Поможем написать учебную работу
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
1.Бюджеттің экономикалық категория ретіндегі мәнін ашыңыз?
2.Мемлекеттің бюджеттің экономикалық категория және қаржылық жоспар ретіндегі ерекшеліктерін көрсетіңіз?
3.Бюджеттік реттеудің салыстырмалы халықаралық талдауың жасаңыз?
4.Бюджет және макроэкономикалық тұрақты даму арасында қандай байланыс бар? «Бюджет экономикаға әсер ету құралы» тұжырымымен келісесіз бе?
5.Қазынашылық бақылаудың құрылымы:элементтері,формаларын атап өтіңіз?
6.Қазынашылықты ұйымдастырудың шетелдік тәжірибесін талдаңыз?
7.Бюджеттік құрылғы және бюджеттік жүйе арасындағы байланыстың мәнін көрсетіңіз.Оны сызба түрінде бейнелеңіз?
8.Бюджеттік субсидиялау әдістеріне салыстырмалы сипаттама беріңіз?
9.Ұлттық қорды ҚР бюджет жүйесіне енгізудің себептерін анықтаңыздар?
10.Ұлттық қордың экономикалық мәнін ашыңыз және оның бюджеттен тыс қорлардан айырмашылығын көрсетіңіз?
11.Республикалық бюджет жобасын қарау мен бекіту тәртібі қалай жүргізіледі?
12.Бюджеттік үдеріс және бюджет саясаты арасындағы байланысты талдаңыз?
13.ҚР бюджеттік жүйесінің мәнін,құрылымын,ерекшеліктерін ашып сипаттаңыз?
14.Әлеуметтік қамтамасыз ету мен қорғау шығындарының маңызын көрсетіңіз?
15.Жалпы сипаттағы мемлекеттің шығыстардың қажеттілігі немен түсіндіріледі?
16.Бюджеттің реттеуші және тіркелген табыстарының ерекшелігі неде?
17.Біріңғай бюджеттік сыныптаманың құрамына сипаттама беріңіз?
18.Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасының ерекшелігі неде?
19.Бюджеттік бағдарламалардың нәтижелігі мен тиімділігі қалай бағаланады?
20.Әртүрлі деңгейде бюджеттік комиссияларды құрудың қажеттілігін және олардың қызметтеріндегі ерекшеліктерін көрсетіңіздер?
21.Біріңғай бюджеттік сыныптаманың қолтаңбалы маңызын көрсетіңіз?
22.Бюджетаралық қатынастарды құрауда қағидаларды сақтаудың қажеттілігі қандай?Мысал келтіріңіз,тұжырымды дәлдеңіз?
23.Қазақстанда бюджетаралық аралық қатынастарды мемлекеттік басқару органдарының қызметтеріне сипаттама беріңіз және сызба түрінде бейнелеңіз?
24.Бюджеттік бағдарламалардың жүзеге асуын бағалауда мемлекеттік органдар мониторингті қандай жолмен ұйымдастырады?
25.Қазақстан Республикасында бюджетаралықаралық қатынастар қандай нысандар арқылы реттеледі?
26.Бюджеттің атқарылуын қалай түсінесіз?
27.Бюджеттік жоспарлау және болжаудың қажеттілігін дәлдеңіз?
28.Бюджет тапшылығының мәнін ашыңыз және оны қаржыландырудың қандай көздерін білесіздер?Теңгерімді бюджетті қалай түсінесіз?
29.Бюджеттің қазынашылық атқарылуының негізгі процедуралары және технологияларын сипаттаңыз
30.Республикалық және жергілікті бюджетті жүргізудегі қазынашылық жүйесінің тәртібін «оң және теріс» тараптары тұрғысында талдаңыздар?
31.Қазақстанда бюджет шығыстарын қалыптастыру үрдісін талдаңыз?
32.Қазақстан тәжірибесінде бюджет кірістерінің құрылымын сипаттаңыздар,және оны арнайы сызбада көрсетіңіздер?
33.Бюджеттік несиелеудің мәнін ашыңыз және оны жүзеге асырылу тәртібін көрсетіңіз?
34.Мемлекеттің несиелеудің артықшылықтары мен кемшіліктерін әлемдік тәжірибеге салыстырмалы талдау негізінде SWOT әдісінде ұсыныңыздар?
35.Мемлекеттік қарыз бюджет жүйесіне қалай әсер етеді?
36.Қазынашылықтың бюджет жүйесіндегі негізгі функциялары мен міндеттері қандай?
37.Бюджеттің атқарылуындағы қазынашылықтың ролін сипаттаңыздар?
38.Бюджеттің кассалық атқарылуына қызмет ететін шоттардың сипаттамасын беріңіздер,оны сызбада бейнелеңіздер?
39.Бюджет шығыстарының басымды бағыттарын атаңыздар және себептерін анықтаңыздар?
40.Бюджеттің нақтылануы қандай жағдайларда орын алады және қалай жүзеге асырылады?
41.Қазақстандағы қазынашылықты дамыту,қайта құрудың қажеттілігі мен себептерін көрсетіңіздер?
42.Жергілікті бюджеттің үдерістегі рөлі қандай?Жергілікті бюджеттің мемлекеттік бюджеттегі үлесіне динамикалық талдау жасаңыз?
43.Қазақстан аймақтарының субвенциялық тәуелділігінің себептері қандай?
44.Қазақстанда бюджетаралық қатынастар бюджеттік аймақшылдықтың қайсы үлгісіне жақын?Пікіріңізді дәйектеңіз?
45. «Жасыл экономика» және «болашық энергиясы» басымдылықтары бюджет шығыстарын қалыптастыруға қалай әсер етуі мүмкін?Пікіріңізді дәлдеңіз?
46.Субвенциялар мен бюджеттік алымдар,олардың көлемін анықтау әдістемесін сипаттаңыз?
47.Бюджет шығындары лимитін есептеуде қандай факторлар ескеріледі?
48.Бюджеттік бағдарламалардың сапасы мен құрамына қандай талаптар қойылады?
49.ҚР қазынашылық комитеті қызметін анықтаайтын нормативтік құжаттарға сараптамалық талдау жасаңыз?
50.Қазіргі уақытта ұлттық қорды дамытудың қандай перспиктивалы бағыттарын айта аласыз.Мысал келтіріңіз,жауабыңзыды негізденіз
51. Қазақстанда мемлеткеттік бюджеттің шикізаттық тәуелділігі туралы пікіріңіз қандай
52. Білім беру саласын бюджеттіқ қаржыландыруды адам капиталын инвестициялау ретінде қарастыруға болады ма
53. Бюджеттің қоғамдық артықшылықтарды институциаландыру қызметінің мазмұны неде және оны жузеге асуын қалай бағалайсыз
54.ҚР бюджеттік үдерісінде орын алып отырған бюджет қаражатының игерілмеуі туралы пікіріңіз қандай. Ойыңызды дәйектеңіз
55.ҚР бюджет жүйесі қызмет етуін жетілдіру мақсатында қандай бағыттарды ұсынар едіңіз
56. Нәтижеге бағдарланған бюджеттеу қандай міндеттерді шешуге мүмкіндік береді
57. ҚР заңнамасына сәйкес, 2010-2013жылдары секвестрлеуге жатпаған бюджеттік бағдарламаларды көрсетіңіздер
58.ҚР бюджет кодексінің негізгі жағдайларын қарастырыңыздар
59. ҚР қазынашылык комитетінің құрылымы, міндеттері және қызметтерінің мәнін ашыңыз
60. ҚР қазынашылық жүйесінің даму перспективалары қандай
1.Бюджеттің экономикалық категория ретіндегі мәнін ашыңыз?
Бюджет ол жалпы қаржы категорияға қарағанда бөлек, ерекше тұрған экономикалық категория. Оның қаржыдан ерекшелігі тек қана абстракцияның басқа деңгейі мен қаржылық байланыстың әртүрлә дәрежеде болуына байланысты. Бюджет термині 2 жақты мағына береді:
1.Кез-келген экономикалық субьектінің қаражаттарының жиынтығы, қаржы ресурстарының көлемі
2.Бюджет экономикалық субьектінің табыстары мен шығыстарының арақатынасы белгілі бір мерзім аралығындағы ақшалай түсімдер мен олардың жұмсалуының с»йкестігін сипаттайтын ақша қаражаттардың балансы.
Қазіргі экономикалық әдебиеттерде бюджет ұғымы 3 аспектіде қарастырылады:
Экономикалық аспектіде бюджет экономикалық категория ретінде қарастырылады. Яғни ЖҰӨ және табыстың құнын бөлу барысында туындайтын ерекше қаржылық қатынастарды білдіреді.
Материалды аспектіде бюджет сәйкес билік органдарының қызметтерін қамтамасыз ету мақсатында белгілі бір аумақта қалыптасатын орталықтандырылған ақша қаражаттарының қоры. Құқықтық аспектіде бюджет заңнамалық тәртіпте қабылданатын жоспарлы акт ретінде қарастырылады.
Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мазмұны :
1.Бюджет экономикалық категория ретінде
2.Бюджет қаржы жүйесінің орталық буыны ретінде
3.Бюджет мемлекеттің негізгі қаржылық жоспары ретінде.
Бюджет экономикалық категория ретінде жиынтық ұлттық өнім мен ұлттық табыстың құнын бөлу барысында туындайтын ерекше қаржылық қатынастарды білдіреді. Осы арқылы жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында ақша-қаражаттарының орталықтандырылған қоры құрылады.
Мемлекеттік бюджеттің экономикалық категегория ретіндегі сипаттамасы:
Бюджет қатынастарының материалдық заттай көрінісі мемлекеттің ақша-қаражаттарының орталықтандырылған қоры.ҚР-ң бюджет кодексінің 3 бабында бюджет мемлекеттің өз міндеттері мен функцияларын іске асыруды қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры ретінде анықталған.
2.Мемлекеттік бюджеттің экономикалық категория және қаржылық жоспар ретіндегі ерекшеліктерін көрсетіңіз.
Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мазмұны :
Бюджет экономикалық категория ретінде
Бюджет қаржы жүйесінің орталық буыны ретінде
Бюджет мемлекеттің негізгі қаржылық жоспары ретінде.
Бюджет экономикалық категория ретінде жиынтық ұлттық өнім мен ұлттық табыстың құнын бөлу барысында туындайтын ерекше қаржылық қатынастарды білдіреді. Осы арқылы жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында ақша-қаражаттарының орталықтандырылған қоры құрылады.
Мемлекеттік бюджеттің экономикалық категегория ретіндегі сипаттамасы:
Бюджет қатынастарының материалдық заттай көрінісі мемлекеттің ақша-қаражаттарының орталықтандырылған қоры.ҚР-ң бюджет кодексінің 3 бабында бюджет мемлекеттің өз міндеттері мен функцияларын іске асыруды қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры ретінде анықталған.
Бюджет қаржылық жоспары ретінде. Негізгі қаржылық жоспардың арнайы кіріс және шығыс баптары мемлекеттің ақша қаражаттарының орталықтандырылыған қорын пайдалану бағыттары мен оның қалыптасу көздерін көрсетеді. Негізгі қаржы жоспар мемлекеттің жоспарлық әрекетінің нәтижесі болып табылады, себебі мұнда қоғамның барлық мүшелерінің мүдделерін анықтайтын және оларды орындайтын мемлекеттің күш-жігері жарияланады. ҚР парламенті жыл сайын қабылдайтын «республикалық бюджет жөніндегі» заңға сәйкес мемлекеттің негізгі қаржы жоспарының көрсеткіштері ешқандай шартсыз орындалуға тиісті. Қаржы доспары ретінде:
Ол мемлекеттік бюджеттің жалпы экономикаға белсенді т.рде ықпал етуіне шарттасты яғни негізгі қаржылық жоспар барлық ұлттық экономиканың бюджеті болып табылады.
Мемлекеттік бюджеттік-салық саясатында қаржылық жоспар бюджет арқылы жүзеге асады.
3.Бюджеттік реттеудің салыстырмалы халықаралық талдауын жасаңыз.
Мемлекеттің бюджеттік реттеудің салыстырмалы анализі бюджеттік жүйелерді құрылымдау мен оларды құру қағидаларын бағалауға мүмкіндік береді.
Халықаралық бюджеттік реттеудің әлемдік жаһанданудың бір бөлшегі болып табылады. Мемлекет бюджеттік реттеуді экономикалық ресурстардың тұрақтылығын сақтау, пайыз төлеу мен сыртқы қарызды өтеуге байланысты сыртқы қарыздық міндеттемелерді орындау секілді мәселелерді қарастырады.
Бюджетті реттеуді талдау келесідей шешімдерді шығаруға мүмкіндік береді:
Халықаралық тәжірибе көрсеткендей бүгінде нақты аймақтарға бюджеттік қажеттіліктің деңгейін анықтау мүмкін емес.Бүгінде мемлекет қазынасына түсіріп отырған пайда есебіне байланысты бөлінетін ресурс көлемі соған сәйкестеледі.
Бюджеттік реттеудің халықаралық талдауы:
Қазақстан |
Ақш |
ресей |
|
|
|
4. Бюджет және макроэкономикалық тұрақты даму арасында қандай баланыс бар? « Бюджет экономикаға әсер ету құралы» деген тұжырыммен келісесіз бе?
Мемлекеттiк бюджеттiң қызметi- бiрiншiден, мемлекеттiк бюджет арқылы ұлттық кiрiстiң 30 пайыз, жалпы iшкi өнiмнiң 20 пайыз, жалпы қоғамдық өнiмнiң 10 пайыз үлестiрiлiп және қайта үлестiрiледi.Ол ақша қорын ұлттық шаруашылықтың, өндiрiс өрiсiнiң, экономикалық аудандар мен мемлекет аумағының арасында үлестiрiледi. Мемлекеттiк бюджет экономикаға қатты әсер етедi, себебi ол бұл жерде ұлттық шаруашылықтың бюджет қызметiн атқарып түр. Мемлекеттiк бюджет материалдық өндiрiс өрiсiнде үлкен қызмет атқарады, себебi ол бұл жерде өсу симмуляторының қызметiн атқарып түр. Бюджеттiң қоры жекелей және қоғамдық қор айналымын қамтамасыз ету үшiн де қолданылады. Бюджет жүзеге аспай қалған жоспарларды өз жолын табуға көмектеседi. Сондай-ақ кәсiпорындардағы жұмыстың қарқынды және өтiмдi болуын қадағалап отырады. Мемлекеттiң, бiлiмге, денсаулық сақтауға, әлеуметтiк сақтандыруға және әлеуметтiк қамсыздандыруға, ғылымға, мәдениетке, өнерге, мемлекет шеңберiнде өтiлетiн мәдени шығынның орнын толтырып отырады.Бюджет мемлекеттiң өз мiндеттерiн жүзеге асыруына арналған және тиiстi заңдарға сәйкес белгiленген салықтар мен өзге де кiрiс көздерiнiң және түсiмдердiң есебiнен құралатын орталықтандырылған ақша қоры. мемлекеттік бюджет айрықшалықты қоғамдық арналымды орындайды жалпымемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыруға қызмет етеді, экономикалық категория ретінде көрінеді. Қаржыны орталықтандырудың арқасында ақша қаражаттары, мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясатын табысты іске асыру үшін жағдайларды дайындай отырып, экономикалық және әлеуметтік дамудың шешуші учаскелеріне шоғырландырылады. Ол жалпымемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыруға қызмет етеді, экономикалық категория ретінде көрінеді.
2012 жылы республикалық бюджеттің түсімдері 6 068,1 млрд. теңгені құрап, 2011 жылмен салыстырғанда 736,9 млрд. теңгеге ұлғайды.
Республикалық бюджеттегі кірістердің үлесі түсімдердің жалпы көлемінде 78,5%-ды, өтелген бюджеттік кредиттердің үлесі 2,1%-ды, қарыздар түсімдерінің үлесі 19,4%-ды құрады.
2012 жылға арналған республикалық бюджеттің кірісі 4 729,9 млрд. теңгеге жоспарланып, іс жүзінде 4 763,4 млрд. теңгеге немесе 100,7%-ға орындалды.
Кірістердің жалпы сомасында салықтық түсімдер 2 975,6 млрд. теңгені немесе 62,4%-ды, салықтық емес түсімдер 249,9 млрд. теңгені немесе 5,2%-ды, негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер 17,3 млрд. теңгені немесе 0,4%-ды, трансферт түсімдері 1 520,7 млрд. теңгені немесе 31,9%-ды құрады.
Бұрынғы жылмен салыстырғанда салықтық түсімдер 25,6 млрд. теңгеге немесе 0,9%-ға төмендеген, бұл ретте салықтық емес түсімдер 141 млрд. теңгеге немесе 2,3 есе, негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер 1,2 млрд. теңгеге немесе 7,5%-ға, трансферт түсімдері 195,3 млрд. теңгеге немесе 14,7%-ға өскен.
Тауарлардың импортына акциздердің төрт түрі, арнайы және қорғау баждарының үш түрі бойынша түсімдер жоспары іске асырылмаған.
2011 жылмен салыстырғанда ірі салық төлеушілерден түскен түсімдер 336,7 млрд. теңгеге немесе 21,4%-ға төмендеген.
2009-2011 жылдар кезеңінде бюджетке корпоративтік табыс салығын (бұдан әрі КТС) төлеген салық төлеушілердің саны 53,4 мыңнан 64,6 мыңға дейін өсті.
Сонымен бірге, салық базасының өсуіне қарамастан, КТС бойынша түсімдер жоспары 5 жыл бойы орындалмай келеді: 2012 жылы 40 млрд. теңгеге немесе 3,7%-ға, (КТС-тың төрт түрінің үшеуі бойынша жоспар орындалмаған); 2011 жылы 99,0%-ға, 2010 жылы 98,7%-ға, 2009 жылы 97,6%-ға, 2008 жылы 97,5%-ға орындалмаған.
2012 жылы бюджеттен 451,0 млрд. теңге мөлшерінде қосылған құн салығының (бұдан әрі ҚҚС) асып кеткен сомасы қайтарылған, бұл өткен жылғы қайтарылған сомадан 144,7 млрд. теңгеге көп. Мониторингіде тұрған 37 салық төлеушіге ҚҚС-тың асып кеткен сомасы оңайлатылған тәртіппен (салық тексерулері жүргізілместен) қайтарылды, 2009 жылдан бері қайтарылған сома 59,0-ден 196,9 млрд. теңгеге дейін өсті.
Осы бюджетке қатысты көрсеткіштердің барлығы макроэкономикалық дамуға әсер ететін басты факторлар болып табылады. Яғни көріп отырғанымыздай бюджет пен макроэкономикалық даму арасында тікелей байланыс бар. Бюджеттің дұрыс атқарылуы, әлде ауытқулардың болуының барлығы жоғарыдағы көрсеткіштерден байқалады.
5.Қазынашылық бақылаудың құрылымы: элементтері, формалары.
Қазынашылық дегеніміз мемлекеттік бюджеттің атқарылуын жүзеге асырушы атқарушы билік органы. Қазынашылық іс-әрекеттің мазмұны бюджетті атқару үрдісінде көрінеді. Экономикалық әдебиетте кең мағынасында, тар мағыналарында қарастырылады. Тар мағынасында қазынашылық бюджетті атқару бойынша арнайы қызметті жүзеге жүзеге асыратын мемлекеттік орган. Кең мағынасында мемлекеттік қаржы ресурстарын басқару үрдісі. Бюджетті қазынашылық атқарудың мәні:
Қазынашылық бақылау бюджеттің кірістері мен шығыстарын басқару, сондай-ақ бақылау функциясын да атқарады. Қазынашылық бақылау пайда болған бұзушылықтар анықтау мен оларды жоюды бақылауды қамтамасыз етеді. Қазынашылық бақылау екі бағытта жүргізіледі: бюджет шығыстары бойынша және бюджет кірістері бойынша. Оның кіріс бойынша элементтері: салықтық түсімдер, салықтық емес түсімдер, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер, ресми трансферттерден түсетін түсімдер, бюджеттік неселерді өтеу, мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер және т.б. Ал шығыс бойынша элементтері: жалпы сипаттағы мемлекеттік қызмет көрсету, қорғаныс, қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және т.б.
Қазынашылық бақылау формалары: алдын ала және ағымдағы.
Алдын ала бақылау белгілі бір қаржылық операциялар орындалғанға дейін және бюджеттік сметалардың бекітілуіне дейінгі кезеңде, кіріс әкелетін қызметпен байланысты сметалардың бекітілуіне дейінгі кезеңде жүзеге асырылатын бақылау.
Ағымдағы бақылау бюджетті атқарудың ағымдағы есептілігі бойынша, ағымдағы жүргізіліп жатқан операциялардың жағдайы негізінде бақылау жасау. Бұл бақылау түрі мемлекеттік ресурстардың қалыптасу және пайдаланылу процесіне өте үлкен әсер береді. Және де бюджетті қажетсіз шығыстардан құтқаруға көмектеседі
Қазынашылықтың қызметі Франция елінде Қазынашылық пен Мемлекеттік есептіліктің Бас дирекциясы арасында бөлінген. Қазынашылық Қаржы Министрлігінің құрамында, ал Мемлекеттік есептіліктің бас дирекциясы Бюджет министрлігінің құрамында. Францияның барлық қаржылық ресурстары Қазынашылықтың бірыңғай шотында шоғырланған. Ол ұлттық банктегі барлық түсімдер мен төлемдердің есебін бақылап отырады. Бірақ кірістер бойынша операциондық шешімдер қабылдауға Қазынашылық қатыспайды.
Салықтық түсімдер ір түрлі бюджеттік мекемелердің шотына түсіп отырады. Австралия, Бразилия елдерінде Қазынашылық Франциядағы сияқты ішкі және сыртқы қарыздарды басқарып отырады. Сонымен қатар ол бағалы қағаздардың шығуын қадағалап, оның шығарылу көлеміне, мерзіміне, құрылымына қатысты сұрақтарды шешеді.
Австралияда Қазынашылық органдары департамент болып табылады. Бірақ департамент мемлекеттік статусы жоқ және мемлекетке бағынады. Депртаменттің негізгі қызметі түсімдерді жинақтау және макроэкономикалық саясатты жүргізу.
Қазынашылық департаменттің құрамына Салық басқармасы кіреді. Осы арқылы ол салық төлеушілерден салықтық түсімдерді алып отырады. Сырттан келген түсімдерді кеден қызметі атқарады. Мемлекеттік ресурстар қазынашылықтың бірыңғай шотында шоғырланады.
Бразилиядағы мемлекеттік қаржыларды басқаруды Қаржы министрлігінің екінші деңгейлі бөлімшесі болып табылатын Қазынашылық Секретариаты жүргізеді. Қазынашылық секретариат бірыңғай шот бойынша барлық түсімдер мен төлемдерді басқарумен қатар әрбір министрліктердің жасайтын шығындарына байланысты лимитті белгілейді. Қазынашылық секретариат ішкі және сыртқы қарызды бақылап отырады. Ол кез-келген заимдардың мерзімін, көлемін, шарттарын айқындайды.
Жапонияда қазынашылық қызметті қазынашылық бөлімі, қарызды басқару бөлімі, қаржы бөлімі, бюджеттік бөлім, бюджеттің атқару бөлімі мен заң бөліміне жіктелген. Бұл бөлімдер Қаржы министрлігінің бөлімшесі болып табылатын бюджеттік және қаржы бюросының құрамына кіреді. Онда қазынашылық бөлімі күндерге бөлінген қаржы жоспарын жасайды. Ол бюджетті атқару бөлімі мен бірге Жапония банкінде мемл-к шот б-ша түсімдер мен төлем-ді бақылайды.
Испанияда қазынашылық қызметтер қаржы жөніндегі хатшының орынбасары Кеңсесі мен Қазынашылық-ң бас деректораты арасында бөлген. Осы екі орган Қаржы минист-де екінші деңгейдегі бөлімшелер б.т. Елде ОБ-да Қазынашылықтың бірыңғай шоты бар. Ол б-ша түсімдер мен төлемдерді Қазына-ң бас деректораты бақылайды. Қазынашылықтың бас деректораты мем-к бағалы қағаздардың қайталама нарығын реттеу б-ша кең өкілдіктерге ие.
7. Бюджеттік құрылғы және бюджеттік жүйе арасындағы байланыстың мәнін көрсетіңіз, оны сызба түрінде бейнелеңіз.
Бюджеттік құрылғы- бюджеттік жүйені ұйымдастыру мен оның жеке салаларының арасындағы өзара байланыс. Бюджеттік құрылғыларға мыналар жатады: функционалдандыру қағидалары және бюджеттің жіктелімі. Бюджеттік құрылғы еліміздің мемлекеттік құрылымының нысанымен анықталып, кіріс пен шығысты бөлуді жергілікті бюджет және республикалық бюджетті орындауға және бекітуге, қарастыру, құрастыру бойынша үкіметтің орталық және жергілікті органдарының құзырын анықтайтын заң нормаларына негізделеді.
Бюджет жүйесі мемлекеттің бүкіл қаржылық жүйесінің маңызды құрама бөлігі болып табылады. Бюджеттік жүйе экономикалық санат ретінде мемлекеттің заңды, жеке тұлғалармен, орталықтандырылған қаржы қорын- бюджеттерді құру мен пайдалану, оларды құру мен орындау әдістері мен тәсілдері бойынша аймаөтар мен жасалатын қаржылық қатынастар жиынтығы және осы қатынастарды басқарушы органдар жиынтығы б.т. басқаша айтқанда бюджеттік жүйе деп ҚР Ұлттық қорының және бюджеттерінің барлық деңгелерінің сондай-ақ экономикалық қатынастарға және құқықтық нормаларға негізделген бюджет үдерісінің және бюджеттік қатынастарының жиынтығын айтамыз.
Бюджет жүйесінің құрылымы:
8. Бюджеттік субсидиялау әдістеріне салыстырмалы сипаттама беріңіз.
Төмен түсуші ағын қозғалысын реттеу әр түрлі бюджеттік субсидиялау әдістерін (субвенция, дотация, бюджеттік несие, рес-ми трансфертер) пайдалану арқылы іске асырылады.
Дотация - ақшалай қосымша көмек - ол жоғары түрған бюд-жеттен төменгі түрған бюджеттер тапшылығын теңгеру үшін мығым тағайындалынған сомамен беріледі.
Субвенция - арнайы ақшалай көмек - ол жоғары түрған бюд-жеттен төменгі бюджеттерге қатаң мақсатпен тағайындалған ша-раларды қаражаттандыруға берілетін ақша құралдары.
Несиелік бюджет ресурстары - ол жоғары түрған бюджеттен төменгі бюджеттерге несие түрде пайызбен немесе пайызсыз мін-детті қайырылатын ақша құралдары. Бюджеттік несиелер заңна-малар мен бекітілген ережелерге сәйкес тек қана инвестициялық жобаларды іске асыруға беріледі.
Ресми трансферттер - ол гранттардан басқа ақысыз және қайтарылмайтын бюджет түсімдері немесе бюджет шығындары.
Кірістерден алынатын пайыздық бөлектеулер нормативтері бірыңғай әдістеме пайдалану арқылы тағайындалады. Оларды есептеу әдістерін жергілікті мемлекеттік билік органдары жасай-ды, себебі кірістер бөлу нормативтері тек қана бюджет жүйесінің облыс және аудан деңгейлері арасында қолданылады.
Ең көп таралған әдіс - ол ресми трансферттер механизімін пайдалану. Олар жалпы сипаттағы трансферттер, мақсатты ағым-дағы трансферттер және дамуға арналған мақсатты трансферттер-ге бөлінеді. Мақсатты трансферттер мен несиелік ресурстар жер-гілікті атқарушы органдармен тек қана олардың мақсатты белгілеу-леріне сәйкес пайдаланады. Қаржылық жыл бойы пайдаланбаған немесе мақсатты емес белгілеулерге пайдаланған мақсатты транс-ферттер мен несиелік ресурстар сомалары міндетті түрде жоғары тұрған бюджетке қайтарылады.
Жалпы сипаттағы ресми трансферттер маңында бюджеттік субвенциялар мен бюджеттік алып тастау болады. Бюджеттік суб-венциялар ретінде республикалық немесе облыстық бюджеттерде бекітілген сома көлемінде жоғары тұрған бюджеттен төменгі бюд-жетке берілетін қаржы құралдары табылады. Олардың көлемдері жыл сайын абсолюттік сомамен тиісті жергілікті бюджеттің түсімдері мен шығындары арасындағы айырмашылық ретінде анықталады. Жалпы сипаттағы ресми трансферттер жергілікті бюджеттерді бюджет қаражаттарымен қамтамасыз ету мен стан-дарттык деңгейде мемлекеттік қызмет көрсетуге тең фискалдық мүмкіншілік беруді келбеулі теңестіруге бағытталады.
Жалпы сипаттағы ресми трансферттер көлемін есептеу әдісі, бюджеттік субвенциялар және бюджеттік алып тастаудың төлем тәртібі мен мерзімі үш жылға Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. Жалпы сипаттағы ресми трансферттер көлемін есептеуде мемлекет бақылап реттей алмайтын аймақтар арасындағы объек-тивтік ерекшеліктер есептеледі.
Мақсатты ағымдағы трансферттер маңында жоғары түрған бюджеттен төменгі бюджетке берілетін бюджеттік алын тастау немесе субвенциялардан басқа бөлек бір ағымдағы бюджеттік бағ-дарламаларды іске асыруға арналған бекітілген сома көлеміндегі ресми трансферттер қарастырынады. Оларды тек қана мемлекет-тік, салалық және аймақтық бағдарламалар мен Үкімет немесе жергілікті атқарушы органдардың қорынан қаржыланатын шара-ларды орындауға беруге болады.
Дамуға арналған мақсатты трансферттер болып жоғары түрған бюджеттен төменгі бюджеттерге республикалық немесе облыс-тық инвестициялық жобалар мен бағдарламаларды іске асыруға берілетін бекітілген сомалар көлеміндегі ресми трансферттер та-былады.
