У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

і XX ~асырды~ басында ~аза~тар орыстар украиндар ~лке хал~ыны~ 87 нан 95 на дейін ~~рады

Работа добавлена на сайт samzan.net: 2015-07-05

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 6.3.2025

XX ғасырдың I жартысындағы тарихи-әлеуметтік жағдай

XX ғасырдың басында Қазақстан көп ұлтты елге айналды. Ғасыр басында Қазақстанның негізгі аумағы алты облысқа бөлінді.

XX ғасырдың басында қазақтар, орыстар, украиндар өлке халқының 87 %-нан 95 %-на дейін құрады. Өлке тұрғындарының 90 %-нан астамы ауылдық жерлерде қоныстанды. Олардың негізгі кәсібі мал шаруашылығы болды. Ал егіншілік халықтың көпшілік бөлігінің негізгі кәсібіне айналды.

Ресей патшалығының отары ретіндегі Қазақстанда өнеркәсіптің екі саласы: тау-кен өндірісі мен кен-зауыт өнеркәсібі, сондай-ақ мал өнімдерін ұқсату жөніндегі өнеркәсіп жатқызылады. Қазақ өлкесінің ғасыр басындағы тау-кен өнеркәсібінің басты салаларының бірі - алтын шығару болды.

Қазақстанда темір жолдардың салынуы маңызды рөл атқарды. Революцияға дейінгі Қазақстанның негізгі ірі Сібір темір жол желісі 1901-1905 жылдары салынған Орынбор- Ташкент жолы болды. Өлкенің әлеуметтік-экономикалық өмірінде жол қатынастарының дамуы маңызды рөл атқарды.

Қазақстанның барлық жерін байырғы халықтың меншігі деп тану мақсатында мектептер ашу және т. б. талаптар енгізілді. Олардың басында Ә. Бөкейханов,

А. Байтұрсынов, М. Тынышпаев, М. Шоқаев, М. Дулатов сияқты қазақ зиялыларының көрнекті қайраткерлері жүрді. Ізгі мақсатқа қол жеткізу үшін қазақ зиялылары саяси күрестің басты құралдары ретінде «Айқап» сияқты журналды (редакторы М. Сералин) және

А. Байтүрсыновтың басшылығымен «Қазақ» бұқаралық газетін шығарды.

1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс қазақ халқының сан ғасырлық қозғалысының тарихында ерекше орын алады. Көтерілістің жолын жұрт таныған басшылары -

Ә. Жанбосынов, А. Иманов, көтерілісшілердің саяси көсемдері - Т. Бокин, Т. Рысқұлов,

Ә. Жангелдин, С. Датов, И. Тайманов, М. Өтемісов, К. Қасымовтар тәуелсіздік жолындағы күреске халықты көтерді.

1916 жылғы көтерілістің айрықша ерекшелігі - оған қазақтармен қатар қырғыз, ұйғыр, өзбек және басқа да халықтар өкілдерінің қатысуы болды.

Кеңес үкіметі сауатсыздықты жою мәселесін көтерді. Жастарға білім беруді жақсарту үшін мектептер ашу ісі қолға алынды. 1935 ж. мектеп жасындағы балалардың 91 %-ы оқуға тартылды. 1935-1936 оқу жылында алғаш рет 11 қазақ баласы орта мектепті бітірді. Кеңес үкіметі Қазақстанда ғылымды қалыптастыру мәселесімен де айналысты. 1932 жылы Қазақстанда 12 ғылыми-зерттеу институттары, 15 тәжірибе станциялары, 186

лабораториялар және т. б. ғылыми орталықтар жұмыс істеді. Осы кезде КСРО ҒА-ның қазақстандық базасы құрылып, 1938 жылы КСРО ҒА-ның филиалына айналды.

1920-1930 жылдары Ж..Аймауытов, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев шығармалары кең көлемде пайдаланылды. Кеңес үкіметі ұлттық әдебиеттің орнына кеңестік әдебиет пен өнердің қалыптасуына жағдай жасады. Осы кезде социалистік әдебиеттің негізі қаланды. С. Сейфуллин, С. Торайғыров, Б. Майлин, І. Жансүгіров, М. Әуезов, С. Мұқанов,

Ғ. Мүсірепов, Т. Жароков, Ғ. Орманов сияқты т.б. кеңестік қазақ прозасы мен поэзиясының көрнекті өкілдері қалыптасты.

1926 жылы кәсіби театр өнерінің алғашқы қарлығашы - қазақ драма театры ашылды. Оны Ә. Қашаубаев, С. Қожамқұлов, Е. Өмірзақов, Қ. Жандарбеков сияқты қазақ театр өнерінің майталмандары ұйымдастырды.

Кеңес үкіметінің өкілдері әртүрлі айыптау науқаны - саяси қуғын-сүргінге ұласты. Қуғын-сүргінді ұйымдастыру 1920 жылдың аяғы мен 1930 жылдың ортасы болды. 1928 жылдың аяғында Алашорда қайраткерлері - А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, М. Дулатов,

Ж. Аймауытов және т.б. 44 адам қуғындалып, тұтқындалды. 1930 жылдың қыркүйек, қазан айларында ұлттық интеллигенцияның екінші бір тобы - Х. Досмұхамедов, М. Тынышпаев, Ж. Ақпаев, Ә. Ермеков т.б. зиялы қауым өкілдері тұтқындалды.

Жалпы репрессия саясаты нәтижесінде қазақ халқының ең таңдаулы азаматтары, олардың ішінде кеңес үкіметін орнатуға қатысқан А. Айтиев, Т. Рысқұлов, Н. Сырғабеков сияқты қайраткерлер де атылып кетті.

Кеңес халқының Ұлы Отан соғысындағы жеңісі адамзатты фашизм қаупінен құтқарды. Қазақ халқының бұл жеңіске қосқан үлесі зор. Соғыстың ауыртпашылығын көтеріп, бостандықты қорғаған қазақстандық батырлардың есімі әрқашан ел есінде сақталады. Олар - генерал-майор И. В. Панфиловтан бастап, Б. Момышұлы, Т. Тоқтаров,

Қ. Қайсенов, Н. Әбдіров, Әлия және Мәншүк сынды халық батырларын тарих сахнасына шығарды. Соғыс күндерінің барлық қиыншылықтарын қажырлылықпен көтеріп, патриотизм үлгісін танытты.

Үш жүздің басын біріктірген хан - Абылай (1711-1781)

Абылай хан (Әбілмансұр) - қазақ халқының ұлы ханы, қолбасшы, аса көрнекті мемлекет қайраткері, саясаткер, дипломат, қазақ жерін біріктіруші.

Абылай - Орта жүз ханы, Жәңгір ханның бесінші ұрпағы. «Ақтабан шұбырынды» жылдарында жетім қалып, Төле бидің қолына келеді. Жас Абылай Төле биге қызметкер болып, жылқысы мен түйесін бағады.

Ол 20 жасында қан майданда ерлігімен танылады. Сол кезеңде қалмақтың батыры Шарышты жекпе-жекте өлтіреді.

XVIII ғасырдың алғашқы он жылдығында қазақ халқы үлкен ауыртпашылықты басынан кешірді. Жоңғарлар, Еділ қалмақтары, Орал башқұрттары жан-жақтан қазақ ауылдарын шауып, талан-таражға салды. Оған табиғат апаттары - қатал қыс, көктайғақ, жұт қосылып, қыспаққа алады.

Қазақ даласында 1724 жылы бастаған жоңғар шапқыншылығына қарсы белсенді күрес барған сайын күшейе түсті. 1726 жылы Ордабасы деген жерде ( ол қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысындағы қазақ хандығының ежелгі астанасы Түркістанның маңы) үш жүздің өкілдері бас қосқан жиналыс өткізіледі. Әбілқайыр хан әскердің бас қолбасшысы болып сайланып, барлығы бір келісімге келеді.

Қазақ қоғамында рухани бірлестіктің ерекше жағдайы қалыптасады. Халық арасынан Қабанбай, Бөгенбай, Райымбек, Олжабай, Жәнібек сияқты нағыз батырлар шықты.

Халық басынан кешіп отырған қиын жағдай - жартылай күйреуге ұшыраған қазақ мемлекетін қалпына келтіре алатын адамды талап етті. Ондай адам табылды. Оны елі Абылай деп атады, ал шын есімі Әбілмансұр болатын. Ол өзінің жеке басының алғырлығының арқасында атақ-даңққа жетіп, халық құрметіне бөленді.

Қазақтың бірде-бір ханы Абылайға дейін де, одан кейін де мұндай шексіз билікке ие болып, халық құрметіне бөленген емес. Ол алпауыт рубасылары мен сұлтандардың бетімен кетушілігіне тиым салды.

1730-1733 жылдар аралығында болған бір ұрыста жеңіп, Орта жүздің сұлтаны деп танылып, қазақ даласындағы ең беделді әміршілердің біріне айналды.

Абылайдың әскери қолбасшы ретінде қабілеті 1730-1740 жылдардағы шайқастарда ерекше көрінеді. Абылай жоңғарлармен соғысқа Қабанбай, Бөгенбай, Жәнібек, Мүйізді Өтеген және тағы басқа қазақтың белгілі батырларымен бірігіп қатысады.

1771 жылы Орта жүз ханы болып сайланған Абылай іс жүзінде бүкіл қазақ даласына билігін жүргізіп, қазақ халқының тұтастығын сақтау үшін, Ресей үкіметімен де, Қытайдағы Цин империясымен де бейбіт қатынастар орнатуға күш салды. Сол үшін ол айтарлықтай саяси ұтыстардан бас тартты. Өз кезінде мұндай саясат бірден-бір дұрыс айла болуы да мүмкін, қазақтар тек осылай ғана тәуелсіздігін сақтаған. Ал Абылай Жоңғарияның көп ұзамай күйрейтінін алдын-ала білген.

Абылай жоңғарлардың иелігіне өтіп кеткен көп жерлерді табанды жорықтар жасап, қайтарып алды. Жазба деректерде Абылайдың шетел басқыншыларымен де күрес жүргізгендігі туралы деректер сақталған. Абылайдың дипломатиялық әрекеттері, оны өз заманының ұлы қайраткері деңгейіне көтерді.

Абылай Қазақ хандығының күшін біріктіріп, оны әскери жағынан қуатты мемлекетке айналдырды. 1766-1768 жылдары Абылай Қоқан хандығына соғыс ашып, Ташкентті бағындырған. Кейіннен мұсылман елдерінің басын қосуға ұмтылып, Ауғанстан шахымен келіссөз жүргізеді, Түркиямен байланыс жасайды.

XVIII ғасырда Қазақстанды жаулап алуды көздеген Жоңғар хандығы мен Маньчжур- Қытай империясына қарсы күресте үш жүздің басын қосып, күшін біріктіруде Абылай хан зор рөл атқарды, үлкен еңбек сіңірді.

Қаһарлы хан, ұлы қолбасшы Абылай дарынды күйші ретінде де тарихта белгілі. Оның «Ақ толқын», «Алабайрақ», «Қайран елім», «Қара жорға», «Шынды жорық», «Жетім торы», «Бұлан жігіт» және тағы басқа күйлері бар.

Ол Түркістанда тұрып, 1781 жылы дүние салды. Оның сүйегі Қожа Ахмет Иассауи кесенесіне қойылған. Абылай ханға елімізде ескерткіштер орнатылып, үлкен қалалардағы даңғылдарға, университеттерге оның есімі берілген.

Төле би (1663-1756)

Қазақта Қабанбайдан асқан батыр, Төле биден асқан би жоқ.

Үш жүзге үлгі айтқан Төле би қандай да болса даулы мәселені қорытындылаган соң, одан кейін ешкім сөз өрбітпеген.

(Мәшһүр Жүсіп

Көпейүлы

«Едіге би» дастанынан)

Төле би Әлібекұлы XVII - XVIII ғасырлада өмір сүрген. 1663 жылы қазіргі Жамбыл облысына қарайтын Шу өзенінің бойында Әулие ата маңындағы Жайсаң жайлау деген жерде дүниеге келген. Төле жастайынан араб, парсы тілдерін жақсы білген. Тарихи кітаптарды, аңыз қисса-дастандарды көп оқиды. Әке тәрбиесінің арқасында билікке ерте араласып, сенімнен шыға білген. Алғыр-тапқырлығымен, әділдігімен көрініп, жастайынан ел ішіндегі жер дауы, жесір дауына араласып, шешім айтып отырған.

Қазақ хандығын бір орталыққа біріктіруде Тәуке ханды қолдаған. Тәуке ханның басшылығымен Қазыбек, Әйтеке және басқа да белгілі билермен бірге қазақ хандығын құруға қатысқан. «Жеті жарғы» заңын жасасқан, сол заң кодексін шығарушылардың бірі. Ол қазақтың белгілі хандарымен, билерімен, батырларымен бірге жоңғар-қалмақ басқыншыларына қарсы халық-азаттық майданын ұйымдастырып, басшылық етті.

Әлібекұлы Төле би қазақтың Тәуке, Болат, Әбілмәмбет, Жолбарыс, Абылай хандары тұсында мемлекет басқару ісіне араласқан аса ірі мемлекет және қоғам қайраткері, ойшыл дана. Әз Тәуке хан құрған «Билер кеңесінің» мүшесі, атақты шешен, Ұлы жүздің төбе биі, шыққан тегі Ұлы жүздің Дулат тайпасының Жаныс руынан.

Тәуке ханның тұсында Төле би «Билер кеңесінің» мүшесі ретінде мемлекеттік істердің оң шешілуіне айтарлықтай үлес қосқан, жыл сайын өтетін бүкілхалықтық жиынды ұйымдастырушылардың бірі.

Ол Орта жүздің төбе биі Келдібекұлы Қазыбекпен, Кіші жүздің төбе биі Байбекұлы Әйтекемен бірге Тәукенің Түркістан қаласын орталық етіп, үш жүз ұлыстарын бір орталыққа бағындырып, сөйтіп бір Қазақ хандығын құру мақсатының орындалуына атсалысады. Жоңғар шапқыншылығына қарсы бауырлас қырғыз, қарақалпақ, өзбек халықтарының одағын құруға бағытталған шараларды жүзеге асыруға белсене қатысады. Бұл Қазақ пен Жоңғар хандықтарының арасы шиеленісіп тұрған кез болатын.

1723 жылы қазақ еліне қалмақтар басып кіре бастады, қазақ тарихындағы қасіретті «Ақтабан шұбырынды» атанған тарихи кезең басталды. Бұл барлық қазақтың басына түскен ауыртпалық еді. Ақтабан болды, яғни табандары көлдіреп, іріңдеді, шұбырынды болды, жылады, көз жастары көл болды, халық босып кетті.

XVIII ғасырдың жиырмасыншы жылдарының басында болған Жоңғар шабуылы қазақ халқының тарихында «Ақтабан шұбырынды» деп аталып кетті.

Тап осы кезде Төле би ауып кеткен елді қайтаруға Өтеген батырды жіберді, байдың малын ортаға салып, қалған бала-шағаларды асырайды. Туыс халықтарды бейбіт қатынасқа, келісімсіз жайларға жол бермеуге, кешірімділікке шақырады. Бұл секілді елім, жерім деп еңіреген Төленің қамқорлығын ел мәңгі есінде сақтап, таусылмайтын жыр етіп жырлайды:

Елің кетті шұбырып,

Бұл сапардан сескенем,

Ақ қар, көк мұз суықта

Аш-арыққа қараған,

Ақтабан болған асыл жол,

Бізге пайда өзгеден,-

- деп Төлеге халық айтса: деп, Төле есі ауған елдің еңсесін көтеріп, «Бас-аяғымызды құрайық, ел есін жисын. Қазіргі ауыр жағдайда арықтаған, ашыққан, тарыққан елді аман сақтап қалу бізге көп пайда береді. Малдың бәрін ортаға салып, жан сақтаудың қамын істеңдер», - деп елді қоғамдастырып, күш-қуат, рух беріп, көңілдерін көтерді, қайта ел қылды.

Төленің осындай ерлігін, ел үшін істеген және қоғамшыл болғанын халық жыр етіп ақтарды:

Кейін қалған Үйсінді,

Қара тау мен Ұлы тау,

Төле би құрып жинапты,

Саласына орнапты.

Білуші еді сабазың,

Қазақтың қолы күшейіп,

Өзіне келер ұятты,

Қалмақты қайта айдапты.

Қазыбек, Әйтекемен бірігіп,

Жауды қуып қаладан,

Үш жүздің басын құрыпты.

Ташкентті қазақ қайта апты, -

дейді.

Төле би « Ақтабан шұбырындыға» ұшыраған қазақ жерін жоңғар феодалдарының езгісінен азат етуде аса зор ұйымдастыру жұмыстарын жүргізеді. Ресей мен Қазақ хандығы арасындағы қарым-қатынасты қалыптастыруға күш салады. Жоңғар билеушілерінің іштей әлсіреуіне ықпал жасайды. Жоңғар хандығының құлауын қамтамасыз етеді. Бұл Төле бидің Абылай ханмен бірлесе жүргізген сыртқы саясатының ірі нәтижесі еді.

Ел аузында Төле би туралы тарихи аңыздар сақталған. Оның атымен байланысты айтылатын нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, билік кесімдер де ел арасында кеңінен тараған. Төле би есімі тек Ұлы жүзде ғана емес, Орта жүз бен Кіші жүзде де аса құрметпен аталады. Бұл оның бүкіл қазақ халқының тағдырына қатысты ірі оқиғалардың ортасында жүргенінің айғағы. Бұған Төле бидің замандасы, тағдырласы Қаз дауысты Қазыбек бидің «Төле би дүниеден өтті» деген суық хабарды естігенде: «Төле би өлді дегенше, дүниеден әділдік өлді десейші. Бүтін билікке Төле жеткен, бүтін хандыққа Есім хан жеткен, бұл екеуіне кім жеткен?» деп, жер таянып, көзіне жас алуы да дәлел болады. Бұл үш арыс, үш асылдың бірінің екіншісіне берген бағасы. Бұдан асырып, жеріне жеткізіп айту мүмкін де емес. Өйткені олар қасында жүріп, бір-бірінің қадір-қасиетін жете таныған алыптар.

Төле бидің денесі Ташкент қаласындағы Жүніс ханның жанына қойылған. Онда оған үлкен ескерткіш орнатылған.

Халық батыры - Қабанбай (1703-1781)

Қожағүлүлы Қабанбай - жоңғар басқыншыларына қарсы күресті үйымдастырушылардың бірі, қазақтың біріккен қолының Бас қолбасшысы, жекпе-жекте жеңіліп көрмеген халық батыры. Шыққан тегі - Орта жүздің Найман тайпасының Қаракерей руынан, ел азаттығы жолында күрескен киелі батырлар әулетінен. Оның аталары да аты шыққан батырлар болған.

Жоңғарларға қарсы күрестегі Қаракерей Қабанбайдың батырлық ерлігі ерекше. Ол қатыспаған бірде-бір шайқас болмаған. Қабанбай бір жарым жылға созылған Шаған шайқасына, сексен күнге созылған әйгілі Алакөл шайқасына, 1728 жылғы ТТТүбар теңізі жағасындағы ірі шайқастарға қатысқан. Ал Жоңғар қақпасындағы шайқас оның соңғы жеңісі болған, яғни ол әйгілі «Ақтабан шүбырындыдан» кейінгі айтулы ірі шайқастардың бәріне қатысқан. «Хан батыры», «Дарабоз» деген атақтарға ие болған. Сан рет шайқас алдындағы жекпе-жекке шығып, бәрінде де жаудың үміткер батырларын жер жастандырып, жауынгерлерін жеңіске бөлеп отырған. Халқы оны «Қаракерей Қабанбай» деп ардақ түтып, есімін жырға бөлеп, үрпақтан-үрпаққа жеткізген. Абылай хан дәуіріндегі қазақтың ең соңғы әскери ірі қақтығысы 1770 жылғы қазақ-қырғыз соғысы болды. Бүл - осы соғысқа қатысқан Қабанбай батырдың да ерлік жолының соңғы белгісі.

Қабанбай батыр соғысқа жүз үш рет кірген. Оның атын шығарған Шаған шайқасы болды. Ол әулетімен батыр болыпты. Оның әкесі Қожағүл өз түсында Жалаңтөс батырларымен бірге Хиуа хандығына қарсы соғысқан қолбасшылардың бірі.

Халық арасында Қаракерей Қабанбай батыр жөнінде аңыз-әңгімелер, жыр-дастандар өте көп. Бүған керісінше тарихи қүжаттарда Қабанбай батырдың 1740-1762 жылдардағы өмірі ғана көрінеді.

Қабанбайдың жеті үлы болған. Оларды «жеті Қабанбай» деп атайды. Батырдың үрпақтары бүл күнде Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарының жерінде мекендегенімен, олардың арғы аталары оңтүстік жақтан ауып келіп, Есіл, Нүра бойын қоныс еткен. Бүл өңірдің 1728-1762жылдар аралығында батырдың да қүтты мекені болғаны белгілі. Қайтыс болғаннан кейін, Қаракерей Қабанбайдың денесі осы ата мекеніне әкеліп жерленген көрінеді. Елі аяулы батырдың басына сәулетті күмбез орнатты.

Ел басына күн туған кездерде ірі-ірі шайқастарға қырық жылдай қатысып, ерекше батырлығымен көзге түскен Қабанбайдың «дарабоз» деген атқа оның жасаған ерліктерінің сай екені тарихтан белгілі.

Кеңес Одағының батыры, Халық қаһарманы - Бауыржан Момышұлы (1910-1982)

Б ауыржан Момышұлы қазіргі Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Көлбастау ауылында туған.

Жеті жылдық мектепті бітірген соң, біраз уақыт мұғалім болып істейді. 1932 жылы әскер қатарына шақырылады. Онда бір жарым жыл жүріп, запастағы командир атағын алады. Ауылға оралған соң, біраз жыл қаржы мекемесінде қызмет істейді. 1936 жылы қайтадан Қызыл Армия қатарына шақырылып, түрлі әскери бөлімдерде взвод, рота командирі болады.

1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталысымен, ол даңқты генерал-майор И.В.Панфиловтың басқаруымен Алматы маңында жаңадан жасақталған 316-атқыштар дивизиясының құрамында майданға аттанады. Соғыс жылдарында батальон, полк, дивизияны басқарады.

Соғыс кезіндегі жеке басының қаһармандық ерлігімен және ұрыс жүргізудегі әскери шеберлігімен ерекше көзге түседі. Б.Момышұлының әскери өмірбаянында Мәскеу түбіндегі шайқас ерекше орын алады, сол шайқастағы ерлігі Одақ көлеміне аңыз болып тарайды. Бауыржанның осындай ерлігі жөнінде белгілі орыс жазушысы А.Бек «Волоколамское шоссе» («Волоколам тас жолы») повесін жазады. Бұл шығарма кейін бірнеше тілге аударылады.

Бауыржанның басқа да ерліктері аз емес. Тек 19-шы гвардиялық атқыштар полкінің батальон командирі ретінде Москва түбінде 27 сәтті ұрыс жүргізді. Волоколам бағытында Крюкова қонысы үшін шайқаста 19 полкті басқарады.

