Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

і Медициналы~ о~у орындарында санитарлы~гигиеналы~ факультеттері мен кафедралар бар

Работа добавлена на сайт samzan.net:

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 15.11.2024

Гигиена туралы жалпы түсінік

    Гигиена грек сөзі – Gugieinos  емдеу, денсаулық әкеледі деген мағына береді, профилактика деген ұғым. Адам ағзасына айналаны қоршаған сыртқы орта факторлары мен  әлеуметтік жағдайларының тигізетін әсерін зерттейтін медициналық ғылым. Медицина ғылымдарының өте көрнекті салаларының бірі. Медициналық оқу орындарында санитарлық-гигиеналық факультеттері мен кафедралар бар. Арнаулы түрде маман дәрігерлер – гигиенистер дайындалады.

Гигиена – аурулардың алдын алуға және денсаулық сақтауды қорғайды. Денсаулыққа зиян келтіретін азық түрлерін жойып жіберуге гигиенистер ат салысады. Денсаулыққа зиян келтіретін факторлардың болмауын гигиена ғылымы қатаң бақылау жасап отырады. Адамдардың айналасын қоршаған сыртқы ортаның факторларын негізге ала отырып, гигиенистер адамзат баласының тіршілігімен еңбегіне ыңғайлы жағдайлар жасауға адамзат баласын аурулардан айықтыруға, дерттер мен өлік көрсеткіштерін төмендетуге тіршілік өмірді ұзартуға, еңбекке деген қабілеттілікті көтеруге, биологиялық жағдайларды жақсартуға бағытталған ғылым. Практикада қолданатын нақтылы тәсілдері болады. Осының бәрі адамның денсаулығын арттыруға қолданылады.

Бір сөзбен айтқанда, адамзат баласына залал келтіретін факторлардан адамзат баласын қорғау. Жалпы гигиена, еңбек гигиенасы, оқушы жастар гигиенасы, тағам гигиенасы, әйелдер гигиенасы болып бірнешеге бөлінеді. 

Дене тазалығы – алдымен тері күтімі. Терінің дұрыс күтімі ағзаның қалыпты қызмет атқаруына әсер етеді. Тері алуан түрлі физиологиялық-биологиялық функцияны орындайды. Терінің құрылысы өте күрделі. Жұмыс жасап, күнделікті тұрмысты шаруамен айналысқан шақта адам терісін кір шалады. Адам терлесе, кір теріге жабысып қалып, терінің тыныс алуын қиындатады. Өйткені тері бездері бітеліп қалады. Осыдан барып теріде өтетін физиологиялық-биохимиялық үрдістердің қызметі мүлдем бұзылады. Бітелген май бездеріне жұқпалы ауру тарататын микробтардың енуі фолликулитті туындатады. Микробтар әсерінен терінің бетіндегі органикалық заттар ыдырап, жағымсыз иісті май қышқылы бөлінеді және тері қабынуы – дерматит дерті дамиды. Басқадай іріңді тері аурулары пайда болады. Тәуліктік тері гигиенасы үшін неше түрлі тәсілдер қолданады. Олардың ішінде теріні тазалықта ұстау үшін денені иісі жақсы сабынмен сабындап жуу керек. Оны дағдыға айналдырған жөн. Аптасына бір рет моншаға барып жуыну, душқа шайыну керек. Ал, жиірек кір шалатын бет, қол, мойын қосымша күтім жасауды қажет етеді. Қол кірлегенде оның терісінде неше түрлі жұқпалы ауру тарататын микробтар көбейеді. Ішек-қарын инфекциясы күрт инвазиясы, гепатит вирустары жиналады. Жұқпалы дерттердің таралуына қол кірінің қаншалықты рөл атқаратыны  белгілі.

Қолдағы барлық бактериялардың 90%-ы тырнақ астында жиналады, оларды тек арнаулы щеткамен ғана тазартуға болады. Қол жуатын жерде кішкентай щетка тұру қажет. Бет пен мойынды таңертең, ұйықтар алдында тазартып жуып отырған үлкен нәтиже беретінін айтпай кетуге болмайды. Адамның терісі құрғақ немесе майлы, ылғалды болып келеді. Ал, егер тері құрғақ болса, онда балалар сабыны деп аталатын сабынды, ланолині бар сабындарды да пайдаланса тері онша құрғамай қалыпты жағдайда тұрады. Аяқты аптасына кемінде бір рет, әсіресе жаз айларында күнде жуып тұруды дәрігерлер ұсынады. Аяқ терлейтін болса, түнге қарай терден құтылу үшін суық сумен аяқты жуып, табанды, саусақ арасын аптасына екі рет 5% формалин ерітіндісі сіңген мақтамен сүрту керек. Қол, қолтық асты және дененің басқа бір бөліктері терлесе, дезодарант қолдану керек. Моншаға түскеннен кейін адам өте жақсы дем алып сергіп қалады, жақсы ұйықтайды. Жұмысқа деген ынта жігері арта түседі.

Шаш ерекше күтуді қажет етеді. Шаш қорғаныс рөлін атқарады. Адам шашы бірнеше жыл бойы өсуін тоқтатпайды. Әйел адамдардың күніне 50 тал шашы түсіп, 50 тал шашы өсіп шығып отырады. Адам басындағы шаштың саны әр адамда әр қилы болады. Шаштың жақсы өсуі үшін оны үнемі жақсы күтіп, май жағып отыру қажет. Крем жағып қойған да дұрыс.  Шашты жылы суға жуып, белгілі бір сусабынды пайдалану керек. Шашты сабынмен жуудың қажеті жоқ. Шаштың түсі өзгеріп, жарқырап жайнамайды. Ұзын шашты өте ұқыптылықпен жуып, шашты тарап отыру керек. Майлы шашты сабынды спиртпен немесе калийі көп көк сабынды спиртпен жуған дұрыс. Ол көк сабын шашты дезинфекциялап, шаштың майын бірден кетіріп жібереді. Сусабынмен жуғаннан кейін шашты бірнеше рет сумен мұқият шаяды. Шаштарыңыз жарқырап тұру үшін1 литр суға асханалық қасықпен 2 қасық 8%-ды сірке қышқылын қосып, шашты шаяды. Шашты тарағанда тарақтың жүзі өткір болмағаны дұрыс. Әдетте ең жақсы тарақ капроннан жасалынады. Тарақты ыстық сумен сабындап жуып, оны таза ұстаған жөн. Әрбір адамның өзінің тарағы болуы тиіс.

