У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

і Т~лем балансындарында тауарлар ~ызметтер капиталдар ж~не ж~мыс к~шіні~ халы~аралы~ ~оз~алысы мен же

Работа добавлена на сайт samzan.net:

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 29.12.2024

55. Төлем балансының құрастыру қағидаларын ашып көрсетіңіз.Екі рет жазу жүйесіне анықтама беріңіз.

Төлем балансы дегеніміз белгілі бір уақыт мерзімінде бір елдің резиденттерінің  резиденттер еместермен барлық халықаралық келсімдер тұралы статистикалық есептеме. Төлем балансы белгілі бір уақыт ішінде Қазақстан Республикасы резиденттерінің  басқа  әлеммен сыртқы экономикалық операциялары туралы деректер жүйелі түрде берілетін статистикалық есепті білдіреді.

 Төлем балансындарында тауарлар, қызметтер, капиталдар және жұмыс күшінің халықаралық қозғалысы мен жеке елдердің дамуының макроэкономикалық параметрлерінің өзара байланысы білінеді.Сыртқы сауданың дамуын, өндірістің, жұмысбастылықтың және тұтынудың деңгейін сипаттайды.  Төлем балансының мәліметтері шетелдік инвестициялардың көлемдері мен түрлерің, елдің сыртқы борышың өтеу, халықаралық қорларының өзгеруін көрсетеді. Төлем балансының қалыпы тап осы кездегі ұлттық және шетелдік валютаға сұраныс пен ұсынысты анықтайды, валюта бағамының қалыптасу факторы болып табылады. Төлем балансы ұлттық шоттар жүйесі үшін мәліметтер көзі болып табылады.                   Төлем балансын құрудің негізгі принциптері

 резидент пен резидент еместер арасындағы операцияларды есепке алу;

 операцияларды екі жақты жазу жұйесімен есепке алу;

 қорлар көлемін емес, ағымдарды ғана;

 әр түрлі валюталарда көрсетілген операциялар мен төлем сомаларының құндық көлемін біркелкі есептік көрсеткішке келтіру;

 операцияларды түрлері мен экономикалық секторлар бойынша тіркеу.

 Төлем балансын құрудің негізгі принципі –халықаралық мәмілелерді екі жақты жазу әдісі. Халықаралық мәмілелер – бір ел резидентінен басқа ел резидентіне активтерге құқық меншігінің өтуі немесе экономикалық қызмет көрсетудің, тауарға құқықтық меншігінін өзгерісін көрсететін кез келген құндық айырбас.  Әр бір тіркелген мәмілеге қандай болсада түрде төлем сәйкес болады, ал төлемдер мен кірістердің балансы үйлесуі тиісті.

 Екі жақты бухгалтерлік жазу жұйесі – әр бір операцияны (мәмілені) маңызы бірдей екі жазба арқылы көрсетіледі.Олардың біреуі оң белгісі бар кредит (+), ал екіншісі – теріс белгісі бар дебет (-) түрінде тіркелінеді (жазылады).Барлық кредиттік жазбалардың жиынтығы барлық дебеттік жазбалар жиынтығына тең болуы, ал таза баланс нольге тең болуы тиіс.  

   Кредит – бұл құндылықтардың кетуі, осы елге оның орнын толтыратын құндылықардың келуі немесе төлемдердің түсуі.

    Кредит бағаны – тауарлардың экспорты, алынатын табыстар, пассивтердің өсуі немесе активтердің азаюі (шетелдік валюта қорларын жасау).

   Дебет – құндылықтардың келуі және ол үшін ел резиденттері төлемдерді жүзеге асыруы тиіс.

  Дебет бағаны – тауарлардың импорты, төленетің табыстар, пассивтердің азаюі немесе активтердің.

