Поможем написать учебную работу
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
«Қан түзу жүйесі» модулі бойынша тесттік тапсырмалар
Жедел постгеморрагиялық анемия кезінде гидремиялық теңгерілу дамуындағы бастаушы ықпал://
қан лақтырысының жоғарылауы//
артериялық қысымның жоғарылауы//
жүректің қанды лақтырысының төмендеуі//
+айналымдағы плазма көлемінің төмендеуі//
жүректің жиырылу жиілігінің жоғарылауы
***
Ер адам 35 жаста, кеуде қуысына оқ тигеннен кейін хирургиялық клиникаға жеткізілген. Операциядан кейінгі 4-күннен соң алынған қан анализінде: - Hb 48 г/л, Эr - 1,5· 1012/л, түстік көрсеткіш 0,96, ретикулоциттер - 12%. Сүйек кемігінің регенераторлық қызметі бойынша, науқастағы анемияның түрін анықтаңыз://
диспластикалық//
регенераторлық//
арегенераторлық//
гипорегенераторлық//
+гиперрегенераторлық
***
Қан анализінде нормоцитоз, нормохромия, эритроциттердің регенераторлық түрлерінің болуы тән://
В12-тапшылықты анемияға//
темір тапшылықты анемияға//
порфирин тапшылықты анемияға//
жедел гипо-апластикалық анемияға//
+жедел постгеморрагиялық анемияға
***
Науқас, 29 жаста, шағымдары: эпигастрия аумағындағы ауыру сезімі, әлсіздік, шаршағыштық. Анамнезінде - 12-елі ішектің ойық жарасы. Терісінің түсі бозғылт, эпигастрия аумағының ауыруы. Қан анализінде: Hb 90 г/л, Эr 3,0х1012/л, түстік көрсеткіш 0,77, ретикулоциттер 0,5 %, тромбоциттер 195,0х109/л. Сарысулық темір 4,5 мкмоль/л. Нәжісін жасырын қанға тексергенде оң нәтиже алынды. Осы гематологиялық өзгерістер қан жүйесі патологиясының қандай типтік түріне тән?//
бета-талассемия//
апластикалық анемия//
+ темір тапшылықты анемия//
орақ тәрізді-жасушалық анемия//
тұқымқуалаушылықты микросфероцитоз
***
Темір тапшылықты анемияларға тән://
гиперхромия, мегалоцитоз//
гиперхромия, нормоцитоз//
нормохромия, нормоцитоз//
+гипохромия, микроцитоз//
гипохромия, макроцитоз
***
Темір тапшылықты анемияның ең жиі себептері://
+ созылмалы қан кетулер//
тағаммен темірдің аз түсуі//
темір тасымалдануының бұзылуы//
энтерит кезінде темірдің жеткіліксіз сіңірілуі//
физикалық жүктеме кезінде темірдің көп жұмсалуы
***
Сидеропениялық симптомдарға жатады://
сарғаю, дерматиттер//
парестезия, полиневриттер//
+иіс және дәмнің бұрмалануы//
гепатомегалия, спленомегалия//
ангулярлы стоматит, гиперхолия
***
Түстік көрсеткіштің төмендеуі, қан сарысуының темірді байланыстыратын қабілетінің жоғарылауы, қанда ферритин деңгейінің төмендеуі осының гематологиялық критерийі болып табылады://
В-12-тапшылықты анемияның//
+ темір тапшылықты анемияның//
темірге рефрактерлік анемияның//
гипопластикалық анемияның//
гемолиздік анемияның
***
Науқас, 52 жаста, тоқішектің дивертикулынан ем қабылдауда. Шағымдары: әлсіздік, бас айналуы, аз ғана жүктемелерде ентігу пайда болуы, тырнағының сынғыштығы және шашының түсуі. Қан анализінде: Нb - 60 г/л, Эr - 2,6·1012/л, түстік көрсеткіш 0,69, лейкоциттер 5,2 ·109/л, тромбоциттер - 180,0 · 109/л, ЭТЖ - 15 мм/сағ. Қан жағындысында микроциттер ++, сақина тәрізді Эr++. Науқастың қан жүйесі патологиясының түрін нақтылау үшін, қандай зерттеу жүргізу қажет?//
