У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

2014 о~у жылына арнал~ан тест с~ра~тары С~ра~тар

Работа добавлена на сайт samzan.net: 2015-07-05

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 2.2.2025

Кәсіби қазақ тілі пәні бойынша 2013-2014  оқу жылына арналған тест сұрақтары

 

Сұрақтар

Жауап А

  1.  

Кәсіби қазақ тілі курсының мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтудегі орны қандай?

Мемлекеттің тілдің қолдану аясын кеңейтуде  кәсіби қазақ тілін меңгерудің ролі зор.

  1.  

Кәсіби қазақ тілі пәнінің мақсаты не?

Өз мамандығы бойынша халықаралық стандарттар деңгейінде тиімді іс-әрекетке қабілетті, кәсіби деңгейінің өсуіне ынталы , әлеуметтік және кәсіби деңгейі жоғары, қазақ тілін кәсіби деңгейде еркін меңгерген тұлға қалыптастыру

  1.  

Кәсіби қазақ тілі пәнінің          міндеті не?

Кәсіп саласы бойынша сөйлеу деңгейлерін кеңейту

  1.  

Кәсіби қазақ тілі пәнінің          міндеті

өз мамандықтары бойынша ғылыми мәтіндерге пікір беруге, ғылыми мақала, баяндама, эссе жаза білуге машықтандыру

  1.  

Стиль сөзінің мағынасы қандай?

Стиль- латын сөзі, қазақ тіліне аударғанда жазу құралы деген мағына береді

  1.  

Стиль жайында  

“стиль көп мәндес” деген пікірді айтқан ғалым кім?

В.В. Виноградов

  1.  

“Стиль –

өнер ерекшелігі” еңбегінің авторы кім?

Қ.Жұмалиев

  1.  

Стильдеу дегеніміз не?

белгілі бір әлеуметтік орта, тарихи дәуір, автордың өзіндік болмысы т. б. жайында жазылған көркем шығармада уақиғаның болған кезіне тәң тілді, сөз қолдану мәнерін әдейі қолдану.

  1.  

Жазба тілдің жетіле түсуі неге байланысты?

ғылым мен техника, әдебиет пен өнер салаларының  дамуына байланысты

  1.  

Ресми-іскери құжаттарда қандай терминлдер басым болып келеді.

саяси-публицистикалық лексиканың, әкімшілік терминдердің қолданылуы

  1.  

 Әдеби тіл дегеніміз не?

Әдеби тіл –  жүйелі қалыпқа түскен, стильдік тармақтары бар, қоғамдық қызметі әр алуан тіл

  1.  

Әдеби тілдің анықтамасын табыңыз

әдеби тіл – жалпыхалықтық тіл

  1.  

Тіл мәдениетінің зерттеу объектісі?

тіл білімінің әдеби тілінің нормасы мен оның дамуын, сөйлеу тілімен қарым-қатынасын

  1.  

Сөз мәдениеті орыс тіліндегі аудармасы

культура речи

  1.  

Сөз мәдениеті қандай ұғыммен ұштасып жатыр?

сөйлеу әдебі

  1.  

Тіл туралы халық даналығы 

Сөз қадірін білмеген, өз қадірін білмейді. 

  1.  

Ауызекі сөз ерекше қандай түрге бөлінеді?

дидарластық сөз (әңгімелесу, сұхбаттасу);

полемикалық (дауласу) сөз;

көпшілікке арналған сөз (баяндама, лекция).

  1.  

Техникалық әдебиет тілін қай қатарға жатқызамыз, белгілеңіз.

ғылыми тіл

  1.  

Қатысым дегеніміз?

әрекет

  1.  

«Өткірдің жүзі. Кестенің бізі, Өрнегін сендей сала алмас». Өлең жолдарының авторы кім?

Абай

Құнанбаев

  1.  

Төмендегі сөз тіркесінің аудармасын табыңыз

Производственная технология

өндірістік технология

  1.  

Төмендегі сөз тіркесінің аудармасын табыңыз

планировать производство

өндірісті жоспарлау

  1.  

