У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

СПОРТ ПСИХОЛОГИЯСЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫ~ БІЛІМНІ~ ~ОЛДАНБАЛЫ САЛАСЫ РЕТІНДЕ

Работа добавлена на сайт samzan.net:

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 26.12.2024

СПОРТ ПСИХОЛОГИЯСЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМНІҢ ҚОЛДАНБАЛЫ САЛАСЫ РЕТІНДЕ

Жоспар:

1.Спорт психологиясының психология ғылымына еңуі

2.Шет ел ғалымдарының спорттық психологияны зерттеу жолындағы еңбектері

3. Спорттық психологияның мақсаттары мен міндеттері

Cпорт психологиясы адамның жаттығу және жарыс жағдайындағы психикалық әрекет заңдылықтарын қарастырады. Спорт психологиясы психология ғылымының өте жас қолданбалы саласына жатады. «Спорт психологиясы» түсінігі қазіргі Олимпиада ойындарының негізін қалаған Пьер де Кубертеннің мақалаларында алғаш кездескен. 1913 жылы Пьер де Кубертеннің ұйымдастыруымен Лозаннадағы Халықаралық олимпиадалық комитетте өткен спорт психологиясы бойынша арнайы конгрессте ол жеке сала ретінде бөлініп шықты. Осы конгресстен кейін спорт психологиясының мәселелері қарастырыла бастады. 1920 жыл мен 1940 жылдар аралығында олардың зерттеу жұмыстары Германия, АҚШ және басқа мемлекеттерде белсенді жүрді. Бірақ осы кезде спорт психологиясы мәселелері ғылыми жетілмеді [1].

Спорт психологиясы екінші дүниежүзілік соғыстан кейін қарқынды дами бастады. Себебі бүкіл әлемде спорттық жетістіктер күрт өсті және спорт мәртебесі көтерілді. Бұл әсіресе олимпиада ойындарында және әр түрлі спорт түрлері бойынша әлемдік біріншіліктерде байқалды.

1965 жылы Италиядағы спорттық медицина федерациясының беслменділігімен Римде спорт психологиясы бойынша конгресс ұйымдастырылды. Халықаралық спорт психологиясы қоғамы пайда болды. Осыдан кейін спорт психологиясы халықаралық қолдауға ие болды. Римдегі конгресстен кейін ол: 1968 жылы Вашингтонда, 1973 жылы Мадридте және 1977 жылы Прагада өтті. 1970 жылдан бастап “Международный журнал психологии спорта” атты журнал басылымға шықты [2].

Халықаралық спорт психологиясы қоғамы құрылғаннан кейін спорт психологиясының аймақтық одақтары құрылды. 1967 жылы спорт психологиясының солтүсті америкалық одағы, 1969 жылы спорт психологиясының Еуропалық ассациациасы құрылды. Кейін спорт психологиясының ұлттық ұйымдары Канадада, Жапонияда, Германияда, Англияда, Францияда, Бразилияда, Австралияда, және басқа мемлекеттерде құрылды.

Спорт психологиясы бойынша баяндамалар ХVIII және ХХ Халықаралық психихологиялық конгресстер ұйымдастырылды. 1972 жылы Мюнхендегі Олимпиадалық ғылыми конгресс және 1974 жылы Мәскеуде өткен “Қазіргі заманғы қоғамдағы спорт” атты әлемдік конгресс бағдарламасы жоғары деңгейде өтті [3].

Қазіргі заманда әлемнің көптеген елдерінде спорт психологиясының ғылыми жетілуі жүруде.

Ресей психологиясының тарихында физикалық тәрбиелеу және спорт психологиясының пайда болған уақыты деп алғашқы ғылыми жұмыстардың шыққан мерзімін атауға болады. Ең алғашқы психология кафедрасының профессорлары П.А.Рудиктің (“Влияние мускульной работы на процесс реакций”, “Иследование реакции в применении к оснавным вопросам физической культуры”) және Т.Р.Никитиннің (“Значение внушения и подражания в деле физического воспитания”) зерттеулерін атауға болады.

