У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

і Тауарлы шаруашылы~та ~німдер сату ~шін ~ана ~ндіріледі ал ~ндіруші мен т~тынушыны~ байланысы нары~ ар~ыл

Работа добавлена на сайт samzan.net:

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 29.12.2024

ТТТ

Тауарлы шаруашылық: пайда болу шарттары мен себептері, негізгі белгілері. Тауарлы шаруашылықта өнімдер сату үшін ғана өндіріледі, ал өндіруші мен тұтынушының байланысы нарық арқылы жүргізіледі.

Тауарлы өндірістің шығуының қажетті жағдайы бұл - қоғамдық еңбек бөлінісі, осы кезде нақты өнімді жасауға өндірушілердің мамандануы жүргізіледі.

Тауарлы шаруашылықтың пайда болуының қажетті шарты:

  •  нақты бір өнім шығарушыға өндірушілердің мамандануын білдіретін қоғамдық еңбек бөлінісі, яғни тауарлы шаруашылық - өндірілген өнім айырбасқа (сатуға) түседі.
  •  жеке меншіктің болуы;
  •  тауар өндірушілердің экономикалық оқшаулануы

Тауарлы өндірістің шығу себебі жеке меншік және шаруашылық қатынастары арқылы өндірушілердіңбір-бірінен оқшаулануы.Ал, жеке меншік алғашқы қауымдық қоғамның ыдырау кезеңінде бой көрсетті.

Тауарлы өндірістің даму сипаты айырбас пен рыноктың дамуына байланысты болады.

Тауарлы өндіріс натуралды шаруашылықтың даму арқасында дүниеге келді.Негізінен тауарлы өндірістің шығу себебі жеке меншік және шаруашылық қатынастары арқылы өндірушілердің бір-бірімен оқшаулануы. Тауар айырбасы қауымдар арасында кездейсоқ кездескен жерлерде пайда болып, кейін әдетке айналады. Тауарлы өндіріс жағдайларында адамдар арасындағы “таза” қатынастар еңбектерінің нәтелерін айырбастау түрінде көрінеді.Бұл ерекше бір қатынастар, әрбір жеке еңбекті қоғам тарапынан жанама жолмен жонудың түрі.Ол өнім өндіруге жұмсалған еңбекті айырбас өрісінде өлшеу тәсілі. Тауарлы өндірісі алдымен қоғамдық еңбек бөлінісін тереңдеу арқылы дүниеге келді. Жекелеген өнімдерді өндіруге мамандану өндірушілер арасында өнімдерін айырбастауды қажет етсе, өндірісті мамандыру еңбек өнімділігін арттыруға жағдай жасайды.

Сөйтіп, өнімді айырбастау натуралды шаруашылықтың орнына тауарлы өндірістің келуіне басты себепші және алғы шарт болды.

Тауар өндірісін құрайтын және қалыптастыратын экономикалық жағдайлар алуан түрлі.Негізгілері: қоғамдық еңбек бөлінісі және осы екі жағдайдың бірдей болуы. Мәселе, қоғамдық еңбек бөлінісінің орын алуы жеткіліксіз. Әр рынок үлгісіне тауарлы өндірісінің ерекше моделі сәйкес келеді:

1. Дамымаған рыноктың тауарлы өндірісі;

2. Еркін рыноктың тауарлы өндірісі;

3. Реттелетін рыноктың тауарлы өндірісі;

4. деформацияланғанрыноктың тауарлы өндірісі;

Тауар және оның қасиеттері. Тауарлы өндірістің маңызды категориясы бұл - тауар. Оның мәнін түсінуде әр түрлі бағыттар бар. Соның екеуін қарастырайық.

1. Маркстік теорияда тауар сату үшін арналған, адамға пайдалы, еңбек өнімі ретінде қарастырылады. Осы анықтамадан, яғни: 1)егер адамның қандай да бір қажеттігін не қанағаттандырса сол тауар болып саналады; 2)тауар болып, еңбек арқылы қабылданған саналады; мысалы тоғайдағы жеміс оны жинаушыға тауар емес, ал оны жинау үшін еңбек шығындалса, содан соң ол тауарға айналады; 3)не сатуға арналған, сол тауар болып саналады.

2. Австриялық экономикалық бағытта (оның көрнекті өкілі К.Менгер) тауар, айырбас үшін өндірілген, ерекше экономикалық игілік ретінде анықталады.

К.Менгер экономикалық игілікке, экономикалық қызметтің объектісі немесе нәтижесі болатынды жатқызады және оны қажеттікке қарағанда сандық жағынан шектелген мөлшерде алуға болады.

Осы екі анықтаманың арасындағы ортақтық бұның екеуінде де тауар еңбектің нәтижесі ретінде қарастырылады. Ал айырмашылығы екінші анықтамада игілікке қажеттілік пен осы игілікке қол жетерлік арасындағы ара қатысы, байланысы ескеріледі, ал біріншісінде бұл ескерілмейді.

Бағыттарының әр түрлілігіне қарамастан екі мектептің де мойындайтыны: екеуінде тауар еңбек арқылы иеленген табиғат байлықтары мен әр түрлі қызметтер саналады.