Сөйлеу әдебіне қатысты айтылған ұлағатты сөзі бар  қатарды белгілеңіз.

Сәлемі жараспағанның, сөзі де жараспайды.

  1.  

Сөйлеу әдебіне қатысты айтылған мақалы бар қатарды белгілеңіз.

Сөз жүйесін тапса, мал иесін табады

  1.  

Жігіттің жақсысы дұрыс сөзге тоқтай білген, басқаны сөзіне тоқтата білген. Даналық сөздің авторы кім?

Әйтеке би

  1.  

Қазақ тіл білімінде Сөз мәдениетінің мәселелерін  зерттеген ғалымдар

А. Байтұрсынұлы,

М. Балақаев, 

Р. Сыздықова 

  1.  

«Тіл байлығы – елдің ерлігін, ғылыми әдебиетін, өнеркәсібін, мәдениетін, қоғамдық құрылымын, салт-санасын көрсететін тілдің сөзсіз дәлелді мөлшері». Даналық пікірдің авторы кім?

Б.Момышұлы

  1.  

Кәсіби сөздер дегеніміз не?

белгілі бір кәсіппен айналысатын адамдардың өзара қолданатын   

сөздері

  1.  

Терімшілер күндік жоспарын ерте орындады. Кәсіби сөз қайсы?

терімшілер

  1.  

Зергерлік бұйымдарды белгілеңіз

Шолпы, білезік, сырға, қапсырма.

  1.  

Терминдердің қандай ғылым саласына қатысты екенін табыңыз.

Аммиак,азон

Химия

  1.  

Кәсіби сөзді көрсетіңіз

әңгелек

  1.  

Кәсіби сөздердің ерекшелігін көрсетіңіз

белгілі бір шаруашылыққа, кәсіпке байланысты болады және әдеби тілде баламасы болмайды

  1.  

Кәсіби сөздердің түрлерін көрсетіңіз.

қолөнершілікке және ауыл шаруашылығына байланысты

  1.  

«Жылым» сөзі қай топқа жатады?

кәсіби сөз

  1.  

Етікші  қолындағы тарамысты шірене тартты. Кәсіби сөзді көрсетіңіз.

тарамыс

  1.  

Ғылыми ұғымды атау үшін арнайы қолданылатын жалаң және күрделі сөздер

термин сөз

  1.  

Термин сөздердің ерекшеліктерін көрсетіңіз.

бейнелілік, образдылық, стильдік реңк, ауыс мағына болмайды

  1.  

«Талшықты - оптикалық байланыс желісі» термині қалай жасалған?

калькалау арқылы

  1.  

Тұтқырлық, морттық, өткізгіштік, сыйымдылық қандай тәсілмен жасалған терминдер?

синтетикалық тәсіл

  1.  

Термин сөздер қатарын белгілеңіз

сюжет, көбейгіш, гипербола

  1.  

Белгілі бір шаруашылық саласымен шұғылдануда қолданатын сөздерді көрсетіңіз.

Кәсіби сөздер

  1.  

Қолөнершілікке қатысты сөздер тобын көрсетіңіз.

Тышуыр, пәрбі.

  1.  

Мал шаруашылығына қатысты кәсіби сөздерді көрсетіңіз.

қыстау, күзем, тоғыту, қырқым, телу, сауым

  1.  

Кәсіби сөзді қатарды табыңыз

Әңгелек, торлама.

  1.  

Кәсіби сөздерге қатысы жоқ саланы анықтаңыз.

Ағашшылық, суретшілік.

  1.  

Кәсіби сөздерге қатысы жоқ саланы көрсетіңіз.

химия саласы

  1.  

Қолөнерге байланысты кәсіби сөздерді табыңыз.

Пышқы, шербек

  1.  

Ауыл шаруашылығына байланысты кәсіби сөздерді табыңыз.

Қоза, шиіт.

  1.  

Ауыл шаруашылығына байланысты кәсіби сөздер:

жүген, құрық, шылбыр, тізгін

  1.  