9.Ұлттық қорды ҚР бюджет жүйесіне енгізудің себептерін атаңыз
Үкіметтің Ұлттық банктегі шотында шоғырландырылатын, қаржылық активтер түріндегі, сондай-ақ материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге мүлік түріндегі мемлекет активтері Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры бо- лып табылады. Ұлттық қор мемлекеттің қорланымдарын қалыптастыру, сонымен бірге әлемдік бағалардың жағдаятына республикалық және жергілікті бюджеттердің тәуелділігін төмендету мақсатында жасалынады. Ол мемлекеттің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге, қаржылық активтерді және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге мүліктерді жинақтауға, экономиканың мұнай секторына тәуелділігін және қолайсыз сыртқы факторлардың ықпалын төмендетуге арналған. Ұлттық қор жинақтау және тұрақтандыру функцияларын жүзеге асырады . 2000 жылдың 23- маусымында ҚР Ұлттық Қоры туралы ҚР Президентінің жарлығымен Ұлттық Қор құрылды. Нарықтық қатынастардың дамуы және тәуелсіз Қазақстанның құрылуы бюджет жүйесінің құрылымында ҚР-ң Ұлттық қоры сияқты элемментті құру қажеттілігін көрсетті. Тұрақтандыру қорлары болашақ ұрпақтың қорлары, егеменді байлықтың қорлары басқа да мемлекетте әрекет етеді. Бұл мемлекеттерде бюджеттік түсімдердің басым бөлігі табиғи ресурстарды экспорттаудан түсетін түсімдер есебінен құралады және олар жағымсыз жағдай орын алатын шығындарды қаржыландыру үшін арналады. Қазақстанда Ұлттық қорды құру кезінде Норвегия, Канада, Персид жағалауындағы елдердің тәжірибесі қолданылды. Болашақ ұрпақтың қорлары экономиканы тұрақты даму мақсатында құрылатын және қолданылатын арнайы мемлекеттік қор. Қор келесі қызметтерді атқарады:
Мұндай қорларды құрудың жағымды кезеңдері және себептері мыналар:
Ұлттық қордың мақсаты-песпубликалық бюджеттің әлемдік бағалардың жағдайына қатысты тәуелділігін төмпндету болып табылады, яғни тұрақтандыру қызметін атқарады.
10.Ұлттық қордың экономикалық мәнін ашыңыз және оның бюджеттен тыс қорлардан айырмашылығын көрсетіңіз?
Үкіметтің Ұлттық банктегі шотында шоғырландырылатын, қаржылық активтер түріндегі, сондай-ақ материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге мүлік түріндегі мемлекет активтері Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры бо- лып табылады. Ұлттық қор мемлекеттің қорланымдарын қалыптастыру, сонымен бірге әлемдік бағалардың жағдаятына республикалық және жергілікті бюджеттердің тәуелділігін төмендету мақсатында жасалынады. Ол мемлекеттің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге, қаржылық активтерді және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге мүліктерді жинақтауға, экономиканың мұнай секторына тәуелділігін және қолайсыз сыртқы факторлардың ықпалын төмендетуге арналған. Ұлттық қор жинақтау және тұрақтандыру функцияларын жүзеге асырады.Ұлттық қорға жіберілетін бюджеттік түсімдер Ұлттық қорды қалыптастыру көздері болып табылады. Бұл түсімдер:
Ұлттық қордың қаражаттары:
3) Ұлттық қорды басқаруға және жыл сайын аудит өткізуге байланысты шығыстарды жабуға жұмсалады.
ҚР Ұлттық қоры екі функция атқарады:
Бюджеттен тыс қорлар мемлекет қаржысы жүйесінің маңызды буыны; мемлекеттің катаң белгілі бір максаттарға пайдаланатын және заң жүзінде қалыптасуының бекітілген көздері бар ақшалай ресурстардың жиынтығы. Экономикалық категория ретінде бюджеттен тыс қорлар бірқатар қоғамдық қажеттіліктерді қаржыландыру үшін мемлекеттарапынан қаржылық ресурстарды қайта бөлу және пайдалану жөніндегі қатынастар болып табылады. Бюджеттен тыс қорлардың болуы олардың қарауында шоғырландырылған мақсатты қаражаттарды жедел басқарып, ұйымдастыруға мүмкіндік бередіҚазақстанда мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар 1998 жылдан бастап мемлекеттін қаржылық ресурстарын орталықтандыру саясатын жүргізуге байланысты максатқа сәйкес емес деп танылды: қорлардың қаражаттары Республикалық бюджетке шоғырландырылды. Алайда әлемдік практика қоғам тарапынан қаражаттардың жұмсалуына бақылауды қамтамасыз еткенде мемлекеттің қаржылық ресурстарын оперативті басқару мақсатымен оларды дербес қалыптастыруды орталықсыздандырудың және пайдаланудың тиімділігін растайды. Сондықтан болып жатқан әлеуметтік-экономикалық үдерістерге: зейнетақы жүйесін реформалауға (Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры, 1998 жыл), Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын орындауға (Қазақстандық инвестициялық қор, Ұлттық инновациялық қор, 2003 жыл), мұнайлық табыстарды қордалау қажеттігіне (Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры, 2001 жыл), әлеуметтік сактандыру жүйесін ендіруге (Әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қоры, 2005 жыл), шағын бизнесті дамытуға (Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры, 1997 жыл) байланысты бюджеттен тыс қорлар қайтадан бірте-бірте калпына келе бастады.
11.Республикалық бюджет жобасын қарау мен бекіту тәртібі қалай жүргізіледі?
1. Қазақстан Республикасының Үкiметi республикалық бюджет туралы заңның жобасын Қазақстан Республикасының Парламентiне ағымдағы қаржы жылының 1 қыркүйегiнен кешiктiрмей енгiзедi.
Қазақстан Республикасының Үкiметi республикалық бюджет туралы заңның жобасымен бiр мезгiлде мынадай құжаттарды және материалдарды:
1) республиканың әлеуметтiк-экономикалық даму болжамын;
2) орталық мемлекеттiк органдардың стратегиялық жоспарларының жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерiстер мен толықтырулар жобаларын;
2-1) стратегиялық жоспарлар әзiрлемейтiн бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi бюджеттiк бағдарламаларының жобаларын;
3) соңғы есеп берген күнгi мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген борыштың жай-күйi туралы деректердi;
4) бюджеттiк бағдарламалардың бюджеттiк кiшi бағдарламалары бойынша бюджет қаражатының жұмсалу бағытын нақтылайтын ақпаратты және республикалық бюджеттiң жобасына енгiзiлген шешiмдердi ашып көрсететiн түсiндiрме жазбаны ұсынады.
2. Республикалық бюджет ағымдағы қаржы жылының 1 желтоқсанынан кешiктiрiлмей, әуелi - Мәжiлiсте, ал содан кейiн Сенатта өз кезегiмен қарау арқылы палаталардың бөлек отырысында бекiтiледi.
3. Егер Қазақстан Республикасының Парламентi ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейiн республикалық бюджет туралы заңды қабылдамаса, Қазақстан Республикасының Президентi кезектi қаржы жылының бiрiншi тоқсанына арналған республикалық қаржылық жоспар туралы жарлық шығаруға құқылы, ол республикалық бюджет туралы заңды Қазақстан Республикасының Парламентi бекiткенге дейiн қолданылады. Қазақстан Республикасы Президентiнiң кезектi қаржы жылының бiрiншi тоқсанына арналған республикалық қаржылық жоспар туралы жарлығының жобасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң оны iске асыру туралы қаулысының жобасын бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган әзiрлейдi.
Кезектi қаржы жылының бiрiншi тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары кезектi қаржы жылына арналған республикалық бюджет болжамының төрттен бiр бөлiгi көлемiнде ағымдағы жылдың 25 желтоқсанынан кешiктiрiлмей бекiтiледi.
Республикалық қаржы жоспарының атқарылуы осы Кодексте белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
4. Кезектi қаржы жылының бiрiншi тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары бекiтiлген жағдайда, осы қаржы жылына арналған республикалық бюджет сол жылғы 1 наурыздан кешiктiрiлмей бекiтiлуге тиiс.
Бұл ретте осы қаржы жылына арналған республикалық бюджет сол жылдың бiрiншi тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары ескерiле отырып бекiтiледi.
5. Республикалық бюджет туралы заң қосымшаларымен бiрге, Қазақстан Республикасы Президентiнiң алдағы қаржы жылының бiрiншi тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары туралы Жарлығы қосымшаларымен бiрге бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
12.Бюджеттік үдеріс және бюджет саясаты арасындағы байланысты талдаңыз?
Бюджеттік үдеріс / Бюджеттік процесс - мемлекеттік билік органдарының, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының және оған басқа да қатысушылардың бюджет жобаларын, мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар бюджетінің жобаларын жасау және қарау жөніндегі, осы бюджеттерді бекіту және атқару жөніндегі, сондай-ақ олардың атқарылуын бақылау жөніндегі құқықтық нормалармен тәптіштелетін қызметі. Бюджеттердің құралуының негізгі қағидалары Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген. Қазақстан аумағында бюджеттердің құралуы мен атқарылуын реттейтін басты акт Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексі. Бюджеттік үдеріс төрт сатыны қамтиды, олар: бюджет жобаларын жасау; оларды қарау; бюджеттерді бекіту; бюджеттерді атқару.
Бюджеттік үдерісті көрсететін тағы бір маңызды экономикалық көрсеткіш елдің экономикасына фискальдық жүктеме болып табылады. Экономикаға іс жүзіндегі салық жүктемесі деп мемлекеттің пайдасына елдің ЖІӨ-сіне шынайы түрде төленген міндетті төлемдердің үлесі түсініледі, басқаша айтқанда, бұл мемлекеттің салық алымдарынан түсетін кірістері шамасының ішкі жалпы өнімнің шамасына қатынасы. Фискальдық жүктеменің шамасы жоғары болған сайын пайданың елеусіздігіне байланысты экономикаға инвестиция құюға деген ынталылық та төмен. Басқа жағынан алғанда, жүктеменің жоғары емес көрсеткіші мемлекеттің жеткілікті дәрежедегі күшті әлеуметтік саясатты жүргізе алмайтындығы туралы айтады. Бюджеттік саясат негізінен мемлекеттік қаржы құрылымдарының теңгерімділігін қамтамасыз етуге бағытталатын болады. Бюджеттік саясатқа: страт-қ жоспарлау; бюджет; республикалық бюджеттік комисссия; азаматтық бюджет кіреді.
-Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
-Қазақстан Респуликасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2012 жылғы 14 желтоқсан.
-Мемлекет басшысының 2012 жылғы 27 қаңтардағы "Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
13.ҚР бюджеттік жүйесінің мәнін,құрылымын,ерекшеліктерін ашып сипаттаңыз?
Бюджет жүйесі - экономикалық қатынастар мен заңдық нормаларға негізделген түрлі денгейдегі бюджеттердің жиынтығы, сондай-ақ оларды әзірлеу, қарау, бекіту, атқару және атқарылуын бақылау үдерісі. Бюджет жүйесінің бірлігі бірыңғай заң шығарушылық негіз, бюджеттік құжаттама нысаны, бірыңғай бюджеттік сыныптаманы (кіріс пен шығыстың міндетті бірыңғай топтамасын) қолдану, бюджеттердің төменгі деңгейінен келесі деңгейіне қажетті статистикалық және бюджеттік ақпарат беру, бірыңғай ақша жүйесі арқылы қамтамасыз етіледі. Бюджеттердің дербестігі меншікті кіріс көздерінің болуы және оның пайдаланылуын айқындау құқығы арқылы қамтамасыз етіледі. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі экономикалық қатынастарға және тиісті құқықтық нормаларға негізделген әртүрлі деңгейдегі бюджеттерді қамтиды.Қазақстан Республикасында жиынтығында мемлекеттік бюджетті құрайтын республикалық бюджет пен жергілікті бюджеттер дербес жұмыс істейді.Бюджет жүйесінің жұмыс істеуі бюджеттердің әртүрлі деңгейлерінің өзара байланысына негізделген және оларды әзірлеу, қарау, бекіту, атқару, бақылау тәртібімен, сондай-ақ республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы есеппен қамтамасыз етіледі.Қаржы жылына арналған республикалық бюджет Қазақстан Республикасының заңымен, жергілікті бюджеттер - мәслихаттардың шешімдерімен бекітіледі.Барлық деңгейдегі бюджеттерді әзірлеу, бекіту және олардың атқарылуын есепке алу ұлттық валютамен жүзеге асырылады.Республикалық бюджеттің орындалуына бақылауды Есеп комитеті жүргізеді ал, жергілікті бюджетті сәйкес жергілікті деңгейдегі тексеріс комиссиясы, сонымен қатар ҚР қаржы министрлігі мен оның өкілетті органдары жүргізеді.Республикалық бюджет - Қазақстан Республикасының заңымен бекітілетін, түсімдер мен бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) есебінен қалыптастырылатын және өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заң актілері жүктеген міндеттерді жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін республикалық бюджет бағдарламаларын қаржыландыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры. Жергілікті бюджеттер (әкімшілік-аумақтық бірліктердің бюджеттері) - облыстық бюджеттер, қалалардың (аудандық маңызы бар қалалардан басқа), қалалардағы аудандарды қоспағандағы, аудандардың бюджеттері. Барлық деңгейдегі бюджеттердің теңдестірілуі бюджет-қаржы саясатының қажетті шарты болып табылады. Қазақстан Республикасында әрбір деңгейдегі бюджеттердің кірістері оның салық, жергілікті өзін-өзі басқару, жергілікті шаруашылық, бюджет жүйесі туралы заңдарына сәйкес құралады. Республикалық бюджет пен жергілікті бюджеттерді әзірлеу, қарау, бекіту, атқару және атқарылуын бақылау тәртібі Қазақстан Республикасының "Бюджет жүйесі туралы" Заңымен (1.4.1999) және оған кейіннен енгізілетін өзгертулер мен толықтырулар туралы заңдармен айқындалады. Бюджеттік құрылымға бюджет жүйесінің құрылуы мен ұйымдастырылу қағидалары жатады. Ол заң актлерімен бекітіліп, мемлекеттік құрылыммен анықталады.
Бюджетттік құрылымға келесі түсініктер кіреді:Бюджет жүйесі;Бюджет құқығы;Бюджет үрдісі;Бюджеттік реттеу.Бюджеттік құрылым бюджеттің жеке түрлері арасында кірістер мен шығыстардың бөлістірілуін қарастырады. Мемлекеттің тұрақтылығын қалыптастыруда жергілікті бюджет жүйесінің маңызы зор. Оның негізін жергілікті салықтар мен займдар құрайды. Жергілікті бюджет шығындарының басым бөлігі білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік шығындарға жұмсалады. Сонымен қатар жергілікті бюджет қаражаттары арқылы тұрғын-үй коммуналды шаруашылық шығындары, жол жөндеуге кеткен, қала ішін көріктендіру шығындары кіреді. Жергілікті бюджеттің кірісіндегі басты үлесті салықтық емес түсімдер құрайды.
14. Әлеуметтік қамтамасыз ету мен қорғау шығындарының маңызын көрсетіңіз?
ҚРда эк-қ реформалар басынан бастап әлеум-к бағдардағы реттелінетін Ұлттық нарық жүйесін құруға бағытталған.Эк-ка дамуының әлеум-к бағытылығының бір көрінісі болып елдің қаржы ресурстарын орталықтандыру мен қайта бөлінісі б.т.Осының салдарынан мемл-т әр түрлі механизмдерді пайдалана отырып,нақты мұқтажды азаматтарға жәрдемақы төлеу арқ.әлеум-к көмек көрсетеді.Мемлекет-ң әлеум-к саясатының мазмұнын оның әлеум-к көмек көрсету мен әлеум-к қамт.ету жөніндегі барлық іс-әрекет қосындысы қалыптастырады.Әлеум-к саясат-ң маңызы мемл-ң нақты әлеум-к функция-н іске асыруда көріністі болады.Әлеум-к эк-каны мемл-ң барлық эк-касының дамуынан бөлек қарастыруға мүмкін емес,себебі әлеум-к саланың іс-әрекетте болуының басты шарты-ол бұл саланы қаржы-қ қамтамасыз ету.Әлеум-к саланы қаржыландыруды нарық-қ эк-кадағы мемл-ң рөлі жөніндегі мемл-ң мәселе-мен бірге қарастыру қажет,себебі эк-қ реформаларда мемл-т пен нарық-ң әсер салаларын шектеудің өте маңызды мәні бар.Халықты әлеум-к қорғау жүйесінде жәрдемақылар маңызды орын алады.Республика азаматтары мүгедектікке,асрыаушы адамнан айырылып қалу,жас шамасына б/ты мемл-к әлеум-к жәрдемақы алуға құқықтары бар.Жәрдемақы төлем-рі респуб-қ бюджет құралдары арқ.іске асырылады.Респуб-қ маңфзф бар қала-р,Астана ж/е аудан бюджет-рі құралдары арқ.әлеум-к жәрдем мен әлеум-к қамт.ету көрсетіледі,яғни келесілер:-баспаналық жәрдем кқрсету жөніндегі төлем-р;-мұқтаж азамат-ға үйлерінде әлеум-к жәрдем;-анықталған мекен-жайы жоқ тұлға-ды әлеум-к икемделу;-ата-анасыз қалған балалар мен жетімдерге,мүгедектер мен қарияларды әлеум-к қамт.ету;-халықты еңбекпен қамт.ету.Облыстық бюджет құралдары арқ.ата-анасыз қалған балалар мен жетімдерге,мүгедектер мен қарияларға әлеум-к қамт.ету жөніндегі төлемдер іске асырылады.
15.Жалпы сипаттағы мемлекеттің шығыстардың қажеттілігі немен түсіндіріледі?
Жалпы сипаттағы мемл-к қызмет-ге арналған шығыстар құрылымының мынадай өз мақсат-ры бар:-мемл-ң нақты мұқтаждықтарының негізінде уәкілдік шектеуі заңды түрде бекітілген басқарудың респуб-қ органдарын қаражаттандыру;-мемл-к қызметтің бірыңғай жүйесі б/ша мемл-к қызметкерлерді ұстау үшін шығындардың қалыптасу жалпы принциптерін жасау ж/е енгізу;-осы мақсаттар үшін бөлінген бюджет құралдарын пайдалануының мемл-к қаржы бақылау жүйесін жетілдіру;-басқарудың мемл-к органдар құрылымын жетілдіру.ҚРда мемл-к билік әрбіреуі өз алдына дербес бірлігі бар заңнамалық,атқарушы ж/е сотты 3 бұтаққа бөлу арқ.іске асырылады.Респуб-қ бюджетте осы функционалдық топ б/ша Президент-ң,Парламент-ң,Конституциялық Кеңестің,Адам құқығы жөніндегі Ұлттық комиссия-ң ж/е басқа да жалпы сипаттағы мемл-к қызмет көрсетуші-ң іс-әрекетін қамт.ету үшін бюджет шығындары қаржыландырылады.Жалпы адамдық өрлеуде айрықша маңызы бар ғылымның іс-әрекетін қамт.ету мен терең ж/е қолданбалы ғылыми зерттеу-ң дамуы үшін республикада негізінде құқ-қ,эк-қ ж/е әлеум-к шарт-р жасалған.Әлеум-эк-қ саясаттың құрамдық бөлігі болып табылатын мемл-к ғылыми-техн-қ саясат,қоғам-ң мұқтаждығы мен әлем-к ғылым-ң даму деңгейі,мемл-к бюджеттен ғылыми зерттеуді қаржыландыру мен терең ж/е қолданбалы зерттеуге мемл-к жәрдем жасаудың эк-қ механизмін құруын негізге ала отырып,ғылым мен техниканың басымды бағыттарын таңдау мен ынталандыру жолдарымен іске асырылады.
16.Бюджеттің реттеуші және тіркелген табыстарының ерекшелігі неде?
Бюджет жүйесі әрекеттенушілік маңызды принциптерінің бірі- дербестілік принципі әрбір бюджеттің шығыстары сол Б-тің табыстарымен өтелуі тиісті болуын талап етеді.
Бюджеттердің дербестік принципі - түрлі деңгейдегі бюджеттер арасында түсімдердің тұрақты бөлінуін белгілеу және сәйкес олардың жұмсалу бағыттарын айқындау, осы сәйкес мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерінің бюджет процесін дербес жүзеге асыру құқығы, жергілікті бюджеттердің атқарылуы барысында қосымша алынған кірістерді және жергілікті бюджеттер қаражатының қалдықтарын жоғары тұрған бюджетке алып қоюға жол берілмеуі, төменгі бюджеттерге оларды тиісті өтеусіз, қосымша шығыстар жүктеуге жол берілмеуі; Бірақ бұл принц-ті толығымен іске асыру мүмкін емес, сондықтан бюджет жүйесінің деңгейлері арасында табыстарды бөлу қажеттілігі п/б. Мұндай сәйкессіздік тіркелген және реттеуші табыстар пайдалану арқылы шешеді. Реттеуші кіріс көздері бекітіліп берілген және реттеуші болып бөлінеді. Тіркелген табыстар толығымен н/е мығым тіркелген бөлігімен тұрақты н/е ұзақ мерзімді негізде белгіленген тәртіппен тиісті бюджетке түседі. Тіркелген табыстар бұл түгелдей немесе ішінара белгілі бір бюджетке берілетін бюджет қаражаттары.Ал реттеуші табыстар салықтардан пайыздық мөлшерде н/е басқа түсімдерден бөлектеу нормативтер б-ша бюджеттің табыстары ж/е шығыстарының теңділігі мақсатында тиісті бюджетке түседі. Реттеуші салықтардан бөлектеу нормативтер аймақтық бюджеттер бойынша дифференциалады. Бюджет жүйесінің әрбір деңгейінде мемлекеттік қызмет көрсетуді толығымен қамтамасыз ететін қаржы құралдары бар болуы тиіс. Аймақтардың экономикалық дамуы үлкен саралаулы болғандықтан, араларындағы салықтық база орналасуы бір қалыпты еместігіне байланысты түрғындарға мемлекеттік қызмет көрсетудің деңгейі тең болуы әр түрлі реттеуші табыстар пайдалану арқылы іске асырылады;
17.Біріңғай бюджеттік сыныптаманың құрамына сипаттама беріңіз?
Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттiк сыныптамасы бюджет түсiмдерi мен шығыстарын сыныптама объектілерiне топтамалық кодтар бере отырып, функционалдық ведомстволық және экономикалық сипаттамалар бойынша топтастыру болып табылады.
Бюджеттiк сыныптама мыналарды қамтиды: *бюджет түсiмдерiнiң сыныптамасы; *бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы; *бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы.
Бюджет түсiмдерi сыныптамасының топтамасы мыналардан тұрады:
түсiмдердiң экономикалық белгілерi бойынша топтамасын бiлдiретiн санаттар. Сыныптамалық коды 1 белгіден тұрады; түсiмдердi олардың көздерi мен түрлерi бойынша топтайтын сыныптар. Сыныптамалық коды 2 белгіден тұрады; түсiмдердi олардың көздерi мен түрлерi бойынша неғұрлым егжей-тегжейлi топтайтын iшкi сыныптар. Сыныптамалық коды 1 белгiден тұрады;бюджетке түсетiн төлем немесе түсiм түрiн айқындайтын ерекшелiктер. Сыныптамалық коды 2 белгiден тұрады. Түсiмдердiң әрбiр түрiнiң түсiмдер сыныптамасының барлық деңгейлерiнiң кодтарынан қалыптасатын алты белгілi коды болады. бiрдей алты белгіден тұратын кодтарды белгілеуге жол берiлмейдi. Бюджет түсiмдерiнiң сыныптамасы мынадай негізгі санаттарды қамтиды: 1 - салықтық түсiмдер; 2 - салықтық емес түсiмдер; 3 - негізгі капиталды сатудан түсетiн түсiмдер; 4 - трансферттерден түсетiн түсiмдер; 5 - бюджеттік кредиттерді өтеу; 6 - мемлекеттің қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер; 7 қарыздардың түсiмi; 8 бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары.
Мемлекет функцияларының орындалуын, республиканың стратегиялық, орта мерзiмдi бағдарламалары мен даму жоспарларын iске асыруды бейнелейтiн функционалдық және ведомстволық белгiлер бойынша бюджет қаражатының жұмсалу бағыттарын айқындайтын барлық деңгейлердегi бюджеттер шығыстарының топтамасы бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы болып табылады.
Бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасының топтамасы мынадай деңгейлерден тұрады: функционалдық топтар; функционалдық iшкi топтар; бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi; бюджеттік баәдарламалар және кiшi бағдарламалар. Функционалдық топ елдiң стратегиялық даму басымдықтарына сай келетiн және олардың әрқайсысының айқын мақсатын көрсететiн елдiң негiзгi даму бағыттарын көрсетедi. Сыныптамалық коды 2 белгiден тұрады. Мемлекеттiк басқару органдары орындайтын функцияларәа байланысты бюджет шығыстары мынадай функционалдық топтар бойынша сыныпталады:01- Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер; 02- Қорғаныс; 03- Қоғамдық тәртiп, қауiпсiздiк, құқық, сот, қылмыстық-атқару қызметi; 04- Бiлiм беру; 05- Денсаулық сақтау; 06- Әлеуметтік көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру; 07- Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық; 08- Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңiстiк; 09- Отын-энергетикалық кешен және жер қойнауын пайдалану; 10- Ауыл, cу, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары; 11- Өнеркәсiп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi; 12- Көлiк және коммуникациялар; 13- Өзгелерi; 14- Борышқа қызмет көрсету; 15- Трансферттер; 16- Қарыздарды өтеу. Функционалдық ішкi топ (бұдан әрі - ішкі функция) ел дамуының әрбiр стратегиялық басымдығы жөнiндегi мiндеттер тобын функционалдық топ iшiнде нақтылайды. Сыныптамалық коды 1 белгiден тұрады. Бюджеттік бағдарламалардың әрбiр әкiмшiсiне өзiнiң жеке сыныптамалық коды берiледi, коды 3 белгiден тұрады.
Бюджеттiк бағдарламаларды iске асыру үшін мемлекеттік мекемелер жүзеге асыратын операцияларды бейнелейтін экономикалық сипаттамалар бойынша бюджет шығыстарын топтастыру бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы болып табылады.
Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасын топтастыру мыналардан тұрады: шығыстарды экономикалық белгілерi бойынша топтастыратын санаттар. Сыныптамалық коды 1 белгіден тұрады; шығыстарды мемлекеттік мекемелер жүргiзетiн операциялардың негізгі түрлері бойынша топтастыратын сыныптар. Сыныптамалық коды 1 белгiден тұрады; шығыстарды мемлекеттік мекемелер жүргiзетiн операциялардың негiзгi түрлері бойынша барынша егжей-тегжейлi топтастыратын iшкi сыныптар. Сыныптамалық коды 3 белгiден тұрады; бюджеттiк бағдарламаны iске асыру үшін мемлекеттік мекеме жүргізетін операцияның түрін айқындайтын ерекшеліктер. Сыныптамалық коды 3 белгіден тұрады.
Экономикалық сыныптама мынадай санаттардан тұрады: ағымдағы шығындар - мемлекеттік мекемелердің өз функцияларын жүзеге асыруға байланысты шығындары; күрделi шығындар - негiзгi капиталды құруға, қалпына келтіруге немесе сатып алуға байланысты шығындар; бюджеттік кредиттер - қайтарымды, мерзімді және ақылы негізде бюджеттен бөлiнетiн ақша; қаржы активтерiн сатып алу - мемлекеттiк меншiкке заңды тұлғалардың , оның ішінде, халықаралық ұйымдардың қатысу үлестерiн, бағалы қағаздарын сатып алу жөнiндегi операциялармен байланысты шығыстар; қарыздарды өтеу - қарыздар бойынша негізгi борышты өтеуге жұмсалатын шығыстар.
18.Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасының ерекшелігі неде?
Бюджеттiк бағдарламаларды iске асыру үшін мемлекеттік мекемелер жүзеге асыратын операцияларды бейнелейтін экономикалық сипаттамалар бойынша бюджет шығыстарын топтастыру бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы болып табылады.
Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасын топтастыру мыналардан тұрады: шығыстарды экономикалық белгілерi бойынша топтастыратын санаттар. Сыныптамалық коды 1 белгіден тұрады; шығыстарды мемлекеттік мекемелер жүргiзетiн операциялардың негізгі түрлері бойынша топтастыратын сыныптар. Сыныптамалық коды 1 белгiден тұрады; шығыстарды мемлекеттік мекемелер жүргiзетiн операциялардың негiзгi түрлері бойынша барынша егжей-тегжейлi топтастыратын iшкi сыныптар. Сыныптамалық коды 3 белгiден тұрады; бюджеттiк бағдарламаны iске асыру үшін мемлекеттік мекеме жүргізетін операцияның түрін айқындайтын ерекшеліктер. Сыныптамалық коды 3 белгіден тұрады.
Экономикалық сыныптама мынадай санаттардан тұрады: ағымдағы шығындар - мемлекеттік мекемелердің өз функцияларын жүзеге асыруға байланысты шығындары; күрделi шығындар - негiзгi капиталды құруға, қалпына келтіруге немесе сатып алуға байланысты шығындар; бюджеттік кредиттер - қайтарымды, мерзімді және ақылы негізде бюджеттен бөлiнетiн ақша; қаржы активтерiн сатып алу - мемлекеттiк меншiкке заңды тұлғалардың , оның ішінде, халықаралық ұйымдардың қатысу үлестерiн, бағалы қағаздарын сатып алу жөнiндегi операциялармен байланысты шығыстар; қарыздарды өтеу - қарыздар бойынша негізгi борышты өтеуге жұмсалатын шығыстар.
19.Бюджеттік бағдарламалардың нәтижелігі мен тиімділігі қалай бағаланады?
1. Осы Бюджеттiк бағдарламалардың тиiмдiлiгiн бағалауды жүргізу ережесi (бұдан әрi - Ереже) бюджеттiк бағдарламаларды жоспарлау, атқару және олардың атқарылуын iшкi бақылау процесiнде олардың тиiмдiлiгiн бағалауды жүргiзу тәртiбiн және көрсеткiштерiнiң жүйесiн айқындайды.