Соғыстан кейін Бауыржан Совет Армиясы Бас штабының Жоғары әскери академиясын бітіреді (1950), сонда әскери-педагогикалық қызметпен айналысады, Совет Армиясы әскери академиясында сабақ береді. 1956 ж. Гвардия полковнигі - Б.Момышұлы отставкаға жіберіледі. Бұдан кейін ол біржола шығармашылық жұмыспен айналысады. Оның шығармаларының негізгі тақырыбы - жауынгерлік мінез-құлықтың қалыптасуы, елдік пен ерлікті дәріптеу, жастарды Отанды қорғауға дайын тұру рухында тәрбиелеу болып табылады. Бауыржан қазақ және орыс тілдерінде бірдей жазып, өз өміріндегі көрген-білгендерін шығармаларында арқау етеді.

Б.Момышұлының басты шығармалары: «Офицер күнделігі», «Бір түннің оқиғасы» (1956), «Москва үшін шайқас» (1958), «Майдандағы кездесулер» (1962) және т.б.

Бауыржан бірнеше орден, медальдармен марапатталады. Кеңес Одағының Батыры атағы Отан соғысы біткеннен кейін жарты ғасырдай уақыт өткен соң, ол дүние салғаннан кейін 1990 ж. берілген болатын. Ел тәуелсіздік алғаннан кейін ҚР-ның тұңғыш Президенті

Н.Назарбаевтың жарлығымен оған «Халық қаһарманы» деген атақ берілді. Оның есімі мектеп, көше, елді мекендерге берілді.

Ол 25 жыл өмірін әскер қатарында өткізді, фашистермен 207 рет қанды шайқасқа кіріп, 5 рет өлім құрсауында қалды, 2 рет жараланды.

Б.Момышұлының қаһармандық даңқы күллі әлемге жетті. Азия, Африка, Латын Америкасы құрлықтарында 50-ші жылдары «Волоколам тас жолын» әркім өз тіліне аударып, қолдан-қолға таратып әкетті.

В.Швацковтың қойған «Волоколам тас жолы» пьесасы Б.Момышұлының әскери өмірбаянын суреттейді.

¥лы ғалым, ойшыл - Әбу Насыр әл-Фараби (870-950)

Әбу Насыр әл-Фараби Аристотельден кейін дүниежүзі білімі мен мәдениетінің екінші ұстазы атанған данышпан, энциклопедист ғалым. Оның мұсылманша толық аты- жөні Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Узлағ Тархани. Туған жері - Сырдария бойындағы ерте заманда түркі халықтарының орталығы болған Отырар (қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы) қаласы. Ежелгі түркілердің орталық қаласы Отырарды кезінде Қыпшақ, Қаңлы, Қоңырат тайпалары мекен еткен. Отырар - бір жағынан көшпелі мал шаруашылығын кәсіп еткен, екінші жағынан - отырықшы-егіншілікпен айналысатын түрлі түркі ру- тайпаларын өзара байланыстыратын қала болған. Бұл шаһарды арабтар «Фараб» деп атаған. Сол бойынша, ұлы ұстаз әл-Фараби атанып кеткен. Отырар қаласын қыпшақтар «Қарашоқы» деп атаған.

Ежелден Отырар қаласын мекен еткен түркі тектес тайпалардың барлығы дерлік бертін келе қазақ халқының этникалық құрамына енгені көне тарихтан белгілі. Әл- Фараби сол қазақ халқының құрамына қосылған түркі тайпасынан шыққан және ол советтік шығыс халықтарының мәдениетіне жақын қатынасы бар қайраткер деуге болады.

Жастайынан асқан зерек, ғылым-өнерге мейлінше құштар болып өскен әл-Фараби алғашқы білімін туған жері Отырарда қыпшақ тілінде алады. Ол өсе келе ғылым мен мәдениет орталықтары - Бағдад, Қорасан, Дамаскі, Каир т.б. шаһарларда болады.

Әл-Фараби өзінің түркі тілімен қатар, араб, парсы, грек, латын, санскрит тілдерін де жетік білген.

Ғұлама ғалым әл-Фарабидің атсалыспаған ғылым саласы жоқ деуге болады. Ол философия, логика, математика, астрология, астрономия, медицина, музыка, тіл білімі, әдебиет теориясы, табиғат ғылымдары, социология, поэзия-риторика т.б. ғылым салалары бойынша қыруар ғылыми еңбектер жазды. Кейбір еңбектерін атайтын болсақ: «Ақылдың мәні туралы трактат», «Данышпандықтың інжу-маржаны», «Ғылымдардың шығуы», «Философияны оқу үшін алдымен не керек?», «Аристотель еңбектеріне түсіндірме» («Поэтика», «Софистика», «Риторика, т.б.») сияқты зерттеулері оның есімін әлемге философ ретінде танытты.

Риторика, поэтика, өнер, музыка, т.б. жөніндегі еңбектерінде айтылған көркемлдік- эстетикалық көзқарастары әлі күнге дейін мәнін жоймаған. Музыка зерттеу саласында «Музыка туралы үлкен кітап» атты кесек еңбегін қалдырды.

Әбу Насыр әл-Фараби әдебиет теориясымен де жан-жақты шүғылданған ғалым, оның «Өлең және үйқас туралы сөз» деген шығармасы болған. Сонымен қатар, «Өлең ырғағы туралы», «Ырғақ пен өлең туралы сөз» және «Поэзия өнерінің негіздері туралы трактат» деп аталатын зерттеулері оның еңбектерінің тізімінде көрсетіледі.

Фараби заманында жаратылыстану ғылымдарының ішінде медицина ғылымы жақсы дамыды. Бүл салада да оның еңбектері бар.

Әл-Фараби Аристотельдің ғылыми мүраларын жан-жақты зерттеп, өзінің ғылыми еңбектерінде адамның ақыл-ойының дүние танудағы қүдіреттілігін дәріптеді. Ол тәрбиенің, оның ішінде еңбек тәрбиесінің теориясы ғылымға негізделуі қажет деп түжырымдады.

Аристотельден кейінгі дүниежүзілік білім мен мәдениеттің «екінші үстазы» болған әл-Фараби Аристотельдің шығармалары жайында көптеген трактаттар мен түсіндірмелер жазды.

Ө мірінің соңына әл-Фараби Мысыр, Шам, Халеб қалаларында болып, ақырында Т ам шаһарына келіп түрақтайды, сонда қайтыс болады. Оның денесі Т ам шаһарының Кіші қақпа (Бас ас-Сағир) жанындағы зиратқа қойылады.

Ә л-Фарабидің ісін жалғастыратын, ғылымға берілген шәкірттері де көп болды. Олардың ішінде Орта Азияның үлы ғалымы Әбу әли ибн Синаның (Авиценна) есімін атауға болады. Кейнгі кезде шығыс ғалымдары оларды «Қос Фараби» деп те атайды. Сондай-ақ үлы ғалымдар - Беруни, Бозжани, Омар Һайямдар да өздерін әл-Фарабидің шәкірттері деп есептейді.

Ахмет Байтұрсынов - қазақ тілі мен әдебиеттану ғылымының негізін салушы, ірі тюрколог (1873-1973)

Ахмет Байтұрсынұлы -қазақтың ұлы  ағартушысы, ірі ғалым-лингвист,түріктанушы,ақын, аудармашы,әдебиетзерттеушісі, бірқатар оқулықтар мен оқу құралдарының авторы. Туған жері - бұрынғы Торғай уезінің Тосын облысы (қазіргі Қостанай облысының Жангелдин ауданындағы Ақкөл ауылы).

А. Байтұрсынұлы шығармашылық жұмысын өлең жазудан бастаған. Онда ол еңбекші халықтың ауыр халін, арман-тілегін, мұң-мұқтажын көрсетіп, жұртшылықты оқуға, білім- ғылымға, адамгершілікке, мәдениетті көтеруге, еңбек етуге шақырады. Патшалық Ресейдің қанаушылық-отаршылдық саясатын, шенеуліктердің опасыздығын сынады.

Ақынның алғашқы өлеңдері «Қырық мысал» атты аударма жинағы 1909 ж. Санкт- Петербургте жарық көрді. Бұл кітабы арқылы қалың ұйқыда жатқан қараңғы елге жар салып, олардың ой-санасын оятуға бар жігер-қайратын, білімін жұмсайды. Ақын әрбір аудармасының соңында өзінің негізгі ойын, айтайын деген түйінді мәселесін халқымыздың сол кездегі тұрмыс-тіршілігіне, мінезіне, психологиясына сәйкес қосып отырған.

А. Байтұрсынұлының екінші кітабы - «Маса» (1911). Бұл кітабына енген өлеңдерінде ақын қараңғылықты, надандықты сынады. Көптеген өлеңдері сол кездегі ағартушылық бағытпен үндес болды. Ол Шоқан, Абай, Ыбырай қалыптастырған дәстүрлерді, гуманистік, демократиялық бағыттағы ойларды жалғастырушы ретінде көрінді. Қоршаған ортаға ойлана, сын көзімен қарайды, қоғамдағы істерге көңілі толмайды. «Қазақ салты», «Досыма хат», «Жиған-терген», «Тілек батам», «Жауға түскен жан сөзі», «Бақ» және т.б. өлеңдерінің мазмұны осыны танытады. Кітаптарының ішкі сазы мен ой-өрнегі, сөз орамы қазақ поэзиясына тән өзіндік жаңалық, ерекше өзгеріс әкелді.

Халық ауыз әдебиетінің үлгілерін жинап жарыққа шығаруда зор еңбек сіңірді. Әдебиет саласындағы алғашқы зерттеуі деп «Қазақ» газетінің 1913 жылғы үш санында шыққан «Қазақтың бас ақыны» деген көлемді мақаласын атауға болады. Онда қазақ халқының рухани өмірінде Абайдың аса ірі тұлға екені, өмірбаяны, шығармаларының мазмұны тереңдігі, ақындық шеберлігі, поэтикасы, орыс әдебиеттерімен байланысы туралы ойлы пікірлер айтылған.

Қазақ ауыз әдебиетінде молынан сақталған жоқтау-жырларын арнайы жүйелеп, сұрыптап, 1926ж. «23 жоқтау» деген атпен жеке кітап жариялады. А. Байтұрсынұлының қазақ әдебиеттану ғылымы мен әдебиет тарихы жөніндегі тұңғыш көлемді еңбегі - «Әдебиет танытқыш» (1926). Мұнда көркем сөз өнерінің табиғаты, сыры, мазмұны, ерекшеліктері, жанрлары, жаңа терминдер, ұғымдар жайлы жан-жақты зерттеулер, тұжырымдар сөз болады.

Бұл кітаптың бірінші бөлімі «Сөз өнерінің ғылымы» деп аталады да, онда көркем сөздің толып жатқан қыры мен сыры, тараулары мен тармақтары сөз етіледі. Екінші бөлімі «Қара сөз бен дарынды сөз жүйесі» деп аталады да, көркем қара сөз табиғаты, оның тараулары - шежіре, заман хат, өмірбаян, мінездеме, тарихи әңгіме, шешен сөз, оның түрлері, білімді шешен сөз деп жүйелеп келіп, әңгіме, романға сипаттама береді.

А. Байтұрсынұлы тілші-ғалым ретінде қазақ тілінің табиғаты, өзгешеліктері, араб әліпбиінің жайы, терминдері, қазақ тілін оқыту әдістемесі туралы мақалалар жазды. Ол қазақ балаларының ана тілінде сауатын ашуына көп күш жұмсады. Осы мақсатта «Оқу құралы» (1912), «Тіл құралы» (1914); ересектердің сауатын ашуға арнап «Әліпби» (1924), «Жаңа әліпби» (1926) атты оқулықтар мен тың еңбектер ұсынды. Қазақ грамматикасына қатысты категориялардың әрқайсысына қазақша ғылыми термин жасап, морфологиялық тұлға- тәсілдерді жаңаша талдауға жаңаша анықтамалар берді.

Қазақ фонетикасы мен граммтикасын талдауда тілдің типологиялық ерекшеліктері мен өзіндік даму барысын ескеру принципін ұстады.

А. Байтұрсынұлы қазақ тіл білімін ХХ ғасырдың бас кезінде қалыптастырып, оның ірге тасын қалады. Араб графикасына негізделген қазақ жазуының реформаторы болды.

А. Байтұрсынұлы отаршылдықтың озбыр саясатына қарсы халықты ояту үшін халықты ағартудан басқа жол жоқ екенін, надандықпен, қараңғылықпен күресу керектігін толық түсініп, бар ғұмырын осы жолға арнады. Қуғын-сүргінге түсті - мұқалмады;

түрмеге қамалды - жасып, жұқармады. Мұғалім болып, бала оқытып, жас ұрпақтың көзін ашты; газет шығарып, мақала жазып, ұйқыдағы ұлтын оятып, замана аңғарын түсіндірді; өлең жазып, мақсат-мүддесін танытты, түрлі қызмет істеп, үлгі-өнеге көрсетті.

Оның халқына адал қызмет етуге арнаған бар ғұмырына «Халық жауы» деген жала ат тағып, оны атқызды, атын атағандарды қуғынға салды. Бәрібір олар мақсатына жете алмады. Жала - бұлт, шындық - күн екен, заманы қайта туып, шындықтың беті ашылды. Ұлтын сүйген, ұлтжанды Ахмет Байтұсынұлы ақталды.

Қазақ хандығының бірінші астанасы - Түркістан қаласы

Түркістан - қазақ хандығының алғашқы астанасы болып саналатын ежелгі, бабалардың көне қаласы. Ол Қаратау мен Сырдария өзендерінің ортасында, Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан. Ежелгі қалаға керуендер батыстан да, шығыстан да келіп жататын болған. Түркістанның тарихы әріден басталады. Ол кезде қала Шабғар (Шойтөбе) деп аталған. Мұсылман діні келгеннен бастап, қала Ясы деп аталған. Ақын Қожа Ахметтің Яссауи деп аталатыны да осыдан.

Монғол жаугершілігінен кейін қала Түркістан атанды. Түркістан «түріктер мекені» деген мағынада. Түркістан өзінің Қожа Ахмет Яссауи кесенесімен танымал. XIV-XV ғасырларда тұрғызылған сарайлар мен шіркеулердің тұтас кешені кесене деп аталады. Олардың бәрі Шығыстың қадірлі адамы, шейх, сопы, ойшыл, түркі халықтарының рухани ұстазы - Қожа Ахмет Яссауиға ғана арналып салынған.

Мұсылман әлемінде Қожа Ахмет Яссауи кесенесі Меккемен қатар басты қасиетті орындардың бірі болып саналады, түркілердің екінші Меккесі деп аталады. Жыл сайын мыңдаған қажылыққа барушылар кесенені көру үшін Түркістанға келеді.

Ертеде сақ дәуірінен бастап бабаларымыз түрік тайпасының бір бұтағы болған. Отырар, Тараз, Түркістан сияқты қалалар салған. Қалаларда шәкірттер оқитын медреселер ашқан. Сондай бір ғажайып медресе-мектеп Түркістанда болды. Медресенің бас мұғалімі ақын Қожа Ахмет Яссауи еді. Ол діни ғұлама және түрік халықтарының рухани көсемі болды. Бала оқытып жүріп, «Даналық сөздер» деген кітап жазады. Кітапқа тәрбиелік мәні зор - кісінің таза жүруі өтірік айтпауы, адал болуы туралы ақыл сөздері енді.

Әмір Темірдің әмірі жүріп, айтқаны болып тұрған заман болатын. Ол дүние жүзінен ұста, зергер, сәулетші өнерпаздарды жинап, баяғыда қаза болған ақын зиратының басына ғажайып ғимарат орнатуға жарлық береді.

Қожа Ахмет Яссауидың басына ғимаратты тұрғызу үшін, мыңдаған адам қатар тұрып күйген қышты (кирпич) бір-біріне қолмен беріп, алыстан жеткізген. Ғимарат түрлі бөлмелерден тұрады. Солардың бірі - «қазандық» деп аталатын бөлме. Осы бөлмеде салмағы екі тонна келетін үлкен қола қазан орнатылған. Оған жеті жылқының еті сияды. Ернеуінде қазанды құйған ұстаның есімі араб тілінде жазылған. Ол ғимарат он жыл көлемінде салынды.

Көптеген зиратшылар арасында ірі сауда өкілдерінің, жер иелерінің болуы қала экономикасының дамуына өзіндік септігін тигізді. Қала базарында Орта Азияның өнімдері мен Оңтүстік Қазақстан көшпенділерінің өндірген өнімдері түсіп, товар нарықтары осы жерде анықталып жататын. Алыс шет елдерден әкелінген жібек маталар, мақта кездемелер, алтын, күмістен жасалған зергерлік бұйымдар, керамикалық заттар осы жерден табылатын.

XVI гасырдан бастап Түркістан қаласы қазақ хандыгының астанасы етіп бекітілді. Хан өз билігінің тәуелсіздігін айқындау мақсатында теңге соқтырды. Шет елдермен келісушіліктер де осы қалада жүргізілді. Елшілер де осы қаладан тапсырыс алып, алыс елдермен байланыстар орнатты. Қала экономикасы бұрынғыдан арта түсті. Түркістанның қазақ хандығының ордасына айналуымен қатар, Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің іші, маңы қасиетті орынға айналды.

Кесенеде ірі қоғам қайраткерлері мен атақты адамдар, батырлар жерленді. Оларды жерлеу рәсімі жекелеген мазарлар мен құрылыстар салумен қатар жүргізіледі. Сөйтіп, үлкен ғимарат айналасында ескерткіштер ансамблі қалыптасты.

Міне, қалыптасу кезеңі тарихтан осындай бастау алып, халықты түркі дүниесімен байланыстыратын, өткенімізді көрсететін талай өрлеу мен құлдырауды бастан кешкен киелі Түркістанға 1500 жыл толды.

Қаныш Сәтбаев - ғалым-геолог (1899-1964)

Қаныш Сәтбаев - қазақ халқының ұлы перзенті, көрнекті ғалым-геолг, қазақтың алғашқы кен инженері, Қазақ КСР ҒА-ның тұңғыш Президенті, академигі, қоғам қайраткері, қазақстандық металлогения мектебінің негізін қалаушы. Туған жері - бұрынғы Семей губерниясының Павлодар уезіндегі Ақкелін болысы (қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданы).

Қаныш Имантайұлының азамат болып қалыптасуына Абай, Шоқан, Ы. Алтынсарин, С. Торайғыровтардың үлгілі өмірі мен еңбектері әсерін тигізді.

Қ. Сәтбаев 1926 жылы Томск технологиялық институтын үздік аяқтап, тау-кен инженер-геологы деген мамандық бойынша диплом алған алғашқы қазақ болды. Институтты бітіргеннен кейін ол «Атбасцветмет» тіресінің геология бөлімін басқаруға жіберіледі. Бұл тіреске Жезқазған мыс кең орындарын, Байқоңыр көмірін зерттеу және Қарсақбай мыс зауытының құрылысын жалғастыру міндеттеледі.

1929 жылы трест Қарсақбайға көшірілгеннен бастап, Қ. Сәтбаев комбинаттың геологиялық-барлау бөлімінің геологы, бастығы болып, 1941 жылдың шілде айына дейін сонда тынымсыз еңбек етті. «Үлкен Жезқазған» деп аталатын алып мыс комбинатының дүниеге келуі, мысты өлкенің жан-жақты зерттеліп, оның мол байлығының игеріле бастауы Қ.Сәтбаевтың есімімен тығыз байланысты.

Қ. Сәтбаев Жезқазған кен орнында мыс қорының мол екендігін анықтайды. Ол геологиялық-барлау жұмыстарымен ғана шектелмей, геология ғылымының барлық саласы бойынша жұмыс жүргізді. Жаңа технологияны пайдалана отырып, сан-салалы геологиялық қызмет жүйесінің негізін қалады. Қ. Сәтбаев кен инженер-геологы ретінде тау-кен жұмысын да жақсы білетін, әртүрлі кен қазбаларын зерттеген, жер жүзіндегі мыс алқаптарындағы кеніштердің геологиясымен бірге, кен қазу технологиясын терең талдаған оқымысты. Жезқазғанда мыстан басқа 20 түрлі элементтер, оның ішінде рений, осмий және платина кездесетінін де көрсетіп берді.

Ғалымның есебінше, көне замандардан бастап Жезқазған жерінен бір миллион тоннадай мыс кені алынған көрінеді. Мысты өңір Жезқазған жерінде ғасырлар бойына тұнып жатқан мол қазына байлығы адамзатқа сонау көне заманнан белгілі болған. Зерттеушілердің пікірінше, көне қола дәуірінің өзінде-ақ адамдар осы өңірде мыс кенін өндірген. Қаныш Имантайұлы 1932 жылы 48000 мерт тереңдіктегі 1,5 шаршы шақырым жерде ғана 2 млн. тонна мыс қорының жатқанын, оның Одақ көлеміндегі экономикалық ең тиімді, әрі ең үлкен кен орны екенін дәлелдеген болатын. Ағылшындардың бар-жоғы 60 мың тонна ғана мыс бар деген жорамалы жоққа шықты. Оған қоса сол кездің өзінде-ақ ол Жезқазған кен орнының орталық бөлігінен басқа, жүзге тарта кен шөккен қыртыстардың барын, шашыранды кен ошақтарының көптігін, Бетпақдалада, Жаман- Айбатта және Сымтаста да мыс кені кездесетінін атап көрсетті.

1946 жылы маусым айында Қазақстан ҒА-сы құрылып, Қ. Сәтбаев оның алғашқы Президенті болып сайланды. Осы жылы қазан айында ол КСРО ҒА-ның толық мүшесі дәрежесіне жетті. Шығыс республикалары ғалымдарының арасынан шыққан тұңғыш академик атанды. Бұл ғылымның биік шыңына жеткендігінің белгісі еді.

Ғалымның өмір жолының шырқау шыңы - металлогениялық қазба кен орындарының болжамын жасаудың жан-жақты тәсілін табу, әдісін көрсету болып табылады. Қ. Сәтбаев зерттеу еңбектерінің нәтижесінде, Қазақстандағы металлогения ғылымының атасы атанды. Ол жасаған металлогениялық талдау әдістемесі және кен орындарын болжау теориясы жөніндегі қағидалары геология ғылымына, әсіресе металлогения ғылымын өркендетуге ерекше септігін тигізді. Орталық Қазақстанның металлогениялық болжам картасы әлемдегі теңдессіз ғылыми еңбек ретінде тарихқа енді. Осы еңбектері арқылы ғалымның аты жер жүзіне әйгілі болды.

Мемлекет және қоғам қайраткері, академик - Дінмұхамед Қонаев (1912-1993)

Қонаев Дінмұхамед Ахметұлы - аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР ҒА-ның академигі, техника ғылымдарының докторы, КСРО шет ел ордендері мен медальдерінің иегері.

Верный (қазіргі Алматы) қаласында қызметкердің отбасында өмірге келген. Мәскеудегі Түсті металл алтын институтын бітіріп, тау-кен инженері мамандығын алады. Ол Балқаш мыс қорыту комбинатының Қоңырат руднигіне жұмысқа орналасады, онда бұрғылау станогының машинисі, цех бастығы, рудниктің бас инженері және оның директоры болып қызмет істейді.

Екінші дүниежүзілік соғысының қиын күндерінде ол тылдағы жұмысты ұйымдастыруда іскерлігімен көзге түседі. «Алтайполиметалл» комбинатының бас инженерінің орынбасары, Риддер руднигінің және КСРО қорғасын-мырыш өнеркәсібінің ең ірі кәсіпорындарының бірі - Лениногор кен басқармасының директоры қызметтерін атқарады. Қазақстан ғалымдары оны Қазақ КСР ҒА-ның академигі және оның президенті етіп сайлайды.

