Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

і Араласу ~рдісінде ~ызметті~ т~рлерімен ж~не н~тижелерімен идеяларымен сезімдерімен ~станымдарымен ж~н

Работа добавлена на сайт samzan.net:


14. Коммуникацияның сөйлеу құрлысы.

Коммуникация сөзі латынның соmmunico – ортақ етемін, байланыстырамын, араласамын сөзінен шыққан. Адамдар қоғамында коммуникация (орыс тілінен басқаларындағыдай) араласуды, ой, білім, сезім, мінез – құлық әдебімен және басқаларымен бөлісуді білдіреді . Араласу бірге өмір сүру қажеттілігі тудырған субъектілердің араласып, құраласуы ретінде көрінеді. Араласу үрдісінде қызметтің түрлерімен және нәтижелерімен, идеяларымен, сезімдерімен, ұстанымдарымен және сол сияқтылармен алмасу жүреді. Араласудың өзі социумды ұйымдастырып, адамның өз мінез-құлқын басқалардың іс-әрекетімен, мінезімен үйлестіріп, өмір сүріп, дамуына мүмкіндік береді. Алайда «коммуникация» мен «араласу» барабар ұғым емес, олардың ортақ, сонымен қоса айырықша нышандары бар. Ақпарат алмасу мен беру үрдістеріне қатыстылығы мен ақпарат беру құралы ретінде тілмен байланыс олар үшін ортақ болып табылады. Айрықша нышандары сол ұғымдардың түрлі көлемдері мен  мазмұнында. Араласу – серіктестердің өзіне және бірлескен қызметіне қатынасының әрқилы түрлері қалыптасып дамиды. Рәміздердің (белгілердің), соның ішінде тілдік белгілердің жалпы жүйесінің араласуы арқылы индивидтер арасында белгілермен (ақпарат) алмасу дәстүрлі түрде коммуникация деп аталады. Коммуникация - өзара түсіністікті мақсат етіп қойған және түрлі құралдардың көмегі арқылы берілетін түрлі сипаттағы және мазмұндағы ақпарат алмасудың әлеуметтік шартты үрдісі.Коммуникация – ой алмасу, „кейбір ой - мазмұнды тілдің көмегімен хабарлау немесе беру”.

Коммуникация туралы қысқа мағынада түсiндiрсек, ол адамдардың бiрiккен iс-әрекет барысында өзара қызығушылықтарымен, ойлары, көңiлкүйi, сезiмдерiмен алмасу фактi ретiнде түсiндiрiледi. Мұның барлығын ақпарат ретiнде қарап, коммуникация процесiн ақпарат алмасу процесi ретiнде түсiнуiмiз мүмкiн.
Коммуникация мәнін түсінуде келесі сөздер кілттік болып табылады: байланыс, контакт, өзара әрекет, алмасу, біріктіру амалы. Әлеметтік- психологиялық феномен ретінде коммуникация нақтырақ сөзбен белгілеу үшін контакт, яғни жанасу сөзін алуға болады. Адамдар арасындағы контакт тіл мен сөйлеу арқылы жүзеге асады. Сөйлеу коммуникациясының негізгі тәсілі болып табылады. Ол адам санасын белгілік жүйелер арқылы обьективтеу ретінде қарастырылуы мүмкін.
Қандайда б
iр ақпараттар арнайы белгiлер арқылы бере аламыз, нақтырақ айтқанда белгiлер жүйесi арқылы. Коммуникативтiк процесте қолданылатын бiрнеше белгiлер жүйесi бар, соған сәйкес қылып коммуникативтiк процестiң классификциясын құруға болады. 
Сөйлеу пайда болушы сананың көріну формаларының бірі ретінде пайда болады және адамның жоғары психикалық қызметтерінің бірі ретінде филогенетикалық және онтогенетикалық деңгейлерде дамудың күрделі кезеңдерінен өтті. Сөйлеу манерасы адамның дүниетану жөніндегі түсінігін, оның мәдениетін анықтайды. Сөйлеу сапасы мазмұн, қатынас және әсер үндестігіне тәуелді. Мазмұны ақпаратпен байланысты, қатынасы – адам өзі сөйлеуге енгізетін эмоционалды контекстке құрамымен байланысты; әсер сөйлеудің басқаларға ықпалымен анықталады. Мысалы, біз сөйлеушінің сөйлеуінің әлеуметтік-психологиялық сапасын бағалауымыз керек. Бұл жағдайда оның ақпараты қаншалықты мазмұнды екенін, ол сөйлеушінің өзіне қызықты ма және оның хабарламасы басқа адамдарға әсер ете ме, соны анықтау керек.
 
