Поможем написать учебную работу
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
«Саясаттану» - саясат жайлы ғылым. Бұл термин гректің екі сөзінін құралған:
«Политика» және «Логос», яғни саясат жайлы ғылым.
Біздің осы күнгі өмірімізде адамдар саясаттан тыс тұра алмайтын дәрәжеге жетті. Адам саясатпен айналысқысы келмеген күннің өзінде де саясаттың өзі адамның іс-әрекетіне араласатын болды. Сондықтан да адам саясаттан тысқары қала алмайды. Осы жағдайда жұрттың көбі-ақ саясатты толық және терең білеміз деуі мүмкін. Себебі әр адам өз өмірінде саясаттың әр түрлі саласымен кездесіп, тәжірибе жинақтайды, тұрмыстың сан алуан ащылы-тұщылы жайларын басынан өткізеді. Бірақ солай бола тұрса да, екінің бірі саясатты жетік біле алмақ емес. Сондықтан саясатқа ғылыми көзқарас керек.
В. Даль шығарған орыс тілінің түсіндірме сөздігінде «саясат» сөзінің мәнін былайша түсіндіреді: 1) мемлекеттік басқару ғылымы; 2) патша ағзамның көпшілікке белгісіз ойы мен мақсатының және іс-қимылының бейнеленуі.
Саясаттану- бұл өз алдына дербес ғылым. Оның объектісін- қоғамның саяси саласы және ондағы саяси құбылыстар мен процестер. Қоғамның саяси саласын саясаттану ғана зерттемейді. Онымен философия да, социология да, право да, тарих және т.б. ғылымдар да айналысады. Сондықтан саясат теориясына жататын ғылымдар саласы мынадай: саяси тарих- саяси жүйенің өткенін зерттейді, саяси ой- тарихтаға атақты ойшылдардың саясат жөнінде, саясаттану жүйесі жөніндегі идеяларын, концепцияларын зерттеуі, саяси философия- философиялық тәсілдерді мемлекет тұрғысынан, саяси өмірді басқару түрлерін зерттеуге пайдалану, саяси социология- саясаттың қоғам өміріне ықпалын, саясатпен қоғамдағы саяси институттардың ара қатынасын зерттеу. Міне,аталған ғылымдардың әрқайсысының өзінше ерекше таным салалары мен толық зерттелетін ғылым саласы саясаттану болса керек. Саясаттанудың ерекшелігі саяси құбылыстардың ішкі сырын, логикасын өмірге керектігін, заңдылықтарын айқындап беретіндігінде.
Сонымен саясат дегеніміз- өздерінің мүддесін жүзеге асыруға, қорғауға және саяси билікті қолына алуға, оны пайдалануға байланысты мемлекеттер, таптар, ұлттар, адамдардың үлкен топтарының арасындағы қатынастар болып шығады. Сонымен бірге саясат- мемлекет істері, оның қызметінің формалары,міндеттері мен мазмұны. Саясат- тарихи мағанада әкімдердің және оның маңындағылардың ісі, ойы, мақсаты, саясат кәдімгі ұғыныста адамдардың арасындағы қатынастарда күнделікті жүргізілетін жұмыс. Саясат- мемлекеттік немесе қоғамдық өмірдің мәселелері мен ағымдағы істердің жиынтығы.
Саясат субъектілері болып мыналар табылады:
1. Жеке адам, индивид. Саясат субъектісі ретінде көріну үшін индивид әлеуметтік белсенділік пен бостандық сияқты тұлғалық қасиеттерге ие болуы шарт және осы қасиеттер индивидке өз субъектілігін танытуға мүмкіндік береді. Индивид әлеуметтік белсенділігінің арқасында өз мүдделерін айқындап, оларды саяси сфераға бағыттайды, яғни саяси белсенді субъектіге айналады, ал бостандығы оның әрекетіне дербестік береді.
2. Әлеуметтік топтар адамдардың ассоциативті қоғамдастықтары, саяси қатынастардың ең тиімді әрекет етуші субъектісі. Әлеуметтік топтар көлеміне қарай (кіші, орташа, үлкен), ассоциациялардың тұрақтылығы мен ұзақтылығы, ТОП элементтері арасындағы байланыстың қарқындылығы мен әлсіздігі, ұйымдық құрылымы және т.б ерекшеліктері бойынша ажыратылады. Әлеуметтік топтарға мыналарды жатқызуға болады: таптар; дәрежелік, жыныстық және жас ерекшеліктік, этникалық, кәсіби және басқа топтар; мүдде бірлігіне байланысты пайда болатын тұрақты және уақытша ассоциациялар. Бірақ әлеуметтік топтар біршама аморфты құрылым. Ұйым оның әрекетіне бірізділік пен тиімділік береді және осының арқасында әлеуметтік топ саясаттың субъектісіне айналады.
3. Мемлекеттік билік. Қоғам, мемлекет қалыптастырған басқару органы саясаттың ең әрекетшіл субъектісі. Мемлекеттік билік мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын, әлеуметтік басымдылығын айқындап, ресурстарды бөліп, әлеуметтік өмірдің негізгі аспектілерін бақылайды. Осы негізде ол адамзаттың қоғамдық өмірінің нормаларын жасақтап, оны адамдар өміріне ендіреді және оның орындалуын бақылай отырып осы істерге қажетті мәжбүр ету функциясына иелік етеді. Өз мүдделерінің үстемдігін қамтамасыз ету үшін саяси қатынастардың субъектілеріне мемлекеттік биліктің қалыптасуы мен қызметіне ықпал тигізу өте маңызды. Саясат субъектілерінің мемлекеттік билікке өз ықпалын тигізуге талаптануы саясаттың мәнді аспектісі.
4. Саяси элита. Бұл қоғамның ең саяси белсенді бөлігі. Оған саясатқа және саяси қызметке өздерін кәсіби түрде бағыштаған және осы іске өз күш-жігері мен уақытының басым бөлігін жұмсайтын адамдар кіреді. Әлеуметтік саяси элита біртекті емес, оған әр түрлі әлеуметтік топтардың әлеуметтік белсенді өкілдері кіреді. Бұқарадан саяси элитаны өте жоғары әлеуметтік және саяси белсенділігі, саяси іс-әрекетте пайдаланылатын форма, әдістер, құралдардың барлық ресурстарын қолдану арқылы саяси мәдениетті мазмұнды түрде игеруге талаптануы ерекшелеп тұрады. Мемлекеттік билік, оның саясаты, оны іске асырудағы жетістіктер мен сәтсіздіктер қоғамдағы саяси элиталардың күрес объектісі. Бұқарамен байланыс, оның саяси сезіміне көңіл бөлу, әлеуметтік жүріс-тұрысқа әсер ету міне бұның бәрі саяси элитаның билік жолындағы күресінің құралдары болып табылады.
Саясат субъектісі ретінде мемлекет (сыртқы саясат шеңберінде, сондай-ақ әлеуметтік өмірдің қандай да болмасын түбірлі бағдарламаларын шешуде және іске асыруда); өздерінің жеке және аймақтық мүдделерін қорғайтын мемлекеттің құрамдас бөліктері; мемлекеттік биліктің құрамы мен саясатын өзгерту мақсатында оған ықпал ететін саяси партиялар және бірінші кезекке қандай да болмасын өзекті, өмірлік маңызды мәселені қойып, билікке бұқаралық қысым жасауды ұйымдастыратын қоғамдық-саяси қозғалыстар да көрінеді. Соңдықтан да саясат көп түрлі субъектілер әлемі.
Саясаттану екі сипатта қарастырылады: ғылым және оқу пәні ретінде. Саясаттану ғылым ретінде қоғамның саяси саласын, саяси ойдың пайда болуы мен дамуын, саяси жүйе, саяси қатынастар мен үрдістер, саяси сана мен саяси мәдениет, халықаралық саяси үрдісті зерттейді.
Саясаттану пән ретінде оқушыларға саяси мәселелер бойынша нақты білім жүйесін береді, нақты саяси шындықтың мәні мен болашақта дамуын, негізгі саяси институттар, ұйымдар, қозғалыстар мен үрдістер, саяси қатынастар жүйесіндегі жеке тұлғаның құқықтық жағдайы мен оның саяси өмірге қатысу жолдарын жан-жақты ашып көрсетеді. Саясаттану пән ретінде посткеңестік кеңістікте XX ғ. 90 ж. бастап оқу бағдарламаларына енгізілді. Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында Саясаттану міндетті пән ретінде оқытылады.
Саясаттану ғылым ретінде жалпы ғылыми әдістердің белгілі бір қорын пайдаланады. Саясаттану пәнін зерттеу барысындағы олардың қажеттілігі саясаттанудың ғылым ретіндегі пәні мен әдістерінің өзара тығыз байланыста. Ғылыми зерттеудің қандай да бір әдістері мен құралдарының басымдылығы саясаттанудың ғылым ретіндегі пәнінің өзіндік ерекшеліктерне байланысты.Саясаттану қоғамның саяси сферасындағы институттарды, саяси қатынастар субъектілерінің саяси іс-әрекетін зерттеумен айналысуға, осы іс-әрекеттің ұйымдасуының, әдістерінің, құралдарының формаларын сараптауға, оның нәтижелерін бағалауға міндетті.
Саясаттанудың алдында тұрған осы міндеттер жүйесі саясат методологиясы мен теориясы, саяси инситуттар мен саяси қатынастар субъектілерінің саяси іс-әрекетін зерттеу тәрізді бір құрылымдық элементтерді бөліп көрсетуге мүмкіндік береді. Олар да өз кезегінде саясаттану әдістерінің әрқилылығын анықтайды:
Батыстық саясаттанушылардың көзқарасы бойынша, саяси оқиғалардың мінез-құлық арқылы зерттеу тәсілі арқылы саяси өмірдің кез келген күрделі құбылысының бастасмасы болып табылатын индевидтердің мінез-құлықтық реакциясын жалпылауға, жіктеуге, санмен өлшеуге олардың қарқындылық шиеленісу дәрежесін анықтауға болады. Бихевиористік әдісті саяси болжамдарда қоғамдық көзқарастар байқап білуде кең пайдалануға болады.
Саясаттанудың ғылыми ретінде функциялары саяси шынайылықтың қоғам өміріндегі алатын орнымен және маңызымен, саяси білімдер жүйесінің рационалды табиғатымен жене қоғамның практикалық қажеттіліктерімен анықталынады. Осыдан келіп саясаттанудың келесі функцияларын бөліп көрсетуге болады:
Ситуативтік саяси ақиқат үшін нақтылы жоғарғы дәрежесінің тән болуынан және саяси проблемалардың шешімінің алдын ала берілмейтіндігінен көрінеді. Сондықтан да, жалаң пікірлерді басшылыққа алуға болмайда, керісінше дәл осы зерттелініп отырған жағдайларды, оның мазмұнын бар байлығымен ашу қажет. Субъективтік саяси оқиғалардың сакяси қатынастар субъектісінің шығармашылық әлеуметіне, оның саяси мәденитті игеруіне, оның еркіне, мақсатқа ұмтылысына, саяси интуициясына, шынайылықты сезінуіне тәуелділігін бейнелейді.
Парадигма- қазіргі таңдағы ғылым методологиясындағы негізгі ұғымдардың бірі. Ол білімнің қандай да бір саласының ғылыми пайымдалуының даму сатысын белгілейді және оларға тән ерекшелігін көрсетеді, білім дамуының сатысындағы ғылыми бейнелеудің объектісін зерттеу әдістемесінің өзіндік сипатын анықтайды.
Өте тар мағынада, парадигма- ғылыми проблемалар мен оны зерттеу мәселесінің қойылуы мен қалыптасуының логикасының моделі.
Парадигмалар саяси ойлардың тарихында мейлінше көрнекті түрде жүзеге асатындықтан және өз уақытына сай саяси мәдениетті жасағандықтан ғылымдар саяси ойлардың теологиялық, натуралистік, рационалды-сыни парадигмалық сипаттарын бөліп көрсетеді.
Теологиялық парадигма-(гр. Тео-құдай, logos-ілім) саясаттың және оның проблемеларының табиғаттан тыс ұғымдармен түсіндірілуін қарастырады. Биліктің пайда болуын, билік өкілеттіктердің мәні туралы, биліктің өз іс-әрекетінде жүзеге асыратын заңдары туралы, адамның билікке және биліктің адамға қатынасы туралы мәселелерді діни ілімінің белгілі бір догматтық құрылысы арқылы шешеді. Адамға саясат әлемін, саяси қатынастарды түсіндіретін діни пайымдар құдай берген деп қабылданады. Осы ретте теологиялық парадигма адамдардың жердегі өмірінің жетілмегендігін, оны жақсарту қажеттілігін ескереді. Бұған жетудің негізгі жолы-құдай жазып қойған тағдырға сену. Теологиялық парадигманың дамуының бастапқы кезеңдерінде мифологиялық көрнекі орын алады, өйткені мифтер көптеген халықтардың өмірінде әр түрлі дәрежеде өз уақытының саяси проблемаларының көрінісі ретінде қызмет етеді.
Теологиялық парадигма өзінің ортақ белгілерін сақтағанымен, әрбір әлеуметтік-мәдени ортада өке түсіп отырады және тиісті өмірлік мазмұнға ие. Сондықтан да, теологиялық парадигма таза абстрактілі, догматтық, мифологиялық көзбояушылық емес, ол сондай-ақ өз уақытының саяси сұрауына жауап беруге ұмтылады.
Теологиялық парадигма, саяси өмірдің маңызды құбылысы ретінде билік үшін күрестен шет қалмайды, ол бұл күресті бейнелеп, идеологиялық тұрғыда негіздейді. Ол өзінің идеялық формасы жағынан схоластикалық, догматталған жүйе болса да, шынайы өмірдің өзінің саяси проблемаларымен осы жүйеге еніп кетті, себебі ұлы теологтарға өз туақытының өзекті саяси сұрақтарына жауап беру қажет болды. Теологиялық парадигма жанартушылық, тіпті модернистік тенденциялар да жат емес саяси мәдениеттің қабатын жасады. Сондықтан да, оны осы себептен шығарып тастауға болмайды.
Натуралистік парадигма- мемлекет пен биліктің шығу тегінің табиғилығын, олардың пайда болуы мен қызмет етуінің табиғи қажеттілігін негізге алды.
Бұл жағдайда ең басты себеп ретінде адамдардың бірлесіп өмір сүруінің нәтижесінде пайда болған әлеуметтік факторлар емес, керісінше адамның биологиялық, псхихофизиологиялық құрылымы мен сондай-ақ қоршаған табиғи ортамен анықталатын табиғи фактор алдыңғы орынға қойылады.Саяси ойлар тарихында натуралистік парадигма негізінде әрқилы тектегі геосаяси, биосаяси, психолозаторлық концепциялар пайда болып отырады.
Геосаяси идеялар әр түрлі географиялық ортада өмір сүретін мемлекеттік құрылымдарды, халықтардың саяси өмірін салыстыру негізінде пайда болды. Географиялық фактор ретінде климат, жергілікті жердің рельфі, адамдар қауымдастығының өмір сүру ортасы, су бассейнінің болуы сияқты аймақтық ерекшеліктер ұсынылды.
Натуралистік парадигма сонымен бірге, саясаттың, саяси мінез-құлықтың, саяси құрылымдардың шығу көздерін адамзаттың биологиялық табиғатынан іздеуге талпынатын әр түрлі биосаяси доктриналарда қолданылады. Биосаясат адамның инстинктік, генетикалық, туа біткен табиғи қасиеттері оның саяси мінез-құлқының, сондай-ақ қоғамдық өмірдің саяси құрылысының ерекшеліктерін анықтауда шешуші рөл атқарылуы ескеріледі.
Саяси ғылым индивидуумның не әлеуметтік топтардың саяси оқиғаларға қатынастағы психологиялық көзқарастарына ерекше көңіл бөлетін әр түрлі психологизаторлық ағымдарды да натуралистік парадигмаларға жатқызады. Мінез-құлықтың психологиялық түрткілердің бастапқылығын мойындай отырып, бихевиоризм оларды саяси мінез-құлықтың мотивациясын индивидтің немесе бұқараның рефлекторлы-инсинктивті сезімдері арқылы анықтайтын микрофактор ретінде қарастырылады. Ескеретін жайт, біздің саясаттануда бұқараның саяси мінез-құлқының психологиялық негізі тіптен зерттелмеген проблема.
Әлеуметтік парадигма қоғамдық ғылымдарда өте кең тараған. Ол саясаттың шығу тегін, оның мәні мен функцияларын әлеуметтік себептер арқылы түсіндіріледі. Оның негізінде қоғамдық ғылымдардың рационалды түрде дәлелденген жүйесі жасалған. Ол әлеуметтік шынайлықтың, оның проблемалық мазмұнының барлық байлығын көрсететін концептуалды негізге айналды.
Әлеуметтік парадигма қатарына әлеуметтік-экономикалық, этикалық-нормативті, мәдени-антропологиялық тәсілдерін жатқызуға болады.
Рационалды-сыни парадигма саясат әлемін өзінің ішкі заңдылықтармен дамитын әлеуметтіліктің дербес сферасы ретінде зерттеумен байланысты. Ол саясаттың сыртқы, натуралистік негіздерге тәуелділігін елемейді, саясатты таза түрде ала отырып, оның ішкі проблемеларын зерттейді. Сондықтан да, осы парадигма бойынша саясаттың өзінің ішкі шығармашылық мүмкіндіктері мен бастаулары бар құбылыс деп тануға болады. Бұл парадигма саясат әлемін зерттеуде әртүрлі тәсілдерді қолдануға және тандлған аспектіге байланысты зерттеу акценттерін өзгерте отырып объектіні өзекті практикалық саяси міндеттермен тығыз байланыста зерттеуге мүмкіндік береді.
"Саясат" ұғымы қоғамның қалыптасуымен, қызметімен, құрылысымен байланыста өмір сүрудің айрықща аспектісін білдіреді. Адамдардың ассоциативті негізде бірлесіп өмір сүрулері ғана қажетті мәнді кезең ретінде саясатты тудырады. Ол адамдардың мүддесін түйістіретін және қоғам тұтастығын сақтайтын қоғамдық өмірдің реттеуші функциясы. Саясаттың осы функциясы оған жеткілікті түрде әмбебаптылық сипат береді, өйткені саясат адамдардың тіршілік әрекетінің негізгі сфераларындағы қоғамның барлық құрылымдық әрекеттерінің белсенділігін бақылауға және бағыт беруге міндетті. Осы негізде саясат әлеуметтік мазмұны бойынша өте кең мағынаға ие. Қазіргі қоғамдық өмірде "саясат" термині төмендегідей түсінік береді: Біріншіден, мемлекеттің қызметін, адамдардың үлкен ассоциативті топтарының (әлеуметтік, этникалық, кәсіби, жыныстық, жас ерекшеліктік және т.б) арасындағы қоғамдық қатынастарды реттеудегі мемлекеттік билік органдарының қызметін көрсетеді және осынау іс-әрекет топ мүдделерін ескерумен, олардың ортақ позициясын жасақтау мен түйістірумен және оны билік құралдарын пайдалану арқылы жүзеге асырумен байланысты.
