Поможем написать учебную работу
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
«Қазақстан тарихы » пәні бойынша мемлекеттік емтихан бағдарламасы
1 |
Адамзат тарихында қай кезең ең ежелгі деп есептеледі? Палеолит, тас ғасыры |
2 |
Жер бетінде алғашқы адам қашан пайда болды? Палеолит, 2 млн. Жыл бұрын |
3 |
1927 жылы жердің қай аймағында синантроп табылды? Қытай, Пекин маңында Джоу-Коудян |
4 |
Тас ғасыры тарих дәуірінің қай кезеңіне жатады? Ежелгі палеолит |
5 |
Қазақстан террриториясын ежелгі адамдар қай уақыттан бастап қоныстанды? 700-800 мың жыл бұрын |
6 |
Қазақстаннның қай аймағынан адамдардың ең ежелгі тұрақтары табылды? Қаратау жотасы |
7 |
1958 ж. қай облыста Х.Алпысбаев жетекшілігімен ең ежелгі палеолит тұрақтары табылды? Жамбыл обл, Талас ауд, Берің Тәңір |
8 |
Қаратау тауларында Х.Алпысбаев жетекшілігімен ашылған ежелгі палеолит тұрақтары тұрақтары қалай аталды? Бөріқазған, Тәңірқазған |
9 |
«Экзогамия» термині нені білдіреді? Өз ру ішінде неке болуға тыйым салу |
10 |
Палеолит кезеңіндегі адамдардың ең негізгі шаруашылығы: Аң аулау, терімшілік |
11 |
Матриархат термині нені білдіреді? Әйелдің басшылық етуі |
12 |
Микролит дегеніміз не? Тастан жасалған сына еңбек құралы |
13 |
Ежелгі адамдар тасты үшкірлеуді, кесуді, тесуді қай кезеңде үйренді? Неолит |
14 |
Өндіруші шаруашылық қашан пайда болды? Неолит |
15 |
Қай дәуірде матриархат орнына патриархат келді? Неолит |
16 |
«Патриархат» термині қандай мағынаны береді? Ер адам басшылығы |
17 |
Қазақстанда қола дәуірінің хронологиялық шеңбері: б.з.д. 18-18 ғасыр, б.з.д. 2-3 мың жыл бұрын |
18 |
«Андронов мәдениеті» атауы қайдан шыққан? Андронов селосы, оңт Сібір |
19 |
Кейінгі қола дәуірінде Орталық Қазақстанға қандай мәдениет таралды? Беғазы-Дәндібай |
20 |
Қола неден құралады? Қалайы және мыс |
21 |
Көшпелі мал шаруашылығына өтуде малдың қай түрі басым болды? Жылқы мен қой |
22 |
Қазақстанның қай аймақтарында ежелгі металлургия дамыған? Жезқазған маңайы |
24 |
Андронов мәдениеті қай аймақтарға таралды? Қазақстан, Сібір, Орта Азия |
25 |
Қазақстан территориясында қай тайпалар алғашқы бірлестіктерді құрды? Сақтар |
26 |
Сақ тайпалық бірлестігінің өмір сүруінің хронологиялық шеңбері: б.з.д. 7-4 ғасыр |
27 |
Сақ тайпаларының орналасу ареалын көрсетіңіз: Орта Азия мен Қазақстан |
28 |
Б.з.д. 1-ші мыңжылдықтың ортасында сақтардың территориясынан өткен керуен жолын мамандар қалай атайды? Дала жолы |
29 |
Б.з.д. 1-ші мыңжылдықта сақтардың жерінен өткен Дала жолы материктің қай аймақтарын байланыстырды? Қытай және Қара теңіз |
30 |
Қазақстанның қай бөлігінде сақ-парадарайа тайпалары мекен етті? Арал теңізі маңы, Сырдария маңы |
31 |
Қай тайпаларды шошақбөріктілер деп атады? Тиграхауда |
32 |
Сақ-тиграхауда тайпалары Қазақстанның қай бөлігін мекендеді? Жетісу |
33 |
Ежелгі авторлардың қайсысын «Тарихтың атасы» деп атайды? Геродот |
34 |
«Тарих» атты 9 томды еңбектің сақтарға арналған 4-ші томын ежелгі грек авторларынан кім жазды? Геродот |
35 |
«Алтын адам» табылған Есік қорғаны Қазақстанның қай облысында орналасқан? Алматы обл. |
36 |
Археологтардың қайсысы «Алтын адам» табылған Есік қорғанын тауып, зерттеді? Акишев Кемал |
37 |
Акинак дегеніміз не? Сақтардың қысқа қылышы |
38 |
Аңыз бойынша сақ патшасы Томиристің бұйрығымен жаулап алушылар ішінен кімнің басы шабылды? Кир |
39 |
Александр Македонскийдің бұйрығымен сақтардың жерінде салынған қала қалай аталады?АлександрияЭсхаты |
40 |
Қай шығармада А.Македонскийдің сақтар жеріне жорықтары туралы айтылады? Абайдың Ескендір поэмасында |
41 |
Сақтар өнеріне қандай стиль тән? Аңдық стиль |
42 |
Үйсіндердің жоғарғы билеушісінің титулы: Гуньмо |
43 |
Үйсін мемлекеті қашан және қай территорияда құрылды? Жетісуда б.з.д. 177ж |
44 |
Шыңғысханды император етiп жариялаған бүкiл монғолдардың құрылтай жиналысы қай жылы болды? 1206 |
45 |
Отырар қаласының монғол әскерлерiнен қорғануы қанша уақытқа созылды? 5 ай |
46 |
Монғол шапқыншылығы қарсаңында қарақытайлар елiне барып паналаған, мұсылмандарға қыр көрсеткен басшы: Күшлік хан |
47 |
XII-XIVғғ. мемлекет құрудағы ең басты тұрақты бөлу принципi: Сол және Оң қанаттарға бөлу |
48 |
Жошы ұлысы мен Алтын Ордада империя кiмнiң меншiгiнде деп есептелдi? Хан руының |
49 |
1235 ж. монғолдардың Шығыс Еуропаға жорығы туралы шешiм қабылданды. Ол жорықты кiм басқарды? Бату |
50 |
Көшпелi Өзбек мемлекетi қашан құрылды? 15 ғ-ң 20-жылдары |
51 |
Ноғай Ордасының орталығы болған жер: Сарайшық маңайы |
52 |
XIV ғ. орта кезiнде Шағатай мемлекетi екiге бөлiндi. Батыс бөлiгiн Мәуераннахр деп атаған, ал Шығыс бөлiгі қалай аталды? Моғолстан |
53 |
Атақты “Тарихи Рашиди” атты еңбектiң авторы: Мұхамед Хайдар Дулати |
54 |
Орта Азия жерiнде мемлекеттiң негiзiн қалап, XV ғ. бас кезiнде алғашқы қазақ хандарымен Сырдария маңындағы қалалар үшiн ұзақ уақыт күрес жүргiзген: Шайбани |
55 |
XIV ғ. орта кезінде Моғолстанның саяси өмiрiнде қай тайпалардың басшылары ерекше рөл атқарды? Дулат |
56 |
Ақ Орда мен Көк Орда атаулары қай ұлыстың әртүрлi бөлiгiн құрады? Жошы ұлысының |
57 |
Өзiнiң қарсыластарымен ұзақ күрестен кейiн, 1370 жылы Мәуераннахрда жеке билеушi болған кiм? Ақсақ Темір |
58 |
Алтын Ордада хан жарлықтары қай тiлде жазылды? Түрік тілінде |
59 |
Ақ Орданың астанасы қай қала? Сығанақ |
60 |
Моғолстан мемлекетіндегі Хан кеңесінің аты: Мәжіліс |
61 |
XVғ. ортасында Әбілқайыр (“Көшпелі өзбек”) хандығындағы саяси жағдайдың шиеленісуі кімдердің арасында болды? Жошы мен Шайбани |
62 |
1480 ж. Жәнiбектiң орнына хан болған: Бұрындық хан (Керейдің баласы) |
63 |
XV-XVІІ ғғ. қазақ қоғамы қандай екi әлеуметтiк топтан тұрды? Ақсүйек пен қарасүйек |
64 |
Тұңғыш қазақ хандары қай мемлекетпен бірінші одақтық қарым-қатынас жасады? Моғолстан |
65 |
