, оқитын бөлімі мен курсы жазылатын арнайы орын қалдырылып, қалған бөлігі (бланкісі) типографиялық әдіспен басылып, дайындалады.
Еркін мәтінді іс қағаздарына белгілі бір мәселе, ғылыми немесе әдеби еңбек, өнер туындысы, т.б. туралы ресми түрде жазылатын құжаттар жатады. Мысалы: пікір. Еркін мәтін іс қағаздарына да, жалпы іс қағаздарына да қойылатын талаптар сақталады.
3. Жасалу орнына қарай: а) мекеменің ішкі іс қағаздары; ә) сырттан келіп түсетін іс қағаздары болып бөлінеді.
Мекеменің ішкі іс қағаздарына мекеменің қызмет ету барысында, оны құжаттау процесінде мекеме ішінде дайындалған іс қағаздары жатады.
Мекемеге басқа ұйымдар мен мекемелерден келіп түсетін құжаттар сырттан келіп түсетін іс қағаздарына жатады.
4. Шығу, жасалу деңгейіне қарай іс қағаздары: а) түпнұсқалық және ә) көшірмелік болып бөлінеді.
Түпнұсқалық іс қағаздарына кез келген құжаттың бірінші рет жасалған нұсқасы (оригинал) жатады.
Көшірмелік іс қағаздарына түпнұсқаның мәтіні сол күйінде өзгеріссіз сақталып алынған толық нұсқасы немесе бір бөлігі жатады. Көшірмелік іс қағаздарына кез келген құжаттың көшірмесін (диплом, бұйрық көшірмесін, т.б.), үзіндісін (хаттамадан үзінді, бұйрықтан үзінді, т.б.), дубликатын жатқызуға болады. Үзінді құжаттың қажетті бөлігінің мәтіні өзгертілмей жазылып, қолға берілетін нұсқасы. Дубликат құжат жоғалған кезде берілетін құжаттың түпнұсқасымен күші бірдей көшірмесі.
173-тапсырма. Ұйымдық құжаттардан мәлімет алып, мәтінді мазмұндаңыздар.
Ұ й ы м д ы қ қ ұ ж а т т а р
Ұйымдық құжаттарға мекеменің ұйымдастырылуына, құрылуына қатысты құжаттар жатады, олар: басқару аппараттық құрылым, оның құрамы, штат кестесі, ішкі тәртіп ережесі, жарғы, міндеттер, қызметтік нұсқау (инструкция), т.б. құжаттар жатады.
Мекеме мемлекеттік тіркеуге алынған сәттен бастап заңды тұлға болып саналады. Тіркеуге алынған мағлұматтар заңды тұлғаларды тіркейтін Мемлекеттік реестрге алынады. Ұйымдық-құқықтық әрекетіне қарай мекеменің құжаттарына мекеме жарғысы, құрылтайшылар келісімі, коммерциялық емес ұйымдардағы жалпы ережелер жатады.
Мекеме жарғысы белгіленген тәртіп бойынша бекітіледі. Жарғыда мекеменің іс-әрекеті, негізгі бағыты, басқа бірлестіктер, жеке, заңды тұлғалармен қарым-қатынасы, құқықтары мен міндеттері жазылады. Жарғы мекеменің атын, мекен-жайын, оның ұйымдық-құқықтық әрекеттерін, басқару органын, бақылаушыларын, мекеменің қайта құрылуын, қызметін тоқтатуын реттейді, растайды. Жарғы негізінде мекеменің құрылымдық жүйесі мен жұмысшылар саны анықталады.
Штат кестесінде қызметтік атаулар мен еңбекақылар көрсетіледі. Мекемелердің құрылымдық бөлімшелерінің құқығын анықтайтын, жауапкершілік міндеттерін, қызметтерін белгілейтін Ереже жасалады.
174-тапсырма. Өкілеттік құжаттарға берілген мәтінмен мұқият танысып, мағынасын меңгеріп, мазмұндаңыздар.
Ө к і л е т т і к қ ұ ж а т т а р
Өкілеттік құжаттарға мекеменің қызметтік іс-әрекеттеріне және қызметкерлеріне байланысты жазылатын бұйрықтар мен нұсқаулар жатады. Мұндай құжаттарға мекеме, ұйым, бірлестік басшысы қол қояды.
Өкілеттік құжат мәтіндерінің тақырыптары «... туралы», «... жөнінде», «... жайында» деген сияқты шылаулармен келген сөз тіркестерінен тұрады. Тақырып аттары қысқа, нақты болуы керек. Мысалы: «... өзгеріс енгізу туралы», «... қайта қарау жөнінде», «... шара қолдану жайында», «... қорытындысы жөнінде», т.б.
Бұйрықтарда ұйымның өндірістік-шаруашылық және басқа да маңызды бағыттағы мәселелері жазылады. Бұйрықтың ең маңызды бөлігі оның мәтіні. Бұйрықтың мәтіні өкілеттік бөлімдерден құралып, «БҰЙЫРАМЫН» деген сөзбен беріледі және жеке жолға жазылады. Онда іс-әрекеттің орындалу мерзімі, орындаушының аты-жөні, қызметі көрсетіледі.
175-тапсырма. Анықтама-ақпараттық құжаттардан мәлімет алып, мәтіннің мазмұнына сұрақ-жауап құрастырыңыздар.
Анықтама-ақпарттық құжаттар
Ұйымдық-өкілеттік құжаттардың көп кездесетін түріне анықтама-ақпараттық құжаттар жатады. Олар: хат, жеделхат, телефонхат, түсініктеме, мәлімхат, акт, анықтама және т.б. қызметтік хаттар жатады. Бұл құжаттардың барлығы ақпарат беру мақсатында жазылады, белгілі бір оқиғаны, фактіні, іс-әрекетті белгілейді, баяндайды.
Хат, жеделхат, телефонхаттар арқылы мекемелер арасында ақпарат алмасуы болады, ұсыныстар айтылып, алдын ала келісімдер жасалады, яғни мекеме басқа бірлестіктермен ресми байланыс жасайды.
Анықтама-ақпараттық құжаттардың бірі акт. Ол мекеме жетекшісінің тағайындауымен құрылған тексерушілер тобы және жауапты адамдардың қатысуымен жазылады. Актілердің бірнеше түрлері кездеседі. Олар: материалдық құндылықтарды жарамсыз деп санау, іс қағаздарын қабылдап алу, өткізу, материалдық құндылықтарды қабылдау, өткізу, т.б. Құжатта акт жазушылардың аты-жөндері міндетті түрде жазылады.
12-апта. 24-сабақ
176-тапсырма. Өмірбаянда не жазылады, оның құрылымына не кіреді? Берілген сұраққа жазбаша жауап дайындаңыздар.
177-тапсырма. Өмірбаян неше түрлі болып жазылады? Өз пікіріңізбен ой бөлісіңіздер.
178-тапсырма. Өмірбаян туралы берілген мәліметпен мұқият танысып, оның жазылу жолын меңгеріп алыңыздар.
Өмірбаян және оның түрлері
Өмірбаян жеке адамның өмір жолы мен қызметі хронологиялық тәртіппен туған күнінен бастап, бүгінге дейін жазылатын анықтама-ақпараттық іс қағазының бір түрі. Тәжірибеде өмірбаян үш түрлі болып жазылады:
Біріншісінде адам өзінің өмірі мен қызметі туралы баяндайды. Бұл көбінесе қызметке орналасу кезіндегі жеке іс қағаздарына қоса тігу үшін жазылады. Онда адам өзінің аты-жөнін, туған күнін, айын, туған жерін толық көрсетеді. Одан кейін өзінің өмірі мен қызметі туралы деректерді ретімен жазады.
Өмірбаянның бұл түрі көбінесе ресми іс қағаздары стилімен жазылады да, көлемі жағынан шағын болады.
Өмірбаянның екінші түрі мемуарлар, яғни ақын, жазушылардың, өнер, қоғам қайраткерлерінің өз өмірін қоғам өмірімен байланыстыра баяндауы. Мұндай өмірбаяндар көркем шығармаға жақын әдеби тілмен, шебер жазылғандығымен оқырманды қызықтырады және ол оқырманды жеке адам өмірімен ғана емес, қоғамның дамуымен де таныстырады.
Өмірбаянның бұл түрінде жазушының көзқарасы, дүниетанымы көркем сөзбен жан-жақты баяндалады. Яғни ойды, сезімді, оқиғаны көркем сөз арқылы әсерлі жеткізіп, оқушының сана-сезіміне, көңіл-күйіне әсер ету принципі негізге алынады.
Мұндай шығармалардың қай тілде болмасын өте көп және қара сөзбен де, өлең сөзбен де жазылатын түрлері кездеседі. Мысалы, Қ. Байсейітовтың
« Құштар көңіл» (1977), Ш. Жиенқұлованың «Өмірім менің өнерім» (1983),
Д. Қонаевтың «Өтті дәурен осылай» атты кітаптары өмірбаянның осы түріне жатады.
Өмірбаянның үшінші түрінде қоғамға белгілі қайраткерлердің өмірі мен шығармашылық, саяси қызметтері өз тарапынан емес, басқа біреулердің тарапынан баяндалады. Мысалы, ұлы жазушылар мен ақындар А. Құнанбаев, Ш. Уәлиханов, А.С. Пушкиннің өмірлері туралы шығармалар осындай өмірбаян түріне жатады.
Атап айтсақ, С. Мұқановтың «Аққан жұлдыз», М. Әуезовтың «Абай жолы» шығармалары. Өмірбаянның мұндай түрі көркем шығарманың әр түрлі жанрларында очерктен бастап роман-эпопеяға дейін жазыла береді.
Бұл өмірбаян алдыңғы екеуінен өзгеше, қоғамдық талапқа сай публицистикалық тілмен жазылады. Мұндағы мақсат мәліметті қоғамның жалпы мәдениеті, экономикасы мен әлеуметтік жағдайына сәйкестендіре беру. Сондықтан, өмірбаянда субъектінің суырыпсалма ақын болғандығы немесе жетім қалғандығы сол кездегі қоғамдық ортаға қатысты баяндалады.
