Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

Отан ~ отбасынан басталады ~рбір отбасы ~зінше бір Отан

Работа добавлена на сайт samzan.net: 2016-06-20

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 18.5.2024

1 билет

«Отан – отбасынан басталады»

Әрбір отбасы өзінше бір Отан. Отбасы деген сөздің өзіне терең үңіліп көрейікші. Ол біздің жанымыз жабырқағанда, қаунышқа бөленгенде ішкі тебіреністерімізді бөлісетін және өзімізді ең еркін, жайлы сезінетін баспана, жылы ұямыз. Отбасы шағын Отан. Оның  басшысы отбасының қамқоршысы мен тіреуі – әке. Әке отбасына қатысты бар мәселелерді шешіп, өз отбасының намысын қорғау жолында  бар күш-жігерін салады. Сондай-ақ, отбасы мүшелерінің де өзіндік атқаратын міндеттері бар. Баршамыздың осы ұядан ұшып шығатынымыз шындық. Отбасына деген сағыныштың  жүрек түкпірінде мәңгілік сақталатыны, оның бізді ақ үрпек балапан шағымыз-дан жылы бауырына басатыны,  бізді мәпелеп, өмірдің қатал заңына тәрбиелейтіні.

Сондықтан отбасы мүшелері бір-бірі үшін жанын қиюға да даяр тұрады. Сол сияқты Отанды қорғау да әр азаматтың азаматтық парызы. Отанымыз алдындағы азаматтық борышымызды орындау мақсатында бар күш-жігерімізді салып аянбай еңбек етсек, бір-бірімізбен  етене жақын болсақ,   біріміз бәріміз үшін, бәріміз біріміз үшін дейтін тамаша бірлікті сақтай алсақ, онда біз бағындармайтын биік жоқ.

СӘЛЕМ - СӨЗДІҢ АНАСЫ

Күнделікті өмірдегі адамдардың қарым-қатынасы, бір-біріне жылы лебіз білдіруі сәлемнен басталады. Сәлем – сөз басы, сөз анасы. Ол – ұлттық тәрбиеміздің негізі, әліппесі десе де болғандай. Қазір сәлемдесудің түрі көп, десек те ер азаматтар «Ассалаумағалейкум!» деп амандасады. Мұсылманша «саған бейбітшілік тілеймін!» дегенді білдірсе, бұған «уағалейкум ассалам» (сіздің үйіңізге де бейбітшілік тілеймін!) деп жауап берген жөн. Жылы шыраймен кішінің үлкенге сәлем беруінен, адамдардың бір-бірімен амандасуынан сыйластық пен құрмет, ізеттілік ізі байқалып тұрады. Демек, сәлемдесуде үлкен мән бар. Сәлемдесу арқылы да адамның кескін кейпі, болмысы, көңіл-күйі байқалып тұрады. Сәлемдесу – үлкен мәдениеттің белгісі.

Алыстан әжеңіз келді. Амандасыңыз, хал-жағдайын сұраңыз.

Сәлеметсіз бе, әже? Қалыңыз қалай? Деңсаулығыңыз қалай? Аурып журген жоқсыз ба? Немен келдіңіз? Қалай жеттіңіз? Жол сізге ауыр болған жоқ па? Зейнетақы алдыңыз ба? Жолдан шаршаган шығарсыз жатып демалып алыңіз !


2 билет

Амандық-саулық сұрасудың түп-төркіндері мен тарихы

Амандық-саулық сұрасудың түп-төркіндері мен тарихы тым әріден басталады... Көне дәуірлерде адамдар бір-бірлеріне ең алдымен күнделікті ғұмырларына қажет нәрселерді тілеген тәрізді. Мәселен, қазір адамдар бір-біріне ұшырасқан сәттерінде: «Сен тамақ іштің бе?»-деп хал-жағдай сұрасса, аң-таң қалатыныңыз ақиқат. Ал, императорлық Қытайда бұл дағдылы амандасу салты болған. Көне парсылар сәлемдескен кезде: «Пейіліңіз ашылсын!» - дем тілек тілейді екен.

Қыр көшпенділері амандық-саулық барысында «Ел-жұртың, мал-жаның, қора-қопсың аман ба?» деп сәлемдескен. Негізгі кәсібі мал бағып, дала төсінде ғұмыр кешкен қазақ халқына да бұл салттың тән екенін білеміз.

Үш құрылыққа тереңдей енген мұсылман діні жолай кездескен елдер мен халықтарды  қылыштың жүзімен, найзаның ұшымен бағындырды. Бірақ мұсылман іліміне мойын ұсынған осынау аймақтарда бейбіт тыныштық орнай қоймады. Бейбітшілік пен тыныштық – халықтар көксеген ең мұратты армандардың бірі болып еді. Адамдар  да өзара кездескен сәттерінде бір-біріне осыны тіледі.

- Ассалаумағалейкүм!

- Уағалейкүмассалам!

Араб тілінен аударғанда «Сізге тыныштық тілеймін», «Сізге де бейбітшілік болсын!» деген ұғымды білдіреді.

Сәлеміне қарап, кісіні таны

Сәлемдесу –адамдардың бір-біріне құрмет білдіруі, достық пейіл танытуы. Әр адам күнделікті тірлігін бір- бірінің амандығын сұрасудан, бір-бірімен сәлемдесуден бастайды.

Амандасудың өз әдебі бар. Амандасатын адамыңның көзіне қарау керек. Күлімсіреп, ақ жарқын, жылы шырай танытқан жөн. Шынайы, сыпайы, достық пейілмен амандасқан дұрыс. Сәлемдесу кезінде аздап иіледі. Жас адам үлкен, құрметті адамдарға амандасқанда қаттырақ иіледі. Иіліп сәлемдескенде дене тік қалпында қалып, қол екі жаққа түсіріліп, өкшелер бір-біріне тиіп тұруға тиіс. Сәл иілу дегеніміз басты аздап еңкейтіп тағзым ету. Қатты иілу де басты еңкейтуден басталады да, сонан соң кеудені июге көшеді. Әдетте баяу, байсалды және сабырлы иілу керек. Сәлемдескенде сөзді анық, айқын айту керек. Сыпайы, достық пейілмен, жылы шырайлы сәлемдесуге нақ солай жауап қайырады. Сәлемдескенде ешқашан дауыс көтермеу, сабырсызданбау керек. Ал қыр көрсете, менменси, даусын өзгертіп, бет-аузын құбылтып амандасу — әдепсіз адамның қылығы.

Әріптесіңізбен танысыңыз

- Сәлеметсіз бе? Сіз қайда оқисыз? Есіміңіз кім?

- Сәлеметсіз бе? Есімін – Аяулым. Мен Еуразия ұлттық университетінде оқимын. Сіз ше?

- Мен де осы университетте оқимын. Есімін – Айдар. Сіз қай факультетте оқисыз?

- Мен филология факультетінде оқимын. Ал, сіз ше?

- Мен инженер-құрылыс факультетінде оқимын.  Сіздің мамандығыңыз қандай?

- Журналистика. Сіздің мамандығыңыз ше?

- Жылу энергетикасы мамандығы.

- Мен сабаққа кіремін, Айдар. Танысқаныма қуаныштымын. Сау болыңыз.

- Мен де қуаныштымын, Аяулым. Хабарласып тұрайық. Сау болыңыз.


3 билет

Отбасы

Отбасы дегеніміз – туыстық байланыста болатын, бірлесіп өмір сүретін адамдар тобы. Олар отбасында мемлекеттік заңдар мен ережелерді сақтайды. Отбасында қалыптасқан барлық жақсы қасиеттер, дәстүрлер адамға өмір бойы серік болады.

Отбасында ер адам – басты тұлға. Әйел – оның серігі, көмекшісі. Ер-азамат – шаңырақ иесі, әйел – отбасының алтын қазығы.

Балалар жас кезінен үлкендерді сыйлап, олардың айтқандарын есте сақтап, орындап отыруға тиіс. «Балаңды бір жастан жеті жасқа дейін патшадай сыйла. Жетіден он беске дейін құлыңша жұмса, одан соң өзіңе дос сана, ақыл-кеңес сұра».

Қазақ отбасындағы ең жақсы дәстүрлердің бірі – балаға ата-бабасын, яғни жеті атасын және нағашы жұртын таныстырып отыру. Ата-ана баласына кіммен (қай румен) тұрмыс құруға болатынын айтып отырады.

Жеті ата - бір кісіден тараған аталас қауым. Олар жеті атаға жеткенде, түйе, боз қасқа сойып, үлкен жиын жасайды. Бұл – «бұдан былай аталастарға қыз алысуға болады» деп бата беру деген сөз.

Қасиетті қара шаңырақ

Қазақта «шаңырақ» сөзі «отбасы» деген мағынаны білдіреді. Адамзат өмірінің бастауы да осы отбасы. Отбасы – адам өмірінің негізгі кезеңдерін бастан кешіретін ең кіші әлеуметтік топ. Ондағы адамдардың әрқайысы әр отбасы мүшесінің дамуына ықпал етеді.

Ата-бабамызда «қасиетті қара шаңырақ» деген сөздің бар екенін білетін боларсыздар? Мұндағы «шаңырақтың» киіз үйдің төбесіндегі ең қасиетті, киелі бөлігі екені де сіздерге белгілі. Шаңырақ «үй, отбасы» деген мағынаны да білдіреді. Жаңадан отбасын құрып, өмірге қол ұстасып бірге аттанған жастарға «Шаңырағың биік болсын!» деп бата береді. Бұл – құрған отбасыңның тұғыры берік, мәртебесі жоғары болсын деген сөз.

Салт–дәстүр бойынша, құдалар бірін–бірі құдалыққа шақырады осы жағдайды сипаттап беріңіз?

Салт–дәстүр бойынша, құдалар бірін–бірі құдалыққа шақырады. Құдалар кетердің алдында бір–біріне «киіт» береді. Бұрынғы кезде бай отбасыларда жігіттің әкесіне берілетін «киіт» – бір табын жылқы, көптеген қымбат шапандар болған. Қыздың жағынан келген құдаларға да «киіт» беріледі. Қазіргі уақытта қызға «қалың мал» берілмейді, бірақ «киіт беру» салты мен басқа салт–дәстүрлер сақталған.


4 билет

Жаңа дәстүр, жаңа салт

Неке-отбасылық қатынастар «Неке және отбасы туралы» Заңмен реттеледі. Оның ұстанымдары мыналар:

әйел мен еркектің неке одағының еркін болуы;

жұбайлардың отбасындағы құқығының тең болуы;

отбасының әрекетіне басқа адамның араласпауы;

отбасыішілік мәселелерді өзара келісім нәтижесінде шешу;

отбасындағы бала тәрбиесінің басымдығы, оларды дамыту және оларға жағдай жасау.

Некелесу – жастардың өздері шешетін аса жауапты мәселе. Олар бірін-бірі жете білісіп, түсінісудің нәтижесінде бас қосуға шешім қабылдайды. Ата-аналарымен ақылдасады. Бұл дұрыс та. Өйткені өмір тәжірибесі аз жастардың некелесу мәселесінің бүге-шігесін объективті түрде анықтау әрқашан дұрыс нәтиже береді.

Сол сияқты құда түсу, қыз ұзату және үйлену тойларының жаңа түрлері бар. Жаңа мазмұнды жар-жар болсын, беташар болсын, негізінен, жастардың еңбектегі табыстарын, олардың жағымды қасиеттерін мадақтауға арналады.

Қазақ халқында үйлену кезінде атқарылатын бірнеше түрлі салт–дәстүрлер

Қазақстандағы некеге тұру жүйесіндегі ұлттық салт-дәстүрлер. Жас отбасының бюджеті. Қазақ халқында үйлену кезінде атқарылатын бірнеше түрлі салт–дәстүрлер бар. Олар – құдалыққа байланысты, неке қиюға, үйленуге  байланысты деп атала береді.

Қазақ халқында бұрынғы заманнан бастап қазірге дейін ұмытылмай келе жатқан - құда түсу салты. Ұл баланың әкесі туыстарымен бірге болашақ келінінің үйіне құда түсуге барады. Қызға тана (сырға) тағылып, оны ұзататын күн белгіленеді.

Салт–дәстүр бойынша, құдалар бірін–бірі құдалыққа шақырады. Құдалар кетердің алдында бір–біріне «киіт» береді. Бұрынғы кезде бай отбасыларда жігіттің әкесіне берілетін «киіт» – бір табын жылқы, көптеген қымбат шапандар болған. Қыздың жағынан келген құдаларға да «киіт» беріледі. Қазіргі уақытта қызға «қалың мал» берілмейді, бірақ «киіт беру» салты мен басқа салт–дәстүрлер сақталған.

