Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

Информатика п~нін о~ытуды~ алатын орны ерекше

Работа добавлена на сайт samzan.net:

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 9.11.2024

КІРІСПЕ

Өзектілігі. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің стратегиялық мақсаты – жоғары білімді, бәсекелесуге қабілетті шығармашылық тұлғаның қалыптасуына қажетті оң жағдайларды жасау. Қазіргі орта мектепте оқытудың белгілі бір әдістемелік дәстүрлері қалыптасуына қарамастан, оқытудың жаңаша әдістерін іздестіру, оқушылардың ойлау қабілетін дамыту жолдарын іздестіру әрекеттері жүріп жатыр. Осы орайда, ең алдымен, «Информатика» пәнін оқытудың алатын орны ерекше. Ғылыми – техникалық прогрестің қазіргі заманғы жағдайларға сәйкес дамуы компьютерлендіру жүйесін жасаумен айқын ерекшеленеді. Дербес компьютерді пайдаланушылардың қатарында компьютерлік графикамен айналысатындардың саны күн санап артып келеді. Қазіргі кез келген мекемеде кей уақытта газеттер мен журналдарға жарнамаларға тапсырыс беру немесе жарнамалық парақшалар мен буклеттер басып шығару қажеттілігі туындайды. Кейбіреулер осындай жұмыстарды арнайы дизайнерлік бюролар мен жарнамалық агенттіктерге тапсырса, кейбіреулері қолда бар программалық құралдарды пайдаланып, өз күштерімен жасауға тырысады. Болашақта осындай жұмыстарды өз бетімен жасайтындай тұлғалардың қатарын көбейту үшін информатика пәнін кәсіби бағытта оқыту керек. Оқытудың құрылымы мен мазмұнындағы өзгерістер бүгінгі күннің негізгі проблемасына айналып отыр. Сондықтан мектептерде графикалық редакторының мүмкіндіктерін практикада қолдану барысында объектілерге эффектілер жасап үйрену компьютерлік графиканының алатын орны ерекше. Олай болса, мектеп информатика курсында графикалық редакторларды оқыту әдістемесін жасау бүгінгі таңда өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Мақсаты: Мектеп информатика курсында графикалық редакторларды  оқытудың теориялық аспектілерін қарастыру.

Негізгі міндеттері:

- мектеп информатика курсында графикалық редакторлардың жұмыс жасау технологиясымен танысып, олардың қызметін үйрену;

-  мектеп информатика курсында графикалық редакторды оқытуда теориялық аспектілерін үйрену;

- метеп информатика курсында графикалық редакторларды практикада қолданып оқыту әдітемесін жасау.

- Мектеп информатика курсында графикалық редакторларды оқытудың қажеттілігін қарастыру.

  1.  Компьютерлік графика негіздері

  1.   Компьютерлік графика курсы, оның даму тарихы және негізгі бағыттары

Мәліметтерді компьютер мониторында графикалық түрде беру алғаш рет 50-жылдардың ортасына қарай қолданыла бастады. Содан бері қарай мәліметтерді графикалық түрде  бейнелеу көптеген компьютер жүйелерінің ажырамас бөлігіне айналды.

Компьтерлік графика – программалық есептеу кешенінің көмегімен суреттерді өңдеу, салу тәсілдері мен әдістерін оқытатын информатиканың арнайы саласы болып табылады.

Компьютерлік графика компьютердің басқарумен графикалық ақпаратты енгізу, шығаруды және түрлендіруді қамтамасыз етеді.

1978 жылы компьютерлік графиканы «белгісіз аурудың емі» деп атаса, ал қазірде оны «барлық белгілі аурудың емі» деп қарастырады. Өйткені ол адам мен компьютер арасында үлкен байланыс құруға, сонымен қатар компьютер мен адамды бір тілде, бейне тілінде сөйлесуіне мүмкіндік береді. 1960 жылдардың соңы 1970 жылдардың басында Компьютерлік графика аумағында жаңа фирмалар жұмыс істей бастады. Бұрын тұтынушыларға бір жұмысты жасау үшін жақсы құрылғылар орнатып, оларға сәйкес жаңа программалар жазу керек болса, енді жаңа пакеттер программасы арқылы бейне, сызу және интерфейс құру процесі едәуір түрде жеңілдеді.

1970 жылдардың аяғына қарай Компьютерлік графикада елеулі өзгерістер басталды. Расторлық дисплейлер ойлап шығарылды және олардың мүмкіндіктері жоғары болды, көлемді ақпараттар шығару, тұрақты өшпейтін бейнелер, түстермен жұмыс істеу мүмкіндіктері және арзан мониторлар, сонымен қатар алғаш гамма алу мүмкіндігі туды. 1970 жылдардың соңына қарай расторлық технология кең көлемде қолданыла бастады.

1984 жылы Macintosh қолданушы графикалық интерфейсімен пайда болған дербес компьютерлер машиналық графиканың маңызды бөлігі ретінде дамыды.  

Қазіргі кездегі компьютерлік графиканың негізгі мынандай бағыттарын атап көрсетуге болады: іскерлік графика; инженерлік графика; ғылыми графика; көркем-жарнамалық графика және Web-графика.

Іскерлік графика – компьютерлік графиканың бұл бағыты әр түрлі мекемелердің жұмыстарында қолданылады, көбінесе жоспарды, статистикалық мәліметтерді диаграмма немее график түрінде беруде қолданылады.

Инженерлік графика – жобалау жұмыстарымен айналысатын барлық аумақтарда қолданылады. Қарапайым киім тігу үлгісінен бастап ракета үлгісін жасауға дейін жаңа заманның инженерлік графикасы – сызушының жұмыс орны емес, ол қиын программалық кешен болып табылады.

Ғылыми графика – ол ғылыми зерттеулер нәтижелерін және инженерлік қызметте есептеу нәтижелерін көрнекі түрде көрсету үшін қолданылады.

Көркемдік және жарнамалық графика – баспа басылымдарын безендіруде, хабарламалық роликтерде, фотосуреттерді өңдеуде, мультфильмдер жасауда қолданылады.

Web-графика. Web-беті WWW-да орналастырылған және гипремәтін форматында дайындалған құжат (файл) болып табылады. Олай болса, осы Web-бетінің дизайны мен оны құратын графикалық элементтерді де тиімді пайдалану, графикалық элементтердің көмегімен бетті бөліктерге бөлу, түстік модельдерді тиімді қолдану және тағы да басқа да мселелерді шешеді [1].

Қазіргі танымал программалардың ешқайсысы компьютерлік графикасыз жұмыс істемейді. Статистикаға сүйенсек, жаппай қолданыста  жүрген программаларды жасап шығарушы программистік ұжымның қызметкерлері  өз жұмыстарының 90 % уақытын  осы графикамен шұғылдануға  жұмсайды екен. 

Графикалық программаларды кең көлемде қолдану қажеттілігі Интернеттің және бірінші кезекте миллиондаған интернет парақтарын бір «өрмекпен» байланыстырған  World Wide Web қызметінің  пайда болуынан туындады. Өйткені компьютерлік графикасыз безендірілген web-парақтың бүкіләлемдік желіде басқалардың көзіне түсіп, танымал болуы екіталай [2].  

Барлық заманауи ақпараттық-қатынастық және телекоммуникациялық технологияларды, олардан алынатын ақпаратты, өнімдерді графикалық кескінсіз елестету мүмкін емес. Жалпы, қазіргі кездегі барлық компьютерлік-бағдарламалық орта өзіндік графикалық кескінімен немесе интерфейсімен беріледі, іске асады. Сондықтан да, тек компьютерлік графикалық редакторлар арқылы алынатын өнім ғана емес, жалпы компьютерлік орталардың өзінде де графиканың алатын орны ұшан-теңіз. Ал, компьютерлік графика – дербес компьютерді қолданудағы ең негізгі бағыттардың бірі, сондай-ақ, қазіргі таңдағы білім берудің маңызды компоненті болып табылды. «Компьютерлік графикада (CGcomputer graphics)» компьютер - сурет салу немес модельдеу құралы. Компьютерлік графиканы екі өлшемді, үш өлшемді және инженерлік графика деп үш түрде қарасытыруға болады [3].

1.2 Компьютерлік графикa және ондағы ақпараттың берілуі

Компьютерлік графика – бұл ғылым. 1950 жылы пайда болған компьютерлік графика бір жылдары нақты практикалық қолданылуы жоқ «таза ғылым» ретінде қолданыста болды. Компьютерлік графика барлық ғылыми және инженерлік салаларда ақпаратты қабылдау және жіберу үшін қолданылады. Компьютерлік графиканың соңғы өнімі болып бейне саналады. Бұл бейне әр түрлі сферада қолданылады [4].

Программалық-ақпараттық есептеу кешендерінің көмегімен кескіндерді жасау мен өңдеу әдістері мен құралдарын зерттейтін информатиканың арнайы саласы – компьютерлік графика болып табылады [5].

Компьютерлік графика – бұл құрастырушыға, жобалаушыға және зерттеушілерге арналған жаңа эффектілі техникалық  әдіс. Компьютерлік графика дегенде негізінен компьютердің көмегімен дайындау процесінің автоматтануын, өзгеруі, графикалық ақпараттың сақталуы және орындалуы деп түсінеміз. Графикалық ақпарат есебінде объектілердің модельі және олардың бейнелері көрсетіледі.

«Графика» сөзі грекше grapho (жазамын, сызамын, саламын) деген сөзден шыққан және «сызықпен, штрихпен, нүктелермен бейне» дегенді білдіреді.

Экранда бейнені әр түрлі элементтерден (графикалық примитивтер) құруға болады: символдардан, мысалыға жұздызшалардан және әріптерден – бұл символдық графика, сызықтардан – бұл векторлық графика, пиксельдер және пиксельдер тобынан – бұл расторлық графика [4].