Жоңғарларға қарсы күресте Жәңгір ханға қолдау жасап, көмек көрсеткен қолбасшы: Жалаңтөс Баһадүр |
66 |
“Жеті Жарғы” заңдар жинағын құрастыруға қатысқан, көптеген толғаулардың авторы, Ұлы Жүздің биі: Төле би |
67 |
ХУІ-ХУІІ ғғ. “Ұлыстың ұлы күні” деп аталатын қазақтардың негізгі мейрамдарының бірі: Наурыз |
68 |
Жошының ұлы Орда Ежен Ордасы қай жерде орналасты? Ертісте |
69 |
Ұлық Ұлысының Монғол империясынан бөлінуіне қандай себептер әсер етті? Айтылғандардың бәрі |
70 |
Ұлық ұлысында жоғары әскери қолбасшының міндетін кім атқарды? Беклербек |
71 |
Ұлық ұлысында мемлекеттік билік басшысының титулы: Уәзір |
72 |
ХІІІ ғ. екінші жартысы-ХІУ ғ. бірінші жартысында Шағатай мемлекетінде қалалық мәденитеттің құлдырауының себептері: Айтылғандардың бәрі |
73 |
Хан мен сұлтандар үшін шариатта белгіленген мал салығы: Зекет |
74 |
Қазақ хандығының құрылуының объективті алғышарттары: Айтылғандардың бәрі |
75 |
Билігінің соңғы жылдарында Бұрындық хан қайда кетуге мәжбүр болды? Мәуреннахрға |
76 |
1594 ж. Мәскеу патшасы Федорге қазақ елшілігін бастап барған кім? Құл-Мұхаммед |
77 |
Тұрсын ханмен күресте қазақ ханы Есімге кімдер қолдау көрсетті? Қырғыздар |
78 |
Қожа Ахмед Яссауи кесенесі қай жерде орналасқан? Түркістан |
79 |
Қандай оқиға 1219 жылы Шыңғысханның Мәуереннахрға жорығын жеделдетті? 1218ж. Отырар апаты |
80 |
Қай жылы монғолдар Орта Азияны жаулап алды? 1221ж |
81 |
Қай жылы Қазақстан территориясы Шыңғысхан империясының құрамына енді? 1224ж |
82 |
Қазақстан территориясы Монғолдың 3 ұлысының құрамына енді, кіші ұлы Төлеге қай жерлер берілді? Монғолия жері |
83 |
Қай жылы Шыңғыс хан қайтыс болып, оның империясы бірнеше тәуелсіз мемлекеттерге бөліне бастады? 1227 |
84 |
Алтын Орда мемлекетінің негізін салған кім? Батый хан |
85 |
Моғолстанның астанасын атаңыз: Алмалық |
86 |
Қазақ хандығының алғашқы кезеңінде Сығанақ қаласы қандай рөл атқарды? Астана болды |
87 |
Неге Баласағұн қаласы Шыңғысханға соғыссыз берілді? Күшлікпен қиратылған еді (Шапқыншылық тұтқиылдан болды) |
88 |
Деректерде Бату әскері қалай аталды? Татарлар |
89 |
Алтын Ордада салықты кім жинады? Басқақтар |
90 |
Ойраттарға шешуші соққы берген Монғолстан ханы кім? Уәйіс хан |
91 |
Шайбани әулетінен шыққан Әбілқайыр қай жылы хан болып сайланды? 1428ж |
92 |
Ноғай Ордасы көптеген рулық-тайпалық топтарды біріктірген бірнеше ұлыстардан тұрды. Ұлыс билеушісі кім болды? Мырза |
93 |
Ноғай Ордасында әскери дипломатиялық, әкімшілік мұрагерлік билікті кім иеленді ? Князь |
94 |
Ұзақ ғасырларға созылған қазақ халқының және оның этникалық территориясының қалыптасуы қашан аяқталды? 15-16ғғ |
95 |
Көрсетілген Қазақ хандығының қалаларынан діни орталықты көрсетіңіз: Яссы |
96 |
Қай ханның тұсында Ақ Орда тәуелсіз хандық болып жарияланды? Орыс хан |
97 |
Батыста феодалдық жер үлесі бенефиций, Ресейде поместье, ал Шығыста қалай аталды? Сойырғал |
98 |
Қай жылы Әбілқайыр хан ойраттардан жеңіліп, олармен ауыр жағдайда бейбіт келісімге келді? 1457ж |
99 |
Қай жылы Әбілқайыр хан қайтыс болып, оның мемлекеті ыдырады? 1468ж |
100 |
ХҮІ ғ. бірінші жартысында қай ханның тұсында Қазақ хандығының күш-қуаты артты? Қасым хан |
101 |
Қай жылы Мұхаммед Шайбани Сығанақ қаласын басып алғысы келді, бірақ Қасым әскерлерінен ойсырата жеңілді, ал өзбектер Самарқандқа қашты? 1510ж |
102 |
ХҮІІ ғ. бірінші жартысында Қазақтың қай ханының тұсында Оңтүстік Қазақстанның отырықшы-егіншілік адамдары мен Сырдарияның орта ағысындағы қалалар Қазақ хандығының құрамына еніп, Ташкент 200 жылға берілді? Есім хан |
103 |
Ағасы қайтыс болғанда оның әйелі інісіне тұрмысқа берілетін дәстүр қалай аталады? Әмеңгерлік |
104 |
Қай қазақ ханының тұсында қазақ халқының саны 1 млн. адамға жетті? Қасым хан |
105 |
Үйсіндердің астанасы болған: Чигучен |
106 |
Қай жазба дерегі үйсіндерде жеке меншіктің болғандығы туралы мәлімет береді? Сыма-Цань тарихи жазба |
107 |
«Кангюй» термині тарихи деректерде алғаш қашан айтыла бастады? Б.з.д. 2 ғ |
108 |
Көптеген деректердегі пікірлер бойынша ғұндар: Түрік тілдес |
109 |
Бұмын қаған титулын қай жылы алды? 552ж |
110 |
Мұқан қағанның билік құрған жылдары: 553-572жж |
111 |
582-603 жылдар қандай кезең? Түрік қағанатын ыдырауға алып келген бүлік |
112 |
Батыс Түрік қағанатының астанасы: Суяб |
113 |
Сұлу (Сұлұқ) қағанның билік құрған жылдары? 715-738ж |
114 |
Қимақ мемлекетінің мұрагерлері: Қыпшақтар |
115 |
Иқта, (Издольщина), уакф (вакф), коммендация. Жер иеленудің бұл түрлері қай мемлекетте кеңінен таралды? Қарахан мемлекетінде |
116 |
Қай халықтың жоғарғы билеушілері елбөрілі әулетінен болды? Қыпшақ |
117 |
Кімдердің әскери қолбасшысына сюбашы титулы берілді? Оғыздарға |
118 |
Янгикент қай мемлекеттің астанасы болды? Оғыз мемлекетінің |
119 |
Қарахандар мемлекетінің құлауы кімдермен байланысты болды? Қидандармен |
120 |
Ертедегі түрікілерде «мемлекет» сөзінің баламасы: Ел |
121 |
«Он оқ бұдын» деп: Батыс Түрік қағанатының тұрғындары |
122 |
Қара.. және Сары ... бұл ірі бөлімдер атауы қай тайпада болды? Түргештер |
123 |
Бірінші Түрік қағанатынның ақсүйектері арасында таралған әлемдік діндердің бірі: Буддизм |
124 |
ХІ ғ. қай түркі тайпалары христиан дініне табына бастады? Керейлер |
125 |
Алғаш ежелгі түркі жазбасы ескерткіштері қашан ашылды? 1721-1722ж |
126 |
Түркі сына жазбасын оқыған: У. Томсон |
127 |
Ежелгі түркі алфавиті қанша белгілерден тұрады? 37-38 белгіден тұрады |
128 |
В.В.Радлов алғаш түркі ескерткіштерінің мәтінін қай жылы жарыққа шығарды? 1894ж |
129 |
Көпшілікке танымал түркі сына жазба ескерткіштерінің орналасқан жері: Моңғолияда |
130 |
М.Қашқаридың өмір сүрген жылдары: 1029-1101ж |
131 |
Әл-Фарабидің өмір сүрген жылдары: 870-950ж |
132 |
Үйсіндердің алғашқы қонысы қай жерден табылды? Шу бойында |
133 |
Қай қағанның тұсында Түрік қағанаты Орталық Азияда саяси үстемдікке жетті? Мұқан |