2. Бюджеттiк бағдарламалардың тиімдiлігін бағалауды бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi, бюджеттi жоспарлау, бюджеттi атқару және бюджеттiң атқарылуын iшкi бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органдар жүзеге асырады.
3. Бюджеттiк бағдарламалардың тиiмдiлігін бағалау iске асырылатын бағдарламалардың түпкi мақсатына қол жеткiзу дәрежесiн айқындау үшiн шығыстардың тиiмдiлiк, уақтылылық, сапа, нәтижелiлiк өлшемдерi қолданыла отырып жүргiзiледi.
Тиiмділік өлшемi - бұл мемлекет ұсынған қызметтер (орындалған жұмыстар) бiрлiгiне болған шығыстардың көлемiн сипаттайтын сандық көрсеткiш.
Уақтылылық өлшемi - iс-шараларды (тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi сатып алу) орындаудың белгiленген мерзiмдерiн ескере отырып, бюджеттiк бағдарламалардың iске асырылуын сипаттайтын көрсеткiш.
Сапа өлшемi - мемлекеттiк қызмет көрсетулердi алушылардың қажеттiлiктерiн қанағаттандыру деңгейiн (сапасын) сипаттайтын көрсеткiш.
Нәтижелiлiк өлшемi - бюджеттiк бағдарламалардың мақсатына қол жеткiзу деңгейiнiң (дәрежесiнiң) көрсеткiшi.
Нәтижелiлiктi бағалау бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi қызметiнiң тiкелей және соңғы нәтижесiн айқындау жолымен қамтамасыз етіледi.
Бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi қызметiнiң тiкелей нәтижесi - бұл бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң есептi кезеңде ұсынған қызметтерiнiң (орындалған жұмыстарының) көлемiн сипаттайтын сандық көрсеткiш.
Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi қызметiнiң соңғы нәтижесi - бұл бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң бюджетті атқару процесiнде мемлекеттiк саясат мақсаттарына қол жеткiзуiн сипаттайтын сапалық көрсеткiш.
Көрсетілген өлшемдер өлшенетiн және тексерілетiн болуы тиiс.
Жоғарыда аталған өлшемдер арқылы:
бюджеттiк бағдарламаларды жоспарлау сатысында олардың есебiн және негiздемесiн талдау;
бюджеттiк бағдарламалардың ағымдағы атқарылуын және мемлекеттің әлеуметтiк-экономикалық жағдайына олардың ықпал етуiн талдау;
бюджеттік бағдарламаларды iске асыру мен бақылаудың барлық сатыларында оларды атқарудың неғұрлым тиiмдi және нәтижелi әдiстерi мен тәсiлдерiн әзiрлеу жүзеге асырылады.
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерi осы Ереженiң 3-тармағында көрсетiлген бюджеттік бағдарламалардың тиiмділігін бағалаудың әрбiр өлшемi бойынша түрлi көрсеткiштердi айқындайды.
5. Бюджеттік бағдарламалардың тиiмділігін бағалаудың сапалы деңгейiн және бағдарламаны iске асырудың жоғары нәтижелерiне қол жеткiзудi қамтамасыз ететiн бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшілерiне тиiстi бюджет комиссиясының шешiмi бойынша алдағы қаржы жылына қосымша бюджет қаражаты көзделуi мүмкiн.
2. Бюджеттік бағдарламалардың тиiмдiлігін бағалауды
жүргізу тәртiбi
6. Бюджеттік бағдарламалардың тиiмділігін бағалауды:
бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшілерi бюджет үш сатыда (бюджет жобасын әзiрлеу кезiнде, бюджеттің атқарылуы кезiнде, бюджеттiң атқарылуын iшкi бақылау кезiнде);
бюджет жобасын әзiрлеу кезiнде бюджеттік жоспарлау жөнiндегi уәкілеттi орган;
бюджеттiң атқарылуы кезiнде бюджеттi атқару жөнiндегі уәкілеттi орган;
бюджеттiң атқарылуын ішкi бақылау кезiнде ішкi бақылау жөніндегi уәкілетті орган жүргiзедi.
Бюджеттік бағдарламаның нәтиже көрсеткішіне қол жеткізуді талдау Бюджет кодексінің 113-бабының 2-тармағы 2) тармақшасына сәйкес жүргізіледі және мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары мен бюджеттік бағдарламаларының қойылған мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу дәрежесін анықтау үшін нәтижелерді бағалаудың негізгі кезеңдерінің бірі болып табылады.
44. Бюджеттік бағдарламаның нәтиже көрсеткішіне қол жеткізуді талдауды өз функциялары шегінде мемлекеттік органның Стратегиялық жоспарының мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге бағытталған көрсеткіштер бойынша нәтижелерге қол жеткізуде қатысатын бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері жүргізеді.
45. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерінің стратегиялық жоспарларында анықталған бюджеттік бағдарламаның нәтиже көрсеткішіне қол жеткізуді талдау қаржы жылының қорытындылары бойынша жүргізіледі.
46. Жергілікті бюджеттерді атқару қорытындылары бойынша жергілікті бюджеттік бағдарламаның (кіші бағдарламаның) нәтиже көрсеткішіне қол жеткізуді талдау: 2009 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2003 жылғы 30 шілдедегі № 289 бұйрығымен бекітілген Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру туралы есептi жасау және беру жөнiндегi ережеге сәйкес жергілікті бюджеттік бағдарламалардың паспорттарының деректері негізінде жүргізіледі және бағдарламаның мақсаттарына қандай дәрежеде қол жеткізілгенін анықтайды; 2010 жылы осы Ережеде белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
47. Нәтиже көрсеткішіне қол жеткізуді талдау деректері бойынша бюджеттік бағдарламаның тікелей нәтижесіне қол жеткізу және түпкілікті нәтижесіне қол жеткізу анықталады.
48. Тікелей нәтиже бойынша қол жеткізу жыл сайын өткізіледі. Бюджеттік бағдарлама әкімшісі қызметінің тікелей нәтижесін анықтау - бюджеттік бағдарлама әкімшісінің көрсеткен қызметінің (орындаған жұмыстары) мемлекеттік органның стратегиялық жоспары мен бюджеттік бағдарламасында көзделген көлемін анықтау.
49. Түпкілікті нәтижені анықтау мемлекеттік саясаттың қойған мақсатына қол жеткізу деңгейін (дәрежесін) анықтау. Түпкілікті нәтиже бойынша қол жеткізуді талдау іс-шараны толық көлемде орындау үшін белгіленген мерзімде күтілетін нәтижеге қол жеткізілген кезде жүргізіледі. Егер түпкілікті нәтижеге қол жеткізу есепті кезеңнен кейінгі қаржы жылдарына көзделетін болса, онда нәтиже көрсеткішіне қол жеткізуді талдауда есепті қаржы жылында түпкілікті нәтижеге қол жеткізу дәрежесі көрсетіледі.
50. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері қаржы жылының қорытындылары бойынша бюджеттік бағдарламаларды іске асыру мониторингі нәтижелері туралы есепті ұсыну кезінде онымен бір мезгілде бюджеттік бағдарламалардың әкімшісінің стратегиялық жоспарында анықталған бюджеттік бағдарламалардың нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізу бойынша талдамалық ақпаратты қамтитын түсіндірме жазбаны ұсынады.
51. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері берген ақпараттар, ішкі бақылау қызметтерінің материалдары, сондай-ақ ішкі және сыртқы факторлардың әсерін анықтау негізінде бюджеттік бағдарламаның нәтиже көрсеткішіне қол жеткізу бойынша талдау жүргізеді.
52. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган бюджеттік бағдарламалардың нәтиже көрсеткішіне қол жеткізудің талдауын оның негізінде алынған ақпаратты түсімдер бойынша тиісті бюджетті атқару туралы, сондай-ақ бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы талдамалық есепке енгізу үшін жүзеге асырады.
20.Әртүрлі деңгейде бюджеттік комиссияларды құрудың қажеттілігін және олардың қызметтеріндегі ерекшеліктерін көрсетіңіздер?
1. Бюджеттiк комиссия бюджет жобасын уақтылы және сапалы әзiрлеуді және бюджеттi нақтылау және атқару жөнiнде ұсыныстар дайындауды қамтамасыз ету мақсатында құрылады.
2. Республикалық бюджеттiк комиссия және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттiк комиссиялары өз қызметiн тұрақты негiзде жүзеге асырады.
3. Қазақстан Республикасының Президенті Республикалық бюджет комиссиясын құрады, ол туралы ережені бекітеді, оның құрамын айқындайды.
4. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдіктері тиісінше облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік комиссияларын құрады, олар туралы ережені бекітеді, олардың құрамын айқындайды.
Бюджеттік комиссиялардың құзыретi
Бюджеттiк комиссиялардың құзыретiне:
1) әлеуметтік-экономикалық даму және бюджеттік параметрлердің болжамы жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
2) бюджеттер жобаларының көрсеткiштерiн айқындау жөнiнде ұсыныстар әзірлеу;
3) республикалық немесе жергiлiктi бюджеттердiң шығыстарын ұлғайтуды немесе кірістерін қысқартуды көздейтiн нормативтiк құқықтық актiлердiң жобалары бойынша ұсыныстар әзірлеу;
4) бюджеттердi нақтылау жөнiнде ұсыныстар әзірлеу;
5) бюджеттік мониторингтің нәтижелерін, нәтижелерге жүргізілген бағалауды қарау және олар бойынша ұсыныстар әзірлеу;
6) осы Кодексте, сондай-ақ бюджеттік комиссиялар туралы ережелерде көзделген өзге де өкiлеттiктер кiредi.
Бюджеттiк комиссиялардың құрамы мен жұмыс органдары
1. Бюджеттiк комиссиялардың құрамына: төраға, төрағаның орынбасарлары, хатшы, бюджеттiк комиссияның мүшелерi кiредi.
2. Мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергiлiктi уәкiлеттi орган тиiсiнше бюджеттiк комиссиялардың жұмыс органдары болып табылады.
3. Бюджеттiк комиссияның төрағасы оның қызметiне басшылық жасайды, бюджеттiк комиссияның отырыстарын өткiзедi, оның жұмысын жоспарлайды, оның ұсыныстарының iске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады және комиссия жүзеге асыратын қызметке жауапты болады. Бюджеттiк комиссияның төрағасы болмаған кезде оның функцияларын бюджеттiк комиссия төрағасының өзi тағайындаған орынбасары орындайды.
4. Бюджеттiк комиссияның хатшысы бюджеттiк комиссияның қызметiн қамтамасыз ету жөнiндегi жұмысты үйлестiредi, бюджеттiк комиссия отырыстарының хаттамаларын дайындайды.
5. Жұмыс органы бюджеттiк комиссия айқындайтын мерзiмдер мен күн тәртiбіне сәйкес бюджеттiк комиссияның отырыстарына материалдар дайындайды.
21.Біріңғай бюджеттік сыныптаманың қолтаңбалы маңызын көрсетіңіз?
1. Бiрыңғай бюджеттiк сыныптама объектiлерге топтамалық кодтар бере отырып, бюджет түсiмдерi мен шығыстарын функционалдық, ведомстволық және экономикалық сипаттамалар бойынша топтастыру болып табылады.
2. Бюджет процесi бiрыңғай бюджеттiк сыныптама негiзiнде жүзеге асырылады.
3. Бiрыңғай бюджеттiк сыныптама мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган белгілейтін тәртіппен Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерi, Қазақстан Республикасы Президентiнің жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары негiзiнде жасалады.
4. Бiрыңғай бюджеттік сыныптаманы мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган әзiрлейдi және бекiтедi.
Бiрыңғай бюджеттiк сыныптама:
1) бюджет түсiмдерiнiң сыныптамасын;
2) бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасын;
3) бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасын қамтиды.
Бюджет түсiмдерiнiң сыныптамасы
1. Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына негiзделген белгiлi бiр сипаттамалар бойынша барлық деңгейдегi бюджеттер түсiмдерiнiң топтамасы бюджет түсiмдерiнiң сыныптамасы болып табылады.
2. Бюджет түсiмдерi сыныптамасының топтамасы санаттан, сыныптан, кіші сыныптан және өзіндік ерекшелiктен тұрады.
Санаттар түсiмдердi экономикалық белгiлер бойынша топтастыруды көрсетеді.
Сыныптар мен кіші сыныптарда түсiмдер олардың көздерi мен түрлерi бойынша топтастырылады.
Өзіндік ерекшелiк бюджетке төлем немесе түсiм түрiн айқындайды.
Бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы
1. Функционалдық және ведомстволық белгiлер бойынша бюджеттiк қаражаттың жұмсалу бағыттарын айқындайтын, мемлекет функцияларының орындалуын, Қазақстан Республиканың стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын іске асыруды көрсететін барлық деңгейлердегi бюджеттер шығыстарының топтамасы бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы болып табылады.
2. Бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасының топтамасы мынадай деңгейлерден тұрады:
функционалдық топтар;
функционалдық кіші топтар;
бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi;
бюджеттiк бағдарламалар (кіші бағдарламалар).
3. Бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы негiзiнде бюджеттiк бағдарламалар әкiмшілерiн және бюджеттiк бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) топтастыру арқылы жасалатын бюджет шығыстарының ведомстволық сыныптамасы қалыптастырылуы мүмкiн.
Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы
1. Бюджеттiк бағдарламаларды iске асыру үшiн мемлекеттiк мекемелер жүзеге асыратын операцияларды көрсететін экономикалық сипаттамалар бойынша бюджет шығыстарын топтастыру бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы болып табылады.
2. Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасын топтастыру санаттан, сыныптан, кіші сыныптан және өзіндік ерекшелiктен тұрады.
Санат шығыстарды экономикалық белгiлерi бойынша топтастырады. Сынып және кіші сынып шығыстарды мемлекеттiк мекемелер жүргiзетiн операциялардың негiзгi түрлерi бойынша топтастырады. Өзіндік ерекшелiк бюджеттiк бағдарламаны iске асыру үшiн мемлекеттiк мекеме жүргiзетiн операцияның түрiн айқындайды.
3. Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің құрылымын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган әзірлейді және бекітеді.
Бюджеттік бағдарламалардың әкiмшісі
1. Бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi бюджеттік бағдарламаларды жоспарлауға, негiздеуге, iске асыруға және нәтижелерге қол жеткізуге жауапты мемлекеттiк орган болып табылады.
Бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi өзiне жүктелген функциялар мен өкiлеттіктерге сәйкес айқындалады.
2. Егер бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi бір мезгілде бюджеттік бағдарламаның әкімшісі және мемлекеттік мекеме болып табылса, ол бюджет қаражатын дербес пайдаланады.
3. Облыстық бюджеттік бағдарламалардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері болып табылатын, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың ішкі істер органдарын қоспағанда, мемлекеттiк органдардың құрылымдық және аумақтық бөлiмшелерi бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi бола алмайды.
4. Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдар республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi болып табылады.
5. Жергілiкті бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi Қазақстан Республикасының Үкiметі бекiтетiн жергiлiктi мемлекеттiк басқарудың үлгілік құрылымы негiзге алына отырып айқындалады.
6. Әкімдердің және облыстық мәслихаттардың, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихаттарының аппараттары, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдіктері уәкілеттік берген атқарушы органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың ішкі істер органдары облыстық бюджеттік бағдарламалардың, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттік бағдарламаларының әкiмшiлерi болып табылады.
7. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің және мәслихатының аппараттары, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігі уәкілеттік берген атқарушы органдар аудандық (қалалық) бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi болып табылады.
8. Қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң бюджеттік бағдарламаларының әкiмшiлерi осы әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер әкiмдерiнiң аппараттары болып табылады.
22.Бюджетаралық қатынастарды құрауда қағидаларды сақтаудың қажеттілігі қандай?Мысал келтіріңіз,тұжырымды дәлдеңіз?
Бюджетаралық қатынас мемлекетті басқарудың негізгі мәселелерінің бірі. Саяси тұрақты қоғамды және үнемі өспелі ұлттық экономиканы құру аймақаралық айырмашылықтарды теңестіру мәселелерін шешпейінше мүмкін емес. Бюджетаралық қатынастарға жалпы алғанда мыналар жатады:
- жеке әлеуметтік және экономикалық функцияларды орындау үшін жауапкершілікті республикалық және жергілікті деңгейлер арасында бөлу және заңдық тағайындауға негізделген шығыстарды тарату;
- бюджеттік жүйенің әрбір деңгейіне бекітілген өкілеттіліктерге бара-бар шығындар шамасын негіздеу;
- барлық деңгейдегі бюджеттер кірістерінің көздерін заңдық бекіту және анықтауды көздейтін кірістерді тарату.
Қалыптасатын бюджетаралық қатынастардың мәнін, олардың ұйымдастырылу ретін және ерекшеліктерін зерттеу келесідей қорытынды жасауға мүмкіндік береді: бюджетаралық қатынастар қалыптасатын, бюджеттік жүйелер деңгейлеріне тәуелді, оларды деңгейаралық қатынастарға және бір деңгей бюджеттері арасындағы қатынастарға бөлуге болады, ал бюджетаралық қатынастардың пайда болу бағыттарына тәуелді оларды үш негізгі блоктарға бөлуге болады. Олар: бюджеттік жүйе деңгейлері арасында тұрақты негізде шығыстар және кірістерді толық немесе бөлшектеп шектеу, бюджетаралық реттеу, бірігіп қаржыландыру шаралары бойынша және өзара қатынастарды жедел реттеу, мақсатты қолдау бойынша бюджетаралық қатынастар.
Бюджетаралық қатынастарды құрауда қағидалардың сақталуы төмендегілерге негізделеді:
- мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы қызметтер мен өкілеттіліктерді нақты бөлу;
- бюджет деңгейлері арасындағы кірістер мен шығындарды бірыңғай бөлу;
- бюджетаралық қатынастарды бірыңғай және ашық (прозрачность) әдісі негізінде анықтау.
Қазақстандағы бюджетаралық қатынастардың формалары мен әдістерін қарастырудан бұрын, бюджетаралық қатынастар үлгілерінің түрлері толық зерттелмегенін айта кеткен жөн. Мысалы: Ағылшынның мамандары Г. Хьюз бен С. Смиттің экономикалық ынтамақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) елдерінің (аз халқы бар елдерді қоспағанда Жаңа Зеландия, Ирландия, Люксембург)бюджеттік жүйелеріне берген бағалары қызықты да қажетті. Олар мына белгілер бойынша бағалайды:
- бюджетаралық қатынастарды реттеудегі ұқсастықтар;
- бюджетаралық қатынастардың ерекшеліктері;
- орталық және субұлттық биліктер рөлдерінің қатынасы.
Нәтижесінде жоғарыда аталған 19 елі төрт топқа бөлінді.
Бірінші топқа 3 федеративті (Австралия, Канада, АҚШ) және екі унитарлы (Ұлыбритания, Жапония) мемлекеттері кірді.
Екінші топқа Солтүстік Еуропа елдері кірді: Дания, Норвегия, Швеция, Финляндия.
Үшінші топқа Батыс Еуропаның федеративті елдері кіреді: Австрия, Германия, Швейцария.
Төртінші топқа: Бельгия, Франция, Греция, Италия, Нидерланды, Португалия, Испания.
Бірінші топтағы елдер кең салықтық өкілеттікке негізделетін аймақтық және жергілікті биліктің тәуелсіздігімен (самостоятельность) ерекшеленеді, екіншісі аймақтық және жергілікті биліктердің әлеуметтік шығындарды қаржыландырудағы жоғары үлесі, үшіншісі әр түрлі деңгейдегі бюджеттердің автономдығы, төртіншісі аймақтардың орталық бюджетке қаржылық тәуелділігі.
Статистикалық анализ көрсетіп отырғандай (1,2кесте), экономикалық дамыған елдерде жергілікті бюджеттің өте жоғары қаржылық автономдығы бар және жергілікті бюджетке тәуелсіз немесе аз тәуелділігі бар бірқатар мемлекеттер бар.
Швеция, Люксембург, Исландия және Испания сияқты елдерде жергілікті бюджеттердің табыстары барлық соманың 99,2% 72,8% құрайды. Жапония, Франция, Финляндия, Бельгия және Дания елдерінде жергілікті бюджеттің қаржылық автономдығы 68 56% құрайды. Орташа алғанда, жергілікті бюджеттің жеке табыстарының үлесіне 59,5% келеді, ал орталық әкімшілік бюджетінен трансферттерге 40,5% келеді.
Алайда, көптеген мемлекеттердегі жергілікті органдар өзінен жоғары тұрған органдарға тәуелді болып келеді. Олар Нидерланды, Италия, Ирландия, Португалия. Олардың трансферттері ағымдағы табыстың 62 -80% құрайды. Мұндай орталық әкімшілік жағынан жергілікті бюджеттерді қаржыландыру, аймақтардың дамуындағы диспропорцияны жою мақсатында бюджеттік каналдар арқылы ұлттық табысты қайта бөлу (перераспределение) үшін жасап отыр. Бұл елдерде негізгі салықтардың барлығы орталық органның бюджетіне түседі, ал жергілікті органдарда салық салу ағымдағы табыстың 10% на жетер-жетпес.
23.Қазақстанда бюджетаралық аралық қатынастарды мемлекеттік басқару органдарының қызметтеріне сипаттама беріңіз және сызба түрінде бейнелеңіз?
Әр аймақтың экономикалық-әлеуметтік жағдайы жіті көзқараспен, байыпты бағдар ұстап қарауды қажет ететін дүние. Өйткені, республика былай тұрсын, облыс, аудандардың өзіне тән ерекшелігі, қалыптасқан еңбек ету дәстүрі болады. Сонымен қатар әр деңгейдегі бюджеттердің міндеттері де әртүрлі болады. Мысалы, республикалық бюджет бүкіл мемлекеттік шығындар мен бағдарламаларды, соның ішінде қорғаныс, басқару, аппарат, күрделі ғылыми зерттеулер т.б. қаржыландырылады. Ал жергілікті бюджеттер ең алдымен аймақтың әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуге байланысты бағытталған мақсаттарды қаржыландыру үшін жауапты.
Қазіргі уақытта Қазақстанның бюджет жүйесін реформалауда бірнеше маңызды шешуді қажет ететін мәселелер бар. Олар табыстар мен шығындарды бөлудегі, бюджет деңгейлері арасындағы бюджетаралық трансферттерді бөлудегі тұрақсыздық, басқару деңгейлерінің функцияларын үнемі қарастыру, олардың бюджет ресурстармен қамтамасыз етілмеуі, т.б. Мысалы, Алматы қаласы бойынша жалпы кірістер 127 млрд. теңгені құрайды, Алматы қаласының бюджетінде 55 млрд. теңге қалып отырған күнде қала бюджетінен қосымша қаржы бөлуді қажет ететін ауа атмосферасының ластану мәселесі тұр.Қазіргі уақытта облыстық, аудандық (қалалық) және ауылдық деңгейлер арасындағы қызметтерді бөлу өкілеттігі облыстық деңгейге жүктелген. Аудандық, қалалық және ауылдық деңгейлерді тәуелсіз деп қарастыру қажет, олардың құқықтары, міндеттері және жауапкершіліктері заңнамалық актілер деңгейінде, соның ішінде ҚР «Жергілікті мемлекеттік басқару» заңы бойынша реттелуі қажет.
Қазір республикада бір басқару деңгейінен басқа басқару деңгейіне қаржыландырудың өкілеттіктері мен қызметтерін беру проблемасы және бюджетаралық қатынастарды реформалау Концепциясын жасаумен айналысатын арнай комиссия жұмыс істейді. Соның өзінде қиын проблемалардың бірі болып, төменгі бюджеттерге қаржыларды беру (передача) болып табылады. Бұл проблеманы шешудің екі жолы бар:
1) жоғарғы бюджеттің қаржыларын субвенция түрінде беруге болады;
2) жергілікті бюджеттердегі жеке салықтардың үлесін ұлғайтуға болады.
Аймақтардың әлеуметтік экономикалық даму деңгейлері арасындағы территориялық айырмашылықтар табиғи-климаттық жағдайына, географиялық орнына және демографиялық жағдайына байланысты. Аймақтардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын 5 кестедегі көрсеткіштерден көруге болады.
24.Бюджеттік бағдарламалардың жүзеге асуын бағалауда мемлекеттік органдар мониторингті қандай жолмен ұйымдастырады?
Бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалау келесілердің негізінде жасалады:
бюджеттік бағдарламалардың төлқұжаттарының;
қаржыландыру жоспарының;
қызмет көрсетулердің, жұмыстардың орындалуын және т.б. куәландыратын құжаттардың;
республикалық және жергілікті бюджет есебінен құрылған мемлекеттік ұйымдардың кредиторлык берешегі туралы есеп;
Тауарды жеткізушілердің мемлекеттік ұйымдардың бекіткен келісімшарттарының;
т.б. құжаттардың (таңдалған критерийлердің көрсеткіштерін көрсететін).
Бақылау кезінде бюджеттік бағдарламалардың алдына қойылған шаралар мен мақсатқа жету қалай жүзеге асатындығын көрсету қажет (көрсетілген қызметтердің сапасы, олардың сапасымен тұрғындардың қанағатталуы, мақсатқа жетудің ең үнемді әдісін таңдау, бюджеттік қаражаттарды үнемдеу немесе артығымен жұмсау, бағдарламаның сандық көрсеткіштері).
Бағдарламаларды орындау критерийлері келесі түрлерге бөлінеді:
а) бағдарламаның сандық қорытындысы бұл қандай тауарлар және қанша тауар жекізілетіні жөніндегі көрсеткіштер. Бюджеттік бағдарламаларды бағалау үшін жалпы көрсеткіштермен жай көрсеткіштердің байланысын көрсету қажет. Мысалы, «Туберкулез» бағдарламасы сандық критерий емделген аурулар санын олардың жалпы санымен салыстырғанда, жату орындарының саны мен олардың толтырылуы және т.б.
ә) сапа критерийі бекітілген талаптарға жауап беретін көрсетілген қызметтердің бөлігі сияқты факторларды кіргізеді. Сапа критерийі алынған қорытынды қалай бағаланатынын көрсетеді. Мысалы, қызмет көрсету, қабылдайтын адамның қанағаттануы, орындалған жұмыс сапасы, қателер, бұзушылықтар, клиенттердің арыздарының саны және т.б. Егер бұл бағдарлама сапалары критерийлердің түрлерімен өлшенетін әр түрлі жұмыстарды қарастырса, критерийлерді жұмыстардың түрлері бойынша келтіру қажет.
Мысалы, «Қайта ұйымдастыру және банкроттық процедурасын жүргізу» бағдарламасы. Сапа критерийлері процедураны жүргізген кезде заңдылықты сақтау деңгейі, өзінің міндеттерінің, қайта ұйымдастыруға және банкроттыққа жататын ұйымның орындауларының пайыздық мөлшері, жалпы жоспарланған көлемде ұйымдардың қайта ұйымдастыруға және банкроттыққа ұшыраған бөлігі;
б) бағдарламаны орындаудағы қаржылық тиімділік критерийлері көрсетілген қызметтердің, орындалған жұмыстардың бір бірлігіне келетін шығындар көлемімен өлшеу. Қаржылық тиімділік критерийі аз шығындармен қаншалықты үнемді бағдарлама орындалатыны анықталуы қажет. Бағдарламаны орындауының тиімділік критерийі бағдарламаның сандық ресурстармен және оларды өндіруге қажетті ресурстар көлемінің арасындағы байланысты орнатады. Әдетте, олар индекс, қатынас, бірліктің бағасы немесе салыстырудың т.б. формаларында келтіріледі. Мысалы, «Мамандарды орта арнайы оқу орындарында дайындау» бағдарламасы. Бағдарламаны орындаудың қаржылық тиімділігі: бір оқушыны орташа оқыту бағасы;
в) мезгіл критерийі. Берілген критерий бағдарламадан қандай уақыт аралығында болған және болатын қорытындының немесе қандай да бір қызмет көрсетулердің немесе орындалған жұмыстардың орташа ұзақтығы қандай екенін анықтайды. Егер бағдарлама бірнеше түрлі жұмыстарды мезгілдік көрсеткіштерінің түрлерімен бірге қарастырса, онда барлық критерийлерді жұмыстардың түрлері бойынша келтіру қажет.
Мезгілдік критерийлерді қолдануға мынадай мысалдар келтіруге болады:
сауалнаманың жауабын алу кезіндегі күту уақыты;
жедел жұмыстарды қарастыру кезіндегі күту уақыты;
алынған арыздарды өңдеу уақыты;
қызмет көрсету үшін орташа уақыт;
белгілі бір уақыт аралығында алынған сандық қортындылар.
1-мысалы, «Инфекцияны алдын ала емдеу және онымен күресу» бағдарламасы. Мезгілдік критерийі: санитарлық өңдеудің орташа ұзақтығы, бөлек аймақтарда санитарлық эпидемиологиялық жұмыстардың өткізілуін күтудің орташа ұзақтығы.
Осы кезде мезгілдік критерийді барлық бағдарламаларға анықтаудың қажеті жоқ;
г) нәтижелілік критерийі. Нәтижелілік критерийі бұл бағдарлама қандай деңгейде қойылған мақсаттар мен міндеттерге жетуді көрсететін көрсеткіштер. Кейбір бағдарламалар олар жүзеге аспас бұрын бірнеше жыл қажет етеді. Осымен байланысты бұл критерий бағдарламаның жүзеге асу жылы бойынша анықталуы қажет.
2-мысал, «Жоғары оку орнында мамандарды дайындау бағдарламасы.
Нәтижелілік критерийі: мемлекеттік ұйымдарды белгілі бір мамандық бойынша жоғары кәсіби мамандармен қамтамасыз ету, ұлттық экономиканың қажеттілігін қамтамасыз ету үшін белгілі бір бағыттар бойынша мамандардың санын көбейту.
3-мысал, «Көшелердің құрылысы» бағдарламасы».
Нәтижелілік критерийі: елді мекендер арасында автокөліктердің өтуін көбейту, автокөліктер ағынын жаңа жолға көшіруге байланысты басқа жолдардың автокөліктермен басым болу деңгейі.
