У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

і Сонымен бірге за~ ~дебиетінде жиі еске алынатын бала ы~тарын ~ор~ау ж~ніндегі ~оз~алысты~ баста

Работа добавлена на сайт samzan.net: 2016-06-20

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 2.2.2025

Бала құқық қорғаудың әлеуметтік педагогикалық технологиясын анықтама беріңіз.

xалықаралық балалардың құқықтарын қорғаутарихи тұрғыдан алғанда, салыстырмалы түрде жас құбылыс. Бала құқықтарының конституциясы деп аталатын Бала құқықтары туралы конвенцияның тек 
1989
жылы қабылданғанын еске түсірсек те жеткілікті. Сонымен бірге заң әдебиетінде жиі еске алынатын, бала құқықтарын қорғау жөніндегі қозғалыстың басталуы туралы классикалық мысалшешесі жиі ұрып-соққан және Жануарларға қатігездікпен қарауға қарсы күрес жөніндегі қоғамның жергілікті бөлімшесінің мүшелері қорғауға келген Балтимордағы сегіз жасар Мари Элен Уильсонның жағдайы жануарларды қорғау жөніндегі қоғамдық бірлестіктердің балаларды қорғау жөніндегі үкіметтік емес ұйымдардан бұрын пайда болғанын айғақтайды.

Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі алғашқы ұйым әлемде 
1919
жылы пайда болды, 1924 жылыҰлттар лигасының Женева бала құқықтары туралы декларациясы, 1959 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының Бала құқықтары декларациясы қабылданды, 1979 жыл Халықаралық Бала жылы болып жарияланды және тек он жыл өткеннен кейін ғана Бала құқықтары туралы конвенция қабылданды.

2 Баланың және жас өспірімнің балалық кіші мәдениеті және әлеуметтік мәдени әлемі  дегенді түсіндіріңіз.

Өкінішке орай, барлығы дерлік нормалық талаптарға сай мүшелері бар қоғамды кездестіру мүмкін емес. Осыған орай, нормадан «ауытқу» түсініктері пайдаланылады. «Ауытқу» деп – топтың немесе жеке адамның қоғамдағы мінез – құлық нормаларына сай келмей, оны бұзуын айтады. «Ауытқу» топтарына – гениилер, бұзақылар, діндарлар, қоғамнан шеттелген адамдар т.б. жатады. Қоғам дамуының барлық кезеңінде адам өміріне жай қылықтармен, жай қылықтармен, яғни ауытқулармен күресу жүріп отырды. Оның құралдары мен әдістері қоғамдық санаға, үкімет басындағы адамдардың мүддесіне, әлеуметтік – экономикалық қатынастарға байланысты болды. Девианттық мінез-құлық жөніндегі алғашқы ғылыми көзқарас француз ғалымы Эмиль Дюргтеймнің (1858-1917) атымен байланысты. Ол франциялық әлеуметтік мектеп ашып, «әлеуметтік аномия» түсінігін енгізді.

Мысалы: секталар, вахаббистер, антифашистер. Берклии қаласындағы калифорния университетінің профессоры Нейл Джозеф Смелзер девияцияға анықтама беру өте қиын, себебі оған мінез – құлықтағы анық емес әр түрлі сапалар тән, оны емдеу, мінез – құлқын түзету қажет дей келе, девияцияның 3 құрамдас бөлігін қарастырған:

А) белгілі бір мінез- құлық тән адам;

Б) девианттық мінез-құлықты анықтайтын нормалар немесе белгілер;

В) аталған мінез-құлық әсер ететін топтар немесе ұйымдар;

Ғылымда девиантты мінез-құлықты кең мағынада және шағын тар мағынада қарастырады.

Тар мағынада алғанда, девиантты мінез-құлық қылмыстық жазалауға жатпайтын, яғни құқық бұзушылық болып есептелмейтін ауытқулар ретінде түсіндірілсе, кең мағынада алғанда девиантты мінез-құлық құқыққа қарсы формалар ретінде түсіндіріледі. Бұдан, адамның өзін-өзі өлтіруін – девиация деп атайтын болса, ал біреуді өлтіруін қылмыс деп атайды.

3 Мегафактор және оның адамды әлеуметтендіруге ықпалын атаңыз.

Мегафактор және оның адамды әлеуметтендіруге ықпалы

Балалар, жасөспірімдер, жастар өзара қарым – қатынаста, әлеуметтену кезінде олардың дамуына азды – көпті әсер ететін түрлі жағдайлардан өтеді. Адамға әсер ететін түрлі жағдайларды қозғаушы күш деп атайды. Біршама зерттелген ғылыми еңбектерде әлеуметтендірудің жағдайлары мен қозғаушы күштерін 4 топқа біріктіреді.

Бірінші – мегафакторлар (мега - өте – үлкен) – космос, неосфера, планета, әлем бұлар басқа қозғаушы күштер арқылы барлық жер бетінің тұрғындарын әлеуметтендіруге әсер етеді. Олар бүкіл жер бетінде өмір сүріп жатқан халықтың барлығында басқа факторлармен қатар немесе солармен астарласа ықпал етері анық. Өлке – географиялық ұғым. Ол – табиғи шекарасы белгіленген, табиғи жағдайлары адамның өмір сүруіне мүмкіндік беретін, егемендікке ие болған, өзінше жеке не басқалардың колониясы ретіндегі жер ауқымы, мемлекет. Әр өлкенің табиғи – климаттық жағдайы сол өңірде өмір сүрген адамдар қауымы мен жекеленген тұлғаларға әсер етпей қоймайды. Өйткені ол жердің адамдары сол өңірдің табиғи климатына қарай бейімделіп, еңбектенеді, өмір сүреді. Әлем немесе космостың және оның жер шарына тигізетін әсері ежелгі дәуір ойшылдарының ойын қозғап, пікір айтып кеткендері тарихта белгілі. Өткен ХХ ғасырдың орта шенінде орыстың психиатр ғалымы В.М.Бехтерев, геофизик П.П.Лазерев, биолог А.Л.Лижевский және сол сияқты адамдардың әлеуметтік ортадағы қарым – қатынасы күннің әлемге бөліп шығарған  энергиясының белсенділігіне байланысты екенін белгілеген.

4 Адамды әлеуметтендіруге ықпал жасаушы факторларға жалпы сипаттамасын көрсетіңіз.

Әлеуметтік ұғым, психология, философия және педагогикалық еңбектерде кеңінен қолданылады. «Әлеуметтендіру» ұғымы адамды әлеуметтік қарым-қатынастар жүйесінде әр түрлі әлеуметтік бірліктердің (топтар, институт, ұйымдар) түрлеріне интеграциялау, одақтық қауымдастыру. Әлеуметтендіру – мәдени элементтерді түсіндіру, әлеуметтік мұраттар мен құндылықты игеру негізінде жеке тұлға қасиеттерін қалыптастыру. Сөз жоқ, әлеуметтендіру жүйесінің мазмұны қоғам талабымен айқындалады, яғни оның мүшелері қоғамның маңызды салаларын білу, өндірістік қызметке қатысу, берік үйелмен, заңды басшылыққа алатын азамат болуы керек. Адамдардың мінез-құлқы әлеуметтендірудің объектісі ретінде қалады. Бірақ, адам бұл процестің объектісі ғана емес, субъектісі болған жағдайда ғана әлеуметтенеді. Әлеуметтендіру қоғам талаптарын жеке тұлғаның қалыптасу кезеңінде бірте-бірте игеруі, сана мен тәртіптің маңызды әлеуметтік мінездері, оның қоғаммен қарым-қатынасын реттейді.

5 Әлеуметтік педагогиканың тұжырымдамалық идеялары мен принциптеріне тоқталыңыз.

Принцип – бұл тәрбиелеу мақсатынан және тәрбие табиғатынан шыққан қағида. Принцип қайталанбайтын жеке жағдайларда, бірегей оқиғаларда, ерекше балалар тобында және олардың өзіндік қасиеттерінде жүзеге асырылуы мүмкін емес. Олардың жалпы сипаты барлық жерде принциптерді басшылыққа алуға және де жұмыстың ретін кәсіби түрде құруға мүмкіндік береді. Басқасы да түсінікті: принцип саны көп емес. Принциптер заңдылыққа сүйенбей-ақ, өздеріне әрекет субъектісін құрайды. Мысалы, мұғалім балалармен жұмыс істеу барысында ең бастысы – оларды қорқынышты ұстау, өйткені қорқыныш тәртіп сақтайды, ал тәртіп бар жерде білім де бар деген шешімге келеді. Бірақ соңынан мұғалім өзінің мұндай қорытындысына өзі таң қалған, себебі, қорқытып ұстау арқылы оқушылардың мектепке, мұғалімге деген жек көрініш сезімдерін оятқан. Сондықтан тәрбие қоғамдық талаптарға сәйкес болуы міндетті. Егер қоғам құқықтық демократиялық мемлекет құрып жатса, ендеше ондағы адам тәрбиесі адамгершілік, азаматтық заңдар мен қылық-әрекет нормалары рухында жүріп жатуы қажетті. Жалпы адамзаттық құндылықтар қалыптастырудың маңыздылығын ескерумен бірге әлеуметтік ортаның кездейсоқ та, мақсатты бағытта да әсер, ықпал жасайтынын естен шығармаған жөн.

Әлеуметтік тәрбие процесінің принциптері (тәрбие принциптері) бұл тәрбие процесінің мазмұнына, әдістеріне, ұйымдастыру жолдарына қойылатын негізгі талаптарды айғақтайтын жалпы бастау тұжырымдары. Олар тәрбие процесінің анайылығын аңдатып, педагогтарға нақты педагогикалық міндеттерді шешуде бағыт-бағдар береді. Жеке тұлғаның әлеуметтік дамуындағы тәрбие принциптеріне тоқталайық:

1.Тәрбиенің гуманистік бағыттылық принципі – педагогтің тәрбиеленушіге өз дамуына жауапты субъект ретіндегі қатынасы.

2. Тәрбиенінің табиғатқа сәйкестік принципі дегеніміз - табиғи және әлеуметтік үрдіс байланысының ғылымилығын негізге ала отырып, адам мен табиғат дамуының жалпы заңдылықтарымен үндесуін айтады.

Аталған принциптегі адам үшін ең маңыздысы:

- адамның өзін әлем азаматы ретінде сезіне білуі;

- планетадағы глобалды мәселелер мен планеталық үрдісті түсіне білуі;

- табиғатпен, социуммен оның бір бөлігі ретінде байланысының бар екенін сезінуі;

- адамзат қоғамының өмірі мен ноосфера арасындағы байланысты білуі;

- адамның өзін ноосфераны жасаушы және оны пайдаланушы, қорғаушы

субъект ретінде білуі.

3. Тәрбиені мәдениетке сәйкестік принципі – дегеніміз, тәрбиенің белгілі бір ұлттың әдет-ғұрпына, салт-дәстүріне, заңдары мен символдарына сәйкес жалпы адамзат құндылықтары негізінде ұйымдастырылуы. Бұл принципке сай балаларды, жастарды, үлкендерді этностың, қоғамның және әлем мәдениетінің әр түрлі жақтарымен таныстыру.

4.Әлеуметтік тәрбиенің түрлілігі принципі. Әлеуметтік тәрбиенің түрлілігі жеке тұлғаның қажеттіліктері мен қызығушылықтарының көп түрлі болуымен және қоғам талаптарымен анықталады.

Аталған принципті жүзеге асыру үшін:

- жеке тұлғаның қажеттіліктері мен қызығушылықтарын қанағаттандыратын әр түрлі тәрбие мекемелерін құру;

- тәрбиеленушінің жас және жеке ерекшеліктеріне сай әлеуметтік тәрбиенің формасын, мазмұнын, әдістерін іріктеу;

- әлеуметтік тәрбиенің аймақтық және муниципалдық жүйесін құру.

5. Тұлғалық бағыт принципінің тәрбиеші алдына қоятын талаптары:

1) тәрбиеленушілердің жеке темпераменттік ерекшеліктерін, мінез бітістерін, көзқарастарын, талғамдарын, әдеттерін үздіксіз зерттеп, жете білу; 2) тәрбие процесін диагностикалаумен бірге баланың ойлау қабілеті, сеп-түрткілер, ұстанымдары, өмірлік бағыты, өмір мен еңбекке деген көзқарасы, құндылықты бағамдары, тіршілік жоспарлары секілді тұлғалық сапалардың нақты қалыптасу деңгейін түбегейлі тану; 3) әр оқушыны тұлғаның ілгерілей дамуын қамтамасыз етуші күш-қуатына сәйкес әрі біртіндеп күрделеніп баратын тәрбиелік істерге ұдайы қатыстырып бару; 4) мақсатты іске асыруға кедергі болар себептерді өз уақытында анықтау әрі аластау, ал егер бұл мүмкін болмаса, жаңа жағдайлар мен шарттарға тәуелді тәрбие бағытына дер мезетінде өзгерістер енгізу; 5) барынша тұлғаның өз белсенділігін арқау ету; 6) тәрбиені тұлғаның өзіндік тәрбиесімен ұштастыру, оқушыға өзіндік тәрбие мақсаттарын, әдістері мен формаларын таңдауға жәрдем беру; 7) оқушыда дербестік, ынталылық, өзіндік іс-әрекет қабілеттерін дамыту, тек басшылықпен шектелмей, табысқа жеткізер іс-әрекеттерді ұтымды ұйымдастыру және бағыттай білу.

6. Әлеуметтік тәрбиенің ұжымшылдық принципі. Ұжымдағы әлеуметтік тәрбие негізінде адам қоршаған ортамен қарым-қатынас жасау, қоғамдық өмірде өзін-өзі ұстауы, өзін-өзі тануы т.б. сияқты тәжірибе жинақтайды. 

7. Әлеуметтік тәрбиенің диалогтық принципі. Балалар мен жастардың, жасөспірімдер мен қыздардың рухани-құндылық бағдары тәрбие үрдісіне қатысып отырған тәрбиешілермен төмендегідей құндылықтарды алмасу барысында: әлем мәдениеті мен нақты қоғам іске асырған құндылықтар; тәрбие ұйымының нақты мүшелерінің жеке құндылықтары; әлеуметтік тәрбие субъектісіне тән құндылықтар негізінде жүзеге асады. Субъектілікті болдырудың жалпы тәсілі – тәрбиеге диалогтық сипаттың берілуі. Адам басқа адаммен сөйлескенде, айтысқанда адамның кісілігі ашылады. Бұл жерде кіммен сөйлесіп отырғаның маңызды емес. Бала басқа біреумен араласу арқылы, ол өзін ең алдымен өзіне көрсетеді. Бала өзінің «жеке тұлға» екенін «басқа тұлғамен» қарым-қатынасқа түскенде ғана біледі. Диалогтық принцип балаларды қатаң бұйырудан және үлкендердің зекуінен сақтайды, сонымен қатар бұл ұстаным тәрбиеші мен тәрбиеленуші арасындағы қатынас этикетін күшейтеді, қарым-қатынас жөні мен түрі жаңа мәдениеттіңөрнекті этикалық жетістіктеріне жеткізеді. Субъектілікті болдырудың жалпы тәсілі – тәрбиеге диалогтық сипаттың берілуі. Адам басқа адаммен сөйлескенде, айтысқанда адамның кісілігі ашылады. Бұл жерде кіммен сөйлесіп отырғаның маңызды емес.

8.Тәрбиеде өнеге-үлгіні сүйеніш ету принципінің талаптары қарапайым:

педагог баланың ұнамды мінез бітісін табады, оны пайдаланып, басқа, әлі қалыптаспаған не кері кеткен мінез бітістерін дамытады, қажетті деңгейге жетілдіріп, өзге әрекет-қылық сапаларымен үйлестіреді. Баланың ұнамды сапалары (жануарларға мейірім, тума қайырымдылық, ықыластылық, жомарттық және.т.б.) келеңсіз қасиеттермен (уәдесіздік, өтірік айту, еріншектік және т. б.) бірге жүреді. Бірақ түгелдей «бұзық» не тума «сүйкімді» бала болмайды. Адамдағы болымды қасиеттерді молынша көбейтіп, кері сапаларды мүмкіндігінше азайту –тұлғаны ізгілендіру жолындағы тәрбие қолынан келер маңызды міндет.

6 Әлеуметтік педагогиканың құрылымы мен қызметтеріне сипаттама беріңіз.

Социологияның құрылымы мен қызыметтерi

Социолгия қоғамды екi денгейде зерттейдi: Макро және микро денгейде. Осыған байланысты Социологияны үшке бөлуге болады.

1. Макросоциология- бұл бiртұтас социумның өмiр сүруi мен дамуының жалпы заңдылықтарын зерттейдi.

2. Орташа социология немесе орта деңгей теориясы. Әлеуметтiк жүйенiң жекелеген құрамдас бөлiмдерiнiң әрекет етуi мен өзара байланысынң заңдылықтарын зертейдi. Бұған қала социологиясы, экономикалық социология, бiлiм беру социологиясы, саясат социологиясы, т. б. жатады. Яғни бұлар социология ғылымының жеке салалары.

3. Микросоциология. Ол жекелеген адамдардң қимылы мен өзара қарым-қатынасын, мiнез-құлық, жүрiс-тұрыстарын бақылау арқылы  әлеуметтiк құбылыстар мен процестердi зерттейдi.

Социологиялық зерттеулер нәтижесiнде алынатын ғылыми қорытындылардың жалпылық дәрежесiне сәйкес бұл зерттеулер теориялық және эмперикалық болып екiге бөлiнедi.

Социологиялық зерттеудiң алдына қойылған мiндет пен мақсатқа Сәйкес социология фундаментальды (iргелi) және қолднбалы (прикладная) болып екiге бөлiнедi.

Социологияның әлеуметтiк- қоғамдық қызыметi алуан түрлi. Солардың негiзгi үшеуiн атап көрсетуге болады:

Теориялық-танымдық қызыметiн iске асыру арқылы социология қоғамның мәнi, оның құрылымы, заңдылықтры мен тенденциялары, даму жолдар жөнiндегi бiлiмдi тереңдете, нақтылай түседi.

Саяси практикалық қызыметi- бұл әлеуметтiк зерттеулердiң нәтижесiне сәйкес әлеуметтiк өмiрдi жетiлдiруге бағытталған саяси және практикалық ұсыныстар бередi. Әлеумттiк болжау және жоспарлау саяси практикалық қызыметтiң формасы болып табылады.