Қызылша шаруашылығында қолданылатын сөздер:

қылша, өркен, түбіртек, жом

  1.  

жүгері шаруашылығында қолданылатын сөздер:

дүмбі, пәшік, сота

  1.  

Бишік, терлік, тоқым, доға ауыл шаруашылығының қай саласына қатысты кәсіби сөздер?

мал шаруашылығы

  1.  

Бір тілдің шеңберінде қолданылатын терминдерді түгелдей жинақтап, жүйелейтін ғылым қалай аталады?

терминология

  1.  

Интернационалдық терминдерге жататын сөздерді белгілеңіз.

Квадрат, глобус

  1.  

Терминжасамдағы синтетикалық  немесе морфологиялық тәсілдің мәні қандай?

термин сөздердің жұрнақтар жалғану арқылы жасалуы

  1.  

Термин сөздер қатысып тұрған сөйлемді көрсетіңіз.

Эвфемизм әдепті, сыпайы сөйлеу мақсатынан туған.

  1.  

Термин болу үшін қандай басты шарт қойылады?

сөздің

мағынасы

біреу болып,

нақты

ұғымның

атауы болу

керек

  1.  

Термин сөздерді көрсетіңіз

Бастауыш, аммиак.

  1.  

Терминжасамдағы калька тәсілдің мәні не?

терминдерді сөзбе-сөз  аудару

  1.  

Қай терминдер лексикалық тәсілмен жасалған?

котангинс, биссектриса, атом, квант, вектор, оптика, механика

  1.  

Термин сөзді табыңыз.

Жер серігі.

  1.  

Қазақша баламасы жоқ интернационалдық терминді көрсетіңіз.

Глобус.

  1.  

Қазақ терминологиясының негізі қашан қаланды?

ХХ ғасырдың 20 жылдары

  1.  

1926 жылы жарық көрген «Құрылыс материалдары» оқулығын аударған кім?

М.Әуезов

  1.  

Тілдегі күллі сөздерді түгел қамтып сипаттауды мақсат ететін сөздіктер

толық сөздік

  1.  

Этимологиялық сөздік қандай сөздік?

сөздердің шығу тегі мен олардың семантикалық дамуы туралы мағлұмат беретін сөздік

  1.  

Түсіндірме сөздік дегеніміз ...

қазіргі тілдердегі сөздердің мағыналарын түсіндіріп, олардың қолданылуы жайлы мағлұмат беретін сөздік

  1.  

Лексикография – ...

сөздік жасаудың теориясы мен практикасы туралы ғылым

  1.  

Тілдік қатысым дегеніміз не?

тілдік қатысым дегеніміз – әрекет

  1.  

Ауызекі сөйлеу стилі қайда қолданылады?

күнделікті өмірде, тұрмыста, отбасындағы қарым-қатынаста

  1.  

Ғылыми-көпшілік әдебиеттер стиліне тән қатарды белгілеңіз.

Ғылыми терминдер жиі кездеседі

  1.  

Заттар мен құбылыстардың ұғымдарын айқындап, түсіндіретін сөздіктерді көрсетіңіз.

энциклопедиялық сөздіктер; иллюстративтік сөздіктер.

  1.  

Тілдің сөздіктік құрамы туралы ғылым қалай аталады?

лексикология

  1.  

Тіл лексикасының шығуын, дамуын және оның бірнеше дәуірін сипаттайтын қандай сөздіктер?

тарихи сөздіктер

  1.  

Аудармасын табыңыз Поток информации

ақпарат ағымы

  1.  

Азот, масса, оттегі, лексикология терминдері қай стильде кездеседі?

ғылыми

  1.  

Асфальт, бетон төсемді жолдар салу үшін асфальт не бетон төсегіш шынжыр табанды машиналар қолданылады. Сөйлем қай стильде берілген?

ғылыми стиль

  1.  

Қайсысы ғылыми стильде жазылады?

оқулықтар мен оқу құралдары

  1.  

Ғылыми стильге тән белгілері бар сөйлемді көрсетіңіз.

