У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

~ала экологиясы

Работа добавлена на сайт samzan.net:

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 28.12.2024

9 лекция

Қала экологиясы

1. Қала экосистемасының ерекшелігі 

2. Шу және шаңмен ластану 

3. Қала жасыл желектері мен жануарлары 

4. Қалдық проблемасы. Экологиялық қала

Қала экосистемасының ерекшелігі

Қалалардың саны мен олардың тұрғындарының тез өсуіне байланысты экологиялық жүйеге түсетін ауыртпалық үнемі күшейіп келеді. Латынша «urbs» - «қала» деген сөз ертеден белгілі болғанымен, «урбанизм» немесе «урбанизация» түсінігі соңғы жылдары жиі қолданыла бастады. Урбанизация қазіргі заманның аса маңызды әлеуметтік-экономикалық процестерінің қатарына жатады.

Қалалардың өсуін, елде, аймақтағы, дүние жүзінде қала халқының үлес салмағының артуын, барған сайын қалалардың күрделі желісі мен жүйесінің пайда болуы мен дамуын урбанизация деп атайды. Демек, урбанизация дегеніміз қоғам өмірінде қалалардың рөлін көтеретін тарихи процесс, оны еңбектің сипатына, халықтың өмір салты мен мәдениетіне, өндірістің орналасу ерекшеліктеріне қарай біртіндеп, негізінен қалалық қоғамға айналдыру. Қазіргі урбанизациялаудың бүкіл дүниежүзілік процесс ретінде көпшілік елдерге тән үш ортақ белгісі бар:

Бірінші белгісі - орташа дамыған елдерде қала халқының тез қарқынмен өсуі.

Екінші белгісі – халық пен шаруашылықтың негізінен ірі қалаларда шоғырлануы. Бұл ең алдымен, өндірістің сипатынан, оның ғылыммен, біліммен байланыстарының күрделінуінен туындайды.

Үшінші белгісі – қалалардың «жайылып кетуі», олардың аумағының кеңеюі.

Урбанизация деңгейі жөнінен дүние жүзінің барлық елдерін үлкен топқа бөлуге болады: Жоғары урбанизацияланған елдер(қала халқының үлесі 50% -тен артық), Орташа урбанизацияланған елдер(қала үлесі 20% тен 50% ке дейін), аз урбанизацияланған елдер(қала халқының үлесі 20% тен төмен). Дүние жүзінде 1850 жылы халқының саны милионнан асатын 4 қала болса, 1920 жылы олардың саны 25-ке өсті; 1950 жылы 90-ға, 1960 жылы 140-қа, 1970 жылы 160-қа жетті.

Қалалар бір-біріне қосылып аггломерация құрды. Қала аггломерациясының шектен тыс үлкейуінің, яғни жеке қалалар мен олардың тұрғындарының саны өсіп қана қоймай, қазіргі қалалар бір-бірімен қосылып, аумағы үлкен, халқы аса көп аймақтар пайда болуда. Оларды мегаполис (грекше megas – үлкен, polis – қала) деп атайды. Тарихи (б.э. 44-10 жж.) ең бірінші қала Юлий Цезар кезіндегі Рим, халқының саны млионға жеткен. Қазір әлемдегі ең үлкен қала Мехико, 2000 жылы 31 млн. және Бомбей, Каир. Джакарта, Карачи, Сан-Паула, Калькутта, т.б. бар. Жердің урбанизацияланған территориясының жалпы ауданы 1980 жылы 4,69 млн.2 , ал 2007 жылы 4,69 млн.2, яғни 12,8% алады және тіршілікке қажетті құрлықтың 20% көбін алып жатыр. Болжам бойынша 2030 жылдары әлемнің барлық ауыл тұрғындары қала типінде тұрады (Реймерс, 1990).