төс сүйегіне пункция жасау//
мықынсүйегіне трепанобиопсия жасау//
эритроциттердегі ферменттердің құрамын анықтау//
+қан сарысуындағы темір және ферритин деңгейін анықтау//
эритроциттердегі порфирин алмасуының өнімдерін анықтау
***
Сидероахрезиялық анемия сипатталады://
+ гем түзілуінің бұзылуымен//
глобин түзілуінің бұзылуымен //
фолаттар белсенділігінің бұзылуымен//
май қышқылдары алмасуының бұзылуымен//
нуклеопротеидтер алмасуының бұзылуымен
***
Сидероахрезиялық анемияларға тән өзгеріс://
мегалобласты түріде қан түзу//
Жолли денешікті эритроциттер//
эритроциттердің гиперхромиясы//
+қан сарысуында темір мөлшерінің артуы//
қан сарысуында билирубин мөлшерінің артуы
***
В-12 және фолий қышқылы тапшылығынан осының бұзылысы дамиды://
ферритин түзілуінің//
апоферритин түзілуінің//
гликолиз ферменттері түзілуінің//
+нуклеопротеид алмасуының//
протопорфирин алмасуының
***
В-12 (фолий)-тапшылықты анемиялар сипатталады://
эритроциттердің осмостық резистенттігінің артуымен//
+мегалобласты түрдегі қан түзілуімен//
эритроциттердің гипохромиясымен//
сүйек кемігінің аплазиясымен//
гем түзілуінің бұзылуымен
***
В-12-тапшылықты анемия кезіндегі фуникулярлы миелоз осының салдарынан дамиды://
мида жалған нейротрансмиттерлердің жиналуынан//
ми қыртысына нейрональді импульстардың өтуінің бұзылуынан//
мидың қыртыс асты құрылымдарында метаболизмнің бұзылуынан//
некортекстің сенсомоторлы аумағындағы дистрофиялық өзгерістерден//
+жұлынның артқы және бүйір бағанасындағы дегенеративті өзгерістерден
***
Науқас, 47 жаста, жалпы әлсіздікке, бас айналуына, тілінің ауыруына шағымданады. Объективті: терісі және склералары сарғыш тартқан, тілі қабынған. Асқазан сөлі азайған. Қан анализінде: Нb - 90 г/л, Эr - 2,1·1012/л, ретикулоциттер 0,1%, лейкоциттер 3,5 ·109/л, тромбоциттер - 130,0 · 109/л, ЭТЖ - 18 мм/ сағ. Қан жағындысында макроциттер++, мегалоциттер++, Жоли денешігі және Кебот сақинасы бар эритроциттер, гиперсегменттелген нейтрофилдер. Жалпы билирубин мөлшері тура емес билирубин есебінен жоғарылаған. Сарысулық темір мөлшері жоғарылаған. Қан жүйесі патологиясының осы түрінде, қандай гематологиялық көрсеткіш басты болып саналады?//
+сүйек кемігіндегі мегалобластар//
сүйек кемігінде май басу туындауы//
қан тінінің склероздық тінге алмасуы//
эритроциттердегі базофильді пунктация//
сүйек кемігінде сидеробластардың жоғарылауы
***
Гипо- және аплазиялық анемиялар сипатталады://
+ сүйек кемігіндегі тіннің майлы тінге ауысуымен//
қан өндірудің мегалобласттық түрімен //
тамыр ішілік гемолизбен //
қанның сладждануымен//
микросфероцитозбен
***
Гипо- және аплазиялық анемиялардың патогенезіндегі маңыздысы://
пиримидинді негіздер түзілуінің бұзылуы//
+ қан түзетін жасуша аумағының ақауы//
порфириндер түзілуінің бұзылуы//
глобин түзілуінің бұзылуы//
қан түзу түрінің ауысуы