Қызға құда түсіп, қыздың келісімін алған соң, жігіт жағы «өлі–тірі» сыйлығын беріп жібереді. Ол – сойысқа жарайтын мал. Бұл – «осы құдалыққа тірілер ғана емес, өлі әруақтар да риза болсын» деген игі ниеттің белгісі болып саналады.

Құдалық кезінде қазақтың ұлттық салт–дәстүрі бойынша, құдаларға малдың құйрық–бауырынан табақ тартылады.  Сол сияқты, құдалық кезінде «құда тарту», «құда аттанар» деген салттар да орындалады. Бұлар құдалықтың қызықты, есте қаларлықтай маңызды болуы үшін жасалады.

Ұзатылған қызға анасы «жасау» береді. «Жасау» –  қызға анасы сыйға тартатын үй жабдықтары және басқа сыйлықтар.

Сіз әр күніңізді қалай пайдаланасыз?

Уақытымның көп бөлігің оқуға жұмсаймын. Бос уақытта мен жаттығуға барамын. Ағылшын тілі қурсқа барамын.Достармен тамақ пісіремін. Дүкенге барамын. Уй жұмысы істеймін. Өз достарымен телефонмен сөйлесемін. Базарда жеміс-көкөніс аламын.

Менде бос уақытым аз болады, өйткеі мен іссіз отырмаймын; күн тәртібі тығыз.


5 билет

Уақыт алтыннан да қымбат

Адам баласына берілген ең баға жетпес құндылықтардың бірі – уақыт. Өркениетті елдерге барсаңыз, осы уақыт мәселесіне аса ұқыпты қарайтынын аңғаруға болады. Себебі олар уақыттан ұтылса, көп нәрсе жоғалтатынын  біледі. Көлік аялдамаларында тұрғанда, жүру мезгілдерінің «12.01»; «16.03»; «17.08» секілді әрбір минутқа дейін есептеулі екендігіне таң қаласыз. Автокөлік сол белгіленген уақыт ережесінен бір минут кешігіп, я бір минут озбайды. Небәрі бір-екі минутқа кешіге қалса, жүргізуші әжептәуір сөгіс алып жатады. Ал бізде ше? Сағат сұрағанда «Жетіден он минут кетті» десең, «Е, жеті жарым десеңші» дей саламыз. Демек біз уақытқа аса ұқыпты емеспіз.

Бүгінгі күні уақытты өлтіретін «жаулар» көбейген тәрізді. Солардың бірі теледидар деуге болады. Жасыратыны жоқ, «көк сандығы» жоқ үйді елестету қиын-ақ. Алайда осы теледидардың уақыттың нағыз жауы екеніне екінің бірі көңіл бөле бермейді.

Бірде Эйнштейн қызметшісіне «Мені жарты сағаттан кейін оятыңызшы» деп, демалыпты. Бірақ қызметшісі оны біраз тынықсыншы деп бір сағаттан кейін барып оятса керек. Тұра сала ғалым жарты сағаттан кейін оятпаған қызметкеріне қатты ренжіп: «Ал, жарты сағатымды қайтарып беріңіз»,- деген екен. Уақыттың жауларының қатарына көп сөз бен көп қыдыруды да жатқыза аламыз.

Уақыт – ол мүмкіндік. Мүмкіндікті дер шағында пайдаланып қалмаса, адамның көп нәрседен айырылатыны анық.Еңбекқор қытай халқы да уақыт мәселесіне келгенде: «Сағат сатып алсаң да, уақыт сатып ала алмайсың» деп безектейді екен. Ата-бабамыз «Жас кезімде бейнет бер, қартайғанда зейнет бер» деген. Барлық уақытша қызықты қоя тұрып, дер кезінде қимылдаған адам кейін соның жемісін жейді.

Менің сүйікті фильмім

Менің сүйікті фильмім “Менің атым Қожа”. Бұл фильм өте қызықты. Ол фильмде Қожа есімді оқушының бастан кешкені оқиғалары жайында көрсетіледі. 1963 жылы "Қазақфильм" студиясы осы кітап бойынша жазылған киносценарийді экранға шығарды. Бұл фильм Бердібек Соқпақбаевтың “Менің атым Қожа” повесі желісі бойынша түсірілген. Бұл фильмде Қожаның балалық махаббаты да үлкен роль ойнайды. Бұл фильмде Ұлы Отан Соғысының зардаптарыда көрсетіледі. Соғыс әкесінен айырған жартылай жетім Қожаның, бұзақылығы, анасының тілін алмауы көрсетіледі. Бірақта фильмнің сонында Қожаның ақылы кіріп, бәрің түсінеді. Маған осы фильм өте қатты ұнайды.

Сіз театрға жиі барасыз. Достарыңызға қандай қойылымдарды көруге кеңес бересіз?

Мен театрға барғанды жақсы көремін. Менің сүйсініп қарайтын драмам “Ромэо и Джульетта”. Бұл драма маған ерекше әсер береді. Өз достарыма осы драмаға баруға кенес беремін.


6 билет

Студенттің бос уақыты

Бос уақытта мен жаттығуға барамын. Ағылшын тілі қурсқа барамын.Достармен тамақ пісіремін. Дүкенге барамын. Уй жұмысы істеймін. Өз достарымен телефонмен сөйлесемін. Базарда жеміс-көкөніс аламын.

Менде бос уақытым аз болады, өйткеі мен іссіз отырмаймын; күн тәртібі тығыз.

Біз уақытты қадірлей білеміз бе?

Әр адам өмірде жақсы көретін кімен шұғылдану қажет. Себебі өмір деген тек біреу, ал оны қалай өткізу әр адамның өз қолында. Бос уақытты, әрине, ең алдымен сүйікті адамдарына арнау керек. Одан соң сүйікті ісіне яғни хоббині болуы керек. Өмірде әр нәрсені үйренген жөң. Мысалы: тоқу, сурет салу, би билеу, өлең айту т.б. Бос уақытта міндетті түрде спортпен айналысу керек. Себебі деңсаулық адамның өмірінің кепілі.

Уақыт – ол мүмкіндік. Мүмкіндікті дер шағында пайдаланып қалмаса, адамның көп нәрседен айырылатыны анық.Еңбекқор қытай халқы да уақыт мәселесіне келгенде: «Сағат сатып алсаң да, уақыт сатып ала алмайсың» деп безектейді екен. Ата-бабамыз «Жас кезімде бейнет бер, қартайғанда зейнет бер» деген. Барлық уақытша қызықты қоя тұрып, дер кезінде қимылдаған адам кейін соның жемісін жейді.

Сіз өзіңіздің анаңызды сағынып жүрсіз. Досыңызға анаңызды қалай сипаттап айтар едіңіз?

Әрбір  Ана  сәбиінің дені сау болып,  жақсы азамат болып өскенін қалайды. Түн ұйқысын  төрт бөліп  оянатын Ананың сенімін ақтау қажет. Ол үшін біз жақсы оқып, үлгілі тәртібімізбен, спорттағы, өнердегі жетістіктерімізбен көзге түсуіміз керек. Мен Анамды  сыйлаймын, жақсы көремін. Ол  балабақшада тәрбиеші болып істейді. Оның жұмысы өте қиын да, қызықты. Біз анам екеуміз әр түрлі тақырыпта әңгімелесеміз. Мен қандай сұрақтар қойсам да анам жауап береді. Әсіресе мен кішкентай кезімдегі қылықтарымды еске түсіргенді ұнатамын.  Анам мені еркелетіп,  құшағына алып,  маңдайымнан  иіскеп  тұрады. Мен Анамның әрқашанда көңілді жүруін  тілеймін!


7 билет

Студент бос уақытында не істегені жөн

Бос уақытта мен жаттығуға барамын. Ағылшын тілі қурсқа барамын.Достармен тамақ пісіремін. Дүкенге барамын. Уй жұмысы істеймін. Өз достарымен телефонмен сөйлесемін. Базарда жеміс-көкөніс аламын.

Менде бос уақытым аз болады, өйткеі мен іссіз отырмаймын; күн тәртібі тығыз.

Ұлылардың хоббиі

Әр адамның өзіне тән ерекшеліктері болады. әсіресе, қызығушылық қасиеттері. Мысалы атақты Наполеон Бонапарт қалайы солдаттардан коллекция және сағат жинаған. Ал француз кардиналы Ришелье темекі тартатын мүштектерді қалаған. Егер ол біреуден өзгеше мүштек көрсе, қанша болса да, ақша жинап сатып алған. Атақты дипломат Уинстон Черчиль ойыншық әскерлерді жинауды әдетке айналдырған. Ал қатал канцлер Бисмарк градусникті жинауды жөн көрген. Орыстың бірінші коллекционері болып есептелетін атақты І Петр сирек кездесетін ақша түрлерін, қару-жарақ түрлерін, минералдар жинап, осы жиналған бұйымдар негізінде Кунсткамера мұражайы ұйымдастырылыпты. Рональд Рейган әлем халықтарының мақал-мәтелдерін жинауға әуес болса, жұбайы Нэнси діни мерекеде бір-біріне сыйлайтын түрлі-түсті жұмырқаларды жинаған. Михайл Булгаков өзі барған театрының билетін сақтаған. Қазақтың біртуар ұлы Дінмұхамед Қонаев оттықтан (зажигалка) топтама жинаса, Ғабең – Ғабит Мүсірепов көзі тірісінде неше алуан таяқ жинаған.

Сіз туристік компанияның өкілі ретінде шетелдік қонақтарға еліңіздегі қасиетті орындарды қалай таныстырар едіңіз

Табиғи-рекреациялық нысандарға Солтүстік Қазақстан аймағындағы Көкшетау, Бурабай, Баянауыл, Ерейментау, Шығыс Қазақстан аумағындағы Зайсан, Марқакөл, қазақстандық Алтай, Оңтүстік Қазақстан жеріндегі Батыс, Солтүстік Тянь-Шань, Алтынемел таулары, Жетісу алабы, Батыс Қазақстандағы Үстірт, Мұғалжар, Каспий ойысы, Жайық өңірі, Орталық Қазақстандағы Қарқаралы, Қызыларай, Бектауата, Ұлытау, т.б. табиғи нысандар жатады. Қазақстан аумағындағы 9 мемлекеттік қорықта да ғылыми-экологиялық туризмді дамытудың алғышарттары қалыптасқан. Тарихи-археологиялық ескерткіштердің туристік-экскурсиялық сапарлардағы орны ерекше. Археологиялық ескерткіштердің кез-келген нысандары туристік-экскурсия жұмыстарында маңызды орын алады. Соның ішінде Жетісудағы Сақ қорғандары, Талхиз қалашығы, Оңтүстік Қазақстандағы Отырар, Сайрам, Батыс Қазақстандағы Сарайшық, т.б. көне қалалардың орнына туристердің қызығушылығы мол. Қазақстанда Отырар, Сарайшық, Сайрам, т.б. ортағасырлық көне қалалар туристер үшін тартымды нысандар.


8 билет

Денсаулық –зор байлық

Денсаулық — табиғаттың ең  қымбат сыйы. Күнделікті жұмыста жүргенде, деніміз сау болғанда, денсаулықтың қадірін біле бермейміз. Аздап ауырсақ, өзіміз білетін дәрі-дәрмектерді ішіп жазылып кетуге тырысамыз. Дәрігерге бара қоймаймыз. Шын мәнінде кез келген аурудың алдын алуға болады.

Ол үшін не істеу керек? Ең алдымен, спиртті ішімдіктер мен темекі шегудің зиянын білген дүрыс. Темекі түтінінің құрамында 30-дан астам зиянды заттар бар. Әсіресе жас балалар мен қарттарға темекі тартуға болмайды. Бұл заттар - қатерлі ісіктің пайда болуына тікелей себептер. Ішімдікке салынып кетуге болмайды. Ішімдікті жақсы көретін адамнан бақытсыздықтан басқа ештеңе күтуге болмайды. Лев Толстой: «Спиртті ішімдік адамның денсаулығын құртады, ең қорқыныштысы — адамның рухы мен ұрпағын жояды», -деген болатын.

Денсаулық сақтаудың алдын алуға болады. Ол үшін дұрыс тамақтануға, уақытында демалуға, дене қимылымен айналысуға көп көңіл бөлу қажет. Әсіресе жасы ұлғайған адамдарға майлы тамақтарды көп жеуге болмайды. Оның орнына сүт, көкөніс тамақтарын пайдаланған дүрыс. Денсаулық сақтауда дұрыс тамақтаудың маңызы зор. Ал спортпен айналысу — денсаулықты жақсартады. Спорттың ең қарапайым түрі — жүгіру. Күн сайын таңертең үйдің маңайында, саябақта жарты сағаттай жүгіруе болады. Егер жүгіруге дәрігер рұқсат етпесе, таңғы таза ауада серуендеуге болады. Әр түрлі жаттығулар жасауға болады.

