Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

і Нары~та ~рекет ететін с~раныс за~ы бойынша ба~а не~~рлым жо~ары болса т~тынушылар сатып алу~а келісетін

Работа добавлена на сайт samzan.net:


  1.  Сұранысқа әсер ететін факторларды жіктеңіз және оларға мысал келтіріңіз

Сұраныс - нарықтық экономиканың аса маңызды санаттарының бірі, нарықта ұсынылған игіліктерге (тауарларға, көрсетілетін қызметтерге) төлем кабілеті бар қажеттіліктерді көрсетеді. Нарықта әрекет ететін сұраныс заңы бойынша — баға неғұрлым жоғары болса, тұтынушылар сатып алуға келісетін игіліктердің көлемі де солғұрлым аз болады және осыған керісінше. Сұраныстың мөлшері халықтың ақшалай табысының денгейіне және өндірушілердің ендіріс құрал-жабдығын сатып алуға бөлетін сомасына, сондай-ақ тұтынушылардың талғамына немесе артықшылықтарына, нарықтағы сатып алушылардың санына, тұтынушылардың ақшалай табысына, сабақтас тауарлар- дың бағасына, тұтынушылардың болашақтағы баға мен табысқа катысты үмітіне байланысты. Сұраныс тауар өндірісінің көлемі мен құрылымын айқындайды, яғни тек тұтыным деп танылған нәрсе ғана өндіріледі. Экономикалық зерттеулерде сұраныс ұсыныспен өзара ықпалдастықта қаралады. Сұраныс мен ұсыным капиталдың неғұрлым тиімді жұмсалу бағыты мен аясын көрсететін бағдар болып табылады. Сұраныс жекелеген игілікке жеке, нарықтық сұраныс, сондай-ак жалпы ел шеңберінде біріктірілген сұраныс ретіндегі жиынтық сұраныс болып бөлінеді. Сұраныстың көлемі мен құрылымы экономикалық, әлеуметтік-саяси, демографиялық, мәдени-тарихи, табиғи-климаттық факторларға байланысты. 1) Тұтынушылардың саны. Табыс деңгейі. Басқа тауарлардың бағалары мен пайдалылығы. Тұтынушылардың субъективті талғамы, артықшылық Сұраныстың икемділігіне әсер ететін факторлар: Өзара алмастырушы және толықтырушы тауарлар. Тұтынушының табысы. Тұтынушы бюджетіндегі тауарлардың үлесі. Тауардың қажеттілігінің деңгейі. Тұтынушының күтуі. Сұраныстың бағаға тәуелділік сұраныстың икемділігі арқылы сипатталынады. Сұраныстың баға бойынша икемділік коэффициенті – сұраныс көлемінің пайыздық өзгерісінің бағаның пайыздық өзгерісіне қатынысы арқылы анықталады. Егер бағаның өсуі сұранысты төмендетіп, жалпы табыс мөлшерін өзгеріссіз қалдырса, онда сұраныс бірлік икемді .    Егер бағаның өсуіне қарғанда  сұраныстың төмендеуі жоғары болса, онда сұраныс икемді.  Егер бағаның өсуіне қарағанда сұраныстың төмендеуі аз болса, онда сұраныс икемсіз. Сұранысқа көптеген факторлар әсер етеді, олардың негізгісі болып баға аталады. Баға мен сұраныс шамасының арасында кері байланыс бар: бағаның көтерілуі сұранысты түсіреді және керісінше.

  1.  Ұсынысқа әсер ететін факторларды және оларға мысал келтіріңіз

   Ұсыныс -  бұл өндірушілердің сату үшін рынокта ұсынатын товарлардың мөлшері. Бағалар неғұрлым жоғары болса, өндірушілер рынокта өнімнің көлемін соғұрлым көп әкелгісі келеді және керісінше. Ұсыныс көлемінің өзгеруі товардың бағасының әсерінен және бағалық емес факторлардың  әсерінен болады. Бағалық емес факторлардың ұсынысқа әсерін қарастырайық.1.Ресурстардың бағасы. Олардың түсуі өндіріс шығындарын азайтады және ұсынысты көбейтеді, яғни ұсыныс қисығын оңға жылжытады. Ресурстарға бағаның өсуікерісінше әсер етеді.2.Технология. Оның жетілуі ресурстарға бағаны түсіреді және 1 пунктте көрсетілгендерге әсер етеді3.Салықтар және дотациялар. Салықтың көтерілуі өндіріс шығындарын көбейтеді және ұсынысты азайтады. Қисық солға жылжиды.4.Басқа тауарлардың бағасы. Олар ұсыныс қисығын қалай болса да жылжыта алады. Ұсыныс заңы- басқа жағдайлар тұрақты болғанда (ұсыныс көлеміне әсер ететін бағадан басқа факторлардың әсері қарастырылмайды), бағаның өсуі ұсыныстың көлемін арттырады немесе бағаның төмендеуі ұсыныс көлемін төмендетеді. График бойынша  Q – ұсыныс көлемі, Р – рыноктағы баға, S – ұсыныс қисығы. Баға P1-ден P2-ге өскенде, ұсыныс көлемі Q1-ден Q2-ге өседі. Ұсыныс пен баға арасындағы тура байланыс болғандықтан, ұсыныс қисығының көлбеулілігі жоғары бағытталған. Ұсыныс қисығының қозғалысын туындататын бағадан басқа факторлар: Өндіріс шығындары. Салық мөлшері .Технология. Субсидия. Ұсыныстың икемділігі – баға өзгерісіне байланысты рынокқа ұсынылатын тауарлар көлемінің өзгерісінің көрсеткіші. Ұсыныстың икемділік коэффициенті (Еd) ұсыныстың өзгерісінің баға өзгерісіне қатынасы арқылы есептеледі Ed=∆Q/∆P Бәсекелі рыноктағы тепе-теңдік бағаның қалыптасуы сұраныс пен ұсыныстың ерекшеліктеріне байланысты. Қорыта айтқанда, уақыт мерзімі өскен сайын ұсыныстың икемділігі жоғарылайды, ал бұл тиімді бағалардың қалыптасауына мүмкіндік береді. Бағаның өзгеруіне байланысты ұсыныстың бейімделу  жылдамдығы экономикалы ресурстардың мобилділігіне тәуелді.

  1.  Капитал, жинақ, инвестиция, несие түсініктерінің ұқсастығы мен айырмашылығын ажыратыңыз

Қосымша құнның капиталға айналуы капиталдың қорлануын көрсетеді. Капитал қорлануының факторлары: -қосымша құнның нормасы; -қызмет атқаратын капитал мөлшері -еңбек өнімділігінің артуы; -қосымша құн бөлігінің қорлануы немесе тұтыну арасындағы пропорция; Осы аталған факторлардың барлығы да бір мезгілде жүзеге асады. Капиталдың қорлану процесінде оның органикалық құрылымы немесе капиталдың құн бойынша құрылымы өзгереді. Капиталдың қорлану процесі екі түрде жүзеге асады: капиталдың шоғырлануы, капиталдың орталықтануы. Капиталдың орталықтануы бұл қосымша құн есебінен капитал мөлшерінің өсуі. Капиталдың оталықтану дегеніміз капиталың бірігу жолымен ірілену процесін айтамыз. Осы процесте  барлық капиталдың өзі жойылады немесе басқаларға қосылады. Капиталдың орталықтануының бір түрі акционерлік қоғамның құрылуы болып табылады. Капиталдың шоғырлануы мен орталықтануы өндщірітің шоғырлануына жағдай жасайды. Өндірістің шоғырлануы дегеніміз ірі кәсіпорында барыгша өнідіріс құрал жабдықтарын, жұмыс күшін және өнімді шығаруды бір қолға жұмылдыру. Практикада қорлану күрделі қаржыны тартумен жүзеге асады. Күрделі қаржы (инвестиция) бұл жаңа құрылысқа, жабдықтауға, жұмыс жасап тұрған кәсіпорынды ұлғайтумен қайта жабдықтауға, мәдениет тұрмыстық құрылысқа кеткен шығындар. Инвестиция немістің investition деген сөзі және бұл кәсіпорынға пайда табу мақсатында ұзақ мерзімге салынған капиал мөлерін көрсетеді. Осы тұрғыдан инвестициялау күрделоі қаржыға қарағанда ең мағына береді. Инвестицияның қайнар көзіне өнеркәсіп кәсіпорындарын мемлекеттік табыстарынан оның барлық шығындарын алып тастау жатады. Инвестицияның тиімділігін анықтау үшін оларды алынған нәтижемен салыстыру керек. Инвестиция тиімділігінің артуы дегеніміз ең аз инвестиция мөлшерімен бір өнімге деген инвестицияның жеке үлесінің азаюында қоғам үшін қажетті прогрессивті өнімді шығаруды айтамыз.Ал, Несие— нарықтық экономиканың тірегі ретінде, экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді. Оны барлық шаруашылық субъектілерімен қатар, мемлекетте, үкіметте, сондай-ақ жеке азаматгар да пайдаланады. Жалпы несие экономикалық категория ретінде төмендегідей қызметтерді атқарады: қайта бөлу; -айналыс шығындарын үнемдеу; -айналыстағы нақты ақшалардың орнын уақытша алмастыру; -капиталдың шоғырлануын жеделдету; ғылыми-техникалық прогресті жеделдету. Несиенің қайта бөлу қызметі, кез келген елдің ұлттық экономикасының толыққанды жұмыс жасауына өз үлесін қосады. Несиенің бұл қызметінін, көмегімен экономикалық жүйенің бір саласынан екінші бір саласына капитал ағымы болады. Несиенің бұл қызметінің, қаржының қайта бөлу қызметінен айырмашылығы қаржының бөлінуі әкімшілік негізде жүргізілсе, ал салалар мен аймақтар арасындағы капитал ағымы несие арқылы, яғни ол нарыктық механизм негізінде жүзеге асырылады.

  1.  Өндіріс факторларының әртүрлі экономикалық бағыттар бойынша ерекшелігін табыңыз

Өндіріс факторлары: жер, еңбек, капитал, кәсіпкерлік қабілет. Адам еңбегімен өндірілген және өндірістік тұтынуда пайдаланылатын игілікке капитал, ал адам еңбегінің жемісі емес өндірістік игілікке жер жатады. Жердің маңызды бір сипаты оның көлемінің шектеулі болуы. Адам оның көлемін өз ықтиярынша өзгерте алмайды, сәйкесінше өндіре де алмайды. Жер адам еңбегінің «жемісі» емес, табиғаттың сыйы, ол табиғи ресурс.Әр уақытта есте болатын жәйт, экономикалық теорияда «жер» ұғымы өте кең мағынада колданылады. Ол белгілі бір өлшемдегі табиғат сыйлаған бүкіл пайдалылықтар – жердің өзі, су ресурстары, қазбалы байлықтар. Адамның тіршілік етуінің негізгі шарттарының бірі де еңбек. Адам еңбек арқылы хайуанаттар дүниесінен бөлініп шықты, табиғат күштерін игере отырып, оны өз мүддесіне пайдаланды, еңбек құралдарын жасауды игерді, қабілетін дамытты, білім алып, оқу -өнер, ғылымды игерді Жұмыс күші – адамның дене еңбегі мен рухани қабілітінің жиынтығы.Іс - әрекеттердің саналылығы, мақсаттылығы, олардың қажетті нәтижеге жетуге бағытталуы, еңбек процесі кезінде өндіріс құралдарын дайындау және пайдалану, сондай – ақ жинақталған тәжірибелерімен, ақпараттармен алмасудың барлығы адам еңбегін сипаттайды. Капитал өндіріс факторы ретінде өндірісте қолданылатын ғимараттардын, құрал – жабдықтардан, саймандардан, көлік құралдарынан, өткізу құралдарынан  және жартылай фабрикаттар қорынан тұрады. Жер, еңбек және капитал жеке нысанда немесе жекелеген түрде ештеңе де жасай алмайды. Осы өндіріс факторларын пайдалануда өзіне жауапкершілік жүктейтін және тәуекелге бел буатын, сондай – ақ ол ресурстарды қалай пайдалану жөнінде шешім қабылдайтын тұлға кәсіпкер деп анылады. Фирма жұмысын ұйымдастыруда дұрыс шешім қабылдау үшін оның кәсіпкерлік қабілеттері болуы керек-өндірістің 4-факторы. Өндірістің  үздіксіз  қайталанып  отыруы – ұдайы  өндіріс  деп  аталады.Оның  өзі  екіге  бөлінеді:Жай ұдайы өндіріс - өндіріс процесінің өзгеріссіз мөлшерде қайталанып отыруы

Ұлғаймалы ұдайы өндіріс – ұлғаймалы мөлшерде өндірістің жаңартылып отыруы. Ұдайы өндіріс процессі кезінде капитал тоқтаусыз қозғалыста болады, және мына схема бойынша айналыс жасайды: өндіріс заттарын сатып алу-- өндіріс процессі ---- өндірілген товарларды өткізу.  Бұл айналыс қайта-қайта  қайталанып капитал айналысын құрайды.  Ұдайы өндіріс процесінде әлемдік шаруашылықтың дамуымен, өндіріс құралдары мен тұтыну заттарының артық бөлігі соған бағытталатын, экономикалық ресурстар сарқылып алынатын сыртқы орта (халықаралық сауда) үлкен рөл атқарады. Экономиканы басқару жүйесі (өзін-өзі реттейтін нарық, мемлекеттік аппарат) өндіріс, бөлу,  айырбас және тұтыну арасындағы өзара байланысты және келісімді жүзеге асырады. Ұдайы өндіріс процесінде: өндірістің материалдық-заттық факторларын ұдайы өндіру, жұмыс күшінің  ұдайы өндірісі және өндірістік қатынастар (экономикалық) ұдайы өндірісі сияқты әлеуметтік экономикалық аспектілер үлкен маңызға ие. Қоғамдық капиталдың бұл үш жағы оның тұтастай ұдайы өндірісін қамтамасыз етеді. Олардың ең болмағанда бірінде ұдайы өндіріс болмаса — тұтастай түрде ол жоқ деген сөз. Ұдайы өндіріс жай (қарапайым) және кеңейтілген вариантта (формаларда) жүзеге асырылуы мүмкін. Жай (қарапайым) ұдайы өндіріс сол көлем мен санды бұрынғы өндірісті қалпына келтіру. Бұл, яғни қоғам барлық жаңадан өндірілген өнімді (қосымша) тұтынуға жұмсайды. Мұндай қарапайым ұдайы өндіріс кейбір азиялық, латынамерикалық  және африкалық елдерде басым, ал ықшамды ұдайы өндіріс қайта құрудың алғашқы кезеңіндегі ТМД елдері үшін тән болып саналады. Кеңейтілген  ұдайы өндіріс — тұрақты түрде ауқымы өсіп отыратын, материалдық игіліктер мен қызметкердің өндірістегі белгілі-бір пропорциясы сақталып отыратын, яғни қоғамдық өнім бөліктері: өндіріс құралдары мен жұмыс күші, сондай-ақ өндіріс құралдары өндірісі мен тұтыну заттары арасындағы тепе-теңдік сақталатын, өндіріс процесі. Демек, қоғамдық ұдайы өндіріс екі бөлім: К.Маркс бойынша төмендегіше білдіруге болатын өндіріс құралдары ұдайы өндірісі мен тұтыну заттары ұдайы өндірісінен тұрады: І. w = c + v + m; ІІ. w = c + v + m. Мұнда: І және ІІ қоғамдық ұдайы өндіріс бөлімдері; w — І және П жиынтық қоғамдық өнім; с — өндіріс құралдары (тұрақты капитал); v — жұмыс күші және өзгермелі капитал; m — қосымша өнім құны.

34.Өндірістік қатынастар пен өндірістегі капитал айналымының өзара байланысын түсіндіріңіз

Өндіргіш күштер - бұл адам өзінің өндірісіне және тұтынуына бей-імдеп қызмет етуге жұмылдырған күштер. Ал адамсыз өндірістің және тұтынудың болуы мүмкін емес.Сондықтан өндіру және тұтыну үшін қол-данылатын табиғат күштері, адамның өндіргіш күштер болып табылады.Олардың ішінен алдымен өндіріс құралдарын және жұмысшы күшін бөліп атап айту қажет.Өндіріс процесінде экономикалық немесе өндірістік қатынастар қалыптасады. Өндіргіш күштер және өндірістік қатынастар тұрақты динамикада бола-ды, адамдар өздерінің өндіргіш күштерін өзгертіп отырады, өздеріне жаңа технологияларды, жаңа материалды  және т.б. қызмет еттіреді. Технологиялық қатынасатар әр түрлі замандардың ерекшелігін көрсетеді.  Технологиялық заттар формасын немесе қызметтер түрін алатын, ғылыми-техникалық білімдерді жасаумен, қолданумен және оларға материалдық бейне берумен байланысты технологиялық қатынастардың жиынты-ғы, өндірістің технологиясын құрады.. Игіліктерді дайындауға қатынасатын факторларды анықтап білу  маңызды мәселе болып табы-лады. Экономикалық теорияда өндірістің мүмкіндігі мен нәтижелілігіне шешуші әсер ететін ерекше маңызды элемент, немесе объекті, өндіріс факторлары деп атайды. Өнім өндіруде пайдаланылатын осындай факторлар өте көп болды. Және әр жекелеген өнімді өндіруге икемделген өзіндік факторлар болады.Өндіріс құралдары екі  бөлшектен құралады:

Еңбек заттары – ол адамның еңбегіне бағытталған зат.Еңбек  құралдары – ол адамның еңбек затына ықпалын  жүргізетін құрал.Тұтыну тауарла-рын жасау үшін инвестициялық игіліктер немесе экономикалық қорлар қажет.  Экономикалық ресурстар – экономикалық игіліктерді өндіру үшін пайдаланылатын элементтер, бұнда өндіріс факторы табиғаттан пайда болады және оны адам өндіреді. Өндіріс  ресурстары  бұл  шаруашылық әрекетте қолданылатын өндірістің әртүрлі  құралдарының  жиын-тығы. Ресурстарға жататындар: табиғи ресурстар, адам ресурстары, қар-жылық, ақпараттық және т.б. Қазіргі кезде экономикалық теорияда төрт өндірістік факторлар көрсетіледі: жер, еңбек, капитал, кәсіпкерлік қабілет.

Айналымды жүзеге асыратын - өндірістік капитал болып табылады (К.Маркс оны өнеркәсіп капиталы деп атады). Өздерінің натуралды - заттай құндарын көшірy тәсіліне байланысты қолданылған өндірістік капитал екі топқа - негізгі және айналмалы капиталға бөлінеді.Негізгі капиталға - өндіріс  үйлері, ғимараттар, жабдықтар және т.б. жатады. Олар бірнеше өндірістік циклдерде пайдаланылады және өз құндарын өнімге бөлшектеп ауыстырады.Айналмалы капиталға шикізаттар, материалдар, жұмыс күші жатады. Олар бip өндірістік цикл кезеңінде пайдаланылады және өз құндарын өнімге толық түгелімен ауыстырады.Қызмет ету мерзімінде негізгі капиталдың өз құнын жасалған тауарлардың құнына ауыстыру процесін және оның шоғырланып, амортизациялық (өтелім) қорға айналуын - амортизация (өтелім) деп атайды.Амортизациялық мерзім - өндіріс құрал-жабдықтарының құнын белінген амортизациялық қаржы есебінен толық өтеуі қажет. Көпшілік елдерде амортизациялық мерзімді мемлекет реттеп отырады.Амортизациялық қор - негізгі қорларды жай және кеңейтіп көбейтуге арналған ақша қаражаты: экономикалық табиғаты екі түрлі, яғни тозған негізгі қорлардың орнын толтыру процесіне және оларды кеңейте отырып, кебейту процесіне біp мезгілде қызмет көрсетеді. Өндірістің негізгі қорлары - өндірістік процеске тікелей қатысатын және дайын өнімге өзінің бағасын біртіндеп көшіретін материалдық құнды заттар жиынтығы. Физикалық тозу - еңбек өндірісі құралдарының біртіндеп өндіріс процесінде ұзақ уақыт қолдануы арқасында тозуы, тозу механикалық, металды зат болу және тозу деп металдың тозуы, майысуы және ғимараттардың қирауын айтады.Материалдық тозу деп - құнның екі себепке өзгеруіне қарай, яғни:1) ұқсас, бірақ арзан еңбек құралдарын жасауға, 2) өнімділігі жоғары, бірак бағалары бірдей еңбек құралдарын жасап шығаруға байланысты жаңартылуды  айтады.Табиғи және материалдық тозуды есептеу үшін амортизация нормасының маңызы зор. Амортизация нормасы - деп амортизацияға ұсталған жылдық соманың негізгі өндірістік капиталдың жылдқң орташа құнына қатынасын айтады, ол пайызбен анықталады. Ол бірнеше жылдан кейін негізгі капиталдың құны өтелетіндігін көрсетеді

35.Жалақы және оның түрлері мен формаларын ажыратыңыз, статисткалық сипаттаңыз

Экономикалық теорияда екі тұжырымдама бар: 1. Жалақы еңбек бағасы , оның дәрежесі мен динамикасы, рыноктық факторлар – сұраныс және ұсыныспен анықталады. 2. Жалақы жұмыс күші  - тауардың құнының ақшалай көрінісі, еңбектің бағасы емес, өйткені еңбек тауар бола алмайды, жалақы өндіріс жағдайымен де, рыноктық факторлар: сұраныс, ұсыныспен де анықталады, олардың ауытқуы жалақының жұмыс күші құнынан бірде жоғары, бірде төмен болатындығын көрсетеді. Жалақының екі тұжырымдамасы да ағылшынның саяси экономиясының классиктері А.Смит пен Д.Рикардоның теорияларына негізделген. А.Смит  еңбек пен жұмыс күші арасындағы айырмашылықты ашып көрсеткен емес. Оның айымдауынша, еңбек табиғи бағасы бар «тауар» деп саналады. Ал, табиғи баға өндіріс шығындарымен анықталады, яғни жұмысшының және оның отбасының тіршілігіне қажетті құнмен есептеледі. А.Смит «табиғи жалақы» деп жұмыс күшінің құнын түсінді. Жалақы мөлшері жұмысшының тіршілігіне қажетті минималды құн арқылы анықталады. Еңбекке сұраныс пен ұсыныс теңескен жерде жалақының тепе теңдік деңгейі орнатылады. Еңбекке сұраныстың өсуі жалақыны көтереді. Еңбекке сұраныстың төмендеуі жалақыны төмендетеді.Еңбекке сұраныс шектік өніммен, яғни жұмыспен қамтылу бір жұмысшыға өскендегі өнімнің өсуімен анықталады: егер шектік өнім басқа өндіріс факторларын қолданғанға қарағанда еңбекті қолдануда жоғары болса,онда еңбекке сұраныс көтеріледі және керісінше. Еңбек ұсынысына әсер ететіндер: 1. еңбекке қабілетті халықтың елдегі саны 2.жұмыс күнінің ұзақтығы 3.халықтың мамандық деңгейі және кәсіпшілік дайындығы. Жалақы номиналды және нақты жалақы ұғымдары болып бөлінеді.Номиналды жалақы деп жұмысшыға өзінің еңбегі үшін төленетін ақша сомасы аталады. Нақты жалақы дегеніміз алынған ақша сомасына толып жатқан өмірлік игіліктер мен қызметтерді иемдену мөлшерімен өлшенеді. Жалақы екі формада болады: мерзімді және кесімді.Мерзімді жалақы жұмыс ұзақтығымен анықталады. Оның өлшемі еңбекті сағатына төлем болып табылады.Кесімді төлемде жалақы өндірілген өнім көлеміне байланысты болады.