Функциональдық қасиеттеріне қарай, барлық графикалық пакеттерді екі топқа бөліп қарастыруға болады [4]:

  1.  болашақта өзгерту мақсатын көздеген, компьютерге нақтылы бейнені алдын ала енгізетін, бейнені өңдеуге арналған программалық құрылғылар;
  2.  бейнелерді құруда жаңа графикалық образдарды жасау мүмкіндігі бар программалық құрылғылар;

Компьютерлік графика монитор экранында адамның қабылдауы үшін немесе сыртқы тасушыда көшірме түріндегі (қағаз, кинопленка, мата және т.б.) қол жетерлік кескіндердің барлық түрлері мен пішімдерін қамтиды. Компьютерлік графикасыз тек компьютерлік әлемді ғана емес, кәдімгі материалдық әлемді тану мүмкін емес. Деректерді көрсетушілік адам қызметінің әртүрлі салаларында қолданысқа ие болды. Мысал үшін медицинаны (компьютерлік томография), ғылыми зерттеулерді (заттардың құрылысын, векторлық өрістерді және басқа деректерді көрсетушілік), мата және киімдерді модельдеу, тәжірибелі-конструкторлық әзірлемелерді алуға болады.

Кескіндерді қалыптастыру тәсіліне байланысты компьютерлік графиканы расторлық, векторлық және фрактальды деп бөлу қарастырылған.

Жеке құрал үш өлшемдік (3D) графика болып саналады, виртуальды кеңістікте объектілердің көлемді модельдерін салу тәсілдері мен әдістерін зерттейді. Негізінен, онда кескіндерді қалыптастырудың векторлық және расторлық тәсілдері қалыптасады. Түстер жағынан қамтып алу ерекшеліктері қара-ақ түсті графика ұғымдарын сипаттайды [5].

Ең қарапайым ақ және қара түсті суреттердің қолданылуын алып қарастырайық. Ақ және қара түсті суреттерді кодтау үшін екі цифр жеткілікті, есептеуіш техникада екілік санау жүйесі қолданғандықтан, мұндай суреттерді кодтаудың ешқандай қиындығы жоқ.

1.1 суретте көрсетілгендей нысан алып, оның компьютерлік аналогын жазып көрейік.

Сурет 1.1 –  Нысанның суреті.

Алдымен суретті төртбұрыш формаға келтіреміз. Компьютерде барлық суреттер төртбұрыш формада болады. Кез келген суретпен жұмыс істеу үшін суретке оны суретке оны төртбұрышқа айналдыратын фон қосылады.

Нысанды ақ және қара түстен тұратын бірдей 9 бөлікке бөлу керек. Қара түсті 1-мен, ал ақ түсті 0-мен белгілейік (1.2 сурет).

0

1

0

1

1

1

0

1

0

Сурет 1.2 –  Нысанның компьютерлік аналогы.

Алынған цифрларды сол жақ жоғары бұрышынан бастап жазып шығамыз. 010111010. Бұл жоғарыдағы суреттің компьютерлік коды. Бірақ бұл кодтан суреттің әрбір бөлігінің өлшемі қандай болатыны түсініксіз. Сондықтан тағы да кішкентай бөліктерге бөлеміз. Енді суреттің бөліктері көбейе түсті де, оның компьютерлік коды да ұзын бола бастады (1.3 сурет).

Сурет 1.3 –  Нысанның компьютерлік аналогы.

Мысалы: 000011110000000011110000......

Осы код бойынша компьютер әрбір цифр берілген өлшемдегі суреттің кішкентай бөлігінің түсін беретінін біле отырып, суретті қалпына келтіріп, оқи алады.

Осындай тәсілмен кодталған суреттер расторлық суреттер немесе бтимап (ағылшынның bitmap – биттер жиынтығы сөзінен шықан) деп аталады [1].

1.3 Мектеп информатика курсында графикалық редакторларды оқытудың қажеттілігі

Компьютерлік графика немесе анимация – кино, жарнама, көркемөнер, сәулеттік презентациялар, компьютерлік ойындар, арнайы оқытушы бағдарламалар сияқты көптеген салаларда қолданылатын қажетті құрал болып табылады. Компьютерлік графиканың қолданылу аумақтары үнемі кеңейіп, еңбек нарығында арнайы эффект жасаушы, векторлық арт-шебер, CAD-шебер, модельдеуші, аниматор, визуалдаушы, т.с.с. жаңа мамандықтар пайда бола бастады. Сонымен қатар, мәліметтерді көрсетудің жаңа визуалды құралдарының пайда болуының кез келген кәсіби қызметтің сипатын өзгертті. Компьютерлік графиканың әдістері мен қүралдарын сәулетшілік дизайнында, жарнамада, интерьер дизайнында, графикалық дизайнда дәстүрлі қолданумен қатар, компьютерлік графиканы қолданудың жаңа бағыттары да пайда болды, олар: web-дизайн, коммуникативті дизайн, инретактивті оқыту жүйелерінің дизайны және т.б..

Мектеп қабырғасында расторлық графиктік редакторларды оқыту оқушыларды болашақта одан да күрделі техникалық жүйелерде жұмыс істеуге дайыдау мүмкіндігін береді. Осы бағытта жоғары сынып оқушылар дайындау барысында мектептегі информатика курсының логикасымен, сызу және эстетикамен пәнаралық байланысының жүзеге асуы өте маңызды.

Мекеп қабырғасында оқушыларға компьютерлік графиканы оқытуды үш кезеңге бөліп қарастыру ұсынылады [6].

Көмпьютерлік графиканы оқытудың кезеңдері

I кезең (5-6-сыныптар) бойынша:

  1.  MS Paint графикалық редакциялау элементтерімен танысу;
  2.  қарапайым объектілерден суреттерді құру (сызықтар, доға, дөңгелек және т.б.);
  3.  суреттерді графикалық редакторда өңдеу;
  4.  жасалған обхектілермен негізгі операцияларды орындау (сақтау, ашу, жабу, өшіру, көшіру, алмастыру, масштабтау және т.б.);
  5.  қағазға сызылған графиканың компьютерлік аналогын жасау;
  6.  графикалық редакциялауда мәтінмен жұмыс жасау;
  7.  мәтінді өңдеу, сақтау, жүктеу;
  8.  мәтінді белгілі бір қалыпқа (түрге) түсіру.

II кезең (7-8-сыныптар) бойынша:

  1.  компьютерлік графиканың теориялық негіздерін оқыту;
  2.  расторлық форматтағы файлдарда бейнені сақтау тәсілдерін үйрету;
  3.  әртүрлі графиктік эффектілерді қолдану (көлемін өзгерту, фигуралық кесу және т.б.);
  4.  жазуларды, тақырыптарды қойып үйрету;
  5.  жалпы компьютерлік графиканың түрлері, олардың айырмашылықтары мен мүмкіндіктерін анықтау;
  6.  графикалық мәліметтерді сығу әдістерін үйрету;
  7.  графикалық файлдардың форматтарын меңгеру;
  8.  графикалық ақпараттарды кодтау;
  9.  расторлық суреттердің өлшемдері;
  10.  түрлі-түсті суреттерді кодтау;
  11.  расторлық графиканың негізгі форматтары;
  12.  векторлық графика мен расторлық графиканың айырмашылығы;
  13.  үш өлшемді графика ұғымы.

III кезең (9-10-11-сыныптар) бойынша:

  1.  Adobe Photoshop графикалық редакторымен танысу;
  2.  Adobe Photoshop графикалық редакторының мүмкіндіктерін практикада қолдану;
  3.  Adobe Photoshop расторлық бағдарламасының негізгі саймандарын қолдана отырып, өзіндік иллюстрацияларды құру;
  4.  Adobe Photoshop графикалық редакторының мүмкіндіктерін нақты суреттерді өңдеуге: ескіні жаңартуға, суретке өзгеріс енгізуге, қызықты суреттер жасауға пайдалану;
  5.  әр түрлі бағдарламалар арасында графикалық мәліметтермен алмасуға үйрету;
  6.  әр түрлі графикалық бағдарламалардың міндеттерін және қызметерін үйрету [6].

«Компьютерлік технология» болса, жиырмасыншы ғасырдың соңында, ғылым мен техниканың ерекше дамып, ғылыми-техникалық революцияның негізі қаланған кезеңде кең өріс ала бастады. В.М.Глушковтың пайымдауынша, компьютерлік технология кешенді ғылым мен инженерлік, немесе арнайы пәндерден тұрады, шығармашылықты, жобалауды, ойлап табуды, баға берудің, жасап шығаруды, компьютерленген жүйені функционалдау (іске қосу),  олардың әлеуметтік тәжірибедегі әсері мен қолдану аясының негізі болып табылады.

Компьютерлік технологияның тарихи даму жолына жасаған талдау, оның мынадай  бағыттарда дамығанын көрсетеді (1.4 сурет). Компьютерлік технологияның дамып, жетілуін оның қай жерде, қалай қолданылуы мен бағытталуына қарай айқындауға болады. Ол ақпараттық технологиялардың күннен-күнге өркендеуіне байланысты жаңарып отырады. Мысалы, графикалық редакторлауға жаңа түс, материал немесе жаңаша бояулардың әдістері енгізілсе, бұның өзі үлкен жаңалық болып есептеледі [7].

Интернет жүйесі

Кино индустриясы

Виртуалды жүйе

Космостық жүйе

Компьютерлік технологиялардың бағыттары

Күнделікті баспа жүйесі

Мультимедия баспасы

Жобалауды автоматтандыру жобасы (САПР)

Үш өлшемдегі графика және анимация

Сурет 1.4 – Компьютерлік технологияның бағыттары

2 Компьютерлік графиканың түрлері

2.1 Растрлық графика

Растрық графика – суретті компьютерде нүктелер (пикселдер) жиыны ретінде көрсету форматы.