***
Науқас, 3 жаста, тексерілу мақсатымен клиникадға түскен. Анамнезінде жиі іріңді-қабынулық аурулар, қанкетулер. Қан анализінде: Нb - 50 г/л, Эr - 1,8·1012/л, ретикулоциттер 0%, лейкоциттер 1,7 ·109/л, т/я нейтрофилдер - 0%, с/я нейтрофилдер - 32%, базофилдер 0%, эозинофилдер 0,5%, лимфоцитытер - 57%, моноциттер 10,5%, тромбоциттер - 55,0 · 109/л, ЭТЖ 34 мм/сағ. Қан жағындысында - макроциттер++. Сүйек кемігінің гистологиялық зерттеулерінде сүйек кемігілік элементтердің жойылуы және олардың орнын майлы тіндердің басуы анықталған. Науқаста қан жүйесі патологиясының қандай типтік түрі байқалады?//
+гипопластикалық анемия//
сидероахрезиялық анемия//
темір тапшылықты анемия//
аутоиммунды гемолиздік анемия//
тұқымқуалаушылықты микросфероцитоз
***
Гемолиздік анемиялардың ерекше белгісі болып саналады: //
қан түзудің мегалобластық түрі//
қанда темір мөлшерінің төмендеуі//
эритроциттер көлемінің жоғарылауы//
гемопоэздік тіннің дәнекер тінмен ауысуы//
+эритроциттердің өміршеңдігінің қысқаруы
***
Тұқым қуалайтын гемолиздік анемия (эритроцитопатиялар) осының бұзылысымен байланысты://
гемоглобиннің біріншілік құрылымының//
В12 дәруменінің коферменттері белсенділігінің//
сүйек кемігінің гемопоэздік заттарды игеруінің//
+ эритроцит мембранасының ақуыз-липидті құрылымының//
эритроцитті энергиямен қамтамасыз ететін ферменттер белсенділігінің
***
Туа біткен жүрек ақауында пайда болады://
біріншілікті эритроцитоз//
салыстырмалы эритроцитоз//
физиологиялық эритроцитоз//
+ екіншілікті абсолютті адекватты эритроцитоз//
екіншілікті абсолютті адекватты емес эритроцитоз
***
Екіншілікті салыстырмалы эритроцитоз дамиды://
бауыр өспелерінде//
+профузды іш өтулерде//
эритроциттерді құйғанда//
бүйрек артерияларының стенозында//
қанның оттегімен қанығуы нашарлағанда
***
Науқас, 72 жаста, күйік ауруынан комбустиологиялық бөлімшеде емделуде. Күйген жерлерінде айқын плазморрагия. Қан анализінде: Нb - 151 г/л, Эr - 6,1·1012/л, ретикулоциттер 2,8%, лейкоциттер 12,4 ·109/л, тромбоциттер - 380,0 · 109/л, ЭТЖ 32 мм/час. Гематокрит 0,58. Айналымдағы қан көлемі 2,3 л. Науқастың қан жүйесінде дамыған бұзылыстарының негізгі тетігі қандай?//
лейконның белсендірілуі//
эритрон белсендірілуі//
+гемоконцентрация//
өспелік пролиферация//
ошақтық гиперплазиялар
***
Қызыл қан патологиясының қандай түрінде эритропоэтин деңгейінің төмендеуі анықталады?//
+ біріншілікті эритроцитоз//
физиологиялық эритроцитоз//
екіншілікті салыстырмалы эритроцитоз//
екіншілікті абсолютті адекватты эритроцитоз//
екіншілікті абсолютті адекватты емес эритроцитоз
***
Ядролық солға жылжуымен қабаттасатын абсолютті нейтрофильді лейкоцитоз тән://
+жедел қабынулық үрдістерге//
инфекциялық мононуклеозға//
бронх демікпесіне//
агранулоцитозға//
туберкулезге
***
Эозинофилді лейкоцитоз байқалады://
қызылшада//
бруцеллезде//
желшешекте//
миокард инфарктында//
+бронхиалды демікпеде
***
Науқас, 22 жаста, аскаридоздың ауыр түрімен ауырады. Лейкограмма - лейкоциттер 39,2·109/л, базофилдер - 1%, зозинофилдер 24%, метамиелоциттер 2%, т/я нейтрофилдер - 8%, с/я нейтрофилдер - 46%, лимфоциттер - 12%, моноциттер - 7%. ЭТЖ - 31 мм/сағ. Қан жүйесі патологиясының типтік түрін анықтаңыз://
созылмалы миелоцитарлы лейкоз//
созылмалы моноцитарлы лейкоцитоз//
лейкемоидты реакцияның нейтрофильді түрі//
лейкемоидты реакцияның плазмоцитарлы түрі//
+лейкемоидты реакцияның эозинофильдік түрі
