Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

Сервитут сатып алусатуды~ немесе кепілді~ дербес п~ні бола ала ма Бола алмайды 14 жас~а дейінгі к~мелетк

Работа добавлена на сайт samzan.net:


«Сервитут» сатып алу-сатудың немесе кепілдің дербес пәні бола ала ма Бола алмайды

14 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар жеке дара қандай әрекеттерді жасауға құқылы өздеріне қатысты ұсақ тұрмыстық мәмлелерді жасауға

14 жастан 18 жасқа дейін кәмелетке толмағандар жасаған мәмілесі Ата-анасының келісімі қажет жағдайда ата-анасының келісімісіз жасалса жарамсыз болып танылады

14 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың жасаған мәмілесін жарамсыз деп тану туралы сотқа жүгіне алады Ата-аналары, асырап алушылар немесе қамқоршылар

14 пен 18 жастағы кәмелетке толмағандардың жеке-дара қандай әрекеттерді жасауға құқықтары бар Жеке жалақысына, стипендиясының, өзге табыстарына және олармен қалыптасқан интеллектуалдық меншік объектілеріне билік ету, сондай-ақ тұрмыстық мәмлелерді жасауға

Адал ниетті иеленушіден мүлікті талап ету мүмкін бе Ерекше жағдайларда

Азамат өз еркімен мына төменгілердің ішінен қандай құқықтарды қабылдайды және міндеттерді жүзеге асырады Фамилиясы мен есімін, сондай-ақ өз еркі бойынша тегін

Азаматтардың әрекет қабілеттілігі - бұл: азаматтың өз әрекеттерімен азаматтық құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға, өзі үшін азаматтық міндеттер жасап, оларды орындауға қабілеттілігі;

Азаматтардың әрекет қабілеттілігі деп нені түсінеміз Қатынас субъектісінің әрекеттері негізінде азаматтық құқықтарды қабылдау және жүзеге асыру, сол арқылы азаматтық міндеттерді туғызу және оларды атқару қабылеттілігі

Азаматтардың құқық қабілеттігі деп нені танимыз Азаматтық құқықтарға ие болу және міндеттерді атқару қабылеттілігі

Азаматтардың құқық қабілеттілігінің пайда болу сәті деп Туған сәтінен бастап

Азаматты әрекет қабілетсіз деп қандай орган тани алады Тек қана сот

Азаматты әрекет қабілетсіз деп тану кезінде не тағайындалады Қамқоршылық

Азаматты өлді деп жариялауға мыналардың қандай негізі заңды Егер оның тұрған жерінде ол туралы хабар 3 жылдың ішінде жоқ болса

Азаматтық әрекет қабілеттілігі толық көлемде пайда болады: кәмелетке толғанда (18 жасқа) толғаннан кейін;

Азаматтық заң бойынша жеке тұлға бұл ҚР азаматтары, басқа мемлекеттердің азаматтары, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар

Азаматтық заңдылық бойынша заңды тұлғаның түрлері Коммерциялық және коммерциялық емес

Азаматтық кодекске сәйкес азаматтық зандардың ұқсастығына қарай қолданылуы -ол: ұқсас қатынастарды реттейтін азаматтық заң қалыптарын қолдану;

Азаматтық құқық қағидалары-бұл Қоғамдық қатынастарды реттейтін азаматтық құқықтың негізгі бастаулары

Азаматтық құқықтық қатынастардың мазмұнын не құрайды: азаматтық құқықтық, қатынастарға қатысушылардың субъективтік құқықтары мен субъективтік міндеттері;

Азаматтық құқықтық қатынастардың пайда болу негіздері Азаматтық мәмілелерді жасаудың ерекше шарттары

Азаматтық құқықтың объектілері болып Мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен құндылықтар

Азаматтың меншігіндегі обьектілердің саны шектеулі ме Жоқ, шектелмеген

Азаматтың тұрғылықты жері- бұл: азаматтың тұрақты немесе көбінесе тұратын мекен- жайы;