134 |
«Түрік» сөзі нені білдіреді? Күшті |
135 |
Түріктер үшін сәтті жарықтар болған: Батыс |
136 |
Түріктерде үлкен қажеттілікті басынан кешіруге мәжбүр еткен жұт жылдары: 581-583ж |
137 |
Батыс Түрік қағанатының өмір сүрген жылдары: 603-704ж |
138 |
Түрік қағанатының өмір сүрген жылдары: 552-603ж |
139 |
Түрік қағанатының негізгі халқы: Қауым малшылары |
140 |
«Түрік» этнонимі қай жылнамаларда кездеседі? Қытайда |
141 |
Түргеш қағанатының құрылған жылы: 704ж |
142 |
«Халықтар шайқасы» қай жылы болды? 751ж |
143 |
Керей мемлекеті қай ғасырда құрылды? 10ғ басы |
144 |
Керейлер христиан дінін қай жылы қабылдады? 1007ж |
145 |
Найман тайпалық одағы қалай аталды? Сегіз оғыз |
146 |
Қарлұқ мемлекетінің өмір сүрген жылдары: 756-940ж |
147 |
«Тәңірі» дегеніміз: Аспан |
148 |
Б.з.д. УІ-ХІІ ғасырлар Қазақстан тарихында қандай кезең? Түрік кезеңі |
149 |
Тұтық дегеніміз: Аймақ |
150 |
Түргеш қағанаты неше тұтыққа бөлінді? 20 |
151 |
Оғыз мемлекетінің өмір сүрген кезеңі: 9-10ғ басы |
152 |
Қарахандар мемлекетінің өмір сүрген кезеңі: 942-1205ж |
153 |
Қыпшақ мемлекетінің өмір сүрген кезеңі: 11-13ғ басы |
154 |
Қимақ қағанатының өмір сүрген кезеңі: 9-11ғ басы |
155 |
Қимақ қағанатының астанасы: Имақия |
156 |
Қарахандар мемлекетінің астанасы: Бұхара, Баласағұн |
157 |
Оғыз мемлекетінің астанасы: Янгикент |
158 |
“Түрік” этнонимі алғаш қашан атала бастады? 542ж |
159 |
Түрік қағанатының негізін қалаған: Бумын қаған |
160 |
Батыс Түрік қағанатының негізін неше тайпа құрады: 10 тайпа |
161 |
Қай жылы Түрік қағанаты Батыс және Шығыс болып екіге бөлінді? 603ж |
162 |
УІІ ғ. қай қағанның тұсында Түрік қағанаты күшейді? Тұнжабғы қаған |
163 |
704 ж. Жетісудағы билікті алған түркі тайпалары: Түргештер |
164 |
Түргеш қағанатының негізін қалаған: Үш елік қаған |
165 |
Шыңғысхан өз империясын неше ұлысқа бөлді? 4 |
166 |
Қай хандар тұсында Алтын Орда гүлденді? Өзбек, Жәнібек |
167 |
Шыңғысханның заңдар жинағы: Ұлы Яссы |
168 |
Алтын Ордада қай ханның тұсында ислам діні мемлекеттік дін болып қабылданды? Өзбек хан |
169 |
Бұл қаған елді әрқайсысы 7 мың әскерден тұратын 20 түтікке бөлген: Үш Елік |
170 |
Қыпшақтар шаруашылығының негізгі түрі: Мал |
171 |
«Жүз» термині нені білдіреді? Тарихи-шаруашылық аймақ |
172 |
Ақ Орданың құлауы қай мемлекеттермен байланысты? Ноғай орбасы, Әбілқайыр хандығы |
173 |
Ноғай Ордасының территориясы қай жерде болды? Еділ мен Жайық арасында |
174 |
Қай жылы Моғолстан мемлекеті құрылды және оның алғашқы ханы кім? 1348ж Тоғлық Темір |
175 |
Бөгенбай батыр басшылығындағы орталықтанған қазақ қолын құру туралы шешім қабылдаған 1710 жылғы құрылтай қай жерде болды? Қарақұмда |
176 |
ХҮІІІ-ғасырдың басында қазақ қоғамында негізгі заң ретінде қай заңдар жинағы қолданылды? Жеті Жарғы |
177 |
“Жеті жарғы” заңдар жинағы бойынша көп жағдайда қандай жазалау шаралары қаралды? Құн төлеу |
178 |
Қазақ қоғамының қай тап мүшелері би сотының қарауында болмады? Сұлтандар |
179 |
“Жеті жарғы” заңдар жинағы қай хан тұсында жасалып, қабылданды? Тәуке хан |
180 |
“Жеті жарғы” заңдар жинағын жасауға төмендегі қайраткерлердің қайсылары ат салысқан? Төле, Қазыбек, Әйтеке |
181 |
Қазақ қауымының қай тобы “ақ сүйек” қауымына жатқан? Төрелер мен қожалар |
182 |
Қазақ қауымында кімдерді “қожалар” деп атаған? 1-ші Ислам миссионерлерінің ұрпақтары |
183 |
Қоғамдағы қай таптың өкілдері қазақтың ханы болып сайлана алды? Тек қана Төрелер |
184 |
Қазақ қоғамында сот билігі қызметін кім атқарды? Билер |
185 |
ХҮІІІ ғасырдың І ширегінде қазақтар үшін қай елден қауіп көбірек төнді? Жоңғарлар |
186 |
Қай жыл “Ақтабан шұбырынды” деп аталды? 1723ж |
187 |
1723 ж. қыркүйек айында Әбілхайыр хан қандай мақсатпен Еділ қалмақтарына қарсы жорық жасады? Жоңғар мен Еділ қалмақтары арасында әскери одақ құруға жол бермеу үшін |
188 |
Ұлы жұт жылдарындағы халықтың қайғы-қасіретін көрсететін ән? Елім-ай |
189 |
1726-жылы Ордабасыдағы Құрылтайда Бүкілқазақ жасағының бас қолбасшысы болып кім сайланды? Әбілқайыр |
190 |
1726-жылғы Бұланты өзені бойындағы шайқаста қазақтар кімге қарсы соғысты? Жоңғарларға |
191 |
ХҮІІІ ғасырдың 20-жылдарында біріккен қазақ әскері қай жерде және қашан жоңғарларға қарсы соғыста алғаш үлкен жеңіске жетті? Бұланты өзені 1726ж |
192 |
1729-жылы қазақтардың жоңғарлармен болған шайқасы қалай аталады? Аңырақай шайқасы |
193 |
Өскемен бекінісі қашан салынды? 1720ж |
194 |
Қай жылы Кіші жүздің ханы Әбілхайыр Құтлымбет Қоштайұлының бастауымен елшілерінің Кіші жүзді империя құрамына қабылдау туралы ұсынысымен Ресейге жіберді? 1730ж |
195 |
Қай жылы және қай Қазақ Жүзі бірінші болып Ресей империясының құрамына енді? 1731ж Кіші жүз |
196 |
1731-жылы 10-қазанда Кіші Жүз ханының ордасына Анна Иоановнаның елшісі ретінде орыс шенеунігінің қайсысы келді? Тевкелев |
197 |
Қай жылы императрица Анна Иоановна Кіші Жүзді Ресей империясының құрамына қабылдау туралы грамотаға қол қойды? 1731ж |
198 |
Қай жылы императрица Анна Иоанновна Орта жүзді Ресей империясының құрамына қабылдау туралы грамотаға қол қойды? 1734ж |
199 |
Орынбор экспедициясы қай жылы құрылды? 1734ж |
200 |
Орынбор экспедициясының тұңғыш басшысы кім? Кириллев |
201 |
Қазақстанның Ресейге қосылуы қашан аяқталды? 1864ж |
202 |
А.И. Тевкелеев кім еді? Кіші жүзге жіберілген елші |
203 |
Қай қазақ ханы ең алғаш Ресей империясының құрамына кіруге өтініш білдірді? Әбілхайыр |
204 |
Ресей империясының құрамына қазақ жерлері қандай ретпен енді? Кіші, Орта, Ұлы |
205 |
Қазақ жерін отарлау саясатын Ресей патшалығы неден бастады? Әскери қамал салу |
206 |
Қай жылы Кіші жүз ханы Әбілхайыр Барақ сұлтанның қолынан қаза тапты? 1748ж |
207 |
1748-жылы Әбілхайыр хан қайтыс болғаннан кейін Кіші Жүздің ханы болып кім сайланды? Нұралы сұлтан |
208 |