36.Факторлық табыстарды ажыратыңыз және де әр нарықтың іс-әрекетін ашып көрсетіңіз

Өндіріс факторлары: жер, еңбек, капитал, кәсіпкерлік қабілет. Адам еңбегімен өндірілген және өндірістік тұтынуда пайдаланылатын игілікке капитал, ал адам еңбегінің жемісі емес өндірістік игілікке жер жатады. Жердің маңызды бір сипаты оның көлемінің шектеулі болуы. Адам оның көлемін өз ықтиярынша өзгерте алмайды, сәйкесінше өндіре де алмайды. Жер адам еңбегінің «жемісі» емес, табиғаттың сыйы, ол табиғи ресурс.Әр уақытта есте болатын жәйт, экономикалық теорияда «жер» ұғымы өте кең мағынада колданылады. Ол белгілі бір өлшемдегі табиғат сыйлаған бүкіл пайдалылықтар – жердің өзі, су ресурстары, қазбалы байлықтар. Адамның тіршілік етуінің негізгі шарттарының бірі де еңбек. Адам еңбек арқылы хайуанаттар дүниесінен бөлініп шықты, табиғат күштерін игере отырып, оны өз мүддесіне пайдаланды, еңбек құралдарын жасауды игерді, қабілетін дамытты, білім алып, оқу -өнер, ғылымды игерді Жұмыс күші – адамның дене еңбегі мен рухани қабілітінің жиынтығы.Іс - әрекеттердің саналылығы, мақсаттылығы, олардың қажетті нәтижеге жетуге бағытталуы, еңбек процесі кезінде өндіріс құралдарын дайындау және пайдалану, сондай – ақ жинақталған тәжірибелерімен, ақпараттармен алмасудың барлығы адам еңбегін сипаттайды. Капитал өндіріс факторы ретінде өндірісте қолданылатын ғимараттардын, құрал – жабдықтардан, саймандардан, көлік құралдарынан, өткізу құралдарынан  және жартылай фабрикаттар қорынан тұрады. Жер, еңбек және капитал жеке нысанда немесе жекелеген түрде ештеңе де жасай алмайды. Осы өндіріс факторларын пайдалануда өзіне жауапкершілік жүктейтін және тәуекелге бел буатын, сондай – ақ ол ресурстарды қалай пайдалану жөнінде шешім қабылдайтын тұлға кәсіпкер деп анылады. Фирма жұмысын ұйымдастыруда дұрыс шешім қабылдау үшін оның кәсіпкерлік қабілеттері болуы керек-өндірістің 4-факторы. Өндірістің  үздіксіз  қайталанып  отыруы – ұдайы  өндіріс  деп  аталады.Оның  өзі  екіге  бөлінеді:Жай ұдайы өндіріс - өндіріс процесінің өзгеріссіз мөлшерде қайталанып отыруы

Экономикалық өсуге әсер ететңн факторларды тікелей және жанама деп бөлеміз. Тікелей факторлар–ұсыныс пен өндірістің  динамикасын тікелей белгілейді, ол экономикалық өсудің физикалық мүмкіндігін белгілейді. Тікелей фактордың бес түрі бар:-Еңбек нарығының сапасы, яғни еңбек ресурстарының көбеюі, сапасының жоғарылауы ; -Қаржы ресурстарының ресурсы; –капитал көлемінің көбеюі, сапалық құрылымның  жақсаруы;  -Кәсіпкерлік қабілеттің өсуі; -өндіріс технологиясының жақсаруы; -еңбек өнімділігінің артуы. Жанама факторлар түрлері:-нарықтың монополиялану дәрежесінің төмендеуі ; -пайдаға салынатын салық мөлшерінің азаюы; -несие алу мүмкіндіктерінің көбеюі; -тұтынушылық, мемлекеттік шығын, инвестициялардың көлемінің көбеюі; -жаңа нарықтарды игеру және әлемдік нарықта ел өнімінің бәсекелік қабілетінің өсуі экспортты арттырады.

Дж. Робинсон «Қазіргі экономикадағы күрделі қаржы» деген еңбегінде, «Капитал  қаржыландыру көзі болмай тұрып, ақша сомасы ретінде танылған», -деп жазады.

37.Бәсеке және оның типтері: жетілген және жетілмеген бәсеке нарығының әрекет ету ерекшелігін ашып көрсетіңіз

Бәсеке - — ортақ ресурсты пайдаланудағы жүйелердің немесе программалардың өзара таласушылығы; қандай жұмыс бекетінің арнаға қатынас құра алатынын анықтауға мүмкіндік беретін үстаным. Жұмыс бекетінің өрқайсысы (өзіне қажетіне қарай) есептеу желісіне қатынас құруға тырысады. Монополиялық бағалар жағдайындағы нарықтық тепе-теңдік механизмі. Нарықтық тепе-теңдіктің механизмінің монополдық баға жағдайында қалыптасуына мынадай алғышарттар ықпал етеді: • әр түрлі себептерге байланысты, тауарлар нарығында фирма-монополист түрінде жалғыз өндіруші, немесе бір-бірімен өзара келісім шарт жасау арқылы бірнеше фирма-монополистердің бірлестігі пайда болып және солардың біртұтас фирма болып әрекет етуінің нәтижесінде монополия пайда болады; нарықта осы тауардың көп тұтынушылары болады, ал олардың әр біреуі жекеленіп нарықтық бағалардың қалыптасуына елеулі әсер ете алмайды; өндіріс жағдайына байланысты фирма — монополистің үлес шығындары елеулі көлемде төмен болады, ал өндірісінің көлемі жоғары болады. Осының арқасында фирма бәсекелестерін нарықтан ығыстырып шығарады және осы нарықты өзіне толық қаратады; • жекелеген тұтынушылардың нарықтық бағаға әсер етуге мүмкіндігі болмайды. Сондықтан олар монополистер ұсынған бағаға жүгінуге мәжбүр болады. Өз жағынан монополист барынша жоғары пайдамен толық өтетін өнімдер көлемін және оның бағасын таңдап белгілейді.  . Бәсеке түрлері: Ішкі салалық–бір салалық кәсіпорындар арасындағы ең үлкен табыс үшін күрес салааралық–түрлі салалық кәсіпорындар арасындағы капитал салудың ең пайдалы жағдайы үшін күрес Бағалық бәсеке–тауарлар мен қызметтерді бәсекелестің бағасына қарағанда төмен бағамен сатуға негізделген.  Бағалық емес бәсеке–техникалық артықшылықтардың  арасында жететін тауарлардың жоғарғы сапасымен және икемділігіменсатуға негізделген.  Бәсекелестік әдістемелері: –баға бәсекесі–өндіріс шығындарын азайтып, ассортиментті мен сапасын өзгертпей тауар бағасын төмедету негізінде қосымша табыс алу үшін күрес –күрестің нарықтан тыс нысандарын пайдалану–қаржылық қулық-сұмдықтар, құнды қағаздармен алып –сатарлық жасау, өнекәсіптік тыңшылық, мемлекеттік органдар арқылы қысым жасау, бәсекелестің көзін жою;  –бағадан тыс бәсеке–тауар қасиетінің өзгеруі және оған сапалы жаңа ерекшеліктерін берілу субститут–тауарлардың құрылуы, сатудан кейінгі техникалық қызмет,жарнама.Бәсекеле нысандары: 1.кәміл бәсеке–еркін бәсеке нарығы,нарықтың классикалық үлгісі; 2.жетілдірілмеген бәсеке–нарықтың қазіргі үлгілері;  3.монополия–тауардың бағасына ыұпал ететін, өндірістің көп бөлігін бақылайтын бір ғана сатушының билігі; 4.олигополия–бірнеше ірі фирмалар билейтін нарық; 5.монополистік бәсеке–біртекті емес, бірақ ұқсас тауар ұсынатын сатушылар саны көп нарық; 6.жасанды; 7.кездейсоқ; 8.табиғи. Бәсеке–нарықтық қатынастардың негізгі категориясы, әр түрлі формада болады, әр түрлі жолдармен іске асырылады.

38.Кәсіпкерліктің әлеуметтік – экономикалық сипаты және ҚР-дағы кәсіпкерлік іс-әрекетінің ерекшелігін көрсетіңіз

Кәсіпкерлік дегеніміз – белгілі бір істі істей білу. Іс істеу – адамның белсенділігі және іскерлігі. Белсенділік, және іскерлік адамдардың еркін өмір сүру түрі. Кәсіпкерлік қабілеттілік – адамдардың ерекше таланттылығы. Оны түсіну үшін кәсіпкердің төрт функциясын түсіну керек. 1)Кәсіпкер барлық ресурстарды: жер, капитал және еңбекті өнім өндіру процесіне қосу ынтасын өз жауапкершілігіне алады, яғни өндірістің қозғаушы күші, себебі істеген ісі пайда беретініне сенеді. 2)Кәсіпкер өндіріс процесінде барлық негізгі шешімдерді өз қолына алады және фирманың (кәсіпорынынның) іс бағытын айқындайды. 3)Кәсіпкер – бұл жаңашыл, коммерциялық негізде жаңа тауар өндіруді, жаңа технологияны енгізу, бизнесті ұйымдастырудың жаңа формаларын енгізуге аянбай жұмыс істейтін кісі. 4)Кәсіпкер – бұл тәуекелге баратын кісі. Тәуекелге бару үшін істелетін істің егжей –тегжейін айқын талдап, қортындысында не болатынын білген жөн. Кәсіпкер тек қана өз уақыты, еңбегін, іс қабілеттілігін тәуекелге салмайды, сонымен бірге өндіріске кеткен өзінің және өзінің серіктестерінің немесе акционерлердің қаржыларын тәуекелге салады. Кәсіпкерліктің түрлері

1)Атқаратын міндетіне қарай кәсіпкерліктің мынадай түрлері болады: өндірістік, коммерциалық, финанс және консультациялық. 2)Меншік түрлері бойынша жеке меншік, мемлекеттік, муниципалды, сонымен бірге қоғамдық құрылымдар меншігі. 3)Меншіктер саны бойынша кәсіпкерлік іс жеке адамның немесе коллективтің (ұжымның) құрамы болуы керек. 4)Кәсіпкерлік формасы бойынша екіге бөлінеді: 1) ұжымдық – құқықтық және 2) ұжымдық экономикалық.

Бизнес – бiр жақты анықтауға бағынбайтын, барынша ауқымды және сан қырлы ұғым. Ағылшын тiлiнен тiкелей аударғанда бизнес business сөзi iс, шаруа, коммерциялық қызмет, сондай-ақ тиiсiнше бизнесмен business men сөзi iскер адам, iскер деген ұғымдарды бiлдiредi.  Американдық экономист Й.Шумпетер бизнестi өндiрiстiң төртiншi факторы ретiнде қарастырады, ол бұл жерде iскерлiк қасиеттердi, оған қатысушылардың белсендiлiгiн өндiрiстiң қозғаушы күшi ретiнде, әлгi негiзгi үш фактордың iс –қимылын күшейтушi фактор ретiнде түсiнедi.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты халқына жолдауында «… кәсіпкерлік әлеуеті мен бастамашылығын іске асыруға тырысқан түрлі топтары үшін қаржы ресурстары мен сараптама жасаудың нақты қайнарына айналуға тиіс. Қордың өкілдік желісін кеңейту, өңірлердегі кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған жұмысты күшейту қажет. Сонымен қатар, метталлургияда, банк саласында, сақтандыруда, химия өнеркәсібінде және басқа салаларда сақталып қалған «жасырын» монополияларды құрту қажет. Мұны монополияға қарсы заңнаманы реформалау арқылы, сондай-ақ отандық және шетелдік жаңа компаниялардың экономиканың осы секторларына кіруі үшін тартымды әрі ашық жағдайлар туғызу арқылы, яғни осы секторлардағы бәсекелестікті арттыру арқылы жасау керек»Кәсіпкерліктің субъектісі жеке адамдар, сонымен бірге, заңды тұлғалар, біріккен серіктестер, арендалық ұжым, ашық және жабық акционерлік қоғамдар, шаруашылық ассоциациялары, әр- түрлі бірлестіктер.

Кәсіпкерліктің ерекшеліктері:

• Дербестік және тәуелсіздік;

• Экономикалық ынталылық;

• Шаруашылық тәуекел және жеке жауапкершілік;

• Жаңашылдық.

Кәсіпкерліктік істің қозғаушы күші- мол пайда табу.

Кәсіпкерлік қабілеті қаражаты бар тапты құру үшін, бірінші, білім керек, екінші өкімет экономикалық саясатын түбегейлі қайта қарауы қажет. Елдің тағдырын білікті кәсіпкерлер шешеді және олар өз елінің гүлденуіне аянбай жұмыс істейтін, өзінің де пайдасын табатын, іскер азаматар болуы керек. Бұл адамдар жаңа қоғамның шарттарына бейімделіп емес, өзінің идеяларын іске асырып, өздерін еркін еңбек іс-әрекетінде көрсетіп өмір сүреді. Мұның негізгі себебі қоғамның және халық шаруашылығының демокртиялануы болып табылады. Нарықтықтық экономикаға өту үшін өндіріс құрылымын түбегейлі түрде өзгерту қажет. Өзгерістер монополияны жеңіп, конкуренцияның пайда болуына жол ашады. Әлемдік тәжірибені негізге ала отырып бұл мәселені түрлі меншіктің түрлі формалары негізінде құрылған кәсіпкерліксіз шешу мүмкін емес. Қазіргі уақытта кәсіпкерліктің өндірістің, нарықтыңтың дамуына, яғни бүкіл қоғамға әсерін тигізетінін көптеген адамдар түсінді. 

Елбасы ұстанып отырған стратегияық бағытта қоғамды жаңартуға қабілетті, экономиканың жағдайын ойлайтын кәсіпкерлерге ерекше көңіл бөлінеді. Шағын жәе орта кәсіпорындардың тиімділігі және артықшылығы – олар аса үлкен қаржыны керек етпейді. Шағын және орта бизнес халықтың әл-ауқатын арттырып, қосымша жұмыс орындарының ашылуына, жалақының уақытында төленіп отыруына себін тигізетіні сөзсіз. Бүгінгі Қазақстан жағдайында кәсіпкерліктің осы түрін дамытуға кеңінен жол ашылды. Соның бірі – шағын несиелендіру.

  1.  Кәсіпкердің тұлғалық қасиеттері қандай болатынын айқындаңыз

Кәсіпкерлік дегеніміз – белгілі бір істі істей білу. Іс істеу – адамның белсенділігі және іскерлігі. Белсенділік, және іскерлік адамдардың еркін өмір сүру түрі. Кәсіпкерлік қабілеттілік – адамдардың ерекше таланттылығы. Оны түсіну үшін кәсіпкердің төрт функциясын түсіну керек. 1)Кәсіпкер барлық ресурстарды: жер, капитал және еңбекті өнім өндіру процесіне қосу ынтасын өз жауапкершілігіне алады, яғни өндірістің қозғаушы күші, себебі істеген ісі пайда беретініне сенеді. 2)Кәсіпкер өндіріс процесінде барлық негізгі шешімдерді өз қолына алады және фирманың (кәсіпорынынның) іс бағытын айқындайды. 3)Кәсіпкер – бұл жаңашыл, коммерциялық негізде жаңа тауар өндіруді, жаңа технологияны енгізу, бизнесті ұйымдастырудың жаңа формаларын енгізуге аянбай жұмыс істейтін кісі. 4)Кәсіпкер – бұл тәуекелге баратын кісі. Тәуекелге бару үшін істелетін істің егжей –тегжейін айқын талдап, қортындысында не болатынын білген жөн. Кәсіпкер тек қана өз уақыты, еңбегін, іс қабілеттілігін тәуекелге салмайды, сонымен бірге өндіріске кеткен өзінің және өзінің серіктестерінің немесе акционерлердің қаржыларын тәуекелге салады.

40.Бизнес және кәсіпкерліктің өзара ұқсастығы мен әрекет ету ерекшеліктерін көрсетіңіз

Кәсіпкерлік дегеніміз – белгілі бір істі істей білу. Іс істеу – адамның белсенділігі және іскерлігі. Белсенділік, және іскерлік адамдардың еркін өмір сүру түрі. Кәсіпкерлік қабілеттілік – адамдардың ерекше таланттылығы. Оны түсіну үшін кәсіпкердің төрт функциясын түсіну керек. 1)Кәсіпкер барлық ресурстарды: жер, капитал және еңбекті өнім өндіру процесіне қосу ынтасын өз жауапкершілігіне алады, яғни өндірістің қозғаушы күші, себебі істеген ісі пайда беретініне сенеді. 2)Кәсіпкер өндіріс процесінде барлық негізгі шешімдерді өз қолына алады және фирманың (кәсіпорынынның) іс бағытын айқындайды. 3)Кәсіпкер – бұл жаңашыл, коммерциялық негізде жаңа тауар өндіруді, жаңа технологияны енгізу, бизнесті ұйымдастырудың жаңа формаларын енгізуге аянбай жұмыс істейтін кісі. 4)Кәсіпкер – бұл тәуекелге баратын кісі. Тәуекелге бару үшін істелетін істің егжей –тегжейін айқын талдап, қортындысында не болатынын білген жөн. Кәсіпкер тек қана өз уақыты, еңбегін, іс қабілеттілігін тәуекелге салмайды, сонымен бірге өндіріске кеткен өзінің және өзінің серіктестерінің немесе акционерлердің қаржыларын тәуекелге салады. Кәсіпкерліктің түрлері

1)Атқаратын міндетіне қарай кәсіпкерліктің мынадай түрлері болады: өндірістік, коммерциалық, финанс және консультациялық. 2)Меншік түрлері бойынша жеке меншік, мемлекеттік, муниципалды, сонымен бірге қоғамдық құрылымдар меншігі. 3)Меншіктер саны бойынша кәсіпкерлік іс жеке адамның немесе коллективтің (ұжымның) құрамы болуы керек. 4)Кәсіпкерлік формасы бойынша екіге бөлінеді: 1) ұжымдық – құқықтық және 2) ұжымдық экономикалық.

Бизнес – бiр жақты анықтауға бағынбайтын, барынша ауқымды және сан қырлы ұғым. Ағылшын тiлiнен тiкелей аударғанда бизнес business сөзi iс, шаруа, коммерциялық қызмет, сондай-ақ тиiсiнше бизнесмен business men сөзi iскер адам, iскер деген ұғымдарды бiлдiредi.  Американдық экономист Й.Шумпетер бизнестi өндiрiстiң төртiншi факторы ретiнде қарастырады, ол бұл жерде iскерлiк қасиеттердi, оған қатысушылардың белсендiлiгiн өндiрiстiң қозғаушы күшi ретiнде, әлгi негiзгi үш фактордың iс –қимылын күшейтушi фактор ретiнде түсiнедi.

41.Қазақстандағы кәсіпкерлік табыс және пайда көздерін айқындаңыз

Кәсіпкерлік[1] – азаматтар мен олардың бірлестіктерінің пайда немесе өзіндік табыс алуға бағытталған бастамашылық дербес қызметі. Кәсіпкерлікті азаматтар өз атынан, өзінің мүліктік жауапкершілігі кепілдігімен немесе заңи тұлғаның (кәсіпорынның) атынан және соның жауапкершілігі кепілдігімен жүзеге асырады. Кәсіпкерлік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысаны арқылы айқындалатын шектегі мүліктік жауапкершілікті көздейдіҚазақстан азаматтары мен шет мемлекеттердің азаматтары, сондай-ақ, азаматтардың бірлестіктері кәсіпкерлік субъектілері болып табылады. Кәсіпкерлік жалдамалы еңбекті қолданбай немесе жалдамалы еңбекті қолданып, заңи тұлға құрмай немесе заңи тұлға құрып жүзеге асырылады. Жалдамалы еңбекті қолданбай жүзеге асырылатын кәсіпкерлік жеке еңбек қызметі ретінде тіркеледі, жалдамалы еңбекті қолдану жолымен жүзеге асырылатын кәсіпорын ретінде тіркеледі.

Кәсіпкерлік – кәсіпкерлік бизнестің неғұрлым жекеше жағдайы. Қызметтің бұл түрі, көбінесе, адамның жеке басымен – кәсіпкермен байланысты. Ол жаңа істі қолға алады, жаңа енгізілімді іске асырады, тәуекелдікке бас тігеді. Кәсіпкердің мәртебесі мемлекеттік тіркеуге алу арқылы қуатталады, онсыз кәсіпкерлік қызметке тыйым салынады. Кәсіпкердің еңбегіне ақы төлеу нысаны, тәртібі мен талаптары шартпен айқындалады, жеке табысқа салық салынуға тиіс. Шаруашылық қызметтің барлық түрлері, оларға заңнамалық актілерде тыйым салынбаған болса, мысалы, коммерциялық делдалдық, сату-сатып алу, инновациялық, кеңес беру, тағы басқақызметтер, сондай-ақ, бағалы қағаздармен жасалатын операциялар кәсіпкерлікке жатады. Нарықтық жүйеде толымды кәсіпкерлік қызметке жол ашылады және ол мемлекет меншікті қоса, меншіктің барлық нысандарына тән. Меншікті мемлекет иелігінен алу, кәсіпорындарды жекешелендіру кәсіпкерлік үшін қолайлы жағдай туғызатын экономикалық үдерістер болып табылады. Қазақстанда кәсіпкерлік мәртебесі, мұндай қызметті жүргізуге кепілдік заң жүзінде баянды етілген.

Қазақстанда кәсіпкерлік жөнінде 90-жылдардың басында, қайта құрудың басталуымен айтыла бастады. Бұл кезде былайша айтқанда, «комсомолдық кәсіпкерлік» басталды, көптеген белсенді жас адамдар, негізінен комсомол жетекшілері, жастардың шығармашылық ғылыми-техникалық орталықтары негізінде кооперативтер құра бастады.Несиелеудің жеңілдік жағдайлары жасалды. Мұның үстіне, өспелі инфляция жағдайына дәл осы кәсіпкерліктің алғашқы толқыны төтеп беріп қана қоймай, сондай-ақ қажетті, былайша айтқанда, бастапқы капитал жинай алды, себебі несие ақша «қымбат» алынып, «арзан» қайтарылды.

Кәсіпкерлік қызметін бұрынғы Кеңес Одағы кезінде 1987 жылы қабылданған «СССР азаматтарының жеке еңбек қызметі туралы» заңы алғаш рет ресмилендірді. 1988 жылы «Кооперация туралы заң» қабылданды. Кооперативтер мен серіктестіктердің жаппай құрылуы басталды. Дегенмен нарықтық инфрақұрылымның болмауына байланысты кооперативтердің аз бөлігі ғана аяғынан тұрып кете алды. Кейінірек 1988-1991 жылдары жалға беру, бірлескен кәсіпорындар мен банк қызметі туралы заңдар экономикалық жағдайды біршама ырықтандырды. Тұтастай алғанда, негізгі меншік мемлекеттікі болып қала бергенімен, жалға беру түріндегі аздаған босаңсулар біршама дәрежеде кәсіпкерлік белсенділікке жағдай жасады.

Қазақстан Республикасы 1991 жылы тәуелсіздік алғаннан кейін кәсіпкерлік белсенділікті қолдауға байланысты бірқатар заңдар қабылданды. Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуына «Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуы мен шаруашылық қызметтің еркіндігі туралы» (1991), «Жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау туралы» (1992) заңы сияқты заңдар түрткі болды. 1994 жылдың басында-ақ жеке кәсіпорындар саны 15,7 мыңды құрады және жалпы жұмыспен қамтылғандар саны 164 мыңға жетті. 01.10.1998 ж. Шағын кәсіпкерліктің субьектілер саны 307 мыңды құрады, оларда 1,2 миллион адам жұмыспен қамтылды. Кәсіпкерлік қызметтің негізгі үш саласының ішінен бірінші орынға өндіріс те емес, тұтынушылар мен тауар өндірушілер арасындағы делдалдық та емес, сауда шықты.

Соңғы жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 6 – наурыздағы №3398 «Шағын кәсіпкерлікті дамытуды белсендету және мемлекеттік қолдауды күшейту шаралары туралы» және 1998 жылғы 27-сәуірдегі №3928 «Жеке және заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне деген құқығын қорғау туралы» жарлықтары кәсіпкерліктің дамуына жаңа күш берді. Осы жарлыққа орай, Қазақстанда шағын бизнесті дамыту жөніндегі алғашқы арнайы орган ретінде сауда және экономика министрлігінің құрамында шағын кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі агенттік құру және оның жұмысын  ұйымдастыру ұйғарылды.