Айналымдағы тауарларды кепілге салу: тауарлар кепілін берушіде қалдыру және кепіл берушіге салынған мүліктің құрамы мен нақты түрін өзгерту құқығын бере отырып;

Акция деп Өз ұстаушысының АҚ пайдасының бір бөлігін дивиденттер түрінде алуына, АҚ істерін басқаруға қатысуға және ол таратылғаннан кейін қалған мүліктің бір бөлігіне құқықты куәлендіретін бағалы қағаз

АҚ жоғарғы органы болып Акционерлердің жалпы жиналысы

Ақша қаражаттарын және құнды мүлікті беруге немесе алуға сенімхат қол қойылуы керек Заңды тұлғаның басшысы және бас бухгалтермен

Алынбаған пайда деп түсінеміз: несие берушінің құқы бұзылмаған жағдайда зат айналымы нәтижесінде алынуы тиіс табыстарды;

Анық кепіл: кепіл туралы белгісі бар кепіл берушінің иеленуіне қалдырылған кепіл;

Анықтама «Азаматтық құқықтар мен міндеттерді бекітуге, өзгертуге, тоқтатуға бағытталған азаматтар мен заңды тұлғалардың іс-әрекеттері» ұғымы қайсысына жатады Мәміле

Ассоциация - ол: қоғамдық бірлестік.

Әрбір меншік иесінің ортақ меншіктегі үлесі анықталмаған мүлкі қалай аталады Бірлескен меншік

Әрекет қабілеттілігі шектелген азаматқа Қамқоршылық

Бағалы қағаз түрлері Облигация, коносамент,акция және өзге де заң бағалы қағаз деп таныған құжаттар

Бағалы қағаз, бұл Белгіленген нысан мен реквизиттерді сақтай отырып, жүзеге асырылуы тек оны көрсеткенде ғана мүмкін болатын мүліктік құқықтарды куәліндіретін құжат

Банкрот деп нені танимыз Борышқордың сот шешімімен дәрменсіз деп тану

Басқаның жер учаскесін шектеулі пайдалану құқығы қалай аталады Сервитут

Борышқордың төлем қабілетсіздігі деп Борышқордың кредиторлардың талабын қанағаттандыра алмауы, шарт негізінде жұмыс істейтін тұлғалардың жалақысына есеп айырыса алмауы, сонымен қатар бюджетке төленетін міндетті төлемдер мен бюджеттік емес қорларды қамтамасыз ете алмауы

Виндикацияға құқық кімге тиесілі Мүлік иесіне

Егер сенімхатта қолдану мерзімі көрсетілмесе: ол 1 жылға берілген болып танылады;

Егер сенімхатта мерзімі көрсетілмесе, қанша мерзімге әрекет етеді Жасаған күнен бастап бір жыл ішінде

Жай серіктестік туралы шарт деген бұл: шарт, ол бойынша екі немесе одан да көп тұлғалар /серіктер/ заңды тұлға құрмай-ақ пайда табу мақсатында немесе заңға қайшы келмейтін өзге де мақсаттарға жету үшін өздерінің салымдарын біріктіріп және бірлесіп әрекет жасау туралы келісім;

Жалған мәмле деп Заңдық салдар туғызу ниетін көздемей, тек көз алдау үшін

Жалған мәмілелер - бұл мәмілелер жасалған: заңдық салдар туғызу ниетін көздемей, тек көзалдау үшін;

Жалпы ереже бойынша азаматтық заң актілерінің: кері күші болмайды және ол күшінен енгізілгеннен кейін пайда болған қатынастарға ғана қолданылады;

Жалпы ереже бойынша ерлі -зайыптылардың ортақ бірлескен меншігі - бұл мүлік: ерлі - зайыптылардың некеде тұрған кезде жиналған;