Халықтың қалада тұруға ұмтылуы, қаладағы тұрмысты ұнатуы кенттену (урбанизация) процесінің күшеюіне алып келді. Қазақстан Республикасы да дүниежүзілік кенттену әсерінен тысқары қалған жоқ. Әсіресе өнеркәсіп кәсіпорындарын көптеп салу мен тың және тыңайған жерлерді игеру кезінде қала саны, оның ішінде, ірі қала саны тез өсті. Олардың тұрғындары 45 жылда 5 еседен артық өсіп, халықтың басым көпшілігі қалада тұратын болды. Болжам бойынша, қала саны жақын арада көп өзгере қоймайды, ал қаладағы тұрғындар саны көп артуы ықтимал. Қала халқының тығызжығы, әсіресе Алматы, Қарағанды, Шымкент қалаларында 1 км²-ге 200-ден аса адамнан келіп, экологиялық жағдайдың үнемі нашарлануына себеп болуда. Қазақстан Республикасы 2724,9 мың км² аумақты иемденіп жатыр. Қазақстанда 14 облыс, 86 қала (соның ішінде, облыстық маңызы бар 39 қала, аудандық маңызы бар 45 қала), 181 кент, 168 ауыл шаруашылығы ауданы бар. Қазіргі өнеркәсіп көп орналасқан қалалар өте күрделі әлеуметтік-экономикалық және экологиялық жүйе болып саналады. Оларда өндірістік және өндірістік емес салалардың, көліктің, тұрмыстың, мәдениеттің тұтас организмі тығыз байланысқан.

Қалаларда, бірінші кезекте қоғамның, сонымен қоса, әлеуметтік және табиғи (биологиялық) ресурстың басты рөлі ретінде тікелей адам проблемасы қойылады. Сондықтан, мұнда экологиялық функция, ең әуелі, әлеуметтік тұрғыда және олардың өмір сүруін қамтамасыз етуде әрі қала ортасының дамуына орай өркендетуге бағытталады.

Тыныс-тіршіліктің әлеуметтік бағытына, әсіресе Бүкіл дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (БДҰ) жарғысына сәйкес, қалада адамдардың денсаулығына, олардың рухани өсуіне, мәдениетті демалуына зор көңіл бөлінеді. Ол үшін қаладағы қоршаған ортаның тазалығы үнемі басты назарда болады.

Реймерстің  анықтамасымен “урбасистема – архитекті-құрылыс оъектілері және табиғи экосистемасы жедел бұзылған тұрақсыз табиғи антропогенді жүйе”.  Қала өскен сайын оның функциональды зоналары - өнеркәсіптік, селитептік, жасылжелекті қалыптаса бастайды. Өнеркәсіп зоналары - бұл өнеркәсіп объектілері жинақталған территориалар (металлургиялық, химиялық, машина жасайтын, электрондық т.б.). Бұл қоршаған ортаны ластайтын негізгі көздер. Селитебті зоналар – бұл тұрғын үйлер, әкімшілік орындар, мәдени орталықтар, білім беру орталықтары шоғырланған орындар. Жасылжелекті – адам қолымен жасалған,жаппай дем алауға, спортпен шұғылдануға және көңіл көтеруге бағытталған қала айналасындағы жасыл зоналар. Бұл орындарды рекреационды зоналар деп атайды. Табиғи ормандар мен парктерге қарағанда мәдинеттенген қала парктерінде өзін-өзі реттеу және өзін-өзі ұстап тұру системасы болмайды. Урбанизация процесінің тереңдеуі қаланың инфрақұрлымын қиындатады. Ауқымды орынды көлік және көлік құрлымдары (көлік жолдары, автотұрақ, темір жол инфрақұрлымы, метрополитен, аэропорт, т.б.). Қатнас көлік жүйелері бүкіл қаланың функционалдық зоналарын қиып өтіп, қаланың қоршаған ортасына әсер етеді.