Бағдарламаларды орындау критерийлерін анықтау кезінде келесідей талаптарды сақтаған жөн:
1) орындау критерийлері бағдарламасының мақсаты мен міндетіне бағытталуы керек;
2) критерийлерді орындау бағдарламаның белгілі бір уақыт аралығында жүзеге асуын бағалауға мүмкіндік беру керек;
3) орындау критерийлерін анықтаған кезде бағдарламаны жүзеге асыру мезетінде қол жеткізген мәліметтерді қолдану;
4)орындау критерийі бағдарламасын жүзеге асыру кезінде қол жеткен өзгерістердің динамикасын көрсету керек;
5)орындау критерийін анықтаған кезде ақпаратты қолданушыларға түсінікті терминдер мен түсініктемелерді қолдану;
6) орындау критерийі нақты түрде құрастырылуы керек;
7)орындау критерийлері көбінесе толық және сенімді болу керек, оларды оңай алу ұстанымы бойынша таңдаудың қажеті жоқ;
8) бағдарламаның жүзеге асыру мезеті ішінде орындау критерийлерінің салыстырмалығын және сабақтастылығын сақтау қажет.
Сонымен қатар өткізілген тексерістің қорытындысы туралы есептілікте келесілерді көрсеткен жөн:
белгіленген мерзімде жоспарланған шараларының орындалмау жағдайлары бар ма және бюджеттік бағдарламалар шараларының уақытында орындалмау себептерін анықтау;
берілген бағдарлама бойынша ағымдағы уақытқа болған жағдайларды көрсету, сонымен қатар берілген бағдарламаның немесе осы сұрақ және осы сұрақтың нәтижесі бойынша басқа бағдарламаның жүзеге асуы кезіндегі қабылданған шаралар;
ұсынылған бағдарламаға байланысты қабылдауға жоспарланған қажет т.б. шаралар және күтілетін нәтиже;
осындай қажеттілікпен бағдарламаларды дәйектілікпен және қаржылық ресурспен орындау критерийлері бойынша салыстырмалы кестелерді қосымша енгізіп, көрсету;
берілген бағдарламаны қаржыландырылуды қыскартудан немесе тоқтатқаннан болатын нәтиже;
берілген бағдарламаны жүзеге асырғаннан болатын теріс салдар және басқа ведомстволардың, ұйымдардың және қоғамдардың осы сұрақ бойынша көзқарастары;
республикалық немесе жергілікті бюджеттің қаражаттары есебінен берілген бағдарламаның жүзеге асу қажеттілігін және берілген бағдарламаны қаржыландыру көздерін негіздеу;
мүмкін болғанша берілген бағдарламаның орындалуын басқа ұйымдарда өткізілетін жұмыстармен, шаралармен, басқа мемлекеттік ұйымдардың сондай бағдарламаларымен, сонымен қатар шет мемлекеттердегі әлемдік стандарттармен немесе нарықтық жағдайдағы берілген жұмыс, қызметтердің түрлерін орындауға қойылатын талаптармен салыстырмалы талдауын өткізу қажет.
әр варианттың оң және теріс жақтарын сипаттай отырып, белгіленген мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асырудың баламалы варианттары.
25.Қазақстан Республикасында бюджетаралықаралық қатынастар қандай нысандар арқылы реттеледі?
Бюджеттік процестегі жоғары тұрған ж/е төмен тұрған бюджеттер деңгейлері арасындағы қатынастарды бюджетаралық қатынастар деп есептейді. Бюджеттік кодексте бюджетаралық қатынастарды реттеу формалар түрлері ретінде келесілер көрсетілген:
Бюджеттік реттеу бюджет рес/ң нақты ағындарын есепке алу мен бірге іске асырылады. Бюджеттік ағындар бюджеттік ресурстарды пайдалану бағыттарына байланысты жоғары көтерілуші ағын мен төмен түсуші ағындарға бөлінеді. Жоғары көтерілуші ағын арқылы респ/қ бюджет кірістері қалыптасады, ал төмен түсуші ағын жоғары тұрған бюджеттен төменгі бюджеттерге қарж/қ рес/ң қосымша түсімдерін қ.е. сондықтан, әр ағынның қалыптасу қажеттілігіне байланысты оларды реттейтін нақты механизмдері анықталады. Бюджет қараж/ң жоғары көтерілуші ағынын реттеу механизмдері мемл/ң салық саясатында анықталады ж/е салықтық заңнамаларда бекітіледі. Бюджетаралық қатынастарды реттеу формаларын анықтағанда бюдж/ң әрбір деңгейлері б/ша салықтық потенциал, аймақтар б/ша бюдж/к мұқтаждықтарын объективтік бағалау нәтижелері, бюдж/к нормативтер ж/е халықты мемл/к қызметтермен қ.е/ң бірыңғай стандарттары есепке алынады. Ал бюд/ар қат/ды реттеудің нақты формалары орта мерзімді фискалдық саясатқа сәйкес тағайындалады. Төмен түсуші ағын қозғалысын реттеу әр түрлі бюджеттік субсидиялау әдістерін (субвенция, дотация, бюджеттік несие, ресми трансферттер) пайдалану арқылы і.а. дотация ақшалай қосымша көмек. Ол жоғары тұрған бюджеттен төменгі тұрған бюджеттер тапшылығын теңгеру үшін тағайындалған сомамен беріледі. Субвенция- -арнайы ақшалай көмек. Ол жоғары тұрған бюджеттен төменгі бюджеттерге қатаң мақсатпен тағайындалған шараларды қаражаттандыруға берілетін ақша құралдары. Несиелік бюджет ресурстары жоғары тұрған бюджеттен төменгі бюджеттерге несие түрде пайызбен н/е пайызсыз міндетті қайтарылатын ақша құралдары. Бюдж нес тек қана инвестиц/қ жобаларды іске асыруға беріледі. Ресми трансферттер ол гранттардан басқа ақысыз ж/е қайтарылмайтын бюджет түсімдері н/е бюджет шығындары. Кірістерден алынатын пайыздық бөлектеулер нормативтері бірыңғай әдістеме пайдалану арқылы тағайындалады. Оларды есептеу әдістерін жерг мемл билік орг жасайды,себебі кірістер бөлу нормативтері тек қана бюджет жүйесінің облыс ж/е аудан деңгейлері арасында қолд.
26.Бюджеттің атқарылуын қалай түсінесіз?
Бюджетке түсімдердің түсуін, бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) іске асырылуын қамтамасыз ету, бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) жөніндегі іс-шаралар кешенін орындау бюджеттің атқарылуы болып табылады.Республикалық бюджеттің атқарылуын Қазақстан Республикасының ҚМ қамтамасыз етеді. Жергілікті бюджеттердің атқарылуын жергілікті атқарушы органдар қамтамасыз етеді. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган бюджеттің атқарылуы саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруды және оның іске асырылуын жүзеге асырады, өз құзыреті шегінде республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеп, бекітеді, республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы, бухгалтерлік және бюджеттік есепке алу, қаржылық және бюджеттік есептілік саласындағы әдістемелік басшылықты жүзеге асырады. Бюджеттің атқарылуы ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарында басталып, 31 желтоқсанында аяқталады. Бюджеттің атқарылуы республикалық бюджет туралы заңмен немесе жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімімен бекітілген тиісті қаржы жылына арналған бюджет қаражаты көлемінің шегінде жүзеге асырылады. Бюджеттің атқарылуы кезінде жоспарлы кезеңнің екінші және (немесе) үшінші қаржы жылдарында көзделген бюджет қаражатын ағымдағы қаржы жылында пайдалануға жол берілмейді. Бюджеттің атқарылуын ұйымдастыру және бюджеттің атқарылуы жөніндегі бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін үйлестіру бюджеттің атқарылуы жөніндегі тиісті уәкілетті органға жүктеледі. Бюджетті атқару кассалық негізде ж/е бюджет атқару принципт/ң талаптарына сәйкес і.а. бюджетті кассалық атқару деген ол бюджетке түсімдерді есепке алу мен бюджеттен төлемдер төлеу жөніндегі есеп шоттағы барлық операциялар қазынашылық комитет н/е уәкілетті банк арқылы іске асырумен маңыздалады. Біздің елде бюджетті кассалық атқару Қаржы мин/ң Қазынашылық комитетіне жүктелген. Бюджеттік кодексте бюджетті атқарудың төрт принципі белгіленген: бюдж/к құралдарды мақсатты ж/е бірқалыпты пайдалану, кассаның өз уақыттылығы мен ынтымақтылығы. Мақсатты принцип ол бюдж/к құр/р тек бюдж/к бағдарламалар паспорттары ж/е мемл/к мекемелердің азаматтық құқықтық келісімдерімен қарастырылған шараларға пайдалануы мүмкін екеніне маңыздалады. Бірқалыпты атқару принципі ол жыл соңында төлемдер көлемі көп болмауына байл бюдж/к құр/ң қаржы жылы бойы бір қалыпта бөлінуі. Өз уақытындылық принцип бюдж/к құр/ды есепке алу мен пайдалану б/ша барлық операциялар белгіленген мерзімде іске асырылу тиіс болуы. Кассаның ынтымақтылық принципі ол бюджет жүйесінің барлық деңгейлері б/ша барлық түсімдер мен қарастырылған шығындар бойы барлық төлемдерді есепке алу ұлттық валюта негізінде бірыңғай қазынашылық шоттан іске асыруына маңыздалады.
27.Бюджеттік жоспарлау және болжаудың қажеттілігін дәлдеңіз?
Бюджеттік жоспарлаудың экономикалық мағанасы барлық қаржылық жүйенің әр түрлі буындары арасында қоғамдық өнім құны мен ұлттық табысты орталықтандырылған түрде бөлісу мен қайта бөлісу бойынша мәнерленеді әр деңгейдегі бюджеттерді жасау мен атқару процесінде көрінеді. Бюджеттік жоспарлаудың негізі болып елдің мемлекеттік әлеуметті- экономикалық даму бағдарламасы табылады.
Бюджеттік жоспарлау, яғни бюджетті құру мен атқаруына байланысты жоспарлау, барлық халық шаруашылығын жоспарлаудың органикалық бөлшегі болады. Сонымен қатар , қаржы ресурстарын басқарудағы бюджеттік жоспарлаудың ролі өте зор, себебі ол тек қана бюджеттің кірісі мен шығындарының жоспарын құруы және оларды атқаруы, яғни төлемдер бойынша міндеттермелерді тағайындау мен бюджеттік қаржыландыру көлемін анықтаумен шектелмейді. Бюджеттің басқа қаржы жоспарлар ішінде алатын ерекше ахуалы бюджеттік жоспарлауға жалпы мемлекеттік мән береді. Ол мемлекеттік басқаруды реформалау мен биліктік өкілеттілікті орталықсыздандырудың барлық бюджеттік процеске қатысушылар арсындағы қаржылық және бюджетаралық қатынастарды жетілдіру байланысында және мемлекеттік шығындарды, олардың формалары мен қаржыландыру әдістерін ұтымдылауда білінеді.
Бюджеттік жоспарлау процесінде келесі негізгі мақсаттар шешіледі:
- орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қаржылық жоспар арасындағы қаржылық қатынастарды анықтау;
- бюджет процесінің әрбір қатысушыларының елдің дамуын қаржылық қамтамасыз етудегі қатысу дәрежесін тағайындау;
- қаржы ресурстарының жалпы көлемін тағайындау мен оларды мемлекеттік мекемелер мен бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша бөлу;
- бюджеттің жалпы шығындар көлемін анықтау.
Бюджеттік болжамдаудың негізгі мақсаты ол экономикада қазіргі кезеңде пайда болған тенденцияларды , нақты әлеуметтік- экономикалық шарттарды және олардың өзгерістерінің болашақ бағалауларын есепке ала отырып , бюджеттің оңтайлы дамуын жасау мен дәйектемелеу. Мұндай болжамдау нәтижесінің мемлекеттің қаржы бюджеттік саясатында тиімді шаралар қабылдауда өте маңызды мәні бар.
Бюджетті жоспарлау мен болжау келесі үш маңызды бағыттарда жұмыс істеуді қарастырады:
- кірістер мен шығындардың барлық түрлері бойынша контингентердің болжамдық мөлшерін анықтау ;
- әрекеттегі заңнамаларға сәйкес бюджет жүйесінің деңгейлері бойынша реттеуші кірістердің бөлісі;- қаржылық жәрдем мен бюджеттік қамсыздандыруды теңестіру себебінен жоғары және төмен тұрған бюджеттер арасында арақатынасты дайындау.
28. Бюджет тапшылығының мәнін ашыңыз және оны қаржыландырудың қандай көздерін білесіздер?Теңгерімді бюджетті қалай түсінесіз?
Бюджеттік тапшылық (профицит) мынандай жағдайда орын алады егерде бюджет шығыстарының (кірістерінің) мөлше-рі оның кірістері (шығыстары) көлемінен басым болса. Ал тап-шылықтың (профициттің) мөлшері таза бюджеттік несиелеуді ми-нустап алынған операциялық қалдық пен қаржы активтері бойын-ша операциялар қалдығы араларывдағы айырмашылық ретінде анықталады және оның шекті мүмкін мөлшері елдің әлеуметті-экономикалық дамуының орташа мерзімді жоспарында белгіле-неді. Бұл айырмашылық қаржыландырылуы тиіс, яғни бюджет тапшылығын өтеуді қамтамасыз ету үшін құралдар қарастыру қажет. Осы мақсаттар үшін Үкімет шеттен алып пайдалануды іске асырады, қайсысы профицит болған жағдайда Үкіметтік борышты қайта қаржыландыруға пайдалануы мүмкін. Бюджет тапшылығын қаржыландыру көлемі алынған заемдар сомасы мен бюджет құралдарының қозғалысы қосындысының заемдар бойынша негізгі борышты өтеу сомасынан арттыруы мөлшерінде тағайындалады.
Бюджеттің теңгерушілігі бюджеттік тапшылықты өтеуді әр түрлі әдістер пайдалану негізінде іске асырылады. Бұл арада бюд-жеттік тапшылықты өтеудің негізгі көзі болып ішкі және сыртқы шеттен алып пайдалану табылады, себебі басқа әдісті ақша эмис-сиясын пайдалану инфляциялық процестерді дамытуға алып ке-луі мүмкін. Мемлекеттік шеттен алып пайдалану республикалық және жергілікті бюджеттердің тапшылықтарын қаржыландыру мақсатта ғана әрекеттенеді және Бюджеттік кодексте белгіленген нормамен шектеледі.
Бюджет тапшылығын қаржыландыру көздері ішкі және сырт-цы көздерге бөлінеді. Мемлекеттік құнды қағаздар эмиссиясы мен мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден түскен табыс, мемлекет-тік кірістердің шығыстардан арттыруы мен мемлекеттік заемдар облигацияларын өткізуден түскен сомалар және қазынашылық міндеттемелер қаржыландырудың ішкі көздеріне жатады. Ал халықаралық қаржы ұйымдар ұсынатын сыртқы несиелерді бюд-жеттік тапшылықты қаржыландыру үшін жүмылдыру сыртқы көздерге жатады. Үкімет және жергілікті атқарушы органдар бюд-жеттер тапшылығын қаржыландыру үшін жұмылдырылатын іпткі және сыртқы көздер заемдық құралдар топтарына жіктеледі.
Орталық және жергілікті атқарушы органдар тиісті бюд-жеттердің тапшылығын өтеу үшін пайдалынатын заемдық құ-ралдардың ішкі кездері үш топқа бөлінеді. Мысалы, мемлекеттік құнды қағаздар тобы мемлекеттік қысқа мерзімді облигациялар то-бына, құралдар жұмылдыру тобына және берешектің негізгі сома-сын өтеу тобына бөлінеді. Республикалық бюджеттің тапшылығын өтеу үшін Үкімет пайдаланатын заемдық құралдардың сыртқы көздері екі топқа бөлінеді. Мысалы, халықаралық қаржы ұйым-дардың несиелері несиелер алу тобына және қарыздың негізгі со-масын өтеу тобына бөлінеді.
29.Бюджеттің қазынашылық атқарылуының негізгі процедуралары және технологияларын сипаттаңыз
Әрекеттегі заңнамалық актілерге сәйкес мемлекеттік органдардың өздерінің құзыреттері шамасында іске асырылатын және бекітілген республикалык. пен жергілікті бюджеттерді атқаруға бағытталған жүйелі әрекеттері бюджетті атқару жөніндегі қаржылық процедуралары болады. Бюджеттерді атқару кассалық негізде бірыңғай шоттар жоспары мен заңнамалық актілерге сәйкес ашылған бірыңғай қазынашылық шот, мемлекеттік мекеме шоттары мен басқа шоттар арқылы іске асырылады. Тапшылықты қаржыландыру бойынша бюджетті атқару бюджет шығыстарының түсімдерінен нақты асырылу сомасын өтеу мен несиелеуді қамтамасыз ететін шараларды іске асыру-ды тұжырымдайды. Республикалық бюджет тапшылығын қаржыландыру көздері ҚР Үкіметі анықтайды. Үкімет пен жергілікті уәкілетті атқарушы органдардың бюджеттерді атқару жөніндегі актілерін бекіткеннен кейін екі апта ішінде Қаржы министрлігі мен жергілікті уәкілетті органдар қаржыландырудың жиынтық жоспарын құрады және бекітеді. Міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жиын-тық жоспарлары келесі шарттар негізінде қалыптасады:
• міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жиынтық жоспарлары бюджеттік бағдарламалар әкімшіліктері Қаржы министрлігі мен жергілікті уәкілетті органдарға үсынған және бекітілген қаржыландыру жоспарларындағы сомаларға сәйкес болуы тиіс;
• бюджеттік бағдарламалар әкімшіліктері бойынша міндеттемелер мен төлемдерді қаржыландыру жиынтық жоспарлардың жылдық сомасы Үкімет пен жергілікті уәкілетті органдар бекіткен сомаларға сәйкес болуы тиіс;
• жоғары түрған бюджеттерден төменгі бюджеттерге берілетін ресми трансферттер мен несиелердің жылдық сомаларын ай сайынғы бөлуі төменгі деңгейде түрған мемлекеттік басқару үсыныстарына сәйкес болуы тиіс;
• төменгі түрған бюджеттерден жоғарыға берілетін ресми трансферттер мен* несиелер қайтару сомалары төменгі түрған бюджеттердің міндеттемелері мен төлемдерін қар-жыландыру жиынтық жоспарында сол көлемдері мен сол айларда, қайсылары жоғары түрған бюджеттер түсімдерінің жиынтық жоспарында көрсетілгендеріне сәйкес есептелуі тиіс;
Тиісті қаржы жылға республикалық бюджетті бекіткеннен кейін бес жұмыс күні ішінде облыстар, Астана мен Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары Қаржы министрлікке республикалык бюджеттен берілетін ресми трансферттердің бекітілген сомаларының ай сайынғы бөлу мен республикалық бюджетен бұрын берілген несиелер қайтару сомаларын тапсырады.
Облыстар бюджеттерін бекіткеннен кейін бес жұмыс күні ішінде аудандардың жергілікті уәкілетті органдары облыстардың уәкілетті органдарына облыс бюджеттерінен аудан бюджеттеріне берілетін ресми трансферттер сомаларының ай сайынғы бөлу со-маларын тапсырады.
Қаржы министрлігі мен облыстар, Астана мен Алматы қа-лалары жергілікті атқарушы органдары тиісті бюджеттерді бекіт-кеннен кейін жеті жұмыс күні ішінде осы облыстар мей қала-лардың жергілікті уәкілетті органдарына республикалық бюджет жөніндегі заңда және маслихаттар шешімінде бекітілген көлемі шамасында бюджеттік алымдар сомаларының ай сайынғы бөлу сомаларын ұсынады. Қол қойылып, мөрмен расталған қаржыландырудың жиынтық жоспарларын шығыстардың ведомстволық және экономикалық жіктеуі бойынша Қаржы министрлігі мен жергілікті уәкілетті орган бюджеттік бағдарламалар әкімшіліктеріне, ал олар ведостволық мемлекеттік мекемелеріне береді.
Жергілікті бюджет бойынша қаржыландырудың бекітілген жиынтық жоспарының бір данасын жергілікті уәкілетті орган оны бекіткеннен кейін екі жүмыс күні ішінде қазынашылықтың аумақтық органына үсынады. Бұл құжатты уақытында тапсыруы-на жауапкершілікті болатын тиісті жергілікті уәкілетті орган бас-шысы.
Мемлекеттік мекеме қаржыландырудың жиынтық жоспар-ларын бекіткеннен кейін бес жүмыс күні ішінде сол мекеменің міндеттемелері мен төлемдерін қаржыландыру жоспарын бекітіл-ген, қол қойылған, мөрмен расталған түрде қазынашылықтың аумақтық органына тапсырады. Заңнамаларға сәйкес бұл құжаты уақытында тапсырмаған үшін жауапкершілік тиісті мемлекеттік мекеменің басшысына жүктеледі.
Республикалық және жергілікті бюджеттерді тиісті қар-жы жылы анықтау мен атқару процесі барысында оларды қар-жыландырудың жиынтық жоспарына езгерістер енгізу ҚР заң-дарының, Президент жарлықтарының, ағымдағы жылда қабыл-данған Үкімет өкімдерінің, жергілікті өкімдік және атқарушы ор-гандар актілерінің және тағы басқа тиісті қаржы жылы қабылданған және сол жылғы бюджеттерге қатынасы бар номативтік құқықтық актілердің негізінде іске асырылады.
Қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізуде келесі шарттарды сақтау қажет:
• тиісті қаржы жылғы өткен айлары үшін қаржыландырудың жиынтық жоспары, рүқсат ету мен кассалық шығындар со-маларына өзгерістер жібермеу;
• әрбір ай мен жалпы жыл бойы түсімдердің шығыстардан арттыруын немесе теңцігін сақтау;
• жоспарлы арнаулар, рүқсат ету мен кассалық шығындар со-малары арасындағы сәйкестікті сақтау;
Республикалық бюджетті атқару барысында республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшіліктері рүқсат ету берілген бірақ та пайдаланбаған қалдықтарды қайта үлестіру бюджеттік бағдарлама әкімшілігінің анықтамасы негізінде мемлекеттік ме-кемелерге олардың бюджет құралдарын мақсатты пайдаланбаған үшін қолданатын санкцияяар есебімен жүзеге асырынады.
30. Республикалық және жергілікті бюджетті жүргізудегі қазынашылық жүйесінің тәртібін «оң және теріс» тараптары тұрғысында талдаңыздар?
Оң жағы бюджеттің атқарылуын оңалатады, бір жүйеге келтіреді. Қазіргі уақытта қазынашылық жүйеде 15000 жуық мекемелерге қызмет көрсетіледі. 3000 ға жуық қазынашылық жүйені пайдаланушылар нақты уақыт режимінде мемлекеттік бюджет қаражаттарын есепке алу және жұмсау рәсідерін жүргізу отырып, қазынашылықтың ақпараттық жүйесінде операциялар жүзеге асырады. Күн сайын орташа есеппен жиырма бес мың төлем, қазақстандық банк аралық есептер орталығынан отыз мың түсім қабыладанады, айдың соңында бұл көрсеткіш екі есе артады. Себебі осы кезеңде мемлекеттік органдар негізгі төлемдерді жүргізеді. Осыған байланысты сондай ақ бюджет атқарылымының маңызын ескере отырып қазынашылықтың тікелей міндеті жүйенің өнімділігіне жүктеме артқан кезде әрбір қаржылық операцияның уақытылы жүргізуін қамтамасыз ету болып табылады. Ал негізгі теріс жағы трафиктің өсуіне және жүйенің өнімділігіне жүктеменің артуына байланысты құжаттарды өңдеуде және есептілік нысандарын беруде іркілістер болып табылады. Кемшіліктерді жою үшін 2008 жылы мемлекеттік органдармен электрондық құжат айналымын құру бойынша «қазынашылық-клиент» атты бағдарламалық өнім әзірленді. 2011 жылдан бастап бұл жүйе мемлекеттік органдарға дистанциялық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді. Бұл өз кезегінде қазынашылық органдарының мемлекеттік мекемелермен өзара қарым қатынасында жұмыс тиімділігін арттырады және бюджеттің атқарылу сапасын жақсартады.
31.Қазақстанда бюджет шығыстарын қалыптастыру үрдісін талдаңыз?
Бюджет шығыстары: 1. Шығындар, бюджет кредиттерi, қаржы активтерiн сатып алу, қарыздарды өтеу бюджеттiң шығыстары болып табылады. 2. Шығындар қайтарымсыз негiзде бөлiнетiн бюджет қаражаты болып табылады. 3. Бюджеттiк кредиттер бюджеттен қайтарымды, жедел және ақылы негiзде бөлiнетiн ақша болып табылады. 4. Қаржы активтерiн сатып алу заңды тұлғалардың, оның iшiнде халықаралық ұйымдардың қатысу үлестерiн және бағалы қағаздарын мемлекеттiк меншiкке сатып алуға бағытталған бюджет қаражаты болып табылады. 5. Қарыздарды өтеу Қазақстан Республикасы ратификациялаған мемлекеттiк сыртқы қарыздар туралы, сондай-ақ ішкі қарыздар бойынша халықаралық шарттарға сәйкес негізгі борышты өтеуге бағытталған бюджет қаражаты болып табылады.
1. Функционалдық және ведомстволық белгiлер бойынша бюджеттiк қаражаттың жұмсалу бағыттарын айқындайтын, мемлекет функцияларының орындалуын, Қазақстан Республиканың стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын іске асыруды көрсететін барлық деңгейлердегi бюджеттер шығыстарының топтамасы бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы болып табылады.
2. Бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасының топтамасы мынадай деңгейлерден тұрады:
функционалдық топтар;
функционалдық кіші топтар;
бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi;
бюджеттiк бағдарламалар (кіші бағдарламалар).
3. Бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы негiзiнде бюджеттiк бағдарламалар әкiмшілерiн және бюджеттiк бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) топтастыру арқылы жасалатын бюджет шығыстарының ведомстволық сыныптамасы қалыптастырылуы мүмкiн.
Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы
1. Бюджеттiк бағдарламаларды iске асыру үшiн мемлекеттiк мекемелер жүзеге асыратын операцияларды көрсететін экономикалық сипаттамалар бойынша бюджет шығыстарын топтастыру бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы болып табылады.
2. Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасын топтастыру санаттан, сыныптан, кіші сыныптан және өзіндік ерекшелiктен тұрады.
Санат шығыстарды экономикалық белгiлерi бойынша топтастырады. Сынып және кіші сынып шығыстарды мемлекеттiк мекемелер жүргiзетiн операциялардың негiзгi түрлерi бойынша топтастырады. Өзіндік ерекшелiк бюджеттiк бағдарламаны iске асыру үшiн мемлекеттiк мекеме жүргiзетiн операцияның түрiн айқындайды.Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің құрылымын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган әзірлейді және бекітеді.
32.Қазақстан тәжірибесінде бюджет кірістерінің құрылымын сипаттаңыздар,және оны арнайы сызбада көрсетіңіздер?
11-бап. Бюджет түсімдері.
1. Кірістер, бюджет кредиттерін өтеу сомалары, мемл-ң қаржы активтерін сатудан түскен түсімдер, қарыздар бюджеттің түсімдері болып табылады.2.Салықтық, салықтық емес түсімдер, негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер, трансферттік түсімдер бюджет кірістері б.т.3.Нысаналы трансферттерді қоспағанда, кірістер нысаналы мақсатқа ие болмайды. Кірістердің жаңа түрлерін енгізу, қолданылып жүргендерінің күшін жою н/е оларды өзгерту осы Кодекске міндетті түрде өзгерістер н/е толықтырулар енгізіле отырып ж.а. 4.Салықтық түсімдер ҚР- Салық және Кеден кодекстерінде белгіленген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер б.т.5.Салықтық емес түсімдер негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерге жатпайтын,осы Кодексте және ҚР-ң басқа да заңнамалық актілерінде белгіленген, бюджетке міндетті, қайтарымсыз төлемдер, байланысты гранттар, сондай-ақ трансферттерден басқа, бюджетке тегін негізде берілетін ақша б.т.6. Бюджетке:1)мемл-к мекеме-ге бекітілген мемл-к мүлікті сатудан;2)м-тік мат/қ резервтен тауарлар сатудан;3) мемл-т меншігіндегі жер учаскелерін жеке меншікке сатудан н/е оларды тұрақты н/е уақытша жер пайдалануға беруден не ҚР-ң заңдарында н-е халықаралық шарттарда көзделген тәртіппен өзге де тәсілмен өткізуден;4) мемл-ке тиесілі матер-қ емес активтерді сатудан түсетін ақша негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер б.т.7. Трансферттер түсімдері бюджеттің бір деңгейінен басқасына, ҚР-ң Ұлттық қорынан респ-қ бюджетке түсетін трансферттер түсімдері б.т.8. Бюджеттік кредиттерді өтеу сомалары бюджеттен алынған кредиттер б/ша негізгі борышты қайтаруға, сондай-ақ заңды тұлғалардың төленген мемлекеттік кепілдіктер б/ша талаптарды қайтаруына б/ты бюджетке түсетін түсімдер б.т.9.Мем-ң қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер заңды тұлғалардың, оның ішінде мемлекеттік меншіктегі халықаралық ұй-ң, мүліктік кешен түріндегі мемл-к мек-р мен мемл-к к/о-ң қатысу үлестерін, бағ.қағ-н,сондай-ақ мемл-к к/о-ң жедел басқаруындағы н/е шар-қ жүргізуіндегі өзге де мемл-к мүлікті сатудан бюджетке түсетін түсімдер.10.Қарыздар мемл-к эмиссиялық бағалы қағаздарды шығаруға және қарыз шарттарын жасасуға байланысты бюджетке ақша түсімдері болып табылады.
33.Бюджеттік несиелеудің мәнін ашыңыз және оны жүзеге асырылу тәртібін көрсетіңіз?
1. Бюджеттік кредиттеу бюджеттік кредитті беру, пайдалану, оған қызмет көрсету және оны өтеу туралы шешім қабылдау рәсімдерін қамтитын процесті білдіреді.