Жалпы ереже бойынша заңды тұлғаның құрылтай құжаттары болып табылады: Жарғы, не құрылтай шарты мен Жарғы;

Жаңа затқа меншік құқығы тиесілі: егерде занда немесе шартта өзгеше белгіленбесе, затты дайындаған немесе жасаған тұлғаға;

Жасаған қылмысы немесе өзге де құқық бұзғаны үшін санкция түрінде сот тәртібімен меншік иесінен тегін алынуы мүмкін мүлік қалай аталады Тәркілеу

Жер учаскесі басқа тұлғаға өткен жағдайда сервитут құқығы сақталады ма Сервитут сақталады

Жер учаскесін мақсаты бойынша қандай мерзім ішінде пайдалануы қажет 3 жыл

Жер учаскесін тұрақты пайдалануға берілген тұлға меншік иесі бола алады ма Жоқ, ол пайдаланушы

Жер учаскесінде құрылысты кім сала алады Меншік иесі

ЖШС жарғылық капиталының мөлшері 100 айлық есептік көрсеткіштің

ЖШС шаруашылық субъектілердің қандай түріне өзгеруі мүмкін Акционерлік қоғам және өндірістік кооператив

Жылжымайтын мүлікке меншік құқығы иелену көнелігіне сәйкес пайда болады: 15 жылда;

Занды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді жүргізеді: әділет органдары;

Занды тұлғаның орналасқан жері болып мынау келеді: пошталық толық мекен- жай және банк реквизиттері.

Заңды тұлға әрекетінің тоқтатылу жолдары Тарату және қайта құру

Заңды тұлға деп Меншік құқығының шаруашылық жүргізудің немесе оралымды басқарудың негізінде оқшау мүлкі бар және бұл мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерге иеленіп және жүзеге асырып, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым

Заңды тұлғаларды тіркеуді қандай орган жүзеге асырады Әділет министрлігі мен жергілікті әділет басқармасы

Заңды тұлғаны қайта құру жолдары Қосу, біріктіру, бөлу, бөліп шығару, өзгерту

Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігінің тоқталу кезі деп Заңды тұлғаның жойылғаны туралы ресми мәліметтерді мемлекеттік реестрге енгізу сәті

Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігінің түрі Арнайы және әмбебап құқық қабілеттілігі

Заңды тұлғаның оралымды басқару құқығына негізделген затты Меншік иесінің келісімімен сыйға тарта алады

Заңды тұлғаның өкілдігі деп Заңды тұлғаның тұрған жерінен тыс орналасқан және оның мүдделерін қорғау мен өкілдігін жүзеге асыратын, оның мәмлелер мен өзге құқықтық әрекеттерді жасайтын оқшау бөлімшесі

Заңды тұлғаның тұрған жері деп Оның тұрақты жұмыс істейтін органы тұрған жері

Заңды тұлғаның филиалы болып Заңды тұлғаның тұрған жерінен тыс орналасқан және оның міндеттерінің бәрін немесе бір бөлігін, соның ішінде өкілдік міндетін жүзеге асырушы оқшау бөлімшесі

Заңдық фактілер сипатына байланысты бөлінеді Оқиға және іс-әрекет

Иелену көнелігіне сәйкес жылжыйтын мүлікке меншік құқығы пайда болады: 5 жылда.

Иелену мерзімі - ол меншік құқығына: иелену көнелігіне (ескілігіне) сәйкес ие болу;

Иелену мерзімі-бұл Ұзақ уақыт бойы адал иеленген затқа меншік құқығын иелену

Иелену мерзімінің мерзімі Қозғалмайтын мүлікке 15жыл, басқаларына-5жыл

Ипотека - бұл: кепілге салынған мүлік кепіл салушының иелігіне және пайдалауында қалатын кепіл түрі;

Кәсіпкерлер шарт жасасқан кезде олардың атынан үнемі және дербес өкілдік    етуші адам (коммерциялық өкіл) қандай құжат негізінде әрекет жасайды: жазбаша шарт пен сенімхат негізінде;