Экономиканы тұрақты болуы және оның бәсекелік сипатын қалыптастырудың басты күштерінің бірі кәсіпкерлікті жетілдіру болып табылады. Жалпы кәсіпкерлікті дамыту үшін бірнеше белгілі шарттар орындалуы қажет:

Кәсіпкерлік субъектінің белгілі бір дәрежеде еркіндігі мен құқығы болуы қажет. Ол – шаруашылық қызметінің бағытын таңдау, өндірістік, сауда бағдарламаларын анықтау, қаржы көзін таңдау, өнімдерді тасымалдау, өнімге баға белгілеу, табысты өз мұқтажына жұмсау;

Кәсіпкерлік қабылданатын шешімдерге, одан туындайтын нәтижелерге тәуекелдікті қажет етеді. Қабылдаған шешімдерге деген жауапкершілік болмайтын болса, ол кәсіпкерліктің де болмағаны;

Кәсіпкерлік қызметтің белгілі коммерциялық табысқа жетуге бағдар ұстауы, экономикада қажетті нарықтық құрылым орнатумен байланысты. Яғни кәсіпкерлік дамуы үшін оның құқықтық базасы, әлеуметтік-экономикалық шарттары қалануы керек.

Төртінші шарт жоғарыда аталған шарттардан туындайды. Еркін кәсіпкерлік меншіктің әр түрлі формада, түрде, типте болуын қалайды.

Кәсіпкерлік – қызметтің ерекше бір түрі ғана емес. Бұл тағы да белгілі стиль және тәртіптің типі, жинақтап айтсақ: үлкен бастама, дәстүрден тыс шешімдерді іздестіру, тәуекелге бару, іскерлік қызметтің орын алар жері, ең алдымен кәсіпорын.

42.Шағын, орта және ірі кәсіпкерлік: артықшылықтары мен кемшіліктері, және де олардың дамыған ел экономикасында жетекші болуын дәлелдеңіз

Шағын және орта бизнес түсінігінің мәнін ашпас бұрын, алдымен оның қалыптасу көздерін анықтап алу керек. Экономикалық теорияда кәсіпкерліктің алғашқы анықтамасына қатысты қайшылықтар бар. Көптеген теоретиктер кәсіпкерліктің шығуын франсуз экономисі Р.Контильион (18ғ) есімімен байланыстырады, ол кәсіпкерлікті сипаттайтын функйионалдық негізі ретінде тәуекелділікті ұсынады, яғни кәсіпкерлік-тәуекелділікпен байланысты болып келетін адамдардың қызметі2. Бірақ соңғы уақытта кейбір теоретиктер әйгілі араб ойшылы Ибн-Кальдунның кәсіпкерлік теориясын ұстанады, «касб» түсінігі негізгі құраушы категория деңгейіне дейін көтерілген3.

  Кейбіреулері болса, шағын бизнес барлық ежелгі мәдениетте дамыған деп тұжырымдайды. Бұл істе арабтар, вавилондықтар, египеттіктер, иудилер, гректер, финикшілер және римдіктер ерекшеленген. Мұнын дәлелі тұтынушылар мен кәсіпкерлерді қорғауға бағытталған Хамураппи заңдары болып табылады4. Қазіргі уақыттағы алдынғы қатарлы ғылыми-техника дамудың теоретигі Кристофер Фример және менеджмент теоретигі Питер Друпердің айтулары бойынша кәсіпкерліктің кезектілік теориясынан ұсынған, оны алғаш зерттеген Иозеор Шулепеттер болып табылады. Теорияның мәні келесіде, кәсіпкерлік-экономикалық дамуда қозғалтатын өзіндік элемент.

  Сонымен, қазіргі ұрпақ теоретиктеріне кәсіпкерліктің алғашқы пайда болу төңірегіндегі сұрақтарын бірнеше рет қарастыруларына тура келеді, бұл бір қатар экономистер мен студенттерді дұрыс емес бағытта талқылауды қорғайды.  Одақтық Республикалардың тәжірибесінде экономиканы құрамдас элементтерге шартты бөлудің дәстүрлі жүйесі кеңінен қолданылған, ол халық шаруашылығының даму бағытын және заңдылығын  жан-жақты танып білуге мүмкіндік береді, сондай-ақ жаңадан қаклыптасқан мәселелерді өз кезеңінде байқауға және олардың жедел шешілуі бойынша шаралар қолдануға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта нарықтық қатынастар жүйесінде кәсіпорындар келесідей айрықша ерекшеліктерімен сипатталады, мөлшері, жұмыс істеушілер саны, қай салаға жататындығы, негізгі және айналым қорларының құны, шығарылатын өнім көлемі.                    

Сонымен кәсіпорындардың үш түрін бөліп көрсетуге болады: ірі, орта және шағын. Олардың кешені бірін-бірі толықтыра отырып, экономиканың тұтас ағзасын құрайды.

Ірі кәсіпорындар – нарыққа негізгі өнім шығарушылар болып табылады. Ірі кәсіпорындар – эконамика «қаңқасы», экономикалық тұрақтылықтың базисі.

Шағын және орта кәсіпорындар, үнемі жаңарып тұратын номенклатурасымен және ассартиментімен, аз ғана партияда өнім дайындау, шектеулі тұтынушылар жағдайында елеусіз материалдар мен шикі затты қолдану қажет болған жағдайда пайда болады. Сонымен, шағын кәсіпорындар нарықтың салыстырмалы толған кезінде жекелеген тапсырыстарды есепке алып өнімді аяқтайды, яғни ұсақ – түйек өнімдер өндіріледі. Сонымен қатар, шағын кәсіпорындар қызметтің барлық саласында нолдік нәтиже алумен байланысты жоғары тәуекелге ие болып табылады. Бұл әрі инновациялық қызмет, әрі жаңа технологияны игеру. Өнімнің  жаңа түрін игеру. Шағын кәсіпорындардың капиталымен тәуекел, іріге қарағанда қоғамға аз шығындар алып келеді, сондықтан мемлекет шағын кәсіпорындарды құру және дамыту үшін арнайы жеңілдіктер тәртібін тағайындау керек.

Сондай-ақ шағын бизнес сферасына өздерінің тәуелсіз меншігі бар, шаруашылық еркіндікке ие және өз қызметі сферасында үстемдік етпейтін фирмалар жатады. Көптеген шетелдік зерттеулер шағын кәсіпорындарға 500 адамнан аспайтын жұмысшылар бар және сату көлемі 20 млн доллардан аспайтын фирмаларды жатқызады. Бірақ бұл көрсеткіштер шартты болып табылады.

Қазақстанда шағын және орта бизнеске бірнеше инвесторлармен құрылатын, географиялық шектелген зоналарда қызмет ететін және нарықтың шектеулі үлесіне ие, басқаруды құрушылар жүзеге асыратын, барлық негізгі стратегиялық шешімдерді өздері қабылдайтын кәсіпорындар жатады. Басқару сипаты икемділігімен, форьмалділіктің жоқтығымен шешімін қабылдау барысында, өндіріс саласындада, басқару саласындада жұмысшылардың өз-ара алмасуының жоғарылығымен ерекшеленеді.

Нарықтық экономиканың шаруашылық жүргізуші  субъектілерде «кәсіпкерлік» және «бизнес» ұғымдары өзара тығыз байланысты.  Кәсіпкерлік пен бизнесті экономикалық қызметтің бір түрі ретінде қарастыра отырып, отандық және шетелдік зерттеушілердің айтулары бойынша, бұл терминдер - өндіру немесе алу және тауарларды сату, басқа тауарларға айырбастау үшін қызмет көрсету немесе жай қызмет көрсету, серіктестіктер арасында екі жақты пайда табу негізіндегі ақшалар арқылы пайда табуға  бағытталған, жеке тұлғалармен, кәсінорындармен немесе ұйымдармен жүзеге асырылатын ( тек заңмен тыйым салынбаған ) еркін шаруашылықты білдіреді.

Бірақ «кәсіпкерлік» және «бизнес»  түсініктері экономикалық тұрғыдан қарастырғанда синонимдер болып табылады. « Бизнес » түсінігі экономикалық тұрғыдан қарағанда кеңірек. Шетелдік әдебиеттерде нарықтық экономика бойынша бизнес қағамның қажеттілігін қамтамасыз ететуге қажетті өндіріс жүйесі ретінде анықталады.Бизнес нарықтық экономиканы барлық қатысушыларының арасындағы қатынастарды қамтиды және тек қана  жалдамалы жұмысшылардың да, мемлекеттік құрылым қызметкерлерінің де қызметтерін қамтиды. Жалпы түрде бизнес – бұл нарықтық қатыныстар жүйесіндегі адамдардың іскерлік белсенділіктері. Ал, кәсіпкерлік қызмет бизнестің бір формасы ретінде қарастырылады және оның әр түрлі сфераларында жүзеге асырылады.

Шағын және орта бизнестің артықшылықтары мен ерекшеліктері.

 

Көптеген адамдардың ойы бойынша, нарыққа тек ірі капиталы бар кәсіпорындар ғана қол жеткізулері мүмкін, ал шағын және орта кәсіпорындар үшін орын жоқ. Басты аргумент ретінде шағын бизнестің қуатты ірі компаниялармен бәсекелестікке түсе алмаитындығы. Ал,  егер дұрыс тұрғыдан қарастырсақ, шағын бизнестің тиімді бәсекелес болуының бірнеше себебін көрсетуге болады. Біріншіден, шағын кәсіпорындыр үшін 0,5 – 1 жыл ішінде өздерінің стратегияларын өзгерту қиындық тудырмаиды, ал ірі кәсіпорындар үшін 5 – 6 жыл қажет. Екіншіден көпшілігі қателесіп инновация ірі кәсіпорындардан жүреді деп ойлайды, ал статистика болса, Екінші Дүние Жүзілік соғыстан кейін 95 % инновациялық технология шағын және орта бизнес сфераларынан шыққанын көрсетіп отыр. Шағын кәсіпорындардың ірі кәсіпорындарға қарағанда капиталының күйіп кету тәуекелі төменірек, жәнеде әртүрлі инновациялық технологияларды енгізуден қорықпайды.

Шағын және орта бизнестің жаңа жұмыс орындарын қамтамасыз етуі сияқты артықшылығын көрсету қажет.  Әсіресе,  бұл елде кризис және жұмыссыздық кезеңі болған кезде артықшылыққа ие, өйткені ірі компаниялар қызметі экономикалық кризиске байланысты болғандықтан, жаңа жұмыс орындарын ұсына алмайды. Американ-Экспресс ( 1987 ) мәліметтері бойынща шағын өнеркәсіптерде қалыптасатын жұмыс орындарының өсу қарқыны тұрып қалған ірі компанияларға қарағанда 3 есе көп6.

Шағын бизнестің артықшылықтары көрініп отыр. Бұл, шағын және орта бизенстің динамикалығы, икемділігі, тұтынушылар қажеттілігінің өзгеруіне тез жауап беру және тауарлар ассортиментін ауыстыру, технология саласына жаңалықтар енгізу мүмкіндігі. Персоналды басқару сферасында бұл еңбек ұжымында бейресмилік, бюрократияның жоқтығы, жұмысшылардың басқаруға және табысқа тікелей қатыс алу мүмкіндігі.

Шағын және орта бизнестің ерекшелігі қызмет ету сферасы болып табылады. Ірі кәсіпорындар жаппай өндіріс жағдайында, тұрақты тауар номенклатурасымен және көтерме сатып алушылармен жұмыс істейді. Шағындар ұсақ партиялармен шығарады, жеке тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандырады, нарықтық арнайы сегментіндегі және екінші реттік шикізат өндірісінің қалдықтарын пайдаланады. Мысалы, автомобиль өндірісі – ірі кәсіпорын қызметіне жатса, автомобильді жөндеу – шағын және орта бизнес қызметі.

Шағын және орта бизнестің келесі бір тиімді ерекшелігі коллективті еңбекке ұмтылуы, жұмыс орнын сақтап қалуға тырысу және пайдаға қатысуға негізделген жұмыстың нәтижесінің максималды болуына мүдделілік болып табылады. Ірі компаниялар кәсіби менеджерлерді жалдайды, алолар акционерлердің барлық талпыныстарының ерекшеліктерін білмейді, нәтижесінде басқару проблемаларына алып келеді, ал шағын кәсіпорындарда құрушының өзі менеджер, бір тұлға, сондықтан бұл жерде ешқандай түсініспеушілік мәселесі туындамайды6.

43.Әлемдік дағдарыс жағдайында отандық кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік іс-шаралы қандай болатынын болжаңыз

Әлемдік тәжірибе шағын және орта бизнестіңэкономикадағы рөлі бағалауға клмейтіндей жоғары екнің көрсетіп отыр. Ал мемлекет өмірінің барлық салаларына әсерін тигізеді: жұмысшылар саны бойынша, өндірілетін тауарларының көлемі бойынша, орындайтын жұмыстары мен көрсететін қызметтері бойынша жекелеген елдерде шағын және орта бизнес субъектілері маңызды рөль ойнайды. Экономика үшін шағын кәсіпорындардың толықтай қызметі оның икемділігінартырытын маңызды сұрақтар болып табылады. Тіпті, шағын және орта бизнестіңдаму деңгейіне байланысты, мамандар елдердің өзгермелі экономикалық жағдайға бейімделу мүмкіндіктерін жталдайды. Қазақстан үшін шағын бизнестің қалыптасуы жоғары дамыған қоғамға, жоғары дамыған экономикаға өтетің көпір болуы қажет. Қиыншылықтар мен сәтсіздіктерге қарамастан шағын және орта бизнес даму үстінде, экономиклық, әлеуметтік, ғылыми-технологиялық мәселелерді щеще отырып қарқын алуда. Шағын және орта бизнесті дамыту келесі мәселелерді шешеді:

-қоғамның және халықтың қажеттіліктерін жақсы қанағаттандыруға мүмкіндік береті, өркениетті бәсекелестік нарықтық қатынастардың қалыптасуы;

-ассортименттің кеңеюі мен тауарлар мен қызметтердің сапасының артуы. Тұтынушылақанағаттандыруға ұмтылу арқылы, шағын бизнес қызмет көрсету мен өнім сапасының артуына мүмкіндік туғызады;

-тауарлар мен қызметтердің нақты бір тұтынушыларға жақындауы;

-экономиканың құрылымдық өзгеруіне әсер ету. Шағын кәсіпкерлік экономикаға өтімділік, икемділік береді;

-өндірісті дамытуға халықтың өз ақшаларын тартуы. Шағын кәсіпорын иегерлері өз істеріне өз ақшаларын үлкен қызығушылықпен салады;

-қосымша жұмыс орындарының ашылуы, жұмыссыздық деңгейінің қысқаруы;

-адамдардың шығармашылық мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға, дарындарының ашылуына, әр түрлі қолөнердің дамуына ықпал етеді;

-еңбек қызметіне ірі кәсіпорындар белгілі – бір шектеу қоятын халықтың жекелеген топтарын (үй жұмысымен айналысушылар, зейнеткерлер, мүгедектер, оқып жатқан адамдар) тарту;

-меншік иелері, кәсіпкерлер, басқарушылардың әлеуметтік қатарларының қалыптасуы;

-ғылыми-техникалық дамуды жандандыру;

-жергілікті шикізат қайнары ірі кәсіпорындар қалдықтары қолдану және игеру;

- ірі кәсіпорындарға комплетелетін бұйымдарды дайындау және жеткізу жолымен, көмекші және қызмет көрсету өндірісін құру арқылы әсер ету;

- арендаға алу немесе сатып алу арқылы төмен рентабельді және тоқыраудағы кәсіпорындардан мемлекетті босату;

осы барлық аталған және басқа да шағын және орта  бизнестің экономикалық, әлеуметтік функцилары, оның дамуы ең маңыздылар қатарына жатқызып, экономиканың ажырамас бөлігі ретінде қалыптастырады. Бірақ шағын және орта бизнестің ролін таңдай отырып, оның дамуына кедергі болатын себептерді айтпауға болмайды.

Біріншіден, Қазақстан Республикасындағы күрделі экономикалық жағдай (инфляция, өндірістің құлдырауы, шаруашылық байланыстардың үзілуі, төлемеушілік, несиені пайдаланудағы жоғары пайыз, кәсіпкерлердің құқықтық қорғалуы).

Екіншіден, кәсіптіліктің төменгі деңгейі, кәсіпкерлердің өз өздерін теңгеруі.

Үшіншіден, халықтың кәсіпкерлерге толық сенімнің болмауы.

Төртіншіден, шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдаудың әлсіздігі, тіпті, керісінше мемлекеттік органдардың жиі араласуы.

Бесіншіден, қазіргі заманға сай ақпаратардың жеткізілуі, құрал – жабдық, технологияның болмауы, күрделі есеп беру жүйесінің және арендалық төлем құнының жоғары болуы.

Сонымен кәсіпкерліктің одан ары кеңеюі мемлекеттік маңызды мәселелерінің бірі болып табылады, кәсіпкерлер мәселелерінің шешу үшін әкімшілік – ұйымдық, технологиялық, техникалық ресурстар қолданылуы қажет.

Қазіргі уақытта қалыптасқан экономикалық жағдайда мемлекеттік тікелей немес жанама қолдау көрсететін елеулі ресурстары жоқ. Сондықтан, барлық күш жағымды сыртқы ортаны қалыптастыруға бағытталуы керек. Бұл бағытты жүзеге асыру үшін келесідей шаралар қажет: заңдық және нормативтік базалар ары қарай қалыптасуы мен дамуы, өндірісті қолдайтын инфрақұрылымының барлық қажетті элементтерін қалыптастыруы, бюджеттен тыс қаражаттар есебінен кәсіпкерлікті қаржылық қолдлау аясын кеңйтуге әсер ету, тиімді инвестициялық климатты қалыптастыру, мемлекеттік бақылауды тәртіпке келтіру.

Соңғы жылдары шағын және орта бизнесті дамыту мен кәсіпкерлік қызметті қолдау бойынша бірқатар шаралар әзірлеген болатын. Ол өзінің нәтижесін берді, статистиктердің айтуы бойынша, тіркелген кәсіпкерлердің санының артуы, жұмыспен қамтылған халықтың үлесіне де әсерін тигізген. Шағын кәсіпорындардың өнім өндірудің жалпы көлеміндегі үлес салмағы артып келеді. Шағын және орта бизнестің ролінің артуын кәсіпкерлер форумының тұрақты жүргізілуі шағын кәсіпкерлікті дамыту қорының құрылу, барлық екінші деңгейлі банктердің шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несие берудің минимал мөлшерін тағайындауы (банктің несие қоржынының негізгі қарыздан 10 % - тен аз болмау), орта және шағын кәсіпкерлікті қолдау Агегнттігінің құрылуы, шағын кәсіпкерлікті қолдау бойынша әкімдердің қызметін қатаң қадағалау, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жұмыстарына жағдай жасау және жеңілдіктер беру.

1992 – 96 жылдары кезеңінде кәсіпкерлікті қолдау және дамыту, екі мемлекеттік бағдарламаның жүзеге асыру шағын бизнестің құрылуы мен қалыптасуына негіз бола алады. Бұл кезеңде шағын кәсіпкерлікпен айналысатындардың үлесі жалпы жұмыспен қамтылғандардың саны ішінде келесі қатынасты құрады: 1992 жылы - 6%, 1993 жылы - 4%, 1994 жылы - 4%, 1995 жылы - 5%, 1996 жылы – 5,2%. Қызмет етуші субъетілерінің саны 24030 бірлікке дейін артты7. 2000 жылы тіркелгендердің саны 118429 бірлік, олардың ішінде 107134 – шағын кәсіпорындар8, және 59244 – қызмет етуші кәсіпорындар болды.

Сонымен, көріп отырғанымыздай, ойланып ұйымдастырылған шағын және орта бизнес саясаты стагнациялық экономикадан шығудың балама жолы бола алады, өйткені ол екі макроэкономикалық проблемелармен байланыстырады – жұмыспен қамту және өндірістің жандануы. Шағын кәсіпорындар экономикаға барлық көрсеткіштер бойынша өзгерістер алып келуі мүмкін. Өзін жұмыспен қамтуды ынталандыру және шағын кәсіпорындар ашу ең аз шығынмен жұмыссыздық мәселесінен шығатын жол ретінде қарастырылады. Соңғы он жылдықты дамыған елдердегі экономиканың даму тенденциясы шағын бизнес саласына өтумен байланысты. Осы салаға бәсекелестікті ынталандыру, кәсіпкерліктің жандануы, қоғам ресурстарын толығырақ қолдану және инновациялық процесті күшейту сияқты негізгі үміт арттырған. Батыс елдерінде шағын бизнес тиімді дамуды қамтамасыз ету және мемлекеттік экономикалық саясатты қосу саласына айналған. Мемлекеттік протекционистік шағын бизнестің нақтылануы қажет еткен, адрестілігін, жеңілдіктер тек шағын кәсіпорындарға берілетін. Шағын кәсіпорындарды ажырату барысында сандық сипаты бойынша, әр елдегі экономикалық жағдайға байланысты әр түрлі пікірлер қалыптасқан. Жалпы сипаттамасы ұйымдастырылуының қарапайымдылығы, жаңа өнім шығаруға тез бейімделе алуы, нарыққа қызмет ету, яғни нақты тапсырыстармен сатуға, сондай – ақ шағын кәсіпорындарды басқару және меншікті біріктіру дәрежесі болып табылады.

Кез келген процесс сияқты шағын және орта бизнестің дамуы мен қолдауын басқару қажет. Кәсіпкерлік басқару объектісі ретінде өзінің ерекшеліктері бар. Егер бұл сұраққа басқару қызметі жағынан келетін болсақ, онда басқарудың келесі қызметтерін көрсетуге болады:

-                       жоспарлау (стратегиялық менеджмент, маркетинг стратегиясын әзірлеу, бизнес жоспарды әзірлеу);

-                       ұйымдастыру (барлық деңгейде кәсіпкерлікті сәйкес басқару құрылымын құру);

-                       мотивация (кәсіпкерлік белсенділікті ынталандыратын механизмді қалыптастыру);

-                       бақылау (жоспарланған істерден ауытқуды анықтау және сәйкес түзетулер енгізу);

  Осы орайда ұсынғым келіп отырғаны мәні – шағын кәсіпкерліктің экономика жағдайын жақсарту үшін ірі ағымы бар екенін көрсететін, экономиканы дамыту үшін кәсіпкерлік модельді ұстану. Осы теорияға сәйкес мемлекет кәсіпкерлік белсенділікті тиімді, әрі икемді ынталандыру әдісін табуы қажет9. Сәйкес мемлекеттік саясат қоғамдағы кәсіпкерлік климатты өзгерте алады ма деген? Бұл сұраққа жауап оң болады. Тек бұл үшін, мемлекет жаңа кәсіпорындар ашуды ынталандыратын, кәсіпкерлікті қолдау саясатын жүргізуі тиіс. Және де бұл көп қырлы қолдау кәсіпорынның даму жағдайы мен кезеңіне байланысты әр түрлі сипатта болуы қажет. Себебі, қай құрылған және тоқырау алдында тұрған кәсіпорындар қолдаудың әр түрлі тәсілдерін қажет етеді.

 

1.3. Нарықтық экономикасы бар елдердің шағын және орта бизнесті дамытудағы тәжірибесі.

 

Көптеген шетел мемлекттерінің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, шағын бизнеске байланысты мемлекеттік саясат маңызды өз бетінше жүйелік бағыт болып табылады. Ұйымдық құрылымдарды және шағын кәсіпкерлікді қолдау механизмдерін басқа мемлекеттерде зерттеу қандай да болмасын ұлттық ерекшеліктерге қарамастан барлық сипаттамаларға анықтауға мүмкіндік береді. (кесте №1)10

кесте №1

 

Үлестерден көріп отырғанымыздай шағын бизнесті дамыту үшін Қазақстан шағын бизнесті басқару процесін жетілдіруге көп күш жұмсау қажет. Шетелдік мамандардың айтуы бойынша қазіргі бизнес ішкі және сыртқы факторлардың әсеріне тәуелді.