Алебастр - байланыстырушы тұтқыр материал, одан сылақ езбесі, құйма қалыптары, құрылысқа қажетті бөлшектер, гипстік құйматас, едендік тақта, жасанды мәрмәр әзірленеді.

  1.  

Қазақ тілінде ғылыми стильдің қалыптасуына айрықща үлес қосқан қайраткерлерді көрсетіңіз.

А.Байтұрсынов, М.Шоқай, М.Дулатов, Х.Досмұхамедов, Ә.Ермеков, М.Жұмабаев т.б.

  1.  

Ғылым тілі  … (немен?) тікелей байланысты.

жазумен

  1.  

Энциклопедиялық сөздіктер қай стильде жазылады?

ғылыми стильде

  1.  

Қазақ тілінде ғылыми стильдің қалыптасуына айрықша үлес қосқан қайраткерлерді көрсетіңіз.

А.Байтұрсынов, М.Шоқай, М.Дулатов, Х.Досмұхамедов, Ә.Ермеков, М.Жұмабаев т.б.

  1.  

Ғылымның дамуымен бірге пайда болатын жаңа ұғымдар мен атаулар не деп аталады?

неологизмдер

  1.  

Стиль түрін анықтаңыз.

Түзуші ұлпалар сабақтың тамыр ұясында болады.

Ғылыми

  1.  

Стиль түрін анықтаңыз

Барлық сілтілердің төмендегідей ортақ химиялық қасиеттері болады

ғылыми

  1.  

Дидарластық сөз стилі қандай жағдайда қолданылады?

Екі немесе бірнеше, сондай-ақ одан да көп адамдардың бас қосқан сұхбатында

қолданылады

  1.  

Қазақ әдеби тілінің  стильдік тармақтары  нешеу?

5

  1.  

Ғылыми стильге жататын сөйлемді табыңыз

Қазбаларда тас дәуіріне жататын мүліктер бары анықталды

  1.  

Суреттеу, баяндау, хабарлау ғылыми стиль жанрының қай түріне тиісті?

мәтін

  1.  

Диссертация, дипломдық және курстық жұмыстар қандай стильде жазылады?

ғылыми стильде

  1.  

Мәтіннің қандай түрлері бар?

хабарлама, баяндау

  1.  

Мәтіннің анықтамасын көрсетіңіз.

Белгілі бір шығарманың тұтас мазмұны.

  1.  

Мәтінде жаңа жолдан бастап жазғанда, оңға қарай жасалған шегініс қалай аталады?

азат жол

  1.  

Мәтіннің тілдік құрылымын айқындайтын басты белгілерді көрсетіңіздер.

жүйелілік, тұтастық

  1.  

Абзац дегеніміз не?

Бір азат жол мен келесі азат жол арасындағы мәтін бөлігі

  1.  

Бір азат жол мен келесі азат жол арасындағы мәтін бөлігін не дейміз?

абзац

  1.  

Аудармасын табыңыз

Готовая продукция

Дайын өнім

  1.  

Мәтінмен жүргізілетін жұмыс кезеңдерін атаңыз

Мәтіндегі басқы, ортаңғы, соңғы ойларды анықтау.

  1.  

Мәтінге берілген анықтаманың  аудармасын көрсетіңіздер.

Текст – это:

произведение речи, состоящее из предложений, связанных по смыслу и с помощью разных языковых средств

  1.  

Жоспар тілдік рәсімделуі жағынан қалай бөлінеді?

сұрақ-жауап, тақырыптық, тезистік

  1.  

Жоспар дегеніміз не?

Мәтінде айтылатын негізгі мәселелерді атап көрсету.

  1.  

Тақырыптық жоспар қалай жасалады?

Бір тақырып бойынша әр бөлімге жасалған жоспар.

  1.  

Жоспар тәрізді белгілі бір қысқа мәтіннің түрі.

тезис

  1.  

Тезиске берілген анықтаманы көрсетіңдер.

Жоспар тәрізді белгілі бір қысқа мәтіннің түрі қай ғылыми жанрға жатады?