Дені саудың жаны сау

Кез келген елдің болашағы – оның халқының денсаулығына байланысты. Ал біздің болашақтағы бағытымыз – салауатты өмір салты. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дегенді естен шығармау қажет.

Денсаулық дегеніміз – адам жаны мен тәнінің амандығы. Деніміз сау болмаса, ауру қалжыратса, шалқыған байлықтан, ақшадан не пайда?! Осыдан біз ненің бірінші байлық екенін аңғарамыз.  Бүгінгі дені сау ұрпақ – елдің ертеңгі жалғасы.

Елбасы Н.Назарбаевтың бастауымен «2002 жыл – Денсаулық жылы» жарияланған болатын. «Адамға денсаулықтан не бар қымбат?    Ауру төнсе, кең дүниені тар қылмақ»,- деген сөз бар. Өкінішке орай, қымбат байлығымызға кері әсерін тигізетін зиянды нәрселер де баршылық.

Біздің бақытымыздың оннан тоғызы денсаулығымызға байланысты. Адамға өмір бірақ рет беріледі. Бұл ретте оның денсаулығы мықты, рухы күшті болғаны абзал! Жаңа ғасыр азаматы – дені сау, рухани бай адам!

Ас –адамның арқауы

- Сәлеметсіз бе, менің атым – Мұхтар. Сіздің атыңыз кім?

- Амансыз ба, менің атым – Ғалымжан.

- «Ас – адамның арқауы» тақырыбы бойынша бірнеше сұрақ қойсам бола ма?

- Әрине, сұраңыз.

- Сіз уақытымен тамақтанасыз ба, әлде тәбетіңіз болған кезде тамақтана бересіз бе?

- Мен күніне төрт-бес рет тек уақтылы ғана тамақтануға тырысамын.

- Оның себебін қалай түсіндіресіз?

- Кез келген уақытта көңіл сүйген тамақты іше беру дұрыс емес, оның көп ретте денеде май қатпарларын молайтуға алып келуі мүмкін.

- Қандай тағамдар ішу керек?

- Калориялы тағамдар, ақуыздар мен көмірқышқылдар қабылдаған тағамдардың 80 пайызы болу керек. Қалған 20 пайызы десертке арналғаны жөн.

- Сусындардан не ішкен жөн?

- Табиғи шырындар мен шай, мүмкіндік болса, қымызды да алып тұру керек.

«Ас – адамның арқауы» деп бекер айтпаса керек. Ендеше дұрыс тамақтанудың адам денсаулығы үшін пайдасы көп екені рас қой.

Сұхбатыңыз үшін рахмет! Сау болыңыз!


9 билет

Қымыз – қазақ халқының қасиетті сусыны

Қымыз – қазақ халқының ежелден келе жатқан қасиетті сусыны. Қымызды қазақтар сусын ретінде де, өкпе ауруына ем ретінде де қолданған. Қымыз расында да өкпе ауруының алғаш басталған кезінде, сондай-ақ операциядан соң ауру қалдықтары толық жойылу үшін де қолданылған. Кейде науқастардың жағдайы жақсарған соң дәрі қабылдағысы келмейді. Сондай жағдайда ауруды қайта қоздырмау үшін де қымыз ішу аса пайдалы болады.

Қымыз өндірісі соңғы жылдары ауылды жерлерде, мал өсіретін шаруашылықтарда жақсы дамып келеді. Қымыз әбден өңделіп, санитарлық тексерістерден өткеннен соң ғана сатылады.

Салауатты өмір сүрудің ережелері

1. Аурулардың болуына көбінесе табиғат та, коғам да кінәлі емес, тек адамның өзі ғана кінәлі. Оған себеп - жалқаулық, қомағайлық, немесе қисынсыз әдеттер.

2.  Дені сау болу үшін адамның өзі ұдайы және айтарлықтай күш жұмсауы керек. Адамның қазір жетілгендігі сонша, ол денсаулығын әрқашан дерлік өзі-ақ қалпына келтіре алады.

3. Денсаулық мықты болу үшін адамға мынадай төрт шартты бүлжытпай орындау қажет: дене еңбегі, тамақ ішуді, уақытты дүрыс пайдалану, шынығу және демала білу. Оның бесінші шарты - бақытты өмір сүру!

4.  Адам өзін тамақ ішуде шектеуі керек. Салмағыңызды бір қалыпты сақтаңыз.

5. Мінез-құлықтың да салмақты болғаны дүрыс.

Ұлық болсаң, кішік бол

Қазақ халқында мынадай ұлы бір сөз бар «Ұлық болсаң-кішік бол». Сенің бойныңда лидерлік  қасиет болса да, сен кішіпейіл болуың қажет, адамгершілігің мол болуы керек. Өйткені ол,лидерлік, қасиет мәңгілік болмайды. Сен сол дәрежеге кімнің көмегімен жеткеніңді ешқашан ұмытпауың керек. Сен бойнымда сондай қасиет бар деп үлкенді,кішіні құрметтемеуіңе болмйды, керісінше құрметтеп,соларға көмектесуің керек


10 билет

Тәуелсіздік жолында

Қазақ жерінің тарихы өте ежелден басталады. Ал қазақ халқының дербес мемлекет болуы, бұл ХV ғасырдың ортасы. Керей және Жәнібек хандар құрған Қазақ мемлекеті өзінің тәуелсіздігі үшін күресіп келді. Бұдан соң да қазақ жерінде халық қамын ойлаған хандар аз болған жоқ. Олар елдің тәуелсіздігі үшін елін, жерін қорғап, соғыста жаумен шайқасты. Хақназар, Тәуекел, Жәңгір, Кенесары хандар сондай шайқастарда болды. Демек, олар болашақ ұрпақтың бақыты, үшін күресті. Қасым, Тәуке, Абылай хандар да бүкіл өмірін халқына арнады. Орыс отаршылдығы кезінде Қазақстан Ресейге бағынды. ХХ ғасырдың басында отаршылдыққа қарсы Алаш қозғалысы ұйымдастырылды. Кеңес тұсындағы отаршылдыққа қарсылық 1986 жылығы Желтоқсан көтерілісінде көрінді. Бұл  жастардың тәуелсіздікке ұмтылуы болатын. 1991 жылы қазақ елінің тәуелсіз болуы – сан ғасырлық күрестің жемісі. Қазақ халқы – тәуелсіздік үшін күрескен, азаттыққа лайықты халық. Оны нығайту жолында Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Назарбаев үлкен еңбек сіңірді.

Біздің міндетіміз – сол тәуелсіздігіміздің нығаюына үлес қосу. Еліміздің басты байлығы – кеңпейіл халқы және шексіз даласы. Ал, ең басты құндылығы – тәуелсіздігі.

Менің туған қалам

Мен Кокшетауда тұрамын, ол менің туған қалам, кіші Отаным. Сондықтан туған өлкемді қадірлеп, мақтан тұтамын. Мектебім де қаланың орталығында орналасқан. Мен үшін Кокшетаудың орны ерекше.

Кокшетау қала ретінде  XIX ғасырдан таныла бастаған. Өзіндік тарихы бар туған қаламның бүгінгі көрініс көз тартарлық. Копа жағалауы – кокшетаулықтардың, қонақтардың демалыс орны. Жыл барысында өткізілетін дәстүрлі мерекелер осы жағалауда орналасқан орталық алаңда ұйымдастырылады. Кокшетауды мәдени орталық ретінде көпшілік мақтаныш етеді.

Мынадай бақытты өмірде, тыныштығы жарасқан қазақ жерінде, Кокшетаудай көркем қалада өсіп келе жатқаныма ризамын. Келешекте өмірден өз орнымды тауып, кірпіш болып қалану - басты мақсатым.

Ұлттық мұражайдан қазақ қолөнері шеберлерінің жұмыстарын тамашаладыңыз. Оқытушыңызға сол туралы әңгімелеңіз.

Қазақстанда 3 мұражай болды. Қазір 50-ден аса мұражай, олардың ішінде өлкетану, тарихи-мемориялдық, әдеби-мемориялдық, тарихи революциялық, этнографиялық мұражайлар бар. Қоғамдық негізде жұмыс істейтін жүздеген мұражай бар.

Алматыда орталық мемлекеттік мұражай 1929 жылы құрылған. Қазақстан денсаулық сақтау және медицина тарихи мұражайының 12 залында, 10 мыңға жуық экспонат бар. Қазақстанның орта ғасыр ғылым медиктерімен таныстырады. Денсаулық сақтау ісінің және медицина ғылымның дамуы жөнінде материалдар мол қамтылған.

Республикада мемориалдық мұражайлар көп. Әсіресе М.О.Әуезовтың,С.Мұқановтың, Семейдегі А.Құнанбаевтың (мемориалдық мұражайларының), Қаскелеңдегі Жамбылдың мемориалдық  мұражайларының ғылыми мәні бар. Алматыда кітап мұражайы бар, онда 530 мыңнан аса экспонат қойылған. Барлық облыс орталықтарында тарихи-өлкетану мұражайлары ұйымдастырылған. Ақтөбеде өлкетану мұражайы 1929 жылы мектеп мұражайының негізінде құрылды. Қорында өте көп экспонат бар. Олар қазақтың көне тарихынан дерек береді, даму жолдарын белгілейді, халқымыздың революциялық, жауынгерлік және еңбек дәстүрін, облыс еңбекшілерінің табыстарын насихаттайды.

Ақтөбе қаласында қазақтың батыр қызы Ә.Молдағұлованың мемориалдық мұражайы бар. Ақтөбе мемлекеттік медицина институтында  өзінің тарихын баяндайтын мұражайы бар. Осындай мұражайлар орта оқу орындарында, мектептерде ұйымдастырылған.


11 билет

Менің Отаным – Қазақстан

Азия мен Еуропа құрлықтарының ортасында орналасқан  ежелгі қазақ жері – қазіргі Қазақстан Республикасы үлкен аумақты алып жатыр. Ол дүние жүзіндегі екі жүзден астам мемлекеттің ішінде жер көлемі жағынан тоғызыншы орынды алады. Қазақстанның жері қандай үлкен болса, оның географиялық ерекшеліктері де әр алуан. Оңтүстігінде – Тянь-Шань тауларының Іле Алатауы сілемдері, солтүстігінде – Сібірдің мәңгі жасыл ормандары, шығысында – Алтай тауы, батысында – Каспий теңізі мен Орал таулары орналасқан.

Тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі мәдени, экономикалық дамуында Астана қаласының орны айрықша. Қалада қазіргі заманға сай көптеген ғимараттар салынуда. Әсіресе, Есілдің сол жағалауына салынған жаңа қала ерекше сәулетімен көзге түседі. Қаланың бұл бөлігінде мемлекет басшысының резиденциясы «Ақорда», сенат, парламент, министрліктер үйлерімен бірге «Бәйтерек», Ислам орталығы, Тәуелсіздік,  Бейбітшілік пен келісім, Оқушылар сарайлары сияқты аса көрікті нысандар көз тартады.

Қазақстан Республикасы экономикасы қарқынды дамуына – ондағы қазба байлықтардың молдығы ықпал етіп отыр. Елдің орталығында қара және түсті металургия, батысында мұнай және газ, шығысында алтын, күміс қорлары мол. Сонымен бірге, Қазақстан бидай өндіруден әлемдегі алдыңғы қатарлы елдердің қатарында.

Елдің ішкі және сыртқы саясатының тұрақтылығы – оны үлкен халықаралық бедел деңгейіне жеткізіп отыр.

Менің сүйікті шығармам

Астана – Қазақстан Республикасы астанасы. Бұл қала экономикалық, мәдени және саяси орталығы. Астанада Үкімет үйі, Парламент, Жоғары сот, министрліктер үйі, “Бәйтерек” монументі, Бейбітшілік пен Ынтымақтастық сарайы орналасқан. Астанада шетелдер қонақтар көп келеді. 1998 жылы жаңа елорданың атау Астана болып өзгертілді.

Біздің астанамыз Қазақстанның солтүстігінде орналасқан. Астанада бас теміржол және көлік жолдары бар.

Астана - өте әдемі қала.

Астана – біздің мақтанышымыз!

Астанада соңғы жылдары салынған ғимараттарды сипаттап беріңіз?

Тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі мәдени, экономикалық дамуында Астана қаласының орны айрықша. Қалада қазіргі заманға сай көптеген ғимараттар салынуда. Әсіресе, Есілдің сол жағалауына салынған жаңа қала ерекше сәулетімен көзге түседі. Қаланың бұл бөлігінде мемлекет басшысының резиденциясы «Ақорда», сенат, парламент, министрліктер үйлерімен бірге «Бәйтерек», Ислам орталығы, Тәуелсіздік,  Бейбітшілік пен келісім, Оқушылар сарайлары сияқты аса көрікті нысандар көз тартады.


