У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

а~ айма~тарды~ ~зара ~атынастарын к~рсетуші іс~рекеттер аясы

Работа добавлена на сайт samzan.net: 2016-06-09

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 31.1.2025

Аймақтардың тұрақты дамуы жалпы  ел экономикасының тұрақты дамуының негізін

құрайды. Сондықтан  тиімді аймақтық саясат жүргізу елдің шаруашылық жүйесін

басқарудың маңызды стратегиялық буыны болып табылады.

Мемлекеттің аймақтық саясаты – елдің экономикалық, әлеуметтік, экологиялық және

саяси дамуын, кеңістіктік, аймақтық аспект бойынша басқару,  мемлекет пен аймақтар

арасындағы, сондай-ақ аймақтардың ӛзара қатынастарын кӛрсетуші іс-әрекеттер аясы.

Аймақтық саясат әрбір аймақтың  экономикасының тиімділігі мен бәсекеге

қабілеттілігін артыру арқалы, экономиканың  тұрақтылығын қамтамасыз етуді ӛзінің басты

мақсаттары ретінде қарастырады.        

Нарықтық қатынастарды жетілдіруде аймақтық саясатта    аймақтың әлеуметтік-

экономикалық  дамуының  үйлесімділігі  мен кешенділігі мәселесіне ерекше мән берілуде.

Егемендік алған   бастапқы    жылдарда  елде жүргізілген  әлеуметтік-экономикалық  

реформалардың нәтижелерін талдау  аймақтардың экономикалық дамуындағы

тұрақсыздықтың басымдылығын кӛрсетті.

Аймақтарда қалыптасқан   жағдайға,    негізінен   ондағы  әлеуметтік-экономикалық

және экологиялық әлеуеттерді ӛсіру жеткілікті болмағандығы  және оларды пайдаланудың  

тӛмен  деңгейде  екендігі себеп   болды.

Қоршаған ортада  қалыптасқан ӛзгерістермен байланысты  қоғамның  қазіргі кезеңдегі

даму тиімділігін анықтау   критерийлеріне    кӛзқарастардың  ӛзгеруіне алып келді.  

Биосфераның нашарлауына ықпал кӛрсеткен, кеңінен қолдануда болған, экономикалық ӛсуге

баламалы түрде тұрақты даму концепциясы қарастырылды.

Тұрақты даму  –бұл болашақ  ұрпақтың  қажеттіліктерін қанағаттандыру қабілетіне

қауіп тӛндірмей, қоғамның материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағатандыру

мүмкіндігін беретін даму.

Тұрақты  даму стратегиясының мәні әлеуметтік-экономикалық және табиғи

үрдістердің ӛзара қатынастарының үйлестірілуінде, себебі қоғамда басқада маңызды

мәселелерді шешу қажеттілігі  кезінде, экологиялық проблемаларға немқұрайлық таныту  

тәжірибеде жиі кездесетін жағдай.

Аймақты дамытудың басты мақсаты  – адамдардың лайықты ӛмір сүруі, ӛзін-ӛзі

дамыта алатын, ӛзіне тән әлеуметтік-экологиялық-экономикалық аумақтық жүйені

қалыптастыру, мәдени байлықтарды сақтап қалу, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану

мүмкіндігін қамтамасыз ету және басқада шаруашылық қызметтерін дамыту негізінде

тұрақты дамуға кӛшу болып табылады.

Тұрақты даму  мәселесіне қазіргі таңда ғылыми және қоғамдық ұйымдар тарапынан

үлкен кӛңіл бӛлінуде.  

Бұл мәселелер қалалар мен елді мекендердің дамуымен тығыз байланысты.

Сондықтан әр бір аймақ ӛзінің  әлеуеттерін ұтымды пайдалана  отырып, тиімді және

үйлесімді дамуға бағытталған, ӛзіндік даму концепциясын әзірлеуі қажет. Аталған

концепция қоныстандыру және ӛндірістік, энергетикалық,  кӛліктік, әлеуметтік және

рекреациялық инфрақұрылымдарды, қайта ӛңдеу кәсіпорындарын құру бойынша билік 4

органдарының ӛзара әрекеттінің оңтайлы жүйесін қалыптастырудың  негізін құрайтын

болады.

Бүгінгі таңда  экономикалық дамуды  мықты ғылыми, инновациялық, ӛнеркәсіптік

әлеует құру арқалы күшейту мүмкінігін дамыған елдер тәжірибесі дәлелдеп отыр.

Әлемдік экономикада  Қазақстанның да ӛзіндік орны айқындалып отыр. Егемендік

алғанан кейінгі  бастапқы кезеңдерде жалпы қоғамдағы сияқты аймақтарда да ғылыми-

технологиялық әлеует әлсіреді, ғылымды қажетсінетін ӛндірістер дағдарысқа ұшырады,

кәсіорындардың инновациялық белсенділігі тӛмендеп, ғылыми нәтижелерге сұраныс

құлдырады.