Д. Қонаев өмірінің 45 жылға жуығын ел басқару ісіне арнады, ширек ғасырға жуық уақыт Қазақстанның бірінші басшысы қызметін атқарды. Ол жауапты басшылық қызметті атқара жүріп, республикадағы тау-кен ісін дамытуға, еліміздегі ғылымның дамуына үлкен үлес қосты.

Республиканы басқарған жылдары Қазақстанда жаңа өнеркәсіпті аудандар қалыптасып, елде жаңа қалалар мен ірі елді мекендер пайда болды. Павлодар-Екібастұз отын-қуат кешені, Қарағандыдағы ГРЭС-2, Шығыс Қазақстандағы Бұқтырма су электр станциясы, Павлодар трактор зауыты, т.б. кәсіпорындар іске қосылды. Маңғыстаудың мұнай кен орындары игерілді, темір жол құрылысы, көлік түрлері дамыды. Республика титан, магний, синтетика, каучук өндіре бастады. Электротехника, машина жасау, химия салалары тез дамыды. Жезқазған, Маңғыстау және Торғай облыстары шаңырақ көтерді.

Д. Қонаев тау-кен инженері, тау-кен ісі саласының ірі ғалымы, өз заманының ұлы саясаткері бола білді. Ол билік басында болған уақыт қаншалықты күрделі, қарама- қайшылықты болғанымен, елдің экономикасын, әлеуметтік саласын, ғылымын, ұлттық мәдениетін дамыту ісіне өзінің мол тәжірибесін және ұйымдастырушылық қабілетін аянбай жұмсады. Ел мүддесін, болашақ қамын бір сәтке де естен шығарған емес. Алпысыншы жылдардың басында Н. С. Хрущевтың озбырлығымен Өзбекстанға беріліп кеткен қазақ жерінің біраз бөлегін қайта қайтарып алуы да соның айқын бір дәлелі еді.

Д. Қонаев сегіз рет Ленин орденімен марапатталды. Ол еліміздің партия және шаруашылық жұмыстарымен өзінің ғылыми еңбектерін ұштастыра білді. 100-ден аса ғылыми еңбектері жарық көрді. Д. Қонаевтың қажымай, талмай ұзақ жылдар бойы жасаған ерен еңбегінің нәтижесінде, Қазақстан өзге республикалардан көш ілгері озып, лайықты орынға ие болды. Ғылыми-зерттеулердің жаңа бағыттары көрініс тапты. Ол өз ісіне адал берілген табанды қайраткер. Халық алдындағы парызын абыроймен орындаған абзал азамат 1993 жылғы 22 тамызда, 82 жасқа қараған шағында кенеттен қайтыс болды.

Абай атындағы Қазақ мемлекеттік Академиялық опера және балет театры

Абай атындағы Қазақ мемлекеттік Академиялық опера және балет театры 1934 жылы 13 қаңтарда М.Әуезовтың либреттосына жазылған «Айман-Шолпан» музыкалық спектаклімен ашылды. Иван Коцыко өңдеген халық өлеңдері мен күйлері орындалды. Спектакль көпшіліктің көңілінен шығып, әсері зор болды. Жаңа театрдың ашылуы бүкіл елге таралды.

Бұл қазақ халқының музыка тарихында үлкен орын алатын орасан зор оқиға болып, онда рөлдерде ойнаған актерлердің барлығының да есімі мәңгілік тарихта өшпестей болып, қазақ музыка мәдениетінің біртуар өнер иелері болып қалды. Соның ішінде К.Байсейітова, режиссер Жұмат Шанин, әнші және режиссер Қ. Жандарбеков, әнші, режиссер және драматург Қ.Байсейітов, биші Ш.Жиенқұлова, әнші М.Ержанов, суретшіАнатолий Ненашев, жазушылар - М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов, С.Мұқанов, Б.Майлин, композитор Евгений Брусиловский, т.б. өнер майталмандары еді.

Е.Брусиловский Қазақстанның ұлттық опера өнеріне көп үлесін қосқан театрдың ең алғашқы композиторларының бірі болды. Оның музыкасына жазылған «Қыз Жібек» (1934), «Жалбыр» (1935), «Ер Тарғын» (1936) спектакльдері көрерменнің ыстық ықыласына бөленген туындылар болып табылады.

1938 жылы ұлы композитор П.Чайковскийдің «Лебединое озеро» балеті алғаш рет сахналандырылды. Осы жылы алғаш рет В.Великановтың «Қалқаман және Мамыр» атты қазақ балеті қойылды.

Опера театрының алғашқы табысы 1936 жылғы Москва қаласындағы қазақ әдебиеті мен мәдениетінің күндері болып табылады. Қазақтың бұлбұл қызы атанған К.Байсейітованың сомдаған Жібек рөлімен «Қыз Жібек» спектаклі үлкен қошеметке бөленді. Барлық баспасөз беттері жаңа театр мен оның әртістері және олардың үлкен табыстары жөнінде мақалалар жариялады. Қазақ өнерінде алғаш рет К.Байсейітоваға Кеңестер Одағының халық әртісі атағы берілді.

Театрды жаңа кәсіби мамандармен толықтыру мақсатында Ресейдің, т.б. елдердің ұлттық музыка білім ордаларын бітірген өнерпаздарын театрға шақыртып, театр әртістерінің қатарын толықтырып отырды. Олар - Б.Досымжанов, Ә.Үмбетбаев, Ришат және Мүсілім Абдуллиндер, Ш.Бейсекова, К.Кенжетаев, М.Төлебаев, т.б.

1941 жылы театрға Академиялық театр атағы берілді. Эрине, опера театры - ең алдымен, бүкіл өмірлерін ең әсем өнердің бірі - театрға арнаған әдебиет қайраткерлерінің, композиторлар, жазушылар, суретшілер, жақсы вокалдық қабілеттері бар актерлердің ең сүйікті жұмысы. Бұл адамдар ұлттық мәдениеттің тарихына енген. Олардың іс-әрекеттері 70 жыл бойы дамып, жалғасып келеді.

Ұлы Отан соғысының алдында театрдың репертуарында 31 опералық (олардың ішінде 9 қазақ) және 6 балеттік (2 қазақ) спектакльдер болды.

1944 жыл М.Әуезовтың либреттосы А.Жұбановтың және Л.Хамидидың «Абай» қазақ операсының жарық көруімен есте қалды. Әрине, бұл театрдың репертуарындағы әлі күнге дейін ең негізгі үлкен шығармашылық табыс болып табылады. Ұлы қазақ ағартушысы, философ, гуманист, ақын Абайдың 100 жылдығына орай опера және балет театрына Абай аты берілді.

50-ші жылдар арнайы жоғары білім алған Е.Серкебаев, Р.Джаманова, Эра Епонешникова, З.Райбаев, С.Көшербаева сияқты кәсіптік музыканттардың келуімен есте қалды. Олар өз шеберліктерін жетілдіре отырып, халық сүйіп таныған опера және балет театрының «жұлдыздары» болды.

Қазіргі Абай атындағы Қазақ мемлекеттік Академиялық опера және балет театры Қазақстанның музыка өнерінің флагманы болып табылады. Қазіргі таңда бұл Еуразия кеңістігіндегі ең ірі театр. Театрдың шығармашылық ұжымының құрамында атақты сахна шеберлері және есімдері бүкіл әлемге танымал түрлі халықаралық байқаулардың жас дарынды лауреаттары еңбек етеді. Қазақ опера және балет театры сахнасының шеберлерін Франция, Г ермания, Италия, Жапония, Түркия, Қытай, АҚШ сияқты елдерде қошеметтейді.

Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті - еліміздің алғашқы техникалық жоғары оқу орны. Қ.И.Сәтбаев және ҚазҰТУ

Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті - республикада инженерлік білім берудің алғашқы, әрі әлі күнге дейінгі көш бастаушысы.

Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың іргетасы 1933 жылы, Қазақстанда тұңғыш өнеркәсіп орындарының ашылуымен тұспа-тұс қаланып, ел экономикасы дамуының тарихи кезеңдерімен бірге дамып келеді.

Алғашында тау-кен металлургиясы мен тау-кен барлау факультеттерінің базасында ұйымдастырылған Қазақ ұлттық техникалық университеті бүгінде осы салада білім беретін еліміздегі жетекші жоғары оқу орны дәрежесіне дейін өсті.

ҚазҰТУ - мыңдаған инженерлер мен Қазақстандағы барлық техникалық жоғары оқу орындарының оқытушыларының іс жүзіндегі анасы іспетті.

Университеттің ұлттық техникалық мәртебесі - еліміздің қалыптасуы мен дамуына орасан зор үлес қосқан университет түлектері - көрнекті ғалымдар, педагогтар мен инженерлердің ерен еңбектерінің жемісі.

ҚазҰТУ-дың құрылуының 75 жылдығы мемлекетіміздің өміріндегі елеулі мәні бар оқиға. Инженер мамандарды дайындаудың шеберханасы - ҚазҰТУ өзінің 75 жылдық тарихи қызметінің мақсаты мен мазмұнын, Отанымыздың ұлтжанды, техникалық сауатты ұрпағын қалыптастыруға арнап келеді.

Халықтың есінде - ҚазТКМИ, ҚазПТИ, ҚазҰТУ болып сақталып қалған Қазақстанның жетекші жоғары оқу орнының тарихы - бұл республикадағы инженерлік білім беру, оның өндірістік өсіп-өркендеуінің даму кезеңдері.

Қазақстандағы техникалық білім берудің қарлығашы - ҚазҰТУ-дың республикадағы бірқатар өндіріс салаларының қалыптасуы мен дамуындағы және оларды инженер мамандарымен қамтамасыз етуге сіңірген еңбегін бағаламау мүмкін емес.

ҚазҰТУ-дың тарихы - бұл еліміздің мәдениеті мен білімінің, ғылыми-техникалық интеллигенциясының қалыптасуы мен дамуының тарихы.

Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдарда Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ - жоғары сапалы, қарқынды білім беру мен ғылыми-инженер мамандарын даярлауда айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізіп, еліміздің техникалық жоғары оқу орындарының арасында ғана емес, халықаралық ауқымдағы зор мәртебеге ие жоғары оқу орнына айналды.Жаңа мыңжылдықта Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ өзінің алдына сапалық тұрғыдан жаңа мақсаттар мен міндеттер қояды. Университет дамудың әлемдік білім беру жүйесінде лайықты орынға ие бола алатын жоғары элиталық инженерлік-техникалық университет қалыптастыруға аяқ басқан жаңа кезеңде тұр. Университеттің жаңа даму бағдарламасы - жаңаша ойлау мен білім беру үрдісіндегі жаңаша ізденістер. Университет білім мен ғылымды интеграциялау жолына түсті.

Қ.И.Сәтбаев және Қазақ ұлттық техникалық университеті

Қ.И.Сәтбаев КСР ҒА-ның президенті болып сайланғаннан бастап (1946), сол кездегі Кен металлургия институтын өз қамқорлығына ала бастаған.

Ұлы ғалым өз халқына инженер кадрларының ауадай қажет екенін алдын-ала біліп, жергілікті ұлт жастарын аспирантураға қалдырып, оларға жағдай жасауға баса көңіл бөлді.

Қазақ кен металлургия институтының Қазақ политехникалық институты болып қайта құрылуына, оның материалдық-техникалық базасының ұлғаюына, жаңа мамандықтардың ашылуына Қ.И.Сәтбаев үлкен көмек көрсетті. Осы жылдары Сәтбаевтың шәкірттері, әрі ізбасарлары академик-ғалымдар Ө.Байқоңыров, Евней Букетов, Ш.Есенов,

А.Машанов сияқты тұлғалар қалыптасты.

Қ.И.Сәтбаев қазақ жастарының тек қана теориялық білім алып қоймай, оны өндірістегі іс-тәжірибемен дамытып, жақсы маман болып шығуына да ерекше ден қойды. Өндірістік тәжірибеде болған студенттер техникалық мамандықтардың қыр-сырын терең біліп, меңгерумен қатар, қаржы да тауып қайтатын.

Қ.И.Сәтбаев болашақ инженер-студенттердің жан-жақтылығына, рухани байлығына, парасаттылығына қарап, ұлттың болашағын елестететін.

Міне, бүгінгі таңда Сәтбаев шарапатына бөленген ҚазҰТУ - техникалық білімнің қара шаңырағы, қасиетті білім ордасы атанса, Сәтбаевтың қамқорлығын көрген шәкірттері мемлекет және қоғам қайраткерлері деңгейіне көтерілді.

1999 жылы Қазақ ұлттық техникалық университетіне инженерлік-техникалық мамандар даярлауға сіңірген аса зор еңбегі үшін көрнекті ғалым, академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың есімі берілді.

Нұрсұлтан Назарбаев - Қазақстанның тұңғыш Президенті

Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы (1940) - Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш

Президенті. Туып-өскен жері - Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылы.

Днепродзержинск техникалық училищесін (1960), Қарағанды металлургия комбинатына қарасты жоғары техникалық оқу орнын (1967), Кеңес Одағы коммунистік партиясы Орталық комитетіне қарасты Жоғары партия мектебін (1976) бітірген. Экономика ғылымдарының докторы, академик.

Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап, домна пештеріндегі жұмыстарды атқару жолдарынан өтті.

Қазақ КСР-ның Жоғарғы Кеңесі 1990 жылдың 24 сәуірінде Н.Ә. Назарбаевты Қазақ КСР-ң ең алғашқы Президенті етіп сайлады, 1991 жылы 1 желтоқсанда бүкілхалықтық

сайлау өткізілді. Ол 1991 жылы 10 желтоқсанда ҚР-ның Президенті лауазымымен қызметке кірісті.

Н. Ә. Назарбаев ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Басқолбасшысы, Қазақстан халықтары Ассамблеясының Төрағасы, Қазақтардың Дүниежүзі Қауымдастығының төрағасы.

1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан мемлекеті өзінің Тәуелсіздігін салтанатты түрде жариялады. Бұл оқиға одақтың күйреуімен байланысты болғанын барша халық жақсы біледі. Әлем халқы бір шындықты ашып берді. Ол - әрбір мемлекет ұлттық мемлекет болғанда ғана саяси, экономикалық, әлеуметтік прогреске жетеді. Мемлекеттік саясат сол елде қанша ұлт өкілдері тұрса, солардың бәрінің де мүддесін қорғайды. Бірақ тұрғылықты халықтың тілі, тарихи қалыптасқан дәстүрі, әдет-ғұрпы, менталитеті шешуші орын алуға тиіс.

Қазақстан халқының жаңа даму жолына бағытты - тарих сілтеді. Ол - демократиялық, өркениетті елдердің өмір жолы еді. Бір кезде уыстан шығып кеткен мемлекеттілікті тарихтың ондаған-жүздеген жылдарынан кейін қалпына келтірудің алғашқы бастамасы 1990 жылдың 25 қазанында Егемендік туралы Деклорацияның қабылдауынан басталды.

Қазақстанның Тәуелсіздігін жариялау, оны әлем қауымдастығына таныстыруда Н. Назарбаевтың еңбегі шексіз болды. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдар көптеген уақиғаларға толы болды. Жаңарған Қазақстаның Елтаңбасы, Туы мен Әнұраны дүниеге келді.

Қазақстан халқы Н. Назарбаевтың басшылығымен ХХІ ғасырға қадам басты. Оның негізгі мақсат-мүддесі «Қазақстан - 2030» стратегиясында тұжырымдалды. Бірде-бір халық, бірде-бір ұлт, бірде-бір мемлекет ұзақ мерзімді жоспарсыз ілгері дами алмайды.

Н. Назарбаевтың бастамасымен тәуелсіз қазақ елінде дүниежүзілік тарихи маңызы бар істер атқарылды. 1991 жылдың күзінде 40 жылдан астам бойы адамзат өміріне қауіп төндіріп келген Семей ядролық полигоны жабылды.

Туған елінің тыныштығын, адамзаттың қауіпсіздігін сақтау үшін Н. Назарбаев АҚШ, Ресей, Францияның билеушілерімен келіссөздер жүргізіп, ядролық қаруды Қазақстаннан алыстатуға (удаление) 1994 жылы келісті. 1995 жылы соңғы ядролық қару қазақ елінен әкетілді. Осылайша адамзат тарихында тұңғыш рет ядролық қарудан ерікті түрде бас тартқан мемлекет пайда болды.

2000 жылдың күзінде мемлекеттер мен халықтар арасындағы интеграцияны жаңа сапалы биікке көтеру мақсатында, бес мемлекеттің басын қосқан Еуразиялық экономикалық одақ құрылды.

Тәуелсіздік алғалы бергі уақытта Н. Назарбаевтың көреген басшылығымен мемлекеттік экономикалық, әлеуметтік, мәдени құрылыстарды реформалау жүзеге асты. Қазақстанның нарықтық ел екенін элем мойындады. ЮНЕСКО күнтізбесінде Абайдың 150 жылдық, М. Әуезов пен Қ. Сәтбаевтың 100 жылдық, Түркістанның 150 жылдық мерейтойларының енуі, Париж бен Лондонда, Берлин мен Токиода қазақ арыстарының құрметпен аталуы - мәдениет, өнер, ғылым мен дүниетануымызды жаңаша қалыптастыруда.

Қазақстанның тәуелсіздігі жылдарында қыруар істер атқарылды. Бірақ олардың ішінде екеуін атап өту керек: біріншісі - 1997 жылы Н. Назарбаевтың ұсынған «Қазақстан - 2030» даму стратегиясы, екіншісі - елорданың Алматыдан Астанаға көшірілуі. «Қазақстан - 2030» бағдарламасында бүкіл елдің даму, қалыптасу стратегиясы жасалынды, таяу болашақта қол жеткізетін жетістіктерді белгіледі. Ал, жаңа Астана еліміздің болашағының символына айналғанына ешкімнің күмәні жоқ.

Кезінде біреу білсе, біреу білмеген Ақмола-Целиноград атаулары тарих еншісіне айналды. Ал бүгінгі Астанада Н. Назарбаев ірі мемлекеттердің басшыларымен келіссөздер жүргізіп, кездесулер өткізіп, Қазақстанды әлемге танытуда, Қазақстан әлемді тануда.

Көреген саясаткер ретінде Н. Ә. Назарбаевтың халық алдында сіңірген тарихи еңбегі уақыт өткен сайын айқындалып, бағасы арта түсуде.

ХХ ғасырдың ІІ жартыс Қазақстан

ХХ ғасырдың ІІ жартысындағы Қазақстан тарихы үш кезеңге бөлініп қарастырылады: бірінші кезеңі - 1950-1970ж.ж. «жылымық»; екінші кезеңі - 1971- 1985ж.ж. «тоқырау»; үшінші кезеңі - 1985-1991ж.ж. «қайта құру» кезеңдері. Соғыстан кейінгі жылдары Қазақстан экономикасының жағдайы ауыр болды. Осыған қарамастан Қазақстан шикізат көзі ретінде қаралды. Қазақстаннан Орталыққа шикізат жіберу үшін темір жол құрылысы жедел қарқынмен дамыды. Қазақстан елдің металлургия флагманына айналды, қара және түсті металлургияның, химия өнеркәсібінің сыңаржақ бағытта болуы көптеген қайшылықтарға әкелді. Осы кезеңде Қазақстанда әскери өнеркәсіп кешендері көптеп құрылды. Соның ішінде Қазақстандағы ядролық сынақ полигондары халықтың қасіретіне айналды. Сынақтардың нәтижесінде Қазақстанның кең аумағына радиоактивті газдар тарады. Радиация зардаптары қазіргі таңға дейін халықтың денсаулығына кері әсерін тигізуде.

1 954 жылдан бастап Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру науқаны басталды. Тың игеру жылдарында Қазақстанның Солтүстік облыстарында совхоз орталықтары салынды.

Қаз ақстанға өзге республикалардан 640 мың адам көшіріліп әкелінді. Осы жылдары жаппай қоныс аудару науқаны рухани, ізеттілік саласына үлкен зиян алып келді. Қазақ тіліндегі мектептер саны 700-ге кеміп, қазақ тіліндегі әдебиеттердің саны күрт төмендеді. Үш мыңнан астам елді мекеннің аты өзгертілді. Жалпы елді-мекен аттарын қазақ қалай болса, солай қоя салмаған. Жерлердің аттары тарихи жағдайларға, ірі оқиғаларға, жер бедерлерінің орналасу ыңғайына, оның пейзаждық ерекшеліктеріне және т.б. сәйкес қойылып отырған. Ол атаулар санамызда бекіп, қалыптасып, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып жетіп отырған.

Ал тың игеру жылдары қазақ халқының осындай салт-дәстүрлері, мәдениеті, ұлттық руханияттары ескерілмеді. Осы кезеңде тарихи ұлттық санаға шек қойылды. Түрі ұлттық мәдениет - оқу мен тәрбие іс жүзінде аударма болды.

ХХ ғасырдың екінші жартысындағы кезеңде қудаланған ұлттық интеллигенция өкілдерін бағалауға жол ашылды. 1954 жылы Е.Бекмаханов, Қ.Сәтбаев, М.Әуезовтар еліне оралды. 1956 жылы қазақтың үш арысы - Сәкен, Ілияс, Бейімбет ақталды. Тоталитарлық тәртіп қазақ зиялыларына біраз кешірімдер жасағанымен, оларды бақылауын тоқтатпады. Мысалы, М.Әуезовтің «Ақын аға», т.б. еңбектерін жариялауға тыйым салынды. Жалпы 1959-1960 жылдары 155 еңбектің жариялануына партия тарапынан тыйым салынды.

Осы кезеңде жер өңдеу мәдениетін, топырақ құнарлылығын көтеру, сумен қамтамасыз ету дұрыс жолға қойылмады. Тың игеру мақсатымен жыртылған жерлер экологиялық апаттарға ұшырады. Жердің құнарлы бет қыртысы - шаң-тозаңға, ал жер эрозияға ұшырады.

Қаз дауысты Қазыбек би (1667 - 1764)

Қаз дауысты Қазыбек Келдібекұлы қазақ халқының XVII-XVIII ғасырлардағы үш ұлы биінің бірі, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері. Оның оқыған жерлері, алған білімі туралы нақты деректер жоқ. Дегенмен, ел аузындағы аңыз-әңгімелер мен биден жеткен шешендік сөздер өз заманында білімді, халықтың ауыз әдебиеті мен сат-дәстүрін, рәсімдерін , ата жолы заңдарын мейлінше мол меңгерген озық ойлы, әділ де көреген, батыл да батыр адам болғандығын айқын аңғартады. Шыққан тегі Орта жүздің Арғын тайпасының Қаракесек руынан.

Әділдігі мен алғырлығы үшін Тәуке хан Қазыбекті Орта жүздің Бас биі етіп тағайындайды. Кейбір архивтік мәліметтер бойынша, Қазыбек би «Тәуке хан заңдарының жинағын» өңдеуге қатысқан. Ол ел басқару ісіне араласып, Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саясатына ықпал жасап отырады. XVIII ғасырдың 40-жылдары Абылай хан жоңғарлардың қолына түсіп қалғанда, оны тұтқыннан босатып алуға атсалысады.

Жоңғар басқыншылығына қарсы халық күресін ұйымдастырушылардың бірі болған Қазыбек би елдің азаттық алуы жолында аянбай тер төгеді. Ол Ресей, Бұхара, Хиуа мемлекеттері арасындағы еларалық мәселелерге араласып, бейбітшілік деп достықты дәріптеп, аразды татуластырып, алысты жақындастырып отырған би.