Тырнақ күтімі. Аяқ және қол саусақтардың тырнақтарын өсірмей үнемі алып тастаған жөн. Тырнақ қандай жағдайда болмасын күтімді қажет етеді. Тырнақты күту – гигиенаның ең бір басты міндеті. Бір аптада тырнақ0,5 мм өседі. Жаз айларында тырнақ қыс айларына қарағанда тез өседі. Сондықтан да апта сайын тырнақты алып отыру керек. Ұзын болып өскен тырнақтың астына ауру тарататын микробтар көп шоғырланады. Ондай тырнақ денсаулықты нығайтпайды. Тіпті микроскопиялық саңырауқұлақтар өсуі сөзсіз. Үлкен тырнақ өте сынғыш келеді.

Тіс және ауыз гигиенасы. Тіс және ауыз қуысы күтіміне мыналар жатады:

  1.  Белгілі бір дағды бойынша тіс ысқышты пайдаланып, тісті үнемі тазартып отырған жөн. Синтетикалық материалдардан жасалған щеткаларды 3-4 айда ауыстырып отыру керек;
  2.  Қызыл иекті де қолмен ысқылап, ерінбей массажды үнемі жасап отырған дұрыс;
  3.  Тісті төменнен жоғары немесе керісінше тіс тазалаған жөн. Тіс тазалау мерзімі 3-4 минуттан аспауы керек.
  4.  Тіс тәулігіне екі рет тазартылуы тиіс (таңертең және ұйықтар алдында). Ауыздан жағымсыз иістер шығып тұруы мүмкін. Оны кетіру үшін марганцовканың  әлсіз ерітіндісімен шайған жақсы нәтиже береді;
  5.  Тіс щеткаларын сабындап таза сумен мұқият түрде жуып, спиртпен дезинфекциялаған дұрыс.
  6.  § Тіс пасталары мен ұнтақтарының құрамында гигиеналық, сондай-ақ арнайы, қосымша бөлек биологиялық-физиологиялық белсенді заттар (тұздар – фермениттер – биологиялық катализаторлар, микроэлементтер – Mn, Cu, Fe, Co, Zi, Ti және фтор, кальций-хлорофилл – жасыл пигмент, өсімдік жапырақтары) бар. Олар тіс тканьдеріне, қызыл иекке, кілегейлі қабыққа және ауыз қуысына жағымды терапиялық әсер етеді.  Тісті тазартқаннан кейін ауызды эликсирмен шаю керек.

  1.  Біздер етеккір жөнінде жалпылама білсек те, оның кейбір қыр-сырларын біле бермейміз.  Сол себепті сіздерге Қ.Бағашардың “Исламдағы тазалық” атты кітабынан осы мақаланы ұсынып отырмын.

Әдетте әйелдер төрт аптада бір мәрте етеккір циклін өткізеді. Бұл орташа алғанда бір аптаға созылады. Етеккірдің физиологиялық мақсаты белгілі, айда бір мәрте ана болудан үміткер әйелдің жұмыртқалық жасушасы жатырға келіп түседі. Жұмыртқа жасушасы ұрықтанған жағдайда жүктілік жалғасады. Ұрықтанбаған жұмыртқа жасушасы жатырдың шырышты қабықшасында түзілген тінмен бірге етеккірмен сыртқы шығарылады. Сосын жатырдың ішастары кезекті жұмыртқалық жасуша үшін жағдай жасауға әзірлікті бастайды. Әр ай үзбей қайталанатын бұл жайт жатырдың қалыпты қызметі үшін өте қажет. Ана құрсағының бұл қасиеті сәбидің мүлтіксіз дамып жетілуіне бар мүмкіндіктің жасалғанын көрсетеді. Машақаты көп бұл күйдің әйелдердің денсаулығы үшін де пайдасы орасан.