12 билет

Тәуелсіздік тұғыры

Өткен ғасырдың соңына таман 1991 жылы қазақ елі ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізді. Осы жылдың 25 қазанында тәуелсіздік жөніндегі декларация қабылданды. Ал 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіздігін жариялады. Әр ұлт үшін тәуелсіз ел болу – ұлы арман. Дүние жүзінде алты мыңға жуық ұлттар бар. Солардың ішінде екі жүздей ұлт ғана тәуелсіз мемлекет болып отыр. Бұл ұлттар – егемендік бақыты бұйырған халықтар. Сондықтан тәуелсіздік әрбір азаматқа қымбат болуы тиіс. Тәуелсіздіктің арқасында біз ілгері дамып келеміз. Біздің жеріміз қазба байлықтарға бай.

Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Тәуелсіз еліміздің өз Конституциясы,  елтаңбасы, туы және әнұраны бар. Әрбір азаматтың парызы – Отанын қорғау, мемлекеттік рәміздерін білу, құрметтеу.

Тәуелсіздік шежіресін

1991 жылғы 25 қазанда Қазақстан егемендік жөнінде декларация қабылдады.

1991 жылғы 16 желтоқсанды Қазақстан тәуелсіздігін жариялады.

1992 жылы маусым айында Қазақстан БҰҰ-на мүше болды. Осы айда Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерін бекітті

1993 жылғы 15 қарашада  Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңге айналымға енгізілі.

1994 жылы  Қазақстанның  мемлекеттік марапаттары бекітілді.

1995 жылғы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды.

1997 жылғы 11 шілдеде Тілдер туралы заң қабылданды.

1998 жылғы қарашада мемлекет астанасы Ақмола қаласына көшті.

2010 жылғы желтоқсанда Астанада Еуропа  қауіпсіздігі мен ынтымақтастық  ұйымының саммиті өткізілді.

2011 жылғы қаңтар-ақпан айларында VII қысқы Азия ойындары Астана, Алматы  қалаларында өткізілді.

Әрбір Қазақстан азаматының парызы қандай  деп білесіз?

Кез-келген адам  нағыз азамат  бола алмайды. Ең алдымен, сенің  халқыңа пайдаң тиіп, ел жұрттың алдында  беделің болып, «нағыз азамат» деген атқа лайық болу қжет. Елімізде тұратын адмдардың барлығы Республикмыздың азамты және азаматшасы болып саналады. Бүгінгі  жастар еліміздің  барлық жағынан дамуына аз да болса  .үлес қосуы, патриот болуы қажет.  Нағыз азамат қара басын ойламай көптің  қамын ойлау керек. Тағы да ең үлкен парыздың бірі ол Республикамыздың «Ата Заң»-ын, мемлекеттік рәміздерін құрметтеуі қажет.


13 билет

Қазақстанның дипломатиясы

Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының басымдық берілетін бағыттары бірінші кезекте біздің еліміздің географиялық орналасуы және оның ұлттық мүдделері сияқты мерзімді сипаты бар факторлардың ықпалымен қалыптасты жаңа технологиялардың және ғаламдану процесінің дамуына, планеталық сипаттағы қауіп-қатердің пайда болуына, жаңа экономикалық құрылымның қалып-тасуына, аймақтық деңгейдегі халықаралық ынтымақтастықтың тереңдеуі мен сан алуандығына байланысты әлемде болып жатқан өзгерістер – мұның бәрі мемлекетіміздің сыртқы саясатының бағытына түзетулер енгізуге мәжбүр етеді, көкейкесті халықаралық проблемаларды шешуге жедел әрі икемді үн қатуға, осы мәселе-лерде жаңа көзқарастарды әзірлеуді және іске асыруды талап етеді.

Азия мен Еуропаның қиылысындағы геосаяси орналасуы, экономикалық және әскери-саяси мүдделері, сондай-ақ қазіргі бар экономикалық әлеуеті Қазақстанды ірі аймақтық мемлекет ретінде қалыптастырудың алғышарттары болды, Қазақстан өзара қауіпсіз-дікті, егемендікті құрмет тұту, аумақтық тұтастық принциптерімен өзінің төңірегінде тұрақтылық пен ізгі көршілік аймағын қалыптастыруға мүдделі.

Қазақстан ішкі саяси тұрақтылығы барлық негізгі бағыттар-дағы сыртқы саясаттың ұғынықтылығына, ашықтығына және болжап білуге болатындығына байланысты, мұндай сыртқы саясат мемлекет ретінде оның әлемдік қоғамдастығындағы позициясын нығайтады. Әлемдік қоғамдастықта айырықша мәртебе алу үшін ядролық кеудемсоқтықтан, осы өлім себетін қаруды иемденуден бас тарту сыртқы саясаттағы басымдық берілетін бағыт екенін бүкіл әлемге таныту маңызды қадам болды. Оның орнына Қазақстан жетекші ядролық мемлекеттер тарапынан өзінің қауіпсіз өмір сүруіне сенеді, кепілдіктер алады. Қазақстанның қауіпсізді-гінің кепілдері ретінде біздің еліміздің екі ұлы көршісінің – Ресей мен Қытайдың міндеттеме алуы осы акцияның маңыздылығын арттыра түседі.

Қазақстанның сыртқы саяси қызметінің стратегиялық бағыт-тарының бірі Ресей Федерациясымен жан-жақты ынтымақтастықты дамыту болып табылады. Ресеймен бірлесе отырып, Қазақстан экономикалық мәселелердің кең ауқымын, ең алдымен, көліктік және энергетикалық проблемаларды шешуі тиіс, сондай-ақ біздің аумағымыздағы Байқоңыр ғарыш аймағының және басқа да бірқатар стратегиялық маңызды объектілердің базасында өнер-кәсіптік әрі ғылыми-техникалық әлеуетті пайдалануда тізе қосып қимылдауы шарт.

Қытай Халық Республикасына қатысты саясат төтенше маңызды болып табылады. Стратегиялық тұрғыда бұл бағыт Қытай достық және тату көршілік дәстүрлерді нығайтуды және дамытуды көздейді. Қазақстанның Қытайға тартылатын газ және мұнай құбырларын салуға екі жақты мүдделілік бар.

Орталық Азия аймағында қауіпсіздікті нығайту, экономика-лық даму үрдістерің жақындастыру, сондай-ақ халықтардың тари-хи бірлігі Орталық Азиядағы Қазақстан саясатының стратегиялық маңызын айқындайды. Президент Н.Назарбаевтың бастамасы бойынша Орталық Азия экономикалық Қоғамдастығы құрылды.

Ресей, Қытай және Орталық Азия бағыттарындағы Қазақстан дипломатиясы күш-жігерінің түпкі мақсаты – Қазақстанның бүкіл шекарасы бойынша қауіпсіздік белдеуін қамтамасыз ету, елдің егемендігін нығайту және экономикалық қайта құрулар жүргізу үшін қажетті сыртқы жағдайларды құру.

Қазақстанның сыртқы саясатының басымдық берілетін негізгі бағыттарының бірі – АҚШ-пен “демократиялық әріптестік” қарым-қатынастарын дамыту және нығайту. Бұл біздің еліміздің әлемдік қоғамдастыққа, халықаралық саяси, қаржы-экономикалық және қорғаныс институттарына тиімді түрде қатысуының, сондай-ақ озық технологиялар мен инвестицияларға қол жеткізудің маңызды шарттарының бірі.

АҚШ-пен өзара қарым-қатынастарда экономикалық ынтымақ-тастыққа үлкен назар аударылады. Бұл ретте американдық жеке меншік инвестицияларды тарту; қорғаныс өнеркәсібін конферен-циялау саласындағы ынтымақтастық; Арал өңірі мен Семей ядролық сынақ полигонындағы денсаулық сақтау мен экологияның өткір проблемаларын шешудегі өзара іс-қимыл; гуманитарлық сала сияқты байланыстарды дамыту мақсатында АҚШ әкімшілігімен өзара ықпалдастық аспектілеріне маңызды орын беріледі.

Мен білетін тарихи тұлға

Керей ханның Жәнібек ханмен бірге Қазақ хандығын құрудағы. Қасым хан. Тарихта Қасым ханның есімі Қазақ хандығының күшеюі және нығаюымен тікелей байланысты. Қасым ханның баласы Хақназар (Ақназар) хан тұсында қазақ хандығы қайта бірігіп дами түсті. Тәуекел хан, Есім хан, Салқам Жәңгір. Жәңгірдің баласы Тәуке хан тұсында Қазақ хандығының күш-қуаты өсіп, бірлігі артты. Қазақтың үш биі: Қазыбек би, Төле би, Әйтеке би. Абылай хан. Абылай хан - қазақ ханы, ұлы мемлекет қайраткері, қолбасшы және дипломат.

Қазақстанмен ынтымақтастықтағы елдер мемлекетімізге қандай мүмкіндіктер береді?

Қазақстан  Руспубликасы басқа елдермен бейбіт және ынтымақты түрде  қарым-қатынаста. Ол елімізде тыныштық пен бірліктің сақталуына, және еліміздін экономикасы мен мәдениетінің және көптеген бағыттарды дамуына жол ашады.  Сондай-ақ ядролық қаруды таратпау, діни экстремизмге қарсы тұру, әлем діндері арасында толерантты қарым-қатынас құру мәселелерін атап өтуге болады. Осының негізінде еліміз аймақтык, және ғаламдық қауіпсіздік мүддесі турасында халықаралық аренаға өз бастамаларымен шығуға мүмкіндік алды. Мысал ретінде Қазақстанның Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымына (ЕКЫҰ) бұрынгы кеңес кеңістігіндегі елдердің көшбасшысы ретінде төрағалық етуге 2003 жылы өз кандидатурасын ұсынуын атап өтуге болады. Соңғы жылдары Қазақстан осы мақсатқа қол жеткізуде тиянақтылық пен қажырлық танытты. Төрағалыққа ұсынылған біздің мемлекетіміздің кандидатурасын Қазақстанның халықаралық қауіпсіздік турасында сіңірген еңбегін бағалаған көптеген мемлекеттер қолдады


14 билет

Қазақстан және халықаралық ұйымдар

Саясаттың ғаламдануы ұлттық мемлекеттердің халықаралық қатынастардағы орны мен рөлін өзгертуге әкелді. Аймақтандыру және ғаламдастыру процестері жекелеген мемлекеттердің де, сондай-ақ тұтас алғанда халықаралық саяси жүйенің де рөлі мен функциясына үлкен ықпал етуде.

Қалыптасқан геосаяси өмір болмысын және әлемдегі геосаяси күштердің қатарындағы өзінің орнын байсалды бағалай келіп, Қа-зақстан ТМД, сондай-ақ бүкіл әлем шеңберінде әр түрлі интегра-циялық топтардың жұмысына белсенді түрде қатысуда, осы арқы-лы ол әлемнің ғаламдық проблемаларын шешуге өз үлесін қосып қана қоймай, сонымен бірге ұлттық мүдделерін шешуге жол ашады.

1992 жылы 2 наурызда Қазақстанның БҰҰ-ға кіруі өзінің маңызы жағынан тарихи акция болды. Қазақстан БҰҰ-ға әлемдік қоғамдастықтың қатардағы жаңа мүшесі ретінде ғана емес, сонымен бірге қазіргі заманның ең бір өзекті халықаралық проблемалары бойынша белсенді позиция ұстанатын, ядролық қарусыздану жолындағы қозғалыстың алғы шебінде тұрған мемлекет ретінде енді.

Әлемдік саяси проблемаларға Қазақстанның тепе-теңдік сақтаған және шынайы көзқарасы БҰҰ БА-ның күн тәртібіндегі өткір мәселелер бойынша дауыс берген кезде осы халықаралық форумда оң бағаланып жүр. Біздің еліміз ЕҚЫҰ-ның, Парламен-таралық Одақ пен Экономикалық Ынтымақтастық ұйымының мүшесі болғандықтан осы бірлестіктердің БҰҰ мен ынтымақтас-тығын нығайтуға бағытталған Бас Ассамблея қабылдайтын қарар-лардың тең авторы болып табылады.

БҰҰ-дағы біздің мемлекетіміздің ұстанымы БҰҰ қарапайым мәселелердің бүкіл кешені бойынша Қазақстанның мүдделерін ескерудің негізінде қалыптасады. Бұл орайда экономика, экология, әлеуметтік даму, халықаралық құқықты прогрессивті дамыту, адам құқығын сақтау саласында, ұйымдасқан қылмыс пен есірткі бизнесіне қарсы күрес саласында БҰҰ мен өзара іс-қимылды нығайтуға айырықша көңіл бөлінуде.

