Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

Экож~йе терминін ал~аш енгізген- А

Работа добавлена на сайт samzan.net:


“Ядролық қыс” – бұл А) ядролық қару қолданылатын соғыс болғандай жағдайда Жер бетінде ұзаққа созылатын ғаламдық суынудың дамуы

«Экожүйе» терминін алғаш енгізген:  A) А.Тенсли;  

«Экология» терминін ұсынған ғалым: B)  Э. Геккель;

… қалпына келмейтін ресурстар А) мұнай, газ, көмір 

10% ережесіне сәйкес далалық экожүйе қоректік тізбегіндегі қояндардың еншісіне «күн энергиясының» қанша пайызы тиеді:B) 10 %.

10% ережесіне сәйкес ормандық экожүйе қоректік тізбегіндегі аралардың еншісіне «күн энергиясының» қанша пайызы тиеді: D) 10 %.

10% ережесіне сәйкес ормандық экожүйе қоректік тізбегіндегі шөптесін өсімдіктердің еншісіне «күн энергиясының» қанша пайызы тиеді: B) 100 %.

1000 м нормативті размер санитарлық қорғау белдемінің нешінші класы үшін тағайындалған? А) бірінші 

1-ші кезектегі консументтер қандай организмдер: B) шөпқоректі жануарлар; 

20 мин ішінде адамға рефлекторлық реакция (иіс сезу, көздің жарық сезуі өзгеруі, аллергиялық реакция және т.б) туғызбайтын, атмосфералық ауадағы ластаушы заттардың концентрациясы қалай аталады? В) ШРК м.б.ж. 

2-ші кезектегі консументтер қандай организмдер: D) етпен қоректенетін жануарлар;
ААААА

Автотрофты организмдер сулық экожүйелерде қандай систематикалық топ түрінде кездеседі:    D) су балдырлары;     

Автотрофтылар деп мынадай қасиеттері бар организмдер аталады: A)  бейорганикалық қосындылардан өздері органикалық заттар синтездей алатын;

Агроценоздарға /агроэкожүйелерге/ жатады: С) Ауыл шаруашылығын жүргізу мақсатында адамның қолымен жасалған ауыл шаруашылық ландшафты

Агроценоздардың табиғи биоценоздардан айырмашылығы? С) Қосымша энергия шығынын талап етеді

Агроценоздардың табиғи экожүйелерден тірі организмдердің түрлілік құрамы мен сандық көрсеткіштері арқылы ерекшеленуі А) Көптеген көрсеткіштерімен біршама ерекшеленеді

Агроценозды қандай фактордың мысалы ретінде қарастыруға болады: B) антропогендік;

Агроэкожүйелердің тұрақсыздығының негізгі себептерінің бірі Е) Егінді жинау кезінде тудырылған топырақтың тез құнарсыздануы

Адам 24 сағат бойы демалған кезде (жалпы токсикологиялық, концерогенді, мутагенді)  әсер етпейтін, атмосфераны ластайтын заттардың концентрациясы (мг/м3) қалай аталады?В) ШРК о.т. 

Адам денсаулығына тікелей немесе жанама әсерін тигізбейтін ластаушы заттың максималды концентрациясы қалай аталады? А) ШРК 

Адам организміне әсер ету дәрежесі бойынша қауіпті заттар қандай класстарға бөлінеді?С) төтенше қауіпті, жоғары қауіпті, шамалы қауіпті және аз қауіпті 

Адамдардың қандай іс-әрекеті тірі организмдерге ең көп әсерін тигізеді?D) жер беті және жер асты көлік жүйелері

Адамның қатысуымен қалпына келетін табиғи ресурстар Е) өсімдіктер мен жануарлар әлемі

Адаптация дегеніміз, бұл: A) қоршаған орта жағдайлары өзгерген кездерде организмнің функционалдық тұрақтылығын сақтауға мүмкіндік беретін реакциялардың жиынтығы;

Ақаба суды шығармайтын өндіріс саласы Е) ақаба суды шығармайтын сала болмайд 

Атмосферада «жылыжай газдарының» жиналып қалуына байланысты пайда болған «жылыжай эффектінің» (парниковый эффект) зардаптары қандай болуы ықтимал: D) Планета көлеміндегі температураның жоғарылауы биосферада жағымсыз өзгерістер туындатады; 

Атмосферада кейбір газдардың жиналуына байланысты жылу балансы өзгеруінен, планетаның температурасы жоғарылауы қалай аталады? В) парникті эффект

Атмосферада қауіпті заттар таралғанда қандай шарт орындалуы керек? В) См+Сф <  СШРК  

Атмосферада парниктегі шыны сияқты әсер ететін, жерге күннің сәулесін  тосқауылсыз жіберіп, бірақ жерден тепкен сәулелерді жібермейтін газ қалай аталады? Е) көмір қышқыл  газы

Атмосферада шаңның, тұманның, автокөліктің және өндірістің шығарған ластаушы газдарының нәтижесінде ауаның қауіпті ластануы қалай аталады? В) тұмша (смог) 

Атмосферадағы қауіпті заттардың концентрациясы қандай өлшем бірлікпен өлшенеді? D) мг/м3

Атмосфералық ауадағы ШРК-ның өлшем бірлігі қандай?D) мг/м3

Атмосфералық ауаның сапасын нормалау әдісінің бірі нормативті белгілеу А) ШРШ 

Атмосфераны ластайтын негізгі ластағыштар А) шаң, газдар, тұмандар, аэрозольдер

Атмосфераның жоғарғы қабатында тіршіліктің таралуының маңызды факторлары болып табылады E) Озон.

