Келісемін Б
Работа добавлена на сайт samzan.net:
Поможем написать учебную работу
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Предоплата всего
от 25%
Подписываем
договор
С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА
ҚАЛЫПТЫ АНАТОМИЯ КАФЕДРАСЫ
ЕМТИХАН СҰРАҚТАРЫ
«Келісемін» «Бекітемін»
ББК төрағасы Негізгі пәндер департаментінің директоры
проф. __________ Юй Р.И. доц. ____________ Юсупов Р.Р.
Қалыпты анатомия пәні бойынша «Жалпы медицина» факультетінің ІІ курс студенттеріне арналған емтиханның ІІ-кезеңінің сұрақтары
Остеология және артрология
- Омыртқаларды көрсету, кеуде омыртқаларының құрылымдық ерекшеліктері
- Мойын омыртқаларына тән анатомиялық құрылымдар, олардың басқа омыртқалардан ерекшеліктері
- Кеуде омыртқаларының мойын омыртқаларынан айырмашылықтарын көрсетіңіз
- Сегізкөздің алдыңғы, артқы беттерін көрсетіңіз
- Жауырынды көрсетіңіз, оның құрылымы
- Қабырғаларды, төсті көрсетіңіз, олардың құрылымдары
- Қол сүйектерін көрсетіңіз, олардың негізгі құрылымдары, құрылысы.
- І, ХІ,ХІІ қабырғаларды көрсетіңіз
- Иық белдеуі сүйектерін көрсетіңіз, олардың құрылымының негізгі элементтері
- Білек сүйектерін көрсетіңіз, оң және сол сүйектерді анықтау
- Білезік сүйектерін көрсетіңіз(бірінші екінші қатардағы сүйектер)
- Мисауыт (милық бассүйек) сүйектерін көрсетіңіз
- Маңдай сүйекті көрсетіңіз, оның бөлімдері
- Шеке сүйекті көрсетіңіз, оң және сол сүйектерді анықтаңыз
- Шүйде сүйегінің құрылымын көрсетіңіз
- Бассүйектің күмбезін құрайтын сүйектерді көрсетіңіз
- Сынатәрізді сүйекті, оның тесіктерін көрсетіңіз
- Самай сүйек өзектерін (бет, ұйқы, бұлшықет-түтіктік) көрсетіңіз
- Жоғарғы жақсүйектің құрылымын көрсетіңіз
- Төменгі жақсүйектің құрылымдарын көрсетіңіз
- Қанат-таңдай шұңқырын көрсетіңіз
- Көзұяның қабырғаларын көрсетіңіз
- Муляждан мұрынның жоғарғы, ортаңғы, төменгі жолдарын көрсетіңіз
- Омыртқа бағанасын, оның физиологиялық иілімдерін көрсетіңіз.
- Иық буынын көрсетіңіз, оның құрылымдық элементтері. Шынтақ буынын көрсетіңіз, оның құрылымдық элементтері
- І және ІІ мойын омыртқаларының қосылыстарын көрсетіңіз
- Бассүйек сүйектерінің қосылыстарын және үлкен, кіші еңбектерді көрсетіңіз.
- Иық буынын көрсетіңіз.
- Қабырғалардың төспен қосылысы.Кеуде торы.Жоғарғы және төменгі тесіктерін көрсету.
- Шынтақ буынын, оның байламдарын көрсетіңіз.
- Кәрі жілік білезік буыны, қол ұшы сүйектерінің қосылыстары.
- Муляжда шайнау бұлшықеттерін көрсетіңіз.
- Муляжда мимикалық бұлшықеттерді көрсетіңіз.
- Муляжда тіластылық сүйектен жоғары орналасқан бұлшықеттерді көрсетіңіз.
- Муляжда тіластылық сүйектен төмен орналасқан бұлшықеттерді көрсетіңіз.
- Муляжда мойынның терең бұлшықеттерін көрсетіңіз.
- Муляжда және препараттарда кеуденің терең және беткей бұлшықеттерін көрсетіңіз.