Қазыбек би елшілік қызметті де мінсіз атқарған тұнғыш дипломат. Оның тұңғыш рет он сегіз жасында елшілікке барып, басшы болып қайтқаны әлі күнге дейін ел аузында. Өткір тілділігі мен шешендігі үшін және өнерінің арқасында ол бала биден дана биге айналып, «қара қылды қақ жарған Қаз дауысты Қазыбек би», «алты алаштың ардағы» деген атқа ие болады.

Қаз дауысты Қазыбек - қазақтың тұтас бір елдігін көксеп, өле-өлгенше ұзақ та нәтижелі өмір кешкен аты шулы шешен биі. Қазақтың үш жүзін бір хандыққа қаратып, оның Орта жүзінің тізгінін берік ұстаған беделді биі, асқан талант иесі. Қаптаған қалың жоңғарға қарсы ерлікпен күрес ашып, ержүрек қазақ ұлдарының, елінің мүддесін, ұлтының ар-намысын қорғап өткен басшы, ұшқыр ойлы, жаны таза кемеңгер.

Қызыл тілдің шебері, айтыс-тартыста озып шыққан жүйелі сөздің жүйрігі.

Шындықты, әділдікті жақтаған абзал азамат. Халықтың басына қайғылы күн туып, берекесі кеткен ауыр заманда ел-жұртын сақтап қалу үшін, өмірін сарып еткен ардагер, асқан ақыл иесі. Қара түнек қаптаған қазақ аспанына өмір сәулесін шашқан жарық жұлдызы.

Қазыбектің:

Алтын ұяң - отаның қымбат, Туып өскен елің қымбат,

Құт-береке - атаң қымбат, Кіндік кескен жерің қымбат,

Мейірімді анаң қымбат, Ұят пен ар қымбат,

Асқар тауың - әкең қымбат,Өзің сүйген жар қымбат,- деген сөздері қазақ жастарының есінде ғасырлар бойы өнегелі өсиет ретінде сақталып келеді, сақтала бермек. Ол Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесінде жерленген.

Қожа Ахмет Яссауи ( ?-1166)

Қожа Ахмет Йассауи - қазақ халқының байырғы мәдениетінің тарихында айрықша орны бар ұлы ақын. Өз аты - Ахмет, есімінің алдындағы «қожа» мұсылман дінін таратып, уағыздаушылық қызметіне орай берілген атау, ал соңындағы «Йассауи» ақынның қай жерден шыққандығын көрсетеді. Бірақ Йасы қаласы оның туған жері емес, оның бала кезінен өскен жері. Ақынның туған жері - қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданы.

Ахмет Бұхара қаласында Юсуф Хамаданидан діни білім алғаннан кейін, Түркістанға келіп, сол кезде Орталық Азияда кең тараған сопылық, діни идеялардың ірі насихаттаушысына айналады.

Ахметтің тұңғыш рухани ұстазы, әрі тәрбиешісі атақты Арыстан баб болған. Ел арасында қалған аңыз бойынша, Мұхаммед пайғамбар мұсылман діні туралы «аманатын» Арыстан бабқа табыс етеді. Одан кейін арада 500 жыл өтеді. Бір күні Арыстан баб даланы кезіп жүрген 11 жасар балаға жолығады. Бала: «Ақсақал, аманатты маған беріңіз»,- дейді. Сол бала Ахмет еді. Сөйтіп, ол «аманатты» алады.

Қожа Ахмет Яссауи Мұхамед пайғамбардан кейінгі мұсылмандар әулиеТұтқанкиелі адам саналады. Арыстан бабты жерлегеннен кейін Қожа Ахмет Бұхараға көшіп барады. Онда ол атақты Қожа Юсуп Хамадани шайхында сопылық оқуын оқиды. КейінЯсы (Түркістан) қаласына ауысады. Түркістан Ахмет Яссауидың дінді уағыздаушы ретінде ұзақ жыл қызмет еткен киелі мекені болады. Ол ғұмырының көбін осында өткізеді, осында жерленеді.

Қожа Ахмет түркі халқының ақыны ретінде әйгілі. Оның бүгінгі ұрпаққа жеткен көлемді шығармасы - «Диуани Хикмат» («Хикмет жинақ»). Бұл шығарма алғаш рет 1878 жылы жеке кітап болып басылып шығады. Аталған кітабында ол сопылық танымды негіз етіп алады. Онда бала күнінен бастап, пайғамбар жасына келгенге дейінгі өмір жолын баяндайды, тіршілікте көрген азабын, қайғысын айтады. Бұхара халыққа үстемдік жүргізуші хандардың, бектердің, қазылардың (билердің) жіберген кемшіліктерін, жасаған қиянаттарын сынайды, бұл өмірдің жалғандығын білдіреді, адамдарды қайырымдылыққа уағыздайды, әділеттілікті жақтайды. Оның өлеңдері қарапайым халық арасында ауыздан- ауызға жатқа айтылып, кең тараған.

Сонымен қатар, Қожа Ахметтің «Диуани Хикмат» еңбегінен қазақ халқының ертедегі мәдениетіне, әдебиетіне, тарихына, этнографиясына, экономикасына қатысты бағалы деректер табуға болады.

Қожа Ахмет 1166 жылы қайтыс болады. Түркістан қаласында жерленген. Оның басына XIV ғасырдың аяғында атақты Ақсақ Темір күмбез орнаттырады. Кейіннен Қожа Ахмет Йассауидың өзі түрік халықтарының рухани атасына, ал күмбезі түрік дүниесі табынатын кіші Меккеге айналады.

Қазақ халқының жалынды патриоты - Міржақып Дулатов (1885-1935)

Міржақып Дулатов - қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері, ақын, жазушы, жалынды сөз шебері. Туған жері - бұрынғы Торғай уезінің Сарқопа болысының үшінші ауылы.

М. Дулатов - ақын, халқымыздың бостандығы мен тәуелсіздігі үшін күрескен XX ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының көрнекті өкілдерінің бірі. Ақынның бірінші кітабы - «Оян, қазақ!» деп аталады. Бұл - халқын патшалық отарлық езгінің бұғауын үзіп, өз жолын табуға шақырған ақынның жан айқайы еді. Оның кітабына енген шығармаларының тағы бір міндеті - алдымен қазақ жастарын ояту, адамдарды надандық пен қараңғылықтан алып шығып, оларды білімге, оқу мен еңбекке шақыру болды.

М. Дулатов өз өлеңдерінде патшаның отарлық саясатына ашық қарсы шығып, қара халыққа қысым көрсеткен заң бұзушыларымен күресті. Ол үкіметтен қазақ жастары үшін мектептер ашып, қазақ тілінде газеттер мен журналдар шығаруды талап етті. Оның идеялары XX ғасырдың басында қазақ зиялыларының шығармаларында одан ары дами түсті. Мәселен, «Оян, қазақ!» өлеңі қазақ жастарының ұранына айналды.

1913 жылы «Қазақ» газетінде М. Дулатов: «1905 жылдан бастап біздің халық басқа халықтар сияқты дербестігін, ұлттық тұтастығын ойлай бастады. Бостандыққа ұмтылған сол жылдары Семей облысының басшылығы халыққа жол көрсетушілерді қудалап, олардың біразы қамауға алынып, түрмеге жабылды, басқалары Сібірге айдалды. Қалғанының беделі түсіп, халықтың сенімінен айырылды», - деп жазды.

«Оян, қазақ!» жинағы 1909 жылы жарық көріп, 1911 жылы қайта басылды. Қазақтың кең даласында алаңсыз өмір сүріп, мал бағып жатқан жайбарақат халқын: «Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты, Өткізбей қараңғыда бекер жасты» деп жырымен жұлқылап оятып, оларды білімге, ел үшін пайдалы іс-әрекетке шақырады. Бүкіл халықтың еркіндікке жетуінің басты шарты - түнек болып торлаған қараңғылық ұйқысынан ояну, дүр сілкініп, надандықтан арылу деп білген ол: «Оян, қазақ!» деп ұрандаудан танған жоқ. Сондықтан да оның үні қалың ұйқыдағы қазағын оятуды мұрат тұтқан өзінен он екі жас үлкен рухани ағасы. А. Байтұрсынұлының үнімен қатар естіліп, қазақ даласын қатар шарлады. Оларды туыстырған - халқының мүддесі, қамы, мұң-зары болатын.

Шын мәнінде тарихи оқиғалар орын алып жатқан сол кезде алдыңғы қатарлы қазақ зиялылары қазақ халқын ақтап қалуға, оған еркіндік пен бостандық әперуді ойлады. Дәл осы тұстағы басты идея - қазақ ұлттық мемлекетін құру және сол кездегі жағдайда қазақ автономиясын құру еді. 1916 ж. шаруалар көтерілісі, 1917ж. ақпан және қазан революциясы болды. Ақпан революциясынан кейін автономияның болмайтынына көзі жеткен Ә. Бөкейханов ұлттық партия құра бастады. Ол: «Біз ұлттық автономия құру үшін халықты «Алаш» туының астына жинаймыз»,- деп жазды. Алайда, бұл ниетінің орындалмасын сезген Ә. Бөкейханов «Алаш» партиясын құруға кірісті.

Сөйтіп, 1917 ж. «Алаш» партиясы құрылды да, іле-шала Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов және М. Дулатов бастаған қысқа мерзімдік «Алашорда» мемлекеті пайда болды.

1920 ж. «Алашорда» бұған дейінгі қабылдаған барлық заңдарынан айырылып қырғыз (қазақ) революциялық үкіметінің құрамына кірді. «Алаш» партиясы осымен өмір сүруді тоқтатты. Оның серкелері кеңес органдарына жұмысқа тартылғандарымен, кейінірек барлығы дерлік Сталиндік қапастарда қаза болды.

Ерте оянып, ерте есейген өр мінезді Міржақып қашанда күрес шебінің алдында болды. Оның жалынды сөзі, тындырымды ісі, «Бақытсыз Жамал» романынан бастап газет- журналдардағы мақалаларына дейін халық мүддесіне арналған. Сонымен бірге, ол халықтың әдет-ғұрпын сақтауға, елін, жерін сүйетін тәрбие беруге күш салды. Ел бейнетіне өгіз болып жегіліп, ертеңі үшін жанын қиған ол: «Ем таба алмай дертіңе мен ертеден, сол бір қайғың өзегімді өртеген. Тырп етпейсің бас көтеріп көрпеден, еңсең неге түсті мұнша, елім-ай» деп дүниеден арманда кетті

Алматы - ғылымның, мәдениеттің орталығы, Қазақстан Республикасының оңтүстік астанасы

Алматы қаласы Еуразиялық континенттің орталығында, Тянь-Шань тауының солтүстігінде, Іле Алатауының баурайында, ҚР-ның оңтүстік-шығысында орналасқан. Қаланың Алматы аталуы тегін емес, ол алмалы жер. Бау-бақша технигі С. Иванов 1916 ж. жазған «Алматы» атты мақаласында: «Алматы - қырғыз сөзі және орыс тіліне аударғанда «алмалы жер» деген мағынаны білдіреді»,- деген.

Бұл атаумен Верный қаласының аумағын атаған, өйткені жергілікті жерлер жабайы алманың таралуымен ерекшеленген. Оңтүстік астана - Алматыны (орысша транскрипциясында) апортпен байланыстырады.

Қаланың атына апорт емес, жабайы алмалардың негіз болғаны айтылады. Белгілі өлкетанушы И.Л. Брызгалов пен академик Н.И. Вавилов 1928 ж. Алматыға келіп, кіші Алматы өзенінің бойында өскен алмаларды көріп, мұншама көп жабайы алмаларды еш жерде көрмегендіктерін және мүмкін бұл жер шынымен нағыз мәдени алманың отаны шығар,- деп айтқан. Апорт Жетісудың эмблемасы болды. Оны «патша-алма», алмалардың «әкесі» деп бекер айтпаған.

Қаланың даму тарихы б.з.д. 10-9 ғ., 7ғ., б.з. 8-10 ғ., 10-14 ғ., 15-18 ғасырларды қамтиды. Қаланың жаңа тарихы 1854 жылдың 4 ақпанында Іле Алатауының баурайында Ресей империясының әскери қамалы Верный қаланған кезеңінен басталады. 1854 жылдың күзінде Верный қамалының құрылысы аяқталды.

1921 жылдың 5 ақпанында аудан комитетінің салтанатты жиынында Верный қаласының атын өзгерту туралы шешім қабылдады. Бұл шешім бойынша Жетісу Әскери- революциялық комитеті бұйрық шығарды: «Қаланың революциялық орталық мәртебесін алуына байланысты Жетісу әкімшілік орталығының атауы - Алма-Атага өзгертілді».

Алматының Қазақстанның астанасы болуына байланысты 1936 жылы қаланың архитектуралық құрылысы жөнінде арнайы жоспар құрылды. Жоспардың басты мақсаты - Алматы қаласын мәдени орталыққа айналдыру болды. Жоспар бойынша, қалыптасқан тарихи маңызы бар құбылыстарды түбегейлі өзгерту және үлкейту негізделді.

1993 жылғы шешім бойынша, қаланың атауы - Алма-Атадан Алматыға ауыстырылды.

1997 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың үкімімен ел астанасы Алматыдан Астанаға ауыстырылды.

1998 жылдың 1 шілдесінде Алматы қаласының мәртебесі туралы заң қабылданды. Бұл заң бойынша, Алматы - ғылыми, мәдени, тарихи, қаржылық және өндірістік орталық болады.

Бүгінгі таңда Алматы - жастардың қаласы, ҚР-ның оңтүстік астанасы, білімнің, ғылымның, мәдениеттің, қаржылық және өндірістік орталық болып күннен-күнге гүлденіп, шарықтап дамуда.

Ұлы жазушы - Мұхтар Әуезов (1897-1961)

Әуезов Мұхтар Омарханұлы - қазақтың әйгілі жазушысы, қоғам қайраткері, әдебиеттану ғылымының негізін салушылардың бірі, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының тұңғыш докторы, профессор. Қазақ КСР-ның еңбек сіңірген ғылым қайраткері. Туған жері - бұрынғы Семей үйезінің Шыңғыс болысы (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы).

Ата-анасынан ерте қалған Мұхтардың орыс, қазақ мәдениетіне, Абай өлеңдеріне, аудармаларына көңіл бөлуіне атасы Әуездің ықпалы болды.

Мұхтар Семейде 5 жыл қалалық училищеде, 4 жыл мұғалімдік семинарияда оқып, орыс және Батыс Европа әдебиетімен кең танысты. Ол Шекспирдің «Отелласын», Гогольдың «Ревизорын», Тургеневтің «Дворян ұясы» деген романдарын қазақ тіліне аударды.

1917 жылы «Еңлік-Кебек» атты тұңғыш драмасын, 1921 жылы проза жанрында «Қорғансыздың күнін» жазды.

Жазушыға «Абай» романы үшін СССР Мемлекеттік, ал «Абай жолы» романы үшін Лениндік сыйлық берілді. 1959 жылы М. Әуезов Ленин орденімен, екі рет Еңбек Қызыл Ту, Құрмет белгісі ордендерімен марапатталды.

XX ғасырдағы қазақ халқының ұлттық рухани дамуындағы ұлы тұлғалардың

бірі -

М. Әуезов. Ол - үлкен суреткер, дарынды драматург, аудармашы, белсенді сыншы, сондай-ақ ғұлама ғалым. М. Әуезов жазушылық өнер мен ғылыми-зерттеу жұмыстарын қатар алып жүріп, бұл салада ірі еңбектер қалдырды.

М. Әуезовтың Абай мұрасын ғылыми тұрғыдан танып-білуде жарты ғасырға таяу ізденіс үстінде туған көп салалы ғылыми-зерттеу еңбектері абайтанудың қол жетпес заңғар биігіне айналып отыр. Бұл еңбектердің нәтижесінде, М.Әуезов қазақ әдебиеті тарихының саласы - абайтанудың негізін салушы, әрі ол мұраны ғылыми- шығармашылық жолмен бүкіл әлемге таныту арқылы әдебиеттану саласында қайталанбас дарынды тұлға ретінде танылып, мойындалды.

«Абай жолы» - М. Әуезовтың бас кітабы. Ол: « «Абай», «Абай жолы» романдарын жазу деген менің күллі шығармашылық тіршілігімдегі түбегейлі әрекетім»,- деп жазады. Сондай-ақ жазушының: «Менің тілімде Абай тілінің өрнек-бояуы бар. Менің романымды терең ұғамын десеңдер Абайды, Абай поэзиясын оқыңдар»,- деп айтқаны да бар.

«Абай жолы» - халық жолы. Абайдың елі, жұрты, қоғамдық ортасы, әлеуметтік қоршауы, дәуірі, заманы туралы романдары - М. Әуезовтың қолындағы шамшырағы еді. Ол өзінің шығармалары арқылы зорлық-зомбылық, жауыздық, әділетсіздікті жазды, халыққа танытты.

М. Әуезовтың қазақ поэзиясының өткен ғасырдағы классигі Абайдың өмірі мен творчествосын тереңдеп зерттеуі - үлкен ғылыми ерлік. Абай шығармаларының жинағы он шақты рет басылып шықты, «Абай жолы» романы отыз шақты елдің тіліне аударылды. Осы роман арқылы ол қазақ халқын дүние жүзіне танытты.

«Абай үш түрлі білім қазынасынан сусындады»,- деп жазады ғалым. Олар: біріншісі - қазақ халқының ауыз әдебиеті, екіншісі - шығыстың (араб, парсы, түрік) классикалық поэзиясы; үшіншісі - орыс халқының мәдениеті және сол арқылы еуропалық мәдениеттің бай қазынасы. Абайдың озық орыс әдебиетінен үйренгендігі ғалымның «Орыс классиктері мен Абай», «Орыс реализмінің дәстүрі және революцияға дейінгі қазақ әдебиеті», «Пушкин мен Абай» атты ғылыми мақалаларында сөз болады.

М. Әуезовтың ғылыми мұрасы ұшан-теңіз. Оның ұзақ жылғы шығармашылығына зер салса, оның үлкен екі арнасы зерттеушілердің назарын ерекше аударады: біріншісі - абайтанушылығы; екіншісі - фольклортанушылығы. Жазушының әдеби-ғылыми

мұрасының екі алтын діңгегі - осылар. Дүниежүзіне әйгілі «Абай жолы»

эпопеясының авторы

М. Әуезовтың әдеби мұрасы тарихшы, филолог, педагог ғалымдарының еңбектерінде қолданылып келеді.

М.Әуезовтың жеке басы - тым ірі тұлға. 1961 жылы ол қайтыс болғаннан кейін ҚР Үкіметі қаулы қабылдап, оның есімін ҒА-ның Әдебиет және өнер институтына, Қазақтың мемлекеттік Академиялық драма театрына, бірқатар мектеп, көшелерге берді және Алматының бір ауданы М. Әуезовтың атымен аталады

Ақжан Машанов (1906-1997)Азабын алыс жолдың жүрген білер, Мен емес, оны айтып міндетсінер.Ар үшін, елім үшін еткен еңбек,Жас ұрпақ — келешегім, солар білер.

(Ақжан Машанов)

Ақжан Жақсыбекұлы әл-Машани - ҚР ¥ҒА-ның корреспондент мүшесі, профессор. Университетті қызыл дипломмен бітірген тұңғыш түлегі, ҚР ¥ҒА-ның құрылтайшысы, жер ғылымының жаңа саласы - геомеханика ғылымының негізін салушы инженер, өзі ұстаздық еткен «Маркшейдерлік іс» кафедрасына 30 жылдай жетекшілік еткен. Қазақ фонтастикасы мен «Білім және еңбек» журналының негізін қалаған. ¥лы баба әл-Фарабиді алғаш танытып, ұрпағымен қауыштырушы және оның мұрасын жан- жақты бірегей зерттеуші. Фараби (1970) бабаның көркем образын тұңғыш жасаған қаламгер.

¥лттық техника зиялылары Қ.И. Сәтбаев атындағы Қаз¥ТУ шаңырағын 1934 жылы Кен-металлургия институты болып көтергенде, оның алғашқы шәкірттерінің бірі, ҚР ¥ҒА-ның тұңғыш корреспондент-мүшесі, ғұлама ғалым, профессор А.Ж. әл-Машани болған.

А.Ж. әл-Машани геология, маркшейдерлік іс салаларымен сабақтас жаңа ғылым саласы - жер механикасының (геомеханика) іргетасын профессор П.К. Соболевский және оның шәкірті А.П. Рыжковпен бірге қаласып, негізін салушының бірі.

Ғалымның осыдан 30-40 жыл бұрын-ақ қазақ тілінде оқулық жазуын; ең бастысы мың жылдан астам уақыт өз ұлты үшін тарих топырағында жабулы қалған ұлы бабасы - әл-Фарабиді ұрпағымен қауыштыруын; ал соңғы жылдары жасының тоқсанға иек артып қалғандығына қарамастан шығармашылық ширақтығын танытып, қазақтың екі алып данасы - әл-Фараби мен Абай арасындағы рухани байланыстың зерделенуін; Қазақстан ғылымын жаңа сатыға көтеретін, әрі ұлт намысын көтеріп, ел мүддесін қастерлейтін ұрпақ тәрбиесінің пәрменді идеологиясына бастау болардай жазылған шығармаларын атар едік.

1936-1939 жылдардан бастап-ақ шыға бастаған: «Жер сілкіну», «Таулар қалай құрылған», «Жанартау» және «Жер бетінде тіршілік қалай пайда болды?» деген тәрізді жеке-жеке кітапшаларын айтуға болады. Бүгінгі таңда республика жоғары оқу орындары Кен факультеттерінде «Жер механикасы» жеке пән ретінде оқытылады.

А.Ж. әл-Машани отыз жылдан астам уақытын «Маркшейдерлік іс» кафедрасыныңмеңгерушілік қызметінде - кен-инженер-маркшейдер мамандарын даярлаумен үздіксіз айналысып, білікті кәсіби маман - инженерлер даярлауға сүбелі еңбек қосқан болатын.

1960 жылдардың басында ғалым Кен атауларының тұщыш терминдік сөздігін шығаруға белсене араласады. А. әл-Машани ауыл мектебін қазақ тілінде тәмәмдап келген жастарға геология саласынан білім беру мақсатымен И.В. Мушкетовтың «Жалпы геологияның қысқаша курсын»,

В.А. Обручевтің «Геология негізін», И. Потемкиннің «Геология және минералогия» окулықтарын қазақ тіліне аударды.

Ағжан ағамыздың туған халқына жасаған еңбектерінің бірі - жарты ғасырдан астам ғұмырын әл-Фараби мұрасын зерттеуге бағыштап, ұлы бабаның көркем бейнесін «Әл- Фараби» (1970) романында сомдағанында.

Ұлағатты ұстаз А.Ж. әл-Машанидың 100 жылдық мерейтойының 2006-2007 жылдары дүние жүзі бойынша ЮНЕСКО шеңберінде аталып өтілуі ғалымның қауым үшін, ұлт құндылықтарын дамытудағы еңбегінің бағасы деп қарастырған жөн. Осы ретте ғұламаның әлі оқушысын таппаған 150 баспа табақ зерттеулері тәуелсіз еліміздің жастарын тәрбиелеудегі әлі игерілмеген қазынасы екендігін айта кету міндет. Бұл Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ үшін зор мақтаныш.

Қазақстанның мәдени және табиғи ескерткіштері.

Мәдени ескерткіш дегеніміз адам баласының шексіз қиялы мен шебер қолынан шыққан әр алуан дүниелер. Оған - ғимарат-кесенелер, мешіттер, мүсіндер, сурет- портреттер, зергерлік бұйымдар, металдар мен қыштан, ағаштан жасалған түрлі тұрмыстық заттар жатады.