Етеккір — жыныс мүшелері жетілген кезде басталып, климакстың кезеңге дейін созылады. Алғашқы етеккір көбіне 13—15 жас аралығында келеді. Оның келуіне дейін қыз балаға жан-жақты түсінік беріп, алдын-ала дайындау керек. Әдетте етеккір белгілі бір уақыт өткен соң (3—4 апта) қайталанып, әркімнің организм ерекшелігіне қарай 3 күннен 7 күнге дейін созылады. Кейбір қыз балалардың етеккірі (әсіресе ол тым ерте келсе) арада 1—2 жыл уақыт өткен соң барып бір жүйеге түседі. Етеккірдің келу уақытының ауытқушылығы ішкі секреция бездері қызметінің бұзылуына байланысты. 15—16 жасар бойжеткеннің етеккірі келмесе, жыныс мүшелерінің кешеуілдеп даму себептерін анықтап, тиісті ем тағайындау үшін оны міндетті түрде әйелдер консультациясындағы дәрігерге көрсеткен жөн. Етеккірдің келуі көпшілік әйелдердің жалпы жағдайының өзгеруіне әсер етпейді. Кейбір әйелдер етеккірі келген кезде ашушаң, күйгелек болады, іші бұзылып, жүрегі айниды, белі ауырады. Етеккір циклы мен жүйелілігінің бұзылуы организмдегі кейбір өзгеріске байланысты болады. Бұл өзгерістің себебін анықтау үшін әр әйелдің етеккірі келетін мерзім мен оның созылу ұзақтығын белгілен отырғаны жөн. Некеде тұрған әйелдерге мұндай календарь қай кезде жүкті болғанын неғұрлым дәл есептеуге көмектеседі. Етеккір келген кезде әйел қатты ауырсынып, қан көп кеткен болса, дәрігерге қаралғаны дұрыс. Гинекологиялық ауруларды болдырмау үшін етеккірі келген кезде кейбір арнайы гигиеналық ережелерді сақтау шарт: күніне кемінде екі рет жыныс органдарының сыртын қайнаған жылы сумен жуу керек. Бұл үшін қол таза болып, тырнақ қысқа етіп алынғаны жөн. Жыныс органдары сыртының таза болмауы қабыну процесін туғызып, оның қынапқа және ішкі жыныс органдарына таралып кетуі мүмкін. Дәкеден жасалған гигиеналық төсемдерді пайдаланған тиімді. Бұл күндер де жыныстық қатынас жасауға, ванна қабылдауға, теңізде, өзенде шомылуға болмайды, тек қана душта жуыну керек. Етеккірі келген уақытта қанның көп бөлінуіне себеп болатын спиртті ішімдіктерді, ащы тұздықтарды пайдалану дұрыс емес. Бұл кезде әйел организмінің түрлі ауруларға қарсыласу қасиеті әлсірейтіндіктен ішек қызметін қадағалан, салқын тигізуден, қатты шаршаудан, жұқпалы аурумен ауыратын науқастармен араласудан сақтанған жөн.
Қыздардың екі аналық безінің әрбірінде мыңдаған аналық жасуша бар. Жыныстық жетілу кезеңі аяқталған соң, ай сайын аналық жасушалардың біреуі пісіп жетіліп, аналық безде өнеді. Овуляция деп аталатын осы процесс етеккірге 14 күндей уақыт калғанда болады. Егер аталған аналық жасуша сперматозоидпен “кездеспесе”, ол құрып, жойылады. Ай сайын жүктілікке дайындалған жатырдың ішкі қабаты қалыңдап, жұмсарады. Денеңіз ұрықтанудың болмағанын сезінгенде, аналық жасуша мен жатырдың ішкі қабаты етеккір (менструация) атты қанды сұйықтық түрінде қынап арқылы денеден шығарылады. Әрине, аналы жасушаны, ол өте ұсақ болғандықтан, аспапсыз көзбен көруге болмайды. Етеккір мерзімі деп менструацияның бірінші күні мен келесі етеккірдің алдындағы соңғы күннің аралығындағы мерзімді атайды. Етеккір мерзімінің ұзақтылығы үш аптадан бастап, 41 күнге дейін баруы мүмкін. Менструация кезінде тазалық төсемдер мен тампондарды, яғни мата тығындарын қолдануға болады. Етеккір күндерін арнайы күнделікте белгілеп тұрса, ол басталатын уақытты алдын ала біліп тұруға болады. Дегенмен, әр әйелдің етеккір мерзімі өзгеше болғандытан, оның тұрақты болмауы да мүмкін. Гормондық өзгерістер көңіл күйге өз әсерін тигізеді. Кейде, овуляция барысында, өзіңізді жігерлі сезінсеңіз, етеккірдің алдында кейде жыламсырап, қит етсе ашуланып, не ызаланып алуыңыз да мүмкін. Емшегіңіз ісіңкіреп, бетіңізге безеулер шығатын да уақыт болады. Етеккірі келетін әр әйел теориялық тұрғыдан бала көтере алады. Ал әйел елу жасқа жақындағанда, етеккірі тоқтап, менопауза деген мерзім басталады. Осы уақыттан бастап, әйел екіқабат бола алмайды. Етеккірге жанға бататын сырқау қабаттасса, немесе сол адамды басқа да мәселелер алаңдатса, дәрігермен, әлде Жанұяны Жоспарлау Қауымдастығы өкілімен ақылдасқан абзал.

Гигиена немесе тазалық шарттары

Жасөсіпірім қыз баланың жалпы тазалығымен бірге жыныс ағзаларының, әсіресе етеккір кезіндегі тазалығы аса маңызды. Жыныс мүшелері гигиенасы – жыныс мүшелерінің дұрыс қызмет етуінің және аурулардың алдын алудың алғышарты. Жыныс мүшелерін күнделікті тазалап жуу шарт. Бұл жердің терісі тым нәзік, сондықтан оны қабыну мен қозуға жол бермеу үшін ақырын, мұқият жуу керек.

Әйел жыныс мүшелерінің тазалығы оның өмірінің әр кезеңінде өзінше ерекшеленеді. Қыз бала қынабының шырышты қабаты өте нәзік, сондықтан жұқпаларға тұрақсыз және тез жарақаттанғыш. Тиісті тазалық шарттары сақталмаған жағдайда, вульвит дамуы мүмкін.

Таңертең және ұйықтар алдында кіші және үлкен дәретке отырған соң жыныс мүшелерін жылы сумен жуу шарт. Таза қолмен, мақтамен немесе дәке шүберекпен қасағадан анусқа қарай жуу керек.

Балаға кішкентайынан кіші және үлкен дәретке дер кезінде, жүйелі түрде баруды үйреткен жөн. Өйткені ішек пен қуық толып қалса, жамбас ағзаларының жұмысына кері әсер етеді. Баланың ішкиімі табиғи матадан тігілуі, жыныс мүшелеріне тым жабысып тұрмауы, қозғалысқа кедергі келтірмеуі керек.

Жыныстық жетілу шағына жеткенде қыз бала тазалықты сақтауға үйретілуі тиіс. Етеккір кезінде жұқпаларға деген сезімталдық артады, сондықтан бұл кезде қыз балаға ауыр дене жаттығуларын жасауға, секіруге, велосипед тебуге, жүзуге болмайды. Етеккір кезінде себілге (душқа) түсіп, жуынған дұрыс, жыныс мүшелерін күніне кем дегенде екі рет жуып, төсемені жиірек ауыстыру керек.

Жалпы, жыныстық жетілу кезінде қыз баланың толыққанды тамақтануына, жеткілікті ұйықтап, демалуына, көңіл-күйіне, жалпы психологиялық ахуалына жіті көңіл бөлген жөн. Әсіресе анасымен сырласу, ой бөлісу, оның кеңестерін тыңдау ол үшін маңызды. Ересек адамның қолдауын, түсіністігін сезінген бала өзіне сенімді болады. Сонда ғана бұл кезең ата-ана үшін де, бала үшін де еш қиындықсыз өтпек».

Дәрігердің жасөспірім қыз баланың табиғаты туралы салиқалы ой-пікірі осындай. Біз енді бала махаббаты жөніндегі кеңестерге назар аударсақ.