Атмосфераның жоғары қабатындағы озон қабаты: В) ультракүлгін сәулелерден сақтайтын қорғаныс экраны  

Атмосфераның қай қабатында озон қабаты орналасқан? В) стратосферада

Атмосфераның электрленуі, жердің магнит өрісі … ресурсқа жатады В) планетарлық

Ауаға барлық тірі организмдер демалғанда бөлінетін, отынның барлық түрлері жанғанда, өрт болғанда түзілетін газ қалай аталады? В) көмір қышқыл газы

Ауадағы қауіпті заттардың максималды бір жолдық концентрациясы қандай уақыт аралығына тағайындалады? А) 20мин

Ауаның құрамында … болады В) 20-21 О2, 78N2, 1-2 инертті газдар 

Аутоэкология нені зерттейді:A) Қоршаған орта температурасының жеке бір оргнаизмнің зат алмасу қарқынына әсерін;

Ауыз судың сапасын қандай топ көрсеткіштері сипаттайды? A) органолептикалық, физико-химиялық, бактереологиялық

Ауыл шаруашылығы жақсы дамыған елдерге пестицидтерді қолдануды шектеудің себептерінің бірі: С) олардың адам денсаулығына және қоршаған ортаға негативті әсер етуі  

Ауылшаруашылығының экономикалық өркендеуіне байланысты ежелгі өркениеттің жойылуының негізгі себебі: С) Жер ресурстары мен құнарлылығын тиімсіз пайдалану

Ауырлық күшінің әсерінен суда күрделі дисперсті қоспалармен бөлшектердің тұнбаға түсуі … деп аталады  B) седиментация 

Аэротенкте ақаба суларды қандай әдіспен тазартады? В) химиялық

ӘӘӘӘӘ

Әлемдік мұхит сулары қандай табиғи ресурстар қатарына жатады?B) сарқылмайтын (таусылмайтын);

БББББ

Бактериялар мен саңырауқұлақтар биоценозда қандай функционалдық топқа жатады? B) редуценттерге;

Бақылау объектісі өлшемі он шақырым жоғарлауы, мониторингке байланысты B) Жергілікті

Белгілі объектінің (агрегаттың, кәсіпорынның т.б.) табиғи ортаға тигізетін әсерін бағалайтын құжат А) экологиялық төлқұжат

Бентос – бұл …  C) су қоймасының түбінде өмір сүретін организмдер жиынтығы 

Берілген организмдер жұптарының қайсына  "жыртқыш-жемтік"қарым-қатынасы тән: B)  ханқызы қоңызы – шөпшіркей;

Берілген организмдер жұптарының қайсына паразиттік қарым-қатынас тән:  E)  аскарида - адам.

Биосфераға келіп жатқан күн энергиясы ең соңында қандай энергия түріне айналады: D) жылу энергиясына;

Биосфераны зерттеумен шұғылданатын негізінен экология ғылымының мынадай саласы:D) глобальдық экология; 

Биосфераның биоенжар затына не жатады?E) топырақ.

Биосфераның орнықтылығы қандай факторға тәуелді емес:  D) Жанартаулардан шыққан лаваның химиялық құрамына;

Биосфераның орнықтылығын қамтамасыз етуші негізгі фактор: A) Биологиялық әралуандылық;

Биосфераның табиғи түрмен ластануы А) орман өрттері 

Биосфераның тірі затының орта түзушілік қызметінің нәтижесінде жердің географиялық қабықшасында мынадай маңызды өзгеріс пайда болды: A) Алғашқы мұхит  суларының және атмосфераның химиялық құрамы өзгерді;

Биосфераның тірі затының энергетикалық қызметінің нәтижесінде пайда болған қандай заттарды адам өзінің шаруашылық іс-әрекетінде энергия көзі ретінде пайдалана алады: B) көмір және мұнай;

Биотоп ненің құрамдас бөлігі: C) экожүйенің; 

Биоценоз бен биотоптың  қосындысы қалай аталады: B) экологиялық жүйе.

Биоценоз дегеніміз -бұл: D) экожүйедегі барлық тірі организмдер қауымдастығы;

Биоценоз ненің құрамдас бөлігі: B) экожүйенің; 

Биоценоздарда өсімдіктер қандай қызмет атқарады: C) продуценттер қызметін;

Биоценоздардың белгілі бір территорияда кезектесіп алмасуы қалай аталады: B) экологиялық сукцессия;

Бір трофикалық деңгейден келесі трофикалық деңгейге берілетін энергия, ілгерілеу тұрған деңгейдегі энергияның қанша пайызын құрайды? C) шамамен 10%;

ВВВВВ

В.Шелфордтың "толеранттық заңына" сәйкес, организмдер :B) қоршаған орта факторларының бірі жетіспеген немесе тым көп болған жағдайда жүдейді 

ГГГГГ

Газдарды сұйық сіңірткіштердің сіңіруі арқылы тазартуға негізделген әдіс қалай аталады?В) абсорбция