Батыс елдерінің ішінде саяси идеялар Ежелгі гректерде қатты дамыды. Онда қоғам шығыс елдерімен салыстырғанда көп жағдайда қарама қайшы өрістеді. Греция ол кезде саяси бытыраңқылық күн кешкен ел еді. Саяси өмір тез өрбіді, ал саяси сана теориялық терең дамуына әкелді. Сондықтан олардың саяси санасы мифтан теорияға тез ауысты. Көне гректерде саяси ғылымға мол мұра қалдырған ғалымдар көп. Олар: Платон, Аристотель. Платон б.з.б. 424-347 ж.ж өмір сүрген.Шын аты Аристокс. Платон атақты фәлсафашы Сократтың мектебінде оқып, оның үздік шәкірті болды. Платонның екі жүздей еңбектері бар: «Мемлекет», «Саясатшы», «Заңдар» және т.б. Оның ойынша мемлекет адамдарын алаламай нәсіліне, жынысына, әлеуметтік жағдайына қарамай бәріне бірдей әділ қызмет етуі керек.Ол адамдарды үлкен үш әлеуметтік топқа бөлді: 1) әкімдер 2)қорғаушылар 3) өндірушілер. Әкімдерге фәлсафашыларды жатқызды (жасы елуден кем емес). Бір таптан екінші тапқа өтуге болмайды. Платон қоғамдық меншікті қолдап, жеке меншікке қарсы тұрды. Платон мемлекеттік құрылысты 5 түрге бөлді: аристократия, тимократия, алигархия, демократия және тирания. Бұлардың ішіндегі ең жақсысына аристократиялық мемлекетті жатқызды. Онда ақыл естілік, парасаттылық билейді, оның принциптері адамгершілік, абырой, ар намыс деп санады. Ертедегі гректердің саяси ой пікірлерін одан әрі дамытып, фәлсафасын шыңына жеткізген ұлы ойшыл Аристотель (б.з.б 384-322) болды. Ол Афиныда бірінші рет саяси ғылымды пән ретінде кіргізіп, өзі сабақ берді. Сондықтан Аристотель саясаттанудың «әкесі» саясаттануға қатысты «Саясат», «Афинының политигі», «Этика» деген еңбектері бар. Аристотель саясатқа кең мағына берді. Саясатты адам мен мемлекеттің жоғарғы игілігі, оның мақсаты адамды, мемлекетті жақсы тұрмысқа, молшылыққа, бақытқа жеткізу деп білді. Ол құл иеленушілікті қолдады, құлждар мен ерікті кедейлерге саяси құқық бергісі келмеді. Аристотельдің ойынша, мемлекет қоғамның дамыған түрі, ал қоғам отбасының дамыған түрі болып табылады. Мемлекетке адамдар белгілі бір игілікке жету үшін бірігеді. Ол мемлекетті дұрыс және бұрыс түрлерге бөлді. Дұрыс түріне монархияны, аристократияны және политияны жатқызды. Ал тирания, алигархия және демократияны бұрыс мемлекеттің түріне жатқызды. Мемлекеттің дұрыс түрінде әкімдер халық, ел пайдасын ойлады, билік қоғамға қызмет етеді. Ал бұрыс түрінде олар өз бастарының пайдасын ойлайтын көрінеді. Аристотель Платон айтқандай қоғамдық меншікке қарсы шығып, жеке меншікті жақтады.
Саяси ой тарихында орта ғасырлардағы феодалдық қоғамның орны ерекше. Феодализм Батыс Еурапада 1000 жылдан артық созылды. Рухани өмірде дін үстемдік етті. Бұл заманда христиан дініне көп еңбек сіңірген Аврерий Августин (354-430) еді. Ол христиан фәлсафасының негізі қағидалары «Құдай қаласы туралы» еңбегінде баяндалған. Ол барлық әлеуметтік, мемл. және құқықтық мекемелер мен заңдарды адамның күнәнің нәтижесі деп санады. Құдай адамға еркіндік береді, яғни оның өз бетімен немесе (Құдай жолымен және адам жолымен өмір сүрушілер) христиан дінінің саяси теориясын жасап, шыңына жеткізген монах Фома Аквинский (1225-1274) болды. Еңбектері: «Билеушілерді басқару туралы», «Теологияның жиынтығы». Ол өз шығармаларында Аристотельдің көзқарастарын католик дінінің қағидаларына бейімделгісі келді. Жалғыз адам өз мұрқтаждығын, қажеттілігін жеке-дара қанағаттандыра алмайды. Сондықтан мемлекет болып бірге өмір сүру керек. Фоманың ойынша, билік Құдайдың құдіретімен орнайды. Патшалық билік діни билікке бағынуы тиіс деп пайымдады. Осыған ұқсас саяси көзқарас Мұсылман дінінде де орнады. ХХ ғ-да феодализм ыдырап, капиталистік қатынастар пайда бола бастады. Жас буржуазияны жақтаушылар католик шіркеуінің озбырлығына, діни қағидаларына қарсы шығып, адам құқығын қорғауға қарсы шығып, адам құқығын қорғауға шақырды. Жаңа буржуазиялық идеологияны жасау үшін антикалық үлгілірін пайдаланғандықтан дәуір қайта өрлеу деп атады. Көрнекті өкілдерінің бірі Никколо Макиавелли (1469-1527) шығармалары: «Патша», «Флоренцияның тарихы» және т.б. Макиавелли діни көзқараста болды. Шындық белгісі сенім емес, тәжірибе деп білді. Мемлекет деген атауды ғылымға бірінші боп кіргізді. Ол республикалық мемлекетті, еркіндікті, теңдікті қалады. Мемлекет ерікті болса ғана қуатты, абыройлы бола алады. Бірақ елдің бірлігінде келгенде Макиавелли әділдік пен адамгершілік емес, алға қойған саяси мақсат тұрғысынан қарады. Ол мақсатқа жету үшін амал, айланың қай түрін болсын қолдануға кеңес берді. Қайсыбір жауыз патшалар Макиавелли де қаталдықты қолдаған деп, өздерінің қара ниеттерін ақтағылары келеді.
Қайта өрлеу кезеңі философияның гуманистік сарында болуына католиктік шіркеудің рухани қыспағынан құтылуға ұмтылған адамдардың еркіндік, бостандық туралы идеялары ықпал жасады. Жалпы алғанда қайта өрлеу философиясы негізгі үш бағытта дамыды. Біріншісі (Н.Кузанский, Пикоделла, Мирандолла, Леонардо да Винчи т.б.) адамның еркін, бостандығын өздерінің философиялық ілімдерінің негізгі өзегі етіп қабылдап рухани өмірде, мәдениетте гуманизм деген бағытты дүниеге әкелсе, екіншісі (Н.Макиавелли, Томас Мор, Томазо Кампанелла) адам бостандығын жүзеге асыруға кедергі болып отырған қоғамдық құрылысты сынап, утопиялық-социалистік идеяға бой ұрса, үшіншісі (Н.Коперник, Д.Бруно, Г.Галилей) табиғаттану ғылымдарының жетістіктеріне сүйене отырып, христиан дінінің әлемнің пайда болуы және оның құрылысы туралы іліміне сәйкес келмейтін, табиғат құбылыстарын өз заңдылықтарына сүйеніп түсіндіруге болатын көзқарастың дамуына үлкен әсер еткен революциялық жаңалықтар ашты.
Схоластикалық философиядан гуманистік идеяға толы философиялық көзқарасқа жол ашқан неміс ойшылы Николай Кузанский шын аты-жөні Николай Кребс (1401-1464 ж.) болды. Негізгі еңбектері: «Мүмкіндіктің болмысы туралы», «Жер шарының айналуы туралы», «Құдайдың көріпкелдігі туралы» т.б. Кузанский пікірі бойынша, әлем қарама-қарсы заттардан тұрады және олар, математикадағы теңдеудің екі жағындағы мүшелерінің бір- біріне өте алатыны сияқты, бір-біріне ауысып отырады. Ауысқан қарама-қарсылықтардың теңесуі тек құдайға ғана тән. Жалпы алғанда материалдық денелер құдай жаратқаннан кейін өз заңдылықтары бойынша дамып өзгеріп отыратын болғандықтан, оларды танып білуге болады. Бұл ретте адамдарға математикалық тәсіл мен тәжірибе көмектеседі. Кез келген теориялар мен концепцияларды тәжірибеде дәлелдеуге, не болмаса теріске шығаруға болады. Адамдар да заттар сияқты микрокосмосқа жатады және ол құдайдың көрінісі болып табылады. Бірақ өзінің ақыл-ойының, іс-әрекетінің арқасында құдаймен қатар тұрады. Осыдан келіп, «адам дегеніміз оның ақыл-ойы» деп тұжырымдады. Ақыл-ойды табиғаттың заңдылықтарын білу арқылы үздіксіз толықтырып отыру қажет.
Жаңа дәуірі XVII ғасырға Англиядағы буржуазиялық революция тұсында басталды. Бұл дәуірдің көрнекті өкілдерінің бірі ағылшын ойшылы Томас Гоббс. Ол мемлекет жалпыға бірдей бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін керек дейді. Адамдар өз тілектері мен еріктерін шектеп, бүкіл билікті мемлекетке береді. Францияда буржуазиялық революция өкілі Шарль Луи Монтескье әр халықтың адамгершілік бейнесін, оның заңдарының айырмашылығын, қоғамның дамуын географиялық ортамен байланыстырды. Мемлекет азаматтарды тіршілікке қажетті қаражатпен қамтамасыз етуге міндетті деіді. Франция ойшылы Жан Жак Руссо ұзағ буржуазияның, шаруалардың мүддесін қорғады. Ол еркіндік пен теңдікті ең жоғарғы игілік деп санады. Американдық Томас Джефферсон «АҚШ»-тың Тәуелсіздік деклорацияын жазған. Декларацияда адамдардың табиғи құқығы мемлекет белгілеген заңдардан жоғары тұруы керек. Жаратушы адамдарды тең қып жаратты, олардың бостандық пен бақытқа тырысуына құқығы бар. Келесі ойшыл- Томас Пейн. Ол Америка халқын азаттық күреске шақырды. Ол бірінші болып қоғам мен мемлекетті ажыратты. Ол соғысқа қарсы болды, бейбітшілікті жақтады. Германия ойшылы Иммануил Кант. Оның «Космополиттік көзқарас жөніндегі жалпы тарихтың идеялары», «Өмірлік бейбітшілікке» деген еңбектері бар. Оның ойынша адам бір іс бастағанда өнегелік, адамгершілік заңын басшылыққа алу керек. Мемлекеттер арасындағы қарым-қатынас бейбітшілік сақтау құралы деп білді. Пролетериат күресінің алғашқы кезеңінде Син-Симон, Фурье, Оуэн сияқты социалист-утопистер қарай еңбек ету, ақы алу сияқты пікірлер айтты.
Саяси билік жөнінде ғалымдар арасында әр түрлі анықтамалар мен тұжырымдар бар:
Телеологиялық анықтама билікті белгілі бір мақсатқа, белгілеген нәтижеге, қорытындыға жету мүмкіндігі деп түсіндіреді.
Бихевиористік анықтама бойынша билік деп басқа адасдардың жүріс-тұрысын, өзін-өзі ұстауын өзгерту мүмкіндігіне негізделген іс-әрекеттің ерекше түрі.
Инструменталистік анықтама билікті белгілі бір құралдарды, амалдарды (зорлы-зомбылық, күштеу сияқты) пайдалану, қолдану мүмкіндігі деп біледі.
Структуралистік анықтама билікті басқарушы мен бағынушының арасындағы қатынасытң ерекше түрі деп ұғады. Олар кейбір адамдарды туғанынына, табиғатынан әміршіл, басқарғысы келіп тұратын болады, ал басқалары көнбіс, көнгіш, басқа біреу өз ырқын билеп, басқарып, жол көрсетіп тұрғанын ұнатады, қалайды дейді.
Конфликтілік анықтама билікті дау-жанжал жағдайында игілікті бөлуді реттейтін мүмкіндік, шиеліністі шешудің құралы деп түсіндіреді.
Функционалдық анықтама бойынша билік құру адамдар қауымдастығының тұрақтылығын, олардың мүдделерінің түйісуі мен дамуының мақсаттылығын қамтамасыз ететін маңызды әлеуметтік функция болып табылады.
Саяси биліктің ерекшеліктері:
1.Егемендік биліктің тәуелсіздігімен бөлінбестігін білдіреді.
2.Биліктің беделдігі билік субъектісінің қоғамның барлық саласында жаппай мойындалған ықпалы.
3.Биліктің ерікті сипаты саналы саяси бағдарламалардың, мақсаттардың болуы, оны жүзеге асырудың дайындығы.
4.Биліктің зорлық сипаты сендіру, бағыну, бұйрық беру, үстемдік, зорлық.
5.Биліктің орталығы биліктің қоғамдық қатынастар мен саяси процестердің барлық саласында қызмет ететіндігін білдіреді.
Билік ресурстары-субъектінің мақсатына сай биліктің объектісіне ықпал етуді қамтамасыз ететін құралдар: 1.Экономикалық қор-қоғамдық өндіріспен тұтынуға қажет басқа да материалдық құндылықтар, құнарлы, шұрайлы жерлер, пайдалы қазба байлықтары және т.б. 2.Әлеуметтік-саяси құралдар-тұрғындардың саны мен сапасы;әлеуметтік бірлік;әлеуметтік тұрақтылық пен тәртіп;қоғамдық қатынастардың демократиялануы;тұрғындардың саясатқа қатысуы;азаматтық қоғамның патриотизмі. 3.Моральды-идеологиялық құралдар-бұқара санасының жанды жерлерін идеологиялық тұрғыдан өңдеу, оларға назар аудару қызметін атқарады. Адамдардың идеалы, мүдделері, сенімдері, идеология, сенім арту, қоғамдық көңіл-күй, сезім (патриоттық, ұлттық, діни), адамдар эмоциясы. 4.Ақпараттық-мәдени қор білім және ақпарат, ғылым және білім институттары, тіл, үгіт-насихаттың барлық түрлері, бұқаралық-ақпарат құралдары. 5.Күштеу құралдар-мемлекетті қорғайды, ішкі тәртіпті сақтайды, саяси билікті құлатуға әрекет жасаушыларға мүмкіндік бермейді, оған қару мен физикалық күштеу аппараттары жатады:әскер, полиция,қауіпсіздік органдары, сот, прокуратура, т.б.
Билік табиғатын тереңірек түсіну үшін биліктің негізгі принциптерін көрсету керек: 1.Сақтау принципі-билікті сан түрлі әдістермен қолда ұстай білу, оны арттыра білу. 2.Әрекеттілік принципі-билеушінің жағдаймен танысып, оны талдап қана қоймай, оның шешімін таба білуі. 3.Легитимдік принципі-билік заңға, заң шығаруға сүйенгенде ғана өзін сенімді,еркін сезіне алатыны. 4.Күшке қарсылық принципі (принцип «антифортиссимо»)-биліктің күші билігімен тең еместігін түсінуде жатыр.5.Сыр бермеу принципі-билік үшін ең қауіпті нәрсе-шындықты уақытынан бұрын айтып қоюды болдырмау. 6.Ақиқат пен көрегендік принципі-билі иесінің шешімі сол ортаның, сол халықтың, экономикалық, әлеуметтік, саяси кеңістігіне негізделетінін көрсетеді.
Әлеуметтік топтар саясаттың субъектісі мен объектісі ретінде саясаттың субъектісіне әлеуметтік топтар, топтар, ұлттар, мемлекеттер, саяси партиялар, қозғалыстар жатады.
Тұлға- қоғамдық өмірдің нақтылы тарихи жағдайлары қалыптастырған, саналы іс-әрекет ете алатын, өз жүріс-тұрысына жауап беретін, еңбек етіп, қарым-қатынас жасаушы, айналадағы танып-білуші жеке адамды айтады. Субъект-белсенді іс-әрекет жасаушы, сана мен жігері бар жеке адам немесе әлеуметтік топты айтады.
Объект-субъектінің танымдық және басқа іс-әрекеті неге бағытталса, соны айтады. Басқаша айтқанда, объект- зерттелетін зат. Сонда саясаттанудың объектісіне, саясат, саясат желісі жатады.
Саясаттың субъектісі- өз мүдделеріне байланысты саяси өмірге белсене араласып, басқалардың санасына, іс-әретіне, жағдайына ықпал ететін, саяси қатынастарға белгілі өзгерістер енгізетін, саясатты жасайтын адам, ұйым не әлеуметтік топты айтады. Саясат субъетісіің құрамы, іс-әрекеттерінің түрлері мен тәсілдері, көздеген мақсат-мүдделері және тағы басқа қоғамның нақты, тарихи жағдайымен айқындалады.
Қарапайым, демократиялық жолмен дамыған елде саясат адам үшін және адам арқылыжасалады. Себебі, әлеуметтік топтар, қоғамдық ұйымдар, қозғалыстар қаншалықты маңызды орын алғанымен солардың бәрі адамдардан, олардың іс-әрекетінен тұрады. Олай болса, саясаттың бас суъектісі-адам болатыны сондықтан.
Қандай адам болмасын белгілі бір әлеуметтік топқа, топқа, ұлтқа, мемлекетке жатады. Осының өзі де өмір жағдайымен жүріс-тұрысына, саясатқа араласуына әсер етпей қоймайды. Таптың және т.б өкілі ретінде жеке адам саясатқа жанама түрде тартылады. Сонымен қатар ол басқаларға қарап еліктеп, белгілі амал, әрекет жасайды, оны өзінше дәлелдейді. Сөйтіп, ол саясатқа тікелей қатысады, саясаттың субъектісіне айналады.
Бұл қоғамның ең саяси белсенді бөлігі. Оған саясатқа және саяси қызметке өздерін кәсіби түрде бағыштаған және осы іске өз күш-жігері мен уақытының басым бөлігін жұмсайтын адамдар кіреді. Әлеуметтік саяси элита біртекті емес, оған әр түрлі әлеуметтік топтардың әлеуметтік белсенді өкілдері кіреді. Бұқарадан саяси элитаны өте жоғары әлеуметтік және саяси белсенділігі, саяси іс-әрекетте пайдаланылатын форма, әдістер, құралдардың барлық ресурстарын қолдану арқылы саяси мәдениетті мазмұнды түрде игеруге талаптануы ерекшелеп тұрады. Мемлекеттік билік, оның саясаты, оны іске асырудағы жетістіктер мен сәтсіздіктер қоғамдағы саяси элиталардың күрес объектісі. Бұқарамен байланыс, оның саяси сезіміне көңіл бөлу, әлеуметтік жүріс-тұрысқа әсер ету міне бұның бәрі саяси элитаның билік жолындағы күресінің құралдары болып табылады.
Саясаттың сан алуан субьектілерінің оған ықпалы, әрине әр түрлі. Жеке азаматтар және әлеуметтік топтар күнделікті саяси өмірге тікелей қатынаса бермейді. Күнделікті саясатпен адамдардың ерекше қабаты айналысады , оларды ерекше басшы топ деп атайды. Саяси элита аталымын қалай түсінуге болады? “ Элита” француз тілінен аударғанда “таңдаулы”, “сұрыпталған “, ”ең жақсы” деген мағынаны береді. 18ғ бастап ол сөзбен жоғары сапалы тауарларды атады . 20ғ бастап саясаттану мен әлеуметтануда білімі , байлығы, беделі , билігі жоғары адамдардың азғантай әлеуметтік тобын білдіреді . Бұл аталымның этимологиялық маңызының екі аспектісі бар. Оның біріншісі элита өзіне белгілі бір сапалық қасиеттерді , айқын белгіленген интенсивті белгілерді жинақтайды. Екінші аспектісі, осы белгілерді кең жоғарғы өлшеммен бағалайды . Өзінің алғашқы этимологиялық маңызы бойынша элита түсінігінде ешқандай ізгіліктілікке, демократиялыққа қарсылық жоқ. Әдетте, жоғары сапалы жылқы тұқымы , дәннің тұқымы, спорт саласындағы элита т.б түсініктер пайдаланылады. Демек, адамзат қоғамында да адамдар арасында табиғи және әлеуметтік айырмашылықтар орын алып, бұл жағдайлар олардың басқару саласындағы мүмкіндіктерінің әр түрлілігінен, саяси және қоғамдық процестерге әр түрлі ықпалынан көрінеді. Осының өзі саяси элитаны айқын бейнелеген саяси- басқарушылық сапаны иеленуші ретінде сипттауға негіз болады.Тарихи жағынан алғанда адамдарды ел билеуші таңдаулыларға және олардың дегенін істейтін бағыныштыларға бөлу идеясы өте ертеден бастау алады. Мысалы, Конфуций (б.з.б 551-479) адамдарды асыл азаматтарға және төменгі адамдарға бөлді. Платон билеуші-философтарға, әскерлерге, егіншілер мен кәсіпшілерге ажыратты. Алайда элитарлық теорияны көзқарастар жүйесі ретінде 20ғ басында итальян ғалымдары Г. Моска, В.Парето, неміс Р. Михельс және т.б қалыптастырды.
Элита - [ лат.елігере - таңдау, фр.elite - ең жақсы, іріктелген] - әлеуметтік стратификация жүйесіндегі ең жоғарғы стратасы (бұл стратификацияның негізінен тәуелсіз; саяси тұрғыда сөз саяси элита жайлы). Ағылшын тіліңде еліте деп ХУЛ ғ. жоғары сапалы тауарлар, ХВЫЫЫ ғ. - іріктелген әске¬ри бөлімдер аталды; ұғым генетикада, тұқым шаруашылығында ең жақсы, жеке дара, өзгешелерді атауда қолданыла бастады; ХЫХ ғ. ұғым әлеуметтік иерархия жүйесінде (аристократияның синонимі ретінде) жоғарғы страталарға қатысты қолданыла бастады; әлеуметтануға В. Парето енгізді.