Бизнестің ішкі және сыртқы ортасын сараптаудан екі факторды есепке алған жөн: ішкі және сыртқы ықпалдардың көлемі және ортаның өзгеру деңгейі. Кәсіпкерлікке барлық сыртқы ықпалдарды өз кезегінде макроэкономикалық және салалық деп бөлуге болады.

Ішкі немесе бақыланатын факторларға кәсіпорын қызметіне байланысты факторларды жатқызады. Енді әртүрлі тәжірибесіне келейік.

 

АҚШ – ғы шағын бизнес .

Әдетте америкалық фирмалардың көлемі жұмысшылардың санымен бағаланады: өте ұсақ фирмалар – 20 адамға дейін жұмысшылары бар, шағын 20-дан 99 адамға дейін, орташа 100-ден 499-ға дейін, ірі 500 адамнан көп (2 сурет). Көрсеткіштерді салалар бойынша құрады: бөлшек саудада 100 жұмысшысы бар, өңдеу саласында 500-ге дейін жұмысшылары бар фирмалар шағынға жатады.

 

2 – сурет. АҚШ-ғы әртүрлі деңгейдегі фирмалардың саны

көрсетіп отырғандай, шағын бизнес ортаның өзгерісіне тез бейімделгіш. Шағын кәсіпорындардың жаппай ликвидациясы кәсіпкерлерге кері әсерін тигізбейді. Жұмысшы күшінің және капиталдың территориялық және саналық ағымы жақсарады, тұтынушы сұранысының және жоғары өндіріс шағындарының өзгеруіне өндіріс қимылының жеделдігі жоғарылайды. Бір шағын кәсіпорындар жабылса, екінші біреулері ашылады.

Қазіргі уақытта АҚШ халқының 53 % шағын және орта бизнес саласында жұмыс істейді11. АҚШ тәжірибесі шағын бизнес ірі өндірістің өзгерістерге, жаңа міндеттемелерге бейімделуін және икемділігін көтеретіндігін көрсетіп отыр.

Енді АҚШ-та шағын кәсіпорындарға мемлекет тарапынан көмекке келейік. Шағын кәсіпорындардың қызметі арнайы ұйымының – 1953ж АҚШ Конгресі құрған шағын бизнес әкімшілігінің құзырына кіреді. Сол жеке сектордың құқықтық негізгі болып табылатын шағын бизнес туралы Заң қабылданды. 1953ж Эйзенхаур президент болған кезде елде жұмыссыздық және инфляция болатын. Экономиканы жандандыру үшін – шағын бизнес әкімшілігін (ШБӘ) құрды. Ол өз қызметтерін дұрыс атқарды. Қазіргі уақытта АҚШ-та шағын бизнесте 22 млн кәсіпорын бар, онда елдегі барлық жұмысбастылардың 54 %  қызмет етеді. Шағын бизнес кәсіпорындарының өндіріс және сату көлемі жалпы мемлекеттегі сату көлемінің 52 % құрайды, және 99,7 % кәсіпкерлер – бұл шағын бизнес басшылары. Шағын бизнесәкімшілігі - шағын кәсіпорындарға қаржылық және кеңестік көмек көрсетеді. Басты міндеті – шағын кәсіпкерлікті ұйымдастыру, қолдау және өмір сүруін қамтамасыз ету. ШБӘ өз қызметін басқа агенттіктер мен комитеттер, соның ішінде қаржы, білім, кәсіби ассоциациялар мен бірігіп отырып жүзеге асырады. Мемлекет өнімнің ірі тұтынушыларының бірі болғандықтан шағын бизнесәкімшілігі шағын кәсіпорындарға мемлекетпен мәміле орнатуға көмектеседі. Әйел, мүгедек, ардагер – кәсіпкерлерге ерекше назар аударады. шағын бизнесәкімшілігі 5 мың адам жұмыс істейді, оның 4 мыңы Вашингтоннан тыс жерлерде. Ұйымның 10 аймақтық орталығы және 66 территориялық бөлімшелері бар. Олардың арасындағы байлаиыс аудан – аймақ – орталық тізбегі бойынша жүзеге асады. АҚШ-ғы шағын бизнес қоғамдағы ресми белсенділікті сақтау үшін маңызды болып табылады.

Америкалық тәжірибе көрсетіп отырғанындай кәсіпкерлік еркіндігін шектейтін кез келген үкіметтік немесе басқа да шектеулер ресми белсенділікті төмендетеді. Сондықтан шағын бизнестің барлық мүдделері АҚШ конгресінің бақылауында. Сонда да ерекше ролді шағын бизнесәкімшілігі шеңберіндегі жобалар ойнайды. Мысалы, шағын бизнеспен айналысқысы келетіндер үшін арнайы қызмет қарастырылған, олар тегін кеңестер береді, конференциялар ұйымдастырады, кездесу және семинарлар өткізеді. Оның үстіне, шағынбизнес бизнес - инкубатордың     бастауымен ақпарат беру, кәсіпкерлерді оқыту және оларға әр түрлі сұрақтар бойынша кеңес берумен айналысатын орталықтар ұйымдастырылған.

Бұдан басқа, 1976 ж. арнайы шағын бизнес мүдделер қорғайтын Адвокаттық кеңсе құрылды, ол тікелей Президент пен Сенатқа бағынады. Адвокаттық кеңсе негізгі міндеттері:

-                       мемлекеттік заңдардың, жобалардың, ережелер мен салықтардың шағын бизнестің дамуына әсерін зерттеу.

-                       Шағын бизнеске әсер ететін факторларға экономикалық және статистикалық зерттеулер жүргізу, шағын бизнес потенциалын бағалау, шағын бизнес мәселелері мен қажеттіліктерін зерттеу т.б.

Қазақстандық тәжірибеде шағын бизнеске көмектесудің «инкубаторлық» жобасын қолданған жөн. «Инкубатор» термині алғаш кәсіпкерлікпен айналысушыларға көмек көрсету мақсатында университет, ұйымдар, кампаниялар, федералдық үкімет органдары жандарына ашылған ұйымдарға қолданылады. «Инкубатордың» басты міндеті – шағын, әсіресе иннновациялық бизнесті алғашқы қолдау. Инкубаторлар жанынан құрылған кәсіпорындар тәжірибе жинайды, одан ары даму үшін көмек алады, нарықтағы өз орындарын бекітеді. Дамудың белгілі бір деңгейіне жеткеннен соң, әдетте үш жылдан соң, фирмалар бизнес – инкубаторлардан шығып өз бетінше қызмет етеді. Ал босаған орындарға бизнесті нөлден бастап жатқан жаңа фирмалар келеді.

Әдетте бизнес - инкубаторлар бірнеше жаңа бастаушы орналасқан арнайы ғимараттарда орналасқан. Олар ғимарттар мен құрал – жабдықтарды бірігіп қолданып ғана қоймайды, сонымен бірге бизнес-инкубатор көрсететін барлық қызметтерге, бизнес кеңестерге қол жеткізе алады. Кейбір қызмет түрі, аренда құнына қосылған, көрсетілетін қызметтердің басқа түрлерінің бағасы төменірек.

Бизнес – инкубатордың негізгі ресурстарына келесілер жатады:

а) бизнес- инкубаторлар персоналы, соның ішінде кеңес берушілер;

б) құрал – жабдықтар, соның ішінде ұйымдастыру техникалары (көшірме машиналары, факс, компьютерлер т.б.);

в) бір жылға жалданатын ғимарттар мен жиһаздар;

Бизнес – инкубатордың басындағы тұлға – директор немесе атқарушы директор.

Америка Құрама Штаттарындағы бизнес – инкубаторлардың 90% жуығы – бұл коммерциялық емес ұйымдар, олардың басты мақсаттары жаңа кәсіпорындар құру және дамыту. Қазақстан экономикалық дамуының қазіргі кезеңінде бизнес – инкубаторлардың құрылуын әлі ертерек дейді. Өйткені бизнес – инкубаторлар коммерциялық ұйымдар ретінде мемлекеттік және мемлекеттік емес демеушілер есебінен қаржыландырылады. Біздер үшін ең қиын қаржы көздерін табу. Соған қарамастан, АҚШ тәжірибесі көрсетіп отырғандай, бизнес – инкубаторлардың клиенті – 90 % жуығы жоғары эффективті кәсіпорындар болып табылады. Бұл факт Қазақстанда бизнес – инкубаторларды құруда маңызды болып табылады. Инкубаторлар мақсаты және қаржыландыру көздеріне қарай фирмалық, мемлекеттік, университеттік және жеке деп бөлінеді. Қазір бүкіл әлемде бизнес бизнес – инкубаторлар шағын кәсіпкерлікті қолдаудың тартымды әдісі болды.

 

Ұлыбританиядағы шағын бизнес.

 

Ұлыбритания тәжірибес көрсетіп отырғандай, шағын бизнес, өндіріс көлемін ұлғайтуда, тауарлар мен қызметтер ассортиментін кеңейтуде, өнім сапасын көтеруде маңызды рол ойнайды. Шағын бизнес адамдарға өзінің творчествалық мүкіндіктерін көрсетуге мүмкіндік береді. Ұлыбританияда шағын кәіспкерліктің дамуына консервативті үкімет саясаты – қаржылық жеңілдіктер, кеңес беру қызметтері мен бизнес техникасын оқытатын курстардың болуы ықпал етті.

Ұлыбританияда шағын кәсіпкерліктің дамуының үш үлгісі бар: қызмет масштабын кеңінен статус – квосын сақтай отырып консервациялау; ресми белсенділікті ақырын кеңейту; шағын кәсіпорындарды орташаға, сосын ірі компанияларға өзгерту. Көптеген зерттеулер көрсетіп отырғандай, шағын кәсіпорындар иелерін біраз бөлігі одан әрі өсуге тырыспайды. Олардың ең басты мақсаты – тұрақтылықты қамтамасыз ету.

Үкімет шағын бизнес саласына жалпы кәсіпкерлік қызметтің әлеуметтік – экономикалық шарттарын қамтамасыз ету арқылы ықпал етеді (салық салу, жекешелендіру, еңбек заңдары саласындағы шаралар), сонымен бірге әр түрлі экономикалық, ұйымдық, құқықтық нормалар мен әдістерді қолданды. 1991 ж. Ұлыбританияда ұсақ кәсіпорындарға оларды басқару мәселелері бойынша көмек беруге мамандандырылған фирмалардың қызметінен зерттеу жүргізілді. Шағын кәсіпорындардағы мәселелермен кеңес берушілер танысып, кеңес берумен ғана шектеліп қоймайды, сонымен бірге өз ұсыныстарының фирманың жүзеге асуына ат салысады. Бұл көмектің болуы және орта және шағын бизнестің даму стратегиясының болуы бұл саланың Ұлыбританияда гүлденуіне әкеледі.

 

Франциядағы шағын бизнес.

 

Кәсіпорындарды шағын фирмалар категориясына жатқызудың кең таралған қағидаларының бірі – ондағы жұмысшылардың саны. Мысалы, он адамнан аз жұмысшылары бар фирмалар ұсақ болып табылады, 10-49 адамдар – шағын, 50-499 – орташа, 500 көп - ірі фирмалар. Экономикалық саясатты жүзеге асырарда мемлекеттің мақсатттарының бірі – шағын фирмаларды қолдау. Шағын бизнеске ерекше жағдай жасау концепциясы Францияда кеңінен тарады. Шағын бизнесті дамыту үшін үкіметтен қаржылық, салықтық және іәкімшілік шараларды қосатын жоба дайындалды. Француз үкіметі қаржылық ынтаға көп көңіл бөледі. Ол жаңадан кәсіпорын құруға, фирмалардың басқа аймақтарға ауысуына, инвестицияның өсуіне, шағын және орташа фирмалардың ынтымақтастығын реттеуге арналған жеңілдіктерді ұсынады. Мемлекет ұсақ және шағын фирмаларға несие беретін бірқатар ұйымдар құрды. Оның ішінде – аймақтық даму қоғамы, өнеркәсіптік даму институты, жаңалық енгізуді қаржыландыратын компаниялар және т.б. Францияда несиелерді кепілдендіретін 50 жуық ұйымдар бар12. 80 жыл басында несиелерді кепілдеудің Ұлттық қоры құрылды. Қор шағын және орташа фирмаларды тәуекел капиталды ұсынатын компапияның қарамағында. Ол шағын бизнеске әр түрлі қаржылық ұйымдармен ұсынылатын займдардың 65% кепілдеуді қамтамасыз етеді. Қоғам шағын фирмаларға құрал алу үшін және оны жұмыс бабында ұстап тұру үшін қаржылық ресурстар бөледі.

Шағын және орташа кәсіпорындағы жұмысшылардың жалпы саны 16 500 000 адам. Орташа және шағын кәсіпорындардың орташа көлемі – 7 жұмысшыдан. Шетелдегі француздық шағын және орташа кәсіпорындар – 1400. Мемлекеттің жалпы экспорт көлеміндегі шағын және орташа кәсіпорындар пайдасына жүргізілетін француз үкіметінің саясаты экономиканың бұл саласына мемлекеттің қызығуын дәлелдейді. Ол үкіметтің екі декретінде көрінеді:

- «Франциядағы ұсақ және орташа кәсіпорындары&raорташа кәсіпорындардың пайдасына 37 шара».

Құжаттардың атының өзі мемлекеттің шағын бизнестің дамуына қандай маңыз беретінін айтады. Егер алғашқы құжат қаржылық – экономикалық қолдауды қарастырса, онда екіншісі ұйымдық - әкімшілікті қарастырады. Ондағы ең басты пункт болып тіркелу орталықтарында шағын кәсіпорындарды құруға арыздарды қарастыруға бұрынғы 5 күннен 24 сағатқа дейін қысқарту, «шағын кәсіпорындарға даму банкін» құру табылады, сонымен бірге әрдайым ірі банктер және қаржылық ұйымдармен ынтымақтастықта болу жағдайды жақсартуға және шағын кәсіпорындардың пайдасына қаржыландыру тиімділігін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Оған мысал ретінде территориялық орналастыру және аймақтағы қызмет жөніндегі Делегацияны – DATAR келтіруге болады, ол аймақтарда шағын және орта бизнесті дамытумен айналысады. DATAR өндірістік жобаларға егер олар келесідей міндеттерге жауап берсе дотация бөледі:

1. Кәсіпорын территориялық құрылымның жоспарына айрықша зонада орналақан болса

2. Кәсіпорынның қалпына келу жөніндегі құрылған жұмыс орындарының саны (алғашқы қызметінің 3 жылы – 20жұмыс орны)

Жобаны қолдауда DATAR дотацияларға үштен бірін жобаның басында ұсынады, ал қалған бөлігін – жобаны жүзеге асыру барысында кезеңдік төлемдер жолымен жүзеге асады. Франция Үкіметінің басқа шаралары өнеркәсіптік меншік субъъектілеріне салықты қысқарту қағидасын, өнеркәсіпті зерттеу және даму орталықтарын құруды білдіреді.

 

Израильдегі шағын бизнес.

 

60 ж. бастап Израилде экономикаға үлкен ықпалды акционерлік қоғамдар түріндегі ірі кәсіпорындар көрсетті. Дәл осы сектор үлкен табыс берді, бірақ 80 ж. аяғындағы Шығыс Европа және КСРО елдеріндегі экономикалық және саяси жағдайдың тұрақсыздану ірі масштабты иммиграцияға әкелді. Осы кезде Израиль Үкіметі алдында жаңа азаматтарды жұмысқа орналастыру сұрағы туды. Соған байланысты шағын және орта бизнесті дамытуды жылдамдатты. Израиль тәжірибесіене келесідей шараларды:

1. Технопарктердің қызмет ету қағидалары бойынша технологиялық «жылы жайларды» құру және дамыту. Технологиялық «жылы жай» тәуелсіз заңды тұлғаны, фирма немесе ассоцияцияны білдіреді. Ол қажетті инфрақұрылымы, ғылыми – зертттеулер құралдары, жұмыс жасау орындары бар кішкентай ұжымдар біріктіреді. Оның қызметі жарғы немесе қоғамдық комитетпен реттеледі. Технологиялық «жылы жайлар» жаңадан құрылған фирмаларды қолдайды. Кейде өнім өткізу кезеңіне дейін жеткізеді.

2. Бизнес «жылы жайларды» құру. Олар өз басқару органдары, директорлар кеңесі және де экономистер, заңгерлері, бухгалтерлері бар жеке компаниялар. Бизнес – «жылы жайлар» өз ісін ашуға ынталы адамдарға, бірақ ол үшін білімнің жеткіліксіздігі бизнесте бағыттала алмау және ең басты алғашқы капиталдың болмауы кедергі жақсы мүмкіндіктер береді. Екі жыл бойы жобаны құру үшін 300 000 шекелге дейін ақша бөлінеді (81 000 $) Ол жобаға есептелген шығынның 80% жабады, қалған 20 % жеке инвесторлар ұсынады.

3. Ғылыми зерттеулерді сонымен бірге өнеркәсіпте дайын өнім өндіруді қаржыландыратын ғылыми зерттеу ұйымдары мен қорларын құру.

4. Шағын кәсіпорындар қорының сауда және өнеркәсіп министрлігінің жанынан жұмыс істеу. Қор шағын және орта бизнеске кәсіпорындардың масштабына байланысты жеңілдік беру жолдарын инвестицияларды жүзеге асырады. Көмек сонымен қатар, егер кәсіпорын несие алу үшін мемлекеттік кепіл алу және жеңілдіктерден қашық аймақтарда орналасса қайтарымсыз ссуда беру арқылы жүзеге асады. Жеңілдіктер көбінесе өнім өндіретін шағын және орта кәсіпорындарға беріледі.

5. Көптеген Израилдік банктерге шағын бизнеске қолдау арнайы бөлімшелер бар. Олар банктік жеңілдіктер, маркетингтік жеңілдіктер, менеджерлік, консалтингтік қызметтер көрсетеді, кәсіпорындардың бизнес жоспарларын дамыту жобаларын қарастырады және бағалайды.

6. Шағын және орта бизнесті қолдаудың маңызды бағыттарының бірі болып мошав – овдимдерді қолдау табылады. Ол әрбір жанұя өз шаруашылығын жүргізіп, өзінің жерін өңдейтін ауылшаруашылық, поселке. Ал өнімді бөлу және өткізуді ауыл шаруашылық құралдардың сатып алуды коммуналдық қамтамасыз етуді мошава тұрғындары кооперативтік негізде жүзеге асырады. Мошаваларды ауылшаруалық өндірістің бірқатар негізгі бағыттар қалыптасқан:

- сүт шаруашылығы (30 сиырға дейін, орташа көлемі) бір жанұяға га.

- егістік (негізінен көкөніс және техникалық дақылдар) бір жанұяға Қазақстанның шикізат ресурстарынан басқа дамыған ғылымы, біздің еліміздің экономикасы кезіккен қиындықтарды және алатын интеллектуалдық потенциалы бар. Оның үстіне республикада өз өндірістерін конверсиялау процесіндегі кәсіпорындар, сонымен бірге негізінде Hitech сферасындағы шағын және орта кәсіпорындады құруға болатын машина жасау зауыттары бар. Біздің экономикамызда болып жатқан құрылымдық өзгерістер дамыған мемлекеттер сонымен бірге Израилдің шағын және орта бизнестің дамуының тәжірибесін есепке алу қажет.

Қысқаша, басқа мемлекеттік тәжірибесін қарастырайық. Мысалы, Кореяда субконтрактілік кеңінен тараған. Бұл форма кәсіпкерлерге шағын және ірі бизнесті ұжымдандыру мүмкіндігін береді. Яғни, трансұлттық компаниялар шағын кәсіпорындардың көмегімен өзінің өндірістік және өткізу желілерін кеңейтеді. Оның үстіне үкімет шағын кәсіпорындарды модернизациялауға бағытталған жобалар құрастырды, технология және сапаның ұлттық институтын құрды, шағын кәсіпорындардың өнімдерін алу және өткізуді кепілдеді. 1997 ж. соңында Оңтүстік – Кореяда 2 640 000 шағын және орташа кәсіпорындар тіркелді, ол жалпы Оңтүстік Корея компаниялардың 99,5 % құрды, онда 9 млн. адам жұмыс істейді немесе жалпы жұмысшылардың 78,5 % құрайды. Шағын және орта бизнес Әкімшілігінің мәліметтері бойынша шағын және орташа кәсіпорындардың 90 % жалпы саны 50 жуық.

Енді Литвадағы шағын кәсіпкерлікті қарастырайық. Қазіргі уақытта бұл сектор экономика тұрақтануының негізгі фактор болып табылады, оның көмегімен дотацияны қажет етпейтін халықтың орта бөлігі құралады. Литваның ішкі өнімдегі шағын кәсіпорындардың үлесі 69 % құрайды. Ал жұмысшылар саны бойынша еңбекке қабілетті адамдардың 1/3. Кәсіпорындардың 90 % - тен көбі шағын және орташа болып табылады. Мемлекет шағын кәсіпорындарға салықтық жеңілдіктер береді.

- бірінші екі жылдай пайдаға салық тарифі 70 % проценттен төмендейді, ал үш жылдан бастап 50 %14. Оның үстіне кәсіпорындарды несиелейтін мемлекеттік шағын кәсіпкерлікті қолдау қоры құрылды.

Байқап отырғанымыздай, дамыған мемлекеттер тәжірибесі кәсіпкерлерге жағдай жасауда үкімет шешуші рол атқаратынын көрсетуде. Ал ол шағын бизнесті қолдау және дамытудың тиімді саясатын жүргізеді.

Олардың басшылыққа алған негізгі қағидалары келесілер:

1. Құқықтық және әкімшілік құрылымдарға негізделген нарықтық экономикалық саясат.

2. Жаңадан бастап келе жатқан кәсіпкерлерді оқыту жобалары.

3. Кіші жаңа кәсіпорындар үшін капиталға қол жеткізуді қамтамасыз ететін кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау.

Жоғарғы үш шартта өте маңызды. Мысалы, тек ғана оқытып және техникалық беру жеткіліксіз. Көптеген елдерде кәсіпкерлер заңының қиын заң жүйелеріне тап болды. Мсыалы, Перуде жаңа фирманың тіркелуі үшін 11 рұқсат керек. Перудің бостандық және демография институтының зерттеуі бойынша оны алуға 289 күн кетеді. Екінші жағынан, жеке секторды қолдайтын мемлекеттер бірқатар жетістіктерге жетті. Олар шағын бизнесті экономикалық өсудің негізгі көзі деп біледі. Польша тәжірибесі кедергілерді алып тастау және кәсіпкерліктің гүлденуіне ықпал ететінін көрсетті. Елде қырық жыл бойы кәсіпкерлікке жол берілмейтін орталықтандырылған жүйе қызмет етеді. Онда үш жылда қиын экономикалық жағдайға қарамастан пайда табатын миллиондаған жаңадан фирмалар ашылды.

Мұның барлығы шағын және орта бизнестің әсер ететін дамыған инфрақұрылымның болу керектігін көсетеді. Ақпаратқа еркін қол жеткізу қаржылық ақпаратты дәлме – дәл және түсінікті ету үшін бухгалтерлік есеп стандарттары қажет. Инфрақұрылым жолдарды, порт телекомуникация жүйесін қоса алғанда қазіргі заманға сай болу керек. Фирмалардың капиталды алуы үшін дамыған қаржылық нарық қажет. Қосымша қызметтер заң, сақтандыру, бухгалтерлік және консултациялықфирмалар нарық қажеттіліктеріне сәйкес қызмет етуі керек.

Қазіргі уақытта шағын және орта бизнестің дамыту процесі Еуропаның көптеген елдерінде, АҚШ және Жапонияда әлі жүріп жатыр. Қазір шағын бизнес экономиканың қозғаушы күші екені мойындалуда. Шағын бизнес қазіргі қоғам назарының ортасында, ол бүкіл халықтың өмірін қорғайды. Кейбір зерттеулер бойынша шағын кәсіпорындар ірі компанияларға қарағанда табыстырақ.

Осылайша, шағын бизнестің болашағы өте жарқын, бастысы – оны басқара білу.