  1.  Етеккір кезінде әйел өз күтіміне мән бергені жөн. Өйткені жатырдың ішкі тіні ажырағанда қан тамырлары кеңейетіндіктен микроб жұқтыру қаупі ұлғаяды.Соңғы жылдары жатыр және ішкі жыныс аймағының лимфа жүйесіне жасалған зерттеулер етеккір кезінде қан тамырларының кеңеюі жатыр және ішкі жыныс мүшелерінің қорғаныс қабілетін (иммундық жүйенің қызметін баяулататынын) бәсеңдететінін анықтаған. Салқын тиюдің, суықтан тоңудың ақыры лимфа жүйесі қызметінің ауытқуы салдарынан жыныстық аурулардың меңдеуіне әкеледі.
  2.  Әйелдің жыныс аймағына салғырт қарауға жол берілмейді. Мұндағы негізгі мәселенің бірі етеккір кезінде жатыр мен жатыр мойнының шырышты қабатының гармондық өзгерістерге байланысты жасушалық өзгерістерге ұшырауы. Бұл кезең жыныстық бездердің (гармондардың) ерекше белсенді кезеңі. Сол үшін сырттан кез келген килігу, мейлі ол жыныстық қатынасқа түсу болсын, мейлі суық тиюі болсын, жатырдың эпителийінде орны толмас өзгерістер тудырады. Мұндай шалт қимылдың нәтижесі кейін келе көзге түседі.
  3.  Сондай-ақ, етеккір кезінде әйелдерге салқын немесе ыстық сумен емес,жылы сумен жуыну қажет. Салқын сумен жуынғанда онсыз да әлжуаз ағзаға суық тию қаупі бар, қасағаны салқын сумен тазалағанда әйелдің сыртқы жыныс аймағы қабынып, микроб жұғу қаупі бар. Оның үстіне салқын су етеккірдің уақытынан бұрын шұғыл тыйылуына себепші болады. Ыстық су қан кетуді одан әрі күшейтуі ықтимал.
  4.  Етеккір кезіндегі гигиена тек әйелдерге қатысты болмауы керек. Тұрмысқа шыға қоймаған жас қыздар да бұған жеткілікті көңіл бөлуі тиіс. Ерте жастан бойын күтіп үйренген қыз баланың денсаулығы да ерте сыр бермесі анық.
  5.  Етеккір кезінде әйелдер мен жас қыздар шаршап-шалдығудан аулақ болғаны жөн.Жыныс аймағы шаншып ауырса, етеккір қалыпты жағдайдан аз немесе көп келсе, уақыт өткізбей гинеколог-дәрігерге қаралғаны дұрыс. Әйел адам жалпы алғанда етеккір кезінде суық тигізуден, көп жүруден, атқа мінуден немесе вилосипед тебуден, аяқ педалімен тебетін тігін машинасына отырудан, ұйқысыздықтан сақтану керек.

1. АМЕНОРЕЯҒА САЛҒЫРТ ҚАРАУҒА БОЛМАЙДЫ

Біздегі кейбір аналардың кемшілігі – уақтылы келіп жүр ме, келмей жүр ме, қадағаламайды. Қызының алғашқы етеккірі келді ме, келмеді ме, соны сұрамайтын аналар да кездеседі. 11-14 жас аралығында қыз баланың мінез-құлқына, организміндегі өзгерістерге мұқият қараған жөн. Өйткені, бұл кезең – қыз баланың жыныстық жетілу кезеңі. Осы уақыт аралығында қыздардың етеккірі көрінуі тиіс. 15-16 жасқа келсе де, етеккірі келмеген қыздар бар. 16 жасқа дейін етеккір белгісі байқалмаған қызды міндетті түрде гинекологқа апарып көрсету қажет. Өйткені, 16 жасқа дейін етеккірдің келмеуі – жыныстық жетілудің тежелуінің көрінісі. Етеккірдің тежелуін медицина тілінде аменорея дейді. Аменорея – етеккірдің 6 айдан және одан көп уақыт келмеуі. Аменорея – етеккір қызметі патологиясының ауыр формасы. Патологиялық аменорея – гинекологиялық немесе экстрагениталдық аурудың симптомы, ол біріншілік және екіншілік болып бөлінеді. Біріншілік аменорея – қыз бала 16 жасқа келсе де, етеккірінің болмауы. Ал екіншілік аменорея – бұрын етеккірі келген қыздарда етеккірдің 6 айға дейін келмеуі. Егер етеккірі дұрыс келмей жүрген немесе 16 жасқа толса да, әлі етеккірі көрінбеген қыздар болса, акушер-гинекологтың қабылдауында болғаны жөн. Өйткені, жасөспірім қыздардағы аменорея жыныстық жетілуді тежейді, тіпті қыз баланың жыныстық дамуын ауытқытып жіберуі де мүмкін. Фармакологиялық аменорея деген де бар. Бұл дәрілік препараттармен (гонадатропиндердің агонистері, антиэстрогенді препараттар) емделген кезде етеккірдің келмей қалуы. Ол уақытша болады. Нейроэндокринді жүйенің зақымдалу деңгейіне байланысты аменореяның гипоталамды, гипофизарлы, аналық бездік және жатырлық түрі кездеседі. Аменорея бүйрек үсті, қалқанша бездердің патологиясымен, экстрагениталдық аурулармен байланысты да болады. Сондықтан етеккірі келмеген қыздар анасына жасырмай айтып, аменореяның алдын алуы қажет. Қыз бала – ертең ұрпақ әкелетін ана. Жыныстық жетілу кезіндегі денсаулықта болған кінәраттың ертең зардабы көп болады. Сондықтан қандай аурудың болсын ерте бастан алдын алған дұрыс.

