Поможем написать учебную работу
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Қазақстан Республикасы - тәуелсiз мемлекет!
Қазақстан Республикасының өзін егемендi және тәуелсіз ел ретінде жариялауының тарихи негізі Қазақ ССР Жоғарғы Советімен 1990 жылдың 25 қазанында «Қазақ Советтiк Социалистiк Республикасының Мемлекеттiк егемендiгi туралы декларация жөнiнде» Қаулысы және «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тәуелсiздiгi туралы» 1991 жылдың 16 желтоқсанындағы Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы қабылданған сәттен басталады. Жылдар өте, кері қарамай тәуелсіз еліміз көптеген жеңістіктерге қол жеткізіп отыр, атап айтар болсақ, қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының өз мемлекеттік символдары - елтаңбасы, жалауы, әнұраны бар, басқа елдер секілді Қазақстан Республикасы азаматтарының қауіпсіздігін қорғайтын өз қарулы күштері және құқық қорғау органдары, өз ұлттық валютасы бар мемлекет. Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізген сәттен бастап, 20 жылдай уақыт өтті, алайда осы аз мерзім ішінде әлемде еліміздің тәуелсіздігін барлық мемлекеттер мойындап, барлығы тығыз қарым қатынас орнатуда.Сонымен қатар, тәуелсіздігіміздің арқасында Қазақстан төменде көрсетіліп отырған жеңістіктерге қол жеткізді, атап айтар болсақ, кәзіргі уақытта:
- Қазақстанда демократиялық институттардың дамуы дәйектi жүргiзiлiп келедi; еркiн демократиялық сайлаулар үнемi өткiзiледi; тежемелiк әрi тепе-теңдiк негiзiнде билiк тармақтарының ара-жiгiн ажырату қағидаты жүзеге асырылып жатыр;
- Қазақстанда саяси саналуандық және көппартиялылық орныққан; кез келген қазақстандық кез келген қоғамдық және саяси бiрлестікке еркiн кiре алады;
- көптеген үкiметтiк емес ұйымдарды қоса алғанда, азаматты қоғам институттары мен құрылымдары жасақталып, жұмыс iстеуде;
- Қазақстанда тәуелсiз сот жүйесiнiң негiздерi қаланып, заңның үстемдiгi дәйектi қамтамасыз етiлiп келедi;
- Қазақстанда сөз бостандығы қамтамасыз етiлген, цензура жоқ; мемлекеттiк емес бұқаралық ақпарат құралдары құрылып, жұмыс iстеуде;
- бүгiн кез келген қазақстандықтың өзiнiң қалауына қарай қызметпен шұғылдануға құқығы бар;
- әрбiр қазақстандықтың сайлауға және сайлануға құқығы бар;
- Қазақстан дiни сенiм-наным бостандығын қамтамасыз етiп, конфессиялар аралық келiсiм мен дiни теңқұқылық саясатын дәйектi жүргiзiп келедi.
Бүгінгі күні Бүкiл дүниежүзiлiк банктiң жiктемесi бойынша Қазақстан кiрiсi орта деңгейдегi елдердiң тобына кiредi.Экономикамыздың қарқынды өсуi мемлекеттiк шығыстардың әлеуметтiк бағдарлануын едәуiр кеңейтуге мүмкiндiк бердi, мұның өзi экономикамыздың айтарлықтай бекемдiк деңгейiне жеткенiн айғақтайды.
Бiз айрықша қысқа мерзiмнің iшiнде елiмiздің дәл орталығында жаңа астанамызды тұрғыздық. Көрген жұрттың барлығы Астана көркiне және шапшаң көзалдымызда өсуіне тәнтi болып таңғалып жүр. Астана қазақстандықтардың шетелдіктердің алдында мақтанышына айналды.Сондай ақ, тарихи тағдыр ортақтастығы қазақ ұлтымен біріктірген Республиканың барлық ұлттарының азаматтары Қазақстанның бiртұтас халқын құрайды, бұл халық Қазақстан Республикасындағы егемендiктiң бiрден бiр иесi және мемлекеттік биліктің қайнар көзi болып табылады, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары негiзiнде тiкелей де, сондай-ақ өзі сайлайтын мемлекеттiк органдар арқылы да мемлекеттiк өкімет билiгiн жүзеге асырады.
Қазіргі таңда, Республика азаматтары өздерiнiң ұлтына, ұстайтын дініне, қандай қоғамдық бiрлестiкке жататынына, тегiне, әлеуметтік және мүлiктiк жағдайына, шұғылданатын қызметiне, тұрғылықты орнына қарамастан бiрдей құқықтар иеленiп, бiрдей міндеткерлікте болады. Осы жоғарыда айтылған сөздерді түйіндей келе, елімізде ұлтаралық келісім еш керіәсерді жағдайға апармай, көп ұлтты еліміз тату тәтті өмір сүріп жатқандығы және елімізде экономикамыздың, әлеуметтік қолдаудың, сыртқы және ішкі саясаттың дамуы Елбасымыздың жүргізіп отырған саясатының арқасы.