1927 жылы Мәскеуде алғашқы рет, кейін 1930 жылы профессор А.П.Нечаевтің “Психология физической культуры” атты монографиясы қайта басылып шықты. Осы жылы А.Ц.Пунидің шаңғымен жарыс, үстел теннисі бойынша және басқа жарыстардың спортсменнің психикалық аймағына әсерін зерттеуге арналған жұмыстары және Украиналық психоневрологиялық институттың профессоры З.И.Чучмаревтің мектептегі дене шынықтыру сабағының оқушының интеллектуалдық қызметіне әсері және олардың өзінөзі басқара алуы жайлы жұмыстары баспаға шықты. 1930 жылы П.Ф.Лесгафт атындағы институттың психология кафедрасында физикалық тәрбиелеу және спорт психологиясының мәселелері қарастырыла бастады.30шы жылдардың ортасында спорт психологиясы студенттердің психология курсына енгізілді. Алғашқы “Спорт психологиясының” арнайы курс бағдарламасы жасалды.

Соғыс жылдарынан кейін спорт психологиясы өте қарқын дамыды. Осы уақытта ғылыми зерттеулер базасы кеңейді. Оған дене шынықтыру институтының педагогика және психология кафедралары қатысты. Қарастыратын мәселелері де кеңейе түсті. Зерттеу жұмыстарының негізгі бағытына: спортшы және жаттықтырушының тұлға психологиясы, спорттық іс-әрекеттің психологиялық ерекшеліктері, спортта тәрбиелеу және оқытудың психологиялық негізі болып табылды. Сонымен қатар спорттық жарыстың психологиялық аспектілері, спортсменді жарысқа дайындаудың психологиялық негізі, спортсмендердің жарысқа дейінгі, жарыстағы және кейінгі жағдайы мен іс әрекетін реттеуі және өзінөзі реттеуі қарастырылды.

1952 жылы Психология институтында А.Ц.Пуни  “Спорт психологиясы” тақырыбына алғашқы докторлық диссертациясын қорғады. Кейін спорт психологиясы бойынша О.А.Черникованың, В.Г.Норакидзенің, С.Ч.Геллерштейннің, Г.М.Гагаеваның, А.В.Родионованың, Н.А.Худадова-ның, А.А.Лалаяның және тағы да басқалардың монографиялары шықты [4]. Спорт психологиясы бойынша еңбек жинақтары басылымға шыға бастады.

Физикалық тәрбиелеу және спорт психологиясы психологиялық ғылымның арнайы саласы ретінде психологиядан Бүкілодақтық кеңестер бағдарламасына, кейін КСРО психологтар қоғамының Бүкілодақтық съезінің бағдарламасына енді. Физикалық тәрбие және спорт психологиясының соғыстан кейінгі дамуы оның практикаға жақындауымен мінезделеді. 1948 жылы дене шынықтыру және спорт комитетінің ғылымиәдістемелік кеңесінде спорт психологиясы бойынша комиссия құрылды. Ол кеңестік спорт психологтарының басын қосқан орган болды. 1987 жылының мамыр айында КСРОда алғашқы спорт психологиясының Федерациясы құрылды.

Қазіргі таңда спорт психологиясын зерттеуге деген зор қызығушылықтар туындауда. Спорт психологиясының негізгі мақсаты  спортсмендерде және спорттық шеберлік және сапалық командаларында жарыстарға қатысу үшін қажет психологиялық заңдылықтардың қалыптасуын анықтау, сонымен қатар психологиялық негізделген жаттығу әдістері мен жарысқа дайындықты өндеу болып табылады. Бұл мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді шешу керек:

) Спорттық іс әрекеттің спортсмен психикасына әсерін зерттеу.