Екі жақты бухгалтерлік жазу жұйесі бойынша кредит және дебет баптарының сальдосының көлемдерінің арасында айырмашылықтың болмауы тиісті.Бірақ тәжірибеде мұндай жағдайға жету мүмкін емес: барлық мәмілерді толығымен қамту күрделігінен, бағалардың бір текті болмағандықтан, мәмілелерді тіркелу уақытының айырмашылығынан және т.б. әртүрлі  бұрмалаулар пайда болады.Сондықтан төлем балансында «Таза қателер мен қалып қойғандар» деп аталатын арнайы бап бар.


56. Төлем балансының операцияларының классификациясын беріңіз. Төлем балансының негізгі бөлімдерін атаңыз, есептерiнiң өзара байланыстарын көрсетіңіз.

Халықаралық валюта қорының анықтамасы бойынша, төлем балансы дегеніміз – белгілі бір уақыт мерзімінде бір елдің әлемнің басқа елдерімен арасында болған сыртқы экономикалық операциялар бойынша жүйеленген жалпы мәліметтері көрсетілген статистикалық тізімдемесі.

Төлем балансының екі негізгі бөлімдері: - ағымдағы операциялар есебі; - капиталмен жасалынатын операциялар есебі қаржы операциялары мен қосалқы активтер.

1. Ағымдағы операциялар есебі – тауарлар, қызмет көрсетулер, табыстар мен ағымдағы трансферттермен жасалынатын нақты операцияларды қамтиды.

Ағымдағы операциялар есебінің оң сальдосы – тауарлар мен қызмет көрсетулердің экспортын, табыстардың және трансферттердің келуін білдіреді.

Ал теріс сальдо – тауарлар мен қызмет көрсетудің импортын, табыстар мен трансферттердің төленуін білдіреді.

Баптар:Тауарлар. Бұл бап тауарлар саудасын қамтып, оның ішіне қайта өңделген, одан кейінгі қайта импорт – қайта экспортқа арналған тауарлар, кемелер сияқты қозғалмалы капиталды жөндеу, порттарда транспор құралдарымен сатып алған тауарлар, беймонетарлық алтын кіреді.

Табыс - өндіріс факторы болып табылады, еңбек пен капиталды пайдаланудан түскен табыс қызметкерлерге жәрдемақы, тікелей және портфельді басқа да инвестициялардан алынған табыс пен қорлардан құралады.

 Ағымдағы трансферттер. Бұл бапқа техникалық немесе гуманитарлық көмек сияқты экономикалық құндылықтары қайтарылмайтын гранттардың берілуіне және алынуына байланысты нақты және қаржы ресурстарымен жасалатын операциялар кіреді.

2. Капиталдармен операциялар және қаржы операциялар есебі:

- капиталды;  - қаржылық есеп.

Капиталды – капиталды трансфері, өндірістік емес активтер операциялар енеді.Қаржылық есеп – халықаралық инвестициялық жағдайды өзгертетін барлық операциялардан тұрады.

Қаржы есебі:

- тікелей инвестициялар; - портфельді инвестициялар; - Басқадай инвестициялар; - Резерфтік инвестициялар.

Тікелей инвестициялар – негізінен капитал ағымдарының бағытталуымен топтастырылады: резиденттердің шетелге инвестициялары мен резидент еместердің ішкі экономикаға инвестициялары.

Портфельді инвестицияларға ұзақ мерзімді қарыз міндеттемелері мен акциялар, туынды қаржы құралдарымен байланысты операциялар енеді.

Басқадай инвестицияларға сауда несиелері, мемлекеттік және жеке қарыздар, валюта мен депозиттер, басқадай активтер мен міндеттемелер, тауар мен қызмет көрсету шарттары бойынша дебиторлық және кредиторлық қарыздар да кіреді.

Резервтік активтер – мемлекеттің сыртқы операцияларын талдаудағы төлем балансының маңызды бөлігі болып табылады.