Біздің ұлтымыздың көнеден келе жатқан мәдени ескерткішіне - киелі баспанамыз киіз үйді жатқызуға болады. Сонымен қатар жетпіске тарта сазды аспаптар, ат әбзелдері мен төрт түлікке қажетті құрал-сайман түрлері де, тұрмыстық бұйымдар да көнеден сақталған.

Ал ғимарат-кесенелерге келсек Ұлытаудағы Алаш хан, Жошы хан мазарлары, Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауидың, Тараздағы Қарахан, Айша бибі кесенелерін айтуға болады. Бұлар алғашқы орта ғасыр туындыларына жатады.

Тым көнеден жеткен (б.э.д.) жәдігерлеріміз - Есік қаласынан табылған «Алтын адам» (Алматы облысы), Шығыс Қазақстан облысы Қотан-Қарағай ауданы Берел қорығынан шыққан алтын адамдар (әйел және еркек), он екі арғымақ әбзелдері. Атырау өңірінен табылған осыған ұқсас жәдігерлер құнды мұралар болып саналады. Ешқандай басқа ұлттарда қайталанбайтын, кездесе бермейтін ұлттық киім үлгілерінің өзі ұлтымыздың мақтанышы. Таңбалы тастар мен балбал тастар тарихымыздың түп негізі.

Табиғи ескерткіштер сан мың жылдарға созылған табиғи құбылыстардың әсерінен (жел, су, ыстық пен суық, жер сілкінісі, т.б.) пайда болған ғажайып кескіндемелер. Қазақстан жерінде мұндай табиғат таңғажайыптарын жүздеп санауға болады. Жазық жерде жеке тұрған Толағай тауы, Көкшетаудағы Оқжетпес, Жұмбақтас, Шайтан тас, Жеке батыр, Қаратаудағы Келіншек тау, Қыз төккен, Алатаудағы Шарын шатқалдары, Көлсай, Алтай тауларындағы түрлі жартастар.

Іле бойындағы Әнші құмдар, Маңғыстаудағы Шерқала сияқты мүсінді төбелер, Қазығұрт тауындағы Кеме қалған орын - мұның бәрі табиғат туындылары.

Қазіргі кезде мәдени ескерткіштер мемлекет қамқорлығына алынып, оларды жөндеу, көшіру, тиімді жерлерде сақтау шаралары қарастырылған. Табиғаты таңғажайып өңірлерге апаратын туристік орталықтар құрылған. Мұндай құнды мұраларды қорғау және сақтау әрбір азаматтың адамдық парызы.

Жоғары оқу орындарының элитасы туындауда

Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа Жолдауында: «Жоғары білім беру сапасы халықаралық ең жоғарғы стандарттарға сай болуы тиіс», - деп көрсетілген. Жаһандану жағдайында біздің ел үшін басқа жол жоқ. Мемлекет дамуының сапасын айқындайтын жоғарғы білікті мамандарды дайындауда, жоғары оқу орындарының атқаратын міндеті зор. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ЖОО- дағы білім сапасына аса үлкен көңіл бөледі. Қазір оқу орындары студенттердің әлеуметтік жағдайын жақсартуға, әрі халықаралық деңгейдегі білім беруге ұмтылуда. Қазақстанның 145 жоғарғы оқу орындарында 633 мыңнан астам студент оқиды. Оларға мемлекеттік тапсырыс бойынша 34840 орын бөлінді, бұл 2008-ші жылға қарағанда 1350 орынға артық. Экономикалық дағдарыс жағдайында студент жастарды әлеуметтік жағынан қолдау мәселелері қарастырылған.

2009-2010-шы оқу жылында ақылы оқудан 23737 студент, банктік несиемен оқуға ауысты. Ол мемлекеттік тапсырыстың жалпы көлемінің 70 %-ын алады. Грантта оқитындар 9375 теңге шәкіртақы алады және олардың жол шығындарына өтемақы төленеді. Бұндай үлкен көлемдегі көмек еліміз Тәуелсіздік алғаннан бері бірінші рет көрсетілуде.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы мектебі Болондық келісімшартына біртіндеп енуде. Еліміздің 30 жоғарғы оқу орны университеттердің Ұлы Хартиясына қол қойды. 37 жоғары оқу орнында екі дипломдық білім беру іске асырылуда. 131 жоғарғы оқу орны кредиттік технология бойынша оқытады, ал 20 университет қашықтан оқу жүйесі бойынша білім береді.

Жоғарғы білім беруде білім сапасы және халықаралық стандарт - негізгі бағыт болып табылады. Қазір 9 жоғарғы оқу орны институттық аккредитациядан, ал үшеуі арнайы халықаралық аккредитациядан өтті. Әлемдік рейтингке ену - барлық Қазақстан оқу орындарының міндеті. 2009 жылдың күзінде Астанада алғаш рет рейтинг бойынша 4- ші халықаралық конференция өткізілді.

Университеттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары қарқынды дамуда. Мысалы, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің «Алтай» технопаркінде 16 ғылыми зертхана жұмыс істейді. Л.Гумилев атындағы Евразия ұлттық университетінде пәнаралық ғылыми-зерттеу кешені жұмысын бастады. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде физика, математика, ақпараттану институты және екі ғылыми-зерттеу орталығы ашылды.

Нағыз болашақтың жобасы - Астанадағы «Назарбаев университеті». Оның даму стратегиясы келесі принциптерге негізделген. Біріншіден, әлемнің алдыңғы қатарлы университеттерімен серіктес болу. Екіншіден, заманауи ғылыми инфрақұрылымды қамтитын зерттеу қызметін ұйымдастыру. Үшіншіден, басқарудың заманауи сараптама және қаржыландыру жүйесін құру. Бұл - университеттегі қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Университетте жеті мектеп жұмыс істейтін болады. Олар:1.дайындық мектебі;2жалпы білім беру департаменті;3.инженерия мектебі;4.жаратылыстану

ғылымы;5. жалпы медицина; 6. бизнес; 7. мемлекеттік саясат мектебі.

2010 жылы дайындық мектебіне 700 адам қабылдау жоспарланған. Академиялық бағдарламалардың мазмұны, сонымен қатар, факультеттерді мамандандыру ісі шетелдік серіктестермен бірге жасалады.

Қазақстандағы экологиялық аймақтар

Қазақстандағы қазіргі кездегі экологиялық мәселелерге байланысты бірнеше экологиялық аймақтарды көрсетуге болады:

Бірінші аймаққа - Каспий маңы, мұнай өндіру мен өңдеу салаларына маманданған облыстар кіреді. Бұл аймақтағы мәселе - табиғи ортаның мұнаймен ластануы. Аталған аймаққа - Қазақстанның негізгі мұнай өндіретін Атырау және Маңғыстау облыстары жатады.

Қазақстанда мұнай өндіру 100 жылдан бері жүргізіліп келеді. Ескірген технологияларды қолдану орасан зор экономикалық шығындар мен қоршаған ортаның бұзылуына әкеліп соқтырады. Топырақтың құнарсыздануы, судың мұнаймен ластануы адамның денсаулығына және экожүйелерге эсер етіп, шөлдеу процестерінің жүруіне, биокоп түрліліктің жойылуына әкеледі.

Тыныс алу жолдарының қабыну аурулары мұнай өндіретін аудандарда жоғары. Мұнай өндірілген жылдары 5 млн. тоннаға жуық мұнай төгілген. Бұл грунт пен судың ластануына, өсімдіктердің жойылуы мен адамның ұшқыш органикалық қосылыстарымен ластануына әкеледі.

Екінші аймаққа еліміздің солтүстік-шығыс облыстары - Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Ақмола жатады. Бұл аймақтарда ҚР-ның өнеркәсібі жоғары дамыған. Ірі түсті және қара металлургия, энергетикалық комплекс шоғырланған. Аталған аймақтардағы экологиялық мәселелер - қоршаған ортадағы өндірістік қалдықтардың жиналуы, нақты территориялардағы ауаның ластануы, ормандардың бүлінуі, территориялардың ерекше қорғауға алынуларының жеткіліксіздігі.Аймақ - тау-кен өндіру, көмір өнеркәсібі мен жылу энергиясын өндіретін орталық болып табылады. Аймақтың экономикасында ауыр өнеркәсіп, мұнай өңдеу, азық-түлік және жеңіл өнеркәсіп маңызды орын алады.

Территорияның басым бөлігін ормандар алып жатыр. Қазақстанның орман ресурстарының көп бөлігі Шығыс Қазақстан, Қостанай, Батыс Қазақстан, Павлодар, Ақмола облыстарына келеді.

Ертіс-Нұра- Есіл өзендерінің бассейндерінің су ресурстары - негізгі су көзі.

Республиканың астанасы - Астана қаласы осы мәселелер аймағында жатыр. Шығыс Қазақстан облысында Семей ядролық полигоны орналасқан. Тек бір ғана Шығыс Қазақстан облысында 1,5 млрд. тонна улы өнеркәсіп қалдықтары сақталған. Олар 32 мың га жерді алып жатыр. Ертіс өзенінің ластануына Шығыс Қазақстан мен Павлодардағы керосиннің төгілуі кауіп төндіруде.Экологиялық мәселелердің халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен денсаулығына әсері орасан зор, яғни жыл сайын улы қалдықтардан келетін шығын 300 млн. доллар, ауаның ластануы - 266 млн. доллар. Аймақта қатерлі ісіктермен ауру деңгейі өте жоғары.

Үшінші аймаққа - оңтүстік аймақтар жатады. Тұрақты сумен қамтамасыз етуді қажет ететін ауыл шаруашылық бағытымен сипатталады. Оңтүстік аудандардағы негізгі экономикалық мәселелер - су ресурстарының жетіспеуі, су көздерінің шайынды сулармен ластануы,жайылымдардың ұнарсыздануы, табиғи және мәдени ескерткіштердің бұзылуы. Бұл аймаққа - Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстары жатады. Негізгі қызметі - ауыл шаруашылығы. Жерді суару үшін Арал және Алакөл, Балқаш өзен, бассейндерінің суын пайдаланады.

Әлемдік экологиялық проблемалар

Жер шарындағы халық санының өсуіне байланысты өнеркәсіп дамыды, ірі қалалар, жол, үй, алып ғимараттар салынды. Нәтижесінде, бізді қоршаған ортаға зиянды қалдық заттар, улы газдар, лас сулар, шаң-тозаңдар шығарылды.

Зиянды заттардың мөлшері шектен тыс көбейіп, бүкіл адамзат қауымына, қоршаған орта табиғатына зиянын тигізді. Бірте-бірте бұл жағдайлар қауіпті экологиялық проблемаларға айналды.

Қазіргі кезде Жер шарындағы экологиялық проблемаларды - жергілікті, аймақтық және әлемдік деп жіктейді. Жергілікті экологиялық проблемалар-белгілі бір аудан, облыс көлемін қамтиды. Мысалы, қаланың ауасы, кішігірім өзен мен көлдердің ластануы, ірі өнеркәсіп айналасының ластануы, т.б.

Аймақтық экологиялық проблемалар көлемі бірнеше аудан мен облысты қамтиды. Мысалы, Балқаш, Арал, т.б. проблемалары. Ал, әлемдік экологиялық проблемалар бүкіл биосфераны қамтиды. Оларға озон қабатының жұқаруы, қышқыл жауындар, улы тұмшалар, жылыжай эффектісі, мұхиттар мен теңіздердің ластануы, жатады. Эрине аталған экологиялық проблемалардың арасында шекара болмайды. Олар бір-біріне ұласып, сабақтасып жатады. Әрбір экологиялық проблеманың өзіне тән ерекшелігі, қауіптілік деңгейі, эсер ету аймағы мөлшері болады.

Бүкіл дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (БДҰ) мәліметтері бойынша, атмосферадағы озон қабатының жұқаруынан қатерлі ісік ауруларының 1%-ға көбейгендігі анықталған.

Азот қосылыстары атмосфераға көбінесе, орман өртінен, ірі өнеркәсіп орындарынан бөлінетін түтінен жинақталады. Адам азот оксидімен дем алғанда - тыныс жолдарының қабынуы, бронхит, ентікпе аулуларынан зардап шегеді.

Улы түтін өнеркәсіп орындарында, жылу электр станцияларында көмір мен мазутты жаққанда пайда болады.

Атмосфераның химиялық ластануы - бүкіл адамзат қауымын алаңдатып отырған ғаламдық проблемалардың бірі.

Желтоқсан шындығын ашқан халық жанашыры - Мұхтар Шаханов

Ел басына күн туған 1986 жыл. Ызғарлы желтоқсанның 16, 17, 18 күндері. Ұлтымыздың сыйлы перзенті, дара тұлға Дінмұхамед Қонаев Қазақстанды басқару қызметінен алынып, орнына өзге ұлттың өкілі Геннадий Колбин тағайындалды. Бұл хабар қазақ жастарының намысына тиді. Билік басындағы бұл шешім Алматыдағы жоғары оқу орындарына лезде тарады.

Алғашында «Әр ұлтқа өз басшысы» деген мазмұндағы жазулар көтерген бейбіт шеруге шыққан жастар кешке резеңке дойыр (резиновая дубинка) мен сапер күректерімен қаруланған қызыл жендеттердің езгісінде қалды. Сол кездегі деректерге жүгінсек, үш күнде 60 мыңдай адам алаңға шыққан, оның сегіз мыңы уақытша қамауға алынып, 200- дей адам әр түрлі мерзімге абақтыға жабылды. 1500 адам әкімшілік жазаға тартылды.

Осындай кезеңде жастарға мұз жастанған желтоқсан ақиқатын айтатын адам табылмай қиналғанда, қызыл империяның отаны - Мәскеуде үлкен мінбеден шындықты айтып, әділетсіздікке жаны күйзеле сөз сөйлеген қазақтың дарынды ақыны, біртуар азаматы, халықтың жанашыры - Мұхтар Шаханов болатын. Оның съездер сарайында сөйлеген сөзі арқылы да Желтоқсан көтерілісі бүкіл дүниежүзіне тарады.

КПСС ХХІІІ съезінің мінбесінде Желтоқсан шындығын ашып айтып, оны қайта қарап, оң баға беру туралы депутаттар алдына мәселе қойды. Көпшілік дауыс М.Шахановты қолдап шықты. Осылай әділдік салтанат құрып, желтоқсанда жазықсыз жазаланған жастар толық ақталды.

Бұл сол кездегі Кеңес Одағы бойынша жүріп жатқан Қайта құру науқанының да әсері болғанын көрсетіп берді.

М.Шахановтың дәл мұндай әрекетке баруы батырлық, үлкен ерлік еді! Отанын, халқын сүйеген патриоттың ісі еді. Сол күндері ұлт жастарының жалғыз жанашыры М.Шаханов қана болып қалғанын бүгінде ешкім жоққа шығара алмайды.

Ақын Желтоқсан көтерілісін тек мінбеден ғана айтып қойған жоқ, сол желтоқсан құрбаны болғандармен өзі тікелей араласып, түрмеден шығарып алды. Оқудан шығарылғандарды, жұмыстан қуылғандарды қайтадан қабылдатқызды. Ерекше істерімен танылғандарға, баспана алуға көмектесті.

М.Шаханов адамзат баласының тағдырына алаңдамай тұра алмайтын дара талант. Оның өлеңдерінің тақырыбы әр алуан, мазмұны да ерекше. Онда нәзік мейіріммен қоса, азаматтық рух үндесін жатады.

Әлем таныған Шыңғыс Айтматовпен «Құз басындағы аңшының зары» кітабын жазуы да тағылымды тірлік.

Бүгінгі таңдағы бірнеше өлең кітаптарының авторы М.Шаханов халқының жанашыры, ірі тұлға, ел тағдырын өз тағдырына айналдырған қоғам қайраткері, саясаткер.

М.Шахановты мақтағаннан гөрі, Шахановпен мақтанған абзал.

Ахметов Бахытжан Сражатдинович

Родился 31 марта 1954 года. Окончил МВТУ имени Н.Э.Баумана в 1977 году по специальности «Электронные вычислительные машины». С 1977 по 1979 год стажер-исследователь, а с 1979 по 1982 год – аспирант факультета кибернетики Киевского государственного университета имени Т.Г.Шевченко по специальности 01.01.10 – «Математическое обеспечение вычислительных машин и систем».

В 1984 году защитил  кандидатскую диссертацию в МВТУ имени Н.Э.Баумана по специальности 05.13.12 – «Системы автоматизированного проектирования (в промышленности).  В 2007 году защитил докторскую диссертацию в КазНТУ имени К.И.Сатпаева по специальности 05.13.10 – «Управление в социальных и экономических системах». Профессор по специальности 05.13.00 – «Информатика, вычислительная техника и управление», действительный член  международной академии информатизации.

Общий трудовой стаж – 35 лет, в том числе научно-педагогический стаж – 32 года. Прошел все ступени вузовской карьеры: от преподавателя до ректора Казахстанского университета инновационных и телекоммуникационных систем.

С сентября 2011 года работает директором Института информационных и телекоммуникационных технологий Казахского национального технического университета имени К.И.Сатпаева.

Автор 168 научных, учебно-методических трудов, патентов, в том числе 5 монографий и 7 учебных пособий. Область научных интересов связана с вопросами энергосберегающих технологий, биометрических способов защиты информации, информатизации образования и управления.

1.Бос тақырыптар бойынша сұрақтар

Уақыт қазіргі таңдағы ең бағалы құндылық және прогрестің үлкен парадоксы болып табылады. Бір жағынан қарасан бізге уақыты үнемдеуге мүмкіндік беретін дүинелер қаншама десеңізші. Бізге бизнес немесе басқа да себептермен таныстарымызға баруға кететін қымбат уақытымызды жоғалтудын еш қажеті жоқ, бар болғаны ұялы телефоныңызды алып қоңырау шалсаңыз жетіп жатыр. Біз көбінесе шынайы емес виртуалды дүкендер, банктер мен туристік агенттермен ғаламтор арқылы хабарласамыз. Қалған уақытымызды өзіміз бен отбасымызға арнау ол жеткіліксіз болып қалатын жағдайлар да болып отырады.

2.Сөкен Сейфуллин

Көкшетау

(дастан)Арқаның кербез сұлу Көкшетауы.

Дамылсыз сұлу бетін жуған жауын.

Жан-жақтан ертелі-кеш бұлттар келіп,

Жүреді біліп кетіп есен-сауын.

Сексен көл Көкшетаудын саясында,

Әрқайсы алтын кесе аясында.

Ауасы дертке дауа, жұпар иісті

Көкірек канша жұтса, тоясың ба?

Ырғалған көкке бойлап қарағайы,

Қасында көк желекті әппақ қайың,

Жібектей желмен шарпып төңіректі,

Балқытып мас қылады иіс майы.

Қарағай биік шыңды қиялаған.

Еш адам оны барып қия алмаған, -

Шаңқылдап тау жаңғыртып, шыңға қонып,

Жалғыз-ақ көк қаршыға ұялаған.

Көкпеңбек шың басынан мұнар кетпес,

Басына атсаң-дағы оғың жетпес.

Бір жұтсаң Көкшетаудың жұпарынан,

Өлгенше көкірегіңнен құмар кетпес.

Сары алтын Көкшетаудың ерте-кеші,

Тау мен күн сүйіскендей еркелесіп,

Суретті шежіресі өткен күннің,

Сілекей ағызады ертегісі.

Талай сыр ертегіні ел айтады,

Ызындап таудан соққан жел айтады.

Сырласып сыбырласқан жапырақтар,

Күндіз-түн күңіренген көл айтады.

Толғанып төмен қарап шал айтады,

Тамсанып-таңырқанып бала айтады.

Тау-тасты тұнжыраған куә қылып,

От басы қатын-қалаш - бәрі айтады.

Ертегі болмаса да хатта қалған,

Аузында шежіренің қартта қалған.

Қарттардың баян қылған әңгімесін

Есіткен кейінгілер жаттап алған.

3.Қазақ тілі-ҚР мемл тіліҚазақстан Республикасында мемлекеттік тіл – қазақ тілі («Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР заңынан үзінді)

Қашаннан да елдіктің қайнар көзі – белгілі бір халық екендігі белгілі. Тарихи тұрғыдан келгенде, қандай болмасын мемлекет әдетте ұлттық мемлекет ретінде пайда болады. Оның мемлекеттік құрылтайшысы, әрі әлеуметтік базасы белгілі бір этникалық қауым болып табылады. Тарихи және жалпы азаматтық практикада, бұл солай. Яғни, ел болған жерде оның тілі-мемлекеттік тіл болуы керек. Біздің еліміз қазақ елі болғандықтан, мемлекеттік тіліміз де қазақ тілі. Бұл Ата заңымыздың 7-бабында «тайға таңба басқандай» етіп, мемлекеттік тіл – қазақ тілі деп атап көрсетілген. Сондықтан да мемлекет өз тілін сақтап, оның қолдану өрісін кеңейту үшін қолдан келгеннің бәрін жасау керек.

Республикамызда мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту – бүгінгі таңдағы өзекті мәселе. Тәуелсіз Қазақстанда тіл мәселесіне айтарлықтай көңіл бөлініп келеді. Өйткені тіл - біздің ана тіліміз - Туымыз, Ел таңбамыз, Ән ұранымыз бен қатар біздің елдігіміздің басты белгілерінің бірі болып саналады. Мемлекет болған жерде оның мемлекеттік тілі болуы да керек. 1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңы қабылданғаннан бері қарай Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып – Қазақ тілі белгіленеді. Осы Заң Қазақстан Республикасында тілдердің қолданылуының құқықтық негіздерін, мемлекеттің оларды оқып-үйрену мен дамыту үшін жағдай жасау жөніндегі міндеттерін белгілейді, Қазақстан Республикасында қолданылатын барлық тілге бірдей құрметпен қарауды қамтамасыз етеді.

4-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі-қазақ тілі.

Мемлекеттік тіл-мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі.

Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру- Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы.

Үкімет, өзге де мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдар:

ҚазақстанРеспубликасында мемлекеттік тілді барынша дамытуға, оның халықаралық беделін нығайтуға;

Қазақстан Республикасының барша азаматтарының мемлекеттік тілде еркін және тегін меңгеруіне қажетті барлық ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайларды жасауға;

Қазақ диаспорасына ана тілін сақтауы және дамытуы үшін көмек көрсетуге міндетті.

11 бап. Азаматтардың өтініштеріне қайтарылатын жауап тілі

Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың азаматтардың өтініштері мен басқа да құжаттарға қайтаратын жауаптары мемлекеттік тілде немесе өтініш жасалған тілде беріледі.

12 бап. Қарулы Күштер мен құқық қорғау органдарындағы тіл

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, сондай-ақ әскери және әскерилендірілген құрамалардың барлық түрінде, мемлекеттік бақылау мен қадағалау, азаматтарды құқық қорғау үйымдарында және құқық қорғау органдарында мемлекеттік тілдің және орыс тілінің қолданылуы қамтамасыз етіледі.

23 бап. Тілді мемлекеттік қорғау

Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл және барлық басқа тілдер мемлекеттің қорғауында болады. Мемлекеттік органдар бұл тілдердің қолданылуы мен дамуына қажетті жағдай жасайды.

Тілдің дамуы мемлекеттік тілдің басымдығын және іс қағаздарын жүргізуді қазақ тіліне кезең-кезеңмен көшіруді көздейтін мемлекеттік бағдарламамен қамтамасыз етіледі.