44.Жұмыссыздық: мәні, түрлері, пайда болу себептерін ажыртыңыз және қазақстандағы жұмыссыздыққа болжам жасаңыз

Еңбек рыногы – бұл тауар болып табылатын еңбек ресурстарының рыногы,  олардың  тепе-теңдік  бағасы мен саны сұраныс пен ұсыныстың бір-біріне  әсер  етуімен  анықталады.  Кәсіпкерлер  мен еңбекке  қабілетті адамдар  рынок  агенттері,  олар  еңбек  рыногында  өзара  қатынаста  болады.  Сондықтан  еңбек  рыногы сұраныс  пен  ұсыныс  механизмі  арқылы  экономикалық  агенттердің  арасындағы  бәсекелестіктің нәтижесінде  жұмыспен  қамтудың  белгілі  көлемі  және  төлемі  дәрежесі  орнайтын  экономикалық  орта немесе болмыс болып табылады.

Еңбек  рыногы  басты  үш  қызмет  атқарады:  1.  әлеуметтік  қызметте  адамдардың  табыстары  мен жақсы тұрмыс  халінің  әдеттегідей  дәрежесі  мен  жұмыскерлердің  өндірістік  қабілетін  тиісті  дәрежеде  ұдайы өндіруді  қамтамасыз  ету.  2.  экономикалық  қызметте  еңбекке  рационалды  тарту,  оны  бөлу,  реттеу  және пайдалану.  3.  ынталандыру  қызметі  бәсекеге  қабілеттің  күшеюіне,  тиімділігі  жоғары  еңбекке  ынтаның өсуіне, біліктіліктің жоғарылауына, мамандықты ауыстыруға мүмкіндік тудырады.

  Жұмыссыздық – еңбек рыногының құрамдас элементі болып табылады. Жұмыс күші бар ересек  адамдар еңбек рыногына қатысуына байланысты бірнеше негізгі категорияларға бөлінеді. Еңбекке  қабілетті  адамдар  –  жасына  және  денсаулығына  қарай  еңбек  етуге  қабілеті  бар  адамдар.Жұмысшы  күшіне  жұмыспен  қамтылғандар  және  жұмыссыздар  жатады.  Жұмыспен  қамту  және жұмыссыздықтың болмысын мына көрсеткіштер  сипаттайды:  институционалдық  емес  адамдар  (рыноктық емес  құрылымда  істейтіндер),  жұмыс  істеушілердің  саны,  жұмыссыздар  саны,  жұмысшы  күшінің құрамына кірмейтін адамдардың саны.Жұмыссыздықтың  дәрежесін  батыс  статистикасы  қолданатын  көрсеткіштер  бойынша  таралуы  және мерзімнің ұзақтығы арқылы айқындай түсуге болады. Жұмыссыздықтың таралу көрсеткіші жұмыс күшінің жұмыссыздық деңгейін сипаттайды.

Жұмыссыздықтың типтері: 1. Фрикциондық жұмыссыздық – еңбек нарығында жұмыссыздықтың  қашан болмасын,  адамдардың  бір  орыннан  екінші  орынға  қозғалысымен  және  бір  кәсіпорыннан  екіншісіне ауысуымен  байланысты  белгілі  бір  дәрежесін  сипаттайды.  Фрикциондық  жұмыссыздық  мына жағдайлармен  байланысты:  бар  вакансия  туралы  толық  ақпарат  болмағанда  немесе  осы  ақпарат  тым қымбат  болғанда,  жұмыскерлер  мен бос  жұмыс орындарының  арасында  әрдайым  белгілі  бір  сәйкессіздік болады. 2.  Құрылымдық  жұмыссыздық  –  экономикадағы  құрылымдық  өзгерістердің  нәтижесінде  бос  жұмыс орындары  мен  жұмыссыздардың  арасындағы  кәсіби-біліктілік  пен  аумақтық  сәйкессіздік  құрылымдық жұмыссыздықтың  себебі  болады.  Олар:  жаңа  технологиялар,  жаңа  тауарлардың  пайда  болуы.  Осының нәтижесінде жұмыс күшінің кәсіби-біліктілік құрылымында өзгерістер орын алып отырады. Экономиканың бір секторынан құрылымдық өзгерістердің  нәтижесінде  жұмыстан  айрылған  жұмыскерлер  басқа  саладағы бос жұмыс орындарына орналаса алмаған жағдайда құрылымдық жұмыссыздық орын алады.3. Маусымдық жұмыссыздық - өндірістің кейбір салаларындағы өндіріс көлемінің маусымдық  ауытқуымен байланысты  болады:  ауыл  шаруашылығы,  құрылыс  және  т.с.с.  Бұларда  жыл  бойында  еңбекке  сұраныс елеулі өзгеріп отырады. 4.  Циклдық  жұмыссыздық.  Мұның  негізін  экономикалық  құлдырау  мен  экономиканың  бір  секторындағы немесе  аймақтағы  жұмыс  күшінің  артуы  басқа  жерде  оның  жеткіліксіз  болуымен  қатар  жүреді.  Ол экономикалы  коньюктураның  өзгеруімен  анықталады.  Ол  циклдық  өрлеу  кезінде  азайып,  дағдарыстар кезінде көбейіп отырады. Құрылымдық  және  фрикциондық  жұмыссыздықтар  оның  «табиғи»  деңгейін  білдіреді.  Бұл  жағдайда инфляция  орташа  көлемде  жүреді.  Циклдық  факторлар  жұмыссыздықты  «табиғи»  деңгейден жоғарылатады.  Жалпы  жұмыссыздықтың  табиғи  деңгейі  АҚШ-та  жиырмасыншы  ғасырдың  соңында  6-7 пайыз болса, экономикасы дамыған басқа елдерде ол біршама төмен.Жұмыссыздық  рыноктық  экономикаға  тән  құбылыс  болып  табылады.  Ол  қажетті  деңгейде  тұрса,  онда экономиканың тиімді дамуына қолайлы жағдай жасайды.

45.Инфляцияның түрлері, пайда болу көздерін ашыңыз, қазіргі әлемдік және қазақстандық инфляцияның бет алысына болжам беріңіз

Инфляция  термині  қазақша  қампаю,  ісіну  дегенді  білдіреді.  Инфляция  өндіріс  процесінің  бұзылуы,шаруашылық  салаларының  бір-бірімен  үйлесімсіз  дамуы  және  мемлекеттің  эмиссиялық  саясаты  мен коммерциялық  банктердің  іскерлігінің  икемсіздігі  салдарынан  туындайтын  күрделі  әрі  көп  факторлық құбылыс. Сұраныс  инфляциясы  негізінен  ақшалай  факторға  байланысты  туындайды,  яғни  айналыстағы  ақша массасы  өссе,  соның  нәтижесінде  төлем  қабілеті  бар  сұраныс  та  жоғары  болады.  Ал  сол  кездегі  бір қалыпты  баға  жағдайында  өндірістің  оралымсыздығы  сұранысты  қанағаттандыра  алмайды.  Сөйтіп жиынтық сұраныс экономикалық өндірістің мүмкіндіктерін жоғарылатып, бағаның көтерілуіне әкеледі.Шығындар  инфляциясы  өнімге  баға  белгілеуде  әсер  ететін  ақшасыз  факторларға  байланысты туындайды. Ол ең алдымен жалақы төлеуге шығындардың өсуі. Тауар  бағасының  өсуі  халықтың  табысын  төмендетіп,  жалақының  қайта  индекстелуін  талап  етеді.Жалақының  өсуі  өз  кезегінде  өнімді  өндіру  шығындарының  өсуіне,  пайданың  төмендеуіне,  қолданылып жүрген  баға  бойынша  шығарылатын  өнім  көлемінің  қысқаруына  әкеп  соғады.  Пайданы  сақтап  қалу мақсатында  өндірушілер  тауар  бағасын  көтеруге  мәжбүр  болады.  Нәтижесінде  инфляциялық  серіппе пайда  болады,  бағаның  көтерілуі  жалақының  өсуін  талап  етсе,  жалақының  өсуі  бағаны  көтереді.  Бұл жалақы мен бағаның «инфляциялық серіппе» теориясы деп аталады.

46.Мемлекеттік реттеу: мақсаттары, әдістері, құралдарының әлем экономикасы мен отандық экономикадағы бағдарларын ашып көрсетіңіз

Экономиканы  мемлекеттік  реттеу  –  мемлекеттің  ел  экономикасына  қатысу  формаларын әлеуметтік-экономикалық  процестерге  әсер  етуші  әдістер  мен  тәсілдерді  қарастырады,  сөйтіп  тиімді рыноктық  қатынастар  қалыптастыруды  қамтамасыз  етеді.  Мемлекеттік  реттеудің  мақсаты  –  қазіргі заманғы  рынокты  қалыптастыру,  яғни  әр-түрлі  тауарларға  сұранысты  қанағаттандыру,  қызмет  көрсету деңгейін арттыру, дефицитті жою болып табылады. Рынок үшін  әкімшіл-әміршіл  жүйенің  қажеті  жоқ,  оған  ерекше  инфрақұрылым  қажет.  Ал мемлекеттік реттеу  – осы  инфрақұрылымды  жасап,  оның  тиімді іс-әрекет  етуіне  қол  жеткізуі  қажет,  яғни  мемлекеттік реттеу рыноктық экономиканың кемшіліктерінің орнын толтыруы қажет.Мемлекеттің экономикаға тікелей әсер етуіне мыналар әсер етеді:

- индикативті  жоспарлар  арқылы  ел  экономикасы  дамуының  стратегиялық  мақсаттарын анықтау;

- белгілі бір тауарды жеткізу үшін мемлекеттік тапсырыстар мен келісім-шарттар;

- бағдарламалар, тапсырыстар және шарттарды мемлекеттік қолдау;

- технология мен өнімнің сапасына нормативтік талаптар қою;

- белгілі бір тауарларға құқықтық және әкімшілік шектеулер қою;

- тауарлардың экспорты мен импортын лицензиялау.

Мемлекеттік реттеудің жанама әсер ету әдістері:

- салық салу және салық деңгейі, жеңілдіктер жүйесі;

- бағаны реттеу және оның деңгейімен арақатынасын анықтау;

- ресурстар үшін төлемдер, кредиттеге, пайыздық ставкаға жеңілдіктер беру;

- экспорт және импортты кедендік реттеу;

- валюта курстары, оларды айырбастау шарттарын реттеу.

Көптеген  экономистер  салықтық  реформаны  тиімді  деп  санайды,  сонымен  бірге  қатаң реттеушіліктердің  босаңсуы  экономикаға  тиімдірек  жұмыс  істеуіне  мүмкіндік  береді.  Бірақ  мұндай проблемалардың  көпшілігі  Паретто  бойынша  жақсы  болып  табылмайды.  Жеңгендер  немесе  табысы жоғарлағандар  саны  көп  болса,  салықтық  өзгерістерден  кейін  зардап  шегетіндер  табылады.  Осы  факт реформаны  қиындатады.  Ерекше  мүдделі  топтар  сол салықтың  режимді  орнату  үшін  көптеген  уақыт  пен ақшаларын жұмсайды. Барлық  елдерде  жүргізіліп  отырған  саясат  елдің  экономикасын  дамытуға  бағытталуы  тиіс,  яғни  ол халықтың  әл-ауқатын  жоғарлатып,  экономикалық  тұрақтылыққа  негізделуі  тиіс.  Сол  себепті  мемлекет әртүрлі экономикалық саясат жүргізеді, олар:

1. қаржы – несие саясаты

2. фискальді саясат

3. еңбек ақы және тариф саясаты

4. мемлекеттік  инвестиция саясаты

5. әлеуметтік саясат т.б.    

Меншік қатнастарына  байланысты:  адамның  қоғамдағы  алатын  орыны,  қоғамдық  өнімдегі  адамның үлесі,  қоғамдық  өмірдегі  адамның  ролі және  тағы  басқа  анықталады.  «Ешкімдікі  емес»  қоғамдық  меншік белсенді  шаруашылық  қызметін  ынталандырмайды.  Жеке  меншік  керісінше  жеке  мүдделер  тұрғысынан анағұрым  нәтижелі  еңбекке  жетелейді.  Бірақ  мұнда  байлық  пен  кедейлік  жіктеліп,  әлеуметтік  шиеленіс пайда болады.Қолайлы  әлеуметтік  ортаны  қалыптастыру  үшін  мемлекет  игіліктердің  бір  бөлігін  жалпыға  ортақ игіліктер ретінде қалыптастыруы қажет. Мысалы, табиғи байлықтар, орман, парктер т.б. Мемлекет  –  қоғамдық  мақсатты  қамтамасыз  ету  үшін  шаруашылық  тұлғалары  мен  рынокты бақылауды қамтамасыз ету үшін заңды және саяси билікті іске асыратын үкімет мекемелерінен тұрады. Экономиканы  мемлекеттік  реттеу  –  рыноктық  экономиканың  кемшіліктерінің  орнын  толтыру,

басқару  органдарының  қоғамдық  тиімді нәтижеге  жетуі  үшін  жалпы өндірістік  процеске  әсер  етуі  болып табылады.  Басты  мақсаты  –  қазіргі  заманғы  рынокты  қлыптастыру  яғни  әртүрлі  тауарларға  сұранысты қанағаттандыру,  қызмет  көрсету  деңгейін  арттыру,  тапшылықты  жою  болып  табылады.  Ол  қоғам дамуының  объективті  заңдарына  сүйенеді.  Экономикалық  ретеудің  мазмұнына  «белсенді  әлеуметтік саясат» жүргізу (кедейшілікке қарсы) кіреді.

Мемлекеттің экономикаға араласу сфералары:

- бәсекелестікті қолдау;

- жалпы экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету.

Яғни,  рынокта  табыс  бойынша  бөліну  т.б.  салдарынан  халық  шаруашылығында  ішкі  тұрақтылық бұзылады.  Салалық  диспропорция  пайда  болады.  Сондықтан  мемлекет  ұзақ  мерзімді,  орта  және  қысқа мерзімді ауытқуларға араласады.

- әлеуметтік  қамсыздандыру  және  тепе-теңдік.  Жаңа  қоғамда  жалдамалы  жұмысшылар,зейнеткерлер,  балалар  мен  жастарды  құрғау  қажеттілігі  туады.  Рыноктық  экономикада  олар ешнәрсе  өндірмейді  және  ештеңе  ұсына  алмайды.  Яғни  табыссыз,  сондықтан  мемлекет  оларға көмектер көрсетеуі қажет.

- микродеңгейдегі  тапшылықтарды  жою.  Мысалы,  фирмалардың  банкроттығын  болдырмау,

салықтық көмектер беру т.б.

-Мемлекеттің мақсаты:      -экономикалық өсу;

                                          - толық жұымбастылықпен қамтамасыз ету;

                                          - бағалардың тұрақтылығы;

                                          -сыртқы және ішкі экономикалық тұрақтылық.

47.Ақша-несие саясаты мен монетарлық саясаттың ұқсастығы мен айырмашылығын көрсетіңіз

Ақша-несие саясаты Кіріспе Ақша-несие саясаты мемлекетті реттеу саясатының бір бағыты болып табылады. Соның ішінде төлем балансын іске асырудағы маңыздылығын баса айтып өткен жөн. Ақша – несие саясаты - нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді. Ақша – несие саясаты Қазақстан Республикасында ҚР Ұлттық Банкімен елдің банктік пайыздыі ставкаларын, валюта курсын, төлем қабілеттілігін анықтау жолымен іске асады. Сонымен қатар ақша массасы көлемінің кеңеюіне немесе оның қысқаруына бағытталуы мүмкін. Төлем айналымы және оның біздің елдегі қалыптасуы мен жұмыс жасау қарқыны ақша-несие саясатының негізгі мақсатының бірі, мұнымен қоса инфляциялық тежелуді қамтамасыз ету және қаржы нарығының тұрақтылығын қадағалау қызметтері де жүктеледі. Айырбас бағамының икемділігін сақтап тұру өз алдына үлен жауаптылық. Бұл мақсаттарды бір мезгілде шешу қиындық тудырады. Себебі экономикалық өсу үшін несиелік экспансия, ал инфляцияны тежеу үшін, керісінше, несиелік рестрикция, яғни ақша массасының жалпы шектеулілігі қажет. Сондықтан да ақша-несие саясаты тұрақты бюджет, төлем балансы және салық саясатымен байланысты келеді. Ақша-несие саясаты бүгінгі таңда несиелеуге болатын экономика секторын дұрыс таңдай білуге, сондай-ақ несие беру мүмкіндігі туралы, төлем балансы сұрақтарын шешуде банк үшін бірінші реттік маңызы бар басқа факторлар мен қарыз алушының несиелік қабілетіне қарап өз клиентін таңдаудағы біліктілігіне негізделеді.

48.Несиенің мәні неде және түрлері бойынша нарықтық экономикада пайдаланылу дәрежесін болжаңыз

Несие — нарықтық экономиканың тірегі ретінде, экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді. Оны барлық шаруашылық субъектілерімен қатар, мемлекетте, үкіметте, сондай-ақ жеке азаматгар да пайдаланады.

Несиенің пайда болуын өнімдерді ендіру аясынан емес олардың айырбас аясынан іздеу қажет. Тауар айырбастау - бұл тауардың бір қолдан екінші қолға өтуін білдіреді десе, шыныменде, осындай айырбас кезінде несиеге байланысты қатынас туындайды.

Құнның қозғалысы - бұл несие қозғалысының кіндігін сипаттайды. Несиелік қатынастардың пайда болатын экономикалық негізіне капитал айналымын жатқызуға болады.

Көбіне несиені ақша ретінде түсінеді. Бір жағынан қарағанда бұған деген негіз де бар сияқты. Себебі, қазіргі шаруашылықта қарыз көбіне ақшалай түрде берілуде. Бірақ, бұл жердеақша мен несиенің әртүрлі ұғымды білдіріп, әртүрлі қатынастарды түсіндіретінін естен шығаруға болмайды.

Сонымен қатар, несие мен қаржы категорияларын бір санайтындар да аз емес, несие — бұл ақшалай қажаттың екі жақты қозғалысын, яғни қаражаттың уақытша берілуін және уақыт өткен соң кайтарылуын баяндаса, ал қаржы - сол қаражаттың бір жақты қозғалысын бейнелейді, яғни қаржы: дотациясубвенциясубсидия түрінде берілсе олар қайтарымысыз сипатқа ие.

Несие — бұл пайыз төлеу және қайтару шартында уақытша пайдалануға (қарызға) берілетін ссудалық капитал қозғалысы.

Несие ақшалай капиталдың ссудалық капиталға өтуін қамтамасыз өте отырып, несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы несиелік қатынасты бейнелейді. Несиенің көмегімен заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос қаражаттары мен табыстары экономикалық жүйе теңірегінде жинақтала отырып, уақытша және ақылы негізде пайдалануға берілетін ссудалық капиталға айналады.

Несие мен ссуданың арасында да езара айырмашылық бар. Несие— бұл банктің қаражатын құрайтын кезі ретінде барлық несиелік қатынастарды ұйымдастырудың әр түрлі нысандарының болуын және сондай-ақ олардың жұмсалымдарының бір нысанын білдіретін кең ұғымды сипатайды. Ссуда — бұл ссудалық шот ашумен байланысты қалыптасатын несиелік қатынастарды ұйымдастырудың бір ғана нысанын білдіреді.

Экономикалық категория ретінде, несие — кәсіпорындарұйымдар және бірлестіктер, сондай-ақ халық арасындағы несие қорын құру және оларды қайтарылу, пайыз төлеу шартында белгілі бір мерзімге уақытша пайдалануға беру негізінде қалыптасатын өндірістік қатынастар жиынтығы.

Зерттеу заты сияқты, несие құрылымы бір-бірімен өзара байланысты элементтерден тұрады. Мұндай элементтерге ең алдымен несиелік қатынастар субъектілері жатады. Несиелік мәміле бойынша несиелік қатынастар субъектісіне қарыз беруші және қарыз алушы жатады.

Қарыз беруші — қарызды беретін несиелік қатынастың бір жағы. Қарыз беруші — бұл уақытша пайдалануға қарыз беруші субъектілер болып табылады. Қарыз берушілерге: банктер, банктік емес мекемелер, мемлекет, шарушылық субъектілері және халық жатады.

Қарыз алушы — бұл несиені алушы және оны қайтаруға міндетті, несиелік қатынастың екінші жағы. Борышқор және қарыз алушы бір-бірімен жақын сөздер болғанымен де, олардың түсініктері әртүрлі. Мысалға, кәсіпорын немесе жеке азаматтардың коммуналдық қызметке, салықтарға т.б. байланысты төлемдері кешігуі мүмкін, бірақ, бұл жерде ешқандай да несиелік қатынас туындамайды. Борыш бұл тек қана экономикалық қатынасты емес, сондай-ақ адамзаттық қатынастар жағдайын сипаттайды. Борыш — бұл өте ауқымды ұғым. Ал, қарыз алушы — бұл қосымша қаражатқа деген сұранысы бар тұлға.

Қарыз беруші және қарыз алушымен қатар несиенің құрылымының элементіне берілетін объекті де жатады. Беру объектісі - бұл құнның ерекше белігі, яғни қарызға берілген құнды білдіреді.

Несиенің қызметтері[өңдеу]

Несиенің экономикадағы орыны мен рөлі, оның атқаратын қызметтерімен сипатталады. Жалпы несие экономикалық категория ретінде төмендегідей қызметтерді атқарады:

  •  қайта бөлу;
  •  айналыс шығындарын үнемдеу;
  •  айналыстағы нақты ақшалардың орнын уақытша алмастыру;
  •  капиталдың шоғырлануын жеделдету;
  •  ғылыми-техникалық прогресті жеделдету.

Несиенің қайта бөлу қызметі, кез келген елдің ұлттық экономикасының толыққанды жұмыс жасауына өз үлесін қосады. Несиенің бұл қызметінін, көмегімен экономикалық жүйенің бір саласынан екінші бір саласына капитал ағымы болады. Несиенің бұл қызметінің, қаржының қайта бөлу қызметінен айырмашылығы қаржының бөлінуі әкімшілік негізде жүргізілсе, ал салалар мен аймақтар арасындағы капитал ағымы несие арқылы, яғни ол нарыктық механизм негізінде жүзеге асырылады.

Несиенің айналыс шығындарын үнемдеу қызметінің іс жүзіне асуы несиенің экономикалық мәнінен туындайды. Шаруашылық субъектілеріндегі ақшалай қаражатгардың түсуі мен жұмсалуы арасындағы уақытша болатын алшақтық кей жағдайларда қаржылай ресурстарға деген қажеттілікті туындатады. Міне, сондықтан да мұндай жағдайларда қарыз алушылардың барлық категориялары өздерінің меншікті қаражатқа деген жетіспеушіліктің орнын толтыру үшін несиені пайдаланады. Бұл дегеніміз капитал айналымын қамтамасыз етіп қана қоймай, айналыс шығындарын үнемдеуге де мүмкіндік жасайды.

Ал, келесі қызметі, яғни несиенің айналыстагы нақты ақшалардың орнын уақытша алмастыруы. Қазіргі несиелік шаруашылықта мұндай орын алмастыруға толық мүмкіндік бар. Бұл қызметтің іске асу үдерісінде тек қана тауар айналысын емес, сондай-ақ нақты ақшалардың уақытша орнын ауыстыра отырып, ақша айналысын да жылдамдатады. Несиенің бұл қызметі несиелік ақшалар: чектер, вексельдер, несйелік карточкалар көмегімен жүзеге асырылады. Несиенін, бұл қызметі арқылы ақша айналысының жылдамдығы мен қатар, айналыстағы ақша массасына жене телем айналымына да ықпал етеді.

Капиталдың шоғырлану процесі қызметі экономиканың тұрақты дамуына жағдай жасау үшін маңызды болып табылады. Мұндай міндетгерді шешуде несиенің бұл қызметі өндірістің ауқымын ұлғайта отырып, пайда алуға мүмкіндік береді.