  1.  

Мәтінде берілген негізгі мәліметті іздеуге бағытталған жоспар түрі қалай аталады?

сұрақ-жауап

  1.  

Мәтіннің әр бөлігіне сәйкес келетін негізгі мәліметті ашатын сөйлем қай ғылыми жанр түріне жатады?

тезис

  1.  

Қай сөйлем аннотация жанрына тән?

Оқулық техникалық жоғары оқу орындарының студенттеріне  арналған

  1.  

Ғылыми стиль жанрына жататын ерекшеліктерді атаңдар.

Арнайы термин сөздердің болуы

  1.  

Еңбектің тақырыбы сипатталып, ол туралы белгілі бір мәліметтерді хабарлайтын аннотация түрін көрсетіңіздер.

анықтамалық

  1.  

Сын-пікірге берілген анықтаманы көрсетіңіздер.

Бір нәрсені ақиқат не жалған болуы тұрғысынан мақұлдау не бекерге шығару жөніндегі ой

  1.  

Аннотация жанрына тән сөйлемді табыңыздар

«Кәсіби қазақ тілі» оқулығы Білім департаменті және жоғары оқу орындарының орыс тілді бөлімдерінің студенттеріне арналған.

  1.  

Еңбектің тақырыбы сипатталып, ол туралы белгілі бір мәліметтерді хабарлайтын аннотация түрін көрсетіңіздер.

анықтамалық

  1.  

Сын-пікірге берілген анықтаманы көрсетіңіздер.

Бір нәрсені ақиқат не жалған болуы тұрғысынан мақұлдау не бекерге шығару жөніндегі ой

  1.  

Аннотация жанрына тән сөйлемді табыңыздар

«Кәсіби қазақ тілі» оқулығы Білім департаменті және жоғары оқу орындарының орыс тілді бөлімдерінің студенттеріне арналған.

  1.  

Тезиске берілген анықтаманың баламасын көрсетіңіздер.

Тезис – это:

коротко переданные основные мысли текста

  1.  

Қай ғылыми жанрға сүйене отырып қажетті әдебиеттерді іріктеп алуға болады?

аннотация

  1.  

Аннотацияның рефераттан айырмашылығы қандай?

Еңбектің мазмұнын ашпайды, тек оның мазмұны жөнінде баяндайды.

  1.  

Ғылыми стиль жанрының қолданылатын орнын белгілеңдер

аннотация жазуда

  1.  

«Оқу құралының тілі жеңіл. Оқу құралында коммуникативтік, танымдық, тәрбиелік мақсаттармен қатар оқу, сөйлеу, жазу біліктіліктері ескерілген». Сөйлем қай ғылыми стиль жанрына жатады?

рецензия

  1.  

Рефератталатын құжаттардың саны бойынша реферат қандай түрге бөлінеді?

монографиялық, шолу

  1.  

Реферат мазмұнына қарай қандай түрлерге бөлінеді?

хабарлама, индикативті

  1.  

Бір құжат бойынша құрастырылатын рефераттың түрі.

монографиялық

  1.  

Шолу рефератының анықтамасын белгілеңіз.

Бір тақырыпқа бірнеше құжаттар бойынша құрастырылады.

  1.  

Автореферат дегеніміз не

Кандидаттық, докторлық диссертацияларды қорғау барысында жазылатын рефераттың түрі.

  1.  

Кандидаттық, докторлық диссертацияларды қорғау барысында жазылатын рефераттың түрі.

автореферат

  1.  

Құжаттың тақырыбымен тығыз байланысты негізгі ережелер ғана көрсетілетін рефераттың түрі.

индикативті

  1.  

Курстық, дипломдық, диссертациялық жұмыстарды жазу кезінде барлық реферат түрлерінің ішіндегі негізгі болып саналатын сұранысқа ие рефераттың түрі.

хабарлама

  1.  

Құжаттың барлық негізгі ережелері қорытылған түрде берілетін рефераттың түрі.

хабарлама

  1.  

Реферат қай тілден енген термин?