2. Кредитор, бюджеттік бағдарлама әкімшісі және қарыз алушы арасындағы бюджеттік кредитті беру, пайдалану, оған қызмет көрсету және оны өтеу кезінде тараптардың құқықтық қатынастарын белгілейтін келісім кредиттік шарт болып табылады.
3. Бюджеттік кредиттер заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу мақсаттарына, қарыз алушылардың шаруашылық қызметінің залалдарын жабуына, сенім білдірілген өкілдердің (агенттердің) көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуге берілмейді.
4. Бюджеттік кредиттер мынадай талаптар сақталған жағдайда беріледі:
1) салық берешегінің болмауы;
2) қарыз алушының бюджеттік кредит бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ететін жағдайының болуы;
3) қарыз алушының бұрын берілген бюджеттік кредиттер бойынша берешегінің болмауы.
Бюджеттік кредиттерді беру мынадай:
1) бюджеттік кредитті кредит шартына сәйкес өтеу міндеттілігін көздейтін қайтарымдылық;
2) міндеттемелердің орындалуын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәсілдермен қамтамасыз ететін жағдайының болуын көздейтін қамтамасыз етілу;
3) бюджеттік кредиттің берілгені үшін қарыз алушының сыйақы төлеуін көздейтін ақылылық;
4) бюджеттік кредитті беру мерзімін белгілеуді көздейтін мерзімділік принциптеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Бюджеттік кредиттеу субъектілері:
Кредитор, бюджеттік бағдарламаның әкімшісі, қарыз алушы, соңғы қарыз алушы және сенім білдірілген өкіл (агент) бюджеттік кредиттеу субъектілері болып табылады.
Кредитор. Республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттеу кезінде Қазақстан Республикасының Үкіметі кредитор болып табылады. Бюджеттік кредиттеу кезінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан кредитор ретінде әрекет етеді Жергілікті бюджеттен бюджеттік кредиттеу кезінде тиісті жергілікті атқарушы орган кредитор болып табылады.
Бюджеттік кредиттеу субъектісі ретіндегі бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бюджеттік кредит беру кезінде кредиттік шарттың тарабы болып табылады және:
1) қаржы агенттіктерін қоспағанда, мамандандырылған ұйымдар мен сенім білдірілген өкілдерді (агенттерді) конкурстық негізде айқындауды;
2) бюджеттік кредиттердің нысаналы және тиімді пайдаланылуын, өтелуі мен оларға қызмет көрсетілуін бақылауды және мониторингін жүзеге асырады.
Қарыз алушылар. Бюджеттік кредитті алушы, негізгі борышты өтеу және сыйақы, сондай-ақ кредиттік шартқа сәйкес басқа да төлемдерді төлеу жөнінде міндеттемелер алатын кредит шартының тарабы қарыз алушы болып табылады. Мыналар:
1) мамандандырылған ұйымдар - банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, сондай-ақ акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке не ұлттық холдингке, не Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымдар;
2) жергілікті атқарушы органдар;
3) шет мемлекеттер;
4) жеке тұлғалар қарыз алушылар бола алады.
Түпкілікті қарыз алушылар: 1. Мамандандырылған ұйым оған кредитор немесе қаржы агенттігі айқындаған шарттармен беретін бюджеттік кредитті соңғы алушы түпкілікті қарыз алушы болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар түпкілікті қарыз алушылар бола алады.
Сенім білдірілген өкілдер (агенттер). Тапсырма шартының негізінде кредитордың (сенімгердің) атынан және оның есебінен және оның нұсқауларына сәйкес бюджеттік кредит беруге байланысты белгілі бір тапсырмаларды жасайтын тұлға сенім білдірілген өкіл (агент) болып табылады. Сенім білдірілген өкіл (агент) кредитордың (сенімгердің) тапсырмасы бойынша мынадай іс-әрекеттерді орындай алады:
1) бюджеттік кредиттерге қызмет көрсету;
2) қарыз алушылармен есеп айырысу;
3) бюджеттік инвестициялық жобалардың қаржыландырылуы мен іске асырылуына мониторинг жүргізу;
4) қарыз алушылардың қаржылық жай-күйіне мониторинг жүргізу;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берешекті өндіріп алу;
6) қарыз алушы-жеке тұлғаларды анықтау және олармен кредиттік шарттар жасасу.
Кредиттік шарттың негізгі талаптары
1. Кредиттік шартта бюджеттік кредиттің мынадай негізгі талаптары міндетті түрде болуға тиіс:
1) берудің мақсаты;
2) мөлшері;
3) валютасы;
4) мерзімі;
5) игеру кезеңі;
6) сыйақы ставкасы.
2. Бюджеттік кредиттің негізгі талаптары және қарыз алушылардың санаты кредитордың шешімімен белгіленеді.
3. Кредиттік шартқа қосымша талаптар, оның ішінде бюджеттік кредитті беру тәсілін айқындайтын талаптар, бюджеттік кредитті өтеу және оған қызмет көрсету графигі, бюджеттік кредит бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері енгізіледі.
Бюджеттік кредиттің мерзімі
1. Қарыз алушы бюджеттік кредит алатын, пайдаланатын, оған қызмет көрсететін және оны өтейтін уақыт кезеңі бюджеттік кредиттің мерзімі болып табылады.
2. Бюджеттік кредиттің мерзімі бюджеттік кредиттің қаражатын кредитордың шотынан аударған кезден бастап есептеледі.
3. Бюджеттік кредиттер берілу мерзіміне қарай мынадай түрлерге бөлінеді:
1) қысқа мерзімді - 1 жылға дейін;
2) орта мерзімді - 1 жылдан 5 жылға дейін;
3) ұзақ мерзімді - 5 жылдан 30 жылға дейін. Бюджеттік кредит беру туралы шешім қабылдау
Бюджеттік кредит беру туралы шешім қабылдау:
1) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның ұсыныстарын ескере отырып, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындаған тәртіппен бюджеттік кредиттеудің орындылығын айқындауды;
2) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органның бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бюджеттік кредиттеу арқылы іске асыруды ұсынатын бюджеттік бағдарламаларды олардың бюджеттік кредиттеу критерийлеріне сәйкестігі тұрғысынан қарауын;
3) бюджеттік өтінімді және бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның қорытындысын бюджеттік комиссияның қарауын;
4) бюджеттік комиссияның бюджеттік бағдарламаны бюджет жобасына енгізу жөніндегі ұсыныстарын әзірлеуді қамтиды.
Бюджеттік кредит беру рәсімі
1. Бюджеттік кредит беру рәсімі мынадай кезеңдерді:
1) бюджеттік кредиттің негізгі талаптарын айқындауды;
2) қарыз алушыны айқындауды;
3) кредиттік шарт және олармен байланысты шарттар жасасуды;
4) қарыз алушыға бюджеттік кредит беруді қамтиды.
2. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері тиісті бюджеттер бекітілгеннен кейін бюджеттік кредиттердің негізгі шарттары туралы және қарыз алушылардың санаттары туралы кредитор шешімдерінің жобаларын бекітуге енгізеді.
3. Қарыз алушыларды:
1) Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджеттік кредиттеу кезінде тапсырма шартына сәйкес сенім білдірілген өкіл (агент);
2) қаржы агенттіктерін қоспағанда, мамандандырылған ұйымдарды бюджеттік кредиттеу кезінде конкурс нәтижелері бойынша бюджеттік бағдарлама әкімшісі айқындайды. Мамандандырылған ұйымдарды іріктеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді;
3) жергілікті атқарушы органдар бюджеттік кредиттеу кезінде қарыз алушылар осы Кодекске сәйкес айқындалады;
4) шет мемлекеттерді бюджеттік кредиттеу кезінде қарыз алушылар Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес айқындалады.
4. Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда бюджеттік кредиттер алады.
Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджеттік кредиттеу сенім білдірілген өкілдер (агенттер) арқылы жүзеге асырылады.
5. Бюджеттік кредит беру кредиттік шарт, тапсырма шарттары және бюджеттік кредит бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуді растайтын құжаттар жасалып, тіркелгеннен кейін жүзеге асырылады.
6. Бюджеттік кредиттер беру жөніндегі рәсімдерді, оның ішінде оларды беру кезіндегі қажетті құжаттардың тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
34.Мемлекеттің несиелеудің артықшылықтары мен кемшіліктерін әлемдік тәжірибеге салыстырмалы талдау негізінде SWOT әдісінде ұсыныңыздар?
Мемлекеттік несие-бос ақша қаражаттарын мем/к билік органдарының қарамағына жұмылдырып және оны мемлекеттік шығындардың қаржыландыру барысында мемлекет пен заңды және жеке тұлғалар арасында туындайтын қатынастар.
Мемлкеттік несие- кейде қарыз алушы,кейде қарыз беруші болып табылады.Яғни,несиелік қатынастар жиынтығы б.т.Бюджет тапшылығы болып,оны қаржыландыру мақсатында мемлкеттің бағалы қағаздары шығарылып халыққа не кәсіпорындарға сатылса,онда мемлекет қарыз алушы болады.Ал мем/т бюджеттен экономиканы дамытуға және әлеуметтік мәселеге байланысты несие берсе,онда ол қарыз беруші ретінде саналады.Мемлекет келесідей рөл атқара алады:
1-ден,несие беруші
2-ден,несие алушы
3-ден,кепіл бола алады.
Мемлекеттік несиенің ерекшелігі: қарызға берілген қаражаттардың қайтарымдылығында ,мерзімділігінде және ақыллығында.Бірақ,бұл қатынастарды банк несиесімен шатастыруға болмайды.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі бұл SWOT-талдау әдісі. SWOT талдау (күшті және әлсіз жақтары, мүмкіндіктер мен қауіп-қатер) бүгінгі күнмен түсінуге негізделіп жүргізіледі.
Мемлекеттік несиенің негізгі формасы -мемлекеттік займдар, сонымен қатар қысқа мерзімді қазыналық міндеттемелер, тұрғындардың жинақ кассасындағы салымдар болып табылады. Қысқа мерзімді қазыналық міндеттемелер (вексельдер және де басқа несиелік міндеттемелер) ресми түрде бюджеттегі уақытша кассалық үлесті жабу үшін шығарылады, бірақ іс жүзінде бюджет тапшылығына байланысты шығарылады. Қазақстанда 1994 жылдың сәуір айынан бастап қазыналық вексельдер аукционы үнемі өткізіліп тұрады.
Олай болса, салыстырмалы талдау негізінде SWOT әдісінде ұсынайық:
Күшті жағы(S):
-Мемлекеттік несие арқылы қайтарымдылық негізінде мемлекеттік шығындарды қаржыландыру үшін ақшалай қаражат шоғырландырылады.
-Мемлекеттік несиенің мемлекеттік қарызды басқара алады. (конверсия, консолидация, унификация, қайта қаржыландыру)
-Бұл қатынастарда мемлекет несиегердің де, қарыз алушының да, гаранттың да рөлінде көрінуі мүмкін.
-Қарызға берілген қаражаттардың қайтарымдылығында, мерзімділігінде және ақылығында.
-Халықаралық несиеде қатынастарға бір жағынан, үкімет, биліктің жергілікті органдарды, екінші жағынан басқа мемлекеттердің үкіметтері, банктері, компаниялары, сондай-ақ халықаралық қаржы-банк үйымдары араласады. Кредит беруші тарап мемлекет-донор немесе ұйым-донор, ал кредит алушы ел реципиент-ел деп аталады.
Әлсіз жағы(W)
-Қарыз шарттары орындалмаған жағдайда үкімет отандық қарызгердің уақыты келген міндеттемелері бойынша қарызгердің мүлікінең немесе басқа активтерінең бюджет қаражаттары есебінен қарыздың сомасын төлейді.
Мүмкіндіктер(O)
-Заңды және жеке тұлғаларға мемлекеттік (қазынашылық) ссудаларды ұсыну. Ол кәсіпорындар мен ұйымдарға қаржылық дағдарыс жағдайында беріледі
-Бірінші кезекте мемлекет несиелік пайыздың мөлшеріне ықпал жасай отырып, ақша ағымдарын реттейді: несие капиталының рыногында қаржыгер бола отырып, ол бұл капиталға деген сұранымды арттырады, мұның нәтижесінде несие капиталының нормасы артады.
1) мемлекеттік несие жолымен жұмылдырылатын қаражаттар әр түрлі қажеттіліктерді өндірістік, өндірістік емес, сол сияқты стратегиялық, оперативтік қажеттіліктерді қаржыландыруға бағытталатын мемлекеттің қаржы ресурстары ретінде қаралады;
2) алынған және берілген кредиттер үшін есеп айрысулар, олар үшін пайыздар төлеу бюджеттердің үкіметтің қарыз алулары кезінде орталық немесе биліктің жергілікті органдарының қарыз алулары кезінде жергілікті бюджеттердің қаражаттары есебінен жүргізіледі. Бюджет кірістерінің негізі және тұрақты бөлігін салықтық түсімдер құрайтындықтан қарыздар арқылы жұмылдырылатың қаражаттар «антиципацияландырылған салықтар”, яғни мерзімінен бұрын өндіріп алынған салықтар деп салынады.
-Мемлекеттік несиенің нысандары кезінде мемлекеттік банктердің депозиттік ресурстарының қалдықтарын пайдалану мемлекеттік шығындарды қаржыландыру барысында қолданылады.
-Мемлекеттік орталық эмиссиялық банкінен қаражаттарды тарта алады.
-Мемлекеттік несие жинақ ақшаны ұйымдастыра алады
-Халықтың, шаруашылық жүргізуші субъектлер арасында орналастырылатын мемлекеттік қарыздардың облигацияларын шығару, мемлекеттік бағалы қағаздардың басқада түрлерін (қазынашылық міндеттемелерді, қазынашылық бондарды, сертификаттарды) шығару арқылы қол жеткізуге болады
Қауіптер(T)
-Мемлекеттік орталық эмиссиялық банкінен қаражаттарды тарту болып табылады. Осының нәтижесінде айналыстағы ақша массасы құнсызданады.
35.Мемлекеттік қарыз бюджет жүйесіне қалай әсер етеді? Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың қарыз алуы, мемлекет кепілдік берген қарыз алу Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қарыз алуы "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.Қазақстан Республикасы Үкіметінің, жергілікті атқарушы органдардың және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қарыз алуы мемлекеттік қарыз алу болып табылады.Мемлекеттік емес қарыз алуды Қазақстан Республикасының резиденттері кез келген мөлшерде, кез келген валютада және кез келген нысанда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шектеулерді ескере отырып, өз бетінше жүзеге асырады. Мемлекеттік емес қарыздарды заңды тұлғалар мемлекеттік кепілдікпен және мемлекет кепілгерлігімен тарта алады.
Жедел басқару құқығында мүлкі бар заңды тұлғаларға мемлекеттік емес қарыз алуды жүзеге асыруға тыйым салынады. Мемлекеттік қарыздар қарыз алушыға қатысты алғанда:
1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыздары;
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қарыздары;
3) жергілікті атқарушы органдардың қарыздары болып бөлінеді.
2. Несие капиталының нарықтарына қарай мемлекеттік қарыздар:
1) мемлекеттік сыртқы қарыздар;
2) мемлекеттік ішкі қарыздар болып бөлінеді.
3. Қарыз алу нысаны бойынша мемлекеттік қарыздар:
1) мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар шығару;
2) қарыз шарттарын жасасу болып бөлінеді.
4. Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар қолданылу мерзімі бойынша:
1) 1 жылға дейінгі айналыс мерзімімен қысқа мерзімді;
2) 1 жылдан 5 жылға дейінгі айналыс мерзімімен орта мерзімді;
3) 5 жылдан артық айналыс мерзімімен ұзақ мерзімді болып бөлінеді.
5. Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар шығару мақсаттары бойынша:
1) бюджет тапшылығын қаржыландыру мақсатында шығарылатын;
2) борыштық құралдардың ішкі нарығын дамытуға жәрдемдесу мақсатында шығарылатын болып бөлінеді.
Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар құжаттамалық және құжаттамалық емес нысанда шығарылуы мүмкін. Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар ұсынушыға арналып құжаттамалық нысанда ғана шығарылуы мүмкін. Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар нақты және дисконттық құны бойынша сыйақының тіркелген және тіркелмеген (құбылмалы) ставкасымен шығарылуы мүмкін.
36. Қазынашылықтың бюджет жүйесіндегі негізгі функциялары мен міндеттері қандай?
Қазынашылық қызметі құрылғаннан бастап, оның Республикалық және жергілікті бюджеттердің кассалық атқарылуы бойынша алдын-ала және ағымдағы бақылау, яғни мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаржыны, міндет алу мен төлем бойынша қаржыландыру жоспарлары көлемінде және бюджет шығысының экономикалық классификациясының негізінде мақсатты жұмсалуын қадағалау негізгі функционалдық міндеті болып табылады.
Қазынашылық басқармасының басқа да міндеттері:
Жүктелген мiндеттерге сәйкес Қазынашылық мынадай функцияларды орындайды:
37.Бюджеттің атқарылуындағы қазынашылықтың ролін сипаттаңыздар?
Қазынашылық д/з мемл/к бюдж\ң атқарылуын ж.а/шы атқарушы билік органы.Қ/қ іс әрекеттің мазмұны бюдж/ті атқару үрдісінде көрінеді.Эк/қ әдеб/де қаз/қ тар мағынада ж/е кең мағынады қараст.Тар мағынады:Қаз/қ бюджетті атқару б/ша арнайы қызметтерді ж.а/шы мемл/к орган.Кең мағынада:Қаз/қ мемл/ң қаржы ресурстарын басқару үрдісі.
Республикамызда бюджетті қазынашылық атқаруды енгізгенше мемл/к бюджет/ң атқаруын Қаржы министрлігі мен ҰБ іске асыратын.ҰБ/ң есеп айырысу кассалық орталықтары бюджет құралдары арқ қаржыландырылатын ұйымдарға қызмет көрсететін,ал Қаржы министрлігі ҰБ ұсынатын ақпараттар негізінде есептілікті қарастыру.Нарықтық эк/ға өту барысында мемл/к қаржыларды тиімді басқару қажеттілігі бюджетті атқару жөнінде бірыңғай орган құруды талап етті.Сондықтан,1994жылы ҚР Президенті/ң Жарлығы негізінде респ/қ бюджетті атқару мен жергілікті бюджеттерге есеп айырысу кассалық қызмет көрсету мақсаттарымен қазынашылық жүйе құрылды.1995ж облыстар мен аудандарда оның аумақтық органдары ұйымдастырылды.Сол жылдың соңында Қаржы министрлігі/ң құрамында Қазынашылық комитет ұйымдастырылды.1996ж ҰБ/ң есеп айырысу кассалық орталықтарының базасында Респ/қ Бюджеттік Банк құрылып,сол арқ рресп/қ бюджетті атқару мен жергілікті бюджеттерге есеп айырысу кассалық қызмет көрсету толығымен Қазынашылыққа ауысты.Сол жылы ҰБ/те респ/қ бюджет ү/н Бірыңғай қазынашылық шот пен ЕДБ/рде қазынашылықтың аумақтық органдарының корреспонденттік шоттарыны ашылды.Осы шоттар арқ қазынашылық органдар бюджетті атқару жөніндегі банктік опер/р мен қолма қол ақша төлеумен б/ты опер/рды жүргізу б/ша өз өкілдіктерін іске асырады.
Қазынашылық іс әрекеттің негізгі мазмұны қаржы жыл бойы бекітілген кірістер алу мен қарастырылған шығыстарды іске асыру процестері түсінілетін бюджетті атқару барысында көрінеді.Осы іс әрекеттің маңызды құрылымдық элементі болып,негізінде кассаның бірлестік принципі жатқан,бюджетті кассалық атқару табылады.Бұл принциптің мағынасы барлық бюджеттік құралдар ҰБ/тегі бірыңғай қазынашылық шотқа түсіп,сол шоттан барлық шығыстар орындалуын тұжырымдайды.
Демек,бюджеті қазынашылық атқару жүйесі сол атқару процесінде п.б/н ақша құралдарының кірістік ж/е шығыстық ағымдарын бір шотта шоғырландыруға мүмкіншілік жасайды.
Бюджеттің қазынашылық атқарылуы мемл/к қаз/қ/ң ағымд.қаржы жылында бөлінетін бюдж/к қараж/ды құру мен жұмсау/ң о/р\ң заңнамалық тәртіпте мақсатты ж.а/н бақылау мониторинг ж/е басқару/ң регламенттелген үрдісі.Бюдж/ң қаз/қ атқару жүйесі атқару үрдісінде п.б/н ақша қараж/ң кірістік ж/е шығыстық ағымдарын бір шотта шоғырландыруға жағдай жасайды.
Бюджетті қазынашылық атқарудың мәні:1)тиісті бюдж/ң бірыңғай шотының қызмет етуң;2)қаз/қ арқ түсімдерді бөлу опер/ы,тиісті бюдж/р/ң шотына аударылады;3)бюдж/к ұйым/р/ң несие мекемелерінде ашылғн шоттарындағы бюдж/к қараж/ң қозғалысын айқындайтын дербес шот жүйесі/ң қолд/уы.4)қарж/у көлемін соңғы бюдж/к алушыларға дейін жеткізуді қамт.ету;5)бюдж/к қараж/ң жұмсалуына жүрг/н алдын ала ж/е ағымд бақылаудың жеделдігі мен сапасын арттыру.6)есептеу ж/е ақпараттық қамт.етуді автом/ған жүйені енгізу;7)Қаз/қ органдар мен кассалық опер/рды ж.а. ж/е есепке алу/ң міндеттілігі.
Қазынашылық/ң атқ қызметтері:1)мемл/ң бюдж/ң атқарылуына қызмет ету;2)қолма қол шот/ы,вал/қ шот/р,бюдж/ң кассалық атқарылуында қызмет ететін шот/рды жүргізу;3)міндеттемелер б/ша қарж/у/ң жиынтық жоспарын респ/қ бюджет б/ша төлемдерді қарж/у ж/е түсім/р/ң жиынтық жоспарын құру,жүргізу;4)Қаз/қ/ң біріктірілген ақп/қ жүйесіне (БАЖ)жиынтық жоспарды енгізу;5)бюдж/к мониторинг жүргізу ж/е бюдж/к бағд/ы б/ша төлем/р/ң уақытында жүргізілмеу себеп/і б/ша ақп/р жинақтау;6)заңмен рұқсат етілген басқа да функ/рды ж.а.
38. Бюджеттің кассалық атқарылуына қызмет ететін шоттардың сипаттамасын беріңіздер, оны сызбада бейнелеңіздер?
Бiрыңғай қазынашылық шот: 1. Бiрыңғай қазынашылық шот аударым операцияларын орталықтандырып жүзеге асыру және олардың есебiн жүргiзу үшiн ҚРҰБ/нде ұлттық валютамен ашылады. Бiрыңғай қазынашылық шот бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға ҚР/ң банк заңнамасында көзделген тәртіппен ашылады. 2. Бiрыңғай қазынашылық шот қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы ақша қалдықтарын қамтиды. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның шетел валютасындағы шоттары: Операцияларды шетел валютасымен ж.а. және оларды есепке алуды жүргізу үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға ҚР/ң Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген тәртіппен шетел валюталарының түрлері бойынша шоттар ашады. Қолма-қол ақшаны бақылау шоттары: 1. Қолма-қол ақшаны бақылау шоттары мыналарға:1) республикалық және жергілікті бюджеттерге түсетін түсімдерді есепке алуға және республикалық және жергілікті бюджеттердің шығыстарын жүргізуге; 2) мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) сатуынан түсетін ақшаны есепке алуға және олардың есебінен (ақылы қызметтер шоты) шығыстарды жүргізуге; 3) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін түсімдерді есепке алуға және оларды Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі шотына аударуға; 4) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік мекемелерге арналған демеушілік, қайырымдылық көмектен түсетін ақшаны есепке алуға және жұмсауға (демеушілік, қайырымдылық көмек шоты); 5) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік мекемеге жеке және (немесе) заңды тұлғалар олардың қайтарымдылығы не белгілі бір талаптар басталған кезде тиісті бюджетке немесе үшінші тұлғаларға (ақшаны уақытша орналастыру шоты) аудару шартымен беретін ақшаны есепке алуға; 6) бюджет ақшасын есепке алуға және оларды ерекше шығыстарды (нысаналы қаржыландыру шоты) жүргізуге пайдалануға байланысты операцияларды есепке алуға арналады. 2. Тиісті бюджеттердің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шоттарынан, мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізуінен түсетін ақшаның түсімдері және жүргізілген төлемдер мен аударымдар бойынша операциялар бірыңғай бюджеттік сыныптамаға және мемлекеттік мекемелердің кодтарына сәйкес ескеріледі. Демеушілік, қайырымдылық көмектің қолма-қол ақшасының бақылау шоттары ақшаны уақытша орналастырудың, нысаналы қаржыландырудың және шетел валютасындағы шоттар бойынша түсімдер мен жүргізілген төлемдер бойынша операциялар мемлекеттік мекемелердің кодтарына сәйкес ескеріледі. 3. Қолма-қол ақшаны бақылау шоттарын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ашады. 4. Қолма-қол ақшаны бақылау шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді. Мемлекеттiк мекемелердiң шоттары: 1. Мемлекеттiк мекемелердiң мынадай шоттары болуы мүмкiн: 1) мемлекеттік мекеменің шетел валютасымен операциялар жүргізуі үшін оған валюталардың түрлері бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ашатын шетел валютасындағы шот; 2) Қазақстан Республикасы ратификациялаған мемлекеттік қарыздар туралы халықаралық шартта немесе байланысты грант туралы келісімде айтылған, екінші деңгейдегі банкте шетел валютасында ашылатын, үкіметтік сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың аванстық төлемдері арқылы жаңартылатын бюджеттiк инвестициялық жобаның арнайы шоты; 3) ұлттық (шетелдік) валютамен төлемдерді жүзеге асыру үшін екінші деңгейдегі банкте ашылатын бюджеттiк инвестициялық жобаның арнайы шотына арналған шот; 4) үкiметтiк сыртқы қарыздар есебiнен берiлген кредит бойынша негiзгi борышты өтеу шотына қарыз алушылар қайтаратын ақшаны есепке алу және пайдалану үшiн бюджеттiк инвестициялық жобаны iске асыру кезеңiнде екiншi деңгейдегi банкте ашылатын бюджеттiк инвестициялық жобаның жаңартылатын шоты. 2. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда мемлекеттік мекемелердің шоттарын ашу, жүргізу және жабу Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады. Екінші деңгейдегі банктерде немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда мемлекеттік мекемелердің шоттарын ашу, жүргізу және жабу Қазақстан Республикасының банк заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. Түсiмдердi бiрыңғай қазынашылық шотқа есепке жазу: 1. Бюджетке түсетiн түсiмдер ақшалай нысанда жүзеге асырылады және бюджетке түсетін түсімдердің сыныптамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен толық көлемде бiрыңғай қазынашылық шотқа есепке жазылады. 2. Бюджетке шетел валютасымен түсетiн, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi шетел валютасымен бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның шотына есепке жазылған түсімдер қайта айырбасталуға және бірыңғай қазынашылық шотқа есепке жазылуға тиіс.
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның шоттарынан шетел валютасын қайта айырбастау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
39.Бюджет шығыстарының басымды бағыттарын атаңыздар және себептерін анықтаңыздар?
12-бап. Бюджет шығыстары
1. Шығындар, бюджет кредиттері, қаржы активтерін сатып алу, қарыздарды өтеу бюджеттің шығыстары б.т.2. Шығындар қайтарымсыз негізде бөлінетін бюджет қаражаты б.т.3. Бюджеттік кредиттер бюджеттен қайтарымды, жедел және ақылы негізде бөлінетін ақша б.т.4. Қаржы активтерін сатып алу заңды тұлғалардың, оның ішінде хал/қ ұйымдардың қатысу үлестерін және бағалы қағаздарын мемл-к меншікке сатып алуға бағытталған бюджет қаражаты б.т.5. Қарыздарды өтеу ҚР ратификациялаған мемлекеттік сыртқы қарыздар туралы, сондай-ақ ішкі қарыздар бойынша халықаралық шарттарға сәйкес негізгі борышты өтеуге бағытталған бюджет қаражаты б.т.Бюджеттік бағдарлама нәтиже көрсеткіштері және бюджет шығыстарын қаржыландыру көлемі бар мемлекеттік органның стратегиялық жоспарында айқындалған стратегиялық бағыттармен, мақсаттармен, міндеттермен, нәтижелер көрсеткіштерімен өзара байланысқан бюджет шығыстарының бағытын айқындайды.Шығ-ң 1-ші тобы қорлардың толық айналымымен б/ты және өндіріс шығ-ң орнын толтыру б.т және шартты түрде шығыстарға жатады. Сондықтан к/о-р б/ша мемл-ң шығыстары шығ-ң 2-ші және 3-ші топтарын қамтиды. Жерг. бюджет шығ-ң басым бөлігі қоғ-қ тауарларды, игіліктерді және қызметтер көрсетуді өндіруге н/е олармен халықты қамтамасыз етуге бағытталады, бұл жергілікті бюджет шығ-ң рөлін айқындайды. Әлеу-к-мәдени мақс-ға, қорғанысқа, құқық төртібін қорғауға, басқаруға, мемл-ң инфрақұрылымдық к/р мен ұй-ң, өнімі мен қызмет керсетулеріне жұмсалатын шығыстар мемлекет, сонымен бірге эк-ң нарықтық секторы тарапынан рыноктық тауарлармен және қызметтер көрсетумен қамтамасыз етуге қосымша ретінде халықтың жалпы қажеттіліктерін қанағаттан-дыруы тиіс.Жерг.бюджет шығ-ң 2-ші тобы қоғ-қ қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін ұлттық табысты тұтынумен б/ты.3-ші топтың жергілікті бюджет шығ/рымемл-к резервтерді жасау мен молықтыруга жұмсалатын шығ-р төтенше жағдайлар кезінде, мысалы, дүлей апаттар кезінде, өнд/к, сондай-ақ, өндірістік емес сфер-ң қажеттіл-н қанағаттандыруға, ысыптары өтеуге және к/о-ды, мекем/ді азық-түлікпен жабдықтауды қамтамасыз етуге арналған.