- Арқаның бұлшықеттерін көрсетіңіз.
- Көкеттің бөліктерін көрсетіңіз.
- Іш бұлшықеттерінің бүйірлік тобын көрсетіңіз.
- Іштің ақ сызығын көрсетіңіз.
- Іштің тік бұлшықеті қынабын көрсетіңіз.
- Шап өзегінің беткей және терең қабырғаларын көрсетіңіз.
- Қол белдеуінің бұлшықеттерін көрсетіңіз.
- Білектің бұлшықеттерінің алдыңғы тобын көрсетіңіз.
- Білектің бұлшықеттерінің артқы тобын көрсетіңіз.
- Жамбас бұлшықеттерінің сыртқы тобын көрсетіңіз.
- Жамбас бұлшықеттерінің ішкі тобын көрсетіңіз.
- . Санның бұлшықеттереінің алдыңғы тобын көрсетіңіз.
- Санның бұлшықеттерінің медиалды тобын көрсетіңіз.
- Санның бұлшықеттерінің артқы тобын көрсетіңіз.
- Тамырлық және бұлшықеттік тесіктерді көрсетіңіз.
- . Әкелетін өзектің қабырғаларын көрсетіңіз
- Сирақтың бұлшықеттерінің алдыңғы және латералді тобын көрсетіңіз
- Сирақтың бұлшықеттерінің артқы тобын көрсетіңіз
- Сегізкөз-мықын буынын, оның байламдарын көрсетіңіз
- Ұршық буынын және буыннан тыс байламдарды көрсетіңіз
- Тізе буынын, оның байламдарын көрсетіңіз
- Тақым шұңқырын көрсетіңіз
- Сирақ-асық буынын, оның байламдарын көрсетіңіз
- Ауыз қуысын, оның бөлімдерін, тілді, аңқаны, оның шекараларын көрсетіңіз
- Бастың сагитталді кесіндісінде жұтқыншақты, жұтқыншақ бөлімдерін, лимфоэпителилік сақинаны көрсетіңіз
- Препараттар мен муляждарда өңешті, оның тарылған жерлерін көрсетіңіз
- Асқазанды, оның бөлімдерін, қабырғаларын, кіші және үлкен иінін көрсетіңіз
- Препараттарда жіңішке ішекті, оның құрылымдық ерекшеліктерін көрсетіңіз
- Препараттарда, муляждарда тоқ ішектің бөлімдерін, оның жіңішке ішектен айырмашылықтарын көрсетіңіз
- Тік ішектің құрылымдық ерекшеліктерін көрсетіңіз
- Ішастардың париеталді және висцералді жапырақшаларын көрсетіңіз
- Бауырды, оның беттерін, үлестерін, өтқуықты, бауыр үштігін (жалпы өт түтігі, қақпалық вена, бауырдың меншікті артериясын) көрсетіңіз
- Ұйқы безін, оның бөлімдерін көрсетіңіз
- Тыныс алу ағзаларын көрсетіңіз
- Мұрын қуысының қабырғаларын, мұрын жолдарын көрсетіңіз
- Препараттар мен муляждарда көмей қуысын, бөлімдерін көрсетіңіз
- Препараттар мен муляждарда кеңірдекті, басты бронхтарды, үлестік, сегменттік бронхтарды көрсетіңіз
- Препараттар мен муляждарда өкпені, оның беттерін, қақпасын, өкпе түбірінің элементтерін көрсетіңіз
- Муляждарда оң өкпенің сегменттерін көрсетіңіз
- Муляждарда сол өкпенің сегменттерін көрсетіңіз
- Кішкене «cadaver»-ден париеталді және висцералді өкпеқапты, оның қойнауларын көрсетіңіз
- .Бүйректі, оның сыртқы құрылымын көрсетіңіз
- Кесілген бүйректен құрылымдық бөліктерін көрсетіңіз
- Бүйректің экскреттік ағашын (кіші және үлкен тостағаншалары, бүйрек түбегі) көрсетіңіз
- Несепағарды, несепқуықты көрсетіңіз
