Поможем написать учебную работу
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
ДӘРІС КЕШЕНІ
Элективтік пән Валеология
Мамандық: 5В110400 Медициналық профилактикалық іс
Тақырыбы: Табиғат күштерімен шынығу. Массаж. Фитотерапия.
Дәріс: 1 сағат
Курс: 2
Семестр: 4
1.Тақырыбы: Табиғат күштерімен шынығу. Массаж. Фитотерапия.
2.Мақсаты: Студенттерді табиғи күштермен шынығуды, массаж және өзін өзі массаж ажасумен таныстыру.
3.Дәріс тезисі:
Организмді шынықтыру оның өзгеріп отыратын сыртқы ортанға тиімді бейімделуін қамтамасыз етуге жұмылдыру. Организмді шынықтыру оған тұрақты табиғи әсердің (суық, ыстық және т.б.) жүйелі және көп рет әсер етуін және әсер күшінің бірте-бірте артуын қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырылады. Осы жағдайларды қамтамсыз еткенде ғана организм сыртық ортаның өзгеріп тұратын құбылмалы жағдайына бейімделу мүмкіншілігін нейрогуморалдық реттеуді және заттар алмасуын жетілдіру арқылы қамтамасыз ете алады.
Шынығу организмнің сыртқы ортаның қолайсыз әсерлеріне төзімділігін артырыуға бағытталған, шартты рефлекстер пайда болуын және жылуды реттеуді жетілдіретін әсерлер жүйесі (БМЭ).
Жылуды реттеу (терморегуляция) - сыртқы ортаның өзгеруіне қарамастан дене жылуын ондағы заттар алмасуды қамтаамсыз ететін тиімді деңгейде заттар алмасуы үдерісін өзгерту арқылы қамтамасыз етуге бағытталған бейімделу үдерістерінің кешені.
Жылуды реттеудің химиялық және физикалық түрлерін ажыратады.
Химиялық реттеу организмде болатын күрделі химиялық реакциялар арқылы жылу пайда болуын қамтамасыз ету. Организмде жылу тұрақты пайда болады, адам ұйықтап жатқанда да оның денесінде заттар алмасуы тоқтамайды. Ал сыртқы орта жылуы өзгергенде денеде пайда болатын жылу мөлшері де өзгеріп отырады: сыртқы ортада суық болса денеде жылу көп пайда болады және керісінше.
Адам деенсіндегі негізгі жылу көзі- бұлшықеттер болып келеді. Олар жиырлғанда немесе кернеулері артқанда жылу кбейеді. Адам тоңған кездің өзінде де тыныштық жағдайда бұлшықеттерде жылу пайда болуы 36-45% артады. Адам өте қатта тоңған кезде жылудың пайда болуы 200-300 %-ға дейін артады. Бұл суыққа жауап ретінде пайда болатын бұлшықеттердің санасыз жиырылуы нәтижесі. Суық кезде бұлшықеттердің ерікті жиырылуын жүру, желу, жүгіру, колдың қозғалысы арқылы 10-20 есеге дейін көбейтуге болады.
Жылуды физикалық реттеу жылуды сыртқы ортаға беру арқылы жүзеге асады.
Жылуды беру сыртқы орта және тері арасындағы жылулық айырмашылығымен анықталады. Айырмашылқ көп болған сайын жылу беру артады. Мұнда негізгі қызметті қан айналу жүйесі атқарады.
Терінің жылуы оның беткі қабаттарын қанмен қамтамасыз етуге байланысты. Күн суықта қанның көлемі азайады, күн жылыда- ұлғайады. Бұл құбылыс әсіресе табан және алақанда жақсы байқалады. Бұл қан тамырлары саңлауының тарылуы және кеңеюі арқылы жүзеге асады. Қан тамырларының саңлауы тарылуы суықта жылу берілуін 70%-ға дейін азайтады, ыстықта 90%-ға дейін артырады. Бұдан бөлек адам организмінде суық кезде қан терең жатқан тамырлары арқылы ақса, ыстық кезде беткей тамырларда ағады.
Жылуды беру келесі механизмдер арқылы жүзеге асады:
Жылуды өткізу жылу дененің ыстық бөлігінен суық бөліне ауысады. берілетін жылу көлемі жылу айырмашылығымен ғана емес, жылу өткізтікке де байланысты болып келеді.
Жылуды шашырату инфра қызыл сәуленің шығуы. Бұл үдеріс тері асты қан тамырларында қан айналуы өзгеруімен қамтамаыз етіледі. сыртқы ортаның жылуы артқанда қан тамырлры саңлауы кеңейеді, тері қызарады, артық жылу сыртқы ортаға беріледі. Сыртқы орта жылуы азайғанда қан тамырлары жиырылады, тері қуарады, жылудың негізгі бөлігі ішкі мүшелерге беріледі. Бас терісінің қан тамырлары суықта кеңейеді, ыстықта тарылады. Сондықтан жылуды берудің 50 % бөлігі бас суығанда жүзеге асады.
Булану- сыртық ортаның жылуы дене жылуымен тең болса немесе азырақ төмен болса іске қосылатын механизм. Бұл жағдайда жылу терлеу арқылы бөлінеді. Терлеу жасуша сыртындағы және тамыр ішіндегі сұйықтың бөлінуі арқылы жүзеге асад. Адам денесі 500 мл сұйықты терлеу арқылы, 400 мл тыныс жолдары арқылы, 200 мл ас қортыу жүесі арқылы тәлігіне 40 мл/кг салмаққа сұйық жоғалтады. Өте ыстық болғанда, ауыр қара жұмыста адам тәулігіне 5 тен 10-12 литрге дейін сұйық бөледі. Әбір 1 мл сүйық буланғанда 0,58 ккал жылу жұмсалады.
Шынығу әдістерінің негізгі тұғырлары:
1.шынықтыру әсерін жүйелі түрде қолодану;
2.тітіркендіру әсер күшін бірте бірте өсіру;
3.рет ретімен істеу;
4.әрбір адамның жеке ерекшелігін ескеру;,
5.табиғи әсерлердің кешенді болуы.
Шынығу түрлері:
Серуендеу, ауа ванналарын қабылдау (орта жылуы 15-200 С жоғары болуы керек)
4. Иллюстрациялық құрал; презентация.
5.Әдебиеттер:
1. Тель Л.З., Даленов Е.Д. «Денсаулық кодексі», 2000жыл.
2. Тель Л.З., Даленов Е.Д. Валеология для медицинских ВУЗов- Астана. 2003.
3. Тель Л.З. Валеология философия жизни. - Астана, 1999.
4. Г.Л. Апанасенко, Л.А. Попова. Медицинская валеология./ Серия "Гиппократ" Ростов на Дону "Феникс", 2000. 248 с.
6.Бақылау сұрақтары:
1.Шынығудың физиологиялық енгіздері.
2.Физикалық жылу реттеудің механизмдері.
3.Химиялық жылу реттеудің негізі.
4.Организмнің суыққ жауабы.
5.Шынығу тұғырлары
6. Ауамен, сумен, күнмен шынығу.