***
Иондаушы радиация әсерінен болған лейкопенияның патогенезінің негізінде жатыр://
гемодилюция//
лейкоциттер ыдырауы//
+ лейкопоэздің тежелуі//
организмнің лейкоцитті көп жоғалтуы//
тамырларда лейкоциттердің қайта таралуы
***
Науқас, 29 жаста, орта дәрежелі жедел сәуле ауруымен сырқаттанған. Атомды электростанциядағы апат кезінде иондаушы радиация әсерінен кейінгі бір тәуліктен соң, қан анализінде: лейкоциттер - 11,0·109/л, эозинофилдер - 2%, базофилдер - 0%, т/я нейтрофилдер - 9%, с/я нейтрофилдер - 79%, лимфоциттер -7%, моноциттер - 3%. Науқастағы лейкоцитарлық реакцияның түрін сипаттаңыз://
салыстырмалы нейтрофилия, абсолютті лимфоцитопения//
дегенеративті ядролық солға ығысумен, абсолютті нейтрофилия //
регенеративті ядролық солға ығысумен, абсолютті нейтрофилия //
гиперрегенеративті ядролық солға ығысумен, абсолютті нейтрофилия//
+ гипорегенеративті ядролық солға ығысумен, абсолютті нейтрофилия
***
Лейкоцитарлық өрнекте регенеративті ядролық солға жылжу кезіндегі, лейкограммаға тән көрініс://
миелоциттердің пайда болуы//
миелобластардың пайда болуы //
промиелоциттердің пайда болуы //
+метамиелоциттер санының артуы//
таяқша ядролы нейтрофилдердің артуы
***
Агранулоцитозға тән қан көрінісінің сипаттамасы болып табылады://
абсолютті нейтрофильді лейкоцитоз//
абсолютті лимфоцитоз, абсолютті моноцитоз//
абсолютті лимфоцитопения, салыстырмалы нейтрофиллез//
+ салыстырмалы лимфоцитоз, салыстырмалы моноцитоз//
салыстырмалы лимфоцитопения, салыстырмалы моноцитопения
***
Міндетті түрде сүйек кемігінің зақымдануымен жүретін қан жасаушы тіндердің өспелік табиғаты бар жүйелік ауруы бұл://
+лейкоз//
лейкоцитоз//
агранулоцитоз//
гематосаркома//
лейкемоидты реакция
***
Лейкоздар дамуының негізінде осы жатыр://
жасушаның реактивті гиперплазиясы//
жасушаның ошақты пролиферациясы//
жасушаның қайтымды пролиферациясы//
+жасушаның бақылаусыз пролиферациясы//
жасушаның митозды белсенділігінің төмендеуі
***
Лейкоздардың жедел және созылмалы болып бөлінуінің негізінде жатыр://
клиникалық принцип//
биохимиялық принцип//
радиоизотопты принцип//
иммунологиялық принцип//
+цитоморфологиялық принцип
***
Лейкоз кезіндегі өспелік прогрессияның көрінісіне жататын трансформация://
лейкоздардың лейкоцитоздарға ауысуы//
лейкоздардың лейкемоидты реакцияға ауысуы//
+лейкоздардың моноклондықтан поликлондыққа ауысуы//
лейкозды жасушалардың гормон өндіруші жасушаға ауысуы//
лейкозды жасушалардың майлы жасушаға ауысуы
***
Лейкозбен ауыратын адамдарда іріңді-сепсистік асқынулардың дамуы негізделген://
лимфоциттің антидене өндіруінің жоғарылауына//
лейкоциттің фагоцитарлық белсенділігінің артуына//
тромбогеморрагиялық синдромдардың дамуына//
+ лейкоциттің қорғаныс қызметінің төмендеуіне//
лейкемоидты реакциялардың дамуына
***
Жедел лейкозға тән қан көрінісінің сипаттамасы://
+ лейкемиялық үңгір//
жасушаның жоғары деңгейде жетілуі//
жасушаның реактивті гиперплазиясы//
гематологиялық бқзылыстардың ауыспалы болуы//
жас жасушалардан жетілген жасушаның басым болуы
***
Шеткері қанда лейкоциттердің жалпы саны 60,0 · 109/л, көп мөлшерде бластты түрлерінің болуы, осының айқыны://