Мемлекеттік тілді белгілі бір көлемде және біліктілік талаптарына сәйкес білуі қажет кәсіптердің, мамандықтардың және луазымдардың тізбесі Қазақстан Республикасы заңдарымен белгіленеді.

Қазақстан Республикасының Үкіметі терминологиялық және ономастикалық комиссияларды және қажет болған жағдайда басқа да құрылымдарды құрады.

Қазақ тілін дамыту еліміздің стратегиялық бағыты болып табылады. Қазақстан Республикасының тіл туралы саясатын жүзеге асыру мақсатында көптеген ауқымды жұмыстар атқарылуда.

Мемлекеттік тіл-тек қазақтың тілі емес, Қазақстанда тұратын барлық ұлттың ұлтаралық ортақ тілі.

Ендеше: «Адамға екі нәрсе тіректегі, бірі-тіл, бірі-ділің жүректегі»-деп, Ж.Баласағұн айтқандай, қазақ тілінің көсегесін көгерту алдымен өзін қазақпын деп санайтындар ғана емес, Қазақстан топырағында тұратын таза ниетті әрбір азамат, мемлекеттік тіл - қазақ тілін өзіне тірек етіп, ол тілді жүрегімен сүюі тиіс.

Елбасы айтқандай, «Қазақстанның болашағы-қазақ тілінде» екенін ұмытпайық.

4.« Т ә у е л с і з д і к » м о н у м е н т і

Авторлары: Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген сәулетші, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты — Шота Уәлиханов; мүсіншілер — Нұрлан Далбаев, Әділет Жұмабаев; сәулетшілері — ҚазбекЖарылгапов, Қ.Монтақаев және т.б.

1996 жылы 16 желтоқсанда Алматыдағы Республика алаңында Қазақстан тәуелсіздігінің бес жыл толуы құрметіне, 1986 жылғы Желто қсан көтерілісінің 10 жылдығына орай, осы бақытты бостандық үшін жан аямастан күрескен ата- бабаларымызға арнап «Тәуелсіздік» монументі ашылды.

Ескерткіштің ашылуына Н.Назарбаев пен Түркия Президенті С. Димерель қатысты. Қазақтың қолданбалы өнерінен туындаған монументтің негізгі орталық композициясы ұлттық өрнекпен көмкерілген, текшелі діңгек тастан (стелла) құралған, биіктігі 28 метр. Діңгектің ұшар басы көк аспанға қарай биіктеген, ортасындағы дөңгелектің басы жұмырланып мүсінделген, оған Қазақстанның Елтаңбасы ойылып түсірілген. Оның үстіңгі жағындағы қоладан құйылған қанатты барыстың үстінде тұрған сарбаздың оң қолында қыран құсы, сол қолында садағы, белінде қанжары мен асынып алған сауыты бар. Алтынға малынған жебелері бар жас сарбаздың айбарлы, сұсты тұлғасы «Тәуелсіздік» монументінің беріктігін, мықтылығын аңғартады. Бұл сарбаздың бейнесі

б.д.д. IV-VII ғасырдан қалған Есік қорғанынан табылған «Алтын адам» түрінде салынған. Сарбаздың болмысы 6 метрлік, 4 тонналық қоладан құйылып, алтынмен әдіптелген монументтің екі жағында қазақ халқының тарихи өмір белестерінен мағлұмат беретін архитектуралық-мүсіндемелік бейнелер, сонау сақтар дәуірінен тәуелсіздікке дейінгі тарихи кезеңдерді қамтиды. Яғни Томирис заманынан бастап әл-Фараби, Қазақ хандығының құрылуы, Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама, жоңғар шапқыншылығына қарсы күрес, ұлт-азаттық қозғалыстары, екінші дүниежүзілік соғыс, Желтоқсан көтерілісі, Тәуелсіздіктің жариялануы туралы көрініс-суреттер тиімді орналастырылып, көркемдік жарасымын тапқан.

Ортадағы діңгектің жанына қойылған тас белгілерде Әнұран мен Ата Заңнан үзінділер, Ұлыбритания, Ресей, Қытай сияқты мемлекеттердің шекарамызға, тәуелсіздігімізге қол сұғуға болмайтындығына берген кепілдіктері, Н.Назарбаевтың Тәуелсіздік жөнінде айтқан аталы сөздері қазақ-орыс тілдерінде ойып жазылған.

«Тәуелсіздік» монументі ХХ ғасырдың аяғындағы ұлттық сәулет өнері тарихында өз орны бар мүсіндік және сәулетшілік шығармашылықтан туған озық архитектуралық жәдігерлердің біріне айналды.

5 Желтоқсан шындығын ашқан халық жанашыры - Мұхтар Шаханов

Ел басына күн туған 1986 жыл. Ызғарлы желтоқсанның 16, 17, 18 күндері. Ұлтымыздың сыйлы перзенті, дара тұлға Дінмұхамед Қонаев Қазақстанды басқару қызметінен алынып, орнына өзге ұлттың өкілі Геннадий Колбин тағайындалды. Бұл хабар қазақ жастарының намысына тиді. Билік басындағы бұл шешім Алматыдағы жоғары оқу орындарына лезде тарады.

Алғашында «Әр ұлтқа өз басшысы» деген мазмұндағы жазулар көтерген бейбіт шеруге шыққан жастар кешке резеңке дойыр (резиновая дубинка) мен сапер күректерімен қаруланған қызыл жендеттердің езгісінде қалды. Сол кездегі деректерге жүгінсек, үш күнде 60 мыңдай адам алаңға шыққан, оның сегіз мыңы уақытша қамауға алынып, 200- дей адам әр түрлі мерзімге абақтыға жабылды. 1500 адам әкімшілік жазаға тартылды.

Осындай кезеңде жастарға мұз жастанған желтоқсан ақиқатын айтатын адам табылмай қиналғанда, қызыл империяның отаны - Мәскеуде үлкен мінбеден шындықты айтып, әділетсіздікке жаны күйзеле сөз сөйлеген қазақтың дарынды ақыны, біртуар азаматы, халықтың жанашыры - Мұхтар Шаханов болатын. Оның съездер сарайында сөйлеген сөзі арқылы да Желтоқсан көтерілісі бүкіл дүниежүзіне тарады.

КПСС ХХІІІ съезінің мінбесінде Желтоқсан шындығын ашып айтып, оны қайта қарап, оң баға беру туралы депутаттар алдына мәселе қойды. Көпшілік дауыс М.Шахановты қолдап шықты. Осылай әділдік салтанат құрып, желтоқсанда жазықсыз жазаланған жастар толық ақталды.

Бұл сол кездегі Кеңес Одағы бойынша жүріп жатқан Қайта құру науқанының да әсері болғанын көрсетіп берді.

М.Шахановтың дәл мұндай әрекетке баруы батырлық, үлкен ерлік еді! Отанын, халқын сүйеген патриоттың ісі еді. Сол күндері ұлт жастарының жалғыз жанашыры М.Шаханов қана болып қалғанын бүгінде ешкім жоққа шығара алмайды.

Ақын Желтоқсан көтерілісін тек мінбеден ғана айтып қойған жоқ, сол желтоқсан құрбаны болғандармен өзі тікелей араласып, түрмеден шығарып алды. Оқудан шығарылғандарды, жұмыстан қуылғандарды қайтадан қабылдатқызды. Ерекше істерімен танылғандарға, баспана алуға көмектесті.

М.Шаханов адамзат баласының тағдырына алаңдамай тұра алмайтын дара талант. Оның өлеңдерінің тақырыбы әр алуан, мазмұны да ерекше. Онда нәзік мейіріммен қоса, азаматтық рух үндесін жатады.

Әлем таныған Шыңғыс Айтматовпен «Құз басындағы аңшының зары» кітабын жазуы да тағылымды тірлік.

Бүгінгі таңдағы бірнеше өлең кітаптарының авторы М.Шаханов халқының жанашыры, ірі тұлға, ел тағдырын өз тағдырына айналдырған қоғам қайраткері, саясаткер.

М.Шахановты мақтағаннан гөрі, Шахановпен мақтанған абзал.

6 Батаның түрлері:

1. Нәрестеге бата

2. Асқа бата

3. Ұлға бата

4. Қызға бата

5. Келінге бата

6. Сапар бата

7. Жастарға бата

8. Сүндет той батасы

9. Наурыз батасы

10. Ораза айт батасы

11. Жарапазан батасы

12. Ас қайыру батасы т.б.

Асың, асың, асыңа,

Береке берсін басыңа!

Бөденедей жорғалап,

Қырғауылдай қорғалап,

Қыдыр келсін қасыңа!

Сенен байлық өтпесін,

Тәңірі берген берекең

Тепкілесе кетпесін.

Желіңнің екі шетіне,

Тай шаптырса жетпесін!

7.Кітап – қазына.Кітап білім бұлағы. Кітап білімнің қайнар көзі. Онсыз, яғни кітапсыз өмір сүру XXI ғасырда мүмкін емес екендіге мәлім. Кітап қана дәл мәнді білім береді, себебі ол адамды терең ойлауға жетеледі. Әр адам кітаптың беттің ашқан сайын оның әлемінің тылсым табиғаттын, жаңа құндылықтарды үйренеді . "Наданмен дос болғанша, кітаппен дос бол" деп текке айтылмаған. Кімде де болса білімділікке сәл-пәл болсада құштарлығын дамытуға көмектеседі. Кітап оқыған адамның шетте калмасы анық.

Қазіргі заманың техниканың дамуына байланысты "кітапханалардың болашағы жоқ" деген сөздің қисыны келмейді. Себебі, компьютер адамның денсаулығыны, әсіресе көзіне зиян. Егер кітапхана болмаса бізден көз қалама. Сондықтанда болашақ адамның өз қолында - кітапхананың әлі де болса маңызы бар екенің дәлелдейік.

Кітап - алтын қазына.

Кітап алтын сандық: 
іші толған қазына, құт,
оқы, оқы, ойыңа тұт. 

Кітап - білім бұлағы, 
Білім - өнер шырағы.

Кітап - ғалым, тілсіз мұғалім. 

Кітап көзі жұмыққа арзан, 
          көзі ашыққа маржан.

Кітап - қаймақ, білім - оймақ. 

Кітап - оқығандікі, білім тоқығандікі.

Наданмен дос болғанша Кітаппен дос бол

Күш білімде, Білім кітапта

8.ОЯН, ҚАЗАҚ!

Міржақып Дулатов

Көзінді аш, оян қазақ, көтер басты, Өткізбей караңгыда бекер жасты.

Жер кетті,дін нашарлап,хал һарам боп,

Қазағым, енді жату жарамас - ты.

Мен біткен ойпаң жерге аласа агаш, Емеспін жемісі көп тамаша агаш. Қалганша жарты жаңқам мен сенікі - Пайдалан, шаруаңа жараса, алаш!

Алыстан алаш десе, аттанамын, Қазақты қазақ десе, мақтанамын. Болғанда әкем - қазақ, шешем - казақ, Мен неге қазақтыктан сактанамын.

9Желтоқсан бірде,
Ел тосқан түрде,
Келетін мүлде жайдарлы.
Сол жылы бірақ,
Әдеттен жырақ
Көрінді шын ақ айбарлы.

Тоңдырды мені,
Тоңдырды сені
Желтоқсан желі ызғарлы.
Солдырды гүлді,
Оңдырды нұрды,
Көңілде мұңды із қалды.

Жоғалтып нуын,
Жоғалтып қуын;
Арал да суын тауысты.
Қаңырап мекен,
Аңырап бөкен,
Өріске бөтен ауысты.

Тоңдырды мені,
Тоңдырды сені
Желтоқсан желі ызғарлы.
Солдырды гүлді,
Оңдырды нұрды,
Көңілде мұңды із қалды.

Шайқалды күйім,
Шайқалды миым -
Бомбалар жиі жарылды.
Малым да кеміп,
Әлім де кеміп,
Қинады берік жанымды.

Тоңдырды мені,
Тоңдырды сені
Желтоқсан желі ызғарлы.
Солдырды гүлді,
Оңдырды нұрды,
Көңілде мұңды із қалды.

Бабалар өлер,
Балалар келер,
Аналар берер тіршілік.
Гүлденер дала,
Түрленер қала,
Бұтаққа жаңа бүр шығып.

Тоңдырды мені,
Тоңдырды сені
Желтоқсан желі ызғарлы.
Солдырды гүлді,
Оңдырды нұрды,
Көңілде мұңды із қалды.

1986 жылы 16-17 желтоқсанда Алматы қаласы бұрынғы астанамыз, қазіргі бас қаламызда мыңдаған қазақ жастары наразылық білдіріп,шеруге шықты. Олар: «Тәуелсіздік керек!» қазақ елінің өз көсемі сайлансын!-деген тілек білдірді.Сол кездегі Қзақстан Компартиясының орталық комитетінің 18 минутқа созылған Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың орнына Кеңестер одағының Комунистік партиясы Разуловсийдің ұсынысы бойынша Генадий  Колбинді тағайындаған.  Республика жұртшылығы бұл адаммен мүлдем бейтаныс болатын, бұл сылтау ғана, елі киіздің көп жылдар бойы ой санасына қордаланып жатып шыдам – шарқы таусылып барып, бұрқ етіп шыққан арман көрінісі еді. Өз елінің тәуелсіздігін талап етіп шеруге шыққан жастарға «Бұзақылар», «Ұятшылдар» , «Нашақорлар» деген кінәлар тағылды.

Желтоқсан көтерілісі —1986 жылы 17—19желтоқсан аралығында Алматыда болған қазақ жастарының КСРО үкіметінің отаршылдық, әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы наразылық қимылдары. Бостандыққа, тәуелсіздікке ұмтылған қазақ халқы тарихындағы елеулі оқиға болып табылады.

Көтерілістің басталуына Мәскеудегі орталықтың республика халқының пікірімен санаспастан Ресейдің Ульянов облысы партия коммитетінің 1-хатшысы Г.В. Колбинді ҚКОК-нің 1-хатшысы етіп тағайындауы түрткі болды.

Қазақстан тәуелсіздігін алған соң Желтоқсан көтерілісі туралы шындық қалпына келтіріліп, бұл жөнінде “Желтоқсан. 1986. Алматы.” (құрастырылған Т.Өтегенов, Т.Зейнәбілов), “Желтоқсан құрбандарын жоқтау”, “Ер намысы — ел намысы” жинақтары, К.Тәбейдің “Мұзда жанған алау”, Т.Бейісқұловтың “Желтоқсан ызғары” кітаптары мен “Желтоқсан” (бас редакторы Х.Қожа-Ахмет) газеті жарық көрді, “Аллажар” (1991, реж. Т.Теменов), “Қызғыш құс” кинофильмдері түсірілді. [2]

Оқиғаға қатысқандарды саяси тұрғыдан қуғындау басталды. 99 адам сотталды, 264 студент оқудан шығарылды. 1987 ж. жазда КОКП Ок қаулысы шығып, желтоқсан оқиғасы қазақ ұлтшылдығының көрінісі ретінде бағаланды. Желтоқсан оқиғасы қоғамның саяси өмірін демократияландыруға серпін берді.

Осы күнге дейін мемлекет желтоқсан көтерілісінің тарихи маңызын жоғарлатуға зор үлес қосып келеді. Көтерілісінің құпиялары толығымен ашылған жоқ.

10.

Үш бақытым

        Ең бірінші бақытым - Халқым менің,

Соған берем ойымның алтын кенін.

Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын

Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.

Ал екінші бақытым - Тілім менің,

Тас жүректі тіліммен тілімдедім.

Кей-кейде дүниеден түңілсем де,

Қасиетті тілімнен түңілмедім.

Бақытым бар үшінші - Отан деген,

Құдай деген кім десе, Отан дер ем!

...Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?

Ойланбай-ақ кел-дағы от ал менен.

Түтін түтет,

Өс, өрбі, көгере бер,

Немерелер көбейсін, шөберелер.

Жадыңда ұста,

Жақсылық күтпегейсің!

От емес, оқ сұрасаң менен егер!

Үш бірдей бақытым бар алақанда,

(Мені мұндай бақытты жаратар ма!)

Үш күн нұрын төгеді аспанымнан,

Атырау, Алтай, Арқа, Алатауға!!!

11. Бала – отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Дәстүрлі қазақ отбасында ата-ананың қадірі ерекше әспеттелген.

Ата-бабаларымыз бала тәрбиесіне ерекше назар аударып, «Беске келгенше балаңды хандай ұста, он беске дейін құлдай жұмса, он бестен кейін досыңдай көр» деп, баланың ой-өрісі даму кезеңін ерекше бағалаған.

Қазақ халқы қыз ұзатып, ұлын үйлендіріп келе жатқан, басқа халықтар сияқты думаншыл-сауықшыл халықтардың бірі. Қазақ табиғатында отбасы иелері балаларының алдында өздерінің тіршілік әрекетінде барлық адамгершілік қасиеттерін, үлгісін көрсете білген. Оның басты себебі «ұлдың ұяты әкеде, қыздың ұяты шешеді» деп бағалағандықтан. Сондықтан, ата-ана балаларын тұрмыс пен салтқа бейімдеп, шеше көріп тон пішуге, әке көріп оқ жонуға баулитын болған. Осылайша ұрпақтың отбасы тәрбиесі ешқашан күн тәртібінен түскен емес. Бұрынғы қазақ жастары тәрбиені мектеп пен медреседе оқып білмесе де қызы анадан, ұлы әкеден үлгі-өнеге алған. Отбасы үшін ежелден тән қасиетті балажандық, балаларды еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, үлкенді құрметтеу, туысқандық кең байланыс, көршілермен және ұлты басқа халықтармен достық, ізгілік қатынастар осының бәрі қазақ халқының тұрмыс қалпына байланысты болған.

Баланы жастан деуші еді ғой, бірақ баланы жастан емес, бесіктен, бесіктен емес-ау, ана құрсағынан бастап тәрбиелеуді атам қазақ ерте ескерген. Әдетте,  адам барлық нәрсені өмірге келген  соң үйренетін, барлығын қоғамдық өмірден жинақтайтын тәрізді сезіледі. Алайда адамның бес жасқа дейінгі алған тәрбиесі бүкіл өмірден алған тәрбиесінің 90 пайызын құрайды екен. Соның ішінде сәбидің ана құрсағындағы тәрбиесі маңызды орын алады. Бір қызығы, бала ана құрсағында жүргенде, анасы нені көп үйренсе, нені білетін болса, кейін бала сол нәрсені тез игеріп алады екен. «Сүтпен біткен сүйекпен кетеді», дейді қазақ

Мақал

1. Бала тәрбиесі - бесіктен

2. Балапан ұяда не көрсе,

ұшқанда соны алады

3.Ата – бәйтерек, бала – жапырақ.

4. Жақсы бала әкесінің басын төрге сүйрейді, Жаман бала әкесінің төрдегі басын есікке сүйрейді.

5. Жақсы бала – сүйік, жаман бала – күйік.

6.Балалы үй базар, Баласыз үй қу мазар.

7. Атадан жақсы ұл туса, Қар үстінде от жанар. Атадан жаман ұл туса,Ат үстінде ит қабар

8. Балаға байқап сөйлессең,

Ақылына көнер.

9. Ер бала ата-анаға таяу,

Қыз бала үйге жаққан бояу

10.балам-балым, баламның баласы-жаным

12.Денсаулық – салауатты өмір кепілі 
Қазіргі таңда еліміздің күн тәртібінде тұрған әлеуметтік-экономикалық маңызы зор мәселелердің бірі - салауатты өмір салтын қалыптастыру. 
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша халықтың денсаулығы 49-53% өмір сүру салтына,17-20%қоршаған ортаға,табиғи-климаттық жағдайларға,18-22% тұқымқуалаушылыққа,8-10% денсаулық сақтау мекемелерінің жағдайына байланысты. 
Қазіргі уақытта халықтың денсаулығының нашарлауы, аурулардың көбеюі адамдардың өздеріне, өмір сүру салтына байланысты болғандықтан, қоғамның алдында тұрған міндет – адамдардың салауатты өмір салттарын қалыптастыру. Салауатты өмір сүрудің негізгі қағидасы – еш ауруға шалдықпай, аурудың алдын алу, денсаулықты нығайту, тұрақты түрде дене тәрбиесі жаттығуларымен шұғылдану. 
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының 37-бабында былай делінген: «Білім беру ұйымдарында оқу тәрбие үрдісі білім алушылардың, тәрбиеленушілердің денсаулығын ескере отырып жүзеге асырылады. Білім беру ұйымдарында білім алушылардың, тәрбиеленушілердің ауруына жол бермеу, денсаулығын нығайту, дене бітімін жетілдіру, салауатты өмір салтын ынталандыру жөніндегі қажетті шаралардың орындалуы қамтамасыз етіледі». 
Осы бапқа сәйкес ШҚМТУ-дың «Дене тәрбиесі және спорт» кафедрасының оқытушылары студенттер санасына салауатты өмір салтына сай қағидаларды енгізе отырып, оларды болашақтың тірегі болатын дені сау, жан-жақты азамат етіп тәрбиелеу бағытында спорттық-сауықтыру және көпшілік-спорттық шараларды ұйымдастыруды жақсы жолға қойған. Студенттердің денсаулықтарын нығайту мен сақтауда және салауаттылықты насихаттауда мынандай спорттық шаралар жүргізіледі: 
1. Спорттық үйірме жұмыстары (спорттың 19 түрінен). 
2. Денсаулықты нығайту топтары. 
3. Оқу топтары арасындағы жарыстар. 
4. Факультет аралық университет спартакиадасы. 
5. 1-курстар арасында волейболдан, футболдан өтетін «Ректор кубогі» үшін жарыстар. 
6. Дене тәрбиесі жаттығуларының адам ағзасына тигізетін пайдасы, салауатты өмір салтын насихаттау туралы дәріс, әңгімелер. 
7. Темекінің, ішімдіктің, есірт-кінің зияны туралы баяндамалар, дәріс, әңгімелер. 
Өткізілетін спорттық-сауықтыру және көпшілік шараларды ұйымдастырудың түрлері: оқу үрдісі кезіндегі дене шынықтыру- сауықтыру шаралары, студенттердің дене қуаты даярлығын бағалау үшін бақылау жаттығулары, президенттік сынамалар нормативтері бойынша жарыстар, курстардағы, факультеттердегі, оқу топтарындағы және жатақханалардағы сауықтыру, президенттік сынамалардың жазғы және қысқы көпсайыстары бойынша жоғары оқу орнындары арасындағы универсиада, спартакиадалар, профессор-оқытушылар құрамы мен қызыметкерлер және қамту қызметкерлерінің денсаулықтары үшін ұйымдастырылатын спартакиадалар. 
Білім алумен қатар, сабақтан тыс уақытта өзі таңдап алған спорт түрінен жаттықтыру сабақтарына қатысып, университет, облыс,республика намысын қорғап жүрген тау-кен факультеті студенттерінің де жетістіктері аз емес. Қарашаның 23-25 жұлдызы аралығында ¤скемен қаласында дзюдодан өткен облыс чемпионатында 04-ГДК-2 тобының студенті Нұржан Мертаев күміс жүлдегер атанса, 06-МТК-2 тобының студенті Дастан Қамзаев облыс әкімінің жүлдесі үшін өткен жастар арасында бокстан 2-ші ашық облыстық турнирде бірінші орынды иеленді. Болашағынан зор үміт күттірер 02-МСК-2 тобының студенті Берік Далентаев Павлодар қаласында өткен жастар арасында «самбо» күресінен Республика біріншілігінде қола жүлдені жеңіп алды. Қарашаның 23 жұлдызынан желтоқсанның 8 жұлдызы аралығында Орал қаласында волейболдан өтіп жатқан Қазақстан Республикасының жоғарғы лигасында тау-кен факультетінің үш студенті қатысуда. Олар: Ринат Ибраев, Максим Половко, Артем Яковлев. Сонымен қатар факультеттің ер балалар құрама командасы баскетболдан факультет аралық жарыста осымен үшінші жыл бірінші орынды иемденіп келе жатыр және шахматтан командалық үшінші орынға ие болды. 
Cтуденттер тек қана білімде ғана емес, спортта да жарыстар додасында жеңіске жетіп, мықты спорт саңылақтарының қатарын көбейте берсе екен дейміз.