Қазіргі элита теориясының ізашарлары Платон, Н.Макиавелли, Ф.Ницше болды. Тұтас көзқарастар жүйесі ретін¬де элита теориясын Г. Моска, В. Парето, Р. Михельс қалыптастырды. Бұл теориялардың бастапқы қағидасы әлеу¬меттік, саяси басқаруды, мәдени даму¬ды жүзеге асыратын әлеуметтік және саяси құрылымның қажетті элементтері бар ерекше пүрсатты, артықшылықты қабат.Элита теориясы - [ фр.elite - үздік, таңдаулы, жақсы-жайсаң] - қоғамның игі бекзаттарының ерекше міндеті, әлеуметтік-саяси және интеллектуалдық белсенділігі және қалың бұқараның енжарлығы туралы теориялар. Негіздерінің қалану тәсілдеріне байланысты ажыратылады. Биологиялық теорияларда биологиялық-генетикалық белгілеріне байланысты (Р.Уильямс, Э.Богардус) адамдарды аса көрнекті және қатардағы, белсенді және енжар, ақыл-есі дұрыс және кеміс деп бөлуге негіз бар; психологиялық теорияларда (Г.Джильберт, Б.Скиннер) біреулердің кереметтілігіне және екінші біреулердің қарабайырлығына түрткі болатын психологиялық қасиеттерге; психикалық-аналитикалық теорияларда (Фрейдизм, Э.Эриксон) нәпсіні тежей білу қабілетіне және билікке немесе басыбайлыққа үмтылуға; әлеуметтік-психологиялық теорияларда (Фромм, Г.Лассуэлл) әрбір адамның психология¬лық ерекшеліктеріне, оның өмірінің әлеуметтік факторларына байланысты өзгерген мінез-құлықтың әртүрлі тип-терін мойындауға; технократтық тео¬рияларда (Дж.Бернхэм, Дж.Гелбрейт) өндірісті басқаратын және өздерінің техникалық дағдыларының арқасында "техно- құрылымда" ерекше жағдайға ие адамдардың ұйымдастырушылық міндеттеріне; ғылыми теорияларда (Белл және басқалар) - ғылми білім факгорларьша және "постиндустриалды қоғамның" ғылыми-техникалық және әлеуметтік дамуын айқындайтын жетекші күш ретінде ғалымдардың осы заманғы дүниеде атқаратын рөліне баса назар аударылады. Белгілі бір мәселелерді түсіндірудегі алуан түрлі өзгешеліктерге қарамастан барлық элита теориясы үшін: қоғамды әрқашан элитаға және бұқараға бөлетін адам¬дардың табиғи теңсіздігі туралы; ғылы- митехникалық және әлеуметтік дамудың қозғаушы күші ретінде элитаның қажеттілігі туралы; біреулердің сөзсіз үстемдік етуі және басқалардың бағынышты болуы туралы; көпшіліктің үстінен қарайтын билеуші азшылықтың толық құқылығы мен заңдылығы тура¬лы; тарихи процеске ешқандай игі ықпал етпеуін былай қойып, өз бойына өркениет жетістіктеріне қарсы шығуы мүмкін "іріткі күштерді жинақтаған" бұқараның енжарлығы мен аморфтылығы туралы жорамалдар ортақ болып табылады.
Саяси лидерлік туралы Антикалық дүние авторлары Геродот, Плутарх және басқалары өздерінің ойларын тұжырымдаған. Саяси көшбасшылықты зерттеуге Николло Макиавелли (1469 - 1527) біраз үлес қосты. Ол батырларды, монарх және қолбасшыларды тарихтың шынайы жасаушылары санады. Оның түсініктемесінде саяси лидер-бұл бүкіл қоғамды біріктіруші және танытушы, өз билігін және қоғамдық тәртіпті сақтау үшін кез келген әдіс-амалды қолданушы. Лидерлік - жеке тұлғалар арасындағы қатынаста үстемдік ету. Қоғамға, ұйымға немесе топқа ықпал етуге қабілетті тұлға. Халықтың немесе белгілі бір әлеуметтік топтың мақсат-мүддесін толық сезініп, қорғай білетін, бойына саяси қайраткерге лайықты қасиеттерді жия білген адам Лидер ретінде танылады. Лидер алға қойған мақсатқа жету үшін белгілі бір әлеуметтік ортада адамдардың күш-жігерін біріктіріп, іс-әрекетін қоғам мүддесіне сай жүргізеді. Лидерге алғырлық, ақылдылық, қажырлылық, ұйымдастырушылық, жұртқа жағымдылық, сондай-ақ өзіне жауапкершілік ала білу және іскерлік таныта білушілік, т.б. қасиеттер мен қабілеттер тән. Кез келген тарихи кезеңде, қоғамдық-саяси өмірде Лилер аса беделді тұлға ретінде танылады.
Қоғамның саяси жүйесі деп билік жүргізіп, қоғамда тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз ететін, әлеуметтік топтар, таптар, ұлттар, мемлекеттер арасындағы саяси өзара қатынастарды реттейтін ұйым мен мекемелердің жиынтығын айтады. Саяси жүйе төмендегідей қызметтерді атқарады: 1) Белгілі бір әлеуметтік топтың немесе көпшілік халықтың саяси билігін қамтамасыз ету және биліктің тәртіпке келтірілген, ережелерде, қалыптарда бекітілген, яғни институциалданған түрі. Сондықтан ол конституцияға негізделген жалпыға міндетті заңдар шығарады, ол арқылы қоғамда тәртіп орнайды. 2) Саяси жүйе қоғамдық қатынастарды реттейді, жекелеген әлеуметтік топтар немесе көпшілік халықтың мақсат мүддесіне сәйкес адамдардың тіршілік әрекетінің әртүрлі салаларын басқарады. 3) Саясм жүйе қоғамда жинақтаушылық, топтастырушылық қызмет атқарады. Ол ортақ әлеуметтік саяси мақсаттар мен құндылықтардың айналасында барлық әлеуметтік топтар, жіктердің белгілі бір бірлестігін қамтамасыз етеді. 4) Экономикалық қалыпты жұмыс істеп, прогресті дамуына қажетті саяси жағдай жасау. 5) Қоғамды, оның мүшелерін ішкі және сыртқы бүліндіргіш әрекеттерден қорғау. Мысалы, ұйымдасқан қылмыс, сыртқы агрессиядан және т.б. Саяси жүйе құрылымы: 1) Саяси институттарға мемлекет, саяси партиялар, кәсіподақтар, кооперативтік, жастар және т.б ұйымдар мен бірлестіктер жатады. Бұл ұйымдардың бәрі таптық, топтық, ұлттық, жыныстық, кәсіби, жас мөлшеріне қарай және т.с.с байланысты пайда болатын көптеген әлеуметтік мақсат мүдделерді білдіріп, қорғау үшін құрылады. 2) Саяси қатынастар қоғамдық жүйенің екінші бөлігін құрайды. Оған таптардың, этникалық бірлестіктердің, тұлғалар мен қоғамның, адамзат пен мемлекеттің арасындағы қатынастар кіреді. Олардың қатынастардан айырмашылығы мұнда олардың саяси және мемлекеттік билікке қатынасы көрініс береді. 3) саяси ережелер саяси жүйенің үшінші бөлігі болып табылады. Олар саяси институттардың өзара бірлесіп әрекет етуін қамтамасыз етеді және саяси жүйенің ережелік негізін құрайды. Олардың ішіндегі ең маңыздысы Конституция және соған сүйенетін заңдар мен басқа нормативтік актілер жатады. 4) Саяси мәдениет - саяси жүйенің төртінші белгісі. Ол саяси сана мен іс әрекетті, саяси қатынастарда, идеяларда, теорияларда, саяси тұжырымдамаларда, шешімдерде, саяси ережелерге қатынаста көрініс табады. Саяси мәдениеттің зерттеушілік қызметі адамдардың іс әрекетіне және олардың ұйымдарына ететін әсерінен білінеді.
Саяси режим - дегеніміз елдегі саяси өмірдің сипатын анықтайтын мемлекеттік билікті жүзеге асырудың түрі мен әдістерінің жиынтығы,қоғамның саяси жүйесінің қызмет ету амалы.
-Саяси режимнің сипаты қоғамның саяси жүйесінің қызмет ету мен ерекшелітеріне тәуелді болады.Сонымен қатар саяси мәдениет пен саяси дәстүрге де байланысты болып келеді.
-Елдің саяси жүйе конституциялық құрылыспен, мемлекеттік билікті жүзеге асыруда қолданылады.
Саяси режимнің сипатын анықтауда саяси ғылымда екі бағыт қалыптасты:
1.Заңды құқықтық бағыт: конституциялық жүйесі және тәжірибе жүзінде іске асырылуы.
2.Әлеуметтік бағыт: қоғамды басқарудағы ерекше әлеуметтік механизм, билік органдарын қалыптастырудың негізгі модельдері, саяси шешім қабылдаудың амалы, саяси субъетінің саясатқа қатысу амалы.
Саяси режимнің типтері:
1.Тоталитаризм
2.Авторитарлық режим
3.Демократиялық режим
Тоталитаризм тарихы.
Авторитаризммен органикалық байланыстағы және одан тек тоталдығымен,яғни акциялардың, әрекеттердің бәрін қамтып, жекелікті жоққа шығарушылығымен ерекшеленетін ерекше саяси режим.
Тоталитарзмнің белгілері:
-Идеологиялығы
-Бұқаралық партияның болуы
-Мемлекеттік қоғамның барлық саласында бақылау орнату
-Қоғамда плюрализм болмайды
-Оппазиция болмайды
Мемлекеттік биліктің тоталитарлық режимді ұйымдастырудың ерекшелітері:
-Биліктің орталықтандырылуы, биліктің басында диктаторлар болады, репрессивті ақпарат жұмыс жасайды;
- Билеуші партияның монополиясы;
- Биліктің легитимділігі күшке негізделеді;
Азаматтардың еркіндігі мен бостандығы болмайды.
Тоталитарлық жүйелер әр түрлі нышандарға ие болса да оларды саяси практика мен режимнің өзіндік ерекшелітері принциптері саяси процестерде қолданатын әдістері мен құралдары біріктіреді.
Авторитарлық саяси режим.
Авторитаризм - билік құрушы элитаның бөлініп шығуы, жеке бостандықтар мен саяси бәсекелестіктің шектелуі, адамдарды саяси қауымдастыққа біріктіретін тіршілікке қажетті әлеуметтік саяси факторлар тән ерекше саяси режим. Сол себепті авторитарлық режим өз бетінше қызмет етеді, онда билік үшін ашық күрес жок.
Авторитарлық саяси режимнің белгілері:
-Саясаттан басқаның барлығына рұқсат;
-Билікті ұстаушы бір адам немесе бір топ;
-Билік күшке негізделеді;
-Оппазиция болады,бірақ әлсіз;
-Саяси құқықтармен еркіндіктердің шектелуі.
Авторитарлық режимнің формалары:
Демократиялық режим.
Мұндай режимде ел халқының кең әлеуметтік жіктері, халық, қоғамды қоғамдық істерді басқарып, билікті жүзеге асырады. Демократия - әлеуметтік өмір агенттері өздері құрған билік құрылымында шешімдердің қабылдануына тең дәрежеде қатыса алатын басқару формасы болып саналады.
Демократияның басты ерекшеліктері:
-Еркіндік принципі;
-Саяси бәсекелестік;
-Билік құрушы саяси элитаның қызметін бақылауды қамтамасыз ету мүмкіндігі.
-Мемелекеттік биліктің құрылымдық икемділігі
-Демократиялық режимнің саяси жаңалықтарды қабылдай білу қабілеті
-Саяси қатынастар субъектілерінің іс әрекеті мен қызметі үшін саяси кеңістік жасау
-Саяси және идеологиялық плюрализм
-Демократиялық қоғам ашық қоғам
Демократия консепциялары:
-Ұжымдық антикалық. Ж.Руссо теориясы социялистік демократия
-Антикалық демократия: көпшіліктің шексіз белгісі;
-Руссо теориясы: билік жалпы еріктің негізінде жеке адамдардың бірігуі нәтижесінде пайда болған халықтың қолында болады.
Пропорционалды сайлау жүйесі дегеніміз сайлауда ұсынған партиялық тізімге сәйкес саяси партия Парламентте депутаттың мандат сайын иеленетін сайлау жүйесі. Қазақстан Республикасында мажоритарлық және пропорциоиалды сайлау жүйелері қолданылады. Президент, Парламент депутаттарын сайлауда мажоритарлық сайлау жүйесі қолданылады. Осыған сәйкес:
Пропорционалды сайлау жүйесі Парламент Мәжілісінің он депутатын, партиялық тізімге сәйкес пропорционалды өкілдіктер жүйесі бойынша және біртұтас жалпы ұлттық округтің аумақтары бойынша сайлауда қолданылады. Мәжіліс сайлауы өткеннен кейін ОСК дауыс беруге қатыскан сайлаушылар санының жеті және одан да көп пайызын алған партияларды анықтайды. Осыдан кейін партияны жақтап дауыс берген сайлаушылар дауысының жиынтығы онда біртұтас жалпы ұлттық округтің аумағы бойынша бөлінетін депутаттың мандаттар санына бөлінеді. Бұл нәтиже таңдап алынған алғашқы бөлінді сан (квота) болып табылады. Әрбір саяси партия жинаған дауыстардың саны квотаға (жеке санға) бөлінеді. Санды бөлу нәтижесінде алынған тұтас бөлік партиялық тізім кұрған тиісті саяси партия алатын депутаттын мандаттар саны болып табылады. Депутаттық мандаттар кандидаттарды тиісті партиялық тізімге орналастырудың ретінде қатаң бөлінеді. Партиялық тізімдерді құраған саяси партиялар арасындағы депутаттық мандаттарды бөлудің нәтижесінде сайланған депутат мерзімінен бұрын шығып калған жағдайда, оның мандаты Орталық сайлау комиссиясының каулысымен сол партиялық тізім бойынша сайланған келесі кандидатқа беріледі. Тиісті партиялық тізімде кандидаттар калмаған жағдайда Мәжіліс депутаттарының келесі сайлауына дейін мандат бос калады. Саяси партияны тарату немесе саяси партиядағы мүшелігін тоқтату осы партияның партиялық тізімі бойынша сайланған Мәжіліс депутаттарының өкілеттілігін тоқтату үшін негіз болып табылады.
Жалпы ежелгі дүниедегі мемлекеттердің қалыптасуы кезінде экономдау, басқару, қорғану мәселелерін шешу барысында адамдар бірлестігі жаңа сапалық қасиеттерді бойына сіңіріп, реттеу мен мәжбүрлеуді күшейтіп отырғаны байқалады. Ал адамдар қауымдастығының не үшін реттеу мен мәжбүрлеуді күшейтіп отырғанының себебі әр түрлі елдердегі мемлекет туралы ұғымның сол кезеңдегі түсініктерінде жатыр. Ежелгі грек ойшылы Платон “ Мемлекет дегеніміз адамдардың қажеттілікті өтеу үшін бірігуі” деп анықтама беріп, оның пайда болуына еңбек бөлінісі әсер етті десе, ал оның шәкірті Аристотель “ Мемлекет дегеніміз адамдардың пайда табуы үшін бірігуі” деп түсіндірді.
Көне Рим ойшылы Цицерон “Мемлекет дегеніміз ортақ іс, халық игілігі, ал халық дегеніміз адамдардың көрінген бір қосындысы емес, ол көптеген адамдардың құқық мәселесі бойынша келісімі мен мүдделер бірлігінің нәтижесінде байланысқан бірігуі” дейді. “Мемлекет” сөзінің араб тілінен аудармасы “иелік ету, иелену” деген ұғымды, яғни белгілі бір аумаққа, сол аумақтағы халыққа иелік етуді білдіреді. Ал түркі тілдес халықтардың кейбірі “мемлекет” сөзінің орнына “дәулет” сөзін пайдаланады. Енді дәулет дегеніміз байлық, яғни көшпелі тайпалардағы мемлекеттің қалыптасуына әсер еткен пайда табу идеясынан туындаған. Сонымен мемлекеттің әр түрлі себептердің нәтижесінде пайда болғанын оның атауы да аңғартады. Бірақ ондай себептер көп емес, шектеулі. мемлекеттің қалыптасуына географиялық орта немесе табиғи орта, адам саны, шаруашылық жүргізу тәсілі (экономика), өндіріс тәсілі мен еңбек бөлінісі, дін немесе дүниетаным іспеттес және басқа да сыртқы фактор әсер етеді.
Ең алғашқы мемлекеттер адам санының белгілі бір табиғи ортаға қарама-қайшы келе бастауынан ұйымдасуда, шаруашылық жүргізуде өзгерістер жасауға мәжбүр болғандықтан пайда болса, кейіннен осы мемлекеттердің өздері басы бірікпей жатқан көршілеріне қысым жасауынан көрші аумақтарда да қорғану мақсатында адамдар бірлестігі мемлекет пайда болды. Кейіннен сыртқы күштерден сақтанып, қауіп нәтижесінде біріккен топтар қауіп нәтижесінде жойылған кезде қайта ыдырағысы келеді. Бірақ шаруашылықты бірлесіп жүргізудің аз уақыт болса да пайдалы екенін көрген сол аумақтағы мүдделі адамдар олардың қайта ыдырауына қарсы болады. Осы кезде жаңа ұйымдасқан топты басқару қиындай бастағандықтан діни көзқарастарды қалыптастыру арқылы басқаруды жеңілдетуге көп күш салынды. Сыртқы күштердің қысымы кей жағдайда басы бірікпей жатқан елдің бірігуіне әсер етсе, кей жағдайда ыдырап кетуіне әсер етеді.
Биліктің бір мазмұннан бір мазмұнға өтуі мен күрделіленуіне және өз аумағының кеңеюіне қарай мемлекет мынадай даму сатыларын бастан кешіреді:
Мемлекем құрылымы бойынша келесі түрлерге бөлінеді:
Мемлекет мынадай қызметтерді атқарады: шаруашылық жүргізу (меншік) мәселелерін реттеу (бөлу), жер бөлу, алым-салық жүйесін белгілеу, адамдардың құқықтық жағдайын белгілеу, қорғанысты қамтамасыз ету, тағы басқа мемлекет саяси ұйымдардың ішіндегі ерекше күрделісі және қуаттысы бола отырып, бүкіл қоғамды қамтып, сол қоғам атынан оның ішінде де, сыртында да өкілдік етіп, сол қоғам үшін қызмет ететін саяси ұйым. Осыған орай мемлекеттің қоғам өміріне тікелей және жанама әсер ететін ерекше органдары және оны басқа саяси ұйымдардан ажырататын белгілері бар:
1) өз аумағында бүкіл қоғамның жалғыз ресми өкілі ретінде халықты азаматтық тұрғыда біріктіреді;
2) жоғарғы билік, тәуелсіздік мемлекетте ғана болады. Ол басқа мемлекеттерден тәуелсіз, яғни сол қоғамның ең жоғарғы билігін өз қолында ұстап, ішкі және сыртқы саясатын өз қалауымен жүзеге асырады;
3) заң күші мен құқық нормаларын шығару, құқық шығарма мемлекетке ғана тән;
4) билеуші органдарының болуы. Оның органдарында тек қана басқару ісімен шұғылданатын арнайы қызметкерлері болады. Қоғам тәртібін сақтау үшін мемлекет әскері мен жасағы құрылады. Сыртқы күштердің ықпалынан қорғану үшін оларға қарсы барлау ұйымдастырылады;
5) мемлекет органдары мен онда қызмет ететін адамдарды қаржыландыратын арнаулы материалдық қор болады, ондай қор жасау үшін алым-салық белгілейді және жинайды;
6) өз тұрағы, аумағы бар. Сол аумақта билігі жүреді, өмір сүреді және оны қорғау мақсатында тынымсыз әрекет жасайды. Басқаруды тиімді жүзеге асыру үшін аумақты әкімшіліктерге бөледі.
7) құқықтық жүйенің қалыптасуы. Басқарылатын қоғамдық қатынастарды реттеп, оларды қажетті қалыпқа салып, тәртіп орнату үшін құқықтық нормалар жасалынады.
