Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

ДЕВАЛЬВАЦИЯ ЭКОНОМИКАНЫ ДАМЫТУДЫ~ ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ

Работа добавлена на сайт samzan.net: 2016-06-20

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 12.5.2024

          Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық

                                                              Университетінің ӘҚжБ факультетінің

                                                                 Әлеуметтік  мәдени қызмет көрсету мамандығының

ІІ курс студенті Сабытханова Мөлдір

                                                                     Ғылыми жетекші: Рысқұлова Майра Маратовна      

                                                                                         Кафедрасының оқытушысы

ДЕВАЛЬВАЦИЯ ЭКОНОМИКАНЫ ДАМЫТУДЫҢ ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ

 «Девальвация алдағы уақытта экономикалық өсу үдерісіне оң ықпалын тигізеді және бұл төл экономиканың қарқынды дамуы үшін жасалған әрекет»  -деген жалынды сөдерін халқына жолдаған елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың алдын – ала жасаған болжамдарының шүбәсіз дұрыстығын мақаламда  нақты факторлармен дәлелдеп кетемін. Алдымен девальвация деген не және оның ұлттық экономикаға тигізетін әсерін анықтап алайық.  
Девальвация–ұлттық валюта бағамын шетелдік валютаға қатысты төмендету, инфляцияны тежеу шарасы. Әлемдік тәжірибеде кез-келген мемлекет төлемдік теңгермесінің тапшылығын қысқарту, жаһандық нарықта тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және ішкі өндірісті ынталандыру үшін девальвацияны қолданады. Мәселен, Жапония, Ресей, АҚШ және т.б.

Тәуелсіздік алғаннан қазіргі таңға дейінгі уақыт аралығында экономикамызда үш рет ақшаның құнсыздануын бастан кештік. Тарихқа көз жүгіртер болсақ 1993 жылы теңгенің бағамы алғаш айналыма түскенде 1АҚШ долларына шаққанда 4 теңге 70 тиын болған. АҚШ валютасы осы аралықта de facto дүниежүзілік валютаға айналып, ұлттық валютамыздың бағамы 1АҚШ долларына шаққанда 185 теңгеге дейін төмендеді. [1] Бірақ та, бұл процесс біз үшін оң әсерін беруі ықтимал. Өйткені, девальвацияның негізінде импорт көлемін азайтып, экспортқа жол ашамыз, ұлттық тауарлардың ел нарығында сұранысқа ие болуына қол жеткіземіз. Айта кетерлік жайт, импорттық тауарлардың бағасы өседі, бірақ олардың Отандық тауарлармен бәсекелестігі төмендейді. Статистикаға жүгінер болсақ, импорт көлемі 2012 жылмен салыстырғанда 2013 жылы 9,4% - ға жоғарылаған, экспорт көлемі   7,1 % - ға төмендеген  еді. [2] Бұл алаңдатарлық жаңалық, сондықтан да Отандық тауар өндірісін дамытуды алға қойғанымыз жөн.    Бұл жолда Ататүрктің «этатизм» (франц. Etat- мемлекет) саясатын, Франклин Рузвельттің «Бірінші Отандық нарық, содан соң әлемдік» деген ұстанымдарына сүйенгеніміз дұрыс болар. Джон Мейнард Кейнс: «Мемлекет сұраныспен айла - шарғы жасау арқылы не қаласа, соны жасай алады. Мемлекет ақша емес, экономика жағдайын ойлау арқылы жұмысбастылықты жоғарылатуы тиіс. Мемлекеттік шығындарды жоғарылату арқылы, тұрғын үй құрылысын, жолды, теміржол құрылысын және бүкіл коммуникациалық жүйелерді жақсартуға ақша бөлуі тиіс. Бұл мемлекетті тығырықтан алып шығатын бірден  - бір жол» - деп айтқан болатын. [3] Жоғарыда атап өткенімдей, ішкі нарықта Отандық тауарға деген сұраныс жоғарыласа, жұмыссыздық көлемі азайып бәсекеге қабілеттілік деңгейі жоғарылайды деген тұжырымға келдім.   