- жарыстың психологиялық талдауы;

- жарыстың спортсменге әсер етуінің сипатын анықтау;

- жарыстың спортсменнің психикасына қоятын талаптарын анықтау;

- жарысты сәтті өткізу үшін қажетті адамгершілік, еріктік және басқа психологиялық сапалардың жиынтығын анықтау;

- жаттықтыру әрекеті жағдайына психологиялық анализ жасау;

2) Спорттық жаттығулардың тиімділігін арттыру үшін психологиялық жағдайларды жетілдіру. Спорт психологиясы спорттық шеберліктің жетілуінің механизмдері мен заңдылықтарын қарастырады.

Бұның бәрі психологтан келесі жағдайларды талап етеді:

а) спорттық жаттығулардың әдістәсілдерін психологиялық негіздеу;

б) психикалық функцияны дамыту арқылы және жаттығудың аппараттық әдісін жасау арқылы спортсмен ағзасының барлық мүмкіндіктерін максималды қолдана алу үшін жолдарды қарастыру;

в) спорттың жеке түрлерін психологиялық сипаттау әдісін, әлеуметтік құрылым және спорттық команданың психологиялық ахуалын, спорттық мүмкіндіктерді психодиогностикалау әдісін өңдеу;

г) жаттығу жағдайында жарыстық жағдайды ғылыми негізделген модельдеу әдісін өңдеу.

3) Спортсмендердің жарыс алдыңдағы дайындықтарының психологиялық негізін жетілдіру [5].

Қазіргі уақытта спортсменнің жарыс алдыңдағы дайындығының мазмұны мен сипаты түбірімен өзгерген. Жарысты сәтті өткізу үшін физикалық және тактикалық дайындықтың жоғары деңгейде болуы жеткілікті емес. Қозғалыс, сенсомоторлы дағдылармен қоса интеллектуалды дағдылар және топтық әрекет дағдыларының маңыздылығы артуда.

Сондықтан жарыс алдындағы дайындықта әр түрлі психикалық процесстер мен қалыптар үлкен мәнге ие болуда. Сондай – ақ психихологиялық факторлар мен жарысқа қатысу үшін спортсменді психологиялық дайындаудың рөлі өсуде. Мұндай дайындықтың әдіс – тәсілдері өңдеу – спорт психологиясының негізгі қызметінің бірі. Бұл қызметті жүзеге асыру үшін мыналарды іске асыру қажет:

а) жарыс жағдайында психика қызметінің заңдылықтарын зерттеу және жарыстық әрекеттің тұрақтылығы мен сенімділігін арттыратын әдістерді өндеу;

б) жарыс алдындағы және жарыс жағдайында пайда болатын психикалық қалыпты зерттеу;

в) психопрофилактиканы дамыту, спортсменді шынықтырудың психо-логиялық жолдарын, әдістерін және тәсілдерін қалыптастыру және психологиялық жарақатқа төзімділігін арттыру.

Спорт психологиясының пәні- әр түрлі спорттық әрекеттің және спортсмен тұлғасының психологиялық ерекшеліктері. Қазіргі заманғы қоғамда спорт үлкен орын алады. Ол адамның жанжақты физикалық дамуын ғана қамтамасыз етпейді, сонымен қатар, онда моральдіеріктік қасиеттерді тәрбиелейді.

Спорт түрлері алуан, бірақ оның бәрі спорттық жарыстарда және жүйелік жаттығуларда қатысуды талап етеді. Спорттық жаттығулардың тиімді әдістерін өңдеу үшін біріншіден, спорттық әрекетке тән заңдылықтар мен ерекшеліктерді, екіншіден, осы әрекеттің субъектісі ретінде спортсмен тұлғасын зерттеу керек. Басқа ғылымдар сияқты спорт психологиясы спорттық әрекеттің маңызды жақтарына талдау береді және көптеген мәселелерін шешуге көмектеседі.