- Кіші қанайналым шеңбері қандай тамырдан басталатынын көрсетіңіз
- Жүректің қабырғасының қабаттарын көрсетіңіз
- Жүректің жармалы қақпақтарын көрсетіңіз
- Оң жақ жүрекшеге қандай веналар құятынын көрсетіңіз
- Сол жақ қарыншадан қандай тамыр шығатынын көрсетіңіз
- Қолқаның айырығын көрсетіңіз
- Жоғарғы қуыс венаның қай веналардың қосылуынан түзілуін көрсетіңіз
- Сан артериясын көрсетіңіз
- Оң жақ жалпы ұйқы артериясының басталатын жерін көрсетіңіз
- Жүректің митралдық қақпағын көрсетіңіз
- Қолқа доғасының тармақтарын көрсетіңіз
- Қақпа венасын, оның құйылыстарын көрсетіңіз
- Қолдың медиалды теріастылық венасын көрсетіңіз
- Қолдың латералды теріастылық венасын көрсетіңіз
- Оң жақ жүрекшеге құятын қан тамырларды көрсетіңіз
- Жүректің бүртікті бұлшықеттерін көрсетіңіз
- Қолқа доғасынан кететін қан тамырларды көрсетіңіз
- Сол жақ жалпы ұйқы артериясының басталатын жерін көрсетіңіз
- Қолтық артериясын көрсетіңіз
- Алақанның беткей доғасын көрсетіңіз
- Құрсақ сабауын, оның тармақтарын көрсетіңіз
- Жүректің беттерін көрсетіңіз
- Жүректің сопақша шұңқырын көрсетіңіз
- Оң жақ қарыншаның тесіктерін көрсетіңіз
- Сол жақ қарыншаның тесіктерін көрсетіңіз
- Жүректің бөлімдерін көрсетіңіз
- Жүрек қабырғаларының қабаттарын көрсетіңіз
- Иық артериясын көрсетіңіз
- Шынтақ артериясын көрсетіңіз
- Қәрі жілік артериясын көрсетіңіз
- Төменгі қуыс венаның құйылыстарын көрсетіңіз
- Төменгі қуыс вена қандай веналардың қосылуынан түзілетінін көрсетіңіз
Шеткі нерв жүйесі
- III, IV, VI жұп бассүйек нервтерінің мидан және бассүйектен шығатын жерлерін және олар нервтендіретін көз бұлшықеттерін көрсетіңіз.
- V жұп бассүйек нервінің мидан және бассүйектен шығатын жерін, бассүйектен І, ІІ, ІІІ тармақтарының өтетін жерлерін көрсетіңіз.
- V жұп бассүйек нервінің мидан және бассүйектен шығатын жерін көрсетіңіз.
- VІІ жұп бассүйек нервінің мидан және бассүйектен шығатын жерін көрсетіңіз.
- IX жұп бассүйек нервінің мидан және бассүйектен шығатын жерін көрсетіңіз.
- Х жұп бассүйек нервінің мидан және бассүйектен шығатын жерін көрсетіңіз.
- ХІ жұп бассүйек нервінің мидан және бассүйектен шығатын жерін көрсетіңіз.
- ХІІ жұп бассүйек нервінің мидан және бассүйектен шығатын жерін көрсетіңіз.
- Иық өрімінің ұзын тармақтарын көрсетіңіз
- Сан нервінің жүру жолын, нервтендіру аймағын көрсетіңіз
- Сегізкөз өрімінің қысқа тармақтарын көрсетіңіз
- Сегізкөз өрімінің ұзын тармақтарын көрсетіңіз
- Сопақша миды көрсетіңіз
- Ортаңғы миды көрсетіңіз
- Таламус асты аймағының құрылымдарын көрсетіңіз
- Бүйір қарыншаларды, үшінші қарыншаны, төртінші қарыншаны, сильвиев суқұбырын көрсетіңіз
Кафедра мәжілісінде талқыланып, бекітілген Хаттама № ______________2011 ж.
Кафедра меңгерушісі, профессор Досаев Т.М.