Растрлық бейненің негізгі (ең кiшi ) элементі нүкте болып табылады. Егер бейне экранда болса, онда бұл нүкте пиксель деп аталады. Растрлы бейненің әр пикселі қасиетке ие: түс және орналастыру. Пикселдердің саны қаншалықты көп және олардың өлшемдері қаншалықты аз болған сайын, бейне соғұрлым жақсы көрінеді. Мәліметтің көлемдерінің үлкен болуы бұл растрлық бейнелерді пайдаланудағы негізгі мәселелердің бірі. Журналдық жолақ түріндегі үлкен өлшемді иллюстрациялармен жұмыс жасау үшін компьютердің оперативтік жадысы үлкен көлемді  (128 мбайт және аса) талап етеді [8].

Нүктелерден тұратын растрлық кескіндер үшін үзындықтар бірлігінен өтетін нүктелерді білдіретін рұқсат ету деген ұғымы ерекше маңыздылыққа ие. Бұл ретте мыналарды ажыратып алу керек:

  1.  түпнұсқаның рұқсат етуі;
  2.  экрандық кескіннің рұқсат етуі;
  3.  басып шығаратын кескіннің рұқсат етуі.

Түпнұсқаның рұқсат етуі. Түпнұсқаның рұқсат етуі дюмдегі нүктелерде (dots per inch - dpi) өлшенеді және кескін сапасына, файл өлшеміне қойылатын талаптарға, цифрлау тәсіліне немесе бастапқы иллюстрацияны жасау әдісіне, файлдың таңдап алынған пішіміне және басқа параметрлерге байланысты болады. Жалпы жағдайда ереже негізге алынады: сапаға қойылған талаптар жоғары болған сайын, түпнұсқаның рұқсат етуі де соншалықты жоғары.

 Экрандық кескіннің рұқсат етуі. Кескіннің экрандық көшірмесі үшін растрдың элементарлық нүктесін пиксель деп атайды. Пиксель өлшемі таңдап алынған экрандық рұқсат етуге (стандартты мәндер ауқымынан), түпнұсқаның рұқсат етуіне және кескіннің масштабына байланысты түрленеді.

Диоганалі 19-24 дюйм болатын кескінді өңдеуге арналған мониторлар (кәсіби класты), негізінен, 640х480, 1024х768, 1280х1024, 1600х1200, 1600х1280, 1920х1440, 1920х1600, 2048х 1536, нүктелердің стандартты экрандық рұқсат етулерін қамтамасыз етеді.

Басып шығарылатын кескінге рұқсат ету және линиатура ұғымы. Қатты көшірмедегі сияқты (қағаз, пленка және т.б.) растрлық кескін нүктесінің өлшемі экранда да қолданылған әдістерге және түпнұсқаны растрлау параметрлеріне де байланысты. Түпнұсқада растрлау кезінде сызықтар торы жіктеледі, оның ұяшықтары растр элементін түзеді. Растр торының жиілігі дюмдегі сызықтар (lines per inch – lpi) санымен өлшенеді және линиатура деп аталады [9].

Растрлық графиканың артықшылығы:

  1.  әр нүкте бір-бірінен тәуелсіз;
  2.  бейнелік ақпаратты енгізудің автоматты техникалық түрде іске асырылуы. Мұндай құрылғыларға сканерлер, бейнекамералар, сандық фотокамералар және графикалық планшеттер жатады;
  3.  фотомүмкіндігі. Тұман немесе түтін суреттерін және басқа да әсерлер алуға болады;
  4.  файлдар форматы нүктелік бейнелерді сақтауға арналған және олар стандартты болып табылады;
  5.  Web-дизайнді қолдануға болады.

Растрлық графиканың кемшілігі:

  1.  растрлық  бейнені бұруға, еңкейтуге болмайды. Егер бейнені кішкентай ғана қисататын болсақ онда бейне шеттері түзу сызық емес «баспалдақ» болып қалады;
  2.  бейнені үлкейтіп анықтап көруге болмайды. Бейне нүктелерден тұрғандықтан, оны үлкейткенде нүктелер көлемі де үлкейеді. Бұдан бейненің сапасы нашарлайды;
  3.  бейнені үлкейткенде файлдың көлемі үлкейіп кетеді.

Растрлық суреттер есептеу техникасында кеңінен қолданылады. Фотосуреттер мен суреттер компьютерде растрлық түрде сақталады. Интернеттегі суреттердің көпшілігі растрлық файлдар болып табылады.

Растрлық графика бағдарламалары: Paint, Fractal Design Painter, Corel Photo Paint, Adobe Photo Shop [10].

2.2 Векторлық графика

Векторлы графикада кескіннің негізгі элементі сызық  (оның түзу сызық немесе қисық сызық болуы маңызды емес) болып табылады.

Векторлық графикада сызыққа орналасқан жад көлемі сызықтың көлеміне қатыссыз, оған бағынбайды. Өйткені сызық формула түрінде көрінеді, дәлірек айтқанда, брнеше параметр түрінде көрінеді. Бұл сызықтармен не істесек те, жад ұясында сақталған параметрлері ғана өзгереді. Ұя саны кез-келген сызық үшін өзгеріссіз қалады.

Сызық - векторлы графиканың ең ұсақ  (элементарлы) обьектісі болып саналады. Векторлы иллюстрацияда тұрғандардың бәрі сызықтардан құралады. Қарапайым  обьектілер күрделірек болып бірігеді, мысалы, төртбұрыш обьектісін байланысқан төрт сызық деп қарастырамыз. Ал куб обьектісі аса күрделі. Мұны не он екі сызық ретінде, не байланысқан бұрыштар ретінде қарастыруымызға болады. Векторлық графикаға осы тұрғыдан келуді көбінесе обьектілі-тұспалдаушы графика деп атайды.

Біз векторлы графиканың обьектілері жадта параметрлердің терімі күйінде сақталады дедік. Бірақ бәрібір барлық кескіндердің нүкте түрінде шығарылатындығын ұмытпауға тиіспіз. Өйткені экран осылайша құрылған. Әрбір обьектіні экранға шығару алдында программа обьект кескінінде экран нүктелерінің координат есебін шығарып көрсетеді. Сондықтан векторлық графиканы кейде есептеуші графика деп атайды. Анологиялық есептеуді обьектіні принтерге шығару кезінде де көрсетеді [11].

Басқа обьектілер сияқты сызықтардың да өзіндік қасиеттері болады. Ол қасиеттерге сызықтың формасы, оның қалыңдығы, түсі сипаты (тұтас, пунктирлік және т.б) жатады. Тұйық сызықтардың (толтыру) қасиеті болады. Тұйық контурының ішкі жағы түрлі түспен, текстурамен, картамен толтырылуы мүмкін. Егер қарапайым сызық тұйықталмаса оның екі шыңы болады. Олар тораптар деп аталады. Бұл тораптардың да сызық шыңының қалай көрінуіне және екі сызықтың бір-бірімен түйіндеуіне байланысты өзіндік қасиеттері болады.

Векторлық графика үшін суреттер графикалық примитивтерге – нүкте, түзу, қисық сызық, доға полигондарға (тіктөртбұрыш) бөлінеді. Осылайша суреттің барлық нүктелері емес, примитивтердің үзінділерінің координаталары мен  олардың қасиеттерін (түсін, басқа үзінділермен байланысын және т.с.с.) сақтау қажет.

Компьютер түзу сызу үшін екі нүктенің координатасы ерек. Ал доға үшін оның радиусының координаталары берілуі керек. Осылайша векторлық иллюстрация – геометриялық примитивтердің жиынтығы болып табылады.

Суреттердің әрбір нысаны бір-біріне тәуелсіз беріледі, сондықтан олар өзара бір-бірін көрсетпеуі мүмкін.

Векторлық графикалық суреттер фотосуреттерді кодтауда қолданылмайды. Егер фотосуретті сипаттағымыз келсе, онда алынған файлдың өлшемі растрлық графикадағы файлға қарағанда үлкен болып кетеді. Сондықтан қарапайым графикалық программалардың көпшілігі растрлық графикамен жұмыс істейді. Ал векторлық графикамен жұмыс істеу үшін неғұрлым мықты арнайы редакторлар қолданылады және онымен тек кәсіби мамандар ғана жұмыс істейді.

Векторлық графиканың артықшылықтары:

  1.  трансформациялау еркіндігі. Векторлық бейнені айналдыруға, масштабын өзгертуге (үлкейту немесе кішірейтуге) болады, бұдан бейненің сапасы жоғаомайды;
  2.  ақпараттық тәуелсіздігі. Векторлық графика идеалды объектілермен жұмыс істейді және өзгертулерге қолайлы.

Векторлық графиканың кемшіліктері:

  1.  суреттің бір элементін өзгерту үшін оның элементтерін жеке-жеке өзгерту қажет;
  2.  Бейнені фотографикалық сапада ала алмайды.

2.1 –кесте. Растрлық және векторлық графиканы салыстыру

Салыстыру критерийі

Растрлық графика

Векторлық графика

Бейнені беру түрлері

Растрлық бейне нүктелер жиынынан құралады

Векторлық бейне командалар тізбегі түрінде сипатталады

Нақты әлем нысандарын беру

Растрлық суреттер нақты образдарды беру үшін тиімді қолданылады

Векторлық графика суреттерді фотографикалық сапада алуға мүмкіндік бермейді

Бейнені өңдеу сапасы

Масштабын өзгерткен кезде және айналдырғанда растрлық суреттерде қисықтық пайда болады

Векторлық суреттерді сапасын жоғалтпай оңай түрлендіуге болады

Бейнені баспаға беру ерекшеліктері

Растрлық суреттерді принтерде жеңіл баспаға шығаруға болады

Векторлық суретте кейбір кездерде қағаз бетіне ойлағанымыздай басылып шықпайды.