Табыстардың бөлінуіндегі теңсіздік. Лоренц қисығы. Табыстың қалыптасуының жалпы қағидалары бойынша: алынатын табыстар тең бөлінбейді, нәтижесінде кедейшілік және байлық пайда болуының экономикалық механизмі күшейеді.

Табыс теңсіздігін сандық бағалау үшін Лоренц қисығы және Джини коэффициенті пайдаланылады.

                                                                

  А            

                                                                                                   

             100                                                                                                    80                                                                                                     

                                   

               60                          III   

               40                                  II  I  

               20  

 

                 0                                            В                           

                      20    40   60     80   100       

 Табыс шоғырлануының қисығы   

                                      (Лоренцтің).

      Егер табыстар тепе-тең бөлінсе, онда әр отбасы тобы өзінің үлес салмағына сәйкес табыс алуы керек, ал табыстарды бөлу графигі ОА биссектрисасымен ұсынылады, табыстардың нақты бөлінуі І, ІІ, ІІІ қисықтарымен бейнеленеді. Нақты бөлу қисықтары ОА биссектрисасына неғұрлым жақын болса, соғұрлым шындығында табыстардың тепе-тең бөлінуі орын алады.     

Нақты бөлу қисықтар түрінің айырмашылығы онда І – салық алынғанға дейін, ІІ – салық алынғаннан кейін, ІІІ- трансферттік төлем есебімен табыстар есептелуіне байланысты болады.  График түрінде көрсетілген табыстың (байлық) салыстырмалы шамасы мен оны алушылар саны арасындағы кері тәуелділік шоғырлану қисығы   немесе Лоренц қисығы деп аталады.  Тепе-теңсіздік дәрежесі (немесе шоғырлану дәрежесі)  математикалық түрде Джинни индексі – ОАВ үшбұрышының ауданымен қатыстырылған, нақты бөлу қисығы үстіндегі фигура ауданымен бейнеленеді.  Берілген әдістеме әр түрлі уақыт аралығында, әр түрлі елдер және халық топтары арасында табыс бөлінуінің тепе-теңсіздік дәрежесін бағалау үшін пайдаланылады.

Мемлекеттің әлеуметтік шаралары табыстың теңсіз бөлінуін жеңілдетеді, экономикалық теорияда мемлекеттің әлеуметтік бағдарламаларын екі тұрғыдан қарастыруға болады:

1)Әлеуметтік тұрғыдан- қоғам әр мүшесіне кедейшілікке ұшыратпайтын табысты қамтамасыз етуі керек.

2)Нарықтық тұрғыдан- мемлекеттің міндеті табысты қамтамасыз ету емес, қоғам мүшелеріне  табысты табуға жағдайлар туғызу.

Аралас экономикада табысты қайта бөлудің әдістері:

1)тауарлар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алулары, ол кәсіпкерлерге тұрақты сату нарығын және пайда табуды кепіл етеді, жұмыссыздық мәселелрін шешеді;

2)мемлекеттік субсидиялар және несиелер;

3)табысты салық арқылы қайта бөлу -табысты жанама реттеу құралы;

4)әлеуметтік төлемдер және бағдарламалар- нарықөтық экономиканың циклді дамуымен негізделеді, сондықтан мемлекет әр түрлі трансферттерді төлейді.




1. Конспект лекций. Лекция 1.
2. Регуляція обміну речови
3. 01г ТСПИГИЛОВА группа4310 Случайный эргодический процесс-
4. Прикладная физика Семестр 3 Навчальна дисципліна ЭЛЕКТРИЧЕСТВО И МАГНЕТИЗМ
5. Тема 7 Правовий режим поточних рахунків клієнтів банків у національній валюті України
6. Выпишите и напишите определения основных понятий гипотезы А
7. 00 мин. Выберите правильный ответ и впишите его в таблицу в конце блока заданий максимум 15 баллов
8. Организация учета труда и заработной платы
9. 15 градусов по отношению к оси фюзеляжа для обеспечения левого виража.html
10.  03 000 ПЗ ЗМІСТ Вступ
11.  пол. Вполне закономерно что такой подход в корне меняет понимание этой проблемы и способствует появлению пр
12. налоговое и денежнокредитное регулирование экономики Налоги их виды и функции Мировая экономика Экон
13.  Обеспечение единства экономического пространства на территории Российской Федерации 2
14. Понятие иска.html
15. Workndstudy Опубликованные объявления являются безличными и носят сугубо информативный характер
16. сильной личности Последнее время раздаются требования возвести памятник Г
17. на тему- Философия и религия Выполнила студентка 2 курса Бакыт Гулбану План
18. ОБЩИЕ ПРЕДСТАВЛЕНИЯ О НЕНАСЫЩЕННЫХ ПОЛИЭФИРАХ Ненасыщенными полиэфирами называют гетеро или же кар
19. либо другой дисциплине кинологического спорта имеет смысл научить свою собаку двигаться назад
20. Тема- КонкуренцияХарактеристикой рынка совершенной конкуренции является