латын

  1.  

Ғылыми проблеманы зерттеу қорытындылары жөнінде хабарлау, әдеби және басқа да материалдарды шолу негізінде жасалған белгілі тақырыпқа арналған баяндама қалай аталады?

реферат

  1.  ъ

Мемлекет, ұйым, ұжым атынан сайланатын өкілдер тобы

делегация

  1.  

Қызметтік хатқа жататын хат түрі.

ұсыныс хат

  1.  

Делдал сөзі қандай мағынаны білдіреді?

Екі жақтың арасын келістіру үшін жүретін кісі.

  1.  

Дұрыс аударылған сөзді табыңыз.

профессиональная ориентация – кәсіптік бағдар

  1.  

Қызметтік хат дегеніміз не?

Қызметтік хат – мекемелер арасында байланыс орнату, ақпарат алмасу, т.б. ресми мақсаттарда қолданылатын іс қағазының бір түрі.

  1.  

Қызметтік, ресми хаттар қандай стильде жазылады?

ресми іс қағаздар стилінде

  1.  

Іскерлік қасиет

ұйымдастырушылық

  1.  

Сенімхаттың мәтіні ... оқылды

     дауыстап

  1.  

Өмірбаянның мәтіні қандай есімдіктен басталады?

мен

  1.  

Өмірбаян нешінші жақта баяндалады?

бірінші

  1.  

Мен, Куаныш Өмірбекұлы Қасенов, 1963 жылы 1 мамырда Семей облысы, Аягөз ауданы, Баршатас ауылында тудым. Ұлтым - қазақ. 1970-1980 жылдар аралығында «Баршатас» орта мектебінде оқыдым.

өмірбаян

  1.  

Қазақ әдеби тіл стильдері:

5

  1.  

Түйіндемеде қандай мәліметтер беріледі?

Білім, біліктілігі, еңбек жолы

  1.  

Түйіндеме қандай іс қағазы?

Белгілі бір тұлғаның білімі, мамандығы, кәсіптік шеберлігі, біліктілігі жайлы нақты, қысқа мәлімет беретін іс қағазы.

  1.  

Түйіндеме қандай жағдайда жазылады?

Белгілі бір жұмысқа тұруға үміттенгенде

  1.  

Мен 1995 жылы туды...

  1.  

Жеке адам өміріне қатысты  құжат

өмірбаян

  1.  

«Резюме» қай тілден алынған термин

француз

  1.  

Түйіндеме жазуда сіздің мақсатыңыз -

өз өмірбаяныңыз бен жұмыс тәжірибеңізді, мамандығыңызды, икемділігіңізді ұтымды көрсете  білу

  1.  

Түйіндеме –

белгілі бір тұлғаның өмірбаяны, білімі, мамандығы, кәсіптік шеберлігі, біліктілігі, икемділігі жайлы нақты, қысқа мәлімет беретін іс қағазының бір түрі.

  1.  

Жеке адам туралы қосымша мәліметтер беретін  сөз тіркестерін көрсетіңіздер.

Спортпен айналысу, би үйірмесіне қатысу, сурет салу

  1.  

Түйіндеме қайда тапсырылады?

Кадрлар бөліміне

  1.  

Түйіндемені кім дайындайды?

Жеке адам

  1.  

«Просим подтвердить получение резюме»-қазақша баламасын көрсетіңіз

Түйіндемені алғаныңызды растауыңызды сұраймыз

  1.  

Аудармасын көрсетіңіз: «В резюме не дается сведения о родителях»

Түйіндемеде ата-анасы туралы мәлімет берілмейді

  1.  

Сәйкес етістікті таңда: «Түйіндеме ...»

жазу керек

  1.  

Жеке адамға қатысты іс қағазын көрсетіңіз

түйіндеме

  1.  

«Внеочередной отпуск» тіркесінің дұрыс баламасы

кезектен тыс демалыс

  1.  