Кәсіпорын азаматтық құқықтың объектісі ретінде Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін пайдаланылатын мүліктік кешен

Келесі анықтама қай ұғымды білдіреді «мүлікті иелену, пайдалану және билік ету өкілеттігін жүзеге асыруда кедергілерді жою туралы үшінші тұлғаға, меншік иесінің затын иеленушінің шарттан тыс талабы» Негаторлық талап

Келесі анықтама қандай ұғымға қатысты «жерге көмілген немесе басқа әдіспен жасырылған, меншік иесін анықтау мүмкін болмайтын не заңдарға сәйкес оларға құқығынан айрылған ақша немесе өзге де бағалы заттар» Көмбе

Кепіл мәні бола алады кез - келген мүлік, заң актілерінде көзделгендерді қоспағанда;

Кепілзат - бұл: кепілге салынған мүлікті кепіл беруші кепіл ұстаушының иелігіне беретін кепіл түрі;

Кепілпұл - бұл: уағдаласушы тараптардың біреуінің шарт бойынша өзінен алынатын төлемнің есебінен екінші тарапқа және шарт жасау мен орындауды қамтамасыз етуге берілетін ақшалай сома;

Коммерциялық заңды тұлға қандай нысанда құрылады Мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серіктестік, өндірістік кооператив, АҚ

Консенсуалды шарт - бұл: шартты жасасу үшін оның жасауы туралы келісім бар болуы жеткілікті деп табылатын шарт;

Көмбеге меншік құқығы кімге тиесілі Көмбені тапқан адамға 50% құны төлене отырып мемлекеттің меншігіне өтеді

Көпшілік қолды жерлерден жинау не аулау заттарына меншік құқығы кімге тиесілі Жинауды және аулауды жүзеге асырған адамға

Көрсетілгендердің қайсысы меншік құқығының тоқтатылуына алып келеді Сыйға тарту

Кіріптар мәмле деп Тиімсіз, ауыр мән-жай салдарына қарамастан жасауға мәжбүр болған мәмлелер

Кіріптар мәміле деп танылады, егер мәміле: ауыр мән- жайларға байланысты жасауға мәжбүр болған жағдайларда жасалса;

Қазыналық деп танылады Оралымды басқару құқығында мемлекеттік мүлікті иеленуші, мемлекеттік кәсіпорын

Қай кезде адамды әрекет қабілетсіз деп тануға болады Психикалық аурудың немесе кемақылдығының нәтижесінде азаматтың өз әрекеттерінің мәнін ұғынбай, оларды басқара алмауы

Қайта құрылған заңды тұлғаның мүліктік құқытарымен міндеттері жаңадан пайда болған заңды тұлғаға біріктірілген кезде қалай ауысады Өткізу актісі мен бөлу балансына сәйкес

Қандай жағдайда азаматтың әрекет қабілеттілігі шектелуі мүмкін Есірткі заттарын, спирттік ішімдіктерді тұтынып, егер бұл әрекеті оның отбасын ауыр материалдық жағдайға ұшыратса

Қандай жағдайлардың негізінде азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тануға болады Егер оның тұрған жерінде ол туралы хабар 1 жылдың ішінде жоқ болса

Қандай мәмілелер мемлекеттік тіркеуге жатады Жермен және өзге де қозғалмайтын мүлікпен жасалған мәміле

Қандай мерзім ішінде мемлекеттік қажеттілік үшін учаскені алатыны жөнінде жер учаскесінің меншік иесін хабарландырады 1 жыл бұрын кешіктірмей

Қандай сенімхатты нотариат куәландыруға тиіс? егер заң құжаттарында өзгеше белгіленбесе мүлікке билік жасауға және нотариаттың куәлендіруін талап ететін мәмілелер жасауға берілетін     сенімхатты;