Гидробионттердің тамақ тізбегі бойынша зиянды заттарды жинақтау процесі … деп аталады  D) биоаккумуляция 

Гидросфераға фосфор және азот элементтерінің артық мөлшерде түсуі …. алып келеді В)  су қоймаларының эвтрофикациясына

ДДДДД

Демографиялық жарылыс дегеніміз: E) Жер халқының экспоненциалды түрде өсуі;

Демографиялық жарылыстың нәтижесі мынадай болуы мүмкін емес: A) күн активтілігінің артуы;

Детрит деген не? D) өсімдіктер мен жануарлардың өлі қалдықтары;

Дисперсті және каллойдты жүйелердегі бөлшектердің өте ірі агрегат түзіп, бірігуі … деп аталады  C) коагуляция 

ЕЕЕЕЕ

Ең қауіпті және атмосфералық ауаны интенсивті түрде ластайтын көзге … жатады А) автокөлік  

Ең құнарлы топырақтар D) Қара топырақ

Ерекше қорғалатын табиғи территориялар қатарына не жатады: D) мемлекеттік қорықтар;

ЖЖЖЖЖ

Жабысқақ балық акуланың денесіне жабысып алып, акуламен бірге жүзіп жүреді және оның олжасының қалдықтарымен қоректенеді. Дегенмен акулаға бұдан келер-кетер пайда не зиян жоқ. Түр аралық қатынастың осындай түрі қалай деп аталады? B) комменсализм;                                                                                                

Жануарлар биоценозда қандай функционалдық топқа жатады? D) консументтерге;

Жартылай шөлді жердің топырағында гумус аз, оларды….деп атайды D) сұр топырақ

Желдің жылдамдығының өсуі қауыпты заттардың атмосферада таралуына қалай әсер етеді? А) атмосферада қауіпті заттардың таралуын жақсартады

Жер бетін ультракүлгін сәулелерден … қабаты қорғайды D) озон

Жер бетіндегі барлық судың жиынтығы С) гидросфера

Жер бетіне жақын орналасқан атмосфера қабаты D) тропосфера 

Жер климатының әлемдік (глобалдық) деңгейдегі  жылынуының нәтижесі қандай болуы мүмкін:: B) Әлемдік мұхиттың деңгейі көтеріледі;

Жер климатының жаппай жыли бастауы, ғалымдардың жорамалдауы бойынша, атмосферадағы мынадай заттың мөлшерінің артуымен байланысты болуы ықтимал: A) көміртегі қостотығының;

Жер қабығының антропогендік ойылуы мен отыруы бірінші кезекте немен байланысты?B) Пайдалы қазбаларды өндіру

Жер учаскілерін қауіпсіз жағдайға келтіруге, бұзылған территорияны қалпына келтіруге арналған шаралардың жиынтығы қалай аталады? С) рекультивация 

Жер халқының тоқтаусыз өсуінің себебі: A) дамушы мемлекетердегі халықтың еш шектеусіз туылымы;

Жерде тіршіліктің абиогендік жолмен пайда болуы туралы ілімнің негізін салған ғалым:D) А. Опарин.

Жердегі ең алғашқы тірі организмдер тек қана сулық ортада пайда бола алды, себебі атмосферада: D) озон қабаты болмаған; 

Жердегі тіршілік үшін қажетті  шарттарды қандай жағдайда тұрақты деңгейде ұстап тұруға болады: A) биологиялық әралуандылық мейлінше жоғары деңгейде сақталған жағдайда;

Жерді қорғаудың Дүниежүзілік форумы Рио-де-Жанейрода қай жылы өтті: B) 1992ж; 

Жердің шөлейттенуіне себебін … тигізбейді Е) орман отырғызу

Жыртқыш-жемтік қарым-қатынасы нені реттейді: B) популяция санын; 

Киотттық протокол қарастырады D) парниктік (жылулық) газдарды шығаруды азайту

ККККК

Консументтердің экожүйедегі ролі  мынадай: C) энергияны бір организмнен екінші организмге тасымалдау;

Көбінде шайынды сулардағы органикалық заттардың мөлшері былай анықталады: A) оттегі биохимиялық қажеттілік

Көмірқышқыл және басқа газдардың атмосферада көбейуінің нәтижиесінде болатын температураның жоғарылауы қандай атаққа ие болды В) парникті эффект

Күн радиациясы қандай табиғи ресурстар қатарына жатады: A) Сарқылмайтын; 

ҚҚҚҚҚ

Қадағалау масштабының ұлғаюы мың шаршы шақырым мониторингта көрсетіледі A) Аймақтық

Қазақстан республикасында қоршаған табиғи ортаның мониторингін жан-жақты … жүргізеді С) гидрометрологияның бірқатар қызмет орындары

Қазақстан Республикасының территориясында қанша мемлекеттік қорық орналасқан:C) 9;

Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі қай жылы қабылданды? D) 2007

Қазақстанның экологиялық проблемаларына жатады A) шөлдену процесі(шөлге айналу процесі)

Қалалардың өсуі және дамуы, ауылдық жердің қалаға айналуы, халықтың ауылдан қалаға миграциясы, қоғам өміріндегі қалалардың ролінің өсуі қалай аталады? В) урбанизация