жедел лейкоздың алейкемиялық түрінің//
+ жедел лейкоздың лейкемиялық түрінің//
жедел лейкоздың лейкопениялық түрінің//
жедел лейкоздың сублейкемиялық түрінің//
лейкемоидты реакцияның миелоидты түрінің
***
Науқас, 52 жаста, қанағыштыққа, әлсіздікке және тершеңдікке шағымданады. Қан анализінде: Нb - 88 г/л, Эr - 2,7·1012 /л, лейкоциттер -2,8·109/л, базофилдер - 0%, зозинофилдер 0%, т/я нейтрофилдер - 1%, с/я нейтрофилдер -4%, лимфоциттер - 3%, моноциттер - 1%. Тромбоциттер - 55,0 ·109/л. ЭТЖ - 72 мм/с. Қан жағындысында 91% бласты жасушалар. Цитохимиялық көрсеткіштері: бласты жасушалардың миелопероксидаздық белсенділігі жоғары, липидтерге реакциясы жоғары, гликоген таралымды орналасқан. Қан жүйесі патологиясының типтік түрін анықтаңыз://
жедел монобласты лейкоз//
жедел лимфобласты лейкоз//
+ жедел миелобласты лейкоз//
жедел сарапталмаған лейкоз//
жедел промиелоцитарлы лейкоз
***
Науқас, 33 жаста, ауыр жағдайда клиникаға әкелінді. Соңғы кездері әлсіздік, тершеңдік, қанағыштық мазалаған. Қан анализінде: Нb - 65 г/л, Эr - 2,0·1012 /л, ретикулоциттер - 0%. Лейкоциттер - 51,0·109/л, базофилдер - 0%, зозинофилдер 0%, т/я нейтрофилдер - 0%, с/я нейтрофилдер - 9%, лимфоциттер - 3%, моноциттер - 0%. Тромбоциттер - 48,0 ·109/лЭТЖ - 69 мм/с. Қан жағындысында морфологиялық және цитохимиялық нақтыланбайтын 88% бласты жасушалар анықталған. Қан жүйесі патологиясының осы түрінде емдеудің қандай тәсілі негізгі болып табылады?://
гемотрансфузиялық терапия//
антибактериялық терапия//
магнитті терапия//
сәулелі терапия//
+химиотерапия
***
Лейкоцитоз, гиперрегенеративті ядролық солға ығысумен абсолютті гранулоцитоз, филадельфиялық хромосома осымен сырқаттанған науқастарды анықталады://
эритремиямен//
миеломды аурумен//
жедел миелобласты лейкозбен//
+созылмалы миелоцитарлы лейкозбен//
лейкемоидты реакцияның миелоидты түрімен
***
Базофильді-эозинофилді ассоциация тән://
жедел миелобласты лейкозға//
жедел лимфобласты лейкозға//
парапротеинемиялық гемобластозға//
созылмалы моноцитарлық лейкоздарға//
+созылмалы миелоцитарлық лейкоздарға
***
Созылмалы миелоцитарлық лейкозда пайда болады://
Ридер жасушалары//
Ауэр таяқшалары//
Боткин-Гумпрехт жасушалары//
+филадельфиялық хромосомалар//
цитоплазманың уытты түйіршіктенулері
***
Науқас, 38 жаста, шағымдары: әлсіздік, тершеңдік, сол жақ қабырға астын ауыр сезінуі. Объективті: терісінің түсі бозғылт, регионарлық лимфа түйіндері ұлғайған, спленомегалия. Қан анализінде: Нb - 100 г/л, Эr - 3,3·1012 /л, лейкоциттер 115,0·109/л, базофилдер - 3%, зозинофилдер 8%, промиелоциттер 2%, миелоциттер 7%, метамиелоциттер 9%, т/я нейтрофилдер - 12%, с/я нейтрофилдер - 40%, лимфоциттер - 16%, моноциттер - 3%, тромбоциттер 110,0 ·109/л, ЭТЖ - 42 мм/с. Қан жүйесі патологиясының типтік түрін анықтаңыз://
жедел монобласты лейкоз//
жедел миелобласты лейкоз//
+созылмалы миелоцитарлы лейкоз//
созылмалы лимфоцитарлық лейкоз//
лейкемоидты реакцияның миелоидты түрі