40.Бюджеттің нақтылануы қандай жағдайларда орын алады және қалай жүзеге асырылады?
106-бап. Бюджетті нақтылау
1. Тиісті қаржы жылы ішінде республикалық бюджет туралы заңға немесе жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы республикалық және жергілікті бюджеттердің көрсеткіштерін өзгерту республикалық және жергілікті бюджеттерді нақтылау болып табылады.
2. Республикалық және жергілікті бюджеттерді нақтылау:
1) Қазақстан Республикасының саяси, экономикалық, экологиялық және әлеуметтік тұрақтылығына қауіп төндіретін ахуалды жою қажет болған;
2) республикалық және жергілікті бюджеттер кірістерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері қабылданған немесе өзгертілген;
3) республикалық және жергілікті бюджеттерді атқару барысында түсімдері ағымдағы қаржы жылы олардың бекітілген жылдық көлемінен он проценттен астам сомаға кеміген;
4) жоғары тұрған бюджеттен қосымша бөлінген және бөлінген нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредиттердің көлемдері өзгерген;
6) аса маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған, Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсыныстары бар бюджеттік инвестициялар бойынша осы Кодекстің 154 және 156-баптарындакөрсетілген тиісті құжаттама ұсынылмаған жағдайларда жүргізіледі.
3. Сондай-ақ бірыңғай бюджеттік сыныптамаға өзгерістер енгізу кезінде жергілікті бюджеттерді нақтылауға жол беріледі.
4. Жергілікті атқарушы органның бастамашылығы бойынша ағымдағы қаржы жылы ішінде тоқсанына бір-ақ рет жергілікті бюджетті нақтылауға жол беріледі.
5. Тиісті бюджеттік комиссияның республикалық бюджет туралы заңға немесе мәслихаттың жергілікті бюджет туралы шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстары негізінде бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган бюджет қаражатын қысқарту туралы шешім қабылданған бюджеттік бағдарламалар бойынша операцияларды тоқтата тұруға құқылы.
Республикалық бюджетті нақтылау
1. Республикалық бюджетті нақтылау Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің және(немесе) Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының ұсыныстары негізінде жүзеге асырылады.
2. Республикалық бюджетті нақтылау жөніндегі ұсыныстарды Республикалық бюджеттік комиссия қарайды.
3. Республикалық бюджетті нақтылау кезінде осы Кодексте белгіленген республикалық бюджетті әзірлеу мен бекіту кезіндегі талаптар сақталады.
4. Республикалық бюджет комиссиясының ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджетті нақтылау туралы ұсынысын ескере отырып, республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бес жұмыс күні ішінде әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын іске асыруға бағытталған шығыстардың жаңа бастамалары бойынша ұсыныстарды, оның ішінде басым бюджеттік инвестициялардың тізбесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін бюджеттік инвестициялар бойынша ұсыныстарды, стратегиялық жоспарға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын - мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға, өзгерістер енгізу көзделетін бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджеттік өтінімді бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынады.
4-1. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган осы баптың 4-тармағында көрсетілген тиісті құжаттарды республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ұсынғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде оларды қарайды және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсыну үшін олар бойынша қорытындылар дайындайды.
5. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісілген, стратегиялық жоспарға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобасын және бюджеттік өтінімдерді ұсынғаннан кейін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган оларды он жұмыс күні ішінде қарайды, олар бойынша қорытындылар дайындайды және Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
6. Республикалық бюджеттік комиссияның ұсынысын ескере отырып, бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бес жұмыс күні ішінде нақтыланған республикалық бюджеттің жобасын жасайды және оны Республикалық бюджеттік комиссияның қарауына енгізеді.
7. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Республикалық бюджеттік комиссияның ұсынысы негізінде нақтыланған республикалық бюджет жобасының түпкілікті нұсқасы бойынша он жұмыс күні ішінде республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңның жобасын жасайды және оны Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына ұсынады.
Облыстық бюджетті, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерін нақтылау
1. Облыстық бюджетті, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерін оның атқарылу барысында нақтылау осы Кодекске сәйкес тиісті жергілікті атқарушы органның және (немесе) мәслихат депутаттарының ұсыныстары негізінде жүзеге асырылады.
2. Облыстық бюджетті, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерін нақтылау жөніндегі ұсыныстарды тиісті бюджеттік комиссия қарайды.
3. Облыстық бюджетті, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерін нақтылау кезінде облыстық бюджетті, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерін әзірлеу мен бекіту кезінде осы Кодексте белгіленген талаптар сақталады.
4. Облыстық бюджеттерді, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерін нақтылау республикалық бюджетті нақтылауға байланысты жүргізілген жағдайда, мәслихаттың тиісті шешімі Қазақстан Республикасы Үкіметінің республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына қол қойылғаннан кейін екі апта мерзімнен кешіктірілмей қабылданады.
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетін нақтылау
1. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетін оны атқару барысында нақтылау осы Кодекске сәйкес тиісті жергілікті атқарушы органның және (немесе) мәслихат депутаттарының ұсыныстары негізінде жүзеге асырылады.
2. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетін нақтылау жөніндегі ұсыныстарды тиісті бюджеттік комиссия қарайды.
3. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетін нақтылау кезінде осы Кодексте белгіленген ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетін әзірлеу мен бекіту кезіндегі талаптар сақталады.
4. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес облыстық бюджеттер мен аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттері арасында бөлінетін түсімдер бойынша нақтылау облыстың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органымен келісім бойынша жүргізіледі.
5. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетін нақтылау облыстық бюджетті нақтылауға байланысты жүргізілген жағдайда, мәслихаттың тиісті шешімі облыстық бюджет туралы мәслихаттың шешімін іске асыру туралы жергілікті атқарушы органның қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы жергілікті атқарушы органның қаулысы қабылданғаннан кейін екі апта мерзімнен кешіктірілмей қабылданады.
41. Қазақстандағы қазынашылықты дамыту,қайта құрудың қажеттілігі мен себептерін көрсетіңіздер?
Қазақстанның тәуелсіз мемлекет болуынан және оның нарықтық экономика жолында қадам басқан сайын бұрынғы экономикалық құрылымдарын, ең алдымен барлық мемлекеттік қаржылық басқару саласын реформалау қажеттілігі туындады. Елдегі ақшалай қаражатын қатаң түрде есепке алуды және экономикалық құрылымдарын, ең алдымен барлық мемлекеттік қаржылық басқару саласын реформалау бойынша күрделі мәселелерін шешу үшін 1994 жылдың қаңтарында Қаржы министрлігі жанынан Бас Қазынашылық басқармасы құрылды. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банктің есеп айырысу кассалық орталықтары бар аймақтарында қазынашылық жүйесін құрудағы кезеңінде 180 бірлік штаттық санымен аумақтық қазынашылық бөлімшелері құрылды.
Осы негізде, барлық есеп айырысу кассалық орталықтары Қазынашылықтың базасында құрылып бюджеттік банктің қаралуына берілді.
Бүгінгі күні Қазақстанның Қазынашылығы бұл көптеген білімді мемлекеттік қызметшілер, барлық облыстар мен аудандар.
Қазынашылықтың алдына қойылған барлық міндеттер табысты істер асырылуда және қазынашылық жүйесін дамыту және жетілдіру бойынша жұмыстар әрі қарай жалғастыруда.
Еліміз тәуелсіздік алғаннан бастап нарықтық экономиканың принциптеріне сәйкестендірілген барлық бағыттағы қызметтерін қайта құрды. Қазақстанның экономикалық әлеуеті жоғары болғанымен реформаны жүзеге асыру өте қиын макроэкономикалық жағдайларда өтті. Тоқсаныншы жылдардың басында жаңа туындаған нарық жағдайында екінші деңгейдегі банктердің көптеп пайда болуы бұрынғы орталықтандырылған кассалық жүйенің бұзылуына әкеп соқты.
Экономикалық реформа барысында экономиканы басқару жүйесінде республикалық және жергілікті билік органдарының арасындағы өкілеттікті бөлісу жүргізіледі. Экономикалық ахуалдың тұрақсыздығы жағдайында басқару субъектілерінің дербестігі салықтық-бюджеттік тәртіптің құлдырауына әсерін тигізді. Бюджеттік қаражаттың мақсатты және дұрыс пайдалануына бақылау қажетті деңгейде жүргізілмеді. Ескі бюджеттік сыныптама қаржылық және экономикалық деректерді дұрыс бағалай алмағандықтан бюджеттің орындалуын толыққанды бақылау мүмкіндігі күрделенді.
Бюджеттік қаражаттың жұмсалуына тиімді бақылаудың болмауы қаржылық тәртіп пен қаржылық заңнамаларды бұзушылықты күшейте түсті. Қаржылық тәртіптің бұзылуы негізінен бюджеттік тәжірибеде бюджеттік қаражаттың есептілігі нақтылы кассалық орындалу әдісін қолдану арқылы жүзеге асырылып келгендіктен туындады. Осыдан барып республикалық және облыстық деңгейде барлық шығындарды бақылау қаражатты болашақ міндеттемелер аясында резервте сақтау сатысында емес, төлем мерзімінің басталу сатысында жүзеге асырылды. Көбіне қолма-қол ақшаны басқару да болған жоқ. Үкіметтің шотындағы қолма қол ақшаның жағдайы туралы мәліметтерді алу мен оны талдау құралдары жоққа тән. Мәліметтер барлық сатыда қолдан жасалды, автоматтандырылған жүйе болған жоқ. Осындай жағдайда қолма-қол ақша ресурстарын тиімді пайдалану мүмкіндігі болмады, ал бюджеттік мекемелердің шығыстар сметасы нақтылы кірістерге байланыстырылмаған нормалар негізінде жасақталды. Жедел де нақты мәліметтердің болмауы бюджеттік қаражатты тиімді де ұтымды пайдалануға оңтайлы мүмкіндік бере алмады. Сонымен бірге, бақылаусыз қалған еркін ақшалай қаражаттар қозғалыссыз жатып қалды немесе керісінше, еркін ақшалай қаражаттың жоқтығы оны қарызға алуға мәжбүр етті және ол болашақ шығыстар көлемінің өсуіне әкеліп соқты.
Бюджеттік үдеріс келісілген, бюджетті қабылдайтын заң шығарушы және оның орындалуы мен бақылауына жауап беретін тұлғаларға бағытталған екі бағыттылық есептілік жүйесін құруды талап етті. Жергілікті жерлерде мемлекеттік қазынаның қаражатын жұмсау және толтыру үдерістерін басқаратын, сонымен бірге, атаулы бір аймақтың барлық қаржылық ресурстар көлемінің қозғалысына оң ықпалын тигізетін орган құрудың қажеттілігі туындады.
Еліміздің қаржы ресурстарын басқарудың мемлекеттік жүйесін жетілдіру мақсатында Қазақстан Үкіметі қазынашылық жүйесін құру туралы шешім қабылдады.
Мемлекеттік қазынаны басқару дегеніміз, қолма қол ақша ресурстарын пайдаланудың тиімділігін арттыратын және қарыздық қаражаттардың құнын азайтатын тәртіп, норма және ережелер жүйесі. Қазынашылық механизмінің көмегімен еліміздің бюджет қорының тиімді пайдалануына, сол арқылы мемлекеттік бағдарламалардың жедел қаржыландырылуына, мемлекеттік қаражаттың мақсатты және үнемді пайдалануына, сонымен бірге, қаржылық заңнамалардың сақталуына қол жеткізу көзделген еді.
Сонымен, қазынашылық органдары дегеніміз, бүгінгі күнде республикалық бюджеттің орындалуын және жергілікті бюджеттің орындалуына қызмет көрсету саласында арнайы функцияны жүзеге асыратын мемлекеттік басқару органы болып табылады. Қазынашылықтың ұйымдық құрылымы Қаржы Министрлігінің құрамына кіретін қазынашылық Комитетінен және оған бағынатын облыстардағы аумақтық бөлімшелерден тұрады.
Біздің облыстық департаменттің құрамына, орталық аппараттан басқа, 16 аудандық және 2 қалалық басқарма енеді. Департамент облыс бойынша республикалық бюджеттен қаржыландырылатын 146, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын 1195 мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсетеді. Жылдан жылға облыс бойынша бюджет көлемі өсіп келе жатқанына қарамастан департамент қызметкерлері бюджеттің орындалуына елеулі үлес қосып келеді. Мәселен, 2005 жылы бюджеттің түсімі (республикалық және жергілікті бюджетті қосқанда) 112 млрд. 401 млн. болса , 2009 жылы 299 млрд.812 млн. теңге болды, немесе 2,66 есе өсті. Ал бюджеттің шығыстары 2005 жылы 88 млрд. 694 млн. болса, 2009 жылы262 млрд. 449 млн. теңге болды, немесе 3 есе өсті. Осыған байланысты мемлекеттік мекемелердің қаржы құжаттарының көлемі де өсті. 2005 жылы облыс бойынша операциялық- қаржылық құжатайналым 208406 құжат болса, 2009 жылы 561157 құжат құрады. Осы жылдар арасында департаменттің штаттық құрамы елеулі өзгеріске ұшырамаса да (2005ж. 313 адам, 2009ж. 318) жылдық құжатайналым 2,7 есе өсті. Соған қарамастан департамент қызметкерлерінің жоғарғы кәсіби деңгейі мен қазынашылық жүйесінің толық автоматтандырылуы бюджеттің уақытында және мақсатты орындалуын жылдан жылға қамтамасыз етіп келе жатыр . Бұл бір жағынан осы бюджеттік үрдіске қатысушылардың бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, бірлесе жұмыс жасауының арқасы деп білемін. Мәселен, биылғы жылдың бюджетін қарастырған кезде мемлекеттік мекемелер, бюджеттік бағдарлама әкімшілері және жергілікті бюджетке қатысты уәкілетті органдармен тәртіпке салынған жұмыс жасау негізі арқылы жылдық жоспарды қаңтар айының 12- не дейін бекітіліп, бюджет саласында жұмыс істейтіндердің жалақыларын қаңтар айында төлеуге қол жеткіздік. Былтырғы жылдан бастап Қазақстан Республикасы Үкіметінің 26 ақпандағы №220 қаулысына сәйкес мемлекеттік мекемелер мен бюджет саласында жұмыс істейтін қызметкерлердің жалақылары айма ай төленеді.
Бүгінгі таңда қазынашылықтың алдында тұрған келелі міндеттердің бірі «Электрондық Үкімет» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясындағы «ҚазынашылықКлиент» бағдарламасын енгізу болып табылады. Осыған байланысты, Қаржы министрлігінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында Қазынашылықтың ақпараттық жүйесін қазынашылық пен клиент (мемлекеттік мекеме) арасындағы өзара іс-әрекет бөлігінде жетілдіру жөніндегі міндеттер көзделген. Қазынашылық жүйесін дамыту шеңберінде 2008 жылы мемлекеттік органдармен электронды құжат айналымын құру бойынша «Қазынашылық клиент» атты бағдарламалық өнім (бұдан әрі Жүйе) әзірленді. Жүйенің мақсаты қазіргі заманғы, кірістірілген және жоғары тиімді ақпараттық ортаны қалыптастыру арқылы Қазынашылықтың қызмет көрсетілетін мемлекеттік мекемелермен өзара іс-әрекеттің тиімділігін арттыру болып табылады, жалпы алғанда, Жүйенің енгізілуі мемлекеттік органдарға қызмет көрсету рәсімдерін жеделдетуге мүмкіндік береді. Облыс көлемінде мемлекеттік мекемелерге қазынашылық қызмет көрсетудің сапасын жақсарту, қағаз түріндегі құжатайналымды азайту, қаржылық құжаттарды өңдеу жұмыстарының уақытын қысқартуға бағытталған бұл бағдарламаны іске асыру үшін жалғыз қазынашылық органдары ғана емес, жергілікті атқарушы органдар, барлық мемлекеттік мекемелер, бір сөзбен айтқанда, бюджеттік үдеріске қатысатын барлық органдар атсалысуы керек.
42.Жергілікті бюджеттің үдерістегі рөлі қандай?Жергілікті бюджеттің мемлекеттік бюджеттегі үлесіне динамикалық талдау жасаңыз? Жергілікті бюджет мемлекеттегі әкімшілік-аумақтық бөліктердің өз әлеуметтік-экономикалық бағдарламасын қаржыландыруға арналған ақшалай қорлары. Жергілікті бюджет жыл сайын оған жергілікті салықтан түсетін түсімдер, одан төленетін шығындар, мемлекеттік бюджеттен берілетін субсидия, т.б. ескеріле отырып жасалады. Жергілікті бюджетті жергілікті маслихаттар бекітеді. Жергілікті бюджет шоғырланған ақшалай қаржылар ретінде жергілікті әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларды қаржыландыру үшін пайдаланылады. Жергілікті атқарушы органдар бюджеттен қаржыланатын әлеуметтік-экономикалық бағдарламаны ел Конституциясына және заңдарға сәйкес анықтайды. Облыстағы жергілікті бюджеттің құрамы облыстық бюджеттен және сол облыс аумағындағы қалалар мен аудандардың бюджеттерінің жиынтығынан тұрады. Бұл бюджеттер “Бюджет жүйесі туралы заң” бойынша бюджеттік талдауды қолдана отырып қалыптастырылады, бекітіледі және орындалады. Жергілікті атқару органдары жоғарыда айтылған құжаттарды пайдалана отырып өз бюджеттерін өздері қалыптастырады және орындайды. Қазақстанда жергілікті бюджеттің өзінің ішкі құрамдас бөліктері арасындағы және респ. бюджетпен қарым-қатынастарын реттеудің төмендегідей механизмдері қолданылады:а) әрбір жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын әлеуметтік-экономикалық бағдарламаны анықтау және олар бойынша шығын көлемін жоспарлау;ә) жергілікті бюджетке толықтай түсетін салық және басқадай түсімдер түрін анықтау;б) кейбір салықтан түсетін түсімді жергілікті бюджетке тұрақты нормативпен төлеп беру;в) жергілікті бюджетке мақсатты жәрдем беру механизмі;г) жергілікті бюджеттен мемлекеттік бюджетке қаржы алу механизмі;ғ) жергілікті бюджетке субсидия беру механизмін әрі қарай жетілдіру, жергілікті атқару және әкімш. органдарына бюджетті қалыптастырудағы және орындаудағы міндеттерін күшейтіп, құқыларын арттыру.Жергілікті бюджеттің жергілікті әлеуметтік проблемаларды шешудегі орны ерекше. Олардан әлеуметтік төлемдер, әлеуметтік қамсыздандыру, оқу жүйесінің бағдарламалары, денсаулық сақтау бағдарламасының негізгі бөліктері қаржыландырылады. Сондықтан жергілікті бюджеттер мемлекеттік бюджеттің басты құрамдас бөлігі бола отырып, мемлекеттегі әлеуметтік-экономикалық проблемаларды шешуге тікелей қатысады
43. Қазақстан аймақтарының субвенциялық тәуелділігінің себептері қандай?
Субвенция(лат. subvenіre көмекке келу‚ қол ұшын беру), жәрдемқаржы жоғары деңгейдегі бюджеттен белгілі бір мерзімге және нақты мақсатқа бөлінетін ақшалай сома[2]‚ жергілікті өкімет органдарына немесе халық ш-ның жекелеген салаларына белгілі бір мақсат үшін берілетін мемлекеттік қаржы жәрдемі. Залалдарды жабу үшін және қайтарымсыз берілетін дотациядан өзгеше түрде субвенция осы шарттар бұзылған жағдайда қайтару құқығымен бөлінетін мақсатты қаржыландыру. Субвенция халықты әлеуметтік қорғау және тағы басқа мақсаттарға жүзеге асырылатын бағдарламалар мен іс- шараларды қаржыландыруға жұсалынатын мемлекеттік ақшалай көмек. Қаржының мақсатсыз негізде жұмсалғаны анықталған жағдайда қаражаттар қайтарылады.
На сегодняшний день 13 из 16 регионов Республики Казахстан являются
зависимыми от субвенций республиканского бюджета, то есть неспособны решать задачи по социально-экономическому развитию территории за счет внутренних финансовых источников. С каждым годом данная зависимость только усиливается, что снижает стимулы местных государственных органов к развитию собственной налогооблагаемой базы, что, в первую очередь, негативно отражается на активности малого и среднего бизнеса. Под субвенционностью понимается финансовое состояние, которое характеризует финансовую зависимость местного бюджета от субвенций из вышестоящего бюджета, возникающую вследствие дефицита собственных доходов для обеспечения гарантированных государством услуг в соответствии с направлениями расходов. В данной работе рассматривается субвенционность региональных бюджетов (областных бюджетов, бюджетов города республиканского значения, столицы).В соответствии с Бюджетным Кодексом Республики Казахстан в доходы местного бюджета зачисляются трансферты общего характера (субвенции) и целевые трансферты (текущие и на развитие)
44.Қазақстанда бюджетаралық қатынастар бюджеттік аймақшылдықтың қайсы үлгісіне жақын?Пікіріңізді дәйектеңіз?
Қазіргі уақытта бюджетаралық қатынастардың екі үлгісін бөліп көрсетуге болады:•орталықсыздандырылған;•кооперативті.
Орталықсыздандырылған үлгінің келесідей ерекшеліктері бар:1.Мемл/к билік ж/е басқару органдарының ең негізгі үш функцияның ішіндегі макроэкономикалық тұрақтандыру, ұлттық табысты қайта бөлу және мемлекеттік қызмет көрсету мен тауарлар өндіру бірінші екеуі көбіне орталық үкіметтің қызмет саласына жатады, ал үшіншісі үш билік деңгейлерінің арасында бөлінеді.2.Орталық бюджеттің салықтық кіріс көздері жеке және заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы, акциздік және кеден баж салығы болып табылады. Ал субұлттық бюджеттер тауар және қызмет көрсету, мүлік және жер учаскелеріне салынатын салықтармен қанағаттанады.3.Аймақтық биліктердің жоғары қаржылық тәуелсіздігі. Бұл орталық үкіметтің аймақтық органдардың бюджетіне бақылау жасамауына алып келуі мүмкін, горизонтальді дисбаланс проблемасына және аймақтық бюджеттік дифицитіне, олардың қарыздарына жауапкершілігінің болмауына алып келеді. Аймақтардың қаржылық тәуелсіздігін қамтамасыз ету салықтық базаларды бірігіп(федеральді-аумақтық)қолдану б.т.
Кейде аймақтар аймақаралық және мемлекеттің сыртқы саудасын бұзбайтын кез келген салықтарды енгізе алады.Горизонтальді диспропорция проблемасын тура трансферттерді белгілі бір халық категорияларына бөлу арқылы шешуге болады.
Алайда дүние жүзінде кеңінен таралған орталықсыздандырылған үлгі емес кооперативті үлгі б.т.Бұл үлгіге тән:*аймақтық және орталық мемлекеттік құрылымдардың тығыз бюджеттік қарым-қатынасына әкелетін, салыстырмалы түрде аймақтық биліктердің ұлттық табысты қайта бөлуде және макроэкономикалық тұрақтандыруда кеңінен қатысуы.
Аймақтық және жергілікті билік органдарының макроэкономикалық тұрақтандыру саясатына қатысуы даму қорларын немесе орталықтандырылған бюджеттік бағдарламаларды жүзеге асырумен анықталады. Мұндай бағдарламаларды ұйымдастыруды тек АҚШ-тан ғана емес(мысалы, шахтерлік аудандардағы шаруашылық өмірді қайта жаңғырту бағдарламалары өте қызықты), Канададан (ұлттық солтүстік аймақтарға арналған бағдарламалар), сонымен қатар Еуропадан (Италияның оңтүстік аудандарын дамыту бағдарламасы) үйренуге болады:*салықтық табыстарды бөлу жүйесінде (соның ішінде ұлттық) аймақтық биліктердің жоғары рөлі.
Қазіргі уақыттағы дамыған шет елдерінің салықтық жүйесі салықтардың көптігімен ерекшеленеді. Негізгі салықтар мемлекеттік бюджетке түседі.Ондай салықтарға халықтың табыс салығы, корпорациялық табыс салығы, қосылған құн салығы, акциздер, кеден баж салықтары жатады.Қазіргі уақыттағы дамыған мемлекеттердің салықтық жүйесі тура (табыс және мүлік) және жанама (тауарлар мен қызмет көрсету) салықтардан тұрады.Тура салықтар Канадада,АҚШ-та,Жапонияда,Данияда кеңінен қолданылады,ал жанамаФранцияда,Италияда,Норвегияда қолданылады:*горизонтальді бюджетті тегістеу саясаты, аймақтық мемл/к қаржылар жағдайына орталықтың жауапкершілігі,территорияның әл/к-эк/қ даму деңгейі орталықтың бақылауды күшейтуіне алып келеді ж/е аймақтық биліктердің тәуелсіздігін шектеуіне себеп болады.Бюджетаралық қатынастардың кооперативтік үлгісін Еуропаның көптеген мемлекеттері,әсіресе скандинавия елдері қолданады.Кооперативті үлгі бюджеттік тегістеудің барлық негізгі құралдарын қолдануға мүмкіндік береді:билік деңгейлері бойынша салықтық табыстарды бөлу,жалпы трансферттер, арнайы трансферттер. Мұндай тегістеудің ықтимал механизмін құру көбіне жергілікті билік органдарының компромисті шешім табуларымен байланысты.Мысал ү/н,трансферттерді бөлу қойылып отырған мәселелерге байланысты:бастапқы шарттарды тегістеу(салық потенциалын, табыс деңгейін көтеру)н/е мемлекеттік қызметтерді қолдану деңгейі (қаржылық қажеттіліктерге байланысты шығындарды дотациялау).Бұларды бірдей орындаған жағдайда, басымдылық мәселесін шешіп алу қажет.
45. «Жасыл экономика» және «болашық энергиясы» басымдылықтары бюджет шығыстарын қалыптастыруға қалай әсер етуі мүмкін?Пікіріңізді дәлдеңіз?
Қазақстан экон/сын дамытуда балама жолдар арқылы тұрақты экон/қ өрлеуге жол ашылады. Баламалы жолдарды таңдауда бірден бір себеп, қазіргі таңда пайдаланып отырған мұнай мен пайдалы қазбалар болашақта сарқылу жағдайында бүкіл әлемдік дағдарыстың алдын алу болып табылады. Бейресми ақпарат көздеріне сүйенсек, жер бетіндегі көмір қоры 130 жылға, мұнай қоры 50 жылға, уран қоры 90 жылға жетеді. Бүгінде мұнайсыз өркениет өлі шаһар. Көліктер жүрмесе, үйлер жылытылмаса, жарық болмаса не болады? Осындай салдардан егін себілмесе, қажетті тағамдар өндірілмесе ғаламшарды аштық пен үлкен экономикалық-экологиялық атап жайлауы мүмкін. Қазіргі тұрақты даму экономикалық, әлеуметтік және экологиялық компонент сияқты үш құрауыштың арасындағы кешенді өзара байланыстың орын алуын болжайды. Соңғы онжылдықта пайда болған «жасыл» экономика тұжырымдамасы тұрақты дамудың осы компоненті арасындағы оңтайлы үйлесімділікті қамтамасыз етуге негізделеді ж/е дамыған, дамушы және өтпелі экономика жағдайындағы мемлекеттердің барлығы үшін аса қолайлы жүйе болатындығын дәлелдеуге тырысады. «Табиғи капитал» көптеген елдердің экономикасында маңызды рөл ойнайды. Қазақстан үшін, мысалы, экономикада пайдалы қазбалардың маңыздылығы өте ерекше болып табылады, яғни табиғи ресурстардың өте мол қоры экономиканың дамуында маңызды рөл ойнайды. Көптеген елдер өзінің бай табиғатының есебінен экологиялық туризм үшін табиғи капиталдың «рухани» қызметтерін қамтамасыз етіп мол табыстарға кенеліп отыр. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» атты халыққа Жолдауында: «Көмірсутегі шикізатының нарығында ірі ойыншы болып қала отырып, біз энергияның баламалы түрлерін өндіруді дамытуға, күн мен желдің энергиясын пайдаланатын технологияларды белсенді енгізуге тиіспіз. Бұл үшін бізде барлық мүмкіндіктер бар. 2050 жылға қарай елде энергияның баламалы және жаңғыртылатын түрлерін қоса алғандағы барлық энергия тұтынудың кем дегенде тең жартысы келуге тиіс» деп, экономиканы балама жолдармен дамыту қажеттігін көрсетті. ЕХРО-2017 көрмесінің «Болашақтың энергиясы» тақырыбы ең үздік әлемдік энергия сақтау технологиясын, күн, жел, теңіз, мұхит және термалды су тәрізді бүгінде бар баламалы энергия көздерін пайдалануда жаңа әзірлемелер мен технологияны пайдалануға мүмкіндік береді. Астана осы саладағы ең үздік әлемдік әзірлемелер мен трендтер көрсету үшін тиімді алаңға айналуы мүмкін. Көрме сондай-ақ елдің өндірістік қуаты мен ғылыми базасын технологиялық жаңғырту және экономиканы жүйелі әртараптандыру үшін қуатты серпін береді. Мұндай ауқымды іс-шараны өткізу шағын және орта бизнестің дамуына елеулі серпін береді. Көрме елорданың көрмелер объектілері құрылысы мен инфрақұрылымына едәуір жеке меншік инвестицияны тартуға мүмкіндік туғызады. «Болашақтың энергиясы» тақырыбы маңызды және баламалы энергия көзін пайдалануда Қазақстанның артықшылықтары мен мол мүмкіндіктері бар. Дүние жүзінде энергетикалық қуат көздерінің балама түрлерін пайдалануға деген бетбұрыс әлдеқашан басталған. Ғалымдардың болжамы бойынша, ХХІ ғасырдың ортасына таман жаһандық энергетикалық баланстағы баламалы қуат көздерінің үлесі 30 пайызға дейін жетпек. Ал Еуроодақ балама энергетика үлесін 2020 жылдары 20 пайызға, 2040 жылдары 40 пайызға жеткізуді көздеп отыр. Бұл ең алдымен, планетамыздағы барған сайын күрделеніп бара жатқан экологиялық апат қаупін азайтуға бағытталған игілікті іс. Күннен-күнге өсіп келе жатқан энергетикалық сұранысты қанағаттандыру үшін көмірсутегі шикізатын көптеп пайдалану ауаны ластап, қоршаған ортаның тепе-теңдігін бұзды. Жаһандық жылыну үрдісінде көмірсутегі шикізатынан шығатын зиянды қалдықтардың да әсері мол. Ал осындай игіліктерді істердің атқарылуы үшін міндетті түрде қаражат керек. Қазіргі таңда, осы көрмені қаржыландыруға б/сты еліміз біршама қиыншылықтар мен өзгерістерге тап болды. Бұл қиыншылықтар, салық жүйесіндегі, зейнетақы жүйесіне де өз әсерін тигізіп жатыр. Бюджеттің шығыстарын ауқымды көлемі де осы көрме мақсатын орындауға жұмсалуда. Бұл болашақты жақсартудағы игілікті іс үшін жұмсалып жатқандықтан, ол заңды түрде. Кез келген істі бастамас бұрын, міндетті түрде басында шығынға ұшырайды. Ал, егер болашақта күтілген қиыншылықтардың қамін қазірден ойламасақ, болашақта одан да көп зиянға ұшыраймыз. Қорыта келгенде, дәл осындай қарқынмен энергияға деген тәуелділіктің деңгейін Қазақстанда да кемітіп, энергия алудың баламалы көздеріне көшу керек. Мемлекет экономикасын балама жолдармен дамыту арқылы Қазақстан тек шикізатқа тәуелділікті ғана емес, тұрақты экономикалық-экологиялық дамуға қол жеткізеді. Болашақта бүкіл әлемдік дағдарыстың алдын алуға мүмкіндік туады. Астананың ЭКСПО-2017 бүкіләлемдік көрмесіне өз кандидатурасын ұсынуы әрі «Болашақтың энергиясы» атты жаһандық мүдделерді топтастыратын тақырыпты таңдауы әлем назарын өзіне аударғаны хақ. Өйткені адамзат алдындағы күрмеуі қиын мәселе энергияға деген тапшылықты жойып, балама қуат көздерін кеңінен іске қосатын кез келді. Адамзат баласына көмірді, мұнайды, газды толығымен игеруге орта есеппен 40-50 жыл кетті, балама энергетиканы игеруге де шамамен сонша уақыт керек.