Спорт психологиясы  спорттық әрекет жағдайында адамның психикасының заңдылықтарын, дамуын, көрінісін зерттейтін психологиялық ғылым саласы. Спорттық әрекеттің адамның басқа әрекеттерінен қандай айырмашылығы бар? Спорт спецификасы  жарыстарда жеңіске жету мақсатымен өзін күнделікті физикалық және психикалық жүктемеге салуға мүмкініндік беретін жоғары мотивацияда, осы мотивация арқасында спорт адамның мүмкіндіктерінің табиғи лабораториясына айналды. Спорт психологиясы жарыс және жаттығу жағдайындағы ұжым және жеке адамның психикалық әрекетінің заңдылықтарын зерттейді.

Спорт психологиясы еңбек психологиясы, ойын психологиясы, педагогикалық психология сияқты адам әрекетінің нақты түрлерінің негізін зерттейтін психология бағыттарының бірі. Ғылымдар жүйесіндегі спорт психологиясының орны екі сипатпен анықталады: психологиялық ғылымдар саласы ретіндегі орны және спорт жайлы ғылымдар жүйесіндегі орнымен.

Психология саласы ретінде спорт психологиясы жаратылыстану, философия, әлеуметтік ғылыми дисциплиналар жүйесінде ортаңғы орынға ие. Жаратылыстану ғылымдары бағытында спорт психологиясы физиологиямен, психофизиологиямен, медицинамен, биологиямен, математикамен, физикамен тығыз байланысты. Әлеуметтік бағытта спорт психологиясы педагогикамен, әлеуметтанумен, мәдениеттанумен тығыз байланысты.

Спорт психологиясы спорт жайлы ғылымдар ретінде физикалық тәрбиелеу теориясы мен методикасымен, спорт гигиенасымен, спорт медицинасымен, спорт биомеханикасымен, кинезиологиямен, спорт метрологиясымен тығыз байланысты. Сонымен қатар спорт психологиясы математиканың, статистиканың, кибернетиканың, электрониканың, модельдеудің әдіс–тәсілдерін қолданады. Спорт әлеуметтік құбылыс сияқты және адам әрекетінің ерекше түрі ретінде көптеген ғылымдардың зерттеу объектісі болып табылады. Олардың барлығы, сонымен қатар психология спорттық әрекетті өзінің негізгі міндеттері, өзінің әдіснамалық ұстанымын зерттейді. Адам әрекетінің, сонымен қатар, спорттың кез келген міндетіне психологиялық компонентке тән, сондықтан психика жұмысын нәтижелі ететін психология. Спорттың әр түрі жарысты сәтті өткізу үшін физикалық және психикалық қасиеттердің белгілі бір қалпын талап етеді, бүгін спортсменнің физикалық дайындығы жоғары деңгейде болғандықтан, жарыста жеңу үшін шешуші фактор психологиялық дайындық болып табылады. Болашақ чемпиондарды табуға көмектесу, қажетті психикалық қалыптың дамуының алғы шарттарын анықтау – спорт психологиясының міндеті болып табылады. Қорытындылай келе спорт психологиясы бүгінгі таңда жан жақты зерттеуді қажет ететін ғылымдардың бірі болып қала бермек.

Тақырыпқа глоссарий


дене жүктемелеріне төтеп беруді оқыту
- машықтандыру құралдарын және дене шынықтырумен шұғылданатындардың дамуындағы бақылаудың физиологиялық әдістерін қолдану бойынша дағдыларды қалыптастыру;

Адам  құқықтары – белгілі  бір  игілік  алуды, өмір  сүруді  қамтамасыз  ететін  адамдар  мен  мемлекет  арасындағы  ережелердің  өзара  қатынастары,  кепілдіктері.

Азаматтық қоғам – жеке  тұлғаның  емін-еркін  дамуын  қамтамасыз  ететін  қоғамның  күйі. Азаматтық  қоғамның  құрамына  адамдардың  өздері  тудырған  қауымдастықтар (қоғамдық, кәсіби, шығармашылық  ұйымдар, ассоциациялар  және  т.б.) азаматтардың  өндірістік  және  жеке  өмірі, әдет-ғұрыптары, салттары  кіреді. Бұл  қоғамда  мемлекеттің  жеке  адам  өміріне  араласуына  шек  қойылады.  Онда  адамның  халықаралық  дәрежеде  танылған  ережелерге  сай  құқықтары  сақталады.