Әдеби-публицистикалық өмірбаянның көлемі әр түрлі болып келеді. Мысалы, С. Мұқановтың «Өмір мектебі», Б. Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа», С. Сейфуллиннің «Тар жол тайғақ кешуі» сияқты көлемді, өмірбаяндық шығармалары да кездеседі.
Күнделікті өмірде ең жиі қолданылатын құжаттың біріншісі өмірбаян. Ол әркімнің өз қолымен жүйелі түрде бірінші жақта, жекеше формада баяндалады.
Өмірбаянның құрылымы төмендегідей
болып келеді:
1. Құжаттың аты;
2. Өмірбаянын жазушы адамның азаматтық жағдайы туралы мәлімет;
3. Білімі, оқыған оқу орны;
4. Кәсіби тәжірибесі және кәсіби біліктілігі;
5. Қоғамдық-саяси қызметі;
6. Қосымша мәліметтер;
7. Отбасы жағдайы туралы;
8. Мекен-жайы, аты-жөні, қолы, қай күні жазғандығы, айы, жылы.
Өмірбаянның грамматикалық
ерекшеліктері
Өмірбаянда жазылатын құжаттағы барлық мәлімет I жақ жекеше түрде баяндалады, оның жіктік жалғауы: -м. Етістіктің жедел өткен шақ формасы қолданылады, оны жасайтын жұрнақтар: -ды, -ді, -ты, -ті. Мысалы: дүниеге кел+ді+м, оқы+ды+м, бітір+ді+м, қызмет ет+ті+м, т.б.
Өмірбаян иесінің әке-шешесіне, жолдасына, балаларына, туған-туысқандарына қатысты мәлімет III жақта баяндалады. Мысалы: ту+ған, бітір+ген, оқы+ған, т.б.
Өмірбаян иесінің дәл қазіргі кездегі өмірін, білімін, қызметін баяндайтын мәліметтер етістіктің осы шақ формасы арқылы I жақта беріледі. Мысалы: оқы+п жүр+мін, істе+п жүр+мін, атқар+ып отыр+мын, т.б.
179-тапсырма. Өмірбаянның үлгілерімен танысыңыздар.
Ө М І Р Б А Я Н
Ү л г і :
Мен, Қуаныш Өмірбекұлы Қасенов, 1963 жылы 1 мамырда Семей облысы, Аягөз ауданы, Баршатас ауылында тудым. Ұлтым қазақ. 1970-1980 жылдар аралығында Баршатас орта мектебінде оқып, оны ерекше аттестатпен бітірдім.
1981-1986 жылдар аралығында В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының металлургия-полиграфия факультетінде оқып, бітірдім. Қазір осы институтқа қарасты кафедраның аға оқытушысымын.
Институт қабырғасында өткізіліп тұратын іс-шаралардың барлығына қатысып, өзіме тапсырылған жұмыстарды уақытында орындап, жауапкершілікпен қараймын.
Ғылыммен шұғылданамын. Халықаралық және республикалық ғылыми-теориялық конференцияларға қатысып, ғылыми мақалаларымды жариялап, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргіземін.
Ата-анам бар: әкем Өмірбек Қасенов Ұлы Отан соғысының ардагері, құрметті зейнеткер; анам Хадиша Қасенова ұзақ жылдар бойы Баршатас орта мектебінде мұғалім болып қызмет істеді, қазір зейнеткер.
Отбасым бар: жұбайым Жазира Дүйсенқызы жоғары білімді маман, дәрігер. Мектеп жасындағы бір ұл, бір қызымды тәрбиелеп отырмын. Ұлым Марат Қасенов 1990 жылы, қызым Маржан Қасенова 1995 жылы туған, олар Алматы қаласындағы №54 орта мектебінің оқушылары.
Әскери қызметке міндеттімін. Аға лейтенант атағым бар. Қосымша мәліметтер: Ана тілім қазақ тілі, орыс және ағылшын тілдерін жетік білемін, ЭЕМ (ЭВМ) бағдарламаларын толық меңгергенмін. Интернетпен жұмыс істеймін. Жеңіл атлетикадан разрядым бар, университетаралық және қалалық жарыстарға қатысып тұрамын.
Мекен-жайым: Алматы қаласы, «Қазақфильм» ықшамауданы, 47 үй, 18 пәтер, телефон: 251-48-37.
Өмірбаян иесі _____________ Қ.Ө. Қасенов
қолы
Өмірбаянды жазған күн: 2005 жыл, 18 наурыз
* * * * *
Ө М І Р Б А Я Н
Ү л г і :
Мен, Серік Жұмаділұлы Қалымбетов, 1984 жылы Қызылорда облысы, Арал ауданы, Арал қаласында қызметкер отбасында дүниеге келдім. Ұлтым қазақ.
1990-2001 жылдар аралығында Арал қаласындағы З. Шүкіров атындағы №20 орта мектепте оқыдым. Мектепте оқып жүргенде үздік оқушы екенімді көрсете білдім. Әр түрлі қоғам жұмыстарын атқарып, спортпен тұрақты түрде шұғылдандым.
Ата-анам бар: әкем Ж. Қалымбетов 1955 жылы туған, Арал қаласында жекеменшік кәсіпорында жұмыс істейді. Шешем З. Қалымбетова 1957 жылы туған, Арал қаласындағы №20 орта мектепте орыс тілі пәнінен сабақ береді.
1998-2001 жылдар аралығында мектеп қабырғасында жүріп, Арал қалалық мәдени орталығында мәдени жұмыстар жөніндегі ұйымдастырушы қызметтерін қосымша ретінде атқарып, өзіме біраз тәжірибе жинадым. Көпшілікпен мәдени қарым-қатынас жасап, ортақ тіл таба білуге дағдыландым.
2001 жылы аталған орта мектепті бітірген соң, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетіне тау-кен инженері мамандығын алу үшін оқуға түстім. Бүгінгі таңда осы оқу орнының II курс студентімін, үйленбегенмін.
Ағылшын тілін меңгеру үстіндемін, компьютерлік курсқа барып жүрмін. Кітап оқығанды, Абай атындағы мемлекеттік опера және балет театрына барып классикалық шығармаларды тыңдағанды жақсы көремін. Қысқы уақыттарда шаңғы, коньки тебумен, табиғатқа шығып демалумен әуестенемін.
Алдыма қойған мақсатым жоғары білім алып, жаңа технологияны толық меңгеріп, білімді маман болып шығу, еліме, халқыма аянбай қызмет ету, мемлекеттік тілді дамытуға өз үлесімді қосу, мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізуді тиісті деңгейге көтеруге атсалысу.
Мекен-жайым: Алматы қаласы, Наурызбай батыр көшесі 23 үй, 36 пәтер, телефон: 393-20-02.
Өмірбаян иесі _____________ С.Ж. Қалымбетов
қолы
Өмірбаянды жазған күн: 2003 жыл, 20 мамыр
180-тапсырма. Өмірбаян мәтінінің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.
1. Өмірбаянның түрлеріне тоқталыңыздар. 2. Өмірбаян мазмұнына қарай құжаттың қай түріне жатады? 3. Өмірбаянның бірінші түрін кім жазады, оның құрылымына не кіреді? 4. Өмірбаянның екінші түрі қалай жазылады, оған қандай шығармаларды жатқызуға болады? 5. Үшінші түрі туралы қандай мәлімет білесіздер, оны кім жазады? 6. Өмірбаянның грамматикалық ерекшелігі қандай?
181-тапсырма. Әр студент өз өмірбаяндарыңызды жазыңыздар.
182-тапсырма. Өмірбаянның екінші түрі бойынша жазылған бір көркем шығарманы сабақ барысында талқылаңыздар.
183-тапсырма. Өмірбаянның үшінші түріне жататын көркем шығармалардың біреуіне тоқталып, өзара пікір алмасыңыздар.
184-тапсырма. Төмендегі сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.
Дүниеге келу, үйлену, тұрмысқа шығу, жоғары білім, жұмыс істеу, мамандық алу, арнайы бөлім, оқу орнын бітіру, қызмет орындары, тұрғылықты жері.
185-тапсырма. Берілген үлгі бойынша сөйлемдерді бірте-бірте күрделендіріңіздер.
Ү л г і :
Бітіру: 1. Мен бітірдім. 2. Мен университет бітірдім. 3. Мен Қазақ Мемлекеттік Әлем тілдері университетін бітірдім. 4. Мен 1995 жылы Қазақ Мемлекеттік Әлем тілдері университетін бітірдім. 5. Мен Қазақ Мемлекеттік Әлем тілдері университетін ағылшын тілінен мұғалім мамандығы бойынша бітірдім.
Әкем жұмыс істейді. Інім оқиды. Ағам тұрады. Балам дүниеге келді. Ол оқуға түсті.
186-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіздер.
1. Сіздің аты-жөніңіз кім? 2. Сіз қандай отбасында дүниеге келдіңіз? 3. Сіз қай жылы тудыңыз? 4. Әке-шешеңіздің аты-жөндері кім? 5. Олар қайда жұмыс істейді? 6. Мектепті қай жылы, қайда бітірдіңіз? 7. Біліміңіз қандай? 8. Қай оқу орнын бітірдіңіз, мамандығыңыз кім? 9. Отбасыңыз бар ма? 10. Мекен-жайыңызды атаңыз.
13-апта. 25-сабақ
187-тапсырма. Жеке іс парағы қандай жағдайларда жазылады? Өз ойларыңызды ортаға салыңыздар.
188-тапсырма. Жеке іс парағының құрылымын есте сақтаңыздар.
189-тапсырма. Мәтінде берілген мәліметті толық меңгеріп, жеке іс парағын қалай толтыру керектігін мазмұндаңыздар.
Анықтамалық-ақпараттық құжат
* * * * *
Ж Е К Е І С П А Р А Ғ Ы
Жеке іс парағы жұмысқа қабылдану, түрлі ұйымдарға сайлану, сондай-ақ ұйымдар мен мекемелер талап еткен басқа да жағдайларда жеке адамның өмірі мен қызметі жайлы нақты, ресми мәліметтер жазылып толтырылатын іс қағазының бір түрі.