13.« А л т ы н а д а м »

Әлем жұртшылығы тарихи деректер мен мұраларға қашанда үлкен қызығушылықпен қарайды. Жаһан жұртшылығының басым бөлігі туристік сапарға шыға қалса, міндетті түрде тарихи бай өлкелерге барады. Басқа елдердегі сияқты, Қазақстан жерінде де көптеген археологиялық қазбалар табылған. Көне қалалардың орны халқымыздың бай тарихынан мәлімет бергендей.

Ал, күні бүгінге дейін жоғалмай келген Тараз, Түркістан сияқты сан ғасырлық тарихы бар қалалар көптеген туристердің таңдана отырып аралайтын мекеніне айналған.

Археологиялық қазбаларға келетін болсақ, бұл тұрғыдан Қазақстан жерін зерттеудің негізгі жұмыстары ХХ ғасырда жүргізілген. Қала орындары, зираттар, мешіт- медреселер кең байтақ отанымыздың түкпір-түкпірінен табылған.

Ал, Алматы облысындағы Есік қорғанынан «Алтын адам» табылған кезде, алыс- жақын елдердің барлығы елең еткен-ді. Бұл 1970 жыл болатын. Археологиялық құндылықты тапқан тарих ғылымдарының докторы Кемал Ақышев, басқа да ғалымдармен кеңесе отырып, бұл біздің заманымызға дейінгі IV ғасырда өмір сүрген сақ ханзадасы деген шешімге келді.

«Алтын адамның» бойындағы қаруы да, үстіндегі киімі де түгелдей дерлік алтыннан құйылған. Бұл ең алдымен киімнің ішіндегі адамның, сонан соң оның елінің дәулетін көрсетсе, екіншіден сол кездің өзінде-ақ түсті металлургияның қыр-сырын меңгерген тайпалардың өмір сүргенін айқындайтын сияқты. «Алтын адам» Алматыдағы Орталық мұражайға қойылды. Кейін қазақ елінің басты символы ретінде басқа елдердегі көрмелерге де шығарылды. Оңтүстік астананың орталық алаңындағы (Республика алаңы) «Тәуелсіздік» монументінің негізгі бейнесі де осы «Алтын адам».

Қазіргі кезге дейін бұдан басқа тағы екі «Алтын адам» табылды. 1999 жылы Атырау облысының Аралтөбе қорғанынан табылған. Оны қазу жұмыстарын тарих ғылымдарының кандидаты Зейнолла Самашев жүргізген. Біздің дәуірімізге дейінгі ІІІ ғасырға жататын осынау алтынмен көмкерілген адамды оның болат семсеріне қарап, ғалымдар сарматтардың көсемі деген қорытындыға келген.

Үшінші «Алтын адам» 2003 жылы табылған. Профессор, тарих ғылымдарының докторы Әбдеш Төлеубаев бастаған археологтар қауымы оны Шығыс Қазақстан облысының Шілікті жазығынан қазып алған. Ғалымдардың пайымдауынша, бұл «Алтын адам» б.д.д. VII-VIII ғасырларда өмір сүрген. Мекен еткен жеріне және үстіндегі құйма алтыннан жасалған аң-құс белгілеріне қарағанда, сақ патшасына келетін бұл адам әлі де зерттелу үстінде.

Міне, күні бүгінге дейін бір емес, үш «Алтын адам» табылды. Ұлан байтақ Қазақстанның жерінде әлі қанша «Алтын адамның» жатқаны белгісіз. Оны зерттеу уақыттың еншісінде.

14.

Мен жастарға сенемін!

Арыстандай айбатты, 
Жолбарыстай қайратты - 
Қырандай күшті қанатты. 
Мен жастарға сенемін! 
Көздерінде от ойнар, 
Сөздерінде жалын бар, 
Жаннан қымбат оларға ар, 
Мен жастарға сенемін! 
Жас қырандар-балапан, 
Жайылып қанат ұмтылған. 
Көздегені көк аспан. 
Мен жастарға сенемін! 
Жұмсақ мінез жібектер. 
Сүттей таза жүректер. 
Қасиетті тілектер - 
Мен жастарға сенемін! 
Тау суындай гүрілдер, 
Айбынды Алаш елім дер, 
Алтын арқа жерім дер, 
Мен жастарға сенемін! 
Қажу барма тұлпарға, 
Талу барма сұңқарға, 
Иман күшті олрарда, 
Мен жастарға сенемін! 
Алаш айбынды ұраны, 
Қасиетті Құраны, 
Алаштың олар құрбаны, 
Мен жастарға сенемін! 
Мен сенемін жастарға, 
Алаш отын оспанға 
Шығарар олар бір таңда, 
Мен жастарға сенемін

Джеки Чан -Атақты әртіс, каскадер, кинорежиссер, продюсер, сценарист, әнші.

Джеки Чан 1954 жылы 7 сәуірде Гонконг қаласында кедей отбасында дүниеге келген. Оның шын есімі Конг-Санг Чан, Гонконгтан шыққан деген мағынаны білдіреді. Ата-анасы тақыр кедей болғандықтан, болашақ әртіс бала күнінде аштықты талай бас-тан кешкен. Кейін ата-анасына жұмыс табылып, Австралияға қоныс аударғанда, 6 жасар Джеки отанында қалып, Қытай жабық драмалық академиясына оқуға қабылданады. Ол кезде академия оқушылардың ата-анасымен шарт жасасып, егер бала әлдеқалай жарақат алып немесе қайтыс болып кеткен жағдайда оқу орны жауап бермейтінін мәлімдейді екен. Сөйтіп, тағдыр тәлкегіне қалған ол академиядағы нағыз қатаң тәртіптің тезіне түсіп, таңғы 5-тен тұрып, 16-17 сағат бойына созылатын тынымсыз жаттығулардың шыңдалуынан өтеді.

1971 жылы академияны бітіріп, кинодағы жолын каскадерліктен бастаған қайтпас қайсар Джеки Чан актерлік өмірде де небір аса қауіпті трюктерді өзі орындап, басын талай қатерге тіккен. Екі омыртқасын, мұрнын, аяғы мен қолын да талай сындырып, кеңірдегін жаралап, көзінен де айырылып қала жаздаған. Тіпті бас сүйегін де сындырып, өлімнен қалғанын жұрт біле бермейді. Сонымен қатар Джеки Чан әнші, көптеген киноларындағы әндерді өзі орындаған, 80 жылдардан бастап қазіргі күнге дейін 20 альбомды әндер жинағын шығарған. Бірақ, қалың жұрт Джеки Чанды әнші ретінде емес, әртіс ретінде таниды. 100-ден астам фильмдерде басты рөлдерді сомдаған. Ең алғашқы түскен киносы «Мәңгілік махаббат», «Жас жолбарыс». Осы актерлік өнердің, ерен еңбектің арқасында Джеки Чан әлемдегі ең бай адам атанып және көптеген табыстарға қол жеткізіп отыр. Ол мұқтаж адамдарға көмек беруден аянбайды, ЮНИСЕФ және Гонконг қаласындағы балалар үйіне 4,14 млн доллар өткізген.

16.Егемен, Елім-Ай

Біз қазақ ежелден ел едік жаны бай,

Өр мінез , ақ көңіл , мейірбан , қонақжай.

Даналық дарыған , ақын ел, батыр ел,

Бабалар мекені – асқар тау , шалқар көл.

Ақ бесік , ақ отау мәңгілік ,

Жасай бер жаңарып , жаңғырып .

Достық пен ынтымақ мекені ,

Гүлденер халқымның ертеңі .

Жасай бер, жері бай ,

Егемен , елім –ай ,

Жасай бер , жері бай ,

Тәуелсіз елім- ай.

Отан елдің анасы, 
Ел ердің анасы

Орағың өткір болса, қарың талмайды,
Отаның берік болса, жауың алмайды.

Отан оттан да ыстық, 
жалыны бар шоқтан да ыстық

Отансыз адам — ормансыз бұлбұл.

Ел мен жер егіз.

Ел іші алтын бесік.

Отан — қуат, Отбасы — шуақ.

Есің барда елің тап

Жері байдың елі бай

Еліңе қарап, ертеңіңе қамдан

Әркімнің өз жері - Мысыр шаһары.

Елің — панаң,

Жерің — анаң.

Туған жеріңтүсіңе кіреді

17.Қыс

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды, 

Соқыр-мылқау танымас тірі жанды, 

Үсті-басы — ақ қырау, тусі суық, 

Басқан жері сықырлап, келіп қалды. 

Дем алысы — үскірік, аяз бен қар, 

Кәрі құдаң — қыс келіп, әлек салды. 

Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып, 

Аязбенен қызарып ажарланды. 

Бұлыттай қасы жауып екі көзін, 

Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды. 

Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда, 

Алты қанат ақ орда үй шайқалды. 

Әуес көріп жүгірген жас балалар, 

Беті-қолы домбығып, үсік шалды, 

Шидем мен тон қабаттап киген малшы

Бет қарауға шыдамай сырт айналды. 

Қар тепкенге қажымас қайран жылқы 

Титығы құруына тез тақалды. 

Қыспен бірге тұмсығын салды қасқыр

Малшыларым, қор қылма итке малды. 

Соныға малды жайып, күзетіңдер, 

Ұйқы өлтірмес, қайрат қыл, бұз қамалды! 

Ит жегенше Қондыбай, Қанай* жесін, 

Құр жібер мына антұрған кәрі шалды.

18.1 «Ван» Армян қоғамдық ұйымы

ҚҰ жұмысының негізгі бағыттары: ардагерлерге, мүгедектерге, басқа да қолдауды қажет ететін жандарға құқықтық, әлеуметтік көмек көрсету; ұлттық мәдениеттің жаңғыртылуына, сақталуына жағдай жасау; армян халқының салт-дәстүрін, дамыту; армян халқының тілін, мәдениетін тарихын, әдебиетін, әртүрлі қол өнер шеберлігін үйретуге қажетті жағдай жасау; халықтар арасында достық қарым-қатынастарын нығайтуға септігін тигізу; қайырымдылық іс-шараларын ұйымдастыру; ҚР Заңдарына қайшы келмейтін басқа да істермен айналысу.

Армяндық жексенбілік мектеп жұмыс істейді.Меликян Володя Егишевич

Азербайджан, Баку қ.

12.07.1937ж.

2.Қазақстан кәрістері ассоциациясының Астаналық филиалы

Орталықтың жұмыс бағыттары: әлеуметтік-экономикалық, ұлттық, мәдени мәселелерді қарастырып, оларды мемлекеттік, қоғамдық ұйымдармен бірлесе шешуге септігін тигізу; ұлттық сана-сезімнің, тіл мен мәдениеттің, кәріс халқының салт-дәстүрлерінің дамуы, жаңғыртылуы бағытында мәдени-ағартушылық қызметтерді де атқарады; шығармашылық үйірмелер, тілді үйрену, тілге, мәдениетке жақындастыру топтары жұмыс жасайды;

Кәріс жексенбілік мектебі жұмыс істейді.

Ким Александр Геннадьевич

05.12.1967ж.

3.«Дүнген мәдени орталығы» ҚҰ

Қоғамдық ұйым жұмысының негізгі бағыттары: Салауатты өмір салтын, БАҚ арқылы христиан құндылықтарын насихаттау;   қайырымдылық іс-шараларын ұйымдастыру, оларға қатысу, конференция, семинарлар, әртүрлі курстарды ұйымдастыру; тәжірибе алмасу мақсатында қысқа мерзімді жол жүрулерін ұйымдастыру, Қазақстан және шет елдерден қайырымдылық миссиясымен келген делегациялармен жұмыс жүргізу. 

Машанло Фарида Якуповна

Қазақстан,Алматы қ.

11.03.1974 ж.

4.«Жiноча Громада» қоғамдық ұйымы

Жұмысының негізгі бағыттары: қоғамдық өмірдің барлық саласында әйел азаматтарының ролін жоғарылату, әйелдерге күш көрсету, зорлық-зомбылық жасаудың алдын-алу, әйелдердің азаматтық қоғамды құруына ат салысуына жағдай жасау, әйел мен ер азаматтардың толықтай теңдігі принципін бекіту.

5.«Тан» татар-башқұр мәдениет орталығы

Жұмысының негізгі міндеттері: Мемлекеттік жіне ұлтаралық келісімді нығайту, салт-дәстүрлерді жаңғырту, татар-башқұр халқының қала өміріне белсене араласуын ұйымдастыру, ұлттық тіл, салт-дәстүр, мәдениеттің дамуы мен сақталуын қамтамасыз ету, БАҚ, әртүрлі шығармашылық ұйымдар арқылы татар-башқұр халқының шеберлігін, жеткен жетістіктерін Татар-башқұр жексенбілік мектебі жұмыс істейді.

19.Өлеңі: Ұлықпан Сыдықов
Әні: Мұрат Құсайынов, Досым Сулеев, Данияр Құсайынов

Зерделі білім ордасы,
Елдің даңқын көкке асырған.
Жастар мен өнер-білім жол басы,
Алдымнан бақ боп ашылған.

Кен ашып дархан даламнан,

Сыр тартатын тылсым қашықтан.

Маманбыз, ҚазҰТУ-дан нәр алған,

Үмітпен алға асыққан.
ҚазҰТУ —ардағым,

Алаулаған арманым,

Қанаттанып өзіңнен,

Болашаққа самғадым.

Жалынды жас шағым,

Арайланған ақ таңым,

Құшағыңнан қуат ап,

Өмір жолын бастадым,

бастадым.

Тамырын жайып жататын,

Ізгілік нұр сәуле шашатын.

Ғылымның даңғыл жолын ашатын,

ҚазҰТУ мәңгі жасасын.

20.Қажы Мұқан Мұңайтпасұлы — Қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан. Тұтас ғұмырын күрес өнеріне арнап, ұланғайыр жері мен өршіл халқын бірінші болып өзге жұртқа паш еткен, өзінен бұрынғы қандастары баспаған топырақты басып, көрмеген елді көріп, өзге қазақ тақпаған алтын, күміс медальдарды мойнына тұңғыш ілген Қажы Мұқан бабамыз.

Орасан күштің иесі, күрестің бірнеше түрінен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ алыбы! Теңдессіз өнерімен жер шарын аралаған, 54 мемлекетте күреске түсіп, 48 медаль олжалаған Қажымұқандай мықты ХХ ғасырдың басында түркі халықтарының ішінде қазақта ғана болды. Ресейдің балуандар тобында Қажымұқаннан күші асқан ешкім болмағанын да айтуға тиіспіз. Дүние жүзінің чемпиондары Иван Поддубный, Иван Шемякин, Алекс Аберг, Иван Заикин, Георг Лурих, Георг Гаккеншмидт, Поль Понс, Вейланд Шульц сынды жампоздармен қатар жүру, боз кілемдегі айқастарда осы балуандарды шетінен жығып, бәйге алу — сол заманда нағыз ерлік еді. Ол кезде империяның буына семірген Ресей күресінің қожайындары қазақты шын мәнінде менсінбеуші еді. Қажымұқан сондай ортада намысын жатқа берген жоқ. Кеудесін ешкімге бастырмады. Күрес қожайындарының, төрешілердің сан мәрте әділетсіздігіне белі бүгілмеді, еңсесі түспеді.

Тарихи деректерге сүйенсек ол 1871 жылғы 7 сәуірде Ақмола уезі, Қараөткел деген ауылда дүниеге келген. Кейбір зерттеулерде, оның 1886 жылы туғандығы айтылады. Қажымұқан кедей шаруаның баласы болғандықтан, орыс байларына және дәулетті адамдарға жалданған. Сөйте жүріп, күреске түсіп, той томалақтарда елге көрініп, бала балуан деген атқа ие болған

Ең алғаш рет ірі табысқа Қажымұқан Харбин қаласында өткізілген Халықаралық турнирде қол жеткізеді. Мұнда ол бірінші орынға ие болып, өңіріне алтын медаль тақты. Кейбір деректерде бұл турнир 1905 жылы өтті делінеді. Белгілі басты оқиға — Қажымұқан «Жиу-Житсу» бойынша күресіп, турнирде бірде-бір рет жеңілмегені, үлкен алтын медаль жеңіп алғаны.Харбин сапары Қажымұқанның даңқын аспанға көтереді. Енді оны «Маньчжурия» чемпионы деп атап кетеді, әрі «Мухинура» деген лақап ат беріледі. Қажымұқанның мұнан басқа да бірнеше лақап аттары болған. Солардың ішінде Октябрь революциясына дейін осы «Мухинура» деген лақап аты сақталып келді. Революцияға дейін ол қатысқан чемпионаттарды ұйымдастырушылар, сол замандағы жағымпаз баспасөз өкілдері, біресе «жапон» деп, біресе «маньчжур» деп, мүмкіндігінше «қазақ» екенін айтпауға тырысты. Мәселен, 1909 жылы Қажымұқан атақты эстон балуаны, әлем чемпионы Георг Лурихтың тобында күресіп жүреді. Лурих өз тобының жетекші балуандары жөнінде айта келіп, Қажымұқан туралы: «Шығыс ұлы жапон „Мухинура“ ол сирек кездесетін мықты балуан, күресте қайтпайтын бірбеттігі, далаға тән қайсарлығымен және ызақорлығымен ерекшеленеді» — деп жазған.

1910 жылы Америкаға, Еуропаға орыс балуандарының үлкен бір тобы аттанады. Сөз арасында айта кететін бір жайт, — бұл сапарда Қажымұқанға еріп, әйелі Надежда Николаевна Чепковская да бармақ болған. Бірақ аяғы ауыр болуына байланысты Португалия порты Лиссабонда кемеге көтерілуіне рұқсат етілмейді. Жергілікті тәртіп бойынша, екіқабат әйелдерді мұхит кемелеріне мінгізбейді екен. Қажымұқанның өзі Бәтима деп атап кеткен Чепковская цирк актрисасы болған, әрі ерінің кәсіби күрестегі талай тамаша жеңістерін өз көзімен көрген.

Осы сапарда Америкаға барған балуандар бірнеше шағын топтарға бөлініп, әр жерде күреседі. Оңтүстік Американың ірі-ірі қалаларында күш сынасады. Олардың әсіресе Аргентина астанасы Буэнос-Айреске барған сапары сәтті болады. Қажымұқан бұл сапардан үлкен алтын медальмен оралады. Бірақ Қажымұқанның Америкада күрестің қай түрінен өнер көрсеткенін анықтаудың әзірше сәті түскен жоқ. Оның Американың еркін күрес түрі бойынша сайысқа түсу әбден ықтимал деген пікір бар. Себебі олай деуге негіз бар. Қажымұқан өзін әрқашан да еркін күрестен мықты сезінген де, франсузша күрестің техникасына шорқақтау болыпты.

Қажымұқан Оңтүстік Америкадан 1910 жылдың аяғына таман оралған сияқты. Олай дейтін себебіміз: ол 1910 жылдың желтоқсанында, 1911 жылдың қаңтарында Мәскеуде өткен Халықаралық чем¬пионатқа қатысады. Бұл жолы Қажымұқан Разумовтың, Шнейдердің, Иогансанның, Винтердің, Апполинның жауырындарын қысқа уақытта кілемге тигізген. Осы чемпионатта сол заманда аты дүрілдеп тұрған Циклоппен ұзақ алысады. Айқас 20 минутқа созылып, тең аяқталған. Чемпионаттың жетінші күні Қажымұқан Әлем чемпионы Лурихпен кездеседі. 20 минутқа созылған бұл қиын белдесу еш нәтиже бермей, тең аяқталады. Ертеңіне Лурих қазақ балуанын тағы да кілемге шақырады.

Белгіленген уақытта Лурих тағы да жеңіске жете алмайды. Әккі Лурих қулыққа көшеді, ақыры ақшаға сатылған төрешілер Лурих жеңді деп хабарлайды. Күресті тамашалауға жиналған көпшілік бұл шешімге келіспейтіндіктерін білдіріп, үлкен шу шығарады. Жарысты ұйымдастырушылар кілемді тастай қашады. Төрешілердің Қажымұқанға қарсы ойлап тапқаны — ол «жарыс ережесін бұзды» деген сылтау.

1911 жылдың сәуірінде Петербургте күреске қатысады. Бұл жолы чемпионатқа қатысушылар арасында Рауль де Раун мен Георг Лурих та болады. Әділетсіздік бұл жолы да Қажекеңнің алдынан шығады. Чемпионаттың жарты жолында баяғы әуен қайталанып, «жарыс ережесін бұзды» деп тағы да жарыстан шығарып тастайды. Петербург чемпионаты аяқталар-аяқталмастан, оны Польшаның астанасы Варшавада өтуге тиісті Халықаралық жарысқа шақырады.

21.

22. Алматы қаласының экологиясы

Жалпы Алматы қаласы географиялық тұрғыдан алып қарағанда бірқатар экологиялық қолайсыз орын тепкен. Ол негізінен ауа айналымының жоқтығымен түсіндіріледі. Бұл қаладағы жүздеген мың машинаның қала әуе  аймағын улы түтінмен ластауға мүмкіндік туғызып отыр. Бұл қалада өкпе ауруларының өршуінің негізгі факторы болып табылады.  Қалада әсіресі желсіз күндері демалу қиын, мұндай қиыншылықтармен күресу қазір қала билігінің алдында тұрған басты міндеттердің бірі.  

Сонымен қатар  қалада көптеген өндіріс орындарымен жылу қазандықтары да жағдайды қиындата түсуде.  Осындай жағдайларды ескере отырып жақында бірқатар шаралар белгіленді. Соларға тоқталып өтсек:

27 желтоқсанда Алматы қалалық әкімшілігі ғимаратында қалалық құрылымдық бөлімшелердің басшылары бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне 2005 жылды қорытындылауға арналған баспасөз мәслихатын өткізді. Олар өз салалары бойынша жыл бойы атқарылған жұмыстар жайында әңгімелеп, журналистердің қойған сауалдарына жауап берді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі қалалық әкімшіліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Райымбек даңғылы мен Сайын көшесінің қиылысында автокөпір құрылысы жүргізіліп, оның толықтай пайдалануға берілуі қаладағы көліктердің жүріп-тұруын айтарлықтай жеңілдетуге мүмкіндік берді. Оның ел аумағында салынған алғашқы ірі автокөпір екендігін атап өткен жөн.

Алматы қаласында "бір терезе" қағидасы бойынша халыққа қызмет көрсету орталығының ашылуы жедел қызмет көрсету барысындағы алғашқы қадамдардың бірі. Бұл орталықтардың негізгі мақсаты - халыққа көрсетілетін қызмет сапасын арттыру, қызмет көрсетуді барынша жеделдету, бюрократиялық кедергілерді азайту. Алдағы уақытта жоғары технологияға негізделген осындай игі жаңалықтар қатары көбейе бермек.