Оларды жасап, қабылдайтын мемлекеттің тиісті өкілетті органы болады. Мемлекетті шаруашылық жүргізу тәсіліне қарай құл иеленушілік, феодалдық, буржуазиялық, социалдық деп бөлу олқылықтарына қарамастан бүгінгі күнге дейін сақталып отыр. Сонымен бірге батыс зерттеушілері мемлекетті мәдени белгілеріне қарай ислам, қытай, батыс, православтық деп өркениеттік жіктеу негізінде де бөледі. Осы пайымдауларға қоса мемлекеттерді пайда болған табиғи ортасына қарай ірі өзендер аймағында, теңіз жағалауларында, далалы-орманды жерлерде пайда болған мемлекеттер деп бөлуге болады. Мемлекеттің пайда болуына әр түрлі табиғи орта мен әлеуметтік жағдай әсер етеді, сондықтан да белгілі бір аумақтағы мемлекеттің қалыптасу барысы әр түрлі болады. Ол мемлекет туралы әр түрлі ілімдердің пайда болуынан көрінеді.
Партия деген сөз латынның бөлу, бөлшек деген мағынаны білдіреді. Алғашқы саяси партиялар Ежелгі Грецияда пайда болды. Негізгі саяси партиялардың 200-ден астам анықтамасы бар. Саяси партия─ мемлекеттік билікті қолға алу арқылы жалпы мүдделермен мақсаттарды жүзеге асыруға ынталанатын ерікті біріккен қоғамдық бірлестік,әлеуметтік топтармен топтардың мүдделерін қорғайтын идеологиялық саяси құндылықтарға негізделген ұйым. Бірінші саяси көпшілік партия болып 1861 ж Англияда либералдық партия құрылды. XIX ғ.аяғына қарай Батыс Еуропа елдерінде түгелге жақын көпшілік партиялар пайда болды. Мұндай партиялар басқа континенттерде де құрыла бастады. Саяси партия тапты немесе әлеуметтік топты, олардың саяси сауаттылығын арттырады,жұмысына ұйымшылдық және мақсаттылық сипат береді. Партияның басты мақсаты─билік үшін күрес,әрекетінің ұзақтығы,ұйымның кең көлемділігі,билікті жүзеге асыруға ұмтылуы.
Қызметтері:
1)әр түрлі топтардың,таптардың мүдделерін қорғау
2)идеология жасау
3)ұстанымдарды жасау
4)элитаны қалыптастырады
Партиялық жүйе─мем-к билікті жүзеге асыруға қатысатын партиялардың жиынтығы.Олар:бірпартиялық жүйе,екіпартиялық жүйе,көппартиялық жүйе болып бөлінеді.
1.Бірпартиялық жүйе. Өзінен басқа,әсіресе бәсекелес партияларды болдырмайды.Ол тоталитарлық және авторитарлық қоғамдарға тән.
2.Екіпартиялық жүйе. Басқа да кіщігірім партиялар да болуы мүмкін,бірақ билік үшін нағыз бәсекелестік ең ірі екі партия арасында жүреді.
3.Көппартиялық. Мемлекеттік билік үшін күрес барысында бірнеше саяси партиялардың әр түрлі мүдделері мен пікір алалығын пайд. отырып басқару түрі.
Саяси жүйедегі ролі мен іштей ұйымдасуына б/ты саяси партияларды 4 түрге бөлуге болады:
1.авангардтық партиялар.Олардың ұйымы жоғары орталықтанумен сипатталады.
2.сайлаушылар партиясы.Олардың негізгі мақсаты үміткерлердің сайлау алдындағы науқанын ұйымдастыру,қаржы жинау,үгіт жүргізу т.б
3.парламенттік партия.Олнегізгі 2 қызметті атқарады:сайлауға дайындалу және парламенттік бақылау жасау.
4.Қауымдастық партиясы.Ол адамдарды белгілі бір саяси ұстанғанына қарай емес, ортақ көзқарас, ұқсас мүдделеріне орай өзара қатынасып,маңызды ммәселелерді талқылау үшін бекітілді.
Саяси мәдениет адамдардың жүріс тұрысы мен әртүрлі ұйымдардың қызметіне, олардың ішкі және сыртқы саясат құбылыстарын ұғынуға, саяси болжам жасауына тікелей әсер етеді. Бұл ұғым ХХ ғасырдың екінші жартысында Г.Алмонд, С.Верба, Л.Пай деген американдық зерттеушілердің көмегімен келді. Саяси мәдениет-саяси жүйеге қатысушылардың жеке ұстанымдары мен бағдарларының жиынтығы, саяси әрекеттердің негізінде жатқан субъективті сала. Қызметтері: ТАНЫМДЫҚ, қоғам ен саясаттың дамуын айқындайтын заңдылықтар мен принциптерді танып білуге, субъектіні саяси салада табысты жұмыс істеуге керекті біліммен, қоғамды басқарудың әдіс тәсілдерімен қаруландыру; РЕТТЕУШІЛІК, саяси жүйенің қалыпты жұмысын, дамуын, саналы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, әлеуеттік таптық, ұлттық қатынастарды реттеу; ТӘРБИЕЛІК, әркімді қоғамдық саяси қызметке, әрекетке, саяси белсенділікке ынталандыру, табандылыққа, кеңшілікке, төзімділікке, қоғам алдында жауапкершілікке баулу; БІРІКТІРУШІЛІК, қазіргі өмір сүріп отырған саяси жүйені қолдау арқылы әлеуметтік топтар, таптарды біріктіру, бұқараны мемлекет пен қоғам жұмыстарын басқаруға жұмылдыру; ҚОРҒАУ, қоғамның қарыштап алға дамуына сәйкес келетін саяси құндылықтарды, қазыналарды сақтау; САБАҚТАСТЫҚ, саяси тәжірибені бір ұрпақтан екінші ұрпаққа жалғастырып, саяси процестің тоқтаусыз ұласып дамуын қамтамасыз ететін тарихи сабақтастық.
Саяси сана деп өмірдегі саяси қатынастарды бейнелейтін, оларды түсініп сезінетін, адамдардың бұл саладағы іс әрекеттеріне бағыт бағдар беретін әлеуметтік сезімдер, түсініктер, көзқарастар жиынтығын айтады. Саяси сананың негізгі мәселесі мемлекеттік билік, оның қызметі. Мұнда топтардың, таптардың, партиялардың экономикалық мүдделері мен мақсаттары, өкімет билігі үшін күресі және оны сақтап қалу міндеттері, әрекеттері, амал, ұмтылыстары өз көріністерін тауып жатады. Саяси сананың негізгі қызметтері: 1) қоғамдық сананың саяси ғылым, саяси теория сияқты құрамдас бөліктері арқылы саяси шындықты бейнелеу; 2) субьектінің мақсат мүдделерін білдіру арқылы оның саясат әлеміндегі іс әрекеттеріне бағдар беру; 3) саяси психологияның әр түрлі көріністері арқылы көңіл күйді білдіру. Өйткені, адамдарды іс әрекетке итермелейтін психологиялық себептер. Саяси сана деңгейлері: қарапайым саяси сана, теориялық саяси сана, саяси психология, саяси идеялогия. Қарапайым саяси сана қалыптасып жүйеге түспеген, күнделікті саяси өмірден туған әдет ғұрып, дәстүрлі нанымдар, дағдылардың жиынтығы. Ол күн сайынғы саяси өмір тәжірибесін байқап, пайымдаудан пайда болады. Саясаттың терңіне бойламай, себеп салдарын сараламай, көбіне сыртқы белгілеріне байланысты қорытынды жасайды. Ол саяси сананың төменгі сатысына жатады. Теориялық саяси сана жағдайлардың мән мағынасына анықтап, оларды айтарлықтай жоғары дәрежеде теориялық тұрғыдан жинақтап бейнелейді. Сол себептен ол тұжырымдамалар мен көзқарастардың жүйесі болып келеді. Теориялық саяси сана қарапайым саяси сананың негізінде пайда болады және олар бір біріне ықпал етеді. Ол қарапайым саяси сананы өңдеп, мәдени өзгертіп отырады. Теориялық саяси сана қарапайым саяси сана сияқты стихиялық түрде тумайды. Оны арнайы дайындығы, жоғары саяси сауаты бар теоретик адамдар ойлап шығарады.
Саяси идеология жалпы идеялогияның да өзегі. Оның ерекшелігі саяси болмысты түсіндіреді және оны сақтауға немесе өзгертуге іс әрекетті бағыттайды. Қоғам өмірінде идеялогия маңызды рөлді атқарады. Оның қызметтері мынадай: 1) идеялогияның танымдық рөлі. Ол саяси жүйені, саяси өмірді суреттеп түсіндіреді. 2) Бағдарламалық қызметі. Ол қоғам, әлеуметтік прогресс, тұлға және билік жөнінде мағлұматтар беріп, адамның іс әрекетіне бағыт бағдар көрсетеді.3) Жұмылдыру, іске тарту. Қоғамның жоғары, құнды идеяларын алға тартып, мақсат мүдделерді айқындап, саяси идеялогия саяси іс әрекетке тікелей түрткі болып, қоғамды, әлеуметтік топтарды оларды іске асыруға жұмылдырады, рухтандырады. 4) Амортизациялық қызметі. Саяси іс әрекетті түсіндіру тәсілі болып, идеалогия әлеуметтік шиеленістерді бәсеңдетеді. Ұсынылған мұраттар сәтсіздіктен күш жинап қайта серпілуге шақырады. 5) Бағалау қызметі. Идеалогия халық санасына қоғамның қазіргі және болашақтағы дамуына өлшемдік баға берерлік жағдай жасайды, үстемдік етіп отырған қоғамдық тәртіпке белгілі бір көзқарас тудырады. Идеалогияны тудыратын объективтердің маңызы зор. Қоғамда саяси сана, саяси идеалогияның деңгейі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым саяси қате шешімдер қабылдау ықтималдылығы азаяды. Идеалогияның әлеуметтік негізі неғұрлым ауқымды болса, ол әлемдік өркениет жетістіктерін, жалпы адамзаттың құндылықтарды бойына неғұрлым тереңірек сіңірсе, соғұрлым өмір шындығын толығырақ бейнелейді, ғылымға жақын келеді. Жүйеленген түрінде саяси идеалогия партия бағдарламаларында, декларацмяларында, манифестерінде, жарғыларында, түрлі насихат құжаттарда қалыптасады, саяси идеалогия бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз байланысты. Оған баспасөз, радио, теледидар, бейне жазу, дыбысжазу кіреді. Бүгінгі таңда олар қоғамдық сананы қалыптастыруда шынайы болмыстан кейінгі негізгі құрал болып отыр. Саяси идеалогия саяси қатынастар саласында олардың іс әрекетіне бағыт бағдар береді, еркін қалыптастырады, саяси қызметке ұмтылдырады, белсенділігін арттырады. Саяси қызметке қатысушылардың іс әрекетіне мақсаттылық, жүйелілік, дәйектілік негізеді.
Қазіргі кезеңдегі негізгі саяси идеологиялар
Қазіргі кезеңдегі негізгі саяси идеологияларға либералдық, консервативтік, коммунистік, социал-демократиялық және фашистік идеологиялар жатады. Либерализм - ең кең дамыған идеологияның бірі (лат. «либералис»-еркін). Оның негізін салушылар: Дж.Локк, Ш.Монтескье, А.Смит, И.Кант т.б. Ол феодалдық қоғам ыдырап, буржуазиялық қоғамдық қатынастар қалыптаса бастаған дәуірде пайда болған. Либерализмнің идеалы қазіргі саяси демократия принциптерінің қалыптасуы мен жетілуіне, дамуына зор ықпал етіп, оның қазына байлығына енді. Ал басты принциптері адамның еркіндігі, тұлғаның табиғи құқықтары мен бостандықтарының қасиеттілігі мен ажырамастығы, олардың қоғам мен мемлекет мүдделерінен жоғары тұруы. Саяси либерализм адамдардың еркіндігін шексіз құндылық деп біледі. Ол тек әділдікті білдіреді және ажырамас адам құқығына қол сұғудан, озбырлықтан қорғайтын заңмен ғана шектеледі. Консервативтік ( лат. Консерватус-қорғаушы) идеология Ұлы Француз революциясының (1789) саяси идеялары мен оқиғаларына жауап ретінде дүниеге келді. Негізін салушылар: Э.Берк, Жозеф де Меестр, Меттерних т.б. Консерваторлар монархияны қалпына келтіруге, дәстүрлі құндылықтарын сақтап қалуға тырысты. Ол үшін өмірге әдет-ғұрып, дәстүр негізгі рөл атқарды. Олар ағартушылық пен революцияға, сана мен прогреске қарсы тұрды. Саяси идеологиясының негізгі мәселесі - күшті мемлекет, айқын саяси жіктелу, биліктің топ қолында болуы. Еркіндікті тұлғалардың қоғам мен мемлекетке бағынуы және оларға адалдығы деп түсінді. Коммунистік (лат. Коммунис- жалпы) идеялар ХІХ ғасырдың орта кезінде дүниеге келген. Негізін қалаушылар: К.Маркс. Ф.Энгельс. Олар жан жақты дамыған, еркін адамды қалыптастырғылары келді. Ол үшін тап күресі жүргізілуі, жұмысшы табы буржуазияны құртуы керек. Олардың ойынша, социализмді орнататын бірден бір құрал социалистік революция. Оны жасай алатын күш жұмысшы табы. Мемлекеттік биліктің таптық сипаты болады. Социалистік революция нәтижесінде ескі мемлекет түбірімен қиратылады да, оның орнына жаңа мемлекет пролетариат диктатурасы орнайды. Барлық тарихи прогресс қоғамдық экономикалық формациялардың жүйелі түрде ауысуымен байланыстырылады. Олар жеке меншікті жойып, қоғамдық меншікті орнатқысы келді. Сондықтан коммунистік қоғамда мемлекет, саясат болмайды деп санады.
Қоғам әрқашан өзгеріп, дамып, жылжып отырады.Соған орай саяси жүйелер де өзгеріп,бір күйден екінші қалыпқа келіп, жетіліп жатады.Саяси даму деп саяси іс-қимылдар, саяси мәдениетте және жалпы саяси жүйеде өзгерістерге әкелетін процесті айтады.Соның нәтижесінде саяси жүйе әлеуметтік мақсат-мүдделердің жаңа үлгілеріне бейімделеді және жаңа жағдайларға икемделген институттар пайда болады.Саяси дамуды саяси прогреспен шатастырмаған жөн.Себебі,соңғысы қоғамдық саяси дамудың барысында бір нәтижеге жетуді, бір кезеңнен екіншісіне өтуді білдіреді.Ал,саяси даму бейтарап ұғым,ол тек даму процесін,өзгерісті ғана бейнелейді.Саяси дамудың эволюциялық және революциялық түрлері бар.Эволюциялықта қоғамдық-саяси өмір біртіндеп,баяу дамиды.Көбіне күнделікті өмірге тығыз байланысты болғандықтан,олар сырт көзге онша байқала бермейді.Революцияда қоғамның барық әлеуметтік-экономикалық саяси құрылымы түбегейлі сапалы төңкеріске ұшырайды.Ол қарулы және бейбіт жолмен жүзеге асуы мүмкін.Сонымен қатар революцияға қоғамдағы үлкен бетбұрысты да жатқызады.Мысалы,бұдан екі жүз жыл бұрын Батыс Еуропаның біраз елдерінде және Солтүстік Америкада қоғамның дәстүрлік әлеуметтік және саяси бейнесін түбегейлі өзгерткен процесс басталды.Соның нәтижесінде қазіргі кезде әлемнің барлық аймақтарында қоғам өмірінің барлық саласы түгелімен түлеп,жаңарып шықты.
Критерийлері:
1) Әртүрлі елдердің жаңа жағдайға көшу,институционалдық құрылымға өту үшін жұмылдырып, іске тартарлық қорлары, мүмкіндіктері бірдей емес;
2) Әртүрлі қоғамдық тарихи дәстүрлі, әлеуметтікэкономикалық құрылымы өзгеше;
3) Ұлттық элиталар арасындағы ұйымдастырылу және мәдени ерекшеліктер. Соған орай ол қазіргі тарихи жағдайды,мәдени мәнін, мазмұнын қабылдайды.
Модернизация деп қазіргі жаңа жағдайда байланысты жаңару, өзгеру, икемделу. Саясатта саяси жүйенің, әдіс-тәсілдердің, бағдарлама, тұжырымдамалардың өзгеруі заман талабына сай жаңару қоғамның жылдам дамуына мүмкіндік беріп, тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Ондай өзгерістер жасалмаса, саяси тоқырауға ұшырауға болады. Cаяси даму тұжырымдамасында басты рөлді модернизация немесе саяси бейімделу теориясы атқарады. Ол XX ғасырдың 50 жылдарында пайда болған. Батыс елдері алғашында бұл ұғымды отарлық езгіден құтылып, азаттық алған елдердің одан кейінгі жерде қалай дамуына байланысты пайдаланған. Кейін ол өркениеттілікке өтудегі әлемдік процестің жалпы үлгісінің негізіне айналды. Оның мәні дәстүрлік қоғамнан қазіргі қоғамға өтудің сипатын және бағытын бейнелеу болатын.
Дәстүрлік қоғамнан қазіргі қоғамға бейімделу тұжырымдамасының екі типі бар. Біріншісі өзіндік ішкі себептерден пайда болып, соған бейімделу.Бұған Англия, АҚШ сияқты ұзақ жылдар бойғы біртіндеп баяу даму нәтижесінде қоғамның баянды құрылысына өтуді басынан кешірген елдер жатады. Олар дамудың жоғарғы деңгейіне табиғи түрде жеткен болып есептеледі. Ал осы жолды кейін өтетін елдерге даму деңгейі, өмір сапасы жағынан алдыңғы елдердің жолын қуушы, «қуалай дамушы» мемлекеттер ретінде қарайды.
Басқа елдердің Батыс үлгісін бойына сіңіріп, өзгеру, соған икемдеу жөнінде әр түрлі көзқарастар бар. Солардың ішінде кең тарағаны модернизацияның сызықтық теориясы. Жақтаушылардың ойынша, дәстүрлік деңгейдегі елдер ерте ме, кеш пе капиталистік даму жолына түседі.Оларда соған лайық
әлеуметтікэкономикалық және саяси құрылым, саяси жүйе орнайды.Нәтижесінде олар да қазіргі жоғарғы индустриалды жағдайға жетеді,мәдениеті және басқа салалары да өркениетті елдердің даму жолын бұлжытпай қайталайды.
Критерийлері:1)Әртүрлі елдердің жаңа жағдайға көшу,институционалдық құрылымға өту үшін жұмылдырып,іске тартарлық қорлары, мүмкіндіктері бірдей емес;2)Әртүрлі қоғамдық тарихи дәстүрлі,әлеуметтікэкономикалық құрылымы өзгеше;3)ұлттық элиталар арасындағы ұйымдастырылу және мәдени ерекшеліктер.Соған орай ол қазіргі тарихи жағдайды,мәдени мәнін, мазмұнын қабылдайды.