* * * * *
Жеке іс парағында жеке адамның азаматтық хал-жағдайы, бітірген оқу орны, кәсібі, мамандығы, қоғамдық қызметі мен еңбек жолы, т.б. көрсетіледі. Жеке іс парағында көрсетілген мәліметтер оқу орнын бітіргендігі туралы құжатта, әскери билетінде, тууы туралы куәлікте, еңбек кітапшасында, өмірбаянда, орта білімі туралы аттестаты мен жоғары білімі туралы дипломында берілген мәліметтермен дәлме-дәл жазылуы керек.
Жеке іс парағы жеке тұлғаның өмірі, білімі, қызметі, әлеуметтік жағдайы туралы мәлімет беретін болғандықтан, мазмұн-мақсатына қарай анықтамалық-ақпаратттық іс қағазына жатады.
Жеке іс парағында негізінен стандартты 15 пункт беріліп, онда төмендегідей мәліметтер қамтылады:
1. Тегі, аты, әкесінің аты қысқартусыз толық жазылады. Мысалы: Қалықова Әлия Жұманқызы.
2. Жынысы ер немесе әйел деп көрсетіледі.
3. Туған күні, айы, жылы жазылған кезде ай аты толық көрсетіледі. Мысалы: 25 қазан 2008 жыл.
4. Туған жері төлқұжатында көрсетілген мәліметпен бірдей, сол кездегі ресми атауы өзгеріссіз көрсетіледі. Мысалы: Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Еңбекші ауылы.
5. Ұлты да жеке куәлікте, төлқұжатта көрсетілген мәліметпен сәйкес жазылады. Мысалы: қазақ.
6. Білімі. Тек орта мектепті бітірген болса, орта; техникум, училище, колледж бітірген болса, арнаулы орта; институт, университет бітірген болса, жоғары деп көрсетіледі. Ол оқу орындарының сіз бітірген кездегі бұрынғы атауы жазылады. Мысалы: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың атауын 1972 жылы бітіргендер Қазақтың С.М. Киров атындағы Еңбек Қызыл Ту орденді Мемлекеттік университеті деп жазады. Алған мамандығы: филолог, қазақ тілі мен әдебиетінің оқытушысы, диплом ЭК № 152 436.
7. Тіл білу дәрежесі. Мысалы: ана тілім қазақ тілі, орыс тілінде еркін сөйлеймін, ағылшын тілін ауызекі сөйлеу деңгейінде білемін.
8. Ғылыи атақ, дәрежесі толық, ресми түрде жазылады. Мысалы: филология ғылымдарының докторы, профессор.
9. Ғылыми еңбектеріңіз талапқа сай толық түрде толтырылады: Мысалы: Техникалық қазақ тілі. Оқулық. Жоғары техникалық оқу орындарының барлық мамандықтарына арналған. «Ғылым» баспасы, 18 баспа табақ, 2010ж.
10. Еңбек жолы тармағына оқу орындарында оқыған жылдары, қызметі, қосымша істеген жұмыстары, басқа жұмысқа ауысқан уақыты толық көрсетіледі.
11. Сайланбалы органдарға қатысуы тармағына республикалық, облыстық, қалалық, аудандық, т.б. сайланбалы органдарға депутат болып сайланған жағдайда толтырылады. Қатыспаған болса, қатысқан жоқпын деп жазылады.
12. Мемлекеттік наградалар туралы тармақты марапатталғандар ғана толтырады. Марапатталмаған болса, марапатталған жоқпын деп жазады.
13. Әскери қызметке қатысы пунктінде әскери қызметке міндетті немесе міндетті еместігі жазылады. Мысалы: әскери қызметке міндеттімін, әскери қызметке міндетті емеспін. Мысалы: әскери билеті СК № 272046, Алматы қаласы Бостандық аудандық әскери комиссариаты берген.
14. Жеке іс парағын толтырған кездегі отбасы жағдайы. Мысалы, әйел адамдар: тұрмыстамын, тұрмыста емеспін; ер адамдар: үйленгенмін, бойдақпын. Отбасы бар болса, олардың аты-жөні, туған жылы, күні, т.б. көрсетіледі.
15. Мекен-жайы. Мысалы: Алматы қаласы, С. Торайғыров көшесі, 15 үй, 70 пәтер, телефоны: 386-42-01.
190-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.
1. Жеке іс парағында нақты не толтырылады? 2. Бұл құжат мазмұн-мақсатына қарай іс қағазының қай түріне жатады? 3. Жеке іс парағының құрылымына не кіреді? 4. Тұлғаның білімі туралы қандай мәліметтер көрсетіледі? 5. Аталған құжатты толтыруда қандай жағдайларды, неге байланысты талап етеді? 6. Жеке іс парағын толтыруда қысқарған сөздерді пайдалануға бола ма? 7. Жеке іс парағындағы мәліметтер қандай құжаттардың негізінде жазылады? 8. Жеке іс парағында жазылған мәліметтердің растығына кім жауап береді?
191-тапсырма. Кадрлар жөніндегі жеке іс парағының үлгісімен танысыңыздар.
Кадрлар жөніндегі жеке іс парағы
Ү л г і :
1. Тегі Жанболатова
Аты Алмагүл Әкесінің аты Асанқызы
2. Жынысы әйел 3. Туған жылы, айы, күні 19 қазан 1962 жыл
4. Туған жері Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылы
(ауыл, аудан, қала, облыс)
5. Ұлты қазақ Азаматтығы Қазақстан Республикасы
6. Әлеуметтік тегі қызметкер отбасынан
7. Білімі жоғары Диплом бойынша мамандығы қазақ тілі мен
әдебиеті
Жоғары оқу орнының аты, орналасқан жері Алматы қаласы,
Қазақтың С.М. Киров атындағы Еңбек Қызыл Ту орденді Мемлекеттік
университеті.
8. Қандай тілдерді білесіз ана тілім қазақ тілі, орыс тілінде еркін
қандай дәрежеде сөйлеймін, ағылшын тілін ауызекі сөйлеу
деңгейінде білемін.
9. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы филология ғылымдарының
докторы, профессор.
10. Ғылыми еңбектері 80-нің үстінде
11. Жұмыс істеген орындары, лауазымы, жұмыс істеген жылдары
Бұл тармаққа еңбек кітапшасындағы мәліметтер дәлме-дәл жазылады.
12. Шет елдерде болуы Мемлекеттердің аты, болған жылдары
көрсетіледі.
13. Сайланбалы органдарға қатысуы қатысқан жоқпын
14. Мемлекеттік наградалары марапатталған жоқпын
15. Әскери қызметке қатысы, әскери қызметке міндеттімін
әскери атағы сержант, әскери түрі:
командалық
16. Отбасы жағдайы (отбасы мүшелерінің аты-жөні, туған жылы
көрсетіледі) Отбасы мүшелерінің аты-жөні, туған жылы,
қызметі толық жазылады.
17. Мекен-жайы: Алматы қаласы, С.Торайғыров көшесі 24 үй,
82 пәтер, тел.: 390-56-81
___28.08.2010_______
Толтырылған уақыты қолы______________
192-тапсырма. Әр студент өзінің жеке іс парағын толтырыңыздар.
193-тапсырма. Жеке іс парағында көрсетілген он бес пунктті өзара 5 пункттен бөліп алып, сұрақ-жауап ретінде айтып беріңіздер.
195-тапсырма. Төмендегі сөз және сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.
Құжат, еңбек кітапшасы, жоғары білімі, сайланбалы органдар, тууы туралы куәлік, марапаттау, әскери қызмет, ұйымдар, тармақ, міндетті.
196-тапсырма. Бірінші бағанадағы сөздердің дұрыс түсініктемелерін екінші бағанадан табыңыздар.
1. Ғасыр 2. Қаламақы 3. Полиглот 4. Спикер 5. Тіркеу 6. Орфогра- фиялық сөздік 7. Жаратылыс- тану |
А) Қоршаған ортаны, табиғатты зерттейтін ғылым саласы. Ә) Парламент палатасының төрағасы. Б) Авторға немесе оның мұрагеріне төленетін ақы. В) Жүз жылдық мерзімді қамтитын уақыт өлшемі. Г) Сөздердің дұрыс жазылуын көрсететін сөздік. Д) Тізімге енгізу. Е) Көп тіл білетін адам. |
197-тапсырма. Жеке іс парағына берілген тест тапсырмаларын орындаңыздар.
1. Жеке іс парағында ............ мәлімет жазылады.
А) мерейтой иесін құттықтау туралы
Ә) азаматтардың құқығы туралы
Б) мекеменің таратылуы туралы
В) жеке адамның азаматтық хал-жағдайы туралы
2. Жеке іс парағында қолданылатын
стандарт тілдік бірлік.
А) әскерге бардым
Ә) әскерге барамын
Б) әскери қызметке міндеттімін
В) әскери қызметтемін
3. Орта дәрежелі оқу орны.
А) институт
Ә) колледж
Б) университет
В) академия
4. Монография .......... авторы ..........
А) -нің, -мін
Ә) -ның, -мін
Б) -ның, -мын
В) -нің, -мын
13-апта. 26-сабақ
198-тапсырма. Еңбек келісімі қай уақытта, кімдердің арасында жасалынады? Өзара пікір алмасыңыздар.
199-тапсырма. Жиырма пункттен тұратын еңбек келісіміне сұрақ-жауап құрастырыңыздар.
200-тапсырма. Берілген еңбек келісімінен мәлімет алып, мағынасын меңгеріп, мазмұндаңыздар.
Е Ң Б Е К К Е Л І С І М І
Еңбек келісімі екі жақтың (жұмыс беруші мен жұмысшы) нақты бір міндеттерді өзіне ерікті түрде алу туралы заңмен рәсімделген келісімі жазылатын іс қағазының бір түрі.
Белгілі бір жас пен білім дәрежесіне жеткеннен кейін, жұмысқа тұрғандардың әрқайсысының еңбек жолы құжаттан басталады.
Кез келген құжат секілді еңбек келісімінің де өзіндік құрылымы мен мазмұны, рәсімделу ережелері бар.
Еңбек келісімі жұмысқа орналасқан кезде немесе алдыңғы жасалған келісімнің кейбір шарттары (міндеттері, мазмұны, еңбекақы мөлшері, жұмыс жағдайы т.б.) өзгерген жағдайда жасалады. Келісім жасауға ұйым әкімшілігінде белгіленген тәртіп бойынша қаралған жұмысшы арызы негіз болады.