Экономикалық Ынтымақтастық ұйымы 1985 жылы құрылды. 1992 жылғы қарашада жаңа жеті мемлекет, оның ішінде Қазақстан ЭЫҰ құрамына кіргеннен кейін аталған бірлестіктің қызметі елеулі түрді жанданды. ЭЫҰ-ның негізгі міндеті – мүше елдердің үздіксіз әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін, аймақ мемлекеттері экономикасының шаруашылық байланыстарының әлемдік жүйесіне дәйекті түрде және бірте-бірте кірігуі үшін жағдай жасау болып табылады.

Біздің еліміздің қазіргі заманғы әлемнің жетекші қаржылық және экономикалық институттарымен өзара іс-қимылы Қазақ-станның тұрақты экономикалық өсімінің маңызды шарттарының бірі болып табылады. Осындай құрылымдардың қызметіне Қазақ-станның қатысуы әлемдік рынокта оның позициясын нығайтуға, сыртқы берешек проблемаларын реттеу және ішкі ақша айналымын тұрақтандыру үшін енгізуге қаржылық ресурстар тартудың перспективасын жақсартады.

Экономикалық реформаларды қаржыландыру, ұлттық эконо-миканың жекелеген салаларын дамыту жөніндегі арнайы жобаларды іске асыруға арналған заемдар мен несиелерді алу көзқарасы тұрғысынан Қазақстан Халықаралық Валюта қоры, Дүниежүзілік банк, Еуропалық Қайта құру және Даму банкі, Азиялық Даму банкі, Ислам Даму банкі сияқты халықаралық ұйымдармен ынтымақтастыққа басымдықты рөл береді.

Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының басымдық берілетін бағыттары

Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының басымдық берілетін бағыттары бірінші кезекте біздің еліміздің географиялық орналасуы және оның ұлттық мүдделері сияқты мерзімді сипаты бар факторлардың ықпалымен қалыптасты жаңа технологиялардың және ғаламдану процесінің дамуына, планеталық сипаттағы қауіп-қатердің пайда болуына, жаңа экономикалық құрылымның қалып-тасуына, аймақтық деңгейдегі халықаралық ынтымақтастықтың тереңдеуі мен сан алуандығына байланысты әлемде болып жатқан өзгерістер – мұның бәрі мемлекетіміздің сыртқы саясатының бағытына түзетулер енгізуге мәжбүр етеді, көкейкесті халықаралық проблемаларды шешуге жедел әрі икемді үн қатуға, осы мәселе-лерде жаңа көзқарастарды әзірлеуді және іске асыруды талап етеді.

Азия мен Еуропаның қиылысындағы геосаяси орналасуы, экономикалық және әскери-саяси мүдделері, сондай-ақ қазіргі бар экономикалық әлеуеті Қазақстанды ірі аймақтық мемлекет ретінде қалыптастырудың алғышарттары болды, Қазақстан өзара қауіпсіз-дікті, егемендікті құрмет тұту, аумақтық тұтастық принциптерімен өзінің төңірегінде тұрақтылық пен ізгі көршілік аймағын қалыптастыруға мүдделі.

Қазақстан ішкі саяси тұрақтылығы барлық негізгі бағыттар-дағы сыртқы саясаттың ұғынықтылығына, ашықтығына және болжап білуге болатындығына байланысты, мұндай сыртқы саясат мемлекет ретінде оның әлемдік қоғамдастығындағы позициясын нығайтады. Әлемдік қоғамдастықта айырықша мәртебе алу үшін ядролық кеудемсоқтықтан, осы өлім себетін қаруды иемденуден бас тарту сыртқы саясаттағы басымдық берілетін бағыт екенін бүкіл әлемге таныту маңызды қадам болды. Оның орнына Қазақстан жетекші ядролық мемлекеттер тарапынан өзінің қауіпсіз өмір сүруіне сенеді, кепілдіктер алады. Қазақстанның қауіпсізді-гінің кепілдері ретінде біздің еліміздің екі ұлы көршісінің – Ресей мен Қытайдың міндеттеме алуы осы акцияның маңыздылығын арттыра түседі.

Қазақстанның сыртқы саяси қызметінің стратегиялық бағыт-тарының бірі Ресей Федерациясымен жан-жақты ынтымақтастықты дамыту болып табылады. Ресеймен бірлесе отырып, Қазақстан экономикалық мәселелердің кең ауқымын, ең алдымен, көліктік және энергетикалық проблемаларды шешуі тиіс, сондай-ақ біздің аумағымыздағы Байқоңыр ғарыш аймағының және басқа да бірқатар стратегиялық маңызды объектілердің базасында өнер-кәсіптік әрі ғылыми-техникалық әлеуетті пайдалануда тізе қосып қимылдауы шарт.

Қытай Халық Республикасына қатысты саясат төтенше маңызды болып табылады. Стратегиялық тұрғыда бұл бағыт Қытай достық және тату көршілік дәстүрлерді нығайтуды және дамытуды көздейді. Қазақстанның Қытайға тартылатын газ және мұнай құбырларын салуға екі жақты мүдделілік бар.

Орталық Азия аймағында қауіпсіздікті нығайту, экономика-лық даму үрдістерің жақындастыру, сондай-ақ халықтардың тари-хи бірлігі Орталық Азиядағы Қазақстан саясатының стратегиялық маңызын айқындайды. Президент Н.Назарбаевтың бастамасы бойынша Орталық Азия экономикалық Қоғамдастығы құрылды.

Ресей, Қытай және Орталық Азия бағыттарындағы Қазақстан дипломатиясы күш-жігерінің түпкі мақсаты – Қазақстанның бүкіл шекарасы бойынша қауіпсіздік белдеуін қамтамасыз ету, елдің егемендігін нығайту және экономикалық қайта құрулар жүргізу үшін қажетті сыртқы жағдайларды құру.

Қазақстанның сыртқы саясатының басымдық берілетін негізгі бағыттарының бірі – АҚШ-пен “демократиялық әріптестік” қарым-қатынастарын дамыту және нығайту. Бұл біздің еліміздің әлемдік қоғамдастыққа, халықаралық саяси, қаржы-экономикалық және қорғаныс институттарына тиімді түрде қатысуының, сондай-ақ озық технологиялар мен инвестицияларға қол жеткізудің маңызды шарттарының бірі.

АҚШ-пен өзара қарым-қатынастарда экономикалық ынтымақ-тастыққа үлкен назар аударылады. Бұл ретте американдық жеке меншік инвестицияларды тарту; қорғаныс өнеркәсібін конферен-циялау саласындағы ынтымақтастық; Арал өңірі мен Семей ядролық сынақ полигонындағы денсаулық сақтау мен экологияның өткір проблемаларын шешудегі өзара іс-қимыл; гуманитарлық сала сияқты байланыстарды дамыту мақсатында АҚШ әкімшілігімен өзара ықпалдастық аспектілеріне маңызды орын беріледі.

Қазақстан және Еуропа елдері

Соңғы жылдары Қазақстан Еуропа Одағына мүше елдер арасындағы қарым-қатынас едәуір алға басты. Бұл ретте мемлекетіміздің ЕО-мен «ЕО үштігі — Орталық Азия елдері» диалогы шеңберіндегі ара-қатынасын атап өту қажет. «ЕО үштігі — Орталық Азия елдері» аясындағы соңғы кездесу 2007 жылдың көктемінде Қазақстан Республикасының Елордасы Астана қаласында өтті, оның барысында ЕО-ның Орталық Азиядағы 2007-2013 жылдарға арналған стратегаясы талқыланды. Сол жылдың 30 маусымында Берлин қаласында Еуроодақтың Орталық Азияға қатысты Стратегиясының тұсаукесер рәсімі өтті. Демократиялық реформалар нәтижесінде қол жеткізілген Қазақстанның саяси, экономикалық жетістіктерін халықаралық қауымдастықтың мойындауы және әлемдегі энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі біздің республиканың ықпалының өcyi мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың ТМД Төрағасы ретінде 2006 жылы Санкт-Петербургте өткен G-8 саммитіне қатысуға мүмкіндік берді. Саммит аясында Н.Ә. Назарбаев әлемдік және аймактық державалардың басшыларымен кездесіп, олармен болған сұхбат барысында екі жақты және көпсалалы ынтымақтастыққа байланысты көптеген мәселелерді талқылады.
15 билет

Мен қазақ елінің патриотымын

Әрбір адам ең алдымен өз елін мақтан ете білуге міндетті. Қазақ елінің тарихы терең болмаса осынша алып жерді иемденбес еді. Қазақстанның басты халқын құрайтын қазақ халқының ерлігі мен елдігі болмаса дербес мемлекеттікке де жетпес едік. Ал бүгінгі таңда ұлтына қарамастан әрбір азамат қазақ елін шын мақтаныш етіп, соған қызмет етсе, онда біздің Отанымыз алдыңғы қатарлы елдердің санатына қосылады. Сондықтан еліміздің нағыз патриоты бола білейік.

Мен өз елімнің патриотымын. Өз Отанымды, ұлтымды, ана тілімді шексіз сүйемін. Саналы да, білімді болып өсіп, Қазақстанның ары қарай гүлденуіне өз үлесімді қосамын. Мен өз елімді мақтан етемін.

Патриоттық сезім неден басталады

Отансүйгіштік – әрбір азаматқа керек ұлы қасиет. Өз Отанын, өз халқын сүймейтін адамдар елінің қорғаны, патриоты бола алмайды.

Отаншылдық өз үйінен басталады. Кімде-кім ата-анасын ардақтамаса, бірге туған  бауырларымен  тату болса, өзінің өскен ауыл, қаласын, туған ұлтын сыйлап, қадірлесе, сол адам отаншыл болады.

Өз әке шешесін ардақтамаған, өзгенің ата-анасын құрметтемейді. Өз ауылының тасын сыйламаған, өзге ауылдың тауын қадірлемейді.

Намыс – азаматтың алтын туы. Әке-шешесін сыйлаған балада ғана намыс болады. Ер жігіттің елі – ата-анасы. Отаны –өз  үйі. Елді, отанды сүйетіндігіңді сөзбен емес, іспен дәлелде.

Өзіңізді патриотпын деп есептесеңіз, қандай іс әрекеттеріңізбен түсіндіретінізді ауызша баяндап беріңіз.

Әр елдің патриот азаматы, өз елінің тарихын, өз елінің тәуелсіздігін алу  жолында жанын аямай курескен ата-бабаларын, қаһармандарын біліп, қастерлеуі керек. Мысалы менің қазіргі патриоттық  борышым ол, осы жоғары оқу орынын жақсы бағалрға бітіріп, жақсы  бір маман иегері болуым керек. Және сол мамандық бойынша жұмыс істеп  Еліме  аз да болса көмегім тиуі керек. Сонда мен өзімнің  кішкентай болса да  еліме деген патриоттық сезімім бар екенін дәлелдеген боламын.

16 билет

Отаншылдық – ұлы қасиет

Отансүйгіштік – әрбір азаматқа керек ұлы қасиет. Өз Отанын, өз халқын сүймейтін адамдар елінің қорғаны, патриоты бола алмайды.

Отаншылдық өз үйінен басталады. Кімде-кім ата-анасын ардақтамаса, бірге туған  бауырларымен  тату болса, өзінің өскен ауыл, қаласын, туған ұлтын сыйлап, қадірлесе, сол адам отаншыл болады.

Өз әке шешесін ардақтамаған, өзгенің ата-анасын құрметтемейді. Өз ауылының тасын сыйламаған, өзге ауылдың тауын қадірлемейді.

Намыс – азаматтың алтын туы. Әке-шешесін сыйлаған балада ғана намыс болады. Ер жігіттің елі – ата-анасы. Отаны –өз  үйі. Елді, отанды сүйетіндігіңді сөзбен емес, іспен дәлелде.

Ел намысы–ер намысы

Ер намысы — ел намысы. Ел намысы — ердің туы болып, жақсы жігіт елін өрге, жаман жігіт елін көрге сүйрейді деп қазақ айтпақшы, жігіттердің көбі ата күшін, ана сүтін ақтап,елін өрге сүйреді. Халқымның қалпына қара таңба бастырмаймын, ел намысына кіржұқтырмаймын, еркіме ен салдырмаймын деген ниет арпалыста медет те, қуат та болды.

Ар-намыс, адамгершілік, ақ ниет, адалдық алдымызда темірқазықтай жарқырап,шөлдегенде сусын, қалжырағанда қайрат, шаршағанда шабыт, ашыққанда арымызға ақмалтадай астық, белімізге тірек, көңілімізге қорек, болдырғанда үйірден ұстап мінген төлатымыздай болды.

Мал сақтама, ар сақта.

Жігіттің құны жүз жылқы, ары мың жылқы.

Малыңа сүйенбе, арына сүйен.

Шетелдік қонақтарға Қазақстанның жетістіктері туралы айтыңыз.