Қоғамда әр түрлі таптар, топтар, жіктер болатындығы белгілі. Олардың өзіндік мақсат-мүдделері, талап- тілектері, армандары, қажеттіліктері болады. Олар сәйкес келе бермейді. Осыдан келіп араларында айырмашылықтар п.б. Олар дер кезінде шешілмесе жанжалдарға айналады. Жанжал немесе шиеленіс деп әрбір қарсы жақты қолайсыздыққы ұшыратып, істі насырға шаптыратын қарама- қарсы мүдделердің, пікірлердің, көзқарастардың қайшы келуін, елеулі келіспеушілікті, өткір талапты айтады. Қазіргі кезде қоғамдағы шиеленістер көптеген ғалымдардың назарын аударуда. Сондықтан сол мәселемен арнайы айналысатын конфликтология деген ғылым п.б. Ол мейірімсіздікке, төзімсіздікке, озбырлыққа әкелетін, қоғамды бүліндіріп, тығырыққа тірейтін саяси шиеленістердің шығу заңдылықтарын біліп, реттеу жолдарын іздестіріп, оның алдын алуға бағытталады. Соған орай, ол саяси және қоғамдық қатынастарды жетілдіруді де қарастырады. Әлуметтік жанжалдардың бірнеше себептері бар. Ең бірінші, жалпы себебіне адамдардың теңсіздігі жатады. Себебі әркімнің қоғамдағы мәртебесі, қызметі, билікке қатынасы әр түрлі. Біреулер билік етеді, екіншілері оларға бағынады. Жанжалдың екінші себебіне қажеттілік, мұқтаждық, талап- тілектің өтелмеуі немесе қанағаттандырғысыз өтелуі жатады. Үшіншіден, адамдар өздерін белгілі бір әлеуметтік, этникалық, діни т.б. бірлестіктердің мүшесіміз деп санайды. Бұл олардың өмірдегі орнын анықтайды және өздерінің жағдайын басқалардан төмен сезініп, мүдделеріне қысым жасалады деп ұғады. Батыстың көптеген саясатшылары шиеленістер себебін адамның санасынан іздейді. Мысалы, жеке адам мен қоғамдық құндылықтар туралы түсініктері сәйкес келмеуі, өмірден адам бір нәтижені күтуі, шындығында басқаша шығуы, адамдардың өзара түсініспеушілігі, олардың ішкі сезімдерінің жетілмегендігі. Жанжалдар қоғам өмірінде маңызды рөл атқарады. Әлеуметтік бақылауға алынған жанжал адамдар, топтар арасында п.б. дау- дамайларды уақытында ушықтырмай, асқындырмай шешуге септігін тигізеді. Қоғамдық организмдегі дағдарыстар мен әлеуметтік дағдарыстар туралы айта отырып ең алдымен, олардың адамдардың тіршілік әрекетімен тығыз байланыстылығын, оның адамның өзінде, оның өмірлік жағдайында, әлеуметтік перспективаларында тікелей көрініс табатынын ескертуіміз қажет, яғни оны фундаменталды адами өлшемге ие немесе тағдырлық мәні бар деп айтуға болады. Қоғамдық өмірдегі дағдарысар көріну сфералары бойынша жіктелуі мүмкін: экономикалық, әлеуметтік, саяси, идеолгоиялық, адамгершілік, экологиялық және т.б. Бірақ қоғам тұтастық ретінде болғанықтан, осы жеке дағдарыстар қоғамды тұтастай дағдарыстың бір сәті, тұсы болып табылады. Саяси жанжалдар өзінің даму барысында бңрнеше кезеңдерден өтеді. Алғашқы кезеңінде кикілжіңдерге негіз туады. Қоғамның кейбір салаларында қиындықтар п.б. Оларға айтарлықтай мәе берілмесе, өрби түседі. Мысалы, адамдардың өмір сүру деңгейі төмендейді, құқық сақтау, адамгершілік тәртіптері бұзылады. Әділетсіздікті бұрынырақ сезетін қарсы жақтың алдыңғы қатарлы адамдары өздерінің келіспеушіліктерін білдіре бастайды. Келесі кезеңде келіспеушілік, наразылық ашық айтылып, алғашқы қақтығыстар болуы мүмкін. Билікті халық мойындағанда, оның заңдарын дұрыс түсініп, өз еріктерімен орындағанда билік. Сонда оның беделі де, халықты бағындыратын сиқырлы сыры да болады. Ал мынадай кикілжіңде басқарушы төбе топтың әр түрлі қылмыстары ашылып, беделдері кетіп, оларға сенімсіздік туады. Одан кейін екі жақтың арасында ашық қарсыластық, қақтығыстар болуы мүмкін. Екі жақты да көптеген адамдар қолдап, даудың шеңбері кеңиді. Егер мұның бәріне жол табылып, шешілмесе, дау- жанжал өркениетті түрден шығып, қарулы қақтығысқа айналады. Мысалы, Югославиядағы, Таулы Карабахтағы, грузин- абхаз жанжалдары сияқты. Біраз жағдайда билік басындағылар қайшылықты байқаса да байқамаған сыңай білдіреді. Ондайда кикілжің бықсып, жанып өрістеуі, тіпті өртке айналуы мүмкін. Сондықтан жанжалды шешу керек. Сондықтан қазір көбінесе шиеленістерді дер кезінде шешуге тырысады. Оның екі жолы бар: 1.Жанжалды мәмілеге келу арқылы бейбіт жолмен шешу. Мәміле деп дау-жанжалға қатысушы жақтардың өзара кешірімділік білдіріп, ымыраға келуін айтады. Онда екі жақ бірін- бірі ұғынысып, өзара кешірімділік жасап, ортақ келісімге келуге тырысады. 2. Зорлық негізінде бітістіру, келістіру. Мұндай жағдай бір жақтың күші айтарлықтай басым болғанда, екінші жақ жеңілгенде немесе оны толық жойып жібергенде туады. Екі жақты татуластырудың кең тараған түрі- келіссөздер. Ол арқылы қарсы жақтың пікірі, дәлелдері белгілі болады, күштің арақатынасы айқындалады, келісімнің шарттары анықталады. Дағдарыс жағдайынан шығу үшін оның мәнін, ерекшеліктерін, әлеуметтік негізін және т.б. зерттеп білген жөн. Сонымен бірге, әлеуметтік жанжалдар да сан алуан келеді. Олар мемлекеттер, ұлттар, ұйымдар, жұмысшылар мен әкімшілік басшылары, ері мен әйелі әне т.с.с. арасында кездеседі. Олар әр түрлі топтастырылады, жіктеледі.
Билік - саясаттанудағы негізгі түсініктердің бірі. Оны саяси құрылым саяси қозғалыс және саясаттың өзін түсінудің кілті деуге болады. Билік түсінігінің анықтамасы, оның мәні мен сипаты мемлекет пен саясаттың табиғатын танудың маңызды шарты. Сонымен бірге оның бүкіл қоғамдық қатынастардың ішінен саясатпен саяси қатынастарды бөліп қарастыруға мүмкіндік беретінін айту керек.
Биліктің басқа түрлерімен салыстырғанда саяси биліктің мынадай ерекшеліктері бар оның өктемдік сипаты, оның бүкіл қоғамның атынан билік жүргізуі, басқарумен кәсіби айналысатын адамдардың мүддесін қорғауы, басқа мекемелерге қарағанда билік органдарының тәуелсіздігі, қоғам өмірінің жұмыс тәртібін белгілеуде жеке-дара құқығы, мемлекет шеңберінде ашық күш қолдана алуы, т.с.с.
Саяси билік бар жерде тенсіздік бар. Мұнла біреулер билеуге құқықты да, екіншілері оларға бағынуға міндетті. Бұл теңсіздік неден туады? Саяси биліктің қарамағында теңсіздікті қамтамасыз ететін әдіс-құралдары бар.
Экономикалық қор. Қандай саяси билік болмасын оған қаржы-қаражат керек. Мысалы: сайлау науқаны уақытында көп қаржы жұмсалады. Мемлекет тарапынан бөлінген қаражат жетістпегендіктен шетелдерде үміткерлер жеке бай адамдардың бірлестіктердің көмегіне сүйенеді. Билеуші аппаратты ұстап тұру үшін көп қаражат керек. Және үкімет басына келушілер өз реформаларын ала келеді. Мысалы: АҚШ президенттері Ф.Рузвельт "Жаңа бағыт", Дж. Кеннеди "Жаңа шеп", т.с.с. Экономикалық қорға қоғамдық өндіріс пен тұтынуға керек басқа да материалдық құндылықтар, құнарлы, шұрайлы жерлер, пайдалы қазба байлықтары, т.б. жатады.
Әлеуметтік әдіс-құралдар. Үстемдік етіп отырған билік өзін қолдайтын, оның одан әрі өмір сүруіне мүдделі адамдарды топтастырады. Ондай рөлді ең алды мен оның мәртебелі, абыройлы, көптеген жеңілдіктерді пайдаланатын қызметкерлері орындайды.
Күш жұмсау құралдары. Олар мемлекетті қорғайды, ішкі тәртіпті сақтайды, саяси билікті құлатуға әрекет жасаушыларға мүмкіндік бермейді. Оған әскер, полиция, қауіпсіздік органдары, сот, прокуратура. т.б. жатады.
Ақпарат құралдары. Радио, теледидар. баспасөз,т.с.с. ақпарат құралдары өз елдеріндегі жағдайларды ғана емес, дүние жүзінде не болып не қойып жатқанын көріп-біліп отырады. Шын мәнінде сөз, баспасөз бостандығы берілген, оппозициялық партиялары бар елдерде ақпарат құралдарының маңызы арта түседі.
Ақпараттық қор. Білім мен ғылым мағлұматтарын алу, оларды тарату бүгінгі күні алдыңғы қатарлы орынға шығуда.
Қазіргі ғылыми әдебиетте биліктің бес анықтамасы бар:
Жалпы алғанда билік дегеніміз тап, әлеуметтік топ, мемлекет, жеке адам т.б. тарапынан өзіндік ерік-жігерді іске асырудағы қабілеттілік пен мүмкіндіктерді пайдалана отырып адамдардың қызметі мен мінез-құлқына бедел, күштеу құралдары арқылы әсер ету деп түсіндіруге болады. Бұл анықтама биліктің мәнін қайсыбір субъектінің өз мүмкіндіктері арқылы өзінің ерік-жігерін түрлі саяси әлеуметтік қатынастарда өткізе алатын қасиеттері негізінде ашатын билік жөніндегі Вебердің белгілі анықтамасына өте жуық.
Қоғамдық қатынаста биліктің пайда болуы мен жүзеге асырылуына төмендегідей бөлшектердің болуы шарт:
Саяси өкімет биліктің неғұрлым маңызды түрлерінің бірі болып табылады. Бұл белгілі
бір таптың, топтың, жеке адамның өзінің еркін саясатта және құқықтық ережелерді іске асыру жолындағы ақиқат қабілеттілігі.
Билік көздері: экономикалық, идеократтық, ақпараттық, авторитарлық, харизматикалық, психологиялық, күштеу, формальды-бюрократиялық.
Биліктің тиімділігі бұл оның нәтижелілігі, саяси жүйе мен қоғамда өз функцияларын атқару деңгейі, азаматтардың және ең алдымен қоғамның ықпалды жігі элитаның үмітінің жүзеге асуы. Қазіргі жағдайдағы биліктің легитимділігі мен тиімділігі оның тұрақтылығының, оған деген сенімнің және оны азаматтардың қолдауының екі негізгі факторы.
Мотивациялық айырмашылықтарына қарамастан биліктің легитимділігі мен тиімділілігі өзара байланысты. Билік легитимділігінің кез келген түрі көп жағдайда халықтың оның тиімділігіне, яғни оның талаптарының қанағаттануына үміт артуымен анықталады. Бастапқысында легитимділіктің жетіспеушілігінен зардап шеккен көптеген авторитарлық режимдер, мысалы Чилидегі, Оңтүстік Кореядағы, Бразилиядағы, артынан кейін табысты экономикалық саясаттың, қоғамдық тәртіпті орнықтырудың және халықтың әл ауқатын көтеру арқасында оған елеулі қлшемде ие болады.Легитимділік (заңдылық) принципі. Бұл бірінші принциптін іске асуын қамсамасыз етеді. Билікті уыстан шығармаудың ең ұтымды тәсілі заңға, заң шығарушылыққа сүйену. Заң әр уақытта биліктен де күшті. Билеушімен заңның қайшылықтары мынадай жолмен шешіледі: 1) билеушінің биліктен ету арқылы; 2) негізгі заңға өзгерістер еңгізу немесе жаңа заң (еңгізу) және құқық нормасын еңгізу арқылы; 3) заңды аяқ асты ету. Мысалы АҚШ президенті Р. Никсоннің «ирангейт» деп аталған саяси даудың нәтижесінде өз қызметінен кетуге мәжбүр болды. Біздің елімізде демократияландыру және аралас әлеуметтік бағыттағы экономика еңгізуге байланысты жаңа саяси институт президенттік басқару орнықты. Биліктің легитимділігі Билік саяси және мемлекеттік болып екіге бөлінеді.
Саяси билік таптық, топтық және жеке адамның саясатта тұжырымдалған өз еркін жүргізу мүмкіндігін білдіреді Ал мемлекеттік билікке барлық адамдарға міндетті заңдарды шығаруға жеке құқығы бар заңдар мен ұйымдарды сақтау үшін ерекше күштеу аппаратына сүйенетін саяси биліктің түрі жатадыМемлекеттік биліктің заңдылығы оның легитимділігінен білінеді. Легитимдік (латын тілінде заңдылық, шындық деген мағынаны білдіреді) дегеніміз- халықтың үстемдік етіп отырған саяси билікті мойындауы, оның заңдылығы мен шешімдерін растауы.Демократиялық жағдайда мемлекеттік билік легитимді болуы үшін мынандай екі шарт қажет.
Ол халықтың қалауы бойынша қалыптасуы және көпшіліктің еркіне қарай орындалуы керек. Яғни, мемлекеттік биліктің басшысын белгілі бір мезгілге тура немесе жанама түрде халық сайлауы керек және оның жұмысын бақылап отыруға мүмкіндік болуы тиіс. Мемлекеттік билік конституциялық қағидаларға сәйкес жүзеге асырылуы керек.
Немістің көрнекі ғалымы Маркс Вебер билік басына келудегі легитимдіктің үш үлгісін көрсетті:
1.Әдет-ғұрыптық легитимдік халықтың санасына сіңген, әбден бойлары үйреніп, дұрыс деп тапқан салт-дәстүрлерге сүйенеді. Мысалы: хан, патша, сұлтан, т.с.с.
2. Харизматикалық легитимдік ерекше батырлығымен, адалдығымен немесе басқа үлгі қабілет-қасиеттерімен көзге түскен адамды басшы етіп жариялап, соның соңынан ереді. Мысалы: Мұхаммед пайғамбар, т.с.с.
3. Ақыл-парасаттың, құқықтың легитимдігі қазіргі саяси құрылым орнатқан құқықтың ережелерге, тәртіптің ақыл-ойға сыйымдылығына негізделеді.
Мемлекеттік құқықтың тәртіптің легитимдігінің ең биік дәрежесіне Конституция жатады. Мысалы: 1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда Қазақстан Республикасының жаңа конституциясы саяси билікке нақтылы легитимділік берді. Онда Қазақстан Республикасын демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет деп жариялады. Оның ең қымбат қазынасы адам және адамның өмірі құқықтары мен бостандықтары Қазақстан Республикасы призиденттік басқару нысанасындағы біртұтас мемлекет. Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы-халық. Республикада мемлекеттік билік біртұтас, ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы, сот тармақтарына бөлінеді, олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау принципіне сәйкес жүзеге асырылады. Республика президенті мемлекет басшысы, оның ең жоғары лауазымды тұлғасы болып табылады. Ол - халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары бостандықтарының рәмізі әрі кепілі. Парламент - заң шығару қызметін жүзеге асыратын республиканың ең жоғарғы өкілді органы. Сот билігі азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды жүзеге асыруға арналған. Конституциялық Кеңес республиканың бүкіл аумағында Қазақстан Республикасының Конституциясы үстінен қарауды қамтамасыз ететін мемлекеттік орган болып табылады.
Қазақстан Республикасының конституциясына билікші, атқарушы, сот, жаңа саяси институт (конституциялық сот және басқалары) сияқты билік бөлімдері еңгізілді. Бұл біршама қолайлы жол, себебі (билеуші) әкімшілікпен бұқара көпшілік арасында белгілі бір келісім болуына жол салып отыр. Бірақ әкімшілік қажетіне қарай құқықтық нормаларға өзгерістер еңгізілуі мүмкін (өзгерту, толықтыру). Биліктің үшінші баламасы басқарудың әртүрлі формасындағы бір адамның билік жүргізуіне әкеледі. (озбырлық қаталдық) Шегіне жеткен мысалы ретінде фашизм, сталинизмды көрсетуге болады.
Билікті жіктеудің негізгі белгілері төмендегідей:
Биліктің құрылымдық бөлшектеріне не жатады? Оған:
1.Үстемдік мүдде. 2.Оны танытатын ерік (заңдар, саяси шешімдер т.б.) 3. мүддені іске асырудағы қамтамасыз ететін құралдар (материалдық- моральды-психологиялық).
Мұсылман елдерінде саяси ойлардың қалыптасып дамуVII X ғасырлар - араб халифатында қоғамдық құрылыстың ыдырап, феодалдық қатынастардың қалыптасу кезеңі. Осы кезеңдер мұсылмандардың діни қағидаларының пайда болып, дамыған шағы десе болады. Саясатты зерттеу мәселелерінде этикалық-философиялық бағыттар пайда болады. Мемлекет, саясат, билік туралы ғылыми еңбектер жазып, өшпес мұра қалдырған ғұламалардың бірі Ибн-Сина - Авиценна (980-1037). Ол саяси билік жүргізудің мәнін саяси біліммен байланыстырып, "жақсы"немесе "жаман" қалаларды адамдар ұйымдастыра алады деп сенеді.
Ислам ғұламаларының философиялық қағидаларына саясатты - рухани-адамгершілік тұрғысынан қарастыру тән. Олар "жақсы қаланы" орнату үшін білім мен өміртанымдық принциптеріне көп сүйенбейді. Олар грек философиясын мұсылмандық моральмен ұштастырып, дін мен саясаттың философиялық негізделуін талап етті. Ибн-Сина көзқарастарында идеалистік принциптер байқалады.
Мұсылман саяси көзқарастары халифатты белгілі саяси тәртіп ретінде қарастырды, халифат мемлекеттік билеу түрінде тек атқарушы билікке сүйенеді.
XIV ғасырлық мұсылмандық саяси ойларда билеудің түрлерін іріктей бастайды. Оған зор үлес қосқан ғұлама Ибн-Халдун (1332-1406). Ол өзінің "Мукаддима" (“Кіріспе”) еңбегінде мемлекеттің шығу тарихының табиғи заңдылықтарына, пайда болуы мен дамуына, құлдырауына, мемлекет "өркениеттілігінің" қалыптасуына талдау жасайды. Ол "идеалды" мемлекетті зерттемей, шынайы мұсылмандық мемлекет құрылысын қарастырады, сөйтіп ол халифат тарихи дамуының билеу түрлеріне жіктеу жасады. Ибн-Халдун ойынша әрбір қоғамда "тежеулік бастамалар" болуы керек, сол тежеулер халықты қанаудан, зорлықпен тайпаларды біріктіріп мемлекет құрудан сақтайды. Мемлекеттік билік бір ғана билеушінің ісі емес, билік жүргізуге барлық халық үлес қосуы керек, өйткені мемлекеттегі өзгерістер билеушілердің ғана емес, барлық қоғамның өміріне өзгеріс енгізеді. Әбір мемлекет даму барысында мынадай 5 кезеңдерді бастан кешеді:
1. Ескі билеудің орнына жаңа билеу күші келуі.
2. Ол бұрынғы қалған басшыларды жойып, жоғарғы билікті өз қолына алуы.
3. Мемлекеттің өркендеуі, тәртіп пен тыныштық орнауы.
4. Зорлық пен деспоттық әдістерге көшу.
5. Мемлекеттің құлдырап жойылуы.
Осылай дамудың, әлеуметтік дағдарыстың себебін ол әлемнің пайда болуымен байланыстырады, себебі алғашында мемлекеттер “діни сенімнің” орнына қылыш пайдаланудың нәтижесінде болған еді. Араб халифаты біртіндеп монархияға айналады, оның тек қана сырт пішіні ғана халифаттың сипатын сақтауда.
Ибн-Халдун биліктің үш түрін айтты табиғи монархия, саяси монархия және халифат. Табиғи монархия тиран билігі, деспоттық тәртіп орнап, бір ғана адам жеке билігін жүргізуі. Саяси монархия - оған қарағанда, рационалды адамдардың халықтық мүдделерін ескеруі, бірақ олардың бір кемшілігі діни құндылықтарды ескермеуі. Ең жақсы биліктің түрі халифат, онда халықты ақылды басқару мен қамқорлықпен қоса адамдарды діни сеніммен, имандылықпен тәрбиелеп басқарады. Онда діни және жердегі ерекшеліктер ескеріледі. Халиф өз саясатын мұсылмандықтың имандылық пен әділеттілік принциптеріне сүйене жүргізеді, қол астындағылар оған бағынады, ал монарх тек күшке сүйенсе ол халық үшін әрқашан “бөтен, жат” қалпынан арылмайды. Ибн - Халдун саяси ойлары ислам саяси теориясының шарықтау шегі болды. Сондықтан Ибн Халдун идеялары классика ретінде танылып, біздің заманымызға дейін өзінің өзектілігін жоғалтқан жоқ. XIX ғ. Араб елдерінің мұсылмандық саяси теориясына көптеген өзгерістер әкелді. Осман империясының үстемдігі әлсіреген сайын, дәстүрлі мұсылмандық саяси көзқарастарды қайта қарастыру, реформация процесі басталды.