Императрица Елизаветаның қазақтарға Жайық өзенінің оң жағында мал жаюға тыйым салу туралы жарлығы қашан қабылданды? 1756ж |
209 |
Абылай ханның билік құрған жылдары: 1771-1781ж |
210 |
Абылай ханның шын есімі кім? Әбілмансұр |
211 |
ХҮІІІ ғасырдың 40-жылдары қазақ-жоңғар қатынастарының дәстүрлі жаугершілік сипаттан одақ құру сипатына ауысуына үлкен үлес қосқан қазақ қайраткері: Абылай сұлтан |
212 |
Екатерина ІІ Абылай ханды қазақ жерлерінің қай бөлігінің билеушісі ретінде таныды? Орта жүз ханы |
213 |
Абылай хан қайтыс болған соң Орта жүзде билік басына кім келді? Уәли |
214 |
ХІХ ғасыр ортасындағы энциклопедиялық басылымдардың бірінде жарық көрген Абылай хан туралы алғашқы ғылыми мақаланың авторы кім? Уәлиханов |
215 |
Қашан және кімдердің күшімен Жоңғар хандығы біржолата жойылды? 1758ж Цинь империясы |
216 |
Патша үкіметінің отарлау езгісіне қарсы қазақтардың жаппай көтерілуі алғаш рет неден көрініс алды? Пугачев бастаған шаруалар көтерілісі |
217 |
«Көрінбес қозғалысының» (партизан қозғалысының) ұйымдастырушысы кім болған? Сапура деген қазақ қызы |
218 |
Е. Пугачев бастаған шаруалар соғысы қай жылдары болды? 1773-1775ж |
219 |
Төмендегі келтірілген тұлғалардың қайсысы Е. Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысқан? Сырым Датұлы |
220 |
Сырым Датов бастаған көтеріліс қай жылдары болды? 1783-1797ж |
221 |
Сырым Датов бастаған көтеріліс Қазақстанның қай өңірінде болды? Батыс Қазақстан |
222 |
Сырым Датов бастаған көтерілісшілер қай ханды тақтан тайдыруға ұмтылды? Нұралы ханды |
223 |
1786-жылы Кіші жүз ханы Нұралының биліктен кету себебі неде? Барон Игельстром реформа басталуы |
224 |
С.Датов бастаған көтеріліс жылдарында көтерілісшілер қолынан қай қазақ ханы және қай жылы қаза тапты? 1797ж Есім хан |
225 |
1783 1797 ж.ж. көтерілісшілердің қойған негізгі талаптары: Нұралы ханды биліктен тайдыру |
226 |
Кіші жүздегі Игельстром реформаларының негізгі мақсаты? Хандық билікті жою |
227 |
Барон Игельстромның реформасының нәтижелері қандай болды? Реформа жүзеге асқан жоқ |
228 |
Ішкі (Бөкей) Орда қай жылы құрылды? 1801ж |
229 |
Неліктен Ішкі (Бөкей) Орда «ішкі» деп аталды? Бекіністің тылында орналасты |
230 |
Ішкі (Бөкей) Орда Қазақстанның қай бөлігінде құрылды? Орал мен Еділ арасында |
231 |
1801 жылы Ішкі Ордасының билеушісіне тағайындалған кім? Бөкей сұлтан |
232 |
Қай жылдары Ішкі (Бөкей) Орданы Жәңгір хан биледі? 1823-1845ж |
233 |
1812 жылы Наполеонға қарсы Отан қорғау соғысында қазақтар қандай әскери-ұлттық құраманың қатарында болды? Бащқұрт-қазақ |
234 |
ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарында қазақ ақсүйектерінің қайсысы оқу-білімге кең жол ашып, қазақтардың егін салуы мен шөп шабуын қолдады? Жәңгір |
235 |
Орта жүзде хан билігін әлсірету үшін патша үкіметі 1815 жылы қандай шара қолданды? Бөкейді тағайындады |
236 |
Жәңгір хан саясатының қай мәселелердегі әрекеті Ішкі Орда тұрғындарының наразылығын туғызып, көтеріліске итермеледі? Жер реформасы. Әдістер мен қорытындысы |
237 |
Ішкі (Бөкей) Ордадағы 1836 1838 жылдардағы шаруалар көтерілісін кім басқарды? Исатай мен Махамбет |
238 |
1836 1838 жылдары Бөкей ордасындағы көтерілістің негізгі қозғаушы күші кімдер? Шаруалар |
239 |
Ішкі (Бөкей) Ордадағы 1836 1838 жылдардағы шаруалар көтерілісінің ең ірі шайқастары қай жерлерде болды? Ақбұлақ өзеніндегі |
240 |
Төменде келтірілген шайқастардың қайсысында Исатай Тайманов қаза тапты? Ақбұлақ |
241 |
1822 1824 жылдары бір орталықтан басқаруға арналған реформаның негізгі мақсаты қандай? Кіші жэне Орта жүздегі хандық билікті жою |
242 |
1822 1824 жылдардағы реформа қандай құжаттар негізінде жүргізілді? Сібір қырғыздарының жарғысы, Орынбор қырғыздарының жарғысы |
243 |
«Сібір қырғыздары туралы Жарлықтың» авторы кім? Сперанский |
244 |
«Сібір қырғыздары туралы Жарлығына» байланысты Орта жүз жері қалай атала бастады? Сібір қырғыздарының аймағы |
245 |
Орта жүзде хандық билік қашан жойылды? 1822ж |
246 |
«Сібір қырғыздары Жарғысы» бойынша дәстүрлі билер соты қандай өзгеріске ұшырады? Билер соты шектелді |
247 |
«Орынбор қырғыздарының Жарғысы» қай жылы қабылданды? 1824ж |
248 |
«Орынбор қырғыздарының Жарғысына» қандай жаңа жоспарлар еңгізілді? Ара қашықтыққа бөлу |
249 |
Кіші жүзде хандық билік қашан жойылды? 1824ж |
250 |
Ішкі (Бөкей) Ордадағы хандық билік қашан жойылды? 1845ж |
251 |
Ішкі (Бөкей) Ордасының соңғы ханы кім болды? Жәңгір хан |
252 |
Ішкі (Бөкей) Ордасында хандық билік жойылғаннан кейін жоғарғы билік кімнің қолына көшті? Уақытша орыс кеңесіне көшті |
253 |
К. Қасымұлы бастаған көтеріліс қай жылдары болды? 1837-1847ж |
254 |
К. Қасымұлы бастаған көтеріліске қай жүздің қазақтары қатысты? 3 жүз |
255 |
К. Қасымұлы бастаған көтеріліс Қазақстанның қай бөлігін қамтыды? Бүкіл ҚЗ |
256 |
Қай жылы К. Қасымұлы үш жүздің ханы болды? 1841ж |
257 |
К. Қасымұлы кімдердің қолынан қаза тапты? Қырғыз манаптары |
258 |
Сұлтан Саржан Қасымұлы кім еді? 1825-1836ж Солт.ҚЗ оппозиция қозғ. жетекшісі |
259 |
ХІХ ғасырдың 50-жылдарында Сырдарияның төменгі ағысындағы отарлыққа қарсы көтерілісті кім басқарды? Жанқожа Нұрмұхаммедұлы |
260 |
Верный әскери бекінісінің негізі қай жылы қаланды? 1854ж |
261 |
1853 жылы орыс әскерлері жаулап алғаннан кейін Ақмешіт бекінісі қалай аталды? Перовск |
262 |
ХІХ ғасырдың 50-жылдарында Патша үкіметіне Батыс Сібір және Сырдария әскери бекіністерінің бірігуі туралы жоспардың жүзеге асуына не кедергі болды? Қырым соғысының басталуы |
263 |
1864 жылы Батыс Сібір және Сырдария әскери бекіністерін біріктіру шараларында полковник Черняевтың экспедициялық корпусы құрамында қазақтың қай ақсүйегі болды? Ш. Уәлиханов |
264 |
Қандай оқиға Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуын білдірді? 1864ж Ташкенттің жаулап алынуы |
265 |