2.3 Растрлық және векторлық графикамен жұмыс істеуге арналған графикалық редакторлар

Компьютерде суретті салуға және өңдеуге араналған арнайы бағыттағы программалар графикалық редакторлар деп аталады.

Растрлық графикамен жұмыс істеуге арналған редакторлар:

Компьютерде тікелей сурет салуға арналған Painter және Fauve Matisse сияқты бірқатар графикалық редакторлар бар. Олар сурет салуға арналған қолайлы құралдардан тұрады. Қарапайым редакторға – Windows операциялық жүйесінің Paint графикалық редакторы жатады.

Paint – растрлық графикалық редакторы қарапайым графикалық кескіндерді көру және оларды басқа программаларға енгізуге негізделген. Ол мәтіндік құжаттарға диаграммалар, графиктер, схемалар сияқты қарапайым иллюстрацияларды енгізу үшін қолданылады.

Суретті өңдеуге арналған құралдар. Растрлық графикалық редактордың басқа топтары суретті басынан бастап салуға емес, суреттердің сапасын жақсарту және шығармашылық идеяларды іске асыру мақсатында дайын суреттерді өңдеуге арналған. Ондай программаларға  Adobe Photoshop, Photostyler, Picture Publisher және т.б. жатады.

Векторлық графикамен жұмыс істеуге арналған графикалық редакторлар:

Суретке қойылатын негізгі талап оның формасының өте дәл болуы екендігі белгілі. Осындай суретті дәл салуға мүмкіндік беретін векторлық графикамен жұмыс істеуге арналған арнай графикалық редакторлар бар. Олар компанияның логотиптерін жасауда, мәтінді көркемдеп өңдеуде, сонымен қатар сурет, чертеж, схема немесе диаграмма жасағанда қолданылады.

Adobe Illustrator – векторлық графикамен жұмыс істеуге арналған редактор. Оның негізгі ерекшелігі – полиграфикалық басылымдарды компьютерлік беттеу және қиын құжаттарды жасаудың соңғы кезеңінде Adobe Photoshop және Page Maker программаларымен біріге отырып кеңінен қолданылуда.

Macromedia Freehand – өте қолайлы векторлық редактор. Программа өзінің басқару жүйесінің қарапайымдылығымен және жоғары дәрежедегі тез жұмыс істеуімен ерекшеленеді.

Corel Draw – Adobe Illustrator және  Macromedia Freehand векторлық редакторлары 1985 жылға дейін Macintosh компьютерінде жұмыс істеуге арналған бірден бір редактор болып қалды. Олардың IBM PC платформасында дамуы қойылған талапты қанағаттандырмады, сондықтан осы платформада Corel Draw редакторының артықшылығы басым болды. Бұл редактордың артықшылығы – дамыған басқару жүйесі және баптау құралдарының жеткіліктілігі. Осы редактордың құралдарын пайдалана отырып көркем шығармаларға жақын қиын композициялар жасауға мүмкіндік береді.

2.4 PAINT графикалық редакторы

Paint (Paintbrush) - Windows жүйесінің стандартты программалар тобына кіретін қарапайым нүктелік графикалық редакторы.

PAINT графикалық редакторы растрлық бейнелермен (көптеген бөлек түрлі түсті нүктелерден – пиксельдерден тұратын) жұмыс істеуге арналған бағдарлама. Сондықтан әрбір суретке қатаң анықталған орын (өлшем) беріледі. Сонымен бірге бекітілген түстер саны қолданылады. Бұл редактор графикалық бейнелерді жасауға және оларды редакциялауға мүмкіндік береді. Яғни, редактор құрал саймандар мен бояуларды қолдана отырып, суретттерді салуға, суреттерді бөлек бөліктерден құрастыруға, суретке мәтіндер енгізуге, бар графикалық объектілерді түзетуге, схемаларды сызуға мүмкіндік береді [12]. 

PAINT графикалық редакторын іске қосу үшін, келесі әрекеттерді орындау керек.

Пуск           Барлық бағдарламалар          Стандартты         PAINT

Меню

Құралдар жиыны

Сурет салу алаңы

Түстер палитрасы

Сурет 2.1 –  PAINT графикалық редакторының терезесі

Paint графикалық редакторында 16 құрал пайдаланылады.

2.1-кесте.  PAINT графикалық редакторының құралдары

Құрал кескіні

Міндеті

Құрал кескіні

Міндеті

Ерікті аймақты белгілеу құралы, бұл қисық пішінді үзіндіні таңдау қызметін атқарады.

Бүріккіш, пульверизатор эффектісіне жетуге мүмкіндік береді.

Белгілеу құралы, суреттің тік төртбұрышты үзіндісін таңдау қызметін атқарады

Жазу, бұл сурет ішіне мәтін орналастырады.

Өшіргіш/түрлі-түсті өшіргіш, бұл суретің белгілі бір бөліктерін өшіруге арналған

Сызық, түзу сызықтар салуға арналған.

Құю (Заливка) құралы, бұл тұйық контурдың  ішін кескін немесе фон түсімен бояйды.

Қисық, тегістелген сызықтар салуға арналған.

Түс таңдау құралы, бұл кескіннің немесе фон түсін суреттің кез келген  нүктесінің түсіне өзгертеді.

Тік төртбұрыш,  тік төртбұрыштар салуға арналған.

Масштаб құралы, бұл суреттің жеке үзінділерін үлкейтуге мүмкіндік береді.

Көпбұрыш, ерікті пішінді тұйық көпбұрыштар салады.

Карандаш, бұл кез келген сызықты әр түрлі қалыңдықта сызуға арналған.

Эллипс, шеңбер және эллипс салуға арналған.

Кисть, ерікті сызықтарды салуға арналған. Кистінің қажетті түсін таңдап алуға болады.

Бұрыштары дөңгеленген тік төртбұрыш, бұрыштары дөңгеленген квадраттар мен тік төртбұрыштар салуға мүмкіндік береді.

Үзінділермен жүргізілетін әрекеттер

Суреттің бөлінген бөлігі үзінді деп аталады. Үзінді мынадай құралдармен бөлінеді немесе белгіленеді:

Белгілеу (бөліп алу)  батырмасы төртбұрышты үзіндіні таңдайды.

Кез-келген үзіндіні бөліп алу                                        

Батырмасы ерікті пішіндегі аймақты бөліп алуға мүмкіндік береді.

Белгілеу мен ерікті аймақты белгілеу құралдарымен үзінді таңдалғаннан кейін,олармен келесі әрекеттер орындалады:

  1.  Алмасу буферіне қиып алу
  2.  Алмасу буферіне көшіру
  3.  Осы суретті басқа жерге апару
  4.  Берілген суреттің өлшемінде көшіру
  5.  Оны сурет бойынша «көбейту»
  6.  Пішіні мен өлшемін өзгерту
  7.  Өлшемін өзгерту және қисайту
  8.  Төңкеру немесе кері бұру
  9.  Түсін өзгерту
  10.  Өшіру

Үзіндіні жылжыту және көшіру

Үзіндіні жылжыту немесе көшіру үшін алдымен оны белгілеу керек. Содан кейін алмасу буферінің көмегімен «правка» менюінің «вырезать» немесе «копировать» командаларының бірін пайдалануға болады.

«Вырезать» командасын таңдағанда программа үзіндіні суреттен алып алмасу буферіне орналасады.

«Копировать» командасын таңдағанда сурет өзгермейді және алмасу буферіне оның көшірмесі орналасады.

Үзіндіні көбейту

Үзіндіні көбейту дегеніміз - экранда тышқанның нұсқағышын жылжытумен қатар оның көшірмелеренің тізбегін жасау.

Үзіндіні көбейту үшін оны белгілеп барлығы басталатын жерге апарып қойып, Shift  батырмасын басып отырып, үзіндіні салу аймағына жылжыту керек.

Сурет 2.2 –  Үзіндіні көбейту.

Үзіндіні өшіру

Үзіндіні бірнеше әдіспен өшіруге болады.

1.Үзіндіні бөліп алып, «Правка –Очистить выделение» командасы арқылы;

2.Үзіндіні белгілеп алып, «Правка-Вырезать» командасы арқылы;

3. «Рисунок-Очистить» командасын орындаса,онда экраннан тек үзінді ғана емес барлық суретті өшіруге болады.

Үзіндіні бейнелеу немесе бұру

Үзіндіні бейнелеу немесе бұру үшін рисунок менюінен «Отразить/Повернуть» командасын таңдаймыз. Үзінді тік(вертикаль) немесе көлденең(горизонталь) осьтеріне қатысты 900,1800,2700 бұруға болады.

Сурет 2.3 –  Отразить/повернуть командасының диалогтық терезесі.

Үзіндіні еңкейту және созу

Үзінділерді еңкейту және созу үшін «Растянуть /наклонить» командасы арқылы горизонталь немесе верикаль осьтеріне қатысты еңкейтуге болады.

Сурет 2.4 –  Растянуть-наклонить командасының диалогтық терезесі

2.5 Adobe Photoshop графикалық редакторы

Adobe компаниясы өзінің ең мықты және атақты графикалық пакеттерін біріктіріп, жаңа Creative Suite, қысқаша айтқанда CS атты толық графикалық пакетін ұсынды. Оның құрамына Photoshop–пен бірге ImageReady, Illustrator, InDesign, GoLive және Acrobat программалары кірді. 

Photoshop CS өзінің жаңартылған өзгерістерімен графикалық кескіндер мен суреттерді жеңіл, ұтымды өзгертуге және өңдеуге мүмкіндік береді. Бұл нағыз ақпаратты цифрлік өңдеу жүргізетін кәсіби қосымша пакет. Photoshop CS-тың сипаттамаларының ерекшеліктері арқасында жұмысты кез келген адам, яғни қарапайым қолданушыдан кәсіпкер біліктілер тез әрі оңай орындай алады.