***
Науқас, 44 жаста, мойын, қолтық асты, шап аралық лимфа түйіндері ұлғайған, гепатоспленомегалия. Қан анализінде: Нb - 124 г/л, Эr - 3,8·1012 /л, Лейкоциттер 64·109/л, базофилдер - 0%, зозинофилдер 1%, т/я нейтрофилдер - 1%, с/я нейтрофилдер - 27%, лимфобластар 1%, пролимфоциттер 5%, лимфоциттер - 62%, моноциттер - 3%. Тромбоциттер - 197,0 ·109/л. ЭТЖ - 32 мм/с. Қан жүйесі патологиясының осы түріне, қан жағындысында қандай жасушалардың болуы тән?://
нейтрофилдердің Пельгер-Хюэт аномалиясы //
уытты түйіршіктенген нейтрофилдер//
гиперсегменттелген нейтрофилдер//
Дёле денешігі бар гранулоциттер //
+Боткин-Гумпрехт жасушалары
***
Эритремияларға тән гематологиялық белгілер://
анемия, тромбоцитопения, лейкоцитоз//
анемия, тромбоцитопения, лейкопения//
эритроцитоз, тромбоцитоз, лейкопения//
+эритроцитоз, тромбоцитоз, лейкоцитоз//
эритроцитоз, тромбоцитопения лейкопения
***
Вакез ауруындағы клиникалық синдромдар осыған негізделген://
қанағыстың көлемдік жылдамдығының артуына//
ағзалардың қанмен толуының төмендігіне//
айналымдағы қан көлемінің төмендеуіне//
гематокрит деңгейінің төмендеуіне//
+ қан тұтқырлығының артуына
***
Науқас, 62 жаста, бас ауыруына, құрсақтың жоғары бөлігінде ауырлық сезімнің пайда болуына шағымданады. Анамнезінде миокард инфаркты. Терісі қызыл-қара түсті. Артериялық қысымы сын. б.б.,190/100 мм. Қан анализі: Нb - 172 г/л, Эr - 6,1·1012/л, лейкоциттер 12,8 ·109/л, тромбоциттер - 520,0 · 109/л, ЭТЖ 1 мм/сағ. Гематокрит 0,81. Қызыл сүйек кемігінің пунктатын зерттегенде қандай өзгеріс анықталады? //
эритроцитарлық өсінді жасушаларының ошақты гиперплазиясы//
тромбоцитарлық өсінді жасушаларының ошақты гиперплазиясы//
гранулоцитарлық өсінді жасушаларының ошақты гиперплазиясы//
лимфоидтық өсінді жасушаларының өспелік пролиферациясы//
+миелоидты өсінді жасушаларының өспелік пролиферациясы
***
Парапротеинемиялардың пайда болуы тән://
эритремияларға//
+миеломды ауруға//
жедел миелобласты лейкозға//
жедел сарапталынбаған лейкозға//
жедел промиелоцитарлық лейкозға
***
Қан түзуші ағзаларда және қанда реактивті өзгерістермен сипатталатын, түрлі ауруларда дамып және лейкоздарға ұқсас болатын, бірақ өспелік қасиеті жоқ ауру аталады://
лейкопения//
лейкоцитоз//
гемобластоз//
гематосаркома//
+лейкемоидты реакция
***
Миелоидты түрдегі (нейтрофилді) лейкемоидты реакциялар байқалады://
қызылша, жел шекшекте//
туберкулезде, ревматизмде//
+ іріңді, инфекциялық ауруда//
паразитарлы, аллергиялық ауруларда//
өкпе жүрек жеткіліксіздігінде, ақауларда
***
Ангиопатия кезіндегі қанағыштыққа бейімділікті туындатады://
плазминдік жүйедегі бұзылыстар//
антикоагулянтты жүйедегі бұзылыстар //
+ гемостаздың тамырлық тетігінің әлсіздігі//
тромбоцитарлы тетіктердің жеткіліксіздіктері//
плазмалық ферменттік жүйелердің бұзылыстары
***
Тұқым қуалаушылықты геморрагиялық телеангиэктазиялардың (Рандю-Ослер-Вебер ауруы) негізінде жатыр://
+ұсақ тамырлардың субэндотелийінің жетілмеуі//
эндотелийде коллаген мөлшерінің жоғарылап кетуі//
ұсақ тамырлар қабырғасының асептикалық қабынуы//
тамырларда көптеген микротромбтардың қалыптасуы//
иммунды кешендермен ұсақ тамырлардың зақымдануы
***
Қан ұюының баяулауына алып келеді://
қанағыстың жылдамдауы//