«Сырдария және Жетісу обылыстарын басқару туралы уақытша Ереже» қай жылы қабылданды? 1867ж |
266 |
1867 жылғы уақытша Ереже бойынша Сырдария және Жетісу обылыстары қай генерал-губернаторлыққа бағынды? Түркістан |
267 |
Батыс - Сібір генерал-губернаторлығының орталығы қай қала? |
268 |
1867-1868 жылдардағы реформа бойынша Ақмола облысы қай генерал-губернаторлыққа өтті? Батыс Сібір |
269 |
1868 жылы құрылған Түркістан генерал-губернаторлығының орталығы қай қала? Ташкент |
270 |
1867-1868 жылдардағы реформа бойынша Бөкей ордасы қай әкімшілік аймаққа еңгізілді? Астрахань |
271 |
1867-1868 жылдардағы реформа бойынша қазақтарды әкімшілік-орталық аппарат жүйелерінде қызмет етуге шектелуі неден көрініс алды? Болыс басқарудан артық орын ала алмады |
272 |
1867-1868 жылдардағы реформа бойынша соттар жүйесінің төменгі сатысы қалай аталды? Билер мен қазылар |
273 |
1870-1873 жж. қазақ шаруалырының көтерілістері Қазақстанның қай аймақтарын қамтыды? Маңғыстау |
274 |
Қазақстанға орыс шаруаларын жаппай қоныс аудару қашан басталды? 19ғ 80жылдары |
275 |
«Түркістан өлкесін басқару туралы ереже» қашан қабылданды? 1886ж |
276 |
1891 ж. қабылданған облыстарды басқару туралы Ережеге сай қандай генерал - губернаторлық құрылды? Дала |
277 |
1891 ж. құрылған Дала генерал-губернаторлығының орталығы қай қала болды? Омбы |
278 |
ХІХ ғ. соңында Қазақстанда орыс және украин шаруа қоныс аударушыларына қандай жеңілдіктер жасалды? Олар 15 жылға салықтан босатылды, мал үшін несие алды |
279 |
Қашан Ресей әскері Іле аймағына кіргізілді және жергілікті ұйғырлар мен дұнғандарды қытайлар тарапынан жазалау шараларынан қорғады? 1871ж |
280 |
1881-1884 жж. қандай акт негізінде Жетісуға Іле аймағына ұйғырлар мен дұнғандардың ерікті түрде көшуі жүзеге асырылды? 1881ж Санкт-Петербург |
281 |
1881 ж. Санкт-Петербор келісімінде Іле аймағының ұйғыр және дұнған тұрғындары үшін қандай артықшылықтар қарастырылады? Әр адамға 4-5 десятина қазақ н/се қытай азаматтығын алу |
282 |
1881-1884 жж. Шығыс Түркістаннан Жетісуға қандай халықтардың өкілдері қоныстанды? Ұйғыр, Дүнген |
283 |
Қазақстанда қазақ балаларын оқыту үшін еуропалық түрдегі мектептер алғаш рет қашан және қайда ашылды? 19ғ |
284 |
ХІХ ғ.Қазақстанда ашылған Еуропалық түрдегі мектептердің басты мақсаты не болды?Ұсақ шенеуліктер дайындау |
285 |
ХІХ ғ. Қазақстанда патша өкіметі қандай түрдегі оқу орындарын ашу үшін ерекше кедергі жасады? Мұсылман мектептері мен медреселер |
286 |
Ш.Уәлиханов өмір сүрген жылдары: 1835-1865ж |
287 |
Ш.Уәлиханов аталған оқу орындарының қайсысын бітірді? Омбы кадет корпусы |
288 |
Ш.Уәлиханов өзінің еңбек жолын бастауда аталғандардың ішіндегі қандай лауазымда болды? Батыс Сібір г-г адъютанты |
289 |
Ш.Уәлиханов ориенталистика саласындағы еңбегі үшін қандай марапатқа ие болды? Ресей импер. Географ. Қоғам. Алтын медалі |
290 |
Қандай ғылыми еңбек Ш.Уәлихановқа бүкіл әлемдік танымдылық әкелді? Қытайдың Нянь-Лу пров. 6 шығ. Қаласы мен 6 шардың жағдайы туралы. |
291 |
Ш.Уәлиханов қай орыс жазушы - демократымен дос болды? Достоевский |
292 |
Ы.Алтынсарин Қазақстанның қай облысында мектеп инспекторы лауазымын атқарды? Торғайда |
293 |
Ы.Алтынсариннің бастамасымен Торғай облысында қандай түрдегі оқу орындары ашалды? Орыс-қазақ мектептері мен училищелері |
294 |
ХІХ ғ. 80-ж. Торғай облысының Ырғыз қаласында қай қазақ қайраткерінің бастамасымен қазақ қыздары үшін алғашқы оқу орны ашылды? Ы. Алтынсарин |
295 |
«Қырғыз хрестоматиясының» авторы кім? Алтынсарин |
296 |
Ы.Алтынсарин төменде көрсетілген қай шығарманың авторы? Қырғыз хрестоматиясы |
297 |
Абай Құнанбаевтың өмір сүрген жылдары: 1845-1904ж |
298 |
Абай Құнанбаевтың шын аты: Ибраһим |
299 |
Абай Құнанбаев қандай оқу орнында оқыды? Семейде Ахмет Риза медресесі |
300 |
Көрсетілген шығармалардың қайсысын Абай жазды? Ескендір поэмасы |
301 |
Абайдың қай шығармасында оның философиялық - этикалық көзқарастары толық бейнеленген? Қара сөздер |
302 |
Қай орыс жазушыларының шығармаларын Абай қазақ тіліне аударды? Пушкин, Лермонтов, Крылов |
303 |
ХІХ ғ. екінші жартысындағы қай қазақ композиторлары «Сарыарқа» және «Балбырауын» күйлерінің авторы? Құрманғазы |
304 |
Құрманғазы, Дәулеткерей және Тәттімбеттер кім болды? Күйші, композитор |
305 |
ХІХ ғ. бірінші жартысында жарыққа шыққан «Қырғыз-қазақ немесе қырғыз-қайсақ ордалары мен даласының суреттемесі» атты қазақ тарихы туралы алғашқы жан-жақты еңбектің авторы: Левшин |
306 |
ХІХ ғ. қай Ресей ғалымы Жетісудың табиғатын зерттеді? Семенов Тянь-Шанский |
307 |
А.С.Пушкин 1833 ж. Пугачев көтерілісіне материалдар жинау үшін Қазақстанның қай қаласына келді? Орал |
308 |
«Оян, қазақ» өлеңдер жинағының авторы кім? М. Дулатов |
309 |
Қазақ тіліндегі мерзімді басылым қашан шықты? 19ғ аяғында |
310 |
1888-1902 жж. қазақ тілінде қандай газет шығарылды? Дала уалаяты |
311 |
ХІХ ғ. аяғында Қазақстанда қандай өндіріс саласы дамыды? Тау-кен және тау зауыты |
312 |
Орынбор - Ташкент темір жолы құрылысы қашан салынды? 1901-1905ж |
313 |
ХХ ғ. басында Қазақстанда қандай темір жол торабы болды? Орынбор-Ташкент |
314 |
1905 ж. желтоқсанда қандай өнеркәсіпте тау - кен жұмысшыларының ірі және ұйымдасқан толқуы болды? Успен кенішінде (руднигінде) |
315 |
1905ж. желтоқсан толқулар барысында Успенск руднигінің жұмысшылары қандай ұйым құрды? Орыс-қазақ одағы |
316 |
Патша үкіметі атына петиция қабылданған қазақтардың Қоянды съезі қашан болды? 1905ж 25 шілде |
317 |
Қандай оқиға қазақ зиялыларын ұлт - азаттық көтеріліс сахнасына шыққандығы жөнінде хабардар етті? Қоянды петициясына дайындық |
318 |
Мемлекеттік Думаға сайланған қазақтар: Бөкейханов, Қаратаев, Тынышбаев |
319 |
Қазақ қайраткерлерінің қайсысы Выборг қаласындағы І Мемлекеттік Думаның бұрынғы мүшелерінің жиналысына қатысты және халыққа үндеу жазып, сол үшін үш ай түрмеге қамалды? Бөкейханов |
