Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

жаратылыстану ~ылымдар бойынша ~здiк ~ылыми зерттеулер ~шiн ~

Работа добавлена на сайт samzan.net: 2016-06-20

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 21.5.2024

Жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдар бойынша үздiк ғылыми зерттеулер үшiн сыйлықтар (бұдан әрi - сыйлықтар) Қазақстан Республикасының азаматтарына жыл сайын конкурстық негiзде берiледi:

1) жаратылыстану ғылымдар бойынша үздiк ғылыми зерттеулер үшiн Қ.И.Сәтбаев атындағы сыйлықтар (бiрiншi және екiншi) - жаңалық ашу, өнертапқыштық, әзiрленген және ресми қабылданып алынған жаңа технологиялар, жеке ғылыми жұмыстар, үлкен теориялық және практикалық маңызы бар ортақ тақырыптама бойынша ғылыми жұмыстар сериялары үшiн;

2) гуманитарлық ғылымдар бойынша үздiк ғылыми зерттеулер үшiн Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтар (бiрiншi және екiншi) зерттеулердiң жаңашылдығымен және көкейкестiлiгiмен ерекшеленетiн үлкен теориялық және практикалық маңызы бар жұмыстар үшiн.

3) Педагогика саласындағы үздiк ғылыми зерттеулер мен жұмыстары үшiн Ы.Алтынсарин атындағы (бiрiншi, екiншi және үшiншi) сыйлықтар айтарлықтай теориялық және практикалық маңызы бар, бiлiм беру ұйымдары практикасында және технология, педагогика ғылымына қосқан ерекше жетiстiктерi, өзектiлiгi мен жаңашылдығының ерекшелiктерi, бiлiм беру жүйесiндегi ұлттық идеяның көрiнiстерi, жеке адам шығармашылығын дамытуды қалыптастыру мен тәрбиелеудiң мүмкiндiктерi үшiн.

2. Сыйлыққа ұйымдардың ғылыми (ғылыми, ғылыми-техникалық, техникалық) кеңестерiнде жан-жақты талқыланудан өткен, ғылыми көпшiлiкке кеңiнен танымал конкурс жарияланғанға дейiнгi жылды қоса соңғы 5 жылда орындалып, жарияланған жұмыстар ұсынылады.

4. Бұрын ғылым, техника және бiлiм саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сыйлығына, республикалық бюджет қаражатынан төленетiн өзге сыйлықтарға, сондай-ақ шетел сыйлықтарына ие болған жұмыстарды, осы сыйлықтарды алу конкурсына қатысуға жiберiлмейдi.

Сыйлыққа жұмыс екi реттен артық ұсынылмайды. Осы сыйлықтар лауреатының жаңа жетiстiктерi болған жағдайда, сыйлықтар оған қайталанып тағайындалғаннан кейiн бес жыл өткен соң берiлуi мүмкiн.

5. Бiрiншi, екiншi және үшiншi сыйлықтардың ақшалай мөлшерi айлық есеп көрсеткiштерiнiң тиiсiнше 200, 150 және 100 есе мөлшерi шегiнде белгiленедi.

Ұжымдық жұмыстардың авторларына сыйлықтың ақшалай бөлiгi тең үлеспен төленедi.

Білімнің тұрақты түрде даму қарқыны, техника мен технологияның жаңалануы адам ұрпағының ауысу динамикасынан анағұрлым озыңқырады. «Өмір бойына білім алу» – білімнің жаңа парадигмасын жүзеге асыру, үздіксіз білім беру жүйесіне көшу, қиындайтын әлеуметтік және кәсіби қызметтерді орындауды дайындықтың тұрақты деңгейін қолдау қажеттілігі туындайды.

Жаңа мақсаттарға бағдар мен білім беру нәтижелері жоғары сынптарда – бұл әрбір адамның әлеуметтік мәртебесіне қойылатын жаңа талаптарға жауап береді. Oсы талаптардың ортасында аса маңыздысы – еңбек нарығының сұранысына қарай дербес бoлу, жауапкершілікті сезіну, таңдаудың табыстылығы мен өмірлік жоспарларының жүзеге асуы, азаматтық пікірінің қалыптасуы, оқи білуі, іс әрекеттің жаңа амалдарын игеру [56]. 

Сoнымен бірге, бейінді білім беру – бұл оқушының қабілеті мен икемділігін, білім беру сұраныстарын ескеретін саралық оқытудың әртүрлілігі. Бейінді білім берудің мақсаты – оқушылар мен жастарды бастапқы және жалпы білім беретін бейінді кәсібилікке дейінгі дайындауды қамтамасыз ету; дербес ғылыми-зерттеу және өз-өзіне білім беру мен өзін-өзі дамыту үшін қажетті ізденушілік қасиеті; интеллектуалды, психикалық, шығармашылық, адамгершілік және тұлғаның әлеуметтік сапалық көрсеткіштерін, болашақ кәсіби тәжірибе жинақтауы және әлеуметтік тәжірибелі-бағдарлы болуын жетілдіру. Білім берудің жаңа жүйесінде негізгі мектепті аяқтаған оқушылар таңдау бағытына қарай бейінді сыныптарда оқуын жалғастырады. 

Бейіндік оқыту қазақстандық білімді жаңартудың бір механизмі болып табылады, сондай-ақ оқушыларға білім беру ары қарай өмірлік тәжірибеде қолданылуға бағдарлануы тиіс.

Oсыған байланысты бүгінде өзекті болып отырған тапсырмалар орта, бастауыш және жоғары кәсіби білім ұйымдары мен мектептің жоғарғы сатысын ықпалдастыру және бейіндеудің ыңғайлы жүйесін жасау, еңбек нарығының сұраныстарын ескере отырып, оқушыларды әлеуметтендіру мен оқытуды даралауға бағдарлау, жалпы білім беретін мектептердің жоғарғы сыныптарында бейіндік оқыту жүйесін жасау болып табылады.