Еңбек келісімі мыналардан тұрады:
1. Құжаттың аты: Мысалы: Еңбек келісі № 4;
2. Келісім жасалған орны мен күні: Мысалы: Алматы қаласы, 23 қазан, 2000ж.
3. Екі жақтың толық және шартты атауы: (жұмыс беруші, жұмысшы).
4. Жұмыстың сипаты мен мазмұны, оны орындауға қажетті біліктілік дәрежесі: (М.: жұмысшының қай бөлімде, кім болып істейтіні жазылады).
5. Келісім типі (негізгі, әлде қосымша істейтін жұмысы көрсетіледі).
6. Келісім түрі (уақытша ма, әлде тұрақты жұмысқа алынды ма?).
7. Келісімнің уақыты, мерзімі (шектеулі мерзімге алынса, нақты айы, күні, жылы көрсетіледі).
8. Сынақ мерзімі: (М.: Жұмысшыға 2 апта, 1 ай немесе 2 ай сынақ мерзімі белгіленеді).
9. Жұмысшының міндеттері: тәртіп сақтауға, мемлекеттік құпияны жария етпеуге, техника қауіпсіздігі талаптарын сақтауға, ішкі еңбек тәртібі ережесіне бағынуға т.б. міндетті.
10. Еңбек жағдайы, еңбекақы төлеу сияқты әкімшіліктің негізгі міндеттерін көрсете отырып жазылған жұмыс берушінің міндеттері: (Еңбек демалысын өткізуге берілетін жеңілдік, медициналық көмек көрсету, тұрғын үймен, зейнетақымен қамтамасыз ету т.б.).
11. Жұмысшының еңбек құқын қорғауға қосымша кепілдік беретін мағлұмат:
а) ҚР-сы Президентінің 21.04.1993 жылғы № 431 жарлығында айтылған жеңілдіктерді толық пайдалануға; мәдени және тұрмыстық қызмет көрсету; қоғамдық көлікте жүруге берілетін жеңілдік;
ә) Жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін пайызсыз қарыз алуға т.б.
12. Еңбек пен демалыс тәртібінің ерекшеліктері туралы мәлімет: (Жұмысшыға 5 күндік жұмыс күні белгіленеді; Толық емес жұмыс күніне көшіріледі; Жұмысшы демалыс, мейрам күндері де жұмысқа шақырылуы мүмкін).
13. Ақшалай берілетін сыйлық көлемі мен оны төлеу тәртібі туралы мәлімет: (лауазымдық төлемақы; сағаттық төлемақы; үстеме төлемақы; мереке күндері берілетін ақшалай сыйлық мөлшері т.б.).
14. Демалыс алу тәртібі мен оның мерзімі туралы мәлімет: (Еңбек демалысының ұзақтығы; қосымша алынатын демалыс ұзақтығы, оларды алу тәртібі; ақы төленбейтін демалыс алу тәртібі, жылына бір рет ақылы демалыс беру т.б.).
15. Келісім бойынша жасалатын басқа да жағдайлар мен шарттар: (Жұмысшыға жылына бір рет жұмыс киімі мен аяқ киім беріледі; баласына балабақшадан орын беріледі т.б.).
16. Келісім бойынша атап өтілетін ерекше жағдайлар: (Бұл бөлікте келісім бұзылатын немесе қайта қаралатын, күшін жоятын жағдайлар сөз болады).
17. Келісім тоқтатылған жағдай атап көрсетіледі: (Бір жақ келісім мерзімінен бас тартқанда; өз міндетін үнемі орындамаса; кәсіпорын таратылған жағдайда т.б.).
18. Екі жақтың мекен-жайы толық көрсетіледі.
19. Екі жақ қол қояды.
20. Шартқа қол қойылған күн толық жазылады.
21. Келісімге қосымша құжаттар болса, ол көрсетіледі.
201-тапсырма. Еңбек келісіміне берілген мәтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.
1. Еңбек келісімі қандай мақсатта жазылады? 2. Еңбек келісімінде жазылатын негізгі мәліметтер қандай? 3. Еңбек келісімін жасаушы екі жақтың шартты атаулары қандай? 4. Еңбек келісімі қандай мерзімге жасалады? 5. Еңбек келісімі қандай жағдайда күшін жояды? 6. Еңбек келісімінің жасалу мерзімі көрсетілуі қажет пе? 7. Жұмысшының міндеттерін атаңыздар. 8. Жұмыс беруші неге міндетті?
202-тапсырма. Төмендегі мәліметтерді пайдалана отырып, еңбек келісімінің үлгісін жасаңыздар.
* Сіз «Ақниет» ашық акционерлік қоғамына менеджер қызметіне қабылданбақшысыз.
* «Ақниет» ашық акционерлік қоғамының төрайымы Әбдісүлейменова Раиса Шоғанбекқызы.
* Сізге 60 000 теңге көлемінде еңбекақы белгіленді.
* Келісім мерзімі 1 жыл.
* Сынақ мерзімі 2 ай.
*Сіздің міндеттеріңізге коммерциялық құпия болып табылатын мәліметтердің құпиялылығын сақтау және мекеменің ішкі тәртіп ережелерін сақтау кіреді.
* Жұмыс берушінің міндетіне сіздің кәсіби біліктілігіңізді арттыру үшін біліктілікті арттыру курстары мен семинарларға, тренингтерге қатысуға мүмкіндік жасау және оларға қатысты барлық шығынды мекеме есебінен төлеу де кіреді.
* Сіз қажет болған жағдайда 10 жұмыс күніне дейін ақы төленбейтін демалыс алуға құқылысыз.
Келісімде көрсетілген талаптарды екі жақ тараптарының бірі орындамаған жағдайда еңбек келісімі мерзімінен бұрын бұзылады.
203-тапсырма. Мәтіннің мазмұнына берілген сөз тіркестерінің аудармаларын есте сақтаңыздар.
қосымша кепілдіктер беру предоставления дополнительных гарантии
демалыс беру тәртібі порядок предоставления отпуска
еңбек демалысының ұзақтығы продолжительность трудового отпуска
келісімнің шарттарын қайта қарау пересмотр условий соглашение
келісімнің тоқтатылуы расторжение соглашения
келісімнің сипаты предмет соглашения
сынақ мерзімі испытательный срок
келісімнің түрі вид соглашения
204-тапсырма. Сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.
Келісімшарт жасау, еңбек келісімін жасау, жұмыстың сипаты, жұмыс беруші, еңбекақы төлеу, келісімнің уақыты, еңбек туралы заң.
205-тапсырма. Бірінші бағанадағы сөйлемдерді екінші бағанадағы аудармаларымен сәйкестендіріңіздер.
1. Жеке еңбек келісімі. 2. Міндеттер орындалмаған жағдайда. 3. Тараптардың міндеттері мен құқықтары. 4. ҚР-ның қазіргі қолданылып жүрген заңдарына сәйкес. 5. Еңбек тәртібін бұзған жағдайда. 6. Келісімшарт нысаны. |
1. Вслучае нарушения трудовой дисциплины. 2. Индивидуальное трудовое соглашение. 3. В соответствии с ныне действующими законами РК. 4. Предмет договора. 5. Обязанности и права сторон. 6. В случае не выполнения обязанностей. |
206-тапсырма. Еңбек келісімінің үлгісімен танысыңыздар.
Еңбек келісімі № 7
Алматы қаласы 15 қыркүйек 2002 жыл
Абай атындағы Алматы Мемлекеттік университеті атынан университет ректоры профессор Қ.М. Сабырханов бұдан былай қарай келісімде «жұмыс беруші» деп аталады, екінші жақтан филология факультетінің аспиранты Додаева Күлпаш Жанұзаққызы, бұдан былай қарай келісімде «жұмысшы» деп аталады.
Жұмысшы Додаева Күлпаш Жанұзаққызы қазіргі қазақ тілі кафедрасына мұғалім болып қабылданады.
Бұл еңбек келісімі негізгі жұмыс келісімі.
Жұмысшы уақытша бос тұрған орынға қабылданып отырғандықтан, келісім шектеулі мерзімге жасалады.
Келісім 2002 жылдың 15 қазанында күшіне енеді, 2003 жылдың 15 қазанында өз күшін жояды.
Жұмысшыға үш апта сынақ мерзімі белгіленеді.
Жұмысшының міндеттері:
Жұмыс берушінің міндеттері:
Жұмысшыға 5 күндік жұмыс күні белгіленеді. Толық емес жұмыс күніне көшіру қосымша өзара келісім негізінде жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының еңбек туралы заң кодексіне сәйкес жұмысшы өз міндетін атқаруға, демалыс, мейрам күндері де шақырылуы мүмкін.
Жұмысшы еңбегі үшін «Университет» білім беру жүйесі қызметкерлеріне арналған бірыңғай тариф кестесі негізінде _________ разрядқа орай ________ теңге көлемінде әр айдың штат кестесіне сәйкес еңбекақы белгілейді.
Жұмысшыға жылына бір рет, ұзақтығы 18 жұмыс күні мөлшерінде ақылы демалыс беріледі. Бұл келісімшарт қол қойған кезден бастап күшіне енеді.
Келісім мынадай жағдайда тоқтатылады:
Тараптар өздеріне жүктелген міндеттерді орындамағаны үшін белгіленген заңдарға сәйкес материалдық жауапкершілік жүктеледі.
Жұмыс беруші ____________ Қ.М. Сабырханов
қолы
Жұмысшы _____________ К.Ж. Додаева
қолы
14-апта. 27 сабақ
207-тапсырма. Бұйрық құжатының тарихынан мәлімет алып, ол жөнінде өз пікірлеріңізбен ой бөлісіңіздер.
208-тапсырма. Бұйрықты кім береді, ол неге байланысты беріледі? Сұрақ-жауап құрастырыңыздар.
209-тапсырма. Мәтінмен мұқият танысып, мазмұндаңыздар.
Б Ұ Й Р Ы Қ Қ Ұ Ж А Т Ы
Бұйрық қазіргі жүргізілетін іс қағаздарының ішінде жетекшінің мекемені басқару барысында алда тұрған маңызды, ағымдағы, күнделікті, кадрлық мәселелерді шешу мақсатында берілетін қарамағындағылар орындауға тиісті нормалардан тұратын өкілеттік құжаттардың бір түрі.