Қоғам мүддесі үшін мемлекеттік органдар шешімі бойынша заң құжаттарында белгіленген тәртіп пен жағдайларда меншік иесінен оған мүліктің құны төлене отырып алып қойылу қалай аталады Реквизиция

ҚР- сы Азаматтық кодексі (жалпы бөлім) қабылданды: 27 желтоқсан 1994 жылы;

Қулықпен жасалған мәмле деп Екінші бір мәмлені жасыру мақсатында

Қулықпен жасалған мәміле болып табылады, егер мәміле: егер мәміле екінші бір мәмлені бүркемелеу мақсатында жасалса;

Құны 100 айлық есептік көрсеткіштен асатын мәмленің жасалуы нысаны Жазбаша

Мәмле қандай нысанда жасалады Ауызша және жазбаша

Мәмленің нотариалды жазбаша түрін сақтамаудың салдары Жарамсыз болуын

Мәміле жарамсыз деп танылғанда қылмыстық ой болмаған жағдайда: тараптардың әрқайсысы екінші тарапқа мәміле бойынша алынғанның бәрін қайтарып беруге міндетті;

Мәміле жарамсыз деп танылуы мүмкін: мүдделі адамдардың, мемлекеттік органның не прокурордың талабы     бойынша.

Мәміле жасауға уәкілдік берілмеген адамның басқа адам атынан немесе өкілеттілігін асыра пайдаланып жасалған мәмілесі: өкілдік беруші осы мәмілені кейіннен мақұлдаған ретте ғана ол үшін       азаматтық құқықтар мен міндеттерді туғызады, өзгертеді және тоқтатады;

Мәміле кейінге қалдырылатын шартпен жасалады деп есептеледі, егер тараптар: құқықтар мен міндеттердің туындауын басталу-басталмауы белгісіз мән-жайға байланысты етіп қойса;

Мәмілелер жазбаша түрде жасалуға тиіс: мәмілелердің жасау кезінің өзінде орындалатындарынан басқа, 100 есептік көрсеткіштен жоғары сомаға.

Мәмілелер жасалады Ауызша немесе жазбаша нысанда

Мәмілелерді тіркеуден бас тарту: жазбаша түрде рәсімделуге тиіс және заң талаптарының бұзылуына сілтеме жасалғаңда ғана мүмкін болады;

Мәмілені жарамсыз деп тану негіздері былай анықталады: сотпен;

Мәмілені жасауға өкілетті тұлға сенімхатта көрсетілген өкілеттіктің шегінен шыға алады ма Егер мәміле тараптардың жағдайын нашарлатпаса

Мәміленің жай жазбаша түрін сақтамау: оның жарамсыз болып қалуына әкеліп соқтырмайды, бірақ, дау туған жағдайда тараптарды мәміленің жасалғанын, мазмұнын немесе орындалуын куәгерлік айғақтармен растау құқығынан айырады;

Мәміленің жай жазбаша түрінің сақталмауы оның жарамсыздығына алып келеді Заңда тікелей көрсетілген немесе тараптардың келісімімен, сыртқы экономикалық мәмілелер

Мәміленің нотариалдық нысанын сақтамау салдары Мәміле жарамсыз болып танылады

Мәміленің түсінігі Азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтар мен міндеттерді қалыптасыруға, өзгертуге және тоқтатуға бағытталған әрекеттері

Мекеме - ол: басқару, әлеуметтік- мәдени немесе өзге де коммерциялык емес сипаттағы қызметтерді жүзеге асыру үшін меншік иесі құрған және қаржыландыратын ұйым;

Мемлекеттік кәсіпорындарға Шаруашылық жүргізу құқы және оралымды басқару құқы негізінде

Мемлекеттік қажеттіліктер үшін меншік иесінің жер учаскесін қандай жолмен алып қояды Сатып алу жолымен