Қазақтың алғашқы философы, әлеуметтанушысы. Математигі, физигі, астрономы, ботанигі, логика және тіл маманы, музыка зерттеушісі Әбу Насыр Мұхаммед Ибн Тархан әл-Фараби 870-950 жылдары өмір сүрген. Ол екінші Аристотель атанған. Барлығы 160-тан астам трактат жазған. "Бақытқа жету жолдары", "Саясат туралы", "Азаматтық саясат" деген еңбектері бар.
Әл-Фараби басқару түрін екіге бөлген:
1. Қайырлы - халықты бақытқа апарады.
2. Қайырымсыз - мұнда теріс әрекеттер болады. Әл-Фарабидің айтуынша адам бақытты болуға лайықты, сондықтан сол ол бақытын табуға тиіс. Оған ол тынымсыз еңбек арқылы ғана жетуге болады дейді.
Әбу Наср Әл-Фарабидің азаматтық, саяси, адам, қоғам жөніндегі ойлары “Фусул ал-мадани” (“Мемлекеттік қайраткерлердің нақыл сөздері”) трактатында қаралады. Бұл трактаттың тақырыптары әр түрлі болса да, негізінен бір мақсатқа адам мен қоғамның арақатынасы, оның жетілуіне арналған. Еңбектің өзіне тән бір ерекшелік сипаты тәндік және рухани құбылыстардың салыстырылып отыратындығы.
Фараби «Азаматтық саясатта» қоғамды талдауды қаладан бастаса, “Нақыл сөздерде...” ол мұны ең кішкене ұядан, от басынан немесе үйден бастайды. Аристотель сияқты ол үйді бірнеше бөлекке ері мен әйелі, қожайыны мен қызметшісі, ата-анасы мен баласы, мүлкі және иесі деп бөледі.Үйдің өзіне тән мақсаты болады, бірақ қаланың бір бөлшегі болғандықтан ол қала белгілейтін ортақ мақсатқа қызмет етуге арналады, сөйтіп бұл арада адамның өз басының мүдделерін қоғам мүдделеріне бағындыру туралы пікір айтылады. Бұл жерде Фарабидің қала дегенін мемлекет деп түсіне отырып, оның ойларынан үлкен азаматтық гуманизмнің биік көріністерін табамыз. Мұнда тек жеке басының мүдделері ғана емес, қоғам мүдделерін жоғары санауы үлкен бір азаматтықтың, адамгершіліктің қасиетті көріністері деп білеміз.
Құқықтық мемлекет деп демократиялық жолмен қабылданған заң үстемдік ететін, оның алдында бәрі де тең саналатын, жеке адамның құқығы жан жақты қамтамасыз етілетін мемлекеттік құрылысты айтады. Құқықтық мемлекеттің негізгі құндылығы халық болып табылады. Сол үшін оның барлық аясында қоғамның құқығы жоғары орында тұру керек. Бұл әрбір құқықты мемлекеттің басты, келелі принципі болып табылады. Яғни құқық әрбір елдің Конституциясы негізгі заңында бекітіліп, басқа да заңдары мен жарлықтарына нұсқа болу керек. Мысалы ҚР Конституциясында « Қазақстан Республикасы демократиялық, зиялы, және біртұтас мемлекет. өзін-өзі билейтін қазақ ұлты мемлекеттілігінің түрі ретінде Қазақстан Республикасы өзінің барлық азаматтарының құқық теңдігін қамтамасыз етеді» делінген.
Құқықтық мемлекеттің түсінігі мен мазмұны
Қазіргі заманда құқықтық мемлекет құру қалыптастыру мәселесі ғаламдық проблемаға айналды. Өйткені адам қоғамының даму тарихында ешқашан, еш елде құқықтық мемлекет болған емес. Қазіргі кезде де жоқ. Болашақта да барлық елдерде бір мазмұнды, бір нысанды құқықтық мемлекет болуға мүмкін емес. Себебі әр елдің экономикасы, мәдениеті, әлеуметтік жағдайы, рухани санасы, саясаты бір деңгейде болмайды. Бұған қоса олардың географиялық, ұлттық ерекшеліктері болады.
Сондықтан болашақта құқықтық мемлекет бірнеше дамыған елдерде қалыптасуы мүмкін. Бірақ ол мемлекеттердің мазмұнында, әсіресе нысанында объективтік ерекшеліктері болады.
Құқықтық мемлекеттің мазмұнының негізгі талаптары:
1) Құқықтық мемлекет азаматтық қоғамның объективтік даму процесіне сәйкес ескіріп, жаңарып жататын көп қырлы кұбылыс. Бұл мемлекетте адамның толық егеменді болуы қажет, олардың мемлекеттің билік жүргізетін органдарын кұруға қатысуы заңды түрде бекітілуі керек.
2) Құқықтық мемлекеттің экономикалық негізі - өндіргіш күш пен өндірістік қатынас және көп меншіктік шаруашылық арқылы дамуы. Құқықтық мемлекетте меншіктің басым көпшілігі - өндіруші мен тұтынушылық билігінде болуы қажет. Бұл билік шаруашылықтың жақсы, сапалы дамуын қамтамасыз ету үшін оларға толық бостандық беруі керек. Сонда ғана қоғамның әлеуметтік, экономикалық жағдайын көтеруге, нытайтуға болады.
3) Құқықтық мемлекеттің әлеуметтік негізі өзін-өзі басқаратын азаматтық қоғамда адамдардың бостандығын, теңдігін қамтамасыз етіп, олардың жақсы еңбектенуіне, дұрыс жұмыс жасауына мүмкіншілік беру. Қоғамның әлеуметтік жағдайының жақсаруы құқықтық мемлекеттің нығаюы. Бұл екі процесс бір-бірімен тығыз байланысты. Құқықтық мемлекет сонымен бірге әлеуметтік мемлекет.
4) Құқықтық мемлекеттің моральдық негізі - гуманизм, әділеттік, бостандық, теңдік, адамдардың қадір-қасиетінің, ар-намысының деңгейі. Осы жоғары дәрежедегі принциптер болса құқықтық мемлекет болады. Өйткені мұндай қоғамда адамдардың рухани сана-сезімі де жоғары дәрежеде болады.
5) Құқықтық мемлекеттің саяси негізі халықтың, ұлттық тәуелсіздігін қалыптастырып қоғамдық билікті жан-жақты дамытып, адамдардың бостандығын, теңдігін қорғап, әділеттікті, демократияны орнату, қарым-қатынастарды реттеп басқару.
Міне қоғамның осы негіздеріне сүйене отырып құқықтық мемлекет орнатуға мүмкіншілік қалыптасады.
Құқықтық мемлекеттің негізгі белгілері:
- мемлекеттік билікті үш түрге бөлу, олардың ара қатынасын қатаң сақтау; азаматтық қоғамның калыптасуы;
- қоғамда жоғары дәрежеде құқықтық мәдениеттің қалыптасуы, адамдардың рухани сана-сезімінің жақсы дамуы;
- мемлекеттік аппараттың, лауазымды тұлғалардың, қоғамдық ұйымдардың, жеке адамдардың өмірдегі қарым-қатынастарда өзара жауаптылығы;
- қоғамның экономикалық, әлеуметтік бағытында әділеттікті, теңдікті қамтамасыз ету үшін антимонополиялық органның қызметін қатаң бақылау;
- қоғамның ішкі құқық нормалары мен халықаралық құқықтың өзара қатынасын бақылап, жақсартып отыру;
- қоғамда заңның үстемділігін орнату, азаматтық қоғамды қалыптастыру. Адамдар "заңның құлы" болмайынша құқықтық тәртіпте, демократия да жақсы дамуға тиіс емес. Бұл туралы өмір тәжірибесінен қалыптасқан мынадай өсиет сөз бар:
Заң мемлекеттің ақылы.
Сот мемлекеттің жүрегі.
Мәдениет мемлекеттің тәртібі.
Міне осы үш қағидалы өсиет өзара бірігіп қалылтасып және мемлекеттің ішкі заңдары көпшілік таныған халықаралық құқықтық нормалар мен принциптерге сәйкес келсе, елімізде мемлекет орнайды.
Адам қоғамының барлық дәуірінде құқықтық мемлекет кұру мәселесі толастап көрген емес. Әсіресе елді басқаруда абсолютизм, деспотизм, тоталитаризм орнаған кезде құқықтық мемлекет орнату деген дауыс, талап күшейіп отырды. Бұл тұрғыдан өте күшті концепция феодализмге қарсы, буржуазияның күресі кезінде қалыптасты. Күрестің саяси ұрандары: «Бостандық!» «Тендік!» «Әділеттік!» халыққа едәуір жақсылықтар әкелді.
Бірақ көп елде реакцияшыл буржуазияның кертартпа саясаты демократиялық реформаны толық аяқтауға мүмкшшілік бермеді.
Ірі буржуазия саяси билікке қолы жеткеннен кейін құқықтық мемлекет орнату бағытынан алшақтай бастады. Бұл елдерде буржуазияның үстемдігін қорғайтын мемлекет пен құқық орнап көп уақыт өмір сүрді.
XX ғ. қоғамды басқару тәжірибесін шынықтырып капиталистік елдер жаңа экономикалық саясатқа көшіп халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартып, бостандықтың шеңберін кеңітіп, демократиялық мемлекетті дамытуда. Бұл саясаттың мазмұны:
1) Қазіргі заманда халықтың рухани сана-сезімі қоғамдық басқаруға, қоғамдық меншік орнатуға жетілген жоқ. Сондықтан меншіктің түрлерін шектемей нарықтық экономикаға толық бостандық беру. Осы жерде «Өзімдікі дегенде өгіздей күшім бар...» деген мақал дұрыс келеді.
2) Нарықтық экономика арқылы халықтың еңбекке деген ынтасын көтеріп, шаруашылықтың, өндірістің барлық саласында бизнесмендердің бәсекесін дамыту.
3) Халыққа өздерінің әлеуметтік экономикалық мүддесін-мақсатын орындаудағы іс-әрекетіне толық бостандық беріп, мемлекет тек көмек көрсетуге тиіс. Мемлекет нарықтық экономика туралы заңды, құжаттарды дер кезінде қабылдап олардың орындалуын қатаң түрде бақылап отыруы керек. Әсіресе жеке меншікті қорғауды, адамдардың бостандығын сақтауды бірінші бағытқа алу керек.
Осы жаңа экономикалық саясат капталистік елдердің соңғы 40-50 жыл ішінде экономикасын дамытып, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартып демократиялық қоғам құруына мүмкіншілік беріп отыр.
Қазіргі заманда дүние жүзінің барлық мемлекеттері капитализмнің жаңа экономикалық саясатын қабылдап нарықтық экономиканы дамытып жатыр. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін бұрынғы кеңестік республикадар да осы жолға бет бұрып отыр.
Әлемдік стандарт жолына Қазақстан да бет бұрып, нарықтық экономиканы дамытты. Кеңестік жүйенің жақсылығы да аз болған жоқ: 20-60 жж. Экономиканың, мәдениеттің, қорғаныстың жетістіктері дүние жүзіне белгілі болды. Бірақ Кеңес Одағының жетістіктерінен гөрі кемшіліктері басым болды. Сондықтан Одақ ыдырады...
Енді капиталистік елдердің XX ғ. 30-50 жж. либералдық-демократияға бет бұрып, дамуының себептеріне қысқаша түсінік берейік.
Бірінші себебі - капиталистік елдер 1929-1938 жж. дүниежүзілік экономикалық дағдарыстан Кеңес Одағының бір орталықтан жоспарлау тәжірибесінің жақсы жағын пайдаланып экономиканың жақсы дамуына мүмкіншілік жасады. Жеке меншіктегі шаруашылықтарға мемлекет тиіспеді. Міне осы тәсілді капиталистік мемлекеттер үздіксіз пайдаланып келеді.
Екінші себебі - Ресейде, Қытайда тағы басқа Европа - Азия елдерінде социалистік мемлекеттер орнап, қалың бұқараның мүдде-мақсатын орындаймыз-қорғаймыз деген желдірме «ұрандарынан» ірі буржуазия сескеніп халықтың, саяси-әлеуметтік жағдайына көңіл бөлуге мәжбүр болды. Бұл саясатты дұрыс, жақсы дамытуға ғылыми-техникалық революция экономикалық жағдай жасады.
Құқықтық мемлекет орнатудың негізгі бағыттары:
- мемлекеттік биліктің үш саласының жұмысын жақсарту, әсіресе заңның, нормативтік актілердің сапасын көтеру;
- нормативтік актілердің дұрыс пайдалануын, орындалуын қамтамасыз ету, халықтың рухани сана-сезімін, мәдениетін жақсартып, көтеру;
- қоғамдағы қатынастарды дұрыс, жақсы реттеу-басқару бағытындағы мемлекеттік, қоғамдық ұйымдардың жұмысын жақсарту;
- бостандықты, теңдікті, әділеттікті, демократияны дамыту;
- заңдылықты, құқықтық тәртіпті қатаң сақтау. Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша құқықтық мемлекет қалыптастырудың негізгі бағыттары демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет құру (1-бөлім).
Демократиялық мемлекет Қазақстанды алдымен Конституция қабылдап, тікелей басшысын және Парламент сайлауға, өкілетті мерзімі біткен соң, оларды ауыстыруға халықтың құрылтайшылық билігі бар республикалық құрылыстағы мемлекет ретінде танытатын ұғым. Республиканың жоғарғы органдары арқылы көпшілік қазақстандықтардың еркін шынайы анықтауға және мүддесін барынша жүйелі қорғауға қажетті мүмкіндіктер береді. Демократиялық мемлекет әлеуметтік және ұлттық нысандарына қарамастан, азшылық пен жекелеген азаматтардың мүддесін білдіруіне, оның есепке алынуына да мүмкіндіктер береді, мемлекеттік қызметке араласып, қатысуға тең құқықтар беріледі. Демократиялық мемлекет қызметінің түбегейлі принциптерінің бірі «Қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық» (1-6. 2-т.).
Зайырлы мемлекет - Қазақстан Республикасында діни мекемелер мен дін ұстау мемлекеттен бөлістігін білдіреді және бұл Қазақстандағы ислам мен православиелік тағы басқа нанымдық ағымдарға бірдей қатысты. Діни негізде партия құруға жол берілмейді. Наным немесе атеизм мәселесі-әркімнің жеке басының шаруасы. Елдегі дін ұстау бостандығы мен діни бірлестіктердің жұмысы жөніндегі заңдылықтарды мемлекет белгілеп, бақылайды.
Құқықтық мемлекет - Қазақстанның барлық органдары мен лауазымды адамдарының қызметі құқық нормаларына байланысты, соған бағынышты және соған сәйкес іс-әрекет жасайды. Құқықтың негізгі принцитері: азаматгар үшін - «заңға тыйым салынбағанның бәріне рұқсат етіледі», мемлекеттік органдар мен лауазым иелері үшін «Заңда нақты не көрсетілсе, соған ғана рұксат». Барлық заң жүйесін жақсартып, әділеттікті жоғары дәрежеге көтеру және азамат құқығы мен бостандығын халықаралық өлшем деңгейіне жеткізу Қазақстан мемлекетінің негізгі міндеті. Құқықтық мемлекетте Заң бір әлеуметтік топтың емес, халықтың шынайы еркін білдіреді. Мұндай мемлекетте заңның рухы үстемдік етеді. Барша адамдар, ең жоғары дәрежедегі лауазым иелерінен қатардағы азаматтарға дейін заңдардың бүкіл халықтың мүддесі, игілігі үшін жасалып, қолданылатынын, заңдар адамдарға қажет қоғамдық тәртіпті орнататынын, адамдарға отбасын құрып, өсіп-өнуге, өзі қалаған жұмыспен шұғылдануға, өздерін еркін сезінуге, қоғам ісіне қатысуға жағдай туғызуы керек екенін түсінуі қажет.
Сонымен Қазақстанда реформаторлық процесс арқылы қоғамның саяси-экономикалық құрылысында көп өзгерістер болды. Қоғамдық ғылымдарда жаңаша ғылыми зерттеулер басталады. Мемлекет пен құқықты дүниежүзілік заң ғылымдар туралы концепциямен бірлестіріп дамытуға мүмкіншілік туды. Отандық кұқықтану, философиялық, экономикалық, саяси ой, сана, пікір құқықтық демократиялық мемлекет туралы ғылымды зерттеуге, дамытуға бет бұрды.
Әлеуметтік мемлекет барлық байлығын, ішкі мүліктерін ұстанып отырған саяси жәнеэкономикалық қағидаларын ел тұрғындарының тұрмысын жақсартуға, қоршаған ортаны қорғауға, білім алуға керек мүмкіндік жасауға, денсаулық сақтау жүйесін жоғары деңгейде қалыптастыруға жұмсап отырған мемлекет.Адам баласының сонау Аристотельден бастап ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан көкейкесті арманы болғанымен, мемлекеттік дамудың әлеуметтік басымдылығы өткен ғасырдың алпысыншы және жетпісінші жылдары ғана кейбір елдерде қалыптаса бастады. Кейін бұл алдыңғы қатарлы елдердің экономикалық дамуының негізгі басымдылығы тұрақты бағыты болды. Соның арқасында тұрмыс дәрежелері қатты өсті. Адам капиталы, адам дамуының индексі деген ұғымдар әлем елдерінде, мемлекетаралық салыстырғанда кеңінен қолданыла бастады.
Әлеуметтік мемлекеттің басты тұжырымдамасының негізі - өте ертеде пайда болған әлеуметтік саясатқа келіп тіреледі. Ертеде көптеген билеушілер, мысалы, Рим цезарлары жағдайы өте төмен адамдарға нан тарату мен ойын-сауықтар ұйымдастыру арқылы қамқорлық жасаған. XIX ғасырдың екінші жартысында «әлеуметтік мемлекет» ұғымын алғаш рет ұсынған неміс ғалымы Лоренц Фон Штайнер болды. Ол «әлеуметтік мемлекет өз азаматтарын экономикалық және қоғамдық дамуға дағдыландырып, үйретуге міндетті, себебі, бірінің дамуы екіншісінің дамуына шарт болуы қажет, әлеуметтік мемлекеттің негізгі мәні де осы болып табылады» деп көрсеткен. «Әлеуметтік мемлекет» деген ұғымның пайда болуы «полициялық» мемлекеттен, «қоғамдық келісім мемлекетінен» және «мемлекеттің биліктің ең жоғарғы формасы ретіндегі» мемлекеттен әлеуметтік функцияларды жүзеге асырушы мемлекетке өтуін көрсетеді.
Әлеуметтік мемлекеттің қалыптасуы өте күрделі және қарама-қайшылыққа толы ұзақ процесс. Қоғамдық-экономикалық және ғылыми-технологиялық дамудың нәтижесіндегі билік пен жеке тұлғаның арасындағы қатынастың өзгеруі мем лекеттің әлеуметтік мемлекетке өтуін жылдамдатты.
Әлеуметтік мемлекеттің мәнін терең түсіну үшін оның белгілерін ажырата білу қажет. Бірінші белгісіне - әлеуметтік саясатты жүзеге асырудағы құқықтық табиғаты, мемлекеттің әлеуметтік процестерді бақылау және бағыттау міндеті жатады, екінші - әлеуметтік сақтандыру жүйесінің жасақталуын айтуға болады, үшінші бюджеттік-әлеуметтік төлемдер, төртінші - әлеуметтік қамсыздандыруды, жұмыспен және мемлекеттік қорғауды қамтамасыз ететін мемлекеттк жүйенің болуы саяды, бесінші қоғамның әрбір мүшесіне мемлекеттің әлеуметтік қолдау көрсетуіне жатады, алтыншы - өз азаматтарының әл-ауқатының жоғары денгейі үшін, жауапкершілігін арттырумен сабақтасқан.