Adobe Photoshop программасы графикалық объектілерді өңдеу, өзгерту, сақтауда қолданылатын пакеттердің бірі. Adobe Photoshop – палитрамен жұмыс істеу, калибровка жасау, сканерлеу, импорттау және экспорттау, облыстарды, контурларды бөлу, салу/өзгерту, түстерді, қабаттарды, каналдар және маскаларды, таңдау және тағы басқа мүмкіндіктерді ұсынады [13].

Сурет 2.5 –  Adobe Photoshop программасының терезесі

“0” - Программа терезесінің атауы. Бұл енді кәдімгі Windows-тың стантартты қатары, яғни ағымдағы программаның атауы жазылған.

“1” - Меню жолы. Терезе атауының төменгі жағында меню жолдары орналасқан. Ол құрамына редактордың негізгі меню атауларын қамтиды. Қандай да бір меню командасын таңдау үшін, оның үстінен тышқанмен шертсе болғаны. 

Егер соңында көп нүктесі бар команданы орындасақ, экранда диалогты терезе немесе диалог ашылады. Ол жерде сіз кейбір атрибуттарды көрсетіп кетуіңізге тура келеді. Мысалы, Файл менюінің Открыть командасын таңдаған кезде құжаттары бар диалогты терезе ашылып, керекті құжатты таңдап, бағдарламаға жүктеуге болады. 
Әртүрлі меню көмегімен бірнеше мәселелерді шешуге болады: 
         - Файл (File) – файлдармен жұмыс: құжаттарды құру, ашу және сақтау; баспаға жіберу және оны ұйымдастыру; құжаттарды импорттау және экспорттау; құжат жайлы ақпаратты теру; редактордан шығу; бейнелерді автоматты өңдеу; 

- Правка (Edit) – редакторлау: таңдап алынған облыстарды көшіру, өшіру және орнату; іс-қимылдарды кері қайтару; бөлінген облыстарды трансформациялау; 
        - Изображение (Image) – бейнелермен жұмыс істеу: дубляж жасау, холст өлшемдерін және бейнені өзгерту; оны айналдыру, ақ-қара түсті және түрлі-түсті коррекция, түстік моделді өзгерту, түстік қақпанды құру және т.б.;
        - Слой (Layer) – қабаттармен жұмыс: құру, өшіру, дубляж, қабаттар эффектісі, қабаттарды топтау, байланысқан қабаттарда объектілерді реттеу, қабаттар маскалары және т.б.;

- Выбор (Select) – ерекшеленген аумақпен жұмыс: бейнені толығымен ерекшелеу, ерекшелеуді алып тастау және қайтару, ерекшеленген аумақты инвенторлау және трансформаторлау, қысу, жиіліктік мүмкіндігі, берілген түстің облыстарын ерекшелеп алу, ерекшелеуді жүктеу және сақтау;
        - Фильтр (Filter) Photoshop фильтрлары;

- Вид (View) – редактордың сыртқы келбетімен жұмыс: құжатты көрсету режимдері және масштаб; бағыттауыштарды, торларды, координатты сызықтарды көрсету; бағыттауыштарды құру, торға және бағыттауышқа байланыстыру;
         - Окно (Window) – әр түрлі құжаттармен бір уақыттағы жұмыс немесе әр терезеде бір құжатпен жұмыс істеу; экранға құралдар панелі мен өзгермелі палитраларды шақыру; 

- Помощь (Help) – қолданушыға арналған көмекші құжаттарын ашу. 

“2” - Құралдар панелі. Құралдар панелінің көмегімен біз сурет саламыз, бояймыз, бейненің керекті облыстарын бөліп аламыз, оларды жылжытып өзгертеміз, мәтін енгіземіз және т.б. амалдарды орындаймыз. Жоғарғы жақта редактор терезесінің қалпын өзгертетін батырма орналасқан. 



     

 

Сурет 2.6 – Құралдар панелі.

1. Ағымдағы форма облыстарын ерекшелеп алуда қолданылатын құралдар

  1.  Тікбұрышты облыс (Rectangular Marquee), Shift+M;
  2.  Эллипс типті облыс (Elliptical Marquee), Shift+M;
  3.  Жалғыз жол (Single Row Marquee), Shift+M;
  4.  Жалғыз баған (Single Column Marquee), Shift+M.
           2
    . Облыстарды ерекшелеп алуда қолданылатын құралдар 
            -         Лассо (Lasso), Shift+L;
  5.  Көпбұрышты лассо (Polygonal Lasso), Shift+L;
  6.  Магнитті лассо (Magnetic Lasso), Shift+L.
            3. 
    Шеттер бойынша қиып алу құралдары Кадрлау (Crop), Shift+C.

4. Ретуш операциясына қажетті құралдар:

  1.  Қайта келтіру кисть (Healing Brush), Shift+J;
  2.  Заплатка (Patch), Shift+J.

5. Бейне бөліктерін көшіру құралдары 

  1.  Клондаушы штамп (Clone Stamp), Shift+S;
  2.  Өрнек штампы (Pattern Stamp), Shift+S.

6. Өшіруге арналған құралдар:

  1.  Өшіргіш (Eraser), Shift+E;
  2.  Фонды өшіргіш (Background Eraser), Shift+E;
  3.  Сиқырлы өшіргіш (Magic Eraser), Shift+E.

7. Дәлдікті басқару құралдары

  1.  Жуу (Blur), Shift+R;
  2.  Дәлдік (Sharpen), Shift+R;
  3.  Саусақ (Smudge), Shift+R.

8. Векторлық контурларды салу және өңдеу үшін құралдар

  1.  Перо (Pen), Shift+P;
  2.  Бос форма(Freeform Pen), Shift+P;
  3.  Тіректі нүктені қою (Add Anchor Point), Shift++;
  4.  Тіректі нүктені жою (Delete Anchor Point), Shift+-;
  5.  Нүктені түрлендіру (Convert Point). 

9. Векторлық контурларды бөліп алу құралдары

  1.  Контурды бөліп алу (Path Selection), Shift+A;
  2.  Тік бөліп алу (Direct Selection), Shift+A;

10. Комментарий құруға арналған құралдар

  1.  Комментарий (Notes), Shift+N;
  2.  Аудиоаннотация (Audio annotation), Shift+N.

11. Қол (Hand) терезесінде бейнелердің орнын ауыстыру үшін құралдарShift+H.
        12. 
Активті түстерді басқару үшін қолданылатын құралдар 
         13. 
Жылдам маскілеу режимінде редакторлайтын батырманы қосу (edit in quick Mask Mode), Shift+Q. Өңдеудің стандартты режимін қосып қою құралы. (Edit in stardart Mode), Shift+Q.

14.Бөлінген облыстардың орнын ауыстыру (Move) үшін қолданылатын құралдар, Shift+V.

15. Бір түсті облыстарды бөліп алуда қолданылатын құрал (Magic Wand), Shift+W.

16. Бейнені фрагментке кесуде қолданылатын құралдар 

  1.  Фрагмент (Slice), Shift+K;
  2.  Фрагментті бөліп алу (Slice Select), Shift+K.

17. Сурет салуда қолданылатын құралдар

  1.  Кисть (Brush), Shift+B;
  2.  Карандаш (Pencil), Shift+B.

18.Бейнелердің алдында болған жағдайына келтіретін құралдар Қалпына келтіретін кисть (History Brush), Shift+Y;

19. Бөлініп алынған облыстарды бояу құралдары

  1.  Градиент (Gradient), Shift+G;
  2.  Бояуы бар шелек (Paint Bucket), Shift+G.

20. Жарықтылықты басқару құралдары

  1.  Жарықтағыш (Dodge), Shift+O;
  2.  Қараңғылатқыш (Burn), Shift+O;
  3.  Губка (Sponge), Shift+O.

21. Мәтін енгізу үшін қолданылатын құралдар

  1.  Горизонтальды мәтін (Horizontal type), Shift+T;
  2.  Вертикалды мәтін (Vertical Type), Shift+T;
  3.  Горизонталды мәтін маскасы ( Horizontal Type Mask), Shift+T;
  4.  Вертикалды мәтін маскасы (Vertical Type Mask), Shift+T.

22.Векторлық фигураларды салуда қолданылатын құралдар   

-        Тікбұрыш (Rectangle), Shift+U;

  1.  Дөңгелектенген тікбұрыш (Rounded Rectangle), Shift+U;
  2.  Эллипс (ellipse), Shift+U;
  3.  Көпбұрыш (Polygon), Shift+U;
  4.  Түзу (Line), Shift+U;
  5.  Қолданушы формасы (Custom Shape), Shift+U.

23. Қашықтық пен бұрыштарды өлшеуде, түстерді өлшеу және көшірмесін алатын құралдар 

  1.  Пипетка (Eyedropper), Shift+I;
  2.  Түстік пробалар (Color Sampler), Shift+I;
  3.  Өлшеуіш (Measure), Shift+I.

24. Бейнені әртүрлі масштабта қарап шығу құралы Лупа (Zoom), Shift+Z.

“3” -  Қасиеттер панельі

Ағымдағы құралды баптауға арналған панель

“4” -  Бейнелермен жасалатын операциялардың барлығы палитралар көмегімен іске асады. Олардық барлық саны 21. Бірге қолданылатын палитралар «бір шатырдың астында» орналасады. 

“5” - Бұл да басқаруға арналған палитралар, жинақтастырылып қойылған [14].

2.6 Corel Draw графикалық редакторы

Corel Draw графикалық редакторы – бұл бір емес, күрделігі кез келген дәрежедегі қандай да болсын жариялымдарды жасауға арналған программалардың тұтас жиынтығы.