Ата бабаларымыз көп жылдар бойы тәуелсіз ел болуға армандады. Наурызбай, Бөгенбай, Қабанбай батырларымыз, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин және тағы басқа ақын-жазушыларымыз тәуелсіздік үшін күресіп, көбі репресияға ұшырады. 1991 жылы 16 желтоқсан күні Қазақстан елі тәуелсіздік алды. Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Әрине мемлекет құрылған кезде тіл де, рәміздеріде қалыптасады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – Қазақ тілі. Туымыздың көк түсі бейбітшілікті, ашық аспанды білдіреді. Ортасында алтын арайлы күні мен қыраны бар. Ою-өрнегі шетінде орналасқан. Елтаңба шеттерінде екі алтын пырақ, ортасында шаңырағы бар. 1991 жылдан 2011 жылға дейін Қазақстан Республикасы Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы, Біріккен Ұлттар Ұйымы және басқа ұйымдарға кіріп, 2010 жылы Азиаданы өткізді. Еліміздің басқа да жетістіктері көп. Қазақстан байтақ жерінде Менделеев кестесінің 99 элементі бар. Бұлда біздің үлкен мақтанышымыз. 2011 жылдың 16 желтоқсаныңда Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл болады. Бұл үлкен мереке. 20 жыл ішінде Қазақстан Республикасы басқа елдерге қарағанда экономикасыда, ел де тез дамып келді. Қазақстанның ең басты мақтанышы ол өз астанасы – Астана. Бұл қалаға қазір 12 жыл. Астана қаламызға шетелден келген адамдар көп болады. Астана қаласында парламен үйі, Ақ орда және бәйтерек орналасқан. Қазақстанның бұдан басқа Алматы, Атырау, Көкшетау, Қостанай, Орал, Ақтау, Петропавл, Павлодар, Семей, Өскемен, Қарағанды, Жезқазған, Шымкент, Тараз, Қызылорда қалары мен көп деген ауданы, ауылдары бар. Мен өз әсем, көркем, көрікті, байтақ еліме, жеріме өте мақтанамын. Қазақстан азаматтары да өз елін мақтан тұтады деп ойлаймын.

17 билет

Елордасы – Астана

Астана қаласы – 1998 жылдан бастап мемлекетіміздің  әкімшілік-саяси орталығы.  Сонымен қатар мәдениет пен өнер, білім мен ғылым, озық технологиясы уақыт  талабына сай дамыған  қала. Бас қаламыздың тарихы ертеден басталады. Қазіргі зерттеулерде қала маңында  ортағасырлық Бозоқ қаласының  орны табылды. Ал жаңа дәуірге келсек, 1832 жылы Есіл өзенінің жағалауына Ақмола сыртқы округінің негізі қаланды. Содан 1961 жылға дейін қала Ақмола, одан кейін – Целиноград деп аталды. Ал 1992 жылы Ақмола атауы қалпына келтірілді.  Президент Н.Ә.Назарбаевтың 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Астана қаласы деген атауға ие болды.

Астана қаласы бүгінгі таңда республикалық автокөлік және темір жол салалары мен әуе жолдарын байланыстырып тұрған ірі тасымал торабына айналды.  Елордамызда экономиканың бірнеше салалары: машина жасау; құрылыс материалдары өнеркәсібі; энергетика; полиграфия өнеркәсібі; жеңіл және тамақ өнеркәсіптері, байланыс және телекоммуникация дамыған.

Менің туып өскен жерім

Мен Кокшетауда тұрамын, ол менің туған қалам, кіші Отаным. Сондықтан туған өлкемді қадірлеп, мақтан тұтамын. Мектебім де қаланың орталығында орналасқан. Мен үшін Кокшетаудың орны ерекше.

Кокшетау қала ретінде  XIX ғасырдан таныла бастаған. Өзіндік тарихы бар туған қаламның бүгінгі көрініс көз тартарлық. Копа жағалауы – кокшетаулықтардың, қонақтардың демалыс орны. Жыл барысында өткізілетін дәстүрлі мерекелер осы жағалауда орналасқан орталық алаңда ұйымдастырылады. Кокшетауды мәдени орталық ретінде көпшілік мақтаныш етеді.

Мынадай бақытты өмірде, тыныштығы жарасқан қазақ жерінде, Кокшетаудай көркем қалада өсіп келе жатқаныма ризамын. Келешекте өмірден өз орнымды тауып, кірпіш болып қалану - басты мақсатым.

Көкшетау – Ақмола облысының әкімшілік орталығы.

Сіз курстастарыңыз арасында Астана қаласы туралы баяндама дайындасаңыз, қандай мәселелерге басты назар аударар едіңіз? (Если вы среди сокурсников приготовите доклад об Астане, то на  какие главные проблемы вы бы обратили внимание)

Қазақстан Республикасының астанасы-Астана. Астана қаласы 1832 жылдан Ақмола қаласы деп  аталып келді. 1961 жылы Н.С.Хрущевтің ұсынысымен ол «Целиноград» деп аталды. 1997 жылы қазанның 20-сында Н.Ә.Назарбаев «Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау» туралы жарлыққа  қол қойды. Сөйтіп, енді Ақмола қаласы Қазақстан Республикасының жаңа астанасы болды. 1998 жылы Ақмола қаласын Астана қаласы деп өзгертті. Аз уақыттың ішінде Астана қаласы көрікті қалаға айналды. Қаланың ортасында ағып өтетін Есіл өзенінің екі жағындағы қалың өскен қамыстың орны қала халқы демалатын жағажайға айналды. 
Астана қаласында Президент сарайы, Парламент ғимараты, «Интерконтиненталь» қонақ үйі, Еуразия  университетінің жаңа корпусы, Жастар сарайы, көп қабатты жаңа үйлер мен ғимараттар бар. Парламент үйінің алдында Төле би, Қазбек би, Әйтеке бидің ескерткіштері орнатылған. Әсем Есілдің оң жағасында салынып жатқан жаңа сұлулығы ерекше. Мұндағы салынып жатқан құрылыстар алыстан көз тартады. «Бәйтерек» ғимараты Астана тұрғындарын, жақын, алыс шетелдерден келген қонақтарды таң қалдырады. Астананаң болашағы әлі алда. Ол Еуразиядағы ең әсем, сұлу, әйгілі қала болмақ. Астана-Қазақстан Республикасының саяси, әкімшілік,экономикалық мәдени орталығы.
1998 жылдың 10-шілдесінде  Қазақстан Республикасының жас астанасының тұсау кесер тойы болды.  Қазір Астана-Егеменді Қазақстан Республикасының астанасы болып саналады.
Астана 20-шы ғасырдың ең жас астанасы ретінде тарихқа енді. Ол өте көркем қала.
18 билет

Астананың үш ерекшелігі

Бүгінгі таңда Астана әлемдегі үздік астаналардың отызының қатарынан орын алады. Қазақстан астанасы әлемге аты танымал архитекторлардың қызығушылығын тудырып отыр. Мұнда сәулетшілердің ең батыл идеялары іс жүзіне асуда.

Қала картасында күн сайын жаңа нысандар пайда болуда, олардың арасында қайталанбас, бірегей нысандар да бар. Жас астананың  ерекшелігі

-  Астана қонақтарын шаттандырар үш нысананы атауға болады. Олар: Бәйтерек, Бейбітшілік және келісім сарайы, Думан ойын-сауық орталығы.

«Бәйтерек» жұмыртқасын әлем ағашының ұшына салған Самұрық құсы туралы туралы көне аңызды білдіреді. Ол 97 метр биіктегі «ағаштың ұшар басымен» аяқталатын салмағы үш жүз тонналық күн сәулесімен жарқыраған шар түрінде.

«Бәйтеректің» тамаша дәстүрі бар: келушілер еліміздің тұңғыш Президентінің алақанының бедерлі ізіне қолдарын қойып, қалауын айта алады. «Бәйтеректің» етегі мен оны қоршаған алаңға гүл шоқтарынан «кілем» төселген.

Менің жерімнің табиғаты

Менің туып өскен жерім - егеменді Қазақстан. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай ел. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар тау, мөп-мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. Қазақстан жерінде аңдар мен құстар, неше түрлі жануарлар жасайды. Сол жерде біздің ата-бабаларымыз, батырларымыз, ақындарымыз, ғалымдарымыз туып өскен.

Мен Кокшетауда тұрамын, ол менің туған қалам, кіші Отаным. Сондықтан туған өлкемді қадірлеп, мақтан тұтамын. Мектебім де қаланың орталығында орналасқан. Мен үшін Кокшетаудың орны ерекше.

Кокшетау қала ретінде  XIX ғасырдан таныла бастаған. Өзіндік тарихы бар туған қаламның бүгінгі көрініс көз тартарлық. Копа жағалауы – кокшетаулықтардың, қонақтардың демалыс орны. Жыл барысында өткізілетін дәстүрлі мерекелер осы жағалауда орналасқан орталық алаңда ұйымдастырылады. Кокшетауды мәдени орталық ретінде көпшілік мақтаныш етеді.

Мынадай бақытты өмірде, тыныштығы жарасқан қазақ жерінде, Кокшетаудай көркем қалада өсіп келе жатқаныма ризамын. Келешекте өмірден өз орнымды тауып, кірпіш болып қалану - басты мақсатым.

«Бәйтерек», «Думан» ғимараттарында нелер орналасқан, соны оқытушыңызға ауызша баяндап беріңіз

«Бәйтерек» жұмыртқасын әлем ағашының ұшына салған Самұрық құсы туралы туралы көне аңызды білдіреді. Ол 97 метр биіктегі «ағаштың ұшар басымен» аяқталатын салмағы үш жүз тонналық күн сәулесімен жарқыраған шар түрінде.

«Бәйтеректің» тамаша дәстүрі бар: келушілер еліміздің тұңғыш Президентінің алақанының бедерлі ізіне қолдарын қойып, қалауын айта алады. «Бәйтеректің» етегі мен оны қоршаған алаңға гүл шоқтарынан «кілем» төселген.

Думанда мухиталары, джунгли, шоколад шоу, 5Д – кинотеатр, балалар қалашығы бар.


19 билет

Құда түсу

Қазақ халқында бұрынғы заманнан бастап қазірге дейін ұмытылмай келе жатқан - құда түсу салты. Ұл баланың әкесі туыстарымен бірге болашақ келінінің үйіне құда түсуге барады. Қызға тана (сырға) тағылып, оны ұзататын күн белгіленеді.

Салт–дәстүр бойынша, құдалар бірін–бірі құдалыққа шақырады. Құдалар кетердің алдында бір–біріне «киіт» береді. Бұрынғы кезде бай отбасыларда жігіттің әкесіне берілетін «киіт» – бір табын жылқы, көптеген қымбат шапандар болған. Қыздың жағынан келген құдаларға да «киіт» беріледі. Қазіргі уақытта қызға «қалың мал» берілмейді, бірақ «киіт беру» салты мен басқа салт–дәстүрлер сақталған.

Қызға құда түсіп, қыздың келісімін алған соң, жігіт жағы «өлі–тірі» сыйлығын беріп жібереді. Ол – сойысқа жарайтын мал. Бұл – «осы құдалыққа тірілер ғана емес, өлі әруақтар да риза болсын» деген игі ниеттің белгісі болып саналады.

Құдалық кезінде қазақтың ұлттық салт–дәстүрі бойынша, құдаларға малдың құйрық–бауырынан табақ тартылады.  Сол сияқты, құдалық кезінде «құда тарту», «құда аттанар» деген салттар да орындалады. Бұлар құдалықтың қызықты, есте қаларлықтай маңызды болуы үшін жасалады.

Ұзатылған қызға анасы «жасау» береді. «Жасау» –  қызға анасы сыйға тартатын үй жабдықтары және басқа сыйлықтар.

Ел болашағына қосар үлесім

Біз жоғары білікті маман болсақ және еліміздегі ақпараттық технологиялар саласының дамуына үлесімізді қоссақ дейміз. Ал білімін әрі қарай ұштап, оны ғылыммен байланыстырамын дейтін түлектерге магистратура мен аспирантура толық мүмкіндік береді. Кейбір студенттер ізденістерге қадам жасайды. Олар ақпарат алмасу ұстанымдарын қорғау үшін өздері жасап жатқан жобалар мен нұсқауларды ғылымға енгізуге талпынады.

Қазіргі заман талабына сай, бүгінде ақпараттық технологиялар даму үстінде. Бәсекеге қабілетті болу үшін елімізде техникалық мамандарды көбейту қажет. Сол себепті мемлекет тарапынан жоғары оқу орындарына қолдау жылдан-жылға көбейіп, шәкіртақы да өсіп отыр. Жақсы оқимын, білікті маман боламын деген талапкерге жоғары оқу орындарында материалдық база мол мүмкіндік береді.

Сіздің тобыңызда «Қазақстан –2050» стратегиясы талқыланып жатыр. Сіз қандай пікір айтасыз?