Сөйлеу тіл арқылы жүзеге асады. Тіл – ақпаратты қандай да бір түрде кодпен хабарлайтын белгілік жүйе. Қазіргі қоғамда белгілік жүйелер өте көп, бірақ компьютерлік байланыстың дамуымен олардың кейбір интеграциясы тенденциясы толық анық.
Сөйлеудің маңызды факторы болып

Коммуникацияның негізгі құрылымдары:

  1.  Межличностная тұлғааралық
  2.  Внутригрупповая ішкі топтық
  3.  Массовая бұқаралық
  4.  Межкультурная мәдениаралық

Тұлғараалық дегеніміз екі немесе одан да көп тұлғалар арасында болатын қарым қатынас.Ком. бұл түрі адамдардың әлеуметтенуінде үлкен рөл атқарады.

Ішкі топтық бұл min.10-15 адам топта.Ондай топтарға отбасы, кәсіби ұжым, достар тобын жатқызуға болады.

Бұқаралық комм.пайда болуына техникалық құрылғылар: радио,телевизия,телефон, компьютерлі желілер себеп болды. Бұқаралық комм.өз кезегінде үш қызмет атқарады: ақпараттық, реттегіш,мәдениеттанушылық. Бұқаралық коммуникация–ақпарды (хабарды), білімдерді, рухани байлықтарды, моральдық және құқықтық (праволық) нормаларды және тағыда сол сияқты техникалық құралдардың (баспасөздің, радионың, киноматографияның, теледидардың) көмегімен саны көп, бытыраңқы аудиторияға тарату үрдісіКапиталистік қоғамда бұқаралық коммуникацияның негізгі міндеті адамдарды сол қоғамда орныққан әлеуметтік қатынастарға сай тәрбиелеу.

20. Тіл мен мәдениет арқылы пайда болған әлем көрінісі тілдік және тұжырымдамалық.

Қазіргі кезде тіл мен мәдениеттің өзара қарым-қатынасының мәңгілік проблемасы болып табылатын "қайта өрлеу" туралы жиі айтылып жүр, бұл жаңа — лигво-мәдени —парадигманың пайда болуына алып келді.

Мәдениет адамзаттың барлық қолмен жасаған игіліктерінің жиынтығы ретінде қоршаған ортадағы өзгерістердің, бейімделудің, көндігудің процесі мен нәтижесі болып табылады. Халықтың "бет-бейнесін" табиғаттың өзі айқындайды, ол оның аясында өсіп-жетіледі және өзінің тарихын жасайды [Гачев 1988]. Әртүрлі халықтардың мәдениеттері өзін қоршаған дүнеге бейімделіп, оған көндігу тәсілдерімен ерекшеленеді. Осыған орай Л.H.

Гумилевта мынадай тұжырым бар: "этностар... белсенді шаруашылық қызметінің арқасында қоршаған табиғи ортамен әркез байланыста болады. Ондай әрекет екі бағытта көрінеді: өзін табиғи ортаға және табиғи ортаны өзіне бейімдеу" [Гумилев 1989, 58-б]. Бұл "мәдениеттен тысқары кеңістік" ретінде мәдениет пен табиғат әлемінің бір-біріне қарсы тұруы негізінен көрінеді [Лотман 1992, 44-б].

Мәдениет пен тіл — этникалық дифференциацияның негізгі белгілерінің бірі.