Осындай жағдайларда адамзатты қоршап тұрған орта – бұл адамзатқа және оның шаруашылығына бірге және тікелей әсер ететін абиотикалық және әлеуметтік ортаның жиынтығы.  Н.Ф.Реймерес бойынша оны өзінің табиғи ортасы және адамның іс-әрекеті өзгерткен табиғи орта (антропогенді ландшафтан адамды қоршаған жасанды – асфальтты жол, ғимарат, жасанды жарық т.б., жасанды ортаға дейін). Тұтас алып қарасақ, қала және қала типтес ауылдар ортасы – техносфера бөлігі, яғни тамырымен адам өзгерткен техногенді объект. Сонымен бірге, тек жер

Техникалық жүйенің сыртқы ортамен әсерлесуі

ТС – техникалық жүйе, ТТЖ - табиғи техникалық жүйе, ӘЕЗ – әсер ету зонасы (техникалық жүйенің геологиялық ортаға әсері). (В.А.Королев, 1995)

Түсті ландшафтарына ғана емес, литосфераның жоғарғы қабатына – геологиялық ортаға да (тау жыныстары, жерасты сулар т.б.) адамның шаруашылық әрекеті әсер етіп жатыр (Е.М. Сергеев, 1979). Қала территориясындағы, урбожүйедегі барлық проблемаларды көрсететіп тұрған қоршаған ортамен әсерлесетін ғимараттармен құрлымдар - табиғи техникалық жүйе деп аталады (Трофимов, Епишин, 1985).  (Сурет алдыңғы бетте.)

Сонымен, урбожүйе – бұл  халықтың, тұрғын  және өнеркәсіп ғимараттарының, құрлымдарының жиынтығы.   Урбажүйе ортасының геологиялық, географиялық бөліктері жасандыға айналған, табиғи ресурстарды пайдалану және оның айналым мәселесі жоғары, қоршаған ортаның ластануы және оны тазарту  мәселесі бар, шаруашылық-өнеркәсіп циклы табиғи экожүйенің зат алмасу, энергия ағымынан  бөлініп қалған.   

Урбажүйедегі халықтың тығыздығы және жасанды орта  халық денсаулығына, адамзаттың тірі қалуына өте қауіпті. Адам денсаулуғы – сол ортаның сапалық индикаторы. 

Шумен  ластану

Дыбыс немесе шу адамдардың көптен бергi тұрақты серiгi, ол болмай қалғанда тірі жан алаңдап, көңiлсiз жүредi. Жапырақтың жеңiл сыбдыры, бiр қалыпты жаңбыр тамшылары, теңiз суының жағаға соққан гүрiлi, жақсы саз бен ән, т.б. дыбыстар көңілді жайлап, тыныштық әкелсе; ұшақ қозғағыштың  даусынан жүргiзушiлер олардың қалыпты жұмыс істейтiнінен хабардар болса; сүңгуiр қайықтар мен кемелердiң дыбысынан олардың тұрған орнын тез табуға болады. Радио және есептеу техникасында, радиоастрономияда, медицинада т.б. техника мен ғылым салаларында дыбыс үлкен роль атқарады. 

 Дыбыстың зиянды жақтары да бар. Шудың әсері – қоршаған табиғи ортаға жағымсыз физикалық әсердің бір формасы. Қатты дыбыстар жұмыс жасауға, ойлауға, демалуға кеселiн тигiзедi. Шуды экологиялық тұрғыдан қарасақ,   жоғарғы деңгейдегі шу жағымсыз әсер ғана емес, сонымен бірге адамға ірі физиологиялық өзгерістерде әкеледі. Әлемнің дамыған елдерінің урбанизацияланған аймақтарында шумның әсерінен миллиондаған адмдар зардап шегіп отыр. Барлық шудың 80% жуығы автомашиналардан тарайды. Қалалар мен өндiрiс орталықтарында мәшинелер мен жабдықтардың саны өсіп, мөлшерi үлкеюiне байланысты қоршаған ортада дыбыс көп тарап жағымсыз факторлардың бiрiне айналды. 1968 жылы қала турғындарының 23 %, дыбыстың өсуiне наразылық бiлдiрсе, 1981 жылы олардың саны 50%а жеттi. Соңғы 20 жылда үлкен қаладағы дыбыс қуаты 10 -15 есе көбейдi.