Біз сыртқа шикізат шығармаймыз, жартылай дайын өнім шығармаймыз, өңделген дайын өнім шығарамыз – мұның барлығы девальвацияны жүргізу барысында жасалатын шара. Республика экспортының негізгі көлемі 70% - ке  жуығы қазбалы байлықтар өндірісінің үлесіне тиеді. Бұлар мұнай, кен, түсті метал, түсті және қара металургияның жартылай фабрикаттары, химия кәсібінің өнімдері, жеңіл және тамақ өнеркәсібіне арналған ауыл шаруашылық шикізаттары. Мысалы, Қазақстан хром кені экспортың 90%- ін, қорғасынның 70%-ін, фосфордың 90%-ін, мырыштың 40%- ін экспорттайды. Егер де, осы өнімдерді өңдеп, содан соң экспорттайтын болсақ, мемлекетке түсетін пайда көлемі 3-4 есеге артатыны сөзсіз. Елбасымыз „Қазақстан-2050“  стратегиясында 10 жаһандық сын – қатерді атап өткен болатын. Сол қатердің бірі – азық – түлік тапшылығы қатері. Девальвацияның ауыл шаруашылығының дамуына алып келетіндігін Ауылшаруашылығы министрі Асылжан Мамытбековтың пайымдауынан байқауымызға болады:  «Девальвация ауыл шаруашылығы өндiрiсiне керi әсер етпейдi деп айта аламыз. Керiсiнше, көптеген жағдайлар бойынша, мысалы, бiздiң экспорттаушыларымызға оң әсерiн тигiзедi және iшкi нарыққа бағытталған тауар өндiрушiлерiнiң импортпен бәсекелестiгiн арттырады деуге болады. Бұл жай сөз емес. Өйткенi, бұл сараптауда бiз өз тауарларымызбен iшкi нарықтың қажеттiлігiн қанағаттандырып отырғанын қарастырып, басым тауарлармен нарығымыздың 80%-ын өз өндiрiсiмiзден өтеп отырмыз деп айта аламыз». [4]

Екіншіден, девальвация – валюталық резервтердің көбеюіне жол ашады. Валюталық резервтер дегеніміз мемлекеттің басқа елдермен экспорттық операция жасау кезінде алынған шетел валютасы түріндегі ақшалай қаражаты. Н.Ә. Назарбаев 2007 жылғы ҚР халқына «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауында еліміздің саяси-экономикалық дамуының незігі бағыттарының бірінде: елімізде тиімді жұмыс жасайтын қор нарығын қалыптастыруымыз керек деп атап кеткен болатын. Кейбір сараптамалаушылардың дерегіне сүйенсек, девальвация валюталық қордағы валюта тапшылығынан болды, - деген пікілерді де кездестіруімізге болады. Яғни, девальвация сол тапшылықты жоюдың бір факторы болып табылатындығының дәлелі.  

Үшінші қарастыратын жағдай, девальвация  - көлеңкелі экономиканың нәтижесі. Яғни, девальвация жасау арқылы мемлекет осы көлеңкелі экономикаға жол бермеудің амалдарын қарастырады. Халықаралық валюта қорының Таяу Шығыс және Орталық Азия елдерінің департамент директор орынбасары Юха Кяхконеннің айтуы бойынша: Қазақстандағы көлеңкелі экономика көлемі жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) 30%-ын құрайды. Ал Өзбекстанда бұл көрсеткіш – 15%, АҚШ – та бұл көрсеткіш 3 есе төмен 8,9%, Канадада 16,2% - ды құрайды екен. Бұл жерден қорытынды, Қазақстан көлеңкелі экономикасы жағынан алда келе жатқандығын аңғаруымызға болады. Көлеңкелі жолмен келген ақша ел қоржынын емес, шет ел қоржынын толтырады. Шет ел қоржынында онсыз да көп доллар көбейеді де, біздің ұлттық бағам төмендейді. Міне, басымызға таяқ тигенде ғана экономиканы реттеу керек екендігін ойланатынымыздың бірден бір дәлелі де осы.  

Төртіншіден, білім, ғылым мен инновацияға көп көңіл бөлінеді. Олай дейтінім, Отандық өнімді экономикалық аренаға (нарықтық айналымға) шығару үшін белгілі бір дәрежеде технология қажет. Қазіргі таңда, бізде қолданылып жатқан техниканың тең жартысы жарамсыз, тозығы шыққан. Жаңа инновация мен білім күшінің арқасында озық технология, ең алдыңғы қатарлы өнім ғана емес, тұрақты экономикаға қол жеткізеріміз айдан анық. Ол үшін мемлекет тарапынан жобаларға қаржылай көмек көрсетілуі керек. Негізінде, аталмыш жоба қолға алынуда. 1997 жылы негізі қаланған «Даму» кәіпкерлік қоры еліміздің 16 қаласында  кәсіпкерлік құру, субсидия алу, кәсіпкердің қаражаттарын дұрыс салаға салуы мен оны дұрыс пайдалануы жайындағы сауалдарына жауап беру арқылы тиімді жұмыс жүргізіп жатыр.  