Қoғамдық-гуманитарлық бағыттағы мектептерде бейіндік oқытуды ұйымдастыру oқушылардың жеке икемділігі мен қабілеттілігін аса толықтай қанағаттандыруды қамтамасыз етеді. Бейіндік білім беру oқушының одан әрі әлеуметтенуін ынталандырады. 

Бейіндік оқыту жүйесін жетілдіру мектеп бітірушілерді қазіргі заманғы әлемдегі бәсекелестік жағдайына тез бейімдеуге дайындау тұрақты даму факторында маңызды болып табылады. Кез-келген дамыған елдердің бәсекелестік қабілеттері оның әлеуметтік капиталының дамуы мен байланысты және көбінше білім беру жүйесінің жағдайымен анықталады.

Осыған байланысты білім беру саласында осы пәндерді оқытудың:

  1.  Функционалдық бағыттылығының күшейтілуі есебінен, басқа жағынан мәдени мәтіннің қосылуынан «Тіл және әдебиет», «Адам және құқық» бейіндік-бағдарланған пәндердің параметрлері анықталды;
  2.  
    «Тіл және әдебиет», «Адам және құқық» білім саласы бойынша кіріктірілген курстар ашу;
  3.  
    Әр түрлі элективті курстар дайындау.


Бұдан әрі осы бағыттардың әрқайсысы толықтай пән ретінде әзірленуге және қалыптасуға құқылы екендігін атап өту қажет.

Элективті курстың мазмұны, бейіндік курс мазмұны мен базалық мазмұнына қарағанда, бейіндік оқыту үдерісінің тұлғаны дамытуға бағдарланған тәрбиелі-білім беру, қалыптастыру және ойлауды дамыту, әр түрлі өмір ағымдарында нақты шешім қабылдауға үйретудің ерекшелігін анықтайды. 

Бейіндік пәндердің органикалық үйлесуі (жеткілікті және тереңдетілген деңгей), маңызды жалпы орта білімді жаңартуды құраушы ретінде базалық және элективті бейіндік курстар жоғары сынып оқушыларының бейіндік оқуда көздеген мақсаттарына жетулеріне мүмкіндік береді. 

Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы бейіндік пәндер мазмұнын жаңарту бойынша жұмыс және бейіндік оқытуды ұйымдастыру тек дәстүрлі ғана емес, сондай ақ қазіргі заманғы жаңа технологияларды пайдалануды талап етеді.

Бейіндік оқытудың негізінде дағды мен меңгеру, білім жүйесіне ие болудың тұлғалық-бағдарлы ойлары орын алған, сондықтан кіріктірілген сабақ рөлдік ойын түрінде, оқиғалық, иммитациялық, ұйымдастыру іс- әрекеттерінде, ойындар, тапсырмалар, еркін қарым-қатынас жолымен оқытылатын және осы іс-әрекеттерге тартылу белсенді түрде оқу үдерісіне енгізілуі керек. Оқытудың басым әдістері – проблемалық, зерттеу, дербес жұмыс, компьютердің қолдауымен өткізілетін сабақтар, зертханалық практикумдар.

Бейіндік білім беру кәсіби білімді кеңейту үшін объективті жағдай жасауға, тәжірибені байытуға, танымдық қабілеттерге ие болуға, тәжірибелік және оқушылардың әлеуметтік іс-әрекетін, сонымен қатар, тұлғаның бүтіндей (шығармашылық, адамгершілік) қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған.

Бейіндік oқыту – бұл тұрақты, мақсатты көзделген және білім жүйесін жүйелі түрде игеруге, білуге, дағдылануға, құндылықтарға, қатынастарға, бағдарлауға, жүріс-тұрыс тәртібіне, сөйлесу түрі мен амалдарына бағытталған озық білім беру. Oзық білім өз кезегінде білім беру процесіне жаңа ақпараттық технологияларды кіргізуі тиіс.




1. Основы внешнеэкономической деятельности
2. Функции обществ с ограниченной ответственностью и задачи бухгалтерского учета
3. захватывающее пасхальное шествие в парке Баттерси
4. Высшая нервная деятельность ~ интегративная деятельность головного мозга обеспечивающая индивидуаль
5. ЭСКАЛОП Управление рисками и их минимизация являются приоритетными в деятельности ООО Эскалоп
6. кредитні установи Небанківські фінансовокредитні установи теж є фінансовими посередниками грошового рин
7. Сполучене Королівство Великобританії і Північної Ірладндії розташована на двох великих островах біл
8. Проведення Польщею політики асиміляції та фальсифікації щодо українців
9. пелены перед глазами
10. тема5 1.1. Этапы реорганизации банковской системы в России5 1
11. Франко долой Франко долой Митинг на Красной площади начался в пять часов пополудни
12. О республиканском бюджете на 20142016 годы от 03
13. 6362 УДОСКОНАЛЕННЯ ДІАГНОСТИКИ ТУБЕРКУЛЬОЗУ ВЕЛИКОЇ РОГАТОЇ ХУДОБИ ТА МЕТОДИЧНІ П
14. Разработка базы данных для гостиницы
15. Тема- Технологический расчет доготовочного цеха кафечайной на 40 посадочных мест обслуживание официантами
16. Д Спилбергера ЮЛ
17. Реферат- Основные методы психологических исследований
18. Томпо оройуона муниципальнай оройуон БАhЫЛЫГА
19. Правовое регулирование оказания медицинских услуг- проблемы совершенствования
20. Буржуазные реформы 18601870 гг