У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

~о~амды~ денсаулы~ са~тау Курс- IV Уа~ыты ~за~ты~ы ~ 1 академиялы~ са~ат

Работа добавлена на сайт samzan.net:

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 29.12.2024

Ф КГМА 4/3-04/02

ИП № 6 УМС при КазГМА

от 14 июня 2007 г.

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСТИТЕТІ

Жалпы гигиена, экология және тағам гигиена кафедрасы

Тақырыбы: Тамақтан улануларды алдын алу.

Пән: Тағам гигиенасы

Мамандық: 051102 «Қоғамдық денсаулық сақтау»

Курс: IV

Уақыты (ұзақтығы) – 1 академиялық сағат

Қарағанды 2010ж.


Курстын әдістемелік мәжілісінде бекітілді

«_____»___________2010ж.

Хаттама №

Жалпы гигиена, экология және

тағам гигиена кафедрасының

меңгерушісім.ғ.д., профессор        Терехин С.П.


Тақырыбы:
Тамақтан улануларды алдын алу.

Мақсаты:Тамақтан уланудын алдын алуының негізгі принциптерін және тұтануларын талдау әдістемесін зерделеу.

Дәрістін жоспары:

  1.  Введение.
  2.  Тамақтан уланудын алдын алуының негізгі принциптері.
  3.  МСЭҚБ дәрігердің тамақтан улану ошағында жұмыс істеу.
  4.  Тамақтан улануды талдаудың негізгі кезендері.
  5.  Тамақтан уланудын тұтануларын талдау актісін құрастыру әдістемесі.
  6.  Қорытынды.

Дәрістін тезистері

Тамақтан уланулар міндетті түрде тексеру ауруларына жатады, яғни тамақтан уланудың әрбір жағдайы мінедетті түрде мұқият санитарлық-эпидемиологиялық тексерілуі қажет. “Тамақтан улану” диагнозды барлық аурулар міндетті түрде МСЭҚБ-ң тағам бөлімінде арнай журналы тіркеледі. Тамақтан улануды санитарлық-эпидемиологялық тексерудің мақсаты оның туындану себептері мен жағдайларын анықтау, осындай сипаттағы аурулардың алдын алу және жою жөнінде ұтымды және тиімді шараларды құрастыру және іске асыру. Тамақтан улануларды тексеру ауру пайда болған ауданын МСЭҚБ күнделікті жүргізілуде. Тамақтан улану темір жол ведомствосына жататын объектілерде болған жағдайда бұл жұмысты торабты және жол санитарлық-эпидемиологиялық бекеттер күнделікті жүргізуде. Бірақ, егер тамақтан уалнгуды тудырған азық-түлік темір жол ведомствосына жатпайтын кәсіпорында дайындалған болса, онда ауруды жою бойынша қажетті шұғыл шараларды ұйымдастыруды және тексеруді темір жол МСЭҚБ аймақтық аудандық МСЭҚБ біріккен күштерімен жүргізеді. Тамақтан улануды тексергенде негізгі жауапты адам болып көбінесе тағам гигиенасы бойынша санитарлық дәрігер немесе санитарлық-эпидемиологиялық бекетінің бас дәрігері саналады, ал ауылдық жерлерде денсаулық сақтау мемелерімен бірігіп жүргізгенде ауданның бас дәрігерінің орынбасары болады. Кәсіпорында ведомствалық қызметкер болған жағдайда, ол тексеруге белсенді түрде араласады. Жаппай тамақпен улануларды анықтау, әсіресе бактериялы негіздегі тамақтан улануды, кейде үлкен қиыншылықтар тудырады. Мұндай кезде тексеруге эпидемиологтар және басқа да мамандандырылған салалық санитарлық дәрігерлер (өнеркәсіп, тұрғын үй жай, балалар мен жасөспірімдер гигиенасы бойынша) қатысады. Кейбір жағдайларды тамақтан улануды тексеру және жою жөніндегі комиссия құрамына әр түрлі саладағы (гигиена, эпидемиология, микробиология) ғылыми зерттеу институттарының мамандары, медицина академиясының кафедралары (тағам гигиенасы, эпидемиология, жұқпалы аурулар, патология) мамандары енуі мүмкін.

Тамақтан улануларды тексеру тәртібі жайлы нұсқауға сәйкес, егер осы мамандар тамақтан улануға күдік білдірсе немесе оны анықтаса олар терапиялық көмек көрсетуден және қажет жағдайда госпиталдандырудан басқа, олар аурудың туындауына себп болған жағдайларға алдын ала тесеріліп жүргізілуге міндетті. Олар күдікті астың (азық-түліктерді) қалдықтарын пайдаланудан міндетті алып, санитарлық-эпидемиологиялық бекетке тез арада, улануды анықтаған сәттен бастап 24 сағатішінде, жедел хабарлама жіберуі керек. Хабарландыру мүмкін болған жағдайда алдын ала тетефанограммамен жіберіліп, одан кейін жазбаша түрде бекітіледі, немесе телеграф арқылы хабарланады.