Меншік иесі жоқ зат қалай аталады Иесіз

Меншік құқығында меншік иелерінің әрқайсысының үлесі анықталған ортақ меншіктегі мүлік Үлестік меншік

Меншік құқығының мазмұны нені құрайды Өз мүлкіне иелену, пайдалану және билік ету құқығы жатады

Нақты шарт - бұл: мүлікті беру кезінен жасалды деп табылатын шарт;

Нақты шығын деп нені түсінеміз: несие берушінің құқығы бұзылуына байланысты барлық шығындардың жиынтығын;

Неке кезінде ерлі-зайыптылардың бірі сыйға немесе мұрагерлік тәртіппен алған мүлкі меншік болып табылады ма Сыйға немесе мұраға алған зайыбының ғана меншігі

Он төрт жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар өз бетінше құқылы: тұрмыстық ұсақ мәмілелерді жасауға;

Он төрт жасқа толмаған азаматтардың тұрғылықты жері деп танылады: олардың ата- аналарының, асырап алушыларының немесе қорғаншыларының түрғылықты жері;

Ортақ зардап келтірген тұлғалар Ынтымақтаса жауап береді

Өз бетімен құрлысты жүзеге асырған тұлға, қандай құқықтарды иеленеді Ешқандай құқықтарды иеленбейді

Өлді деп жарияланған адамның мүлкі кімге өтеді Мұрагерлерге

Өлді деп жарияланған тұлғаның өлу күнін анықтаңыз Соттың оны өлді деп жариялауы туралы шешімнің заңды күшіне ену күні

Өндірістік кооператив - ол: азаматтардың бірлескен кәсіпкерлік қызмет үшін мүшелік негізде, олардың өз еңбегімен қатысуына және өндірістік кооператив мүшелерінің мүліктік жарналарын біріктіруіне негізделген ерікті бірлестігі;

Өндірістік кооператив, бұл Азаматтардың бірлескен кәсіпкерлік қызмет үшін мүшелік негізде, олардың өз еңбегімен қатысуына және өндірістік кооператив мүшелерінің мүлікті жарналарын біріктіруіне негізделген ерікті бірлестік

Сенім ауыстыру жөнінде берілген сенімхаттың қолданылу мерзімі аспауы керек: Негізге алынып берілген алғашқы сенімхаттың қолдану мерзімінен;

Сенімхат берілген тұлға одан бас тарта алады ма Бас тарта алады

Сенімхат қандай мерзімге беріледі: 3 жыл, егер заңды актілермен өзгеше белгіленбесе;

Сенімхат қандай мерзімге берілуі мүмкін 3 жылдан көп емес

Сенімхат-бұл Белгілі бір әрекеттерді жасауға жазбаша өкілдігі

Сервитут қандай мақсатпен бекітіледі Көрші жер учаскесі арқылы өтуді қамтамасыз ету үшін

Сот талап қою мерзімін қандай уақытта қолдана алады? шешім шығарғанға дейін;

Сізге меншіктің қандай нысандары белгілі Жеке, мемлекеттік

Талап қою мерзімі қолданылмайды Банктік салымшылардың салымын беру жөніндегі талаптарына

Талап қою мерзімінің өтуі талаптан бас тарту негізі бола алады ма Иә

Талап қоюдың жалпы мерзімі 3жыл

Талап қоюдың жалпы мерзімі: 3 жыл;

Талап мерзімі-бұл мерзім Бұзылған құқықтарды қорғау үшін

Талап мерзімінің өтуі Өзінің құқықтарының бұзылуы жөнінді білген немесе білуі тиіс болатын күннен бастап

Толық көлемдегі азаматтық әрекет қабілеттілік қандай жастан бастап пайда болады 18

Толық серіктестік деп Серіктестіктің мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда қатысушылары серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлкімен ортақ жауапкершілікте болатын серіктестік

Толық серіктестіктің қатысушысы болуы мүмкін тек азаматтар;