320 |
ІІ Мемлекеттік Думаның секциялық мәжілісінде Қазақстандағы патша өкіметінің аграрлық саясатын сынға алып сөйлеген қазақ депутаты: Қаратаев |
321 |
Столыпин реформасы қай жылдары жүзеге асырылды? 1906-1912ж |
322 |
ХХ ғасырдың басындағы Столыпин реформасы қандай мәселеге арналды? Аграрлық мәселе |
323 |
ХХ ғ. бас кезінде Столыпин реформасы кезінде қазақтардан қанша жер Көші-қон қорына алынды? 17млн |
324 |
1917 жылға дейін Қазақстанда жалпы шарулар қоныс аударуы басталған кезеңнен қазақтардан қоныс аударушылар қорына қанша жер үлесі тартылып алынды? 45млн десятина жер |
325 |
«Айқап» журналының алғашқы саны қашан жарық көрді? 1911ж қаңтар |
326 |
«Айқап» журналының редакторы және шығарушысы кім болды? М. Сералин |
327 |
«Қазақ» газетінің алғашқы саны қашан жарық көрді? 1913ж |
328 |
«Қазақ» газеті қай жылдар аралығында шығып тұрды? 1913-1918ж |
329 |
«Қазақ» газетінің бас редакторы кім? Байтұрсынов |
330 |
1916 ж. қазақтар көтерілісінің шығуына не себеп болды? Қазақтарды тыл жұмысына әскерге алу |
331 |
Қазақстанда ер адамдарды тыл жұмысына алу туралы патша жарлығы қашан шықты? 1916ж 25 маусым |
332 |
Азамат соғысы жылдарындағы Қазақстанда соңғы майдан қашан жойылды? 1920ж наурыз |
333 |
Біртұтас қазақ Кеңес мемлекетіне қазақ жерінің бірігуі қашан аяқталды? 1924ж |
334 |
1920 ж. Қазақстанның Халық Комиссарлар Кеңесін кім басқарды? Р. Зенкович |
335 |
Сырдария облысында ең алғаш рет Кеңес өкіметі қай қалада орнады? Перовск |
336 |
Ресей қол астындағы Түркістан автономиясын жақтаған, сталинизмді сынап бірнеше еңбек жазған ірі қоғам қайраткері? М. Шоқай |
337 |
Өзін қазақ елінің үкіметі атаған «Алашорданы» тарату туралы шешім қашан қабылданды? 1919 қазанда |
338 |
Күшпен ұжымдастыруға қарсы шаруалардың қарулы күресі Қазақстанда қай жылдары болды? 1929-1931ж |
339 |
«Кіші Қазан» саясатына қарсы шыққандар қандай идеяны талап етті? Өнеркәсіпті шикізат көзіне жақындату |
340 |
Түрксіб құрылысына жәрдемдесетін арнаулы комитет жұмысын кім басқарады? Т. Рысқұлов |
341 |
Қай жылы Бүкілқазақстандық Кеңестер сьезі «қырғыз деген атауды, қазақ атаумен өзгерту» туралы қаулы қабылдады? 1925ж |
342 |
Қашаннан бастап БК П (б) Қазақ Өлкелік Комитетінің бірінші хатшылығына Ф.И. Голощекиннің келуімен байланысты республикаға қысым жасау саясаты күшейіп, ерекше қатаң сипат алды? 1925ж |
343 |
Ф. Голощекин қай жылдары Қазақ өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы болды? 1925-1933ж |
344 |
1932ж. шілдесінде республика қайраткерлерінің бірі тобы жазған «Бесеудің хаты» кімге жолданған еді? Голощекинге |
345 |
«Алжир» деген лагерьде қандай адамдар қамауда болды? Халық жауларының әйелдері |
346 |
Қазақстанда 1933-1938 ж.ж. басшы болған: Мирзоян |
347 |
Айтылған халықтардың ішінде Қазақстанға алғашқы көшірілгені қайсысы? Кәрістер |
348 |
Қазақстанда ұжымдастыру қалай жүргізілді? Жергілікті жағдай ескерілмеді, отырықшылықты пәрменді жүргізді |
349 |
«Үш жүз» партиясының басшылары қандай саяси бағыт ұстады? Социалистік бағыт |
350 |
Қазақстанның алғашқы астанасы қай қала? Орынбор |
351 |
Қазақ халқының 1000 әні мен «Қазақ халқының 500 ән мен күйі» жинағын шығарған композитор, әрі этнограф кім? Затаевич |
352 |
Фашистердің жоспары бойынша Қазақстан қандай елдің құрамына енуі қажет еді? Үлкен Түркістан |
353 |
«Экономиканы соғысқа бейімдеп қайта құру» деген ұғым нені білдіреді? Кәсіпорындарды соғыс өнімін шығаруға көшіру |
354 |
1942 ж. қыркүйек айында Қазақстанның қай аймағында соғыс жағдайы енгізілді? Орал, Гурьев |
355 |
Қазақ ҚСР Ғылым Академиясының тұңғыш президенті кім болды? Сәтбаев |
356 |
Кеңес Одағының батыры атағын екі рет алған ұшқыш? Т. Бигелдинов |
357 |
Кеңестер Одағы Батыры атағын алған ең жас қазақ? Елеусізов |
358 |
Е.Бекмахановтың саяси зиянды деп танылған еңбегі: 19ғ. 20-40 ж. Қазақстан |
359 |
Қай жылы Е.Бекмаханов Ғылым Академиясынан қуылып, Қаз КСР жоғары сотының қылмысты істер жөніндегі коллегиясының үкімімен буржуазиялық- ұлтшылдық көзқарастары үшін 25 жылға бас бостандығынан айрылды? 1952ж |
360 |
Қай жылы Семей полигонында алаш ядролық сынақ өткізілді? 1949ж |
361 |
Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игерудің басталуы? 1954ж |
362 |
Қазақстан Компаритиясының ҮІІ съезінде Ж. Шаяхметовтың орнынына Қазақстан Компартиясының ОК І хатшысы болып сайланған: Пономаренко |
363 |
КСРО Министрлер кеңесінің қаулысы бойынша 1948 ж. салынған ядролық полигон қандай үш облыстың түйіскен жерінде болды? Семей, Павлодар, Қарағанды |
364 |
1954 жылы тамыз айының басына қарай Қазақстанның тың жерінің қанша мөлшері жыртылды? 6,5 млн га |
365 |
Тың жерлерді игерудегі кері зардаптарды көрсетіңіз: Барлық аталғандар |
366 |
1953 жылы 27 қазанда темір жол тұрақты пайдалануға берілді, ол Транс-Қазақстан магистралін салуды аяқтады. Осы жол төсемін атаңыз: Мойынты-Шу |
367 |
1960 ж. Мәскеуде құрылған «Жас тұлпар» бейресми бірлестігін құрушылардың бірінің есімін атаңыз: Әуезов |
368 |
КОКП ОК-нің «Қазақстан Республиканың партия ұйымының еңбекшілерге интернационалдық және патриоттық тәрбие беру жөніндегі жұмысы туралы» қаулысында 1986 ж. Алматыдағы желтоқсан оқиғасына қандай баға берілді? Ұлтшыл жастар бүлігі деп бағаланды |
369 |
Қазақстан жерінде неміс автономиясын құруға Целиноград жастары қашан қарсы шықты? 1979ж маусым |
370 |
Алғаш кеңестік «Невада - Семей» қозғалысының бастамасы қашан салынды? 1989ж ақпан |
371 |
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңы қашан қабылданды? 1991ж 16 желтоқсан |
372 |
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Елтаңбасы қаша бекітілді? 1992ж |
373 |
Республика Жоғары Кеңесі Қазақ КСР Президентінің қызмет орны туралы қаулыны қашан бекітті? 1990сәуір |
374 |
1990 ж. 25 қазанында қандай тарихи оқиға болды? Декларация қабылданды |