Идялық-тәжрибелiк қызыметi- Социологиялық зерттеулердiң тәрбие жұмысында қандай нәтижелер беретiнiнен көрiнедi. Әртүрлi топтардың мақсат, мүддесiн, дiнiн мәдениетiн т.б. құндылықтарын зерттегенде бейтараптық танытады, сыңаржақ, бұрмалаушылық жасамайды. Таптар, әлеуметтiк топтар өздерiнiң таптық, топтық мүддесi мен мақсатын белгiлеу және қорғау үшiн, өздерiнiң саясаты мен практикалық iс-әрекеттерiн ақтау, негiздеу үшiн Социологиялық зерттеулер нәтижелерiн кеңiнен пайдаланады.

7 Әлеуметтік педагогика – білім саласы туралы сипаттап жазыңыз.

1. Әлеуметтік педагогика – білім саласы.

Әлеуметтік педагогика пәні - әлеуметтік қажеттілікке, емдеуге, әлеуметтендіруге байланысты біріккен жеке адамды, топты оқыту мен тәрбиелеу теориясы мен тәжірибесі. «Әлеуметтік педагогика» терминін ХІХ ғасырдың ортасында неміс педагогы Карл Магер енгізді, бірақ бұл термин ХХ ғасырдың басында ғана жаппай қолданыла бастады. Педагогика оқу-тәрбие мекемелеріндегі тәрбие теориясы мен әдістемесі ретінде пайда болып, дамыды. ХVІІІ ғасырдың аяғында жеке тұлғаның дамуының бір кезеңі ретінде ерте жеткіншектік шақ бөлініп қарастырылып, жеткіншек ұл балалар мен қыздар педагогиканың зерттеу объектісіне айналды. ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап қоғамдық тәрбие жүйесі мен педагогиканың мазмұндық ауқымы кеңейе түсті.

- біріншіден жастар мен ересек жастағы адамдардың тәрбиесі;

- екіншіден әр түрлі жастағы (барлық жас қамтылған) адамдарды қайта тәрбиелеу және бейімдеу;

Бұл тапсырыс Европа мен Америкадағы социомәдениет үрдісіне байланысты болды. Осы кезеңде жаңадан пайда болған вакумды толтыру қажеттігі туындап, кейбір педагогтар әлеуметтік педагогика сұрақтарымен айналысыпты. Бұл жерде неліктен педагогика ғылымының жаңа бөлімі қажет болды? Деген сұрақ туындауы мүмкін. Енді бұл сұраққа жауап беріп көрейік: біріншіден үлкендер педагогикасы – андрогогика әлі күнге дейін үлкендерге білім беру мәселесімен айналысады. Кейінгі онжылдықтары андрогогикадан қарттарға білім беру мәселесінің түрлерімен айналысатын герогогика (қарттар педагогикасы) бөлініп шықты. Екіншіден қиын балалар мен үлкендердің мәселесімен айналысқан, ХІХ ғасырдың аяғында балаларды және жас жеткіншектерді қайта тәрбиелеу, сол сияқты түзету педагогикасы пайда болып, ХХ ғасыр бойына қалыптасты. Дегенмен дәстүрлі педагогика әлеуметтік тапсырысты қанағаттандыра алмады, себебі, педагогиканың әрбір санасының өз зерттеу объектісі бар. Неміс ғалымы Пауль Наторп әлеуметтік педагогика халықтың мәдени деңгейін көтеру мақсатында қоғамның тәрбие күшінің бірлігі мәселесін зерттейді деп есептейді. Ресейде әлеуметтік педагогика ХІХ ғасырдың аяғында пайда болып, ХХ ғасырдың 20 жылдары мектеп пен өмірді және әлеуметтік ортамен байланыстыру негізінде жүзеге асырылып отырады. Бұл идеяны Ресей педагогы С.Т.Шацкий теориялық тұрғыдан негіздеп, практикалық тұрғыдан жүзеге асырды. Дегенмен жалпылай тәжірибеде қарапайым түрде қарастырылады. Әлеуметтік педагогика педагогика ғылымдарының бір саласы ретінде адамдар, топтар, ұжымдар арасындағы әлеуметтік қарым қатынас заңдылықтары мен іс - әрекет барысындағы мінез-құлық ерекшеліктерін зерттеумен де айналысады. Кеңес дәуірінде «әлеуметтік педагогика» деген ұғым болған жоқ. Ал, педагогикалық энциклопедияда (1968) «әлеуметтік педагогика буржуазиялық педагогиканың бір бағыты ретінде әлеуметтік – педагогикалық мәселелердің шегін зерттеумен айналысады», - делінген. Дегенмен, жеке адамға білім беру мен оны тәрбиелеу қоғаммен, қоғам заңдылықтарымен тығыз байланысты. Әлеуметтік – педагогикалық ойлар мен тәжірибе өз дамуында әр түрлі кезеңдерден өтті. Ерте Шығыстағы (Месопотомия, Египет, Индия, Қытай) тәрбие мен білім беру саласының дамуы б.э.д. ІІІ мыңжылдығында Шумер, Вавилон, Ассирия сияқты мемлекеттердің қалалары пайда болып, онда патриархалды – отбасы тәрбиесі дәстүрлі дамыды. Вавилондық царь Хаммурапидің (б.э.д. 1792-1750) заңы бойынша тәрбие ата – ананың міндеті болып есептелініп, ұлын өмірге даярлап, кәсіпке үйретуге әкесі жауап беретін болды. Кейінірек тәрбие қоғамның әлеуметтік қызметі ретінде бөлек бөлініп шықты. Египетте тәрбие мемлекеттің қажеттілігіне сай дамыды, ал білім елдің саяси жүйесін көрсету құралы ретінде болды. Ертедегі Египетте дәстүрлі отбасы тәрбиесінің негізінде чиновниктерді даярлау тәжірибесі алынды. Тәжірибелі әкімшілік қызметкер өзіне «ұл» қылып бірнеше жас жеткіншектерді алып, басқару технологиясына, құжаттарды толтыруға үйретіп, адамгершілік және діни танымдармен таныстырды. Бұл кезеңнің тағы бір ерекшелігі, бай адамдардың балалары тақ мұрагерімен бірге хан сарайында тәрбиеленді. Балаларға көбіне дене тәрбиесі және әскери жаттығулар және сарай тәртібі мен мінез – құлық ережелері үйретілді. Б.э.д. ХVІ ғасырдың орта хандық дәуірінде Египетте жаңа мемлекеттер пайда болды. Онда оқушылар білім деңгейі мен жас кезеңіне қарай топтарға бөлінді. Осы кезеңнен бастап Египетте білім берудің негізгі мақсаты: әлеуметтік жоғары деңгейге жету болды. Ертедегі Египетте мектептегі білім беру жүйесі екі деңгейлі болды. Оның біріншісіне балалар оқу және жазу дағдысын меңгеретін қарапайым мектеп жатса, екіншісін жеткіншектердің мұғалімдерге «көмекші» болуы құрады. Ерте египеттік білім беру оқушылық және отбасылық тәрбие дәстүрін сақтап, мұғалімдерді «әке» деп, оқушыларды «ұлым» деп атады. Мектепте оқушыларды мәдениеттілікке, шешендікке, басқаларды тыңдай білуге үйретті. Ертедегі үнді тарихы негізгі екі кезеңге бөлініп, олар дравидтік-арийстік және буддийстік деп аталынды. Тәрбиелеу мен білім берудің бірінші кезеңі отбасылық сословиялық сипатта болды. Мектептік білім б.э.д. ІІ-ші мыңжылдықтары пайда болды. Тәрбие мен білім дамуының негізгі факторы брахманизмнің діни саясаты индуизм болды. Индуизм – бұл тек дін ғана емес,өмірге деген көзқарас, этникалық ереже мен әлеуметтік жүйе, мерекелер мен салт –дәстүрлердің бірлігі болды.

8 Тәрбиедегі ата-ананың роліне тоқталыңыз.

Бала тәрбиесі – ата-ана үшін күрделі де жауапты міндет. Жас шыбық иілгіш болса, жас адам да сондай жақсыға да, жаманға да бірдей бейім болатыны баршамызға мәлім. Ата-ананың үйдегі іс-әрекеті балаларының көз алдында өтеді. Сондықтан жақсы, жаман әдетіміздің бала тәрбиесіне ықпалы зор. Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы – туған ұясы, өз отының басындағы ата-ана тәрбиесі, өнегесі. Қазақта «Баланың бас ұстазы – ата-анасы» деген сөз бар. Жас кезінде дұрыс тәрбие алмаса, есейе келе тәртібі қиындап, оқу үлгерімі нашарлап кетеді. Мұндай жағдайларда «не істеу қажет» деген ой туады. Әрине, ата-аналар балаларының оқу-үлгеріміне күнделікті назар аударып, оны қадағалап отыруы қажет. Тәрбие ешқандай үзіліс, демалыс күндер дегенді білмейді. Бала тәрбиесіне ең әуелі оның өз ата-анасының еңбекқорлығы, ұстамдылығы, ақыл-ойы, сана-сезімі, адамгершілігі әсер етпек. Бала – ата-ананың ғана емес, ұлыс пен ұлттың ертеңгісі, келер тахқа аманат. Жас ұрпақты жан-жақты жетілген, ақыл-парасатты, ой-өрісі биік азамат етіп тәрбиелеу қоғамымыздың ең өзекті мәселесі. Сондықтан ата-ана, ұстаздар болып, жас ұрпаққа жан-жақты тәрбие беруді назарда ұстағанымыз жөн.

«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» - деген болатын әл-Фараби бабамыз. Бүгінгі таңда жас ұрпақтың саналы, тәрбиелі болып өсуі тәрбие жұмысының азаматтық, патриоттық, саяси,еңбек, денсаулық, адамгершілік, эстетикалық, экалогиялық, құқықтық, жанұялық түрлері арқылы іске асырылады.

9 Әлеуметтік педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы, құрамдас бөліктерін көрсетіңіз.

Әлеуметтік педагогика – кең ауқымды ғылым. Оның шұғылданатын оқу және тәрбие мәні мен олардың барша байланыстарын жеке бір ғылым шеңберінде қамту мүмкін емес. Әлеуметтік педагогика дамудың ұзақ жолын басынан кешіріп, көптеген білімдер жинақтап, бүгінгі күнде ғылыми білімдердің кең тармақты жүйесіне айналып отыр. Әлеуметтік педагогика ауқымында отбасы педагогикасы, мәжбүрлі тәрбие (первентив) педагогикасы, алдын алу (профилактикалық) педагогикасы дамуда. Өз дамуында әрқилы мүшелік бұзылыстар мен ауытқуларға ұшыраған адамдар арнайы педагогика аймағында зерттеледі. Құлағы естімейтіндер мен мылқау адамдардың оқу-тәрбие жұмысымен сурдопедагогика, соқыр және нашар көретін зағиптардың оқу-тәрбие жұмысымен тифлопедагогика, ақыл-есі кем адамдардың оқу-тәрбие жұмысымен олигофренопедагогика, тілінде мүкістігі бар және сақау адамдардың оқу-тәрбие жұмысымен логопедия шұғылданады. Әлеуметтік педагогиканың ірге тасы - философия, дәлірек айтсақ, тәрбие проблемаларымен арнайы шұғылданатын оның тәрбие философиясы тармағы. Тәрбие философиясы өз алдына білім саласы ретінде тәрбиелік практикада әртүрлі философиялық жүйе идеяларын пайдаланады. Философия – әлеуметтік педагогикаға танымның жалпы бағыт-бағдарын, педагогикалық құбылыстар мен процестерді зерттеудің әдіс-тәсілдерін көрсетеді. Сондықтан да, философияны оның біртұтас және жүйелік, құрылымдық талдау әдістерімен бірге педагогиканың әдіснамалық негізі деп атау қабылданған. Қоғамдық құбылыс ретінде тәрбие дамуы мен педагогикалық білімдердің өткен жолын педагогика тарихы зерттейді. Өткенді түсіне отырып, болашаққа көз тігеміз. Бастан кешіргенді зерттеу және оны бүгінгімен салыстыру осы заманғы құбылыстардың негізгі даму кезеңдерін нақтылаумен бірге бұрынғы қателерді қайталаудан сақтандырады. Әлеуметтік педагогика жүйесі келесі салаларды қамтиды:

а) мектепке дейінгі педагогика

б) мектеп педагогикасы

в) жас кезеңдер педагогикасы

г) кәсіптік білім беру педагогикасы

д) жабық мекемелерде тәрбиелеу

ж)балалар мен жастар ұйымдары

з)клуб жұмыстарының педагогикасы

и) орта педагогикасы

к)әскери педагогикасы

л)өнеркәсіп педагогикасы

м)уақытша бірлестік педагогикасы

н)әлеуметтік жұмыс педагогикасы

п) жоғары мектеп педагогикасы

р) дипломнан соңғы білім педагогикасы

Мектепке дейінгі педагогика – мектеп жасына дейінгі балалардың оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдістемесі мен балалардың даму ерекшеліктерін зерттейтін ғылым

Мектеп педагогикасы – мектеп жасындағы оқушылардың тәрбиесі заңдылықтарын зерттеп, барша типтегі тәрбиелік мекемелердегі оқу-тәрбие процесінің жалпы негіздерін теориялық тұрғыдан қарастыратын іргелі ғылыми пән. Қалыптасқан дәстүр бойынша жалпы педагогика төрт бөлімнен тұрады:

1) оқу-тәрбие процесінің негіздері;

2) дидактика (оқу теориясы);

3) тәрбие теориясы;

4) мектептану.

Жас кезеңдер педагогикасы педагогиканың мектепке дейінгі және мектептік жүйелерін өз алдына бөліктеп қарастырады. Олар өсіп келе жатқан әулеттің белгілі жас тобына байланысты оқу-тәрбие іс-әрекеттері ерекшеліктерін бейнелейтін тәрбие заңдылықтарын зерттейді. Бүгінгі күнде жас кезеңдер педагогикасы орта білім берудің барша жүйесін қамтиды. әрқилы жас топтарында немесе оқу-тәрбие мекемелеріндегі тәрбие айырмашылықтарын танытушы дербес педагогикалық салалар пайда болуда. Олардың ішінде қазіргі күнде өз алдына пән ретінде оқылатындары – мектепке дейінгі педагогика, кәсіби техникалық мектептер педагогикасы, өндірістік педагогика, ұзақтан оқыту педагогикасы және т.б. Ғылыми пәндер ішінде ересектердің педагогикалық проблемаларымен айналысып, қарқынды даму жолына түскен – жоғары мектеп педагогикасы. Оның міндеттері- барша деңгейдегі ресми, ресми емес тіркелген жоғарғы оқу орындарында жүріп жатқан оқу-тәрбие процесінің заңдылықтарын ашып беру, қазіргі ауыспалы кезеңде жоғары білім алудың арнайы проблемаларын зерттеу, жоғары технологиялық және компьютерлік оқу жүйелерінің принциптерімен таныстыру. Дипломнан соңғы білім педагогикасы еңбек педагогикасымен тығыз байланыста мамандық көтеру, сонымен бірге нарықтық экономикаға орай көкейкесті болып тұрған халық шаруашылығының әртүрлі салаларында қызмет етіп жатқан жұмысшылардың қайта мамандану, егделік жасқа келгенде жаңа білімдерді, жаңа кәсіпті игеру мәселелерімен шұғылданады. Арнайы жағдайларда өтетін тәрбие процестер ерекшелігін әскери педагогика зерттейді. Аталған құрамдас бөліктерінің әрқайсысының өзіндік ерекшелігі, әдіс – тәсілдері бар және жеке бағыт ретінде қаралуы мүмкін. Әлеуметтік педагогиканың ерекшелігі, тәрбиеші мен баланың біріккен шығармашылық қызметі достығын бір біріне деген сенімін орнату сияқты гуманистік бағытта болуы. Әлеуметтік тәрбиенің гумандығы жеке адамды бірнәрсені жасауға мәжбүр етуден емес, оған көмектесуден, өзімен өзі болудан, басқаларға ұқсамайтындығына көзін жеткізуден, өз өміріне деген жауапкершіліктен, жасаған істерін әшкерелеп бетіне баспай, қолдау көрсетуден көрінеді. Әлеуметтік педагогиканың ерекшелігі, тәрбиеші мен баланың біріккен шығармашылық қызметі достығын бір біріне деген сенімін орнату сияқты гуманистік бағытта болуы.

10 Әлеуметтік педагогика пәнінің міндеті, негізгі түсініктері жайынада өз бетіңізше түсіндіріңіз.

Әлеуметтік педагогика пәнін оқып үйренуде төмендегідей міндеттерді жүзеге асыру көзделеді:

- тұлғаны әлеуметтендіру процесінің педагогикалық аспектісіндегі ғылыми білімдерді қалыптастыру;

- әлеуметтендірудің негізгі институттарының әлеуметтік педагогикалық іс-әрекетінің сипаты және ерекшелігі жайлы теориялық және практикалық білімдерді студенттердің меңгеруін қамтамасыз ету;

- тұлғамен социумда әлеуметтік педагогикалық жұмыстың практикалық біліктері мен дағдыларын студенттерде қалыптастыру.

-мейірімділік, әділеттілік, басқа адамдарды түсінушілік жолдарына және барлық тірі дүниеге сүйіспеншілік түсінігін бала санасына тәрбиелеу.

1) Өмірдің мақсаты мен міндеттерін қоршаған адамдармен қарым – қатынас жасауға үйрету, қиындықтан өз бетінде шыға білу дағдыландыру.

2) Адамдарды оның физиологиялық және рухани ерекшелігін, қоғамдағы міндеттері мен құқықтарын қоршаған ортаны танып – білуге құштарлығын дамыту.

3) Өзіне деген сенімділік пен өз мүмкіндіктерін сезінуді дамыту.