Көне түркі ескерткіштері мәтініндегі бұйрық сөзінің қолданыс аясы, мән-мақсаты мен мазмұны қазіргі басқару саласында қолданылып жүрген бұйрық сөзінен, іс қағазы түрінен алыс емес, мазмұндас. Оны көне түркі жазба ескерткіштеріндегі мысалдардан көруге болады. Мысалы, Темір-Құтлұғ жарлығы мазмұны мен құрылымы жағынан қазіргі бұйрыққа жақын. Себебі, жарлықтың негізгі өкімдік бөлігі жазылмас бұрын жарлықтың берілуіне, жазылуына себеп болып отырған мәселе сөз болады. Яғни қазіргі іс қағаздары тілімен айтқанда, констатациялық фактілер келтіріледі.
Қазіргі іс қағаздары тілінде өкімдік құжаттардың негізгі, өкімдік бөлігінде баяндауыш бұйрық рай формасында тұратын болса, Темір-Құтлұғ жарлығында да негізгі, өкімдік бөлігіндегі баяндауыш етістіктің бұйрық рай формасында берілген. Мысалы: күч ога текүрма+сүн күш көрсетіп, зорлық жасамасын; тартнақ алма+сун таразының ақы алмасын.
Мысалдардан көріп отырғанымыздай, бұйрықтық реңк негізінен етістікке -сун, -сүн қосымшаларының қосылуы арқылы берілген. Қазіргі қазақ тіліндегі бұйрық райдың III жақ жекеше, көпше түрлеріндегі етістікке -сын, -сін қосымшаларының қосылуы арқылы жасалатыны белгілі.
Көне түркі ескерткіштеріндегі мәтіндерде бұйрық басқару әдісі, басқару шеберлігі, дұрыс басқара білуі мағынасында қолданылады. Ал қазіргі қазақ тілінде қолданылып жүрген бұйрық сөзінің шығу тегі, төркіні осы көне түркі жазба ескерткіштерінде кездесетін бұйрық сөзі екені дау тудырмайды.
Бұйрықтың мәтіні екі бөліктен тұрады:
1. Констатациялық (айқындаушы, анықтаушы, фактіні көрсетуші бөлігі) бөлікте бұйрықтың мақсаты, бұйрықты беруге негіз болған факті көрсетіледі. Ол мемлекеттік органдардың нормативті құжаттары, директорлар кеңесінің, акционерлердің жалпы жиналысының шешімдері немесе өндірістік қажеттілік болуы мүмкін.
Егер берілетін бұйрық түсіндіруді қажет етпейтін болса, онда констатациялық бөлік жазылмайды.
2. Бұйрықтың екінші бөлігі өкімдік бөлік деп аталады. Ол «БҰЙЫРАМЫН» деген сөзден басталады. Бұйрықтың өкімдік бөлігінде кімге не тапсырылғаны, оның орындалу мерзімі көрсетіледі. Барлық бұйрықтардың мәтінінде етістік бұйрық райдың III жағында жазылады.
Мысалы: жүргізілетін болсын; қабылдансын; босатылсын; белгіленсін; жүктелсін; тағайындалсын; ауыстырылсын; шығарылсын, т.б.
Өкімдік құжаттың тақырыбы, нөмірі, датасы жазылады. Мысалы:
Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті
№ 8 748 Б Ұ Й Р Ы Қ
25 маусым 2011 жыл
Күндізгі бөлімде ақылы негізде оқитын
студентті оқудан шығару туралы
Бұйрықтың негізгі мазмұны өкілеттік бөлікте жазылады. Мысалы:
Машина жасау институтының ақылы негізде оқитын II курс студенті Жанайдаров Сәндібек Дәулетұлы жазғы сессияны тапсырмай, сабақтарды үлгермеуіне байланысты 01.07.2011 жылдан бастап университетте оқудан шығарылсын.
15.08.2009 жылғы № 487 келісімшарт бұзылсын. Келісімшарттың 3.4-тармағына сәйкес төленген ақша кері қайтарылмайды.
Жеке құрылым бойынша бұйрықтар кадрлар бөлімінде дайындалады. Онда мекеме жұмысшыларының атқаратын қызметіне байланысты қабылданған шешімдер орын алады.
Бұйрықтарда оның себептері көрсетіледі, мысалы:
Бұйрықтың түрлері:
1. Жыл бойы үздіксіз атқаратын жұмыстарға байланысты бұйрықтар ұйым жұмысының жалпы тәртібін реттеу мақсатында шығарылады. Онда ұйымның күн тәртібі, жұмыс уақытының ұзақтығы, үнемі жұмыс істейтін комиссия құрамы, күзетті ұйымдастыру тәртібі, тексеру, бақылау тәртібі, т.б. белгіленеді.
Мұндай бұйрықтарға мекемедегі жыл бойғы жұмысқа байланысты толықтырулар енгізіліп отыруы мүмкін.
2. Күнделікті мәселелерге байланысты бұйрықтар мекеме жұмысының күнделікті болып жататын мәселелеріне байланысты беріледі. Оған: жұмысқа қабылдау, жұмыстан босату, мекеме ішінде басқа жұмысқа ауыстыру, демалыс беру, іссапарға жіберу, т.б. жатады.
3. Төтенше жағдайларға байланысты бұйрықтар мекемеде күтпеген оқиға болған кездегі іс-әрекет, жұмыс тәртібін реттеу, оқиғаға байланысты түрлі шаралар белгілеу мақсатында беріледі.
4. Арнайы бұйрықтар көбінесе қаржы-экономикалық мәселелерге байланысты беріледі. Мысалы: жыл немесе тоқсан қорытындысы бойынша ақшалай сыйлықтар тағайындау; еңбегі сіңген қызметкерлерді құттықтау, мадақтау, марапаттау, көтермелеу, т.б.
210-тапсырма. Төмендегі жағдайларға байланысты бұйрық шығарыңыздар.
1. А. Асановты «Қуат» құрылыс компаниясына құрылысшы-инженер мамандығы бойынша жұмысқа қабылдау;
2. Университет ішінде және ауласында шылым шегуге тыйым салу туралы;
3. Ж. Досановты жатақханада тәртіпсіздік жасағаны үшін жатақханадан шығару туралы;
4. К. Мәдиеваны қысқы сессияны «5»-ке тапсырғаны үшін ақылы бөлімнен грантқа ауыстыру туралы.
5. Ж. Умархановқа белгілі себептерге байланысты оқу төлемақысына
30 % жеңілдік беру туралы.
211-тапсырма. Берілген сөз тіркестерін қазақ тіліне аударыңыздар.
О приеме на работу, в связи с уходом, в связи с переходом на другую работу, текст приказа, приказ по личному составу, испытательный срок, с двухнедельным испытательным сроком, приказ о приеме на работу, особые условия труда.
212-тапсырма. Сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыздар.
Өндірістік қажеттілік, еңбек тәртібін бұзу, себепсіз жұмыстан қалу, штаттық кестеге сәйкес, үстемақы тағайындау, жеке құрам бойынша бұйрық, негізгі қызмет бойынша міндеттерді шешу, мемлекеттік органдар.
213-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.
1. Бұйрық қай құжат түріне жатады? 2. Бұйрықтың негізі қай кезден бастау алады? 3. Темір-Құтлұғ жарлығы мен бүгінгі іс қағаздарындағы бұйрықтың жасалу жолын түсіндіріңіздер. Бұйрықтың мәтіні неше бөліктен тұрады? 5. Бұйрықтың әр бөлігінде нақты не көрсетіледі? 6. Бұйрық қай бөлімде шығарылады? 7. Бұйрықтың қандай түрлерін білесіздер? 8. Бұйрықтың әр түріне тоқталыңыздар.
214-тапсырма. Бұйрықтың үлгілерімен танысыңыздар.
Б Ұ Й Р Ы Қ № 16
Ү л г і:
20 сәуір 2000 жыл Алматы қаласы
Іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу бойынша
нұсқаулықты енгізу туралы
Кәсіпорында құжаттармен жұмыс жасау ісін дамыту
және олардың сақталуын қамтамасыз ету үшін
Б Ұ Й Ы Р А М Ы Н
1. Кәсіпорында іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу бойынша берілген Нұсқаулық бекітілсін.
2. Іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу бойынша Нұсқаулық 20 сәуір 2000 жылдан бастап күшіне енгізілсін.
3. Кәсіпорынның барлық құрылымдық бөлімшелері мен қызметкерлері 20 сәуір 2000 жылдан бастап іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу бойынша Нұсқаулықты, құжаттармен жұмыс жасау жөніндегі Ережені басшылыққа алсын.
4. Хатшы іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу бойынша Нұсқаулығын көбейтіп, барлық құрылымдық бөлімшелерге 26 сәуір 2000 жылға дейін жеткізсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын кәсіпорын директорының орынбасары Зауырбекова Гүлхадиша Өгізбайқызы бақыласын.
Кәсіпорынның
директоры ______________ Төлегенова Раушан Төлегенқызы
қолы
* * * * *
Б Ұ Й Р Ы Қ № 20
Ү л г і:
Алматы қаласы 19.02.2009
Қысқы сынақ пен емтиханды уақытында
тапсырмаған студенттер туралы
Қысқы сынақ пен емтиханды уақытында
тапсырмаған студенттер үшін
Б Ұ Й Ы Р А М Ы Н
I. Төмендегі студенттер институттан шығарылсын:
1. Қайназаров Т.М., 050907, 3К-08-1р.
2. Сұңқаров Ә.Б., 050724, ТМО б-08-1р.
Рүстемов К.Н., 070700, ГДб-08-1р.
М.Қ. Мақсұтов, Қ.Т. Наймановтарға қысқы сессия мерзімі бір айға (28
қаңтардан 28 ақпанға дейін) ұзартылсын.
Ө.Байқоңыров атындағы
Тау-кен институтының
директоры, т.ғ.д., профессор _________ Искаков Б.М.