2. ЕТЕККІР КЕЗІНДЕ МОНШАҒА ТҮСПЕГЕН ДҰРЫС

Етеккір кезінде ауыр зат көтеруге, ауыр жұмыс істеуге болмайды. Бұл күндері ыстық моншаға түсу де дұрыс емес. Ыстық монша қан кетуді ұлғайтады. Өйткені, белден төменгі ағзаларды қанмен қамтамасыз етіп тұрған тамырларға ыстықтың әсерінен қанның құйылуы көбейеді де, артық мөлшерде қан кетеді. Етеккір кезінде моншаға түскеннен жыныс жолдарына инфекция жұқтырып алу қаупі де жоғары. Өйткені, етеккір күндері жыныс мүшелері кез келген инфекцияға әлсіз келеді. Бұл күндері душқа да ұзақ түсуге де болмайды. Себебі, су тигеннен денедегі тіндер, жүйке жүйелері тітіркеніп, жатырдың функциясы бұзылады. Осының әсерінен етеккір тоқтап қалады. Етеккір дегеніміз – жалпақ тілмен айтқанда, бір ай бойы ағзада жиналған қажет емес зат. Қажет емес заттың организмде қалмай, уақтылы сыртқа шыққаны дұрыс.

3. МЕНСТРУАЛЬДЫ КҮНТІЗБЕ ЖҮРГІЗУ ҚАЖЕТ

Қыз балаларға менструальды күнтізбе жүргізген дұрыс. Қыздардың кейбірі: «Жыныстық қатынаста болмасам, ер азаматпен жақындаспасам, күнтізбенің қажеті не?» – деп ойлауы мүмкін. Қателеседі… Күнтізбе жүктілікті жоспарлау үшін ғана емес, етеккір циклінің дұрыс-бұрыстығын білу үшін де керек. Етеккір циклі деп – етеккірдің бірінші күнінен келесі етеккірдің алғашқы күніне дейінгі аралықты айтамыз. Осы аралықты есептеп, күнтізбеге жазып қойған абзал. Етеккір қызметі нейроэндокрин жүйесімен реттеледі. Етеккір циклі әр адамда әртүрлі, 21– 36 күн, 28 күн, кейбір қыздарда 21-27 күн, кейде тіпті 30-36 күн. Денсаулығы қалыпты қыз баланың етеккір аралығы 28 күн болады. Етеккір мерзімі кешеуілдесе, ай аралап келсе, тіпті 2-3 айға дейін тежелсе, гинеколог-эндокринолог маманға барып көріну керек. Етеккір циклінің бұзылуына қабыну, яғни суық тию әсер етуі мүмкін. Қыз бала уайымға салынса, қатты күйзеліп, бір дағдарысқа ұрынса, сосын бір қаладан екінші қалаға көшіп, климат ауыстырса да, етеккір бұзылады. Жыныс мүшесінде ісік пайда болса да, етеккір циклінде ауытқушылық болады. Гинекологиялық және эндокриндік аурулардан, дұрыс, қажетті мөлшерде тамақтанбағандықтан, артық салмақтан, гормоналдық фонның бұзылуынан және анемиямен байланысты да етеккір циклі бұзылуы мүмкін. Етеккірдің алғашқы күндерінде іштің төменгі бөлігінің ауырсынуы байқалады. Көп қыздар осы ауырсынуға шыдай алмай, төсектен тұрмай жатып қалады. Бұл ауру емес, іштің төменгі бөлігі жатыр бұлшықеттерінің жиырылуының нәтижесінде ауырады. Етеккір келерден бұрын да іштің төменгі бөлігінде ауырсынулар болуы мүмкін. Бұл күндері көңіл-күйдің болмауы, бастың ауруы, кеуде бездерінің тығыздалуы да қалыпты жағдай.

4. ЖЕКЕ ГИГИЕНА БІРІНШІ ОРЫНДА БОЛСЫН

Ес жиып, етек жапқаннан кейін қыз бала өзінің жеке гигиенасына назар аударғаны жөн. Жыныс мүшесін күн сайын жылы сумен жуып, гигиеналық төсемелер пайдаланатын болса, оларды уақтылы ауыстырғаны дұрыс. Етеккір кезінде жыныс мүшелерінің тазалығы аса маңызды. Жыныс мүшесін күн сайын алдынан артқа, яғни тік ішекке қарай жуу қажет. Етеккір күндері күніне екі мезгіл осылай жуынған дұрыс. Етеккір кезінде төсемелерді (прокладка) уақтылы ауыстырмау жыныс мүшесіне инфекция түсіреді. Ал күнделікті қолданатын гигиеналық төсемелерді (ежедневка) тазалық үшін жиі ауыстырған дұрыс. Жыныс мүшесін кір сабынмен жууға болмайды. Біріншіден, кір сабын теріні құрғатып жібереді. Жыныс мүшесінің тері асты майларын зақымдауы мүмкін. Жас қыздардың әртүрлі интимдік гельдерді пайдалануы дұрыс емес. Жасөспірімдер «Лактоцид» деген сұйықтықпен шайынса болады. Өйткені, медициналық, дерматологиялық жағынан алып қарағанда, «Лактоцидтің» зияны жоқ. Сосын әдеттегі хош иісті сабынмен жуынса да болады.

5. АЯҚТАН ӨТКЕН СЫЗ ЖАТЫР МЕН АНАЛЫҚ БЕЗДІҢ ЖҰМЫСЫН БҰЗАДЫ

Етеккір келген кезде оның түсіне мұқият қараған жөн. Оның көлемі 50-100 мл, ұйындысыз, ашық түсті болуы қажет. Етеккір қоюланып келсе немесе жабысқақ болса, түсі айнып, қара қошқылданып кетсе, жатырда қабыну бар екенінің алғашқы белгісі десе болады.

Қыз бала аяқ-қолын жылы ұстағаны жөн. Аяқтан өткен сыздан жыныс мүшелеріне, бүйрек, қуықасты бездеріне суық тиеді. Қазіргі аяқкиімдердің табандары жұп-жұқа. Сән үшін қыс бойы жұқа етікпен тықылдап жүретін аруларымыз да жетерлік. Табаннан өткен сыз жатыр мен аналық бездің жұмысының бұзылуына әкеледі. Асқынудың, қабынудың соңы бедеулікке апарады. Аналық бездің жұмысы бұзылғаннан жатырда киста пайда болады. Жыныс жолдарының қатты суықтауы, жатыр түтікшелерінің қабынуы қазіргі таңда әйелдер бедеулігінің басты себебі болып отыр.