Corel Draw  редакторында нысан негізгі түсінік болады. Нысан – элемент кескіні: түзу, айналым, тіктөртбұрышты үшбұрыш, қисық, тұықталған қисық, көпбұрышты үшбұрыш және т.б.

Күрделі кескіндерді құру үшін көптеген түрлі нысандар қолданылады. Corel Draw-дағы барлық жұмыстар осы нысандар арқылы жасалады. Corel Draw-дың басты нысаны қисық болып табылады. Бұл қисықтар Базье қисығы деп аталады. Corel Draw-дарастрлық кескіндерді графикалық құжатқа қоюға болады. Сонымен қатар, әрбір жеке нысан болып саналады және оның басқа нысанмен байланыстырмай-ақ өңдеуге болады [15].

Corel Draw жұмысының негізгі принциптер:

Әрбір редакторда құрылған сурет, бір немесе бірнеше нысаннан тұрады.

  1.  Қарапайым геометриялық фигуралар немесе ерікті қисық құру. Мәтінді форматтау немесе кірістіру;
  2.  Кез келген нысанды өңдеу, контурдың түсін, бояуын және объектінің форматын өзгерту;
  3.  Дайын болған суретті және алдын-ала құрылған иллюстрацины құжатқа кірістіру;
  4.  Әртүрлі көркем-сурет құбылыстарын қолдану [16].

CorelDraw бағдарламасын іске қосып болғаннан кейін, келесі батырмаларды қамтитын Welcome to CorelDraw диалогтық терезесі (CorelDraw-ға қош келдіңіз) ашылады:

Сурет 2.7 –  Welcome to CorelDraw диалогтық терезесі

  1.  New Graphic - Жаңа құжат құру;
  2.  Open Last Edited - Құжатты ашу, соңғы pедакторланған;
  3.  Open Graphic - Құжатты ашу;
  4.  Template - Шблон негізінде жаңа құжат құру;
  5.  Corel TUTOR - CorelDraw оқулығын   шақырту;
  6.  What’s New? - Бағдарламаның жаңа функцияларының    сипаттамасын шақыру.

Сурет 2.8 –  CorelDraw прграммасының интерфейсі

Сурет 2.9 –  Құралдар панелі.

- Rectangle (тіктөртбұрыш) құралы кез келген төртбұрышты және

шаршыларды, сонымен қатар жұмырланған (закругленный) бұрыштыларды құруға арналған.

- Ellipse (Эллипс)– шеңберлер мен элипстер салу үшін қолданылады;

- Көпбұрыш (Poligon) құралы. Бұл жақтарының саны берілген геометриялық объект.

- Спираль (Spiral) құралы. Шиыршық саны мен анықталған радиуспен үздіксіз қисық түріндегі геометриялық объект-спираль құру үшін арналған.

- Freehand (Қисық) құралы еркін сызықтарды «қолмен» салуға арналған. Осы құралдың көмегімен түзу сызықтарда салынады. Ол үшін бастапқы және соңғы нүктесінде шерту жеткілікті.

- Bezier (Безье қисығы) құралы көмегімен лездік ұмтылдықпен

кез келген жиек  құруға болады. 

- Artistic Media (Супер сызық) Бұл құралдың ерекшелігі оның             жұмысының нәтижесі немесе сол және басқа кескіндеме әсерді еліктейтін объектілер жиынтығы немесе жиек бойына орналасатын объект болып табылады.

  - Pick Tool (көрсеткіш) – мәтіндік және графикалық объектілерді ерекшелеу, орын ауыстыру және масштабын өзгерту үшін қоданылады;  

Объектілерді көшіру. Corel Draw бағдарламасында объектілерді көшірудің бірнеше тәсілдері бар:

а) Duplicate (Қайталану, дублировать) командасының көмегімен;

б) Clone (Клонировать) командасының көмегімен;

в) Алмасу буферін қолданумен

г) Егер ерекшеленген объектінің көшірмесі оның жоғарғы жағында орналастыру керек болса, онда көмекші пернетақтадан + пернесіне басу жеткілікті.

д) Егер объектінің көп көшірмесін құру және оларды анықталған траектория бойында орналастыру қажет болса, онда объектіні ерекшелеп және «бос орын» пернесін басып тұрып, оны алып бару керек [16].

Объектілерді түрлендіру. Transformation (түрлендіру) тақтасы Docker типіндегі тақта болып қолданылады, ал олай болса, оны экранда орналастыруға және қажеттілік өлшемі ретінде келесі барлық функцияларды қолдануға болады:

  1.  Position (орналастыру, расположение) батырмасы - объектілерді жылжытады, Н (көлденеңінен) және V (тігінен) өрістерінде қажетті меңзерді орнату және Apple (Применить, қолдану) батырмасын басу керек;
  2.  Rotation (вращение, айналу) батырмасы объектілердің айналуы, Angle (Бұрыш) өрісінде қажетті меңзерді орнату және Center (ортасы) өрісінде айналу нүктесін анықтау, одан кейін Apply (Применить, Қолдану) батырмасын басамыз, егер дубликатты - Apply to Dublicate;
  3.  Relative Center (ортасына қатысты) жалауша жағдайы -Ортасы өрісінде анықталған айналу нүктесіне қатысты немесе қосымша өрісте анықталған қосымшаның қандайда бір нүктесіне қатысты айналуды қамтамасыз етеді;
  4.  Scale & Mirror (масштабтау және бейнелеу) батырмасы -объектілердің масштабтайды және бейнелейді. Масштаб Н (көлденеңі бойынша) және V (тігінен) өрісінде.  Mirror (Бейнелеу) өрісіндегі екі батырма көлденең және тік өстерге қатысты айналы бейнелеуін қамтамасыз етеді;
  5.  Size (өлшем) батырмасы-объектінің өлшемін анықтау;
  6.  Skew (еңкіш, наклон) батырмасы-объектіні еңкейту. H және V өрістерінде объектінің еңкеюін градус мәнінде енгізеді. Егер Use Anchor Point қосымша нүктесін қолдану жалаушасы орнатылса, онда қосымшаның сегіз нүктелерінің бірі еңкеюге қатысты мүмкіндігі туады.

Түстің өзгеруі

1) Контурлар

- Тышқанның оң жақ батырмасымен түстер палитрасына шерту;

- OutLine сайманы.

2) Фондар

- Тышқанның сол батырмасымен түстер палитрасына шерту;

- Құю сайманы;

- Біріңғай құю;

- Градиенттік құю.

2.7 Фрактальдық графика

Фрактальдық графика - Виртуалдық кеңістікте обьектілердің көлемді модельдерін құру әдістерін зерттейтін үш өлшемді (3D) графика жеке пән болып саналады.

Векторлық графика тәрізді фрактальдық графикада есептеуші қызмет атқарады. Бірақ одан айырмашылығы сол-компьютер жадында ешқандай обьект сақталмайды. Кескін теңдікке құрылады, сондықтан формуладан басқа ештеңе сақталмайды. Теңдіктегі коэффициенттерді өзгерту арқылы тіпті басқа суретке тірелеміз.

 1.Фрактальдық ұшбұрыш қарапайым фрактальдық обьект болып табылады, а жақтары бар жай біркелкі жақты үшбұрышты құрастырыңыз. Әрбір жақты үш кесіндіге бөліңіз. Жақтың ортаңғы кесіндісіне бастапқы үшбұрыш 1/3-ге тең етіп теңқабырғалы үшбұрыш құрастырыңыз. Ал басқа кесінділерге беттері 1/9 а-ға тең қабырғалы (жақты) бірдей қабырғалы үшбұрыш салыңыз. Алынған үшбұрыштар мен осы операцияны қайталаңыз. Көп ұзамай-ақ  келесі буындағы үшбұрыштар өзі пайда болған структураларды қайталап, солардың қасиеттерін жалғастырады, тұқым қуады. Фрактальдық осылай пайда болады.

2. Тұқым қуу процесін шексіз-шетсіз жалғастыруға болады. Осы секілді шексіз-шетсіз  фрактальдық обьектіні алып, оны лупа немесе микроскоп арқылы көрген соң, Бастапқы структуралардың (құрылымдардың) қасиеттерін қайталайтын жаңа, әр түрлі детальдарды (бөлшектерді) тауып алуға болады.

3. Тірі және өлі табиғаттың көптеген обьектілердің бойында фрактальдық қасиеттер болады. Мысалы, Бірнеше есе үлкейтілген қар бүршігі фрактальдық обьект болып табылады. Кристалдар мен өсімдіктердің өсуінің негізінде фрак тальдық алгоритмдер жатады. Папортникті өсімдіктердің бұтағына қарасаңыз әрбір жаңадан пайда болған бұтақ әлдеқайда биіктеп өскен бұтақтың қасиеттерін қайталайды.

4. Ағаштардың жекелеген бұтақтарынан математикалық әдістер арқылы бүкіл ағаштың  қасиеттерін бақылауға болады. Ал егер бұтақты суға салып қойсақ , онда көп ұзамай, біраз уақыт аралығында толық өсіп шығатын ағаштың көшетін өндіріп ала аламыз (әсіресе теректің бұтағы тез өнеді).

5. Фрактальдық графиканың тірі табиғат образын есептеп шығару жолымен модельдеу қабілетін автоматты генерацияның әдеттен тыс иллюстрациясы үшін пайдаланады [17].

3 Компьютерлік түстік модельдер

Суретші еңбегінің әдімі болып шығуы, оның таңдап алған түсіне байланысты болады. Суретшінің бояу таңдап алуы, палитра арқылы таңдап алынады. Палитра – екі ұғымды білдіреді. Бірінші – суретші бояуларды араластыратын тақтайша. Екінші – суретші бояуларының жиынтығы. Адамдар түстерді көру арқылы қабылдайды. Сурет салғанда түстердің өза үйлесіп, жарасып келуі колорит болып табылады. Ірбірсуретшінің өз колориті болады.