Мәдениеттердің сипаттамасы үшін он негізгі категория бар: 1) өзін-өзі сезінуі (Self) және кеңістік (әр мәдениет өзін бірегеймін деп есептейді); 2) қатынас және тіл; 3) киім мен сырт келбет; 4) ас ішуге байланысты тағам өнімдері мен дәстүр; 5) уақыт және уақытты түйсіну; 6) адамдар арасындағы қарым-қатынас; 7) өмірлік құндылықтар мен нормалар; 8)наным; 9) діл үрдісі мен таным тәсілдері; 10) жұмыспен байланысты дәстүр мен тәжірибе

Тілді ата-бабамыздан мұра болып қалған мәдениетгің өнімі, мәдениеттің бөлігі, мәдениеттің шарты ретінде (сол арқылы біз мәдениетті меңгереміз) қарастырамыз. Тіл —мәдениеттің құрамдас бөлігі жөне оның құралы, біздің рухымыздың шынайы көрінісі, мәдениеттің бет-бейнесі; ол ұлттық ділдің өзіне тән ерекшеліктерін сол табиғи қалпында көрсетеді [Гудков 2003, 16-б; Маслова 1997, 33-40-б

Тіл мен мәдениетке ортақ нәрселер көп: тіл мен мәдениет адамның дүниетанымын, ой-санасының деңгейін білдіреді; тіл мен мәдениет өзара диалог құрады; тіл мен мәдениеттің субъектісі — әрқашанда индивид немесе социум, жеке тұлға немесе қоғам; тіл мен мәдениетке нормативтілік тән; тіл мен мәдениеттің маңызды қасиеттерінің бірі — тарих; тіл мен мәдениетке бір-біріне қарама-қайшы құбылыс болып табылатын "қозғалыс — тапжылмау" тән [қараңыз: Телия 1996, 225-226-б]. Осы екі басты ерекшелікке ортақ нәрсе олардың жаратылысына (адамға тән), функциялары мен пайда болу шарттарына сәйкес туындайды

Тіл мәдениет аясында жетіліп, дами түседі әрі оны бейнелеп береді. Тіл халықтың өзіндік ерекшелігін, ұлттық көрінісін, ұлттық мәдениетін білдіреді. "Әлем тілдерін білуді, — деп атап көрсетеді В. фон Гумбольдт, — адамзаттың ойлау қабілеті мен сезімдерінің бүкіл әлемдік тарихы деп бағалауға болады. Ол бүкіл елдер адамдарын, мәдени даму дәрежесін түгелдей сипаттап беруге тиіс; адамға қатыстының бәрін қамтуы қажет" [Гумбольдт 1984,

24. Тіл мен мәдениеттің қарым қатынасы және әрекеттестігі.

Мәдениетаралық  коммуникация екі құрамдастастан – тіл мен мәдениеттен тұрады. Мәдениетаралық  коммуникация терминін нақтыламас бұрын тіл мен мәдениеттің арақатынасын қарастырғанымыз жөн.

Қазіргі коммуникативтік кеңістік күрделі жүйеден тұрады, онда негізгі орындардың бірі коммуникацияның әр түрлеріне тиесілі. Себебі  адам өзін әр түрлі жағдайларда түрліше ұстайды, сөйтіп әрбір жеке жағдайда басқа адамдармен ерекше қатынас орнатады. Сонымен қатар коммуникацияның сипаты мен ерекшеліктері ақпарат беру құралдарымен, тәсілдерімен, коммуникация субъектілерімен, мақсаттарымен және басқа көптеген себептермен анықталады. Коммуникацияның төмендегі түрлерін атап көрсетуге болады: этника аралық, іскерлік, әлеуметтік, халықаралық, тұлғааралық, бұқаралық,  мәдениетаралық және басқалары. Аталған түрлердің ішінен бұл еңбекте  мәдениетаралық коммуникация қарастырылады.