6. АНОРЕКСИЯНЫҢ ДА ӘУРЕСІ КӨП

13-16 жаста қыздар толыса бастайды. Бұл – табиғи заңдылық. Жасөспірім қыздардың көпшілігі осы жас аралығында өз мүсініне көңілі толмай, арықтауды басты мақсат етіп қояды. Ашығу мен арықтаудың салдары анорексияға соқтырады.

Анорексия – артық салмақ қосуға қорқыныштан туатын физикалық және психикалық ауру. Анорексия кезіндегі психологиялық ауытқудың белгілері: ұйқының бұзылуы, салмақтың тез түсуі, тәбеттің төмендеуі, қалыпты салмақты көп көру, күйзеліс, семіріп кеттім деп ойлап, жүйкенің тозуы, шаштың түсуі т.б. Анорексияға шалдыққан қыздардың етеккір айналымы бұзылады. Қатты арықтаудың салдарынан анорексияға шалдыққан қыздарда барлық дене мүшелерінің қызметі нашарлайды. Арықтау ақуыз жетіспеушілігін тудырады. Анемия (қан аздық) пайда болады. Зат алмасу процесінің бұзылуынан анорекцияға шалдыққандардың дене температурасы 35С°-тан көтерілмейді. Қарт адамның терісіндей беті солғын тартып, әжім мен пигменттік дақтар да ерте түсетін болады. Эндокриннің жұмысы бұзылғандықтан, денені мөлшерден тыс түк басады. Осылайша, сымбатты боламын деген арманның соңы анорекциямен аяқталып, денсаулыққа зардабы тиюі мүмкін.

Қыз бала – ең алдымен, ертеңгі ана. Сондықтан жасөспірім кезден денсаулығын дұрыс қалыптастырып, болашақта дені сау ана болуды, дені сау ұрпақ әкелуді ойлағаны жөн.

Өйткені, қазір екі қыздың бірінің иммунитеті әлсіз, аруларымыздың көбі арықтықты «мода» көріп, анорексияға шалдығып жүр. Жас қыздардың жүйкелерінің нашарлығы, тырысқақтығы өз алдына әңгіме. Осыдан күні ертең отбасын құрған аруларымыздың шаңырағы шайқалмайды деп көріңіз. Отбасын құрған жұптармен қатар, ажырасып жатқан жұбайлардың саны да жыл сайын артып отыр

Жалпы ағзадағы өзгерістер

«Тоғыз және он төрт жас аралығында қыз баланың тәнінде болашақта оны бойжеткенге айналдыратын өзгерістер басталады. Кейбіреулерінде бұл үдеріс бұдан да ерте көрініс береді (7-8 жас+та).

Алдымен қыз бала өзімен қатарлас ер балалардан аса ерекшеленбейді (жыныс ағзаларын қоспағанда): кеудесі дамымаған, қолтық пен қасағада түкті қабат жоқ, дене бітімі әлі баланыкі, яғни, бейтарап.

Алайда қызды бойжеткенге айналдыру үдерісін басқаратын мидың ерекше бөлігі – гипоталамус өз жұмысын бастайды. Ол ерекше заттар – «босату факторы» деп аталатын гормондар немесе химиялық медиаторларды бөледі. Олар мидың тағы бір бөлігі – гипофизге түседі. Ол өз кезегінде гипофиздік гонадотропиндер деп аталатын гормондарды, сондай-ақ өсу гормондарын өндіре бастайды. Олардың бірі өсуді және жынысалды пісіп-жетілуді ынталандырса, екіншілері бүйрекүсті безі мен қалқанша безі жұмысын ынталандырады. Дәл осы бездер қыз баланың өсуі мен дамуына түрткі болатын гормондарды өндіреді. Гипофиздік гормондардың ішінде ең бастысы – фолликулынталандырушы гормон (ФЫГ). ФЫГ әсерімен анабездерге әлі пісіп-жетілмеген аналық жасушалары бар қалташықтар – фолликулдар белсенді бола түседі. Фолликулдардың қабырғалары әйел жыныс гормоны – эстроген бөліп шығарады.

Сырт келбеттегі өзгерістер

Гормондардың әсерінен қыз баланың сыртқы түрі де өзгереді. Оның бойы өседі, бұл кезде ол өз қатарлы ұлдардан биіктеу. Кеудесі өсе бастайды. Кеуде ұштары ұлғайып, пигменттеледі. Бел білініп, бөксе өлшемі өседі. Бөкседе, жамбаста май тіні байқалады.

Тері бетінде де өзгерістер көрінеді. Жоғарғы қабат (эпидермис) жұқарады (әйел терісі еркектердікімен салыстырғанда жұқалау әрі нәзік), май бездерінің қызметі өзгереді. Гормондық қайта құрылулар кезінде көбіне қыз балалардың терісі нашарлап, май бездері бітеліп, безеу шығуы мүмкін. Қан тамырлары кеңейеді, жасөспірім қыз жиі және тез қызарады.

Эстроген мен еркек гормондарының әсерімен (қыз баланың ағзасында бұлар да болады) алдымен қасағаға, бір-екі жылдан соң қолтыққа, одан соң аяқтың тізеден төмен бөлігінде де түк шығады.

Жыныс ағзаларындағы өзгерістер

Сыртқы және ішкі жыныс мүшелерінде де өзгеріс болады. Үлкен жыныс ернеулері пигменттеледі, кіші жыныс ернеулері үлкейеді. Еркек жыныс гормондарының әсерінен клитор ұлғаяды. Қыздық перде қалыңдайды, оның шеттері бірігіп, жіңішке ұзынша сызық түзеді. Қынап ұзарады, оның қабырғалары қалың әрі тегіс болады. Қынап қабырғалары үнемі жаңарып, жасушалар қатпарланып тұрады, сондықтан кейде мол, кейде аз көлемде ақшыл бөлінділер бөлінеді. Қынап сөлдерінің бөлінуі күшейеді. Добелейн бациллаларының арқасында ондағы орта қышқыл болады, бұл микробтардың көбеюіне тосқауыл қояды. Жатыр мойны біртіндеп томпақтанады. Жатыр кеңіп, ұзарып, алдыға еңкейген қалыпқа келеді. Жатырдың ішкі қабаты (эндометрий) қалыңдайды. Анабездері үлкейіп, ауырлай түседі. Оларда алғашқы фолликулдар пісіп-жетіледі. Олардың сөл бөлу қызметі біртіндеп күшейе береді.