Төлем балансының ағымды шоттар балансы және капитал қозғалысы балансының бойынша теңгерімсіздігі ресми валюталық резервтердің өзгеруімен реттелінеді.Резервтік активтерге елдің Орталық банктің бақылауында тұрған жəне кез келген уақытта төлем балансы тапшылығын тікелей қаржыландыру үшін пайдаланылуы мүмкін сыртқы активтері кіреді.Резервтік активтер сол сияқты ұлттық валюта бағамына ықпал ететін валюта нарықтарындағы операциялар арқылы осы тапшылық мөлшеріне жанама ықпал ету мақсатында да пайдаланылуы мүмкін. Төлем балансы шеңберінде көрсетілетін резервтік активтердің өзгерісі төлем балансында «сызықтың астында» көрсетіледі.ХВҚ-ның қазіргі тұжырымдамасы бойынша ағымды операциялар мен капиталдар баптары балансының сальдосы қортынды баланс ретінде («сызықтың үстінде») қарастырылады.Осыдан төлем балансының (ағымды шоттар балансы және капитал қозғалысы балансының бойынша) теңгерімсіздігі ресми валюталық резервтердің өзгеруімен реттелінеді (теңестіріледі).

57. Валюта түсінігіне анықтама беріңіз,түрлерін атаныз.Резервтік валютаның анықтамасын беріңіз.Халықаралық  экономикада  валюталық  қатынастардың  орны  мен  рөлін  ашып көрсетіңіз

Валюта кең мағынада халықаралық аренада айырбас құралының ақша функциясын орындай алатын кез келген тауар, тар мағынада қағаз банкнот немесе монета түрінде қолдан қолға айналыста жүретін ақша массасының қолма қол бөлігі.Түрлері:

ұлттық валюта- осы елде шығаратын ел аумағындағы заңды төлем құралы.

Шетел валютасы- осы ел аумағында заңды не заңсыз қолданылатын басқа елдің төлем құралы.

Одан басқа резервтік және еркін қолданылатын,тұрақты валюта болып бөлінеді.

Резервтік валюта- төлем балансының теріс сальдосын жабу үшін қолданылатын мемлекеттің өзінің халықаралық икемді резервті активтері.

Еркін қолданылатын валюта- халықаралық келісім шарттарды жүзеге асырғанда төлем ретінде қолданатын, валюта нарығында активті түрде сатылатын және сатып алынатын валюта.

Тұрақты валюта- тұрақты валюта курсымен сипатталатын макроэкономикалық заңдылықтар бойынша қозғалатын валюта.

Валюта нарығы дегеніміз шетелдік валютаны және шетелдік валютадағы төлем құжаттарын сату – сатып  алу жөніндегі әлеуметтік – экономикалық және ұйымдық қатынастар жүйесі.

Валюта рыноктары шет ел валютасымен (сатып алу, сату, айырбастау) және шетел валюталарындағы төлем құжаттарымен (чектер, вексельдер, телеграф және пошта аударылымдары, аккредитивтер) жасалатын операциялардың жүзеге асырылуына байланысты экономикалық қарым-қатынастардың айрықша саласы. Түрлі елдер банктерінің арасындағы корреспонденттік байланыстар арқылы құрылатын валюта рыноктары солардың көмегімен сыртқы саудаға, инвестицияларға, туризмге, басқа да қатынастарға байланысты халықаралық ақша есеп айырысуы жүргізілетін тұтқа болып табылады.

Валюта нарығы халықаралық сауданы, халықаралық капитал қозғалысына қызмет етуден тұрады. Негізігі сыртқы экономикалық қызметі бір валютаны екінші валютаға алмастыру болып табылады. Көптеген елдердің көптеген валюталарынан тұратын қазіргі қаржы әлемі осылай құралған.Олар халықаралық нарықтық бағаның салыстырмалы объектісі болып табылады. Мұндай бағалауда төлем құралы  және халықаралық масштабта құн мөлшері рөлін атқару ерекшеліктері ескеріледі. Валюталық нарықта валюталарға деген сұраныс және ұсыныс, сондай-ақ олардың бағамдық шекті қатынастары қалыптасады. Нарықтық реттеу құн заңына бағынады. Мұндай зандардың валюталық нарықтағы бәсекелестік жағдайында жұмыс жасауы, валюталар айырбасының қатысты баламалылығын, тауарлар, көрсетілетін қызметтер, капиталдар, несиелер қозғалысына байланысты әлемдік шаруашылықтың қажетгілігіне валюталардың халықаралық ағымының сәйкес келуін қамтамасыз етеді.