Қалпына келмейтін ресурстар В) кен байлықтар 

Қандай жерлердің топырағы су эрозиясына ерекше қатты ұшырайды? D) Бұталары көп көлбеу беттер

Қар ерігінде, нөсер жаңбыр жауғанда пайда болған ақаба суларды қалай атайды? В) атмосфералық

Қауымдастық құрамындағы популяциялардың құрылымы мен санын зерттейтін сала:C) Демэкология;

Қорғалатын табиғи территорияларға жатпайтын объекті атаңыз Е) ескерткіштер

Қоршаған ортаға түскенде, оның экологиялық сапасын төмендетпейтін ластағыштың максималды мөлшері....деп аталады. Е) шектік рауалы жүктеме

Қоршаған ортада антропогендік жолмен таралғанда тірі организмдерге улы әсер ететін үлестік салмағы 4,5 г/см3 мөлшерінен жоғары металдар қалай аталады?  С) ауыр металдар 

Қоршаған ортаның антропогенді ластау көзіне не жатпайды?С) вулкандар

Қоршаған ортаның жағдайын бақылау және тексеру жүйелері D) мониторинг

Қоршаған ортаның мұнаймен ластануының негізгі себебі болып табылады B) энергетикалық пайдалы қазбаларды өндіру мен барлауының ескірген технологиясы

Қоршаған ортаның радиациялық ластануының себебі: D) Жер қойнауынан құрамында уран бар рудаларды өндіру;

Қоршаған ортаның химиялық ластануының нәтижесінде бақыланады: E) табиғи жүйелердің деградациясы

Қоршаған ортаның экологиялық жағдайын  жақсарту үшін әр азамат ат салыса алатын ең нәтижелі қимыл қандай болар еді: B) қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңдардың қабылдануына белсене ат салысу;

Құрлықтық экожүйелерге төменде келтірілгендердің қайсы жатады: C) қылқанды орман (тайга);

Қызыл кітап беретін мәліметтері мыналар туралы. A) тірі ағзалардың сирек түрлері

Қышқыл жаңбырлар атмосфералық ауаның  негізінен қандай газдармен антропогенді ластануы себебінен болады? А) күкірт диоксиді және азот оксидтері   

Қышқыл жаңбырлардың түсуі мынадай себептермен байланыстырылады: D) өндірістің атмосфераға күкірт және азот тотықтарын шашуымен;

Қышқыл жаңбырлардың түсуінің нәтижесінде: E) топырақ жамылғысы қышқылданады. 

Қышқылды жаңбырдың болуы … байланысты D) атмосфераға күкірт диоксидінің және азот оксидтерінің тасталуына

ЛЛЛЛЛ

Лимиттеуші (шектеуші) фактор деп: B)  мәні организм төзімділігінің жоғарғы не төменгі шегіне жақын тұрған кезкелген экологиялық факторды атайды;

Литосфера жердің қатты қабаты оның құрамы: A) Жер қабығы және жердің жоғарғы мантиясы

Литосферада тіршілік шекарасы мына тереңдікке дейін жатады: B)  3 км    

МММММ

Мамандардың көпшілігінің мәлімдеуі бойынша алғашқы тірі организмдер осыдан: B) 3,5 млрд. жыл бұрын пайда болған;

Мемлекеттік қорық дегеніміз: C) табиғи кешендерді сақтап қалу мақсатында шаруашылық әрекеттерден шығарылып тасталған ерекше қорғалатын табиғи территория;

Мөлшері түрдің төзімділік шектеріне жақын тұрған экологиялық фактор қалай аталады:D) лимиттеуші (шектеуші) фактор;

Мұздатқыштарды шығару биосферада қандай қолайсыз эффекттің орын алуына себебін тигізеді В) атмосферада озон қабатының жұқаруы

Мұхиттың терең қабаттарына тіршіліктің таралуын абиотикалық факторлардың қайсысының шектеу ықтималдылығы жоғарылау? B) жарық пен оттегінің жетіспеушілігі;

ННННН

Нәтижесінде биотикалық қауымдастық пен физикалық орта арасында тепетеңдік орнайтын, экожүйенің бағытталған дамуы қалай аталады? C) сукцессия; 

Нәтижесінде жарық энергиясы түрленіп (өзгеріп), жасуша ішінде жинақталатын биологиялық процесс қалай аталады: E) фотосинтез;

Нәтижесінде қоректік заттар тотығатын биологиялық процесс қалай аталады: A)  тыныс алу;

Негізгі парникті газға қандай газ жатады: С) көмір қышқыл газы

ООООО

Озон қабатындағы озон … әсерінен бұзылады А) хлор молекуласы  

Озон қабатының ыдырауының нәтижесі қандай болуы ықтимал: A) биологиялық әралуандылық кемиді;

Озондау-бұл   …  B) Судың иісін, органикалық ластануын және микроорганизмдерді жою үшін суды немесе ауаны озонмен өңдеу

Орта тәүліктік ШРКо.т. қандай уақыт аралығына тағайындалады?Е) 24 сағ 

Осы күнгі қала экожүйесінің ең маңызды бөлігі : E) екпе ағаштар мен бұталар. 