коагулянттар түзілуінің артуы//
+антикоагулянттарды артық енгізу//
антитромбин III тапшылығы//
плазмин белсенуінің тежелуі
***
Науқас, 16 жаста, шағымдары: жиі мұрнынан қанкетулер, терісін қатты кесіп алғанда қанның ұзақ уақыт тоқтамауы, әлсіз соққылардан соң гематома пайда болатыны. Дәл осындай шағымдар туған ағасында да бар. Нағашы атасы тісін жұлдырғаннан кейінгі қан кетуден қайтыс болған. Науқастың қанының ұю уақыты ұзарған. Науқастағы геморрагиялық синдромның дамуы қан ұюының қандай плазмалық факторының тапшылығымен байланысты?//
проакцелириннің//
проконвертиннің//
Хагеман факторының//
Виллебранд факторының//
+антигемофильдік А глобулиннің
***
Тіндердің ауқымды зақымдалуындағы гиперкоагуляция байланысты://
фибринолиз жүйенің белсенуімен//
дерттік антикоагулянттардың пайда болуымен//
антикоагулянттар белсенділігінің төмендеуімен//
+айналымдағы қанға тіндік тромбопластиндердің түсуімен//
тромбоциттердің адгезивтіагрегациялық қызметінің төмендеуімен
***
Осы плазмалық фактордың тапшылығы қан ұю белсенділігінің сыртқы жолының бұзылыстарын айқындайды://
ХII фактор (Хагеман)//
+VII фактор (проконвертин)//
III фактор (тіндік тромбопластин) //
VIII фактор (антигемофильді глобулин)//
ХI фактор (тромбопластиннің плазмалық ізашары)
***
Коагуляциялық гемостаз патологиясын осының өзгеруі дәлелдейді://
ұйындының ретракциялық күшінің//
тромбоциттердің санының//
қан кету ұзақтығының//
+қанның ұю уақытының//
ұсақ тамырлардың резистенттілігі
***
Тромбин уақытының өзгеруін анықтау арқылы білеміз://
қанның антикоагулянттық жүйесінің белсенділігін //
+ фибриногеннің фибринге ауысу жылдамдығын//
тамыр - тромбоцитарлы гемостаз жағдайын //
қан ұюдың сыртқы жолының белсенділігін//
протромбиназаның түзілу жылдамдығын
***
ҚШҰ-синдромына тән болып есептеледі://
фибриноген мөлшерінің артуы//
тромбоциттер мөлшерінің артуы//
тромбинге деген сезімталдықтың өсуі//
бөлшектенген эритроциттердің азаюы//
+фибринмономер полимеризациясының бұзылуы
***
ҚШҰ - синдромының І дәрежесінде байқалады://
+гиперкоагуляция//
қолдану коагулопатиясы//
плазмалық жүйеніңбелсенуі//
қанның толығымен ұюмауы//
дерттік антикоагулянттардың түзілуі
***
Оң нәтижелі паракоагуляциялық сынамалар осыны дәлелдейді://
қан ұюының плазмалық факторларының жоғарылауын//
+еритін фибрин-мономерлік кешендердің түзілуін//
фибринолиз жүйесі белсенділігінің төмендеуін//
антикоагулянттар белсенділігінің төмендеуін//
фибрин деградация өнімдерінің төмендеуін
***
Науқас 30 жаста эндометритке сепсистік жағдай қабаттасқан. Емдеу шараларын қолдану барысында, цианоз, ентігу пайда болып, артериялық қысымы төмендеп кетті. Шұғыл зерттеу жүргізу үшін венасынан қан алу қиынға соқты қан шприцте ұйып қалады. коагулограммалық көрсеткіштер қан ұю уақыты, жартылай белсендірілген тромбопластиндік уақыт және тромбиндік уақыт қысқарған, тромбоциттердің саны қалыпты. Осы клиникалық-гематологиялық өзгерістер тән://
геморрагиялық синдромға//
геморрагиялық васкулитке//
ҚШҰ-синдромының, өткінші фазасына//
ҚШҰ-синдромының, гипокоагуляциялық фазасына//
+ҚШҰ-синдромының, гиперкоагуляциялық фазасына