Макроэкономикалық кӛрсеткіштерге  назар аударсақ, ұлыттық экономикада 1997

жылдан бастап біршама экономикалық ӛсім байқалды, алғашқы жылдары, 1997 жылы ЖІӚ-

нің ӛсу  101,7 пайыз кӛлемінде болып соңғы жылдары  ӛсу қарқыны 10 пайыздық  деңгейге

дейін кӛтерілді. Ӛткен 2011 жылы бұл кӛрсеткіш 7.5 пайыз болып,  ЖІӚ-нің жан басына

шаққандағы үлесі 11 мың долллардан асты.( 1994 жылы 700 доллар болған). Мұндай

жетістікке жету  жер қойнауындағы  минералды қордың молшылығымен және олардың

бағасының ӛсуімен байланысты екені мәлім. Ал дамыған  елдерде  бұл кӛрсеткіш,  

шикізаттық ӛндірістен индустриалды-инновациялық  дамуға бағат-бағдар алған. Сондықтан

да  бәсекелестікке  қабылетті  50 елдің  қатарына қосылу үшін, тұрақты экономикалық  

дамуды және экологиалық тиімді ӛндірісті қамтамасыз ету мақсатында «Қазақстан

Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустиалды-инновациалық даму

Стратегиясы» қабылданды. Елбасының 2012 жылғы Жолдауында «Бұл бағдарлама

экономиканы әртараптандырудың басты бағдары болып қалады» деп кӛрсетілген.

Аталған бағдарламаны  жүзеге асыру үшін қажетті жағдайларды жасау  –

республиканың  барлық  аймақтарының  жалпы  міндеттері ретінде қарастырлады.

Аймақтардың ерекшіліктерін және олардың табиғи-экономикалық, демографиялық,

экологиялық жағдайларын әртарапты қатаң түрде есепке алу, тұрақты дамудың негізгі

міндеттерін ойдағыдай жүзеге асыру мүмкіндігін береді.

Әдетте, ―тұрақты даму‖ кең мағанада  жалпы адамзаттық    проблема ретінде

қарастырылады оның шешімі кең кӛлемдегі қауымдастықты талап етеді, осы тұрғыдан алып

қарағанда жеке дара алынған  аймақтың  тұрақты дамуын қамтамасыз ету мүмкін емес.

Дегенімен, әр бір аймақ ӛзінше ерекшеленеді, сондықтан олардың  жүйеде алатын  белгілі

бір орны болады. Аймақтың тұрақты даму концепциясын дайындау  кезінде, әлеуметтік

кепілдіктерді сақтай отырып, шаруашылықтардың аумақтық ұйымдастыруын әзірлеу, табиғи

және әлеуметтік ресурстарды бағалау, аймақтың даму басымдықтарын анықтау, тұрақты

дамуға кол жеткізудің саяси-құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, қаржылық, ақпараттық

механизмдерін, тиімді интеграциялық қатынастарды қалыптастыру ӛте маңызды  мәселе

болып табылады.  

Мұндай концепцияны әзірлеу,    даму стратегиясы үшін дайындықтары мен

мүмкіндіктері бар кәсіпорындарға ие аймақтарда біршама жеңіл шешімін табады.  Аймақтар

ӛздерінің  барлық әлеуетті мүмкіншіліктерін толығымен пайдалануы қажет. Аймақтарда

қарастырылатын  негізгі әлеуеттер:

 ресурстық әлеует  – аймақтың географиялық орны, табиғи  және климаттық

жағдайының сипаттамасы, жер реурстары, аймақтың негізгі капиталы, еңбек ресурстары мен

жоғары білікті жұмыс күші;

 ӛмір сапасы әлеуеті  – әлеуметтік қорғау деңгейі мен аймақтағы тұрғындар ӛмір

сүру қауіпсіздік дәрежесі, аймақта жастардың ӛмір сүру келешегі, салауаты ӛмір сүру  

салтының қалыптасуы;

 қаржылық әлеует  – аймақтың бюджеттік мүмкіндіктері, банктік, қаржылық,

сақтандыру мекемелерінің, инфрақұрылымның даму деңгейі;5

 экологиялық әлеует  –    аймақтағы су ресурстарының сапасы, қоршаған ортаның

жағдайы. Айта кететін жай, қоғамның дамуымен экологиялық тұрақтылық факторының

маңызы арта түседі;

 ұйымдастыру әлеуеті  -    аймақтағы қоғамдық-саяси тұрақтылық, аймақтық және

жергілікті басқару  құрылымының тиімділігі, ақпараттандыру және электронды басқару

принціптерін енгізу, аймақтық маркетингті пайдалану және т.б.