Отын энергетика ресурстар тобына жататындар: D) мұнай, газ, көмір, торф, уран

Отын энергетика түріне жатпайтын ресурс … Е) гейзер

Отындар жанғанда, металлургия және химия өндірісінде бөлінетін, қышқыл жаңбырлар туғызатын, тұмша (смог) түзуге қатысатын қандай газ? А) күкіртті газ

ӨӨӨӨӨ

Өндірістерден шыққан ақаба суларды фильтрлеу … әдіске жатады А) физикалық

Өндірістік кәсіпорындар үшін қанша класстық санитарлақ қорғау белдемі бар? D) 5

Өндірістік кәсіпорындар үшін қанша қауіптілік қатегориясы (КОП) тағайындалады? В) 4 

Өндірістің қандай қауіптілік категориясы қоршаған орта үшін аз қауіпті? D) төртінші

Өндірістің қоршаған ортаға әсерін және қоршаған ортаның өндіріске әсерін қарастыратын экологияның бөлімі қалай аталады? Е) өндірістік экология

Өнеркәсіптерге ақаба суларын қоршаған ортаға тастауға рұқсат, егерде … Е) барлық улы және басқа қоспалардан түгелімен ШРК мөлшері деңгейіне дейін тазаланып, ШРТ-дан аспаған жағдайда

Өсімдік тектес организмдер өз тіршілігі барысында энергияның қандай түрін пайдаланады: D) жарық энегиясын;

Өсімдіктер мен жануарлардың көптеген түрлерінің шөлді аймақтарға таралуын шектейтін негізгі фактор: C)жыл бойында түсетін жауын-шашын мөлшері; 

Өсімдіктер түрлеріне аса бай топырақтар B) рН бейтарап

Өсімдіктер экожүйеде қандай қызмет атқарады? B) бейорганикалық заттардан органикалық заттар түзеді; 

Өсімдіктердің планетарлық (жер шары көлеміндегі) ролі қандай: B) күн энергиясын аккумулияциялаушы алғашқы буын;

Өте қауіпті токсиканттарға … жатпайды Е) дұрыс жауап жоқ

ППППП

Планетаның озон шымылдығын ыдырататын негізгі агенттердің бірі: D) фреондар; 

Популяция дегеніміз, бұл:A) бір түрге жататын, белгілі бір ортақ кеңістікті мекендеп,  өзара еркін шағылыса алатын және биотикалық қауымдастықтың құрамдас бөлігі ретінде қызмет атқаратын организмдердің тобы;

Популяциядағы уақыт бірлігі ішінде дүниеге келген дара организмдер саны қалай аталады:C) популяцияның туылымы;

Популяцияның белгілі бір табиғи-климаттық жағдайларға бейімделгендігі және оның қауымдастықтағы қызметі (функционалдық ролі) қалай аталады: C) экологиялық қуыс; 

Продуценттердің экожүйедегі ролі қандай: A) фотосинтез барысында күн энергиясын фиксациялау;

РРРРР

Рекультивация дегеніміз - … С) бұзылған жер бетін тегістеу және жердің құнарлығын агротехникалық жолмен қалпына келтіру 

ССССС

Салыстырмалы түрде қалпына келетін табиғи ресурстар В) топырақ құнарлығы

Санитарлы гигиеналық классификациясы бойынша атмосфералық ауадағы әрбір ластаушы зат үшін қандай  қандай шарт орындалуы қажет? В) Сi/ШРКi ≤ 1 

Сарқылатын табиғи ресурсқа … жатпайды Е) атмосфералық ауа

Семей полигонында ядролық қаруды сынау … жылы тоқтатылды D) 1991

Синэкология нені зерттейді:A) Климаттық факторлардың орман қауымдастығының түр құрамына әсерін;

Соңғы жүргізілген санақ нәтижелері бойынша жер шарындағы халықтың саны: D) 6 млрд; 

Стенобионттарға қандай организмдер жатады:B) барлық экологиялық факторлар бойынша толеранттылық ауқымы тар организмдер;

Су қоймаларына ластағыш заттарды төгуге негіз болып табылады: В)  ластағыш заттарды төгуге рұқсат

Су қоймаларының қышқылдық көрсеткіштерінің төмендеуіне алып келетін факторлардың бірі …  A) қышқыл жаңбырлардың түсуі

Су қоймаларының эвтрофикациялану суда … мөлшерінің жоғарылауына алып келеді B) азот пен фосфор

Су қоймасында мекен ететін әр түрлі организмдердің түрлерінің ауқымды масштабта азаюдың негізгі себебі …  B) су қоймаларының ластануы 

Су қоймасындағы су сапасына қойылатын нормативтерді дайындаған кезде (ластағыш заттардың ШРК-сы) не ескеріледі:  А)  су қоймаларын су тұтыну әр түрлі категориясына жатқызылуы

Су обьектілерінің антропогенді ластану көздеріне жатпайды  C) жанартау мен гейзерлер 

Су ресурстары кадастрының мақсаты:  А)  су ресурстарын есептеуді жүргізу, оларды қолдануды жобалау, экономикалық бағалау мен зардаптарды анықтау 

Су ресурстары мен атмосфераны құқықтық қорғау ненің негізінде жүргізіледі: Д)  Қазақстан Республикасының Экологиялық кодекс негізінде

Су ресурстарының кадастры дегеніміз не?   Д)  су ресурстарының сандық, сапалық, ұйымдастыру, экономикалық көрсеткіштерінің жиыны 