Тамақтан улану жайлы хабарламада мына жағдайлар көрсетілуі керек:

  1.  тамақтан уланудың болған жері (елді мекен, қалада, аудан)
  2.  тамақтан уланудың пайда болған күні, уақыты
  3.  астың ішілген жері (асхана нөмірі, қандай мекеме, кәсіпорын аталуы, ведомстволық бағыныштылығы)
  4.  зардап шеккендердің саны, госпиталданғандардың саны, 14 жасқа дейінгі балаларды бөлек көрсетуі керек
  5.  сырқаттың клиникалық белгісі және ауырлығы
  6.  қаза болғандардың саны
  7.  күдікті азық-түлік
  8.  тамақтан уланудың туындауына себеп
  9.  қолданылған шаралар
  10.  жіберген адамның қолы, қызметі және жұмыс орны

МСЭҚБ-ға жедел хабарлама жібергеннен және пайдаланудан күдікті ас қалдықтарын алғаннан басқа, емдеуші дәрігер (ортаңғы медицина қызметкері) стерильденген ыдысқа пайдаланудан алынған күдікті астың (азық-түліктің) қалдығынан, сырқаттанғандарды құсық және нәжістерінен, асқазанды шаю суларының алғашқы порцияларынан, гемотұқымға қанмен сынама жинап, МСЭҚБ лабораториясына жіберуге (немесе санитарлық дәрігер келгенше салқын жерде сақтауға) міндетті.

Кейбір жағдайларға, әсіресе жас дәрігерлер науқастар шығарысынан сынамалар алуды қате жүргізетінін айта кету қажет. Мысалы, құсықиар мен шайынды суларды анализге алуды науқастардың асқазанының мырыш қышқылды камеймен басқа да дезинфекциялық заттармен шайғаннан кейін, қан мен нәжісті атибиотиктерді бергеннне кейін жүргізеді.

МСЭҚБ шұғыл хабарлама алғаннан кейін кешікпей, бірден оны тексеруі міндетті. Осы мақсатпен ауру пайда болған жерде тағам гигиенаыс жөніндегі санитарлдық дәрігер немесе сынамалар алу үшін стерильденгенр ыдыстармен, жұғын үшін пробиркалармен, қан алушы инелермен, шприцтармен жабдықталған бригада жіберіледі.

Тамақтан улануға тексеру жүргізуді шартты түрде 5 негізгі сатыға бөлуге болады:

  1.  тамақтан улану диагнозын бекіту
  2.  тамақтан уланудың пайда болу себептерін анықта
  3.  азық-түліктің токсиндік улы қасиеттерді жинақтау механизмін талдап, жіктеу
  4.  пайда болған жаппай тамақтан улануды жою бойынша шұғыл шараларды құрастыру
  5.  тексеру актісін толтыру

Иллюстрациялық материал: слайдтар.

Әдебиет:

  1.  Закон РК «О санитарно-эпидемиологическом благополучии населения». Астана, 2002.
  2.  Национальная программа в области питания Казахстана. Алматы, 1995г.
  3.  Ванханен В.Д. и др. О классификации пищевых отравлений и принципах ее составления//Вопросы питания. 2003, № 6. С. 54-56
  4.  Постовит В.А. «Пищевые токсикоинфекции». М., 1998.
  5.  Карплюк И.А. «Пищевые бактериальные интоксикации и микотоксикозы». М., 1995.
  6.  Гигиенические требования по оценке качества и безопасности продовольственного сырья. СанПиН – 4.01.004 –Алматы, 1997.
  7.  Санитарные правила и нормы для предприятий общепита. СанПиН. 4.01.034. 1997
  8.  Смолянский Б.Л.- Алиментарные заболевания. С.-П., 2005.
  9.  Куценко Г.И., Хромченко О.М.- Основные направления в профилактике пищевых отравлений. М.,2004, 246с.

Бақылау сұрақтары:

  1.  Тамақтан уланудын алдын алуының негізгі принциптерін атаныз.
  2.  Тамақтан улануды талдауы неден басталады?
  3.  Тамақтан улануды талдау актісі қандай бөлімдерден тұрады?




1. СОФИЯ 2000 ОГЛАВЛЕНИЕ Глава 2 Глава 4 Глава 5 Глава 8 Глава 11 Глава 12
2. тематик и духовный учитель Пифагор.
3. детектор Позвольте Вашу профессиограмму
4. Про практичність соціальної психології
5. Задание 1. Ответ с выбором.
6. ВВЕДЕНИЕ Глава первая ОПРЕДЕЛЕНИЕ ЛИДЕРСТВА- ВЛИЯНИЕ Глава вторая КЛЮЧ К ЛИДЕРСТВУ- ПРИОРИТЕТЫ Глава тр
7. . ~ 200 с. ил. 175 ~ 180 Глава 12 АРХИТЕКТУРА КОНЦА ВЕКА Пусть расцветают все цветы
8. Курсовая работа- Анализ динамики и структуры дефицита государственного бюджета Республики Беларусь
9. е. это искусство ведомственное строится на ех принципах на которых держался классицизм
10. Реферат- Мікроструктура зносостійких чавунів для виготовлення промислових мелючих куль
11. для D ist ein Brief f~r Sie
12. . ТЕОРЕТИЧЕСКИЕ ОСНОВЫ ВНЕКЛАССНОЙ РАБОТЫ МЛАДШИХ ШКОЛЬНИКОВ Внеклассная работа как педагогическ.
13. варианты осуществления банковских операций которые бы полностью исключали риск и заранее гарантировали бы
14. за границы и всех ее платежей за границу в течение определенного периода времени
15. Курсовая работа- Перспективы развития природно-ориентированного туризма в Анюйском национальном парке
16. Попурри 2007 336 с
17. Контрольная работа- Синдром дефицита внимания и гиперактивности
18. греческий чай В старинных легендах о шалфее говорилось как о продлевающем жизнь
19. Альтернативные источники электроэнергии
20.  Экономикогеографическая характеристика Китая