46.Субвенциялар мен бюджеттік алымдар,олардың көлемін анықтау әдістемесін сипаттаңыз.
Субвенциялар халықты әлеуметтік қолдауды қамтамасыз ету жөніндегі бағдарламалар мен шараларға және басқа мақсаттарға нысаналы мемлекеттің қаржы көмегінің нысаны; мақсатты пайдалану бұзылған жағдайда қаражаттар қайтарылуға жатады. Жалпы сипаттағы ресми трансферттер бюджеттік субвенциялар мен бюджеттік алып қоюлар болып табылады. Бюджеттік субвенциялар - жоғары деңгейдегі бюджеттен төменгіге берілетін ресми трансферттер.Жергiлiктi бюджет шығындарының болжамды көлемiнен кiрiстерiнiң болжамды көлемi асып түскен кезде, жергiлiктi бюджеттен жоғары тұрған бюджетке бюджеттiк алып қоюлар белгiленедi, ал керісінше, жергiлiктi бюджет шығындарының болжамды көлемi кiрiстердiң болжамды көлемiнен асып түскен жағдайда, жергiлiктi бюджетке жоғары
тұрған бюджеттен бюджет субвенциялары белгiленедi. Мұны өрнек түрінде көрсететін болсақ,
Кб>Шб- бюджеттік алып қоюлар;
Кб<Шб- бюджеттік субвенциялар.
Іс жүзінде жалпы сипаттағы ресми трансферттердің көлемін мұндай ретпен анықтаудың кемшіліктері бар. Өйткені көп жағдайда кірістер мен шығыстардың болжамды мөлшерлері қаржылық жыл ағымында өз нәтижелерін бермеуі мүмкін. Нәтижесінде бюджеттік алып қоюлар тағайындалған жергілікті бюджеттер алып қоюларды аударуды былай қойғанда ергілікті бюджетте секвестрлеу механизмін енгізуге мәжбүр болады. Бұл өз кезегінде республикалық және жергілікті бюджеттер арасындағы қаржылық ресурстарды тарату механизмін бұзады. Сондықтан да жалпы сипаттағы ресми трансферттер көлемін анықтауда кірістер мен шығыстар болжамы экономиканың нақты орын алып отырған шарттарында құрылуы талап етіледі. Аудандар мен қалалардың бюджеттерінен облыстық бюджетке бюджеттік алуларды берудің Ережесі және облыстық бюджеттен аудандар мен қалалардың бюджеттеріне субвенциялар бөлу шарты
1. Облыстық қаржы басқармасы:
- облыстық бюджетке аудандар мен қалалардың бюджеттерінен берілетін бюджеттік алулардың пайыздарын аудандар мен қалалардың әкімдеріне, облыстық Қазынашылық басқармасы мен оның аумақтық органдарына жеткізеді;
аудандар мен қалалардың бюджеттерінің субвенцияларына шектеулі бюджеттік ақшаларды бөлгенде қажетті жағдайда ағымдағы айдың 1 жұлдызындағы жағдай бойынша 2002 жылы облыстық бюджетте қарастырылған бюджеттік алулардың жалпы көлемінің салыстырмалы сомасынан облыстық бюджетке түсімдердің пайызын ескереді;
жергілікті бюджеттердің шоттарында қаражаттар жетіспеген жағдайда аудандар мен қалалардың әкімдерінің өтініштері бойынша бірінші кезектегі төлемдерді жасау үшін белгіленген тәртіпке сәйкес бұларды әрі қарай жете төленбеген және өндірілетін сомаларға жатқызып аудандар мен қалалардың бюджеттерінен күнделікті бюджеттік алуларды тоқтатады.
2. Аудандық және қалалық қаржы бөлімдері:
аудандық және қалалық Қазынашылық бөлімдеріне облыстық қаржы басқармасымен келісіп, аудандардың бюджеттерінің кірістеріне жеткізілген бюджеттік алулар мен болжамды сомалардың пайызын ескеріп, ай сайынғы қарастырылатын бюджеттік алуларды бөлу сомасынан жергілікті бюджеттерді қаржыландыру жоспарына өзгерістерді тапсырады;
облыстық Мәслихаттың сессиясының шешімі бекіткен бюджеттік алулардың көлемі шегінде аудандық Қазынашылық бөлімдеріне аудандар мен қалалардың қаржы бөлімдерінің меңгерушілері қол қойған және облыстық бюджетке аудандардың бюджеттерінен бюджеттік алуларды төлем тапсырмаларымен аударуға қаржылық рұқсаттар арқылы аударулар жасайды. Алым сомасы аудандар мен қалалардың бюджеттерінің кірістерінен өткен күндердің қорытындылары б/ша қаржы басқармасы бекіткен алулардың пайызын ескеріп анықталады Бюджеттік алулар облыстық бюджетке бірінші кезектегі тәртіппен аударылады;
өткен айларда бюджеттік алулар артық төленсе, артық төленген сомаға бюджеттік алулар аударуды жасамайды;
бюджеттік алулар жете төленбесе жоғарыда қолданылған тәртіппен есептелген бюджеттік алулардан тыс сомада жете төленбеген мөлшерді орнына толтыруға дейін, бірақ ағымдағы күннің басында аудандар мен қалалардың бюдж-ң шоттарында жатқан қалдықтан 60% аспайтын аударулар жасайды.
47.Бюджет шығындары лимитін есептеуде қандай факторлар ескеріледі?
Бюджет жүйесінің маңызды қағидаларының бірін бюджет балансы, яғни бюджеттің дефицит немесе профицит жағдайын ұшырамау қағидасы теңдік қағидасы құрайды. Бұл дегеніміз бюджетке келіп түсетін кірістер шығыстардың көрсеткішіне тең болуы. Бұл бюджет түсімдері деп отырған тек қана кірістер емес сонымен қатар займдық қаражаттар есебі де бюджет кірістерін құрайды. Бюджет дефицитін егер ол шығыстардың кірістерден асып кетуін білдірсе бюджет деп есептеуге болмайды, тұрақты емес бюджет яғни дұрыс есептелмеген бюджетті тең қалыпты бюджет деп есептеуге болмайды. Себебі, ол дұрыс жоспарланып, есептелмеген.
Ал бюджеттің профициті кірістердің шығыстардан көп болуы өзінің соңында жағымсыз факторларға әкеп соғады. Бұл бюджет профицитінің салдары бюджет қаражаттарының пайдалыну көрсеткішінің тиімділігінің төмендеуі, бұл өз кезегінде экономикаға теріс әсерін береді. Сол үшін бюджет теңдей дәрежеде жоспарланып, білікті мамандардың көмегімен жасалынуы керек.
Тең балансталған бюджет жүйесін жоспарлау үшін мынадай шаралар қолданылады:
Осы жердегі бюджет шығындарын лимиттеу шарасында, мынадай факторлар ескеріледі: мемлекеттік бюджеттен болашақта үлкен пайда алып келмейтін, яғни болашағы жоқ өндіріс саласына ақша қаражаттарын жұмсамау; экономикада кризис жағдайында бюджет шығыстарын қысқарта тұру; елде соғыс, табиғи апаттар орын алған кезде өнеркәсіп салаларына шығыстарды қысқарта тұру; мемлекеттік сектордағы жемқорлықты қысқарту; салық саясатының дұрыс жүргізілмеуі бойынша бюджет шығындарын тоқтата тұру.
48. Бюджеттік бағдарламалардың сапасы мен құрамына қандай талаптар қойылады?.
2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV ҚР Бюджеттік кодексінің 32-бабына сәйкес:
Сапа көрсеткіштері көрсетілетін мемлекеттік қызметтің оны алушылардың үміті мен мемлекеттік қызмет көрсету стандартына сәйкестігі дәрежесін көрсетеді. Тиімділік көрсеткіштері бекітілген бюджеттік қаражат көлемін пайдалана отырып тікелей ең жақсы нәтижеге қол жеткізілгенін немесе аз бюджеттік қаражатты пайдаланумен тікелей нәтижеге қол жеткізілгенін көрсетеді.
Мемлекеттiк бағдарламаларға қойылатын
негiзгi талаптар:
-Мемлекеттiк бағдарламалар Қазақстан Республикасының Конституциясына , Қазақстан Республикасының заң актiлерiне, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң актiлерiне сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентiнiң тапсырмасы бойынша әзiрленедi.
-Мемлекеттiк бағдарламаларды әзiрлеу жалпыұлттық сипаттағы неғұрлым маңызды мiндеттердi шешуге және мемлекеттiң қорғаныс қабiлетiн, құқық тәртiбiн, заңдылығын және қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған салааралық сипаты бар мәселелер бойынша жүзеге асырылады.
-Мемлекеттiк бағдарламаларды Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары немесе Қазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы консультативтiк-кеңесшi органдар әзiрлейдi.
-Мемлекеттiк бағдарламалар орта мерзiмдi (кемiнде 3 жыл) немесе орта мерзiмдi үш жылдық кезеңдердi мiндеттi түрде бөле отырып, 3 жылдан астам ұзақ мерзiмдi кезеңге әзiрленедi.
-Ұзақ мерзiмдi мемлекеттiк бағдарламаларды iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары тиiстi орта мерзiмдi кезеңдерге арнап жасалады.
Мемлекеттiк бағдарламалар мынадай негiзгi белгiлерге ие болуға тиiс:
1) мемлекеттiк бағдарламаның нақты мақсаттарын, оны iске асыру жолдары мен тетiктерiн айқындаудың нақтылығы;
2) бағдарламалық iс-шаралар мен тапсырмалардың атаулылығы, оларды iске асыру мерзiмдерiнiң нақты айқындалуы және дәйектiлiгi, орындаушылар қызметiнiң бағдарламалық мақсаттарға қол жеткiзуге қатаң бағдар ұстануы;
3) басқа бағдарламалармен келiсушiлiкке қол жеткiзу;
4) қаржы, еңбек және техникалық ресурстардың және оларды қамтамасыз ету көздерiнiң теңгерiмдiлiгi.
Мынадай:
1) негiзгi макроэкономикалық көрсеткiштерге проценттiк арақатынаспен берiлген шығыстар көлемiн регламенттейтiн;
2) тиiстi қаржы жылына арналған республикалық және жергiлiктi бюджеттер қабылданғаннан кейiн олардың кiрiстерiн кемiтуге және (немесе) шығыстарын ұлғайтуға әкеп соғатын;
3) Республикалық бюджет комиссиясының қаржыландыру көздерi мен мерзiмдерi бөлiнiсiнде қаржыландыру көлемi бойынша оң қорытындысы жоқ;
4) қолданыстағы бағдарламалардың мақсаттары мен мiндеттерiн, сондай-ақ осы бағдарламаларды iске асыру жөнiндегi iс-шараларды қайталайтын;
5) жекелеген саланың немесе нақты өңiрдiң (қаланың, аумақтың) проблемаларын шешуге бағытталған;
6) осы Ережелердiң 6 және 9-тармақтарында белгiленген талаптар сақталмаған кезде мемлекеттiк бағдарламаларды бекiтуге жол берiлмейдi.
3. Мемлекеттiк бағдарламаның құрылымы
Мемлекеттік бағдарламаның құрылымы мынадай бөлiмдерден тұрады:
1) паспорт (негiзгi параметрлер);
2) кiрiспе;
3) проблеманың қазiргi жай-күйiн талдау;
4) мемлекеттiк бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi;
5) мемлекеттiк бағдарламаны iске асырудың негiзгi бағыттары мен тетiгi;
6) қажеттi ресурстар және оларды қаржыландыру көздерi;
7) мемлекеттiк бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтиже және оның индикаторлары.
12. Паспортта: атауын, әзiрлеу негiздемесiн, мемлекеттiк бағдарламаны әзiрлеуге жауапты мемлекеттiк органның көрсетiлуiн, мақсаты мен мiндеттерiн, iске асыру мерзiмдерiн (кезеңдерiн), қаржыландыру көлемi мен көздерiн, күтiлетiн нәтижелердi қамтитын мемлекеттiк бағдарламаның негiзгi параметрлерi сипатталады.
13. Кiрiспеде мемлекеттiк бағдарламаны әзiрлеудiң негiздемесi мен қажеттiлiгi көрсетiледi.
14. Проблеманың қазiргi жай-күйiн талдау сандық және сапалық сипаттамаларды, күштi және әлсiз тұстарын, орын алып отырған проблемаларды, алдыңғы өткен бiрнеше жылғы қарқындағы негізгі көрсеткiштердi көрсетуге, сондай-ақ осы проблеманы шешу жөнiндегі Қазақстан Республикасының жағдайларына бейiмделуi мүмкiн шетелдiк оң тәжiрибенi шолуды қамтуға тиiс.
15. Мемлекеттiк бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi дәл және нақты болуға тиiс.
Мемлекеттiк бағдарламаның мақсаты Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының стратегиялық және индикативтiк жоспарларына негiзделе отырып қалыптасады.
Мiндеттер алға қойылған мақсатқа неғұрлым тиiмдi әдiстермен қол жеткiзу жолдарын айқындайды.
16. Мемлекеттiк бағдарламаның негiзгi бағыттары мен оны iске асыру тетiктерiнде орын алып отырған проблемаларды шешу жөнiндегi жұмыстардың негiзгi бағыттары мен құралдардың тiзбесi, сондай-ақ алға қойылған мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткiзу жөнiндегi тетiктер көрсетiледi.
17. Мемлекеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты, мемлекеттiк заемдар, мемлекеттiк кепiлмен тартылатын мемлекеттiк емес заемдар, тiкелей шетелдiк және отандық инвестициялар, халықаралық қаржы экономикалық ұйымдардың немесе донор елдердiң гранттары, екiншi деңгейдегi банктердiң кредиттерi, ұйымдардың жеке қаражаты және Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған басқа да көздер болуы мүмкiн.
Мемлекеттiк бағдарлама республикалық және жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылған жағдайда үш жылдық кезеңге арналған республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң болжамды көрсеткiштерiне сәйкес жылдар, iс-шаралар және қаржыландыру көздерi бойынша қаржыландырудың нақты көлемi көрсетiлуi тиiс.
49.ҚР қазынашылық комитеті қызметін анықтаайтын нормативтік құжаттарға сараптамалық талдау жасаңыз?
ҚР Үкіметінің 1999 ж. 6наурыздағы қаулысымен[1] құрылды. ҚР Үкіметінің 2001 ж. 12 маусымдағы қаулысымен[2] қазынашылық комитетінің қүрылымы бекітілді: басшылық; республикалық бюджеттің жиынтық қаржылық жоспарын қалыптастыру және шығыстарды қаржыландыру басқармасы; бюджет жөніндегі бухғалтерлік есеп және есептілік басқармасы; бюджеттердің атқарылуын, бухгалтерлік есеп және аудитті үйымдастыру басқармасы;қолма-қол ақша және мемлекеттік міндеттемелерді есепке алу басқармасы;үйымдастыру және бақылау жүмыстары басқармасы;төлем операңиялары басқармасы;түсімдерді есепке алу және бөлу басқармасы;қазынашылықтың жүйесін алып жүру және технологиялық қамтамасыз ету басқармасы.ҚР Үкіметінің 2001 ж. 28 тамыздағы қаулысымен[3] Алматы облыстық қазынашылық басқармасы оған Талдықорған қалалық қазынашылық бөлімін қосу арқылы қайта ұйымдастырылды. ҚР Үкіметінің 2004 ж. 24маусымдағы қаулысымен[4] мемлекеттік мекемелер қазынашылық комитетінің аумақтық органдарының атауы өзгертілді және комитеттің қүрылымы бекітілді: республикалық бюджеттің жиынтық қаржылық жоспарын қалыптастыру және шығыстарды қаржыландыру басқармасы; бюджет жөніндегі бухгалтерлік есеп және есептілік басқармасы; бюджеттердің атқарылуын, бухгалтерлік есепті үйымдастыру басқармасы; қолма-қол ақша және мемлекеттік міндеттемелерді есепке алу басқармасы; үйымдастыру және кадр жүмыстары басқармасы; төлем операңиялары басқармасы; түсімдерді бөлу басқармасы; қазынашылықтың жүйесін алып жүру және технологиялық қамтамасыз ету басқармасы; ішкі бақылау басқармасы. ҚР Үкіметінің 2004 ж. 29 қазандағы қаулысымен[5]қазынашылық комитеті туралы ереже мен оның қүрылымы бекітілді. Қазынашылық комитеті өз қүзіретінің шегінде мемлекеттік бюджеттің атқарылуы саласындағы іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын ҚР Қаржы министрлігінің ведомствосы болып табылады. Комитеттің негізгі міндеттері: республикалық бюджеттің атқаруылуын үйімдастыру; жергілікті бюджеттерге, оның ішінде мемлекеттік мекемелердің шоттарына қызмет көрсету; комитет органдарына бюджеттік бағдарламаларды әкімшілері мен мемлекеттік мекемелер үсынатын қүжаттарды қолданыстағы бюджет заңнамасына сәйкестігін бақылау. Комитеттің аумақтық бөлімшелері бар. Қазынашылық комитетінің қүрылымві: басшылық, жиынтық қаржылық жоспар басқармасы; республикалық бюджеттің ыныстарын қаржыландыру басқармасы; түсімдерді есепке алу басқармасы; төлем операциялары басқармасы; қолма-қол ақша, шоттарды талдау және салыствіру басқармасы; кредит беру басқармасы; мемлекеттік борышқа қаржылық қызмет көрсету басқармасы; мемлекет және мемлекет кепілдік берген борыштың мониторингі және оны қайтару басқармасы; жиынтық есеп беру және Бас кітап басқармасы; бюджеттік есепке алуды үйымдастыру басқармасы; үйымдастыру және кадр жүмысы басқармасы; қазвінашылық жүйесін сүйемелдеу басқармасы; бағдарламалық-технологиялық қүралдарды сүйемелдеу басқармасы; ішкі бақылау басқармасы.
50. Қазіргі уақытта ұлттық қорды дамытудың қандай перспиктивалы бағыттарын айта аласыз.Мысал келтіріңіз,жауабыңзыды негізденіз
Бюджет жүйесiн жетiлдiру мақсатында соңғы жылдары Қазақстанда бiрқатар шаралар кешенi жүргізiлдi.Тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн бюджет комиссиялары құрылды, олардың мақсаты бюджеттер жобаларының уақтылы және сапалы әзiрленуiн қамтамасыз ету, бюджеттердi нақтылау және атқару жөнiнде ұсыныстар тұжырымдау, әкiмшiлердiң бюджеттiк бағдарламалардың iске асырылуы туралы есептерiн қарау болып табылады. Елдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуының басымдықтарын көрсететiн бағдарламалық, мақсатты бюджеттi қалыптастыру жүзеге асырылуда. Қазiргi уақытта мемлекеттiк, салалық (секторалдық) бағдарламалар мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық саясатын iске асырудың негiзгi құралы болып табылады.2009 жылдан бастап қолданыстағы және әзiрленетiн мемлекеттiк, салалық (секторалдық) бағдарламалар тiзбесi Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының орта мерзiмдi кезеңге арналған индикативтiк жоспарының құрамында бекiтiледi. Бюджеттен қаржыландыруды талап ететiн мемлекеттiк, салалық (секторалдық) бағдарламалардың бәрiнде жылдар мен қаржыландыру көздерi бөлiнiсiнде қаржы қаражатының талап етiлетiн көлемi айқындалған Елдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуының басымдықтарын көрсететiн нақты бюджетті қалыптастыру мақсатында, 2002 жылдан бастап бюджет оның есебiнен мемлекеттің ағымдағы мұқтаждарын орындауға бағытталған бағдарламалар жүзеге асырылған ағымдағы бюджет және экономикаға инвестициялық шығыстарды, яғни инфрақұрылымды дамытуға, қала құрылысына, ақпараттық жүйелердi, ғылымды, адами капиталға инвестицияларды құру мен дамытуға және т.с.с. арналған шығыстарды қамтитын даму бюджетi болып бөлiндi. Бюджеттің мұндай бөлiнуi мемлекеттiң заңдарда айқындалған және мемлекеттiк мекемелердiң бар желiсiн ұстауға бағытталған өзiнiң функцияларын орындау құнын және мемлекеттiң әлеуметтік экономикалық дамуына оның инвестициялық салымының көлемiн нақты бағалауға, сондай-ақ бюджеттiк бағдарламаларды жүйелеуге мүмкiндiк бердiБюджет қаражатын жұмсаудың ашықтығын қамтамасыз ету және олар бойынша бюджеттiк бақылау жүргiзу үшiн 2002 жылдан бастап әкiмшiнiң өзiне жүктелген функцияларды орындау жөнiндегi қызметiн бағалаудың негізгi құжаты ретiнде бюджеттiк бағдарламаның паспорты енгiзілдi. Мұндай шараны ұтымды жоспарлау, бюджеттiк бағдарламаларды орындау және әкiмшiлердiң бюджет ақшасының тиiмдi пайдаланылуы үшiн жауапкершiлігін күшейту қажеттiгi айқындап бердi Қазақстан республикасының Үкiметi әзiрлеген және бекiткен бюджеттік бағдарламалардың тиiмділігіне бағалау жүргiзу әдiстемесi бюджетті жоспарлау, атқару және оның атқарылуын бақылау процесiнде бюджеттiк бағдарламалардың тиiмділігіне бағалау жүргiзу тәртiбi мен көрсеткiштерiнiң жүйесiн айқындайды.
Жергiлiктi атқарушы органдардың тек жоғары тұрған бюджеттен ғана қарыз алу құқығы сақталып, сыртқы және iшкi капитал рыноктарынан қарыз алуы алынып тасталады.
Ұлттық қорға қаражат аударудың жаңа тетігi енгiзiлдi, осыған сәйкес Ұлттық қорды қалыптастыру көзi болып табылатын барлық ресми трансферттер тiкелей мемлекеттiк бюджеттен аударылатын болады.
51. Қазақстанда мемлекеттік бюджеттің шикізаттық тәуелділігі туралы пікіріңіз
Қазақстан экономикасының шикізаттық бағдарланушылығы күшейіп барады! Есеп комитетінің төрағасы Омархан Өксікбаев осындай «өкінішті» қорытындыға келіп отыр. Өз байламын ол кеше Парламентте жария етті. «Осылайша, мұнай-газ секторының Ішкі жалпы өнімдегі үлесі 22,6%-дан 2011 жылы 24,6%-ға дейін ұлғайды» деді Омархан Нұртайұлы. Ел бюджетінің шикізатқа тәуелділігі де артқанға ұқсайды: Есеп комитетінің мәліметінше, республикалық бюджеттің шикізат секторы есебінен толықтыратын кірістерінің үлесі де «2010 жылғы 56,7%-дан 2011 жылы 60,1%-ға дейін өскен».
Парламентке жылдағы дәстүрмен ел Үкіметі мен Есеп комитетінің өткен жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептері қатар кірді. Жылдағы әдетпен, Үкіметтің есебі жарқын деректерге, қарқынды сандарға, көркем көрсеткіштерге толы. Көңіл көтеріліп, бәрі-бәрі жақсы болып кеткендей, бір масайрап, қатты риза болып қаласың. Бірақ Есеп комитетінің есебі есіңді кіргізеді.
- Үкіметтің Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасында қарастырылған, шикізаттық емес экспортты ұлғайту бағытындағы саясатты жүргізіп отырғандығына қарамастан, оның үлесі керісінше, 3,1%-ға азайып кетті, - деп мәлімдеді О.Өксікбаев. Яғни егер бұған дейін Қазақстанның жаһандық нарыққа шығаратын жалпы экспортындағы шикізаттық емес өнімдер экспортының еншісі 27,6% болса, 2011 жыл қорытындысында, Есеп комитетінің дерегінше, оның үлесі 24,5 пайызға дейін құлдырапты.
52. Білім беру саласын бюджеттіқ қаржыландыруды адам капиталын инвестициялау ретінде қарастыруға болады ма
Қазіргі кезде адам ресурстарын тиімді қолдану мәселесі өзектi б.т. Сондай-ақ бүгінгі таңдағы экономикалық жағдайда шешуші рөл адамдікі, сондықтан адам капиталын жан-жақты қолдану қажеттігі туындайды және туындап отырады. Сонымен бірге адам капиталының сапасы да білім деңгейіне байланысты. Ал енді білімнің рөлі ғылыми-техникалық прогрестің дамуы мен механизацияланған және автоматтандырылған еңбек үлесінің ұлғаюына қарай жоғарылайды. Қазақстанда объективтік жағдайларға байланысты адам капиталының тапшылығы бар, сол себепті саны жағынан жетіспеушілікті толтыру үшін сапасына ерекше талаптар қойылып отыр. Кез-келген елдегi бiлiм беру жүйесi ұлттық мәдениеттiң және танымның көрсеткiшi болса, ол экономика, саясат, мәдениет саласындағы өзгерiстердi көрсетiп қана қоймастан, өзгерiстерге де әсер етедi. Сондықтан бүкiл әлемде бiлiм тұлғаны әлеум-экон/қ үдеріске тиiмдi қатысуын қамт/з ететiн негiзгi фактор болып саналады және бiлiм беруге ерекше назар аударылады. Жаңа жиырма бірінші ғасыр өзінің әлеум-экон/қ кеңістігіне шықты, оның орталығында өзінің табиғи және жинаған мол қасиеттерімен, атап айтқанда мүмкіндік, іскерлік, өмірлік мамандық тәжiрибесімен адам тұр. ҚР/дағы адам капиталының дамуын және оның құрылуын зерттеуде негiзiнен мынадай алға қойылған мәселелерді шешу қажеттілігі туындайды: адам капиталы экон/қ категория; адам капиталы соған салынатын инвестиция негiзi; адам капиталының жүйе құрушы статусы теоретикалы экон/қ зерттеу пәнi; адам капиталы теориясының көзқарасы тұрғысынан бiлiмге салынған инв/я; адам капиталының қазақстандағы бiлiм беру компонентi; бiлiм беруге салынған салымның адам капиталына тиiмдiлiгi; ҚР/ң бiлiм беру саласындағы жетiстiктері мен кемшiлiктерi. Қоғам өзіне инвестиция құйып, білім алатын әр адам үшін еркіндік ресурсы мен таңдауға мүмкіндік беруі тиіс. Ал енді білімге әлеум/к тапсырыс мемл тарапынан жасалатын тапсырыс ғана емес, жанұя ж/е кәсіп/р/ң қызығушылығының да жиынтығы болу керек.
Бүгінгі таңда елімізде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстан экономикасын дамыған және бәсекеге қабілетті елдер деңгейіне жеткізуді мақсат тұтқан кең ауқымды бағдарламалар жүзеге асырылып келеді.
Адам капиталы тұрғысынан ғылымға, білімге, бір адамға жұмсалатын қаржыны есептегенде біз, әрине, әлі де болса жоғары деңгейге көтеріле алмай отырмыз. Бүгінгі таңда тек білім-ғылым, жаңа технология салаларына бөлінетін қаржы Американың ішкі жалпы өнімінің 26 пайызын құрайды екен. Ресейде бұл көрсеткіш 8 пайыз болса, Қазақстанда 6,5 пайыз. Қазақстанда индустриялық-инновациялық бағдарламалар жүзеге асырылып жатыр. Міне, сондықтан адам капиталының әлеуетін көтеретін кез келді. Осы мақсатта еліміздің экономикасын дамытуға мүмкіндік беретін адам капиталын дамыту жолында интеллектуалдық элита қалыптастыру үшін іс-шараларды өткізу өте құптарлық іс болып табылады. Сондықтан да, білім беру саласын бюджеттік қаржыландыру адам капиталын қалыптастыру деп қарастыру дұрыс.
53. Бюджеттің қоғамдық артықшылықтарды институциаландыру қызметінің мазмұны неде және оны жүзеге асуын қалай бағалайсыз.