4) Кішкене және үлкен топтармен, жолдастарымен, отбасы мүшелерімен, сыныптас және жұмыстас құрдастарымен, адамдармен келіспеушілікті өз бетінше жоюға. Қазіргі заманға сай тенденциялардың бірі гуманитарлық конверсия болып табылады. Ол – адам, оның мәдениеті, даму деңгейі және адамға тән қасиеттері қоғамдық және тарихи прогресстің мақсаты болуымен ерекшеленеді. Кейінгі кезде қоғамдық өмірдің барлығына дерлік гуманистік бағыт берудің қажеттілігі мен ондағы адамның жоғары құндылық ретіндегі ролі және адамдық фактор жөнінде көп айтылып жүр. Басқаша айтқанда адамның объективті-мақсатты маңыздылығының (индивид, тұлға, жеке тұлға) артқандығын көруге болады. Осы уақытқа дейін терең мән беріліп келген техникалық прогресс, экономика мен ғылымның дамуы өз бетінше құнды бола алмай отыр. Себебі, бүгінгі күні техникадағы, экономика мен ғылымдағы жетістіктер «кім үшін және адамға қандай пайдасы бар?» деген сұрақтар жиі қойылуда. Барлық қоғамдық прогресске қоғамдық құндылықтың тән екені даусыз. Бірақ, мәселе, оның қоғамдық маңызының қандай екендігі мен адамға қоғам мүшесі ретінде не беретіндігі жөнінде. Сондықтан тарихи үрдістегі субъект ретіндегі адамның роліне терең мән беріліп, қоғам адам құндылығын тарихи үрдістің субъектісі ретінде тани бастады. Қазіргі таңда қоғам гуманистік тенденцияларды қалыптастырумен ғана шектеліп қоймайды, сол тенденцияларды мақсатты жетілдіруді, яғни тұтас гуманистік концепцияларды құруды және қоғамда әлеуметтік механизмдар мен әлеуметтендіру технологияларын құру арқылы жүзеге асыруды қажет етеді. Ал,бұл концепциялар, әрбір адамды субъектке айналдырумен қатар, өзін-өзі анықтау мен өзін-өзі жетілдіруді қамтамасыз етеді. Аталып отырған міндеттердің орындалуында әлеуметтік педагогика пәнінің маңызы зор. Мықты орнығып келе жатқан гуманистік бағыт философия, педагогика, психология, әлеуметтану, әлеуметтік психология сияқты дәстүрлі гуманитарлық ғылымдардың мазмұны мен әдіс-тәсілдерін жаңа тұрғыдан қайта қарауды қарастырады. Барлық қоғамдық прогресске қоғамдық құндылықтың тән екені даусыз. Бірақ, мәселе, оның қоғамдық маңызының қандай екендігі мен адамға қоғам мүшесі ретінде не беретіндігі жөнінде. Себебі, аталған ғылымдардың өзіндік ерекшеліктері жеке тұлғаны әлеуметтендіру концепцияларын толық жүзеге асыруды шектейді. Мұндай қиыншылықтарды жаңа пәнаралық ғылым - әлеуметтік педагогика жүзеге асырады және қазіргі таңда әлеуметтік педагогиканың пайда болуы мен қажеттігі анық байқалуда. Оны логикалық байланысы бар төмендегідей звено ретінде көрсетуге болады:

- қоғам дамуындағы адамның объект және субъект ретіндегі жоғары құндылығын мойындау;

- қоғамның жеке тұлғаны әлеуметтендірудің көп аспектілі және бағалы екенін түсінуі;

- әлеуметтік-педагогикалық әрекеттің маңызын түсіну;

- әлеуметтік педагогиканы ғылыми-теориялық және практикалық тұрғыдан қабылдау.

Сондай-ақ, әр түрлі әлеуметтік тәжірибе көрсеткендей адам субъект ретінде қатысып отырған қоғамдық өмірдің қай саласы болмасын әлеуметтік-психологиялық сипаттағы әлеуметтік тапсырысты орындауға дайын. Осындай тапсырыстардың ішінен түрлі әлеуметтік-педагогикалық технологияларды, аймақтық білім беру бағдарламаларын даярлау және әлеуметтік қызмет көрсету жүйелері арқылы халыққа әлеуметтік көмек көрсету жұмыстары жиі кездеседі. Айта кету керек, әлеуметтік-педагогикалық мәселелер мен олардың шешімін табу жұмыстары қоғам дамуының кезеңдерінде пайда болып дамып отырды. Әлеуметтік педагогиканың ғылым ретінде және практикалық пән ретінде даму тарихы бар. Әлеуметтік педагогиканың ғылым ретінде негізгі түсініктері бар.

Олар:

Әлеуметтік тәрбие – бұл «адам – адам» қатынастары желісінде жүргізілетін тәрбие, яғни тікелей адамаралық байланыстар мен осы мақсатқа арнайы ұйымдастырылған қоғамдық мекемелер тарапынан жүргізілетін жұмыс мазмұны. Әлеуметтік тәрбие проблемаларын әлеуметтік педагогика зерттейді. Оның пәні - тұлғаны қалыптастыруға ықпал жасайтын қоршаған орта заңдылықтары. Дәлірек айтсақ, отбасы, ресми ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары, діни руханият мекемелерінің қоғам мүшелеріне жасайтын әсерлері сарапталады.

Әлеуметтік жұмыстар – адам мен адамның қайырымдылық қажеттілігінен туындаған әлеуметтік іс - әрекет құбылысы. Бұның бастауы ежелгі дүниеден келе жатқан қайырымдылық пен борышты сезінуден, қасіретті жандарға көмек көрсетуден қалыптасқан. Қазіргі таңда әлеуметтік жұмыс қоғамдық кәсіп түрінде танылып отыр.

Әлеуметтік жәрдем – бұл қоғамның жоғары мәдениеті мен өркениеттілігінің көрсеткіші. Мысалы: «Бөбек » қоры.

Әлеуметтік тәжірибе - әлеуметтік бағытты таңдаған маман өзінен жәрдем күткен адамдар мен топтар жөнінде қажетті білімді жеткілікті игеріп, туындаған проблемаларды шешуде жоғары біліктілік танытуды айтады.

Әлеуметтік тәжірибе мазмұнына:

- балаларға жәрдем;

- денсаулық және салауатты өмір;

- ақыл есінен артта қалғандармен жұмыс;

- кәсіптік дайындық;

- қарттар мен жетімдерге қамқорлық;

- сауат ашу мен білім көтеру;

- тәрбие түзету мәселелері жатады.

Адамдар мен олардың арасындағы қарым - қатынасты және білім беруді анықтайтын әлеуметтік шындықтың құрылымдық элементі.

Әлеуметтік заңдар - әр түрлі индивидтер мен әлеуметтік ұйымдардың әлеуметтік қызмет барысындағы қарым – қатынасты анықтайды.

Әлеуметтік қарым - қатынас – қоғам талаптары жағдайында индивидтердің бір бірімен қарым – қатынасы барысында нақты қалыптасқан байланыс жүйесі. Әлеуметтік қарым - қатынас ұзақтығымен, орнықтылығымен, жүйелігімен және өзін-өзі жаңартумен, ауқымды әлеуметтік байланыстармен ерекшеленетін әлеуметтік өзара әрекеттің бір нысаны.

Әлеуметтік әрекет - әлеуметтік қызметтің қарапайым бірлігі. Ол әдетте адамның қажеттігінен туындайтын саналы қимыл. Әлеуметтік әрекет басқа адаммен не көп адамдардың әрекетімен байланысты, басқа адамдардың мінез-құлығына бағытталған, оларға ықпал жасайтын және өз кезегінде ол өзгелердің мінез-құлқының ықпалын басынан кешіреді. Әлеуметтік әрекет ұғымын М.Вебер енгізген. Оның пайымдауынша адамдардың өз байланыстары мен өзара әрекеттерінен тыс іс-қимылдары әлеуметтік әрекетке жатпайды.

Әлеуметтік қызмет – субъектінің (қоғам, класс, топ, жеке тұлға) әлеуметтік қоғамдық ұйымдармен әр түрлі деңгейде және аумақта,алға қойған әлеуметтік мақсатқа жету үшін орындалатын әрекеті. Әлеуметтік педагогикалық қызмет –жастар мен балаларға отбасында, мектепте, қоғамдық орындарда өзін -өзі ұстап, дұрыс қарым-қатынас жасау барысында психологиялық жағдайын реттеуге көмек көрсетуге бағытталған педагогикалық әрекет пен әлеуметтік жұмыс.

Әлеуметтік байланыс – нақты уақыт пен орны бар индивид пен топтың арасындағы қарым – қатынас байланысы. Әлеуметтік байланыс адамдардың немесе олардың топтарының тәуелділігін және сәйкестігін көрсететін әлеуметтік әрекет. Әлеуметтік педагогикалық қызмет – жастар мен балаларға отбасында, мектепте, қоғамдық орындарда өзін -өзі ұстап, дұрыс қарым-қатынас жасау барысында психологиялық жағдайын реттеуге көмек көрсетуге бағытталған педагогикалық әрекет пен әлеуметтік жұмыс. Мұнда екі не одан көп объектінің құрамдас бөліктерінің қызмет етуін немесе дамуының үйлесімділігінің көрінісін бейнелейді.

Әлеуметтік жүйе – ол бір-бірімен байланыста және қатынаста болатын, жеке бөліктерден тұратын бірыңғай, әлдебір әлеуметтік объектіні құратын әлеуметтік құбылыстар мен үрдістердің тұтастық жиынтығы, құрылымы, кешені. Оның бөліктеріне адамдар, олардың топтары және әлеуметтік қауымдастықтары, өзара байланыстары және өзара әрекеттері, әлеуметтік құндылықтары мен мөлшерлері, әлеуметтік институттары мен ұйымдары жатады.

Әлеуметтік институт – ол белгілі бір әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында құрылған, қоғамдық қатынастардың белгілі саласын реттейтін мөлшерлер мен мекемелердің жиынтығы болып табылады. Әлеуметтік институт әлеуметтік құндылықтар мен мінез-құлықтың үлгілерімен айқындалатын, белгілі әлеуметтік мәнді міндетті қызметтер атқаратын, мүшелерінің өз рольдерін орындау негізінде бірлесіп мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін адамдардың ұйымдастырылған бірлестігі.

11 Семьямен  әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың әдістемесі және технологиясын анықтаңыз

Отбасында тиімді тәрбиелеудің белгілі ережелері қалыптасқан:

-  баланы бар қалпында сүю, құрметтеу қажет;

- балаға әсер ететіні күрғақ сөз емес, оның қалай айтылғаны, шын көңілден шыққандығы мәнді;

-  баламен қатынас оның жас ерекшелігіне сәйкес болуы шарт, сонда ғана үлкендер мен кішілер арасьшдағы дау-дамай туындамайды да ең қонымды тәрбие әдісін таңдап, қолдануға болады;

- баланың не айтқысы келетінін түсініп алған жөн, асығыс қорытынды жасаудан сақтанған дұрыс;

- жазаны істеген келеңсіз әрекеті үшін қоддануға үйренген жөн, баланы намысына тиіп, қорламаңыз (ешуақытта бала жаман емес, оныңң қылығы жаман);

- бала жөнінде басқалар (мұғалімдер, көршілер) тарапынан айтылған сын пікірлерден қорытынды жасаудан бұрын оның өзімен әңгімелесіп, әрекетінің себебін анықгап, кейін шешім қабылдаған жөн. Жұрт алдында өз беделіқті жоғалтамын деп шошынудың қажеті шамалы, өз балаңның сенімінен айырылып қалмаған дұрыстау;

- балаға үйрететініңді алдымен өзің үйреніп, біліп ал;

- өз балаңызға қанша рет «жоқ» деп, бетін қайтаратыныңызға мән беріп көріңіз, содан қорытынды шығарыңыз. Бала ата-анасына түгелдей тәуелді;

- бала жасына қарамай, басыбайлы қадағалауды жек көреді. Ата-анасының өз өміріне шын ықыласпен араласқанын ғана үнатады. Бала табиғатынан ата-анасын сүйеді;

-  баламен өмір, тұрмыс жөнінде жиі сұхбаттасып тұрған жөн, себебі қателіктен ешбір адам қашып құтыла алмайды;

- баланы қиындықгар құрсауында жападан жалғыз қалдыруға болмайды.

Отбасы тәрбиесінде қолданылатын басты әдістер - бұл өнеге-үлгі, бірлікті еңбек, іс-әрекет, әңгіме-сұхбат, қолдап-қуаттау, баланы қорғау «Мендей бол!», «Мендей істе!» ұранымен тәрбиелей отырып, ата-аналар өз өнеғесімен қалай жасау, еңбектену қажеттігін үйретіп, сыйластық - сүйіспеншілік сезімін білдіреді. Отбасында ешкім «мен енді сені тәрбиелемеймін» - деп айтпағаны жөн, себебі төңіректегінің бәрі баланы қалыптастыруда өз үлесін қосып барады. Балаға болған қатынас, ата-аналар арасындағы байланыс, басқа адамдармен араласу, отбасы ішіндегі тұрмыс процесі, барша отбасылық істер. Сондықтан да тәрбие үшін арнайы шарт, жағдайлар жасаудың тіпті де қажеті жоқ тек қана дұрыс, инабатты, адамгершілік әдеп сақтап, өмір сүруді басты ұстаным етіп алу керек.    

12 Тұлғамен әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың әдістемесі және технологиясын анықтаңыз.

13 Макрофактор және оның әлеуметтендіруге ықпалын ашыңыз.

Әлеуметтік үрдістерге ықпал ететін, соның ішінде жеке адамдарға да әсері күшті екінші фактор - макрофактор (грекше – зор деген сөз) деп аталады. Оған өлке, қоғам, ел, этнос, мемлекет кіреді. Ел, мемлекет, этнос, қоғам бұлар белгілі бір елді мекенде өмір сүретін тұрғындарды әлеуметтендіру. Белгілі философ Мишель Монтень адамдардың жүріс – тұрысы, өмір салты, іс-әрекеті, мысалы, соғысқа құмар, салмақтылығы, жайбарақаттығы, еңбекқорлығы, ғылым мен мәдениетке қабілеттілігі климаттық шарттар мен табиғи жағдайларға да байланысты болатынын атап кеткен. Географиялық және климаттық жағдай халықтың санына, өсіп - өнуіне де ықпал етеді, мысалы Куба мен Исландияның жер көлемі бірдей, бірақ Кубада жер жағдайымен климаты шаруашылыққа жайлы, сондықтан халық саны Исландияға қарағанда көп.

14 Әлеуметтік педагогикалық іс-әрекеттің әдістемесі және технологиясын сипаттап жазыңыз.

Кейінгі кезде батыс педагогтары әлеуметтік жұмысты үлкен мәселе ретінде жиі көтеріп жүр. Әлеуметтік педагогика педагогиканың бір саласы ретінде әлеуметтік факторлардың тәрбие мен білімге және керісінше педагогикалық тәжірибенің қоғам дамуына әсерін қарастырады. Педагогика әлеуметтік жұмысты ұйымдастырудың негізі болғандықтан қоғам туралы, топтардағы адамдардың қарым-қатынасы туралы білім беру жолдары және жеке адамның өзін өзі қорғауды дамыту жұмыстары педагогикалық әдістерді пайдалану арқылы шешіледі. Шет елде ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында әлеуметтік жұмыс кәсіптік әрекет ретінде қалыптаса бастады. Шетелдік тәжірибелер мен таныса келе төмендегідей әдістерді бөліп қарауға болады.

1. Тарихи әдіс – қайырымдылық істердің пайда болуы мен дамуын салыстыра отырып, кәсіптік әлеуметтік жұмыстың қашан пайда болғанын анықтауға мүмкіндік беретін әдіс.

2. Салыстырмалы әдіс – салыстыратын объектілерді бөліп қарауға мүмкіндік беретін әдіс. Осы әдістің көмегімен басқа мемлекеттердің қоғамдық – саяси және әлеуметтік – экономикалық дамуын салыстыруға болады.

3. Жүйелі талдау әдісі-шет елдік әлеуметтік жұмыспен бір тұтас жүйе ретінде (объектін, субъектін, мазмұнын, құралдарын, басқаруын, функциялары мен мақсатын) танысуға мүмкіндік береді.

Шетелдік тәжірибелермен танысу барысында бұл бағытта ұйымдастырылатын төмендегідей жұмыс формалары анықталды:

- халықаралық конференция;

- коллоквиум мен семинарлар;

- семинар;

- іс сапар;

- шет елдердегі әлеуметтік оқу орындары мен әлеуметтік қызмет орындарында қызмет жасау және білім алу;

- бірге кітап, оқулық, оқу-әдістемелік құрал, брошюра шығару.

Әлеуметтік жұмыс бірнеше бағытта балаларға әлеуметтік көмек көрсететін мекемелермен үйлерінен қашып кетіп, үйсіз жүрген балалармен, әлеуметтік қызметкерлердің мектеппен жұмысы және ақыл – есі артта қалған балаларға психиатриялық ауруханаларда қызмет көрсету сияқты бағытта жұмыс жүргізіледі.

1. Балаларға әлеуметтік көмек көрсететін мекемелердің (жағдайы нашар отбасы балаларына тегін ) жұмыс мазмұнына:

- ата – аналарға кәсіби білім беретін және жұмысқа орналасу үшін көмек көрсететін арнаулы топтар;

- күндіз және кешке жұмыс жасайтын ата-аналардың балаларын қорғауға көмектесу;

- қалалық орталық денсаулық орталығында күйеуі жоқ аналарға қызмет көрсету;

- зорлық-зомбылық көретін балаларды қорғау қызметін құру;

- балалар үйін құру және тексеру

- бала асырап алған отбасылармен жұмыс;

- баланың жаңа отбасына үйренуін бақылау;

- балалардың білім алуына көмектесетін әлеуметтік қызмет жұмысын жандандыру;

- ата – аналарғаүй шаруашылығын жүргізуде көмек көрсету;

- жетім балаларды асырап алуға көмектесу;

- төтенше жағдайда отбасының жағдайына қарамастан көмек көрсету кіреді.

2. Ақыл – есі артта қалған балаларға психиатриялық ауруханаларда қызмет көрсету жұмысының мазмұнына:

- интернат – үйлеріндегі балаларға қызмет көрсету;

- арнаулы стационарлар мен диспансерлерде әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру жатады;

3. Үйлерінен қашып кетіп, үйсіз жүрген балалармен жүргізілетін жұмыс мазмұнына:

- балаларға арналған жатаханалар мен баспаналар бар

- жеке және топтық кеңестер өткізіледі;

- балаларын қайтадан үйге қайтару мақсатында ата-аналармен әңгімелесу;

- қайтадан балаларымен қосылған ата-аналармен жұмыс;

- үйінен қашқан жас балалар үшін ақысыз «сенім телефондарының» қызмет

көрсетуі жатады;

4. Әлеуметтік қызметкерлердің мектептегі жұмысының мазмұны:

- жеке топпен, отбасымен жұмыс

- мектеп қызметкерлерімен және мұғалімдермен бірлесе жұмыс жасау, профилактикалық жұмыстар мен кеңестер беру;

- әлеуметтік қамсыздандыру және қайырымдылық мекемелерімен жұмысұйымдастыру;

- ережелер мен заңдарды өзгерту қажет болса араласу, мектепте бұндай жұмыстарды ұйымдастыратын қызметкерлердің жеке адамның дамуы, психотерапея әдістемесі, әлеуметтендіру саясаты, саяси ағым, әлеуметтік жұмысты ғылыми – зерттеу және бағалау облысынан білімі болуы керек. 