375 |
Қазақстан Республикасы БҰҰ құрамына мүше болдып қашан қабылданды? 1992ж наурыз |
376 |
ҚР Президенті Қазақстанның астанасы Акмола болуы жөніндегі қаулыға қашан қол қойды? 1995ж қырк |
377 |
Қазақстан халықтары Ассамблеясы қашан құрылды? 1995ж |
378 |
Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес басқарудың қай түрі бар? Президенттік |
379 |
Қазақстан Республикасында неше облыс бар? 14 |
380 |
«Кіші Қазан» идеясын ұсынған кім? Голощекин |
381 |
Қазақстанда индустрияландыру неден басталды? Табиғат байлығын зерттеуден |
382 |
Ұлттық мемлекеттікті қайта бөлу кезінде Қазақ АКСР-ның құрамына қай облыстар кірді? Жетісу, Сырдария |
383 |
Орынбор қай жылдары Қазақ АКСР-ның астанасы болды? 1920-1924ж |
384 |
Түркістан - Сібір темір жолын салу қашан басталды? 1927ж |
385 |
Қазақстанда ұжымдастыруды қай уақытта аяқтау жоспарланды? 1932ж |
386 |
Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің негізгі мақсаты қандай болды? Абылай хан уақытындағы ҚЗ шекарасын қайта қалпына келтіру «Дуандарды» тарату |
387 |
«Кіші Қазан» саясатына қарсы шыққан Қазақстанның қоғам қайраткерін атаңыз? Сәдуақасов |
388 |
“Алаш” партиясы қашан құрылды? 1917ж |
389 |
ІҮ Бүкілтүркістан съезімен құрылған мемлекет қалай аталды? Түркістан автономиясы |
390 |
Азамат соғысы кезінде Ә. Жангельдин экспедициясы қай майданға қару-жарақпен жәрдем көрсетті? Ақтөбе |
391 |
Алаш үкіметінің жетекшісі кім болды? Бөкейханов |
392 |
«Үш жүз» партиясының басшысы кім болды? Тоғысов |
393 |
Қазақстандағы азамат соғысы қашан аяқталды? 1920ж |
394 |
1941-1942 жылдары Қазақстанға қанша фабрика-зауыттар көшірілді. 220 |
395 |
Кеңес Одағының батыры Н. Әбдіров кім болды? Ұшқыш |
396 |
Қазақстанда бірінші Кеңестік Конституция қашан қабылданды? 1937ж наурыз |
397 |
ХХ ғ 80ж Балқаш пен Арал мәселелері бойынша құрылған комитетті кім басқарды? М. Шаханов |
398 |
Қазақстан территориясында Неміс автономиясын құру туралы шешім қашан қабылданды? 1979ж |
399 |
1975 жылы Олжас Сүлейменовтың қай кітабы жарық көрді? АЗиЯ |
400 |
Президенттің «Қазақстан-2030 бағдарламасында» айтқанындай болашақ ұрпақ қандай қасиеттерге ие болатынын таңдап алады? Барлығы |
401 |
Қазақстан Республикасы Президентінің Еуразия Одағы идеясы қашан ұсынылды? 1994ж |
402 |
1954 жылы Қазақстанда қандай оқиға болды? Тың жерлерді игеру |
403 |
1920 жылы қандай оқиға болды? Қазақ АКСР құрылды |
404 |
1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстанда қандай оқиға болды? Президентті сайлау |
405 |
1986 жылы Алматыдағы оқиға кезінде жастар не үшін бас көтерді? Қайта құрудың демокр-қ принцип үшін |
406 |
Қазақстанда 30-жылдары жаппай аштық қандай саясаттың салдарынан болды? Ұжымдастыру саясаты |
407 |
Қазақ КСР Ғылым академиясы қашан құрылды? 1946ж |
408 |
1979 жылы Целиноградтағы бұқаралық толқудың себебі неде? Еңбек ақының уақытында берілмеуі |
409 |
1958 жылы Қазақстанның қай жерінде әлеуметтік мәселенің шешілмеуіне байланысты жаппай тәртіпсіздік болды? Теміртау |
410 |
«Артымызда Мәскеу» атты кітаптың авторы кім? Момышұлы |
411 |
Күштеп ұжымдастыру нәтижесінде 30-жылдары болған аштықтан қанша адам қырылды? 1,5 - 2,1 млн |
412 |
Қазақстандағы көшпелі шаруашылық қашан түпкілікті жойылды? 1930ж |
413 |
1941 жылы жазылған «Ленинградтық өрендерім» атты толғаудың авторы кім? Ж. Жабаев |
414 |
Ұлы Отан Соғысы жылдарында Кеңес Одағы батыры атағын алған Қазақстандықтар саны: 497 |
415 |
Қазақстанда бірінші Педагогикалық институт қашан ашылды? 1928ж |
416 |
Кеңес Одағы Батыры атағын екі мәрте алған қазақстандықтар саны қанша? 4 |
417 |
1964 - 1986 жылдары Қазақстан Компартиясы ОК-нің І хатшысы кім болды? Қонаев |
418 |
Семей ядролық полигоны қашан жабылды? 1991ж 28 тамыз |
419 |
ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» даму бағдарламасы қай жылы жасалды? 1997ж қазан |
420 |
Ресейден Қазақстанға саяси жер аударылғандар қандай идея таратты? Демократиялық |
421 |
Қазақстан Республикасында 2005 жылы 4 желтоқсанда қандай оқиға өтті? Президент сайлауы |
422 |
Қазақстан Республикасында «Тілдер туралы» Заң қашан қабылданды? 1997 |
423 |
Қазақ КСР Егемендігі туралы Декларация қашан қабылданды? 1990 |
424 |
Қай жылы Қазақ АКСР-і Қазақ КСР-і болып өзгертіліп, одақтас республика ретінде КСРО құрамына енді? 1936ж 5 желтоқсан |
425 |
Қазақ ақсүйегі, экономист, ұлттық либералды-демократиялық қозғалыстың жетекшісі: Бөкейханов |
426 |
1920 жылы құрылған Қаз АКСР Орталық Комитетін кім басқарды? Меңдешов |
427 |
1965 жылғы көтерілістің Торғай облысындағы басшысы? Иманов |
428 |
Түркістан-Сібір теміржолының құрылысы қашан аяқталды? 1931 |
429 |
Қазақстан Республикасында жаңа әнұран мәтіні қашан қабылданды? 1992 жылдың 7 желтоқсанында |
430 |
Қай жыл ҚР Президентінің Жарлығымен «Халық бірлігі және ұлттық тарих» жылы болып жарияланды? 1998ж |
431 |
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстандағы 1986 жылғы желтоқсанның 17-18-індегі оқиғаларға қатысқаны үшін қылмыстық, әкімшілік және тәртіптік жауаптылыққа тартылған адамдарды ақтау туралы» Жарлығы қай жылы шықты? 1991ж 12 желтоқсан |
432 |
Қазақстан Республикасының Президентінің «Жалпыұлттық татулық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу туралы» Жарлығы қай жылы шықты? 1997ж |
433 |
Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы қашан қабылданды? 2004 |
434 |
1867-1868 жылдардағы патша үкіметінің әкімшілік-территориялық реформалары Қазақстанның қай өңірінде көтеріліс тудырды? Орал, Торғай, Маңғыстау |
435 |
1824 жылғы Жарғы бойынша Кіші Жүзді басқарудың орталығын көрсетіңіз: Орынбор |
436 |
1822 жылғы Жарғы бойынша Орта Жүздің территориясы қандай бөліктерге бөлінді? Округ-болыс-ауыл |
437 |
Қай жылы орыс әскерлері Ташкент қаласын басып алды? 1865ж |
438 |