Адамды қалыптастыру процесі – біздің қоғамымыздың осы міндетті шешу үшін жасаған барлық жағдайлардың  бірлігімен анықталады;

Біліктілік – бітірушінің білімі туралы құжатында көрсетілген кәсіптік қызметті орындауға немесе білімін жалғастыруға деген кәсіби даярлығының түрі мен дәрежесі.

Дағды – бұл қайта-қайта орындалатын практикалық әрекеттерге машықтандыру.

Жеке адамның дамуы – бұл ішкі және сыртқы факторлардың ықпалымен жеке адамның қалыптасып жетілу процесі. Жеке адамның қалыптасуында өзін-өзі тәрбиелеудің маңызы зор.

Жеке тұлға – адамның анатомиялық-физиологиялық пісіп-жетілуі, оның жүйке және психикалық жүйесінің жетілуі, сонымен бірге танымдық және шығармашылық іс-әрекетті, дүниетанымдық, қоғамдық-саяси көзқарастарды, наным-сенімдерді байытудағы сандық және сапалық өзгерістердің өзара байланысу процесі.

Жеке тұлға даралығы – индивид тұлғасының және психологиялық өзіндік ерекшелігі, қайталанбастығы, оның темпераментінен, мінез-құлықтарынан, интеллектуалдық саласынан, қабілеттерінен көрініс береді.

Қабылдау – адамға тікелей әсер ететін заттардың, құбылыстардың адам санасында бейнелеу процесі.

Конференция – кейбір тақырыптарды тереңірек меңгерту, ғылыми дәрежесін көтеру мақсатын көздейді.

Қозғаушы күш деп  қойылатын талаптар мен оларды орындауда оқушылардың  мүмкіншіліктері арасындағы қайшылықтарды айтады.

Қосымша білім беру – азаматтардың, қоғам мен мемлекеттің білімге деген қажеттерін жан-жақты қанағаттандыру мақсатымен барлық деңгейдегі қосымша білім беру бағдарламаларының негізінде жүзеге асырылатын тәрбиелеу мен оқыту процесі.

Сендіру – бір адамның екінші адамға  немесе ұжымға әсері ырықты немесе ырықсыз түрде іске асады.

Сынақ – жоғары сынып оқушыларына енгізудегі мақсат – бағдарламадағы теориялық білімдерді күшейту, бекіту және оқыту процесінде оқушылардың жоғары белсенділігін, жауапкершілігін, дербестігін орнықтыру.

Психокоррекция психологиялық әсердің арнайы құралдарының көмегімен адамның мінез құлқының немесе психологиялық дамуында кемшіліктерді жоюға бағытталған шаралар.

Психопрофилактика — это система мероприятий, цель которых — изучение причин, способствующих возникновению психических заболеваний и нарушений, их своевременное выявление и устранение.

Психодиагностика (психо... және гр. diagnostikos - айырып тануға қабілетті) — адамның психикалық қасиеті мен күйін ғылыми дәлелді тәсілдер арқылы сандық сипатта бағалайтын және нақты сапалық тұрғыдан талдайтын,сөйтіп адам психологиясының көрінісі туралы дұрыс болжамдық мәлімет беретін ізденіс аумағы.

Жеке адамның қалыптасуы - күрделі, ағзаның өсуі мен жетілуін, стихиялы әсерлерді, мақсатты, ұйымдасқан тәрбиені қамтитын қарама-қайшылықты процесс.

Жеке адамның қалыптасуы өмірге келген сәтінен басталады, жеткіншек және жасөспірім шақта жедел жүреді, ересек шақта өзінің біршама аяқталу кезеңіне жетеді.