Енді кейбір мемлекеттерге жеке тоқтала кетейік:

ХІХ ғасырда Германияда индустрияның дамуына байланысты, халықтың әлеуметтік жағдайы нашарлап, мемлекет тараптарынан әлеуметтік қамсыздандыруды пайдалана бастады. Осы кезде әлеуметтік жұмысты жүргізуге мамандар қажет болғандықтан, 1905 жылы алғашқы христиандық әйелдер мектебі ашылды. Кейінгі 4 жылда осындай 13 мектеп ашылып, буржуазиялық отбасының қыздары қайырымдылық мекемелерінің мамандары етіп даярланды. 1920 жылы пруссиялық халықты қамсыздандыру министрлігінің қайта құрылуына байланысты әлеуметтік қызметкерлерді даярлау жұмысы мемлекет тарапынан реттелініп, 2- ші Ұлы Отан соғысына дейін жұмыс жасады. ФРГ – да әлеуметтік жұмыс пен әлеуметтік педагогиканы бөлек қарайды. Әлеуметтік жұмысқа адамдарға көмектесу, күту, қамқор болу жатса, әлеуметтік педагогика мектептен тыс уақытта адамдарға білім беру мен оларды тәрбиелеу жұмысымен айналысады.

Швецарияда көптеген зерттеуші педагогтар тәрбие әдістері мен тәсілдерін ашқан.

1) Педагогикалық әсер ету – аталған әдісті пайдалана отырып, әлеуметтік жұмысшылар көмек көрсетіп отырған адамдар өмірлерінде кездескен қиыншылықтарды өз беттерінше шешуге мүмкіндік беріп жағдай туғызады.

2) Психологиялық және практикалық тұрғыдан кешенді әсер ету. Әлеуметтік педагог пен әлеуметтік қыйзметкер тәрбикеленушімен біріге отырып жұмыс жүргізеді.

3) Тәрбие әдістерін кешенді пайдалану арқылы тәрбиеленушінің әлеуметтік проблемалары өз бетінше шешуге жағдай туғызады.

Финляндияда 9 жастан бастап міндетті білім беру жұмысы іске асырылады. Бұл жұмыс жалпы білімнің негізі болып саналады. Міндетті білімнің мақсаты – жауапкершілігі бар, шығармашыл, толыққанды, бейбітшіл азамат өсіріп, тәрбиелеу. Финляндиядағы негізгі принцп – бала тәрбиесі үшін әрбір отбасы жауапты. Мектеп ұжымы ата-аналардың білімін көтеру мақсатында арнайы жұмыс жүргізбегенмен, кейбір жұмыс түрлері ұйымдастырылады:

- тоқсанына бір рет ата-аналармен әңгіме өткізу;

- лагерьдің жұмысына ата-аналарды қатастыру;

- жұмыс орындарына бару т.б.

Бастауыш сыныптарда және 7-9 сыныптарда әлеуметтік жұмыс жүргізетін студент – практиканттар болады. Олар 1 жылдық мұғалім дайындайтын курста және әлеуметтік қызметкерлерді дайындайтын курста оқып білім алады. Қазіргі таңда педагогикалық білім жоқ студенттерді оқытатын 5 жылдық университет жұмыс жасайды. Австрия дамып келе жатқан мемлекет болғандықтан, балалар мен көптеген отбасылар өздігінен шеше алмайтыцн қиындықтарға кездеседі:

- кедейлік;

- жұмыссыздық;

- аштық;

- денсаулығының нашар болуы;

- санитарлық жағдайдың нашар болуы;

- бір үйде көп адамның тұруы немесе мүлдем баспананың жоқтығы;

- өлім мен аурудың көп болуы;

- балалардың ерте жастан еңбек етуі;

Бұл мәселені шешу үшін әлеуметтік қызмет көрсететін мекемелелер мен ұйымдар бірлесе отырып жұмыс жасау керек, өкінішке орай Австрияда бұл жұмыс артта қалған. 1960 жылдың аяғында Норвегияда негізіне 7 және 9 жылдық жаңа мемлекеттер пайда болды. Мұғалімдік білімі бар қызметкерлер арнайы бір жылдық курстан өткеннен кейін ғана жаңа мектептерде жұмыс жасай алатын болды. Жаңа мектепте әр мұғалім 200 немесе 300 оқушымен жұмыс жасауға тиісті болды, бұл білім сапасын көтергенімен, нақты бір сала бойынша ғана білім берілді. Қазіргі таңда Норвегия мен скандинавиялық мемлекеттердің социологтары норвегиялық және скандинавияаралық жаңа «Болашақтың альтернативтік жобасы» бағдарламасын жасады. Жобаның негізгі идеясы – қажетті дамуға дейін жағдай жасау, болашақтың сценариін жазу, ал жобаның маңыздылығы: экологиялық қолдау, әлемдік әділеттілік және әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын деңгейге жету.

15 Әлеуметтік педагогикалық процесс және оны жетілдірудің жолдарына тоқталыңыз.

16 Әлеуметтік педагогиканың заңдары мен категорияларын түсіндіріңіз.

Социологияның заңдары мен категориялары.

Кез-келген ғылым сияқты социологияның да өзiнiң категориялары мен заңдары  бар. Категорилар әлеуметтiк болмыстың мәндi жақтарын, қасиет-белгiлерiн, құрылымдық элементтрiн бiлдiретiн негiзгi ғылыми ұғымдар. Яғни Социология ғылымында қолданылатын ұғымдар социологияның категориялары болып табылады. Ал осылардың арасындағы iшкi және қажеттi байланыстар мен қатынастарды бейнелендiретiн ұғымдар заңдар болып табылады.

Социологияның ең негiзгi, мазмұны жағынан көлемдi категориясы “әлеуметтiк” ұғымы. Бұл ұғым “әлеуметтiк жүйе”, “әлеумттiк құрылым”, “әлеуметтiк институт”, “әлеуметтiк ұйымдастыру”, “әлеуметтiк топ”, “әлеуметтiк әрекет”, “әлеуметтiк мiнез-құлық”, т.б. көлемдi ұғымдрды қмтиды. Бұлардың әрқайсысы өз  алдына бiрнеше маңызды категорияларға бөлiнедi. Мәселен, “әлеумттiк топ” категориясы “топ”, “халық”, “ұлт”, “жанұя”, ұғымдарымен тiкелей байланысты.

Әлеуметтiк заңдар адамдардың және олардың топтрының мiнез-құлқын реттейдi, жеке адамдар мен олардың қоғамдастықтарының арасындағы қарым-қатынастарды анықтайды. Әлеуметтiк заңдарға, мысалы, әлеуметтiк жiктелу, бiрiгу заңы, әлеуметтiк мобильдiлiк заңы, қоғамдық өмiрдiң интернационалдануы, жеке адамның әлеуметтенуi,т.б. заңдар жатады.

Әлеуметтiк зңдарды жалпы және ереше заңдар деп бөлуге болады.

Жалпы заңдар- қоғам дамуын, бiртұтас әлеуметтiк жүйе дамуында анықтайды.

Ерекше заңдар- әлеуметтiк жүйенiң жекелеген ýлемнтерiн, қоғам бөлшектерiн сипаттайды.

17 Мегафактор және оның адамды әлеуметтендіруге ықпалына анықтама беріңіз.

2. Мегафактор және оның адамды әлеуметтендіруге ықпалы

Балалар, жасөспірімдер, жастар өзара қарым – қатынаста, әлеуметтену кезінде олардың дамуына азды – көпті әсер ететін түрлі жағдайлардан өтеді. Адамға әсер ететін түрлі жағдайларды қозғаушы күш деп атайды. Біршама зерттелген ғылыми еңбектерде әлеуметтендірудің жағдайлары мен қозғаушы күштерін 4 топқа біріктіреді.

Бірінші – мегафакторлар (мега - өте – үлкен) – космос, неосфера, планета, әлем бұлар басқа қозғаушы күштер арқылы барлық жер бетінің тұрғындарын әлеуметтендіруге әсер етеді. Олар бүкіл жер бетінде өмір сүріп жатқан халықтың барлығында басқа факторлармен қатар немесе солармен астарласа ықпал етері анық. Өлке – географиялық ұғым. Ол – табиғи шекарасы белгіленген, табиғи жағдайлары адамның өмір сүруіне мүмкіндік беретін, егемендікке ие болған, өзінше жеке не басқалардың колониясы ретіндегі жер ауқымы, мемлекет. Әр өлкенің табиғи – климаттық жағдайы сол өңірде өмір сүрген адамдар қауымы мен жекеленген тұлғаларға әсер етпей қоймайды. Өйткені ол жердің адамдары сол өңірдің табиғи климатына қарай бейімделіп, еңбектенеді, өмір сүреді. Әлем немесе космостың және оның жер шарына тигізетін әсері ежелгі дәуір ойшылдарының ойын қозғап, пікір айтып кеткендері тарихта белгілі. Өткен ХХ ғасырдың орта шенінде орыстың психиатр ғалымы В.М.Бехтерев, геофизик П.П.Лазерев, биолог А.Л.Лижевский және сол сияқты адамдардың әлеуметтік ортадағы қарым – қатынасы күннің әлемге бөліп шығарған  энергиясының белсенділігіне байланысты екенін белгілеген.

18 Әлеуметтік педагогиканың тұжырымдамалық идеялары мен принциптеріне тоқталыңыз.

Принцип – бұл тәрбиелеу мақсатынан және тәрбие табиғатынан шыққан қағида. Принцип қайталанбайтын жеке жағдайларда, бірегей оқиғаларда, ерекше балалар тобында және олардың өзіндік қасиеттерінде жүзеге асырылуы мүмкін емес. Олардың жалпы сипаты барлық жерде принциптерді басшылыққа алуға және де жұмыстың ретін кәсіби түрде құруға мүмкіндік береді. Басқасы да түсінікті: принцип саны көп емес. Принциптер заңдылыққа сүйенбей-ақ, өздеріне әрекет субъектісін құрайды. Мысалы, мұғалім балалармен жұмыс істеу барысында ең бастысы – оларды қорқынышты ұстау, өйткені қорқыныш тәртіп сақтайды, ал тәртіп бар жерде білім де бар деген шешімге келеді. Бірақ соңынан мұғалім өзінің мұндай қорытындысына өзі таң қалған, себебі, қорқытып ұстау арқылы оқушылардың мектепке, мұғалімге деген жек көрініш сезімдерін оятқан. Сондықтан тәрбие қоғамдық талаптарға сәйкес болуы міндетті. Егер қоғам құқықтық демократиялық мемлекет құрып жатса, ендеше ондағы адам тәрбиесі адамгершілік, азаматтық заңдар мен қылық-әрекет нормалары рухында жүріп жатуы қажетті. Жалпы адамзаттық құндылықтар қалыптастырудың маңыздылығын ескерумен бірге әлеуметтік ортаның кездейсоқ та, мақсатты бағытта да әсер, ықпал жасайтынын естен шығармаған жөн.

Адам қандай ортада болсын, ол оның қалыптасуына, өсіп-өнуі мен дамуына, тұлға ретінде өмір сүруіне ықпал етеді. Егер де бала жақсы ұйымдастырылған, бірін – бірі сыйлайтын, жағымды қарым – қатынас орнаған ортада өсетін болса, онда оның бойында жақсы қасиеттер қалыптасады. Егер керісінше, болса, ондағы жағымсыз қарым-қатынас баланың тәртібіне, көзқарасына теріс ықпал етеді. Әрбір қоғам, мемлекет, отбасы, мүшелері не азаматтары үшін өзінің даму тарихында көптеген жүріс – тұрыс ережелерін, ұстанымдары мен қағидаларын, ұсыныстары мен қағидаларын, оларды жүзеге асыру жолдарын мысалы, нандыру, иландыру, сендіру, сыйлау, марапаттау секілді әдіс-тәсілдерін қолданды.

Қазіргі заман тәрбиесі гуманистік негізде болып, тұлғаның әлеуметтік-мәдени (өмір және әрекет-қылық кейпін таңдау және іске асыру), даралықты (тұлғаның өзіндік қалыптасуы), жауапкерлікті қатынас (құндылықтар таңдау) бағыттарында дамуына орайласады. Мұндай тәрбие технологиялық икемшілдігіменен (адамның қабылдау және психологиялық даму заңдылықтарына сай орындалады), көңіл-күйге сәйкестігімен (көңіл-күй тәжірибесін қалыптастырады), сұхбаттастығымен (екінші біреуге ұсыну үшін емес, өз меншікті тәжірибесін құрастыру үшін), жағдайға орай орындалуымен (негізгі құралы – тәрбиелік жағдай), болашаққа бағытталуымен (дамудағы тұлғаға арналады) ерекшеленеді. Өзіміз көріп отырғандай кез-келген тәрбие үрдісі принципке негізделе жүзеге асырылады. Соған орай, әлеуметтік тәрбие үрдісінің принципіне тоқталайық.

Әлеуметтік тәрбие процесінің принциптері (тәрбие принциптері) бұл тәрбие процесінің мазмұнына, әдістеріне, ұйымдастыру жолдарына қойылатын негізгі талаптарды айғақтайтын жалпы бастау тұжырымдары. Олар тәрбие процесінің анайылығын аңдатып, педагогтарға нақты педагогикалық міндеттерді шешуде бағыт-бағдар береді. Жеке тұлғаның әлеуметтік дамуындағы тәрбие принциптеріне тоқталайық:

1.Тәрбиенің гуманистік бағыттылық принципі – педагогтің тәрбиеленушіге өз дамуына жауапты субъект ретіндегі қатынасы.

2. Тәрбиенінің табиғатқа сәйкестік принципі дегеніміз - табиғи және әлеуметтік үрдіс байланысының ғылымилығын негізге ала отырып, адам мен табиғат дамуының жалпы заңдылықтарымен үндесуін айтады.

Аталған принциптегі адам үшін ең маңыздысы:

- адамның өзін әлем азаматы ретінде сезіне білуі;

- планетадағы глобалды мәселелер мен планеталық үрдісті түсіне білуі;

- табиғатпен, социуммен оның бір бөлігі ретінде байланысының бар екенін сезінуі;

- адамзат қоғамының өмірі мен ноосфера арасындағы байланысты білуі;

- адамның өзін ноосфераны жасаушы және оны пайдаланушы, қорғаушы

субъект ретінде білуі.

3. Тәрбиені мәдениетке сәйкестік принципі – дегеніміз, тәрбиенің белгілі бір ұлттың әдет-ғұрпына, салт-дәстүріне, заңдары мен символдарына сәйкес жалпы адамзат құндылықтары негізінде ұйымдастырылуы. Бұл принципке сай балаларды, жастарды, үлкендерді этностың, қоғамның және әлем мәдениетінің әр түрлі жақтарымен таныстыру.

4.Әлеуметтік тәрбиенің түрлілігі принципі. Әлеуметтік тәрбиенің түрлілігі жеке тұлғаның қажеттіліктері мен қызығушылықтарының көп түрлі болуымен және қоғам талаптарымен анықталады.

Аталған принципті жүзеге асыру үшін:

- жеке тұлғаның қажеттіліктері мен қызығушылықтарын қанағаттандыратын әр түрлі тәрбие мекемелерін құру;

- тәрбиеленушінің жас және жеке ерекшеліктеріне сай әлеуметтік тәрбиенің формасын, мазмұнын, әдістерін іріктеу;

- әлеуметтік тәрбиенің аймақтық және муниципалдық жүйесін құру.

5. Тұлғалық бағыт принципінің тәрбиеші алдына қоятын талаптары:

1) тәрбиеленушілердің жеке темпераменттік ерекшеліктерін, мінез бітістерін, көзқарастарын, талғамдарын, әдеттерін үздіксіз зерттеп, жете білу; 2) тәрбие процесін диагностикалаумен бірге баланың ойлау қабілеті, сеп-түрткілер, ұстанымдары, өмірлік бағыты, өмір мен еңбекке деген көзқарасы, құндылықты бағамдары, тіршілік жоспарлары секілді тұлғалық сапалардың нақты қалыптасу деңгейін түбегейлі тану; 3) әр оқушыны тұлғаның ілгерілей дамуын қамтамасыз етуші күш-қуатына сәйкес әрі біртіндеп күрделеніп баратын тәрбиелік істерге ұдайы қатыстырып бару; 4) мақсатты іске асыруға кедергі болар себептерді өз уақытында анықтау әрі аластау, ал егер бұл мүмкін болмаса, жаңа жағдайлар мен шарттарға тәуелді тәрбие бағытына дер мезетінде өзгерістер енгізу; 5) барынша тұлғаның өз белсенділігін арқау ету; 6) тәрбиені тұлғаның өзіндік тәрбиесімен ұштастыру, оқушыға өзіндік тәрбие мақсаттарын, әдістері мен формаларын таңдауға жәрдем беру; 7) оқушыда дербестік, ынталылық, өзіндік іс-әрекет қабілеттерін дамыту, тек басшылықпен шектелмей, табысқа жеткізер іс-әрекеттерді ұтымды ұйымдастыру және бағыттай білу.

6. Әлеуметтік тәрбиенің ұжымшылдық принципі. Ұжымдағы әлеуметтік тәрбие негізінде адам қоршаған ортамен қарым-қатынас жасау, қоғамдық өмірде өзін-өзі ұстауы, өзін-өзі тануы т.б. сияқты тәжірибе жинақтайды. 

7. Әлеуметтік тәрбиенің диалогтық принципі. Балалар мен жастардың, жасөспірімдер мен қыздардың рухани-құндылық бағдары тәрбие үрдісіне қатысып отырған тәрбиешілермен төмендегідей құндылықтарды алмасу барысында: әлем мәдениеті мен нақты қоғам іске асырған құндылықтар; тәрбие ұйымының нақты мүшелерінің жеке құндылықтары; әлеуметтік тәрбие субъектісіне тән құндылықтар негізінде жүзеге асады. Субъектілікті болдырудың жалпы тәсілі – тәрбиеге диалогтық сипаттың берілуі. Адам басқа адаммен сөйлескенде, айтысқанда адамның кісілігі ашылады. Бұл жерде кіммен сөйлесіп отырғаның маңызды емес. Бала басқа біреумен араласу арқылы, ол өзін ең алдымен өзіне көрсетеді. Бала өзінің «жеке тұлға» екенін «басқа тұлғамен» қарым-қатынасқа түскенде ғана біледі. Диалогтық принцип балаларды қатаң бұйырудан және үлкендердің зекуінен сақтайды, сонымен қатар бұл ұстаным тәрбиеші мен тәрбиеленуші арасындағы қатынас этикетін күшейтеді, қарым-қатынас жөні мен түрі жаңа мәдениеттіңөрнекті этикалық жетістіктеріне жеткізеді. Субъектілікті болдырудың жалпы тәсілі – тәрбиеге диалогтық сипаттың берілуі. Адам басқа адаммен сөйлескенде, айтысқанда адамның кісілігі ашылады. Бұл жерде кіммен сөйлесіп отырғаның маңызды емес.