Су экожүйесінің ластануын анықтауда мынадай әдістер өте ыңғайлы:  C) биоиндикациялық

Суландыру тоғанын (каналын) қандай фактор мысалы ретінде қарастыруға болады? C) антропогендік;

Сулық экожүйеде консументтер қызметін қандай организмдер атқарады: B) жыртқыш балықтар;

Сулық экожүйеде продуценттер қызметін қандай организмдер атқарады: A) фитопланктон;

Сулық экожүйеде редуценттер қызметін қандай организмдер атқарады: D) бактериялар; 

Сулық экожүйелерге төменде келтірілгендердің қайсы жатады (неғұрлым дұрыс жауапты таңдап алыңыз):D) көлдер мен ашық мұхит;

Сулық экожүйелерде қандай факторлар көбінесе шектеуші (лимиттеуші) қызмет атқарады? B) оттегінің мөлшері және температура;

ТТТТТ

Табиғат қорғау шаралары қандай халықаралық деңгейде жүзеге асырылады:C) БҰҰ;

Табиғат қорғау шараларын жүзеге асырушы негізгі халықаралық ұйым: C) БҰҰ;

Табиғатты қорғау дегеніміз – бұл: C) биосфера компоненттерінің өзгеруіне жол бермейтін, табиғи ресурстарды үнемді пайдалануға және олардың қалпына келуінің неғұрлым ұтымды режимін қамтамасыз етуге бағытталған шаралар жүйесі; 

Табиғи ортаның абиотикалық факторлары:D)  топырақ құрамындағы химиялық элементтер;

Табиғи ортаның абиотикалық факторларына не жатады:B) атмосфералық ауаның температурасы мен ылғалдығы;

Табиғи ортаның биотикалық факторларына не жатады? B)  далалық экожүйедегі қояндардың популяциясы;

Табиғи ортаның биотикалық факторларына не жатады?C)  тундра экожүйесіндегі сүтқоректілер;

Табиғи ресурстарға … жатпайды D) өндірістік ресурстар

Табиғи ресурстардың қай түрі сарқылатын (таусылатын) ресурстар қатарына жатады?D)  жердің өсімдік ресурстары;

Табиғи ресурстардың қай түрі сарқылатын (таусылатын) ресурстар қатарына жатады?C)  Жердің топырақ ресурстары.

Табиғи ресурстардың қай түрі сарқылмайтын (таусылмайтын) ресурстар қатарына жатады? D) күн радиациясы;

Табиғи ресурстардың қай түрі сарқылмайтын (таусылмайтын) ресурстар қатарына жатады? A) атмосфералық жауын-шашындар;

Табиғи ресурстардың сарқылатын және сарқылмайтын болып жіктелуі қандай классификация: D) экологиялық

Табиғи экожүйелердің орнықтылығы неге байланысты емес: D) атмосферадағы ауа ағындарының сапырылысуына;

Термалды сулар дегеніміз … сулары В) жер асты жылы 

Толеранттық заңына сәйкес:E) организмдер, әсер етуші экологиялық факторлар мөлшерінің белгілі бір аралықтарында ғана тіршілік ете алады.   

Толеранттық организмдердің қандай қасиетін білдіреді: C) экологиялық фактор мөлшерінің белгілі бір аралықтарына (диапозонына) төзімділігін; 

Топырақ – биосфераның биоенжар заты, себебі ол: D)  өлі органикалық қалдықтардан және тау жыныстарының бөлшектерінен құралған;

Топырақ … ресурстарына жатады D) жартылай қалпына келетін

Топырақ мониторингі-бұл...B) Топырақ күйін бағалау, болжау, қадағалау жүйесі 

Топырақта өсімдіктерге оңай сіңірілетін азот қосылыстарының көбеюіне қандай процесс себебін тигізеді? В) азотты ұстау 

Топырақтағы ластаушы заттектердің детоксикациясы келесілердің көмегімен жүреді А) Микроағзалардың

Топырақтық ауыр металдармен ластану көзі мыналар  Б) Металл өңдеу өндірісінің қалдықтары, өндірістік қоқыс, отын жағу өнімі, автомобильден шығатын ластаушы газдар, ауылшаруашылығын химияландыру құралдары

Топырақтың құнарлылығы анықталады А) Топырақтағы қара шіріндімен және қара шіріндіге бай қабатымен

Топырақтың түзілу процесіндегі маңызды роль атқаратын абиотикалық фактор: A) уақыт; 

Топырақтың түзілу процесіне қатысатын биотикалық факторлар: D) әртүрлі тірі организмдер; .