Мәдениет деген ұғымның түп тамыры адамның мінез-құлқы мен адам мен қоршаған ортаның (әлеуметтік, геогафиялық, мәдени, өндірістік және т.б.) арасындағы өзара байланысты  зерттейтін социология, психология, антропология сияқты  ғылымдармен ұштасады. Шын мәнінде адамдардың  мәдениеті немесе мәдени ортасы салтанат құрушы физикалық және биологиялық ортаға бейімдеу тәсілін көрсетеді. Жан сақтау мен даму үшін қажетті әдет – ғұрыптар, салт – дәстүрлер, көпшілікке ортақ мінез – құлық әдебі әр халықта ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады. Уақыт өте адамдар өздері меңгерген данышпандық қасиеттерге төселіп алады да, кейінгі ұрпақ оны өз - өзінен түсінікті “өмір шындығы, даусыз ақиқат” ретінде қабылдайды. Бұл - әр кісінің немесе әлеуметтік топтың өмірде өткеретін адами болмысының тұрпаты, әлеуметтік тәжірибесі. Басқаша айтқанда, мәдениет әмбебап және белгілі бір ұлт үшін бағдарламаның айырықша үрдісі ретінде қарастырылады. Осы бағдарлама жүйесі тиісті мәдениет мүшесінің сезіміне, ойы мен іс - әрекетіне ықпалын тигізеді. Жалпы ғылыми түсінікте мәдениет: “cultiо” “cultе” терминдері латын тілінде бастапқыда жер учаскесін ауыл шаруашылығы мақсатында өңдеуді білдірген. Этимологиялық жағынан латынша алғашқы мәні “топырақты өңдеу”, “жерді өңдеу” болып, кейінірек “құрметтеу”, “бас ию” мағыналарымен толыққан “cоlеre” етістігі барынша көне болып есептеледі. Алайда көне рим өркениеті шеңберінің өзінде “культура” терминінің мазмұндық мәні кеңейіп, жаңа мағыналармен толыққан. Алғаш рет әдебиетте “культура” сөзі теориялық термин ретінде атақты римдік шешен Марк Тулий Цицеронның “Тускуланские беседы” (біздің дәуірімізге дейінгі 45 жылы) еңбегінде кездесіп, агротехникалық термин емес, ауыспалы мағынада – адамның ақылы мен жан дүниесін өңдеу ретінде қолданылады        

Тіл – индивидтер арасында қатынас құралы ретінде қызмет етуге жарамды белгілердің түрлі жүйесі

Тіл – белгілі бір адамдар ұжымының мүшелерінің негізгі және аса маңызды қатынас құралы болып табылатын төл семиологиялық жүйелерінің бірі, ол үшін бұл жүйе сондай-ақ ойды дамыту мәдени – тарихи дәстүрлерді ұрпақтан – ұрпаққа жеткізудің құралы т.с.с Тіл – коммуникация мақсатында қызмет ететін және адамның әлем туралы білімімен түсінігінің бүкіл жиынтығын айтуына қабілетті дискретті (анық айтылатын) дыбыстық белгілерінің адамзат қоғамында стихиялық туындаған және дамушы жүйесі. Тіл – ойлау жұмысын объективтілейтін және қоғамда адамдардың қатынасының пікір алмасуының және өзара түсінісуінің құралы болып табылатын дыбыстық, сөздік және грамматикалық құралдардың тарихи қалыптасқан жүйесі

Кез келген халықтың мәдениетінде тілдің мәні өте зор. Культурологияда тілдің мәні көбіне төмендегі бағаларға саяды:Мәдениеттің айнасы, онда адамның маңайындағы нақты әлем ғана емес, халықтың менталитеті, ұлттық мінезі, әдет – ғұрпы, салт – дәстүрі, моралі, нормалар мен құндылықтар жүйесі, әлем суреті көрінеді;

Мәдениеттің қамбасы, себебі белгілі халықтың жинақтаған барлық білімі, шеберлігі, материалдық және мәдени құндылықтары оның тілдік жүйесінде – фольклорінде, кітаптарында, ауызша және жазбаша сөздерінде сақталған;

Мәдениетті жеткізуші, себебі ол ұрпақтан ұрпаққа тіл арқылы беріледі. Балалар инкультурация үрдісінде ана тілін үйренумен қатар алдыңғы ұрпақтың жинақтаған тәжірибесін де меңгереді;

Қоршаған әлем объектілерін салыстыру, ол туралы мәліметтерді жіктеу мен реттеу әдістерінің бірі;

Адамның қоршаған орта жағдайына бейімделу амалы;

Объектілерді, құбылыстарды және олардың ара қатынасын дұрыс бағалау құралы;

Адам қызметін ұйымдастыру мен үйлестіру амалы;

Тіл арқылы өз халықының менталитетін, салт – дәстүрі мен әдет – ғұрпын, сол сияқты әлемнің ерекше мәдени бейнесін қабылдайтын адам тұлғасын қалыптастырушы мәдениет аспабы.