Бесіншіден, Отандық кәсіпкерлікті қолдау барысында «Оффшорллық зона», яғни салық мөлшерлемесі төмен аймақ құру. Мемлекеттің сауда – экономикалық қатынас жасайтын мемлекетінің 50 –інде «Оффшорлық аймақ» құрылған. Яғни осы 50 елде Қазақстанның да қаражаты жатыр ғой. Осы қаражатты шет ел пайдасына жұмсағанша өз пайдамызға жұмсау жолы ашылады. Бұл мәселе қазіргі таңда Мәжіліс депутаты Тұрсынбек Өмірұзақовтың бастамасымен көтеріліп жатыр. Егер, мемлекет қолдау көрсетсе, нұр үстіне нұр болар еді.

Алтыншыдан инфляция деңгейі, жоспар бойынша инфляция деңгейі 6-8% - дан аспауы тиіс. 2009 жылғы девальвация кезінде инфляция деңгейі каридорда 6,2% - ды ұстап тұрды. Бұл девальвациядан шыға алатындығымыздың, тәжірибеден өткендігіміздің белгісі.

Жетіншіден, демпинг жасау арқылы сыртқы нарықта бәсекеге қабілеттілікті орнықтыру. Демпинг – бәсеке күрес түрлерінің бірі. Тауарларды әдейі арзандатылған бағамен шетелге  сату, сөйтіп бәсекелестерді ығыстыру және сыртқы нарықты иемденуге жәрдемдесу.[5] Көптеген елдер осындай қулық жасау арқылы экономикасын нығайтып отырады. Қазақстанның да осы тәжірибені қолдануы экономиканың өсуіне кедергі келтірмес , қайта экономиканы дамуына бір серпін берер еді. Осы тұрғыда Отандық кәсіпкерлердің тек ішкі бәсекелестікке ғана емес, сыртқы нарықтағы бәсекелестікке де төтеп бере алатындығына көз жеткізе аламыз.

 Елдің экономикалық тірегі – шағын және орта бизнес. Осы бизнес өкілдері аз – маз шығынға ұшырауы мүмкін. Бірақ, елбасымыз кәсіпкерлерді қолдау үшін 1 триллион теңге бөлінетіндігін хабарады. Бұл жағдай мемлекеттің қолдауының арқасында баланстық теңгерімге келеді.

Қорытындылай келе, дүниежүзілік нарыққа терең интеграцияланған Қазақстан экономикасына қазіргі таңда халқымыздың ғана емес, көршілес мемлекеттеріміздің де бас ауыртып жүрген жағдайы бар. Неге десеңіз, әлемнің 101 мемлекетімен сауда – экономикалық қарым- қатынас жасаймыз, экспорттаймыз, импорттаймыз және т.б. Бір мемлекетте девальвация болса, екінші мемлекет те сәйкесінше девальвация жасауға мәжбүр болады. Өйтпесе, елдің ішкі жағдайында дағдарыстың туындауы ықтимал. Дәл осындай жағдай біздің елді айналып өтпеді. Халқымыз бұл жағдайға дайын еместігін танытып, түрлі қарсылықтар айтып жатыр. Бірақ, девальвация кезінде тұтыну тауарларына бағамның жоғарылайтыны рас, бірақ мемлекет осының алдын алса, девальвация ұлттық экономиканың дамуына, елбасымыз айтқанындай: ЖІӨ –нің 6% -ға жуық жоғарылауына мүмкіндік туады. Осы мүмкіндікті мүлт жіберіп алмасақ болағаны енді.   

 




1. комунікаційних технологій Навчальна дисципліна- Мережні операційні системи Лабораторія- Інформаці
2. Задание 1 Дать определение потенциального барьера от чего зависит его величина
3. НА ТЕМУ- ~~СТВОРЕННЯ ТА РОЗВИТОК ДЕРЖАВНИХ БЮТЖЕТІВ~ ЗМІСТ- Вступ Створення бюджету
4. .е. постоянные издержки TC составляют 50 ден
5. Статья
6. Промышленная переработка вторичного молочного сырья
7. издательским советом университета в качестве методических указаний к выполнению лабораторных работ по фи
8. Без двигателя нет движения а следовательно нет автомобиля
9. А Прписать В Прдорожный С Прмудрый Д Прсесть Е Прсмотреться {Правильный ответ}С{Сложность}
10. 11 Продовольственный кризис как глобальная проблема современности
11. Лингвистические интерференции в феноменологии
12. лечить пациентов вести медицинскую документацию и отчитываться о работе перед начальством.html
13. консультант- Щекотова Е
14. статьям расходов.html
15. Высотная поясность
16. Информационное общество- понятие и тенденци
17. Реферат- Синтаксическая синонимичность
18. З іншого боку безнадійну дебіторську заборгованість клієнтів за реалізовану їм продукцію вже було відобр
19. Определение поведения потребителей
20. ПСИХОЛОГИЯ ПЕРЕГОВОРОВ