Топырақтың химиялық ластануы  дегеніміз: B) Топырақтың химиялық өзгерісі антропогендік қызметтің әсерінен, оның құрамының бұзылуына әкеліп соғады

Төменде аталғандардың қайсына ең төмен биомасса өнімділігі тән: C) Сахара шөлі;

Төменде аталғандардың қайсысы табиғи биоценоз болып табылады? D)  аралас орман;

Төменде келтірілген анықтамалардың қайсысы дұрыс: A) биосфераның тірі заты жердің топырақ қабатын қалыптастырады;

Төменде келтірілген анықтамалардың қайсысы жыртқыштық құбылысын түр аралық қатынастар тұрғысынан қарастырғанда неғұрлым дәл және толық сипаттайды? C) бір түр екінші түрді азық көзі ретінде пайдалана отырып, жемтігін бір сәтте өлтіретін, түр  аралық қарым-қатынас формасы (түрі);

Төменде келтірілген анықтамалардың қайсысы симбиоз құбылысын түр аралық қатынастар тұрғысынан қарастырғанда неғұрлым дәл және толық сипаттайды? D) әсерлесуден екі түр де пайда көретін түр  аралық қарым-қатынас формасы (түрі);

Төменде келтірілген белгілерге сүйене отырып, қасқыр мен түлкі бір трофикалық деңгейге жатады, - деп есептеуге бола ма: A) иә, екеуі де шөпқоректі жануарлармен қоректенеді; 

Төменде келтірілген критерийлердің қайсының популяция анықтамасы үшін мәні бар? E) ортақ территориясының болуы.

Төменде келтірілген қауымдастықтардың қайсына ең жоғары  биологиялық өнімділік тән?A) тропикалық орман;

Төменде келтірілген қауымдастықтардың қайсына ең төмен биологиялық өнімділік тән?C) тундра;

Төменде келтірілген факторлардың қайсының өсімдіктер мен жануарлар үшін жыл маусымының ауысуы туралы айқын белгі (сигнал) болуы ықтимал: B)күн ұзақтығының өзгеруі;

Төменде келтірілген факторлардың қайсысы ормандағы шөптесін өсімдіктер үшін шектеуші фактор болып табылады? Неғұрлым дұрыс жауапты таңдаңыз.D) күн сәулесі мен ағаштар;

Төменде келтірілген факторлардың қайсысы тундраның өсімдіктер әлемі үшін шектеуші фактор болып табылады? Неғұрлым дұрыс жауапты таңдаңыз.A) жарық және температура;

Төменде келтірілген факторлардың қайсысы шөлді аймақ жағдайында шектеуші қызмет атқарады? Неғұрлым дұрыс жауапты таңдаңыз.B) ылғалдылық пен температура;

Төменде келтірілген экожүйелердің қайсына ең жоғарғы өнімділік тән? B) тропикалық орман;

Төменде келтірілген экологиялық факторлардың қайсысы антропогендік факторларға жатады:D) гидроэлектрстанциялар құрылысы;

Төменде келтірілгендердің қайсысы глобалдық (әлемдік) экологиялық проблемалар қатарына жатады: A) қышқыл жаңбырлар;

Төменде келтірілгендердің қайсысы глобалдық (әлемдік) экологиялық проблемалар қатарына жатады: C) биологиялық әралуандылықтың кемуі;

Төменде келтірілгендердің қайсысы глобалдық (әлемдік) экологиялық проблемалар қатарына жатады: D) шөлейттену процестері;

Төменде келтірілгендердің қайсысы глобалдық (әлемдік) экологиялық проблемалар қатарына жатады: E) жылыжай эффекті.

Төменде келтірілгендердің қайсысы ғаламдық (глобалдық) экологиялық проблемалардың бірі болып есептеледі: B) озон қабатының жұқаруы;

Төменде келтірілгендердің қайсысы детриттік қоректік тізбекке жатады? E) қураған жапырақ→ жауын құрты → топырақ бактериялары.

Төменде келтірілгендердің қайсысы продуцентге жатады: D) шөп;

Төменде келтірілгендердің қайсысы редуценттерге жатады: E) бактериялар.

Төменде келтірілгендердің қайсысын ормандық экожүйенің биотикалық факторларына жатқызуға болады?E) шөптесін және бұта тәріздес өсімдіктер;

Туындаушы өнімділік деп биологиялық өнімнің қандай деңгейде түзілуін атайды: E) консументтер деңгейінде.

Түтін деген не? А) ұсақ қатты бөлшектері бар аэрозоль

Тіршіліктің атмосферадағы таралуының физикалық шегі қандай биіктікте орналасқан? A)  1 - 3 м.   

Тіршіліктің атмосфераның жоғарғы, 23-35 км, қабаттарында таралуын мынадай факторлар шектейді: C) қысқа толқынды ультракүлгін сәулелердің болуы;

Тірі организмдерді қауіпті ісік ауруына ұшырататын, биосфераға түсетін заттар қалай аталады? А) канцерогенді  

УУУУУ

Урбанизация дегеніміз – бұл: B) қала халқының санының өсуі;

Урбаэкология нені зерттейді: D) қалалық экожүйелерді; 

ҮҮҮҮҮ

Үшінші кластық санитарлық қорғау белдемі үшін қандай нормативті өлшем тағайындалған? С) 300м

ФФФФФ

Фосфор және күкірт топыраққа түседі А) Тау жыныстарының бұзылуы нәтижесінде

ХХХХХ

Халықаралық ынтымақтастық объектілеріне … жатпайды Е) экватор

Химиялық элементтердің жер қабығы мен жер бетіндегі таралуы мен ауысуы дегеніміз не? А) Миграция 

ШШШШШ

Шайынды суларды тазалауда әртүрлі биологиялық процестерді пайдаланады.Мысалы,аэробты процесс … сипатталады. A) Шайынды суда еріген оттегіні микроорганизмдер пайдаланады