Адамдардың құлағы жиiлiгi 16 гц пен 20000 гц аралығындағы механикалық тербелiмдер дыбысын естiп, одан төменгi және жоғарғы тербелiмдегi дыбыстарды естiмейдi. 16 гц-тен төмен – инфрадыбыс, 20000 Гц жоғары – ультрадыбыс және  1.109 – гипердыбыс деп атайды.

 Ең жоғарғы дыбысты өлеу бірлігі 0,1 логарифм, яғни сол мезгілдегі дыбыс күшінің есту табалдырығына (адам құлағының қабылдайтын дыбысы) қатынасы децибел (дБ) деп атйды. Адамдар үшін есту диапазоны 0-ден 170 дБ. Әр адамға шудың әсері әр түрлі. Оладамдардың жасына, денсаулығына, қоршаған ортаға байланысты болады.

Табиғи дыбыстар адамның эколгиялық жағымдылығына әсер етпейді. Шудың антропогендік көздері, жағымсыз дыбыстар – адамның белсенділігін, ойлау, жұмыс істеу қабілетін  төмендетеді және адамдарда жайсыз өзгерістер пайда болып, зат алмасу процессі, рухани күйі, ішкі сезімі нашарлайды. Көздің көруі, құлақтың естуі нашарлап, қан қысымы көбейіп, жұмысқа, оқуға, үйренуге ұқыптылық азаяды. Көптеген зерттеулер нәтижесінде адамдар үшін ең қолайлы дыбыс 40дба, қолайсыз – 80, қауіпті – 120 дба-ге дейін. Онан жоғары болса – ол ауыртатын түйсік табалдырығы болып саналады. Шу адамдар мен жануарларға ғана қауіпті және қолайсыз емес, ол өсімдіктерге де зиянды. Дыбыс көп жерде өсімдіктің гүл шашу мерзімі екі есе ұзарып, оның күші 100дба жеткенде, 10 күннен кейін солып қалады. Қала тұрғындарының есту мүшелері үнемі қорланып жұмыс істеуіне байланысты, олардың есту табалдырығы 10-25 дба жоғары болады. Кейіннен есту нашарлап, алдымен қаттылығы жоғары, соңынан төмен дыбыстарды естімей қалады. Үнемі жоғары қаттылықты дыбыстар әуелі құлақта ызың болып, кейін бас айналып, шаршап жүйке жүдеп, жүрек соғысы, қан айналымы бұзылып, асқазанда жара пайда болуына әкеліп соғуы мүмкін.

 Шу әсіресе жасы ұлғайған кісілерге көп әсер етеді. Шудың әсері туралы сұрау салғанда 27 жасқа дейінгілердің 48,3 пайызы, 30 жасқа дейінгілердің 57 пайызы, 58 жасқа дейінгілірдің 62,4 пайызы, 58 жастан асқандардың 72 пайызы өздеріне шудың қолайсыз екенін айтқан. Ой еңбегімен айналысқандар жұмысшылар мен шаруаларға қарағанда шуға төзімсіздеу келеді.

Атақты Н.М.Сеченев пен Н.П.Павловтың зерттеулері өте қатты шу ми қабығына жетіп, оның клеткаларын қайта-қайта қоздырып, мерзімінен бұрын істен шығатынын көрсетті. Жүйке клеткаларының да қабілеті бұзылып, шеттен келген дыбыстарға келген дыбыстарға әсерленуі өзгереді. Кейде өте қатты шуға шыдап, көңіл аудармаса, тым төмен дыбыстардан тітіркеніп, кеюшілік білдіре бастайды.