Тұрғын үйдің меншік иесі оны сатуға, сыйға тартуға, жалға беруге, өсиет етуге құқығы бар ма Өз қалауы бойынша билік ете алады

Үзілістен кейін талап қою мерзімінің өтуі; егер үзіліс 6 айдан аспаса, кайдан басталады;

Үлестік меншік қатысушысы ортақ мүліктен өз үлесін бөлуді талап етуге құқылы ма Құқығы бар

Үлестік меншік қатысушысының үлесін заттай бөлудің орнына компенсация төлеуге жол беріледі ме Жол беріледі, егер үлесін заттай түрде бөлу мүмкін болмаса

Үлестік меншіктің қалған қатысушылары сатылатын үлесті сатып алуда артықшылық құқықты қолданады ма Міндетті тәртіпте қолданады

Үлестік немесе бірлескен меншікте несие беруші қатысушы, өндіріп алу үшін ортақ мүліктен борышқордың үлесін бөлу туралы талап қоюға құқылы ма Құқылы

Шарт бұл: екі немесе одан да көп адамдардың азаматтық құқықтармен міндеттемелерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісім;

Шарт дегеніміз бұл екі немесе оданда көп тараптардың азаматтық құқықтар мен міндеттерді тоқтату, өзгерту немесе бекітуге бағытталған келісімі

Шарт жасасуға ұсыныс жасау қалай аталады Оферта

Шарттың ережелері не арқылы белгіленеді шарттың ережелері заңмен көзделмеген кезде, тараптардың келісімімен;

Шаруашылық жүргізу құқығына негізделген кәсіпорынның құрылтай құжаты болып Құрылтайшы бекіткен жарғы

Шаруашылық серіктестігінің жоғарғы органы болып Қатысушылардың жалпы жиналысы

Шаруашылық серіктестік - бұл: жарғылық капиталы құрылтайшыларымен (қатысушылар) үлеске (салым) бөлінген коммерциялық ұйым;

Шаруашылық серіктестік деп Жарғылық қоры құрылтайшылардың үлесіне бөлінген коммерциялық ұйым

Шаруашылық серіктестік қандай нысанда құрылады Толық, сенім серіктестігі, ЖШС, ҚЖБС

Шығынды толығымен өтеу қағидасы нені білдіреді: несие берушіге келтірілген нақты шығынды қоса алынбаған пайда қоса өтеуді;




1. варианта на которой хотелось бы сидеть Парта и ряд три варианта на которой не хотелось бы сидеть
2. В Архипов АВ Илюхин В
3. Стратегия инноваций и технологий как часть стратегии бизнеса
4. Введение Производственная и социальная инфраструктура
5. Санкции в налоговом праве
6. Производители заинтересованы в усилении воздействия на потребителя повешении эффективности контактов по
7. Формы привлечения денежных средств от юридических лиц- состояние и тенденции развития
8. ТЕОРИЯ ФИЗИЧЕСКОЙ КУЛЬТУРЫ И СПОРТА
9. Київ 26.02.2014 99
10. счетной палаты Москвы Необходимо звено государственного финансового контроля независимое и равноуд
11. Экономикалы~ теория негіздері п~нінен емтихан с~ра~тары
12. Процесс доказывания при помощи косвенных доказательств
13. Реферат- Зенитный ракетно-пушечный комплекс 2К22 ТУНГУСКА
14. Из истории морских походов в VII-XII вв
15. ЗАДАНИЕ 21 ОФОРМЛЕНИЕ АБЗАЦЕВ ОТСТУПЫ И ВЫРАВНИВАНИЕ
16. А. БЛОКА О я хочу безумно жить- Все сущее увековечить Безличное очеловечить Несбывшееся воп
17. Оцінка ефективності інноваційної діяльності підприємства
18. РОССИЙСКИЕ ЖЕЛЕЗНЫЕ ДОРОГИ
19. Обработка почвы
20. а перевод осуществляется за счет средств плательщика