8.Тәрбиеде өнеге-үлгіні сүйеніш ету принципінің талаптары қарапайым:

педагог баланың ұнамды мінез бітісін табады, оны пайдаланып, басқа, әлі қалыптаспаған не кері кеткен мінез бітістерін дамытады, қажетті деңгейге жетілдіріп, өзге әрекет-қылық сапаларымен үйлестіреді. Баланың ұнамды сапалары (жануарларға мейірім, тума қайырымдылық, ықыластылық, жомарттық және.т.б.) келеңсіз қасиеттермен (уәдесіздік, өтірік айту, еріншектік және т. б.) бірге жүреді. Бірақ түгелдей «бұзық» не тума «сүйкімді» бала болмайды. Адамдағы болымды қасиеттерді молынша көбейтіп, кері сапаларды мүмкіндігінше азайту –тұлғаны ізгілендіру жолындағы тәрбие қолынан келер маңызды міндет.

19 Баланың және жас өспірімнің балалық кіші мәдениеті және әлеуметтік мәдени әлемі  дегенді түсіндіріңіз.

Өкінішке орай, барлығы дерлік нормалық талаптарға сай мүшелері бар қоғамды кездестіру мүмкін емес. Осыған орай, нормадан «ауытқу» түсініктері пайдаланылады. «Ауытқу» деп – топтың немесе жеке адамның қоғамдағы мінез – құлық нормаларына сай келмей, оны бұзуын айтады. «Ауытқу» топтарына – гениилер, бұзақылар, діндарлар, қоғамнан шеттелген адамдар т.б. жатады. Қоғам дамуының барлық кезеңінде адам өміріне жай қылықтармен, жай қылықтармен, яғни ауытқулармен күресу жүріп отырды. Оның құралдары мен әдістері қоғамдық санаға, үкімет басындағы адамдардың мүддесіне, әлеуметтік – экономикалық қатынастарға байланысты болды. Девианттық мінез-құлық жөніндегі алғашқы ғылыми көзқарас француз ғалымы Эмиль Дюргтеймнің (1858-1917) атымен байланысты. Ол франциялық әлеуметтік мектеп ашып, «әлеуметтік аномия» түсінігін енгізді.

Мысалы: секталар, вахаббистер, антифашистер. Берклии қаласындағы калифорния университетінің профессоры Нейл Джозеф Смелзер девияцияға анықтама беру өте қиын, себебі оған мінез – құлықтағы анық емес әр түрлі сапалар тән, оны емдеу, мінез – құлқын түзету қажет дей келе, девияцияның 3 құрамдас бөлігін қарастырған:

А) белгілі бір мінез- құлық тән адам;

Б) девианттық мінез-құлықты анықтайтын нормалар немесе белгілер;

В) аталған мінез-құлық әсер ететін топтар немесе ұйымдар;

Ғылымда девиантты мінез-құлықты кең мағынада және шағын тар мағынада қарастырады.

Тар мағынада алғанда, девиантты мінез-құлық қылмыстық жазалауға жатпайтын, яғни құқық бұзушылық болып есептелмейтін ауытқулар ретінде түсіндірілсе, кең мағынада алғанда девиантты мінез-құлық құқыққа қарсы формалар ретінде түсіндіріледі. Бұдан, адамның өзін-өзі өлтіруін – девиация деп атайтын болса, ал біреуді өлтіруін қылмыс деп атайды.

20 Әлеуметтік педагогикалық іс-әрекет – процесті көрсетіңіз

Кейінгі кезде батыс педагогтары әлеуметтік жұмысты үлкен мәселе ретінде жиі көтеріп жүр. Әлеуметтік педагогика педагогиканың бір саласы ретінде әлеуметтік факторлардың тәрбие мен білімге және керісінше педагогикалық тәжірибенің қоғам дамуына әсерін қарастырады. Педагогика әлеуметтік жұмысты ұйымдастырудың негізі болғандықтан қоғам туралы, топтардағы адамдардың қарым-қатынасы туралы білім беру жолдары және жеке адамның өзін өзі қорғауды дамыту жұмыстары педагогикалық әдістерді пайдалану арқылы шешіледі. Шет елде ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында әлеуметтік жұмыс кәсіптік әрекет ретінде қалыптаса бастады. Шетелдік тәжірибелер мен таныса келе төмендегідей әдістерді бөліп қарауға болады.

1. Тарихи әдіс – қайырымдылық істердің пайда болуы мен дамуын салыстыра отырып, кәсіптік әлеуметтік жұмыстың қашан пайда болғанын анықтауға мүмкіндік беретін әдіс.

2. Салыстырмалы әдіс – салыстыратын объектілерді бөліп қарауға мүмкіндік беретін әдіс. Осы әдістің көмегімен басқа мемлекеттердің қоғамдық – саяси және әлеуметтік – экономикалық дамуын салыстыруға болады.

3. Жүйелі талдау әдісі-шет елдік әлеуметтік жұмыспен бір тұтас жүйе ретінде (объектін, субъектін, мазмұнын, құралдарын, басқаруын, функциялары мен мақсатын) танысуға мүмкіндік береді.

Шетелдік тәжірибелермен танысу барысында бұл бағытта ұйымдастырылатын төмендегідей жұмыс формалары анықталды:

- халықаралық конференция;

- коллоквиум мен семинарлар;

- семинар;

- іс сапар;

- шет елдердегі әлеуметтік оқу орындары мен әлеуметтік қызмет орындарында қызмет жасау және білім алу;

- бірге кітап, оқулық, оқу-әдістемелік құрал, брошюра шығару.

Әлеуметтік жұмыс бірнеше бағытта балаларға әлеуметтік көмек көрсететін мекемелермен үйлерінен қашып кетіп, үйсіз жүрген балалармен, әлеуметтік қызметкерлердің мектеппен жұмысы және ақыл – есі артта қалған балаларға психиатриялық ауруханаларда қызмет көрсету сияқты бағытта жұмыс жүргізіледі.

1. Балаларға әлеуметтік көмек көрсететін мекемелердің (жағдайы нашар отбасы балаларына тегін ) жұмыс мазмұнына:

- ата – аналарға кәсіби білім беретін және жұмысқа орналасу үшін көмек көрсететін арнаулы топтар;

- күндіз және кешке жұмыс жасайтын ата-аналардың балаларын қорғауға көмектесу;

- қалалық орталық денсаулық орталығында күйеуі жоқ аналарға қызмет көрсету;

- зорлық-зомбылық көретін балаларды қорғау қызметін құру;

- балалар үйін құру және тексеру

- бала асырап алған отбасылармен жұмыс;

- баланың жаңа отбасына үйренуін бақылау;

- балалардың білім алуына көмектесетін әлеуметтік қызмет жұмысын жандандыру;

- ата – аналарғаүй шаруашылығын жүргізуде көмек көрсету;

- жетім балаларды асырап алуға көмектесу;

- төтенше жағдайда отбасының жағдайына қарамастан көмек көрсету кіреді.

2. Ақыл – есі артта қалған балаларға психиатриялық ауруханаларда қызмет көрсету жұмысының мазмұнына:

- интернат – үйлеріндегі балаларға қызмет көрсету;

- арнаулы стационарлар мен диспансерлерде әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру жатады;

3. Үйлерінен қашып кетіп, үйсіз жүрген балалармен жүргізілетін жұмыс мазмұнына:

- балаларға арналған жатаханалар мен баспаналар бар

- жеке және топтық кеңестер өткізіледі;

- балаларын қайтадан үйге қайтару мақсатында ата-аналармен әңгімелесу;

- қайтадан балаларымен қосылған ата-аналармен жұмыс;

- үйінен қашқан жас балалар үшін ақысыз «сенім телефондарының» қызмет

көрсетуі жатады;

4. Әлеуметтік қызметкерлердің мектептегі жұмысының мазмұны:

- жеке топпен, отбасымен жұмыс

- мектеп қызметкерлерімен және мұғалімдермен бірлесе жұмыс жасау, профилактикалық жұмыстар мен кеңестер беру;

- әлеуметтік қамсыздандыру және қайырымдылық мекемелерімен жұмысұйымдастыру;

- ережелер мен заңдарды өзгерту қажет болса араласу, мектепте бұндай жұмыстарды ұйымдастыратын қызметкерлердің жеке адамның дамуы, психотерапея әдістемесі, әлеуметтендіру саясаты, саяси ағым, әлеуметтік жұмысты ғылыми – зерттеу және бағалау облысынан білімі болуы керек. 

Енді кейбір мемлекеттерге жеке тоқтала кетейік:

ХІХ ғасырда Германияда индустрияның дамуына байланысты, халықтың әлеуметтік жағдайы нашарлап, мемлекет тараптарынан әлеуметтік қамсыздандыруды пайдалана бастады. Осы кезде әлеуметтік жұмысты жүргізуге мамандар қажет болғандықтан, 1905 жылы алғашқы христиандық әйелдер мектебі ашылды. Кейінгі 4 жылда осындай 13 мектеп ашылып, буржуазиялық отбасының қыздары қайырымдылық мекемелерінің мамандары етіп даярланды. 1920 жылы пруссиялық халықты қамсыздандыру министрлігінің қайта құрылуына байланысты әлеуметтік қызметкерлерді даярлау жұмысы мемлекет тарапынан реттелініп, 2- ші Ұлы Отан соғысына дейін жұмыс жасады. ФРГ – да әлеуметтік жұмыс пен әлеуметтік педагогиканы бөлек қарайды. Әлеуметтік жұмысқа адамдарға көмектесу, күту, қамқор болу жатса, әлеуметтік педагогика мектептен тыс уақытта адамдарға білім беру мен оларды тәрбиелеу жұмысымен айналысады.

Швецарияда көптеген зерттеуші педагогтар тәрбие әдістері мен тәсілдерін ашқан.

1) Педагогикалық әсер ету – аталған әдісті пайдалана отырып, әлеуметтік жұмысшылар көмек көрсетіп отырған адамдар өмірлерінде кездескен қиыншылықтарды өз беттерінше шешуге мүмкіндік беріп жағдай туғызады.

2) Психологиялық және практикалық тұрғыдан кешенді әсер ету. Әлеуметтік педагог пен әлеуметтік қыйзметкер тәрбикеленушімен біріге отырып жұмыс жүргізеді.

3) Тәрбие әдістерін кешенді пайдалану арқылы тәрбиеленушінің әлеуметтік проблемалары өз бетінше шешуге жағдай туғызады.

Финляндияда 9 жастан бастап міндетті білім беру жұмысы іске асырылады. Бұл жұмыс жалпы білімнің негізі болып саналады. Міндетті білімнің мақсаты – жауапкершілігі бар, шығармашыл, толыққанды, бейбітшіл азамат өсіріп, тәрбиелеу. Финляндиядағы негізгі принцп – бала тәрбиесі үшін әрбір отбасы жауапты. Мектеп ұжымы ата-аналардың білімін көтеру мақсатында арнайы жұмыс жүргізбегенмен, кейбір жұмыс түрлері ұйымдастырылады:

- тоқсанына бір рет ата-аналармен әңгіме өткізу;

- лагерьдің жұмысына ата-аналарды қатастыру;

- жұмыс орындарына бару т.б.

Бастауыш сыныптарда және 7-9 сыныптарда әлеуметтік жұмыс жүргізетін студент – практиканттар болады. Олар 1 жылдық мұғалім дайындайтын курста және әлеуметтік қызметкерлерді дайындайтын курста оқып білім алады. Қазіргі таңда педагогикалық білім жоқ студенттерді оқытатын 5 жылдық университет жұмыс жасайды. Австрия дамып келе жатқан мемлекет болғандықтан, балалар мен көптеген отбасылар өздігінен шеше алмайтыцн қиындықтарға кездеседі:

- кедейлік;

- жұмыссыздық;

- аштық;

- денсаулығының нашар болуы;

- санитарлық жағдайдың нашар болуы;

- бір үйде көп адамның тұруы немесе мүлдем баспананың жоқтығы;

- өлім мен аурудың көп болуы;

- балалардың ерте жастан еңбек етуі;

Бұл мәселені шешу үшін әлеуметтік қызмет көрсететін мекемелелер мен ұйымдар бірлесе отырып жұмыс жасау керек, өкінішке орай Австрияда бұл жұмыс артта қалған. 1960 жылдың аяғында Норвегияда негізіне 7 және 9 жылдық жаңа мемлекеттер пайда болды. Мұғалімдік білімі бар қызметкерлер арнайы бір жылдық курстан өткеннен кейін ғана жаңа мектептерде жұмыс жасай алатын болды. Жаңа мектепте әр мұғалім 200 немесе 300 оқушымен жұмыс жасауға тиісті болды, бұл білім сапасын көтергенімен, нақты бір сала бойынша ғана білім берілді. Қазіргі таңда Норвегия мен скандинавиялық мемлекеттердің социологтары норвегиялық және скандинавияаралық жаңа «Болашақтың альтернативтік жобасы» бағдарламасын жасады. Жобаның негізгі идеясы – қажетті дамуға дейін жағдай жасау, болашақтың сценариін жазу, ал жобаның маңыздылығы: экологиялық қолдау, әлемдік әділеттілік және әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын деңгейге жету.

21Адамды әлеуметтендіруге ықпал жасаушы факторларға жалпы сипаттама жасаңыз

Әлеуметтік ұғым, психология, философия және педагогикалық еңбектерде кеңінен қолданылады. «Әлеуметтендіру» ұғымы адамды әлеуметтік қарым-қатынастар жүйесінде әр түрлі әлеуметтік бірліктердің (топтар, институт, ұйымдар) түрлеріне интеграциялау, одақтық қауымдастыру. Әлеуметтендіру – мәдени элементтерді түсіндіру, әлеуметтік мұраттар мен құндылықты игеру негізінде жеке тұлға қасиеттерін қалыптастыру. Сөз жоқ, әлеуметтендіру жүйесінің мазмұны қоғам талабымен айқындалады, яғни оның мүшелері қоғамның маңызды салаларын білу, өндірістік қызметке қатысу, берік үйелмен, заңды басшылыққа алатын азамат болуы керек. Адамдардың мінез-құлқы әлеуметтендірудің объектісі ретінде қалады. Бірақ, адам бұл процестің объектісі ғана емес, субъектісі болған жағдайда ғана әлеуметтенеді. Әлеуметтендіру қоғам талаптарын жеке тұлғаның қалыптасу кезеңінде бірте-бірте игеруі, сана мен тәртіптің маңызды әлеуметтік мінездері, оның қоғаммен қарым-қатынасын реттейді.

22 Тұлғамен әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың әдістемесі және технологиясын түсіндіріңіз.

23 Отбасы сипаттамасы, отбасының негізгі функцияларын сипаттап жазыңыз.

Отбасы – белгілі бір әлеуметтік нормалар, санкциялар, мінез-құлық (жүріс-тұрыс), құқық және міндеттер үлгілерімен, ерлі-зайыптылар, ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынастарды реттеушілікпен сипатталатын әлеуметтік институт болып табылады. Сонымен қатар отбасы – некеге немесе қаны бір туыстыққа негізделген, ал оның мүшелері тұрмыстың ортақтығымен, өзара жауапкершілікпен және өзара көмек көрсетумен байланысқан шағын топ. Отбасы, барлық уақытта да, өсіп келе жатқан ұрпақ тәрбиесі мәселелерін шешуде үлкен мүмкіндіктерге ие болған. Қазіргі заманғы жанұяның ерекшелігі – ата-ананың білім және жалпы мәдени деңгейінің жоғары болуы.

Балалардың отбасындағы тәрбиесі оның белгілі бір тұрақты әлеуметтік институт ретінде анықталады, ол отбасы мүшелері арасындағы өзара қатынастардың қалыптасуы менг дамуына септігін тигізетін адамдардың жақындығы, туыстық қатынастар, өзара үйелмендік, тұрмыстық өмір. Отбасы тәрбиесінің артықшылығы да осы қатынастарда, оны тәрбиенің ешқандай да түрі алмастыра алмайды. Отбасы әлеуметтануы екі бағытта дамып келеді. Оның бірінші бағыты бойынша отбасының тарихы зерттеледі, оның шығуының әлеуметтік заңдылықтары талданады. Екінші бағыт әлеуметтік институт ретіндегі қазіргі отбасының қалпын және әлеуметтік топ ретіндегі жағдайын зерттейді.

24 Оқу тәрбие мекемелері - өскелең ұрпақты әлеуметтендіру институттары атаңыз.

25 Балаларды дамыту мен тәрбиелеудегі әлеуметтік ауытқуларын талқылаңыз.

Өкінішке орай, барлығы дерлік нормалық талаптарға сай мүшелері бар қоғамды кездестіру мүмкін емес. Осыған орай, нормадан «ауытқу» түсініктері пайдаланылады. «Ауытқу» деп – топтың немесе жеке адамның қоғамдағы мінез – құлық нормаларына сай келмей, оны бұзуын айтады. «Ауытқу» топтарына – гениилер, бұзақылар, діндарлар, қоғамнан шеттелген адамдар т.б. жатады. Қоғам дамуының барлық кезеңінде адам өміріне жай қылықтармен, жай қылықтармен, яғни ауытқулармен күресу жүріп отырды. Оның құралдары мен әдістері қоғамдық санаға, үкімет басындағы адамдардың мүддесіне, әлеуметтік – экономикалық қатынастарға байланысты болды. Девианттық мінез-құлық жөніндегі алғашқы ғылыми көзқарас француз ғалымы Эмиль Дюргтеймнің (1858-1917) атымен байланысты. Ол франциялық әлеуметтік мектеп ашып, «әлеуметтік аномия» түсінігін енгізді.