 Шу жүрек пен қан тамыры жүйесіне де әсер етеді. Осындай жағдайда электрокордиаграмма жасағанда жүрек соғуы төмендеп, тербелім шег  кішірейгенін көреміз. Үздіксіз қатты дыбыстар адамдардың қолы мен аяғындағы қан тамырларын тарылтып, қанның миға, бұлшық еттерге көп келуіне себеп болады. Сілекей, қалқанша және асқазан асты бездерінің қызметі бұзылып, денеге қажетті заттар (секреция) бөлмейді.

кішірейгенін көреміз. Үздіксіз қатты дыбыстар адамдардың қолы мен аяғындағы қан тамырларын тарылтып, қанның миға, бұлшық еттерге көп келуіне себеп болады. Сілекей, қалқанша және асқазан асты бездерінің қызметі бұзылып, денеге қажетті заттар (секреция) бөлмейді.

Шаңмен ластану

Шаң – адам өміріне әсер ететін өте қауіпті фактор. Шаңның пайда болуына әсер ететін негізгі көздер- материалдарды ұнтақтап өңдегенде және оны тасмалдағанда өтетін технологиялық процестер және өнеркәсіп жабдықтары. Шаң ең алдымен өкпенің кәсіптік ауруларына, яғни әртүрлі пневмокониозға (грек тілінде pmeumon - өкпе, konia - шаң) әкеледі. Пневмокониоздың негізгі түрлері: селикоз, силикатозы, антрокоз, өзге де пневмокониоздар (албминоз, апатитоз және т.б.).

Шаңан болатын кейбір ауруларға қысқаша сипаттама.  

1. Силикоз – құрамында кремнийдің еркін оксиді болатын, шаң-тозаңды жұту нәрижесінде дамитын пневмокониоздар.
2. Селикатоз – асбест, тальк, нафталин секілді силикаттар шаңдарын жұту нәтижесінде дамитын пневмокониоздар. Силикатоздардың клиникалық симтомдарын, олардың демігу, жөтел, кеуде бөлігінің ауруы, жалпы әлсіздіктен көреміз.

3. Асбестоз – силикатоздың ішінде ең қиын өтетін түрі.  Ауру ерекше ауыр жағдайда, оның кеудесі шаншиды, өте күшті жөтел, басы айналады, жалпы әлсіздік. Беті және ерні көгеріп жер түстес болады.

Қала жасыл желектері мен жануарлары

Қазіргі қала экологиясының негізгі мақсаттарының бірі – жасыл өсімдіктердің ауқымын үлкейту болып табылады. Қаладағы жасыл өсімдіктердің басты функциялары мыналар – санитарлы гигиеналық, рекреакциялық (демалыс орындары) және құрылымды-жоспарлы функциялар. Ал басты элементтері болып парктер, бақтар, абаттанған жағалаулар, бульварлар, сондай-ақ тұрғын және өнеркәсіптік аудандардың территориялары мен мектеп пен балабақшалар аумағы жатады.

Қаланы көгалдандыруда басты ролді қала маңындағы ормандар мен орманды парктер атқарады. Олар тұрғындарға қолайлы жағдай туғызатын ауа бассейнінің санитарлы жағдайы мен қала микроклиматын жақсартады. Жасыл түс адамның психикалық қалпына да жағымды әсер етеді. Сондықтан қаладағы әр үйдің ауласын, бос жерлерді көгалдандырудың еш зияны жоқ. Урбоэкосистема шарттарын бақылауда ұстауда “жасыл кілем” – газондардың да орны ерекше. Олар тығыз әрі аласа, климаттық жағдайды аса қажет ете бермейді, сондай-ақ тапталғанға төзімді болады. Газонның ең жақсы түрлері – қызыл овсяница мен көпжылдық райграс.

Қалдық проблемасы.