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арналған дәстүрлі жолдауын тәуелсіздік күні қарсаңында жария етті. «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» деп аталды. Елбасымыздың биылғы жолдауында алдымен мемлекетіміздің, ұлттық экономикамыздың, азаматтық қоғамымыздың, қоғамдық келісіміміздің, өңірлік көшбасшылығымыз бен халықаралық беделіміздің дағдарыста сыналуы сөз болды.

«Стратегия «Казахстан-2050» - это путь, показывающий молодежи, в какой стране они будут жить. Казахстан сформировал свое собственное видение эффективного мироустройства в новом столетии и свое место в этом развитии.

По-моему мнению, «Стратегия -2050» - это большой шаг на пути  всемирного развития Казахстана.


20 билет

Мемлекетіміздің тілі

Тіл – қандай халықтың болсын  тарихымен бірге өмір сүреді. Себебі тіл халықпен бірге жаралған. Халықтың  тілінде – оның әдебиеті мен мәдениеті, мінезі мен дәстүрі сақталған. Өйткені, тіл – халықтың  жаны, ертеңі, болашағы. Ол әрбір адамның бойына ана сүтімен беріледі. Сондықтан да, тілді кім де болса құрметтеуге тиіс. Адамды жақсылыққа жеткізетін ана тілі мен ата дәстүрі. Тілдің көмегімен өнер-білімді, ғылымды игереміз. Тіл арқылы рухани байлығымызды меңгереміз, өзіміз танимыз, өзіміз танып қана қоймай, сол қымбат қазынамызды әлемге танытамыз. Сондықтан әр елдің мақтанышы – сол елдің ана тілі. Бірақ бүгінде кейбір отандастарымыз өздерінің ана тілін білмейді.

Қазақ тілі - мемлекеттік тіл ретінде Қазақстанның тәуелсіздігі қарсаңында 1989 жылы  бекітілді. Мемлекеттік тіл дегеніміз – қоғамның барлық саласында қолданылуға тиіс міндетті тіл. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың мемлекеттік тіл туралы:  «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» дегені тілдің жарқын келешегін көрсетеді. Мемлекеттік тіл – мемлекеттік ту, мемлекеттік әнұран, мемлекеттік елтаңба секілді мемлекеттік маңызы ерекше рәміз. Сондықтан  ол елдің барша азаматтарын біріктіруі тиіс.

Тіл–халықтың жаны, ертеңі, болашағы

Тіл – достықтың кілті, ынтымақтастықтың бастауы, әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Тіл әрбір адамға  ана сүтімен бірге еніп,  қалыптасады. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Қазақстан Республикасы Конститутциясының жетінші бабының бірінші тармағында: «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі» деп көрсетілген. Сондықтан жетінші бапты жеті қазынамыздай сақтап, ата-баба аманаты ана тілмізді көздің қарашығындай  қорғауға, оның орынсыз шұбарлануына жол бермеуіміз тиіс. Тіл – таусылмайтын байлық. Қанша тіл білсең, өзгеден сонша кез биіксің. Дегенмен, алдымен туған еліңнің мемлекеттік тілін білуге міндеттісің.

Қазақ тілі - өте бай тіл. Ол шаруашылықтың бар саласын өркендете түсуге себепші күш, халқымыздың мәдени дәрежесін көтере беруші пәрменді құрал, жұртшылықты жаппай отаншылдық рухта тәрбиелеудің құралы, қуатты қаруы.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы не білесіз, достарыңызға ауызша айтып беріңіз?

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ  «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны

Бұрын «Менің Қазақстаным» әні ретінде танымал болған Қазақстанның әнұраны Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша 2006 жылы 6 қаңтарда еліміздің Парламентінде бекітілді. Бірінші рет ол 2006 жылы 11 қаңтарда Мемлекет басшысының салтанатты ұлықтау рәсімінде орындалды.

Музыкасы – композитор Шәмші Қалдаяқовтікі, сөзі – Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаевтікі.


21 билет

Ұлттық тіл

Қазақ тілі –қазақ халқының ұлттық тілі. Халқымыздың өткен тарихы, әдет ғұрыптары, салт-дәстүрлері бізге тіл арқылы жетіп, ұрпақтан- ұрпаққа тарайды. Қазақ тілі түркі тілдерінің қыпшақ тобына жатады. Ұлттық тіліміздің негізі – көне түркі тілі болып табылады.

Қазақ тілінің жеке ұлттық тіл ретінде қалыптасуы ХҮ ғасырдан жеке мемлекет болып шығуынан басталады.Одан бергі уақытта ұлттық тіл ретінде бірнеше даму кезеңдерден өтті. Ұлттық тіліміздің дамуына билер, шешендер, ақын-жыраулар шығармалары әсер етті. ХХ ғасырда ғылым мен техниканың дамуы – тілімізді жаңа атаулармен байыта түсті.

Қазақ тілі 1989 жылы мемлекеттік мәртебе алды. Ол енді толық мағынасында республикада білім, техниканы үйрену тілі, мәдениет пен ғылымды дамыту тілі болып отыр. Қазақ тілін өркендетудің мемлекеттік бағдарламасы жасалған. Біздің елімізде қазақ тілін оқып-үйрену, білу – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының борышы.

Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде

Қазақ тілі - мемлекеттік тіл ретінде Қазақстанның тәуелсіздігі қарсаңында 1989 жылы  бекітілді. Мемлекеттік тіл дегеніміз – қоғамның барлық саласында қолданылуға тиіс міндетті тіл. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың мемлекеттік тіл туралы:  «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» дегені тілдің жарқын келешегін көрсетеді. Мемлекеттік тіл – мемлекеттік ту, мемлекеттік әнұран, мемлекеттік елтаңба секілді мемлекеттік маңызы ерекше рәміз. Сондықтан  ол елдің барша азаматтарын біріктіруі тиіс.

Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін көтеретін жан-жақты ұйымдық- насихаттық жұмыс аса қажет. Қоғамда мемлекеттік тілге деген сүйіспеншілік пен құрметтеу отаншылдық қасиеттің бөлінбес компоненті деген ұғымды қалыптастыру, мемлекеттік тілді білгісі келгендердің ықыласын бағалап, көтермелеп отыру да маңызды. Сондықтан тілімізді шұбарламай, оның көркемдігін сақтау – әрбір азаматтың міндеті. Мемлекеттік тілімізде сөйлеу – баршамыздың басты парызымыз. Мемлекеттік тіл арқылы Қазақстан халықтарының  бірлігі мен ынтымағы берік болмақ.

Сіз қазақ тілінің мәртебесін көтеру үшін не қажет деп ойлайсыз, сол туралы тобыңызға баяндаңыз.

Ай сайын, я болмаса екі-үш айда мемлекеттік тілде үлкен іс-шаралар өткізу, қызықты кітаптар, кино, мультфильмдер, т.б. шығару қажет. Қалайда мемлекеттік тілге деген жұрттың сұранысын, қызығушылығын арттыру қажет. Жалпы, тілдің мәртебесін көтерудің түрлі жолдары бар. Ең бастысы, менің ойымша, жалпы, тілдерге емес, мемлекеттік тілге байланысты жаңа заң қабылданғаны дұрыс.


22 билет

Ұлттық дәстүр

Әрбір халық өзінің ұлттық дәстүрімен ерекше. Халықтың дәстүріне қарай оның мінезі, тарихы, дүниетанымы қалыптасады. Халықтық дәстүрдің жүздеген, мыңдаған жылдық тарихы бар. Сондықтан оны әбден сұрыпталған, жинақталған құндылықтардың жиынтығы деп санаймыз. Халықтың дәстүріне оның қоршаған ортасы, географиялық орналасуы, шаруашылығы әсер етеді.

Қазақ халқы ұлттық салт-дәстүрге бай халық. Халықтық салт-дәстүрлер сан ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық мәдениет. Дәстүр – белгілі бір ұлттың немесе халықтың ұрпақтан ұрпаққа беріліп отыратын, тарихи қалыптасқан, олардың әлеуметтік ортасында ұзақ уақыт бойы сақталып отырған әлеуметтік-мәдени құндылықтар жиынтығы. Ұлтымыздың тамаша дәстүрлері үлкенді сыйлау, қонақжайлылық, қайырымдылық, бауырмалдық, балажандылық, төзімділік, арлылық, т.б. жатады. Осы дәстүрлер біздің дербес халықтығымыздың сақталуына, тұтас ұлт ретіндегі ерекшеліктеріміздің айқын болуына оң ықпал етіп келеді. Дәстүр халқымыздың ғасырлар бойы өмір сүру тәсілдерінен, күнделікті әрекеттеріне сұрыпталған мәдениетіміздің үлкен бір бөлігі. Бабалардан бізге жеткен дәстүрлерде біздің халықтық болмысымыз, ұлттық мінезіміз, салт-санамыз айқын көрінеді. Ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа жетіп келе жатқан ұлттық дәстүрлер сан алуан. Дәстүрлер іштей бірнеше салаларға бөлінеді. Мысалы: отбасылық дәстүрлер, маусымдық дәстүрлер, діни салттар, мерекелік дәстүрлер, тұрмыстық салттар. Ұлттық дәстүрімізді білу және оны сақтау баршамыздың перзенттік борышымыз. Себебі, дәстүр халықты ғасырлар бойы сақтап келген рухани тірегі. Әрине, ол заманына қарай өзгеріп, жаңғырып тұрады.

Наурыз мейрамы

Наурыз — қазақша жыл басы. Бұрынғы кезде әр елде наурыз туғанда мейрам қылып, бас асып, қазан-қазан көже ішіп ауылдан-ауылға, үйден-үйге жүріп кәрі-жас, қатын-қалаш бәрі де мәз болып көрісіп, араласып қалушы еді. Бұл кезде ол ғұрып қазақ арасында қалып бара жатқан секілді, наурыздың қай айда, қай күні болуы хақында әр түрлі сөйленеді. Біреулер наурыз марттың бірінде, екіншілер тоғызында келеді деседі, һәр жұрттың белгісі күнде жаңа жыл туады, ескі жыл бітіп, жаңа жыл басталғанда: «іс жаңа жыл қайырлы болсын, жаңа бақыт кәсіп болсын» — деп құттықтасады, ол күнді мейрам қылып шаттықпен өткізеді. Рустың жаңа жылы қыс ортасында, нағыз сақылдап тұрған суықта келеді, біздің Жаңа жылымыз — Наурыз марттың басында болсын, ортасында болсын, әйтеуір мартта келетін болса, шын мағынасымен Жаңа жыл деп айтуға лайық. Күн жылынып, қар еріп, жан-жануар жаздың жақындағанын сезіп көңілденген кез. Шаруа адамдарының бейнеттен қолы шешіліп, алты ай баққан арықтарын үмітті күнге жеткізіп демалып отырған кез. Ағаш, шөптер қар астынан сілкініп шығып, гүлденіп жасаруға даярланып, күн де қыстай бір бүйірлеп жүруін қойып жоғары көтеріліп, бүтін ғаламға нұрын шашып үйсізді үйлімен теңгеріп, бай мен жарлыға бірдей сәуле беруге тұрған кез. Міне, табиғаттың осындай көңілді өзгерістерінің кезеңінде біздің Жаңа жылымыз Наурыз туып, ата ғұрпымызды ұмытпай, белгілі бір күнді басы қылып алсақ ұнамды іс болар еді.

Осы туралы білетін адамдар «Қазаққа» жазса екен, біздің Жаңа жыл — Наурыз анық жылдың қай айында һәм қай күнінде басталады. Біз оқушыларымызды Жаңа жылмен құттықтауға Наурыздың анық қай күні туатынын біле алмадық, ғафу өтінеміз.

Тұсаукесер дәстүрінің мән–мағынасын түсіндіріп, рәсімдерін ауызша сипаттап беріңіз.

Сәбиді қаз тұрғанынан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып, ырым. Ол үшін арнайы ала жіп дайындалады. «Ала жіп аттамасын» деген ұғыммен шыққан. Жіппен баланың аяғын кәдімгідей тұсап, оны пысық, аяғын жылдам басатын әйелге қидырады сал бойынша. сүріншек, жайбасар адамға кестірмейді.


23 билет

Мәдени мұра

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері көптеген шаралар жоспарлануда. Солардың бірі – «Мәдени мұра» бағдарламасы. Бұл бағдарлама қазақ халқының ұлттық мәдениетін насихаттауға арналған. Бағдарлама ауқымында көптеген мәселелер шешіледі. Мысалы, мәдени ескерткіштерді қорғау, фольклор шығармаларын тарату, кинофильмдер дайындау. Қазақ халқының мәдениеті өте бай болғандықтан бұл бағдарлама ұзақ жылдарға арналған.

Қазақстанның көне қалалары

Оңт. Қазақстандағы ең iрi қала Исфиджаб саналады. Ол 629 ж. Сюань-Цзянның жылнамасында "Ақ өзендегi қала” атымен алғаш аталады.