қолы
* * * * *
Б Ұ Й Р Ы Қ № 6
Ү л г і:
«Aser» компаниясында қызметін көтеру,
жұмысқа қабылдау туралы
2009 жылдың 19 қарашасында компанияда шығарылған
№ 1130 қаулысына сәйкес
Б Ұ Й Ы Р А М Ы Н
1. Есепші қызметіндегі Жаналиева Бақытжамал Салауатқызы өз қызметіндегі жетістіктері, ерекше көрсеткіштері үшін бас есепші қызметіне тағайындалсын.
2. Ноғайбаева Ғазиза Әмірқызы бас техник-программист қызметіне жұмысқа қабылдансын.
«Aser» компаниясының
директоры _____________ Карамендина Мағжан Өміртайқызы
қолы
* * * * *
Б Ұ Й Р Ы Қ № 27
«Дат» спорттық тауарлар компаниясының
қызметкерлерін шетелдік іссапарға жіберу туралы
Компанияның 2008 жылдың 15 желтоқсанында
шығарылған № 5469 қаулысына сәйкес
Б Ұ Й Ы Р А М Ы Н
1. Менеджер қызметіндегі Едіге Шынболатов Будапешт қаласында өтетін халықаралық ғылыми-теориялық конференцияға қатысу үшін бір аптаға (23.12.2010 30.12.2010) іссапарға жіберілсін.
2. Қызметкерлер Иманғалиев Асылжан мен Саттарбеков Еламан Токио қаласында өтетін суретшілердің халықаралық көрмесіне өз туындыларын қою үшін іссапарға жіберілсін.
«Дат» компаниясының
директоры ____________ Бердиллаева Меңдіқыз
қолы Бексұлтанқызы
215-тапсырма. Берілген сөздерді мағынасына қарай іріктеп, дұрыс мағыналы сөйлемдер құрастырыңыздар.
1. 2 тұрады, мәтіні, бұйрық, бөліктен;
2. Бөлікте, беруге, бірінші, негіз, дерек, болған констатациялық, көрсетіледі, бұйрық;
3. Бойынша, қызмет, екінші, өкімдік, деп, бөлігі, негізгі, аталады, бұйрықтың, бөлік;
4. Бірнешеу, егер, болса, әр тармақ, басталады, жолдан, азат, тармақ, тапсырмалар;
5. Негіз, мәтініне, көрсетіледі, бұйрықтарда, мұндай, кейін, бұйрық.
14-апта. 28-сабақ.
216-тапсырма. Хабарландыру қандай, не істейтін құжат? Бір-біріңізбен ой бөлісіңіздер.
217-тапсырма. Хабарландыру беріп көрдіңіз бе, оның құрылымына не кіреді? Сұрақ-жауап құрастырыңыздар.
218-тапсырма. Хабарландыру туралы берілген қысқаша мәліметпен танысып, бұл құжаттың жазылу үлгілерімен танысыңыздар.
Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У
Мекемелердің, ұйымдардың атынан оның мүшелеріне алдағы болатын іс-шаралар туралы хабарлап жеткізетін құжаттың түрі хабарландыру.
Мұнда хабарланып отырған мәселенің (жиналыс, мәжіліс, кездесі, т.б. жайлар) айы, күні, жылы, болатын уақыты мен орны көрсетіледі.
Соңынан хабарландыру беруші мекеменің , ұйымның аты қойылады.
Хабарланатын мәселенің мазмұны мен мақсатына қарай хабарландыру түрлі-түрлі көлемімен, көркемделуімен ерекшеленеді. Ол белгі бір оқиғаны немесе жағдаяттың болатын мерзімін, орнын баяндайтын ресми құжат. Хабарландыру жазбаша да, ауызша да болуы мүмкін.
219-тапсырма. Төменде берілген сөздер мен сөз тіркестерінің аудармаларын есте сақтаңыздар.
Хабар информация; сообщение; уведомление; передача
Хабарлау сообщить; уведомить; известить
Хабарлаушы уведомитель
Хабарландыру объявление; уведомление; оповещение; объявить;
известить; оповестиь; оповещать
Хабардар болу быть в курсе дела
Хабарласу сообщаться; давать друг другу известие
Хабарсыз известно; хабарсыз кетті пропал без вести
Хабаршы вестник
Хабар иесі человек, который известил
Хат-хабар известия; корреспонденция
Хабарландыру беру давать объявление
Хабарландыру жазу писать объявление
Хабарлама извещение; сообщение
Радиомен соңғы хабарларды беру передача последних известий по
радио; қуанышты хабар радостное известие
Хабарландыру іліп қою повесить объявление
Ақпараттық хабарлама информационное сообщение
220-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіздер.
1. Хабарландыру ненің негізінде хабарланады? 2. Хабарландыруды ауызша беру мүмкін бе? 3. Хабарландыруды кім жазады? 4. Оны қандай жағдайда бірнеше жерге ілу керек? 5. Хабарландыруды кімнің жазғанын көрсету керек пе?
221-тапсырма. Төмендегі мәселелерге байланысты хабарландыру жазыңыздар.
1. Емтиханды уақытынан ерте тапсыру;
2. «ҚазҰТУ көктемі» атты конкурсқа талапкерлерді шақыру;
3. Қазақ тілі пәнінен пәндік олимпиаданы өткізу;
4. I курс студенттерін студенттер қатарына қабылдау мәдени іс-шарасына қатысу туралы, т.б.
222-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті жалғауларды қосып жазыңыздар.
1. Тақтада хабарландыру... үлгісі ілулі тұр. 2. Студенттер жазылған хабарландыру... оқыды. 3. Жиналыстың болатынын хабарландыру... білдім. 4. Күн тәртібі хабарландыру... жазылған. Студенттер кешінің болатынын хабарландыру... жазыңыздар. 5. Хабарландыру... көлемі әр түрлі болады. 6. Эдвайзер хабарландыру... айтуға келді.
223-тапсырма. Хабарландырудың үлгілерімен танысыңыздар.
Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У
2003 жылдың 8 мамыр күні, таңертеңгі сағат 10-да университеттің үлкен мәжіліс залында Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен кездесу болады.
Бағдарламада: 1. ҚазҰТУ ректорының құттықтау сөзі.
2. Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің естелік-әңгімелері.
3. Көркемөнерпаздардың концерті.
Ректорат
Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У
«Томирис» мейрамханасына сымбатты қыз-жігіттер конкурс негізінде жұмысқа қабылданады. Қатысамын деушілерге есік ашық, талапқа сай құжаттарды 1 мамырға дейін тапсыруға болады. Мекен-жайы: Достық даңғылы, 15-үй, Абай даңғылының қиылысы.
Телефон: 356-48-31, ұялы телефон: 8-777-768-65-34
Мейрамхана басшысы
Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У
Ертең, 15 мамыр күні, сағат 19.00-де, Республика сарайында Қазақстанның халық әртісі Р.Рымбаеваның «Шақырады көктем» атты концерті болады. Билеттер Қазақконцерт кассасында сатылады. Келіңіздер! Көріңіздер!
Мәдениет министірлігі әкімшілігі
Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У
2011 жылы 17 ақпан күні сағат 11.00-де «Математика» пәні бойынша университет көлемінде олимпиада өткізіледі. Келіп қатысуға болады. Олимпиада ҚазҰТУ мәжіліс залында өткізіледі.
Деканат
Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У
Бәріңе! Бәріңе! Бәріңе! 22 наурыз күні университет өнерпаздарының дайындаған «Ән көңілдің ажары» атты концертіне шақырамыз. Концерт Наурыз мерекесіне арналады.
Келіңіздер! Көріңіздер!
Университет көркемөнерпаздарының ұйымы
Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У
Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің II курс студенттері 2011 жылдың 25 мамыры күні мемлекеттік аралық (ПГК) бақылау тестін тапсырады. II курс студенттері түгел қатысуға міндетті.
Ректорат
К Е П І Л Х А Т
Мазмұны мен құрылымы жағынан қолхат пен кепілхат бір-біріне ұқсас. Кепілхат та, қолхат та біреуден белгілі құндылықтардың (құжат, мүлік, зат, ақша, т.б.) алынғанын және оны белгілі бір мерзімде қайтарып беретіндігін міндеттеп көрсететін, кепілдік беретін, куәландыратын ресми құжаттың бір түрі.
Мұнда алынған заттың аты, көлемі, саны, тізімі, т.б. беруші адамның аты-жөні, қызметі, заттың қайтарылу мерзімі толық көрсетіледі. Сандық белгілер жақшаның ішіне сөзбен жазылады.
Соңынан қолхат, кепілхат берген адамның аты-жөні толық жазылып, күні, айы, жылы қойылады. Нотариалдық кеңседе тіркеліп, мөр басылады.
224-тапсырма. Кепілхаттың үлгісімен танысыңыздар .
К Е П І Л Х А Т
Ү л г і:
Алматы қаласы 27.02.03
№5 нотариалдық кеңсе
Мен, Сәрсенбай Алмат Айсұлтанұлы, мекен-жайым: Алматы қаласы, Сейфуллин даңғылы, 58 үй, 76 пәтер, жеке басымның куәлігі № 77779998419, ҚР IIМ берген.
Алматы қаласы, Абай даңғылы, 128-үй, 18-пәтерде тұратын азамат Айтбеков Асан Мәлікұлынан 250000 (екі жүз елу мың) теңге алдым.
Өз міндеттерімді орындауға кепілдік беремін:
Осы кепілхат 3 дана етіп жасалған, 1 данасы Алматы қаласы № 5 кеңседе тіркелген, 2-ші данасы Айтбеков Асанда, 3-ші данасы Сәрсенбай Алмат Айсұлтанұлында сақталады.
27.02.03
Тараптардың қолы ____________ А.А. Сәрсенбай
Мөр басылады.
15-апта. 29-сабақ
225-тапсырма. Анықтама құжаты туралы берілген мәліметпен танысып, анықтама жазуды үйреніп алыңыздар.
226-тапсырма. Анықтаманы кім береді, оның құрылымына не кіреді? Пікір алмасыңыздар.
227-тапсырма. Берілген мәтіннің мағынасын меңгеріп, мазмұндаңыздар.
А Н Ы Қ Т А М А
(С п р а в к а)
Анықтама мазмұны белгілі бір фактіні, оқиғаны растайтын, дәлелдейтін, сипаттайтын ақпараттық-анықтамалық іс қағазының бір түрі.