58. Валюта  бағамы  ұғымына  анықтама  беріңіз,  түрлерін  атаңыз,  олардың  арасындағы айырмашылықты көрсетіңіз. Валюта бағамына әсер ететiн факторларды атаңыз

Валюта бағамы әр түрлі елдер ақша бірліктерінің арақатынасы. Бұл арақатынас олардың сатып алу қабілеті арқылы анықталады. Сырт қарағанда ақша айырбасына қатысушыларға валюта бағамы бір елдің ақша бірлігінің екінші елдің ақша бірлігіне шаққандағы «бағасы» іспеттес көрінеді.акциялардыңоблигациялардың, басқа да бағалы қағаздардыд сатып алу жэне сату құны. Қағаз ақшаның бағамы оның алтын валюта н\е басқа елдер валютасы б-ша сипатын көрсетеді. Валюта айырбасы ұғымы мұндай еркiн аударынғыштық оның мiнездемесiмен байланған. Валютаның еркiн алмастырылатынының дәрежесiмен валюталық операциялардың мемлекеттiк реттеуiн тетiкпен анықталады. Егер резиденттерге және резидент еместерге бұл валютаның елiнде валюталық мәмiлелердiң жүзеге асыруына шектеу қандай болмасын қолданбаса валютаны еркiн айналысқа түсетiн деп атайды. Жартылай еркiн аударылатын айырбастау операцияларының кейбiр түрлерiне шектеу және регламенттеулер жұмыс iстеген немесе бұл операциялардың кейбiр қатысушылары үшiн елдердiң валютасы болып есептеледi.Еркiн аударынғыштық сайып келгенде - бұл валютаның қабiлеттiлiгi басқа валюталарға еркiн ауысып кетсiн және валюталық нарықтарда ұлттық валютаға керi.

Валюта бағамын ретеу алдында бағамға әсер ететін факторларға тоқтайық. Бұл саладағы зерттеу валюта бағамына әсер ететін негізгі 3 фактордың барлығын көрсетті: экономикалық, саяси, психологиялық. Экономикалық факторларды өз алдына бағам құрушы ж\е реттеуші деп бөлуге болады. Негізгі бағам құрушы факторлар: ЖҰӨ, төлем балансы, инфляция, ақша ұсынысы, пайыздық мөлшерлеме. Реттеуші факторларға валюталық, несиелік, эмиссиялық саясатты, салықтарды, квоталарды, төлемдерді, лицензияларды, баға саясатын, заңгершілікті, валюталық–қаржылық құрылымның тұрақтылығын жатқызамыз.

Саяси факторлардың ішінен басқарушы органдардың тұрақсыздығын, елдің ақша жүйесіне өзгертулер енгізетін саяси шешімдерді, мемлекеттің ұзақ мерзімді бағдарламаларын, экономикалық және саяси құрылымдардың арасындағы байланысты ерекше көрсетеміз.

Экономикалық, не саяси өзгерістер барысында туатын валюталық нарыққа қатысушылардың психологиялық күтімдерінің өзгерістері де валюта бағамының динамикасының күрт жылжуына алып келеді.

Валюта бағамының динамикасына ішкі факторлармен қатар сыртқы факторлар да әсер етеді. Жаһандану кезеңінде әлемдік тауар, қаржы нарықтарындағы бағаның ауытқуы, шетел елдерінің сыртқы сауда саясаты, халықаралық сауда және қаржылық ұйымдардың қызметтері, жаңа технологиялардың пайда болуы да әсер етеді.