Түсті тану үшін, адамға қажетті үш элемент бар: көз, күн, бізді қоршаған табиғат – болмыс. Табиғата барлық түстердің негізін қызыл, жасыл, көк түстер құрайды. Олар негізгі түстер деп аталады. Бұл түстерді екі-екіден біріктіргенде, көгілдір, ал қызыл, сары түстер шығады.  Түс пен бояу деген екі түрлі нәрсе, бояу – ол фильтр сияқты жарық сәулесін өткізеді және шағыстырылады. Соның нәтижесінде жаңа түс алынады.

Барлық уақытта компьбтердегі түстер табиғи түстермен сәйкес келмейді. Түс мониторда, қағаз беттерінде, табиғатта әртүрлі болады. Әртүрлі түстік ортада бір мәнді түстерді анықтау үшін түстік модель қолданылады [1].

Күн сияқты немесе басқа жарық түсіргіш көздерден монитор жарықты таратады. Сурет басылатын қағаз жарықты шағылыстырады. Тарату және шағылысу процесінде түс алынады, сондықтан түстерді сипаттаудың : аддитивтік және субстрактивтік түстер жүйесі деп аталатын екі қарама-қарсы әдісі бар.

Аддитивтік түстер жүйесі. Адам көзі қызыл, жасыл және көк түстерді қабылдағандықтан компьютерде осы негізгі үш түске негізделген. Ір негізгі түске цифрлық код берілген. Ал қалған түстер негізгі түстердің комбинациясымен анықталады.

Егер өте жақыннан немесе үлкейткіштің көмегімен жұмыс істеп түрған монитор немесе теледидардың экранына қарайтын болса, онда өте ұсақ қызыл (Red), жасыл (Green) және көк түсті (Blue) нүктелерді көру қиын емес.экранның бетінде жарық әсері тоқтағаннан кейін де қараңғыда фосфорға ұқсас жарқыраған мыңдаған жоғары жылдамдықтағы электрондарды, яғни түстік нүктелерді көруге болады. Бұл нүктелердің өлшемі өте кішкентай (диаметрі 0,3 мм шамасында), сондықтан көршілес әртүсті нүктелер қосылып кетеді де басқа түс пен реңктер береді.

Сурет 3.1 –  RGB-түстік моделі.

қызыл+жасыл=сары,

қызыл+көк ал=қызыл (пурпурный),

жасыл+көк=көгілдір,

қызыл+жасыл+көк=ақ.

Компьютер экранының әрбір нүктесі арқылы таратылатын жарық көлемін нақты басқару мүмкін. Сондықтан түстік нүктелер жарқырауының күшеюін өзгерте отырып, әр алуан реңктерді жасауға болады.

Осылайша аддитивтік түс (add – біріктіру) негізгі үш: қызыл, жасыл, көк түс сәулелерін біріктіру (қосу) нәтижесінде алынады. Егер олардың әр қайсысының жарқырауы 100% болса, онда ақ түс алынады. Бұл үш болмаған жағдайда қара түс алынады. Осылайша компьютер мониторында қолданылатын аддитивтік түстер жүйесін қысқартып RGB деп белгілейді [18].

Компьютерде Red – (0,255); Green - (0,255); Blue – (0,255) мәндерді қабылдайды. Үш түстің көмегімен ≈16,7 млн. түс алуға болады.

Үш компоненттің мәні бірдей болған жағдайда ахроматиялық түс (ақ, қара, сұр) аламыз. Мысалы:

R=0, G=0, B=0 – қара түс;

R=170, G=170, B=170 – сұр түс;

R=255, G=255, B=255 – ақ түс.

Сурет 3.2 – RGB жүйесінде түстер алудың сұхбаттық терезесі.

Компьютер осы RGB моделін қолданып жұмыс атқарады. Ол монитор мен теледидарда суреттерді құру мен өңдеуге арналған. Қолданылуы: бұл үлгідегі бейнені сканер кодтайды да, суретті монитор экранына шығарады. Бұл модель сонымен қатар өте қарапайым. Өкінішке орай RGB моделінде кейбір түстерді алуға болмайды. Сондықтан RGB моделімен жұмыс істеу әрқашанда қолайлы емес.

Субтрактивті түстер жүйесі. Баспаға шығару процесінде жарық қағаз бетінен шағылысады. Сондықтан да графикалық суреттерді баспаға шығару үшін шағылысқан жарықпен жұмыс істейтін субтрактивті (subtract - азайтқыш) түстер жүйесі қолданылады.

Егер қарапайым призма арқылы жарық сәулесін жіберсек, ол түстік спектрге бөлініп кетеді. Қызыл, қызғылт сары, сары, жасыл, көгілдір, көк және күлгін түстер жарық спектрін көрсететіндей етеді. Ақ қағазға жарық түсіргенде барлық түстерді шағылыстырады, ал боялған қағаз түстердің жартысын жұтады, ал қалғандарын шағылыстырады. Мысалы, қызыл түсті қағаздың бетіне ақ түсті жарық түссе, онда қызыл түсті болып көрінеді, себебі, мұндай түсті қағаз қызыл түстен басқа түстердің бәрін жұтады.

Субстрактивті түстер жүйесінде негізгі түстер көгілдір (Cyan), ал қызыл (Megenta), және сары (Yellow) болып табылады.

Ол түстердің әрқайсысы баспаға шығарылатын бетке түсетін ақ жарықтан белгілі бір түстерді жұтады. Осылайша негізгі үш түс қара, қызыл, жасыл және көк түстерді алу үшін қолданылады [18].

Бұл үлгідегі негізгі түстер ақ түстен RGB үлгісінің негізгі адитивтік түстерін азайту арқылы алынады. Бұл жағдайда негізгі субтрактивтік түстер үшеу болатындығы түсінікті:

ақ – қызыл=көгілдір

ақ – жасыл=алқызыл

ақ – көк=сары

көгілдір+алқызыл+сары=қара,

көгілдір+алқызыл=көк,

сары+алқызыл=қызыл,

сары +көгілдір=жасыл.

Сурет 3.3 – CMYK түстік үлгісі.

4 Графикалық бейнелерді сақтау форматтары

Графикалық файлдар форматы – файлда графикалық ақпаратты сақтау тәсілін, сонымен қатар ақпаратты сақтау формасын анықтайды.

Графикалық формат – графикалық ақпаратты жазу тәсілі. Графикалық формат суретті өңдеу және баспаға шығару мүмкіндіктерін, сонымен қатар оның жадыда алатын орнын береді. Файлдың форматы әдетте файл атының кеңейтілуімен белгіленеді.

Веторлық, растрлық және үшөлшемді суреттердің файлдарының форматтары бір-біріне сәйкес келмейді. Көптеген графикалық редакторларда ақпаратты тез ашып және кодталған суреттерді тез қалпына келтіру керек, сондықтан да суреттерді сақтау барысында суреттің өз форматын қолданып сақтаған тиімді. Егер суреттерді құру немесе өңдеу үшін бірнеше программалар қолданылса немесе суреттерді басқа бір адамға жіберсеңіз, онда компьютерде кеңінен қолданылатын форматтарды қолданған жөн.

Кең тараған растрлық форматтарға BMP, TIFF, PCX, GIF, JPEG форматтары жатады [1].

BMP (Bit Map Image) форматы. BMP (Bit Map Image) форматы растрларды Windows ОЖ-де сақтау үшін қолданылады. Ол растрлық суреттерді салатын Windows қосымшаларында қолданылатын формат болып табылады.

BMP форматының артықшылығы – Windows-пен үйлесетін кез келген программаны сүйемелдеуі. Ал, кемшілігі – қысу мүмкіндігінің нашарлығы. Бұл форматта тек қана 4 және 8 биттік суреттерге ғана сәйкес RLE қысу алгоритмі қолданылады.  BMP файлдары дискіде көп орын алады. Сонымен қатар BMP файлдарын қолдану Windows платформасымен шектеулі.

TIFF форматы. TIFF (Tagged Image File Format, файл атының кеңейтілуі . TIF) жоғары сапалы растрлық суреттерді сақтауға арналған кең таралған формат. Ол ақ-қара RGB және CMYK модельдеріне дейін барлық түстерді қамтиды. TIFF форматында LZW қысу алгоритмі қолданылады. TIFF форматы түсті тарату және қысу механизмінің тиімділігіне сай сканерленген аэрофото және ғарыштық суреттерді сақтауға өте ыңғайлы.

PXC форматы.  PXC (PC PaintBrush File Format, файл атының кеңейтілуі .PXC) форматын PaintBrush РС программасы үшін Z-Soft фирмасы жасаған. PXC файлдарын компьютерлердің барлық графикалық қосымшалары ашып және импорттай алады. Бұл форматта RLE қысу алгоритмі қолданылады. Бірақ PXC RGB және CMYK модельдерінен басқа модельдермен жұмыс жасай алмайды. Бейненің түстік бөлінуін сақтамауы, түстік модельдің аздығы және басқа шектеулер бұл форматтың қолданыстан шығуына себеп болды. Қазіргі кезде бұл формат ескірген болып табылады.

GIF форматы. GIF (Graphics Interchange Format, файл атының кеңейтілуі .GIF) форматын 1987 жылы CompuServe фирмасы желімен растрлық суреттерді тарату үшін арнайы жасаған. Сондықтан да бұл форматта қысу механизмі жақсы, Web-беттерінен суреттерді тез жүктейді. GIF форматы LZW- қысу әдісін қолданады. GIF файлдар бір немесе бірнеше растрлық суреттерден тұруы мүмкін, программа файлда көрсетілген жиілікпен суреттің бірен кейін бірін жүктейді. Осылайша  қозғалсты алуға болады. GIF форматында түстік сурет тек қана 256 түс режимінде жазылады.