Анықтама көп жағдайда жеке адамға байланысты нақты бір ақпаратты растау үшін беріледі. Мысалы: тегі, аты-жөні, туған күні, туған жері, еңбек стажы, атқаратын қызметі, білімі туралы мәлімет, мамандығы, т.б.
Мекеме жетекшісі өз билігі мен өкілеттілігінің шеңберінде ғана анықтама беруге және оны растап қол қоюға құқы бар. Анықтама беруші жауапты адамның қолы ұйым мөрімен расталады.
Кез келген анықтаманың тіркелген нөмірі, жауапты адамның қолы, мекеме мөрі болғанда ғана заңды күші болады. Анықтамадағы қызметтік сипаттағы мәліметті тиісті бөлім қызметкері тексереді. Мысалы: еңбекақы туралы мәліметті бухгалтерия бөлімінің қызметкері, белгілі бір мекемеде жұмыс істейтіндігі туралы мәліметті кадр бөлімінің қызметкері тексереді.
Анықтама құрылымы төмендегідей:
Осы анықтама Қапалбекова Гүлназ Сатыбалдықызының Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ Автоматика және басқару жүйесі технологиялары институтының күндізгі бөлімінің IV курс студенті екендігін растайды.
3. Анықтаманың қай ұйымға арналып берілгендігі туралы мәлімет. Мысалы: Анықтама темір жол және аэрофлот кассаларына көрсету үшін беріледі.
4. Анықтаманың жарамдылық мерзімі туралы мәлімет. Мысалы: 2007 жылдың 30 тамызына дейін жарамды. Анықтама берілген күннен бастап 3 айға дейін жарамды.
5. Анықтама мәтінінде жазылған мәліметтің растығын жауапты ұйым жетекшісінің лауазымы, аты-жөні және қолы. Мысалы: Қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі, профессор Тұрсынова Гүлбаршын Тұрсынқызы.
228-тапсырма. Мәтіннің мазмұнына берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.
1. Анықтама нені растайтын құжат? 2. Анықтамаға қол қоюға кім құқылы? 3. Оның несі болғанда заңды күшке ие болады? 4. Анықтаманың растығын кімдер тексереді? 5. Анықтаманың құрылымына не кіреді? 6. Негізгі мәтінде не айтылады? 7. Анықтаманың жарамдылық мерзімін көрсету міндетті ме?
229-тапсырма. Анықтаманы қазақ тіліне аударыңыздар.
Настоящая справка выдана Сериковой Камиле Кадирбековне, уроженке село Енбекши Каскеленского района Алматинской области в том, что в период с 1989 по 1994 гг. она действительно обучалась на заочном отделении в Казахском политехническом институте имени В.И.Ленина.
230-тапсырма. Сөздікті жаттап алыңыздар.
берілген күннен бастап со дня выдачи
растайды, дәлелдейді подтверждает
көрсету үшін для предъвления
дейін жарамды действительно до
осы анықтама настоящая справка
анықтама бойынша согласно справке
анықтама беру дать (давать) справку
231-тапсырма. Төмендегі мәселелерге байласты анықтама жазыңыздар.
1. Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ Құрылыс және сәулет институтының I курс студенті Тоқтамысова Меруертке Ұлттық кітапханаға тіркелу үшін оқу орнынан анықтама алу;
2. Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ Мұнай және газ институтының III курс студенті Сағындықов Қайрат Қамалұлы денсаулығына байланысты бір ай бойы сабаққа қатыспағаны үшін дәрігерден анықтама алу;
3. Өндіріс орнында жұмысшының жарақат алғандығын растап анықтама жазу;
4. Бірыңғай Ұлттық тестілеуге уақытында келіп қатыса алмай қалған талапкердің нақты, дәл себебін растайтын анықтама жазу.
233-тапсырма. Анықтаманың үлгілерімен танысыңыздар.
А Н Ы Қ Т А М А
Ү л г і:
Осы анықтама Көпжасаров Қатира Аманқызының Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ Д.14.08.20 Диссертациялық кеңесінде «Ақпараттанудың жаңа жүйесін пайдалану» атты тақырыпта 16.02.2011 жылы диссертация қорғағандығын растайды.
Анықтама кадр бөліміне жалақысына үстемақы қосу үшін берілді.
Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ
Диссертациялық кеңесінің төрағасы,
т.ғ.д. профессор _______________ С.Ж.Мамаев
қолы
* * * * *
А Н Ы Қ Т А М А
Бұл анықтама Алматы қаласы, Алмалы ауданындағы Қабанбай батыр көшесі, 5 үй, 13 пәтер тұрғыны Қайырболатов Жарас Төрегелдіұлының отбасында үш адамның бар екендігін растап беріліп отыр. Олар: әйелі Қайырболатова Жазира, 1948ж. туылған; қызы Қайырболатова Майра, 1976 ж. туылған; ұлы Қайырболатов Сәкен, 1980 жылы туылған.
Анықтама Алмалы аудандық әлеуметтік қамсыздандыру бөліміне тапсыру үшін берілді.
«Қарлығаш» тұрғын үй
бөлімшесінің төрайымы __________ Рысқұлбекова Күнәркүл
қолы Сейітқазықызы
А Н Ы Қ Т А М А
Алматы қаласы 19.10.2008 ж.
Бостандық ауданына қарасты
№ 56 мектептің оқу-әдістемелік
бірлестігінің жұмысы туралы
Бостандық аудандық оқу бөлімі ұйымдастырған тексеру № 56 мектептің оқу-әдістемелік бірлестігінің 2007-2008 оқу жылында төмендегідей жұмыстар атқарғанын анықтады;
1. Оқу-әдістеме технологиясын жеңілдету үшін әрбір пәнге бақылау тест сұрақтарын, қосымша материалдар дайындаған.
2. Оқу процесін жаңа технологиялық жүйеге көшіру үшін компьютер кабинеттерін ашып, интерактивті тақталар орнатқан.
3. Түрлендіріліп әзірленген көрнекі құралдармен жабдықтаған және т.б.
Аудандық оқу бөлімінің
меңгерушісі ______________ Әбдісүлейменова
қолы Раиса Шоғанбекқызы
234-тапсырма. Іс қағазының бір түрі акт құжаты туралы мәліметпен мұқият танысып, мәтінді мазмұндаңыздар.
А К Т
Акт бірнеше лауазымды адамдардың белгілі бір фактіні немесе оқиғаны растап қол қоятын құжаттың бір түрі. Актіні жеке адам (тексеруші- ревизор, сарапшы-аудитор, инспектор) толтыруы мүмкін.
Актілер кәсіпорынның немесе оның бөлімшелерінің және жеке лауазымды адамдардың қызметін тексеру қорытындысы бойынша, мүлікті не құжатты қабылдау-өткізу, объектіні немесе тауар-ақшалық бағалы заттарды қабылдау кезінде жасалады.
Актінің құрамы мынандай деректерден тұрады:
Кәсіпорынның атауы, құжат түрі, күні, индексі, жасалу орны, бекіту белгісі, тақырыбы, мәтіні, қосымшасы бар екендігі туралы белгі, қолы.
Актіге комиссия төрағасының және мүшелерінің қолы қойылады.
Актінің мәтіні екі бөліктен тұрады: 1. кіріспеден және 2. белгілеуші бөліктен.
Кіріспеде актіні жасауға негіз болған құжат түрі, оның нөмірі, күні көрсетіледі. Ары қарай лауазымдары көрсетілген комиссия құрамы, сондай-ақ тексеру кезінде болған адамдардың тізімі аталады.
Белгілеуші бөлігінде комиссия жұмысының мақсат-міндеттері баяндалып , айқындалған фактілер көрсетіледі.
Акті жасалған соң, комиссия оның мазмұнымен актіде аталған адамдарды таныстарды.
235-тапсырма. Бірнеше лауазымды адамдарды, куәларды қатыстырып, әр түрлі мәселелермен байланыстырып, 2-3 акт жазыңыздар.
236-тапсырма. Аталған құжатқа қатысты сөздерді мәтіннен теріп жазып, олармен сөйлемдер құрастырыңыздар.
237-тапсырма. Актінің үлгісімен танысыңыздар.
Б Е К І Т Е М І Н
Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың
жалпы және өндірістік шаруашылық
мәселелері жөніндегі проректоры
______________ Қ.Д.Манапов
А К Т
Ү л г і:
Төменде қол қоюшылар акті тізімінде көрсетілген заттардың:
Акті 2003 жылдың 25 мамыры күні өткізілген «Жас талап» конкурсының жеңімпаздарына аталған заттардың берілгендігін растау үшін жасалды.
Тәрбие жұмысы жөніндегі
бөлімінің меңгерушісі _____________ Зауырбекова Гүлхадиша
қолы Өгізбайқызы
Тілдерді дамыту бөлімінің
жетекші маманы _____________ Мамекеева Ырыскүл
қолы Құсайынқызы
Есеп бөлімінің бас есепшісі _____________ Сағымбаева Венера
қолы Маратқызы
СОӨЖ тақырыптары
Тапсырмалардың тізімі мен түрлері
№ апта |
Жұмыстың түрі |
Жұмыстың тақырыбы |
Баға-лау пайы-зы |
1 |
2 |
3 |
4 |
1-апта |
Өтініш Талап арыз жазу Арыз Реферат |
1. Материалдық көмек көрсету туралы өтініш жазу. 2. Жатақханадан орын алу туралы өтініш жазу. 3. Заңға қайшы іс-әрекетті тоқтату туралы талап арыз жазу. 4. Келісімшартты жарамсыз деп табу жөнінде талап арыз жазу. 5. Қызметкердің заңсыз әрекеттеріне байланысты арыз жазу. 6. VI-VIII ғасырлардағы көне түркі жазба ескерткіштеріндегі ресми іс қағаздары. |
100% |
2-апта |
Сенімхат Қолхат жазу Реферат |
1. Нотариус атқаратын қызметтерді жазу. 2. Шәкіртақыны досының алуына сенімхат беру. 3. Көлікті уақытша пайдалану үшін сенімхат жазу. 4. Кафедрадан компьютерді алғандығы туралы қолхат беру. 5. VI-VIII ғасырлардағы көне түркі жазба ескерткіштеріндегі қазақ іс қағаздары тілінің тарихы. |
100% |
3-апта |
Қатынас хаттардың түрлерін жазу Реферат |
1. Қатынас хаттарының түрлерімен жұмыс жүргізу. 2. Телефонхат құрылымы. 3. Жеделхаттың негізгі мақсаты. 4. Қатынас хаттардың түрлеріне түсініктеме беру. 5. Қазіргі іс қағаздары құрылымының негізгі бөліктері XV-XVII ғасырлардан бастау алады. |
100% |
4-апта |
Баяндама Реферат Мәтін дайындау Реферат |
дамытудың бағдарламасы туралы Жарлығы.