59.  Қарыз  мiндеттемелердiң  халықаралық  нарықтарына  анықтама  беріңіз.  Әлемдік  несие нарығының құрылымын ашып көрсетіңіз

Қарыз капиталы несиелерді хал/қ қозғалысы мемлекетаралық несиелер мен банк депозиттерімен  байл.Осы рынок біртүтас рынок ретінде қызмет етпейді.Ол әлемдік қаржы институттарын ғана емес,сыртқы эк/қ операцияларды жүзеге асырушы компаниялар пайдаланатын ұлттық несие рыноктарын да қамтиды.Қарыз капиталы әлемдік рыногы елдер арасындағы қарыз капиталы/ң қорлануы мен қайта бөлуіне қатысты жүйені құрап ж/е әрекет етуші капитал айналымына қызмет етеді.Егер бір жерлерде қарж/ың бір бөлігі босаса,екіншінде оған деген сұраныс туындауы мүмкін.Хал/қ қарыз капитал рыногың қарыз алушы мен қарыз беруші арасындағы делдалдық қызметті атқаратын,маманданған қатысушылар негізінде,өзіндік ерекше басқару құрылымы бар.Олар/ң қатарына қаржы компаниялар,қор биржалары,ірі трансұлттық банктер мен басқадай қаржы-несие ұйымдар кіреді.Осы қаржы ұйымдары,ресми институттар,жеке меншік корпарациялар,зейнет қорлар,банктер,сақтандыру компаниялары әлемдік рынокқа келетін капиталдар/ң зор көлемін шоғырландырады.Әлемдік капитал рыногында негізгі қарыз алушыларға мемк органдар,ТҰҚ,хал/қ же аймақтық ұйымдар кіреді.Әлем/ң ең маңызды қаржы орталығы АҚШ-тың сыйымды капитал рыногы бар Нью-йорктық қор биржасы әлемдегі ең ірі қор биржасы б.т.Қазіргі хал/қ қарыз капитал рыногың орталық тізбегі 60 жж.құрылған еуропалық рынок болды.Оның пайда болуы ұлттық үкіметтер бақылауындағы қаржы операциялар/ң ақырын дамуынан басталды ж/е ол дүниежүзілік шаруашылық өсу қажеттіктеріне жауап бере алды.Жалпы,хал/қ қарыз капиталың рыногы қарқынды дамып келе жатқан рынок б.т.Бұл қазіргі жағдайларда сыртқы қаржыландыру көздерінің маңызы артуын көрсетеді.Компанияның ұлғаюы хал/қ банк қаражатынсыз мүмкін емес.Тек 1998жылдан 1993ж.аралығында оның көлемі екі есе өсті.Қарыз алу құрылымындағы үлес салмағы/ң басым бөлігі облигациялық,синдикаттық мен евровексельдер арасында бөліп,қарыз алушыларға қатысты позицияларын күшейтуге мүмкіндік береді.Қарыз капиталының негізгі көзі ретінде,жеке меншік капиталы/ң мөлшері елеулі болғ/мен,көбінесе мем/к қаржыла пайдаланылады.Евро-несие рыногындағы негізгі қарыз алушыларға ТҰҚ,үкіметтер,хал/қ қаржы ұйымдары,мем/р,жекелеген мем/к органдар,валюта-несие ұйымдары әрекет етеді.Сонымен,шетелден капиталды тартуда қарыз алу ең жеңіл түрі б.т.өйткені оның басты талабы несиені уақтылы қайтару.Осы жол арқылы ел қазіргі тұтынуын жоғарылатып,ағымдағы қаржы мәселерін шешуге мүмкіндік алады.Бірақ одан кейін елдерге негізгі сома мен пайыздарын төлеуі қажет,ал ол болашықта ел тұтынуын қысқарту қажет екендігін көрсетеді.Осы тұрғыдан қарастырғанда,тікелей шетел инвестицияларының артықшылығы бар.        