Экологиялық қала

Халықаралық табиғатты қорғау ұйымының мәліметтеріне сүйенсек планетамыздың әр тұрғыны орта есеппен жылына 1.2 тонна қоқыс тастайды екен. Қоқыстың көбеюінің басты себептерін былай көрсетуге болады:
    1. Бір рет қолдануға жарайтын тұтыну тауарларының көптеп шығарылуы. 2. Тауарлар қабықтарының көбеюі. 3. Өмір сүру жағдайының жақсаруы (ескірген заттарды жұмыс жасап тұрғанына қарамастан жаңасымен ауыстыруы). Шектеулерге қарамастан қоқыстар мүлде тиісті емес жерлерде шашылып жатыр. Мұндай жерлерден жел жеңіл қалдықтарды жан-жаққа таратады. Ал қалдықтардың таралуынан пайда болған заттар атмосфераны ластауға өзәсерін тигізеді.
Зауыттардан шыққан түтінмен ілескен қышқылды қалдықтармен араласып үлгірген жаңбыр cуы жердегі түрлі улы заттарды ағызып әкетіп, ашық су қоймалары мен грунт суларын ластайды және ондағы тірі ағзалар, яғни балықтар мен балдырлардың тіршілігін жояды. Қазіргі уақытта тұрмыстық қалдықтарды қоршаған ортаға залалын тигізбей жоюдың үш түрібелгілі:
  1) Арнайы жабдықталған қоқыс төгетін орындар (бұларды құрғанда экологиялық, гидрологиялық және геологиялық ережелерді ескеру керек. Мысалы, жел ағымы мен бағыты, елді-мекеннен арақашықтығы, ұзақ мерзім бойы қабылдай алатындай көлемі және транспорт қатынасына қолайлыболуыкерек).
  2) Қоқыстарды компостиризациялау (Тұрмыстық  қалдықтарды су тазарту орындарынан тазарту барысында шыққан қалдықтармен қосып қайта өңдеу. Бұлар араласып ауыл шаруашылығында тыңайтқыш ретінде қолданылатын-компостты өндіріп шығарады).
  3) Қоқыс өңдейтін зауыттарда утилизация жүргізу (немесе ликвидациялау. Қосалқы ресурстар ретінде қолданылатын қатты қалдықтар, үлкен экологиялық эффект береді. Сондықтан өндірісте макулатурадан қағаз бен картон жасау табиғи ресурстарды үнемдеп пайдалануға мүмкіндік береді.)

     Өндіріс және түрмыс қалдықтарын залалсыздандыру халықаралық проблема. Ец бастысы зиянды заггарды пайдалы заттарға айналдыру. Ол үшіп үлкен қалаларда қалдықтарды өндейтін зауыт салынуы керек. Алғашқы осындай зауыт 1981 жылы ГФР-де ашылған. Оның қуаттылығы –тәуілігіне  300 т, ал жылына 75 мың т қоқыс өңдейді.

Қазір Ұлыбритания, АҚШ, Жапония, Швеция, т.б. өндіріс калдықты өңцеудің жетілдірілген технологиясы қолданылады. Қазақстанда қалдықтарды өңдеу проблемасы әлі шешілмей келеді. Көптеген қалаларымыз (Қарағанды, Екібастүз, Рудный, Жезқазған, Риддер, т.б.) өнеркәсіп шоғырланған жерлерге салынған. Өнеркәсіп калдықтары тау-тау болып үйіліп жатады. Оны өндеу баяу жургізілуде. Осының бәрі желмен, сумен, ауаға, топыраққа тарап, коршаған ортаны ластап жатыр.

1994 жылғы мәлімет бойынша Қазақстанда жинақталған қалдықтар 20 млрд. тоннадан асып кеткен. Оның үстіне жыл сайын шамамен өнеркәсіптерден  млрд. қалдық шығарылса, тұрмыстык қалдықтар 14 млн. тоннаны құрайды. Қалдықтардың ішінде ең улысы түсті метеллургия кәсіпорындарынан бөлінеді, Олардың көлемі республика жерінде 54 млн. т деп есептелінеді.