Мораль (латын moralіs – әдет-ғұрып) – адамдар мен әлеуметтік бірлестіктер арасындағы қарым-қатынастарды реттейтін қағида; адамның мінез-құлқын реттеу қызметтерін атқаратын әлеуметтік институт. Мораль әлеуметтік шындықтың этикалық сапаларын (ізеттілік, мейірбандық, әділеттілік, мінез-құлық, әдет-ғұрып, т.б.) бейнелейтін қоғамдық сананың ерекше нысанына жатады. Моральдың бірқатар ерекшеліктері бар:

Моральдық ережелер мен талаптар қоғамның ғасырлар бойы қалыптасқан құндылық негізін құрайды және жалпылама сипатта болады;

Моральдық қағидалар мен сезімдер нормативті, міндетті, тиісті болып табылады;

Мораль әлеуметтік мұраттың бір түріне жатады, ол күнделікті тұрмыс қалыптарынан жоғары қойылады;

Мораль мемлекеттік күшпен танылмайды, ол адамның еркіндігі аясымен байланысты.

Әдебиеттер:

1.Гогунов Е.Н. Психология физического воспитания и спорта. – М.: ACADEMIA, 2004.

2.Попов А.Л. Спортивная психология / Учебное пособие для физкультурных вузов. – М.: «Флинта», 2000.

3.Кретти Дж. Б. Психология в современном спорте. – М.: ФиС, 1988.

4.Пуни А.Ц. Очерки психологии спорта. – М.: ФиС, 1976.

5.Бабушкин Г.Д. Проблема психологического обеспечения подготовки спортсменов // Психология и педагогика в средней и высшей школе. – 2007. №2.

5. Выготский Л.С. Собр.сочинений в 6 томах. М., 1986.

6. Выготский Л.С. Мышление и речь. - М., 1996.

7..Выготский Л.С. Собрание сочинений. - М., 1984.

8. Гальперин П.Я. Введение в психологию. М., 1976.

9. Гиппенрейтер Ю.Б. Введение в психологию. М., 1988.

10. Гиппенрейтер Ю.Б. Введение в общую психологию. М., 1980.

11. Дружинин В.Н. Психология общих способностей. - СПб., 2000

12. Дьюи Д. Психология и педагогика мышления. - М., 1997.

13. СабироваР.Ш., Жансерикова Д.А., Смагұлова С.А. Дене мәдениеті және спорт психологиясы.- Қарағанды «САНАТ-ПОЛИГРАФИЯ», 2005.

14. Жалпы психология. В.В.Богословский, А.Г.Ковалев т.б. редакциясымен. А., 1980

15. Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993.

16. Жарықбаев Қ.Б. Жан тану негіздері Алматы.,2002.

17. Жарықбаев Қ. Қазақ тәлім-тәрбиесі А., 1995

18. Жұмабаев М. Педагогика А., 1992

19. Зинченко Т.П.Память в экспериментальной о когнитивной психологии - СП.,2002

20. Итбаев Н.И. Жалпы психология. Ақмола, 1992.

21. Изард К. Психология эмоций (перевод с английского). - СПб., 2000

22. Крайг Г. Психология развития (перевод с английского). - СПб., 2000

23. Краткий психологический словарь/Сост. Л.А. Карпенко; Под общ. Ред. А.В. Петровского, М.Г. Ярошевского. – М., 1985

24. Крутецкий В.А. Психология. - М., 1986

25. Колесников В.Н. Лекции по психологии индивидуальности. - М., 1996

26. Коломинский Я.Я. Человек: психология. - М., 1986

27. Кан-Калик В.А. Грамматика общения М.,1995

28. Құдайқұлов М.Ә. Қабілеттілік, дағды, шеберлік. А., 1986

29. Леонтьев А.Н. Проблемы развития психики. М., 1981

30. Лурия А.Р. Эволюционное введение в психологию. - М., 1975

31. Леонтьев А.А. Психология общения. Тарту: ТТУ,1974

32. Ломов Б.Ф. Проблема общения в психологии. М.,1981

33. Мирза Н.В.,Румянцева Л.Е. Основы профессионально- педагогического общения. Караганда, 2003