60. Бағалы  қағаздардың  халықаралық  нарығына  анықтама  беріңіз  және  оның  құрылымын ашып көрсетіңіз

Жалпы айтқанда бағалы қағаздар нарығы деп бағалы қағаздар шығарып, қатысушылары арасында айналымға жіберетін экономикалық қатынастар жиынтығын айтуға болады. Бағалы қағаздар номенклатурасы әлде бір жеке тауар нарығына сәйкес емес, толығымен жалпы тауар нарығын қамтиды.Одан ары, егер тауарлар заводтар мен фабрикаларда шығарылған болса, бағалы қағаздар  айналымға кетеді. Тауар өз тұтынушысына жетуі үшін тауар қозғалысының өз жолы ұйымдастырылуы керек, ал бағалы қағаздар  үшін өз жолы қажет. Тауар бір не бірнеше рет сатылуы мүмкін, ал бағалы қағаздар шектеусіз көп сатыла береді. Бағалы қағаздар нарығы — әр мемлекет нарығының құрамдас бөлігі. Бағалы қағаздар нарығының негізі болып тауар нарығы, ақша және ақша капиталы табылады. Тауар нарығы, ақшаға өндірістік байланыста көмекші болады.

Бағалы қағаздар нарығының классификациясы бағалы қағаздар классификациясымен көптеген ұқсастықтар біріктіреді. Айырмашылықтары:

1)    Бағалы құжаттардың халықаралық және ұлттық нарығы

2)    Ұлттық және аумақтық (территроиалды) нарығы

3)    Бағалы қағаздардың жеке нақты түрлері нарығы (акциялар, облигациялар және тағы басқа)

4)    Мемлекеттік (мемлекеттік емес) және корпоративтік бағалы қағаздар нарығы

5)    Алғашқы және өндірістік бағалы қағаздар нарығы

Бағалы қағаздардың осы не басқа классификациясының мағынасы оның тәжірибелік маңыздылығымен анықталады




1. 7 Вейделевская средняя общеобразовательная школа Вейделевского района Белгородской области
2. Вместе с ней набирает силу и конкуренция как основной механизм регулирования хозяйственного процесса
3. Запаси дає визначення запасів
4. реферат дисертації на здобуття наукового ступеня кандидата технічних наук Львів 2003
5. Сумерки. Сага. Новолуние Для работы я взяла два фона леса Вы можете скачать их здесь и здесь и фото K
6. те черты которые не желаетевидеть у ребенка
7. наименее заметных форм ~ cельскохозяйственных производственных кооперативах.
8. Проблеми та песпективи підвищення рівня економічного розвитку України та ступеня її участі в міжнародних відносинах
9. Лабораторна робота 3 Вибірки з неперервно розподіленими ознаками та їх характеристики Для заданої
10. Правильная упаковка предохраняет товары от механических повреждений загрязнения и других воздействий окр
11. Оценка эффективности инновационного проекта.html
12. не дожив до реализации или повредиться таким образом утратив часть своей стоимости
13. Простагландины
14. Журналу контролю стерилізації консервів К8 К11 К6 К1 Що записується в журналі форми К13 Регістрац
15.  Некоторые проблемы криминологических исследований Криминология это самостоятельная междисциплинарна
16. 09 апреля 2013 г. ТРЕБОВАНИЯ К ЗЕМЕЛЬНОМУ УЧАСТКУ-ПРОЕКТУ
17. 12 с источником питания водородная трубка высоковольтный индуктор спектроскоп выпрямитель на 12 В
18. Таймфреймы
19. Лекция посвящена основам первой медицинской помощи В этой лекции мы рассмотрим основные понятия связанные
20. Wht do you think this person would like nd dislike bout living in your town or city Why Use specific resons nd detils to develop your essy