Тілдің маңыздылығын саралаған кезде ең әуелі оның ойлаумен, сана-сезіммен

байланысы, құрал ретіндегі қызметі ескерілуі заңды нәрсе. Дегенмен де ерекше құбылыс ретінде тілдің рухани маңызы алдымен ескерілуі тиіс. Тілдің мәдениетті сақтап қалуы,оны жетілдіретін қызметі дәлелдеуді қажет етпейтін аксиома, дегенмен де тіл тағдыры қоғамның мәдени болмысына, мәдени дамуына және мәдени құндылықтарды таңдауына тәуелді екені ескеріле бермейді. Адамның Рухын тәрбиелейтін мәдениеті адасып жүрген халық аз ана тілінен де, тіл мәдениетінен де қол үзіп қалатынын тарих көрсетіп отыр.

Мәдениет пен тілдің байланысы күрделі әрі тығыз. Бұл байланыстың қыры мен сырын тану, таныту оңай емес. Ең алдымен әр алуан сипаттағы мәдени процестердің тілге әсері қандай? Егер әсер етер болса, ол қай дәрежеде болады? Тілдің мәдениетке деген ықпалының дәрежесі қандай?

Мәдениет адам қолымен жасалатын құндылық болғандықтан, ол таза табиғи процесс ретінде таныла алмайды. Тіл — адам баласының әлеуметтік тарихында жасалған дүниетанымын негіздейді, бейнелейді. Сондай-ақ, тіл — адамның биологиялық табиғатымен байланысты да қарастырыла алады.

БОТА, Я думаю мое послание к 208-209 группе дойдет)

Всем желаю удачи на экзаменах! По поводу вопросов, все знаем что не смогли за такой короткий срок сделать перевод ( хотя чуть в некоторых местах успела, как смогла, прошу строго не судить=)), но разыскивая материал по данным вопросам ориентировалась на более точный ответ, который больше подходит по смыслу к данным вопросам.=)

Большое спасибо А. П. Садохину за такую чудесную книжку. Все прекрасно написано, а вот потом донести это на казахском языке или сделать перевод было труднее всего((( Жизнь лично меня не готовила к такому сюрпризу =) Ну что поделать,  ведь мы будущие синхронисты КАЗ-РУСС. От одной мысли этого уже становиться вообще хуже=)

Ну, лан…я чет заболталась)

Все будет ХО-РО-ШО!!! Мы сдадим и этот экзамен, а потом еще будем вспоминать и ржать))) Я Вас всех люблю 208-209 группа.(қаншы қырылсақта)))))))))) Все это оставим на добрую память как о лучшей студенческой жизни)

И напоследок  хочу сказать, что, прежде всего каждый человек должен надеется на себя, на свое знание!

С наилучшими пожеланиями, Ваша “кому-то” любимая Маржан =)




1. Химические основы биологических процессов Уровни организации живой материи
2. тема и описывая способы построения операционных систем мы часто применяли слова
3. Другой взгляд Норвежская сценкатрио называлась Там
4. 1] Сцена первая [0
5. Юрий Васильевич Бондарев Горячий снег
6. варіант 1. Недостатність зовнішнього дихання за обструктивним типом виникає внаслідок
7. детское чтение в сферу которого могут входить произведения изначально предназначенные авторами для взро
8. Терапия депрессивных расстройств в общемедицинской практике
9. по теме- Приготовление заправочных супов Изделие- Свекольник холодный
10. Людмила Вікторівна Наталья АлександровнаНаталія Олександрівна Татьяна Ивановна Тетяна Іванівна Вла
11. Сказание о Сохрабе
12. Курсовая работа- Арбитражные суды
13. Тактика действий танковых подразделений иностранных армий в локальных конфликтах.html
14. Notechnologies. 8. Lbortories ll over the world do reserch nd study them
15. . ОБЗОР ИСТОРИЧЕСКИХ И ОРГАНИЗАЦИОННЫХ ВОПРОСОВ ФОРМИРОВАНИЯ НЕФТЯНОГО КОМПЛЕКССА 1
16. на тему- Гроші УПА ~ Бофони студента 11 групи історичного факультету Лиса Назара Олеговича
17. Каждый учитель мечтает иметь учеников умеющих думать
18. Законность
19. Хрящові та кісткові тканини
20. либо для человека социальной группы общества в целом