Форматтың кемшілігі: түстің өте аз тереңдігінде болып табылады. Мұнда тек 256-дан артық түс қолданылмайды. Және фотосуреттерді сақтау ыңғайсыз, мұнда түстері аз суреттерді сақтауға болады.

JPEG форматы. JPEG (Joint Photographic Experts Group, файл атының кеңейтілуі .JPG) растрлық бейнелерді сақтауға арналған формат. Нақты мәндердің орнына JPEG нүктеден нүктеге аусу жылдамығын сақтайды. Ол кейбір мәндерді ортақтастырып артық түстік ақпаратты лақтырып тастайды. Қысу деңгей үлкен болған сайын, артық түстік ақпаратты лақтырылып тастайды да, суреттің сапасы нашарлайды. Мұнда қысу әдісі “артық” ақпаратты жоюға негізделген, сондықтан бұл формат тек электрондық баслымдарға ғана қолданылуға ұсынылады. JPEG түрлі-түсті фотосуреттерді толықтай түстік реңктер жиынтығымен сақтап, таратуға мүмкіндік береді. Мұнда әрбір нүктенің түсі  битпен кодталады.

PNG форматы. PNG (Portable Network Graphics, файл атының кеңейтілуі .PNG) форматы 1985 жылы JPЕG және GIF форматтарын ауыстыру үшін жасалған, сонымен қатар суреттерді Интернетке орналастыруға мүмкіндік беретін салыстырмалы  түрде жаңа формат. Ақпараттың сапасын жоғалтпай қысуға мүмкіндік береді [19].

Векторлық графикалық файлдар форматтары

Векторлық форматтың растрлық форматтан айырмашылығы, векторлық графика ауқымында әртүрлі платформада, әртүрлі программаларда қолданылатын стандартты форматтардың жоқтығы деп айтуға болады. Векторлық суреттерді салудың арнайы алгоритміне сәйкес барлық векторлық графикалық программалардың өз форматтары болады.

Әр векторлық формат командалар жиынымен және оларды кодтау тәсілімен ерекшеленеді. Бірақ векторлық графикада кейбір кезде файлдарды әртүрлі қосымшаларда тасымалдау қажеттілігі туған жағдайда өздерінше стандартты болып табылатын  WMF, CDR, AI  форматтары қолданылады. Сонымен қатар, векторлық және растрлық суреттермен жұмыс істеуге арналған әмбебап файлдар форматтары да бар, олар: EPS, PDF. Кез келген векторлық форматтағы файлдарда растрлық графикалық суреттерді сақтауға болады.

WMF (Windows MetaFile) форматы. Бұл Windows ОЖ-нің векторлық форматы. Онда барлық векторлық суреттер программадан программаға ауыстыру буфері арқылы тасымалданған кезде конверттеледі. WMF форматының көмегімен векторлық картографиялық суреттерді Windows-тың оффистік қосымшаларына экспорт жасағанда қолданылады.

CDR (CorelDraw Document) форматы. Ол – танымал CorelDraw (Corel Corр) графикалық редакторының жұмыс форматы. Формат векторлық, растрлық графиканы және мәтін жазуға мүмкіндік береді. CDR файлдарының жұмыс алаңы – 45 метр, мысалы сыртта ілінетін жарнамаларды құруда қолданылады. CDR форматының кемшілігі, талап ететін жадының үлкен көлемі және әртүрлі версия форматтарының үйлесімсізділігі.

PDF (Portable Document Format) форматы. PDF (файл атының кеңейтілуі .PDF) форматы Adobe фирмасы ұсынған. Онда векторлық жне растрлық суреттер, әр түрді қаріпер жиынынан тұратын мәтін, гипермәтіндік сілмеме сақталады. Бұл форматпен жұмыс істеу үшін Adobe компаниясы Acrobat пакетін шығарды. Acrobat Reader тегін утилитасы құжатты оқуға, баспаға шығаруға мүмкіндік береді, бірақ құжатты құруға және жөндеуге юолмайды [19].

ҚОРЫТЫНДЫ

Қорыта келе, қазіргі кез келген пәнді оқытуда АҚТ құралдарын пайдаланудан тысқару қалу мүмкін емес. Солардың ішінде бірден-бір пән – информатика. Жалпы, қазіргі кезедгі барлық компьютерлік бағдарламалық орта өзіндік графикалық кескінсіз елестету мүмкін емес. Сондықтан да, тек компьютерлік графикалық редакторлар арқылы алатын өнім ғана емес, жалпы компьютерлік орталардың өзінде де графиканың алатын орны жоғары екені қарастырылды.

Бұл жұмыстың жазылу барысында графикалық редакторлардың түрлеріне: растрлық, векторлық және фрактальдық редакторларға тоқталдық. Олардың мектеп информатика курсында оқытудың қажеттілігі мен пайдалану мүмкіндіктерін, артықшылтары мен кемшіліктері қарастырылды.

Жалпы, мектеп қабырғасында графикалық редакторларды оқыту оқушыларды болашақта одан да күрделі техникалық жүйелерде жұмыс істеуге дайындау мүмкіндігін береді. Компьютерлік графиканы мектеп информатика курсында оқытудың әдістемесі әлі де қарастырылуда.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

  1.  Сағымбаева А.Е. Компьютерлік графика: Оқу құралы. Екінші басылым. – Алматы, 2013. -120б.
  2.  Бактыгереева А. Компьютерлік графика. // Информатика негіздері №5, 2010. – 26-27б.
  3.  Исабек Н.Е. Компьютерлік графиканы пайдалануға даярлаудың жүйесі. // Қазақстан мектебі №9, 2004. – 20-23б.
  4.  Есполова З.А. Компьютерлік графика: Әдістемелік нұсқау. – Өскемен, 2008. -54б.
  5.  Компьютерлік графика негіздері: Оқу құралы. Қазақ Ұлттық Аграрлық университеті. – Алматы, 2007. -97б.
  6.  Бектас Ғаниұлы, Айнұр Бақытбекқызы. Мектеп информатикасының бейінді курсында компьютерлік графиканы оқытудың қажеттілігі. // Ұлағат. – 2012. - №3. 15-21б.
  7.  Исабек Н.Е. «Студенттерді компьютерлік технологияны кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға даярлайдың теориялық және практикалық негіздері».  Автореф. дис... пед. ғылым. докт. – А.,2010. -44б.
  8.  Никитин Александр Владимирович. Методика формирования самостоятельности старшеклассников при обучении компьютерной графике в школьном курсе информатики. // Автореферат. к.п.н.,  Волгоград, 2006.
  9.  Танирбергенов Медеубек Жуматаевич. Методика обучения графике в курсе изобразительного искуства (5-6 классы). // Дис. ... к.п.н., Юж-Каз. гос. ун-т. им. М.О.Ауезова (ЮКГУ), Ш.,2004.
  10.   Байғожанова Д.С. Колледждерде компьютерлік графика мүмкіндіктерін оқыту әдістемесін жетілдіру жолдары. // І.Жансүгіров атындағы  Жетісу мемлекеттік ун-ң хабаршысы №1, 2011. – 15-19б.
  11.   Ажитаев Н.Е. Компьютерлік графиканың ерекшеліктері мен мүмкіндіктері. // Вестник КазНПУ, 2010. №1 – 83-86б.
  12.   Мұқатаева  С.М. Paint графикалық редакторында суретті қағазға басып шығару. // Білім кілті, 2013. №1 -47-48б.
  13.   Бахманова Г. Adobe Photoshop ортасындағы компьютерлік графика мүмкіндіктері. // Информатика негіздері №6, 2010. – 4-5б.
  14.   http://aitaber.kz/blog/photoshop/624.html
  15.  Баймулдин Мұрат. Графикалық циклдар жасау әдістері мен құралдары: Оқу құралы. Қарағанды, 2011. 92б.
  16.   http://portal.vkgu.kz:1010/5771/1.ppt.
  17.   Бектемесов М.Ә. Фрактальдық жиындарды компьютерде бейнелеу. // Вестник КазНПУ, -2008. №1 -73-79б.
  18.  http://school.ciit.zp.ua/paint-htm/grafik.htm
  19.   Ермеков Нұрмұхамет. Компьютерлік графика: Оқу құралы. Астана, 2010. 172б.



1. Мягкое внедрение изменений
2. . Сравнительный анализ сетей на основе коммутации каналов и пакетов.
3. У взрослого человека скелет насчитывает 206 костей которые дополняются участками хряща
4. 1 Понятие информации 7 1
5. Экология ж~не т~ра~ты даму Топтар ФСТИМ 1214; СТР1215 ~~у формасы ж~не тілі ~ к~ндізгі каза~ша Кур
6. Бранч НьюДжерси американский историк и теоретик литературы специалист по исследованию английского ром
7. тематизатор античной философии
8. Центральний банк Російської Федерації
9. Договор лизинга
10. Синее учебное пособие ~ стр
11. Реферат на тему- Шекспірrdquo; План.
12. Статья Построение геологической модели и прогнозного разреза
13. История появления сакэ
14. цу 1 год шт 2 год шт 3 год январь
15. ТЕМА- СОЦИОЛОГИЧЕСКАЯ МЫСЛЬ В РОССИИ В ХIХ ВЕКЕ Выполнил- студент 1ой группы
16. ТЕМА 45 Я ХОТЕЛ РАССКАЗАТЬ О РУССКОЙ НОСТАЛЬГИИ ЖИЗНЬ И ФИЛЬМЫ А
17. Основные этапы развития теории и практики управления
18. Его длинные серые полотнища вились вокруг изнуренной толпы паломников словно влажное погребальное покрыва
19. Основні принципи експертного дослідження Питання до контрольної роботи
20. а; по форме представления вопроса