«Әлеуметтік аномия» деп – ескі мінез – құлық нормалары мен құндылықтардың нақты қарым – қатынасқа сай болмауын, ал жаңаның әлі қабылданбауын айтады. Сонымен, девиантты мінез-құлық (латынның deviatic - ауытқу) – ауытқыған мінез-құлық – ол адамдардың немесе олардың топтарының әлеуметтік әрекеттерінің, қылықтарының көпшілік таныған мөлшерден ауытқуы. Бұл нәтижесінде қоғамдық ережелерді бұзуға әкеледі және қоғамның немесе әлеуметтік топтың тарапынан шара қолдануды қажет етеді. Кең мағынада девиантты мінез-құлық өзіне әлеуметтік мөлшерден кез-келген ауытқуды енгізеді. Олар жағымды да (ерлік, асқан еңбекқорлық, өзін-өзі құрбан ету, үздік жетістіктер т.с.с.), жағымсыз да (қылмыс, қоғамдық тәртіпті, құлықтық мөлшерлерді, әдет-ғұрыпты, дәстүрді бұзу т.с.с.) болуы мүмкін. Тар мағынада, мөлшерден тек қана теріс ауытқуларын айтады. Осындай девианттық мінез-құлықтар әлеуметтік өмірдің шырқын бұзуға, аномияға әкеледі. Девиантты мінез – құлық жөніндегі теорияның жеке ғылым ретінде пайда болуы Р.Мертон мен А.Коэннің атымен байланысты. Р.Мертон қоғам мүшелерінің нормадан ауытқуына әсер ететін әлеуметтік құралымға талдау жасайды. Ағылшын ғалымы Д.Уоми әлеуметтік ауытқу – объективтік құбылыс емес, субъективтік белгі деді. Оның ойынша ауытқу – белгілі бір ішкі әрекет сапасына қатысты қасиет емес, әлеуметтік тұрғыдан берілген бағаның нәтижесі. Ауытқу түсінігіне толық анықтаманы Г.А.Авенесов берді. Ол «адамның мінез –құлқындағы ауытқу» дегеніміз – қоғам нормалары мен типтеріне сай келмейтін норманың бұзылуын айтады. Ауытқу нақты бір адамға қатысты, жеке адамның мінез-құлқында кезлесуі мүмкін. Мысалы: шашын өрген ер адамдар, немесе шашын тықырлатып алғызып тастаған әйелдер. Сол сияқты әрбір қоғамда жалпы қабылданған мораль нормаларын орындамайтын субмәдениеттік топтар кездеседі. Оны «топтық ауытқу» деп атайды.

Мысалы: секталар, вахаббистер, антифашистер. Берклии қаласындағы калифорния университетінің профессоры Нейл Джозеф Смелзер девияцияға анықтама беру өте қиын, себебі оған мінез – құлықтағы анық емес әр түрлі сапалар тән, оны емдеу, мінез – құлқын түзету қажет дей келе, девияцияның 3 құрамдас бөлігін қарастырған:

А) белгілі бір мінез- құлық тән адам;

Б) девианттық мінез-құлықты анықтайтын нормалар немесе белгілер;

В) аталған мінез-құлық әсер ететін топтар немесе ұйымдар;

26 Баланың және жас өспірімнің балалық кіші мәдениеті және әлеуметтік мәдени әлемі  дегенді түсіндіріңіз.

Кароче здес про културу роскажи и все ))))

27 Ауытқудың түрлеріне тоқталыңыз.

2. Ауытқудың түрлері. Ауытқуды шартты түрде төрт түрге бөледі. Олар: физиологиялық, психикалық, педагогикалық және әлеуметтік. Физиологиялық ауытқу деп дәрігерлік көрсеткіштер негізінде анықталған адамның денсаулығындағы өзгерістерді айтуға болады. Медицина баланың денсаулығын сипаттайтын әр жас кезеңіне лайық (бойы, салмағы, кеуде көлемі) өз көрсеткіштері бар. Бұл идеал көрсеткіштер, бірақ, қазіргі кезде сол көрсеткіштерге сай келетін баланы табу оңайға түспейді. 90-шы жылдардағы статистиканы қарастырсақ, әрбір бесінші бала ауру болып туылады, соның ішінде, 5-8 % -ы тұқым қуалайтын паталогияға, 1-2% -ы іштен туа пайда болған анамалияға жатады. Денсаулықтағы ауытқуларға тұқым қуалаушылық факторына немесе сыртқы экологиялық жағдайлар, ауыз су сапаның нашар болуы, отбасы тұрмысы деңгейінің төмендеуіне байланысты болады.

Денсаулығы мен дамуында ауытқуы бар адамдар саны көп болғандықтан, 1980 жылы Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы шектеулі мүмкіндіктің үшзвенолық шкаласының британдық вариантын қабылдады. Оған:

1. сырқат - әрекетпен айналысуға қиындық туғызатын кез-келген психологиялық немесе физиологиялық функцияның болмауы;

2. шектеулі мүмкіндік – адам үшін норма болып есептелетін кез-келген әрекетті орындауға қажет қабілеттің шектеулі болуы немесе болмауы;

3. қабілетсіздік (инвалид) – жас, жыныс және әлеуметтік факторларға сай өзінің нормативтік ролін орындауға кедергі келтіретін немесе шектейтін адам бойындағы кемшіліктер.

Қазіргі таңда баланың физиологиялық ауытқулары оның оқу мүмкіндіктеріне қарай анықталады. Батыс елдерінде «денсаулығы шектеулі адамдар» деген ұғым бар. Оған білім алу үшін арнаулы жағдай жасалмаған жағдайда білім беру стандартын меңгере алмайтын физикалық және психикалық кемшіліктері бар балалар жатады. Кемшіліктің: физикалық, психикалық, күрделі және ауыр деп бөлінген үш түрі анықталған.

Физикалық кемшілікке - ауыр аурулардың салдарынан адам ағзасының дамуы мен қызметінде пайда болған кемшіліктер жатады. Психикалық кемшілікке – тілінің, эмоциялық-еріктік аумақтарының, соның ішінде оқуға кедергі келтіретін мидың зақымдануы, психикалық дамудың артта қалуы сияқты адам психикасында уақытша немесе ұдайы болатын кемшіліктер

жатады. Күрделі немесе ауыр кемшіліктерге – мемелекеттік стандартқа сай білім алуы мүмкін емес физикалық және психикалық кемшілігі бар адамдар жатады. Баланың физиологиялық дамуындағы ауытқуларға: баланың қатты ауруы салдарынан болған соқырлық, кереңдік, сал болуы жатады. Психикалық ауытқулар баланың ақыл-ойының дамуы мен оның бойындағы психикалық кемшіліктерге байланысты болады. Бұл топқа психикалық дамуында артта қалған балалар жатады, оны олигофрения деп атайды. Ақыл-ойының артта қалуы нерв жүйесіндегі туа біткен кемшіліктерге немесе туғаннан кейін алған жарақаттарға байланысты, сондай-ақ қатты аурудың нәтижесінде болуы мүмкін. Балалардың ақыл-ойының артта қалуы аурудың жеңіл түрінен (қумалық), ауыр түріне дейін (жындылық) болуы мүмкін. Ауытқудың бұл түріне әр түрлі деңгейдегі тілдегі кемшіліктер де жатады. Сондай-ақ, психикалық ауытқуға баланың эмоционалдық-еріктік күйлері аутизм және суицид жатады. Аутизм дегеніміз баланың ешкіммен сөйлескісі келмейтін тұйықтық мінезі болса, суицид - өзін-өзі өлтіруге талпыну.

Психикалық ауытқудың ерекше түрін балалардың белгілі бір әрекетте жетістікке жетуін қамтамасыз ететін таланттығы құрайды. Баланың таланттығы әрекет нәтижесінің жаңалығы мен ерекшелігінен және басқа да көрсеткіштерінен, сонымен қатар бір әрекетке деген қабілеттілігінен көрінеді. Мәселен бір баланың шет тілін меңгеруге, екіншісінің музыкаға, үшіншісінің математикаға қабілеттілігін байқауға болады. Бірақ сол қабілеттілік сыртқы ортада жағымды жағдай жасалғанда ғана талантқа айналады. Осы мәселені зерттеген психолог Н.Лейтес өз еңбегінде көптеген мысалдар келтіреді.

Мысалы, кибернетиканың негізін қалаған Н.Винер 12 жасында университетке түсіп, 14 жасында бірінші ғылыми дәрежесін алса, А.С.Грибоедов 11 жасында Москва университетіне түсіп, 15 жасында философия факультетінің сөздік және заңгерлік екі бөлімін бітірген. Педагогикалық ауытқу – мұндай ұғым әзірше педагогика мен әлеуметтік педагогикада сирек қолданылғанымен, педагогикалық әрекетте педагогикалық мақсатты жүзеге асыруда негізге алатын түрлі нормалар бар. Бірінше кезекте білім деңгейін анықтайтын білім беру стандарттары, сонан кейін білім алуда және басқа да әрекеттерде жоғары деңгейлерге жетуді қамтамасыз ететін баланың жеке дамуы.

28Девиантты мінез-құлықтың себептеріне шолу жасаңыз.

Девиантты мінез-құлықтың себебі, негізгі көзі неде? Осы мәселемен айналысып отырған қазақстандық ғалымдар мінез-құлықтағы өзгерістердің аймақтық, жастық, кәсіптік, әлеуметтік-таптық сияқты заңдылықтарын ашып берді. Сондай-ақ, зерттеушілердің көпшілігі әлеуметтік бастаманың кез-келген саналы мінез-құлықта басым болатынына, оның жеке тұлға құрылымындағы биологиялық элементтермен терең өріліп жататыны жөніндегі пікірді қолдауда. Әлеуметтік қайшылықтар қылмыс, нашақорлық, маскүнемдік, жезөкшелік сияқты келеңсіз құбылыстарға әкеледі. Мінез-құлықтағы ауытқулардың тұрақсыздығы экономикалық, демографиялық, әлеуметтік, мәдениеттік жағдайларға да байланысты. Мінез – құлық тұрақсыздың негізі – кедейшілік және жұмыссыздық.

Жұмыссыздықтың себептері:

- экононмиканың дамуына байланысты жаңа технология пайда болып, артық жұмыс күшінің қысқаруы;

- экономиканың құлдырауына немесе депрессияға байланысты жұмыспен қамтамасыз етушілер барлық ресурстарды, соның ішінде еңбек ресурстарын қысқартуға мәжбүр болуы;

- үкімет пен кәсіподақтың жалақыны көбейту саясатына байланысты, өндіріс тоқырауға ұшырап, жұмыс күшінің қажет етілмеуі;

- кейбір өнеркәсіптердің экономика саласындағы маусымдық өзгерістар;

- Тұрғындардың демократиялық құрылымының өзгеруі; яғни жұмысқа қабілетті адамдардың санасының өсіп, жұмыс орындарының азаюы.

Жұмыссыздықтың аталған себептеріне қарай, оның төмендегідей формасы бар:

1) фрикциондық жұмыссыздық – (фрикцион–француз тілінен– келіспеушілік деген сөзден шыққан ) адамдардың бір жұмыстан екінші жұмысқа, бір орыннан екінші орынға ауысып отыруынан пайда болады;

2) Құрылымдық жұмыссыздық – технологияның жаңаруына байланысты тауар рыногында ескі тауардың орнын жаңа тауар басып, ескілері керексіз болып қалады. Осыған байланысты өндіріс орындары шығаратын өкімдерін қайта қарауға мәжбүр балады, соның нәтижесінде көптеген жұмысшылар жұмыссыз қалады.

3) Маусымдық жұмыссыздық – ауыл шаруашылығы мен құрылыс орындарында көптеген жұмыс маусымға байланысты ұйымдастырылды. Мысалы: көктемде егіс барысында жұмысшы көп қажет болса, қыста егін егілмейді, сондықтан жұмысшы қажет емес.

4) Циклдік жұмыссыздық – тауарға деген сұрныс пен соған байланысты атқарылатын қызметтің арасыцндағы қарама- қайшылықтарға байланысты.

5) Жасырын жұмыссыздық – бұл отандық экономикаға тән құбылыс.Экономикалық тоқырауға байланысты өндіріс орындары уақытша өндіріс шығарылмайды, сол себептен жұмысшыларджы еріксіз демалысқа жібереді, немесе жұмыс уақытын қысқартады. Бұл нақты жұмыссыздық

29 Әлеуметтік ауытқулар, олардың себептері және түзетудің жолдарына анықтама беріңіз.

Ауытқудың түрлері. Ауытқуды шартты түрде төрт түрге бөледі. Олар: физиологиялық, психикалық, педагогикалық және әлеуметтік. Физиологиялық ауытқу деп дәрігерлік көрсеткіштер негізінде анықталған адамның денсаулығындағы өзгерістерді айтуға болады. Медицина баланың денсаулығын сипаттайтын әр жас кезеңіне лайық (бойы, салмағы, кеуде көлемі) өз көрсеткіштері бар. Бұл идеал көрсеткіштер, бірақ, қазіргі кезде сол көрсеткіштерге сай келетін баланы табу оңайға түспейді. 90-шы жылдардағы статистиканы қарастырсақ, әрбір бесінші бала ауру болып туылады, соның ішінде, 5-8 % -ы тұқым қуалайтын паталогияға, 1-2% -ы іштен туа пайда болған анамалияға жатады. Денсаулықтағы ауытқуларға тұқым қуалаушылық факторына немесе сыртқы экологиялық жағдайлар, ауыз су сапаның нашар болуы, отбасы тұрмысы деңгейінің төмендеуіне байланысты болады.

Денсаулығы мен дамуында ауытқуы бар адамдар саны көп болғандықтан, 1980 жылы Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы шектеулі мүмкіндіктің үшзвенолық шкаласының британдық вариантын қабылдады. Оған:

1. сырқат - әрекетпен айналысуға қиындық туғызатын кез-келген психологиялық немесе физиологиялық функцияның болмауы;

2. шектеулі мүмкіндік – адам үшін норма болып есептелетін кез-келген әрекетті орындауға қажет қабілеттің шектеулі болуы немесе болмауы;

3. қабілетсіздік (инвалид) – жас, жыныс және әлеуметтік факторларға сай өзінің нормативтік ролін орындауға кедергі келтіретін немесе шектейтін адам бойындағы кемшіліктер.

Қазіргі таңда баланың физиологиялық ауытқулары оның оқу мүмкіндіктеріне қарай анықталады. Батыс елдерінде «денсаулығы шектеулі адамдар» деген ұғым бар. Оған білім алу үшін арнаулы жағдай жасалмаған жағдайда білім беру стандартын меңгере алмайтын физикалық және психикалық кемшіліктері бар балалар жатады. Кемшіліктің: физикалық, психикалық, күрделі және ауыр деп бөлінген үш түрі анықталған.

Физикалық кемшілікке - ауыр аурулардың салдарынан адам ағзасының дамуы мен қызметінде пайда болған кемшіліктер жатады. Психикалық кемшілікке – тілінің, эмоциялық-еріктік аумақтарының, соның ішінде оқуға кедергі келтіретін мидың зақымдануы, психикалық дамудың артта қалуы сияқты адам психикасында уақытша немесе ұдайы болатын кемшіліктер

жатады. Күрделі немесе ауыр кемшіліктерге – мемелекеттік стандартқа сай білім алуы мүмкін емес физикалық және психикалық кемшілігі бар адамдар жатады. Баланың физиологиялық дамуындағы ауытқуларға: баланың қатты ауруы салдарынан болған соқырлық, кереңдік, сал болуы жатады. Психикалық ауытқулар баланың ақыл-ойының дамуы мен оның бойындағы психикалық кемшіліктерге байланысты болады. Бұл топқа психикалық дамуында артта қалған балалар жатады, оны олигофрения деп атайды. Ақыл-ойының артта қалуы нерв жүйесіндегі туа біткен кемшіліктерге немесе туғаннан кейін алған жарақаттарға байланысты, сондай-ақ қатты аурудың нәтижесінде болуы мүмкін. Балалардың ақыл-ойының артта қалуы аурудың жеңіл түрінен (қумалық), ауыр түріне дейін (жындылық) болуы мүмкін. Ауытқудың бұл түріне әр түрлі деңгейдегі тілдегі кемшіліктер де жатады. Сондай-ақ, психикалық ауытқуға баланың эмоционалдық-еріктік күйлері аутизм және суицид жатады. Аутизм дегеніміз баланың ешкіммен сөйлескісі келмейтін тұйықтық мінезі болса, суицид - өзін-өзі өлтіруге талпыну.

Психикалық ауытқудың ерекше түрін балалардың белгілі бір әрекетте жетістікке жетуін қамтамасыз ететін таланттығы құрайды. Баланың таланттығы әрекет нәтижесінің жаңалығы мен ерекшелігінен және басқа да көрсеткіштерінен, сонымен қатар бір әрекетке деген қабілеттілігінен көрінеді. Мәселен бір баланың шет тілін меңгеруге, екіншісінің музыкаға, үшіншісінің математикаға қабілеттілігін байқауға болады. Бірақ сол қабілеттілік сыртқы ортада жағымды жағдай жасалғанда ғана талантқа айналады. Осы мәселені зерттеген психолог Н.Лейтес өз еңбегінде көптеген мысалдар келтіреді.

30 Жас ұрпаққа әлеуметтік тәрбие берудегі отбасының орнын сипаттап жазыңыз.

Бала тәрбиесі – ата-ана үшін күрделі де жауапты міндет. Жас шыбық иілгіш болса, жас адам да сондай жақсыға да, жаманға да бірдей бейім болатыны баршамызға мәлім. Ата-ананың үйдегі іс-әрекеті балаларының көз алдында өтеді. Сондықтан жақсы, жаман әдетіміздің бала тәрбиесіне ықпалы зор. Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы – туған ұясы, өз отының басындағы ата-ана тәрбиесі, өнегесі. Қазақта «Баланың бас ұстазы – ата-анасы» деген сөз бар. Жас кезінде дұрыс тәрбие алмаса, есейе келе тәртібі қиындап, оқу үлгерімі нашарлап кетеді. Мұндай жағдайларда «не істеу қажет» деген ой туады. Әрине, ата-аналар балаларының оқу-үлгеріміне күнделікті назар аударып, оны қадағалап отыруы қажет. Тәрбие ешқандай үзіліс, демалыс күндер дегенді білмейді. Бала тәрбиесіне ең әуелі оның өз ата-анасының еңбекқорлығы, ұстамдылығы, ақыл-ойы, сана-сезімі, адамгершілігі әсер етпек. Бала – ата-ананың ғана емес, ұлыс пен ұлттың ертеңгісі, келер тахқа аманат. Жас ұрпақты жан-жақты жетілген, ақыл-парасатты, ой-өрісі биік азамат етіп тәрбиелеу қоғамымыздың ең өзекті мәселесі. Сондықтан ата-ана, ұстаздар болып, жас ұрпаққа жан-жақты тәрбие беруді назарда ұстағанымыз жөн.

«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» - деген болатын әл-Фараби бабамыз. Бүгінгі таңда жас ұрпақтың саналы, тәрбиелі болып өсуі тәрбие жұмысының азаматтық, патриоттық, саяси,еңбек, денсаулық, адамгершілік, эстетикалық, экалогиялық, құқықтық, жанұялық түрлері арқылы іске асырылады.

31 Тұлғаны әлеуметтік қалыптастыру туралы анықтаңыз.