34. Немов Р.С. Психология. СС в 3-х томах. Т. 1. - М., 1995

35. Общая психология / под ред. А.В. Петровского. – М., 1986

36. Популярная психология. Хрестоматия./Сост. Мироненко В.В. – М., 1990

37. Петровский А.В. Введение в психологию. – М.,1995

38. Практикум по общей, экспериментальной и прикладной психологии / Под ред А.А. Крылова. - СПб., 2000

39. Психологический словарь. - М., 1990

40. Психологиядан тестер жинағы А., 1991

41. Практикум по общей и экспериментальной психологии. / В.Д. Балин, В.К. Гайда, В.А. Ганзен и др. - Л., 1987

42. Психолого-педагогический словарь для учителей и руководителей общие образовательных учреждений. - Ростов ., 1998. - 544 с.

43. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии. - СПб., 2000

44. Столяренко Л.Д. Основы психологии. - Ростов - на - Дону, 1996

45. Сәбет Бап-Баба Жалпы психология Алматы., 2003

46. Слободчиков В.И., Исаев Е.И. Психология человека. – М., 1995

47. Столяренко И.С. Психология управления и делового общения СП., 2001

48. Тәжібаев Т. Психология. А., 1996

49. Темірбеков А. , Балаубаев С.П. Психология А., 1966

50. Хрестоматия по психологии. / Под ред. А.В. Петровского. - М., 1987

51. Хайнд Р. Поведение животных. - М., 1968.

52. Фабри К.Э. Основы зоопсихологии. М., 1976

53. Ярошевский М.П. История психологии. - М., 1997

          Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

                    Еуразия гуманитарлық институты

    

        Баяндама

Тақырыбы: СПОРТ ПСИХОЛОГИЯСЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМНІҢ ҚОЛДАНБАЛЫ САЛАСЫ РЕТІНДЕ

Дайындаған : Аймагамбетова Мадина

Группа: ППСК-1-3

                                     Астана 2013 жыл




1. Лабораторная работа 2 Импульсный цифровой дальномер на базе микроЭВМ Цель работы- изучение принципа д
2. КЛАССная команда 15 мая 2013 года среда 18
3.  Деятельность по связям с общественностью современной библиотеки
4. Урал Студенческая 3 Участники Дети 611 лет Юниоры 1215 лет Взрослые 1655 лет Сеньоры от 55 лет
5. циклический характер его развития
6. Экономический анализ ИООО БелРосИнтер
7. пятновыводитель; как видно из названий эти препараты применяются для выведения пятен на одежде
8. операциям поддерживаемым в Oracle SQL PL-SQL расширен такими программными средствами как обработка условных опер
9. Абмяжуем гэты слупок паветра знізу плоскасцю z а зверху ~ плоскасцю zdz
10. Важным индикатором адаптивности признака является его положительное влияние на репродукцию и воспроизводс
11. Экология ж~не т~ра~ты даму п~ні бойынша тест с~ра~тары 1.html
12. РЕФЕРАТ дисертації на здобуття наукового ступеня кандидата географічних наук К
13. Технология изготовления плат толстопленочных гибридных интегральных схем
14. ТЕМА ~ 1 ОБЩЕЕ УСТРОЙСТВО АВТОМОБИЛЕЙ.html
15. Процесс работы, задачи и функции специалистов ООО «БашЛифтМонтаж»
16. Герой нашего времени 2006 БЭЛА 1830е годы
17. Criticl Life Lessons You Cn Lern From Kung Fu Pnd в которой автор рассказывает что он вынес из просмотра мультфильма Кунгфу П
18. ТЕМА 11 Введение
19. Вариант 1 1 Сущность налога ~ это-
20. ХУНАР КОЛЛЕЖИ