Қыздың бойжеткенге айналу үдерісінде етеккір пайда болады. Тәннің алғашқы етеккірге дайындалу кезеңі орта есеппен екі-төрт жылды құрайды. Осы кезең ішінде қыз балада әйелге тән белгілер және екіншілік жыныстық белгілер пайда болады. Алғашқы етеккір, әдетте, 9-13 жаста келеді. Бірақ кейде бұл көрсеткіштен 1-2 жыл ауытқуы мүмкін.

Етеккірдің кідіруі – барлық әйел атаулыға таныс құбылыс. Бұл жағдай қыздарға түсініксіз болып көрінсе, әйелдер бірден «аяғым ауырлап қалды ма екен» деген сұрақты ойына алады. Дегенмен, етеккірдің кідіруіне бірнеше себептер ықпал етеді.

Орта есеппен алсақ, қыздар он екі жасқа келгенде, етеккірдің белгілері басталады. Алғашқы кезеңде етеккірдің келу уақыты бір қалыпқа түспегендіктен кем дегенде жарты жыл бойы ауытқушылықтар болады. Ал кей қыздарда бірден жүйелі түрде келе бастайды. Қыздың жыныстық организмі бір жүйемен қалыптасқанша болатын ауытқушылықтар қорқыныш тудырмайды, оған еш алаңдаудың қажеті жоқ. Бұл құбылыстан бөлек, етеккір кідіруінің бірнеше себептері бар.

Барлық әйелдің ойына бірінші келетін себеп – екіқабат болу. Бұл – төсек қатынасына түсетін әрбір әйел үшін өзекті жағдай. Тіпті төсекті анда-санда «көретін» әйелдердің өзінде екіқабат болып қалу ықтималдығы бар. Аяғыңыз ауырлап қалды  деген ойда болсаңыз, арнайы тесттің не дәрігердің көмегіне жүгініңіз.

Стресс.  Ия, ол шынымен де әйел организіміне әсер етеді. Ми қабаттары арқылы әйел органдарында ауытқулар болады. Тіпті өтпелі ашу-ыза, жабырқаудың өзі етеккірдің кешігуіне әсерін тигізіп жатады.

Денеге күш түсіру. Мысалы, сіз бірінші рет не ұзақ үзілістен соң спорт залға барсаңыз, етеккіріңіз кешігеді деп күте бергеніңіз дұрыс. Біраз уақыт денеңіз, бұлшықеттеріңіз «үйреніп» алғанша, солай болуы – қалыпты жайдай. Өйткені, сіздің бүкіл денеңіз, ағзаларыңыз «қимылдайды».

Тағы бір себеп – климаттық жағдай. Ұзақ сапар, қаладан қалаға көшу бәрі де әйел организімінің өзгеруіне әкеледі. Қоршаған ауа райы, оның ылғалдылығы мен құрғақтығы  - тікелей әсер ететін сыртқы факторлар.

Тым ұзаққа созылған диета. Егер сіз ұзақ уақыт ашығып не бірден өзіңізді барлық тағамнан шектесеңіз, ішкі ағзаларыңызға қажетті коректер мен дәрумендер дұрыс жетпей, зат алмасу мен ағза қызметінде кедіргілер туындайды. Сондықтан «бірден тереңге сүңгімей, таяздан бастаңыз».

Созылмалы және инфекциялық аурулар сөзсіз әсерін береді. Гинкологиялық аурулар, зоб аурулары да етеккірдің кешігуіне себеп болады. Тіпті, жасанды түсіктен соң да етеккірдің бір қалыпқа келуі біраз уақытты қажет етеді. Бұлардың бәрі әйел гормондарының өзгеріске ұшырауынан. Дұрыс күтініп, дұрыс емделген жөн.

Контрацепциялық дәрі-дәрмектер. Әйелді екіқабат болудан сақтайтын гормондық әсері бар дәрілерді ұзақ қабылдау барысында да етеккір кешігеді. Тіпті біраз айлар бойы жоғалып кететін жағдай да кездеседі. Дәрі қабылдауды тоқтату арқылы циклді қайта қалпына келтіре аласыз.

Қандай жағдай әсер етсе де, етеккіріңіздің кешіккеніне мазаңыз қашса, өзіңіздің сенімді дәрігеріңізге қаралғаныңыз – өте дұрыс шешім.

                                     Етеккірдің келуі

  1.  Жақында бірінші етеккір басталатынын қалай түсінуге болады?

Бірінші етеккірдің басталуынан бір жыл бұрын қынаптан кейбір ақшыл сұйықтықтың бөлінетіні байқалады. Бұл ақ жағындылар, кеуде бездері ұлғаюы мүмкін, сонымен қатар қолтық асты мен қасағада түктер пайда болады. Жылдам өсу кезеңінің басынан және бірінші етеккір басталуына дейін жобамен 1 жыл өтеді. Тікелей етеккір алдында іштің төменгі бөлігінде ауырсынулар пайда болуы мүмкін, көңіл-күйдің бұзылуы, бас ауруы, кеуде бездерінің тығыздалуы байқалады.

  1.  Ақ шығындылар немесе ақ жағындылар деген не?

Ақ жағындылар – бұл қынапты ылғандандыратын және қорғайтын ақшыл-сары түсті қышқыл бөліністер. Овуляция кезінде және тікелей етеккір алдында олардың бөлінуі аса мол болады. Ақ шығындылар қынаптың қалыпты ортасын сақтау үшін қажет. Шығындылар мөлшерінің көбеюі немесе олардың сыртқы түрінің өзгеруі қабыну процесінің белгісі болуы мүмкін, бұл жағдайда  гинеколог дәрігеріне көріну қажет.

Алғашқы етеккірге қалай дайындалуға болады?