Адам» ұғымы барлық индивидтерге тән, ортақ қасиеттер мен ерекшеліктерді симпаттауда қолданылады. Индивид - биоәлеуметтік жан ретіндегі жеке адам. Тұлға – қоғамдық қатынастардың субъектісі. Индивид қоғаммен нақтылы әлеуметтік қауымдастықтар, институттар арқылы ықпалдасқанда, әлеуметтік маңызы бар мәселелерді, әлеуметтік байланыстарды жүзеге асырғанда ғана барып тұлға дәрежесіне көтеріле алады. Тұлғаны әлеуметтік тұрғыдан талдау оның құрылымын анықтаудан басталады. Оны қарастырудың түрлі жолдары бар. Олардың арасынан тұлғаның құрылымының үш элементі «ол», «мен», және олардың жоғары «супер эго» түрінде қарастыратын З.Фрейдтің тұжырымдамасын бөліп айтуға болады. «Ол» - бұл біздің түйсіктеріміз басым, айсбергтің көрінбейтін бөлігі сияқты сана түкпіріміз. «Мен» - бұл түйсіктермен байланысты, дүркін- дүркін оған кіріп, отыратын сана. «Эго» санасыздықты қоғамға ыңғайлы қалыпта ұсынуға тырысады, «меннен» жоғары, моральдық нормалармен принциптердің жиынтығын құратып, адамгершіліктің «қадағалаушысы», ішкі бақылаушысы іспетті. Әрбір адам өз өмірінде әлеуметтендіру объектісі болып табылады. Әлеуметтендіру үрдісінің мазмұны қоғамдағы адамдардың өз ролін жақсы меңгеруімен (ата - ана, әйелі, куйеуі, баласы), қоғамның әлеуметтік және экономикалық өміріне араласуымен, заңға бағынатын, заң талабын орындайтын азамат болуымен анықталады. Әлеуметтендіру тұрғысынан адамға қоғамға ғана талап қоймайды, сонымен бірге нақты топтар мен ұйымдар да белгілі бір талаптар қояды. Талап мазмұны адамның жасы мен қоғамға, ұйымда, топта алалтын орнына байланысты. Сондықтан да біздің санамызда барлық уақытта, бір жағынан, оған кіретін түйсіктермен, екінші жағынан, «меннен жоғары» талап қоятын моральдық тыйым салулар арасындағы тартыс жүріп жатады. Фрейд мұны шешудің механизмі ретінде «олдық сублимациясын» (ығыстырылуын) ұсынды. Фрейд «біздің психикалық тіршілік иесін «ол» «мен»және «меннен жоғары» деп қарастыруымыздың өзі осы психикалық тіршілік иесі жайындағы алға жылжуын көрсетеді, осы бөлу психикалық өмірдің динамикалық арақатынастарын бұдан да тереңірек түсінудің, жақсмылап сипаттаудың құралы болуы тиіс» деп жазған екен. Әрбір адам өз өмірінде әлеуметтендіру объектісі болып табылады. Әлеуметтендіру үрдісінің мазмұны қоғамдағы адамдардың өз ролін жақсы меңгеруімен (ата - ана, әйелі, куйеуі, баласы), қоғамның әлеуметтік және экономикалық өміріне араласуымен, заңға бағынатын, заң талабын орындайтын азамат болуымен анықталады. Әлеуметтендіру тұрғысынан адамға қоғамға ғана талап қоймайды, сонымен бірге нақты топтар мен ұйымдар да белгілі бір талаптар қояды. «Меннің» айрықша түсінісу ықпалының әсерінде екені анық, былайша айтқанда, «ол» үшін түйсіктің маңызы қанша үлкен болса, «мен» үшін түсінудің маңызы да соншалық.

1 кесте -Парсонстың әлеуметтік жүйесінің үлгісі

Функция Жүйе салалары Әлеуметтік

институттар

Норма-рольдерді

орындаушылар

1. Бейімделу Экономика Зауыттар,банктер,

дүкендер

Кәсіпкер - жұмысшы

2.Мақсат бағдары Саясат Партиялар,

қозғалыстар

Функционер

қатардағы мүше

3. Интеграция

бақылау

Әлеуметтік аппарат

институттары

Мемлекеттік Шенеунік азамат

4. Мінез-құлық

үлгісіне қолдау

көрсету

Әлеуметтену Отбасы, мектеп, дін Оқытушы-оқушы

32 Макрофактор және оның әлеуметтендіруге ықпалын атап көрсетіңіз.

Әлеуметтік үрдістерге ықпал ететін, соның ішінде жеке адамдарға да әсері күшті екінші фактор - макрофактор (грекше – зор деген сөз) деп аталады. Оған өлке, қоғам, ел, этнос, мемлекет кіреді. Ел, мемлекет, этнос, қоғам бұлар белгілі бір елді мекенде өмір сүретін тұрғындарды әлеуметтендіру. Белгілі философ Мишель Монтень адамдардың жүріс – тұрысы, өмір салты, іс-әрекеті, мысалы, соғысқа құмар, салмақтылығы, жайбарақаттығы, еңбекқорлығы, ғылым мен мәдениетке қабілеттілігі климаттық шарттар мен табиғи жағдайларға да байланысты болатынын атап кеткен. Географиялық және климаттық жағдай халықтың санына, өсіп - өнуіне де ықпал етеді, мысалы Куба мен Исландияның жер көлемі бірдей, бірақ Кубада жер жағдайымен климаты шаруашылыққа жайлы, сондықтан халық саны Исландияға қарағанда көп.

33 Мезафактор және олардың адамға ықпалына сипаттама беріңіз.

Адамға әсер ететін факторлардың үшінші тобына мезафакторлар (мезо - орташа) жатады. Мезафакторларға тұрғылықты жерде халықтың болмыс түрі, әртүрлі субмәдениетке қатысы бойынша сараланатын адамдардың үлкен тобын әлеуметтендіру жағдайы. Сондай-ақ халық өмір сүретін аймақ, ауыл, қала, шағын қала, аудан және бұхаралық ақпарат құралдары - радио, теледидар т.б. және соған байланысты субмәдениет немесе мәдениетке жақын жерде орналасқан даму тендециялары бар елді мекен кіреді. Аймақ - өлкенің құрамдас бөлігі. Онда жергілікті халық өмір сүріп, еңбектенеді, өсіп-өнеді. Әрбір аймақтың өзіне ғана тән, сонда өмір сүрген адамдарға ықпал ететін ерекшеліктері бар: табиғи – географиялық шарттары, мысалы, климаты жер жағдайы, көгал жазирасы, жер асты байлықтары және де басқа да ерекшеліктері; ірі қалалардан алыс не жақын орналасуы, басқа аймақтарға алыс – жақындығы, бұқаралық ақпарат құралдарымен қамсыздандыру т.б. әлеуметтік – экономикалық ерекшелігі - өнеркәсіп орталығы, халықтың тұрмыс деңгейі, мәдениеті, экономикалық байланыстар т.б. әлеуметтік-демографиялық ерекшелігі – халықтың ұлттық құрамы, отбасы ерекшеліктері, өсіп-өну сипаты болып табылады. Бұл келтірілген ерекшеліктер халықтың тұрмыс – тіршілігіне, денсаулығына, өмір сүру жағдайларына, өмірінің ұзақтығына, салт-санасына ықпал етеді. Сонымен қатар, адамдардың психикалық қалыптасуына да ықпалы мол. Мысалы, ақпаратты дер кезінде алмайды, радио, теледидар жұмыс істемейді, газет – журналдар ол жақтарға жетпейді, кинотеатр жоқ, мәдениет үйлері жоқ, немесе жабылған, кітапхана жұмыс істемейді. Сондықтан алыс жерлерді мекендеген ауылдар, таулы ауданда орналасқан шағын мекендер, кен орындарындағы халықтың әлеуметтік мәселелері баршылық. Кейбір елді мекендерден адамдар басқа жаққа қоныс аударады, кейбірулері отырықтанып қалады.

Бұл айтылған ерекшеліктер жастар мен балалар арасында кездесетін келіспеушілікке, қылмысты істерге баруына, ересектермен тіл табыса алмауы секілді қарама-қайшылық алып келетіні де белгілі. Әр түрлі әлеуметтік, идеологиялық мәдени артта қалушылық секілді кемшіліктерді бақылауға алу, әлеуметтік тәрбиелеу жұмыстары да жергілікті басқару жүйесінің негізгі міндеттерінің қатарына кіреді. Қазіргі кезде «тастанды бала» деген ұғым пайда болды. Оның көптеген себептерінің бірі психологиялық, әлеуметтік, экономикалық көмекке зәру жас

аналар - жас қыздар екені белгілі.

34 Адамды әлеуметтендірудегі микрофакторлардың маңызын анықтаңыз.

Төртінші - микрофакторлар – белгілі бір нақты адамдарға әсер ететін қозғаушы күштер жатады - әйелмен отбасы, көрші, құрдастар тобы, тәрбие орындары, әртүрлі қоғамдық діни, мемлекеттік, жеке ұйымдар. Микрофакторлар яғни, «кішкене» деген сөздің мағынасына үңілсек, ол адамға ең жақын орта дегенді білдіреді. Бұған адамның отбасы, көрші қолаң, құрбылар, сыныптастар, курстастар, бірге жұмыс істейтіндер, қоғамдық мемлекеттік, жеке меншік мемлекеттер кіреді де олар микроәлеуметтер құрайды. Адам қандай ортада болсын, ол оның қалыптасуына, өсіп-өнуі мен дамуына, тұлға ретінде өмір сүруіне ықпал етеді. Егер де бала жақсы ұйымдастырылған, бірін – бірі сыйлайтын, жағымды қарым – қатынас орнаған ортада өсетін болса, онда оның бойында жақсы қасиеттер қалыптасады. Егер керісінше, болса, ондағы жағымсыз қарым-қатынас баланың тәртібіне, көзқарасына теріс ықпал етеді. Әрбір қоғам, мемлекет, отбасы, мүшелері не азаматтары үшін өзінің даму тарихында көптеген жүріс – тұрыс ережелерін, ұстанымдары мен қағидаларын, ұсыныстары мен қағидаларын, оларды жүзеге асыру жолдарын мысалы, нандыру, иландыру, сендіру, сыйлау, марапаттау секілді әдіс-

тәсілдерін қолданды. Адамның әлеуметтік ортада өмір сүруінің бірқатар тетіктері бар. Олар психологиялық және әлеуметтік – педагогикалық тетіктерден тұрады:

- жаттығып, бейімделу – аккомодация. Бұл-адамдардың жаңа жағдайларға, қоғамдық, отбасылық, діни ахуалдар өзгерген кезде соған сәйкестеніп, лайықты өмір сүруі;

- бірігіп, кірігіп кету-идентификация-басқа адамдардың топтардың, жеке тұлғалардың жүріс – тұрысына, қарым – қатынасына өзін ұқсатып, не дәл соны қайталау болып саналады;

- кері байланыс – рефлекция. Бұл – өзін-өзі тәрбиелеу, өздігімен білім алу, өмірде өзімен өзі кеңесіп, сөйлесіп, талдап шешім қабылдау.

- еліктеу – адамның белгілі бір мұратты, бейнені үлгі не мысал ретінде қабыл алып өмір сүруі, әлеуметтік-тұрмыстық тәжірибе іздестіруінің ең маңызды түрі;

- елестету – импритинг, бұл көріп-білгенін, естігенін көз алдына келтіріп елестетіп, соларға ұқсау не дәл соны қайталау болып саналады. Әлеуметтендіру үрдісінде тиімді пайдалана білсе бұның да маңызы зор.

35 Қиын балаларды тәрбиелеудің мәні, себептері, проблемаларын атаңыз.

1. Ауытулар мен нормалар түсінігі. Қандай қоғамда болмасын өзіне көбірек көңіл бөлінгенді қалайтын адамдар болады. Бұндай адамдарға – физиологиялық, әлеуметтік, психологиялық тұрғыдан қандай да бір ауытқуы бар адамдар жатады. Олар ерекше топты құрағандықтан, мемлекет пен қоғам тарапынан да оларға деген ерекше көзқарас қалыптасқан. Мәселен, Ерте Спартада оларға өте қатал шаралар қолданып, өлтіруге дейін барса, басқа қоғамдық дәуірлерде мейірімділікпен қараған.

Қазіргі АҚШ мен батыс Европа елдерінде бұндай адамдарды белгілі проблемасы бар немесе шектеулі мүмкіндігі бар толық құқылы қоғам мүшесі ретінде қарайды. «Проблемасы бар адам» түсінігі АҚШ-та кеңінен қолданылады, ал европалық елдерде «мүмкіндігі шектеулі адам» түсінігі жиі қолданылады.

Бүгінгі күні денсаулығына байланысты мүмкіндігі шектеулі адам мәселесі бүкіл әлемдегі сияқты Қазақстанда да көкейкесті мәселеге айналып отыр. Сондықтан мүмкіндігі шектеулі адамдардың, соның ішінде балалардың санының өсуін жоспарлы әлеуметтік шешімді қажет ететін, үнемі болып отырған фактор ретінде қарастыру керек.

Норма түсінігі медицинада, психологияда, педагогикада, әлеуметтану мен басқа да ғылымдарда кеңінен қолданылады. Бұл түсінік нақты анықтама беру мүмкін емес, себебі, ғалымдар медицина саласының өзінде ғана осы түсінікке орай 200- ге жуық анықтамасы бар.

«Норма» түсінігінің анықтамасы терминологиялық тұрғыдан ғана емес мазмұндық жағынан да өте күрделі. Мәселен, адамгершілік нормалар барлық қоғамдық ортада бірдей қалыптасып кетуі мүмкін емес, себебі, біріншіден, олардың ұлттық ерекшелігі болса, екіншіден, уақыт өтуіне байланысты ол өзгеріп отырады. Демократиялық қоғамда жеке адамның өміріндегі кейбір ауытқуларға шыдамдылықпен қараса, тоталитарлық режим адам бойындағы өзгерістерге қатал қарап, жазалауға дайын болады. Медицинада, психологияда, педагогикада норманың өзіндік сипаттамасы мен көрсеткіштері бар. Бұл нормаға сай келмесе оны «ауытқу» деп атайды. Әлеуметтік педагогика үшін «норма» мен «нормадан ауытқу» ұғымдары өте маңызды. Олар даму үрдісі мен баланың әлеуметтік өзін-өзі ұстауын сипаттау үшін пайдаланылады.

Ауытқу негативтік және позитивтік сипатта болады. Мысалы, бала дамуындағы ауытқуға ақыл-ойының дамуынан артта қалу немесе таланттылық жатады. Нашақорлық, араққа әуестік, бұзақылық сияқты адамдарда кездесетін жаман қасиеттер, оның тәртібіндегі ауытқулар адамның әлеуметтік қалыптасу үрдісіне, сондай-ақ, жалпы қоғамның дамуына кері әсер етеді. Ал, керісінше, адам бойындағы экономикалық, кәсіпкершілік, ғылыми және өнер саласындағы шығармашылық сияқты позитивтік ауытқулар әлеуметтік жүйенің дамуына, ескі нормаларды жаңа нормамен ауыстыруға көмектеседі. Әлеуметтік педагогикада «норма» мен «ауытқу» ұғымдары ауытқудың себептері мен оның баланы әлеуметтендіру үрдісіне әсерін анықтауға және соның негізінде практикалық әлеуметтік-педагогикалық әрекетті ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

36 Ауытқулар мен нормалар түсінігін анықтаңыз.

37 Адамды әлеуметтендірудегі микрофакторлардың маңызына өз бетіңізше түсіндіріңіз.

Төртінші - микрофакторлар – белгілі бір нақты адамдарға әсер ететін қозғаушы күштер жатады - әйелмен отбасы, көрші, құрдастар тобы, тәрбие орындары, әртүрлі қоғамдық діни, мемлекеттік, жеке ұйымдар. Микрофакторлар яғни, «кішкене» деген сөздің мағынасына үңілсек, ол адамға ең жақын орта дегенді білдіреді. Бұған адамның отбасы, көрші қолаң, құрбылар, сыныптастар, курстастар, бірге жұмыс істейтіндер, қоғамдық мемлекеттік, жеке меншік мемлекеттер кіреді де олар микроәлеуметтер құрайды. Адам қандай ортада болсын, ол оның қалыптасуына, өсіп-өнуі мен дамуына, тұлға ретінде өмір сүруіне ықпал етеді. Егер де бала жақсы ұйымдастырылған, бірін – бірі сыйлайтын, жағымды қарым – қатынас орнаған ортада өсетін болса, онда оның бойында жақсы қасиеттер қалыптасады. Егер керісінше, болса, ондағы жағымсыз қарым-қатынас баланың тәртібіне, көзқарасына теріс ықпал етеді. Әрбір қоғам, мемлекет, отбасы, мүшелері не азаматтары үшін өзінің даму тарихында көптеген жүріс – тұрыс ережелерін, ұстанымдары мен қағидаларын, ұсыныстары мен қағидаларын, оларды жүзеге асыру жолдарын мысалы, нандыру, иландыру, сендіру, сыйлау, марапаттау секілді әдіс-

тәсілдерін қолданды. Адамның әлеуметтік ортада өмір сүруінің бірқатар тетіктері бар. Олар психологиялық және әлеуметтік – педагогикалық тетіктерден тұрады:

- жаттығып, бейімделу – аккомодация. Бұл-адамдардың жаңа жағдайларға, қоғамдық, отбасылық, діни ахуалдар өзгерген кезде соған сәйкестеніп, лайықты өмір сүруі;

- бірігіп, кірігіп кету-идентификация-басқа адамдардың топтардың, жеке тұлғалардың жүріс – тұрысына, қарым – қатынасына өзін ұқсатып, не дәл соны қайталау болып саналады;

- кері байланыс – рефлекция. Бұл – өзін-өзі тәрбиелеу, өздігімен білім алу, өмірде өзімен өзі кеңесіп, сөйлесіп, талдап шешім қабылдау.

- еліктеу – адамның белгілі бір мұратты, бейнені үлгі не мысал ретінде қабыл алып өмір сүруі, әлеуметтік-тұрмыстық тәжірибе іздестіруінің ең маңызды түрі;

- елестету – импритинг, бұл көріп-білгенін, естігенін көз алдына келтіріп елестетіп, соларға ұқсау не дәл соны қайталау болып саналады. Әлеуметтендіру үрдісінде тиімді пайдалана білсе бұның да маңызы зор.

38 Әлеуметтік педагогикалық іс-әрекеттің әдістемесі және технологиясын анықтап көрсетіңіз.

. Әлеуметтік жұмысты ұйымдастырудағы шетелдік тәжірибелер

Кейінгі кезде батыс педагогтары әлеуметтік жұмысты үлкен мәселе ретінде жиі көтеріп жүр. Әлеуметтік педагогика педагогиканың бір саласы ретінде әлеуметтік факторлардың тәрбие мен білімге және керісінше педагогикалық тәжірибенің қоғам дамуына әсерін қарастырады. Педагогика әлеуметтік жұмысты ұйымдастырудың негізі болғандықтан қоғам туралы, топтардағы адамдардың қарым-қатынасы туралы білім беру жолдары және жеке адамның өзін өзі қорғауды дамыту жұмыстары педагогикалық әдістерді пайдалану арқылы шешіледі. Шет елде ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында әлеуметтік жұмыс кәсіптік әрекет ретінде қалыптаса бастады. Шетелдік тәжірибелер мен таныса келе төмендегідей әдістерді бөліп қарауға болады.