Қазіргі кезеңде демократиялық мемлекет бәекелестікті шектеу мен оны қайта қалпына келтіру арасындағы тәсілді ұстануға, өз іс-әрекеттерінде құқылық және әлеуметтік принциптердің тиімді мөлшерін табуға ұмтылуда. Кез келген қоғам тіршілік құрылымының ғылыми тұрғыда дәлелденген үлгісіне, нақты белгіленген мақсатқа сүйене отырып, дами алады.
Қазақстан Республикасының конституциясында біздің еліміздің әлеуметтік мемлекет қатарында екендігі ерекше көрсетілген. Алайда, әлеуметтік құқықтық мемлекеттің идеясын конституциялық бекітуден оны шын мәнінде жүзеге асыруға дейінгі аралықта ұзақ та қиын жол жатыр. Сол үшін де саяси реформалар жасау, қажетті әлеуметтік-саяси базаны құру, мәдениетті өркендету және басқа да алғы шарттарды дамыту қажет
Әлеуметтік мемлекеттің жемісті өмір сүруі қоғамның барлық топтары мүддесіне қызмет ететін, дамыған экономика негізінде ғана қалыптасады.Одан әрі бұл функция әлеуметтік бағдарламаны бюджеттік қаржыландыру арқылы және әлеуметтік қамсыздандырудың мемлекеттік құрылымын құру барысында жүзеге асырылады. Осындай мемлекеттің басқа да атрибуттары - әлеуметтік сақтандыру, әл-ауқат деңгейі үшін мемлекеттің жауапкершілігі, әлеуметтік қолдау мүмкіндігін алуы - әлдеқайда кейінірек. Әлеуметтік мемлекеттің екінші функциясы білі. м және денсаулық сақтау мүмкіндіктерін қамтамасыз ету. Бұл екі функция тек әлеуметтік мемлекетке ғана тән еместігін айта кеткен жөн. Адамдардың физикалық және экономикалық өмірінің маңызды алғы шарттары болғандықтан олар кез келген мемлекеттің типіне қарамастан жүзеге асырылады. Ал әлеуметтік мемлекетке келетін болсақ, онда олар адамдардың ажырамас құқығы болып қалыптасады да, сол құқықты қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндетіне (мемлекеттік қаржыландыру, әлеуметтік қамсыздандыру жүйеісн құру) айналады.
Әлеуметтік мемлекеттің үшінші функциясы - әлеуметтік қорғау. Оның пайда болуы, ең алдымен, азаматтардың әл-ауқатының деңгейіне мемлекет жауапкершілігінің қалыптасуына байланысты еді. Әлеуметтік мемлекеттің төртінші функциясы - әлеуметтік теңсіздікті бәсеңдету. Оны жүзеге асыру барлық адамдардың бірдей әлеуметтік қолдау табу атрибутының пайда болғанынан бастап мүмкін болды. Әлеуметтік қорғау мен әлеуметтік қамтамасыз етудің ертеректе қалыптасқан механизмі мен жалпыға бірдей әлеуметтік қолдау принциптерін жүзеге асыру теңсіздікті толығымен жоюға мүмкіндік береді.
Әлеуметтік мемлекеттің бесінші функциясы еңбекпен қамтамасыз ету. Германияда Веймар Республикасы кезінде мемлекеттік функция ретінде пайда болған және Ф. Рузвельттің «Жаңа курс» саясатында маңызды рөл атқарған бұл функция тек қана екінші дүниежүзілік соғыстан кейін, шын мәнінде, мемлекеттің ажырамас қызмет бөлігіне айналған.
Әлеуметтік мемлекеттің барлық жиынтығы негізінде әлеуметтік мемлекеттің алтыншы функциясы қамтамасыз етіледі: ол - әлеуметтік қызмет көрсету. Бұл ХХ ғасырдың соңғы он жылдығында әлеуметтік мемлекеттің жаңа сапасы ретінде көрінеді және оның дамуының ең жоғары деңгейдегі қозғалысын білдіреді. Іс жүзіне келсек, бұл функцияның пайда болуын мемлекеттің индивидті жаппай басып-жаншу күйінен, әрбір адамның мүддесіне бағындырылған және қоғамға қызмет көрсететін мемлекетке өту деп қарастыру жөн болады. Бұл функция әлеуметтік мемлекеттің барлық атрибуттар жүйесіне сүйене отырып, азаматтық қоғам механизмі арқылы тікелей іске асырылады. Ал азаматтық қоғам, сайып келгенде, әлеуметтік мемлекеттің базалық функциясы болып табылады.
Әлеуметтік мемлекеттің жетінші функциясы мемлекеттік саясат жүргізу. Бұл функция әлеуметтік мемлекет дамуындағы жаңа құбылыс. Ол интеграциялау негізінде әлеуметтік мемлекеттің механизмі арқылы жүзеге асады. Мемлекеттік саясатты жүргізу құрылымдағы өзгерістерге, олардың материалдық және рухани қажеттіліктерінің қанағаттандырылуына байланысты топтар арасындағы қоғам мен оның мүшелерінің өзара арақатынасына қатысты мемлекеттің жалпы саясатының ажырамас бөлігі болып табылады. Сонымен, мемлекеттің әлеуметтік саясаты ынтымақтастық принциптерін жеке жауапкершілік принциптерімен толықтыруды, оларды біріктіруді ұсынады. Орталық және аймақтық билік органдары өзара көмек көрсету мен қорғау, әлеуметтік қамсыздандырудың қажетті құрылымын құруға қабілетті әлеуметтік топтарды қолдауға өз күшін жұмсауға міндетті. Мұндай топтар кәсіби құрылымдарды, жергілікті қауымдарды, коопертивтерді, аймақтық ұйымдарды, қоғамдық бірлестіктерді т.б. біріктіреді. Практикалық тұрғыда мемлекет, ең алдымен, жеке жауапкершілікті қалыптастыруға ықпал етуге тиісті. Жеке меншікті тануға негізделген экономикалық салада адамдардың іскерлік белсенділігін арттыруға қажетті жағдай жасау қажет.Қорытындылай келе, өркендеген елдердегі әлеуметтік мемлекеттің құрылу мемлекеттік құрылыстағы жаңа қадам деп тұжырымдауымызға болады. Әлеуметтік мемлекет жоғарыда атйқанымыздай - өз азаматтарының өмір сүруіне лайықты жағдаймен қамтамасыз етуге, әлеуметтік жағдайының қорғалуына, материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруға, өндірісті басқаруға, қоғам мен мемлекет іске араластыруға ұмтылатын мемлекет. Бұл мәселе жағдайы нашар қамтамасыз етілген топтың пайдасына ұлттық табыстың қайта бөлудің көмегімен, халықты жұмыспен қамтамасыз ету, еңбекті қорғау, білім алу, денсаулық сақтауды, бүкіл қоғамның мәдениетін, т.б. дамыту саясатын жүргізуді жүзеге асыру барысында кол жетіп, орындалады. Әлеуметтік мемлекет қоғамдағы экономикалық, әлеуметтік және т.б. теңсіздіктерді бәсеңдетуге, жуып-шаюға бар күш-жігерін жұмсайды.
Азаматтық қоғам идеясы өте ертеде пайда болған. Аристотель еңбектерінің өзінде біз азаматтық қоңғамдағы меншіктің рөлі тур. Пікірлерін кездестіреміз. Ол кім меншікке ие болса, сол ізгіліктің, адамгершіліктің де иесі болады деп жазды.
Кейінірек бұл мәселеге елеулі үлес қосқандар: Т.Гоббс, Ш.Монтескье, Ж.Ж.Руссо, Т.Пейн және т.б. дегенмен азаматтық қоғам тұғырнамасын жасауда ерекше еңбек еткен немістің атақты фәлсафашысы Гегель. Оның ойынша, азаматтық қоғам мемлекеттен тәуелсіз, нарықтық экономиканы, әлеум топтарды, таптарды, корпорацияларды, институттарды қамтиды. Олардың мақсаты қоғамның өміршеңдігін және азаматтық құқықты жүзеге асыруды қамтамасыз етуде.
Азаматтық қоғам деп мемлекеттік құрылымнан тыс қалыптасатын әлеум-экономикалыө жәе мәденирухани қоғамдық қатынастардың жиынтығын айтады. Ол жеке тұлғаның емін-еркін дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік жасайды, Бұл қоғамда мемлекеттің жеке адам өміріне араласуына өте-мөте шек қойылады. Ал олардың атқаратын міндеттерін азаматтар өз еркімен оларға берген және орындалуын өздері тексереді. Азаматтық қо,ғамнығ құрамына адамдардың өздері тудырған қауымдастықтар, азаматтардың өндірістікжәне жеке өмірі, олардың әдет-ғұрпы, салттары кіреді.А.қоғамда адамдардың экон, саяси ж.е рухани өмірінің түрін еркін таңдауына және жүзеге асыруына заң жүзінде кепілдік беріледі. Олар мемлекет тарапынан қатаң тәртіпке алынудан сенімді қорғалады. Адамның жалпы құқықтары сақталады, бұзылмайды.
Саяси өмірде а.қ. барлық азаматтарға мемлекеттік және қоғамдық істереге еркін қатынасуына жағдай жасайды. Мұндай қоғамда адамның халықаралық дәрежеде танылған ережелерге сай төмендегідей азаматтық құқықтары жүзеге асырылады:
Қазақстанда азаматтық қоғамның қалыптасуы өзгеше жағдайда өтіп отыр. Кеңестік кезеңде қоғам өмірі барынша мемелекеттендіріліген болатын. Ол жүйе күйреген соң азаматтық қоғамға өтуге жоғарыдағы мемелекеттің өзі ұйытқы болып отыр. Халықтың сана-сезімі, жүріс-тұрысы әлі ондай деңгейге көтеріле қоймады. Сондықтан біраз уақытқа дейін белгілі бір сапалық деңгейге қол жеткізгенше бұл процеске мемлекеттің елеулі ықпалы болмақ.
Азаматтық қоғам материалдық, мәдени жоғары дамыған шақта құқықтық мемлекетке айналады. Құқықтық мемлекет деп демократиялық жолмен қабылданған заң үстемдік ететін, оның алдында бәрі тең саналатын, жке адамның құқығы жан-жақты қамтамасыз етілетін мемлекеттік құрывлысты айтады. Мұнда мемлекет пен азаматтыр екі жақты өзара жауаптылықта болады. Билік шын мәнінде, бөлінеді, олардың міндеттері мен қызметтеріне шек қойылады, өзара бақылау қамтамсыз етіледі.
34. Лоббизм ұғымы мен қызмет етуін түсіндіріңіз
Лоббизм жеке тұлғалардың, саяси субъектілер мен ұйымдардың белгілі бір заң жобаларына, қабылданатын шешімдерге ықпал ету мақсатында жасайтын іс-әрекетін білдіретін ұғым. Лобби ұғымы алғаш рет 1808 ж. АҚШ Конгресінің хаттамаларында пайда болды. Лоббиді АҚШ саясаттанушылары “Конгрестің үшінші палатасы”, “үкіметтің төртінші билігі” деп сипаттады. 1864 ж. лоббистік іс-әрекет арқылы АҚШ Конгресіне қажетті шешім қабылдату мақсатымен сенаторлар дауысын ақшаға сатып алу орын алды. Кейін заңсыз лоббизмнің таралуына орай оны заңдастыру міндеті қойылды. 1946 жылдан АҚШ-та Лоббилік әрекеттер заңға сәйкес деп танылып, қаржылық қадағалауға алынды. Лоббилік әрекеттер мемлекет бюджетті бөлу, қаржыландыру, әр түрлі жеңілдіктерді талап етуге бағытталады. Ірілі-ұсақ өндірістік-қаржылық топтар әкімшілік саяси және қаржы технологияларын кеңінен пайдалана отырып, өз мүдделерін лоббистік топтар арқылы қорғай алады.
Лоббистік қызметке саяси және қаржылық технологияларына орай мемлекет билік органдарына ақпарат, құжаттар мен жобалар ұсынуы; парламент комитеттері мен комиссияларының, атқарушы билік органдарының мәселелерді талқылауына қатысуы; белгілі бір адамның мақсат-мүдделерін қорғау мақсатында депутаттармен және мемлекет билік органдарының лауазымды тұлғаларымен ауызша және жазбаша байланыстары, т.б. жатады. Лоббистік ұйымдарға көптеген заңи-құқықтық фирмалар, әр түрлі кеңесші кеңселер және жұртшылықпен байланыс жөніндегі агенттіктер жатады. Қазіргі кезде лоббизм мемлекет билік органдарына ықпал етудің күшті механизміне, саяси жүйенің бейресми ин-тына айналып отыр.
38. Саясат әлеміндегі БАҚ рөлін айқындап көріңіз
Қазіргі қоғамда үш дәстүр бұқаралық қоғам, бұқаралық мәдениет және бұқаралық медиа үстем етіп отыр. Бұқаралық дәстүр мен қоғамдық қозғалыс күшіне енген дәуірде БАҚ-тың рөлі мен оның даму бағдары қандай болмақ? Өркениетті елдерде мынандай ақпараттық заңдылық айқындалуда: 1. Бұқаралық ақпараттың саны да, оның атқаратын қызметтері де көбеюде; 2. Оның ұғымдары мен ұстанымдары туралы түсініктер мен көзқарастар сала-салада ауқымдалуда; 3. Информация мен коммуникативті қызметтердің адам мен қоғамның әр жағына әсер етер сапалық көрсеткіштері де өсуде.Информациялық дәуірдің және оның коммуникативті сипаттамасының ерекшеліктері қарқындауда. Бүгінгі таңда информацияны екі деңгейде әлеуметтік-мәдени жаңғырудың және әлеуметтік субъектілердің арақатынасының жүйелі тәсілі ретінде қабылдау қалыптасқан. Ал бұқаралық медиа саясаттың қуатты құралына, идеологияның кең таралған көрсеткішіне, әлеуметтік-мәдени практиканың жалпылама түріне айналуда. Қысқасы, ол адам іс-әрекеті мен өркениеттің барлық саласында шешуші стратегиялық факторға айналуда. Батыста тіпті «информацияны кім иемденсе, билік сонда» (3.Ж.-Ф. Лиотар) деген пікірде кең таралған. Тегін айтылмаған сөз.
Бұқаралық ақпараттық құрал (БАҚ немесе бұқаралық-медиа) дегеніміз а) бұқараның мінез-құлқы үлгілерін іріктейтін және шектейтін, соған иландыратын күш; ә) сөздік, бейнелік және музыкалық информацияны жаппай көбейтетін, әрдайым тарататын, ақпаратқа жалпылама бұқаралық сипат енгізетін ұйымдық-техникалық комплекс. Негізінде, БАҚ-тың қоғамға қажетті көпжақтылы идеологиялық міндетті атқарудағы әрі рухы жоғары идеяны уағыздаудағы рөлі жетілуде. БАҚ-ң әлеуметтік-психологиялық сипаты ендігі еселеуде. Оның қоғамдық қарым-қатынаста атқаратын саяси-әлеуметтік рөлі де алуан. Бүгінде БАҚ ағартушылық, насихаттық, ұйымдастырушылық, топтастыру жұмыстарын атқарып келеді. Оған құлағымыз да, көзіміз де үйренгендей. Әйтседе ақпараттық жұмыстың қоғамдық маңызы мен әлеуметтік жауапкершілігі қатар жетілмеуде. Осы қос өлшем бірдей, тең ұсталғанда, оны мәдениеттің маңызды бөлімі деп әрі әлеуметтік күштің күнделікті тиімділігі мен маңызын арттыранына күмәнданбаймыз. Содан БАҚ қоғамдық күшті жұмылдыратын, біріктіретін, шабыттандыратын әлеуметтік қуат деген түсінік күш алуда.
42. Ұлттық қауіпсіздік ұғымының мәнін ашып беріңіз
Ұлттық қауіпсіздік түрлері
Ұлттық қауіпсіздік түрлері:
1) қоғамдық қауiпсiздiк - қоғамның тұтастығы мен оның тұрақтылығы қамтамасыз етілетін азаматтар өмiрiнiң, денсаулығының және амандығының, қазақстандық қоғамның рухани-имандылық құндылықтарының және әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің нақты әрі ықтимал қауіп-қатерлерден қорғалуының жай-күйі;
2) әскери қауіпсіздік - әскери күштерді қолданумен немесе оны қолдану ниетімен байланысты сыртқы және ішкі қауіп-қатерлерден адамның және азаматтың, қоғам мен мемлекеттің өмірлік маңызы бар мүдделері қорғалуының жай-күйі;
3) саяси қауіпсіздік - азаматтардың, әлеуметтік топтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуы және олардың мүдделерінің теңгерімі, мемлекеттің тұрақтылығы, тұтастығы және қолайлы халықаралық жағдайы қамтамасыз етілетін конституциялық құрылыс негіздерінің, мемлекеттік органдар жүйесі қызметінің және мемлекеттік басқару тәртібінің нақты және ықтимал қауiп-қатерлерден қорғалуының жай-күйі;
4) экономикалық қауiпсiздiк - экономиканың орнықты дамуы және оның тәуелді болмауы қамтамасыз етілетін, Қазақстан Республикасы ұлттық экономикасының нақты және ықтимал қауіп-қатерлерден қорғалуының жай-күйі;
5) ақпараттық қауiпсiздiк - елдің орнықты дамуы және ақпараттық тәуелсіздігі қамтамасыз етілетін, ақпарат саласындағы нақты және ықтимал қауіп-қатерлерден Қазақстан Республикасы ақпараттық кеңістігінің, сондай-ақ адамның және азаматтың құқықтары мен мүдделерiнің, қоғам мен мемлекеттің қорғалуының жай-күйі;
6) экологиялық қауiпсiздiк - қоршаған ортаға антропогендiк және табиғи әсерлер салдарынан туындайтын қауіп-қатерлерден адамның және азаматтың өмірлік маңызы бар мүдделері мен құқықтарының, қоғам мен мемлекеттің қорғалуының жай-күйі болып табылады.
Ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жүйесi
1. Ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жүйесiн бiр-бiрiмен өзара iс-қимыл жасайтын оны қамтамасыз ету күштері, адамның және азаматтың, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған саяси, құқықтық, ұйымдастырушылық, экономикалық, әскери және өзге де сипаттағы шараларды жүзеге асыратын өзге де мемлекеттiк органдар мен ұйымдар құрайды.
2. Қазақстан Республикасының азаматтары өздерінің Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында көзделген құқықтары мен міндеттерін іске асыру арқылы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады.
49. Қазақстан Республикасындағы партиялық жүйенің ерекшеліктері қандай?