Шөлдік экожүйенің биотикалық факторларына не жатады: B)жантақ өсімдігі;

Шөлейттену процесінің себептерінің бірі: A) Ормандардың жойылуы;

ШРТ нормативті жобасы тағайындалмайды : Д)  жер үсті суларының мониторингін  жүргізу

ШРШ (ПДВ) мөлшерінде атмосфераға қауіпті заттар шығарылғанда, ауаның ластану дәрежесі қандай болады? С) ШРК макс.б.ж.-тан аз

ШРШ нормативі қандай мерзімге тағайындалады?D) 5жыл

Ірі сүтқоректі жануарлардың төлдерінің өлім-жітімі төмен болуының себебі неде: D) төлдеріне көрсетілетін қамқорлықта;

ЭЭЭЭЭ

Эврибионттарға қандай организмдер жатады:C) негізгі факторлардың көпшілігі бойынша толеранттылық ауқымы кең;

Эко жүйелердегі ауыр металдардың негізгі табиғи көздеріне жатады B) Тау жыныстары және олардың желдетілу өнімдері

Экожүйе дегеніз, бұл: E) энергия ағыны және заттар айналымы арқылы байланысқан тірі организмдер қауымдастығы;

Экожүйелердің құрылысын, қызметі мен дамуын зерттейтін сала: A)  синэкология;  

Экожүйенің бастапқы жалпы өнімділігі дегеніміз – бұл: A) продуценттердің фотосинтез барысында органикалық заттар түзу жылдамдығы;

Экожүйенің дамуының кемеліне жеткен және біршама тұрақты сатысы қалай деп аталады:C)  климакс;

Экология ғылымы нені зерттейді D) организмдердің бір-бірімен және қоршаған ортамен қарым-қатынас заңдылықтарын;

Экология ғылымының «демэкология» деп аталатын бөлімі мынадай мәселені зерттейді:A) популяция критерийлері мен популяциялардың негізгі сипаттамаларын;

Экологиядағы 10% ережесіне сәйкес:  D) шамамен Күн энергиясының 10% Жерге келіп жетеді;                                                                             

Экологиялық қуыс дегеніміз - бұл: C)организмнің қоршаған орта жағдайларына қояр талаптарының жиынтығы;

Экологиялық мониторинг дегеніміз қоршаған ортаның жағдайын … жүйелері D) бақылау, тексеру, болжау

Экологиялық мониторинг дегеніміз, бұл: A) Қоршаған ортаның ахуалын үздіксіз бақылау;

Экологиялық факторлардың көпшілігі бойынша толеранттылық ауқымы кең организмдер қалай аталады:E)редуценттер.

Экологияның "Аутоэкология" деп аталатын бөлімі   қоршаған орта факторларының мыналарға әсерін зерттейді:C) дара организмге;

Экологияның міндеттерінің бірі: E) табиғи ортаның күйін үзіліссіз бақылау (мониторинг жүргізу).

Экологияның міндеттерінің бірі:A) Тірі организмдердің кеңістікте орналасу заңдылықтарын зерттеу;

Энергия көздерінің қайсысы экологиялық тұрғыдан алғанда ең қауіпсіз болып есептеледі?C) теңіз толқындарының энергиясы;

Энергия көздерінің қайсысы экологиялық тұрғыдан алғанда ең таза болып есептеледі? D) жел энергиясын пайдалану;

Энергия көздерінің қайсысын пайдалану экологиялық тұрғыдан алғанда қауіпті болып есептеледі? A) жылу электр станцияларын пайдалану;

ЮЮЮЮЮ

Ю.Либихтың минимум ережесінің мәні мынада: C) экологиялық факторлар жиынтығының ішінде қай фактор минималды мөлшерде болса, сол фактордың тірі организмге әсері күштірек болады;




1. либо сделать- уменьшить или увеличить повернуть изменить цвета и т
2. Лабораторна робота 1 ОСНОВНІ ПРИНЦИПИ РЕГУЛЮВАННЯ Тривалість роботи ~ 4 год
3. хорошая основа на тот случай если у вас пока еще не слишком много собственного опыта сведения или же если с п
4. ВОЛОГОДСКИЙ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ Факультет социальной работы педагогики и пси.html
5. эскиз к операции 25 Номер цеха Номер участка Номер операции Н
6. Стили управления организацией
7. Комбинирование производства в промышленности
8. манипуляция в приложении к вопросам социологии и психологии употребляется в самых разных контекстах
9. Введение В развитой рыночной экономике действуют четыре ведущих хозяйствующих субъекта- домохозяйства
10. О внесении дополнения в Федеральный закон О некоммерческих организациях44
11. Взаимодействие электронов с поверхностными акустическими волнами
12. Арифметика на службе защиты.html
13. Очистка сточных вод целлюлозно-бумажных заводов
14. Окончание предварительного расследования
15. . морфология воли к власти на место моральных ценностей приходит натурализация морали
16. Subjected mny of the ntive tribes to tribute pyments nd hostge exchnges most of which were ignored fter his deprture.html
17. РЕФЕРАТ дисертації на здобуття наукового ступеня кандидата філософських наук.2
18. к Балковой Сергей Комета Ж
19.  Начальная скорость материальной точки 4 м-с
20. Реферат- Историко-теоретические аспекты местного самоуправления