1. Тарихи әдіс – қайырымдылық істердің пайда болуы мен дамуын салыстыра отырып, кәсіптік әлеуметтік жұмыстың қашан пайда болғанын анықтауға мүмкіндік беретін әдіс.

2. Салыстырмалы әдіс – салыстыратын объектілерді бөліп қарауға мүмкіндік беретін әдіс. Осы әдістің көмегімен басқа мемлекеттердің қоғамдық – саяси және әлеуметтік – экономикалық дамуын салыстыруға болады.

3. Жүйелі талдау әдісі-шет елдік әлеуметтік жұмыспен бір тұтас жүйе ретінде (объектін, субъектін, мазмұнын, құралдарын, басқаруын, функциялары мен мақсатын) танысуға мүмкіндік береді.

Шетелдік тәжірибелермен танысу барысында бұл бағытта ұйымдастырылатын төмендегідей жұмыс формалары анықталды:

- халықаралық конференция;

- коллоквиум мен семинарлар;

- семинар;

- іс сапар;

- шет елдердегі әлеуметтік оқу орындары мен әлеуметтік қызмет орындарында қызмет жасау және білім алу;

- бірге кітап, оқулық, оқу-әдістемелік құрал, брошюра шығару.

39 Әлеуметтік педагогикалық іс-әрекет – процесс туралы анықтаңыз.

Әлеуметтік жұмыс бірнеше бағытта балаларға әлеуметтік көмек көрсететін мекемелермен үйлерінен қашып кетіп, үйсіз жүрген балалармен, әлеуметтік қызметкерлердің мектеппен жұмысы және ақыл – есі артта қалған балаларға психиатриялық ауруханаларда қызмет көрсету сияқты бағытта жұмыс жүргізіледі.

1. Балаларға әлеуметтік көмек көрсететін мекемелердің (жағдайы нашар отбасы балаларына тегін ) жұмыс мазмұнына:

- ата – аналарға кәсіби білім беретін және жұмысқа орналасу үшін көмек көрсететін арнаулы топтар;

- күндіз және кешке жұмыс жасайтын ата-аналардың балаларын қорғауға көмектесу;

- қалалық орталық денсаулық орталығында күйеуі жоқ аналарға қызмет көрсету;

- зорлық-зомбылық көретін балаларды қорғау қызметін құру;

- балалар үйін құру және тексеру

- бала асырап алған отбасылармен жұмыс;

- баланың жаңа отбасына үйренуін бақылау;

- балалардың білім алуына көмектесетін әлеуметтік қызмет жұмысын жандандыру;

- ата – аналарғаүй шаруашылығын жүргізуде көмек көрсету;

- жетім балаларды асырап алуға көмектесу;

- төтенше жағдайда отбасының жағдайына қарамастан көмек көрсету кіреді.

2. Ақыл – есі артта қалған балаларға психиатриялық ауруханаларда қызмет көрсету жұмысының мазмұнына:

- интернат – үйлеріндегі балаларға қызмет көрсету;

- арнаулы стационарлар мен диспансерлерде әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру жатады;

3. Үйлерінен қашып кетіп, үйсіз жүрген балалармен жүргізілетін жұмыс мазмұнына:

- балаларға арналған жатаханалар мен баспаналар бар

- жеке және топтық кеңестер өткізіледі;

- балаларын қайтадан үйге қайтару мақсатында ата-аналармен әңгімелесу;

- қайтадан балаларымен қосылған ата-аналармен жұмыс;

- үйінен қашқан жас балалар үшін ақысыз «сенім телефондарының» қызмет

көрсетуі жатады;

4. Әлеуметтік қызметкерлердің мектептегі жұмысының мазмұны:

- жеке топпен, отбасымен жұмыс

- мектеп қызметкерлерімен және мұғалімдермен бірлесе жұмыс жасау, профилактикалық жұмыстар мен кеңестер беру;

- әлеуметтік қамсыздандыру және қайырымдылық мекемелерімен жұмысұйымдастыру;

- ережелер мен заңдарды өзгерту қажет болса араласу, мектепте бұндай жұмыстарды ұйымдастыратын қызметкерлердің жеке адамның дамуы, психотерапея әдістемесі, әлеуметтендіру саясаты, саяси ағым, әлеуметтік жұмысты ғылыми – зерттеу және бағалау облысынан білімі болуы керек. 

40 Әлеуметтік жұмысты ұйымдастырудағы шетелдік тәжірибелеріне тоқталыңыз.

Енді кейбір мемлекеттерге жеке тоқтала кетейік:

ХІХ ғасырда Германияда индустрияның дамуына байланысты, халықтың әлеуметтік жағдайы нашарлап, мемлекет тараптарынан әлеуметтік қамсыздандыруды пайдалана бастады. Осы кезде әлеуметтік жұмысты жүргізуге мамандар қажет болғандықтан, 1905 жылы алғашқы христиандық әйелдер мектебі ашылды. Кейінгі 4 жылда осындай 13 мектеп ашылып, буржуазиялық отбасының қыздары қайырымдылық мекемелерінің мамандары етіп даярланды. 1920 жылы пруссиялық халықты қамсыздандыру министрлігінің қайта құрылуына байланысты әлеуметтік қызметкерлерді даярлау жұмысы мемлекет тарапынан реттелініп, 2- ші Ұлы Отан соғысына дейін жұмыс жасады. ФРГ – да әлеуметтік жұмыс пен әлеуметтік педагогиканы бөлек қарайды. Әлеуметтік жұмысқа адамдарға көмектесу, күту, қамқор болу жатса, әлеуметтік педагогика мектептен тыс уақытта адамдарға білім беру мен оларды тәрбиелеу жұмысымен айналысады.

Швецарияда көптеген зерттеуші педагогтар тәрбие әдістері мен тәсілдерін ашқан.

1) Педагогикалық әсер ету – аталған әдісті пайдалана отырып, әлеуметтік жұмысшылар көмек көрсетіп отырған адамдар өмірлерінде кездескен қиыншылықтарды өз беттерінше шешуге мүмкіндік беріп жағдай туғызады.

2) Психологиялық және практикалық тұрғыдан кешенді әсер ету. Әлеуметтік педагог пен әлеуметтік қыйзметкер тәрбикеленушімен біріге отырып жұмыс жүргізеді.

3) Тәрбие әдістерін кешенді пайдалану арқылы тәрбиеленушінің әлеуметтік проблемалары өз бетінше шешуге жағдай туғызады.

Финляндияда 9 жастан бастап міндетті білім беру жұмысы іске асырылады. Бұл жұмыс жалпы білімнің негізі болып саналады. Міндетті білімнің мақсаты – жауапкершілігі бар, шығармашыл, толыққанды, бейбітшіл азамат өсіріп, тәрбиелеу. Финляндиядағы негізгі принцп – бала тәрбиесі үшін әрбір отбасы жауапты. Мектеп ұжымы ата-аналардың білімін көтеру мақсатында арнайы жұмыс жүргізбегенмен, кейбір жұмыс түрлері ұйымдастырылады:

- тоқсанына бір рет ата-аналармен әңгіме өткізу;

- лагерьдің жұмысына ата-аналарды қатастыру;

- жұмыс орындарына бару т.б.

Бастауыш сыныптарда және 7-9 сыныптарда әлеуметтік жұмыс жүргізетін студент – практиканттар болады. Олар 1 жылдық мұғалім дайындайтын курста және әлеуметтік қызметкерлерді дайындайтын курста оқып білім алады. Қазіргі таңда педагогикалық білім жоқ студенттерді оқытатын 5 жылдық университет жұмыс жасайды. Австрия дамып келе жатқан мемлекет болғандықтан, балалар мен көптеген отбасылар өздігінен шеше алмайтыцн қиындықтарға кездеседі:

- кедейлік;

- жұмыссыздық;

- аштық;

- денсаулығының нашар болуы;

- санитарлық жағдайдың нашар болуы;

- бір үйде көп адамның тұруы немесе мүлдем баспананың жоқтығы;

- өлім мен аурудың көп болуы;

- балалардың ерте жастан еңбек етуі;

41 Жас ұрпаққа әлеуметтік тәрбие берудегі отбасының орнын ашыңыз.

Бала тәрбиесі – ата-ана үшін күрделі де жауапты міндет. Жас шыбық иілгіш болса, жас адам да сондай жақсыға да, жаманға да бірдей бейім болатыны баршамызға мәлім. Ата-ананың үйдегі іс-әрекеті балаларының көз алдында өтеді. Сондықтан жақсы, жаман әдетіміздің бала тәрбиесіне ықпалы зор. Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы – туған ұясы, өз отының басындағы ата-ана тәрбиесі, өнегесі. Қазақта «Баланың бас ұстазы – ата-анасы» деген сөз бар. Жас кезінде дұрыс тәрбие алмаса, есейе келе тәртібі қиындап, оқу үлгерімі нашарлап кетеді. Мұндай жағдайларда «не істеу қажет» деген ой туады. Әрине, ата-аналар балаларының оқу-үлгеріміне күнделікті назар аударып, оны қадағалап отыруы қажет. Тәрбие ешқандай үзіліс, демалыс күндер дегенді білмейді. Бала тәрбиесіне ең әуелі оның өз ата-анасының еңбекқорлығы, ұстамдылығы, ақыл-ойы, сана-сезімі, адамгершілігі әсер етпек. Бала – ата-ананың ғана емес, ұлыс пен ұлттың ертеңгісі, келер тахқа аманат. Жас ұрпақты жан-жақты жетілген, ақыл-парасатты, ой-өрісі биік азамат етіп тәрбиелеу қоғамымыздың ең өзекті мәселесі. Сондықтан ата-ана, ұстаздар болып, жас ұрпаққа жан-жақты тәрбие беруді назарда ұстағанымыз жөн.

«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» - деген болатын әл-Фараби бабамыз. Бүгінгі таңда жас ұрпақтың саналы, тәрбиелі болып өсуі тәрбие жұмысының азаматтық, патриоттық, саяси,еңбек, денсаулық, адамгершілік, эстетикалық, экалогиялық, құқықтық, жанұялық түрлері арқылы іске асырылады.

42 Отбасы сипаттамасы, отбасының негізгі функцияларына тоқталыңыз.

Отбасы – белгілі бір әлеуметтік нормалар, санкциялар, мінез-құлық (жүріс-тұрыс), құқық және міндеттер үлгілерімен, ерлі-зайыптылар, ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынастарды реттеушілікпен сипатталатын әлеуметтік институт болып табылады. Сонымен қатар отбасы – некеге немесе қаны бір туыстыққа негізделген, ал оның мүшелері тұрмыстың ортақтығымен, өзара жауапкершілікпен және өзара көмек көрсетумен байланысқан шағын топ. Отбасы, барлық уақытта да, өсіп келе жатқан ұрпақ тәрбиесі мәселелерін шешуде үлкен мүмкіндіктерге ие болған. Қазіргі заманғы жанұяның ерекшелігі – ата-ананың білім және жалпы мәдени деңгейінің жоғары болуы.

Балалардың отбасындағы тәрбиесі оның белгілі бір тұрақты әлеуметтік институт ретінде анықталады, ол отбасы мүшелері арасындағы өзара қатынастардың қалыптасуы менг дамуына септігін тигізетін адамдардың жақындығы, туыстық қатынастар, өзара үйелмендік, тұрмыстық өмір. Отбасы тәрбиесінің артықшылығы да осы қатынастарда, оны тәрбиенің ешқандай да түрі алмастыра алмайды. Отбасы әлеуметтануы екі бағытта дамып келеді. Оның бірінші бағыты бойынша отбасының тарихы зерттеледі, оның шығуының әлеуметтік заңдылықтары талданады. Екінші бағыт әлеуметтік институт ретіндегі қазіргі отбасының қалпын және әлеуметтік топ ретіндегі жағдайын зерттейді.

43 Әлеуметтік тәрбие: мәні мен мазмұны туралы ой-пікіріңіз.

Әлеуметтік тәрбие – бұл «адам – адам» қатынастары желісінде жүргізілетін тәрбие, яғни тікелей адамаралық байланыстар мен осы мақсатқа арнайы ұйымдастырылған қоғамдық мекемелер тарапынан жүргізілетін жұмыс мазмұны. Әлеуметтік тәрбие проблемаларын әлеуметтік педагогика зерттейді. Оның пәні - тұлғаны қалыптастыруға ықпал жасайтын қоршаған орта заңдылықтары. Дәлірек айтсақ, отбасы, ресми ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары, діни руханият мекемелерінің қоғам мүшелеріне жасайтын әсерлері сарапталады.

44 Ұйымдастырылатын жұмыс түрлеріне шолу жасаңыз.

Ата-аналармен жұмысты ұйымдастырудағы негізгі міндеттер мыналар:

оқу жылының басында және оқу тоқсанының қорытындысында сыныпта ата-аналар жиналысын тұрақты өткізіп отыру. Жалпы ата-аналар жиналысында мектептің оқу-тәрбие жұмысының барысы, алдағы міндеттері туралы педагогикалық ұжымның ата-аналар алдында есеп беруін ұйымдастыру. Сынып жетекшісі оқушының ата-анасымен, отбасының тұрмыстық жағдайымен танысу үшін оқушы үйлеріне барып тұру, балаға отбасының ықпал деңгейін, баланың неге қызығатынын анықтау. Ата-аналарға бала тәрбиесі туралы дәрістер оқып, баланың жеке басының қалыптасу жолдары мен даму заңдылықтары туралы білім беру. Ата-аналар комитетімен тығыз байланыста болу, жалпы мектепте өтетін іс-шараларға белсене қатыстыру, үлгілі ата-аналарды өнеге ету. Ұстаздың ата-анамен жұмысының мазмұны негізгі үш блоктан тұрады.

Отбасының қазіргі кезеңдегі негізгі функциялары:

тәрбиелілік;

рухани-адамгершілік;

танымдылық-білімділік;

тұрмыстық;

еңбекқорлық;

мәдени-білімділік;

шығармашылық-демалыс.

Отбасының негізгі міндеттері:

баланың үздіксіз дамуын қадағалап отыру;

бала денсаулығына қамқорлық жасау;

баланың оқуына көмек беріп отыру;

еңбек тәрбиесі және мамандық таңдауға көмектесу;

баланың жан-жақты дамуына ықпал ету;

баланың қызығушылығын, бейімділігін, шығармашылығын дамыту;

баланы өзін-өзі тәрбиелеуге, өзін-өзі дамытуға дайындау;

балаға жыныстық тәрбие беру, болашақ өмірге дайындау.

Отбасы тәрбиесінің мәңгілік компоненттері:

отбасы тәрбиесіндегі ахуал (дәстүр, жылылық, қарым-қатынас);

отбасы өмірінің тәртібі;

ұрпақтар сабқтастығы (әке, шеше, ата, апа, балалар).

Психологиялық

педагогикалық

білімдерін көтеру

педагогикалық білім беру университеті;

дәріс беру, семинар, практикумдар;

конференциялар;

ашық сабақтар, сыныптық іс-шаралар.

Ата-аналарды оқу-тәрбие

үрдісіне тарту

Ата-аналарды мектеп

басқару ісіне қатыстыру

ата-аналар жиналысы;

үйірме, отау, секция, біріккен шығармашылық

істер;

қамқорлыққа алу;

материалдық-техникалық жағдайын жақсарту.

мектеп кеңесі;

қоғамдық бақылау комитеті;

сынып кеңесі, сныптағы ата-аналар комитеті.

Ұстаздар мен ата-аналардың өзара қатынасының функциялары:

тәрбиелік-дамытушылық;

қалыптастырушылық;

бақылаушылық;

тұрмыстық;

хабарламалық.

міндеттері:

ата-аналардың белсенді педагогикалық көзқарасын қалыптастыру;

ата-аналарды педагогикалық білім-білікпен қаруландыру;

ата-аналарды бала тәрбиесіне белсенді қатыстыру.

Ата-аналармен жұмыста дифференциалды ықпал ету.

45 Ата-ананың тәрбиедегі роліне тоқталыңыз.

Бала тәрбиесі – ата-ана үшін күрделі де жауапты міндет. Жас шыбық иілгіш болса, жас адам да сондай жақсыға да, жаманға да бірдей бейім болатыны баршамызға мәлім. Ата-ананың үйдегі іс-әрекеті балаларының көз алдында өтеді. Сондықтан жақсы, жаман әдетіміздің бала тәрбиесіне ықпалы зор. Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы – туған ұясы, өз отының басындағы ата-ана тәрбиесі, өнегесі. Қазақта «Баланың бас ұстазы – ата-анасы» деген сөз бар. Жас кезінде дұрыс тәрбие алмаса, есейе келе тәртібі қиындап, оқу үлгерімі нашарлап кетеді. Мұндай жағдайларда «не істеу қажет» деген ой туады. Әрине, ата-аналар балаларының оқу-үлгеріміне күнделікті назар аударып, оны қадағалап отыруы қажет. Тәрбие ешқандай үзіліс, демалыс күндер дегенді білмейді. Бала тәрбиесіне ең әуелі оның өз ата-анасының еңбекқорлығы, ұстамдылығы, ақыл-ойы, сана-сезімі, адамгершілігі әсер етпек. Бала – ата-ананың ғана емес, ұлыс пен ұлттың ертеңгісі, келер тахқа аманат. Жас ұрпақты жан-жақты жетілген, ақыл-парасатты, ой-өрісі биік азамат етіп тәрбиелеу қоғамымыздың ең өзекті мәселесі. Сондықтан ата-ана, ұстаздар болып, жас ұрпаққа жан-жақты тәрбие беруді назарда ұстағанымыз жөн.

«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» - деген болатын әл-Фараби бабамыз. Бүгінгі таңда жас ұрпақтың саналы, тәрбиелі болып өсуі тәрбие жұмысының азаматтық, патриоттық, саяси,еңбек, денсаулық, адамгершілік, эстетикалық, экалогиялық, құқықтық, жанұялық түрлері арқылы іске асырылады.

1. РЕФЕРАТ на тему- Економічна характеристика господарства Тернопільської області В
2. Океанское марганценакопление в свете исторической тектоники
3. Нормативно-правовые основы социальной поддержки детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей
4. Введение4
5. Технополіс м Суми вул
6. Тема-ИГПЗС 1Предмет и метод ИГПЗС
7.  К объективным факторам относятся природные условия жизни общества объективные потребности людей в обеспеч
8. .Общие требования при проектировании бетонных и железобетонных конструкций Проектирование по СНБ д.
9. Концепция «Потопа» как новая парадигма географической науки
10. экономических событий