Астаналық және iрi қалалар — Тараз, Суяб, Невакет және Нұзкет, олар Жетiсудың оңт.-батысындағы Жамбыл, Ақбешiм, Қызылөзен және Шитөбе сияқты iрi қала жұрттарына сәйкес келедi. Орташа топқа Таластағы Ақтөбе қ-ның жұрты деп саналатын Текабкет және тиiсiнше: Сус — Шалдовар, Мерке, Аспара, Жол — Соқылық, Харранжуван — Беловодск бекiнiсi, Жақ — Сарығ — Грозненское жатқызылды.

Сырдария мен Қаратаудағы 13 ғ-да жермен-жексен етiлiп, тоналған қалалар — Түркiстан (Иасы), Отырар, Сығанақ, Созақ, Құмкент, Жент және Жаңакент 14 — 15 ғ-ларда Темiр мен оның iзбасарларының солт.-шығысқа жасаған жаугершiлiк жорықтарында бекiнiс қамалдары болып, одан кейiн қолөнер және сауда орталығы, хандардың резиденциясына айналған.

Солт.-шығыс Жетісу төрткөлдері үш топқа бөлінеді.

Біріншісіне:

Антоновка, Дүнгене, Шілік;

Екіншісіне:

Талғар, Сүмбе, Ақмола енгізілген;

Үшіншісіне:

Алматы, Лавар, Қапал, Бояулы, Ақтам, Арасан.

Сіз театрға жиі барасыз. Достарыңызға қандай қойылымдарды көруге кеңес бересіз?

Мен театрға барғанды жақсы көремін. Менің сүйсініп қарайтын драмам “Ромэо и Джульетта”. Бұл драма маған ерекше әсер береді. Өз достарыма осы драмаға баруға кенес беремін.


24 билет

Ұлттық мәдениет

Қазақ жерінде мәдениет ерте кезден бастап дамыған. Оған еліміздің әр өңірінен табылып жатқан ортағасырлық көне қалалардың орны, мәдени бұйымдар басқа да алуан-алуан заттар куә. Мысалы Есік қорғанынан, Жайық бойынан, Алтай өңірінен табылған алтын адамдар, әртүрлі бұйымдар мен әсем безендіріліп жасалған қару-жарақтарды атауға болады. Археологиялық қазбалардан алынған деректерге қарағанда біздің эрамызға дейінгі адамдар мекендеген көне қалаларда алаңдар, сәулет өнерінің туындысы болатын ғимараттар болған. Одан бергі кезеңдерде қазақ жері мәдениетінің дамуына «Ұлы Жібек жолы» үлкен ықпал етті. «Ұлы Жібек жолы» бойындағы Отырар, Сауран, Сығанақ, Тараз, Шымкент, Яссы сияқты мәдениеті дамыған ортағасырлық қалалар мәдениет пен өнердің орталығы болған. Ахмет Иассауи, Арыстанбаб кесенелері, Айша бибі, Алашахан мазарлары мәдениетіміздің тарихы көне замандардан басталатынын көрсетеді. Жоғарыда аталған қалаларда әдебиет, музыка, сәулет өнерлері айрықша  дамыды. Бұл қала – қорғандарда байырғы мәдениет қалыптасты. Ұлттық мәдениетпен бірге, тайпааралық, ұлтаралық дәстүрлер де көптен-көп дамыды. Сондықтан сол кездің өзінде мәдениетаралық байланыстардың бірте-бірте өрістегенін аңғарамыз.

Ою өрнек – дала мәдениеті

Қазақтың ұлттық ою-өрнегі — қазақ жерін мекендеген көшпелі тайпалар өнері әсерімен ғасырлар бойы қалыптасып, белгілі бір жүйеге келген ою-өрнек түрлері.

Қазақтың алғашқы ою-өрнек үлгілері Андронов мәдениеті мен байырғы сақ, гұн, ұйсін өнері мұраларынан геометриялық, зооморфтық (жан-жануарлардың табиғи және фантастикалық бейнерлері), көгеріс өрнек пен қиял-ғажайып ою-өрнектер (аспанның, жердің символы) ретінде кездеседі.

Олар негізінен малгершілік, саятшылық, әдет-ғүрып, үй іші жабдықтары мен сән-салтанат бұйымдарын, батырлық қару-құралдарын әсемдеуге қолданылған. Тартымды жасалып, биязы көркемделген өнердің көне мұралары (алтын тәтілер, ағаштан қыштан, өнделген теріден жасалған ыдыстар, түкті кілемдер мен кестелі заттар т.б.)

Қазақ халқының қолөнерінің сала-саласында кең қолданылып келген, өнердің өте көне, әрі күрделі түрі – ою-өрнек өнері. Қазақтың қолтума сәндік өнерінің барлық түрлерінде де оюлар мен өрнектер алғашқ ы элемент ретінде қолданылады.

Қазақтың ұлттық мәдениетінің стильдері – ою-өрнектерден айқын аңғарылады. Ою-өрнектердің алуандығы мен байлығы, әсіресе, киіз үй бұйымдарынан көрінеді. Алаша, текемет, сырмақ, желбау, тұскиіз, кілем, сандық беттеріндегі бейне-нақыштар далалық мәдениеттің эстетикасы

Халқымызда «Ұлық болсаң, кішік бол» деген ұлағатты сөз бар. Бойында лидерлік қасиеттері бар достарыңызға қандай кеңес бересіз?

Қазақ халқында мынадай ұлы бір сөз бар «Ұлық болсаң-кішік бол». Сенің бойныңда лидерлік  қасиет болса да, сен кішіпейіл болуың қажет, адамгершілігің мол болуы керек. Өйткені ол,лидерлік, қасиет мәңгілік болмайды. Сен сол дәрежеге кімнің көмегімен жеткеніңді ешқашан ұмытпауың керек. Сен бойнымда сондай қасиет бар деп үлкенді,кішіні құрметтемеуіңе болмйды, керісінше құрметтеп,соларға көмектесуің керек
25 билет

Ұлттық дәстүр

Әрбір халық өзінің ұлттық дәстүрімен ерекше. Халықтың дәстүріне қарай оның мінезі, тарихы, дүниетанымы қалыптасады. Халықтық дәстүрдің жүздеген, мыңдаған жылдық тарихы бар. Сондықтан оны әбден сұрыпталған, жинақталған құндылықтардың жиынтығы деп санаймыз. Халықтың дәстүріне оның қоршаған ортасы, географиялық орналасуы, шаруашылығы әсер етеді.

Қазақ халқы ұлттық салт-дәстүрге бай халық. Халықтық салт-дәстүрлер сан ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық мәдениет. Дәстүр – белгілі бір ұлттың немесе халықтың ұрпақтан ұрпаққа беріліп отыратын, тарихи қалыптасқан, олардың әлеуметтік ортасында ұзақ уақыт бойы сақталып отырған әлеуметтік-мәдени құндылықтар жиынтығы. Ұлтымыздың тамаша дәстүрлері үлкенді сыйлау, қонақжайлылық, қайырымдылық, бауырмалдық, балажандылық, төзімділік, арлылық, т.б. жатады. Осы дәстүрлер біздің дербес халықтығымыздың сақталуына, тұтас ұлт ретіндегі ерекшеліктеріміздің айқын болуына оң ықпал етіп келеді. Дәстүр халқымыздың ғасырлар бойы өмір сүру тәсілдерінен, күнделікті әрекеттеріне сұрыпталған мәдениетіміздің үлкен бір бөлігі. Бабалардан бізге жеткен дәстүрлерде біздің халықтық болмысымыз, ұлттық мінезіміз, салт-санамыз айқын көрінеді. Ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа жетіп келе жатқан ұлттық дәстүрлер сан алуан. Дәстүрлер іштей бірнеше салаларға бөлінеді. Мысалы: отбасылық дәстүрлер, маусымдық дәстүрлер, діни салттар, мерекелік дәстүрлер, тұрмыстық салттар. Ұлттық дәстүрімізді білу және оны сақтау баршамыздың перзенттік борышымыз. Себебі, дәстүр халықты ғасырлар бойы сақтап келген рухани тірегі. Әрине, ол заманына қарай өзгеріп, жаңғырып тұрады.

Қасиетті қара шаңырақ

Қазақта «шаңырақ» сөзі «отбасы» деген мағынаны білдіреді. Адамзат өмірінің бастауы да осы отбасы. Отбасы – адам өмірінің негізгі кезеңдерін бастан кешіретін ең кіші әлеуметтік топ. Ондағы адамдардың әрқайысы әр отбасы мүшесінің дамуына ықпал етеді.

Ата-бабамызда «қасиетті қара шаңырақ» деген сөздің бар екенін білетін боларсыздар? Мұндағы «шаңырақтың» киіз үйдің төбесіндегі ең қасиетті, киелі бөлігі екені де сіздерге белгілі. Шаңырақ «үй, отбасы» деген мағынаны да білдіреді. Жаңадан отбасын құрып, өмірге қол ұстасып бірге аттанған жастарға «Шаңырағың биік болсын!» деп бата береді. Бұл – құрған отбасыңның тұғыры берік, мәртебесі жоғары болсын деген сөз.

«Мәдениет», «Мәдени», «Мәдениетті» сөздерінің айырмашылықтарын түсіндіріп беріңіз?

мәдениет — адамзат қауымының белгілі бір тарихи кеңістіктегі қызметі мен өзіндік ерекшеліктері, адамдық өркениеттің белгілі бір саласыныц жетілу деңгейі.

2.Мәдени- Мәдени құндылықтарға құлықтылық және эстетикалық идеалдар, өзін ұстаудың нормалары мен үлгілері, тілдер, жергілікті тіл ерекшеліктері мен сөйленістер, ұлттық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар, тарихи жер аттары, ауыз әдебиеті, көркемдік кәсіп пен қолөнер, мәдениет пен өнер шығармалары,тарихи-мәдени маңызы зор мәдениет қызметінің ғылыми зерттеу тәсілдері мен нәтижелері, аумақтың тарихи-мәдени қатынасында ғажайып болып табылатын ғимараттар, құрылыстар кіреді.

3. Мәдениетті. Мәдениеттілік[1] – адамның тұлғалық асыл қасиеттерінің көрінісі. Дәстүрлі әдеп жүйесіндегі әдептілікимандылықізеттілік ұғымдарымен үндес. Адамның ұлттық мәдениет пен дәстүрлі құндылықтарды құрметтеуі және оны әрі қарай дамытуы — мәдениеттіліктің белгісі. Мәдениеттілік адамның тарихи даму барысында сұрыпталып алынған, мәдени-рухани әлемге лайықты қасиеттерден құралады. Көпшілік ортада әдеп сақтау, әдеппен сөйлеу, көргенділік таныту, жан мен тән тазалығы, мұның барлығы Мәдениеттілікке жатады. Мәдениеттілік адамдардың мінез-құлқына қойылатын этикалық-эстететикалық, заңи, саяси, тағыда басқа талаптардың орындалуын білдіреді. Дәстүрлі қазақ қоғамында адам бойында Мәдениеттіліктің қалыптасып, дамуына ерекше көңіл бөлінген. Мәдениеттілік жөніндегі көзқарастар кемел адам ұғымымен үндестік тауып, адамгершілік, кісілік қасиеттерінің қалыптасуы арнасында дамыды Бұл қасиет бойында бар адам – ол мәдениетті.




1. Статья Лингвистические и психолого~педагогические основы формирования морфологической стороны ре
2. Грамоты на права и выгоды городам Российской империи
3. Ответственность за бандитизм
4. Контрольная работа- Построение графического интерфейса в системе Matlab
5. ТЕМА 1. Концептуальные основы стратегического менеджмента Подходы к определению стратегического менеджм.html
6. РЕФЕРАТ дисертації на здобуття наукового ступеня кандидата економічних наук.2
7. Статья- Эволюция целей религиозных психопрактик в эзотерических системах мира
8. і Озбройтеся своїм інстинктом дослідника і насолодитеся пошуками та перебуванням красивих місць які станут
9. 32450421114451 Фильтр Последние комментарии Показать предыдущие новости о сайте помощь правила реклама
10. і. В такий ситуації найважливішою і необхідною умовою упорядкованості психічної діяльності ефективності ус
11. Проблемы современной трансформации международных отношений
12.  Паблік англ public публічний суспільний рілейшнз англ
13. Реферат на тему- Експлуатаційні властивості повітряних суден
14. Философия 150 вопросы Заведующая кафедрой философии и гуманит
15. Реферат- Профилактика правонарушений среди несовершеннолетних в училище
16. Одномерные массивы
17. The Neurotic Personlity of Our Time 2
18. на тему- Технология и конструирование ГИС
19.  Правовой статус индивидуальный предпринимателей
20.  Назва документа