Қарастырылған  әлеуметтерді бағалау, оларды пайдалану тиімділігін  арттыру

мүмкіндігін  береді және даму деңгейінің  жоғарлауына ықпал етеді.

Аймақтың әлеуетін артыру,    оның ұзақ мерзімдегі даму  болашағын анықтайтын  -

табиғи, әлеуметтік-экономикалық, ғылыми, техникалық, институционалдық  

артықшылықтарын  тиімді пайдалануына  байланысты болады. Осы тұрғыдан әр бір аймақ  

ӛзінің жеке ―бастапқы капиталына‖ ие бола отырып тұрақты дамудың белгілі бір  үлгісін

құруы мүмкін.

Тұрақты дамуды қамтамасыз ету барысында, орындалатын жергілікті іс-әрекеттер

жоспарларының  негізі болып, аумақтың ұзақ мерзімді дамуына   қызығушылық танытушы

жергілікті органдарға, бизнеске, азаматтық секторға құқықтық жағдайлар жасалуы және

оларды  ынталандыруды   қарастыру қажет.

Қазіргі кезде аймақтағы  әлеуметтік-экономикалық және экологиялық жағдайды  және

халықтың ӛмір сүру, еңбек ету  жағдайларын  жақсартуы   аймақтар  дамуының  жалпы

мақсаты болып, оған қол жеткізу мемлекеттік және жеке секторлардың бірлескен

шараларына, техникалық  ынтымақтастық саласындағы қызметтерге негізделген болуы тиіс.

Сонымен қатар бұл мәселелер бойынша шешімдер қабылдау үрдісінде әр түрлі ұжымдық

топтардың қатысу-да ескерілуі қажет.

Осындай кӛзқарастар тұрақты даму бойынша  ұлттық стратегия принциптерінің

негізін құраушы ретінде қарастырылады. Бұл стратегияда келесідей бағдарламалы бағыттар  

қарастырылуы  мүмкін: қоршаған ортаны қорғаудың кешенді инфрақұрылымын жаратуға

жәрдемдесу; елді мекендерді басқаруды жетілдіру; елді мекендерде сенімді энергетикалық

және кӛліктік жүйелерді жасауға жәрдемдесу; елді мекендердің  дамуы үшін әлеуеттерді

жарату және адамдық ресурстарды дамытуға жәрдемдесу; құрлыс секторының тұрақты

қызмет етуіне кӛмек кӛрсету.

Елді мекендердегі экологиялық қауіпсіз инфрақұрылымды   қалыптастыруға кешенді

кӛзқарас  тұрақты дамуға үлкен үлес қосады. Бұның нәтижесінде  адамдардың ӛмір сүру

сапасы жоғарылайды, еңбек ӛнімділігі артады, адамдардың ден-саулығы нығайып, емделу

және кедейшілікпен байланысты шығындар азаяды.

Аймақтың тұрақты даму үлгісіне ӛту үшін  қажетті нормативті-құқықтық және

әдістемелік қамтамасыздандыруды  қалыптастыру қажет. Тұрақты дамудың қанатқақты

жобаларын жасау үшін тӛмендегілер қажет болады:

 Әлеуметтік-экономикалық даму мен қоршаған ортаны қорғау бойынша әрекеттегі

заңнамалық актілерді  талдау, жасау және түзету енгізу;

 Субъектілерге тұрақты даму жүйесін қалыптастыруда ғылыми-әдісемелік кӛмек

кӛрсету;

 Тұрақты дамуды қамтамасыз ету үшін қажетті нормативті-әдістемелік базаны

әзірлеу;

 Жаңа экономикалық жағдайда жұмыс істеу үшін кадрлар дайындауды қамтамасыз

ету.

Қорыта айтқанда, тұрақты дамуға кӛшу қазіргі кезеңнің объективті талабы, ол ұлттық

экономиканың даму переспективасын  белгілеп береді.

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуын аймақтар дамуының  деңгейі мен  

қарқыны   толығымен айқындайды.




1. Электротехникалы~ теория негіздері
2. РЕФЕРАТ дисертації на здобуття наукового ступеня кандидата біологічних наук Київ ~2
3. Отпуск без сохранения заработной платы Служебная командировка
4. WORLDTEM на летний сезон 2014 года
5. Овсень, Петрушка, потешные молодцы и ребячьи игрушки
6. . Призвание предназначение и достижение цели Каждый человек лидер Бог цели Цель или рождение
7. практикум ГОС 2005 для специальности 050706
8. являются важными демократическими гарантиями правосудия по гражданским делам; 2 суд руководствуетс
9. РЕФЕРАТ дисертації на здобуття наукового ступеня кандидата медичних наук Льв
10. нормативный; 2 коммуникативный; 3 этический