Бірінші күндері аз қан бөлінетін болғандықтан алдын-ала «апаттан» қорқудың қажеті жоқ. Мүмкін болатын келеңсіздіктердің алдын-алу үшін бір гигиеналық төсенішті  өзіңмен бірге алып жүрген дұрыс. Егер де оны мектеп дәрігерінен, мұғалімнен немесе қандай да бір сыныптасыңнан сұрайтын болсаң, онын ешқандай ұяттығы жоқ.

  1.  Етеккір кезінде қаншама жиі жуыны қажет?

Ауа мен микроб әсерінен етеккір қаны ыдырай бастайды да жағымсыз иіс пайда болады – сондықтан етеккір кезінде жыныс мүшелерінің тазалығы аса маңызды. Мүмкіндігінше гигиеналық төсенішті ауыстырған сайын, ал таңертең және кешке міндетті түрде ағынды сумен алдынан артына қараған бағытта жуыну керек.

  1.  Етеккір кезінде ауырсыну бола ма?

Етеккірдің алғашқы күндерінде  іштің  төменгі бөлігінің ауырсынуы байқалуы мүмкін. Алайда бұл ауру емес, ол жатыр бұлшық еттерінің жиырылуының нәтижесі болып табылады. Қатты ауырсыну кезінде мектеп дәрігеріне немесе гинекологқа көрінген жөн.

  1.  Етеккір кезінде жүзуге және спортпен шұғылдануға бола ма?

Әдетте етеккір спорт сабақтарына кедергі болмайды. Егерде  адам өзін нашар сезініп тұрса, тренермен немесе дене шынықтыру мұғалімммен ақылдасу керек. Сабақ алдында (жаттығу, би) гигиеналық төсенішті ауыстырған жөн, өйткені қанды шығындылар мөлшері көп болуы мүмкін. Ал егер  тығындылар қолданса, онда  етеккір кезінде жүзе де аласың.

  1.  Етеккір күнтізбесі деген не және оны қалай жүргізуге болады?

Әр ай сайын күнтізбеге етеккір күндерін белгілеудің өзіндік мәні бар, өйткені онымен адам цикліңнің ұзақтығын және келесі етеккіріңнің болжамды уақытын анықтауға болады, соның есесінен мүмкін болатын ыңғайсыздықты есепке ала отырып гигиеналық төсеніштерді сатып алуды да, сапарға шығуды да жоспарлауға болады.

Тұрақталған етеккір цикліне не әсер етуі мүмкін? Қыздарға әсер ететін өзгерістер

  1.  бой өсіп, салмақ қосылып, бұлшық еттер дамиды;
  2.  жыныс мүшелері өсіп, тұқым жаю қабілетіне ие болады;
  3.  дауыс жуандайды;
  4.  терідегі май бездер белсендірек істегені себепті бетке безеулер қаптап кетуі мүмкін;
  5.  тер бездері дамиды;
  6.  қолтық асты және қасаға түгі өсе бастайды;
  7.  көңіл-күй жиі-жиі өзгеріп тұруы мүмкін;
  8.  қарсы жынысқа тартатын күш сезіле бастайды;
  9.  кеуде өсіп, кеуде  ұштары ілгері созыла бастайды, бұл ауыртпалы болуы мүмкін;
  10.  сандары жұмырланады;
  11.  жыныс мүшелері дамып, аналық бездері аналық жасушаларды өндіріп шығара бастайды.

Етеккір кезінде өзіңді ыңғайлы сезіну үшін, гигиеналық төсеніштерді пайдалана аласың:

онда  қынап арқылы жатырдан шығатын қан жиналады.

   Гигиеналық төсеніштер – ұзындығы, қалыңдығы және өзіне сіңіру қабілеттілігімен әртүрлі болып бөлінеді. Гигиеналық төсеніштер  іш киімге жабысқақ жолақ көмегімен жабысады, олардың кейбіреуінде төсенішті   орнында ұстап тұруға мүмкіндік беретін қанаттары болады. Гигиеналық төсеніште жіңішке жолақ бар, ол сенің іш киіміңді бүлдіруге мүмкіндік бермейді. Өйткені етеккір кезінде бөлінетін қан көлемі өзгеріп тұратындықтан (алғашқы екі күні қан бөлінуі аса мол), әртүрлі өлшемді гигиеналық төсеніштер алуыңа болады. Төсеніштерді ауыстыру жиілігі бөлінетін қан мөлшеріне  байланысты болады. Алғашқы күндері әрбір 3-5 сағат сайын, ал етеккір соңына одан сиректеу ауыстыруға болады. Арнайы түнгі (ұзынырақ және қалың) гигиеналық төсеніштер да бар, өйткені қан түнгі уақытта  да бөлінеді.

   Тығын – бұл шетінен жіңішке жібі бар (тығынды қынаптан шығаруға арналған) тығыз мақталы  орама. Тығындар – қынап ішінде қанды өзіне сіңіреді, оларды қыздар тек жыныстық өмір басталғаннан кейін пайдалана алады. Пайдалану алдында нұсқаулықты қараңыз. 




1. Выберем оптимальное число трансформаторов
2. Машиночитаемый каталог
3. на тему И это все о ней Моя мама ~ самая лучшая на свете
4. Производственный травматизм и профессиональные заболевания основные понятия и определения
5. Методические рекомендации для самостоятельной работы студентов к занятию 15 по фармацевтической хими
6. УТВЕРЖДАЮБерезина Т
7. Княжество Лихтенштейн
8. Суньцзы сказал- война это великое дело для государства это почва жизни и смерти это путь существования и
9. реферат дисертації на здобуття наукового ступеня кандидата педагогічних наук4
10. Введение.9
11. Творческая самореализация как проявление психологического здоровья студенческой молодежи
12. Анализ финансового состояния предприятия
13. Планирование воспитательной работы
14. Грейс Феллоушип г
15. Право на защиту чести
16. Луганський будівельний коледж
17. обединяет органы и ткани в которых происходят образ и взаимод клетокраспозновающ генетик и чужеродные субс
18. Организация системы налогового менеджмента на предприятии
19. Так в 1 см3 чистого внешнего воздуха содержится около 1000 отрицательных ионов и свыше 1200 положительных ионов
20. Орындау керек - Берілген м~ліметтерді~ негізінде ~аржылы~ ~ортынды есепті~ ~лгілерін-