Несиенің ғылыми-техникалық прогресті жеделдету қызметі ғылыми-техникалық ұйымдардың қызметін қаржыландырумен сипатталады. Сондықтан да, несиенің кемегінсіз көптеген ғылыми-зерттеу орталықтарының (бюджеттік қаржыландыруда отырғандардан басқалары) жұмыс жасауы қиынға түседі.

Сондай-ақ несие өндіріске ғылыми технологияларды жаңалық ретінде енгізу үшін де аса қажет болып табылады. Себебі, ондай шығындар бастапқыда кәсіпорынның қаражатымен, оның ішінде орта және ұзақ мерзімді банктін, несиелері есебінен қаржыландырылады.

Несие нысандары, олардың жіктелуі[өңдеу]

Несиенің нысандары, оның құрылымымен және белгілі бір дәрежеде несиелік қатынастардың мәнімен тығыз байланысты келеді.

Несие нысаны — бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың негізгі қызметтерінің яғни, әр алуан сыртқы және ішкі өзгерістер барысында толық сақталатын көрінісін білдіреді

Несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы байланыстар қалай өзгергенімен де, несиенің нысаны сол күйінде сақталады.

Несиенің екі нысаны бар: тауарлы және ақшалай. Мұндағы тауар түрінде берілетін несиені — коммерциялық, ал ақша түріндегі несиені — банктік деп атайды.

Қалған несиенің түрлері осы екі нысанының тәжірибеде қолдануынан туады.

Коммерциялық несие — бұл қарыз берушінің қарыз алушыға қарызға берген тауарын білдіреді

Коммерциялық несие — бұл вексель айналысының пайда болуына себеп болған, экономикадағы несиелік қатынастардың алғашқы нысаны. Несиенің бұндай нысанының басты мақсаты — тауарлардың өту үдерісін жеделдету, сондай-ақ одан пайда табу.

Мұнда қарыз алушы да және оны берушілер ретінде кәсіпкерлер мен бизнеспен айналысатындар бола алады. Коммерциялық несие көбіне тауарды сатып алушыда нақты ақшаның болмай калуы барысында туындайды. Мұндай жағдайда, айналыс құралы ретінде, қарыз алушының көрсетілген соманы уақытында төлейтіндігін куәландыратын арнайы қарыздық міндеттеме - вексель қолданылады.

Коммерциялық несиенің банктік несиеден айырмашылғы төмендегідей:

  •  қарыз беруші рөлінде банктік мекемелер емес, яғни тауар немесе қызметгі сатумен айналысатын кез келген занды тұлға бола алады;
  •  коммерциялық несие тек қана тауар нысанында беріледі;
  •  қарыз капиталы өнеркәсіптік немесе сауда капиталымен байланысты;
  •  коммерциялық несиенің орташа құны сол кезендегі банктік пайыз мөлшерімен салыстырғанда төмен болады;
  •  қарыз беруші мен қарыз алушы арасындағы несиелік мәміленің заңи түрде рәсімделуі барысында, бұл несие үшін төленетін ақы тауар бағасының құнына қосылады.

Банктік несие — бұл банктік мекемелерден қарыз алушыларга ақшалай турде берілетін несиені білдіреді.

Банктік несие — бұл экономикадағы кеңінен тараған несиелік қатынастардын, нысаны болып табылады. Банктік несие бойынша несиелік қатынастың құралына несиелік шарт немесе несиелік келісім жатады. Банктік несиеде несие беруші: банк және арнайы қаржы мекемелері болса, ал қарыз алушылар ретінде: кәсіпкерлікпен немесе бизнеспен шұғылданатын қаржы ресурстарына деген сұранысы бар кез келген занды ұйым болып табылады. Мұндағы қарыз берушінің басты мақсаты — бұл пайыз түрінде табыс алу.

Несиенің түрлері коммерциялық және банктік несиеден туындайды.

49.Экономикалық цикл және оның кезеңдерін ажыратыңыз

Тұрақсыздық  нарықтық  экономикаға  тән  сипаттардың  бірі.  Оған    экономикалық  циклды қалыптастыратын  өрлеу  де,  құлдырау  да  тән.  Экономикалық  дамудың  циклдық заңдылықтарын  зерттеу-макроэкономикалық  талдаудың  құраушы  бөлігінің  бірі  болып табылады.  Көптеген  зерттеуші  экономистер  осы  рыноктық  экономиканың  циклдық ауытқуының  құпиясы  неде  деген  сұраққа  жауап  іздеді.  Ал, экономикалық  цикл дегеніміз –бұл экономикада  қысқа  және  ұзақ  мерзім  аралығындағы  өндіріс,  жұмысбастылық  және  табыс мөлшері  деңгейінің  үнемі  ауытқып  отыруы.  Экономикалық  циклдың  болуының  себептері :автономды  инвестициялардың  таусылуы,  ақша  массасының  ауытқуы,  негізгі  капиталдың жаңартылуы,  мултипликатор  әсерінің  әлсіреуі  және  көптеген  экономистердің  пікірлері бойынша  ең  маңызды  себеп  –  тұтыну  мен  инвестиция  арасындағы    ауытқудың  болуы.

Макроэкономикада  экономикалық  циклдың  интегриалды  теориясы  жоқ,  сол  себепті  түрлі бағыттар  мен  мектептердің  экономистері  циклдың  болуының  себептеріне  әртүрлі көзқараспен  тоқталады.   

К.  Маркс  экономикалық  цикл  мәселесіне  алғаш  көп  көңіл  бөлген  экономист  ғалымдардың бірі  болып  саналады.  Ол  циклдың  бірін-бірі  кезектесе  алмастырып  отыратын  негізгі  төрт фазасын  бөліп қарастырды. Экономикалық  цикл  фазалары:  дағдарыс,  тоқырау,  жандану,  өрлеу.

Қазіргі  экономикалық  әдебиеттерде  АҚШ-ның  экономикалық  зерттеулердің  ұлттық бюросында  жасалған  терминалогия  бойынша  цикл келесідей  фазаларды  қамтиды:  шың  немесе бум,  рецессия  немесе  құлдырау,  депрессия  және  жандану.    Экономикалық  конъюнктураны сипаттау  үшін  бір  қатар  экономикалық  көрсеткіштер  қолданылады  (ЖҰӨ, ЖІӨ, жұмыссыздық деңгейі,  жеке табыс,  өнеркәсіптік  өнімдер  көлемі, бағалар  деңгейі,  т.б.).

Цикл  барысында  экономикалық  параметрлердің  өзгеруіне  байланысты  олар проциклдық,  контрциклдық  және  ациклдық  болып  бөлінеді. Қазіргі  кезде  статистиктер  мен  экономистер  экономикалық  конъюнктураға  толық,  нақты болжамдар  жасай  алмайды,  тек  оның  жалпы  тенденциясын  ғана    анықтай  алады.  Себебі экономикалық  тұрақсыздық  пен  саяси  қақтығыстар  кезінде  барлық  әсер  етуші  факторларды есепке  алу,  ұлттық  экономикаға  халықаралық  ортаның  ықпалын  анықтау  қиын  және  де  даму тенденциясын  анықтағанның  өзінде  фазалардың  жүру  мерзімін    нақты  атап,  экономикалық саясатты  сол өзгерістерге  қарай  бағыттау  мүмкін емес.

Қазіргі  қоғамдық  ғылымда  экономикалық  циклдардың  бірнеше  типі  белгілі.  Олар,  әдетте,осы  толқындарды  зерттеп,  ғылымға енуіне  негіз болған  экономистердің  атымен  аталады.  

1.Китчин циклі  

Ұзақтығы 2-4 жыл

Ерекшелігі  Қор мөлшері >  инфляцияның,жұмысбастылықтың, ЖҰӨ-ніңауытқуы,тауарлы цикл

2. Жугляр циклі

Ұзақтығы 7-12 жыл

Ерекшелігі Инвестициялық цикл >инфля-цияның,жұмысбастылықтың,  ЖҰӨ-нің ауытқуы

3.Кузнец циклі

16-25 жыл

Табыс >  иммиграция >  үй құрылысы > жиынтық сұраныс >табыс

4. Кондратьев циклі

  40-60 жыл

 Техникалық прогресс,құрылымдық өзгерістер

5.Форрестор циклі

200 жыл

Энергия және материалдар

6. Тоффлер циклі

1000-2000 жыл

Өркениеттің дамуы

50. Мемлекеттік бюджет: түсінігі және құрылымын көрсетіңіз

Қаржылық қатынастардың  жиынтығы «мемлекеттік бюджет» ұғымының экономикалық мазмұнын құрады. Бюджет мемлекеттің қажетті атрибуты және оның егемендігінің негізі. Бюджеттің көмегімен тиісті мемлекеттік және муниципалдық құрылымдардың ақшалай қаражаттарының қорлары құрылады, бұл қорлар олардың жалпы маңызды міндеттерін орындауды қамтамасыз етеді, мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару орғандарының функцияларын жүзеге асырудың қаржылық негізін жасайдыЭкономикалық қатынастардың жиынтығы ретіндегі мемлекеттік бюджеттің объективті сипаты болады.

 Бюджет мына өзгеше белгілермен сипатталады:

мемлекеттен жалпы коғамдық өнімнің бір бөлігін окшауландырумен және оны коғамдық қажеттіліктерді қанагаттандыруга пайдаланумен байланысты бөлгіштік қатынастардың айрықша экономикалық нысаны болып табылады;

құнды жасау және оны тұтыну үдерісін шарттастыратын материалдық өндіріс қаржысынан және құнды түтынуга қызмет ететін өндірістік емес сфера қаржысынан мемлекеттік бюджеттің айырмашылығы

қоғамдық өнімнің оның тауар нысанындағы козгалысымен тікелей байланысты емес құндық бөліністің стадиясын білдіреді және одан белгілі үзілісте жүзеге асырылады, ал қаржылық қатынастар материалдық өндірісте де, материалдық емес сферада да тауар-ақшалай қатынастармен тығыз тоқайласып жатады.

. Бюджеттік қор - бұл құндық бөліністің белгілі стадияларынан өткен және ұлғаймалы ұдайы өндіріс, халықка әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету, қорғаныс және басқару бойынша қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін мемлекетке түскен коғамдық өнім мен ұлттық табыстың бір бөлігі қозғалысының объективті түрде шарттасылған экономикалық нысаны. Мемлекеттік бюджет тұтас алғанда мемлекет қаржысының функцияларына сәйкес функцияларды - бөлу және бақылау функцияларын қаржылардын ұдайыөндірістік тұжырымдаманың шеңберінде орындайды. Бұл функциялардың іс-әрекеті, мазмұны, мәні мен маңызы бюджеттік қатынастардың қаралған өзіндік айрықшалығымен айқындалды. Сонымен бірге қаржының және мемлекет қаржысының негізгі буыны ретінде мемлекеттік бюджет бөлгіштік функция шеңберінде: мемлекет қаржысының орналастыру (ресурстарды), қайта бөлу, тұрақтандыру қосалқы функцияларын орындауды қамтамасыз етеді. Мемлекеттік бюджеітің сан қырлы маңызын ескере отырып, оны тек экономикалық категория және мемлекеттің ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қоры ретінде ғана емес, сонымен бірге негізгі қаржы жоспары, әлеуметтік-экономикалық үдерістерді реттеу механизмінің жиынтық ұғым ретінде қарау керек. Мемлекеттік бюджет - ұлттық экономиканы басқарудың басты меха- низмдерінің бірі. Бюджетке тән құндылықтардың көрінуі, оны бөлу мен бақылаудың құралы ретінде пайдалану мемлекет жасайтын бюджеттік механизмде бейнеленеді. 

51. Салықтар: мәні, түрлері, салық салу қағидаларының іске асырылуын бағалаңыз

Салық – заңмен белгіленген тәртіп пен шарттарға сәйкес жеке және заңды тұлғалардың бюджетке төлейтін міндетті төлемдері. Салық салу табысты реттеу мен мемлекеттің қаржыларын толықтыру тәсілі. Мемлекетте түсетін салықтардың және басқа да төлемдердің жиынтығы және олардың құрылуының формалары мен әдістерінің жиынтығы салық жүйесі деп аталадыымдардың түрлерін, олардың бюджетке түсу тәртібін белгіленген алғашқы құжат еді.Осы заңға сәйкес.Салықтар – мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде түсетін мі ндетті төлемдер. Салықтар – шаруашылық жүргізуші субъектілердің , жеке тұлғалардың мемлекет пен екі арадағы мемлекеттік бюджет арқылы жүзеге асырылатын, қаржы қатынастарын сипаттайтын экономикалық санат. Салықтардың экономикалық мәні мынада: салықтар шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін білдіреді. «Салық»ұғымымен «салық жүйесі» ұғымы тығыз байланысты. Мемлекетте алынатын салық түрлерінің, оның құру мен алудың нысандары мен әдістерінің, салық службасы органдарының жиынтығы әдетте мемлекеттің салық жүйесін құрайды.. Салық салу элементтері мыналар: Субъект, объект, салық көзі, салық ставкасы, салық өлшем бірлігі салық оклады, салық жеңілдіктері, салық төлеу мерзімі мен тәртібі, салық төлеушінің және салық қызметі органдарының құқы мен міндеттері, - салықтың төлеуін бақылау, салықтық жазалау шаралары. Салық қызметтері: Фискальды (тіркелген) немесе жұмылдыру қызметі. Салық түсімі арқылы алынатын қаражаттар мемлекеттің саяси-шаруашылық қызметін атқарудың қаржы негізі болып табылады. Бөлу қызметі. Салық механизм арқылы мемлекеттік бюджетке жалпы ұлттық өнімнің көп бөлігі жұмылдыруда болады. Салық арқылы мемлекет әскери, әлеуметтік бағдармаларды қаржыландырады. Салық мемлекетке қаржыны әртүрлі топтардың арасында территория, облыс, аудандар бойынша барынша біркелкі бөлуге мүмкіндік береді. Тікелей салықтар. Олар мемлекет тарапынан тікелей кәсіпорындар тұрғындар табысынан алынады. Жанама салықтар – мемлекет тікелей емес, баға арқылы айналдыра отырып алады. Тұрақты салық табыстар көлемінің мөлшеріне байланысты емес, салым бірлігіне абсолюттік сомада белгіленеді. -Регрессивтік салық, яғни табыс өскен сайын салық мөлшерлемесі төмендейді. Регрессивтік салық үлкен табыстары барларға пайдалы. -Пропорционалды салық. Табыс өзгерсе де салық өсімінің мөлшері тұрақты болып қалады (қосымша құн салығы - 16%).  -Прогрессивтік салық. Мұның мағынасы – табыстың өсуіне қарай салық өсімінің мөлшері өседі. Мысалы, Қазақстандағы жеке тұлғалардан алынатын жеке табыс салығы

52.Экономикалық өсу типтері мен факторлары бойынша халықтың әл-ауқатына ықпалын бағалаңыз

Экономикалық өсу – адамзат қоғамның үдемелі дамуын бейнелейтін ең маңызды үдерістерінің бірі. Соның негізінде адамзаттың «мәңгі» проблемалары: қажеттіліктерді қанағаттандырудың жолдары мен түрлерін іздестіру, ғылымды дамыту, табиғатты сақтау мәселелері шешіледі Экономикалық өсу ұлғаймалы ұдайы өндірістің болуымен түсіндіріледі: бұл жыл сайынғы қоғамдық өнімнің сандық әрі сапалық артуы және олар екі топтан: өндіріс құралдары мен тұтыну құралдарынан тұрады. Жыл сайынғы қоғамдық өнім көлемінің өсуі ұлғаймалы ұдайы өндірістің экстенсивті типіне немесе интенсивті типіне негізделе дамиды  Экономикалық даму келесідей әрекеттердің нәтижесінде орындалуы мүмкін: Жұмыс күшінің саның көбейту. Егер жұмыс күшін құратын адамдардың санын көбейтсе, онда экономиканың өндіріс қуаты міндетті түрде артады. Еңбек өнімділігін арттыру. Экономиканың өсуін өлшеудің екі жолы бар Макроэкономикалық көрсеткіштердің мәнінің өсуі (ЖҰӨ, ЖІӨ, ТҰӨ, ҰТ) немесе адам басына шаққандағы тұтынудың өсуі .Әлеуметтік институттар үрдісінің өзгерісі (жеке меншік құқығы құрылымының өзгерісі, өндірісті ұйымдастыру, бөлу формаларының өзгерісі Жоғарыдағы әдістемелерге байланысты өсу теориясында үш бағытты атап өтуге болады: -Неокейнстік;-Неоклассикалық;-Тарихи-әлеуметтік. -Экономикалық өсу ресурс шектеулігінің ахуалын жеңілдетеді. Экономикалық өсу факторларының 3 тобы бар: ұсыныс, сұраныс, бөлу. -Экономикалық өсудің экстенсивті үлгісі ұлғайтылған ұдайы өндірістің ең қарапайым жолы. Соның көмегімен жұмыссыздықты жылдам қысқартуға, жұмыс күшінің жұмыспен көп қамтылуын қамтамасыз етуге болады.          Экономикалық өсудің мұндай жолының күрделі кемшіліктері де бар. Оған техникалық тоқырау кідірісі тән, мұндай тоқырау кезінде өнім шығаруды ұлғайту техникалық прогреспен қатар жүрмейді. Екіншіден, капитал қайтарымы, материал сыйымдылығы, еңбек өнімділігі сияқты көрсеткіштер өзгеріссіз деңгейде қалады. Үшіншіден, экономикалық өсу шығындық сипат алады, оның себебі, өндірісті экстенсивті кеңейту еңбек және табиғи ресурстардың жеткілікті көлемдерінің болуын ұйғарады және экономиканың масштабтары солардың есебінен ұлғаяды. Бұл орайда ұдайы өндіріс жағдайлары нашарлай түседі. Сондықтан экономикалық өсудің экстенсивті жолына ұзақ мерзімді бағдарлану тұйыққа әкеп тірейді. . Экономикалық өсуге әсер ететңн факторларды тікелей және жанама деп бөлеміз. Тікелей факторлар–ұсыныс пен өндірістің  динамикасын тікелей белгілейді, ол экономикалық өсудің физикалық мүмкіндігін белгілейді. Тікелей фактордың бес түрі бар:-Еңбек нарығының сапасы, яғни еңбек ресурстарының көбеюі, сапасының жоғарылауы ; -Қаржы ресурстарының ресурсы; –капитал көлемінің көбеюі, сапалық құрылымның  жақсаруы;  -Кәсіпкерлік қабілеттің өсуі; -өндіріс технологиясының жақсаруы; -еңбек өнімділігінің артуы. Жанама факторлар түрлері:-нарықтың монополиялану дәрежесінің төмендеуі ; -пайдаға салынатын салық мөлшерінің азаюы; -несие алу мүмкіндіктерінің көбеюі; -тұтынушылық, мемлекеттік шығын, инвестициялардың көлемінің көбеюі; -жаңа нарықтарды игеру және әлемдік нарықта ел өнімінің бәсекелік қабілетінің өсуі экспортты арттырады.

53.Макроэкономика түсінігі. Ұлттық экономика және оның негізгі мақсаттары бойынша даму бағыттарын болжаңыз

Макроэк/ка эк/ны бір үлкен бүтін құбылыс ретінде қарастыратын ғылым. Макроэк/ка теориясының негізі ретінде микроэк/ка теориясы пайдаланады. Микроталдауда тұтынушылардың табысы тек берілген өлшем ретінде қарастырылады да, негізгі назар үй шаруашылықтарының шығындары әртүрлі тауарлар мен қызметтер арасында бөлінуіне аударылады. Ал макроталдауда, керісінше, басты назар жиынтық табыс, жиынтық шығын, қолда бар табыс, тұтыну ж/е т.с.с. ірі, бөлшектелмеген көрсеткіштерге аударылады. Пайыздың нарықтық мөлшерлемесі, инфляция, жұмыссыздық сияқты макроэк/қ факторлар үй шаруаш/ры мен фирмалардың қор жинау, инвестиция, тұтыну шығындары секілді қабылдайтын шешімдеріне әсерін тигізеді де, ал олар өз кезегінде жиынтық сұраныстың көлемі мен құрылымын анықтайды. Микро ж/е макроэк/қ үрдістер өзара тығыз байл/ты. Макроэк/қ талдауды 3 кезеңге бөледі: І кезеңде фирмалар мен үй шар/ң шешім қабылдауын зерттеушілер теория деңгейінде қарастырады. Содан соң микроэк/қ құралдарды пайдаланып, фирмаларды әртүрлі эк/қ жағдайларға байл/ты қарастырады. ІІ кезеңде  фирмалар мен үй шар/ң жиынтық шешімдерін қарастыра отырып, жалпы эк/қ беталыстар талдауға түседі. Бұл кезеңде агрегатталған, іріленген шамалар қолданылады. М, бір ғана фирманың өнімі емес, ЖҰӨ; жеке банктің пайыз мөлшерлемесі емес, нарықтық пайыз мөлшерлемесі.ІІІ кезеңде макроэк/қ ақпаратты талдау ж/е жинау арқылы теорияның нақты мағынасы қарастырылады. Макроэк/ка – макроэк/қ теория мен агрегатталған ақпараттардың ортасындағы байл/ты нысандық тәсілмен зерттеуді қарастыратын ерекше ғылым.Макроэк/қ талдау ж/е саясат тығыз байланысты. Өйткені үкіметтің қолында экзогенді айнымалылар (алғашқы, «сырттан» ендірілетін ақпараттар) бірқатары бар. Егер макроэк/ка жеке оқиғалардың экзогенді оқиғалармен н/се саяси шешімдермен байланыстарын қарастырса, онда ол позитивті эк/қ талдау болады. Позитивті талдауда эк/қ саясаттағы, эк/қ шарттардағы өзгерістерді өндіріс, сауда-саттық, баға сияқты факторлардың өзгеруімен түсіндіруге тырысады. Осы позитивті эк/ка арқылы экономист «егер ... болса, онда ... болады» деген секілді тұжырымдар жасайды. Содан кейін бұл тұжырымдар фактілермен ж/е сандармен салыстырылу арқылы расталуы н/се жоққа шығарылуы мүмкін. Позитивті талдау нақты фактілермен, сандармен, тәуелділіктермен жұмыс жасайды ж/е қорытындының жақсы-жамандығына баға бермейді. Талдаудан шыққан балама қорытындылардың қайсысы салыстырмалы түрде бағалырақ екенін білу үшін нормативті эк/қ талдауды пайдаланады. Нормативті тұжырымдар тек кеңес береді. Бұл тұжырымдар көбінесе мынадай түрде болады: «мынадай шараларды жүзеге асырған дұрыс», «осындай саясатты жүргізу оңды болады». Жалпы нормативті талдауды нақты эк/қ шарттардың, эк/қ саясаттың жақсы не жаман екендігі туралы қорытынды шығаратын эк/қ талдау деп айтсақ та болады.Ұлттық экономика - қоғамдық қызметтің барлық салалары бойынша бір елдердің екіншісінен артықшылықта болуына мүмкіндік беретін факторлардың жиынтығы; мемлекеттің сыртқы күйзелістерге бой бермей, тұрақты қалыпта қалу қабілеттілігі. Экономикалық жаһанданудың басталуымен бәсекелік қатынастар шын мәнінде ғаламдық сипат алды. 20 жылдан астам уақыт Бүкіләлемдік экономикалық форум қамқорлығымен бәсекеге қабілеттілік мәселелері бойынша ғылыми зерттеу жобасы жұмыс істейді. Осы жобаның шеңбе-рінде ұлттық бәсекеге қабілеттілік ретінде "жалпы халықтың жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнімнің өсу қарқынымен есептелетін шынайы жан табысының өсу қарқынын тұрақты жоғары деңгейде ұстап отыру қабілеттілігі" түсініледі. Осы индекстер жиынтығы қарастырылып отырған елдердің бәсекеге қабілеттілігі деңгейін анықтап, сәйкесінше, олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру бағдарламалары жасалып, қабылданады. Экономиканың дағдарысқа дейінгі ахуалын көрсететін рейтингтің қоры-тындысы бойынша Қазақстанды макроэкономикалық жағдайы тұрақты, адами әлеуеті біршама жоғары және осы деңгейде дамыған тұтынушы-лық нарығы бар, алайда инфрақұрылымдық-мекемелік және иннова-циялық-технологиялық даму жағынан орташа, сондай-ақ бизнесі бәсеке-ге қабілеттілігі жеткіліксіз ел ретінде сипаттауға болады. Қазақстанның бәсекеге қабілеттілі арттыру үшін ең бастысы отандық және шетелдік нарықта қазақстандық өнім өндірушілерд позициясын күшейту пробле-масын шешу қажет. Осы мәселені шешуде мемлекеттік қолдаумен қоса отандық кәсіпорын басқарудың тиімділігін арттырудың маңызы зор. Бүгінгі күні басқа елдермен салыстырғанда Қазақстанның бәсекелестік жағынан артықшылықтары жоқ емес. Осы артықшыл экономикалық жағынан тартымды әрі ішкі тұтыну үшін арзан энергия мен басқа да пай-далы кен қазбалары запасы жатады. Сонымен бірге еліміздің экология-лық және геоэкономикалық, оның ішінде аумақтың транзиттік әлеуеті де бар. Экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін  еліміздің ішкі және сыртқы жағдайларын реттеу ең өзекті мәселе, яғни осы мәселелер-ді шешпейінше бәсекеге қабілетті болу екіталай. Үкімет экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін инновациялық дамуға ден қоймақ. Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Нұрмұхамбет Әбді-бековтің айтуынша, бағдарлама екі кезеңмен жүзеге асырылады. Алғаш-қы кезеңде технологиялық дамуды басқару жүйесі құрылады, норматив-тік-құқықтық базасы жетілдіріледі, инновациялық қолдау бағдарламала-рының жаңа түрлері әзірленеді, сондай-ақ оның үдерістерін сараптама-лық қолдау жүйесі іске қосылатын болады. Ал екінші кезең жаңа бағдар-ламаларды жүйелі қолдану және бірінші кезеңде әзірленген инновация-лық дамуды қолдау тетіктерімен сипатталады. Ал экономиканың бәсеке-ге қабілеттілігін арттыруды қамтамасыз ететін ұлттық инновациялық жүйені қалыптастыру - бағдарламаның негізі мақсаты болып табылады. Ағымдағы жылдың бірінші жартысында еліміздің индустрияландыру картасы бойынша 72 жобаны сәтті іске қосқан Үкімет, екінші жартыжыл-дықта тағы 80 өндіріс орнын пайдалануға беруді жоспалап отыр. Сондай-ақ сол күні «Қазақстан» концерт залында «Алтын сапа» аталымы бойын-ша «Қазақстанның үздік тауары» Президенттің арнайы сыйлығын және әлеуметтік жауапкершілік бойынша «Парыз» сыйлығын тағайындау шаралары өтеді», - деді. Жақында Алматыда өткен кәсіпкерлер конгре-сінде Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі «Индустриялық саясат туралы» заңның жобасын таныстырды. Заң жобасының мақсаты – экономиканың басымдық берілетін секторларының дамуын ынталан-дыру негізінде ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Ол ел Үкіметі әзірлеп, жүзеге асырып отырған индустрияландыру бағдарла-маларын ретке келтіреді. Қазірдің өзінде біздің кәсіпкерлерге жаңа мүмкі-ндіктердің пайда болуын дұрыс бағалау, жаңа рыноктарға шығу жөніндегі тиімді стратегияларды әзірлеумен байыпты айналысу, бәсекелестік артық-шылықтарды өсіре түсу маңызды. Экономикасы әлсіз елдің бәсекеге қабілеттілігінің деңгейі жоғары болмайды. Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттігін арттыру жолдарын жүзеге асыру әрбір азаматтың, өндіріс сферасының, кәсіпкерліктің жүктеуінде болып табылады.