Ірі ұлт-азаттық көтеріліске қолбасшылық еткен, ХІХ ғасырда өмір сүрген қазақ ақыны: Махамбет |
439 |
ХІХ ғасырдың басында Қазақстанның қай бөлігі Ресей империясының құрамына еңген жоқ? Жетісу |
440 |
ХХ ғасыр басында Қазақстандағы қоныстандыру қоры немен айналысты? Жерді тартып алумен |
441 |
Қазақ мәдениетінің дамуында Абайдың еңбегі неден көрініс тапты? Жазба әдебиеттің негізін салушы |
442 |
ХҮІІІ ғасырдың бірінші ширегінде жоңғар билеушілерінің стратегиялық мақсаты: |
443 |
1710 жылы Тәуке хан Ордасында үш Жүз өкілдері қандай мәселені талқылады? Жоңғарға шабуыл |
444 |
Қазақ жеріне шапқыншылық барысында қатыгездік танытқан жоңғар билеушісі: Цеван-Рабдан |
445 |
Қандай тауар, ХҮІІІ-ХІХ ғасырдың бірінші жартысында қазақтардың Ресеймен саудада негізгі болып табылды? мал |
446 |
Қазақстанда өнеркәсіптің қалыптасуын қай кезеңге жатқызуға болады? ХІХ ғ аяғы |
447 |
1867-1868 жылғы реформа бойынша Ақмола облысы қай генерал-губернаторлықтың құрамына енді? Батыс Сібір |
448 |
Қазақстанның Ресей империясының құрамына түпкілікті ену уақытын көрсетіңіз: 1864ж |
449 |
1867-1868 жылғы реформаға дейін Қазақ даласы неше генерал-губернаторлыққа бөлінді? 2 |
450 |
1867-1868 жылғы реформа бойынша Қазақстан территориясы неше генерал-губернаторлыққа бөлінді? 3 |
451 |
Кіші Жүзде Ресей империясының отарлау саясаты неден көрініс тапты? Бекіністер салу |
452 |
Жоңғарлармен күресте аты шыққан қазақ батырын атаңыз: Бөгенбай |
453 |
Ұйғырлар мен дүңгендердің Жетісу өңіріне қоныс аударуына қандай жағдай мәжбүр етті? Цинь қысымы |
454 |
1867-1868 жылғы реформаға байланысты кімдер салықтан босатылды? Шыңғыс ұрпақтары |
455 |
1731 жылы Әбілқайыр ханның Ресейге адалдық антын қабылдауы қай жерде болды? Хан сарайы |
456 |
Қашан Кіші Жүз Ресей бодандығын түпкілікті қабылдады? 1731ж 19 ақпан |
457 |
ХІХ ғ. аяғы-ХХ ғ.басында Қазақстанға қоныс аударған қоныстанушы шаруаларға жер бөлудің түрін көрсетіңіз: |
458 |
ХІХ ғасырдың ортасындағы Қарқаралы уезіндегі ірі жәрмеңкелердің бірі: Қоянды |
459 |
ХІХ ғасырдың бірінші жартысында патша үкіметі еңгізген шаңырақ басы салығы: |
460 |
1916 жылғы көтеріліс барысында Торғай облысында кім хан болып сайланды? Жанбосынов |
461 |
Столыпин аграрлық реформасы бойынша Қазақстанға Ресейдің орталық аудандарынан шаруаларды қоыныстандару қашан басталды? 1907ж |
462 |
Қай жылдан бастап қазақ жерлері Ресей империясының меншігі деп есептелді? 1867-68ж |
463 |
ХІХ ғ. аяғы-ХХ ғ.басында қазақ буржуазиясы өз капиталын негізінен қай салаға салды? Сауда |
464 |
ХІХ ғ. аяғында Қазақстанның қай саласында шетел капиталистерінің белсенділігі артты? Тау-кен |
465 |
Шоқан Уәлиханов қай сала бойынша көрнекті зерттеу жұмыстарын жүргізді? география |
466 |
1756 жылы қазақтарға «ішкі жаққа» мал жаюға тыйым салу туралы Жарғысы шықты. Мәселе қандай территория туралы болды? Жайықтың оң жағалауы |
467 |
1731-1864 жылдар аралығында Қазақстанда қандай процесс жүрді? Ресейге қосылу |
468 |
1758 жылы Цин империясы талқандаған: Жоңғарлар |
469 |
ХІХ ғасырдың басында Ұлы Жүздің шығыс аудандары кімге тәуелді болды? Хиуа, Бұхар, Қоқан |
470 |
Бөкей Ордасының құрылуы қандай жағдайларға байланысты болды? |
471 |
Бірінші дүниежүзілік соғыстың Қазақстанның дамуына әсері қандай болды? Бәрі дұрыс |
472 |
1732 жылы Ресей бодандығын қабылдаған Орта Жүз ханы: Абылай хан |
473 |
ХҮІІІ ғасырдың бірінші жартысында Ресей үшін Қазақстанның қандай мәні болды? |
474 |
Абылайдың халық алдында беделінің артуына қандай жағдай әсер етті? Жоңғарларға қарсы күрес |
475 |
Кіші Жүздің Ресейге адалдық антын кім қабылдады? Тевкелев бастаған елшілік |
476 |
Игельстром реформасы жобасының мәні неде? Кіші, Орта Жүз хандық билікті жою |
477 |
ХІХ ғасырда Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда қатынасында негізгі орталық болған қаланы атаңыз? |
478 |
Кіші Жүздің Ресей империясының құрамына қосылуына қарсы болған қазақ сұлтаны: Барақ сұлтан |
479 |
1756 жылы Абылай сұлтан қай мемлекетке бодандыққа ант берді? Цинь |
480 |
«Сібір қырғыздары туралы Жарғы» бойынша қандай қызмет мұрагерлікке берілді? Болыс сұлтаны |
481 |
«Сібір қырғыздары туралы Жарғы» бойынша 10 жыл қызметінен кейін кім, дворян атағын ала алды? Аға сұлтаны |
482 |
«Орынбор қырғыздары туралы Жарғы» бойынша Кіші Жүз территориясында неше дистанция құрылды? 56 |
483 |
1824 жылғы Жарғы бойынша Кіші Жүзде қызметтік лауызымдарды кім тағайындады: Орынбор г-г |
484 |
1916 жылы Қазақстаннан тыл жұмысына алынған ер адамдардың 50% 19-49 жас |
485 |
«Қазақ» газетінің негізін салған: Байтұрсынов |
486 |
1916 жылғы көтеріліс сипаты жағынан: Ұлт-азаттық |
487 |
1916 интеллигенция өкілдерінің қай бөлігі көтерілісшілер жағына шықты? Радикалдар |
488 |
Алаш-Орда үкіметінің орналасқан жерін көрсетіңіз: Семей |
489 |
«Алаш» партиясының бағдарламасы қандай баспасөз берінде жарияланды? «Қазақ» газеті |
490 |
Қай жылы Қазақстанда ұлттық валюта теңге еңгізілді? 1993ж 15 қараша |
491 |
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туының авторы: Ниязбеков |
492 |
Қазақстан Республикасы Елтаңбасының авторы: Ш.Уәлиханов, М. Жандарбеков |
493 |
Жаңа өзен қаласында толқу қай жылы болды? 1989ж |
494 |
Ж.Шаяхметов қай жылдары Қазақ КСР КПОК 1-ші хатшысы болды? 1848-54ж |
495 |
Аталған еңбектердің ішінен Л.Н.Гумлиев еңбегін көрсетіңіз: Көне түріктер |
496 |
Қай жылы Алматы қаласы Қазақстанның астанасы болып бекітілді? 1929ж |
497 |
Қашан Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының атауы ҚР болып өзгертілді? 1991ж 10 желтоқсан |
498 |
Бірінші Дүниежүзі қазақтарының Құрылтайы қашан және қай жерде өтті? 1992ж қыркүйек |
499 |
Екінші Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы қашан және қай жерде өтті? 2002ж 23 қазан |
500 |
Қазақ КСР-інде «Тілдер туралы Заң» қашан қабылданды? 1989ж 22 қыркүйек |