Жалпы қоғамдық өнімді құндық бөлудің айрықша саласын мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субъектілермен және халықпен қалыптасатын каржылық қатынастары құрады. Бұл қатынастарға олардың мемлекет бірден бір қатысушысы болып табылатын бөлгіштік үдерісте пайда болатыны және қоғамдық қажеттіліктерді канағаттандыруға арналған ақшалай қаражаттардың орталықтандырылған қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты екені жалпы тиісті (тән) болып келеді. Қаржылық қатынастардың бұл жиынтығы«мемлекеттік бюджет» ұғымының экономикалық мазмұнын құрады. Бюджет мемлекеттің қажетті атрибуты және оның егемендігінің негізі. Бюджеттің көмегімен тиісті мемлекеттік жәнемуниципалдық құрылымдардың ақшалай қаражаттарының қорлары құрылады, бұл қорлар олардың жалпы маңызды міндеттерін орындауды қамтамасыз етеді, мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару орғандарының функцияларын жүзеге асырудың қаржылық негізін жасайды. Бюджеттерде мемлекеттің қаржылық ресурстарының аса ірі бөлігі шоғырландырылады, бұл мемлекеттің қаржылық саясатын ойдағыдай жүзеге асыру үшін қажет. Экономикалық қатынастардың жиынтығы ретіндегі мемлекеттік бюджеттің объективті сипаты болады. Мемлекеттік бюджеттің болуы мүлдем адамдардың субъективті қалауының (еркінің) нәтижесі емес, ұлғаймалы ұдайы өндірістің мұқтаждарымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен шарттасылған объективті қажеттігі. Жалпы қоғамдық өнімді құндық бөлудің айрықша саласын мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субъектілермен және халықпен қалыптасатын каржылық қатынастары құрады. Бұл қатынастарға олардың мемлекет бірден бір қатысушысы болып табылатын бөлгіштік үдерісте пайда болатыны және қоғамдық қажеттіліктерді канағаттандыруға арналған ақшалай қаражаттардың орталықтандырылған қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты екені жалпы тиісті (тән) болып келеді. Қаржылық қатынастардың бұл жиынтығы«мемлекеттік бюджет» ұғымының экономикалық мазмұнын құрады. Бюджет мемлекеттің қажетті атрибуты және оның егемендігінің негізі. Бюджеттің көмегімен тиісті мемлекеттік жәнемуниципалдық құрылымдардың ақшалай қаражаттарының қорлары құрылады, бұл қорлар олардың жалпы маңызды міндеттерін орындауды қамтамасыз етеді, мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару орғандарының функцияларын жүзеге асырудың қаржылық негізін жасайды. Бюджеттерде мемлекеттің қаржылық ресурстарының аса ірі бөлігі шоғырландырылады, бұл мемлекеттің қаржылық саясатын ойдағыдай жүзеге асыру үшін қажет. Экономикалық қатынастардың жиынтығы ретіндегі мемлекеттік бюджеттің объективті сипаты болады. Мемлекеттік бюджеттің болуы мүлдем адамдардың субъективті қалауының (еркінің) нәтижесі емес, ұлғаймалы ұдайы өндірістің мұқтаждарымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен шарттасылған объективті қажеттігі. оғамдық ұдайы өндірісте мемлекеттік бюджеттің рөлі ең алдымен мемлекеттік бюджеттің (шығыс бөлігінің) көмегімен ұлттық табыстың 31%, шикі жалпы өнімнің 22%, жалпы қоғамдық өнімнің 11% бөлінетіндігімен және қайта бөлінетіндігімен анықталады. Ол ақшалай қаражаттарды ұлгтық шаруашылықты н әр түрлі салалары, өндіріс секторлары, коғамдық қызметтің сфералары, елдің экономикалық аудандары мен аумақтары арасында бөледі.
54.ҚР бюджеттік үдерісінде орын алып отырған бюджет қаражатының игерілмеуі туралы пікіріңіз қандай. Ойыңызды дәйектеңіз
Қазақстан Республикасы әр бір жыл басында бюджеттік жоспарлау жасайды. Яғни бюджет теңдігі қағидасы бойынша бюджет табыстары мен шығыстары тең болған жағдайда бюджет бюджет деген атауға ие бола алады. Егер бюджеттің табысы асып кетсе, профицит, ал шығыны табыстан асып кетсе бюджетте дефицит орын алады. Бұл орын алып отырған жағдайлар елде экономикалық тұрақсыздыққа алып келеді. Сол үшін әрбір жыл басында бюджеттік жоспарлау орын алады. Яғни жыл көлемінде ақша қаражаттары бюджет шығыстары қай салаға, қай өнеркәсіпке қанша мөлшерде кететі туралы анықталып, жыл басында сол керек орындарға ақша қаражаттары бөлінеді. Және сол сала, сол өнеркәсіп сол ақша қаражаттарын бір жыл көлемінде игеруі қажет. Кей жағдайларда бюджеттен бөлінген қаражаттар игерілмей қалады.Бұл игерілмей қалу жөнінде жылда Қазақстан Республикасының Премьер Министрі талқылап игерілмеген саланы анықтап сөгіс береді. Осы жылы даниал Ахметовтың тиісті сала басшыларына бюджет қаражатын игермегендігі жөнінде үлкен сын айтты. Оның айтуынша бұл игерілмеудің себебі: Белгіленген бюджет қаражаттарының жете игерілмеуі бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің, яғни министрліктер мен ведомство басшыларының, сонымен қатар әкімдердің атқарушылық құлқы мен біліктілігінің төмендігін байқатады деп сын айтты.
Осыдан өзге тағы бюджет қаражаттарының дұрыс игерілмеуі мысалы, қорғаныс саласын алсақ болады, жыл басында қорғаныс саласына төтенше жағдайлар орын алады деген мақсатпен белгілі сома бөлінсе, елде төтенше жағдайлар орын алмаған жағдайда сол сома бюджетке қайтарылады.
Тағы бір жағдай, жыл басында бюджеттен ақша қаражаттарын белгілі өнеркәсіп саласына аударатын болса, оған ақша қаражаты кеш жететін, яғни республикалық бюджеттен облыс бюджетіне, облыс бюджетінен аудан бюджетіне және сол өнеркәсіп шоты аударғанға дейінгі уақытта мерзім өтіп құрылыс жасайтын мезгіл аяқталып, қаражат толық игерілмей қалатын жағдайлар да орын алады.
Өнеркәсіп саласын салуда немесе белгілі бір жобаны ұйымдастыруда аукцион өткізілсе, аукционды ұтып алатын адамның болмауы, яғни жобаны жүзеге асырылмауы салдарынан бюджетке ақша қаражаттары игерілмей қайтарылып отыр.
55. ҚР бюджет жүйесі қызмет етуін жетілдіру мақсатында қандай бағыттарды ұсынар едіңіз?
Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 4-бабында бюджетке келесідей түсінік берілген: «Бюджет - ол мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыруын қаржылық қамтамасыз етуге арналған оның орталықтандырылған ақша қоры». Бюджеттің формасы - қаржылық жоспар, материалдық негізі - орталықтандырылған қор, экономикалық негізі - жалпы экономикалық қарым-қатынас, заңнамалық белсендіруі - заң.
Бюджетаралық қатынастардың 1шама динамикасы дамып,соңғы жылдары жетілдірілгеніне қарамастан,көптеген проблемалар әлі де шешімін таппай келеді.Әр түрлі деңгейдегі бюджеттердің дербестігін,эко/қ тиімділікті қамтамасыз ету мен бюджеттік жауапкершілікті осы проблемалардың қатарына жатқызуға болады.Соңғы жылдардың практикасын сүйенетін болсақ,бюджет жүйесінің нығаймағанын,о/ң орнына реципиент-өңірлер санының көбейгені,сондай-ақ бюджеттердің дербестікке ие болмай,о/ң есесіне салық ресурстарының республикалық бюджетке тартылуы байқалады.
Қазақстан Республикасының Үкіметіне мынадай ұсыныстар беремін:
- республикалық бюджеттің кірістері мен шығыстарының өлшемдерін айқындау кезінде негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің негізділігін арттыру;
- республикалық бюджеттің қаржылық жылы атқарылуы барысында оны түзету практикасын алып тастау;
- салықтық әкімшіліктендірудің тиімділігін арттыру жөнінде толыққанды шаралар қабылдау;
- республикалық бюджеттен ҚҚС-ның орнын толтыру рәсімін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру;
- берілетін салықтық және кедендік жеңілдіктердің негізділігін қамтамасыз ету бойынша уәкілетті органның талабын күшейту;
- экономиканың әртүрлі секторлары мен қаржы институттарының шаруашылық жүргізуші субъектілерінің салық жүктемесін бірегейлеудің мақсаттылығын қарау;
- бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін олардың тиісті мемлекеттік және салалық бағдарламаларды іске асыруын ескере отырып, бағалаудың кешенді тетігін әзірлеу;
- мемлекеттік қорғаныс тапсырысын оны қаржыландыру көздерінің нақты түрлерін белгілей отырып, қалыптастыру тетігін жетілдіру;
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен бөлінетін қаражаттардың қаржылық негізінің сапасын арттыру;
- республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге, Астана мен Алматы қалаларының бюджеттеріне ағымдағы бюджеттік бағдарламаларды іске асыруға трансферттер бөлудің мақсаттылығын қарау, сондай-ақ мақсатты инвестициялық трансферттерді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы органдардың жауапкершілігін күшейту;
- мемлекеттік активтерді мемлекеттің бірыңғай қаржы балансын әзірлеу жолымен басқару жүйесін жетілдіру;
- сыртқы рыноктан мемлекеттің қатысуымен жеке компаниялар мен акционерлік қоғамдар тартатын кредиттік ресурстарды қоса, қаржы ресурстарының тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету жөнінде шаралар кешенін қабылдау;
- бюджеттік қаражаттарды пайдаланудың ашықтығын, жеделдігін және тиімділігін арттыру мақсатында Қазынашылықтың аумақтық бөлімшелеріндегі қаржылық құжаттарды қарау рәсімін тездету;
- мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттары талаптарының сақталуы және республикалық бюджеттің атқарылуына ішкі бақылаудың тиімділігін арттыру жөнінде жүйелі шаралар қолдану.
Барлық кәсіпорындар үшін залалдар мерзімдерін 3 жылдан 10 жылға ауыстыру көзделді.
Үкімет әлемдегі қаржы және шикізат нарықтарындағы жағдайдың нашарлау мүмкіндігіне байланысты 2010-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын қажеттілікпен қалыптастырды. Осы кезеңдегі бюджет кірістері мұнайдың бір баррелі үшін 60 АҚШ долларындағы әлемдік бағасын негізге ала отырып есептелген. Үкімет орта мерзімді кезеңде фискалдық тұрақтылықты қамтамасыз ету қажеттілігін ескере отырып, 2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасының параметрлерін түзетті. 2009 жылы бюджет кірістері мұнайдың әлемдік бағасының бір баррелі үшін 40 АҚШ долларына төмендеуін ескере отырып нақтыланды. Басым емес шығыстар қысқартылды, ал кейбір бағдарламаларды қаржыландыру кейінгі мерзімге қалдырылды. Бұл ретте әлеуметтік шығыстар қысқартылған жоқ.
2009-2010 жылдары республикалық бюджет тапшылығы ІЖӨ -ге 3,4-3,5% көлемінде жоспарланған, ал 2011 жылы ІЖӨ-ге 2,4%-ға дейін төмендетілді. Үш жылдық республикалық бюджет ағымдағы жағдайда экономикалық белсенділікті қолдау үшін түйінді құрал болып табылады. Жиынтықты сұраныс пен іскерлік белсенділік бірінші кезекте, басым инфрақұрылымдық және индустриялық жобаларды қаржыландыруға, отандық кәсіпорындардың өнімдеріне сұранысты және экономикадағы жұмыспен қамтылуды қамтамасыз ететін ауыл шаруашылығын дамытуға, сондай-ақ адами капиталды дамытуға бағытталатын бюджет шығындарының жоғары деңгейін сақтау есебінен қамтамасыз етілді.
Жаңа жұмыс орындарын шағын кәсіпкерлік пен бизнес арқылы қалыптастыру халықты кәсіпкерлік қызмет саласына да белсенді тартуға мүмкіндік береді. Мұның өзі аймақтардағы өмір сүру деңгейін көтеруге ықпал етіп, ондағы тұрғындардың жұмыссыздық салдарынан ірі қалаларға көшуін тоқтатады. Осыған орай жергілікті атқарушы органдардың шағын кәсіпкерлік пен орта бизнесті қолдау және дамыту үшін нақты іс-шараларды дайындаумен қатар, алдағы жылдары оның даму стратегиясын Үкімет стратегиясы негізінде әзірлеуі керек.
56. Нәтижеге бағдарланған бюджеттеу қандай міндеттерді шешуге мүмкіндік береді
Нәтижелерге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру тұжырымдамасы (бұдан әрі Тұжырымдама) халықаралық тәжірибені ескере отырып, мемлекеттік жоспарлау жүйесін одан әрі дамыту бойынша негізгі қағидаттар мен тәсілдерді қамтитын мемлекеттік жоспарлау жүйесінің қазіргі заманғы жай-күйін кешенді талдау негізінде әзірленді, сондай-ақ мемлекеттік жоспарлау мәселелері жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асырудың мақсаттары мен міндеттерін айқындайды. Қазақстан Республикасында мемлекеттік жоспарлаудың біртұтас және тиімді жүйесін қалыптастыру мақсатында 2007 жылы корпоративтік басқару, нәтижелілік, транспаренттілік және қоғамға есеп беру қағидаттарында мемлекеттік жоспарлаудың жаңа моделін құру бойынша жұмыс басталды. Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде 2007 жылғы желтоқсанда Нәтижелерге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау жүйесін енгізу жөніндегі тұжырымдама бекітілді Осы Тұжырымдаманың негізгі ережелерін іске асыру үшін 2008 жылы жаңа Бюджет кодексі қабылданды, ол «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын қабылдауға және нәтижелерге бағдарланған бюджеттеуге көшуді енгізуге негіз болды. 2009 жылы алдағы онжылдық кезеңге арналған стратегиялық бағыттар мен елді дамыту мақсаттары айқындалған Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары қабылданды. ҚРң 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарын іске асыру үшін Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің мынадай құжаттары қабылданды және іске асырылуда.
1. Орталық деңгейде:
1) салалық және өңірлік дамудың түйінді бағыттары бойынша мемлекеттің тәсілдерін айқындау мақсатында қабылданған Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың 2020 жылға дейінгі болжамды схемасы;
2) индустриялық-инновациялық даму, денсаулық сақтау, білім беру, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым және мемлекеттік тілді дамыту салаларында 5 мемлекеттік бағдарлама;
3) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігінің стратегиясы;
4) индустриялық-инновациялық және инфрақұрылымдық дамуға, кәсіпкерлікті қолдауға, өңірлерді дамытуға және басқаларына бағытталған 43 салалық бағдарлама. Бүгінде мемлекеттік жоспарлау саласында қолданыстағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесін одан әрі жетілдіруді талап ететін проблемалар бар:
1) Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары санының көп болуы, бұл оларды тиімді іске асыруды қиындатады.
2) Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының сапасы.
3) Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары мен көрсеткіштерінің қайталануы.
4) стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлаудың өзара байланысының босаңдығы.
5) тәуекелдердің тиімсіз басқарылуы.
6) Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарын іске асырудың және мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігі мен нәтижелілігін бағалау тетіктерінің жетілмегендігі.
7) жоспарлау процесімен айналысатын кадрлардың біліктілік деңгейі.
57.ҚР заңнамасына сәйкес, 2010-2013жылдары секвестрлеуге жатпаған бюджеттік бағдарламаларды
2011 жылға арналған республикалық бюджетті атқару
процесінде секвестрлеуге жатпайтын республикалық
бюджеттік бағдарламалардың тізбесі.Білім беру- Жалпы білім беру, Арнайы білім беру бағдарламалары бойынша жалпы білім беру, Мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балаларға жалпы білім беру
Денсаулық сақтау- Республикалық бюджет қаражатынан көрсетілетін медициналық көмекті қоспағанда, халыққа амбулаториялық-емханалық көмек, Жергілікті денсаулық сақтау ұйымдары үшін қан, оның құрамдас бөліктері мен препараттарын өндіру, Салауатты өмір салтын насихаттау, Жедел медициналық көмек көрсету және санитарлық авиация, Денсаулық сақтау саласындағы орталық уәкілетті орган сатып алатын медициналық қызметтерді қоспағанда, бастапқы медициналық-санитарлық көмек және денсаулық сақтау ұйымдары мамандарын жіберу бойынша стационарлық медициналық көмек көрсету, Туберкулезден, жұқпалы аурулардан, психикасының бұзылуынан және жүйкесі бұзылуынан, оның ішінде жүйкеге әсер ететін заттарды қолдануға байланысты зардап шегетін адамдарға медициналық көмек көрсету, Қазақстан Республикасына ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды іске асыру, Шұғыл жағдайларда ауыр халдегі адамдарды дәрігерлік көмек көрсететін жақын жердегі денсаулық сақтау ұйымына жеткізуді ұйымдастыру, Туберкулез ауруларын туберкулез ауруларына қарсы препараттармен қамтамасыз ету, Диабет ауруларын диабетке қарсы препараттармен қамтамасыз ету, Онкологиялық ауруларды химиялық препараттармен қамтамасыз ету, Бүйрек функциясының созылмалы жеткіліксіздігі, миастениямен ауыратын науқастарды, сондай-ақ бүйрегі транспланттаудан кейінгі науқастарды дәрілік заттармен қамтамасыз ету, Гемофилиямен ауыратын ересек адамдарды емдеу кезінде қанның ұюы факторларымен қамтамасыз ету, Халыққа иммунды алдын алу жүргізу үшін вакциналарды және басқа иммундық-биологиялық препараттарды орталықтандырылған сатып алу, Жіті миокард инфаркт сырқаттарын тромболитикалық препараттармен қамтамасыз ету, Халықтың жекелеген санаттарын амбулаториялық деңгейде дәрілік заттармен және арнайы балалар тағамдары мен емдік тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету
58.ҚР бюджет кодексінің негізгі жағдайларын қарастырыңыздар Егеменді мемлекеттің бюджеттік процесі әрекеттегі бюджеттік заңнамаларға сәйкес ұйымдастырылады. Қазақстанда ол бюджеттік кодексі және басқа да бюджеттік процеске қатысты заңнамалы нормативтік актілерімен реттеледі.
Бюджеттік кодекс б/ша бюджет қалыптасу негізі болып ҚР/ң әлеуметтік экономикалық ортамерзімді даму жоспары мен Республика Президентінің Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы Жолдауынның есебімен құрастырылған аумақтардың даму бағдарламалары табылады.Бюджеттік кодексте көрс/ген басқа бір маңызды жағдай ол бюджеттік процесті ұйымдастыруын қоса отырып, қаржы ресурстарын басқарудағы мемлекеттік биліктің фунцияларын регламенттеуі.Бұл функциялары келесілер арқылы көрнеді:*Мемлекеттің эк/қ және қарж/қ мақсаттарының әрекеттесуінде;*әр түрлі деңгейдегі бюджеттердің өзара және экономика секторларымен әрекеттесуінде;*салықты фискалдық құралдарды жетілдіруінде;*бюджеттен тыс арнайы қорларға бөлектеулердің көлемі мен қайнар көздерін анықтауда;*бюджеттердің кірістері мен шығындарының көлемі мен құрылымын тағайындағанда;*респуб/қ бюджет тапшылығының көлемін анықтағанда;*жергілікті бюджеттердің теңгерушілігінде;*мемлекеттік борыштың қаржы операцияларға әсері мен өтеуінің есебімен оның динамикасы мен ахуалын бағалауда.Бюджеттік процесті ұйымдастыру бойынша бюджеттік іс әрекеттің барлық сатыларында келесі негізгі мақсаттар шешіледі.*Жеке салықтық пен басқа түсімдер бойнша және әлеуметті экономикалық даму болжамдары мен арнаулы бағдарламаларға с/с бюджет кірістерін анықтау;*Бюджет шығындарын арнаулы ж/е адрестік белгілер б/ша тағайындау;*Ұлттық валюта тұрақтылығын қамтамасыз ету мен экономикадағы инфляциялық тенденцияны жеңуге бағытталған қаржылық құқықтылық/ң тұрақтылық/ң жалпы бағдарламасымен бюджетті қиыстыру;*Эк/ны ақталған қайнар көздер арқылы бюджет тапшылығын қысқырту мен жою;*Әр деңгейдегі бюджеттер теңгерушілігі мақс/да мемлекет кірістерінің қайнар көздерін сол бюджет/р және аймақтар мен іс әрекет салалары арасында қайта бөлу арқылы бюджеттік реттеуді іске асыру;*әр түрлі үлкен ауқымдағы әл/к эк/қ бағдарламалардың пропорционалдығы мен теңгерушілігін қамтамасыз ету үшін болашақ бюдж/к жосп/у мен болжамдаудың рөлін жоғарылату;*заңды және жеке тұлғалар өздерінің салықтық міндеттемелерін орындау кезінде олардың қарж/қ әрекеттері мен кірістерін бақылау.
Бюджеттік кодексте барлық бюджет түрлері б/ша анықтама берілген,кірістер мен шығыстардың атаулары жазылған,бюджет атқару жөнінде есеп беруді құрастырудың тәртібі,оларды бекіту мен бақылау сауалдары қарастырылған.Мұндай тиісті бюджет кірісі болып толығымен және норматив бойынша бөлініп түсетін салықтар мен түсімдер анықталған.Ұлттық қордың қалыптасу тәртібі, қайнар көздерімен пайдалануы және оны басқаратын Кеңестің функциялары Бюджеттік кодексте анықталған.Бюджеттік қатынастарды реттеу аумағындағы мемл/к органдар құрылымына ҚР/ң Президенті,ҚР/ң Парламенті,Республикалық бюджетті атқаруын бақылау жөніндегі Есеп комитеті,ҚР/ң Үкіметі,бюджетті жоспарлау,атқару жөніндегі орталық өкілетті органдар,жергілікті органдар, жергілікті өкілдік және атқарушы органдар кіреді.
Бюджеттік кодекс б/ша ҚР Президентінің бюджет/к қатынастарды реттеу аумағындағы уәкілдігі республикалық бюджетті жасау мен оны атқару жөнінде есеп берудің тәртібін анықтау,Республикалық бюджет комиссиясы жөніндегі ережені, оның құрамын анықтау, бекіту, елдің бюджеттік саясатының негізгі бағыттарын анықтау б.т.
Бюджеттік кодекске с/с елдің заңнамалық органы Парламенті бюджет/к қатынастарды реттеу аумағында респ/қ бюджетті және оған еңгізілген өзгерістер мен қосымшаларды бекіту,Үкімет пен Есеп комитетінің респ/қ бюджетті атқару жөніндегі есептерін қарастыру мен бекіту және басқа да қажетті уәкілдіктерді атқарады.
Бюджеттік кодекске сәйкес ҚР/ң Үкіметінің бюджеттік қатынасы аумағындағы құзыретіне келесі қызметтер кіреді:*әр түрлі көрсеткіштер есептеу әдістерін анықтау;*бюджеттерді жасау мен атқару тәртібін қамтамасыз ететін әр түрлі процедуралар тағайындау мен бекіту;*республикалық бюджет пен оны атқару жөніндегі есепті ҚР/ң Парламентіне ұсынылуы;*ҚР/ң Ұлттық банкімен бірге ҚР/ң Ұлттық қорын қалыптастыру мен пайдалану жөнінде жылдық есеп беру.
Бюджеттік кодексте бюджеттік жоспарлау,бюджетті атқару, ішкі бақылау жөніндегі орталық өкілетті органдар және облыс,республикалық маңызы бар қалалар,астана мен аудандардың құқықтары бекітілген.
59. ҚР қазынашылык комитетінің құрылымы, міндеттері және қызметтерінің мәнін ашыңыз
Қазынашылық мемл/к бюджеттің атқарылуын ж.а/шы, атқарушы билік органы. Қазынашылық іс-әрекетінің мазмұны бюджетті атқару үрдісінде көрінеді. Тар мағ/да, Қазынашылық бюджетті атқару б/ша, арнайы қызметтерді ж.а. мемл/к орган. Кең мағ/да, мемл/к қаржы ресурстарын басқару үрдісі.
Қазынашылық/ң мақсаттары: 1) Мемл/к мекеме/рі/ң қызмет көрсету уақытын қысқарту. 2) Қазынашылық құжат/рын өңдеу сапасын жетілдіру. 3) Бюджеттік атқарылуы б/ша есеп/ң толықтығын, сәйкестігін қамт/сыз ету операциялық шығыстарды қысқарту. Қазынашылық құрылымы: Төрағасы Қаржы Министрлігі тағайындайды. Жиынтық Қаржы жоспары, Бас кітап, Несие басқармасы, Бюджеттік есепті есепке алу басқармасы, Қолма-қол ақша басқармасы.
Қазынашылықтың мақсаттары: 1) Мемл/к мекеме/р/ң қызмет көрсету уақытын қысқарту. 2) Қаржы құжаттарын өңдеу сапасын жетілдіру. 3) Бюджеттік атқарылуы б/ша есептің толықтығын, сәйкестігін қамт/з ету операциялық шығыстарды қысқарту. Қазынашылықтың қызметтері:
Мемл/к бюджет атқарылуын қамт/з ету;
Кассалық шот/р б/ша қызмет ететін жұмыстарды жүргізу; Міндеттер б/ша қаржыландырудың жоспарын Республикалық бюджет б/ша төлемдерді қаржыландыру ж/е түсімдерді бюджеттік жоспарын бекіту;
Қазынашылықтың біріктірілген ақпараттың жүйесі жиынтық жоспарларды енгізу;
Бюджеттік мониторинг жүргізу ж/е бюдж/к бағдарламалары б/ша төлем/р/ң уақытылуы жүргізілмеуі б/ша себебін анықтау. Және де заңмен рұқсат етілген басқа да қызметтерді жүзеге асырады.
Құқықтары: 1) мемл/к мекемелерден бюдж/ң атқарылуын ұйымдастыру ү/н қажетті ақпараттар мен мәліметтер алуға қажет болған жағд/да бухг.есептілікті талап ету. 2) Бірыңғай Қазынашылық шот, шетелдік валютасында шоттарды ашуға, олар б/ша операц/р жүргізу. 3) Қазынашылық тәртібін сақтау жетілдіру мемл/к қараж/рды тиімді пайдалануға ұсыныс енгізу.
60.ҚР қазынашылық жүйесінің даму перспективалары қандай?
Қазақстан қазынашылығының бүгінгі күні барлық облыстарда, Астана мен Алматы қалаларында, сондай-ақ, облыстық маңызы бар аудандар мен қалаларда 188 бөлімшелері қызмет етеді. Сондай-ақ, қазынашылық жүйесі 15 мыңнан астам республикалық және жергілікті бағынышты мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсетеді.
Р.Б. Бекетаевтың Қазынашылық Комитет төрағасының айтуынша, бүгінгі күні еліміздің қазынашылығында заманауи ықпалдасқан ақпараттық жүйе қалыптасып, осыған байланысты бірқатар шараларды жаңғырту жалғасып келеді.
Қазынашылық жүйесін даму перспективаларына келсек, бүгінгі күні бұл саланың он-лайн жүйесінде қызмет етуімен қоса, осы бағытты одан әрі жетілдіру мәселесіне назар аударған жөн. Бұрынғы Қаржы Министрі Болат Жәмішев «Менің ойымша, бюджеттің жаңа деңгейі құрылуы барысында қазынашылықтың жаңа бөлімшелерін құрмай-ақ, бұл жүйеге еңбекақы төлеу модулін енгізуді жүзеге асыру қажет. 1999 жылы бұл мәселе біраз қарастырылған болатын. Бүгінгі күні ауылдық жерлерде де бюджеттің жаңа деңгейі жүргізілетіндіктен, еңбекақы төлеудің модулі өзекті болып табылады. Өйткені, бұл жағдайда барлық мемлекеттік мекемелерде жалақыны төлеу орталықтанып, заң бұзушылықтар біршама жойылады. Ең бастысы, біз еңбекақыны төлеу модулін енгізе отырып, көпдеңгейлі бюджеттегі қауіпсіздік жүйесін қамтамасыз ете аламыз», деген болатын.
Сонымен бірге, Елбасының тапсырмасы аясындағы әкімшілік реформасы ең алдымен мемлекеттік аппараттың жинақы болуына бағытталуы тиіс. Сондықтан да бұл жүйенің барлығы бақылауда болуы қажет.
Алда қабылдануы тиіс жаңа бюджет кодексі ауқымында қазынашылық жүйесін одан әрі дамыта түсу қажет. Жалпы, қазынашылық - бұл мемлекеттік қызметтің жүрегі, осы бағыттағы жұмысты жақсартатын қан тамырлары секілді. Сонымен бірге, кеден, салық органдарының жұмысы көзге көрініп тұрса, қазынашылықтың жұмысы тек қана мемлекеттік мекемелерге және мемлекеттік қызметкерлерге болмаса, жалпы қоғамға онша таныс емес. Дегенмен де, бюджет мәселесіне келгенде қазынашылық қызметінің маңызы өте зор. Сондай-ақ қазынашылық жүйесінің қызметтік өлшемдерін жетілдіре түсу қажет. Сонымен бірге, үшжылдық бюджет жобасы мемлекеттік қаражаттың нәтижелі жұмсалуына бағытталады. Ал үшжылдық бюджетті қабылдаған соң, оның нақты орындалуы барысындағы жүк ең алдымен қазынашылық қызметке келіп тіреледі. Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі тиімді жұмыс істеуі үшін алдымен ауылдық жерлерді толық телефон байланысымен қамтамасыз ету қажет. Бұл жалпы қоғамның дамуы үшін маңызды заң жобасы болып табылады. Дегенмен де, ауылдық жерлерді жеткілікті деңгейде телефон байланысымен қамтамасыз етпейінше, жергілікті өзін-өзі басқарудың тиісті деңгейде жұмыс жасай алмайтыны назарға алынды. Шындығында, ауылдық жерлерді телефонмен қамтамасыз етпейінше, ауылдық жергілікті бюджеттерді қалыптастыру әрі жергілікті өзін-өзі басқару жұмысын жүргізу мүмкін болмайды.