54.ҚР өндірістік салаларының дамуына баға беріңіз

Өндіріс факторлары:жер, еңбек, капитал, кәсіпкерлік қабілет. Адам еңбегімен өндірілген ж\е өндірістік тұтынуда пайд\н игілікке капитал, ал адам еңбегінің жемісі емес өндірістік игілікке жер жатады. Жердің маң-ызды бір сипаты оның көлемінің шектеулі болуы. Адам оның көлемін өз ықтиярынша өзгерте алмайды, сәйкесінше оны өндіре де алмайды. Жер адам еңбегінің «жемісі» емес, табиғаттың сыйы, ол табиғи ресурс. Белгілі жер телімін пайдалану бастапқыдан адам қолынан келетін істің бірі. Әр уақытта болатын жайт, экономикалық теорияда «жер» ұғымы өте кең мағынада қолданылады. Жер бетінің белгілі бір телімдері адамның өнді-рістік қызметінде қолданылады. Еңбек адамның мақсатында сай қызмет-ті, еңбектің көмегімен адам өз қажеттіліктерін өтеу үшін табиғатты өзгер-теді, өзіне лайықтап икемдейді. Адамның тіршілік етуінің негізгі шартта-рының бірі де еңбек.  «Адамды адам еткен –еңбек.» Еңбек өндіріс факто-ры ретінде игіліктер мен қызметтерді өндіру кезінде пайдалануға болған адамның мүмкін болатын барлық қабілеттері мен дағдыларын қамтиды. Бұл жерде еңбек адамңың мақсатты іс-әрекеті емес, жұмыс күші ретінде қарастырылып отыр. Жұмыс күші –адамның дене еңбегі мен рухани қабі-летінің жиынтығы. Өндіріс процесінде жұм.күшін пайдалану еңбек болып табылады. Немесе табиғат заттарын өзгертуге, оларды адамдардың  қажеттіліктеріне бейім-деуге бағытталған адамның мақсатты іс-әрекеті. Іс-әрекеттердің саналылығы, мақсаттылығы, олардың қажеті  нәтижеге жетуге бағытталуы, еңбек процесі кезінде өндіріс құралдарын дайындау және пайдалану, сондай-ақ жиақталған тәжірибелерімен, ақпараттармен алмасудың барлығы адам еңбегін сипаттайды. Капитал өндіріс факторы ретінде өндірісте қолданылатын ғимараттардан, құрал-жабдықтардан, саймандардан, көлік құралдарынан ж\е жартылай фабрикаттар қорынан тұрады. Капитал  көп мағыналы ұғым: ол материалдық игіліктердің қоры, сонымен қатар материалды емес элементтерді де қамтиды, атап айтқан-да, адамның қабілеті, білімі. Бірқатар экономистер капиталды жинақтал-ған еңбек деп қарастырады.Бұл игіліктерге сансыз станоктар, жолдар, компьютерлер, жүк машиналары, өндірістік ғимараттарж\е т.б. жатады. Кейбір зерттеушілер кап. Ұқымын ақшамен байланысады. Мыс., Дж. Робинсон «Қазіргі экономикадағы күрделі қаржы» деген еңбегінде, «Капитал  қаржыландыру көзі болмай тұрып, ақша сомасы ретінде танылған», -деп жазады.

55.ҚР фирмаларының іс-әрекеттеріне баға беріңіз

Нарықтық экономиканың негізгі экономикалық буыны болып кәсіпорын (фирма) табылады. Кәсіпорын - бұл пайда табу мақсатымен  өндіріс факторларын қолданып шаруашылықта еркіндік алған экономикалық субъект. Фирма көлеміне байланысты:  шағын, орта және ірі бизнес болып бөлінеді. Шағын кәсіпорындар – есеп беру жылы жұмыскерлердің (қосымша істеушілерсіз) тізімдік орташа саны 50 адамнан аспайтын,өз қызметтерін коммерциялық негізде жүзеге асыратын, әділет органдарында тіркелген және статистикалық тіркеуге енгізілген заңды тұлғалар. Шағын және орта кәсіпкерліктің артықшылықтары: 1.Кез-келген жағдайларда  өзгерістерге жеңіл бейімделеді.2.Тұтыну сұраныстың өзгеруіне тең жауап береді

3.Капитал  салымына деген қажеттілігі төмен болады   4.Бәсеке дамуының негізін құрайды. 5.Техникамен қайта жабдықтану жылдам түрде жүзеге асады

       Кіші және орта кәсіпкерлік Республиканың әлеуметтік-экономикалық жән саяси дамуының маңызды факторы болып саналады. Кіші және орта бизнестің субъектілерінің дамуы көптеген мәселелерді шешуге ықпалын тигізеді. Шағын инновациялық бизнес ерекше орын алып мемлекеттің экономикалық дамуына көп әсерін тигізеді. Олар бірқатар артықшылықтарға ие: 1) Шағын инновациялық кәсіпкерлік бір салада тоқтап қалмай экономиканың барлық салаларын қамтиды.  2) Ірі өнеркәсіптер қызметі шектелген және ойлаған қызметі жүзеге асқанымен табысының аз болып тәуекел болғандықтан айналыспайтын салаларда өз мүмкіндіктерін қолдану. 3) Ірі фирмалар ғылыми зерттеулермен тәжірибелерді жүргізілуге мүмкіншілігі әлде қайда көп болса да күрделі басқару пирамидалары себебінен инновациялық процесс баяу атқарылады. Сондықтан да ірі фирмалар сыртқы орта әсеріне икемсіз болып келеді. Ал шағын инновациялық фирмалар сыртқы өзгерістерге тез икемделіп, жауап қайтарып процесс бағытын жылдам өзгертуге қабілетті.  4) Шағын фирмалар ірі компанияларға қарағанда ғылыми техникалық зерттеулер нәтижелерін инновацияларды өндіріс пен өнеркәсіпте жылдам енгізеді.

56.Мамандық ерекшелігі бойынша экономиканың маңыздылығын дәлелдеңіз

Табиғи және экологиялық процестердің кеңістіктік дамуын көрсететін, экономика және халықты елдік, аймақтық және ғаламдық деңгейде қоныстандыру,     экономика және бизнес, дерлік барлық ғылым салаларында терең географиялық ілімсіз еліміздің келешегін елестетуге болмайды

57.Халықаралық экономикалық қатынастардың маңыздылығын көрсетіңіз

Экономикалық қатынастар өзге қоғамдық қатынастарды айқындайды, олардың негізі болып табылады. Тауар өндірушілердің қызметтерін үйлестіру әдістерінің жиынтығы экономикалық жүйені құрайды. Экономикалық жүйе қарастырылып отырған қоғамда қалыптасқан шаруашылық тетіктерін, заңдарды, экономикалық институттарды, меншіктік қатынастарды біріктіреді. Экономикалық жүйе өзінің басты мақсаты ретінде — қандай тауар өндіріп, қызметтің қай түрін көрсету керектігін; қандай технологияны пайдаланып, қалай өндіруді, кім үшін өндіріп, кімге қызмет көрсету қажет деген мәселелерді шешеді. Бұл мәселелерді шешу әдістеріне байланысты экономикалық жүйелер: дәстүрлі, командалық және нарықтық болып жіктеледі.

Дәстүрлі экономикалық жүйеде өндіру, бөлу және тұтыну қалыптасқан дәстүрлер мен ғұрыптарға негізделеді.

  •  Әміршіл-әкімшілік экономикалық жүйе бұл мәселелерді директивалық әдістермен, яғни жоғарыдан түсіріліп жататын бұйрықтармен шешеді.
  •  Ал нарықтық экономикалық жүйеде шаруашылықтың бағдары тауар өндірушілер мен қызмет көрсетушілер арасындағы бәсекеге құрылады

Әлемдік нарық бұл бір-бірімен тауар экономикалық қатынастар арқылы  байланысатын және халықаралық еңбек бөлінісінің негізгі бағыттарын қамтитын, жекелеген елдердің ұлттық нарықтарының жиынтығы. Әлемдік нарық тарихи түрде, капиталистік нарық ретінде өндірістің капиталистік жолдары негізінде қалыптасты.Әлемдік нарық өзінің ұзақ уақыт даму барысында, халықаралық еңбек бөлінісінің белгілі бір деңгейімен және өндірісті интернационалдандырумен сипатталатын бірсыпыра кезеңдерден өтті. Солардың ішінен келесілерді бөліп көрсетуге болады:

  1.  Нарықтың пайда болу кезеңі. Әлемдік нарық капитализм дамуының мануфактуралық сатысындаXVI ғасырда пайда болып, алғашқы беттегі капитал жинақтау процесінің шешуші факторларының біріне айналды. Оның туындауы, жас еуропалық  буржуазияның сауда және орталық өктемдігін жүргізумен, теңізде жүзу мен құрлықтағы қатынас құралдарының жылдам дамуымен ажырағысыз байланыста болды.
  2.  XVIII-XIX ғасырлардағы өнеркәсіптік төңкерістер барысында жүзеге асырылған, жетекші капиталистік елдердің ірі машиналары өндіріске өту кезеңі. Ірі өнеркәсіп іс жүзінде капитализмнің әлемдік нарығын  қалыптастырады;

3. Имперализм сатысындағы әлемдік нарықтың даму кезеңі әлемдік сауданың өсуімен сипатталады.1896-1900 жылдардағы өнеркәсіп өнімдерінің әлемдік экспортының 4/5-нен астамы Ұлыбританияның, АҚШ-тың, Францияның және Германияның үлесіне тиді. Капиталды сыртқа шығару әлемдік нарықты дамытудың анықтаушы факторына айналды;4. Капиталистік нарық жалпыға бірдей болуды тоқтатқан, әлемдік соғыстан кейінгі нарықтың даму кезеңі;5. Бұрынғы социалистік елдер әлемдік саудаға қатыса бастаған XXғасырдың 90-шы жылдарымен байланысты жаңа кезең.Бірқатар жекелеген елдердің ұлттық нарығы әлемдік нарыққа ажыратылып көрсетіледі:а) Ұлттық нарықта тауарлар қозғалысы бар болғаны экономикалық факторлармен(елдің кәсіпорындары мен аудандары арасындағы өндірістік байланыстарымен) келісіледі, ал мемлекеттер арасындағы шекаралар мен  жекелеген мемлекеттер сыртқы экономикалық қызметте әлемдік нарыққа түбегейлі түрде ықпалын жүргізеді. Ұлттық шаруашылықтар арасындағы тауарлардың қозғалуы шектелген және кейбір тауарлар әлемдік тауарлар айналымына мүлдем түспейді.ә) Әлемдік нарықта бағалардың айрықша жүйесі әлемдік бағалар өмір сүреді.б) Құрылымдық ілгері ұмтылу, өнеркәсіп өндірісін мамандандыру мен біріктіру, шаруашылық өмірін интернациоландыру әлемдік нарықтың дамуына ықпалын тигізеді.Қазіргі уақыттағы әлемдік нарықтағы даму үрдестеріне келесі  факторлар әсер етеді:1. Әлемдік шаруашылық жүйесіндегі қарама- қайшылықтардың болуы, олардың трансұлттық корпорациялар арасындағы шиеленісуі;2. Әлемдік шаруашылық жүйесінің қалыптасуы және одан әрі нығаюы, өндірісті интернациоландандырудың дамуы;3. Экономикалық тәуелсіздікке қол жеткізу үшін дамушы және артта қалып қойған елдердің күресі.Әлемдік нарық сыртқы саудамен тығыз байланысты. Сыртқы сауда — бұл тауарларды сырттан әкелу (импорт)  мен сыртқа шығарудан (экспорт) тұратын, бір елдер мен екінші елдер арасындағы сауда болып саналады. Ақшалай түрде көрсетілген импорт пен экспорт сомасы елдің сыртқы сауда айналымын білдіреді. БҰҰ-ның статистикалық басылымы, әлемдік барлық елдер экспортының жиынтық құны ретінде халықаралық сауда көлемінің динамикасы бойынша деректерді жариялап отырады.Халықаралық еңбек бөлінісі оның негізі болып табылатын жиынтық түрдегі сыртқы сауданы, халықаралық сауданы білдіреді. Сыртқы сауданың даму сипаты, деңгейі мен мәні өндіріс дамуының сипаты және деңгейімен анықталады.Сыртқы сауда, өндірістің натуралды сипатқа ие болған кезінде, құл иеленушілік құрылыс дәуірінде пайда болды. Ірі машиналы өндірістің дамуымен байланысты имперализм дәірінде, сыртқы сауда неғұрылым кең түрде даму ала түсті.Әлемдік сауда дамуының,  қатысушы елдердің әкелетін пайдаларына сүйену мүлде табиғи нәрсе болып саналады. Халықаралық сауда арқылы елдер өзінің мамандануын дамыта отырып, қолда бар ресурстардың өнімділігін арттырады, сөтіп, өздерінің өндіретін тауарлары мен қызметтерінің көлемін көбейту арқылы, халықаралық әл-ауқатының деңгейін көтеретін құрал болып қызмет етеді.Халықаралық сауда теориясының негіздерін XVIII ғасырдың  аяғы мен XIX ғасырдың басында ағылшынның аса көрнекті экономистері А.Смит пен Д.Рикардо қалыптастырды. А.Смит “ Халық байлығының табиғаты мен себептері туралы зерттеулер” кітабында абсолюттік басымдық теориясын қалыптастырды және халықаралық сауданы еркін дамытуға деген елдердің қызығушылықтарын  да ашып көрсетті.

Д.Рикардо “Саяси экономика және салық салудың бастаулары” деп аталатын еңбегінде абсолюттік басымдықтар  қағидасының  жалпы ережесінің болуын, жекелеген жағдайлар ретінде дәлелдеп береді және біріншіден, экономикалық ресурстардың елдер арасында теңдей емес түрде бөлінуін, екіншіден, әртүрлі тауарларды өндіру әртүрлі технологияларды немесе ресурстарды пайдалануды талап ететіндігі туралы салыстырмалы басымдық теориясын негіздеді. Д.Рикардо сондай-ақ халықаралық айырбастың  барлық елдердің мүдделері үшін мүмкін екендігін көрсетті.Д.Стюард Милл пайымына сәйкес, халықаралық құн теориясы, елдер арасындағы тауарлар алмасуын оңтайландыратын бағаның өмір сүретіндігін көрсетеді. Мұндай нарықтық баға сұраныс пен ұсынысқа қатысты болады.Эли Хекшер мен Бертиль Олин, өндіріс факторлары мен қамтамасыз етілгендік  деңгейде, белгілі бір өнімдерге қатынасы бойынша қандай бір ел ие болатын, салыстырмалы басымдықтарға түсініктер береді. Олар “өндіріс факторларына бағаларды теңестіру” теориясын алға жылжытты, ол бойынша ұлттық өндірістік айырмашылықтар өндіріс факторларының әртүрлі мақсатымен, сондай-ақ қандай да бір тауарларға деген ішкі қажеттіліктердің түрлілігімен анықталадыСоңғы кезде зерттеушілердің көпшілігі классикалық теорияның бастапқы жағдайын қабылдай отырып, өз тұжырымдарын тәжірибеде икемдеп қолдануға тырысатындықтары байқалады. Әлемдік шаруашылық байланыстарының, оның ішінде халықаралық сауданың тұрақты дамуы, сыртқы экономикалық байланыстардың шаруашылық жүргізудің маңызды факторларына айналуы, жекелеген елдердің экономикалық тәулсіздігінің проблемаларын жаңаша түрде қояды.Қазіргі жағдайдағы сыртқы сауданың өзіндік белгілер :1. Негізінен шағын өндірушілердің тауарларын өткізуді бақылайтын, ірі монополиялардың шешуші позициялары;2. Монополиялық үстемдік, сыртқы экономикалық өктемдіктің күрт күшеюі;3. Қазіргі жағдайдағы сыртқы сауда, негізінен, капиталды сыртқа шығару  әсерімен дамиды.Қазіргі кездегі жиынтық халықаралық айналымның 4/5- тен басым бөлігін индустриалды дамыған елдер (ИДЕ) құрайтын әлемдік сауданың үлесіне келеді. Мәселен, 11 капиталистік елдің (АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Германия, Италия, Жапония, Бельгия, Нидерландия, Швеция, Швецария, Канада) үлесіне, бүкіл әлем халқының 20% -на жуығын құрайтын, барлық халықаралық тауар айналымының 55%-дан астам келеді. Сонымен бір мезгілде, Қытай мен Индияның (жердегі халықтың 40%) үлесіне әлемдік тауар айналымының 5 %-ы үлес келеді.Индустриалды дамыған елдер (ИДЕ) экспорты басым түрде дайын өнімдермен (машиналар мен жабдықтар), ал артта қалған елдердің экспорты аграрлы шикізат тауарларымен ұсынылады. Ірі монополиялар өздерінің тауарларын монополиялық жоғары бағалар бойынша сыртта (экспортқа) шығарады. Сонымен бірге индустриалды дамыған елдердің (ИДЕ) ірі монополиялары мейлінше нашар дамыған елдердің ұлттық табысының бір бөлігін өзіне сіңіріп алады. Батыс экономистерінің берген бағаларына сәйкес, 1950-1970 жылдар арасындағы кезеңді “алтын ғасыр” деп атауға болады, уақыттың тура осы үзігінде әлемдік экспорт қайырадан тұрақты жоғары қарқынын көрсетеді.Сыртқы сауда байланыстарының дамуы экономика-ның  табысты дамуы үшін экспорт пен импортты реттеу жөніндегі мемлекеттің қолданатын шараларымен тығыз байланысты болып саналады.Халықаралық сауданы мемлекеттік реттеу:1. Мемлекеттік реттеу құралдарын үкіметтің келісуінсіз немесе саудадағы әріптестерінің кеңесімен, біржақты реттеу;2. Сауда саясатының шаралары, сауда саласындағы әріптестер болып саналатын елдер арасындағы келісілген екі жақты реттеу;3. Сауда саясаты көпжақты келісімдермен реттелетін көп жақты реттеу. Мысалы, БСҰ, Еуропа одағына мүше елдердің сауда саласындағы келісімі.

Мемлекеттің халықаралық саудаға араласуының ауқымына қатысты сыртқы сауда саясатының келесі түрлері (типтері) ажыратылады:1. Ырықтандыру немесе сауда еркіндігі — бұл сұраныс пен ұсыныстың еркін нарықтық күші кезінде дамитын, сыртқы саудаға мемлекеттің аздаған мөлшерде араласу саясаты.2. Протекционизм — бұл сауда саясатының тарифтік және тарифсіз құралдарын пайдалану жолымен ішкі нарықты шетелдік бәсекеден қорғаудың мемлекеттік саясаты.Еркін сауданың жақтастары, негізінен, халықаралық еңбек бөлінісінің (ХЕБ) неғұрлым тиімді нұсқаларын таңдауды қамтамасыз етудің және осы негізгі қатысушы елдер халқының өмір деңгейін көтерудің мемлекетпен реттелмейтін қабілетін атап өтеді.Протекционистік шаралардың жақтаушылары, негізінен, кез келген  ұлттық өнеркәсіптің мүдделерін қорғауды, халықты жұмыспен қамтуды, жоғары өмір деңгейін  және т.б. қамтамасыз етуді олардың қажеттілігі деп атап көрсетеді.Протекционистік шаралардың қазіргі заманғы жүйесі әртүрлі бағыттарды қамтиды. Солардың ішінде ең маңыздылары:1. Басқа елдерден әкелуді қиындату немесе ол елден өнімдердің белгілі бір түрлерін сыртқа шығаруды сирету. Кедендік салық   салулар ( тарифтік кедергілер). Ұлттық өндірушілердің шетел фирмаларымен бәсекелестігін жеңілдету үшін, негізінен шетелдерден  дайын өнімдерді, әсіресе, қымбат сән-салтанат заттарын әкелу кезінде жоғары кеден баж салықтары белгіленеді, ал шикізат пен материалдар импорты кезінде кеденнің баж салықтары неғұрылым төмен болады.2. Тарифтік кедергілер, экономикалық саяси және әкімшілік әдістердің көмегімен СЭҚ-тің тікелей және жанама шектеулерінің жиынтығын білдіреді.Қазіргі тәжірибедегі  мемлекетаралық алмасудың кейбір таралуы сыртқы экономикалық    операциялардың мөлшерленуі мен лицензиялануына ие болады. Мөлшерлену-бұл, соның шегінде сыртқы сауда операциялары салыстырмалы түрде еркін жүзеге асырылатын, жекелеген тауарлар мен тауарлардың топтарын сыртқа шығаруға ( экспортқа) белгілі бір квоталардың белгіленуі. Тәжірибе жүзінде оның құрамын белгілеу (контигирование) еркін әкелінуі немесе сыртқа шығарылуы мүмкін шектелген тауарлардың тізімі түрінде белгіленеді.Лицензиялау, ұйымдардың сыртқы экономикалық операцияларды жүзеге асыруға үкімет органдарынан рұқсат алу (лицензиясын) қажеттілігін болжайды. Салық жүйесі мен ұлттық шектеу жекелеген порттар мен темір жол станцияларының  шетелдіктер үшін  жабық болатын жанама  шектеулеріне жатады.Тәжірибеде мемлекеттердің сыртқы сауда саясаты, протекционизм мен ырықтандыру элементтерін ұштастыра отырып, алуан түрлілігімен өзгешеленеді. Халықаралақ сауданы жан-жақты реттеу, ең алдымен сауда жөніндегі бас келісім бағыты мен тарифтер (ГААТ) және оның мұрагері- бүкіләлемдік сауда ұйымы (БСҰ) арқылы жүзеге асырылады.