170 километрден астам жол күрделі жөндеуден өткізіліп, 600-ден астам аула, 9 парк пен 67 гүлзар, 30 су бұрқақ ретке келтіріліп, реконструкцияланды.

Сонымен бірге Алматы қаласының 2014 жылғы қысқы Олимпиаданы өткізуге үміткер қала ретінде тіркелуі еліміздің, оның ішінде Алматының зор әлеуеті мен мол мүмкіндігін көрсетсе керек, деп баспасөз қызметінің хабарламасында айтылған

23.С е м е й п о л и г о н ы

Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында АҚШ әлдеқайда алда келе жатты. Әлем тарихында бірінші ядролық қаруды сынауды АҚШ 1946 жылдың 16 шілдесі күні Нью- Мексико штатында өткізді. Үш аптадан соң, 6 тамызда жапонның Хиросима қаласына 20 мың тонна тротилға тең сұрапыл қиратқыш күші бар атом бомбасы тасталды. Прогрессивтік адамзат америка әскерлерінің қылығына жағаларын ұстады.

Бірақ адамзат Хиросима қасіретінен Семей қасіретінің алыс емес екенін ол кезде білген жоқ еді, бірақ көп ұзамай Хиросимаға туған күн, Семей территориясы тұрғындарының басына да туды.

«Невада-Семей» қозғалысының шерулерінде 1949 жылдан 1989 жылдар аралығында 40 жыл қырғын болды, 500-ге жуық бомба жарылды. Бұл тарихта бұрын соңды болмаған адамзатты атомдық жолмен қыруды ұйымдастырған жауыздықтың өзі. Кеңес өкіметі Сарыарқа жерінде бомбасын жарып, ондағы тіршілік әлемін тоқтатып, адамдарды ақырзаман індетіне шалдықтырып, Жер-Ананы өсінен тайдырып жібере жаздады.

Егер жарылыс тоқтамағанда, әр ядролық сынақ табиғатқа шексіз зиян әкеліп, улы тозаң жарты әлемге жайылып, Орта Азияны ядролық күш тозаңға тұншықтырып, халықты жойып жіберер еді. Полигон маңындағы халықтың көбісі дәрігерлердің өзі анықтай алмайтын аурулардан қырылғаны белгілі. Төрткүл дүние қазақты «Семей сұмдығы» арқылы алғаш білді.

Антиядролық «Невада-Семей» қозғалысының акция шерулері Батыс пен Шығысқа шындықты жеткізіп, құпия болып келген соғыстың сырын ашты. Тоталитарлық жүйенің әскери күштерімен арпалысқан қозғалыс белсенділері белгілі ақын Олжас Сүлейменовтың соңынан еріп, күшті күрес талаптарының нәтижесінде 1991 жылы полигонды жабуға қол жеткізді. Ядролық қару жасау жерлерін жабу ісінде Қазақстан тұңғыш мемлекеттердің бірі болды.

Атом жарылысы болған кезде, ол жерге бүкіл Менделеев кестесіндегі элементтердің бәрін қолданылғаны белгілі. Олардың бәрі радиация шығарады. Осылардың ішіндегілері -«цезий - 137» мен «строний - 90» және «плутоний - 239» адам өміріне өте қауіптілері екен. Олардың жоғалуына жүздеген жылдар қажет. Тіпті кейбіреулерінің сәулеленуі мыңдаған жылдарды қамтиды. Соның бәрі жабулы қазан болып қалды.

Семей облысының атомдық сынақтардан көрген зардаптарын зерттеу және оның картасын жасауды қажет етеді.

Полигон жабылды, бірақ оның үні бірден өшкен жоқ. Жан түршігерлік олжылдарды және оның жабылуына қандай қиындықтармен қол жеткізілгенін халық қалай ұмытсын!

Адамзат бұл қасіретті қозғалыстың тарихын, қырық жыл бойы қандай зардап әкелгенін білуі тиіс.

24.Мемлекеттік Рәміздер  мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретін символикалық айырым белгілері. Мемлекеттік Рәміздер белгілі бір мағына берерлік өзара үйлесімде орналастырылған жанды-жансыз заттардың бейнелерінен құрастырылады. Мұндай бейнелер үйлесімінен мемлекеттің, елдің арман-мұраты, өзін-өзі түйсінуі көрініс береді. Мемлекеттік рәміздер тәуелсіздік нышаны ретінде ерекше қадірленіп, оларға биік мәртебе беріледі, сондықтан да мемлекет адамдарға мемлекеттік рәміздерді қастерлеуді парыз етеді. Олардың түр-түсі мен ресми қолданылу тәртібі Конституцияда немесе конституциялық заңда белгіленеді (бұл Мемлекеттік Рәміздерге биік мәртебе береді) және заңмен қорғалады. Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу азаматтардың мемлекет тәуелсіздігін құрметтеуді нығайтып, жасөспірімдердің отансүйгіштік сезімін қалыптастырады.

Қазақстан Pеспубликасының мемлекеттiк Елтаңбасы — Қазақстан Республикасының негiзгi мемлекеттiк рәмiздерiнiң бiрi. Қазақстан Республикасының Президентiнің “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституциялық заң күшi бар Жарлығымен (24.1.1996) белгiленген. Рәмiздiк тұрғыдан ҚР мемлекеттік гербiнiң негiзi — шаңырақ. Ол — елтаңбаның жүрегi. Шаңырақ — мемлекеттiң түп-негiзi — отбасының бейнесi. Шаңырақ — Күн шеңберi. Айналған Күн шеңберiнiң қозғалыстағы суретi iспеттi, Шаңырақ — киiз үйдiң күмбезi көшпелi түркiлер үшiн үйдiң,ошақтың, отбасының бейнесi. Тұлпар — дала дүлдiлi, ер-азаматтың сәйгүлiгi, желдей ескен жүйрiк аты, жеңiске деген жасымас жiгердiң, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсiздiкке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесi. Қанатты тұлпар — қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпi. Қанатты тұлпар Уақыт пен Кеңiстiктi бiрiктiредi. Ол өлмес өмiрдiң бейнесi. Бiр шаңырақтың астында тату-тәттi өмiр сүретiн Қазақстан халқының өсiп-өркендеуiн, рухани байлығын, сан сырлы, алуан қырлы бет-бейнесiн паш етедi. Бес бұрышты жұлдыз гербтiң тәжi iспеттi. Әрбiр адамның жол нұсқайтын жарық жұлдызы бар. Қазақстан Pеспубликасының мемлекеттiк Елтаңбасының авторлары — Жандарбек Мәлiбеков пен Шотаман Уәлиханов.

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Туы – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiрi. ҚР Президентiнiң “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституциялық заң күшi бар Жарлығымен (24.1.1996) белгiленген. Мемлекеттік ту көгiлдiр түстi тiк бұрышты кездеме. Оның ортасында арайлы күн, күннiң астында қалықтаған қыран бейнеленген. Ағаш сабына бекiтiлген тұста — ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек — алтын түстi. Тудың енi ұзындығының жартысына тең. ҚР мемлекеттік туының авторы — суретшi Шәкен Ниязбеков. Бiрыңғай көк-көгiлдiр түс төбедегi бұлтсыз ашық аспанның биiк күмбезiн елестетедi және Қазақстан халқының бiрлiк, ынтымақ жолына адалдығын аңғартады. Бұлтсыз көк аспан барлық халықтарда әрқашан да бейбiтшiлiктiң, тыныштық пен жақсылықтың нышаны болған. Геральдика (гербтану) тiлiнде — көк түс және оның түрлi реңкi адалдық, сенiмдiлiк, үмiт сияқты адамгершiлiк қасиеттерге сай келедi. Ежелгi түркi тiлiнде “көк” сөзi аспан деген ұғымды бiлдiредi. Көк түс түркi халықтары үшiн қасиеттi ұғым. Түркi және әлемнiң өзге де халықтарындағы көк түстiң мәдени-семиотикалық тарихына сүйене отырып, мемлекеттік тудағы көгiлдiр түс Қазақстан халқының жаңа мемлекеттiлiкке ұмтылған ниет-тiлегiнiң тазалығын, асқақтығын көрсетедi деп қорытуға болады. Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Күн — қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн — уақыт, замана бейнесi. Қанатын жайған қыран құс — бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi. Ұлан-байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран ҚР-ның еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан-дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi.

Сөзі: Жұмекен НәжімеденовНұрсұлтан Назарбаев
Әні: Шәмші Қалдаяқов
Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!


Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің - Қазақстаным!

Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай.
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің - Қазақстаным!

Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті - еліміздің алғашқы техникалық жоғары оқу орны. Қ.И.Сәтбаев және ҚазҰТУ

Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті - республикада инженерлік білім берудің алғашқы, әрі әлі күнге дейінгі көш бастаушысы.

Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың іргетасы 1933 жылы, Қазақстанда тұңғыш өнеркәсіп орындарының ашылуымен тұспа-тұс қаланып, ел экономикасы дамуының тарихи кезеңдерімен бірге дамып келеді.

Алғашында тау-кен металлургиясы мен тау-кен барлау факультеттерінің базасында ұйымдастырылған Қазақ ұлттық техникалық университеті бүгінде осы салада білім беретін еліміздегі жетекші жоғары оқу орны дәрежесіне дейін өсті.

ҚазҰТУ - мыңдаған инженерлер мен Қазақстандағы барлық техникалық жоғары оқу орындарының оқытушыларының іс жүзіндегі анасы іспетті.

Университеттің ұлттық техникалық мәртебесі - еліміздің қалыптасуы мен дамуына орасан зор үлес қосқан университет түлектері - көрнекті ғалымдар, педагогтар мен инженерлердің ерен еңбектерінің жемісі.

ҚазҰТУ-дың құрылуының 75 жылдығы мемлекетіміздің өміріндегі елеулі мәні бар оқиға. Инженер мамандарды дайындаудың шеберханасы - ҚазҰТУ өзінің 75 жылдық тарихи қызметінің мақсаты мен мазмұнын, Отанымыздың ұлтжанды, техникалық сауатты ұрпағын қалыптастыруға арнап келеді.

Халықтың есінде - ҚазТКМИ, ҚазПТИ, ҚазҰТУ болып сақталып қалған Қазақстанның жетекші жоғары оқу орнының тарихы - бұл республикадағы инженерлік білім беру, оның өндірістік өсіп-өркендеуінің даму кезеңдері.

Қазақстандағы техникалық білім берудің қарлығашы - ҚазҰТУ-дың республикадағы бірқатар өндіріс салаларының қалыптасуы мен дамуындағы және оларды инженер мамандарымен қамтамасыз етуге сіңірген еңбегін бағаламау мүмкін емес.

ҚазҰТУ-дың тарихы - бұл еліміздің мәдениеті мен білімінің, ғылыми-техникалық интеллигенциясының қалыптасуы мен дамуының тарихы.

Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдарда Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ - жоғары сапалы, қарқынды білім беру мен ғылыми-инженер мамандарын даярлауда айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізіп, еліміздің техникалық жоғары оқу орындарының арасында ғана емес, халықаралық ауқымдағы зор мәртебеге ие жоғары оқу орнына айналды.

Жаңа мыңжылдықта Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ өзінің алдына сапалық тұрғыдан жаңа мақсаттар мен міндеттер қояды. Университет дамудың әлемдік білім беру жүйесінде лайықты орынға ие бола алатын жоғары элиталық инженерлік-техникалық университет қалыптастыруға аяқ басқан жаңа кезеңде тұр. Университеттің жаңа даму бағдарламасы - жаңаша ойлау мен білім беру үрдісіндегі жаңаша ізденістер. Университет білім мен ғылымды интеграциялау жолына түсті.

Қ.И.Сәтбаев және Қазақ ұлттық техникалық университеті

Қ.И.Сәтбаев КСР ҒА-ның президенті болып сайланғаннан бастап (1946), сол кездегі Кен металлургия институтын өз қамқорлығына ала бастаған.

Ұлы ғалым өз халқына инженер кадрларының ауадай қажет екенін алдын-ала біліп, жергілікті ұлт жастарын аспирантураға қалдырып, оларға жағдай жасауға баса көңіл бөлді.

Қазақ кен металлургия институтының Қазақ политехникалық институты болып қайта құрылуына, оның материалдық-техникалық базасының ұлғаюына, жаңа мамандықтардың ашылуына Қ.И.Сәтбаев үлкен көмек көрсетті. Осы жылдары Сәтбаевтың шәкірттері, әрі ізбасарлары академик-ғалымдар Ө.Байқоңыров, Евней Букетов, Ш.Есенов,

А.Машанов сияқты тұлғалар қалыптасты.

Қ.И.Сәтбаев қазақ жастарының тек қана теориялық білім алып қоймай, оны өндірістегі іс-тәжірибемен дамытып, жақсы маман болып шығуына да ерекше ден қойды. Өндірістік тәжірибеде болған студенттер техникалық мамандықтардың қыр-сырын терең біліп, меңгерумен қатар, қаржы да тауып қайтатын.

Қ.И.Сәтбаев болашақ инженер-студенттердің жан-жақтылығына, рухани байлығына, парасаттылығына қарап, ұлттың болашағын елестететін.

Міне, бүгінгі таңда Сәтбаев шарапатына бөленген ҚазҰТУ - техникалық білімнің қара шаңырағы, қасиетті білім ордасы атанса, Сәтбаевтың қамқорлығын көрген шәкірттері мемлекет және қоғам қайраткерлері деңгейіне көтерілді.

1999 жылы Қазақ ұлттық техникалық университетіне инженерлік-техникалық мамандар даярлауға сіңірген аса зор еңбегі үшін көрнекті ғалым, академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың есімі берілді.Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің тарих беттерінен: ізденістер мен жетістіктер

1930 жылдардың басында елімізде, бұрынғы КСРО-ның дамуында, Қазақстанның орны ерекше маңызды болды. Өндірістік күштердің қалыптасуы, шикізат көздерін жаппай іздестіру, Лениногорск, Балқаш, Жезқазған, Қарағанды, Гурьев, Шымкент, т.б. қалаларда өндірістік кәсіпорындардың салынуы кең қанат жайды. Бұл Қазақстандағы кен және металлургия өндірісінің қарыштап дамуының бастамасы болды. Қазақстан экономикасы тез арада білікті мамандардың өсіп-жетілуін қажет етті.

1933 жылдың қыркүйегінде КСР Одағын Халық комиссарлар Кеңесінің Семей тау- кен институтымен біріктіре отырып, Алматы қаласында Қазақ тау-кен металлургия институтын құру туралы қаулысы қабылданды.

ҚазҰТУ-дың тарихы 1934 жылдан басталады. Осы жылы Қазақ тау-кен металлургиялық институтының жалғыз геологиялық-барлау факультетінде инженер кадрларын дайындау басталды.

Қазақстандағы тұңғыш техникалық жоғары оқу орнының қалыптасуына кәсіпорындар мен ұйымдар, мекемелер баға жетпес көмек көрсетті. Олардың көпшілігі зертханаларға қажетті жабдықтар, минералдар жинақтарын, геофизикалық және топографиялық құрал-саймандар беріп, ғылыми-техникалық әдебиеттермен қамтамасыз етуге көмектесті. Оқытушылық-профессорлық құрамның мәселесі де шешілді.

ҚазТКМИ өзінің құрылуы мен ұйымдастырылуы барысындағы қиыншылықтарды табыспен жеңе отырып, аз уақыт ішінде тау-кен, металлургия, геология, құрылыс, т.б. өнеркәсіп салаларын инженер кадрларымен қамтамасыз ететін негізгі база ретінде үлкен беделге ие болды.

1960 жылы ҚазТКМИ политехникалық институты болып қайта құрылып, оның 8 факультетінде кәсіби инженерлер дайындайтын еліміздегі ең беделді жоғары оқу орындарының біріне айналды.

Жекелеген факультеттердің негізінде Атырау мұнай және газ институты, Ш.Есенов атындағы Ақтау политехникалық университеті, Рудный индустриалдық институты, Алматы энергетика және байланыс институты, Қазақ мемлекеттік сәулет және құрылыс академиясы ашылды. Рудныйдағы филиалы, Өскемен, Лениногорск, Қаратау, Зыряновск, Шевченко, Атырау қалаларындағы жалпы техникалық факультеттер ҚазПТИ-дің маңызды құрылымдық бөлімшелері болып табылады.

1994 жылдың қаңтарында В.И.Ленин атындағы ҚазПТИ Қазақ ұлттық техникалық университеті болып өзгертілді. Осы кезеңнен бастап, еліміздің ең басты техникалық жоғары оқу орны ретінде, кадрларды даярлауды әлемдік деңгейде таныту мақсатында, оқу бағдарламалары мен жоспарларын жетілдірудің аса маңызды міндеттері жүктелді.

1990 жылдары университет даярлаған инженер кадрлары тәуелсіз Қазақстанның маңызды өндіріс салалары мен өнеркәсіптерін реформалау саясатын жүзеге асыруға атсалысты. Көптеген университет түлектері бүгінде экономиканың әртүрлі салалары мен ғылыми-зерттеу мекемелерінің жетекші мамандары.

Инженерлік-техникалық мамандар дайындауға сіңірген аса зор еңбегі үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылдың 22 қыркүйектегі қаулысымен Қазақ ұлттық техникалық университетіне көрнекті ғалым, академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың есімі берілді.

ҚазҰТУ-дың қазіргі кезеңдегі қызметі университеттің беделін көтеруге, университетте басталған қайта құруларды жүзеге асыруға, оқытудың сапасын жақсарту мен басқару жүйесін жетілдіруге бағытталып отыр.

1.Мезгіл үстеу Мезгіл үстеу қимылдын, іс-әрекеттің мезгілін, мерзімін білдіреді де, қашан? қашаннан? деген сұрақтарға жауап береді. Мезгіл үстеуі етістікпен тіркесіп қолданылады. Мысалы: бугін келді, ертең барады, таңертең тұрады, бұрын жүрді, күні бойы дайындалды, күні-түні оқиды, жазғытұрым келеді т. б. Мезгіл үстеулері кұрамы жағынан негізгі я туынды түбір немесе күрделі түбір бола береді.

Мезгіл үстеуі қашан? қашаннан? деген сұраққа жауап беріп, қимылдың, іс-әрекеттің мезгілін, мерзімін, уақытын білдіреді. Мезгіл үстеуі етістікпентіркесіп қолданылады. Мысалы: таңертеңнен (қашаннан?) кетті, жазғытұрым(қашан?) келеді, ала жаздай (қашан?) еңбектенді, күні-түні (қашан?) оқыды, т. б.Мөлшер үстеуі қанша? қаншама? қаншалық? қаншалап? деген сұрақтарға жауап береді. Мөлшер үстеуі сынның немесе қимылдың көлемдік дәрежесін, мөлшерін, шама-шарқын білдіреді. Мөлшер үстеуі етістікпен тіркесіп келгенде қимылдың шама-шарқын, мөлшерін білдіреді. Мысалы: сонша (қанша?)шаршапты, біршама (қаншама?) кешігіп қалды, недәуір (қалай?) өскен екен.Ал сонша (қанша?) биік, біршама (қанша?) алыснедәуір (қалай?) ұзақдегенде мөлшер үстеулер сын есімдермен тіркесіп, сынның мөлшерін, көлемін білдіреді.

 Күшейткіш үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің, сынның сапасын, белгісін не солғындатып, не күшейтіп көрсетедіСұрағы: қалай? Мысалы: әбден жүдепті, керемет биледі, мүлдем қозғалта алмадыСонымен бірге күшейткіш үстеугесын есімнің күшейтпелі шырайын жасайтын ең (биік), өте (салмақты), аса(терең), тым (терең), кілең (жүйрік) сөздері де жатады

Үстеу – іс-әрекеттің, қимылдың, сындық, сапалық белгісінің сипатын, жай күйін білдіредіҮстеу грамматикалық тұлғалар арқылы түрленуге, өзгертуге көп көне бермейдіҮстеу құрамына қарай екіге бөлінеді: 1) дара үстеулер; 2)күрделі үстеулер. Дара үстеулерге негізгі және туынды үстеу жатады.

2.Буын үндестігі - сөз ішіндегі, сөз бен қосымша арасындағы дауыстылардың не бірыңғай жуан, не жіңішке болып айтылу заңдылығы. Буын үндестігін ғылымда сингармонизм заңы деп те атайды. Қазақ тілінде сөздер бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке болып келеді. Кейбір жағдайларда жуан және жіңішке дыбыстар аралас келеді. Бұл мұндай жағдайларда:

Басқа тілден енген сөздер(кітап, қадір, мұғалім т.б.)

Біріккен сөздер(бойжеткен, баспасөз т.б.)

Қос сөздер(қыз келіншек, жоғары-төмен т.б.)

Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар[өңдеу]

Қазақ тілінде осы қосымшылардың бір тобы соңғы буынның жуан-жіңішкелігіне қарамастан, не жуан, не жіңішке қалпында қосылады.

Көмектес септік жалғаулары:-мен, -бен, -пен (доп-пен, дос-пен т.б.)

-нікі, -дікі, -тікі (апам-дікі, қойшы-нікі)

-жаң, -тай, -тал, -дар, -еке, -тар (аға-жан, шеше-тай, білім-дар, ата-еке, сезім-тал т.б.)

-хана, -стан, -кент, -күнем (дәрі-хана, Пәкі-стан, Шым-кент, пайда-күнем т.б.)

-кер, -гер, -қор, -паз, -қой, -ғой, -гөй,- кеш -уар (қалам-гер, пәле-қор, өнер-паз, кәсіп-қой, кіре-кеш, сөз-уар т.б.)

-ов, -ев, -ин (Cейсенбеков-тің, Aлмабаев-тың). Мұнда қосымша түбір сөздің соңғы буынындағы дауысты дыбыстың жуан-жіңішкелігіне қарай жалғанады.

Қазақ тілінде басқа тілден енген сөз алдынан қосылатын бей- , би- қосымшалары да үндестік заңына бағынбайды (бей-берекет, бей-шара, бей-тарап т.б.)

Сөзбен сөз арасында, түбір мен қосымша арасындағы дыбыстардың бір-біріне ықпал етіп, өзгеріп, айтылуын немесе жазылуын үндестік заңы дейді. Үндестік заңы 2-ге бөлінеді: буын үндестігі, дыбыс үндестігі. Буын үндестігі сөз ішіндегі дауысты дыбыстардың бірыңғай жуан немесе бірыңғай жіңішке болып келуін айтады. мысалы: Әже, инелік. Ата, инабат, уақыт.

Дыбыс үндестігі сөз ішіндегі қатар келген 2 дыбыстың бір-біріне ықпал етуі. Дыбыс үндестігі 3-ке бөлінеді: ілгерінді ықпал, кейінгі ықпал, тоғыспалы ықпал.




1. Реферат Психологические основы тактических приемов допроса
2. Варианты включения затрат в себестоимость приобретаемых МПЗ Формирование договорной стоимости согла
3. Кениантроп
4. Задание 2 Оценка загрязнения поверхностных вод Цель работы- освоить методику расчета загрязнения повер
5. . Общие положения 1
6. суждение которое явся спорным и следовательно обосновывается или опровергается
7. диктатура в политологии
8. Формирование математической модели корпуса теплохода-площадки в программе FastShip6
9. Лекция 2 Структурные элементы нервной системы Основными структурами образующими нервную ткань являются н
10. і. У наш час зростає потік інформації поширюється тенденція до відтворення справжньої історії без перекру