Ветеринарлық медицина кафедрасының аға оқытушысы, в.ғ.к. Салауатова Жаннұр Әлиқызын факультет деканының орынбасары қызметіне алуыңызды ұсынады. Берілген сөйлем қызметтік хаттың қай түріне жатады?

ұсыныс хат

  1.  

жұмысқа    қабылдану, сайланбалы оргаңдарға сайлану кезінде, сондай-ақ ұйымдар, мекемелер мен ведомстволар талап еткен басқа жағдайларда толтырылатын арнаулы бланк түріндегі ресми құжат. 

кадрлар    жөніндегі    жеке    іс    парағы

  1.  

Ұсыныс хаттың негізгі мәтінінің мазмұнын көрсетіңіз.

Қызметкерді белгілі бір қызметке ұсыну.

  1.  

Хабарламаның неше түрі бар: 

3

  1.  

Ұсыныс —

белгілі бір мемлекеттік органның, ұйымның, мекеменің жұмысын жақсартуға жетілдіруге назар аударатын, осыған байланысты қойылған міндеттердің шешудің жолдары ұсынылатын хабарлама түрі.

  1.  

Мекемелер арасында байланыс орнату, ақпарат алмасу т.б. да ресми мақсаттарда қолданылатын іс қағазының бір түрі.

ресми хат

  1.  

«Производительность работы» тіркесі үшін қай баламаны таңдайсыз?

Жұмыстың өнімділігі

  1.  

«Актуальная проблема» тіркесі үшін қай баламаны таңдайсыз?

өзекті мәселе

  1.  

Ұсыныс хаттың  мәтінінің мазмұны қандай?

қызметкерді белгілі бір қызметке ұсыну

  1.  

Адамның өмір және еңбек жолының басты кезеңдері хронологиялық тәртіппен жазылатын қандай құжат?

өмірбаян

  1.  

Жұмысқа орналасарда кадрлар бөлімінде толтырылатын бланктік қағаздың бір түрі

жеке іс парағы

  1.  

Мінездеме неше дана етіп дайындалады.

2

  1.  

мінездеменің айрықша кең тараған және әмбебап формасы

Қызметтік мінездеме

  1.  

түрлі мекеме, ұйым бірлестік, оқу орындарында белгілі бір адамды өмірбаяндық, біліктілік, кәсіптік, адамшылық тұрғыда жазбаша сипаттау мақсатында жиі жазылатын іс қағазының бір түрі.

мінездеме

  1.  

Белгілі бір тұлғаның өмірбаяны, білімі, мамандығы, кәсіптік шеберлігі, біліктілігі, икемділігі жайлы нақты, қысқа мәлімет беретін іс қағазы қалай аталады ?

мінездеме

  1.  

Философияның, эстетиканың, әдеби сынның, публицистиканың, көркем әдебиеттің тұрақталған, қалыптасқан тұжырымдарға жаңа қырынан қарап, тың болжамдар мен түйіндеулерге құрылатын жанр қалай аталады?

эссе

  1.  

«Профессия» қай тілден енген сөз?

латын

  1.  

Табиғаты сыршыл сезімге, тіл бояуларының айрықша салтанатына, әшекейлі композицияға құрылатын жанр

эссе

  1.  

Эссенің неше түрі бар?

3

  1.  

Эссенің түрлері

салыстырмалы, пайымдық, көркем-әдеби




1. Основы безопасности жизнедеятельности
2. филиал ФГБОУ ВПО ПГТА уровень СПО1
3. Область социальных отношений на каждой стадии по Э.html
4. З початку XX століття в юридичній науці точаться суперечки про природу порівняльного правознавства
5. ых продуктов Это стратегии условно м быть названы- маркетинг имиджа маркетинг притягательности маркетинг
6. Контрольная работа- Информационная логистика
7. самых любимых Хотим также предложить Вам разнообразные календари с Вашими фотографиями которые на прот
8. История Направление 081100 ~ Государственное и муниципальное управление заочная форма обучения 2013-2014 уч
9. Особенности управленческого учета
10. тема взглядов и широкое течение общественной мысли вызвав подлинный переворот в культуре и мировоззрении лю