58.ҚР экономикасын дамыту үшін шикізаттық негізден арылу проблемасына шешім беріңіз

Қазақстан Республикасының индустриалдық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Елдегі жағдай туралы және 2002 жылға арналған iшкi және сыртқы саясаттың негiзгі бағыттары туралы" Қазақстан халқына Жолдауында және Қазақстан кәсiпкерлерiнiң 10-шы форумында берген тапсырмаларына сәйкес әзiрлендi. 
      Бағдарлама Қазақстанның 2015 жылға дейiнгі кезеңге арналған мемлекеттiк экономикалық саясатын қалыптастырады және экономика салаларын әртараптандыру, сөйтiп осы арқылы дамудың шикiзаттық бағытынан бас тарту жолымен елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзуге бағытталған. 
      Өңдеушi өнеркәсiпте және қызмет көрсету саласында бәсекеге түсуге қабiлеттi және экспортқа бағдар ұстанған тауарлар, жұмыстар және қызметтер өндiру мемлекеттiк индустриялық-инновациялық саясаттың басты нысанасы болып табылады. 

Статистикалық мәліметтер көрсеткендей Қазақстандағы инновациялық өнімінің құрылымы жыл сайын өзгеріске ұшырауда. Осылайша, 2003 жылдан (15%) 2010 жылға (90%) дейін жаңа немесе елеулі технологиялық өзгерістерге түскен өнімдердің ұдайы өсу үрдісін байқауға болады. Бұл инновациялық дамуға бағыт алған Қазақстандық экономиканы оң жағынан сипаттайды. Ал жетілдіруге ұшыраған өнімдер үлесі біртіндеп төмендеп келе жатыр, 2003 жылы олардың үлесі 72% құраса, 2010 жылы 12% -ды құрады. Өзге инновациялық өнімдердің үлесі басқа инновациялық өнім түрлеріне қарағанда бір қалыпты деңгейде, бұнда елеулі өзгерістер байқалмайды.
      Дүниежүзiлiк экономиканың жаhандану аясында Қазақстан экономикасы бiрқатар проблемаларға тап болып отыр. Негiзгі проблемаларға мыналарды жатқызуға болады: бiр жақты шикiзат бағыттылығы, әлемдiк экономикаға ықпалдасудың әлсiздiгi, ел iшiндегі салааралық және өңiраралық экономикалық ықпалдасудың босаңдығы, iшкi рынокта тауарлар мен қызметтерге деген тұтыну сұранысының мардымсыздығы (шағын экономика), өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымның жеткiлiктi дәрежеде дамымауы, кәсiпорындардың жалпы техникалық және технологиялық тұрғыдан артта қалушылығы, ғылым мен өндiрiстiң арасында ықпалды байланыстың болмауы; ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға қаржының аз бөлiнуi, менеджменттiң экономиканы жаhандану үрдiстерiне және сервистiк-технологиялық өтуге бейiмдеу мiндеттерiне сәйкес келмеуi. Проблемаларды шешу және Бағдарлама шеңберiнде алға қойылған мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткiзу үшiн Даму Банкiнiң қызметiн жандандырумен қатар Қазақстанның инвестициялық қоры, Экспортты сақтандыру корпорациясы сияқты арнайы даму институттарын құру, Инновация қорын нығайту көзделiп отыр.  Бұл ретте осы институттар қосылған құны жоғары жаңа өндiрiстердi құруға және олардың жұмыс iстеп тұрғандарын дамытуға және келелi салаларды кешендi талдау, олардың ең маңызды элементтерiн анықтау негiзiнде ғылыми және ғылыми-зерттеу әзiрленiмдерi мен зерттеулерге қолдау көрсетуге инвестициялау саясатын жүргiзетiн болады. 
      Бағдарлама елде ғылымды және инновациялық қызметтi көтермелеуге бағытталған белсендi мемлекеттiк ғылыми және инновациялық саясат жүргiзудi көздейдi. Алға қойылған мақсаттарға қол жеткiзу үшiн қаржы рыногын одан әрі дамыту және фискалдық, бiлiм беру, монополияға қарсы, инфрақұрылымдық саясатты жетiлдiру көзделiп отыр. Стандарттау саясаты шеңберiнде экономиканың және басқарудың барлық салаларында әлемдiк стандарттарға көшу көзделуде. 
      Экономиканы мемлекеттiк реттеу әдiстерi мен тетiктерiн жетiлдiру жөнiндегі жекелеген ұсыныстарды негiздеу үшiн Бағдарламаның тиiстi бөлiмдерiнде импорт алмастыратын және экспортқа бағдар ұстанған саясатты iске асыру жөнiндегi шет елдердiң тәжiрибесi, оның iшiнде экспорттық саясаттың әрқилы түрлерi мен кезеңдерi, сондай-ақ әлемдiк рыноктарда бәсекелестiк артықшылыққа қол жеткiзуге мүмкiндiк беретiн факторлар келтiрiлген. 
      Жалпы алғанда Бағдарламаны iске асыру нәтижесiнде 2015 жылға қарай ел экономикасы сервистiк-технологиялық дамуға өтуге дайын болуы керек.

59.Экономиканың динамикалығын және циклдық ауытқулардың қайталнауын дәлелдеңіз

Нарықтық экономиканың қалыпты қызмет жасауы экономикалық өсуді тұрақты динамикалық қамтамасыз етуі керек, яғни оның «экономикалық динамикасы» тұрақты байқалуы қажет. Екінші жағынан — нарықтық экономиканың қызмет жасауында тұрақсыздық байқалуы мүмкін; экономикалық өсудің құбылуы және қарқынының төмендеуі. Бұл өз кезегінде «экономикалық тепе-теңдікті» қамтамасыз ететін факторларды анықтау қажеттілігін тудырады.Экономистер көптеген жылдар бойы бұрындары және қазіргі кезде де тепе-теңдік динамикасы моделін іздестірумен айналысқан және айналысуда. Себебі ол бірін-бірі жоққа шығаратын екі үрдісті қосады: экономикалық тепе-тендік және экономикалық динамика. Тепе-тендік динамикасы моделі классикалық және кейнстік болып бөлінеді. Классикалық моделдің өкіліне француз экономисі Жан Батист Сэйді (1772-1823) жатқызамыз. Оның айтуынша барлық қоғам тек өндірушілерден тұрады (олар сондай-ақ тұтынушы болып та табылады). Сөйтіп өзі өндірмеген басқа тауарларды сатып алу үшін, өзінің тауарын сатады. Демек, табыс=шығынға тең. Сондықтан сұраным мөлшері ылғи ұсынымға тең.Алайда нақты нарықтық экономика құрылымы әлдеқайда күрделі: тұтынушы саны ылғида өндіруші санынан асып отырады — табыс толық жұмсалмайды (бір бөлігі жинақтауға айналады, өндіруші шығынның бір бөлігін займ (несие) есебінен жүзеге асырады). Бірақ нақты өмірде Сэй моделінде көрсетілгендей, «сұраным ұсыным болып табылады», теңгерілмейді. Себебі сұраным жинақтау мөлшеріне кемиді, ал ұсыным несие мөлшеріне артады. Осыдан барып өте маңызды тұжырым жасауға болады: жиынтық сұраным мен жиынтық ұсыным тепе-теңдігі жинақталған инвестиция мен несиеленген инвестиция теңдігін талап етеді

Экономикалық цикл – бұл дағдарыстар арасындағы мерзім және осы кезде оның төрт фазасы ауысады. Дағдарыс тауарлардың артық өндірілуі, несиенің азаюы және процентінің жоғарылауы арқылы көрінеді. Бұл жағдай пайданы азайтады және өндірісті төмендетеді. Кәсіпорындардың банкрот болуына әкеледі. Қысқаша айтқанда дағдарыстың сипаттамасы келесідей: 1.Артық өндіріс себебінен өндірістің көлемі қысқарады, банктер мен кәсіпорындар банкротқа ұшырайды. 2.Жалақы төмендейді, жұмыссыздық өседі. 3.Бағалы қағаздар нарығы құлдырайды, акция курстары төмендейді. 4.Ақшаға сұраныс өседі, пайыз мөлшерлі жалақысы өседі. Дағдарыс тоқыраумен алмасады. Бұл сатыда өндіріс төмендеуін қояды, бірақ өспейді де.  Тоқырау фазасының сипаттамасы:1.Өндірістің құлдырауы мен бағалардың төмендеуі тоқырау жағдайында болады. 2.Жұмыссыздық жоғары деңгейде болады. 3.Ақшаға сұраныс төмендейді, пайыз мөлшерлі жалақысы азаяды, сөйтіп өндірістің салаларын ұлғайтуға жағдай жасалады.  Жандану фазасының сипаттамасы: 1.Дағдарыстан аман қалған кәсіпорындар негізгі капиталдарын жаңартып, өндірісті ұлғайтуға кіріседі. Өндірілген тауарлар көлемі мен сапасы жағынан өндіріс дағдарысының алдындағы дәрежеге жетеді. 2.Инвестициялар өседі. 3.Бағалар көтеріледі, себебі сұраныс өседі. 4.Жұмыссыздықтың деңгейі қысқара бастайды. 5.Ақшаға сұраныс өседі, пайыз мөлшерлі жалақысы өседі. Өрлеу фазасының сипаттамасы: 1.Өндірістің көлемі дағдарыс алдындағы дәрежеден артады. 2.Жұмыссыздық деңгейі маңызды түрде қысқарады. 3.Тауарлардың бағасы өседі. 4.Қарыз капиталының ұсынысы өседі. 5.Несиеге сұраныс өседі. Сөйтіп шаруашылық жаңа дағдарысқа қарай қадам басады.Көптеген экономистердің экономикалық циклдерді түсіндіре алатындай теория жасау жолындағы талпыныстары табыссыз аяқталды.. К.Марк берген индустриялық қоғамның макро экономикасы мен ұдайы өндіріске жасаған талдауы болды. ”Капиталистік ұдайы өндіріс циклі” маркстік талдауында, олардың қозғалысы мен циклдің басына қайта оралудың жалғастығы мен төрт сатыдан (фазадан) өтуі беріледі. Дағдарыс, тоқырау, жандану, өркендеу - сатылары (фаза) циклдер  болып саналады. Дағдарыс жиынтық сұраныс - тауар ұсыныстарының артып кетуін сипаттайды, оның экономикалық зардаптары: тауарларды    қалыпты өткізудің күрделілігі мен мүмкін еместігі; бағаның    төмен түсуі; тауарға ұсыныстың азаюы; табыстардың кемуі; жұмыссыздардың күрт көбеюі; банкроттық. Дағдарыс соңында сұраныс пен ұсыныс “күшпен” тепе – теңдікке  келтіріледі және ұдайы өндіріс тоқырау сатысына (фазаға) өтеді.Тоқырау (депрессия) - өндірістің құлдырауы тоқталатын және оның өсуіне алғышарттар жасалатын экономиканың өтпелі жай -күйі болып саналады. Тоқырау кезінде баға мен еңбекақы ең төменгі деңгейде болады; өндіріс шығындары да сондай төменгі деңгейді көрсетеді; капиталдың бір бөлігі жинақталып (сақталып),  екіншісінде инвестиция, еркін ақша капиталы пайда болады;өндірістік капиталдың негізгі бөлігін жаңарту мүмкіндігі жүзеге асырылады. Капиталдың жаңартылатын бөлігінде жандану пайда болу кезіндегі сұраныстың өсуі, жиынтық сұраныстың өсуіне әкеледі, сол себептен де жандану өндіріс ауқымының кеңеюіне; жұмыспен қамтылу, пайданың артуына; дағдарысқа дейінгі деңгейге қайта оралуға; өнеркәсіптегі өркендеу сатысына (фазаға) өтуге   әсерін тигізеді.Көтерілу деңгейін пайда мен жұмыспен қамтылушылықтың  жоғары мен  сипаттайды, өндірістің жаңа технологиялық деңгейі ақыр соңында тағы да капиталдардың артық шамадан тыс қанығумен, тауарлардың артық өндірілген мүмкіндіктерімен ұдайы өндірістің бір циклі аяқталып, екіншісі басталады.Өсіп отырған тауар ұсынысы нарықта тағы да шектеулі төлем қабілеті бар ұсыныс пен бетпе - бет келеді, соның нәтижесінде тағы да дағдарыс пайда болады.

60.ҚР болған дағдарыстардың әлемдік ықпалын бағалаңыз

Дағдарыс тауарлардың артық өндірілуі, несиенің азаюы және процентінің жоғарылауы арқылы көрінеді. Бұл жағдай пайданы азайтады және өндірісті төмендетеді.  Кәсіпорындардың банкрот болуына әкеледі. Қысқаша айтқанда дағдарыстың сипаттамасы келесідей:

Артық өндіріс  себебінен өндірістің көлемі  қысқарады, банктер  мен  кәсіпорындар банкротқа ұшырайды.

Жалақы  төмендейді, жұмыссыздық өседі.

Бағалы  қағаздар нарығы  құлдырайды, акция курстары  төмендейді.

Ақшаға сұраныс өседі, пайыз  мөлшерлі жалақысы өседі.

Дағдарыс тоқыраумен алмасады. Бұл сатыда өндіріс төмендеуін қояды, бірақ өспейді де.

Мемлекеттік басқару дағдарысы- мемлекеттік басқару құрылымының тұрақсыздануымен, саяси институттардың ықпалының теңгермелуімен, саяси қақтығыстардың ұшығуымен, көпшіліктің белсенділігінің артуымен сипатталатын қоғамның саяси жүйесінің өркендеуі мен қызмет көрсетуінің ерекше өзгерген түрі.
Мемлекеттік басқарудағы дағдарыстың негізгі белгілері болып мыналар табылады.
- саяси және әлеуметтік қақтығыстардың ұшығуы, оның ашық саяси сипат алуы немесе талап пен сұраныс билік құрылысының саяси бағытын, басқарудың стратегиясы мен әдістерін өзгертуге бағытталады.
- Қақтығыстардың өсуін мемлекеттік биліктің басқара алмауы, саяси-экономикалық процесстер мен дәстүрлі әдістердің қатынастарын реттеу мемлекеттің ішкі және сыртқы саясат “зигзаг” түрінде көрінеді.
- Басқарудың құрылымдық-функционалдық жүйесінің және саяси билік институттарының теңестірілмеуі, қоршаған ортамен өзара қарым-қатынастың үзілуі, мемлекеттік биліктің легитимділігінің жойылуы, қоғамның саяси қауіпті және ұшыққан күйі.
Мемлекеттік басқарудағы дағдарыстың барлық белгілері кезеңдермен дамиды.
Бірінші, бастапқы кезең: қоғамдық өмірдің әр аумағында көптеген жанжалдар ошағынаң пайда болуымен сипатталады. Солқылдақ плюралистикалық жүйеде тоқырау күштер мен көзқарастардың жаңа арақатынасын көрсетеді, олардың шешімі саяси дамудың жаңа көздері болып табылады.Бұл жағдайда жанжалдар тұрақтандыру, түзету рөлін атқарады.
Қатаң көпшілік- саяси жүйеде жанжалдар тұрақсыздық, бұлғаңдату рөлін атқара отырып саяси күйзелісті тереңдетеді.
Екінші, мемлекеттік билік кезеңі: қоғамдық институттардың қызметі механизмінің ыдырауы, құрылымның сәйкес келмеуі, әлеуметтік- экономикалық жағдайдың түрлері мен әдістерінің өзгертілуін сипаттайтын және қоғамдағы төтенше жағдайдың келісімі арқылы шешіледі.
Үшінші, дағдарыстың өсуі мен ұшығу кезеңі: тұрақтанған саяси құрылымның ыдырауы, энтропияға бастайтын мемлекеттік билік жүйесі, яғни ыдырау, мемлекеттік биліктің құнсыздануы, билік органдарының негізгі сапасын жоғалтуы- қоғамдық процестері басқаруға ықпал етеді. Бұл жағдайда басқарудың жалпы жүйелілігін қарастырамыз.
Әрине, бұл кезеңдерді бөліп қарау салыстырмалы және шартты сипат алады.Іс жүзінде барлығы әлде қайда күрделірек. Көрсетілген кезеңдер арасында “қытай қабырғасы” жоқ .Өмір өзені “тоғызыншы валюталарды” тудыратын толқындардың қайда және қашан жиналатынын байқауға мүмкіндік бермейді.

«Біз –  болашағымызды   болжап  отырған   елміз» , - деп   Елбасымыз   Нұрсұлтан Назарбаев  айтқандай,   болашақты   болжау   өте  ауыр,  бірақ  біздің  еліміз  соңғы  20 жылда  көптеген  экономикалық  өмір  циклын  бастан  кешті.  Осы   экономикалық    өрлеу     кезінде дағдарыс   та  орын  алды.   Әрбір  елге  уақыт  өте  келе   күшті  әсер  ететін   экономикалық   құбылыс – дағдарыс.   Дағдарыс   қоғамда   тек   шағын  және орта  келеңсіздік   емес,  тіпті,       әлеуметтік – экономикалық   сілкіністерге ,  инвесторлар,    кәсіпкерлер  мен  халық  арасында  апатты  жағдайларға  да  алып  келеді.  

Дағдарысқа қарсы күрес бағдарламасы шеңберiнде Үкiметтен тiкелей 20 млрд. доллар көлемiнде қаражат бөлiндi. Елдің  экономикасындағы  дағдарыстың   дамуына  қарсы  Үкімет  уақытылы  тиіміді   шаралар  қабылдады.  Бюджет  арқылы  мемлекет қордағы  ақшаны құйды,   экономикаға   құйылған   ақшаның   сомасы  ЖІӨ – нің  15% - ын қамтыды.  Үкіметтің  шешіміне  сәйкес,  ақша  экономиканың  барлық    бағыттарына  жіберіліп    отырды.

Дағдарысты еңсеру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі дағдарысқа қарсы бағдарлама және оны іске асыру жөніндегі 2009 - 2011 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын, сондай-ақ Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына жолдауын іске асыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылға арналған іс-қимыл жоспарын орындау жөніндегі іс-шаралардың жеке жоспарын әзірледі.

     Көрсетілген жоспарға сәйкес жаңа жұмыс орындары құрылуда, кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыруға жіберілген жұмыссыздардың және халықтың нысаналы топтарының өзге де өкілдерінің саны артуда. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, әлеуметтік жұмыс орындарын құру және жастар практикасын ұйымдастыру бағдарламаларын кеңейту, бос орындар жәрмеңкесін өткізу және т.б. жөнінде шаралар қабылдануда.

Дағдарысқа   қарсы  бағдарламаның алғашқы   бағыты  -  қаржы   секторын   тұрақтандыру   үшін  жоғарыдағы  ірі  төрт банкке              476 млрд. тенге   бөлінсе,  оның   бір  бөлігі   банктердің   қарапайым    акцияларын    сатып алуға,    келесі бір бөлігі   экономиканы  несиелеуге  бағытталды.   Мұндай    шаралар   АҚШ – та , Ұлыбритания ,   Жапония  және   басқа  елдерде  де  қолданылады.  

Сол 2008- 2009 жылдадағы   дағдарыс уақытында өнеркәсіптік  өндіріс  көлемі  4,6% - ға  қысқарды,    өңдеуші    өнеркәсіп  көлемі  11,8 % - ға төмендеп,   өте  күшті  дағдарыс  әсер  еткен  кәсіпорындар    қатарына  жатқызылды. Статистика  бойынша, ЖІӨ – нің  2,2% - ға  төмендегенін  көрсетеді  

Былтырғы   2012 жылдың  27 қаңтарында   Елбасымыз   Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаевтың  халқына  жолдауында   дағдарыстың  екінші  толқыны  туралы  мәселе  қаралды.  Президент  «Үкімет   сценарийлер,  қадам – қадам  бойынша   нақ   жазылған  жоспар  жөнінен  шешімге  келуі  қажет», - деп  атап  өтті.   «Еліміздегі  және әлемдегі  істердің  жай -  күйіне  мониторниг  жүргізіліп  алдын   алатын  шаралар  қабылдануы  тиіс» , -   деп  Нұрсұлтан   Назарбаев  ел  Үкіметінің  дағдарыстан  өту  тәжірибесі  барлығын,  соның  арқасында алдағы  қиындықтардан  өтуге  мүмкіндік  барына  сенім  білдірді.

Елбасы   Нұрсұлтан  Назарбаев  «Әлеуметтік - экономикалық  жаңғырту – Қазақстан  дамуының  басты  бағыты» деп    аталатын  2012 жылғы   Жолдауында  дағдарыстың  екінші   толқынымен  қарсы  күресуге  қажетті  макроэкономикалық  шарттарды  қамтамасыз  етуді  жалғастыру,  экономиканың  өсуін  сақтап  қалу  керек,  сыртқы  жағдайлар  біздің  сауда  әріптестерімізде  валюталарының  девальвациясына  түрткі  болуы  мүмкін  екендігін  анықтап  айтты.  

 2013 жылдың  23-24 мамыр аралығында ҚР Президенті Н.Назарбаевтың бастамасымен алғаш рет  БҰҰ үшін Бүкіләлемдік Дағдарысқа қарсы жоспарды қалыптастыруға шақыратын, демократиялық қағидаларға негізделген және барлық мемлекеттердің қызығушылықтарын есепке алатын Дағдарысқа қарсы Бүкіләлемдік конференция (ДҚБК) өтпек. ДҚБК әлемдік қаржы жүйесінің мәселелерін талқылайтын болады.




1. Как устроено человеческое общество
2. Лабораторная работа 11 решение системы уравнений Инвертирующий сумматор Инвертирующий сумматор с
3. Французский язык в произведениях А.С. Пушкина
4. Доклад Тракай
5. Проект организации работ по анализу затра
6. і Сырт~ы к~штерді~ ішкі к~шеюмен те~естірілуі ондай ~ар~ынды к~шеюді к~штену деп атайды
7. Реферат- Патофизиология (Нарушение водно-солевого баланса)
8. Курсовая работа- Влияние объектов культурного наследия на туризм в Тверской области
9. Отчет по практике- Организация работа следственного комитета
10. А где ваша знаменитая Дерибасовская Так вам надо было еще четыре остановки проехать А мне в троллейб
11. тоннельным сознанием.
12. ru Все книги автора Эта же книга в других форматах Приятного чтения Джеймс Редфилд Селестински
13. а 3070 б 4060 в 5080 2
14. тема рационального и эффективного управления использованием финансов организации
15. Тема- Літні канікули Підтема- Домашні справи
16. СТАЛЬ 2014 г ОБЩИЕ ПОЛОЖЕНИЯ Цель мероприятия- Пропаганда здорового образа жизни и интерес к
17. а и расчет в котором заданным является напряжение в начале линии расчет по данным начала
18. Тема 7 Витрати виробництва і прибуток Вступ до теми Актуальність Метою сьогоднішнього занятт
19. Женитьба Оглавление Интерьер1 Комната Подколесина1 Дом и комната Агафьи Тихоновны1 Описание геро
20. Строительство и эксплуатация зданий и сооружений Специализация- 01 Строительство жилых и общественных з