Қазіргі типтегі саяси партиялар мен партиялық жүйелердің қалыптасу кезеңі XVI-XVII ғасырларда Еуропада болған буржуазиялық революциялар дәуірімен тікелей байланысты. Тек XX ғасырдың соңғы жылдарында олар саяси күресте шыңдалған, басқару жағынан мол тәжірибесі бар әр түрлі әлеуметтік топтардың сыннан ӛткен нағыз саяси партиясына айналды. "Партия" деген сӛз латын тілінен шыққан. бӛлу, бӛлшек деген мағынаны білдіреді. Тұңғыш, алғашқы сая¬си партиялар Ежелгі Грекияда пайда болған. Бірақ олардың мүшелері аз, шамалы, дұрыстап ұйымдаспаған. Сондықтан мұндай шағын топтардың айтарлықтай маңызы болмады. Қазіргідей нағыз саяси партиялар Еуропада XIX ға¬сырдың екінші жартысында пайда бола бастаған. Жалпыға бірдей сайлау құқығының енгізілуі бұқара халықтың саясатқа қатысу мүмкіндігін тудырады. Жұмысшылар ұйымдасып, парламентте ӛз мүдделерін қорғайтын партиялар құрыла бастады. Партия бірден кӛпшілік партияға айналған жоқ. Немістің кӛрнекті саясаттанушысы Макс Вебер саяси партиялардың дамуында мынандай кезеңдерді кӛрсетті: 1. Аристократиялық үйірмелер. 2. Саяси клубтар. 3. Кӛпшілік партиялар. Мұнда аристократиялық үйірмелер жер иелерінің мақсатын қорғаса, саяси клубтар буржуазияның мүддесін корғады. Ал кӛпшілік партия үнемі кӛпшілікпен байланысты болады. Барынша ӛз қатарына кӛбірек адамдарды тартады. Бұл кезеңдерді тек Ұлыбританияның либералдық(виги) және консервативтік (тори) партиялары ғана басынан ӛткізген. Басқа партиялар әр түрлі даму жолдарынан ӛткен. Біразы бірден кӛпшілік партияға айналды. Тұңғыш кӛпшілік партия болып 1861 жылы Ұлыбри¬танияның либералдық партиясы құрылды. Одан кейін Германияда 1863 жылы жалпы Германияның жұмысшы Одағы партиясы құрылды. Мұндай партиялар басқа да елдерде құрыла бастады. Американың саясаттанушысы Ла Паломбараның айтуынша партиялар мынадай 4 белгімен сипатталады: 1. Партия белгілі бір идеологияны қорғайды; 2. Партия - адамдарды жергілікті ұйымнан бастап , халықаралық дәрежеге дейін ұзақ біріктіретін ұйым. 3. Партияның мақсаты - билікті колға алып. жүзеге асыру: 4. Әр партия ӛзіне халықтың дауыс беруінен. Мүше болуына дейінгі колдауын қамтамасыз еткісі келеді. Партиялардың ӛмір сүру ұзактығы дау-жанжалдардын тууы мен оларды шешу қажеттігінен туады. Жалпы сая¬си партиялардың. мынандай сипатты белгілері болады: 1. Партия бағдарламасынын болуы; 2. Саяси билік үшін күрестің болуы: 3. Партиялық тәртіптің болуы: 4. Партияға мүшелік ету; 5. Мүшелік жарна тӛлеу; 6. Партияның жарғысының болуы: 7. Баспа органдарының, болуы; 8. Партия басшылығының кӛптеген ӛкілеттігі; 9. Кәсіптік негіздегі партия аппаратының болуы. Осындай белгілері бар саяси партиялар тапты немесе әлеуметтік топты ұйымдастырады, жұмысына мақсаттылық-сипат береді, белгілі бір идеологияны қорғайды, бағыт береді. 2. Саяси партиялардың негізгі қызметтері. Поляктың саясаттанушысы А. Боднардың ойынша, қазіргі қоғамда саяси партиялар мынадай қызметтер атқарады: 1. Саяси идеология мен саяси ілімдерді жасау; 2. Қоғамның ірі топтарының мақсат-мүдделерін анықтау 3. Олардың белсенділігін арттырып, жинақтау; 4. Мемлекеттік билікті іске асыруға қатынасу; 5. Қоғамдық пікірді қалыптастыру; 6. Жалпы коғамды. топты саяси тәрбиелеу: 7. Саяси жүйелерді, онын принциптерін, элементтерін. күрылымдарын калыптастыруға қ атысу; 8. Мемлекетте билік үшін күреске қатынасу және онын жұмысының бағдарламасын жасау; 9. Мемлекеттін, кәсіподактарының, коғамдық ұйымдарының аппараты үшін кадрлар даярлау, ұсыну. Қазіргі демократиялық қоғамдағы партияның маңызды міндеті азаматтық қоғам мен мемлекеттің арасындағы байланысты баянды ету. Партиялар арқылы әр түрлі әлеуметтік топтар ӛздерінің саяси талаптарын мәлімдейді. Бұрынғы әлеуметтік-экономикалық саясатты одан әрі жүргізу немесе оны ӛзгерту керектігі жӛнінде ӛздерінің кӛзқарастарын білдіреді. Сонымен саяси партиялардың негізгі қызметтері тӛмендегідей: Теориялық: Қоғам дамуының, негізгі салалары бойынша жәңе оның даму жолдарын талдап, тео¬риялық жағынан бағалау. Әр түрлі әлеуметтік топтардың мүдделерін анықтап үйлестіру. Қоғамды жаңартудын стратегиясы мен тәсілін тұжырымдап бүқараны қимыл бірлігіне теориялык жағынан әзірлеу. Идеологиялық: Еңбекші бұқара арасында ӛз кӛзқарасын, ізгі мұраттарды тарату, оны іскерлікпен ұштастыру. Ӛз бағдарламасы мен саясатын насихаттау. Азаматтардың түбегейлі мүдделерін ескере отырып ӛз бағытын қолдауға жұмылдыру және партия қатарына тарту, Қорыта келе, партия деп - мемлекеттік билікті колға алуға немесе билік жүргізуге қатынасуға бағытталған, ортақ мүдде, бір идеология негізінде құралған адамдардың ерікті одағын айталы. 3. Саяси партиялардың жіктелуі, түрлері Саяси партияларды жіктеп. жүйелеудің кӛтеген ӛлшем және белгілері бар. Француз ғалымы М.Дюверже сайлаушылар мен белсен ділер санына қарай екіге бӛлген: Кадрлық: Сайлаушылардың 10 пайызы ғана болатын мүше саны аз,ұйымдастырушылық жағынан жоғары деңгейде. Әр мүшесінің партиялық билеті бар. Мүшелік жарна тӛлейді. Жарғысын мүлтіксіз орындайды. М: ГФР-дің Христиандық-демократиялық одағы, Жапония либералдық-демократиялық партиясы, Француз коммунистік партиясы. Бұқаралық Сайлаушылары кӛп, мүшелері белсенділері де кӛп. Партия¬лық билеті жоқ мүшелік жар¬на тӛлемейді. Мысалы: Ұлыбританияның Лейбористер партиясы АКШ-тың республикалык және демократиялық партиялары. Сайлаушылар партиясы - бұл партияның, негізгі мақсаты үміткердің сайлау алдындағы науқанын ұйымдастыру: қаржы жинау, үгіт жүргізу, т.с.с. Мұнда тұрақты мүшелік жоқ ұйымдық құрылым жоқ Парламенттік партия - екі қызмет атқарады: парламентке бақылау жасайды, сайлауға дайындалады. Республикадағы барлық партиялар ӛздерінің бағдарламаларында демократиялык құндылықтарды жақтайтындығын, нарықтық-экономикаға тырысатындығын білдіріп, азаматтық келісім мен тұрақтылық болғанын қалайтындықтарын білдіреді. Қазақстанда партиялар саны ӛсуде.
50. Қазақстанның сайлау жүйесін түсіндіріңіз
Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі: ұғымы, қағидаттары, сайлау органдары.Сайлау жүйесi дегенiмiз сайлау органдарын кұрудың, сайлауды ұйымдастырудың тәртiбi қағидаларын қамтитын, сайланбалы мемлекеттiк жене жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарын қалыптастырудың тәртiбi.
Казакстан Республикасы сайлау жүйесi деп Конституция мен сайлау туралы зандарда көрсетiлгендей республика Президентiн, Мәжлiс пен Сенат депуттатарын, ауылдық әкiмдердi, төте не жанама сайлау тәртiбiн айтамыз.
Сайлау жүйесі ұғымы әдетте екі тар және кең мағынада қолданылады. Кең мағынада сайлау жүйесі дегеніміз Қазақстан Республикасындағы сайлауды өткізу мен ұйымдастыруға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастар жүйесі. Оған сайлау комиссияларын құру мен олардың қызметі, сайлау округтерін, учаскелерін құру, сайлау алдындағы үгіт-насихат, сайлаудың қорытындыларын анықтау, т. б. жатады. Tap мағынада сайлау жүйесі дегеніміз сайлауға қатысқан кандидаттардың немесе саяси партиялардың жеңімпаздарын анықтау жүйесі. Бүгінгі таңда әлемде мажоритарлық және пропорционалды сайлау жүйелері кең тараған
Сайлау жүйесiнiң тепе-тең және мажоритарлы сияқты екi түрi бар. Тепе-тең сайлау жүйесi дегенiмiз сайлау барысында берiлген дауыс пен жеңiп алынған мандат арасындағы тепе тендiк қағидасына негiзделедi. Тепе-тең сайлау жүй есiнің әрекет етуi үшiн бiрнеше iрi аумақтық округтер және екiден кем емес калыптасқан саяси партиялар болуы қажет.
Мажоритарлы сайлау жуйесi артық басымдыды және салыстырмалы басымдылы деген екi түрге бөлiнедi. Артық басыьдылық мажоритарлы жүйе тусында бiрiншi және екiншi қайта дауыс беру кезiнде, сайлаушылар тiзiмiне енгiзiлген азаматтардың 50 пайыздан астамы сайлауға қатынасса, сайлау өттi деп, дауыс берушiлердiң 50 пайыздан артык дауысын жинаған кандидат сайланды деп есептеледi.
Салыстырмалы басымдылы мажоритарлы жүйе тұсында егер кандидат сайлау тiзiмiне енген сайлаушылардың 25 пайызының дауысына ие болса, дауыс берген сайлаушылардың санына қарамастан, сайланды жене сайлау өттi деп есептеледi.
Казақстан Республикасында Президенттi және Парламент депутаттарын сайлау кезiнде, дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (тандаушылардың) елу пайызынан астамының дауысын алған және қайта дауыс беру кезiнде басқа кандидатқа қараған да дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың дауыс санының көпшiлiгiн алған кандидат сайланып, сайлау өттi деп саналады.
Мәслихаттар депутаттарын сайлау кезiнде басқа кандидат
тарға қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың дауыс санының көпшiлiгiн алған кандидат сайланған болып саналады.
Жергiлiктi өзiн-өзi баскару органдарының мушелерiн сайлау кезiнде басқа кандидатарға қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың көпшiлiгi жақтап дауыс берген кандидаттар сайланған болып саналады.
52. Қазақстан халықаралық қатынастар жүйесінің субъектісі ретінде қандай рөл атқарады?
1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін жариялап, қоғамдық өмірдің барлық салалары бойынша халықаралық ынтымактастыктың толыққанды субьектісіне айналды. Қазақстан экономикалық дамудың үлкен әлеуетіне ие, Еуропа мен Азияның орталығында саяси және стратегиялық маңызды орынды алып, халықаралық ынтымақгастықтың әртүрлі одақтары мен ұйымдарының мүшесі. Сондыктан да Қазақстан Республикасының шекаралас және дүниежүзі мемлекеттерімен халықаралық қатынасының тек Азия аймағы емес бүкіл әлемде бейбітшілік пен тұрақтылыкты және жалпы қауіпсіздікті қамтамасыз етуде зор маңызы бар. Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан халықаралық қатынастардың субъектісі ретінде бүкіләлемдік сахнаға шығып, сыртқы әлеммен өзара тиімді қатынастар орнатуға қол жеткізді. Еліміз беделді халықаралық ұйымдарға мүше болып (БҰҰ, ТМД, ШЫҰ, ЕЫҚҰ т.б.), өзінің дербес дипломатиясын қалыптастыруға мүмкіндік алды. Бүгінгі таңда 62 әлемдік және аймақтық ұйымға мүше Қазақстан 124 мемлекетпен дипломатиялық қарым-қатынастар орнатты. Дүниежүзілік қауымдастықтың (халықаралық ұйымдарды қоса есептегенде) 54-інде Қазақстанның елшіліктері мен өкілдіктері жұмыс істейді. Ал Қазақстанда шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың 70-ке жуық дипломатиялық өкілдіктері қызмет жасайды. Елбасы «әлемдік шаруашылық байланыстардың қазіргі заманғы даму бағыты теңдік, ерікті және прагматикалық қызығушылық негізіндегі интеграционизм, бұл Еуразия үшін лайықты келешек, яғни тек сондай жағдайда ғана ол XXІ ғасырдағы әлемдік экономика мен саясаттың жаһандық факторы бола алады» деген еді.
56. Орталық Азияның аймақтық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі Қазақстанның рөлін көрсетіңіз.
Қазіргі таңда АӚСШК ұйымына жиырмадан астам азиялық ел мүше- мемлекеттер ретінде кірсе, әлемнің түрлі құрлықтарының оннан астам мемлекеттері бақылаушылар болып табылады. Сонымен бiрге Азиядағы ӛзара әрекеттестік және сенім шаралы жӛніндегі кеңес жұмысына БҰҰ, ЕҚЫҰ және АЕЛ секілді халықаралық ұйымдар ат салысуда. Республикамыздың азиялық және еуропалық қауіпсіздік құрылымдарында жауапты мүше ретінде араласуы оның беделін арттырып, түрлі пікіралмасу алаңдарындағы ӛкілеттілігін кеңейтті. Еліміздің басшылығы мен дипломатиялық кешенінің ерен еңбегінің негізінде еліміз кӛп жақты ынтымақтастықтың жаңа сапалы деңгейiне шықты. Республикамыздың халықаралық деңгейдегі беделінің ӛскендігін Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға тӛрағалық етуі тағы да бір рет дәлелдеді. Бұл беделдi еуропалық ұйымның модераторы рӛлiн орындай отырып, ҚР Президентi Н. Назарбаев Астанада ЕҚЫҰ-ға мүше-мемлекеттердің мемлекет және үкiмет басшыларының саммитін ӛткiзу туралы бастама кӛтерді. Қазақстандық сындарлы және үйлестірілген сыртқы саясаты 23 желтоқсанда халықаралық қауiпсiздiктiң кӛкейкестi мәселелерiн талқылау үшiн саясатшыларының жоғарғы деңгейдегі кездесуiн ұйымдастыруға мүмкiндiк бердi. ЕҚЫҰ-ның саммитіне ұйымның 56 мүше-мемлекеті мен ынтымақтастық жӛніндегі 12 әріптес-елдің мемлекет және үкiмет басшысы, ресми тұлғалары, сонымен бірге басқа да халықаралық және аймақтық ұйымдардың ӛкілдері қатысты. Он жылдық үзiлiстен кейiнгі ЕҚЫҰ елдерінің басшылары кездесуінде, қауiпсiздiкке сенiм және ашықтық негiзiнде қарайтын Ұйымының жалпыны қамту жолын қайта растаған «Қауiпсiздiктiң қауымдастығына апарар жолда» атты Астана декларацияны қабылданды. Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға тӛрағалығы мен Астанадағы ӛткізілген басқосу әлемдік қауымдастық пен шетел мемлекеттерiнiң ықпалды кӛшбасшылары тарапынан жоғары бағалағды.ЕҚЫҰ, ИКҰ және ШЫҰ секілді беделдi халықаралық ұйымдардағы ӛз тӛрағалығы аясында Қазақстан аймақтық қауiпсiздiк жүйесiнiң нығаюуына және де кӛп жақты ынтымақтастықтың бұдан ары орнығуына ӛзіндік үлесін қосып келеді. Мысалы, ШЫҰ-ның тӛрағасы ретіндегі Қазақстанның негізгі басымдықтарының бірі Орталық Азия аймағындағы бейбітшілікті, тұрақтылықты және қауіпсіздікті сақтау. ШЫҰ-ның Ташкентқалысындағы саммитінде ҚР Президенті Н. Назарбаев айтып ӛткендей, «Қырғызстанға көмек көрсету және ауған мәселесін шешуде қолдау таныту Қазақстанның ШЫҰ-дағы төрағалығының басты басымдықтарының бірі болады».
Қырғызстандағы 2010 жылдың сәуір және шілде айларындағы оқиғаларға алғашқылардың бірі болып назар аударған ШЫҰ болған еді, ӛйткені Қырғыз елінің әлеуметтік-экономикалық және саяси ӛміріндегі шиеленістік жағдайлардың бүкіл Орталық Азия аймағы үшін дағдарыстық салдарлары болуы мүмкін болатын. ШЫҰ мүше-мемлекеттерінің бірлескен күш-жігері арқасында бұл елдегі тұрақсыздану жағдайы тоқтатылып, ел ішіндегі азаматтық қарсы тұрушылықтың алдын-алуға қол жеткізілді.Осылайша, Еуразия құрылығының орталығындағы күрелі жағдайдың қалыптасуын есепке ала отырып, Қазақстан ШЫҰ-ның тӛрағасы ретінде аймақтық және жаһандық тұрақтылықтың нығаюына бірінші кезектік мән береді. Бұл мәселеде Ұйымның БҰҰ, ЕҚЫҰ, АӚСШК, ИКҰ, НАТО, ҰҚКҰ және де басқа да халықаралық интеграциялық құрылымдармен ӛзара тығыз әрекеттестік орнатуы маңызды рол атқарады.Үстіміздегі жылдың маусым айында Астана қаласында ШЫҰ мүше-елдері басшыларының 10-шы мерейтойлық басқосуын ӛткізу жоспары Қазақстанның әлемдік саясаттың субъектісі ретіндегі ролінің артқанын білдіретіндігін атап ӛтуге болады.Бұдан басқа, 2011 жылдың жазында Қазақстан Ислам конференциясы ұйымына тӛрағалық еті мандатын қабылдап алады. Бұл жағынан алғанда, еуропалық қауіпсіздіктің негізгі құрылмдарының бірі ЕҚЫҰ-на ӛрағалық етудің белсенді кезеңін бастан ӛткерген қазақстандық дипломатияның ИКҰ басшылық ету барысында «ӛркениеттер пікіралмасуы» жаңа тетігін жұмысқа қосуға қажетті тәжірибесі болады.Осы жерде айта кететін тағы бір маңызды мәселе қазақстандық басшылықтың соңғы жылдарда жүргізіп келе жатқан ӛркениеттер мен діндер арасындағы пікіралмасуды тереңдету мен дамыту саясаты аса маңызды сыртқы саяси қарекет екендігі. Қазақстан 2003, 2006 және 2009 жылдары әлемнің негізгі конфессияларының діни ӛкілдерін жинаған «Әлемдік және дәстүрлі діндер кӛшбасшыларының» үш съезін ӛткізген болатын.Ӛткен съездер барысында Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың бастамасы бойынша ӛркениетаралық және дінаралық қатынастардың барынша ӛзекті мәселелері талқыланды. Бұл форумдардың негізгі мақсаты әлемдік діндердің ӛзара бейбіт дамуы және де діндер диалогын жүзеге асырып, бірлескен шешімдер қабылдауға қажетті тұрақты жұмыс істейтін халықаралық дінаралық институт құру болып табылады. Әлемдік және дәстүрлі діндер кӛшбасшыларының IV съезi 2012 жылды Астана қаласында ӛткізу жоспарланған.
57. Қазақстандағы әлеуметтік саясаттың негізгі бағыттары
ХХ ғасыр кез келген мемлекеттің ішкі саясатының негізгі бағыттарының бірі әлеуметтік саясат болуы керек екенін дәлелдеді. Әлеуметтік саясаттың басым міндеттері қоғамдық ӛмірде белгілі бір деңгейде теңдікті қамтамасыз етуді кӛздейді.
Халықты әлеуметтік қорғау мемлекеттің әлеуметтік саясатының ең негізгі басым бағыты. Экономикалық нарықтық қатынастар кезеңіне ӛткенде мемлекеттің әлеуметтік саясатын жетілдіру қажеттілігі туындады. Әлеуметтік саясат аясында халықты, оның ішінде кӛмекке аса мұқтаж адамдар, асыраушысынан айрылған, мүгедек жандар, жетім балалар әлеуметтік қорғалады. Қазақстан Республикасы Ата Заңында «ӛзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы адам және адам ӛмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп кӛрсеткен. Әрине, әлеуметтік мемлекеттің негізгі принципі де әлеуметтік саясатты жүргізіп, негізгі функцисы әлеуметтік қорғау болып табылады. «Әлеуметтік қорғау бұл мұндай қатынастар, яғни оның қамқорлығында индивидтер қоғамдағы ӛз позицияларын сақтауға мүмкіндіктері болады. Әлеуметтік қорғау саяси немесе әлеуметтік одақты сақтау функциясы».
Әлеуметтік саясатты жүргізудің негізгі мынадай принциптері бар: баға кӛтерілгенде компенсацияның түрлі формаларын енгізіп және индексация жүргізу арқылы халықтың ӛмір деңгейін қорғау; ең кедей отбасыларға кӛмектесу; жұмыссыздық жағдайында кӛмек беру; әлеуметтік сақтандыру саясатын жүзеге асыру; мемлекет есебінен білім беру, денсаулық сақтау, қоршаған ортаны қорғауды дамыту, мамандандыру бағытында белсенді саясат жүргізу. Жалпы әлеуметтік саясатты жүзеге асыру үш кезеңнен тұрады: саясатты қалыптастыру, оны халыққа тарату және оны әр адамның қабылдауы. Әлеуметтік саясатты қалыптастыру процесіне түрлі үкіметтің жасаған бағдарлама, жобалары және парламент, президенттің бекіткен заң, жарлықтарын тікелей жатқызуымызға болады. Ал енді әр адамның әлеуметтік саясатты қабылдауы, ол тікелей екінші кезеңнің жүзеге асуына байланысты ӛз нәтижесін береді.