 Қалдықтарды өңдеу Қазақстан бойынша Алматы қаласында ғана жүзеге асырылуда. Республикада өнсркәсіп, түрмыстық және басқа да қалдықтарды есепке алу, оларды залалсыздандыру мен көму шаралары өте нашар дамығаы. Оның үстінс мүндай қалдықтар ешқандай қоршаусыз ашық аспан астында жатыр. Республика жерінд соғыс полигондары болған аумақтар 30 млн. гектардан асады. Мұндағы соғыс техникасының қалдықтары, ракета сынықгары, бақылау объектілері ешбір көмусіз шашылып жатыр.

Олар негізінен - Семей, Нарын, Азғыр, Тайсонгаи, Байқоңыр гарыіп айлағы, Сарышаған сынақ полигондары. Шағын қалалар, поселкелер, ауылдар маңында шоғырланған өндірістік және тұрмыстық қалдықтар да жеткілікті. Одардың көбі сол маңдағы көл, өзен және шұцқырларға шығарылады. Ал оның одан ары айналымға түсіп, екінші бір елді мекенге тигізетін зардабы есепке алынбайды. Қалдықтардың ішінде прлактикалық заттар мен пластмасса бұйымдарын жою өте қиын. Ал оларды жағу ауаға зиянды көміртек оксидтерін көптеп шығарады.

Өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды жою өркениетті дамыған елдерде жақсы жолға қойылған. Мысалы, Жапонияда қалдықтарды өңдеудің бірнеше сатылы жүйесі бойынша жұмыс істейтін заттар бар. Олар қалдықсыз немесе аз қалдықты технологиямен жұмыс істейді.

Экологиялық сөздік: урбанизация, урбожүйе, қалалық орта, мегаполис, шулы ластану, шаңмен ластану, қаланың жасыл желектері, интродукция, синантропты түрлер, қалдықтар проблемасы, қоқыстарды компостирлеу, экореконструкция, экорестоврация. 

Әңгімелесуге арналған сұрақтар: 

1. Урбанизация дегеніміз не? Урбанизация қала экожүйесіне қалай әсер етеді?

2. Шуға қоршаған ортаның физикалық факторы ретінде сипаттама беріңіз.

3. Шаңмен ластанудың ерекшелігі неде, пневмокониоздың қандай негізгі түрлерін білесіз?

4. Қала жасыл желектерінің негізгі атқаратын  ролі?

5. Қалдықтар проблемасының негізгі туындау себебін айтыңыз.




1. Банк аргументов из художественной и публицистической литературы Человек и
2. реферату- Пенсійні вклади та їх сучасна специфікаРозділ- Банківська справа Пенсійні вклади та їх сучасна сп
3. Химический состав куриного мяса Куриные грудки или как их еще называют куриное филе очень полез
4. тематики посвященный анализу экономической информации d наука которая осуществляет качественный анализ
5. батькові залікової книжки Белінс.
6. Аудит организационной культуры
7. Оценка эффективности мероприятий по стимулированию сбыта
8. вступает в несколько видов коммуникационных отношений затрагивающих как профессиональную так и стороннюю
9. Тема- социологическое учение Огюста Конта Биография Огюста Конта Теоретические истоки концепции Ог
10. ЗападноУральский институт экономики и права НОУ ВПО ЗУИЭП Информационное письм
11. на тему- Договір купівліпродажу як підстава виникнення права власності на нерухомість
12. Лекція 3 Чинники розвитку туризму
13. Е.О.Дідоренка від від.
14. History of the U
15. руб. п
16. Контрольная работа- Культурна проблематика на регіональних ЗМІ
17. Деловое общение понятие структура цели и функции
18. Законам XXII таблиц отец имел право лишить жизни сынамладенца продать взрослого сына т
19. Задание 1 20689 Определить цену деления мензурки и объем налитой жидкости
20. Розробка корисних копалин