жылдарғы арналған білімді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасына байланысты шығарған Жарлығы.
туралы» заңы, 1998ж. 5 қазандағы ҚР Президентінің Жарлығы.
Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы: «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан».
жарлықтар тілінің зерттелуі. |
100% |
5-апта |
Танысқы жазу Реферат |
мәліметтер.
танысқыларын жазу.
жазу.
қағаздары. |
100% |
6-апта |
Қызметтік хаттар жазу Реферат |
үлгісін беру.
айырмашылығын жазбаша дайындау.
қолданылатын стандарт тілдік бірліктерді түсіндіру.
тілдік норма. |
100% |
7-апта |
Мінездеме жазу Мәтін дайындау |
жазу.
негізгі мәліметтер, мінездеме құрылымы.
мақсаты.
қағаздардың құрылымы.
хатын факс арқылы жіберу.
болатын олимпиаданың хабарландыруын факс арқылы жіберу. |
100% |
8-апта |
Реферат
Аралық бақылау |
терминдерінің қалыптасуы.
|
100% |
9-апта |
Хаттама жазу Реферат |
құжатта көрсетілетін негізгі мәліметтер.
конференциясының хаттамасын жазу.
күніне арналып өткізілетін кешке байланысты хаттама жазу.
қағаздары тілінің қалыптаса бастауы. |
100% |
10-апта |
Хаттамадан үзінді жазу Реферат |
тақырыбын бекіту туралы хаттамадан үзінді жазу.
(диссертацияның) тақырыбын бекіту туралы хаттамадан үзінді жазу.
іс қағаздары. |
100% |
11-апта |
Түйіндеме жазу Реферат |
жазу.
жарияланған конкурсқа екі адамның атынан түйіндеме жазу.
стилі. |
100% |
12-апта |
Реферат Өмірбаян жазу Реферат |
жолы.
өмірбаянын жазу.
түрлері. |
100% |
13-апта |
Жеке іс парағы Еңбек келісімін жазу |
үшін, жеке іс парағын толтыру.
жұмысқа орналасу туралы еңбек келісімін толтыру. |
100% |
14-апта |
Бұйрық Кепілхат Хабарландыру жазу Реферат |
шығу туралы бұйрық шығару.
бұйрық шығару.
компьютер алғандығы жөнінде кепілхат жазу.
конкурсының болатындығы жайлы хабарландыру жазу.
практика болатыны жөнінде хабарландыру жазу.
қарыз алу үшін, кепілхат жазу.
|
100% |
15-апта |
Анықтама Акт жазу |
оқитыныңызды растау үшін, анықтама жазу.
үшін, ҚазҰТУ-да оқитыныңызды растау үшін анықтама жазу.
жазу.
оқиғалар мен жұмысшылардың денсаулығына зиян келтіретін басқа да оқиғалар туралы акт жазу. |
100% |
2.3 Өздік бақылау үшін тест тапсырмалары
1. Өтініштің түрлерін айтыңыздар
А) Хабарландыру, мінездеме
Ә) Түсініктеме
Б) Арыз, шағым
В) Анықтама
2. Өмірбаян ........... құжат
А) Өкілеттік
Ә) Ұйымдық
Б) Анықтамалық-ақпараттық
В) Ұйымдық-өкілеттік
3. Аталған университетті қара және түсті металдар
металлургиясы .......бітірдім
А) Дейін жарамды
Ә) Мамандығы бойынша
Б) Аталған
В) Ағымдағы жылы
4. Өмірбаян мәтінінде қолданылатын стандарт бірлік
А) Дүние үшін
Ә) Дүниеден кейін
Б) Дүниеге келдім
В) Дүниенің алдында
5. Мінездеменің түрлерін атаңыздар
А) Өмірбаян, хаттама
Ә) Қызметтік мінездеме, аттестациялық мінездеме
Б) Сенімхат, кепілхат, қолхат
В) Акт, хаттама, хабарландыру
6. Мінездеме қандай жағдайда жазылады?
А) Жұмыстан босатылғанда
Ә) Адам ауырып қалғанда
Б) Қызметкердің басқа жұмысқа орналасуы керек жағдайда
В) Демалыста жүргенде
7. Мінездемедегі мәлімет нешінші жақта баяндалады?
А) Бірінші жақта
Ә) Екінші жақта
Б) Үшінші жақта
В) Бірінші, екінші жақтарда
8. Синонимдік қатардағы сөздерді көрсетіңіздер
А) Білікті, тәжірибелі, білгір
Ә) Білікті, іскер, кеше
Б) Білікті, тәжірибелі, ашық
В) білікті, білгір, тұрмыста
9. Жұмысқа тұру кезінде қандай құжат толтырады?
А) Қолхат
Ә) Іскер хат
Б) Қызметтік хат
В) Жеке іс парағы
10. Студент екенін қандай құжат дәлелдейді?
А) Мінездеме
Ә) Жеке іс парағы
Б) Өтініш
В) Анықтама
11. Төлемақы алу үшін берілетін сенімхаттардың мерзімі
А) 3 жыл
Ә) 3 ай
Б) 1 жыл
В) 1 ай
12. Сенімхат ............ беріледі
А) Шексіз уақытқа
Ә) Белгілі бір мерзімге
Б) Мерзімі көрсетілмейді
В) Қысқаша уақытқа
13. Сенімхат мәтінінде қолданылатын стандарт бірлік
А) Осы сенімхат сияқты
Ә) Осы сенімхаттай
Б) Осы сенімхат үстінде
В) Осы сенімхат арқылы
14. Талап арызды ............. жазады
А) Сот төрағасы
Ә) Жауапкер
Б) Талапкер
В) Директор
15. Дұрыс аударылған тілдік бірлік
А) Истец жауапкер
Ә) Истец талап
Б) Истец талапкер
В) Истец талап мерзімі
16. Іскерлік қарым-қатынасты дамытуда қолданылатын құжат
А) Тіркеу карточкасы
Ә) Жеке іс парағы
Б) Декларация
В) Танысқы (визит карточкасы)
17. Танысқыда (визит карточкасында) қолданылмайтын сөздер
А) Қысқарған сөздер
Ә) Уақытша орындаушы, уақытша
Б) Филология ғылымдарының докторы, профессор
В) Авиация генерал майоры
18. Инженер не үшін техникалық сипаттаманы білуі керек?
А) Машина сатып алу үшін
Ә) Техникалық күш-қуатын ұтымды пайдалану үшін
Б) Қосалқы бөлшектерді сату үшін
В) Автотұрақты сақтау үшін
19. Белгілі бір фактіні куәландыратын құжат
А) Жауап алу хаттамасы
Ә) Анықтама
Б) Мінездеме
В) Келісім
20. Мәжілісте талқыланған мәселелер туралы шешім
А) Жарлық
Ә) Бұйрық
Б) Қаулы
В) Жарғы
21. Студент стипендиясын досы алуы үшін берілетін құжат
А) Өтініш
Ә) Өмірбаян
Б) Сенімхат
В) Мінездеме
22. Нотариус куәландыратын құжат түрін көрсетіңіздер
А) Өмірбаян
Ә) Жеке іс парағы
Б) Хаттама
В) Сенімхат
23. Қызметтік хаттамада ........ мәселелер жазылады
А) Жеке басқа қатысты
Ә) Қызметке қатысты
Б) Махаббатқа қатысты
В) Әр түрлі мәселелерді қамтып
24. Анықтама ....... құжат
А) Өкілеттік
Ә) Ұйымдық
Б) Анықтамалық ақпараттық
В) Қызметтік
25. Дұрыс аударылған тіркес
А) Анықтама мәтіні текст справки
Ә) Анықтама мәтіні согласно справки
Б) Анықтама мәтіні дать справку
В) Анықтама мәтіні дать соглашение
26. Хаттаманың «тыңдалды» бөлігінде .......... жазылады
А) Мәжіліс төрағасы туралы
Ә) Күн тәртібіндегі мәселелер туралы
Б) Жасалған баяндама туралы
В) Қабылданған қаулы туралы
27. Хаттаманың «қаулы» бөлігінде ......... жазылады
А) Сөйленген сөз
Ә) Жасалған баяндама
Б) Қабылданған қаулы
В) Жарыссөз сөйлеушілердің сөзі
28. Дұрыс аударылған тілдік бірлік:
А) Принять решение шешім қабылдау
Ә) Принять решение шешім
Б) Принять решение шешім айту
В) Принять решение қорытынды жасау
29. Бұйрық ......... жазылады
А) Ауызекі сөйлеу тілінде
Ә) Ғылыми стильде
Б) Ресми іс қағаздар стилінде
В) Көркем әдеби стильде
30. Еңбек келісімінде ........... мәлімет жазылады
А) Еңбек шарттары туралы
Ә) Мерейтой иесі туралы
Б) Қызметкерлердің мінезі туралы
В) Іссапар туралы
Өздік бақылау (тест) жұмыстарының жауаптары
1 С |
7 Б |
13 В |
19 Ә |
25 А |
2 Б |
8 А |
14 Б |
20 Б |
26 Б |
3 Ә |
9 В |
15 Б |
21 Б |
27 Б |
4 Б |
10 В |
16 В |
22 В |
28 А |
5 Ә |
11 А |
17 Ә |
23 Ә |
29 Б |
6 Б |
12 Ә |
18 Ә |
24 Б |
30 А |
2.4 Курс бойынша емтихан сұрақтары
жазу.
қағаздары тілінің тарихы.
ғасырлардан бастау алады.
бөліктерінде не жазылады?
жарлықтары.
ережелері.
шығарады?
115